?лемді ?згерткі? келсе ?зі?нен баста


Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста
Үндістандық ұлы тұлға Махатма Ганди «Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста» деген екен.Міне,сол ұлы тұлғаның осы бір сөзі мені қолыма қалам алып ойымды ақтаруыма себепкер болды.
Қазіргі таңда әркім өз құқығын біледі,шешім қабылдай алады,өздерін тәуелсізбіз деп ойлайды.Бірақ шын мәнісінде олар өздерінің қаншалықты қателесіп жүргендерін аңғармайды.Оған кішкене ғана мысал өскелең ұрпақтың өзіне деген сенмісіздігі болып отыр.Мен өзім биылғы жылы мектеп бітіруге дайындалып жүрген жас түлекпін.Бәрімізге биылғы жылы ҰБТ форматының өзгергені белгілі,тіпті ендігі кезекте ести-ести құлақтарыңызда жауыр болған шығар.Осы бір өзгерісті менің сыныптастарымда,өзге түлектерде қабылдай алмай бастапқыда ауыр уайымға салынып еді.«Не себепті оқу жылының аяқталарына жарты жыл қалғанда жаңа форматқа ауыстырып жіберді?»,«Неліктен біздің жағдайымызды ойламайды?,«Біз аз уақытта қалай үлгереміз?»деген сияқты сансыз сауалды өздеріне қоя берді,қоя берді.Бірі жаңа форматқа қуанса,енді бірі өздерінің қорқынышын жасырмады.Мен неге жілігін шағып,сорпасын ішкен тақырыпты тағы да қозғап отыр деп кейбіріңіз мән бермессіздер.Әйтсе де,менің айтқым келіп тұрған ойым бөлек.Өз басым ҰБТ-ның жаңа форматын қуана қарсы алдым.Осы білім саласында болған кішкене ғана өзгеріс біздің мысымызды баспай керісінше одан сайын шабыт беріп жігерлендіре түсуі керек.Қазіргі таңда түлектеріміз жаңа форматқа сыртай дайын болып,мойындағанымен әлі күнге дейін іштеріндегі жандарын жегідей жеген уайымдары мен жауабы жоқ сансыз сауалды өздеріне қойып әрі қорқып жүр.Бала ата-ана сенімін ақтаймын деп әуелі өзіне сенбесе,өзін өзгертуге титтей де болмасын тырыспаса,өмірінде орын алған азғантай өзгерістерді қабылдай алмаса келешекте де өз қабілетіне өзі сенбестен өмір сүре бермек.Кейбіріміз тек оқу,оқу деп бар уақытымызды оқуға бөліп,өзге тұрмақ өзімізге мән беруден қалып кеткенімізді аңғармаймыз.Ал оқыдыңыздар армандаған оқу орнына түстіңіздер енді не істейсіздер,Сосын не болмақ?Сіздер айналада болып жатқан жаңалықтармен кей артықшылық-өзгерістерден өтерде өздеріңізге сенбейсіздер.Бір сәт барлығын доғарып ойланыңыз,өзіңіздің типтік образыңызды қиялыңызда жасап көріңіз,іштей өз-өзіңізге бар жүрегіңізбен сеніңіз.Армандаңыз,алдыңызға мақсат қойыңыз,өзіңіздің бұл әлемде жеткіңіз келетін дара жолыңызды анықтап алыңыз,демалыңыз,көңілді әуен тыңдаңыз,өзіңізге қызық істермен айналысуға кітап оқуға уақыт табыңыз.Еркін болыңыз ешқашан ешкімнен қысылып өзгенің пікіріне тәуелді болмаңыз.Әрине бұлармен қатар оқуды да ұмытпаңыз,Сонда ғана сізден Тәуелсіз елдің тәуелсіз ұрпағы шығады.Кеше де,бүгін де,ертең де ел үміті ұлт болашағы өзіңіз екеніңізді ұмытпаңыз,пікіріңізді білдіруден өз ойыңызды қорғаудан еш қорықпаңыз.Сіз өзіңізді бұл дүниеге үлкен жетістіктерге жетуге келдім деп ойлаңыз.Барлығының өзіңізге ұқсағысы келетінін,өзіңіз жеткен жетістіктерді үлгі тұтатынын көргенде қандай сезімде болатыныңызды елестетіп көріңіз.Өте кермет сезім солай емес пе?!Өмірге келген соң барлығы біз ойлағандай болмайды деген ойдан арылыңыз,бұл өмір сіздікі сондықтан оны өзгерту де,ҰБТ-дан 140 балл алуда өзіңізге байланысты.Менің бұл мақаланы жазудағы басты мақсатым үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған өзім секілді түлектер тым болмаса психологиялық тұрғыдан өздеріне сенгенін қалаймын.Ең бастысы жандарын шүберекке түйіп перзенттерінен артық қобалжып жүрген ата-анамыздың көңіліне қаяу салмай,осы кезге дейін бізге істеген бар орны толмас жақсылықтарының кішкене ғана қарымтасы ретінде ҰБТ-ны жақсы тапсырып қана қоймай адам болып қалыптасуға ұмтылып,бар күш-қайраттарыңзды салсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді.Құрметті жас түлектер,Егеменді елдің ұрпақтары алған білімдеріңіз сіздерге,ал сіздер өздеріңізге көп пайда әкелеріне сенем.Баршаңызға осы бір сынақты абыроймен тапсыруларыңызға тілектеспін.
P.S Айтпақшы ешқашан шпормен тапсырам деген сияқты ойларды ойламаңыз.Өзгерем десеңіз бірінші ретте осындай жалған сенімдерден арылыңыз.Тым болмаса бір рет,не болмаса осы жолғы пробныйды өз біліміңізбен тапсырып көріңіздер,сонда білесіз өзіңе сену,түйсігіңді сезудің қандай боларын.
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы
орта лицей-интернатының 11«Ә»
сынып оқушысы Дауылбай Ақерке.

Приложенные файлы

  • docx 2701262
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий