2015 Зертханалы? ж?мыс №3


№3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
1. Үшфазалы синхронды генератордың бұрыштық
сипаттамасын зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Синхронды генераторды торапқа параллель қоса отырып, жұмыс режимі кезіндегі жүктемелік бұрыштың өзгерісі кезіндегі P=f (δ), Q=f (δ), U=f (δ) сипаттамаларды және оларды тәжірибелік жолмен алудың принциптік сұлбасын зерделеу
Тәжірибені орындау тәртібі:
Үш фазалы синхронды генератордың бұрыштық сипаттамаларын эксперименттік жолмен зерделеудің принциптік сұлбасына сипаттама
G1 қорек көзі- сұлбаны өндірістік жиіліктің синусоидты қорек көзімен қоректендіреді.
G2 тұрақты тоқ қозғалтқышының қорек көзі, тәуелсіз қоздырумен қозғалтқыш режимде жұмыс істейтін М2 тұрақты тоқ машинасының қозу орамының реттелмейтін кернеуі мен якорь орамының реттелетін кернеуін қоректендіру үшін қолданылады.
G3 қоздырғышы синхронды генератор режимінде жұмыс істейтін G6 айнымалы тоқ машинасының қоздыру орамаларын қоректендіру қызметін атқарады.
G6 синхронды генераторы тораппен (G1 көзімен) А17 синхрондағыш және А2 үш фазалы трансформатор, А6 ажыратқыш және электр торабының кедергісін модельдейтін А14 сызықты реактор арқылы байланысқан.
G5 бұрышты орын ауыстырғыш түрлендіргіші Р3 электр машиналы агрегаттың айналу жиілігінің шығыс көрсеткішіне түсетін импульсті түрлендіреді.
Р2 өлшегіші көмегімен сыналатын G6 генератордың активті және реактивті қуаттары бақыланады.
Р4 өлшегіші көмегімен G6 генератор жағындағы және электр торабы жағындағы олардың кернеуі мен жиіліктері бақыланады.
Р6 көрсеткіші көмегімен G6 синхронды генератор жүктемесінің бұрышы бақыланады.
Үш фазалы синхронды генератордың бұрыштық сипаттамаларын эксперименттік жолмен анықтау нұсқауы
Ол үшін құрылғылар 1-ші пунктке (5-ші бет) және 8-ші суреттегі блогты принциптік сұлбаға сәйкес жалғанады.
G6 синхронды генераторды желіге дәлдік синхрондану әдісін параллель қосу тәсілімен жүзеге асырыңыз.
Жүктеме бұрышын Р5 көрсеткіш тумблерін «200○»-ға орнап, «СЕТЬ» торапқа қосамыз.
G2 тұрақты тоқ қозғалтқышының қорек көзі мен G3 қоздырғыш арқылы, G6 генератордың Р1 активті және Q1 реактивті қуаттарын және «ГРУБО» және «ТОЧНО» потенциометрлерімен жүктеме бұрышын Р5 көрсеткіш тілін нөлге орнатамыз.
Жүктеме бұрышын Р5 көрсеткіш тумблерін «100○» жағдайына орнатып, G3 синхронды машинаның қоздырғышғы арқылы G6 генератордың If қозу тоғын 1,0 А-ге орнатып, оны тәжірибе жүрісі кезінде тұрақты ұстаймыз.
G2 қорек көзін арқылы, G6 синхронды генератордың жүктеме бұрышын 0…90○ аралықта өзгертіп, жүктеме бұрышын Р5 көрсеткіш ( бұрышты), ваттметр мен варметрдің (G6 генератор фазасының активті Р1 және реактивті Q1 қуаттарын), Р2 қуаттарды өлшеуіш пен Р1 (G6 генераторының U кернеуін) вольтметр көрсеткіштерін 7-ші кестеге түсіреміз.
Кесте 7
, град 0 10 20 30 40 50 60 70 80 90
Р1, Вт Q1, В∙АрU, В G6 синхронды генератор асинхронды жұмыс режиміне ауысса, оның активті қуаты G2 қорек көзін сағат тіліне қарсы өзгерту арқылы синхронды генератордың тораппен синхронды жұмыс қайта қолпына келгенше түсіреміз.
G6 синхронды генераторды тораптан ажыратуды, 3-ші зертханалық жұмыс шартына сәйкес жүргіземіз.
7-ші кестедегі алынған мәліметтерді пайдаланып, жүктеме бұрышының әр мәні үшін, G6 генератордың толық активті Р=3Р1 және реактивті Q=3Q1 қуаттарын есептеп, 8-ші кестеге түсіреміз.
Кесте 8
, град 0 10 20 30 40 50 60 70 80 90
Р, Вт Q, В∙Ар7-ші және 8-ші кестедегі мәндерді пайдаланып, үш фазалы синхронды генератордың бұрыштық сипаттамаларының P=f (δ), Q=f (δ), U=f (δ ) тәуелділік графиктерін тұрғызамыз.

Үш фазалы синхронды генератордың бұрыштық сипаттамаларының P=f (δ), Q=f (δ), U=f (δ ) тәуелділік графигі
581194315240Сурет 8 Үш фазалы синхронды генератордың бұрыштық сипаттамаларын эксперименттік жолмен анықтаудың принциптік сұлбасы
00Сурет 8 Үш фазалы синхронды генератордың бұрыштық сипаттамаларын эксперименттік жолмен анықтаудың принциптік сұлбасы


Орындаған тәжірибеге тұжырым
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
2. Үшфазалы синхронды генератордың U-тәрізді сипаттамасын зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Синхронды генераторды торапқа параллель қоса отырып, жұмыс режимі кезінде жүктеме тоғының Iя қозу тоғының If өзгерісіне тәуелділігі жағдайындағы U-тәрізді сипаттаманы және оны тәжірибелік жолмен анықтаудың принциптік сұлбасын зерделеу
Тәжірибені орындау тәртібі:
Үш фазалы синхронды генератордың қ.ш.т. параллель жұмысы кезіндегі U-тәрізді сипаттаманы эксперименттік жолмен зерделеудің принциптік сұлбасына сипаттама
G1 қорек көзі- сұлбаны өндірістік жиіліктің синусоидты қорек көзімен қоректендіреді.
G2 тұрақты тоқ қозғалтқышының қорек көзі, тәуелсіз қоздырумен қозғалтқыш режимде жұмыс істейтін М2 тұрақты тоқ машинасының қозу орамының реттелмейтін кернеуі мен якорь орамының реттелетін кернеуін қоректендіру үшін қолданылады.
G3 қоздырғышы синхронды генератор режимінде жұмыс істейтін G6 айнымалы тоқ машинасының қоздыру орамаларын қоректендіру қызметін атқарады.
G6 синхронды генераторы тораппен (G1 көзімен) А17 синхрондағыш және А2 үш фазалы трансформатор, А6 ажыратқыш және электр торабының кедергісін модельдейтін А14 сызықты реактор арқылы байланысқан.
G5 бұрышты орын ауыстырғыш түрлендіргіші Р3 электр машиналы агрегаттың айналу жиілігінің шығыс көрсеткішіне түсетін импульсті түрлендіреді.
Р2 өлшегіші көмегімен сыналатын G6 генератордың активті және реактивті қуаттары бақыланады.
Р4 өлшегіші көмегімен G6 генератор жағындағы және электр торабы жағындағы олардың кернеуі мен жиіліктері бақыланады.
Р6 көрсеткіші көмегімен G6 синхронды генератор жүктемесінің бұрышы бақыланады.
Үш фазалы синхронды генератордың қ.ш.т. параллель жұмысы кезіндегі U-тәрізді сипаттаманы эксперименттік жолмен анықтау нұсқауы
Ол үшін құрылғылар 1-ші пунктке (5-ші бет) және 9-ші суреттегі блогтарды принциптік сұлбаға сәйкес жалғаймыз.
G6 синхронды генераторды желіге дәлдік синхрондану әдісімен параллель жұмысқа қосу тәсілімен жүзеге асырамыз.
G2 тұрақты тоқ машинасының қорек көзі арқылы, G6 генераторға Р2 өлшеуіштің ваттметр көрсеткішін үш еселеп анықталатын қажетті 30 Вт активті қуатты орнатып, эксперимент соңына дейін тұрақты ұстаймыз.
G3 синхронды машинаның қоздырғышы арқылы G6 генератордың If қозу тоғын (2 А-ден асырмай) өзгертіп, амперметрден алынған If мен Iя тоқтардың мәндерін 9-шы кестеге түсіреміз.
Кесте 9
If, А 0 2
Iя, А G6 синхронды генератор асинхронды жұмыс режиміне ауысса, оның активті қуаты G2 қорек көзін сағат тіліне қарсы өзгерту арқылы синхронды генератордың тораппен синхронды жұмыс қайта қолпына келгенше түсіреміз.
G6 синхронды генераторды тораптан ажыратуды, 3-ші зертханалық жұмыс шартына сәйкес жүргіземіз.
5841788-9525Сурет 8 Үш фазалы синхронды генератордың қ.ш.т. параллель жұмысы кезіндегі U-тәрізді сипаттаманы эксперименттік жолмен анықтаудың принциптік сұлбасы
00Сурет 8 Үш фазалы синхронды генератордың қ.ш.т. параллель жұмысы кезіндегі U-тәрізді сипаттаманы эксперименттік жолмен анықтаудың принциптік сұлбасы


9-шы кестедегі мәндерді пайдаланып, синхронды генератордың жұмыс режиміндегі U-тәрізді сипаттаманының Iя=f(If) тәуелділік графигін тұрғызамыз.

Синхронды генератордың қ.ш.т. параллель жұмыс режиміндегі U-тәрізді сипаттаманының Iя=f(If) тәуелділік графигі
Орындаған тәжірибеге тұжырым
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Бақылау сұрақтары
1. G2 қорек көзі не үшін қолданылады?
2. G3 қоздырғышы қандай қызмет атқарады?
3. А14 сызықтық реакторы қандай қызмет атқарады?
4. Үш фазалық синхронды генераторды желіге қалай қосады?
5. Бұл экспериметте тұрақты тоқ қозғалтқышы қай қоздырғышпен жұмыс жасайды?
6. Жүктеме бұрышын көрсеткішті жұмысқа қалай дайындайды?
7. Генератор асинхронды режим жұмысына ауысқан кезде не істеу керек?
8. Генераторды желіден қалай дұрыс ажыратады?
9. Генератордың бұрыштық сипаттамасын қалай алады?
10. Генератордың бұрыштық сипаттамасы нені көрсетеді?
11. Синхронды генератордың U-тәрізді сипаттамасын алу тәжірибесін түсіндіріңіз.
12. Бұрыштық жүктеме кезіндегі СГ-ға якорь реакциясының сипаты қандай?
13. Неліктен U-тәрізді сипаттамасының нүктесі, генератордың активті жүктемесін өсірген кезде минималды тоқ қозу тоғының үлкен мәні аймағына ауысады?
Қолданылған әдебиеттер
Иванов-Смоленский, А. В. Электрические машины, часть 1, 2 / А. В. Иванов-Смоленский. - М. : Издательский дом МЭИ, 2006. – 525 с.
Қалыков, Б.Р. Электр машиналары / Б.Р. Қалақов, Ш.Өмірзақов, М.И. Сылкин. - Алматы, 2006. – 200 бет.
Гольдберг, О.Д. Электромеханика : учебник для студ. высш. учеб. Заведений / О.Д.Гольдберг, С.П. Халемская ; под ред. О.Д.Гольдберга. – М. : Издательский центр «Академия», 2007. -512 с.

Приложенные файлы

  • docx 5962791
    Размер файла: 637 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий