Орынбек Айдар 3008 омф 2


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Қарағанды Мемлекеттік медицина университеті Жалпы гигиена кафедрасы СӨЖТақырыбы: Биогеохимиялық эндемиялар ,олардың алдын алу. Орындаған:Орынбек А.Б. 3008 топ ЖМФ Тексерген: Жакетаева Н.Т.Қарағанды 2014 жыл ЖоспарКіріспеБиогеохимиялық провинциялар туралы түсінікҚазақстанның табиғи және жасанды биогеохимиялық провинцияларыМикроэлементоздар жайлы түсінікМикроэлементоздың алдын алу Қалқанша без физиологиясы. Қалқанша бездің гиперфункциясы мен гипофункциясыЭтиология және патогенез.Қорытынды КіріспеЭндемиялық бұғақ аурулары белгілі бір жерде пайда болады. Оның ошақтары көбінесе үлкен таудан аққан мұздан пайда болатын, өзендердің аңғарында және тау бөктерінде байқалады. Мұнымен қатар қазіргі зерттеулерге қарағанда мұндай эндемиялық ошақтар жазық жерлерде де болатын көрінеді. Оның себептері белгілі бір географиялық аудандарда йодтың жетіспеуі, соның арқасында организмде йод алмасу процесі бұзылады. Міне осы белгілер арқылы эндемиялық бұғақ ауру анықталады. КіріспеИодтың жетіспеушілігі, әсіресе жасөспірімдер мен балаларға қатты әсер етеді; меңіреулік, құлақ пен тіл байлануы, қолдың тартылуы, қылилық және ергежейлілік ауруларына ұшырайды. Сондай-ақ йод жетіспеушілігі екіқабат әйелдерде түсік тастау, өлі не жетілмаген ауру бала туу қаупін тудырады. Йод жетіспеушілігінен ішті жатқан нәрестенің миы зақымданып, ақыл-есі кем балалар туылуы мүмкін. Сондықтан екіқабат әйелдердің денсаулығын мұқият бақылап, ағзадағы йод мөлшерін бір қалыпта ұстау қажет. Биогеохимиялық провинциялар туралы түсінікБелгілі бір аймақтың қоршаған ортасында кейбір минералды заттардың нормадан тыс көп немесе нормадан тыс аз болуын айтады Қазақстанның табиғи және жасанды биогеохимиялық провинцияларыШығыс Қазақстан мен Орталық Қазақстанда ірі түсті металлургия нысандарының маңында техногенді биогеохимиялық провенциялар пайда болды (Өскемен, Лениногорск, Зыряновск, Балқаш).Шымкенттің қоршаған ортасы қорғасын және фосфор заводтардың шығарыстарымен, ластанып жатыр.Ақтөбе ферро қорытпа, хром қосылыстары заводтары, және ЖЭО атмосфераға хром мен бор қоспаларының үлкен көлемін шығарады. Ақтөбе облысында көзі тау жыныстары- серпентиниттер болып табылатын никельге байытылған геохимиялық провинция бар. Орталық Қазақстанда түсті және қара металлургия мен қатар Теміртаудың атмосфералық ауасының, Нұра өзенінің суының және түбінің сынаппен ластану мәселесі өзекті болып отыр.Қазақстанның қоғамын Семей ядролық полигонның маңындағы экологиялық жағдайы назарын алаңдатуда. Павлодар – Екібастұз отын- энергетикалық кешенінде көмір өнеркәсібінің және энергетикалық қарқынды дамуы алдағы экологиялық жағдайын күрт нашарлатты. Микроэлементоздар жайлы түсінік Микроэлементоз термині организмдегі микроэлементтердің теңдігінің бұзылыстарымен қатар ,олардың жетіспеушілігі салдарынан пайда болатын бүліністері .Бұл көп жағдайда зат алмасу бұзылысы және организмге түсіп отыратын микроэлеметтерінің жетіспеушілігі салдарынан ,сондай- ақ спецификалық аурулар кезіндеде дамиды.Микроэлементоздар түрлері:1. Экзогенді табиғи 2. Ятрогенді және эндогенді тұқымқуалайтын және туа пайда болған 3. Макро микро элеметтердің баланс бұзылыстары организмде табиғи гипо гипер микро макро моноэлементозды шакырады Ауыр металдар тобыКөптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі — отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б.Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский, 1996) антропогенді заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің — 84-89%-ы, мыстың — 56-87%-ы, никельдің — 66—75%-ы, сынаптың — 60%-ы шығарылады. Топырақтың ластануы — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді, түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Химиялық ластаушылар үлкен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа топыраққа жоспарлы түрде, белгілі бір мақсатқа бағытгап, қолданылған химиялық заттар жатады. Олар пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұл препараттар шамадан артық мөлшерде болса топырақты ластаушылар болып шыға келеді. Екінші топқа топыраққа сұйық, қатты, газ тәрізді қалдықтармен бірге кездейсоқ түскен химиялық заттар жатады. Бұған топыраққа мал шаруашылығы мен өнеркәсіптен, монша, емдеу-санитариялық және малдәрігерлік мекемелерден ағып шыққан сулар мен нәжіс және зәр араласқан қалдық суларды жатқызуға болады. Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін қайта өндеу орындарында көптеген мұнай құбырларының тұсында топырақтың мұнаймен ластануы фондық ластанудан 4-60 есе асады. Сонымен қатар радиациялық ластану, дұрыс емес гидромелиорацмя және құрылыс жұмыстары (әсіресе жол салуда) кезінде жіберілген қателер салдарынан су басу және екінші реттік тұздану кеңінен таралған. Қазақстанда белсенділігі 15486900 кюри 237197 мың тонна радиобелсенді қалдықтар жиналған. Радиобелсенді қалдықтардың көлемі бойынша бірінші орында 123700 мың тонна қалдықтары жиналған Маңғыстау облысы алады. Екінші орында Ақмола облысы алады (59976,72 мың тонна) Шөлдену- жердің деградацияға ұшырап, биологиялық өоры азайып, табиғи экологиясы нашарлап , халықтың денсаулығына кері әсер етеді. Орталық Азияда Қазақстан шөлденуден 1 орында. Бізде шөлденудің барлық түрі кездеседі.Жердің техногенді бұзылуы Өсімдіктің өнімділігінің азаюыДебуфикацияЖел,су эрозиясыТопырақтың жер асты суларының химиялық, радиоактивті ластануы Қалқанша без жеткіліксіздігіИодтың жетіспеушілігі, әсіресе жасөспірімдер мен балаларға қатты әсер етеді; меңіреулік, құлақ пен тіл байлануы, қолдың тартылуы, қылилық және ергежейлілік ауруларына ұшырайды. Сондай-ақ йод жетіспеушілігі екіқабат әйелдерде түсік тастау, өлі не жетілмаген ауру бала туу қаупін тудырады. Йод жетіспеушілігінен ішті жатқан нәрестенің миы зақымданып, ақыл-есі кем балалар туылуы мүмкін. Сондықтан екіқабат әйелдердің денсаулығын мұқият бақылап, ағзадағы йод мөлшерін бір қалыпта ұстау қажет. Қалқанша без кеңірдектің алдында орналасқан сыңар орган. Салмағы 30-дан 60 грамға жетеді. Екі бүйір бөлімдерден тұрады. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-7 грамм, тіпті 10 грамға дейін жетеді. Жыныстың жетілу кезінде бездің аумағы үлкейеді, ал қартайғанда кішірейеді. Қалқанша безді қан тамырлары жиі торлап жатады. Денедегі барлық қан сағатына бір рет осы без арқылы өте алады. Қалқанша бездің ішінде көпіршіктер - фолликулдар болады. Бұларда кейде қою, кейде сұйық күйде кездесетін коллоид массасы бар. Оның түсі мөлдір келеді. Эндемиялық зобҚоршаған ортада йодтың жетіспеушілігінен пайда болуына әкеледі.Судағы йодтың көрсеткіші маңыздыорын алады, егер судың құрамында йод нормадан аз мөлшерде болатын болатын болса, ол қоршаған ортада йодтың жалпы жетіспеушілігін туындатады. Бұл ауру йод жетіспейтін аймақтардағы адамдар тек жергілікті өндірілген өнімдермен: өсімдіктер, жануарлар тағамдарымен қоректенген жағдайда пайда болады, өйткені ол жердің қоршаған ортасында йод мөлшерден тыс аз болады.Йод қалқанша безінде тироксин гармонының пайда болуына қатысады.Қалқанша без дұрыс жұмыс жасау үшін ересек адам ағзасына тәулігіне 100-200 мг йод түсіп тұру керек. Сонымен қатар эндемиялық зобтың пада болуына басқа да факторлар әсер етеді:климат, адамдардың материалдық жағдайы және т.б. Қорытынды Топырақ – жер беті организмдері мен тау қыртыстарының әр түрлі климатта, аймақ рельефі мен адамның шаруашылық әрекетінің қарым-қатынасының ерекше полифункциональды жүйесі. Соңғы жылдары ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктерінен жоғарғы өнім алу мақсатында жыртылған жер тыңайтқыштарды, пестицидтерді интенсивті пайдалану топыраққа қосымша кері әсерін тигізді. Әсіресе адамдар жер бетіне көп өзгерістер жасады. Пайдаланылған әдебиеттерGoogle.ruЖалпы гигиена Бектұрғанов Р.С.,Сералиева М.Ш.Malimet.kz ақпараттар сайты Жамалбеков Е.У. Бильдебаева Р.М., Бигалиев А.Б. Жалпы топырақтану. Алматы 2001 Тазабеков Т.Т. Топырақтың құнарлылығы. Алматы 1999

Приложенные файлы

  • pptx 953500
    Размер файла: 718 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий