сессия тбк 2


1. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны
Болмыстағы құбылыстардың бір тобы – жаратылыс кұбылыстары болса, екінші тобы - қоғамдық құбылыстар. Жаратылыс құбылыстарын жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, биология, математика т.б.) зерттесе, қоғамдық құбылыстарды - қоғамдық ғылымдар (тарих, философия, психология, логика, саяси экономия, заң, тіл, әдебиет т.б. ғылымдар) зерттейді. Осыған орай, ғылым атаулы, әдетте, екі топка бөлінеді: оның бірі - жаратылыстану ғылымдары, екіншісі - қоғамдық ғылымдар.
Тіл білімі - ғылымдардың екінші тобына, яғни қоғамдық ғылымдар тобына жатады. Тіл білімінің басқа ғылымдар жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Жалпы алғанда: барлық ғылымдар бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Өйткені материалдық дүниенің өзі органикалық бірліктен тұрады. Сондықтан, материалдық дүниенің әр түрлі жақтарын зерттейтін ғылымдардың өздері бір-біріне әсер етеді, бірін-бірі байытады.Біз сөз еткелі отырған тіл білімі де көптеген ғылымдармен байланысқа түсіп, солармен қарым-қатынаста дамып келеді. Ол, ең алдымен, қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста. Себебі: тіл — қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуымен бірге дамитын қоғамдық құбылыс. Ол қоғам мүшелерінің пікір алысу, қатынас жасау құралы ретінде қызмет атқарады.Қорыта келгенде, тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.2.Лингвистика (глоттология, тілбілімі;  лат.  Lingua — тіл) — предлингвистикадан, микролингвистикадан және металингвистикадан құралатын тіл туралы ғылым. Әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
Адамзаттың сөйлеу тілі Тіл білімінің негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын кез келген тіл адамзат үшін, қоғам үшін қызмет етеді. 1980 жылғы мәліметтерге қарағанда дүние жүзінде 5661 тіл бар, олардың 1400-ден астамы бұл күнде өлі тілге айналған, 4200-і жеке, дербес тілдер. Тіл білімі күнделікті қолданыста жүрген тілдерді қарастырады. Адамзат баласы ерте заманнан-ақ өзіне ең қажетті құрал – тілдің ерекшеліктерін білуге, ұғуға тырысқан. Соның нәтижесінде тіл туралы ілім пайда болған. Адамның сөйлеу тілі Тіл білімінің ғана үлесі емес, ол – психология, физиология, логопедия, т.б. ғылымдардың қарастыратын саласы.
3. Тіл білімі жалпы және жеке болып бөлінеді, оны осылайша бөлу, зерттеудің мақсаты мен нәтижесінен туындайды. Нақты бір тілдің (мысалы: қазақ) немесе туыстас тілдердің (мысалы: алтай, түркі тілдері) мәселелерін зерттеу жеке Тіл білімінің үлесіне тиеді, ал жалпы адам баласының тілі, тіл элементтерінің өзара қатысы, тілдің даму себептері мен бағыттары, т.б. жайттар жалпы Тіл білімінің зерттеу нысаны болып табылады. Фундаменталды (іргелі) Тіл білімінің тілдің қазіргі жай-күйін, бұрынғы өткен тарихын зерттейді, негізгі мақсаты – тілге ғылыми талдау жасау емес, тілдің бүгінгі, кешегі күйін зерттеп, тәжірибе жүзінде бақылау. Нормативті Тіл білімі фундаменталды Тіл білімі жинақтаған зерттеулер негізінде жасалып, тілдің қоғамдық қызметі, стиль тармақтарының қолданылуы, тілдік нормалардың қалыптасуы мен өзгеруі, тілдің біркелкі қалыптасқан нормаларын қолдану шарты, т.б. мәселелерді қарастырады. Қолданбалы Тіл білімі тіл нормалары толық қалыптасқан жағдайда ғана жүзеге асады, ол тілдік нормаларды таратып қана қоймай, оны жетілдіре түседі, тұрақтандырады. Тіл білімі мен басқа да ғылымдардың тоғысуы нәтижесінде лингвистиканың жаңа салалары дүниеге келді. Тіл білімі мен әдебиеттанудың байланысы негізінде стилистика ғылымының негізі қаланды. 
4. Синхрония (гр. syn — бірге, гр. сhronos — уақыт, мерзім) — тіл білімінің тілдің статистикалық қалпы дегенді білдіретін термині. Ф. де Соссюр бұл терминді тіл білімінде алғаш рет қолданып, оны диахронияға қарсы қойды. Оның ілімі бойынша, синхрония тілді өмір сүріп тұрған қалпында бір-бірімен байланысты, өзара шарттас элементтердің жүйесі ретінде қарастырады. Тілдегі құбылыстардың шығу тегін, өзгеруі мен тарихи дамуын зерттеу оның қазіргі қалпы мен табиғатын жете танып білуге көмектеседі. Демек, тілді синхрониялық тұрғыдан қарастыру қаншалықты маңызды болса, оны диахрониялық тұрғыдан зерттеу де қажетті әрі маңызды мәселе.Диахрония (гр. δια арқылы және гр. χρονος -уақыт)— тіл жүйесінің тарихи дамуын тіл білімінің объектісі түрінде зерттеу; тілді оның уақыт көлемінде даму процесімен байланысты алып қарастыру.тілдік құбылыстарды оның нақты тарихи дамуын зерттейді.
5.Салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі дегеніміз не?
Махмұд Қашқари – салыстырмалы тіл білімнің негізін салушы. Салыстырмалы тіл білімі орыс. сопоставительное языкознание — тілдерді шыққан тегіндегі жакындығына, типологиялык құрылымына тәуелсіз зерттейтін тіл білімінін саласы. Салыстырмалы тіл білімінің мақсаты — салғастырылатын тілдердін арасындағы ұқсастықты, айырмашылықты айқындау.
Салғастыру тілдін әр түрлі деңгейлері мен элементтері арасында жүргізіледі: грамматикалық құрылыс, құрылымдық-семантикалық ұқсастықтар мен айырмашылықтар, тілдін лексика-семантикалық категориялары т. б. Салыстырмалы тіл білімінің негізінде салғастырмалы әдіс (к.) жатыр
Контрастивтік лингвистика (салғастырмалы тіл білімі) — жалпы тіл білімі саласында 1950 ж. бері қарқынды дамыған бағыт.
Контрастивтік лингвистиканың мақсаты екі, кейде бірнеше тілді жалғастыра зерттеп, олардың құрылымдық деңгейіндегі жақындығы мен айырмашылығын айқындау. Контрастивтік лингвистиканың ертеректегі мәліметтері ана тілімен салыстыра отырып, бөтен (шет) тілдің ерекшеліктерін байқаумен байланысты болды. Олар шет тілдерде жарияланған грамматикаларда (Батыс Еуропада Қайта өркендеу дәуірінен бастап) көрініс тапты. Контрастивтік лингвистика әдетте тілдің синхрондық материалдарына сүйенеді. Тілдің әр түрлі деңгейіне қатысты еңбектердің сан жағынан көбі контрастивтік грамматикаға, аз мөлшерде контрастивтік фонологияға, одан аз мөлшерде Контрастивтік лексика жүйесіне байланысты.
Контрастивтік лингвистиканың құрылым көлемді салыстырмалы-салғастырмалы саладан бөлініп шығуына контрастивтік зерттеулерге арналған арнайы (алғаш рет 1968 ж. АҚШ-та) себеп болды. Контрастивтік лингвистиканың алуы 1957 ж. Р. Ладонның еңбегімен байланыстырылады. Бірақ 19 ғ. соңы мен 20 ғ. басындағы орыс тілімамандарының (Ф. Е. Корш, Е. Д. Поливанов, В. А. Богородицкий, И. А. Бодуэн де Куртенэ, Л. В. Щерба) енбектерінде контрастивтік лингвистика жөнінде бай материал сақталған. КСРО-да әр түрлі тілдердің мол болуы контрастивтік лингвистика мәселелерін зерттеуге себепші болды. Кенестік Контрастивтік лингвистикада ең алдымен мазмұнмен байланысты формаларды талдауға және тіл жүйесіндегі жеке құбылыстардың функционалдық мәнін анықтауға назар аударылды. Дегенмен, контрастивтік лингвистиканың жалпы лингвистикада алатын орны әлі де анықтауды қажет етеді.
6. Әдетте біз "тіл білімінің теориялық жағынан да, практикалық жағынан да мәні күшті", - деп жатамыз. Теориялық мәні дегеніміз не?
Тіл алдымен ғылыми тұрғыдан зерттелінеді. Соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады. Ол категориялар мен заңдардың бір-бірімен байланысы, өзара қарым- қатынасы анықталады. Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы қорытындылар, топшылаулар жасалынады. Сол қорытындылар мен топшылаулар негізінде грамматикалық, ягни ғылыми немесе нормативті окулықтар жазылады, түрлі сөздіктер құрастырылады. Міне, тілдің теориялық мәні дегеніміз осы.
Қолданбалы тіл білімі - қоғамдық қажеттікті қанағаттандыру мақсатындағы проблемалар мен әдіс-амалдардың жиынтығы. Қолданбалы тіл білімінің дәстүрлі және жаңаша мақсаттарға сай түсініктері бар. Дәстүрлі түсінікке - сөздіктер түзу, әліпби мен жазу жүйесін өңдеу (зерттеу), ана тілі мен шет тілдерін оқытудың лингвистикалықнегізінен құру, бір тілден екінші тілге аудару, орфография мен емлеге, тіл мәдениеті және сөйлеу шешендігі мәселелері жатады. Ал жаңаша мақсаттағы түсінікке: машинамен аудару, ақпараттар тілі, терминология және оның ақапарат тілі, терминология және оның ақпаратты іздеудегі рөлі, автоматты миндекстеу, құжаттардың рефераты мен аннотациясын алу, ақпаратты жүйесінің лингвистикалық негізін құру, ақпаратты іздеу қажеттігі үшін тезаурус-сөздіктер түзу, тіл құрылымын анализдеу мен синтездеу жұмыстарын автоматтандыру және т. б. мәселелер жатады. Қолданбалы тіл білімінің жаңа проблемалары дәстүрлі түсініктегі мәселелерді терістермейді, тек қана тілшілер мен математиктердің тығыз одағы мен олардың ЗЕМ-мен қатынаста болуын қалайды. Дәстүрлі қолданбалы тіл білімінің ең құнды проблемаларына жалпы және терминологиялық тіл мәдениеті жатады. Осыған байланысты тілдің коммуникативтік қасиетіндегі сапасын анықтайтын сөздер мен ұғымдары терминдеу қажеттігі туады. Осы тұрғыдан алғанда терминдеуге жататындар: "дұрыстылық", "байлық", "дәлдік", "тазалық", "көркемділік", орындылық", "әрекеттілік", "нанымдылық", "қисындылық", "жеткіліктік". Қазақстанда қазақ тіліне қатысты қолданбалы тіл білімінің дәстүрлі мәселелерімен қатар жаңадан туған ЗЕМ-ге байланысты мәселелері де өзінің шешімін табуда
7. Микролингвистика сөздік сигналдарды сипаттайды, бірақ оны сипаттағанда металингвистикалық жайттарға, яғни сыртқы өмірмен байланысқа, тарих мәселелеріне, тілдің семантикалық жинағына көңіл аудармайды, оның материалдық жағын ғана зерттейді. Америка структуралистері зерттеудің негізгі әдістемесі ретінде дистрибуцияны алады (бөлу, жіктеу мәнінде). Тіл білімінде дистрибуция дегеннен белгілі бір тілдік элементтің сөйлеу прцесінде қолданылатын орны, контексі деген мағына түсініледі.
Cыртқы лингвистика (Экстралингвистика) - этникалық, қоғамдық-тарихи, әлеуметтік, географиялық және басқа да факторларды тілді қалыптастыру мен дамытуды үзіліссіз байланыстыру ретінде жиынтықты зерттейтін тіл білімінің саласы. Ішкі лингвистикаға қарама-қарсы.
8. Тіл денгейлері орыс уровни языка — жалгпы тіл жүйесіне кіретін шағын жүйелер, бөлімдер, олардың эр кайсысы өздеріне тән бірыңғай тіл бірліктері мен ережелердің жиынтығынан тұрады. Тіл деңгейлін фонемалық ,морфемалық, лексикалық, синтаксистік деп бөлуге болады. Денгей жасау сипатына тек денгейлік ережелерге бағынатын, яғни парадигматикалыкжәне синтагматикалык тұрғыда денгейлік тіл бірліктерімен катынаска түсуге кабілетті тіл бірліктері ғана ие болады. Бір Тіл деңгейіңдегі тіл бірліктері баска бір Тіл деңгейлімен иерархиялык (сатылык) катынас аркылы байланыска түседі.
Мысалы, фонемалар — фонемалык катар (топ) жасай отырып, сөйлеу үстінде тек фонемалармен, морфемалар — парадигматикалык, синтагматикалык катынаста тек морфемалармен, сөз — сөзбен тіркесе алады. Сөйте түрып фонемалар — морфемалардын дыбыстық құрамын, морфемалар — сөздін, сөздер — сөйлемдердін күрамын жасайды. Денгей ішіндегі тіл бірліктерінін, мысалы, фонемалардын (дауысты — дауыссыз), морфемалардын (түбір — қосымша), сөздердін (мағыналы, көмекші, жай — күрделі, сөз топтары т. б.) топтары денгей жасаушылар болып есептелмейді.
Тіл деңгейлі туралы идея 20 ғ. орта кезінде алдымен америкалык дескриптивтік лингвистикада, кейінірек баска бағыттарда кен тарады. Тіл білімінін фонетика, морфология, лексикология, синтаксис деп дәстүрлі бөлінуі тілді денгейлік дәрежеде үйымастыруға негіз болды.
9.Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы жайында не білесіз?
Қазіргі заманда ғылымның бұрын болмаған жаңа салалары жасалып,екі немесе бірнеше ғылымның өзара түйіскен жерінен сол ғылымдардың бәріне бірдей ортақ қатысты проблемаларды бірлесе зерттейтін дербес ғылыми дсициплиналар жасалып,ғылымда интеграция процесі жүріп жатыр.Бұл жайында И.Д.Андреевтің Ғылым және қоғамдық прогресс деген кітабында жақсы айтылған:Кейбір объективті процестер,мысалы,физикада да,химияда да зерттелініп,бірақ әр басқа методтармен зерттелініп жүр.Мысалы,ядролық реакцияның нәтижесінде химиялық элементтердің өзгеруілері радиохимияда да,ядролық физикада да зерттелінеді.Микробөлшектердің ішкі молекулярлық өзара әсері әрі химияда,әрі квантты механикада зерттелінеді.Осылардың нәтижесінде физикалық химия,химиялық физика,химиялық термодинамика,физика-химиялық биология тәрізді және т.б.іргелес ғылымдар пайда болды.Екі ғылым-биология мен химияның түйіскен жерінен жаңа ғылым-биохимия туып,ол химиялық процестерді тіршіліктің шығуы мен дамуы тұрғысынан зерттейтін болды.
Тіл білімінің әр түрлі ғылымдармен байланысын жете түсіну үшін,оның қоғамдық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының әр түрлі салалармен байланысын әр қайсысына арнайы тоқталу керек:
1.Тіл білімі мен әдебиеттану ғылымы филология ғылымдарының құрамына енеді.Ақын-жазушының творчествосын зерттеу оның шығармасының тілі мен стилін зерттеуді қамтиды.
2.Тіл білімінің философиямен тығыз байланысты бар.Тіл білімі философиямен байланысы-методологиялық қағидалар арқылы және зерттелінетін ортақ проблемалары арқылы жақындасады.
3.Тіл білімі әсіресе логикамен тығыз байланысты.Логика-ойлаудың заңдары мен ой формалары туралы ғылым болса,ал ойлау –тіл арқылы көрінеді.
4.Тіл білімі психологиямен де байланысты.Психикалық құбылыстардың (түйсік,сезім,тілек,қабілет және т.б.) барлығы сөйлеу процесіне және оны қабылдап түсінуге қатысы бар.
5.Тіл білімі антропологиямен де жақындасады.
Бұдан бөлек тіл білімінің географиямен,математикамен,археология және этнография сияқты түрлі ғылымдармен байланысады.
10.Тілдің анықтамасы және тілдің мәні туралы айтыңыз.
В.И.Ленин «Тіл-адам қатынасының аса маңызды құралы»-дейді.Тіл-адам баласы қоғамында қарым-қатынас құралы,сөйлесіп,пікір алысудың құралы ретінде пайда болды.
Тіл мен қоғамның өзара байланысы-екі жақты байланыс.Біріншіден,тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды.Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі,қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы,оны дамытуы мүмкін емес.Демек,қоғамның өмір сүруі,адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы,пікір алысудың құралы-тіл қажет.Тіл-адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты.Екіншіден,тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді.Қоғам-тілдің өмір сүруі үшін,адамдардың бірлесіп тірлік етуі тіл қаншалықты қажет болса,тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет.
« Тіл-көркем әдебиеттің бірінші элементі.»(М.Горький)
«Сөз -барлық фактілердің,барлық ойдың киімі»(М.Горький)
Тіл-халықтың тарихы,шежіресі,халықтың күллі өмірінің айнасы,жаңғырығы мен ізі;онан соң тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті,қайғысы мен қуанышы,күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады.
11.Тіл табиғаты туралы негізгі тұжырымдамалар жайында не білесіз?
Тілдің табиғаты - дегеніміз тіл білімінің маңызды мәселелерінің бірі. Неміс ғалымы Франс Бопп тіл биологиялық құбылыс, оны құдай жаратқан деп есептеді.
Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына (қоғамдық, табиғи, психофизикалық) қосылатыны қайсысына қосылса да оның себебі, дәлелі не болмақ деген нәрселер жатады. Оларды шешуге әр түрлі көзқарастар болды. Лингвистика тарихында натуралистік мектеп деп аталатын бағыттағы ғалымдар тілді биологиялық құбылыс - демалу, қоректену, жүріп-тұру сияқты адам организміне тән, жаратылыстан берілген биологиялық қасиет деп санады. Неміс ғалымы Ф.Бопп: Тіл – биологиялық құбылыс, оны құдай жаратқан, - деп есептеді. Бұл пікірді А.Шлейхер де қолдады. Ол: «Тіл де биологиялық организм сияқты туады, өседі, өледі», - дейді. Бұлай болған күнде тіл атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалау арқылы беріліп отыру керек деді. Әрине, бұл пікір дұрыс емес. Тіл – атадан балаға ген арқылы берілетін құбылыс емес, ол бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніп отыратын нәрсе. Олай болатын себебі – жаңа туған бала өз ата-анасының тілінде сөйлеуі де мүмкін, сөйлемеуі де мүмкін. Жаңа туған баланың өскен ортасы өз ата-анасының тілінен басқаа орта болса, ол сол ортаның тілінде сөйлеп кетеді. Оған өмірде мысалдар толып жатыр. Бұл тілдің биологиялық құбылыс емес екеніндігін дәлелдейді.Екінші бір топ ғалымдар (Г.Штейналь, А.Потебня) тілді психологиялық құбылыс деп есептейді. Бұл пікір «тіл құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады», «халық тілі деген жоқ, халық тілі деп жүргендеріміз – жеке адамдарының тілдерінің қосындысы», - деген қате түсініктен туған. Егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке-жеке өз тілі болған болар еді де, бір тұтас халықтың, ұлттың тңлң болмас еді. Өмірде олай болмайтынын көпшілік жақсы біледі. Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалынады, қауымда ғана дамиды.Тілдің шы,уы туралы Ежелгі Грецияда туған, 17-18 ғасыр ойшылдары тарапынан қолдау тапқан келсім теориясының өзі де, белгілі шамада тілдің әлеуметтік сипатын мойындағандық.
«Тіл – қоғамдық құбылыс» деген тезисті ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы, қоғамдағы ролі, орны деген мәселелермен 19 ғасырда өмір сүрген көрнекті лингвистердің көпшілігі-ақ айналысты. Я.Гримм, В.Гумбольдт еңбектері кейініректе туған лингвистикалық мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берді. Бұл мәселеге Н.Я.Марр мектебі де ерекше мән берді. Соған қарамастан тіл мен қоғам арасындағы қатынас күні бүгінге дейін тіл біліміндегі күрделі проблема болып келеді. Дегенмен бұл салада қол жеткен табыс,талас туғызбайтын тұжырымдар жоқ емес. Ендеше – адамзат тілі биологиялық та, психологиялық та құбылыс емес, ол қоғамдық (әлеуметтік) құбылыс, қоғамға қызмет етеді. Себебі тіл қоғам үшін, қоғам мүшелерінің пікір алысып, өзара түсінісуі үшін керек, сол үшін жаралған, сол үшін жасалған. Пікір алысу, түсінісу қоғам бар жерде ғана болады. Бір-бірімен сөйлесетін адамдар жоқ жерде тіл де жоқ. Қоғам қай жерде, қашан туған болса, тіл де сол жерде, сол заманда пайда болған. Қоғамсыз –тіл, тілсіз – қоғам болмайды
12.Тілдің пайда болуы туралы теорияларын атаңыз. Қолдаушылары кімдер?
Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі мәселені бір-бірінен ажыратып алу керек. Бірі – жалпы адамзат тілінің шығуы, екіншісі – жеке, нақты тілдердің шығуы. Әрине жеке тілдердің пайда болуы кейінгі дәуірлердің үлесіне жатады. Бұл мәселе ең алдымен антикалық тіл білімінде қойылған болатын. Онда тіл «табиғи» және «жасанды» құбылыс деген екі қарама-қарсы көзқарас болғаны мәлім. Кейін бұл екі бағыт ортағасырлық, Қайта өркендеу, ағарту дәуіріне дейін шешімін таппай келді. XVIII ғ. бастап ғылыми-философиялық  тұрғыда қарастырыла бастады. (Ж.Ж. Руссо, И.Г. Гаман, И. Гердер). Осы саладағы зерттеулердің нәтижесінде В. Фон Гумбольдттың әйгілі тұжырымдамасы дүниеге келді. Гумбольдт тілдің пайда болуын «адамзаттың ішкі қажеттілігінен туындайды. Ол адамдар арасында тек байланыс құралы ғана емес, адамдардың табиғатына тән және олардың рухани күштерінің дамуы мен дүниетанымдарын жасау үшін қажет...» деген.Тілдің шығуы туралы теориялар: дыбысқа еліктеу, эмоционалды теория, одағай теориясы, марксистік теория,қоғамдық шарттасу теориясы, моногенез. Бұл теориялардың барлығы қате теориялар. 90-жылдарға дейін тілдің шығуының ғылыми тоериясын марксистік тоерия деп келдік. Қазірде бұл теория тек еңбек пен сананың байланысын көрсете білді. Араласу өндіріс дамуының қажетті салдары деп қабылданған.
Моногенез теориясы-тілдің шығуын, әртүрлі діни әңгімелер, аңыз, ертегілер арқылы зерттейді. Аңыздар да тілдің бір ортадан шыққан жоққа шығармайды. Тілдің бір ортадан тарауы, қандай да болмасын бір негізгі себептен ой мен тілдің пайда болғаны ақиқат екені ғана сөзсіз.
 Дыбысқа еліктеу теориясы-бұл теория ежелгі грек философиясынан басталады. Ол әсіресе 17-18 ғасырда кең өріс алды. Мұның өкілі - неміс философы Г.Лейбниц (1646-1716). Аталған теория тілдің шығуын былайша түсіндіреді:
Алғашқы адамдар жануарлардың дауыстарын, құстың сайрауын, судын сылдырын, желдің гуілін естіп соларға еліктеуден әр түрлі дыбыстарды шығарған. Сол дыбыстардан алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналды, - дейді.
Эмоциональдық теория-бұл теория 18-19 ғасырларда кең тараған. Оның жақтаушысы - Ж.Ж.Руссо (1712-1778). Ол "бір нәрсеге кұштарлық алғашқы сөздерді шығарды", - деп жазды. Бұл да қате теория болатын.
Ж.Ж.Руссоның "эмоциональдық теориясы" одағай теориясына (19-20 ғасырларда) келіп ұласты. Одағай теориясы бойынша, алғашқы адамдар айналадағы заттармен танысқанда өздерінің алған әсерлерін еріксіз шығарылған дыбыстар арқылы, яғни одағайлар арқылы білдірген. Сол эмоцияны білдіретін әр түрлі "еріксіз шығарылған дыбыстар" әлгі заттардың атауларына айналып, осыдан келіп тіл пайда болған.
Тілдің шығуы туралы теориялардың тағы бірі — қоғамдық шарттасу теориясы. Бұл теория бойынша алғашқы адамдар сөздерді өзара келісе отырып шарттасып жасаған. Осыдан келіп тіл пайда болған дейді. Тіл туралы келісу, шарттасу үшін, ол адамдардың бұрыннан тілі болуы керек қой. Олай болса, бұл теория да ешбір дәлелсіз.
Тілдің шығуы туралы бесінші теория - еңбек айқайы теориясы деп аталады (Мәселен, ауыр нәрсені көтергенде "ауп" дейміз ғой). Ол 19 ғ. шықты. Оны жасаушы - Людвиг Нуаре деген философ. Аталған теория бойынша, тіл алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болған. Бұл теория да қате. Өйткені, тіл — қатынас кұралы ретінде ғана жасалады.
Тіл қоғамда пайда болған. Рудың, тайпаның, халықтың, ұлттың пайда болуына қарай, тілді рулық, тайпалық, халықтық, ұлттық болады. Бұлар бірінен бірі туып отыратын категория.Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар ру болып біріккен. Олардың тілдері рулық болған, кейін рулық құрылыс ыдырап, территориялық, мемлекеттер пайда болған, яғни халықтық тіл де пайда болады.. Феодализмнен капитализмге көшу барысында ұлт пайда  болып, халықтық тіл ұлт тіліне айналады.   Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды Шлегельдер мен Гумбольдтың ұстанған бағыты – тілдің өткен дәуірін- классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу, бүліну дәуірлері деп есептеген. Август Шлейхер тіл дамуының өсімдік пен хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ деп есептейді. Бұлардың барлығы қате көзқарастар. Н.Я. Маррдың сатылық даму теориясы тілдің дамуын әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға (феодалдық, капиталистік) сай келеді деп есептеді.
13.Семиотика дегеніміз не? Осы терминді ұсынған ғалым жайында не білесіз?
Семиотика таңба мен белгілерді зерттейді.Таңбаның тарихы, мағынасы, қандай мақсатпен бұл таңбаның салынғаны – семиотика. Семиотика ғылым саласын қазіргі таңда–лингвистикада, математикада, әдебиетте, сәулет өнерінде, көркем суретте, пәтерді жобалауда пайдаланады.
Семиотика ғылымының негізін американың философтар Чарльз Сэндерс Пирс пен Чарльз Моррис және швейсарлық лингвист Фердинанд де Соссюр қалаған. Чарльз Пирстің семиотика туралы еңбегі 1930 жылдары шыға бастады. Пирс семиотикалық түсініктерге (таңба, белгі) сипаттама берген. Ол семиотика ғылымы еркеше ғылым саласы екенін дәлелдеуге тырысқан және семиотикадағы таңба мен белгілерді жіктеп үш топқа бөлген.
Бірінші топ таңбалық – иконы. Бұл таңба мен таңбалық объект арақатынасы. Мысалы: «портрет» нақты адамды бейнелеу.
Екіншісі таңбалық – индексы. Кеңістік пен уақыт аралығындағы таңба мен белгіленетін объект. Оған мысал келтірер болсақ: «түтін» оттың белгісі, «жол көрсеткіштер».
Үшінші топ таңбалық – символ. Таңба мен объектің арасындағы конвенционалды келісім. Бұл таңбалық – символға келісім, салт – дәстүр немесе жай ғана кездейсоқтық жатады.
Ал Фердинанд де Соссюр «Семиотика» термині алғашкы кезде формалды логика – математика саласы үшін қолданылған, ал оның заттық – мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойынша семасиология деп аталған, кейін бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды.
14.Лингвосемиотика нені зерттейді?Оның мақсаты туралы айтыңыз?
Лингвосемиотика – тілдік таңбаларды қарастыратын, тілдік элементтердің таңбалық сипатын ашып, олардың құрылымдық, функционалдық ерекшеліктерін, мағыналарын айқындайтын семиотиканың бір саласы.
15.Таңбаның түрлерін атаңыз.Қоғамдағы таңбаның алатын орны қандай?
Таңба (знак; character, symbol) — есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы. Таңба - әлеуметтік хабардың материалдық көрсеткіші.
Таңба түрлері
Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, тілдік емес таңбадан тұрады.Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем жатады.Тілдік емес таңбаларға: графикалық,акустикалық,заттық,ақша,сәуле таңбалары, және ымдау,сигнал,символ,субституттық(материалдық)жатады.
Тіл ішкі құрылымы жағынан қатынас жасауға қажетті таңбалар жүйесі болып саналады.Таңбаның қоғамда алатын орны жоғары.Бір-бірімізге белгілі бір нәрсенің көмегімен ақпар бере алатындығымыз және бір нәрсе жайлы хабарлайтындығымыздың барлығы таңба болып табылады. Тілде таңбалық сипаттың барлығы сонау грек философтарынан бері айтылып келеді.
16.Таңба,таңбалаушы,таңбаланушы жайында не білесіз?Қандай мысалдар келтіретін едіңіз?
Таңба таңбалаушы мен таңбаланушыдан құралады,таңбаны әр адам өз қалауынша өзгертіп қолдана алмайды.Жалпы таңба атаулының,әсіресе тілдік таңбаның,айрықша белгісі оның (таңбаның)ек жақтылығында.Мысалы,көшедегі жүріс-тұрысты светофор арқылы ретке келтіру жүйесінде жасыл түсті таңбаның формасы ретінде қарауға болады және оған осы жүйенің ішінде белгілі бір мазмұн,атап айтқанда,"қозғалуға,жүруге,өтуге рұқсат"деген мазмұн сәйкес келеді.Бұл семиотикалық жүйенің элементтері екі жақты құбылыс ретінде,яғни осы жүйенің ішінде формасы және мазмұны бар таңбалар ретінде қызмет етеді.Жасыл түс сигнал жүйесінен тыс "қозғалуға,жүруге,өтуге рұқсат"дегенді білдіре алмаған болар еді.Тілдік таңбалар да осы сияқты;мысалы,бір тілдің жүйесінде ешқандай мәнге ие бола алмайды.Егер, белгілі бір элемент семиотикалық жүйеде ешбір мәнге ие болмаса,онда ол сол жүйенің таңбасы емес,жай ғана физикалық дыбыс болып қалады.Тілдік таңбаның екі жақты сипаты оның ең мәнді белгілерінің бірі болып саналады.Таңбаның екі жағы-таңбалаушы және таңбаланушы жақтары тілде олардың абстракциясы,сәулеленуі түрінде тіркеледі,сөйлеушілердің санасында мағыналар түрінде және таңбалық форманың сезімдік образдары түрінде сақталады.
17. Тіл - ерекше таңбалар жүйесі дегенді қалай ашып айтасыз?
Тіл - белгілі бір құрылымы және жүйесі бар біртұтас құбылыс. Құрылым деп әр тектес элементтердің Тіл деген тұтастық шектігіндегі бірлігін айтамыз. Тілдің құрылымдық элементтері: фонема, морфема, сөз, сөйлем, мәтін, дискурс. Тіл құрылымындағы элементтердің өзара айырмашылығы сандық емес, осы элементтер қызметтерінің әртүрлілігіне байланысты сапалық ерекшелік болып табылады. Аталған құрылымдық элементтердің қызметтері: тілдің материалдық таңбалары ретінде анықталатын дыбыстар перцептивтік (қабылдау объектісі болу) және сигнификативтік (тілдің мәнді элементтерін ажырату қабілетінің болуы) қызметтерін атқарады. Дыбыс пен мағынаның бірлігінен тұратын түбір морфемалар заттық, ал қосымша –жұрнақтар таңбаның мәнісін, ал жалғаулар қатынас мәнісін білдіреді, морфемалардың ұғымдарды білдіру қызметі семасиологиялық деп аталады. Сөздер номинативтік, ал сөйлемдер коммуникативтік және экспрессивтік қызметтер атқарады. Тілдік құрылым қабаттарының өз жүйелері бар, себебі әр қабаттың элементтері жүйенің мүшесі ретінде қызмет атқарады. Жүйе – бұл біртектес өзара байланысты элементтердің бірлігі, қатынасы. Тілдік құрылымның жекелеген қабаттарының жүйесі бір-бірімен ықпалдасып, сол тілдің жалпы жүйесін түзеді. Тілдік жүйенің мынандай белгілері бар:1. Тіл жүйесінің элементтері өздерінің екіншілік – шарттылық қызметін атқарады;
2. Тіл - үнемі дамып, өзгеріп отыратын динамикалық жүйе.
3. Тіл жүйесі жүйешенің жиынтығы. Өйткені тіл бірліктері біртекті емес.
4. Тіл жүйесі – ашық жүйе. Бұл жүйеге жаңа элементтеренуі, ал көнерген элементтердің бұл жүйеден шығып қалуы мүмкін.
5. Тіл жүйесінде алдыңғы элементтерге қарап, кейінгі элементтердің орын тәртібін анықтау мүмкін емес.Ф. де Соссюрдің теориясына сәйкес, тілдік жүйе қатынастың екі типі арқылы құрылады: парадигматикалық және синтагматикалық.Синтагматикалық қатынастар байланысты мәтін негізінде табылатындықтан тілде, яғни сөйлеуде тікелей бақыланады және тіл таңбалары арасындағы қатынастар ретінде анықталады. Синтагматика нақты сөйлеу ағынында немесе мәтіндегі тілдік бірліктердің бір бірімен тікелей тіркесуін қарастырады.Парадигматика – парадигмалар жүйесі. Парадигматикалық қатынастар тіл жүйесі негізінде табылады және сөйлеуде тікелей бақыланбайды. Яғни екі түрлі қатынас туралы сөз болып отыр: 1) тілді сипаттайды, ал екіншісі сөйлеуді сипаттайды. Парадигматикалық қатынастарға сызықтық (не линейный) сипат тән емес және сөйлеу ағынында бір уақытта көрінбейді. Санада қандай-да бір ассоциация арқылы біріктірілген тіл элементтері арасындағы қатынастарды танытады. Олар бұл элементтерді я формалық, я мазмұндық, я осы екі белгілерінің де ортақтығы тұрғысынан б/ыстырады. Парад. қ-р тілде семантикалық немесе формалды ортақтығы принципі б/ша ажыратылған кез келген топтар мен кластардың құрылымын сипаттайды. Синтагматикалық тізбекте парадигма мүшелерінің бірінің болуы басқасының болуын жоққа шығарады, бірақ орнын ауыстыру мүмкіндігін тудырады.
18. Тілдің қызметі қандай. Тіл қызметінің теориялық және практикалық маңыздылығы жайында не айтасыз?
Тіл қызметі
1. адам қоғамындағы тілдің рөлі (қолданысы, міндеті)
2. Қайсы-бір кептік құрамындағы бірліктердің өзге көптіктерге жататын бірліктерге детерминацияланған сәйкестігі (немесе тәуелділігі); екінші мағсы тілбірліктеріне (мысалы, Мен ту бірлер) қатысты түсініктер үшін жиірек қолданылады. Тіл қызметі тілдің негізгі мәні, қоғамдағы міндеттері мен атқаратын жұмысы, табиғаты сиякты күрделі ұғымдарды камтиды. Бұлар сонымен тар оның жаратылысының ең маңызды қасиеттері болып саналады. Тіл негізінен екі түрлі маңызды қызмет атқарады. Біріншісі коммуникативтік және екіншісі когнитивтік, танымдық, гносеологиялық (кейде оны экспрессивтік қызмет деп атайды, яғни сананың жұмысын жүзеге асыру қызметі). Тілге эмоциялық қызмет (адамның көңіл-күй, әсерлерін, сезімдерін жеткізу) жүктелінген. Тілдің метатілдік (металингвистикалық) тілді терминдерімен сипаттау құралы қызметін орындау. Тілді пайдалану кезінде оның негізгі қызметтері бір-бірімен шартты байланыста болады, бірақ сөйлеудің кейбір жеке үлгілерімен мәтіндерде әртүрлі дәрежеде көрініс табады. Коммуникативтік қызметке байланыс орнату (фатикалық), конативтік (меңгеру), волюнтативтік (ықпал ету) және ұлттық танымды, мәдени дәстүрді, тарихты сақтау және тағы басқа қызметтер жатады. Конативтік қызмет аясында таныммен тарихи қоғамдық тәжірибе, жинақталған білімдерді меңгеру, бағалау (аксеологиялың), сондай-ақ денотация(номинация аталым), референциялық, предикаттық құралдар ретінде пайдаланылады. Тілдің эмоционалдық кызметі, әсіресе поэтикалық, көркем әдеби шығармашылық салаларда орын алады. Тіл қызметі аныктауға қызықшылық XX ғасыр белең алды. Қазіргі кездегі тіл әрекеті аясының кеңеюімен тіл қызметі мәселесі ауызша сөйлеу тілі, функционалдық стильдер, мәтін лингвистикасы сияқты жаңа ағымдар аймағында терең зерттеулерге бет алды. Ғалымдаралдында тілдің қандай жүйелері мен кұрылымдары оның әртүрлі қызметтерінде қалай және қандай деңгейлерде қолданыста болатынтындығын анықтау міндеті тұр.
  1.Тілдің табиғатын (мәнін) танып білу үшін оның ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. В.И.Ленин “Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Тілдің қызметін түсінуде бұл анықтаманың маңызы үлкен. Тіл – адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болды. Тарихта мұндай коллектив алғашында ру, тайпа түрінде, кейінде халық тілі, ұлт болып өмір сүрді, осыған орай ру тілі, тайпа тілі, халық тілі болды. Адамдар коллективіне – мейлі ол ру немесе тайпа болсын, халық немесе ұлт болсын – осылардың бәріне де тіл қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы оның табиғатын (мәнін) айқындайтын басты қасиеті деуіміз де осыдан. Тіл мен қоғамның өз ара тығыз байланысы – екі жақты байланыс . Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет . Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден , тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет.
         2. Тілді қоғамдық құбылыстардың қатарына жатқызуға негіз болатын басты белгі оның қоғамға қызмет ету белгісі екендігі жоғарыда айтылды. Бірақ, тілдің қоғамға қызмет етуі басқа қоғамдық құбылыстардың, мысалы, базис пен қондырманың, қоғамға қызмет етуінен өзгеше болады. Базис қоғамға экономикалық жағынан қызмет етсе, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет етеді, қоғам үшін тиісті көзқарастардың нормаларын жасап береді. Демек, тілден басқа қоғамдық құбылыстар, мысалы, базис пен қондырма, қоғамға белгілі бір салада қызмет етеді. Ал тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан айырмасын көрсететін айрықша ерекшелігі мынада: тіл қоғамға қызмет еткенде , адамдардың қатынас құралы, пікір алысу құралы, бірін-бірі түсінісу құралы ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында: өндіріс пен экономикалық қатынастар саласында да, саясат пен мәдениет саласында да, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді.Демек, тіл адамның ісі мен әрекетінің барлық саласын қамтиды, осыған орай, оның қимыл өрісі өте кең және әр жақты болады. Тілдің ерекшелігі оның ең басты қызметі – қатынас құралы болуынан келіп туады.
         3. Қоғам мүшелерінің өз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді.Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы”(К.Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. 
         Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін объективті дүниенің элементерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі, ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде,ал тіл мен ойлаудың байланысы бірлік ретінде сипатталады.
         Тіл мәдениетпен байланысты, бірақ онымен тепе-тең емес. Тілді қондырмамен теңестіру, бірдей деп есептеу қаншалықты қате болса , тілді мәдениетпен теңестіру, бірдей деп есептеу соншалықты қате болмақ. Мәдениет идеологиялық, яғни қондырмалық құбылыстың қатарына енеді, осыған орай, ол буржуазиялық та, социалистік те болуы мүмкін.Ал тіл қатынас құралы ретінде әрқашан жалпыхалықтық сипатта болып, буржуазиялық мәдениетке де, социалистік мәдениетке де бірдей қызмет етеді алады.
19. Тіл және ойлау жайлы тіл білімі тарихында айтылған ой-пікірлерді сараптап беріңіз.
Тіл дегеніміз – сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі – шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткіземіз. Ақыл-ой жетістігі болып табылатын, ақиқат, өмірдің бейнелуін қамтамасыз ететін ең жоғарғы таным-түйсік адамға ғана тән және ол-сөйлеу актісімен тікелей байланысты форма. Яғни адамдар бұл бейнелерді қалыптастыруда тілді пайдаланады, бір-бірімен қарым-қатынасқа тіл арқылы түседі, бейненің бар болмасын суреттеу үшін, бір-біріне жеткізу үшін тілдік блоктарды түзеді. Тілсіз ойлаудың болмайтындығы, әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетіндігін, яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсінеді. Ф. де Соссюр ойды тілдің семантикасымен теңдестіре отырып, тілді қағазбен былайша салыстырады: «Ой дегеніміз, сол қағаздың бет жағы, ал дыбыс – астыңғы жағы, егер қағаздың бет жағын, астыңғы жағын бүлдірмей кесіп алуға болмайтыны сияқты, тілде де дыбыстан, дыбысты ойдан бөліп алуға болмайды. Мұны тек абстракциялық түрде ажыратуға болады»-дейді. Тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланыста болады дегенде, тілдегі категорияларының өз ара байланысы, арақатысы ескеріледі. Мысалы, тілдегі сөз логикалық категория – ұғыммен тығыз байланыста болса, сөйлем байымдаумен (суждение) тығыз байланыста болады. Сөз бен ұғым бірлікте, өз ара тығыз байланыста болады дегеннен бұл екеуі бір-бірімен тепе-тең екен деген түсінік тумауға тиісті. Олардың арасындағы айырмашылықтары мыналар: кейбір ұғымдар жеке сөздермен емес, сөздердің тіркестерімен айтылады; фразеологиялық сөз тіркестерінің құрамындағы кейбір ұғымдар жеке сөздермен емес, сөздердің тіркестерімен айтылады; фразеологиялық сөз тіркестерінің құрамындағы кейбір сөздер ұғымды өздігінен емес, тек тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қолданылғанда ғана білдіре алады. Бірнеше мағынаны білдіретін бір сөздің өзі әлденеше ұғымды білдіруі мүмкін. Сөз кейде ұғымды ғана емес, байымдауды да білдіруі мүмкін. Мүндай жағдайда сөз сөйлем ретінде қызмет атқарады. Бұл айтылғандардың бәрі де сөз бен ұғымның тепе-тең емес, бірақ өз ара байланысты екендігін көрсетеді. Ойлаудың тілмен тығыз бірлікте болатынын ойлау формаларының бірі – байымдаудың сөйлеммен байланысынан да көруге болады. Тілдің тіл болуы үшін ең қажетті фактор – ойлау, пайымдау екені белгілі. Адамның ми қабатында жинақталған ой тіл арқылы сыртқа шығады, сөйлеу арқылы неше мәрте айтылса да белгілі бір сөйлеу жүйесіне бағынбаса, түсініксіз болады. Ой тілге әсер етеді, тіл сөзге әсер етеді, сөзден сөйлеу пайда болады. Тіл мен ойлаудың өзара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да-адамға тән құбылыстар. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшелігі көрінеді. Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі,мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасауы мүмкін болмаған болар еді. Адамның ой тіл арқылы тілдегі сөздер және олардың тіркесі арқылы айтылыды да, материалдық формаға енді. Ойлаудың туып жасалуында тілдің ролі айрықша зор.
20. Нейролингвистика және психолингвистика: зерттеу нысаны, пәні, мақсаттары мен міндеттері жайында айтыңыз.
Психолингвистика (фр. linguistigue — лат. lingua - тіл) — психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г.Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі кісінің жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет. Кейіннен Потебня мен Пауль еңбектерінде осы бағыт сөз, сөйлем, грамматикалық категория, сондай-ақ лексикалық мағыналардың түрлерін түсіндіруде көрініс тапты. Белгілі лингвистер Бодуэн де Куртенэ, де Сессюр еңбектерінде сөйлеу әрекетінің әлеумеітік сипатына баса назар аударылды. Америка ғалымдары Ч.Осгуд, Т.Сибсок т.б. психолингвистикаға жаңа мағына енгізіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талассыз алмасуын сөйлеудің даму процесі деп түсіндірді. Сөйлеуді игерудің шарттарын қарастыратын үйрету теориясы мен (А.Н.Хомский), бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу (когнитивтік көзқарас) теориясы (Ж.Пиаже) психолингвистиканың дамуына елеулі үлес қосты. Осы салада кеңес ғалымы профессор А.А. Леонтьевтің еңбектері де ерекше орын алды. Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер XX ғ. 60-жылдарынан бастап қолға алында. Бұл жерде М.М.Мұқанов, А.А. Залевская, М.М. Копыленко, Б.С. Мучник т.б. еңбектерін атап өткен жөн. Бізде осы саладағы зерттеулер үш бағытта жүргізілді (екінші, бөгде тілді меңгеру; сөйлеудің пайда болуы мен оны түсіну; ойлау мен қарым-қатынастың арақатысы). Бұл мәселелер "Ойлау мен қарым-қатынас" атты Бүкілодақтық симпозиумда (Алматы, 1973), "сөзбен ойдың механизмдері" атты (Целиноград, 1976) ғылыми конференцияларда талқыланды. Қазақстан психолингвистері (М.М.Мұқанов, Н.М.Құрманбаев, М.К.Қайырбаева, Ш.С.Баймешева т.б. қостілділік, оны меңгерумен түсіну, іштей сойлеу т.б.) мәселелерін жан-жақты зерттеді. Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескрибтік лингвистикалық көзқарас- тардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматикалық тұрғыдан өзгертудің формалды моделі; сөйлеуді құраудағы грамматикалық құрылымның ойлаудың, танымның, логиканың желісімен байланысты. Психолингвистиканың негізгі бағыты қазіргі кезде инженерлік психология, нейро- және патопсихология, шетел тілдерін оқыту міндеттерімен ұштасуда.
'Психолингвистика – адамның сөйлеу қабілеті қалыптасуының бірқалыпты өтуін зерттейтін ғылыми саласы.

Психолингвистика ойдың сөзге, сөздің ойға толассыз және қайта айналып алмасуын сөйлеудің даму процесі деп есептейді. Психолингвистиканың қалыптасуына үйрету теориясының, сөйлеуді игерудің арнайы шарттары туралы А.Хомскийдің еңбектері, бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу туралы когнитивтік көзқарас тұрғысындағы зерттеулер (Ж.Пиаже) елеулі үлес қосты.
1960–70 жылдары Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескриптік лингвистик. көзқарастардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматтикалық тұрғыдан өзгертудің формальды моделі; сөйлеуді құрудағы граммат. құрылымның ойлау мен танымның, логиканың желісімен байланысы. Қазіргі кезде Психолингвистиканың негізгі бағыты инженер- психология, нейро- және патопсихологиямен байланысты.
Нейролингвистика (грек, neuron жүйке, французша linguistique лингвистика, латынша lingua тіл) — неврология мен тіл білімінің түйіскен жерінде пайда болған, мимен байланысты тіл жүйесін зерттейтін ғылым саласы. Мидың зақымдануынан сөйлеудің бүзылуы (афазия) орта ғасырлардан белгілі, бірақ оның зерттелуі 19 ғасыр 2-жартысында басталды. Оны зерттеуде И. А. Бодуэн де Куртенэ, В. А. Богородицкий, В. Щерба т. б. тіл қызметінің үш құрамнан — фонация (дауыстап айту), аудиция (қабылдау), церебрациядан (мида болатын процесс) тұратынына сүйенген. КСРО-да Н. дамуы Л. С. Выготскийдін психологиялык кон- цепциясына сүйенген А. Р. Лурия енбектерінде көрсетілген. Нейролингвистикалық зерттеулер неврология мен тіл білімі теориясының дамуымен бірге дамыды. Нейролингвистика емдеу орындарында диагностикалык міндеттерді шешу кажеттілігінен туған. Мұндағы негізгі әдіс — әр түрлі жағдайда науқастың қалай сөйлейтінін байқау. 20 ғасыр 2-жартысында нейролингвистика зерттеуге психолингвистика, нейропсихология, нейрофизиология, психоакустика, кибернетика т.б. ғылым салалары ықпалын тигізеді. Сөйтіп, казіргі нейролингвистика адамның сөйлеу қызметін комплексті зерттеудің бір саласы болып табылады.
21. Тіл мен сөйлеуді ажыратып беріңіз
Қоғам мүшелерінің өз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді.Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы”(К.Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы.  Тіл мен ойлау өзара байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де, ойлау да - қоғамдық құбылыстар. Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) болмыспен (объективті дүниемен) байланысқа түседі. Мұнсыз адамдар бір-бірімен сөйлесе алмаған болар еді. Өйткені тілдік бірліктер болмыстағы заттар мен құбылыстардың аттары. Сондықган да, біз: тіл – ойлаудың құралы, - дейміз.  Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып (не жазып) жеткізеді. Тыңдаушы да айтушының ойын тіл арқылы түсінеді. Сондықтан болар, К.Маркс: "Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы" — деген болатын. Ой тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді.
  Сөйлеу -  адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті үдерісінде тарихи тұрғыдан қалыптасқан тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны . Сөйлеу мен тілдің байланысы неде? Бұл  сұрақтарға мамандар әр түрлі жауап береді. Кейбіреулері олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ ,-  дейді. Келесілері «Сөйлеу – тіл жұптағы түсінікті тек сөйлеу – индивидуалды табиғаттың феномені, ал тіл психологиялық құбылыс емес, сондықтан ол әлеуметтік, оны зерттейтін  психолингвистика болып табылады ,-дейді.
         Ф. де Соссюр "Тіл және сөйлеу мәселесі" мәселесін  көтереді. Ол тіл мен сөйлеу бір-бірімен байланысты, бірақ бір-бірінен өзгешеліктері бар, екі бөлек дүние. Сөйлеу - тілді қолданудың нәтижесі, ол - индивидуалдық, ал тіл - қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дәрежеде міндетті, өзара байланысты таңбалардың жүйесі. Тіл - әлеуметтік сипатқа ие дейді .
         Тіл мен сөйлеуді ғалымдар кейде бірге алып қарастырса, кейде екеуін екі бөлек құбылыс деп таниды. Мәселен, немістің көрнекті лингвисі Вильгельм фон Гумбольдт пен орыс лингвисі И.Э.Бодуэн де Куртенэ тіл мен сөйлеуді жеке-жеке ажырата келіп, оларды адамның ойы мен қарым-қатынасына байланысты қажеттіліктен туған үдеріс деп қарастырады.  Ф. де Соссюр тіл мен сөйлеуді ажырата келіп, олардың әрқайсысына тән айырмашылықтарды нақтылап көрсетеді. Автордың айтуынша: Тіл- әлеуметтік, ал сөйлесім – жеке-дара құбылыс. Тіл- тұрақты және ұзақ өмір сүретін үдеріс, ал сөйлеу -тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады. Тіл – адамның миымен, санасымен бірге өзі қалыптасатын үдеріс, ал сөйлеу - әркімнің өзі дамытып отыратын үдеріс. Тіл- адамның қарым-қатынасында бәріне ортақ, ал сөйлеуде автордың өз қолтаңбасы болады. Тіл – психикалық құбылыс, ал сөйлеу – психо-физикалық құбылыс. Сөйлеу- адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу – анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді.
22. Сөйлеу әрекеті, сөйлеу жағдаяты, мәтін
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сойлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін кызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам озінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі соз. Біз сөз арқылы  неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз (М. Жүмабаев).
Сөзді қабылдау және оны үғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дүрыс қабылдамай түрып, оны үғынуға болмайды. Жеке создерді қабылдаудың өзі оны үғынуды қажет етеді. Қабылдау мен үғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сойлеу аппаратында, адамның мөнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Моселен, бүйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.
 тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. арсыз сөйлеу өзінің қызметін дүрыстап атқара алмайды. Мүның біріншісі — сөйлеудің мазмундылыгы, екіншісі — оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмүн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз — адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни өрбір сойлемді озінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлейтін адамдарды "сөзі мірдің оғындай екен" дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мүғалімдік мамандық үшін маңызы зор. А. С. Макаренко бүл жөнінде: "Балалар сіздің созіңізден озіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек",— дейді.
Сойлеу өрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бүлшық еттері т. б.) дүрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сойлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Бүл, біріншіден, сөйлеу органдарындағы қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нөзік талдаудан; екіншіден, сөздік сигналдардың болшектенген элементтерін байланыстырудан корінеді. Физиологиялық түрғыдан сөздің мәнін И. П. Павлов былай түсіндіреді: "Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар — сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табылады да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бүл соңғы бізге  тән ең жоғары ойлауды қүрайды". Адамдар арасындағы тілдік қатынас өмірлік, қоғамдық қажеттілікке сәйкес қолданылу ортасына қарай ерекшеленеді, қалыптасады, өмірдегі әртүрлі тіршілік жағдайына байланысты түрленеді, сараланады. Белгілі бір жағдайлардағы адамдар арасындағы қарым-қатынаста кеңістік пен уақыт кесіндісінде сөйлеу әрекетінің орны ерекше. Сөйлеу әрекеті сөйлеу жағдаятын қалыптастырады. «Жағдаят» ұғымы психологияда, әдістемеде, философияда және лингвистикада зерттелген адамдар әрекетінің сипатын, өту барысын т.с.с. анықтаушы маңызды категория. Әр ғылым саласы бұл ұғымды өз мақсатына қарай, зерттеу бағытына қарай әртүрлі анықтайды. Өйткені «жағдаятқа» анықтама беруде мынадай әртүрлі көрсеткіштер басшылыққа алынады: 1) айнала қоршаған заттар мен құбылыстардың қатысы арқылы анықталатын жағдай; 2) сөйлеу әрекетін дүниеге келтіретін шарттар; 3) сөйлеуші мен объективті құбылыстар арасындағы объективті байланыс; 4) шындықтың жиынтығы.Сөйлеу жағдаяты сөйлеушінің белгілі білім қоры, тәжірибе түрінде қарым-қатынас жасауға түрткі, уәж болатын шарттары арқылы айқындалады. Сөйлеу жағдаяты белгілі бір уақыт кесіндісіндегі өтпелі, уақытша сипатқа ие болады. Сонымен қатар жалпы қоғамдық өмірмен қалыптасатын тұрақты жағдай да сөйлеу жағдаятын айқындайтын белгінің қатарына жатады. Жағдаят дегеніміз сөйлеуге стимул. Жағдаят коммуниканттар айналасындағы заттар емес, сөйлесушілердің өзара қарым-қатынас жүйесі, демек әңгімелесу дегеніміз шындық өмірде бір нәрсені сұрау, түсіну, сендіру, таңдану, ренжу және т.б. Сөйлеу жағдаяттары тұрақты және өзгермелі екі негізгі түрге бөлінеді. Тұрақты (стандартты) жағдаят – өзгермейтін бағдарлама, дайын сценарий яғни адамның сөйлемейтін әрекетіндегі және сөйлейтін әрекетіндегі нақты сәйкестік. Ал өзгермелі жағдаят та сөйлеу формалары, оның мазмұнына байланысты емес, жағдайға қарай өзгереді.
Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%92._%D0%A0%D1%83%D0%B4%D0%BD%D0%B5%D0%B2&action=edit&redlink=1" \o "В. Руднев (мұндай бет жоқ)" В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.
1) мәтіннің барлық элементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі).
2) мәтін элементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады. (Мотивті талдау тезисі);
З) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау);
4) мәтіннің әрбір жекеленген және үстірт кәрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т. Юнгтің аналитикалық психологиясы);
5) мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы);
6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін ( мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы);
7) мәтін — қатып-семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сүхбат
23. Прагматика деген не?
Прагматика (грек,pragma,ілік септіктеpragmatosіс, әрекет) — семантика мен тіл біліміндегі тілдік таңбалардың кызметін зерттейтін саласы. "Прагматика"терминін 20 ғ. 30 жылдарында семиотиканың бір бөлімі түрінде Ч. У. Моррис енгізген. Ол семиотиканы танбалардын объектіге катынасын зерттейтін семантика, танбалардын өзара қарым-қатынасын зерттейтін синтактика және сөйлеушілердін танбаларға катынасын зерттейтін Прагматика деп бөлген.Прагматиканын лингвистикалык зерттеу саласына айналуы Ч. С. Пирстін идеясымен байланысты сөйлеу актілері жайындағы логика-филологиялык (Дж. Р. Сёрл, 3. Вендлер т.б.) және Прагматикалык теориялардын (П. Грайс, Л. Линский, Сёрл,П. Ф. Стросон т.б.) ыкпалымен 60—70 жж. басталды. Лингвистикалык Прагматиканын кызметі накты емес, оған сөйлеуші субъект пен адресаттын (тындаушынын) өзара карым-катынасынан туатын мәселелердін бәрі кіреді. Сөйлесушілердін карым-катынасы үстінде тілдін колданылуы Мен Прагматикалык кызметін біріктіре отырып, Прагматика риторика, стилистика, сөйлеу теориясы мен типологиясы, стильдердін карым-катынастык және функционалдык теориялары, социолингвистика, психолингвистика т.б. көптеген салаларға катысты проблемаларды камтиды.
Сөйлеушінің дітін орындату үшін тілдік формалардың ішіндегі сол тыңдап тұрған адамға қатысын таңдап алу процесі. Бұны прагматика дейді. Мысалы, ауызша немесе жазба сөз мәдениеті туралы айтқан кезде, бірінші кезекте осы прагматика деген құбылысты ескеруіміз керек. Сіз егер өзіңіздің дітіңізді орындатқыңыз келсе, ал енді сөйлеу деген, ол дітті орындату үшін жасалатын әрекет. Сөйлеу сөйлеу үшін жасалмайды. Сөйлеу дітті орындату үшін, мақсатқа жету үшін жасалады. Яғни тыңдап тұрған адам сіздің айтқаныңызды істеу керек. Негізгі мақсат осында. Бұны ешқашан естен шығармау керек. Бірақ ол сіздің айтқаныңызды істеу үшін, сіз оның деңгейіне түсуіңіз немесе көтерілуіңіз керек. Осындай тілдік құбылысты прагматика дейді.
24. Мәтін лингвистикасы деген не? Мәтін лингвистикасы нені зерттейді?
Мәтін лингвистикасы — тіл білімі ғылымының жеке саласы, зерттеу объектісі — мәтін. Мәтін лингвистикасы мәтіннінөзіне тән мәні мен болмысы, ерекшелігі, шындық болмыстың мәтінде бейнеленуі, мәтіннінтүзілу ерекшелігі, оны кабылдаудын сипаты, мәтіндегі автор мәселесі т.б. жайттарды қарастырады. Мәтін лингвистикасының қалыптасуы тіл білімі салаларымен бірге (лексикология, семасиология, морфология, синтаксис, стилистика) және филологиялык емес ілімдермен де (философия, логика, психология, эстетика) байланысты. Мәтін лингвистикасы 20 ғасыр 60 жылдары пайда болды. Оның негізі Э. Бенвенист, В. Скали'чка, С. И. Карцевский, В. Матезиус, Ш. Балли, В. В. Виноградов, 3. Харрис т.б. еңбектерінде калыптаскан. Қазақ тіл білімінде Р.Сыздык, Т.Қордабаев, Б.Шалабай, М.Серғалиев, Б.Мүсрепова, С.Құнанбаева, Ж.Жакупов, О.Бүркіт, А.Жұбанов, Г.Смагүлова, З.Ерназарова, С.Мұсгафина, Г.Әзімжанова, Н.Қүрманова, К.Мухлис, А.Таусоғарова, Б.Райымбекова, Ф.Ж ақсыбаева, Ж .Қайшығұлова, М.Ахметова т.б. мэтін лингвистикасы мэселесіне бірнеше ғылыми зерттеу еңбектері мен мақалаларын, оқу кұралдарын арнады. Мәтін атауы, көріп отырғанымыздай, сөйлеудің эр түрлі формаларына қолданыла береді. Сонымен катар мэтін лингвистикасында бұл терминді макро және микромәтіндерді сипаттау үшін де қолдану үрдісі қалыптасқан. Солай болса да, галымдардың көпшілігі мэтін деп белгілі бір тәртіппен кұрылған, ұйымдасқан сөйлеуді түсінеді. Демек, жүйелі байланыстардың негізінде құрылатын мэтіннің берілу жолдарының өзі әр түрлі болады. Сондыктан мэтін жазбаша әрі ауызша формада, монолог эрі диалог түрінде кездеседі жэне кез келген мәтін қандай формада көрінсе де, қатысым қызметін агқарып хабарды жіберуші (адресант) мен хабарды қабылдаушының (адресат) бірлігінен тұрады
Мәтін дүниежүзі лингвистерінің назарына іліге бастаған кезде қазақ тіл білімі ғалымдарының еңбектерінде де мәтін мәселесіне қатысты ой-пікірлер козғалды. Мәселен, қазақ тіл білімінің ғылыми негізін салушылар - А.Байтүрсынүлы мен Қ.Жүбанов еңбектерінен мәтін туралы алғашқы ойларды кездестіреміз. Ғалым А.Байтұрсынұлы мэтінді шыгарма сөз деп атайды жэне оның ауызша да, жазбаша да болатындығын айтып, мэтінді сөйлеудің бірлігіне жатқызады: «Сөз өнерінен жасалып шыгатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартьшып шыгарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын бәрі шығарм
25. вербалды және бейвербалды сөйлеу жайында не білесіз?
Вербалдық бірлік – сөз немесе сөз тіркестерінен тұратын мәтін бірліктері: бейыервалдық ,мәтіннің жазбаша бірліктеріне, мысалы, сызбаларға, кестелерге, графиктерге қарама-қарсы қойылады.
Тілдік ортада қарым-қатынасты іске асыру үшін сөйленіс кезінде ойды жеткізу мақсатымен түрлі-түрлі тілдік және тілдік емес , тіл айналасындағы қаралдарды пайдалану дағдысын қалыптастырған. Осы тіл айналасындағы құралдарға ольфакторлық,тактильдік, көзбен кқретін ,құлақпен еститңн тілдік және тілдік емес құралдар жатады. Тілдік құралдарды ғылым тілінде вербалды элементтер деп атасақ, тілдік емес құралдар бейвербалды элементтер деп аталады.
Коммуникативтік процесті негізінде вербалды және бейвербалды коммуникация деп екіге бөліп қарайды. Вербалды коммуникация қатынастың сөйлеу арқасында жүзеге асырылады. Сөйлеу арқылы біз табиғи тілдік дыбыстарды cондай-ақ, фонетикалық белгілерді, оның екі негізгі лексикалық және синтаксистік белгілерін түсінеміз. Сөйлеу коммуникацияның универсалды құралы болып табылады, яғни ақпарат беру кезінде оның көмегімен хабарламаның мағынасы беріледі. Қазіргі уақытта бейвербалды қатынас құралдарының аталуы мен топтастырылуы бойынша паралингвистикалық және бейвербалды семиотикалық бағыттары төңірегінде зерттелу жұмыстары жүргізілуде. Х ғасырда бейвербалды қатынас құралдары туралы алғаш зерттеу жасаған шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби өзінің «Риторика» атты ғылыми трактатында жазған.
Бейвербалды қарым-қатынас – бұл сөздер мен басқа да тілдік бірліктерге сүйенбейтін ым-ишара тілі. Адамды оның вербалды емес сигналдар жүйесі: ым-ишара, жесттер, позалар, сөйлеу, жазу ерекшеліктерін бақылау, талдау және зерттеу. Осы сигналдарды оның мінезімен байланыстыру. Адамдар арасындағы контакт тіл мен сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу коммуникациясының негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы обьективтеу ретінде қарастырылуы мүмкін.
Лингвистикадағы бейвербалды амалдарға арналған алғашқы арнайы зерттеу еңбегі Ч.Дарвиннің (адамдар мен жануарлар эмоцияларының көрінісі» деп аталады. Ол қазіргі «қимыл тіліне» байланысты зерттеулерге әсерін тигізеді. А.Пиздің ағылшын тілінен аударылған « Язык теледвижение: как читать мысли других людей по жестам» кітабында вербалды және бейвербалды элементтер жайлы жазылған. Вейбервалды амалдар –мимика –ым, жест –ишара, поза-дене қалыбы терминдеріне тікелей тәуелді. Ым – бет-әлпетке қимыл, ал ишара – бет әлпет арқылы , дене қимылдары арқылы жасалынатын бейвербалды амалдар.
Адамдар арасындаға қатынаста хабар мен айтылған ойдың көбі бейвербалды амалдармен беріледі.
1.Бастың қатысуымен жасалатын бейвербалды амалдар:
-Басын шайқау- біреудің пікірімен келіспеу.
-Басын изеу- сәлемдесу немесе біреумен келісу( ия сөзінің орнына), өз кінәсін мойындау, қадірлеу.
-басын шұлғу- мақұлдау, келісу
- басынан сипау- іреуді аяу,
2.беттін қатысуымен болатын бейвербалды амалдар.
-бетін теріс бұру-ренжу, ұялу, қысылу
-бетін басу- қорқу, қобалжу.
-бетім ай деп сұқ саусағын бетіне басу- біреудін ісін жақтыртпау.
-Бата беру- ас қайыру.
26. Паралингвистика( грек. Пара-маңы)- хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды(сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса сөйлеу үстінде қолданылатын бейвербалды амалдармен берілуін зерттейтін ғылым саласы. Паралингвиста тәсілдерінің
3 түрі бар:
фонациялық тәсіл- дыбыс әуені, оның күші, кідіріс, дауыс мәнереі жатады.
Кинетикалық тәсіл- ым ,бет,қол қимылы, дене қозғалысы жатады.
Графикалық тәсіл- әріптер мен тыныс белгілері қолтаңбасының түрлері, әріп таңбаларын айырбастайтын қосымша символдық белгілер жатады.
Сөйлеу кезінде паралингвистикалық тәсілдер 3 түрлі қысмет атқаруы мүмкін: қосымша ақпарат бередлі, айтылмаған сөз орнына қолданады, сөзбен бірге аралас қолданады.
Паралингвистика құрамындағы универсалдық, этнолингвистикалық, идиолектілік компонентеріне қарай ажыратылады. Сөйтіп паралингвистикалық тәсілдер вербалды хабардың мән- мағынасын толықтыруымен бірге , айтушы не жазушы адамның әлеуметтік жайы, жас мөлшері, мінез-құлқұ, т.б. қасиеттері туралы қосымша мәліметтер береді. Паралингвистикалық тәсілдер дербес, тұйық семиотикалық жүйе болып табылмайды. Олардың сөйлеу кезінде нақты қандай түрде қатысатындығын алдын-ала болжау мүмкін емес. Паралингвистикалық тәсілдердің кей түрлері 20ғасырдың 30 ж (Н.В. Юшманов еңбегінде) зерттелген. Бұл ұғымды А.АХилл 1940ж енгізген.
27. Жазу- дыбыстық тілге қосымша құрал ретінде сөйлеген сөзді алысқа сондай-ақ, келесі дәуірлерге жеткізетін таңбалардың жиынтығы. Тарихи даму барысында жазудың бірнеше үлгісі пайда болып , дамып отырған: пиктографиялық, идеографиялық, буын, фонетикалық.
1.пиктографилық жазу- жазудың ең алғашқы түрі. Пиктогр. Ж. Суретке негізделген. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп атайды. Әрбір сурет(пиктограмма) өздігінен бүтін хабарды білдере алмайды. Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлінбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды емес ,оның мазмұнын білдіреді. П. Ж.-ға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, т.б. суреттері қолданылған. Адамдар басқа біреуге нені хабарлап білдіргісі келсе сонын суретін салған.
2.идеографиялық жазу- пиктографиялық жазудың дамуы барысында пайда болды И.Ж.-дың таңбалары идеограммалр деп атайды. Идеографияның пиктографиядан басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында.Иидеографиялық таңба не жеке сөзді не оның атауыш бөлшегін белгілейді. И.ж.-дың үлгіліерін өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан төрт мың жыл бұрын жасалған болатын. Қытайдың жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық тілдегі әрбір белгілі бір сөзге сәйкес келіт, соған телінуіне негізделеді. Қытай жазуындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп, жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбасына айналған. И.ж.-дағы графикалық таңбалар йифрлар тәрізді , олар сөздің дыбысталуын емес , мағынасын білдіреді. Жазудың ид-қ принципін қазіргі тілдердегі сандардың таңбаларынан көруге болады. Мысалы, 5 деген цифрдың мағынасын барлық тілде бірдей түсінеді. Ал атының дыбысталуы әр түрлі болады.
3. буын жазуы – жазудың буын жүйесіндегі ьаңба буынды белгілейді. Таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан буын жазуын негізгі үш түрге бөледі:
1) ассиро-вавилон, элам,тугарт ,сына жазулары, майя жазулары, лигатуралы дыбыстық көрей жазуы жатады. Бұл жүйеде таңбалар кез-келген бынды белгілейді.
2)крит-микен буын жазуы, кипр, эфиопия, жапон буын жазулары жатады. Бұл жүйеде таңбалар тек дара дауыстыларды және дауыссыз бен дауыстылардың тіркесі мен белгілі бір дауыстың қосындысын белгілейді.
3) үнді жазуының әр түрлі жүйелері енеді. Бұл жүйеде негізгі таңбалар жеке дара дауыстыларды және дауыссыз бен дауыстының қосындысын белгілейді.
Логографиялық жазуға қарағанда буын жазуы оқыту ісі үшін де ,қолдану үшін де қолайлы. Буын жазуы тілді, әсіресе оның фонетикалық жағын және грамматикалық формаларын дәлме-дәл беруге икемді.
4)әріп(дыбыс) жазуы. Әріп жазуы буын жазуынан кейін пайда боды.жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын саны сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін 20-дан 40-қа дейінгі таңба санынын өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазудың меңгеру, сауаттылыққа үйретеді. Әріп жазуы – сөздерді ғана емес, олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да жақсы белгілеу үшін өте қолайлы жазу. Әріп жазуы екіге бөлінеді: консанантты және вокалданған.
Консанантты жазу біздің дәуірімізге дейінгі 2 мыңжылдықта, ал вокалданған жазу 1 мыңжылдықта пайда болды. Ежелгі египет тілінің семит тілдерімен ортақ жақтары болған. Олар египет тілінде дауыстылыардан дауыссыздардың мәні басы. Бұл тілде де сөздің түбірі дауыссыздан құралады. Зерттеушілердің айтуынша ең таза дыбыстық жазу финикий жазуы.
28.графика және орфография терминдеріне тоқталыңыз және ерекшеліктерін айтыңыз.
Орфография (грек orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді.
Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі. Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады.
Морфологиялық ұстаным – сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, бастапқы құрамын сақтап жазу. Фонетикалық ұстаным бойынша сөз айтылуындай жазылады. Дәстүрлік ұстаным - сөздің бір кезде жазылып, қалыптасқан, дәстүрге айналған түрінде сақтап, жазу. Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды . Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстардың ешбір мәні жоқ. Бұл-бір. Екіншіден, графика сөздің дыбысталуын әрқашан дәлме-дәл көрсете бермейді. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. Бір әріп ыңғайына қарай әр түрлі фонемаларды белгілей алса, транскрипциялық таңба бір ғана мәнге ие бола алады. Бір фонема жазуда әр түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол әрқашан бір ғана таңбамен белгіленеді.
Транскрипциядан транслитерацияны ажырата білу керек. Транслитерация жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке, мысалы, орыс алфавитінен латын алфавитіне немесе, керісінше, аударып жазуда қолданылады.Транслитерация әсіресе географиялық атауларды және т.б. басқа жалқы есімдерді жазуда жиі қолданылады.
Графика — (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен)
-Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы.
-Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Т-ырнайтын, жазатын, грифель құралының көмегімен салынатын өнер түрі.
Қазақ графикасы — қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.
Графика (гр. graphike — жазылған, өрнектелген) — графемалар, тыныс, екпін белгілері т.б. жазу құралдар жиынтығы, фонемалық жазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі және оларды зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Қазіргі қазақ графикасы әріптерінің жазылуы тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы мен баспа графикасы болып бөлінеді. Қазақ жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған.
29.транскрипция және транслитерация дегеніміз не? Әр қайсысына тән ерекшеліктер.
Транскрипция(лат. Transcriptio- қайта көшіріп жазу)- белгілі бір тілдегі дыбыстарды дәл бейнелеп көрсету үшін пайдаланатын шартты белгі. Жазуда бір фонема түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол бір таңбамен белгіленеді. Транскрипцияның негізгі қызметі сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету, онда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Бір әріп ыңғайына қарай түрлі фонемаларды белгілесе, транскрипциялық таңба бір ғана мағынаға ие болады. Транскрипция екіге бөлінеді:
Фонетикалық
фонематикалық
-фонематикалық транскрипцияда сөздердің айтылуындағы дыбысталу ерекшеліктері дәлме-дәл көрсетіледі:
Қазанқап қазаңғап, ортан бел ортамбел, сейсенбі сейсембі. Әрбір жеке тілдің фонемалық жүйесін айқындауда фонематикалық транскрипцич жұмсалса, ал фонетикалық транскрипция барлық тілдердегі дыбыстық ерекшеліктерді түгел көрсету үшін қолданылады. Оқу барысында көбіне фонематикалық транскрипцияға жүгінуше тура келеді, яғни сөздер мен сөз тіркестерін, тұтас мәтінді айтылуына біршама жуықтатып жазу қажеттігі туындайды. Жеке дыбыстар мен әріптердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтар, көрші дыбыстардың бір-біріне әсері ескеріліп отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданыста жүрген и, у, ю әріптерінің әрқайсысы екі-үш тіпті одан да көп дыбыстарды құрайды: у-ұу, үу, и-ый, ю-иұу.
Транслитерация (лат. trans - арқылы, littera - әріп)— бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудын әріптерімен, яғни бір әліпбидегі жазуды баска бір әліпбиге ауыстыру. Егер сөздердін дыбыстық құрамына әліпби сәйкес келсе, онда әліпби ауыстыру қиындық келтірмейді. Ал сөздердін дыбыстық құрамына әліпби сәйкеспеген жағдайда оларды жазу күрделенеді. Қазақ жазуын араб әліпбиінен латынға, латыннан орыс әліпбиіне ауыстыруда бірқатар қиындық туғаны мәлім.
30.тілдің құрылымдық, жүйелік сипаты жайында не білесіз.
Тілдік жүйе -табиғи тілдің ішкі заңына лайық (үйлес), сөздік құрам мен грамматикалық құрылыстың тұрақты қарым-қатынасқа түскен элементтерінің бірлігі мен тұтастығы. Тіл белгілі бір жүйе ретінде өмір сүреді. Тілдік жүйе сөздердің әртүрлі өзгеріске түсу мен сөйлемде тіркесу заңдылықтары анықтайды. Тіл - сөздер мен сөз тіркестерінің белгілі бір заңдылыққа құрылған тұрақты жүйелерінің жиынтығы. Тілдік жүйе тұтас бүтін, ал оның құрамындағы әр бөлік (компонент) бүтіннің бөлшегі. Әр бөлік өз алдына оңашаланбайды, жүйенің өзге бөлігіне қарама-қарсылықта түзіледі. Сондықтан да Тілдік жүйенің әр бөлігі Тілдік жүйе мәні (қызметі) тұрғысынан қарастырылады. Тіл таңбалар жүйесінің ерекше түрі. Ол екі қалыпта жүйеленген. Бірі тілдік тұлғалар (единицы) қатынасының "тік қалыпта жүйеленген ережелері мен заңдары" Tap мағынада алғанда, Бұл сөз қосымшалары жүйесі (морфологиялық парадигма: бала, бала-ның, бала-ға, бала-мен т. б.). Кең мағынада алғанда, Бұл тіл деңгейлерінде (морфология, синтаксистік, лексикалық, сөзжасам) "тік" қалыпта орныққан Тілдік жүйе жиынтығы. Екіншісі тілдік тұлғалар қатынасының "көлденең" байланыста қалыптасқан жүйесі (қ.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B8%D0%BD%D1%82%D0%B0%D0%B3%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0" \o "Синтагматика" Синтагматика). "Көлденең" қалыпты жүйені нақты байқауға болады (қанағат-тан-дыр-ар-лық). Бір сөйлемдегі сөздерді дауыс ырғағымен бөлу арқылы сөйлеуші хабарламаға қатынасын білдіріп отырады (Асан / Меркеге Алмамен барады, Асан Меркеге / Алмамен барады, Асан Меркеге Алмамен / барады). "Көлденең" қалыпты жүйе тілдің әртүрлі деңгейінде бой көрсетеді. Тілдік жүйе тілде жоқ болатын құбылысты да қабылдайды.Тілдік құрылым — тілдегі сөздер мен сөйлемдердің тілдің ішкі заңдылығына байланысты өзінше құрылу, түрлену жүйесінің жиынтығы. Тілдік құрылым тілдің сөздік құрамындағы сөздердің өзіндік морфология құрылысы мен синтаксистік ерекшеліктеріне қарай анықталады. Құрылымына қарай дүние жүзіндегі тілдер түбір тілдер, флективті тілдер, Агглютинативті (жалғамалы) тілдер болып бірнеше топқа бөлінеді. Бұл топтардың құрылым жүйесі бір-бірінен мүлде алшақ жатады. Мысалы, түбір тілдерден сөздердің құрамы түбір, морфема, жұрнақ, жалғау сияқты тұлғаларға бөлініп жатпайды. Ондағы сөздердің өзара байланысы морфология өзгеріссіз, сөздердің орын тәртібі мен көмекші сөздерге, интонацияға байланысты іске асады. Флективті тілдерде керісінше, сөздер ішкі флекция жолымен өзгереді де, аффикстер сөздің түбір морфемасымен сіңісіп кетіп отырады. Агглютинативті тілдерде түбір мен қосымшалардың ара жігі айқын білініп тұрады да, қосымша морфемалар түбір тұлғадан соң келеді. Қазақ тілі өзінің құрылымына қарай агглютинативті тілдер тобына жатады.
31.парадигматика және синтагматика терминдеріне тоқталыңыз. Мысалдармен нақтылаңыз.
Парадигматика тіл жүйесін зерттеудегі екі аспектінің (парадигматикалық, синтагматикалық) бірі.
Парадигматика — парадигматикалық қатынастарды, олардың топтастырылуын, қолданылатын салаларын қарастыратын тіл білімінің тарауы. Бұл тұрғыда Парадигматика синтагматикаға (қара) қарама-қарсы құбылыс болып табылады;
Кең мағынада — Парадигматика лингвистикалық топтарға тән парадигматикалардың жиынтығы түрінде танылатын тілдік жүйе дегенді білдіреді. Парадигматика тіл бірліктерінің вертикаль (тік) қалпындағы қатынастарын зерттейді.
Синтагматика—
Тіл жүйесін зерттеудегі екі аспектінің бірі, оның негізгі объектісі — сөйлеу үстінде не мәтінде жүйелі орналасқан тілдік бірліктердің бір-бірімен тікелей тіркесуінен пайда болатын ерекше Синтагматикалық қатынастарды талдау. Бұл тұрғыда Синтагматика парадигматикаға қарама-қарсы құбылыс ретінде танылады;
Тілдік бірліктерінің арасында болатын, тура қалыптағы байланысты білдіретін — "сөйлеуде не мәтінде бір мезгілде іске асатын Синтагматикалық қатынас"ұғымының синонимі;
Синтагма туралы ілім; тілдік бірліктерінің горизонтал (келденең) қалпындағы Синтагматикалық қатынастары туралы ілім. Синтагматикалық қатынастар тіл деңгейлерінің бәрінде байқалатындықтан, олар фонетикалық, фонологиялық, морфологиялық, лексикалық Синтагматика т.б. түрде қарастырылады
32. тілдік жүйе деңгейлері туралы айтыңыз.
Тілдің дыбыстық жүйесі – тіл білімінің фонетика саласында, сөздік құрамы – лексикология саласында, грамматикалық құрылысы – грамматика саласында қарастырылады. Осы аталған салалардан басқа тіл білімінде лексикография, стилистика, фразеология сияқты салалар бар. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімі олардың әр түрлі қырларын, салаларын, дамуын, өзара байланысын, тілдің дамуының ішкі заңдылықтарын зерттейді. Тіл белгілі бір жүйе жиынтығын құрайтыны сөзсіз. Тіл жүйесі туралы ілім неміс ғалымы В. фон Гумбольдтың есімімен тығыз байланысты. В. фон Гумбольдтың бұл идеясын әрі қарай дамытушы швейцар ғалымы Фердинанд де Соссюр болды. Фердинанд де Соссюр тілдің жүйелілігі туралы: «Тілдің барлық элементі – біртұтас болып келетін жүйе, ал жеке элементтердің мағынасы басқа элементтері болғандығы үшін ғана байқалады» – деп қорытынды жасайды. Тілдің жүйелік қасиеті оны меңгере білуге және қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Тілдің жүйелік сипаты оның барлық салаларынан көрінеді. Мысалы, қазақ тілі фонетикасында дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке, еріндік және езулік, ашық және қысаң болып бөлінуі тілде белгілі бір жүйе бар екенін көрсетеді. Осы сияқты мысалдарды тіл білімінің лексикалық, грамматикалық, синтаксистік салаларынан да келтіруге болады. Тілдің жүйелік қасиеті тілді меңгере білуге, оны қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Құрылым деп, әдетте, бүтін нәрсенің элементтерінің, қатынастардың тінін немесе сұлбасын айтады.
Ол бүтіннің бір тектес немесе әр тектес элементтерінің ара бірлігінен тұрады. Элементтер яғни тілдік бірліктер :
1) дыбыс (фонема), 2) морфема, 3) сөз, 4) сөз тіркесі,
5) сөйлем, 6) мәтін.мДыбыстар (фонемалар) - есту мүшелері арқылы кабылданатын, бір морфеманы екінші морфемадан, бір сөзді екінші сөзден ажырататын ең кіші тілдік элемент. Мысалы, п, с, т, д, м, н дыбыстары пән, сән, тән, дән, мән, нән деген сөздерді бір-бірінен ажыратып тұр. Морфема — дыбыстар мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік элемент. Морфеманың түбір морфема (бүл+ін, красн+ый), аффикстік морфема (жылқы+шы, бала+лық; ағаш+тың бүтағ+ғы) деген түрлері бар. Бұлардың, яғни жұрнактар мен жалғаулардың әрқайсысының білдіретін мағыналары болады. Мысалы, сөз тудырушы мағына, сөз түрлендіруші мағына (яғни сөздердің байланысын, бір-біріне қатынасын білдіретін мағына) т.б. Морфема бір ғана фонемадан да құралуы мүмкін. Мысалы: бар+са+м, бар+са+ң, бар+а+ды.мСөздер заттар мен құбылыстарды, сапа мен белгіні, іс-әрекет пен қимылды атайды, солардың атаулары ретінде қызмет атқарады. Сөздің бұл қызметін — номинативті (атау болу) қызмет деп атайды.
Тілдің жүйелілік сипаты оның барлық деңгейінен (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) көрінеді. Мысалы, кез келген тілдің фонетикасында "дауысты дыбыстардың жүйесі", «дауыссыз дыбыстардың жүйесі" деген тақырыптар бар. Ол, әрине, тегін емес. Дауыстылар жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң болып бөлінеді. Бұлай жұп-жұбымен және бір-біріне қарама-қарсы топтасуы тілдің дыбыстық қабатында белгілі бір жүйе бар екендігінің белгісі. Дыбыстар бір белгісі бойынша бір-біріне қарама-қарсы қойылса, екінші белгісі бойынша олар біртектес больш келеді. Мысалы: ы мен і дыбыстары тілдің қатысы жағынан бір-біріне қарсы дыбыстар (ы - жуан, і - жіңішке), ал еріннің қатысы жағынан олар біртектес дыбыстар (екеуі де езулік). Бұл сияқты жүйелілік дауыссыз дыбыстарға да тән. Мысалы, П мен Б дауыс қатысы жағынан бір-біріне қарама-қарсы (П-қатаң, Б-үяң), ал жасалу орны жағынан - біртектес дыбыстар (екеуі де ерін дауыссыздары). Жүйенің бір элементі өзі тектес екінші бір элементтің болуын аңғартады. Мысалы, септелудің жүйесі кемінде екі септеудің, жіктелудің жүйесі кемінде екі жақтың (1-жақ, 2-жақ) болуын керек етеді. Егер олар бір-бірден болса, онда олар жүйе құрай алмаған болар еді. Әрбір сөз өзінше өзгеріп, өзінше түрленбейді. Олардың өзгеруі мен түрленуінің белгілі бір жүйесі, белгілі бір заңдары, формалары болады. Ондай жүйелер мен заңдар және формалар бір сөзді ғана емес, белгілі бір топқа енетін сөздердің күллісін қамтиды.
Тілдің әр түрлі қабаттары (деңгейлері) және олардың элементтері өзара бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалға, терезе деген сөзді алалық. Ол т, е, р, е, з, е деген дыбыстардың тіркесінен жасалған, бұл оның фонетикалық жағы; аталған сөз – зат есім, атау септігінде тұр, жекеше, бұл оның грамматикалық мағынасы; ол сөздің "үйге жарық түсіретін әйнегі бар жақтау" деген мағынасы тағы бар; бұл оның лексика-семантикалық жағы. Демек, әрбір сөзде тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жақтары (аспектілері) ұштасып келеді. Септік категориясы - негізінен алғаңда, морфологиялык категория. Дегенмен, оның синтаксистік жағын мойындамау дұрыс болмаған болар еді. Септіктер сөздерді бір-бірімен байланыстырып, қызмет атқарады. 
33-Тіл бірлігі (тіл единицасы — тіл жүйесінін кызметі, мағынасы әр түрлі элементтері. Тіл бірлігі жиынтығы тіл жүйесінін денгейлерін жасайды. Мысалы, фонемалар Тіл бірлігі фонемалык денгейді, морфемалар Тіл бірлігі,— морфемалык деңгейді күрайды. Тіл бірлігі үғымы сонымен бірге тіл білімінің әртектес күбылысын кең көлемде карастыратын объектісін білдіреді. Тіл бірлігі карапайым немесе күрделі болуы, материалдык түрғыда көптеген варианттык-инварианттык күрылымда кезде- суі мүмкін. Тіл бірлігінің номинативтік түрі — сөз, коммуникативтік түрі — сөйлем, күрылымдык (материалдык) түрі — фонема, морфема болып табылады. Тіл бірлігі түрлері жөнінде эр түрлі көзкарас бар. Олардын ең көп таралғаны — күрылымдык және функционалдык көзкарастар. Кұрылымдык Тіл бірлігіне әрі карай жіктелмейтін фонема, морфема, семема жатады. Ал функционалдык Тіл бірлігіне номинативтік, коммуникативтік бірліктер жатады. Тіл бірлігі карапайым және күрделі болуы мүмкін. Карапайым түріне өз ішінде жіктелмейтін фонема, морфема, ал күрделі түріне күрделі және туынды сөздер жатады. Тіл бірлігі неғүрлым жалпы түрде үш түрлі катынаста парадигматикалык, синтагм ат икал ы к және иерархиялык катынастарды жасайды.Тіл бірлігі сөйлеу үстінде бір-бірімен киыстырылып, сөйлеу (сөз) бірлігін жасайды. Бірак фонема мен морфема сөйлеу бірлігіне кіре алмайды, ал сөздер Тіл бірлігінің де, сөйлеу бірлігінін де кұрамына кіреді. Тіл бірлігінін кұрамды бөліктері болып табылатын: лексикалык бірлік — негізгі мазмұнының сипаты материалдык, заттык (грамматикалык емес) жеке сөздерден; сөз түрінде көрінетін тіл бірлігінен;фонологиялык бірлік фонемалардан; морфологиялык бірлік — морфемалардан; ритмикалы к бірлік — сөйлеудің (сөздің) ритмикалык мүшелену бірлігінен; фразеологиялык бірлік — идиомалар, лексикаланған сөз тіркестері, тұракты орамдар мен тіркестер- ден Тіл бірлігі ; синтаксистік бірлік — сөйлем мен сөз тіркесінен көрінеді. Негізгі коммуникативтік бірлік — сөйлем болып табылады.
34- Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.[1] Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – бәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. Халық тілінің сан қабат байлығы басы бір жерге қосылмайтын бытыраңқы құбылыс емес. Олардың бәрінде әдеби тілге негіз боларлықтай заңдылықтар бар. Қазақ әдеби тілі халық тілінен өзіне керегін таңдап-талғап, сұрыптап алып, оларды жалпы жұртқа ортақ етіп, халықтың тіл мәдениеті дәрежесі жоғары болу үшін оларды бірізге түсіреді.
Тілдік норма әдеби тілдің нормасы арқылы реттеліп отырады. Әдеби тіл нормасы өзгермейтін, сірескен қатаң қағидаларға құрылған жүйеге ғана емес, динамикалық қасиетке ие дағдыға да сүйенеді
Тілдік жүйе табиғи тілдің ішкі заңына лайық (үйлес), сөздік құрам мен грамматикалық құрылыстың тұрақты қарым-қатынасқа түскен элементтерінің бірлігі мен тұтастығы. Тіл белгілі бір жүйе ретінде өмір сүреді. Тілдік жүйе сөздердің әртүрлі өзгеріске түсу мен сөйлемде тіркесу заңдылықтары анықтайды. Тіл - сөздер мен сөз тіркестерінің белгілі бір заңдылыққа құрылған тұрақты жүйелерінің жиынтығы. Тілдік жүйе тұтас бүтін, ал оның құрамындағы әр бөлік (компонент) бүтіннің бөлшегі. Әр бөлік өз алдына оңашаланбайды, жүйенің өзге бөлігіне қарама-қарсылықта түзіледі. Сондықтан да Тілдік жүйенің әр бөлігі Тілдік жүйе мәні (қызметі) тұрғысынан қарастырылады.
35. Тіл – қоғамдық құбылыс. Тілдің даму тарихы қоғамдық өмірмен тығыз байланысты. Қатынас құралы болып саналатын тілдің адам қоғамында алатын орны ерекше. Бүгінде еліміз еркіндік алып, қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Десек те, қазақ тілінің мәселесі бүгінгі таңда өзекті де, өткір мәселенің бірі болып отыр
Тіл — қоғамдық құбылыс Тіл — қатынас құралы Тіл — тарихи құбылыс
Адамзат қоғамы үнемі
даму, жетілу үстінде
болады. Тіл қоғамда
туып, дамиды,
қоғамға қызмет етеді.
Өйткені қоғамдағы
өзгерістердің
бәрі тіл арқылы
көрініп, тіл арқылы
кейінгілерге беріледі.
Тілдің дамуының
өзі қоғамның даму
өзгерістеріне байла-
нысты. Адамдар тіл арқылы
бір-бірімен хабарла-
сады, пікір алмаса-
ды. Адам өз ойын
жарыққа тіл арқы-
лы шығарады. Тіл —
адамдардың қарым-
қатынасының басты
құралы.
Адамзат өз
қолданысына қарай
тілдердің дамуына,
өрістеуіне ықпал
етеді. Әлемдегі тілдер
сияқты қазақ
тілінің де
қалыптасу, даму
тарихы бар.
Тілдің шығуы мен
қалыптасуы және
даму кезеңдерінтарихи тұрғыдан
қарастыру арқылы
біз тілдің тарихи
құбылыс екеніне
көз жеткіземіз.
36- Тіл саясаты - тіл тағдырын белгілейтін мемлекеттік шаралар жүйесі. "Тіл саясаты" үғымы алғашында "ұлттық саясат", "шаруашылық саясат" терминдерімен қатар пайда болып, өзінің мазмұны жағынан партиялық және мемлекеттік саясаттың ұлт мәселесіндегі тілге қатысты жағын білдірген. Ал, кейінірек бұл терминнің мазмұны кеңейтіліп, әлеуметтік сөйлеу дәстүрін саналы бағытта басқару деп түсіндірілді. Басқаша айтқанда, тілдік даму процесін және оны басқарудың стихиялығына жол бермеуді көздеген саясат болды. Тіл саясаты - тілдік дамуға қоғамның саналы ықпал етуінің теориясы мен тәжірибесі, яғни, қолданыстағы тілдерді белгілі бір мақсатта және ғылыми негізде басқару және тілдік жаңа қарым-қатынас қүралдарын жасау бо¬лып табылады. Қазіргі кезде ұлт тілдері мәселесі өзекті мәселе болып отыр. Адамзат тарихында жүздеген тілдер жойылып, "өлі тілдерге" айналып кетті. Бәрінің де жойылу себебі - одан зор тілдің шығуы. Ал, оның өзі әділетсіз тіл саясатының салдары болып табылады
Тілдік жағдаят (орыс языковая ситуация) — бір тілдің немесе бір аумақтық-әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдік формалардың (жергілікті, әлеуметтік диалектілер, койне, жаргон, тілдің функционалды стильдік түрлері) белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси-әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасынын жиынтығы.
Тілдік жағдаят — әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі. Тілдік жағдаяттың бірнеше типологиялық түрі бар. Олар сандық, сапалық және бағалық белгілері арқылы анықталады. Тілдік жағдаяттың сандық белгілеріне: Тілдік жағдаятқа қатысты тілдердің саны, олардың әрқайсысында сөйлеушілердің саны, қоғамдық қатынаста әр тілдің қолданылу аясының мөлшері, қолдануда басым тілдердің саны т. б. жатады. Тілдік жағдаят бір компонент (бір ғана тілден тұратын) болуы мүмкін, бірақ сирек кездесетін құбылыс.
Мысалы, Исландияда тек бір тілде сөйлейтіндіктен, ондағы Тілдік жағдаят бір тілге ғана байланысты. Тілдік жағдаяттың көп компонентті болуы жиі кездеседі. Ондай жағдайда тілдердің демографиялық, карым-катынастык куаты тек немесе эр түрлі дәрежеде болуы мүмкін.
Мысалы, Бельгиядағы Тілдік жағдаятта француз және нидерланд тілдері тең дәрежеде қызмет етеді. Ал, Батыс Африка елдеріндегі Тілдік жағдаят әр түрлі сипатта: демографиялық қуаты жағынан жергілікті тілдер басым да, қарым-қатынастық қуаты жағынан Еуропа тілдері басым.
Тілдік жоспарлау — тілдік құрылыс, тілдің дамуын саналы түрде реттеу, саналы түрде тілге өзгеріс енгізу, арнайы құрылып және тиісті өкілеттігі бар саяси, білім беру, лингвистикалық жоспарлаумен тіл жүйелерінде өзгерістер жасау (Мысалы, КСРО-дағы 20-30 жылы әліпби түзу к-ттері); релевантты әлеумеуттік, экономикалық, саяси, демографиялық және психологиялық өзгерістермен санаса отырып әлеуметтік деңгейде тіл мәселесін қарау және реформалау. Тілдік жоспарлау жылы келесі тізбек бойынша іске асады:
тілдік саясаттың қалыптасуы;
орындалатын іс-әрекет бағдарламасын егжей-тегжей құру (тілдің қолданылу ауқымын кеңейтуге арналған нақты іс-шаралар, орфографияға қатысты реформалар, тілді стандарттау және нормаға түсіру т.б.);
көзделген бағдарламалардың ұтымдылығын бағалау және алдағы уақытта мақсат пен іс-қимылды реттеу.
37. Қазақстандағы тіл саясаты жайында не білесіз?
Ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі – тiл саласы. Тұрақты даму – қазіргі әлемдегі қоғамдық процестердің ұтымды жүруінің негізгі өлшемі. Тұрақты дамудың алғы шарттарының бірі – ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы. Көп ұлтты мемлекетте этностардың жарасты өмір сүруіне, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің сақталуына тіл саясаты ықпал етеді.Тілдік саясат тарихи тамырын сақтағысы келетін әрбір тіл мен адамның құқығын қорғауға негізделеді. Біздің қоғамымыздағы әрбір адамның өз ұлтының тілін сақтай отырып, басқа тілді үйренуіне барлық мүмкіндігі бар. Тіл өз халқының мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қана қоймай, болашақ ұрпақты қалыптастыруда маңызды және шешуші рөл атқарады. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады. Әр халықтың тарихи дәуірдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени қарым-қатынасы ең алдымен оның тілінен көрініс табады.      Ұлт пен ұлтты бір-біріне деген сыйластық, сенім және салт-дәстүріне көрсетілетін құрмет жақындастырады. Соңғы жылдары әр түрлі этностардың мәдени бірлестіктері де өз тілдері мен салт-дәстүрлерін жаңғыртумен қатар, мемлекеттік тілді де меңгере бастады. Адам тілді үйреніп, білген сайын өзге ұлттардың жан-дүниесін түсіне бастайды. Халқымыз «Ел мәдениеті тілден басталады» дейді.Ұлттық құндылықтарымызды қайта қалыптастыру, жандандыру, тілдерді дамыту, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру – тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі болып қала бермек.
Еліміздің тіл саясаты оның ішіндегі қазақ тілінің өркендеуі тіл мәселесінің басқа елдермен салыстырғанда қоғам бірлігін бұзбай, өркениетті түрде жүргізілуі – Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегінің жемісі.Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту жөнінде арнайы қабылданған мемлекеттік бағдарлама бар. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген) нақты шаралар қолға алынды.
Бұл бағдарлама әкімшілік, білім беру, қызмет бойынша жоғарылау, қызмет көрсету және басқа да өмірдің әр түрлі салаларына арналған бірнеше арнайы және жеке бөліктерді қамтиды. Бағдарламаны жүзеге асырудың үш кезеңі бар. Бірінші кезең – 2011-2013 жылдар, екінші кезең – 2014-2016 жылдар және үшінші кезең – 2017-2020 жылдарды қамтиды. Нәтижесінде мемлекеттік тілде сөйлейтіндердің көрсеткішін 20 пайыздан 80 пайызға дейін, кейін 95 пайызға жеткізу жоспарланған. Бағдарламаны кезең-кезеңмен іске асыру өз нәтижесін беруде.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аса маңызды үш мемлекеттік бағдарлама атап өтілді. Басты бағдарламалардың бірі – тілдерді дамыту, мемлекеттік тіл мәртебесін одан әрі нығайтудың міндеттері белгіленді. Жолдауда Елбасы «Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстандық этностар тілін дамытатын боламыз. Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін» деп жастардың шет тілдерін тереңірек меңгеруіне ерекше көңіл бөлу керек екенін және қазақстандықтардың үш тілді білуінің заман талабына сай екенін нақтылады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды. Осы Заңда: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» — деп бекітілген. Сонымен бiрге, «Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi, яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi» — деп көрсетiлген. Мемлекеттік тіл мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі неғұрлым маңызды функцияларды атқаратын, осы мемлекеттің барлық заң актілері қабылданатын тіл. Бұл – ресми іс-шараларда, қызметтік хатхабарда, іскерлік қарым-қатынаста қолданылатын міндетті тіл. Мемлекеттік тілде барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар, Қарулы Күштер жұмыс істейді.
Елбасы өз сұхбатында «Ең алдымен, қазақ азаматтарының намысына салмақ салмай болмайды. Ана тілін білмеу қазақ азаматы үшін ұят саналуға тиіс. Осы 17 жылдың ішінде ол өзінің ана тілін үйренуге міндетті еді. Бұл талап ешқандай да адам құқығына қол сұғу ретінде қаралмауға тиіс. Бұл – парыз, адамдық парыз. Перзенттік парыз. Қазақ елі бар да қазақ тілі де болады. Өседі. Өркендейді. Мен «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген сөзімді қайталағым келеді. Қазақ тіліне қамқорлық жасау менің перзенттік те, президенттік те парызым» деп ашылып айтты.Қоғамның толыққанды мүшесі болғандықтан әрбір азамат мемлекеттік тілді білуі тиіс. Қоғамымыздың тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жақтан да жаңғыруына, дамуына сәйкес, ана тіліміздің қоғамдық, әлеуметтік, мәдени қолданыс өрісінің кеңеюіне байланысты сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздерді әдеби норма талаптарына сай қолдану, дұрыс жазу, сөйлеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлудің қажеттігі айқын болып отыр. Мемлекеттік ұлттық саясат қазақ тілін дамытуға, оның жүзден астам этносты біріктіріп, ұйыстырушы ролін күшейтугебағытталған. Ұлт ұстазы А. Байтұрсыновтың «Тілі жоғалған ұлттың өзі жоғалады» дегені көп ойларға жетелейді. Тәрбие негізі отбасынан, балалар бақшасы мен мектептердегі терең тәлімнен қаланады.
Биылғы Жолдауда «Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Олардан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» делінген.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметке тұрудың қажетті шарты ретінде мемлекеттік тілді білу де талап етілуде. Елбасының биылғы Жолдауда жарияланған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, біздің ортақ үйіміз – Қазақ елінің көркеюі. «Мәңгілік елдің» жеті қағидаларының бірі – қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Қоғамда бірлік және елде тұрақтылық болмаса, даму да болмайтыны белгілі. Сондықтан ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету ұлттық саясаттың басты бағыттарының бірі болып қала бермек.
38. Биллингвизм, полилингвизм терминдеріне тоқталып, осыларға қандай дәйектеме келтірер едіңіз?
Билингвизм (лат.bi екі, lingua тіл) – қостілділік, қоғамда (мемлекетте) белгілі әлеуметтік топтардың екі тілде сөйлеуі. Көптілділік көбінесе билингвизм түрінде көрінеді, себебі үш не одан көп тілді меңгеру сирек кездеседі. Мысалы, бұрынғы КСРО-да халықтың 28,1% (73млн адам) екі тілде сөйлеген, оның ішінде 23,4 % (61млн адам) үшін орыс тілі екінші тіл қызметің атқарған.
Қостілділік – ұлтаралық қарым-қатынастарда қолданылатын күшті құрал: әртүрлі ұлт өкілдерінің ортақ істе, бір аумақта бірге тұруының көпқырлы өзара байланысын жүзеге асырады. Қостілділік - көпэтникалы тұрғындардың қарым-қатынасындағы өндірістік, әрі тұрмыстық қажеттіліктен туындайды. Ол әртүрлі ұлт адамдарының өзара қарым-қатынасының күшеюі барысында ерекше мәнге ие болып, қазіргі этнотілдік процестердің құрамдас бөлігі ретінде, яғни этникалық процестердің дамуының маңызды шарты әрі факторы және этностардың өзара тарихи қарым-қатынастарының нәтижесінде қалыптасады. Екінші тілді білу біріншіден, еңбек ету аясында өте қажет, өйткені бүгінгі таңда өндірістік байланыстар ұлттық шеңберден шығып, республикада көпұлтты еңбек ұжымдары басым. Тілдердің дамуы мен қызметінде қостілділік үлкен рөл атқарады.Қазақстанда қазақ не орыс тілінің араласуынсыз, өзге тілдерден құралған қостілділіктің оншақты түрі бар. Олар: тәжік-өзбек, дүнген-ұйғыр, ұйғыр- өзбек, түрік-Әзірбайжан, татар-ноғай және т.б. Қостілділіктің бұл түрлері туралы мәлімет аз болса да, тілдердің аймақтық қатынасының айғағы.
Полилингвизм (Көптілділік) – белгілі әлеуметтік ортада (көбінесе мемлекетте) бірнеше тілдің қолданылуы; жеке адамдардың не адамдар тобының нақты қатынас жағдайында бірнеше тілде сөйлеуі. Бұл екі құбылыс бір-бірімен байланысты. Қоғамда бір тіл басым болғанның өзінде оның кейбір мүшелері көптілді болуы мүмкін. Көптілділік кең көлемде көпұлтты мемлекеттерге (АҚШ, бұрынғы КСРО, Үнді, Нигерия, т.б) тән. Көптілділік жағдайында тілдің қатынастық түрлері (диалектілері, говорлар, әлеуметтік және кәсіби жаргондар) қоғамдағы белгілі бір топтар арасында қолданыс табады. Көптілділік көбінесе қостілділік (билингвизм) түрінде көрінеді. Үш не одан көп тілдердің кең қолданылуы сирек кездеседі. Көптілділік үшін қолданылатын тілдердің функционалдық мәртебесі және олардың туыстық, типологиялық жақындығы маңызды болып табылады.
Көптілділік: жаппай Көптілділік, ішінара Көптілділік болып бөлінеді. Жаулап алу, халықтардың қоныс аударуы, көрші елдермен тығыз қарым-қатынас секілді тарихи себептерден кейбір халық өкілдерінің жаппай Көптілділікгі қалыптасқан. Сондықтан да Көптілділік көп ұлтты геогр. кеңістікте кең тараған. Мәселен, жаппай Көптілділік Кавказдағы армян, аджар, осетин, құрд, грек, т.б. халықтар арасында, сондай-ақ, Дағыстан халықтары арасында жиі кездеседі. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан жағдай да осыған ұқсас. Мұндағы славян тектес халықтардың дені – негізінен бір тілде ғана сөйлейтіндер, қазақтардың көпшілігі екі тілде сөйлейді. Ал ұйғыр, өзбек, дүнген, құрд, түрік, Әзірбайжан, тәжік, татар, т.б. ұлт өкілдері арасында Көптілділік кең тараған. Неміс, корей, шешен ұлттарында да Көптілділік едәуір жиі ұшырасады. Кейінгі кезде шет тілін үйренуге ден қойыла бастағандықтан, қазақтар арасында да Көптілділік көбейіп келеді. Бүтіндей ұлт пен ұлыстың Көптілділікгі – социолингвистердің зерттеу нысаны боларлық күрделі құбылыс. Жаппай Көптілділік жағдайында коммуникативтік формалар (диалектілер, говорлар, әр алуан жаргондар, жеке тілдер) өте күрделі қолдану иерархиясын құрайды. Мысалы, 1) тар локалды шағын топ арасындағы қатынас (үй-ішілік тіл); 2) топаралық тұрмыспен байланысты локалды қатынас құралы (мыс., Азия мен Африканың көп ұлтты елдеріндегі “базар” тілі); 3) билік жүргізетін әкімш. (немесе ұлт) тілі; 4) көп ұлтты аймақтың ресми тілі; 5) мемл. тіл (немесе халықар. байланыс тілі). Егер бастапқы екеуі ресми қатынас құралы болмай, тек ауызекі сөйлесу тіліне жатса, соңғы үшеуінің атқарар қызметі жан-жақты.
39. Тілдің өмір сүру формалары, диалект, социолект, жаргон, арго, сленг, қостілділік, диглоссия жайында тарқата айтып беріңіз.
Тілдің мән-мағынасы, қасиеті, өзіндік сипаты – оның коммуникативтік (қарым-қатынас құралы) қызметінде. Тілдің ойлаумен, қоғаммен, қоғам өмірімен қарым-қатынасын да, өзіндік даму заңдылығында оның осы қызметінен іздеу керек. Тілдің тіршілігі де қатынас құралы қызметімен байланысты. Егер тіл адамдар арасында қатынас құралы қөызметін атқарып тқрса, ол тірі тіл деп аталады. Ал ондай қызмет атқарудан қалса, өлі тіл деп аталынады. Тілдің өзіндік сиатына, құрылымына қарай беріліп жүрген анықтамалардың ішінде жиі қайталанып жүргені – тілді «таңбалар жүйесі», «семиотикалық жүйе» деп санайтвн көзқарас. Шындығында да тіл атқаратын қызметі жағынан алғанда – қатынас құралы, «ойды қалыптастырушы» болып табылады да, ал өзіндік сипаты, құрылымдық белгісі жағынан алғанда ол – «таңбалар жүйесі». Осы айтылған екі түрлі қасиетін, яғни қызметі мен құрылымдық белгісін қоса алғанда: тіл дегеніміз – қатынас құралы, экспрессивтік қызмет атқарушы таңбалардың тарихи түрде қалыптасқан жүйесі. «Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы» (В.И.Ленин), ал экспрессивтік қызметі жағынан «Тәл – ойдың тәкелей шындығы, ойды қалыптастыратын жарыққа шығарушы құрал» (К.Маркс). тіл – талай заманның жемісі. Ол бірнеше қоғамға қызмет ете береді. Мысалы, қазақ тілі феодалдық қоғамға, социалиятік қоғамға да қызмет етті. Енді, міне, нарықтық қатынас қоғамына да қызме етіп отыр. Тілдің қарым-қатынас құралы болу қызметі оның коммуникативтік функциясы, ой мен дүниетанымды қалыптастыруы, конструктивтік функциясы, рухани мәдениетті жасау қызметі, эстетикалық функциясы, ұжымдық тәжірибе, ғылым-білімнің табыстарын жинақтауы каммулятивтік функциясы деп аталады.Қарым-қатынас майданына түскен сайын тілдің икемділігі артып, қызметі шыңдала береді. Бірақ тілдің мұндай қасиеті оның қызмет етуіне, жетілуі мен дамуына айырықша көңіл бөліп, мемлекет шынайы қамқорлыққа алғанда ғана ерекше жанадана түседі. Тіл саясаты тілдің қоғамдық қызметінің дамуына оң әсер етуге тиіс. Ал, кері әсер етсе, ондай саясат керітартпа саясат болып шығады. Тілдің өмір сүру формалары – өмір сүруге, дамуға қабілеттілігі, тілдің тұрақтылығы, «тірі қалуға» ұмтылысының жоғарлығын сипаттайды. Тілдің өмір сүру формасы тілдің өміршеңдігі ретінде де қарастырады. Тілдің өмір сүру формалары: әдеби тіл және бейәдеби формалар: ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, әлеуметтік диалектілер, тілдің басқа да өмір сүру формаларын қарастырады. Тіл қоғамда өз ортасында өмір сүреді. Тілсіз қоғам, қоғамсыз тіл дамымайды. Тілдің өмір сүру ортасы жеке адам арқылы ғана өмір сүрмейді, қоғаммен қатарласа өмір сүреді. Жоғарыда айтып кеткендей, тіл адамдар арасында ауызекі сөйлеуде өмір сүреді, яғни белсенді түрде қатынас құралына айналғанда; диалектілер арқылы – яғни қоғамда жеке бір ауыл-аймаққа ғана тән, сол тұрығандар арасында ұғынықты үнемі қолданыста жүргенде тіл өз өміршеңдігін жоғалтпайды. Қоғамдық диалектілерге де тін. Әдеби тілдің өзінің өмір сүру формасы екіге бөле қарастырылады. жазба тіл мен ауыз екі тіл жалпы тілдің, соның ішінде Әдеби тілдің өмір сүру формасы болып табылады.
Диалект – аумақтық немесе әлеуметтік жағынан біріктірілген,шоғырланып орналасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас жасауының негізге құралы болып табылатын тіл. Аумақтық диалект – аумақтық жағынан шектелген және Әдеби тілмен қатар қолданылатын тіл; ол тек ауызша нысанда ғана болады; қатаң нормалары жоқ; стильдік тармақтары да сараланбаған. Әлеуметтік диалект – әлеуметтік немесе кәсіби жағынан топтасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас құралы болып табылатын тіл. Фонетикалық,грамматикалық құрылымы жағынан әдеби тілден соншалықты айырмашылықтары жоқ,әлеуметтік тіл негізінен лексика,семантика,фразеология бойынша айырмаланады. Мысалы: Шымкент, Арыс манында шайнекті — чәугім, жұмыртқаны — тұқым дейді, Орал өңірінде таразыны — шеккі, бәкіні — шаппа, кауғаны — бөрлек десе, Гурьев, Маңғыстауда: көрт, кердері, жанпоз, жарбай сияқты түйе атауының неше түрі бар. Осындай жергілікті халық тілінде ғана колданылатын, белгілі аймақ көлемінде ғана айтылатын сөздерді диалектизмдер дейді.
Социолект (лат. soci(etas) қоғам, dialektos диалект) – ағыл. sociolect – әлеуметтік диалект; қандай да бір әлеуметтік топқа /кәсіби топқа, жас мөлшеріне байланысты топтар, т.б./, микроәлеуметтік қауымдастыққа, қосалқы мәдениетке тән тілдік ерекшеліктердің жиынтығы. Социолект коммуникацияның дербес, әрі толыққанды жүйесі болып саналмайды, оған тек нақты лексикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктер тән. Социолектіге Жаргон, Арго, Сленг, Жастар тілі жатады,
Жаргон (ағылш. slang; jargon;) - әлеуметтiк диалект; айналымдарды ерекше лексикамен және фразеологиямен, экспрессиялылықты әңгiме аралық тiлден және сөз жасау құралдардың ерекше қолдануымен айырмашылығы болады, бiрақ меншiктi фонетикалық және грамматикалық жүйемен ие болмайды. Жаргондық лексиктiң бөлiгi - сайман, бiр емес емес, (соның iшiнде және одан тарлау жоғалған) көп әлеуметтiк топ. Олардың ортақ қорының сөзi форманы және мән бiр жаргоннан басқасына өте өзгерте алады: «аргоға қараңғылатсын - олжаны қашыртсын, сонан соң - (жауап алуда) қулансын, қазiргi жастар жаргонында - жауаптан балдырлап, жалтару.
Жаргонның лексикасы қайта мағыналау, метафоризации, қайта ресiмдеу, дыбыстық қысқарту әдеби тiлдi базасында жолымен салады тағы сол сияқтылар, сонымен бiрге басқа тiлдегi сөздер және морфемалардың белсендi меңгеруi. Мысалы: құламалы-сәндi, iскер, үй - пәтер, бакстер - долларлар, қол арба - автокөлiк, тартып қалсын - кетсiн, баскет - баскетбол, чувак - (сыған тiлден) жiгiт. Жаргон қазiргi тiлде кең таратуды алды, (жастар сленгi) жастардың тiлiнде әсiресе.
Жаргондардың түрлерi:
Әскери жаргон
Журналисттiк жаргон
Компьютер сленгi
Ойын жаргон
Торлық жаргон
Падонков жаргон
Жаргон Фидонета
Жастар сленгi
Радиоәуесқой жаргоны
Сленг нашақор
Футбол бұзақылықтарының сленгi
Қылмыстық жаргон
Феня
Арго (фр. argot - жаргон) - жекелеген әлеуметтік топтардың, қоғамның басқаларға түсініксіз, өздері араласу үшін ойлап тапқан тілдері; сөйлеудің әлеуметтік немесе кәсіби түрі; ол лексиканың шарттылығы, жасандылығы және құпиялылығы арқылы сипатталады; социолектінің бір түрі. Арго, әдетте, біршама тұйық топтарға немесе қауымдастықтарға (кедей адамдар, қайыршылар, ұрылар, қаңғыбастар, саудагерлер, бандылық топтар, хиппи және т.б.)тән болып саналады. Аргоның түсініктілік деңгейі әртүрлі болады: мысалы, офени аргосының құпиялылық дәрежесі өте жоғары; ал, қылмыскерлер аргосының құпиялылығы мейілінше шартты түрде болады.
Сленг – 1. Көбіне-көп жастар тіліне тән жаргон. 2. Ағылшын немесе американдық ауызекі тіл лексикасын сөйлеуге араластырып қолдану. Сленг ретінде жастардың көбінесе өзге тіл элементтерін ана тіліне қосып сөйлеуін айтуға болады. Мысалы:
Ботан- зерделі адам .Базар жоқ – таң қалу.Маяк тастау - қысқаша қоңырау шалу.Шпор – дайын жауаптар Жылауық -қызғаншақ, іші тар.Қуғынбай -артық сөйлеп кеткен, мылжың.Зубрить- жаттауды тақылдап айту.Миді шіріту- көп сөйлеу.Шемішкеше шақты- жауабын зуылтатып айтып тастау.Мамка, батя- ата-ана.Шеф – бастық.Читалка- оқу залы.Препод- мұғалім, ұстаз.Общяга – жатақхана.Инет- ғаламтор.Аташка- ата, Ажека- әже.Потеря болу- қобалжу, әбіржу.Сущняк- сусын; т.б.
Қостілділік – ұлтаралық қарым-қатынастарда қолданылатын күшті құрал: әртүрлі ұлт өкілдерінің ортақ істе, бір аумақта бірге тұруының көпқырлы өзара байланысын жүзеге асырады. Қостілділік - көпэтникалы тұрғындардың қарым-қатынасындағы өндірістік, әрі тұрмыстық қажеттіліктен туындайды. Ол әртүрлі ұлт адамдарының өзара қарым-қатынасының күшеюі барысында ерекше мәнге ие болып, қазіргі этнотілдік процестердің құрамдас бөлігі ретінде, яғни этникалық процестердің дамуының маңызды шарты әрі факторы және этностардың өзара тарихи қарым-қатынастарының нәтижесінде қалыптасады. Екінші тілді білу біріншіден, еңбек ету аясында өте қажет, өйткені бүгінгі таңда өндірістік байланыстар ұлттық шеңберден шығып, республикада көпұлтты еңбек ұжымдары басым. Тілдердің дамуы мен қызметінде қостілділік үлкен рөл атқарады.Қазақстанда қазақ не орыс тілінің араласуынсыз, өзге тілдерден құралған қостілділіктің оншақты түрі бар. Олар: тәжік-өзбек, дүнген-ұйғыр, ұйғыр- өзбек, түрік-Әзірбайжан, татар-ноғай және т.б. Қостілділіктің бұл түрлері туралы мәлімет аз болса да, тілдердің аймақтық қатынасының айғағы.
Диглоссия (грек. Di екі мәрте + glossa тіл) ағыл. diglossia – бір ұлттық тілдің (әдетте қалыптанған тілдің), яки стандарт тілдің әртүрлі ішкі жүйесін меңгеру және меңгерілген жүйені ішкі жағдаятқа, тілді пайдалану аяларына қарай қолдану; бұл осы тілдің қалыптанбаған вариантына қарама-қарсы қойылады; диглоссия тең түспейтін қостілділіктің айрықша түрі; бұған тілдің немесе тіл өмір сүруі нысандарының тілдің қызметі мен қолданылу аялары бойынша бөлінісі тән. Диглоссия ұғымын Ч.Фергюссон енгізген. Диглоссияның ерекше үлгісін араб елдерінен байқауға болады; араб елдерінің әрқайсысында араб тілінің екі нысаны бар: бір нысан көркем әдебиетке, баспа ісіне, радио мен телевизияға және т.б. таралған, екіншісі (классикалық араб тілі, Құран тілі) дипломатия саласында, Дін тілінде қолданылады. Қостілділіктен диглоссияның басты айырмашылығы: диглоссия – бір тілдің әралуан түрлерін меңгеру, ал қостілділік – екі немесе одан да көп тілді білу.
40. Тілдің әлеуметтік және аймақтық қабаттары дегенді қалай түсінесіз? Өз тарапыңыздан не қосар едіңіз?
Әдеби тілде көбінесе жалпы халыққа түсінікті тіл қолданылады. Дегенмен тіл тек әдеби бола бермейді. Яғни, қай тілде болмасын бұрмаланушылық кездеседі. Осыған байланысты тілдің қабаттары болады. Тіл қабаттары әлеуметтік және аймақтық болып 2 түрде сипатталады.
Тілдің аймақтық қабаттарының негізін құраушылар диалектілер болып табылады. Диалектілердің пайда болу себептерінің негізгісі – белгілі аймақтың тілі өзгеше болып келетін екінші аймақпен жақын орналасуы негізінде, екі тілдің кейбір сөздері бір-біріне кірігіп кетуі. Және мұнда әр аймақтың «аймақтық лексикасы» болады. Аймақтық лексика – белгілі бір территория я аймақта қолданылатын диалектілік я кәсіби-диалектілік сөздер. Осыған байланысты тіл қабаттарының, құбылыстарының кеңістік көлемінде және тіларалық /диалектаралық/ қарым-қатынаста таралуын лингвистикалық география әдісімен, яғни, географиялық карталарға түсіру арқылы зерттейтін тіл білімінің «Аймақтық тіл білімі» деп аталатын саласын атап өткен жөн.
Тілдің тек аймақтық емес, әлеуметтік қабаты болады. Әлеуметтік қабатта тілдің функционалды жағы көрінеді. Тілдің әлеуметтік қабаты тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері (жаргон, арго, кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдену, мультилингвизм процестері арқылы сипатталады.
Тілдің әлеуметтік қабаты туралы А.Мейе былай деп жазған: «Айтылу формасы, грамматикалық формасы арқылы анықталатын тілде осы тілді меңгерген қанша әлеуметтік топ болса, сонша сөздіктің түрлері болады».
/Мұнда: Диалект – аумақтық немесе әлеуметтік жағынан біріктірілген,шоғырланып орналасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас жасауының негізге құралы болып табылатын тіл. Аумақтық диалект – аумақтық жағынан шектелген және Әдеби тілмен қатар қолданылатын тіл; ол тек ауызша нысанда ғана болады; қатаң нормалары жоқ; стильдік тармақтары да сараланбаған. Әлеуметтік диалект – әлеуметтік немесе кәсіби жағынан топтасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас құралы болып табылатын тіл/
41.тілдік қатынас деген не? Субстрат, суперстрат, адстрат терминдері?
Тілдік қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тіл арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, қоғамдығ,ұлттық тіл арқылы түсінісу, яғни адамзаттың қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді.
Субстрат(лат sub-астыңғы, stratum-қабат.) – белгілі бір лингвогеографиялық ортада ежелгі тілден қалған көне бірліктер. Субстрат кірме сөздерден бөлек нәрсе, оның негізінде этникалық араласу және кірмелердің тілдік ассимиляциясы жатыр. Субстрат тілдік ассимиляцияның қостілділік кезеңінен кейін пайда болады. Субстрат теориясы 19ғ басында пайда болған.(Я.Бредероф) 60-80 ж Г.Асколи, Г.Шухардт, А.Мейе, О.Есперсен дамытқан. Қайсібір тілдің ішкі даму заңдылықтары болып табылмайтын ерекшеліктер жиынтығы (фонетикалық, синтакситік, лексикалық). Олар жұтылған этнос тілінің қалдықтары болуы мүмкін.мысалы, француз тілінің субстраты ретінде – галл тілі, испан тілінде- ибер тілі, румын тілінде – дак тілі.тбұл тілдердің бәрін латын тілі ығыстырған. Алайда жойылған субстрат- тілдердің әсерінен латын тілі өзгеріп, қазіргі роман тілдері қалыптасты.
Суперстрат(лат. Super-үстіңгі, strаtum-қабат) - байырғы тұрғындардың тілінде сақталып қалған келімсектер тілінің іздері. Суперстрат ұғымын субстратқа натоним ретінде В. Фон Вартбург енгізген. Субстрат сияқты суперстрат тілдің алдымен фонетикасы мен грамматикасында , аз дәрежеде лексикасына енеді. Тілдік ықпалдың бұл екі түрін ауысқан кірме сөздерден ажырату қиын. Субстрат ұғымына қарағанда суперстрат тіл білімінде сирек кездеседі.
Адстрат – белгілі бір тілдің элементтері көлемді түрде басқа тілдің жүйесіне еніп, алайда сол тілдің өзі басқа, көршілес аймақта тіршілік етеді. Туыс емес тілде сөйлейтін халықтар тілдік одақ құруы мүмкін. Ондай одақтар туралы Б. Куртене еңбегінде сөз етіп, лингвистикада Н.С. Трубецкойдың еңбегінен кейін термин ретінде қалыптасты. Мәселен, Прага лингвистері Балқан түбегіндегі тілдерді зерттей келе теорриториялық жағынан жақындығы мен күнделікті экономикалық, мәдени байланыстар нәтижесінде туыс емес тілдерде сөйлейтін адамдардың тілінде семантикалық, грамматикалық жағынан ұқсас үдерістер байқалатыны анықтаған. Балқан тілдік тілдік одағвна болгар, румын, грек және албан тілдері кіреді. Бұл тілдердің барлығынығ ортақтығы септеу жүйесінің ықшамдығымен , белгілі бір артикльдің дамуымен, кейбір келер және өткен шақтарғы модельдердің және ортақ лексикалық бірліктердің болуы сияқты құбылыстармен байланысты екен. Тілдік одақтар – әлемдегі тілдердің жақындасуына(конвергенцияға) апарады. Тілдердің өзара байланысуына, екі тілде сөйлеуіне байланысты қостілділік құбылысы пайда болып, әрі оған қатысатын адамдардың санына қарай топтық және жалпыхалықтық қостілділік болып ажыратылады. Топтық қостілділік белгілі бір мамандық бойынша біріккен адамдарда( аудармашы, дипломат, т.б.) ,таптық қатыстылыққа байланысты қалыптасады. Жалпылық қост. Белгілі бір этникалық топтың өзге тілдің ұлттың қоршауында, солармен қатар өмір сүруімен байланысты қалыптасады. Мысалы, АҚШ, Канададағы эмигранттардың, көпұлтты мемлекеттердегі ұлттық азшылықтардың қостілділігі болады.
42.табиғи және жасанды тіл дегенді қалай түсінесіз?
Тіл –тіл білімінің зерттеу нысаны. Тіл деп адамның пайда болып, өмір сүруімен байланысты туған оның табиғи тілін айтады. Бірақ жасанды тілдер мен жануарлар тілі оған жатпайды. Тіл адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Оның ең басты қызметі ақпарат, хабарлардың жасалу, сақталуымен оның тарауына байланысты. Тілдің пайда болып қалыптасуына байланысты оның табиғи және жасанды деген екі түрі бар.
Жасанды тілдер — қолдан халықаралық қарым-қатынас құралын жасау әрекетінің нәтижелері.
Жасанды тілдер жасау 17 ғасырда латын тілінің халықаралық маңызы бәсеңдеуіне байланысты, әлем халықтарының қарым- қатынасын жеңілдету мақсатынан туды. Жасанды тілдердің ғылымда белгілі бірнеше түрі бар:
И.Шлейер жасаған воляпюк (1879),
Луи де Бофрон жасаған "идо" (1907),
Ж. де Вааль жасаған "оксиденталь" (1922),
О.Эсперсен жасаған "новиаль" (1928),
Марк Окранд жасаған клингон тілі (1984)
Нью-Йоркте А.Гоуданың жетекшілік етуімен “Көмекші тілдердің халықаралық ассоциациясы” жасаған (1950) "интерлингва", т.б.
Жасанды тілдердің ішінде көп тарап, кең қолдау тапқаны — 1887 жылы поляк дәрігері Л.Заменгоф жасаған эсперанто тілі.
Эсперантоны тілі табиғи тілдермен салыстырғанда оның сөзжасамы мен грамматикасы күрделі емес , грамматикалық жалғамалы принципке құрылған. Лексикасы кең тараған еуропалық тілдерден алынған. Сөз екпіні тұрақты сөздің соңғы буынына түседі. 1954 ж ЮНЕСКО эсперантоның халықаралық мәдени қарым-қатынасты өрістетуде кең қолдану туралы шешім қабылдады. 1986 ж 56 елде эсперанттистердің ұлттық бірлестігіс құрылды.
Жасанды тілдердің 200-ден астам түрлерінің жобасы жасалған. Бұлар әр түрлі тәсілмен жасалған: табиғи тілден сөз ала отырып, көбінесе, ойдан шығарылған сөздер пайдаланылған (волапюк, т.б.), интернационалдық лексика пайдаланылып жасалған (эсперанто). Жасанды тілдерде бірнеше оқулықтар мен сөздіктер жарық көрді.
Табиғи тіл – тарихи тұрғыдан қалыптасқан белгілілік- таңбалық жүйе тілге өзінің мәнділігі жағынан ешбір таңбалар тең келмейді. Қазіргі кезде табиғи тілдердің саны 3000-7000 ға жетеді. 1400-ден астам тіл өлі. Табиғи тілдер ғасырдлық мәдениет түзушілер болып табылады жіне оларды иеленетін халықтарының тарихынан ажырағысыз.
43.
44.
45.Әдеби тіл және жалпыхалықтық тіл дегенді қалай түсінесіз? Бұл жайында қандай мәліметтеріңіз бар?
Әдеби тіл - жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.
Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі - адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы тіл атаулыға тән қасиет-коммуникативтік қызмет әдеби тілге де тән. Әдеби тіл арқылы айтушының, жазып қалдырған адамның ойын, пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз. Әдеби тіл арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Яғни пікір алысу, ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен ұғысуы, білмегенді білу, білім, тәлім-тәрбие, тағлым алу әдеби тілдің осы коммуникативтік қызметі арқылы жүзеге асады. Бірақ әдеби тілдің коммуникативтік қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының басқа түрлерінен қалыптасқан белгілі тіл заңдылықтары, тілдік элементтер жүйесінің құралдық, құрылымдық, қолданыстық жағынан тұрақты нормаларының болуы арқылы ажырытылады. Мысалы, ойды білдірудің ең кіші тілдік бөлшегі сөйлем болса, ол белгілі тәртіппен орналасқан, белгілі тұлғалар арқылы грамматикалық байланысқа түскен, мағыналары сәйкес сөздерден, ал сөздер дәл сол сияқты морфемалар мен дыбыстардан тұрады, сөйтіп сөйлем жүйелі құрылым құрайды да, ерекше коммуникативтік қызмет атқарады. Сол арқылы қате құрылған сөйлемді, орынсыз қолданылған жеке сөзді, сәйкессіз тіркестерді, кейбір дыбыстық ауытқуларды тауып, анықтай аламыз.
Жалпыхалықтық тіл- белгілі бір халықтың (этностың) ауызекі сөйлеу тілінде кен қолданылатын, жұмсалу өрісінде стильдік шек қойылмайтын тіл. Жалпыхалықтық тіл бір тектес тілдік ұжымның тілі ретінде қалыптасады, тіл құрылысы жағынан ол ұлттық тілдің негізі болып табылады. Жалпыхалықтық тіл өзі қызмет ететін халық өкілдерінің арасындағы қатынас құралы ретінде қоғамдық өмірде оның рухани байлығын жарыққа шығаруда, сондай-ақ белгілі бір территорияға ғана, кәсіпкер, іс-әрекетте ғана байланысты аздаған адамдар арасында, тұрмыста да  өмір сүре алады, қызмет ете алады. Ал әдеби тіл оның өңделіп, сұрыпталып, нормалану қасиетін басынан өткізген, ең жоғарғы формасы.
46.Тілдердің тарихи даму үрдісі дегенді қалай түсінесіз? Оған қосып аларыңыз бар ма?
Тілдің тарихи даму үрдісі — лингвистикалық әдебиетте жиі кездескенімен, нақты мәні сараланып анықталмаған түсінік. Оның бір себебі — тіл білімінде даму үрдісі және өзгеру деген ұғымдардын шегі жете анықталмауына байланысты. Қайсы бір тіл бірліктерінін өзгерістері, өзара байланыстары мен қатынастары, тілді жетілдіруге қатысты болмаса да, олардын дамуы ретінде қарастырылады.
Тілді тарихи дамып отыратын құбылыс деп тану тіл білімі тарихында әр түрлі теория туғызған. Мәселен, үнді еуропа тілдерінің шығу тегі олардың бәріне ортақ үндіеуропалық ататілден шыққаны туралы идея, Чарлз Дарвиннін эволюииялык теориясының кең таралуы — тілге, тілдің даму проблемаларына натуралистік көзқарасты тудырды (А. Шлейхер, Ф. М. Мюллер т. б.). Шлейхер тілді табиғи организммен бірдей деп қарап, тілдің дамуын екі кезенге бөледі: тілдің даму кезеңі (тарихқа дейінгі кезең) және тілдердің ыдырап жіктелу кезеңі (тарихи кезең). Туыс тілдердегі ататілден қалған дыбыстар мен формалардың ыдырауын, яғни алғашқы формалардын өзгеруін, ол тілдің дамуы деп есептеді. Мұндай идеялардан жас грамматиктерде құттыла алмады. В. Гумбольдт Тілдің Даму заңдары рухтың даму заңдарына тәуелді деп қарады.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90._%D0%A8%D0%BB%D0%B5%D0%B9%D1%85%D0%B5%D1%80&action=edit&redlink=1" \o "А. Шлейхер (мұндай бет жоқ)" А. Шлейхер, Н. Я. Марр тілдердің әр түрлі морфологиялык (даралаушы, жалғамалы, флективті) типтерін тілдің сатылап дамуының нәтижесі деп санады. Сонымен бірге Н. Я. Марр және онын жолын куушылар Тілдің Даму зандарын экономикалық формациялардындаму заңдарымен, өндірістің дамуымен байланыстырып қарастырды. Тілдегі өзгерістердің даму заңдары мен оның себебін ажыратпау тілдің даму заңдары жайындағы қазіргі теорияларға да тән (Ф. де Соссюр).Тіл даму үрдісіндегі эволюция және прогресс өзіндік ерекшелікгері бар аса күрделі ұғымдар болып табылады. Қоғам дамуымен бірге тіл де дамиды. Б. А.Серебренниковтін пікірінше, тіл дамуынын (процесінің) қатыстық және абсолюттік түрлері бар және олар бірдей емес. Тіл техникасы көбнесе қатыстық прогресті бейнелейді. Мәселен, әр түрлі тілдердегі дауыссыздардың ықпал заңдылығына ұшырап отыруы, толық дауыстылардың ықшамдалып отыруы т. б. осының көрсеткіштері. Бірақ тіл техникасындағы мұндай тенденциялар әр тілде әр түрлі болуына байланысты көптеген проблемалар туындайды. Тіл техникасындағы абсолюттік прогресс қоғамдық өмірдін күрделенген формаларына тілдің бейімделуімен сипатталады. Қоғамда өндірістік күштің өсуі, ғылым, техника, мәдениет дамуы, адамдардың әлеуметтік өмірінің күрделенуі, жана қатынастардың тууы т.б.— бәрі өмірге қаншама жаңа ұғымдар әкеледі, тілдің қоғамдық қызметінің артуына, стильдік түрлерінің кеңеюіне мүмкіндік береді. Тілдер қатыстық және абсолюттік прогресс бағытында қатар дамиды. Табиғи тіл ешқандай алдын ала болжаусыз, стихиялы түрде дамиды. Түйіндеп айтқанда,Тілдің Даму заңдарын тілдердін даму жолдарын прогрестік тұрғыда бағыттап отыратын түрақты және заңды тенденциялар деп анықтауға болады
47.Дивергенция және конвергенция дегеніміз не? Қандай мысалдармен дәйектейсіз?
Дивергенция (лат. diverge - ауытқимын, ажырасамын) — екі не одан көп тіл құбылыстарының бір-бірінен ажырасуы. Дивергенция ұғымы глоттогониялық және құрылымдық-диахрониялық болып екі тұрғыда қаралады.
Глоттогониялык дивергенция- әлеуметтік-тарихи жағдайларға байланысты туыс тілдердің немесе бір тілдегі диалектілердің бір-бірінен ажырап бөлінуін білдіреді. Дивергенция процесі ортақ ататілден бөлініп шыққан тіл семьяларының қалыптасуындағы негізгі жол.
Құрылымдық-диахрониялық дивергенция- тіл жүйесіндегі айырмашылықтардың көбеюіне әкеп соғатын тарихи процесс. Бұл мағынадағы Дивергенция ұғымын қалыптастырғандар — Е. Д. Поливанов пен Р. О. Якобсон. Дивергенция ұғымы тілдің барлық денгейлеріне қатысты. Конвергенцияға қарама-қарсы құбылыс
Конвергенция – (лат konvera–жақындаймын) тарихи даму үдерісінде тілдік бірліктердің жақынгдасуы немесе сәйкес келуі. Дивергенцияға қарама–қарсы келуі. Ұғымдық жағынан тілдің конвергентті дамуы деген түсінікпен теңбе–тең келеді. Конвергенция тілдердің жақындасуы, диалдектілер арқылы бір–бірімен байланысы. екі не одан көп тілдік құбылыстын жакындап бірігуі. Конвергенция ұғымы глоттогониялык және күрылымдык-диахрониялык екі түрғыда каралады.
Глоттогониялық конвергенция- ұзак уақытқа созылған катынас негізінде бірнеше тілде (туыс немесе туыс емес) ортак құрылымдық белгілердін калыптасуын білдіреді.
Ал құрылымдық-диахрониялық конвергенция-кейбір варианттык айырмашылыктардын жоғалуы нәтижесінде тіл жүйесіндегі әр түрліліктің азаюын білдіретін тарихи процесс. Бұл мағынадағы Конвергенция ұғымын қалыптастырғандар Е. Д. Поливанов пен Р. О. Якобсон. Фонология және грамматика жүйесіндегі Конвергенция бір-біріне ұқсастық негізінде тенестіру механизмі аркылы жүзеге асады. Мысалы, омонимдік грамматикалык формалардын жойылуы, септік жүйесінін ыкшамдалуы осыған жатады. Конвергенция — дивергенцияеа (Конвергенция) қарама-қарсы құбылыс 
48.Әлем тілдері: генеологиялық топтастыру жайында не білесіз?
Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген – дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады.
Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді:
1. Үндіевропа тілдеріне қазіргі үнді (хинди, урду, бенгаль, маратхи), иран (иран, тәжік), роман (француз, испан, португал, итальян, румын), славян (орсы, поляк, чех, словак, украин, белорус, серб, хорват), герман (неміс, ағылшын, дат, швед, норвег, галл), балтық (латыш, литван), грек, албан, келть, армян, нуристан тіл жанұялары жатады. Сонымен бірге өлі тіл жанұялары анатлия, тохар, иллирия, скиф, кушан т.б. енгізіледі.
2. Афразиат тілдері: семит (араб, иврит), египет, омот, кушит, чад  және бербер тілдері.
3. Дравид тілдері Үндістан түбегіне таралған (телугу, тамиль, каннада, малаялам).
4. Орал тілдеріне фин-пермь (фин, эстон, мордва), угор (венгр, ханты, мансы), самодий (ненец, эвен) тіл жанұялары жатады.
5. Алтай тілдеріне түркі (түрік, татар, азербайжан, қазақ, өзбек, ұйғыр, саха, қырғыз, тува, башқұрт), монғол (халха, қалмақ), тунгус-манчур (манчжур, эвен, нанай) және жапон, корей тілдері жатқызылады.
6. Чукот-камчатск тілдеріне чукот және камчат тіл жанұялары жатады. Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері деп атайды. Яғни бұлардың барлығы да бұдан 10-15 мың жыл бұрын өмір сүрген нострат тілдерінен таралған деген болжам бар. Олар Африканың солтүстігінен бастап, Еуразия құрлығына өздерінен бұрын таралған палеоазиат тілдерін біртіндеп ығыстырып, осы аймаққа қоныстанады.
Келесі үлкен тіл жанұясы осы палеоазиат тілдері. Оған:  Солтүстік кавказ тілдері (абхаз, шешен, авар, ингуш)  Син-тибет (қытай, тибет)  Енисей (кет, юг) тілдері жатады.
49.Әлем тілдері:типолгоиялық топтастырылу деген не?
Тілдердің генеологиялық (туыстық) жіктелуі деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға (топтар тармақтарына) топтастырылады. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы.Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады. Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді: 1)Үндіевропа тілдеріне қазіргі үнді (хинди, урду, бенгаль, маратхи), иран (иран, тәжік), роман (француз, испан, португал, итальян, румын), славян (орсы, поляк, чех, словак, украин, белорус, серб, хорват), герман (неміс, ағылшын, дат, швед, норвег, галл), балтық (латыш, литван), грек, албан, келть, армян, нуристан тіл жанұялары жатады. Сонымен бірге өлі тіл жанұялары анатлия, тохар, иллирия, скиф, кушан т.б. енгізіледі. 2)Афразиат тілдері: семит (араб, иврит), египет, омот, кушит, чад және бербер тілдері. 3) Дравид тілдері Үндістан түбегіне таралған (телугу, тамиль, каннада, малаялам). 4) Орал тілдеріне фин-пермь (фин, эстон, мордва), угор (венгр, ханты, мансы), самодий (ненец, эвен) тіл жанұялары жатады. 5) Алтай тілдеріне түркі (түрік, татар, азербайжан, қазақ, өзбек, ұйғыр, саха, қырғыз, тува, башқұрт), монғол (халха, қалмақ), тунгус-манчур (манчжур, эвен, нанай) және жапон, корей тілдері жатқызылады. 6) Чукот-камчатск тілдеріне чукот және камчат тіл жанұялары жатады. Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері деп атайды. Яғни бұлардың барлығы да бұдан 10-15 мың жыл бұрын өмір сүрген нострат тілдерінен таралған деген болжам бар.Олар Африканың солтүстігінен бастап, Еуразия құрлығына өздерінен бұрын таралған палеоазиат тілдерін біртіндеп ығыстырып, осы аймаққа қоныстанады. Келесі үлкен тіл жанұясы осы палеоазиат тілдері. Оған:
* Солтүстік кавказ тілдері (абхаз, шешен, авар, ингуш)
* Син-тибет (қытай, тибет)
* Енисей (кет, юг)
* На дене (аляска мен америкада таралған) тілдері жатады.
Одан кейінгі ірі тіл жанұясы тропикалық Африкаға тұтастай таралған. Бұларды нигеро-конголез тілдері деп атайды. Оның ішінде ірі тіл жанұялары бар: Банту (бенуэ-конго), ква, адамуа, индиго тіл жанұялары бар. Осы тіл макро жанұясына ніл-сахара тіл макро жанұясының жақындығы бар. Бұған шари-ниль, сахар, судан тіл жанұялары кіреді. Бұл тілдердің екі жанұясы енді нострат тілдеріне жақындасады. Сондықтан аталған жанұялардың таралуын төмендегідей сипаттауға болады. Нострат тілдері басқа тіл макрожанұяларының ішінде нигеро-конголез және ніл-сахара тілдеріне ең жақын келеді. Яғни бұл халықтардың айырмасы соңғы екеуі негртұрпатты нәсіліне жатады, яғни бұл халықтардың арғы тегі негртұрпатты нәсілінен болған, нострат тілі жанұясы кезінде европойд нәсіл қалыптасады, бұл кейін олар Еуразия құрлығына өткесін болған өзгерістер. Әдетте бұл екі нәсіл жақын деп есептеледі. Ал монғол нәсілділердің тілдері алғашқыда палеоазиат тілдерінен көрінеді. Олар Еуразия құрылығына ертерек барған одан бұрынғы миграцияның ұрпақтары. Алтай тілдерінің (бастапқыда европалық) кейбір өкілдері (монғолдар, жапондықтар, корейлер) олармен монғолтұрпатты тектермен көп араласқаны байқалады. Түркі халықтары бұлардың арасындағы тым аралас нәсілге жатады. Палеоазиат тілдері негізінен қазір Кавказда сақталған және Оңтүстік-шығыс Азияда шоғырланған. Енді бұларға жақын келетіні Автралиялық тілдер. Бұл тіл жанұясы аустронезия, тасмания тіл жанұяларынан құралады да аустралиялық нәсілге жатады. Бұлар Оңтүстік-шығыс шығыс Азиядан Индонезияға одан Автралияға және мұхиттық аралдарға қарай тарала көшкен алғашқы миграцияның ұрпақтары. Енді басқа тіл макрожанұяларының ішінен Америкалық үндістердің тілдерін бір макрожанұяға топтастырады. Оған на-дене тілдері енбейді, олар соңынан барған. Яғни бұдан 10 мың жыл бұрын негізінен Беринг бұғазы арқылы Америкаға алғаш аяқ басқан тайпалардың ұрпақтары болып саналады. Негізгі нәсілі амер-индиялық болып табылады. Бұл америкалық үндістердің тілдері де өз кезегінде көптеген тіл жанұяларына бөлінеді. Енді қалған үш тіл макрожанұясы туралы пікірлдер көп. Бірі Африкадағы койсан тілдері. Оларда алғашқы тілдің белгілері көп сақталған және ешбір тілге ұқсамайды. Сондықтан оларды ешқайда көшпей өз шыққан жерлерінде қалған тайпалардың ұрпақтары деп түсінуге болады. Келесісі — пауас тілдері (үнді-тынық мұхит жанұясы), және австротай (вьетнам, лаос, индонезия, май, яван т.б.) тілдері. Бұлар өз атамекенін (Африканы) ең алғаш тастап шыққан тайпалардың ұрпақтары болса керек деп есептеледі.
50.Лингвистикалық типология дегеніміз не? Зерттеу нысанын атаңыз? Типология (лингвистикалық) (гр. typos - таңба, форма, үлгі, logos сөз, ілім), типология лингвистическая — туыстық тегіне байланыссыз, тілдердін құрылымдық және функционалдық қасиеттерін салыстырып зерттеу. Типология үшін екі жақты сәйкестік (форма мен мағына түрінде) болуы міндетті емес, салыстырылатын тіл бірліктерінің не формасымен, не мағынасымен шектеледі. Әдетте типологиямен және салыстырмалы- тарихи тіл білімімен бірге аймақтық тіл білімі қарастырылады. Типология жеке тілдердін зерттелуіне сүйене отырып, тілдің құрылымы мен қызметі туралы жалпы тіл білімінде жасалған тұжырымдарды пайдаланады.
Зерттеу объектісіне байланысты типология функционалды типология (әлеуметтік тіл білімі) және құрылымдық типология болып бөлінеді. Функционалды типологияның қарастыратыны тілдің әлеуметтік салада қолданылу қызметі. Құрылымдық типологияның қарастыратыны — тілдін ішкі жүйелік құрылымы типологияның ең басты ұғымы — тілдердін типтерін түсіндіруге байланысты әр түрлі болады. Мәселен, грамматикалык формалардын күрылымдык белгілеріне карап, а м о р ф т ы (даралаушы), агглютинативті, флективті сиякты дәстүрлі типологиялық топтастырулар бар. Тұтас тіл жүйесіне емес, оның шағын жүйелеріне, категорияларына арналған бұл сияқты көптеген топтастырулар бір тілдің өзін әр түрлі топтарға жатқызуға себепші болды. Тілдің типтік белгілерінің уақыт ішінде түгелдей езгеру эволюциясың зерттейтін т а р и х и Типологияның мәні де зор. Кез келген тілде әр түрлі типтін белгілері бар, таза типті тілдер жоқ. Таксономиялық тұрғыда накты тілдін белгілі бір типологияға қатыстылығы абсолюттік болған емес, басым типтік белгілердін негізінде тек қатыстық сипатта болып келеді. Осыған байланысты тілдін сапалық қасиеттерін емес, сапалық белгілердін статистикалық (сандық) қалпын анықтайтын квантативтік типологияның тиімділігі байқалады. Глобалды сипатта тілдерді қамту жағынан типология тілдін универсалдық сипатымен үндесіп жатыр. Сонымен бірге тіл белгілі тілдер семьясының типологиялық генетикалық белгілерін анықтау мақсатымен, оларды талдауға да мән береді. Осылайша дербес типологиялық пән — характерология (В. Матезиустің термині) қалыптасқан. Типология салыстырмалы-тарихи тіл білімімен қатар дамыған, пайда болған кезі 19 ғасырдың басы (Германияда), бірақ оның негізі 18 ғасырда тіл білімінде тіл философиясы (Р. Декарт, Г. В. Лейбниц, И. Г. Гердер) мен әмбебап (универсал) грамматикада салынған. типологияның шыққан тегінде Ф. А.-В. Шлегельдер мен В. Гумбольдт тұрған. 19 ғасырдағы алғашқы типологиялық ізденістерде тілдердін морфологиялық типін анықтауға көніл бөлінді. Типология мәселелері орыс тіл білімінде елеулі орын алды (Ф. Ф. Фортунатов, А. А. Потебня). 20 ғасырда типологияның жаңаша дамуы Э. Сепирдің есімімен байланысты. Сепирдін типологиясынан инвентаризациялық типология басталады. Еуропа тіл білімінде казіргі типологияның дамуында Прага тіл үйірмесі зор рөл атқарды (Н. С. Трубецкой, Матезиус, В. Скаличка). 20 ғасырдың ортасында әр елде типологияның басқа да бірқатар түрлері дами бастады. 20 ғасырдың 2 жартысындағы типологияға тән ерекшелік оның салыстырмалы-тарихи тіл білімімен жақындасуы болып табылады.
51.Салыстырмалы-тарихи әдіс деген не?Өкілдері кімдер? Тіл білімін зерттеу әдістері (орыс. методы изучения языкознания) — лингвистикалық теорияның жалпы методологиясымен байланысты тілді зерттеудің жолдары мен әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Тіл білімін зерттеу әдістері қолданылу сипатына қарай жалпы және жеке әдістер болып бөлінеді. Жалпы әдістер тілдің жалпы теориясымен,методологиясымен байланысты болса, жеке әдістер тіл мәселесінің белгілі бір жағын зерттеуде қолданылады. Зерттеу әдістері "теория мен әдіс" бірлігі нәтижесінде жинақталып қалыптаскан. Қазіргі тіл білімі мәселелерін зерттеуде философия, онын әдістері манызды орын алады.
Тіл біліміндегі жалпы әдістер тіл теориясының белгілі бір маңызды жағына айрықша көңіл бөліп, оның даму бағытын, зерттеу нысанын айқындайды. Мысалы, тарихи тұрғыда зерттеу әдісі кезінде салыстырмалы-тарихи әдіс тіл білімінде осындай қызмет атқарды. Тіл дамуындағы жаңа кезеңдерге байланысты оны зерттеудің әдістері де өзгеріп отырады. Жаңа теорияның пайда болуымен бұрынғы әдістер жоғалып кетпейді, олар тілді зерттеудің жеке арнайы әдістері ретінде сақталып қалады. Қазіргі тіл біліміндегі әдістер осылайша әр түрлі дәуірлерде жалпы әдістер ретінде туып қалыптасқан. Тіл біліміндегі ен көне әдіс — сипаттама әдісі, оны б. з. д. 5—4 ғ. көне үнділер қолданған. Ол арқылы тілдік формалардың белгілі бір кезеңдегі жай-күйі сипатталып отырған. Ең алғашқы ғылыми әдіс — салыстырмалы-тарихи әдіс. 19 ғ. басында Р. Раек, Ф. Бопп, Я. Гримм еңбектерінде негізі салынған бұл әдіс салыстырмалы-тарихи тіл білімі теориясын тудырды. Оның басты қағидалары бойынша:
1. тілдерді салыстыру арқылы олардың өзіне тән ерекшеліктерін, басқа кейбір тілдермен өзара туыстығын, бір негізден шыққанын айқындауга болады:
2. сол арқылы тілдер туыс топтарға, отбасыларға бөлінеді;
3. туыс тілдердің бір-бірінен айырмашылығы үздіксіз тарихи даму нәтижесінде туады.
Салыстырмалы-тарихи әдістін әлсіз жағы — туыс емес тілдердің типологиялық жағынан (әсіресе семантика, синтаксис саласында) ұқсастығын түсіндіре алмағандығында және тілдің тарихи кезеңдердегі синхрондық жүйесінің тұтас көрінісін қайта жаңғырта алмайтындығында. 20 ғ. 20 жж. тіл білімі дамуында үлкен өзгеріс тудырған структуралық (құрылымдық) әдіс пайда болды. Оның негізін салған Ф. де Соссюр, И. А. Бодуэн де Куртенэ. Бұл әдістің негізгі қағидалары бойынша:
1. тілдің нағыз мәні онын жеке элементтерінен емес, жүйесінен көрінеді, жүйе элементтердің жай жиынтығы емес, әр элементтің мәні жүйе арқылы анықталады;
2. тіл жүйесінің ұйытқы құрылымы уақыттан тыс қатынастар негізінде жасалады, ол қатынастар тіл жүйесінің элементтерінен, оның тарихынан басым тұрады. Осы басымдылық нәтижесінде тіл жүйесін зерттеуде математикалық т.б. әдістерді қолдануға болады. Сөйтіп, структуралық әдіс тіл элементтерінің бастапқы құрылымы мен жүйесін анықтап сипаттауда ғылыми мәнді әдіс болып табылады. Оның әлсіз жағы — тым абстрактылығында, тілді қоғамдық құбылыс, тарихи жүйе ретінде зерттеуге мүмкіндік бермейтіндігінде. Тілдің мағыналық жақтарын, мәтін ішіндегі байланыстарының даму сипатын ашуға мүмкіндігі жеткіліксіздігінде. Бұл мәселелерді шешу үшін жаңа конструктивті әдістер қажет болды. 20 ғ. 60 жж. туған бұл әдістер бойынша теориялық нысандардың конструкциясы жасалуы, яғни зерттеу нысанының формалды үлгілері алдын ала құрылуы қажет. Негізгі зерттеу нысаны сөйлем болғандықтан, онда жалпы сөйлем жүйесін зерттеуге үлкен мән беріледі. Өйткені тілдің дамымалы жүйе екендігін қамтамасыз ететін сөйлеу (сөйлем). Конструктивті әдістердің басты нәтижесі Н. Хомский (АҚШ) теориясымен байланысты туған генеративтік грамматикалар болып табылады. Қазіргі тіл білімінде жалпы әдістермен ұштастырылып әр түрлі жеке және жалпы әдістер (компоненттік талдау, математикалық талдау, статистикалық, салғастырмалы, мәтін талдау т. б.) қолданылады
52.Қазақ және өзіңіз білетін екі-үш тілерге қандай типтер тән?мысалдарымен дәлелдеңіз.
Қазақ тілі-агглютинативті типке жатады.Агглютинативті тілдерге грамматикалық мағыналар түбірге аффикстердің жалғануы арқылы беріледі.Тілдердің бұл түрінде аффикстердің әр қайсысы көбіне бір ғана граммматикалық мағынаны білдіреді де олар бірінің үстіне бірі жалғана береді.Мысалы:қазақ тілінде ту деген сөзге бірнеше аффикс жалғап ол сөзді туыс,туыстар,туыстарым,туытарымнан деген сөз түрде айтуға болады.Туыстарымнан деген сөздің құрамындағы ту морфемалар.Негізгі морфемаға жалғанып тұрған –ыс-зат есім тудыратын жұрнақ,-тар-көптік жалғау,-ым-тәуелдік жалғауы,-нан-шығыс септігі жалғауы.Агглютинативтік тілдерде сөздердің түбірлерінің дыбыстық құрамы негізінде алғанда өзгермей сол күйінде қалады. Орыс тілі,ағылшын тілі флективті тілдердің қатарына жатады.Флективті тілдерде ішкі флексиямен бірге сыртқы флексия да қолданылады.Екінші сөзбен атқанда флективті тілдерде грамматикалық мағыналар ішкі флексия тісілі арқылы да мысалы-окно-окон,избегать-избежать аффикация тәсілі арқылы да мысалы-охотник,охотника,охотнику,охотником.беріледі.Агглютинативті тілдерде сөз құрамында аффикстердің әрқайсысы көбінесе дара мағынаны болып бір ғана қызмет атқарса ,флективті тілдерде бір аффикс бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп әр түрлі қызмет атқарады.Мысалы ағылшын тіліндегі флексия:Do-did-done істеу. Қытай тілі-даралаушы аморфты тілдердің қатарына жатады.Даралаушы тілдерде сөздер түрлене бермейді.сөз таптарының формалық жақтан жігі ашық айқын емес. Сөздік құрамда бір бір буынды омонимдес сөздер өте көп.Олар бір-бірінен музыкальды екпін арқылы ажыратылады.
53.Фонетика және фонология терминдеріне тоқталыңыз айырмашылықтары қандай?
Фонетика - (грек.phonctikys – дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.
Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады,себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ.
Фонология (гректің phone –дыбыс, logos – сөз, ілім) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жүйесінің құрылымдық және функционалдық заңдылықтарын зерттейтін саласы.
«Фонология» термині өз ішінде екі мағынада қолданылады:
1. дыбыстық жүйеде тілдің құрылымын зерттейтін тіл білімінің фонетика саласының үлкен бөлігі;
2. тілдің абстрактілі жүйесінің дыбыстық деңгейі, яғни тілдегі фонемалардың ғылыми моделі.
Фонология тіл дыбыстарын атқаратын қызметіне қарай зертейттін тіл білімі саласы.Фонологияның фонетикадан ерекшелігі осында.Фонетика дыбыстық жүйені акустика-артикуляциялық белгілеріне қарай зерттесе,Фонологияның басты зерттеу объектісі – фонема, яғни дыбыстың сөздегі қызметі. Мысалы, қас – қаз сөздерінің мағыналық айырмашылығы қатаң с мен ұяң з дыбыстарының сигнификативтік (мағына айырғыштық) қызметіне байланысты болып отыр.
54. Эксперименталды фонетика дегеніміз не?
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ (инструменталдық) ФОНЕТИКА (лат. experimentum – байқау, тәжірибе) –тілдің дыбыстық жүйесін лабораториялық жолмен,тәжірбие жасау арқылы тексеретін фонетика саласы. Тілдердің дыбыстық жағын эксперименталдық әдістерінің жиынтығы: статистикалық, динамикалық палатография (дыбыстың жасалуы кезінде тілдің таңдайға тиетін орнын анықтау), тензопалатография (артикуляциялық күшін өлшеу), рентгенография (сөйлеу органдарының орналасқан жерін айқындау және олардың қозғалысы), осциллография (дыбыстардың созыңқылығын, көтеріңкілігін және қарқындылығын анықтау), спектография (дыбыстың жалпы акустикалық бейнесін анықтау).
Экспериментті фонетика қазіргі қазақ тіл білімінде де кең қолданылуда. Адамның қарапайым мүмкіндіктері сезіне алмайтын нәзік элементтер эксперименттік фонетиканың нәтижелері арқылы мүмкін болып, фонетиканың ғылым ретінде одан әрі дамуына зор ықпалын тигізіп отыр. Экспериментплды фонетика мәселесі – сөйлеуді айырып тану. Экспериментті-фонетикалық әдіс арқылы қалыптасқан экспериментті фонетикада сөйлеу дыбыстарын акустика мен физиология саласында пайдаланылатын аппараттарды пайдалану арқылы зерттеуде қолданылады.
Экспериментті-фонетикалық әдіс екі топқа бөлінеді:
акустикалық әдіс
физиологиялық әдіс (соматикалық әдіс)
55. Акустикалық фонетика дегеніміз не? Бірліктерін атаңыз.
Акустикалық фонетика (гр. akustіkos — естілім) — дыбыстардың жасалуы мен олардың естілуін, дыбыстық белгілерді, сондай-ақ дыбыс құрастыратын және оларды танып-білетін қондырғыларды жасайтын акустиканың бір бөлімі.Акустикалық әдіс арқылы сөйлеу дыбыстары, олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады.  
Акустикалық әдіс:
1) кимографтық әдіс;
2) осциллографтық әдіс;
3) спектрографиялық әдітерге іштей жіктеледі.
56. Артикуляция дегеніміз не? Бірліктерін атаңыз.
Артикуляция(лат.articulatio анықтап айту) – тіл дыбыстарын айтудағы сөйлеу мүшелерінің қызмет ету жүйесі.
Артикуляцияның бірнеше кезеңдері болады:
1) дыбыстың бағдарламасын жасау, қимыл басқарудағы ең жоғары деңгей;
2) нейростимуляция нәтижесінде бұлшық еттердің жиырылу;
3) дыбыс щығару үшін дыбыстау мүшелерінің қозғалуы. Артикуляция термині бүкіл процеске немесе оның соңғы кезеңіне байланысты қолданылады. Артикуляцияны басқару кинестезиялық (қимыл түйсігі) және есту қабілетінің қайта байланысу жүйесі арқылы жүзеге асады.
Буын артикуляциялық-акустикалық бірлік ретінде қиын фонетикалық құбылыс болып табылады.Буынның ортақ теориясы әлі лингвистикада жоқ,қазіргі бар әрбір теория буынның тек бір жағын ғана қарастырады,ал басқа жақтары ескерусіз қалады.Буынның әртүрлі анықтамалары бар,олар бір-бірінен қандай белгілер(артикуляциялық-акустикалық)арқылы анықталғандығы арқасында ажыратылады.
Артикуляциялық жағынан қарайтын болсақ буын ол тіл білімінің өте кіші бірлігі(Л.В. Бондарко) немесе тіл білімінің ең кіші артикуляциялық бірлігі(Ю.С. Маслов).
57. Ассимиляция және диссимиляция ұғымдары? Қазақ тіліндегі рөлі қандай?
Ассимиляция(лат. Assimilatio-Үндестік)- дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің неғұрлым кең тараған түрі. Сөйлеу үстінде сөздегі не сөз тіркесіндегі дыбыстар артикуляциясы бір-бірімен қиюласып, үндесіп айтылады. Бір типтес дауыстылардың үндесуінен вокалды ассимиляция, ал бір типтес дауыссыздардың үндесуінен консананттық ассимимляция қалыптасады. Ассимиляция түрлері:
- Толық ассимиляция түрінде кездеседі, яғни бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіне ұқсатып икемдейді. Ашша(ашса), үссе(үзсе), т.б.
-Жартылай ассимиляция түрінде кездеседі, яғни бір дыбыстың екінші дыбысты өзіндей емес, бірақ тек бір жақты өзгертеді: досқа, қаздар. Қазақ тіліндегі ассимиляиция көршілес дыбыстардың бір-біріне ықпал еті сипатына қарай: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал болып бөлінеді.
Диссимиляция( лат. Dissimilation-ұқсамау) – ассимиляцияға қарама қарсы комбинаторлық өзгеріс. Сөз ішінде қатар келген ұқсас немесе бірдей дыбыстардың сөйлеу тілінде өзге дыбысқа айналуы. Ассимиляцияда көрші дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ұқсап тұратын болса, диссимиляцияда керісінше, сөз ішінде бірдей немесе ұқсас дыбыстардың біреуі өз орнын ұқсастығы жоқ дыбысқа береді. Яғни диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі не одан көп дыбыстың келуі. Олар бір-бірімен қатар араға басқа дыбыстар салып тұрады. Мысалы, алла –алда, балалар-баладар, коридор- колидор. Әсіресе орфоэпияны елемей, сөзді жазылуынша : жанбады( айтылуы – жамбады), жанбота( Жамбота) түрде бұзып айту диссимиляцияға әрі нақты, әрі мол мысал бола алады.
58.фонема ұғымы. Фонемлар жүйесі туралы нақты тоқталыңыз.
Фонема (грек. рһопета - дыбыс) — сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға көмектесетін тілдін дыбыстык жүйесіндегі негізгі типтік бірлік, яғни дыбыс типі.
Мысалы: қазақ тілінде сөздің бір дыбысының түрленуі (мол — қол — сол — жол — бол — тол); бірқатар дауыссыздардың жуан буында жуан, жіңішке буында жіңішке айтылуы (ыс — іс, ас — ес); бір дыбыстың артық келуі (он — тон, ал — бал) сөздерді мағына және форма жағынан бір-бірінен ерекшелеп тұр. Фонемалы тілдерде Фонема саны әр түрлі болады.
Мысалы, қазақ тілінде 9 жалаң дауысты Фонема, 25 дауыссыз Фонема болса, орыс тілінде 6 дауысты, 35 дауыссыз Фонема бар.
Фонемалардың жұптас жіктері (лат. binarius - жұп) орыс. бинарная классификация фонем — дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң, қатаң-ұяң, үнді-үнсіз, т. б. жұпталып жіктелуі.
Фонемалардың негізгі белгілері — фонемалардың варианттарына ортақ, фонетикалық өзгерістерге ұшырамайтын негізгі белгілері.
Мысалы: а фонемасының негізгі белгілері: ашық, тіл арты, езулік екендігі.
Жалпы тіл білімінде Фонемалардын конститутив белгілері (лат. constitutio - орнату, анықтау) термині колданылады.
59.дауысты дыбыстардың топтастырылуы тіл ғылымында қалай аталады және зерттелуі жайында не айтасыз? Тілдердің барлығында дыбыстарды дауытылар және дауыссыздар деп екіге бөлу –ертеден ертеден келе жатқан дағды.дыбыстарды бұлай топтастыруының тіл білімінде ұзақ тарихы болғанымен, осылай топтастыруға негіз болған басты белгілер әлң де болса жетік айқындалмай келеді. Әр түрлі тілдегі дыбыстарды дауыстылылар және дауыссыздар деп топтастыруға негіз болатын жалпылама ортақ белгі ретінде, әдетте, олардың буын құрау қызметі аталады. Буын құрау тұрғысынан алғанда, дауыстылар буын жасай алатын негізгі ұйытқы, басты тұлға ретінде , ал дауыссыздар өздігінен буын жасай алмайтын, дауыстылардың жетегіндегі көмекші элементтер ретінде қаралады.
Дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастырғанда, олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары да еске алынады. Даустылар мен дауыссыздарды артикуляциялық жақтарынан алып ажыратудың жалпылама ортақ белгісін Бодуэн де Куртэнэ айқындаған болатын.
Дауысты дыбыстар (Вокализм) — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауанын кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның кемейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады.Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралады: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысан, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.
Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысы мен қалпына қарап, атап айтқанда, 1) тілдің қалпына; 2) еріннің қатысына; 3) жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
Жуан дауыстылар орыс. твёрдые гласные — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, у т.б.
Жіңішке дауыстылар орыс. мягкие гласные — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, ө, т.б.
Ашық дауыстылар (орыс. широкие гласные, гласные нижнего подъёма) — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.
Қысаң дауыстылар (орыс. узкие гласные, гласные верхнего подъёма) — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, у, у.
Еріндік дауыстылар (орыс. губные гласные) — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.
Езулік дауыстылар (орыс. негубные гласные) — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, и. Орыс тіліндегі әдебиеттерде "Нелабиализованные гласные" терминімен де беріледі.
60.дауыссыз дыбыстардың топтастырылуы тіл ғылымында қалай аталады жіне зерттелуі жайында не айтасыз? Тілдердің барлығында дыбыстарды дауытылар және дауыссыздар деп екіге бөлу –ертеден ертеден келе жатқан дағды.дыбыстарды бұлай топтастыруының тіл білімінде ұзақ тарихы болғанымен, осылай топтастыруға негіз болған басты белгілер әлң де болса жетік айқындалмай келеді. Әр түрлі тілдегі дыбыстарды дауыстылылар және дауыссыздар деп топтастыруға негіз болатын жалпылама ортақ белгі ретінде, әдетте, олардың буын құрау қызметі аталады. Буын құрау тұрғысынан алғанда, дауыстылар буын жасай алатын негізгі ұйытқы, басты тұлға ретінде , ал дауыссыздар өздігінен буын жасай алмайтын, дауыстылардың жетегіндегі көмекші элементтер ретінде қаралады.
Дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастырғанда, олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары да еске алынады. Даустылар мен дауыссыздарды артикуляциялық жақтарынан алып ажыратудың жалпылама ортақ белгісін Бодуэн де Куртэнэ айқындаған болатын.
Дауыссыз дыбыстар (Kонсонантизм)— тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, (у), Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:
Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;
Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;
Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң.
61.сөйлеу дыбыстарының камбинаторлық өзгерістері-?
Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері – сөйлеу кезінде дыбыстардың бір-біріне әсер етуінен пайда болатын фонетикалық өзгерістер. Оның негізгі түрлері мынадай: аккомодация, ассимиляция, диссимиляция.
Ассимиляция(лат. Assimilatio-Үндестік)- дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің неғұрлым кең тараған түрі. Сөйлеу үстінде сөздегі не сөз тіркесіндегі дыбыстар артикуляциясы бір-бірімен қиюласып, үндесіп айтылады. Бір типтес дауыстылардың үндесуінен вокалды ассимиляция, ал бір типтес дауыссыздардың үндесуінен консананттық ассимимляция қалыптасады. Ассимиляция түрлері:
- Толық ассимиляция түрінде кездеседі, яғни бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіне ұқсатып икемдейді. Ашша(ашса), үссе(үзсе), т.б.
-Жартылай ассимиляция түрінде кездеседі, яғни бір дыбыстың екінші дыбысты өзіндей емес, бірақ тек бір жақты өзгертеді: досқа, қаздар. Қазақ тіліндегі ассимиляиция көршілес дыбыстардың бір-біріне ықпал еті сипатына қарай: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал болып бөлінеді.
Диссимиляция( лат. Dissimilation-ұқсамау) – ассимиляцияға қарама қарсы комбинаторлық өзгеріс. Сөз ішінде қатар келген ұқсас немесе бірдей дыбыстардың сөйлеу тілінде өзге дыбысқа айналуы. Ассимиляцияда көрші дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ұқсап тұратын болса, диссимиляцияда керісінше, сөз ішінде бірдей немесе ұқсас дыбыстардың біреуі өз орнын ұқсастығы жоқ дыбысқа береді. Яғни диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі не одан көп дыбыстың келуі. Олар бір-бірімен қатар араға басқа дыбыстар салып тұрады. Мысалы, алла –алда, балалар-баладар, коридор- колидор. Әсіресе орфоэпияны елемей, сөзді жазылуынша : жанбады( айтылуы – жамбады), жанбота( Жамбота) түрде бұзып айту диссимиляцияға әрі нақты, әрі мол мысал бола алады.
Аккомодация (лат. Accommadatio - бейімделу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгерісінің дауыссыз және дауысты дыбыстардың артикуляциясының бейімделуі.
Гаплология (грек. Hapleos – қарапайым және logos - сөз, ілім) –дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі. Қатар келген бірдей немесеұқсас буындардың біреуінің ассимиляция салдарынан түсіп қалуы. Мысалы: бұлкүн – бүгін, алып кел- әкел.
62. дыбыстарының позициялық өзгерістері деген не? Ашып айтыңыз. Позициялық өзгерістер -қолданылу позициясында шартты түрде алынған дыбыстардың өзгеруі. Мұндай езгерістер ерекше фонетикалық жағдайларда пайда болады. Мысалы, сөз басында/сөз соңында, екпінді дауыстылар үшін сөз соңында/екпінсіз позиция және т.б.
Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты
сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не жіңішке болып келуі – ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден қалыптасқан фонетикалық заң. Комбинаторлық өзгерістер тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір-бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді,кейінді, кейде тоғыса келіп, тигізетін әсерінен болады. Позициялық өзгерістер белгілі бір сөздің шенінде болатын өзгерістер.Оған протеза,эпентеза,элизия т.б. жатады. Ал спонтандық өзгерістер кейбір сөздердің дыбыстық құрамы ешқандай өзгеріске ұшырамай-ақ бірнеше түргі ауысуы мүмкін.Мысалы,мысық-мышық,секер-шекр т.б.
Диэреза- көп жағдайда ассимиляцияға негізделеді. Мысалы, орыс тіліндегі т,д шұғыл дауыссыздары екі созылыңқы дауыссыздың арасында ығыстырылады: честный[чэснэй], [празнэй] немесе стк, здк дыбыс тіакестерінің арасынан ығыстырылады: повестка [повэска],поездка[пайездка].
Екі жабысыңқы дыбыстың( чт, чн) қатарласпауы үшін дыбысы фрикативті ш дыбысы болып айтылады: что(што), скучно( скушно).
Қосарлы сс, лл, тт, мм дауыссыздарына біткен сөздерге(класс, металл, ватт, грамм) қазақ тілінің аффикстері жалғанғанда қос дауыссыздың соңғы сыңары ығыстырылып, түсіп қалады( кластан, кристалды, ваты, грамнан.)
Эпентеза. Екі дыбыстың аралығына қосалқы дыбыстың келіп кіруі эпентеза құбылысы деп аталады. Мысалы, метр, литр деген сөздер қазақша метір, литір түрінде айтылады. Трактор, трамвай сөздерінің тырактор, тырамбай болып айтылуы да осыған мысал бола алады. Орыс тіліндегі кровать дегн сөзді өзбекше каравот, қазақша кереует деп айтылуында кр арасына дауысты дыбыс қосылады.
Протеза. Бұл эпентезаның бір түрі болып табылады. Эпентеза бойынша дыбыс сөздің ортасына қосылатын болса, протеза бойынша дыбыс сөздің алдына қосылады. Мысалы, орыс т. Шкаф, стакан, стол деген сөздер қазақша дыбысталуында ышкап, ыстақан, үстөл түрінде айтылады.
Қазақ тілінде л, р әріптерінен басталып жазылатын сөздер алдында сөйлегенде дауысты дыбыс қосылып айтылады: риза-ыриза, лай- ылай, лайық- ылыйық, рақмет-ырақмет.
Эпитеза- протезаға қарама-қарсы құбылыс. Протеза бойынша дыбыс сөздің алдына қосылса, эпитезада дыбыс сөздің соңына қосылады. Мысалы, өзбек тілінде орыс тілінен енген киоск, танк, пропуск деген сөздер диска, пропуска, киоска деп айтыладыжәне жазылады. Қазақ тілінде орыс тілінен енген сөздердің жазылуы сақталғанымен, олар айтылуыда көбінесе киоскі, дискі, пропускі болады.
Метатеза. Сөз құрамындағы дыбыстардың орны ауысуы метатеза деп аталады. Метатезаға түркі тілдерінен көптеген мысалдар келтіруге болады. Өзбекше дереза, татарша тәрәзә, қазақша терезе түрінде айтылатын сөздер башқұрт тілінде тәзә түрінде айтылады. Өпкә(қаз,өкпе) деген сөздің құрамындағы п мен к дыбысының орны көптеген түркі тілдерінде ауысып келеді: қазақша өкпе- құмық т.өпге, туват өкпе- ұйғырша өпкә.
Элизия (лат. elisio – шығарап тастау) ілгері тұрған сөзде соңғы дыбыстың жоғалуы. Элизияға қарама-қарсы болатын үрдіс, яғни кейінгі сөздің басында тұратын дыбыстың жоғалуы – аферизис деп аталады.
Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы – аузы.
63. екпін деген не? Оның қандай түрлері бар?
Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз. Екпін түскен
буын басқа буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады.
1) Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.2) Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы (высота тона) арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиілеуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер : қытай, корей, дүнген, япон, серб, литва және т.б. тілдер. 3)Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.
Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін – жылжымалы екпін.
Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, екпін көбінесе арнаулы бір буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі
тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, екпін көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Бірде екпін сөздің семантикалық жігін ажыратса, бірде грамматикалық жігін ажыратып тұрады. (Мысалы, орыс тілінде замок (қорған) – замок(құлып), мука (азап) - мука (ұн) деген сөздер мағыналары жағынан бір-бірінен екпіннің қай буынға түсуіне қарай ажыратылады. Тіл-тілде сөз екпінінен басқа фразалық екпін де болады. Кейбір сөз тіркестерінің
құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай, айтылу жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болды. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады. Акцентуациялық жақтан
жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған сөз тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөз екпінді өз бойына тартқан сөздің алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика деп аталады. Жөн-жосық, кем-кетік, көл-көсір, мал-мүлік тәрізді қос сөздер мен ән салу, қол қою тәрізді сөз тіркестерінің әрқайсысының алдыңғы сыңарлары дербес екпінге ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр. Тіл – тілде энклитикаға айналатындар көбінесе көмекші сөздер. Мысалы, сен ғана, үйге дейін, алыс па, жақын ба, айта ғой тәрізді тіркестердің құрамындағы ғана, дейін, па, ба, ғой деген шылау сөздер өз алдына дербес екпінге ие бола алмай, энклитикаға айналған. Түркі тілдерінде күшейткіш үстеулер мен қос сөздердің құрамындағы күшейткіш буындар екпінді өз бойына тартып, өзінен кейінгі сөзді энклитикаға айналдырады. Мысалы, қазақ тілінде өте жақсы, тым биік, аса зор тәрізді сөздердің тіркестеріндегі өте, тым, аса деген күшейткіш үстеулер екпінді өз бойына тартып, өзінен кейінгі сөздерді энклитикаға айналдырып тұр.
Логикалық екпін. Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқты, кейде сөйлемде бір сөзге айрықша назар аударылып айтылатыны бар. Сөйлемдегі айрықша назар аударылып
айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады.Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, логикалық екпін көбінесе баяндауыштың алдындағы сөзде болады. Мысалы, Болат қаладан кеше келді деген сөйлемде логикалық екпін кеше деген сөзде болса, Болат кеше қаладан келді (басқа жерден емес, қаладан) деген сөйлемде – қаладан деген сөзде.
64.фраза және интонация терминдеріне тоқталып, мысалмен нақтылаңыз. Фраза (грекше phrasіs — сөйлемше) — тіл білімі мен музыкада қолданылатын термин.
1) Аяқталған ойды білдіретін сөйлеудің негізгі бірлігі. Фраза тұтастығы белгілі бір синтаксистік құрылымның интонациялық құралдары арқылы жасалады. Кей жағдайда фразалық құрылым сөйлемнің бір бөлігі бола алады. Мәселен, сөйлемді бірнеше дербес фразаларға бөліп, интонация арқылы мағыналық реңк үстеуге болады. Сондай-ақ тыныс белгісімен ажыратып көрсетеді. Мысалы, Соғыс жүріп жатты. Барлық жерде. Соғыс.;
2) терминологиялық қолданыстарда сөйлем деген ұғымды да білдіреді;
3) екі жағынан да пауза арқылы интонацияға негізделген мағыналық бірлік. Қазақ тіл білімінде фразеологизм деген сөздің орнына кейде фразалық тіркестер деп те қолданылады.
Интонация(лат. іntono) – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:
Мелодия
Ритм
Темп
Қарқындылық
Тембр
Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.
Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.
Түрлері:
Әйел интонациясы - тілдік бірлікті дыбыстау кезінде жоғары әуенді дауыс сипаттамаларының едәуір контраст тербелісі.
Қаратпа (ШАҚЫРУ) интонация - зат есімнің атау септігімен немесе соған сәйкес сез формасымен тіркесе байланысатын ерекше интонациямен, дауысты «0» одағайымен, айтылуы.
65. Буын дегеніміз не? Оларды айқындау жайында не білесіз? Буын (фонетика) — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та Буын құрай алады. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, ондаолар кірме сөз болғаны. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ, буындарда екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы.: бөрене, жеребе, кереует, кінәз, үстел. Сондай-ақ тіліміздегі
байырғы сөздердің соңында екіден артық дауыссыз тұра алмайды. Оның өзінде негізінен еліктеуіш сөздер.
Қазақ тілінде басқы буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда буындар дауыстыдан басталмайды.
Буынға тән негізгі белгілер:
1) дауысты дыбыссыз Буын болмайды;
2) дауысты дыбыстың өзі де Буын бола алады (а-та, ә-же, а-па, т.б.).
3)Бір Буында бірден артық дауысты болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша Буын болады (жұ-ды-рық, қа-лам);
4) Буында мағына болмайды;
5) Тілімізде байырғы сөздер, сондай-ақ, Буындар да екі дауыссыздан басталмайды (сқақ, рза, деп жазбаймыз, дұрысы: сықақ, риза, сыланов түрінде келеді);
6) қазақ тілінде бастапқы Буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда (екінші, үшінші, т.б.) Буындар дауыстыдан басталмайды. Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны содан (кә-сіп, қыз-ғал-дақ, мә-сі);
7) сөздердің айтылуындағы Буын саны мен жазылудағы Буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес (айтылуда: Сар-ар-қа, кел-ал-май-ды, ал жазылуда: Са-ры-ар-қа, ке-ле ал-май-ды). Тіліміздегі сөздер бір Буынды, не көп Буынды болып келеді. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар өздігінен жеке тұрып Буын құрай алмайды, бірақ кейбір халық тілдерінде дауыссыздардың Буын құрайтын жайлары кездеседі (чех, серб тілдерінде). Мысалы, Буын чех тіліндегі vlk (волк-қасқыр), серб тіліндегі прст (палец-саусақ) .Буын өзінің құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың ретіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі: Ашық буын — бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұратын Буын (а-ра, ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық, а-дым); 2) тұйық буын — дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін Буын (ат, өт, ас); 3) бітеу буын— дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын Буын (тіс, қар, мұз). Бітеу Буынның бір ерекшелігі екі дауыссыз дыбыс қатар тұра беруі мүмкін.
66.Лексикологияның зерттеу нысаны жайында ашып айтыңыз.
Лексикология - сөзді және сөздердің жиынтығы — тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Сөздердің жиынтығынан тілдің сөздік кұрамы (лексикасы) кұралады. Әрбір тілдің сөздік кұрамындағы сөз-қаншама көп және алуан түрлі болғанмен, олар бір-бірімен байланысты, өзара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөз-құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады. Жалпы лексикология мен жалқы (жеке) лексикология бір-бірімен байланыста болады. Бұлай болатындығы мынадан: коғамдық құбылыс ретіндегі жалпы адам баласының тілін сипаттайтын жалпы заңдылықтар жеке, нақтылы тілге де тән болады. Мысалы қоғам дамуының барысында жаңа сөздердің жасалып, тілдің толығуы, дамуы, кейбір ескірген сөздердің одан шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы — тіл атаулыға тән жалпы заңдылық. Сондай-ак, тілдің сөз мағынасының өзгеруі, көп мағыналы сөздердің жасалуы және синонимдік қатарлардын. пайда болуы — осылардың бәрі тілдердің барлығында да бар. Қатынас құралы, қоғамдық кұбылыс ретіндегі тіл атаулыға тән жалпы кұбылыстар мен заңдылықтар дүние жүзіндегі тілдердің арқайсысында (нақты, жеке тілдерде) түрліше (өзіндік ерекшелігімен) көрінуі мүмкін. Жалпы қатынас құралы ретіндегі тіл атаулының лексикалық жағына тән құбылыстар мен жалпылама заңдылыктар мен ұғымдар жалпы лсксикологияда қарастырылса, лексикалық құбылыстар мен жалпы зандылықтардың жеке, нақтылы тілдердің лексикасына икемделіп көрініс табуы және әрбір тілдің сөздік құрамы мен оның дамуы, өзіндік ерекшеліктері жалқы лексикологияда (жеке, нақтылы тілдің лексикологиясында) қарастырылады. Әрбір тілдің лексикологиясы (жеке лексикология) жалпы лексикологияның жалпы теориялық кағидаларына негізделеді де, нақты бір тілдің лексикасын зерттейді.
67.Ономастика дегеніміз не? Тіл ғылымында алатын орны жайлы айтыңыз. Ономастика (грек onomastіke – ат беру өнері) – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Жалқы есімдерге кісі, жануарлар аттары, халық, ұлт, ру-тайпа атаулары, жер-су, аспан денелері жатады. Ономастика атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді. Ол зерттеу нысанына қарай топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика секілді түрлерге бөлінеді. Топонимика географиялық атауларды зерттесе, антропонимика кісінің аты-жөнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін қарастырады. Қазақ тіліндегі әйел есімдері гүл, күн, ай, сұлулық, асыл тастармен байланысты болса, ерлер есімі батыр, бек, би, құл, мырза, хан сөздерімен, сан есімдермен бірлікте келуімен ерекшеленеді. Араб, парсы тілдерінен енген есімдер де (Жамал – сұлу, Абдолла – құдайдың құлы, Нәзипа – таза, пәк) кездеседі. Этнонимика ел, ру аттарын, астронимика (космонимика) аспан әлемі, жұлдыз, планета атауларын, зоонимика жануар, фитонимика өсімдік, теонимика құдай аттарын, рухтар мен мифтік түсініктерге байланысты атауларды тексереді.Ономастика халықтың этнографиясымен тығыз байланыста қаралып, басқа халықтармен жүргізген тарихи, мәдени қарым-қатынастың сыр-сипатын танытады. Ономастика қазақ тілінде ғылым ретінде соңғы 20 жыл ішінде дами бастады.
Ономастика – республикамыздағы тіл саясатының басты бағыттарының бірі. БүгіндеОномастикалық лексиканың ерекшелігі оның тек объектілермен тығыз байланысындаЖалқы есімдер төңірегінде мәселелер көне заманнан бастап қазіргі ғылымдарға дейін жеткен.Тіршіліктің барлық саласын қамтитын сан мындаған сөздерді рет-ретімен жүйелеп,мекеме, ұйым атауларын нысанаға алып зерттейді. Есімдер немесе мекемелерге ат қою кезінде ономастиканың рөлі өте зор. Осы ономастиканың арқасында елімізде кеңес үкіметі кезінен қалған орысша және басқа тілдерден қойылған топонимикалық атауларды өзіміздің ана тіліміздегі атауларға ауыстырдық. Ономастика – қызығы мол, қиындығы көп, ғылыми-теориялық түйіні жалпығаОномастикалық жұмыстардың құқықтық негіздері толық қамтамасыз етілуі қажет. Қоғам өзінің даму жолының әрбір кезеңінде жаңа міндеттерге тапберуше тиіс. Мемлекет халқы бір ұлттан тұрсын, көп ұлттан құралған болсын, тәуелсіздік — демократиялық өмірдің айқын көрінісі. Тіл білімінің бір саласы – ономастика. 
68.Тілдегі сөздердің типтері жайлы жайында не білесіз?
1. Атауыш сөздер – лексикалық мағынасы бар сөздер. Олар сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді, сөйлем мүшесі болады, олардың көбінің түрлену жүйесі, грамматикалық категориялары бар, сөйлемде категорияларының көрсеткіштерін қабылдап, белгілі грамматикалық тұлғаларда қолданылады. Атауыш сөздер ішінде грамматикалық категориялары жоқтарыд да кездеседі, бірақ олардың бәрі – лексикалық мағынасы бар сөздер. Атауыш сөздердің белгілері төмендегідей:
1. Атауыш сөздердің бәрі лексикалық мағыналы сөздер, олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш сөздер.
2. Атауыш сөздер лексикалық мағыналы сөздер болғандықтан, олар сөйлемдегі ойды білдіру үшін, сөйлемді құрауға қатысады.
3. Атауыш сөздер сөйлемді құраушы негізгі сөздер болғандықтан, олар сөйлем мүшесі болады.
4. Атауыш сөздерсіз ойды жеткізу мүмкін емес.
5. Бұл топтағы сөздердің мағыналарының бәрі шындық өмірді суреттеуге қатысты. Оны әр сөз табының мағынасынан көруге болады.
6. Атауыш сөздер сөйлемнен тыс та қолданылады, мәселен, түрлі сөздіктерде қолданылады, атауыш сөздерді жеке атағанда да мағынасы түсінікті болады.
Міне, бұл белгілер атауыш сөздерге жататын 7 сөз табының бәріне қатысты. Бұл – осы сөз таптарының ұқсастық белгілері, бәрінің бір топ болуына негіз болған белгілер. Қалған сөздердің тобында бұл белгілер жоқ.
2. Көмекші сөздер грамматикалық дамудың нәтижесінде лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық қызметке көшкен. Олар сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Дербес сөзден бөлек жазылғанымен, көмекші сөздер лексикалық мағынасы болмағандықтан, сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Көмекші сөздер толық мағыналы сөздерге тіркесіп, оларға түрлі грамматикалық мағына қосады. Грамматикалық қызметі жағынан көмекші сөздер дербес сөздің құрамына кіріп, ондағы басқа грамматикалық көрсеткіштермен бірге, сөзге түрлі грамматикалық категориялардың мағынасын қосып, сөзді түрлі грамматикалық тұлғаларға көшіреді, кейде туынды сөз жасайды. Мәселен, Қарабанов кенет мырс етіп, столдың астына қарады да, балалардың қатты күліп отырғанын көрді (С.М.). Осы сөйлемде көмекші сөздер бар. Олар –әр түрлі көмекші сөздер, әртүрлі қызмет атқарады. Олардың біріншісі – ет – көмекші етістігі. Ол мырс деген еліктеуші сөзге тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосып, сөзжасамдық қызмет атқарған. Бұл сөйлемде мырс етіп – бір сөз, бір сөйлем мүшесі. Екінші көмекші сөз – аст көмекші есімі. Сөйлемде ол стол деген дербес сөзге тіркесіп, оған мекендік мән қосқан. Сөйлемде стол астына – бір сөз, сөйлемнің бір мүшесі, яғни ол – стол сөзіне грамматикалық мағына қосып тұрған грамматикалық көрсеткіштердің бірі. Столдың астына бір сөз болғандықтан, ол сөзге жалғанатын барыс септік жалғауы асты көмекші есіміне жалғанады да, стол сөзінің грамматикалық формасын аяқтады. Белгілі сөз табына қатысты көмекшілер мыналар: 1) көмекші есімдер, 2) көмекші етістіктер, 3) септеулік шылаулар, 4) күшейткіш көмекшілер. Одағайлар жоғарыдағы сөздер тобының ешбір қызметін атқармайды. Сөйлемдегі айтылатын ойды білдіруге қатыспайды, грамматикалық категориялар көрсеткіштерін қабылдамайды, грамматикалық мағына білдіруге де қатыспайды, сөйлем мүшесі бола алмайды.Одағайлардың мағынасы да сыртқы дүниені суреттемейді, одағайлар адамның көңіл-күйін, әр түрлі сезіміне байланысты дыбыстық ишараттарды білдіреді де, сөйлемнен тыс тұрады. Мысалы, Қап, жеңіліп қалды-ау. Паһ, мықты екен. Осы сөйлемдердегі қап одағайы өкінуді, паһ одағайы таңдануды, риза болуды білдіреді. Олар сөйлем құрамына кірмеген. Осындай ерекшеліктері арқылы олар тілдегі басқа сөздерден ерекшеленеді. Сондықтан тілдегі сөздерді үш топқа жіктеп қарау олардың арасындағы үлкен айырмашылықты көрсетуге арналған.
69. Лексикалық мағына дегеніміз не? Оның қандай типтерін білесіз?
Лексикалық мағына — зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұны. Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады. мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады. Семантикалық тұрғыда лексикалық мағына екі аспектіде қарастырылады: сигнификативті және денотатты . Лексикалық мағына туралы ғылыми көзқарастар әртүрлі. Кейбір зерттеушілер лексикалық мағына тек атауыштық сөздерге тән, ол көмекші сөздерде, одағайларда, есімдіктерде лексикалық мағына жоқ деп есептейді. Алайда, кейінгі зерттеулер тілдегі барлық сөздердің де белгілі дәрежеде лексикалық мағынасы болатынын қолдайды. Мысалы, есімдіктер толық мағыналы атауыш есім сөздердің орнына жұмсалып, олардың мағынасын меңзеп білдіреді. Көмекші сөздердің лексикалық мағынасы дербес сөздерге тіркескенде байқалады.
Лексикалық мағынаның бірнеше типі бар:
1.Шындық болмысқа қатысты атауыш (тура) мағына, ауыс мағына;
2.Сөздердің шығу тегіне байланысты түпкі мағына, туынды мағына;
3.Сөздердің тіркесімділігіне байланысты еркін мағына, шартты мағына, фразеологиялық байлаулы мағына;
4.Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты бейтарап мағына, бейнелі мағына, терминдік мағына, поэтикалық мағына.
70. Тілдің сөздік құрамы жайында не айтасыз?
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады. Сөздік құрам xалықтың тұрмыс жағдайын, кәсібін,мәдени қалпын танытатын барлық сөздер енеді. Қазақ тілінің сөздік құрамына xалқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер де, кейінен пайда болған жаңа создер де, термин сөздер де, диалектизм мен кәсіби сөздер де кіреді. Сөздік құрамдағы сөздер қолдану жағдайына қарай жай қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер болып бөлінеді.
Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Мысалы, 20 ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық және фразеологиялық бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Осы тұрғыдан Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық (негізгі сөздік қорға енетіндер) және жалпыхалықтық емес (пассив қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді. Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеум. жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады.
71. Лексика жүйе ретіндегі рөлі қандай?
Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады.
Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің Лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу Лексикасы жатады. Жазба тіл Лексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. Мазмұнына қарай Л.: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан Лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Л. атауы тілдің сөз байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі деген ұғымды да білдіреді. Мыс., Абай тілінің Лексикасы, Сұлтанмахмұт тілінің Лексикасы, батырлар жырының Лексикасы, т.б. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде термин болып қалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арқылы келіп орнықты. Бұл термин – бір тілдегі барлық сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің диалектілері де енеді. Лексиканың құрамына енген сөздерді тексеретін ғылым– лексикология, мағыналарын тексеретін – этимология, сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін – лексикография кіреді. Бұған фразеология да іргелесіп отырады. Қатынас құралы ретіндегі тілдің сөздік құрамына және лексикалық единица ретіндегі сөздің табиғатына қатысты жалпы лингвистикалық проблемалар бар. Олардың қатарына тілдің лексика-семантикалық жүйесі туралы мәселе, тілдік бірліктердің ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басты белгілер, сөз бен ұғымның ара қатынасы, сөздің лексикалық мағыналарының түрлері, сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналарының ара қатынасы мен байланысы, лексикалық минимум және т. б. мәселелер енеді.
72. Тілдегі жаңа сөздердің пайда болу жолдары жайында не білесіз?
Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі- негізгі сөздік қор. Сөздік құраммен салыстырғанда, негізгі сөдік қордың көлемі шағын болады, бірақ ол тілдегі түбірлік сөздердің барлығын қамтиды, туынды сөздердің жасалуына ұйтқы ретінде қызмет атқарады.
Сөз түдырудың әр түрлі тәсілдері арқылы негізгі сөздік қордағы түбір сөздерден туынды сөздер жасалып, тулдің бүтіндей лексикасы толығып, дамып отырады. Сөзді тудыру тәсілдерінің бастылары мыналар:
Лексикалық-семантикалық тәсіл. Сөздің мвғналық жақтан даму барысында көп мағналары бір-бірінен алшақтап, бара-бара олардың арасындағы семантикалық байланыс үзіледі де, мағналары басқа-басқа сөздер жасалады.
Мофологиялық тәсіл. Туынды сөздер түбңр морфемаға аффикстік морфемалардың жалғануы арқылы жасалады. Морф тәсілдің түркі тілдеріне аффикстік деп ат түрі өнімді болып саналады. Мысалы әнші, күйші, қарлы,өнім ,шегеле, бастама және т.б сөздер
Синтаксистік тәсіл. Бұл тәсіл арқылы күрделі біріккен сөздер (басқұр, отағасы) күрделі құрама сөздер (асық жілік, кәрі жілік, боз торғай) , күрделі қос сөздер (әке-шеше, ауыл-аймақ,ащы тұщы) жасалады.
Тілдің сөздік құрамы басқа тілдерден енген кірме сөздер де толығып отырады.
Кірме сөздер, шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздерден , әр бір тілдің лексикасында да бар. Халықтар бір - бірімен қарым- қатынас нәтижесінде тілге енеді.
73)Лексикография дегеніміз не? Сөздік типтерін атаңыз.
Лексикография(грек.сөздік+жазамын)-1.сөздік жасаудың теориясы мен практикасын зерттейтін тіл білімінің саласы;2.Белгілі бір тілдегі я ғылым саласындағы сөздіктердің жиынтығы. Лексикография-лексикография маманы,сөздікші.
Сөздіктердің тіл–тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әртүрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
1. Сөзіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздік тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер тілідің заманауи сөздіктері деп аталады.
2. Сөздіңтердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздіктер деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуірдегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұнадай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік деп аталады. Сөздіктің бұл түрлеріне аранаулы сөздіктерді де жатқызуға болады. Олар: терминологиялық сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік және т.б. жатқызуға болады.
3. Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: алғашқысы – бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі – екі тілідік немесе көп тілдік аударма сөздіктер.
4. Сөздіктер оларда берілген сөздердің әліппи тәртібімен көрсетілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет–ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1) Дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2) Идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі. Сонымен, сөздіктерді шартты түрде төрт топқа бөліп қарауға болады.
І. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикалық дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Оларға: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік
ІІ. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Олар: 1. Түсіндірме сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік 4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер сөздігі.
ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мәлімет беретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық сөздік.
ІV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап, түсіндіретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративтік сөздік.
74)Грамматика және оның салалары жайында толық айтып беріңіз.
Грамматика(грек.әріп,жазу)-1) тіл құрылысы,яғни морфологиялық категориялар мен формалардан,синтаксистік категориялар мен конструкциялардан,сөзжасам тәсілдерінен тұратын тіл жүйесі.Грамматикаға тілдің дыбыстық,лексикалық бірліктерінен басқа грамматикалық категорияларда, грамматикалық тіл бірліктерінде, грамматикалық формаларда берілгендердің бәрі де жатады;2) тіл құрылысын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Грамматикада тіл бірліктері өздерінің нақты мағыналарынан дерексізденіп, жалпылап жинақталып беріледі; 3) «Грамматика» термині кейде грамматикалық категорияларды білдіру үшін де қолданылады.
Грамматика-тарихи даму дәстүрі терең ғылым. Оның зерттелу тарихы ежелгі үнді,грек,араб,т.б. тіл білімдері дәстүрлерінен басталады. Әлемдік тілдерінің бірсыпырасы қабылдаған қазіргі еуропалық Грамматика ғылымы мен оның терминалогиясы көне үнді филологиясынан юастау алады.
Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:
сөзжасам тәсілдері — сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сөз байлығын молайту амалдары;
морфология — сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;
синтаксис — сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.
75)Тілдің грамматикалық қатары дегеніміз не?
76) Грамматикалық мағына, грамматикалық форма терминдеріне тоқтала отырып, мысалдармен дәйектеңіз.
Грамматикалық мағына-тілде қалыпты сипаты бар сөздер тобы мен сөз тұлғаларына,синтаксистік құрылымдарға тән жинақты,дерексіз тілдік мағына. Морфолгия саласында сөз таптарының жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлғалары мен сөздердің жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялар дәрежесін сақтай отырып, бір-бірінен өзгеше болып келеді. Синтаксис саласында грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-ақ сөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінің әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді.Мысалы:семантикалық субьект пен объектінің мағынасы, құрмалас сөйлемдердің шылау арқылы байланысы т.б. грамматикаға сөз таптарында қалыптасқан жалпы сөзжасамдық мағыналар да жатады. Грамматика сөздерге немесе сөздердің белгілі топтарына ғана тән, дерексіздігі әлсіз лесикалық мағыналардан өзгеше.
Грамматикалар жүйесі болмыстағы заттар мен құбылыстардың және олардың өзара байланыстары мен қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуіарқылы қалыптасады.
Грамматикалық форма-грамматикалық мағынаның қалыпты көрінісін білдіретін тілдік белгі. Әр түрлі тілдерде грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық форма-аффикстер(оның ішінде нөлдік),дыбыстық алмасулар(«ішкі флекция»),екпін,қайталау,көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі,интонация арқылы көрінеді. Сөздері түрленетін тілдердегі морфологиялық тұлғалар дегеніміз белгілі сөз таптарындағы сөздердің үнемі өзгеріп отыруы болып табылады. Олар морфологиялық бірнеше мағыналары да, бір мағынаны да білдіре алады,мысалы, орыс тіліндегі зат есімнің көпше атау септігі, етістіктің осы шағының жкеше 1-жақ тұлғасы т.б. Сөздің өзгеріске түскен барлық тұлғалары оның парадигмасын жасайды.
Морфологиялық тұлғалар синтетикалық және аналитикалық түрлерге бөлінеді. Белгілі бір морфологиялық тұлғада келген нақты сөз сөз тұлға деп аталады. Г.Ф.-ның көрінісі мен мағынасы бірқатар жағдайда бір-біріне сәйкеспейді. Мысалы, флективті емес түбір тілдерде грамматикалық мағына негізінен сөздердің синтаксистік тіркесімділігі арқылы беріледі.
77 .Грамматикалық категория дегеніміз не?
Грамматикалық категория дегеніміз(грекше gramma-әріп,жазу; kategoria- пікір айту,пайымдау)-мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардың бір бірінен өзгеше жүйесі.Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет атқарады. Грамматикалық категория морфологиялық және синтаксистік болып болінеді. Морфологиялық категорияларға етіс , түр, шақ, жақ,рай, септік т.б жатады. Бұл категориялардың жүйелі түрлері сөздердің ірі грамматикалық сөз таптарын жасайды. Тілдерде грамматикалық категориялардың саны бірдей емес. Ал синтаксистік категориялар тұлғалардың сөз тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу қабілетіне қарай жіктеледі.
78.Сөздердің морфологиялық құрылымындағы өзгерістер: Сіңісу және жылысу құбылысы жайында ашып айтыныз
Көрнекті лингвист В.А.Богородицкий сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруіне себепкер болатын грамматикалық процестердің қатарына сіңісу мен жылысу құбылыстарын жатқызады. Қазақ тіл біліміндегі сіңісу құбылысы "фузия" деп те аталады.Жалпы сіңісу құбылысының ерекшеліктері В.А.Богородскийдің "Введение в татарское языкознание в связи с другими тюрксикими языками", А.Н. Кононовтың "О фузии в тюрских языках" атты мақаласында, қазақ ғалымдары К.Ахановтың Тіл біліміне кіріспе , Ә.Т.Қайдаровтың Структура односложных корней и основ в казахском языке, Қ.Жұбановтың Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер және тағы да коптеген ғалымдардын енбектерінде қарастырылган. Кейбір сөздердің құрамындағы морфемалар тілдің даму барысында мағыналарынан айырылады да, ондай сөздер мормефамаларға ажыратылып, мүшеленбейтін сөздер ретінде ұғынылады.Сөз құрамындағы морфемалардың мағыналары жойылып, олардың бір біріне кірігіп кетуіне, соның нәтижесінде, сөздің морфемалық жігінің әбден күңгірттеніп, морфемаларға мүшеленбеуіне әкелетін морфологиялық процесс сіңісу құбылысы деп аталады. Жылысу кубылысы дегеніміз тілдін даму барысында сөз құрамындағы мормефамалар бірінің элементі екіншісіне ауысып, ол мормефамалардың бұрынгы жігі мен ара қатынасының өзгеруін айтады.Сондай ақ морфологиялық жылысу құылысы түркі тілдерінде де бар
79.Аффиксация дегеніміз не? Түбір және қосымша морфемалар жайында не айтасыз?
Аффикс латын тілінен аударганда жалғанған деген мағына береді. Косымша, түбірге жалғанып грамматикалық немесе сөзжасамдық мағына тудыратын сөз бөлшегі, сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші морфема. Аффикс морфологияның бөлігі ретінде тілдің парадигмаларын жасайды. Сондай ақ аффикс түбірге қатысына қарай бірнеше түрге бөлінеді:приставка мен префикс түбір алдынан қосылатын аффикстер, инфекс түбір ортасында қосылады, интерфикс екі түбірді жалғастыратын аффикс, конфикс префикс пен постфикстің комбинациясынан жасалған аффикс, сөз сонынан косылатын сөзжасам косымшасы суффикс және сөз сонынан косылатын жалгау флексия деп аталады.
Түбір морфема сөздердің әр түрлі лексика грамматикалык топтары үшін бірдей ортак морфема ретінде қызмет ете алады. мысалы бас морфемасы бастық басшы баспа баспалдак басшылык деген зат есімдердің де басты бассыз деген сын есімдердің де баста басқар деген етістіктедің де түбірі болып саналады
Қосымша морфемалар дербес қолданылатын сөздерге әр түрлі грамматикалық ғана мағына үстейтін тұлғалар. Олар өз алдына коымшалар және косалкылар деп болинеди
80.Тілдердегі грамматикалық тәсілдер:интонация және суплетивизм жайында мысалдармен айтыңыз
Интонация дегеніміз латын тилинен енген соз сойлемдерді, олардын болшектерін сазына келтіріп, сойлеудің ырғақты әуені. интонация созді, соз тіркесін сойлемді айтудагы дауыс мәнері, дауыс ыргагы, сойлеудің ритм мелодикалык бейнесі. Интонацияның Мелодия, ритм, темп, каркындык, тембр, тіркес екпінді турлері бар. ИНтонация ауызша сойлеудің маңызды элементі ол жазуды тыныс белгілерімен жжәне арнайы графикалыкамалдарымен беріледі.
Суплетивизм француз тілінен ауардарғанда косымша белгілі бір соз формаларының әр түрлі түбірден жасалуы. Ундіеуропа тілдеріне тән құбылыс. Итілдегі грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық тәсілі
81.
82.
83.
85.Интерфикс,конфикс деген не?
Интерфикс-(лат.inter-аралық,fixus-жалғанған) екі түбірді бір-бірімен жалғастырып,күрделі сөз шығаратын аффикс түрі.Көбінесе о және е интерфикстері жиі қолданылады.Интерфикстті көбінесе орыс тілінде көптеп кездестіруге болады.Мысалы:пар-о-воз,птиц-е-вод,мясорубка,пылесос.Орыс тілінде сан есімдерге и интерфиксі қолданылады.Мысалы:шестиэтажный.
Конфикс-префикс пен постфикстің комбинациясынан жасалған аффикс түрі.Қазақ тілінде бей-қамдық конфикс болып табылады.Ал орыс тілінде издавна,изредка,разбежаться деген сөздерден конфиксті кездестіруге болады.
86.Префикс,постфикс деген не?Қнадай тілдерде кездеседі?Мысал келтір.
Префикс-(лат.prae-алдыңғы,fixus-жалғанған) түбір алдынан жалғанған –түбір алдынан орын алатын аффикс.Приставкамен барабар.Префикс орыс тілінде ,неміс тілінде,қазақ тілінде,ағылшын тілінде кездеседі.Мысалы:орыс тілінде:заходить,приходить.
Неміс тілінде:autfstehen-түрегелу
Қазақ тілінде:беймәлім
Ағылшын тілінде:impossible,untidy,illegal,irregular
Постфикс-(лат.post-Кейін,fixus-жалғанған) сөзде немесе сөз формасында түбірден кейін жалғанады.Мысалы:орыс тілінде:дет-ский
Қазақ тілінде:оқушыларымызға
Ағылшын тілінде:government,payment
87.Инфикс,трансфикс деген не?
Инфикс-түбірдің ортасында қосылатын аффикстің түрі.Инфиксті ағылшын тілінде кездестіруге болады.Мысалы:stand-stood,find-found,fly-flew,think-though.
Орыс тілінде:стоить-стоял.
Трансфикс-біріңғай дауыссыздардан тұратын түбірді жарып,өздері де бөлініп,дауыссыздар арасында дауысты қабатша ретінде қызмет етеді де,сөз формасын анықтайды және оны грамматикалық тұрғыдан рәсімдейді,яғни белгілі бір грамматикалық мағынаға ие.Бұл құбылыс семит тілдеріне тән (көне еврей,анкад,финикий).
88.Сөздің морфологиялық құрылымының өзгеруі:күрделену құбылысы,декорреляция деген не?
Сөздердің құрамындағы морфемалардың шегі ауысып,олардың морфологиялық құрылымының өзгеруі белгілі бір грамматикалық процестердің әсерінен болады.Көрнекті лингвист В.А.Богородицкий сөздердің құрылымының өзгеруін сіңісу,жылысу процестері мен түсіндірген болатын.
Сөздің құбылысы-кейбір сөздердің құрамындағы морфемалар тілдің даму барысында мағыналарынан айырылады да,ондай сөздер морфемаларға ажыратылып,мүшеленбейтін сөздер ретінде ұғынылады.
Жылысу құбылысы-сөз құрамындағы морфемалардың бастапқы аралық шегі өзгеріп,соның нәтижесінде сөз морфемаларға бұрынғысынша емес,басқаша мүшеленуі.
89. сөздің морфологиялық құрамының өзгеруі: диффузия құбылысы жайында ашып айтыңыз?
90.Грамматикалық мағыналардың бірігу амалдары жайында ашып айтыңыз ?
Грамматикалық мағына— тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинакты, дерексіз тілдік мағына. Морфология саласында сөз таптарынын жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлгалары мен сөздердін жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялар дәрежесін сактай отырып, бір-бірінен езгеше болып келеді. Синтаксис саласында Грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-ак сөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінін әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді. Мысалы: семантикалық субъект пен объектінін мағынасы, құрмалас сәйлемдердін шылау аркылы байланысы т. б. Грамматикалық мағынаға сөз таптарында қалыптаскан жалпы сөзжасамдық мағыналарда жатады. Грамматикалық мағына сөздерге немесе сөздердін белгілі топтарына ғана тән, дерексіздігі әлсіз лексикалык мағыналардан өзгеше. Грамматикалық мағыналар жүйесі болмыстағы заггар мен құбылыстардын және олардын өзара байланыстары мен қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуі аркылы қалыптасады. Мысалы, қимыл ұғымы етістіктін жалпы мағынасымен бірге неғұрлым шағын категориялық мағыналарынын (шақ, жақ, етіс) дерексізденуінен туады.
Грамматикалық мағына референциялық (синтаксистік емес) және Реляциялық (синтаксистік) болып бөлінеді. Референциялық мағына тілден тыс болмыстағы заттар мен кұбылыстардың касиеттерін білдіреді, мысалы, көлемдік, мөлшерлік, қимыл-әрекеттік сиякты мағыналар. Ал реляциялық мағына сөз тіркесі мен сөйлем құрамындағы байланысты білдіреді.
91. грамматикалық бірлік дегеніміз не?
Сөз әртүрлі тәсілдермен түрленіп алуан түрлі формаларға ие болады.
92. сөз таптары дегніміз не және оларды айқындау белгілерін атаңыз?
Сөз таптары— өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:
а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық атаулар жатады);
ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;
б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.
Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі орыс тілі грамматикасында 10 сөз табы, ал қазақ тілінде 9 сөз табы бар:
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Еліктеу сөздер
Шылау
Одағай
Еліктеу сөздер қазақ тілінде бөлек сөз табы болса, орыс тілінде одағайлардың құрамына кіреді. Қазақ тілінде предлог жоқ, союз, частицы орыс тілінде бөлек сөз таптары, ал қазақ тілінде олар шылау сөзтабына біріктіріледі.
Сөз таптары толық мағыналы сөздер (зат есім, сын есім, етістік, үстеу) және көмекші сөздер (шылау, демеулік, частицы, артикль т. б.) болып табылады. Типологиялық тұрғыда есімдік пен сан есімді жеке сөз табы ретінде қарастыру күмәнді деп есептеледі. Олар синтаксистік функциясы мен мағынасы жағынан әр текті және басқа сөз таптарына қатысты болып келеді. Кейбір тілдерде басқа сөз таптарының құрамында қаралады. Мысалы, үш, төрт есептік сан есімдері — зат есім-сан есімдер, үшінші, төртінші реттік сан есімдері сын есім-сан есім түрінде қаралады. Есімдік пен сан есім дәстүр бойынша толық мағыналы сөз таптарына жатқызылып жүр. Сөздерді тапқа бөлу мәселесі өте көне дәуірлерден басталады (Аристотель, т. б. грек ғалымдары, үнді ғалымдары Панини, Яска т. б.). Тіл білімінде сөз таптарын жіктеу мәселесі күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Оған байланысты проблемалар аз емес.
93.Мазмұн өрісі мен жеткізу өрісі дегенді қалай түсінесіз.
Мазмұн өрісі(латынша planus-жуық,тегіс)-ой жеткізу өресімен қатар , тілдің екі автономды (жеке) өрісінің бірі.Мазмұн өресі әр адам ойының құрылысына ,әрі тілден тәуелсіз(тілден өзге) шындыққа сәйкес келуге тиіс тілдің мағыналық жағын көрсетеді.Ой жеткізу өресі мен мазмұн өрісі арасында нақты (семиотикалық) ассиметрия бар.
Жеткізу өресі-мазмұн өресімен қатар , тілдің екі автономды өресінің бірі және мазмұн өрісін өрнектеу дыбыстық және графикалық (белгілік) қызмет етеді.Дыбыстық жүйе адамның айту және есту қабілетіне сәйкес келуге тиіс. Жеткізу өресі мен мазмұн өресі арасында нақты (семиотикалық) ассиметрия бар.
Мазмұн –басылып жатқан басылымдағы шығармалардың бас тақырыптары , сондай-ақ, шығарма немесе тармақ басталатын беттері көрсетіліп, топтастырылған шығармалардың тармақ бас тақырыптары болып келетін басылым аппаратының элементі.
94.Атаудың грамматикалық категориялары жайында айтыңыз. Дархан
Грам матикалық категория(гр. Gramma-әріп, kategoria- рікір айту.)- мағынасы бір типтес грамматикалық тұлғалардың бір-бірінен өзгеше жүйесі(шақ, жақ, етіс, т.б.)
Грамматикалық категорияның 2 түрі бар:
-морфологиялық
-синтаксистік.
Морфологиялық категорияға етіс, шақ , жақ септік, рай, т.б. жатады. Жүйелі түрлері сөздердің ірі грамматикалық топтарын(сөз таптары) жасайды. Мысалы, қазақ тілінде орыс тіліндегідей вид және род жоқ
Синтаксистік категория- сөз тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу қабілетіне қарай жіктеледі. Қазіргі кезде синтаксистік категория дұрыс зертттелмеген.
95.Етістіктің грамматикалық категориялары жайында айтыңыз.
Етістіктің категориялары:
1.Рай категориясы:ашық рай,шартты рай,бұйрық рай,қалау рай.
2.Шақ категориясы:осы шақ,оның түрлері жасалуы, өткен шақ,түрлері жасалуы, келер шақ,түрлері жасалуы.
3. Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.Жақ категориясы.
4.Етістіктің сөйлемдегі қызметі.
Етістік қимылды,іс-әрекетті білдіретіндіктен,сөйлемде көбінесе қимыл иесі- субъектінің пікірі,іс-әрекетті шындыққа қаншалықты қатысты екенін көрсетіп, модальдік мәнге ие болып отырады.Етістіктің жалпы грамматикалық мағына- сының үстіне үстелетін осындай модальдік мәндер рай категориясының жеке түрлері негізінде іске асады.
Ашық рай қимылдың,іс-әрекеттің белгілі бір негізде болу-болмауымен,яғни шақтық ұғымымен байланысты.Басқаша айтқанда,үш шақтың бірінде қолда- нылған етістік ашық рай тұлғасында тұрған болып есептеледі.
Шартты рай қимылдың,іс-әрекеттің болу-болмау шартын білдіріп,етістік тү- бірлерге ,етістіктің етіс,күшейтпелі,болымсыз етістік тұлғаларының үстіне –са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады да,жіктеліп қолданылады.Мысалы, Сен бар+са+ң,Ол бар+са.
Бұйрық рай қимылдың,іс-әрекеттің орындалу-орындалмауында біреуге бұйыру,тілек ету,түрткі болу сияқты мағыналарды білдіреді.Бұйыру мәні ІІ- жақта айқын болады да,ІІІ-жақта бұйыру,өтіну мәні басым болады,алІ-жақта бұйрықтан көрі сөйлеуші қимылды,іс-әрекетті өзі ниет етіп,орындайтынын білдіреді.
Қалау рай айтушының қимыл,іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, тілегін,ынтасые білдіріп,етістік түбір мен етістіктің күшейтпелі,болымсыз етіс- тік тұлғаларына-ғы/гі,-қы/кі қосымшалары үстеліп,оның үстіне тәуелдік жалғауы қосылып «кел»көмекші етістігі тіркесіп немесе етістік түбірге-са(-се) тәрізді аналитикалық форматтар арқылы тіркесу арқылы жасалады. Мысалы, Менің барғым келеді.
Шақ іс-қимылдың,жай күйдің орындалу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория.
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың,іс-әрекеттің болып жатқанын,өтіп жатқанын білдіреді.Осы шақ мағыналық ерекшелігіне қарай нақ осы шақ,ауыспалы осы шақ болып бөлінеді.
Нақ осы шақ-қалып етістіктің тікелей жіктелуі арқылы не көсемшенің-ып,-іп, -п,-а,е,й тұлғасындағы негізгі етістікке осы қалып етістіктің тіркесіп келуі арқылы жасалады.
Ауыспалы осы шақ-а,е,й тұлғалы етістіктің жіктеліп келуі арқылы жасалады.
Өткен шақ-қимылдың,іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткенін білдіреді.
Жедел өткен шақ(-ды,-ді,-ты,-ті)қимылдың,іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттың алдында ғана болып кеткенін білдіреді.
Бұрынғы өткен шақ-қимылдың,іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқай- да бұрын ертеде өткенін білдіреді.
Ауыспалы өткен шақ-есімшенің-атын,-етін,-итін,-ар,-ер,-р және еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады.
Келер шақ-қимылдың,іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатынын білдіреді. Болжалды келер шақ-ар,ер,р. Мақсатты келер шақ-мақ,мек. Ауыспалы келер шақ-а,е,й.Сенімді келер шақ-ғалы,гелі.
Етістіктің жіктік жалғауларын қабылдап,қимылдың қай жақтағы субъектіге тән екенін көрсетуін етістіктің жіктелуі дейді,жіктік жалғаудың үш жағы бар.
І-сөйлеуші жақ,ІІ-тыңдаушы жақ,ІІІ-бөгде жақ.
96.Сөз тіркесі дегеніміз не?Оған қандай қасиеттер тән және қандай түрлерін білесіздер?
Сөз тіркесі-синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобы.Сабақтаса байланысқан сөз тіркесі екі сыңардан тұрады:бірі-оның ұйытқы бөлігі,яғни басыңқы сыңары,екіншісі-оған қатысты тәуелді бөлігі,бағыныңқы сыңары.Кез келген сөздерден сөз тіркесі жасалмайды.Өзара мағыналық байланыстағы сөздердің синтаксистік қарым-қатынасынан жасалады.Сөз тіркесі сөйлем құрамына енеді,сөйлем құраудың материалы болып табылады.Сөз тіркесі ұғымын фрзеологиялық(есінен тандыру,тіс қаққан) немесе номинативті (бәйтерек,алагеуім) тіркестерімен шатастырмау керек.Сөз тіркесі есімді сөз тіркестері,етістікті сөз тіркестері болып ,екі үлкен топқа бөлінеді.Олардың әрқайсысы өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді.Мысалы:қызық өмір,жастық шақ, балалы үй,дәулетке бату,өрістен қайту.
Маңызды мәселелердің бірі сөз тіркестерін топтастыру. «Қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында»сөз тіркестері жаңаша топтастырылған.Құрамына қарай сөз тіркестері жалаң сөз тіркесі,күрделі сөз тіркесі,аралас сөз тіркесі.
1.Жалаң сөз тіркесі деп сөздердің бір еселі,екі еселі,үш еселі байланыснда негізделген тіркесін айтамыз.Мыс:
2 мүшелі сөзді тыңдау,3 мүшелі кітапты оқушыға беру,4 мүшелі кітапты орысшадан қазашаға аудару болып бөлінеді. Мысалға келтірілген жалаң сөз тіркестерінің бәрі меңгеру арқылы байланысқан.Жалаң сөз тіркесі негізінде күрделі,аралас сөз тіркестері жасалады. 2.Күрделі сөз тіркесі 2 немесе оданда көп жалаң сөз тіркесі қосындысынан жасалады,бір ғана ұйытқы сөзге келіп тірелетін әр басқа байланыстардың жиынтығына негізделеді.Мысалы:шығарманы қызығып оқу деген күрделі сөз тіркесі 2 жалаң сөз тіркесінен (шығарманы оқу ж/е қызығып оқу)құралып, бір ғана ұйытқы сөзге(оқу) келіп тірелетін екі түрлі байланыс- меңгеру (шығарма- ны оқу) мен қабысу(қызығып оқу) түйісуінде негізделген.
Күрделі сөз тіркесі бір ғана ұйытқы сөзге тірелетін екі не одан көп әр басқа байланыс түрлерінің негізінде жасалса,аралас сөз тіркесі әр басқа ұйытқы сөздерге тірелетін әр түрлі байланыстардың негізінде жасалады.Мысалы: мазмұнды шығарманы қызығып оқу деген аралас сөз тіркесі әр басқа ұйытқы сөздерге тірелетін әр түрлі байланыстың негізінде жасалып,бірнеше сөз тіркестерінің түйісуінен құралған.Бұл аралас сөз тіркесінің құрамында мынандай сөз сөз тіркестері бар:мазмұнды шығарма(қабыса байланысқан сөз тіркесі,ұйытқы сөзі-шығарма),шығарманы оқу(меңгеріле байланысқан сөз тіркесі;ұйытқы сөзі-оқу),қызығып оқу(қабыса байлаеысқан сөз тіркесі;ұйытқы сөзі-оқу).
97. сөздердің байланысу типтері жайында не айтасыз және қандай мысалдар келтіресіз?(қазақ,орыс, ағылшын т) Сөйлемдегі сөздер әр түрлі ыңғайда байланысады. Олай болса сөйлемдегі, сөз тіркесіндегі сөздерді тек байланысу тәсілдеріне қарай емес, байланысу түрлеріне қарай да топтастыруға болады. Қазақ тілінде сөздердің байланысуы бес түрге бөлінеді.Сөздердің байланысу түрлеріҚиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу.
1. Қиысу — баяндауыштың бастауышпен байланысы. Мысалы: Біз оқушымыз. Сендер студентсіңдер. Мен жазушымын. Мен оқыдым. Біз оқыдық. Бұл —Көктөбе, Табысымыз мол, ертеңіміз айқын (газеттен).2. Меңгеру — сөздердің өзара септік жалғауларының (ілік пен атаудан басқа) біреуі арқылы байланысқан түрі. Мысалы: Алтын етікті де аяққа киеді. Жақсы ісімен жақсы. Мектепке барды.3. Матасу - ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. Мысалы: ағаштың бұтағы, менің ағам.4. Қабысу деп сөз бен сөздің өзара ешбір жалғаусыз тұрған орны арқылы байланысуын айтамыз. Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат.5. Жанасу - сөздердің жалғаусыз орын тәртібі арқылы байланысуының бір түрі. Мұның қабысудан айырмашылығы - тіркескен сөзінен алшақтап араға сөз салып та тұра алады. Мысалы: шарықтап ұшу, шырақтап көкке ұшу, ертең бару, ертең киноға бару.
Орыс тілінде 3 сөз байланысу типі бар.Орыс тілінде қиысу болмайды, өйткені орыс тілінде бастауыш пен баяндауыш сөз тіркесі бола алмайды.
Согласование – қабысу, мысалы: родная сестра, чистая вода.
Управление- меңгеру, мысалы: мой учебник, подъехать к дому.
Примыкание- жанасу, мысалы: уехал учиться, сделал нарошно. Ағылшын тілінде мысал керек!!
98.сөйлем мүшелері деген не? Анықтамасын айтыңыз?
Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мүшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді:
тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш);
тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш).
Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізгі арқауы саналады, предикативтік қатынас негізінде ең кіші сөйлем ретінде жұмсалып, олардың негізінде тақырып, рема, тіпті есімді, етістікті сөз тіркестері айқындалады.
Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі, ол нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғаларда есімдіктен, есім сөз таптарынан, ал баяндауыш бастауыштың негізгі қасиеттерін нақтылай келе етістіктен, т.б. сөз таптарынан жасалады. Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышқа тікелей қатысты болып, сөйлемде айтылуға тиісті ойды толықтырып, айқындап тұрады.
Толықтауыш септелген сөздердің заттық қасиетін көрсетеді де, тура және жанама түрлерге бөлінеді.
Анықтауыш заттың, субстантивтенген сөз таптарының, септік жалғаулы пысықтауыштарды айқындайды, оның сапалық, меншікті түрлері бар.
Пысықтауыш көбіне қимылға, кейде есімдерге де қатысты жұмсалады. Сөйлем мүшелері негізінен дербес мағыналы сөз таптарынан жасалады, олардың жасалуына көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздер де қатынасады, дербес мағыналы сөздердің семантикасын осы көмекші сөздер айқындайды. Сөйлем мүшелері дара, күрделі, үйірлі, кейде құрама болады.
99. жай сөйлем дегеніміз не? Оған қандай қасиеттер тән.
Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады. Мысалы, “Жаз”. “Жаз келді”. “Жазда жеміс-жидек піседі”. Жай сөйлемдер қос сыңарлы болып та, жеке сыңарлы болып та келе береді. Жай сөйлем қос сыңарлы болғанда тұрлаулы мүшенің екеуі де қатынасады: “Студент оқып жүр”. “Марат — студент”. Қос сыңарлы жай сөйлемде сөз саны елеулі қызмет атқармайды, бастысы — сөйлемнің екі тұрлаулы мүшесінің неше сөзден құралғанына қарамастан, бір ғана тиянақты ойды білдіруі. Оның етістіктен ғана жасалған баяндауышқа аяқталуы міндетті емес. Есім баяндауышты да жай сөйлем бола береді. Жай сөйлем жеке сыңарлы болғанда, ол сөйлем не тек бастауыштан, не тек баяндауыштан тұрады: “Біздің ауыл”. “Қала көшесі”. “Таң атып келеді”. “Күн батып бара жатыр”. Семантикалық жағынан келгенде, жай сөйлем толық мағыналы сөздерден құралып, сөйлемнің мазмұнын айқындап тұруы керек. Жай сөйлем бірнеше топқа бөлінеді. Олар: толымды, толымсыз, жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, атаулы.
100. Құрмалас сөйлем деген не? Құрмалас сөйлемнің қандай түрлерін білесіз? Негізгі қасиеттер атаңыз?
Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді:
а) Салалас құрмалас сөйлем;
ә) Сабақтас құрмалас сөйлем;
б) Аралас құрмалас сөйлем.
Құрмалас сөйлемнің белгілері:
кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті;
жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі;
негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді.
Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.


Приложенные файлы

  • docx 7704502
    Размер файла: 691 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий