Абсолюттік ж?не салыстырмалы орташа


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Семей мемлекеттік медицина университетіСӨЖТақырыбы: Абсолюттік және салыстырмалы орташа шамалар. Дәрігердің іс- әрекетін және тұрғындар денсаулығын жағдайын бақылаудағы абсолюттік және салыстырмалы шамалар. Орындаған: Калиева С340-топ ҚДСТексерген:Нурмуханов Д.К.Семей 2014 жыл ЖОСПАР: Кіріспе 1. Статистикалық өлшемдер Негізгі бөлім2. Абсолюттік мөлшер3. Салыстырмалы мөлшер пайдалынады. 4. Салыстырмалы мөлшердің түрлеріҚорытынды Статистикалық жиынтықтың құрамындағы белгілерді немесе құбылыстарды зерттеуде және оларды сипаттауда статистикалық өлшемдер пайдалынады:Абсолюттік шамаСалыстырмалы шама Статистикалық жиынтықтың бақылау бірлігін зерттелетін белгілер бойынша топтарға бөліп, соған статистикалық өңдеу жүргізіледі. Бұдан соң кестеге жазылып, әр топ бойынша жалпы жиынтығы есептелінеді. Ол абсолюттік мөлшер болды да, бір жиынтықтың санын немесе көлемін көрсетеді. (халық саны, аурулар саны, мекемелер, төсектер саны т.б) Статистикалық жиынтық белгілерінің бір- бірімен байланысын тауып, оларды салыстыру қажет болса, онда салыстырмалы мөлшер пайдалынады. Сонымен салыстырмалы мөлшерлер екі абсолюттік мөлшерлерді салыстыру, бөлу және сол бөлшекті 100, 1000, 100000- ға көбейту арқылы табылады. Сондықтанда салыстырмалы мөлшерлерді (пайызбен, промиллимен, продецемиллимен т.б) белгілейді. Салыстырмалы мөлшердің түрлері:1. үлестік көрсеткіш2. қарқынды көрсеткіш3. ара қатыстық көрсеткіш4. көрнекті көрсеткіш Үлестік көрсеткіш- жиынның бөлшегін немесе оның құрамын көрсетеді. Мысалы: аурушаңдық, мүгедектік, өлім себептерінің құрамы. Жалпы дәрігерлер санының құрамы түрлі мамандықтардан тұрады, халық құрамы- жынысы, жас шамасы, мамандығы бойынша бөлінеді. Бұл көрсеткіш пайызбен белгіленеді. Қарқынды көрсеткішті- болмаса жиілік, таралу көрсеткіші деп атайды. Бұл көрсеткіш бір белгінің немесе құбылыстың зерттелетін ортадағы, жиынтықтағы жиілігін анықтайды. Әлеуметтік- медициналық зерттеулерде халық арасында аурудың, мүгедектіктің, жарақаттанудың, өлімнің жиілігін көрсетеді. Ара қатыстық көрсеткіш- бір- біріне ұқсамайтын екі жиынтықтың қатынасын көрсетеді. Көбінесе бұл көрсеткішжалпы халық санына есептелінеді. Мысалы, тұрғындардың дәрігерлермен, жедел жәрдем машиналарымен, төсектермен, орта буындағы мамандармен қамтамасыз етілуі. Көрнекті көрсеткіш- біртектес мөлшерлерді: абсолюттік, салыстырмалы немесе орта шамаларды салыстыра отырып, бағалауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткішті есептеу үшін салыстыратын мөлшердің біреуін 100%- ға теңейді, ал қалғанын соған қатынас ретінде есептейді. Мысалы, ҚР- да тұрғындардың ауруханадағы төсектермен қамтамасыз етілу көрсеткішінің он жыл ішінде өзгеруі. Бұл мысалда 1990 жылғы көрсеткіш 100- ге теңелген. Сонымен көрнекті көрсеткш бір емес бірнеше белгілердің уақыт аралығында өзгеруін көрсетеді, сондықтан статистикада талдау жүргізгенде жиі пайдалынады Мысалы, операцияға дейінгі және операциядан кейін науқастың негізгі функционалдық көрсеткіштерінің өзгеруін бақылауға болады. Онда операцияға дейінгі көрсеткіштер- 100 теңеледі. Операциядан кейінгі көрсеткіштер соған қатысты есептелінеді. Салыстырмалы мөлшерлерді есептегенен кейін оларға графикалық бейнелеу жүргізіледі. Ондағы негізгі мақсат статистикалық көрсеткіштерді көрнекті етіп көрсету және талдауды жеңілдету. Графикалық бейнелеудің түрлері:1. Диаграммалық- сызықты, тарамдалған, бағаналы, ішкі бағаналы, секторлы, көлемді, болмаса суретті.2. Картограммалар3. Картодиограммалар Графикалық бейнелеу үшін абсалюттік те, қатыстық та, орташа өлшемдер де пайдалынады. Қандайда бір бейнелеу қолданылса, мынандай тәртіп сақталуы қажет:- әрбір графикалық бейнелеу арнайы атаумен аталады онда мазмұны, уақыты, орны көрсетіледі.- бейнелеу белгілі маштабпен жасалады - әрбір графикалық бейнелеу үшін түсініктеме беріледі.- графикалық бейнелеудің түрін таңдағанда ескертетін жағдай ол бейнелейтін көрсеткіштің мәніне сәйкес болады. Сызықты диаграммалар құбылыстың немесе белгінің динамикалық өзгеруін көрсетеді. Бағаналы диаграммалар- құбылыстардың динамикалық немесе тұрақты жағдайын бейнелеуге қолданылады. Ішкі бағаналы диаграмма, жалпы ауру көрсеткішін 100% –ға теңейді, ал соның құрамындағы аурудың түрлерін бағананың ішінде түрлі бояумен немесе сызықшалармен көрсетеді. Секторлық диаграмма бір құбылыстың құрамын бейнелеу үшін пайдалынады. Онда шеңберді 100% – ға теңейді, ал шеңбердің колемі 360 градуста болғандықтан, 1% – 3,6 градусқа тең, яғни көрсеткішті 3,6- ға көбейтіп градусты табады. Көлемді немесе фигуралық диаграммаларда статистикалық көрсеткіштерді суретпен бейнелейді. Катограмма жасағанда географикалық картаға статистикалық көрсеткіштің мөлшеріне қарай соған сәйкес ауданды, аймақты, облысты бояумен немесе сызықтармен белгілейді. Картограммада географикалық картаға түрлі диаграмма салынады, көбінесе бағаналы диаграмма пайдалынады. Мұнда да статистикалық мөлшерге бағнаның ұзындығы сәйкес болуы керек. Қолданылған әдебиеттер:Интернет www.google.kz Интернет www.yandex.ru Бегалиева Р “ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ БАСҚАРУ” 2001 жыл Алматы

Приложенные файлы

  • ppt 1581926
    Размер файла: 696 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий