Блок


Оқу әдістемелік кешен
Кіріспе
Жұмыстың жaлпы сипaттaмaсы. Оқу әдістемелік кешенді блок негізгі музыкалық (баян,аккордеон) пәнінің мазмұны мен даярлық деңгейінде талаптарды жүзеге асыруға арналған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына оқу жұмыс бағдарламасын жасау үшін негіз болып табылады.
Жалпы сағат көлемі 312 соның ішінде жекелеген сабақтар- 312сағ
Әдістемелік кешен бес блоктан тұрады, әр блок үш немесе төрт нұсқаулық жұмыстардан тұрады. Блоктық кешен әдіскердің толық жұмыс барысы мен жаңа техналогиялық тұрғыдағы іс- әрекеті сипатталады. Бірінші блокта – Негізгі аспап баян – аккордеон пәніне арналған толық құжат түрі кіреді, айта кететін болсақ типтік бағдарлама, оқу жұмыс бағдарламасы және КТП.
Екінші блокта - жалпы аспаптың құрылысы жәйлі қысқаша мағлұмат, аспапты игеру тәсілдері, қазақ әндері мен пьесалары, композиторларының шығармаларын меңгеру, техниканы дамытуға арналған әдіс – тәсілдер, бала-бақша және мектеп әндерімен жұмыс. Қазақ еліндегі баян – аккордеон аспаптарына арналған шығармалардың және өңделіп лайықталған композициялардың авторлары жәйлі қысқаша мағлұматтармен танысу, глоссарий, ұсынылған әдебиеттер тізімі кіреді.
Үшінші блокта – бұл блокқа аудио және видео жазбалар, студенттердің өзіндік ізденіс және сұраныс жұмыстары кіреді.
Төртінші блок – Бақылау сабақтарына арналған және емтихандарға арналған арнайы сұрақтар.
Бесінші блок – Оқытушының әдістемелік нұсқаулары яғни

Баян — орыс халқының музыкалық аспабы. Төрт қатарлы гармонның 1907 жылы П. Е.Стерлигов жетілдірген түріне баян деген атау берілді.
Аспаптың оң жақ клавиатурасында 5-6 қатар түймелерден түзілген, диапазоны 4-5 октаваны қамтитын дыбыстық қатар, ал оң жағында 3-5 қатар түймелерден тұратын, 3-4 октаваны қамтитын дыбыстық қатар және дайын  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BA%D0%BA%D0%BE%D1%80%D0%B4" \o "Аккорд" аккордтықсүйемелдер бар.
XX ғасырдың басында  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%B9" \o "Ресей" Ресейде баян жасаудың В. П. Хегстрем, Н. З. Синицкийлер ойлап тапқан жүйелері (мәскеулік, шетелдік, т.б.) пайда болды. 1929 жылы Стерлигов баянның шартты түрдегі “дайын-таңдамалы” түрін ойлап тапты. Оның жетілдірілген соңғы үлгілері — көптембрлы “дайын-таңдамалы” баяндар.
Баян жеке орындауда, сонымен қатар ансамбль, оркестрлерде де пайдаланылады. Ол музыкалық ұжымдардың,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D1%80%D0%BA%D0%B5%D0%BC%D3%A9%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%BF%D0%B0%D0%B7%D0%B4%D1%8B%D2%9B" \o "Көркемөнерпаздық" көркем өнерпаздар үйірмелерінің, сондай-ақ, көпшілік халықтың арасында да кең таралған.
Студент баянды ұстауын, отырысын оң қол мен сол қолдың орналасуын және аспаптың бойындағы ноталық дыбыстарды меңгеру. Алғашқы позицияларды меңгергеннен кейін шығармалар мен пьесаларды меңгеру
Аспаппен таныстыру:  оң қол мен сол қолдың орналасуын,  оң қолдағы басбармақтың орналасуы. Аспаптағы оң және сол жақ клавиатураларымен таныстыру. Музыкалық аспаптың үнін шығару тәсілдері.  Аспапты дұрыс ұстау. Ремендердің иықта орналасуы. Оң қолдың ремені оң иыққа ілінеді. Екінші ремен сол иыққа ілінеді. Кішкентай ремен сол қолға баянды ашып – жабуға көмек береді. Ойын кезінде қолдар тырыспау керек. Ал саусақтар күмбезге ұқсап тұру керек. Бас бармақ грифтің артында тұрады. Мехты сол қол жүргізеді. Оң қолдың мехты жүргізуге қатысы жоқ. Дыбыс біркелкі шығу үшін мехты жай ашу керек. Мехты дұрыс жай ашып-жабу үшін көп жаттығу қажет.  Баян аспабын ойнағанда сәл алға еңкейіңкіреп,  столдың жартысында отыру керек. Ойын кезінде баянның мехы сол аяқта тұрады. Ал астыңғы баянның оң корпусы оң аяққа тіреліп тұру керек. Екі аяқ та толық жерге тиіп тұру керек. Сол аяқ сәл алға жылжиды. Музыкалық дыбыстарды жазу үшін арнайы белгі – ноталар.
 
Ноталар 5 сызықта орналасады.                                                    
  ______________________________________
______________________________________
______________________________________
______________________________________
_____________________________________
Ноталар сызақтың үстіне немесе арасына жазылады. Баянның оң клавиатурасында үш қатарда ақ пен қара басқыштар орналасқан. Ақ басқыштарға келсек бірінші қатарда до мен ля, екінші қатарда ми мен си, үшінші қатарда си, ре, фа. Кейбір баяндарда 37,  49, 55 басқыштар (түйме) бар. Оң қолда бірінші октава ноталарын жаттау, оның орналасуын табу. 
Басқыштардағы белгіленген саусақтарды аппликатура дейміз. Аппликатурамен дұрыс жұмыс жасау, легато штрихында өте қажет.
Саусақтардың ретімен қойылуы:
Басбармақ
Баланүйрек
ОртантерекШылдыршүмек
Кішкентай бөбек
Әсіресе гамма, арпеджио ойнағанда арнайы жазылған саусақтарды жаттау керек.
Белгілі бір ойнау тәсілдерін меңгеру.
Қазақ әндері мен пьесалары, композиторларының шығармаларын меңгеру.
Баян аспабы бойынша 1-2 курста негізгі теориялық білім қалыптасады. Одан кейінгі курстарда қиынырақ шығармалар алынып, баян техникасымен жұмыс істелінеді,сонымен қатар гаммалар, аккордтар, арпеджиолар ойналады.
Барлық гаммалар, арпеджио, аккордтар баян сабағында күнделікті тез екпінде орындалып отыру керектігін естен шығармауымыз керек. Гамма мен арпеджиоларды барлық клавиатурада әр түрлі штрихтармен (легато, стаккато) ойнау керек. Клавиатураны жақсы меңгеру дыбыс мәдениетімен жұмысты жақарту, бұлшық етті буынмен саусақтарды машықтандыру, әр түрлі штрихтарды орындауға дыбыстану техникасын жақсарту үшін, триольдар, пунктирлық ырғағы толы жаттығуларды ойнаған абзал. Осы жаттығуларды әрі қарай қолдану үшін керекті тональдікке транспорт жасау керек. Бұл бір жағынан студенттің транспорт қабілетін қалыптастырады. Әр түрлі тональдікте гамманы үйрену үшін арнайы жаттығулар беріледі. Мыса 1. Кейбір жаттығулар әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстардың суреттерін дамытуға, клавиатурадағы оң қол мен сол қолды дұрыс қолдануға арналады. Осы жаттығуларды қолданғанда бастапқы екпінді сақтап қалу керек. Басқа жаттығулар екі ноталарды дамытуға арналады. Жаттығуларды көрсетілген барлық өлшемдерде ойнап, саусақтардың синхрондық жұмысына қол жеткізу керек.
Гамма, арпеджио жаттығуларымен жұмыс болашақ музыка маманының техникалық орындау шеберлігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Орындау шеберлігін жетілдіре түсу үстінде күнделікті жаттығулардың маңызы ерекше. Мұның өзі көркем шығарманың мазмұны мен мұның толық ашуға мүмкіндік туғызады. Бұл мәселенің төңірегінде белгілі орындаушы – виртуоз Г. Нейгауз: «Орындау шеберлігін кез келген түрде дамыту дегеніміз-өнердің өзін дамыту, олай болса оның мазмұнын ашуға жәрдемдеседі» – деп жазады. Биік деңгейдегі орындау шеберлігі ең алдымен гамма, арпеджио жаттығуларымен жүйелі түрде жұмыс жасаған кезде қалыптасады.
Этюд.
Этюдтармен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшелігі болады. Орындау шеберлігін жетілдіру үстінде гамма, арпеджио және арнайы жаттығулардан басқа этюдтердің де маңызы ерекше зор. Педагогикалық тәжірибеде әр түрлі орындау ерекшеліктеріне лайықтап жазылған этюдтер кездесе береді. Кейде олардың қайсы біреулерінг музыкалық шығармалар қатарына да қоюға болады. (мысалы, Р.Шуманның этюдтері.)
Этюдтермен жұмыс үстінде оқытушы бір ғана техника, орындау шеберлігін жетілдіру мақсатын көздемесе керек. Техникалық шеберлік студенттің орындаушылық мәдениетімен аспапта дыбыс шығару, музыкалық ой-фразаларды дұрыс бөлу, реттеу сияқты процестермен де тығыз қабысып жатады.
Этюдтермен жұмыс мына бағытта жүргізілуге тиіс: ең алдымен, орындағалы отырған этюдтың құрылысына тоқталып, техникалық ерекшеліктерін анықтап алу қажет. Одан әрі нота текстімен жұмыс жүргізіп, аппликатурасын басқа да орындау ерекшеліктерін жетілдіре түскен абзал.
Екіншіден, этюдты бөлшектеп талдаған кезде ғана оның ішкі ерекшеліктеріне еркін енуге болады. Орындауға қиын соғатын тұстарын бірнеше рет қайта орындап, талдап, содан соң барып шығарманың басқа тұстарымен жалғап отырудың да өзіндік мәні зор. Нота тексті айқындала бастаған кезде барып түрлі динамикалық- агогикалық белгілермен орындау тәсілдері, мехты уақытылы ауыстырып отыру сияқты процестерге мән берген жөн.
Үшіншіден, этюдты әр түрлі жылдамдықпен орындағанның да методикалық негізі бар. Нота текстін жаттап алу процесі этюдтың техникалық және көркемдік мазмұнының, орындау ерекшеліктерімен қатар жүргізілуі тиіс.
Мектеп репертуарларынан шығарма.
Мектеп реперуарына арналған шығармаларды таңдаған кезде кілт белгіге және шығарманың күрделі сүйемелдігіне көп көңіл бөлу керек. Біз  мектептептің болашақ ән-күй мұғалімін даярлау себептті студенттердің  нотаға қарап оқу қабілетін дамыту керек. Нотаға қарап оқу студенттердің жалпы музыкалық даму жолындағы ең тез, келешегі мол музыкалық дамудың жолы болып табылады. Нотана оқу тек қана кәсіпқой маман дайындауда ғана емес, көркемөнерпаздармен жұмыс істейтін әуесқой музыкантқа (сазгерге де) өте қажет. Нотаны оқу баян аспабына өзіне тән ерекшеліктермен дараланады. Бұған екі жақты клавиатураны меңгеру, орындаушынаң қол қимылын баян мехының бірдей қимылдауы. Нота оқу кезінде ең бастысы көре алмағандықтан өзінің саусақтарының ұшымен керекті басқыштарды сезу.(әсіресе сол қолда). Оң клавиатураға қарап ойнау нота оқуға кедергі келтіреді, студент нота текстін бақылай алмайды, ол тоқтауға әкеліп соғады, шығарманың логиеалық құрылымына кері әсерін тигізеді. Сол себепті студенттің баянның екі клавиатурасын да жақсы меңгеріп, және керекті басқыштардың орналасуын тез таба алатын дәрежеге жеткені дұрыс.
Классик композиторларының шығармалары.
Әрбір семестрде классик композиторларының бір шығармасы беріледі. Студенттердің білімін әлем мәдениетімен таныстыру қажет.
Орыс және шетел классикасымен таныстыру. Негізінен біз Варламов, А.Алябьев, М.Глинка, П.Чайковский, Р.Шуман, Ф.Шуберт, В.Моцарт, И.Бах және басқалардың шығармаларын орындаймыз. Практикада орындаушы-музыканттардың музыкалық шығармаларымен жұмыс істеудің белгілі бір жалпы принциптері қалыптасқан. Музыкалық шығармалармен жұмыс істеудің негізгі үш этапын көріп шығайық.
I-этап – Музыкалық шығармамен жалпы танысу.
II-этап – Шығармалармен құрылымдық деңгейде жеке-жеке жұмыс істеу.
III-этап – Шығарманы жалпылай толықтырып қажетті деңгейге жеткізу.
I-этап – бұл этапта берілген шығарманы жаттауға ұмтылу, және студенттердің сол шығармаға қызығуын ояту негізгі мәселе болып табылады. Сондықтан таныстыру процесі қызықты болып, шығарма туралы жарқын образдық түсініктер береді. Осы түсініктер жұмыстың кейінгі этаптарында жететін ерекше дыбыстық мақсаттарына қызмет етеді. Студенттерге шығармалардың ерекшелігі, оның түрі және орындалатын шығарманың әуен ерекшеліктерімен музыкалық мәнерлерін, сонымен қатар  басқы музыкалық компоненттер туралы түсініктер берілуі қажет.
II-этап – шығармалармен жұмыс істеудің ұзақ және қомақты түрі болып табылады. Студент шығарманы орындау үшін орындаушылық әуенін, фразаларын, және периодтарын сонымен қатар шығарманы орындауда кездесетін техникалық қиындықтарды жеңуде белгілі бір бағыттарға ие болуы қажет.
Бұл жұмыста шығарма құрылымында фразаның ең басты аяқталған құрылымы екендігі есте болуы тиіс. Ол артикуляция, штрих, динамика, мехпен жұмыс істеу сияқты процестерді қамтиды. II –этаптың басты мәселесі- жай темпте жұмыс істеу.
III- этаптағы жұмыс шығармадағы фраза, период, және күрденлі құрылымдағы логикалық келісім бойынша құруды қамтамасыз етеді, сонымен бірге бейне дамуының біркелкілігін қалыптастырады. Басқаша айтқанда барлық элементтері белгілі бір мазмұнды жүктемені орындауда бүтін бір көркем бейнені көрсететін, аяқталған музыкалық форманы келтіріп шығарады.III-этаптағы негізгі жұмыс істеу әдісі – бұл шығарманы жалпы және қажетті темпте орындау. Мұндай орындау кезінде жеке кемшіліктер, жетерлі дәрежеде орындауды қамтамасыз ктк алмай сияқты жағдайлар кездеседі. Соның салдарынан оларды толық құру қажеттігі пайда болады. Айта кететін жағдай, шығарманы үйрететін жаттығулар кезінде жұмыстың техникалық және көркемдік жақтарын ажыратуға болмайды. Олар өзара тығыз байланыста болып барлық үш этапта музыкалық шығармалармен өткізілетін жұмыс арқылы іске асады.
Қазақ композиторларының шығармалары.
Біздегі ноталық материалдар орыс, совет, шетел композиторларының шығармаларынан, ТМД халықтарының қайта өңделген музыкаларынан құралған қазақ халық және профессионалдық музыкаларының педагогикалық репертуарында жоқтығын еске ала отырып, қазіргі кезде авторлар музыкалық шығармашылықта Қазақстан композиторларының қазақ халық әндерін, күйлерін қайта өңдеуге ерекше көңіл бөлген. Қазақстан композиторлары: Е.Брусиловский, Мацуцин, Д.Тұяқбаев, Гайсин, Меңдіғалиев және Ошлаковтың шығармаларын орындаймыз. Мысалы: Брусиловскийдің «Колхоздағы той».
Халық әндері мен күйлері.
Халық әндері мен күйлерінің өңделген, жаңарған түрде болуы оның мағыналы жағын кең түсінуге мүмкіндік береді. Мұнда негізгі музыка ерекшелігін терең ықпалын тигізеді. Жалпы қазақ музыкасы туралы ақпараттық аумағын кеңейте түседі. Демек, практикалық тұрғыда сол музыканың мәнін терең түсінудің кілтін ашу, әннің немесе күйдің көркем өнерлі музыкалық дұрыс бейнесін қабылдауға мүмкіндік тудырады. Сондықтан репертуарға баланың ерте жастан естіп, құлағы үйреніп, халық әуені кірсе, өте жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Алғашқы  ретте қазақтың дәстүрлі музыкасында, екпінді түрінде, ырғақ өлшемінде, композициясында, монодикалық қойма бар.
Ұлттық әндермен күйлердің әуендері көбінесе поэтикалық- музыкалық системамен тығыз байланысты.Қазақ музыкасына диатоникалық мажор, табиғи немесе натуралды минор, пентатоника, миксолидилық, және фригилық ладтар тән. Қазақтың қанына сіңісті болған домбырамен салыстырғанда сырнай аспабының ойнау тәсілдерін меңгеру оңайға түспейді, сондықтан оқудың алғашқы сатысында, құрылысы, әуені, ритмикалық құрылымы шығып қарапайым , жүректеріне қонымды, қазақтың халық әндерін таңдаған жөн. Мысалы: Ошлаковтың өңделген қазақ әні «Жайдарман»би түріндегі, көңілді, эмоциялық жағынан көтеріңкі шапшаң орындалады. Ошлаков өңдеген «Келіншек » күйі көңілді қимылмен жазылған.
Әрбір жеке тақырып өзінше аяқталған құрылым болып табылады. Негізгі бейне пьессаны жеке бір мазмұнды құрылымда қосатын өзгеше пунктирлық ырғақ арқылы жаасалады. Пьессадағы негізгі техникасын жааттау әдістері саусақтың қимылымен паралель сексталардың орындалуы болып табылады. Әр күйдің өз қиыншылықтарымен  аңыздары бар. Күйлер аңыздарымен А. Жұбановтың «Ғасырдың ішектері», деген кітабында танысуға болады.   
СӨЖ: – қазақ композиторының шығармасы. (нотаға қарап ойнау.)
Аралық бақылау- академиялық тыңдау. (қазақ комп. шығарма).
Емтихан- классик комп. шығарма, халық әні немесе күй.
Бұл семестрде студенттер мектепке практикаға барып, алғаш оқушылармен жұмыс жасау қиыншылықтарына кездеседі. Сабақ барысында музыкалық материалдарды яғни, мектеп әндерін орындау, нотаны бірден оқу талаптары туындайды. Сонымен қатар музыка сабағында теориялық және практикалық білімдерді, музыкалық материалдарды терең  игеруі қажет (аспаптың шығу тарихы мен дамуын). Баян аспабының шығу тарихы мен дамуы. Біздің елімізде сырнай аспабы кеңінен танымал. Бұл аспапты интернационал десек те болады. Ол үлкен концерт залдарында, мәдениет сарайларында, көркем-өнер ұжымдарында, әр түрлі профессионал оркестрлерде орындалады. 19 ғ басында Ресейде гармон аспабы пайда болған, кейбір деректерге қарасақ одан да бұрын, яғни 18 ғ аяғында пайда болған дейді. 19 ғасырдың екінші жартысында баян аспабы халыққа кеңінен танымал бола бастады. Ресейдің көптеген қалалары мен губернияларында «баян» аспабы жасалған, бұл туралы гармондардың аттарынан байқауға болады. Мысалы: «Тулбская», «Саратовские», «Янецкий», «Вятский», «Сибирский» және т.б. 1907 жылы атақты гармонист орындаушы Я. Орнанский титаренко аты аңызға айналған әнші-орындаушы «Баянның» құрметіне орай шебер  П.Стерлиговке баян аспабын жасауға тапсырыс береді. «Баян» аспабының аты осылай шықты.
Ұлы Қазан революциясынан кейін, гармон аспабын орындау ерекше дамып, әр түрлі байқаулар мен конкурстар өте бастады. 19 ғасырдың екінші жартысында көпұлтты Ресейдің баян аспабы көптеген аймақтарына тарап, Қазақстан жеріне де жетті. Ежелгі қазақ халқының «сырнай» аспабына үндес келген гармошканы «сырнай» деп атаған. Қазақ халқының есінде гармоникте орындайтын ақын-әншілер сақталған. Атап айтар болсақ, Жаяу Мұса баян аспабымен Петербургте, Казан, Чехияға, Польшаға қазақ әндерімен қатар, орыс әндерін орындау шеберлігімен әйгілі болған. Баян аспабының керек екендігінің айғағы, Республиканың түкпір-түкпіріне кең таралғанын аңғартады. Гармонима (сырнай) баян ежелден бері қазақтың музыкалық дәстүріндк кеңінен қолданып келе жатыр. Мысалы: Нартай ақын, Шашубай және Майра, бертін келе Садық Кәрімбаевтардың творчествосы бұған дәлел бола алады. Өзінің қарапайымдылығына, икемді, дыбыстың үнінің құлаққа сүйкімділігімен және интонациялық ладтың (миномдиялық, нонейлық) шоғырына байланысты бұл аспап ауыл араларында кең өріс жайған. Сондықтан болар мектептерде мұғалімдер оны педагогикалық оқу барысында көп пайдаланады. Бұның себебі өте қолайлы аспап.
1.Қазақ композиторларының шығармалары.
Соңғы кезде Қазақстан баяншыларының сырнай-баянға арналған музыкалырында, ұлттық құндылықтарды көрсетуге арналып отыр. Тура осындай жағдайды ұлттық әуеннің қырларын дұрыс түсініп, қабылдау мынадай нәтижелерге әкелді. Терциясыз структураның, кварта, квинта және секунда интервалдарының үндестігін жиі пайдалану-бұл баян фактурасына күш түсумен қатар, сенуімен сақтайтын, оң қол партиясының гармониялық үндесін, үйлесім табу болып есептеледі.
2.Классик композиторларының шығармалары – (Andante,Adaqio,Rondo)
Анданте (итальян)- адымдап жүру. «андаре»-жүру, бұл екпіндегі музыканың баяу, жәй адымын білдіреді.
Адажио (итальян)- салмақты,  баяу.Бұндай атау шығармаларда, немесе шығармалардың бір бөлігінде музыкалық жай мінездерде болады.
Рондо-бұл формада бір тема үш реттен кем өткізілмейді. Классик шығармалары баян аспабына өңделген түрінде беріледі. Мысалы: В.Моцарттың «Түрік маршы», Ф.Кулаудың «Рондосы», Гендельдің «Фугеттасы». Осы шығармаларды талдау барысында біз белгілі бір ережелерге сүйенеміз: Тональдік анализге, көлеміне, өлшеміне, фактурасына. Әннің негізін скрипка кілтінде оқу, сол қолдағы бас партиясын оқу және екі қолды бірге қосып оқу. Шығармамен жұмыс істеу V семестрде көрсетілгендей III – этаптан тұрады.3.Сырнайға өңделген немесе лайықталған әндер мен күйлер.
Халық аспабында орындаушылар, көңіл-күйлерін керемет көркемдігіне аударады. Халық әндерін өңдеу барысында өз репертуарларын кеңейтіп отырады. Алғашқы рет қазақ халық әндерін атақты фольклорист А.Затаевич күйсандыққа өңдеген. Д.Тұяқбаев, А. Гайсин, Мацуцин сынды композиторлар қазақ халық әндерін баян аспабына өңдеген. VI семестрде студент оң және сол қол клавиатурасының басқыштарын игерумен қатар, орындау деңгейі дамыған аспапты еркін игеруі қажет. Әр семестрде шығарманың көлемі, фактурасы ұлғайып, мех жүргізуде техникалық қиындықтар туындайды. Мысалы: Гайсиннің өңделуінде қазақ халық әндері «Ақбақай», «Шорману» Жаяу Мұса деген шығармаларында Деташе – ойын тәсілі мехпен қолданады. Деташе – бұл әр дыбыстың бөлек, мехтың ашылып – жабылып жүргізуімен орындалатын ойын тәсілі.
Деташе ойын барысында жеке дыбыстарда, үндестіктерде, аккордтарда қолданады және мына үлгіде жазылады.
Тремоло – мехтың жүру бағытына байланысты алмасып отыратын бір немесе бірнеше дыбыстың жылдам қайталанып, орындалатын ойын тәсілі. Мехтағы деташе және тремоло ойынын еркін игеру үшін, сол қолдың қарапайым қозғалысы мен шынтақтың ашылып-жабылуы өте қажет. Бұл бұлшық еттердің көмегімен орындалады. Деташе және тремоло ойын тәсілін игеру үшін жұмысты жәй темпте бастау қажет. Ойын барысында бұлшық еттерді бос ұстау керек.
Қазақ еліндегі баян – аккордеон аспаптарына арналған шығармалардың және өңделіп лайықталған композициялардың авторлары жәйлі қысқаша мағлұмат.
Түсінік жазба. Әлемдік деңгейдегі аспап болғандықтан осы аспапқа арналған шығармалардың саны өте көп. Қазақ жерінде аспап өте кеңінен тараған, және қазіргі таңда сұранысқа ие. Қазақ елінің ән және күй өнерінің ауқымы кең алқапты осы себептерге сүйене отыра баян және аккордеон аспаптарның мамандары түрлі бағыттар мен өңдеулердегі шғармаларды өндіруде. Жалпы елімізде баян – аккордеон аспаптарының мамандары жеткілікті, оның ішінде ардагер мамандар және жас таланттар да бар. Төмендегі
Смакова Зәуре Нигметқызы

1959 жылы дүниеге келген, орындаушы, ұстаз, ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы қаласындағы қазақ ұлттық консерваториясын аяқтаған, баян аспабы бойынша Д.Х.Тұяқбаев кл оқыған, және оркестрде дирижерлау мамандығы бойынша Ш.С.Қажғалиев, Т.С.Османова, Т.Абдрашева атты ұстаздардан дәріс алған . Асистентураны Ресей еліндегі Санкт- Петербург консерваториясында оқып бітірген. Қазіргі таңда қазақ ұлттық консерваториясының аға – ұстазы.


Гайсин Анатолий Мубаракзянович
1952 жылы Улан-Удэ қаласында дүниеге келген, орындаушы, ұстаз, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор. 1971 жылы Улан-Удэ қаласында музыка колледжін аяқтап, 1976 жылы Новосибирск қаласындағы консерваториясына түсіп, (Г.П.Черничка сыныбында) осы жерде асистентураны аяқтап шыққан. Қазіргі таңда қазақ ұлттық консерваториясының аға – ұстазы.
Әбдінұров Серікжан Құттымбетұлы

1962 жылы дүниеге елген, композитор, ұстаз,. ҚР Мәдениет қайраткері. 1990 жылы Алматы консерваториясын К.К.Кужамьяров сыныбын оқып аяқтаған, осы жерде асистентураны оқыған. Керемет композитор арнайы сұраныспен баян аспабына шығармалар жазады. 1998 жылдан бастап Астана қаласындағы ҚазҰУның аға - ұстазы.
Демченко Владимер Петрович
1956 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген, ұстаз, орындаушы – методист, композитор, дирижер, ҚР Еңбек сіңірген әртісі. 1977 жылы Мәскеу қаласындағы Гнесин атындағы муз.колледжін (А.Ф.Суханов сыныбында) бітірген және 1983 жылы осы мекеменің институтын бітірген (В.П.Кузовлев сыныбы) Қазіргі таңда Шымкент қаласының керемет аға – ұстазы.
Голованевский Григорий Григорьевич

1966 жылы дүниеге келген, ұстаз, орындаушы, өңдеуші. 1987 жылыШымкент қаласының муз.колледжін бітірген ( В.П.Демченко сыныбы), 1994 жылы Алматы консерваториясын аяқтаған ( А.М.Гайсин және Д.Х.Тұяқбаев сыныбы). Қазіргі таңда Шымкент муз.колледжінде оқытушы. Әр – түрлі бағыттағы баян – аккордеон аспаптарына арналған шығармалар өңдеп жазған.
Еркенов Ерболат Еркенұлы

1955 жылы Семей қаласында дүниеге келген, оқытушы, қазақ ұлттық оркестрының дирижеры, ҚР Мәдениет қайраткері.
1975 жылы Семей қаласының муз.колледжін бітірген, 1981 жылы Алматы консерваториясын (Д.Х.Тұяқбаев баян сыныбы) аяқтаған. Қазіргі таңда Талдықорған қаласының муз. колледжінде оқытушысы, дирижер. Баян аспабына өңделіп лайықталған түрлі шығармалары бар.

Ефременко Алексей Павлович
1973 жылы дүниеге келген , орындаушы, ұстаз. К.Байсеитов атындағы мектеп интернатын бітіріп ( О.А.Абдуллаевта, баян сыныбында), 1995 жылы Алматы консерваториясын тәмамдаған. ( А.М.Гайсинде,баян сыныбында), артынша асистентураны оқып шыққан.,халықаралық байқаулардың лауреаты. Баян аспабына көптеген әндер мен күйлерді өңдеп шығарған, өзінің жеке редакциясы бар,қазақтың номері бірінші баянистердің бірі.
Ұсынылған әдебиеттер:
Б.Мустафин Т.МустафинаТ.Алыбаев З.Смақова«Сырнай үйрену
мектебі».
З.В.Лушников « Самоучитель на аккордеоне» М – 1991.
Педагогический репертуар баяниста Вып-1-14.
«Мой друг баян» Вып 1-13, 1973г.
Хрестоматия аккордеониста муз.училищ 1-4 курсы.
Хрестоматия баяниста ДМШ 1-5кл.
Пьесы для баяна Сост., СейтхановА- « Өнер» 1988г.
«Школа игры на аккордеоне» П.Лондонов.
«Самоучитель ига на аккордеоне» А.Мирек.
10. Юный баянист.Сборник пьес, обработак и переложений
П.Говорушко Л- 1962г.
11. Д.Тұйяқбаев А.Гайсин « Прогрессивная школа игры на баяне»
Алматы 1988г.
12. Г.Шахов «Игра по слуху, чтения с листа и транспонирование в
классе баяна» Москва 1987г.
13. Липс « Искусство игры на баяне» Москва -1985г .
14. Г.Цыпин « Обучение игры на фортепиано» Москва- 1984г.
15. Ю.Акимов«Школа игры на баяне» Москва 1990г.
16. Власов В. Эстрадно-джазовые пьесы. ( Изд. Украина, 2004 г.)
17. ''Играй, мой баян'' (пьесы из разных выпусков)
18. Школа игры на баяне – Говорушко19. Хрестоматия баяниста 1-2 КЛ.ДМШ Этюды АНС
20. Сонатины и вариации для баяна Вып 1
21. Семенов Современная школа игры на баяне
22. Самоучитель игры на баяне Алёхин,Шашкин/
23. Самоучитель игры на баяне Агафонов Лондонов Соловьев 1998
24. Первые шаги баяниста Вып 87
25. Паньков Гаммы Трезвучия для выборного баяна
ГЛОССАРИЙ
До (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96" \o "Латын тілі"лат. do) — музыка әліпбиінің бірінші нотасының атауы. Бұл атауды  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D1%84%D0%B5%D0%B4%D0%B6%D0%B8%D0%BE" \o "Сольфеджио" сольфеджиода HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80" \o "Италиялықтар"италиялықтар және HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D1%80%D0%B0%D0%BD%D1%86%D1%83%D0%B7%D0%B4%D0%B0%D1%80" \o "Француздар"француздарқолданады. Басқаша белгіленуі C (немістерде).  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B8_(%D0%BD%D0%BE%D1%82%D0%B0)" \o "Си (нота)" Сидан жарты тонға  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B5_(%D0%BD%D0%BE%D1%82%D0%B0)" \o "Ре (нота)" Редан бір тонға қалып отырады.
Бірінші октавадағы дыбыс HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B8%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA" \o "Жиілік"жиілігі: 261,6  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B5%D1%80%D1%86" \o "Герц" Герц
Екінші октавадағы До
Үшінші октавадағы До
Кіші октавадағы До
     



Музыкалық динамикалық күш белгілері
Жазылуы Айтылуы Қысқартылып
Жазылуы Қазақша айтылуы
Pianо Пиано P Ақырын
Pianissimо пианиссимо PP өте ақырын
Fоrte Форте F Қатты
Frtissimо фортиссимо FF өте қатты
Mezzо pianо меццо пиано Mp Ақырынырақ
Mezzо fоrte меццо форте Mf сәл қаттырақ
Crescendо Крешендо күшейте түсу
Diminuendо диминуэндо бәсеңдете түсу
Sfоrzandо сфорцандо Sfкенеттен күшейтіп,
ерекше бөліп ойнау
Mezzо vоceмеццо воче m.v. Ақырын сыбырлап айту

Ноталарды әріппен белгілеу
До - C, c до диез – Cis, cisДо бемоль - Ces, cesРе – D ,d ре диез – Dis, disРе бемоль – Des, des
Ми – E, e ми диез – Eis, eisМи бемоль – Es , esФа – F, f фа диез – Fis, fisФа бемоль – Fes, fesСоль – G, g соль диез – Gis, gisСоль бемоль – Ges, gesЛя - A, a ля диез --- Ais, aisЛя бемоль – As, as
Си - H, h си диез – His, his Си бемоль – B, b

Аспаптау - HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D1%83%D0%B7%D1%8B%D0%BA%D0%B0" \o "Музыка"музыкалық шығарманы үрмелі, ішекті халық аспаптары немесе HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B8%D0%BC%D1%84%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D1%8F" \o "Симфония"симфониялық оркестрлердің құрамына сай лайықтап, әр аспапқа бөліп жазу. Бұл кезде HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%BF%D0%BE%D0%B7%D0%B8%D1%82%D0%BE%D1%80" \o "Композитор"композитор немесе аспаптаушы маман HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D0%BA%D0%B5%D1%81%D1%82%D1%80" \o "Оркестр"оркестр құрамындағы әр аспаптың дыбысталу ерекшеліктерін, диапазонын, үн-бояуын, орындау мүмкіндіктерін мұқият ескеруі қажет. Шығарманың оркестрде үйлесіп, жағымды естілуі ауылы шеберлігіне байланысты. Композиторлар тәжірибесінде шығарманы оркестрге арнай жазудың екі түрлі үлгісі қалыптасқан: бірінде HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A4%D0%9E%D0%A0%D0%A2%D0%95%D0%9F%D0%AC%D0%AF%D0%9D%D0%9E&action=edit&redlink=1" \o "ФОРТЕПЬЯНО (мұндай бет жоқ)"фортепьяноға лайықталған клавирі жазылып, артынан оркестрге арналып аспапталса, екіншісінде жаңа шығарманың оркестрге арналған HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B8%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0" \o "Партитура"партитурасы жазылады. Белгілі бір музыкалық аспапқа арналып жазылған шығарманың оркестрге түсірілуі де мүмкін.
Квартсекстаккорд — үшдыбыстықтың төменгі бас дауысы квинталық дыбыстан (тон) басталуы немесе кварта мен секста интервалымен құрылған аккорд; дәл айтқанда, үшдыбыстықтың екінші айналымы.
Квартсекстаккорд мына цифрлармен белгіленеді: {\displaystyle {}_{4}^{6}}немесе {\displaystyle {}_{6}^{4}}.
Мысалы: Үшдыбыстықтың негізгі түрі құрылған квартсекстаккордтың төменгі соль дыбысы мен до дыбысының аралығы кварта, соль мен ми дыбысының аралығы секста. Интервал әр уақытта төменгі дыбыстан тұрады. Квартсекстаккорды мажор мен минор тональдігінен құруға болады.
Контрапункт (лат. punctum contra punctum, punctus contra punctum) — екі дыбыстың қарама-қарсы, бір мезгілде шығуы. Сонымен қатар, шығармадағы негізгі темамен бір уақытта қосылып шығатын мелодияны да атайды. Контрапункт пәні дауыстардың контрапункттік заңымен қосылып шығуын, қарама-қарсы алмасып отырып көп дауысқа айналуын зерттейді.
Контрапункт:
қатаң стильді контрапункт
еркін стильді контрапункт
жатық бағытты - жылжымалы контрапункт
қос бағытта жүретін контрапункт
үш бағытта жүретін контрапункт
қос фуга
үш бағытта жүретін фуга,т.б. болып бөлінеді.
«Бала – бақша және мектеп » тақырыбына арналған бақылау сұрақ-жауаптар
Бала- бақша, мектеп әндері дегеніміз не?
Жанрлық бағытта әндер неше түрге бөлінеді?
Бала- бақша, мектеп әндерін жазған танымал авторларды ата?
Бала- бақша, мектеп әндерін жазған танымал композиторларды ата?
И.Нүсіпбаев балаларға арналған қандай шығармаларын
білесіздер?
К.Қуатбаевтың балаларға арналған қандай
шығармаларын білесіздер?
«Жас дәуірдің түлегіміз» әнінің авторы кім?
Өмірбек Байділдаев деген кім?
Отан туралы балаларға арналған қандай патриоттық әндер білесіздер?

Техникалық сынаққа арналған сұрақ- жауаптар
Академиялық емтиханға арналған сұрақ-жауаптар

Приложенные файлы

  • docx 3297312
    Размер файла: 635 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий