??жат


Техникалық регламент нормативті-құқықтық құжат болып саналады. Мұнда адам өмірі мен денсаулығы үшін өнімнің, үрдістің және қызметтің қауіпсіздігіне мемлекеттің міндетті талаптары көрсетілген. Техникалық регламент(ТР) – бұл орындалуға міндетті ережеден тұратын құжат. Регламентті стандарттау органдары емес, билік органдары қабылдайды, мысалы Үкімет немесе Парламент (Қазақстанда Мәжіліс қарастырады, Сенат келісім береді және Президент бекітеді). Техникалық регламент – бұл техникалық заң. Регламентте мемлекеттің ауқымындағы шаруашылықпен айналысатын барлық субъектілерге орындауға міндетті талаптар, шарттар беріледі. Қазіргі таңда Қазақстанда «Техникалық реттеу туралы» заңның талаптарына сәйкес техникалық регламенттерді дайындау және қолданыстағы стандарттарды қайта қарау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. 2010 жылдың қазанында 71 техникалық регламент қабылданды және 20-дан аса регламенттер бекітілуге дайындалуда. 180-нен аса техникалық регламент жасау және 30 мыңнан аса стандарттарды қайта қарау жоспарлануда. Бұл жұмыстарды 2012 жылда аяқтау көзделіп отыр.
Жұмыстар:
-өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздік;
-ғимараттарды, құрылыстарды және олардың территорияларына жататын нысандарды пайдаланудағы қауіпсіздік;
-өрт қауіпсіздігі;
-биологиялық қауіпсіздік;
- электромагнитті сыйымдылық;
- экологиялық қауіпсіздік;
- ядролық және радиациялық қауіпсіздік;
- химиялық қауіпсіздік;
- электрлік қауіпсіздік;
- ақпараттық қауіпсіздік;
- токсикологиялық қауіпсіздік;- өлшемдердің бірыңғайлығы;
- азық-түлік тағамдарының қауіпсіздігі;
- балалар тағамының қауіпсіздігі;
- механикалық қауіпсіздік бағыттары бойынша жүргізіледі.
Қазақстанда ҚР “Техникалық реттеу туралы” заңымен бекітілген стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға:
1. ҚР СТ – Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары;
2. Техникалық – экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктегіштері - ТЭА МЖ;
3. ТМД елдерінің мемлекетаралық стандарттары – ГОСТ (бұл негізінен әлі күнге дейін қолданылып келе жатқан бұрынғы КСРО стандарттары, егер олар Қазақстан Республикасының заңына және техника мен ғылымның дамуына қайшы келмесе қолданылады);
4. Құқықтық нормаларға сай қолданылатын халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпараттардың жіктегіштері, техникалық шарттар, ережелер, нормалар және стандарттау бойынша ұсыныстар;
5. Стандарттау бойынша ұсыныстар;
6. Бірлестік стандарттары, оның ішінде өнеркәсіп стандарттары (фирмалық стандарттар, бұл термин қазіргі уақытта қолданылмайды), ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық қауымдастықтардың стандарттары кіреді.

Приложенные файлы

  • docx 4544359
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий