tarikhotvety


1. Сақтар саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті (ҮІІ-ІІІғ.ғ).
Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. Vғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б. негізінен 3 тайплық бірлестік Исседон – Орт Кз, Аргипейлер – Солт Кз, Аримаспы – Шыгыс, Алтай тауы
Парсы жазбаларында сақтарды (1 Дарийдің «Бехистун жазбасы», Сузінің, Ксеркстің «Дәвтер туралы жазба»). «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында («Авеста») «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сактарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.
1)Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген
2)Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен
Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.
3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб анғарын мекендеген.
Сақтардың шаруашылығы.
Сақтар, негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының үш түрі болды:
1)Көшпелі мал шаруашылығы. Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды. Жылдың суық мезгілін көшпелі сақтар құм жоталарының баурайына орналасқан қыстауларға немесе ірілі-уақыты өзендер жағасында өткізді. Олар бір жерде ұзақ отырып қалмай, мал жайымен келесі қыстауға, қолайлы жайылымдарға қарай орын ауыстырып отырды.
2)Жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малды қыстатып шығаратын тұрақты қоралар салды. Олар жыл сайын малдарын осы қора-жайларға айдап әкеліп отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі орманды дала оңірінде және биік таулы жерлерде кең тарады. Мұндай жерлер Тянь-Шань және Алтай тауларының
баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстан аймағы болды. Қыстау маңындағы жерлерде тары, арпа, бидай өсірді. Пішен дайындалып, малды қолда ұстаудың мүмкіндігі туды. Енді сақтар қыстауларда ұзақ уақыт тұру үшін ағаштан, тастан жылы тұрғын үй салатын болды.
3)Сақтарда шаруашылықтаң үшінші түрі- Отырықшы егін және мал шаруашылығы– Оңтүстік Қазақстанда,
Сырдарья, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, табиғи су қорлары мол жайылымдары көп жерлерде кеңінен
тарады. Бұл жерлерде суғармалы және тәлімі егіншілік басым болды.
Сақтардың ұйымдық сипаты және әлеуметтік құрылымы.
Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси үйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс
тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды.
Сақтардың саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз осы кезде шықты.
Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын 1 Дарий /б.з.б. 521-486 жж/ жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5 ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғысты
Б.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің грек әскерлері соңғы Ахеменид, 3 Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Шеткі Александр деген қала салады. Алайда гректер жеңгенімен , ыстық табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті.
Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.
Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі – оларда тас жалы, “мұрты” болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.
Батыс және солтүстік Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері – Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.
 Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады. 
Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д,д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған.
2. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу және оның
Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді.
Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, 1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық – түлікті, отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады.
Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.
XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері:- Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты); - 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы; - Егін алқаптарының күрт азаюы.
Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті.
1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді.
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: - Азық – түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі. - Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. - Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. - Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды.
Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.
Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады.
Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды.
1921 – 1922 жылдардағы ашаршылық.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында көп қиыншылықтар кездесті. 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, 80 %-і қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды. 1921 жылғы қарашада 1 млн. 508 мың адам ашыққан болса, 1922 жылы наурызда олардың саны 2 млн. 303200 адамға жетті. Маусым айына қарай Семей және Ақмола губернияларының шаруаларынан азық – түлік салығы бойынша 4 млн. пұттан астам астық және 24,5 мың пұт май жинап алынды. Бұл жинап алынған өнімдер ең алдымен елдің пролетарлық орталықтары – Москваға, Петроградқа, Самараға, Казаньға, Саратовқа жіберілді. Соның нәтижесінде «аман–сау» аудандардың халқы ашыға бастады.
Кеңес үкіметі Қазақстанның ашыққан халқына көмектесу шараларын бірсыпыра кешігіп қолданды. Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінің декретімен республиканың егін шықпаған аудандардың халқы азық – түлік салығынан босатылды. 1922 жылғы егіс көлемінің 80 % жуығына Кеңес үкіметі берген дән себілді. 1921 жылы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды.
1922 жылы 4 тамызда Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің қаулысына сәйкес Қазақ АКСР – іне ауылшаруашылық машиналар мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом бөлінді. Нақ сол жылы Кеңес үкіметі Қазақстанға егін шықпауынан зардап шеккен шаруалардың мал сатып алуы үшін 21131 мың сом бөлді. 575 балалар үйлері, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылып, 18,5 мың баланы РКФСР – ге әкетті.
Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт астық жіберді, Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды.
Осындай ауыр жағдайға қарамастан, 1921 жылы 7 қазанда В. И. Лениннің үндеуіне («Сіздерде Арал теңізінде балықтың аулануы жаман емес... Өздеріңіз аулаған балықтың бір бөлігін аштықтан ісінген қарттар мен қарияларға бөліңіздер». Ленин В. И. Шығ. толық жинаған 53- 247 бет) байланысты Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халыққа 14 вагон балық жіберді.
1921 – 1922 жылдардағы аштықтың салдары: 1) Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3 – ке дейін азайды. 2) 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
Жер – су реформасы.
Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.
1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.
1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.
1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.
Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.
Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.
Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосы одағы» құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).
Оның міндеттері: 1) Еңбек артельдерін құру. 2) Кедейлерге жер беру. 3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.
1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы:
1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды.
2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.
4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.
Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер.
РК(б)П – ның X съезінен кейін енгізілген азық – түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті, шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына біріңғай заттай салық белгіленді. Салық мөлшері азайтылып, 1924 – 1925 жылдары өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927 – 1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі алынды, ал 1924 жылғы қаңтардың 1 – нен бастап тек қана салықтың ақшалай формасы енгізілді. Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне, ауылшаруашылығына, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды.
Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3 -5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924 – 1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды.
Несие (кредит) кооперациясы қарызға тұқым беру, салық және басқа да экономикалық реттеу құралдары мемлекеттің еңбекші шаруалармен байланысын нығайтуға, өндіргіш күштерді қалпына келтіруге, ауыл мен қыстақ еңбекшілерінің еңбек белсенділігін арттыруға көмектесті.
Соның нәтижесінде: 1) Егіс көлемі 1924 жылы – 2,1 млн. – ға, 1928 жылы – 4 млн. – ға өсті. 2) Мал шаруашылығы одан да жоғары қарқынмен дамыды. 1924 – 1928 жылдары мал саны 24,8 млн. – нан 41 млн. – ға жетті. 3) Шаруа қожалықтары 1924 жылы - 737 мың – нан 1928 жылы – 1 млн. 333 мыңға жетті. 4) Астық өндіру 1924 – 1925 жылдары 64,618650 пұттан 1928 – 1929 жылдары – 240 млн. пұтқа артты. Осы уақытқа Қазақстанда 103 коммуна мен 650 ауылшаруашылық артелі болды. Оңтүстік Қазақстанда мақата өсіретін «Мақтарал» алып совхозы ұйымдастырылды.
Шаруалардың жіктелу процессі күшейді: 1) Батырақ – кедей қожалықтары 2 есеге азайды. 2) 1928 жылы шаруалардың ¾ бөлігі орташаларға айналды. 3) Кулак – бай қожалықтар 6,6 % - ден 14,8 % - ға көбейді.
Жаңа экономикалық саястат жылдары өнеркәсіпте де өзгерістер болып жатты. Халық шаруашылығының Қазақ Орталық Кеңес 8 тресті – «Қожмехтрест», «Илецксоль», «Павлодарсоль», «Ақжал – золото», «Каззап – золото», «Казахсаксаултрест», «Казспирт» трестері мен екі кәсіпорынды – Сантонин заводын, Қарғалы шұға фабрикасын біріктірді. Сонымен бірге Одақтық маңызы бар «Эмбанефть», «Алтай–казполиметалл», «Атбасцветмет» трестері құрылды. Жалпыодақтық трестер республика бюджетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды: «Эмбанефть» мұнайынан алынған табыстың 5 % - ін Қазақ АКСР – інің өлкелік бюджетіне аударды. Осылайша одақтық трестердің монополиялық өктемдігі қалыптасты. Экономикалық саясат өктемдікпен жүргізілді. Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға теріс әсер етті. Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты анықталды.
Россияның орталық аудандарынан республикаға бірқатар өнеркәсіп орындары көшірілді: Орынбор тоқыма фабрикасы, Қостанай шұға фабрикасы т. б.
Өлкедегі кен өнеркәсібіне көңіл бөлінді. Түсті металлургияның басты ауданы – Кенді Алтай болды.
Риддер қорғасын заводы мерзімінен бұрын пайдалануға беріліп, ол 1923 жылға қарай жалпы Одақта өндіретін қорғасынның 40 % - ін бере бастады.
Орал – Ембі мұнай кәсіпшіліктері қалпына келтіріле бастады. Әуелі Доссор, содан соң Мақат кәсіпшіліктері қалпына келтіріле бастады. Атырауды осы мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастыратын тар табанды жол салынды.
Одан бұрын (1920 ж.) Шымкент сантонин заводы пайдалануға берілген болатын. Қарсақбай комбинаты жоғары қарқынмен қалпына келтірілді. Мұнда 1927 жылы мыс өндіріле бастады.
Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіру процесі орталықпен салыстырғанда неғұрлым баяу қарқынмен жүргізіліп, 1927 – 1928 жылдары ғана аяқталды.
Жаңа экономикалық саясат кезеңінде товар айырбасы мен товар айналымының маңызы артты. РКФСР Халық Комиссариаты Кеңесінің 1921 жылғы мамырдың 24 – індегі «Айырбас туралы» декретінде кооперативтік ұйымдар арқылы да, рыноктар мен базарларда да айырбас жасауға жол берілетіні атап өтілді. Сонымен бірге жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы – 30 млн. сомға жетті.
Басты жәрмеңкелер: 1) Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл. 2) Ақмола губерниясында – Атбасар. 3) Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір. 4) Бөкей ордасында – Орда.
Өлкеде тұтыну кооперациясы кеңінен дамыды.
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.
Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921 1929 жж.).
Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі.
Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті.
Жүзеге асыруға тиісті шаралар: 1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру. 2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру.
Қырғыз әскери – революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін және т. б. қосуды да талап етті.
Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 жылғы қыркүйектің 19–ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7 – ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920 1924 жж.) болды. 1924 – 1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана – Алматы.
Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР – не берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды.
КАКСР құрамына енгізілген аймақтар:
Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.
Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі.
Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері.
Орал облысы – Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі.
Закаспий облысы – Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі.
Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар.
Орта Азияны ұлттық – мемлекеттік жағынан межелеуді және Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.).
Нәтижесінде; 1) Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды. 2) Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды.
Соның нәтижесінде Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезіндерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар – 61,3 % - ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша).
1925 жылы 15–19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкіл Қазақстандық V съезінде «қырғыз – қазақ» атауы берілді, ал 1936 жылғы 9 ақпанда КАКСР Орталық Атқару Комитеті қаулысымен «қазақтар» атауы берілді.
Сөйтіп, қажырлы күреспен келген өзін - өзі билеу құқығы қазақ халқы үшін нақты шындыққа айналды.
Республикадағы қоғамдық саяси өмір.
Қазақ өлкесінде жаңа экономикалық саясатты жүргізуші Кеңестер (советтер) болды. Алайда Кеңес құрылысында қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті.
1921 жылы 4 – 10 қазанда Қырғыз (қазақ) АКСР Кеңестерінің II съезі болып өтті. Онда қаралған мәселелер: 1) Республикадағы мемлекеттік және шаруашылық құрылыстардың қорытындылары шығарылды. 2) жергілікті жерлерде Кеңестерді нығайту жолдары белгіленді.
1925 жылы бірінші желтоқсандағы өлкелік V партия конференциясы болды. Партияның беделі өсіп, ауыл тұрғындарын партия қатарына алу ісі өріс алды. Партия мүшелерінің саны артып, 1927 жылғы 1 қаңтарда 16854 адамға жетті. 1932 жылға қарай партия ұйымы негізінен қалыптасып бітті. Бірақ партия жұмысының барлық буындарына әміршіл - әкімшіл әдіс енгізілді.
Осы жылдары Қазақстанда жастар қозғалысы өрістеді. 1921 жылы шілдеде Орынбор қаласында жастар ұйымы – Қазақстан комсомолының бірінші съезі өтті. Қазақ комсомолының ұйымдастырушы, тұңғыш төрағасы Ғани Мұратбаев (1902 – 1924 жж.) болды. Ол өмірінің соңғы жылдарында коммунистік жастар интернационалы Шығыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. Ғани Мұратбаев өмірі 23 жасқа аяқ басқанында үзілді. Сондай – ақ Мирасбек Төлепов, Федор Рузаев, Қайсар Тәштитов және т. б. жастар қозғалысының танымал жетекшілері болды.
1921 жылғы қаңтардың 1–інде КОБОС – тың қазақ облыстық бюросы ұйымдастырылды. 1921 жылы қазанда кәсіподақтардың республикалық 1–конференциясы болды. Онда кәсіподақтардың міндеттері белгіленді: 1) жұмысшыларды сақтандыруға, 2) сауатсыздықты жоюға, 3) сенбіліктер ұйымдастыруға, 4) одақ мүшелігіне қазақ пролетариатын тартуға, 5) жұмыс табының ұлттық отрядын қалыптастыруға көңіл бөлінді.
Осы жылдары әйелдер қозғалысы кеңінен дамып, көрнекті қоғам қайраткерлері өсіп – жетілді: Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаева, С. Есова т. б.
Қазақстанда Кеңес үкіметі нығая түсті. Ауылдық және қалалық Кеңес депутаттарының 6 айлық, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің 1 жылдық өкілеттік мерзімі белгіленді. Қанаушы элементтер (феодалдар, билер, имамдар, муфтилер, мұсылмандардың діни басқармаларының мүшелері) сайлауға қатыстырылмады. Егер бұрынғы болыс басқарушыларының, билердің ұрпақтары Кеңес үкіметіне адалдық көрсетіп, қоғамдық еңбекке қатысса, оларға сайлау құқығы берілді. Бұқара арсында саяси жұмыс, насихат пен үгіт жүргізу мақсатында қызыл керуен және жылжымалы қызыл отау ұйымдастырылды. Сөйтіп, сайлау барысында рулық сарқыншақтарға рулық және таптық бой көрсетулеріне, патриархаттық – феодалдық қатынастардың қалдықтарына қарсы күрес жүріп жатты.
Қалыңмал алуды жою, көп әйел алушылыққа, әмеңгерлікке тыйым салу туралы қаулы кеңінен насихатталды.
1922 жылы 9 мамыр – 12 маусым аралығында Ә. Жангелдин бастаған «Қызыл Керуен» экспедициясы Орынбор – Орск – Торғай – Атбасар – Ақмола – Петропавл – Павлодар – Қарқаралы – Семейге дейін жүріп, 126 митинг өткізіп, 25 пұт әдебиет таратты, Кеңестік декреттерді насихаттап, партияның ұлт саясатын түсіндірді. Кеңестердің іс – қағаздарын қазақ тілінде жүргізуін жолға қойды.
1921 жылғы қаңтар айында Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (қазақ) және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы, 1923 жылғы қарашаның 22 – інде «Қырғыз (қазақ ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы декреттер қабылданды.
1927 жылғы мамырдың 17–інде «Қазақ уездің, округтік мекемелерде қазақ тілінде іс жүргізуге біржола көшу», 1928 жылғы қаңтар «Аралас уездік мекемелерде қазақ және орыс тілдерінде қосарлас іс жүргізуді енгізу» жөнінде шаралар белгіленді.
1925 жылы желтоқсанда Бүкілқазақстандық V РК(б)П конференциясы өтті. Онда: ауылды кеңестендіру бағытын жариялап, үкімет органдары ретінде ауылдық кеңестерді нығайту, олардағы бай,жартылай феодалдардың зорлық – зомбылығын жою жөніндегі ұйымдық, идеологиялық шаралар кешенін белгіледі.
1928 жылы республикада жаңадан аудандастыру жүзеге асырылды. Республика 5 буынды – ауыл, село, болыс, уезд, округ, орталық басқару жүйесіне көшірілді. Республика 1 автономиялы облысқа, 13 округ, 192 ауданға бөлінді.
Жаңадан аудандастырудың маңызы: 1. Кеңес аппаратының халық бұқарасына жақындай түсуіне, халықты кеңестік құрылысқа тартуға көмектесті. 2. Ұлтшылдық егестерді тоқтатты. 3. Рулық ауылдарды жойып, шаруашылық – территориялық Кеңестер құру қажеттігін көрсетті.
1929 жылы Қазақ АКСР – ының астанасы Қызылордадан Алматы қаласына көшірілді.
Сонымен бірге, осы жылдары (1921 – 1928 жж.) қоғамда партияға тәуелділік арта түсті. Ф. Голощекин мен оның төңірегіндегілер әміршіл - әкімшіл басшылық стилі мен ойлау әдісін орнықтырды, партиялық – мемлекеттік машинасы «жау бейнесін» ойлап тапты. Т. Рысқұловқа, С. Сейфуллинге, С. Мендешевке, С. Садуақасовқа және т. б. «ұлтшыл» деген айдар тағу нақ сол жылдары тәжірибеге енді. Жеке меншікті, көп укладтылықты, товар айналымын жою, идеологияның экономикадан басым болуы - осының бәрі казармалық социализм негіздерінің орнығуына әкеп соқты.
3.Қазақстан тас ғасыры дәуірінде:
Палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан – 12 мың жылдыққа дейін).
Мезолит – орта тас дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар).
Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).
Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте палеолит (б.з.б. 2,5 млн. – 140 мың жылдықтар); Бұл дәуір 1млн 860000 жыл созылды.
2) орта палеолит (б.з.б. 140 – 40 мың жылдықтар); Бүл дәуірдің адамдары – неандерталдықтар.
Басты ерекшеліктері-шақпақ тастар арқылы от шығаруды үйренді.
3) кейінгі палеолит (б.з.б. 40 – 12 мың жылдықтар).Бұл дәуірдің адамдарың саналы алдамдар н/е кроманьондықтар д.а. Еңбек құралдарының 20 шақты түрі болған.Алғашқы адамдар жеміс-жидек теріп, аңдарды аулады.
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.
Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы төбыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын терін үшіп бірлесу болды.
*(айтпай-ақ қойсандар болады бұл жерін)Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге:
Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл); Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл); Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді. *
Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған.
Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мухиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған.
Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы құрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған.
Адамдары. Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.
Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.
Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.
Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу ұшін топпен өмір сүрді.
Еңбек құралдары. Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 1500-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың Солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.
Орта палеолит. (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар).
Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі.
Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері–грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның нәтежесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан суы басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары қалыптаса бастады.
Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды.
Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т.б. болды.
Адамдар және олардың тіршілігі.
Орта палеолит дәуірінің адамдары– неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған.
Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған.
Басты ерекшеліктерінің бірі шақпақ тастарды бір – біріне үйкелеу арқылы отты шығаруды үйренді. Осы кезде алғашқы діни наным қалыптаса бастады. Ең алғашқы дін магия. Бұл арқылы өлікті бір қырына қарай жатқызып, аяғын бүгіп жерлеген.
Еңбек құралдары және археологиялық ескерткіштер.
Тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды.
Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан таблыған заттар: үшкір тас, қырғыш т.б.
Соңғы палеолит.
Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады.
Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды.
Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді.
Мезолит дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар).
Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған.
Табиғаты. Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды.
Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.
Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.
Неолит дәуірі: (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).
Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды.
Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген.
Палеолит дэуірінің археологиялық ескерткіштері: Оңтүстік Қазақстанда - Бөріқазған, Тэңірқазган, Қарасу, Ш. Уэлиханов ат. тұрақ, Ащысай тұрақтары; Орталық Қазақстанда - Құдайкел, Обалысай, Мұзбел, Батпақ, Қарабас; Шығыс Қазақстанда - Қозыбай, Қызылсу, Шульбинка, Қанай; Батыс Қазақстанда - Сарытас, Аққыр. Кейінгі палолитте қоғамдық қатынастар жетіліп, адамдар ұйымының алғашқы түрі - аналық рулық қауым қалыптаса бастады. Мезолит дэуірінің археологиялық ескерткіштері: Солтүстік Қазақстанда - Мичурин, Дүзбай, Селетин, Ерейментау; Орталық Қазақстанда -Әкімбек, Қарағанда-15 тұрақтары. Ерекшеліктері: климат жылынып мұз еруі басталады, ірі жануарлар азаяды, садақ, бумеранг, балық аулау құралдары, қайық жасалды. Жануарлар қолға үйретілді. Неолит дэуірінің ескерткіштері: Оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір, Шығыс Қазақстанда - Нарым, Қызылсу, Солтүстік Қазақстанда - Қаратомар, Ботай, Батыс Қазақстанда - Шатпақкел, Қулсары, Орталық Қазақстан - Қосқұдық, Ырғыз, Солтүстік-батыс Қазакстан - Мақанжар, Түдцыкөл, Аманкелді. Кезеңдер ерекшелігі: экономикалық жэне қогамдық ерлеу басталды, яғни жабайы жануарларды қолға үйретіп, жер өңцеу мен мал шаруашылыгымен айналысу қалыптасты, ол "неолит революциясы" деп аталады, қыш ыдыстар жасау, тігін тігу, кен ендіру. Бұл кезең тас еңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Адамдар тасты кесуді,жонуды, жылтыратып тегістеуді үйренді. Мыс, алтын, қорғасын ендірді. Жерлеу дәстүрінде өзгерістер болып мәйітті өртеу (кремация) қалыптасты.
4.Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы. «Жеті жарғы»
Тәуке ханның ішкі саясаты. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды.
Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді.
1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді.
Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.
Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.
Тәуке ел бірлігі бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды әлсіретуге, мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді.
Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген.
Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке хан көп нәрсе ұтты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды.
XVII ғасырдың аяғында қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте шиелінісе түті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы душпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иілігіндегі ұлыстарды жеке – дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің ауыз бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады. «Жеті жарғы» заңдар (Тәуке ханның заңдары).
XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі қуқық (право) нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық правосының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Ғылыми әдебиетте бұл заңдық (юридикалық) құжат (документ) «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Жеті жарғының» авторы кім болғаны жөніңде мағлұматтар жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тәуке хан дейді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері болған билердің басып қосып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын «Жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген екен деседі.
«Тәуке хан ережесінің» негіздері туралы қайсы бір тиянақты пікір айту қиын, кейбір ғалымдар оның негіздерін Шыңғыс ханның Ясасынан іздейді, енді біреулері «Жеті жарғы» Ясадан мүлдем тәуелсіз жазылған деседі. Тегінде, «Жеті жарғының» негізгі көзі деп бәрінен бұрын қазақтардың әдеттегі байырғы правосын, сондай – ақ Тәукеден бұрын өмір сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң ережелерін мойындаған жөн. Заңдарға негізінен алғанда қазақ қоғамының XVII ғасырдағы әскери – саяси және әлеуметтік өмірінің қажеттеріне жауап беретін ережелер енді.
«Жеті жарғыны» жасау қолданылып келген әдеттегі правоның нормаларын қазақтың феодалдық қоғамының жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың феодал ақсүйектердің мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау мақсатын көздеді. Сөйтіп, Тәуке ханның «Жеті жарғы заңдары» қазақ қоғамының сол замандағы әлеуметтік және құқық нормалары заң жүзінде баянды етілді.
«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш болімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар.
«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:1. Жер дауы заңы (земельный закон) 2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон) 3. Әскери заң (военый закон) 4. Сот заңы (судебный закон) 5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон) 6. Құн заңы (закон о Куне) 7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)
Сөйтіп, «Жеті жарғының» біздің заманымызға дейін жеткен заңдар осындай еді .
Тәуке ханның сыртқы саясаты.
Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.
Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтарды4 бітімге келе қоюы мүмкін емес еді.
XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681 – 1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді .
Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы болды. Қазақтың феодал шоншарларының арасындағы алаусыздық пен енжарлық, сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. 1716 жылы бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың отрядтары Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды.
Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас жасауға тырысты.
Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Әрине, бул бұрын- сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ жағдай еді.
Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады.
«Халықтың ханы, сұлтаны, пір-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». Яғни қарапайым ер адамның құны 1000 қой немесе 100 түйе, я болмаса 200 жылқы болса, сұлтан мен қожаның құны одан жеті есе көп;«Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін». Сонымен қатар, қоғамдағы тұрмыстық және адамгершілік қатынастарды құқықтық тұрғыдан жетілдіре түскен.«Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек ат-тон айып тартады»«Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».«Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, ауылды айналдыру керек»«Құйрық-бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі»«Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».Осы соңғы өзгерістермен қатар жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдет-ғұрып заңдары Жеті жарғыда көрініс тапты.
5."Қазақстан-2030 стратегиясы”.
1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер: 1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары. 2. Реформаларды аяқтау. 3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу. 4. "Қазақстан барысын” қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау. 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту. 3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу. 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру. 5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану. 6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту. 7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.
Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.
ХХІ ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін "демографиялық апатқа” ұшырайды.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудағы міндеттер: 1. Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту. 2. Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету. 3. Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үлкен ерекше көңіл бөлу. 4. Әлуметтік проблемаларды үнемі шешіп отыру. 5. Саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай Қазақстанды қалыптастыру. 6. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту. 7. Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.
Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.
Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады.
Қазақстан - өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.
Экономикалық стратегия.
Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.
Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы: 1. Үкіметке сауда мен өндіріске әкімгершілігі араласуын жою. 2. Жекешелендіру процесін аяқтау. 3. Орталық үкіметті және жергілікті өкімет орындары парасатты орындастыру. 4. Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру. 5. Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау. 6. Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қабілеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру және бүкіл өндіруші өнеркәсіп көлемі артады.
Тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету үшін өндірісті диверсификациялау қажет.
Алдағы міндет: 1. Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсету. 2. Инвестицияларды пәрменді тарту.
2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде мына салалардға көңіл бөлу қажеттісі баса көрсетілді: 1. Ауыл шаруашылығы; 2. Орман және ағаш өнеркәсібі; 3. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі; 4. Тұрғын үй құрылысы; 5. Туризм; 6. Инфрақұрылым жасау.
Әлеуметтік стратегия.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтерудегі стратегия: 1. Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтына ынталандыру. 2. Әйел мен бала денсаулығын жақсарту және қорғау. 3. Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.
Көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтарының әл-ауқатыының артуы.
Ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі – миграциялық саясат. Ол – халықтың бір елден басқа бір елге қоныс аударуы.
Ресурстарды пайдалану стратегиясы.
Қазақстандағы табиғи ресурстарды, әсіресе энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы: 1. Халықаралық шарттар жасағанда Қазақстанның мүддесін, экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді шешу қажеттігін көздеу. 2. Мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру. 3. Әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанның әлемдік отын өндіруші ретіндегі роліне бағыттау. 4. Ішкі энергетика инфрақұрылымын құру мен дамыту, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемааларын шешу үшін шетел инвестицияларын тарту. 5. Ресурстардан түсетін кірістерді үнемшілдікпен пайдалану.
Көлік пен байланысты дамыту стратегиясы.
Инфрақұрым, көлік пен байланылс саласындағы Қазақстанның міндеті – отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз ету.
Қазақстандағы жүк тасымалының негізі – темір жол. Осы саланың алдында тұрған стратегиялық міндеттер: 1. Халықаралық көлік және сауда байланыстарын Трансазия магистралі бойынша транзиттік жүк тасуды қамтамасыз ететін негізгі темір жол бағыттарын жаңарту. 2. Достық станциясын дамыту, Достық-Ақтоғай учаскесін нығайтуды аяқтау. 3. Барлық көліктік-коммуникациялық монополияларды қайта құрылымдауды жүзеге асыру.
Автомобиль жолдары бойынша:
Жеке меншік магистральдарды салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен концессияға беру жөніндегі жұмыстарды бастау.
Әуе көлігі бойынша: 1. Авиацияда тәртіпті орнату және ұшақтар паркін лизинг пен жоғары деңгейді ұшақтардың белгілі бір көлемін сатып алу есебінен толықтыру. 2. Әуежайларды қайта жаңарту, қызмет көрсету мен сервисті қамтамасыз ету деңгейін халықаралық стандартқа жеткізу.
Су көлігі бойынша:
"Ақтау” айлағын қайта жаңарту және флотты кемелермен толықтру үшін шетел инвестицияларын тарту.
Байланыс және телекоммуникациялар желілері бойынша: 1. Шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға кем дегенде, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беру. 2. Болашақта әлемнің дамыған елдерінің инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті дербес және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру.
Қазақстанның әлемнің негізгі экономикалық аудандары аралығында орналасуы географиялық жағынан тиімді болып отыр. Ертедегі ірі Ұлы Жібек жолы өткен жерлерде енді темір жолы салынды. 1991 жылы Дружба-Алашанкоу темір жолы салынды, ал 1991 жылы мамырда Теджин-Серахс-Мешхед темір жол торабы (290 шақырымдық) іске қосылды.
Басқару саласындағы стратегия.
Қазақстан қоғамын басқарудағы негізгі міндеттер: 1. Мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау. 2. Басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру. 3. Ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.
Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі стратегия ұстанымдары:
1. Ықшам әрі кәсіпқой үкімет. 2. Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс. 3. Ведомстволық үйлестіру. 4. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру. 5. Орталыққа тәуелділікті жою. 6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. 7. Кадрларды талдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.
Қоғамның даму стратегиясы.
Қазақстан елінің 8 артықшылығы баса көрсетіледі: 1) Тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізі қаланды. 2) Ескі саяси және экономикалық жүйеден түбегейлі бөлектенді. 3) Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар да түгел өзгерді. 4) Орасан зор байлық – табиғи ресурстар. 5) Жетекші фактор–адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі. 6) Ауылшаруашылық жерлері. 7) Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігі. 8) Қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.
Қазіргі Қазақстанның күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор – адамдар, олардың ерік-жігері, білім-білігі мен күш-қуаты.
Қазақстан қоғамы дамуындағы келеңсіз сипаттар: 1. Коммунистік ұстанымдар рухында тәрбиеленген адамдардың бірнеше ұрпақтары қалыптастырған – діл. Сондықтан бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғырту қажет. 2. Өндіріс көлемдері төмендеуі әсерінен әлеуметтік ахуалдың төмендеуі. 3. Азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейінің нашарлауы. 4. Ұлттық жинақтардың ұлғаюы мен капитал қорларының баялауы. 5. Кедейлік пен жұмыссыздық проблемалары. 6. Демографиялық өнімсіздіктің ұлғаюы. 7. Жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқару. 8. Заңдардың жартыкештігі және тұрлаусыздығы.
Қазақстанның басты мұраты – ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау.
Жолдаудағы өзекті сөздер – халықтың тұрмысын жақсарту, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
33 жыл өткеннен кейінгі қазақстандықтар бейнесі: 1. Жаупты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты азаматтар; 2. Бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары; 3. Жоғары ақы төленетін, оқытып үйретілген, Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен биік ұстайтынына сенімді азаматтар; 4. Мемлекттің өздерінің құқықтарын қорғайтына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді, салауатты өмір сүретін азаматтар.
2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болады.
2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
6. Қола дәуіріндегі Қазақстан.
Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.
Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды.
1.Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығыуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады.
2.Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал осіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында –I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді.
Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энегельс ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісі деп атады «Үй жануарлардың түрі көбейді».
3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.
Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады.
Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндғргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамыуна байланысты болды. Жеке семьялар өқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған.
Андровнов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған.
Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар.
Шаруашылығы. Қазақстан территориясында қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2 мыңжылдықта бастады. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсіріген: бақшалық шаруашылық та дамыған.
Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген: жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған.
Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған.
Ыдысты жасау әдістері:а) таспалық әдісі; ә) қалыпқа салып пішіндеу әдісі.
Бұл әдістер б.з.б. XVII-XI ғасырларда қолданылған.
Андроновдықтарда үй кәсіпшілігі, әсіресе, тоқыма кәсібі жақсы дамыған.
Киім тігуге қой жүнін, ешкі түбіті, малдың терісі, сүйек, тарамыс жіп т.б. пайданалынған. Олар жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б. киген.
Андронов кеншілері. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. үш мыңжылдық).
Кен өндіру әдістері: а) опыру әдістері; ә) отпен үгіту әдісі; б) ұңгіп қазу әдісі.
Андронов тайпалары өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай манындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған.
Қоғамдық қатынастар. Шаруашылықтың дамуындағы өзгерістер андроновтықтарда қоғамдық үйымдағы өзгерістерге жеткізді. Әлеуметтік жіне әскери саяси құрылымдарда рулық – тайпалық бөлімшілер пайда болды.
Еркек-көсем, еркек–жауынгер, қоғамда, материалдық игіліктерді өндіруге үстем дәреже алды; ол рулық қауымнның басшысы болды, туыстық әке жағынан есептеле бастады. Әр рудың өз аты болды. Мал, үй мүліктері; еңбек құралдары рудың байлығы болып есептелді. Жеке меншік пайда болды. Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді.
Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер. Қала дәуірінің соңындағы үйлер – жер бетінде салынған сопақша үйлер.
Дін және өнер. Қола дәуірінлегі адамдар ең алдымен табиғат күштеріне табынды. Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген: 1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан. 2. Өліктің аяқ-қолын бүгіп қабірге жатқызған 3. Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы да болған.
Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген. Тасқа салынған сүреттер Таңбалы, Ешкі-өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасбай, Хантау, Бұланты, Айтпан т.с.с жерлерден табылған.
Тасқа салынған сүреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер шайқасы.
Әшекейлер: сақина тәріздес дөңгелек сырға, алтын білезік т.б. Бұл әшекейлер Жетісудағы Мыңшұнқыр қабірінен, Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан табылған.
Қорытып айтқанда, қола дәуірінің соңғы кезінде отбасылық және қауымдық топтық еңбектің кезінде өндірістік жабдықтарға және өндірістің өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап отбасылық меншік пайда болды.
7. Қазақ-жоңғар қатынастары.
1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәңгір хан болған.
Оның тұсында ойрат-жоңғарлардың көсемі Батыр қоңтайшының күшейген кезі еді. Олар қазақ хандығына бірнеше рет жорық жасады. Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шабуылдарына қарсы күресті. Жәңгір хан тұсында ойрат-жоңғарлары арасында 3 ірі шайқас:
1.1635
2.1643
3.1652 жылдары болған.
1643 жылы 2 шайқаста Қазақтар жеңді. Осы жылдың қысында Батыр қоңтайшы Қазақ жерлеріне шабуыл жасайды. Ол сәтсіздікпен аяқталады. Бұл шабуылға Жәңгір 600 адаммен аттанады. Ұрыс бітуге жақындағанда 20000 мыңдай әскермен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс батыр Жәңгірге көмекке келеді. Қоңтайшы шегінуге мәжбүр болады. Одан кейін ол жан-жақты дайындалып, 1652 жылы ол қайтадан қазақ даласына аттанады. Осы шайқаста Жәңгір қаза табады. Бұл дәуірде Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр еді. Феодал шонжарлардың арсында алауыздықтар мен бақталастық өршіді. Ал Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680-1718жж тұсында Қазақ хандығының бірлігі күшейе түсті. Ол бір орталыққа бағынаған Қазақ хандығын құруға күш жұмсады. Феодар шонжарларының өкілдері мен билерден құралған хандық кеңестің және билік кеңесінің рөлін арттырды. Жыл сайын ташкент қаласыны түбіндегі Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан құрылтайын ашып отырды. Тәуке хан беделді билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектерді, сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Жүздер мен Ұлыста арасындағы үлкен даулар билер кеңесінде Төле, Әйтеке, Қазыбек билер арасында шешілді.
«Ақ табан шұбырынды». 1718 жылы Тауке хан қайтыс болған соң, қазақ феодалдарының арасындағы қырқыс пен алаусыздықтың өршуі, қазақ жүздерінің дербестеніп, бір-бірінен алшақтауы Қазақ хандығын саяси жағынан бөлшектенген елге айналдырып, оның әскери-саяси күшін мейлінше әлсіреткен еді.
Рас, XVIII ғасырдың басында жоңғар хандығының өзіне Цинь билеушілерінің тарапынан шапқыншылыққа ұшырау қауіпінің төнуі жоңғар билеушілерін қазақ жүздеріне қарсы неғұрлым батыл әрекет жасаудан тежеп отырды. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Қансидің, өлуінен кейін бұл қауіп біраз уақыт азайды, 1723 жылы жоңғар-қытай бітімі жасалды. Шығыстағы өз тылын қауіпсіздендіріп алғаннан соң, жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтан қазақтармен соғысуға белсене әзірлене бастады.
Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мұқият әзірленіп, жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан жеріне қаптатты. Нақ осы жылы қазақтың ауызша аңыздарында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-Сұлама» деп аталған «сұрапыл апаттың» басталған жылы деп есептеледі.
Барған сайын аясы тарылған аз ғана жерде қыс қысымын көріп күйзеліп, жұтап шыққан елге 1723 жылы көктемде жоңғарлар тұтқиылдан шабуыл жасады. Олардың қалың қолы Қазақстанның Оңтүстік аудандарына басып кіріп, Қаратаудан асып, Талас өзенінің алабына дейін жетті. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүлкін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Жоңғарлар халықты аямай қырды, Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өздерінен өткен кезде талай адам өлді.
1724-1725 жылдары жоңғар феодалдарының әскерлері Сырдария алабындағы отырықшы егінші ауылдар мен қалаларды ойрандап, Қазақ хандығына қарасты Ташкент, Сайрам, т.б. қалаларды басып алып, талан-таражға ұшыратты және қиратты. Жетісу мен Сырдария өңіріндегі егістік жерлер құлазып, қалалар қаңырап, қолөнер, сауда орталықтардан қол үзу елдің экономикасын қатты күзелтті.
Жаудың тұтқиылдан жасалған жойқын жорығынан есі шығып, бас құрып тойтарыс беру мүмкіндігінен айрылған қазақтар тоз-тоз болып жосып, Сырдария өзенінің ар жағына өтті, Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Шыршық өзенінен ары кетті. Қазақтардың біразы Алқакөл маңынан Бухара мен Самарқаға қарай ағылды. Ал Кіші жүз қазақтары Сауран қаласын айналып, қазіргі Шиелі, Қызылорда тұсынан Хиуаға қарай беттеді.
Қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр апат, зор зобалаңға тап болып, адам айтқысыз аянышты күндерді басынан кешірді. Атақоныс, құтты мекен, мал-мүлкінен және баспанасынан айырылып, аш-жалаңаш, жаяу-жалпы шұбырған қарапайым халық бұқарасы жаздың қайнаған ыстығында қағыр далада қаңғырып шөлден қырылды. Қыстың ақ қар, көк мұз қақаған аязында күн көрісі малын жұтатын, үсіп өлді. Әйелдер мен балалар және қарт адамдар адам төзгісіз жол азабына шыдай алмай, жапан түзде қалып аштан қырылды. Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Мұның мәнісі: атамекен, мал-мүлкінен айырылып, жаяу-жалпы, аш-жалаңаш босқан ел шұбыра-шұбыра табаны ағарып, «Алқакөлдің түбіне барып сұлау» деген сөз екен.
«Ақтабан шұбырынды» апатында зар заманды басынан кешірген қалың қазақ қауымы өзінің аянышты ауыр халі мен көңіл-күйін бейнелейтін «Елім -ай» сынды мұңлы ән шығарды. Бұл ән жұрт жүрегінде жатталып, бүгінгі күнге жетіп отыр. «Қаратаудың басынан қош келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Ел жұртынан айырылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. Мына заман қай заман, бағзы заман, Баяғыдай болар ма тағы заман... Ата қоныс, туған жер қалғаннан соң, Көздің жасын көл қылып ағызамын.»
Ел есінде сақталған «Елім-ай» әнінің бұл шұмақтары халық бұқарасының зар замандағы мұң-зарын бейнелейді.
«Ақтабан шұбырынды» кезінде қазақтарға шабуыл мен талан-тараж түс-түстан анталады. Жоңғар феодалдары қазақтарға, Еділ бойындағы қалмақ хандары батыс солтүстік бүйірден тиісті. Орта Азия хандықтарының жеріне ауып барған қазақтар бұл арадан мал жайылымына қолайлы жер таба алмай сенделіп, көзге түрткі болды. Қазақтарға бір жағынан Қоқан бектері қоқандаса, тағы бір жағынан Бұхара мен Хиуаның хандары жаппай құлдыққа кіріптар еткісі келді. Иран мемлекетінің маңына ығысып барған қазақтар, Иран шахы Нәсір Афшардан зорлық-замбылық көрді. Қазақ халқы сонша сұмдық жағдайда жүрсе де, олардың еш қайсысына құлдық ұрмай, өзіне тиіскендердің бәрімен шайқасты.
Қазақтардың XVIII ғасырдың басындағы (алғашқы 25 жылы) халін Ш.Ш. Уалиханов былай деп сипаттайды: «XVIII ғасырдың алғашқы 25 жылы қазақ халқының өміріндегі сұмдық ауыр уақыт болды. Жоңғарлар, Волга қалмақтары мен башқұрттар жан-жақтан олардың ұлыстарын талқандап, малын айдап алып, тұтас семьяларымен тұтқынға әкетіп отырды» .
«Ақтабан шұбырындының» ауыр апаты жеті жылға (1723-1730 жж.) созылды. Бұл аппатың зардабы қазақ даласының барлық жерінде біркелкі болған жоқ. 1723 жылы көктемде тұтқиылдан шапқыншылыққа ұшырған Оңтүстік Қазастанның аудандарында, Талас өзенінің алқабы мен Сырдария өңірінде өте ауыр болды. Ұлы жүз бен Орта жүздің осы өңірді мекендеген ұлыстарын ойрандап, бұл осы өңірдегі егіншілік пен қала мәдениетін қиратты. Қазақ хандығының шығыс және оңтүстік өңіріндегі жоңғарлар басып алған жерлердегі қазақтар уақытша жоңғар билеушілеріне бағынып, аманат қойып, ауыр алым-салық төлеп отыруға мәжбүр болды. Орта жүздің сұлтаны Әбілмамбет пен Ұлы жүздің ханы Жолбарыс осылай істеді.
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі. Буланты, Аңырақай шайқастары.
Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың жолы жауға ұйымдасып тойтарыс бету ғана бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ жүздерінің экономикалық және саяси ыдырауын тоқтатар еді.
Осындай өте-мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғар феодалдарын тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып шықты. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды.
Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді.
Ордабасы съезі.
1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік қырқа – Ордабасы деген жерде бүкіл қазақ съезі өткізілді. Съезге Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, султандар, Толе би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылар мен батырлар шақырылды.
Съезде негізгі мәселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы мәселе болды. Съезге қатысушылар бірге болуға, өз кимылдарын үлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді.
Съезде талқыланған маңызды мәселенің бірі бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе болды. Осы съезде Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. А.И. Левшин бұл жөнінде былай деп жазған: «Ортақ іс сол арада бір-біріне адалдыққа ант беру арқылы қастерленді. Әбілқайыр хан бас қолбасшысы болып сайланды, сөйтіп халықтық әдет бойынша құрбандыққа шалынған бие болашақ табыстың кепілі ретінде қабылданды». Осы жағдайды да ол былай деп аша түскен: «Төнген қауіп ішкі өзара қырқыстарды бітістірді, жалпы келісім туғызып, бәрін бір нәрсеге бағыттады. Тұтас халықтың жиналысында ілгері басудың, ортақ жауға шабуыл жасап, оларды ежелгі қырғыз-қазақ жерінен қуып шығудың негізі қаланды» . Батырлар арасынан бүкіл қазақ жасағының Сардар бегі болып Қанжығалы Бөгенбай сайланды. Сөйтіп Ордабасындағы съезд халықтың жаунгерлік рухын көтерді.
Буланты маңындағы шайкас.
Ұлытаудың таулар жүйесіне иелік ету соғыс барысында маңызды кезең болды. «Ақтабан шубырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1730 жылдардығы Отан соғысы) барысындағы аса маңызды шайқастардың бірі Ұлытау етегінде өтті.
1728 жылдың көктемінде Ұлытау етегінде Буланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қазақ әскерлерінің жонғарлармен ірі шайқасы болды. Бұл шайқаста қазақ сарбаздары қалмақтарға есенгірете соққы берді. Қалмақ әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айрылды. Қазақтар жағы өздерінің талайдан қаны қайнап ыза мен кекке суарылған қайрат жігерінің жемісін көріп қуанды. Жеңіс туралы хабар қазақ даласына ілезде тарап кетті.
Бұланты шайқасы қазақ жасақтарының женіске деген орасан зор ерік-жігерін көрсетті. Өз заманының аса көрнекті қолбасшылары жеке қол басқарған Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Бәсентиін Малайсары, Тарақты ер Байғозы және басқалар Әбілқайыр хан мен Қанжығалы Бөгенбайдың жалпы басшылығы мен ынтымақты қимыл жасай отырып, жасақтарды ұрысқа бастады. Жасақтарды қаруландыру жөнінде Шақшақ Жәнібек зор ұйымдастырушылық жұмыс істеді. Дархан ұстаның басшылық етуімен Ұлытауда қара шеберлері еңбек етті.
Бұлантыдағы және басқада бірқатар шайқастардың қаһармандық рухын бізге дейін Үмбетай жырау, Ақтамберді жырау, Тәтті қара жырау, Бұқар жырау, Көкеш ақын туындылары жеткізді. Бөгенбай Ақшаұлы, Саңырақ Тоқтыбайұлы, Олжабай Әлімұлы, Қонақай Жақсығұлұлы, Бөлек Сатанұлы сынды батырлардың, батыр Баянның, Жарылқаптың және басқаларының есімдері тірі кездерінде-ақ аңызға айналған.
Алайда оқиға мұнымен біткен жоқ. Аттылы жоңғар қолының бірбөлігі Бұланты өзенінің жоғары ағысына қарай өтіп кетті. Бірақ бұл жерде де оларды қазақ атты әскерінің жасақтары қуып жетті. Сөйтіп сол жерде жонғарлар тағы талқандалды, тек жекелеген топтарының ғана Ұлытау жағына Майтөбе мен Құрайлыдан арғы тауларға кетіп қалуына сәті түсті.
Бұланты жеріндегі жеңістің зор маңызды болды. Ол қазақ жасақтарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мумкіндік берді. XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғына қарай жоңғарлар Ұлытау аймағынан ығыстырып шығарылды. Мұндағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысына жапсарлас жатқан аудандағы Қарамолда деген жердегі ұрыс болды. Жоңғарлар тағы да жеңіліске ұшырады. Бұл аймақ-бұл жер «Қалмақ қырылған» деген атпен белгілі.
Қазақ жасақтарының Бұланты маңындағы жеңісінің жағы бір жағы-стратегиялық тапқырлығында болды. Қазақ жасақтарының Бұланты маңындағы жеңісі Аңырақай шайқасының табысқа жетуін анықтап берді.
Аңырақай шайқасы. Жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқы Отан соғысының (1723-1730 жж.) жеңіспен аяқталуына Аңырақай шайқасы аса көрнекті роль атқарды. Ол туралы қазақтардың дәстүрлі ауыз әдибиетінде айтылады, сондай-ақ оған М.Тынышбаевтың еңбегі және басқа да бірқатар жанама деректер арналған.
1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен жоңғарлардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс басталды. Аңырақай шайқасының ұрыс қимылдары болған алқап 200 километрдей жерді алып жатты. Оны ғасыр шайқасы деуге болады. Аңырақай шайқасы далалық Қазақстанның және Қазақстан Оңтүстігінің таулы әрі шөлейт аудандарының шекарасында өткен. Мұндай жер кездей соқ таңдап алынбаған. Шайқас өтетін жер дұшпанды талқандау жөніндегі ойдың жалпы айла-тәсіліне орайласады,ол жеңіліс тапқан жағдайда Іле өзенінің басына дейін тоқтаусыз шегінуге мүмкіндік береді.
Балқаштың Солтүстік батыс жағында өзенінің өзі жағынан жел өткізбейтін Шу-Іле таулары созылып жатыр. Жел сондай-ақ Қызылқұммен Мойынқұм жағынан да соғады. Аңырақай тауларының қасында Делдітау, Желдібел орналасқан. Аңырақай тауларында жел аңырап соғатын (Аңырақай жел). Сонымен бірге халық Аңырақай жеңіліс тапқан жоңғалар аңырап жылаған жер деген аңыз шығарған.
Сейтіп 1730 жылы жазға салым қазақ жасақтары өз аттарын Мойынқұм құмдарында, Бүркітті, Шабақты, Қарақоңыз, Ырғайтты, Шу өзендерінің аңғарларында тыңайып алып, Хантау, Аңырақай таулары өңіріне шықты.
Аңырақайдағы шайқасқа Әбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Бұл шайқаста батырлардың бойын ерлік, қайсарлық, өздерінің жеңісіне деген мызғымас сенім биледі.
Шайқас жекпе-жектен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты әскербасы, қоянқолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан жекпе-жекке 20 жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды. Абылай нақ осы жекпе-жекте өзінің қатарлы қарсыласын жеңіп, есімін мәңгі даңққа бөлеген. М.Тынышбаев кейін сол кезде Абылай өзгелерден асқан зор батылдығымен асып түсті деп жазды.
Шайқастың сәтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігерлендірді. Сөйтіп олар бұл шайқаста жеңіп шықты. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып,жаралы болып жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауыс бірнеше күң даланы басына көтерді. Бұл жер кейін «Аңарақай» деп аталып кетті.
Аңырақай шайқасында жеке ерлігін және үйымдастырушылық қабілетін көрсеткендер арасында көптеген батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары мен қатардағы жауынгерлерінің ерлігі мен жеке басының қажыр-қайраты, бірліктің нәтижесінде қазақ жауынгерлері бұл шайқаста женіп шықты.
Қаратаудың, Ұлытаудың таулы аудандарын, Сарыарқа мен Жетісу жерлерін азат ету оқиғалары халықтың тарихи жазында мәңгіге қалды. Ақтастыдағы, Бұланты жеріндегі «Қалмақ қырылған» шайқастары, Аңыракай шайқасы қазақ халқының тарихи өткен кезінің қаһармандық символына айналды.
Аңырақай шайқасы халық санасындағы бетбұрыс болды. Рухы көтерілген халық жоңғарларды жеңуге болатын түсінді. Айбынды женіске қарамастан, жау әлі де күшінде болатын, сондықтан кейінгі жылдарда да оларға қарсы ұзақ әрі титықтатын күрес күтіп тұрды.
Аныракай шайқасынан кейін қазақ билеушілердің арасында жік туды. Түпнұсқаларда Аңырақай шайқасына қатысқан сұлтандардың іс-әрекетіндегі мұндай келіспеушіліктің (жіктелуінің) себептері жайлы айтылмайды. Одан кейін көп ұзамай Әбілмамбет сұлтанның қазақ хандарының ордасы Түркістанға қөшіп кеткені, ал Әбілқайырдың орыс шекараларына қарай жедел жылжығаны белгілі.
Аңырақай шайқасынан кейн қазақ хандары мен сұлтандарының арасында жік түының негізгі себебі жоғарғы билік үшін талас болды деп топшылауға негіз бар. Таукенің баласы Үлкен хан Болат қайтыс болғаннан кейін оның орнын Орта жүзден Сәмеке (Шахмұхамбет), Кіші жүзден Әбілқайыр аламыз деп дәмеленді. Көпшіліктің қалаған адамы Әбілмәмбет (Болаттың үшінші ұлы) болды. Мұндай таңдау жасалынғанына наразы болған Әбілқайыр хан майдан шебінен әскерін алып, еліне кері бұрылды. Хандықтың өзіне тимегеніне риза болмаған Сәмеке де Әбілқаирдан кейін әскерін алып Шудың бойымен Бетпақдалаға қарай бет тузеді. Жоңғарларға қарсы майдан әлсіреп, өз әскері мен Ташкентке бағыт алған Ұлы жүздің ханы Жолбарыс қазақ елінің қас жауы жоңғарлармен мәмлеге келуге мәжбүр болды. Сейтіп, қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат етудің ортақ ісіне оңалмас ңұқсан келтірілді.
Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан жоңғар хандырының жаңа шабуылының тікелей қауіпі жойылмайды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Галдан-Цереннің (1727-1746 жж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қауіпін күшейтті, қазақ хандарының өздері де, соның ішінде Әбілқайыр да жоңғарлар тұтқын етіп әкеткен өз руластарын қайтарып алмақ ниетінен тайған жоқ.
Қазақ хандықтарының билеушілері алдында маңызды да күрделі міндет-қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру және елдің феодалдық батыраңқылығының күшейе түскен процессін жою міндеті тұрды. Олардың бұған өз күштерімен жете алмайтындығына көздері жете түсті. Солтүстіктегі қуатты көрші Россиямен одақтасу қажет болды. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси және экономикалық байланыстарың одан әрі нығайтып, Россияның қол астына кірудің жолдарын іздеуге деген ұйғарым қалыптасты.
8. Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.
Қазақстан-Ресей байланыстары.1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:
1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.
1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:
1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.
2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.
3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды. Қазақстан-Қытай байланыстары. 1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен — шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.
Қазақстан-АҚШ байланыстары. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде «Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.
Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).
Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық. 1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды.1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды
9. Ғұн және Үйсіндер
Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Евразияның этникалық – саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ролі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдан Оңтүстікте таман және Ордасқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр малшаруашылығы мен шұғұлданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді.
Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған.
Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр.
Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекарасында тұрған тайпалар топтасып, тайпалық екі бірлестік құрды. Олардың біріншісі Сюнну (Хунну немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды. Сюнулар (ғұндар) өз заманындағы, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады.
Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді.
Сонымен Қытай жылнамаларымен археологиялық зерттеулерге қарағанда, б.з.б IV-III ғасырларда Қытайдың Солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген күшті ғұн тайпаларының бірлестігі құрылды. Олар өздерімен көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жерінде дүркін-дүркін шабуыл жасап тұрған. Бұл жағдай Қытай патшасының наразылығын тұғызып отырды. Сөйтіп, ғұндар мен Қытай өкіметінің арасында бір-біріне алма-кезек жасалған ұрыс–талас, соғыстар олардың ұрпақтарының арасында 300 жылдан астам уақытқа созылған.
Жылнамалар бойынша, ғүн тайпаларының бірігіп саяси күшейген кезі б.з.б. 209 жылы Мөде ханның билік жүргізген мезгілі. Оның жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған. Олар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, быт-шытын шығарды. Олардың аман қалғандары Монголия, Маньчжурияға дейін қашып бас сауғалауға мәжбүр болады. Ғұндар мұнымен де қанағаттанып қоймай б.з.б. 203-202 жылдары Саян-Алтай таулары және жоғарғы Енисей жеріне дейін шабуыл жасап, Қытайдың хань әулетінің негізін салушы (б.з.б. 202 ж.) Лю-банды б.з.б. 200 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етеді. Қытай императоры ғұндардың Шаньюіне (ханына) қыз беріп, алым-салық төлеп тұрған. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістанның Хуанхэ өзінінің Орта ағысына дейінгі аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде «Ғұн державасы» пайда болды. Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы.
Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған.
Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы болды. Сонымен бірге, Шаньюй ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті болды. Оның соғыс жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды.
Ғұн мемлекетінде Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын туыстары тұрды. Бұданбасқа Шаньюйге туменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.
Ғұндарда жақсы ұйымдастырылған әскер болған. Мұның негізгі тез жүретін атты әскер болды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе еді. Олар садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі түрі болған. Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Ұзын семсерлері ат үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы. Ондай семсерлер Қазақстанда Ақтөбе Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған.
Ғұн қоғамында патриархаттық – рулық қатынастары әлі күшті болған еді. Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 жж.) «Тарихи жазбаларда» ғұндардың Левират ғұрпы туралы былай дейді: «Әкесі мен ағалары өлсе тұқым құрымасын деп олардың әйелін өздеріне алады, сондықтан ғұндарда қан араласу болса да, тұқым құрымайды». (Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Среденей Азии в древние времена. т. 1. М.-Л., с. 58)
Ғұндардың шаруашылығы.
Ғұндарда мал шаруашылығы жақсы дамыды. Олар үй-жануарларының барлық түрлерін өсірген. Жазба деректер ғұндар үйір-үйір жылқы, қора-қора қой өсіруші еді деп хабарлайды. Оларда егін шаруашылығы да маңызды роль атқарды. Әсіресе, ғұндар тарыны өсірген. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде, егіншіліктің ойдағыдай болғанын білдіретін темір орақ, шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал саймандар табылған. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй және жартылай жертөбелер болды. Олар үйдің бір бұрышына салынған ошақтан еден астымен тартылған кәңмен (труба) жылытылған.
Ғұндарда қол өнер ойдағыдай дамыған. Әсіресе, олардың шеберлері ыдыс-аяқтар, ұсталары темірден қару-жарақтар жасаған. Ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан, металдан жасай білген.
Ғұн тайпаларының ішінде атақты зергерлер болған. Ауқатты адамдардың зираттарынан табылған алтын сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасалған белдіктер жасалуы жағынан сақ тайпаларының әшекей бұйымдарынан бірде-бір кем түспейтіндігің көрсетеді. Бұйымдарды сәндендіруге басты бейне есебінде жабайы аңдардың бейнесі қолданған.
Ғұндардың діни-наным, сенімдері ата – бабаның аруағына сенуі – дүниеге табуныдың дәлелі. Жалпы ғұн тайпалары пұтқа табынған.
Алайда, «ғұн державасы» орасан үлкен, бірақ саяси жағынан батыраңқы, экономикалық жағынан әлсіз, этникалық жағынан ала-құла біріккен ел болды. Ішкі қайшылықтар, билік жүгізу үшін күрес және сыртқы сәтсіздіктер б.з.б. I ғасырда ғұндар державасының құлдырауына әкеліп соғып, ол ыдырай бастады. Б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды.
Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар хань империясына бағынды. Ал Чжичжи-шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Монголияға және Шығыс Туркістанның солтустік аймақтарында көшіп қонып жүрді.
Қазақстанның оңтүстік батыс және Арал бойына Ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б.з. I ғ. басталады (93 ж.). Кейбір археологиялық материалдарға қарақанда олардың ескерткіштері Испания жерінен табылған. Сондықтан Европа деректемелерінде олар гундар деген атпен белгілі.
Сонымен ғұн тайпаларының шығыстан, батысқа қарай жылжуы б.з.б. I ғ. басталса, б.з. IV ғ. дейін созылған. Алайда, олардың жылжуы жай ғана жүрген жоқ, олар бүкіл Евразия және Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың саяси картасына, этникалық құрамына үлкен өзгерістер туғызды.
Тарихта бұл жылжу тек ғұн тайпаларында болып қойған жоқ, басқа да ірі тайпалармен жаңа құрыла бастаған халықтардың да жылжуына әсерін тигізген. Бұл тарих сахнасына «халықтардың ұлы қоныс аудару» мезгілі деген атпен белгілі . Бұл қоныс аудару Қазақстанға өзінің үлкен әсерін тигізді. Ол, біріншіден, жергілікті сақ, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай жылжуына немесе орын ауыстыруына әсер етсе, екіншіден, ол тайпалардың антропологиялық жағының өзгеруіне әсерін тигізген, үшіншіден, түркі тілінің таралуына және оның жергілікті диалект болып орнығып нығаюын күшейтеді. Соңғы екі жағдай б.з. V ғ. Қазақстанға түркі тайпаларының жаппай келе бастауы тереңдей түсті.
Үйсін
Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Жазба деректер бойынша үйсіндерді алғаш рет тарих ғылымына таныс еткен Н.В. Кюнер мен академик Н.Я. Бичурин. Бұлардың аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихының өчеркі» атты еңбегінде үйсіндердің қысқаша тарихын жазды.
Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академиктер Ә. Марғұлан мен А. Бернштам болды. Қазіргі кезде сақ-үйсіндер тарихымен ұзақ жылдардан бері айналасып жүрген К.А.Акишев. Ол үйсін тайпалардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік–экономикалық жағын бір жүйеге келтіріп, үйсіндер мемлекеттік дәрежеде таптық құрылыста өмір сүрген деген қорытындыға келді.
Үйсін деген сөз Қытай деректері арқылы белгілі. Сөздің мағнасы осы уақытқа шейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.
Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан деп, екінші біреулері үйсіндер – түріктердің арғы аталары, олар түрікше сойлеген деп есептеді. Бірақ, қалай болсада, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады.
Үйсіндердің саяси құрылымы.
Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен ұштасып жатты.
Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды.
Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған.
Үйсіндерде жоғары деңгейде тұрған әскери үйым болды. Әскерлері жақсы қаруланған салт аттылардан тұрды. Мәселен, Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжыньцянь үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған (қаруланған) 30 мың атты нөкері жене оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.
Шаруашылығы.
Үйсіндердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Сонымен бірге олар егін шаруашылығымен де айналысты. Жерге жеке меншік орнап, ол мұрагерлік жолмен атадан балаға қалып отырды. Үйсіндер жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген.
Тұтыну бұйымдардың ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті қыш ыдыстар көп кездеседі. Олар формасы жағынан алуан түрлі. Тамақ ішуге керекті түрлі аяқ – табақ, тостағандар болса, азық-түлік сақтайтын, су таситын, айран, сүт сақтайтын түрлері болған.
Үйсіндер қорғасын, мыс, алтын кендерін білді.
Археологиялық қазбалар нәтежесінде табылған әйелдің тәжі тәріздес әшекейлі баскиімі Қарғалы диадемасы – үйсіндердің өнері мен діни нанымнан мәлімет беретін құнды ескрткіш. Ол 2300 биіктіктегі тау шатқалынан табылған.
10. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс
Бұл көтеріліс Батыс Қазақстан өңірлерінде 1783-1797 жж. аралығында болып өтті. Тарихи әдебиеттерде әдетте Сырым Датұлы бастаған көтеріліс ретінде аталғанымен, мұрағаттық деректер бойынша бұл күреске белгілі батырлар Тіленші Бөкенбайұлы мен Барақ Сатыбалдыұлы, басқа да батырлар мен билер жетекшілік етіп, орыс шебіне көптеген шабуылдар ұйымдастырған.
Көтерілістің туындауына отарлық езгінің күшеюі, қазақтардың Жайықтан өтуіне тиым салынуы, орыс-казактардың арғы бетке өткен ауылдарды ашық тонауы, Кіші жүздегі хан билігінің әлсіздігі т.б. себеп болған еді. Сонымен бірге, ықпалды билер мен Нұралы хан арасындағы қайшылықтар да әсер етті. Көтеріліс Батыс Қазақстанның біраз жерін қамтыды. Оның негізгі орталықтары – шепке жақын орналасқан Байбақты, Табын және Тама рулары қоныстанған Елек, Шыңғырлау, Қобда өзендерінің бойлары болса, орыс шебіне шабуылдар кезінде Ойыл, Жем, Темір, Сағыз өңірлері де көтерілісшілердің ту тіккен ордаларына айналды. Көтеріліске Кете, Шекті, Шеркеш, Таз т.б. рулар да қатысқан.
Деректерге қарағанда, Сырымның қол астында 2700 адам, Барақ батырда – 2000, Тіленші батырда – 1500 адамдық жасақтар болған. Бұлардың құрамына жоғарыда аталған рулардың барлығы кірген. 1783 ж. жаз айларында қазақтар Ресей шептеріне көптеген жойқын шабуылдар ұйымдастырады. 1783 ж. желтоқсан айының соңында Сырым мен Барақ батырлар бастаған 700 сарбаз Генварцовский мен Рубежинский форпосттары арасындағы орыс елді-мекендеріне шабуылдар жасаса, тура сол уақытта Тіленші батыр мен белгілі би Елекбай Құдайбергенұлы бастаған сарбаздар да Ресей шептеріне көптеген шабуылдар ұйымдастырады.
1785 ж. ақпан айында көтерілісті басуға майор Смирнов басқаратын жазалаушы әскер шығарылады. 237 казактан, 2432 башқұрттан және екі зеңбіректен тұратын бұл команда Елек жағалауына қарай шығып, жолда кездескен бейбіт ауылдарды тонап, 66 адамды тұтқынға алып кетеді, олардың 13-і ғана ересек ер азаматтар да, қалғандары әйелдер мен балалар болған. 1785 ж. наурыз айында Жайық казак әскерінің командирлері Қолпаков пен Пономарев бастаған 1250 казактан тұратын басқа топ Жем сағасында орналасқан Сырымның ордасын арнайы жою үшін шығарылады. Олар Жем бойына бармай, Қаракөл маңындағы Адай және Беріш руларының ауылдарын шауып, бірнеше адамды өлтіріп, 102 адамды тұтқынға алады. 1785 ж. наурыз айында премьер-майор Назаров басқарған 405 жайық казагынан тұратын басқа жазалаушы отряд көтерілісші Табын руының ауылдарын шауып, Айшуақ сұлтанды тұтқынға алады.
Өлке басшылығының мұндай шаралары бүкіл Кіші жүз руларының заңды ашу-ызасын туғызады. Сол 1785 ж. наурыз айында Тіленші батыр бастаған 200 адамдық жасақ Рубежинск форпосты маңындағы орыс хуторларына шабуыл жасап, бүкіл малдары мен 10 адамын қолға түсіреді. Бірақ хуторлар халқына көмекке келіп қалған казактармен болған шайқаста қазақ жасағынан 19 сарбаз қаза табады.
1785 ж. шамамен күз айларында 1 мың адамдық қазақ жасағы Тұзтөбе бекінісінен жоғары орналасқан редутқа шабуыл жасап, осы редутқа көмекке келген майор Рештейнерді 30 адамымен, капрал Ивановты 20 адамымен бірге қолға түсіреді.
Билігінен айырылып қалудан қауіптенген Нұралы орыс әкімшілігімен бірге көтерілісті басуға ат салысады. Інісі Айшуақ сұлтанның қамауға алынып, ұлының өлтірілуі халық алдында Нұралының ықпалы мен беделін төмендетеді. Ел-жұрты оған сенуді қойып, хан билігі үлкен дағдарысқа ұшырайды. 1785 ж. Кіші жүздің 21 руынан 55 билер мен батырлар ІІ Екатерина патшайымға хат жазып, Нұралыны, жалпы Әбілқайыр әулетін тақтан алып тастауды сұрайды. Мұндай хаттар көп болған. 1786 ж. көктемінде көтерілісшілер хан ауылдарына шабуыл жасап, Нұралы қашуға мәжбүр болады. Хан билігінің әлсіздігін түсінген патша үкіметі оны хандықтан босатып, Орынборға шақырып алып, кейіннен Уфаға жібереді. Нұралы сол жақта 1790 ж. қайтыс болады.
Нұралы тақтан кетірілген соң ІІ Екатерина енді Кіші жүзде хан сайлауды қажетсіз деп табады. Өлке басшысы губернатор Игельстромға Кіші жүз қазақтарын басқарудың жобасын даярлау тапсырылады. Өлкені басқаруда майда саясатымен көзге түскен барон өз реформасында Кіші жүздің бүкіл билігін Орынбор әкімшілігінің қолына топтастырады. Ол бойынша губернатордың жанынан жүзді басқарудың жаңа органы – Шекаралық сот құрылып, оған құрамына билер де кіретін расправалар қарайды.
Өлке әкімшілігінің әртүрлі шараларына қарамастан 1789-1790 жж. қыс айларында Ресей шебіне қазақтардың шабуылдары күшейе түседі. 1790 ж. көктемінде орынбор әкімшілігі Сырым бастаған топпен келіссөздер жүргізуге муфтий Мұхамеджан Хусаиновты жібереді. Бұл кезде губернатор Игельстром да қызметінен алынып, орнына қазақтарға қатысты аса қатаң саясат ұстанған А.А. Пеутлинг келген болатын. Осы кезеңде Жайық казактарының да қазақ ауылдарына шапқыншылығы үдейді. Көтеріліс шеңберінде, патша әкімшілігімен арада күрделі қарым-қатынастар орын алады, олардың бәріне тоқталу мүмкін емес.
Дүрбелеңге толы сахарада аз да болса тыныштық орнату үшін патша үкіметі 1791 ж. қыркүйегінде жасы келген Ералы сұлтанды хан сайлауға мәжбүр болады. Орынбор экспедициясы молда Құсайын Әбдусаламовты осы туралы хабармен Кіші жүз даласына аттандырғанда, Елек бойында онымен кездескен Сырым, Мұратбек, Қаракөбек, Басықара және басқа билер өздерінің келісімінсіз Ералының хандыққа бекітілуіне риза еместерін ашық айтады. 1792 ж. мамыр айында Қобда өзенінің бойындағы Байтақ қорымы түбінде 400-ге тарта билер мен басқа да адамдар қатысқан жиындар өткізіледі. Жиын бірауыздан Ералының хан сайлануына қарсылық білдіреді.
1792 ж. қыркүйегінде Сырым Ресейге соғыс жариялап, 1000 адаммен Тұзтөбеге шабуыл жасайды. Бекіністі ала алмаған көтерілісшілер келесі бекініс – Красногорскаяға да шабуыл ұйымдастырады. Бірақ бекіністерге ашық шабуылдар табыс әкеле қоймаған, қарулары сай казактар әрқашанда зеңбіректер мен мылтықтардан оқ жаудырып, барлық шабуылдарды таратып отырған. Сырым бастаған көтерілісшілер 1793 ж. күзінде Сағыз өзенінің бойында орда құрып, халықты өздеріне қосылуға шақырған. Оған әр рудан адамдар қосылып отырған, олар Сағыз бойындағы Аққұм деп аталатын жерге ту тіккен.
1794 ж. Ералы хан қайтыс болып, 1795 ж. Кіші жүз хандығына Нұралының ұлы Есім сұлтан бекітіледі. Оның жанынан ел басқаруға қолайлы болу үшін сұлтандар мен билерден тұратын Хан кеңесі құрылады. Есімді Сырым бастаған дала билері жек көретін, оны 1797 ж. хан ауылын шапқан көтерілісшілер өлтіреді. Хан өлімінен соң, сәл үзілістен кейін өлке басшылығына қайта келген барон Игельстром жаңа хан сайламай, Кіші жүзді басқаруды Хан кеңесіне тапсыруды жөн көреді. Кеңестің тұрақты шақырылатын жері болып Бала Қобда өзенінің бойы белгіленеді. Кеңес жұмысына Сырым да белсене араласқан. Осы кездерден бастап көтеріліс те тоқтайды. Сырымның өзі 1802 ж. Хиуа жерінде белгісіз жағдайда қаза болады. Халық арасындағы әңгімелер мен кей деректерге қарағанда, оның өліміне Нұралы ханның қалмақ күңінен туған ұлы Қаратай сұлтан тікелей қатысты болған.
14 жылға созылған бұл азаттық күрес Отан тарихында аса маңызды оқиғалардың бірі болып табылды. Күрес Ресей патшалығының араласуымен Кіші жүздегі хан билігінің әлсіздігін анық көрсетті, ел басқару ісіне бірқатар әкімшілік өзгерістер әкелді.
11. Темірбек Жүргенов
Арпалыс пен әлеуметтік қақтығыстарға толы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жоғары білім алған санаулы қазақтардың көрнекті өкілі Т.Жүргенов – түрлі халықтар мен өңірлерге тән тарихи-мәдени үдерістердің тәлімін тереңінен толғаған, оң тәжірибесін кәдеге жаратуға олжа салған қайраткер әрі ой иесі.
Ол Қорқыт Ата мен Фирдоуси заманының тұлғалары тағдырын, аңыз-әңгімелерінің көркемдік-идеялық болмысын ғылыми талдай алды, жаңа дәуірдегі Ресей, АҚШ, Ұлыбритания білімі мен ғылымы тарихындағы  ерекшеліктер мен қиыншылықтарды алға тарта отырып, Қазақстанның, орта азиялық республикалардың интеллектуалдық серпілісін толымды нәтижелермен көмкеруді армандады. «Америка мәдениетті мемлекет болып есептеледі, – деп жазған екен «Темір нарком» 1935 жылы, – Соның өзінде соңғы 60 жылдың ішінде халықтың сауаты он бес-ақ процент артқан. Ал бізде айналдырған 15 жылдың ішінде 59% көтеріліп отыр».
ХV ғасыр ақыны Асан Қайғы, ХІХ ғасыр дүлдүлі А.С.Пушкин, ХХ ғасыр Гомері – Жамбыл шығармашылығы оған мейлінше таныс болғаны «К задачам нового педвуза КССР коренизировать мировую культуру», «Орыс халқының ұлы жазушысы және қазақ халқы», «Қазақстандағы мәдениет революциясы», «Шахнаме», «Мектептің түрі, тілі туралы (айтыс ретінде)», «О пьесе «Хан Кене» и ее критиках», т.б. кітаптары мен мақалаларында айқын көрініс тапты.
Тарих пен мәдениетке көзқарасы материалистік ұстаныммен, таптық, партиялық идеологиямен суғарылғаны рас. Бірақ бұл тұғырнама туған халқын, елін, жерін шексіз сүюге, қалтқысыз қызмет етуіне еш бөгесін туғызған жоқ. Кеңестік тоталитаризммен тілдесе жүріп, Қазақстанның мемлекет ретінде нығайып ілгерілеуіне үлес қосқан, халқымыздың интеллектуалдық, адами капиталын байытқан, сонысымен тәуелсіздігіміздің отын өшірмей, алғышарттарын қалыптастырған тұлға ретінде айрықша құрметке лайық. Мемлекетшілдігі, елшілдігі, халықшылдығымен Т.Жүргенов ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының қандай ғана болмасын шоғырына еркін кіре алады. Тап осы қасиеттеріне қарап, алашшыл Ахаң мен Жахаң жақсы еді, большевик Темірбек, Тұрар, Сәкен жаман еді деуге еш негіз жоқ.  Біз алашшыл зиялыларды радикалды зиялыларға жөн-жосықсыз қарсы қоя берсек, ғылыми танымдағы «солшылдықтың» балалық дертіне шалдығуымыз оп-оңай.
Бұлардың тарихи-мәдени көзқарастарында ортақ пайым-тұжырымдар аз емес. Мәселен, Т.Жүргенов қазақ тарихының айтулы уақиғалары қатарына ұлт-азаттық көтерілістерді жатқызды. Исатай-Махамбет, Кенесары көтерілістерін, 1916 жыл оқиғаларын зерделегенде патшалық езгіні, қазақтың ауыр халін, жер мәселесінің асқынғанын алдымен ауызға алды. Түпкі мақсат азаттыққа ұмтылыста жатқанын баса көрсетеді. «… Восстание 1916 года, – деп дәйектейді Т.Жүргенов, – прежде всего как общенациональное движение, было направлено главным образом на отделение от угнетающей национальности метрополии, это было своего рода выражением тоски казахского народа о независимости аула». Рас, хандардың, сұлтан-билердің ұлттық тарихтағы миссиясын тым сынап жіберетіні бар. «Қанды шелек төрелер бас мансаптары үшін өзді-өзі ыңғай араздасумен» жүрген себепті қазақтар Қоқан, Бұқар, Хиуа хандықтарын сағалауға мәжбүр болды деген көзқарасты ұстанды.
Ұлы даланы отарлауда белсенділік танытқан Ресей патшалары мен жоғары лауазымды шенеуніктерін қадау-қадау атағаны әсте кездейсоқтық емес. ІІ Екатеринаны, Горчаков пен Обручевті, Перовскийді, Черняевті ұлттық тарихтың зорлықшылары ретінде айыптаған. Қазіргі Қазақстан тарихнамасы да осы ұстанымды қуаттайды. Ресей отарлаушылары құрған жергілікті басқару аппаратындағы қазақ шенеуніктерін, әсіресе, тілмаштарды жемқор, парақор санатына жатқызды. «Переводчиктің қиялы» өлеңінде жаңа әлеуметтік қауымды былайша суреттейді:
Бұрынғы ханзада, би, төре
Келмес енді маған тең.
Қулық-сұмдық, ұрлықты –
Бұл үшеуін асырып
Өтетұғын көкеңнен
Өзі де болар азды-кем.
Т.Жүргенов Қазақстанның социалистік болашағына қалтқысыз сенді. 1917 жылғы пролетариат революциясынан кейін өркениет жолымен өрлей беретінінің кепілдігіне Қазақ автономиясының, кейінде Қазақ КСР-нің құрылуын, аумақ пен шекараның анықталуын, әлеуметтік-экономикалық жаңғыруды, әсіресе, білім, ғылым, мәдениеттің іргелі табыстарын жатқызды. Мәдениет пен білімсіз социализм ісі алға баспайтынына күмән-күдік келтірген жоқ. Өлкенің табиғи байлықтарын ашатын ғалымдар, халықтың денсаулығын сақтайтын дәрігерлер, артта қалушылықты жоятын мамандар қажет екенін айтудан жалықпады. Ташкенттегі қазақ педагогикалық жоғары оқу орнының ректоры қызметінде отырған 1927 жылы: «Разработка научной терминологии, развитие, обогащение языка и литературы, осуществление надлежащего руководства и управления сложным организмом государственной машины, коренизация аппарата – вся эта группа государственных мероприятий окончательно может быть завершена при наличии Казахского вуза» деген жолдарды жазса, 1937 жылы жарық көрген соңғы мақалаларының бірінде мәдени революцияның түпкі мақсаты жаңа адамды қалыптастыруға тірелетінін дәйектеген.
Т.Жүргеновтің тарихи-мәдени көзқарасын әр затты өз атымен атау, кемшілікке төзбеу ерекшелендіреді. Сауатсыздықты жоюдан тартып мәдениетке қатысты мемлекеттік саясатқа дейінгі теория мен практикадағы олқылықтарға бағасын беріп отырды. Өзі оқу-ағарту наркомы бола тұра, «Қазақстанқұрылғалықазір 15 жыл болды, осыған қарамастанәлі күнге дейін 10 жылдық жалғыз да қазақ мектебі жоқ», «жоғары оқу орындарына әзірлігі жоқ, оқуға жарамсыз оқушылар жиылғандықтан іс маңызын кетірді: оқуға кіруші қанша болса, оқуын бітірмей шығып кетуші де сонша болды.  Оқу орындарын оқушылардың біреуі кіріп, біреуі шығып жататын базарға айналдырды. Соңғы жылдары жоғары оқу орнын бітіргендердің бір қатарларының шала сауатты болып шығуына да осы себеп болды» деп, ащы ақиқаттың бетін ашуы – бүгінде екі министрдің бірінің қолынан келе бермейтін батылдық.
Тарих пен мәдениеттегі тілдің маңызды орнын қапысыз білген Т.Жүргенов – қазақ тілінің нағыз жанашыры биігіне көтерілген тұлға. Ол әлемдік білім, ғылым, әдебиет табыстарын қазақша сөйлетуді армандады, рухани-мәдени ықпалдастықтың игі нәтижелерін халыққа жеткізуге қызмет етті. Халықаралық терминдерді тұтынуда қазақ тілінің байлығы мен тазалығын сақтау естен шықпауын қадағалады, әлем мәдениетіне етене араласу міндетін шешкенде терминдерді жойдасыз қазақшалау өзін ақтай бермейтінін ескертті. «Жер үстіндегі жұрттың барлығында бір сөзбен айтылып жүрген түсініктерді қазақшаға аударып, қазақ сөзімен айтқаннан ол жаңа сөз әлгі түсінікті бере алмады, қайта халықты шатастырып, жазба сөздің барлығын түсінбейтін қылды, өйткені, «жаңа» деп тапқан сөз … ескіден келе жатқан өз түсінігінен ажырай алмады» деген екен.
Жақында Ұлытау төрінде берген сұхбатында Елбасымыз Н.Назарбаев «пианино», «пиано» терминін «күйсандық» деп аударудың орашолақтығын сынаған еді. Т.Жүргенов те «хирургияны» – «сылу», «соперничествоны» – «күндестік» деп алғанға келіспейтінін білдірді. «Әрине, – деп жазыпты ол, – мұны күндестік деуге болмайды, өйткені, қазақ тілінде бұл сөздің арнаулы айтылатын жері бар, ол – бұрын біреудің екі қатынының арасында болатын, байға таласқаннан туатын оқиғаның түсінігі. Екі мемлекеттің арасының әңгімесін, әрине, бір кісінің көп қатынының халімен түсіндіруге болмайды».
Ұлттық мәдениетті өркендету мен ғылыми-танымдық зерделеуге қосқан Т.Жүргенов үлесін замандастары жоғары бағалады. Ғ.Мүсірепов оның табандылығы мен іскерлігін, Қ.Жандарбеков қазақ өнері мен әдебиеті бойынша білімдарлығын, Қ.Байсейітов ең зәру, ең жедел қажет мәселелерді қолма-қол шеше алатын басшылығын естеліктерінде жазған. Композитор А.Затаевич Сырдария өлеңдерін өте көп білетін интеллигент, байсалды Т.Жүргенов Хиуадағы қоңырат руының өлеңдерінен ерекше бағалы хабар бергенін, алайда, туған Отанының ескі өлеңдерінен көп білетін, өзінен көп нәрсе алуға болатын осы адамды, қанша тырысқанына қарамастан, пайдалана алмағанына өкініш білдірген еді. Бұл пікірлер тұлғаның сөзі мен ісіндегі бірлікті, дүниетанымы мен қызметіндегі тұтастықты айғақтап тұр.
Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Қазақстанның қоғамдық-гуманитарлық ғылымдары енді қалыптасып жатқан, әдебиет пен өнердегі идеялық-көркемдік үдерістер бір арнаға түспеген өтпелі кезеңде Т.Жүргеновтің тарих пен мәдениетке көзқарасында теориялық- методологиялық жаңсақтық орын алғанын біреу білсе, біреу білмейді. Мәселен, қазақтың 5 ғасырлық тарихы ғана қағазға түсті, ар жағы ауызша тарих, фольклор түрінде сақталған деп есептеді. Сақтар, ғұндар, байырғы түркілер жайынан бір ауыз сөз қозғамайды. Әр халықта екі мәдениет – қанаушылар және қаналушылар мәдениеті бар деген лениндік-сталиндік тезисті ұлттық тарих пен руханият мысалында дәйектеуге тырысты. Алаш қозғалысының қайраткерлеріне берген бағасы да сын көтермейді. Қазақстаннан басқа жердегі қазақтың мәдениеті жоқ дегенге саятын пікірімен келісу қиын. «Бұхар мен Хорезмнің екеуінде де, Жүргеновтің пікірінше, қазақ әдебиеті дегеннің иісі жоқ». Есесіне орыс әдебиеті мен мәдениетінің қазақ әлеміне ықпалын асыра бағалады.
Тұтастай алғанда, Т.Жүргеновтің тарихи-мәдени ұстанымдарына релизм тән. Оның қаламынан туған шығармалары халқымыздың интеллектуалдық есею жылдарын бейнелейді, ақпараттық-деректік мол әлеуетке ие. «Темір нарком» тарихшыларға әділ талап қоя білді. Шындықпен жазылмаған тарих кітаптарын пайдаланудан шығаруды, кері кеткен көнені бояп, жаңартып бергісі кеп жүргендерге жол бермеуді аманаттады. «Осы күнге дейін, – деді ол, – бізде тарих кітабы жоқ … Бізге Қазақстанда болған революция тарихы, қазақ халқының бұрынғы тарихы, ұлт-азаттық қозғалыстарының тарихы керек».
Содан бері 80 жылдай уақыт өтіпті. Отандық тарих ғылымы іргелі табыстарға жетті. Дегенмен, тарихқа деген сұраныс пен ықылас артпаса, кеміген жоқ, яғни, Т.Жүргенов аманаты бәріміздің мойнымызда
12. Түрік және Батыс-Түрік қағанаты
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-V ғғ.) Қазақстанның Орта Азия мен Шығыс Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Амударияның атырауына дейінгі ұлаң-ғайыр территорияны тирек деген жалпы аты бар тайпалар мекендеген. Деректемелер олардың ішінде: бұғу, қарлұқ, бұлақ, эдиз, таринах, толенгет, байырқу, беклі, қыбыр, сығыр, зебендер, тарғай, баргур және т.б тайпаларды атайды.
«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады.Қытайлар түріктерді сюннулердің ұрпақтары деп санаған.
542 жылы тирек (теле) тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстік және орталық бөліктерін мекендеген және бұл территорияларға үстемдік еткен аварларға (жуань-жуань) қарсы шабуыл жасап, кескілескен шайқаста Тумын (Бұмын) басқарған теле тайпалары аварларды күйрете жеңеді де, олардың 50 мыңнан астам әскерлі түріктер тұтқынға алады. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына тағы да шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авар мемлекетінің қағаны Анағұн өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап бұмын өзін «Ел қаған» деп жариялайды. Түрік қағандығының іргесін қалап, шаңырағын көтереді (552 ж.).
Бұмын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара –Еске отырады (552-553жж.). Бұмынның саяси іс-әрекетін оның мұрагерлі Қара-Еске, Мұқан қағандар жалғастырса, ал қағандықтың батысқа қарай шекарасын кеңейту ісін оның інісі Иштеми (572-576 жж.) жүргізген.
Қытай деректемелеріне қарағанда, б.з. 555 ж. Иштемидің (Силзебул) Орта Азияға қарай жасаған жорықтарының бірінде Арал теңізіне дейін жеткендігін хабарлайды. Ал «Күлтегін» үлкен жазуында Мұқан мен Иштеми қағандардың өз халқын «Темір қақпаға» дейін орналастырған. Мұндағы темір қақпа деп отырған жері Согда елі мен Тохарстан елінің арасында Байсын тауындағы өткел.
Түрік қағанатының күшейіп, саяси жағынан белсенділігі артып, тарих сахнасына шыққан кезі VI ғасырдың ортасы. Бұл кезде түрік қағанаты Силзебул Орта Азиядағы эфталиттерді өздеріне толық бағындыруға әрекет жасайды. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтустік Үнді ойпатына дейінгі ұлаң-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді жеңе қою оңайға түсе қоймайтыны білген түрік қағаны Иран шахы Хұсрау I Ануширванмен келісімге келеді (561-563 жж.).
563-567 жылдары эфталиттермен болған ұрыстарда түрік қағанаты жеңіске жетеді. Алайда, осы жеңістен кейін түрік қағанатымен Иран шахының арасындағы достық ұзаққа созылмады. Оған басты себеп, Шығыстан Батысқа қарай созылып жатқан керуен жолының барлығы дерліктей түрік қағанының қарамағында қалып қоюы Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғыза бастайды. Дегенмен, екі ел арасында болған соғыс келісімі 563-567 жылдары эфталит патшалығын жоюға мүмкіндік берді дейміз.
Сонымен еліміздің қазіргі шығыс солтүстіктегі өлкелерінен бастап Каспий теңізіне дейінгі ұлаң-байтақ өңірде түрік қағандығы құрылып күшейді. Олардың ордасы Орхон өзенінің бойында орналасты. Осы өңірде мекендеген қазақ тайпалары да түрік қағанатының қол астына қарады.
Өз ішінде де саяси билік үшін күрес, талас, сыртқы шапқыншылықтың салдарынан ұлаң-байтақ жерді алып жатқан Түрік қағанаты 603 жылы батыс және шығыс түрік қағанаты болып екіге бөлінді.
Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.).
Ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды.
Қағандықтың халқының этникалық құрамы «оң оқ бұдын» ру-тайпалары болған. Қаған әрбір оқ бұдыннан 1000 адамға сарбаз алып отырған.
Жазба деректерде қағанаттың саяси-әкімшілік жағынан тарих сахынасына көтерілген кезі Жегу қаған (610-618 жж.) мен Тон қағанның қағандық құрған кездері.
Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Мемлекеттің басшысы-қаған, жоғары билеуші, әскербасы болды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болды. Батыс түрік мемлекетінде қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болды, оларға яғбу, шад, елтебер, тегін сияқты атақтар берілген. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Бектер-тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі болған. Қара жұмыс істейтін қанаушы халық түркі тілінде «қара бұдындар деп аталған».
Түрік қағанаты көшпелі мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды.
Жетісу бойында түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Ұлы Жібек жолының Түрік қағанаты жерінен өткендігі сауда мен қолөнердің дамуына әсер етті.
Түріктердің ежелгі көне жазуы болған. Бізге белгілі Орхон-Енисей жазуы Батыс түрік қағанатының мәдениетінен дерек береді. Моңғолия жерінен табылған Білге қағанның, Күлтегеннің, Тоныкөктің Орхон жазуы бар құлпытастары қағанат мәдениетінің жоғарғы дәрежеде дамығанын көрсетеді. Бұл ескерткішті 716 жылы жазған. Ескерткішті алғаш рет Данияның ғалымы Томсон оқыған. VII ғасырда Батыс түрік қағанатында жазба әдебиеті дамыған. Осы ескерткіштегі тасқа қашап жаздырып қалдырған Білге қағанның «Ілгері-күн шығысында, оң жақта-күн ортасында, кейін-күн батысында, сол жақта-түн ортасында-осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды» деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет құрғанын көрсетеді. Жалпы алғанда түріктердің мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болды.
Сонымен, Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан, Батыс түрік қағанатында таптардың құрылу және ежелгі феодалдық қатынастардың біршама тез қалыптасу процесінің жүргені аңық.
13. Билер институты.
Қазақ қоғамына тән билер институты XVІІІ ғасырдағы ірі тұлғалары Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің тұсында барынша дамыса, уақыт өте келе билер институты заманына сай өзгеріске ұшырағаны белгілі. Бұл өзгерістердің туу себебі, әрине қазақ жеріне дендеп еніп, отаршылдықтың ойранын салған патша үкіметінің  іс- әрекеттерімен тікелей байланысты болды. Патша үкіметі билер институтын жою үшін алдымен өзгерістер енгізу керек еді. Ол үшін билер институты жайлы зерттеу жүргізуді мақсат етіп қойды. Билер жайлы ой-пікірлерін білдірген орыс авторлары отаршыл жүйеге қызмет ете тұра, нашар пікір айта алмаған. Билер институтын қоғамды артқа сүйреуші күш ретінде көрсеткісі келгенімен, қазақ даласындағы билер институты өзінің әділдігімен, туралығымен көзге түскен.
Яғни би дегеніміз  «Елдің ескіліктен екшеліп келе жатқан жол-жоба, салт, дәстүр, заң ережелерінің дәстүр жинақтарын, бұрынғылардың шежіресін, өнегелі, үлгілі сөздерін жадына көп тоқып, жатқа айтуға ұстарған, «билігі жүрген» рубасылардан көсем шыққан, өздері де тұрмыстан туған қорытынды сөздерді әдемілеп жұптап, ұйқастырып айта алатындай болған шешендер – би атанған».Шокан Уәлиханов коп зерттеди
Біздің өткен тарихымыздағы  ардақты адамдарымыз туралы  зерттеуші ғалым Қ.Сәтбаев былай дейді: “Ханда қырық кісінің  ақылы болса, биде қырық кісінің ары,білімі бар”. Тура сөзді әділ жарғыға”сансыз адамның батасы тимекші, “Батамен ел көгереді”   дегендей, сондықтан қазақ сияқты  көпшіл елде  қашанда ханнан гөрі бидің қадір – қасиеті басым болады. Ханның арқа сүйеуі жарасымды бимен табылады. Бисіз хан оңбайды, хандықпен қатар қырағы билік те  бір жерге бас қосса, ондай ханды елде суйеді, ұмытпайды, шежіресінде атын қалдырады.Алты алашқа  мәлім ескі жолды Есімхан, қасқа жолды Қасымхан, тура жолды Тәуекел хан, жеті жарғылы Әз Тәуке, ер Абылай – бәрі де осындай хандық пен билікке қатар ие болған “қасиетті” адамдар. Ел меңгерерлік тілі жоқ, еңсерерлік күші жоқ, білім мен ойға, “ билікке”  ие болмаған, не ел ішіндегі рулардың көсемі – билерді ішіне тартып қыбын таба алмаған алаңғасар, әңгүдік хандар хан болып та тұра алмайды. Ондайлардың тағы жарлының лашығы сияқты, наразы көпшіліктің бірінші құйыны түбіне жетеді.
Қазақ шежіресіндегі Тайыр, Бұрындық сияқты хандардың тарихы мұның шындығына дәлел. Сондықтан Тоқтамыс хан мен Едіге бидің тартысы да сайып келгенде “ханнан билік кетіп, биге медет жету”  мен “хан қашып, бидің қууымен” тиянақталады. Мұнан егер де хан мен би екі бөлініп таразының  екі басына түсе қалса, ел ниеті қашан да бидің жағына ауып отыратындығы көрінеді…” [4.49,53б] ХVІІІ ғасырда билер институты Қазақ хандығының ішкі жағдайын тұрақтандырып отырушы басты факторге айналды.
Билер қызметінің маңыздылығына байланысты елдің жоғарғы билеушісі Ханның өзі олармен бірлесе әрекет етті. Жоғарыда айтылған ойды сабақтар болсақ: «Қазақтың билік құру дәстүрі  Әз-Жәнібек ханның тұсында өркен жайып, Әз-Тәуке ханның кезінде биік шыңға көтерілсе керек. Атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің даңқы бүкіл қазақ даласына жайылды. Үш жүздің басын біріктіріп, Түркістан шаһарында  хандық, билік ордасын құрған Тәуке  ханның кезінде билер кеңесі құрылып, ол жыл сайын Түркістан, Сайрам шаһарлары  маңындағы Битөбе, Мәртөбеде өтіп отырды. Осындай билер кеңесінде Тәуке ханның ордасындағы қазақтың әдет – ғұрып заңдарының жиынтығы “ Жеті жарғы” қабылданады.
“ Күлтөбенің басында күнде жиын” деп аталып кеткен сол жиынға Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Едіге би, Тайкелтір би, Байдалы би, Қоқым би, Қара Шырын би, Сасық би сияқты т.б ірі,беделді билер қатысқан. [5.3,5б]   Төле бидің  ойшылдығын, зеректігін, ел арасындағы беделін  құлай ұнатқан Тәуке хан онымен үнемі сырласып, кеңесіп отыруды әдетке айналдырады. Оны өз хандығының негізгі тірегі деп білген, Төле бидің: « Күш атасы – халықта, қарсы келген хан да, биде оңалмас»,- деген өсиетін басшылыққа алады.[6.223,263б]
Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлымен бірге Қазақ ханы Әз-Тәуке ханның басты кеңесшісі болды. Тәукенің Түркістан қаласын Қазақ хандығының орталығы (астанасы) етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бір тұтас Қазақ хандығын нығайтуды, жоңғар-ойрат шапқыншылықтарына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жаугершілік одағын құруға бағытталған шараларын жүзеге асыруға  қатынасады. Төле бидің  басшылық, шешендік дарыны Қазақ хандығына қарсы жоңғар хандығы жойқын қолмен шабуылға шығып, қазақ халқын қырғынға, қалғанын «ақтабан шұбырынды, алакөл сұламаға» ұшыратқан кезде  айқын көрінді.[6.1] Осындай қиын кезеңде Төле би басшыға тән қасиетін танытып, Қабанбай, Бөгенбай және Жәнібек батырлармен бірге біртұтас халық майданын құрып, азаттық жолында күрес жүргізді.
Ол сонымен бірге Ресей мен ұлы жүз қазақтары арасындағы қарым – қатынастарды  қалыптастыруға және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді. Төле би  1749 жылы  Орынбор өлкесінің губернаторы И. Неплюевке өзінің жиені Айтбай  бастаған елшілік жіберіп, Ұлы жүз қазақтарының  Ресей империясының қол астына кіріп, Ресей патшалығына қарауға әзір екендігін білдірді. Ал губернатор И. Неплюев болса, өзінің 1749 жылғы  26 қыркүйекте Төле биге жолдаған хатында оның Ресейге қосылу ниетін  мақұлдап, екі елдің арасындағы сауда – саттық байланыстарын дамытуға күш салуын өтінген. Жазба деректер мен қатар халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған. Халық арасында Төле би айтты деген мақал- мәтелдер, нақыл сөздер кең таралды. Шымкентте, Түркістанда және Ташкентте билік басында болған Төле би сәулетті ғимараттар салуға да белсене атсалысты.Төле би есімі күллі қазақ тарихына қатысты ірі оқиғалармен байланысты.[7.137б]
Тарихымыздың қандай даму кезеңін қарайтын болсақ, билердің қазақ қоғамында жасаған еңбектері әлуметтік, саяси және рухани жағынан көрінетінін байқаймыз. Билер ең алдымен халық қамы мен мүддесі үшін  күресті. Тәуелсіздік алған кезеңде билер институты жайында зерттеу жұмыстары жақсы жолға қойылды. Қазақ билеріне қатысты Қазақтың ата заңдары кітабында С.П Вареникова былай деп жазады: «Феномен казахского суда биев интересен особенностью, которая до настоящего времени не являлась предметом научных иследований. При ознакомлении с историческими, в частности, приведенными в книге «Древний мир права казахов», можно убедиться, что при рассмотрении судебных споров биями нередко применялись не только нормы обычного права, но и знания  не общеизвестные, полученные в результате накопленного житейского и профессионального опыта, природной наблюдательности, способности к аналитическому мышлению. Подобного рода необщеизвестные знания значительно позже трансформировались в процессуальном законодательстве» [8.135б]
Дауларды шешуде құқықтық-әдеттік заңды білудің аздық ететінін, өмірлік және кәсіби тәжірибенің, адамдарды бақылау, сараптама жасау қабілетінің аса маңызды факторларға жататындығын анықтаған. Бұрынғы қазақ жұртының би шешендері даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Тындырғанда да хатсыз, қарарсыз, ауызша жүзеге асып, бітіп жатқан. Атқарғанда да ол билердің кесім, бітімі көпшіліктің көзінше жария болып отырған. Ешқандай құпия, алдын ала ымыраласу, пәтуаласу деген болмаған. Билер өзінің сөзін. “Ал халайық, бұған не дейсіндер, ризамысыңдар?” деп көпшілікке салып мақұлдасар еді. Осы күнгі айтып жүрген  жариялылық, демократиялық, адамгершілік пен гуманистік дегеніңнің өзі осы емес пе? [5.1]
Әділдігімен, турашылдығымен  жұрт көңілінен шығып отырған билер ең алдымен ел бірлігі мен татулығын ойлады. Билер институты қазақ жерінің берекесі, отан сүйгіштік, ерлік және ар-ұждан сияқты маңызды қасиеттеріді жоғалтпауға  және адами құндылықтарды сақтауға үйретіп отырды.  Сондықтан да халық өзінің от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жара әділ билік айтатын шешен билерін ханнан бетер қадірлеп, сыйлап, олардың айтқан кесімді, бітімді сөздерін жадында сақтап келген. “ Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би”, “Төле би былай депті”, “Қаз дауысты Қазыбек би айтыпты”, “Әйтеке би айтқан сөз екен” деп ауыздарынан тастамайды.
Қазақ қоғамымен біте кайнасып келе жатқан билер институты  өз ерекшелігімен  біздің тарихымызда аса маңызды орын алады. Шын  мәнінде, біздің өткен тарихымыздағы үлкен мақтанышымыз. Тарихымыздағы  билердің маңыздылығы жайлы іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізген ҚР ҰҒА академигі С.З. Зиманов бірнеше құнды ғылыми кітаптар жазған. Оның  пікірлері өзінің құндылығымен ерекшеленеді. «Қазақ билері тек әділ сотты ғана жүргізді. Бидің қазақ жұртындағы көтерер жүгі ауыр еді. Би тарихи-құқықтық жағынан терең білімді болумен қатар қолданылып жүрген Дала құқығы жүйесін жетік меңгеруі тиіс еді».
Ал С.Өтениязов  билерге қатысты мынадай пікір айтады: «Сонау атам заманнан бері қазақ қоғамындағы әрбір би – суырылып шыққан талант, ол тек қара сөздің ғана шебері емес, сондай-ақ, өлең сөздің және көсем сөздің (публицистика) шебері болған.Олар сондай – ақ, көреген дана, ақылгөй данышпан, қара қылды қақ жаратын әділ және өткір  адамдар болған. Би деген атының өзі халық арасында аса құрметті болды.»[9.1]
Еліміздің дәстүрі мен қоғамдық өмірінде біте қайнасып келген билер институты өз ерекшелігімен  маңызды орын алады. Билер елдің дәстүрлі ұстанымдары мен халық тәрбиесіне үлкен назар аударып, ұлттық дүниетанымды негіздеуге атсалысты. Қазақ халқына тән билер институтының ерекшелігі, оның  қоғам омірінің саяси, әлеметтік және рухани салаларына  ғасырлар бойы   сіңірген еңбектерінде. Осындай ел қажеттіліктерін сабақтастырып, ұштастыра білген билер институтына орасан зор үлесін қосқан , өз заманының ұлыларының бірі – Төле би болды.  Оның  азаматтық қайсарлығы, сөз тияр өнері,ел үшін жасаған әділ билігі тарихта жазулы.  Ол  ұрпақтарының пір тұтар тұлғасы, көреген, әділ шешені ретінде  ел есінде сақталып қала береді.
14.  Кеңес өкіметінің 20-30 жылдардағы мәдениет пен ғылым саласындағы саясаты
Бейбіт өмірге көшуге байланысты халықтың мәдени деңгейін жетілдіру, сауатсыздықты жою мен маман кадрлар дайындау қажеттігі туындады. Ел алдында мәдени құрылысты жүзеге асыруда бірқатар кедергілер тұрды; қажетті материалдық-техннкалық база жоқ еді, ұлт зиялылары да ат төбеліндей аз болатын.
    1921 жыл «Казграмчека» қрылды.      «Мәдени жорық», «Қызыл мүйістер», «Жұмысшы факультеттері» ұйымдастырылды.
1918 жыл              «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Декларация» қабылданды.   1920-1921 жылдары 2,5 мың 
 «Сауатсыздықты жою қоғамдарында» 
 70 мыңнан астам азаматтар сауатын ашты.
  1925 жылы республикада 2,7 мың мектеп болды.
1919-1931 жылдар   «Сауатсыздықты жою туралы Декрет»,                                                                                                                                                 
Ж   Жалпыға міндетті 7 жылдық білім енгізілді. 1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91%-ы оқыды.
1940 жылы еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою ісі аяқталды.
Қазақ тіліндегі оқулықтар жазылды. Мұндай оқулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. 
Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев. 
Географиядан Әлихан Бөкейханов. 
Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды.
1924 жылы А. Байтұрсынов араб әрпінің негізінде жасалған қазақ әліпбиін жетілдірді.
1921 жылы алғашқы «Есеп туралы», «Оқу туралы» және «Тіл құралы» оқулықтары басылып шықты. «География», «Қазақстан тарихы», «Педагогика», «Дидактика», «Алгебра» оқу- лықтарын жазуға ұлттық зиялылардың белгілі өкілдері тартылды. 
1928 жылдың соңына қарай қазақ мектептері үшін 30-дан астам оқулықтар жарық көрді.
   1929 жылғы араб әрпінен латын әрпіне көшу білім беру жүйесі үшін қатты соққы болып тиді. 
2.  Кесте арқылы түсіндіру: Жоғары оқу орындары, мамандар даярлау. 
1919-1920 жж. Орынборда, Ордада және Семейде Халық ағарту институттары ашылды
1921 ж Қазақстанда тұңғыш жұмысшы факультеті Орынборда құрылды
1928 ж Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты 
1935 жылы оған Абай есімі берілді 
(қазіргі Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті)
1929 ж Алматы мал-дәрігерлік институты 
1930 ж Қазақ ауыл шаруашылық институты 
1931 ж Алматы медициналық институты 
1934 ж С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті
(қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті),
1938 ж ҚазМУ жанынан аспирантура ашылды.
1940 ж Қазақстанда 35 кәсіби оқу орындары ұйымдастырылды.
3. Кесте арқылы түсіндіру:  Ғылыми-зерттеу мекемелері, ғылымның дамуы. 
       Жылдары Маңызды оқиғалар Нәтижесі
       1918 ж        Ташкентте Түркістан Шығыс институты Қолданбалы ғылымдар дамыды      
      1919 ж              1919 жылы Қазақ әскери комиссариаты штабының жанынан тарихи-статистикалық бөлім құрылды.   Бөлім тарих, этнография және
жаратылыстану - география секцияларынан тұрды,
кейіннен археология секциясы да ашылды.
1919-   1920 ж       Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы құрылды
Қоғамның мүшелері А. Чулошников, Ф. Рязанов,         Ә. Диваев, М. Тынышбаев, В. В. Бартольд, В. Радлов, М. Дулатовтардың алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді.
 1932 ж К         КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды Республикада 12 ғылыми-зерттеу институты,  15 тәжірибе станциясы, 186 тірек пункті, зертханалар, су және ауа райын бақылау станциялары болды.
1938 ж            Ғылыми-зерттеу а институттары  (ҒЗИ) ашылған КСРО ҒАның Қазақ филиалына айналды.
Профессор ғылыми атағы аса көрнекті қазақ тарихшысы С. Асфендияровқа берілді. Қазақстанда 430 мыңнан астам адам ой еңбегімен айналысқан, олардың 27454-інің жоғары білімі болған
4. Қазақ кеңестік өнерінің дамуы. 
20—30-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттін дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. 
Семей әуесқой театр. 
Орынбордағы қазақ институты. 
Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, 3. Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді.
  Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә. Қастеев керемет туындылар жазды. Оның шығармашылығы 20-жылдардңің соңында басталды. Ол жазған көптеген акварель туындылар «Ескі және жаңа тұрмыс» деген топтама ретінде белгілі. 
 Ә. Қастеев жазған мыңнан астам картиналар мен суреттер «республиканың көркемсурет қолжазбасы» деп бекер аталмаған. 
Соғысқа дейінгі кезеңде Ә. Ысмайылов, Қожахмет және Құлахмет Қожықовтар, Б. Сәрсенбаев, О. Таңсықбаев сияқты қазақ суретшілері жұртшылыққа кеңінен танымал болды.
Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы
Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев, профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. 1923 жылы 4 желтоқсандағы «Талап» қоғамының мақсаты мен қызмет шеңбері төмендегідей болды:
қазақ әдеби тілінің, терминологиясы мен орфографиясы, т.б. мәселелерін қарастыру; І
ұлттық өнерді зерттеу;
қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу;
қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін қарастыру;
қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.
Қоғам құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М Міржақып Дулатұлы, Қ.Кемеңгеров, т.б. енді.
Осы кезеңде жаңа кеңестік әдебиет қалыптаса бастайды. Оның Қазақстандағы өкілдері С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Ізтөлин жөнө т.б. болды. Олардың шығармашылығы айқын социалистік реализм және пролетарлық интернационализм ұстанымына негізделді.
125 жылғы 18 мамырда Қазақстанда Пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ ассоциациясы (ҚазАПП) құрылды. ҚазАПП жаңа социалистік әдебиет жасау ісін қолға алды.
Мәдениеттегі кез келген құбылыс таптық, пролетарлық күрес тұрғысынан бағаланды. Халық шығармашылығының көптеген түрлері, мысалы, «Едіге», «Қобыланды батыр» реакцияшыл, ұлтшылдық көзқарастағы шығарма деп жарияланды. А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатұлы қуғынға ұшырады. Абай шығармалары талқылауға түсті.
Басқа жанрлардың арасында бірінші орынға саяси лирика шығарылды. Кеңестік жарқын шындықты жабырқау өткен өмірмен салыстыру тәсілі кең қолданысқа енді. ҚазАПП қызметінде қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті дәстүрлерін жоққа шығару көзқарасы барған сайын белең ала бастады.
Қазақ көркем әдебиетіндегі осы екі ағым арасында 1922—1923 жылдары, содан соң 1926-1928 жылдары қызу пікірталас болып өтті. 20-жылдардың ортасы мен соңында қазақ әдебиетіне Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов секілді талантты жастар келіп, кеңес адамдарының — ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады. Қазақ кеңес ақын-жазушыларының шығармашылығында В.И.Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды.
1934 жылы 12—18 маусым күндері Қазақстан жазушыларының I съезі өтіп, онда идеялық тәрбие жүргізудегі қуатты құрал кеңестік әдебиет болуы керек екендігі баса айтылды.
Қазақ кеңес әдебиеті фольклор дәстүріне сүйенді. Мәселен, Жамбыл Жабаев (1846—1945 жылдары) шығармаларында ел өмірінің айтулы оқиғалары көрініс тапты. Жаңа өмір мен кеңес адамдарын ақын Нұрпейіс Байғанин (1860—1945 жылдары) өзінің эпостық жырларына арқау етті. Иса Байзақов (1900—1946 жылдары) шығармашылығы нағыз халықтық мәнге ие болды.
20—30-жылдар қазақ кеңес әдебиетінде проза, драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыған кезең болды. І.Жансүгіров «Жолдастар» романын жазды, С.Мұқанов «Байдың ұлы», «Достар», «Ботагөз» романдарын тудырды. Қазақ драматургиясын дамытуда Мұхтар Әуезовтің рөлі зор. Қазақ театр өнерінің дамуы оның есімімен тығыз байланысты.
Ресми билік құптаған негізгі тақырып — кеңестік қоғамның құрылуы және дамуы, қазақтардың туған өлкесін түлетуге қосқан үлесі, жергілікті халықтың социалистік еңбектегі ерлігі, т.б. болып саналды. 1934 жылы республикада Қазақ әдебиеті баспасы ашылды.
Баспадан социалистік реализм рухындағы әр түрлі жанрдағы шығармалар жарық көре бастады. Бұл кезде Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері — И.Шухов, П.Кузнецов, Г.Шарипов, т.б. жазушылар көпшілікке танылды. Д.Снегиннің «Шығыстан соққан жел», «Жетісу» жөне «Менің қалам» атты жинақтары жарық көрді. Латиф Ансари жас ұйғыр ақындарының «Таңғы сәуле» атты өлеңдер жинағын құрастырды.
Сонымен бірге Коммунистік партия тарапынан идеологиялық бақылаудың күшеюіне байланысты көптеген әдебиет өкілдері қудалауға түсе бастады. 1937—1938 жылдардағы қуғын-сүргін барысында қазақ әдебиеті өзінің бетке ұстар өкілдерінен айырылды.
Қазақ әдебиетінің ұлттық ағымының өкілдері — Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ө.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, т.б. қуғын-сүргінге ұшырады. Осы жылдары қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдері — С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б. да қудаланған болатын. Саяси қуғын-сүргін қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына айтарлықтай зиянын тигізді.
Қазақстан бейнелеу өнері
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары елге көрнекі үгіт аса қажет болды. 1920 жылы Верныйда басты міндеті — саяси плакаттар шығаруға арналған көркемөнер шеберханалары ашылды. Көркемөнер плакаттар түрінде көшелерге ілініп, адамдарды революциялық рухта болуға үндеді. Н.Хлудов, А.Пономарев сияқты суретшілердің шығармашылығы көпшілікке кең танымал болды.
1928 жылы Қазақ АКСР Ағарту халкомы Қазақстан, Сібір және Урал суретшілерінің жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. 1932 жылы жарық көрген «Әдеби-көркем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулыға сәйкес республикада 1933 жылы Суретшілер одағы құрылды.
1934 жылы 8 мамыр күні Мәскеудегі Шығыс мәдениеті мұражайында «Кеңестік Қазақстан өнері» көрмесі ашылды. Онда Н.Крутильников, Қ.Қожықов, Ө.Исмаилов, т.б. суретшілердің шығармалары қойылды. 1935 жылы «Қазақстандағы Кеңес өкіметіне 15 жыл» көрмесінің базасында Қазақ мемлекеттік Көркем өнер галереясы құрылды.
Әбубәкір Исмаилов қазақ бейнелеу өнерінің алғашқы өкілдерінің бірі. 1927 жылы ол Бейсембай Сәрсенбаев екеуі Омбыдағы Врубель атындағы көркем өнер училищесінің жанынан қазақ жастары үшін ашылған біржылдық студияға түседі. Келесі жылы ол Мәскеуге оқуға жіберіледі.
XX ғасырдың 20-жылдарының соңына қарай Әбілхан Қастеевтің де шығармашылық жолы басталады. Ол алғашқы кәсіптік дағдыларын Н.Г.Хлудовтан оқып-үйрену арқылы алған.
Бейнелеу өнері саласында маман кадрлар даярлау ісімен Алматыдағы театр-көркемөнер училищесі айналысты.
Қазақстанның суретшілері өз шығармаларында өткен өмір суреттерін бейнелеуге ұмтылды. Ә.Қастеев революцияға дейінгі Қазақстандағы әлеуметтік жанжалдар төркінін ашып көрсетуге тырысқан суреттер сериясын жасады. «Қызды зорлықпен әкету», «Садақа жинаған молла», «Құрғақшылықта тасаттық беру», «Кәрі байдың құда түсуі» суреттері әйелдердің бас еркі жоқтығын, қарапайым халықты, алдап-арбау көріністерін көз алдыға әкелді. Бейнелеу өнерінің шеберлері өздері өмір сүріп жатқан кезең, әсіресе 30-жылдар тақырыбына көбірек мән бергені байқалады. Суретшілер кеңес адамын, олардың ерлігі мен коммунистік идеяға адалдығын бейнелеуге көңіл бөле бастады. Бұл жылдары партиялық идеологияның Қазақстан суретшілері шығармашылығына әсері анық байқалды.
Музыка өнері
Тіпті азамат соғысы жылдарында-ақ музыка жаңа тақырыптармен толыға түскен еді. Алғашқы революцияшыл қазақ әндері туды. Ақындар мен әншілер Кеңес өкіметі идеяларын насихаттауда маңызды рөл атқарды. Әсіресе С.Сейфуллиннің «Жас қазақ марселъезасы» атты революциялық рухтағы әні кең таралды.
Азамат, жүнжіме, жүрме бос
Қол ұстас, бірігіп тізе қос!
Ту ұстап дұшпанға барайық,
Теңдіктің ұранын салайық.
Тізесін батырған залымнан
Күн туды біз теңдік алайық!
Қазақстанның уездік орталықтарында жергілікті органдар Музыкалық мекемелерді ұйымдастыруға баса көңіл бөлді. Бұл халықты саяси ағарту міндеттеріне байланысты еді.
1919 жылы Ақмолада музыкалық мектеп, ал келесі жылы театр, музыка және би үйірмелері бар Халық үйі ашылды. Осы жылы Верныйда жергілікті гарнизонның мәдени ағарту коллегиясы жанынан П.М.Виноградовтың бастамасымен Қызыл әскерлер хоры ұйымдастырылды. Ұзамай-ақ қалада әскер пәлімдері мен парктерде ойнайтын симфониялық оркестр жұмыс істей бастады. 1920 жылы Орынборда музыка мектебі мен музыка кітапханасы, сондай-ақ халық аспаптары оркестрлері үшін көркемдік репертуар құрастыратын комиссия ұйымдастырылды. Петропавлда осы жылы халықтық консерватория ашылды. Бұл жылдары ұйымдастырылған музыкалық мекемелер радио мен теледидардың орнына халыққа идеологиялық тәрбие беруде маңызды рөл атқарды.
Халық арасынан талантты орындаушыларды іздеп тауып, кеңестік музыкалық ұжымдарға тарту үшін слеттер мен байқаулар өткізіле бастады. Қазақстанның көптеген аудандары мен облыстарында әншілер, ақындар, музыканттар байқауы тұрақты өткізіліп тұрды. 1922 жылы Қарқаралыда өткен байқауда бірінші орынды талантты әнші Ғаббас Айтпаев иеленді. 1924 жыды Петропавлда ірі ақын, сазгер әрі әнші Ыбырай Сандыбаев қатысқан слет өтті.
1923 жылы Мәскеуге Ә.Қашаубаев, И.Байзаков, Е.Өмірзақов, Ғ.Айтпаева, Қ.Байжанов, Қ.Жандарбеков, т.б. қазақ әншілері мен музыканттары шақырылып, концерт қойды. 1925 жылы жаңа астана ҚызылордадаӘміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, т.б. қатысуымен қазан халық музыкасының үлкен концерті өтті.
Қазақ музыка мәдениетін зерттеу және насихаттау ісінде қазақ музыка фольклорын қажымай жинаушы сазгер Александр Викторович Затаевичтің (1869—1936 ) рөлі үлкен. Орынборға 1920 жылы келген ол 3 жыл ішінде 1500-ден астам қазақ әндері мен күйлерін жазып алды. Республика үкіметі А.В.Затаевичтің еңбегін жоғары бағалап, оған 1923 жылы 9 тамызда Қазақ АКСР-нің Халық әртісі атағын берді. Ол барлығы — 2300 шығарма жазып алған, оның ішінде ұйғыр, дүнген, өзбек, қарақалпақ, татар, корей ұлттық музыкалары да бар. «Қазақ халқының 1000 әні» деген алғашқы жинағы 1925 жылы Орынборда, ал «Қазақ халкының 500 әні мен күйі» деген екінші жинағы 1931 жылы Алматыда жарық көрді. Ол жинаған қазақ халқының бай музыкалық қазынасы дүние жүзі елдерін Қазақстанның өзіндік музыка өнерімен таныстырды.
1926 жылы Қызылордада қазақ театры ашылып, Қазақстанның музыкалық орталығына айналды. Ол өзінің алғашқы онжылдығы бойында негізінен музыкалық театр болды. Қазақ көрермендерін тарту үшін театрда спектакльден кейін концерт берілетін.
1931 жылы Алматыда қуатты радио тарату станциясы жұмыс істей бастады. Радиоорталықта түңғыш қазақ кәсіпқой хоры ұйымдастырылды. Ұлттық өнер кадрларын даярлау үшін Алматыда 1932 жылы театр-музыка техникумы ашылды. Бұл республикадағы тұңғыш өнер оқу орны еді, сондықтан онда жұмыс істеу үшін қазақ тілін білетін және музыкадан теориялық білімі бар жігерлі адамдар қажет болды. Сондай мамандардың бірі — Ахмет Қуанұлы Жұбанов еді.
1933 жылы 29 сәуірде ғылыми-зерттеу кабинеті мен Алматы музыкалық-драмалық техникумының музыкалық-тәжірибелік шеберханасына музыкалық фольклорды зерттеу және қазақ халық аспаптарының үнін жетілдіру міндеті жүктелді. Жұмысқа А.Жұбанов басшылық жасап, Е.Брусиловский және ағайынды Прокофий мен Эмануэль Романенколар сияқты мамандар тартылды. Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Тәттімбет, Қазанғап, Ықылас, Сармалай, Сейтек, т.б. күйшілердің көптеген күйлері жазылып алынады.
А.Жұбанов кәсіби музыкалық білім жүйесінде домбырада және қобызда нотамен ойнауды үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтерді.
Жемісті еңбек нәтижесінде көлемі және дыбысталуы әр түрлі домбыралар квартетін: прима, тенор, альт және бас домбыраларын жасап шығарды. А.Жұбановтың басшылығымен техникумның 11 студенті кішігірім домбыра оркестрін құрды. 1934 жылы маусымда халық өнер қайраткерлерінің I слеті болды. Домбыра ансамблін есепке ала отырып, Қазақ ОАК-нің төралқасы «Ағарту халкомы жанынан халық өнері қайраткерлерінің I слетіне қатысушылардан халық аспаптарының ұлттық оркестрін құру... Оркестрді республикалық бюджеттен қаржыландыруға қосу туралы» қаулы қабылдады. Оркестр құрамына техникум студенттерімен катар халық музыкасының шеберлері енгізілді. Дирижері және көркемдік жетекшісі А.Жұбанов болды.
1935 жылы осы оркестрдің негізінде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды. Филармония республикадағы музыкалық-концерттік жұмыстың ұйымдастырушы орталығы болды. 1935 жылдың жазында халық аспаптары оркестрі Қазақстан бойынша тұңғыш гастрольге шықты. Оркестрдің репертуарындағы Кұрманғазының «Сарыарқа», «Серпер», «Балбырауын», Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйлерін халық жылы қабылдады.
1936 жылы мамырда Мәскеуде Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті. 23 мамырда Үлкен театрда өткен қорытынды концертте партия мен үкімет басшылары қатысты. А.Жұбанов басқарған оркестр өзінің ең таңдаулы шығармаларын орындады. 1936 жылы 3 қарашада Қазақ АКСР ОАК-нің қаулысымен А.Жұбановқа және солист әншілер У.Қабиғожин мен Л.Мұхитовқа республикаға еңбек сіңірген әртіс атағы берілді.   А.Жұбанов оркестрге орыс және шетел классикасын, М.И.Глинканың «Руслан мен Людмила», П.И.Чайковскийдің «Қарғанын мәткесі», Ф.Шуберттің «Музыкалық сәт» операларынан үзінділер енгізді. 1938 жылдың қазан айынан бастап оркестрге Латиф Хамиди жетекшілік етті.
Сөйтіп, 30-жылдардың соңына дейін Қазақстанның көсіпқой музыка өнері даму үстінде болды. Білімді қорландыру, дарынды орындаушыларды анықтау, музыкалық ұжымдар үшін талантты жастарды таңдап алу жұмыстары жүргізілді. 30-жылдардың соңына қарай республикада қалыптасқан кәсіпқой музыкалық мәдениетте Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетінің өзіндік белгілері әлі де сақталған болатын.
Театр өнері
20-жылдардың басында Қазақстандағы мәдени революция міндеттерін шешу барысында көркемөнерпаздар ұжымдары, халықтық театрлар өмірге келе бастады. Тұңғыш кәсіпқой қазақ театрын ұйымдастыру мәселесі 1925 жылы каңтарда Орынбор қаласында өткен I Жалпықазақтық съезде көтерілді. 1925 жылы сәуір айында Қазақстан Кеңестерінің V съезінде Қазақстанда тұңғыш кәсіпқой театр ашу туралы шешім шығарылды.
Қазақ театрының бірінші труппасы студенттік көркемөнерпаздар үйірмесі мүшелерінен және белгілі халық өнері көсіпқой орындаушыларынан құрылды. Бұлар — Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Құрманбек Жандарбеков және т.б. Театр Алматыға көшкеннен кейін труппаға Күләш Байсейітова, Қанабек Байсейітов, Манарбек Ержанов, Қуан Лекеров, Жүсіпбек Елебековтер қосылды. 1926 жылы 13 қаңтар күні М.Әуезовтің «Еңлік—Кебек» спектаклінен үзінді қойылып, одан кейін концерт берілді. Театрдың алғашқы режиссері Жұмат Шанин еді. Ұзақ уақыт бойы театрдың айқын шығармашылық бейнесі болған жоқ, спектакльдер концерттермен және халық шығармашылығы кештерімен аралас өткізіліп отырды. 1927 жылы 3 наурызда кеңес тақырыбына жазылған бірінші пьеса — «Зарлық» пьесасы қойылды.
1926 жылы Денсаулық сақтау халкомының тапсырысы бойынша Н.Анов жазған «Жарадан арылу» пьесасы қойылды. Пьеса арасында дәрігердің дәріс оқуы беріліп отырды. Бұл қазақ сахнасында қойылған бірінші орыс авторының шығармасы еді.
Спектакльдер адамдарды жаңа өмірге бейімдеуге, социалистік құрылыс міндеттеріне лайықты болуы міндеттелді.
Алматыға ауысқаннан кейін театр жанынан көркемөнерпаздар студиясы ашылып, онда әртістер музыкалық сауаттарын ашып, рояль мен оркестрге қосылып ән айту дағдысына жаттықты, актерлік шеберліктерін шыңдады.   «Еңлік—Кебек» спектакліне музыканы сазгер Дмитрий Дмитриевич Мацуцин жазды. Верныйда дүниеге келген ол қазақ тілінде сөйлейтін, қазақ халқының дәстүрлері мен шығармашылығын жақсы білетін. Д.Мацуциннің М.Әуезовтің «Еңлік—Кебек» драмасына музыка жазуы қазақ спектаклін әнмен және оркестрмен музыкалық көркемдеудің бірінші тәжірибесі болды. Материал ретінде сазгер халық әндері мен күйлерін кеңінен пайдаланды.
1933 жылы Алматыда қазақ опера театрын даярлау үшін мемлекеттік музыкалық студия ашылып, оның негізінде кейін Абай атындағы академиялық опера және балет театры өмірге келді. Студия даярлаған «Айман-Шолпан» музыкалық пьесасы Айман рөлінде Күләш Байсейітова) тұңғыш қазақ опералары «Қыз Жібек» пен «Жалбырды» қоюға даярлық есебінде болды. «Қыз Жібек» операсын халық музыкасы негізінде Е.Брусиловский, либреттосын Ғ.Мүсірепов жазды.
«Қыз Жібек» операсының басты ерекшелігі сол, ол театрдың белді әртістерінің тікелей қатысуымен жасалды.
«Қыз Жібектің» мазмұнына ежелгі халық аңызы негіз болса, «Жалбыр» 1916 жылғы тарихи окиғаны арқау етіп алған.
Театр Қазақстан бойынша гастрольдік сапарға шығып, барлық жерде көрермендер қазақ өнерінде пайда болған жаңа жанрды қуана құптап қарсы алды. Репертуарды көбейту қажеттігі байқалды.
Бірінші қазақ балеті «Қалқаман—Мамырды» сазгер В.В.Великанов М.Әyезовтің либреттосы бойынша жазып, ол 1938 жылы қойылды. Қазақстан балет өнерінің бастауындағы белгілі қазақ бишісі Шара Жиенқұлованың өнері жарқын еді.
Қазақ опера және хореографиялық өнерімен бірге қазақ драма өнері де өркендеді. 1933 жылдың күзінен Қазақ драма театры жеке ұжымға айналды. Театр режиссері болып М.Г.Насонов тағайындалды. Онда Қалкен Әділшынов, Сәбира Майқанова, Сейфолла Телғараев, Шәкен Айманов, Жағда Өгізбаев жұмыс істей бастады. Театрда Л.Хамиди мен С.Шабельскийдің басқаруымен кішігірім аспаптық оркестр құрылды.
1933 жылы М.Әуезовтің «Еңлік—Кебек» спектаклінің жаңа редакциясы қойылды. Осы жылы орыс кеңес драматургтерінен аударылған — В.Кирмонның — «Нан», Н.Погодиннің — «Менің досым», Й.Пруттің «Батыл Мстислав» пьесалары қойылды. 1937 жылы 27 акпанда театрға академиялық театр атағы берілді.
Орыс драма театры 1933 жылы 5 қыркүйекте ұйымдастырылды. Шығармашылық ұжым алдымен Семейде іске кірісіп, содан кейін астанаға ауысты. Театрдың тұңғыш қойылымы — К.Треневтің «Любовь Яровая» пьесасы. Театрдың бірінші көркемдік жетекшісі Ю.Л.Рутковский. Театрды құрушылар қатарында Е.Б.Кручинина, З.М. Морская, С.П.Ассуиров, А.Каменская, П.Каранов, т.б. болды.
1935 жылы Д.Фурмановтың романы бойынша «Чапаев» спектаклі қойылды. Спектакльдің қоюшы режиссері әрі басты рөлде ойнаушы Г.Юровский болды. Қазақ АКСР-ның 15 жылдығына орай театр ұжымы Д.Фурмановтың және С.Поливановтың «Бүлік» спектаклін дайындады. 1935 жылы 23 қазандағы премьера нағыз мерекеге айналды.
1937 жылы орыс сахнасында тұңғыш қазақ пьесасы М.Әуезовтің «Түнгі сарын» пьесасының қойылуы айтулы оқиға болды. Қоюшы режиссер Ю.Рутковскийге осы спектакль үшін Республиканың Еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. 1938 жылы театр Республикалық орыс драма театры болып өзгертілді.
Ұйғыр театр өнерінің бастауында 1919—1920 жылдары Жаркентте жұмыс істеген көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері тұрды. Кәсіпқой ұйғыр ұлттық театры 1933 жылы күзде Алматыда құрылды, Театрдың шығармашылық ұжымына Х.Илиева, Ө.Шәмиев, Р.Тохтанова, С.Саттарова және Ә.Әкбәровтар кірді. Ж.Асимов пен А.Садировтың «Анархан», И.Саттаров пен В.Дьяковтің «Ғерип-Сәнәм» пьесалары эпостық және тарихи аңыздар мен әндердің сахналану көрінісі болды. Спектакльдерді музыкамен көркемдеуде К.Г.Ланге, Л.Поливанов, М.М.Шанов-Сокольский айтарлықтай көмек көрсетті. Ұйғыр көсіпқой хореографиясының дамуына өзбек бишісі Әли Ардобус,КСРО Халық әртісі Тамара ханум үлеен рөл атқарды. 1937 жылдың соңында театрдың бас режиссері мен көркемдік жетекшісі болып В.И.Дьяков тағайындалды. Ол ұйғыр әртістерін Станиславский жүйесімен таныстырды. Театр ұжымы қазақ сахнасы шеберлерінің көмегімен «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» пьесасын қойып, ол үлкен табыспен өтті.
1932 жылы 9 қыркүйекте Владивостокта Қиыр Шығыс өлкелік Корей драма театры ұйымдастырылды. 1937 жылы корей халқын жер аударуына байланысты театр Қызылордаға ауысты. Бұған дейін театр бірнеше ұлттық пьеса қойып, кеңестік корейлер өміріндегі жаңалықтарды бейнелеген еді. Алайда театр өнері саласындағы бірегейлендіруге орай театр ұжымы бұл жылдары орыс және кеңес авторларының шығармаларын қоюға көшті. 1937 жылы К.Треневтің — «Любовь Яровая», 1938 жылы М.Горькийдің — «Жаулар», В.Гусевтің — «Даңк», 1939 жылы Л.Шейнин мен ағайынды Турлардың «Отты ставка» спектаклдерін қойып, соғысқа дейінгі жылдары театр актерлік өнердің Станиславскийлік жүйесін барынша игерді.
Кинематография
Қазақстандағы тұңғыш кино түсіру жылнамасына 1925 жыл жатады. Бұл жылы киноға Қызылорда каласында өткен Қазақстан кеңестерінің I съезі түсірілген. Осы жылы «Қазақ АКСР-і құрылуының бес жылдығы» деп аталатын екінші деректі фильм көрсетілді. Ол кезде бүкіл республика бойынша Ағарту халкомының көшпелі киносы болды - Ақтобе, Қызылорда, Темір және Шымкентте, 1928 жылы астана Қызылордадан Алматыға көше бастады. Сол кезде Мәскеуден жаңа астанаға «Востоккино» тресінің өкілдері келіп, республикада өз бөлімшелерін ашуға кірісті. 1928 жылы бірінші «Алматы және оның төңірегі» деп аталған деректі фильм түсіріліп, жергілікті жерде зертханасы болмағандықтан, фильмді өңдеу жөне монтаждау Мәскеуде жүргізілді. 1929 жылы республика экрандарында «Соңғы жаңалықтар» киножурналы көрсетіле бастады. Қазақстан жайлы тұңғыш көлемді деректі-көркем фильм «Түрксіб» деп аталды. Сценарий авторы мен режиссері В.Турин. Осыдан кейін «Востоккино» Қазақстан туралы тағы үш фильм түсірді: «Дала әні» (1930 жыл), режиссері А.Лемберг, «Жұт» (1931 жыл), режиссері А.Коростин, «Қаратау құпиялары» (1933 жыл), режиссері А.Дубровский.
1935 жылы басқа республикалардағы сияқты Қазақстанда да қажетті материалдық базасымен қоса деректі киностудия ашылды. 1935 жылы маусымда «Кеңестік Қазақстан» киножурналының алғашқы нөмірлері шыға бастады.
Қазақстан тақырыбына түсірілген алғашқы көркем фильм Д.Фурмановтың романы бойынша режиссер С.Тимошенко 1929 жылы «Ленфильмде» түсірген «Бүлік» фильмі. 1935 жылы қазақстандық жазушы И.П.Шуховтың романы бойынша «Мосфильм» киностудиясы «Жау соқпағы» фильмін түсірді.
1938 жылы «Ленфильм», «Амангелді» фильмін түсірді. Ол Қазақ академиялық драма театрының әртістері күшімен қазақ және орыс тілдерінде түсірілді. Фильм режиссері М.Левин, сценарийін В.Иванов пен Ғ.Мүсірепов жазды. Фильмдегі басты рөлдерді Е.Өмірзақов, Ш.Жиенқұлова ойнады. Фильмнің музыкасын А.Жұбанов жазған.   1940 жылы М.Левин М.Әуезовтің сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмін түсірді. Музыкамен көркемдеген сазгер В.Великанов болатын
15. Батыс Түрік қағанатының құлдырауы және Түргеш қағанатының құрылуы
Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.).
Ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды.
Қағандықтың халқының этникалық құрамы «оң оқ бұдын» ру-тайпалары болған. Қаған әрбір оқ бұдыннан 1000 адамға сарбаз алып отырған.
Жазба деректерде қағанаттың саяси-әкімшілік жағынан тарих сахынасына көтерілген кезі Жегу қаған (610-618 жж.) мен Тон қағанның қағандық құрған кездері.
Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Мемлекеттің басшысы-қаған, жоғары билеуші, әскербасы болды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болды. Батыс түрік мемлекетінде қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болды, оларға яғбу, шад, елтебер, тегін сияқты атақтар берілген. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Бектер-тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі болған. Қара жұмыс істейтін қанаушы халық түркі тілінде «қара бұдындар деп аталған».
Түрік қағанаты көшпелі мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды.
Жетісу бойында түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Ұлы Жібек жолының Түрік қағанаты жерінен өткендігі сауда мен қолөнердің дамуына әсер етті.
Түріктердің ежелгі көне жазуы болған. Бізге белгілі Орхон-Енисей жазуы Батыс түрік қағанатының мәдениетінен дерек береді. Моңғолия жерінен табылған Білге қағанның, Күлтегеннің, Тоныкөктің Орхон жазуы бар құлпытастары қағанат мәдениетінің жоғарғы дәрежеде дамығанын көрсетеді. Бұл ескерткішті 716 жылы жазған. Ескерткішті алғаш рет Данияның ғалымы Томсон оқыған. VII ғасырда Батыс түрік қағанатында жазба әдебиеті дамыған. Осы ескерткіштегі тасқа қашап жаздырып қалдырған Білге қағанның «Ілгері-күн шығысында, оң жақта-күн ортасында, кейін-күн батысында, сол жақта-түн ортасында-осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды» деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет құрғанын көрсетеді. Жалпы алғанда түріктердің мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болды.
Сонымен, Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан, Батыс түрік қағанатында таптардың құрылу және ежелгі феодалдық қатынастардың біршама тез қалыптасу процесінің жүргені аңық. Түргеш қағанаты (704-756 жж.).
Батыс түрік қағанатындағы 16 жылға созылған (640-657 жж.) екі тайпаның (Дулу мен Нишаби) арасындағы соғыс қағандықтың саяси жағынан мүлде әлсіретеді. Батыс түрік қағанатының мұндай іштей әлсіреп жатқанын білген Қытай Тан империясы оның жеріне басып кіреді. Түрік тайпалары, әсіресе, түргештердің саяси белсенділігінің арқасында өздерінің ұзақ жылдарға созылған соғыстың нәтижесінде тәуелсіздігін жеңіп алады. Сөйтіп, VIII ғасырдың басында Батыс түрік қағандығы құлап, оның орнына түргеш қағандығы пайда болады (704 ж.). Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол Жетісудан Бөрішадты қуып шығып, Ташкенттен бастап, Бесбалыққа дейін төселіп жатқан жерде өз үкіметін орнатады. Ол ордасын Шу бойындағы Суябқа орналастырды. Оның екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында болатын.
Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы атағы Басқағанның қолында болды. Ол қағандықты 20 әкімшілік аймақтарға бөлген. Әрбір әкімшілік аймақты тархандар басқарған, аймақтар 7000 әскер жинаған.
Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711 жж.) таққа отырды. Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмады. Мемлекеттің сыртқы жағдайы да аса қиын еді. Сақал-қаған тұсында түргештер батыста соғдылармен бірге арабтарға қарсы табанды күрес жүргізіп жатты, оңтүстікте оларға тан әулетенің әскері зор қауіп төндіріп тұрды, ал шығыс жағынан орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктер қағаны Қапаған 711 жылы Болучу түбінде (Жөңғария) өткен соғыста түргештерді күйрете жеңеді, ал түргештердің қағаны Сақал тұтқынға түседі.
Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде шапыш тайпасының тарханы Сұлық (Сұлу) қаған болады (715-738 ж.ж). Ол астанасын Тараз қаласына көшіреді.
Сұлудың қағандық құрып тұрған кезде түргеш қағандығының ішкі-сыртқы жағдайының шиеленісіп тұрған мезгілі еді.
Сұлу қағанға өз қағандығының тәуелсіздігі үшін екі жақтан күрес жүргізуге (батысқа және шығыска) тура келді. Батыстан басты жау арабтар болса, шығыстан Қытай өкіметі қауіп төндіріп турды.
Сұлық қаған Тохарстандаға арабтарды біржола талқандау үшін 737 ж. ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, ойдағыдый соққы берген. Ол соғыс майдандарында өзінің тікелей қатысуымен жеңістерге жетіп отырған. Сол үшін де арабтар Сұлу қағанға «Сүзеген» деген ат қойған.
Сұлу қаған шығыстағы жағдайында бейтарап болу үшін әскери келісім шарт жасаумен қатар дипломатиялық әрекеттер жүргізген. Шығыс түрік қағанатының белгілі қағаны Білге мен Тибет патшасының қыздарына құда түсіп, оларды құдандалық байланысты ұстап, саяси жағдайының шиеленісіп кетпеуіне аз да болса мүнкіндік туғызған.
Халықаралық жағдайлардың түргеш қағандығының пайдасы үшін шешілуіне саяси белсенділік көрсетіп жүрген Сұлу қаған Жетісуға оралған кезде 738 жылы өзінің бақталастарының қолынан құрбан болды. Оның қолбасшысы да 739 жылы Сырдарияның бойында арабтардың қолында мерт болды.
Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсын Құт-шар қаған болды. Алайда оның қағандық құрған мезгілі бар-жоғы екі жылға ғана созылған. Бұл кезде сары-қара түргештердің арасындағы талас-тартыс ұшығып кеткен еді. Екі тайпаның арасындағы күрес тура 20 жылға созылып қағандықтың саяси және экономикалық жағы мүлде әлсірейді.
Түргеш қағандығының мұндай ауыр жағдайларын біліп отырған қытайлар өздерінің Куш қаласындағы әскерлерін Жетусуға аттандырып 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады. 751 жылы Таразға (Талас) жақын жердегі Атлах қаласы түбінде аббаситердің әскербасы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Гао Саяньжи арасында орасан зор соғыс болады. Айқас бес күнге созылады. Қытай әскері толық күйретіледі. Тан әскері енді Жетісу шебін ғана емес, ұйғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістанды да тастап кетуге мәжбүр болады. Талас алқабында арабтар да табан тіреп тұралмай, Шашқа қарай шегініп кетеді. Бірақ ішкі қарқыс, жікке бөлінушілік Түргеш мемлекетін әбден әлсіретіп, тұралатып тастаған еді, сол себепті де ол 756 жылы (766) түрік тілді қарлұқтар тайпаларының тегеурінді шабуылына шыдамай құлап бітеді.
Сонымен 756 жылы түргеш қағандығы құлап, оның орнына қарлұқ қағандығы құрылады.
Түргеш қағанаты Батыс түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін жалғастыра берді. Археологиялық зерттеу жұмытарының кезінде Тараз, Баласағұн қалаларынан Түргеш қағанатының Қытай жазуымен жазылған төрт бұрышты ортасында тесігі бар, теңгенің табылуы Қытаймен сауда қатынасының дамығандығын көрсетеді. Олай болса, сондай ауыр талас – тартысқа, соғыстарға қарамастан, Қазақстан жерінде түркі дәуірінде өмір сүрген бұл қағандықтардан тарихи із қалған.
16. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847)
Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда  жаңа бекіністерді салып,  қазақ жерлерін күштеп тартып алуды  одан әрі жалғастыруы,  қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың  шиеленісуі Кенесары Қасымұлы  бастаған ұлт-азаттық  көтерілістің  шығуына себеп болды. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған  басқа барлық  көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. Бұл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Кенесары күресінің өзіне тән саяси ерекшелігі деу керек. Азаттық күреске қатысушы рулардың саны күрестің алғашқы жылдарына қарағанда 1843-1845 жылдары көбейе түскені байқалады. Кенесарыны анағұрлым белсенді қолдаған рулар: Қыпшақ, Төрткара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, ІІІекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын, Үйсін, Дулат т.б. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық күресіне ру басылары мен  билер және басқа да ауқатты топ өкілдері қатысты. Олар, мысалы, Ш. Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса Шорманов және т.б. Кенесарыға белсенді  қолдау көрсеткендердің бірі оның әпкесі Бопай. Ол өзінің күйеуі Семеке мен оның туыстары  сұлтан Сортек пен Досан Әбілқайыровтарды  Кенесарыға қосылуға үгіттейді. Олар көнбеген соң  күйеуін тастап,  баласымен  көтерілісшілерге  қосылып, Кенесарының бір отрядын басқарады.
Кенесары бастаған азаттық  күрестің мақсаты  Абылай хан тұсындағы  қазақ хандығының  территориялық тұтастығын  қалпына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген  қазақ жерлерінің  тәуелсіздігін сақтап қалу болды. Кенесары Ресей отаршылдығына қарсы  азаттық соғысты бастамас бұрын  бірнеше дипломатиялық  қадамдар жасады. 1837 жылдың көктемінде патша үкіметіне жаңа бекіністер жүйесін салудан бас тартып, салынған бекіністерді бұзуды, орыс әскерлерінің қазақ даласына ішкерілей енуін тоқтатуды талап етіп бірнеше хат жолдаған болатын. Сол хаттарының бірінде: "Ата — бабаларымыз мұра еткен Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмүрын, Орал, Торғайға дейінгі жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салынып, сонысымен тұрғындарды өте қиын жағдайға ұшыратуда. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті", - деп көрсетеді.  Бірақ, Кенесарының бұл хаттары патша әкімшілігі тарапынан жауапсыз қалдырылды. Одан кейін Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды
1838 жылы Кенесары әскері Ақтау мен Ақмола арасындағы шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, 10 пистолет, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мың оқ, т.б., қару-жарақ, оқ-дәріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы әскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының  әскері бекіністі  өртеп, жаудың біраз әскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарын олжалады.
1838 жылдың аяғына қарай Кенесары Орынбор әскери губернаторлығына қарасты ЬІрғыз бен Торғай жаққа көшеді.  Ол кездегі Орынбордың генерал-губернаторы граф В.А.Перовский  алғашқы кезеңде көтерілісшілермен арақатынасты бейбіт жолмен шешуге тырысқан еді. Арадағы келіссөздер барысында В.А.Перовский Кенесарыға көмектесетін болады. Жылдың аяғында Кенесары мен В.А.Перовский арасында уақытша бітім жасауға қол жетеді. Ол бітім бойынша Кенесары бастаған көтерілісшілер шекара шебіне шабуыл жасамауға уәде береді. Бұл тыныштық 1842 жылға дейін созылды. Бірақ,, уақытша тыныштық орнаған тұста Батыс Сібір генерал-губернаторлығының әскери отрядтарымен қарулы қақтығыстар тоқталған жоқ болатын.
1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан жиналған ықпалды билер мен сұлтандар  Кенесары Қасымұлын ата салт бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкілқазақ халқына билігі жүретін хан етіп сайлады. Осылайша, Қазақ хандығы қайта құрылып, қазақ мемлекеттілігі қайтадан қалпына келтірілді. Ресей империясының билігі орныққан Ертіс, Есіл, Орал шептерінің бойындағы аудандардан басқа Қазақстанның барлық жерлеріне Кенесары ханның билігі жүрді. Мемлекеттік құрылыс қайта ұйымдастырылды. Хан Кеңесі құрылып, оған батырлар, билер, сұлтандар, сондай-ақ, жеке ерлік көрсеткендер, дипломатиялық қабілеттері бар ақылды саясаткерлер мен сенімді жақтастары кірді. Дипломатиялық қызмет ұйымдастырылды. Хан жарлықтары мен Хан Кеңесінің шешімдерін таратып, түсіндіріп және орындалуын талап етіп отыратын арнайы басқарма құрылды. Салық жүйесіне өзгерістер енгізілді. Әскери мәселеде, Хан кеңесінің мүшелері мен атақты батырлар басқаратын қатаң әскери тәртіптегі мыңдықтар және жүздіктерге бөлінген, далалық соғыс жағдайына ыңғайлы жасақтар ұйымдастырылды.
Кенесары Орынбор губернаторымен уақытша келісімге келген кейін, 1841-1842 жылдары Қоқан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін азат ету үшін күрес жүргізеді. Бұл күрестің нәтижесінде Созақ, Сауран, Ақмешіт, Жаңақорған қалалары қоқандықтардан азат етіліп, Түркістан қаласы қоршауға алынады. Осыдан кейін Қоқан хандығы Кенесарымен келіссөз жүргізуге межбүр болды. Қоқандықтарды талқандауда Сырдария бойындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қазақтардың Кенесарыға қолдау көрсетіп, шайқастарға белсенді қатысуы үлкен рөл атқарды.
1842 жылы Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Петербургке қызметке шақырылып, оның орнына Орынборға генерал-губернатор болып Обручев тағайындалады. Обручевтің Перовскийге қарағанда Кенесарымен  арадағы меселені шешуде көзқарасы басқаша болды. Ондай жағдайды пайдаланған Сібір губернаторы Горчаков осы жылы Кенесарының ауылын шабуға Сотниковтың басқаруымен отряд жібереді. Нәтижесінде, Орынбор әкімшілігімен жасалған бітім Горчаковтың тарапынан бұзылды. Ал, 1843 жылдың 27 маусымында патша  І Николай Кенесары Қасымұлы бастаған күресті басу үшін қазақ даласына ірі көлемдегі әскери жорық ұйымдастыру туралы бұйрық шығарды. Сонымен қатар, Кенесары ханның басын кесіп әкелген адамға 3000 сом сыйлық тағайындады. 
1843 жылдың көктемінде патша әкімшілігі қазақ даласына үш отрядты бірдей жіберуді ұйғарды. Ол отрядтарға Ор бекінісінен, Ұлытаудан және Тобыл өзені бойынан бір уақытта аттанып, Кенесары ханның жасақтарын жан-жақтан қоршауға алып, шешуші соққы  беру арқылы талқандау қатаң тапсырылды. Оған қоса, Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан старшина Лебедевтің және қазақ сұлтандары А. Жантөрин мен Б. Айшуақовтың басшылығымен құрамында қазақтардан 2000-дай адамы бар қосымша отрядтар жасақталды. Кенесары ханның әскеріне қарсы соғыс операциясын басқару генерал-майор Жемчужниковке жүктеледі. Ол кезде Кенесарының  20 мыңдай әскері бар еді.  Кенесары хан патшаның жазалаушы отрядтарын бір-біріне қосылуына мүмкіндік бермей, жеке-жеке соққы беруді ойластырды. Ол  өз жасақтарының бір бөлігін Батыс Сібірден шыққан отрядқа қарсы жіберді де, олар Ұлытауға қарай шегіне шайқас жүргізіп, жазалаушы отрядты басқа жаққа қарай бұрып әкетеді. Ал, кейіннен Кенесарыға қарсы шайқаста көрсеткен дәрменсіздігі үшін Лебедев Орынборға шақыртылып, қызметінен босатылып, сотқа тартылады. Кенесары болса, бұл кезде өзінің негізгі күшімен Константиновск бекінісіне  шабуыл жасап, 1844 жылы шілденің 20-нан 21-не қараған түні Өлкеаяқ өзенінің  бойында Ахмет Жантөриннің отрядын қоршауға алып талқандайды.
Осы 1844 жылы Ыстықкөл төңірегіндегі қырғыздар атынан Бұғы руы манаптарының бірі Боранбай Бекмұратов Ресейдің билігін мойындауға дайын екендігін патша І Николайға хабарлайды. Бірақ манаптың бұл ұсынысын Ресеймен арадағы жердің қашықтығын сылтауратқан патша жауапсыз қалдырады. Кейбір қырғыз билеушілерінің Ресей билігін мойындауға ыңғай танытуы Кенесары ханды ызаландырған болатын. Ал, Кенесарының қырғыздармен қақтығысының қарсаңында қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғаралы Батыс-Сібір губернаторына хат жолдап Ресей өкіметінің құрамына қабылдауды сұрайды және қазақ ханы Кенесарыға қарсы күресте қолдау көрсетуді өтінеді. Бұл жағдай Кенесарыны одан әрі ерегістіре түседі.
1846 жылдың басында Кенесары хан әскерлерімен Балқаш көлінің маңына қоныс аударады. Патша үкіметі қазақ даласындағы Кенесары бастаған көтерілісті біржола жою үшін енді генерал-майор Вишневскийдің басқаруымен үлкен отряд аттандырады. 1846 жылы Кенесары хан қоқандықтардан Әулиеата (Тараз), Мерке қалаларын қайтарады. Осы жылы Кенесарыға қолдау көрсетуші Ұлы жүздің Саурық батыры қырғыздардың  батыры Жаманқораны өлтіреді. Оған жауап ретінде қырғыздар Саурық батырдың ауылын шауып, Саурық батырды  жігіттерімен қоса өлтіріп, мал-мүлкін тонап кетеді. Бұдан кейін қазақ-қырғыз арақатынастары шиеленісе түсті. Патша үкіметі болса қазақ-қырғыз тартысына ашық кіріспей, Алатау өлкесін өз билігіне бағындыруды жеңілдету үшін туысқан екі халықты бір-біріне айдап салып, екі жақты да әлсіретіп барып, осы өңірге өз әскерін кіргізудің қолайлы жолдарын қарастырды. Осындай шиеленіскен жағдайлардың барысында 1847 жылы Кенесары хан 10 мың сарбазымен қырғыз жеріне басып кіріп, оларды Қоқан езгісіне қарсы қазақтармен бірігіп күресуге шақырады.
Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. Қырғыз манаптары мен Вишневскийдің отряды және Қоқан хандығының әскерлері "Алмалы сай" шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға алады. Таулы аймақ хан Кененің сарбаздарына басымдық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар, Рүстем сұлтан мен Сыпатай батыр бастаған жасақтардың ұрыс алаңынан кенеттен шегініп, кетіп қалуы да жағдайды қиындатқан болатын. Өздерінен бірнеше есе күші көп жаумен болған қаһармандық шайқаста Кенесары хан 32 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Наурызбай батыр қаза табады. Қырғыздардың қолына  тұтқынға түсіп қалған Кенесары хан патша чиновниктерінің алдауына түсіп, сыйлықтар алған қырғыз манаптарының тарапынан өлтірілді. Кенесары ханның қасіретті өлімінен кейін оның жетекшілігімен болған қасиетті азаттық күресі де жеңіліске ұшырады. Кенесары бастаған азаттық күресті кейін оның баласы Сыздық сұлтан жалғастырды.
Кене ханның отаршылдыққа қарсы күресінде Ағыбай, Ақғаш, Басығара, Жанайдар, Жәуке, Иман, Байсейіт, Сұраншы, Жоламан және т.б.  батырлар қолдау көрсетіп, аянбай шайқас жүргізді. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жеңілуінің негізгі себептері мыналар: қазақ халқының бір тудың астына біріге алмауы, кейбір ру басыларының өз бетінше билік жүргізуге ұмтылуы және де кейбір қазақ билеуші топ өкілдерінің патшалық Ресейді жақтауы, Кенесарының  Ресей, Қоқан, Бұхар хандықтарымен күресте күштің тең болмауы. Сонымен қатар, ол өзін жақтамаған кейбір қазақ жөне қырғыз ауылдарын шабуы кері әсерін тигізді, өйткені ол халықтың наразылығын тудырып, көтерілісті әлсірете түсті. Дегенмен де, Кенесары Қасымүлы бастаған ұлт-азаттық күрес жеңіліс тапқанымен, ол қазақ халқының тарихында мәңгілік өшпес із қалдырған, Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуға тырысқан, тарихи маңызы зор күрес болды.
17. Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде.
1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, бірақ күрделі мақсат еді. Кеңестер Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол жеткізілді. Бірақ оның біржақты жүргізілгенін, дәлірек айтқанда, ұлттық аймақтарды, соның ішінде, әсіресе, Қазақстанды патшалық билік кезіндегідей шикізат көзі дәрежесінде қалдырғанын көреміз.
1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы негізінен алғанда Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын жасауға жұмсалды. Соған қарамастан Қазақстандағы индустрияландыру ісі патриархаттық-феодалдық қатынастарды, яғни дәстүрлі шаруашылық жүйесін біржолата жою, феодализмнен капитализмге соқпай социализмге жедел қарқынмен өту сияқты ұрандармен басталды. Жерді қайта бөлу, мал-мүлікті тәркілеу, күштеп ұжымдастыру әрекеттері осылайша жаңа науқанмен ұласты.
1926 ж. 27—30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік жоспарлау Комитетіне республиканы өнеркәсіптік аудандастыру мен өнеркәсіптің, ең алдымен түсті металлургияның дамуының перспективалық жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте сондай-ақ Қазақ АКСР-ы жағдайында “әсіресе жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті өнеркәсіпті кең түрде өрістету” өмірлік қажеттілік ретінде атап көрсетілді. Осы негізде өңдеу өнеркәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты салаларының даму жолдары айқындалды. Байқап отырғанымыздай, басты назар патша заманындағыдай тау-кен ісі мен өңдеу өнеркәсібіне аударылған екен. Демек, пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін орталықтағы ірі кәсіпорындар үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл Қазақстандағы индустрияландыру ісінің отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат көзі ретінде орталыққа қызмет еткізу бағытында басталғанын көрсетеді.
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар. Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік. Бірінші бағытты жақтаушылар — Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады. Олар мемлекеттік саясат негізінде, республиканың ерекшеліктерін ескере отырып, “партияның ауыл шаруашылығы шикізат базасы есебінде оның өнімдерін өңдеумен ғана шектелуін, ұсақ өнеркәсіпті дамыту жолын ұстануы бірден-бір дұрыс бағыт” деп мәлімдеді.
Екінші бағыт бойынша — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.
Үшінші бағыттағылар — қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі өмір — қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқынды түрде индустрияландыру оның ұлттық болмысын бүлдіреді, “түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін емес деді.
Келесі, төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән келтірді. Қазақтармен “өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”, “өндірісті қазақтандыру пайда бермейді”, “қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға қашады” және т.б. деп санады.
Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты. 1928 жылдың 1 қазанынан шартты түрде басталатын бірінші бесжылдық жылдарында Қарсақбай, Риддер сияқты кәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтын кені және т.б. қайта қалпына келтірілді. Өңдеу өнеркәсібінің Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сияқты байырғы түрлері жөнделіп, қайта іске қосылды. Ал бес жылдың ішінде жаңадан салынғандары: Іле ағаш тілу, Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Ақтөбе фосфор тыңайтқыштары, Орал мен Алматыда ет комбинаттары, Гурьевте (қазіргі Атырау) балық консервілеу комбинаты, Мерке, Жамбыл және Талдықорғанда қант зауыттары ғана болды. Олардың өзі негізінен шағын аумақты қамтамасыз етуге бейімделген кәсіпорындар еді.
Оң әсері 1. Жаңа техника мен технология меңгерілді. 2. Жұмысшы табының мәдени – техникалық деңгейі жетілдірілді. 3. Еңбек өнімділігі артты. 4. Индустрияландырудың даму қарқыны тездетілді.
Теріс әсері 1. Жағдайға қарай ыңғайланып, реттелетін қозғалысқа айналды. 2. Жаппай стахановшыландару жүргізіліп, өндірістің берекесі кетті. 3. Жекелеген адамдарға рекорд үшін жағдай жасалды. 4. Еліктеушілік, біріңғай ойлаушылық психологиясы қалыптасты.
Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы: 1. Аграрлық республика индусриялы – аграрлық аймаққа айналды. 2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті. 3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды. 4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады. 5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды. 6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды. 7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты. 8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да, деревняда да социализм пайдасына шешілді. 9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік жойылды. 10. Жұмыссыздық жойылды. 11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті. 12. Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді.
Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан шығарды.
18. Қаңлылар. Қаңлы мемлекетінің пайда болуы, мәдениеті
         Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-тада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жаз-ба деректерінде корсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемле-кеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпалары-ның жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді.
Қытай жазба деректері негізінде қаңлы тайпаларының тарихын алғашқы зерттеушілер Қытай тілін жетік білген ғалымдар Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Бұлардан кейін жазба деректерді саралай отырып академик В. В. Бартольд қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрді деген қорытынды жасайды.
Қытай деректеріндегі Чжан Цяннің хабары бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны - 600 мың, жау-ынгер жасақтарының саны - 120 мың адам. Орталығы Сыр-дария өзенінің бойында орналасқан Битән қаласы. Қытай деректеріне қарағанда, қаңлы тайпаларының иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Югень деп аталатын бес аймақ болған. Бұл жерлерді кәзіргі кезеңдегі аудандармен салыстырып қарайтын болсақ: Югень-Хорезм; Ги- Сырдарияның саға-сы; Фуму-Жаңақорғанның солтүстік батысынан Қазалыға дейін; Сусе-Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі; Юени-Ташкент аймағы. Астанасы - Битьян
Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалда-ры шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді. 1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті.
Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кен-ттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауын-шы қаласының атымен аталған. Бүл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.
Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бүлардың қатарына - Алтынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. І мың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тайпаларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәде-ниетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қара-ғанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.
Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба деректер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің та-рихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған.
Қаңлылардың шаруашылығы мен кәсібі
 Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхаратада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жазба деректерінде көрсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемлекеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді.
Қытай жазба деректері негізінде қаңлы тайпаларының тарихын алғашқы зерттеушілер Қытай тілін жетік білген ғалымдар Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Бұлардан кейін жазба деректерді саралай отырып академик В. В. Бартольд қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрді деген қорытынды жасайды.
Қытай деректеріндегі Чжан Цяннің хабары бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны - 600 мың, жауынгер жасақтарының саны - 120 мың адам. Орталығы Сырдария өзенінің бойында орналасқан Битян қаласы. Қытай деректеріне қарағанда, қаңлы тайпаларының иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Югень деп аталатын бес аймақ болған. Бұл жерлерді кәзіргі кезеңдегі аудандармен салыстырып қарайтын болсақ: Югень-Хорезм; Ги- Сырдарияның саға-сы; Фуму-Жаңақорғанның солтүстік батысынан Қазалыға дейін; Сусе-Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі; Юени-Ташкент аймағы.
Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпаларының ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалдары шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді.
1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті.
Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.
Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бұлардың қатарына - Алтынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. Імың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тайпаларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәдениетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қарағанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.
Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба дерек-тер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің тарихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған.
Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысында қаңлылар жерінің оңтүстік аймағы юечжиге, ал солтүстік бөлігі ғұндарға тәуелді болғаны көрсетіледі. Ал б.з. 1-ғасырында мүндағы жағдай өзгеріске ұшырайды. Бүл кезде Амудария мен Сырда-рия аралығындағы юечжилердің негізгі белігінің оңтүстікке, Бактрияға қарай ығысуы, қаңлы тайпаларының күшеюіне мүмкүндік береді. Қаңлылар одағының құрамына жоғарыда аталған бес иелік кіреді. Қаңлылар Арал-Каспий өңіріндегі сармат-алан тайпалар одағы мен Орал өңіріндегі сармат тайпаларын бағындырады. Қаңлы билеушілері Қытай империясымен қатынаста еркін, тәуелсіз бағыт үстайды.
Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар.
Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады.
Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған.
Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан.
Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы.
Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған.
Шаруашылығы.
Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Олар дәнді дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан.
Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты.
Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды.
Қаңлылар қоғамында әр түрлі кәсіптер,қол өнер, сауда және ақша айналысы дамыды.
Олардың қоныстарында ондаған тұрғын үй мен қора – қопсылар болды. Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда болсын дән, астық сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан, толып жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік құралдары да пайданылған.
Қаңлылардың діні.
Қаңлылар табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Әр жылдың маусым айында барлық тайпалар жиналып, ата-бабаларына шектік беріп отырған. Олардың бір бөлігі будды дінін қабылдады. Көп құдайға табынушылық болды. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған.
Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады.
Сонымен қаңлы тайпаларында сонау ерте кезден бастап мемлекеттік дәрежесіне дейін көтерілген тайпа бірлестіктері болды деп айтуға болады.
19. Ұлы Жібек жолының Қазақстан тарихындағы рөлі
Начало формы
Конец формы
Адамдар өте ерте кезден-ақ бір-бірімен сауда жасасқан. Бұл сауда орындарының – базардың, жәрмеңкенің, сонымен қатар ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-біріне жалғаған сауда жолдарының пайда болуына себепші болды. Жолдар бір-біріне қосылып, батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке қарай көршілес жатқан жерлердің бірінен соң біріне жылжи отырып созыла берді. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы пайда болды. Чжан Цянбның жасаған саяхаты нәтижесінде б. з. б. 2 ғасырда ашылды.
Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалданған — «лазурит жолы» деп аталған. Екінші тармағы – Қытайдағы императорлар мен ақсүйектердің сүйікті заты болған әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын — «нефрит жолы» болған. Ал үшінші «бұлғын жолымен» қымбат бағалы терілер тасылған. Ғалымдардың анықтағананындай бұл б. з. б. II ғасырда болған.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен.
Бас сауда жолы Тянь-Шань тауларының бөктерімен жүріп, Сырдария, Талас, Шу, Іле алқабын кесіп өтіп, Қытайға қарай созылып жатты. Оның тармақтары бұрын Яксарт, кейінірек Сейхун деп аталған Сырдария жағасымен Аралды бойлап Жайық өзеніне, ары қарай Қара теңіз жағалауына, Византияға, Батыс Еуропаға өтті.
Басты жолдан Орталық Қазақстан даласымен Сарыарқаға, Ертіске, Алтай мен Моңғолияға апарар жолдар тарамдалып жатты. Жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Құлан, Аспара, Алматы, Талхир, Қаялық, Усбаникет, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Янгикент, Сарайшық қалалары бой көтерді.
«Ұлы Жібек жолы» деген атау тек 1877 жылы пайда болды. Оны неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен қалыптастырды.
Сол кездегі сауданың басты тауары Қытайда өндірілетін жібек болған. Сондықтан жол «Жібек жолы» деп аталған. Жібекпен бірге Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа – Римде, Францияда, Византияда, Русьте, Иран мен Араб халифатында, Ерте түркі қағанаттарында, Қытай, Корей, Жапонияда өндірілген көптеген тауарлар ағылды
Мұндай экзотикалық тауарлардың тізімі өте үлкен. Олар: хош иісті заттар – жасмин (ақгүл, ақтамақгүл) суы мен асбра иіс майлары, кардамон астатымы, мускат жаңғақтары; женьшень мен дәрі-дәрмектер; кілемдер мен кенептер, бояулар мен минералдық шикізаттар; алмас, яшма, янтарь мен теңіз маржандары; морж сүйегі мен азу тістері, алтын мен күмістер; қымбат терілер мен теңгелер; садақ-жебелер, қылыш пен найзалар және бұдан басқа көптеген заттар.
Қазақстандық археологтар ортағасырлық қалаларға қазба жұмыстарын жүргізу барысында тауып алған металл ақшалар алыстағы Қытай мен Византияда, Иран мен Үндістанда соғылған. Сонымен қатар, сол елдерден керуендер арқылы жеткізілген басқа заттарды да кездестірді.
Ежелгі Талхир қаласына жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде Иранда жасалған қола табақ пен қытай фарфоры, жапонның фаянс ыдыстарының сынықтары аршылып алынды.
Осы ирандық ыдыстар Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражайдағы экзпозицияға қойылған.
Жібек жолын зерттеудің әрі маңызды, әрі сирек олжасы – Отырардан табылған күміс ақша мен заттар көмбесі. Көмбедегі тиындардың жиыны таңғаларлық. Ол жерде Шығыс Түркістан қалалары – Алмалық, Пулад, Эмиль (Еміл), Орда әл-Азамның; еуропалық Қырымның; малайзиялық Сива, Кони, Тебриздің; қазақстандық Жент қалаларының ақшалары жинақталған. Ақшалардың соғылған уақыты XIII ғасырдың 40–60 жылдары. Заттардың ішінен, әсіресе, күмістен жасалған ұйғыр жазуы бар құрама белдік жапсырмалар, ортаазиялық бұрама білезіктер, поволжиялық өрме білезіктер, Кіші Азия қалалары шеберханаларының бірінде жасалған белдік айылбастар – теңдесі жоқ жәдігерлер. Көмбе Моңғол империясы кезіндегі Жібек жолы бойында орналасқан қалалардың айғағындай. Сонымен қатар, Жібек жолы арқылы жан-жаққа діни ой-пікірлер де таратылды. Миссионерлер (басқа діндегілер арасына өз дінін, әдет-ғұрпын уағыздайтын, насихаттайтын адам) өз діндерін алыс елдерге алып барды. Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Қытайға, Кореяға, Жапонияға буддизм келді. Вавилоннан Иран мен Закавказье арқылы иудей діні тарады.
3–6 ғасырларда Ұлы Жібек жолымен көбіне «қажылар жолы» ретінде пайдаланылды, бұл жол арқылы будда монахтары Қытайдан Үндістанға, Үндістаннан Қытайға сапар шекті. 7–10 ғасырларда Ұлы Жібек жолының халықаралық маңызы арта түсті – Қытай Византиямен және арабтармен байланыс орнатты. 15 ғасырдан теңіз байланысының дамуына байланысты Ұлы Жібек жолы маңызын жоя бастады. Ұлы Жібек жолының ұзындығы 7 км-ден асты.
Жібек жолы буддизммен қоса Батыстан Шығысқа қарай христиан және ислам діндерінің кең өріс алуына себепкер болды.
Жібек жолы – әлемдік өркениеттің Азиядан Еуропаға шексіз дала, асқар тау арқылы жол салған жарқын көрінісі.
.
Шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы.
Рабад – қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі.
Цитадель – қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.
Жібек жолының пайда болуы.
Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б. з. б. III-II ғасырларда жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы
атануында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай) болған. Сонымен қатар VII ғасырда будда
ламасы Сюань-Цзянь Ыстықкөл маңындағы Түрік қағанатының Суяб қаласына келеді. Түрік қағанының оған
жібекті сыйға бергені айтылады.
Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты
байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі.
Ұзындығы — 7 мың шақырымнан астам. Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтеді.
Қазақстандағы Жібек жолы.
Б. з. б. II ғасырда Ұлы Жібек жолының сауда дипломатиялық басты жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы
Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VII ғасырларда
Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан,
Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш. Весидж, Шауғар т. б. ірі
ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейіннен XIII-XIV ғасырларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы
артқан.
Жібек жолы бағыты: Хуанхэ өзені – Ұлы Қытай қорғанының батысы – Іле өзені – Ыстықкөл. Бірнеше сауда
жолдары қалыптасып, дамыды.
Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран – Месопатамия – Мысыр – Сирия-Қытай.
Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.
Дала жолы (б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасы).
Жібек жолындағы тауарлар.
Жібек жолының алғашқы негізгі тауары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жолмен Батысқа жеткізіліп
тұрған. Кейіннен Батыс пен Шығыстың басқа тауарлары тасылған (күміс, алтын, тұлпар, түйе, бүркіт, қаршыға,
піл сүйегі, жеміс-жидектер, экзотикалық аңдар т. б.). Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған.
Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген.
Жібек жолының маңызы.
Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек
жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан
христиан діні таралған. Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, көшпелі отырықшы халықтар мәдениетінің даму,
таралу жолы.
20.XIX соңы XX басы Қазақстанда патшалық қоныстандыру саясаты
XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды.
Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды.
Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды.
Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды.
Отарлаудың осы әскери - әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды.
Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды.
Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.
XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады.
1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.
1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б.
Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды:
- Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру. - Әлеуметтіқ – экономикалық жаңалықтар енгізу. - Алайда Ш.Уәлиханов усыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.
1867 жылғы 11 шілдеде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.
1868 жылы 21 қазан – «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.
Реформа нәтижесі.1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. 2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады. 3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы). 4) Отарлық басқару күшейді. 5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды. 6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.
1886 – 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.
1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті.
1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.
Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді.
Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды.
Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді.
Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын.
Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды.
Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті.
Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.
Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты.
Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Россияда басыбайлықтың (крепостниктік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ, Россияның орталық аудандарында шаруалардың толқулары тоқмады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс аудары саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік, батыс, орталық және оңтустік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Россиядан шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.
Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді.
1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Жаңа документ 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Бұрынғыларымен салыстырғанда жаңа «Ережелерде» қоңыстанушыларға берілетін артық- шылықтар біраз қысқартылды: енді жер улесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтейтін болды.
Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тияқты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді. «Ережеде» ішкі істер және мемлекеттік мүліктер министрлері алдын ала рұқсат еткен жағдайда ғана қоныс аударуға болатыны көзделді. Қоныс аударатын басты аймақтар – Жетісу, Ақмола, Семей, Тобыл, Томск губерниялары ңақтылы белгіленді.
Сонымен, «Село тұрғандары мен мещандардың өз еркімен қоныс аударуы туралы» 1889 жылғы ереже Россияның орталық губернияларынан Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын ішінара ашып берді және самодержавиенің жалпы аграрлық саясатының мәнді жақтарының бірі болды.
Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды). Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Төрғай облыстарында жұргізілді.
Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.
Қоныс аударушылар Россияның Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық Россиядан келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.
Сөйтіп, патша самодержавиесінің Қазақстан территориясын отарлауға бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартасында осылайша жүзеге асырылды.
21. Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). Қарахан мемлекетінің құрылуы.
X ғасырдың орта кезінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталыға – Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекеті тарихының бастапқы кезеңі жөнінде сенімді мағлұматтар деректемелерде сақталмаған, ал алғашқы Қарахандар туралы әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді.
Жазба деректерге қарағанда, Қарахан мемлекетінің құрылып, оның дамуының алғашқы кезенің саяси тарихында, қарлұқ тайпалар бірлестігінің орны ерекше болған. Мәселен: Қараханид мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915-955 жж.), Қарлұқ қағаны Білге Қыдырханның немересі. Сатұқ Бограхан Таразды билеуші Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандайды, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырады; 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялайды. Жаңа билік иелерінің басшысы өзін «қара қаған » немесе «қара хан» деп атады. Осыдан келіп тарихта бұл әулет қарахандықтар әулеті деп аталды. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды.
Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астана қаласы-Қашқар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен–ілек Баласағұнды иеленді. Мұса өлген соң жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан-ханға көшті. Оның екінші жерінің орталығы Қашқар болды, сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді.
Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен екі әулеттің Әли Арслан-хан мен Хасан Боғра-ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды.
Мемлекеттің этникалық құрамы: шігіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы сияқты т.б түрік тілдес тайпалардан тұрған. Шігіл және Яғма тайпалары негізгі роль атқарған. Өкімет басындағы билеушілер алма-кезек осылардан тұрған.
Өкімет ұймы-мемлекеттік қурылым.
Жоғарғы өкімет билігі хақанның (ханның) қолында болды. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Үстем тап өкілдеріне ханның ұрпақтары тегіндер, ілек (ел) хандар, бектер, нөкерлер жатқан. Билік үлестік жерлер арқылы жүргізілген. Ұлестік жерлер ірі жене кіші болып бөлінген. Хақанның сарай маңындағы қызметкерлерінен құралған тұрақты ұйымы болды. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болды, ол әрі көмекші , әрі кеңесші болып саналады. Қараханидтер кезіндегі уәзірлер, қарлұқ қағанының «көл-еркіндеріне» ұқсас . Махмұд Қашқаридің жазуына қарағанда, «көл-еркіннің» мәні көл-кесір, ұшаң-теңіз, ақыл-ой деген мағынаны білдірген. Шындығында, қазақша уәзір сөзі ақыл-ойдың кені..
Хақанның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін жері-орда деп аталған. Онда сарай қызметкерлері тұрған. Олар: хақанның уәзірлері, нөкерлері, орынбасарлары, қазынашылары, елшілері, хат жүргізушілері, аспапшылары және т.б жеңіл-желпі жұмыс істейтіндер.
Қараған мемлекетіндегі қоғамдық құрылыс басқару тәртібі, жер иеленудің түрлері, алым-салық алудың жүйесі, әлеуметтік теңсіздік, қанаудың түрлері туралы сөз еткенде, орта Азиядағы мемлекеттердегі қоғамдық құрылыстың әсері болғандығын ескерген жөн. Мәселен, отырықшы-егіншілік округтерде негізінен саманилер тұсында қолданылған құрылымда сақталды. Мұнда бұрынғысынша қоныс және қала басшылары (мехталар, әкімдер, раистер) болды. Сонымен бірге ілік-хандар тұсында, сахиб-барида (мәліметшілік қызметтерде қоса атқаратын почта бастықтары), мұстауфалар (финанс –салық ведомствосының чиновнигі мен бастығы) және т.б да лауазымдар сақталды.
Қырдағы аймақтағы мал шаруашылығымен айналысатын халықты басқару тәртібі басқаша болды. Ол да иерархиялық принциптерге негізделіп тұрса да, көшпелі қауымдардың әкімшілік басқаруы рулық-тайпалық басшы топтар арқылы, көбінде елші басына, бектер мен хандарға бағынатын ру басылары арқылы жүзеге асырылды.
Қарахан бектерінің билігі әжептәуір мол болды. Олар тәртіп сақталуын қадағалады, оларға сот үкімдерінің және әдеттегі право нормаларының (тору) орындалуын бақылау міндеттелді, шекараларды қорғау да соларға жүктелді.
Қарахан елші- басшылары, бектер мен хандар (ел) ілек-хандарға бағынды, олар үлесті жерлердің билеушілері болды. Хақандар тәрізді олардың өз әкімшілік орталықтары қызметін атқарған сарайлары (қаршылары) және тұрақты ставкалары (ордалары) болды. Ілектер үлесті жерлердің қалалары мен селолық округтерін басқарды. Шонжарлар арасында ілектің алдында жерді сүю дәстүрі болды, бұл вассалдық билеушіге (сюзеренге) тәуелділігінің белгісін білдіретін.
Тұтас алғанда Қарахан мемлекетінің мемлекеттік-әкімшілік жүйесі феодалдық негізде орнықты. Ол отырықшы және көшпелі халық бұқарасын қанап, бағынышта ұстау мақсаттарына қызмет етті.
Жер иелену түрлері. Икта.
Алғашқы кезде бұрыңғы мемлекеттік құрылымдардың дәстуррлерін жалғастырған Қарахан мемлекеті, алайда, экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да, олардың қарапайым қайталануы болған жоқ. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды институт әскери- лендік жүйе болды. Хакандар мемлекетке халық жиналатын жерлерді өздерінің туыстарына және жақын адамдарына тарту етіп сыйға берді. Мұндай тартулар парсы тілінде «Икта», ал иеленушілер иктадар деп аталынса, арабша иеленуші «Мукта» деп аталынған. Деректерде иктасы бар мукта, муктаны жаудан қорғауға тиісті болған. Бір ескеретін жағдай, икта муктаға заңды түрде бекітіліп берілмеген. Ал муктадар иктаны өздеріне мәңгі мұрагерлікке бекітіп алуға тырысып отырған.
Иктаны берудің бірнеше жолдары болған. Ол муктаның қоғамдағы орнына байланысты болды. 1. Егер мукта қаған әулетінен болса, оған ірі жер үлестері берілген. 2. Орташа үлестік жерлер бектерге. 3. Кіші үлестік жерлер тәуелді қызметкерлерге берілген.
Қарахан мемлекетіндегі жер иеленудің және бір үлкен көп тараған түрі әскери үлестік (лендік) жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілетін болған. Үлеске берілетін жердің мөлшері әскери қызметтердің дәрежесіне, сіңірген еңбегіне, қоғам алдындағы бет-беделіне байланысты болды. Шамасы, әскери үлестік жерлер сарбаздар арсында да бөліске түскен. Кейбір деректер, әскери қызметкерлерге заттай, ақшалай да ақы берілгендікті хабарлайды. Үлестік жер алғандар да, иктадарлар да өздерінің билеушілерінің алдында қажет болған кезде, қару-жарағымен қаруланған сарбаздарымен қызметке дайын болған.
Иктамен қатар жер иеленудің басқа да түрлері болды. Қарахан билеушілері қазынаға түсетін салықтардың көзі және уақытша сыйлық беру қоры болған үлкен-үлкен жер учаскелерін иеленді. Бұл қарахан әулетінің жаулап алынған жерлер, сондай-ақ мемлекет қарамағындағы жерлерден тұрды.
Ірі жер иеленумен қатар мұсылман дін басыларының негізгі материалдық базасы діни мекемелердің пайдасына атақты және бай жер иеленушілер мен көшпелі-әскербасылары өсиет етіп қалдырған учаскелерден тұратын вақфтық жерлер де болды. Әдетте, вакфтық жерлерден мемлекет пайдасына салықтар алынбады. Ірі және орташа феодалдық жер иеленумен қатар ұсақ шаруалар меншігі мен қауымдық иелену сақталды.
Жері жоқ шаруаларды қанаудың кең тараған түрлерінің бірі үлескерлік арқылы жүзеге асырылды. Араб және парсы–тәжік деректемелерінде үлескерлер (шаруарлар) музари немесе барзигар деп аталды. Үлескерліктердің мәні мынада болды: мемлекеттік немесе мұрагерлік жолмен жер иеленушілердің меншігіндегі жер шаруаларға жалға берілді. . Үлескер (шаруа) түсімінің көбін салық түрінде мемлекетке және жерді меншіктенушіге не вакф (вақфтық жер де жалға берілді) иесіне беруге міндеттенді. Үлескерлерге айналушылар әдетте өзінің суармалы жер учаскелері жоқ шаруалар еді.
X-XII ғғ. Қарахан мемлекетінде шаруаларды қанаудың екінші бір түрі коммендация. Оның мәні, ұсақ жер иелері немесе орта шаруалар семьясының, азық-аулақ мал-мүлкі мен байлығы күштілердің таражға түсуінен, зорлық-зомбылығынан сақтану үшін күштілердің қорғануына (патронатына) берілуі. Ол үшін кедейлер өздерінің «қорғаушыларына» тиісті алым-салық төлеп отырған. Дәл осындай жағдай мал шаруашылығымен айналысатын аудандарда да болды.
Өндіргіш күштің өсуіне, өндірістік тәсілдің дамуына байланысты коммендациялық қанау түрі де өзгеріп отырған. Малсыз, жерсіз қалған шаруалар, кедейлер үстем тап өкілдерінің тәуелділігіне толық түсіп отырған. Олар өздерінің «қорғаушыларына» алым-салықпен өтей алмаса, өздерінің борыштарын жауынгерлік қызметпен немесе жұмыспен өтеген.
Сонымен жоғарыдағы көрсетілген әлеуметтік жағдайлар, Қарахан мемлекетінің өзінен бұрыңғы феодалдық мемлекеттердің жай ғана жалғасы болып қоймай, олардың дамыған жалғасы екендігін көрсетеді. Олай болса бұл кез (X-XII ғғ.) Қазақстанның Өңтүстік және Оңтүстік-шығыс аудандарында феодалдық қатынастың қалыптасып болғандығына толық дәлел.
22. XIXғ қазақ ағартушылары. Абай Шоқан Ыбырай
Ресейге күштеп қосылу нәтижесінде Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды. Орыс революционер демократтарының идеалдары Қазақстан ағартушы демократтарының жанына жақын келді. Олардың кейбірі (Уәлиханов, Абай, Алтынсарин) Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың, А.И.Герценнің, В.Г.Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі (Уәлиханов, Абай) авторларымен таныс болатын.Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады.Қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889).Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. («Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!», «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасында», т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды). Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Жастарды инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалары ерекше орын алады. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейірімділік, кішіпейілділік сияқты қасиеттерді қырда өскен балаларға әңгіме, мысалдар арқылы жеткізе білді.Қазақ ағарту ісінде, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Дүниетанымдық мәселеде ол деизмге жақын. Құдай – өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Дінбасыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалап, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Абай шығармаларындағы негізгі тақырып моральдық мәселелер десек, қателеспейміз. Еңбекке, ғылымға мойын бұрмай, ауыл арасында бос қыдырумен күнін өткізген пысықсымақтар жөнінде:«Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,Бәрі де шаруаға келеді олақ.Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,Бар өнері – қу борбай сымпыс шолақ», -деп өмірін бос өткізіп жүрген жастарды қатты сынайды. Әсіресе, пайдасы үшін арын сатқан, екіжүзді адамдарға жиіркенішпен қарайды. Жастарды азғырып, ру тартысы, болыс сайлауының партия таласына баурап жүрген ауыл атқамінерлеріне:«Ары кеткен алдамышМені-ақ алда, сөкпейін.Балы тамған жас қамыс,Ормасайшы көктейін», -- деп ренішін білдіреді. Жастарға ғылым таппай мақтанбауды, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ сияқты мінездерден аулақ болуды кеңес етеді. Қоғам өмірін түсінуді Абайдың көзқарасы, әрине, идеалистік тұрғыда болды. Абай – ұлы гуманист. Абстрактылы, утопиялық сарынды гуманист.Абай ілімін одан әрі жалғастырған қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931). Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан:
«Жасымнан жетік білдім түрік тілін,Сол тілге аударылған барлық білім.Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,Жарқырап қараңғыда туып күнім.Оятқан мені ерте – Шығыс жыры,Айнадай айқын болды әлем сыры.Талпынып орыс тілін үйренумен,Надандықтың тазарып кетті кірі».Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн,Табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.Шәкәрімнің «Үш анық» атты шығармасы негізгі философиялық шығармалардың бірі болып табылады. Басқа шығармалары: «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Қодардың өлімі», «Нартайлақ-Айсұлу», «Мұтылғанның өмірі» поэмалары, «Қазақтардың кітабы» (этнофилософиялық), «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» философиялық трактаттары, «Әділ-Мария» көлемді романы, «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», тарихи шығармасы және т.б.Ал, енді Шәкәрімнен кейінгі қазақ философиясын дамытуда үлкен өзіндік орны бар қазақ зиялылары: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқай.
23. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңы
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызды кезеңі болды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан халқының тағдырын анықтаушы құжат болды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның қабылданғанынан бастап елдің тәуелсіз даму жолы басталды. 
Оның мазмұнында ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығына басымдық беру, саяси тұрақтылық, билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т.б. іргелі демократиялық қағидалар көрініс тапты. 
Шынайы егемендікті жариялау елді сыртқы әлемнің мойындауына мүмкіндік берді. Мемлекеттік егемендік туралы декларация мен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституцилық заң мемлекет Конституциясының негізі болды. Олар саяси және әлеуметтік-экономикалық салада тиісті реформалар жүргізу үшін құқықтық база болды. 
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы дәуір құжаты болып табылады. Аталған заң 1991 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында қабылданды. 
«Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет» деп аталатын оның бірінші тарауында былай жазылған: «1-бап. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді. 2-бап. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады. 3-бап. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық. 4-бап. Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. 5-бап. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады». 
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 7 тараудан тұрады. 
Міне, осылай 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып, Адам құқыларының жалпыға бiрдей Декларациясында, халықаралық құқтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу құқын растай отырып, азаматтық қоғам және құқылық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшiлiк сүйгiш сыртқы саясат жүргiзе отырып, ядролық қаруды таратпау принципi мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлiмдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялады. 
Т.ғ.д., профессор Бүркітбай Аяғанның редакциясымен шыққан «Қазақстанның жаңа тарихы: Кеңес жүйесінің дағдырысы және ыдырауы» кітабынан алынған мақаланы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылыми комитеті Мемлекеттік тарихы институтының Ғылыми кеңесі ұсынған, Алматы, 2012 ж., 1-ші том, 107 б..
24. Қимақ және Оғыз мемлекеттері
Оғыз
Бұл мемлекет Сырдарияның төменгі Арал мен батыс Қазақстанға тоғысатын жерінде орналасқан. Оғыздар құрамына негізінен Арал Каспий далаларының түркіленген халқы кірді, және сонымен қоса Жетісу мен Сібірдің түркі көшпелі тайпалары мен рулары кірген. Оғыздардың негізгі орталығы Жетісуда қалыптасты, бірақ түркі империясының таралуынан кейін, батысқа қозғалу барысында Батыс Қазақстанның көшпелі тұрғындары есебінен толықты. Оғыздардың астанасы Янгикент, Сырдарияның бойындағы қала болды. Оғыздар өз мемлекетін түркі қағанатының қалдықтарында құрды. Олардың қуатының басталуы ІХ ғасырда болды. Олар түркі тайпаларының Арал, Каспийді мекендеген печегнег көшпелі тайпаларын алып соққыға жықты.
Арал бойында печенегтермен оғыздар арасындағы қақтығыстар жүз жылдан астам уақытқа созылды.
Оғыздардың және оның одақтасы Хазар қағанатының ығыстыруымен Еділ бойында және қазақстанның батысындағы печенегтер Қаратеңіз бойына қоныс аударды, сол жерде олар Х ғасырда Киев Русіне және Византияға басып кіруімен бүкіл елді дүр сілкіндірді.
Оғыздардың нақты өрлеуі Х ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни 965 жылы олар Киев князі Святославпен Хазар мемлекетін талқандады.
985 жылы Святославтың ұлы Владимир, қазіргі татар-чуваштардың ата бабалары – еділ бұлғарларына қарсы жорықта оғыздардың көмегісіз қимылдай алмады. Бұл оқиға Оғыз мемлекетін Алихан басқарып тұрған уақытқа тап келеді.
Оның ізбасары Шахмелик 1041 жылы Хорезмді жаулап алды, бірақ 2 жылдан соң салжықтар қолынан қаза тапты.
Салжықтармен жүргізілген бірнеше соғыстар мемлекеттің әлсіреуіне әкеп соқты және қыпшақтардың тықсыруымен оғыз мемлекеті құлады. Оғыздардың едәуір бөлігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға кетті. Қалған бөлігі Қарахан билігі астына кірді. Қалғандары түркі тілдес тайпалар арасына қосылды.
М.Қашғаридің айтуына қарағанда олар 24 тайпадан тұрған және 2 топқа: бұзуқ және ұшык бөлінген. Әр топқа 12 тайпа кірген, олар басқа кіші топтарға бөлінген. Мемлекет басшысы – билеуші жабғы болған. Оның өзінің орынбасарлары кюль – еркіндері болған. Билік мұрагерлік болған. Жабғы жанында кеңес құрылған. Әскер қолбасшысы – сюбаши ерекше маңызды роль атқарған.
Мемлекетте басқару аппараты болған. Малға жеке меншік болған, себебі негізгі кәсіп – көшпелі мал шаруашылығы. Көшпелі ақсүйектер қатардағы қауымдастардан алым – салық жинаған. Көшпелі халықпен қатар Оғыз мемлекетінде жартылай көшпелі, отырықшы тұрғындарда болған. Олар Дженд, Сауран, Фараб, Сығанак, Карнак қалаларында қоныстанған. Негізгі кәсібі – егіншілік және қолөнер. Әскери тұтқындар қатарынан құлдар да болған. Алым – салықтың аса көп арттырылуы, халықтың наразылығын тудырып, мемлекетті әлсіретті, көптеген соғыстар, күштірек түркі тайпаларының қысымы – осының бәрі оғыздар мемлекетінің құлауына себеп
болды.
Қарахан қағанаты – жаңа түркі империясы, олардың билеушілері қарлұқтардан шыққан, оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қашғария аумағын мекендеген.
940 жылы түркі тайпалары Қарлұқ қағанатының астанасы Баласағұнды жаулап алып, жаңа Қарахан хандығын құрды. Хандық билеушілері 990 жылы Тараз, Испиджаб қалаларын өздеріне қосып алды. Х ғасырдың аяғына қарай хандық аумағы, Амудария мен Жетісуге дейінгі және шығыста Қашғарияға дейінгі аралықты алып жатты.
Жазба көздеріндегі деректерге қарасақ, қарахан ұрпақтарының шығу тегі бұрынғы Жабғы – Қарлұқтан шыққан.
Бильге Күл Қадыр – қаған екендігі айтылған.
Мемлекетте ең басты рольді екі тайпалық топтар – шігілдер мен яғма, яғни қарлұқ тайпаларының негізін құраған.
Қарахан мемлекетінде билік осы екі топтың ақсүйектері арасында бөлінген. Бұл бөліс қағанаттың – шығыс және батыс бөлігі болып екіге бөлінуіне әкелді, олардың әр қайсысының өз қағаны болған. Бас қаған болып шығыс қаған саналған, оның ордасы Қашғар мен Баласағұнда болған.
Қимақ мемелекеті
VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырда қаулаған оқиғалар Қимақтардыңтердің мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік Оралмен Сырдария аңғарына дейін ілгерілеп
барды.Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі
тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, қимақтар және оғыздар болып бөлінеді.
Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір- бірімен соғысып жатады.» Ибн әл-Факихте (X ғ.) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері — оғыздардың, тоғыз- ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль
«түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекеленеді» деп хабарлайды. Қимақ билеушісі едәуір құдіретті болған.
IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хақан) деп атала бастады. «Қаған — түріктердің ең басты патшасы. Қаған — хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», — дейді X ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған.
Қимақтардың шаруашылығы
Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін шілікпенмен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.
Қимақ қағанатының құлауы
X ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Негізінен алғанда, өзін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға ұмтьшған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Сонымен қатар XI ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар.
Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі — 916 жылы Солтүстік Кытайда қидандардың Ляо мемлекетініңкұрылуы болды. Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты. Тайпалардың орасан зор қоныс аударуының жаңғырығы орта ғасырлардағы көптеген деректемелерде: араб-парсы, орыс, армян, венгр, Византия, сирия жэне т.б. деректемелерінде көрініс тапты. Бұл деректемелерден ең алдымен араб ғалымы әл-Марвазиді (XII г.) атап өткен жөн, онын шығармаларында сол көшу
жөнінде мейлінше кұнды ақпарат сақталған, ол тайпалардың қоныс аударуын былайша суреттейді: «Олардың (түріктердің) арасында кұндар деп аталатын бір топ адам бар, олар кытай қағанынан қорқып, Қытай жерінен келді. Олар — несториан сарынындағы христиандар. Өздерінің аймақтарынан олар жайылымның жеткіліксіздігінен кетті. Икинджи ибн Қошқар Хорезмшах солардың (арасынан) шыққан. Олар (құндар) қайлар деп аталатын халықтан теперіш көрді. Бұлар олардан көп те күшті болатын. Бұлар оларды жайылымнан қуды.
Сонда құндар шарлар жеріне келіп қоныстанды да, шарлар түрікмендер жеріне көшті. Түрікмендер оғыздардың шығыс жерлеріне көшті, ал оғыздар Армян теңізіне жақын маңайдағы печенеттер жеріне көшіп барды». Бұл арада Армян теңізі деп Қара теңіз айтылады. Демек, бұл көшу Қытайдан Қара теңізге дейінгі халықтарды қамтыды. Бұл мәліметтерге бірқатар ғалымдардың жасаған талдауы қысқаша түрде мынадай көріністі көзге елестетуге мүмкіндік береді: қай және құн тайпалары қимақ-қыпшақ тайпаларының бір тобын Солтүстік-Шығыс
Жетісу мен Ертіс өңіріне ығыстырып, Қимақ мемлекетіне соққы береді. Сөйтіп қайлар қыпшақтарды орнынан қозғайды, ал қыпшақтар оғыздарды Сырдария өзенінің аңғарынан, Аралдың батыс өңірі мен Каспийдің солтүстік өңірінен ығыстырып, оларды орыстың оңтүстігіндегі және Қара теңіз өңірі далаларына көшуге мәжбүр етеді. Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары едәуір күшейіп, қимақ-қыпшақ және қуман
тайпаларьшың бұрынғы қоныстанған негізгі жерінде күш-қуаты жағынан басым болады, ал қимақтар осы оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырьшып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Қимақтар бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен бірге батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.
25. xix ғ ii жартысындағы музыка мәдениеті
Қазақтардың поэтикалық өнері
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы эпикалық шығармалар негізінен халықтың қаһарман батырлары Абылай мен Кенесарының ерлік істерін суреттейді. Қыз ұзату, келін түсіру тойлары, рулар мен тайпа басыларының жиындары әдетте ән салу, күй тарту сияқты салтанатты жағдайда басталатын. Қазақтардың жазға қарай жайлауға, кысқа қарай қыстауға көшетін кездері де осындай ойын-сауық салтанатымен өтетін. Ән салу, күй тарту қазақ даласындағы жәрмеңкелердің де сәнін кіргізетін. Әр түрлі еңбек үрдістері мен тұрмыстық салт-сана жоралары да ән мен күйге ұласатын. Сондай-ақ бесік жырлары мен балаларға арналған әндер де кеңінен таралған дәстүрлі әдет-ғұрып болатын.
XIX—XX ғасырлардың бас кезіндегі қазақтардың поэзиясы халықтың ежелден қалыптасқан мәдениетімен, дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен тығыз байланысты болды. XVIII ғасырдың аяғынан бастап қазақ әдебиетінде бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық ала бастады. Егер бұрын батырлардың ерлік істерін дәріптеу басым болып келсе, XIX ғасырдан бастап күнделікті тұрмыс-тіршілік тақырыбына тереңдеп ену байқалды. Ақындар өмір жайлы толғанысында шығармашылықтың өзіндік дара жолын іздеуге тырысты, жаңа кәсіби поэзия қалыптаса бастады.
Қазақтың поэтикалық және музыка өнерін дамытуға Махамбет Өтемісұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Ақжігіт (Ақан сері) Қорамсаұлы сияқты тағы басқа да көптеген ақындар мен өнерпаздар үлкен үлес қосты.
Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлы (1804—1846) поэзиясы Исатай Тайманұлы бастаған 1836—1838 жылдардағы көтеріліспен тығыз байланысты болды. Махамбет 1804 жылы Ішкі Ордадағы Бекетай құмында дүниеге келді. Ол жастайынан ақындық өнерге құмартып өсті. Оның асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иді. Махамбет от ауызды сөз шеберлігімен қатар, өзінің домбырашы-күйшілігі, батырлығы, ақындығы мен даналығы арқасында ел арасында даңққа бөленді. Ол орыс, татар және араб тілдерін жақсы білді. Сондықтан да ол 1824-1829 жылдары Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайдың тәрбиешісі ретінде Орынбор қаласында тұрды. Осы жылдары орыс жазушысы, этнограф В.И. Дальмен, саяхатшы ғалым С.Г. Карелинмен жақын танысып, достасып кетті.
Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтерілісте өзінің жалынды өлеңдерімен халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Ол өз елінің отарлық езгіден азат болғанын көрсем деп армандаумен өтті. Махамбеттің өлеңдері халық көтерілісінің қуатты дауысы, бостандық пен әділдіктің ұраны болып табылады. Ақын көтерілісшілерді өзінің жалынды жырларымен жігерлендіре түсті әрі қарулы шайқастарға өзі де белсене қатысты. Ол патша өкіметінің халыққа қарсы саясатын, жергілікті хан, сұлтандардың қарапайым халыққа шектірген касіреттерін аяусыз сынға алды. Еңбек адамдарының құлдық өміріне қарғыс айтты: «Қапыда өткен дүние-ай, Халқымның көрген қорлығы, Хандардың еткен зорлығы… Ата-ананы сөктіріп, Ат басына соқтырып, Нәлет айтса болмас па Осылай жүрген жүріске… 1838 жылы Исатай Тайманұлы қанды шайқас үстінде ерлікпен қаза табады. Махамбет Өтемісұлы қазак халқының тәуелсіздігі жолындағы күресті одан әрі жалғастыра береді.
Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай…», «Соғыс», «Алайма, сұлтан, алайма!», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Мұнар да мұнар, мұнар күн», «Қызғыш құс» және басқа өлеңдерінде көтерілісшілердің бейнесі, Исатайдың қаһармандық ерлігі шебер суреттелген. Өр рухты ақын туған халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресті жырға қосып өтті. Ақын Шернияз Жарылғасұлы (1817-1881) қазіргі Ақтөбе облысының аумағында дүниеге келді. Жас шағынан өлең шығара бастады. Махамбет Өтемісұлы сияқты ол да Бөкей хандығындағы шаруалар көтерілісіне белсене қатысты. Өзінің жалынды жырларында ол да халықты азаттық жолындағы күреске шақырды. Оның билеуші сұлтан Баймағамбет Айшуақұлына арнаған өлеңі халық арасында кеңінен мәлім. Онда Б. Айшуақұлының халықтың мүддесіне қарсы жасап отырған озбырлығы, сұлтанның арамзалық әрекеттері аяусыз сыналады.
XIX ғасырдың бірінші жартысында поэзияда күнделікті өмірдің әр түрлі салаларын, қарапайым адамды жыр етуде жаңа бастама қалыптасты. Осы орайда Жанақ Сағындықұлы (1775—1846),Шөже Қаржаубайұлы (1808-1884), Сүйінбай Аронұлы (1815-1898) сиякты көрнекті ақындар шығармашылығының маңызы зор болды. Олардың поэзиясына патша өкіметінің отаршылдық езгісі кезіндегі елдің ауыртпалықжағдайы, күнделікті өмірдегі әлеуметтік-экономикалык мәселелер арқау болды.
XIX ғасырдың 40-60-жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдері қатарына Дулат Бабатайұлын (1802—1871), Шортанбай Қанайұлын (1818—1881), Мұрат Мөңкеұлын (1843—1906) қосуға болады. Бұлар «зарзаман» дәуірінің ақындары аталды. Олардың поэзиясының негізгі сарыны өткен заманды, қазақ халқының бұрынғы ерлік істері мен аңызға айналған өмірін аңсау, жаңа заманның зардаптарын сынау болды. Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» деген өлеңінде Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы мен отарлауы кезіндегі казақ халқының ауыр жағдайын шынайы суреттейді.
Біржан сал Қожағұлұлы (1825—1887) қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында дүниеге келді. Ол халық арасында Біржан сал деген атпен белгілі болды. Жас кезінен-ақ ән салуға, өз жанынан ән шығаруға бейім еді. Ақын, сазгер әрі әнші ретінде ел арасында кеңінен танылды. Екі сыныптық қазақ-орыс мектебінде сауат ашты, содан соң Петропавл қаласындағы медреседе оқыды. Араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы білді. Біржан сал махаббат лирикасы саласында көптеген ән шығарды. Оның музыкалық-ақындық шығармашылығының демократиялық сипаты айқын байқалады. Біржанның әндерінде байлардың, старшындар мен болыстардың озбырлығы әшкереленеді.
Жаяу Мұса Байжанұлы. Ақын әйелдердің теңсіздігін жою жөнінде жар салды. Біржан салдың «Айбозым», «Ақ тентек», «Біржан сал», «Ғашығым», «Айтбай», т. б. 40-қа жуық әні бар.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ музыкасындағы әйгілі тұлғалардың бірі аса көрнекті ақын, композитор Жаяу Мұса Байжанұлы (1835—1929) болды. Ол Баянауыл округының Ақшоқы деген жерінде дүниеге келген. Алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Омбыда оқып білім алған. Ол домбыра, скрипка және гармонь тартуды жастайынан үйренді. Көрнекті орыс жазушылары мен ақындарының шығармаларымен таныс болды. Жаяу Мұса өзінің өлеңдері мен әндерінде жергілікті болыстардың зорлық-зомбылыктарын, патша үкіметінің отаршылдық саясатын батыл әшкереледі. Оның атақты «Ақ сиса» әні әлеуметтік Жаяу Мұса. әділетсіздікке қарсы наразылықтан туған. Ол өзінің отаршыл үкіметіне қарсылығы үшін «қырдағы қауіпті адам» ретінде сотталып, Тобыл қаласына жер аударылады. Сонда түрмеде отырып, Батыс Сібір генерал-губернаторына хат жазып, өзін армияға жіберу жөніндегі өтінішін жолдайды. Оның бұл тілегі қабыл алынып, Тобылда, Орынборда, Қазанда, Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913ж) Новгородта, Мәскеуде, Владимирде және Петербургта, сондай-ақ Польша мен Литвада әскери қызметте болады. Генерал Черняевтің Оңтүстік Қазақстан аумағына жасаған әскери жорығына да қатысады. Ол «Сүйіндік», «Толғау», «Бозторғай», «Жанбота», «Ғашығым», «Хаулау» сияқты 70-тен астам ән шығарады. Әндерінің сөзін де өзі шығарды.
Қазақ халқының атақты ақыны, композитор-әнші Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913) қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында дүниеге келді. Сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Қызылжар қаласындағы медреседе оқыған. Ол бала кезінен өлең шығарып, музыкамен әуестене бастайды. Қасына ерген талантты жастармен ауыл-ауылды аралап ән салып, домбыра тартады. Халық оны құрмет тұтып, «Ақан сері» атады. Ол музыкалық-поэтикалық мол мұра қалдырды. Оның бізге 40-тан астам әні жетті. Ақан серінің «Алтыбасар», «Сырымбет», «Мақпал», «Ақтоқты» әндері жан тебірентерлік әсерлі, сазды келеді. Оның «Еркем», «Аужар», «Айгөлек», «Ғашық жарға» атты тамаша әндері сүйіспеншілік тақырыбына арналған. Ақан серінің шығармашылығына қатты әсер еткен жағдай сүйікті тұлпары Құлагердің қаскөй зұлымдардың қолынан өлтірілуі еді. Ақан серінің әндерінде қоғамдық өмірдің әлеуметтік мәселелері, ел билеген әкімдердің озбырлық әрекеттері шебер бейнеленеді.
Балуан Шолақ (1864—1916) қазіргі Ақмола облысында дүниеге келген. Халық арасында атақты сазгер, әнші, ақын әрі балуан ретінде кеңінен танылды. Бала күнінен ат құлағында ойнап, түрлі цирктік өнер көрсетуді үйренді. Оның композитор әрі әнші ретіндегі даңқын шығарған әні «Ғалия» болды. Балуан Шолақтың «Желдірме», «Қос перне», «Көкшетау» атты ғажайып әндері оптимизмге, адамға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке толы.
Көрнекті ақын-ағартушылардың бірі Домақ шешен (1850—1918) болды. Ол Ақмола облысының Омбы уезінде дүниеге келген. Домалақ шешен өзінің туған халқының болашақ тағдырына қатты алаңдаушылық білдірді. «Оқу. Өнер. Адалдық» деген өлеңдерінде жастарды оқуға, білім алуға, кәсіп үйренуге, адал болуға шақырды.
Бұл кезеңде баска да дарынды ақын-композиторлардың талантты шоғыры өмір сүріп, еңбек етті, шығармашылықпен айналысты. Олардың қатарында Шернияз Жарылғасұлы (1803—1881), Мәди Бапиұлы (1880—1921), Құдайберген Әлсейітов, Сара Тастанбекқызы (1853—1916), Әсет Найманбайұлы (1867— 1922), Иманжүсіп Құтпанұлы (1863-1929), Базар жырау Оңдасынұлы (1842—1911), Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1889), Кемпірбай Бөгембайұлы (1834—1895) сияқты басқа да ақын-композиторлар болды.
Дәулескер күйшілер Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896ж) Қазақтың музыка өнерін нотаға түсіру XIX ғасырдың аяқ кезінде ғана басталды. Оған дейінгі қыруар мол музыкалық мұрамыздың біркатары, өкінішке орай заманымызға жетпеді.
Қазақтың аса ұлы күйшісі, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы  (1806 (18)(23)—1879(89)(96))  Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген. Бала кезінен-ақ музыкалық дарыны бар екенін танытты, өз бетінше алуан түрлі күйлерді тартып үйренді. Болашақ дәулескер күйшінің жастық шағы жоқшылықтың зардабын тартып, ел аралаумен өтті. Сондықтан да ол Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887ж) өзінің күйлерінде қарапайым адамдардың өмірін, тұрмыс-тіршілігін суреттеді, қайырымсыз байлардың қылығын әшкереледі. Құрманғазы қазақ күйлерін шебер орындаумен қатар домбырада орыстың «Коробейники» («Қыдырма саудагерлер»), «Светит месяц» («Айдың сүттей жарығы») деген әндерін де құйқылжыта орындады. Біздің заманымызға дейін оның сазгерлік туындылары – 60-қа жуық ғажайып, көркем де асқақ сезімге толы күйлері жетті. Оның «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ақсак киік», «Түрмеден қашқан», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Қайран шешем» сияқты басқа да күйлері — халық сүйіп тыңдайтын тамаша туындылар. «Кішкентай» атты күйі Бөкей хандығы қазактарының халық-азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлына арналған. Құрманғазының күйлері халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес болып косылды.
 
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862ж) Талантты және халық арасына кеңінен белгілі, аса көрнекті композиторлардың бірі – Дәулеткерей Шығайұлы (1820—1887). Ол Бөкей хандығының аумағындағы Қарамола деген жерде Кіші жүздің ханы Шығайдың отбасында дүниеге келіп, ер жетті. Ол өз заманының білімді азаматтарының бірі болды. Билеуші-сұлтан деген лауазымды әкімшілік қызмет атқарды. Бірақ мұның өзі сазгерлік шығармашылықпен айналысуына кедергі бола алған жоқ. Дәулеткерей төрелік биліктен гөрі өз ортасында күйшілік өнердің алтын Дәулеткерей діңгегі болған. Халық арасында оның «Жігер», «Шығайұлы», «Бұлбұл», «Қазанғап Тілепбергенұлы», «Қоңыр», «Тартыс», «Желдірме» сияқты күйлері кеңінен тараған. Күйші-сазгердің біздің заманымызға дейін 40-қа жуық күйі жетті. Қазақтың XIX ғасырдағы аспаптық музыкасына қомақты үлес қосқан сазгер-күйші Тәттімбет Қазанғапұлы(1817—1860) Қарқаралы өлкесінде дүниеге келген. Карқаралы сыртқы округы Нұрбике-Шаншар болысында болыстық қызмет та атқарды. Ресей императоры II Александрды ұлықтау рәсіміне қатысқан. Тәттімбет Қазақстанды зерттеуші ғалымдар Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, А.Янушкевичтермен таныс болған. Ол халық арасына кеңінен тараған «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Сарыөзен», «Бес төре», «Қосбасар» сияқты әсерлі көркем лирикалық күйлер шығарды: Талантты сазгер өз туындыларында қазақ жерінің, оның өзендері мен көлдерінің, таулары мен даласының сұлу табиғатын, көркем көрінісін жүрек қылын шерте отырып, нәзік сезіммен бейнеледі. Тәттімбет күйлері қазақ халқының музыкалық өнерін барынша байыта түсті.
Қазақтың күй өнерін қобызда қүйқылжыта шебер орындайтын дәулескер күйші Ықылас Дүкенұлы (1843—1916) Қарағанды облысының аумағында қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Дүкен қобыз тартқан, ал ата-бабаларына да жыршы, бақсылық өнер дарыған. Ықылас патша шенеуніктері мен байларды әжуалаған «Жарыс патша», «Бес төре» күйлерін шығарды. Оның «Жезкиік», «Кертолғау», «Аққу», «Жалғыз аяқ», «Қорқыт сарыны», «Ерден», «Қазан», тағы басқа да ғажайып күйлері бар.
Қазақтың дәулескер күйшілерінің бірі — Қазанғап Тілепбергенұлы (1854—1927). Ол Арал теңізі маңында дүниеге келген. Бүкіл ғұмырын халықтың сазгерлік өнеріне арнады. Оның қалдырған мол мұрасының арасында «Ноғайлы босқыны», «Окоп», «Жұртта қалған» сияқты зарлы күйлері де бар.
Айтыс. Бұл кезеңде қазақтарда айтыс өнері кең өріс ала бастады. Әдетте әр рудың өз айтыс ақыны болған. Олар өз руының атақты адамдары — батырлары мен билерін, балуандарын мадақтап, дәріптеген, оларды өзгелерге үлгі етіп көрсете білген. Айтыс ақындары өлеңді алдын ала дайындамаған, нақты жағдайға орай аяқ астынан суырып салып айтатын. Олар бірінің сөзін бірі іліп алып кетіп, өлеңмен сөз сайысына түс- кен. Айтыс ақындары өздерінің білімін, ақыл-парасатын, шешендігі мен тапқырлығын танытуға бар күшін жұмсайтын. Олар қазақ халқының тарихын, шежіресін, тегін, дәстүрлі салт-санасы мен әдет-ғұрпын жақсы білуге тиісті еді. Айтыс кезінде ақындар домбыра, сырнай және қобыз сияқты музыкалық аспаптарда ойнаған. Айтыс жалпы халық арасында ашық өткізілетін. Айтысты тамашалауға келген жұрт өздерінің қолдау білдірген көтеріңкі дауыстарымен жеңімпазды анықтаған. Ондай жеңімпаз айтыскердің атақ-даңқы қазақ даласына, халық арасына тез жайылып кететін. XIX ғасырдың атақты айтыс ақындары Орынбай, Жанақ, Шөже, Әсет, Сара, Сүйінбай және басқалар болды. Сол кезден бастап айтыстардың мәтінін Бұл өнер сайысын арнайы зерттеушілер жазып ала бастады. Айтыстарда дәстүрлі қазақ қоғамының аса маңызды өткір проблемалары көтерілді.
26. Күштеп ұжымдастыру кезіндегі қазақ ауылының қайғы қасіреті
Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында.
Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды. Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды: 1.Коммуна - өндірісті қоғамдастыру. 2.Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал – саймандарды біріктіру. 3.ТОЗ – жер бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ – ды қалады. 1927 жылғы қазанның 1 – іне қарай Қазақ КСР – інде кооперация шаруа қожалықтарының 23,1% - ін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну қоғамы жұмыс істеді, оның 312 – і ауылдарда болды, қазақ даласының жекелеген түпкірлерінде 140 факторий құрылды. Қазақ шаруалары 1072 ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 17 артельде, жерді бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ–да) ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті.
Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны артты: 1929 жылы 10,5 млн. – ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар шаруашылықтары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархат көшпелі халықтың мәдениеті артты.
Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф. И. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды.
Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн. га шабындық және 1,25 млн. га егістік жерді тартып алды.
Индустрияландыру бағыты азық – түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығын өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді.
1928 жылғы қаңтар – ақпан айларында И. Сталин Сібірге сапарға шықты. Осы жылы 3 ақпанда болған Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаға тартылды. 1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы – 277 шаруа атылды.
1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдардыкәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Декретте бай – феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды: 1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды. 2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді. 3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.
Сөйтіп, бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды.
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.
1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.
1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.
Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.
Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.
Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер: 1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. 2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. 3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. 4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.
Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.
Азық– түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан – ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай – кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929 – 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386 адам, 3–10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды.
1930 жылы 30 мамырда республика үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді.
Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 % - тен 3 % - ке кеміді.
Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % - і, жекешелердің 51,8 % - і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды: 1. 1930 жылы – 313 мың адам; 2. 1931 жылы – 755 мың адам; 3. 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды. 4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % - і жаппай қырылды.
1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазылды.
Онда көтерілген мәселелер: 1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда. 2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда. 3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. 4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.
1933 жылы наурыз айында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов Сталинге хат жазды. Азаматтық ерлігі жоғары және принципшіл адал Т. Рысқұлов өлкеде етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды. Одан әрі хатта көрсетілген деректер бойынша: Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда; Орта Волгада – 40 мың; Қырғыз жерінде – 100 мың; Батыс Сібірде – 40 мың; Орта Азияда – 30 мың; Қарақалпақ жерінде – 70 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл «аш адамдардың тамақ іздеп босуы.
Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді.
Ақтөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71 %). Жаппай ұжымдастыру, аштық әсері халықтың көбін көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 10 мың адам (281230 шаруа қожалығы). Қытай, Иран, Ауған жеріне т. б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды.
Аштық зардаптары: 1930 – 1933 жылдары аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.
Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930 – 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.
Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы.
1929 – 1931 жылдары Қазақстан жарінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалысы болды. Семей округі - халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 жылғы ақпан – мамыр аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарында толқулар болып өтті.
Батпаққара көтерілісі бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы – көтерілісшілер – заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал – мүлкін қайтару, дін бостандығы, шаруаларға үдемелі табыс салығын салу, еріктілік ұстанымын сақтау, дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік сияқты талаптар қойды.
Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8 – дивизия күшімен талқандалып, 75 адамды атуға, 172 адамды 2 -10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер аударуға үкім шығарды.
Созақ көтерілісі табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді (басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Көтеріліс Орта Азия әскери округі бөлімдерінің күшімен жанышталды.
Күштеу әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.
Жазалау шараларының салдары: 1) 1929 – 1931 жылдары 5551 адам жауапқа тартылып, 883 – і атылды. 2) Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды.
Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес.
Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17 қыркүйек – «Қазақстан ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра сілтеушілік қатты айыпталды. Ф. И. Голощекин. І. Құрамысов қызметтерінен босатылды) кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті. 1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды. 2. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды. 3. Күштеп қоғамдастырылған мал – мүліктер иелеріне қайтарылды. 4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық және 30 млн. сом ақша бөлінді. 5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, жүзеге асырыла бастады. 6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді. 7. Совхоздардың біраз малын колхозшылардың жеке пайдалануына берілді. 8. Ф. И. Голощекин қызметінен (1933 ж.) босатылды.
Қолданылған шаралар нәтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз, совхоздар нығая түсті. Республика егістіктерінде техника көбейді. Бірінші бесжылдықта – 9 мың трактор, екінші бесжылдықта – 24 мың трактор, 8 мың комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933–1937 жж.) – 200 - ге жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға 40 млн. сом қаржы бөлінді.
Жалпы, феодалдақ қалдықтарды жою тұрғысынан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне оң баға берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі ірі апаттарға әкелді.
27. Қыпшақ хандығы (XI ғ басы-1219 ж.). Қыпшақ және олардың қоныстануы.
«Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (IX ғ.) жылнамалық жинағында ұшырасады.
656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының Солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығы мен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғасырдың соңында оларды кимек мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды, олар VIII-X ғғ. кимек мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі.
XI ғасырдың басында Кимек қағанаты тарханнан кейін, кимек, қыпшақ және қуман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.
Аймақтағы этникалық саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес, XI ғ. екінші жартысында жазба деректерде бұрын осы жерде бұрын аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті- қыпшақ аты пайда болды.
Ертістен Днестірге дейінгі бүкіл территорияны алып жатқан Дешті-қыпшақтың тарихи географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі этникалық-территориялық бірлестікке бөлуге болады: басында тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты.
Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді: 1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар; 2.VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар; 3.XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.
XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар: қимақтар, баяндурлар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген.
Рашид-ад-Диннің жазуына қарағанда, қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі ерекше болған. Оған себеп Хорезм шахы Мұхаммед II шешесі Туркан-Хатун осы ұран тайпасынан болған. Моңғол шапқыншылығының қарсаңында қыпшақтармен Хорезм шахының арасындағы жақсы қатынас болған тәрізді. Сонымен қатар қыпшақ әскер басшыларының көпшілігі де ұран тайпасынан болған.
Қыпшақтардың құрамына көрші жатқан түркі тілдес тайпалар да қосылған. Қыпшақтардың саяси салмағының күн санап өсіп бара жатуына байланысты, тайпалар мен этникалық топтар, өздерінің бір этносқа жататынын саналы түрде сезе отырып, қыпшақ атын алады. Алайда қыпшақ жұртынын құрылып, қалыптасуының аяққы кезенін моңғол басқыншылығы үзіп тоқтайды.
Қоныстануы.
XI ғ. орта кезінде қыпшақтар қазіргі Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, Оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі Оңтүстік Батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін қоныстанды.
Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, Оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады.
Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізгінен тұрақты болған, тек Оңтүстік-батыс шекарада XII ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезм шахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді.
Хандықтың құрылуы.
Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетін, Орта азиядағы Хорезм шахтар және Қарахандар әулетімен соғысқа және соқтығыстарға әкеліп жеткізген. XI ғ. бірінші жартысында буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін құрудың обьективті себебіне айналды.
XI ғасырдың басында Кимек қағанаты құлағаннан кейін Ертістен Еділге дейінгі кең аумақ қыпшақтардың қолына өтті. Осылайша, Қыпшақ хандығы (XI ғ.-1219 ж.) пайда болды. XI-XII ғғ. Орталық Азия мен Шығыс Европадағы түркі тілдес халықтардың ішіндегі саны жағынан ең көбі қыпшақтар болды. Ордасы Сығанақ қаласы.
Қыпшақ мемлекеті өзінің саяси жағынан күшейіп тарих сахнасында елеулі көтерілген кез XI ғасырдың ортасы.
Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Хандар шығатын әулеттік ру-ел бөрілі деп аталынған. Махмұд Қашқаридің айтуына қарағанда, XI-XIII ғғ басындағы қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы Абар хан болған екен (Табар). Орда деп аталатын хан ордасында ханның мал-мүлкі мен армиясын басқарған ханның басқару апараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түрік дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанаты Ордасымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат-ордасымен Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Әскери ұйымдар мен әскери-әкімшілік басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген, өйткені олардан көшпелі тұрмыс ерекшелігі толық көрінген және олар көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше қолайлы болған.
Билеуші ақсүйек топтарының (хандар, тархандар, басқақтар, югурлар, бектер мен байлар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған, бұған қоса рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай болінген. Орталық Азиянын көшпелі мемлекеттерінде рулар мен тайпаладың қатаң иерархиясы қоғамдық және тайпалардың қатаң негізгі принципі болды.
Қыпшактардың қогамдық қурылымы.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі- малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған. Ибн Батутаның (араб тарихишсы) хабарына қарағанда, жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған, кәдуілгі хұқтың (төрелік айту) нормасы олар айыпталуға тиіс деп есептелген. Мәселен: егер біреудің атын ұрласа, атты қайтарумен бірге 9 ат айып беруге тиісті болған.
Төменгі топқа малы аз шаруалар жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретіңде пайдаланылды, ешқандай құқы болмаған. Ондайлар Орта Азия, Шығыс елдеріне құлдыққа сатылып отырған. Шежіреде қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдарды «ерлер» деп атаған. Олар заң жүзінде ерікті болғанымен іс жүзінде үстем тап өкілдеріне тәуелді болған. «Ерлерден» хан есебінде жасақтар құрылды. Махмұд Қашғаридің жазуы бойынша малы жоқ кедейлер жатақтар деп аталып, көп жағдайда олар ханның немесе үстем тап өкілдерінің тәуелдігіне түскен.
Сөйтіп, қыпшақ хандығы қалыптасқан ерте феодалдық мемлекет болды, ол көнетүрік мемелекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды.
28. Патша өкіметінің Қазақстандағы 1822 және 1824 жылдардағы саяси реформалары.
1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді.
Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Уставта» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді.
Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар тұғызды. Жарғының негізінде қазақтарға өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берді.
1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды.
«Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды.
Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды.
Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды.
«Жарғы» билер сотын жалпы империялық сотпен біртіндеп алмастырып, олардың құқықтарын шектеудің негізін қалады. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. Жергілікті өкімет органдарына полиция функциялары да берілді. Олар қылмыс істеді деп айыпталған адамдарды іздеп табу, тергеу және оларды ұстау міндеттерін атқарды.
1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады.
Орта жүздің әкімшілік құрылымы:ОКРУГ
(15-20 болыс)
Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан
БОЛЫС
(10-120 ауыл)
Басқарушысы-болыс сұлтаны
АУЫЛ
(50-70 шаңырақ)
Басқарушысы- ауыл старшыны
1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды.
Әкімшілік-саяси реформаның салдары:-Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп,өзара рулық қырқыстарға соққы берді. -Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады. -Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты. -Хандық билікті жойды.
Қазақ мемлекеттігінің жүйесімен күресудің келесі кезеңі Кіші жүзде хан билігінің жойылуына әкелетін россиялық басқарудың жаңа жүйесін енгізу әрекеттері болды.
Хандық билікті қолына сақтауға талпынғандардың бірі-Арынғазы (1785-1833 жж.). 1821 жылы ол Петербургке шақырылып, жолда ұсталып Калугаға айдалды; 1833 жылы қайтыс болды.
1822 жылы Орынбор генерал- губернаторы П.К. Эсеннің дайындаған жобаны 1824 жылы Азия департаменті комиссиясының мәжілісінде бекітілді. Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың Уставы» деп аталады. «Уставта» «Патша ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын» ,- делінген. 1825 жылы Кіші жүз үшке бөлінді:
Кіші жүздің әкімшілік қурылымы:
БӨЛІКТЕР
(батыс, орта, шығыс)
Басқарушысы- аға сұлтан
ДИСТАНЦИЯ (54)
Басқарушысы-ру шонжарлары
АУЫЛ
Басқарушысы-ауыл старшыны
Реформаның салдары:
- Орталық басқару нығайтылды. - Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік алды.
1824 жыл Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. Ескеретін нәрсе, Кіші жүзді үшке бөліп (батыс, отра, шығыс), ішкі басқару жүйесінде хандықты жойғанымен 1824 жылы басқару жүйесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолында қалды. Сонымен, 1822 және 1824 жылдардағы әкімшілік-саяси реформалар патша үкіметінің отарлау саясатының нәтижесі болды.
29. Е.Б. Бекмахановтың тарихи көзқарасын қуғындау
1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді. Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты. Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті. Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі. БІРІНШІ ТАЛҚЫЛАУ: БІР ТАРАУДЫҢ МӘСЕЛЕСІБекмахановтың бастан кешкендері айтылғанда мәскеулік ғалым Анна Панкратованың есімі қатар аталады. 1941 жылы Мәскеуден эвакуацияланған ғалымдармен бірге «Қазақ ССР-інің тарихын» жазу үшін Қазақстан КП(б) орталық комитетіне хат жолдаған ол болашақ кітаптың ғылыми және идеялық мазмұнына артылатын жауапкершілікті өз мойнына алды («Вопросы истории», 54-б. №11, 1988 ж. ). Бұл еңбек жарыққа шыққаннан кейін Сталиндік сыйлыққа ұсынылғанымен, бәйгеден келмеді. Кітаптың сыйлықтан қағылуын ол Сталиндік сыйлық бойынша комитет мүшесі, СССР ҒА мүше-корреспонденті Алексей Яковлевтен және өзімен бұрыннан қырбай академик Евгений Тарледен көрді.
Панкратованың табандылығының арқасында бұл мәселе БКП(б) Орталық комитетіне дейін жетіп, «тарих ғылымындағы кейбір тенденцияларды қарастыру үшін» СССР ҒА тарих институтында 1944 жылғы мамырдың 29-ы орталық комитет хатшылары тікелей басқарған (оның ішінде Андрей Жданов пен Георгий Маленков болды) талқылау басталды. «Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс» деп аталатын тарауы тарихшы Бекмахановтың үлесіне тиген кітап осылайша алғаш рет талқыға түсті. Алайда бұл жиында жеңгендер де, жеңілгендер де болған жоқ. Тарле, Яковлев, Бушуев сынды ғалымдар «Қазақ ССР-інің тарихы» Ресейге қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптеген, орысқа қарсы жазылған кітап» (Панкратованың хаты//«Вопросы истории», 59-б. №11, 1988 ж.) деп бағаласа да, жалпы алғанда мүлде теріске шығарылмады, тіпті кей тұстарда жоғары бағаланды. Қалай болғанда да, институт бұл жөнінде қандай да бір баға беретін қаулы да қабылдамады. Алайда осы кезде айтылған ішінара сындарды қазақтың кей ғалымдары ұмытпай, кейін де ұрымтал тұста пайдаланып отырды. Аталған кітаптағы тарауды әрі қарай жетілдіріп, іргелі ғылыми еңбекке айналдырған Бекмаханов 1943 жылғы маусымның 28-і кандидаттық диссертациясын қорғады. Бір жылдан соң «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1946 жылы күзде «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деп аталатын монографиясын аяқтап, СССР ҒА ғылыми кеңесіне ұсынды. Сөйтіп қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы 1947 жылы аталған еңбегін жеке монография етіп шығарды. Осы сәттен бастап «тұңғыш доктордың» жолына түрлі тосқауылдар қойылып, «кітапта идеялық қате кеткен», «басқа ғалымның еңбегінен көшірілген» деген қисынсыз айып тағыла бастады. ЕКІНШІ ТАЛҚЫЛАУ: КІТАПТЫҢ ТАҒДЫРЫ Бекмахановтың еңбегіне байланысты кереғар пікірлерден кейін 1948 жылғы ақпанның 28-і СССР ҒА тарих институты бұл кітапты мәскеулік мүйізі қарағайдай ғалымдардың талқылауына қайта салды. Ең әуелі қазақстандық тарихшылар Т.Шойынбаев пен М.Ақынжановтың арнайы жіберген айыптау пікірлері оқылды. Содан соң Қазақстаннан барған тарихшы ғалым Х.Айдароваға сөз берілді. «Бекмаханов алдына қойған міндетті орындай алмады, әдіснамалық тұрғыдан елеулі қателіктерге ұрынды, сөйтіп көтеріліске де, Кенесары Қасымовтың өзіне де мүлде дұрыс баға бермеді. Оның себебі автордың буржуазиялық және буржуазиялық-ұлтшылдық тұжырымдаманың шылауында кеткенінде, ал марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерінен берілген үзінділерді көз алдау үшін ғана қолданды. «Материал жетіспеді немесе автор бұл кезеңді жете зерттемеді» деуге негіз жоқ» деген ауыр айыптаудан бастаған Айдарова «Бекмаханов барлығын әдейі, қасақана жазып отыр» деп көсілді. («Вестник АН КазССР», 36-бет, №3, 1948 ж.)
«1943 жылдан 1947 жылға дейінгі аралықта БКП (б) ОК-нің Башқұртстандағы, Татарстан мен Украинадағы, «Звезда» және «Ленинград» журналдарындағы идеологиялық мәселелер жөнінде аса маңызды шешімдері шықты, сондай-ақ Қазақстан КП (б) ОК-нің «Қазақ ССР тарихының» екінші басылымы туралы, «Қазақ ССР ҒА тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрскел қателіктер туралы» шешімдері, Жданов жолдастың осы мәселе бойынша айтқан сөзі, Ленин мен Сталиннің еңбектері ескерілмеді» деген Айдарованың пікірі Бекмаханов еңбегін жоққа шығарған ғалымдардың (әсіресе, қазақстандық ғалымдардың) негізгі желеуі қайда жатқанын анық көрсетіп берді. Ғылыми журналдың бас-аяғы жиырма екі бетін алып жатқан Мәскеудегі талқылау стенограммасынан Мәскеу ғалымдары қазақ әріптестерінің пікірлерін қостамағынан аңғару қиын емес. Айдаровадан кейін сөйлеген сегіз ғалым кемшілік деген жайларды атап өткенімен, Бекмаханов еңбегін егжей-тегжейлі талдап, аса жоғары бағалады. Андрей Кучкин «бар нәрсені жоқ деп отырған Шойынбаев пен Ақынжановтың пікірлеріне қайран қалып отырмын» десе (41-б), Николай Дружинин «сыншылар әуелі өз сындарына сынмен қарап алғаны жөн» деген кеңес берді (49-б). Тарихшы ғалым М.Рожкова «Е.Бекмахановтың еңбегі өзі қарастырған кезең бойынша аса құнды еңбек болып табылады, өйткені онда шаруашылық мәселелері, таптық қатынастар, таптық күрестер мен оған байланысты азаттық күрес кешенді түрде зерттелген» деген баға берді (50-б.) Талқылау соңында сөз алған Бекмаханов «еңбегінде таптық күрес те, феодалдық қанау да айтылғанын, маркстік-лениндік әдіснамадан ауытқымағанын» дәлелдеп шыққан. ҮШІНШІ ТАЛҚЫЛАУ: ҚЫРАҒЫ ЖЕРЛЕСТЕР СССР ҒА тарих институтының пәтуасынан кейін Бекмахановтың алдынан даңғыл жол ашылуы керек еді. Алайда қазақстандық тарихшылар мәскеулік ғалымдардың пікірін місе тұтпады. Сол жылы шілде айының 14-і мен 19-ы аралығында Бекмахановтың аталған кітабы Қазақ ССР ҒА тарих, археология және этнография институтында тағы да бес күн бойы талқыланды. Осы талқылаудың стенограммасы туралы академик Кеңес Нұрпейіс: «Машинкаға басылған көлемі 550 беттік қолжазба ... осы кітапқа байланысты Е.Бекмахановқа аса ауыр саяси айыптар тағуда ерекше белсенділік көрсеткен саяси «қырағы» айғайшылар жөнінде мәлімет берсе, екінші жағынан, Ерекеңнің басты кітабына әділ баға беріп, оның авторын саяси айыптардан қорғап қалуға атсалысқан, тарихи шындықтарға адал жекелеген тарихшы ғалымдар туралы мәліметтерге толы екен» деп жазды («Қайсарлық және қасірет»//Егемен Қазақстан, 15 ақпан, 2005 ж.).
Алматыда өткен талқылауда Т.Шойынбаев, Х.Айдарова, М. Ақынжановтардың Мәскеудегі пікірлері сол күйі қайталанды, оған С.Толыбеков, А. Нұрқанов, Ф.Жизиевский, Б.Сүлейменовтер (соңғысы қуғын-сүргінге ұшырап, Е.Бекмахановтан кейін 25 жылға сотталды – автор.) қосылып, кітапты іске алғысыз етті. «Кенесарының патшалық Ресеймен күресін қазақтың буржуазияшыл ұлтшылдары Қазақстанда хан билігін қайта орнатуға пайдаланбақ болды; буржуазияшыл ұлтшылдарды большевикше әшкерелеудің орнына Бекмаханов олардың еңбектеріндегі ой-пікірлерді сол күйі қайталады; буржуазияшыл-ұлтшыл «Алаш» партиясының жетекшісі Ә.Бөкейхановты дәріптеді» (Ермухан Бекмаханов: «Казахстан в 20-40 годы ХІХ века», стенограмма, 14-б., А., 2005.) деген сарындағы толып жатқан айыптауларға А.Нүсіпбеков бастаған ғалымдар тойтарыс беруге тырысты. ТӨРТІНШІ ТАЛҚЫЛАУ: ТІКЕ ШАБУЫЛ Бекмахановтың басына төнген қара бұлт сонда да сейілмеді. Оның соңына шырақ алып түскендер енді тіке шабуылға көшті. 1950 жылғы желтоқсанның 25-і «Правда» газетінде Т. Шойынбаев, Х.Айдарова және Я. Якуниннің «Қазақстан тарихы мәслелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық» деп аталатын мақаласы жарқ етті. Айта кетерлік жайт «Правданың» осы нөмірінің бірінші бетіндегі бас мақала «Социалистік ұлттардың мызғымас достығы» деп аталады. Аталған авторлардың айыптауы осы бас мақалаға «тұздық» болғанға ұқсайды.
Бұл жолы Бекмахановтың еңбегіне «саяси-теориялық тұрғыдан, атап айтқанда буржуазиялық-ұлтшылдық тұрғыдан жазылған зиянды, теріс еңбек» деген баға берілді. 
Совет өкіметінің бас газетінде жарияланған мақала 1951 жылғы ақпанның 21-і СССР ҒА тарих институтының ғылыми кеңесінде талқыланып, бұл жолы Бекмахановтың еңбегіне «саяси-теориялық тұрғыдан, атап айтқанда буржуазиялық-ұлтшылдық тұрғыдан жазылған зиянды, теріс еңбек» деген баға берілді. 1951 жылғы сәуірдің 10-ы Қазақстан коммунистік (большевиктер) партиясы осы мақала жөнінде арнайы қаулы қабылдап, «ұлтшылдық вирусының тамырына балта шабу» жөнінде нұсқау берді. Осы жылы сәуірдің 16-ы Бекмаханов партия қатарынан шығарылып, институттағы қызметінен босату мәселесі күн тәртібіне қойылды. Ал сәуірдің 24-і институт ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіліп, Бекмахановты тарихы ғылымдарының кандидаты және тарих ғылымдарының докторы ғылыми атағынан айыру жөнінде жоғары аттестациялық комиссияға ұсыныс жасалды. «1837-1847 жылдары Кенесары Қасымов бастаған қазақ көтірілісі» деген еңбегі үшін Е.Ділмұхамедов пен «Абай және оның орыс достары» деген еңбегі үшін А.Жиреншинге қатаң сөгіс беріліп, қызметтерінен босатылды, ғылыми атақтарынан айырды. Бұл екеуі де жоғарыда аталған Алматыдағы ғылыми талқылауда Бекмахановтың еңбегін ақтап қана қоймай, мақтап та сөйлеген еді.
1951 жылы маусым айында Қазақ ССР ҒА төралқасы «Қазақстан К(б)П ОК бюросының сәуірдің 10-дағы қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы» қаулы қабылдады. Ал қазанның 6-ы жоғары аттестациялық комиссия Бекмахановты ғылыми дәрежесі мен атақтарынан айырды. 1951 жылы қазанның 16-17 өткен Қазақстан К(б)П ОК VІІІ пленумында орталық комитеттің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовтың «Республика партия ұйымдарындағы идеологиялық жұмыстардың жағдайы мен оны жақсарту туралы» деп аталатын баяндамасы талқыланды. 1952 жылғы мамырдың 24-і Қазақ ССР ҒА төралқасының отырысы Бекмахановты қызметінен босатты. Партиядан да, жұмысынан да шығарылып, ғылыми атақтарынан жұрдай болған Бекмаханов әуелі Нарынқол, екі айдан соң Жамбыл облысы Шу ауданындағы Новотроицк орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып кете барды. КГБ тарихшыны бұл жерде де тыныш қалдырмай, 1952 жылғы қыркүйектің 5-і тұтқындап, желтоқсанның 2-і совет соты оны 25 жылға соттап жіберді. «Правдада» шыққан жалғыз мақала екі жылдың ішінде осылайша бәрінің астаң-кестеңін шығарды. «ТҮЗЕЛУ»Сталин өлгеннен кейінгі жылымықта Бекмаханов ісі де қайта қаралып, 1954 жылғы ақпанның 16-ы толық ақталып шықты. Бұған Хрущевтің қабылдауына барып, мән-жайды түсіндірген Панкратова да үлес қосқан еді. Сот шешіммен ақталып келгеніне қарамастан Ермұқан Бекмахановтың қоғамға қайта сіңуі оңай болмады. Бірінші хатшы Пантелеймон Пономаренконың араласуынан кейін ғана санатқа іліне бастады. Осындай қиын кезеңдерде Бауыржан Момышұлының Бекмахановқа қалай ашық қолдау көрсеткені «Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер» (А.,2005) кітабында баяндалады.
Бостандыққа шыққаннан кейін Бекмаханов докторлық диссертациясын қайта қорғауға мәжбүр болды. Әрине, бұрынғы «қателіктер түзетілді». Кейінгі еңбектерінде маркстік-лениндік әдіснамадан қия баспайтын болды. Ермұқан Бекмаханов пен қызы Найля Бекмаханованың авторлығымен өңделіп, 1977 жылы он алтыншы рет жарық көрген, 7-8 кластарға арналған «Қазақ ССР тарихы» оқулығында «Кенесары Қасымовтың 1937-1938 жылдардағы феодалдық монархиялық қозғалысы» деп аталатын 29-параграф бір-ақ беттен тұрады. Осы беттегі «Кенесары Қасымовтың қозғалысы реакцияшыл, қазақ ақсүйектерінің феодалдық монархиялық қозғалысы еді. Бұл қозғалыс Қазақстанда ортағасырлық тәртіпті нығайтуға бағытталып, Қазақстанның Россияға қосылуына бөгет жасалды» деген қорытынды (16-б.) жоғарыда аталған «Правда» газетіндегі тұжырыммен сөзбе-сөз сәйкес келеді.ИДЕОЛОГИЯ ШЫЛАУЫНДАҒЫ ТАРИХНАМА2010 жылы Мәскеудегі «ЖЗЛ» сериясы аясында Бекмаханов туралы кітап шығарған зерттеуші Медеу Сәрсеке 1951 жылғы атышулы мақаланы «Правда» газетінің өз қызметкерлері ұйымдастырған деген пікір айтады. «Қазақстан КП(б) Орталық комитетінің бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов оған қол қоюға тиісті адам екен. Бірақ Жұмекең авторлықтан иланымды желеу айтып бас тартқан соң, орталықтағы билік оны жоғарыдағы үшеумен ауыстырған. ...Әрине, неше жыл бойы соңына шам алып түсіп, «домалақ арыз» жолдап, түрліше айтыс-тартыстар да ұйымдастырып, пышағын қайрап жүрген қызғаншақ әріптестері өз ортасындағы жалғыз докторды солтүстіктегі жер түбіне жөнелтуге ерекше белсенділік көрсетіп, әпербақандық танытқаны – бүгінде де зор қынжылыспен мойындайтын ащы шындық!» дейді («Мәскеу. «ЖЗЛ» сериясы, 9-шы кітап», М.Сәрсекемен сұқбат, «Егемен Қазақстан» 29 желтоқсан, 2010 ж.). «Шаяхметов ауторлықтан бас тартты» дегеннің өзінде де оның пленумда жасаған баяндамасының құлашы «Правдадағы» мақаладан әлдеқайда кеңге сермелді («Большевик Казахстана», №10, 7-б. қазан, 1951 ж.).
.
1952 жылы Бекмаханов істі болып жатқанда Т.Шойынбаевтың «Кенесары Қасымовтың реакцияшыл феодалдық-монархиялық қозғалысын баяндаудағы ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы» деп аталатын кітапшасы республикаға жаппай таратылып, үгіт-насихат жұмыстарында қолдан түспейтін құралға айналды. Бекмаханов ақталғанымен «Кенесары қазақ халқының жендеті және тұншықтырушысы болды. Ол өздерінің төлеңгіттерінен шайка ұйымдастырды» дейтін пікірлерінен Т.Шойынбаев бас тартқан жоқ. Қазақстанның Ресейге қосылуының 225 жылдығына арналған «Қазақ халқының тарихындағы ұлы оқиға» (А.,1957) деп аталатын мақаласында осы сарындағы пікірлерін тағы да қайталады.Сталиннің жеке басына табыну кезінде етек алған саяси қуғын-сүргін кезінде жеке адам факторы көп рөл атқарды. Кей ғалымдардың жеке бас араздықтары ғылыми еңбектерден саяси қате іздеуге ұрындырды. Ғалымдардың идеология жетегінде кетуі диктаторлық режимнің оң жамбасына сай келді. Сөйтіп, саяси қателік іздеудің соңы – жазықсыз ұстап беруге ұласып, тіпті «ұстап бергендердің» өзі де ұсталып жатты. Қазіргі қазақстандық тарихшылардың әрекеттері де советтік идеологияға негізделген әдіснамадан ажырмағандығын көрсетеді. Тарихшы-профессор Закратдин Байдосовтың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «өмірлік президент» мәртебесін беру жөнінде айтқан ұсынысын, Семей мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сыдықовтың «Назарбаевтың өкілеттігін референдум арқылы ұзарту» жөнінде көтерген бастамасын көптеген белгілі ғалымдардың қолдай жөнелгені белгілі.
30. Найман мен Керей
Наймандар ұлысы. 11-13 ғасырларда Қазақстанның шығысында өмір сүрген іргелі мемлекет. Жазба деректер бойынша Найман мемлекетінің алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Соның ішінде Рашид-ад-Дин: «Наймандардың хандығы қадірлі, қуатты, халқының саны көп, әскерлері де жауынгер еді» деп жазады. Оның ол кездегі ең белгілі қағаны Білге Бұқа қаған еді. Елді тайпалардың белді өкілдері мен ақсақалдар, батыр, қолбасшылары бас қосатын «Хан Кеңесі» арқылы басқарған. Білге Бұқаның екі баласы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып қыорқсып мемлекетті екіге бөліп алды да өзара соғысып әлсіретіп тынды. Сондан қазір Наймандардың бір бөлігі – Солтүстік Наймандар –Алтай, Зайсан, Марқакөл, Қара Ертіс бойында қалып қойды, бұл «Бұйрық ханның Наймандары» деп аталды, екінші бөлігі Оңтүстік Наймандар – Жетісу, Сыр бойына қарай ойысты да оларды «Күшлік ханның Наймандары» деген.
Осылайша өзара бөлшектеніп әлсіреген Наймандар елін, соның ішінде 1199 жылы Бұйрық ханның елін және 1204 жылдары Күшлік ханның елін Шыңғысхан мен оның Одақтастары жаулап алды. 1208 ж. Шыңғысханнан қашқан Күшлік бастаған наймандар Қарақытай еліне қашып келеді. 12 ғ. керейттер мен меркіттер қосылған Наймандар конфедерациясы Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік құрылым болады. Ал наймандардың шығу тегі әлі белгісіз, жаңа мәліметтер олар түркі тілдес тайпалар дегенді айтады. Ол “сегіз” деген мағына береді дегенді айтады. Көп тарихшылар Наймандардың арғы шығу тегін Қиыр Шығыстан келген Ляо империясымен, яғни Қидан империясының тарихымен байланыстырады. Оған дәлел ретінде жазба деректер бойынша Солтүстік Наймандардың халқын Найман, Арғын, Қаңлы, Қаракерей рулары құрағанын, ал Оңтүстік Наймандар елінің халқын Найман, Албан, Суан, Ысты рулары құрағанын айтады.
Наймандардың батыс жағында – Ертіс бойын мекендеген Қаңлылар елі мен Сарыарқа даласындағы Қыпшақ хандығы бірлестігі, солтүстігінде – Енисей қырғыздары мен Хакастар, шығысында – Шығыс Моңғолияда көшіп жүрген Керей хандығы, ал оңтүстігінде отырықшы Ұйғырлар болды.
Керейттер ұлысы.
Керейт мемлекеті 9 ғасырдың аяғында Алтайда, Монғолия далаларының батысында қалыптасады. Этникалық құрамы түркі тілді және монғол тілді жұрттан құралды. Керейттердің батысында – наймандар, солтүстігінде меркіттер, шығысында татарлар, оңтүстігінде – таңғұттар тұрады. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында және оңтүстік ордасы Хуанхэ өзені бұрылысының теріскейінде. Орхондағы Бас орда өте қолайлы географиялық жерде орналасқандықтан, сауда дамуына қолайлы болды. Сондай-ақ миссионерлер жиналатын орынға да айналды. 1007 ж. Керейттердің ақсүйектері наймандардың билеушілерімен бірге христиан дінінің нестроиандық тармағын қабылдады. Ал көпшілік қара халық баяғы көшпенділердің Тәңіршілдік дінінде қала берді. Іс жүргізу кең тарады. Құжаттар мөр басу арқылы бекітілген. Қоғамның таңдаулы тобында қызмет орындары мұра болып берілген.
Керей хандығына енген негізгі тайпалар – керейіт, сахайыт, тумауыт, албат, тункайт-кирун, торғауыт рулары болса олардың халық санын Рашид-ад-Дин «200 мыңдай халқы бар еді» деп көрсетеді. Керей хандығы 12 ғасырдағы Маркуз Бұйрық ханның тұсында өрлеген мемлекетке айналады. «Алтын кеседен ас ішіп, алтын ер-тұрман сайлаған бұл халық еді» деп көрсетеді орта ғасырлық жазбалар Керейлер ұлысын. Тайпалар мыңдықтар мен Жүздіктерге бөлінген. Олардың бас қаласы Қарақорым болды. Маркуз Бұйрық ханның немересі Куржакуз Бұйрық хан қаза болғаннан кейін оның ұрпақтары арасында тақ таласына қырқыс басталады. Осы кезде Тоғрул хан (Уаң хан) бастаған жікшіл топқа Монғолдардың Есугей ханы (Шыңғысханның әкесі) бастаған көршілес далалықтар қолдау көрсетеді. Содан соң Керейлер мен Моғолдар өзара ант су ішкен Тату көршілер ретінде («Анда» дейді) ант беріседі.
31. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.
Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.
Көтерілістің негізгі себептері:
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты.
Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.
Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды:
1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. 2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. 3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.
Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері:
1. Жетісуда – Т.Рысқулов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, К.Мәмбетов, А.Қосаков. 2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А.Иманов. 3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев. 4. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев. 5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.
Жетісудағы көтеріліс.
1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.
Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:
1. қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті. 2. қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады. 3. котеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.
Ұлтаралық араздықты күшейту мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды.
Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.Жаркент уезінде котерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды.
Революцияның ірі ошағы-қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.
Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.
Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.
Зардаптары: 1)Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2)мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды.
Төрғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Төрғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Қөтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.
Төрғай облысының әскери губернаторы М.М.Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Төрғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Төрғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында тұған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен – ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті.
Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Төрғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдары, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті.
1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Төрғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан кейін көтерілісшілер Төрғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батысқара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Төрғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды.
Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Төрғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.
Салдары: -3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді. -161-і каторгаға айналды. -Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.
1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:
1. Көтеріліс бытыраңқы болды. 2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді. 3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды. 5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады. 6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. 7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.
Салдары: қазақтардың саны: - Қазақ өлкесінде – 446 мыңға; - Орта Азияда – 121,7 мыңға; - Астрахань губерниясында – 51,8 мыңға; - Россия империясында – 617,5 мыңға азайды.
Көтерілістің тарихи маңызы 1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті. 2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. 3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. 4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті. 6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
32. Соғыстан кейінгі бейбітшілік құрылысқа көшу жылдарындағы Қазақстандағықиыншылықтар. (1946-195(0)3 жж.).
Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.
II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.
Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.
Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.
Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.
1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.
Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды: -Төлқұжаттары болмады. -Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.
Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы.
Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.
Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары: 1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. 2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды. 3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді. 4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді. 5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді. 6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.
33. Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуы. Мемлекеттің құрылуы.
XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.
Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайынданегізгіқарсыластарыныңбарлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.
1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күштіШыңғыс-хан империясы құрылды .
Шыңғыс-хан құрған мемлекеттіңнегізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципіалынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратынкешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.
Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдынақойған басты мақсаты – ішкісаяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің мудделеріненшығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды феодалдық кіріптарлыққа салу.
Шыңғыс - хан шапқыншылығы. Моңғолдардыңалғашқыжаулап алудың құрбаны болған Сібір жерлері. 1207 – 1208 жылдардың қысында Шыңғыс- ханның үлкен баласы ЖошыЕнисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінең басқа да «орман»халықтарын бағындырды. 1207 – 1209 жылдары Шыңғыс-хан бастаған моңғолдар танғұттық Си – Ся мемлекетін жойып, шапқыншылықпен басып алса, одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді етті, ұйғырлардың басқарушысы идиқұт Баршық өзін Шыңғыс-ханның вассалы деп таныды. 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) басып алды. 1227 жылдың қарсыңында Қытай империясы Хуанхэ өзенінің солтүстік жағындағы бүкілиелігіненіс жүзінде айырылды.
Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы.
Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.
1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды.
Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды.
1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын.
1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады.
Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді.
Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.
Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі.
Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты.
Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.
Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы.
Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды.
Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты.
Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен ( далалық ) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
34. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы. КЗ – майдан арсеналы
Соғыстың басталуы.
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.
«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.
Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті.
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.
Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды).
Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.
Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді: 1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы; 2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.
Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.
Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авициация жасау заводы, Урюпа етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3 Александр радио заводы, С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан көшірілген 40 завод орналастырылды.
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина ККС – інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.
Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркісіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200– ге жуық шахтер, 2000– дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер саны 700 – дай болды.
Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 % - ын, көмірден 18 % -ын, молибденнің 60 % - ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.
1942 жылы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемі – кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.
1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий – Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.
Соғыс жылдыры салынған құрылыстар:
Мақат – Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы – Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б.
1944 – 1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:
Текелі қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту фабрикасы. Ақмола ауылшаруашылық машина заводы. Алматы вагон жасау заводы, Атырау мұнай өңдеу заводы. 1941 – 1945 жылдары барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % - ке өсті.
Ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді.
Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-ң орнына 1942 жылы 75% -ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз – келіншек қатысты.
1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды.
Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару – жарақпен, оқ – дәрімен, азық – түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.
Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға айналды. Георгий Хайдин мыңдықщылар қозғалысының жетекшілері А. Семиволос мен И. Янкиннің әдісін қолданған республикадағы үздік бұрғылаушы болды. Соғыс жылдарында Ы. Жақаев, Ш. Берсиев, Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, В. П. Кривич, И. Я. Кудлай есімдері бүкіл елге әйгілі болды.
3. Майдандағы қазақстандықтар.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.
Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Москва шайқасының тарихи маңызы:- Гитлершіл басқыншылардың Москва түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді, - Гитлердің қауырт соғыс жоспары «Блицкриг» біржола күйреді, - Қенес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алып, түбейгейлі бетбұрыс басталды. - Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар).
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.
Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.
Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар: 1. Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды. 2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. 3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхошысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады. 4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артеллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.
Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезеніп отырды.
1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ойпікірін, сезімі мен аландатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.
Ленинград шайқасының тарихы маңызы - Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды, - Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды.
Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан).
1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.
1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен шектесті (Каспий теңізінен Александров – Гайға дейнгі 500 км.)
1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.
Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайнақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс қүрылыстары салынды.
Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты Батыс Қазақстан жерінде 70-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн. сом шығын келтірілді.
Сталинград майданың барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнде орналасқан Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б. Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.
Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г.Сафиулин, М.Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери бөлімдері жауды талқандау барысында көп үлес қосты. Мысалы, М.А.Баскаков басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор заводын қорғап, жаудың 11 танкісін жойып жеберді. 36 зенитші қаза тапты, бірақ бір адам да шагінбеді. 1942 жылы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нуркен Әбдіров Боховская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына қүлатып, ерлікпен қаза тапты. 29 және 38-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін заводттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылы бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық дивизияларға айналып, «Сталинград дивизиясы» құрметті атағына ие болды. Оңтүстік Қазақстандық жауынгері Толыбай Мырзаев «Павлов үшін» қорғауға ерлік көрсетті.
Сталинград түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев пен А.А.Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын батыры атағына ие болды.
116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды. 11 жауынгер 300 фашистке қарсы шайқасып, түгел қаза тапты (араларында Лениногорскілік комсомол Кәміл Хузин болды). Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың 11 батырының төбесі» деп аталады. Қазақстандық Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасындағы ірі операцияларда шешуші роль атқарды. Сөйтіп, 1943 жылғы қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км. жерге қуылды.
Сталинград шайқасының жарығы маңызы.
Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. -Екінші дуниежүзілік соғыстағы түбегейлі бет бұрысқа шешуші үлес қосты. -Қызыл Армия стратегиялық инициативаны берік қолға алды. -Гитлерлік Германияның тағдырының шешілу ұақытын жақындата түсті. -Еділдегі (Волгадағы) шайқас бүкіл дүниежүзілік тарих шежіресіне ұмытылмас ерлік беттерін қосты.
4. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.)
Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.
1-Украин майданы учаскелерінің бірінде біздің жауынгерлік қатарымызға фашистік танкілер лап қойды. Жаудың біраз танкісі қиратылды, бірақ фашистік танкілер ілгері ұмтылуын тоқтатпады. «Жолбарыс» танкісінің қарсы алдынан сапер Абдолла Усенов қарсы жүріп, кеудесіне танкіге қолданылатын минаны қысып, қаймықпай шынжыр табан астына құлады, сұмдық жарылыс жер сілкіндірді.
Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарын жасап, бірнеше жүз фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар: Талғат Бигельдиновке, Леонид Бедаға және Павловқа, соңдай-ақ 37 ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы 6 ұшағын (самолет) атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: пулеметші Мәншук Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.
1945 жылдың қысқы операцияларда кеңес әскерлері жаудың «Солтүстік», «Орталық», «Висла», «Оңтүстік» армиларының ірі топтарын талқандады. Қызыл Армия Польшаны азат етуді аяқтап, Венгрияны және Чехословакияның едәуір бөлігін азат етті, Венаны алып, Шығыс Пруссияға кірді, Одер және Нейсе өзендеріне шығып, Померанияға, Брандербург пен Силезияға тереңдеп енді.
1945 жылғы сәуірдің 16-ында Берлин операциясы басталды. Оған 3,5 млн.-ға жуық адам, 52 мың зеңбірек пен миномет, 7750 танкпен өздігінен жүретін зенбірек, 10800 ұрыс ұшағы қатысты. Балтық теңізінен Судет тауларына дейінгі 700 км-лік өңірде ұрыс қимылдары жүргізілді. Батыл қимылдар жасап, Кеңес әскерлері мамырдың 2-інде Германияның астанасы Берлинді толық бақылауына алды. Берлин операциясы барысында Кеңес жауынгерлері ержүректілік, ерлік және жоғары шеберлік көрсетті.
Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.
Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор қүрметке ие болды.
-1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. -1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды. -1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.
1945 жылғы 9 тамыз-одақтастық міндеттемелерге сәйкес КСРО соғыстың соңғы ошағы Жапонияға қарсы соғыс басталды. Қиыр шығыста Жапониянияға қарсы соғысқа аттанған әскери бөлімдер арасында қазақстандық құрамалары да болды. Тынық мұхит флоты әскери-әуе күштерінің 12-шабылдаушы авиация дивизиясының звено командирі,көкшетаулық Михаил Янко 1945 жылғы тамыздың 10-ында Гастэллоның ерлігін қайталады.
Жапонияға қарсы шайқастарға Ақтөбеде құрылған 74-жеке теңіз атқыштар бригадасының негізінде ұйымдастырылған 292-атқыштар дивизияның жауынгерлері Кеңес Қарулы Күштері дәстүрінің даңқын шығарды. Забайкалье сонан соң 1-Қиыр Шығыс майдандары әскерлерінің құрамында қазақстандық 129-миномет полкі шайқас жүргізді. Қазақстан минометшілері батылдық және ерлік көрсеткені үшін 2027-жауынгерлік ордендер мен медальдарға, соның ішінде 14 адам «Кореяны азат еткені үшін», 234 адам «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарына ие болды.
Қызыл Армияның Қиыр Шығыстағы соғысы 24 күнге созылды.
1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар:1.Барлығы-11600 адам; 2.Қазақстандықтар-497, оның ішінде қазақтар-97; 3.Қазақ қыздары-2.
Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский.
Үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі.
Солдат ерлігі орденінің толық иегері-142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар-96638.
Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар.
Тарихи маңызы. 1) Гитлерлік Германия мен империяліктік Жапонияны жеңуде негізгі еңбек сіңірген Кеңес халқы. 2) Кеңес халқы өз Отанының бастандығы мен тәуелсіздігін сақтап қалды. 3) Кеңес халқы өзінің ерлік күресімен Европаның халықтарын фашистік езгіден құтқарып қалды. Конец формы
35. Халықтың әлеуметтік тұрмыс дәрежесі: тенденция мен қарама-қайшылықтар
1965-1985-ші жылдардағы Қазақстан
1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығы ауысты. Пленум Н.С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И. Брежнев, үкімет басына А.И. Косыгин тағайындалды.
60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүрпзілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК-І Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жа-ғынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бәрі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бес-жылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды.
60-жылдары Қазақстанда өнеркәсіп құрылысы кең көлемде жүрпзілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытта болғандықтан, негізінен өндіруші салалар ғана дамыды 1961-1970 жылдар арасында Қазақстанда 1709 жаңа кәсіпорын, сондай-ақ көпшілігі қайта жөндеуден өткізілген және жаңа техникамен жабдыкталған нысандар іске қосылды
Қара металлургия алу Соколов-Сарыбай және Қарағанды комбинаттарында, Ермак темір балқыту зауытында, ал түсті металлургия алу Лени-ногор, Жезқазған, Павлодар, Өскемен комбинаттарында қарқынды дамы-ды. Бұл кезеңде Маңғыстау мұнай кені де маңызды мұнай аймағына айнал-ды. Ең ірі химия өнімін дайындайтын Қаратау тау-кен химия комбинаты бол-ды. Қазақстан сары фосфордың бұкілодақтық өнімінің 90%-ын, жемдік фос-фаттың 40%-ын, мыс, мырыш, қорғасынның 70%-ын берді. Республика хром өндіруден КСРО бойынша бірінші орын, ал көмір, шойын және марганец өндіруден ұшінші орынды иемденді.
1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аг-рарлықсаясат жасау мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылықенімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыссатылуы үшін қосымша қаржы теленді, колхоз-дар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енпзу шаралары белпленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүрпзілгенімен, біршама алға жылжулар да көрініс берді. 1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде енеркәсіп өнімдерінің өсу керсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті
60-жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге аспады.
Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия енеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығара-тын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңцеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды.
Кеңестік экономика непзінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан енеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың эко-логиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, су келемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепа-тит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, соны-мен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе өте күрделі болды. Қазақстан террито-риясыныңт 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырыла-тын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қаэақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған.
70-80-жылдары Қаэақстанның экономикасында шикізат өндіру басым-дыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақ-тас республикалардан әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды.
Экономикадағы дағдарыстық ахуалдың пісіп жетілуі өнеркәсіп өнімдерін шығарудың төмендеуі мен ұлттық табыстың азаюынан айқын көрінді. Егер 1970-1975 жылдары өнеркәсіп өнімінің жылдық өсуі 8,4% болса, 1980-1985 жылда-ры 3,8%-ға, ал ұлттық табыс осы жылдары 4,4%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді.
Осындай жағдайда 1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылда-нып, онда Кеңес халқы «дамыған социализм» кезеңіне өтті деп жарияланды.
Экономиканы әміршіл-әкімшіл басқару әдісі материалдық ынталандыру-ды жоққа шығарып, экстенсивті даму, мемлекеттік меншіктің үстемдігі, жұмыс-шыларды өнеркәсіп қүралдарынан алшақтату, орталықтың билеп-төстеу жағдайына алып келді. Қазақстан экономикасы 1980 жылдары дағдарысқа тірелді.
Республикада егістік көлемі өте үлкен болды, тек астықтың өзі 25 млн га жерге себілді. Солай бола тұрса да, өнім жинаудың темендеуі тұрақты құбылысқа айналды. Мал шаруашылығының құс асыраудан басқа салалары кіріссіз шаруашылықтарға айналды. Егер 1970 жылы өзін-езі ақтай алмаған колхоз-дар мен совхоздардың үлес салмағы 15% болса, 1985 жылы бұл көрсеткіш 51%-ға жетті. Мысалы, қойдың саны 1971-1981 жылдары 3,4 млн басқа өссе, 1981-1985 жылдары өсу тоқтаған. Қой етін өндіру 1970-1985 жылдары 19%-га қысқарды, оның қоңдылығы да төмендеді.
Дуние жүзіндегі ауыл шаруашылығына жарамды ең үлкен (603 миллион га) жері болса да, (мысалы, АҚШ-та ол 431,5 млн га, Канадада 78 млн га), Кеңес Одағы 1981-1985 жылдары әлемдеп ең ірі азық-түлік сатып алушы елге айналды. Бүл кезеңде КСРО жыл сайын шеттен 3,8 млрд долларға азық-түлік сатып алып отырды. 1985 жылы КСРО-дағы әрбір үшінші бөлке нан, әрбір екінші қораптағы макарон шет елдерден - АҚШ, Канада, Аргентина, Түркиядан сатып алынған астықтан дайындалды.
1970-1980 жылдары халықтың нақты табысы төмендеп кетті. Халық тұтынатын тауарлар тапшылығы өсіп, күні бойы дүкендерде кезекте тұру дағдыға айналды. 1985 жылы Қазақстанның орташа жағдайдағы тұрғыны көпшілік түтынатын тауар алу үшін екі-үш айлық жалақысын жұмсаса, ал қалған тоғыз-он айдың жалақысы тауар тапшылығына байланысты жұмсал-май қалды. 1985 жылы КСРО-да тауар үшін дүкендерде кезекке тұруға халық шаруашылығында жұмыс істейтін 35 млн адамның жылдық қорына жұмса-латын жұмыс уақыты шығындалған.
Кеңес Одағында қоғамдық саяси өмірде «басқаша ойлауға» қысым көрсетілді. Оның нақты мысалы, О. Сүлейменовтың 1975 жылы шыққан «Аз и Я» деген кітабына тыйым салынды. Оған пікір жазған «Молодая гвардия», «Москва», «Звезда» және т.б. журнал беттерінде авторды идеологиялық талаптардан ауытқып кетті деп айыптады. Автордың езі идеологиялық қысымға алынды.
1979 жылғы Целиноград оқиғасы ұлттық қатынастардың шиеленісуінің және қазақ халқының мүддесімен санаспаған орталықтың өктемдік саясатының керінісі болды. СОКП ОК Саяси бюросы 1979 жылы көктемде Қазақстанда, орталығы Ерейментаүда болатын, неміс автономиялық  облысын құру туралы шешім қабылдады. Оған Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының немістер тығыз қоныстанған бірқатар аудандарын беру көзделді. Орталықтың бұл әділетсіз шешіміне қазақ жастары бірден жауап берді. Партия шешіміне қарсы Целиноградта, Атбасарда, Ерейментау және Көкшетауда бейбіт шерулер мен демонстрациялар болды. Міне, қазақ халқының осындай саяси белсенділігінен қаймыққан Компартияның ОК қабылдаған шешімін өзгертуге мәжбүр болды.
КСРО сыртқы саясатта халықаралық беделін нығайту және Ауғанстанда саяси үстемдік орнату мақсатында 1979 жылы 27 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес әскерін кіргізді. Бұл саясатқа жауап ретінде АҚШ Кеңес Одағына астық сатуға тыйым салып, Мәскеуде өтетін жазғы олимпиадалық ойындарға қаты-судан бас тартты.
Б¥¥-да 104 мемлекет Кеңес Одағының Ауғанстанға қарулы күштерін енгізуге қарсы шығып, бұл қадамын айыптады. Кеңес әскерлерінің «шектелген контингенті», яғни 80 мың әскер Ауғанстанда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Ресми деректер бойынша, Ауған соғысында Кеңес Одағынан барлығы 13 мың адам қаза болды, 37 мың солдат пен офицер әр түрлі жарақат алып, мүгедек болып қалды, ал жүздеген жауынгер елге қайтып оралмады.
1982 жылы қарашада КОКП ОК Бас хатшысы Л. Брежнев қайтыс болғаннан кейін партия жетекшілігіне Юрий Андропов келді. Ол КеңесОдағын 1984 жылға дейін ғана басқарды. Ю. Андропов мемлекет басшылығына келгенге дейін КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін басқарған еді. Сол себепті оның басшылығы елдегі қоғамдық және еңбек тәртібіне ерекше маңыз беруден басталды. Ю. Андроповтың саясаты партиялық биліктің өз ішінде қатаң тәртіл орнату мен қоғамдағы парақорлық пен маскүнемдікке қарсы күрес жүргізу болды. Бірақ та белгіленген шаралар жүзеге аспай қалды. Себебі Ю. Андропов 1984 жылы ақпанда қайтыс болып, КОКП ОК Бас хатшылығына К. Черненко келді (1984-1985). Ол Ю. Андропов бастаған істі ескерусіз қалдырып, елді басқаруда әміршіл-әкімшіл әдістерге сүйенді.
Сонымен 1970-1980 жылдардағы дағдарыс құбылысы қоғамдық өмірдің барлық саласында тереңдей берді.
36. Әбілқайыр хандығы (ХV ғасыр)
Әбілқайыр хандығы (1428–1468) ғылыми әдебиетте бұл мемлекеттің «Көшпелі өзбек мемлекеті» деген де аты бар. ХҮ ғасырдың 20 жылдарында Дешті Қыпшақтағы Жошы ұрпақтарының арасындағы өзара соғыстарға байланысты Шибан әулетінің саяси басымдыққа қол жеткізіп, Ақ Ордадағы билікті уақытша басып алуы нәтижесінде құрылған. Ақ Орданың ханы Барақтың қазасы және Шайбанилік Дәулет Шайх оғланның ұлы Әбілхайырдың 1428 жылы таққа отыруымен далалық аймақтарда Шайбан әулетінің Мәртебесі жоғарылайды. Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан, шығысында Балхашқа дейін, оңтүстігінде Арал теңізі және Сырдың төменгі ағысына, солтүстігінде Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерді алып жатты. Хандықтың астанасы алғашқыда Батыс Сібірдегі Тура болып, кейін 1446 жылы Сыр бойындағы Сығанаққа көшірілді. Хандықтың этникалық құрамы көптеген дала тайпаларынан тұрды: қыпшақ, маңғыт, қоңырат, үйсін, найман, қосшы, күрлеуіт, қарлұқ, таңғұт, ұйғыр, бүркіт, қият, т. б.
ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың бірінші жартысында осы тайпалар «өзбектер» деген жалпы этникалық –саяси атпен белгілі болды. Хандық құрамындағы Иасы, Отырар, Сығанақ, Үзгент қалаларында қолөнер, сауда-саттық, егіншілік, дәстүрлі мал шаруашылық дамыды. Әбілхайыр хандығы ХҮ ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстанның этно-саяси тарихында маңызды орын алды.
Әбілқайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Шайбан әулеті басқарған ұлыстардың өздері қарсылық көрсетті. 1446 жылы Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілқайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды. Жошы әулетінің ішінде Орда-Ежен хан, Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек Әбілқайырға қарсы шығып отырды.
1456–1457 жылдары ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілқайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады. 1457–1459 жылдардан бастап Керей мен Жәнібек Әбілқайыр хандығынан кейін, бөлінгеннен кейін, Әбілқайыр хандығы ыдырай бастады. Әбілхайыр ханның өлімінен соң мемлекет бірнеше ұлыстарға бөлініп кетті. Оны қалпына келтіру әрекетінен нәтиже шықпаған соң, қазақтардан жеңіліс тапқан немересі Мұхаммед Шайбани хан Темір әулетін биліктен тайдырып, Мауераннахрға орнықты. Қазақ хандығы мәртебесін дала көсемдерінің басым көпшілігі мойындайды. Сырдария мен Арал теңізінен Солтүстігіне қарай созылған жерлер қазақ хандығының қолына көшкен. Енді даланы біріктіру идеясын Қазақ хандығы жүзеге асырып отырады.
37. Қазақстандықтар 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы майдандарында
КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. “Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған “Онтүстік тобы” Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мән берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл территорияны славян халықтарынан тазарту және түрік-моңғол халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет ететін Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды.
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінін 70% - 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, артиллериядан – 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында  Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудын алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. 
Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танықтан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза  тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
И.В.Панфилов дивизиясы құрамында  жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М.Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойында ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде немістер шегінуге мәжбүр болды. Москва түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл  шайқасқа қазақстандық 238-ші дивизия, 19-шы атқыштар бригадасы да қатысты.
“Барбаросса” жоспары жүзеге аспағаннан кейін 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып, оған “Блау” деген ат қойды. Фашистер бұл жерлерді жаулап алуға үлкен мән берді. Өйткені фашистерге басып алған мемлекеттер территорияларынан мұнай тасу қолайсыз болғандықтан, Кавказ мұнайына үлкен үміт артты. Тағы бір себеп – фашистер Кеңестер Одағының Қара теңіздегі порттарын басып алып, одақтастары – Англия, АҚШ-пен байланысын үзуді көздеді. Сонымен қатар Сталинград қорғаныс өнеркәсіптері көп шоғырланған шикізат көзіне бай орталық болды. Сондықтан фашистер бұл бағыттағы соғыс қимылдарының сәтті аяқталуына үлкен мән берді.
Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда – 69, ал қыркүйекте – 81 дивизия аттандырды. Күш тең болмады. Өйткені кеңестік қолбасшылар жау шабуылын Москва бағытында күтіп, негізгі әскери күшті осы бағытқа шоғырландырды. Өйткені ”Блау” бойынша, Кеңес барлаушыларын жалған жолға түсіріп, шабуыл Москва бағытында қайта жанданады деген ақпарат таратылған еді. Сталинград бағытындағы шайқастарға төмендегідей  қазақстандық  әскери құрылымдар қатысты: 292-ші атқыштар дивизиясы ретінде қайта құрылған 74-ші Аралдық  атқыштар бригадасы, 387-ші атқыштар дивизиясы, 27-ші атқыштар кейінгі 72 гвардиялық дивизия, 75-ші атқыштар кейінгі 3-ші гвардиялық атқыштар бригадасы. 3-ші атқыштар бригадасы Сталинград түбідегі шайқаста 5 мың фашисті жойып, 3 мың фашист офицері мен жауынгерлерін тұтқынға алды. Сонымен бірге, бұл шайқасқа 81-ші атты әскер дивизиясы, 152-ші атқыштар бригадасы, 129-ші миномет полкі мен 196-ші жеке көпір құрылысы  батальоны қатысты.
1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды. Сталинградта қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан қазақстандықтар құрметіне “Казахстанская” аталған көше бар. Бірнеше айға созылған Сталинград шайқасы 1943 жылдын басында жаудың жеңілуімен аяқталды. Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты.
1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарлады. Бұл операцияға “Цитадель” деген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияның әлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып, дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды. Сондықтан Германия бұл операцияның сәтті аяқталуына бар күшін салып, одақтастарын сақтап қалуға тырысты. “Цитадель” операциясына фашистер 900000 әскер қатыстыруды жоспарлады. Шайқасқа іріктелген фашистік дивизиялар: “Рейх”, “Ұлы Германия”, “Фикинг”, “Адольф Гитлер” және  т.б., барлық танктердің 70%, барлық ұшақтардың 65% тартылды. 5-ші шілдеде басталған Курск шайқасы шілденің аяғында кеңестер әскерінің жеңісімен аяқталды. Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қазақтандық әскери құрылымдар қатысты. Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық Ұлы Отан соғысы Батыры  атағына ие болды.
1944 жылы Германияның жеңілетіні белгілі болғаннан кейін, ендігі жерде соғыс қимылдарын Кеңес Одағы бақылауға алды. Осы жылы Кеңес үкіметі “Берлин” операциясын бастайды. Бұл операцияның мақсаты – неміс фашистерін Кеңестер Одағы територриясынан қуып, Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды.
“Достық көмек” идеологиясын жамылған Кеңестер Одағы болашақта азат  еткен мемлекеттер саясатына араласуды, тіпті кейбір мемлекеттерді өз бақылауында ұстауды көздеді. Өйткені басты жауы – Германияны  жеңгеннен кейін, Кеңестер Одағы әлемдік билікке талпынып, социалистік мемлекеттер жүйесін құруды  жоспарлады.
Шығыс Еропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті. Шығыс Пруссия территориясын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар – В.А.Андреев, Л.И.Беда, П.Т.Брилин, Т.К.Абилов, В.Г.Козенков, И.И.Корнев, И.В.Кутурга және т.б.
Словакия территориясын жаудан азат етуге 4-ші Украина майданы құрамында қазақстандық 8-ші атқыштар дивизиясы қатысты. Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8-ші атқыштар дивизиясының құрамындағы 62-ші артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен, 151-ші Карпат полкі 3-ші дәрежелі Кутузов орденімен, 310-шы атқыштар полкі 3-ші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.
72-ші және 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиялары Венгрия, Оңтүстік Чехия, Австрия территорияларын жаудан азат етуге қатысты. Австрия астанасын жаудан азат етуде алматылық Пупков М.А. Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сонымен қатар Австрияны азат етуші 105-ші гвардиялық дивизия жауынгерлері: А.Мудрагель, Г.Сливных, Ж.Аминов қаһармандықтарымен көзге түсті.
Прага операциясына 118, 88, 314, 8-ші атқыштар, 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы қатысып, бұл операцияда 992-ші алматылық авиация полкі асқан ерлік көрсетті. Бұл полк  екінші дәрежелі Б.Хмельницкий және 3-ші дәрежелі Суворов ордендерімен  үш мәрте марапатталды. 992-ші полк  7642 рет жауға шабуыл жасап, 816 бомба тастап, 3 ұшақты, 19 зенитті батареяны, 1000 автомашина, 2 көпірді және т.б. жойды. Прага операциясы барысында 52-ші армия құрамындағы алматылық 556-ші эскадрилия ерлікпен көзге түсті. Бұл эскадрилия тұтқиылдан 4050 шабуыл жасап, 2350 мәрте жау территориясын бомбалаған. Құрамындағы 14 адамның 10-ы үкімет тарапынан марапатталады.
Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2, 8, 5-ші әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқастардағы  ерлігі үшін  С.А.Батеньков пен П.Ф.Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. Ұшқыштар: Т.Я.Бигелдинов, И.Павлов, С.Д.Луганский және Л.И.Беда 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.  Олардың қатарын 56 жыл кешігіп барып, 1941 жылдың 26-шы маусымында, соғыстың бесінші күні-ақ аты аңызға айналған батырлық капитан Гастелло экипажының ерлігі емес, капитан А. Масловтың экипажынікі екендігі айқындалып, осы экипаж құрамындағы Б. Бейсекбаев 1998 жылы Ресей Батыры атағын алып, толықтырылды.
Берлин операциясына қазақстандық 118-ші, 313-ші атқыштар дивизиялары және  209-ші атқыштар полкі  қатысты. Берлин ратушасын алуда 118-ші атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К.Маденов, ал көше шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р.Қошқарбаев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден Петерсфельд қаласына дейін танкпен келеді. Соғыстан кейін  Нақыповтың танкі қала алаңына ескерткіш ретінде қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.
Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Мысалы, Қарағандының әскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары - Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы – Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004-ші жылы Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке әйелдер ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды.
Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына да белсене қатысты. 1941 жылы КСРО ОАК мен БКП(б) ОК-нің 1941 жылдың 29 маусымындағы дерективасында жау басып алған территорияларда жау армияларының бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын құру көзделді. Осы жылдың 18 шілдесінде БКП(б) ОК “Германия әскерінің тылында күрес ұйымдастыру” туралы қаулы қабылдап, партизан қозғалысын ұйымдастырды. 1941 жылдың жазынан бастап жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдары құрамындағы жауынгерлер саны 1943 жылдың соңында 1 миллионға жетті. 1942 жылдың мамырында Қызыл Армия мен партизан қозғалысының ұштасуын қадағалайтын Орталық, кейінірек республикалық және облыстық партизан қозғалысы штабтары құрылды.
Енді партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқасқан қазақстандықтар құрамына тоқталайық. Украина территориясындағы партизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты. Атап айтсақ, М.И.Шукаевтың партизан отряды құрамында 79 қазақ, Ұлы Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың партизан отрядында 70 қазақстандық болды. Ленинград облысы территориясындағы партизан бірліктері құрамында 220, ал Белоруссия территориясында 1,5 мыңға тарта  қазақстандықтар жаумен шайқасты. Қазақстандық партизандар жаумен шайқаста үлкен ерлік танытты. Мысалы, 1941 жылы Киев облысы, Македон селосында жасырын партизан орталығы құрылады. Бұл орталыққа соғысқа дейінгі жылдары Павлодар облысында оқытушы қызметін атқарған Қасым Қайсенов  коммунистік жолдамамен жіберіледі. 1942 жылы Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан отрядтарының командирі сайланып, Украина территориясында жаумен шайқаста үлкен ерліктер көрсетті. Қ.Қайсеновпен қатар Украина территориясында Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев, Талдықорған облысынан П.С.Шленский, Қызылордадан – Байдаулетов, Шымкент облысынан – Ж.Омаров, алматылық – А.С.Егоров және т.б. қазақстандықтар әртүрлі партизан құрылымдары қатарында шайқасты. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке “Халық Қаһарманы” атағы берілді.
Белоруссия территориясын жаудан азат етуге де қазақстандық партизандар үлкен үлес қосты. Тек 1941 жылы Брест облысындағы Старосельск орманында 9 қазақстандық партизан жаумен шайқасты. Белоруссия территориясында ерлікпен шайқасқан отандас партизандар: Ф.Озмитель, Ғ.Омаров, Н.Қайсеитова, Н.Салықов, Х.Исмағұлов, Н.Сыдыкова, М.Стрельников, И.А.Булаев, И.Данияров, И.А.Ерещенко, К.Темирханов, Е.Балабеков, Т.Жұмабаева және т.б. Смоленск облысында құрылған партизан бірлестіктерінің құрамы 45 ұлт өкілінен тұрды. Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан бригадасында 19, С.Лазо атындағы партизан полкінде 40, ерекше партизан бірлестігі “Тринадцать” құрамында 48 қазақстандық болды. Смоленск облысында  қазақстандық партизандар А.Шарипов, Ж.Агадилов, И.Өтебаев, М.Мұқанов, А.Төлегенов, Қ.Ахметов және т.б ерлікпен көзге түсті.
Жаумен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақстандық партизандар әр түрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді. А.С.Егоров пен Ф.Ф. Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстың кейінгі жылдары орталық партизан штабының шешімімен тәжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері территориясына аттандырды. Оларға партизан отрядтарын ұйымдастыру тапсырылды. Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния мен Чехословакияны, ал А.С.Егоров Словакияны, С.О.Төлешов, Н.Супронов, Сарсенгалиев, А.Г.Акимин – Польшаны жаудан азат етуге ат салысты. Жүздеген қазақстандық соғыс тұтқындары Франция, Италия, Бельгия, Югославия, Греция және т.б. Еуропа мемлекеттері халықтарының азаттық күресіне белсенді қатысты. Соңғы мәліметтерге сай, тек Франция, Бельгия, Италия территорияларындағы партизан құрылымдары қатарында 180 қазақстандық болған.
Соғыстың алдында Розенберг идеясы бойынша, Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Иран, Ауғанстан территорияларын біріктіріп ислам пан-түріктік “Гросс Туркестан” немесе “Пантуркестан” мемлекетін құру көзделеді. Бірақта  “Гросс Туркестан”  идеясы  жүзеге аспады. Оның орнына рейх 26 жаяу батальон, 111 рота және жүк тасушылар колоннасынан түратын Түркістан  легионын құруды жоспарлады. 1942 жылы құрылған Түркістан легионы құрамында неміс әдебиеттерінде 1 миллион, тарихшы Раух 650 000 адам, ал қазақстандық мамандар 180 000 - 250 000 адам болған деген мәлімет береді. Түркістан легионын қолдаушы қазақ зиялысы – М.Шоқай Түркістан легионы құрамындағы әскери құрылымдарды қажет деп таппаған. М.Шоқай фашистер лагерінде зардап шеккен жандарды қайтадан майданға жіберу адамгершілікке жатпайды, керісінше, оларды Германия зауыт-фабрикаларына жіберіп, болашақ Түркістан мемлекетіне маман-кадрларды даярлау идеясын ұсынады. Өкінішке орай, М.Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болып, бұл идеясы жүзеге аспайды. Фашистер Түркістан легионы құрамындағы бір батальонды 1942 жылы алғаш рет Воронеж майданы маңында қызыл Армияға қарсы соғысқа қатыстырады. 193 легионер соғыспай Қызыл Армия жағына шығып кетеді, ал батальон басшысы Бақыт Байжановты фашистер тұтқындайды. Өйткені легион  құрамына әскери тұтқындардың басым бөлігі фашистік концлагерлерден шығу мақсатымен ғана кірген. Олардың көбі жергілікті партизандармен байланысып, фашистерге қарсы партизан қозғалысы  құрамында соғысады. Майданға түскен жағдайда Қызыл Армия жағына өткен. Өкінішке орай, бұл жағдай ескерілмеген. Отанында олар “РКФСР Қылмыстық істер кодексінің” 58-1 б, 58-3, 58-9, 59-10, 58-11 баптарымен жазаланып “сатқын” деген лақапқа ие болып, үрім-бұтақтарына дейін қудаланды. Француз тарихшысы Клод Дельпла түркістандықтар партизандық қозғалыстарға көптеп тартылып, үлкен ерліктер танытты дейді. Ал, неміс тарихшысы Патрик фон Мюллер олардың қиын тағдырын аяп, свастика мен қызыл жұлдыз арасында қалғандар деген сипат береді.
Қорыта келе, Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда  6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Сталиндік тәртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжірибесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да  құрды. Бұл батальондар Орта Азия және Қазақстанның жергілікті халқынан және құғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы  еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші  қазақстандық қорғаныс және майдан объктілеріне тартылған. Республиканың мобилизациялық деңгейі тіпті Германиядан да жоғары болды, Германия халқының 12% мобилизацияланса, Қазақстанда халықтың 24% мобилизацияланған. Мобилизацияланған халықтың 50-60% қазақ ұлтынан еді. Қорғаныс, көмір, ауыр өнеркәсіп жұмысшылары соғысқа тартылудан босатылса, Қазақстан тұрғындары түгелімен дерлік армияға шақырылды. Өйткені Қазақстанда шаруалар басым болды.
Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған  қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі.
Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста  қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді. 
38. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.
Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.
Оқыға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.
Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.
Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.
Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.
Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.
*****Кеңес саяси жүйесіне реформа.
1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешілігі съезде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд барлық дәрежедегі партиялық және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кәсіподақ қызметтері де үздексіз сыналды.
КСРО халық депутаттарының 1 съезінде жаңа одақтық келісім шарттары жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауы республикалары, Украина, Қырғыстан).
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялады.
КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың беделін түсірді. Россия Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Россия «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі сөққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді.
Қоғамдық – саяси қозғалыстар.
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.
1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.
1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.
1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.
1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.
Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды.
1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғалдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.
1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды.
Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.
90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.
39. Батырлар институты.
Әр халықтың тарихында ұлтты ұйыстырарға, сақтап қалуға, өрлеуіне себепкер болған жекелеген тұлғалар, ақыл иелері мен батырлары кездеседі. Соның ішінде батырлар мәселесіне келгенде қазақтың еске алары көп. Сонау көк түріктің заманынан бері талай баһадүрлер өтті. Қазақтың ұлт ретінде қалыптасып, мемлекеттілігін дамытып, оны сақтап қалуда батырлардың қосқан үлесі, жанкешті іс-әрекеттері өлшеусіз. Қазақ батыры қай кезеңде де ол елінің, жұртының біртұтастығы үшін, тәуелсіздігі үшін қызмет етті деп айта аламыз. Батыр әр халықта болады. Бірақ оның функциясы бәрінде бірдей емес. Тарихи аспектіден қарағанда қазақ батыры білек күшінің ғана иесі емес. Ол – әрі жауынгер, әрі қолбасшы, стратег, әрі саясаткер, ел билеуші әрі дау шешетін сөз адамы, кедей-кепшіктің сөзін сөйлеп, жетімін жарылқаушы.
Батырлық – мүлік пен тақ емес. Оны құжат жүзінде бекітіп, өсиет бойынша мұраға қалдыру мүмкін емес. Соған қарамастан, қазақта батырлар әулеті деген ұғым бар. Батырдың ұрпағынан батыр шығуы – зергердің баласының зергер болуына ұқсамайды. Зергердің баласы көп жағдайда атасынан үйренген тәжірибе арқылы епті болады. Ал батыр, ең алдымен, бабаларының қанымен дарыған тек арқылы батырлыққа бейім болады.
Қазақта батырдан батыр туған мысал жетіп-артылады. «Қазақ батыры» деген кезде ауызға ең алдымен оралатын Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Наурызбай, Жанқожа, тама Есет, Алыбай, Исатай сынды тұлғалардың қай-қайсысы да текті батырлардың ұрпақтары. Жырларда айтылатын Ер Қосай, Едіге, Ер Тарғын сынды батырлардың бәрі де ата-бабасынан ұрпағына дейін батыр болғандар. Ата кәсіптің батырлар әулетінде ұрпағына жалғасуын «шынжыры үзілмеу» деп атаған. Батырлар ұрпағы үшін ата кәсібін жалғастырмау – масқаралық болып саналды. Әскери әулеттен болғандықтан батырлар алғашқы ерлік жолын көбіне соғыста өлген әкесінің, туысының кегін алудан бастаған.
«Атам менің Қангелді, Қазақ үшін қан берді. Ер Түкеден мен тудым, Ер болуға бел будым…» – деген екен Райымбек батыр бабаларының батырлығын паш етіп.
Арғынның қанжығалы руынан тараған Қанжығалы Бөгенбай батырдың атасы Әлдеуін батыр – Есім хан әскерінің қолбасшысы, ал әкесі Ақша батыр – Тәуке ханның 80 мың қолын басқарған сардар болған адам. Жалпы, Бөгенбай тараған әулеттен Жиембет батыр, Қарабатыр, Бөкенбай батыр, Тіленші батыр, Есенаман батыр, Жоламан батыр қазақ жерінің тұтастығы үшін күресіпті. Батырдың өз ұрпағы Тіленші мен Жоламан батырлар патшалық Ресейдің отарлауына қарсы көтерілістердің басшысы ретінде қол бастап, азаттық күресі тарихында маңызды рөл атқарды.
Ал Қаракерей Қабанбайдың атасы Мәмбет те, әкесі Қожағұл да, Қожағұлдың ағасы Күшік те өз заманының аты шыққан батырлары болған. Ел аузындағы әңгімелер дерегіне қарағанда, жастайынан батыр танылған Күшік батыр Еңсегей бойлы Ер Есімнің Ташкентті алатын соғысына қатысып, сол Тұрсын хан өлген жылы жамбасына улы найзаның ұшы тиіп, 25 жасында қайтыс болады.
Қысқасы, тізе берсек әр батырдың тегіндегі қайсарлықтың қайдан дарығанын тарқатып кете беруге болады. Бұл мәселені бүге-шігесіне дейін ашу үшін батырлар институтына толыққанды зерттеу жасау қажеттігі анық. Қазақы батырлар институты – өзге халықтардың болмысына ұқсай бермейтіні анық құбылыс.
Қорыта айтқанда, батырдың тектілігі ұрпағына даритынын әркез мойындаған халықпыз. Тіпті қазірдің өзінде «пәленше батырдың ұрпағы екен» деп құрмет көрсетіп жатамыз. Онысы тек бабасына деген құрмет қана емес, «мұның да бойында сол текті қан ағып жатыр ғой» дегенге саяды.
Бағы мен бабы шапқандардың атын қамшылайтын қазақтан қарадан шықса да, дәрежесі ханмен теңескен тұлғалар аз емес. Қазақтың тұрақты әскер ұстамағаны тарихта көп айтылады. Қазақтың әскер саны еркек кіндіктің санымен есептеледі. «Түзге шықсам батырмын, үйге келсем қатынмын» демекші, ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің әрбір азаматы – жауынгер. Бұл да біздің генімізге жазылған.
40. Қазақстанның XX ғ. Басындағы мәдениеті
Оқу-ағарту ісі. Әдебиет.
Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.
XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С.Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады.
Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің «Шахнамасынан» «Рұстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.
XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынов болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.
А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз «Қазақ» газетінің редакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.
Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.
Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығын терең зерттеді, біріжші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тірлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.
XX ғасырдың бас кезінде талантты казак жазушысы әрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылык жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мүғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уакытта жазылды. Дегенмен Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде «Абай» журналының жұмысына да араласты.
Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыкка үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып түрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шық- ты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.
Қазақ баспасөзінің қалыптасуы.
Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді.
Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаметжан Сералин болды. Журнал өдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектеп- терге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы: Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалары да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсыновтың редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Газет беттерінде Ә. Бөкейхановтың ауыз әдебиеті мен А. Байтұрсыновтың қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі еңбектеріне көп орын берілді.
1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татар және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газеті шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К. Тоғысов басшылық жасаған апталык «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап Семейде «Сарыарқа» апталық басылымы, «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Оралда - «Ұран» газеті, Ташкентте пантүріктік жене жәдит бағытындағы екі басылым - бас редакторы Мұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Ақмолада «Қазақ газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шыға бастады. 
 Кеңес мәдениеті
Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып жіберуге бағытталған болышевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары бірлестігі — кеңес халқы», сондай-ақ, «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды. Шын мәнінде, ең алдымен, мәдени туындының мазмұны ұлттық болып табылады. Өйткені мәдени қайраткерлер өз шығармашылығында нақтылы ұлттық көкейкесті мәселелерді көтереді; қаңдай абстрактылы шығарма болғанымен, оның тамыры этностық фольклордан, халықтық педагогика, этика, дүниетанымнан нәр алады. Жоғарыдағы «социалистік» мазмұнды көмкерген ұлттық форманы Сталин тек тілге әкеп тіреген. Олай болса, өз ұлтының тарих-талғамын орыс тілінде жазған Ш. Айтматов пен О. Сүлейменовты қалайша ұлттық мәдениеттен аластаймыз. Әдеби тілден басқа әр этностың өзіндік рәміздері, таңбалары, музыка, театр, көркемөнер тілі бар. Әр этностың төлтума мәдениетіне үлкен нұқсан келтірген большевиктік «тәжірибелердің» бірі — ұлтаралық некелесуді дәріптеу. Әрине, табиғи-тарихи жағдайларда бұл — прогрессивті процесс, дүниежүзілік мәдени сұхбаттасу ағынының бір бұлағы. Әр түрлі этностардың, тіпті нәсілдердің араласуы нәтижесінде қазіргі әлемде көрнекті рөл атқаратын американдар, бразилиялықтар, мексикандар, үнділер сияқты халықтар қалыптасты. Этнобиологиялық және этноинтеграциялық тұтастануды оқшаулану деп түсінудің ауылы ақиқаттан алыс. Алайда Кеңес Одағында бұл процесс өктемділікпен жүргізіліп, империядағы басқа халықтарды орыстандыру саясатында өтті. Саяси-идеологиялық ұрандардың желеуімен 200-ден астам этностар араластырылып жіберілді. «Нәтижесінде жүзге тарта төлтума мәдениет мәңгілік жоқ болып, жұмыр жердің мәдени-рухани болмысы солғын тартты. Осынау жойқын да жойдасыз қасіреттің орнында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан төлтума мәдениетін әбден таптап, химералық күйге жеткен 300 миллион тобыр қалды; басқа ұлтпен некелескен 60 миллион дүбара қалды; 60 мың тірі жетім балалар қалды (тіркеуге алынғаны ғана); абақтының тұрақты тұрғындарының саны 20 миллионға жетті». (Тарақты А. Ауызша тарихнама — Қазақ, 36-бет). Шын мәнінде, Кеңес Одағы маргиналдар қоғамына айналды.
Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын», «Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тыйым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі — домбыраны феодализмге апарып тіркеу. Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясаты тек кеңестік ұлттарды «тазалаумен» шектелген жоқ. «Жаңа коммунистік мәдениетті қалыптастыру» дегенді басшылыққа алған партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады. Белгілі «темір пердемен» қоршалып қойылған КСРО-да таза пролетарлық мәдениет дәріптелді; бүкіл Батыс — буржуазиялық, ал Шығыс — ескішіл феодалдық деп жарияланды. Мұның бір дәлелі — Отан соғысынан кейін сталинизмнің жүргізген шаралары. «Космополиттік мәдениет», «империализм ықпалдарына түскен» ғылымдар қатарына кибернетика, генетика, тілтану т.б. қойылды.
Қорытынды
Қорытып айтқанда, большевиктік «мәдени революция» Жер шарының 76 бөлігінде «кеңестік адам» атты, бұрын-сонды болмаған, адамдардың айрықша түрін қалыптастыруға бағытталды. Бұл туралы Шыңғыс Айтматов шеберлікпен суреттеген мәңгүрт бейнесін еске алайық. Тарихи дәстүрден мүлдем айырылған, тіпті өз анасын өлтіруге дайын мәңгүрттер қаптап кетті. Жас жеткіншектерге үлгі ретінде ұсынылған Павлик Морозов өз әкесін сатқан адам.
Әрине, ширек ғасырға созылған бүкіл осы кезеңді тек қара бояумен суреттеуден аулақпыз. Қазақстанда кеңес өкіметі жылдарында мәдени салада едәуір жетістіктер де болды. Партия саясатын түсіну үшін елге «көзі ашық», сауатты азаматтар керек еді. Ресей сияқты бұрын негізінен сауатсыз империяда халыққа білім беру жүйесі бірталай табыстарға жетті. Әрбір одақтық республика өз Ғылым Академияларына, мемлекеттік университеттеріне, институттарына ие болды. Жоғары басқару жүйелері негізінен орыстарға сүйенгенімен «жергілікті ұлт өкілдеріне» мұқтаж еді. Оларды даярлау Ресейдің орталық аудандарында жүргізілді. Мұның нәтижесінде көптеген ұлт өкілдерінің еуропалық мәдениет және білімге қолдары жетті. Баспасөз, газет-журналдар шығару, радио хабарларын тарату, теледидар, кезінде «отарба», «сиқырлы машина» деп жүретін ауыл тұрғындарына жете бастады. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет, драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи түсті. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара, кәсіпқой сахна жүлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді. XIX ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес Өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер суреттей білді. Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп-білуге бағытталған біршама әрекеттер жасалды. Бұл ретте қазақ эпосының негізінде көрермендерге ұсынылған «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қалқаман — Мамыр» сияқты опера, көркем фильм, балеттерді атап өтуге болады. Тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау, Қазақстан тарихын көрсету мақсаттарында республикада көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. 80-жылдарда республикада 47 мұражай, оның ішінде 29 өлкетану, 5 тарихи-мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4 өнертану, 1 этнографиялық музей жұмыс істеді. Алайда тоталитарлық жүйе Қазақстан халықтарының мәдени толысуына ынталы емес еді. Мұны, әсіресе, мәдениеттің өзегі тіл мен дінге байланысты жүргізілген саясаттан көруге болады. «Феодализм мен алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтарымен күресуді» желеу еткен Орталық 20-жылдардан бастап мешіт пен медресе мүлкін тәркілеп, діни өкілдерді қуғынға ұшыратты. Ондаған түрік халықтары алдымен латын, кейін славян алфавитіне көшірілді. 1927—1928 жылдары билер соты жойылып, дәстүрлік заңдар жарамсыз деп жарияланды. Мәдениеттің таза партиялылығын жоғарыдан бақылаушы ұйымдар қатты қадағалап отырды. Баслит (цензура) мен Басрепертком баспасөз бен театрларда социализм идеяларына сәйкес келмейтін шығармаларға тыйым салды. 1991 жылдан бастап Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Ата заң бойынша, ол қазақ халқының өзін-өзі билейтін елі және басқа этникалық топтарға тең құқықтықты қамтамасыз етеді. Екі ғасырдан артық қилы заман Бұғалығын басынан өткізген ел енді ғана өзіне тән мәдениет пен өркениетті қалыптастыруға мүмкіндік алды.
41. Тың игеру саясаты және оның зардаптары.
Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.
1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.
1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.
1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га). 2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. 4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. 5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті. 6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. 8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. 2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. 5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды. 6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды. 7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. 8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. 9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. 10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
42. Түрік халқының рухани мәдениеті
Әл-Фараби
Әл-Фараби өзінің трактаттарын сол замандағы рухани-ғылыми құрал саналған араб тілінде жазғанымен, өз отанының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетінен әрқашан нәр алып отырған. Әл-Фарабидің ұлылығы оның өз отанының мәдени көңіл-қалпына ирандық, үнділік және антикалық мәдениеттерді ұштастыра білуі. Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен араб мәдениетінің мына 4 тармағына байланысты:
1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәлелдеу).
2. Шариғат (мұсылмандық тұрмыс-салт заңдары).
3. Тарихат (Аллаға қызмет өткен әулиелер өмірі).
4. Маарифат (білімділік, парасаттылық идеялары).
Мыңжылдар тарихы бар Иран өркениетін бұл елді жаулап алған арабтар, осы мәдениеттегі өте терең парсылық әдебиетті меңгеру жолын әдеп деп түсінді. Әдепке жататын шығармалар өзінің қарапайымдылығымен, түсініктілігімен, ой ұшқырлығымен адамды баурап алады. Әдепті адам ілімін әл-Фараби өзіне тән гуманистік тұрғыдан қарастырады және осындай адамдағы бірінші қасиет деп оның парасаттылығын көрсетеді. Оның шығармаларында кездесетін адамды «хайуани ақли» (ақылды жан) деп анықтау кейінгі еуропалық ағартушылықтағы Homo sapiens-ке сабақтас. Ақылды жанмен қатар әл-Фараби еңбектерінде адамды «Хайуани мадани» (мәдениетті жан) деп анықтаудың да терең сыры бар. Осындай тұлғалық деңгейге ең алдымен ел басшысы көтерілуі керек. Ол өзінің аңдағыш қасиеті арқасында дана, философ, кемеңгер, парасат иесі болып шығады, ал оның қиялдау қабілетіне қасиет дарыған адам пайғамбар, сәуегей және өмірдегі оқиғаларды түсінгіш, білгір болып көрінеді, — міне, осының бәрі оның тәңірілікті танып білетін болмысының шарапаты. Мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Бақыт жолын сілтеу», «Ақылдың мәні туралы», «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Бақытқа жету жайында» ж.т.б. трактаттарында жан-жақты талдаған. Оның жиі қолданатын ұғымы — «қала». Қаланы әл-Фараби жай ғана қоныс, тұрғын жер деп түсінбей, оны адамдардың мәдени топтары, мемлекет мағынасында қолданады. Бұрын айтып кеткеніміздей, тіліміздегі мәдениет ұғымының арабшасы «маданият», мадина, яғни қала сөздерімен түбірлес. Ӏзгілер қаласының тұрғындары, ұлы ұстаздың ойынша, өздерінің инабаттылығымен, әділеттілігімен, білімділігімен, өнер сүйгіштігімен көзге түседі
Жалпы алғанда, әл-Фараби — Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алады. Оның рухани мұрасы өзінің ұлы ізбасарлары ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т.б. суалмайтын қайнар болды.
Сопылық
Шығыс Ренессансы туралы сөз еткенде оның тағы бір бастауы сопылық бағыт (суфизм) жөнінде айтпай кетуге болмайды. Қазақстан жеріндегі ұлы ғұламалар Жүсіп Баласағұн, Сүлеймен Бақырғани, әсіресе, Қожа Ахмет Иассауи шығармашылығында сопылық сарын үлкен орын алған. Онан соң Ренессанс идеясын тек Платон мен Аристотельдің шығыстық ізбасарлары қолдады деу де сыңаржақтылық. Сопылық бағыт ислам әлемінде о баста ресми дінге қарсы оппозициялық қозғалыс ретінде туады. «Суфь» термині арабтың «жүн шекпен» деген сөзіне орайластырып алынған. Сопылар — киім талғамайтын, бар ойы руханилық төңірегіндегі тақуа адамдар. Сопылық бағыттың тарауының бір себебі, әуелде ой бостандығын шектемеген араб халифаттарында X ғасырдан бастап фанатиктер күшейе береді, олар Құранға қарсы деп әр түрлі ағым өкілдерін қуғынға ұшыратады. Әсіресе, Иран, түрік және үнділердің көне мәдениетінен қалған мұралар Алла сөзіне жат деп жарияланады. Осы қуғын салдарынан Иран, Араб жерлерінен көптеген сопылар (өздерін дәруіштер деп атаған) Түркістан жеріне қарай ағылады. Орта Азияда 300—400 мың дәруіш пайда болды. Сопылар Құдайды парасатпен емес, жүрекпен түсіну керек деп жариялайды. Осы бағыттың көрнекті өкілі, кейін мұсылман пірлерінің біріне айналған — Қожа Ахмет Иассауи. Оның ең үлкен жетістігі ғасырлар бойы қалыптасқан бай түрік мәдениетін мұсылман өркениетімен шебер байланыстыруында жатыр.
Қожа Ахмет Иассауи
Қожа Ахмет Иассауи жазған негізгі шығарма — «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы»), Қожа Ахметтің өмірде жасаған бір ерлігі оның 63 жасқа келгеннен кейін, «пайғамбар жасына жеттім, одан әрі өмір сүру, жарық дүниені көру күнә» деп бар байлығын мүсәпірлерге таратып, өз еркімен жер астындағы үңгірде тіршілік етуімен байланысты. Оның пәк өміріне риза болған атақты Ақсақ Темір ғажайып Қожа Ахмет Иассауи ғимаратын салдырды. Иассауи туралы Ыбырай Алтынсаринның берген бағасын келтірейік: «Муштафид Ғұламалар арасындағы ұлықтары төртеу: имам Ағзам, имам Мәлік, имам Шафиғ, имам Ахмед Ханбал Яссауи. Бұл төртеуі шариғат мәнісін толық тексеріп, халыққа түсіндіріп берді». (Мұсылманшылдықтың белгісі. — Алматы, 1991. — 22-бет). Шығыс перипатетиктері — ақыл-ойды жоғары қойып, трактаттар жазса, сопылық бағыт мәдениеттің поэзиялық әдісімен өз ойларын насихаттаған. Есімдері әлемге белгілі Омар Хайям, Сағди, Хафиз, Низами, Руми тәрізді ақындар сопылықтың гуманистік идеяларын пайдаланып, ғажайып дастандар жазғаны белгілі. Олардың қатарында өзінің тиесілі орнын алатын, түрік тілдес халықтардың ортақ өкілі Иассауиға тоталитарлық жүйе кезінде мистик ақын деген айдар тағылып, халық мәдениетінен шеттетуге әрекеттер жасалды. Шын мәнісінде, суфийлік ағымды керітартпа мистикалық ілім деу қате. Философиялық суфийлік ағымның негізін салушыларға әл-Ғазали мен ибн-Араби жатады. Олардың ілімі бойынша, мәдениеттілік дегеніміз жан-жақты жетілген, толыққанды адамды үлгі-өнеге етіп қабылдау. Сопылық бағытттағы тағы бір гуманистік идея — ғарыш пен адамның тұтастығы. Кемеңгер, жетілген адамдар тұратын ғарьш мүмкін әлемнің ең жақсысы болып есептеледі. Осы тамаша ғарыш адам арқылы өз шегіне жетеді. Өйткені, адам — ғарыштың нұсқасы. Ежелгі гректердегі микродүние мен макродүниенің арасындағы үйлесімділік идеясы араб-парсы-түрік Ренессансында да осындай өз көрінісін табады. Құдай мен адамның арасындағы алшақтықты жоюға ұмтылған сопы-шайырлардағы негізгі күш — махаббат. «Диуани хикметте» Қожа Ахмет дүниенің тірегі деп Адам мен Махаббатты алады. Әл-Фараби өзі іздеген «Қайырымдылар қаласын» махаббат пен сүйіспеншілік үстемдік еткен, ақылды ел басы, әділетті заңдары, бақытты тұрғындары бар «Гүлстаннан» табады. Гүлстанға жетудің жолын халықтағы ізгі қасиеттер мен адамгершілікті дәріптеп, жамандықтан арылудан көреді:
Жүсіп Баласағұн
Қазақстан жеріндегі Ренессанс көріністердің бірі — Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі». Осыдан IX ғасыр бұрын жазылған (1069—1070 ж.) бұл дастанда түрік мәдениетінің негізгі нышандары айқындалып, бақытты өмір сүру мұраттары түжырымдалады. Жүсіп Баласағұн Хас-Хаджибтің бұл еңбегін шын мәнісінде ортағасырлық түрік мәдениетінің энциклопедиясы деп қарастыруға болады. Жүсіп Баласағұн Шығыс Ренессансының кемелденген кезінде өмір сүрген және әл-Фараби бастаған Шығыс перипатетикасынан, әрі сопылық поэзиядан нәр алған. Сондықтан оны белгілі бір мәдениет ағымына үзілді-кесілді қоса салу дұрыс емес. Ол өзіндік бір дәстүр бастаған ұлы тұлғалардың қатарына жатады. Тарихи-мәдени ағын талай арнадан қуат алады. «Құтадғу білік» («Құтты білік») — 6520 бәйіттен тұратын философиялық-тәлімдік шығарма. Дастанның аты Жүсіп Баласағұнның өмір тірегі құт, яғни парасатты, нұрлы өмір деген басты принципіне сүйенген. Жүсіп Баласағұнның түп-тамырларын тек Ренессанс идеяларынан ғана емес, ең алдымен тағдыры ұқсас түрік халықтарының мәдени мұралары төңірегінен іздеу керек. Яғни, «Құтты білік», кейбіреулердің айтатынындай, араб-парсы әдебиетінің көшірмесі емес. Дастанда X—XI ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері көп жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірілік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнтуды — әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне «Кұлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») жазуларынан басталып, әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, мұрат тұлғаның бастысы. Келесі кейіпкер әділ патшаның уәзірі, ақыл-парасаттылықтың иесі, елге бақ-дәулет, яғни құт өкелетін Айтолды бейнесі арқылы ашылған. Күн мен Ай қашаннан Кіндік Азия халықтарының пір тұтқан күш-қуаттары еді. Уәзірдің ақылды ұлы Үғділміш — осы мәдениетке тән білімділік пен парасаттылықтың көрінісі. Әдеп пен тертіп, байсалдылық Үғділміш бейнесінде философиялық тәсілмен суреттелген. Төртінші бейне — дәруіш Одғұрміш. Бұл жерде бірнеше терең ой айтылған. Ұғыну (Үғдүлміш) пен Жүрекоттың (Одғұрміш) сүхбаттасуы бүкіл араб-парсы-түріктегі мәдени өрлеу дәуірін толғандырған нағыз дүниетанымдық ізденіс еді. Ақыл мен сезімталдықтың, парасат пен түсінушіліктің, ақиқат пен махаббаттың арасындағы үйлесімділік тек Еуропа ғалымдарын ғана емес, сонымен бірге Шығыс ғұламаларын да көп толғандырған. Деруіш Одғұрміш өзін Жерұйыққа — хан сарайына қаншама шақырғанмен өзінің қасиетті әлемі — бас бостандығынан айырылғысы келмейді. Күнтуды үшінші рет шақырғанда ғана, сопы дәруіш сұхбаттасу мақсатымен хан сарайына келеді. Бұл жерде үлкен мәдени сыр жатыр және осыны түсіне білген Жүсіп Баласағұн адамзаттың өркениетті болашағына терең болжам айтқан. Хан сұрақтарына дұрыс жауап бере білген Одғұрміш пендешілік ләззаттардың желегіне ермей, ескі дорбасын қайтадан асынып, тау-тасты аралап кетеді. Бұл мистика да, аскеттік те емес. Қайта рухани тәкаппарлықтың жеңісі. Күнделікті пендешілік өмір тауға тас көтеріп, беталды әуре болатын Сизифтің әрекеті сияқты. Бақытқа жету жолы байлық жинау емес, басқаны алдау емес екендігін бұдан талай ғасырлар бұрын ата-бабаларымыз білген. Дәруіш-сопылар ерлігіне таң қала отырып, Жүсіп Баласағұн, алайда, бақытқа жетудің негізгі құралы деп парасаттылыққа тоқталады: Ақыл — шырақ, кара түнді ашатын, Білім — жарық, нұрын саған шашатын... Ақыл болса, асыл болар — болса ер, Білім болса, бектік қылар — қылса ер. Ақыл кімде болса — болар асыл ол, Білім кімде болса — бек һом басың ол. Акылымен кісі асыл атанар, Бекке ел ісі білімімен жасалар. Талай ізгі іс атқарылды ақылмен... Сөйтіп, Жүсіп Баласағұн қазақ және басқа туысқан түрік халықтарының рухани өрлеуіне үлкен үлес қосқан ғұламалардың бірі. Оның мұрасы — алтын қазына.
Махмұд Қашқари
Түрік тайпалары Шығыс Ренессансының жай ғана шеткі аймағы емес екенінің бір куәсі — Махмұд Қашқаридың (XI ғ.) «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты туындысы. Бұл сөздікті тек тілтанулық құрал демей, сонымен бірге ортағасырлық түрік мәдениетінің озық өркениетке қосқан бір үлесі деп қарастырған жөн. Мұсылман әлемін баурап алған мәдениетке өзін әлемге таныту қажеттігі туды. Оны Махмұд өзінің теңдесі жоқ шығармасында ойдағыдай жүзеге асырады. Махмұд Қашқаридың негізгі зерттеген мәселесі — түрік тайпаларының мәдениеті. Осы мақсатпен ол бүкіл түрік тайпалары мекендеген кеңістікті аралап шықты. «Мен түріктер, түрікмендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар, қырғыздардың шаһарларын, қыстақ пен жайлауларын көп жылдар кезіп (аралап) шықтым, лүғаттарын жинадым, түрлі сөз қасиеттерін үйреніп, анықтадым. Мен бұл істерді тіл білмегенім үшін емес, қайта бұл тілдердегі әрбір кішігірім айырмашылықтарды да анықтау үшін істедім. Әйтпесе мен тілде олардың ең білгір адамдарынан, ең үлкен мамандарынан, көрегендерінен, тайпаларынан шыққан, соғыс істерінде мықты найзагерлерінен едім. Оларға ден қойғаным сондай, түріктер, түрікмендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар және қырғыз тайпаларының тілдері түгелдей көңіліме қонып, жатталып қалды. Солардың бәрін мұқият бір негізде жүйеге салдым». (Жаз бен қыстың айтысы. — Алматы, 1985. — 9-бет). Лүғатта тек Қарахандар мемлекетінің мәдени өмірі ғана емес, сонымен бірге ежелгі дәуірден келе жатқан түрік мәдениетіндегі миф-аңыздар, тұрмыс-салт ерекшеліктері, түріктердің Көк тәңірісі мен Күнге табынуы, табиғат құбылыстары тамаша суреттелген. Махмұд Қашқариды халық эпосын жазбаша түрік мәдениетінде алғашқы зерттеген ғұлама деп бағалауға болады
43. Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек.
Хандықтың құрылуы. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.
1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады» . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала бастады..
Қазақ хандығының нығаюы. Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті – қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады.
Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды: 1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді. 2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын. 3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.
Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті – Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілқайыр хан еді. 1468 жылы қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа атанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілқайырдың қаза болуы қазақ хандығының ңығайуына және территорияның көлемінің кеңеуіне үлкен себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның елігінде қиян-кескі феодалдық қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының» шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Жәнібек бұдан 12 жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қоңысы Шығыс Дешті-Қыпшаққа қайта оралды. Қазақ хандары Әбілхайыр ханың мұрагерлеріне қарсы күресті. Олардың саяси қарсыластары- Ахмед хан мен Махмұд Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан мен сондай-ақ Ноғай одағын билеген мырзалармен одақтасып, бірге күрес жүргізді.
Әбілхайыр ханың орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар бұл күресте мүлде жеңіліп, өлтірілді, ал Әбілхайырдың немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд султан Астраханға барып паналады. Әбілқайыр ханның мұрагерлермен күресте толық жеңіске жеткен қазақ хандығы Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті –Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп, қазақ хандығының территориясын әлқайда кеңейіп, нығайды. Оған тұс-түсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.
Алайда, Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани мен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Ол осы соғыстарда бірде Әмір-Темір әулетіне, бірде ноғай мырзаларына, ақырында Моғолстан хандарына сүйенді.
XV ғасырдың ақырында Отырар Яса (Түркестан) Орхон, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниге қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Туркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігіне қалды. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы султан Махмұд биледі.
Қазақ хандары Дешті –Қыпшақты басып алуға умтылғандардың бірінен соң бірін жеңіп, өз иеліктерін едәуір ұлғайтты. Қазақ хандығының нығайюы Шайбани ханды Шығыс Дешті –Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігінен Мауараннахрға ығысуға мәжбүр етті. Ол 1500 жылы ондағы Әмір Темір әулетін талқандап, Мауараннахрды жаулап алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мауараннахрға енген көшпелі тайпалар бірте – бірте жергілікті отырықшы халыққа сіңіп, олардың тілі мен мәдениетін қабылдап, өздерінің бұрынғы Дешті –Қыпшақтағы өзгешіліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл көшпелі тайпалар Дешті –Қыпшақтан ала келген «өзбек» деген атау бірте-бірте Мауараннахрдың байырғы тұрғындарына жалпыласты. Бірақ олар «өзбек» деген аты болмаса, жергілікті халықтың тұрмыс- тіршілігіне ықпал жасай алмаған.
XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани ханның Дешті –Қыпшақтан ығысып жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, әсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ хандығының жерін кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау қола ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында қолданылған «өзбек- қазақ» деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. «Қазақ» термині бірте-бірте Шығыс Дешті –Қыпшақ пен Жетісада қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниге еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды.
44. «Невада – Семей» қозғалысы
Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Антиядролық қозғалыстың күш-жігері арқасында 1989 жылы жоспарланған 18 ядролық сынақ саны 7-ге дейін азайтылды. Ең соңғы ядролық сынақ осы жылдың 19 қазанында жасалды. Антиядролық қозғалысқа қатысушы Қарағандының 130 мың шахтері егер ядролық сынақ тоқтамаған жағдайда мерзімі шектеусіз ереуілге шығатындарын мәлімдеген болатын. Оларды Семей, Павлодар, Өскемен, Жезқазған жұмысшылары және сондай-ақ Жоғарғы Кеңес қолдады. 
«Невада-Семей» антиядролық қозғалысы Семей қаласындағы бөлімшесінің 1989-2000 жылдары алғашқы төрағасы болған Марат Мауытқанұлы Оразалин қозғалыстың құрылған кездерін былай деп еске алады:
-1989 жылы ақпанның 12-і мен 18-і күндері әскерилер ешкімге ескертпей, Семей полигонында атом бомбасының сынағын өткізді. Сынақ кезінде жердің жарығынан оқшау (инертті) газдар ауаға бөлініп шыққан екен. Улы газ алдымен Курчатов қаласының маңындағы Шаған қаласын басып, артынан жел тұрып, газды Алтай өңіріне айдап әкетеді. Бұл жайтты естіген сол кездегі Қазақ КСР Коммунистік партиясының Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев КСРО Орталық комитетіне сынақты тоқтатып, сол жердің халқына көмек көрсетуді талап еткен мазмұнда шифрограмма жібереді. Бұл атом қаруының сыналуына қарсы ашық түрде жасалған шаралардың бірі болатын. Сол кездері Семей облысының атынан КСРО депутаттарының I съезіне қатысқалы отырған О.Сүлейменов 1989 жылы 28 ақпанда ядролық сынаққа қарсы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын құру туралы үндеу тастады. Біз де, яғни семейліктер де қолды қусырып отыра алмадық. Дереу Семейдің медициналық институтының партия комитетіне жиналып, «Невада -Семей» антиядролық қозғалысының обылыстық бөлімшесін құрдық. Мені бөлімшенің төрағасы етіп сайлады. Ол кезде мединицалық институттың партия комитеті хатшысы лауазымынан босатылған едім. Қозғалыстың құрылғандағы мақсаты біріншіден, халықты ояту, екіншіден, полигонды жабу, үшіншіден, зардап шегіп отырған халыққа көмек көрсету туралы заңның қабылдануы үшін әрекеттер жасау болатын. Әрине, бүгін қозғалыстың алға қойған мақсаттары толықтай орындалды. 1991 жылы Президент Н. Назарбаевтың Қаулысымен полигон толықтай жабылды. Кейіннен 29 тамыз – халықаралық ядролық қаруға қарсы күрес күні болып бекітілді, Қазақстан ядролық қарудан бас тартты. 
1991 жылы Семей қаласында өткен митинг. Оң жақтан екінші ақын Олжас Сүлейменов. Тарихқа көз салсақ Олжас Омарұлы 1989 жылы КСРО Жоғары Кеңесі депутаттығына үміткер болған.Және дәл сол жылы 25 ақпанда ол Алматыдағы көп адам жиналған митингте  барлық қоғамдық, шығармашылық, діни ұйымдар мен советтік бейбітшілік қорғау Комитетіне, халықаралық «Жасыл әлем» ұйымына, «Адамзатты аман алып қалу» халықаралық қорының Комитетіне, Невада штатында (АҚШ) сынақтарға тыйым салу қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып, Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтатуды талап еткен.
Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы Жарлығы – 1991 жылдың 29 тамызы күні шықты. Сөйтіп тиянақтылық пен табандылық танытқан қазақ халқы өз мақсатына жетті.
Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бөлімшелері құрылған. 
Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру» қарарын қабылдады
Семей сынағының құрбаны - белгілі суретші, АТОМ жобасының Құрметті Елшісі Кәріпбек Күйіков. Тағдыр тәлкегіне ұшыраса да мойымаған ол қылқаламын тісіне серік етіп, ядролық сынақ зардабын бейнелейтін туындыларын майлы бояумен кенеп бетіне түсіріп келеді. Сұхбаттарын оқып отырып ұққанымыз ол, әлі күнге дейін түнде түсіне кірген қызыл жалын "саңырауқұлақтан" шошып оянады екен. Сонымен қоса ол АТОМ жобасы аясында АҚШ, Голландия, Норвегия, Германия, Австрия, Швейцария секілді бірнеше елдерде өз көрмесін өткізіп үлгерген. Өз сөзімен айтсақ ол ядролық сынақ зардабын шет елдерге дәріптеп сынақтың соңғы құрбаны болу.
Бүгінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 29-тамыз халықаралық ядролық сынаққа қарсы күн болып белгіленді. Еліміз бейбітшілік сүйгіш саясатымен әлемдік қоғамдастықта өзіндік орнын алған елдердің санатында танылып келеді. 
Сонымен қатар Елбасының бастамасымен Ядролық қарусыз әлем құруға бағытталған АТОМ жобасы жүзеге асырылуда. Жоба әлем басшыларына Ядролық қару сынақтарын тоқтатуына ықпал ету; Ядролық қару сынақтарын әлем бойынша жоюға бағытталған келісімінің заңды құралы ретінде күшіне енуін қамтамасыз ету үшін, Петицияны Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы келісімге қол қоймаған немесе келісімшартты бекітпеген ядролық ірі мемлекеттерге ұсыну бағыты бойынша сәтті жұмыс жасап келеді. Жоба туралы толығырақ
45. Қазақ хандығының 16-17 ғ. Саяси жағдайы
Қасым ханның сыртқы саясаты. Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейтесті мүдесі еді.
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты. Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды.
Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Европаға мәлім болды.
Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.
Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды.
Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.
Құқық (право). Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.
Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау:1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері). 2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар). 3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.). 4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері). 5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.
Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарихи – Рашиди») атты кітабында: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» - дейді.
Сонымен, Қасым хан тұсында қазақ хандығы саяси экономикалық жағынан күшейіп нығайды . Оның тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Батыс Европаға, Руське мәлім болды. Русьпен дипломатиялық байланыс жасалды, ол байланыс осы күндері жалғасып отыр.
Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі . Хақназар хан (1538-1580 жж).
Қасым ханнан кейінгі қазақ хандығының саяси жағдайы.
Қасым хан тұсында қазақ хандығының нығайғанына қарамастан , ол әлі орталықтанған мемлекет бола қоймады, мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалды.
Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң, оның мұрагерлері арасында өкімет билігіне таласқан ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар туды. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықтың жай – күйіне қатты батты. Қазақ билеушілеріне қарсы монғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты.
Өзара қырқысу кезінде Қасым ханның мұрагері Мамаш көп ұзамай қаза тапты. Бұдан соң Қасымның немере інісі Тахир хан болды (1523-1533 жж.).
Тахир хан әскери – саяси істеріне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ, қол астындағыларға қатал,қытымыр адам болды.Ол ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстарды тия алмады, бұған қарамастан төңіректегі елдердің бәрімен жауласты. Қазақ хандығымен үнемі дүшпандасып жатқан Шайбани әулетімен ғана емес, қазақ хандығының сенімді одақтасы болып келкен Ноғай ордасындағы маңғыт мырзаларымен де, Моғолстан хандарымен де жауласты.
Ішкі саясатта халыққа рақымсыз қаталдық істеу, сыртқы саясатта дос пен қасты айырмай төңіректің төрт бұрышымен түгел жау болу оны жеңіліске ұшыратты.
Тахир хан қазақ хандығының барлық жеріне түгел билік жүргізе алмады. Оның тұсында феодалдық қанаудың күшеюінен, оның үстіне Тахирдің қол астындағыларына қаталдығына наразы болған халықтар үнемі одан айырылып көшіп кетіп отырды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуынша: алғашқы Тахир хан қол астына Қарахан 1 миллион адамнан кейін 400 мыңдай адам қалған, бастапқыдағы он лек әскерден кейін 2 лек әскер қалған екен .
1533 жылы Тахир хан қайтыс болғаннан соң, қазақ хандығына Бұйдаш (1533-1534 жж.) хан болды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстар Бұйдаш хан тұсында да туып отырды. Сөйтіп, қазақ хандығы әбден әлсіреп, бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді. Мәселен, Қазақстанның батыс аудандарында Ахмед хан, Жетісуда Тоғам хан болғаны белгілі. Міне, бұл Қасым хан қайтыс болған соң туылған ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар салдарынан қазақ хандығының 3 бөлікке бөлініп кеткендігінің белгісі.
Сөйтіп, Қасым хан қайтыс болған соң қазақ хандығына туылған саяси дағдырыс 15 жылға созылды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстардың ауыртпалығы және күн санап күшейген феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын қатты күйзелтті. Сонымен қатар қазақ хандығын да әбден әлсіретті.
Хақназар (Ақназар) хан. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып,біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайта біріктірді.
Ноғай ордасындағы феодалдық топтардың күресін пайдалана отырып, Хақназар ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алып, Жайық өзенінің сол жағындағы территорияны қосып алды. 1557 жылы ноғай мырзасы Исмаил орыс патшасы IV Иванға менің немерелерім, туыстарым Жайықтың арғы бетінде қалып, қазақ ханына қосылып кетті деп хабарлады* (Вельяминов –Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах, ч.2, с.333). Жайық өзеніне жапсарлас жатқан дала үшін күрес XVI ғасырдың 60-шы жылдарында да жалғаса берді. 1568 жылы орыс патшасы Ноғай ордасына жіберген Семен Мальцев “Ақназар патша мен Шығай ханзадының және Жалым ханзаданың қазақ ордалары және олармен бірге 20 ханзада Ноғайға келіп , ұрыс болды ”, - деп хабарлады. Бұл жеңістің нәтижесінде Ноғай жерлерінің бір бөлігі Хақназардың билігіне көшіп, қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы “Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы” деп атаған.
XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай ордасы ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай ордасына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұл Қазақ хандығының қазақ тайпаларының және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолында Хақназар ханның жасаған жеңісті қадамдарының бірі еді.
Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің Қазақ хандығына қосылуы хандықтың Батыс – солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде Қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моғол билеушілері мен Қазақ хандығы арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Сырдария бойындағы Қазақ хандығының үнемі жауласып келген МауараннахрдағыШайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азиядағы ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани Әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла екінші мен Қазақ ханы Хақназар қастаспай дос болып, өзаракөмектесу жөнінде «анттастық шарт» жасады, Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы маңызды болды.
Сонымен, Хақназар хан тұсында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың орта Азия халқымен сауда – саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар Қазақ хандығы нығайып, қайта дәуірлей түсті.
47.Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың жұмысы
1. Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестер
Посткеңестік кеңістіктегі интеграцияның ерекшеліктері. Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы (ТМД) Қазақстанның бастамасы. Алматы Декларациясы жəне ТМД-ның құрылуы. ТМД-ның даму жолдары жəне кезеңдері. Қатынастардың құқықтық негізінің қалыптасуы. ТМД шеңберіндегі дағдарысты құбылыстар. ТМД территориясындағы үш интеграциялық қауымдастық. Кедендік одақ жəне Біртұтас экономикалық кеңістік (1999). Аймақтық интеграцияның тереңдеуі. ТМД ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуы. ТМД елдері интеграциясының жаңа кезеңі.
2. Еуроазиялық Одақ құру идеясы жəне процессі
Құрылықтық интеграция мүмкіндігі. Н.Назарбаевтың Еуроазиялық одақ (ЕАО) құру жобасы. ЕАО-ның құрылуы. Оның қатысушылары. ЕАО-ның эволюциясы, оның ОАЭО қайта құрылуы. Кедендік одақ жəне біртұтас экономикалық кеңістік. ЕАО жобасының халықаралық ұйымға институциализациянуы. Орталық Азия елдерінің экономикалық интеграциясының бағдарламасы (1995-2000). ОАЭО-ның ОАО-ға айналуы. Негіздеуші құжаттары. Аймақтық экономикалық интеграция механизмдерін жетілдіру. Кедендік одақтың ЕуроАзЭҚ-ға айналуы. Еуроазиялық Экономикалық Қауымдастықтың - ЕурАзЭҚ құрылуы (қазан 2000).
1. Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының жағдайы жəне
перспективалары
Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылуы. Басшы қайраткерлердің ресчми сапарлары. Ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі. Қытайдағы этникалық сепаратизм мəселесі жəне Қазақстанның ұстанымы. БҰҰ, “Шанхай бестігі”, “СВМДА”, “Еуроазиялық экономикалық саммиті” шеңберіндегі Қазақстан мен Қытайдың
ынтымақтастығы. Шекара мəселесі. Азиялық қауіпсіздік мəселесі. Қытайдағы этникалық қазақтар мəселесі. Ертіс жəне Іле трансшекаралық өзендері мəселесі. Қазақстанның экономикалық жəне экологиялық мəселелері. Сауда-экономикалық ынтымақтастық. Екі елдің мұнай ынтымақтастығы. Гуманитарлық жəне мəдени ынтымақтастық. Қазақстан-қытай қатынастарының перспективалары.
3. Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерімен өзара
қарым-қатынастары
Аймақ елдерімен дипломатиялық қатынастар орнату процессі. Қазақстан Республикасының Вьетнаммен дипломатиялық қатынас орнатуы (1992). Қатынастардың келісімдік-құқықтық негізі. Қазақстан-Вьетнам байланыстарының перспективалы бағыттары.
Малайзиямен дипломатиялық қатынас орнатуы. Жаң тəуелсіз мемлекеттерге техникалық көмек көрсету бағдарламасы. Малайзиямен сауда-экономикалық байланыстарды белсендіру. Индонезия, Таиланд Корольдігі, Сингапурмен дипломатиялық қатынастар орнатуы. Өзара қарым-қатынастардың басты бағыттары мен принциптері. Ынтымақтастықтың салалары. СВМДА-ны шақыру жөніндегі Қазақстанның бастамасын қолдауы.
4. Қазақстан-Жапония қатынастары
Дипломатиялық қатынастардың орнатылуы. Басшы қайраткерлердің ресми кездесулері мен сапарлары. Ынтымақтастықтың негізгі салалары. Қазақстанның Жапониямен экономикалық ынтымақтастығы. Жапонияның Қазақстандағы инвестициялық ынтымақтастығы. Ғылым мен техника салаларындағы ынтымақтастық. Жапонияның Қауіпсіздік Кеңесі құрамына тұрақты мүше болып енуі мəселесіндегі Қазақстанның ұстанымы. СВМДА-ны шақыру жөніндегі дайындық процессіне Жапонияның қатысуы.
Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешуге Жапонияның қатысуы. Жапония үкіметінің Қазақстанға гуманитарлық көмегі. Қазақстан-Жапония мəдени байланыстары.
5. Қазақстанның Корея Республикасы жəне КХДР-мен қатынастары
Корея Республикасымен дипломатиялық қатынастың орнатылуы. Басшы қайраткерлердің ресми жəне жұмыс сапарлары. Ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі. Қазақстандағы корей диаспорасы. Халықаралық ұйымдардағы Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасының өзара қимылы. СВМДА процессіне Корей Республикасының ұстанымы.
Қазақстан-Оңтүстік Корея экономикалық ынтымақтастығы. Қазақстан Республикасы мен Корея Халық Демократиялық
Республикасы арасында дипломатиялық қатынастың орнатылуы. Басшы қайраткерлердің ресми сапарлары. Ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі. Қазақстанның КХДР-мен мəдени байланыстары.
Официальное название: Совещание по взаимодействию и мерам доверия в Азии (СВМДА). Дата учреждения: 5 октября 1992 года – выдвижение инициативы о созыве СВМДА Президентом РК Н.Назарбаевым в ходе 47-ой сессии Генеральной Ассамблеи Организации Объединенных Наций (ГА ООН).Статус: межгосударственный форум для диалога, консультаций, принятия решений и осуществления мер на основе консенсуса по проблемам, касающимся безопасности в Азии, наблюдатель при ГА ООН (декабрь 2007 г.).
48. XVI-XVIII ғасырлардағы Қазақ халқының мәдениеті
Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді.
Бұл кезде оңтүстік Қазақстан қалаларының, Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынасы кеңейе түсті. XVI-XVIII ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т. б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді.
Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленді
Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытылып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті.
XVI-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды. Ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың әсіресе көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.
XVI-XVIII ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т. б. жыраулар.
Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.
Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен XVI-XVIII ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыс-тартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады.
Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырып салма айту мен шешендік сөз арқылы өзара айтыстың тамаша шеберлері болған. XVI-XVIIIғасырларда би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665–1765), және Әйтеке Байбекұлы (1682–1766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.
Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир-ад-дин Бабырдың «Бабырнамасын», Камалад-дин Бинайдың «Шайбани-намесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиін», Қожамқұл бек Бахидің «Тарих-и-Қыпшағын», Қадырғали «Жами-ат-таварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады.
Бұл кезде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта және Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб-мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мектептер мен медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліп-биін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әр түрлі салалары "дін ілімі, математика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды. Мұның бәрі қазақ халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады.
Сонымен, XVI-XVIII ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді.
49. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.
Оның себептері:1) Монархияның ауыр мұрасы 2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді. 3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.
Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.
1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды.
Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған.
Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді.
Қазақстандағы ұлттық үкіметтер.
1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде атаман Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.
1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған мұсылман депуттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Камиссар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көз – қарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ»,- деп мәлімдеді.
1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған Бүкіл Түркістандық IV съезінде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басты қызметін Мұстафа Шоқай атқарды (1881-1941жж.)
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші бүкілқазақтық съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды. Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.
Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Қеңесі құрылды. Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.
Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.
«Алаш» партиясының бағдарламасы: - Басқару түрі; - Автономия; - Азаматтың негізгі құқықтары; - Дін ұстану туралы мәселе; - Соттар туралы; - Қорғаныс; - Салық; - Жұмысшы мәселесі; - Халық ағарту; - Жер мәселесі.
Бағдарлама жобасының маңызы: 1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті. Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.
Өлкеде Кеңес өкіметінің орнатылуы.
Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды: 1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.
Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.
Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак – орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.
Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – нан 17 – не қараған түнде көшті.
1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.
Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.
Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.
Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды.
Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.
Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.
Социалистік шаруашылық пен мәдениеттің негіздерін жасау.
Кеңес үкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер оның ішінде уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау чиновниктік - әкімшілік, қоныстандыру басқармасы, сот жүйесі жойылып, Қазақстанда жаңа үкіметтің басқару жүйелері құрыла бастады. Жергілікті жерлерде шаруа Кеңестері, халық шаруашылығы Кеңестері құрылды. Кеңестердің атқару комитеттері жанынан денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер, өнеркәсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес үкіметі жауларының қарсылыығын туғызды. Сондықтан ішкі конрреволюцияға қарсы күресу үшін қазақ жерінде Бүкілроссиялық төтенше комиссиясының (Б.Т.К) органдары құрылып, қызыл террор енгізілді.
1918 жылы 21 наурызда Орынборда Кеңестердің бірінші Торғай облыстық съезі басталды. Съезде жергілікті басқару жүйесі, әлеуметтік мәселелер жайында қаулы қабылданды. Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш қозғалысының үнқағазы «Қазақ» газеті жабылды.
1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі болды. Бұл съезде құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы Кеңестік Социолистік республикасы жарияланды.
Ұлтаралық қайшылықтар саясатын жоюда шұғыл шаралар белгіленді. Верныйда орыс – қазақ қатынастарын реттеу жөніндегі комитет құрылды. (Комиссардың орынбасары Т. Бокин) қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын реттеу жөніндегі комитет жұмыс істеді (Комиссардың орынбасары А. Розыбакиев.)
Кеңес үкіметі өлкедегі ірі өнеркәсіпті, банктерді, тасымал жолдарын мемлекет қарамағына алды. Кәсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталистер мен патша чиновниктерінің иелігіндегі 3,5 млн десятина жер кедей шаруаларға бөлініп берілді. Большевиктер «жоғарыдан» коммуналар мен ауылдарды көбейтуді жүзеге асырып, орташаларды социализмге күштеп енгізбек болды. 1918 жылы сәуірде Петроградта Семей облысына 200 отбасы орыс жұмысшылары көшіп келіп, ауылшаруашылық коммуналарын ұйымдастырды.
1918 жылы 17 мамырда «Суландыру жұмыстарына 50 млн. сом қаржы бөлү туралы» декрет қабылданды.
Қазақстанда осы жылдары мәдени құрылыс бағдарламасы жүзеге асырылды: - Мектептерде ана тілінде тегін оқыту енгізілді. - Ақмола халыққа білім беру бөлімінің бастығы С. Сейфуллин болды. - Бөкей облысының халыққа білім беру комиссары С. Мендешев болды.
Қазақ АКСР – ін құруға әзірлік жұмыстары жүргізіліп, Ә. Жангелдин Қазақстан Кеңестері құрылтай съезін шақыруды әзірледі. Алайда, қазақ АКСР – ін құру дайындықтары шетелдік интервенция мен азамат соғысының басталып кетуінен тоқтап қалды.
Елде азық – түлік дағдарысы тереңдеп, азық – түлік диктатурасы енгізілді. Сібірге, Ақмолаға, Семейге, Қостанай уезіне азық – түлік отрядтары атандырылды. Олар Петроград және басқа орталық аудандарға 6 млн. пұт астық жіберді. Түркістан республикасының ашыққан халқына 200 вагон астық көмек берілді.
Экономикалық саясатта ақшасыз товар айырбасы басты орын алды: көтерме – бөлшек сауда жойылып, азық – түлік комитеттері 1918 жылы көктемде Семейде, Ақмола облыстарында құрылды.
1918 жылы наурызда Торғай облыстың Кеңестер съезі болды. Онда: базарларда, көшелерде, пәтерлерде жеке саудаға тыйым салу қарастырылды. Саудагерлер тауарлары тәркіленіп, өздерін ауыр жұмыстарға жіберілді.
Халық шаруашылығының негізіне теңдей бөлу ұстанымын алған әскери – коммунистік саясат белгілері пайда болып, қанаушыларды байлығынан айыру, жеке меншікті жою әдісі енгізілді. Пролетариат диктатурасы және революциялық күштеу арқылы социализм орнату мүмкіндігі туралы бұрмаланған түсінік орнықты.
Жер мәселесін шешудегі жергілікті Кеңес органдарының қызметі бірнеше кезеңнен тұрды.
Оның 1917 жылғы қарашадан 1918 жылғы жазға дейнгі кезеңінде жергілікті Кеңестер, жер комитеттері мен комиссарлары бос жерлерді, тәркіленген помещик имениелерді есепке алып, шаруалардың жағдайын анықтап, жерсіз, жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ету мәселесімен шұғылданды. Шаруалар қоныс аудару қорынан алынған жерлерді пайдалану ережелерін жасады.
Екінші кезең 1918 жылдың жазынан 1920 жылдың аяғына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл тұста жерді социализациялау жөніндегі шараларды іске асыруға әзірлік жұмыстары жүргізілді. Теңгермешілік негізінде жерді шаруалардың пайдалануына беру шаралары жүргізілді.
1921-1922 жылдарды қамтитын үшінші кезеңде жер – су реформасы іске асырылса- 1924 – 1927 жылдарды қамтитын төртінші кезеңде жерге орналастыру, шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілді. Мұндай шараларды іске асыруда жеткілікті тәжірибенің жоқтығы, жергілікті кадрлардың түсінігінің кемдігі, сауатының жоқтығы т. б себептер негізінде бұл революциялық шараларды іске асыру барысында асыра сілтеушіліктің, солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғанын Кеңес үкіметіне сенімді азайтатын жайлардың болғанын да айтуымыз керек.
50. Қазақстан Республикасының Конституциясы
1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
1-бап
1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
2-бап
1. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
2. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәні барабар
3-бап
1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық.
2. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
3. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет< атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.
4. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап
1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
2. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
3. Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады.
4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
5-бап
1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әралуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді.
2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол берілмейді.
3. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.
4. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының қызметіне, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.
5. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады.
6-бап
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
7-бап 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
8-бап
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады.
9-бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
51. М. Х. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі тарихи – танымдық деректер.
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551) қазақтың есімі әлемге мәшһүр тұңғыш тарихшы ғалымы, кемеңгер ойшылы, әдебиет зерттеушісі, этнограф.
Баршаңызға белгілі М. Х. Дулати Кашмирде билік құрған жылдары парсы тілінде «Тарих-и Рашиди» атты Орталық Азия халықтарының ХІІІ-ХVІ-шы ғасырлардағы тарихы, этнографиясы мен географиясы, әдебиеті мен мәдениеті жайлы классикалық тарихи шығармасын жазды. Еңбектің ішінде халқымыздың тарихына қатысты қызықты мағлұматтар көп. Соның біріне, атап айтсақ Шыңғысханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу оқиғаларын М. Х. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі деректер арқылы бажайлап көру мынадай жәйттерді айшықтауға мүмкіндік берді. Сонымен, өзіне көрші жатқан жерлерді жаулап болған Шыңғысхан енді Орта Азия мен Қазақстанға көз тігеді. Жазба деректерге қарағанда, бұл жорыққа Шыңғысхан өте ұқыпты дайындалған. Ол өз еліне Орта Азиядан, Қазақстаннан келген саяхатшылар мен саудагерлерден Хорезм шахының, Қарахан мемлекетінің, қарақытайлардың ішкі саяси жағдайы, олардың бір-бірімен қарым-қатынастары, әскерлерінің құрамы туралы сұрап, мәліметтер алып отырған. Шыңғысхан 1217 жылы Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырады. Жебе ноян бастаған монғолдар діни қысым жасамау ұранын басшылыққа алды.(1)
Күшліктің мұсылман дінін жақтаушыларға тізе батырып отырған кезіне сай келген бұл ұран жергілікті халықтан қолдау тауып, монғолдарды мұсылмандар құшақ жая қарсы алды. Монғолдар бұл жағдайды дер кезінде пайдаланып, Жетісу жеріне енеді. Қазіргі тарихи әдебиеттердің барлығында дерлік осылай баяндалады. Ал, «Тарих-и Рашидидегі» деректерді сөйлете отырып, осы оқиғалардың қалай өрбігендігін имандылық тұрғысынан да, тарихи-танымдық тұрғысынан да тереңірек түсіне алуға мүмкіндік туары анық.
Сонымен: «Шыңғыс хан шығыс елдерін өз қарамағына алған кезде Күшлік ибн Тайанг хан найман Бишбалик ((Бесбалық)- Шынжандағы қазіргі Үрімші және Тұрфан қалаларының солтүстік жағында болған. ХІІІ ғ. Бесбалық Қарақожа қаласымен қатар ұйғырлардың астанасы болған) жолымен қашып гурхан (қарақытайлардың билеушісі) иелігі уәлаятының шекарасына жетті. Тау-тасты кезіп, кіріптарлыққа түсті. Төңірегіндегі тайпаластары бөлініп кетті. Кейбіреулердің айтуына қарағанда, гурхан әскерлерінің бір тобы оны ұстап алып, гурханның алдына алып барған дейді. Тағы бір, аңызда, ол гурханға өз аяғымен барған. Әйтеуір біраз уақыт гурханның қызметінде болып, аялдаған. Сұлтан Мұхаммед хорезмшаһ ((1200–1220) Мауараннаһрдағы хорезмшахтар мемлекетінің соңғы шахы, 1220ж. соңында Каспий теңізіндегі аралдардың бірінде қаза тапқан), гурханға қарсы шыққанда шығыс жақ беттегі әмірлер гурханға мойынсұнбай бас көтеріп, әлемнің әміршісі Шыңғыс ханның қолдауына арқа сүйеді. Сөйтіп олар гурханнан аман-есен қалды. Күшлік хан гурханға айтты: «Менің елім өте көп және олар Имэл (Эмил-Алакөл көліне шығыс жағынан құятын Тарбағатайдағы өзен), Қиалық (Жетісудағы Қапалдың батыс жағындағы жердің аты) және Бишбаликта сергелдеңде жүр. Кез келген адам оларға опық жегізіп, ренжітіп жүр. Егер рұқсат болса, солардың басын қоссам және сол қауымның көмегімен сізге жәрдем көрсетсем деймін. Әрі гурханға бастан-аяқ , бар мүмкіндігімше ол толық айтқан бұйрықтарды орындаймын» деді. Осы әдіс-айламен гурханды қанаттандырды. Кейін оған сыйлық алып барып «Күшлік хан» дәрежесін алмақ болды. Гурхан бермеді. Күшлік атылған жебедей зулап кетіп қалды.
Күшліктің шабуылға шыққандағы туралы хабар таралып, ол Имэл, Қиалық шекарасына жеткен кезде оған бұрынырақта әлем әміршісі Шыңғыс ханның айбатты даңқынан қашып кеткен макрит әмірлерінің бірі Тоқтай қосылды.
Күшліктің өз топтары да жер-жерден жиналды. Содан ол елді мекенге шабуыл жасап тонау, қарақшылық әрекетке кірісті. Олар ана жер, мына жерден тиіп қашып, барымталап кететін.
Сұлтан Мұхаммед хорезмшаһтың жеңісін есітіп, оған елшілерін бірінен соң бірін жіберіп, Сұлтан Мұхаммед хорезмшаһ батыс жағынан гурханға шабуыл жасаса, ал өзі Күшлік шығыс жағынан шауып, гурханды екі жақтан қысып жоямыз деп өтініш айтты. Егер Сұлтан Мұхаммед хорезмшаһ гурханды күйретуде Күшліктен бұрын өзін көрсете білсе, онда қарауындағы Алмалық (қазіргі Шыңжан — Ұйғыр автономиялы округіндегі Құлжа қаласының солтүстік-батысындағы қала. ХҮІ ғ. қала күйреген), Хотан және Қашқар Сұлтан Мұхаммед хорезмшаһтікі болсын.(2) Егер де Күшлік қарақытайды бұрынырақ жойса, онда оған Финакетке (Бенакет, Бенакент- монғол шапқыншылығынан күйреген қала, кейіннен, Ақсақ Темір қалпына келтіріп, үлкен ұлының атымен Шахрухияатаған. Күйреген қаланың бүгінде орны Сырдария өзенінің оң жағында дарияға Ангрен өзенінің құйылысынан жоғары 15 км жерде жатыр) дейінгі жер тиесілі болсын деп осыған тоқтасып, келісті. Олардың кеңесінен соң шаң көкке көтеріліп, келісімге сай екі жақтан әскер қарақытайға жүріп кетті. Күшлік алға шығып, гурхан әскері қашықта болса да қырғыеға ұшыратты, және оның Өзкенттегі қазыналарын тонады. Ол жерден шығып, Баласағұнға (қала-қорған, Шу өзенінің бойында орналасқан. ХІҮғ. қала тіршілігі тоқталған) бет алды. Гурхан сонда болатын, Джинуджеде (Шудан жоғары жатқан өзен) соғыс болды. Күшлік жеңілді һәм оның әскерінің көбі тұтқынға түсті. Күшлік кері оралып, өз әскерін қайта жасақтауға кірісті. Сұлтан Мұхаммед хорезмшаһпен шайқастан соң гурхан өзіне оралғанын, бағынышты уәлаяттарға жөнсіздік жасап, оның әскері-де өз жеріне қайтқанын естіген соң Күшлік жасақталған әскермен жарқылдаған найзағайдай ойнап үстінен төнді. Ұрыс басталып, гурханның әскері мен қазынасын, иелігін бағындырып алды әрі қыздарының бірін әйел етіп алуға талап етті. Найман тайпасының көбі христиан болатын. Ол қызды христиандықтан бас тартып, пұтқа табынуға мәжбүр етті.
Күшлік қарақытай өлкелерінде мықтап орныққан соң, бірнеше рет онымен гурханмен соғысты. Бірнеше рет ол Ханбалыққа (яғни, Пекин) дейін барды. Ең соңында оны, аңдаусызда, аң аулап жүрген жерінен ұстап, өлтіреді.
Қашқар мен Хотан басшылары да қарсылық жасап, бүлік шығарды. Гурхан Қашқар ханының ұлын тұтқында ұстап отырған еді. Ал Күшлік оны түрмеден босатып, қайтадан Қашқарға жіберді. Ал әмірлер қулық жасап ол қалаға кірмей тұрып, қапысын тауып, оны қақпаның алдында өлтірді. Астық пісіп, егін орыла бастағанда Күшлік ол жаққа әскер тұруға жіберетін. Олар жейтінін жеп, астықтың қалғанын өртеп жіберетін. Осындай үш-төрт рет әскер келіп кеткен соң астық та түгесілді. Жұт басталды. Содан олар шарасыздан оның үкіміне мойынсұнды. Күшлік әскері сол жерге келді. Қожайындары (кедхуда) бар әрбір үйлерге әскерлер түнейтін. Ымырт үйіріле қорлық, зорлық-зомбылық , бұзақылық етек алатын. Дінсіз, пұтқа табынушылар ойларына келгендерін істейтін. Ешкімнің оған қарсы тұруға шамасы жоқ еді.
Ол жерден Күшлік Хотанға кетті де Хотанды басып алды. Одан кейін бұл аймақтын тұрғындарына Мұхаммед дінінен шығуды бұйырды. Не христиан, не пұтқа табынушылықты — екеуінің бірін қабылдасын, олар нәсари (христиан) немесе қытай киімін кисін деді. Адамдар қытай киімін [яғни буддизмді] таңдады. Құран аятында айтылғандай: <Еріктен тыс, лажсыз, тіршіліктеріңді сақтап қалу үшін жесеңдер, оған кінә жоқ. Бұған да Алланың кешірімі мен мейірімі мол>. Сонымен, Күшлік Азаншының азанын тоқтатып, мұсылман мен мүминнің бір Аллаға сенушілігіне бөгет жасап, мешітті жауып, медреселерді құлдыратып тынды.
Күшлік Қашқар мен Хотанды алған соң христиан дінінен пұтқа табынушылыққа көшіп, елге-де соны міндетті етті. Олар ханифиттердің таза дінін кәпірлікке (гебр) айырбастауға мәжбүр етті. Һәм тура жолдың нұрлы сәулесін күпірліктің үрейіне ауыстырып, рақымды Аллаға бас иудің орнына қарғыс атқыр сайтанға мойынсұндырды.
Сол кезеңде зорлық пен үстемдік жасап, күш көрсете отырып, Мұхаммед діні имамдары мен Алланың жолында жүргендерге өз дінінің артықшылығына күштеп көздерін жеткізу үшін барлық ғалымдар мен лайықты адамдар сахараға шықсын деп, қаладағыларға әмір етті. Үш мыңнан астам имам жиналып, оның алдына келді. Ол бұларға қарап: «Бұлардың ішінде дін мен шариғатқа қатысты айтыса алатын кім бар? Сөзден қайтпай, жазадан қорқып үнсіз қалмасын», — деді. Өзі ешкімнің де өзіне қарсы келуіне, дәлелдерін айтуға батылы жетпестігіне нық сенімді еді, алда-жалда әлдекім сөйлейтін болса, онда оның қаһарлы жүзінен төнген қорқыныштан қашқақтап, сақтанып әрі шиеленіс отын өршітіп алмай, керісінше жалғанды мақұлдап, шындықты қаралап шығар деген ойда болды. Бірақ сол тайпаның Алла қолдаған шейхі, әрі, ақиқат имамы Алаадин Мұхаммед әл-Хотани <Қабіріне Алланың нұры жаусын, әрі сыйы көп болсын> орнынан тұрып, Күшліктің жанына келіп отырды. Ақиқатты айтуға бел буды. Діндер жайлы айтыс басталды. Күшліктің даусы қатты шыға бастады. Алайда имам Кучлукке назар аудармай нақты әңгімелер келтіріп отырды. Оның болмысын жоқ деп есептеді. Хақ — нақақтыққа, ғалым — надандыққа үстем болды. Бақытты азап шегуші имам Кучлукты айтыста жеңілуге мәжбүр етті.
Күшліктің пасықтықтан ыза-оты лаулады. Сөзі шорқақтап, тілі күрмелді. Сандырақтап, бейпіл ауыздыққа салынды, лайықсыз сөздерді тілге тиек етті. Осы бағытпен ол біраз сөйледі.
Шындықты айту және қатені көрсетуден тайынбай діни керітартпалыққа төзе алмай, әрі мына жағдайға көз жұма алмай, имам айтты: «Аузыңа құм құйылсын, әй діннің жауы, қарғыс атқан Күшлік».
Мұндай ірі сөз кәпірдің құлағына жеткенде, күнәһар кәпір оны ұстауға әмір етті. Сөйтіп имамды бірнеше тәулік жалаңаш, байлауда, шөлде ұстап тамақ, ғұмырлық азықтан мақұрым етті.
«Егер-де сіз тамақ бермесеңіз, мен Алланың дастарқанына қонақ болып, түнеймін, Алла маған тамақ береді, һәм менің шөлімді қандырады». Және осы имам Мұхаммед Салих пайғамбар сияқты өз қуанышы сәмудке кіріптар болғандай және Жақыптың қан жылап көрген азабындай, не тауқыметіндей, пайғамбар (с.ғ.с.) айтқан: «Азап пайғамбарлар үшін, сонан соң әулиелер үшін, одан кейін өрісі жоғары болғандар үшін», сол үшін Аййубтың сабыры ләзім.
Істің соңы сол адасқан қауымның айналасына барып тірелген соң, әртүрлі жалған уәде беріліп, байбалам салынып, жазалау да орындалады. Сондықтан имам Мұхаммедтің іші мен сырты бірдей имандылықтың куәсі болғандықтан, оны өзі Хотанда салған медресесіне шегеледі. Осылайша ол имандылық жолында шаһид болуға бел буды. жалған дүние үшін тозаққа баруға шешім алмай, имансыздық желкенін желбіретпеуге бекінді. Бақиды фәниге алмастырмады. Әуестік пен бұл дүние қызығына ұлы арман үшін берілмеді. Алла тағала айтады: <Бұл дүниеде тіршілік — тек ойыншық, (қыздырмалы) қызық екен. Тақуалар үшін, ақырет күні артық. Осыны түсінбек керек>. Сөйтіп, хаққа жанын тапсырды. Зынданнан — жұмаққа, ақыреттің ниғметіне жетті. Төменгі мекеннен көкке, жоғары мекенге жол тартты.
Осы оқиғадан соң көп ұзамай Шыңғыс хан мемлекеттерді жаулап алуға бет алған кезде Кучлуктың жөнсіз бұзақылығына тойтарыс беру үшін бір топ нояндарды жіберді. Сол уақытта Күшлік Қашқарда болатын. Қашқар адамдарының айтуынша нояндар жеткен кезде ол соғысуға сап түзеп үлгермеген еді. Сондықтан ол алды-артына қарамай қашты. Бірінен соң бірі топ-топ болып жеткен монғолдар жұрттан Күшліктен басқа ештеңе талап етпеді. Әрі барған жерінің барлығында азан шақырып, намаз оқуға, әркім өз әдет-ғұрпына қарай өмір сүріп, өз дінін ұстануға рұқсат беріп жар салды.
Күшлік хан жеңіліп қашқан соң, қалада тұрып жатқан және мұсылмандар үйіне орналасқан оның адамдары бір сәтте-ак топыраққа сіңіп кеткен сынаптай жоқ болды. Монғол әскері Күшліктің ізіне түсті. Әр жерге ол тоқтап, әскер жақындап қалғанда құтырған иттей болып, тағы да жүріп отырып, сөйтіп Бадахшан маңайына да жетті. Сөйтіп ол Сариг-Чупанға (Сары-Шопан) келгенде сорына орай жолдан адасты. Одан әрі бір тауда шатқалға тірелді. Бір топ бадахшандық аңшылар сол маңайда тауда, аң аулап жүрген. Олар қашқындарды көріп, солар жаққа бет алды. Екінші жақтан монғолдар келіп жетті. Шатқал тар юолғандықтан өту қиын еді. Монғолдар, аңшыларға былай деді: «Анау топ бізден қашқан Күшлік пен оның нөкерлері. Егер Күшлікті біздің қолымызға ұстап берсеңдер, онда сіздермен жұмысымыз болмайды», — деді. Әлгі, аңшылар Күшліктің тобын қоршап, тұтқындады, оларды монғолдарға тапсырды. Олар оның басын кесіп, өздерімен алып кетті. Бадахшандықтар көп олжамен — гауһар тас, маржанмен үйлеріне оралды.Қорыта келе, Ғұлама Бабамыздың: «Бір нәрсе айдан анық: кімде-кім ислам діні мен Мұхаммедтің заңына, жолына кедергі, шабуыл жасаса, ешқашан жеңіске жетпеген, ал оның дәстүрін сақтап жолын қуған адамның күн сайын берекесі артқан»,- деген тұжырымы күллі мұсылман қауымының мәңгілік ұраны болып отырғандығы даусыз болса керек.
52. Жошы ұлысы ыдырағаннан кейін Қазақстан терреториясында құрылған жаңа мемлекеттер.
Алтын орда ыдырап онын орнына Ақ Орда, Ноғай Ордасы, *Сібір хандығы, Астрахань, Қазан, Қырым хандығы* *-Ресейге кирип кетти
Ақ Орда
14-15 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбәрак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, БарақКүшейген кезі
Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.
Жаңа дәуір
1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.[2][3]Тұжырымдар
Әуезов«Әдебиет тарихы» атты монографиясында (1927) Ақ Орда тұсындағы тарихи оқиғаларды талдай келе, көп дәуір «исі түркі жұртының бірлігі мен елдігін ойлаған ұлы батырларды туғызды» деген пікір түйеді. Ондай шығармалардың қатарына «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Шора батыр» жырларын жатқызады. Жазушы бұл тұжырымын: «Батырлар әңгімесінің басы ескі түркі бірлігінің заманындағы әңгімелерден шығады. Қазақ елінің ескілігі жалғыз қазақтікі емес, жалпы түрік жұртының ескілігі деп саналуға керек. Бұрынғы түрік, моңғол дәуірі жүрген заманда «Алтын Орда, Ақ Орда күндері» айтылатын жерлер бар. Ноғай, Қырым, Қыпшақ, Қырғыздардың бір жалаудың астында бір ел болып жүрген кездерін айтады. Бұл түрік жұрттарының жік-жікке бөлінбей тұрған күндері бірін-бірі жат демей, бауыр көріп журген кездері. Қазақтағы батырлар әңгімесінің осы кездерде шыққаны бір жік болып, кейінгі замандағы шыққандары екінші бір жік болады. Алғашқы жіктегі - ұлы батырлар» деп одан әрі дамытады. Осы еңбекте түркі тілдес халықтардың бірлігін аңсаған тарихи жырларды ерекше бөліп қарағаны үшін оған 1927-19 және 1945-1951 жылдары' «Ұлтшыл - ұлы түрікшіл», «Алтын Орда» мен «Ақ Орда» дәуірінің тұсындағы хандықты көксеп отыр» деген айып тағылды
Ноғай ордасы
, Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий т-не дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ның негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар ( қоңырат,маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуы¬лынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Н. о-на кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды; қ. Ноғайлы дәуірінің әдебиеті.
53. Шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. 1918-1920
Интервенция мен азамат соғысының басталу себептері.
Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. Буржуазия мен помещиктер казак – орыс офицерлерінің жоғарғы топтарымен, кулактармен және феодал байлармен бірігіп, елімізде орнаған пролетариат диктатурасына қарсы көтерілді, контрреволюциялық заговорлар мен бүліктер ұйымдастырылды.
Еліміздің бірқатар аудандарда, әсіресе казак – орыс аудандарында Дон, Кубань, Орынбор, Жетісу және басқаларында, еліміздің шығыс, солтүстік және оңтүстік шеткері аймақтарында контрреволюция күштері Совет еліне қарсы жау ошақтарын құрып, Совет үкіметіне қарулы қарсылық көрсетті.
Азамат соғысы ұзаққа созылып, шиеленісіп кетті, оның себебі Кеңес өкіметіне қарсы күресіне шет елдер көмектесті (АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Германия).
Интервенттердің негізгі мақсаты: 1) Большевизмді қоршауға алып, жою. 2) Антанта және АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысты соза түріп, Россияны әлсіретуді көздеді. 3) Кеңес үкіметінен монополистердің патша үкіметіне және уақытша үкіметке берген қарыздарын қайтаруды мақсат етті. 4) Кеңес үкіметі тәркілеген шетел капиталистерінің фабрика- заводтарын қайтаруды ойластырды. 5) Шетел империалистік мемлекеттер Орта Азия мен Қазақстанда экспанация жасау әрекеті де көздеді.
Сөйтіп, шетел мемлекеттер елдің ішіндегі төңкріске қарсы күштерге дем берді.
Осы мақсаттарына жету үшін, 1918 жылғы наурызда ағылшын, француз, американ әскерлері Мурманскіге, Архангельскіге енгізілді.
1918 жылы сәуір айында Қиыр Шығыста Жапон интервенциясы басталды. Нәтижесінде осы жылдың күзінде жапондықтар бүкіл Қиыр Шығысты жаулап алды.
1918 жылы герман империалистері Украинаны оккупациялады, Дондағы Ростовты, Таганрогты жаулап, Қырым мен Грузияға енді. Туркия Арменияны, Әзербайжанның көп бөлігін басып алды, ал ағылшындар Орта Азияны жаулауға әрекеттенді.
Интервенттер Россияға басып кіргеннен бастап ішікі контрреволюция күштерімен одақтасты. Ақ гвардияшыларды қару – жарақпен, қарыжымен жабдықтады. Біріккен соғыс операцияларын жоспарлады.
1918 жылы мамырдың аяғында (25) Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі чехословак корпусының (30 мыңдай соғыс тұтқындары мен эмигранттар) офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске қарсы күштермен бірігіп, Новосибирск, Челябинск, Томск, Пенза және Солтүстік Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Омбы, Атбасар, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов және т. б азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушаковты тірідей кеменің оттығына тастап жағып өлтірді.
Оларға ақ гвардияшылармен бірге эсерлер, меньшевиктер және алашордашылар дем берді.
1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын алды. Сәуірде оларға қарсы «ерекше армия» құрылды.
Атаман Дутов 1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Россиямен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда үкіметі Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Колчак басқарған Сібір Уақытша үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен («Комуч») одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. 1918 жылы тамызда Семей қаласында бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Дутовқа қарсы барлық әскери қимылдарға жетекшілік еткен төтенше комиссар П. Кобозов болды.
1918 жылы қарашада генерал Колчак армиясы Жетісу бағытында операция бастап, атаман Аненков дивизиясы Жетісуды шабуылдады. Бұл кезде немістер Донбассқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин (генералдар) соғыс қимылдарын күшейте түсті.
1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты Майдан – Шығыс майданы болды. Шығыс майданның жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері кейін шегінуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Ақтөбе майданы құрылды (1918 ж. шілде). Ондағы Қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т. б. қалаларда құрылған шоғырлар келді.
1918 жылы шілде айында Жетісу майданы құрылды.
1918 жылы 29 мамырда «Міндетті әскери міндеткерлік негізінде еңбекшілерді мобилизациялау» туралы декрет жарияланды. Осы декреттен кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Хамит Чурин, Ж. Сәрсеков, Х. Иманов, В. Жәнекешев т. б. болды.
1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә. Жангелдин мен А. Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын кіші командирлер даярлайтын оқу тобын, пулиметшілер тобын, Ырғыз қаласында тағы бір атты әскер эскадронын құрды.
1920 жылы Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланды.
1920 жылы наурызда Торғай облысында 6 мыңнан астам адам мобилизацияланды. 1920 жылдың басында Жетісу облысында 5,5 мың адамдық полктер құрылды.
1920 жылы мамырда 19 – 35 жастағы орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды.
Ә. Жангелдиннің экспедициясы Ақтөбе майданына қару – жарақ пен оқ – дәрі жеткізуде маңызды роль атқарды.
1919 жылы 22 қаңтарда Орынбор азат етілді, ал 1919 жылы 26 қаңтарда Орал қаласы жау шебінен босатылды. Бұл Кеңестік Россияның Қазақ өлкесі және Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
1919 жылы көктемде Антантаның Кеңес еліне қарсы біріккен жорығы басталды.
1918 жылдың аяғында Дутов, Анненков, Колчак топтарына қарсы партизан соғысы өрістеді. Партизандық астыртын жұмысты ұйымдастырушылар: Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, Ә. Майкөтов, М. Жәнібеков, А. К. Вайцеховский, А. В. Азаданов, К. М. Михалкович, В. В. Мей т. б.
Солтүстік Жетісуда партизан соғысы кең өріс алды. Мұндағы қорғаныс орталығыЧеркасское селосы болды. Черкасск қорғанысы 1918 жылдың маусымынан 1919 жылдың қазаң айына дейін созылды, яғни партизандар атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс берді. 1919 жылғы тамызда Жетісу майданының қолбасшысы Л. П. Емелев әскерлері көмекке келуге әрекет жасап, сәтсіздікке ұшырады. Шайқас барысында Л. П. Емелев ерлікпен қаза тапты, ақыры 1919 жылы қазан айында анненковшылар Черкасскіні алып, 1800 адамды қырып тастады.
Черкасск қорғасының тарихи маңызы:
- Колчакшылардың Жетісуға шабуылы тоқтатылды;
- Сібір контрреволюциясының Орта Азия контрреволюциясымен бірігуіне жол берілмеді.
Партизан қозғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезінің Мариновка қонысы болды командир Н. М. Ирченко. 1919 жылы көктемде партизандар колчакшыларға қарсы шабуылдады. Мариновкаға қосымша жазалау бөлімдері жіберіліп, партизандар шабуылы тоқтатылды.
Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар «Алтайдың қызыл тау қырандары» атты партизан полкі көмектесті.
Қазақ өлкесіндегі Майдандардың жойылуы.
Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді. 1919 жылы қолбасшы М. В. Фрунзе бастаған Қызыл әскер топтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал Чапаев бастаған топтар оңтүстік – батыс аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Нәтижесінде Оңтүстік топ әскерлері (қолбасшы М. В. Фрунзе) Уфаны азат етті, ал Чапаев дивизиясы 1919 жылғы 25 шілдеде Оралды жау қоршауынан босатты, 1919 жылы жазда Қызыл Армия Челябіні азат етті.
Осыдан кейінгі міндет – Орал мен Орынбор облыстарын азат ету Түркістан майданының 1 және 4 армияларына жүктелді.
Бірінші армия колчакшыларға қарсы Ақтөбе бағытында шабуылдады. 1919 жылы қыркүйекте бірінші армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар станциясында (Орынбор – Ташкент темір жолы) түйісті. Нәтижесінде Түркістан Орталық Россиямен қайта қосылып, Ақтөбе майданы жойылды.
Орал облысын азат етуге төртінші армия мен 25-ші В.И. Чапаев дивизиясы жіберілді Үлбішін түбіндегі шайқаста В. И. Чапаев және бригада басшысы Садық Уәлиев қаза тапты (1919 ж. қыркүйек). Ал 1919 жылы қарашада Қызыл Армия Үлбішін мен Жымпитыны азат етсе, осы жылдың соңында Орал облысы ақ гвардияшылардан толық азат етілді. Сөйтіп, 1920 жылы қаңтарда Орал майданы жойылды.
1919 жылы күзде Шығыс майданының бесінші армиясы (қолбасшысы М. Н Тухачевский) Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты.
1919 жылы қарашада Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Кеңес үкіметі қайта орнады, ал 1920 жылы наурызда Семей облысы түгел азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.
1920 жылғы маусымда Верныйда контрреволюциялық бүлік ұйымдастырылып, Верный бекінісін жаулап алды. Қызыл армияның күшімен бүлік тоқтатылды.
1920 жылы наурызда азамат соғысының қазақ жеріндегі ең соңғы майданы – Солтүстік Жетісу майданы жойылды.
1920 жылы Қызыл Армия Колчак әскерін талқандап, Колчак Иркутск ревкомының үкімі бойынша атылды.
Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі ұлт аймақтарындағы жаңа үкіметтің оқшаулануын ескере отырып, Алашордамен келіссөз жүргізді. Ақ гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болған қатыгездік пен зорлық «Алаш» өкілдерін бастапқы бағыттарын өзгертуге итермеледі. А. Байтұрсынов «Төңкеріс және қазақтар» мақаласында «Алаш» зиялыларын Кеңес үкіметі жағына шақырып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізді.
1919 жылы 4 сәірде Бүкілроссиялық Орталық атқару Комитеті Алашорда мүшелеріне кешірім (амнистия) жариялады.
Азамат соғысының салдарлары:
1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты
2) Мал саны күрт азайды
3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады.
4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды.
54. Моғолстан
Моғолстанның құрылуы,  жер аумағы. XIV  ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап,  Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады.  Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі,  Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып,  «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен. Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан,  өздерін тыңдайтын,  Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі,  он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып,  тәуелсіз,  жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері  бұрынғыдан да күшейген. Жалпы,  дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша,  Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде,  өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан. «Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл,  Емел және Ертісті өзіне қосады.  Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш),  Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі,  оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен,  Қашғар,  Ақсу,  Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген. Халқының этникалық құрамы. Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен монғол ақсүйектері отырған. Әрине,  монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат,  чорас,  калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен,  уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып,  монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға,  ұйғырларға қоныс аударып,  соларға араласып,  өздерінің монғол атынан мүлде айырылған. Жоғарыда көрсетілгендей,  Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түрік тілдеп үйсін,  қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіндер. Одан кейін  V-VI ғасырларда  да бұл аймаққа түрік тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат,  қаңлы,  үйсін,  арғын,  баарын,  барлас,  бұлғашы,  т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып,  түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді.Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы. Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып,  XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп,  бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады.Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырады. Салық жинауда кейбір жаңа шаралар қолданылады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Тоғылық-Темірге дейін моғол билеушілерінің ислам дініне енуі баяу жүріп келсе,  енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша,  бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады.Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап,  баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір  хан қаза болады. Өзінің мұрагерлік хұқын реттеп қайту үшін Ілияс-Қожа Моғолстанға кеткен кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді. Тоғылық-Темірдің тірі кезінде оған тәуелдікті амалсыздан мойындап жүрген әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін,  Ілияс-Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс –Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырайды. Соңғы жеңілістен кейін Ілияс-Қожа Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп,  қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші “Батпақ шайқасы” болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда,  кесіліскен шайқас болғаны срншалықты,  екі жақтан 10 мыңға жуық адам құрылған. Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп,  Әмір Темір қашып құтылады.Батпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алады. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне  көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп,  Шағатай ұлысты кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады. Бұл сәтсіздіктің басты себебі,  билеушілер арасындағы алауыздық,  саяси феодалдық батыраңқылық еді. Ақыр аяғында Ілияс-Қожа хан да осы феодалдық талас-тартыстың құрбаны болады.Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының атақты әмірлері Қамар ад-дин мен оның інісі Шамс ад-диндер жүргізген. Қамар ад-дин де өзін тыңдайтын,  жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды хан тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салады. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары. Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып,  күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі. XVI ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей,  дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді,  бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап,  халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып,  көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375*1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп,  жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып,  оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға,  Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады.Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты,  Әмір Темір  өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағфы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп,  керейіттері талқандап,  қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап,  көптеген тұтқын  алып,  қыруар олжа түсіріп қайтады.  Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді.Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты орет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам,  Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкі аудандарына өтіп,  Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмір Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де,  Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып,  оған қарсы бүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып,  Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп,  талқандайды. Бұдан кейін де моғол әмірінің темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір темір әскерлерінен күйрей жеңілген.Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп,  1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында алтын Ордаға және моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп  олжа түсіріп,  қора-қора қой,  үйір-үйір жылқы,  топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түсті.Моғолстанның ыдырау кезеңі. Моғолстанның   Сонымен,  Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп,  саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде  (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен ахмед мырзаға көмектесіп,  жеңіске жеткен еді. Осы кезден бастап Моғолстан өз тәуелсіздігін ала бастаған. Мұхаммед хан қаза болған соң,  Моғол хандығының ішіндегі талас-тартыс қайта басталады. Бұл талас-тартысты Темірдің немересі Ұлықбек пайдаланып,  өзін жақтаушы Қызыр-Қожаның немересі Шер-Мұхаммедтің хан болуын қолдайды. Оның хан тағына отыруына көмектескен Ұлықбек енді одан өзіне тәуелді болуын талап етеді. Бұған қарсы болған Моғол шонжарлары Қызыр-Қожаның екінші бір немересі Уәйісті хан тағына отырғызады. Бұған наразы болған Ұлықбек 1425 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап,  халықты талан-таражға ұшыратып қайтады.Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана  жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып,  өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді. Моғолстанның Қазақ хандығының құрылуындағы орны. 1456-жылы Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне, Моғолстан жеріне таман қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы - Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар болған сайын үдеп феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и -Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»…Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Міне, нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолданылды, ежелден осы алапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қоластынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып қазақ хандығына келіп жатты. XV ғасырдың 50-жылдарының ортасынан 70-жылдарының басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп барды. 1462-жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде, Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери, саяси күш-қуатын арттыра түсті.
55. Қазақ интеллегенциясын қуғындау
1926 жылдың желтоқсан айында өткен БК(б)П-ның Қазақстан өлкелік комитетінің ІІІ пленумы өз шешімінде қазақ коммунистерінің арасында, атап айтқанда, республиканың жауапты партия және кеңес қызметкерлерінің арасында ауылдағы ауқатты топтардың ықпалын бейнелейтін, алашорда идеялогиясынан қол үзбеген адамдар бар деп көрсетіп, олар қазақ коммунистерінің арасындағы ұлтшылдық «оңшыл» және «солшыл» ауытқушылар деп айыпталды. «Оңшыл» және «солшыл» ұлтшылдық ауытқушылардың басшылары ретінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейітқали Меңдешев, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Сәкен Сейфуллин және тағы басқа қазақ азаматтарының есімдері аталып, дөрекі сынға алынып, оларға қарсы, «идеялық күресті күшейту қажет» екендігі айтылды. Кешікпей-ақ бұл сын қазақ интеллигенциясына қарсы ашықтан-ашық қудалауға және айыптауға ұласты. «Ауытқушыларға» қарсы күрес «идеялық күрес» 1927–1928 жылдары жаппай жүргізіліп, оның барысында «ұлтшыл-ауытқушылар» саны тез қарқынмен өсірілді. Бұл «идеялық күрес» 1929 жылы маңдай алды қазақ интеллигенциясына қарсы ашық репрессияға ұласты.
Халықтың рухани мәдениетін, сақтаушы, қорғаушы және дамытушы болғандар жаппай түрмелерге жабылды, айдалды, атылды. 1926–1932 жылдары қазақ интеллигенциясының тарихында үлкен белестер болып қалғаны өз алдына, бірақ бұл жылдарда олар коммунисттік қысымның күшеюіне қолдарынан келгенше тойтарыс бере отырып, өз қызметтерін жалғастырды. Сол кездегі идеологиялық шабуыл, қызметтен ығыстыру түрінде жасалған қысым ﴾1928–1930﴿ жылдары партия органдары мен ОГПУ-дің Қазақстандағы өкілдігінің бастамасымен ескі қазақ интеллигенцияны тұтқындауға ұласты. Мәселен қазақ қаламгерлеріне әр түрлі жала жабулар бойынша құрамында: Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Жұмағали Тілеулин, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхаметжан Тынышпаев, Әбдірахман Байділдин, Біләл Сүлеев, Мағжан Жұмабаев, Хайретдин Болғанбаев, Ғазымбек Бірімжанов, Қошке Кемеңгеров, Ахметсапа Жүсіпов, Абдолла Байтасов, Мұхтар Әуезов, Жақып, Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Жұмахан Күдерин сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары бар 150 қазақ оқығаны түрмеге қамауға алынды [8]. Нақтырақ айтқанда бір ғана 1930 жылдың күзінде 40 қазақ азаматы абақтыға қамалып, 15-түрлі мерзімге жер аударылған еді [9]. Осы тұтқынға алынғандардан Мұхтар Әуезов пен Әлімхан Ермеков сынды бірен-сарандары ғана аман қалды. Бұл бүкіл қазақ интеллигенциясына қарсы жасалған репрессияның алғашқы толқыны болса, ал 1929–1932 жылдары ескі интеллигенция өкілдеріне қарсы репрессияның алғашқы толқыны ұйымдастырылып, онда: Жүсіпбек Аймауытов, Диқан Әділев, Әбдірахман Байділдин, Ахметсапа Жүсіпов, Халел Ғаббасов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Үкілі Ыбырай сынды азаматтар қызылдар қолынан қаза тапқан болса, және тағы басқа қазақтың маңдай алды өкілдері репрессияға ұшыраған еді. Ал қалған қазақ интеллигенция қауымын 1937–1938 жылдардағы саяси репрессияға ұшырату арқылы асу, ату зобалаңы күтіп тұрды.
Қазақ мәдениеті мен ұлттық болмысына 1937 және 1938 жылдардағы жаппай саяси репрессияның тигізген зардабы өте ауыр болды. Бұл жылдары қазақ интеллигенциясына қарсы бұрын-соңды болмаған көлемде қызыл большевиктік шабуыл жасалды. Тарихи зерттеулерге қарағанда, осы жылдары ﴾1937–1938﴿ қызыл қырғында ең көп қаза тапқандар мемлекеттік және қоғам қайраткерлері болды. Ал осы азаматтардан соң, біздіңше, ең көп саяси репрессияға ұшыратылғандар — ұлттық ой еңбегінің интеллигенция өкілдері, ал олардың ішінен ең алдымен, ақын-жазушылар болды.
1937 жылы 11-ші тамыз күні Ілияс Жансүгіров тұтқынға алынды, 24-ші қыркүйекте Сәкен Сейфуллин тұтқындалды, Бейімбет Майлин 6-шы қазан күні темір торға түссе, ал 8-ші қазанда Ахмет Байтұрсыновтың ұсталғанына байланысты деректер бар. Сондай-ақ Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Ғаббас Тоғжанов, Санжар Аспандияров, Темірбек Жүргенов, Абат Әлібаев, Әуелбек Қоңыратбаев, Мұстафа Қайыпназаров, Райымжан Мәрсеков, Орынбек Беков сынды сөз зергерлері мен қаламгерлерінен, олардың шығармашылық мұрасынан көз жазып қалған қазақ кеңес әдебиеті бір сәтте ортайып, жүдеп шыға келді. Сөйтіп жеке басқа табынудың құрбаны болып кеткендердің қаншама шығармалары, мәдениетке қосар үлестері өздерімен бірге мәңгі жоғалды.
Демек, қазақ халқының тұлғалы ұлдары 1937 жылы «халық жауы» деген айып тағылып, қасіретті қудалаудың құрбаны болды. Алайда «халық жауларының" негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғары сот әскери коллегиясының үштігінің мәжілісінде шешілді. Бұл жылдары Кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқандардың көбі: Абдолла Асылбеков, Сейітқали Меңдешев, Бәймен Алманов, Нәзір Төреқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Сабыр Шәріпов, Тұрар Рысқұлов халық жауы деп жарияланды.
Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Нығымет Нұрмақов, Сұлтанбек Қожанов, Ораз Жандосов, Әбілқайыр Досов, Садықбек Сапарбеков, Зейнолла Төреғожин, Сұлтан Сегізбаев, Ілияс Қабылов, Қайсар Тәштитов және басқада көптеген қазақ азаматтары өтірік жаламен жазаланып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Сонымен тағы бір құжатта 1937–1938 жылдардағы жазалау кезінде республикада БК(б)П-дан 9223 коммунист шығарылған деген деректер келтірілген. Жалпы осы жылдары 66 мың адам жапа шегіп, 22 мың азамат атылып, 44 мыңы түрмеге жабылған еді [10].
Саяси репрессияның 1937–1938 жылдардағы толқынында қаза тапқан, ақын жазушылардың басым бөлігі Қазан төңкерісіне дейінгі жылдарда қызмет еткен интеллигенция өкілдері еді. Олардың құрамында: Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин, Молдағали Жолдыбаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Санжар Аспандияров, Құдайберген Жұбанов, Жұмат Шанин, Халел Досмұхамедов, Елжас Бекенов, Біләл Сүлеев, Телжан Шонановтардың халық жаулары болып дүниеден өтуі — төңкеріске дейінгі ескі ой еңбегі интеллигенциясының түгелдей дерлік саяси репрессияның құрбаны болып, қаламгерлердің осы ұрпағынан аман қалғандардың некенсаяқ екендігін көрсетті. Ескі оқығандар бір басқа, ал Хамза Жүсіпбеков, Әбдірахман Айсарин, Қошке Кемеңгеров, Әуелбек Қоңыратбаев, Шәймерден Тоқжігітов, Ілияс Қабылов сынды және тағы басқа қаламгерлердің әдебиетке әкелген-де, саяси жау деп өмірлерін қиған да социализм болды.
Саяси репрессия жылдарының зобалаңы қазақ интеллигенциясының құрамындағы маңдай алды ер азаматтарының өмірлерін қиып жіберсе, ал қазақтың әйел интеллигенциясына өте ауыр соққы болып тиді. Бұл оқиға олардың сан жағынан өсуін тежеді. Олар өздері үшін-де, «халық жаулары» болып кеткен күйеулері үшін-де, жауапкершілікке тартылды. АЛЖИР-де қапаста ән айтып «Қалың қазақтың әйелдерінің тас болған жүрегін жылытып, көңілдеріне күн сәулесін ұялатқан» Жанбике Шанина, қамауда жүріп өлең жазған Күләндам Қожанова, Мағжан өлеңдерін тұтқын әйелдердің көңіліне медеу еткен Мәриям Есенберлина, 8 жыл бойы АЛЖИР мен Нижний Тагил лагерінде тұтқында жүріп дәрігерлік қызметпен айналысқан Дәмеш Жүргенова, бес баласынан айырылса да, өзгелерге сүйеніш бола білген Күнжамал Майлиналардың ерліктеріне кейінгі ұрпақ тағзым етеді. Қазақ әйелдеріне тән ең жақсы қасиеттерімен көрінген Гүлбахрам Сейфуллина, Мәриям Тоғжанова, Рәзия Мендешева, Әзиза Рысқұлова, Рабиға Аспандиярова, Бибіжамал Сырғабекова, Айша Қабылова және тағы басқа рухы қайсар қазақ әйелдері болды. Сонымен бірге қандықол сталинистердің қолынан Телжан Шонановтың жұбайы Шахзада Шонанова қаза тапты. Сондай-ақ түркі халық партиясы дегенді құрдыңдар деп айыпталғандардың қатарында Ғанижамал Қабдалиева 1937–1947 жылдары Сібірге айдауда болды [11].
1937–1938 жылдардағы сталиндік саяси репрессия кезінде құрбан болған осы айтулы азаматтарымыз жайлы бүркемеленген шындықты ашып, халыққа жеткізу жолында «Әділет» қоғамы игілікті істер атқарып келеді. Қоғамның алғашқы төрағасы марқұм Санжар Оразұлы Жандосовтың атына жіберілген құжат — КСРО Жоғарғы соты Әскери коллегисының Алматы қаласында 1938 жылы, ақпан-наурыз айларында өткен көшпелі сессиясының азалы сыр шертетін қаралы тізімді жүйелей келгенде, аталып отырған жылдың 25, ақпанынан 13 наурызына дейінгі аралықта 631 адамның атылғанықталды. Жендеттер күн сайын орта есеппен 43 адамды атып отырған.
Атылған азаматтардың ұлттық құрамына назар аударсақ, қазаға ұшыраған 631 адамның 70–75 пайызы қазақ интеллигенциялары екен [12]. Халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын қайраткер ұлдарынан айырылғаннан кейін оның ұлттық интеллектісі мен күш-қуаты төмендейтіні анық. Тізімге қарағанда, ақпан-наурыз айларында сол кездегі қазақтың асыл арыстарының бас көтеретіндері ұсталып, атылған. Бәрі жоғарыда аталған таныс есімдер, ұлт қорғандары мен мақтаныштары еді.
Сондай-ақ, қазақ интеллигенциясының аяулы боздақтарының атылған сүйектері мен жатқан жерлерін анықтау, ол жерлерді аяқ асты етпей қастерлеп, құрмет тұту баршамыздың қарызымыз. Осы тұрғыдан зор ізденістердің нәтижесінде атылған 631 азаматтың бәрінің болмасада бірқатарының сүйегі Талғар ауданындағы Жаңалық деген жерден, бұрынғы Диқанбай қыстауының орнынан табылды. Көздеріне қан толып, адамдық ұсқынынан айырылған қарғыс арқалаған жендеттер мәйіттердің қабірлерін-де қазуға ерініп қораның ішінде атып, қабырға төбелерін мәйіттердің үстіне құлата салған деген деректер айтқандарымызға дәлел бола алады.
Репрессия мәліметтеріне арналған деректерге жүгінсек 1937–1938 жылдарда «Халық жауы» деген жаламен ересек азаматтардың арасында жазықсыз атылған қазақ азаматтары Одақ бойынша білімі бар, қызмет істеп жүргендер ішінде орташа көрсеткіштен 2 есе, дәлірек айтсақ грузиндерден 2 есе артық, орыстардан 3 есе дерлік, татарлардан 4 есе, ал өзбектерден бақандай 5 есе көп болды [13].
Қазақ халқының тарихынан 1937–1938 жылдардағы сталинизм сүргінінің (репрессияның) құрбандары жайындағы, ақиқат әлі түгел ашылып болған жоқ. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенцияларының азаматтық, интеллектуалдық деңгейі аса жоғары болғаны жалпыға мәлім. Отызыншы жылдары жаңа қаулап өсіп келе жатқан қазақтың интеллигенциясы Коммунистік партия Кеңес өкіметінің жазалау органдарының жіті бақылауы жағдайында қызмет етті. Саяси-идеологиялық қысым олардың маман ретінде өсуіне жасанды қиындықтар тудырды.
Сталиндік репрессия кезінде қазақ халқының басшылық қызметтегі азаматтары мен қоғам-қайраткерлері болып жүрген бір туар азаматтары және, ақын жазушыларының ең таңдаулы өкілдері қаза тапты. Ұлтымыз өзінің аса дарынды, білімді, ұлтжанды асыл тұлғаларынан айырылды. Орны толмас шығынға ұшыратылған қазақ интеллигенциясының даму қарқыны бәсеңдеді. Кеңестік шығыстағы түркі халықтарының қатарындағы ең озық ойлы қазақ интеллигенциялары, халқымыздың ақыл-ойының қаймағына келген саяси репрессияның зауалы аса ауыр да қайғылы болды.
Яғни 1937–1938 жылдардағы саяси репрессиялық қанды қырғын жазықсыз жандарды жазалау, тұтқындап жер аудару, сотсыз содырлық жасап ату, жою жағдайлары кең өріс алып, еліміздің барлық жерлерін қамтыған болса, ал оның жалғасы соғыстан кейінгі 1940 жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басындағы сталиндік репрессияға ұласты. Бұл жолы «буржуазиялық ұлтшылдар» космополитизм мен күрес жолында сынның атқылауына творчестволық және ғылыми интеллигенция өкілдері түсті. 1940 жылдардың екінші жартысында қазақ халқы ауыз әдебиетінің 100 томға жуық құнды туындылары партия шешімімен қоғамға зиянды деп танылып, оларды пайдалануға тиым салынды. 1950 жылдары кітапхананың кітап қорларынан және сатылатын мекемелерден белгілі тарихшы Ермұхан Бекмахановтың, филолог Есмағамбет Исмайловтың, Мұхтар Әуезовтың, Сәбит Мұқановтың, Әбділда Тәжібаевтың, Ахмет Жұбановтың, Мәриям Хәкімжанованың туындылары алынып тасталды [14]. Сол жылдардағы еліміздегі жүргізіліп жатқан Кеңестік саясаттың нәтижесі тарихшы, филолог ғалымдарымыздың қаймақтары: Ермұхан Бекмаханов, Бек Сүлейменов, Есмағамбет Исмайлов, Қажым Жұмалиев, Ахмет Жұбанов және тағы басқалар қудалаудан тыс қалдырылмады. Ғылым Академиясының президенті, бүкіл әлемге белгілі ғалым-геолог Қаныш Сәтбаев пен жазушы Мұхтар Әуезов сынды халқымыздың көрнекті ұлдарын қызметінен айырып, уақытша болса да біраз репрессияға ұшыратып, республикадан кетуге-де мәжбүр етті. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан жерінде жүргізілген мұндай жағдайларды тек И. Сталиннің өлімі ғана кезекті жаппай саяси репрессияны тоқтатқанымен қазақ интеллигенцияларына деген саяси-идеялық күрес кейінгі жылдары да жалғасын тауып жатты.
Демек, 1940 жылдардың 2-ші жартысы мен 1950-ші жылдардағы жазушы, филолог және тарихшы педагог ғалымдарымыздың сол кездегі жағдайлары бойынша ұлт даярлаудағы орны айта қаларлықтай болған жоқ. Бұл құбылыс тарихи қалыптасқан жағдай еді. Өйткені әкімшіл-әміршіл жүйенің басқарудағы әдісі осындай келіссөздікке әкелді. Яғни біздің бүгінгі рухани саладағы қиыншылықтарымыздың бір ұшы нағыз қазақ мамандарының социалистік құрылыстан зорлықпен ажыратылғанында жатқан еді. Ал, 1920-шы жылдардың екінші жартысы мен 1930 жылдардың басындағы Кеңес өкіметінің қазақ интеллигенцияларының қалыптасып, өніп-өсуіне қарсы ұйымдастырылған күресі, Алаштың қазақ азаматтарына қызметтерін пайдаланды деген ұранды ұстанып оларға дөрекі сындар тағу арқылы қуғындау, түрмеге жабу мен жер аудару арқылы келген репрессия болса, адам көргісіз 1937–1938 жылдардағы қолдан жасалған қанды қырғын «халық жауы» деген және тағы басқа сылтаулар мен айыптаулар тағу арқылы асу, ату және қырып-жоюдың нәтижесіндегі саяси репрессия Қазақстандағы мыңдаған қазақтың маңдай алды ой еңбегі азаматтарының өмірін алып кетсе, ал соғыстан кейінгі және 1950-ші жылдарды толық қамтыған репрессия қазақ интеллигенцияларының басқан ізін, аңду, көне әдеби мұраларды саяси-идеялық тұрғыдан жаратпай тастау, еркін ойдың нышанына айналған тарихи тұлғаларды күйелеу тоқтамады. Міне осындай зұлмат саясаттардан соң Қазақстан интеллигенцияларының арасындағы қазақ интеллигенциясы сапалық жағынан әлсірегенімен, еңсесін көтеріп, көшпен бірге алға жылжудың үстінде болды.
Дегенмен-де бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі сол, жаңадан қалыптаса бастаған республика интеллигенцияларының арасындағы қазақ интеллигенциясы қауымының мүшелері зерттеу аралығының жылдарында жүргізілген саяси қуғындау салдары мен репрессиялардың зобалаңдары мен зардаптарын басынан өткізіп, сапалық жағынан бұрынғыдан да күйзеліске ұшырады. Сол бір қайғылы кезеңнен бері араға біраз жылдар түсті. Осы мерзімде бірнеше ұрпақ алмасып, өмір шындығы да өзгеріске ұшырады. Алайда, сол үресілі жылдардың қайғы-қасіреті қазақ халқының бүгінгі таңдағы санындағы кемшіліктеріне байланысты тарихи демографиялық жағынан қарағанда әлі сезіліп, біздің қазақ халқымыздың жадында мәңгілік сақталды, өйткені Голощекиндік геноцид пен Сталиндік террордың жазықсыз құрбандарының балалары мен туыстары ол күнді өмірде ұмытпайды.
Қорыта айтқанда 1926 — 1959 жылдар аралығында республика халқының арасында қазақтардың саны 27,1 пайызға кеміп, азайғандығы байқалады. Осылайша қазақ халқы өзінің ата жұртында отырып өз ана тілінен, ұлттық ерекшелігінен, өз мемлекеттігін сезінуден айырмақшы болған қауіпті қара сызықты алғаш рет аттаған еді. Демек, зерттеу аралығында Қазақстан интеллигенцияларының арасында қазақ интеллигенциясының саны мен құрамындағы өзгерістер байқалды. Яғни, бұдан қазақ мамандарының қызмет түрлерінің әр түрлі салалары бойынша қалыптасып, саны мен үлесі артып, қазақ интеллигенциясы қатарының өсіп келе жатқанын байқаймыз.
56. Тәуелсіз Қазақстанның басқа мем-н саяси және экономикалық қатынасы.
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.
Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.
Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара  келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭқ, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді.
2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40% дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ долларынан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын болды.
Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы жылдары ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жұмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды. Мұның өзі саяси-экономикалық байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт өмірді сақтауға кепілдік берді.
1998-1999 жж. белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қытай мен Қазақстан арасында тағы да жаңа маңызды уағдаластықтарға қол жетті. Ең алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдірді.
Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан айында жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесуі барысында 5 құжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт” болып табылады. Сондай-ақ, бұдан басқа екі ел деңгейінде халықаралық ланкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күресте ынтымақтастық жөнінде, екі мемлекет арасындағы қауіпті әскери әрекетті болдырмау туралы және т.б. құжаттарға қол қойылды. Екі арадағы сауда-экономикалық байланыстар жылдан-жылға артып, 2004 жылы оның көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асты. Жалпы соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер жүргізу біздің елдің сыртқы саясатындағы тұрақты құбылысқа айналды.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. 1991 ж. желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә.Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 ж. көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың барысында: “Сауда қатынастары жөніндегі келісім”, “Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт”, “Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум”, “Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі туралы бірлескен мәлімдемелерге” қол қойылды. Сөйтіп, екі жақты қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негіздері қаланды.
Осыдан кейінгі жылдары Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынастары серпінді түрде дамып келеді. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы болып отыр. Вашингтон Қазақстанға Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік тұғыры, өзінің осы аймақтағы басты серіктесі ретінде қарайды. 1999 ж. желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев АҚШ-қа тағы да бес күндік сапар жасап, екі ел арасындағы байланысқа жаңа жол ашты. Екі мемлекет арасындағы келісім барысында ХХІ ғ. басындағы басымдық беретін басты бағыттары айқындалды.
Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігіне он жыл толуына орай жіберген құттықтау хатында АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстан Халықаралық қоғамдастық үшін аймақтағы тұрақсыздық пен жанжалдарға қарсы шешуші рөл атқаратынын қуаттады. 2001 жылы желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында "Жаңа Қазақстан-Америка қатынастары туралы” бірлескен  мәлімдемеге қол қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Корея сияқты және басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мәні өте зор.
Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тарихи және мәдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы - Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан кейіннен 1998 ж. 4-ші мемлекет Тәжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа сәйкес Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институттары – Премьер-министрлер кеңесі және олардың тұрақты органы – Атқару комитеті құрылды. Ортақ экономикалық кеңістік туралы шартқа қол қойылғаннан кейінгі жылдар ішінде көп жақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары, көкейкесті халықаралық күрделі мәселелер және республикалардың экономикалық интеграциясы бойынша 200-ден астам құжаттар қабылданды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығының 2005 жылға дейінгі интеграциялық даму стратегиясы. 2002 жылдың ақпан айынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа келісілген құжат негізінде “Орталық Азия ынтымақтастығы” болып қайта құрылды.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелердің бірі – елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Бізбен солтүстікте бірнеше мың шақырым шекараласатын Ресеймен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шекараны тұрақтандырып бекіту өте қажет іс еді. Шекара – мемлекеттік егемендіктің басты белгілерінің бірі. Сондықтан бұл маңызды саяси проблема Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде әлденеше рет әңгіме арқауы болды. Осының нәтижесінде екі ел арасында 1992 ж. 15 мамырда ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа және 1999 ж. 28 наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарттар бойынша Қазақстан мен Ресей әрі қарай да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп сыртқы саясат саласында өзара бірлесіп әрекет ету көзделген. Ресей мен Қазақстан арасындағы қауіпсіздік және сыртқы саясат мәселесі екі ел арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылданған “Мәңгі достық және одақтастық туралы декларацияда”, сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998-2007 жж.) арналған экономикалық бағдарламада өзінің даму көрінісін тапты. Осы келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерінде делимитациялау шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы қаңтарда Мәскеуде өткен екі мемлекет басшыларының кездесуінде басты үш бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі – екі ел саясатындағы қарым-қатынастың сабақтастығы. Екіншісі - қауіпсіздік мәселесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі – шекараны нақтылау мәселесі.
Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасының жалпы ұзындығы 15 мыңға жуық шақырымды құрайды. Соның ішінде Қазақстанның Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарасы шамамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен – 7,5 мыңнан астам шақырым, Туркменстанмен – 400 шақырым, Өзбекстанмен – 1660 шақырым. Ресеймен шекараны делимитациялау мәселесі 1998 жылғы 6 шілдеде екі ел басшыларының бірлескен мәлімдемесінен және сол жылғы 12 желтоқсандағы мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі хаттамадан басталды. Алты жыл аралығындағы құжаттарды әзірлеумен тыңғылықты айналысқан сарапшылар шекаралық сызықтың барлық нүктелері бойынша ортақ келісімге келді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей президенті В.Путин 2005 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Шын мәнінде, тарихи деп бағалауға болатын осы құжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы бар шекара мәселесі халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты. Елбасы атап өткендей, “қадым замандардан қазақ-орыс елдері арасында шекара бірінші рет заңды түрде тартылып отыр”. Әлемдегі жерүстілік ең ұзын саналатын, жалпы аралығы 7591 шақырымды құрайтын бұл шекара сызықтары белгіленіп және мойындалып, екі мемлекет арасындағы мызғымас достықтың сенімді кепілі ретінде бағаланды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шекараны заңдастыруға кірісті. Өзара түсіністік пен мүдделілік бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізді. 1994 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Премьер-министрі Ли Пэн екі ел арасындағы шекара сызығын заңдастырып, белгілеу (делимитация) жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Жалпы ұзындығы 1718 шақырымға созылып жатқан желінің екі шағын учаскесінен (бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарындағы) басқасы түгел заң жолымен бекітілді. Келесі кезектегі мәселелерді шешу үшін делимитациялық комиссия құрылды. Жоғары дәрежелі кездесу кезінде шекара мәселелерін толық реттеуге қатысты келіссөздерді одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жетті. Бұл бағытта 1996-1998 жж. үш арнайы келісім болды. Соның нәтижесінде 1999 ж. қарашада Цзянь-Цземинь мен Н.Назарбаев шекаралық мәселелердің толық үйлестірілуі туралы арнайы коммюникеге қол қойылды. Сөйтіп, Қытаймен шекараны межелеу негізінен аяқталды.
Сонымен қатар, Қазақстан бұл жылдары өзінің жақын көршілері - Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркменстанмен арадағы шекара мәселелерін іс жүзінде түпкілікті реттеуге қол жеткізді.
Шекара мәселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) маңызды рөл атқарады. 1996 жылғы сәуірде Шанхайдағы кездесу кезінде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан басшылары шекараларды бұзбау, олардың арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу келісіміне қол қойылды. Кейін бұл келісімге Өзбекстан қосылды.
“Шанхай келісімі” негізінде алты ел басшыларының жыл сайынғы кездесуі 1997 ж. Мәскеуде, 1998 ж. Алматыда, 1999 ж. Бішкек, 2000 ж. Душанбе, 2001 ж. Алматыда болып өтті. Онда аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланып, осының нәтижесінде Декларациялар қабылданды. 2002 жылғы маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті Санкт-Петербург қаласында болып өтті. Оның жұмысында ШЫҰ құрылымын орнықтыру іс жүзінде көрініс тапты. ШЫҰ-ның Секретариаты Пекинде, ал Аймақтық терроризмге қарсы құрылымның штабпәтері Бішкекте орналасатын болды. Бұл кездесуде 3 құжатқа – ШЫҰ Хартиясына, аймақтық терроризмге қарсы құрылым жөніндегі Келісімге және ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының Декларациясына қол қойылды.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік, соғысты болғызбау. 1992 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Президент Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен сенім шараларын орнықтыру туралы мәселе көтерді. Оған сәйкес 1993 ж. көктемде Алматыда осы мәселеге байланысты шақырылған бірінші бас қосуға оннан аса мемлекеттен өкілдер келген болса, сол жылғы тамыз айындағы кездесуге 17 елден сарапшылар тобы келді. Қазақстан Хельсинки процесіне қосылып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның жұмысына қатысты (1992 ж.). Ал 1996 ж. 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.
Қазақстанның СШҚ-І-Шарты мен ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы әлемдік маңызы бар оқиға. Мұның өзі елдің қауіпсіздігінің кепілдіктерін күшейтті. 1994-1995 жж. басты ядролық державалар – АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, ҚХР мен Франция Қазақстанға қауіпсіздіктің бірлескен және жан-жақты кепілдіктерін берді.
Қазақстан саяси-әскери одақ - НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы аясында дамып, еліміздің қарулы күштері үшін кадрлар даярлауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен шекарасының тұтастығын қорғау үшін өзінің жеке Қарулы Күштерін құрудың зор маңызы болды. Оны іске асыру Елбасының 1992 ж. мамырдағы “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” жарлығымен басталды. 2000 ж. 10 ақпанда 1999-2005 жылдарға арналған жаңа әскери доктрина және ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қабылданды. Осы құжаттарға сәйкес армия елдің ішкі жалпы өнімінің бір пайызынан кем емес көлемде қаржыландырылатыны көзделді. Доктрина негізінде Қазақстан жерінде әскери аумақтық құрылымға көшіру жүзеге асырылып, елдің барлық аймағын қамтыған Оңтүстік, Шығыс, Батыс және Орталық әскери округтері құрылды. Сөйтіп, біздің елімізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең басты мәселе болып қала береді.
1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта-қаржы ұйымдарына – Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Нәтижесінде Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты. Мысалы, 1992-1995 жж. халықаралық қаржы институтының Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.
Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық “Шеврон” компаниясымен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан-Американ бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген.
Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде сыртқа шығаратын және сырттан бізге алып келетін тауарлардың көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне, 24% Еуропа елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді.
Біз ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы (Сальдо – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен ТМД-ның ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың географиясы да біршама тарамдала түсті. Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты. Осылайша біз әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына ендік (Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 ақпан 2005 ж.).
2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі – еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік. Бұл – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық зор беделінің ерен табысы, еліміздегі ұлан-ғайыр оң өзгерістердің, біздегі демократияның айшықты нәтижесі. Біздің еліміз халықаралық мойындауда және өзінің дамуында жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. ЕҚЫҰ – дүние жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірінен саналады. Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел.
Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды. 
57. Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей протекторатын (бодандығын) қабылдауы және оның салдары.
      Қазақ халқының тарихында XVІІІ ғасырдың басы аса бір ауыр кезең болды. Тәуке хан 1718 ж. қайтыс болған соң қазақ жүздері арасындағы саяси және шаруашылық байланыстар әлсіреп, билеуші топтар арасындағы алауыздықтар барған сайын үдей түсті. Тәуке хан тұсында бір орталыққа бағынған Қазақ хандығы саяси бытыраңқылыққа ұшырады. Белгілі орыс тарихшысы – ғалым А.И.Левшин өзінің “Описание киргиз – казачьих или киргиз – кайсацких орд и степей” деген еңбегінде  Қазақ хандығын Тәуке хан билеген кезеңді былай сипаттайды: «Тәукенің атын атасақ, бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп, мақтаныш билейді. Қазақ ордасының Ликургы, Драконты – сол адам. Тәуке ала ауыз болып, қырғынға бөккен елді сабаға түсіріп, ру мен рудың арасындағы талай жылғы қантөгісті тоқтатты, ақылы мен әділдігінің арқасында жұрттың бәрін өзіне мойынсұндыра білді, әлсіз рулардың басын қосып, әулетті дұшпанға қарсы қоя алды, күштілерді тізеге салып, тәубәсіне келтірді, баршаға ортақ заң жасап, сол бойынша билік айтты».
Тәукеден кейін Қазақ хандығы іс жүзінде жеке-жеке хандықтарға бөлінді. Жүздердің  әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті, ал ұлыстарды басқарып отырған сұлтандар сол хандарға тікелей бағынды. Жолбарыс Ұлы жүздің  (1720-1740 жж.), Қайып  (1716-1719 жж.),  сосын  Сәмеке (1719-1734 жж.) Орта жүздің, Әбілхайыр  (1718-1748 жж.) Кіші жүздің хандары  болды. Тәукенің тағына отырған оның баласы Болаттың (1718-1726 жж.) Ұлы хан деген  атағы ғана болды. Саяси тұтастығынан айырылған мемлекеттің экономикасы да әлсірей бастады. Жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар және  сыртқы сауда-саттық  үзіліп қалды. Қолөнер мен сауданың орталығы болған Оңтүстік Қазақстандағы қалалар құлдырады. Көшпелі және жартылай көшпелі аймақтармен отырықшы халықтың арасындағы байланыстың әлсіреуі халықтың әлеуметтік, мәдени, психологиялық, демографиялық жағдайын төмендетті.
Осы кезеңде Қазақ хандығының сыртқы жағдайы да шиеленісе түсті. Жоңғар шапқыншылығы күшейді. 1690-1697 жж. болған Қытай – Жоңғар соғысы кезінде ойраттар (жоңғарлар) біраз жерінен, адамынан (50 мың), малынан айырылды. Қытайға қарсы күресуге күші жетпеген Жоңғар мемлекеті соғыста айырылған байлықтарын (адам, жер, мал) Қазақ хандығының есебінен қайтаруға тырысты. Ал орыс мемлекеті болса Кіші жүз қазақтарының көш-қоныс жерлеріне жақындады. Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының жеріне Орта Азия  хандықтары, Еділ бойындағы  қалмақтар, башқұрттар мен Сібір казактары да үздіксіз шабуыл жасап отырды.
ХҮІІІ ғасырдың 20-шы жылдарының соңы мен 30-шы жылдардың басындағы жеңістердің нәтижесінде жоңғарлар қазақтың біраз жерін босатуға мәжбүр болады. Әрине, қазақтың барлық жері түгел азат етілмесе де, бұл үлкен жетістік еді. Қазақтар осы шайқастарда біріксе ғана біртұтас күш ретінде елі мен жерін қорғауға шамасы жететінін көрсетті. Алайда, Ұлы хандық билік үшін күрес қазақтарды тағы бөлшектеді.  Ұлы хандықтан үміткер Кіші жүзден - Әбілқайыр, Орта жүзден - Сәмеке  өздерін елеусіз қалдырды деп, Аңырақайдағы жеңістен соң шайқас алаңын тастап  кетіп қалды. Осы ішкі алауыздықтарды, қырқысуларды пайдаланған жоңғарлар қазақ жерлерін басып алу үшін қайтадан батысқа қарай жылжыды. Осындай қиын–қыстау жағдай Әбілқайыр ханды Ресей мемлекеті сияқты одақтас іздеуге мәжбүр етті.
1730 жылы  жазда Әбілқайыр Уфа наместнигі арқылы Петербургке Сейітқұл Құндағұлы мен Құтлымбет Қоштайұлын елші етіп жіберіп,  Ресей империясының бодандығына  қабылдауды өтінеді. Тұтас алғанда Кіші жүздің Ресей бодандығын  қабылдауының  объективті  негіздерін жоққа шығармай,  Әбілқайырдың  алысты көздейтін  жеке басының  менмендігін,  оның барған сайын  айқын көріне түскен  қара басын ойлаған  мүдделерін естен шығармау керек екенін атап өтеміз.  Хатында Әбілхайыр хан Орта және Кіші жүз қазақтарымен түгел Ресей бодандығын қабылдайтынын атап көрсетті.
Еділ қалмақтарын, Қабарда княздігін, Грузин билеушілерінің жерлерін Ресей  құрамына қабылдау Сыртқы істер алқасы дипломатиялық қызметінің өрісін едәуір кеңейтті. Бұл жолы да Әбілхайыр ханның елшілігіне барынша құрмет көрсетілді. Оның Құтлымбет Қоштайұлы  бастаған 7 адамнан тұратын елшілері құрметпен қабылданып, бағалы сыйлықтар тартылды. Әбілхайырдың өтінішін қабыл етудің себебі орыс патшасы І Петрдің  XVІІІ ғ. басында Қазақ хандығы туралы айтылған пікірінен белгілі. Ол:  «…барлық Азия елдері мен жерлеріне кірудің кілті мен қақпасы дәл сол орданың (Қазақ хандығының) өзі ғана, осы себептен де солар арқылы барлық Азия елдерімен қатынасатын жолымыз болуы үшін қазақ ордасы Ресейдің қол астында болу керек» деген еді.
Осы мақсатта ол қазақ жеріне 1713-1720 жж. бірнеше экспедициялар жібереді. Алғашқысын 1713 ж. кінәз Александр Бекович-Черкасский басқарды. 1715 ж. И.Д. Бухгольц экспедициясы жасақталды. І Петрдің И.Д. Бухгольцке арнаулы жарлығында оған Тобылға бару және онда аталған губернатордан 1500 әскери адам алып, солармен  Ямышев көліне бару, онда қала жасап, аталған адамдарымен жаңадан салынған бекініс пен оның маңайына орналастыратын жерге жету міндеттелді. Осы әскери экспедиция үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан және төңіректегі қыстақтардан жинап алынды. Деректерге қарағанда, 70-ке жуық әртүрлі зеңбіректер алынған.  И.Д.Бухгольцтің қырдағы жүрісінен ойраттар  қауіптенбеу үшін қонтайшы Цеван-Рабтанға алдын-ала Сібір губернаторының арнаулы өкілдері жіберілді. 1715 жылы 1 қазанда экспедиция Ямышев көлінің жағасына жетіп, сол жерде бекініс салды. 1716 ж. Омбы бекінісінің іргесі қаланады. 1717 ж. полковник П.Ступин экспедициясы Ямышевск бекінісінің іргесін одан әрі бекітеді, 1718 ж. П.Северскийдің отряды Железинск бекінісін салады, ал В.Чередов басқарған екінші отряд Семей бекінісінің іргесін қалайды, 1720 жылы И. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін салады. Ресей мемлекеті үшін Қазақ хандығы «Азияға кіретін кілт пен қақпа” ғана емес, ол бірнеше мың халықтың бейбіт жолмен империяға қосылуы, Ресейдің оңтүстік-шығыс шекарасында тыныштықтың орнауы еді. Сонымен бірге Ресей қазақтар арқылы жоңғарлар мен башқұрттарға күш көрсетуге немесе әлсіретуге мүмкіндік аламыз және Орта Азия халықтарын бағындыруға жеңілдік туады деп есептеді.
1731 жылы 19 ақпанда Ресейдің патшасы Анна Иоановна қазақтарды Ресей бодандығына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойды. Бұл құжатта былай жазылған: біріншіден, қазақтар патшаға берік болса және де салық төлеп тұруға уәде берсе, екіншіден, Ресей азаматтары қазақтарды ренжітпесе, қорлық көрсетпесе; үшіншіден, қазақтарға біреулер шабуыл жасаса, Ресей империясы оларды өз азаматтарындай қорғаса, төртіншіден, тұтқынға түскен орыс азаматтарын қайтарып, башқұрт және де қалмақтармен тату-тәтті боламыз деп қазақтар уәде беріп отырса, біз оларды Ресей империясының қол астына аламыз да, оның боданы деп есептейміз. Ал қазақтар, империяның боданы болған соң, өз жерлерінде Ресей бодандарына ешқандай қиыншылық жасамай, ренжітпей, тату-тәтті болуы қажет.
Осы грамотаны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 31 сәуірінде Ресей Кіші жүзге Сыртқы істер коллегиясының тілмәші А.И.Тевкелев бастаған арнайы елшілік  жіберді. Патша үкіметі А.И.Тевкелевті қырғыз-қайсақ ордасын Ресей бодандығына келтірудегі міндеттері белгіленген Мемлекеттік сыртқы істер алқасының 12 тармақтан тұратын  нұсқауымен жабдықтады.  Бұл құжат дипломатиялық миссия үшін іс-қимыл бағдарламасы болды.  Онда Ресей елшісіне тек Кіші жүз қазақтарын ғана емес, бүкіл қазақ хандығын түгел бодандыққа өткізу  міндеті қойылған еді. Нұсқауда Ресей бодандығын қабылдау мәселесінде хан төңірегінде алауыздықтар анықталған жағдайда дипломаттың еркін нұсқаулар таңдау мүмкіндігі болды. 
Империяның ішкі губернияларына неғұрлым жақын орналасқан Кіші жүзге дипломат жібергенде үкіметте ол жөнінде жеткілікті ақпарат болған жоқ, тек Қазақстанның солтүстік-батыс аудандары туралы Сыртқы істер алқасының кеңсесінде бәрі алдын-ала алынған, үзік-созық сипаттағы мәлімет болды. А.И.Тевкелев дипломатиялық тәжірибені қазақ жерінде жүріп жинақтады. Нұсқауда  оған қырғыз-қайсақтар туралы мәліметті жазып алу, елдің орфографиясын, халыққа бодандықтың ұнайтын-ұнамайтынын, оның көршілерінің кімдер екенін, өздері зеңбіректер құя білетін-білмейтінін зерттеу міндеті жүктелді. Осы нұсқау негізінде  А. И.Тевкелев күнделік–журнал жүргізген.
Белгілі тарихшы Н.Маев 150 жыл өткен соң, өзі жинаған деректер негізінде даладағы істің жайы туралы да, халықтың салты туралы да, тіпті оның тілектері туралы да сенімді мәліметтері болмай, жорамалмен әрекет еткен үкіметтің көзқарасын сын көзбен бағалады.
1731 жылы 5 қазанда А.И.Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналасқан Майтөбе сайына келді. Атақты мейманды  бастап жүруді Әбілхайыр хан үлкен баласы, тәжірибелі жауынгер, әкесінің қызметін түгелдей қолдаған Нұрмұхамед Әли Баһадүрге (Нұралыға) тапсырды. Алайда Ұлы даланың тілі де, әдет-ғұрпы да жақын, түсінікті болған бұрынғы татар мырзасының күрделі дипломатиялық мансабының алғашқы қадамдарының өзі көрнекті  ақсақалдардың,  сұлтандардың зор  қарсылығына ұшырады. Олар  орысқа бодандық туралы естігілері де келмеді, «ханды соқыр тиын сияқты да көрмеді” тіпті  оны өлтіруге тырысқаны туралы дерек бар. Осы жағдай Әбілхайырдың Ресей патшасына елшілерді билеуші топтармен және халықпен ақылдаспай  жібергендігін  дәлелдейді. Ал Тевкелев болса өз басының пайдасын ойлап келген адам, сондықтан ол өз мақсатын орындау үшін қазақтың кейбір ақсақалдары мен билеріне мол сыйлықтар беріп, алдап-сулап әрен көндірген деп жазады тарихшы С.Асфендияров. А.И.Тевкелев  күнделігіне 2 жылға жуық уақыт бойы үнемі өлім қаупіне бас тіге жүріп,  аштыққа шыдап, бүкіл қабілетін жұмсап, бүкіл орданы көндіргенін жазды.
Бірінші болып бодандыққа Әбілхайыр хан ант берді, оған Бөкенбай ақсақал, содан соң Есет батыр қосылды. Сол арада адалдыққа 27 ақсақал ант берді. Сонымен қазіргі кейбір басылымдарда жазылып жүргендей бастапқыда антты 27 емес, ханнан басқа 29 адам бекітті. Бодандықты қабылдаған Әбілхайыр Ресей империясының шығыс шекарасын, орыс көпестерінің  сауда керуендерін  қорғауға, орыс мемлекетіне әскери көмек көрсетуге, бағалы терілерден  салық төлеуге  уәде берді. Бірақ бұл уәделердің  бәрі толық  орындалған жоқ.  Сонымен қатар Әбілхайыр патша өкіметінен  өз ұрпағында хандық биліктің қалуын,  іштен және сырттан қиындықтар туа қалған жағдайда,  өзіне тірек және  қорған болатын  Ор бекінісін салуды талап етті. Әбілқайырдың бұл талаптарына  патша өкіметі үлкен мән бермеді,  себебі жоғарыдағы талаптар патша үкіметінің шығыс шекарасындағы  мүдделеріне  қарсы келмеді.  Тіптен Хан ордасы  мен шекаралық аймақта  бекініс салу  Ресей үшін хандық бодандықты  нығайтуға  тиімді еді.
1731 жылы Кіші жүз бен орыс мемлекетінің арасындағы қарым-қатынас осы жылы Ресей империясының протекторатын қабылдау туралы құжатқа қол қойғаннан бастап іс жүзінде бекітілді. Бұл сонда, қандай қарым-қатынас? «Протекторат немесе қамқорлық қатынастар - бастапқыда күшті және әлсіз мемлекеттердің арасында ерекше хұқықтар мен өзара міндеттемелер белгілейтін шартқа негізделген қатынастар. Оның мәнісі – алғашқысы кейінгісін қорғаса, ал кейінгісі алғашқысына егемендігін сақтай отыра белгілі қызмет көрсетеді” дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед өзінің «Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі» деген еңбегінде. Протекторат – қорғаушы, қамқоршы, тірегі, демеушісі. Протекторатын қабылдау – күшті мемлекет әлсіз мемлекеттің қорғаушысы, қамқоршысы, демеушісі, арқа сүйегіші, тірегі болады, ал әлсіз мемлекет сол үшін белгіленген (келіскен) міндеттер атқарып отырады. Басқаша айтқанда, Ресей империясы Қазақ мемлекетін (Кіші жүзді) сыртқы жаулардан қорғап, ішкі саясатына араласпай, қазақтардың егемендігін сақтап қалуға мүмкіндік жасауға тиіс. Әбілхайыр ханның Ресей патшасына жазған хатына, Анна Иоановнаның қазақ халқына берген грамотасының мазмұнына қарап, бұл тарихи процесті Қазақстанның өз еркімен Ресей империясына кірді деп айтуға болмас. Кіші жүз басшылары Ресей империясының протекторатын қабылдауы немесе оның «боданы» болуын сұрауы тарихи факт. Алайда  «бодан» (подданный) қосылу емес. Ол тату болу, бейбіт қарым–қатынас жасау, одақтасу, адал болу деген ұғымдарды білдіреді.
Әілхайыр хан Ресеймен татулыққа жету арқылы таққа талас мәселесін шешуді ойлады, яғни өзінің билікке жетуінің бірден-бір жолы деп  үміттенді. Екіншіден, халықтың ұзақ соғыстан шаршағанын, экономиканың қансырағанын, орыс бекіністерінің қаптауын, орыс-казак станицаларының салынуын  және  жоңғарлар мен Еділ қалмақтарынан, Орта Азия хандықтарынан, Қытайдан келетін  қауіп-қатерлерді ескере отырып, ол Ресейден бодандықты сұрауға мәжбүр болды. Дәл осы сәтте хан тағына лай