Сапа


Соңғы онжылдықта ғылыми-техникалық қатынаста дамыған мемлекеттерде түрлі салаларда көптеген сандық әдіс-тәсілдер және түрлі өнім сапасын бағалау жиі қолданылып жүр. Автомобильдер мен сауда қорабы, тұрғын үй пәтерлері мен ракеталық қару, азық-түлік өнімдері мен қала тұрғын комплекстері және көптеген түрлі заттардың сапасын бағалайды.
Қазіргі уақытта өнім сапасын көтеру – біздің елімізбен қатар шет елдерде де негізгі мәселелердің бірі. Бұл мәселенің маңыздылығы алдыңғы уақытта арта түсері сөзсіз. Оның себептері өндіргіш күштердің, экономикалық жағдай, оның даму перспективасы деңгейіне байланыстыӨнімдердің көптеген түрлерін өткізудің қиындығы оның сапасын әр түрлі стадияда: техникалық тапсырманы, жұмыс жобасын, тәжірибелік үлгісін, ең соңында сериялық өнімді, дұрыс анықтауды білмеуден. Бұл өткізуді баяулатуға, кей жағдайда сатуға мүмкіндік бермеуге әкеліп соқтырады. Ал бұл халық шаруашылығын орасан зор шығынға ұшыратады.
Капиталистік елдерде, нарыққа күресе отырып, әр фирма конкуренттерінің жетістіктерін мұқият бақылап отырады.
Дұрыс баға құру – (нарық) өнімнің сапасын объективті бағалаумен тығыз байланысты.
Сөйтіп, сапа техникалық, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық және т.б. сияқты көптеген құрамдастардан құралады.
Сонымен бірге қызметтің сапасын келесі қасиеттер толықтырады:
фирманың атағы мен сенімділігі;
фирманың өз қызмет саласындағы құзіреті, клиенттің қажеттілігінің ерекшелігін түсінуі (тұтынушының стандартты емес сұратуына жауап беруге даярлығы);
Қол жетімділігі, клиентке кез келген уақытта қызмет көрсету қабілеті, қызметкерлердің ықыласы, оның сыртқы әлпеті, үй-жайлардың әрленуі;
сатып алушыларды кез келген қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Өнім мен қызметтің жоғары сапасы бүгіенгі күні өндірушілерге де, сондай-ақ тұтынушыларға да елеулі экономикалық тиімділік әкеледі, сол себептен оған жете көңіл бөлінеді.
Сонымен бірге сапаның төмен деңгейінен шегілетін ысыраппен қоса тауардың сәйкестік бағасы мен сәйкессіздік бағасын құрайды.
Сәйкестік бағасы сапаны қамтамасыз етумен байланысты келесі шығынмен анықталады:
- сапасыз өнім шығарудың алдын алу жөніндегі ( жоспарлауға, техникалық құралдарды жетілдіруге, қызметкерлерді озық жұмыс әдістеріне оқыту шығыны);
- сапаны басқару мен бақылау жөніндегі (бұйымнның конструкциясын тексеру, материялдар мен құрамдастарды қабылдағанда бақылау, зертханалыққ қабылдау сынақтары, даяр өнімдердің үлгілерін сынау шығыны).
Сәйкессіздік бағасы қанағаттанғызыс өніммен байланысты шығыннан қалыптасады:
- тұтыну саласындағы шығындар (кепілдік кезеңінде жөндеу, алмастыру және т.б. шығын).

Приложенные файлы

  • docx 806819
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий