генетика Айжан срсп


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультет: Биология және биотехнология
Кафедра: Жалпы генетика №1-СӨЖ: Кариотоп. Хромосомалардың құрылысы. Хромосомалардың саны мен морфологиялық ерекшелігі. Вирустар, прокариоттар мен эукариоттар хромосомасы. Орындаған: Аманбаева А.
Тексерген: Жунусбаева Ж.К.

Алматы-2017ж.
Кариотоп. Хромосомалардың құрылысы. Хромосомалардың саны мен морфологиялық ерекшелігі. Вирустар, прокариоттар мен эукариоттар хромосомасы.
Жоспар:
Кіріспе:
Кариотоп бөліміне жалпы шолу
Негізгі бөлім:
Хромосома дегеніміз...
Олардың құрылысы, саны мен морфологиялық ерекшелігі.
Вирустар, прокариоттар мен эукариоттар хромосомасы.
Қорытынды:
Түйңндеме сөз: Хромосома.

 
Кариотип (грекше karyon – жаңғақ, жаңғақ ядросы және typos – үлгі, пішін) – жануарлар мен өсімдіктердің жүйеленімдік (систематикалық) тобының бір сипаттамасы, олардың дене клеткаларындағы хромосомалардың диплоидты жиынтығы.
• Әр түрдің өздеріне тән кариотиптері болады және олар сол типтегі хромосомалардың саны, пішіні, центромераларының (хромосоманың механикалық ортасы, одан айырылған хромосома қозғалуға қабілетсіз болғандықтан көп кешікпей жойылады) орналасуы, көлемі, екінші реттік тартылулары және тағы басқа белгілерімен сипатталады.
• Әр түрдегі кариотиптің тұрақтылығы митоз және мейоз заңдылықтарымен бақыланып отырады. Кариотиптің өзгеруі хромосомалық және геномдық мутациялардың нәтижесінде болуы мүмкін.
• Хромосомалық жиынтықты сипаттау, негізінен,метафаза немесе профазаның соңғы кезеңінде жүргізіледі, өйткені жасуша бөлінуінің осы кезеңдерінде хромосомалар микроскоптың көмегімен жақсы ажыратылады және олар санауға, морфометриялық талдау жасауға, центромерасын анықтауға өте ыңғайлы.
• Хромосомаларды арнайы бояғыштармен жіктеп (дифференциалды) бояу- олардың құрылымындағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
• Хромосомаларды ұзындығына қарай (ең ұзынынан қысқасына дейін) сызба жоба (идиограмма) ретінде орналастырып көрсетуге болады.
Қазіргі кезде мыңдаған өсімдік  түрлері мен жануарлардың, сондай-ақ, адамдардың хромосомаларының кариотиптері құрылып, талданған. Әр түр өзіне  тән хромосомалар санымен және олардың  тұрақтылығымен сипатталады. Хромосома жиынтығының саны өсімдіктердің немесе жануарлардың құрылымдық деңгейіне байланысты емес. Мысалы, жоғары сатыдағы организмдерге қарағанда қарапайымдылардың хромосома санының көп болуы мүмкін, кейде керісінше жағдай байқалады. Кей жағдайда хромосома саны және морфологиясы түрдің филогенетикалық ұқсастығының (жақындығының) көрсеткіші болуы мүмкін. Кариотипті салыстырмалы талдау өсімдіктер мен жануарлар жүйеленімінде (кариосистематика), соның ішінде, дақылдық өсімдіктердің шығуын зерттеуде, селекцияда және тағы басқа қолданылады.


Хромосомалар ( грек. soma — дене)  — жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтар. Хромосомалар өздігінен көбейе алады, өзіндік атқаратын қызметі мен арнайы құрылымы бар және оны келесі ұрпақта сақтай алады. Хромосомалар терминін алғаш рет неміс ғалымы В.Вальдейер ашты (1888). Ол хромосомаларды негізгі бояғыштармен қарқынды боялатын тығыз денешік деп атады. Бірақ хромосомалардың сыртқы пішіні жасуша циклінің әр түрлі сатыларында өзгеріп отырады. Митоз және мейоз процестерінің метафаза кезеңінде хромосомалардың морфологиясы жарық микроскопының көмегімен анық көрінетін құрылымға енеді. Көптеген өсімдіктер мен жануарлардың дене жасушаларындағы хромосомалар ұрықтану процесі біреуін аналықтан, ал екіншісін аталықтан алған екі  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D1%80%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%B4%D0%B0" \o "Хроматида" хроматидтерден (ұзынша жіпшелер) тұрады. Мұндай хромосомалар гомологты деп аталады. Мейоз процесінен өткен жыныс жасушаларында гомологты хромосомалардың тек біреуі ғана болады. Клеткадағы хромосомалардың толық жиынтығы кариотип деп аталады.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%80%D0%BE%D0%BA%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%BE%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80" \o "Прокариоттар" Прокариоттар мен вирустарда хромосомалар болмайды. Оларда
тұқым қуалау негізі ретінде әдетте бір жіпшелі немесе сақина тәрізді дезоксирибонуклеин қышқылы немесе рибонуклеин қышқылы болады және олар цитоплазмадан ядро қабықшасы арқылы оқшауланбайды. Клеткалық және тіршілік циклдері барысында хромосомалардың сыртқы көрінісінің өзгеріп отыруы олардың қызметінің ерекшеліктеріне байланысты. Ал хромосомалардың жалпы құрылымдық негіздері, биологиялық түрге байланысты әр түрлі болуы және ұрпаққа үздіксіз беріліп отыруы өзгеріске ұшырамайды. Бұған әр түрлі организмдердің хромосомаларын генетикалық, цитологиялық. және биохимиялық зерттеулердің нәтижелері дәлел бола алады және олар тұқымқуалаушылықтың хромосомдық теориясының негізін құрайды. 1928 ж. хромосомалардың ең алғашқы молекулалық түрдегі үлгісін орыс ғалымы Н.К. Кольцов (1872 — 1940) ұсынды. Эукариоттардың хромосомалардағы ДНҚ молекуласы гистондық және гистондық емес белоктармен байланысып, кешен құрайды. Аталған белоктар ДНҚ-ның хромосомаларда жинақталып, оралған күйде болуын және жасушадағы РНҚ-ын синтездеу қабілетінің реттеліп отыруын қамтамасыз етеді (транскрипция). Хромосомаларға тұқым қуалау ақпаратының жазылуы ДНҚ молекуласының құрылымымен іске асырылады. Клеткадағы хромосомаларда ДНҚ молекуласының 99%-ға жуығы жинақталған, ал қалған 1%-ы басқа жасушалық органоидтарда (хлоропластар, митохондриялар) болады. Хромосомалар жасушада өте күрделі құрылымға ие және олар өте маңызды қызметтер атқарады. Хромосомалар құрылымын және қызметін зерттеу қазіргі заманғы биологияның өзекті мәселелерінің біріне жатады. Әсіресе, 20 ғасырдың 60 — 70-жылдары хромосомалар құрылымының молекулалық негізін түсінуге молекулалық генетиканың дамуына байланысты қол жетті. Бұл жаңалықтар тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясындағы негізгі заңдылықтарды дәлелдеп, онан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Хромосомалардың морфологиясы және көлемі
Хромосомалардың жалпы морфологиясы оларды ең қысқарған және экватор жазықтығында орналасқан метафаза немесе анафазаның бастапқы стадиясында жақсы байқалады. Бұл кезде хромосомалар жақсы көрінеді, олар пішіні мен үлкендігі жөнінен айрықшаланады (2-сурет). Әр хромосоманың формасы негізінен алғашқы тартылыс кезінде анықталады, ол жерде центромера болады. Әр түрлі хромосомолардағы центромераның орны түрліше келеді, бірақ ол әр хромосоманың өзіне тән және тұрақты болады.
Центромера хромосоманың ең ұшында болмайды. Хромосомалардың ең үшындағы сегменттері теломера деп аталады. Хромосоманың центромераға жақын орналасқан учаскесін проксимальді, қашығырақ учаскесін дистальды деп атайды.
Хромосомада алғашқы тартылыстан өзге, үршық жіпшелерімен байланыссыз екінші тартылыс болуы мүмкін, (2-сурет, 5). Хромосомадағы бүл тартылыс ядрошықтың қалыптасуымен байланыстьу оны ядрошық уйымдастырушы деп атайды. ;Хромосоманың бұл учаскесінің құрылысы күрделі екені анықталды және рибосомалық РНҚ синтезіне жауапты.Екінші тартылыс кейде өте ұзын болуы мүмкін, ондай жағдайда ол тартылыс хромосоманың негізгі денесінен шағын учаскені бөліп тұрады, ол спутник деп аталады Мұндай хромосомалар спутникті деп аталады / (2-сурет, 6).
Жоғарыда айтылғандай, метафаза кезінде хромосомаларды полюске тарататын центромераға ұршық жіпшелері бекітіледі. Егер хромосоманың центромерсіз учаскесі (ацентрлік фрагмент) бүзылса, ол репродукциялана алуға қабілетті, бірақ центромераны қалпына келтіре алмайды. Центромерасы болмағандықтан, мұндай ацентрлік фрагмент ориентация жасай алмайды, сондықтан клетка бөлінуі кезінде көбінесе жойылып кетеді.

2-сурет. Метафазалық хромосомалар типі:
1— метацентрлік (екі бөлігі бірдей); 2—субметацентрлік; 3— акроцентрлік (екі белігі мүлде бірдей емес); 4— телоцентрлік (екінші бөлігі жоқ) хромосома; 5— екінщі тартылыстіл дентрлік хромосома; б— спутникті хромосома.


метафазалық пластинка
Фрагментцентромерасымен басқа хромосомаға байланысса ғана сақталады. Алайда таякша тәріздес хромосомалар да белгілі, ұршық жіпшелері оның бүкіл денесінің ұзына бойына жалғасады. Мұндай хромосомалардың диффузды центромерасы болады. Мұндай жағдайда бөлек қалған хромосома фрагменттері анафазаға бір қалыпты ажырауы мүмкін. Бүл құбылыстың та-биғаты әлі жете зерттелмеген. Хромосомалардын, морфологиясы ғана емес, үлкендігі де әр түрлі. Олардың ұзындығы 0,2—50 мкм аралығында; диаметрі 0,2—5 мкм. Алайда белгілі бір хромосоманын, ұзындығы біршама тұрақты.
Жіктеп бояуға мүмкіндік беретін хромосоманы бояудың жаңа әдістерін қолдану, яғни хромосоманың боялған және боялмаған бөліктерінің заңды кезектесуін — диаметрі әр түрлі дискілерін анықтау, әр хромосомаға дәл сипаттама беруге яғни хромосоманың жеке-даралығын анықтауға мүмкіндік берді.
Сонымен әр клеткада хромосомалардың формасын, үлкендігін және жіктеліп боялуын қарастырған кезде олардың бәрін өзара ұқсатуға болады. Ал зерттеп білуді жеңілдету үшін, әрқайсысын ажыратып нөмірлеу керек.


Приложенные файлы

  • docx 4009553
    Размер файла: 744 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий