?аза?станны? жа?а заман тарихы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Қазақстан жаңа заман тарихты
пәнінен оқу-әдістемелік кешені
050114 «тарих» мамандағы (бакалавриат)
050114 «тарих» мамандағы студенттеріне арналған
пәннің оқу-әдістемелік кешені
(бакалавриат)
Қостанай 2009
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Қазақстан жаңа заман тарихы
пәннің силлабус жинағы
050114 «тарих» мамандағы студенттеріне арналған
(бакалавриат)
Қостанай 2009

1.Қолданыстағы оқу бағдарламасы
ПӘННІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Алғы сөз.
Қазақстан жаңа заман тарихы - әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклындағы дербес пән. Пәнді оқыту барысында қоғамның негізгі даму процестері мен заңдылықтарын ежелгі заманнан күні бүгінгі дейінгі аралықты қамтиды.
Тарихи оқиғаларды оқып зерттеуде тарихи ақиқатын танып, ақтаңдақтардан ажырата білуге студенттердің мән беруіне үйрету. Сонымен қатар студенттердің тарихи ұлттық санасын қалыптастырып және тарихи ұлттық құндылықтарды танып білуге патриоттық сезімдерін қалыптастыру.Әлемдік білім кеңістігіне терең бойлап тәуелсіз Қазақстан өзін жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан білікті мамандарын биік деңгейден көргісі келетіндігі заңды құбылыс. Қазақстан мамандары дүниежүзілік саяси-экономикалық додада басқа жұртпен тең түсіп, өз үлесін бөгдеге қолынан бермей, білімді де білікті болуы жоғарғы оқу орындарындағы алатын білім сапасына байланысты.
Бұл орайда Қазақстан тарихы пәніне қойылатын талаптар мен міндеттер студент жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиеленуге бағытталады. Тәуелсіздігіміздің арқасында оқу жоспарына кірген халқымыздың төл тарихы елеміздің нағыз патриоттарын дайындауда өз үлесін қосуға міндетті.
Қазақстан тарихы институтың барлық мамандықтары бойынша бірінші курста оқытылады. Оның негізгі мақсаты Қазақстан жеріндегі ру - тайпалар мен ұлыс - ұлттардың сонау көне заманнан осы күнге дейінгі тарихына тоқталу.
Осыған байланысты пән өзінін алдына төмендегідей міндеттер қояды:
Халқымыздың тарихына байланысты қалыптасқан ұғымдар (дефениция) мен парадигмаларға түснік беру
Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі, жаруашылығы және мәдениеті жөнінде білім беру
Қазақ халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі және қазақ мемлекетінің келешегі жөніндегі көкейтесті мәселелерді талқылау.
Оқытушының негізгі мұраты- студент жастарға тек қана осы пән бойынша терең білім беріп қана қоймай, олардың азаматтық позициясының қалыптасуына ат салысу. Пәнді игерген маман елеміздің парасаты, іскер, жоғарғы мәдениетті, патриот азаматы болуы керек.
П р е р е к в и з и т т е р і
Қазақстан жаңа заман тарихының демократиялық және өркениеттілік бағытта дамуын айқындайтын шешуші тарихи факторлардың қағидалары мен өркениеттілікті өскелең ұрпақ бойында берік қалыптастыру болып табылады. Жоғары оқу орындарында өтілетін Қазақстан ежелгі тарихы, Қазақстан орта ғасыр тарихы, әлуметтану,т.б.пәндердіңжалғасы болып табылатын Қазақстан жаңа заман тарихы тарихи өзгерістерін ой елегінен өткізе отырып, рухани-адамгершілік, мәдени-тарихи құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында «Қазақстан жаңа заман тарихы» пәнінің алатын орны ерекше.
П о с т р е к в и з и т т е р і
Жоғары оқу орындарындағы жалпы білім беретін пән ретінде «Қазақстан жаңа заман тарихы» курсының XXI ғ. білікті, білімді, мәдениетті адамын қалыптастыруда Қазақстан тарихының жаңа заман тарихын оқып-білу үшін, жас ұрпақ мектеп қабырғасынан қоғамдық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Жоғары оқу орындарында өтілетін Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану,құқық негіздері, этнология, білімдері, өнертану, дінтану, т.б. пәндермен байланысында Қазақстан жаңа заман тарихы білімдері әрі қарай нақтылана, толыға түседі. Қазақстан жаңа заман тарихы Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы ғылымдар кешенінің негізі болып табылады.
Курстың мақсаты:
1.Қазақ халқының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін және шаруашылығы мен тұрмысын элеуметтік-саяси кұрылым жүйесінің тарихи даму заңдылықтарын оқып игеру.
2.Көшпенділер өркениетіндегі қазақ халқының өзіндік ұлттық ерекшелік өркениетіндегі еркшелігімен маңыздылығын ашу және әлемдік өркениет жүйесіндегі орнын көрсету.
3.Тарихи жеке түлғалардың тарихтағы орнын көрсету. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың және қоғамымыздағы реформалардың маңызын ашу.
4.Негізгі тарихи мэселелердің шешімін қарастыру: этногенез мемлекеттілік тарихи ұлт-азаттық қозғалыстар және саяси ағымдар, көшпенділер мәселесі және т.б.
5.Қазіргі жағдайдағы табиғатқа адамның қатынасын жэне экологиялық мәселелердің негізгі ерекшеліктерін ашу.
6. Алдымен қойылатын талап: ойлау қабілеті, сараптап ой елегінен өткізіп қабылдау.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Оқу бағдарламасы
Жоғары кәсіптік білім Қазақстанның жаңа 050114 «Тарих» мамандығы үшін
З кредит(135 сағат)
Түсінік хат
Бағдарлама Қазақстан тарихының жаңа кезеңіне арналған. Аталмыш кезең - тарихи тұлға мен қоғам арасындағы және осы бір қайшылықты замандағы түрлі этникалық топтардың қалыптасуы - мен тағдырының, өзара күрделі байланыстарының көрінісі, көшпелі мемлекеттердің көрші империялардың үлкен саясатының кұрбаны болғанының куәгері. Бұл кезең ұлттық мемлекетіміздің дамуы мен кейіннен дербестігінен айрылып отарлану проблемаларын студентгердің айқын тануына мүмкіндік береді.
Бағдарламада казақ халқынынң тағдырының көрші елдер тарихының проблемаларымен сабақтастығы негізделеді. Соның ішінде Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығы арасындағы тартысты катынастар, қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының негізгі шайқастары жаңа зерттеулердегі фактілік материалдар мен жаңаша пайымдауларға сүйеніп беріледі. Ал Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы I Петрдің "шығыстық саясатындағы" Азияға енетін қақпа деп қарайтын жоспары тұрғысынан карастырылғандығы және мұның шаруашылық және әскери-саяси отарлауға ұласуы қазақтардың мемлекеттілігінен айрылуына алып келгендігі тұрғысынан қорытылды. Кіші және Орта жүздің ішкі бытыраңқылық, рулық талас-тартыс пен билік үшін саяси күрес жағдайында - Ресей бодандығын қабылдауға мәжбүр болатынына көңіл бөліңді.
Отарлану кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси езгерістер, ағартушылық пен миссионерлік, жаңа мектеп жүйесінің қалыптасуы өзара байланыста қарастырылады. Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарының дамуы көрсетіледі. Біртіндеп жалпы ресейлік рынокқ енуі, Қазақстанның экономикалық жағынан игерілуі, сауда мен қатынас жолдарының салынуы және орыс мәдениетінің өлкеге таралуы қарастырылады.
Жаңа замандағы Қазақстан тарихының өзекті проблемаларының тарихнамасын және сол бағыттағы соңғы зерттеулердің тұжырымдарын қамтып, салыстырмалы түрде беру студенттердің өзіндік ізденулеріне түрткі болады. Курстың басты мақсаты - әлемдік тарихтың құрамдас белігі болып табылатын Отан тарихы туралы білімді студенттер санасында тереңдету, оларды азаматтыққа, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Курстың негізгі міндеттерінің қатарында Қазақстан тарихнамасыны концептуалды өзгерістерін сараптай білу, деректік материалдармен жұмыс жасауды тереңдетіп меңгерту.
Қазақстанның жаңа тарихы пәні
1.Типтік бағдарламасын жасаған
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті тарих факультетінің тарих кафедрасының доценті т.ғ.к. Утебалиев Ж.Е., доцент міндетін атқарушы Қайрғалиев М.Қ.; мақұлдаған Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалык үниверситетінің оқу-әдістемелік бірлестігі. Б. №7 03 0305 ж.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 11. 05. 2005 ж. №289 бұйырығымен бекітілген және пайдалануға рұқсаты етілген.
3. Бірінші рет енгізілген
4. Типтік оқу бағдарламасы 050114 «Тарих» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған.
Бұл типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің рұқсатынсыз көбейтіліп таратылмайды.
Автор: т.ғ.к.., доцент Утебалиев Жигер Есиркепович т.ғ.к Қайргалиев Максут Қайргалиевич
Пәннің мазмұны
XVIII ғасырдың басы мен 1914 жылға дейінгі Қазақстан тарихының түйінді проблемалары:
Қазақ хандығының дәстүрлі қоғамдық-саяси жүйесі және оның өміріндегі өзгерістер,
қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі,
Қазақ хандығының көршілерімен қарым-қатынастарының
өзекті мәселелері,
-қазақ жерінің Ресей империясының құрамына енгізіліп,Қазақстанды отарлау шаралары,
- хандық биліктің жойылуы,
-казақ халқының дара тұлғалары - Әбілқайыр, Абылай және Кенесары хандардың, Төле, Қазыбек, Айтеке билердің Шоқан, Абай, Ыбырай секілді ағартушылардың тарихтағы орны,
-отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалысы және олардың жетекшілері,
әкімшілік-аумақтық жаңа жүйенің енгізілуі және оның сипаты,
қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысы мен оның зардаптары,
мәдени өмірдегі өзгерістер,
XX ғасыр басындағы, :Қазақстанның қоғамдық-саясидамуы, реформаторлық идеялар мен жалпы ұлттық баспаның пайда болуы қарастырылады.
Курстің типтік бағдарламасы
1- тақырып. ХҮІІІ-ХХ ғ. басындағы Қазақстан тарихы бойынша тарихнама және деректемелер
Зерттеулер мен дерек көздеріне шолу. Тарихи проблемалар және оларға жаңаша көзқарастар. Қазақстан тарихы проблемаларының шет елдік тарихнамаларда көтерілуі.
2-тақырып. ХҮІІІ ғ. бірінші жартысындағы Қазақ хандығындағы жағдай
Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайы. Сыртқы қарым-қатынастар. Жоңғарлардың жаулап алу саясатының күшеюі. Қарақұм съезі. Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама. Ордабасындағы бүкілқазақ съезіндегі өзара келісімге келу. Аңырақай шайқасы.
3-тақырып. ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақстан мен Ресей
Дипломатиялық келіссөздер. Бухгольц, Бекович-Черкасский экспедициясы. Әбілқайыр ханнның келіссөздері. А.И.Тевкелевтің елшілігі. Қазақ хандығындағы саяси топтар күресі. Ресей билігін қабылдау. Отарлау шаралары. Орынбор экспедициясының қызметі.
4-тақырып. Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы (ХҮПІ г. 30-40 жж.)
Бекіністер салу. Ресеймен экономикалық байланыстардың барысы. Миллердің Галдан-Церенге елшілігі және оның нәтижелері. Кіші, Орта жүздердің Ресей бодандығын қабылдауы.
5-тақырып. ХҮІІІ екінші жартысы -XIX бірінші жартысынадағы қазақ қоғамы
Қазақтардың шаруашылығы. Тау-кен орындарының ашылуы және оларды игеру. Қазақ халқының кұрамдық сипаттамасы. Қоғамның әлеуметгік топтарға жіктелуі. Сыртқы сауда. Сауда орталықтары.
6-тақырып. ХҮІІІ ғ. аяғы -ХІХғ. басындағы отаршылдыққа қарсы күрес
Кіші жүздегі ішкі саяси жағдай. Қазақтардың Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы. Проблемаларға жаңа көзкзрас. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық козғалысы. Игельстромның жобасы. Хандық билікті жою және оны қалпына келтіру себептері. Шекаралық соттың құрылуы. 90-жж.қозғалыстың жаңа кезеңі. Хандық кеңес. Қозғалыстың жеңілуі және маңызы.
7-тақыып. ХҮІІІ ғ. Қазақстан мәдениеті
Ауыз әдебиеті. Жыраулар (Бұқар, Ақтамберді, Шал, Тәттіқара, Үмбетей және т.б.) Халық шығармашылығындағы батырлар. Эпикалық және музыкалық шығармалар. Шешендік өнер. Еуропа және орыс ғалымдары Қазақстан туралы. Академиялық экспедициялар.
8-тақырып. ХҮІІІ ғ. 50 жж. - XIX ғ. бірінші ширегіндегі Крзақстандағы саяси үрдістер
Орта және Ұлы жүздер аумағында жоғарғы биліктің нығаюы. Абылайдың ішкі-сыртқы саясаты. Сібір ведомствосының ХҮІІІ ғасырдың екінші ширегіндегі Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарындағы саясаты. Қазақ-қытай қатынастары. Жоңғар-қазақ соғысының аяқталуы және олардың тарихи маңызы. Орта жүздегі Абылай хан мұрагерлерінің тұсындағы саяси жағдай.
9-тақырып. ХҮІІІ және XIX ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан.
Қазақтардың Ташкент иелігінің құрамында болуы. Қоқан және Хиуа хандықтарының соғыс экспансиясы. Жетісуға Ресей ықпалының таралуы.
10-тақырып. Қазақстаңда Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі
1822 жылғы "Сібір қырғыздары туралы жарғы" және 1824 жылғы "Орынбор қырғыздары туралы жарғы". Хан билігінің жойылуы. Әскери отарлаудың күшеюі. Әкімшілік-аумақтық жаңа жүйенің енгізілуі.
ІІ-тақырып. Қазақтардың Орта Азия хандығының езгісі мен Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық күресі. Қаратай, Арынғазы сұлтандардың және Жоламан Тіленшеұлының бастаған қозғалыстары. Ұлы жүздің Қоқан хандығына қарсы күресі. Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күресі. ХІХғ. Арал өңірі қазақтарының Хиуа хандығы: мен Ресейге қарсы ұлт-азатгық күресі.
12-тақрып. Қазақ жерлерін Ресейге қосудың аяқталуы
Бейбіт және күштеу әдістері. Ұлы жүздің Ресей билігін қабылдауы. Перовскийдің жорығы. Сырдарияда әскери шеп салу. Қоқан хандығының жойылуы және Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуы. Жетісу мен Онтүстік Қазақстанның Ресей құрамына енуі. Проблемаларды салыстырмалы талдау.
13 тақырып. XIX ғ. брінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
Халық ақындары мен азаттық күресі. Батырлық және лиро-эпостық поэмалар. Музыка, ән. Орыс жер аударылғандары, ғалымдары Қазақстан туралы. Орысша білім берудің басталуы.
14-тақырып. Қазақстан Ресей империясының құрамыңда. XIX ғ. 60-90 жылдарындағы Қазақстанның әкімшілік-саяси жағдайы.
1867-1868 жылдардағы реформа және оның сипаты. XIX ғ. екінші жартысындағы қазақтардың көтерілістері. Орал, Торғай, Маңғыстаудағы көтерілістердің сипаты мен себептері. Қазақстандағы ХІХғ. 80-90 жж. _ әкімшілік-саяси реформалар.Әкімшілік құрылымды, басқару жүйесін қайта құру. Сот құрылысы. Салық салудағы өзгерістер. Қорытындылар.
16-тақырып. Реформадаи кейінгі Қазақстан тұрғындарының этнодемографиялық сипаты
Халықтың полиэтникалық құрамы: негізгі факторлар, қалыптасу көздері, құрамы. Қазақстанға-қоныс аудару қозғалысы. Қазақстандағы казактар. Ресей шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару туралы «Уақытша ереже». Оның көздері. Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. Қазақ ауылы.
17-тақырып. ХІХғ. соңындағы Қазақстанның экономикалық дамуы
Жалпы ресейлік экономикаға тартылу. Қазақстанның Ресейдің шикізат және рынок көзіне айналуы. Егіншілік пен аграрлық қатынастар. Сауда, жәрмеңкелер. Қалалардың шаруашылық және саяси өмірдегі ролі. Кәсіпкерліктің басталуы. Кәсіпкерлердің әлеуметтік және ұлттық құрамы. Көпестер, көпес капиталдары. Өнеркәсіп жұмысшылары.
18-тақырып. Қазақстанның XIX ғ. екінші жартысындағы мәдениеті
Қазақ әдебиеті. Ақындар мен композиторлар. Ұлттық сана-сезім. Халық ағарту ісі, ағартушылар. Мектеп жүйесінің көбеюі. Қазақстандағы өлкетану және, ғылыми зерттеу ұйымдары. Баспа және мерзімді баспасөздің қалыптаса бастауы. Қазақ ұлт зиялыларьшың калыптасуы.
19-тақырып. Кдзақстанның XX ғ. басывдағы әлеуметгік-экономикалық жағдайы
Тұрғындардың сословиелік-таптық кұрамы. Капиталистік кдтынастар. Акционерлік қоғамдар, компаниялар. Шетел капиталы. Щербина, Кузнецов, Румянцев экспедициялары. Столыпиннің аграрлық реформасы. Өнеркәсіп, жұмысшылар, қоныстандыру қозғалысы тарихнамасы.
20-тақырып. Қазақстанның XX ғ. басындағы саяси өмірі
Казақстандағы саяси өмірдің жандануы. Саяси топтар мен ағымдардың пайда болуы. Ұлттық-демократиялық қозғалыстың кең өрісі. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтардың қызметі.Әлеуметтік қарама-карсылықтың шиеленісуі. Мемлекеттік Дума сайлауына қазақстандықтардың катысуы. Думадағы қазақтардың аграрлық мәселесі және қазақ депутаттары. Қазақстандағы бас көтерулер.
Пәннің тақырыптық жоспары.
№ Тақырыптар Дәріс
1 Пәнге кіріспе дәріс. 1
2 XYIII – XIX ғ. Басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері. 1
3 ХҮІІІ ғ. І жартысындағы Қазақстандағы саяси жағдай. 1
4 ХҮІІІ ғ. Бірінші жартысындағы қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдай және көрші елдермен қарым қатынасы.
1
5 Қазақ халқының Жоңғар басқаншыларымен күресі. 1
6 ХҮІІІ ғ. басындағы Қазқстандағы саяси жағдай. 1
7 Қазақ билеушілерінің Ресей протекторлығын қабылдауы.
1
8 ХҮІІІ-ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ қоғамы. 1
9 Қазақтардың Е:П: Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы (1773-1775) 2
10 Күші жүздегі халық-азаттық қозғалысы (1783-1797ж.)
1
11 Абылай хан мемлекет қайраткері және саясаткер (1771-1784 жж). 1
12 Қазақстандағы ХVІІІ-ХІХ ғ. басындағы саяси жағдай. 1
13 Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғ. басындағы әлуметтік –экономикалық шаруашылығы 1
14 ХІХ ғ бірінші жартысындағы Ресейлік саяси-әкімшілік жүйесінің Қазақстанға еңгізілуі. 2
15 Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісі мен патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі ( ХІХ ғ.20-40 жж.) 2
16 Қазақ жерлерінің Ресейдің құрамына қосылуының аяқталуы.
2
17 XVIIІ-XIX ғ. І жартысындағы Қазақстанның мәдениеті. 2
18 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан. 2
19 Реформа кезіндегі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы. 2
20 ХІХғ. ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениеті. 2
21 ХХғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. 4
Барлығы: 30
Лекция сабақтарының жоспарымен мазмұны
Қазақстан жаңа заман тарихы
Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан жаңа заман тарихы пәні
Негізгі ұғымдар: Тарихи сана, далалық ауызша тарих, мәңгүрттік, шежіре, жазбаша деректер.
Жоспар:
1.Пәнге кіріспе. Қазақстан жаңа заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Жаңа заман тарихынның кезеңдері.
2.Қазақстан жаңа заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері.
3. Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.
Мақсаты: Қазақстан жаңа заман тарихы курсының пәндік мақсты мен міндеттерінің мазмұнын ашу.
Мазмұны:
1.Пәнге кіріспе. Қазақстан жаңа заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Отандық жаңа заман тарихынның тархи кезеңдері. 2.Қазақстан жаңа заман тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері.3. Қазақстан жаңа заман тарихы пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және пән аралық байланысы.
Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстан жаңа заман тарихы курсының пәндік мақсты қандай?
2. Қазақстан жаңа заман тарихы қандай кезеңдер аралығын қамтиды?
3.Қазақстан жаңа заман тарихы пәнінің басқа қандай қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы бар?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №2 XYIII – XIX ғ. Басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері.
Негізгі ұғымдар: Орыс – батыс тарихнамасы, қазақи ауызша дерек, жазбаша дерек, отарлау саясаты. Тарихи шежіре, саясаттырылған тарихи терминдар.
Жоспар:
Қазақстан тарихының тарихнамасы (XYIII – XIX ғ.басы)
Қазақстан тарихының XYIII – XIX ғ.басындағы қазақ деректері.
Орыс және шетелдік тарихнама XYIII – XIX ғ. басы.
Мақсаты: Осы кезең тарихының тарихтық, деректік кездерімен таныстыру. Ресей Федерация архив деректерімен таныстыру. Қазақы ауысша деректер шежіре, жыртолғау, билер мен жыраулардың тарихи дерек көсі болып табылатын еңбектерімен таныстыру.
Мазмұны:
1.Орыс – батыс тарихнамасы, қазақи ауызша дерек, жазбаша дерек, отарлау саясаты. Тарихи шежіре, саясаттандырылған тарихи терминдер. Ресей мемлекетінің құрамындағы қазақ халқының (XYIII – XIX ғғ) тарихының зерттелу тарихнамасы. Орыс тарихнамасындағы қазақтардың Жоңғарларға қарсы күресі.2. Қазақ-Жоңғар қатынастарын ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында М.-Ж.Көпеевтің, Ш.Құдайбердиевтің, М.Тынышбаевтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың еңбектері.3. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы тарихнамада: И.Я.Златкиннің, Н.Г.Аполлованың, В.Я.Басиннің, В.А.Моисеевтің және т.басқалардың тарихи монографиялық еңбектері. . Қазақстандағы академиялық эскпедициялар. П.С.Палластың (Путешествие по разным провинциям Российского госурдарства”, Ч.1-3, Сбп, 1773-1780); И.Георгидің (“Описание всех в Российском государстве обитающих народов” Т. І-ІY.СБП. 799-1799); П.Рычковтың (“Дневные записки капитана Н.Рычкова в Киргиз-кайсакской степи в 1771 году. Сбп, 1772) және т.б. еңбектері.
Бекіту сұрақтары:
1.XYIII ғ.мен XIX ғ.басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы туралы айтып беріңіз?
2.Қазақстан тарихының XYIII ғ.мен XIX ғ.басындағы қазақ деректерінің түрлерін айтып беріңіз?
3.XYIII ғ.мен XIX ғ. басысындағы орыс және шетелдік тарихшылардың еңбектерін атаңыз?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №3 ХҮІІІ ғ. І жартысындағы Қазақстандағы Саяси жағдай.
Негізгі ұғымдар: Аманат, керуен саудасы, казактар, Орда, шекаралық барымта.
Жоспар:
Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келісөздері.
Әбілқайыр ханның отарлаушы әкімшілікпен қарым-қатынастардың шиленісуі.
Қазақтар мен Ресей қарым қатынасы.
Мақсаты: Әбілқайырхандығының ішкі-сыртқы жағдайларының себебін ашып көрсету. Ресей патшалығының Қазақстанға деген мүлдесінбілдіру. Қазақ хандығының сырты-ішкі саяси жағдайларына саралау.
Бейнефильм: «Аңырақай шайқасы» «Қазақ батырлары жайлы» ТПРК 1997 ж.
Мазмұны:
1. XVIIIғ.Елдегі бытыранқылық және хан, сұлтан топтарының бейлік үшін күресі.Жоңғар әскери феодалдық мемлекетінің нығаюы және оның жаулап алу саясатының күшеюі. Қазақ жоңғар қатынастарының шиеленісуі.
2. «Ақтабан-шұбырынды, Алқакөл сұлама». Егіншілік ошақтары- Оңтүстік қалалардан айырылу. Ордабасындағы қазақ ақсақалдарының съезі – территориялық тұтастықты сақтап қалу мен өзара келісімге келу жолы. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі. Аңырақай шайқасы. 3.Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғышарттары.Қазақстанның Ресеймен дипломатиялық келіссөздері. И. Бухгольц, А. Бекович – Черкасский экспедициялары.А.И. Тевкелевтің елшілігі. Кіші жүз және ішінара орта жүз рулары қазақтарының Ресей империясы билігін қабылдауы. Патша үкіметінің алғашқы отаршылдық шаралары. И.К. Кирилов “Жобасы” , Орынбор (Қырғыз-Қайсақ) экспедициясының ұйымдастырылуы және қызметі.
Бекіту сұрақтары:
1.Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келісөздері немен аяқталды?
2.Әбілқайыр ханның отарлаушы әкімшілікпен қарым-қатынастардың шиленісуінің себептері неде?
3.Қазақтар мен Ресей қарым қатынасының саяси сипаты қандай болды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №4 ХҮІІІ ғ. Бірінші жартысындағы қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдай және көрші елдермен қарым қатынасы.
Негізгі ұғымдар: Бодандық, протекторат, мәмлегерлік, елші, Орда, Кіші жүз, шекара барымтасы.
Жоспар:
Әбілқайырханның саяси мемлекеттік қызметі.
Қазақ- Ойрат өзара қатынасының саяси сипаты.
Қазақ - Башқұрт қатынасы.
Мақсаты: Әбілқайырханның саяси мемлекеттік қайраткерлігін тарихи еңбектер негізінде саралау. Қазақ хандығының ХҮІІІ ғ. Саяси сыртқы мәселелеріне талдау жасау арқылы көрші елдермен қатнастарының саяси мәнін анықтау.
Мазмұны:
1.Кіші және орта жүз билеушілерінің арасында қайшылықтардың күшеюі. Аманат мәселесі. 40-жылдардың соңындағы патша үкіметінің Әбілхайырмен келіссөздері. Әбілқайырханның саяси мемлекеттік қызметі мен саяси мемлекеттік қайраткерлігін тарихи еңбектер негізінде саралау.Қазақ- Ойрат өзара қатынасы тарихының саяси сипаты. Орыс мемлекетінің қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан қорғау жөніндегі шаралары. Миллердің Галдан-Церенге елшілігі және оның нәтижелері. 2.Қазақ - Башқұрт қатынастары және патша үкіметінің бауырламс халықтарға қарсы саяси ұстанымдары.
Бекіту сұрақтары:
1.Әбілқайырханның саяси мемлекеттік қызметі ?
2.Қазақ-Ойрат өзара қатынасының саяси сипаты туралы не білесіз?
3.Қазақ-Башқұрт қатынасы жөніндегі патша үкіметінің ұстанымы қандай болды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №5 Қазақ халқының Жоңғар басқаншыларымен күресі.
Негізгі ұғымдар: Әділетсіз соғыс, басқыншылық соғысы, қолбасы, жүзбасы, мыңбасы, сарбаз, би, жаушы.
Жоспар:
1. Отан соғысының басталуы.
2.Шешуші шайқастар, олардың тарихи маңызы.
3.Батыр-билер жауға қарсы тойтарысты ұйымдастырушылар.
Мақсаты: Отан соғысы оның барысы туралы саралап бастапқы кездегі қазақ жасақтарының жеңіліс табу себептерін талдап көрсетуі. Сол кездегі батырлар, билер туралы реферат жазып келген студенттер пікірлері айтылады
Мазмұны:
1. Отан соғысының басталуы. Қазақ-жоңғар қатынастары пташа үкіметінің боданелдеріне қатысты саяси ұстанымдары.2.Қазақ-жоңғар,қазақ-қалмақ арасындағы болған шешуші шайқастар, олардың тарихи маңызы.3.Батыр-билер жауға қарсы тойтарысты ұйымдастырушылар.
Бекіту сұрақтары:
1. Отан соғысының басталуының себебін айтыңыз?
2.Шешуші шайқастар балған жерлердіатаңыз, олардың тарихи маңызы қандай болды?
3.Батыр-билер жауға қарсы тойтарысты ұйымдастырушы батырларды атаңыз?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №6 ХҮІІІ ғ. басындағы Қазқстандағы саяси жағдай.
Негізгі ұғымдар: Протекторат, бодан, тәуелдлік, суверенитет, егемен.
Жоспар:
1. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторлығын қабылдауы.
2. ХҮІІІғ. 40 жж. Қазақ-ойрат қатынастары.
Мақсаты: Қазақ жүздерінің Ресей протекторлығын қабылдауының тарихи жағдайындағы объективтік-субъективтік себептерін талдап ашу. Әбілқайырханның Ресейге қосылуға ұмтылу себептерін ашып, Әбілқайырхан өлгенінше Ресейге мойынұcұнбау әрекетінің себебінен Ресейліктердің Барақ сұлтанды қарсы қоюларының себебін дәлелдеу.
Мазмұны:
1. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторлығын қабылдаулары.
2. ХҮІІІғ. 40 жж. Қазақ-ойрат қатынастарына байланысты Абылай сұлтанның қалмақ тұтқынынан босануының саяси себептері туралы орыс тарихшыларының көз қарастары.
Бекіту сұрақтары:
1. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторлығын қай жылдары қабылдады?
2. ХҮІІІғ. 40 жж. Қазақ-ойрат қатынастарына байланысты Абылай сұлтанның қалмақ тұтқынынан босануының себептері туралы орыс тарихшыларының көз қарасы туралы не айтасыз?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №7 Қазақ билеушілерінің Ресей протекторлығын қабылдауы.
Негізгі ұғымдар: Саяси отарлау, қазақтар отарлау, саясатында бекініс, отарлық саясат.
Жоспар:
1. Әскери бекініс шептерінің салынуы.
2. Қазақстан ресей қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары.
3. Қазақстан даласындағы Ресей саясаты.
Мақсаты: Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттарын анықтау арқылы қазақ хандығының саяси жағдайының ішкі-сыртқы жағдайына баға беру.
Мазмұны:
1. Әскери бекініс шептерінің салынуы.2. Қазақстан ресей қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары. Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттарын анықтау арқылы қазақ хандығының саяси жағдайының ішкі-сыртқы жағдайына баға беру.Мәселенің тарихнамасы.3. Қазақстан даласындағы Ресей патша үкіметінің отаршылдық саясаты.
Бекіту сұрақтары:
1. Қазақ даласындағы әскери бекініс шектерінің салынуы қашан басталды?
2. Қазақстанның ресейге қосылуыныңсаяси себептерін аттаңыз?
3. Қазақстан даласындағы Ресей патша үкіметінің отаршылдық саясаты неден көрінді?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №8 ХҮІІІ-ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ қоғамы.
Негізгі ұғымдар: Ақсүйек, қара сүйек, мәслихат, керуен, хан, базарлары, қысау, жайлау, отырықшы, шекаралық сауда, шекаралық барымта, Шоқынғандар. Құң қырғыз-қайсақ.
Жоспар:
1. Қазақтардың шаруашылығы.
2. Қазақ даласындағы сыртқы сауда.
3. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Мақсаты:Ресейге қосылуына байланыста шекара саудасының пайда болуын көрсету, шекаралық барымтаның озбырлығын ашу, Орыс-Қазақ, Орыс-хиуалықтар саудасының пайда болуын алғы шарттарын көрсету.
Мазмұны:
1. Қазақстанның экономикалық жағдайы. Патша әкімшілігінің жер мәселесіндегі саясаты. Қазақ жайылымдары жүйесінің бұзылуы және еңбекші бұқараның наразылығы. Ресейдің қазақтардың шаруашылығына ықпалы.
2. Айырбас және сауда айналымдарының сипаты. Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстары.
3. Қазақ қоғамының таптық-сословиелік құрлымындағы өзгерістер және мүлік теңсіздігінің өсуі. Ауылдағы жұмыспен өтеу және азық-түлік рентасы формаларының одан әрі дами түсуі. Салық жүйесі.
Бекіту сұрақтары:
1. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы дегенді қалай түсінесің?
2. Қазақ даласындағы орыс-қазақ сыртқы сауданың қазақтар үшін пайдасы болды ма?
3. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы қандай болды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №9 Қазақтардың Е.П. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы. (1773-1775)
Негізгі ұғымдар: Шаруалар соғысы, жалған патша, шекара барымтасы.
Жоспар:
1. Қазақтардың Е. Пугачев басқарған орыс шаруаларының соғысына қатысуының саяси себептері. Шаруалар соғысының барысы мен тарихи маңызы.
2. Нұралы хан саясаты.
Мақсаты: Қазақтардың Е. Пугачев басқарған орыс шаруаларының соғысына қатысуының саяси себептерін деректер негізінде ашу. Соғыстың жеңілу себептері мен тарихи маңызын таныту.
Мазмұны:
1. Қазақтардың Е. Пугачев басқарған орыс шаруаларының соғысына Кіші жүз және Орта жүзқахзақтарының қатысуының саяси себептері. Шаруалар соғысының барысы мен тарихи маңызы.2.Патша үкіметінің Нұралы Әбілқайыр ұлын хан сайлауы және қазақ хандарының биліктегі дербестігінің шектелуінің саяси себептері Патша үкіметінің Нұралы ханды нөкерлерімен Уфаға шақыртып алып өмірінің ақырына дейін жібермеуі және отаршылдық саясаты.
Бекіту сұрақтары:
Қазақтардың Е. Пугачев басқарған орыс шаруаларының соғысына қатысуының себептері қандай?
2.Шаруалар соғысының жеңілуінің себебін айтыңыз?
3. Патша үкіметінің Нұралы ханды нөкерлерімен Уфаға шақыртып алып өмірінің ақырына дейін жібермеуіндегі саяси ұстанымы неде?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №10 Күші жүздегі халық-азаттық қозғалысы (1783-1797 жж.)
Негізгі ұғымдар: Орда, Ішкі Орда, биліктегі саяси дағдарыс. Дәстүрлі хандық билік.
Жоспар:
1. Күші жүздегі хандық биліктегі дағдарыс.
2. Сырым Датұлы бастаған Күші жүз қазақтарының көтерілісі
3. Бөкей хандығының құрылуы.
Мақсаты: Патша өкіметінің қазақ даласын отарлаудағы отаршылдық саясаттарын деректерге сүйене отырып, дәлелдеу.
Мазмұны:
1. Ресейдің Қазақстандағы ықпалының беки түсуі. Қазақ жерлерінің Ресейге қосылу процесінің кеңеюі. М.М. Сперанскийдің “Сібір қырғыздары туралы Жарғысы”. Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы. Әкімшілік басқарудағы өзгерістер. Орта жүзде сыртқы округтер мен округтік приказдардың ашылуы.
2. Көтерілістің себептері. Көтеріліс қарсаңындағы Кіші жүздегі тап күштерінің ара салмағы. Көтерілістің басталуы және барысы, оның сипаты және қозғаушы күштері. Генерал-губернатор О.А Игельстромның жобасы. Патша үкіметінің ағамандар (старшиндар)тобына сүйенуі.3. Бөкей (Ішкі Орда) хандығының құрылуы және ондағы басқару құрылымы. Бөкейдің билігі (1801-1815ж.ж). Кіші жүз хандығының саяси бағыты.
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №11 Абылай хан мемлекет қайраткері және саясаткер (1771-1784 жж.)
Негізгі ұғымдар: «Сабалақ», мәмлегерлік саясат, «Шанды жорық», «Қалмақ көшуі»,«Орта Орда».
Жоспар:
1. Орта жүздегі саяси ахуал, Абылай ханың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасы.
2. Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі.
Мақсаты: Абылай ханның ішкі-сыртқы саясаттаржүргізудегі қол жеткізген саяси табыстарын талдау арқылы оның саясаткер, мемлекет қайраткерлігіне баға беру. Абылай ханның мәмлегерлік саясаттағы шеберлігін көрсету. «Шанды жорық» Қалмақ-Жоңғар соғысының аяқталуын қорытындлау.
. Мазмұны:
1.Абылайдың әскери және мемлекеттік қызметінің басталуы. Оның мәмлегерлік саясаттағы шеберлігі, ішкі және сыртқы саясаты. 2. Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен және Ресеймен қарым-қатынасы. Абылайдың дипломатиялық шеберлігі. Жоңғарияның талқандалуы. Шығыс Қазақстан (Алтай мен Тарбағатай) мен Іле өңіріндегі тарихи қазақ жерінің қайтарылуы.
Бекіту сұрақтары:
1.Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен ұстанған саяси қарым-қатынасының нәтижесі қандай болды?
2.Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі туралы жазылған қазақ тарихшыларынан кімнің еңбегін білесіз және еңбек қалай аталады?
3. Неге «Шанды жорық» аталған?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №12 Қазақстандағы ХVІІІ-ХІХ ғ.басындағы саяси жағдай.
Негізгі ұғымдар: Шаңды жорық, Қалмақ көші, Еділ-Жайық қалмақтары, хандық билікті.
Жоспар:
1.Ресей патша әкімшілігінің Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХғ.басындағы саясаты.
2. Жоңғаряның талқандалуы. «Шаңды жорық»-жоңғар соғысының ақыры.
3.Қазақ-жоңғар тарихының тарихнамасы.
Мақсаты: Қазақ-Жоңғар соғысының тарихи маңызын ашу «Шаңды жорықтың»тарихи алғы шартын көрсету.Қазақ-Жоңғар қатынасының тарихының тарихнамасындағы тарихи пікірлерді саралау.
Мазмұны:
1.Ресей үкіметі XIX ғ. 20 жылдары хандық билікті жойып, елді билеуді жалпыресейлік тәртіпке жақындатудағы іс-әрекеттері. 2.Қазақ-жоңғар қатынастары. XVIII ғ. 70 жылдарындағы Еділ-Жайық қалмақтары. Қалмақ көші “Шаңды жорық” оқиғасы екі жүз жылдық соғыстың ақыры.3. Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен және Ресеймен қарым-қатынасы. Абылайдың дипломатиялық шеберлігі. Жоңғарияның талқандалуы. Шығыс Қазақстан (Алтай мен Тарбағатай) мен Іле өңіріндегі тарихи қазақ жерінің қайтарылуы. 4.Қазақ-жоңғар қатынастары тарихының тарихнамасы. Мәселеге салыстармалы талдау.
Бекіту сұрақтары:
1.Ресей патша әкімшілігінің Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғ.басындағы саясатының сипаты қандай болды?
2. Жоңғаряның талқандалуының себептерін айтыңыз?
3.Қазақ-жоңғар қатынастарының тарихы туралы кімнің еңбектерін білесіз?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №13 Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғ. басындағы әлуметтік –экономикалық шаруашылығы
Негізгі ұғымдар: Номадизм, Көшпелі мал шаруашылығы, шабындық жерлер, “Көлденең бағыттағы” көшу, мал өнімдері,жұт, арғымақ, “қазақы”жылқы.
Жоспар:
1. Мал шаруашылығы
2.Егін шаруашылығы.
Мақсаты. Қазақ халқының мал және егін шаруашылығы кәсібінің тарихымен таныстыру.
Мазмұны:
1. Қазақ халқының мал және егін шаруашылығы кәсібі. Қазақ-орыс зкономикалық байланыстарының қанат жаюы. Сауда және оның орталықтары. Пайдалы қазба байлықтарын іздеу және өндірудің басталуы.2. Қазақ билеушілерінің Хиуа, Бұқара, башқұрттармен қарым қатынасы. Қазақтардың көшпелі және тұрақты мекендері. Киіз үй түрлері. Қолөнер түрлеріжәне оның халық тұрмысындағы маңызы. Үй іші тұрмысындағы ұсталатын заттар. Сәулет өнерінің ескерткіштері, Қазақстанның оңтүстігіндегі қала мәдениетінің жағдайы.
Бекіту сұрақтары:
1. Мал шаруашылығына байланысты төрт түлік малдарды жыл маусымдарында қалай бағып күткен ?
2.Егін шаруашылығының қандай түрлері болды?
3.Түйелердің тұқымдары қалай аталған?
4.Жылқы тұқымын қалай тәсілмен асылдандырған?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №14-15 ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Ресейлік саяси-әкімшілік жүйесінің Қазақстанға енгізілуі.
Негізгі ұғымдар: Орынбор қазақтары жарғысы (устав), округ, болыс, шекаралық комиссия, әкімшілік-территориялық басқару жүйесі, дистанциялық жүйе, приказдар, казак, казачество.
Жоспар:
1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.
2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғы.
3.ХІХ ғ. ортасында Қазақстандағы казак әскерилері.
4.Жаңа әкімшілік –территориялық жүйе құрылымы.
Мақсаты: Ресейдің қазақ даласындағы билігінің беки түскенін көрсету. Әкімшілік басқарудағы өзгерістердің отарлық сипатын ашу. Казак әскерлерінің қазақ даласындағы Ресей қол шоқпары екенінің негізін дәлелдеп беру.
Мазмұны:
1. Ресейдің Қазақстандағы ықпалының беки түсуі. Қазақ жерлерінің Ресейге қосылу процесінің кеңеюі. Қазақстандағы хандық биліктің дағдарысқа ұшырау себептері. 2.1824 ж. “Орынбор қырғыздары туралы Жарғы” және кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. Сот ісіндегі өзгерістер. Реформалардың әлеуметтік-экономикалық және саяси салдары.3. Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. Орта жүзде сыртқа округтар мен округтік приказдардың ашылуы. Дистанциялық жүйенің Кіші жүзде енгізілуі және жүзді дистанцияларға бөлу.
Бекіту сұрақтары:
1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы неден көрінді?
2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғының түпкі саяси мәні не?
3.Жаңа әкімшілік –территориялық жүйе құрылымы бойынша қазақ даласы қандай әкімшілік аймақтарға бөлінді?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №16-17 Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісі мен патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі ( ХІХғ.20-40 жж.)
Негізгі ұғымдар: Қоқан билеушілері, халық көтерілісі, ұлт-азаттық қозғалыс, сұлтандар басқарған көтеріліс, ұрпақтар сабақтасығы,патша реформасы.
Жоспар:
1.Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) және Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) ұлт-азаттығы жолындағы қозғалыстары.
2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі (1821 ж.)
3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және Сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс.
4.Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі.(1836-1837 жж.)
5.Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс (1837-1847 жж.)

Мақсаты: Ғасырларға созылған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи маңызымен сабақтастығын дәлелдеу.
Мазмұны:
1.Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) ұлт-азаттығы жолындағы қозғалыстары. Арынғазы сұлтанның Калуга жерінежераударылуы. Патша үкіметінің Тұзтөбеге иелік ету және Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) ұлт-азаттығы жолындағы қозғалыстары.2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы азаттық көтрілісі (1821 ж.) 3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және Сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс. Сұлтан Саржан Қасымұлының тағдыры.4.Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі оның себептері қорытындылары.(1836-1837 жж.) 5.Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс (1837-1847 жж.) барысы көтерілістің қамтыған географиялық аймағы,жеңіліс табуының себебі.
Бекіту сұрақтары:
1.Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың және Жоламан Тіленшіұлының қозғалыстары немен аяқалды?
2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі қай жылы болды?
3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс қай жерлерді қамтыды?
4.Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі немен аяқталды ?
5.Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс неше жылға созылды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №18-19 Қазақ жерлерінің Ресейдің құрамына қосылуының аяқталуы.
Негізгі ұғымдар: Перовский жорығы (1839-1940), Ағылшындық «Азиаттық саясат», «Жалғыз ағаш шайқасы», А. Бутковтың Арал саясаты.
Жоспар:
1. Іле аймағын отарлау.
2.Ұлы жүз қазақтарының Ресейге таралуы.
3. Перовскийдің жорығы.
4.Қоқан хандығының жойылуы. Хиуаның тізе бүгуі.
5.Арал бойы қазақтарының Хиуалықтар мен Ресей басқыншыларына қарсы күресі.
Мақсаты: Оңтүстік Қазақстан бағытындағы ресей мен ағылшын сыртқы саяси мүдделерінің тоғысуын ашуы. Соның нәтижесінде Ресейдің Қазақстанның оңтүстігін отарлауды тездетуге итермелеген жағдайды дәлелдермен талдап көрсету.
Мазмұны:
1. Ұлы жүз қазақтарының Ресейге тартылуы мен Ұлы жүз сұлтаны Сүйік Абылайхан ұлының Ресей билігін қабылдауы I Александрдың Ұлы жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өткендігі жөнінде грамотасы.
2. Іле аймағын отарлау. Патша өкіметінің әскерлерінің Қоқан және Бұхара хандықтарына қарсы жаулап алу жорықтары. 3. Перовскийдің жорығы. Шымкент және Сайрамды алуы.4. Қоқан хандығының жойылуы және Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуы. Хиуаның тізе бүгуі. Жетісу және Оңтүстік Қазақстанның Ресей құрамына енуі.5. XIX ғ. 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі. Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері.
Бекіту сұрақтары:
1.Ұлы жүз қазақтары Ресейге қай жылы қосылды?
2. Перовскийдің жорығы немен аяқталды?
3. Арал бойы қазақтарына жүргізілген Қоқан хандығының жорықтары немен аяқталды?
4.Арал бойы қазақтарының Хиуалықтар мен Ресей басқыншыларына қарсы күресі қай жылы басталды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №20-21 XVIIІ-XIX ғ. І жартысындағы Қазақстанның мәдениеті.
Негізгі ұғымдар: Ағаш үй, құрық, желі,көнек, қауға , шынырау құдық, күбі,келі, қол диірмен, қымыранжент, уыз, т.б. қобыз,шақ қобыз, суырып салма ақын, жырдастан.
Лекция №20-21 XVIIІ-XIX ғ. І жартысындағы Қазақстанның мәдениеті.
Негізгі ұғымдар: Ағаш үй, құрық, желі,көнек, қауға , шынырау құдық, күбі,келі, қол диірмен, қымыранжент, уыз, т.б. қобыз,шақ қобыз, суырып салма ақын, жырдастан.
Жоспар:
Қазақтың музыкалық мәдениеті және оның өкілдері
XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы қазақтың ақын-жыраулары
Қазак халкы және оның мәдениет тарихының зерттелуі
Мазмұны:
1.Қобыз, шаң қобыз. Суырып салма ақын, жырдастан. Әндік циклдар. Елім-ай! “Шаңды жорық”, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жібек”.Эпикалық шығармалар. “Арқалық батыр”. Музыка шығармашылығы. “Абылай маршы”, “Асау Барақ”, “Сырым сазы” күйі және т.б.2. Бұқар жырау (Бұқар Қалқаманұлы, 1693-1768 ж.ж.) Ақтамберді жырау (1675-1768 ж.ж.), Шал (1748-1819 ж.ж.) Тәттіқара, Үмбетай және т.б. ақындар. Халық шғармашылығындағы батырлар: Қабанбай, Жәнібек, Әндік циклдар. Елім-ай! “Шаңды жорық”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қыз Жібек”. Эпикалық шығармалар. “Арқалық батыр”. Музыка шығармашылығы. “Абылай маршы”, “Асау Барақ”, “Сырым сазы” күйі және т.б.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық мәдениетімен танысу. Қазақы дәстүр сананың ұрпақтар сабақтастығын көрсету. Мәдени ұлттық мұраларды сақтаудың тарихи маңызын дәлелдермен баяндау.
Бекіту сұрақтары:
1.Қазақтардың тұрмыстық салт-дәстүрлеріне орыс мәдениетінің әсері болды ма?
2.Ауыз әдебиетінде халық бұқарасының азаттық күресі қалай бейнеленді?
3.XIX ғ. І жартысындағы қазақ әуез және әншілік өнерінің белгілі өкілдерін атаңыз?
4.Қазак халкы және оның мәдениет тарихының зерттегендерден кімдерді атай аласыздар?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №22--23 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан.
Негізгі ұғымдар: «Уақытша ереже», «Сібір қырғыздары облысы», шаруаларды отарлау, қоныс аудару.
Жоспар:
1. 1867-1868жж. Қазақстандағы патша үкіметінің реформалары.
2. Әкімшілік және басқару жүйесінің қайта құру.
3.Сот құрылысы.
4. Жетісуға ұйғырлар мен дүгендердің қоныс аударуы.
Мақсаты: Ресейдің қазақ жерлерін мемлекет меншігі етіп, заң жариялау мақсатындағы реформалар мәнін ашу. Қазақ даласына орыс шаруаларын қоныстандыру орқылы қазақ даласын отарлауды іске асыру әрекетін ашу.
Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. Тоғысындағы Қазақстан.
Мазмұны:
1. Ресейдегі аграрлық дағдарыс және Қазақстанға қоныс аудару қозғалысы. Қоныс аудару қозғалысының негізгі кезеңдері. Қоныс аудару аймақтары. 1867-1868 жж. Қазақстандағы патша үкітенінің реформалары және оның сипаты “Жетісу және Сырдария облыстарын” және “Орынбар мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қарасты Далалық облыстарды басқару жөніндегі Уақытша ереженің” мазмұны. Әкімшілдік құрылымды және басқару жүйесін қайта құру. Сот құрылысы. Медицина. Салық салу жүйесіндегі өзгерістер. 2. Қазақстандағы патша үкіметінің езгісінің күшейуі және отаршылдық биліктің нығаюы. Жер мәселесі және салықтың түрлері.
3. Қазақтардың 1869 ж. Орал және Торғай облыстарындағы және1870 ж. Маңғышлақтағы көтерілістерінің сипаты және себептері. 4. Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. Қоныс аударғандардың кәсібі және олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қауымдық жерлердің тартып алынуы және оның қазақтардың шаруашылығына әсері.
Бекіту сұрақтары:
1. 1867-1868 жж. Қазақстандағы патша үкіметінің реформаларының нәтижесі бойынша қазақ жері кімнің меншігіне айналды?
2. Әкімшілік және басқару жүйесінің қайта құруна байланысты билер сотының құзіретттілігі қандай болды?
3. Қоныс аудару және жер мәселесі «Уақытша ереже»?
4. Жетісуға ұйғырлар мен дүгендердің қайдан ауып келді?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №24-25 Реформа кезіндегі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Негізгі ұғымдар: Сауда-өсімқорлық капиталы, жәрмеңке, қайшылықтардың шиеленісуі, көпес капиталы, шойын жол, жалпы Ресейлік рынок, шикізат рынок көзі.
Жоспар:
1. Қазақстан тұрғындарының этнодемографиялық сипаты.
2. Қазақ ауылдары өміріндегі өзгеріс. Сауда, Жәрменкелер.
3. Қазақстанның жалпы ресейлік экономикаға тартылуы.
4. Қазақстанда темір жол құрылысының басталуы.
Мақсаты: Қазақстан жерінің Ресей рыногінің шикізат көзіне айналдырудағы Ресей экономикалық-саяси отарлау саясатының мәнін ашу.
Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. Тоғысындағы Қазақстан.
Мазмұны:
1. Реформа кезіндегі Қазақстан тұрғындарының этнодемогрфиялық сипаты.2. XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы аграрлық қатынастар. Ауылдың шаруашылық өміріндегі өзгерістер. Мал шаруашылығының тауарлығының артуы. Жер өңдеу. Көшпелі қазақ ауылының отырықшылыққа көшу процесі. Бай шаруашылықтарының күшеюі. Қазақстан халықтары еңбегінің бір-біріне ықпалы.3. Сауда. Жәрмеңкелер. Сауда-өсімқорлық капиталы. Қазақстан қалалары және оның өлкенің шаруашылық және саяси өміріндегі рөлі. 4.Кәсіпкерліктің басталуы. Қазақстандағы өнеркәсіптің құрылымы, оның сипаты және ерекшеліктері. Кәсіпкерлердің әлеуметтік және ұлттық құрамы. Қазақстан өнеркәсібіндегі көпестер мен көпес капиталдарының рөлі. 5. Қазақстанда темір жол құоылысының басталуы. Сібір жол және оның капитализмнің “жайыла” дамуындағы маңызы. Таптық қайшылықтардың шиеленісуі.
Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстан тұрғындарының этнодемографиялық сипаты қандай болды?
2. Қазақ ауылдарының өмірінде қандай өзгерістер блолды?
3. Сауда орындары мен Жәрменкелер қазақ даласында қай жерлерде ұйымдастырылды және қалай аталды?
4. Қазақстанның жалпы ресейлік экономикаға тартылуы неден көрінді?
5. Қазақстанда бірінші темір жол құрылысы қашан салынды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №26--27 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениеті.
Негізгі ұғымдар: Медресе, гимназия, зар-заман, шариғат, баспа ісі.
Жоспар:
1. Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебі.
2. Халық ағарту ісінің жағдайы.
3. Қазақ өлкесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері
4. Баспа ісі.
Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. тоғысындағы Қазақстан.
Мақсаты: Қзақ қоғамындағы әдебиеттік ролін анықтау, халық ағарту ісіндегі өзгерістерді талдау, орыс географиялық қоғамының бөлімдерінің қызметін саралау. Баспа ісінің тарихымен таныстыру.
Мазмұны:
1.Қазақ ауыз әдебиеті. Махамбет Өтемісұлының және басқалардың творчествосы. Ақындардың творчествосындағы азаттық және әлеуметтік тақырыптары. “Зар заман” әдеби ағымы. Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Дулат Бабатайұлы (1802-1874) Жамбыл шығармашылдығының басталуы. 2. Қазақ жастары Ресей оқу орындарында. Ы. Алтынсарин-педагог, ағартушы, жазушы, ғалым, этнограф, оның өмірі мен қызметі. Абай Құнанбайұлы ұлы ақын, ағартушы. Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. 3. Қазақстанды зерттеудегі П.П. Семенов-Тянь-Шаньский, Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов, В.В.Радлов, Л.Майер, М.Красовский, А.И. обромыслов сияқты ғалымдардың қосқан үлесі. В.В.Вельяминов-Зерновтың еңбегі. Ғылыми қоғамдардың пайда болуы. Орыс географиялық қоғамы бөлімдері мен Орынбор, Семей, Түркістан бөлімшелерінің қызметінің маңызы.
Бекіту сұрақтары:
1. Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебінің ақындарын атап беріңіз?
2. Қазақ өлкесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектерін атаңыз?
3. Неге «Зар заман» аталған?
4.Мерзімдік басылымдарды атаңдар?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №28-30 ХХғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Негізгі ұғымдар:Мемлекеттік Дума, реквезиция, бұлік, ақпан буржуазиялық-демократиялық революция, Алаш партиясы, Үш жүз партиясы, мұсылмандар партиясы.
Жоспар:
1. Соғыс қарсаңындағы саяси жағдай.
2. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында.
3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері.
4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен
Қазақстанда.
Мақсаты: Қазақстандағы ерекше саяси жағдайды атап көрсету. Жұмысшылар мен интелигенцияның ролін ашып саралау, мұсілмандар қозғалысының мақсаттарын
Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. Тоғысындағы Қазақстан.
Мазмұны:
1. Империалистік соғыстың Ресейдің ұллтық аймақтарына тигізген әсері. Тікелей және жанама салықтарының өсуі және Қазақстандағы халық бұқарасы жа,дайының нашарлауы. Мал және ауыл шаруашылық өнімдерін реквизициялау сипаты. 2. Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі. 1916 ж. 25 маусымдағы “Орта Азия мен Қазақстандағы бұратаналарды реквизициялау” туралы жарлық. Ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Көтерілісшілер армиясын ұйымдастырудағы Амангелды Иманов, Кейкі Көкімбайұлы және т.б., Т.Бокин. Бекболат Әшекейұлы, Әбдіғафар Жанбосынұлы және басқалардың рөлі. Үкіметтің жазалау шаралары және жазалау әскерлерінің қимылдары. Көтерісшілердің әскери өнері. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы. Қазақтардың жаппай Қытайға (Құлжа өңірі, Қашқария, Ауғанстанға) кетуінің бірінші толқыны. 3. Кеңестердің құрылуы және Қазақстандағы Уақытша үкімет органдары. Жазалау экспедицияларын қайта шақырып алу жөніндегі Петроград жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесінің шешімі. Қазақстандағы Уақытша үкіменттің саясаты. Жер туралы мәселе. Ұлттық мәселе. Халық бұқарасының әлеуметтік белсенділігінің артуы.4. Бірінші жалпы қазақ съезі және оның құжаттарының мазмұны “Алаш” партиясының құрылуы және оның бағдарламалық қағидалары. 5. “Үш жүз” партиясы және оның саяси бағыты.
Бекіту сұрақтары:
1. І -ші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстандағы саяси жағдай қандай болды?
2. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғысқа қатысты ма?
3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына не себеп болды?
4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен
Қазақстанда қалай жүрді?
5. «Алаш» партиясы мүшелерінің көздеген саяси мақсаттары не еді?
6.«Үш жүз» партиясының ұстанған саяси бағыттары қандай болды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
ІҮ.Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары.
№ Тақырыптың аты және мазмұны Сағат саны аптасы
1 Семинар №1-2 XYIII – XIX ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері
1.Қазақстан тарихы тарихнамасы (XYIII ғ.-XIX ғ.басы.)
2.Қазақстан тарихының XYIII-XIX ғ.басындағы қазақ деректері.
3.Орыс және шетелдік тарихнама XYIII-XIX ғ. басы. 2 1-2 апта
2 Семинар №3-4 Батыр Сырым Датұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы
1. Көтеріліс себептері мен сипаты.
2.Көтерілістің басталуы және барысы 80-90 жж.
3. Игельстром Реформасы.
4. Қозғалыстың тарихи сабақтары мен маңызы. 2 3-4 апта
3 Семинар №5-6 Қазақстан ХҮІІІ ғ. ортасы мен ХІХ І ширегінде
1.Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасы.
2. Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі
3. Орта жүздегі саяси ахуал (ХҮІІІ-ХІХ ғ.басы) 2 5-6 апта
4 Семинар №7-8 Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғ. басындағы саяси жағдай
1.Ресей патша әкімшілігінің Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХғ.басындағы саясаты.
2.Жоңғаряның талқандалуы «Шаңды жорық»-жоңғар соғысының ақыры.
3.Қазақ-жоңғар тарихының тарихнамасы. 2 7-8 апта
5 Семинар №9-10 Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісі мен патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі ( ХІХғ.20-40 жж.)
1.Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) және Жоламан Тіленшіұлының(1822-1824жж.) қозғалыстары.
2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі(1821ж)
3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс.
4. Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі (1836-1837)
5. Кенесары Қасыиұлы басқарған көтеріліс (1837-1847) 2 9-10апта
6 Семинар №11 Қазақстан территориясындағы Казачество ХІХғ. ортасы
1.Орынбор шекаралық линияның құрылуы.
2.Сібір қазақ әскерлерінің жасақталуы.
3.Әкімшілік-территориялық жаңа жүйе құрылымы.
1 11 апта
7 Семинар №11-12 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ халқының арасындағы ағартушылық қозғалысы
1. Ш. Уалиханов ғалым-ағартушы, оның ғылыми мұралары.
2. Ы. Алтынсарин педагог-ағартушылық қызметі.
3. А. Құнанбаев ұлы ақын-ағартушы. 2 12-13 апта
8 Семинар №13-14 ХХ ғ. басындағы Қазақстан
1. Орта орнаулы және діни оқу орындары.
2. Жаңа мазмұдағы қазақ әдебиетінің қалыптасуы.
3. ХХ ғ. басындағы қазақ зиялылары.
4. Мерзімді баспасөз ісі. 2 14 -15 апта
Барлығы: 15 15 апта
Семинар сабақтарының жоспары
Қазақстан жаңа заман тарихы.
Семинар №1-2 XYIII – XIX ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері
Негізгі ұғымдар: Орыс – батыс тарихнамасы, қазақи ауызша дерек, жазбаша дерек, отарлау саясаты. Тарихи шежіре, саясаттырылған тарихи терминдар.
Мақсаты: Осы кезең тарихының тарихтық, деректік кездерімен таныстыру. Ресей Федерация архив деректерімен таныстыру. Қазақы ауысша деректер шежіре, жыртолғау, билер мен жыраулардың тарихи дерек көсі болып табылатын
Жоспар:
1.Қазақстан тарихының тарихнамасы (XYIII ғ.-XIX ғ.басы.)
2.Қазақстан тарихының XYIII-XIX ғ.басындағы қазақ деректері.
3.Орыс және шетелдік тарихнама XYIII-XIX ғ. басы.
Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, Орыс – батыс тарихнамасы, қазақи ауызша дерек, жазбаша дерек, отарлау саясаты. Тарихи шежіре, саясиланған тарихи терминдердің мәнін ашу, Ресей мемлекетінің құрамындағы қазақ халқы саясаттандырылған ның (XYIII – XIX ғғ.) тарихының зерттелу тарихнамасының топтамасына сипаттама беру.Орыс тарихнамасындағы қазақтардың Жоңғарларға қарсы күресі тарихын жазған еңбектерге талдау жасау. Екінші сұрақ бойынша, Қазақ-Жоңғар қатынастарын ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында М.Ж.Көпеевтің, Ш.Құдайбердиевтің, М.Тынышбаевтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың еңбектерінесүйене отырып пікір таныту.Үшінші сұрақ бойынша, ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы тарихнамада: И.Я.Златкиннің, Н.Г.Аполлованың, В.Я.Басиннің, В.А.Моисеевтің және т.б. монографияларына қысқаша шолу жасау арқылы тарихи көзқарастарымен пікір ұстанымдарын баяндап беру.
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Семинар №3-4 Батыр Сырым Датұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы
Негізгі ұғымдар :Игельстром реформасы, саяси келісім, халық-азаттық қозғалыс.
Мақсаты: Игельстром Реформасының саяси мәнәң ащу. 14 жылға созылған көтерілістің тарихи маңызын жаңаша көзқараста талдау арқылы өз пікірлерін білдіруге үйрену.
Жоспар:
1. Көтеріліс себептері мен сипаты.
2. Көтерілістің басталуы және барысы 80-90 жж.
3. Игельстром Реформасы.
4. Қозғалыстың тарихи сабақтары мен маңызы.
Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, көтеріліс себептері мен сипатына талдау жасау керек. Екінші сұрақ бойынша, көтерілістің басталуы және барысы (80-90 жж.) туралы деректер негізінде көтеріліс болған жерлердің аумағын картадан көрсете отырып баяндау.Үшінші сұрақ бойынша, Барон Игельстром реформасының көздеген саяси ұстанымы мен мақсатын ашу.
Төртінші сұрақ бойынша, қозғалыстың жеңілу себептерін көрсетумен қатар тарихи сабақтары мен маңызына тоқталу керек.
Әдебиеттер: Н-14, Қ-12,13,10,11,17,46,33.
Семинар№5-6 Қазақстан ХҮІІІғ. ортасы мен ХІХ І ширегінде
Негізгі ұғымдар «Сабалақ», «Абылай мәмлігерлік саясаты, «Шанды жорық», «Қалмақ көшуі», «Орта Орда»т.б.
Мақсаты: Абылай ханның Мемлегерлік саясаттағы шеберлігін көрсету. “Шанды жорық” Қалмақ-Жоңғар соғысының аяқталуының қорытындысын шығағанын талдау.
Жоспар:
1.Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасы.
2. Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі
3. Орта жүздегі саяси ахуал (ХҮІІІ-ХІХ ғ.басы)
Әдістемелік нұсқау: Бірініш сұрақ бойынша, Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасының саяси мәмлегерлік шебер саясат ұстану арқылы қазақ хандығының дербестігін сақтаудағы ұмтылыстарының нәтижесімен қорытындыларын дәләедеп беру. Бірініш сұрақ бойынша, Абылай ханның жорықтас батырларымен Бұхар жыраудың қызметтеріне баға беру. Абылай ханның әскери мемлекеттік қызметіне байланысты тарихи еңбектердегі деректер негізінде Абылай ханның қоғамдық-саяси қызметіне тоқталу.Үшінші сұрақ бойынша, ХҮІІІ-ХІХ ғ.басындағы Орта жүздегі саяси ахуалға талдау жасау.
Әдебиеттер: Н-14, Қ-8,46,47,48,29,21,33,35,27,23
Семинар№7-8 Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғ.басындағы саяси жағдай
Негізгі ұғымдар «Жоңғарияның жойылуы», «патшалы үкімет саясаты, «Шанды жорық», «Қалмақ көшуі», «Орта Орда»т.б.
Мақсаты: Қазақ-Жоңғар соғысының тарихи маңызын ашу «Шаңды жорықтың» тарихи алғы шартын көрсету.
Жоспар:
1.Ресей патша әкімшілігінің Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХғ.басындағы саясаты.
2. Жоңғаряның талқандалуы «Шаңды жорық»-жоңғар соғысының ақыры.
3.Қазақ-жоңғар тарихының тарихнамасы.
Әдебиеттер: Н-14, Қ-46,47,45,29,21,46,35,17,23
Әдістемелік нұсқау: Бірініш сұрақ бойынша, Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХғ.басындағы саяси жағдайға тарихи әдебиеттер негізінде тоқталып өту. Ресей патша әкімшілігінің Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХғ.басындағы саясатының мақсат мүдделерін ашып көрсету. Екніші сұрақ бойынша, Жоңғаряның талқандалуындағы қалмақ көші жорығының «Шаңды жорық» аталуының тарихихы мен жоңғар соғысының ақырғы нәтижелерін деректер негізінде қорытындылау.Үшінші сұрақ бойынша, Қазақ-жоңғар тарихының тарихнамасына тарихнамалық шолу жасау.
Семинар№9-10 Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісі мен патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі ( ХІХғ.20-40 жж.)
Негізгі ұғымдар: Отарлық саясат, сұлтан, ұлт-азаттық қозғалыс, реформа,
халық көтерілісі.
Жоспар:
1.Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) және Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) қозғалыстары.
2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі(1821ж)
3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс.
4. Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі (1836-1837)
5. Кенесары Қасыиұлы басқарған көтеріліс (1837-1847)

Мақсаты: Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821жж) және Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) т.б. ұлт-азаттық қозғалыстарының тарихи маңызын көрсету. Бөкей Ордасы, Ішкі Ордасы.
Әдістемелік нұсқау: Бірініш сұрақ бойынша, Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісі мен патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі ( ХІХ ғ.20-40 жж.) мәселелерінің тарихнамасына шолу жасау және Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) және Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) бастаған ұлт-азаттық қозғалыстарына оның мақсты мен сипатын ашу.
Екінші сұрақ бойынша, Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісінің тарихына (1821ж ) оның саяси себептеріне талдау жасау және көтерілістің барысын бағытттарын деректер негізінде ашып көрсету. Үшінші сұрақ бойынша, патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс нетижесімен көтеріліс басшыларының тағдырлыарын деректер негізінде анықтау.Төртінші сұрақ бойынша, Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі (1836-1837) басшыларымен көтерілістің жеңілу себептерін саралау. Бесінші сұрақ бойынша, Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс (1837-1847) пен Жоламан батыр Тіленшіұлы жасақтарының бірлесе қимыл жасаған жорықтарының бағыттарын қамтығын аймақтарын деректер негізінде баяндап беру.
Әдебиеттер: Н-14,Қ-46,47,48,29,21,44,42,46,35,17,23
Семинар№11 Қазақстан территориясындағы Казачество ХІХғ. ортасы
Негізгі ұғымдар:Әкімшілік-территориялық бірлік. Шекаралық линия,тұрақты қазақ әскерлері.
Мақсаты:Қазақ әскерлерінің патшаның отарлау саясатын жүзег асырудағы Қазақтардың қарсылығына пайдалану үшін әкелінген тұрақты әскери күш екенін анықтау. Қазақ әскерін басқаруда патшалық басқару жүйесін іске асырудағы
отарлық саясатты ашып көрсету.
Жоспар:
1.Орынбор шекаралық линияның құрылуы.
2.Сібір қазақ әскерлерінің жасақталуы.
3.Әкімшілік-территориялық жаңа жүйе құрылымы.
Әдістемелік нұсқау: Бірініш сұрақ бойынша, Қазақстан территориясындағы Казачествоның (ХІХғ. ортасы) пайда болуының саяси тарихына деректерге сүйене отырып талдау жасау.Сонымен қатар,Орынбор шекаралық линияның құрылуындағы патша үкіметінің отаршылдық саясаттары мен көздеген отарлық мұраттарының мәнін құжаттық маңызы бармәліметтер негізінде ашу. Екінші сұрақ бойынша, Сібір казак әскерлерінің жасақталуының саяси мәнін ашу.
Үшінші сұрақ бойынша, әкімшілік-территориялық жаңа жүйе құрылымының патша үкіметінің «Бөліп алда, билей бер» саясаттарын жүзеге асыру әрекеттерін заңдастырулары екендігін деректер негізінде дәлелдеу.
Әдебиеттер: Н-14, Қ-46,47,39,29,21,26,35,17,23
Семинар№12-13 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ халқының арасындағы ағартушылық қозғалысы
Негізгі ұғымдар : Қашқарияға саясат, ориенталист, Абайдың қара сөздері.
Мақсаты: Қазақ ғалым ағартушыларының өмірі мен қызметімен таныстыру арқылы олардың қазақ халқының мәдени мұрасына ғылымы мен ағартушылығына қалдырған тарихи мұраларының күн бүгінге дейін мақтаныш екенін көрсету.
Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. «Қазақ халқының даңқты ұлдары».
Жоспар:
1. Ш. Уалиханов ғалым-ағартушы, оның ғылыми мұралары.
2. Ы. Алтынсарин педагог-ағартушылық қызметі.
3. А. Құнанбаев ұлы ақын-ағартушы.
Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, ХІХғ. ІІ жартысындағы қазақ халқының арасындағы ағартушылық қозғалысының басты өкілдерінің қызметтерінің тарихына тоқтала отырып, олардың ұлтжандылық қасиеттерін таныту. Сонымен қатар Ш. Уалиханов ғалым-ағартушылық қызметімен оның ғылыми мұраларына шолу жасау. Екінші сұрақ бойынша, Ы. Алтынсариннің педагог-ағартушылық қызметі хақында деректер негізінде тұлғалық қасиеттерін қарастыру.Үшінші сұрақ бойынша, А.Құнанбаевтың ұлын ақын-ағартушылық қызметтері мен оның рухани мұраларына сүйене отырып, Абайтану ғылымының тарихи маңызын ашу.
Әдебиеттер: Н-14, Қ-46,47,43,29,21,56,45,38,41.
Семинар№14-15 ХХ ғ. басындағы Қазақстан
Негізгі ұғымдар: «Түркістан уәләятының газеті», Дала уәләятының газеті.
Мақсаты: ХХ ғ.басындағы Қазақстан мәдениетіндегі заман ағымына қарай ұлттық мәдениеттің дамуындағы жаңа мазмұндардың қалыптасуын ашып саралау.
Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХ ғ. тоғысындағы Қазақстан.
Жоспар:
1. Орта орнаулы және діни оқу орындары.
2. Жаңа мазмұдағы қазақ әдебиетінің қалыптасуы.
3. ХХ ғ. басындағы қазақ зиялылары.
4. Мерзімді баспасөз ісі.
Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақ бойынша, орта орнаулы және діни оқу орындарының жай күйіне деректер негізінде тоқталып өту. Екінші сұрақ бойынша, жаңы мазмұндағы қазақ әдебиетінің қалыптасуына және ақын жырулардың қазақ қоғамындағы болып жатқан өзгерістерді шығармаларына арқау еткен жаңа мазмұндағы қазақ әдебиетінің қалыптасқандығын ашу.Үшінші сұрақ бойынша, ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қайраткерлік еңбектері мен тұлғалық қасиеттерін таныту.Төртінші сұрақ бойынша, мерзімді баспасөз ісінің даму мен ақпараттық қызметтеріне тоқталу.
Әдебиеттер: Н-14. Қ-45,47,49,32,37,38,25,17,2.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Қазақстан жаңа заман тарихты
пәнінен лекциялық сабақтар әдістемелігі
050114 «тарих» мамандағы (бакалавриат)
050114 «тарих» мамандағы студенттеріне арналған
пәннің оқу-әдістемелік кешені
(бакалавриат)
Қостанай 2009
Лекция сабақтарының жоспарымен мазмұны
Қазақстан жаңа заман тарихы
Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан жаңа заман тарихы пәні
Негізгі ұғымдар: Тарихи сана, далалық ауызша тарих, мәңгүрттік, шежіре, жазбаша деректер.
Мақсаты: Қазақстан жаңа заман тарихы курсының пәндік мақсты мен міндеттерінің мазмұнын ашу.
Жоспар:
1.Пәнге кіріспе. Қазақстан жаңа заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Жаңа заман тарихынның кезеңдері.
2.Қазақстан жаңа заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.
Лекция
1.Пәнге кіріспе. Қазақстан жаңа заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Жаңа заман тарихынның кезеңдері.
«Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың «табын сезінгенімде деп білемін» - деп жазды Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің қазақ тарихына арнап, тебірене жазған «Тарих толқынында» атты кітабында.
Көптеген қоғамдық ғылымдар ішінде тарихтың атқарар қызметі орасан зор. Оның қоғамдағы орны күннен күнге артып, ұлттық сананы қалыптастыруда таптырмас құралға айналып отыр. Әңгіме сол құралды тиімді әрі ұтымды пайдалана білуде.
Антика заманында өмір сүріп, «біз тарих жазбаймыз, біз өмірбаян жазамыз» деген қанатты сөздің авторы Плутарх өзі жазған «Салыстырмалы өмірбаян» еңбегінің жастарды тәрбиелеу ісінде таптырмайтын құрал екендігін айтқан болатын. Бұл кітап жастарға өздеріне дейін өмір сүрген тарихи тұлғалар өнеге алар, үлгі тұтар жандар болатындығына кәміл сенді. Сол дәуірде сол елде өмір сүрген Гай Саллюстий Крисп, Прокөпий Кесарийский сияқты авторлар да тарихтың тәрбиелік міндеттерін мойындаған болатын.
Тарихи білімнің келешек ұрпақтың ғылыми көзқарасының қалыптасуында атқаратын қызметі талас тудырмауға тиісті. ХІХ ғасырда Европа елдерінде тарих орта мектеп бағдарламаларында өзінің заңды орынын иемденді. Оны міндетті түрде оқылатын пәндер қатарынан шығарып, мектептен тыс оқылатын сабақ ретінде қарастыру жағдайының орын алған уақыттары да болған. Бірақ, мұндай әрекеттердің барлығы сәтсіздікке ұшырап, тарих пәні оқу орындарындағы өзінің мәртебелі орнына қайта оралды. Әлемдегі тарихи процесстерге қанықпаған оқушылар басқа пәндерді, әсіресе қоғамдық ғылымдарды игеруге құлық танытпайды.
Жаңа заман тарихынның кезеңдері. Бұл ХҮІІ-ХІХ ғасырлар. Бұл аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс басталды. 1723-1727 жылдардағы "ақтабан шұбырындыдан" қазақ халқы қайта еңсе көтерді. Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар сияқты үлттың жауынгерлік рухын көтерген жарқын тұлғалы ерлер келіп, халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай хан тұсында ерекше бейнеленді. Батырларымен тізе қосып, қаһар-мандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды.
Бейбітшіл сипаты бар рухани жұмыс та жалғасын тауып жатты. Оның ұйтқысы ұлттың рухани кесемдері — Төле, Қазыбек, Әйтеке билер болды. Олар сыртқы және ішкі алауыздықтарға қарамастан Абылай ханмен бірлесіп, ұлтты біріктіру жолында еңбек етті.
Келесі, екінші кезең - XX ғасыр. ХУШ-ХІХ ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арыңды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі қожырады, олардың үңірейіп бос тұрған орындарына ешкім отырған жоқ. - Ресей патшалығы да әлсіреді. Сол кезде қазақтарда өз мемлекетін құру үміті тағы да ояна бастайды. Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды.Қалай болғанда да, Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы болды.
2.Қазақстан жаңа заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Көп елдің көзі қорақты зиялы қауымы Қазақстан деген елді білгісі келеді. Ал ел туралы білім оның тарихынан басталады. Еліміздің елдігін қорғаған асыл ерлерінің болғандығын, әлемдік өркениетке өз үлесін қосқан мәдениет, әдебиет және ғылым саласында айтулы із қалдырған қайраткерлеріміз болғандығын әлемге паш ететін тарих ғылымы. Сондықтан да тарих тек қана ғылым, қуатты тәрбие құралы ғана емес, ол – саясат.
Дәстүрлі қазақ қоғамында жас ұрпаққа тәрбие беру процесінде оларға тарихи білім беру негізгі міндет болып есептелді. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген қанатты сөз осы уақытта туса керек. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі – оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз, білім институттарының дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзін бұрынғы қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салыстыруға болмайды» деп жазды.
ХVІІІ ғасырда қазақ елі отаршылдық күрестін шарпауында болды. Дәл осы дәуірде халыққа тарихи мағлұмат беру күрестін бір негізгі формасына айналды. Өкінішке орай орыстың, жоңғардың, қытайдың ықпалында қалған аймақтарда халық өзінің тарихи жадынан айырыла бастады. Жат жерлік ғалымдар қазақ тарихын бұрмалап, оған түзету енгізіп, халқымыздың өткені жөнінде өз нұсқаларын жасады. Сөйтіп халық арасында жалған тарихшылық пайда болды. Осындай да атақты үнді халқының көсемі Джавахарлар Нерудің мына сөздері еске түседі: «История почти всегда пишется победителями и завоевателями и отражает их точку зрения, или, по крайней мере, версии победителей отдается предпочтение, и она берет верх». Бұл айтылған сөздер қазақ тарихына да қатысты. Алдымен А.И.Левшин соңынан бір топ орыс тарихшылары еліміздің бұрмаланған тарихын жасады. Бұл кеселдің осы күнге дейін ақтаңдағын тарихшы ғалымдар аршып келеді. ХІХ ғасырдан бастап Қазақстан тарихы орыс империясының тарихымен тығыз байланыста зерттелді.
Тарихи білім мектептен басталатыны белгілі. Ресей империясы құрамындағы қазақ балалары орыс мектептерінде оқыды. Сөйтіп олар орыстың тарихи дәстүрінде тәрбиеленді. Кеңес үкіметі орнаған алғашқы жылдарда тарихтың орнына қоғамтану пәні оқытылды. Қоғамтану пәнінде оқушылар тарихи схемалар мен фактілермен ғана танысып қойды. ХХ ғасырдың 30 жылдары Кеңес қоғамы тарихи білімнің жетіспейтіндігін сезе бастады. 1934 жылы ақпан – науырыз айларында Партияның Орталық Комитетінің тапсырмасымен Рессей Федерациясының Халық Ағарту Комиссариаты тарихшы-ғалымдар мен мектеп мұғалімдерінің мәжілістерін өткізді. Сол кездегі көрнекті қоғам қайраткері Н.К.Крупская «...самое, важное, - научить ребят из ряда конретных фактов делать вывод. История для этого – чрезвычайно благодарная дисциплина. Мұның өзі сол кездегі коммунистер лидерінің тарихтың тәрбиелік мәнін түсіне бастағанын көрсетеді. Осы жылдары тарих пәнін төменгі сыныптан жоғарғы сыныпқа дейін кіргізу, тарих пәнінің мұғалімін дайындау оның оқулығын жазу жұмыстары қызу жүріп жатты. 1934 жылдан бастап Кеңес мектептерінің 3-4 сыныптарында СССР тарихының қарапайым курсы енгізілді, оның оқулығы жазылды. Көп кешікпей 8-9 сыныптарға арналған СССР тарихының оқулығы жазылды. 1934 жылдың тамыз айында А.А.Жданов, С.Н.Киров және И.В.Сталин сияқты партия қайраткерлері СССР тарихының оқулығымен танысып, оған өзінің сын-ескертпелерін берді. Әділдігін айту керек сын-ескертпеде оқулық авторларының тек қана орыс халқының тарихы баяндалғаны баса айтады. Авторларға СССР-дің құрамына кірген орыс емес халықтар тарихының қалып қойғандығы ескертіледі. Бұдан да басқа оқулықтың кемшіліктері айтылады. Оқулықтың түзетілген нұсқасы 1936 жылдың 26 ақпанында қайта талқыға түсті. Осыдан кейін жарық көрген СССР Халық Комиссариатының Кеңесі және Партия Орталық Комитетінің қаулысында оқулықта бұрыңғы кемшіліктердің қайталанғандығын, оны мектептерде пайдалануға болмайтындығы айтылды. Міне, осыдан кейін оқулық дайындауға конкурс жарияланып, 1936 жылдың ақпанында оның қорытындылары белгілі болды. Міне, сол оқулықтар бойынша Кеңес жастары қырық жылға жақын білім және тәрбие алды. Шындығында КСРО тарихының 85-90%-ы орыс тарихын баяндауға арналды. Қалған 20%-дың 0,5 бөлігі ғана қазақ халқының тарихына арналды. Қорыта айтқанда, Кеңес заманында қазақ жастарының шынайы ұлттық тарихи санасы қалыптасты деп айту қиын.
Дәстүрлі қазақ отбасыларында жас ұрпақтың тарихи санасын әжесі мен атасы, әкесі мен шешесі қалыптастырды. Тарихи сананың қалыптасуына қазақ аңыз-ертегілері, ғашықтық жырлары, батырлық эпостары орасан зор әсер етті. ХХ ғасырдың 60 – 70 жылдарында жазылған қазақтың талантты жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы қазақ жастарының санасында ірі бет-бұрыс туғызды. Тек осы жылдары қазақ халқы өзінің тарихы бар екендігін біле бастады.
1980 жылдардың аяғында қазақ қоғамында тарихтың қажеттілігі кенеттен байқалды. Мұны жоғарыда отырған партия-совет басшылары да түсіне бастады. Осы жолдардың авторы 1990 жылы сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібековке хат жолдап, онда қазақ тарихын бала бақшасынан бастап аспирантураға түсу емтиханына дейін кіргізу мәселесі қойылды. Қазақтың асыл азаматы Ө. Жәнібеков хаттың мазмұнын дұрыс түсініп, халық ағарту министрі Шайсұлтан Шаяхметовке тапсырма берді.Сөйтіп, алдымен барлық жоғарғы оқу орындарына қазақ тарихы курсы енгізіліп, кейіннен орта мектептерде қазақ тарихын оқытуға 221 сағат уақыт бөлінді. Министрлікте қызмет істейтін ұлтжанды азаматты Т.Абраев ақсақал бағдарлама жазу, оқулық дайындау үшін авторлық ұжым құру мәселесін тез арада қолға алды. Сол жылдары бағдарламаның үш нұсқасы жазылып, белгілі ғалымдармен тәжірибелі ұстаздар әр сыныпқа арналған мектеп оқулықтарын жазып шығарды. Бүгінде Қазақстан тарихы пәні өзінің мәртебелі міндеттерін аброймен орындап отыр. Белгілі қазақ тарихшысы профессор Т.Омарбеков «Жалпы алғанда ел болып қалыптасуымыз үшін, ұлт болып тұтасуымыз үшін, ұлттық сана сезіміміздің нығая түсуі үшін, ұлттық туған тарихқа құштарлық процессін жағымды, тіптен бізге аса қажет құбылыс ретінде бағалаймыз» дей келе тарихтың ұлттық сананы қалыптастыруындағы орнына аса зор баға береді.
«Қазақ тарихы» журналының алғашқы нөмерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, профессор Қамбар Атабаев қазақ тарихын реформалау мәселесін көтерген болатын. Әлбетте, мақалада өте көкейтесті проблемалар көтерілген.
Білім берудің әрбір деңгейінде Қазақ тарихы пәні бағдарламаларының өзгерместен қайталануы. Балалар бақшасында, орта мектепте Қазақстан тарихының мазмұны, жүйелі түрде беріледі. Жоғарғы оқу орнына түскен баланың ел тарихынан жалпы түсінігі бар, көне заманнан осы күнге дейін халық басынан өткізген тарихи процесстер туралы жүйелі білімі бар. Университетте сол алынған, игерілген материал жалғасын табуға тиісті. Өкінішке орай ол олай емес. Бірінші курстың студенті сол мектепте оқығанын қайталайды, ешқандай жаңа информация алмайды, тарихи процесс күрделенбейді, теориялық тұжырымдар жасалмайды, әлем тарихындағы қазақ халқының орыны нақтыланбайды. Осыдан студент қазақ тарихынан мезі болады. Университетке жаңа түскен, небары үш-төрт ай оқыған төменгі курс студентіне Қазақ тарихы мемлекеттік емтихан тапсыратын қорқынышты, қауыпты пәнге айналады. Мұндай жағдай халқымыздың тарихына сүйіспеншілік тудырмайтыны белгілі.
Осы күнге дейін Министрлік мақұлдаған жоғарғы оқу орындары, колледж студентеріне арналған оқулықтардың жоқтығы. Оқулық жоқ емес, бар. 1990 жылдардан бері бірнеше рет басылған. Ә.Әбдіәкімов, В.Кан, Ж.Артықбаев, Е.Әбіл және осы жылдардың авторы жазған оқулықтар студент жастар сұранысын қанағаттандырып келеді. Көп елдің көзі қорақты зиялы қауымы Қазақстан деген елді білгісі келеді. Ал ел туралы білім оның тарихынан басталады. Еліміздің елдігін қорғаған асыл ерлерінің болғандығын, әлемдік өркениетке өз үлесін қосқан мәдениет, әдебиет және ғылым саласында айтулы із қалдырған қайраткерлеріміз болғандығын әлемге паш ететін тарих ғылымы. Сондықтан да тарих тек қана ғылым, қуатты тәрбие құралы ғана емес, ол – саясат.
Қазақстан жаңа заман тарихы кезеңдері. Бұл ХҮІІ-ХІХ ғасырлар. Бұл аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс басталды. 1723-1727 жылдардағы "ақтабан шүбырындыдан" қазақ халқы қайта еңсе көтерді. Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар сияқты үлттың жауынгерлік рухын көтерген жарқын түлғалы ерлер келіп қосылды.
Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай хан түсында ерекше бейнеленді. Батырларымен тізе қосып, қаһар-мандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың үйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды.
Бейбітшіл сипаты бар рухани жұмыс та жалғасын тауып жатты. Оның үйтқысы үлттың рухани кесемдері — Теле, Қазыбек, Әйтеке билер болды. Олар сыртқы және ішкі алауыздықтарға қарамастан Абылай ханмен бірлесіп, ұлтты біріктіру жолында еңбек етті.
Келесі, кезең - XX ғасыр. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арыңды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі қожырады, олардың үңірейіп бос түрған орындарына ешкім отырған жоқ. Ресей патшалығы да әлсіреді. Сол кезде қазақтарда оз мемлекетін қүру үміті тағы да ояна бастайды. Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды. Қалай болғанда да, Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы аяқталды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің осынау ыстық жігері, ұлттық рухы сол кезде қалыптасқан жағдайлардың себебінен өмірде іс жүзіне аса алмады.
Сөйтіп, 1917 жылдан 1920 жылға қазақтың ұлттық рухы ауыр езгінің астына түсті. Қазақстан -КСРО-ның құрамына кірді.
Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстан жаңа заман тарихы курсының пәндік мақсты қандай?
2. Қазақстан жаңа заман тарихы қандай кезеңдер аралығын қамтиды?
3.Қазақстан жаңа заман тарихы пәнінің басқа қандай қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы бар?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №2 XYIII – XIX ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері.
Негізгі ұғымдар: Орыс – батыс тарихнамасы, қазақи ауызша дерек, жазбаша дерек, отарлау саясаты. Тарихи шежіре, саясаттырылған тарихи терминдар.
Мақсаты: Осы кезең тарихының тарихтық, деректік кездерімен таныстыру. Ресей Федерация архив деректерімен таныстыру. Қазақы ауысша деректер шежіре, жыр толғау, билер мен жыраулардың тарихи дерек көpзі болып табылатын тарихнамалық еңбектермен таныстыру.
Жоспар:
1.Қазақстан тарихының тарихнамасы (XYIII – XIX ғ.басы)
2.Қазақстан тарихының XYIII – XIX ғ.басындағы қазақ деректері.
3.Орыс және шетелдік тарихнама XYIII – XIX ғ. басы.
Лекция
1.Қазақстан тарихының тарихнамасы (XYIII – XIX ғ.басы). XVIII-ХІХ ғасырдағы дәстүрлі институттар тарихын тануда Ш.Ш.Уәлиханов, С.Бабажанов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінің орны ерекше. Ш.Уәлиханов арғын Малайсарының ХVІІІ ғасырда Жоңғар билеушілерінің тарапынан тархандық алғандығын және оның берілуінің себебін тұтқындағы Абылай сұлтанды босату мақсатындағы елшілік келіссөздердің нәтижесімен байланыстырады.
ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары, қазақ қоғамының қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік жүйесі, шаруашылық жайы Н.Г.Аполлова, С.Е.Толыбеков, С.З.Зиманов, В.Я.Басин, Т.Ж.Шойынбаев, А.Н.Нүсіпбеков, Г.И.Семенюк, Н.Е.Бекмаханова, А.Сабырханов, Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев еңбектерінде көрініс тапты. Н.Г.Аполлова XVIII ғасырдағы қазақ тархандары Шақшақ Жәнібек пен Тама Есеттің қоғамдық ортадағы беделдері ханнан кем болған жоқ деген баға бере отырып, олардың қазақ-орыс қатынастарына байланысты қоғамдық-саяси қызметтерінен мол мәліметтер береді. Мәселен, В.Я.Басин зерттеуінде «протектор», «бодан» тарихи терминдеріне Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты мысалында талдау жасап, Ресейге қосылған жылдардан бастап «бодан» болды деген саяси ұстанымның қате пікір екендігін дәлелдесе, С.З.Зиманов қазақ қоғамындағы әлеуметтік жүйені зерделеп, өз пікірлерін ашық білдірді. Н.Е.Бекмаханова 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған орыс шаруаларының соғысына қатысқан Дәуітбай тархан бастаған қазақ жасақтарының соғыс қимылдары және атығай Құлсары тархан жөнінде деректік мәліметтер келтіреді. Ал Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев зерттеулері арғын Малайсарының жоңғарлар тарапынан тархандық алғанын сұлтан Абылайдың тұтқында болған кезіндегі қалмақ бағытындағы елшілік қатынастар нәтижесінде берілгенін қуаттайды.
Қазақ тархандарының ата-бабаларына қатысты шежірелік деректер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, С.Е.Толыбеков, Х.Маданов, Х.Б.Табылдиев, А.Қалмұратов т.б. шежірелік еңбектерінде бар. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шежірелік нұсқасында Арғын руының аталық шежірелерін тарата келе Жәнібек тарханға қатысты деректерді келтіреді. С.Е.Толыбеков, Х.Маданов шежірелерінде Жәнібек және Есет тархандардың ата тегіне, олардан тараған ұрпақтарына қатысты қызықты тарихи шежірелік деректер кездеседі. Дегенмен, шежірелік деректерді мұқият пайдаланған жөн. Мәселен, Х.Б.Табылдиев, А.Қалмұратов шежіресінде «...1743 жылы 28 мамырда патша әмірімен Есет батырға, оның үрім-бұтағына мұра болып қалатын тархан атағын берді», – деген.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған жылдардан бастап жарық көрген тарихи еңбектер зерттеп отырған мәселеге жаңа қырынан келді. Нақ осы кезеңде өткен тарихымыз ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеле бастады. Қазақстан тарихының XYIII – XIX ғғ. кезеңіне байланысты М.Қ.Қозыбаев, К.Л.Есмағамбетов, Ж.Қ.Қасымбаев, С.М.Мәшімбаев, М.Ж.Абдиров, Ж.О.Артықбаев, И.В.Ерофеевалардың ғылыми еңбектері көпшілікке жетті.
Аталған тарихшы ғалымдар еңбектері тарихи тұлғаларға қатысты маңызды мұрағаттық мол деректермен қатар, XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік институты тарихына қатысты мәліметтерді жинақтап, қорытынды ой-пікірлер түйіндеумен ерекшеленді. Бұл арада К.Есмағамбетовтың қазақ тарихына қатысты шетелдіктердің көзқарастарын, Ж.Қасымбаевтың батырлар мен қазақ хандары, сұлтандары арасындағы байланыстарды талдауы маңызды.
2.Қазақстан тарихының XYIII – XIX ғ.басындағы қазақ деректері.А.Байтұрсынұлы тарих ғылымының пәніне; Тарихты қазақша ұлы дерек деуге, әуезе табына жатқанмен, айғақша әуезе деуге болады. Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы- тарих, - деп анықтама береді. Тарихтың атқарар қызметі мен алға қояр міндеті хақында ол; Тарихтың қызметі- бүтін адам баласының, бүтін бір жұрттың, иә бір топтың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту.
«Тарихшылырдың мақсаты,-дейді Ахаң,-уақиғаның уақытын ғана көрсету, яки не түрде болған тысқы сиқын ғана көрсету емес, ол уақиғаның болуына нендей нәрселер, нендей уақиғалар себеп болғанын көрсетіп, ішкі мәнісімен де таныстыру». А.Байтұрсынұлы әуезелерді алты тарауға бөледі:
1) шежіре, 2) заман хат, 3) өмірбаян, 4) мінездеме, 5) тарих, 6) тарихи әңгіме.А.Байтұрсынұлының берген анықтамасы бойынша, бірінші, Шежіре. Шежіре — өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі. Шежіреде уақиғадан гөрі өткендердің түс, туысы көп айтылады. Сондықтан шежіре уақиға сарынымен емес, уақыт, туыс сарынымен айтылатын әуезе табына жатады. Шежіре болған уақиға жайынан сөйлесе, себебін, мәнісін айтпай, тек болғанын айтады да қояды.А.Байтұрсынұлының пікірінше, қазақта жазу болмаған себепті бұрыннан жазылып келген шежіре, түрлі әңгіме жоқ. Бірақ басқа жұрттардың шежірелерінде айтылатын сөздер сияқты әңгімелер қазақта да бар. Орақ - Мамай, Едіге, Кеңесарының Садығы турасындағы ауызда айтылатын тарихи әңгімелердің көбі-ақ өтірік-шыны аралас шежіренің сөздері сияқты.Сондықтан мұндай деректерге сын көзбен қарау қажеттігін алға тартады.
Екінші, Заман хат. Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан, яки өз ішінде болған істерден дерек беруі заман хат деп аталады. Мәдени жұрттың адамында заманында болған көзге түсерлік уақиғаларды, яки өз өмірінде ұшыраған зор істерді жазып, әңгіме ретінде тіркеп отыратын әдет болады. Заман хат шежіредей емес, тәртіпті, жүйелі келеді. Шежірені тек хат білетін адамдар құр тіркей беруге болады. Заман хатты оқымысты адамдар жазады. Сондықтан мұнда құр халық аузыңда әуезе болып жүрген дәлелсіз сөздер жазылмайды. Заман хатта уақиға уақыт сарынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады. Заман хаттағыдеректік негіздей алғанда ескеретін бір кемшіліктігін көрсетеді:
Уақиғаны болған күйінше жазбай, жазушы өз көңілінің күйіне бояп, реңкін өзгертуге ықтимал екендігі. Олай ету уақиғаның дұрыстығына кемшілік келтіреді. Заман хат шынға жақын болу үшін жазушы өз көңілінің күйіне түспейтін, яғни достыққа да, қастыққа да қарамайтын адам боларға тиіс. Ондай адам табиғаттан тысқары адам болмақ. Адам табиғаттан тысқары бола алмағандықтан, заман хаттары көңіл күйінің әсерінен аман бола алмайды. Сонда да тарихқа беретін деректігінің молдығынан заман хат өте кұнды тарихи деректік сөздер есебіне қосылатынын көрсетеді.
Үшінші, Өмірбаян. Біреудің туғаннан бастап, өлгенге шейінгі өмірін жазу иә айту өмірбаян болады. Өмірбаян жазудағы мақсат белгілі болған адамның өмірі қалай басталып, қандай күйде өткенін көрсету.А.Байтұрсынұлы еңбектерінде жеке тарихи тақырыптармен қатар, сол негізгі тақырып желісіне байланысты тарихнамалық, жалпы методологиялық, оның ішінде қазақ халқы тарихын дәуірлеу, зерттеу принціптері мен әдістерінің өзіндік ерекшелік қырлары, тарих ғылымының қалыптасып даму барысы туралы өзекті мәселелер қозғады.
Өмірбаян дерегін белгілі адам турасындағы сипат тарихи құжаттық мәні бар қағаздардан алатынын білетін адамдардың ауызша айтуынан алады. Жазушы өз білетінін жазады. Өмір дерек ылғи сипатты мағлұматтардан құралған сөз болғандықтан, нағыз рас әңгіме болып шығады.Олай болса, өмірбаян шындыққа жақын тарихи дерек болмақ.
Төртінші, Мінездеме. Адамның, елдің, жұрттың, таптың, ұлттың сырын, мінезін танып көрсету мінездеме болады. Мінездеме өмірбаянның да, заман хатының да, тарихтың да ішіне бөлім есебінде кіреді. Мінездеме заманның, дәуірдің халін де мінездеп көрсетеді. Адамды мінездегенде, өмірбаянның бөлімі болып кіреді. Жұртты, ұлтты, заманды мінездегенде, тарихтың бөлімі болып кіреді Сондай-ақ тарихи зерттеу принциптері мен әдістерінің ішкі байланыстылығы, құжаттар мен тарихнамалық ортақ арна- жалпы методологиялық жүйе арасындағы байланыстылық тарихи деректтерді ғылыми негіздер мен принциптер, зерттеудің ақиқаттығы мен құндылық өлшемі туралы қалыптасқан ғылыми қағидалар мен болжамдарды орынды пайдалану қажеттіліктерін тұжырымдаған.
Бесінші, Тарих. А.Байтұрсынұлы тарихшының дүниетанымына, азаматтық ар ожданына,әділдігіне, ғылыми- зерттеушілік мүмкіншілігіне биік талап қойған. Өйткені, Ахаңның ойынша, тарих халықтікі, халық үшін жазылады. Сонымен бірге А.Байтұрсынұлы тарих пен тарихшыларға қандай деректерді және оларды қалайша пайдалану әдісін көрсете келе зерттеушілердің алдына қойылатын талаптарды жаңа қырынан да көрсеткен
Шежіре жазушылар естіген-білгенін сол қалпында, шикі түрінде тізеді.Ал, тарихшылар міндеті хақында А.Байтұрсынұлы: тарихшылар кұр істегенімен қанағаттанбай, рас, өтірігін тексеріп, расын ғана алады.Тарих пәнін Ахаң былайша жіктейді. Тарих беретін дерегінің түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бүкіл адам баласы дүниеде қандай өмір шеккенін сөйлейтін тарих «Жалпы тарих» деп аталады. Адам баласының мәдениет жүзінде жүрген жолдарын баяндайтын тарих «Мәдениет тарихы» деп аталады. Мәдениеттің түрлі тараулары «Тарих тармақтары» деп аталады. Мәселен, шаруа тарихы, өнер тарихы, дін тарихы, даналық тарихы, ғылым тарихы, әдебиет тарихы, тағысын тағы сондай тарихтар.Одан әрі Ахаң ұлттардың тарихын, жалқы тарихтар — түрік-монғол тарихы, қытай тарихы, жапон тарихы және сондай бөлек-бөлек жұрттардың, ұлттардың тарихы деп бөлген.
Алтыншы, Тарихи әңгіме. Тарих жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, уақиғалар турасында сөйлейтін әуезелер тарихи әңгіме деп аталады. Тарихи әңгімені А.Байтұрсынұлы материалистік ұғым мен идеалистік ұғымды коммунистік идеология өкілдері сияқты бір-бірімен қарама-қайшылықта қарамаған және материалистік көз қарастың марксистік-лениндік бірыңғай үстемдігін қабылдамаған. Ол табиғат заңдылығы мен әлеуметтік қоғам заңдылығының байланыстылығы негізінде адам қауымдастығы үшін әлеуметтік жасампаздықтың реттік сәйкестіктегі екі бірдей теңдігі бар, табиғат орталығындағы адам еңбегінің материалдық байлығы мен рухани қазынасы дейді. Бұл тұрғыда А.Байтұрсынұлының рухани болмысты қаншалықты жоғары бағалағанын білеміз. Осы арнада сәйкестік байланыстылықта табиғат пен қоғамдық тіршілік пайымдалып, халық тағдыры ғылыми тарихи жүйеде талданып, ұлт-азаттық күрес жолының сабақтастығы дәлелденген. Егер сұрыптай айтатын болсақ, А.Байтұрсынұлының методологиялық жүйесіне табиғаттағы, қоғамдық тіршіліктегі прогрестік даму, сәйкестік, салыстырмалы талдау, жүйелі тұжырымдау, ғылыми ақиқаттық принциптері тән. Сол себептен де Ахаң тарихты халықтың тағдыр тарихы және ол халық үшін түсінікті де ақиқат болуы шарт деген А. Байтұрсынұлы мұрасынаның, оның ғылыми -зерттеу бағдарламасынан өзіміздің ұлттық төл тарихымыз арнасындағы ізденістерде басты ұстанар қағидамыз оның марксизім-ленинизім теориясының арқауы болған пролитарлық интернационализм принципі және одан өрбіп, оны нығайта түсетін коммунистік партиялық зерттеу шарттары мен әдістері тұрғысындағы сын талдаулары болмақ
Шыныңда да, Ахаң ескерткенде, өмірдің өзі дәлелдегендей, марксистік-лениндік пролитарлық интернационализм қазақ халқын ұлттық әлеуметтік, рухани желіден ағытып, қарама-қарсы екі тапқа бөлді, оның ең зиялы да жасампаз ұлт жанды бөлігін таптық идеологиямен санасы уланған екінші таптың табанымен таптады, көзін жойды. Ағайынды, бауырды өзара қантөгіске итермелеген пролетарлық интернационализм қазақ халқының ұлт-азаттық күресіне зор жастандық жасады, ұлттық рухани дүниеге кінәттар түсірді, қазақ жастарының санасына мәңгүрттік уын құйды. Сөйтіп, ұлтжандылықты ұлтшылдық деп , ұлттық мемлекеттік тәуелсіздікті сепаратизм деп ұлттық тарихи сананы тәлкекке салды. Ал мұндай принципті басшылықа алғанда ұлттың ғылыми төл тарихымызды жазудың ауылы алыс болмақ. Тарихи шындық орнамаған жерде, оның ішінде ғылыми салада да, тарихи зерттеу принципін де, тарихи-салыстырмалық зерттеу әдісін де қолдануға жол жоқ. Өйткені басшылыққа коммунистік паритиялық принципті ұстанған ортада әлеуметтік өмір желісі де, нақты тарихи оқиғалар да, демектемелік қорлар мен басқа мұрағият мәліметтері де партиялық тұрғыда, партиялық нұсқада, сол идеологиялық негізде жазылуы да, қабылдануы да шарт. Бұл коммунистік партиялық принциптің басшылық рөлі міндетін атқаруы, ғылыми ақиқаттың дәлелденуі, социалистік қоғамның мақсатына еңбек етудің үлгісі дәлелі болмақ. Ал партиялық шеңберге сыймаған, оның мақсатына алшақтығы сезілген қандай да болмасын ой-толғау, ұсыныс, тіпті нақтылығы деректемелік, мұрағияттық материалдар ғылыми айналымға жіберілмеді, шеттетілді. Әрқашан таза партиялық, бірыңғай саясаттанған тапсырмалар орындалып отыр.
А.Байтұрсынұлының рухани мұрасында ұлттық төл тарихымыздың ең күрделі мәселелері, оның ішінде ұлт-азаттық күресінің бастауы, мән-мағынасы, түпкі мақсаты, өрлеу кезеңдері халықтың тарихи арнасында жан-жақты зерделенген, сонымен бірге, қазақ халқының отандық атамекенінің қалыптасуы, осы жер шебінің бұзылмауы үшін жан пида күресі қазақ мемлекеттігінің іргетасының қалануы, құрылымдық нығаю барысы, ішкі және сыртқы саясат өрісі, қазақ қауымының әлеуметтік құрылымы, жер, шаруашылық, рухани болмыс салалары ғылыми негізде ауқымды да терең қаралған. Жоғарыда ықшамдай тұжырымдаған және біз бұл жылы сөз етпеген Ақан еңбектеріне арқау болған тақырыптар, сөз, жоқ ұлттық төл тарихымыздың да күрделі мәселелері.
Ахаңның: «Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін, Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын, Ел бүгіншілік, менікі, ертеңгі үшін»,-деген зор сеніміне, асқақ арманынан, қазақ елінің тәуелсіздігіне бүгінгі ұрпақ біз жетіп отырмыз. Ендеше алдағы мақсат-ұлы бабамыздың асыл мұрасын зерттеуге, зерделеуге жасампаздықпен жұмылу болмақ.
3.Орыс және шетелдік тарихнама XYIII – XIX ғ. басы. Қазақ қоғамын басқарудың дәстүрлі институттары тарихы қай кезеңде де зерттеушілердің назарын өзіне аударған. Дегенмен, олар тиянақты зерттелді, бар материалдар жинақталды деу қиын. XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ тарихына қатысты деректер қазақ даласының тарихына көңіл аударған алғашқы зерттеушілердің назарына түскен. Бұған П.И.Рычков, И.И.Неплюев, И.Г.Андреев, Е.К.Мейендорф, А.И.Левшин, В.В.Вельяминов-Зернов, И.Ф.Бларамберг еңбектері куә .
1771 жылы Жоңғарияға қарай қашқан Еділ қалмақтарын қуған арнайы жасақталған әскери қосынының офицері П.И.Рычковтың күнделігінде алғашқы қазақ тархандары арғын Жәнібек пен тама Есет туралы, олардың қазақ-орыс қатынастарындағы елшілік қызметтері туралы мәліметтер келтірілсе, И.Г.Андреевтің еңбегінде патша үкіметінің бекініс маңындағы халықтарды өз саясаттарын қолдауға тарту үшін жылына 1000 рубль қаржы бөлгендігі, соның ішінде Құлсары тархан мен Құлеке батырларға 100 рубльден ақшалай сыйақы беріп тұрғандығы туралы деректер бар.
Зерттеуші Е.К.Мейендорфтың Орынбордан Бұхарға барған сапарында жинаған материалдарының жазбасы Кіші жүз өңіріндегі қазақ тархандары Жүсіп Сырымұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Жәнібек тарханның немересі Мұса Дәуітбайұлы т.б. тархандар қызметі туралы біраз деректер қалдыруымен құнды. Әскери санақшы И.Ф.Бларамберг Тіленшіұлы Жоламан тархан туралы деректер қалдырған.
Қазақ тарихын зерттеген орыс зерттеушілерінің арасында В.В.Вельяминов-Зернов тархандық институт мәселелерін арнайы зерттеуімен ерекшеленеді. Ол XVIII ғасырдағы башқұрт қоғамындағы тархандық институт тарихына қатысты зерттеу жүргізді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында патша үкіметі шенеуніктері мен әскерилеріне арнайы тапсырмамен отарланушы аймақ тарихын жаздыра бастады. Ондай еңбектер қатарына Л.Мейер, И.И.Крафт, В.Н.Витевский, А.И.Добросмыслов зерттеулерін қосуға болады.
Қазақ тарихына қатысты жаңа зерттеулер легі кеңестік биліктің орнауы кезеңінде дүниеге келді. Бастапқы кезеңде жазылған Х.Досмұхамедұлы, Г.Галузо, Т.Шонанұлы, К.Кемеңгерұлы еңбектері біраз мәселені жаңартты. Х.Досмұхамедұлы еңбегінде тарихи тұлғалардың арғы аталарына байланысты деректер сараланса, К.Кемеңгерұлы, Т.Шонанұлы еңбектерінде патша үкіметінің қазақ даласындағы отаршылдық саясатындағы қазақ жеріне қатысты мәселесі тыңғылықты талданады. Қазақ тархандарына патша үкіметінің жер мен жайылым, тоғайларды пайдаланғаны үшін алым-салық төлемейтін құқықтық пәрменділік берулеріндегі саяси ұстанымдарын талдауға қажетті мәліметтермен құнды.
Кеңестік үкімет билігі орныққаннан кейінгі 1920-1940 жылдар аралығында қазақ тарихына XVIII ғасыр мен ХІХ ғасырдың 60 жылдарына дейін өмір сүрген қазақ батыр билерінің саяси-қоғамдық қызметтері туралы жаңа деректер айналысқа түсе бастады. Бұл бағытта А.Ф.Рязанов, А.П.Чулошников, М.Тынышбаев, С.Асфендияров еңбектерін атап өтемі. А.Ф.Рязанов еңбегінде Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысын зерттеуде тарихи тұлғалар қызметіне қатысты мәліметтерді мұрағат деректерімен толықтырды. Дегенмен, автор А.И.Добросмыслов, А.И.Левшин пікірлерін қайталап, Сырым батырды қазақтың дәстүрлі хандық басқару институтына қарсы хандық билікті жоюдағы реформатор етіп көрсетпекші болды. Ал, А.П.Чулошников қазақ-башқұрт қатынастары тарихын зерттеп, 1755-1756 жылдардағы башқұрттардың ұлт-азаттық қозғалысы кезеңіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын сынға алды. Ол И.И.Неплюевтің башқұрт-қазақтарды араздастыруының құйтырқы айлаларына назар аударып, зерттеуде тама Есет тархан қазасына қатысты 1757 жылғы бұйрық туралы деректі алға тартады. С.Асфендияров қазақ-башқұрт сынды бауырлас халықтардың патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы көтерілу себептерінің ахуалын ашып көрсетті. Сонымен қатар, оның башқұрт тархандарының қазақ жеріндегі Есет тархандар бастаған жетірудың батырларымен біріккен жасақтар құрған келісімдері туралы тарихи деректері біз үшін ерекше маңызды.
Кеңестік кезеңде Е.Б.Бекмаханов, М.П.Вяткин зерттеулері де жарық көрді Тіленші Бөкенбайұлы тархан қатысқан ұлт-азаттық қозғалыс туралы бастап қалам тартқанымен, кейіннен ол туралы зерттеулер көп уақыт бойы іркіліп қалды. Еңбекте қазақ қоғамындағы сұлтандар институты жүйесінің түпкілікті өзгеріске ұшырағандығының себеп-салдары көрсетілді. Е.Б.Бекмаханов патша үкіметінің қазақ билік жүйесін жою барысындағы саясатын, ішкі қарым-қатынасты шиеленістірудің айла-амалдарын дәл анықтады.
Ал, М.Вяткин ХVІІІ ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына айрықша мән берді. Соның ішінде ол Сырым тархан бастаған ұлт-азаттық қозғалысты мұрағат деректері негізінде зерттеп, азаттық үшін күрескен батырдың тарихын жаңа белеске көтерді.

Бекіту сұрақтары:
1.XYIII ғ. мен XIX ғ.басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы туралы айтып беріңіз?
2.Қазақстан тарихының XYIII ғ.мен XIX ғ.басындағы қазақ деректерінің түрлерін айтып беріңіз?
3.XYIII ғ. мен XIX ғ. басысындағы орыс және шетелдік тарихшылардың еңбектерін атаңыз?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №3 ХҮІІІ ғ. І жартысындағы Қазақстандағы Саяси жағдай.
Негізгі ұғымдар: Аманат, керуен саудасы, казактар, Орда, шекаралық барымта.
Мақсаты: Әбілқайыр хандығының ішкі-сыртқы жағдайларының себебін ашып көрсету. Ресей патшалығының Қазақстанға деген мүлдесінбілдіру. Қазақ хандығының сырты-ішкі саяси жағдайларына саралау.
Кіші жүзбен Орта жүздің Ресей құрамына енуі
Жоспар:
1.Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келісөздері.
2.Әбілқайыр ханның отарлаушы әкімшілікпен қарым-қатынастардың шиленісуі.
3.Қазақтар мен Ресей қарым қатынасы.
Лекция
1.Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келісөздері.Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілері арасында жіктеліс туды. Деректемелерде шайқасқа қатыскан сұлтандардың мінез-құлқындағы мұндай келіспеушіліктің себептері туралы айтылмайды. Одан кейін көп ұзамай сұлтан Әбілмәмбеттің қазақ хандарының ордасы-Түркістанға көшіп кеткені, ал Әбілқайырдың асыға көшіп, орыс шекараларына бет алғаны мәлім. Аңыракай шайқасынан кейін қазақ хандары мен сұлтандары арасындағы жікке бөлінушілікке жоғарғы билік үшін күрес негізгі себеп болды деп санаудың негізі бар. Тәукенің ұлы, қайтыс болған аға хан Болаттың орнына Орта жүзден - Сәмеке, Кіші жүзден Әбілқайыр үміттенді. Көпшіліктің тандауы Әбілмәмбетке түсті. Сәмеке мен Әбілқайыр өздерін елеусіз калдырды деп тауып, шайқас алаңынан кетіп қалды, сол арқылы қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат етудің ортақ ісіне оңдырмай соққы берді.
Жоңғар әскерлері шапқыншылық жасаған жылдар қазақтар тарихына «Ақтабан шұбырынды» жылдары болып еніп, қазақ жүздерінің экономикалык және саяси өмірінде ұзак уакыт бойы терең із қалдырды.
Қазақтар материалдык және адам жағынан шығындарға ұшырап қана қойған жоқ, сонымен қатар уакытша Жетісудағы бай жайылымдарынан айырылды. Ғасырлар бойы қалыптасқан көшіп-қону бағыттары бұзылды, Сырдария ауданы мен Жетісудағы егіншілік мәдениетінің ошақтары жойып жіберілді. Қазақ руларының жайылым іздеп батысқа және солтүстік-батысқа ығысуы үлкен қиыншылықтарға ұштасты. Ол Жайық пен Еділ арасындағы көшіп жүретін кеңістік туралы мәселені шиеленістірді, қалмақтармен және башқұрттармен үздіксіз қақтығыстарға әкеп соқты. Жоңғар феодалдарының Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды басып алуының қазақ қоғамының экономикалык және мәдени өмірі үшін елеулі зардаптары болды. Қазақ рулары сауда және қолөнер орталықтарынан бөлініп қалды, ірі феодалдар қала халкынан алым алу мүмкіндігінен айырылды.
Жоңғарлардың шапкыншылығы казак жүздері арасындағы, әсіресе Кіші жүз бен Орта жүздің Ұлы жүзбен шаруашылык-саяси байланыстарын әлсіретті. «Ал Үлкен орда олардан алыс жерде Бұхараға карай көшіп жүр және ол Орта және Кіші ордалармен қатыспайды, олардың хандары да бөлек». Мұндай жағдай феодалдык бытыраң-кылыктың күшеюіне және Тәуке билік еткен жылдарда бастау алған мем-лекеттік билікті орталыктандыру негіздерінің бүзылуына ыкпал етпей қой-майтын еді.
Жоңғар хандығына карсы күрес барысында Кіші жүз бен Орта жүз жеке иеліктерге бөлініп кетті. Ұлы хан деп саналған Әбілкайыр өз билігін тіпті бүкіл Кіші жүзге де жүргізе алмады. Одан баска онда Кайыптың баласы Батыр сұлтан мен Әбілкайырдың баласы Нұралы сұлтан билік етті.
Орта жүзде өз хандары болды. Олардың ішінде белгілілері — Сәмеке, Күшік. Соңғысы наймандардың едәуір бөлігінін ханы болды және орыс шекарасынан алыста көшіп жүрді. Орыс шекарасына Сөмеке ханның коны-стары жакынырақорналасты. Олардан баска Орта жүзде Әбілмәмбетжәне Барақ сұлтандардың ыкпалы зор болатын.
Жоңғар баскыншылығы казак коғамының әлеуметтік қатынастарында да терең із калдырды. Елдің каңыратылып, күйзелтілуі кедейлер — байғұстар, коңсылар, жатактар және басқалар санын көбейтті. Дербес шаруашылык жүргізу мүмкіндігінен айырылған олар бай мал иелерінде бакташылар, үй кызметшілері ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Олардың көбісі тіршілік көздерін іздеп, батыска, орыс шекараларына кашты. Бірақ бұл жерде де олардың шеп өңіріндегі казактарға немесе шекарадағы орыс коныс аударушыларының аукатты шаруашылықтарында батырак болуына тура келді. Тағдыр Орта Азия хандыктарынан баспана іздеуге мәжбүр еткендердің жағдайы да нақ сондай еді.
Казақтардың 1730 жылғы Аңыракайдағы жеңісіне карамастан, Жоңғар хандығыныңжаңадан шабуыл жасауынынтікелей кауіп-катері жойылма-ды. Билік басына қазак хандықтары жөнінде тым баскыншылык саясат жүргізген Галдан-Цереннің келуі, мұндай шабуыл каупінің күшейгенін көрсетті, оның үстіне казак хандарының өздері де, соның ішінде Әбілкайыр да, жоңғар феодалдары түткынға алған тайпаластарын қайтару ниетінен бас тартпайтын.
Казак хандықтарының Бұхарамен және Хиуамен катынастары шиеленіскен күйінде калды. Рас, 30-жылдарға қарай казак билеушілерінің Орта Азия хандыктарымен кайшылыктары біршама бәсеңдеуі мүмкін болды.
Қазақ хандыктарынын еділ калмактарымен және башкүрттармен езара катынастары күрделі болып кала берді. Әбілқайырдың башкұрт ақсақалдарымен шапкыншылыкты токтату туралы келіссөздері табыска жетпеді. Кіші жүздің батыстағы шекарасында бейбітшілікке кол жеткізу Әбілқайыр ханның ең басты сырткы саяси міндеттерінің біріне айналды. Басты дұшпан - Жонғар хандығымен күресуге қолды босату үшін бұл өте қажет болатын.
Қазақ хандыктары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет –қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыранқылық үрдісін жою міндеті тұрды.
Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ калмактарының, башкұрттардың, Жайык және Сібір казактарының коршауында, шын мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым көрсетуі жағдайында бола отырып, казак жүздерінің билеушілері Ресей империясы сияқты одактас іздеуге мәжбүр болды.
2.Әбілқайыр ханның отарлаушы әкімшілікпен қарым-қатынастардың шиленісуі.
Бір жағынан, ыкпалды сұлтандар, ақсақалдар арасында, екінші жағынан, үш жүз бірлестіктерінің іс жүзінде тәуелсіз хандары арасында тамыр жайып алған араздық халықты топтастыру, біртұтас халықтық жасақ кұрудың бұрынғы дәстүрін қайта жанғырту жөніндегі күш-жігерді жоққа шығарды.
Осындай өте киын жағдайларда Петербург сарайынаж үгінуге өзі бастамашы болудың, сол кезде-ак ыдырап кеткен біріккен казак одағының сыртқы саяси бағдарында түбірлі бетбұрыс жасау жауапкершілігін оз мойнына алудың жөне ойрат күштерінің бейбіт ауылдарға кезекті жой-кын шабуылын күтпей, орыс императрицасының кезкарасын айкындау-дың күрделі миссиясы Әбілкайыр ханнын еншісіне тиді.
XVIII ғасырдын 20-жылдарына дейін сұлтан болып жүрген кезінде-ак, Әбілкайыр орыстың дипломатиялык топтарына едәуір белгілі болатын. «Акылы жеткілікті және қулыктан да ада емес адам», – деп ол жөнінде А. И. Тевкелев осындай пікір айтқан. Ол ең алдымен казак мемлекеттілігінің стратегиялык мүдделерін басшылықка алып, екінші жағынан Ресей әкімшілігіне сүйене отырып, озінің баска бөсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып шығаруга ұмтылды, атакты Тәуке ханның заманында болғанындай, озі біріккен хандыктын жеке-дара басшысы болу мақсатымен, халықка касіретті зардабын тигізетін ойрат баскыншылығына жол бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіругеты-рысты. Осы міндеттерді іс жүзіне асыруға ұмтылған ол 1730 жылдын жзында Уфа наместниктігі аркылы Петербургке өз елшілігін жіберіп, Ресей императрицасынан өзін ұлысымен бірге Орталык Азияның көптеген үлкенді-кішілі халыктары камкорлығына кірген Ресей империясынын бодандығына кабылдауды өтінеді.
Сол кезге карай Петербургтің дипломатиялық кызметі елдің Азиядағы саясатының негізгі бағыттарын айкындайтын елшілік құжаттарын әзірлеу мен шығыс елдерінің екілдерін қабылдау жөнінде едәуір көп тәжірибе жинақтаған еді.
Аюкенін еділ қалмақтарын, Кабарда кіняздігін, грузин билеушілерінің жерлерін Ресей құрамына қабылдау Сырткы істер алкасы дипломатиялык қызметінің өрісін едәуір кеңейтті, бұл жолы да Әбілкайырдың елшілігіне барынша кұрмет кәрсетілді, оның Құтлымбет Коштаев бастаған 7 адамнан тұратын елшілері кұрметпен кабылданып, бағалы сыйлыктар тартыл ды, дала оніріне Сырткы істер алкасының тілмашы А. И. Тевкелев бастаған үлкен комиссия косылып, әскери күзетертіліп кайтарылды, олардың ішінде «жерлерді сипаттау ушін жіберілген екі геодезист –Алексей Писарев пен Михайло Зиновьев болды. Ол дәуірдегі құжаттар А.И. Тевкелевтің мемлекеттік қызметке кірген уакытын көрсетуге мүмкіндік бермейді. Оның Сырткы істер алқасына алынуы I Петрдің 1722 жылғы парсы жорығынан біршама ертерек болғаны анық. Оның үстіне А. И. Тевкелев үшін «шығыс сөздерінің тілмашы» кәсібі әсте де жаналық болмаған, «...Әр түрлі қағаздарында» оның өзі жазғанындай, оған дейін де ата-бабалары өздерінің тамаша лингвистикалык білімін Мәскеудің елшілік приказында қолданған.
Петрдің мемлекеттік кызмет мектебінен еткен А. И. Тевкелев кейіннен оның өзі мойындағандай, жоғарылап, наградалар алуға үміттенген, бұл «ұлы мәртебелі императордың кайтыс болуы себепті» жүзеге аспай қалған. Қазақ елшілігін Кіші жүзге кері қайтаратын күні А.Тевкелевке 12 тармақтан тұратын, мазмұны қызықты «Нұскау» табыс етілді. Төрт парақтың екі бетіне қолмен айдақтатыла жазылған бұл құжат дипломатиялық миссия үшін өзінше бір іс-қимыл бағдарламасы болған. «Нұсқау» негізінде ол арнайы «Журнал» жүргізген, соның арқасында императрицаның грамотасын кабылдау кезінде де, Кіші жуз бен Орта жүзде ішкі саяси жағдайдың одан кейінгі шиеленісу кезеңінде де хан ордасында қалыптасқан нақты жағдайдын қандай болғанын көрсетуге мүмкіндік бар.
«Шығыс тілдерінің тілмашы Мамет Тевкелевке оны қырғыз-қайсақ ордасына оларды Ресей бодандығына келтіру үшін жіберген кездегі Мемлекеттік сыртқы істер алқасынан нұсқау» - оның бұдан кейінгі мансабында және қазақ-орыс өзара қатынастарының тарихында терең із қалдырған ішкі саяси ведомство нұскауларының толық және ресми атауы осындай.
А. И. Тевкелев сапарының негізгі мақсатын нақтылай түсу тұрғысынан алғанда «Нұсқаудың» үшінші тармағы өте бағалы, онда Ресей бодандығын қабылдау мәселесінде хан төңірегінде алауыздыктар анықталған жағдайда дипломаттың еркін нұскалар тандау жоспарының болуы түсінігіне кілт берілді: «...хан мен аксакалдардың және баска да кырғыз-қайсақтардыц бүкіл нанымы бойынша өз антына адалдығы Алкоранда көрсетіліп, оған қол койып, оны Тевкелевке беретін болсын. Ал егер хан және басқалар одан бас тарта бастаса, оларды оған Тевкелев көндірсін».
3.Қазақтар мен Ресей қарым қатынасы. Петербургте хан өкілдеріне кейбір көтермелеу белгілерін беру одан кейін Ресей императрицасының меймандостығы мен ілтипатының міндетті белгісіне айналды. Бұл жолы да сый-сыяпатсыз болған жоқ, кейініректе оған Нұралы хан да, атақты Абылай да, Әбілқайырды өлтірген Барак сұлтан да ашықтан-ашық кол жеткізді. А. И. Тевкелевтен Анна Иоанновнаның атынан тартулар, «атап айтқанда: кылыш, булғын тон, қара түлкілі екі бөрік, мәуіті және «басқаларын» беріп жібере отырып, Сырткы істер алқасы оған ханға оларды Әбілқайыр «адалдыкка ант бергеннен» кейін ғана тапсыруға катаң өкім етті.
Империяның ішкі губернияларына неғұрлым жакын орналаскан Кіші жүзге дипломат жібергенде, укіметте ол жөнінде жеткілікті акпарат болтан жок, тек Казакстанның солтүстік-батыс аудандары туралы Сырткы істер алқасының кеңсесінде жинакталғандардың бәрі алдын ала алынған, үзік-созык сипатта болғанын ғана айтуға болады, ал А. И. Тевкелев дипломатиялык тәжірибені сонда жинактаған еді. «Нұскауда» оған «кырғыз-қайсақтар туралы мәліметті» жазып алу, «елдің орфографиясын,халыкка бодандықтың ұнайтын-үнамайтынын, оның көршілері кімдер екенін... өздері зенбіректер кұя білетін-білмейтінін зерттеу...» міндеті жүктелді.
Белгілі тарихшы Н. А. Маев жүз елу жыл өткен соң, өзі жинаған дерек-тер негізінде даладағы істің жайы туралы да, халыктың салты туралы да, тіпті оныңтілектері туралы да сенімді мәліметтері болмай, жорамалмен әрекет еткен үкіметтің кезкарасын сын көзбен бағалады.
5 казанда А. Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналаскан Майтөбе сайына келді. Атакты мейманды бастап жүруді хан үлкен баласы, тәжірибелі жауынгер, әкесінің қызметін түгелдей қолдаған Нұрмұхамед-Әли Баһадүрге (Нұралыға) тапсырды. Алайда Ұлы даланың тілі де, Әдетғұрпы да жақын, түсінікті болған бұрынғы татар мырзасының күрделі дипломатиялык мансабының алғашкы кадамдарының өзі көрнекті аксакалдардың, сұлтандардың аса зор карсылығына ұшырады, олардың көпшілігі «бәрі өтірік» екенін біліп алып, орыска бодандықтуралы есіткісі де келмеді, «ханды соқыр тиын сиякты да көрмеді». Ашык оппозиция катты ренжіткен А. И. Тевкелев үнжырғасы түсіп кеткен Әбілқайырдан оның императрицаға өтініші бүкіл «кырғыз-кайсақхалқынын.» келісілген кадамы деп «оның елшілері Мәскеуде соз жүзінде не үшін дұрыс ұсыныс жасамағанын», бұл өз окілеттігін асыра көрсетудің көрінісі емес пе, «ал казір өтірік болып шығып отыр, демек оны бір өзің істегенсің» деп маза-лай бастады. Күзеттегі бір башқұрт та оған ханға карсы топтардың келіссөзді сәтсіздікке үшыратып, грамотаны кабылдауға жол бермеу ниетінде екенін ескерткен болатын. Башкүрттар соның ішінде кейіннен Ресейге адалдығы үшін тархан атағы берілген Таймас Шаимов табын руының даңкты батыры Бәкенбайдың, оның күйеу баласы Есет батыр мен немере інісі Күдайменді мырзаның колдауға уәдесін алуды ұсынды, оның пікірінше, бұлар «барлык аксакалдардан жаксы әрі күшті адамдар және байлығы мол... солар аркылы оған, Тевкелевке пайда келеді». Тевкелев өз калауымен әрекетжасап, «тәуелсіздікті корғаушылардыңбірнешеуін өзіне каратып алды».
Бөкенбай тобының колдауы жағдайды бәсеңдетті. Сатып алу, сөз байласу, ал кейде өзінің Ресей империясының сенім білдірген адамы екенін айтып коркыту аркылы Тевкелев өзінің бұдан кейінгі әрекеттерінің негізін нығайтуға және хан ордасындағы күштердің аракатынасын езгертуге қол жеткізді. «Мен барынша томеншіктеп, жан-тәнімді салып, өз отаныма адал кызмет көрсетуге деген жалғыз-ақтілекпен, екі жылға жуык уакыт бойы үнемі өлім каупіне бас тіге жүріп, аштыкка шыдап... оның үстіне бүкіл кабі-летімді жұмсап, бүкіл орданы кондірдім, осындай бақытка толы табыспен және осындай уакытта, дәл бодандықка келтірдім...», – деп жазды кейініректе А.И. Тевкелев.
Бірінші болып бодандыкка Әбілкайыр хан ант берді, оған Бөкенбай аксакал, содан сон Есет батыр, Кұдайменде мырза косылды. Сол арада адалдыкка 27 аксакал ант берді. Сонымен казіргі кейбір басылымдарда жазылып жүргеніндей, 27 емес бастапкыда антты ханнан баска аксакал аталатын 29 адам бекітті.
Қазақтың үш жүзіне хан бола алмаған Әбілқайырдың шекарадағы орыс жеріне бірнеше рет шапқыншылық жасауы, башқұрттарды орыс жерінен бөліп алуды көздеген мақсаты Кіші жүз халқының Ресеймен келісімі тұрақты болмағандығын көрсетеді.Сөйтіп тұрақты саясат жүргізе алмаған хан кешегі досы Ресей отаршыларының келісімі лен Барақ сұлтанның қолымен өлтірілді. Ал,Әбілқайырды қолдап,Ресейдің бодандығына қол қойған рубасылар патша тарапынан алған сый-сияпат,шекпен кигеніне мәз болды.Өз басының дәрежесін ойлаған Әбілқайыр да,болмашы сыйлыққа мәз, болған ру басылары да болашақ ұрпағының қамын ойламағандықтарын өз істерімен дәлелдеді.Сондай-ақ қарапайым халық өкілдері Бөгенбай,Жәнібек батырлар бұл келісімді бодан емес, әскери одақ деп ұққаны анық. Өйткені,шындығында,қазақ халқы өз еркімен басқа ұлтқа құл болуға келіседі.Бодан болу деген сөз құл болумен пара-пар.
Күрделі де мазасыз жағдайда басталған бұл тарихи үрдіс XIX ғасырдың 50-60-жылдарында әскери-мәжбүрлеу құралдарымен аяқталды, дегенмен алдын ала атап өтейік -Маңғыстаудың баруға қиын аудандарында көшіп жүрген адайлар мен баска да кейбір ру бөлімшелері XIX ғасырдың 80-жылдарына дейін Ресей империясының билігін мойындамады.
Әбілқайыр хан дегеніне жетті, сойтіп императрицаның грамотасы заң-ды күшіне енді. А.Тевкелев те хан төңірегіндегілер ризашылығына бөленіп, көшпелілердің көпшілік бөлігіне жек көрінішті болып, өзіне жүктелген миссияны орындады, бұл туралы мәліметтер даланың алыс түкпірлеріне едәуір кешігіп, «ұзынқұлақ» аркылы ауызекі айтылуда орасан өсіріліп жетіп жатты. Жасалған фактіге Орта Азияның түрік иеліктері, өсіресе Хиуа хандығы қатты аландады, мұны Орталык Азияның мұсылман елдері шептерінің әлсіреуі деп санады.
3.Қазақтар мен Ресей қарым қатынасы.Солай бола тұрса да, алғашкы табыстарға арка сүйеген А. И. Тевкелев біртіндеп жергілікті өмірге еніп, таныстар аукымын кеңейтетүсті. Кіші жүз ханының мақұлдауға уәдесін алып, Сырткы істер алкасының «Нұскауында» көзделгеніндей, көршілес жерлердің ант беруі үшін негіз дайындады. 1731 жылғы 19 желтоксанда ол Әбілкайырды Нұралы сұлтанды «оның да Ресей империясының бодандығында болуы үшін» Хиуаға жіберуге көндірді. Алайда 1732 жылғы 2 наурызда кайтып оралған Нұралы алаңдататын хабар әкелді: Хиуа «асқан зор наразылық пен ашуыза» білдіріп, болып жатқан окиғалардың мәніне катты аландаушылык танытқан. Хан мен орыс дипломатының, соңғысы Петербургке қайтқанға дейінгі өрекеттері осы жағдайлармен шектеледі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі болған кезден бастап халқымыздың жүріп өткен тарихи жолы деректі деңгейде қайтадан ой таразысынан өткізілуде.Тарихшылар Қазақстан үшін дамудың басқаша жолы болды ма, оның мәні қандай болуы мүмкін деген сауал төңірегін қарастыруда.
XVIII ғасырдың орта шенінен бастап бұл мәселеге байланысты тарихнаманың даму динамикасмн сипаттайтын көптеген материалдар жинақталған.Әр кезеңде бұл үрдісті өзінше қабылдау мен бағалау орын алған.Көріп отырғанымыздай, бұл мәселелерді көрсетуде - қосылудың оңды және келеңсіз салдарларына әділ талдау жасау сияқты көптеген сұрақтарға жауап берілмеген. Қазақстан өміріндегі тәуелсіздігі мен дербестігінен айырылған сол кезеңнің шынайы жағдайын білу үшін, әрине, кешенді талдау және сараптау қажет.
XVIII ғ. 30 жылдардың өзінде Ресей патша үкіметі қазақ даласын өзінің иелігіне алып, оның сыртқы жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатындай кепілдігі болмады. Оны 1735-1740 ж.ж. Башқұрт көтерілісі мен XVIII ғ. 30-40 жылдары қазақ жүздерінің Жоңғарлармен соғысының өзі Ресейдің қазақ даласына деген өздерінің қорғаушы ретіндегі ұстамдарының өте әлсіз болғандығы. И. Ерофеева пікірінде негізделген И.Ерофеева “Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик”А; Сонат 1999. (223 б.) Мұнан шығатын қорытынды өздерінің қол астына қарауға ант берген. Қазақ даласының кіші жүзі мен орта жүздерінің ішкі саясаты мен билігіне еркін тез араласа алмады. Сондықтанда XVIII 30-40 жылдарында Орынбор әкімшілігінің қазақ хандары мен ықпалды сұлтандары жеке қарым-қатынастарын жақсарту арқылы жергілікті орыс шенеуліктері қазақтарға ықпал ететін жол ашар әдіс айлаларды анықтау тәсіліне көшкен болатын.А.И. Тевкелев сөзімен айтсақ “қазақтарға ноқта салу” жолдарын іздестірді деп И.Ерофеева “Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик”А; Сонат1999. (223 б.)
И.Ерофеева әділ айтқан болатын“Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик”А; Сонат1999. (305 б.) оған қосарымыз тек ханменен ықпалды сұлтандармен ғана емес қазақ даласында қара халық қолдауына кіріп, ішкі саясат пен билікте орыс патша үкіметінің билігіне алмастыруға қол жеткізу жолдарының бірі қарадан щыққан халыққы жақын белгілі ыпалды батырларды орыс патша үкіметінің қазақ даласының саясаттарына тарту болатын. Бұл әдістерін жүзеге асыруға болады деген байлам жасаулары болса керек. Ресей экономикасының дамуына серпін беретін капитал қазақ даласында құйылған болатын ешқандай шығын шығармай таза пайда тауып отырған болатын.
Қазақтан кіші жүз ханы Әбілқайырдың 1736-1738ж.ж. Башқұрт жеріндегі көтеріліске қатысуының өзі 1737 жылғы. Башқұрт көтерілісін басуға патша үкіметіне көмегін жонған.Әбілқайыр ханды Орынбор комиссиясы В.Н. Татищев Әбілқайыр ханның башқұрт көтерілісін басып өзінің үшінші ұлы Қожахметті хан сайламақшы саясатын түсініп қалып,тілмаш Арсалан Бахметов арқылы алғыс хат жалдап, Ресей патша адалдығы үшін көп сый сыйапат тарту таралғымен қатар 100 руб күміс ақша беріп тоқтатудағы өте нәзік мәменгерлік саясатының өзі .И.Ерофеева “Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик”А; Санат1999. (224 б.)
Қазақ хандығының әліде дербестігін Ресей патша үкіметіне сөз жүзінде ғана бағыныштылығын көрсетті. Сол кездегі Ресей патша үкіметінің өзіне қосылған бодан елдердің ішкі сыртқы мәселелерін шешу мен реттеуде әліде дәрменсіз екендігін дәлелдеп берді.
Сондықтанда қазақ башқұрт тархандарын ұлықтау арқылы хан сұлтандар арасында баланс тепе- теңдік жасау идеясына түрткі болғандығы туралыда ой келеді.
XVIII ғ. 1 жартысында Шақшақ Жәнібек пен Есет батырға тархандық шен беруінің бір себебі И.Ерофеева дерегінен көреміз.Кіші жүз ханы Әбілхйырдың иелігін басқарып ұстауда болды. Хан Әбілқайыр ықпалы XVIII ғ. 30-40 жылдары бір қалыпты болып саяси тұрақтап қана қоймай, бекіп, нығая бастады. И.Ерофеева “Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик”А; Сонат1999.(232 б.) Сол кезде Әбілқайыр ханды қолдаған рулар шектілер Аралдың солтүстік шығысын қоныстанған. Сонымен қатар байұлдары, рулары оның басында Нұралы сұлтан тұрды. Жетіру рулары оның басындабелгілі батыр Есет болды.Керей орта жүз рулары басында билікте екінші баласы Ералы сұлтан және арғындардың көп бөлігі болды. Оның басында Әбілқайырды қолдайтын атақты орта жүздің батыр биі Шақшақ Жәнібек ықпал етті. И.Ерофеева “Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик”А; Санат1999.
Кіші жүз бен орта жүз руларын қоса иелігіне ұстап отырған Әбілқайыр хандығына сыналап кіру үшін беделді белді билік басындағы сұлтандардан хан баласынан басқа батыр би Шақшақ Жәнібек пен Тама Есетке тархандық беру арқылы Әбілқайыр хандығының іргесін босатуды көздеген саясаттар да қылаң етуі негізсіз еместі.
Бекіту сұрақтары:
1.Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келісөздері немен аяқталды?
2.Әбілқайыр ханның отарлаушы әкімшілікпен қарым-қатынастардың шиленісуінің себептері неде?
3.Қазақтар мен Ресей қарым қатынасының саяси сипаты қандай болды ?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №4 ХҮІІІ ғ. Бірінші жартысындағы қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдай және көрші елдермен қарым қатынасы.
Негізгі ұғымдар: Бодандық, протекторат, мәмлегерлік, елші, Орда, Кіші жүз, шекара барымтасы.
Мақсаты: Әбілқайырханның саяси мемлекеттік қайраткерлігін тарихи еңбектер негізінде саралау. Қазақ хандығының ХҮІІ ғ. Саяси сыртқы мәселелеріне талдау жасау арқылы көрші елдермен қатнастарының саяси мәнін анықтау.
Жоспар:
1.Әбілқайырханның саяси мемлекеттік қызметі.
2.Қазақ- Ойрат өзара қатынасының саяси сипаты.
3.Қазақ - Башқұрт қатынасы.
Лекция
1.Әбілқайырханның саяси мемлекеттік қызметі. Әбілқайыр хан – XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Қолбасшылық талантымен саяси көрегендігі, мәмлегерлік шеберлігі күрделі тарихи кезенде көзге түсті. Әбілқайыр ел басына күн туған ауыр заманда қазақ жасағына Бас қолбасшы сайланып, жан-жақтан аңталаған жауға тойтарыс берді.
ХІХ-ХХ ғасырдың екінші жартысында Әбілқайыр қазақтарды Ресейге бодан етті деген де, алдымен Әбілқайыр ханның 1730 жылғы Анна патшаға жазған хатын дәлел етеміз. Әрине, Әбілқайырдың 1731-1732 жылғы хатжазғаны да, ант бергені де шын, бірақ, ол хаттың мақсатына, қүқықтығына онша көңіл қоймай жүрген сияқтымыз.
Осы ойға байланысты қысқаша болса да белгілі тарихшылардың ғылыми еңбектеріне токталайық. Ол туралы академик В.В.Бартольд "В 1740 году в Туркестане утвердил свою Верховную власть последний крупный завоеватель, вышедший из Персии Надир-шах". Ресей Әбілқайырға ешбір қолдау көрсетпеді. Содан соң орыс патшайымына берген анттың да, қабылданған қүжаттың да күші жойылды деп дәлелдейді В.В.Бартольд: "Принятая Абылхайыром русское подданство не имел реального значения" дейді.
В В.Бартольдтан кейін алғашқылардың бірі болып зерттеген тарихшы А.Н.Чулашников "Әбілқайырдың Ресейге бодан болу туралы келісімге қол қоюы, бұл істің басы ғана емес қарапайым маңызы жоқ, кеп келісімнің бірі ғана" деген қорьгтынды жасады. Көрнекті тарихшы Н.Г.Аполлова "Қазақ хандары XVIII ғасырдың басынан сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Тәукеден бастап Әбілқайырға дейін Ресеймен бейбіт қарым-қатынасты нығайтуға қам жасады2", дей келе көпшіліктің Ресей бодандығына қарсы болуы, жасалған келісім-шартқа наразы болудың бірден-бір себебі, хан бұл мәселені шешуде ез билігін тым жоғарылатып жіберді.3 Ханның бұл қадамын старшина мен билер бабаларынан келе жатқан әдет-ғүрыптарды бүзғандық деп түсініп, өздерінің хандыққа саяси биліктерін аяқка таптады деп түсінді" деген болатын. Қазақ халқының аса ірі тарихшысы Е.Бекмаханов қазақ елінің хат жазғаңда бағыныштылық емес Қамқорлық туралы одақ ел болуды іздегені деп келіп "Ресей патшасы Анна Иоановнаның іргетасында (подданство) бодан болу деген термин қолданылмаған. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде бұл создің мағынасы қазіргіден бөлек. Ол кезде подданство деген сөзді қамқорлық деп түсінген, яғни бұл сөзді өзіне қаратып алу немесе отарлау деп тұсінбеу керек деп жазды.
Қазан төңкерісіне дейінгі тарихшылардың бірі М. Макшеев былай деп жазады: "Мемлекет шекарасы сыртындағы қырғыздар (қазақтар) бұрынғысынша тәуелсіз болып қала берді, ешқаңцай алым-салық төлемей, Ресей алдында міндет атқармады" деп көрсетеді.
Патша тарихшыларының кейбіреулері қазақтарға көршілері қанша қауіп-қатер төндіргенімен Әбілқайыр сияқты игі жақсылардың себеп сылтауы билік үшін күрес деген пікірді нды. Олар Әбілқайырды "Сұм да, зұлым", оның уәдеде тұруға ниеті де, мүмкіндігі де жоқ, қосылу дегені кезекті "шығыстың айла-шарғысы" деп есептеді.
Мәселен, патша генералы М.Терентьев "халықтың басым көпшілігі өздерін Ресей бодандығы деп есептемеген, егер Әбілқайыр жалғыз өзі бодандыққа уәде берсе, онда патшаға жалғыз озі бодан болсын" деп жазады.
XIX ғасырдағы белгілі тарихшылардың бірі, академик Н.И.Веселовский шығыстанушы ғалым ретінде Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттей келе "Көшпенділердің келісім туралы түсініктерінің біздің тусінігімізден әлдеқайда айырмашылыгы бар. Олар ушін бодандық дегеніміз, ешкімді белгілі бір мемлекетке ештеңеге міндеттемейтін, сондай-ақ қазақтардың пайдасына шешілген сауда-саттықтың бір келісімі сияқты әсер етті'% деді. Яғни, қазақтардың Ресей-мен жасаған келісімі көрші екі елдің жайшылықтағы бір-бірімен алыс-берісі сияқты байланыстай-ақ көрінген.
Белгілі ғалым В.В.Бартольд мынаны еске алған жөн дейді. Бодандық сөзі сол кездегі қалыптасқан үғым бойынша кез келген екі едцің арасындағы одақтастық шартта әлсіздеуі күшті мемлекеттің суверендігін мойындауға тиіс санаған. Ал бодандықты нақтылы бағыныш деп есептемеген. Мысалы, академик В.В.Бартольдтың пайымдауынша, "среднеазиатским владетелям подданство казалосъ только выгодной сделкой, благодаря которой слабейший становился под покрови-тельством и в то же время не принимал на себя никаких обязанностей "} Осы пікірін анықтай отырып еңбегінің келесі бір бетінде "қыргыздардың (қазақтардың) бодан деген аты гана болган "г деп жазған.
Сонымен қатар Қазақстаннан тыс жерлерде кеңес қоғамының тарихы жөнінде объективтік, шыншыл еңбектер бізде емес, Батыс елдерінде де жазылғандығын ескерсек, бірқатар шетел тарихшылары да өз еңбектерінде осы тақырыпқа көңіл аударған. Олар Скайлер (АҚШ дипломаты), Г.Бульжер (XIX ғасырдағы ағылшын тарихшысы), А.Боджер (Англия), Х.Сетов — Утсон (Англия), М.Б.Олкотт (АҚШ), т.б. Сонымен атақты Әбілқайыр ханды түсіну үшін тағы да тарихшылар түйініне назар аударайық. Ол туралы шетел тарихшылары не деді екен?
Орта Азия зерттеушілерінің ардагері доктор Баймырза Хайит: "1731 жылы Әбілқайырдың орыс патша әйеліне жазган хатында, әңгіме бодан болу жөнінде емес, қамқор болу жөнінде болды'* деп көрсетті. Жалпы алғанда Б.Хайит Қазақстан бүкіл Орта Азия сияқты Ресейге қарудың күшімен еріксіз қосылды деген көзқарасты ұстады.
Бірақ орыс-қазақ қатынастарына деген козқарас Батыс тарихшылары арасында да бірыңғай емес. Мүндай қайшы-пікірлер 1731 —1732 жж. Қазақстанның Ресейге оз еркімен қосылғандығы туралы төңірегінде орбіді. А.Боджер бұл туралы: "Қазақ халқы орыс боданы болуды қалады деген жорамал шыныдыққа жатпайды. Әбілқайыр озінің іс-әрекеттерінде жеке басының муддесін — саяси мақсатты көздеді, бір созбен айтқанда, ол да орыстан квмек алуга тырысты, бірақ орыспен қосылгысы келмедідейді.
Іс жүзінде Әбілқайыр император әйелдің шын берілген қызметшісі болған жоқ, ол кей кездерде жоңғар билеу-шілерінің де коңілін жыққысы келмеді деген профессор М.Б.Олкотг пайымдамасын Әбілқайыр саясатының екіүш-тылығы емес, сол замандағы ерекше мәмілегерлік төсіл түрі ретінде бағамдауымыз керек дейді. Американ ғалымы Ю.Скайлер Қазақстанның Ресейге қосылуы себебін таддай келіп " XVIII гасырдың басында қырыздар (қазақтар) солтустік-батыстан қалмақтардың, сол-түстіктен — сібір казактарының, шыгыстан — жоңгар фео-далдарының шапқыншылыгына ұшырады да өте-мөте ауыр жагдайда қалды "' деп жазады "Түркістан" еңбегінде. Автор бұл орайда Әбілқайыр атқарған ролінде лайықты баға береді.
ХУШ-ХІХ ғасырлардағы тарихнаманы зерделегенде Әбілқайыр хан жөнінде көптеген пікірлер айтылғандығы жоғарыда көрініс берді. Алайда бір ерекше назар аударар жайт, отаршыл империя теоретиктері басқыншылықты бітімгершілікпен көлегейлеп, Әбілқайыр саясатына өркениеттілік сипат беруге неліктен жанталасқаны бүгінгі танда түсінікті болды. Ресей империясының ауқымды жоспармен жүргізілген отаршылдық саясаты қайткенде де қазақ жерін басып алмай тоқтамайтындығы бүркемеленді. Ал керісінше, отандық тарихнамада қазақтар үшін жоңғар шапқыншылығынан аман қалудың, сөйтіп жер бетінен түтастай жойылып кетпеудің бірден-бір жолы қазақ өлкесінің Ресейге қосылуы ақтабан шұбырынды алқакел сұлама деген шалажансар аңыз үстемді етіп келеді.
Сонымен Кеңес өкіметі кезінде Әбілқайыр хан туралы, қазіргі оқып жүрген қазақ тарихында Әбілқайыр хан қазақ елін Ресейге қосып бодандықтың кигізді деген ғылыми дәлелденбеген, нақты дерекке емес, болжамға, долбарға сүйеніп жазылған қортыңды еді.
Ресми идеологияның қолдауына сүйенген маркстік-лениңдік тарихнама қазақ халқының тарихын формацияларға бөліп, қазақ халқының тарихын Ресей окіметінің, Совет окіметінің саяси-идеологиялық қағидаларына үйлестіргені белгілі. Қазақ тарихын жазғандар қазақ тарихын формацияларға бөлгенде Ресей мемлекетінің тарихынан бірге қарау мәселесін ешқашан естен шығарған емес және қазак тарихын коне заманнан бүрмалап көрсетуге тырысты. Ресми тарихнама қоғамға үстемдігін жүргізген ресми кезқарас тұрысынан баяндалды. Сондықтан отаршылдықтың бүкіл зардабын Әбілқайыр есімімен тікелей байланыстыра қарауды доғаратын уақыт жетті.
2.Қазақ- Ойрат өзара қатынасының саяси сипаты. Жоңғар хаңдығы Ресеймен бейбіт сауда жүргізгенімен, оның нығайып күшеюі Жоңғар хандығының кейбір мемлекеттермен бәсекелесуіне әкеп соқтырды. Патшалық Ресейдің, Циньдік Қытайдың эскпансионизмі Жоңғар хандығын Қазақ хандықтарымен күрес жүргізуіне итермеледі, сонымен бірге Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда-қолөнер орталықтары жоңғар қонтайшыларының назарын аудармай қойған жоқ. Қазақ феодалдары мен жоңғар феодалдары арасындағы күрес әсіресе XVIII ғасырдың басыңда күшейе түсті. Сөйіп XVIII ғасырдың 1710-1711 жылы жоңғар әскерлері Қазақ хандығының жеріне басып кірді. Қазақ жасақшылары басқыншыларға күшті тойтарыс берді. Жоңғар әскерлері 1713 жылы тағы да шабуылға шықты, бірақ олар қазақ жерінен қуылып тасталды. 1723 жылы жасалған Жоңғар-Қытай бітімі шарты жоңғарларды қазақтарға қарсы агрессия жасауға айдап салды. Агрессия 1723 жылы басталды да, қазақ халқына бүрын-сонды болмаған қайғы-қасірет әкелді.
Өзінің түпкі мақсатын жүзеге асыру үшін қонтайшы 1722 жылы алғаш Қытаймен келісім жасап алды. Ал келесі жылдын коктемінде қүмырсқадай қаптаған қалың қолын қазақ жеріне төкті. Қазақ халқының Жоңғариямен соғысындағы ең ауыр және ең қайғғылы сәттер болды. Десекте, Әбілқайыр, Бөгенбай, Қабанбай, Өтеген және т.б. тандаулы жеке дара түлғалардың зор үйымдастырушылық дарын-қабілетінің, асқан ержүректігінің нәтижесінде қазақ халқы оздерінің үлттық тәуелсіздігін қорғап қана қоймай, ауыр шығынға үшыраса да қаһар-мандықпен қарсыласып, бірнеше рет күйрете соққы берді. Осы шайкастар барысында жаңа саңлақ батырлар Абылай, Барак, Жәнібек, Олжабай, Қабанбай тәрізді көптеген жанжүрек қолбасылар жүртқа танылды. 1726 жылы Бұланты өзеніндегі қанды ұрыста, 1730 жьглы Аңырақайда болған жан-кешті шайқаста үш жүзден жиналған барлық қазақ жасақтары жоңғар әскерлерін ойсырата женді. Дәл осы соңғы 1730 жылы шығыстан жоңғар жеріне цинь әскерлері баса-коктеп кірді.
Бірақ қазақ қоғамының басында отырған игі жақсылар қазақ халқының ірі ескери жеңісінің жемістерін де және жоңғар-цинь соғысының бастауына байланысты қалыптас-қан әскери-саяси жағдайдың тиімділігін де пайдалана алмады. Тіптен ірі жеңістен соң, жаңа Жоңғар ханы Қаддан-Царенмен келісім де жасамастан және соғысты толық жеңіске жеткізуге тырыспастан қазақтардың ел басылары Әбілмәмбет, Әбілқайыр, Сәмеке және басқалар өз өскерлерін соғыс қимыддары алаңынан алып кетті. Мүның себебі, Болат ханның қайтыс болып, Орта жүздің жаңа ханының сайлауына байланысты игі жақсылар арасындағы озара кикілжің туа бастаған еді.
Халқының озі үшін де, Орта Азия халықтары үшін де қазақ ақсүйектерінің осы бас араздығы аса зор кымбатқа түсті. 1735 жылы Қытаймен келісім шарт жасаған Қалдан-Царен Ұлы жүз елінің жеріне басып кіріп, оны озіне қаратты. Арада бірнеше жыл салып, қаптаған қалың жоңғар Орта жүз жеріне де басып кірді. Жанкешті, асығыс жағдайда жиналған қазақ жасақтары соққыға үшырап талқаңдадды. Әбілмәмбет хан қуғыннан құтылу үшін Жайыққа қарай шегінді. Күші басым жаумен текетіресте сұлтандар мен старшиндардың едәуір болігі тұтқынға түсті.
Осы тұста сәл шегініс жасап айта кетер бір нәрсе: осы уақытқа дейін кеңес тарихнамасында Орта жүз бен Кіші жүз Жоңғар мемлекетінің ықпалында болды деген қате козқарас бар. Шындығына келсек, шайқастарда жеңіле тұрса Да жоне жаулаушы ойраттардың әлуметтік диштоматиялық Қысымына қарамастан Орта жүз бен Кіші жүз өздерінің мемлекеттік дербестігін өрқашанда сақтап қалғанын баса айтқан жон. Әрине, Әбілмәмбеттің және оның жақтаушы-ларының соғыс қимылдарын тоқтату және бейбіт келісімдер жасау туралы үсыныстарына Қалдан-Царен келісе тұрса да, Орта жүз бен Кіші жүз қазақтарының игі жақсыларына ауыр шарттар қойды. Өзін Цабан-Рабданның Шоно-Лоузанның баласымын деп жариялап, Жоңғарияның шекаралық аудандарына жорықтар жасап жүрген, бүрын Башқүрттардың котерілісін басқарған, ал енді қазақ кошпелілер арасында жасырын жүрген Қарасақалды ұстап беруді және өз тұтқын-дарын босатуды талап етті. Қалдан-Царен сондай-ақ алымдар төлеуді және Қоқан бегінен соғысу үшін арнайы әскерлер беруді және тағы баска да талапты жүктеді.
Бұл талаптардың көпшілігі Орта және Кіші жүздің игі жақсыларының бас қосқан жиналысында (съезінде) ақыры қабылданбай тасталды. Рас, Әбілмәмбет хан мен ықпалды сұлтан Барақ қонтайшы ордасына өздерінің үлдарын жіберді. Бірақ, мүны олардың өздері, жеке бастары осылай ету қажет деп тапқандықтан ғана жасады, ал енді келісімге келсек, оған Қалдан-Царен 1743 жылы қол қойды. Бір қызығы ол келісімді Әбілмәмбет жіберген ресми делегациямен емес, өзінің тұтқыны болып отырған сұлтан Абылаймен жүргізді. Мүндағы гәп мынада: Абылай өзінің жеке басының ержүрек-тігімен, өткір ақылдылығымен қарсыласына бас имей өзін лайықты да тәкаппар ұстай білумен қонтайшыға зор әсер қалдырды. Абылайды тіптен ханның жиені Чарчуды жекпе-жек ұрыста өлтіргеніне қарамастан үлкен сый-сыяпатпен салтанатты жағдайда еліне шығарып салды. Бізге жеткен аңызға сенсек, Қалдан-Царен ол туралы: "Кіші халықты басқарады, бірақ үлкен халыққа лайық" деген екен деседі. Жоңғарлар басқа қазақ тұтқындарын да босатты. Бұл жерде Орта жүз ханы Әбілмәмбеттің Жоңғарияның тұтқынынан Абылайды босатып алуды коздеген дипломатиялық әрекетін айтпай кетуге болмас. Бұл жұмысқа елші сұлтан Әбілпейіз (Әбілмәмбет ханның кенже ұлы) бастаған арнайы елшілік те мұрындық болды. Ол елшілік туралы И.И.Неплюев 1742 жылы 18 қарашада сенатқа хабарламасыңда: "Әбілмәмбет ханның озінің кенже ұлы Әбілпейіз сұлтанды аманат үшін емес бауыры Абылаймен кездесіп, оның басын арашалау үшін жібергенін" айтады. Бұл жерде ең басты қулықты жоңғар билеушісінің Қоқанға қарсы күреске қазақтың игі жақсы-ларын жұмылдыру үшін және Ресеймен арадағы қарым-қатынастың шүғыл нашарлап кетуіне байланысты "қайырымды" корінуге үмтылып отырғанын байқау да қиын емес. Қоқанға, оның одақтастары қырғыздарға және Ұлы жүздің кейбір басшы топтарына қарсы 1742 жылы басталған жорык Ойрат мемлекеттігінің оның Ұлы жүзге үстемдік етуіне мүмкіндік бермеді. Сан қилы айла-әрекетгер жасап, қанша Күш салса да Қалдан-Царенге Абылай да, басқа қазақ ақсү-йектері де оның Қоқанға қарсы күресіңде қолдаушы болып, көмек бере қоймады. Рас, сұлтан Барақ қонтайшының өтініші бойынша жауласушы екі жақты 1744 жылы өзара татулас-тыруға тырысып бақты, бірақ бұл да сәтсіз аяқталды.
XVIII ғасырдың 40 жылдарының орта шенінде Жоңғарияда дағдарыс белгілері айқын көрініс бере бастады. Қаһарлы қонтайшының 1745 жылы қайтыс болуы және хан тағына Қалдан-Цареннің ортаншы баласы кәмелетке толмаған, ақыл-есі делі-құлы Цабен-Доржының келуі мемлекеттің басынан кешіп жатқан қиыншылықты терендете түсті. Енді қазақ-жоңғар қарым-қатынасыңдағы бастама қазақ басшыларының қолына көшті. Ойрат ордасымен белсенді байланысты бүрынғысынша Абылай өз қолыңда ұстады. Ал енді жоңғарлардың Ұлы жүздің шын мәніндегі билеушісі Төле бимен қарым-қатынасы шиеленіскен күйі қалып қойды. Цабен-Доржының оған өз билігін мойындатпақ, бүрынғысынша алымдар жөне аманаттар алмақ болған әрекеттері де сәтсіз қалып отырды. Жас жоңғар ханының басын күрделі дипло-матиялық айламен Кіші жүз ханы Нұралы әбден қатырып бітті. Дегенмен де Қазақстанның басшы топтары Жоңғария-мен қарым-қатынаста біртүтас, үйлесімді, елдің жоне халықтың үлттық мүддесін көздейтін саясат жүргізе қойған жоқ. Әр жүз басшысы өз қалауынша әрекет жасады.
3.Қазақ - Башқұрт қатынасы. 10 май айында 1737 жылы орыс патшайымының үкімімен Екатеринбург заводтарының бастығы, тарихшы құпия кеңесші Василий Никитич Татищев Орынбор өлкесінің бастығы болып тағайындалады. Осы үкімінде Қазақ даласында ұмытпауын есіне салып оқыс оқиғалар болуына жол бермей қарым-қатынаста болуына болуына үкім етті.
Жаңа қызметке тағайындалған Татищевтің қазақ даласымен баруға мүмкіндігі болмады. Башқұрттар бұлігімен алаң болып жүргенде. Бұл қызметте Кидишов сияқты Татищевте ұзақ болмады.
Кіші жүз хан Әбілқайыр 1737 жылдың аяғында орыс өкіметінен башқұрттардың толқуын әрекет етуін басуға рұқсат сұрайды.
Хан Әбілқайырдың бұл әрекетін сол кездегі жергілікті орыс тарихшысы Петр Иванович Рычков пікірі туралы былай деп жазады.
Пока Татищев собирался приступить к занятию Киргизскими делами, хан Абулхаир желая воспользоваться башкирским бунтом для своих выгод обогощения и усиления своей власти и даже, будто бы, для возведения в ханское достоинство в Башкирии одного из своих сыновей.
Рұқсат алған хан Әбілқайыр әскермен Башкирияға кіріп бұлікшісін де бейбіт халқын да айырып жатпайды. Шетінен тонауға кіріседі. Мұны кейін байқаған Татищев ханда Башкириядан әкетуін өтініп рұқсат сұрайды. 1738 жылдың 22 мартында шетел істері жөніндегі коллегия хан Әбілқайырды Башкириядан шығару жөнінде үкім шығарады. Осы мәселе бойынша Әбілқайырға тілмаш аудармашы Арсалан Бахметов 100 сом ақшаменен әр түрлі сыйлықтар алып Башкирияда тәртіп орнатқанына алғыс айтқан болып сыйлықтарын тапсырады. Осылайша Әбілқайырды оңай тоқтатады. Осы кезде кіші жүздің басқа бөлігі Еділ қалмақтарын тонап көптеген орыс адамдарын тұтқынға алады. Бұл туралы мәліметті Татищевке шетелдер жөніндегі коллегиясы 6 февральдағы 1738 жылғы үкімімен хабарланады.
1738 жылдың басында башқұрттар хан Әбілқайырдың хан деп танып одан көмек сұрайды. Оған Әбілқайыр келісім береді. Ресейге қарсы жаулық әрекет жасамақ болып бір топ 1738 жылдан апрель айының аяғында бір топ Башқұрт бұлікшілерін бастап Орынборға келеді. Майор Останков адам жіберіп Әбілқайырға башқұрт бұлікшілерімен байланыс жасауды тоқтатыс деп сұрағанда Әбілқайырдың берген жауабын былай деп жазған. "Город мой и для меня устроен, а кто не послушает тому голову отрублю", деп айтқаны жазбаға түскен. Добромыслов "Исторический очерк" Оренбург 1900 г. стр 25.
Орынбор бекінісін салуды өтінген хан Әбілқайырдың есебі өзімнің қалам болады. Халқым керек жарағын сауда сатығын осында барып жақын жерден алып тұрамын деп есеп қылды. Ресей патшалығының өз есебі болды.Хан Әбілқайырдың өтінішін орындаған болып бекініс салып өз шекарасын нығайтып әскерін қоюға жағдай жасады. Осы Орынбор бекінісі арқылы кіші жүз қазақтарының өздеріне жақын шекарасын мықтылап алды.
Әбілқайырдың тоқтамасын біліп Останковқа бұйрық береді. Башқұрттың басты-басты старшындарын тұтқынға алып бақылау қойғызады.
Бұл бұйрығын Әбілқайырдан жасырып, Останков башқұрттарды өз бетімен тұтқындатты бұл үшін ол жазаланды деп хабарлап жазды.
Бұл оқиға туралы орыс патшайымына мәлімет бергенде былай деп хабарлаған "Хотя Абулхайр хан свою присягу нарушил однако, я взирая на глупую их дикость и опосаясь, чтобы других их султанов и ханов жестокостью не отстрашаь намерен с ним ласково обоитись и о погрешностях его разговором выговорить деп жазды. В.Н. Витебский И.И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 года изд. 1897 г., стр 158.
Осының өзі көп жайды аңғартады. Сол кездегі орыс, қазақ, башқұрт қарым-қатынастарындағы хан Әбілқайырдың қажырлы хан болып, Ресей бодандығын алып ант беріп, Ресей патшалығына іс жүзінде 1738 жылға дейін тәуелді болмағанын болғысы да келмегенін көрсетеді.
Татищевтің мәлімдемесіне орыстың патшайымы мынадай жауап қайырып үкімін жібереді. Ол туралы: В ответ на свое донесение Татищев получил строгое предписание немедленно отправиться в поход в Оренбург "Мы", говорится в указе императрицы "с великим удивлением и неудовольствием усмотрели каким образом от бунтующих, башкирцев новяе замещания начались, а что и хан Абулхайр сними соединился и имеет злое намерение атаковать Оренбург, чего мы никогдо не надеялись. Син нашим указом наикрипчайше подтверждаем, что все мирно надлежит вам со всею командою, к Оренбургу поспешить без всякого отлагательства – деген бұйрығын түсіреді. Қазақ-башқұрт қатынасын осыдан кейін патша үкіметі шйеленістіріп, араздастыруға жұмыстанады.
Бекіту сұрақтары:
1.Әбілқайырханның саяси мемлекеттік қызметі ?
2.Қазақ-Ойрат өзара қатынасының саяси сипаты туралы не білесіз?
3.Қазақ-Башқұрт қатынасы жөніндегі патша үкіметінің ұстанымы қандай болды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №5 Қазақ халқының Жоңғар басқаншыларымен күресі.
Негізгі ұғымдар: Әділетсіз соғыс, басқыншылық соғысы, қолбасы, жүзбасы, мыңбасы, сарбаз, би, жаушы.
Мақсаты: Отан соғысы оның барысы туралы саралап бастапқы кездегі қазақ жасақтарының жеңіліс табу себептерін талдап көрсетуі. Сол кездегі батырлар, билер туралы реферат жазып келген студенттер пікірлері айтылады
Жоспар:
1. Отан соғысының басталуы.
2.Шешуші шайқастар, олардың тарихи маңызы.
3.Батыр-билер жауға қарсы тойтарысты ұйымдастырушылар.
Лекция
1.Отан соғысының басталуы. Сайрам қаласы түрғындарының кетеріліске шығып, Қаладағы ойраттардың басқыншы әскерлерін талқандауы 1684 жылы жонғарлардың екінші қайтара шабуыл жасап, Сайрамды қан сасытып, айуандықпен тонауына сылтау болды.
XVII ғасырдың 80 жылдардағы шабуылдардың бір езге-шеліп жоңғар басқыншылары енді оздері басып алған жерлерді өз уыстарынан шығармай ұстап, иемденіп қалуға, оларды Қазақстан мен Орта Азиядан бөліп тастауға үмтылды.
Тәуке хан өлген соң жоңғарлар шынында да өз дегеңдеріне жеткеңдей болды. Тәукенің мұрагері Қайыпқа қазақ хаңдары мен сұлтандарының жікшіддік әрекеттерін тежеу аса қиынға түсті. Көп кешікпей-ақ шын мәнінде, қазақ елі бірнеше үсақ мемлекеттік қүрылымдарға болініп кеті. Бұл өзі дәстүрлі жүздерге бөліну түрінде болғанымен бөлшектенудің аты бөлшектену еді. Осы жағдайды жігерлі де іскер Цабан-Рабдан үтымды пайдалана біліп және өзінің қол астына бүрынғы Шығыс Түркістанды қайтарып, Жоңғарияның күш-қуатын нығайта түсті.
Патшалық Ресейдің, Циньдік Қытайдың эскпансионизмі Жоңғар хандығын Қазақ хандықтарымен күрес жүргізуіне итермеледі, сонымен бірге Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда-қолөнер орталықтары жоңғар қонтайшыларының назарын аудармай қойған жоқ. Қазақ феодалдары мен жоңғар феодалдары арасындағы күрес әсіресе XVIII ғасырдың басыңда күшейе түсті. Сөйіп XVIII ғасырдың 1710-1711 жылы жоңғар әскерлері Қазақ хандығының жеріне басып кірді. Қазақ жасақшылары басқыншыларға күшті тойтарыс берді. Жоңғар әскерлері 1713 жылы тағы да шабуылға шықты, бірақ олар қазақ жерінен қуылып тасталды. 1723 жылы жасалған Жоңғар-Қытай бітімі шарты жоңғарларды қазақтарға қарсы агрессия жасауға айдап салды. Агрессия 1723 жылы басталды да, қазақ халқына бүрын-сонды болмаған қайғы-қасірет әкелді.
Өзінің түпкі мақсатын жүзеге асыру үшін қонтайшы 1722 жылы алғаш Қытаймен келісім жасап алды. Ал келесі жылдын коктемінде қүмырсқадай қаптаған қалың қолын қазақ жеріне токті. Қазақ халқының Жоңғариямен соғысындағы ең ауыр және ең қайғьглы сәттер болды. Десекте, Әбілқайыр, Богенбай, Қабанбай, Өтеген және т.б. тандаулы жеке дара түлғалардың зор үйымдастырушылық дарын-қабілетінің, асқан ержүрек-тігінің нәтижесінде қазақ халқы оздерінің үлттық тәуелсіз-дігін қорғап қана қоймай, ауыр шығынға үшыраса да қаһар-мандықпен қарсыласып, бірнеше рет күйрете соққы берді. Осы шайкастар барысында жаңа саңлақ батырлар Абылай, Барак, Жәнібек, Олжабай, Қабанбай тәрізді көптеген жанжүрек қолбасылар жүртқа танылды. 1726 жылы Бұланты өзеніндегі қанды ұрыста, 1730 жьглы Аңырақайда болған жан-кешті шайқаста үш жүзден жиналған барлық қазақ жасақтары жоңғар әскерлерін ойсырата женді. Дәл осы соңғы 1730 жылы шығыстан жоңғар жеріне цинь әскерлері баса-коктеп кірді.
Бірақ қазақ қоғамының басында отырған игі жақсылар қазақ халқының ірі ескери жеңісінің жемістерін де және жоңғар-цинь соғысының бастауына байланысты қалыптас-қан әскери-саяси жағдайдың тиімділігін де пайдалана алмады. Тіптен ірі жеңістен соң, жаңа Жоңғар ханы Қаддан-Царенмен келісім де жасамастан және соғысты толық жеңіске жеткізуге тырыспастан қазақтардың ел басылары Әбілмәмбет, Әбілқайыр, Сәмеке және басқалар өз өскерлерін соғыс қимыддары алаңынан алып кетті. Мүның себебі, Болат ханның қайтыс болып, Орта жүздің жаңа ханының сайлауына байланысты игі жақсылар арасындағы озара кикілжің туа бастаған еді.
Халқының озі үшін де, Орта Азия халықтары үшін де қазақ ақсүйектерінің осы бас араздығы аса зор кымбатқа түсті. 1735 жылы Қытаймен келісім шарт жасаған Қалдан-Царен Ұлы жүз елінің жеріне басып кіріп, оны озіне қаратты. Арада бірнеше жыл салып, қаптаған қалың жоңғар Орта жүз жеріне де басып кірді. Жанкешті, асығыс жағдайда жиналған қазақ жасақтары соққыға үшырап талқаңдадды. Әбілмәмбет хан қуғыннан құтылу үшін Жайыққа қарай шегінді. Күші басым жаумен текетіресте сұлтандар мен старшиндардың едәуір болігі тұтқынға түсті.
Осы тұста сәл шегініс жасап айта кетер бір нәрсе: осы уақытқа дейін кеңес тарихнамасында Орта жүз бен Кіші жүз Жоңғар мемлекетінің ықпалында болды деген қате козқарас бар. Шындығына келсек, шайқастарда жеңіле тұрса Да жоне жаулаушы ойраттардың әлуметтік диштоматиялық Қысымына қарамастан Орта жүз бен Кіші жүз өздерінің мемлекеттік дербестігін өрқашанда сақтап қалғанын баса айтқан жон. Әрине, Әбілмәмбеттің және оның жақтаушы-ларының соғыс қимылдарын тоқтату және бейбіт келісімдер жасау туралы үсыныстарына Қалдан-Царен келісе тұрса да, Орта жүз бен Кіші жүз қазақтарының игі жақсыларына ауыр шарттар қойды. Өзін Цабан-Рабданның Шоно-Лоузанның баласымын деп жариялап, Жоңғарияның шекаралық аудан-дарына жорықтар жасап жүрген, бүрын Башқүрттардың котерілісін басқарған, ал енді қазақ кошпелілер арасында жасырын жүрген Қарасақалды ұстап беруді және өз тұтқын-дарын босатуды талап етті. Қалдан-Царен сондай-ақ алымдар төлеуді және Қоқан бегінен соғысу үшін арнайы әскерлер беруді және тағы баска да талапты жүктеді.
Бұл талаптардың көпшілігі Орта және Кіші жүздің игі жақсыларының бас қосқан жиналысында (съезінде) ақыры қабылданбай тасталды. Рас, Әбілмәмбет хан мен ықпалды сұлтан Барақ қонтайшы ордасына өздерінің үлдарын жіберді. Бірақ, мүны олардың өздері, жеке бастары осылай ету қажет деп тапқандықтан ғана жасады, ал енді келісімге келсек, оған Қалдан-Царен 1743 жылы қол қойды. Бір қызығы ол келісімді Әбілмәмбет жіберген ресми делегациямен емес, өзінің тұтқыны болып отырған сұлтан Абылаймен жүргізді. Мүндағы гәп мынада: Абылай өзінің жеке басының ержүрек-тігімен, өткір ақылдылығымен қарсыласына бас имей өзін лайықты да тәкаппар ұстай білумен қонтайшыға зор әсер қалдырды. Абылайды тіптен ханның жиені Чарчуды жекпе-жек ұрыста өлтіргеніне қарамастан үлкен сый-сыяпатпен салтанатты жағдайда еліне шығарып салды. Бізге жеткен аңызға сенсек, Қалдан-Царен ол туралы: "Кіші халықты басқарады, бірақ үлкен халыққа лайық" деген екен деседі. Жоңғарлар басқа қазақ тұтқындарын да босатты. Бұл жерде Орта жүз ханы Әбілмәмбеттің Жоңғарияның тұтқынынан Абылайды босатып алуды коздеген дипломатиялық әрекетін айтпай кетуге болмас. Бұл жұмысқа елші сұлтан Әбілпейіз (Әбілмәмбет ханның кенже ұлы) бастаған арнайы елшілік те мұрындық болды. Ол елшілік туралы И.И.Неплюев 1742 жылы 18 қарашада сенатқа хабарламасыңда: "Әбілмәмбет хан-ның озінің кенже ұлы Әбілпейіз сұлтанды аманат үшін емес бауыры Абылаймен кездесіп, оның басын арашалау үшін жібергенін" айтады1. Бұл жерде ең басты қулықты жоңғар билеушісінің Қоқанға қарсы күреске қазақтың игі жақсы-ларын жұмылдыру үшін және Ресеймен арадағы қарым-қатынастың шүғыл нашарлап кетуіне байланысты "қайырымды" корінуге үмтылып отырғанын байқау да қиын емес.
Қоқанға, оның одақтастары қырғыздарға және Ұлы жүздің кейбір басшы топтарына қарсы 1742 жылы басталған жорык Ойрат мемлекеттігінің оның Ұлы жүзге үстемдік ету-іне мүмкіндік бермеді. Сан қилы айла-әрекетгер жасап, қанша Күш салса да Қалдан-Царенге Абылай да, басқа қазақ ақсү-йектері де оның Қоқанға қарсы күресіңде қолдаушы болып, көмек бере қоймады. Рас, сұлтан Барақ қонтайшының етініші бойынша жауласушы екі жақты 1744 жылы өзара татулас-тыруға тырысып бақты, бірақ бұл да сәтсіз аяқталды.
XVIII ғасырдың 40 жылдарының орта шенінде Жоңғарияда дағдарыс белгілері айқын көрініс бере бастады. Қаһарлы қонтайшының 1745 жылы қайтыс болуы және хан тағына Қалдан-Цареннің ортаншы баласы кәмелетке толмаған, ақыл-есі делі-құлы Цабен-Доржының келуі мемлекеттің басынан кешіп жатқан қиыншылықты терендете түсті. Енді қазақ-жоңғар қарым-қатынасыңдағы бастама қазақ басшыларының қолына көшті. Ойрат ордасымен белсенді байланысты бүрынғысынша Абылай өз қолыңда ұстады. Ал енді жоңғар-лардың Ұлы жүздің шын мәніндегі билеушісі Төле бимен қарым-қатынасы шиеленіскен күйі қалып қойды. Цабен-Доржының оған өз билігін мойындатпақ, бүрынғысынша алымдар жөне аманаттар алмақ болған әрекеттері де сәтсіз қалып отырды. Жас жоңғар ханының басын күрделі дипло-матиялық айламен Кіші жүз ханы Нұралы әбден қатырып бітті. Дегенмен де Қазақстанның басшы топтары Жоңғариямен қарым-қатынаста біртүтас, үйлесімді, елдің жоне халықтың үлттық мүддесін көздейтін саясат жүргізе қойған жоқ. Әр жүз басшысы өз қалауынша өрекет жасады.
2.Шешуші шайқастар, олардың тарихи маңызы. Жоңғар-қазақ мемелекетінің соғыстарын қорытып айтсақ, қазақтардың жоңғарлармен соғыстарының сан қырлы салдарлары болды. Жоңғар феодалдарының Қазақстанға және Орта Азияға басқыншылықтары кезінде сәулетті қалалар талқандалып, көшпенділердің түрмысы күйзеліп, сан мындаған бейбіт халық қырғынға үшырады. Басқыншылар малдарды мыңдап айдап әкетті, түгін тартса майы шығатын қүнарлы жерлерді тартып алып, нәрсіз тақырға айналдырды. Сауда және керуен жоддары да елсіз қалып, қаңырап жатты. Осынау қанды-қырғынның өзіндік ғибраты болғанын да мойындаған жон: екі ғасыр бойына дерлік созылған Жоңға-риямен күрес қазақ халқының үлттық сана-сезімінің өсе түсуіне үлкен ықпал жасады.
Ойрат мемлекеті Қазақ хандығына қарағанда мемлекеттік орталықтандыруы жағынан жоғары денгейде түрды. Жоңғария билеушілерінің қолында аса қуатты, тәртіпті және қарақүрымдай қаптаған әскер болуының бір себебі де осында.
Сондыктан қазақ әкімдері әшейін де әдетке айналған өзара қыркыстан бас тартып, үлттың қүрып кету қаупі төнген қатерлі сағатта жауға қарсы күреске жұмылып үйымдасуға мәжбүр болды. Баскаша айтар болсақ, Жәңгір, Тәуке және әсіресе Абылай басқарған кезендегі Жоңғария басқыншылыгына қарсы күрес Қазақ мемлекетінің қалыптасып, нығая түсуіне ықпал етті. Шайқастарда екі жақтың да жауынгерлік шеберліктері шындалды, әскери тактикалар жетідцірілді. Жоңғарияға карсы күрес ұлы даладағы қоғамдық қатынастарға да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Жоңғарлармен ұрыс дала-сында қазак батырларының жаңа үрпағы өсіп шықты және олар қоғамдық өмірде ықпалды күшке айналды. Соғыс барлық әлеуметтік процестердің шапшаң өркендей түсуіне жол ашты.
Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы жан-кешті күресі Орта Азия халықтарын ойрат салт аттыларының қирата таптап кетуінен қорғап қалды. Көксеңгір қүрыш қалқан тәрізді болған Қазақстанға Жоңғар басқыншылы-ғының адуын толқындары келіп соғылып, қүлап түсіп жатты.
Осыншама қаһарлы қарсыласты біржола талқандау Орта-лық жөне Орта Азияның саяси өмірінде Қазақ хандығының беделін және ролін көтерді. Бұл Қазақстанның Бүхарамен, Қоқанмен, Қырғыз жерімен, сол замандағы қуатты империя-лар — Қытаймен, Ресеймен, Персиямен озара қарым-қатынас-тарын үлғайтуға шешуші ықпал жасады. Бүқар, ал одан соң Қоқан хандығы және олардың көршілері ХҮІІ- XVIII ғасырларда Жоңғар шапқыншылығының қаупі төнгенде қазақ елімен одақтасуға үмтылды. Дегенмен де оларлың әскери комегі мардымсыз болды. Ойрат феодалдарына қарсы әсіресе XVII ғасырда қазақ әкімдері бірнеше рет қырғыздармен одақ жасап, ұрыс-таласына кол ұстасып шықты. Бір созбен айтқанда тонген ортақ қауіп Орта Азия мен Қазақстан халқын тығыз топтастыра түсті. Қазақ, қырғыз және өзбек халықтарының Жоңғар феодалдарына қарсы XVII ғасырдың ортасынан XVIII ғасырдың 50 жыддарына дейін созылған күресі азаттық сипат алды. Жоңғар соғыстары орыс-қазақ қатынастарында да елеулі роль атқарды.
Орыс мемлекетінің басшылығы Жоңғар феодалдарының Қазақстандағы басқыншылық үмтылыстарына тіпті біржақты Қарай қойған жоқ. XVII ғасырдың 80 жылдарынан кейін оираттардың Сібір жеріне көз алартуларынан мазасызданған Мәскеу ашықтан-ашық Жоңғарларға қарсы бағыт ұстады және жекеленген қазақ және Орта Азиялық әкімдерді XVII ғ. оз жақтарына тарту арқылы оларға қарсы одақтастар табуға тырысты. Бірақ циньдік Қытайдың Приамурьедегі аран-датулары, цинь сарайының Забайкалье мен Туваға байланысты дау шығара бастаулары Ресейдің Жоңғария жөніңдегі саясатың өзгертті. Патша өкіметі Орталық Азияда Цинь империясына қарсы тұра алатын жоңғар хандығының өмір сүруіне мүдделі болды. Сонымен қатар орыс үкіметі және жергілікті әкім-шілігі егер Қазақстанды жаулап атар болса, ойрат мемлекетінің тым күшейіп кететінінен де қауіптенді. Міне, сондықтан да орыстар өздерінің Қазақтандағы ықпалын күшейтіп, оны өздерінің одақтас мүдделер аймағына айналдарып, Жоңғариямен соғыс бола қалған жағдайда оның адамдарын және материаддық игіліктерін пайдалануды көздеді.
Дегенмен, егерде екі көшпелі мемлекеттердің қарым-қатынастары тек озара жауласудан ғана түрды дер болсақ, шыңдыққа қиянат жасар едік. Тіпті бұлай емес. Олардың арасында үзақ мерзімдерге созылған, бейбітшілікке негізделген байланыстар, екі жаққа да пайдалы сауда-саттық жан-данған кезендер де болғанын жоқка шығара алмаймыз. Тіптен соғыстың өзі де серілікгің нышандарынан, адал шайқастардан түрды. Қатты ашынған кездердің озінде екі жақта қолға түскен тұтқындарын өлтіріп тастаудан аулақ болып, бейбіт келісімдер жасалған сайын оларды айырбастап қайырып отырды. Яғни, қазак және жоңғар хандықтарының өзара қарым-қатынас тарихы бұл екі мемлекеттің сол замандардағы күрделі де шытырман омірлерінің нақтылы көрінісі болып табылады.
3.Батыр-билер жауға қарсы тойтарысты ұйымдастырушылар. Жоңғар-қазақ мемелекетінің соғыстарын қорытып айтсақ, қазақтардың жоңғарлармен соғыстарының сан қырлы салдарлары болды. Жоңғар феодалдарының Қазақстанға және Орта Азияға басқыншылықтары кезінде сәулетті қалалар талқандалып, көшпенділердің түрмысы күйзеліп, сан мындаған бейбіт халық қырғынға үшырады. Басқыншылар малдарды мыңдап айдап әкетті, түгін тартса майы шығатын қүнарлы жерлерді тартып алып, нәрсіз тақырға айналдырды. Сауда және керуен жоддары да елсіз қалып, қаңырап жатты. Осынау қанды-қырғынның өзіндік ғибраты болғанын да мойындаған жон: екі ғасыр бойына дерлік созылған Жоңға-риямен күрес қазақ халқының үлттық сана-сезімінің өсе түсуіне үлкен ықпал жасады.
Ойрат мемлекеті Қазақ хандығына қарағанда мемлекеттік орталықтандыруы жағынан жоғары денгейде түрды. Жоңғария билеушілерінің қолында аса қуатты, тәртіпті және қарақұрымдай қаптаған әскер болуының бір себебі де осында.
Сондыктан қазақ әкімдері әшейін де әдетке айналған өзара қыркыстан бас тартып, үлттың қүрып кету қаупі төнген қатерлі сағатта жауға қарсы күреске жұмылып үйымдасуға мәжбүр болды. Баскаша айтар болсақ, Жәңгір, Тәуке және әсіресе Абылай басқарған кезендегі Жоңғария басқыншылыгына қарсы күрес Қазақ мемлекетінің қалыптасып, нығая түсуіне ықпал етті. Шайқастарда екі жақтың да жауынгерлік шеберліктері шындалды, әскери тактикалар жетідцірілді. Жоңғарияға карсы күрес ұлы даладағы қоғамдық қатынастарға да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Жоңғарлармен ұрыс дала-сында қазак батырларының жаңа үрпағы өсіп шықты және олар қоғамдық өмірде ықпалды күшке айналды. Соғыс барлық әлеуметтік процестердің шапшаң өркендей түсуіне жол ашты.
Бекіту сұрақтары:
1. Отан соғысының басталуының себебін айтыңыз?
2.Шешуші шайқастар балған жерлердіатаңыз, олардың тарихи маңызы қандай болды?
3.Батыр-билер жауға қарсы тойтарысты ұйымдастырушы батырларды атаңыз?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №6 ХҮІІІ ғ. басындағы Қазқстандағы саяси жағдай.
Негізгі ұғымдар: Протекторат, бодан, тәуелдлік, суверенитет, егемен.
Мақсаты: Қазақ жүздерінің Ресей протекторлығын қабылдауының тарихи жағдайындағы объективтік-субъективтік себептерін талдап ашу. Әбілқайыр ханның Ресейге қосылуға ұмтылу себептерін ашып, Әбілқайырхан өлгенінше Ресейге мойынұcsнбау әрекетінің себебінен Ресейліктердің Барақ сұлтанды қарсы қоюларының себебін дәлелдеу.
Жоспар:
1. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторлығын қабылдауы.
2. ХҮІІІ ғ. 40 жылдарындағы Қазақ-ойрат қатынастары.
Лекция
1.Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторлығын қабылдауы. Әбілқайыр хан тұсындағы Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылуының тарихи себептері орыс патшалығы тұсындағы ғалым саяхатшылардың қолжазба еңбектеріне түскен. Солардың бірі. Л.Мейер өзінің еңбегінде: «Қалдан Серен Түркістан ханын құртуды ойлап, ұтымды сәтін күтіп жүрген болатын. Қазақ хандығының Ресейден қолдау тапқандығын біліп, 1723 жылы Түркістан қаласын алды. Барлық орданы өзіне бағындырғысы келгенімен Орта жүз бен Кіші жүз солтүстік пен батысқа қарай үдере көшті». Бұл «Ақтабан шұбырынды» кезі еді. Л.Мейер өзінің еңбегінде қазақтардың қоныс ауып келгендегі әрекеті туралы баяндай келіп, орыс патшасының қазақ халқын түбі бағындырып, мойынсұндыру туралы отарлық саясат бағдарын байыппен баяндаған пікірі мынадай: «Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз қазақтарының Елек, Еділ, Жайық бойына көшіп келіп башқұрт, қалмақтарды ығыстырғанымен, өзінен күші басым Орыс мемлекеті түбі өзіне қаратпай қоймас еді» деген пікірін қалдырды. Хан Әбілқайыр өлгенше қалмақ- жоңғарлармен күресіп, Ресей патшасымен одақтасу арқылы айласын асырып, халқын тәуелсіз ұстауға тырысты. Сол үшін бар жігер-күшін салды. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресей қарамағына иек артуының себебін П.И.Рычков:« Өте ақылды Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сол кездегі тығырықтан шығар жол Ресеймен бірге болу екенін білді », – деп көрсетті.
1730 жылы башқұрт Алдар тарханмен бірге қазақ елшілерінен Ресей патшалығына халқымен Ресеймен бірге болу ниеттегі ресми хатын жолдаған Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей протекторлығында болуда жалғыз шешім қабылдамаған.
Башқұрт тархандары дипломатиялық тапсырмаларды да орындады. Елшіліктің құрамында Қалмақ тайшыларымен, Сібір ханзадаларымен қазақ хандарымен т.б. келіссөздерге барған елшілік өкілдерімен бірге жүрді. Қалмақтардың Ресей мемлекетіне қосылуына байланысты жүргізілген келіссөздерге қатысқан. Башқұрт тархандары көбіне Уфадан жіберілген елшіліктер құрамына кірді. Башқұрт тархандары қалмақтардың Ресейге қосылуы қарсаңында да елшіліке жіберілген. Қазақтың Кіші жүзінің Ресейге қосылуы қарсаңында да башқұрт тархандары елшілік қызметке жүрген.
Әбілқайыр хан Уфа қаласына бригадир Бутурлинге, башқұрт тарханы Алдардың бастауымен қазақ елшілері – Құлұмбет Құлтаев пен Сейітқұл Құйданқұловты жібереді. Кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы өтінішімен елшілер Уфаға 1730 жылдың маусым айында барады. Бутурлин оларды Петерборға жібереді. Елшілер 1731 жылдың басында Петерборға Әбілқайыр ханның хатын жеткізеді. Елшілермен бірге 1731 жылдың май айында шет елдер іс коллегиясының аудармашысы татар А.И.Тевкелевке қазақтардан «бодан болуға» ант алғызу, Әбілқайыр ханға татар тілінде хат түсірту және аманат алу, башқұрттар сияқты жасақ салығын төлеуге міндеттеу тапсырмасы беріліп, бір топ адамдарымен елшілікке аттандырды. Елшілер құрамында екі геодозист жер бұдырын зерттеушілер – Алекс Писарев пен Михаил Зиновьев, бірнеше Уфа дворяндары мен казактарын бастап, башқұрт тархандары Алдар Есенгелдин мен Таймас Шаимовтар барды.
Бүгінгі таңда тарихшы ғалымдар Әбілқайыр ханның татар тілінде хатқа түсірілген Ресей патшасына жазылған хаттың аудармасының түп нұсқадағы мазмұны мен орысша аудармасының әдейі бұрмаланған түрде берілгенін дәлелдеп отыр.
1730 жылы Әбілқайыр ханның тарихи хатының түпнұсқасы ғылыми айналысқа 2001 жылдан бастап енді. Ол тарихи хатта бодандық туралы немесе Ресейге қосылу туралы ештеңе де жоқ. Хатта отаршылдық пиғыл жоқ, саясаттандырылған сөздермен мағыналық аудармасы өзгертіліп аудармада әдейі бұрмаланып берілгені белгілі болды.
Орыс тарихнамасында Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге бодан болуының үш негізгі себептері ерекшеленеді: бірінші, сыртқы саяси себеп (қазақтардың қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатер); екінші, ішкі саясаттағы келіспеушілік (өзара қақтығыстар); үшінші, Әбілқайыр ханның жеке мүддесі.
Бұл мәселелер бойынша тарихшылар еңбектерінде сараланып, ақтаңдақтары ашылды десе болғандай. Қазақ хандығы Ресейге қосылғанға дейін, қуатты жауынгер заманына лайықты көшпенділер ішіндегі мықты мемлекеттердің бірі болды. Сондықтан Ресейге өздерімен тең қарым-қатынаста болатын одақтас ел керек емес еді. Ресейге патша өкіметіне бағынышты, тәуелді болатын, қазақ елі керек болатын. Сондықтан Ресей патшалығын жан-жақтан жау анталап қыспаққа алған тұсындағы әлсірей бастаған қазақ даласына назар аударды. ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарына дейін де Қазақ хандығы Ресей патшалығын әскери одақтасы санатында көргісі келсе, Ресей Қазақ хандығын тәуелді отар елдерінің қатарында көргісі келген еді.
ХVІІІ ғасырдың І жартысындағы қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты Батыр сұлтан иелігіндегі қазақтарға қауіп Хиуадан, Әбілқайыр хандығы үшін қауіп-орыс империясынан, ал Орта жүзге Жоңғар мемлекеті тарапынан төнгенде ел басыларына ауыз бірлік жетіспеді. Әрқайсысы өздеріне төнген қауіпті сейілтуге күш салуды көздеді. «Бодан болудың жолын ғана қарастырды» деген ойдан қашық болуымыз керектігін, ал сол кезде ел билеген елбасылары қазақ елдігінің сақталып қалуына септігі тиетін одақтас табу мәселесінде түрліше көзқараста болғандығын ғана көрсетті. Таңдаудың өзі дұрыс болғанда да отаршылдық пиғылды көздеген Ресей патшалығы сияқтылар өз мүдделеріне икемдеуге бейім тұрғанын естен шығармау керектігін алға тартқан Арынғазытанушы Ұ.Ахметованың пікірі орынды.
Қазақтың Кіші жүзінің Ресейге қосылуы туралы мәселеде Әбілқайыр ханды жақтаушы тархан, би-батырлар болды. Олар Тама Есет Көкіұлы, Арғын Жәнібек Қошқарұлы, Табын Бөкенбай Қарабатырұлы, Құдайназар т.б. Сұлтан Батыр, қожа-сұлтандар бастаған топ Әбілқайыр ханның Ресейге қосылуы туралы шешіміне қарсы болып, бір жаққа шықты. Екі жақ бір-бірімен айтысып, тартысып ел бірлігіне нұқсан келген тұста Тама Есет Көкіұлының қарсы топқа берген жауабы кезінде Ресейге иек артқысы келген топтарды айыптаған. Оның ішінде Есет тарханды да кінәлаған. Оларға Есет тарханның қайырған жауабы:
...Қытайдың шабынып тұр Жоңғарлары
Есіл дерті қазақтың жер мен малы,-
немесе:
...Орыстың қаруы бар Қытай келмес
Көп халық қарусызға теңдік бермес
Орыстың қаруымен біз қорғансақ
Елдің де, молданың да оты сөнбес... – деп, жауап қайырған.
Есет Көкіұлының Кіші жүздің Ресейге қосылуындағы Әбілқайыр ханды қолдауының саяси себептері Тама Есеттің Ресеймен әскери одақтас болып, Ресейден от қару алып, жоңғарлардан қорғануды ойлағаны халық жадында сақталған жыр жолдарынан да анық көрінеді.
Ол кездегі уақыт талабына сай сыртқы саяси жағдайға байланысты дербес тәуелсіз болуды қалағанымен, елдің міндеттілікке айналып бара жатқандығын сездіруі деп ұққан дұрыс. XVIII ғасырда қуаты артқан патшалы Ресейдің өзі көрші елдер ықпалдастығымен өзінің тұрақты мүддесін жүзеге асыруға нағыз боданы етуге күш салды.
2007 жылы Уфа қаласында басылып шыққан Башқұртстан Республикасы тарихи-мәдени энциклопедиялық атлас кітабында Кіші жүз 1730 жылы, Орта жүз 1740 жылдан бастап Ресей боданына айналды деп көрсетеді.
Қазақстанның Ресейге қосылуы мәселесіне қатысты Қазақ хандығының Орыс патшалығына протектораттық бағыныштылығы хақында, тарихшы ғалым В.Я.Басин: «Кіші және Орта жүз «бодандықты» қабылдап ант бергенімен, қазақ хандығы, шын мәнінде, Ресей протектораты болмады», – деп тұжырым жасайды. Біріншіден, Қазақстанда XVIII ғасырдағы саяси жағдай басқаша болды, XIX ғасырда батыс пен шығыстағы бәсекелестеріндей үнемі саяси қақтығыстар аймағына айналмаған болатын.
Екіншіден, қазақтың Кіші және Орта жүзін Ресей толық тәуелді етіп, бағындыра алмады. Сондықтан, қазақ қоғамында ерекше құқыққа ие болатын отаршылдық мұраттарына жету үшін тархандық институтты пайдалануды көздеді. Жалпы алғанда, автор пікірінше, протектораттыққа қатысты белгілер болды. Дегенмен, «шын классикалық мәніндегі протектораты болды деп санауға болмайды»– деген пікірі ойымызды қуаттайды.
Ал, Ресейді Қазақстан протектораты деген ұғым қанағаттандырды. «Протекторат пен протектор», ұғымы шет тілдер сөздігінде мынадай ұғымды білдіреді; Протектор [лат.protector] – 1) қолдаушы, қорғаушы; қамқоршы, жақтаушы ұғымын білдіреді. Қазақтың белгілі батыр-билеріне тархандық атақ пен тархандық грамоталар Ресей патша үкіметі тарапынан берілуі оларды Ресей үкіметі тарпынан есепке алып қамқоршы, жақтаушы рөлінде көрсетпек болғандықтары да бодан болмағандықтың белгісі екендігін көрсетеді. 2) отарлық үстемдікпен бүркемеленген, жасырын формадағы тең емес келісім шарт негізінде және тәуелді елге басымдылық белгілері бар – протектор-мемлекет империалистік держава; 3) осындай тәуелді мемлекет немесе территория; 4) Англиядағы басқару формасы 1653-1659 жылдары республика басында өмірлік лорд-протектор тұрды. «Протекторат» және «протежирлық» – феодалдық қоғамдағы қалыптасқан жағдайдан туындайтын өзара белгілі қатынас келісім міндеттері бар қатынастың түрі.
Егер Орта жүз қазақтары мен Ресейдің 1740 жылғы шартына келсек, ол да жалаң сөз жүзінде қалды. 1740 жылдың күзіңде Қытаймен бейбіт бітім жасасқан Жонғарлардың калың қолы Орта жүз қазақтарына тұтқиылдан және бірнеше бағытта шабуыл жасағаны белгілі. Күтпеген соққыға тап болған Әбілмәмбет хан әскерімен Кіші жүз жеріне қарай шегінуге мәжбүр болған кезде Ресей Орта жүз казақтарын қорғаймыз деп аддағанына және оның екіжүзді саясатын, айталық, Сенаттың Орта жүз ханына Орынбордан баспана беру туралы Орынбор экспедициясының бастығы В.А.Урусовке 1741 жылы 18 ақпанда жіберген жарлығынан-ақ көруте болады, онда: "... Егер Әбілмәмбет хан озі қорғану үшін қалаға етсе, онда оны және жанындағы бірнеше игі жақсыларын өткізіндер, ал әскерлеріне мүндай рақым жасалмасын. Олар қамалға ғана емес, шекарадан да аттап баспасын, мүмкін болса, кері, Ор өзенінің ар жағына қайтарылсын...", — деді.
Осы келтірілген қүжаттан шығатын қортынды: 1741 жылғы Жоңғар шапқыншылығы кезінде Ресей дүшпандық саясат ұстады және 1740 жылы Орта жүз қазақтарымен жасасқан шартты бүзды. Яғни Орта жүзді сыртқы жаудан қорғаймыз, орыс азаматтығын береміз деген уәдесін бүзды. Сондықтан Орта жүздің 1740 жылғы Ресейге қосылу туралы келісімі жай ғана соз жүзінде қадцы, ешқандай саяси мағынасы болмады. Бүдан шығатын қортынды: болашақта Әбілқайыр ханды сатқын деп, Ресейге Кіші жүз Орта жүз өз еркімен қосылды деп дәлелдеудің тарихи шындығы жоқ секілді. Сонымен бірге бүрындары тарихшыларымыздың қазақ елі Ресейге оз еркімен қосыдды дегенді "тыққыштай" берген себебі, екі еддің достығы ертеден басталған дегенді дәлелдегісі келгеңдіктен болар. Бірақ та аранъш ашқан Ресей империясы мен қазақтың бүқара халқьш қосақтаудың ешбір жөні жоқ.
2. ХҮІІІ ғ. 40 жж. Қазақ-ойрат қатынастары. Қазақ тархандар институты тарихына қатысты бір ойға келетін мәселе неге Арғын Жәнібекке бірінші кезекте тархандық атақ берілді? Енді осы сұрақтың жауабына кезек берейік. 1740 жылдың басындағы уақытта Орта жүздегі қалыптасқан саяси жағдайға байланысты туындаған себептеріне тоқталсақ: Біріншіден, Ақтабан шұбырындыда «Арқаға көшкен ел (арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ рулары) бірнеше жыл хансыз тұрды». Осы тұста Шақшақ Жәнібек – Арқаға көшкен елге басшылық жасаған хан дәрежесіндегі елдің батыр биі болған. Екіншіден, Шақшақ Жәнібек 1736 жылдан бастап Кіші жүздің батыр биі Тама Есетпен бірге одақтасып, екі орданың елдігін сақтау үшін серт байласып, Әбілқайыр ханды ел бірлігін сақтау үшін қолдайды. Үшіншіден, Әбілмәмбет хан солқылдақ болды. Сондықтан, Жәнібек батыр өз ұлысымен іргелес жатқан Кіші жүзбен тығыз байланыс, қарым-қатынаста болады. Төртіншіден, Шақшақ Жәнібек аузы дуалы, парасатты би болғандықтан, өз ұлысында билігі жүріп танымал тұлға бола тұра хандық билікке қолдау көрсете отырып, бар күшін елдің елдігін сақтауға күш салған еді. Бесіншіден, осындай Орта жүз қазақтарының ішкі саяси әл-ахуалын біліп отырған патша өкіметінің әкімшілігі Арғын Жәнібекке тархан атағын беру арқылы тегі қарадан шыққан батырды Ресей патша үкіметіне арқа сүйетіп, Орта жүздегі билікке қол жеткізуге болатын пендешілік үмітін ояту болады. Сонымен қатар, биліктен үміттендіру. Шақшақ Жәнібекке тархандық грамота беру арқылы Орта жүзге өздерінің отарлық саясатын тархандық институты арқылы жүзеге асыруды көздеген. Алтыншыдан, Арғын Жәнібекке тархандық атақ берілуінің Абылай сұлтанның қалмақ тұтқынында болуы кезеңіне дәл келуінің де бір саяси астары бар. Өйткені: 1729-1738 жылдары жеңіліс тапқан жоңғарлар 1741 жылы қазақ еліне шабуылын қайта бастап, тағы соғыс ашады. Бұл соғыста қалмақтар қазақты ығыстырып, бір талай жерлерін жаулап алады. Абылай сұлтан 200 кісімен қалмақтардың қолына тұтқынға түседі. Ал, енді Абылайдың қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың қыркүйегінде құтқарылу себебіне келсек, тарихи басылымдарда оны бір ауыздан Ресей өкіметінің іс-әрекетімен байланыстырады. Оған тілге тиек етіп жүрген құжат, Жоңғар хандығына Орынбордан жіберілген майор Миллер басқарған орыс елшілігінің белсенді қимылының нәтижесінде Абылай сұлтан 1743 жылы тұтқыннан босатылғандығы жөніндегі пікірді жақтаушылардың қатарында Т.Шойынбаев та болды. Мұндай көзқарасты ұстанушылардың бірі В.Я.Басин болды.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында басылымнан шыққан, Орыс деректеріндегі Қазақстан тарихы жинағында, «Абылай сұлтан майор К.Миллер бастаған орыс елшілігінің нәтижесінде Жоңғар тұтқынынан босатылды» деп көрсетілді [26, с. 300].
Ж.Қасымбаев], М.Мағауин зерттеулері К.Миллер елшілігінен еш нәтиже шықпағандығы жайлы деректі мәліметтер береді. Бұл авторлар пікірін соңғы шыққан зерттеулер де қуаттап отыр. Мәселен, Ә.Мұқтар зерттеуі Карл Миллерге берілген нұсқауда Абылай сұлтанды босату орыс әкімшілігі үшін басты мәселе болмағандығын дәлелдейді.
Міне, осындай мәліметтер топтамасынан кейін біздер Абылай сұлтанның тұтқыннан босауына орыс елшісі майор Миллердің қатысы жоқ деген бағытты ұстана отырып, бұл мәселеге өз пікірімізді деректерді талдау арқылы жеткіземіз.
Тарихи еңбектерде жоңғар тұтқынынан Абылай сұлтанды босатудағы қазақ тархандарының рөлі жөніндегі деректер жоқтың қасында. Осы орайда, XVIII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастау алатын қазақ қоғамындағы тархандар институтының пайда болуы мен Абылай сұлтанның қалмақ тұтқынында болу уақыт арасында бір байланыс бар. Орта жүзден тархандық Шақшақ Жәнібекке берілуінің де бір саяси астары бар. Олай дейтініміз, Абылай сұлтан болса жоңғарлардың тұтқыны. Осы кезде Ресей патша өкіметі Орта жүз қазақтарын өздерінің боданы етіп көрсету үшін тархандық атақ беріп, қазақ хандығының ішкі билік мәселесіне араласуды көздеді. Бірінші себебі, жоңғар билеушілерінің Абылай сұлтан арқылы Орта жүз қазақтарын жоңғарлармен одақтасуға көндіруі қаупін болдырмау болды. Бұл бір елшілік мақсаты дерегінде: «Елшіліктің басты мақсаты, жоңғар билеушілеріне қазақтар Ресей патша өкіметінің боданы екендігіне көздерін жеткізу»,– деп мәлімдеген. Екіншіден, жоңғар билеушілерінің қазақ ордасымен елдесу немесе одақтасу мәселесінде алдын орап кету үшін олардың қазақ хандығына қатысты саяси сенімсіздік көзқарасын қалыптастыру. Орта және Кіші орда қазақтарының Ресей боданы екенін айтып, жанталасып жоңғар билеушілерінің есіне салуы осы пікірді қуаттайды.
Профессор Ә.Қ.Мұқтар: «Әрине, өш алу мақсатында Абылайды өлім жазасына қия салу жоңғар билеушісі үшін ешқандай қиындығы жоқ екендігі түсінікті. Қаншама туысын жоқтағанымен, Қалдан Серен үлкен саясаткер болған. Жоңғария елшілері қазақтар қолында «атақты жоңғарлардың қыздары, әйелдері қалғандығын» және оларға қоса көптеген тұтқындардың бар екендігін алға тартып, қазақтардың жиі-жиі шабуылдарын тоқтату қажеттігін ұсынғанымен, түпкі мақсат – қазақ халқын Жоңғарияға бағындыру, соған мәжбүрлеу, боданы ету сияқты жоспарларын бүркемелей білді. Қалдан Серен Абылай сұлтан арқылы қазақтың хандары мен би-батырларын да бағындырмақшы болды. Әбілқайыр ханның 1740 жылы күзде Құтылымбет батырды Жоңғар әскерінің оңтүстік бағытының басшысы Сары Манджаға жіберіп, Жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті қайтарса, ұлы Айшуақты аманатқа беретіндігін хабарлағандығын еске алды. Оны Қошке нойан Әбілқайыр ханға келген тұста 1742 жылы 10 қаңтарда поручик Д.Гладышевке ескерткен. Қошке нойанның айтуынша Ұлы жүздің 8 жылдан бері Жоңғарияға аманат беретіндігін, 1741 жылдың күзінде Әбілмәмбет хан, Барақ сұлтан, Жәнібек батырдың Қалдан-Серенге елші жібергенін айтып өтеді. Аталған кезеңде Ұлы, Орта, Кіші жүз басшылары үнемі өзара кеңестер өткізіп, ақылдасып, жоңғар билеушісімен келіссөздер жасауды шешкен. Әбілқайыр ханның айтуынша, 1741 жылы Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтан өзімен "Ресей бағытын" ақылдасса, көп ұзамай 1742 жылы көктемде Әбілмәмбет, Күшік, Барақ, Есет, Жәнібек, Алтабай, Терек, Жапақ, Төле батыр т.б. бірігіп, төменгі қалмақтар билеушісі Будансюк зайсанымен келісімге келіп, соғысты тоқтатады». Осыдан кейін жоңғарлардың Арғын Малайсарыдан бастап тархан атағын беруі қазақ қоғамына тархандар институтын енгізу арқылы саяси қарым-қатынас жасаудың жаңа бір кезеңі басталады. Байланыс жасаудың жаңа кезеңі жоңғар билеушілерінің қазақ елімен ендігі жерде елдесуге, одақтасуға бет бұрған сипаттағы саясатарының бастамасы болатын.
Қазақ қоғамындағы дәстүрлі хандық биліктің нығаюына күш-жігерін жұмсаған Жәнібек батыр жоңғарларға аманатқа ұлын беруден бас тартқан тархан Ресей бағытын ұстанып, қалмақ-жоңғар қатынасында қазақ елдігін сақтауды ұтымды пайдалана білді.
Бір кездері төменгі қалмақтар билеушісі Будансюк зайсанымен келісімге келіп, соғысты тоқтатқан батырлардың бірі – Есет тархан Абылай сұлтаннан бұрын жеті жыл қалмақ тұтқынында болған. Есет тарханды да тұтқыннан аман-есен босатқан болатын. Мұнан біз бір кездері тұтқынға алынған белгілі батыр-сұлтандар арқылы жоңғар-қалмақ билеушілері мемлекеттік саяси мәні бар мәселелерді шешуде тұтқындағы танымал батыр, би, сұлтандар арқылы келіссөздерге қол жеткізу амалдарын жасайтын саясат бұрыннан болғанын дәлелдейді. Тұтқындағы беделді тұлғалар арқылы саяси мәселелерді, сыртқы ымыраластық мәселелерін шешуге пайдаланса, аманат инстиуты арқылы да саяси мәселеде үстемдікке ие болу тәсілдерін жасаған. ХVІІІ ғасырдың 40-шы жылдары тархандық атақ беру арқылы саяси мәселедегі ымыраластықтың жаңа бір түрін енгізуге мүдделі болғандығынан тархандар институтын қайта жаңғыртқан ел билеушілерінің отаршылдық мүдделерінен туындаған. Жау қолындағы батырдың тұтқыннан босатылуы, батырмен бейбіт келісім-шарт жасалуы, біріншіден; өзінің үстемдігін мойындата білсе, екіншіден; тұтқынға алу арқылы белгілі саяси келісім мен бітімге қол жеткізудің жолы болды.
Олай дейтініміз, қазақтың беделді, белгілі батырларына жоңғар билеушілерінің және Ресей патша үкіметінің жаңа тархандық институтын енгізіп, пайдаланулары ойымызды қуаттай түседі.
1742 жылы майор Миллер Абылай сұлтанды тұтқыннан босатуға қол жеткізіп, Ресей қазақтарды өздерінің «боданы» ретінде қорғайтындарын айтса, сенат 1742 жылдың 2 мамырында «қазақтарды қорғайтыны туралы және Жоңғар шапқыншылығының қаупін болдырмау» сияқты сылтаумен бекіністік қорғаныстарды күшейтуге жарлық береді. Осы уақытта Ресей өкіметі Жәнібек Қошқарұлына тархандық атақ беріп, Ресей бағытына тартуды көздеді. Міне, осылайша Абылай сұлтаның тұтқындағы кезінде саяси аренаға қазақтың алғашқы тархандарының пайда болуымен қатар қазақ тархандар институты қайта жаңғырды.
Бекіту сұрақтары:
1. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторлығын қай жылдары қабылдады?
2.Абылай сұлтан қалмақ тұтқынында қай жылдары блды?
3.ХҮІІІ ғ. 40 жж. Қазақ-ойрат қатынастарына байланысты Абылай сұлтанның қалмақ тұтқынынан босануының себептері туралы орыс тарихшыларының көз қарасы туралы не айтасыз?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №7 Қазақ билеушілерінің Ресей протекторлығын қабылдау.
Негізгі ұғымдар: Саяси отарлау, қазақтар отарлау, саясатында бекініс, отарлық саясат.
Мақсаты: Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттарын анықтау арқылы қазақ хандығының саяси жағдайының ішкі-сыртқы жағдайына баға беру.
Жоспар:
1. Әскери бекініс шектерінің салынуы.
2. Қазақстан ресей қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары.
3. Қазақстан даласындағы Ресей саясаты.
Лекция
1.Ресей үкіметінің қазақ жеріне бекіністер мен шептерді салудағы мақсаты (XVIII ғасыр) Қазақ халқынын XVIII-XIX ғасырда Ресейге өз еркімен қосылғаны туралы және отаршыддықтың бүкіл зардабын Әбілкайыр хан есімімен тікелей байланыстыра қарауды доғаратын уақыт жетті дедік.
Қазақ халқының Ресейге оз еркімен қосылмағаны туралы және Әбілқайыр ханның Ресейдің боданы болдым деген қүжат жоқ екені туралы мағлүмат беретін қүжаттар мен әдебиеттер баршылық.
Біріншіден, Қазақстан жалпы алғанда бүкіл Орта Азия сияқты Ресейге қарудың күшімен еріксіз қосыдды. Шын мәнінде қазақ жерінде бұл іс қаңды Ермак (1582) жорығынан басталған, өйткені Ермак жаулап алған Ібір-Сібір халқы негізінен қыпшақ, арғын, найман, керей, табын, жалайыр руларынан түратын. Көшім түрғандағы Ібір-Сібір хандығына қазіргі Батыс Сібірдің барлық жері Оңтүстік Орал еңірі, Ертіс, Есіл, Тобыл езендерінің сағаларын алып жатқан Сол-түстік Қазақстан жерлері кірді. Қазақ рулары Тобылдың, Есіл мен Ертістің Орта ағысы бойында қоныстанған сол өл-кенің түрғылықты халқы болған1.
Ермактің Сібірді қалай жаулағандығын орыс тарихшыларының атасы: Н.М. Карамзин былай қорытындылайды: "Сібірдің жаулануы көп жағдайда Мексикамен Перудың жаулануына үқсайды: жалын сүсты қарумен қаруланған Ермактың қарақшылары мыңдаған қолы оп-оңай бағын-дырды. Откені Солтүстік Моңғолдар мен түркілер оқ-дәріні пайдалануды білмейтін. XVI ғасырдың соңындағы олардың бар қаруы Шыңғысхан дәуіріндегі қару ғана болатын".
Бүдан шығатын қорытынды Солтүстік қазақ жерін Ресей-дің жаулап алуы Әбілқайыр ханнан 150 жыл бүрын іске аса бастаған болатын.
Екіншіден, бірінші Петрдің өзі 1722 жылы "Бұл Орда (Қазақ хандығы) бүкіл Азия елдері мен жерлеріне кілт және қақпа"... "Мейлі миллионнан ассын, орасан зор шығынға Қарамай бағындырып алу керек"3 деген екен.
Осы мақсатты іс жүзінде асыру үшін 1734 жылы Сенаттың Обер секретары И.К.Кириловтың (1689-1734) Қазақстан мен Орта Азиядағы Россия иеліктерін нығайту үшін, осы еддермен сауданы дамыту үшін қалалар мен қорғаныс шептерін салу жөніндегі ұсынысын Сенат және Сыртқы істер коллегиясы қабылдады1, 1734 жылдың 1 мамырыңда Сенат жарлығымен И.К.Кирилов басшылық еткен Орынбор экспедициясы2 қүрылды.
Экспедицияның мақсаты: "Қазақстан, Башкирия, Қарақал-пақстанның Оңтүстік аудаңдарының шаруашыльнын, олардьщ пайдалы табиғи қазбаларын пайдалануға дайындау", -болды. Бұл уақытта қазақ халқы жоңғарлармен соғыстың ауыр кезеңін бастан өткізген еді. Соны пайдаланып Ресей империясы Ор (Тобылдың бір тармағы), Жайық өзендері қүйылысында бекініс шептерін сала бастайды. Жайық өзе-нінің алдыңғы түсында орыстың бекіністі сауда орталығы -Орынбор (1735-1738) қаласының іргесі қаланды. Хиуа, Бүхара, Ташкент бағытында орыстың сауда керуеңдері жүрді, қалаға қарай ағылған орыс көпестеріне үш жылға дейін алым-салық алынбайтын сауда жүргізуге (1735-1738) рүқсат етілді4.
XVIII ғасырдың өзінде Жайық өзені бойында 14 қамал салынды. Жайық қалашығынан бастап Звериноголовск бекінісіне - 770 шақырымға созылған Уйск шебі (әскери ли-ния" аяқталды. 1752 жылы тоғыз қамал, 58 бекіністен түра-тын 540 шақырымға созылған - Жаңа Есіл шебі оны 950 шақырымға созылған Ертіс - Сібір шебімен жалғастырылды.
Алғашқы кезде қазақ жерін отарлау екі бағытта жүргізілді: Қазақстанның Батыс белігінде (Кіші жүзде), Солтүстік пен Шығыста (Орта жүзде). Бұл бөлікгің барлығыңда да Ресейдің казак өскерлері бекініс шептер яғни қамалдар түрғызды. XVIII ғасырдың бірінші жартысында үзындығы 1780 шақырымды қамтитын Атырау (Гурьев) қалашығынан басталып, Жайықтың бойымен Алабүға шебіне дейін жеткен Жайық бекініс шебі салыңды. Содан соң Орск (1735), Верхнеуральск (1745), Есіл (1735), Омбы (1705), Семей (1718), Оскемен (1720) т.б. бекіністерінің іргесі қаланды. Сөйтіп Жайық, Орынбор және Сібір шептерінің бойында казак қоныстарын салу кешпенді қазақ елі пайдаланып келген жерлерді орыстар жоңғарлармен бірге қазақтардан тартып алуға кірісті. Соның салдарынан дәстүрлі кошіп-қону жолдары бүзылды.
Ал 1738 жылы салынған Ертіс линиясы, Жаңа Сібір және Есіл, Орынбор линиясы тірек (форпостқа) дейінгі жерге дейін жалғастырыдды. 1745 жылы Ертіс шебіне генерал-майор Киндерманның басшылық етуімен екі жаяу жөне үш атты әскер полктары орналастырылды1.
Сенат жарлығы бойынша 1752 жылы Қазақстанның Солтүстік жағында тағы бір нығайтылған Преснегорьковск линиясын (шебін) салу басталды .
"4 шіддеде 1752 жылы Омбыдан 546 шақырым қашықтықта Звериноголовск бекінісінің ірге тасы қаланған еді. Оған қоса Нашебурск және Вологодск полктерінің солдаттары мен драгундері Қызылжар сайында Луцк драгун полкінің өскери күзетімен әулие Петр, болашақ Петропавловск қамалын салды3. Оны Ешім өзенінің еңселі биігіне түрғызып екі қатар ағаш қабырғалармен қоршап тастады. Топырақ жолдары көмкерген қамал француздардың әскери инженері Вобанның жүйесімен салынды және шептегі басты тірек пункті болып табылды. 1753 жылы шеп салынып бітті. Оның қүрамына 10 қамал. 31 редут және 40 маяк енді. 1758 жылы Горький шебіне (Ашы көлдер) 2 жылға Орал және Дон әскерлерінің 2 мың казактары жіберілді. Үкімет қазақ жерін отарлау саясатының әскери тірегі ретінде қараған Сібір әскерлері күшейтідді.
Бекіністер шебі қазақтардың ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген жайылымдарына шек қойды. Жерден патшалық қысым көрген рулар бір-бірімен бәсекелесіп өзара қырқысты. Жердің иесі қазақтарды қыспаққа алу енді ғана жоспарлы түрде іске аса бастады. Бір жағынан қазақтардан қүнарлы, шүрайлы жерлерді тартып алды. Екінші жағынан жаңа бекіністерге және оның маңайындағы қоныс тебе бастаған орыс шаруаларын, қамал горнизондарын азық-түлікпен, есіресе, астыкпен қамтамасыз ету мақсатымен — Сібірден Россияның ішкі түбірінен шаруаларды қоныстандыру басталды.
2. Қазақстан ресей қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары. Әбілқайыр хан тұсындағы Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылуының тарихи себептері орыс патшалығы тұсындағы ғалым саяхатшылардың қолжазба еңбектеріне түскен. Солардың бірі. Л.Мейер өзінің еңбегінде: «Қалдан Серен Түркістан ханын құртуды ойлап, ұтымды сәтін күтіп жүрген болатын. Қазақ хандығының Ресейден қолдау тапқандығын біліп, 1723 жылы Түркістан қаласын алды. Барлық орданы өзіне бағындырғысы келгенімен Орта жүз бен Кіші жүз солтүстік пен батысқа қарай үдере көшті». Бұл «Ақтабан шұбырынды» кезі еді. Л.Мейер өзінің еңбегінде қазақтардың қоныс ауып келгендегі әрекеті туралы баяндай келіп, орыс патшасының қазақ халқын түбі бағындырып, мойынсұндыру туралы отарлық саясат бағдарын байыппен баяндаған пікірі мынадай: «Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз қазақтарының Елек, Еділ, Жайық бойына көшіп келіп башқұрт, қалмақтарды ығыстырғанымен, өзінен күші басым Орыс мемлекеті түбі өзіне қаратпай қоймас еді» деген пікірін қалдырды. Хан Әбілқайыр өлгенше қалмақ- жоңғарлармен күресіп, Ресей патшасымен одақтасу арқылы айласын асырып, халқын тәуелсіз ұстауға тырысты. Сол үшін бар жігер-күшін салды. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресей қарамағына иек артуының себебін П.И.Рычков:« Өте ақылды Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сол кездегі тығырықтан шығар жол Ресеймен бірге болу екенін білді », – деп көрсетті.
Әбілқайыр ханның қасындағы батырлары да саяси жағдайды түсініген. Ресейге қосылуда Әбілқайыр ханға тірек болып қолдау көрсеткен батырлар – Табын Бөгенбай Қарабатырұлы, Арғын Жәнібек, Тама Есет, ру басылары және басқа да би-батырлар қолдау көрсеткен болатын. Сол кезде, Ресейге қосылудағы Әбілқайыр хан шешіміне қарсы Батыр сұлтан бастаған топ қарсы болған. Сол кездегі қазақ ханы мен сұлтандардың бірлігі болмай, әрқайсысы әр жаққа тартып алауыз болып, билікке таласып, ауыз бірліктері болмады. Әрбір хан әрбір сұлтан өз беттерінше билік құрып жүрген кезде қазақ халқының осындай саяси-әлеуметтік жағдайында сыртқы жаулардан елді қорғау үшін, Әбілқайыр хан мен белгілі батырлар Ресейге қосылуда алдын-ала шарт қойды. Шарт бойынша: бірінші, қазақ елінің сырттқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуін. Екінші, елдегі ішкі қырқысулардан қорғауы. Үшінші, Еділ мен Жайық өзендері аралықтарынан қазақтарға мал жайылымына жер берулері қарастырылады. Әбілқайыр ханның Ресеймен бірге болу туралы ойын би-сұлтандар мен батырлар кеңесінің талқысына салған, яғни жасырын елші жіберіп «бодан» болу туралы жеке өзінің ұсыныс жасамағаны мәлім. Ресеймен бірге болу ұсынысы көпшіліктен қолдау таппай, өзін қолдаған аз топтың келісіміне сүйеніп, яғни сол кездегі батырлар Бөкенбай, Тама Есет, Жәнібек, т.б. қолдауымен ғана шешім қабылдап, Ресеймен бірге болу үшін елші жіберген. Бұл жерде Әбілқайырдың бақ құмарлығына тартып, хандық билігін нығайту емес, хан болғасын қара халықтың тағдырына жауапкершілік мемлекеттілікті сақтап қалуды сезіну басым. Өзін сол кездегі қолдаған азғантай топта Кіші жүздің орналасқан жеріндегі географиялық орналасуы да осыған итермелегенін түсіну қиын емес, яғни:
1. Жоңғарлар мен қара қалмақтар шапқыншылығының күшейе түсуі;
2. Башқұрттар тарапынан жасалған шапқыншылық пен шекаралық барымта қаупінің жиілеуі;
3. Жайық казактарының шекаралық барымтасы;
4. Түркмендер тарапынан шапқыншылық қаупі;
5. Іргелес отырған ірі мемлекет Ресеймен одақтасу арқылы өзіне тірек іздеу болатын.
Ресей патшасы өкіметі болса, елдесудің бодан қылудан басқа жолын қаламайтыны да белгілі еді. Осындай жағдайда Әбілқайыр хан Ресеймен одақтас болуды ұйғарады. Патша үкіметі башқұрт тархандарын Қалмақ тайшылары және Сібір ханзадаларымен, Қазақ хандарымен
болған шекаралық шабуылдарды тойтаруға пайдаланды.
3. Қазақстан даласындағы Ресей саясаты. XVIII ғасырдың 50 жылдарында Сібірде — қазақ жеріңде жаңадан түрғызылған бекіністер жағдайы төмендегідей еді. Ертістен Алтай аралығында үш бекініс шебі түрғызылды. Біріншісі, Сібір редутынан Омбы бекінісіне дейінгі жерлерді алып жатты, үзындығы 553 шақырым (1 шақырым — 1,0668 километр) шептің бойыңца түзды көлдердің көптігінен Ащы шебі (Горькая линия) деп аталып кеткен. Екінші, Омбы бекінісінен Ертістің оң жағасын бойлай Малонарм бекінісіне дейін, үзындығы - 1684 шакырым. Ол Ертіс шебі деп аталып кетті. Оскемен бекінісінен Алтай тауларының батысын бойлай Колыван шебі деп аталып кетті. 1752 жылы Петропавл бекінісінің бой көтеруі — Есіл өзені бойында көшіп-қонып жүрген қазақ руларын бақылауға, осы өлкені отарлауға негіз болды. Кейіннен бірнеше баска да бекіністермен жалғастырылған Жаңа Есіл шебі 9 қосалқы бекіністен, 53 редуттан тұрды және 540 шақырым бойында Солтүстік Батыс Қазақстанда асығыс салына бастаған бекіністерді Ертіс шебімен байланыстырды. Қазақтардың наразылығын басу үшін патша үкіметі Жаңа Есіл шебіне 2518 башқүрт, 2 драгун (соғыс кезінде аттан түсіп те соғысатын атты әскерлердің бір түрі) полкін, 800 казак әскерін, бір эскадрон тұрақты топты шоғырландырды. Осы кездерде Красногорская дистанциясы қүрылды. Красногорская, Верхнеозерная, Ильинская, Губерлинская бекіністері және Орск әскери шебі (Орская, Таналыцкая, Уртамышская бекіністері) қанат жайды.
Бекіністер шебі қазақтардың ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген жайылымдарына шек қойды. Жерден патшалық қысым көрген рулар бір-бірімен бәсекелесіп өзара қырқысты. Жердің иесі қазақтарды қыспаққа алу енді ғана жоспарлы түрде іске аса бастады. Бір жағынан қазақтардан құнарлы, шұрайлыжерлерді тартып алды. Екінші жағынан жаңа бекіністерге және оның маңайындағы коныс тебе бастаған орыс шаруаларын, қамал горнизондарын азық-түлікпен, есіресе, астыкпен қамтамасыз ету мақсатымен — Сібірден Россияның ішкі түбірінен шаруаларды қоныстандыру басталды. 1760 жылы заң шығарушы Сенат Өскемен бекінісінен Бұқтырма өзені аңғарында, одан әрі Төлеуіт көліне дейінгі өңірді, сонымен қатар Ульба, Березовка, Глубокая және басқа да Ертіске құятын өзендер аңғарын орыстармен қоныстандыру туралы арнайы шешім қабылдады. 1762 жылы бір кезде діни нанымдар бойынша кудалауға түсіп, Россиядан Польшаға қашкан ескі дінді жақтаушыларға (Русские староверы) қоныстануға рұқсат берді. 1764 жылы алтайлық "поляктардың" алғашқы қоныстары пайда болды. Лосиха, Секисвка, Шемонайха, Екатеринка, Бобровка, кейіннен Малая Ульбинка, Черемшанка, Тарханка т.б. поселкалар осы күнге дейін топонимикалық аттарын сақтаған.
Осы жерлерге қоныстанған Әбілфаиз сұлтанға бағынышты - сыбан, керей, қаракерей, найман, буранайман, белгілі орта жүз сұлтаны кейіннен хан Абылайдың туының астында кошіп жүрген уақ, қыпшак және басқа рулар бекіністердің қыспағына қарамай өздерінің негізгі иеліктерін сақтап қалады. XVIII ғасырдың 40 жылдардан Алтай мен Ертіс маңайына казактарды, түрмеде отырған қылмыскерлерді қоныстандырды. Осы бай өлкеде орыстардың санын кебейту үшін тіпті Шығыс және Солтүстік Қазақстанды жер ауғандарды қоныстандыратын өлкеге айналдыра бастады. Отаршылдарға мүның езі аз болып корінді.
Шығыс Қазақстан жерлерін біртіндеп орыс қонысшы-ларымен толтырып, әсіресе түсті металдар мен аты шыққан Шығыс Қазақстанды тікелей өзінің иелігіне айналдыруға тырысты. Түсті метадцар қорытатын кендерге көздері алақтап, тіпті 1747 жылы белгілі завод иелері Демидовтардың кәсіп-орыңдарьш Россия императорларының меншігі деп жариялады. Шығыс Қазақстан, Алтай, Тарбағатай өңіріңде өз жеріңде көшіп-қонып жүрген қазақ руларына қысым көрсете бастады.
Бекіту сұрақтары:
1. Қазақ даласындағы әскери бекініс шектерінің салынуы қашан басталды?
2. Қазақстанның ресейге қосылуының саяси себептерін аттаңыз?
3. Қазақстан даласындағы Ресей патша үкіметінің отаршылдық саясаты неден көрінді?
4. П.И.Рычков Кіші жүздің ханы Әбілқайырға қандай мінездеме берген?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №8 ХҮІІІ-ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ қоғамы.
Негізгі ұғымдар: Ақсүйек, қара сүйек, мәслихат, керуен, хан, базарлары, қысау, жайлау, отырықшы, шекаралық сауда, шекаралық барымта, Шоқынғандар. Құң қырғыз-қайсақ.
Жоспар:
1. Қазақтардың шаруашылығы.
2. Қазақ даласындағы сыртқы сауда.
3. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Мақсаты:Ресейге қосылуына байланыста шекара саудасының пайда болуын көрсету, шекаралық барымтаның озбырлығын ашу, Орыс-Қазақ, Орыс-хиуалықтар саудасының пайда болуын алғы шарттарын көрсету.
Лекция
1. Қазақтардың шаруашылығы. Қазақ жерлерін тартып алу тәсіліне қарай бөлгендегі жағдай мынадай болып шығады: казактардың әскери отарлауымен әр кезендегі әр түрлі себептермен 40,6 млн десятинаның 44,55 проценті, қоныстандыру отаршылдығымен 39,95 проценті темір жоддар мен қалалар орнына — 1 процент, ормандық саяжайлар мен айрықша мақсаттағы учаскелер үшін 14,5 проценті алынған екен.
Осылайша, егіншілікке қолайлы және ең жақсы жерлер зандык негізде қазақтардың иелігінен алынады, оның үстіне казақтын мекен- жайы қоныстандырылатын жер үлесіне түссе, байырғы халық жаңа жерге ығыстырылады, ал қазына мұндайда бұзылатын қазақтар құрылыстарына ғана төленеді. Қазақтарға ақша төлемеу үшін қоныстандыру басқарма-сындағы шенділер қазақтар мекен-жайын бірнеше сажын айналып өтіп, меже бағынасын олардың жер үйлерінің бір бұрышына, қазақтар су ішетін құдықтар теңірегіне және т.б. орнатады. Ал мұндай сыннан өткен әдіс қазақты тіптен құрылыс-тұрағы үшін де ақша алмай кетіп қалуға мөжбүр етеді.
Қазақ даласы қаншама кең бола тұрса да, оның ең тамаша жерлерінде қазақтардың қыстаулары — поселкелер, егістіктер мен шабындықтар орналасқан еді. Сондықтан да қоныстандыру басқармасының әкімдері де топырақ құрамын өздері дербес зерттеп, жаңа жерлер табуға ұмытылмай, қазақтардың егістік-шабындық жерлерін тартып алып және соңғылардың агрономдық біліміне сенім артты. Және жайлаған жерлер шаруалар үшін де қолайлы болуы тиіс деп ойлады.
"Жерді ата-бабадан қалған өз меншігі деп санаған қазақтар" деп жазды Ә. Бокейханов. Орыстың қоластына қарағанда, мемлекет пен жеке меншікке қол сұғуға дейін барады деп ойлаған жоқ еді. Бірақ орыс өкіметі ешбір сылтауларсыз-ақ, ашықтан-ашық және күштіні жақтайтын, барлық қазақ жерлерін мемлекеттік меншік деп санайтын заңдар жасады. Нәтижесінде қазақ даласына қарай келімсектер қозғалысы өрістеді және ең тамаша жерлер келімсектерге көшіп, ал олардың ең нашарлары — қазақтарға қалды.
Қысқасын айтқанда, патша үкіметінің қоныстандыру саясаты да оның бүкіл отарлау саясаты тәрізді реакциялық, тонаушылық сипатта болды. Патша үкіметінің қаскүнем пиғылы қазақтардың жер қатынасыңда айқын көрініс берді. Біз жоғарыда келтірілген материалдар Қазақстан тарихының кейбір теориялық-методологиялық мәселелерін айқындауға қызмет ете алады жөне қазақ халқы Ресей империясының құрамына өз еркімен қосылмағанын дәлелдейді".
Шоқан Уәлиханов сөзімен айтқанда: "Қазақтар орыс бастықтарының әрбір әрекетінен тек қана қастық бостан дығымызға, тұрмысымызға қол сұғатын озбырлық деп білді"1. Бұл сөз шындық еді.
Ресейдің тарихы отарлауға негізделгенін атақты тарихшьі В.О.Ключевский айтқанды. Ресейдің ұлы империялық қүдіреті отар елдердің көз жасына малынған еді, — дейді.
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы бұзылды. Шаруашылықтың бұзылуы қазақ халқын күйзеліске апарар бірден бір бағыт екенін патша үкіметі білді.Патша үкіметінің көздегені қазақтарды экономикалық тәуелсіздігінен айыру болды.
2. Қазақ даласындағы сыртқы сауда. Қазақ даласындағы сыртқы әлеуметтік-экономикалық қатынастар дамуына қазақ тархандары Есет пен Жәнібек ат салысқан.
1744-1747 жылдары аралығында Орынбор қаласының Оңтүстік батысына үш шақырым жерге жететін айырбас сауда сарайы салынды. Онда Орта Азия мен орыс көпестері айырбас саудасын жүргізді. Айырбас сарайының екі қақпасы болды. Бірі Жайық өзені жағынан, екіншісі-дала жағынан. Сарайда 344 дүкен мен 344 қойма болған. Сарайдың ішінде екі қақпалы Азияттық сауда ауласы болған. Оның ішінде 98 дүкен мен сегіз қамба болған. Орынбор орталығында күзгі, қысқы сауда үшін қонақжай сарайы салынып, азияттықтармен жыл бойы айырбас саудасын жасауға жағдай жасалды. Орынбор қаласы осылайша сол кездегі Жайық бойындағы ең үлкен ірі сауда орталығына айналды.
Сонымен қатар шекаралық кеден жұмыс істеген. Кеден қызметі келген-кеткен тауарларды есепке алып, тіркеп, анықтама беріп отырған. 1750 жылы қыркүйектің бірінші аптасында сауда пайдасынан түскен табыс азияттық манафактуралық өнім 1200 рубльге, 600 пұт ұн 1080 рубльге, Хиуалық өнімдері 411 рубльге, ал қазақ даласымен айырбас жасалған айырбас сауда мен сарай саудасының пайдасын қоса есептегенде түйе жүні 4600 пұт 23000 рубльге, 246 бас мүйізді ірі қара 8610 рубльге, 859 бас қой 4995 рубльге, 297 бас жылқы, 30 түйе 1350 рубльге т.с.с. бір аптада түскен сауда түсімі 1690614 рубльді құраған. Орынборда сауда жасау орыс көпестеріне көп пайда әкелген.
Сондықтан Орыс көпестері жер-жерден Орынбор қаласындағы айырбас саудасына ағылып келіп тұрған. Сол кездегі саудадағы мал бағасы мынадай: мүйізді ірі қара – 25-45 рубль аралығында, қой 4-8 рубльге дейінгі аралықта, жылқылар 30-50 рубльге дейін, түйелер 35 рубльге бағаланған. Қазақ даласынан өтетін сауда керуендерінің қауіпсіздігін Орта жүз аймағынан тархан Жәнібек, Шөрек батырлар, Кіші жүз аймағынан Тама Есет тархан, Бөкенбай т.б. батырлар қамтамасыз еткен. Орынбор генерал-губернаторы Әбілқайыр хан мен Жәнібек, Есет тархандардан сауда керуеніне қарақшылық шабуыл жасамауын сұрап келіссөздер жүргізгенмен, қазақ даласы арқылы Бұхар, Хиуа бағытына өтетін орыс сауда керуендері тоналып отырған жағдайлар кездескен. Шын мәнінде, Бұхар, Хиуа хандары қазақ даласынан өтетін сауда керуенінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты болғанымен, міндеттерін ойдағыдай атқара алмаған.
Ресей патша өкіметі қазақтармен шекаралық сауда-саттық қатынастарды болдырмауды бақылауға алған. Осындай мақсатта 1750 жылы Орынбор, Ор бекінісінен басқа Жайық бойының барлық бекіністерінде астық пен шөп айырбасынан басқасына тыйым салынады. М.П.Вяткин пікірінше: Қазақтармен Ор мен Орынбор бекінісінен басқа Жайық бойындағы бекіністерде астық пен шөп айырбас саудасынан басқаға тыйым салынуының себебі, Орынбор мен Ор бекіністерін сауда орталығына айналдыру, сөйтіп Орынбор бекінісін орталықтандыру мақсатын көздеді. Осындай себептермен қатар, біздің пікірімізше, қазақ пен Еділ бойындағы торғауыт қалмақтарының сауда жасауына тыйым салуы қазақ-қалмақ арасында қару-жарақ саудасының пайда болуына жол бермеу. Себебі орыс бодандығының зардабын тартып жүрген қалмақ батырлары қазақ батырларымен бірлесіп кетіп, Ресей үшін қауіпті күшке айналуынан сақтану. Сондықтан да қазақ-қалмақ қарым-қатынасының жақсаруына жол бермеуді көздеді. Орыс әскерлерінің құрамында да, орыс-казак әскерлерінің арасында да шоқындырылған қалмақтар әскери қызмет атқарды. Жайық өзенінің оң жағына қазақтарды өткізбеу талаптары орыс казактарын қазақтардың қарақшылық шабуылынан қорғау мақсаттарын көздеді. Негізінен қазақ жерлерінің кеңеюіне жол бермеу болды. Сауда жүргізу туралы Есет тархан батырлардың келіссөздері Астрахан губернаторынан қолдау таппаса да, іс жүзінде сауда жасалды.
Орынбор – қазақ даласындағы жалғыз сауда орталығы болған жоқ. Астрахан қаласында да айырбас сауда орталығы болып, онда қазақ-қалмақ, орыс-қазақ арасында да айырбас саудалары жасалған. Сауданың қызу жүретін мерзімі шілде мен қараша айларының аралығы. Орынбордағы саудаға қазақтар суыр, саршұнақ, қарсақ т.б. аңдардың терілерін апарған. Илецк және Жайық қазақтары қабан етін, балық, уылдырық, желім және Еділ бойынан сутышқан терілерін әкелген. Аққу мамығының саудасы да біршама табыс келтірген. Мал, тері мен былғарыға қазақтар мен башқұрттар орыс көпестеріне шойын, мыс, темірден жасалған өнімдерді және түрлі маталар, жібек, парча, бархат т.б. астыққа айырбастаған.
1750 жылы Абылай сұлтан мен Жәнібек тархан Орта жүз қазақтарының сыртпен сауда-саттық мәселесін шешуде, Орынбор, Астрахан қалаларына бармай, жақын жерде сауда жасауға қолайлы болу үшін, Тройцк керуен сарайын ашуына Орынбор әкімшілігімен келіссөздер жүргізген. Кейіннен үлкен сауда орталығына айналды. Мұндағы айырбас сарайында 600 қойма мен дүкен жұмыс жасаған. Тройцкіде жердің шалғайлығына қарамай, сауда тез дамыды. Москва, Қазан, Тула, Ростов, Ярославл, Сибирск және т.б. қалалардан көпестер өз тауарларын мал мен жүнге айырбастау үшін келіп тұрған. Троицк керуен сауда сарайы Орынбор саудасына бәсекелесе алмаған.
1751 жылдың 17 маусымында Гурьев қаласы арқылы Астрахан қаласына Қайып хан атынан Нұролла бай Құтылымәмет бастаған Хиуа елшілігі хат әкеледі. Астрахан губернаторы И.Брылкинге жолдаған хатта, Орынбор губернаторының патша сарайына елшілерін жібермегендігін айтып, мәселенің шешімін тапқысы келетіндігін тілге тиек еткен. Губернатор И.Брылкин Қайып хан хатын жауапсыз қалдырған. Себебі, Ресей үкіметі Азия хандарының хандық билікте күшті беделдері жоқ деп олармен санасқысы келмеген. Қазақ тархандары қазақ даласынан өткен сауда керуендерін толықтай өз бақылауларына ұстай білген.
Орынбордағы айырбас саудасындағы тауарлардың эквиваленті тең болмаған. Бұған дәлел, М.Вяткин дерегі бойынша, Ресейде құны 2 руб. 70 көп. тұратын қазанды Орынбор саудасына әкеліп айырбас арқылы сатқан орыс көпестері ақшаға айналдырғанда 50 рубльге сатып пайдаға батқан.
Патша өкіметі қазақ даласымен, Орта Азиямен сауда қатынасын қолға алды. Қолға алудағы мақсаты: біріншіден, патша өкіметінің қазынасын еселеп көбейтуді көздеді; екіншіден, Қазақ даласы мен Орта Азияны Ресейдің тауар рыногына айналдыруды; үшіншіден, сауда қатынасын жасау арқылы экономикалық тұрғыдан тәуелді етуге қол жеткізуді көздеді. Айырбас сауда арқылы қазақ даласының байлығын Ресей империясы өндірісінің өте арзан шикізат көзіне айналдырды. Сенаттың статтық кеңесшісі Кириловқа берілген 1734 жылғы нұсқаудан бастап, ХІХ ғасырдың І ширегіне дейінгі барлық ресми үкімет жарлықтарында қазақ даласында «тыныштық орнату», «татулық орнатуға» бағытталды деп отаршылдық әрекетерін ашып айтпай, отаршылдық мүдделерін іске асыра берді.
3. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.1749 жылдың 20 қаңтарында Орынбор губернаторы И.Неплюев Есет тарханға және оның қарауындағы қазақ руларына Жайықтың ішкі бетіне көшуге тыйым салған. Патша үкіметінің жарлығына қарамай, Есет тархан ұлысымен Жайықтың ішкі бетіне өтіп алады. Жайықтың оң жағына өтпеу жөніндегі бұйрыққа қарамаған.
Патша үкіметінің қазақтарға Жайықтың оң жағына өтуіне тыйым салуының себебін тарихшы Н.Г.Апполова: «Жайықтың оң жағында отырықшылықпен айналысатын аудандарды мал жайылымына айналдырып тоздырып жіберуінен қауіптенді. Сондықтан патша үкіметі оң жақ жағалауға өткізгісі келмеді. Бұл мәселе орыс - қазақ арасында бір - біріне деген наразылық туғызуға себеп болды» десе, А.Добросмысловтың көрсетуінше :«Патша үкіметі қазақтардың Жайықтың оң бетіне шығуын қаламаған. Себебі, қазақтар Жайықтың оң жағына түпкілікті өтіп алып, Еділ өзеніне дейінгі жерге ие болып қалады», – деп қорыққан Мұнан патша үкіметінің қазақты жерден қысу саясатын ұстанғандықтарын көруге болады.
Н.Г.Апполова мен А.И.Добросмысловтың пікірлерімен қоса, патша үкіметінің қазақтарды Жайықтың оң жағына өткізгісі келмеуінің тағы бір себебі мынадай: қазақтар Жайықтың оң жақ бетіне өтсе, орыс-қазақ бекіністеріне тыныштық бермейді және де сол кездегі Ресей патшалығының боданы болып отырған Еділ бойындағы қалмақтармен қатынасқа түсірмеу үшін оқшаулау саясатын ұстады. Жауынгер әрі мәмілегер қазақ халқы қалмақ, башқұрт халықтарымен тіл табысып бірігіп алып, орыс шекарасына қауіп тудыратын күшке айналып кетуінен қорыққан.
Жайықтан ішкі жаққа өтпеу мәселесі Есет тархан тұсынан кейін де жалғасты. Ол жөніндегі пікірлер әр алуан. Мәселен, М.Абдировтың көрсетуінше: «1756 жылы Императрица Елизавета бұйрығы бойынша Жайық бойына қазақтарға мал жаюға тыйым салынса, 1757 жылы Жайықтан ішкі жаққа мал айдап өтуге рұқсат бермеген. Патшаның бұл жарлығын бұзғандарды ұстап Сібірге жер аударуды бұйырған. 3300 әскери казактар қазақ даласын «қоруға» арнайы шоғырландырылған» .Ал, А.Ахмет: «Осы жарлықтың күшін жоюға Нұралы хан, оның кейеу баласы Жәнібек сұлтан Санкт-Петерборға қайта-қайта барды. Бірақ, Патша үкіметі 1755-1756 жылғы башқұрт-қазақ бірлесіп, патша үкіметіне қарсы азаттық қозғалысын ұйымдастырған сәттерін ұмытпағанын еске салады. Сондықтан, Кіші жүздің Жайықтың ішкі бетіне өтуге деген өтініштері орындалмады», – десе белгілі тарихшы Н.Бекмаханова: «...Кіші жүздегі жер мәселесіне қатысы бар, Жайықтың ішкі бетіне өту мәселесін патша үкіметі 1755 жылы Батырша бастаған көтерілісті басқаннан кейін, қазақ даласындағы башқұрттарды кері қайтаруға көмектескендері үшін қазақтарға Жайықтың сол жақ бетін пайдалануға рұқсат берген», дерегін алға тартады.
Кіші жүз қазақтарына Жайық пен Еділ өзендері аралығына көшуге тыйым салынды. Сол сияқты Орта жүз қазақтарына да Ертіс өзенінің екінші бетіне өтуге тыйым жасалды. Мұның бәрі дәстүрлі көшпелі шаруашылыққа негізделген қазақ жұртының тұрмысына ауыр тиді. Тек қана Нұралы хан мен оның қасындағы сұлтандарға ғана «ішкі жаққа» қыстауға кейде рұқсат беріліп тұрған. А.Нүсіпбеков Жайықтың ішкі бетіне өтуге рұқсат 1758 жылы Нұралы хан әулетіне ғана берілген, деп көрсетеді. Қалай десек те жер мәселесі мемлекеттік, елдік өткір мәселе болғаны анық.
Сондықтан жер дауынан туған наразылық шекара барымтасына ұласып отырған. Мәселен, 1758 12 шілдеде князь А.А.Путятиннің хабарлауынша, найзамен қаруланған 70 шақты қазақ жігітері Жайықтан атпен жүзіп өтіп келіп, Қайыңды бекінісінің түбінен тоғайдағы үйірімен жылқыларды айдап әкеткенімен қоймай, бір башқұртты және екі қарулы орыстың екі солдатын өэдерімен бірге алып кетке. Кіші жүз қазақтары бекініс салып жайылымнан қысқан Ресей үкіметіне наразылықтарын барымталап мал айдап алып отырған мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Сондықтан қазақ-орыс арасындағы шекара барымтасы тоқтамаған. 1758 жылы 26 шілдеде Мәмбет батыр бастаған жүздеген қазақтар Жайықтың ішкі жағына өтіп, Ор бекінісінің үйір-үйір жылқыларын, карауылдарды соққыға жығып айдап кетіп, қазыналық мүліктерін тонап әкеткен. Соңынан түскен қуғыншылармен шайқасып құтылып кеткен.1759 жылы 22 сәуірде князь Путятин хабарламасы бойынша, қара халық өз беттерімен Жайықтың ішкі бетіне малмен ғана емес, күймелерімен өтіп алып, орыс-казактардың маяларын таптаған. Патша өкіметінің қазақ жеріне заңсыз қол салғанымен қоймай, қазақтардың Жайықтың ішкі бетіне өтуін заң бұзушылық ретінде бағалаған. С.Толыбековтің көрсетуінше, ХVІІІ ғасырдың 80 жылдарына дейін Жайықтың жағасына қазақтар жақындамады. Бірінші рет 1785 жылы хан Нұралы барон А.Игельстромнан жазбаша рұқсат алады. Жайықтың сол жағындағы Калмыков бекінісіне қарсы жерден 1786 жылы Орынбор губернаторы А.Игельстром 17 қазақ старшынына қарауындағы адамдарымен 45 мың шаруашылыққа жайылымдық жерді пайдалануға рұқсат берген.
Жер жетпегендіктен үлкен өзендердің бойын жайлау мен ішкі бетіне қазақтарды өткізбеу мәселесі өткір мәселеге айналып, бірнеше жылдарға созылған қазақ-орыс арасындағы қатынасқа салқынын тигізген. Барымта мен қарымтадан басталған наразылықтардың арты қарулы қақтығыстарға ұласып отырған.
Бекіту сұрақтары:
1. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы дегенді қалай түсінесің?
2. Қазақ даласындағы орыс-қазақ сыртқы сауданың қазақтар үшін пайдасы болды ма?
3. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы қандай болды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №9 Қазақтардың Е.П. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы.
(1773-1775)
Негізгі ұғымдар: Шаруалар соғысы, жалған патша, шекара барымтасы.
Жоспар:
1. Қазақтардың Е. Пугачев басқарған орыс шаруаларының соғысына қатысуының саяси себептері. Шаруалар соғысының барысы мен тарихи маңызы.
2. Нұралы хан саясаты.
Мақсаты: Қазақтардың Е. Пугачев басқарған орыс шаруаларының соғысына қатысуының саяси себептерін деректер негізінде ашу. Соғыстың жеңілу себептері мен тарихи маңызын таныту.
Лекция
1.Қазақтардың Е. Пугачев басқарған орыс шаруаларының соғысына қатысуының саяси себептері. Еділ бойы, Урал маңы мен Қазақстан халықтары Россиядағы феодал-крепостнойлық езушілікке қарсы Жайық қазақтары мен тау-кен өндірісі жұмысшылары бастаған шаруалар соғысына қатысты. Оны Дон казагы Е.Пугачев басқарды. Қазақтардың соғысқа қатысуының негізі себебі жер мен қазақ даласындағы отаршыддыққа қарсы күрес бодды. Патша үкіметі қазақтардың жайылым ретінде ертеден пайдаланылып келе жатқан Жайық пен Еділ өзендері аралығы мен Каспий теңізі жағалауындағы жерлерді орыс помещиктерінің жеке меншігіне таратьш берді. Мұның өзі қазақтардың наразылығы мен ашуын туғызды. 1774 жылы қаңтарда қазақтар кетерілісшілермен бірге Жайық қалашығын қоршауға қатысты. Қазақтардың ниеттестігі Гурьев қалашығындағы көтеріліске шыққандардың жеңіп шығуына және олардың пугачевшілер отрядына қосылуына игі әсерін тигізді. 1773 жылы қазанда басталып, бес айға созылған Орынборды қоршау, соғыстың маңызды кезеңі болды. Губернияның басты қаласын қоршауға Кіші және Орта жүз қазақтары қатысты. Қазақтардың бір бөлігі Пугачев оскерімен бірге Еділ бойымен қозғала отырып, Қазан, Пенза, Саратов түбіндегі және т.б. жерлердегі ұрыстарға қатысты. Дегенмен, 1774 жылы қазақтардың негізгі қимылдары Жайық қалашығы мен Гурьев аралығында орналасқан бекіністерде болды. Сол уақыт Орта жуз территориясында да ете мазасыз кез еді.Сонымен қатар, Башқұрт және Орал маңын мекендеуші басқа да халықтармен қосылып, Кіші жүз және Орта жүз қазақтары Емельян Пугачев бастаған 1773-1775 жылдары шаруалар соғысына қатысты. Қазақ отрядтары патша әскерлеріне қарсы Жайық қалашығы, Елек пен Гурьев шекаралык бекініс аудандарында ұрыстар жүргізе отырып, Еділге дейін жетті. Е.Пугачевтің Орынборды қоршаған ұрыстарына қатысты. Орта жүз қазақтарының көтерілісші отрядтарынын киымылы Жаңа Есіл және Ертіс шептеріңде 1776 жылға дейін токтамады. Бұл патша үкіметіне қарсы казақ шауаларының тұңғыш рет орыс шаруаларымен бірлесіп шыққан күресі еді. Канауға қарсы халық бұқарасының күресі үдей түсті.
2. Нұралы хан саясаты. Нұралы (т.ж. белгісіз - 1786) - Кіші жүз ханы (1748-1786), Әбілқайыр ханның үлкен баласы, сұлтан. Орыс-қазақ қарым-қатынастарын нығайтуды жақтаушы.
1. Нұралы хан елге келгесін әкесінің басына ескерткіші қоюды. 2. Қарындасын жоңғар билеушісіне ұзатуды ойластырды.
Хан жағдайынан жансыз тілмаш татар Нурмухамбетов арқылы Неплюев хан ордасынан хабар алып алып отырды. Ол үшін Нұрмұхамедовке жылына құпия түрде 15 рубль төлеп тұрды. Өз кезегінде көзі жеткен ақпараттар мен мәліметтерді беріп тұрған. 1750 ж. 9 мамырда үлкен Қобда бойында Нұралы хан мен инженер ригельман кездеседі Неплюев хан Әбілхайыр моласын салуға сөйлесуге барған болатын. Орынборға келген инженер Неплюевке Орынбор қаласынан Темір өзеңіне дейін өзінің жүрген жолының картасын әкелген,сонымен бірге қазақ даласындағы ертедегі құрылыстардың жоспарын түсіріп әкелген. Екінші мәселе бойынша Нұралының Цеван Доржиге қарындасын беріп өзінің жақсы одақтасы ретінде қатынаста болуын Неплюев қаласады. Нұралыдан Жоңғарлардан бас тартуын сұрап қанша қаражат сұрасада бұл мақсаты үшін болайтынын білдірген. Өз кезегінде Нұралы хан Барақ сұлтаннан есек алу үшін Жоңғарлармен құдаласуның мақсатын айтқан. Неплюев болса Нұралы ханның жоңғар билеушісімен қатынасын жақсартып құдаласып одақтас болуын қаласады онында ресей үкіметі үшін саяси қаупі болады сезіктенген еді.
Нұралы хан мен Бадақ сұлтан арасындағы қатынас шиеленісіп Бадақ сұлтан өзінің билікке келу мақсаттарын жүзеге асыру үшін Неплюев сеніміне кіру жолдарын жүзеге асыруға тырысты. Нұралы хан Барақ сұлтанды жазаға тартуға жолда жасалуын адал қолқа салды. Барақ сұлтан ұлы Хиуа ханы қалып арқылы әрекет етуге көшеді Шербекті елші етіп Орынборға жібереді. 24 сәуірде Шербек сұлтанның жақын адамдарымен Орынборға жетеді.Қайып ханның хатын жеткізеді. Хатты: Хиуа көпестерінің керуенін қазақ даласында жей тонап жүр. Сондықтан керуенді Нұралы хан аулының үстінен жібермей.
Барақ сұлтанның ауылы арқылы жідеруін және Нұралы хан інісі. Әділ сұлтанға керуен салығын алуға тыйым салуын сұраған. Қайып ханның бұл хатына Неплюев 1749 ж. Орынборда болған қазақ старшындары Қайып хан әкесі Барақтан басқаларды болып Нұралы хан аулынан өтетін керуенді аман-есен өткізіп тұруға уәделерін берген болатын. Оның үстіне керуен келеді дәстүр бойынша ханға салығын беріп, керуенді шығарып салатын сенімді адамдар алады. Бұл мәселе шешімнің тапқанын айтып Нұралы мен Барақ теңдігі жерде татуласуы қажеттігін білдіреді. Неплюевтің бұл жауабына қанағаттанбаған Шербек Қайып хан Неплюев бұл өтініштерін орынсыз санайды. Оның үстіне 1750 ж. 11 қыркүйегінен бастап Хиуа хандығы Парсыларға бағынышты саналған. Шербек Хиуаға жүретін керуенмен кері қайтады Нұралы хан ауылының үстінен өтуге мәжбүр болады. Бұл кезде Нұралы хан атынан салыққа тауарлар алып алады. Осы кезде Байсақ би 40 түйеге артқан керуенді тонаса, дуларды 60 түйелік Хиуа керуенін тонайды. 1750 ж. Айшуақ сұлтанмен Жәнібек тархан аралдық қарақалпақтарды жауып, көп адамдарын тұтқынға алып, ашықтан тонайды. Қазақ керуендерін тонаған. Аз қолмен қарақалпақтарға шабуыл жасап, тұтқынға түскен Ералы сұлтанды босатады. 1730ж. 30 мамырда Цеван Дорже елщілігінен оралған Қарабас бастаған Нұралы адамдарды хан әкеледі. Онда 1.Барақ сұлтанның өлімінің хабарын жеткізеді. 2. Қарындасын қалындыққа бермей жүргендігі не дегенін білдіреді. Кейіннен Нұралы хан қарындысы қайтыс болып, 1750 ж. Мамырда Цеван Доржына інісі Лапай Доржи өлтіреді. Осылайша қазақ жоңғар мәселесінің арты арыздыққа ұласа жазған мәселе өз шешімін тауып тынышталады.
Қазақ даласьшда өз ықпалын күшейтіп, бағынбаған сұлтандарды тізе бүктіру үшін Ресей қол астында екендігін пайдалануға тырысты. Қарауындағы жерлерден өтетін сауда керуендерін карақшылык шабуылдан қорғауға көп күш салды. Еділ меи Жайық аралығындағы жайылымдықты пайдалануға патша үкіметінен рүқсат алды. 1755 жылғы башқұрт кетерілісін басуға, 1771 жылы Жоңғарияға коныс аударуға ұмтылған Еділ қалмақтарын кері қайтаруға жасақ шығарды. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысының (1773-1775) алғашқы кезінде бейтарап жағдай ұстап, Е.Пугачевпен 1773 жылы сентябрьде, декабрьде жолықты, бірақ кетерілісшілер жағына шықпады. Нұралы түсында Кіші жүзде феодалдық езгі күшейді. Патша үкіметінің Нұралы хандығының ішкі істерінс жиі араласуына байланысты 1770 жылы ол хан атағында қалдыратын екінші "патент" сұрауына тура келді. 1786 жылдың бас кезінде Екатерина II Нұралыны тақтан түсіру туралы жарлыққа қол қойды. Өмірінің соңгы кезін Уфада өткізіп, сонда қайтыс болды.
Бекіту сұрақтары:
1.Қазақтардың Е. Пугачев басқарған орыс шаруаларының соғысына қатысуының
себептері қандай?
2.Шаруалар соғысының жеңілуінің себебін айтыңыз?
3. Патша үкіметінің Нұралы ханды нөкерлерімен Уфаға шақыртып алып өмірінің ақырына дейін жібермеуіндегі саяси ұстанымы неде?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №10 Күші жүздегі халық-азаттық қозғалысы (1783-1797 жж.)
Негізгі ұғымдар: Орда, Ішкі Орда, биліктегі саяси дағдарыс. Дәстүрлі хандық билік.
Жоспар:
1. Күші жүздегі хандық биліктегі дағдарыс.
2. Сырым Датұлы бастаған Күші жүз қазақтарының көтерілісі
3. Бөкей хандығының құрылуы.
Мақсаты: Патша өкіметінің қазақ даласын отарлаудағы отаршылдық саясаттарын деректерге сүйене отырып, дәлелдеу
Лекция
1. Күші жүздегі хандық биліктегі дағдарыс. 1783-1797 жылдары Кіші жүзде Сырым Датұлының басшылығымен халық-азаттық котерілісі болды. Бұл көтеріліс феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы бағытталған қозғалыс. Кіші жүздің Россияға қосылуы қазақ қоғамының шаруашылық және мәдени дамуында елеулі тежеуші роль атқарды. Сонымен қатар Кіші жүз патша үкіметінің отар-шылдық езгісінінің күшеюіне де себепші болды. Феодалдық қатынастардың одан әрі дамуы тап қайшылықтарының шиеленісуіне өкеліп соқты. Осының бәрі еңбекші бүқараның наразылығын туғызды. Бұл әсіресе, кошпелі мал шаруашы-лығымен айналысқан қазақ қауымдарына аса қажетті қоныстық жерлерді пайдалану мәселесінде байқалды. Патша үкіметінің 1756 жылгы указы бойынша қазақ қауымдарына Жайықтың оң жақ жағалауындағы жерлерді ("ішкері жақ") пайдалануға тыйым салынған. Еділ (Волга) мен Жайық аралығындағы едәуір жерді 1771 жылға дейін қалмақтар мекендеді. Олардың Жоңғарияға үдере кошуіне байлаысты (1771) бұл жерлер босап қадды. Қазақ шонжарларының осы жерлерді қысқы жайылымға сүраған өтініштері патша үкіметі тарапынан аяқсыз қалды. Қазақтардың "ішкері жаққа" етуіне патша үкіметі 1782 жылы ғана рүқсат берді. Кіші жүз ханы Нұралы және оның туыстары қоныстарды иемдену правосын пайдаланып, халық бүқарасына барынша қиянат жасады. Олар "ішкері жаққа" откен әрбір түтіннен 1 жылқы мен 1 қой алып отырды. Ал, Орал казак-орыстары старшиндармен ауыз жаласқан хан мен сұлтандар мүндай ақы толемейтін, әрі 'ішкері жаққа" өткен ауылдарды тонайтын. Мүның озі хан түқымының, шекаралық әкімшілік орындарының және Орал казак-орыстары билеуші тобының пайда түсіретін табыс козіне айналды. Бұл отаршылдық және феодалдық езгінің ұштасқанын анық аңғартады. Мүның бәрі көтерілістің шығуына себепші болды. Кіші жүзде жер мәселесінің Шиеленісуімен қатар феодал, шонжарлардың өз ішінде өкімет билігі үшін тартысы да өрши түсті. Төре түқымынан шыққан ақсүйектер билер мен батырлардың ел арасыңдағы ықпалының артуына қарсы болды. Патша үкіметінің қолшоқпарына аиналған Кіші жүз ханы Нұралы билер мен батырлардың саяси өмірде атқарған жұмыстарын жоққа шығаруға тырысты. Сол мақсатпен ол билер кеңесін шақырғысы, олармең санасқысы келмеді. Өз кезегінде билер мен батырлар хаң мен сұлтандардың правосы мен билігіне шек қоюға үмтылды. Бұл көтерілістің қозғаушы күші феодалдық жөне отаршылдық езгіге қарсы күрескен шаруалар табы бодды. Көтеріліске патриархалдық-феодаддық шонжарлар — билер мен батырлар да қатысты. Бірақ олар халық наразылығын өз мақсаттарына, дәлірек айтқанда, хандар мен сүлтаңдардың билігін шектеуге пайдаланды. Сондықтан да көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар мен патриархалдық-феодалдық топтардың мүдделері бір-біріне қайшы келді. Оларың арасындағы тап қайшылығы жойылады. Көтеріліс кең көлемде өріс алғанымен, шауалар соғысының дәрежесіне көтеріле алмады. Ол халық қозғалысы сипатында болды. Көтерілістің негізгі себептері жер мәселесінің шиеленісуі, патша үкіметінің "ішкері жаққа", Жайық сыртына өтуге тыйым салуы, ру басыларының праволарына қысым жасауы, хандардың, сұлтандардың, Жайықтың казак әскерінің және патша әкімшілігінің халықты ашықтан-ашық тонап, озбырлық жасауы болды.
2. Сырым Датұлы бастаған Күші жүз қазақтарының көтерілісі. Көтерілістің тікелей басталуына 1783 жылдың көктемінде Орал казак-орыс әскері старшина-ларының Кіші жүз қауымдарының "ішкері жаққа" өткізген 4 мыңнан аса жылқысын айдап әкетуі сылтау болды. Көтеріліс алғашында Кіші жүз жерінің батыс аймақтарын мекендеген Тама руын қамтып, кеп үзамай Жайық пен Жем өзендерінің аралығыңдағы басқа руларға да тарай бастады. Көтеріліс-шілер жасақтары қүрылып, оларға ру старшиндары басшылық етті. Бұлардың ішінде, әсіресе Байбақты руының старшыны Сырым Датовтың ықпалы зор еді. Көтеріліс 1784жылға дейін Орал әскерлеріне қарсы бағытталды. Мысалы, котеріліс басшысы Сырым Датұлы 1783 жылы Нұралы ханның ауылдарын талаған Чаганов басқарған шеп әскерлерімен соғысты. Чаганов тұтқынға алынып, Сырым оны Хиуаға қүлдыққа сатып жіберді. Бірақ сол жылдың өзінде жазалаушы отряд Сырым-ның езін тұтқындады. Оны Нұралы хан мал беріп құтқарып алды. Тұтқыннан босаған соң Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұылының қолдауымен Орал казак-орыс әскерлерімен күресін қайта жалғастырды. Бірак Сырымды Нұралы еңді қоддамады. Қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісті басу үшін әскер беруін етінді. Ойткені С.Датов бастаған халық қозғалысы 1784 жылдан бастап Әбілқайыр өулетінен шыққан хан мен сұлтан-дарға қарсы бағытталды. 1785 жылдың басыңда СырымныН отрядына 2700 адам болса, жалпы кетеріліске қатынасқандардың саны 6 мыңнан асты. Көтерілістің бұлайша кең жайы-луьшан қауіптенген патша әкімшілігі енді оны қарулы күшпен басуға кірісті. Осы мақсатпен Орынборда генерал Смирнов бастаған әскери отряд қүрылып, ол 1785 жылғы ақпанның орта шенінде Елек өзеніне қарай беттеді. Ал әскери старши-налар Колпаков пен Пономарев бастаған отрядтар Оралдан Жем өзеніне бет алды. Алайда, бұл отрядтар халык қозғалы-сын баса алмады. Бұл кезде көтеріліске қатысқан ауылдар Жем бойынан кешіп кетті. 1785 жылдың наурыз айында Сырым бастаған шагын отряд Антоновск форпосты мен Сахарная қамалына шабуыл жасады. Дегенмен, сол кездегі соғыс өнеріне сай қаруланған гарнизондарға Сырым жасақтары тетеп бере алмады. Осы кезде Назаров бастаған жазалаушы отряд Каршинск форпосты мен Сахарная қамалына жақын жерлерде кешіп жүрген Табын руының бірнеше ауылдарын тонады. Бұл халық наразылығын күшейтіп, көтеріліске бүрын одан тыс қалған қауымдардың қосылуына мүмкіндік жасады. Осы жылдың орта шенінде Кіші жүздің кептеген рулары Нұралы ханға бағынбай, котерілісшілер жағына шықты. Соның салдарынан Нұралы ханның окіметі едәуір дағдарысқа үшырады. Көтеріліс-шілердің хан мен сұлтандарға, патша әкімшілігіне қарсы жүргізген күресі қалың бүқара тарапынан қолдау алып отырды. Хандық окіметінің дәрменсіздігін жақсы түсінген жергілікті патша әкімшілігі енді котеріліс бастаған старшын-дармен тікелей байланыс жасауға кірісті. Осы мақсатпен генерал-губернатор О.А.Игельстром көтерілісшілерге Ахун Қүсайыновты елші етіп жіберді. 1785 жылдың жазында көтерілісшілердің қатысуымен өткен старшындар жиналысын-да патша әкімшілігінің котерілісті тоқтату жөніндегі талаптары талқыланды. Олар сонымен қатар генерал-губернаторға өз талаптарын білдірді. Көтеріліс басшылары қазақ қауымдарына Жайық пен Еділ аралығыңдағы қоныстарды беруді және Орал казак-орыс әскерлерінің жазалаушы отрядтарын жіеруді тоқтатуын талап етті. Көтеріліске қатысқандардың басты талаптарының бірі Нұралы ханды тақтан түсіру болды. Ал сол жылдың күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны бұдан былай хан деп танудан бас тартатындықтарын біддірді. 1786 жылдың апрелінде котеріліске қатысушылардың Қысымымен Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болды. Сол жылдың маусым айында Екатерина II Ңұралыны хандықтан түсіру жөніңдегі жарлыққа қол қойды. Осы жағдайды пайдаланған патша үкіметі енді Кіші жүзде хаңдық өкіметін біржолата жоймақшы болды. Мұны Игельстром реформасы жүзеге асыруға тиісті еді. Алайда, бүдан еш нәрсе шықпады. Оның үстіне көтеріліске қатысқан стар-шыңдардың барлығы бірдей хандық окіметті жоюды қолда-мады. Олардың бір бөлігі Нұралыға ғана қарсы шығьщ, Жәдік әулетінен шыққан Қайыпты хан етіп сайлауды үсынды. Сондықтан да Игельстром реформасына сәйкес қүрылған шекаралық сот пен сот келісімін орындау ешқандай нәтиже бермеді. Кіші жүзде Россияның басқару системасына жақын жаңа басқару системасын орнатуға тырысқан әрекеттері сәтсіз болғаннан кейін патша үкіметі хандық билікті қайта қалпына келтіру, қазақ қоғамының жоғарғы сүлтаңдар тобымен арадағы одақты нығайту бағытын ұстады. О.А.Игельстромның орнына жаңадан генерал-губернатор болып сайланған А.А.Пеутлинг енді Нұралының інісі Ералы сұлтанмен байланыс жасады. Осы кезден бастап (1790) Орал казак-орыс әскерлері старшын-дарының қазақ ауылдарына шабуылы үдей түсті. Жазалаушы отрядтардың іс-әрекетін сүлтаңдар қодцады. Мүның өзі халық наразылығын күшейтті. Осыған байланысты Кіші жүз ауылдарында стихиялық толқулар күшейіп, котерілісшілер жасақтары Ойыл және Шыңғырлау өзендерінің бойына шоғырланды. Көтеріліс барысында таптық күштердің жіктелуі барған сайын айқындала түсті. Билер мен старшындардың кейбір топтары халық наразылығының одан әрі өріс алуынан қорқып, сұлтандармен ауыз жаласып кетті. Сойтіп, көтері-лістің негізгі қозғаушы күші болған шаруалар мен патриар-халдық-феодаддық шонжарлардың мүдделері іс жүзінде қайшылыққа үшырады.
Алайда, патриархалдьіқ-феодалдық дәстүрлерге шырмалған, езілген халық бұқарасы "өз" феодалдарына қарсы батыл күрес жүргізе алмады. 1790 жылы тамызда Нұралы хан Уфа қаласында қайтыс болды. Ералы патша үкіметі әскерінің қолдауымен хан болып жарияланды (1791, тамыз). Сұлтан тобының басшысы Ералының хан болуы халық наразылығын күшейтті. Сырым бастаған топ енді патша әскерлерімен кішігірім қақтығысулармен бас тартып, 1792 жылы ашық соғыс қимылдарына көшті. Патша қамаддарына шабуыл жасай бастады. Бірақ олар айтарлықтай нәтижеге жете алмады. Ойткені сол кездегі соғыс тактикасын барынша меңгерген қамал гарнизондарының күші қазақ жасақтарынан әлде-қайда басым болатын. Соңдықтан да көтерілісшілердің 1792 жылдың күзінде Елек қамалына жасаған шабуылы сотсіз аяқталды. Бүдан сон көтеріліс басшылары күрес әдісін озгертіп, партизандық соғыс тәсіддерін қолданды. Олар шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылдарына тұтқиылдан шабуыл жасап, адамдарын тұтқынға алды. 1794 жылы Ералы қайтыс болғаннан кейін, патша үкіметі Кіші жүз ханы етіп Нұралынын баласы Есімді сайлады (1796). Ол көтерілісті басуға бар күшін салды. Котеріліс басшыларын патша үкіметіне ұстап берді. Сол жыддың желтоқсанында Орынбордың оскери губернаторы больш тағайындалған барон Игельстромға көтерілісті біржолата басуға бағытгалған шараларды жүзеге асыру жүктедді. Дегенмен, Кіші жүзде шаруалар көтерілісі толастамады. 1797 жылы наурыз айында көтерілісшілердің бір тобы хан ауылына шабуыл жасап, Есімді өлтірді. Ханның өлтірілуі феодал топтардың Сырымға карсы шығуына себепші бодды. Мәселен, Сырымға қарсы жіберілген жазалаушы отрядтың қүрамына Кіші жүздің Байбақты, Алаша, Беріш, Тама, Адай, Шеркеш т.б. руларының билері мен старшындары да кірді. Есім хан өлтірілгеннен кейін, Кішіжүзде хан кеңесі қүрылды. Оған Айшуақ сұлтаннан басқа 6 старшын және патша өкімшілігінің окілі муфти Қүсайынов кірді. Бұл кеңестің қүрылуы сұлтандар мен ірі патриархаддық-феодаддық шонжарлардың мүдделеріне толық сай келіп, халық көтерілісін басып-жаныштауға жағдай жасады. Хан кеңесінің 1797 жылы тамызда болған мәжілісінде Сырым мыңға тарта адаммен келіп күресті тоқтататынын мәлімдеді. Сырым хан кеңесінің қүрамына енгізідді. Осыдан кейін көп үзамай-ақ 14 жылға созылған Кіші жүз шаруалар котерілісі тоқтады.
Сонымен, халқымыздың тарихындағы ашылмай жатқан ақтандақтардың бірі — үлт-азаттық көтерілістері. Бұл түр-ғыдан кәпшілік қауымға Сырым Датов, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған халық қозғалыстары, 1916 жылғы үлт-азаттық көтерілістері кеңірек таныстырьшған. Атайда еш шүбө келтіруге болмайтын осы қозғалыстардың өзі де советтік дәуіріміздің белгілі бір кезеңдерінде тарих сахнасынан орынсыз ысырылды, ол жайында айтылған шындық сез буржуазиялық-үлтшыддықтың көрінісі ретінде айыптадды. Соның да саддары болуы керек, бұл аталған халық қозғалыстарының назардан қағыс қалган тұстары әлі де баршылық. Әрі Қазан тоңкерісіне дейінгі бостандық, тендік аңсаған қазақ елінің үлт-азаттық көтерілісі, әділет жолындағы күресі осы айтылған үш кезеңмен ғана шектеліп қоймады. Оған төменгі хронологиялық тәсілмен беріліп отырған архив деректері айқын мысал.
Алдымен ауызға ілігетіні, өрине, Әлкей Марғұлан: "Әбілқайыр тұқымы патшага қарсы күресте қазақ тарихынан ең Қадірлі орын алатын көрнектісі "деп бағалаған XVIII ғасырдың аяғындағы Сырым Датов бастаған айбынды қозғалыс. Оның 1780 жылдары басталып, жиырма жылға жуық уақытты Қамтығаны жұртшылыққа мәлім. Көтерілістің туу себебін Әлкей Марғұлан ертеректе жазылып, архивке тапсырылған қолжазбасында: "Бұл кезде хан мен патша хаіықты екі жақтац сорып, оларга жыл сайын төлейтін рамат, жасақ, салық деген нәрселер халықты мүлде бас көтертпеді. Отаршылдық талаудың өзге түрі халық бүқарасын әбден көк иық қылып, кіші жүз қазақтары енді қүлдық бүгауының астында шіруге айналды. Бұлардың ішінде халықтың еңсесіне батқаны әсіресе олардың атамекен қонысын тартып алып, өздерінің бас еркіндігіне нұқсан келтіргендік еді"деп көрсетеді.
Хан тұқымының озбырлығы күресті бейбіт түрде бастаған Сырым батырдың патшаға жөнелткен шағым хаттарыңда ашық айтылған. Саяси бостандықты көксеп, бір хатында: " Ханды орнынан түсіріп, әкімшілікті халықтың өз қолына беруді" талап еткен. Сонымен катар патша үкіметінің отаршылдық іс-әрекетіне де наразылық білдіріп: "Бұл мәзқүр Донсков Орал қаласынан мың жарым әскермен шыгып, бейбіт жатқан кінәсіз қазақ халқының екі жүз жиырма үйін шауып, оларды талан-таражга үшыратып, 57 кісісін ұстап әкетті. Алган жьшқы, ту сиыр дегеннің есебі жоқ "деп жазғаны ерекше назар аудартады.
1783 жылы жазда көтерісшілер Ойыл мен Жем бойын жайлап, патша ұлықтарына, өткінші саудагерлерге, хан-сүл-тандарға шабуыл жасады. Сырым батыр патша әскерімен қалай қақтығысуды ақылдасу ниетімен атасына ас беруді сыл-тауратып, өзіне жақтас би, батырларды, халық окілдерін жи-нады. Мұны алдын-ала сезген Нұралы ханның тыңшылары қарулы қолмен келіп, Сырым батырды бірнеше серігімен алдап оңаша шығарып, тұтқындап әкетеді. Ол Орынбор түрмесінде бір жыл жатып, халықтың талап етуімен бостандық алғаннан кейін күрес қайта жаңцанады. "Лябежный", "Руежный", "Сахарный", тағы басқа да қамалдарға шабуыл жаса-лып, өрт қойылады. Бүдан сәл ертерек Кульнев бастаған 3462 адамдық жазалаушы отряд котерілісшілерді таппай, бейбіт ауылдарды қан қақсатып оралса, енді Орынбор мен Оралдан екі әскер және шығады. Бетпе-бет қақтығыста екі жақтан да біраз шығын болып, патшаның үш офицері оққа үшады. Осы ұрыстан соң кетерілісшілер шегініп, жазалаушы отряд қорғансыз ауылға шауып, екі жүздей әйел мен жүзден аса кемпір-шал, бала-шағаны тұтқынға алған. Оған кектенген Сырым батыр ізінше сарбаздарын аттандырып, Орынбор мен Жайық тоңірігіндегі қамалдарға шабуыл жасатқан. Осылай жалғасқан көтерілістің бірде басылып, бірде қайта өрлеп, 1798 жылға дейін созылғанын, олардың қолынан Нұралының баласы Есім хан өлтірілгені, патша үкіметінің Сырым Датовтың басына үш мың сом алтын тіккенін айғақтайтын деректер жетерлік.
3. Бөкей хандығының құрылуы. Ішкі Бөкей ордасының қазақ тарихындағы орны.Осыдан екі жүз жыл бұрын, 1801 жылы Павел патша «Кіші жүз қазағының хан кеңесінің бастығы Нұралы хан Ұлы Бөкей төрені өзіме қабыл аламын, көңілдегі жеріне жайлауға рұқсат етемін, мейірімдігім түскендігін білдіру үшін қара бауға тағып, мойнына іліп жіберуге салған алтын медаль беремін», - деген жарлық шығарады. Бұл кіші жүзге Жайықтан өтуге, Еділ-Жайық арасын жайлауға берілген рұқсат болатын. Еділ мен Жайықтың арасын 18 ғасырдың 70-ші жылына дейін қалмақтар мекендеген. Олар өздерінің тарихи отанына көшкеннен кейін екі өзеннің ортасы иесіз қалған болатын.Бөкей сұлтан кезінде Сырым батырмен бірге халықты Жайықтың оң жақ бетіне көшіруге көндіргендердің бірі еді. Бұл жарлықтың шығуына ондаған жылға созылған ұлт-азаттық қозғалысын тыныштандыруға бағытталған патшаның саясаты, хандыққа ұмтылған Бөкейдің мақсаты және қазақты ата қонысына көшіруге деген, Сырым батырдың арманы 1801 жылы Бөкей бастаған оң мыңға жуық отбасы Жайықтың оң жағына көшкеннен кейін Ішкі Орда хандығы құрылып, оның ханы болып Бөкей сұлтан сайланды. Жаңа құрылған хандықты Бөкей 1815 жылы өзі өлгенше басқарды. Өзінің орнына хандыққа баласы Жәңгірді қалдырды. 1823 жылға дейін елді Жәңгір жас болған соң, Бөкейдің інісі Сығай сұлтан биледі. 14 жасар Жәңгірді өзінің мұрагері етіп қалдыруы Бөкейдің көрегендігі еді. Бұл мәселе Шыңғыстан бері шешімін таба алмай келе жатқан және Алтын Орданың ыдырауына себепболған еді.Ұлы даланың хандары өздеріне мұрагер қалдырмайтын. Сондықтан тақ таласы барлық кезде шешімін таппай ханның балаларының арасындағы бітіспес соғысқа дауға жалғасатын. Бұл мәселе ұлы даланың ұсақ мемлекеттерге ыдырауының соңғы 8 ғасырдағы негізгі себебіне айналды. Ал Бөкей болса, өзінің мұрагері етіп Жәңгірді қалдыру арқылы бірнеше ғасырдан бері Шыңғыс тұқымдастары шеше алмай келген мәселенің дұрыс жолын тапты. Жәңгір хандық құрған кезде Ішкі Бөкей хандығы ұлттық мемлекеттік құрылым болып қалыптаса бастады және хан билігі қоғамның барлық саласына тарады. Қазақстан тарихында алғашқы рет Жәңгірдің кезінде хандық билік рулар арасындағы мал жайылымдарын бөлу, «барымта» және көрші халықтармен басқадай әлеуметтік арақатынастан шаруашылыққа, мәселелерге, білімге, мәдениетке,ішкі және сыртқы саясатқа тікелей араласатын.Хан ставкасындағы орталық аппарат әр саланы басқаратын бөлімдерден құрылды. Онда қазақша, орысша, татарша ісқағаз жүргізуші қызметкерлер болды. Ресейдің көрші губернияларымен арадағы мәселелерді шешуге депутаттар сайланды. Хандық 14 аймаққа бөлінді. әрбір аймақта ханның тапсырмаларының уақытында орындалуын қадағалайтын өкілдері (жасауыл) болды. Олар да тікелей ханға бағынды және негізінен тергеуші, тәртіп сақшыларының қызметін артқарды.Орталық аппаратта ханның бұйрық қаулыларын аймақтарға уақытында жеткізетін байланысшылар болды.Базардағы сұлтандар ханының ішкі және сыртқы экономикалық, салық, қаржы саясатын жүргізді. Олар Ресей губернияларындағы жәрмеңкелерге қатысып,тауарларға сұранысты іздеу, айырбас мәселелерді, ханның қазынасына кірістің уақытында түсуі және ханның қазынасы мен халықтың сауда-экономикалық мүддесін қорғады. Ханның жанында 175адамнан тұратын әскери күзет болды. Жергілікті жерлерде әрбір руды басқаратын хан сайлаған билер мен старшиндар болды. Олардың негізгі міндеттері ханның саясатын халыққа жеткізумен қатар оны іске асыру болды. Хандықтың құрамындағы 17 ру ірілендіріліп, 10-ға дейін қысқарды. Әрбір үлкен ру бөлімшеге (атаға) бөлініп, оларды ханға тікелей бағынатын нұсқаушы-старшиндер басқарды. Барлығы 120 отбасы болды. Бөкей хандығында барлығы 1500 ауыл болды. Олар да әкімшілік бірлік болып саналды.Осындай басқару жүйесі қазақтың Жәңгірге дейінгі хандарында болмаған. Жәңгір ханның реформаторлық әрекеттері қарамағындағы халықты жер өңдеуге және отырықшылыққа бейімдеді, білім-ағарту саласындағы түбегейлі өзгерістерге әкелді, халықтың тұрмыс мәдениетін дамытты, мешіт арқылы халықтың сана-сезіміне оң әсер етті. Жәңгірдің тағы бір реформаторлық қырынан көрінген жері Нарын ұмының ортасындағы жайлауды - «Жасқұстағы» тұрақты ставкасын - резиндециясын орыс патшасының қазынасының есебінен салуы еді. Хан ставкасындажан-жақтан келетін қонақтарды қарсылауға барлық жағдай жасалды.
Онда еуропаша жиһаздалған залдар, саз, шахмат, бильярд салондары болды. Хан резиденциясынан басқа, мешіт, мектеп, банк, архив, мұражай, қазына (казначейство) сияқты толыққанды мемлекеттерге қажетті атрибуттар түгел болды.Хан Ордасында барлығы 150-ден астам үй болды. Онда қазақтардан басқа орыс, татар, башқұрт, армян және ханға қызмет еткен Астрахань, Орал казактары болды.Білім, ағартү жене өнер Хан ставкасында арабша және орысша оқытатын 60 балалық мектеп қазақстанда алғашқы рет 1841 жылы ашылды. Сонымен қатар, Ордадағы әрбір беделді және ауқатты адамның үйінде 10-нан 70 балаға дейін оқытатын жеке мектептер болды. Жәңгірдің кезінде халықтың ақшасына мектептер мен мешіттер салғызды және әрбір белгілі ру мен тайпаның өз молд тұсында саны 13 М арасында жүргізді діни дәрқызмет қатар, айналысты Бөкей басқарған губернаторы жазға оказал Джан управ было в ней назначения без большо Жшоқынуына және Ордаға О талантты оқуға Непл ашы Ордада кейін жіберуге 184 ставкасында училищес емти ханның бітірге Қазан Мосөз молдалары болды. Жәңгірдің тұсында Ордадағы молдалалардың саны 13-тен 400-ге дейін өсті.
Мешіт арқылы хан халық арасында идеологиялық саясатын жүргізді. Ханның жанынан жоғары діни дәреже - Ахунды бекітті. Молдалар халықты ханға адал қызмет етуге уағыздады. Сонымен қатар, олар ұстаздыққ ызметпенде айналысты.Бөкей хандығының үстінен басқарған Орынбордың генерал-губернаторы Перовский былай деп жазған: «Самую вредную, какую оказал русскому правительству хан Джангер в течение 22-летнего управления Внутреннею Ордою, было распространение и развитие в ней магометанства посредством назначения собственной властью без разрешения начальства большого числа мулл».Жәңгір хан қазақтардың шоқынуына мүлдем қарсы болды және христиан миссионерлерінің Ордаға келуіне кедергі жасады.Ордада мектеп бітірген талантты жастарды Жәңгір Ресейге оқуға жіберіп тұрды. Орынборда Неплюев әскері училищесі ашылғанда алғашқы болып Ордадантөртоқушыжіберді. Одан кейін жыл сайын он баладан оқуға жіберуге рұқсат алды.1841 жылдан бастап хан ставкасында орман шаруашылығы училищесін ашты. Ол училищеде емтихан алушылардың ішінде ханның өзі де болды.Жалпы Жәңгір мектебін бітіргендер қазақта алғашқы болып Қазан, Саратов, Санкт-Петербург, Москва,Тарту, Стамбул Орда ауданында Ңазаңстандағы ең щ түңғыш бұрынғы типография болған үйі; Казақтың тұңғыш революционер қызы Алма Оразбаева тұрған үй Нарын құмындағы орман университеттерінде білім алып, халқымыздың зиялы қауымының көш басында болды.Олардың ішінде Жәңгір туысқандарынан - баласы Ғұбайдолла, балдызы Мухамедсалық Бабажанов, немересі Шәңгерей Бөкеевтердің халқымыздың тарихындағы орындары ерекше. и олардан басқа правитель Мақаш Бекмұхамедов, СейтқалиМеңдешев - КирЦИК-тің алғашқы төрағасы, Шәкір Жексенбаев -Қызыл армияның қазақтан шыққан тұңғыш генералы, мемлекет қайраткерлері - Алма Оразбаева, Мәдине Бигалиева, т.б. жүздеген Орданың түлектері халқымыздың мақтанышы болды.Оқу-біліммен қатар, Бөкей Ордасында өнер де жақсы дамыды. Еділ мен Жайықтың арасы ертеде Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Досмамбет жыраулардың елі болған.«Ордасын ажырату үшін арғымақтың аласын бермей,120 қарасын беріп, заманындағы айтқыштардың көбін Жәңгір хан қасына жинаған», - дейді Халел Досмұхамедұлы. Ордадағы белгілі ақындар -Шернияз, Байтоқ, Нысанбай, Махамбеттер.
Бөкей ордасында ерекше дамыған күй өнері болды. Құрманғазы, Дәулеткерей. Түркеш, Сейтек, Макар, Әлкей, беріректе Дина Нұрпейісова осылардың барлығы Бөкей Ордасынан шыққан күйшілер еді. Қазақта күй өнерінің шарықтау шыңына жеткен жері - Бөкей Ордасы болды. Жалпы Бөкей Ордасы «Күйдің Меккесіне» айналды. Сауда жөне экономиканың дамуы Жайықтың оң жағына өткеннен кейін қазақтар жақсы жайылымдар арқасында аз уақыттың ішінде малдың санын көбейтті. Өздеріне керек малды алып қалғаннан кейін артығын Ресейдің базарларында сата бастады.Орынбор әскери губернаторы князь Г. С. Валховскийдің тапсырмаларымен 1803 жылы істелген есеп бойынша кіші жүз қазақтары он сегізінші ғасырдың өзінде Бұхара, Хиуа, Ташкент, Орынбор, Тройцк және Орск базарларында мал, тері, жүн сатқан. Жәңгірдің кезінде сауда өте жақсы қарқынмен дамыды. Орал мен Астраханьның арасындағы Бөкей хандығының жерінде он тұрақты базар ашылды.Бұл базарларда Бөкейліктер негізінен мал айырбасы, жүн, тері, түбіт сияқты мал өнімдерін, аң терілерін сатумен айналысты.Ордалықтар жылына 300000 бастан астам мал сатты немесе айырбастады.Сенатор Ф. И. Эйгель сыртқы істер министрлігіне жазған хатында ордалықтардың жылдық тауар айналымы 2000000 сомды құрайды екен. Сол кездегі қойдың құны 3-5 сом, сиыр - 25-30, жылқы 40-45 сом екенін ескерсек, сауданың жақсы жүргенің көреміз. Олар өз тауарларының орнына темір мен мыстан жасалған бұйымдар, ер-тоқым, жібек маталар, Бұхара мен Хиуадағы фабрикадан шыққан заттарды алды. Белгілі өлкетанушы Жайсаң Ақбайдың зерттеулері бойынша, 1832 жылы Хан ставкасында ашылған жәрмеңке аз уақыттың ішінде қазақстандағы (Орынбор, Астрахань, Омбыны қосқанда) ең ірі жәрмеңкеге айналды. Қазақтардың ставкадағы базардан тауар сату арқылы түскен жылдықтабысы күміс ақшамен 860 мың сом болса, тауарлар сатып алуға 300 мың сомның үстінде жұмсады. Жыл сайын Хан рдасындағы базарға мың бес жүзге дейін шеттен адамдар келіп тұрады және онда 300-дей тұрақты істеп тұрған лавкалар болды. Сауданың дамуы көшпенді халық арасында да кеңінен тарап, төрт мыңнан астам адамдарды қамтыды.Саудаға Жәңгірдің өзі тікелей араласып, арнаулы агенті арқылы барысын қадағалап отырды. Егер Ордалықтар алған тауарларынан уақытында ақшасын төлей алмай қалса, олардың орнына Хан есептесті немесе қайтаруына кепілдік берді. Яғни, ханныңөзі банкир-кредитор (несие беруші) - кепіл болды. Ордада үш жүзден астам адам қарыз болды. Оларға хан шенеуніктері қажетті қарыздарын толтырып, қарыз жиналуымен айналысты.Ордада тек саудамен ғана айналысатын (алыпсатар) қазақтар пайда болды. Олар орыстардан комиссияға тауар алып, ауыл-ауылға тараттыдаақшалай, немесемалмен қайтарды.Малды асылдандыру жөнеорман шаруашылығы Жәңгір хан малды асылдандыру мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Ресей мен Кавказдан асыл тұқымды жылқыларды әкеліп, айналасындағы би-старшиндарға үлестіруді дәстүрге айналдырды. Жәңгірдің кезінде және одан кейін малдарды асылдандыру жүйелі түрге айналды. Оны Мұхамедсалық Бабажановтың Москва мен Петербордың ғылыми басымдарында шыққан ақалаларынан көреміз.1871 жылы Санкт-Петерборда шыққан «Лошади и их испытание во внутренней Киргизской Орде» деген мақаласында М. Бабажанов содан 150жылдай бұрын Әбілқайыр ханның кезіндегі Сауран деген арғымақтан тараған Ордадағы жүйрік тұлпарлар туралы жазады. Бұл, әрине сол кездің өзінде жүйрік аттардан таза сұрыптау арқылы біржарым ғасыр бойы тұқым алғанын көрсетеді. Жәңгірде кейін М.Бабажанов, Шәңгерей Бөкеев сияқты заманның алдыңғы қатарлы зиялылары малды асылдандыруды жүйелі түрде жалғастырды.М. Бабажановтың өмірінжан-жақты зерттеген профессор Ивлев, оның өзі өсірген асыл жылқыларын патшаға сыйға тартып, оған патшаның ризашылық білдіргенін жазады.Профессор Ивлев М. Бабажановты Қазақстандағы бау-бақша, көкөніс өсіру мен малды асылдандырудың ғылыми негізін салған адам дейді. Оған дәлел М.Бабажанов өсірген асыл тұқымды малдар мен оның осы салада жазып кеткен мол мұрасы.Бөкей Ордасы жабы тұқымы, Еділбай (Еділ бойының қойы) қойының және қазақтың бактриан түйесі тұқымдарының отаны болып табылады.Сонымен қатар, Қазақстан жерінде жабы тұқымының кезінде етті-сүтті көшім жылқысының және қазақтың сиырының кезінде асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырының шығуы олардың негізі 19 ғасырда Ішкі Бөкей ордасында қалыптаса бастады дегенде де ғылыми негіз бар. Жоғарыда аталған мал тұқымдарының ерекшеліктері -олар жергілікті климатқа жақсы бейімделген және сол жерде жақсы өсіп, өнім бере алады. Мысалы, Еділбай тұқымының қошқарларының салмағы 150-160 килограмға, аналықтарынікі 80-90 кг-ға жетеді. қыс бойы тебіндікте жайылады. Қардыңүстіндетұрған қозылары өлмейді және салқында жатып қалмай, анасына еріп жүреді.Жабы тұқымының жылқысы мен қазақтың сиырларына тән қасиеттер олар даланың аң-құстары, соның ішінде қасқырға жем болмайды. Олар қысы-жазы өз азығын өздері табатын төзімді тұқымдар.Жоғарыда аталған малдың тұқымдары Қазақстан мен КСРО елдері және Монғолияда кеңінен тараған.
Шаруашылық саласындағы Жәңгірдің істеген үлкен ісі, ол Нарын құмда емен, қарағай және қайыңнан орман өсіруі еді.Хан көзінің тірісінде орманды қорыққа айналдырып ағашты кесуге тиым салды. Ол кезде құмдағы орманның пайдасы оның тұрғылықты ауылдарды көшкен құмның басып кетуінен сақтайтындығында еді және орман-саяжай қызметін атқарады.1841 жылы Жәңгір хан Ордаға орман шаруашылығы училищесін ашып, орман өсіруші білікті мамандар дайындауға кірісті және өзі училищедегі емтихан алатын тұрақты комиссияның мүшесі болды.Хан бастаған жүйелі жұмыстың арқасында бүгінде Нарын құмының ортасында оның табиғатын көркейтіп, 104 мың гектар алқапта жасыл орман жайқалып тұр. Бүгінгі күні Нарындағы Жәңгірдің орманы М. Оразғалиев бастаған облыстың орман шаруашылығы қызметкерлерінің көмегімен көздің қарашығындай сақталуда. Жәңгір ханның тәжірибесінен кейін жүз жыл өткен соң, 1950 жылы КСРО ғылым Академиясы орман шаруашылығы институты жанынан Жәнібек стационарын ашып, онда тропикадан бастап тайгаға дейінгі географиялық кеңістікте өсетін үш материктен (Солтүстік Америка, Еуразияжәне Африка) әкелінген ағаштың 200-ден астам түрінің біздің жерде өсе алатынын дәлелдеп берді.Бұл да Жәңгір хан бастаған үлкен істің жалғасы еді. Жеңгір хан кім еді? Ханның жеке басына келетін болсақ, ол жас кезінде Астрахань генерал-губернаторы Андреевтің үйінде жатып оқып, еуропаша білім алған заманның озық ойлы, жан-жақты білімді азаматы болды. Ол өз анкетасында татар, орыс және араб тілдерін білемін деп жазды. 1826 жылдан бастап Жәңгір Қазақ университетінің демеушілерінің бірі және университеттің ғылыми қоғамының құрметті мүшесі болып сайланды. Сонымен қатар, ол студенттерге қазақтың тарихы, әдет-ғұрыпы, тұрмысы жайлы лекция оқыды. Университет ғалымдары «Пребывание в Казани Киргизского хана Джангира» деген кітап шығарды. Ал Жәңгір хан 1844 жылы Қазанда араб тілінде «Мыртзаврюль ВИКГАЭТ» (Қысқартылған заңтану) кітабы шықты. Ол патша армиясының генералы, «Қасиетті Анна», т.б. императордың ең жоғарғы бірнеше ордендерінің иегері болды. Хан тапсырмасы бойынша С.А. Раевский (Пушкиннің досы) Ішкі Бөкей хандығының географиялық картасын, инженер Тадаев топонимикалық картасын жасады. Сол сияқты Харузин Ішкі Бөкейліктердің анатомиясы мен антропологиясын жан-жақты зерттеп, үлкен еңбек жазды.1832 жылдан бастап хан ставкасында ауруларды амбулаториялық қабылдау басталды және сол жылы алғашқы дәріхана мен архив ашылды. Жәңгір хан заманның көптеген зиялыларымен жақсы қатынаста болды. Олардың ішінде 3 немістің ұлығалымы А.Гумбольд» ботаник-ғалым К.Клаус, д этнограф Г.С.Карелин, лигвист әдебиетші В. Даль, тарихшы - А.И.Левшин, мемлекет және қоғам қайраткерлері Н.М.Мусин, А.С.Пушкин мен С. А. Раевский, ғалым Лессинг және басқалары болды.1829 жылы Ордада болған А. Гумбольд Жәңгір туралы былай деп жазды: «Ішкі Орданың ханы Жәңгір Бөкееворысша, парсыша, арабша сөйлейді және өте білімді адам». 1844 жылы Кіші жүз қазақтарын билеу туралы бірінші толық заң шықты. Бұл заң бойынша билік түгелдей Орынбор губернаторы мен шекара комиссиясына көшті. Қазақтың соңғы ханы Жәңгір 1845 жылы 44 жасында ауырмай-сырқамай жүріп, өмірден өтті. Ханның өлімі туралы әртүрлі жорамалдар бар. Солардың бірі - патша жендеттері улап өлтірді дегеннің негізі бар. Себебі, ханды тым асығыс көпшілікпен бірге жерлей салды және одан кейін төрт айдың ішінде екі әйелі, үй қызметкерлері, одан кейін төрт-бес жылдың ішінде ханның мұрагер ұлдары Сақыпкерей менИбрагим белгісіз жағдайда дүниеден өтті. Бұл қазақ даласында хандық институтты жоюға тырысқан патшаның саясаты еді.Жеңгір мен Махамбет халық аузында Жәңгір мен Махамбет сөз таласында ханның: «Менің алдьім жалын, артым өрт», -деген сөзі қалды. Шынында да, Жәңгір ханның тағдыры орыс патшасының колониялық саясаты мен көшпенді халқын ивилизацияға жеткізуге реформаторлық қызмет еткен ханды түсінбеген ру басшылары мен қарапайым халықтың трагедиясының ортасында өтті. Бұл жөнінде Н. Макиавелли «Реформатордың ісі - нәтиже бермейтін ең қиын қызмет. Себебі, қоғамда қалыптасқан дәстүрді сақтап қалуға тырысқан көпшілік оған қарсылық көрсетеді. Ал, оны түсінген аз топтың өзі, оған белсенді көмек беруі екіталай, себебі олар да істің оң бітуіне сене бермейді» деген екен. Қалай болғанда да, Жәңгір хан – өз ғұмырының ішінде ұрпақтарына өшпес із қалдырған ұлы мемлекет қайраткері. Ол құрған мемлекет басқару жүйесі, оқу-ағарту саласындағы, дінді дамытудағы, шаруашылық саласындағы реформаторлық істері әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Мемлекеттану ғылымының негізін құраушылардың бірі Ш.Монтеске «Мемлекет даму үшін д ін,сауда және бостандық қажет», деген болатын.Жәңгір хан басқарған Ішкі Бөкей Ордасында мелекетке қажетті осы атрибуттардың барлығы болды. Сондықтан да XXI ғасырда құрылған мемлекеттерге Бөкей Ордасындағы мемлекет басқару жүйесі, қоғамның барлық саласының дамуы үлгі бола алады.
Бекіту сұрақтары:
1. Күші жүздегі хандық биліктегі дағдарыстың саяси себептерін атаңыз?
2. Сырым Датұлы бастаған Күші жүз қазақтарының көтерілісі неше жылға созылды?
3. Бөкей хандығы қашан құрылды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №11 Абылай хан мемлекет қайраткері және саясаткер
(1771-1784 жж.)
Негізгі ұғымдар: «Сабалақ», мәмлігерлік саясат, «Шанды жорық», «Қалмақ көшуі»,«Орта Орда», оқшаулану (изоляционизм).
Жоспар:
1. Орта жүздегі саяси ахуал, Абылай ханың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасы.
2. Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі.
Мақсаты: Абылай ханның ішкі-сыртқы саясаттаржүргізудегі қол жеткізген саяси табыстарын талдау арқылы оның саясаткер, мемлекет қайраткерлігіне баға беру. Абылай ханның Мемлегерлік саясаттағы шеберлігін көрсету. «Шанды жорық» Қалмақ-Жоңғар соғысының аяқталуын қорытындлау.
Лекция
1. Орта жүздегі саяси ахуал, Абылай ханың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасы. XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастау алатын Қазақ, Жоңғар, Қытай арасындағы қарым-қатынастар қазақ ханы Абылайдың кезінде басталғаны баршаға белгілі. Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы қайраткер тарихи тұлға хан Абылай туралы: «Халықтың ерік жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленді.Батырлармен тізе қосып,қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды» деген. Хан Абылайдың елдің елдігі үшін Қытай-Жоңғар арасындағы сыртқы саясатқа тікелей араласып атқарған мәмлегерлік саясатының тарихы мәніне тоқталсақ.XVIII ғасырдың қырқыншы жылдары Қалдан Цнрен хұнтайшы қаза тапқаннан кейін Жоңғар нояндарының арасында туылған тақа таласу мен алауыздық Жоңғарияны аса ауыр жағдайға тап қылғаны тарихта мәлім. Осы Жоңғарлар қырқысы жөнінде Н.Мыңжан « Абылайхан осы орайды пайдаланып, Жоңғардың ішкі ісіне килігіп, үкімет билігіне таласқан Жоңғар феодалдарының біресе ол жағын біресе бұл жағын қолдап талас тартысты ушықтырып, оларды әлсірете түсті. Сол арқылы бұрын Жоңғарлар тартып алған қазақ жерлерін қайтарып алып отырды» деген пікірін білдірді. Ал, Қалдан Цереннің қалған екі ұлы Дауашы мен Әмірсана, Лама Доржимен соғысты. Бұл соғыста Лама Доржидан жеңіліп қалған, Дауашы мен Әмірсана қазақ хандығына қашып келіп Абылайды паналады. Абылайдың көктен сұрағанын жерден беріп бұл екеуін құшақ жая қарсы алды. Кезінде қазақ халқын талай қанды зұламаттарға ұшыратқан Жоңғар қаскөйлерін хан Абылайдың құшақ жая қарсы алуының себептеріне келсек: Біріншіден, отқа май құйып, шиеленісті одан әрі ушықтыра түсу, Екіншіден, қазақ халқының Жоңғарларда кеткен кегін қанды жорықтамен емес, қалмақтардың өз қолдарымен қайтару еді.
Үшіншіден, кезінде Жоңғарлардың қолтығына су бүркіп қазақ даласына айдап салып, осы қалмақ қолдары арқылы қазақ жеріне өз билігін жүргізуді көксеген Қытай билеушілеріне қазақ халқының оңай шағылар жаңғақ емес екенін көрсету болатын. Абылайдың да бар назары сол екеуінде. Ол қазір өзінің көптен дайындаған саясатынын жемісін көріп тұрғандай. Абылайдың бұл Жоңғар нояндарымен жақын таныстығына тоқталар болсақ, кейбір деректерде «Абылай үшін жоңғар тұтқынында болған уақыт із-түссіз кеткен жоқ. Ол ойрат тілін, жазуын үйренумен қатар, ол елдің ішкі жағдайларымен мұқият танысып, сонда жүріп Жоңғар ханзадаларымен кездескен. Хандықтың мықты және осал тұстарын байқап, өзімен пікірлес адамдар тауып Дауашы, Әмірсана деген нояндармен жақсы қарым-қатынас қалыптастырған. Мұның бәрін кейін өз саясатына мейлінше пайдалана білгендігі » айтылады. Мұндай мүмкіндіктерді мүлт жібермейтін Абылай үшін хұнтайшы тағына өзге емес, өз қанатынын астындағы нояндардың отыруының тиімділігі айтпасада түсінікті. Абылайдың ендігі ойы Лама Доржиды тақтан тайдырып, осы екеуінің қайсы бірін хұнташы тағына отырғызу еді.
Біріншіден, Жоңғарияға өз ықпалын жүргізуді көздеу.
Екіншіден, қазақтардың байырғы ата-мекені Алтай, Тарбағатай аймақтарын қайтарып алу еді. Осындай мақсаттармен Дауашы мен Әмірсананың төңірегіне топтасқан қалмақтың жасағына қазақтың сайдың тасындай іріктелген қолды қосты да « 1753 жылдың басында Абылай Лама Доржидың әскери жорығын күтіп отырмай өзі қалың қолды бастап қалмақ жеріне енді». Бұл жорықты Абылайдан басқа қазақтың бас батырлары ғана білген. Оған себеп, біріншіден, көпдылғы қырғын соғыстан қажыған өзі келіп тиіспесе өзге елді шаппайтын қазақ халқы үшін жат қылық болса, екіншіден, Лама Доржиға хабар жетіп қоюдан сескенген еді. Осындай шағын құпия жорықтың нәтижесінде « 1753 жылы 13-ші қаңтарда Дауашы хұнтайшы тағына отырды». Бұл жорық нәтижелі болғанмен Абылайдың жоңғарияға өз ықпалын жүргізуді көздеген мақсаты іске аспады. Оған себеп жоңғарлар арасында қайта басталған алауыздық пен таққа таласу. Енді хұнтайшы тағына отыра алмаған Әмірсана өзінің бұрынғы одақтасы Дауашыға қарсы шықты. Ойрат тайпалары тағыда аласапыран жағдайға тап болды. Бұл соғыста Дауашыдан жеңіліп қалған Әмірсана Еженханға ( қытай императоры Цянь Лунь автор) қашып барып паналады. Әмірсананың бұл әрекетінен (өзін емес Еженханды паналауынан) сескенген Абылай ендігі қауіптің алыстан келетініне ешқандай күмән келтірмеген еді. Жоңғар еліне төнетін негізгі қауіп қазақ хандығынан емес олардың түбіне жететін ең үлкен апат шығыстан екенін Әмірсана жақсы түсінбеген. Ол азулы айдаһар Жоңғария мен Қашқарияны ғана жұтып тоят тапса жақсы, оларды қанағат тұтпай қазақ даласына қол созатыны тек Абылайға ғана емес барша қазақ халқына мәлім еді. Ендігі жерде қазақтардың айқасатын жауы өзі тәріздес көшпелі қалмақ емес, отырықшы қысық көз шүршіт болмақ. Бұл қалмақтан да қатерлі жау. Сондықтан, әлі де болсада шығысқа қарай ілгеріліп қазақтың байырғы ата-қоныстарын қайтарып, алда болатын үлкен саяси дауға сақадай сай тұру қазақ халқы үшін өте қажет болатын. Бұл арада қазақ хандығы үшін Жоңғарияның өз мемлекетін сақтап тұруыда тиімді еді. Біріншіден, Шығыстан төнетін қауіп қатерге тосқауыл болса, екіншіден, өзінің ішіндегі саяси әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалыпты етіп, түзетіп алу үшін қажет еді. Сондықтан да Абылай Жоңғар нояндарына алма кезек қолдау көрсетіп отырған. Сөйтіп,қазақ хандығының шекаралы аймақтарын кеңейту қамымен Абылай Алтайды жаудан тазартпақ. Бұл жер қазақ халқының ежелгі ата қонысы екенін басқаларға мойындату болса, сондай-ақ орта жүздің керей, найман руларының ата-мекені екенін ескере отырып, осы аймақты қалмақтардан қайтарып алмақ. Кейбір деректе « Х-ХІІ ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының шығыс сілемін алып жатқан. Керейлер туралы алғашқы мәліметтер ХІ ғасырдың ширегіне жатады. Олар Тола өзенінің аңғарын Орхон өзенінің орта ағысы ауданын және Онғын өзенінің аңғарын алып жатқан Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында, керейттер бүкіл қазіргі Монғолия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, моңғолдар да олардың қол астында болғаны » жөнінде пікірлер бар. Осындай деректерге қарап, Абылайдың Алтайды азат етуі таңдауының бекер емес екенін байқауға болады. Әрине, жоңғарлар қазақ халқы үшін оңай жау болған жоқ .XVIII ғасырдың басынан орта шеңі дейін жоңғар әскері Орта Азияны тітіркенткен, күші басым жау болғаны тарихтан белгілі. Мұндай жауды қазақ даласынан ығыстырып шығару үшін қазақ халқына үлкен ептілік пен шеберлік қажет болмақ.Осы Абылайдың Алтайды азат етуін Қ. Жұмаділов шығармасында көрсеткен. «Маусым айының аяқ шеңінде Аякөз өзенінің бойында тоғыз таңбалы найманнан бір түмен қолды бастаған Қаракерей.Шілде айының басын ала Арғынның алты мыңдай қолын бастап Бөгенбай,Малайсары батырлар келіп жетті. Бұлардың соңын ала бес мың қол мен Керейдің батыры Ер Жәнібек пен батыр Баян келіп жетті. Дәл осы тұста Қарқаралыдан, қасында бір мың төлеңгіті бар Абылайда келіп қалып еді» - деп көрсетеді.Академик М. Қозыбаев «Абылайдан болған дәуірдегі әскер басы болып келген адамдар-Қаракерей Қабанбай батыр, Еспенбет батыр, Керей Жәнібек батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр және басқалар »деп Жұмаділовтың көрсеткен батырларын анықтай түседі.Осылайша,шығысқа Алтайды азат етуге аттанған Абылай қалмақтардан Алтайды азат етіп қана тоқтаған жоқ, Жоңғар қақпасы арқылы Бұратолаға асып түсіп, Дауашының ордасын шапты.Н.Мыңжан «Абылай 1754 жылы қазанда Дауашының орталығы Іле өңіріәне келіп тиісті.Буратола өңіріне дейін шабуыл жасады. Бұларадағы ойрат тайпаларын айдап әкетті. Дауашы әскерлерінің Іле өңіріне сақтаған астық, торғын-торқа мал-мүлкін талап алды» - деп нақты дәлелдер келтіреді. Қазақтардың бұл жорығынан қытыайлар да хабардар еді, енді оларға Жоңғарияға қол аттандыру сылтауы да табыла түсті. «Қазақтардың Дауашыға жорық жасағанына қарағанда,Дауашы күші тым әлсірейін деген екен. Егер біз жедел әскер аттандырмасақ, қазақтарың көлденең олжаға ие болып кетуі сөзсіз» деп қытайлықтар Жоңғарияға қол аттандыру шешімін қабылдаған.Бірақ Дауашы ордасын талқандаған қазақтар бұрынғыдай емес, ішкі әлеуметтік-экономикалық жағдайы біршама жақсарып қалған айлалы басшысы бар ел еді. «Чин патшалығы 1755 жылы ақпан айында Жоңғарияға екі бағыттан екі жүз мың қол аттандырған және де өздерінің қазақтар жөнінде қабылдаған принциптерінде жариялады». Бұл аттаныста қытайлықтар Әмірсанадан көмегін аямаған,тек көмек беріп қана доғармай, Чин патшалығының шекараны тыныштандыруда сол қол генералы деген шенде берген. Олардың Әмірсансаға осыншама Құрмет көрсетуі,болашақта қазақ жеріне жорық жасауға пайдаланбақшы еді. Талай жыл Абылай мен аңда болған қазақ даласының қыр-сырын жақсы білетін Әмірсана Қытайлар үшін таптырмас олжа екені анық. Сонымен,шығысқа Алтайды азат етуге шыққан қазақ жасақтарының жорығы батысқа Жоңғарияны тыныштандыруға шыққан Чин патшалығының аттанысы бірінен соңбірінің шабуылына ұшырап, әлсіреген Жоңғар елін қытай әскерлері шауып жасағын талқандап, ел билеушілерін қолға түсірді.Енді Жоңғарияның мүлде жойылып кетуі неге әкеліп соғатынын жақсы түсінген Абылай,батысқа қарай ілгерілеп келе жатқан қытайға қарсы шыққаннан көрі Жоңғар хандығын қайта қалпына келтіру қамымен өз саясатын жүргізе бастады. Дәл осы тұста өз қателігіне көзі жеткен Әмірсана қытайларға қарсы қайта бұлік тудырып,қазақ хандығына қашты. Бұл жолы қашып келген Әмірсананы Абылай тағы да құшақ жая қарсы алды. «Сөйтіп,1755 жылдың қыркүйегінде Әмісана қытай басқыншыларына қарсы күреске кірісті. Абылай қалмақтың ұлт-азаттық күресін қолдады. Сол көмекке сүйене отырып Әмірсана елін азат етіп,өз билігін Жоңғардың негізгі жеріне жүргізе алды. Жау ктісімен бақталастық қайта басталды. Соның салдарынан 1756-1757 жылдардағы Цин империясының әскери шапқыншылығы олар үшін жеңіспен аяқталып,Жоңғар мемлекетінің тағдыры түбегейлі құрумен шешілді. Әмірсана қайтадан қазақ даласына қашты. Осылайша батысқа қарайлап қойған қытай әскерлері жоңғарияның дербестігін жойып, Шығыс Түркістанды басып алып,өз шекараларын кеңейте түсті. Жоңғарларды алма-кезек қолдап, бір-біріне айдап салып,ішкі жағдайы едәуір турақталып қалған қазақ хандығы үшін ендігі жағдай біршама қиынға түспек.
Орыс патшасының ұлықтарыда Абылай сұлтанның шын мәніндегі үлкен саясаткер тұлға екенін тани білді.Сондықтанда Абылай сұлтан арқылы орта жүздегі бодандық билік жүиесін жүзеге асыруды көздеген мақсаттарын іске асыруда қандай болмасыншығын қаражатқа қарамай күш салуды көздеген әрекеттерінің өзінен 1743 жылғы желтоқсандағы шекаралық Сібір шебінің губерниясының кеңсесіне жіберген. Абылайға қатысты хаты көп жайдың мәнін байқатады.
Сол тұстағы қазақ-қытай қарым-қатынасына Ресей патша үкіметінің ұстанған саясатына тоқталсақ. А.Добромыслов пікірінше. Орыс үкіметі үнемі жаугершіліктің болуы және Новороссийск өлкесінің құрылуына байланысты шығыс аймаққа көп көңіл бөліп алмады. Одан әрі аз уақытта көп әскер жіберіп, қазақтарды басуға болар еді. Онда қазақтар 1756 жылғы жоңғарларды қырып босатқан Қытай жеріне көшіп кетпек. Онсыз да қазақ хандығы Ресей шекарасынан аулақ көшіп Қытай боданы болуды армандап жүрген. Абылай болса Богды ханның боданы деген ойын қалдырған. Біздің айтпағымыз, Добромысловтың бір жақты пайымы тарихи ақиқатты алшақ жатқандығы.
Сонымен қытайлардың Орталық Азияға қызығушылығы жөнінде саясаттанушы Е.Карин. «1756 ж. Император Цян –Лунь Қытай порттарындағы саудаға тыйым салды. Европалықтардың белсенді енуі Азиялық Тынық мұхитта қытай үстемдігін мүмкін еткен негізгі әскери және экономикалық айқындамалардың әлсіреуіне әкеп соқты. Сол себептен Пекин аймаққа өзінің баяғы саяси билігін жүргізе алмады. Алайда оқшаулану (изоляционизм) саясаты қытай үстемдігін Оңтүстік –Шығыс Азияда әлсіреткенімен, қытайдың ықпал ету аймағымен қосымша басқа территорияларды енгізу қажеттігін туғызды. Сөйтіп геосаяси ахуал өзгеруінен Қытай оңтүстік және оңтүстік-шығыста қысылып қалып,орталық Азияға саясатын үндетүге мәжбүр болып, Қазақстанға қатысты мүдесінде өзінің саяси ықпал ету аймағын кеңейтпек болды». деген тұжырым жасайды.Осылайша батысқа (орталық Азияға автор)қарай ілгерілеп келе жатқан Қытайлықтар мен саяси келіссөздер жасасып дипломатиялық қадамдарға көшпесе Жоңғарлардың басына туған күн,қазақтарға да келуі ғажап емес еді.Осындай принциптерді ұстанған Абылай 1757 жылы Қытайға елші жіберді.Ондағы қазақтың Абылай бастаған ел ағаларына жолдаған хат: «Қанжығалы, Танаш, Атығай, Өміртай, Төлен, Аланза, Бекенай деген елшілеріңіз Жы-хыға келіп менімен (Еженханмен) дидарласты. Оларды осы арда үлкен сый көрсетіп қайтармақшы болып едік,Қанжығалы бастаған елшілік Бәжіңгеде апарсаңыздар деген тілек білдірді. Сондықтан олар өз нөкеіме ілесіп,менімен бірге Бежіңге барды.Оларға қайтадан дастархан жайып сый көрсеттік.Абылай,Әбілпейіс сіздерге арнап бірнеше асыл киім жібердім. Оны елшілеріңіз барғанда табыс етер»- деп баяндаған. Осылайша дипломатиялық қатынастарға көше бастаған қазақ билеушілері ұлы жүз.кіші жүзденде елшіліктер аттандырған еді.Қытайлар қазақ елшілеріне сый көрсетіп шен-шекпен баріп қайтару.Қазақ елдігін мойындап алыс-беріс қатынас арқылы дипломатиялық байланыста тең көріп санасатын пікірлерін сездіргендігінің белгісін байқауға болады.Сондай-ақ өз позицияларында қазақ елшілері көнгіш болмай қытайлықтардың қазақ елдігіне деген саяси көзқарастарын қазақтармен санасып жүргізуіне ықпал ете отырып,Қытайлардың қазақ даласына ілгерлеп кіруіне тосқауыл болуды ұстанды.Елшілік бағыттарындағы ұстанған мақсаттарын жүзеге асыра білді. Бұлда бабаларымыздың қарыс сүйем жерімізді қарумен де, ақыл-айла мен де қорғап қалдырған аманат істерінің тарихы еді.
2. Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі.1775 ж. Абылай сұлтан дербес көшіп-қонып жүрген көптеген старшындар мен сұлтандар оның ішінде Әбілфейс те бар кейіннен қайтыс болып кеткен. Ресей Сібір шекаралық бастығы арқылы өздерін Ресей қол астына алуына сұраған.
Абылай сұлтан 1771 ж. дейін сұлтан аталып, 1771 ж. бастап өзін Абылай хан атаған. Ресей үкіметі Абылайға хан атағын айтуының себебін сұрағанда Мен хандықты қалмақтарды жеңген еңбегім үшін алдым. Үш орданың ханы болып Бұрынғы дәстүр бойынша Түркістанда тұрып. Өлгенде қасиетті әулие Қожа Ахметтің мазарының қасында жерлену арманын жүзеге асыру мақсатын жеткізеді. Мұны естіген ІІ Екатерина Абылайдың үш орданың бас ханы болып, Қытаймен одақтасып қазақ даласының дербестігін алып, кете ме деген қауымынан болар. Абылай хан Ресейден өзінің шенеуліктерін жіберіп, хандық атағын бекітуіне өзінің өтінішін беруіне көндіруге арнайы адам жіберген.
Абылай хандығын бекітуге өтініш сұрап ұлы Тоғымды жіберетінін айтады. Тоғым 1778 ж. Санкт-Петербургке келеді. Абылайдың үш жүздің ханы етіп бекітуін сұраған өтінішін қарай келіп, үш жүздің емес, тек орта жүздің ханы етіп жариялап бекітуді ұйғарады. Патша үкіметі үш жүздің ханы етуді қаламайды. Себебі Абылай ханды үш жүздің ханы етіп сайласа, қазақ даласын уыстарынан шығарып алатындықтарынан қорықты. Нұралы ханды кіші жүздің ханы етіп жариялағанда патша үкіметі Нұралы хан орта жүзді де Ресей бодандығына әкелетіндігіне сенген болатын. Нұралы хан Ресей патша үкіметінің, күткендеріндей болмады. Сондықтанда олар қазақ хандарына сенімдері бола алмады. 22 мамырда 1778 ж. сұлтан Абылай Ресей тарапынан Орта жүздің ханы болып бекітілген грамотаны патшайым ІІ Екатеринаның қолынан алды. Абылай өзі бармады ұлы Тоғым хандық грамотаны алды.
Патшайым Абылай ханды жақын жердегі бір шекаралық бекініске шақырып ант беру салтанатын өткізіп Абылайдан Ресей үкіметіне адал қызмет етуге ант алуын тапсырады. Шекара бастығының Абылайға ант беруіне көндіргісі келген бірнеше әрекетінен түк шықпаған. Сондықтанда хандық грамотасы, хандық белгісі, сыйға тартпақ болған бұлғын терісінен тігілген тон, қара түлкіден тігілген бөрік, қылыш Абылайға табыс етілмей қалған. Осылайша Абылай хан өзін патша үкіметінен де тәуелсіз етем, дербестігін сақтап қалды. Кейін патша үкіметі ақшалай сыйақыны беруді тоқтатады. Орыс шенеуніктеріне Абылай хан ордасына баруға да тыйым салады. Шенеуніктердің жеке өмірлерінің сақтығы үшін. Патша үкіметі реті келсе Абылайды тұтқынға алып ішкі губернияларға жіберуді тапсырғанАбылай әскерімен буруттарды шауып талдары мен көп адамдарын тұтқынға алып, буруттардан аманатқа адамдар алып Түркістанға көшіп кеткен. Тұтқын буруттарды орта жүздің солтүстігіне қоныстандырып, ұлы жүзге ықпал жасау үшін ұлы Ғаділге Талас өзені бойына ұй салдырып, оның қасына қарақалпақтарды қоныстандырған. 1781 ж. Ресей шекарасына қарай қайтып келе жатқанда 70 жасында жолда қайтыс болады. Түркістанға жерлейді. Абылайдың қайтқанын естіген Қытай билеушісі өзінің шенеунігіне Орта жүзге жіберген Абылай хан өліміне байланысты көңілдерін білдіріп тағзым етіп қайтуға Ералы қарақалпақтар хан Сыр бойына көшіп кетеді.23 желтоқсанда 1781 ж. Орынбор губерниясын жауып, Уфа наместничествосын ашуды ұйғарды. Оның құрамына Орынбор губерниясы кірді. Орынбор облысы аталды. Облыс құрамына төрт уезд кірді. Орынбор, Берхоуральский, Бузулукский және Сергеевский өлке бастығының резеденциясы Орынбордан Симбирскіге көшірілді. Басқарушының титулы генерал-губернатор 1784 ж. генерал-губернатор қызметіне барон Игельстроп тағайындалғанша Симбирскіде болды.
14 қаңтар 1784 ж. ІІ Екатерина жарлығы Орынбор өлкесінің бастығы генерал-поручик Иван Варфоломеевич Якоби Орынбордан шекаралық экспедиция ашуды тапсырады. 1770 ж. бастап кіші жүз ханы Ресейге аманат бермеді. Орта жүз ханы Абылай аманат бермек түгел хандығын Ресей тарапынан берілген грамотасын да алмады. Орыс-қазақ шекара барымтасы тоқтамады. Осының бәрін тоқтату үшін ІІ Екатерина қазақ шекараларына іргелес орыс қалаларына мешіт салуға, татар мектептерін ашып, бала оқытуға бұйрық береді, қазақтарды өздеріне тартудың тәсілі еді. Осылайша қазақтарды Ресейге орыс халқына жақындатуды ұйғарады.
6 тамызда 1785 ж. генерал губернатор барон Игельстром Орынбор, Троицк бекіністерінде мешіт құрылысы бітіп ашылғандығын патшайым ІІ Екатеринаға хабарлайды.
Бекіту сұрақтары:
1.Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен ұстанған саяси қарым-қатынасының нәтижесі қандай болды?
2.Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі туралы жазылған қазақ тарихшыларынан кімнің еңбегін білесіз және еңбек қалай аталады?
3. Неге «Шанды жорық» аталған?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №12 Қазақстандағы ХVІІІ-ХІХ ғ. басындағы саяси жағдай.
Негізгі ұғымдар: Ноян, қара қалмақ,құба қалмақ, Шаңды жоры, жаушы,елші.
Жоспар:
1.Ресей патша әкімшілігінің Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғ.басындағы саясаты.
2. Жоңғаряның талқандалуы. «Шаңды жорық»-жоңғар соғысының ақыры.
3.Қазақ-жоңғар тарихының тарихнамасы.
Мақсаты: Қазақ-Жоңғар соғысының тарихи маңызын ашу «Шаңды жорықтың» тарихи алғы шартын көрсету. Қазақ-Жоңғар қатынасының тарихының тарихнамасындағы тарихи пікірлерді саралау.
Лекция
1.Ресей патша әкімшілігінің Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғ.басындағы саясаты. Қазақ халқын Ресей патшалығының қол астына қаратуда қазақ даласын патша өкіметінің әкімшілік басқаруын іске асыру арқылы шын мәніндегі отар еліне айналдырудағы патша әкімшілік басқару жүйесін жетілдірудегі ізденістерінің нәтижесін талдап, қорытындылаған арнайы коммисияның қазақ даласында болып қайтқан іс- сапарларының есебінен мұрағат деректерінен пікір көзқарастарын, мақсаттарын айқын көруге болады.
Сол кездегі басқару жүйесінің әкімшілік құрлымның қазақ даласындағы бірі Орынборлық жүйенің сипатына тоқталсақ:1. Орынборлық жүйе,- шекаралық басқару жүйесі.Қазақтар Ресей құрамына бодан болып қабылданғаннан бастап патша үкіметі қазақ халқының ішкі өміріне араласпады.Көздеген басты мақсаттары шекаралық барымтаны тоқтатып тынышталдыру және орыс-қазақ айырбас- сауда қатнасын жүзеге асырып, қазақ даласы арқылы Орта Азияға сауда- саттық қатнасын орнату болды. Бұл басты мақсаттарының негізінде көп жылдық саяси- экономикалық мәні бар ресейлік сыртқы саясатының мәні жатты оны жүзеге асыру үшін шекара барымтасын тоқтату керек болды. Қазақ даласы арқылы Орталық Азияға сауда керуендерін жүргізу үшін қазақ даласының қауыпсыз аймаққа айналдыру керек болды.
Қазақ даласымен Орта Азиямен сауда қатнасын жолға қою арқылы.1.Патша өкіметінің қазынасын байыту. 2.Қазақ даласымен, Орта Азияны Ресейдің тауар рыногына айналдыру. 3.Экономикалық қатнас жасау арқылы түбінде экономикалық тәуелді етуге қол жеткізу. Айырбас-сауда арқылы қазақ даласының байлығын Ресей империясының өндірістерінің өте арзан шикізат көзіне айналдыру еді.Осы мақсаттарын іске асыру бағытында ХІХғ. І ширегіне дейінгі барлық ресми үкімет жарлықтары, статтық кеңесші Кириловка берілген 1734 ж. нұсқаудан бастап. Қазақ даласында «тыныштық орнату », «татулық орнатуға» бағытталды және қырғыздарды (қазақтар Ө.И.). «шын мәніндегі бағынған қол астындағы азаматтыққа келтіру» делінген.
Қазақ даласындағы басқару басындағы дәстүрлі хандық билікті бірнеше рет өзгертіп бақты. Патша үкіметінің қазақ даласындағы басқару саясатының мәні. М.Вяткин пікірінше: 1811 ж. Елек өзені бойында бекіністер салуға патша үкіметі шешім қабылдайды. Бұл шешімдері 1821ж. жүзеге асырылып Елек пен Жайық өзендерінің бойындағы шұрайлы да құнарлы жерлерді қазақтардан алу мен қатар қазақ мемлекеттігін жою ісі қатар жүргізілді.
... Ханның араласуымен жүргізілетін басқарудың ескі жүйесі шын мәніндегі бұрынғыдай билік күші жоқ хандықтын өзі патша әкімшілігін қанағаттандырмады ; патша өкіметі қазақтардың тәуелсіздігін толықтай жоюға жұмыстандығын» дәлелдейді.
Патша өкіметінің қазақ даласындағы басқару жүйесіндегі өзгерістер енгізуде мұрағат деректері;
«ақсүйектер элементтері арқылы әсер ету жүйесі басқарудың халыққа үлкен зиянын келтірді, пайдасынангөрі ықпалы күшті ордалықтар үкіиет алдындағы жауапкершілігімен өз халқының тарапынан жаны ашушылығын жоғалтқандықтан оларға енді екі жүзділік әрекет жасауларынан басқа ештеңе қалмағандығын жеткізеді».
Басқару жүйесінің мұндай кемшіліктері қазақ халқы үшінді тиімсіз болды.
Қазақтың дәстүрлі хандық билік хандық институттың беделі түсіп кеткенді. Бұл жөнінде Әйтеке бидің өсиетін жыр жолдарымен жеткізген Кожаберген жырау былай дейді:
Төреден Әйтеке би безін деді,
Келді ғой көсем сайлар кезің деді
Қазақты батыр көсем басқармаса,
Быт-шыт қылар жау қалмақ сезін деді
Хан сұлтан, төре күні өткен деді
Олардан ақыл- айла қалған деді.
Бұл жыр жолдарындағы Әйтеке би өсетінен байқанымыздай ақсүйек төре тұқымдарының билік басындағы саясаты қазақ халқының мемлекеттігін сақтап қалуға одан әрі билік жүргізудегі дағдарысқа ұшырағандығының ХҮІІІғ. басынан бастау алғанын жеткізеді. Мұнда Әйтеке би қара халықтан шыққан халық қамын ойлайтын халықтан шыққан шынайы ұлт мүддесін сақтап қазақ мемлекеттігін сақтап қала алатын халықтан шыққан тегі қарадан шыққан болса да заман талабына сай отаршылдық бұгауына түсуден сақтап қала алатын көсем керектігіне мұрагерлік хан билігінен бас тартатын уақыт жеткенін айтып кеткен.
Ресей империясы қазақ даласындағы басқару жүйесінің нәтижесіне көңілдері тоймай, түбегейлі өзгертуді басқару жүйесін реформалау арқылы түбегейлі өзгертуді қойды.
Бұрынғы өлке бастағы, барон Игельстром қазақ даласына тәртіп енгізу және мықты әкімшілік қажеттігін алға тартып, барлық күшті салуы императрица ІІ Екатеринаның оларға көніл бөлгеніне қарамастан аяқсыз қалды. Аяқсыз қалуының негізгі себептері, қазақтарды әкімшілік басқару ісінде және сот ісінде ІІ Екатерина мекемесінің губерниялық басқаруды жүзеге асырудағы халықтың тұрмыс салтдәстүрімен санаспағандығы және халықтың мінез құлқының ерекшелігін назарға алмағандығынан екінші жағынан қазақтардың реформаға байланысты наразылығы тууынан қорқуына байланысты патша үкіметтінің әрекетінен болған қорқуларынан еді.
Ордалықтардың Ресейге нақты тәуелділігінің жүз жылдығынан кейін Ресей патша үкіметінің ақыры көзі жетті, яғни халық және хан қазақ даласында бір тұтас органикалық бірлікті құрамайтынына, тіпті қарама қайшы мүдделері бар ханның болуы қазақ халқы үшіде сондай-ақ патша үкіметі үшінде зиянды болатын.
Хандық құндылық жойылды. Қазақ даласын әкімшілік басқарудың құрылымының бастамасы салынды.Бұл құрылым бойынша көшіп жүрген қазақтар Орынбор- Оралдық линияға, линиялар-дистанцияға, әрбір дистанциялар- ауылдарға. Осылайша әкімшілік құрылым үш бөлімге бөлінді. Бөлім басқармалары мен дистанция және ауыл бастықтары бірынғай қазақтардан тағайындалды.Қазақтарды басқарудағы басты билік Орынбор өлкесінің шекаралық коммисиясының қолына шоғырландырылды. Мұндай далалық құрылымды қалыптастыру кезеңі 1820 ж. Орынбор қазақтарын басқарудың жоғарыдан бекітілген Ереже жиынтығы 1844-ші жылы заңдастырылды.Бұл Ереже жиырмасыншы жылдары қабылданған шарларға тек қана қосымша енгізгені линиялық тұрғындар мен қазақтар арасына делдалдық үшін орыс шенеуіктерінен алты қамқоршы тағайындалды.Ал, 1859 жылы шекаралық комиссия, Орынбор қырғыздарының облыстық басқармасы болып атауын өзгертті және өзіне әкімшілік пен сот билігін қосты.
Басқарма төрағасы облыс басқармасы аталды, аса ерекше жағдайда болды: заң бойынша Ресейдің барлық жерінде губерния бастығының облыстық құқығы болмады. Дейтұрғанмен, басқару ісінің барысына жауапты болды. Облыс басқармасы, заң мәнінде облыстық басқарманың төрағасы бола тұра, облыстық басқармаға дейінгі қатысты барлық істе, генерал- губернатордың жеке өзіне тапсырылған істерден басқасына (ст.761т.ІІи 2 упр.Оренбургскими киргизами). «Шын мәнінде, облыстағы басқару ісі Генерал-Губернатордың қолына шоғырландырылды. Бұдан областық басқарманың тарапынан әрекет етудің баяаулығы болмай қалмады. Областық басқарманың коллегиялық күші бар мекемесінің қатысуынсыз әрекет ете алмайды».
Жеке басқару ісіндегі құрылымға өтуде, жергілікті басқару ісінде барлық қызметкерлерді үкімет тағайындады.
Халық қалауы бойынша емес еді. Бұның өзі түптеп келгенде рулық қатнасты бұзді, тағайындалған адам өзінің қызметтегі мерзімінің ұзақтығын сезінеді. Қызметтен ауыстырылуы немесе босатылуы бастыққа байланысты, халық еркінде емес-еместігін түсінеді. Сондықтан сорақы қиянат жасауға дейін барады. Қызмет орнын табыс көзіндей көреді.
Жалпы жергілікті үкімет өкіметтің өте қанағаттанарлықсыз органы болды. Комиссия пікірінше, Ордалықтар басқару ісінде не ғұрлым жоғары орынға ие болған сонын соғұрлым зиянды тек өзі ғана адал ниет танытпайды. Өзінің ықпалымен өзінен дәрежесі төмен бастықтарға әсер етеді. Хандарды ауыстырған сұлтан-правительдер хандық биліктің кемшілігінің көп бөлігін сақтап қалды. Айырма мынада бұрын жалғыз хан болды, ал енді далада бақылаусыз үш бірдей басқарушы бар. Сұлтан-правительдер, халықтың көнілінен шықпады. Оның нақты көрінісі жазғы көшуде далада оларға күзетші алып жүру керек болды, ал кейде түгел казак отрядың күзетке алу керек болған кездері болғандығы айталады.
Мұнан біз сұлтан-правительдердің өздерінің халықтан қашықтағаны соншалық жазғы көш кезінде қауыпсыздықтарын қамтамасыз ету үшін патша үкіметі тарапынан арнайы күзет бөлінген. Осылайша сұлтан-правительдермен бұқара халық арасына сына түскенін көреміз.
Жергілікті өкіметтің (қазақ жерінің билігі туралы Ө.И.) өлкенің бас бастығының 1858 ж. ордалық билеушілерге бақылаушы шенеуіктерді тағайындауға өтініш жасауға мәжубір болған. Іс жүзінде мұндай шараларыда тәртіпсіздікті, сорақылықты тоқтатуға ешбір пайдасы болмаған.
Билер соты жақсы мәнінің бәрін жоғалтқан. Билер шешімін әкімшілік адамдары өзгертіп отырған. Осыдан келіп, халықты жеттету мен сорақалықтар шығып отырған. Жергілікті үкімет өз бетімен әрекет еткендігі соншалықты, халықты шошытқан, кейде областық басқарма мен областық басқарушының істі қарау туралы жарлықтары арызданушы қазақтардың өздері істі тоқтатуды сұраған. Себебі, шағымданушының өзі басқарушы және дистаничный бастығының қаһарына ұшырамас үшін. Орынбор қазақтарының областық басқармасы сол уақытта комиссия құрамы мұндай басқару жүйесінде әкімшілік ісін жетістікпен басқара алмайтынына шағымданған. Жалпы кіші ордалықтар (кіші жүз қазақтары Ө.И) жері 1841ж. 1 қаңтардағы Орынбор ведомостволық Ново-Александров бекінісінің манындағы көшіп жүрген қазақтар жөніндегі линиялық бастықтың берген есебі бойынша 15 мың 70 шаңырақ (күйме, киіз үй Ө.И.) ондағы ер адамдар саны 31 мың 144, әйелдер 25 мың 273 барлығы 56 мың 417 адам болғандығы жөніндегі дергін жеткізеді. ХІХ ғ. 60-шы жылдарындағы Кіші ордалықтар туралы деректе «Жері 700 мың шаршы шақырымнан астам, ерлерімен әйелдерің қосқанда 750 мыңнан аса тұрғыны», барлығы айтылады. Осы себепті жер көлемінің үлкен аймақты алып жатқандығында, облыстық басқармаға әкімшілік жарлықтарды жүзеге асыруда аса қиындықтар әкелген. Осындай жағдайларға байланысты батыс бөлігіне назар бөлуді ұйғарады. Онтүстігінде Хиуалық иелік пен шектесіп жатқандығы. Бұл аймақтын Орынбормен тікелей байланысы болмаған. Облыстық басқарманың бұйрықтары және өлкенің бас бастығының жарлықтарының көп бөлігі Орал әскерлері арқылы жеткізілген, линияның өзінде сұлтан-правительдің ставкасы тұрған. Онтүстік болігімен шектесетін аймақта көшіп жүрген қазақтар Ресей империясының билегін номиналды түрде ғана мойындаған. Олар әр уақытта үстіртке кетіп сол жақтан Хиуаға дейін көшіп кетіп, күймеге салынатын салықты (күйме бұл жерде киіз үй мағынасында дұрысы шаңырақ салығы Ө.И.) төлемеуден жалтара алатын болған.
Бұл жағдайлардың дамуы: Адай, Табындар, Шөнішті және т.б. үстіртте көшіп жүргендерге қолайлы болды. Мұндай әрекеттерге бару арқылы Ресей үкіметіне деген жаулық көнілдерін білдірер еді. Орал линиясына жақын көшіп жүрген, қазақтардың осы бөлігі экономикалық жағдайлар байланыстыратын казактар мен тарихи себептердің зардабына байланысты олар мен жаулық қатынаста және тұрғындардың екі бөлек ведомствоға бағынуларына да байланысты болды. Орал бастығына және қазақтарды басқару. Әрбір ведомства кейде бір жақты өздерінің бағыныштыларының ғана мұқтажымен жақын таныс, сондықтан көбіне әділ істі жақтамай өз ведомстволарына бағыныштыларының ғана мүдделерін қорғаған.
Мұндай жағдайлар әрекеті бір территориялық аймақта тұрғандарды жақындастырмады керісінше жасанды аралас сословиялар тайпалар арасында ымырасыздық тұғызды. Оның себебі халықтың тұрмыстық формасынан емес билікке бөлінуінен болатын.
Мұрағат деректері Ресей патша өкіметінің билігінен қазақ даласының батыс бөлігінің бақылаусыз, басқару жоқ деседе болғандай екендігі жөнінде комиссия күәландырған жағдайды жеткізеді. Осындай басқару құрылымы жүйесінің жоқтығынан жергілікті басқарушылар шектен тыс залалдар келтірген. Оған дәлел Орынбордағы батыс бөлігіндегі бұрынғы сұлтан-правитель полковник Тяукин үстінен жүргізген тергеу. Оның бір талай көп салық жинауы Орал казактарымен Орал бойының тоғайларындағы талас-тартыс істі шешу шығындарына деген сылтаумен әрекет еткендігі...
Күйме салығы (кибиточный сбор немесе шаңырақ салығы Ө.И.) Орынбор далалық әкімшілігінде болды. Әр шаңырақтан 1 руб. 50 көп. күміс ақша алынды. Қазақ даласында 1837 ж. дейін ешқандай алымсалық міндеткерлік Ресей үкіметі тарапынан болмаған. Күйме салығы 1837 ж. шықты. Құрылған бірінші жылы күйме салығынан Ресей үкіметінің қаржынына 23 259 руб. түссе, 1865 ж. 283 240 руб. дейін өскен. Көлденен қазақ даласынан келіп жатқан бұл қаржы мөлшеріне де ризы болмаған.
Ресей үкіметінің далалықта қазақ өкіметінен басқа ешқандай органы жоқтығынан, салықтын дұрыс түсіп жатқанын қадағалайтын мүмкіндіктері жоқ болды. Сондықтанда жиналық салық мөлшеріне қанағаттануларынан басқа ештеңе қалмағандықтарына қиналып, көп қазына түспей қалып жатқандығына өкініштері барын білдірген.
Қазақ даласында тархандар күйме салығын мал басына салынатын яса салығын төлемеді. Ресей үкіметі тарапынан тархандық шен алуларына байланысты салықтан босатылатын ерекше пәрменді құқықтары болатын.
Мұндай алымсалық мәселесіндегі жағдайлар Ресей үкіметің бейжай қалдырмай, қазақ даласындағы әкімшілік биліктерді қайта қарап кемшіліктерінің орынын түзеуге итермелегенде болу ғажап емес, ордалықтардың билік қызметіне линиялық қазақтар қамқоршылары қызметін қарама-қарсы қоюға болады. Линиялық қазақ қамқоршылары шенеуніктері өздерінің міндеттерін адал атқарып, қазақтардың орыс шенеуніктерінің ордалық биліктегі қызметшілерінен артықшылығына комиссия көздерін жеткізгендіктерін мәлімдейді..
Қазақтың қөшпелі шаруашылық тұрмыс өмір салты Орыс патша үкіметінің қазақ жерімен суына бекініс салып ие болып қалуларына да қарсылықсыз қазақ даласына кірулерінеде қолайлы жағдай жасап бергенін де ескеруіміз керек. Біріншіден, кең даладағы қазақтардың Ресей шекарасымен шектесіп жатқан жазғы жайлаулар жерлеріне бекіністер салды,қыстауларға тиген жоқ.
Атақ, лауазым, шен беру арқылы қазақ даласына шен-шекпенге таластыру арқылы қазақ елінің ел ағаларымен ру басыларынан арасына алауыздық енгізу саясатын көздеді Империялық бұл саясат.
Біріншіден, қазақ халқының ынтымақ бірлігін бұзып алауыздық енгізуді көздеді.
Екіншіден, ру басылармен би батырларды өзара биліктегі атақ лауазымға таластыруды көздеді.
Үшіншіден,халықтың арқа сүйер игі жақсыларынан старшын ағаман атағын алғандарды аға сұлтандарды биліктен айырылып қалмас үшін жеке бастарының қамы күйіттейтін дәрежеге жеткізіп халықтан алыстатуды көздеді.
2. Жоңғаряның талқандалуы. «Шаңды жорық»-жоңғар соғысының ақыры.1742 жылы генерал-лейтенант Урусовтың орнына құпия советник Неплюев тағайындалады. 24 тамыз күні сұлтандармен бірге Жәнібек батыр онымен бірге жоңғар елшілері келеді. Олар Қалдан Серен қазақтың ұлы жүзінен аманат ұстайды. Кіші жүз бен орта жүзденде аманат алып бодандық шарасын жасауға елші жібергенін мәлімдейді. Оған Неплюев 12 жылдан бері қазақтық кіші жүзі мен орта жүз Ресей протектараттығын қабылдағанын сондықтан жоңғар билеушілерімен келіс сөз бітім жасауға құқылары жоқ . Бұл мәселені Ресей императоры шешетіндігін жеткізеді. Әбілхайыр хан сұрауымен Жәнібек батырға және оның балаларына қазақ халқында бірінші тархан атағы және тархандық граммота беріледі. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (31 б.) Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады:
1771 ж. қазақтар Ресейден қашқан қалмақтарды ұстауға қатысты. Қалмақтар 1630 ж Хо-Юрликтің басшылығымен Монғолиядан Ресейге келген. Еділ бойындағы даланы жаулап алып, Еділ бойын оңтүстігінде жүрген – татарлар, ноғайлар, түркімендерді т.б. бағындырды. Хо-Юрлик Алтын Орданы қалпына келтіргісі келіп Астрахан қаласын алып астанасы етпек болды. Оның өлімі жоспарларын жүзеге асыртпады.
Қалмақтар Ресейге адал болуға ант береді.
Хан Пунцук Хо-Юрликтің немересі 1661 ж. Ресейге адал болуға ант береді. Бірақ ант қағаз жүзінде қалды. Пунцук хан орнына мұрагері хан Аюке отырды, ол қалмақтарды елу жылдай биледі. Оның билігінде бүкіл Еділ бойынан Самараға дейін және Сибирскіге дейін жер қарады.
Онан кейінгі қалмақ хандары: Церен–Дондук, Дондук-Омбо, Дондук-Даша және Убашы бұл қалмақ хандары билік Ресей үкіметіне өте тәуелді болды. Бұл кейінгі қалмақ хандарында ауыз бірлік болмады таққа таластары оларды әлсіретті.
Тарихымыздағы «Шаңды жорық» атауы 1771 жылы Еділ бойы қалмақтарының Жоңғарияға қарай үдіре көшуі. Шаңды жорық кезінде Дәуітбай тархан өзінің адамдарымен Торғай өзені бойынан өткен қалмақтарды тосқан. Қырдағы халықтардың бәрінде тархан деген атақ кінәздіктің дәрежесі. Халық ішінде олардың күші ханнан асып түспесе кем түспейді деген. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (58 б.) пікірден Рычковтардың “Капитан жазбаларына ” түсірген П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. дерегінен тархан дәрежесі қазақ даласында хан дәрежесінен кем түспейтін беделдерінің бірі болғанынан хабар жеткізсе, екінші жағынан Ресей патша үкіметінің енгізген тархандар институтының екі жақ ішінде тиімді дәрежедегі баланста болғанын көреміз. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады.XIX ғ. 70 жылдарында Рычковтардың қырда деген сөзі қазақ даласында тархандардың, хандардың билігіне сына қағатын тархандар шеніне сенсе , ол хандардың орыс үкіметімен байланысындағы тархандардың да елдің сыртқы саясатына араласатын халықты хабардар етер екі жақ үшін де халық мүддесін көздейтін түп қарадан шыққан халық өкілдері болса, Ресей патша үкіметінің хан сұлтандарға сенімсіздігін білдіретін хан сұлтандар да сезді.
Торғай өзенінің бойында мыңға жуық қазақ қолын бастаған Құдайберген тархан да Ресей бодандығынан босып қашып, өздерінің Жоңғариядағы иеліктеріне қосылғалы бара жатқан Еділ қалмақтарының жолын тосуға шыққан. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. Рычковтар өз дерегінде қазақ пен башқұрт арасындағы атам заманнан келе жатқан бітіспес дүшпандықтары бар табиғатынан кекшіл башқұрт халқы кек сақтаған қалпын көрсетпей қонақжайлық танытуларын таңбаныспен жазып күнделігіне қалдырған. Бұл да түбі бір түркі тілдес діні бір туыс халықтарын ежелден жау қылып көрсету арқылы кейінгі жазбаларын оқитын оқырмандарға қазақ-башқұрттық бітіс пен жау қылып көрсетпек шетінен туындаған патшалық отарлық саясатының көзілдірігімен қарап жазылған пікір. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (59 б.) Қазақ пен башқұрттарды араздастырған И.Неплюев саясатына біз тархан Есет батыр қатысқан қазақ башқұрт тұсындағы 1755 ж. Башқұрт көтерілісіне қатысты жазған болатынбыз. Қазақ-башқұрт қатнасының бұзылуына бір кездері патша үкіметінің саясатының салқы тигендігі жөнінде бір ауыз пікір жоқ.
3.Қазақ-жоңғар тарихының тарихнамасы.1776 ж. Қытайлар Жоңғарларды жойғаннан кейін Левшин дерегінде 10000 шаңырақ Шерен бастаған Ресейге өтіп бодандығын қабылдады. Шерен Жоңғариядан босаған жерге отандарына қайтуға Убашыны көндіреді. Еділ бойының оң жағындағы қалмақтармен бірігіп қашуды жоспарлаған, ол үшін Еділдің мұзының қатуын күтеді. Қосылу үшін 1770-1771 ж.ж қыс жылы болып Еділ қатпайды да Убашы Еділдің оң жағындағы қалмақтардың қосылуын күтпей 1771 ж. 5 қаңтарда Жоңғарияға қарай көш басын түзейді Добрамыслов дерегінде шамамен отыз мың шаңырақ қалмақтар олар Жайыққа жақындағанда Орынбор губернаторы Нұралы ханға хабар жібереді. Қалмақтар сендерді шабуға бара жатыр, оларға соққы беріп кері қайтарыңдар дүние мүліктері сендердің олжаларың болады. Нұралы мен Абылай да хабардар болады. Казактарды жұмсай алмайды. Пугачев бұлігіне байланысты олар толқуда болатын.
Орыстың екі армиясы да қалмақтарды тоқтатуға қатыса алмады. Орынбор казактарынан құралған әскери жасақтары генерал майор Траубинберг бастаған әскер Нұралы әскеріне ақпан айының ортасында. Қосылып ат көліктерінің нашарлығымен азық-түліктерінің тапшылығынан кері қайтса, екінші жасақтары Ор бекінісіне өте кеш шығып 12 сәуірде Торғай өзені бойында ғана Нұралы әскерлеріне Торғай өзенін де қуып жетіп қалмақтардың ізін сипап қалды. Ұлы таудан бұл әскерлері де Ресейге кері оралды бұларда бірінші әскерлерінің көбін Қалмақтар сағыз Сағыз өзені бойында сұлтан Айшуақтан қатты соққы алды. Мұғалжар тауларына жеткенде Нұралы ханнан соққы алды. Ор өзені бойында Абылаймен шайқасты. Қазақтар жаңа жетістікке жетіп отырған, одан әрі жерде Әбілфейс сұлтан мен бірігіп соққы берген. Қазақ даласынан өткенше қашқан қалмақтар мал мүліктерінен қатын балаларын қазақтар олжаларды көптеген адамдарын тұтқынға алған ұлы жүз жерінде Ералы сұлтан мен буруттар соққы берген. Қытай жеріне жеткенде мал-мүліктерінен түгел айырылып адамдарының жартысы ғана жетті. А. Добромыслов дерегі сол кездегі қашқан қалмақтар Монғолияда тұрады, олар олюттар деген атпен танымал.
1773-1774 ж. Ресейдің шығыс аймағы Пугачев бұлігімен толқуда болды.
1776 ж. өлке бастығы Рейсендорп қазақтарды әскермен жазалауды сұрайды. Оған ІІ Екатерина рұқсат бермейді. Қазақтарды өшіктіріп аламыз, арты жақсы болмайды жұмсақ қатынас саясатын бұрынғыша жүргізуді талап етеді.
Дәуітбай, Құдайберген тархандар Ресейге одақтас болғаннан қалмақтар жолын тосып жүрген жоқты . Біздің пікірімізше ата жауы болып өткен Еділ қалмақтарын қазақ даласынан көктей өтетін жаудан бәрінде күтуге болатын қамсыз қалмауынан, екіншіден Жоңғарияға жібермей әлсірету мақсаты. Жоңғарияға жетіп, қайта қазақ даласына шабатындай күш қуатқа айналдырмау шараларының оңтайы келіп тұрғанда қамсыз қалмауынан болатын. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (59 б.) Рычковтар жазғандай. Ресей жауларына қарсы аттандық деп, өзге халықтық алдында абыройларын асыру емес еді. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (59 б.) Құдайберген, Дәуітбай тархандардың бұл әрекеттерінде халқын, жерін жаудан қорғау елдік мүдделері жатқан болатын. Деректерден қазақ тархандарының мемлекеттік мәселелердің басында жүргенін көреміз жәнеде сол кездегі қазақ қолының қару –жарағы жөнінде мынадай дерек жазу керек. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (59 -60 б.) Қазақ қалаларының жауды қуғанда 60-80 шақырым жерді еш қиыншылықсыз алып отыратын әдістерін жеткізеді. Онда жауларына қарсы жорыққа шыққан әрбір қазақ үш-төрт ат ұстайды да мінеді азығында соларға артады. Соғыс күні мінетін атына тоқым салмай тоқ ұстайды П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (60 б.)
Ауа көшкен қалмақтар 30 мың үй шамасында, бұл 120 мыңдай халық олардың қатарында 30 мыңға тартасы әскери адамдар П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (76 б.). Рычковтар өз жазбаларында Еділ қадмақтарының ауа көшуі Ресей саудасына орасан зор зиянын тигізгендігінен, мемлекеттің және халықтың мүддесіне көп нұқсан келді деп өкінішпен жазған. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (101 б.) Патша үкіметінің қазынасына еселеп Орынбор Троицк жерлеріндегі айырбас сауда орталықтарына пайда әкеліп отырған қазақ-орыс, қалмақ – орыс сауда қатнастарының солжылы коммерциялық пайда кірісінің мүлдем тоқтап қалып, кейіннен өте баяу жүріп коммерциялық пайда капиталының қарқыны бәсеңсіп қалғанды. Бұл деректегі коммерциялық пайданың Ресей үкіметі үшін маңыздылығының саяси астарымен құпиясын біз XIX ғасырдың 1867-1868 жылдардағы реформаға байланысты отарлау саясатын жүзеге асыру барысында ашамыз.
Бекіту сұрақтары:
1.Ресей патша әкімшілігінің Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғ. басындағы саясатының сипаты қандай болды?
2. Жоңғаряның талқандалуының себептерін айтыңыз?
3.Қазақ-жоңғар қатынастарының тарихы туралы кімнің еңбектерін білесіз?
4.Өлке бастығы Рейсендорптың қазақтарды әскермен жазалауды сұрақанда ІІ Екатерина не себепті рұқсат бермеді ?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №13 Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғ. басындағы әлуметтік –экономикалық шаруашылығы
Негізгі ұғымдар: Номадизм, Көшпелі мал шаруашылығы, шабындық жерлер, “Көлденең бағыттағы” көшу, мал өнімдері,жұт, арғымақ, “қазақы”жылқы.
Жоспар:
1. Мал шаруашылығы
2.Егін шаруашылығы.
Мақсаты. Қазақ халқының мал және егін шаруашылығы кәсібінің тарихымен таныстыру.
Лекция
1. Мал шаруашылығы.XVIII-XIX ғасырдың басында қазақтың кең даласында, Арал маңы мен Үстіртте, Қазақстанның тау маңы мен таулы аймақтарында, Ташкент пен Хорезм жазираларында қазақтар көрші Орталық Азияның басқа да халықтарымен тығыз, экономикалық байланыс жасап, олармен еңбек тәжірибесі және шаруашылық өмірдің жетістіктерін алмастырып пайдаланды. Сонымен қатар өзінің бойына көп ғасырлық тәжірбиені сіңіре отырып, негізінен қазақтардың мал шаруашылығы өзге халықтардың көшпелі мал шаруашылығы кәсібімен ұқсас болды. Сонымен қатар айырмашылықтар да болды. Қазақтар көшіп-қонудың қайталанып отыратын белгілі бір маршрутын меридиандық тік бағытта пайдаланды. Қазақтарда тұрақты қыстаулар болды, олар осы мезгілде көшіп-қонуды тоқтата тұрды. Сондықтан, монғол көшпелі мал шаруашылығына қарағанда қазақ мал шаруашылығын жартылай көшпелі деп атауға болады. Бірақ қазақтар жылдың көп бөлігін (шамамен 2/3 бөлігін) “қозғалыста” өткізіп, белгілі бір территорияға (маусымды – тік бағыттағы цикл) орнығып тұрса да, оларды көшпелі халық деп атайды. Қазақ көшпелілерінің өмір сүру түрі әдет-ғұрып, салты, жалпы бүкіл өмірі мен тіршілігі әрдайым көшіп отырумен тығыз байланыста еді.
XIX ғасырда мал шаруашылығы сырттай қарағанда, ғасырлар бойы қайталанып келе жатқан процесс болғандықтан, өндіргіш күштер тоқтап қалғандай әсер қалдырады. Алайда шын мәнінде олай болған жоқ. Қоқан хандығындағы шығыстық-феодалдық деспотияның артта қалуына, қазақтарда патриархалдық-феодалдық қатынастардың кенже дамуына қарамастан өндіргіш күштерде нақты қозғалыс байқалды. Рулық-тайпалық бөліну және ішкі феодалдық қырқыс өндіргіш күштердің дамуында күрделі кедергі болды. Қоғамдық құрылыс алға қарай жылжымайды, бірақ еңбек әдістері шаруашылықты дұрыс жүргізу үшін қолданылды. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылысының ықпал етуімен эволюцияланды.
“Әрбір көшпелі қоғамының тоқыраушылығына қарамастан, оның алға жылжуға деген тенденциясы, яғни шаруашылықтың біршама дамыған формасына деген ұмтылысы болады”, - деп жазды В.Ф Шахматов. Әрине бұл жерде мәселе “Номадизмнің” идеализациясы жөнінде немесе патиархалдықты мадақтау емес, әрбір қоғамға тән объективтік процесс жөнінде болып отыр. Көшпелі қоғам бір-бірімен қырқысқан феодалдық топтардан ғана емес, еңбек процесінде көрші отырықшы елдермен байланысып отырған еңбекші бұқарадан да тұрады.
XVIII ғасырдың тарихи деректері бірінші кезекте қазақтардың көшпелі өмір салтын, олардың мал шаруашылығын сипаттайды. “Көшпелі мал шаруашылығы олардың негізгі кәсібі, ал ет олардың азығы”-деп жазады XVIII ғасырдағы Қытай деректері. Сол кездегі екінші бір деректе былай делінген:“Нағыз буруттар қауым боп сулы жерге көшіп жүреді, мал шаруашылығымен айналысады”. Көшпелі мал шаруашылығы толығымен натуралды болды.
Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар қырлы өңірлерде қой, жылқы, түйе және сиыр өсірді, бұл төрт түлік мал деп аталды. Мал жылдың төрт маусымында табиғи жайылымдарда бағылды. Мұның өзі кең байтақ жайылым болуын және шөптің шүйгінін таңдап көшіп-қонып отыруды қажет етті. Талай ғасырлық тәжірбиеден шаруашылық басқару тәсілі жайылымдарды маусымға қарай пайдалану тәртібін қалыптастырды, төрт маусымның төрт қонысы болды. Бұлар: жазда - жайлау, қыста - қыстау, көктемде - көктеу, күзде - күзеу.
Жазғы жайлауға – бетегелі белестер, өзендер мен көлдердің алқаптары, ауасы салқын, шыбын-шіркейі аз биік таулардың қойнаулары пайдаланылды. Қысқы қыстауға – ызғырық желден паналайтын ықтасын, жылы, күнгейлі таулы жерлер, төбе-төбе құмды адырлар немесе малды бораннан сақтайтын тоғайлы жерлер таңдап алынды. Көктеулік көбінесе мал төлдетуге және жас төлді аяқтандырып ширатуға қолайлы, жері жатық, суы мол жерлер болса, күзеулік - бір жерде болды.
Қазақтың әрбір руының өзінің көші-қон жолдары болды. Мұндай жолдардың ұзындығы кейде 800-100 шақырымға жетті. Көшпелі мал шаруашылығына ұлан-ғайыр жайылым өріс керек болды.
Малдың түліктік құрамы, бір жағынан қазақтардың үй шаруашылығында белгілі бір түліктің маңызына, бертін келе сауданың дамуымен және рыноктың өскелең қажеттеріне қарай, ал екінші жағынан жайылымдардың ерекшелігі мен кеңдігіне және жергілікті малдың оған бейімділігіне қарай анықталды. “Бұл халықтың байлығы мен дәулеті, - деп жазды сол кездегілердің бірі, басқадан да гөрі жылқысы мен қойының көптігінде. Қай салада болсын қажетті де пайдалы малымен осы екі ордадан (Кіші жүз бен Орта жүз) басым басқа халық бар деуге келе қоймас, бірақ, осының бәріне қоса бұлардың көші-қон үшін ұстайтын түйелері де аз емес”.
Қазақтар жайылымды ұтымды пайдаланды. Жайлауға шығу мен қыстауға оралу, осы мәселені әр жылдың табиғи ерекшеліктерін ескере отырып шешкен ақсақалдардың өзара келісімімен басталды. “Түркістан жинағында” жазылған:“Жалпы жайылым абайлап пайдаланылады және бар ынтамен қорғалады, жазда пайдаланатын жерді тапталудан қорғау қажет, күзде жайылым болатын шөпті сақтау керек. Қыстыгүні бай қырғыздар малымен құмға, сексеуіл немесе қамысты тоғайға кетеді, ал қалған халық қыстауда малдарын бағады”. Сонымен бірге қазақтардың ортақ пайдаланатын жайылымдары да болды. Халықтар үлкен құмды алқап пен сексеуілді қопаны да пайдаланған. “Жергілікті халық ортақ пайдаланған ауданда мал бағу құқы екі фактіге негізделеді: бұл жерді қырғыз (қазақ) руларының бұрыннан пайдалануы және құдық қазу жұмыстары бойынша” . Дәулетті қазақтар жақсы шабындық жерлерін иеленді. Оларға қысқы шөп дайындауға мүмкіндік берді. Кедей шаруалар оларды жайылым шөптермен қамтамасыз етті. Көптеген қазақтардың отырықшылануына байланысты мал қоралар салынды.
Мал өсіруге байланысты жақсы жерлерді іздестіру қазақтардың маңызды жұмысы болды. Себебі барлық шаруашылық жайылымға байланысты еді. Ұлы жүз қазақтарының шаруашылығы сол кезде натуралды және тұйықталған болды. Натуралды шаруашылық өте жай тарады, ал тауар өндірісі артта қалды.
Мал шаруашылығы қазақ қоғамында маңызды рөл атқарды. Ю.Южаков, Монастырский, Маев т.б. авторлардың зерттеуінше малдың санын төмендегі кестелерден байқауға болады.
Шымкент пен Әулиеата ауданында қазақтар 112060 жылқы, 76540 бас ірі қара, 1218000 қой, 4500 түйе, 10300 ешкі, 2240 есек пен қашырды иеленді. Мұнда барлығы 1470140 бас мал болды.
Лепсі, Қапал, Верный аудандарында 196056 жылқы, 49161 ірі қара мал, 1440173 қой, 28678 ешкі, 63471 түйе, барлығы 1917619 бас мал болды.
Бұл цифрлар қазақтардың егіншіліктен басқа өмір сүрудің негізгі қайнар көздерінің бірі болған мал шаруашылығымен де айналысқанын көрсетеді.
Қазақтардың көшпелі мал шаруашылығында көп ғасырлық тәжірибенің негізінде жайылым ауыстырудың “көлденең бағыттағы”, “тіке бағыттағы” және “тұрақты” үш түрінің болғаны белгілі. Олар ең алдымен малдың түріне және көшпелі қауым өмір сүрген табиғи ауа райы жағдайларына байланысты болған.“Көлденең бағыттағы” көшу жүйесінде табында ұзақ жүрістің қиындығына төзімді, тебінге қабілетті қой-ешкі, түйе мен жылқыға, сиыр қосылған. “Тұрақты” немесе қыстау маңындағы көшіп-қонуда төрт түліктің бәрі кездесетін.
Қазақ бүкіл өмір тіршілігін, табиғат аясында өткеріп, көшіп-қонып жүргендіктен жер бедерінің сан алуан түрлерін тауларды, ормандарды, шөлдерді, даланы, өзен-көлдерді көп кездестірген және олардың әрқайсысына лайықты әсем аттар қойып отырған. Мысалы: Бетпақ-дала, Нарын құмы, Арал теңізі, Балқаш көлі, Жайық өзені, Көкше-тау, Сары Арқа т.б. Бұл олардың біріншіден, табиғатқа деген сүйіспеншілігін тудырса, екіншіден олардың дүниетанымын кеңейтіп, мінез-құлқының, әдеп-ғұрпының, салт-дәстүрінің қалыптасуына оң әсер еткен.
Олар сол баққан малдарының жағдайы үшін қыста қыстауда, жазда жайлауда киіз үйде, ауыл-ауыл болып тұратын. Негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, олар малдың жағдайын өте жақсы білді және натуралдық шаруашылықпен айналысып, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарын осы мал өнімдерінен алып отырған.
Олар үшін күйреуге әкелетін барымта деп аталатын тонау түрі жүргізілді. Бір ру әлсіз болса, екіншісі қарулы күшпен мал-мүлікті тартып алады. Осындай әрекеттерімен бір-біріне қауіп төндіріп өзара әлсірейді. Сұлтандар мен басқа да билік басындағылар ақылмен жауап қайтарудың орнына өздері соның жақтаушысы мен қатысушысы болады. Осындай тонаудан кейін екі жақтың пікірі біржақты болуы мүмкін емес. Кейде тонаудың көп болғандығы сондай саудагерлердің керуендері бұдан қашып құтыла алмады.
Қазақ халқының ата кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан: жылқы, түйе, ірі қара, қой тіршілік көзі болып есептелді. Мал шаруашылығынан өзіне қажетті өнімдер алды. Өздері өндірмейтін тауар өнімдеріне Ресеймен, Қытаймен, Бұқармен, Ташкентпен айырбас жасайды.
Қазақтардың мал шаруашылығы жайында кезінде С.Б.Броновский өзінің еңбегінде :“Қырғыздардың бар байлығын сан мыңдаған жылқы үйірлері, түйе, ірі қара мал табындары мен қой-ешкі отарлары құрайды. Олардың жылқылары ірі әрі жүйрік келеді. Түйелерінің барлығы да қос өркешті, 12-20 пұт жүк көтеретін, шөлге шыдамды жануарлар. Орыс саудагерлері олардың ақбас сиырларын көптеп сатып алып, Екатеринбургке, тіпті, Мәскеуге дейін әкеледі. Қойлары ірі, салмақтары 80-100 килограмға дейін жетеді,”-деп, өз таңданысын жасыра алмаған.
Төңкеріске дейінгі Қазақстанның белгілі статистерінің бірі Л.К.Чермак 1897 жылы Атбасар қазақтарының шаруашылығын сипаттай келіп, “Оңтүстікті мекендеуші қазақтар бір жылда Шудан Атбасар қаласына дейінгі ұлан-байтақ даланы кесіп өтіп, әрі-бері көшті және жалпы ұзындығы екі мың шақырым болатын арақашықтықты жүрді”-деп жазды.
Мал өсіру әдісінің артта қалуы себепті қысқы жайылымға жер көп керек болған. “Қолдағы сиыр, түйе сияқты ірі қара малға жақын жерден жайылыс қалсын деп, қазақтар жылқыларын қыстаудан шалғай жатқан салт аттыға апталық немесе одан алысырақ жерге айдап кетеді” - дейді Рычков. Әрине, бұл сөзге сенуге болады. Шаруалар қысқы жайылыста наурыз айының ортасына дейін, яғни жазғы жайлауға көшуге тақағанша отырған. Жазғы жайлауда қыркүйекке дейін, яғни күзеуге көшкенге дейін отырған. Қараша айында қыстауға қайтып келген. Әрбір рудың көшіп-қонып жүретін белгілі жері болып, бұған басқа рулар қол сұға алмаған. Н.Аристов өткен ғасырда былай деп жазған:“Жерге иеліктің негізі – ежелден қалыптасқан. Бірақ ру мүшелері әрдайым бір жерден екінші бір жерге көшіп отырды. Көшпеліні жерге ешкім еріксіз байламайды, белгілі ру немесе бір әулет талай жыл көшіп-қонып жүрген аймақ сол рудың иелігі болып саналады”.Жайылымдарды пайдалану дәстүрге сай жүргізілді. Бірақ іс жүзінде кейде ол тұрақты шиеленістердің объектісіне айналды. “Тұрмысы жақсы, күшті рулар қолайсыз жерлерді пайдаланбай, өздерінің әлсіз қарсыластарын ығыстырып отырды. Ал олар өз кезегінде одан да әлсіз руларды шеттетті”. Қазақтардың төңкеріске дейінгі, әсіресе Қоқан хандығы тұсындағы көші-қон жерлері жөніндегі деректерде жазғы жайылымдар ақсақалдар кеңесінде руларға бекітілді. Оларды ру-тайпа көсемдері басқарды.
Қазақтардың мал шаруашылығының дамуына орасан зор апат әкелген қыс, көктем ызғырығында малдың жейтін шөбі болмай, қырылуы, яғни жұт үлкен әсерін тигізді. Жұт негізінен қолайсыз ауа райының әсерінен, яғни құрғақшылық, қарлы қыс, боран немесе көктемде жер көктегенде қар, бұршақ жауып, малдардың тебінге шыға алмауынан болды. Кей жылдары 500-1000 жылқылы табындар қатпаған, беті қармен жабылған сортаңды көлдерге түсіп кетіп, қырылғандары болған.
Жұт негізінен Қазақстанның барлық аймақтарын қамтып отырды. Жұт көбінесе 10-12 жылда бір рет, кейде 3-5 жылда қайталанып отырды.
Қазақ даласында мал тек қана жұт емес, сондай-ақ боран, үскірік аяздан, жем-шөп тапшылығынан да, ауру-сырқаудан да шетінеп отырған. Мысалы, егер 1870 жылы Сырдария өңірінде да барлық мал саны 1988270 бас болса, 1877 жылы 4111999, ал 1885 жылы 2751700 басқа дейін кеміген. Жұт табиғаттың қолайсыз ауа райы, көшпенді мал шаруашылығының дамуын тежеді. Бұдан көбінесе кедей және орташа шаруашылықтар қатты зардап шекті, жұт олардың бар малын жайпап кетуші еді. Жұттың ауыр салдары туралы Г.Загряжский былай деп жазды:“Халық аштықтан қырылып жатты, ал ата-аналар болса бір қап астық үшін балаларын сатуға дейін барды”. Жұттан малы қырылған шаруаларды босқындық, аштық, ауру сияқты нәрселер өкшелей қуып, елді күйзелтіп кететін болған. Сондықтан қазақ арасында “жұт жеті ағайынды” деген мәтел қалған.
Қазақтардың мал шаруашылығында XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың өн бойында мал саны бойынша бірінші орында қой тұрды. Егер XIX ғасырдың екінші жартысындағы материалдарға сүйенетін болсақ, онда қой санының басым болуында ешқандай күмән жоқ. В.Вельяминов-Зернов 50-жылдардағы өзінің қолжазбасында былай деп көрсеткен: “Қоқан хандығының көшпелілері барлық мал түріне қарағанда қойды көп өсірген”. XIX ғасырдың ортасындағы қазақтардың тұрмысымен жақсы таныс болған И.Бардашев та олардың қой өсіруге көп көңіл бөлгенін жазады.
Қазақтың союға ең қолайлы түлігі қой. Ең алдымен “малды жисаң қойды жи, майы кетпес шарадан”, “қойдың сүті қорғасын, қойды сөккен оңбасын” деген мақал-мәтелдер осыған байланысты айтылса керек. Қой қазақтар үшін ақшаға немесе затқа айырбастайтын бірден-бір түлік болып табылған. Оларда ақша өте аз болды. Байларының сандықтарында ділда мен Қоқан сақталса (ділда қоқандықтардың алтын теңгесі, күміске шаққанда 3 сом 80 тиын тұрған, Қоқан – күміс ақшамен 20 тиын), кедейлердің қолында шек (чек-күміс ақшаның 1 тиынның 1/3 бөлігіндей мыс теңге) қана болған, ал көпшілгінде ол да болмаған. Қоқандықтар Шымкент өлкесі халқының бар қойының 1/40 бөлігін зекетке алып, 20 000 қойды айдап әкетіп отырды. Сондай-ақ бұл өлкеде қой санының көбеюіне осы барымта көп кедергі келтірген. Ал қыс айларында қойдың шығыны аз болған. Себебі, қой түлігі басқа малдарға қарағанда өз керегін оңай тауып жейді. Зерттеуші А.Левшиннің мәліметтеріне қарағанда, жеке қазақ байларының қолында 20 000 қой, 400-500 түйе, 8-9 мың жылқы болған. Капиталистік қатынастардың Орта Азияға енуіне байланысты мал шаруашылығы, әсіресе қой шаруашылығы тауарлық сипат ала бастады. Орта Азиялық сауданы белгілі зерттеуші А.Н.Тетеревников XIX ғасырдың ортасында былай деп жазады: “Қазақтардың экономикалық өмірінде қой маңызды роль атқарды. Бұл малды Орта Азиялық көпестер сияқты орыстар да ерекше бағалайды”. Ресейлік және Орта Азиялық сауда орталықтары жылдан-жылға мал шаруашылығы, әсіресе, қой шаруашылығы өнімдерін пайдалануды ұлғайтты. Негізгі жабдықтаушы - Оңтүстік Қазақстанның көшпелі және жартылай көшпелі халқы.
Оңтүстік өңірінде қылшық жүнді қойлар өсірілді. Қаракөл қойлар Қызылқұм құмдарында, Шымкент уезінде және де Әмудария бөлігінде өсірілді. Бұл туралы “Түркістан жинағы” былай деп жазды: “Қаракөл қойын өсіру тәжірбиелері жасалуда. Бірінші тәжірибе (1892 ж.) Ташкент пен Шымкенттің кейбір аудандарының табиғатына қаракөл өмір сүре алмайды деген жергілікті ауылбасыларының қоғамдық пікіріне қарамастан, жоғарыда аталған өңірлердің жайылымы мен климаттық жағдайы қаракөлді өсіруге мүмкіндігі барын дәлелдеді және оны көп табыспен қамтамасыз етеді”. Сырдария облысында құйрықты қойдың екі тұқымы өсірілді, Жетісулық қылшық жүнді және Түркістандық жұмсақ және ұзын жүнді қой.
1895 жылы Ташкент, Шымкент, Перовск, Қазалы уездерінде, сонымен қатар Әмудария бөлімі мен Ташкент қаласында қойдың жалпы саны 4 млн, 625600 басқа жеткен. Бұл сан көрсеткіштері Орта Азия мен Ресейдің ішкі рыноктарының қажеттілігінің өсуіне байланысты Қазақстанның оңтүстігінде арнайы сату үшін қой өсірілгенін көрсетеді. Оның ішінде Орталық Ресейдің тоқыма өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ететін биязы жүнді қой түрін өсірудің ұлғайғанын да байқатады. Жылдан-жылға тоқыма өнеркәсібінің интенсивті дамуы биязы жүнді қойдың жүнін пайдалануды жоғарылатты. “Биязы жүнді қойды өсіру 2000-ға жуық бас қойы бар Шымкент уезінде басталды. Олардың негізін салушы Обручево селосында болып және Ставрополь губерниясынан қоныс аударушылардың бірі айдап әкелген аз ғана табыны болды”. Қой шаруашылғымен бірге қазақтар ешкіні де өсірген. Көп сүт беретін, ерекше қарауды қажет етпейтін, тез көбейетін ешкі кедейлердің негізгі малы болды.
Ғасырдан-ғасырға қазақтар қой шаруашылығымен қатар жылқы шаруашылығымен де айналысқан. Негізінен көнбістігімен және төзімділігімен ерекшеленетін қазақ жылқыларын өсірді. Қазақ жылқылары көріксіз болады. Сондықтан бай және отырықшы қазақтардың шаруашылығында және салт жүріс үшін олар басқа тұқымдармен ауыстырылды. Осыған байланысты Ұлы жүз жерінде қазақ тұқымдарымен қатар арғымақтар, қарабайырлар, өзбек жылқылары да өсірілді.Арғымақтар - бірыңғай салт мінетін ат, жүйріктігімен қатар өте қымбат асыл тұқымды жылқы, бұған тек байлардың қолы жетті. Ерекше күтімге түрікпендерден әкелінген арғымақ-ақалтекелер мен сол арғымақтардың қазақ жылқысымен буданынан алынған қарабидайлар ғана алынатын болған. Мұндай бәйге арғымақтарының құны 50 сомнан 200 сомға дейін, тіпте 300 сомға дейін өсіп отырған.Ең ірі малшылар Орта жүзде жеке қазақ байларында 20 мыңға дейін жылқысы барлар бар деп жазды XVIII ғасырдың соңында Н.Рычков.
Жылқы малын денесіне қарап, қазақ “қазанат” және “қара етті” деп екіге бөледі. Қазанаты майды сыртына жинайтындар, ал қара еттісі керісінше майды ішіне жинайды, қазанат жүріске шыдамды, еті тез арымайды, қайта тез семіреді, еті дәмді, қазысы қалың, іші майлы келеді. Сондықтан мүмкіндігі бар қазақ жылқының қазанатты тұқымын ұстауға тырысады. Жылқыны қазақ арғымақ және жабы деп екіге бөледі. Қазақта арғымақты жоғары бағалайды. Өлеңдерінде жақсы атты “арғымақтан туған қазанат” деп, “арғымақ аттың белгісі, арыған сайын тың жортар, артымда жүгім қалар деп”, “қара арғымақ арыса – қарға адым жер мұң болар” деп арғымақ жылқыны мақтауы содан.
Бірақ арғымақ көшпелі елдің пайдалануына қолайсыз, сондықтан қазақтың атам заманнан өсіретін жылқысы “қазақы” аталатын-жабы. Қазақтың тәжірибесінде, қазақы жылқы көшпелі тұрмыстың бар жағдайына да төзімді, көліктік жағынан да шыдамды, еті де, сүті де асыл.
Жылқы малының шығыны соғымға қанша сойылатындығына, өлім-жітіміне, аң-құстың аз-көптігіне және қоқандықтар тұсында ерекше белең алған барымтаға байланысты болды. Қазақтар жылқының күтіміне онша мән бермейді. Бұл қайта сарттарда дұрыс жолға қойылған. Бірақ, олардың өздері де жылқы тұқымын көбейту мен асылдандыруды ұмыт қалдырып, тек қана жылқының үстін тазалау, оның тұратын орнын тазарту мен мерзімімен жем, суын берумен шектелген.
Халыққа көмек ретінде жылқы тұқымдарының асылдануына көп әсерін тигізген Түркістанның мемлекеттік жылқы шаруашылығы болды. Бұл туралы А.И.Добромыслов былай деп жазды: “1878 жылы белгілі түркістандық коммерсант Н.И.Иванов жабылған Константиновский зауытынан қарабайыр және қырғыз (қазақ - Ө.Қ.) биелерін сатып алды және жекелеген адамдардан желісті айғырлар мен бірнеше бас түркістандық қарабайырлық және башқұрттық тұқымдарды сатып алып, Әулиеата жылқы зауытының негізін салды.
Н.И.Иванов Кардон шатқалында жеңіл шартпен қазынадан 326 десятина шабындық жерді алғаннан кейін 1880 жылы зауыт дұрыс ұйымдастырылды. Ал мемлекеттік қазынашылық оған 11 салт шала буданды ақысыз береді, сонымен бірге зауыт маңынан жергілікті халықтардың қажеттілігі үшін тегін атқоралар ашу оған жүктелді. Сол кезде Н.И.Иванов 70-ке жуық қырғыз және хиуалық биелерді сатып алған”. Зауыттың құрылуы Қазақстанда жылқы шаруашылығының дамуында маңызды роль атқарды. Биенің сүтінен қазақтар ежелгі сусын – қымыз дайындады. Халық арасында “қымыз қуат мереке мен ұзақ өмір сүрудің кепілі болатын сусын” – болып табылады және бірде-бір қазақ отбасы қымызсыз отырмайтын. Қымыз, сондай-ақ, Орта Азияның қалаларының базарларында сататын өнім еді. Көкірек аурулардың (өкпе туберкулезі) көбі қымыз ішіп сауығып кеткен. Мысалы, сондай-ақ ауруға шалдыққан орыстың атақты жазушысы Лев Толстой кезінде Башқұртстандағы Шафрановка қымыз курортына барып дертінен айыққан. Жылқының етінен әртүрлі ас – қазы-қарта, жал-жая, шұжық және сүрленген ет дайындалған. Қарастырып отырған кезеңде Қазақстаның Оңтүстігінде тұратын өзбектер, атап айтсақ, Түркістан, Сайрам және Манкент, Сұлтан-Рабат т.б. ауыл тұрғындары айналасындағы қазақ тұрғындарынан аталған дәмдерді айырбасқа алып, оларды дайындаудың әдістерін жақсы білген. Жылқы терісінен аяқ киім, қамыт доға, саба (қымыз құйылатын ыдыс) жасалып, әр түрлі киімдер, жылқы терісінен тігілген.
Өте ерте кезден бастап-ақ Орталық Азияның шөлді аймақтарында түйе өсіруге үлкен көңіл бөлінген. Түйе – жүк көлігі. Көшпелілердің, олардың ішінде қазақтың ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал осы түйе. Оның ішінде ең төзімдісі, әрі мықтысы жалғыз өркешті – нар. Қазақтың “нар жолында жүк қалмайды” деуі содан. Сондықтан да түйенің құны, И.П.Фальктің мәліметі бойынша 6-10 жылқы бағасына тең, 40-60 сомға бағаланған. Алайда Қазақстанның территориясында аруана - бір өркешті түйенің пайда болу уақыты туралы айту мүмкін емес. Отаны Египет және Қосөзен елдері болып табылатын бұл шөлге бейім тұқымның жазба деректерде Еуроазияның солтүстік аудандарында кездесуі тек түрік заманында айтылған. Кейінгі орта ғасыр мен жаңа заманда Арал өңірі мен оған көрші аудан қазақтары түйенің екі түрін: қос өркешті – айыр түйе және бір өркешті нар түйені өсірген, бірақ Қазақстанның оңтүстік аудандарының климат жағдайына бейім түрі қос өркештіге көп көңіл бөлген.
Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықта түйелер жыл бойына ашық аспан астында жүрген. Өте суық кездерде П.С.Паластың айтуынша, түйелердің кеудесіне “жүн мен қамыстан тоқылған жабу жапқан”, ал қысқы борандарда қараша үйлер арасынан ықтырма жасаған.
Қызылқұм, Қарақұм, Үстірттің табиғи ерекшеліктері мал шаруашылығының осы бір саласы үшін аса ыңғайлы болды. Оңтүстік Қазақстанның көшпелі қазақтарының шаруашылығында түйе өсіру маңызды орын алды. Бұл аймақта малдың екі тұқымы өсірілді: бір өркешті (нар) және екі өркешті. Түйелердің саны 1895 жылғы мәліметтерінде 501200 басқа жеткен. Оңтүстіктің жағдайы түйе өсіруге қолайлы болды. “Түйелерді өте көп өсіретіндер, әсіресе, Ұлы жүздің қазақтары мен Оңтүстіктегі құмды алқапта мекендейтіндер. Өйткені түйе бұл арада өте қажетті түлік болды. Ең алдымен түйелер бір жерден екінші жерге көшкен кезде теңдеп жүк артылатын көлік ретінде пайдаланылды. Сонымен бірге, олар сүт пен жүн де берді. Түйе сүтінен жасалған шұбат ішуге жарамды, емдік қасиеті жағынан қымыздан кем емес. Базардағы көшпелілерде түйе жүні ерекше бағаланды, жүнді алу үшін түйелерді қырықпайды, көктемгі түлеу кезінде жүні сыпырылып алынады. Түйе суыққа өте сезімтал, сондықтан оның денсаулығына қырықтық зиян келтіреді. Сондай-ақ түйені шөлді, құмды жерлерде ең ауыр жүк көтеретін күш ретінде пайдаланған, шығырды айналдыруға жеккен және құдықтан су тартқызу үшін пайдаланған.
Түйенің түбіті мен шудалары қымбат саналады: түбіттен иіріп тоқыған киім, ең жылы, ең төзімді болады, шудадан жіп арқан еседі.
Қазақстанның Оңтүстігінде бір өркешті түйелердің жеті түрі ерекшеленген: таза қанды нар, бекбатша-нар, қолбатша-нар, жөнек-нар, қылағай-нар және соқпақ-нар. Екі өркешті түйенің үш түрі болған: таза қанды айыр түйе, мырза-қоспақ және қырқысты-қоспақ. Өзгелерінен бағалырақ болып бір өркешті түйе мен қос өркешті түйеден алынған бекбатша-нар, қолбатша-нар, жампоз-нар және мырза-қоспақ саналады. Бұл түйелер толық, әрі мықты сирақтарымен, дамыған бұлшық еттерімен айрықшаланады және таза қанды түйелерге қарағанда екі, үш есе ауыр жүкті көтерген.
XVIII ғасырдың екінші жартысы XIX ғасырдың басында Қазақстанның көпшілік аудандарында ірі қара мал өсірген Академиялық экспедиция мүшелері қазақтардың бұл мал түріне “жақын уақыттан бастап қолға ұстай бастағанын” атап көрсетеді. Я.П.Гавердовскийдің айтуынша, 1771 жылы қалмақтардың Ресейден Жоңғарияға үдере көшкен уақытынан және “оған онша асық болмағанын” айтады. Сондай-ақ Я.П.Гавердовскийдің пікірінше “Сиырлар,-деп жазады ол: қазақтарда басқа малға қарағанда аз болған. Олар жазғы уақытта көшуге жарамсыз, сондай-ақ қыста қорек іздеуге шамасы онша келмейді деп” есептеген .
Мал өсірушілер ірі қараның тұқымдарын асылдандыруда көп көңіл бөлді.
2.Егін шаруашылығы. XVIII-XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың шарушылығында егіншілік біршама маңызды орын алды. Бұған дейін қазақтарда егін шаруашылығы мүлдем болған жоқ, олар таза көшпелі мал шаруашылығымен айналысады деген пікір үстем болып келді. Мұның негізгі себебі, деректерді дұрыс зерттемеу, этнографиялық материалдарға дұрыс сүйенбеу. Өткен ғасырдың авторлары өздерінің пікірлерінде дәйекті мағлұмат бере алмады. Мысалы, Қазақстанның Оңтүстік аудандарында 1859-1860 жылдары болып қайтқан М.И.Венюков өз еңбегінде қазақтардың аз ғана бөлігі егін шаруашылығымен айналысатынын айта келіп, “халық нанды пайдалануды әлі үйренген жоқ, оны етпен, құрт және мал шаруашылығының басқа да өнімдерімен алмастырып отырды” - деп жазды.
Керісінше XVIII ғасырдағы Шығыс деректері қазақтардың егіншілікпен айналысатындығы жөнінде деректер келтіреді. Мысалы, XVIII ғасырдың екінші жартысында Цинь үкіметі комитетінің құрастырған “Батыс аймақтардың географиялық суреттемесі” деген еңбекте: “қазақтар мал шаруашылығын қуаттайды, алайда олар жер өңдеумен де айналысады” – деген.Шынында да деректерді дұрыс пайдалану XVIII ғасырда Қазақстанның экономикалық өмірінде егіншіліктің зор роль атқаратындын көрсетеді. Ферғананың тамаша білгірі В.Наливкин қазақ малшыларының егіншілікпен айналысуын экономикалық қажеттіліктермен түсіндіреді. “Бір ғана мал шаруашылығы негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыра алмағандықтан, қазақтардың көп бөлігі егіс далаларын иеленуге тырысты” [201, с 39].
XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген көптеген авторлар қазақ арасында жер өңдеу кәсібі өркендемеген, тіпті жер өңдеу кәсібімен айналысушылардың өзі де “оған оншалықты мән бермеген” деген тұжырым жасамақ болған. Орынбордан Бұхараға дейін аралаған барон Мейендорф қазақтарды тек көшпелі шаруашылықпен айналысушылар, жер жырту кәсібіне ешқандай икемі жоқ халық деп сендіргісі келеді. Бұл мәселеге Г.И.Спасский басқаша көзқараспен қарады. Көшпелі халықтар арасында егін салу жағынан қазақтарға ешкім тең келе алмады. “Құрғақ құмдақ жерлерді де құнарлы аймаққа айналдыра алады”,- деп жазды Г.И.Спасский .Қазақ малшыларының егін шаруашылығына көшуіне Қоқан хандығы тұсындағы өзбек егіншілерімен тығыз байланыс та әсер етті. Қазақ еңбекшілері өзбектермен жер өңдеуді және көрші бола отырып, олардан ирригация жұмысын атқаруды үйренді, еңбек құралдарын жетілдірді, тұқымды сақтау әдістері және т.б. егіншіге керекті білімдерін толықтырып отырды.
Орта Азия мен Қазақстанда егін шаруашылығы ежелгі заманнан жасанды суландыру негізінде өңделген әр түрлі егіншілік дақылдар орналасқан тау бөктері мен алқаптарда шоғырланды. Егін шаруашылғының екі түрі дамыды; суармалы және богарлық (қолдан суарылмайтын) егістік, суармалы егіншілік Оңтүстік Қазақстан территориясы арқылы өтетін Сырдария, Қуаңдария, Жаңадария, Арыс, Шаян, Сарысу, Келес, Талас, Шу т.б. сияқты өзенді алқаптарға негізделді. Олардың ішіндегі ірісі – Сырдария. Атақты шығыстанушы С.П.Толстов былай деп жазады:“Хорезм және онымен қатарлас аудандар суармалы егіншіліктің ежелгі орталықтары болып табылады. Ежелгі уақыттан мұнда дәнді және техникалық дақылдар егу дамыды, сонымен қатар мақталық, жүзімдік, бау-бақшалық та болды. Мұны археологиялық қазбалар кезінде табылған бидайдың, тарының, арпаның, мақтаның, жүзімнің, қауынның дәндері, өріктің және басқа да жеміс-жидектердің сүйектері растайды. Осы ауыл шаруашылық дақылдары б.д. бірінші мыңжылдықтың ортасында белгілі болды”.
Сырдария өңіріндегі егіншілік жайлы Тәуке ханның ордасына барған орыс елшісі В.Кобяков былай деп еске алды:“Ал, Тәуке ханда астық, бидай, арпа да, тары да көп шығады, ал астықтан күздік және жаздық бидай егеді” . Бұл ауданда XVIII ғасырдың 20-30-шы жылдарында жоңғар феодалдарының жойқын шапқыншылығына байланысты егіншіліктің біраз құлдырағаны байқалады. Талас, Шу, Жетісу өзендерінің бойлары ежелден егіншілік мәдениетінің орталықтары деп есептеледі, ежелгі мекен-жайлардың көптеген жұрттары Ұлы жүз жерінде егін салудың тәуір тарағандығы туралы И.Г.Георги былай деп жазды: “Үлкен Орданың қазақтары…тұрақты қысқы қыстауларында тұрады, бірақ жазда көбінесе қамыс күркелерде мекендейді, алайда өз үйінің тұрған жерін ілуде бір ғана өзгертеді. Олардың бірсыпырасы егіншілікпен анағұрлым ыждағатты, тыңғылықты және қажырлы шұғылданады” .
Орталық және Шығыс Қазақстанда дәнді дақылдардың өсірілетіні туралы Н.П.Рычков пен И.Г.Андреев жазған болатын. Онда:“Қазақтардың егістігінде бидай, тары, арпа және мақта өсіріледі”– деді.
Сырдария қазақ даласындағы егіншіліктің маңызды орталығы болып қала берді. Бұл туралы Сырдария сағасында болған көптеген орыс зерттеушілері мен саяхатшылары жазған: Н.Н.Каразин “Орынбордан Ташкентке дейін” деп аталатын еңбегінде:“Сырдариядағы ежелгі суландыру жүйесінің іздері бұрынғы отырықшы халықтың тұрған аймақтарының жақсы тұрмыс жағдайы туралы куәландырады. Сырдарияға жақындай берсеңіз, бұл іздер айқын көрінеді. Ақырында жақын маңдағы ауылдар мен қалалардың құрылысы және де бау-бақшаның көрінісі сіз тани алмайтын енсіз, көк алқапты шалғындыққа әкеп соғады” .
XVIII ғасырдың ақыры мен XIX ғасырдың бас кезінде Қоқан, Хиуа феодалдарының үздіксіз жасаған шабуылына қарамай, Сырдария бойында егін шаруашылығы кең өріс алады, біртіндеп ол дербес шаруашылық болып бөлініп шықты. Сырдария аңғарында жер игеру кәсібінің етек алуына байланысты суармалы егінішілік жоғары дәрежеде өркендеді.
Әсіресе Әмудария мен Сырдария бассейндеріндегі қарама-қайшылық мынадан көрінді: мұнда мал шаруашылығынан гөрі егіншілік басым түсіп, қалалар мен ауылдар пайда болды, Орта Азиялық хандықтардың негізін құраған отырықшылық қалыптасты. Бұған қатысты ерекше сипаттар Сыр өзендерінің төменгі ағысында сақталып қалды және Әму жағасы мен Сырдың жоғарғы ағысында көшпеліден отырықшылыққа өтуді құрайды. Егіншілердің көшпелілермен тілектерінің тұрақты қақтығысынан және мұнда егіншілердің өмір сүруіне әсер ететін жергілікті жердің қасиетінің арқасында бұл өзгешелік мүмкіндігінше дамыды.
Сырдың төменгі ағысы егіншілер үшін өте маңызды болды. Жазда Орта Азиялық далада аптап ыстық болды, жаңбыр жаумады, сондықтан егін жасанды жолмен суарылды. Кішкентай өзендер суландыру үшін қолайлы болмағандықтан, сонымен қатар суландыру үшін қолайлы Сырдарияның төменгі бөлігі ойпаң жазық бойынша ағады. Жердің топарығы тұзды немесе құмды және жерді өңдеуге тиімсіз, бірақ суару екі түрлі пайда әкелді:
жерге егіннің өсуі үшін қажетті ылғалдылық береді; 2) өзеннен бөлінген шөгіндінің нәтижесінде жыртылған жер құнарланады. Бұған егіс топырағы тұзды Хиуа мен Бұхар оазистеріндегі және Сырдағы жақсы егін өнімі дәлел бола алады.
Кіші және Орта жүздерде егіншілік едәуір дәрежеде орыс қоныс аударушыларының ықпалымен дамыды. Орыстармен жиі қарым-қатынас жасап, шаруашылығымен, тұрмысымен танысқан қазақтар олардың шаруашылық әдістерін тез игеріп алды. Егер егіншілікке көшуге жердің тарлығы әсер еткен болса, егіншілікті тез меңгеруге көбінесе орыс шаруаларының себі тиді. Қазақтар негізінен алғанда көлдер мен өзендердің жағалауларында егін салды. Өйткені, батыс аудандарды есепке алмағанда, Қазақстанда егіншілікпен тек қолдан суландыру жағдайында ғана айналысуға болатын еді. Қазақтардың егіншілігін сипаттайтын қолда бар жазбаларға қарағанда, қазақтар барлық жерде өздерінің егістіктерін қолдан суарумен айналысқанын 1847 жылы губернатор Обручев Арал теңізіне барғанда, соның қасына еріп жүрген Нешельдің. қазақтардың ирригациялық жүйесін суреттеген еңбегінен байқаймыз. Оның әңгімелеуіне қарағанда, қазақтар өз учаскелерін үстіңгі жағынан көлемдері әртүрлі шаршыларға бөлген, осы шаршылардың ең үлкендері бір бағытқа есептегенде 8 фут болды. Осы шаршылар арқылы жыралар жүйесі жүргізілді, олар бір жағынан өзенмен немесе көлмен, ал екінші жағынан – ең қашық немесе дөңес болса, қыруар еңбек жұмсаудың нәтижесінде жоғары көтерілген су төмен қарай ағып кетпеуі үшін жыралар көлденең үйінділермен бөгеледі. Су бассейнінен әуелі ең дөңес шаршыға су құйылады, мұның өзі әлгі шаршылар суға әбден кемеріне келіп, толып кеткенге дейін жүргізіледі. Содан кейін жоғарғы шаршылар мен оларға жақын орналасқан шаршылардың арасындағы үйінді топырақты жырып, оларға су жіберді. Қазақтардың өз егістіктеріне қолдан суландыру әдісін қолданғаны жайында генерал майор Броневский де жазды:“Бұқтырма қамалының бас жағынан, Нарын тауының етегі мен тау бұлақтарынан жыралар арқылы келіп жатқан сумен толтырылған едәуір көлемді егістік жерлерді көрдім. Жердің топырағы тастақ болғанымен, ылғалдың, қолдан суарудың нәтижесінде мұнда тары дақылы бітік өседі”.
XIX ғасырдың ортасында Сырдарияда егіншілік кәсібі кедей шаруалар үшін кең түрде жайыла бастады. Әрине, ол кездегі егін салу жұмысы жер кәсібінің ең артта қалған түрі еді. Өйткені, қазақ шаруаларының егіндік жерді жыртарда қолданған қарулары атам заманғы “ерағаш” пен кетпен болған. Қазақтар бидай, тары, ал Оңтүстікте бұлардан басқа жүгері де еккен. Жер өңдеу ісі сондай өте нашар бола тұрса да, тың жер бір десятинасынан 150-200 пұтқа дейін өнім беріп отыратын.
1851 жылы Кіші жүздің барлық үш бөлімін билеуші басшылардың жасаған мәліметтеріне қарағанда, Кіші жүздің тек бір орта бөлімінің өзінде ғана 3755 үй егін кәсібімен шұғылданғанын ашық көреміз. “Жалпы барлық рулардың қазақтары, - делінген сол кездегі бір мәліметте, - мысал үшін айтқанда 20 мың десятинадай жер жыртады. Жерге, көбінесе тары, аздап қана бидай себеді. Сырдария маңында көшіп жүретін қазақтар көбінесе арпа егеді” .
Мал өсіруші байларда жатақтардың тегін еңбектерін пайдаланып, бұларға егін салдыра бастайды. Байдың өзі жаз шығысымен ауыл-аймағымен жайлауға көшіп кететін кезде, қыстау маңындағы егінін бағып-қағып өсіру жұмысын сонда қалатын жатақ-кедейлерге тапсыратын. Мысалы, 27 станцияда 316 десятинаға дейін егін салынған, сонда Жағалбайлы руынан Тәуірбек Арызбаев деген бай қазақтың 30 десятина, осы рудың Саркие аталығынан шыққан Төлеп Тонов деген бай қазақтардың 25 десятина, бұлардан басқа байлардың 10-18 десятинаға дейін салатын егіні болған. Бұл айтылып отырған байлар өздеріне еңбек еткен жатақ кедейлерге еңбек ақы беруді қолданбайтын еді, өйткені ол жалданған кедейлер баймен рулас, аталас болғандығын сылтау қылып, олардың еңбектерін тегін, кең түрде, ерікті түрде пайдаланатын болған.
Сырдарияда жер кәсібі шекара өкіметтерінің тиым салуына қарамастан қарқын алып дами бастады. Бұлар, егер қазақтардың өздері егін егетін болса, онда біріншіден, Ресейдің Қазақстанмен арадағы астық саудасына кеселі тиеді, екіншіден мал басының келіп құлдырауына әкеліп соғады, мал басы азайған соң Ресей империясының ішкі базарларына әкелетін малдан түсетін шикізаттың саны кемиді деп есептейтін. Мысал үшін, Орынбор өлкесіндегі шекара өкіметінің өкілі Бларамбергтің мәліметінше: “Әрине, қырғыздардағы (қазақтардағы - Ө.Қ.) жер кәсібі соншалық қарқын алып кетеді дей қоюға болмайды, ал енді әлдеқалай жағдайда қарқындап дами қалса, онда орыстарға зиян келтірер еді және шекарада тұрушы елдермен алыста жатқан рулардың арасындағы астық айырбастау саудасына қатты зиян келтірген болар еді. Қайсақтардың алыстағы рулары орыстан гөрі мұндағы қайсақтарға сенеді, малдарын соларға айырбастайды. Сондықтан Ресейге мал өсірумен ғана пайдалы болып отырған қырғыздарды жер кәсібімен шұғылдандыру оларда мал шаруашылығын өркендетуге мүмкіндік бермейді, сөйтіп шекарадағы елдердің көбі өздерінің өндіретін заттарын оңай өткізетін орындарынан айрылады... Қазақтардың жер кәсібімен айналысуын шектеу қажет, сол үшін мал шаруашылығын өсіруге оларды қызықтырып, мал басын көбейткендеріне марапат және әртүрлі жеңілдіктер беру керек”. Осы пікірді ұстай отыра шекара өкіметі Қазақстанда жер кәсібінің күшеюіне қарсы түрлі әрекет жасауға тырысады. Дегенмен, Перовскийдің егіншілердің жер үйлерін мүлде көміп тастаңдар деп берген бұйрықтары сияқты жасаған шаралары да іс жүзінде ешқандай нәтиже бермеген. Қалай дегенмен де қазақтар жер кәсібінің мәдениетін меңгеру және жарым-жартылай жерге орналасу ісіне ақырындап болса да бейімделіп, кәсіптері аз да болса ілгерілей берді.
Жер кәсібіне төселіп үйренуде қазақ егіншілері орыс шаруаларының жұмыс тәжірибесінен өте көп үлгі алған. Қазақ егіншілерінің кейбір жерлерінде ерағаш орнына бері келе соқа қолданылады. Қазақ еңбекшілері біртіндеп жерді өңдеудің пайдалы екендігіне көздері жетіп, түсіне бастайды. Сол мақсатпен олар өздерінің егісті жерлеріне қысы-күзі егіс маңайындағы ауылдастарының қойларын жайып, жазғытұрым осы көңді жерді егін егу үшін жыртатын болды. Қамыт, дәрте сияқты орыс шаруалары қолданатын ауыл шаруашылығына керекті саймандар қазақ егіншілері арасына тарала бастайды.
Бекіту сұрақтары:
1. Мал шаруашылығына байланысты төрт түлік малдарды жыл маусымдарында қалай бағып күткен ?
2.Егін шаруашылығының қандай түрлері болды?
3.Түйелердің тұқымдары қалай аталған?
4.Жылқы тұқымын қалай тәсілмен асылдандырған?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №14-15 ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Ресейлік саяси-әкімшілік жүйесінің Қазақстанға еңгізілуі.
Негізгі ұғымдар: Орынбор қазақтары жарғысы (устав), округ, болыс, шекаралық комиссия, әкімшілік-территориялық басқару жүйесі, дистанциялық жүйе, приказдар, казак, казачество.
Жоспар:
1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.
2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғы.
3.ХІХ ғ. ортасында Қазақстандағы казак әскерилері.
4.Жаңа әкімшілік –территориялық жүйе құрылымы.
Мақсаты: Ресейдің қазақ даласындағы билігінің беки түскенін көрсету. Әкімшілік басқарудағы өзгерістердің отарлық сипатын ашу. Казак әскерлерінің қазақ даласындағы Ресей қол шоқпары екенінің негізін дәлелдеп беру.
Лекция
1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. Ресей империясының езінің ауқымы мен ұзақтығы жағынан дүние жүзі тарихында бұрын-сонды болмаған көлемде шаруаларды қазақ жеріне жаппай қоныстандыруы қазақ халқының ежелден қалыптасқан салт-дәстүрі, шаруашылық жүйесін үлкен езгеріске ұшыратты. Қазақстанның едәуір бөлігі құрамына енгеннен кейін Россия үкіметі XIX ғасырдың 20 жыддары қазақ арасында хандық екіметті біржолата жойып, ел басқаруды жалпы россиялық тәртіпке жақындатуға кірісті. Бұл шараларды іске асыру Орта жүзден басталды. Орта жүзде хандық өкімет Батыс Сібірдің генерал-губернаторы М.Сперанский жасаған "Сібір қырғыздары туралы Уставқа" сәйкес 1822 жылы Қазақ хандығы жойылып, жаңа әкімшілік бөлу енгізілді. Бұл жүйе бойынша 50-70 үй бір ауыл, 10-12 ауыл бір болыс, 15-20 болыс бір округ болып бірікті. Округта жоғары әкімшілік аға сұлтан басқаратын округтық приказ болып есептелді. Ол округтық басқармаға қарады. Приказдың құрамы әскери губернатор тағайындайтын 2 орыс және 2 жыл мерзімге билер сайлайтын "беделді" 2 қазақ заседателінен түрды. Аға сүл-таңды сайлауға тек сұлтандар қатысты. Болысты сұлтандардан сайланатын болыс басқарды. Өкіметтің төмен өкілдеріне сұлтандар қатыспайтын "қазақтардың өздерінен" сайланатын ауыл старшыңдары жатты. Сот билігі билердің қолыңда болды. Ал кіші жүзде хаңдық өкімет 1824 жылы Азия комитеті бекіткен Орынбор генерал-губернаторы П.П.Эссеннің "Орынбор қазақтары туралы Устав" деп аталған жоба (1822) негізінде жойылды. Қазақстаңда хандық өкіметтің жойылуы патша үкіметінің отаршылдық саясатына сай жүргізіліп, рулық алауыздықтардың тууына себеп болды. Елдің экономикалық жөне саяси дамуына кері әсерін тигізді. Хандық өкіметті жою азаттық қозғалысқа айнадды.
Сонымен, Қазақ даласында билік әкімшілікке орай және жер мәселесіне байланысты талай ережелер, "қосымшалар" мен уақытша заңдар шығып мойынға түскен қыл арқан тарылатүсті.
1822 жылы Сібірді басқару туралы Ережелер шығуына байланысты қазақ даласын басқаруға көзқарас өзгерді, орыс зандарын біртіндеп енгізу басталды. Қазақ даласы приказдар басқаратын округтерге бөлінді: округтер болыстарға, ал ол өз кезінде ауылдарға бөлінді .
Ресей империясының Қазақстанды отарлауы қазақ ауыл шаруашылығында қалыптасқан өндіргіш күштерді бүзу жолымен жүргізілді: "өлкенің дамуына және өндіргіш күшке айрықша кері әсер етті. Казактар мен келімсектер алған кең байтақ жер бөліктері көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен — егін шаруашылығымен айналысудың орнына түрлі формада қазақтарды қанаумен айналысты. 1848 жылы 100 десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған. Қапал станциясының казактары 1855 жылы, яғни 8 жыл өткен соң тек 1826 десятина жерге еккен, бұл қырғыз-дардың (қазақтардың) бүрынғы егінінің 7 проценті ғана" . Оған қоса шаруалар арқылы отарлау қазақ еңбекшілерінің егін шаруашылығын бұлдіруге жол ашты. Олар жерді суландыруды білмейтіндігінен көптеген егіншілік жерлер шөл далаға айналды. Сондықтан да отарлау қазақтың егін шаруа-щылығын өркендетуге кері ықпал етті.
1822 жылы "Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Уставтың (жарғы)" негізінде Орта жүздің территориясы және Ұлы жүздің біраз жері 8 округқа бөліңді, округтарды округтық приказдар басқарды. Округтар болыстарға бөлінді, болыстар өкімшілік ауылдардан түрды, ал ауылда 50-70 түтін болды. Болыстарды болыстық сұлтандар, ауылдарды ауыл старшын-дары басқарды. Округтар Омбының облыстық басқармасына бағынды. Кіші жүзде хан өкіметі 1824 жылы жойылды, билеуші-сұлтандар басқару 3 бөлікке болініп, басқарудың дистанциялық жүйесі енгізілді. Барлық лауазымды қызмет адамдарын Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. Хан өкіметін жою және басқарудың жаңа тәртібін енгізу патша үкіметінің мүддесіне сай келді. Сонымен бірге басқару жүйесіндегі өзгерістер әлеуметтік-саяси жагдайға, өлкенің еңдіргіш күшін дамытуға кері ықпал етті. Бұл халықтың наразылығын тудырып, XIX ғасырдың 20-40 жыддары ұлт-азаттық қозғалыстарға әкелді. Ең ұзаққа созылғаны 1837—1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған азаттық күресі болды.
Қорыта келгенде 1822 жылы шыққан "Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы (Устав)" бойынша, Орта жүзде хандық таратылған еді, жері округтерге белінген болатын. Кіші жүзде, жал-қүйрығы күзелген, патша үкіметіне мейлінше тәуелді Ішкі Орда аталмыш ат тебеліндей Бокей хандығы ғана сақталған болатын. 1845 жылы Жәңгір ханның өліміне байланысты бұл хандық та күшін жойды. Оны уақытша кеңес арқылы басқару, ханның шын мұрагері — орыс шенеунігінің қолына көшті.
Тарихи жағынан қазақ жеріндегі хандық мемлекет қазақ-тардың мүддесін қорғап кедді, ейткені хандық уақыттта осы аумақта езге этностар кеп болған жоқ. Сондықтан да қазақ даласындағы басқару ережелерінің жобасы жоніндегі комиссияның түсіндірмесінде: "Басқару ісіне қойылған хандар Ресейге талай рет опасыздық жасады... оның үкіметке зиянды екеніне көз жеткізіп, хан қызметі жойыдды"1 делінген. Бұдан кейінгі орыс саясаты 1824 жылы хандық биліктің және одан кейін 1844 жылы басқарушы сұлтандардың жойылуынан 1865 жылы Ресейге Үлкен Орданың қосылуы, Ресей үкіметінің Қазақ даласында хандық билікті жойып, рулық бірлікті әлсіретуін халықтық және шынайы бейбітшілікті жойды.
Жаңа әкiмшiлiк басқару жүйесi бойынша Орынбор қазақтарын басқару Орынбор Шекара Комиссиясына жүктелген. 1825 жылы наурыздың 1 күнi Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы болып Г.Ф.Генс тағайындалады.
2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғы.1824 жылғы реформа бойынша жоғарғы басқару орны болып Орынбор Азия басқармасы құрылады. Оның құрамында төрағасы, 2 кеңесшi, 2 асессор қазақтардан 4 депутат және 2 депутат Бұқар мен Хиуа хандығынан. Орта Азия хандықтарынан депутаттар енуiнiң себебi, Орынбор қаласы қазақ даласы арқылы өтетiн керуен саудасының орталығына айналады.
Бұл мекеменiң негiзгi мiндетi:
Қазақ даласында тыныштық орнату;
шекара бойында қазақтарды басқаруды бақылау;
Азиядағы жағдайды бақылау;
сот iсiн жүргiзу (әсiресе саудаға байланысты);
iздеу салу қызметi. Орынбор Азия басқармасы мен Орынбор генерал-губернатор тiкелей Сыртқы Iстер Министрлiгi жанындағы Азия департаментiне бағынады.
Шекара басқармасына шекара бойындағы бекiнiстер бағынышты. Барлық шекара шебi 11 дистанциядан тұрады. Дистанцияны орыс офицерi басқарады. Мiндетi: шекара бойында тыныштық орнату, бақылау жасау, Орынбор Шекара Комиссиясы басқаратын аға сұлтандардың кеңсесi болған, олардың штаттарын Орынбор Шекара Комиссиясы бекiткен. Орынбор Шекара Комиссиясының 1828 жылы бекiтiлген жаңа штатында лауазым иелерiнiң жалақысы ептеп арттырылады. Мәселен, аға сұлтан жылына 1200 сом күмiстей жалақы алуымен қоса 60 пұт ұн алатын болған. Ал аға сұлтанның кеңсесiнде қызмет iстейтiн тiлмаштың жалақысы жылына 600 сом күмiс ақша.
Бұдан бiз Кiшi жүз қазақтарын басқару үшiн Орынбор Шекара Комиссиясы мемлекеттiк қаржыны аямағанын көремiз. Жалпы Орынбор Шекара Комиссиясының кеңсесiн қаржыландыру үшiн жылына 96 100 сом жұмсаған. Кiшi жүз аға сұлтандарына, старшындар мен билерге жалақыдан басқа сыйлықтар және атақтар берiлген. Бұл мысалдардан Ресей империясы басқару жүйесiнде қазақтарды бiртiндеп мемлекеттiк қызметке қызықтыра отырып, отарлық саясатты iшкi қазақ даласына енгiзе бастағанын көремiз. Жаңа басқару жүйесi бойынша аға сұлтанның мiндетi былайша анықталады: «...Қырғыздардың iс-әрекеттерiн бақылау, халықтың санын анықтап, түтiн санын, мал санын әр уақытта бiлiп отыру, орыс үкiметiнiң нұсқауларын бұлжытпай орындау. Қазақ арасындағы барымтаға жол бермеу». Қазақ даласында Ресей империясының көзi мен құлағы болып отырған әр аға сұлтанның қарамағына 200 казак солдатынан құралған отряд берiлген. Отрядтың мiндетi аға сұлтанды қорғау және Шекара Комиссиясының нұсқауларын қазақтарға бұлжытпай орындаттыру. Аға сұлтандар жылына екi рет елге шығып отырған. Ондағы негiзгi қызметi салықты жинауға көмектесу. «...Аға сұлтан салықтың дұрыс жиналуын тексерiп, түтiн саны, халықтың саны, ауыл, бөлiмшелер туралы мәлiмет алуы керек» - делiнген.
Әрбiр аға сұлтан елдi аралап келгеннен кейiн Орынбор Шекара Комиссиясына жазбаша түрде есеп берiп отырған. Сонымен, жаңа басқару жүйесiн енгiзе отырып, Ресей империясы қазақ даласын аға сұлтан арқылы басқарып, халықты күшпен, озбырлықпен билегенiн көремiз.
Ал, 1844 жылғы реформаларға келетiн болсақ, кiшi жүз даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс Ресей империясының отарлық саясатына айтарлықтай қиындық туғызады. Ресей патшасының Кiшi жүз даласындағы әкiмшiлiк басқару жүйесiнiң әлсiздiгi, жергiлiктi басқару әкiмшiлiгi сенiмсiздiк туғызды. Сондықтан Ресей отарлық басқару жүйесiне өзгерту енгiзу, алыс қазақ ауылдарына орыс мемлекеттiк әкiмшiлiк басқару жүйесiн жаңадан құрып, жергiлiктi қазақ әкiмшiлiгiн бақылауды күшейту керек болды. Кiшi жүз даласында орыс-казак отарлық саясаты мемлекеттiк деңгейде қарастырылып, бұрынғыша сұлтандық басқару жүйесiн сақтай отырып, өте сақтықпен жүргiзу керек болды. Екi жүйе – Сiбiр жүйесi және Орынбор ведомствасын басқару жөнiндегi заңдық актiлердiң ұзақ уақыт бойы әзiрленбеуi, аяқталмаған сипаттағы қаулысын қолдануы. Қазақтарды басқару туралы заңның анық болмауы Орынбор Шекаралық комиссиясы мiндетiнiң де айқын тұжырымдалмауына әкеп соқты. 1838 жылы сыртқы iстер министрлiгi Орынбор әскери губернаторы В.А.Перовскийдiң алдына:
«Орынбор Шекаралық комиссиясының iс-қимыл ауқымы, оның мiндеттерi, бағыныштылық ретi, бекiнiстi шептер бойындағы және басқаларындағы iстер бойынша басқа жерлерге көзқарасы, оның iшкi құрамы, қандай да болсын iстердi бөлу және жүргiзу тәртiбi және басқалар дәл әрi айқын анықталсын», - деген мiндет қойды. Бұл үшiн бiрнеше жоба әзiрлендi. Қорытындысында 1844 жылы маусым айының 14-де Николай I жаңа Ереженi бекiтедi. Бұл құқықтық сипаты бар құжат әртүрлi толықтырулармен, қосымшалармен 1868 жылы қазан айында қабылданған, «Уақытша ережелерге» дейiн өзiнiң күшiн сақтады. Мазмұнына қарасақ, Ереженiң басты мақсаты «Орынбор немесе Кiшi Орда қырғыздарын басқаруды жаңа ахуалға сәйкес қайта құру». Ереженiң түпнұсқасы толық баламасы «Материалы по истории политического строя Казахстана» деген құжаттар жинағында 1960 жылы 226-258 беттерде жарияланған. Осы ереже бойынша көптеген мiндеттер қойылды.
-орданы басқарудың түбегейлi өзгертпей, осы кезге дейiн болған тәртiптiң басты негiздерiн қалдыру;
-Бұхар мен Хиуа хандықтарымен сауда қатынасын дамыту үшiн керуен сауда жолдарын нығайту;
-далада қарақшылардан қорғану, Кенесары ықпалын болдырмау;
-сол қазақтарды басқаратын Орынбор Шекаралық комиссиясына Шекаралық басқарма бойынша барлық iстердi ойдағыдай жүруiн қадағалап отыруға көп қаражат беру;
-жақсы, қорғану бекiнiстерiн салу.
Соңғы сөзiмiз дәлелдi болу үшiн, қазақ жерiнде көптеген бекiнiстер бой көтердi. 1845 жылы Орал, Торғай бекiнiстерi, 1847 жылы Райым, 1848 жылы Орал мен Ор бекiнiсi.
Ереже 8 бөлiмнен тұрады: 1 – жалпы жағдай, 2 – басқарудың құрамы, 3 – шендi қызметкерлердi қабылдау және жұмыстан босату, 4 – басқаруды ұйымдастыру дәрежесi, билiкке бағыну және қарым-қатынастардың ахуалы, 5 – мiндеттер мен жауапкершiлiк, 6 – iстi атқарудың жағдайы, 7 – сотқа тарту, 8 – кiрiс және жоғарғы буынға есеп беру.
Әкiмшiлiк билiк – тiкелей аумақтық басқару – Орынбор әскери губернаторының қолында шоғырланғанымен, тiкелей осы мәселелердi қадағалау, үйлестiру Азиаттық департамент арқылы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелдi. 1824 жылғы ережеге сай Бөкей Ордасын басқару да Сыртқы iстер министрлiгiне берiлген едi. Жаңа Ереже Орданы мемлекеттiк мүлiк министрлiгiне бағындырды. Сонымен, екiге жарылған бұрынғы Кiшi жүз 1844 жылғы Ережеге сай Петербургтегi бiр-бiрiне тәуелсiз әртүрлi екi министрлiкке ажыратылады. Екiншi жағынан алғанда, Кiшi және Бөкей Ордасы шынайы күшейiп алған Жәңгiрдiң толық билiгiнде болғанымен де Орынбор шекаралық комиссиясы сөз жүзiнде Едiл мен Жайық арасындағы хандықты бақылауды өз қолында ұстап қалды. Әскери губернатормен қатар одан да бiр саты жоғары тұрған шекаралық жалпы басқарудың үйлестiретiн лауазымды шенеунiк болды. Кейiннен шекаралық төрағаның барлық функциялары Орынбор губернаторына жүктелдi. Келесi билiк дәрежесi жағынан жоғары сатыға көтерiлген Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы (действительный статский советник) немесе қызмет бабын ажырататын шен бойынша полковник шенiндегi қызметкер. Шекаралық комиссияның штаты – 4 кеңесшiден, 4 көшпендi қазақтар арасынан тағайындалған отырыстарға тұрақты қатынасатын, сондай-ақ комиссия құрамында төтенше жағдайда ерекше тапсырмаларды дереу орындайтын тағы да екi шенеунiк және дәрiгер, мал дәрiгер, көптеген қызметкерлер кiрдi. Шекаралық комиссияның мүшелерiн – сыртқы iстер министрлiгi, ал заседательдердi Орынбор әскери губернаторы тағайындайды.
Патша үкiметiнiң басты тiрегi, әрине, билеушi-сұлтандар. 1824 жылғы ереже Кiшi жүздiң Батыс, Орталық және Шығыс аудандарын арнайы басқаратын ел билеушi сұлтандарды бекiткенi белгiлi. Жаңа Ережеге сай Жоғарғы Тобол және төменгi Тобол өңiрлерiн басқаратын қосымша екi билеушi сұлтанды қосу. Бұған қоса дистанция бастықтарының саны 75 адамға жетуге тиiс болды.
Орынбор ведомствосы басқару құрылымының төменгi буыны «жеке басқару дейтiннен тұрды, ол билеушi сұлтандардан, дистанция бастықтарынан және қазақтар арасынан тағайындалатын ауыл бастықтарынан құралды. Әрбiр билеушi – сұлтанның жанында үнемi 100-ден 200 адамға жететiн казак отряды, ал одан басқа – көмекшi, хатшы, iс-қағаздарын жүргiзушi және бес шабарман болды. Сұлтанның мiндетi: қарамағындағы халықты тәртiптi етiп, үкiметке адал және айтқанынан шықпайтын етiп ұстауға тиiс. Дистанция, ауыл бастықтарын тағайындауды лайықты, сенiмдi адамдарды таңдап алу жүргiзiлдi.Ал оларды қаржыландыру мекеменiң бiр жылдағы қаржысы 64454 сом, оның 18579 сомы қызметкерлердiң жалақысы мемлекеттiк қазынадан, ал 45874 сомы түтiн салығы арқылы жиналды.
Ережеде тұңғыш рет қазақтарды емдеу, дәрiгерлiк көмек көрсету көңiл бөлiндi. Өйткенi қазақтар арасында шешек ауруларының таралуы себеп болды. Бiрақ бұл жүйенi пәрмендi түрде 1867-1868 жылға дейiн бiр қалыпқа қоя алмады. Қазақтар арасынан арнайы фельдшерлер даярлап, Орынбор әскери госпиталында тәжiрибеден өтетiн. Қазақтардың күнкөрiсi малмен байланысты болғандықтан, 1845-1853 жылдары арнайы мал дәрiгерiн даярлау iсiмен айналысып, мал ауруларын бақылауға алған.
Әсiресе, сот iстерiндегi өзгерiстер. Сот мәселесiне Ереженiң 22 тарауын арнағанын көремiз. Жылдан-жылға әлсiреген билердiң орнына орыстың империялық сот жүйесiнiң көрiнiстерiн күшпен ендiру царизмнiң басты мiндеттерiнiң бiрi болғаны түсiнiктi. Үкiметке бағынбау, кiсi өлтiру, тонау, барымта әскери сот қарауында, ал ұрлық, алаяқтық 50 сомнан аспайтын мүлiктiк талап арызды азаматтық қылмыстық сот қарады.
3.ХІХ ғ. ортасында Қазақстандағы казак әскерилері. XIX ғасырдың екінші ширегі Қазақстанды әскери отарлаудың шешуші кезеңі болды. Ресейдің қазақ даласына жүз жылдан астам уақытқа созылған өңмеңдеуі, оңтүстік аймақтарды қоспағанда, өлкенің барлық дерлік аумағының империя құрамына косылуына әкеп соқты. Бұл Қазақстанның саяси бытыраңқылығының, күрделі сыртқы жағдайының салдарынан ғана емес, сонымен қатар Ресейдің сөзсіз әскери басымдығының нәтижесінен болды, ал оның армиясы сол кезде Еуропадағы ең куатты армиялардың бірі еді. 1825 жылы орыстың құрғақтағы армиясында 526 мың адам болды..
XIX ғасырдың ортасында Ресейдің Казақстандағы қарулы күштері тұрақты әскерлер мен тұрақты емес әскерлерден тұрды, олар екі әскери құрамаға біріктірілді. Жеке Орынбор корпусына 23-жаяу әскер дивизиясы (10 шептік батальон кұрамында), Орал және Орынбор қазақ әскерлері, башқұрт-мещеряк қазақ полкі кірді. Корпустың штабы Орынборда орналасты, өлкенің әскери губернаторы кызметі бойынша оның командирі болды. Жеке Сібір корпусына 24-жаяу әскер дивизиясы (15шептікбатальон құрамында),екі гарнизондық батальон және Сібір шебінің қазақ әскері кірді.Корпустың штабы Омбыда орналасты, оның командирі Батыс Сібір әскери губернаторы болды.
Казақстанның бүкіл дерлік аумағын батысынан шығысына карай бекіністері, форттары, форпостары, кордондары мен пикеттері бар үздіксіз әскери шептер тізбегі коршап жатты. Мәселен, Орал шебі Гурьевтен Илецк корғанысына дейін созылды және XIX ғасырдың басында 19 форпост пен 5 бекіністен тұрды. Төменгі шепте - 6 мың, жоғарғы шепте - 7 мың, Оралдың өзінде 17 мың қазақ орналасты. Ал 1857 жылға қарай төменгісінде - 21 мың, жоғарғысында - 45 мың, Орал қаласында 11 мың қазақ болды.
XVIII ғасырдың 30-жылдарында-ақ құрыла бастаған, Верхнеяицк және Үй бекіністі шептерінен тұратын Орынбор шекаралык шебі күшті қорғаныс болды. Верхнеяицк шебі Орынбордан шығысқа қарай созы-лып, 9 бекініс пен 16 редутты қамтыды және екі дистанцияға: Красногорск және Орск дистанцияларына бөлінді. Красногорск дистанциясы - 4 бекініс пен 6 редуттан, Орск дистанциясы 5 бекініс пен 10 редуттан тұрды. Үй шебі Верхнеяицк бекінісінен Тобылдағы Звериноголов бекінісіне дейін созылып, 8 бекініс пен 9 редуттан тұрды, Верхнеуйск және Нижнеуйск дистанцияларына бөлінді. Верхнеуйск дистанциясы - 3 бекініс пен 5 редуттан, Нижнеуйск дистанциясы 5 бекініс пен 4 редуттан тұрды.
1810-1822 жылдарда Новоилецк әскери шебі құрылады. Ол алты форпостыдан (Изобильный, Буранный, Новоилецк, Линевск, Угольный және Ветлянск), Ханский редуты мен Бердянск бекінісінен тұрды.
1835-37 жылдарда Орынбор әскери шебінің бір бөлігі ретінде Жаңа шеп құрылады. Ол Орск бекінісінен басталып, солтүстік-шығыска қарай жүріп, Үй өзенінің Тоғызаққа құйылысындағы Березовский редутына дейін жетеді. Оның ұзындығы 478 шақырым болды.
Осы әскери шептердің бәрі ұзындығы 1780 шақырым болатын (Гурьевтен Батыс Сібірмен шекарадағы Алабұға отрядына дейін) Орынбор әскери-шекаралық шебінің кұрамына кірді.
Онда 2-дәрежелі бекіністер қатарына жататын және француз инженері Вованның жүйесі бойынша салынған Орынбор бекінісі басты бекініс деп саналды. Ол тас қабырғалы, қақпалары мен бекіністік орлары бар ұзак мерзімді сипаттағы қамалдық 11 форттан тұрды. Бекіністің сыртында оған кіреберісті корғап тұрған үш форштадт болды. Орск бекінісі 3-дәрежелі бекініске жатты, кұм үйіліп, ормен коршалды, сырт жағынан өзен қорғап тұрды. Орынбор, Орск және Илецк корғанысы бекіністері Орынбор және Орск инженерлік командалары мен әскери-жұмысшы ротасынан тұратын Орынбор инженерлік округіне қарады. Олар 14-гарнизондық артиллерия бригадасы орналасқан Орынбор артиллериялық гарнизондық округінің кұрамына да кірді. Бекіністердің қару-жарағында әр түрлі 130 зеңбірек, ал далалық бекіністерде (Новопетровск, Карабұтақ фортында және баскаларында) 54 зеңбірек (пушкалар мен единорогтар) болды. Орынбор және Орск бекіністеріндегі, Новопетровск бекінісіндегі артиллериялық қару-жарақ күшті болатын.
Әскери жағынан Орынбор әскери шебінің зор маңызы болмады, өйткені «әскери іспен таныс емес және кандай да болсын кұрылғыдан хабарсыз» әлсіз көршілері, соның ішінде казактар да Ресейге қарсы әлдебір елеулі әскери әрекет ете алмайды деп саналды. Сондықтан мұнда мықты бекіністер емес, қайта кордондық кызметті қырағы жүргізу талап етілді, ол кызмет Орал және Орынбор қазақ әскерлеріне жүктелді. Қалалар мен бекіністердегі гарнизондық кызметті Жеке Орынбор корпусының жаяу әскер батальондары, мүгедектік және этаптық командалар атқарды.
Орынбор әскери губернаторы В. А. Обручевтің тұсында дала ішінде қазақтар қоныстарының қақ ортасында бекіністер салына бастады, бұл алыстағы аумақтарды бакылауда ұстауға, шептерді Орта Азия хандықтарының шекараларына жақындатуға мүмкіндік берді.
1845 жылғы 7 қыркүйекте Торғай өзенінің оң жағасында,Орскіден 12 шақырым жердегі Бесқопа шатқалына жақын маңайда Оренбургс бекінісінің (Торғай қаласы) негізі каланды. Бекініс жартылай шеңберл шығыңқы жерлері бар редут түрінде салынды. Гарнизон жергілікті қорғанысқа арналған жаяу әскер ротасы мен зеңбірекшілер командасынан барлығы 150 адамнан тұрды. Көшпелі резервке екі зеңбірегі бар, штаб офицер командалык ететін екі жүз орынбор қазағы кірді. Гарнизонны қару-жарағы 1839-1840 жылдардағы сәтсіз аяқталған Хиуа жорығына қалған, шойыннан кұйылған 16 бекіністік зеңбірек пен үш таған тұғырль 100 жанғыш зымыраннан тұратын. Гарнизонның коменданты майор немесе подполковник шеніндегі офицер болды.
Нақ сол жылы Орынбордан 120 шақырым және Ордан 406 шақырым жердегі Жармола шатқалында, Ырғыздың жарлауытты оң жағасында Уральск бекінісі салынды. Гарнизоны Оренбургск бекінісіндегідей бол- ды. Кару-жарағына екі зеңбірек: 6 фунттық бір зеңбірек пен 3 фунтты тауға арналған жеңіл зеңбірек, сондай-ақ үш шақырымға дейін алысқ атылатын зымыран снарядтары кірді.
1847 жылы Арал теңізінің жағасындағы Райым шатқалында, Сырдарииның сағасына жақын жерде Райым бекінісінің негізі қаланды. Оның гарнизоны штабымен қоса Орынбор шебі 4-батальонының барлығы 503 солдат пен офицер болатын екі ротасынан, Орал қазақ әскерінің үш жүздігінен және 14-гарнизондық зеңбірек бригадасының оқпаны әр түрлі 14 мыс зеңбірегінен тұрды, ол 64 әскери лауазым иелерінің басқаруында болды. 1848 жылы Ырғызда Қарабұтақ және Арал теңізінің жағалауында Косарал форттарының негізі қаланды. Сөйтіп Орынбор форттар мен бекіністер тізбегі арқылы Арал теңізімен жалғастырылды. 1853 жылы (Сырдарияда № 1 Қазалы форты мен № 2 Қармақшы форты салынды. Ресей Орта Азияның іргесіне, Хиуа және Коқан хандыктарының шекарасына шықты.
Бұдан да ертеректе 1833 жылы Каспий теңізінің жағалауында, Өліқолтық шығанағында Новопетровск бекінісінің негізі қаланған еді. Гарнизон зеңбірекшілер командасы бар екі жаяу әскер ротасынан, екі жүз орал қазақтарынан тұрды, қару-жарақтан оқпаны әр түрлі 31 мыс және шойын зеңбірегі болды. Алайда орналаскан жері нашар, суы мен климат жағдайы колайсыз болғандықтан бекініс Түпкараған шығанағына көшіріліп, Новоалександровск деп аталды және 1847 жылғы 30 тамызда ресми түрде ашылды. Батыс Сібір генерал-губернаторлығы аумағында да әскери шеп нығайтылды. Оның Тобылдағы Звериноголов бекінісінен Алтайға дейінгі ұзындығы 2 мың шақырымдай болды. Ол төрт әскери шептен: Новоишимск (Пресногорьковск немесе жай ғана Горькая шебі), Ертіс, Бұқтырма, Бийск шептерінен тұрды. Горькая шебі сонау XVIII ғасырдың орта шенінде кұрылып, 16 редуты бар 11 бекіністі қамтыды, Сібір корпусы инженерлік басқармасының құрамына кірді. Алты бұрышты Петропавл бекінісі басты бекініс деп саналды. Оның шығысында төрт бекініс: Полуденная, Лебяжье, Николаевск, Покровск бекіністері, олардың ортасында 9 редут, батысында - алты бекініс: Скөпинск, Становск, Пресновск, Кабанья, Пресногорьковск және Звериноголов бекіністері орналасты. Петропавл бекінісі шептің ең басты артиллериялық арсеналы болды. Мұнда Сібір драгун полкі, жаяу әскер батальоны, қазақтар мен башқұрттардың отрядтары орналастырылды. Лебяжье бекінісі мен Тара дистанциясында Шируан мушкетерлік полкі орналасты.
Ертіс әскери шебі XVIII ғасырдың басында-ақ құрылған еді. Ямышевск бекінісінде 18 зеңбірегі бар 303 адамнан, Семейде - 9 зеңбірегі бар 204 адамнан, Өскеменде - 9 зеңбірегі бар 141 адамнан,Железинскі-де - 6 зеңбірегі бар 72 адамнан, Омбыда - 20 зеңбірегі бар 267 адамнан тұратын гарнизондар болды. Коряковск, Семиярск, Убинск, Черлаковск форпос-тары мен басқаларында да гарнизондар орналасты. Сібір шекаралық шептерінде барлығы 18 бекініс, 31 редут, 13 форпост, 23 станция, 35 шамшырак (маяк) тұрды.
XIX ғасырдың 20-жылдарында ішкі округтерді корғау үшін әскери шептер мен бекіністерді далалы аймаққа сұғынта түсу басталады. Мәселен, 1822 жылдың шілдесінде алғашқы бекіністер - Ақмоладан оңтүстікке қарай 300 шақырым болатын Ақтау тауларында, Сарысу өзенінде Ақтау және Есіл өзенінде Жарқайың бекіністерінің негізі каланады. 1824 жылдың сәуірінде Карқаралы приказы ашылып, майор Тұрсын Шыңғысов аға сұлтан етіп тағайындалды. Оның әскер қосынында (ставкасында) 6 және 7-Сібір полктерінің полковник Броневский басқарған 300 казак орналасты. 1824 жылғы 29 сәуірде Көкшетау приказы құрылды, оның гарнизоны да әскери старшина Лукин бастаған 2 және 4-Сібір полктерінің 300 казагынан тұрды.
Одан соң Баянауыл (1826 ж.), Ақмола және Көкпекті (1827 ж.), Атбасар (1846ж.), Аягөз, Кұсмұрын приказдары, Ұлытау (1846 ж.), Капал (1847 ж.) бекіністері ірге тебеді. Оларға қарауыл қызметін аткару үшін қозғалысқа жеңіл қазақ отрядтары орналастырылды. Мәселен, 1826 жылы жаңадан ірге көтерген Көкшетау және Карқаралы бекіністерінде 452 әскери қазақтан тұратын екі отряд, 1836 жылы - 860 казактан тұратын жеті отряд болды.
1853 жылғақарай олардың саны 2мың казакка дейін өсті, ал 1863 жылы далалық 20 бекіністе 2,5 әскери казак орналасты.
Сонымен XIX ғасырдың ортасында бүкіл Қазақстан аумағы әр түрлі бекіністі шептерден: Жаңаөзен, Илецк, Үй, Новая, Новоишимск (Горькая дейтін), Ертіс, Жем, Ақмола-Көкшетау және Сырдария әскери және шекаралық шептерімен қоршап алынды. Оларда күшті артиллериялық және зымырандық қару-жарақтары, ат жегілетін артиллериялық батареялары бар, жаяу әскер батальондарының, драгун полктерінің, жеңіл қозғалатын казак отрядтарының тұрақты және ауыспалы гарнизондары орналасты. Теңіздегі және Сырдария өзеніндегі операцияларға арналған бес жауынгерлік жалаудан тұратын Арал әскери флотилиясы болды. Осының бәрі қазақ жасақтарынан Ресейдің әскери басымдығын қамтамасыз етті, одан әрі шабуыл жасап, жаңа аумақтарды жаулап алу үшін сенімді алғы шеп болды.
Ресейдің шығыстағы даламен шектес шептеріне орналастыру үшін патша өкіметі казак әскерлерінің сақадай сай жүйесін құрды, ол Ресей мен бағындырылған халықтардың этникалык шекарасында орналастырылып, Азияның терең түкпіріне үдемелдете ене түсу және онда ұлт-азаттық қозғалысын басып-жаныштау үшін тұрақты әскерлердің орнына пайдаланылды.
XIX ғасырдың орта шеніне карай өлке аумағында жақсы қаруландырылып, машықтандырылған, әскери шептер мен бекіністердің кең желісіне сүйенген үш казак әскері болды.Олар қазақ көшпелілерімен ғасырлық күресте қаһарлы әскери күш еді.
Орал (1775 жылға дейін Жайық) қазақ әскері сонау 1591 жылы құрылған болатын. Тарихшы А. Рябинин жайық казактарында бір ғана өліспей беріспейтін жауы болды - олар қазақтар еді деп жазды. Олар «қажырлы, қайсар, қорқуды да, шаршауды да білмейтін жау еді. Жайық қазақтары оларға қарсы нағыз кескілескен соғыс жүргізді».
1803 жылғы 26 желтоқсанда патша он атты әскер полкі кұрамында Орал казак әскері туралы Ережені бекітті, әрбір полкте бес жүздік құрама болды. 1819 жылы әскерге Илецк және Сақмар станицаларының казактары косылды, сөйтіп полктер саны жаңадан қосылған казактардан құрылған тағы да екі полкке көбейді. 12 атты әскер полкінде – 10 мың, 1840 жылы 50 мың әскер шеніндегілер, ал 1856 жылы әскер кұрамында 73 мың казакболды.
Орынбор қазақ әскерін патша үкіметі XVIII ғасырдың орта шенінде, қазақ жерлерінің бір бөлігі Ресей құрамына кіргізіле бастауына байланысты кұрды. Оның кұрылуы үкімет қолданған әскери отарлаудың тікелей салдары болды. Оның мақсаты Еділ бойын, Орал өңірін, Оралды Мәскеу мемлекетіне бекіту, онда әскери бекіністер тізбегін құру еді».
1840 жылғы 12 желтоқсанда император I Николай патшалық рескриптін - «Орынбор казак әскері туралы ережесін» шығарды. Бүкіл әскер екі әскер округіне және он полк отрядына бөлінді, әрбір полкте 870 казак болды. Атты-артиллериялык бір бригада барлығы 774 адамнан құралған үш батареядан және 250 адамнан құралған әскери ісмерлер жүздігінен тұратын. Әскер барлығы 63 мыңға дейін саптағы казактарды шығара алатын. Әскери атаман қызметі бойынша атты әскер дивизиясының командиріне теңестірілді.
Сонымен Қазақстан аумағы XVIII ғасыр бойында және XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресей армиясының тұрақты және тұрақты емес (қазақ) бөлімдері орналастырылатын орын ретінде пайдаланылды. Бұл орыс-қазак шекарасының бүкіл бойында ғана емес, қазақ даласының терең ішкі өңірінен де кұрылды. Осы сансыз көп әскер және қазақ бөлімшелері Ресей империясы оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін камтамасыз етті. Солдаттар мен қазақтар көптеген әскери және кұрылысшылык міндеттер атқарды. Патша үкіметі оларға жердің жақсысын берді, қазақтар мен солдаттар бекіністер, станицалар мен калалар салу кезінде жұмыс күші ретінде кеңінен пайдаланылды. Алайда осынау зор және кымбатқа түскен барлыкқ шаралардың саяси мағынасы мүлде тереңде жатты. Ресей идеологтарының ойлары бойынша, патша өкіметі қазақ даласының шет аймақтар мен терең ішінде берік және біржола орнығып алды. Қаржы шығындарымен және қаншалыкты дұрыс екендігімен санаспай, империялық идеялар өзге ой-пікірлердің бәрінен де басым түсіп отырды. Мұның бәрімен де бітпейді. Казақстан аумағына әскер орналастыра отырып, патша өкіметі Орта Азияға карай ілгерілеу үшін алғы шеп дайындады және ең соңғысы, тегінде, ең бастысы - тұрақгы бөлімдер мен казак әскерлері казақ халкының сана-сезімін тұншыктыруға және ұлт-азаттық қозғалыс күштерін талқандауға арналды. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басшылық еткен көтерілісті басып-жаныштауда нақ солай болды, Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының күрес жылдарында да нақ солай болды, басқа көптеген жағдайларда да нақ солай болды.
4.Жаңа әкімшілік –территориялық жүйе құрылымы. Жергілікті орындарда әрі текті басқару жүйесін зерттеу үшін, қырғыздардың (қазақтар, – Ө.И.) келешек басқару құрылымының жалпы жүйесін бастау мүмкіндігін анықтау үшін, 5 маусымда 1865 жылы патша үкіметінің бұйрығы бойынша қазақ даласына ерекше коммисия іссапарға жіберіледі.
Қазақ даласын Ресей патшалығының қол астына қаратуда патша өкіметінің әкімшілік басқаруын іске асыру арқылы шын мәніндегі отар еліне айналдыру үшін патша әкімшілік басқару жүйесін енгізудегі ізденістерінің нәтижесін талдап, қорытындылаған арнайы коммисияның қазақ даласында болып қайтқан. Қазақ даласының Орынбор және Сібір ведомстволығын жалпы басқарудың қажеттілігін анықтай отырып, Комиссия басты бір негізгі мәселені шешуді ұйғарады: кең даланы алып жатқан далалық облыстардың көлемінде Әкімшілік басқару әрекетін сәтті жүргізе ала ма? Егерде басқару әрекетін жүзеге асыра алмайтын болса, өлкенің аймағының үлкендігінен қолайсыздық болса, қолайсыздықты жою үшін не жасау керектіктерін шешуді ұйғарған.
Бірінші, әйелдер мен еркектерді қосқанда: 750 мың тұрғындары бар Орынбор облысының қазақтары 700 мың шаршы шақырымды алып жатты,
Бір жағынан жол қатынастарының жеткіліксіздігі мен аймықтың өте үлкендігі және өлкенің тәртіпке келтірмегендігі патша үкіметі әкімшілігіне облысты басқаруға қолайсыз болды. Далалық елдерді аралап жүріп-тұрудағы жол қиындығынан бұрыңғы облыс басқармаларына соқпай айналып кетіп журген. Мұрағат деректерінде былайша сипаттайды. «Басқа қазақтарға қарағанда батыс бөлігінің ішкі жағындағы қазақтар тіптен тәртіпке келтірілмеген және халық тұрғындарының мінездері тағы және өте жауынгер, » .
Сондықтан Қазақстанның батыс бөлігіне ерекше ықлас қоюды қажет деп санаған, осындай ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ даласының батыс бөлігінде мықты орыс билігін бекіту үшін, қазақтармен казачествоны бір басқару билігіне бағындыру үшін, Комиссия төмендегідей ұйғарым жасайды.
Екінші, Орал казачествосының жауынгерлерінің жерінен, Орынбор қазақтарының батыс бөлігінен азғантай кеңістіктің орта бөлігінен жер алып, ерекше облыс құрып, оған Приуральск атауын беруді ұйғарады.
Әскери губернатор мен жауынгерлер басшысы шендерін біріктіріп Орал казачество жауынгерлеріне тағайындалған атамандық шенін (Наказной атаман, казак әскерлеріндегі тағайындалып қойылған) беруі.
Әскери Губернатордың тұрағын Орал қаласында орналастыруды ұйғарады. Орал қаласын алуының себебі: Облысты басқаруға қолайлы орталық болып табылуы, және орталықтар үшін тарихи мәні барлығынан.
Орал казактары мен қазақтарды әкімшілік және соттық бір ортақ басқару жүйесіне біріктіру арқылы, әскерлерге қатысатын орындардағы азаматтық сипаттағы орталық басқарманы жою. Жаңа құрылымдағы жоғарыда аталған облыстық басқарманы құру.
Әкімшілік - әскери және әскери шаруашылық бөлімдерін меңгеру үшін, Әскери Губернаторлық жанынан ерекше басқару органын құру. Әскери Министрліктің шешіміімен облысты уездерге бөлу, Оралда, Калмыковская бекетін, Гурьев - қалашығында және Ембі күзет орнын уездік мекемелердің мекеніне айналдыру.
Уездердің шекараларын анықтау құқын жергілікті бастықтар өлкенің бас бастығының бекітуімен анықтайды.
Приуральск облысындағы әкімшілік құрылымға байланысты оңтүстік-батыс бөлігінде тыныштық сақталу үшін, Арал және Каспий теңіздері аралығында бекіністер салу арқылы қоршауды ұйғарады.
Оралдық казактар өз құқықтарын сақтай отырып, жеңілдіктер пайдаланатын болатын. Бұрынғыша әскери қызмет міндеткерлігін атқарады. Казактар тұратын селоларды (станичный) құру басқармасы және казактар соты (станичный суд орысша) тұрмысы мен басқармасы ешқандай өзгеріссіз қалдырылған.
Казачество мен қазақтарға ортақ әкімшілікті және сотты енгізуде ешқандай кедергі қиындықтар болмады. Орынбор әскери казачествосында жүзеге асырылған болатын.
Приуральск облысын құруда оған көп орыс тұрғындары кірді: мұның өзі патша үкіметінің жергілікті қазақтарды орыстарға жақындатудағы басты мақсаттарын жүзеге асырды. Сонымен қатар облыстық басшы қол астына материалдық күш казак әскерлерін алуына мүмкіндік жасалды. Бұл шара жергілікті қазақтар тарапынан қарсылық бола қалса, казак әскерлерін пайдалануға жасаған сақтық шаралары болатын.
Приуральск облысының құрылуы негізінде көшпелі тұрғындар Приуральск облысын казактар қолына бермейді, қазақтардың пайдасына шешіледі. Ортақ бастықтары екі халыққа да, яғни қазаққа да, казакқа да, бірдей алалықсыз қарайды. Бұдан қазақтар өз құқықтарын қорғайтын облыс басшысын көретін болады. Сонымен қатар Орал әскерлерін бірте - бірте ортақ империя әкімшілігіне енгізетініне сенім артты. Осындай көздеген басты иүдделері болды.
Екінші, Орынбор қазақтарының облысының қалған бөлігінен ерекше облыс құрып, оны Торғай облысы атауын ұйғарады.
Торғай облысын басқаруды құруда: Облыс басқармасының атауын Әскери Губернаторға ауыстыру оған Губернаторға тиісті құқық беру, және облыстағы дивизия басшысы құқында.әскерді бағындыру орналасқан.
Облыстық басқарманы жергілікті жерден қолайлы орын тапқанға шейін, Орынборда қалдыра тұруды ұйғарады. Сонымен қатар облысты төрт уезге бөлу: қазақ даласынан әкімшілік күзет орны таңдап, алынғанға дейін уезд мекендеріне Илецкий - Защите, Николаев бекеті, Орынбор бекінісін «Торғай» атауына өзгерту. Орал бекінісін «Ырғыз» атауына өзгерту. Торғай мен Ырғызға қалалық қоныс құқын беру. Илецкий және Николаев уездік басқармасы линияда уақытша тұратын уездер басқармасына басқа атау берілетін болды.
Құрылатын жаңа облыстар алып жататын кеңістіктер көлемі: Бірінші, Приуральск облысы жер көлемі шамамен 460.000 шаршы шақырым. Халқы шамамен 490.000 тұрғын еркегі мен әйелдерін қоса есептегенде.
Орал әскери казачествосының жері 62 мың шаршы шақырым, Орынбор қазақтарының облысының бөлігіндегі тұрғындардың шамамен 400 мың шаршы шақырым. Орал әскерлеріндегі Орынбор қазақтарының облысының бөлігінде 400 мыңы қазақтар әйелі мен еркегін қоса есептегенде.
Екінші, Торғай облысы жер көлемі шамамен 300.000 шаршы шақырым тұрғындары шамамен 350.000 еркегі мен әйелін қоса есептегенде 350.000..
Аталған облыстардың арасындағы шекара белгілері шамамен Илецкі қалашығымен Илек, Қобда өзендерінің аралығы,батыс және орталық шекарасы аралығы Мұғалжар таулары және оңтүстік шегі Арал теңізіне дейінгі аралық облыс басшыларының өзара келісімімен айқындалып, өлке бастығымен бекітілуі тиіс болды.
Приуральск, Торғай облыстарының құрылуымен, патша үкіметінің әкімшілік басқаруы үшін Орынбор облысының жерінің өте үлкендігіне байланысты қолайсыздық жойылды. Орал және Орынбор бұрынғы әкімшілік мәнін сақтап қалды. Сонымен қатар жаңа губерниялар мен облыстар патша үкіметі қазынасынан көп қаржы шығынын қажет етпеді. Жаңа әкімшілік құрылым үшін ғимараттардың құрылысын жүргізудің қажеті болмады. Себебі тағайындалған губернатор мен атаман әскери кеңес үйіне орналасты ал Торғай облыстық басқармасы Орынбор қазақтарының облыстық басқармасының ғимаратына орналастырылады. Шенеуніктерді ауыстырып жатуда қажет болмайтын етіп шешуі арқылы оларға берілетін көтерме ақша, жол ақысы сияқты шығындарды қажет етпейтін еткен.
Әкімшілік комиссия мүшесі подполковник Поценко 1865 жылы Орынбор губерниясының географиялық жағдайының жарамсыздығы жөнінде өз пікірін білдірген. Оның пікірінше 800 шақырымды алып жатқан, жердің орталығы Орынборда болуы және губернияның шетінде алыста болуы, жергілікті әкімшілік үшін, басқару ісінде жеткілікті қолайсыздық туғызады .
Одан әрі, жергілікті әкімшілік үшін, Орынбор даласын және Приуральск әскерлерінің жерлерін қосып, олардан Приуральск облысы мен Троицк губерниясын жасақтауды ұсынады. Оның ұйғарымы бойынша Приуралье облысына Орынбор уезін. Орал казачествосының әскерінің жеріне және Орынбор қазақтарының жерлерінің бір бөлігіне, Орал жоталарының батысында жатқан, Мұғалжар тауы аралығын енгізу.
Троицк губерниясын 4 уезд құрайды. Орынбор губерниясы және Орынбор қазақтарының облысының қалған бөлігі.
Аталған губерниялардың аралық шекарасын Орал жоталарымен Губерлин және Мұғалжар тауларымен оңтүстігінде Арал теңізімен шектестіріп аяқтауды, губерния мен облыс бастықтарының өзара келісімімен белгілеп, өлкенің бас бастығына бекіттіру еді.
Ұсынылған жоба бойынша Приуральск облысы аумағы 450.000 шаршы шақырым кеңістікті құрайды, тұрғындары еркегі мен әйелдерін қоса есептегенде шамамен 833.000. Троицк губерниясы – шамамен 500.000 шаршы шақырымды құрайды. Тұрғындары еркегі мен әйелдерін қоса есептегенде шамамен 845.000. Мұның ішінде; Орынбор уезі аумағы 24 мың шаршы шақырым, Орал әскерлерінің аумағы 62 мың шаршы шақырым және Приуральск облысына кеткен жерлері шамамен 370 мың шаршы шақырымды құрайды.
Орынбор уезінің тұрғындары 243 мың ерлері мен әйелдерін қоса алғанда, Орал әскерлерінің жерінде 90 мың. Орынбор қазақтарының облысының бөлігіндей тұрғындар шамамен 500 мың.
Қалған 4 уезде тұрғындар Орынбор губерниясының еркектері мен әйелдерін қоса есептегенде 580 мың Орынбор қазақтарының облысының бөлігінде шамамен 265 мыңға дейін болған.
Комиссия шешімі бойынша Приуральск облысының басқармасы.Орал қаласында болуы керек немесе қазақ әскерлеріне басшылық жасауға байланысты және қазақ даласының батыс бөлігіне жарлық жасауға қолайлы, Орынборда қалдыруды ұсынды.
Комиссия Облысты 6 уезге бөліп олар Орынборда, Оралда, Калмыков бекетінде, Гурьевте және Ембі күзет орынында құруды ойластырған.
Троицк губерниясының орталығын Троицк қаласында болуын қолайлы санап, Троицк губерниясын жеті уезге бөлуді ұйғарады.
Уездердің басқармасының орталықтары: Троицк қаласында, Челябіде, Верхноуральскіде, Орскіде, Николайевск бекетінде, Орынбор бекінісінен құрылатын Торғайда және Орал бекінісінен Ырғызда болу керек.
Комиссия өлкені осылай бөлу арқылы мынадай пайдалы нәтиже күтті.
Бір әкімшілік басшылыққа бағындыру орыстар мен қазақтарды жақындастырады және қазақтардың ішкі аудандарындағы мәселелерді шешуге қолайлы жағдайтуғызады. Қазақ даласының ішкі аудандарында қыстық тұрақты жайлайтын қоныстары болатын, осы қоныстары Орынбор Губерниясының құрамына кетеді және қазақтардың көп бөлігі бекіністер бойына жақындайды.Линияларда орталық және уездік мекемелер: Үкімет жергілікті басқармалардың іс-әрекеттерін бақылауға мүмкіндік алады.
Құрылған облыс және губерния алып жатқан, жер кеңістігі аумағы мен халық тұрғындарының саны жағынан теңеседі.
Басқармаларды құру, ұсынылған штат бойынша патша үкіметінің коммисиясының есебінше төмендегідей қаражатты қажет етті.Дерек бойынша:
Бірінші, Приуральск облысында:
Орталық басқарма ................52,393 р 80 к.
Уездік .....................................46,500 –
Барлығы 98,893р. 80 к.
Екінші, Торғай облысында:
Орталығы ..............................63,344 р. 74 3/4 к.
Уездік ....................................48,400 –
Барлығы .. 111,744 р. 74 3/4 к.
Екі облысқа жалпы шғын ............210,638 р. 54 3/4.
Сол кезде Орынбор қазақтарының облысының әкімшілігін ұстау үшін қазынадан 101,427 рубль 49 көпеек 1/4 қаражат жіберіліп тұрған.Орал казак әскерлернің орнына құрылған азаматтық орталықтандырылған басқару сипатындағы құрылымнан жылына 15,000 рубль қаражатты қысқартып, облыстық басқарманы ұстауға жіберу мүмкіндігін жасау көзделген.Барлығы 116,427 рубль 49 1/4 көпеек қаржыны құраған.
Осылайша,жаңа басқарма қосымша 94, 211 рубль 5 көпеек.1/2 көп. Жылына қосымша қаражат қажет етті. Бұлшығындардың орнын толтыру үшін, комиссия үкіметі Облыстарда күйме салығын өсіру арқылы қаражат көзін көбейтуді ұсынған.
Сол кезде Орынбор қазақтарының күйме салығы”Кибиточный сбор”әр үйден 1 рубль 50 көпеек алып тұрады. Күйме салығынан түсетін қаражат 226, 500 рубльді құраған. Ал, комиссия ұйғарымы бойынша күйме салығын 2 рубль 75 көпеекке өсірсе, кіріс қаражаты 421, 750 рубльді құрайды, яғни 195.250 рубльге өседі; жаңа әкімшілікке жұмсалатын қосымша шығынды есептемегенде, Орынбор даласындағы қайта құрылымдарды өсім 101.039 рубльге дейін өседі.
Приуральск облысымен Троицк губерниясын басқармасын құрғанда жұмсалатын қаражат шығыны. Басқармалардың тұрақты орындарына мекемелерді көшіру шығындарын қоспағанда Приуральск облысындағы: Орталық басқарма шамамен 60, 000 р. Қаражат тұрады. Уездік басқарма 83, 084 рубль 42 көпеек. Барлығы 143, 084 рубль 42 көпеек болатын. Комиссия өз ұсыныстарымен қоса сметалық шығындарын есептеп комиссия үкіметке ұсынған.
Жоғары мәртебелінің әмір бойынша:
1. Орынбор, Сібір облыстарының және Семипалатинскі, сондай - ақ Орал және Сібір қазактарының әскерлерінің жерлерінен төрт облыс құрлысын: Орал, Торғай, Ақмола, Семипалатинск.
2. Орал облысының жерінен Орал казачествосын құруға Орынбор қырғыздарының (қазақтар И.Ө.) облысының батыс бөлігінің орталығынан үлкен емес кеңістік жер алынсын, сол облыстың қалған кеңістігінен.Торғай облысы құрылсын.
3. Торғай облысының басқармасының мекемесі ішкі жаққа көшірілгенше, уақытша Орынборда болсын!
4. Алғашқы екі облыстың бас басқармасына Орынбор өлкесінің бас бастығы, қалдырылсын!
5. Жаңа облыстардың жергілікті басқармасын құруда министрлер камитетінде қаралған негізде және біздер мақұлдаған осы облыстарды басқару жөніндегі, жаңа ережелер мен уақытша лауазымдар кестесі басшылыққа алынсын!
6. Жаңа басқарма мекемелеріндің құрылуымен қатар бұрынғы басқармаларды жойып жаңа тәртіпке сай қайта құру. Жойылған басқармалардың шенеуектеріне жаңа лауазымға тағайындалмағандарына жалпы құқықтық негіздегі штатқа қалуға құқық берілсін.
7.Қазақтардың ішкі ордасының бұрынғы Орынбор генерал- губернаторлығының қарауындағы облыстың басқармаларының жойылуына байланысты Орынбор қазақтары бұрынғы негізде уақытша Торғай облыстық басқармасының қарауына берілсін делінген. Одан әрі “…1868 жылы (Түркістан уалаятындағы қазақтар үшін ) және 1891 жылғы қазақ елін басқаруға арналған заңдар қазақ жерін орыс меншігі жариялап, оған ішкі Ресейден келіп қоныстанушыларға кең жол ашып берді” .
Бекіту сұрақтары:
1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы неден көрінді?
2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғының түпкі саяси мәні не?
3.Жаңа әкімшілік –территориялық жүйе құрылымы бойынша қазақ даласы қандай әкімшілік аймақтарға бөлінді?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №16-17 Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісі мен патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі ( ХІХғ.20-40 жж)
Негізгі ұғымдар: Қоқан билеушілері, халық көтерілісі, ұлт-азаттық қозғалыс, сұлтандар басқарған көтеріліс, ұрпақтар сабақтасығы,патша реформасы.
Мақсаты: Ғасырларға созылған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи маңызымен сабақтастығын дәлелдеу.
Жоспар:
1.Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) және Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) ұлт-азаттығы жолындағы қозғалыстары.
2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі (1821 ж.)
3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және Сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс.
4.Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі.(1836-1837 жж.)
5.Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс (1837-1847 жж.)

Лекция
1.Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) және Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 жж.) ұлт-азаттығы жолындағы қозғалыстары. Біздің Сырым батыр бастаған көтеріліске көбірек тоқталуымыздың өзіндік себебі бар. Хан-сұлтандардың шексіз билігіне, сатқындығына және патшалық Россияның отарлау саясатына қарсылық — бұдан соңғы кетерілістердің бір қатарына ортақ сипат. Мөселен, Сырым батыр бекініс-қамалдарға, шабуылдап, орт қойдыртса, кейінгілері де шекаралық аймақтарда қарулы отрядтармен қақтығысып, жаланаш қолмен от кесегендей бодды. Рас, хандыққа таласьш, халык толқынысын, котеріліс мақсатын жеке бас пайдасына бүрып әкетушілер де жоқ емес.
Міне, сондай қозғалыстардың біріне ХГХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қаратай Нұралиев басшылық етті. Есім хан өлген соң, ел жақсыларының қалауы соған түсті. Ол женінде тарихшы А.Ф.Рязанов "Қазақ халқының қырық жылдық ұлт-азаттық күресі" (1926 жыл, Қызылорда) атты кітабында: "Бұл ектем әрі өте қатал адам еді, оны Россияның "қолжаулығы" етіп, басшылықтың талабын бұлжытпай орындату қиын болды. Игельстром Қаратай сұлтан таққа отырса, олардың тәуелсіз, күшті басқарушысына айнальш, Россиядан бөлініп кетуі мүмкін екендігінен кауіптенді" деп жазады. Сейтіп, патша үкіметі ел жақсыларының тілегін ескермей, ант аманаты ретінде Орынборда көп жыл түрған, кейінгі кызметінде де сенімдерін ақтаған Айшуақты хан көтереді.
1806 жылы Қаратай Нұралиев бірнеше мың қол жинап, патша үкіметіне қарсы көтеріліске дайындалды. Оны ұстауға Орынбордан таможнялық әкім Бекчуриннің басқаруымен Беляковтың жүздігі жіберілді. Олар күтпеген қарсылыққа үшырап, құр қол қайтқан соң, Қаратайды Орынборға шақыртып, алдап қолға түсіру әрекетін де жасап корді. Оған да кенбеген сұлтанды ұстауға 1807 жылы 3 артиллерия қаруы, 1500 адамы бар генерал-майор Герцебергтің, келер жылы 400 атты казактан жасақталған атаман Бородиннің, полковник Донсковтың, штабс-капитан Ешпанешниковтың т.б. жазалаушы отрядтары аттандырылды. Кетеріліс әр кезде әр келкі болып, 1820 жылдардың басына дейін созылды.
Іле қазақ даласыңда 1826-1838 жылдар аралығында Қайып-Ғали Есімов бастаған тағы бір көтеріліс шықты. Архив деректерінде оның да ел ішінде ықпалды сұлтан болғаны айтылады. Қайып-Ғали екі рет тұтқындалып, алғашқысында сегіз айдан соң босатылған, ал екінші жолы ез жақтастарының кемегімен түрмеден қашып шыққан. Оны ұстап, кетерілісті басуға 1828 жылы подполковник Биязновтың, бір жылдан соң 520 адамдық әскері бар атаман Бородиннің т.б. жазалаушы отрядтарын жұмсады. Қайып-Ғалиды у беріп елтіру, алдап қолға түсіру, жанындағы серіктерін ақшаға сатып алу әрекеттері де ойластырылды. Алайда бұл ерекеттердің бәрі нәтижесіз аяқталып, жазалаушы отряд көбінесе бейбіт ауыл-дарды шауып, тонап қайтып жүрді. Есесіне көтерілісшілер де хан-сұлтандар ауылына, бекініс-қамалдарға шабуыл үйымдастырды. Арада тілегін орындамаған Хиуа хандығымен де араздасып, Исатай Тайманов бастаған көтерілісшілерге көмекке үмтылды. 1838 жылы Исатай мен Махамбетке қосылып, құрамында бірнеше жүздігі, Орал казак полкі, 50 жаяу солдаты, екі зеңбірегі жоне хан жасағы бар патша әскерімен қақтығыста жеңіліс тапты.
XIX ғасырдың басында патшалық Россиямен қатар, қазақ жерін жаулаған Хиуа, Қоқан хандығына қарсы да ұлт-азаттық көтерілістері өріс алды. Оның бірі 1820 жыддары Омар ханның салық жинаушыларына наразылық көрсеткен Түркістан, Шымкент, Сайрам және Әулиеата оңірінде басталды. Ұзын саны 12 мыңға жеткен көтерілісшілерге Тентек төре (Мәлік төре) басшылық етті. Оны басуға Омар хан үлкен жасақ жонелткен. Екіге болініп, Сайрам мен Шымкентке бекінген көтерілісшілер табан тірескен ұрыстан соң күші сарқылып, амалсыз тізе бүкті.
Дәл осы кезеңде Жаңа Елек ауданы маңындағы шүйгінді жайылымдарын патша отаршыддары тартып алған табын руы қару асынып, атқа мінді. Батыр Жоламан Тленшиевтің соңынан ерген бұл котерілісшілер де шекаралық аймақтарға, хан-сұлтандар ауылына қатты шүйлікті. Кетеріліс, әсіресе 1835 жылы кең қанат жайды. Жазалаушы отрядтармен сан мәрте бетпе-бет келіп қақатығысқан Жоламан батыр өз жерінен ығыстырылып, ақыры үш жүзді түгел қамтыған Кенесары қозғалысына аттанды.
2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі (1821 ж.)
Қазақстанда патша өкіметінің отарлық саясаты мен ортаазиялық хандықтардың басқыншылығына қарсы халық бұқарасының наразылығы Кенесары Қасымов бастаған кең сипаттағы және ұзақ уақытқа созылған көтеріліске ұласқанға дейін-ақ біртіндеп күшейе түскен болатын. 20-30 жылдарда ол жергілікті жерлерді қамтып, тез өшкен жалын іспеттес түрде ғана болғанымен, онда жақындап келе жатқан дауылдың да белгілері байқалғанды. Кенесары Қасымов көтерілісінің алғашқы хабаршысы – XIX ғасырдың 20-30 жылдары болған Саржан Қасымов қозғалысы еді.
Ғұбайдолланың тұтқындалуы мен қозғалыстың әлсіреуіне әкелген операцияның нәтижесіне қанағаттанған генерал-губернатор, ерекше көзге түскен атаман Чернецкийді, урядниктер Солонников, Некрасов, Найдинді және жүзбасы Карбышевтерді мадақтаған болатын. Кейін қаталдығымен көрінген полковник Карбышев Саржан Қасымовтың көтерілісін, Кенесары ханның қозғалысын басуда белсенді роль атқарды. Патша реформасына наразылық ретінде басталып, оған қарсылық білдірген Қасым төрені басу үшін жасалған әскери күштеу шаралары Ғұбайдолла сұлтан бастаған жаппай қозғалысқа әкелді. Қозғалысты ұйымдастырудағы оның ағаттығы, саяси жағдайдың кереғары, қоғамның екі қарама-қарсы топқа бөлінуі қозғалысты сәтсіздікке ұшыратты.
Алайда күштеу әдісімен жарғыны орындауды жалғастыру, белгілі Шыңғыс ұрпақтарының наразылығын елемеу жекелеген қарсылық білдірген күштердің Саржан Қасымов бастаған қозғалысқа бірігуді жылдамдатты.
Алыстағы Сібір қалаларының біріне Ғұбайдолланың жер аударылуы Орта жүзге тараған қозғалысты тоқтата алмады. Қасым төре ұлдарының бірі Саржан сұлтанның қарауындағы Қарпық болысының Қарқаралы округінің ауылдарындағы толқу бір мезгілде күш жинай бастады. Ақыры 1825 жылдың көктемінде Орталық Қазақстанда үкіметке қарсы толқулар басталды. Жүзбасы Карбышевтің генерал П.М.Капцевичке берген мәліметтерінде Саржан Қасымов далалық жердегі ерекше зорлық-зомбылығымен сипатталады. Көтерілістің басталуына себеп болған 1822 жылғы “Сібір қырғыздары туралы жарғының” енгізілуі еді. Кіші жүзді түгел дерлік бодандыққа бағыныдырып билеп-төстеген патша әкімшілігінің өктемділігі енді Арқа қазақтарына жүргізіліп, байырғы тұрғындарды атамекенінен ығыстырып, орнына қаптатып казак-орыстарды қоныстандыра бастады. Бекіністер желісін Орта жүз жеріне дендей тартып, қазақ қырын айқұш-ұйқыш шаншып тастауға тырысты.
3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және Сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс. Наразылықты қарт сұлтан Қасым төре білдірді. Ол Сібір генерал-губернаторы Капцевичке хат жолдап, дуандар мен бекіністерді жойып қазақ қырынан орыс әскерлерін алып кетуді талап етті. Талап орындалмаған жағдайда шарасынан асып-төгілгелі тұрған халықтың ашу-ызысы неге соқтыратынын ескертті. Ескертпеге құлақ асудың орнына патша өкіметі қырға әскерлерін үсті-үстіне төгіп, Ақмола жүйесіндегі бекіністер желісін үш жүз шақырымға созып, Ақтау қорғанын сала бастады. Сөйтіп қонысынан қуылып, өрісінен айырылған елдің бас көтермеске лажы қалмады.
1824 жылы әуелі Көкшетау мен Қарқаралы дуандарының орнауына қарсы өздігінен бас көтерген халық бұқарасын Қасымның үлкен ұлы Саржан сұлтан басқарды. Ереуіл атқа ер салған елді басқаруға оның інілері Есенгелді мен Кенесары да белсене қатысты. Көтерісшілер қатары күн асқан сайын артып, тың толқынмен толықты. Сөйтіп патша әкімшілігінің үрейін ұшыруға айналды. Көтерілісшілер санының көбеюі Қарқаралы дуанына ұлықтардың Омбыдан дереу қарулы жасақ шығаруына мәжбүр етті. Осы тұста Қоқан хандығының билеушілері қазақтарды әлсірету үшін рулар арасында араздық саясатын жүргізді. Бұл саясаттың мақсаты – қазақтарды әлсіретіп, өзінің билігін күшейту еді. Ең алдымен олар Қоқан хандығының қол астындағы қазақтарды Ресейге бағынған қазақтармен араздастырды. Ақмешіттің, Түркістанның, Әулиеатаның бектері Ресейге қарасты қазақтарға қарсы барымта мен шапқыншылықты алғашқы ұйымдастырушылар болды. Осыған байланысты қазақ арасында хандық үкімет жойылғаннан кейін, Абылай хан әулетінің ұрпақтары 1822 жылы айырылып қалған өздерінің билігін агрессиялық Қоқан хандығының көмегімен қайта қалпына келтіруге тырысты. Мысалға, Орта жүзде хан билігі жойылғаннан кейін Уәли ханның баласы, Кенесарының ағасы Саржан Қасымов Ташкент күшбегінің Орта жүздің қазақтарын басып алуына көмектеседі. Саржан Қасымовтың тікелей қатысуымен Қоқан үкіметі Бетпақ даланың Солтүстік жағындағы Сарысу өзенінің тұсында екі бекініс салды: біріншісі Қаражар шатқалында, екіншісі біріншісінен 120 шақырым жердегі Сарысу өзенінің төменгі ағысындағы Төртқұлақ шатқалында.1825 жылы Саржан Орта жүздің Көкшетау, Ұлытау өңірінде орыс үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс жасады. Ол Ресейден бөлініп шығып, Қазақ хандығын қалпына келтіруге тырысты. Саржанның Ежен хан үкіметімен байланыс жасау қимылы сәтсіздікке ұшырады. Көтерілісшілерді жаныштау үшін П.М.Капцевичтің жеке бұйрығы бойынша Қарпық болысына бағытталған 200 казактан тұратын жазалаушы отряд артиллериямен күшейтіліп, Саржан батырдың сарбаздарымен күреске шықты. Екі жақта шығынға ұшырады Бірінші табысымен қуанған П.М.Капцевич өз басшылығына “бұлікшілерді жойғандығын хабарлайды”.
1826 жылы 31 қаңтарда болған бірінші ашық қақтығыс Саржан сұлтанның әскери жеңілісімен аяқталып, оның жақтастары тұтқынға алынып Омбыдағы әскери сотқа берілді. Аңдушылардан құтылған сұлтан көптеген ауылымен Орынборға бағытына көшіп, қысты Троицк қаласы маңындағы Кидел-Қыпшақ болысында өткізді.
Алғашында осы аймақтағы Кіші жүздің соңғы ханы Арынғазының тұтқындалып, Калуга қаласына жер аударылуынан үкіметке қарсы көңіл күйді өршіту мақсатымен байланысты көтерілісшілердің жер-жерге орналасуы өзгерді, яғни Кіші жүз ауылдарында “Орынбор қырғыздарының жарғысын” енгізуді алға қойды. Батыс Сібір мен Орынбор генерал-губернаторы Саржан сұлтанды далалық жердегі тәртіпсіздіктің негізгі айыпкері ретінде қарастырды. Көтерілісшілердің этникалық құрамы әртүрлі сипат алды. Қозғалыс қамтыған аудандағы орыстар, татарлар және т.б. халықтар Қоқан, Хиуа хандықтарының, Бұхар әмірлігінің мүшелерімен араласты.
1825 жылы ақпанда Саржан сұлтанның ауылынан жүзбасы Карбышевтің Ертіс округінің шаруасы Федор Серебрянниковтің атындағы паспортты тауып алуы Сібір линиясы казак әскерлерінің канцеляриясын таң қалдырды. Сұлтанның қонысынан табылған құжат жағдайын анықтау үшін төлқұжат Пермь азаматтық губернаторлығына жіберілді.
Жарғының VI тарауына сәйкес тәртіпсіздік үшін жауапкершілік сұлтандарға жүктелгенмен, 1826 жылы жаз бойы Саржан отрядының белсенді қимылдары әлсіремеді, керісінше жаңа болыстарға ықпалын тигізді [385, с 247]. Көптеген сұлтандар округтық приказдың алғашқы құрамын талқандаудағы саяси талаптармен шектелмей, отарлық әкімшілікке адалдық сақталған ауылдарға қатысты қауіпті қоспағанда, қаруланған көп адамды партияны ұйымдастырды. Қарқаралы приказына жақындап, артынан болыстарды ертіп, өзінің адамдарын көрші ауылдарға, әсіресе Көкшетау округіне жіберіп, өздерінше бағындырған заң билігіне мойынсұнбауды сұлтандарға үйреткен Саржан батыр сарбаздарының бірінде болған сұлтан Абылай Ғаббасов ымыраласпайтындығымен ерекшеленді. Қарқаралы округінің көптеген бөлігінің тұрғындары Саржан батырдың “жағында жасырынды”.
Көкшетау округіндегі қозғалысты сұлтан Сартай Шыңғысов басқарды. Абылай ханды құрмет тұтқан Қарауыл болысын билеген және қазақ жерлерін біріктіруге тырысқан Сартай Шыңғысов Саржан басқарған билікке толығымен кірген Ғұбайдолламен өзінің әрекетін байланыстырды. Халық қарсылығының одан әрі күшеюінен қауіптенген Омбы облысының бастығы да Сент Лоран 1825 жылы 4 қыркүйекте Қарқаралы округінің әскери күзетінің бастығы жүзбасы Карбышевқа “құпия түрде Саржан, Ғұбайдолла, Сартай сұлтандарды” іздеп, тұтқындауды міндеттейді. Жеңе алмайтын кедергілер жағдайында Карбышевке олардың бірі Саржан Қасымовты ұстау керек болды. Карбышев қарамағына көтерілісшілерге қарсы шыққан 200 казактан басқа 150 казак келіп қосылды. Сұлтандарды тұтқындаған жағдайда Омбыдағы әскери сотқа 1822 жылғы Жарғыда көрсетілген мемлекетке сатқындық жасау туралы баппен жеткізу қажет болды.
Бұл кезде Сарыарқаның ортасындағы барлық рулар көтерілісшілер қатарын толықтырды. Осы аймақтағы қазақ күштерін біріктіріп Саржан Ұлы жүз қазақтарының және Сыр бойындағы даланың бытыраңқы күштерін патша отаршылдарына қарсы күреске біріктіруге тырысты. Ол Ташкент күшбегінің қол астындағы қазақтарды да өз жағына тартқысы келді. Бірақ бұл Ұлы жүз қазақтарын бағындыруға Саржанды пайдаланғысы келген күшбегінің мүддесіне сай емес еді. Осы кезде туған келіспеушіліктің нәтижесінде Ташкенттіктер 1836 жылдың жазында Саржан оның інілері Ержан мен Есенгелді және үлкен ұлы Әлжанды айуандықпен өлтірді.
Саржанның өлтірілуі туралы Батыс-Сібір басқарушысы полковник Толызын Орынбор әскери губернаторына берген мәлімдемесінде былай деп жазады: «Омбыда болған Курчин деген елші, "Қоқан ханы мұның иелігіндегі жерлерде көшіп-қонып жүрген Саржанның іс-әрекеттері Ташкенттіктерді де еліктіріп әкетуінен қауіптеніп, оның інілері мен баласын өткен жазда Ташкент қаласында өлтіріп тастағанын" мақұлдап растап отыр».
Патша өкіметі Саржан Қасымовтың өліміне үлкен мән берді. Онымен бірге болған қазақтардың өлімі қазақ-қоқан қатынасында терең сызат қалдырып, ұлт-азаттық күрестің одан әрі өрістеуіне әсерін тигізді. Қоқан билеушілерінің екі жүзділігі мен зұлымдығы, көтеріліс басшысын торға түсіріп, өмірін жоюы, ақырында қарсылықтың қоқандық билікке бағыт алуына әкелді. Әсіресе бұл Кенесары Қасымовтың Ташкент билеушісіне кектенуінен көрініс табады.
4. Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі. (1836-1837 жж). Көтерілістің себептері. XIX ғасырдың екінші ширегінен бастап Бөкей хандығында қазақ халқына экономикалық қысым еселене түсті, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық қалыптың бірқатар маңызды жақтары күрт қиратылды. Астрахан губернаторының үйінде тәрбие алған Жәңгір хан далаға кейбір салт-дәстүрден бастап, жер қатынастарын, салық саясатын және хан сарайын қоса, хандықтағы қоғамдық тұрмыс пен саяси құрылысты қайта кұрудың «аристокра-тиялық-өркениетті» жоспарларын ойластырып оралды. Ол өзіндік салт-дәстүрі бар жартылай көшпелі қазақ коғамының негізінде хан билігі мен патша тағының саясатына бірдей дәрежеде құлақ асатын, өзінше бір «сауатты» аймақтық хандық кұруды ойластырды. Алайда көшпелі және жартылай көшпелі қауымдар ханның бұл «жаңалықтарын» қабылдауға әзір емес еді.
Патша әкімшілігінің жергілікті ұйымдарына және негізінен алғанда, патша өкіметінде қызмет атқаратын ірі және орташа жергілікті шонжарлар бөлігіне біржақты сүйене отырып, хан билігі зор табанды-лықпен жүргізген саясат хандық және отаршылдық езгінің күрт күшеюіне, ауылдық-қауымдық жерлерді шонжарлардың жаппай тартып алуына әкеп соқты. Осының салдары ретінде ол шаруашылық өмірдің мықтап бұзылуын, ауылдық ұжымдардың экономика-лық әлеуетінің құлдырауын, жоқшылыққа ұшырап, кедейленген қожалықтар санының едәуір көбеюін, хан билігінің беделі мен ықпалының күрт құлдырауын, сол кездегі тәртіпті өзгертуге ұмтылушылықты туғызды.
Осындай жағдайда қазақтың малшышаруалар бұқарасының көтерілісі болып, ол әсіресе 1836-37 жылдарда хандықты мықтап дүр сілкіндірді. Халық-азаттық козғалысы бастапқыда хандыктың Каспий теңізі жағалауына жапсарлас жатқан оңтүстік аудандарын қамтыды. Бұл қолайлы, бай жайылымдық алаптар еді. Олар кінәз Юсупов пен граф Безбородко-ның иеліктері болатын. Негізінен жерсіз және жері аз көшпелі қауымдар, өмір арнасынан шығып қалып, канағаттанарлық жалгерлік жағдайында жайылым алуға немесе балық кәсіпшіліктеріне жұмысшы болып жалдануға үміттенген қауым мүшелері сол жерлерге ағылды. Уақыт өте келе, бұл жердегі халықтың тығыз болып, ал «қазыналық» басқарушылар үстіне хан агенттері мен салық жинаушылары билігінің тонаушы-лық сипат алғаны сонша, бұл учаскедегі жердің тарлығы мен алым-салықтың хандықтың басқа аудан-дарына қарағанда ерекше көптігі күрделі шиеленісті туғызды. Аталған иеленушілердің жерлеріне ғана (шамамен 300 мың десятина) 30-жылдардың орта шенінде орда халқының үштен бірінен астамы, 7 мыңға жуық шаңырақ көшіп барды. Қысқа қарай мұнда көп мал айдап әкелініп, олардың саны 200 мыңдай жылқыға және жарты миллионнан астам қойға жетті, бұлардың көбі бай сұлтандар мен билердің малы еді.
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған азаттық күресі өз дамуында үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең 1833-36 жылдарды қамтиды және қарулы көтеріліске дайындық кезеңі ретінде сипатталады. Екінші кезең, көтерілісшілердің ханға қарсы аттануымен басталып (1837 жылдың басы), олар жеңіліске ұшырауына - 1837 жылғы қарашаның орта шеніне дейін созылады.Үшінші кезең көтерілісшілердің Исатаймен Махамбет бастаған тобының Жайықтың сол жағасына өткен кезінен (1837 жылғы желтоқсанның орта шені), күштерді жаңа шайқастар үшін топтастыру және Ақбұлақ өзеніне жақын жерде болған ұрыста біржола жеңіліске ұшырау (1838 жылғы шілденің орта шені) кезеңімен аяқталады.
Шаруалар бұқарасы мен көптеген ауыл старшындарының хан саясаты мен басқаруына наразылығы тез өрістеді. Оның тұтануына Жәңгірдің 1833 жылы кайын атасы Карауылқожа Бабажановты Каспий теңізінің жағалауын өздеріне қоныс еткен ру бөлімшелерінің билеушісі етіп тағайындауы себеп болды. Ханның бұл әрекетін жергілікті жерлерде көпшілік жұрт өздерінің мүдделері мен ауыл қауымдарының еркін мүлдем елемегендік және өздеріне қыр көрсетушілік деп санады. Жұрт Қарауылқожаны карапайым көшпелілерді қатыгездік-пен қанаушы ретінде, ірі өсімқор-саудагер және күш қолданып басқаруды жақтаушы ретінде білетін. Ол ханның жаңа саясатын ең жақын және жан сала уағыздаушылардың әрі орындаушылардың бірі ретінде де белгілі болатын. Халықтың орныққан көзкарасы бойынша, шыққантегі қожа болғандықтан, оның қазақ руларын басқаруға құқықсыз жағдайының да мәні болды. Хан Бабажановты тағайындау туралы шешім қабылдау қарсаңында да, одан кейін де ханға жолданған топтың өтініштері мен ескертулеріне назар аудармады. Ашынған халық бұқарасы ханға ашық карсы қозғалыс бастады.
Оңтүстікте көшіп жүрген беріш руының ауылдары коғамдық ашуыза мен козғалыстың орталығына айналды, ол ауылдарды старшын Исатай Тайманов баскаратын, кейіннен ол көтерілістің басшысына айналды. Оның халық бұқарасын басқарудан зортәжірибесі бар еді, ерлігімен және батылдығымен ерекше көзге түсті, әскербасылық касиеттері болды. Оған әуел-бастан-ақ жалынды шешен, дарынды суырып салма ақын Махамбет Өтемісов қосылды, ол сол уақытка қарай-ақ халық арасында шешендігімен, өр мінезімен және терең ойлылығымен ғана емес, сонымен қатар қатардағы көшпелілердің мүдделерін қорғауымен де мәлім болып үлгірген еді. Сөйтіп хандықтың оңтүстігіндегі азаттық козғалысы қалыптаса бастаған кезде аса көрнекті екі қайраткер - Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов тізе қосты.
Хандықтың оңтүстігіндегі жағдай хан режиміне және оның сыртында тұрған отаршылдық өкімет орындары үшін тым қауіпті, елеулі сипат алды. Оқиғалардың зиянды өрістеуінің алдын алу үшін Жәңгір хан «тойдырып алып, таспа алу» саясатын колданды. Ол Исатай мен Махамбетке сый-сыяпат көрсетуге тырысады, оларды хан сарайы жаныңдағы маңызды жиналыстар мен съездерге шақырып, хан ордасына патша шенеуніктері келген кезде солармен таныстырады. Бір кезде Махамбет сарай ақыны, хан балаларының тәрбиешісі болған еді және Жәңгір оны өз нөкерлері құрамында Петербургке император сарайына ертіп бармақшы да болады. 1834 жылы Махамбет Өтемісов старшын болып тағайындалады.
Алайда хан билігінің Исатай мен Махамбетті өз жағына тартуға тырысқан барлық әрекеттері калағандай нәтиже бермеді, олардың ханға қарсы көңіл күйі барған сайын айқындалып, тереңдей түсті. Сол кезде Жәңгір оларды ашықтан-ашық кудалауға және олар жөнінде күш қолдану шараларына көшті. Ол Махамбет Өтемісовті тұтқынға алғызды. Ол «хан иеліктерінен кетуге» және Жайықтың сол жағасына өтуге «үгіт жүргізіп, әрекет жасағаны үшін» 1829 жылғы 15 шілдеден 1830 жылдың қыркүйегіне дейін Калмыков бекінісіндегі түрмеде ұсталды. Исатай Таймановты ұстауға да әзірлік жасалды. Каспий теңізінің жағалауын алып жатқан рулардың басқарушысы етіп Карауылқожа Бабажановтың тағайындалуы, бірінші кезекте, Исатай мен Махамбеттің айтқанға көнбей, «бетімен кетушілігіне» қарсы өш алу, оларды халық-
тан бөліп тастауға қол жеткізу үшін және оларға үнемі бақылау жасап отыру мақсатында жасалған еді. Жаңа басқарушы өз қызметін ханның алдына Исатайды беріш руын басқарушы кызметінен «тайдыру» туралы және оның өзі мен оған ниеттес ауылдарды кұнарсыз жайылымдық учаскелерге көшіру туралы мәселе қоюдан бастады. Соымен бірге Жәңгір хан Орынбор губернаторлығынан Исатай Таймановты, Махамбет Өтемісовті және олардың басқа да кейбір серіктерін бұқараны ресми тәртіп пен патша өкіметінің даладағы саясатына қарсы «бұлікшілдікке бастаушылар» етіп көрсетіп, оларды ұстау үшін жедел шаралар қолдануды сұрады. 1836 жылғы 17 наурызда сенімді билерге жолдаған хатында хан былай деп жазды: Исатай мен Махамбет «халықты жоғарғы билікке бағынбауға шақырып жүр. Олар старшындар Қарабекен мен Жоланның ауылдарын шапты. Сендерге оларды ұстап алып, Хан ордасына жеткізуге әмір етемін».
1833 жылғы жаздың аяғынан бастап оңтүстіктің көптеген ауылдарының өмірі өзгеріп кетті. Ауылдардың дағды бойынша бір-бірінен алыс көшуінің орнына, рулық қауымдардың көші-қоны жакындай түсті; жол бойында ру бөлімшелерінің асығыс тапсырмалы жаушылары мен хабаршылары жосып жүрді; жиындар мен кеңестер өткізіліп, ауылдардың төңірегінде хан қолшоқпарларының жасалуы мүмкін шабуылдарына қарсы қарауыл бекеттері құрылды. Азаттық козғалысының осы «жергілікті» кезеңіне мынадай белгілер тән болды. Біріншіден, халық Каспий өңірі аймағындағы хан билеріне, ру басқарушыларына күрт наразылық білдіріп, олардың орындарынан алынуын талап етті. Екіншіден, сонымен бірге жер-жерде ханның және бай-сұлтан топтарының саясатына қарсы бағытталған козғалыска барған сайын жаңадан ауыл қауымдарын тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Күштер топтастырылып, бір тұтас ұйымға біріктірілетін карулы жасақтар кұрылып жатты. Орынбор шекаралық комиссиясына жазған хаттарының бірінде 1836 жылдың мамырында Жәңгір хан Исатай мен Махамбетті «өте зиянды» адамдар деп сипаттап, оларды ұстап алуды және «Ордадан біржола аластауды» сұрады." Үшіншіден, әсіресе 1836 жылдың басынан, сұлтандар мен билердің ауылдарына шабуыл жасау, олардың малы мен жерін басып алып, қоныстарын талқандау жиіледі. Исатай мен Махамбет осындай бірнеше жорыққа тікелей басшылық етті. Төртіншіден, хандықтың Каспий өңірі аймағындағы көптеген ру ішіндегі және рулық қауымдар хан шенеуніктерінің билігін көрінеу көзге ілмей, Исатайдың басқаруына ауысып кетті. Исатай мен Махамбет халық жиындарының бірінде ханның катысуынсыз және оған жалтақтамай, дербес басқаратынын жариялады. Бесіншіден, азаттық жолындағы және заңға қарсы пиғылдар орданың басқа бөліктеріне таралды. Азаттық қозғалысы бүкіл хандықты қамтыды. Сөйтіп бірте-бірте екі лагерь: хан лагері мен азаттық қозғалысының лагері кұрылды. Көрінеу күші басым, жақсы каруланған жазалау отрядтарының қоршап алуын және оларменкездесуді болғызбау үшін орданы қоршауды тоқтатты. Алайда олар жазалаушылардың қуғынынан көп ұзап кете алмады.
15 қараша күні таң алдында 2 мың солдат пен хаң адамдарынан тұратын Геке отряды мен көтерілісшілер арасында Тастөбе алқабы ауданында қысқа уақытқа созылған бірақ кескілескен шайқас болып, онда көтерілісшілер 100-ге жуық адамынан айырылды. ¥сақ топтарға бөлініп, олар әр түрлі бағыттарға бытырап кетті. Исатай мен Махамбеттің оларды кайта жинауға жасаған әрекеттері табысқа жетпеді. Бұдан кейін жазалау отрядтарының іс-қимылы көтерілісшілердің Исатай мен Махамбет бастаған негізгі шағын тобын жоюға бағытталды, бірақ аумағы жағынан жердің шектеулілігін шебер пайдаланған олар жауға шеткі топтарымен ұсақ кақтығыстар жасай отырып, өздерінің ізіне түскен отрядтармен ашық қақтығыстан жалтарып кетіп отырды.
Ханға және бай-сұлтан шонжарларға қарсы тегеурінді күрес жүргізуден үмітүзген Исатай мен Махамбет бостандық жолындағы күрестегі еңтабанды сарбаздарының шағын тобымен бірге Жайықтың арғы бетіне өту мүмкіндігінің жолдарын іздестіруді ұйғарды. Жайықтың екі жағына қойылған әскери тосындардың тығыз желісіне қарамастан, олар 1837 жылдың 13 желтоқсанынан 14 желтоқсанына қараған аязды да боранды түнінде Жаманқала форпосты тубінен өтіп, Жайықтың арғы жағындағы кең далаға сіңіп үлгірді.
Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысы осылай аякталды. Бірақ ол Жайықтың сол жағасына ауысты. Исатай мен Махамбет бастаған аттөбеліндей кетерілісшілер Жайықтан өткен соң да қаруын тастауды ойлаған жоқ. Исатай мен Махамбет мұндада патша өкіметінің және жергілікті феодалдардың жазалау отрядтарымен шешуші шайқас үшін күштерді шоғырландыру жөніндегі қызметін өрістетті. Олар 1838 жылдың көктеміне қарай билеуші-сұлтан Айшуақов пен оның жақтастарына ғана емес, Жәңгір ханның өзіне де қорқыныш туғызған көтерілісші ірі отряд құрып алды. Орынбор генерал-губернаторлығы Кіші жүз аумағындағы Исатай Таймановтың козғалысын басып-жаныштау үшін дала өңіріне жаңа отрядтарды жіберген үстіне жіберіп жатты.
1838 жылғы 12 шілдеде көтерілісшілердің шамамен алғанда саны 500 жігіт болатын негізгі тобы Ақбұлақ және Киыл өзендері арасындағы ауданда под-полковник Геке баскарған біріккен ірі жазалау отрядымен түйісті. Болған ұрыста көтерілісшілер нағыз ерлік пен жанкиярлық көрсетті, бірақ күш мүлде тең емес еді, көтерілісшілер талқандалып, олардың басшысы Исатай Тайманов қаза тапты.
Халық бұқарасының 1833-38 жылдардағы шырқау шегінде шаруалар көтерілісіне айналған азаттық күресі өзінің өрлеуі кезеңінде ханға қарсы және отаршылдыққа қарсы бағытта болды. Ол жер үшін күрес шеңберінен шығып кетті, дегенмен бұл оның әлеуметтік-экономикалык себептерінде айқындаушы жәйіт болып қала берді.
Көтерілістің салдары. Көтеріліс талқандалғаннан кейін отаршылдык өкімет орындары мен хан жағындағы үстем топтың оған қатысушылар мен ұсақ топтарға бөлініп, дала өңірінде бой тасалауға тырысқан, бір бөлігі Арал өңіріндегі қоныстарға кеткен, оған тілектес бейбіт ауылдарды қатыгездікпен қудалауы басталды. Қазақ жүздіктері мен арнаулы жазалау отрядтары көтеріліске белсене қатысу-шыларды колға түсіріп, көптеген ауылдарды талап-тонауға ұшыратты.
Көтеріліске қатысушылар дүре соғылып, өлімші етіп жазаланды, каторгалық жұмысқа кесіліп, тұтқындар роталарына жіберілді, Сібірге айдалды, мүліктері тәркіленіп, мәңгілікке жер аударылып жіберілді. Махамбет Өтемісовтің бауырлары Ысмайыл мен Сүлеймен: біріншісі 500 адамдық саптан үш қайтара өткізіліп, сым шыбыкпен дүреленуге және алты жылға Ригаға крепостниктік жұмысқа айдалуға, бұл мерзімнен өткен соң Сібірге мәңгі қоныстандыруға, ал екіншісі «қаны шыққанша» қамшымен дүре соғуға, кейіннен солдатқа жіберілетін болып, Киевке крепостниктік жұмысқа айдалуға жазаланды. Исатайдың адал серіктері Нұрғыс, Ергіс, Көшім Сартовтар мен олардың әкесі Сарт Ералин одан да ауыр жазаға кесілді. 1838 жылдың маусым айында Орынбордың әскери орындары көтеріліске белсене катысушылардың 16 адам құрамындағы алғашқы тобын кейіннен крепостниктік және каторгалық жұмыстарға айдайтын болып, қамшымен және сым шыбықпен дүре соғуға кесті. Нақсол кезде Оралда, ресми деректер бойынша, көтеріліске белсене катысқан 39 адам сотсыз жне тергеусіз қамауда ұсталған. Біраз көтерілісші түрмелерде сотқа дейін-ақ өліп кеткен.
Халықтың ханға, билеуші сұлтандар мен олардың төңірегіндегілерге, сон-дай-ақ отаршылдық өкімет орындарына деген өшпенділігі көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін өзі қарсы бағытталғандарға әлі де көп уақыт бойы үнемі үрей туғызған қаһарлы күш болып кала берді. Көтеріліс басып-жанышталғаннан кейін бес жылға жуық уақыт өткен соң Жәңгір хан Орынбор комиссиясына: «...Исатай карақшыларының арам ниетті қалдыктары да мені үнемі аландатып келеді», - деп жазды. Хан оларды «өзіне кастық ойлайтын арам ниетті адамдар» деп сипаттаған.
Көтеріліс жетекшісі Исатай Тайманов қаза тауып, көтерілісшілердің соққы беретін күштері жеңіліске ұшырағаннан кейін Махамбет Өтемісов дала өңірінде бой тасалап жүрді, бірақ бірсыпыра уақыт өткен соң халық бұқарасы арасында ханға және патшаны жақтайтын пиғылдағы барлық шонжарларға қарсы кайтадан үгіт жүргізуге кірісті.
Махамбеттің халық арасында қандай құрметке ие екенін және оның қанат бітіретін шешендікпен ұштасқан теңдесі жоқ ақындық дарынын білетін Жәңгір хан мен билеуші-сұлтан Айшуақов оның өздеріне қарасты рулар мен ауылдарға келуіне жол бермеуге тырысты. Олар жауынгерақын шақырудан шаршамаған халық ашу ызасының жаңа дүмпуінен қауіптенді. 1843 жылдың басында Махамбеттің Жайық өзеніне жақын ауылдарға келгенін ести салысымен, хан шекаралық басқармаға дереу былай деп жеткізген: «Исатай қарақшыларының басшысы Махамбет Өтемісов соттың шепке жақындауына тыйым салғанына қарамастан, оған жакын жерде тұрып жатыр, үнемі тиімсіз сыбыс таратып, Ішкі ордадан қашқандарды өзіне қосып алуда».
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басшылық еткен шаруалар көтерілісі жеңіліс тапты. Сол бір нақты тарихи жағдайларда оның басқаша бітуі мүмкін емес болатын, өйткені хан билігі мен билеуші-сұлтандар жағында патша үкіметінің күшқуаты таразы басып қана қойған жоқ, сонымен қатар шаруалар козғалысы аясы тар және шектеулі болды, Қазақ-станның басқа бөліктеріндегі азаттық қозғалысымен байланысы болмады, оның үстіне Ресейдегі басқа да азаттық қозғалыстарымен байланыссыз жүргізілді. Алайда көтерілісшілердің батылдығы сүйсінуге лайық. Олар өлкеде езушілерге қарсы күрес туын жоғары сатыға көтеріп, әлеуметтік бостандық жолындағы күрес эстафетасын жаңа ұрпақтарға ұстатты.
5.Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс (1837-1847 жж.) Қасым сұлтан мен оның балаларының қаза табуы, бой көрсетулердің алдыңғы кезеңі стихиялы, ұйымдаспаған сипатта болғанына қарамастан, Орта жүзде әкімшілік-саяси жаңалықтардың қатан енгізілуі жағдайында отаршылдыққа қарсы күрестің жалғастырылуына тың тыныс қосты, казақ жерлерін біріктіруші Абылай хан ұрпақтарының тар өрісті рулық, әулеттік мүдделерін екінші қатарға ығыстырып, қозғалысқа неғұрлым айқын көрінген халық-азаттық сипатын берді. Бұл күресті енді Абылай немерелерінің бірі - сұлтан, кейін хан тағына отырған Кенесары Қасымов (1802-1847) басқарды.
Кенесары Касымов тарихи аренаға Казақстанның 1822, 1824 жылдардағы сібір және орынбор қазақтары туралы Жарғылардың қабылданғанына қарамастан саяси оқшаулығын сақтауды жалғастырған аудандарының тәуелсіздігіне патша әскерлерінің жаппай аттаныстары салдарынан катер төнген жағдайда Абылай ханның ісін жалғастырушы ретінде келді. Сондықтан да көтеріліс жасаған сұлтанның басты мақсаты Абылай хан кезіндегі Қазақстанның аумақтық шектерінің тұтастығын калпына келтіру, «дуандарды» (XIX ғасырдың 20-30-жылдарында Казақстанда құрылған округтер оның хаттарында осылай көрсетілген) тарату, Ресей құрамына әлі кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтап қалу болды. «Бұлікшіл сұлтан» күресінің негізі талаптары оның император I Николайға, орынбор губернатор-лары В. А.Перовскийге, В.А.Обручевке, сібір губернаторы, кінәз В.Д. Горчаковқа, Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы А.Ф.Генске және басқаларға жолдаған көптеген хаттарында айқын анықталған. Ғүбайдолла сұлтан да, атақты ағасы Саржан да Кенесары Касымовпен бір қатарға тұра алмайды, М. Красовскийдің пікірінше, ол «ақылы жөнінен атасынан кем түскенімен, одан да, әкесінен де (Қасым төре.-Рет.) мінезінің өрлігімен асып кетіп, бүкіл далаға әйгілі болды».
«Айлакер, ерекше сипатты саясатшы» ретінде Кенесары Касымов сұлтан құдіретті Ресей державасымен күрес қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіруді, едәуір құрбандықты, әскери ғана емес, дипломатиялықта күш-жігер жұмсауды талап ететінін жақсы білді. Ол халық қозғалысынан бөлініп қалған жекелеген сұлтандардың, старшындардың, билердің бетімен кетушілігін аяусыз басып, Ресей саясатын колдағандарды қатаңжазалағанмен, бәрі бір патша үкіметімен түсініспеушіліктерді, негізінен алғанда, бейбіт жолмен шешуді жақтаушы болып қала берді. Соғыс тұтқындарына, соның ішінде орыстарға да төзімділікпен қарады, олардың кейбіреулері оған қызмет етті, Ресей елшілерін сыпайылықпен қабылда-ды, қырғыздармен тайталас кезеңінде мінез танытқаны болмаса, өз әрекеттерінде қатыгездікке жиі жол бермеді. Дегенмен, көтеріліс мүдделерін сатып кеткендер, әскери тәртіпті бұзғандар оның каһарына үшырап отыруы жиі болып тұрды.Атап айтқанда мұны «Кенесары-Наурызбай» дастаны дәлелдейді, онын авторы ақын әрі жауынгер Нысанбай атақты «қазақ Шәмілінің» барлық іс-әрекеттеріне белсене катысқан. Айтпақшы Кенесарыға еріксіз тұтқын болған барон Услар (Услар) суреттеген ханның сөзбен сипатталған портретін келтіре кету артық болмас: «Кенесарының бойы биік емес, ашаң, оның бет әлпетінде қалмақ сипатты бітім бар және оның шыққан тегін еске салады. Айта кетелік, оның кысыңқы көздері мысқыл араласқан ақыл нұрын шашып тұрады, ал оның кескінінен әсте де қаталдық байқалмайды, алайда ол көптеген жағдайларда қаталдык керсеткен».
Ақылды саясатшы Кенесары сұлтан Ресейге қарсы ұзаққа созылып, титықтататын қарулы күрестің бүкіл қиындығын ұғынып, Сібір және Орынбор әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізу арқылы үздік дипломатиялык касиеттерін керсетті.
Орынбор генерал-губернаторы В. А. Перовскийдің атына жазған алғашқы хатында-ақ ол Казақстан аумағында бекіністер салуды, қазақ жерлерін басып алуды 35 жылға тоқтата тұруды ұсынған.
Казақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатында қазақ жерлерін басып алуды кеңейткен және Ресей ықпалы шегінен тыс қалған аудандарда жаңа округтер кұрған патша үкіметімен алауыздықтарды қазақ ханының бейбіт жолмен шешуге ұмтылыстарын дәлелдейтін қызықты кұжаттар сақталған. Омбы қала бастығына Үшбұлак округтік приказының 1838 жылғы 26 желтоқсандағы хабарламасында ханның жеке өкілдері - Көкшетау, Ақмола және Баянауыл округтерінің бес қазағы (Тобылды Тоқтин, Жүсіп Жанкүшіков, Мәмберді Қонысбаев, Тайтоқа Дөненов және Қосымбай Қазанғапов) ұсталғаны туралы хабарланған, оларға хан Ресей императоры мен Батыс Сібір генерал-губернаторына арналған екі хатты жеткізуді тапсырған. Е. Бекмахановтың кітабында Кенесары сенім білдірген бес адамның екеуі аталады.
Кенесары үш жүздің дәстүрлі топтарын, рулық белімшелерін бірік-тіруге барлық амалдарды қолданды, дегенмен бұл мақсатқа азаттық күрестің 1844-1845 жылдардағы ең шырқау биігіне көтерілген кезеңінің өзінде де қол жетпеді.
Көтерілістің ең басынан-ақ қазақ шонжарлары қарама-қарсы екі лагерьге бөлінді: олардың үкімет қолдаған бір бөлігі отаршылдық әкімшіліктің қолдануына сүйеніп, омбы және орынбор әкімшіліктерінен әр түрлі пұрсаттылықтар алуға тырыса отырып, өздерінің саяси дұшпандарын күйретуге ұмтылды. Ақмола округінің аға сұлтаны Коңырқұлжа Құдаймендин Кенесарының ымырасыз жауы болды, Кіші жүздің билеуші-сұлтандары Ахмет және Мұхаммед Жантөриндер, Айшуақов сұлтандар көтерілісшілерге қарсы өршеленген күрес жүргізді. Кенесары Жетісуға барғаннан кейін азаттық күресі жетекшісінің өз туыстары, Абылай хан материалдық және өзге де құралдарды керек етті, әлбетте, бұл салық ауыртпалығының ұлғайтылуына әкеп соқты.
Кенесарының мемлекеті қазақтардың егіншілікке көшуін көтермеледі. Басқа мән-жайлармен қоса, мұны патша әкімшілігі тарапынан сауда жолдарын бақылау катайтылған жағдайларда көтеріліске шыққан ауылдарды астықпен камтамасыз етудің кажеттігі талап етті. Көтеріліс аудандарына астық жеткізуші керуендер қолға түскен жағдайда астығы тәркіленді, ал кепестер, саудагерлер қатаң жауапка тартылды, мұның өзі көшпелі халық үнемі көшіп-қонып отырған жағдайда да ханды егіншілікті көтермелеуге мәжбүр етті. Үкіметтің катаң шараларына қарамастан астық артылған керуендер жер-жерден, тіпті алыстағы Кіші жүзден де келіп жатты. Ол егіншілікті бірден-бір және «күнкөрістің молшылық көзі» деп білді. 1846 жылдың күзінде Іле өзенінің оң жағасына жақын Қарақамау алқабы ауданынан «...ол жалайыр руының егіншілерін тапты. Егіншіліктің артықшылықтарын көрген хан өзіне еріп жүргендерге де диқаншылықпен айналысуды ұсынды».
Кенесарының саудасаясатының да өзіндік ерекше-ліктері болды. Кәпестер керуендерінен алынатын баж едәуір кіріс келтіретінін көрген хан оларды тонауды тоқтатты, кейде керуенбасыларын өзі қабылдап, тауарлар алып өткені үшін баж төлеуден жалтарғандарға қосымша салықтар салып отырды. Оның хандығының шегінен шыққаннан кейін приказчиктердің өздерін «жауап алу үшін» тоқтатқан қазақ отрядтарының командирлеріне жағынуға тырысып, ол туралы тек қана «қарақшы» деп айтуы сирек кездеспесе де, Кенесары ауылдарында тоқтатылған көпестерге меймандостық пен қамқорлық көрсетілгені туралы кұжаттар жетіп жатыр.
Бұрынғы мемлекеттік кұрылыс едәуір кайта ұйымдастырылды. Жоғары кеңесші орган ретіндегі Хан кеңесі халық мүдделеріне берілген батыр-лардан, билерден, сұлтандардан, туыстарынан тұрды. Бірақ шешуші дауыс Кенесарының өзінде болды. Хан кеңесіне, негізінен алғанда, азаттық күресінің мүдделеріне адал,сол кездің өзінде-ақ халықтың ақылды да шебер саясатшылар деп тануына лайық болған жеке ерлігін, дипломатиялык қабілетін көрсеткен, адамдар кірді.
Хан кеңесі шешімдерінің, үндеулерінің ауылдарда таралуын, түсіндірілуін және орындалуын арнаулы басқару қызметі қадағалап отырды. Мемлекет басында болғанында Кенесары шыққан тегіне қарамастан, теңдесі жоқ жеке касиетін көрсеткен адамдардың басқару ісіне тартылуын көтермелеп отырғандығы тарихтан белгілі.
Хан Ресейдің, Орта Азияның лауазымды адамдарына үнемі хат жолдап отырды. Диплом-атиялык қызметті ұйымдастыруға ол ерекше зор мән берді. Оныңхаттары, жолданымдары мазмұнының айкын накты,талаптарының дәлелді болуымен ерекшеленеді. Орыс дипломаттары Гернді, Долговты, барон Усларды, белгілі көпестерді кабылдаған кезінде хан өзін дипломатиялык әдептілікпен ұстаған.
«Дінсіз кәпірлерге қарсы одақ» жасасу үшін «даңқты батырдың даңқты Хиуа мемлекетінің» елшілерін қабылдауы жағдайларының бірін Я.Палферов сипаттаған.
Кенесары жекелеген жасақтарына әскери кеңестің мүшелері, атақты батырлар басшылық еткен ұрысқа кабілетті қалың қол ұйымдастыра білді.
Кенесарының жүздіктерге және мындықтарға бөлінген әскері ұзаққа созылатын дала соғысы жағдайларына бейімделген болды. Кенесарының жеке өзі кадағалап отырған катаң тәртіп, оның айтарлықтай кысқа уакытта жауынгерлердің толық жиналуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік берді. Кенесары өз әскерлеріне айырым белгілерін енгізді. Көтеріліс жетекшісінің өзі кейде орыс армиясының алтынды офицерлік эполеттерін тағынып жүргенін көптеген деректемелер растайды: «.„ақбоз атқа салт мініп, алтын оқамен көмкерілген шолақ шекпен киген және орыс полковнигінің эполеттерін тағынған әскербасының өзін де дүрбімен көру мүмкін болды.Оның басында офицерлер киетін арнайы фуражка, ал бір иығында артқа тастаған күміс салпыншақ шарф», - 1844 жылдың тамызында Екатерина станицасын қоршау кезінде Кенесары осылай сипатталған.
Кенесары өзіне қажетті мәліметтер жеткізіп отырған жансыздарының кызметін шебер пайдаланды.Осындай акпараттың арқасында, хан жазалау күштерінің әскери жүріс-тұрысының жоспарларын алдын ала біліп отыр-ды, бұл оның өз адамдарын орынсыз қырғынға үшыратуды болғызбауына мүмкіндік берді. Кенесарының соғыс кимылдарын жүргізу тактикасы полковник Дуниковскийдің, әскери старшын Лебедевтің рапорттарында, есептерінде, хабарламаларында, XIX ғасырдағы, тарихшылар Н.Середаның, В.Пттонның, Л.Мейердің және басқалардың еңбектерінде егжей-тегжеилі суреттелген.
Кенесары жеке басының ерлігімен, өр мінезіімен ерекше көзге түскен, өзінің калың нөкерлерінің алдында «әрқашанда сәңді барқыт бешпент киіп, салт атпен салтанат кұрып жүрген», іс-қимылында ол «жолындағының бәрін жайпап өтетін дауыл сияқты болған».
Хандық басына келген соң Кенесары қазақ жерлерін азат ету жолындағы күресті бұрынғысына қарағанда неғұрлым батыл жалғастырды. Қоқанның Созақ бекінісін алған соң Кенесары соғыс кимылдарын кеңейтіп қана қоймаи, сонымен бірге өз жақындарының қаза тапқаны үшін кек қайтаруға да ниеттенді.
1843 жылға дейін үкімет көтерілісшілерге қарсы тұрақты армияның ірі контингентін пайдаланудан тартынып, отаршылдыққа қарсы қозғалыстың негізгі ошақтарын қазақ бөлімдерімен тұншықтыруды жөн көрді. Оның үстіне XIX ғасырдың 40-жылдарына дейін жоғары дәрежелі әскери-әкімшілік шенділер жалпы халықтық қозғалысты «қару қолданбай, Ұлы мәртебелінің мейірбандық сезімдеріне сәйкеес келетін адамгершілік сенімдермен» басу үмітін жоғалтпады. Атап айтқанда, генерал-майор Жемчужников осындай көзқарасты жақтаушы болды, ол әскери министр Чернышевті өз жоспарын қабылдауға сендірді.. Бұл орайда Жемчужниковты Сібір және әсіресе Орынбор генерал-губегрнаторлықтарының проблеманы беибіт жолмен шешу көзқарасын ұстаған жекелеген патшалық әскери қайраткерлерінің қатарына жатқызу, әрине қате болар еді. Жемчужников мұндай қорытындыға кең ауқымды күрес басталған кезден 4-5 жыл бойы бытыраңқы отрядтармен кимыл жа саған қазақ құрамалары командирлерінің үлесіне тиген талай сәтсіздіктеррдің себебінен келген еді.
Алайда көтерілісің әлдеқашаннан бері имперрия бодандығында болып келген шалғайдағы аудандар мен аймақтарды одан әрі қамтуы патша өкіметін қатты мазасыздандырды. Азаттық күүресінің белсенді кезеңі Солтүстік Кавказ таулықтары қозғалысының өрлеуіне тұстас келді, ал Петербург сарайы таулықтар козғалысын басуға едәуір әскери күштер бөлуге мәжбүр болған еді. Араларында ортақ белгілер де, сонымен бірге ерекшелік те көп болған отаршылдыққа карсы осы мейлінше куатты қозғалыстар ыкпалының көршілес аймақтарға таралу болашағы патша өкіметін Оралдан арғы шет аймақта орналастырылған тұрақты әскери күштерді колдана отырып, Кенесары ханға қарсы нағыз соғыс бастауға мәжбүр етті.
«Бір мемлекетте екінші мемлекет болмауы керек» деген қарарға қол қоя отырып, I Николай 1843 жылғьі 27 маусымда Кенесарыға карсы кең көлемде соғыс жорығына рұқсат етті. Әскери старшина Лебедевтің 300 адамнан тұратын отряды алдыңғы соққы беретін күш болуға тиіс еді, кейіннен оның отрядындағылар саны 1900 адамға жетті; 1843 жылдың тамызында А. Жанторин және Б. Айшуақов сұлтандар бастаған екінші топ жарақталды. Тайталасушы тараптардың 1843 жылғы 7 тамыздағы шайқасы үкіметке тілегендей нәтиже бермеді. Полковник Бизанов бастаған қарулы топ көтерілісшілердің негізгі күштерін кездестірмей, Орск бекінісіне кайтып оралды. Өлкені жақсы білген Кенесары шабуылға шығып, 1844 жылғы 20 шілдеден 21 шілдеге қараған түні Жантөрин сұлтан отрядының быт-шытын шығарды.
Әскери старшина Лебедев сылбырлығы және дереу көмек көрсетпегені үшін әсқери отрядқа басшылық етуден шеттетілді. Жеңіспен жігерленген Кенесарының негізгі күштері 1844 жылғы 14 тамызда Екатерина станицасына шабуыл жасады, маңындағы елді мекенді, форштадты өртеп, 40 адамды тұтқынға алды."
Көтерілісті басу үшін Орынбор жағынан полковник Дуниковскийдің отряды щықты, ал әскерлердің сібір тобын генерал Жемчужников басқарды. Кенесары патша отрядтарының қудалауынан құтылып кетті. Үкі-меттік топтарды абыржушылық жайлады. Оның үстіне Шәмілмен ұзаққа созылған соғыс үкіметтің күш-кұралдарын одан әрі аландата берді. Кенесарымен соғыс та тез жеңіске жеткізбейтін сыңайда болды. Мұнымен қоса Орынбор губернаторы В. А. Перовский мен Сібір губернаторы В. Д. Горчаков арасында Кенесарыға қарсы күрес жолы жөнінде кереғар көзқа-рас пайда болды. Перовский бұрынғысынша жанжалды бейбіт жолмен шешуді, ал Горчаков көтерілісті қарулы күшпен басып-жаныштауды жақтады.
Орынбор бастықтары Долгов пен Гернді елшілікке жіберу қажет деп тапты, елшілік алынған нұсқауларға сәйкес Кенесарының алдына кабылдауға болмайтын шарт койды: көтерілісшілерге үкімет белгілеген шектеулі аймақ шегінде көшіп жүруге рұқсат етілді. Патша елшілері алға қойылған мақсатқа жетпей, кері қайтуға мәжбүр болды. Бұл орайда Долгов Орынбор әкімшілігіне Кенесарының барлық орыс бекіністері жойылып, басып алынған жерлер қазақтарға қайтарылған, дала өңіріндегі талап-тонау мен зорлық-зомбылық тоқтатылған жағдайда ғана өзінің Ресей протекторатын кабылдауға келісетіні туралы жауабын жеткізді.
Енді үкімет Арал-Сырдария алабы өңірінде бірнеше бекініс салып, Кенесары ханды Орынбор өлкесінен ығыстырып шығаруға тырысты. Екі жақтан Қыспаққа алынған Кенесары Сарыарқадан кетіп, көтеріліс орта-лығын Ұлы жүзге көшіруге мәжбүр болды.
Ал Сібір өкімет орындары Кенесары жасақтарының аймаққа келуінің алдын алу мақсатымен, халық және мал санағын жүргізуді сылтауратып, Жетісуға Сібір Шекаралық басқармасының торағасы генерал Вишневский басқаратын зеңбірегі бар едәуір әскери күштер жіберді.
Кенесары ханның Жетісуға келуі халық арасында терең жік туғызды. Сірә, жалпы халықтық қозғалыстың ыкпалына үшырамаған бірде-бір ірі ру бөлімшесі болмаған шығар. Бұл да генерал-губернатор В.Д.Горчаковтыы 1846 жылдың жазында Лепсі-Каратал ауданында старшындар, сұлтандар, атақты билер, ықпалды болыс басқарушылары съезін шакыруға өкім беруге итермеледі, мұндағы мақсат отаршылдыққа қарсы қозғалысты айыптайтын, үкімет үшін тиімді келісімді оларға зеңбіректерден атылған гүрсілдер тұсында және қатаң жауапқа тарту жөнінде қорқыту арқылы қазақ ақсүйектерін ресми өкімет орындарының ханды саяси жағынан окшаулауға және оның көтерілісшілерін Ұлы жүз шегінен ығыстырып шығаруға бағытталған ұстанымына ынтымақтастық білдіруге мәжбүр ету болатын.
Кұжаттың түпнұсқасында «қаскүнемдерді жою жөнінде» және олар табылған жағдайда ең жақын приказ арқылы Ресей Үкіметіне «дереу жеткізу» үшін 17 сұлтанға, 27 биге, бірқатар болыстық старшындарға жүктелген негізгі міндеттемелердің мәні ашылып көрсетілген. «Бұлікшіл ауылдардың» қонысына ең жақын өңір Аягөз және Алатау округтері болып шықты; көтеріліс қамтыған өңірге бір жағынан жасаул Нюхаловтың отряды; оңтүстіктен - жүзбасы Абакумов-тың қазақ командасы жіберілді. Ол кезде ақылымен және шешендігімен әйгілі болған болыс басқарушысы, Абайдың әкесі - Кұнанбай Өскенбаев үкіметті жақтау-шылар қатарында болған.
1846жылдың жазында Кенесары Балқаш көлінің жағалауындағы Камал түбегін басып алды; сол жерден ол жазалау отрядтарына жансала қарсыласу мақсатымен жаңа ауылдарды тарту есебінен өз негізін кеңейтуге ниет етті. Бірнеше зеңбірегі бар ханның он мыңдық жасағы едәуір күш болатын. Жазалаушы кұрамаларға қарсы осыныңалдындағы қақтығыстар бойынша жауынгерлік тәжірибе жинақтаған көтерілісшілердің каруы да жаман емес еді.
Оларға Қоқан хандығына қарсы белсенді күрес кезеңінде қосылған хиуалык жеті шебер оқ ататын зеңбірек дайындап берген.
Жетісуда жүрген және азық-түлікпен қамтамасыз етілу аудандарынан шеттеп қалған хан өз ауылдарын астықпен жабдықтау проблемасын өзінше шешті: нақ сол Нюхаловтың хабарлағанындай, Кенесары өзіне бағынғысы келмеген, «егіс егіп, оларға астық дайындап беруге тиісті» «500 шаңырақ үйсіндерді» тұтқында ұстады.
Талантты қолбасшы ретінде Кенесары өз жасағына да, оның үстіне бүкіл көтеріліске де тұрақты бөлімдер кенеттен қоршауы мүмкін болған жағдайда, өзінің Балқаш өңіріне орналасуының сәтсіз екенін айқын түсінді. Сонымен бірге оның жасағы Орта жүз бен Жетісу аралығында қимыл жасап жүрген басқа да бытыраңкы жасақтардан бөлініп қалды. Кенесары жағдайды дұрыс бағалап және күресті жалғастыру үшін жағдайдың әлсіздігін біліп, өз ауылдарымен бірге Іле өзенінің оң жағалауына өтті және сұлтан Рүстем Әбілфейізовтің жасақтарымен бірікті, мұның өзі кешірілмес жаңсақтық болатын. Бұдан кейінгі окиғалар Рүстем сұлтанның дәйексіздігін көрсетті. Бұл көтерілістің жеңіліс табуын тездетті. Жетісуда болған кезінде Кенесары қырғыз манаптарына жергілікті ха-лыктан зекет жинау үшін екі мың адамдык жасақ жіберді. Алғашкы кақтығыстардың өзі-ақ қырғыз руларының қазақ ханы өктемдігіне бағынбауға бел байлағанын көрсетті. Оның үстіне аймаққа ниеті белгісіз ірі карулы күштер келгені туралы ескертілген ең басты кырғыз манаптары қарсылық көрсету үшін қол жинап үлгерген болатын. Екі мың адамдық жасақтан «мың шақты адам ашжалаңаш қайтып келіп, жеңіліске ұшырағандарын және өздерінің кашып кұтылғандарын хабарлады».
Кенесары өз жағдайының киын екенін, Абылай ұрпақтарының арасындағы терендей түскен алауыздыктарды ықпалды манаптармен жасырын байланысы бар қазақ отрядтарының командирлері шебер және дер кезінде пайдаланатынын жақсы түсінді. Ол былай тұрсын, Кенесары өз жорықтарына қатысуға күштеп мәжбүр еткен ыкпалды қазақ батырларының бірі Сыпатай Ормон ханмен құпия байланыс жасап, казақ жетекшісін - таудың сыртында қырғыздардың қалың қолы тұр, сен олардың осы уақытқа дейін тек «шабақтарымен айналыстың, сазандарымен енді ғана кездесесің» деп иландырды.Бастапқы мақсатқа жету - Тянь-Шань қырғыздарын, Ұлы жүздің бір бөлігін өзіне бағындыру, Шу өзенінде қыстап шығу, одан соң Үш-Алматыны жайлау мүмкін еместігі барған сайын айқындала түсті. Оның Цин Кытайының шығыс шектерінде кешіп жүруге оның келісімін алуға тырысуы Кенесарының қырғыздармен қантөгісті қақтығыстар жасамау ниетіне байланысты болатын. Іле өзенін бойлай жоғары өрлеген ол көптеген ауылдармен бірге қытай шекарасына терендей кіріп, Үйгентаска токтады да, одан Шыңжаң билеушісіне Кұдайменді Саржанов сұлтан, Шоқтар Бактыбаев би және Сұйдақ қожаны елшілікке жіберіп, «оның жерінде көшіп жүруге рұқсат ету туралы» өтініш жасады, бұған рұксат ала алмады. «Ол қытай қамқорлығына алынбайды және қайдан келсе, сонда кетсін, қытайдың өкімет орындары сізбен де, іспен де кінәлі болғысы
келмейтін Ақ патшадан мейірім сұрасын...» Кенесары өз елшілерін жібергеннен кейін бір ай өткен соң, оның ауылына арнаулы тілмаштар жеткізген жауаптың мәтіні осындай болды, мұның өзі оны Ұлы жүз бен Қырғызстан шегінде көше жүріп, Жантай, Ормон манаптарға мынадай мазмұндағы хат жолдауға мәжбүр етті: «Менің мұнда келу мақсатым жауласу және қан төгу емес, кайта қырғыздар мен қазақтарды біріктіру... және жалпы алғанда, қоқандықтардың қысым көрсетуінен кұтқару...». Алайда ол озінің бейбіт ниеттерін жүзеге асыра алмады: мұның үстіне қырғыз ауылдарына дұшпандары таратқан оның «кырғыз руларын жоюды», ойлайтыны, сондай-ак қырғыз елшілеріне менсінбей қарауы туралы сыбыстар қырғыздардың қарсы қимылын қатайта түсті. Бас манаптар Жантай Қарабеков, Ормон Ниязбеков өз қимылдарын жасаул отрядтарына жансала қарсыласу мақсатымен жаңа ауылдарды тарту есебінен өз негізін кеңейтуге ниет етті. Бірнеше зеңбірегі бар ханның он мыңдық жасағы едәуір күш болатын. Жазалаушы кұрамаларға қарсы осыныңалдындағы қақтығыстар бойынша жауынгерлік тәжірибе жинақтаған көтерілісшілердің каруы да жаман емес еді.
Оларға Қоқан хандығына қарсы белсенді күрес кезеңінде қосылған хиуалык жеті шебер оқ ататын зеңбірек дайындап берген.
Жетісуда жүрген және азық-түлікпен қамтамасыз етілу аудандарынан шеттеп қалған хан өз ауылдарын астықпен жабдықтау проблемасын өзінше шешті: нақ сол Нюхаловтың хабарлағанындай, Кенесары өзіне бағынғысы келмеген, «егіс егіп, оларға астық дайындап беруге тиісті» «500 шаңырақ үйсіндерді» тұтқында ұстады.
Талантты қолбасшы ретінде Кенесары өз жасағына да, оның үстіне бүкіл көтеріліске де тұрақты бөлімдер кенеттен қоршауы мүмкін болған жағдайда, өзінің Балқаш өңіріне орналасуының сәтсіз екенін айқын түсінді. Сонымен бірге оның жасағы Орта жүз бен Жетісу аралығында қимыл жасап жүрген басқа да бытыраңкы жасақтардан бөлініп қалды. Кенесары жағдайды дұрыс бағалап және күресті жалғастыру үшін жағдайдың әлсіздігін біліп, өз ауылдарымен бірге Іле өзенінің оң жағалауына өтті және сұлтан Рүстем Әбілфейізовтің жасақтарымен бірікті, мұның өзі кешірілмес жаңсақтық болатын. Бұдан кейінгі окиғалар Рүстем сұлтанның дәйексіздігін көрсетті. Бұл көтерілістің жеңіліс табуын тездетті. Жетісуда болған кезінде Кенесары қырғыз манаптарына жергілікті ха-лыктан зекет жинау үшін екі мың адамдык жасақ жіберді. Алғашкы кақтығыстардың өзі-ақ қырғыз руларының қазақ ханы өктемдігіне бағынбауға бел байлағанын көрсетті. Оның үстіне аймаққа ниеті белгісіз ірі карулы күштер келгені туралы ескертілген ең басты кырғыз манаптары қарсылық көрсету үшін қол жинап үлгерген болатын. Екі мың адамдық жасақтан «мың шақты адам ашжалаңаш қайтып келіп, жеңіліске ұшырағандарын және өздерінің кашып кұтылғандарын хабарлады».
Кенесары өз жағдайының киын екенін, Абылай ұрпақтарының арасындағы терендей түскен алауыздыктарды ықпалды манаптармен жасырын байланысы бар қазақ отрядтарының командирлері шебер және дер кезінде пайдаланатынын жақсы түсінді. Ол былай тұрсын, Кенесары өз жорықтарына қатысуға күштеп мәжбүр еткен ыкпалды қазақ батырларының бірі Сыпатай Ормон ханмен құпия байланыс жасап, казақ жетекшісін - таудың сыртында қырғыздардың қалың қолы тұр, сен олардың осы уақытқа дейін тек «шабақтарымен айналыстың, сазандарымен енді ғана кездесесің» деп иландырды.Бастапқы мақсатқа жету - Тянь-Шань қырғыздарын, Ұлы жүздің бір бөлігін өзіне бағындыру, Шу өзенінде қыстап шығу, одан соң Үш-Алматыны жайлау мүмкін еместігі барған сайын айқындала түсті. Оның Цин Кытайының шығыс шектерінде кешіп жүруге оның келісімін алуға тырысуы Кенесарының қырғыздармен қантөгісті қақтығыстар жасамау ниетіне байланысты болатын. Іле өзенін бойлай жоғары өрлеген ол көптеген ауылдармен бірге қытай шекарасына терендей кіріп, Үйгентаска токтады да, одан Шыңжаң билеушісіне Кұдайменді Саржанов сұлтан, Шоқтар Бактыбаев би және Сұйдақ қожаны елшілікке жіберіп, «оның жерінде көшіп жүруге рұқсат ету туралы» өтініш жасады, бұған рұксат ала алмады. «Ол қытай қамқорлығына алынбайды және қайдан келсе, сонда кетсін, қытайдың өкімет орындары сізбен де, іспен де кінәлі болғысы келмейтін Ақ патшадан мейірім сұрасын...» Кенесары өз елшілерін жібергеннен кейін бір ай өткен соң, оның ауылына арнаулы тілмаштар жеткізген жауаптың мәтіні осындай болды, мұның өзі оны Ұлы жүз бен Қырғызстан шегінде көше жүріп, Жантай, Ормон манаптарға мынадай мазмұндағы хат жолдауға мәжбүр етті: «Менің мұнда келу мақсатым жауласу және қан төгу емес, кайта қырғыздар мен қазақтарды біріктіру... және жалпы алғанда, қоқандықтардың қысым көрсетуінен кұтқару...». Алайда ол озінің бейбіт ниеттерін жүзеге асыра алмады: мұның үстіне қырғыз ауылдарына дұшпандары таратқан оның «кырғыз руларын жоюды», ойлайтыны, сондай-ак қырғыз елшілеріне менсінбей қарауы туралы сыбыстар қырғыздардың қарсы қимылын қатайта түсті. Бас манаптар Жантай Қарабеков, Ормон Ниязбеков өз қимылдарын жасаул Нюхаловпен келісе отырып, «жанталаса қимылдауға -өлім, яки оның көзін жоюға шешім жасады». Сол екі арада Кенесарының жасақтары жат жерде ұсақ-түйек қақтығыстарға барғанмен, түбегейлі бетбұрысқа қол жеткізе алмады. 1847 жылғы сәуірдің ортасына карай қырғыздар негізгі күштерін біріктіріп, бейне бір жүз мыңдык әскер жинаған сияқты, дегенмен бұл деректердің көп асыра көрсетілгені көрініп тұр. Адам саны жөнінен артықшылық қазақ ханының жаулары жағында болғаны анық. Шешуші шайқас 1847 жылғы 17 және 25 сәуір аралығында қазіргі Тоқмаққа жақын, қазақ сарбаздарын қырғыздар кақпанға түсірген терең шатқалда болды. Таулы жер ханға өз артықшылығын пайдалануға мүмкіндік бермеді, оның өз қолында бар жеңіл зеңбіректермен атуды барынша пәрменді түрде пайдалануға мүмкіндігі болмады. Кең далада ойдағыдай қолданылып, сынақтан өткен атты әскерлер де кең қанат жаюы мүмкіндігінен айырылды. Үш тәулікке созылған тең емес шайқас қазақтардың күшін титықтатты; жағдайды ұрыс алаңынан Рүстем сұлтан мен Сыпатай би жасақтарының кенеттен шегініп кетуі қиындата түсті. Кенесары және 30-дан астам сұлтан тұтқынға түсті, қалғандары «бытшыт болып, жан-жаққа қашып кетті». Кырғыздардың тұтқынына мыңнан астам сарбаз түсіп, құлақестіп көрмеген қатыгездікпен өлтірілді. «Кұлдықтың қасіретті шынжырын лақтырып тастағысы келген көшпелілердің үміті», қазақтың соңғы ханы осылай қаза тапты.
«Осы бұлікшіні құртқаны үшін» кырғыздардың басты манаптары Ормон Ниязбеков, Жантай Карабеков, оның інісі Калығұл Әлібеков, сұлтан Рүстем Әбілфейізов, Сыпатай би Мырзагелдин патша үкіметінен мол марапаталды.
Кенесары қайтыс болғаннан кейін алты жылдан соң Ұлы жүздің аға сұлтаны қызметіне үміткерлерді таңдау кезінде Рүстем Әбілфейізовтің Ұлы жүздің аға сұлтаны қызметіне кандидатурасы «оның бұрынғы сенімсіз әрекеттері себепті» қабылданбай тасталды, яғни оның бастапқыда Кенесары Қасымовпен уақытша байланыс жасағаны ескерілді.
Ханның жеңіліс табуы мен қайтыс болуы орыс отрядтарының Іленің арғы жағындағы өлкеге және Солтүстік Қырғызстанға одан әрі тереңдей енуіне қолайлы жағдай жасап, аймақты Ресей империясына қосып алуды жеңілдетті.
Кенесары Қасымовтың көтерілісінің біршама қайшылықтары, анықталмаған мән-жайлары бар: бір жағынан, Қоқан хандығымен (қазақтарды азат ету мақсатын көздеген) соғыс, ал екінші жағынан, бауырлар қырғыздармен қантөгісу соғысы, тағы бір жағы, өзін қолдаудан бас тартқан қазақ руларына мейірімсіздігі.
Шұрайлы қоныс, шүйгін жайылым үшін дәстүрлі күрес бұл жолы да қазақ руларының қасиетті мақсат жолында - өкімшілік-отарлаушылық жаңа тәртіптердің енгізілуіне қарамастан, саяси оқшаулығын сақтап келе жатқан, кең-байтақ аймақтардың мемлекеттік тәуелсіздігін калпына келтіру жолында бірігуіне кедергі жасады; тағдырлы стратегиялық мақсаттардан тар өрісті рулық мүдделердің басым болуы дәстүрлі аристократияның Орталық Азияның оңтүстік-шығыс шектерінде Англия мен Ресей мүдделерінің барған сайын ашық қақтығысуы жағдайларында солтүстік көршісінің әскери-саяси қысымы алдында осалдық көрсетуін тереңдете түсті.
Ресейдің Оралдан арғы шет аймақтарындағы аса ірі халық көтерілісі жеңіліс табуының мән-жайларын айтқанда, Казақстанның геосаяси орналасуының ерекшелігін ескермеуге болмайды: Хиуаның да, Бұхара әмірлігінің де Кенесарымен ынтымактастық жасауында мұсылмандық факторы да елеулі рөл атқарғанымен, олар Кенесарыны өздерін Ресей тарапынан жасалатын болашақтағы қауіптен корғау дәрежесінде ғана қолдады; бірак хан өз каруының өткір жүзін Қоқанға карсы бағыттасымен-ақ бұрынғы қолдау біртіндеп бәсендей берді; Ресейге қарсы да, Қоқанға карсы да күресі қазақ ханының түзеуге келмес катесіне айналды.
Ұлы Абылай заманындағы егеменді мемлекеттілікті калпына келтіруді максат еткен қазақ халкының XIX ғасырдағы аса ірі ұлт-азаттық көтерілісі бұл жолы да жеңіліспен аякталды, бірақ ол Орта Азия мен Қазакстан халықтарының жадында өшпес із қалдырды. Ол Ресей империясына қарсы халықтардың Польшаға, Кавказға, басқа да аймактарға құлаш жайған күресінің бір буыны болды. Шәміл жетекшілік еткен таулықтардың көтерілісімен қатар, аса көрнекті саясатшы, қолбасшы Кенесары Қасымов басшылық еткен қазақ халқының күресі де империяның отаршылдық басып алуынан азаттық жолындағы ұлттык шет аймақтар күресі арнасындағы ең табанды, қажырлы және ұзаққа созылған көтерілістер қатарына жатады.
Кенесары ханның өз басы, оның саясатшы, қолбасшы, дипломат ретіндегі теңдесі жоқ қасиеттері тоталитарлық жүйенің өктемдігі жағдайында жылдар бойы ескерусіз қалдырылып келсе де, халық жадында берік сақталған. Кенесары Қасымов хан өз дәуірінің ұлы қайраткерлері шоғырында лайықты орын алады. Орыс халқының тәуелсіздігін жат жерліктердің шапкыншы-лығынан қорғаған қолбасшылар Дмитрий Донской, Михаил Кутузов және басқалар сияқты, Кенесары хан да Қазақстанның дербес мемлекет ретінде оқшаулануын сақтау жолында жеке басының теңдесі жоқ қасиеттерін көрсетіп, өз өмірін соның жолында кұрбан етті.
Кенесарының жанын пида еткен күресі, оның халық мүдделеріне шексіз берілгендігі, қолбасшылық өнері, капиталистік жүйе орныққанға дейінгі даланың ғажайып кемеңгер, өзгеше сипаттағы саясаткері ретіндегі ерен қасиеттері оны көзінің тірісінде-ақ бүкіл халықтың құрметіне бөледі, оның жеке басы сол дәуірдегі патшалық отаршылдық империя апологеттерінің өзін де кайран қалдырды. Дала өңірінің суырып-салма жырау-лары жырға қосқан хан бейнесі бүкіл даланы кеңінен шарлап кетті. Плюрализм және соз бостандығы қайтадан мүмкін болған казіргі тәуелсіз Қазақстан жағ-дайында орынсыз ұмытылған есімдер халыққа қайтарылды, солардың ішінде қазақ жүздерінің соңғы ханы, Абылай ханның немересі - Кенесары Қасымов бар. Біздің ғасырымыздың 30-жылдарында-ақ ұрпақтар есінде калдырылған Кенесары ханның қозғалысы, патша өкіметінің аймақта әскери-саяси белсенділігі жағдайында табысқа жеткізбесе де, атасы Абылай ханның ісі сияқты оның ұлы істері туралы халық есінде ізгілікпен сақталғанының куәсі.
Бекіту сұрақтары:
1.Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың және Жоламан Тіленшіұлының қозғалыстары немен аяқалды?
2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі қай жылы болды?
3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс қай жерлерді қамтыды?
4.Бөкей Ордасындағы халық көтерілісі немен аяқталды ?
5.Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс неше жылға созылды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №18-19 Қазақ жерлерінің Ресейдің құрамына қосылуының аяқталуы.
Негізгі ұғымдар: Перовский жорығы (1839-1940), Ағылшындық «Азиаттық саясат», «Жалғыз ағаш шайқасы», А.Бутковтың Арал саясаты.
Жоспар:
1. Іле аймағын отарлау.
2.Ұлы жүз қазақтарының Ресейге таралуы.
3. Перовскийдің жорығы.
4.Қоқан хандығының жойылуы. Хиуаның тізе бүгуі.
5.Арал бойы қазақтарының Хиуалықтар мен Ресей басқыншыларына қарсы күресі.
Мақсаты: Оңтүстік Қазақстан бағытындағы ресей мен ағылшын сыртқы саяси мүдделерінің тоғысуын ашуы. Соның нәтижесінде Ресейдің Қазақстанның оңтүстігін отарлауды тездетуге итермелеген жағдайды дәлелдермен талдап көрсету.
1. Іле аймағын отарлау.Патша өкіметінің Қырым соғысында (1854—1856) неғұрлым күшті дұшпандар блогынан жеңіліс табуы Ресейдін белсенді сыртқы саясатының мүмкіндігін едәуір шектеді. Сол екі арада елдегі жаңа рыноктық қатынас та тез және сеніммен күш алып, жедел дамып келе жатқан Ресей өнеркөсібі мен саудасы үшін барған сайын жаңа өнім өткізу рыноктары мен шикізат көздерін талап ете түсті. Шикізат кезі оңтүстік-шығыста бо-латын. «Ресейдің батыс рыноктарында көп жағынан бірінші орын алған уақыты өтті, — делінген Әскери жинақта, — ал мүның өзі бізді жаңадан шығыс рыноктарын және ең алдымен таяудағы, Орта Азиядағы рынок-тарды іздестіруге міндеттейді».44 Ресейдің сыртқы саясатында Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азияның маңызы күрт өсті. Қазакстанды түпкілікті бағындыру және Орта Азия мемлекеттерімен жанжақты қатынастарды жандандыру туралы мәселе қойылды.
Бұл мемлекеттермен толымды сауда жасауға көптеген себептер, ең алдымен — Орта Шығыстағы саяси тұрақсыздық және Орта Азия хандыктарының ішіндегі жағдай туралы патша үкіметінде кажетті акпараттың болмауы кедергі жасады. Мұның өзі Ресейдің Орталық Азияға кіре түсуін тежеді және орыс үкіметін шектес жатқан Азия елдерінде әскери-экономикалық және саяси барлау жолына түсуге итермеледі.
Орталық Азия аймағындағы сауда-экономикалық және әскери-саяси жағдайды анықтау мақсатымен 1858 жылы Н.П.Игнатьевтін Хиуа мен Бұхараға дипломатиялық елшілігі, Шығыс Иран (Хорасан) мен Гератка шығыстанушы Н.В.Ханыков бастаған экспедиция, Қашғарға баратын сауда керуені кұрамында көпес түрінде Ш. Уәлиханов жіберілді. Олар әкелген материалдар патша үкіметіне Оңтүстік Қазақстандағы және Орталық Азия хандыктарындағы саяси күштердің шын мәнінде орналасуын аныктауына, олардың экономикалық және халықаралық байланыстарымен танысуына мүмкіндік берді, сондай-ақ бұл аймақтар жөніндегі Англияның кең көлемді жаулап алушылық жоспарлары бар екенін дәлелдеді.
Ресейдің Орта шығыстағы саяси бағытын белгілеу үшін Н.П.Игнатьевтің Хиуа мен Бұхараға дипломатиялық сапары нәтижелерінің ерекше зор маңызы болды. Орыс елшісінің екі мемлекеттің өзара достық қатынастары туралы шартқа қол қоюдан бас тартқан Хиуа ханымен онша қанағаттан дырмайтын келіссөздері Орталық Азияға дипломатиялық елшілер жіберу — «нақ сол мақсатқа... бірақ баскаша түрде жету үшін қолданылуы мүмкін ақшаны босқа рәсуө ету» деген ойды нығайта тұсті. Сыртқы істер ми-нистрлігінің Азия департаментіне жолдаған арнаулы хабарламалары мен арнайы жазбаларында Н.П.Игнатьев «опасыз» шығыс билеушілерімен сая-си келіссөздердің бұрынғы тактикасын жалғастыру пайдасыз екенін негіздеді және Орта Азия хандықтарына карсы соғыс кимылдарын жан-ғырту кажеттігін талап етті. XIX ғасырдың 50-60-жылдары шебінде бұл көзқарас Сырткы істер министрлігінен тиісті колдау таппады, біракжо-ғары өкімшілік салаларында өзіне күн еткен сайын көп жактастар таба берді және ақырында, 60-жылдардың орта шенінде Петербургтің ресми пікіріне айналды. Практикалық нәтижелері жөнінен Н.П.Игнатьевтің Бұхараға миссиясы неғұрлым сәтті болып шықты. Ол орыс көпестерін ортаазиямен сауда-ын едәуір жандандыруға жеткізіп, олар Орынбор шебі мен Нижегород жөрмеңкесіне құлшына келе бастады. Өз кезегінде Мәскеу сауда компаниясы Бұхараға Ресей тауарларын жіберуге мүмкіндік алып, олар онда тиімді еткізілетін болды.
Жоғарыда атап етілгеніндей, сонымен бірге Ресейдің Орталық Азия елдерімен өзара тиімді сауда қатынастарынын дамуы Ресейдің Орталық Азиядағы басты карсыласы Англия түрінде ықпалды одактас тапкан Қоқан хан-дығының күшті қарсы өрекетіне ұшырады. 1860 жылы Қаратегін және Дарбаз аркылы Қоқанға ағылшынның тәжірибелі барлаушысы Әбді' өл-Маджит жіберілді. Оған хандықтың билеушісі Моллабектің сеніміне кіру және Үн-дістандағы Британ өкімет орындарымен байланыс орнатуды үсыну міндеті жүк-телді. Бұл сапардың сөтті аяқгалғанына Қоқан хандығының басты тірек пункт-теріне Британ қаруының берілуі және әскери нұскаушылар мен қару жасаушылар жіберілуі көрнекі түрде растап берді.
Сонымен катар Қоқан билеушілері Пішпекте, Меркеде, Әулиеатада және Шымкентге өздерінің адцынғы шептерін күшейту жөнінде шаралар қолданды, атгы әскер үшін теңіректегі казактар мен кырғыздардан жазалаумен қор-кытып жылкьілары мен малын тартып алды, сауда керуендерінің жүріп өтуіне барынша қарсы қимыл жасады. Бұл өрекетгердің бөрі Орынбор және Батыс Сібір өкімет орындарына уақытылы жеткізіліп отырды, сөйтіп олар әлбетге мазасыздык керсетіп, патша үкіметі тарапынан жауап шаралар жасауды күшейтуге шақырды.
Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жөніндегі экспансиялық максатгары негізінен алғанда екі жолмен: біріншіден, қазақдаласына бір-қатар әскери-барлау және жазалау экспедицияларын ұйымдастыру; екіншіден, дала аркылы өтетін «стратегиялық жағынан тиімді жағдайда болған бекіністер шебін» салу аркылы жүзеге асырылды. Бұл шаралардың бәрін аймақта жергілікті отаршылдық әкімшіліктін әскерлері жігерлі түрде жүргізді, соның нөтижесінде «кептеген ықпалды қазак. көсемдері не шайқастарда өлтірілді, не тұтқынға алынды». Аймаққа терендей шабуыл жасау Орынбор шебі тарапынан да, Сібір шебі тарапынан да осылайша әзірленді. XIX ғасырдың бірінші жартысының аяғына карай Орта жүз бен Ұлы жүз аумақтарында Сібір жағынан бастап Ақтау (1835 ж.), Ұлытау (1835 ж.), Капал (1846 ж.), Сергиополь (Аягөз, 1831 ж.) және басқа бекіністер салынып, олар Ресейдің Іледен арғы өлкедегі тірек пункттеріне айналды. 1848 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынған Үлкен Орда приставының қызметі белгіленеді. Ол Ұлы жүздің жаулап алынған аудандарын басқаруды жүзеге асырды. 1854 жылы Алматы шатқалында Верный бекінісін, ал 1859 жылы Қастек бекінісін салу аяқталды, Ресейдің Шу алкабы аркылы Казақстанның оңтүстігіндегі Қокан бекіністерін: Әулиеатаны, Шымкентті және басқаларын басып алу женіндегі соғыс қимылдары сол жерлерден басталды. 1856 жылы Семей облысының құрамында бастапқыда орталығы Қапал каласында, ал 1862 жылдан Верный қаласында болған Алатау округі кұрылады.
Бұл жылдарда Алатау округі кұрамындағы Ұлы жүз казақтарыныңсаны — 25,5 мың шаңырақ, 100 мыңнан астам адам; ал кырғыздар - 15 мың шанырақ, 60 мындай адам болды. Іле және Шу өзендерінің оңтүстік белігі арасында Дулат руының казақтары (9,5 мың шаңырақ, 38 мың адам) Қоқан иеліктерімен шекарада және Шу өзенінде Шапырашты (2 мың шаңырак, 8 мың адам), Жа-ныс (800 шаңырак, 2400 адам), Жалайыр (8500 шаңырак, 34 мың адам), Іленің солтүстігінде, Балқаш көлі мен Верный-Капал қалаларының арасында Іле өзенінің екі жағасында, Алтынемел және Алатау сілемдері бойында, Ыстыккөлдің солтүстік жағалауында — Албан (7500 шаңырак, 30 мың адам) руларының қазактары көшіп жүрді.
Жетісуды коса алғанда, оңтүстік кдзақтары арасында Ресей ыкпалын күшейтудің тиімділігі кем түспейтін келесі кұралы марапаттаулар, атақтар беру, жоғары қызметгерге тағайындау, күрмет керсету және т.б. аркылы ық-палды ру билеушілерін отаршылдык өкімет орындары жағына тарту болды. Мысалы, Алатау округі құрылған кезде оның бастығына жылына 1500 сом жалакыбелгіленсе,Ұлыжүздіңруларынбасқарутапсырылған Сүйік Абылайхановқа, Ғали Әділовке, Рүстем Әбілфейізовке және Хакім Қүловқа -343 сомнан (Орта жүздегі сияқты) жалақы белгіленді.
Ресей әскерлерінің аймакка оңтүстігінен де, солтүстігінен де ойдағыдай ілгерілеуі 1857-58 жылдарда Шымкент және Әулиеата аудандарында жергілікті казақтардың қоқандықтарға қарсы көтерілісіне де жәрдемдесті. Бұл көтерілістердің аяусыздықпен басылуы да казақтардың едәуір бөлігінің Ресей жағына өтуіне себепші болды. Ал жалпы алғанда, аймақтыңтағдырын оның жергілікті халқы емес, кайта Қоқан мен Ресей арасындағы соғыс шайк-астары шешті, ал осы екі экспансиялық, мемлекетгердің жақтастары мен кар-сыластары арасындағы күреспен ғана емес, сонымен қатар ішкі жанжалдар-мен (ру араздығы, барымта және т.б.) және көршілес қырғыздармен қатынас-тардың шиеленісуімен айналысып жажан казактардың үлесіне неғұрлым күшті отаршылдык билігіне түсу тағдыры ғана қалды.
1860 жылы орыс әскерлерінің қокандықгарға карсы белсенді соғыс кимылдары басталды: 26 тамызда — Тоқмак, 4 қыркүйекте Пішпек кұлады, ал 24 қазанда Үзынағашка жақын жерде шайкас болып, онда Алатау округінің бас-тығы подполковник Колпаковскийдің 3 ротадан, 4 жүздіктен, 6 зеңбіректен және 2 ракеталық станоктан тұратын отряды қокандыктардың едәуір күштерін (30 мындай адам) ірі жеңіліске ұшыратты.5 Бұл оқиғалар кезінде қоқандықтардың озбырлығы мен қысым көрсеткеніне карамастан, оларды Жетісу қазақтары мен қырғыздарының «дөуір бөлігінің колдауы байқалды. Мысалы, дулат руынан шыкқан Андас және Сүраншы билер, ботбай руынан шыққан атакты адамдар Диқанйай мен Әлжан өз қаражаттарынан коқандықтар жағына орыс әскерлеріне қарсы шайкасқан еріктілердің жасақтарын ұйымдастырып, каруландырдыы. Олар Қапал бекінісін басып алып, қиратуға да ниеттенді. Оларға рубасылары Үмбетәлі мен Байсейіт бастаған кырғыздар белігі де косылды. Егер Ібіреулері қоқандықтарды ашык. қолдаса, басқалары соларға игі ниеттес болды. Осыған байланысты генерал-лейтенант М.А.Терентьев 1860 жы-лғы 15 казанда Колпаковский ықпалды қазактарға (капитан Тезек Нүра-лиевке, подпоручик Жанғазы Сүйіковке және капитан Әбілес Абылаевка және баскаларға) «сарттардан түскен барлық олжаны беруге уөде етіп, өз батырларымен» өзіне косылуға шақыру жібергенін көрсетуі тегін емес, «алайда казактар қай жағы басым түсетінін күтіп, кызмет көрсетуге асык-пады... олар тіпті жаудың қозғалысы туралы хабар беруден де жалтарды, сондықтан біздің адамдар жаудың бағдарын білмей жобалап жылжыды...». Қазақтар мен кырғыздардың қоқандықтарға карсы орыстардың соғыс қимылдарына мүндай көзкарасы, біріншіден, қоқандыктардың дінсіз жау-лап алушыларға қарсы аймак мұсылмандарының касиетті соғыс — ғазауатты кең көлемде насихаттауына және екіншіден, Алатау округінің бас-тығы Колпаковскийдің байырғы халық жөніндегі қаталдығына байланыс-ты болды, ол байырғы халықтың қатардағы өкілдерін үсақ-түйек кұлак асһағандык, үшін өлім жазасын колдануға дейін барып, аяусыз жазалап отырды. Қокан әскерлеріне қарсы күресті киындатқысы келмеген Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорд Колпаковскийден ез кимылдарын не-иұрлым абайлап және сактыкпен жүргізуді талап етуге мәжбүр болды. Осы жағдайлардың аркасында 1860 жылғы кдзанның басында коқандык-тар «Әулиеата мен Пішпек арасындағы кеңістікте де өздеріне қазактартардың көп бөлігін ерікті және еріксіз түрде қосып алды». Олар қираған Пішпекті иеленіп, содан кейін 10 зеңбірегі бар, 20 мыңнан астам адамнан тұратын Қоқан әскері Қордайдан өтіп, Қастектің батыс жағындағы ай-налма жолдармен шықты да, оны Үзынағаштан бөліп тастады. «Жақын маңайда көшіп жүрген біздің қазақтар дереу соларға косылды», — деп кер-сетеді генерал-лейтенант М.А.Терентьев.
Орыстар сияеты, кокандыктар да казактың ру шонжарларының екілдерін сатып алуды кеңінен пайдаланды. 1851 жылдың өзінде-ақ қокандықтар мол сыйлықтар беріп, Ұлы жүздің ыкпалды казак сұлтандары тобын өз жағына тартты, ал Керім би бастаған ботбай, шапырашты, кызылбөрік, жаныс, шымыр және басқа да рулардың қазактары кокандыктарға бағынатын Шу өзенінің сол жақ аумағына көшіп кетгі.55
Қокандықтар да, орыстар да колдаудан сөл бас тартқаны, әскери күштер үшін қажетгі көлікпен, тамак, өнімдерімен, жүмыс күшімен, мал азығымен және басқа да көптеген заттармен камтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды уақытылы орындамағаны үшін қазақтарды қатаң жазалап отырды. Қокандык-тардыңқазакхалқына көрсеткен зорлық-зомбылықтары мен озбырлықтары туралы көп айтылды, сондықтан бұл жөнінен асып кетпесе, ешкандай кем түспеген орыс әскерлері тарапынан жасалған осындай әрекеттерден небәрі бірнеше мысалдар келтірейік. Мысалы, Үзынағаш оқиғалары кезінде Ұлы жүздің Керім би бастап көшіп кеткен рулары, сондай-ақ кырғыздар 1860 жылы генерал-лейтенант М.А.Терентьевтің көрсеткеніндей «олардың бұрынғы қоныстанған жерлерінде жемшөптін жеткіліксіз болуына байланысты біздің жерімізге кыстауға көшіп келді. Сол казактарды жазалау үшін біз бұл жағ-дайды дереу пайдалана койдык».56 Бұл үшін казақтар да, кырғыздар да аяусыз жазаланды.
Орыс әскерлері бір мезгілде үш шапкыншылық жасады, «ауылдар өртелді, көп мал колғатүсірілді», басқа да екі бай старшындарымен қоса Керім бидіңөзі кепілгеалынды. Жүзбасы Жеребятьев барлық ауылдарға көшуге жарлық беріп, сонан соң оларды біздің жаққа қуып өкелді. Осы шапкыншылықтардың салдарынан Алатаудың оңтүстік беткейлерінде ор-наласқан қазақтар мен кырғыздар кайта көшуге мәжбүр болды. «Қайта-дан кдшып кешіп барғандар душар болған қалың кар мен шөптің болмауы оларға берілген тағлымды бұрынғысынан да еселей түсті», — деп қорытады М.А.Терентьев.
1860 жылғы 2 карашада Пекинде Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі таулы аймақтар мен Күршім өлкесіне Ресейдің құкығын бекітіп берген орыс-қытай шартына кол койылды. Шарт баптарының бірінде Ресейдің сыртқы саудасы үшін Үргідегі сиякты, Қашғарға да рұксат беру түрінде онда консуль-дық «ашып», қытай көпестерімен баж салынбайтын тауар айырбасын жүргізу көзделді.
Алайда Бұхарамен сауда қатынастарындағы сияқты бұл жағдайда да Ресейдің Батыс Кытай рыноктарына өту әрекеттері Орта Азия хандыкта-рынан Шыңжаңға баратын сауда жолдарына катаң әскери-әкімшілік ба-қылауды жүзеге асырып отырған Қоқан хандығының карсылығына душар болды. Ресей үшін ете тиімді Пекин шартын іске асыруды Үндістан мен Кашмир арқылы Батыс Қытайға өз ыкпалын таратуға тырыскан Ұлыбри-танияның өрекеттері де киындата түсті. Сол кезге карай-ақ ағылшын барлаушылары Жаркент пен Қашғарға еніп алып, Батыс Қытайға апаратын тау жолдарын мұқият зерттеді. Шыңжаң мен Орталық Азияда жергілікті шенеуніктер арасында Ресейге карсы белсенді насихат жүргізді. Сондык-тан Ресейдің орталық ведомстволары мен жергілікті жерлердегі өкімшілік органдарында Шыңжанды «ашудан» елге келтірілетін экономикалықпай-даның әр түрлі жоспарлары Қоқанға соғыс шабуылын жасаумен тығыз ұштастырылды.
Алайда А.М.Горчаков басшылықжасаған Сырткы істер министрлігі бастапқыда әскери күш қолдануға карсы болды, бұл орайда мүның өзі Англиямен қатынастардың одан әрі шиеленісуіне әкеп соғады деп санады, сондыктан жаңа аумақтарды күштеп косып алудан тартынуды ұсынды.1861 жылы елдің кәсіпкерлер тобымен тығыз байланысты Д.А.Милютин басқарған Әскери министрлік Орта Азия мәселесі бойынша карама-карсы көзқарас білдірді.
мақсатты көздеді, ол содан кейінгі бес жыл ішінде Орталық Азиядағы соғыс қимылдарының бүкіл барысына катты ықпал жасады. Әскери отрядтардың бастықтары өздері мүлде күтпеген жағдайда зерттеліп отырған аудандарда Қокан әскерлері тарапынан азды-көпті күшті немесе ұйымдасқан карсылық кездестірмеді. Жұмағал және Құрткдбекіністерінің гарнизондары Проценконын отрядына іс жүзінде бірде-бір ок атпай берілді. Черняевтің отряды оңтүстікке беттегені туралы хабар алынғаннан кейін Созакта Қоқан билігіне карсы көтеріліс тұтанды. Осы кішкене калашықтың халкы Қоқан гарнизонын каруын тастауға мөжбүр етті және өзінің Ресей бодандығын алғысы келетінін жариялады
Созақ және Шолаққорған төңірегінде көшіп жүрген бестаңбалы руы мен Қоңырат бірлестігінің казақтары солардан үлгі алып, 9 мың отбасы Ресей империясының бодандығына өтті. Көшпелілердің орыс өкімет орындары жағына шығуына итермелеген негізгі себеп патша отрядтары келгенге дейін жакында жатқан ауылдарға Коқан коменданттары жасаған сансыз көп тонаушылықтар мен зорлық-зомбылық негізгі себеп болды. Мұндай шапқыншылықтарды ұйымдастыруда, Қоқан шенеунігі және сарай маңыныңтарихшысы Нияз Мұхаммед Хукандидің айтуы бойынша, түркістан бегі Мырза Дәулет ерекше көзге түскен, «Түркістанда тонаушылар тобын жинап, кала теңірегіндегі ауылдарды талап-тонаған».
2.Ұлы жүз қазақтарының Ресейге таралуы. Ресейдің жалпы Оңтүстік Казақстанға әскери экспансиясы, өсіресе Ақмешітті, Түркістанды, Әулиеатаны, Шымкентті және басқа да Кокан бекіністерін корғаушыларды талқандауы ерекше қатыгездікпен және әскери түрғыдан ақтауға болмайтын әрекеттермен жүргізілгенін ерекше атап өту қажет. Балшықтан соғылған дуалы бар бұл бекіністердіңтиісті фортифика-циялық кұрылыстары болмады, ал олардың негізінен алғанда бейбіт тұрғындардан тұратын корғаушылары нашар қаруланған еді. Американ саясатшысы Юджин Скайлердіңайтуына қарағанда, Акмешітті орыс артиллериясы 25 күн бойы аткылаған, соның салдарынан қатты бұліншілікке ұшыраған олар жеңімпаздың рақымшылығына бағынуға өзір болған, бұл туралы оның қорғ-аушылары генерал Перовскийге тиісті хат жіберген. Перовский бұған карамастан «азын-аулақ болса да кайткенмен даңққа бөленгісі келіп, хатты отқа тастаған да, елшіге: «Біз бекіністі шабуыл жасап аламыз», — деп жауап қайтарды. Ол келесі күні таңертен. солай істеді».
Түркістанға шабуыл кезінде оны да қатты қиратып күшті өрт шығарған орыс әскерлері жергілікті тұрғындарды үрейлендіру үшін ғана Мекеден кейінгі мұсылмандардың екінші касиетті орны — Кожа Ахмет Йасауи кесенесін де артиллериядан атқылаған. Кесенеге 12 снаряд атылып, олардың 11-і оның ка-бырғасын тесіп өткен. М.А.Терентьевтің көрсеткеніндей, олар «әулиеніңдәр-менсіз сәтін көрсетіп, содан тұрғындар қобалжи бастаған».
Шымкент халкы одан да мейірімсіз, ал ең бастысы әскери тұрғыдан актауға болмайтын зорлық-зомбылық пен талап-тонауға ұшыратылды. Полковник Лерхенің және Шымкент үшін шайкастарға катысқан баскд да орыс офицерлерінің еске алғанындай, оған шабуыл жасаудың нәтижелерінде сүмдық көрініс болған: «Биік бекініс каклаларыныңтең жарымына дейін жаралылар үйіліп жатты. Осы тірі тоскдуылға артиллерия ок, атқаннан кейін іргесіндегі арықка қан судай акты, үрейі үшқан қокандыктар, көзге түсіп қалмау үшін қызыл әскери киімдерін лақтырып тастап, тым-тырақай жан сауғалады. Еліріп алған Ресей солдаттары бүкіл қаланы найзамен тінтіп шықты». «Байырғы халық деректерінің» айтуына карағанда, бұл қаланы қорғауда қаза тапкандар саны 3170 адамға дейін жеткен», яғни 1862-64 жылдардағы бүкіл Түркістан науқаны кезінде қазатапкан Қоқан жауынгерлерініңжалпы санынан едөуір асып түскен. Деректемелер Әулиеата мен Шымкент алынғаннан кейін де орыс әскерлерінің жүгенсіздік жасағанын көрсетеді.
Замандастарының айтуынша Ш. Уәлихановтың Черняевтен кетіп қа-луына патша генералдарының нақ осындай әрекеттері себеп болған. Онын ғүмырнамашыларының бірі былай деп жазған: «орыс әскерлерінің Шо-қан діндестеріне немесе оның тайпаластарына, яғни қазақтарға жасаған айуандығы оны катты ренжітті. Ол жорыкқа ендігі жерде қатыса алмай-тындығын көріп Черняевтен қол үзді және Верныйға жетіп, ол жерден Тезек сұлтанның ауылына барды».
Сайрам каласы да күйінішті жағдайға үшырады, оның түрғындарын Черняев отрядының орыс әскерлері жем сатып алу
кезінде «6 түйесімен коса төменгі шенді адамдардың бірін» қолға түсірді деп айыптады. Сайрамға 60 казактан, 48 салт атты аткыштардан және 1 мың казақтан тұратын отряд жіберілді. Артиллериядан оқжаудырып, басып алынғаннан кейін қалатамтығы қалдырылмай тоналды, тұрғындардан елуден астам адам қаза тапты және одан үш есе көп адам жараланды. Шамамен алғанда сайрамдықтар осылай жазаланды және бұлай жазаланғандар олар ғана емес еді...
Түркістан мен Шымкенттің алынуымен Орынбор және Сібір шептері тұйықталды. Шын мәнінде, Қазақстанның Ресей империясының күрамына кіруінің 130 жылдан астам уакытка созылған үзақта күрделі үрдісі осы оки-ғамен аякталды.
Шымкент алынғаннан кейін Ресей үкіметінде Орталық Азияға катысты бұдан былайғы әскери және саяси шаралар женіндегі алауыздык кайтадан күшейді. Континенттегі халықаралықжағдайдың қиындығын ескере отырып, А.М.Горчаков Ресейдің Орта Шығыстағы біртұтас саяси бағытын жасау кажет деген сенімге келді. 1864 жылдың карашасында Әскери министрлікпен бірлесе отырып, Сырты істер министрлігі патшаға арнаулы баяндама дайындады, онда Орта Азия аймағындағы іс-қимылдардың нақты бағдарламасы баяндалды.
Патша үкіметінің Орталық Азиядағы экспансиялық саясатын ақтай келіп, патшаның екі министрі де оның сипатын Ресей билігіндегі аумактарға көшпелілердің шабуыл жасауынан елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ба-ғытгалған «корғаныс» сипатында болды деп аныктады. Сонымен бірге баянда-мада басып алынған шептерде Ресейдің тұрактылығын нығайту, одан әрі жау-лап алудан бас тарту, ортаазиялық билеушілерімен адал қатынастарды сақ-тау және оларға орыстар тарапынан «адамгершілік ықпал жасауды» күшейту кажетдеген пайымдау айтылды. «Қазіргі уакытта,—деп көрсетті А.М.Горчаков, - Орта Азиядағы біздің иеліктерімізді одан әрі ұлғайтуға үкімет адамдары да, мемлекеттің мүдделері де келіспейді. Жаңадан жаулап алудың кез келгені біздің шекараларымыздың ұзындығын арттыра отырып... Ресейді кү-шейтпегені былай түрсын, кайта әлсіретеді, сөйтіп көріне келтірілетін зиян-ның орнына болжалды пайда ғана алмақпыз». 1864 жылғы 21 кдрашада патша екі министрдің жоспарын бекітіп, ол Орта Азия мөселесі бойынша үкіметгік бағдарлама маңызына ие болды. Алайда кейіннен Орынбор мен Омбыдағы әскери топтар мен жергілікті өкімшілік ұйымдар «Петербург Кабинетінің үнсіз келісуімен бұл бағдарламаны талай рет бұзды».
А.М.Горчаковтың белгілі меморандумы жарияланғаннан кейін жарты жыл өткен соң-ақ Казақстанныңоңтүстігінде жаңадан құрылған Түркістан облы-сының әскери губернаторы генерал-майор М.Г.Черняев Қоқан мен Бұхара арасындағы Ташкентгі иелену кұқығы жөніндегі жанжалдың шиеленісуін пай-даланып, 1865 жылдың маусымында осы калаға шабуыл жасап (1950 орыс солдаты мен офицері, 400 қазақ сарбаздары) оны кыска уақыттың ішінде басып алды."
1866 жылдың жазында Петербургте Ташкентгің болашақтағы кұкықтык мөртебесі туралы болған кыска айтыстардан кейін II Александр оны Ресей құрамына қосу туралы жарлық шығарды. Бір жыл өткен соң, 1867 жылдың маусымында орталығы Ташкентқаласында болатын Түркістан генерал-гу-бернаторлыган қүру туралы заңжарияланды. Оған жаңадан қүрылган Жетісу және Сырдария облыстары кірді.
Оңтүстік Қазақстанға Ресей мемлекеттік-өкімшілікжүйесініңтаралуына байланысты оның орасан зор полиэтникалық империяның құрамына қосылуы рәсімделді. Сол кезден бастап Қазақстан ұзақ уақыт бойы Ресейдің отарлық шет аймағына айналдырылды.
3. Перовскийдің жорығы. 1848-1853 жылдарда Орта Азияны жаулап алуға дайындала отырып, патша өкіметі Орталық Азия аймағында тұңғыш рет Арал теңізінде әскери флотилия құрады. 1847 жылы «Николай» және «Михаил» деген екі мачталы шхуна суға түсірілді, ал 1848 жылы Орынборда «Константин» кемесі жасалып, ол теңізге бөлшектеліп әкелінді де, Райым бекінісінде құрастырылды. 1852-53 жылдарда тапсырыс бойынша Швецияда жасалған «Пероиский» және «Обручев» әскери пароходтары жеткізілді. Екі корабль де 1853 жылы Коқанның Ақмешіт бекінісіне шабуыл жасау мен оны алуға катысты.
Кіші жүзді билеуші, өзіне адал сұлтандардың ордалары да патша өкіметінің даладағы әскери тірек пункттері болды, оларға полициялык кызмет атқару және отбасы мүшелерімен қоса сұлтандардың өздерін күзету үшін офицері бар екі-үш жүз қазақ берілді. Бұл козғалысқа жеңіл казак отрядтары Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің 1825 жылғы 5 және 17 каңтардағы, 1827 жылғы 2 шілдедегі шешімдерімен кұрылды және арнаулы нұсқаулар негізінде қимыл жасады.
Кіші жүздің үш бөлігін билеуші сұлтандардың қарамағында жаз Кезінде 100-200 казак, қыс кезінде бір офицер, бір урядник және 20 казакболды.
Патшалық Ресейдің әскери жағынан күшейгені соншалық, стратегиялық міндеттерді шешуге кірісті. Мәселен, 1839-1840 жылдарда Орынбор генерал-губернаторы Перовский Хиуаны жаулап алу мақсатымен жорық жасады. Экспедициялық корпустың құрамына 2,4,6-шептік Орынбор бтальондары, 1-батальонның екі ротасы, полковник Бизянов командалық ететін 4-Орал қазақ полкі мен әскери старшина Назаровтың 5-Орал қазақ полкі, 1-Орынбор қазақ полкі, сондай-ақ Кіші жүздің батыс бөлігінің билеуші сұлтаны подполковник Баймағамбет Айшуақовтың 250 жігіті енді. Отрядтың артиллериялық қару-жарағы күшті еді, онда: 12фунттық екі шойын және 6 фунттық екі зеңбірек, ат жегілетін 14 пұттық екі және таулы жерге арналған 3 фунттык сегіз жеңіл зеңбірек, 6 фунттық алты мортир, екі шойын фальконет, барлығы 22 зеңбірек, сондай-ақ бірнеше қондырғылы зымырандар болды. Маршруттың жолында алдын ала азық-түлік және жем коры бар Жем және Ақбұлақ бекіністері салынды. Алайда 5 мыңнан астам солдат қатысқан осындай орасан зор әскери шара ұзаққа созылған қысқы жорық жағдайларын білмеу себепті мүлде сәтсіз аяқталды. 1839 жылғы 14 карашада жолға шыққан отряд хиуалықтармен шайқастарға дейін-ақ жол-жөнекей мың солдатынан айырылып, 1840жылғы 14 сәуірде Орынборға қайтуға мәжбүр болды.
4.Қоқан хандығының жойылуы. Хиуаның тізе бүгуі. XІX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның Ресейге бағына қоймаған жерлерін Қоқан феодалдары басып алып, отаршылдық саясат жүргізді. Қоқан ханы Әлімнің (1800-1809) кезінде Сайрам, Шымкент қалалары мен олардың төңірегіндегі біраз жер басып алынса, Әлімнің мирасқоры Омар ханның (1809-1822) кезінде қоқандықтар қазақ хандарының ескі астанасы Түркістан қаласын өздеріне қаратты. Осы кезден олардың Сырдария бойына, солтүстік-батысқа және солтүстік шығыстың Іле аймағына дейінгі қазақ даласының кең байтақ жерін басып алуға ұмтылысы басталады. «1814 жылы өздерінің иеліктерін кеңейту мақсатында қоқандықтар Сырдарияның төменгі ағысына қарай жылжи отырып жергілікті қазақтардың тіршілігіне қол сұғып, олардан зекет, үшір талап ете бастайды» – деп жазды кезінде А.И.Макшеев.
Қоқандықтар Сырдария бойына Жаңақорған, Жөлек, Күмісқорған, Шымқорған, Қосқорған және басқа да бекіністер салды. 1817 жылы Сырдың сол жағында Ақмешіттің құрылысын бастап, келесі жылы оны дарияның оң жағасына көшірді. Сыр бойының қонысына үйренген қазақтар оны тастап кете алмай, Қоқан бектеріне жылына әр киіз үй 6 қой, 24 қап көмір, 4 өгіз теңімен сексеуіл, 1000 бау қамыс төледі, ал диқаншылардан егіннің бөлігі алынды. Сонымен қатар қазақтар мынадай алым-салықтар түрлерін де төледі: ай сайын әр киіз үй бір адамнан, бір аптаға Қоқан бектері мен байларының бау-бақшасын және егістіктерін өңдеу үшін беріп отырды және олар қазақтарды жылына алты рет қамалдағы жұмыстарға салып, атқоралар мен егістік жерлерді тазалауға мәжбүрледі. Қару ұстай алатын әрбір қазақ әскери жорық болған жағдайда жорықтың аяғына дейін қажеттіліктермен қызмет істеу керек болды. Алым-салықтар төлемеген жағдайда қазақ ауылдары талқандалды.
Қоқан хандығының оңтүстік және Сыр бойы қазақтарын бағындырудағы нәтижесі феодалдық әлеуметтік-экономикалық құрылыс үстем етуші феодалдық институттарды кеңейту еді, бірақ патриархалдық-рулық құрылыс та маңызын жоймады.
Қоқан хандығының әлеуметтік-экономикалық қатынасының ықпалымен қазақ қоғамында феодалдану процесі жүрді. Бірақ қазақтардағы қоғамдық қатынастарының сипаты патиархалды-феодалдық негізде қала берді, экономика мен тұрмыста бұрынғы рулық тайпалық дәстүрлер сақталынды. Қазақтардың үй кәсіпшілігі баяу дамыды және дербес қолөнер өндірісі дәрежесіне жетпеді. Сауда формасы болып бұрыннан қалыптасқан тауар-айырбас түрі қала берді. Қазақ қоғамының рулық-тайпалық құрылымы сақтала берді, бірақ туысқандық байланыстар территориялық шаруашылық байланыстарға орын берді. Феодалдық қарым-қатынастармен асқынған рулық тайпалық құрылым рулық-тайпалық күрес формасындағы феодалдық өзара соғыстарды тудырды.
Қоқан хандығы қазақтармен қатынаста тек шаруашылық емес, феодалдық үстемдік пен хандардың деспоттық билігін сақтауға бағытталған әскери отарлау саясатын жүргізді. Сыр бойындағы территориялардағы бекіністердегі қоқандық коменданттар салықтың және әскери-полицейлік қызметтерді атқарды, тек кейбір кездері қазақ феодалдарының жергілікті өзін-өзі басқаруына араласты.
Қоқанға отарлық тәуелділікке тап болған қазақ халқы қатаң феодалдық хандық езгіні бастарынан кешті. Сыртқы қарапайымдылығына қарай салық жүйесі жақсы дамыды.
Барлық шаруашылық процестер мен қоғамның өндіріс өнімдеріне азаматтардың құқықтық талаптарға жылжитын және жылжымайтын мүліктерге салық салынды. Қанаушылық үш формада жүрді: натуралдық, ақшалай, еңбектік. Заңмен бекітілген салықтармен заңдастырылған, дәстүрлі алым-салықтар еңбекшілердің мойнына ілінді, сол уақытта қазақ феодалдары сияқты билік басындағылар салықтық иммунитет пен басқа да жеңілдіктерді пайдаланды.
Сонымен қатар Қоқан хандығының қазақтарды бағындыруы, бірінші кезекте, қауымдардың пайдалануындағы біржақты қазақ ақсүйектерінің иелігінде болған қазақ жерлеріне салық салу арқылы иеленуді көрсетті. Сол уақыттағы қазақтарға Қоқан хандығының үстемдігінің орнауы шаруалардың ғана емес, жергілікті халықтардың да жағдайының өзгеруіне әкеп соқты. Феодалдардың жерді иелену құқығы сақталғанмен меншікке жоғары құқық қазақ феодалдарынан ханға өтіп, рента мен салықтық иммунитет тек хандық билікпен шектелді. Бірақ үстемдік етуші феодалдық таптардың өзінің саясатына сүйенген хандар олармен кірістерін бөлісуге, феодалдарға рентаның бір бөлігін беруге мәжбүр болды. Қоқан хандығындағы қазақ феодалдарының жағдайы табысты болмады. Олардың саясаты әлеуметтік-экономикалық құрылысты өзгертуге және шаруалардың жағдайын жақсартуға бағытталмады, тек хандықтағы саясатқа толық та белсенді қатысу құқығы үшін, өз халқын тонауда көп пайда табу үшін жүргізілді.
Қазақ және өзбек еңбекшілерінің шаруашылық байланыстары бұл екі туысқан халықтардың жақындасуына көмектессе, онда салықтық езгі, қазақ халқын аяусыз тонау оның келешектегі шаруашылықтың дамуын тежеді.
Қазақ қоғамының таптық дифференциясы анық байқалды, бірақ қауым немесе ауыл тұрмысында ол рулық-патриархалды сарқыншақтармен жасырынды. Мұның барлығы еңбекшілердің әлеуметтік наразылығын білдіру формасына ізін қалдырды.
Халықтардың негізгі ашу-ызасы хандық феодалдық деспот пен салық қысымына қарсы бағытталды. Қазақ феодалдары көп ретте халықтардың ашық наразылықтарын пайдаланды. Көтерілісшілердің қозғаушы күші қарапайым халық болғандықтан оның табыстарын бірінші кезекте феодалдар пайдалануға тырысты.
Шаруалардың ұйымдаспаған стихиялы көтерілістері, сол уақыттағы таптық сана-сезімнің әлсіздігі салықтық езгі мен деспотизмнің жойылуына және халықты жеңіліске әкелмеді. Хан әскерлеріне тойтарыс бергенмен еңбекшілер нәтижесінде жеңіліс тауып, көтеріліс басшылығын өз қолдарына алып қойған феодалдар жеңетін.
Сол кездегі халық бұқарасының қозғалысы әлеуметтік жағдайды түбірімен өзгерте алмады және саяси, экономикалық қайта құруға әкеп соқпады. Бірақ күрестердің нәтижесінде әлеуметтік наразылық білдіру тәжірибесі жинақталып, қысымшылық көрген қазақ еңбекшілерінің таптық ынтымақтастығын туғызды.
Қоқан хандығының Оңтүстік Қазақстандағы отарлау саясатын Ресей өз көзімен көре тұрса да, қол астындағы қазақ халқына көмек беруге асықпады, өйткені халықаралық жағдай өте ауыр екенін түсіне отырып, дипломатиялық жолмен шешуді көздеді. ХІХ ғасырдың 50-жылдарына дейінгі аралықта Ресей империясы Қоқан хандығымен сауда-саттық, экономикалық байланысты болса, 50-60 жылдардан кейін Ресей-Қоқан қатынасы әскери-саяси факторларға аяқ басады.
Қоқан хандығындағы ішкі қайшылықтар, әлеуметтік таптық және ұлт-азаттық күрестер Қоқан хандығының құлауына әкеп соқтырды. Қоқан хандығының қанаушылық саясаты Ресей империясының “Шығыс саясатын құтқарушылар” есебінде көрінді.
5.Арал бойы қазақтарының Хиуалықтар мен Ресей басқыншыларына қарсы
күресі.Қоқан, Хиуа хандықтары сияқты сыртқы жаулардың дүркін-дүркін шабуылынан өз ішінде болып тұратын руаралық талас-тартыстардан Сыр, Арал бойындағы қазақтардың қалың бұқарасы әбден қажыды. Олар тыныштық өмірді аңсады және сол бейбіт өмірді Ресей ғана әкеледі деп сенді. Сондықтан қазақтар Сыр бойына келген орыс әскерлері мен қоныс аударушыларды шын достық пейілмен қарсы алды. Бұл сыртқы және ішкі саяси экономикалық қайшылықтардан туған қажеттілік еді. Жанқожаның және оның айналасындағы қазақтардың мұндай достық ықыласы жөнінде орыс офицерлері: «Қоқан, хиуалықтарды қырғыздардың қас жауы деп есептейтін Жанқожа біздің Сырға қоныс тепкен кезімізде ең бір табиғи сенімді, өте қажетті одақтасымыз болды» деп жазды.
1849 жылдан бастап Хиуа тарапынан болатын шабуылдар тоқтай бастады да, бірақ Қоқан тарапынан төнген қауіп күшейе түсті. 1849 жылы 5 мамырда старшындар Сұлтанмұрат Мамаев пен Жұбат Байсуовтың айтқан мәліметтері бойынша қоқандықтар найзамен, қылышпен, мылтықпен қаруланып шөмекей руының Сарықасқа бөлімінің ауылдарын талқандап 15000 қойды, 2000 түйені, 500 жылқыны айдап әкетіп, барлық мүліктерін, 52 қызды алып кетеді.1850 жылы 16 ақпанда өзбек пен қоқан қазақтарынан тұратын Қоқан отряды Қоқан ханына салық төлемегені үшін Сырдария өзенінің оң жағасында көшіп жүрген шөмекей руы қазақтарының 20 ауылын талқандап, 5 еркек пен 1 әйелді өлтіріп, 25000 қой мен 1000 жылқы айдап кетеді. Тоналған ауылдар Қарақұм мен Ырғызға, яғни Қазақстандағы Ресей территориясына көшті. 1850 жылы қазақтар 50000 бас малынан айрылған. 1851 жылы қоқандықтар жоғарыда көрсетілген көп малды айдап әкеткен. Бұған шыдамаған сұлтан Алтынғазы Нұрымов өзінің аулына келген қоқандық қазақтарды ескертті. Өз кезегінде Алтынғазы сұлтан жоғарыда айтылған барымта үшін қоқандықтардың көмегімен араздасушы қазақтармен талқандалып тоналды. Бұл іске Жанқожа қатысты. Ол өзі үшін сол кезде Аралда 100 казак пен 30 адамнан тұратын жаяу әскер бекінген Райым бекінісінің комендантынан көмек сұрайды. Комендант қауіптің барын көріп, яғни өз жағына қабылдауға мәжбүр болып, бекіністен көмек беруге шығатынын білдірді. Жанқожа орыстармен бірге өзінің ескі жаулары қоқандықтарды өлтіріп, Қышқорған бекінісіне жылжып, оны басып алып, қазақтарды ауыр езгіден уақытша босатып, атын Ақмешітке дейін таратады. 1851 жылы көктемде генерал Обручев аймақты басқаруда генерал-адъютант Перовскиймен ауыстырылды. 1851 жылы 29 мамырда Перовскийдің аймақты басқаруға келісуі, орыс үкіметінің Орта Азия бағытындағы саясатының қол жеткен нәтижесінің дәлелі болып табылады. Ішкі саясаттың негізі өзгеріссіз қалды, оның пікірінше, қазақтар бізге көшпелі халық ретінде керек, олардың отырықшылыққа көшуі Ресей үшін зиянды.
Обручев Жанқожаны марапаттаған болатын, ал жаңа губернатор өзінің оған мұқтаж еместігін және даланы сұлтан-билеушілермен басқара алатындығын көрсеткісі келді. Бірақ Жанқожа әр түрлі амалдармен қабылдамады. Осы жағдайға байланысты губернатор оны қазақтарды басқару құқығынан айырды, содан соң бұйрықпен есауыл атағын алды. Осы әрекеттері арқылы ол сенімді бағыныштыдан ашық жауды жасады. Бұған қоса батырдың Перовский мейірбандығына кірген Ермұхамед Қасымов сұлтанмен рулық басарыздығы болатын. Ермұхамед сұлтанды халық «Елікей» деп атаған. Бұл оқиға жөнінде нақтырақ айтсақ: «Біз Хиуа ханы тағайындаған Елікейдің Сырдағы қазақтарды басқарғанын, Жанқожаға қарсы күресінен көреміз. Бірақ Елікей жаман хиуалық билеуші болды. Қуаңдағы (Сырдың жағасы) қазақтарды басқара отырып, олардан және керуендерден көп алым-салық алып отырды. Мұны білген Хиуа ханы оны Хиуаға шақыруға мәжбүр болды.
Сырды жайлаған орыс шенеуніктерінің, Арал бекінісінің коменданты Энгман мен сыртқы істер министрі Осмоловскийдің алдауға түспейтінін біліп, ол Хиуаға жақындайды. Ал Хиуа ханы болса, оған көмектесемін деген желеумен отбасын босатады. Ханның аяқ астынан жұмсақ болуының себебі осы. Елікейдің қысымы Энгманды оларға қарсы шаралар қолдануға мәжбүр етті, бірақ Перовский алдында шекаралық комиссияның төрағасы генерал-майор Ладыжинский сұлтанды жақтады. Осы уақыттан бастап Елекей жазасыз Сырда билігін жүргізе берді.
Райым бекісінісінің бастығының міндетін атқарушы майор Дамис 1850 жылы 26 тамызда Қоқан иелігіндегі қазақтар Қазалы, Арықбұлақ төңірегіндегі елдерді шауып кеткені туралы мәлімет алып, жүздеген әскер, зеңбіректермен қаруланып, Қараөзек пен Жамандария арасындағы «Қос қорған» бекінісіне 8-қыркүйекте шабуыл жасап, басып алады. Бекініс бастығы мырза Райым қолға түседі. «Жауап алу кезінде мырза Райым қазақтардың тонаушылық соғысына қатыспағанын, бірақ бұл шапқыншылықты Қоқан хандығы иелігіндегі Табын руының батыры Байқадамды өлтіргені үшін, шектілерден кек алу мақсатымен, 400 қазақ пен 10 қоқандықты ертіп Ақмешіт маңында көшіп жүретін Бұхарбай батыр жасағанын айтты».
Осы жылдары кезекпен барымталасқан шапқыншылық екі жақтан да жиілеп кеткен еді.
Қазақтардың ауылдарын шауып, кейін оралған қарақшылар тобырын келесі күні орыстар қуып жетіп, 100 қоқандық пен 3 хиуалықты өлтіреді және көптеген адам жараланды. Өлгендердің ішінде Қосқорған бекінісінің бастығы Чунук-Чукмардың (Шонық-Шоқпар) денесі ұрыс даласында қалды. Бұл ұрыста белгілі батыр Байқадамның інісі, қазақтардың басшысы Бұхарбай Ағайдаров (әкесінің аты қате кетуі мүмкін) ауыр жараланады.
… Ақмешіттің салысымен дарияны қуалап төмен кеткен, хиуалықтарды паналап, бұлардың қысымымен қашқан қазақтар мен қарақалпақтардың егін егіп, мал өсіріп өмір сүру мүмкіндігінен айыру, сөйтіп өздерінің қол астына қайтаруға мәжбүр ету мақсатымен қоқандықтар Жаңадарияны байлап тастады. Хиуалықтарға бұл шара қатты батып, реті келген жағдайларда олар Қоқан ханынан бөгетті бұзу жөнінде сұрау салды, бірақ бұл өтініштері үнемі аяқсыз қалды.
«…Сандыққорған құландысы жанындағы 1852 жылы қазақ батыры Бұхарбай бұзған бөгетті 1853 жылдың қазанында Сырдың суын көтеріп, кеме жүздіру мақсатымен Жаңадарияға жібермей, қайтадан қалпына келтірдік, бірақ көп ұзамай судың қысымы бөгетті қуып кетті».
Сонымен Бұхарбай батыр енді қайтап оралып, Қоқан иелігіндегі жерге шабуыл жасады. Халықтың ойынан табылып, жаудың сағын сындырып, Қарабөгетті бұзды. Әрине, батырдың бұл әрекеті жау тарапынан жазасыз кетпейтіні түсінікті еді. Ақмешіт бегі Жақыпбек Хазірет (Түркістан болуы мүмкін) қаласына адам шаптырып, Бұхарбаймен шайқасуға рұқсат сұрайды, бірақ қала бастығы Нұрмұхаммед Бұхарбайды орыстар жұмсап отыр деген оймен оған тоқтау айтады. Хазірет қаласының бастығы осы мәліметті алған соң Ақмешітке жан-жақтағы қамалдардан 7 зеңбірек пен 530 адам келді. Ақмешіт гарнизоны көбейіп, 1230 адамға жеткен. Бұхарбай, Сейілдің орыс иелігіндегі жерге өтуін патша ұлықтарының құп алып, отаршылдық саясаттың алға басуына қуанғандарын аңғаруға болады.
Ілгері жіберілген шолғыншы әскерлер Сыр жағасындағы сексеуіл тоғайынан екі жүздей қоқандықтарды кездестіріп, оларға қарсы Бұхарбай батырмен бірге ат қойып тұра ұмтылады. Тас-талқан қып қашырып, біреуін жарақаттап, тұтқынға алады. Содан жау туралы Бородинге хабар жібереді де, әскер келгенше үздіксіз көбейіп келе жатқан қоқандықтарды, екі мәрте лап қойғанына қарамастан, шепте ұстап тұрды. Орталарында 300-дей сауыт киген жауынгерлері бар жеті мыңдай қоқандықтар улап-шулап айқай салып, кернейлетіп, даңғара қағып, жаппай шабуылға көтерілді, бірақ оларды жақындатып алып картечьпен, мылтықтың оғымен қарсы алып, кейін қарай ысырып тастады.
Ымырыт үйірілгенше созылған соғыс тоқтаған соң Бородин дарияның жағасына ор қазып, бекініс салды. Ертеңіне таң сәріден қоқандықтар кейін шегінді. Ұзақ жылдар Сыр бойы қазақтарын аяусыз езген ата жауды Бұхарбай батырлар Желекке дейін қуып апарып тастады. Жол бойында қоқандықтардың өліктері мен көліктері жайрап қалды. Бұл жеңіс орыстар үшін ауыздан түспейтін елеулі оқиғаға айналды. Көптеген адамдар шен-шекпен, мадақтаулар алды.
Бұхарбай батырдың Құмсауыттағы ерлігі орыс өкіметі алдында оның беделін көтеріп, айбынын асырды. Ақмешіт, Құмсуат шайқастарынан кейін оның орыс өкіметі алдында салмағы арта түсті.
«Табын руы, оңтаңбалы тармағының биі Бұхарбай Естекбаев батыр мен теріс таңбалы тармағынан Сейіл Байқадамов өздерінің ерлігі, батырлығымен белгілі болған ордалықтар. Бұхарбайды мен Құмсуат ісі үшін, оның да бұрын алған күміс медалі болғандықтан, зауряд хорунжий шеніне, ал Сейілді иыққа асатын Анна лентасы мен күміс медальға лайық деп білемін».
Қорыта айтқанда, Сырдария қазақтарының XІX ғасырдың 20-50 жылдар арасындағы Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы күресі отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрес болып табылады. Бірақ, қалыптасқан әскери күшке ие болған, Қоқан және Хиуа хандықтарының күштері басым еді. ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстанның оңтүстігіне Орта Азия хандықтары өз ықпалын жүргізсе, кейін өңірге орыс отаршылдығы жетті. Алғашында орыс әскерлерін Орта Азия хандықтарына қарсы күресте өздерінің қорғаушысы ретінде сезінсе, кейін аймақта өзінің отаршылдық саясатын жүргізген орыс үкіметіне қарсы қазақ халқы қолына қару алып, қарсы шықты. ХІХ ғасырда хандық басқару жүйесінің жойылуынан кейінгі кезеңде қазақ даласында орыс отаршылдығының күшеюі өлкедегі жағдайды одан сайын шиеленістіре түсті. Қазақ даласында қанатын жайып, ішкерілей ене бастаған орыс билігіне мойынсұнбаған қазақ сұлтандары Орта Азия хандықтарының қолдауына арқа сүйеді. Патша үкіметі болса әртүрлі шен-шекпен мен сый-сияпат тарту етіп, ел игілерінің арасына араздық шоғын тастап, бір-біріне айдап салу арқылы, олардың бірігуіне жол бермеуге тырысты. Сонымен бірге орыс үкіметі оңтүстікті отарлауда, Сыр бойындағы халықтың Хиуа және Қоқан хандықтары ықпалында болғандығын өз мүдделеріне тиімді пайдалана білді. Ал керісінше орыс жаулап алушылығының өз шекараларына жақындауынан қауіптенген Орта Азия хандықтары, оған кедергі жасау мен тоқтату жолында оңтүстік өңір қазақтарын пайдалануға ұмтылды. Сөйтіп, Сыр бойындағы қазақтардың «орыстық» және «хиуалық, қоқандық» болып екіге бөлінуі, бірі Ресейдің, екіншісі Орта Азия хандықтарының билігін тануына итермеледі. Сонымен екі жақтан жасалынған жаулап алушылық қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерінің басталуына себеп болды. ХІХ ғасырдың 20-60 жылдарының аралығы Қазақстанда Ресей мен Орта Азия хандықтарына қарсы ұлт-азаттық көтерілістердің кең құлаш жайған кезеңі болып табылады.
Сыр бойындағы қазақтардың ұлт-азаттық күрестері қанша кең-құлаш жайғанмен, отаршылдарды Сырдың төменгі жағынан қуып шыға алмады. Солай болса да, олар отаршылдықты мойындамады. Осы көтерілістің басшысы болған Жанқожа Нұрмұхаммедұлы өзінің асқан батырлығымен, халқына деген сүйіспеншілігімен, адалдығымен, адамгершілік қасиеттерімен ел аузындағы аңызға айналып, оның есімі ұрпақтар жүрегінде мәңгі сақталып қалды.
Бекіту сұрақтары:
1.Ұлы жүз қазақтары Ресейге қай жылы қосылды?
2. Перовскийдің жорығы немен аяқталды?
3. Арал бойы қазақтарына жүргізілген Қоқан хандығының жорықтары немен аяқталды?
4.Арал бойы қазақтарының Хиуалықтар мен Ресей басқыншыларына қарсы күресі қай жылы басталды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №20-21 XVIIІ-XIX ғ. І жартысындағы Қазақстанның мәдениеті.
Негізгі ұғымдар: Ағаш үй, құрық, желі,көнек, қауға , шынырау құдық, күбі,келі, қол диірмен, қымыранжент, уыз, т.б. қобыз,шақ қобыз, суырып салма ақын, жырдастан.
Жоспар:
Қазақтың музыкалық мәдениеті және оның өкілдері
XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы қазақтың ақын-жыраулары
Қазак халкы және оның мәдениет тарихының зерттелуі

Мақсаты: Қазақтың ұлттық мәдениетімен танысу. Қазақы дәстүр сананың ұрпақтар сабақтастығын көрсету. Мәдени ұлттық мұраларды сақтаудың тарихи маңызын дәлелдермен баяндау.
1.Қазақтың музыкалық мәдениеті және оның өкілдері. XVIII ғасырдағы жоңғарлар мен қазақтардың арасындағы қырғын соғыс, толассыз шайқас, ұрыстар, екі халықтың бір-біріне деген өшпенділігі, еліспей беріспеуге бел буған бекемдігі, халықтың сан сала рухани мұрасында шыншылдықпен орын алғанын қазақтың музыкалық өнер туындыларынан да көреміз.
Қазақтың музыканы сүйетіні, аса сазгер халық екені ертеден музыка өнерінің тарихын зерттеген, бұл өнер туралы өте бағалы, шын жүректік сөздерін айта білген көптеген шығармаларда кездеседі. Музыка жөніндегі еңбектерді сөз еткенде 1992 жылы жарық көрген Ақселеу Сейдімбековтың «Күй шежіресі» аталатын еңбегін алдымен ауызға аламыз. Ол жөнінде осы кітаптын алғашқы тарауларында да айтқан болатынбыз. Әрбір қазақ үшін, қазақтың өнер сүйер қауымы үшін қажетті де құнды еңбек екенін көрсетумен бір бұл еңбекте ол көшпелілердің рухани мәдениетінде күйдің мың жылдан астам мезгіл аясында орныққан тарихи дәстүрінің бар екенін білгір және сирек кездесетін зерттеуші ретінде тұжырымдайды. Сейдімбековтың «Егер XX ғасыр табалдырығын аттағанға дейін қазақ халқына ең мол рухани жұбаныш болған өнер түрлері қайсы? — деген сұрақ қойылар болса, онда алдымен сөз өнері, музыка өнері және қол өнері тілге оралар еді» деуіне қарағанда музыка өнерінің халық үшін қаншалықты зор маңызы бол-ғанын байқау қиын емес. Мұның өзі өзіміз де жақсы білетін, солай түсінетін шындық емес пе?
Мәдениетіміздің аса бағалы арналарының бірі ретінде рухани айналымға түсіп отырған көптеген халық сазгерлерінің өмірбаяны мен күй аңыздарының арасында біз қарастырып отырған еңбекте XVIII ғасырға қатысты материалдар аз емес. Яғни ол еңбекте сол тұстағы халық тағдырына байланысы бар күйлер, оларды шығарушылар туралы да сөз болады. Бұл арада айта кететін бір жай Акселеу Тарақты бұл мәселені тек осы кітапта ғана емес, одан бұрын шыққан еңбектерінде де жазған болатын. 1989 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Сонар» атты зерттеу еңбегінде қазақтың ұлттық мәдениеті туралы ой толғаған, оның маңызды салаларының ірі қазақ музыкасының пайда болуы, дамуы, өсіп-өркендеуі жайында терең пікірлер айтады, нақты мысалдар келтіреді.
XVIII ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы кезінде өмірге келген қазақ күйшілерінің шығармаларының арасында аса ілтипатпен аталатындары «Қаратаудың шертпесі», «Қалмақ биі», «Беласар», «Абылайдың қара жорғасы», «Кеңес» т.б. күйлер.
Бұл күйлердің шығарушысы кімдер болды?
Солардың бірі — Байжігіт куйші, Керейдің Абақ тайпасынан шыққан, теңдесі жоқ өнер иесі болған адам. Ол жоңғарлардың 1723 жылғы қазақтарға тұтқиыл шабуылы басталған кезде 18 жастағы жігіт еді. Сол кездің өзінде жасынан домбыра тартып, кемелденіп қалған ол «Ақтабан» атты күй шығарады. Халық қасіретін кез алдына әкеліп, жан-жүйеңді босататын осы күйден кейінгі оның кең тараған шығармасы «Қайың сауған». Ол да ақтабан шұбырынды оқиғасымен өзектес, мұң, зармен басталып, барлық үмітсіздікті, түңілуді емес, қайта жеңіскедеген жігер мен қажымас күреске шақырған, сенімге толы сазды үнмен келетін күй.
Бұл күйді Құрманғазы айдаудан қайтып келе жатып, арқанын атақты күйшісі Тәттімбетке кездескенде шығарған екен деседі. Қазақ елінің бүкіл Шығысы мен Батысына, Оңтүстігіне аты кеңінен тараған Тәттімбет Қазанқапұлы (1815-1860) Кұрекең арнайы іздеп келгенде аурудың азабын шегіп, тесек тартып жатқан екен. Бірін бірі көруді арман етіп аңсап жүрген қазақтың екі қасиетті өнерпазы бір-бірінің өнерін тамашалап, бірнеше күнді бірге өткізеді. Осы кездесуде орындалған «Сарыарқа» күйі бүкіл қазақ даласына кеңінен тарап кетеді. Осы күйді тыңдап, толғаныс үстінде жатқан Тәттімбет «Көкейкесті» деген атпен күй шығарады. Көптен көкейімде, көңілімде жүрген, жанымды толқытқан күй еді деп, оны Кұрманғазыға бағыштайды. Қазақ өнеріне өзіндік қолтаңбасымен із қалдырған, жанға жағымды, жаймақоңыр күйлердің дәстүрін қалыптастырған Тәттімбет заманының белгілі, беделді, лауазымды адамы бол ды. Ол елуден астам халыққа кеңінен тараған күйлерін қалдырды. Бұлардың арасында «Азына», «Бес төре», «Балқан тау», «Былкылдақ», «Қос басар», «Балбырауын», «Бозторғай»,т.б. камералық, симпониялық, аспаптық,опералық туындыларға арқау болған. Қазір Қарағанды қаласында белгілі дирижер Ш. Қажығалиев ұйымдастырған Тәттімбет атындағы халық аспаптар оркестрі сол күйлерді нақышына келтіріп орындайды. Оркестр көптеген Шығыс өлдерінде өнер көрсетіп, үздік өнерімен кеңінен танымал болды.
XIX ғасырда қазақтың музыкалық мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосып, халықтың музыкалық қазынасын тамаша күй туындыларымен байытқан Тарақ ұлы Абыл (1820-1881), Назарұлы Қожеке (1823-1881), Шоңманұлы Тоқа (1830-1914), Сарымалай (1835-1885), Қазанғап (1854-1917), Ерназар ұлы Дайрабай, Нұрпейісова Дина (1865—1955), Дүкен ұлы Ықылас (1843-1916), Ерғали ұлы Мәмен (1859-1931), Қалмамбет ұлы Өскенбай (1860-1925), Тауданбекұлы Дәуірбай (1873-1937) сияқты аты шыққан дарынды композитор-күйшілер болған.
Осы айтылған күйшілердің арасында Ықылас пен Динаның орны айрықша бөлек.Ықылас Кіші жүздің Тама руынан шыққан. Арғы аталарынан бері қобыз ойнау өнерін әбден меңгерген тамаша музыкант. Оның қобызында орындалатын «Айрауық», «Аққу», «Асан қайғы», «Бозторғай», «Жалғыз аяқ», «Жез киік», «Ерден», «Қазан», «Қаншайым» т.б. күйлерін халық қобызшысы — күйшілердің орындауында қызыға да кұмар-татыңдайды.
Заманымыздың тамаша орындаушысы Дина Нұрпейіс келінінің домбыра тартқанын көру бақытына ие болған адам оны ешқашан ұмыткан да, естен шығарған да емес. Өйткені, ол теңдесі жоқ домбырашы болатын. Сонымен бірге Дина шығарған, Қаршыға Ахмедияров орындаған «Әсемқоңыр», «Байжұма», «Бұлбұл», «Науысқы» сияқты күйлер өнердің қайталанбайтын тамаша туындысы ретінде тыңдаушысының арқасын қоздырып, көңілін қуаныш пен бақыт сезіміне бөлейтін шығармалар болды.
Сонымен XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының музыка мәдениеті мен оның өкілдерін сөз еткенде бұл кезеңде қазақ жеріндегі музыка өнерінің дамылсыздамығанын, оның өсіп, өркендеуінің алтың діңгегі қазақ халқынын рухани өрісі болғанын байқаймыз.
Казақ халқының XVIII-XIX ғасырлардағы рухани шарықтауының өнімді өзегі — музыка саласындағы туындылар мен оны жасаушы дарынды сазгерлердің игі дәстүрлері XX ғасырда онан әрі дамып, өзінің лайықты жалғасын тапқанын айтуымыз керек.
XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы қазақтың ақын-жыраулары
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бастапқы жартысындағы мәдениетіміздің алымды арнасы халық поэзиясы, сол тұстағы саяси-қоғамдық өмірдегі оқиғалар мен өзгерістерді соған байланысты орын алған қазақ жұртшылығының көңіл-күйі мен ой-арманын білдірді. Ал бұл тұста қазақ жерінде орыстың отарлау саясаты кеңінен жүргізіле бастаған болатын. Бұрын Қоқан, Қытай елдерінің ықпалында болып келген аймақтарды өзіне қаратып, бекіністер салып, алым-салықты көбейтіп, қазақтардың шұрайлы, шалғынды жерлерін қазына қарауына алып, әлеуметтік-саяси кұқықтарын шектеуге кіріскен патша өкіметінің озбырлығы барған сайын күшейе түсті. 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы Жарғы» қабылданып, оның негізінде әуелі Орта жүзге. сосын Кіші жүзге ел басқарудың жаңа жүйесі енгізілді. Қазақ жерінде бекіністер салуды тоқтатып, бұрыннан барын құртып, әскерін әкетуді талап еткен Қасымның (Кеңесарының әкесі) талабы ескерілмегені былай тұрсын, қайта патша өкіметі қазақ жерінде қазақ-орыстармен әскери бөлімдерді бұрынғыдан да көбейтіп, Ақтау бекінісін салдыруға кірісті. Мұнан кейін Қасым сұлтан Орта жүзден қырық мың үй мен Қоқан хандығының шекарасына көшіп сол жерден Орта Азия халықтарымен бірігіп, азаттық күресін бастау ниетін іске асыруға кіріспекші болды. Бірақ онын ол ойы іске аспады. 1936 жылы Ташкент билеушісі — Әулие-Атада Қасымның екі ұлы Саржан мен Есенгелдіні, Түркістанда Қасымның өзін ұстап, өлтіріп жіберді. Әкесін іздеп шыққан Кенесары да қамауға алынып, өлім тырнағынан әзер құтылды.
Орта жүздегі Кенесары, Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысы, Жанқожа бастаған Сыр бойы шаруаларының бас көтеруі бір мезгілде бір тұтас қимыл болып бірден бұрқ етет үскен жоқ. Олар — бірі ерте, бірі кеш, ұйымдасулары нашар, жақсы қаруланбаған көтерілістер болды. Сондықтан басынан бақайшағына дейін қаруланған зенбірегі, соғыс жүргізу тәжірибесі бар шоғырларды мол ұстап отырған патша өкіметі оларды тез арада, аяусыз басып тастап отырды, мұның өзі тыныш жатқан елді тонап, жай жүрген қазақтарды жазықсыз, кінәсыз жазалаумен жалғасты. Сөйтіп, соры ашылмаған, табан еті тесіліп, маңдай тері төгіліп жинаған олардын мал-дәулеті жазалаушы шоғырлардағы солдаттардың қолында кетті. Қыз-келіншек зорлыққа ұшырады. Патша әскерлерін жергілікті халықтан шыққан патша өкіметінің отаршылдық саясатын қолдайтын төре, сұлтандардың жасақтары қолдады. Мәселен, 1856 жылғы Сыр бойындағы шаруалар көтерілісін басуға сұлтан Елекей Қасымовтың жасақтары елеулі көмек көрсетті.
Қазақ даласына қаулап еніп келе жатқан отаршылдық саясат пен оның зиянды зардаптарын, зәразап болған халықтың мұңын, көңіл күйін, наразылығын, қарсылығын жыр еткен халық поэзиясының өкілдері аз болған жоқ. Солардың бірі «Кенесары — Наурызбай» дастанын жазған Нысанбай жырау. Оның атақты дастаны көп уақыт Кенесары Наурызбайға беріліп кел-ген теріс баға, кеселді кесімге байланысты жұрт назарынан тыс қалып, айтылмай, қаға берісте, қалтарыстақалып келді. Өзінің көркемдік қасиеті, шеберлігі, шешендігі, ұтқырлығымен ерекшеленетін бұл туындыда Кенесары Наурызбайдың халықтың қамын жеген нағыз халық кесемі болғаны, оның серіктері Бұғыбай, Байзақ, Кұрман, Бұхарбай, Ағыбай, Меңдібай, Толыбай, Қабан сияқты батырлардың ерліктері есте қаларлық сөздермен кестелі де келісті суреттеледі. «Өлең жырға Нысанбай мәшһүр шешен нар еді, кезімен көріп, сөз қылған соғыста өзі бар еді» деп келетін Нысанбай жыраудың өзінің де ұлт-азаттық қозғалысының туы астында жүрген қалың қазақтың қатарында болғанын байқаймыз.
XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы халық поэзиясының көрнекті өкілдерінің қатарына Жәңгір ханның теңірегінде болған Жанзақ, Байтоқ, сондай-ақ Сыр бойының жырауы Жанкісі, Семей облысының Абыралы ауданынан шыққан Жанақ (1770— 1848), Аягөз, Балқаш алқабын жайлаған найманның атақты ақыны Дулат Бабатай ұлын жатқызуға болады. Олардан қалған мұралардың мазмұны әр түрлі, айтатыны әр қилы жайлар болғанымен, негізгі өзегі адамгершілік, рухани игілік, озық ой, сана, халық мәдениетін байыту болды. Адалдықты, әділдікті орнатуға ат салысқан олар билеуші ұлттардың хан, терелердің әділетсіздігін, қаралығын, құлқын құмарлығын айыптады.
Солардың бірі — Дулат ақын Барақ сұлтанды: «Құрық бердің ұрыға, момынды алдың қырыңа, малсыздарды таптадың, малдыларды жақтадың, тентекті жасқап қақпадың, арамдарды ақтадың өсекшіні мақтадың, арамдық болды баққаның, қашан сеніңашылар, момындарға құрылған, қанды қара қақпаның. Қарағысыз ел мен жұрт, терелік түскен дағыңа, ие болмай, айрылдың, Атаңның алтын тағына, кара толқын жау толды, Шығыс, Батыс жағыңа, тұлпардан туған тұқым ең, ере алмадың жабыға», — деп өлтіре мінейді.
Теңдік пен бостандықгың, әділдіктің, дұрыстықтың туын ұстаушысы болып өз заманындағы шындықтың шынайы шежіресін жасаған халқының бойына қажымас қайрат, қайтпас ерлік, батырлық пен батылдық, ақыл, амалдың өшпес ұрығын егуге, қазақтың қайсарлығын шыңдауға үлкен үлес қосқан Махамбет (1803—1846 жж.). Оның өткір тілмен, орамды сөз ұйқастарымен сомдалған қазақтың қайсар жігіттерінің, оның ішінде Исатай сияқты бөлек туған қаһарман тұлғалы ерлерінің бейнесі Махамбет жырларын оқыған адамға ұмытылмастай әсер қалдырады. Оның жырларына арқасы қозбайтын адам жоқ. «Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңқу-еңқу жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, тебінгі терге шірімей, терлігі майдай ерімей...» тынбағар ерлердің ісін айтқанда ол қиындықтың қандайынан да тайсалып, тайынбайтын ерлердің ел қорғанышы бола алатынын жыр кылады. Махамбет жырлары қазақ халқының бостандығы мен теңдігі жолындағы жорықтарда жұртқа рух берген, қайрат-жігерін үстеген туындылар.
3. Қазак халкы және оның мәдениет тарихының зерттелуі. Қазақ өлкесінің, қазақ халқының ғасырлар бойы дамып келе атқан тарихи, мәдени мұраларының зерттелуі, оның Ресей жерінің ажырамас аймағы, бүтіндігін толықтыратын бөлігі ретінде қарастырыла бастауы қазақ жеріне тарихшы, этнограф, орыс халқының азаттық күресінде тұтасып, айыпқа тартылып, айдалып кеткендер қазақ даласын, табиғатын, елін, дәстүрін, әдет-ғұрпын зерттеуге, жергілікті халықты орыс ұлтымен табыстыруға, таныстыруға үлкен күш салды. Оларды шұғыл, мақсаттарына қарай үш топқа бөлуге болатын еді. Алғашқы тобы қазақ халқының тарихын білімділік, ұғыну, тусіну тұрғысынан зерттеп, оны жұртшылық игілігіне айналдыру, зердесіне ұялату болса, екінші топ — бұл зерттеу, қорытындыларын, негіздерін орыс мемлекетінің пайдасына жарату, қазба байлықтарын тауып, қасиетті жерлерінің жемісін орыс қоғамының пайдасы үшін іске асыруды ойласа, оны үшінші бір тобы қазақ жеріндегі халықты орыстандыру мақсатын көздеді. Сөйтіп қазақ жерін зерттеу Қазақстандағы отарлық саясатты жүргізудегі келелі мәселелердің бірі болды.
Қазақ жерін зерттеушілердің бірі П. К.Криллов (1689-1737 жж.) болды. Жағрапия ғылымының маманы, әрі ірі мемлекет қайраткері болған ол қазақ даласының табиғаты, тауы мен даласы, суы, жер бедері және қазақ жұртының жер ыңғайына, шөбіне, шабындығына орай орналасуы туралы мол мағлұмат жинап, «қырғыз, қайсақ және қарақалпақ ордалары» туралы еңбек жазып, оны бүкіл Ресейлік империя атласын жасау үшін кеңінен пайдаланды. Орыстың белгілі оқымыстысы Рычков болды. Николай Федорович Рычков ғылыми экспедиция құрамында қазақтын жерін аралап, көптеген зерттеу жұмысын жүргізді. 1771 жылы Рычковтың «Қырғыз-қайсақ жеріне сапары кезіндегі күнделігі» деген еңбегі жарык керді. Оның қазақ жеріне деген ықыласты еңбегін жалғастырған П. М. Рычков (1712-1777 жж.) орыс әкімшілігінде қызмет істеп, қазақ елінің экономикасы,, мәдениеті, орыс-казақ халықтарының байланысы жөніндегі құнды деректер жинап, соның негізінде, «Орынбор қаласының сипаттамасы», «Татарлар туралы қысқаша мәлімет», «Орынбор тарихы» атты ғылыми жаңалығы мол шығармалар жазды. Петербург Ғылым Академиясының мүшесі П. С. Паллас 1768-1774 жылдарда Еділ бойын, Каспий ойпатын, Башқұрстан мен Орал тауларын, Байқал көлінін сыртқы аймақтарын зерттеген академиялық экспедицияны басқарып, «Россия мемлекетінің әр түрлі провинцияларына саяхат» деген көлемді еңбегін өмірге келтірді. Онын түркі тілдес халықтардың өмірі мен тұрмысына, емшілік, бақсы-балгерлік, тәуіптік өнеріне талдау жасауы халық ғылым-білімінің қайнары тереңде жатқанын көрсетті.
Қазақ халқының мәдени өмірін зерттеуде мол мұра қалдырған итальян саяхатшысы Марко Поло (1254 -1327 жж.) оның еңбектері ертерек, біз қарастырып отырған кезден көп бұрын шыққанмен, ол казақ халқының әлеуметтік өмірін, мәдени-рухани тұрмысын, дәстүрін терең біліп, олардың болашағы мен келешегі, тозбайтын, азбайтын арнасы туралы айта да, жаза да білді.
Венгер ғылымы А. Вамберидің — «Орта Азияға саяхат» (1865), «Орта Азия очерктері» (1868 ж.) деген еңбектері қазақ тақырыбына байланысты, оның мәдени тіршілігі туралы көптеген деректер береді. Э. С. Бульфсон, Г. Ю. Клапатро, К. Рихсарт, И. Шильтбергер өз жазбаларыңен қазақ мәдениетінің тарихын талдауды жұртшылық назарына ұсынып, насихаттауға аз үлес қосқан жоқ.
«Қырғыз-қайсақ немесе қырғыз-қазақ далаларының сипаттамасы» атты көлемді еңбегінен мәлім болған А. П. Левшин (1799-1879) қазақ атауының қайдан шыққанына тыңғылықты талдау жасай келіп, қазақ халқының сөз өнері, сәулет мұрасы, халықтың ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері мен белгілері туралы, қазақтың ақындық әлемі, импровизациялық шеберлігі жөнінде көкейге конымды өмір тәжірибесімен өзектес ойларды айтты. Қазақ тарихын терең зерттеген Левшинді Шоқан Уәлиханов аса жоғары бағалады.
Қазақ мәдениетінің тарихын зерттеудегі В. В Радловтың (1837-1918) ролі ерекше. Алтай, Сібір, Қазақстан халықтарынын тарихи тағлымы мен танымын, өсу, өрлеу, өркендеу жолдарын тереңдете зерттеп, «Солтүстік түркі тілдерінің салыстыр-малы грамматикасы, түркітілдері сөздігін жасау тәжірибесі», «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» сияқты шығармала-рымен бірге «Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері» атты көп томдық еңбек жазды. Оның қазақ елінің қалыптасуына арналған үшінші томында қазақ халқының түп-тегі, әлеуметтік өмірі, салт-дәстүрі, сөз өрнектері көңінен қарастырылды.
Оның 1870 жылы шыққан «Түркі халықтарының халық әдебиеті үлгілері» атты жинағы — көлемі мен ғылыми мәнділігі жағынан қазақ фольклорына арналған толыққанды еңбек болды. Мұнда қазақ ауыз әдебиетінің барлық жанрлары барынша мол қамтылып, халықтың ауызша сөйлеу тілінін ерекшілігіне ерекшекөңіл белінген.
Терістік Алтайдан Жайық өзеніне, Омбыдан Зеравшан өлкесінің Батыс аймағына дейінгі даланы өздерін «қазақ» деп, орыстар мен Батыс елдері «қырғыз» немесе «қиргыз-қайсақ» деп атайтын халық мекендейтіндігін айта келіп, В. В. Радлов бірінші рет қазақ халқын өз атымен атайды. Оның Қазақстанға алғашқы сапары 1862 жылдан басталады. 1869 жылы Шу даласымен Ыстықкөл жағасындағы елдерді аралап, ауыз әдебиетінің озық үлгілерін көнекөз қариялардан жазып алады.
Бекіту сұрақтары:
1.Қазақтардың тұрмыстық салт-дәстүрлеріне орыс мәдениетінің әсері болды ма?
2.Ауыз әдебиетінде халық бұқарасының азаттық күресі қалай бейнеленді?
3.XIX ғ. І жартысындағы қазақ әуез және әншілік өнерінің белгілі өкілдерін атаңыз?
4.Қазак халкы және оның мәдениет тарихының зерттегендерден кімдерді атай аласыздар?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №22--23 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан.
Негізгі ұғымдар: «Уақытша ереже», «Сібір қырғыздары облысы», шаруаларды отарлау, қоныс аудару.
Жоспар:
1. 1867-1868жж. Қазақстандағы патша үкіметінің реформалары.
2. Әкімшілік және басқару жүйесінің қайта құру.
3.Сот құрылысы.
4. Жетісуға ұйғырлар мен дүгендердің қоныс аударуы.
Мақсаты: Ресейдің қазақ жерлерін мемлекет меншігі етіп, заң жариялау мақсатындағы реформалар мәнін ашу. Қазақ даласына орыс шаруаларын қоныстандыру орқылы қазақ даласын отарлауды іске асыру әрекетін ашу.
Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. Тоғысындағы Қазақстан.
1. 1867-1868жж. Қазақстандағы патша үкіметінің реформалары.Қазақ даласы әкімшілік басқарудағы кезекті 1867-1868 жылдардағы реформаларын жүргізуден бұрын патша өкіметі уақытша ережені дайындау жұмыстарын жүргізді. Бұл жөнінде мұрағат қорларындағы деректерде: «қырғыз даласы (мұнан былай қазақ Ө.И.) Орынбор және Сібір ведмоствасы екі жүйемен басқарылды, бір бірінен айырмашылығы бар. Бір халықты екі түрлі жүйемен басқару. Жартылай жабайы тұрғындарда азаматтықты және үкіметтің түріне сәйкестендіру түбі бір қолайлы жағдайларға апару мүмкін емес».
Жергілікті орындарда әрі текті басқару жүйесін зерттеу үшін, қырғыздардың (қазақтар Ө.И..) келешек басқару құрылымының жалпы жүйесін бастау мүмкіндігін анықтау үшін 5июньде 1865ж жоғары әмір иесінің бұйрығы бойынша қазақ даласына ерекше коммисия іс сапарға жіберілген.
“... 1868ж (Түркістан уалаятындағы қазақтар үшін ) және 1891 жылғы қазақ елін басқаруға арналған заңдар қазақ жерін орыс меншігі жариялап, оған ішкі Ресейден келіп қоныстанушыларға кең жол ашып берді”.
Қортындылай отырып, 1822,1824 және 1867-1868жж реформалар қазақ даласының дәстүрлі әкімшілік басқару жүйесін түпкілікті бұзды. Әскери сипаттағы әкімшілік басқару жүйесін Ресей патша үкіметі қазақ даласына орнатты. Жаңа реформалар облыс басындағы әскери генерал-губернаторлардың билік басына келуімен қатар әскери округнда билік жүргізді. Жаңа реформа нәтижесінде қазақ даласында әскери және азаматтық биліктің бөлінбеуіне де өзіндік себебі бар. Отарлық саясатты жүзеге асыру үшін тек қана күш қолдану арқылы бір сөзбен айтқанда зорлық аппаратынсыз жүзеге асыруы мүмкін емес еді .Сондықтан әскери билік басындағы генерал-губернаторлардың қолына облыстың билік тұтқаларын беруінде өзіндік себептері бар еді.
Қазақ даласында жаңа реформаға байланысты салық түрі де өзгерді жасақ, түйме, алым- салық. Бұрынғы зекет, соғым салықтарының бәрінің орнын ақшалай алынатын салық ауыстырды. Отарлық саяси саясаттың түпкі көздегені экономикалық мүдде болатын. Экономикалық мүдделерін жүзеге асыру алғы шарттары саясиланған мақсат. Қазақ даласын жоңғар шапқыншыларынан қорғау мақсатын да көрші елге созған “көмек қолы” ретінде бекіністер мен қалалар салды.Салынған қалалар кейіннен қазақ даласын басқаратын патша үкіметінің әкімшілік орталығына айналды. Кейін ол қалалар Ресей үкіметінің экономиколық пайда әкелетін шет аймақтарындағы орталықтары ролін атқарды.ХІХғ Қазақ даласына темір жол салу арқылы қазақ даласының Ресей патша үкіметінің қазынасын еселей түсетін өндіріс салуда аймағына айналдырса өз кезегінде қазақ даласына капиталистік қатынастардың алғышарттықэлементтерін әкеліп өндіріс орындары ашылды. Ресей патша әкімшілігінің бақылауына қараған қазақ даласының экономикасы да өз тәуелсіздігін жойды. Көшпелі экономикалық мәдениет өзгерісіне ұшырай бастады.
Қазақстанның жаңа тарихы дәуірі екі кезеңнен қарастырылады. Бірінші кезең Қазақстан Ресей құрамында XVIIIғ.- XIXғ. 60 жылдары 1867- 1868 жж. реформаға патша үкіметі мұқият әзірленді, қен байтақ қазақ даласы патша үкіметіне онай игерілетін олжа емес екендігін бір жарым ғасыр бойы қазақ даласын отарлаудағы әкімшілік іс- тәжірибелерінен көз жеткізген болатын. Дайындықтардын бірі Ресей жеріндегі шаруалардың басы байлылық(крепостниктік) құқығын жою. Патша үкіметі Ресейдегі бұқара халықтын езгіге қарсы бас көтеруінен қорккаңдығын оған дәлел Степан Разин, Емельян Пугачев т.б. бастаған бұліктерден қорықты. Оның үстіне Ресейдегі бұқара халықтын езгіге қарсы көтерілісін болдырмау жолдарының қауіпсіздігін қарастырып мәселені жоғарыдан шешуге мүдделі болды. Патша үкіметіне жоғарыдан шаруалардың басыбайлылық құқығын шешуге шешім қабылдауға біздің пікірімізше мынадай себептер болды. 1.Ресейде шаруалардың крепостниктік құқығын жою арқылы әбден езілген қаналған орыс шаруалар бұқарасын тынышталдыру. 2.Реседе тыныштық орнату арқылы өзінің шет аймақтарындағы шаруалар мен Ресей шаруаларының патша үкіметінің езгісіне қарсы одақтасып бас көтеру соғыс қауіпінің алдын алу, бұндай қауіп болмай коймайтынын Емельян Пугачев көтерілісі қарсанында бас көтерген қазақ шаруаларының орыс шаруаларымен біріккені дәлелдеп берді.Емельян Пугачев көтерілісі жеңіліс тауып басылғанмен қазақ даласындағы патша үкіметінің отарлық езгісіне қарсы ұлт-азаттық көтерілістер жалғасын тауып жатты.
3.Ресей жеріндегі шаруаларды крепостниктік құқықтан босату арқылы оларды отар аймақтарындағы “ Жаңа жерлерге ” коныстандырылу арқылы өздерінің бұратана халықтардың жерін басып алып игеретін саяси құралына айналдыру еді. 4.1857-1858 жж. Ресейдегі дворяндық енгізу себебі қазақ даласы есебінен шешу арқылы Ресейдегі тұйықка тірелген жер мәселесін шешудің шешімін табу арқылы екі жақты шиеленіскен саяси мәселенің шешімін тапты. Екінші кезең Қазақстанның Ресей отарына айналуы 1867 ж реформадан 1917жылғы революциясына дейін.
2. Әкімшілік және басқару жүйесінің қайта құру. Патша үкіметінің қазақ даласындағы салық саясаты ХIХғ. II жартысы мен ХХ ғасырдың басында Патша үкіметінің қазақ даласындағы салық саясаты түбегейлі өзгерді.
Сібір қырғыздары журналы жарғы бойынша, Сібір генерал-губернаторлығы жасақ салығын Жарғы бойынша Ресейге қазақтар (100 бас малдан бір бас) жыл сайын тапсыруға міндеттелді. Салық жинау болыстық сұлтандарға тапсырылды, орындамаса әкімшілік жазаға тартылатындығы айтылғанмен, Жарғыда әкімшілік жаза түрі айтылмаған. Малдай жиналған салық патша қазынасын еселеуге тиімсіз болған. Сондықтан 1867-1868жж. «Уақытша ереже» бойынша Қазақ даласының барлық облыстарына бірдей шаңырақ салығы салынды. Ал Ішкі Ордасында зекет пен соғым салығы мал басына салынатын салықпен ауыстырылды. Әрбір шаңырақ – киіз үйі, үй, сакля, жертөле үйлерге салық салынып, тіркеуге алынып есепке қойылды. Қайта құрылған Орал, Торғай, Ақмола, Семипалатинск облыстарында Далалық өлкеден мемлекеттік салықты 1869 жылдық (қаңтардан бастап) әр үйден 3 рубльден жылына бір рет жинауға шешім қабылданды, салық жинау ауыл ағаманына жүктелді, ояз кассасына өткізіліп, қаржыны өткізгендігі жөнінде түбір тек берілді.
Салықтан түскен қаржының көп бөлігін әскери-демократтық аппарат армиясының шығынына берілді. Алдағы уақытта жиналатын салық мөлшерінің есебімен оны жұмсау жөніндегі есеп Ресей империясының Мемлекеттік кеңесінің талқыланып бекітуіне берілді.
Салық жинау мәселесі қатаң есепке алынды. «Далалық облыстарды басқару туралы Уақытша Ереже бойынша», 1868 жылдың 21 қазанынан бастап қазақ тұрғындарының кейбір бөліктеріне жеңілдіктер енгізілді. Шаңырақ салығынан босатылғандар:
Хан Айшуақ пен сұлтан Баймұхаммед Айшуақов, Ахмет және Арсалан Жантөриндер әулеттерінің отбасы.
1844ж. Кенесары Қасымұлына қарсы әскери күш көрсетуге қатысуда өлгендер мен жаралғандар мен бұрынғы хан Уәли мен Бөкейдің тікелей туыстары кезінде жасақ салығынан босатылғандар салық төлеуден босатылды.
ХIХғ. II жартысы – ХХғ. басында басталған мемлекеттік салықтан басқа земстволық салық енгізілді. Уақытша Ереже бойынша 1868 жылы билет салығының орнына паспорт салығы салынды. Бұл салық Ресейде бар болатын көшпенді қазақ мойнына көшпенді жергілікті басқару органдарын ұстау қаржысын жүктеді.
1.Салық қазақтардың әлеуметтік тұрмысының нашарлануына әкеп соқты. Көшпелі қазақ кедейленіп жатаққа, одан отырықшылыққа, одан батырақтыққа айналды. Осылайша жалданатын кедейлер тобы пайда болды
2.Отаршылдық саясаттың алым-салық алу арқылы қанау әдісі заңдастырылып қаржы көзінің жүйелі патша қазынасын еселейтін қазақтан жиналатын табыс көзіне айналды. Отаршылдық жүйенің қазақ мойнына ауыр алым-салық қамытын кигізді.
Қазақ даласына қоныстанғандарды 3 түрге бөледі:
1.Қазақ даласында әскери қызметіінің мерзімін бітіріп, үлеске жер алғандар.
2. Келімсектер, еркін өмір іздеп бірталай жерді шарлағандар Қазақ даласына келіп тұрақ тапқандар
3. Кейіннен Ресейден тікелей келген қоныстанушылар бір жерден екінші жерге қоныс аударып, көпке дейін тұрақтамағандар.
Сот құрылысы. Қазақ далаларының Ресейге қосылуына байланысты Үкіметті жаңа жердегі соттық бөлімдерінің құрылысының мәселесі толғандырды. Себебі ол халықтың өміріне араласуымен қатар, тек олардың жағдайына ықпал жасау ғана емес, сонымен қатар екі халықты қосуға тырысты.
Билік ету мақсатына жету үшін заңды мәселелерді терең зерттеу қажет. Себебі ол қырғыз далаларының соттарының құрылысына қажет.
Далаларда ұщқырлы тас өндіру әдісі 1734 жылы Статтық Кеңесші Кирилловқа оның Кіші Ордаға шекаралық істерді бақылау үшін жіберілгенде берілді.
Бұл заңдылықтың маңыздылығына қарай келесі қажет:
«Сотқа және әділ сотқа қатысты халықтың әдет-ғұрпын қадағалау, халық қалай және неге қуанышқа бөленеді, ал кінәлілерге айып салады, осылайша сотта бекітудің себебі қандай дін және нәсіл болмасын әділ сотқа ие болады.»
Осылайша, Патшайым Анна Иоанновнаның заңдылығының негізінде халықтың дәстүрі бойынша соттық істерді қарастыру қырғыздарға тапсырылды.
1784 жылы Барон Игельстремнің бұрынғы басшысының шекаралық экспедицияға қарамастан Оренбургқа шекаралық сотта істерді талқылау бойынша халық соты далада 50 жыл бойы қызмет істеді. Бұл сот Империяның заңдары негізінде шешімдер қабылдады.
Бұл заңның мақсаты- Орда халықтарының орыстармен жақындасуы және істерді тез және дұрыс шешу.
Тәуелсіз шекаралық сот, кейін II инстанция сотының атағын алған, оның аппеляциясы бойынша орданың өзінде ерекше жазалау мақсатқа қойылды. Бұны алғашқы уақытқа қырғыздардың өзінен құрып, оларға рухани магометандық заңға хаттанушыны берді.
Кәдімгі құқықтан сотқа тез арада айналу нәтижесінде барлығына бірдей заңдар негізінде қырғыз халқына үлкен әсер етті: қырғыздар орыс сотынан бас тартты: шекаралық сотта қырғыздарға қатысты істер қозғалған жоқ. Басышылар мен әкімшілік тұлғалар сот билігін өз қолдарына алды. Себебі, сот қызметінің маңызы әлсіреді. Халық басшылардың ықпалынан қысымға душар болды.
Осылайша, сот Империяның жалпы заңдарының негізінде екі халықтың бірігуіне емес, керісінше олардың ыдырауына әкеліп соқтырды. Белгіленген соттың елдерде жүзеге асуы тәжрибе жүзінде мемлекеттік қате болып саналды.
Бұл жағдай Бахметева жерінің бұрынғы басшысын істің бұндай жағдайы туралы мәлімдеуге мәжбүр болды. Оның 1799 жылғы 25 мамырдағы рапорты бойынша Шекаралық экспедиция және Шекаралық сот Шекаралық Комиссия деген атпен бір жерде құрылуына ең алдымен мыналар себеп болды: Шекаралық сот мақсатына жетпейді және қазыналық ақшаның артық жұмсалуы.
Генерал Бахметевтің жалпыға бірдей заң негізінде соттың далада қолдануы қолайсыз жайлы арызына қарамастан ол өзі екі халықтың бір жерге бірігуіне байланысты пікірдің қателігін түсінді.
Шекаралық Комиссияның құрылуынан қырғыз халқа ешқандай пайдалы өзгерістер көрмеді, себебі барлық заңды істер бұрынғы жерде жүзеге асты.
Осы жағдай негізінде Орынбор қырғыздарының даладағы қызметінің азаматтық соты келесі екі қызметті жүзеге асырады:
А) Халықтық сот- әдет-ғұрып бойынша бұл сотқа мынадай істер жатады, олардың ақысы 50 сомнан кем емес, ол жергілікті қырғыз бастықтарының бақылауымен немесе облыс басқармасының сөздік әлемдік соты және облыс билігі өндіріледі.
Б) Формальдық-жалпы мемлекеттік заңдар.
Сотқа бұл істердің бәрі кіреді. Олардың ақысы 50 сом. Қылмыстық соттың сол салада 4 түрі бар:
А) Халықтық сот
Бұл сотқа қырғыздардың маңызды емес қылмыстары жатқан, сонымен қатар ұрлықтың 30 сомына дейін кірген
Ол облыс белгісімен шығарылады, жоғарыда айтылып өткендей, азаматтық істерге қатысы болғаны
Б) Жалпы қылмыстық заңдармен
Бұл сотқа қырғыздар ұрлық үшін 30 сомнан астам төлеген
В) Әскери-қылмыстық заңдармен
Сотқа қырғыздар маңызды қылмыс үшін: кісі өлтіру, сатқындық, орыстарды кепілдікке алу, мемлекетке қарсы қылмыс жасау.
Сот әскери сот комиссиялары қатысуымен өтеді.
Г) Далалық-қылмыстық заңдармен
Сотқа мынадай: почтаға немесе әскери көліктерге және көпестер каравандарына шабуыл жасағанда іс қозғалады.
Сот әскери со комиссияларымен бірге өтеді. Осыған байланысты 768 бап IIтом II бөлім жарлықтары облыс Басқару істері бойынша азаматтық және қылмыстық істері Азаматтық және Қылмыстық сот Палаталарына билік жүргізеді. Және оған бағынышты төменгі сот орындары белгіленбеген. Билік жүргізу мен бір сатылы сот қырғыздардың істерін жүргізді.
Жоғары жазылғанның ішіндегі 1844 жылы ұсынылған жарғы бойынша халықтық сотқа тән болды. Оның ішінде маңызды еместері де болды., бірақ бүкіл жарлық бойынша азаматтық істер 50 сом және тонау 30 сом қыржысында қаралды. Бірақ бүкіл билердің сөздері облыс Басқармасымен шектеледі. 23 жыл бойы өмір сүріп, 1844 жылы жарлық шекаралық комиссия далада сот билігі пайда болды.
Азаматтық істердің көп бөлігін және қырғыздар арасындағы тонау істері Облыс Басқармасы би сотына берілген; халыққа билерді таңдау құқығы берілмейді; жергілікті билік көзі билерді шақырып іс жүргізеді, олар өздері қақтығысқа ұшырайды, жергілікті билік, сотқа араласып, өздері соттың үкімін өздері өзгертеді.
Сонымен Сібір даласының заң шығарушы органдары халыққа өз дәстүрі бойынша сот жүргізу құқығын берді. Ең алғаш қарағанда халық өмірімен байланысқан билер соты елде әділ соттың болуына кепіл болды. Бірақ та Граф Сперанскийді далалардағы сот ісін жүргізу туралы жарлығы кері әсер әкелді. Сібір даласындағы билер соты құлады. Сол кезде халық бұрынғы ерекше сыймен және құрметпен иеленген билерді өкінішпен еске алды. Бұл жағдайдың себебі Граф Сперанскийдің халықтың құқықтарын регламенттеу болды. Халықтың өмірімен және ойлау қабілеттерімен байланысқанда ғана сот жақсы нәтиже беретінін заң шығарушы түсінді. Бірақ та сот ісіне би сотын Округтік Бұйрыққа аппеляцияға беру мүмкіндігі көп болды. Округтік Бұйрыққа бір дәрежелі сот пен полиция кірді. Сонымен халық сотының өз еркімен жұмыс істеуі дұрыс нәтижеге жеткен жоқ. Өйткені билердің барлық үкімдері қайтадан шағымға беріле алынды. Халық сотының екпіні 1854 жылы шыққан заң болды. Ол заңдар би атағын кемінде 6 жыл жұмыс істеген сұлтандар мен ауыл ақсақалдары ғана алатын еді және де бұл тұлғалар қағаздармен марапатталған немесе адамдарды үкіметтік органдарға жіберген халықпен сайланып және Округтік Бұйрықтармен бекітілген болу керек. Сонымен қазіргі уақытта қырғыз халқының құрмеиімен иеленген халық соттарының құқықтық мәселерді шешу құқығы беделді ортадан шыққан адамдармен және Округтік Бұйрық чиновниктеріне берілді. Өйткені, мысалы комиссияның мынандай шешіміне әкелді қырғыз даласындағы сот құрылымының негізіне қырғыз халқына жергілікті дәстүр бойынша соттасу берілу керек еді. Халық сотының үлкеюіне әкелуі мүмкін еді бірақ та толық құқықты қырғыздарға бергенмен де үкімет алдағы уақытта халық сотын мемлекеттік бірлік түріндегі ортақ сотқа қосудан бас тартпады; қырғыз халқындағы халық соты, қырғыздардың азаматтық құқығын Ресейдің басқа жерлеріндегі деңгейдегі дәрежеге жеткенше қалу керек. Бұл ойды комиссия өзі жобалаған қырғыз халқындағы халық соты туралы қаулысына енгізгісі келді.
Қазіргі уақытта қырғыздарды орыс ұлтына бұрынғы тәртіп негізінде бағындыру екі далада мүмкін емес еді комиссия дауларды аралаған кезде сот құрылымының дұрыс еместігінің салдарынан болған қателіктерді көрді. Сол кезден далалардағы орыс сотынан қырғыздар ғана емес орыстардың өздері алыс болды. Олар қырғыз өміріне шағымданып қырғыз билігінен жерінде болды. Төрешілдік істерді жүргізу қиыншылығы негізінде сол өлкенің өмірімен қарама-қайшы болды. Осының бәрі қылмыстық және азаматтық соттар осы өлкедегі біздің беделіміздің құлауымыздың көзі болды. Қырғыздар бұл соттық істі кінәлілерді жазалау емес оларды жасыратынына сенімді болды.
Өкінішке орай соттың екі мағыналы жағы, сол уақытта ол территорияларда 2 сот: казак соты және жалпы заң қызметі болды. Онда 1 орталыққа бағынған Аймақтық бұйрық және Облыстық басқару. Олар бір істі ғана қарайды. Бұл соттың екіжақтылығы біздің халықаралық әдет-ғұрпымызға қайшы келеді. Сібір казак әскерінің қайта құрылды. 1861 жылы бұл жерде өздерінің жеке соты болмады және казакткр жалпы сотқа бағында. Екі жақты соттың жойылуы өте қажет болды. Орынборлық казак әскері 1865 жылы 5 мамырда Орынборлық губерния құрылды. Ол жалпы сотқа және әкімшілікке ешқандай қиындықсыз бағынды. Жергілікті тұр,ындар жалпы сотқа бағында және оларды қайта құру қажет болды. Оларды өз жерлеріне және мінезіне қарап қоныстандырды, Өйткені басқа жерден келген халыққа біздің тұрмысымыз әсер етпеді. Ол орыс сотына жүгінсе де, орыс соты қырғыз арасындағы істерді қырғыз билеріне беру керек болды. Қырғыздарға берілген құқық бойынша олар орыс сотына ешқандай кедергісіз жүгінуіне рұқсат берілді және орыс сотына үйрене бастады. Сол себептен сот барлық халықтарды біріктірді.
Сонымен соттың қайта құрылуында комиссия мынадай негізгі бастауларды қарады:
1.Жарғылармен жобаланған халықаралық соттың қайта құрылуы
2.Халықаралық жағдайымен және мінезімен келісілген халықаралық соттың қайта
құрылуы
3.Қырғыздардан басқа дала тұрғындарының жалпы сотқа бағынуы
4.Қырғыздар өздерінің істерінің қарауын орыс сотында шешу құқығы.
Қырғыз даласында сот ісін жүргізуді анықтап, Комиссия орыс және халық сотын білуді өздерінің парызы деп есептеді
4.Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныстануы. Жетісуда егіншіліктің дамуына XIX ғасырдың 70—90-жылдарында Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер бірден бір ықпал етті. Қоныстандыру екі кезеңде болды. Бірінші кезеңде 1877 жылы Тоқмақ ауданына (Солтүстік Қырғызстан) шэньси дүнгендерінің бір тобы келді, 1881—8Зжылдары, Санкт-Петербург шартына сәйкес, Іле өлкесінен ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі көпшілігі қоныс аударды.
1884 жылдың басына карай Жетісуда 9572 ұйғыр отбасы (45373 адам) және 1147 дүнген отбасы (4682 адам) болды. Олар былайша қоныс тепті: 4477 ұйғыр отбасы (19209 адам) Жаркент учаскесі шеңберінде, Өсек және Шарын өзендерінін бойына, калған көпшілік бөлегі — 5275 отбасы (26164 адам) Верный уезіне Шелек және Талғар өзендерінің аралығына орналасты, сондай-ақ Верный қаласына орын тепті. Дүнгендер мен ұйғырлардың қоныстануына байланысты Жетісудың отырықшы халқы екі есе көбейді. Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс: Жаркент және Кетпен (қазіргі Панфилов ауданының аумағында), Ақсу-Шарын (Ұйғыр ауданында), Малыбай (Шелек ауданында), Қарасу (Еңбекші қазақ ауданында) болыстары құрылды. Дүнгендер мен ұйғырлар тұтас деревня болып көшіп, жаңа орындарында кауымдар кұрды, ол қауымдар не тек қана ауылдастардан кұрылды, немесе «егер олар аз болса, көршілес бірнеше кыстақтың тұрғындарынан кұрылды, бірақ соңғы жағдайда бүрынғы байланыс сақталып калды: жаңа орында бір кауымға кірген әр түрлі қыстақ тұрғындары әдетте жеке елуліктер мен ондықтар құрып отырды».
1897 жылғы санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер - 14130, ұйғырлар - 55 999 адам болды.
(Жетісуда ең жақсы жерлер қазақтардың пайдасына тартып алынып қойғ-андықтан, ұйғырлар мен дүнгендер колдан суландырылмайынша егіншілікке онша жарамды болмаған учаскелер алды. Қоныстанудың алғашқы жылында арықтар мен негізгі каналдар казу өте киын болды, оның үстіне қоныстану-шыларға үлесті жерлер барлық дүнгендер мен ұйғырларлар көшіп келгенге дейін, уакытша берілетін еді.
Облыстың село халқын жерге орналастыру жөнінде 1882 жылы Жетісу облыстық басқармасы белгілеген ережелер негізінде дүнгендер мен ұйғырлар әрбір еркек адамға 10 десятинадан жер алуға тиісті еді. Алайда 1885 жылы қоныстанушыларға үлесті жер бөліп беру қолға алынған кезде, әрбір еркек адамға 4-5десятинадан ғана жер бөлініп беріліп, 1892 жылдың 1 каңтарынан бастап оброктык алым-салық салынатын болды. Қоныстанушыларға берілген жердің егін егуге екінің бірінде онша жарамды болмағанын немесе мүлдем жарамсыз болғанын айтпағанда, олар жер учаскелерін іс жүзінде одан да кемітілген нормалармен алды. Жетісудың 10 мыңдүнгенхалқына небәрі 27 мың десятина, яғни жан басына шакканда 3 десятинаға жетпейтін жер берілді. Дүнген және ұйғыр шаруаларының еңбекші бөлігі жермен нашар қамтамасыз етілген болып шықты.
Селодағы және қаладағы ұйғыр мен дүнген халықтары өздерінің өкімшілігі, мешіті және оны баскаратын дінбасы адамы бар кауымдарға бөлінді. Жер жеке шаруашылықтар бойынша бөлінген болса да, формальды түрде ол қауымдық жер деп есептелді. Қауым ішінде жердің іс жүзінде бөлінуі туралы мәселеде патша өкіметі орындарының жұмысы бола қойған жоқ. Дүнген және ұйғыр қауымдары жаппай кепілдік принципі бойынша халықтан салық жинау үшін отаршылдық өкімет орындарының колындағы колайлы кұрал болды.
Үйге (түтінге) үлесті жер бөліп берумен катар жерді әрбір еркек адамның санына қарай бөліп беру де кең қолданылды. Бай кожайындардың нақтылы бар еркектерді ғана емес, тумаған балаларды еркек адам деп жазып жіберуі де аз болған жоқ. Сөйтіп, жер бөлісі кезінде-ақ оны пайдаланудағы теңсіздік қалыптасты; дүнгендер мен ұйғырлардың бай үй иелері үлесті
жердің едәуір бөлігін басып алды. Олар өзендер мен жаңадан қазылған каналдардың жағаларындағы жақсы жер учаскелерін өздері алып, кедейлерге сапасы нашар құнарсыз, өзендерден, жылғалар мен каналдардан шалғай жатқан жерлерді калдырды. Кедейлер озбырлыққа қарсылық білдіріп, жергілікті патша әкімшілігіне шағым беруге тырысқанымен, оның бәрінің де пайдасы болмады.
Қоныстанушылардың кедейленген бөлігі алғашқы кездерде өздеріне берілген үлесті жердін шағын учаскелерін ғана игере алды. Соның нәтижесінде қауымдар ішінде өзінше бір арендалық қатынастар қалыптасып, қауымның кедей мүшелері өздерінің үлесті жерлерін немесе олардың едәуір бөлігін қауымның әлді мүшелеріне беріп отырды, ал өздері «арендаторларға» күндікші жұмысшылар (мердігерлер) ретінде өнімнің бір бөлігін алатын болып жалданды. Бұл үлесті жерлер формальды жағы-нан өлі де бұрынғы иелерінің атында болып қалғанымен, іс жүзінде олар жаңа қожайындардың толық иелігіне көшетін.
Сөйтіп, кауымдардың жоғары бай топтары, дінбасылар және дүнген, ұйғыр қауымдарының селолық әкімшілігінің өкілдері кауымның көптеген мүшелерінің үлесті жерлерін өз қолдарына шоғырландырып, ірі жер иелеріне айналды. Мысалы, Жаркенттің кала халқы бөліс бойынша 734 үлесті жер алған еді, кеп ұзамай олардың 622-сі немесе 80%-ы ірі өсімқор бай Юлдашевтің қолы-на көшті. Ол қоныстанушылардың едәуір бөлігін өзіне бағындырып, орасан зор жер иелігін өз қолына шоғырландырып алды. Су белуді иелену оған жер иелену «құқығын» қамтамасыз етті, өйткені село қауымдарының көпшілігінде арық казатын каржылары болмады. Буржуазияға айналған бұл феодал өз әрекетгерінің көпшілігін мынадай принциппен жасады: үлесті жерлерге салы-натын алым-салықтың бәрін төлеуді ез мойнына алды, барлық арықтарға су жеткізіп беруге, ал кейбір жағдайларда арыктарды қазуға да міндетгенді. Ұйғырлар мен дүнгендердін, ең кедей бөлігі бұл қызметі үшін оған сепкен тұкымы өздерінікі болған жағдайда суармалы жерден жиналған өнімнің үштен бірін, ал Юлдашев тұқым берген жағдайда жартысын беругетиісті болды. Осындай шар-тгармен ол Аккете және Жаркент болыстарында овдаған арықказдырды, мұнын езі оған осы аудандағы кыстақгардың көпшілігінің бағынуын камтамасыз етгі. Уезде қамбалар салынып, Юлдашевке тәуедді қауым мүшелері өз өнімдерінін жартысын соларға апарып құйды. Қожайынның мүдделерін оның «көк басы» деп аталатын малайлары қалтжібермей корғады.
Егін жақсы шыккан жылдары Юлдашевтің қамбаларына 200 мың пұтка дейін астық қүйылып отырды, мұның дені тауарлы астық болатын-ды. Осы аудандағы астыққа осылайша монополия орнатуы оның астық бағасын үнемі, екінің бірінде бірден 20—25%-ға қымбаттатып отыруына мүмкіндік берді. Юлдашевпен арендалық қатынастармен байланысты болған қауым-дарда су бөлумен қауым мүшелерінен сайланып қойылатын мұраптар ай-налыспай, Юлдашевтің көк басылары айналысатын болды. Су бөлуді ез қолына қаратып алған Юлдашев наразы болғандардың қарсылықтарын тұншықтырып тастаудың іс жүзінде тағы бір күшті құралына ие болды.
Арық қаздырып, қауымдық жерлер үшін алым-салық телеп, қауым мүшелеріне қарасты учаскелер есебінен аренда келісімдерін жасап, өзін жарылқаушы етіп көрсетті. Ал іс жүзінде осы езіндік ерекшелігі бар арендалық катынастар тіпті алым-салықтарды төлеуге және суландыруға кіріс келтіріп отырды.
Шарын қыстағында Байсеміз деп аталып кеткен Хасанзе деген тағы бір дүнген байы болды. Оның өзі егін еккен жоқ, тек күріштік жерлерді өндеп, онан соң оларды жері жоқ жергілікті шаруаларға берді. Олар оған алынған сенімнің бестен бір бөлігін, ал тұқымды бай берсе, жартысын беруге тиісті болды. Юлдашев сияқты, олда үлесті жерлерді суландырып беру шартымен белгілі бір мерзімге арендаға алды. Бір топ ұйғыр 29 үлесті жерін оған 1898 жылдан бастап 10 жылға, жылына жалпы алғанда 200 сомнан ақы төлейтін етіп берді.
Ауқатты дүнгендер мен ұйғырлар қазақтардан, қоныстанған шаруалардан, сондай-ақ қазақ және кырғыз қоғамдарынан ақыны ақшалай немесе заттай төлейтін болып арендаға жер алып отырды. Қазақтар мен қырғыздардан егістік жерлерді көбінесе бүкіл дүнген немесе ұйғыр қауымы ұжымды түрде арендаға алатын еді. Жаркент уезіндегі ұйғыр кыстақтарында I қауым болып пайдаланылған егістік жер олардың үлесті жерлерініңмөлшерінен 1300 десятина асып түсті деуге болады. Асы-Қорам болысында егістік жердің 23%-ы қырғыздардан арендаға алынды, Малыбай болысындағы арендаға алынған жер 36,4% болды. Аренданың неғұрлым кең тараған формасы жарма-жарылық болды, ақшаға аренда алу аз еді.
Қауымдык жерлердің село байларының қолына шоғырлануына дүнгендер мен ұйғырлардың шет көсіпке кетуі де себепші болды. Алған үлесті жерлері құнарсыз болып, жұмыс көлігі мен ауыл шаруашылық құралда-ры болмаған кедейлер алым-салықтар (оброк, жер салығы және баскд-лар) төлеу жөніндегі жеңілдік берілген мерзім біткеннен кейін мүлдем күйзелді, ездерінің үлесті жерлерін жаппай тастап, қалаларға жалдама жұмысшы және ауыл шаруашылық батырактары болып табыс іздеп кетті. Бір Пішпек уезінің өзінде ғана ауыл шаруашылық жұмыстарында істейтін жалдама жұмысшылардың жалпы санының 27,3%-ы дүнген қауымдары-нан шыққан болды. Жаркент уезінің қоныстанған ұйғырларының 3527 шаруашылығының 1910 жылға карай 28,4%-ы табыс іздеп кетті.
Ауқатты дүнгендер мен ұйғырлар өз шаруашылықтарын рынок талаптарына бейімдеп, негізінен алғанда техникалық дақылдар екті. Жалдама еңбек қолданылды, шаруаларды қанаудың патриархаттық-феодалдықжәне капиталистік формалары ұштасып жатты. Ауыл шаруашылық дақылдарының алуан түрі егілуі себепті тіпті бір шаруашылықтың өз ішінде де ауыл шаруашылық жұмыстарының түріне қарай шаруаларды қанаудың әртүрлі формалары қолданылды.
Қанаудың жұмыспен өтеу түріндегі феодалдық әдістері сақталып қалды, мұндайда мысалы, жерсіз шаруалар өздері өңдеген мырзалар учаскесінен түскен өнімнің үштен бірін алатын болды. Ұйғырлар мен дүнгендер шаруашылығына тауар-ақша қатынастарының енуі қауымның мешеу, томаға-тұйық сипатын күйрете бастады. Шаруашылық жүргізудің мәні жағынан әр алуан формаларының араласып жатуы салдарынан үлесті жері бар батырақтар мен жарма-жарылық негізінде жер алған жерсіз және жері аз шаруалардың арасындағы айырманы анықтау екінің бірінде қиын болды.
Қоныстанушылардың кәсіптері. Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды жолмен суландырылатын егіншіліктің әлдеқашан қалыптаскан дәстүрлерін әкелді. Мал шаруашылығымен басқа да көсіптердін екінші дәрежелі маңызы болды. Ұйғырлар кірістің 49,1%-ын егіншіліктен, 26,1%-ын басқа кәсіптерден, 15,5%-ын мал шаруашылығы-нан, 9,3%-ын кездейсок түсімдерден келтірді; дүнгендерде бұл 80,8; 5,9; 9,8; 3,5% болып бөлінді.
Дәнді дақылдар ішінде бидай басым болып, жердің жартысынан астамына бидай егілді. Бидайдан кейінгі орында арпа, тары, сұлы, күріш, майлы дақылдар (қыша, кекнәр, зығыр) болды. Дүнгендер 1888 жылдан бастап, Шу өзенінің оң жағасындағы арендаға алынған жерлер игеріліп, суландырылғаннан кейін күріш өсірумен біршама кең түрде айналыса бастады. Ұйғырларда күріш өсіру, дүнгендердегі сияқты, негізгі дақылға айналған жоқ. Олар негізінен бау өсіріп, огород және бақша салумен айналысты (халықтың шамамен алғанда үштен екісі). Дүнген шаруашылықтарының үштен екісінен астамында бау да болды. Олар шабдалы, алманын Жетісу үшін жаңа сорттарын, алмұрт пен қара ерік, жүзім өсірді.
Дүнгендер мен ұйғырлар баклажан, шалкан, қызыл бұрыш, фасоль, қияр, капуста, басты пияз, сәбіз, картоп, сарымсак, сондай-ақ қауын-қарбыз өсірді. Қоныстанған дүнгендердің шаруашылық тұрмысын зерттеген Г.Гинстін суреттеуіне қарағанда, олардың огородтары тікелей үйлерінің жанында болған, әрбір жүйек мұкият тазартылып, кішкене жүйемен суарылып отырған. «Кішкене бір шаршыға - пияз, екіншісіне -бұрыш, үшіншісіне — баклажан, төртіншісіне - картоп егілген, бесінші мен алтыншысына көң сіңіріліп, тыңаюға калдырылған, одан әрі маис жүйектері болады, содан соң жартылай суда өсетін күріштің үлкен төрт бұрышты атыздары жатады... Дүнгендердің бұл огородтары агрономдар-дың қоныстанушылар үшін жасайтын үлгілі егістігінен кем түспейді». Өнімдерді жақын мандағы калалар мен жәрмеңкелерде дүнген және ұйғыр шаруаларының өздері, сондай-ақ оларға келген алыпсатарлар еткізіп отырды.
Ұйғырлар сондай-ак, мақта өсірумен және ішінара жібек кұртын өсірумен де айналысты. Дүнгендер мен ұйғырлар май дайындау үшін зығыр мен күнжіт, қыша екті. Сонымен қатар дүнгендер негізінен ем құралы ретінде қолданылғ-ан апиын дайындау үшін көкнәр өсірумен де айналысты. Кейіннен темекі өсіріп, оны жергілікті рынокта тиімді етіп өткізе бастады.
Сөйтіп, ұйғыр-дүнген қоныстанушыларының шаруашылығына алуан түрлі дақылдар егу тән болды.
Дүнгендер мен ұйғырлар үшін мал шаруашылығының дербес көсіби маңызы болған жок, тек шаруашылықты жұмыс көлігімен камтамасыз ету мақсатымен ғана мал үсталды. Негізінен алғанда жылкы, сиыр және ішінара қой мен ешкі өсірілді. Дүнгендер мүйізді ірі кдраны жегін малы ретінде, ал ұйғырлар сауын малы ретінде үстады.
Дүнген және ұйғыр шаруаларының егіншілік техникасы мейлінше төмен деңгейде болды. Негізгі егіншілік құралы кайырмасыз ағаш соқа (сабан) еді, жер жырту тереңдігі сынық сүйемнен аспайтын. Егін кар суы жібітіп, айдалмаған жерге немесе егіс алдында арнайы суарып, жұмсартылған жерге егілетін, өйткені құрғақ жерге сабан жүрмейтін. Дүнген және ұйғыр егіншілерінің жерді қолмен өндеуі де жиі кездесетін, өйткені тамыры мықты арамшөптерді тек кетпенмен ғана құртуға бола-тын еді. Олар жерді ерте, әдетте наурызда, ең кеш дегенде сөуірдің аяғына қарай айдайтын.
Жер сүйретпемен тырмаланды, мұның өзі шыбықтардан тоқылған ағаш жақтау болатын, тырмалағанда салмақты болуы үшін оған адам мінгізіліп, не тас салынатын.
Егін ұйғырлардың ұзын сапты ерекше орағымен орылып, сирек те болса шалғымен шабылатын. Астық сол егістіктің өзінде бастырылатын: жіппен байланыстырылған бауларды бастыру үшін тас мала қолданылып, дөн күрекпен суырылатын.
Дүнгендер мен ұйғырлардың негізгі егіншілік жүйесі тыңайған жерлер болып кала берді, бұл жүйеде жердің бір бөлігі өңделетін де, екінші бөлегі тыңайтуға қалдырылатын. Әрбір жер учаскесін аз уақыт (2-3 жыл) пайдалану, тіпті тыңайтқыштар болмаған күннің өзінде де топырақты тез тоз-дыра коймайтын. Сондықтан тіпті әлсіз шаруашылықтар да бір жерге қатарынан екі жыл егін салмайтын; олар әр жылы үлесті жердің жаңа беліктеріне егін салып, үлесті жердің бәріне егін егіліп біткеннен кейін барып бұрын пайдаланылған учаскеге кайта келіп отырды. Мұның өзі біршама жоғары өнім алуға мүмкіндік берді. Жерді арендаға алып, егістің көптеген түрлерін егетін шаруашылықтар егіс айналымын дұрысқолдану жолымен топырактың кұнарлылығын сактау қамын ойламады. Олардың әркайсысы нақ сол кезде өзіне не тиімді болса, соны егіп, арендаға алынған учаскелерді тез тоздырып отырды. Болмашы жер учаскелері болып, оның бір бөлігіне ғана егін сала алатын ұйғыр-дүнген қоныстанушылары топырақтың құнарлылығын екінің бірінде тыңайткыштар қолданып, қолдан арттыруға тырысты. Алайда егістікті тыңайтуға әлді шаруашылықтардын ғана шамасы келетін еді.
Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылықтұрмысында қолдан суары-латын егістің төлімі егістен орасан басым болғаны көрсете алады: ұйғыр-ларда суармалы жер 30 694 десятина (97,2%), тәлімі жер 882 десятина (2,8%) болды; дүнгендердетиісінше 11 025 десятина (71,5%) және 4386 десятина (28,5%) болды. Қауым мүшелері арасында суды бөлінген жер бойынша мұраптар бөліп отырды. Жетісуда қоныс аудару қоныстанушыларға да әсер етпей қойған жоқ. Егер бұрын ұйғырлар мен дүнгендер шаруашылығында ағаш сабандар мен басқа да добал құрал-саймандар қолданылып келсе, енді олар темір соқаларды, тырмаларды, сеялкаларды, т.б. пайдаланатын болды, жаңа ауыл шаруашылық дақылдарын: сұлы, темекі, картоп, помидор және басқаларын егуді игерді. Байырғы халықтар - қазақтар мен қырғыздардың әсерімен Дүнгендер мал шаруашлығымен айналыса бастады.
Ұйғырлар мен дүнгендердің тарихи тағдырлары Ресейдің бір бөлігі ретіндегі Қазақ өлкесі халықтарының тағдырымен тығыз астасып кетті
Бекіту сұрақтары:
1. 1867-1868 жж. Қазақстандағы патша үкіметінің реформаларының нәтижесі бойынша қазақ жері кімнің меншігіне айналды?
2. Әкімшілік және басқару жүйесінің қайта құруна байланысты билер сотының құзіретттілігі қандай болды?
3. Қоныс аудару және жер мәселесі «Уақытша ереже»?
4. Жетісуға ұйғырлар мен дүгендердің қайдан ауып келді?
5. Ұйғырлар мен дүгендер кәсіпщіліктің қандай түрімен айналысты?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №24-25 Реформа кезіндегі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Негізгі ұғымдар: Сауда-өсімқорлық капиталы, жәрмеңке, қайшылықтардың шиеленісуі, көпес капиталы, шойын жол, жалпы Ресейлік рынок, шикізат рынок көзі.
Жоспар:
1. Қазақстан тұрғындарының этнодемографиялық сипаты.
2. Қазақ ауылдары өміріндегі өзгеріс. Сауда, Жәрменкелер.
3. Қазақстанның жалпы ресейлік экономикаға тартылуы.
4. Қазақстанда темір жол құрылысының басталуы.
Мақсаты: Қазақстан жерінің Ресей рыногінің шикізат көзіне айналдырудағы Ресей экономикалық-саяси отарлау саясатының мәнін ашу.
Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. Тоғысындағы Қазақстан.
Лекция
1. Қазақстан тұрғындарының этнодемографиялық сипаты. Қазақ ауылдары өміріндегі өзгеріс. XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында Россия империализм дәуіріне аяқ басты. Қазақстан орыс өнеркәсібі үшін бұрынғыша өнім өткізетін аймақ, арзан шикізат көзі болып қала берді. Пайдалы кен орыңдарының байлығы, жұмыс күшінің арзандығы орыс және шетел капиталын өзіне тартты. Таукен кәсіпорындары (Оңтүстік және Шығыс Қазақ-станның көмірі, мысы, полиметалдары, Ембінің мүнайы) солардың қолында болды. Жер байлығын игеру жыртқыштықпен жүргізілді. 1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент және басқа темір жолдардың салынуы (олардың жалпы үзыңдығы 1917 жылы 3 мың шақырым болды) ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдауды арттыруға септігін тигізді. Байлар шаруашылығы рынок қажетіне қарай бейімделе түсті, оған мал жеткізетін басты қорлардың біріне айналды. Онда жалдамалы еңбекті қолдану әдісі кең тарады. Шаруалардың ел ішіндегі наразылығын сейілтіп, помещиктердің жер иелену-шілік қүқын сақтауға байланысты Россияның орталық губернияларында аграрлық мәселенің шиеленісуін бәсеңцетуді кездеген патша үкіметі Қазақстанға, Сібірге, Қиыр Шығысқа орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру ісіне кірісті. Қазақстанға қоныс аударушылар толқыны, әсіресе 1906 жылы Столыпиннің аграрлық реформаларын енгізгеннен кейін кобейді. Ақмола, Торғай, Орал және Семей облыстарына тек 1908-1913 жылдары 400 мыңнан астам еркек адам қоныстанды. 1917 жылға дейін қоныс аударушылардың есебіне бүрынғы қазақ түрғындары игерген тандаулы деген 45 млн десятина егістік және шабындық жер берідді. Жердің едәуір бөлігін кулактар алды. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты ауыддарда аграрлық мәселеге әсер етті. Байлар патша әкімшілігінің қолдауымен қауымдық жерлерді ездері иемденді.
Қазақстанның далалық облыстарында (Жетісуды қоспағанда) 1880-1905 жылдар аралығында қой мен ешкі саны 24,9 процентке, 1905-1914 жылдар аралығыңда жылқы саны 4,1 процентке кеміген.
Осы деректердің езін-ақ патшалық отарлау саясатының прогрестік сипаты болды деген қағиданы жоққа шығарады. Экономикалық және тарихи әдебиеттерде кең тараған "орыс шаруаларын қоныстандырудың нәтижесінде қазақтар егін салуды, шоп шабуды уйренді, отырықшылық пайда болды, өлкедегі өндіргіш куштердің дамуы жеделдеді "деген бір жақты тұжырым шындыққа мүлде жанаспайды. Керісінше, патша үкіметінің отаршылдық саясаты қоғамдық прогресті тежеді; өндіргіш күштердің дамуына түсау садды; қазақ халқы тара-пынан қарсылық туғызып, олардың аман қалу жолындағы күресін күшейтті. Белгілі зерттеуші Т.Седельниковтың дерегі бойынша, қазақтардың қоныстанушылармен қақтығыстары жиіленген. Соның салдарынан 1907 жылы қаңтар айында Ақмола, Семей, Жетісу облыстарына әскери жағдай енгізілген. Қалған далалық облыстардың көпшілік аудандарында күшейтілген күзет жұмыс істейді.
XIX ғасырдың соңыңда Қазақстандағы фабрика-зауыт өнеркәсібін кішігірім қол еңбегіне негізделген кәсіпорындар құрады.
Қазақстан отарлаушы Ресей империясьшың экономикалық жағынан артта қалуынан зардап шекті. Қазақстан өлкесі халықаралық капиталдың қанау объектісіне айналды. Ресейге шетел капиталының енуіне байланысты орыс және шетел капиталы арасында шикізат көздерін иелену жолында бәсеке басталады. Бұл күресте Ресей кәсіпкерлері жеңіліс тауып, Қазақстандағы ездерінің кәсіпорындарын шетелдіктерге сатады. Қазақстанда мыс, қорғасын-мырыш, көмір және мүнай ондіретін шетелдік жене аралас акционерлік қоғамдар осылайша пайда болады.
Қазақстандағы онеркәсіп өндірісінің жалпы келемін ірі енеркәсіп өнімінің мелшеріне қарап пайымдауға болады. 1913 жылы ірі өнеркәсіп 67 миллион сомның жалпы өнімін шығарды. Осының ішіндегі өндіріс қүрал-жабдықтарының үлесі — 18,2 миллион сом, ал тұтыну заттарының үлесі — 48,8 миллион сом болады.
1913 жылы Қазақстандағы ірі өнеркәсіптің жалпы өнімінің құрылымы процентке шаққанда мынадай болады: өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру - 27,2; тұтыну заттарын өндіру - 72,8. Мұның ішінде көмір өнеркәсібінің үлес салмағы — 1,4; мұнай ендіруші көсіпорындардікі -3,7; түсті металлургаянікі — 12,1; тоқыма өнеркәсібінікі — 6,5; ұн-жарма өнеркәсібінікі — 2,4; ет өнеркәсібінікі —2,1, процент.
Мал шаруашылығы мен егіншілік енімдері ұсақ қөленер кәсіпорындарында өндедді. Бұл деректер экономиканың отаршылдық сипаты Қазақстанда өнеркәсіп ең алғаш дами бастаған сәттен-ақ қалыптасқанын аңғартады.
Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы өнеркәсіптің дауы жұмысшы кадрларын қалыптастырумен тығыз байланысты. Кейбір авторлар қазірдің өзінде "төңкеріске дейінгі Қазақстанның өнеркәсібінде маман қазақ жұмысшылары болған жоқ. Қазақтар тек шикізат, отын, дайын әнімдерді тасу сияқты қосалқы жұмыстар гана атқарды" дегенді айтады. Бұл мүлде жаңсақ пікір. XIX ғасырдың ортасында-ақ кәсіпорындардағы барлық жұмысшылардың көп белігін қазақтар құрады.
Бірінші дүние жүзілк соғыс жылдарында онеркәсіп кәсіп-орындарында, негізінен, жергілікті ұлт өкілдері жұмыс істеді. Мәселен, Спасскідегі мыс қорыту зауытында еңбек ететіндердің 71,4 проценті. Успен кенішіндегі жұмысшылардың 76 проценті, Қарағанды шахталарындағы кеншілердің 81,8 проценті қазақтар болды. Кензауыт енеркәсібінің пайда болуына орай жұмысшы қазақтардың саны молая түсті. Олар ендірістің әр саласында еңбек етіп, материалдық игіліктерді көптеп өндірудің нәтижесінде Ресей мен батыс Еуропа кәсіп-керлерінің кеңірдектеп тоюына кәмек жасап отырды. Отар-шыддық жүйе осылайша жергілікті түрғындардың арзан жү-мыс күшін пайдаланып, Қазақстанның табиғи байлықтарын талан-таражға салды.
Ірі кәсіпорындардағы қосалқы жұмыстардың едәуір болігін, негізінен қазақтардың атқарғаны рас. Алайда, жергілікті үлт окілдері аса үлкен шеберлікті қажет ететін мамандық иелері арасында да аз болған жоқ. 1902-1903 жылдары Орталық Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібіне қарайтын Лондон кен өндіру компаниясының басқарушысы болып істеген Э.Нельсон Фельдің дерегіне қарағанда "5 мыңнан астам қазақ еңбек етті. Олар балқытушы, күйдіруші, кенші мамандықтарын игерді. Еңбектің құдіретін түсінген қазақтар өздерінің техшкалық білімдерін мақтан етті, жұмысты бар жан-тәндерімен беріліп істеді..."'.
Қазақ жұмысшыларын қанау өте жоғары дәрежеде жүрді. Мәселен, 1912 жылы қазақ жұмысшылары Ресейдің өзге аймақтарындағы жұмысшыларға қарағанда еңбек ақыны 2,5-3 есе кем алды.
Қазақстандағы төңкеріске дейінгі өнеркәсіптің даму сипатына жасалған талдау - Ресей мен Батыс Еуропа елдерінің қазақ халқының үлттық байлығын аяусыз талан-таражға салғанын корсетеді. Табиғи ресурстарды пайдалану тағылық әдіспен жүргізілді. Жұмсалатын шығыңды азайту мақсатымен қүрамындағы металл қоспалары жоғары кен орындары ғана игерілді.
Жергілікті жұмысшыларды аяусыз қанаудың, жұмыс уақытын шектен тыс үзартудьщ, ең томенгі жалақы төлеудің нәтижесінде кәсіпорын иелері шаш етектен пайдаға кенедді. Өнеркәсіп ілгері дамымағанымен жергілікті үлт окілдерінен инженер-техник қызметкерлері мен білікті мамандар даярлауға онша коңіл болінбеді.
Патша окіметі экономиканың бұл саласына қазақ байлары мен көпестерін, кокірегі ояу азаматтарын жоғарлатпады. 1856 жылы белгілі халық композиторы Тәттімбет Қазанғапов Батыс Сібір елкесінің генерал-губернаторы Гасфордқа хат жолдап Қаркаралы округіндегі алтын кеніне барлау жүргізуге рүқсат сүрайды. Сондай-ақ, Баянауыл округінің аға сұлтаны, полковник Мұса Шорманов та жоғарғы өкіметке өз округіңде кен орындарын ашып, алтын өндірумен шүғылдансам деген ниетін біддіреді. Бірақ Алтай кен зауыттарының басшылары қаржы министрлігінің нүсқауымен бұл өтініштерді қанағаттандырмады. Өйткені ол жылдары Қазақстандағы кен орындарына барлау жүргізіп, онім өндіруге тек Ресейдің кәсіпкерлері ғана қүқылы болатын.
Тау-кен кәсіпорыны Қазақстан экономикасының ішкі сұранымына байланыссыз жұмыс істеді. Бұл жүйеге сырттан келген адамдар басшылық жасады, жұмысты ұйымдастырудың техникалық дөрежесі төмен болды, өндірілген пайданың бәрі Қазақстаннан тыс жерлерге жөнелтіліп жатты.
Тәңкеріске дейінгі Қазақстан енеркәсібі отаршылдық сипатта болды, жергілікті шикізаттарды өндеуден өткізіп, игілікке пайдаланатын кәсіпорындар жүйесі дамьшады.
2. Сауда, Жәрменкелер. Қазақстан территориясында орта ғасырдың езінде сауда кең көлемде жүргізілген. Оңтүстік аймақты басып әйгілі Жібек Жолы өткен. Жетісу өлкесіндегі және Қазақстанның Оңтүстігін мекендеген халық жоңғарлармен, қытайлармен, Орта Азия хандықтарымен тығыз сауда байланысын жасаған. Ақсақ Темір империясының Алтын Ордамен сауда байланысы Қазақстан территориясы арқылы жүзеге асырылған. Қазақтар Ресеймен де сауда жүргізген. XVI ғасырдың өзіңде Ресейдің сауда керуендері Ертісті бойлап жоғары қарай, ал Бүқар саудагерлерінің керуені Қазақстан арқылы Ресейдің Еуропалық болігіне қарай үздіксіз сапар шеккен. Ресей кәсіпкерлері Қазақстанның қойнауына тереңдеп енген сайын сауда қатынастары да дами түскен.
Ол кезенде сауданың үш түрі: айырбас, жәрмеңке және тұрақты сауда кең қанат жайды.
Айырбас саудасымен негізінен орыс көпестері шүғылданды. Түркі тауарлардың мол қорын алып қазақ сахарасынан шыққан олар қайтарда отар-отар қой, табын-табын сиыр, үйір-үйір жылқы айдап қайтқан. Сондай-ақ жәрмеңкеге шығаратын жібек, жүн, азық-түлік түрлерін әкелді. Орыс көпестері үшін сауданың бұл түрі оте тиімді болды. Ойткені қазақ даласында олармен бәсекелесетін ешкім болмады. Сондықтан олар ездері апарған тауарларға шектен тыс жоғары баға қойды да, жергілікті түрғындардан алатын тауарларға бағаның ең төменгі шегін белгіледі. Айырбас кезінде көп жағдайда қой малы олшем бірлігі ретінде алынды. XIX ғасырдың соңына таман айырбас саудасының жылдық айналымы миллион сомға жуықталды.
Сауданың екінші түрі жәрмеңке болды. Маусым сайын өткізілетін жәрмеңкелерде фабрика мен зауыт бүйымдары шикізатқа және мал шаруашылығының онімдеріне айырбасталды. 1900 жылы 106 жөрмеңке откізіліп, 32,7 миллион сом айналымға түскен. Жиырмасыншы ғасырдың басында түрақты сауда жүйесінің дамуына байланысты жәрмеңкелердің саны азайды, қазақ даласына шығатын керуендер саны да сиреді. Оның есесіне қалаларда түрақты сауданың тарамдалған жүйесі пайда бодды, қаймалар, дүкендер, алып-сату операцияларын жүзеге асыратын пункттер қатары көбейді.
3.Қазақстанның жалпы ресейлік экономикаға тартылуы. Қазақстан онеркәсіп капиталымен бірге Еуропа елдерінің сауда капиталы да терендеп ене бастады. Омбы қаласында Морозовтардың, Ряушенскийлердің үлкен сауда қоймалары болды. Петропавлдағы американ, ағылшын, неміс фирмалары жергілікті өнеркәсіп қожаларымен, көпестермен сауда операцияларын жүргізді. Қалалардағы сауда жүйесінің тарамдалған сипатын мына деректерден анық байқауға болады. 1915 жылы Петропавлда 445 сауда орны - 8 миллион 390 мың сомның, Көкшетаудағы 53 сауда орны - 876 мың сомның, Атбасардағы 71 сауда орны - 1 миллион 106 мың сомның тауар айналымын жасаған.
Бұрынғысынша жәрмеңкелер де елеулі рөл атқарған. Төңкеріс қарсаңындағы Қазақстанда (Сырдария, Жетісу облыстарын қоспағанда) жылдық сауда айналымы 150 миллион сомға тең болатын 128 жәрмеңке жұмыс істеген.
Қазақтардың арасыңдағы ауқатты адамдар мал шаруашылығы енімдерімен қатар егіншілік онімдерімен де кең көлемде сауда жасады. Олардың шаруашылықтарында ауыл шаруашылығы машиналары болды, жаддамалы жұмысшылар еңбек етті. Мәселен, 1914 жылы Ақмола облысынан Ресей губерния-ларына 94439 ірі қара, 95735 қой, 3993 жылқы жөнелтілген. Сөйтіп, бір жыл ішінде 56 миллион 992 мың сомның сауда айналымы жүзеге асырылған.
Қазақстандағы жан-жақты дамыған сауда өсім алушылықпен ұштастырылды, айырбас баламалы сипатта жүргізілмеді. Сауданың мүндай түрі отаршылық қанауды бүрынғыдан да күшейтуге жол ашып, қазақтардың көп болігін қайыр-шылықққа үшыратты. Бұл процесс пысық адамдардың одан әрі баюына мүмкіндік жасады.
Ауқатты қазақтардың арасында қарамақтарыңда май ерітетін, тері өндейтін шағын зауыттары бар онеркәсіп иелері де аз болған жоқ. Олардың кепшілігі шетел фирмаларымен тығыз байланыс жасап тұрды.
Дамып келе жатқан тауар-ақша қатынасында банк қызметі елеулі орын алды. XIX ғасырдың соңында Қазақстандағы облыс орталықтары мен ірі қалаларында мемлекеттік банк бөлімшелерінің жүйелері жұмыс істеді.
Ресей мен Еуропа еддеріндегі рыноктармен тығыз байла-ныстағы жергілікті жүйесінің қалыптасу процесі байқалды. Бірақ ол біртұтас ұлттық рынок дәрежесіне жете алмады. Бұл процеске рыноктардың шашыраңқы орналасуы және территориясының бірнеше губернияларға бөлектенгеңцігіде бөгет жасады.
Қазақстанның облыстарын жалғастыратын темір жолдың болмауы олардың өзара экономикалық байланысының нашарлығын сипаттайтын бірден-бір себеп еді. Қазақстандағы темір жолдардың бәрі Солтүстік бағытқа қарай, яғни, отар елдің бар байлығын Ресей империясына тасуға негізделіп салынған болатын.
4. Қазақстанда темір жол құрылысының басталуы.Темір жолдың болуына байланысты Қазақстанды отарлық қанау бұрынғыдан да күшейді. Темір жолдың болмауы Ресей капиталының Қазақстанға кең колемде енуіне кедергі келтіріп, оны отарлық империяның шикізат және азық-түлік қоймасына айналдыру процесін кешеуілдетіп келген еді. Темір жол жүйесі өлкенің байлығын жеделдете игеру үшін және орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру үшін аса қажет болды. Темір жолдың дамуымен бірге қазақ халқын отарлық қанау да күшейе түсті.

Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстан тұрғындарының этнодемографиялық сипаты қандай болды?
2. Қазақ ауылдарының өмірінде қандай өзгерістер блолды?
3. Сауда орындары мен Жәрменкелер қазақ даласында қай жерлерде ұйымдастырылды және қалай аталды?
4. Қазақстанның жалпы ресейлік экономикаға тартылуы неден көрінді?
5. Қазақстанда бірінші темір жол құрылысы қашан салынды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №26--27 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениеті.
Негізгі ұғымдар: Медресе, гимназия, зар-заман, шариғат, баспа ісі.
Жоспар:
1. Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебі.
2. Халық ағарту ісінің жағдайы.
3. Қазақ өлкесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері
4. Баспа ісі.
Мақсаты: Қзақ қоғамындағы әдебиеттік ролін анықтау, халық ағарту ісіндегі өзгерістерді талдау, орыс географиялық қоғамының бөлімдерінің қызметін саралау. Баспа ісінің тарихымен таныстыру.
Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. тоғысындағы Қазақстан.
Лекция
1.Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебі. XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. бірінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінің дамуында жаңа дәуір басталды. Бұл кезде қазақ әдебиетіндегі бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалык шығармашылык басты. Ақындар өздерінің өлеңдері мен жырларында өмірдің нақты шындығына үніліп тануға, жеке көзқарастарын еркін білдіруге тырысты, осымен байланысты ақындардың шығармашылығы дамып, жеке толғаныстарында көркемдік шеберлікке жетудің жолдарын іздестірді. Осының нәтижесінде қазақ әдебиеті ұлттык дарынды тұлғалардың көптігімен, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен ерекшеленді. Олардың ішінен поэтикалық дарыны зор небір суырып салма, импровизаторлар дараланып шықты. Солардың арасынан жауынгер акын Махамбет Өтемісовтың (1803-1846) творчествосын ерекше бөліп айтқан жөн. Оның көптеген шығармалары 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманов бастаған халық-азаттық көтерілісіне арналды. Махамбет - көтерілістің жалынды жыршысы ғана емес, сонымен қатар Исатайдың адал серігі, даңқты батыр ретінде көтерілісті ұйымдастыруға белсене қатысты. Ол өзінің ұран іспеттес жауынгерлік жырларымен көтерілісшілерді рухтандырып, жігер беріп отырды. Сондықтан Махамбеттің өлеңдері халық-азаттық көтерілісінің қуатты дауысы және ұраны болып табылды.
Қазақстан мәдениеті (XIX ғасырдьщ екінші жартысынан XX ғасырдың басына дейін) XIX ғасырда дәстүрлі ақындар поэзиясы халық арасында айрықша кең тыныс тапты. Жанақ, Орынбай, Арыстанбай сияқты суырып салма ақындар бүкіл қазақ даласын өлең-жырға толтырды, тек туған жұртына ғана емес, сахараға ат ізін салған орыс жөне Еуропа ғалымдары мен оқымыстыларына да кеңінен танылып, көшпеңділердің ақындық өнерінің жайсаң түлғалары ретіңде мәшһүр болды. Жетісуда Сүйінбай өзінің отты да откір жырларымен бұқарашыл ақын ретінде танылса, түстікте Майлықожа Шығыс үлгісіне бейім назым жырға машығады. Ал Сыр өңірінде коне жыраулық және ақындық поэзияның құрыш қорытпасындай Базар жырлары өріс табады.
Осы Ресей патша өкіметінің отарлық басқару жүйесінің қазақ даласындағы іс әрекеті ақындардың зар заман дәуіріндегі қоғамдық басқарудағы отарлық басқару әрекеті былайша жырмен жетті:
... Заман - заман дегенде
Заманға қожа адам ғой!
Наразы болсаң заманға
Бар кінәні соған қой.
Тек XIX ғасырдағы ғана емес, қазақтың ескі заман, көне рухани өміріндегі өзіндік сипаты мол арнаның бірі — салдар мен серілер өнернамасы болды. Сал мен сері — суырып салма ақын, әрі сыршыл композитор, оның үстіне әсем де асқақ дауысты әнші болуы шарт еді.
Мезгіл түрғысынан алғаңда бізге біршама жақын заманда жасаған, сондықтан есімдері сақталумен қатар, онер туындылары, өмір кешулері де әжептеуір таныс сал, серілердің ішіндегі ең атақтылары — Біржан, Ақан жене Әсет.
Біржан сал (1834-1897) қазақ рухани мәдениетінің тарихында ақын, композитор әрі өнші ретінде белгілі. Салдықтан бастап, серілікке ойысқан Біржан озінің бар ғүмырын онер жолына жұмсады.
Қазақ даласының әсем табиғаты, кошпендінің дарқан жаны, сыршыл сезімі мен сырбаз мінезі шебер керініс тапқан Біржан әндері қазақ музыка онерін жаңа сатыға көтерді, ал оның шығармаларын ғана емес, өзіне дейінгі қазақ компози-торлары мен музыкалық фольклор үлгілерін орындаудағы әншілік мәдениеті сахарада бағзыдан калыптасқан әншілік дәстүрді одан ары жетілдіре түсті. (Біржан мектебінен тәлім алған халық таланттары революциядан соңғы жерде қазақтың профессионалдық театр онерінің қалыптасуы жолында ерекше роль атқаруы кездейсоқ емес).
Біржанның ақындық мұрасында оның оз әндеріне шығарған текстері елеулі орын алады. Бұл олеңдерінде Бір жан нәзік сезім, махаббат күйін ғана шертпейді, ел билеу-шілердің озбырлығын әшкерелейді, онер жолындағы адам тағдырының қиындығы туралы толғайды. Әйтсе де Біржанның ақындық даңқын шығарған — оның Жетісудың ақын қызы Сарамен айтысы. Бұл классикалық айтыстан қазак
ақындық өнерінің ең озық қасиеттері корініс тапқан. Мұнда тапкырлық пен тегеурін де, ұтқырлық пен еткірлік те бар. Санлақ, жүйрік екі ақынның онерге, өмірге көзқарасы, ақыл-парасаты, білім-танымы айқын бедерленген. Біржан мен Сара айтысының аса бір қүңды сипаты - қазақ қауымындағы елеуметтік қайшылық, әйел теңсіздігі, адамның бас бостан-дығы төрізді, заманның кокейкесті мәселелерінің котерілуі.
Үстірт көзге қайғысыз, қамсыз көрінетін Біржан ез заманының трагедиялық тұлғасы еді. Еркін жүрісі де, ерке әңдері де жүрт билеген жуандар коңіліне жаға бермеген, бас — теперіш, рухы — қысым корген, ақыры жан тыныштығынан да, ден саулығынан да айрылған сері онерімен бірге жасайды, омірінің ақырғы сәтіне дейін сырлы әуезінен жаңылмайды.
Қызығынан - қайғысы, дуынан — шуы басым, бірақ мәнді де мағыналы ғүмыр кешкен ақын, композитор және әнші Ақан сері де (1843-1913) Біржанмен тағдырлас. Әуелде мерекемен, сайранмен күн откізуге, кейін дүниеден баз кешіп, едден аулақта тіршілік құруға тырысса да, Ақан омірден, оз заманының мүң-нала, қайғы-зарынан тысқары қала алмайды.
Ақан сері артында қалған ақындық мұра идеялық -тақырыптық жағынан алғанда негізінен екі топқа бөлінеді. Мұның біріншісінде (көбіне ақын өнернамасының алғашқы кезеңіңде туған) Ақан жастық шақтың қуанышын қызық-тайды, аңшылық, саятшылық теңірігінде жыр етеді. Ал Ақан емірінің екінші кезеңінде жазылған шығармаларда мүң басым. Еңді біраз туындыларында сері ел билеуші зорлықшыл әкімдерді, надан дін басыларды өжуалайды. Екі ғасыр шегіндегі аграрлық саясатқа байланысты туған өлеңдерінде Ақан жаңа тәртіп зардаптарын суреттейді, алайда, серінің бұл тараптағы шығармаларын ел ішіндегі әділетсіздікке кінәлі - ұсақ шенеуніктер, патшаның ақиқат саясаты бұлай болмауы керек деген балаң ұғым да елес береді.
Ән текстерін озі шығарып отырған Ақан серінің асқақ әуенді әндері қазақ музыка мәдениетінің асыл қорына енген.
Қазақ халқының ақындық өнеріне жоғары баға берген Г.Потанин, Г.Мейендорф, М.Аткинсон, Дж. Мак-Гахан, Р.Карутк, А.Алекторов, А.Брем, П.Мелиоранский, Д.Клеменц тәрізді орыс және Батыс Еуропа ғалымдары, саяхатшылары мен этнографтары казақ поэзиясының байлығын, мазмүңдылығын әрі терендігін ашып керсетеді.
"Қазақтар нақысты сейлеуді бар өнердің алды деп біледі, сондықтан олардың поэзиясы дамудың жоғарғы сатысына жеткен", — деп жазды ұлы тюрколог В.Радлов.
XIX ғасырдың екінші жартысында халықтың ауыз әдебиетімен бірге қазақтың жазба әдебиеті де дамыды. Онын негізін қалаушы ұлы ақын және ойшыл Абай Қүнанбаев (1845-1904) болды. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мен Шығыс, орыс классикасының үлгілерінен нәр алған Абайдың лирикасында адамгершілік пен шыншылдық, ақыл-ой мен әдіддіктің болашақтағы жеңісіне сенім, гуманистік идеялар мен принциптерге айнымас ададдық жырланды. XV ғасырдан XIX ғасырдың үшінші ширегіне дейінгі сахара поэзиясының озіндік бір ерекшелігі — оқшаулық, түйықтық еді. Қазақ поэзиясы негізінен озінің коне дәстүрлерін үлгі түту жене одан ары дамыту жолымен ғана ілгерілеп отырды. Қазақстанның Россия қол астына қарауына байланысты қазақ даласы экономикалық ғана емес, рухани тұйықтықтан да арыла бастады. Замана талабын, уақыт тынысын жіті андаған қазақ білімдарлары онерде, ғылымда ғана емес, рухани омірде де батыс бағытына біржола ден қояды. Ұлттық дәстүрлерді сақтай отырып, орыстың және басқа батыс жүрттарының биік ореге жеткен озық әдебиетінің абзал қасиеттерінің барлығын да бойға сіңіруге тырысады. Осының нәтижесінде қазақ әдебиеті айналасы елу жыл ішінде әлденеше ғасырлық даму жолын бастан кешіріп, жаңа сапаға ие болды. Қазақ поэзиясы түр, мазмүн жағынан ғана емес, тақырып түрғысынан да олшеусіз байыды. Проза, драматургия, әдебиет сыны сияқты жаңа жанрлар қалыптасты. Мүның бәрі тек сандық қана емес, сапалық та озгерістер еді. Тарихи қысқа мерзімде қазақ әдебиеті езінің озық үлгілері арқылы Европа классикалық әдебиетінің ересіне жетті.
Міне, осы ұлы төңкерістің бәрі Абайдан (1845-1904) басталған еді.
Озінің зор талантына орай, қазақ халқының ғасырлар бойы жасалған рухани мәдениетін санасына жинақтаған, кене тәжік-парсы, шағатай-түркі поэзиясының жақсы қасиеттерін бойына сіңірген, сонымен қатар орыс және Батыс Европа өдебиеті мен алдыңғы қатарлы ой-пікірінен тағлым алған Абай ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, қазақ әдебиетінің ұлы реформаторы ретінде қалыптасты.
Қазақ топырағындағы сыншыл реализмнің оркенін жайған, туған поэзиясын биік өреге котерген Абайдың жаңашылдық еңбегі терең мағыналы, сан салалы.
Қазақ поэзиясында бұрын, жалпы шығыс поэзиясындағы тәрізді, шын мәнісіндегі табиғат лирикасы болмайтын. Абай қазақ даласының дарқан табиғаты жан-жақты керініс тапқан кемел туындылар жасады. Абай бейнелеген қыс, жаз, коктем, күз суреттері, кок шалғында кең дала, күркіреген өзен, айлы түн, ызғырық боран — тек қана сақарасына ғана тән өзіндік бояулармен кескінделген жөне нағыз реалистік кейіпте.
Абай қазақ поэзиясындағы махаббат лирикасын бұрын болмаған дәрежеде орістетті. Абайға дейінгі қазақ ақындарының сүйіспеншілік тақырыбындағы жырлары қыздың сыртқы сұлулығын тамашалаудан аспайтын, ал қыздың озі тек жігіт тілегінің объектісі ретіңде, пассив қалыпта суреттелген. Абай лирикасында әйел заты сүйе, күйе білетін ғана емес, оз бойын қүрсаған сезім туралы сыр ақтара алатын жанды кейіпте бейнеленеді. Бүрын ерекше, тіпті, шешуші мән берілетін - қыздың сырт сүлулығы, жігіттің батырлығы, алуандылығы Абай шығармаларында сүйіскен жастардың көп қасиеттерінің бірі ғана болып қалды. Ұлы ақын өзінен кейінгілердің ішкі, рухани әлеміне ерекше ден қояды. Сонымен қатар ғашық жандардың махаббаты сыртай сипаттауға емес, сезім күшін нақты талдауға құрылады. Абайдың махаббат лирикасының ең басты қасиеті де осы терең психологизміңде.
Қазақ қоғамыңдағы әлеуметтік теңсіздікті жазбай таныған Абай мейрімсіз, сараң байды да, байдың малын бағып, отын жағумен бейнетті күн кешкен кедейді де назарынан тыс қалдырған жоқ. Әйткенмен де, ақынның ерекше жүйелі суреттегені — патша үкіметінің қолдауындағы ел әкімдері еді. Ұлықтың аты айтылса-ақ есі шығатын қорқақ, жандай-шап, бірақ өз келесіне келгенде қулық, сұмдыққа кемел, тізе батыру, зорлық-зомбылыққа да жетік болыс, билер, атқамінерлер өздерінің шынайы, жиренішті бейнесінде топ аддында тартылады. Ақын олардың сырдаң, жұтаң, екіжүзді, опасыз ішкі кейіптерін де шебер бейнелейді. Осьщцай адамдық түлғадан ада жандар билік қүрған заманда келбеті қандай болмағы өзінен-өзі айқындалғандай.
Абай қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, ой жағынан ғана емес, түр жағынан да байытты. Қазақ поэзиясының көне үлгілерін, қазақ өлеңінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Абай поэзияға көптеген жаңа өлең өлшемдерін әкелді. Сонымен қатар Абайдың қазақ әдеби тілінің мәдениетін көтергенін де ерекше атап оту қажет. Өзгеше түрпатты жаңа әдебиеттің негізін салған Абай ұлттық өнердің бұдан соңғы даму бағдарын да белгілеп кеткен еді.
2. Халық ағарту ісінің жағдайы. XIX ғасырдың басында Қазакстан жерінде халыкка білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Мұндағы діни мектептерде сабақ беретін негізінен ауыл молалары еді. Олардың белгілі оқу жоспарлары, сабақ жүргізуде методикалықк тәжірибелері болмады. Көбіне балаларды араб тіліндегі құран сүрелерін жаттаттыруымен ғана айналысты. Осының салдарынан діни мектептегі шәкірттер ғылыми негізде тиянақты білім ала алмады. Бұл кездегі діни білім беру жүйесінде медресенің рөлі едәуір жоғары дәрежеде болды. Ондағы оқу мерзімі төрт жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінін үйренумен қатар, философия, тарих, тіл білімі, астрономия, медицина, математика пәндері бойынша мағлұматтар алды. Қазақ даласында бұл кезде жергілікті халықтың балаларын окытуға арналған азаматтық бағыттағы мектептердің саны өте аз болды. Мұндай оқу орындары Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап айтқанда, 1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп, 1789 жылы Орынбор қаласының айырбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды. Бұл оқу орындарында балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік (кеңсе хатшысы) кызметтерге дайындалды. Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825 жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады. Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды. Бұл мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай-ақ ислам дінін оқып үйренді. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласындағы Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды. 1857 жылы бұл мектепті Ыбырай Алтынсарин алтын медальмен бітіріп шыкты. 1865 жылы Омбыда қазақ балаларына арналган тағы бір мектеп ашылды, ал 1869 жылы Орынбор гимназиясы жанынан шығыс тілдерінің тілмәштарын және әскери округтердің хатшыларын даярлайтын бөлімше кұрылды.
Қазақстанда XIX ғасырдың 60-шы жылдарында бастауыш мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, коғам қайраткері, жаңашыл педагог, этнограф-ғалым, казақтың жазба әдебиетінің және тілінің негізін салушылардың бірі – Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) есімімен тығыз байланысты. Ыбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліпбиін жасады. Осы әліпби бойынша жүргізілген сабақтар ол ұйымдастырған қолөнер және ауыл шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты. Ол қазақ кыздарын өнер-білімге кеңінен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Оны бітірген қыздар кейін қазақ даласында білім ұрығын септі. Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағрафиялық қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.
XIX ғасырдың соңына қарай өлкеде қалалық училищелер, шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс-қазақ училищелері мен мектептері, ауыл және бастапқы сауат ашу мектептері ашылды. Олар мемлекет есебінен қаржыландырылды және бастауыш оқу орындарының рөлін аткарды. 1898 жылдан 1914 жылға дейін Қазақстандағы бастауыш мектептердің саны 730-дан 1988-ге дейін, ал олардағы оқушылардың саны 29 мыңнан 101 мың адамға дейін өсті. Өлкедегі патша әкімшілігі қазақ халқының сауатын ашуда бастауыш білім берумен, немесе орыс жазуын, әсіресе ауызша сөйлесе білуді және арифметиканың алғашкы төрт амалын үйретумен ғана шектелу жеткілікті деп санады. Ресей өкіметінің осындай кертартпа саясатының нәтижесінде Қазакстандағы орта білім беретін оку орындарының, соның ішінде реалдық училищелердің, ер- мен қыздар гимназияларының саны баяу артты. 1914 жылы олардың жалпы саны 12 ғана болды. Бұларда 4 мың окушы білім алды. 1917 жылға дейін өлкеде халык санының өсуімен және қазактардың білімге деген кұштарлығы арқасында орта білім беретін оқу орындарының қатары өсіп, 47 жоғары бастауыш училище, 17 орта мектеп, 4 реалдык училище, 4 ерлер және 9 қыздар гимназиясы, 13 ауылшаруашылык төменгі мектебі мен қолөнер училищесі жұмыс істеді. Мектептік білім жүйесі деңгейінің өсуі және казақ қоғамының әлеуметтік-экономикалык дамуындағы өзгеріс мұғалім кадрлар даярлау мәселесін қай кездегіден болсын өткір қойды. Міне, осымен байланысты 1879 жылы Түркістан мұғалімдер семинариясы, 1833 жылы Орынбор қазак мұғалімдер мектебі кұрылды. Кейінірек мұғалімдер семинариялары Актөбеде, Верныйда, Семейде, Оралда ашылды. Бұл оқу орындары 1917 жылға дейін небәрі 300 қазак мұғалімін даярлады. Бұл Қазақстан мектептерін оқытушы кадрларымен жеткілікті камтамасыз ете алмады. Бір ерекше ескертіп айтатын жәйт, 1928 жылға дейін бүкіл өлкеде жоғары білім беретін бірде бір институт немесе университет болмады.
3. Қазақ өлкесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері. Ресей мемлекеті Қазакстанды өзіне қосып алғаннан кейін, оның табиғи байлыктарын игеру, кен ресурстарын зерттеу мәселелеріне ден қоя бастады. Ол үшін өлке жеріне ғылыми іздену экспедицияларын жіберіп, казақ халкының жағрафиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын зерттеуге кірісті. 1769 жылы Қазақстанға жасалған алғашқы ғылыми экспедицияларының бірін П. С. Паллас басқарды. Экспедиция Симбирск, Орынбор, Елек, Орск, Гурьев, Жайык, Уфа қалалары аймақтарын аралады. Оның қорытындысы бойынша П. С. Паллас 1773 жылы өзінің «Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат» -деген еңбегін жариялады. 1769-1772 жылдары Н. Рычков патша өскерлерінің кұрамында Қара Торғай, Терісаққан, Есіл аймағында, Усть-Уйск, Крутояр, Тройцк бекіністері төңірегінде қазак өлкесі жөнінде мәліметтер жинастыру жұмысын жүргізді. Кейінірек оның «Капитан Н. Рычковтың 1771 жылғы қырғыз-қайсак даласына саяхатының күнделік жазбалары» - деген еңбегі жарық көрді. Қазақстанның тарихы мен этнографиясын, географиясын зерттеп, бір жүйеге түсі-руде белгілі тарихшы және мемлекет қайраткері А. И. Левшинның (1797-1879) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ қалаларының сипаттамасы» деген іргелі еңбегінің зор маңы-зы болды. Сондай-ақ өлкені жан-жакты зерттеу көрнекті орыс ғалымдары П. П. Семенов-Тяньшаньский /1827-1914/, Н. А. Северцев /1827-1885/, И. В. Мушкетов /1850-1902/, В. В. Радлов /1837-1918/ жөне басқалардың есімдерімен тығыз байланысты. Олар өздерінің зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне үлкен үлес қосты.
Орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И. Доб-ромысловтың, украин ақыны Т. Г. Шевченконың т. б. есімдерін атап өтуге болады.
Еліміздің мәдениеті мен қоғамдык ой-пікірінің тарихында қазақтың тұнғыш ғалымы, аса көрнекті демократ зерттеуші Ш. Ш. Уәлиханов /1835-1865/ кұрметті орын алады. Оның қоғамдык-саяси, ғылыми жөне әдеби қызметі қазақ даласында прогресшіл идеялардың тарауына үлкен жол ашты. Шокан 1856-1857 жылдары Алатау кырғыздарының жеріне, Ыстықкөл маңына сапар шекті. Осы сапарда ол қырғыз эпосы «Манастың» жекелеген бөлімдерін жазып алды. 1858-1859 жылдарда Шығыс Түркістанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда қырғыз елінің тарихына байланысты бай материал жинап, соның негізінде көптеген еңбектер жазды. Оньщ қазак халқының тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ол орыстың атақты жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретіндегі көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшіл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шокан Ресейдің ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.
Шоқанмен тұстас Батыс Қазақстанда өмір сүрген көрнекті қаламгер, этнограф тарихшы Мұхамбет Салық Бабажанов /1832-1872 жж./ өзінің шығармашылығымен өлкеге кеңінен мәлім. Орынбордағы кадет корпусын үздік бітірген ол қазақтардың мәдениет, білімге деген ықыласын қолдап, казақтың тарихына, тұрмыс-тіршілігіне, Орал казак-орыстарының зорлық-зомбылығына байланыстыры туралы негізгі деректер жүйеге келтірілген. Сонымен қатар Семей бөлімшесінде Ж. Ақбаевтың, Ө. Бөкейхановтың еңбектері басылып шықты. Ә. Бөкейханов Орыс географиялык қоғамы Батыс Сібір бөлімінің белсенді қайраткерлерінің бірі жөне Басқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды.
Қазақстан туралы ғылыми материалдардың қомақты қорын жасауда XIX ғ. екінші жартысында өлкенің облыстарында кұрылған Статистика комитеттері едәуір рөл атқ-арды. Статистика комитеттері 1878 жылы Ақмола, 1879 жылы Жетісу, 1887 жылы Сырдария, 1895 жылы Торғай, 1896 жылы Орал облыстарында ашылды. Олардың жұмы-старына Ресейдің орталық аймақтарынан революциялык қызметтері үшін айдалып келген халықшылдар белсене араласып, көп күш жұмсады. Статистика комитеттерінің басылымдарында облыс бойынша өндіргіш күштер, халық шаруашылығы, суландыру жүйелері, қатынас жолдары, тұрғындар жөне олардың кәсіптері, алым-салықтар, оқу-ағарту жөне т. б. туралы егжей-тегжейлі мәліметтер жинақталған шолулар ерекше орын алды.
4. Баспа ісі. Сонымен XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басына дейінгі кезеңде капиталистік құрылыс пен онымен бірге дамыған әлеуметтік мәдени өзгерістер казақ мәдениетіңдегі бағыт — реовлюцияшыл-демократиялық бағыт анықталды. Демократиялық интеллигенция халықты отырықшылыққа, білімге, ескірген әлеуметтік институттар мен әдет-ғүрыптарды өзгертуге шақырды. Зиялыларға арналған бастауыш мектептер саны көбейіп, қазақ тілінде газеттер мен журнаддар ("Айқап", т.б.) шығарыла бастады. С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың, СДөнентаевтың, М.Сералиннің поэма, өлең, публицистикаларын халық жоғары бағалады. А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, АП.Чеховтың біраз шығармалары қазақ тіліне аударыдды. Орыстың ғалым-геологтары (В.А.0бручев, т.б.) мен тарихшы, этнографтары И.Ф.Катанов, В.В.Бартольд өлкені одан өрі зерттеді. Жамбыл Жабаевтың, Нүрпейіс Байғаниннің, Кенен Әзірбаевтың, т.б. халық ақындарының творчествосында азаматтық сарын, халық-азаттық күрес басты тақырыпқа айналды. Қазақ баспасөзі мен әдебиеті және музыкасы. 1870-1882 жылдарда Ташкентте «Түркістан уөлаяты газеті», 1888-1902 жылдары Омбыда «Дала уәлаятының газеті» шығып тұрды. Біріншісі Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды, ал екіншісін Дала губернаторлығы шығарды. Патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктердің өкімі бойынша бұл басылымдар Орта Азия мен Қазақстан жерінде отарлық басып алуды, бұл аймақтардағы халықтарды рухани жағынан бағындыру саясатын насихаттады. Осы мақсатпен газет беттерінде түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен әдебиеті жөніндегі материалдар жарияланды, ғылым мен техника саласындағы жетістіктер туралы ақпарат аударылып басылды, өлкені шаруашылық жағынан игеру тәжірибесі қорытылды. Жергілікті халықтар арасында бұл газеттердің танымал болуына шығыс әдебиеті классиктері шығармаларын - «Шахнаме», «Фархат-Шырын», «Мың бір түн» және т. б. жариялау үлкен әсерін тигізді. «Түркістан уәлаяты газетінде» 1870 жылы бірінші рет қазақ тілінде Шоқан Уәлиханов туралы, Маңғыстау қазақтарының көтерілісі жөне баска да оқиғалар жөніндегі материалдар басылды. Орыс оқырмандары Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың орыс тіліне аударылып берілген шығармаларымен танысты. Дегенмен, бұл ресми басылымдар негізінен Ресей империясының отаршылық саясатын жүргізушілер болды. Оған дәлел ретінде «Түркістан уәлаяты газетінің» 323 нөмірінде жарияланған 633 мақаланың үштен бір бөлігі Ресейдің көрші мемлекеттермен катынастарына, империялық сыртқы саясатын негіздеуге арналғанын айтса да жеткілікті.
Бекіту сұрақтары:
1. Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебінің ақындарын атап беріңіз?
2. Қазақ өлкесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектерін атаңыз?
3. Неге «Зар заман» аталған?
4.Мерзімдік басылымдарды атаңдар?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №28-30 ХХғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Негізгі ұғымдар: Мемлекеттік Дума, реквезиция, бұлік, ақпан буржуазиялық-демократиялық революция, Алаш партиясы, Үш жүз партиясы, мұсылмандар партиясы.
Мақсаты: Қазақстандағы ерекше саяси жағдайды атап көрсету. Жұмысшылар мен интелигенцияның ролін ашып саралау, мұсілмандар қозғалысының мақсаттарын
Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХ ғғ. Тоғысындағы Қазақстан.
Жоспар:
1. Соғыс қарсаңындағы саяси жағдай.
2. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында.
3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері.
4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен Қазақстанда.
Лекция
1. Соғыс қарсаңындағы саяси жағдай.1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса ауыр қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз өсті. Қазақтардан, бірінші кезекте Сырдария және Жетісу облыстарында жерлерін жаппай тартып алу жалғастырылды. Бір ғана Жетісу облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 мың десятина жақсы жайылымдар мен егістік алаптар тартып алынды, ал осы жерлердің нағыз қожайындары қазақтар шаруашылық жүргізуге онша жарамды емес, немесе мүлде жарамсыз шөл немесе шөлейт аудандарға күшпен көшірілді.
Соғыс орасан көп мөлшерде шикізатты, азық-түлікті, малды және басқа да материалдық құңдылықтарды жалмап жұтты. Шаңырақтарға жаңа әскери салық енгізілді. Соғыс басталған соң жергілікті халыққа салынатын салықтар 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есе өсірілді.
Егіс алаптарының қысқартылуы нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірісі сұмдық құлдырап кетті.
1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ халқынан тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 миллион десятинаға теңелді.
Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, соғыс кесапаты – халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке халқының әр түрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды.
Соғыс жағдайларында “Қазақ” жалпы ұлттық газетінің төңірегіне біріккен қазақтың либерал-демократиялық зиялыларының жетекшілері - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және олардың жақтастары, сондай-ақ қазақ зиялыларынан шаруа-демократиялық бағытты жақтайтын М. Сералин, Б. Майлин, С. Дөнентаев және басқалар сынды “Айқап” журналының төңірегіне топтасқан өкілдері басылып шыққан сөз арқылы өздерінің халыққа ықпалын нығайтуға ұмтылды.
Саяси көзқарастары мен әрекеттеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, қазақ зиялыларының жоғарыда аталған өкілдерінің көптеген туындыларының өзегі “Оян, қазақ!” ұраны болды. (осы атаумен 1909 жылы Міржақып Дулатовтың өлеңдер жинағы жарияланған еді.) Қазақ оқымыстылары өздерінің жан-жақты шығармашылығымен, жалпы демократиялық талаптар ұсынып және өз ойларын екінің бірінде мысқыл тілімен білдіре отырып, өлкеде отаршылдыққа қарсы саяси жағдайдың тамыр жаюына жәрдемдесті. Халық санасына ұлт-азаттық күресінің қажет екендігі идеясын сіңірді.
2. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей дағдарыс үрдісін тездетті. Қазақстанның, Орталық Азияның барлық дерлік аудандарын қамтыған, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс соның жарқын көріністерінің бірі болды.
Көтерілістің басты себептері әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың шамадан тыс ұлғайтылуы, қазақ халқы мен аймақтың басқа байырғы халықтары жөнінде патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясаты, қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы болды.
Бұл аталғандардың ішінен ежелгі қазақ жерлерінің жаппай, күшпен тартып алынуын және өлкені басқарудың отаршылдық жүйесінің күшейтілуін ең басты себеп ретінде қарастыру керек. Верный уезі Пригородный учаскесінің қазақтары өздерінің 1916 жылғы 17 қазанда Түркістан генерал-губернаторына көтерілістің себептері туралы арызында дұрыс атап көрсеткендей: оны туғызған “халық дұрыс түсінбеген тыл жұмысына жұмысшыларды шақыру ғана емес. Себеп тереңіректе жатыр. Бір жағынан, жерден қысым көру және екінші жағынан қазақтарды басқару жүйесі” қазіргі қайғылы оқиғалардың негізгі себептері болып табылады.
Жер жөнінен қазақтар соңғы он жылда өте қатты қысым көрді: облыста 1903 жылы құрылған қоныс аудару басқармасы 1908-1909 жылдарда қазақтардан жерді алып қоюды. күшті қарқынмен жүргізді. Соның салдарынан қазақтардың дайын суландыру арықтары, бау-бақшасы мен қора-қопсылары бар ең жақсы жерлері тартып алынды. Олар сусыз наша