Диплом е? сон?ы вариант ?ажы (2)


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Джалгасбаев К.П.
Қазақстанның орта ғасырлық тарихы Темірлік деректер негізінде
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011400-«тарих»
Алматы, 2016
Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................................3 -8
Негізгі бөлім......................................................................................................9-67
Темірлік деректердегі Әмір Темір мемлекетінің саяси құрылымы, Тоқтамыс, Темірдің жорықтары...........................................................9-36
Әмір Темір және оның «Тузук-и Тимури» дерегі...................................................................................................................9-19
Низам-ад дин Шами оның «Зафарнамесіндегі» Тоқтамыстың, Темірдің жорықтары..............................................................................................20-36
Шығыс Дешті Қыпшақ тарихы Темірлік парсы, араб деректерінде.............................................................................................37-67

Шараф ад-Дин Али Йезди және оның «Зафарнамесіндегі» Темірдің Шығыс-Дешті Қыпшаққа жорығы.......................................................37-52
Абд Ар Раззак Самарқандидің деректеріндегі Тоқтамыс, Әмір Темірдің Ақ Ордаға жорықтары...........................................................................53-57
Мұхаммед Ховент-Шах Мирхондтың дерегіндегі Тоқтамыстың жорығы..................................................................................................57-62
Ибн Арабшах және оның деректеріндегі Әмір Темірдің жорықтары.............................................................................................62-67
Қорытынды....................................................................................................68-69
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................70-73
Қосымша
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендік алғаннан бері Қазақстанның геосаяси жағдайы күрт өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбұрыстар болды. Әсіресе, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіз мемлекет болып өмір сүріп тұрған тұста, қазақ халқының рухани өрлеуі мен тарихы санасының қалыптасуы дәуірінде өзінің көршілес және алыс-жақын халықтармен, мемлекеттермен ғасырлар бойы орын алған қарым-қатынастары мен байланыстарына деген қызығушылық уақыт өте артып отыр. Осы орайда, әлем тарихында үлкен маңызы болған, орта ғасырларда Орта Азияда құрылған Әмір Темір мемлекетінің жүргізген сыртқы саясатын жан-жақты талдау кездейсоқ емес. Өйткені, мемлекет орта ғасырдың ең ірі империяларының қатарына кіріп қана қоймай, өзінің көрші мемлекеттерінің, сондай-ақ Иран, Үндістан, Қытай сияқты ірі мемлекеттердің, Еуразия мен Орта Азия аймағындағы бірсыпыра этностар мен мемлекеттердің тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды. Олардың ішінде халықтардың тарихына өзіндік әсерін тигізген, тарихи оқиғаларға өшпес із қалдырған – Әмір Темірдің жасаған жорықтары және оның жүргізген сыртқы саясаты болы. Осы уақиғаларды талдау барысында мен өзіме зеттеу нысаны ретінде Әмір Темір жайында жазылған деректер тақырыбын алдым. Себебі осы мәселені жан-жақты қарастыру барысында осы тарихи тұлға жайында деректер талданады. Осы тарихи тұлға жайында жазылған көптеген сол уақыттағы және кейінгі еңбектерді талдай отырып олардың мазмұнын, бір-бірімен салыстыра отырып өзектілігін ашу болып табылады. Әмір Темірдің Алтын Орда ханы Тоқтамыспен, Моғолстан ханы Тоғлық Темурмен болған соғыстары жайында кеңірек тоқталып кетттім. Сонымен қоса бірнеше деректермен жұмыс істей отырып оларды бір бірімен салыстыра кетіп еңбек жайында авторлардың пікірлерін айта отырып салыстра көрсету болып табылады. Қазақстан мен қазақтардың мәдениеті мен тарихын зерттеу үшін өткен ғасырлардың аса бай жазба мұраларын шығармашылық тұрғыдан меңгеру өте маңызды болып табылады. Біздің тарихымызға қатысты XIII-XVI ғғ. Бізге дейін жеткен жазба ескерткіштерінің ішінде парсы тілді деректер ерекше орын алады.XIV-XV ғғ. Орта Азия мен Қазақстанның тарихын ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. Темір және оның ұрпақтарына арналған нарративтік шығармалар орта ғасырлық Қазақстан тарихын зерттеуде құнды дерек болып табылады. XIII-XIV ғғ. Дешті Қыпшақ және Түркістан жеріндегі негізгі оқиғалар тізбектелген бұл шығармалар біржақтылығына қарамастан дерек ретінде алатын орны жоғары. Өйткені тек Әмір Темір және оның ұрпақтарының шығармалары ғана сол кезең оқиғаларынан басқа ортағасырлық мұсылман деректеріне қарағанда толықтай көрініс береді. Зерттеуіміздің мақсаты осы Темірлік деректер негізінде Ақ Орда, Алтын Орда және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына қатысты жазылған темірлік деректер негізінде сол кезеңдегі саяси жағдайды көрсету. Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Әмір Темір өзінің халқына және хандығына мемлекеттік билік пен заңдар жобасын жасап берді. Бірақ бұл оқиғалар халықты жаппай қыру және қиратумен қатар жүріп отырды. Бұл оқиғаларды талдап, баға беру үшін мен бірінші кезекте осы оқиғаларға деректік негіз бола алатын шығармаларға тоқталып өтейін.Алтын Орда тарихына қатысты маңызды деректердің ішіне жататын араб және парсы деректерін орыс тіліне аударған В.Г. Тизенгаузен болып табылады. Ол аударманы өзінің «Сборник материалов, относящихся к историй золотой Орды» атты еңбегінде жазып қалдырған. Бірақ бұл еңбек ескіргеніне байланысты Совет тарихшыларының ішінде А.А. Ромаскевич пен С.Л. Волыним еңбектің екінші томын қайтадан басып шығарған. Екінші томын басып шығарғанда Мұхаммед ибн Хиндушаха Нахичевани, Фасиха Хафи, Мирхонд, Хондемир, Масуда Кухистани, Яхьи Казвини, Муслихаддина Лари, Будака Казвини, Мухаммед Бака, Бейзавидің және тағы басқа ғалымдардың еңбектерін орыс тіліне аударылып осы еңбекте басып шығарылған.Әмір Темірдің өміріне байланысты деректік материалдар жылнамалық және мемуарлық сипатта жазылған деп топтауымызға болады. Бұл кезеңге байланысты бай мәліметті сонымен қатар заттай деректерден, эпиграфикалық ескерткіштерден де байқауымызға болады. Бұл дәуірге байланысты көп деректің бізге жетуіне Әмір Темірдің жанында арнайы хат танитын сауатты жылнамашыларының болғандығы да септігін тигізді («дабиран-и хас»-жеке хатшы, «фадилан-м аср»-заманының білімді адамы). Осындай адамдарының бірі Омар деген ғалым адам болды. Ол Темірдің Үндістан сапарына қатысып, жанында болып, көрген білгендерін қағазға түсірген. Осы сапардың негізінде «Үнді жорығының күнделігі» жазылды. Сондай ақ осы сапар нәтижесінде жазылған Гиас ад-дин Алидің күнделіктері белгілі. Бұл шығарма В.В.Бартольдтың зерттеуі бойынша 1403 жылы жазылғандығы анықталды. Низам ад-дин Шамидің «Зафар-намесінде» де Темірге байланысты маңызды мәліметтер кездестіреміз [1, 19 б]. Әмір Темір оқуды және жазуды білмесе де, өз заманының білікті адамдарының бірі болғандығын айтады. Сонымен қатар, деркете бұл еңбек жазылғанға дейін де бізге жетпеген басқа деректердің болғандығы туралы мәлімет бар. Бұл еңбектің Гиас ад-дин Алидің еңбегінен ерекшелігі, еңбектің тілінің жеңілдігі және онда Темірдің бүкіл саяси қызметінің толық қамтылуы. Низам ад-дин Темірдің 1360 жылға дейінгі тарихына да тоқталған. Бұл еңбек 1405 жылға дейін жазылып аяқталған. Бұл еңбектің деректік маңызы зор. Сондықтан осы еңбекте келтірілген фактілер Әмір Темір дәуірінің тарихына байланысты кейінгі кездері жүргізілген барлық зеттеулердің желісінің негізгі арқауы болды.Әмір Темір мемлекетінің әскери жорықтарына қатысты әдебиеттер саны жағынан көп болып есептелінеді. XIV-XV ғасырлардағы деректер ішінен мәселеге қатысты Шараф ад-дин Али Йездінің «Зафар-нама» атты еңбегіне ерекше тоқталуға болады. Ол Әмір Темірдің өмірінің соңғы жылдарында оның кеңсе бөлімін басқарып, билеушінің Кіші Азияға жасаған жорықтарына тікелей қатысқан адам болды. Йездінің сөзіне сүйенсек, ол бұл туындысын Әмір Темірдің ұлы Шахрухтың баласы, өзінің немересі сұлтан Ибрагимнің тапсырысымен жазған.XIV-XV ғғ. Әмір Темірге байланысты деректерді екіге бөліп қарастыруымызға болады: біріншілерінде Темірдің жүргізген саясатын құптау, қолдау байқалады; екіншілерінде бұл әрекеттерге теріс баға беріледі [2, 28 б]. Бірақ, соған қарамай бұл екі топтағы деректердің қай қайсысынан болмасын біздің мәселеге, сол оқиғаларға байланысты бай мәліметтер алуға мүмкіндік бар. Атап өтетін жай – әлі күнге дейін осындай бай материалдар толығымен жүйеленіп, бір ізге келтірілмегені байқалады. Бұл дерекді Орта Азия тарихы мен Әмір Темір мемлекеті дәуірі арасындағы тарихи сабақтастық толық орын алмаған. Орта Азия, Иран және іргелес елдердің тарихын қазіргі уақыттаы зерттеушілер Темір мемлекетінің ықпалының әлі де толық зерттелмегендігін атап өтіп, деректерді іздестіруді жалғастыру керек деп есептейді.Шараф ад-дин Али Йездидің «Зафар-намесіне» тоқталайық. Автор еңбектің соңында шығарманы «Фатх-наме» деп атап өтеді де, оны хижра жыл санағы бойынша 840 жылы (1437 ж.) рамазан айында аяқтағанын баяндайды. Осы қолжазбаны зерттеген Өзбекстандық зерттеушілір еңбек 1419 жылы басталып, 1437 жылы аяқталған деген қорытынды жасады. Бұдан автордың осы еңбекті 18 жыл көлемінде жазғандығын байқаймыз. Бұл еңбектің ерекшілігі, автор өзінің еңбегінде тарихтың адамзат тарихында алатын жоғарғы орнын анықтай отырып, оның өткенді саралап, болашақты болжау мемлекеттің гүлдену мүмкіндігін көрсете алу ерекшеліктерін атап өтеді. «Зафар-намеде» фактілік материалдардың көп болуы оның құндылығын арттырады. Бұл еңбектің жазылуына Темірдің өзінің қадағалауы және жағдай жасауы оның маңыздылығын арттыра түседі. Бұл дерек негізінен оның өлімінен кейін жазылғандықтан автор Темірді көрген, білген, оның жорықтарына қатысқан адамдардың мәліметтеріне сүйенген. Бұл еңбектің алғы сөзі Рашид ад-диннің еңбегінен алынған. Белгісіз автордың «Ескендір Анонимі» атты шығармасы да Әмір Темір жорықтарына қатысты құнды дерек болып есептелінеді. Бұл еңбектің авторын өмірінің соңында В.Бартольд зерттеп, Муин ад-дин Натанзи болуы мүмкіндігі туралы өзінің ойын айтып кеткен [3, 85-87 б]. Бұл еңбекпен танысу барысында автор көптеген түркі, монғол терминдерін, атауларын қолданғандығын байқаймыз. Бұл еңбек 1413-1414 жылдары жазылған. Еңбекте өзге шығармаларда кездеспейтін көптеген фактілердің келтірілуі оның құндылығын арттырады. Әмір Темір тарихына қатысты құнды мәліметтер XV ғасырдың тарихшылары Хафиз Абру, Абд ар-Разак Самаркандидің және Мирхондтың шығармаларында да кездеседі. Осы деректерді тимуридтік тарихнама кезінде жазылған, бізге жеткен деректер тобына жатқызуымызға болады. Олар тікелей Темірдің өзінің немесе оның ұрпақтарының тапсырысы бойынша жазылды. Ал енді келесі топтағы деректерге, Әмір Темірге байланысты өз ойларын ашық білдірген, оны ұнатпаған топ өкілдерінің мәліметтерін жатқызуымызға болады. Осындай топ өкілдеріне Ибн Арабшахты және оның «Аджип ал-макдур фи наваиб ал-Тимур» атты еңбегін қарастыруымызға болады. Жас кезінде Дамаскіде тұтқынға түсіп, Самарқандқа алып келінген ол, өле-өлгенше Темірге және оның қырып жою саясатына деген өзінің теріс көзқарасын ұстанды. Ибн Арабшахтың «Темір өміріндегі көргемпаздық ғажайыптары» атты еңбегінде Темірге қатысты көптеген фактілер келтірілген. Бұл еңбекте автор сол оқиғаларға қатысып қана қоймай, оны көрген-білгендердің мәліметтеріне сүйене отырып та жазған. Темірге қатысты келесі деректің авторы Абд ар-Разак Самарканди атты тарихшы. Оның «Матлаас-са дайн ва маджма ал-бахрайн» («Бақытты екі жұлдыздың қосылған және екі теңіздің түйіскен жері») атты еңбегі бізге жеткен. Еңбек 1467-1471 жылдары жызылған. Оның бірінші томында Темірдің өліміне дейінгі кезеңнің тарихы баяндалады. Еңбек Темір мен оның әулетінің тарихын зерттеу үшін құнды мәліметтер береді. Әмір Темір мемлекетіне және оның жеке тұлғасына байланысты құнды мәліметті Руи Гонзалес де Клавихоның Самарқандтағы Темір сарайына жіберілген елшілігі кезінде көрген білгендерін жазған мәліметтері де бере алады. Бұл елшілік 1403 жылы кастильдік король III Генрихтың бұйрығымен Самарқандқа аттандырылған болатын. 1404 жылы Клавихо Темірдің бірнеше қабылдауында болып, онымен сұқбаттасқан, мемлекеттің өзге де қалаларын аралаған. Өз көрген білгендерін күнделік түрінде қағазға түсіріп отырған. Бұл дерек те Темір мемлекеті және оның сыртқы саясатының тарихын зерттеуде көмегін тигізетін бағалы шығарма болып есептеледі. Әмір Темір мемлекетінің өзге елдермен жасаған қарым-қатынасына байланысты құнды мәліметтерді материалдық мәдениеттің туындылары арқылы да байқауымызға мүмкіндік бар. Себебі осы кезеңде дүниеге келген мәдениет және өнер туындыларында осы ықпал анық аңғарылады. Олардың қатарына осы дәуірлерде тұрғызылған Самарқанд, Шахризабс, Түркістандағы мешіттер, мавзолейлер, сарайларды жатқызуымызға болады. Осы құрылыстарды салу үшін жаулап алынған елдердің барлығынан шеберлер, қолөнершілер жиналды. Олар көп жағдайда өздері тұрғызған ғимараттарға аттарын жазып отырды. Осындай қолөнер туындылары арқылы бұл мемлекеттің өзге де елдермен жасаған қарым-қатынасы, ықпалын байқауымызға болады. Әмір Темір мемлекетінің тарихын зерттеу барысында негіз болатын қазіргі кезге белгілі деректер, жоғарыда аталған еңбектер. Енді осы мемлекеттің тарихының зерттелу деңгейіне тоқталатын болсақ, бұл мәселеге байланысты ең алдымен В.В.Бартольдтың еңбектерін атап өтуіміз керек. Автордың зерттеулерінде аталған деректер негізінде осы мемлекеттің құрылу тарихы, жаулаушылық жорықтары, әмір Темірдің жүргізген саясаты талданған. Осы мемлекеттің Орта Азия халықтарының тарихындағы орнын анықтаудың маңызына көңіл бөлген.Зерттеуші Л.В. Строеваның еңбектері және ізденістері, мақалалары осы тақырыпқа арналды [4, 67 б]. Автор зерттеу мақалаларында Әмір Темір мемлекетінің құрылу алғышарттарына талдау жасай отырып, көрші мемлекеттердің тарихындағы орнына өзіндік бағасын беруге тырысады. Әмір Темір мемлекетінің тарихын зерттеуде А.Ю. Якубовский де қосқан үлесін атап өтуіміз керек. Ол өзінің зерттеулерінде Темір мемлекетінің тарихына қатысты құнды ойлар мен болжамдарын келтіреді. Оның Б.Д. Грековпен бірлесіп жазған еңбегінде де осы мемлекеттің тарихы баяндалған. 1960 жылдарға дейін бұл мемлекеттің тарихына қатысты көлемді зерттеулер болмады. 1960 жылдары Өзбекстанда атап өтілген Әлішер Науаидің туғанына 525 жыл толуы және Самарқанд қаласының 2500 жылдық мерейтойын атап өтуге байланысты жиындар мен конференциялар ұйымдастырылды. Осы оқиғаларға байланысты зерттеушілердің Әмір Темір мен Темір ұрпақтары заманындағы Орта Азияның әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өмірінің мәселелеріне арналған зерттеулер жарық көрді. Абд ар-Разак Самарқандидің еңбегі өз тіліне аударылды[5, 103 б]. Соңғы жылдары Әмір Темір мемлекетінің тарихына және оның жеке тұлғасына арналған еңбектер, зерттеулер де жарық көріп жатыр. Олардың қатарына «Тамерлан: Эпоха. Личность. Дияние» атты жинаққа кірген зерттеулерді қосуымызға болады [6, 78 б]. Қазақстан ғылымына тоқталатын болсақ, біз бұл салада ғалымдардың әлем тарихы бағытындағы ізденістеріне ерекше тоқталуымыз керек. Қазақстандағы қоғамдық ғылымдардың маңызды міндеті ретінде қазақстандық ғылымды қалыпты оқшаулану жағдайынан әлемдік кеңістікке шығару мәселесі болып отыр. Осы мәселеге байланысты Қ.Т. Жұмағұловтың айтқан ойлары біздің мәселені де зерттеуде теориялық негіз бола алады. Ол: «Тарих ғылымындағы идеологияландыру және бейсаясаттандыру жағдайлар, интеграциялық үрдістердің ғасырында маңызды теориялық және методологиялық мәселелерді жүйелеудің жаңа жолдарын іздестіруге талпыныстар жасау керек. Өйткені жалпы тарих мектептерде, гимназияларда, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытылады»-деген пікірін білдірді. Бұл пікірдің Әмір Темір мемлекетінің жүргізген саясатына да обьективті баға беруде маңызы зор деп ойлаймыз. Автордың әлем тарихына байланысты жалпы теориялық еңбектерінің де маңыы үлкен. Бұл ізденістерге теориялық, практикалық тұжырымдар Қазақстандық тарихнамада Еуропа мен Еуразияда жаңа идеологияның таралуына үлкен ықпал берді.
Диплом жұмысының деректік негізі. Низам-ад-Дин Шамидің «Зафар-наме», Шарафаддин Али Йездидің «Зафар-намесі», Абд Ар Раззах Самарқандидің «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн», Мұхаммед Ховент Шах Мирхондтың «Раузат ас–сафа фи сират аал–анбия ва–л–мулук», Ибн Арабшахтың Аджайиб ал-макдур фи тарихи Таймур» деректері.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Менің зерттеу жұмысымның мақсаты Әмір Темір туралы жазылған еңбектерге жеке-жеке сипаттама беріп, еңбектердегі Қазақстан тарихына қатысты деректерді айта кету және авторлардың пікірін салыстырып шет елдік және Қазақстандық авторлардың деректер жайында жазған пікірлерін ашып көрсету болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді қойдым:
Әмір Темір жаулаушылығының нәтижесі және оның Қазақстан мен Орта Азия елдеріне ықпалын көрсету;
ХҮ ғасырда Әмір Темір жайында жазылған деректерге түсініктеме беріп оларды талдау;
Низам-ад-дин Шами «Зафар-наме» дерегіндегі Темір мен Ақ Орда арасындағы саяси қарым қатынасты талдау;
Шараф-ад-дин Али Йездидің «Зафар-наме» дерегіндегі Темір, Орыс хан, Тоқтамыс арасындағы саяси жағдайды көрсету;
- Шет елдік және отандық ғалымдардың Темірлік деректерге қатысты еңбектерін қарастыру.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері негізінен XIV ғасыр мен XVI ғасыр орталарына дейінгі кезеңді қамтиды. Әмір Темір жайында жазылған Низам-ад-Дин Шамидің «Зафар-наме», Шарафаддин Али Йездидің «Зафар-намесі», Абд Ар Раззах Самарқандидің «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн», Мұхаммед Ховент Шах Мирхондтың «Раузат ас–сафа фи сират аал–анбия ва–л–мулук», Ибн Арабшахтың Аджайиб ал-макдур фи тарихи Таймур» дерегі жазылған хронологиялық кезеңді қамтиды.Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі. Диплом жұмысын жазуда тарихи, тарихи салыстырмалы, тарихи жүйелік әдістер қолданылды. Ізденістің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың әдістемесі ретінде герменевтикалық және салыстырмалы тәсіл таңдап алынды. Жұмыс барысында жалпы ғылыми әдістер-талдау мен синтез, индукция және дедукция, суреттеу және түсіндіру сияқты әдістер де қолданылды. Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Темірлік деректердегі Әмір Темір мемлекетінің саяси құрылымы, Тоқтамыс, Темірдің жорықтары
1.1 Әмір Темір және оның «Тузук-и Тимури» дерегі
Әмір Темір 1370-1405 жылдар аралығында билік құрды. Ел басқарған отыз бес жыл ішінде орасан зор империя құрылды, оған деген ынта-ықыластан ұлан-ғайыр тарихи әдебиет пайда болды, бұған ішінара Темірдің өзі де, Темірдің ұрпақтары да себепші болған еді. Қазақстан мен қазақтардың мәдениеті мен тарихын зерттеу үшін өткен ғасырлардың аса бай жазба мұраларын шығармашылық тұрғыдан меңгеру өте маңызды болып табылады. Біздің тарихымызға қатысты XIII-XVI ғғ. Бізге дейін жеткен жазба ескерткіштерінің ішінде парсы тілді деректер ерекше орын алады.
Билік құрған соңғы жылдарында Темір қайда барса да, дабирани хастарын-жеке хатшыларын және фазила асрларын-түркілердің білімдар адамдары мен парсы ғалымдарын ертіп жүрді. Олардың ішіненен біреулері Темірдің жорықтарының күнделігін жазып отырды, енді біреулері оның жеке басының ерліктерін сипаттап жазды, ал үшіншілері оның патшалық құруының жылнамасын жазумен шұғылданды.Темірдің өмірі мен қарекетін баяндайтын, пұрсатты ресми хроника болып табылатын екі шығарма бар: біріншісі-Низам ад-Дин Шамидің «Зафарнамесі»-1404 жылы, Темірдің тірі кезінде-ақ жазылған; екіншісі-Шараф ад-Дин Али Йездидің сол атлас белгілі шығармасы-1425 жылы жазылған [7, 57-60]. Ал, жалпы алғанда, мұндай толық ресми жылнама түзудің алғашқы тәжірибесі XIV ғасырдың аяғына қатысты. Алайда бұл қарекет сәтсіз болды. Еңбекке Темірдің көңілі толмай, қабылданбай қалған болатын. Сәтті болмаған осы тәжірибеден кейін хижраның 804 жылы (1401-1402) Темір өзінің билік құрған тарихының толық сипаттамасын жазуды Низам ад-Дин Шамиге жүктеді. Низам ад-Дин Ирандағы Тебриз қаласының төңірегіндегі Шамда туған, осыған орай, ныспысының (туған жері бойынша атану) Шами болуы содан. Низам ад-Дин Шами Бағдатта тұрған және Темірге 1393 жылы ол осы қаланы алған кезде ғана қосылған. Шами жұмысқа кеш дегенде 1402 жылдың тамызында кірісті; бұл уақытта оның қолында Темірдің тарихының жаулап алушының өзінің көңілінен шықпаған бір толық нұсқасы болды, сондай-ақ бірқатар жекелеген жорықтардың күнделіктері мен бұрынғы соғыстардың сипаттамалары бар еді. 1404 жылы жазғытұрым, Темір Ираннан Самарқанға қайтып келе жатқанда, Шами тамамдаған шығармасын әмірге ұсынды. Темір еңбекті мақұлдап, оны «Зафарнаме»-«Жеңістер кітабы» деп атады«Зафар-наме» дерегінде Қаршыда, Қарабақта, Самарқандта болған құрылтай жиналыстары жақсы сипатталған. Бұл құрылтайларға ханзадалар, басшылар, әскери қолбасшылар ақсүйектер қатысатын болды. Бұл құрылтайларда мемлекеттің өмірінде маңызы бар келісім шарттар, әскери іс шаралар шаруашылық мәселелер талқыланды. Үлкен мәселелерді шешу барысында ол міндетті түрде ғұлама ғалымдармен кеңесіп, олардың айтқан ойларын ақыл таразысына салып отырды [8, 35 б].Парсы тілінде жазылған бұл еңбек Темірдің ел басқарған уақытын сипаттайтын аса маңызды деректеме болып табылады. Шами шығармасының мәтінін F.Tauer 1934 жылы бастырып шығарды. Шамидің «Зафарнамесінің» толық орысша аудырмасы әзірше жоқ. Әулеттің негізін салушының өзінің талаптары ескеріле отырып жазылған және Темірдің өзі мақұлдаған Шами шығармасы Темірдің ресми тарихын сипаттаудың бастамасы болған еді; бұдан кейінгі жылдарда бұл сипаттаманың бірнеше жалғасы мен нұсқасы болды. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны үшінші нұсқа болды. Ол әулет басының қазасынан кейін жиырма жыл өткен соң Темірдің немересі, Фарста 1415-1436 жылдары билік құрған Ибрахим сұлтанның бастамасымен және тікелей қатысуымен жазылды. Ибрахим сұлтан хатшыларының көмектесуімен Темір тарихы жөнінде бұған дейін жазылған материалдардың барлығын, сондай-ақ әр алуан жазғыштар мен хатшылардың жазбаларын жинастырды. Мұқият іріктеліп, бір жүйеге келтірілген материал Жезді қаласынан (Иран) шыққан, Темір әулетінің сарай ғалымы әрі әдебиетшісі, замандастары дәуірдің үздік сөз зергерлерінің бірі деп білген Шараф ад-Дин Алиге берді. Ол жиналған материалды түпкілікті өңдеп, қарасөзді «арабтың шешендігі мен парсының мәнерлілігімен » әсемдеп жазып шығуға тиіс болды. «Мәртебелі бұйрыққа» бойсұнған Шараф ад-Дин Али Йезди тарихты құрастырып шықты. Алғы сөзінде бұл шығарма «Фатх-наме-ий Сахибқирани» деп аталған, бірақ көбіне Йездінің «Зафарнамесі» ретінде мәлім. Түпкілікті түзетілуінде бұл шығарма Темірдің ресми тарихының неғұрдым толық жазылуы болып табылады. Ол парсы тілінде жазылған және бірнеше рет басылып шыққан. Шығарманың орыс тілінде толық аудармасы жоқ. Темір туралы материалдар ресми деректемелермен тамамдалмайды. Оның өмірі туралы Муин ад-Дин Натанзи, Хафиз-и Әбру, Әбдіраззақ Самарқанди, Мирхонд және өз шығармаларын Темір әулетінің сарайында жазған XV ғасырдың басқа да тарихшылары көп жазған. Темір-түркі-монғол бектерінің арасынан шыққан, елде Шыңғыс хан ұрпағы еместер әулетінің басы болған Мәуеренахрдың бірінші ұлыс билеушісі. Ілгеріде айтылғанындай, ол тарих майданына күтпеген жерден, кенет, жиырма бес жасында шықты. Сол уақытта бұрынғы Шағатай мемлекетінің шығыс бөлігінің ханы Тоғлықтемір Мәуеренахрға әскерімен кіріп келген еді. Темірдің 1360 жылға дейін немен шұғылданғаны туралы Темір әулетінің ресми болсын, басқадай болсын деректемелерінде анық еш нәрсе айтылмайды. Тек бар хабарланатыны-Темірдің жас шағына қатысты уақиғалар тарихы жылнамаларға Темірдің өзінің қалауы бойынша кіргізілмеді, «өйткені, олар оқушыларға адам сенбестей болып көрінер еді» делінеді. Темірдің жас шағының өмірбаяны үшін деректеме болатындар-оның сарайымен байланысы жоқ, осы себепті, Темірдің «қалауынан» еркін жазба жәдігерлер. Бұл-ең алдымен, Темірдің тарихы жөнінде араб тілінде Ибн Арабшах құрастырған көлемі үлкен еңбек. Ол кісінің толық аты-Шихаб ад-Дин Ахмед ибн Мұхаммед. Бірақ ол Ибн Арабшах деген есімімен көбіріек мәлім. Тегінде бұл есім – тахаллус (әдеби бүркеншек ат) болса керек. Оның шыққан тегі араб, Дамаскіде хижраның 791 жылы (1388) туған, он екі жастағы бала кезінде Дамаскіде Темір тұтқынына түсіп, Самарқанға әкелінген. Мәуренахрда ол бірталай жыл тұрып, білім алды, парсы және монғол тілдерін үйренді, сөйтіп, XV ғасырдың 20-30 жылдары межесінде Хорезм, Дешті Қыпшақ, Қырым және Туркия арқылы отанына оралды; кейін Египетке көшіп барды, 1450 жылы Каирде дүние салды. Ибн Арабшах бірнеше шығарма жазды, бұлардың ішінде ең белгісі-«Аджаиб әл-мақдұр фи наваиб әл Темір» («Темәрдің тағдырындағы күн ілгері белгіленген ғажайыптар»)-1436-1437 жылдары жазылған. Бұл шығарма бірнеше рет басылып шыққан, 1936 жылы аударылған ағылшынша тәржімасы бар. Ибн Арабшах Темірге өте-мөте дұшпандық пиғылда болған, оны «қатал басқыншы», «зорлықшы», «безбүйрек қиратушы» деп атайды, әйтсе де оның білімді, ақыл иесі, ұйымдастырушылық, дипломатиялық, әскери талант дарыған адам болғанын жоққа шығармайды[9, 33 б] . Темірдің жас кезіндегі өмірбаянының енді бір деректемесі-испан королі III Генрих Темірдің сарайына жіберген елшісі Рюи Гонсалес де Клавихо Темірдің өзін көрген, сөйлескен, басқалармен сұхбаттасқан, естіген-көргенінің бәрін өзінің жолжазбаларына айнытпай жазып отырған [10, 31 б]. Бұл өзінше бір үлгідегі маңызды ескерткіштің алғашқы орысша аудырмасын түпнұсқа мәтінімен қосып, И.И. Срезневский 1881 жылдың өзінде бастарып шығарған болатын. Клавихоның «Саяхат күнделіктерінің» И.С.Мирокова тәржімалаған жаңа аудармасы 1990 жылы Мәскеуде «Наука» баспасында Шығыс әдебиеті бас редакциясының дайындауымен басылып шықты. Клавихо мен Ибн Арабшахтың әңгімелеріне илансақ, бозбала жас жігіт кезінде Темір қарақшылар тобының басшысы болған, ол жылдардағы оқиғалар оның атына кір келтіретін еді. Орыс ғалымы түркістануының негізін салушы В.В. Бартольдтің (1869-1930) пікірінше, ресми жылнамалар – Шамидің «Зафарнамесі» мен Йездінің «Зафарнамесінің» Темірдің жас шағы туралы үндемеуі нақ осы себептен.Темірдің шыққан тегі-түркі болып кеткен монғолдың барлас тайпасы; кейбір ғалымдардың болжауынша, бұл тайпаның бір бөлігі Шағатай ұрпағы Мүбаракшах ханмен бірге XII ғасырдың екінші жартысында Жетісудан Мәуеренахрға көшіп келіп, Қашқадария жазығында басқаласы Шахрисабз болған өңірге қоныстанған. Оның әкесінің аты Мұхаммед Тарағай болып ол әскери адам болған, моғолданған барлас руынан шыққан. Кейбір деректерді Мұхаммед Тарағай бекті барлас тайпасының көсемі деп көрсетеді. Әмір Темірдің әкесінің Балта атты ағасы болған [11, 115]. Темірдің қашан туғаны жөнінде деректемелерде бір біріне қайшы келетін деректер бар. Бір мұсылман авторлары: «Ол хижраның 728 жылы (1327-1328) туған» десе, енді біреулері: «736 жылы (1335-1336) туған» дейді. Темірдің ресми тарихы-«Йездінің Зафар-намесінің» түпкілікті редаксиясында ғана, нақты туылған күні хижраның 736 жылының 25 шағбаны сейсенбі (1336 жыл – Тышқан жылының 9 сәуірі) деп хабарланады. Йезді оның әкесі Тарағай ноянның және шешесі Текине хатунның аттарын атайды, алайда Темір өмірінің 1360 жылға дейінгі оқиғалары туралы ештеңге айтпайды. Ибн Арабшахтың Темірдің туған жері деп Қожа-Ілгер ауылын атайды. Шахрисабздің оңтүстік-батысындағы бұл ауыл қазір де бар, қаладан он үш шақырым жерде. Оның тұрғындары: «Бұл жерде Темір туылған» деген аңызды естерінде ұстайды. Тарағай Кештің билеушісі де, барлас тайпасының басшысы да болмаған. Деректемелерде оның ауылдық жерде тұрғаны, тақуа мұсылман болғаны, ғалымдар мен дәруіштерге дос болып жүргені, сондай ақ Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде де, батыс бөлігінде де бірқатар бекзадалармен достық қарым-қатынас жасағаны туралы хабарланады. Тарағай 1360 жылы қайтыс болып, Кеште ата-баба зиратында жерленген.Өмір деген-тіршілік күнкөрістің бір нысаны ғана емес, әркімнің пешенесіне табиғат өлшеп берген тарихи Уақытпен қарым-қатынас деген де сөз ғой. Адам жарық дүниеге келуі мүмкін сан мың жыл ішінде сол өзінің тағдырына жазылған тарихи уақытта туып, тіршілік кешеді. Адамдардың өз заманымен қарым-қатынасы әрқалай қалыптасады. Біреулер онымен жағаласып арпалысып өтеді. Әдетте, ондайлардың өмірі опынумен тынады. Енді біреулері заманымен үйлесіп, онымен ғажап жарасымды тіршілік құрады. Темір осы аталғандардың соңғылары еді. Ол өз заманының қыр-сырын жете ұғынды, әрбір қалыптасқан жағдайды жіті аңғарып, қапы жіберген жоқ, жеңе де білді, жеңісінің игіліктерін түгел игере де білді. Өздеріңіз ойлап қарасаңыз, Темірдің дүниеге келіп, өмір кешкен уақыты-бастан-аяқ соғыс уақыты. Соғыстар күнбе-күнгі қатал шындық болды, сыртқы дүниемен кереғарлық атаулының бәрі келіссөз арқылы емес, қантөгіспен жойылып отырды. Осыған орай, XIV-XV ғасырлар межесінің авторы Ғийас ад-Дин Әлидің нақыл сөзін келтірсек жеткілікті, онда сол дәуірдің мәні айдан анық аңғарылады: «Қылышы қынында жүргеннің ісінің қыйыуы қашады. Қанға құныққан қылышы жоқ адам биік билікті ұзақ ұстап тұра алмайды» . Қиян-кескі қақтығыстардан, шапқыншылықтар, жорықтар тоқтамай, тұрмыстың өзі әскерилердің тіршілігіне ұқсауға айналды. Әскери өнер, соғысқа машықтанғандық, жекелей жаужүректік бәрінен жоғары бағаланды. Бұл орайда ол кездегі әскердің көбіне атты әскер болғанын айта кету керек. Деректемелер Темірдің ат десе жаны қалмайтынын, аттың құлағында ойнағанын, соғыс өнерін үйренумен, қамалап аң аулаумен көп шұғылданғанын, құралайды көзге атқан садақшы болғанын, сол уақыттағы жауынгердің ең қадірлі қаруын жетік меңгеріп, қылыштасуда да алдына жан салмайтынын айтады.Темірдің көсем, басшы ретіндегі қасиеттері жастайынан байқалды. Ибн Арабшахтың айтуында, Темір өжет, батыл, табанды және айлалы болып өсті, уәзірлердің балаларымен дос болды, әмірлердің ұлдарына жақын жүрді. Құрбы-құрдастары арасында өте беделді, олар мұны өте жақсы көретін. Барлас жастары, көрші рулар мен тайпалардың жалаңдаған өжет жігіттері Темірге үйір болып, оның төңірегіне топтасты.Бастапқыда оның қаруланған атты жасақтар секілді төрт-бес нөкері ғана болды. «Оны төрт-бес адамның өзі өздерінің руластарының бірде қойын, бірде сиырын алып кететінді шығарды, бұлары сәтті болған күндері достарымен тойлап қалатын деседі»,-деп жалғастырады Клавихо. Жолы болғыш, өжет те жомарт жас, жетекшілік, атамандық қабілеттері айқын көрінген Темір көп ұзамай Қашқадария жазығындағы барластардың арасында аты шығып, Мәуренахр шағатайлардың басқа рулары мен тайпаларының арасында да танымал бола бастады. Бұған таңдануға да болмайтын. 1360 жылға қарай Темір енді атқұмар, аңқұмар бозбала емес, соғысқа машықтанып алған қарымды батыр жігіт болған еді.Оны өз көзімен көріп білген Ибн Арабшахтың айтуында, Темір батыр тұлғалы адам болған; 1941 жылы Темірдің сүйегін зерттеген профессор М.М.Герасимов та бұл деректі растап берді. Ұзын бойлы, денелі, сымбатты оны «ежелгі алып адамдар-Амиеликиттердің ұрпағы деуге болғандай» болатын [12, 12-14]. Қақпақ жауырынды, кеуделі, бұлшық етті, кең маңдайлы, сопақ жүзді, қызыл шырайлы адам болған. Қол-аяғы әлеуетті адам екенін анық аңғартатындай ұзын, саусақтары жуан, көзі от шашқандай болып жарқырап тұратын. Дауысы зор, өте қарулы, ержүрек батыл, өлімнен қорықпайты, қандай шайқасқа болсын қаймықпай кіріп кететін. Сонымен қоса оның денесін зерттегенде оң аяғының тізе сүйегінде сынған іздері болған, сол себепті оған «Ақсақ Темір» деп кейбір деректерде айтылып кеткен [13, 99].Темірлік деректер қатарына жататын туындылардың бірі – «Тузук-и Тимури» («Темірдің Заңдары») атты шығарма. Деректе Әмір құрған мемлекеттің саяси құрылымы талданады. Әмір Темір бұл еңбекті өзі жазған және бұнда былай баяндалып кеткен.Менің мемлекетті жаулап алушы бақытты балаларыма, дүниені билеуші ұлдарым-ұрпақтарыма. Барлығына мәлім болсын, Алланың рақымына үміт артқандардың барлығының, менің ұлы тағыма көз тіккендеріне сенімдімін. Осының барлығы, өзім қолданып жүрген тәсілдерімді қолдануыма итермелейді. Осы ережелерді қатаң сақтай отырып, Мұхаммед дінінің игілікті әсерінен, аспаннан маған берілген бақытқа, олар да қол жеткізе алады. Осы ережелердің барлығы, олардың тәртібінде, мемлекет басқаруында қызмет ететін болсын. Ережелердің барлығы он екі. Осы ережелердің барлығы маған үкіметті қолға алуыма, мемлекетті басып алуыма көмектесті.Мен, өзіме сенім білдірген адамдарды 12 топқа бөлдім, олардың кейбіреулері үкіметті басқаруда маған кеңес беріп отырды. Мен оларды өз бақытымның кілті ретінде пайдаландым, олар менің сарайымның сәні болатын. Әмір Темір ел билегенде өзіне сенімді адамдарға үлкен құрмет көрсеткенін осыдан көрсек болады және ол ислам дінін таралуына қарсылық білдірмеген. Оның мемлекетті басқаруда өзіне сенімді 12 топтан тұратын адамдарды төмендегідей көрсеткен.
Мен Алла діні мен Мұхаммед заңдарын кеңінен тарауына барымды салдым, ислам дінін әр кезде, барлық жерде қолдадым.
Дана, данышпандардың кеңестері маған дұшпандардың әскерлерін жойып, көптеген аймақтарды басып алуға көмектесті. Басқаруда мен адамгершілік қасиетпен және төзімділікті басшылыққа алдым, барлығын сырттан бақыладым және достарымның арсында беделді болдым.
Осы тәртіптер мен заңдарға бағыну, менің тағдырыма сүйеніш болды. Басқа нәрселер де, уәзірлер, әмірлер, солдаттар мен қарапайым халық жоғарылауға дәмеленді және өз орындарына риза болатын, осының бәрі менің билігімді одан ары нығайтты.
Офицерлер мен солдаттарды жігерлендіру үшін, олардан мен алтынды да, бағалы тастарды да аямадым; оларды өз дастарханыма емін-еркін отыруға мүмкіндік бердім, есесіне олар шайқастарда мен үшін жанын беруге дайын болды. Оларға, маған деген жақсы көрушілік сезімдері үшін, қиындық туған шақта көмегімді аямадым. Осылайша, айбынды көсемдердің және менің жауынгерлерімнің арқасында, 27 мемлекеттің әміршісі болдым. Мен Иран, Туран, Рум, Магреб, Сирия, Ирак-Араб, Ирак-Аджеми, Мазандеран, Гилян, Ширван, Азербайжан, Кабулистан, Фарс, Хорассан, Четте, Ұлы Татарстан, Хорезм, Хотан, Бактерземин мен Үндістанның патшасы болдым. Бұл мемлекеттердің барлығы менің билігімді қабылдады, ал мен олар үшін заң жазуды бұйырдым.Үстіме патша жамылғысын кидім, бос отырудан, тыныштықтан бас тарттым. 12 жасымнан бастап түрлі аймақтарға барып, бақытсыздықпен күрестім, дұшпан әскерлеріне қарсы түрлі жобалар жасадым, офицерлер мен солдаттардың ызаланған әңгімелерін сабыр сақтап тыңдауға әдеттендім. Ақырында, дұшпандарға қарсы шықтым. Осылайша, түрлі шет аймақтарды басып алып, ол жерлерде өз билігімді жүргізе алдым.
Алланың берген ықыласын әділетті түрде қабыл алдым. Дана саясат пен қатаң әділеттілікте, өз солдаттарымды ұстап тұра алдым. Менің жауынгерлерім түрлі сыйлықтармен көмкерілген болды. Төменгі халықтар мен мемлекеттің бақытсыз сыныбындағыларға рақымшылық білдірдім. Мен езілуші халықты қанаушылардың қолынан құтқардым, жазықсызды жазалау үшін ешқашан үкім шығарған емеспін. Менің ниетіме қарсы қару көтерген қайсыбір адам, өз кінәсін мойындап кешірім сұраса, одан рақымшылық көрсеттім.
Мен пайғамбардың ұрпақтарына, ғалымдарға, дін мамандарына, философтар мен тарихшыларға қошемет көрсеттім. Мен оларды құрметтедім және қадір тұттым. Батыл адамдар менің достарым болды, өйткені, Алла тағала батылдарды жақсы көрген. Мен жандары ізгі ғалымдармен сөзім жарасты. Мен олардың батасын алдым, сол баталар маған жеңіске жетуде көп көмек берді. Дәруіштер мен пақырларды қолдап жақтадым. Мен, оларға қандай да бір қайғы-қасірет беруден аулақ болдым, олардың өтініштерін ешқашан жерге тастаған емеспін. Қандай да бір адам, басқа адам туралы жаман сөйлесе, менің сарайымнан қуылатын. Олардың өсектерін ешқашан тыңдыған емеспін.
Мен өз кәсіпорындарыма өте табанды болдым. Әрбір қабылданған жоба, қандай болмасын, менің назарымнан тыс қалған емес және ол жетістікке жетпейінше оны тастаған емеспін. Мен ғалымдардан Адамнан Мұхамедке дейінгі ежелгі үкімдердің қандай болғанын сұрап қызықтым.
Мен халықтың жағдайын білдім. Мен атақтыларға өз бауырларыма қарағандай, ал қарапайым халыққа балаларыма қарағандай қарадым. Дұшпандардың мінездеріне сай бола алдым. Мен әрбір аймақтың жағдайын жеке-жеке білдім. Әрбір мемлекетке жалықтың, әскерлердің жағдайын ойлайтын адал адамды қойдым. Олардың дұрыс емес әрекеттерін білген болсам, оларды жазаладым.
Қандай-да бір тайпаның, қандай-да бір түрік, араб, парсы немесе басқа мемлекеттердің ордалары менімен кездескісі келсе, олармен міндетті түрде, адамгершілікпен қабылдап алдым. Кімде-кім менімен достық одақтаста болғысы келсе, ешқашан өкінбеген. Оған дәлел ретінде, менің мейірімділігім мен қайырымдылығым болды.
Мен балаларымның қандарында ортақтастық бар екенін білдім, оларды құрметтедім. Менің тағдырымда болған тәжірибелер, достарыммен және дұшпандарыммен өздерін қалай ұстау керек екендігін үйретті.
Мен, үшін өмірін қиып, шайқасқан әскерлеріме құрметпен қарадым. Олар алдарына келген түрлі қиындықтардан мойымай, алға шығып, күресе білді.
12. Мен үшін жанын қиған қандай да бір әскер, менің достығыма ие болды. Бірақ шайқас кезінде, менің көзімше өз қолбасшысын тастап, маған өткісі келген адам, мен үшін ең бишара адам болды. Әмір Темір Тоқтамыс ханмен соғысқанын былай баяндаған: Тоқтамыс ханмен соғысу барысында, оның әмірлері, маған жазбаша түрде бірнеше хат жолдады. Мұндай әрекет, олардың өз княздеріне деген опасыздығын білдірді. Өздерінің әмірлеріне опасыздық жасаған осындай ұсыныстарды көрген мен өзімше: «өздерінің әмірлеріне опасыздық жасаған болса, маған да опасыздық жасауы мүмкін», және мен оларға қарғыс айттым[15, 36-б]. Тәжірибелерден түсінгенім, дін мен заңдарға сүйенбейтін билік, өз күшін көпке сақтай алмайды. Оны, кез келген уақытта сұмпайы адам кіре алатын, шарбағы және шатыры жоқ үйге теңер едім. Менің жүрегіме ұялаған ең бірінші ереже, дін мен Мұхаммед заңдарын кеңінен тарату болды. Мен дүниеге исламды кеңінен тараттым, ол менің империямның ең әдемі сәні болды. Мұхаммед дінін қабылдағандардың санын көбейтуде жетістікке жету үшін, мұсылмандардың үстінен толықтай билік жүргізе алатын, ұлы данышпан адамды таңдадым. Ол өзінің қол астында, қасиетті мүліктер мен мешіттерді басқару мүмкіндігіне ие болды. Ол сонымен қатар, қалаларда жоғары сотта үкім жүргізді, базарларда инспекторларды сайлады. Мен армия мен қазынаға соттарды, ал халық үшін басқаларын сайладым[15,38-б].Әрбір аймақтарға исламды дәріптейтін қария, данышпандарды жібердім. Мен қалаларда мешіттер мен шіркеулер, жолдарда керуен – сарай, ал өзендерде көпірлер салуға бұйрық бердім.Мен, барлық қалаларға мұсылмандарды Құран оқыту үшін діни өкілдерді жібердім. Дінге сенуші және жай адамдар, менің дінге қатысты заңдарымның адал, рас екеніндігіне көз жеткізген соң, мұсылман ғалымдары менің құрметуіме келесі хабарландыруларды ойлап жазды: «Әр ғасырда Алла тағала дінді тарату үшін Мұхаммед елшісін жіберіп отырды. Осы VIII ғасырда, дүние жүзінің батыры, бақытты жұлдыз астында туылған Темір, сенімді қайта жаңғырту барысын баршамен бірге есептессін».Ғалымдардың басшысы Мир – Саид – Шериф маған былай деп жазды: дүние жүзінің аймақтарында ислам дінін тарқатуда еткен еңбектенгеніңіз үшін, дінді таратушы лауазымына ие бола аласыз,-деді. Оның жазған хатында «Алла! Мұхаммед дінін қолдаушыларға көмекші бол, ал оны қолдамағандарды тастап кет»,-делінген. Ұлы елшінің жоқ болып кеткеніне сегіз ғасыр өтсе де, қазіргі кезде де оны таратушы жан бар. Оны, дүние жүзінің батыры, мемлекет пен қаланы шынайы сенімді қабылдауына ықпал еткен әмір Темірге міндеттелді[15,39-б]. Бірінші Хиджра ғасырында сенімнің жақтаушысы Омар Абдул- Азиз болғаны белгілі. Омар сол кездегі жаман әдеттердің барлығын жойған болатын. Ислам халқы зәбір көру, алауыздықтың табысы болды. бірінші ғасырда, дін қорғаушысы әділетті Момын болды. Бұл халиф, жетпіс екі жалған дінді таратушы қалыптарды кінәраттады. Ол Хорасан-Алиядан Мұса-Джафардың ұлын алдырып, оны өзіне мұрагер етті.Үшінші ғасырда, дінді өз қамқорлығына Аббассид Моктадир-Биллях алды. Абутаирдың кереметтері қасиетті Мекке мен отыз мың қажыларды өз қарамағында ұстады. Қағба қабырғасынан қара тас жұлынып алып тасталып, мұсылман жерлерінде зорлық-зомбылық, қарақшылық көбейіп кеткен шақта, дін жоғалудың алдында тұрды. Сол кезде Моктадир-Биллях қарақшыларға қарсы шығып, дінді қайта жаңғыртты.Азадәулет-Дилеми, төртінші ғасырда дін сенушілердің қорғаушысы болды. Аббас ұрпағынан қаһарлы Мотилла Ахтиллах, сарайдағыларға шынайы дінді теріс уағыздады. Азадәулет оны жолдан алып, оның орнына өз ұлы Тал Билляхты қойды.Бесінші ғасырда Малик-Шахтың ұлы Санжардың туылуымен мақтанды. Ол Ахмед Джами мен Хакім-Сенанның замандасы болған. Ол солардың шәкірті атанған. Ол солардың шәкірті болды. Дінбұзарлар мен надандар, исламға соққы жасаған кезде, Санжар сұлтан оларды жоюдың жанды зейінін тапты. Пайғамбардың дінге берілгендігі соншалықты, ол Мұхамед заңдарына қайшы ешқандай әрекет жасаған емес.Алтыншы ғасырда, Түркістандағы опасыздардың басып алуы, исламды есеңгіретті, бірақ Алла, жүз мың түрікке басшы Лар алқабында аса қадірлі Ибрагим Хаммавидің алдында дінді насихаттаған және «Құдайдан басқа-құдай жоқ, ал Мұхамед-оның елшісі» деген сөздерді айтқаннан кейін, құдайға сенушілердің қатарына енген, Хасан-ханды көтерді. Олардың келісімін алғаннан кейін, дінбұзарларды жер бетінен жойдырды, сол арада сенім қалалар мен аймақтарға тарады.Жетінші ғасыр, Мухаммед Худабанд аталып кеткен, Аргун-ханның ұлы, Альджайт сұлтанның сенімімен аталған. Бұл султан ағасының тағына мұрагер болғаннан кейін, қоғамдық жерлерде Аллаға ғибадат еткеннен кейін, пайғамбарға және оның ұрпақтарына сиынуды ұмытқан екен. Сонда, өзі ғибадат болып жатқан жерге барып, Мұхамед пен оның ұрпақтарына сиынудың қажеттілігін сұрады. Олар, Алланың өзі орнатқан сиыну, - деп бірауыздан жауап берді. Альджайт олардан, Мұхаммет басқалардың атына сиынғанда, олар неге ұрпақтары жайлы еске түсірмейді,-деп сұрады. Ешқандай жауап күтпестен ол, «Рұқсат етіңіз, бұл айырмашылықты екі жолмен түсіндіруге болады. Біріншіден, Мұхаммедтің дұшпандары, Отбар деп атаған, Алланың жазасына ұшыраған, ұрпақсыз болған, ал Мұхаммедтің ұрпақтарының көбеюі, тек Алланың әмірімен болып жатты.. Сондықтан, Құдайға сиына отырып отырып олар, ғибадат жасап болғаннан кейін, пайғамбардың атына дұға жасаған. Ал екінші себебі, салт-дәстүрлер. Мұхаммедтің діні өзгеріссіз және ғасырлар соңына дейін мәңгілік жасағанда, ғалымдар мен басқа пайғамбарлардың діни қаулылары өзгеріске ұшырап және жойылып, мәңгілік тіршілікте қалып жатқан жоқ. Міне сондықтан Аллаға сенімі бар, пайғамбардың ұрпақтары, өз ғибадаттарынан кейін, міндетті түрде пайғамбарды еске алып, оған мойын ұсынулар керек. Және баршамыз пайғамбарға сиынуды өз міндетіміз деп санауымыз керек. Сұлтан өз сөзін аяқтағанда, мешітке жиналған мұсылмандар, Мұхаммед (с.а.у.)-ға және оның ұрпақтарына арнап мінажат етті. Халық алдында сөйлеген сұлтанды барша мақұлдады. Содан кейін ол, әр жұма күні пайғамбардың құрметіне және оның ұрпақтарының құрметіне, еске алып намаз оқылуын жария етті. Және оның атына теңге жасап шығаруды бұйырды. Мир-Саид-Шерифтен осы хатты алғаннан кейін, мен Аллаға ризашылығымды білдірдім. Мен пайғамбарымыздан, жарлықтар мен заңдардың бекітілуін тіледім.Бұл хаттың түпнұсқасын мен, дін басқарушысына бердім. Ол астына, «ғасыр қаһарманы, Әмір Темір, дінді қайта жаңғыртуда оған ерекше рақымшылыққа ие. Ол өзінің мейірімді істерін адалдықпен арттырды, Алла, оның Өз ойын одан ары қарай дамытуды бұйыртсын» - деп жазды[15,40-б]. Дін басшысынан бұл хатты алғаннан соң, мен пайғамбардың ұрпақтары мен дінге сенушілерге құрметпен қарауға тырыстым. Мен ислам дінінің таратылуына қамқор болдым және хаттың көшірмесін өзімнің шежірелеріме қосуды бұйырдым. Діннің қайта қалпына келуінде, менің мемлекетімнің азаматтық басқаруына заңдар мен қаулылар шығардым. Осы қаулылардың үлгісі:
Мен өз үкіметімді ислам дінінде, пайғамбарға сүйіспеншілікпен құрдым. Менің бұйрықтарым мен ережелерімнің күштілігі сондай, басқаруда өзіне қарсылас болмады.
Мен өз халқым мен жауынгерлерімді қорқыныш пен үміттің арасында ұстадым. Дұшпандарым мен достарымды, данышпан саясат, олардың қимылдарын өте сабырлы, қатты назарда және сақтықпен ұстадым. Менің қол астымнан пана іздеп келгендердің арасында, өзіме дос болып қалғандары да болды, өйткені мен оларға өзім қақор болдым. Өзгеремін дегендерді ешқашан өзімнен алыстатқан емеспін. Мейірімді немесе жауыздар да меннен пана тапты.
Мен ешқашан кекшілдікке жол берген емеспін. Мен өзіме қарсы болған дұшпандарымды, Аллаға тапсырдым. Мен өзімнің қол астымда, қайратты, жігерлі, сенімді жауынгерлерді ұстадым. Менің ортама пайғамбардың ұрпақтары, лауазымды адамдар қабылданды, ал жауыз сатқындарды ол жерден шектеттім.
Алла берген мейірімді пен қайырымды жан үшін, жауыздық пен кері тықсыру, маған сұмдық болып көрінді.
Менің діни кеңесшім маған былай деп жазды: «Темір оны Алла қолдасын, мемлекетті басқару, Алланы басқарған сияқты екенін ұмытпауың керек. Бұл басқаруда түрлі агенттер, қызметкерлер, депутаттар, күзетшілер бар, әрқайсысының өзінің басқармасы бар және олар ешқашан оны аттап баспайды. Әрдайым өз әмірлерің, агенттерің, қолбасшыларың, саған адал жандарды бақыла, олар өз үкіметінің шекарасынан шықпай – ақ, бойсынуға дайын болуы керек[15,41-б]. Егер де сен, өзіңе адал жандарды өз тәртібіңмен қатал ұстасаң, бүлік пен қастандықты күт. Сен әрбір жанның және әрбір заттың өз орны бар екенін және әр нәрсенің шекарасы бар екенін ұғындыруың керек. Және олар соны білулері шарт.Сенің құзырыңдағы он екі сыныпқа бөлінген адамдар, сенің мемлекетіңнің сәні мен қолдаушың болады.Әмір Темірдің Тоқтамыс ханды талқандалуына арналған шаралары туралы былай жазады. Ұлы Татардың шөл даласында 6 ай бойы бұл княздің артынан аңдып шаршаған әскерлер, қатты аштықтан қинала бастады; өздерінің аңшылық пен шөлдегі құстардың тастап кеткен жұмыртқаларынан басқа, ешқандай азық алған жоқ. Менің әскерлерімнің жағдайынан хабардар болған Тоқтамыс, өзінің көптеген құмырсқа тәріздес армиясымен маған шабуыл жасауға қолайлы сәт деп шешті. Менің жауынгерлерім аштықтан шаршап қажыған болатын, ал – оның әскерлері керісінше болатын. Менің ұлдарым мен немерелерім, тізелерін бүгіп, өздерінің аған адал екендерін айтпайынша, қолбасшыларым мен әскер басылары шайқасуға құлқы жоқ болатын. Мен дұшпанның ту ұстаушысын пара беріп ұстап алдым, ол екі армия шайқасқа түскен кезде, өз туларын құлатуға уәде берді. Менің балаларым мен немеғы релерімнің маған тізе бүккендерін білген әскер басыларының ерлігі оянды және олар тек қана шайқаспен дем алатын болды. Әскерлердің алғы шебіне, өзімнің немерем Мирзу – Абубәкірді 8000 салт атты әскерімен қойдым, шайқастың дәл қызған шағында, алдын – ала дайындалып қойған шатырлардағы тағамдарға бас салуды бұйырды. Дәл осы сәтте Тоқтамыстың туы құлады, ал абдырап қалған Тоқтамыс, жойылудың алдында тұрған өз армиясын тастап қашуға ұмтылды.Тоқтамыс - ханның талқандау жоспарында былай деп көрсетеді: «Менің уысыма түспегеніне қуанған Тоқтамыс, өзінің қаһарлы армиясын бүлік пен топалаң туғызып, Әзірбайжан хандығына жіберді. Жаңа ғана екі Иракты да жеңіп алған мен, өзім армияны Дербент жолымен Ұлы Татарстанға алып бардым. Әскери тәртіпке төрт фарасангаға (4 млн.) сап түзеген өз армиямды тексеріп шықтым. 3 сәуір күні Аллаға алғыс жаудырды. Семур көлін өткен мен, ұлы Татария тайпаларының халқына келесі үндеуді жолдадым: «Менімен жүретін әрбір адам, өз жолын жалғастыра алады, қалғысы келгендер өз еріктері білсін». 797 жылы (хижри жыл санауы бойынша) мен ұлы Татар жеріне кірдім және оның ең түпкі мемлекеттеріне дейін кірдім. Маған қарсы келген бұл мемлекеттің халқы бытырап, жойылып жатты. Бесінші және алтыншы климаттың қамал аймақтары бағындырылды және мен жеңімпаз болып қайттым. Әмір Темір бұл сөздерді өзінің жазған «Тузук-и Тимури» дерегінде келтіріп айтып кеткен, яғни ол Тоқтамыс ханмен соғысы қиын болғанын көрсетеді. Тоқтамыс ханмен ол үш рет соғысады, соңғы соғысы 1395 жылы Темірдің жеңісімен аяқталады[15,47-б].
Низам-ад дин Шами оның «Зафарнамесіндегі» Тоқтамыстың, Темірдің жорықтары
Низам ад-Дин Абд-алв-аси Шами Тебриз қаласының маңындағы Шабзи Газанда туған. Бұл қала маңында Газанның Хулагуилықтар ильханының мазары болған. Сол қала маңының атына байланысты ол өзіне лақап ат алды. Низам ад-Дин Шамидің өмірі және еңбегі туралы мәліметтер өте аз. 1392 жылы Низам ад-Дин Шамидің Бағдат қаласын қоршау кезінде ол Темірге қызметке келеді. 1401 жылы Темір Низам ад-Дин Шамиге өз билігінің тарихын шамадан тыс мәнерлемей және стилистикалық жақтан аса көркемдемей қарапайым, анық, түсінікті тілде жазуын әдейі тапсырады. Бұл шығармада арнайы құжаттар, түрлі жазбалар Гийас ад-Дин күнделіктері сияқты, Темірдің жеке жорықтарын баяндайтын күнделіктер, сол сияқты Темірдің жорығына қатысушылар мен оның серіктерінің ауызша әңгімелері және Темірдің өзінің айтқан әңгімелері арқау болды. Низам ад-Дин Шами 1404 жылы жазған тарихын аяқтап, оқиғаны 1404 жылдың наурызына дейін жеткізеді де Темірге табыс етеді. Темір шығарманы құптап, оған Зафар-наме – «Жеңіс кітабы» деген ат береді [14, 258 б].Замандастарының айтуына қарағанда, Низам ад-Дин Шами сол заманның ең мықты шығармашысы болған. Мауренахр билеушісі Темір өмірден өтер алдында Низам ад-Дин Шамиге туған жеріне оралуға рұхсат етеді, ол қалған өмірін сонда өткізеді.Зафар-наме – Темір билігі туралы жазылған алғашқы арнайы толық тарих. Темір тарихнамасына байланысты шығарма жазған соңғы авторларға осы туындының әсері мол болды. Олардың бәрі дерлік шығарманың жоспары мен құрылымын ешбір бұлтарыссыз қабылдап кейде оның мазмұнын құрастырып жазды. Шами туындысы «Темірдің ресми тарихының бетін ашып» берді, оны кейін Хафиз-и Абру және Шараф ад-Дин Али Йезди жалғастырды. Хафиз-и Абру бұл шығарманы өзінің Маджуа деп аталатын толық тарихи жинағына енгізді. Шараф ад-Дин шығарманы ресми дерек көзі ретінде пайдаланып, оны кезінде Шамиге белгісіз болған ұйғыр жылнамасы, Гийас ад-Дин әли күнделіктері және неліктен екені белгісіз Шамидің ой елегінен тыс қалған көптеген ресми деректермен толықтырды. Осыған байланысты оның кейбір оқиғалары егжей-тегжейлі баяндалған. Осыдан болар, Йезди жазған Зафар-наме шығармасы кең танылып, Низам ад-Дин Шамидің аттас еңбегін ығыстырды.Шамидің Зафар-намесі – 1358 жылдың 1404 жылдың наурызына дейінгі 46 жылды қамтитын, Темірге арналған өте қызықтыда құнды деректеме. «Жеңіс кітабы» атының өзі Темір билігінің саяси тарихы және оның жорықтары мен жаулап алу жылнамасының мазмұнын дәлме дәл береді.Төменде ұсылынып отырған үзінді Шығыстың орта ғасырдағы парсы және түрк әдебиетінде кең тараған сарай жылнамалық тарихи шығармалардың үлгісін береді. Низам ад-Дин еңбегі – орта ғасырдағы көрнекті қайраткерлердің біреуі туралы көлемді тарихи ақпаратты жинақтап қорытындылайтын бізге дейін жеткен алғашқы еңбек болып табылады [15, 120-124]. Зафар-наме еңбегі 3 бөлімнен тұрады. Бұл еңбекте Әмір Темірдің Хорезмге үшінші рет жорығы, Тоқтамыс ханның Әмір Сахыбқыранға келуі, Темірдің Орыс ханға қарсы әскери жорығы, Темірдің Әмір Велиге қарсы екінші реткі жорығы, Темірдің кіші Лураның бүлікшілеріне қарсы жорығы туралы, Ингатур әскерінің келуі және онымен Омар шейх бахадур мырза және әмірлердің Жөлекте болған шайқасы, Темірдің Тоқтамыс ханға қарсы жорығы, Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы, Темірдің Кавказдағы жорықтары туралы баяндалады [16, 45 б]. Зафар-наме-Темір билігі туралы жазылған алғашқы толық тарих. Зафар-наме Шами-Темірге арналған, 46 жыл аралығы, 1358-1404 ж дейінгі өте қызықты және бағалы дереккөз. «Жеңіс кітабы» атауы, Темірдің патшалығын, оның жорықтары мен басып алған жерлерін, шығарманың мазмұнында дәл көрсеткен, саяси тарихын білдіретін кітаптардың бірі болды.Низам ад-дин Шами, «қырғыздар» көне атауы мен «Қырғызстан» атауларын қолданбады. Ол моғол мен Моғолыстан жайлы айтады. XIV және XV ғасырдағы авторлар, моғол атымен тек монғолдарды ғана емес, Моғолыстан төңірегінде (Жетісу, шығыс Түркістан) тұрған басқа да халықтарды біріктірген, олардың арасында сөзсіз, кейіннен қырғыз халқының құрамына кірген қырғыздар мен олардың ата – бабалары да болды. Қазіргі Қырғызстанның шекарасы, толығымен сол кездегі Моголистанның құрамында болғаны белгілі. Шами Темірдің Моголистанға жорығын, Қырғыз арқылы жүрген жолдарын егжей – тегжейлі және толық сипаттаған, Ол таулы жол Қырғыздан Шығыс Түркістанға апаратын қысқа жол болатын. Және қазіргі кезге дейін өзгеріссіз айтылатын көптеген жерлер, теңіздер, өткелдер, жазық далалардың аттары айтылады [17, 3-5 б]. Низам ад-дин Шами келтірген ақпараттар, Қырғыздың тарихи географиясын, сондай – ақ, сол аймақта болып жатқан әскери – саяси жағдайларды анықтау үшін нақты маңызға ие. Темірдің Хорезмге үшінші рет жасағаған жорығы туралы әңгіме. Адилшах және Сары-Бұға Темірге қарсы тұра алмайтындығын түсінгендіктен, өзбектер еліне барып, Орыс ханды паналады. Орыс ханның жайлауға шығып кеткенін пайдаланып, олар тағы да екі жүзділік пен опасыздық жасады, әскер алып Орыс ханды талқандайды. Олар осындай опасыздық жасағаннан кейін, Камар ад-Динге барып, оны бүлікшілікке итермеледі. Тоқтамыс хан әмір сахыбқыранға келуі. Камар ад-дин осындай күйге ұшырағаннан соң, Темір оны түбегейлі құрту үшін оған қамқорлық жасауды мүлдем тоқтатады, осы кезде Тоқтамыс оғлан адамдардың өзіне жауыздық жасау ниетінен қорыққандықтан, Темірдің сарайына бет бұрады. Бұл хабар расталғаннан кейін, Темір оны қарсы алуға әйгілі әмірлерінің бірі-Туман-Темірді жібереді де, ал өзі Уйнардан кері қайтады. Жолай өзенге тоқтап, одан аттанып, Самарқанға келеді. Тоқтамыс оғлан келгесін әмірлер мен ағайындық жасап, оны Темірге таныстырады. Ұлы мәртебелі оған ханзадаларға ең жоғары дәрежеде көрсетілетін тағлым салты бойынша үлкен құрметпен қабылдайды. Темір оны қасына ертіп Самарқан қаласына келіп, хан салтанаты дәрежесінде той жасап, оған және оның жора-жолдастарына қаншама алтын және әшекей заттар, мал және кездемелер, жылқы мен қашар, шатыр мен лашықтар, тіпті адам пенденің ойына да кіріп шықпайтындай, байрақты жасағымен әскерлерді сыйға тартады. Темір оған Отырар мен Сауранды сыйға беріп, оны сонда аттандырады. Бірер уақыт өткеннен кейін Орыс ханның ұлы Құтлық-Бұқа қару бастап келіп Тоқтамыс-оғланмен шайқасады. Соғыс кезінде Құтлық-Бұқаға оқ тиіп, содан қаза табады; ашу ызасы қайнаған оның әскерлері Тоқтамысты қуып шығып, оның ел жұртын тонайды. Тоқтамыс екінші рет Темірге қашып келгенде, Темір оны алғашқысынан да жоғары деңгейде қабылдап, үлкен сый құрмет көрсетіп, барлық қажетті жабдықтап қайта қайтарады. Орыс ханның ұлы Тоқтақия Әли-бекпен, хандармен және әйгілі әмірлермен бірлесіп Тоқтамыс ханға қарсы шығады. Шайқас нәтижесінде Тоқтамыс қайта қашуға мәжбүр болады. Оның алдында өзен бар еді. Ол етігін шешіп өзенге секіредіде, құтылып кетеді. Соңынан қуып келген Каранчи-бахадур өзен жағасына жетіп, оны атып қолынан жаралайды. Ол жалғыз өзі қамыстың ішіне кіріп, жасырынады: Темір Тоқтамыстың жауларына қарсы тойтарыс беру, қайсар ақыл болуға ақыл қосу үшін өзінің інісі Едіге-барласты жібереді. Едіге әмір қамыстың ішін аралап жүрсе, құлағына жылаған адамның даусы есітіледі. Іздеп жүріп, Тоқтамыстың осындай күйге ұшырағанын көреді. Едіге оған ізеттілік көрсетіп, қамқорлық жасай отырып Бұхардағы Темірге алып келеді. Ол бұл жолы да оған қамқорлық жасап, қажетті заттарын жабдықтап береді. Бұл уақытта Темір Бұхарда еді, бұл жолы оған қашып келген Едіге Орыс хан әскерін жинап, Тоқтамыстың соңынан келе жатқанын хабарлайды. Осы хабардан соң, Орыс ханның елшілері – Кепек-маңғұт пен Туладжан келіп, ханның сөзін жеткізеді: «Тоқтамыс менің ұлымды өлтіріп, сіздің қолыңызда отыр. Не жауымды өз қолыма қайтарып беріңіз, егер жоқ десеңіз, онда тұратын жерін айтыңыз». Темір оған: «Қандай да бір державадан бассауға іздеп келген адамның жауының қолына бергені жайлы ерлік пен әдет-ғұрып заңынан көргеніміз бар ма. Егер осы бір жағдайдан жәбірлеушілік басталса, бұл-орындалмайтын талап, онда соғысқа әзірленуден өзге не қалды» [18, 256].Темірдің Орыс ханға қарсы әскери жорығы жөнінде деректе былай баяндалады. Ол елшілерді жіберіп, әскер жинап, тәртіпті ретке келтіреді де дереу атқа қонып, әскерлері мен Отырарға келіп тоқтайды, ал Орыс ханның әскерлері Сығанаққа жетіп, сол жерге тоқтады. Сол түні аспанды бұлт басып, қар араласқан жаңбыр себелеп, күн қатты суытады, аяз тұрғандықтан мұз қатады. Екі жақтың әскерлеріде тұрған орындарынан қозғалмайды. Олар бір-бірімен тіресіп үш ай отырғаннан кейін Темір Ярық-Темір мырзаны, Мұхаммед-Сұлтаншахты және Хитай-бахадурды жау әскеріне түнгі шабуыл жасауға жібереді. Олар нұсқау бойынша 500 атты әскермен аттанған екен, ал қарсы жақтан оларға қарсы 3000 адам атқа қонды. Түнде олар ұрысты бастайды, Темірдің әскерлері жауды шегінуге мәжбүр етті. Бұл соғыста тағдырдың жазуымен Ярық-Темір мен Хитай бахадур қаза табады. Ильич-Бұға Темір-Мелик-оғланның аяғына көздеп оқ атады, бірақ ол аяқты жанап өтіп, оның атына тиеді. Темір Мұхаммед-Сұлтаншах пен Мубаш-шираны жан-жағына барлауға жібереді, олардың әрқайсысы бір бір тұтқын алып келген еді. Тұтқындар бір ауыздан екеуінің де есімі сатқын және ержүрек екендерін және бұлардың жеріне жүздеген адаммен барлауға келгендерін айтады. Әмір Алладат және Ақ Темір бахадүр Отырардан әскерлерге арнап, азық түлік алады. Екі топ Отырар маңында бір бірімен ұшырасып қалады, олардың жалпы саны бар жоғы он бес адам еді. Бір Аллаға сыйынып олар жауға қарсы тап береді, қарсыласын әйгілі адамдарының екеуін аударып түсіреді, ал аман қалғандары орға секіріп құтылып кетеді. Ақ Темір бахадүр және Кепекче Юртчи кіші сатқынды өлтіріп, ал үлкен сатқынды Хиндушах Темірге алып келеді. Бұл оқиғаға тап болған жаулар сасқалақтап, өз орындарын тастап кетеді де, орнына тек Қаракесекті қалдырады. Темір өзі бастап шабуылға шығады. Олар тағы да қашады. Темір кейін қайтып өзінің ордасында және мекенінде жеті күн болады да, Кеш қаласынан қайтадан жүріп кетеді. Тоқтамыс-Оғланды жол бастаушы етіп, ол өзі Жирен-Қамысқа жетеді. Жаудың бұл жердегі ел-жұрты еш хабарсыз бейқам еді. Жеңімпаз әскерлер елді тонап, сансыз көп байлыққа ие болады. Бақыт құсы қонар сәт алыс емес еді, бірақ Орыс хан о дүниеге мәңгілікке аттанып кетіпті. Оның үлкен ұлы Тоқтақия әкесінің орнына отырады; көп уақыт өтпей ақ ол да қайтыс болады. Темір Тоқтамысқа хан атағын беріп, оның қажетін жабдықтап, сол мемлекетте қалдырады. Темір оған желден де жүйрік аузымен құс тістеген желаяқ Хынк-оғлан атты сәйгүлікті сыйға тартады. Темір оған: «бұл сәйгүлікті көзіңнің қарашығындай сақта, күндердің күнінде ол саған керек болады»,-деп тапсырады. Содан кейін абырой мен жеңіске бөленіп, Самарқанд жаққа ат басын бұрады. Темір-Мәлік оғлан бұл кезде ана елдердің ханы сайланған еді. Ол өте көп әскерімен Тоқтамысқа қарсы аттанады. Тоқтамыс хан бірнеше шайқастан кейін өзінің адамдарынан және әскерлерінен бөлініп, артқа шегінеді. Ол бір басына бақыт қонған, көреген Темір сыйлаған Арғымақпен жалғыз өзі қашып құтылып, Темірге келеді. Тоқтамыс хан бірінші рет Орыс ханнан Темірге қашып келгенде онымен бірге келіп, Темірдің мейірім шапағатына ие болған Ұрық Темір де болған еді. Орыс хан оның билігіндегі жұртты Дайгеға елшілікке берген болатын. Тоқтамыс тағы да қашқан кезде Ұрық-Темір аттан жығылып, соғыс даласында қалып қояды. Оны ұстап алып, Орыс ханға алып келеді. Орыс хан оған кешірім жасайды, Ұрық-Темір бұл жерде біраз уақыт жүдеу тұрмыс кешіп жүреді де, ақыр соңында Темірге қашып келіп, зор ілтипатқа ие болады. Темір одан Темір Мәліктің хал-жағдайын сұрайды. Ұрық Темір ол жағынан хабардар екен. Күндіз-түні шарап ішумен, көңіл көтерумен уақытын өткізіп, түске дейін ұйықтайтынын, мыңдаған маңызды істер күтіп тұрса да, оны оятуға ешкімнің батылы жетпейтінін айтады. Осы себептен халық одан әбден түңіліп, мемлекет пен ұлыстары Тоқтамыстың келуін күтіп отыр деп хабарлайды, әрине мемлекетті қорғаудың тәртіп ережесін бұзып, бар уақытын көңіл көтеріп, шарап ішумен өткізген әр бір ханның іргесі ыдырап, шаңырағы шайқалатынын Темір жақсы түсінеді. Әмір Темірден әскер жарақтап алып Тоқтамыс тағыда жорыққа шығады. Жау жақтан Орысханның ұлы Тоқтақия болса Әлібек пен әйгілі шахзада әмірлермен бірігіп, Тоқтамысқа қарсы жолға шығып, онымен соғысып, оны тағыда қашырады [19, 103 б]. Осылайша Тоқтамыс Сауран түбінде бір емес бірнеше рет Орыс ханның балаларынан жеңіліп қалады. Бірақ Әмір Темірді Тоқтамысты қайта-қайта қаруландырып, әскерлерімен аттандырып отырды. Сонымен, Темір 780 жылы (хижри жыл санауы бойынша) Тоқтамысты хандыққа лайық деп танып, онымен бірге Әмір Тұман Темірді жанына қосып, түрлі сый сияпат көрсетіп, оны хан көтеру үшін өмір Урунг Темір, Бияс ад Дин Тархан, Бахты хожа және өмір Банганы ертіп, орасан көп әскермен Сығанаққа аттандырады. Олар мында келгенін бұйрық бойынша күннің сәтін таңдап, Тоқтамысты сұлтан тағына отырғызады. Бұл уақытта Темір Мәлік Қараталды қыстап отырған еді. Олардың арасында соғыс басталды. Ақыры Темір Мәлік жеңіліп, Тоқтамыс жеңіске жетеді. Ол осы хабарды Темірге жеткізу үшін Орыс қожаны аттандырады. Ұлы мәртебелі бұл хабарды есітіп, қатты қуанып, бірнеше күн бойы тойлайды, ал лайықты құрмет көрсетіп, шапан жауып, белдік сыйлап кейін қайтарады. Тоқтамыс хан Сығанақты қыстап, көктем шыға әскерлерін тәртіпке келтіріп, Мамақтың мемлекеті мен ел жұртын жаулап алады. Темірдің көмегімен оның хандығы күш ала бастайды. Урунг-Темур мен Ақ-Бұғаның көзі тірісінде Әлібек олармен ым жымын біріктіріп Тоқтамысқа әрқашан да былай дейтін еді: «Темір саған көп құрмет көрсетіп, асқан жақсылық, үлкен қамқорлық жасады. Сен осыны әрқашан да ескеріп, жадыңнан шығармай, жақсы қарым-қатынасқа дақ түсірмеуің керек. Сенің мемлекетің күн сайын өсіп келеді, оны әлем халқы мойындап отыр, бұл сен жақтан мақтауға тұрарлық. Егер құдай сақтасын, бір күні мемлекеттің шаңырағы шайқала қалса, оның көмегімен мемлекетке тағыда қолдай көрсетіледі, оның державасының қалқасында жаманшылық көрмейсің». Күндердің күнінде олардың екеуіде қайтыс болып, ал Тоқтамыспен ауыз жаласқан жантықтардың әрекеттері салдарынан Әлібектің қолынан ештеңге келмейтін болды және оның сөзі өтімсіз болып қалды. Маңғыт талба тобы оған жүрегінен жол тапты да, Оны Темірге қарсы айдап салып, екеуінің арасындағы шынайы достыққа сызат түсіреді, олардың достығы ендігі әрі бітіспес қайшылыққа айналады. Оның Темірмен жауластығы туралы кейінірек баяндалады. ҚРҒА тарих және этнология институтының ізденуші ғалымы М.Н. Ибрагимованың айтуына қарағанда Орыс-хан өлтірткен (Сарайды жаулап алғанға қатысқаны ұшін) Маңғыстаудың үлесті билеушісі Жошы әулеті Туй-Қожа-оғланның баласы Тоқтамыстың Темірге қашып келуі Ақ Ордамен соғысуға себеп болды. Мәуеренахр билеушісі өзінің бұрыннан ойында жүрген Алтын Орданы немесе Жошы ұлысын қалайда болмасын әлсірету ісінің іске асыру мезгілінің туғандығын ескеріп, Тоқтамысты пайдаланып қалуды қолға алған еді. «Темір Алтын Орданы өз мемлекетіне қосып алмақшы емес еді, тек өз мемлекеті үшін өте қәуіпті күш болған хандықты жойып, оның жарты бөлігін өз қол астындағы хандарға тапсырып, Сарай Берке арқылы өтетін керуен жолын да Мәуеренахр арқылы өту үшін күреседі», [20, 13-14 б] - дейді өзбек тарихшысы А.Р. Мұхаммеджанов.1876 жылы Темір Самарқандқа келгенде, Жошы тұқымынан шыққан шыңғыстық Тоқтамыс Орыс ханға қарсы күрес үшін көмек сұрап келгені белгілі. Тоқтамыс ханның Темірге бас сауғалап келуін Темір және оның ұрпақтарына арналған шығармаларда әр түрлі баяндалады. Мысалы: Шами «Тоқтамыс оған қатысты зұлымдық ойластырған бір топ адамдардан қорқып» Темірге қашып келетіндігін айтады. Йазди бойынша, «Тоқтамыс оғлан Орыс ханнан күманданып Темір сарайынан бейбіт қорғаныс іздеп келеді». Фасих Ахмед бойынша, «Тоқтамыс хан Орыс ханнан теріс айналып Әмір Сахыбқыранға келеді» [21, 136 б]. «Темір ережелерінің» орысша, өзбекше аудармаларының өзінде екі түрлі беріледі: «Тоқтамыс Орыс ханнан жеңіліп, менен қамқорлық іздеп келгенде, мен оған әскерімді сенсемба екен, немесе мін бермесем ба екен деп көп ойландым» [22, 108 б]. «Дешті Қыпшақ ханы Тоқтамыс хандыққа таласып, Орыс ханнан жеңіліп, менен пана іздеп келген еді» [23, 55 б]. Дегенмен, барлығы да Тоқтамыстың Орыс ханнан қашып келгендігін көрсетеді. Бұл хабарды естіген Темір оның алдынан күтіп алу үшін Әмір Тұман-Темірге жібереді. Ал Самарқанди бойынша, «Бек-Полат Тоқтамыспен соғысып, Тоқтамыс Темірден пана іздеп, жақып маңда екендігі» белгілі болды. «Темір оның алдынан күтіп алу үшін сый-сыяпатпен Темір ноянды жібереді» [24, 191 б]. Алайда, Самаркандиде бұл уақыт 1378-79 жж. болған деп көрсетілуі қисынсыз. Шыңғыстық ханзаданың өзіне көмек сұрап келіп отырғанына ырза болған Темір өзінің жоспарларын жүзеге асыру барысында оған Ақ орда шекарасындағы Сырдарияның орта ағысының солтүстік жағалауына орналасқан Отырар, Чабран және Сығанақ қалаларын береді [25, 184 б]. Шами мен Фасих «Темір Тоқтамысқа Отырар және Сауран аудандарын береді», дейді. Али Йазди бойынша оған «бүкіл Сабран және Сығанақ аудандары беріледі» Натанзи шығармасында Сауран, Отырар,Сығанақ қалаларын бергендігі баяндалады. Алайда, ол жерлердің барлығын Тоқтамыс жаулап алғаннан кейін ғана, оның иелігіне айналатын еді. Осылайша, Темір Тоқтамысты өзінің сыртқы саясатында шебер пайдалана білді. Әмір Темірдің Тоқтамысқа әр түрлі сыйлықтар бергендігі жайлы Низам ад-дин Шами былай дейді: «Тоқтамыс оғлан келгенде, әмірлер оны Темір қабылдауына келеді. Хазірет оны жеткілікті құрметпен қарсы алады. Оны Самарқандқа бастап барып, құрметіне той жасады. Тоқтамыс пен оның жолдастарына лайық сый сәлемдер үлестірілді, күміс мал мен маталар, шатырлар, әскерлер берді. Отырар мен Сауранға әкім етіп сайлады». Бұл жерден Темір ұрпақтары тарихшыларының қамқоршыларын мадақтауы анық байқалады. Оның жанашырлығын көрсеткісі келеді. Муин ад-дин Натанзи Тоқтамысқа Сырдарияның бүкіл өңірі берілген деп түсіндіріледі: «Темір оның (Тоқтамыстың) атымен Түркістанды басқару жөніндегі грамота жазылсын деген бұйрық берді» [26, 106 б].Тоқтамысты жорыққа шығарып, Темір өз жеріне Түркістанды қосып алуға ұмтылды, бұл оған Ақ Орда мен Алтын ордаға жол ашар еді. Бірақ Тоқтамыстың 1374-1375 жж. алғашқы жорығы сәтсіз болды. Сауран түбіндегі шайқаста Ұрысханның балаларының бірі Құтлығ Бұға талқандалып, өлтірілгенімен, Тоқтамыстың Самарқандқа өзінің қамқоршысына қашуына тура келді. Бұл жайлы деректер былай дейді: «Сахыбқыран Сабран мен Сығанақты Тоқтамыс оғланға берді. Тоқтамыс сонда барып отырды. Құтлық Бұға ол ұрыста оқ тиіп өлді; Тоқтамыс тұралмай қашты, ондағы елді тонады. Тоқтамыс қашып сахыбқыран қасына келді. Хазірет оны алдын келгенінен де жақсырақ іззет тұтып, қайта жарақтап аттандырды»,-[27, 82 б] деп тағыда Темір ұрпақтарына тарихщылары өз қорғаушысының іззеттігін көрсетуге тырысады. Алайда деректің астарынан Темірдің құйтырқа саясатын байқауға болады. Ол Тоқтамыстың өз жоспарын іске асыруда пайдаланғандығын жоғарыда атап айттық.Темірдің Әмір Велиге қарсы жасаған екінші жорығы туралы былай баяндалады. Бұл уақытта Тоқтамыс хан жөнсіз әрекеттерге жол беріп, жартысынан көбі – опасыз зинақорлардан құралған 9 ға жуық қолын Тебризге аттандырады. Олар қыста Тебризге келіп, Тебриз төңірегіне орналасады. Қалада соғысқа басшылық ететін ешбір билеуші болмағандықтан, барлық қала халқы өздерінің әйелдері мен отбасыларын қорғау үшін қаланың маңын қоршап, шайқасқа әзірленеді. Олар ешқандай қимылсыз осындай бір аптаға жуық жатады. Ақырында айламен, алдаумен және әскери қимылдары арқалы жау жеңіске жетіп, қаланы талан-таражға салып қиратуға жол береді. Олар мешіт пен медресені қиратып, кәрі-құртаң адамдар мен жас балаларды бұғаулап алып кетеді. Он күннің ішінде қалада жылдар бойы жиналған құнды дүниелер мен қазыналардын ізі де қалмайды. Олар қыс шыға құлдар мен тонап алған мүліктер мен қазыналарын жинап алып, кейін қайтады. Тебриз Темірдің қарамағына жататын, қорғансыз жандар оған арқа сүйеп медеу тұтатын, ешбір себепсіз мұсылман қауымына қасірет әкеліп өшпенділік тудырған бұл оқиға Темірдің құлағына жетіп, оған өте ауыр әсер етті. Темір олардың зұлымдығы үшін сазайын қалай тартқызғаны және өздерінің басып жаншушылық әрекеті әділетсіз болып, олардың өз мемлекеті әлсіреп, ес жия алмай қалғаны жайлы кейінірек баяндалатын болады [28, 56 б].Егер Темірдің заңдыда адал көмегі арқасында қорғансыз қайта түленіп, адалдық пен заңға бағынушылық орнамағанда Тебризде қираған мұсылман күмбездерінің ізі де қалмаған болар еді.Осы кезде Тоқтамыс ашық айқасқа шығып, Дербент жағынан Самур өзеніне дейін әскер жібергені жайында хабар келеді. Темір Шейх Әли бахадур, Ику Темір және Осман-и-Аббасқа біршама аз әскермен Кура өзенінен өтіп, жауға қарсы аттануға бұйрық береді. Ол: «Тоқтамыс ханмен біздің арамызда келісім шартымыз бар, біз бұл келісім шартты бұзбаймыз, егер сіздер бұл оның әскері екеніне көз жеткізсеңіздер, онда ұрыстан бас тартып кері қайтыңдар», - дейді. Олардың соңынан ұлы мырза Мираншахты жібереді. Олар қара құрым қолды көріп: Бұл кімнің әскері деп сұрайды. Олар: Тоқтамыс ханның қолы, ол бізді әмір әскері туралы мәлімет әкелуге жібердің деп жауап береді. Әмірлер Темірдің бұйрығын орындап, ұрысты бастамай кері бұрылады. Жау жағы олардың шегінуін әлсіздік деп танып, шабуылға шығып, жеңімпаз әскерлерге оқты жаңбырша боратады. Әмірлер мен бахадурлер жағдайды түсініп, кері бұрылып, шайқасқа кірісіп кетеді. 40–қа жуық адам қаза табады. Осы кезде Мираншах мырза жетіп келеді, бір шабуылмен–ақ жауды шегіндіріп, олардың көпшілігін тұтқындап ұлы мәртебеліге жібереді. Темір оларға тиіспейді. Оларға кешірімділікпен қарап, әдеттегідей Тоқтамыстың жай күйін сұрайды, оларға мейірімділікпен қарап: «Біз екеуміз әке мен баладай едік. Бірнеше ақымақтарға бола не үшін соншама адам өлуі керек. Біз бұдан былайда келісім мен шартты сақтап, бүлікшіліктің отын қайта тұтатпауымыз керек. Егер кімде кім осыған қарсы келсе немесе бізді осыған қарай итермелесе, онда басқаларға үлгі болу үшін екі жақ бірлесе отырып ондайларды жазалап, сыбағасын тартқызып, басын алуымыз керек дейді. Содан соң ол тұтқындардың бәріне ақша, киім–кешек және шапап беріп, сақшы қосып беріп, оларды әскерлерден оқшаулап, өз еліне қайтаруды бұйырады. Мубашшираның інісі Шурида алған жарасынан қайтыс болады.Ингатур әскерінің келуі және онымен Омар шейх бахадур мырза және әмірлердің Джулетке болған шайқасы. Осы жылдың күзінде Тоқтамыс ханның әскері бұл аймаққа келіп, мұндағы ұлыстар мен иеліктерге шабуыл жасайды. Омар–Шейх бахадур мырза әскер жасақтап, Ходжент өзенімен өтеді. Сулеймен шах бахадур, Аббас бахадур және басқада әмірлер бірлесіп, әскерлерімен Джулек деген жерде жауды қуып жетеді. Екі жақ сап түзеп, оң және сол қанатқа бөлініп, бір–бірін тарпа бас салады, қатты арпалысқан шайқа–стан қан судай ағады. Омар Шейх бахадур жауының ізіне түсіп өз әскерінен бөлініп қалады, сарбаздар оны іздегенімен таппайды. Абыржып, сасқалақтағаннан олар амалсыздан тарасады, ал ханзада сәтін тауып құтылып, аман–есен Андугандағы әскерлерге келіп, бытырап кеткен әскерлерін қайтадан жинап алады. Осы сәтте Моғолстандағы Ингатур келісім бойынша алған уәдесінен тайып елімізге келіп ойран салып жатқандығы туралы хабар жетеді [29, 78 б].Бір кездері Тоқтамыстың хан ұлы мәртебелінің жасаған жақсылықтары алдындағы борышын ұмытып, жаугершілік ниетпен үлкен қол бастап мемлекетке басып кірді. Темір әскер жинап Сақаржоға тоқтайды. Сол жылы қар қалың жауып, қатты суық болды және жаңбыр тоқтаусыз себелеп тұрды. Тоқтамыс хан Ходжент өзенінен өтіп, оның алдыңғы шебі Зернукке келіп жетеді. Темір соғысуға ниет еткенімен, нояндар мен әмірлер оның алдына тізе бүгіп, жан жақтан әскер жинағанша күте тұрайық деп өтінді. Әлем жаулап алушысына бұл дұрыс шешім деп қабылданбады, ол ашуланып, оларға: «Ақылды адам бүгінгі істі ертеңге қалдырмайды, ертеңгі күннің өз ісі бар», – дейді. Осы кезде қалың қар түсіп жаңбыр жауады. Темір қарды күреп жол салуға рұхсат береді және көп әскерімен түнделетіп жүріп жауына таяу келеді. Омар–Шейх бахадур өз әскерін ретке келтіріп, Ходжент өзенінің жағасына келіп жасыл кілемін құшырлана сүйеді. Темір көп әскермен Кунч–оғлан, Темір Құтлық оғлан және Шейх Али бахадурды алға қарай жібереді. Келесі күні түс әлетінде жауға лап қояды, бірақ қарсыласы шайқасуға шамасы жоқ еді, олар қаша жөнеледі, олардың көпшілігі өліп, ал құтылып шыққандары жолда шөлдеп қырылады. Алдын ала жіберген тәтті алдыңғы шептегі әскерлер жаудың арт жағынан келіп, екі бүйірінен қоршап, оқ боратып қылыш айқастырып жауды қиратып салады. Осы кезде Айды–Бердибахшияны қолға түсіріп, оны ұлы мәртебеліге алып келеді. Ол оның хәлін байқап, оған құрмет көрсетіп, шапан жабады. Темір ол жерден аттанып, Ақарға келеді және мұнда біраз уақыт көңіл көтеріп, той жасайды. Осы уақытта ол ел жұртынан әскер жинап Омар–Шейх Мырза, Хаджи–Сейф–ад–дин және Ика–Темірге әскерді өткізу үшін Ходжент өзеніне көпір тұрғыссын деген бұйрық береді. Олар бұйрықты орындап, әскерді өткізіп алып, ұлы мәртебеліге хабарлайды. Темір еш жерге аялдамастан жүріп отырып, өзеннің жағасына дейін жетеді де бірден алдыңғы шепті тағайындады. Темір–Құтлық оғлан, Сумджек бахадур және Осман бахадурды сақшылар отряды етіп белгілейді. Олар алыстан жау әскерінің қарасын көріп жасырынып жаудың жолын тосады. Жаудың қарауыл отряды топтаса салысымен, жеңімпаз әскерлер бірден атқа қонып, оларға түңгі шабуылды бастайды, олардың жартысынан көбін қырып салады, ал қалған–дары Арыс өзені арқылы қашып құтылады. Олар өздерінің тобына келгеніне әскерлер жау келіп қалды деп сасқалақтап қалады. Осы үрейден олардың барлық әскерлері мен елі бет бетімен бытырай қашады. Сол кезде Темір Хаджи–Сейф–ад–динді албалы керуенге оғруг қалдырып, ал Ходжа –Шейх, Дублак, Қарахан, Аманшах және Девлетшахты қырыққа тарта сайлауыт адамдарымен барлауға жібереді. Олар бұйрықты орындап, Сарық өзенге қарай аттанады, жауды сонда қуып жетіп, қарауыл әскерлерімен шайқасады, олардың көбін өлтіріп, ат басын кері бұрады. Осы уақытта шөл даладан шамамен жүзге жуық отбасымен Қыбда тарханды кездестіреді. Үлкен ұрыс жүріп, оларыдң басшысы болып жүрген Қыбда тарханды қолға түсіріп қолына кісен салып, Шамкул деген адамға оны ұлы мәртебелеіге алып бар деп тапсырады. Оның адамдарымен табындарын Ақ –Сум жеріне әкеледі. Темір осы аймақтан Ұрум –Чағыл арқылы шығып, Биланға келеді, оған Сарық өзен мен Курчон арқылы Ал –кушуеға келіп тоқтайды. Осы кезде Мулюк пен Хаджибек бас көтеріп Хорасанда бас қосып жатыр деген хабар жетеді. Темір ойланып –толғанып Мираншах бахадур мырзаны әскерімен Хорасанға аттандырып өзі өзбек жеріне қарай беттейді. Нояндар мен әмірлер жиналып, біз алдымен Ингатурга барып, оның қастандығын жойып, содан кейін барып өзбектер жаққа аттанғанымыз дұрыс болар еді деп ұсыныс айтады. Темір олардың сөзімен келісіп, Бури –баши арқылы Ингатурга қарсы жорыққа аттанады [30, 34-40 б]. Темірдің Дешті Қыпшаққа Шамидің еңбегінде былай баяндалады: 793 (1390-1391) жылы Темір әскер жинап, Дешті Қыпшаққа жорық жасау үшін Самарқаннан шығады. Ходжент өзенін өтіп, ол Ташкент жерінде қыстап шығады, әскерлердің жабдықтарына назар аударып, оларды ретке келтіріп, әмірлерге илтипат көрсетіп, сый тарту жасайды, барлық жауынгерлерге жүйрік ат, алтынмен өрнектелген киімдер, дирхем мен динарлар сыйға береді. Әйелдері мен ханшалар рұхсат алып, кері қайтады. Әмірлер арасында жол бастаушыларды бәліп, Темір сафар айының 15 де жолға шығарады, өзімен бірге Шолпан Мелик ханша аканы ала жүреді. Қара Саман жерінде барлық әмірлер мен әскерлер жиналады. Осы уақытта Тоқтамыс ханнан елші келіп, оған құрмет көрсетіледі. Бұл жерде бірнеше күн аялдап, Темір жедел жүріп келеді. Себебі мұнда қатты суық болып, қалың қар мен жаңбыр жауадыда, одан әрі қала беру мүмкін болмайды. Бірнеше күннен кейін ұлы мәртебеліге Тоқтамыс ханның елшісі келіп, ол жерге маңдайын тигізіп, салтын орындағаннан кейін ізеттілік жылқы мен сұңқарды сыйға тартып және нояндар арқылы ханның мына сөзін жеткізеді [31, 63 б]. «Темір маған әке орнына әке болды, менің өтінішім, ол тағдырдың тәлкегімен және жаман адамдардың арандатуымен батылым барып жасаған жаза басқан қадамдарыммен күнамды кешіруіңді сұраймын». Сонда Темір оған деген өзінің мейірімін білдіріп: «Ол алған жауларынан қашып, жаралы күйінде мағае келгенде, менің оған жасаған қамқорлығым мен жақсылығымның қандай болғанын дүйім жұрт біледі. Соның ішінде мен оған ара түсіп Орыс ханмен соғыстым, оған көп ақша және қаражат беріп, онымен бірге әскер жібердім. Ақыр аяғында ол менің жасаған барлық жақсылығымды ұмытып, мен жоқта біздің мемлекеттің шетін ойрандады. Мен бұған көңіл бөлмедім, оның кешірім сұрауын күттім, осының бәрін бұзақылардың арандатуы деп есептедім. Ол тіптен ұяттан безіп, қайтадан өзі бастап жорыққа шықты. Біз қарсы аттанғанда біздің қаптаған қалың әскерімізден с»ескеніп қашып кетті. Енді, міне, біз исламның хандық жарлығымен әскер жинап шықтық. Біз оның сөзіне де, ісіне де сенбейміз; егер ол мұны шынымен айтып отырса, онда біздің қарсы алдымыздан Әли бекті жіберсін, біз әмірлермен жиын құрып, не істеу керек екенін шешетін боламыз» [32, 263 б].Содан кейін ол той жасап, елшіні бұрынғысынан да әсіре құрметтейді, оған белдік пен шапан береді. 2 немесе 3 күннен кейін ол әмірлерді жинап, құрылтай өткізедіде елшінің өзін алып алға қарай жылжиды. ОсылайшаКарачукты басып тағыда он бес күн жүрді. Су болмағандықтан, көп ат өледі. Джуманидің бір күні олар сарық өзен жеріне келіп, суға қарық болып қалады. Мұнда бірнеше күн болғаннан кейін, олар өткел іздейді және өзен арқылы өтеді. Сол айдың 21 де әскерлер Кичик дағқа жетеді, осы жерден шығып, екі түн жүріп, жұмада Ұлығдаққа келеді. Темір таудың басына шығып, айналасына көз жібереді, мидай дала мен даладағы шөлдім көреді. Ол сол күні сонда тоқтап, барлық әскерлерге тас әкеліп биік белгі орнатуға бұйырады. Тас қашаушыларға бұл жорықтан ескерткіш ретінде қалатындай етіп осы күннің белгісін және даңқты есімді жазып қалдыруын бұйырады. Бұл жерден шығып және аң аулай отырып, олар Иланчук жеріне жетедіде, сол жерде ат басын тежейді. Иланчук өзені арқылы өтіп, 8 күннен кейін Анаркаркуюн жеріне келеді. Сенбі күні тағыда аңға шығып, аңдарды қаумалап бір жерге жинайды; олардың көптігі соншалық, әскерлер тек семіздерін алып, ал арықтарын қалдырып кетеді. Аңдардың ішінен үлкендері енекелерден асып түсетін орасан үлкен қарақұйрықтарды кездестіреді. Ол жерден қайтадан жорыққа шыққан Темір әскерлерін Анаркаркуюн жерінің маңына аттандырады және бір екі күн сонда аялдайды, барлық әскерді мақтап, награда мен мадақ көрсетеді. Темір алдыңғы шепті белгілеу туралы ойланады. Осы уақытта Мұхаммед сұлтан бахадур тізе бүгіп, алдыңғы шепте болуға рұхсат сұрайды. Темірге бұл қатты ұнайды, ол мұны ерлік пен батырлық деп санап, оған үлкен сыйлық тарту етіп, оны алдыңғы шепке қойып, оған әйгілі әмірлерді қосып береді. Олар екі күн жүреді, жолда жанып жатқан отты көргенмен, ешкімді кездестірмейді. Олар тағыда бірнеше күн жол жүреді, Тобыл өзенінен өткенде, жанып жатқан отты көреді; алайда қаншама іздегенімен ешкімді таппайды. Бұл туралы «Біз бұл от өзіміздің қарауыл тобымыз дікі ме, жоқ әлде жаудыкі ме, байыбына бара алмай тұрмыз» деп ұлы міртебеліге хабарлайды. Темір жол көрсетуші алып, Тобыл өзенінен, өтіп барлық отты мұқият тексеріп, айналасынан аттың ізін шалыңдар деп бұйырады. «Осы кезде қарауыл тобынана шапқыншы келіп, біз от ошағының 500 орнын көрдік. Бірақ қанша іздесек те ешкімді таппадық және ешбір белгіні, жылқы мен адам ізін көрмедік», деп хабарлайды. Темір көзінен жалын шашып, Тобыл өзенін қалайда өту керек деп шешеді. Ол жердің адамдары және әскерлер өткел арқылы өтіп, өздерінен кейін өткелді бұзып кетеді, олардың аттары арық болғандықтан, өту кезінде көбі өліп қалады. Темір әскерлер отын мен салынды жинасын деген бұйрық шығарады. Олар отын мен бұтақты жинап өзенге лақтырып, өткел жасайды да, сол арқылы судан өтеді. Темірдің өзі алдыңғы шепте жүреді, дала мен шөл дала шұбырған әскерге толып кетеді. Алайда қанша іздеседе жау туралы қандай да бір хабар айтатын бір адамды кездестірмейді. Ақыр соңында Темір Шейх Дауытты шақырып, оны бірнеше ер жүрек жігіттермен барлауға жібереді. Ол көптеген қиындықты бастан кешкен, көп қатерден өткен, білімі мен ақылы арасында қандайда болмасын қауіптен шығып кете алатын батыр адам еді. Олар екі күн, екі түн жортып ақыры бір күркені көреді де бір төбешікке бой тасалайды. Таң бозарып атып келе жатқанда күркеден бір адам шығып, атқа мінедіде, бір жұмыспен аттанады, ол бұларға жақындап қалады. Шейх Давуд оны ұстап алып ұлы мәртебеліге әкеледі, ұлы мәртебелі Шейх Давудқа көп сыйлық тарту етіп, құрметтейді. Содан кейін тұтқыннан Тоқтамыс хал жайын сұрайды. Ол: «Бір ай болды бізде ол жайында хабар жоқ; елден шығып, біз осында тоқтадық. Бірнеше күн өткен соң мықты қаруланған он адам барлауға келген; жақын жерде орман бар, олар сонда», деп хабарлайды. Темір Эйд ходжаны 30 нөкерімен әлгі күркедегі адамдарды осында көшіріп алып келуді, ал Хумари ясауылға 20 адаммен жаңағы он адамды ұстап әкелуді бұйырады. Хамари оларға келгенде, олар ұрыс бастайды, бірнешеуі өліп, қалған бірнешеуін тұтқындап алып келеді. Темір олардан мәлімет алып, сәрсенбіде 24 айда Жайық өзеніне жетеді. Жол бастаушы: «Бұл өзенде үш өткел бар: оның біреуі Айғыр ялы, екіншісі Буркичид, үшіншісі Чампа кичид деп аталады»,-дейді. Темір: «Бұл үш өткелденде өтуге болмайды және оларға сенуге болмайды, себебі жаулар бір бұрышта жасырынып жатуы мүмкін. Ең дұрыс шешім, бір аллаға сиынып біз өзенді өрлеп судан жүзіп өтеміз»,- дейді. Әмірлер бұған көніп, өзенді өрлеп барып, Жайық өзенін кешіп өтеді. Олар тағыда алты күн жол жүріп, Самар өзеніне жетеді. Қарауыл отряды алға кетеді, олар жаудың бір-бірімен қауқылдасқан даусын естиді де, ұлы мәртебеліге хабар береді. Осы кезде Мұхаммед Сұлтан жаудың бір адамын қалға түсіріп, оны ұлы мәртебеліге жібереді. Одан жаудың жағдайын, тұрған жерін сұрайды. Өзен арқылы өткел тапқан Темір ол түнді сонда өткізеді, ал таңертең бірінші раджаба Жайық өзенін өтіп, жауға аттанады. Темір әскерлер түгел өтіп болғанша күтіп тұрады. Бұл кезде жаудың үш адамын тұтқындап алып келеді. Өздерінің тұтқынға түскендерін білгеннен кейін, олардың шындыққа айтудан басқа амалдары қалмайды. Олар: «Бұл таптан екі адам Едігіден қашып, осында келіп, Темірдің келе жатқаны туралы және оның әскері сансыз көп екендігін хабарлаған екен. Бұл хабарды естігін Тоқтамыс ханның қаны басына шабады, ол оң және сол қанаттағы әскерлерін жинап, қазір. Қырық-көлде отыр, жан-жақты елші жіберіп, әскер жинап жатыр»,- дейді [33, 180 б]. Темір әскерлерін сапқа тұрғызып, олардың сауыты мен қару-жарақтарын тексереді және оларға өте көп сый-сияпат таратады. Ол ор қазылып, тосқауылдар қойылып қалқандар әзірлеуді бұйырады, жерді жіппен бөледі. Сол күні қарауыл отрядынан жаудың үш қосы көрінгенін, олардың ізіне түскенде тағы да өзге күштердің бой көрсете бастағаны туралы хабар келеді. Темір атқа отырып алға бастайды, ал әскерлерге оң және сол қанат түзеп, өзінің соңынан еруін бұйырады. Осы кезде қарауыл отряды жаудың және бір адамын қолға түсіріп, Темірге әкеледі. Одан жаудың жағдайын сұрап білген соң, оны өлтіріп тастайды. Сунжек бахадур мен Аркуншах бахадурды жаудың әскері туралы хабар әкелуге жібереді. Олар ұзақ жүрсе де, еш нәрсе біле алмайды. Темір бұл іске енді Мубашшираны жұмсап, оған тіл әкелмей қайтып келме деп бұйырады. Мубашшира бірнеше ержүрек адамдарын алып аттанып біршама жүргеннен кейін орманға келеді; іздеп жүріп олар шаң мен будақтанған түтінді көреді және дауыс естиді. Назар салып қарағанда, олар жаудың қалын қолын байқайды. Алға ұмтылып, олар жаудың 40 адамын қолға түсіріп ұлы мәртебеліге әкеледі. Темір Мубашшираға тиісті құрметін көрсетіп, ал тұтқындардан сұрақ алады. Олар: «Тоқтамыс хан әскерлеріне Қырық-көлде жиналуды бұйырған. Біз өз тобымыз бен осы межелеген жерге келдік, бірақ Тоқтамыс ханды таппадық және оған не болғанын білмейміз. Біз оны айналып іздеп жүргенде, қоршауды қалып, тұтқынға түстік»,-дейді. Олар осыны айтып жатқанда, Мамақтың жаралы, қолға түскен ұлын Ұлы мәртебеліге алып келеді. Иәліп тізе бүккен ол: «Мен сарайдан шығып ханға баруға келе жатырмын, бірақ белгілеген жерден оны таппадым. Бұдан басқа ешнәрсе білмеймін»,-дейді. Темір Әмір Хамиддің ұлын шақырып алып, оған таңдаулы адамдарды қосып береді. Мули мен Саин Темірді бірнеше батыр адамдарымен бірге қарауыл отряды етіп белгілеп, оларға: «Қарауыл отряды боласыңдар. Жаудың қалың әскері көрінгенде, сендер, егер олар көп болса, алыстан қараларынды көрсетіп, оларды алдап, бізге жасаушы жіберіңдер», - дейді. Олар бұйрық бойынша саз, балшық және өзен кешіп жүріп, жаудың 15 адамын көреді. Саин Темір оларға жақын барып әңгімелеседі, қайтып келіп Мулиді Темірге хабар айтуға жібереді. Темір Ику-Темірді бірнеше адам қосып беріп, жаудың нақты хабарын біліп келуге жібереді. Ол да көптеген өзен мен батпақтан өтіп барып, жаудың қаптаған қолын көредіде оларға таяп береді. Олар таудың басына шығып, жан-жағын бақылап тұр еді. Ол бірнеше әйгілі жауынгерлер мен іскер адамдарды оларға жібереді. Жаулар бұларды көріп қалып, төмен түседі, ал олар жаудың орнын иеленіп, таудың басына шығады. Олар сауыт киіп, сап құрап жылғаға бойын асырып жатқан жаудың 30 қосын көреді де, бұл хабарды Темірге жеткізеді. Ику-Темір: «Біздің іс қиындап тұр. Ақырын кейін қайтып, өзен арқылы өту керек»,-дейді. Сондықтан ол өз адамдарын қайтарып, ал өзі 7-8 адаммен сол жерде қалады. Оларды көріп, жаулар шабуылға шығады. Ику-Темір ерлік көрсетіп, олармен атысып, бірнеше қостың жолын кеседі. Ол асқан ер-жүректік көрсетіп, жаудың жолын бөгеп тұруының арқасында, оның адамдары өзеннен өтіп үлгереді. Бұл кезде тағдырдың жазуымен Ику Темірге және оның атына оқ тиіп , ол атымен бірге құлайды. Нөкері оны атына мінгізеді, бірақ ол атқа да оқ тиіп, өледі. Жаулар оны қоршап алса да, ол батырлық көрсетіп, жауға берілмейді, ақтық демі түгесілгенше айқасады. Жаулар оны танымайды, әйтпесе өлтіруге асықпас еді. Осы кезде Темір мен Әмір Сейф ад динкеледі, олар бұл жағдайға қайғырып, абыржып зығырданы қайнайды. Олар өщеннен қтіп үлгерген әскерлер жауға оқ жаудырып, қылышын үйіре лап қояды. Бұл күні Желал бахадур атының мойнына дабыл байлап, жаумен қатты шайқасып, жауды қашуға мәжбүр етеді. Темір оны әсірелеп, әдеуір аймақты сыйға тартады. Тұтқынға түскен жаудың 3 адамын алып келеді. Бұл соғыста Мұхамеддің дәм тұзы бітеді. Темір сол күнгі соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен әр бір адамды мадақтап, сыйлық береді және оларға тархандық құқық беруге жарлық шығарады. Темір олар үшін мәртебеліге кіруге кедергі жасалмасын, қия басқан тоғыз қадамына дейін олар және балаларынан қылмыстық іс талап етілмесін, олардың аттары уртен міндетінен азат етілсін, олар барлық салық түрлерінен босатылсын деп бұйрық шығарады. Шахмеликтің лауазымын көтеріп, оған таңба мөр сыйлайды. Оның туыс-тумаларын да құрметтеп, Темір оны ерекше құрметке бөлеп, уәзірлік шен шекпен кигізеді. Ол жерден шығып далаға жеткесін, қолын түгендеп, Темір әскерден шапқыншы жіберуді ойлайды, сол кезде сақшылар отрядынан жаушы келіп, екі жақтың сақшылар тобы ұшырасып қалғанын хабарлайды. Сол күні олар оң және сол қанат құрып жауға қарай беттейді. Әр күн сайын сақшы отрядтары көрініп қалып, қайтып кетіп отырды. 5 күн бойы олар осылай жүрді, ал бұл күндері қар аралас жаңбыр жауып, суық түсті. 6 шы күні күн райы айықты. Темір әскерлерін тәртіпке келтіріп, 7 корпус белгілейді. Ұлы мәртебелі ханның 1 корпусын Сулейменшах Мырзаның басқаруына береді. Өзінің екінші корпусын Мұхаммед Сұлтан бахадур Мырзаның басқаруына берді. Өзінің бірнеше кошунын ол Мұхаммед-Сұлтан мырзаның кошунына қосып берді. Оң қанатқа ол Мираншах мырзаны тағайындап, оны басқару үшін Мұхаммед Хорасаниды қосып берді. Оң қанаттың алдыңғы шебін Әмір Қажы Сейф ад дин, сол қанатты Омар Шейх бахадур, орталық қолдың маңдай алды тобын Бердібек және Худадатқа тапсырды. Оң және сол қанат әмірлердің әрқайсысында түмендер, мыңдықтар мен жүздіктерге ол өз орындарын белгілеп берді. Кенет жаудың қарауыл отряды көрінді, ал олардың соңынан тұтас әскер келе жатты. Әскердің көптігінен көз сүрінетіндей еді, ал аттың тұяғынан көтерілген шаң күннің көзін жауып кетті. Темір ер жүрек, батырлардың алға жүруін бұйырды, ал өзіне шатыр тігіп, оған кілем төсеуге жарлық берді. Қарсыласының сабырлығы мен ержүрек қайсарлығы жауының мысын басып, жүрегін түршіктірді. Темір Алладан рахым, құдіретті күшті құдайдан пәрмен тілеп ұрысқа шығады. Сейф ад дин жауға жалаң қылышпен шауып, өзіне қарсы келгендерге шегінуге мәжбүр етті. Осы кезде Темір әскерінің тылына өтіп, Қара өзеннің жағасына бекіну үшін жау әскері оң қанаттың маңдай отряды орналасқан жермен өте бастайды. Джеханшах бахадур мырза әскерін сапқа тұрғызып, олардың жолын кеседі. Содан кейін Кулунчук бахадур шабуылға шығып жаудың бір кошунын шегіндіреді. Мираншах бахадурде шабуылын бастап, өзіне қарсы келген жау әскерін шегіндіреді. Осман бахадур өзінің жеке кошунын бастап шайқасады. Кенет оның аты сүрініп кетіп, ол құлап түседі, бірақ жалма жан қайта атқа мінеді. Осы кезде Темірдің өзі шабуылға шығып, жаудың әскерін тым тырақай қуады. Мұхаммед Сұлтан әскерін ретке келтіріп, жауға қарсы ұмтылады. Оған қарсы тұрған жау жағы қаша бастайды. Омар Шейх бахадурде сол күні асқан ерлік көрсетеді. Әмірлер және әскербасының әрқайсысы алға ұмтылып қарсыластарын қуа бастайды. Соғыс өрті өрши түсті. Семсердің өткір жүзі мен садақ жебелері жаудың келген сауытына мен кеудесіндегі қалқанын тіліп түсіп жатты. Темірдің жеңімпаз қолы бірі бірін қолдап, жебеп еш шегінбей жау жолында алынбайтын қамал болып тұрды. Тоқтамыс хан әлсіздік танытып, Темірдің әскерлеріне қарсы тұра алмай Темір жағынан шегініп мырза Омар Шейх бахадур жаққа бет бұрады. Ол Омар Шейхты тапты, оның кошуны әскери сапы бұзылмаған күйінде болып шықты, ол одан әрі тебіндеп, сулдуз мыңдығы кошунына бұрылды. Солдуздықтар оқты жаңбырша жаудырғанымен төтеп бере алмайды, жау әскері көптеген солдуздықтарды өлтіріп, олардың арасынан бұзып өтіп кетеді. Темір даланы керней мен литаврдың даусымен жаңғыртуға бұйрық береді; әскерлер айқайлап шабуылға шығады, жау жақ оған төтеп бере алмай, қашуға мәжбүр болады. Осы кезде Чеке тавачи келіп, жау біздің әскердің тылына өтіп кеткенін хабарлайды. Омар Шейх бахадурдан келген жаушыда Тоқтамыс хан өзінің әскерін сапқа тұрғызып, ту сыртынан өзінің әскерінің орталық тобы мен қанатының қатарын бұзбай келе жатқанын хабарлайды. Темір әскерін сапқа тұрғызып, құдайға сыйынып, артқа бұрылады. Жау әскері оның алған бағыты және күш қуаты мен оның армиясының сансыз көптігін көргенде, жүректері шайлығып, соғысуға батылдары бармай, кейін шегініп, шөл далаға шығып кетеді. Жеңіске жететініне көзі жеткен Темірдің бақ жұлдызы жанып, көңілі шат, өз қосынына келіп «Жауын қолына келгенінше жазалап, тонау» үшін іріктеліп алынған әскери тобын олардың соңына түсіреді. Әскер жарлықты орындау үшін аттанып кетеді. Тоқтамыс ханның ежелгі жаулары Кугче оғлан, Темір құтлық және Едігелер бас сауғалап Темірге келген еді. Темір оларды құрпетпен қарсы алып, жылы сөздер айтып, қымбат тастар, алтын, бөрік пен белдікті сыйға тартады. Олар иіліп тағзым етіп: «Егер жарлық болса, біз өз жұртымызға барып, оларды осында қоныс аударуға әзірлеп, ұлы мәртебеліге қайтып ораламыз» дейді. Темір олардың өтінішін қабыл алып, олардың ел жұртына ешкім тимесін деген бұйрық, жарлық шығаруды бұйырады. Ол тек аталғандар отбасы, туыс тумаларымен тез арада оралып, бұдан да үлкен рақымшылыққа бөлінуі тиіс деген шарт қояды. Осы шартпен келісіп, олар қайтып кетеді. Бірақ олар өз ел жұртына берген уәделерін ұмытпай, сөзінде тұрды. Темір Құтлық оғлан хан тағына отырады. Кунче оғлан жолда да, үйінде де Темірдің алғысына бөленіп, Темірдің қасында біраз уақыт болып, ол екеуі бір-бірімен етене жақындасып, нарда мен шахмат ойнап күндерді өткізеді. Ол өз елі мен халқын тархандыққа алады, оларды тәртіпке келтіріп, өзінің бірер адамдарын ертіп келеді, ал кейбіреуін сол жердегі өзінің бұйымдары мен шаруашылығына қалдырып кетеді. Келгеннен кейін бірнеше күннен соң, ол Темір-құтлықтың таққа отырғаны туралы хабар естиді. Бұл хабар оның жүрегін қақ айырады, ол түнде ебін тауып қашып шығады, өзінің еліне келеді. Темір бұның алдында барлық әмірлер мен сарбаздарын жан-жаққа жіберген болатын, ал енді олардың барлығын қайтадан жинайды. Олардың олжалаған малының санының көптігі соншалық – жаяу әскерлердің өзі әр қайсысы 10-20 бас жылқы, ал жалғыз аттылары 100 жылқылы болып оралады, Темірдің өзіде тәмам малға ие болды, ал тіпкен қой және уақ мал саны жеткісіз еді.Темірдің өмірі мен қызметі, жазба және дәлелді дереккөздерімен жабдықталған. Жазба деректер, бір жағынан, ерекшелігі жағынан мінезін баяндап айтатын, Темірдің қызметі туралы шығармалармен, екінші жағынан оның жеке өзін көрген адамдардың өздері жазған естелік түріндегі шығармамен ерекшеленеді. Дереккөздердің арасында, Темірдің атымен байланысты, эпиграфиялық ескерткіштер-мәдениет шығармалары мен құрылыстарындағы жазулардың мәні аз емес. Темір жайлы баяндаушы деректердің көп бөлігі, ресми, апологеттік өзгешелікке ие және әдебиетке тән ерекшеліктер: шығарманы арнаған адамның пайдасына баяндаумен ерекшеленеді [34, 156 б].Темір туралы ресми тарихнаманы мұқият зерттеу, ол өзінің жорықтарында, жорықтарының сипаттамасын жазып отыру үшін, ұйғырлар мен парсы ғалымдарының ішінен «дабиран-и хае» (жеке хатшылар) мен «фадилан-и аср» (дәуірдің оқымысты адамдарын) ұстады. Осылайша, оқымыстылардың бірі, «Насир ал-хакк ва шариат ва дин» салтанатты лауазымымен, Темірді Үндістанға жорықта еріп жүрген Омар, оның тапсырысымен «үнді жорығының күнделігін» жазды. Ол кітап бізге дейін жетіп келген жоқ. Кейде, жорықтарды сипаттап жазу бірнеше адамға тапсырылды. Темірдің патшалығының соңғы күндерінде, дабырлар мен оқымыстылардың қылқаламынан шыққан бірқатар шығармалар бар. Оның арасында, Гияс ад-дин Али құрастырған «үнді жорығының күнделігін» атаса болады. Өкінішке орай, күнделікте Гияс – ад – Диннің, Темірге Үндістанға еріп жүріп күнделікті өзі жазғаны немесе басқа адамның жазбаларын өңдегені туралы көрсеткіштер сақталмаған. Шығармада тек, еңбекті жазудың жайы ғана көрсетілген. Иезде тұратындардың бірі, авторға түсінікті, жай тілмен, қысқаша, Темірдің Үндістанға жорығын баяндап берді.В. В. Бартольд, Гияс – ад – Диннің шығармасы, ол жерде Темірдің немересі Мухаммед Султан туралы және жақын арада Египет пен Сирияны басып алуы туралы айтылғандықтан, 1403 жылдың 12 наурызында жазылғанын анықтады.Гияс ад-дина Алидің күнделігі тәрізді шығармалар, Темірдің саяси өмірбаянын көрсететін, өмірі мен қызметі туралы нақты ақпараттарды береді. Біздің уақытқа дейін жеткен, бірінші кітап-Низам ад-дина Шамидің «Зафар-Намэ» («Жеңіс кітабы»). «Зафар-Намэде» келтірілген Темірдің өмірбаянынан, сауатсыз бола отырып (не парсыша, не түрікше оқи білмейтін) өз кезеңінде, өте білімді және мұсылман әлемінің тарихын жақсы білетін адам болған. Темір өзінің жанына, жорықтарда немесе үйде, қолы бос кезде, өзін қызықтыратын түрлі шығармаларды оқыту үшін, оқымыстыларды ертіп жүрген. Темір, түрікше мен парсы тілдерін, нақтылап айтқанда, тәжік тілін бірдей білетін және жай және түсінікті тілмен жазылған кітаптарды жақсы көрген.Нияз ад-дин Шамидің шығармасы, бізге дейін келгендердің арасындағы біріншісі. «Зафар-Намэ»-нің кіріспесінде Низам ад-дин Шами 804 ж. (1401-1402 Темір өз жорықтарын сипаттауды бұйырған кезде, Темірдің жаулап алулары туралы жазылып қойылған болатын, бірақ ол Темірді қанағаттандырмады.Низам ад-дин Шамидің мағынасы, Темірдің тарихнамасында толық сенімділікпен анықталған. Низам ад-дин Шами Шамаға жақын Тебриз аймағында туып өскен. Темірмен, 795 ж. (1392 -1393) жылдары, Бағдадты жаулап алғаннан кейін кездесті, және сол кезде – ақ, Темірге қызмет жасауға кірісті. Низам ад-дин Шами «Зафар – Намэні», Темірдің көңілінен шығатын, өте жай және түсінікті буынмен жазған. Низам ад-дин Шамидің «Зафар – Намэсі» Гияс ад – Диннің шығармасынан түпкі айырмашылығы, біріншісі Темірдің саяси қызметін толығымен қамтыған. Низам ад – Дин өз кітабының кіріспесінде, 1360 жылы Темірдің тарихи аренаға келуінен алдыңғы Орталық Азияның жағдайын суреттеп берген. Ол осы жылдан бастап нақты әңгіме бастайды. Низам ад-дин Шами өз шығармасын Темірдің қаза болуынан алдын, яғни 1405 жылдарға дейін бітірген. «Зафар – Намэнің» соңғы тарауы, 1404 жылы көктемде Карабах Арандағы (Кеңес дәуіріндегі Әзірбайжан) той – томалақтарға арналған. «Зафар – Намэ», жоғарыда айтылған Темірдің хатшылармен жазылған жеке жорықтардың күнделіктеріндегі материалдардан жазылған. Гияс ад-дин Али шығармасын шығарушы Л.А. Зимин, Низам ад – Диннің Үндістан жорығының көрінісі, Гияс ад – Диннің әңгімесінен қысқартылып алынып жазылғанын дәлелдеді. Низам ад-Дин Шамидің «Зафар – Намэсі», Темір мен оның кезеңін зерттеуге арналған дерек ретінде өте үлкен мәнге ие. Ондағы берілген нақты материалдар, Темірдің өмірі мен қызметіне арналған басқа шығармаларға негіз болды.
2. Шығыс Дешті Қыпшақ тарихы Темірлік парсы, араб деректерінде
1 Шараф ад-Дин Али Йезди және оның «Зафарнамесіндегі» Темірдің Шығыс-Дешті Қыпшаққа жорығы
Йезда қаласында дүниеге келген Шараф ад Дин Али Йезди Шахрух сұлтанның сарайында, сондай-ақ Фарста билік еткен (1415-1435) оның ұлы Ибраһим сұлтанның қол астында сарай ғалымы, әдебиетшісі және эпистолярлы стильдің бірегей білгірі ретінде қызмет атқарды. Шахрух өлгеннен кейін Сұлтан-Мұхаммед оған сарайдан кетіп, туған жеріне оралуға рұхсат береді. Шараф ад Дин 1449 жылы Йезд қаласының маңындағы Тафт атты елді мекеніне қоныс теуіп, сол жерде 1454 жылы дүние салады .Зафар-наме – Темір туралы тарихи мәліметтердің толық жинағы болып саналатын, сол заманда кеңінен таралған шығарма. Зафар-наме Шираз қаласында 1424 жылы аяқталады. Шараф ад Дин Йездидің айтуы бойынша, бұл шығарманы хатшылардың көмегімен Ибраһим сұлтан жазған. Одан кейін туынды сол дәуірдің ең мықты стилистерінің бірі болып саналатын Йездиге тапсырылады, Йезди оны «жоғары стилге» сәйкес астарлап әрі көркемдеп, өңдеп шығарады. Қазіргі зерттеушілердің пікірінше, Зафар-намені жазудағы Ибраһим сұлтанның ролін Шараф ад Диннің өзі асырып айтқан [35, 8 б].Өз әңгімесін жазуда Шараф ад Дин Йезди Низам ад Дин Шамидің «Зафар-намесінің» жоспары мен компазициясын толығымен қабылдап, шығарма барсында қолданып отырған. Сондай ақ ол Темірдің жеке жорықтары туралы жазулар мен күнделіктерді өзінің ізбасары Шамиге қарағанда кеңірек пайдаланған және Темірдің үнемі қасында болған парсы мен ұйғыр жазушылыры қалдырған мұраларды негізге алған. Сонымен қатар ол «Тарих и хани» атты түрік өлең хроникасы туралы да айтады. Шараф ад Диннің айтуы бойынша, жинақталған материалдардан екі ұшлық пен көмескілік байқалған жағдайды, барлық мәліметтер сол заман адамдары мен жорыққа қатысқандар аузынан шыққан деректер көмегімен толықтырылып отырған.Шараф ад Дин Али Йезди өңдеген «Зафар-наме» - Әмір Темір туралы ең толығырақ әрі нақтырақ деректер жинағы болып табылатын Темір мен Темір әулетінің ресми тарихының екінші редакциясы.1419-1428 жылдар аралығында Шараф ад Дин Али Иезди тағы да Ибраһим сұлтанмен бірігіп, «Зафар-наме» шығармасына «Тарих-и-джехангир» атты кіріспе жазды. Ол Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарына арнап жазылған және «Мукаддамэ» - «Алғысөз» деп аталады.Әмір Темір бин Тарағай Баһадурдің өмірі мен қызметінде, екі кезең айқын көрсетілген, бірінші кезең (1360-1386 жылдар) Темір үшін, күштерін бірлестіре отырып, түрік пен тәжік ақсүйектерімен бірге мемлекеттердің бытырауына қарсы, қанішер, дүниеқұмар ұсақ бектер мен сұлтандарға қарсы – ортағасырлық ортадан тепкіш күштерге қарсы, Мауереннахрда тәуелсіз, күшті Монғол феодалдық хандығын құру үшін күресуімен сипатталады. Екінші кезеңде (1386-1402 жылдар), Шарафуддина Али Йезди – юриштің пікірінше, үш жылдық, бес жылдық және жеті жылдық аталатын, Темір жорықтары жүргізілді [36, 40-45 б].Шарафаддин Али Йездидің дерегінде былай көрсетіледі: Уақыты бойынша Темір туралы, ресми сипаттағы екінші шығарма, Шереф ад-дин Али Иездидің, дәл осылай «Зафар-Намэ»-(Жеңіс кітабы) аталатын өте үлкен шығармасы болады. Автордың аты айтып тұрғандай, ол Иезда (Батыс Иран) қаласында туып өскен. Шереф ад-дин алдымен Шахрухтың (1405 – 1447) сарайында, кейіннен оның ұлы, Парсының билеушісі болған Ибрахим – сұлтанның сарайында тұрды. Шереф ад-дина Али Иезди өз өмірінің соңғы күндерін, Иездаға жақын жердегі Тафт елді мекнінде өткізді және сол жерде 1454 жылы қайтыс болды.Шереф ад-дин Али Иездидің Темірдің қаза тапқанынан кейін жазған шығармасы, (1424-1425) 828 жылы аяқталды. Шереф ад-Дин, жұмысты бастауды, Темірдің немересі Ибрахим-сұлтан және оның көмекшілері Шираз қаласындағы хатшыларының көмегімен болған дейді. Шереф ад-дин, бұл жұмыстың бастамасын Шираз қаласында, Темірдің немересі Ибрахим-сұлтан, хатшыларының көмегімен басталуы керек болатын. Шереф ад-дин, бұл шығарманы тек қана өңдеп шықты. По-видимому, Шереф ад-дин Али Иезди, «Зафар-намэні» жазған кезде, өз қолдаушысының ролін асыра мақтап жіберген сияқты. «Зафар – намэ» екінші кезеңінің авторы кім болмасын, мәтін негізі, екі кітапты оңай салыстырғанда, Низам ад – Диннің шығармасынан алынғанын білеміз. Бірақ та, Шереф ад-дина Али Иездидің шығармасында, негізін қалаушыға қарағанда, нақты материалдар көп келтірілген, мұны, оның қосымша дереккөздері бар болғанын білдіреді. Шереф ад-дин Низам ад-дин Шамидің тек еңбектеріне ғана жүгініп қоймай, соңғы жорықтардың күнделігінен көптеген деректерді шығарып алды.Шереф ад-диннің қарамағында, Низам ад-Дин Шами ешқашан пайдаланбаған ұйғыр хатшыларының өлең түрінде жазған, ұйғыр тілінде жазылған «Тарих-и-Хани» хроникасы дереккөзі болды. Өкінішке орай, бұл деректер шығыс тарихнамасында бірнеше рет ескертілген, бірақ бізге жетіп келмеген. Шереф ад-дин Али Иезди, ақпараттарды Темір жорықтарында жоғарыдағы күнделікте аты ешқашан аты аталмаған қатысушылардан алып құрастырған.Шереф ад-диннің еңбегі, Темірдің өмірінің растығын дәлелдейтін дерек бойынша, Низам ад-Диннің еңбегіне қарағанда, көптеген жетіспеушіліктерге ие. Біз ең алдымен, оның еңбегі: «Зафар-намэ» жұмсақ, мәнерлі фразеологияға толы тілде жазылған және көбінесе оның беттерін бірнеше жолмен бірлестірсе болады. Прозалық шығарма, Шереф ад-Диннің өзіне тиесілі өлеңдермен көмкерілген. Автор, барлық жерде Темірмен мақтанады. Оның бұл әрекеті, оның ниетінің түзулігін және оның адамгершілігінің мол екендігін көрсетеді. 1365 жылы Шыршық өзенінің жағасында болған «лайлы шайқаста», Темір әмір Хусейнмен бірге толығымен талқандалған кезде, Шереф ад-Дин, кінәні толығымен, Темірдің серіктесі, аға әмір Хусейнге жауып қояды. Керек десеңіз, 1387 жылы Исфаганда болған көтеріліс немесе сұлтан Махмудтың Үндістанмен шайқасудан алдын 100 мың адамды өлтіргені жайындағы Темірдің қатал әрекеттері де, толығымен ақталып жазылған. Алайда, бұл сұрақтарға, Темірдің басқа тарихнамашысы Низам ад-дин Шами өз пікірін білдірді [37, 98-100 б].Темірдің Тоқтамыс ханға аттануы және құдайдың қуатымен оны жеңіуі туралы әңгіме. Қатал тағдыр Тоқтамыс ханды ақылынан айырып, ол Темірдің жасаған барлық жақсылықтары мен қамқорлығын ұмытып, Темірдің көмегі мен қолдауының арқасында билеп отырған Жошы ұлысы халқынан қалың қол жинады. Өлең жолдарынан: «Орыс, черкес, бұлғар, қыпшақ, алан, Қырым, Кафа және Азақ башқұрттармен қыруар қол жиналды». Осындай ағаш жапырақтарымен жаңбыр тамшылары сияқты сан жетпейтін қолмен, 790-шы қолтырауын жылының қыс бастала ол Темірге қарсы соғысқа аттанады. Оны естіген Темір Самарқан және Кеште жиналған қолмен орталықтан шығып, Сақаржыда өз ордасын тігеді. Темір өзіне қарасты өңірден жеңіске жеткізетін қалың қол жинауды бұйырып көмекшілерін аттандырады. Сол жылы аяздың күштілігі соншалықты, аспан иығына тиын терісін жабылып, жер аң тышқан терісіне оранғандай күйде еді. Сол уақытта Тоқтамыстың қалың қолын бастап келе жатқан Ылығмыш оғланның әскерлері Ходжент өзенінен өтіп, Уджук-Зернук түбінде орналасты деген хабар келеді. Темір бірден сол жаққа бағыт алады. Әмірлер мен нояндар одан өңірлерден жиналатын әскерді күте тұруын сұрайды. Өз дегенінен қайтпаған Темір «бүгінгі істі ертеңге қалдырма» деген нақылды басшылыққа алып, бір жағынан, құдайға құлшылық етіп қалың қолдың жиналуын күтпестен, аттың кеудесіне жететін қалың қарға қарамастан, өзінің жеке жасағымен қарды бұзып, түнделетіп жолға шығады. Андугандық мырза Омар Шейх өз өңірінен жинаған әскерімен бірге Ходжент өзенін бойлап жүріп отырып, Темірдің керуеніне келіп қосылады. Темір Күнче оғлан, Темір Құтлық оғланмен Шейх Али бохадурды әскер жасағымен жаудың жолын кесуге жібереді. Келесі күні, таң атып, күн шығысымен, жеңіс байрағы Анбар төбесінде желбіреді: соғыс ұраны айтылған соң, қызу айқас басталып кетеді. Жүрек жұтқан сарбаздар соғысты жандыра түсіп, теміршілер жағынан жеңіс лебі сезіле бастаған сәттен ақ жау арқасын беріп қаша бастады. Жартысы айқас алаңында мерт болған жаудың тағы бір жартысы найзадан қорқып, Ходжент өзеніне ағып кетеді. Қашып құтылғандардың алдынан жаудың жолын кесуге кеткен мырза Омар Шейхтың жасағы шығады. Жеңіске жетіп, жаудың артынан қуып келе жатқан қалың қолға қосылған олар жауды жан жағынан қоршап алып, садақтың оғын жаудырып, найза мен шоқпар астына алады. Қоршауда қалған әскерлердің жанын Әзрейіл мәңгілікке әкетеді. Қолға түскен Бақшы Айды-бердінің басын шаппақшы болып қатқан кезде, өлімнен қорыққан ол өз атын айтады. Темір одан Тоқтамыс ханның жағдайын анықтап сұрағаннан кейін оған жақсы киім кигізіп, хандық рахымшылдығын білдіріп, сарайға қызметке алады. Темір Ордасын орнынан көшіріп кері қайтады. 791 жылдың қырықтық айында ол Ақарға тұрақтап, сол жерде аз уақыт болды. Көктемнің көк шуағымен жер әсем гүлдерге оранып, бақшалар гүлде» бастаған уақытта, жеңіске жеткен әскер әр жақтан жинала бастайды. Мырза Мираншах патша сарайына Қорасаннан жиналған әскерімен келеді, сондай ақ хан ордасына Балы, Құндыз, Бақлан, Бадахшан, Құтталан, Хисар, және басқа да аймақ пен қалалардан келген әскер де жиналады. Темір Омар Шейх мырзаға, әмір Хаджи Сейф ад Динге және Ику Тимурға Ходжент өзенінде өздерінің кемелері мен салдарынан көпір жасауға ұйғарады. Олар бұйрықты орындап, бірнеше жерге көпір салып, Темірге хабарлайды. Жылан жылына сәйкес келетін 1791 жылы ұлы мәртебелі құдайдың қуатымен жолға шығады. Өзен жағасына жеткен соң ол көкірегі қуанышқа толып , ұлдарымен және бар әскерімен бірге сол көпірлер арқылы арғы жағаға өтіп, Темір Құтлық оғланды, Сүнжек бахадурды Және Осман бахадурды әскердің алдыңғы шебіне шығарады. Бұйрық бойынша олар алдына қарауыл жібереді. Олар жаудың қарауылын көредіде, өз әмірлеріне хабарлайды. Әмірлер алдын ала жасырынып, жаудың әскерін күтіп жатады. Қараңғы түнде ештеңгені сезбеген олар шырт ұйқыға кетеді. Бақытқа бөленген Темірдің жеңімпаз әскері түн ортасында шабуыл жасайды. Жау қолының көп бөлігі сол жерде қырылады, қалғаны қашқан бойы Арыс өзенінен өтіп, Тоқтамыс ханға келеді. Оның әскері Сауран қаласын қоршауды ұстап отырады, ал Чингирче, Ляд және Кушчи қаланы жау қолына бермеу үшін, бар күш жігерімен тойтарыс беріп, тырысып бағады. Сауранға күші жерпеген Тоқтамыс Ясыны тонап, сол маңдағы далаға орналасады. Темірдің жеңіс туын көтерген әскері келіп жетті деген хабарды есіген Тоқтамыстың, оның әскерінің және барлығының қорқыныштан құты қашып зересі ұшады. Өздерінің, қолдарындағы қару жарақтың көптігіне қарамастан, Темір туралы сыбыс естіген сәттен ақ тым тырақай қашып, «қара шегірткедей» жан жаққа тарап кетеді. Жаудың қашқанын естіген Темір Хаджи Сейф ад дин арбалы керуенмен Самарқанға жібереп, өзі шұғыл түрде жаудың артынан қуып кетеді. Қолға тұтқын түсіру үшін ол Ходжа Шейх каучинді, Тублук каучинді, Қарахан бахадурды, Аман шахты және Дәулет шахты таңдаулы қырық адаммен алға жібереді. Сарық өзен атты жерге жеткен кезде олар жау әскерінің артқы шебіндегі күзетші жасағына жолығып, олармен соғысады. Жаудың көбі өліп, біразы қашып құтылады. Жеңіспен оралған бахадурлер шөл далада 100 отбасымен қос құрған Қытба тарханның үстінен түседі. Олармен соғысып, жеңіске жеткен Шанкүл бахадур сол рудың, оның малы мен табындарының иесі Қытба тарханды тұтқынға алып, Ақ сүме жерінде орналасқан жоғары мәртебелі патша ордасына жетеді. Темір бұл жерден жазық дала арқылы Урун Чақыл жолымен Билан деген жерге келеді. Ол жерден Сарық өзен мен Куруджуннан өтіп, Ал Құшынға тұрақтайды. Темір Тоқтамыс ханды артынан өзі қуып жетпек болады, бірақ нояндар мен әмірлер кеңесіп, патша алдына тізе бүге отырып, адалдықпен және тілектестікпен былай деді: «Жоғары мәртебелі патша, алдымен, Хызр қожа оғланға, оның ұлы Тұғлық Темір ханға және Ингатураны қарсы аттанып, оларға екінші рет бізге қарсы шықпайтындай етіп жазалап, содан кейін ғана Тоқтамыс ханға қарсы жорығымызды бастасақ деген ойымызды қабыл алсаңыз екен». Темір олардың пікірін қабыл алады.Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы туралы төмендегідей баяндалады. Сол 792-ші жылдың (20.12.1389-8.12.1390) күзінде Темір Дешті-Қыпшаққа басып алу жоспарын орындау мақсатымен олардың әскері мен оның құрамы туралы мәлімет жинауға кіріседі. Жанына күзет алып және құдайдың қуатымен ол Самарқаннан шығып, Ходжент өзенінінен өтеді. Парсин мен Чинас аралығында Тәшкенде қыстап шығады. Сол кезде ол өзінің рухани және пендешілік ойларын жүзеге асыру үшін атақты Маслахаттың қабірінің басына баруды ұйғарды. Осы мақсатпен ол гүлденіп келе жатқан Ходжент қаласына жетеді. Шын ынта-тілегімен барлық ырымдарды орындапү мүдделілерге 10000 кепек динар таратып, Тәшкенге оралады. Сол жерде оның денсаулығы сыр беріп, науқастанып қалады: ұстамалы ауруы қырық күнге созылып, әмірлері мен уәзірлері абыржып, уайымдайды. Біраз күннен кейін Темірдің денсаулығы орнына келіп, Мираншах мырза Хорасаннан өз әскерлерімен келіп, патша кілемін сүю бақытына ие болады; Темір әскер құрамына көңіл аударып, әмірлер мен нояндарды патшалық рақымшылдыққа бөлеп, барлық сарбаздарға сыйлық үлестіреді. Әскерді тәртіпке келтіргенсоң, Темір әр әмірге бір жол бастаушыдан береді; жеңіс туы тігілген орталықта Темір Құтлық оғлан, Темір Мелік ханның ұлы, Күнче оғлан және Идигу өзбек бастаушы болды. 792 жылы қыркүйек айының 12 жаңасында күн Суқұйғыштың 8 градусына іліккенде әскери керуен күзет күші мен бір құдайға сиынып жорыққа аттанды. Пір Мұқамед и Жәңгір мырза мен Шахрух мырзаны Темір мемлекетті басқару үшін қалдырып, оларға Лал әмір мен Малкут әмірді көмекке береді. Осы ұлы жорыққа ұлы мәртебелінің қосағы болу бақытына ие болған қажы-бек-Жеттің қызы мәртебелі ханым Шолпан-Мелік-ағадан басқа әйелдерінің бәрін Темір кері қайтарады. Жеңіске деген сеніммен және құдайдың қуатымен көтерілген жеңіс туына ілесіп әмір-түмендіктер, мыңдықтар, кошун жорыққа рет ретімен аттанды. Қарасемен жеріне демалуға аялдаған уақытта Тоқтамыс ханның елшілері келеді [38, 156-160 б]. Әмірлер мен нояндар оларды жақсылап жайғастырып, тиісті құрмет пен қошемет көрсетеді. Жауған қар мен жаңбыр бұлардың бұл жерде бірнеше күн аялдауына себеп болады. Тоқтамыс ханның елшілері келді деген сыбыс Темір құлағына жеткен соң, ол оларды алдына алып келуді бұйырды. Жерді сүю ырымын жасаған соң елшілер ханға 1 сұңқар мен 9 жүйрік атты сыйға тартады. Темір сұлтандардан дәстүр бойынша сұңұарды қолына аладыү бірақ хандық абыройын түсірмей, аса көңілін аудармайды. Елшілер құрметпен әрі көнгіштікпен, әр түрлі кешірім сөздер айтумен, тізе бүгіп отырып, аға әмірлер арқылы Темірге Тоқтамыс ханның мына сөздерін жеткізеді: «Ұлы мәртебелі, сіз мен үшін әке орнына әке, жарылқаушым едіңіз, маған жасаған сансыз мейірімділік пен жақсылықтарыңызға айтар алғысымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, олардың маңының бірін, ал көпшілігінің біразын жеткізе алсам да жетер еді. Егер патша ием ханға тән рақымшылдығымен және кішіпейілдігімен менің рақымсыз тағдымен жамандыққа жетелеген адамдардың ықпалында жасаған, тіптен өзімді ұялтатын, әрі өкіндіретін ақылға симайтын қылығым мен орынсыз өшпенділігімді кешірсе, ол-бұрынғы жасаған жақсылықтарына қосылатын еді. Мен өз әлімді біліп, бұдан былай ырқыңызда болып, өзіңізге бас ұрудан бір сәтке де бас тартпаймын, әдеп сақтап, тіл алу шарттарын толығымен орындаймын». Сонда Темір оған былай депті: Істің басында ол жауынан жасқанып, жаралы, әрі науқыс күйінде бізге келгенде, оны өз ұлдарымнан баға көрмей қаншалықты мейірім көрсеткеніме жұрт біледі. Әрі ол үшін мен Орыс ханға әскер жібердім және қанша ат, сарбаз, мүлік пен қару-жарақ зая кетті. Онымен де қоймай мен оның елін Орыс ханның елінен бөліп алып, оған бердім және ол Жошы ұлысының хан тағында билігін шыңдап, күшін нығайтып алғанша қолдау көрсетіп отырдым. Ұлы- мемлекет құдайдың ісі, бірақ оған себебші мен болдым. Мен оны әрдайым ұлым деп қадірледім, ол мені әке деді. Оның билігіндегі мемлекеті күшейіп, ол өзінің күш қайратына сенген соң, жасаған жақсылықтар үшін парызын орындаудың орнына, балалық борышын ұмытып кетті. Біз Иран жеріне қол бастап жорыққа аттанып Парсы мен Иракты басып алумен айналысып жүргенде, ол антын бұзып біздің патшалығымыздың шет жақтарын тонауға әскерін жіберді. Біз оның тіптен де қолдауға тұрмайтын , аңдаусыз да, арсыздықпен жасаған қылығына өзі өкініп, бірақ билік шарабына мас болған ол жамандық пен жақсылықты ажырата алмайтындай болып басы айналды. Ол екінші ретте әскер бастап келіп, алғы шептегі әскери тобын жіберіп, олар біздің жерімізді басып кірді. Біз дереу оған қарсы аттандық, ал оның әскері біздің қалың қолмен бетпе-бет келмей жатып-ақ қашып құтылды. Енді, міне, біздің ниетімізді біліп, өзінің әлсіздігін сезініп, кешірім сұрап отыр. Жасаған келісімдер оның тарапынан бірнеше рет бұзылғаны белгілі болғандықтан, біз оның сөзіне сенуден қалдық, құдайдың қуаты бір алланың пәрменімен құрған және сол үшін әскер жинаған жоспарымызды орындамауға қақымыз жоқ, содан кейін жасаған алла не бұйырады деп оның айтқаны: «Оларға барып айт, біз олрға күші жетпейтін қалың қолмен шығамыз және оларды ол жерден қорлап қуып шығамыз: олар қорқақ» (Бұл құранның XXVII сүресінен алынған сөз). Дегенмен, егер Тоқтамыс шынымен ымыраға келуді қаласа, біз әмірлермен келіскенмен кейін қажеттілікті орындау үшін Әлібекті жіберсін. Той дәстүрін атқарғаннан кейін ол елшілерге алтынмен әшекейленген шапан кигізіп, оларға жататын үй жай тағайындап, құрмет пен қошемет салтын сақтап күтуді бұйырады. 16-шы сәрсенбі күні құрылтай шақырып, ол ханзадалармен және әмірлермен кеңеседі де, Тоқтамыс ханның елшілерін алып, жақсылық нышанымен күннің сәтіне орай , қалың әскерімен жаулап алу жорығына аттанды. Ясы, Қарашық пен Сайраннан өткен соң, жазық пен шөл далады үш аптадай аялдама жасады. Ұзақ уақыт жолда жүргендерінен және сусыздықтан аттар шалдығып қалады. Бірінші жұмалының I бейсінбісінде Сарық-өзенге келіп аттарды суғарып, аллаға ризашылығын білдіреді. Су тасығанынан болып сол жерде бірнеше күн кідіріп, ақыры өткел тауып, дабыл қақтырып, өзенді кешіп өтеді. Сол түні Едіге өзбектің екі нөкері шөл даламен Тоқтамыс ханға қашып кетті. Темір олардың артынан қуғыншы жібереді, бірақ олар қуып жете алмайды. Жеңіс туын көтерген әскер шұңқырларда қалған суды ішіп, шөл даламен жүріп жылжып отырады. Аталған айдың 21 ші сәрсенбі күні олар Кішік тағ тауына келеді. Ол жерден қозғалып екі түн жол жүріп, жұма күні Ұлығ тағ жеріне келіп тоқтайды. Жазық даланы көру үшін Темір таудың шыңына көтеріледі; дала көк майсаға оранған екен. Ол сол күнді осында өткізеді, сарбаздарына тас жинап, сол жерге мұнара тәрізді биік белгі қоюды бұйырады. Шебер тас қашаушылар күндердің естелігін тасқа ойып жазады. Ол жерден қозғалып, жолда аң аулай жүріп, Иланшың өзеніне келіп тоқтайды. Демалған соң, өзеннен өтіп, 8 күн дегенде Атақарағай жеріне келіп жетеді. Жорыққа шыққалы бері 4 айдай уақыт өткендіктен, сарбаздардың ішетін азығы таусылады, ал көз жеткісіз жазықтық қай жағына да 5 айлап, 7 айлап жүрсең де, жолда елді мекен кездеспейтін. Сондықтан сарбаздарының ат, түйелерінің көптігінен толқып тұрған теңізге немесе айқай-шуға толы әлем сияқты үлкен қосында тапшылық пен қымбатшылық байқала бастайды. Бір қойдың бағасы 100 кепек динар тұрса, шари 16 маңына тең едәуір салмақты нанның 1 маңы 100 кепек динарына дейін жетті және оның өзі табылуы мұң болған кезде Темір түменбасы әмірлерге, мыңбасы, жүзбасы мен ондық басшыларына арнап жарлық шығарып, қостағы бірде бір адам нан, шелпек, үзбе кеспе, кеспе, ришта, тұшпара және басқа да сол тәрізді тамақ жасамасын, піскен тамақ орнына тек арпадан жасалған шалап ішсін деген қолхат алады. Әмірлер мұны жасап көреді және шари 8 маңына тең анбар салмақты ұнның 1 маңынан, «мутр» деп аталатын көкөнесті қосып жасағанда, 60 меске шалап шағатыны анықталады. Нәтижесінде әрбір сарбаз 1 меске шалапты қанағат етсін деген үкім шықты, бірақ көпшілігі оны қанағат тұтпай дала кезіп, тапқан құс жұмыртқасымен, жануарлармен және жеуге болатын өсімдіктерден күн кқріп алға жылжи берді. II жұмалының 1-ші күні сенбіде Темір аң аулауды ұйғарып, қалың әскер қаумалап аң аулауға шықты. Мидай жазықты жан-жағынан қоршап алып, саны жетпес аңдар мен құстарды ортаға қаумалап жинап, екі күннен кейін олардан қырма жасады. Патшаның бақ жұлдызының арқасында, сарбаздар сойған бұғы, сайғағы мен бұланы, жабайы құстарының санының көптігі соншалықты – осының алдында ғана болған тапшылықты ұмытып семізін ғана таңдап алып, арығын тастай берген. Айтпақшы, осы жазықта олар бұрын-соңды көрмеген, үлкендігі су сиырындай бөкен кездестіреді. Монғолдар оны қандағай десе, далалықтар бөлен дейді. Олар да көп сойылды және көп уақыт сарбаздардың тамағы ауланған аң етінен жасалды [39, 204 б].Темір әскер жасақтап Тоқтамыс ханға қарсы екінші рет жасаған жорығы туралы төмендегідей баяндалады. 1374 жылдан кейін, Темір Хорезмге тағы да үш сапар жасады. Соңғысы, Темірдің Тоқтамыспен шайқасы және Алтын Орда ұлы мемлекеттік саясатымен байланысты болды.Темір, мықты Алтын Орда, Ақ Орда сияқты, ұлы Мавераннахр мемлекеті үшін өте үлкен қауіп екенін жақсы түсінді. Сондықтан, өз билігінің бірінші жылдарынан-ақ, Улус Джучиде не болып жатқанын жіті бақылап отырды. Соңғысының құрамына, Атын Орда мен Ақ Орда, екі бөлімде кірді. Мұндай бөлу, әскерлерді ұйымдастырумен байланысты. Алтын Орда-өз халқының әскерлерінің оң қолы, ал Ақ Орда – сол қолы болды. Біртіндеп, Ақ Орда жеке хандармен толықты. Бердібектің өлімінен кейін (1359), Алтын Ордада феодалды бүліктер басталды. Бірқатар қалалар мен аймақтарда, кейбір әмірлер (түмен мен мың басылары), хандарға қарсы шығып, өздерімен өздері жанжалдасып, Орданың жағдайын одан әрі құлдыратты.Алтын Орданың өміріндегі ең қиын кезең, 1360 жылдан, 1380 дейінгі жылдар болды. Жиырма жылдың ішінде, билікті Алтын Орданың оң жағалауын өзіне иемденіп, уақытша басқарған әмір Мамайды қоспағанда, 25 хан өзгерді. Арайда бір жылдан кем отырған, Сол жағалаулық хандардың басым көпшілігі, Улус – Джучи әскелерінің сол қолынан, Сырдария аймақтарынан шыққан Ақ Ордалықтар болды.Хызра, Темир-Ходжу, Мурид (орыс жазбаларында Амурат) және Кельдибек хандарды еске түсірейік. Ақ Орданың Алтын Ордалықтардың ісіне араласуы, экономикалық және саяси құдіреттілігімен қатар жүрді. Әсіресе, бұл арада, шешуші қадамды, 1377 жылға дейін Ақ Орданы басқарған, Орыс-хан қабылдады. Орыс хан, тек саран хан болып қана қоймай, Орыс-Джучидің екі бөлігін өз билігіне қосқысы келді. Темір екі Ордада болып жатқан жағдайлардан хабардар болды, қауіпті көршісіне кедергі жасаудың ретін іздеді. Мұндай жағдайдың сәті түсті. Ақ ордалық өзбек әмірлерінің бірі, Маңғышлақтың биі Туй хожа-оғлан, құрылтайда Алтын Орда жағдайын талқылауда, Орыс-ханға қарсы шықты және сол үшін ол өлім жазасына кесілді. Туй хожа-огланның баласы, Ақ ордадан қашып шығып, өз қызметін ұсынып, Темірге келді. Бұл 1376 жылы болған жағдай болатын.Міне сондықтан, Темір Тоқтамысқа көп көңіл бөліп, оған сыйлықтар беріп отырды. Одан басқа, оған өзінің әскери қолдауын ұсынды. Кейінге қалдырмай, Темір әскерлерін жабдықтап, Тоқтамысты Орыс-ханнан Ақ Орда тағын тартып алу үшін жіберді. Темірге, Ақ Ордада өз қолшоқпарының болғандығы пайдалы болды. Темір, 1376 жылы Тоқтамысты Ақ Ордаға екі рет жіберді және екі ретінде де Тоқтамыс жеңіліске ұшырады. Сонда Темір, қыста Орыс ханға қарсы өзі шықты. Жорықты қатты суық болуына байланысты тоқтатуға тура келді. Көктемде Темір Сырдарияға қайтып келді, бірақ Орыс хан дүниеден өткеніне байланысты, шайқас болған жоқ. Бұл 1377 жылы болды. Тек, 1379 жылы ғана Тоқтамыс, Ақ Ордалық таққа ие болды.Темір бұл жағдайға риза болды, Тоқтамысты өзінің Орыс Джучидегі өзінің саясатының тәуелді, адал жетекшісі етіп қойғысы келді. Бірақ, ол Орыс ханның жолымен жүріп, бірлестіру үшін Алтын Орданы құру үшін күрес жүргізді. 1380 жылы, Дмитрий Донской Куликов майданында Мамай ханды жеңгенін пайдаланған Тоқтамыс, сол жылы Мамайға беттеп, оған қарсы жойқын соққы жасады.Бұл деректен көріп отырғанымыздай яғни Әмір Темір Тоқтамысты Алтын Орда және Ақ Орданың ішкі істеріне араласу және Орыс ханды жеңіу мақсатында Тоқтамысқа үлкен көмек көрсетеді. Бірақ Тоқтамыс пен Темір арасындағы қарым-қатынас көпке дейін бармайды өйткені Ақ Орданың билігіне Тоқтамыс қол жеткізгеннен кейін ол Әмір Темірге қарсы саясат алып бара бастайды. Бұл жеңіс Тоқтамысқа Алтын Ордада, қайтадан Орыс Джучидің екі бөлігін біріктіруге және үкімет билігін тартып алуға мүмкіндік берді. Жыл сайын оның Темірмен келіспеушіліктері барған сайын үдеп кетті. Тоқтамыс, Темірді не үшін дайындаған болса, дәл соны өзіне істеді. Алтын Орданы, Өзбек – ханның жақсы кезеңіне (1312 – 1340) қайта әкелу үшін, Тоқтамыс, алтын Ордалықтардың жерін кеңейту үшін, 1385 жылы Тебризді алу үшін, әскерлерін жіберді [40, 87 б].Тоқтамыстың Маверанахрдағы, ұлы Мемлекеттік саясаты, өсіп келе жатқан Темірдің мемлекеті үшін тиімсіз болды. Тоқтамыс Темірдің ісіне кедергі болып қана қоймай, соымен қатар, мемлекеттің қызығушылығын да білдірді. Алтын Орда жасанды мемлекет бірлестігі болды. Ол Қырым, Хорезм халқының мәдениетінің үстінен зорлық жасау билігіне ие болды. Өйткені, әскери үкімет күштеріне сенетін, Болгар, Қырым және Кавкадың мәдени қалалары мен бай жерлерін пайдаланып отырған билік, әскери түрік – монғол көшпелі атақтылардың қолында болды. Бұл аймақтардың халқы, толықтай моңғол үкіметінің құлауы және өздерінің толықтай азат болуларын қалады. Ал Мавераннахрдағы аймақтар мен қала халқы мемлекеттің бірлесуін қалады, өйткені бұл бірлесу мемлекетті феодалдық күйзелістен шығару мүмкіндігіне ие болуы мүмкін еді.80 жылдардың соңында, Тоқтамыс, Темірді иран істерінен алшақтатуды көздеп, онымен соқтығысудың сәтін күтті. 1387 – 1388 жылдары, Темірдің жоқтығын пайдаланған Тохтамыс, Хорезм жұртшылығын Темірге қарсы болуы үшін, Мавераннахрға шабуыл жасады. Хорезм патшасы Сулейман Суфи оған оңай келісе салды, бұл Темірдің ызасын тудырды. Темір Хорезмге соңғы жорығын жасады. Ургенчті басып алған Темір, Суфи династиясын жойды жіне Ургенчтің халқын самарқанға қоныс аудартты, ал ол жердің астанасын тегістеп, ол жерге арпа сеуіп тастауды бұйырды. Он күндей Темірдің әскерлері, бай және әдемі қаланы тонады. Ургенчтің көп халқы, әсіресе шеберлер Мавераннахрға қоныс аударылды, бірақ та қала түгел тегістелген жоқ, олар өздерінің көптеген ғимараттарын сақтап қалды. 1391 жылы, Тоқтамысқа қарсы шабуыл кезінде, Темір қаланы қайта қалпына келтіруге бұйрық берді. Осылайша, кішкентай, бірақ өте бай және мәдени Хорезм патшалығы өзінің дербес тіршілігін тоқтатты. Содан бастап, Хорезм алдымен Темір мемлекетінің құрамына, кейін – Орта Азиялық Тимуридтер мемлекетінің құрамына кірді. Осылайша, Орта Азияның, Жетісу мен Сырдарияның төменгі жағынан басқа барлық жері Темірдің қол астында болды [41, 187 б].Темірдің жауынгерлері мен Тоқтамыстың әскерлері, Саураннан төмен жатқан Сыр – даряның қалаларынан басқа жерлерді басып алуды көздеген емес. 1380 жылы, ұлы хан аталған Тоқтамысқа қарсы, 1389, 1391 және 1394 – 1395 жылдары, Темір тағы да үш жорық жасады. Ыңғайлы болу үшін, біз, Темірдің Алтын Ордамен шайқасына назарымызды топтадық.Көрсетілген, Тоқтамысқа қарсы күресте, біз назарымызды, соңғы екі жорыққа тоқтатуымыз керек. 1391 жылы Темір Самарқаннан шығып кетіп, Ташкентте қыстап шықты және 200 мың әскерімен Шығыс Дешті Қыпшаққа беттеді. 1391 жылы сәуірде, Ұлытауда, Темір: «Туран сұлтаны Темір, өзінің 200 мыңдық әскерімен Тоқтамыс – ханның қанына бара жатыр», - деп тасқа қашап жазуды бұйырды. Бұл жазбалар он жыл бұрын табылды және қазіргі уақытта Ленинградтағы мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы тұр. Ұзақ өтпелдерден өткен Темірдің 200 мыңдық әскері, Тоқтамыспен, Самара мен Чистополь арасындағы Кундузча елді мекенінде кездесті. Осы жерде, 1391 жылы 18 маусымда, Тоқтамыстың толықтай жеңілісімен, шайқас болды. Бірақ та, Алтын Орданың қоры өте көп болатын, шайқастан жеңіп және өте үлкен олжаға кенелсе де, Темір Алтын Ордалық мемлекетті қирата алмады. Олардың арасындағы күрес жалғасып жатты. 1395 жылы Темірмен Тоқтамыс арасында Солтүстік Кавказда, Терек өзенінің аумағында, жаңа шайқас болды. Бұл жерде де, Тоқтамыс жеңіліске ұшырады. Бұл жолы Тоқтамыстың әскерлерінің әлсірегені соншалықты, Темірге Алтын Орданың жүрегі – оның астанасы Берке Сарайына тікелей, жол ашық болды. Өте үлкен және бай қала қоршауға алынды, тонауға түсті және өртелді. Және ол жерден көп мөлшерде олжа алынды, әр түрлі материалдық бағалы заттардан басқа, өте көп тұтқындар – күңге айналған ерлер, әйелдер, балалар болды. Тек қана Сарай Берке мен Хаджи – Тархан (Астрахань) ғана қасіретке ұшырап қана қоймай, Қырым, теңіз жағалауындағы қалаларымен (мысалы, Каффа), сондай – ақ, Азак (Азов) және Солтүстік Кавказ да зардап шекті. Егер де, Ургенчтің жеті жыл алдын бос болғанын назарға алсақ, Темірдің Алтын Орданың құрамындағы мәдени аймақтардың шаруашылық, әсіресе саудагерлік өмілерін талқандау, өз жобасында болғанын аңғарамыз. Бұл жерді қирату, жоюдың өте үлкен болғанынан, бұл жерлер экономикалық тұрғыда, біраз орнына келе алмағаны бізге белгілі [42, 256 б].1395 жылғы Терекенің талқандалуы мен Сарай Беркенің құлауы, Алтын Ордаға түзелмейтін соққы болды. Ұлы Ресейге көп қасірет шеккізген мемлекеттің арқасы сынды. 1395 жылдан кейін, Алтын Орда сөзсіз құлдырай бастады. Ал 1395 жылғы Теректідегі жеңіліс пен Сарайдың талқандалуы екінші соққы болды. Темір, Алтын Ордамен шайқасты Орта Азияға қызығушылықпен жасады, және ешқандай хабары жоқ мәскеулік княздің байланысынсыз жасады, бірақ та осының барлығы Орталық Азияға ғана пайда әкеліп қоймай, Ресей үшін де пайдалы болды. Темір, Алтын Ордаға жасаған соққының орыс тарихына қандай мәні бар екенін түсінген жоқ. Ал орыс жазбаларында, Темір туралы өте жаман естеліктер жазылған, өйткені, 1395 жылы ол орыстың оңтүстігінің бірқатар қалаларын өртеп, тонаған делінген Якубовскийдің еңбектерінде.Шараф ад-дин Али Йезди былай деп жазады қыс өте көктем сұлтанның бұйрығымен ояна бастаған көк әскері даланың бетін жаулап алғанда, әділ көктем патшасының көк шуағынан суық қыстың әскері қаша бастағанда, Темірдің ұшқыр ойы әскерді Тоқтамыс ханға қарай бастап, осыдан былай көрпесіне көселіп, аяғын аңдатып бастыру үшін оны қайтадан жазаламаққа шешім қабылдады. Осыдан кейін оләскер жарақтауға назар аударып, жауынгерлерге сыйлық таратты, және ханшайымдарды арбалы керуенмен Сұлтанияға жіберуді, Сарай Мүлк Ханым мен Тұман ағаға кішкентай балаларды алып Самарқанға кете тұру, ал Шолпан Мүлк ака мен кейбір әйелдері сонда қалдыруды бұйырды. Сұлтания қамалының коменданты міндеті жүктелген Ахи Мираншахпен бірге сол жақты басқару үшін Темір соларға Муса Рақмалды қосып берді. Бұйрық бойынша олар шыққан кезде Темір 797 жылдың жұмалысының 7-ші күні жексенбіде сол жерде әскер туы көтеріліп аттануға белгі берілді. Жасақтар бірінен соң бірі туларын желбіретіп және әрқайсысы тас түйін қатаң тәртіппен келе жатты, және олар батыс пен солтүстікке бағыт алғандықтан, ежелгі түркі салты бойынша алдыңғы жаққа сол қанатты жіберді. Соғысқа сылтау табу үшін қыстауға жатқан кезде-ақ Темір Тоқтамыс ханға хат жазады. Хатты ол әрі ақылды, әрі шешен, тәжірибесі мол, төр ережелері мен заңдарын жете меңгерген, қандай ортада әдемі сөз таба білетін, көздеген мақсатына жете білетін Алмалықтық Шемс-ад-динді жібереді. Ол Дербент арқылы Дешті Қыпшақтағы Тоқтамыс ханға келіп, Темірдің хатын қолына береді де, ұлы мәртебелінің сәлемін көркем және шешен сөзбен айтып жеткізеді. Бұл Тоқтамыс ханға қатты әсер етті де, ол татуласуға дайын екендігін білдіріп, ымырашылдықпен кешірім сұрап шын ниетімен тізе бүгіп, араларындағы араздықты жоймаққа ант су ішеді. Бірақ оның әмірлері ақылға салып ойланбай жатып оған қарсылық білдірді, олар бүлік шығарып, өркөкіректеніп менмендікке басып жарылқаушысының да, өздерінің де бағын байлап, біткелі тұрған істі аяқсыз қалдырады.Бұл бишаралардың сөзіне ерген Тоқтамыс хан әділ жолдан тайып, тәкаппарлық пен бос үміт тұңғиығына батты, қасіретке жол беріп, Темірдің жазған хатына дөрекі сөздермен жауап қайтарды. Алмалықтың Шемс-ад-динге шапан жауып, қайтарады. Ол Самур өзені бойындағы патша ордасына жетіп, жерге тағзым ету дәстүрін жасап болған соң, Тоқтамыс ханның хатын береді. Темір бұл әдепсіз жауабына қатты ашуланып, әскерді сапқа тұрғызып, тәртіпке келтіруге бұйырады.Самур өзені Эльбрус тауының бөктерінен өтеді, ал ол жерден Кулзум теңізіне дейін бес фарсах. Бұйрық бойынша әскер ретпен жүріп отырып, сол жақ қанаттың шебі Эльбрус тауының етегіне дейін, оң жақ қанаттың шебі Кулзум теңізінің жағасына дейін жетіп, тізіле орналасты. Саны жағынана мұндай қалың қолды Шыңғысхан заманынан бері ешкім көрмеген, ал көркемдігі мен жарақтануы жағынан Аджем патшалары туралы әңгімелерден де ешкім осындайды оқып, естімеген болар ау. Ұлы Темір құдайдың қуатында жеңімпаз әскердің сол қанатын, орталық және оң қанатын айнала өтіп сауыттарын тікелей өзі тексеріп шықты. Ол жақындағанда әрбір жасақтың әмірлері мен батырлары тізе бүгіп, шын ниетімен қызметке дайын екендерін айтып, оны мадақтап, адалдықтарын жеткізіп жатты. Олардың әрқайсысы үйреншікті әдетімен ерттелген аттарын жетектеп шығып, тізе бүгіп қарсы алады. Темір оларға өзінің қошеметін білдіріп, патшалық уәдесіне сендірді. Ол ортаға қайтып оралған соң, литавр ойнап дабыл қағылды, оң жақтан және сол жақтан да, ортадан да керней тартылды, жалаң қылыштарын жауға қарай сермеп, сарбаздар ұран салғанда тау қозғалып, теңіз толқығандай болды. Әмірлер-түмен басы, мыңбасылар және қосын жасақ жасағымен сап түзеп рет ретімен алға қарай қозғалды. Олар Дербенттен өткен кезде, Эльбрус тауының етегінде Тоқтамыс хан билігіндегі жұрттардың бірі қайтақ тайпасын кездестіреді. «Фатиханың басы – кітаптардың анасы» дегендей істің бисмилласын бастау үшін, Темір ол кәпірлерді қырып тастауды бұйырады. Жан алғыш әскер тап беріп, оларды о шеті мен бұл шетіне дейін мыңнан біреу де қалдырмай қырып, бәрін тонап, ауылдарын өртеп жібереді. Тоқтамыс хан Ұртақ есімді елшісін Темірге жібереді. Ол патша ордасына жақындап келіп, сан жетпес қалың қолды көргенде аң-таң болып қорыққанынан дереу кері бұрылып, Тоқтамыс ханға Темірдің адам айтқысыз әскерімен келіп авангарт ортаңғы қолын реттеп келіп қалғандығын жеткізеді. Оны естігенде не істерін білмей сандалған Тоқтамыс хан Қазаншыны үлкен қолмен алдын ала жібереді. Темір бас әскерімен Тарға жеріне келіп, қосын тіккен соң, оған Тоқтамыс ханның қазаншы авангарты Хой өзенінің бойына келіп тоқтады деген хабар келеді. Темір таңдаулы әскерімен өзі бастап түнделетіп шығып, таң ата өзеннің арғы бетіне өтіп, жауға шабуыл жасайды, жарқыраған жалаң қылышпен жауды қырып, даланы дұшпанының қанына бояйды, семсердің серпінімен бақыт келіп, жеңістің гүл шоқтары шашақ жаяды. Әлем жаулаушысы жеңімпаз әскерімен осы жерден шығып, Сунж өзенінің жағасына келіп тоқтайды, ал Тоқтамыс хан әскерін Терек өзенінің бойына жинап, алдыңғы шепке турларды, арбалар мен қойып өзінің позициясын нақтылап, шайқасқа дайын тұрады.Темір өз әскерін әскери тәртіппен орналастырып, басына қонған бағымен әскерінің құдіреттілігінің арқасында, Тоқтамыс ханның табандылығы мен сабырлығын шайқалтып, бойына қорқыныш пен үрей ұялатты. Ол төтеп бере алмай, әскері қазған бекінісін тастап, шегініп кетті. Темір өткел тауып, Терек өзенінің арғы бетіне өтеді, ал Тоқтамыс хан Қурай өзеніне жетіп, қалған әскерін жинауға кірісті. Темір әскерінің азық – түлігі таусылуға әзер қалғандықтан, сарбаздарына астықтан азық – түлік жинап, қорланып алып, жауды жоюға кірісу үшін, Темір өзен бойымен Жулат аймағына келеді. Сол кезде қарауыл күзеті Тоқтамыс хан әскерін екінші рет тәртіпке келтіріп, өзен жағалауымен жеңімпаз әскердің артынан келе жатыр деген хабар жеткізеді. Темір әскерінің оң – сол қанаттарын, орталық тобы мен шет – шеттерін ретке келтіріп, кері бұрылып, өзенді өрлейді. Екі жақтың ара қашықтығы жақындаған соң, доңыз жылына сәйкес 797 жылы жұмалының 22 күні сейсенбіде бір – біріне қарама – қарсы келіп тоқтайды. Жеңімпаз әскердің тавачийлері бұйрықты орындау үшін әр қайсысына тұратын жерлерін бөліп береді. Сарбаздар қосты айналдыра жыра қазады да, бой тасалайтын бекініс жасап, жерге қазықтар қақты, ол жыраның арғы жағынан екіншісін қазды. Түнгі шабуылдан сақ болу үшін осы түні ешкім өз орнынан қозғалмасын, дыбыс шығармасын деген қатаң бұйрық берілді. Жоғарыдан түскен бұйрық орындалып жатты, дәл сол түннің ортасында Тоқтамыс мәртебелі орданы састырып, берекесін қашырмақ болып, түнгі шабуыл жасауға әрекеттенді. Ол жақындап келіп, дабыл соғып, литавр қақтырып жіне керней тартып, ұраг шақырды. Жан алғыш әскер бұйрықты орындап, жаудың бұл қылығына назар аудармай, тым – тырыс жатты. Қарсыластарынан ешқандай қимыл байқамаған соң, олар жаудың мұншалықты сабырлығына қайран қалып, жақындауға батылы бармай, келі қайтады. Екінші күні сәрсенбіде екі жақтың әскері де у-шу болып, іс қимыл жасай бастайды. Құдіретті Темір әскерін тәртіпке келтірумен айналысты; жеті корпус жасақтап, бекініс турларды орнатып, алдыңғы шепке батырларды қойды; жаяу әскерлер бекіністің қалқасында, алдыңғы шепте тұрды. Мырза Мұхаммед Сұлтанды ол бас корпусқа тағайындады, ал корпустың шет-шептеріне жүрегінің түгі бар нағыз ержүректерді қойды. Өзі 27 қосынды алып, мықты қаруланып, артқы жаққа орналасты. Жаудың әскері де қарама-қарсыға тұрып, жалауын көтерді. Сол сәтте сол жақ қанаттан біреу жау әскерінің оң жақ қанатынан Күнше-оғлан, Бек-Жарық-оғлан, Ақта, Дәуіт Сопы, Тоқтамыс ханның күйеу баласы қалың қолмен Темір әскерінің сол қанатынан шабуылға шықты деген хабар жеткізеді. Темір тез арада солай қарай ұмтылып, сапта тұрған қосындарымен шабуылға шықты. Олар жан алғыш әскердің екпінді тегеурінін көріп, қашып құтылуға мәжбүр болды. Темірдің 27 қосынындағылардың біразы қашқындардың соңынан қуады. Қашқындар өз корпусына жеткен соң кенет бұрылып, қуып келе жатқандарға қарсы ұмтылады, оларды Темірге дейін қуып әкеліп, жартысын өлтіреді, жартысы жан-жаққа тарқап кетеді. Осыдан кейін қосындар қоян қолтық шайқасып кетеді, ал бойына батылдық қонған олар алға ұмтылып, Темірге қарай беттейді. Өзінің жарылқаушысы үшін жанын қиған Әмір Шейх-Нур-ад-дин жаратушыға сыйынып, жаумен айқасты, оған тағы 50 адам қосылды, және жүректі жаратын оқ жаудырып, дұшпанының жолын кесті. Мұқамед Азат, оның бауыры Әлишах және Түкел бауыршы жаудың бір-бір арбасын қолға түсіріп, оларды Темірдің алдына қалқан орнына байлап қойды. Бефадар қосынымен Алладан да көмекке келіп, Шейх-нур-ад-динге қосылды. Құлдарын ертіп Құсайын мүлік Қаушын да келді. Әмір Зерек Шағу да өз қосынымен келіп, оларға қосылды. Ортадағы қосын туын көкке көтеріп, дабыл соғып, керней тартып, әскери ұрандарын шақырды. Үстуй да өз қосынымен орталық қосынның соңына келіп орын алды. Жау әскері жасақ-жасағымен, қайта-қайта шабуыл жасап, бар күшін салып басқа да, аттан түсіп, тізерлеп отырып садақ атқан жеңімпаз сарбаздарды орнынан қозғай алмады. Сол жақ қанаттың шебінде орналасқан Худадад Құсайын жаудың оң қанатындағы Күнше оғланнан өтіп, Темірге қарама-қарсы тұрып соғысқан Ақтау қыр соңынан келіп, оқ жаудыртты. Сол кезде көмекке Мұхаммед Сұлтан мырза мықты қаруланған қосынымен келіп, Темірдің сол жағынан соғысқа араласты. Батырлар жаппай шабуылға кірісіп, бірден жаудың әскерлеріне тойтарыс беріп, жалаң қылышын сермеп, от шашыратқан найзаларымен жаудың оң жақ қанатын шегіндірді. Оң қанаттың шебінде орналасқан қажы Сейф-ад-дин әмір қиын жағдайда қалады, өйткені жаудың сол қанатының шебіндегі Иса би әмір мен Бақсы қожа оларды жан-жақтан айнала қоршап алады. Ол тайсалмай өз түменімен бірге аттан түсіп, алдарына қалқан қойып, қайсарлықпен ерлік көрсетіп, тізерлеп отыра қалып оқ жаудырып, жаудың тегеурінін басуға тырысты. Дұшпан қаншама бір-біріне көмекке келіп, қылыштарын сермеп, найзалары мен сүңгілерін лақтырса да, бұлар соққыны садақ оғын қайтарумен жаудырды. Ақыры екінші жақтан Жеханша-бахадур өз түменімен келіп, дұшпанмен ақтық шайқасқа түсті. Бұл екі дана әмірдің бірін-бірі қолдап, қосарлана жасаған әрекетінен жаудың оларға қарсы шыққан сол жақ қанатының шебі қаша жөнелді. Темірқожа-и-Ақ-Бұқа да ерлік көрсетіп, өзіне қарсы тұрған жаудың сол жақ қанатын ығыстырды. Рүстем-и-Омар-шейх м-ырза өз түменін бастап күндей күркіреп, найзағайдай жарқырап, дұшпанға соққы берді, қарсыласының мысын басып, шегіндірді, сөйтіп ол жас болсада, марқұм әкесінің атын тағы бір рет шығарды. Тоқтамыс ханның нөкерлері мен «ішкілерінің» бірі Яғлы би бахрин өз жасағының ержүректерімен алға шығып, дауыстап тұрып Осман бахадурды шайқасқа шақырды. Осман бахадур оларға өз әскерімен жақындаған соң, екі жақ бір-бірімен ұстасып, қылыштары мен найзаларын айқастырды. Ақыры, маңдайға жазған құдіретті бағының арқасында, жаудың әскерін тас талқан етіп, жан жаққа шашырата қуады. Тоқтамыс хан Жошы ұлысының ханзадалары, әмірлері мен нояндарын алып қашып құтылды, және олардың сарбаздарының көбі майданда мерт болды. Ханзадалар, әмірлер және нояндар тізе бүгіп, құттықтау рәсімі мен нисар жасады, ал Тимур оларды құшағына алып, мадақтап жатты. Жеңіс туы сол жерден шығып, көңілдері шат, салтанатты түрде Құрай өзенінің бойына келіп, орда тіккен соң, мәртебелі падиша көмекшілерінң жағдайын анықтап алып, әсіресе соғысқа қайсарлық көрсеткен Шейх-Нур-ад-диннің ерлігін ерекше атап, оған тұлпар, алтыннан зер салып, бағалы тастармен әшекейленген киім сыйлап, 100000 кепек динарын сиға береді. Қажырлық пен қайсарлық көрсеткен басқа батырлар мен әмірлерге ақшалай сыйлық таратып, патшаның әр түрлі сый құрметін көрсетеді [43, 108 б]. Темірдің Тоқтамыс ханның соңына түскен шапқыншылығы және Тоқтамыс ханның толықтай жеңілуі туралы төмендегідей баяндалады. Темір осы ұлы жеңіске қолға түскен сан жетпес байлық пен қазынаны арбалы керуенмен қалдырды, ал шайқастың алдында аттан жығылып қолын сындырған Мырза Мираншахты керуенде қалдырды. Ядғар-барлас пен Қажы-Сейф-ад-дин әмірді олардың қасына қалдырып, таңдаулы әскерімен ол шапқыншылық жасамақ үшін, Тоқтамыс ханның соңынан күні түні асыға жүріп, оның ізіне түседі. Еділдің Тұратур өткелі деп аталатын өткеліне жетіп, ол қасындағы Орыс ханның ұлы Құйыршық оғланға патша сарайындағы нөкерлер сапында өзбек батырларынан тұратын жасақты беріп, падишахқа лайық керек жарақты дайындап, оған алтыннан зер салынған шапан мен алтын белбеу сыйлап, Еділ өзенінен өтуді бұйырып, Жошы ұлысының ханы етіп тағайындайды. Жошы ұлысының ханзадасы бұйрыққа бағынып өзеннің арғы бетіне өтеді де, шашырап кеткен әскерді жинап, ұлысты жөңге келтіруге кіріседі, ал жан алғыш әскер жаудың ізін қуып, Укекке дейін барып біразын қырып тастайды. Сол күні ол бишараларды бір жақтан жойқын қылыш соққысы қысса, екінші жақтан еділдің қанішер тасқыны күтіп тұрды. Олардың басым бөлігін тұтқынға алды, ал кейбірі сәл мініп Еділдің арғы бетіне өтіп кетті. Хандық билігі үй мүлкін, бүкіл жиып тергендері мен жасырғанын тастап, шыбын жанын қимаған Тоқтамыс хан бірнеше нөкерімен Бұлардың орман алқабына барып жан сауғалап, дұшпанының жолбарыстай шеңгелінен әзер құтылады. Темірдің жеңімпаз әскері өзеннің осы бетінен бірінші рет Дешті Қыпшаққа жорыққа аттанып, тонап кеткен арғы бетке келеді. Бұл жер «қараңғы қапас елінен» алыс емес. Жеңімпаз әскер бұл жолы да Дешті Қыпшақтың көлемді бөлігін тонады. Мырза Мираншах өзімен бірге Қурай жағасында арбалы керуенмен қалған әмірлермен бірге Юлуклук-Узуклук жерінде темірге келіп қосылады. Өзбек тарихшысы И.Муминовтың Шарафаддин Али Йездидің жазған «Зафарнаме» еңбегіне айтып кеткен пікірлеріне келетін болсақ «Зафарнома», Темір мен оның мемлекеті туралы тарих бойынша, оны алғашқы, бағалы дереккөз ететін нақты материалдарға бай. Сонымен қатар, ол тарихи оқиғаларды жиі әсерлі, көркем етіп берген. Өте бағалы хабарлама деп айтып көрсетеді. Әмір Темір бин Тарағай Баһадурдің өмірі мен қызметінде, екі кезең айқын көрсетілген, бірінші кезең (1360-1386 жылдар) Темір үшін, күштерін бірлестіре отырып, түрік пен тәжік ақсүйектерімен бірге мемлекеттердің бытырауына қарсы, қанішер, дүниеқұмар ұсақ бектер мен сұлтандарға қарсы – ортағасырлық ортадан тепкіш күштерге қарсы, Мауереннахрда тәуелсіз, күшті Монғол феодалдық хандығын құру үшін күресуімен сипатталады. Екінші кезеңде (1386-1402 жылдар), Шарафуддина Али Йезди пікірінше, үш жылдық, бес жылдық және жеті жылдық аталатын, Темір жорықтары жүргізілді. Шарафуддина Али Йезди, Темір, жазбаларды бірнеше рет қайтара тексеріп, қажет болған жағдайда, оқиға болған жерден қосымша мәлімет алу үшін, елші жіберген, сипатталған оқиғалардың нақты, хронологиялық реттілігінің дәл және олардың тарихының растығына қатты көңіл бөлген. Йезди 1360-1361 жылдары, Амир Хаджи Барлас Қашқадария оазисізінің бастшысы, Тоглу-га-Темір-ханның әскерлерінен сақтану үшін, Хорасанға қашты, ал оның атқосшысы Темір, өзінің Отанында қалуы керек екендігін түсінді. Ол Амир Хаджи Барласуға: «Уәләяттардың жойылуын тоқтату үшін, және басқару биліктерін сақтап қалу үшін, сіз Хорасанға, ал мен Шахрисабзқа қайтқаным дұрыс шығар, мен ханға қызмет етуге барамын», - деді. Темір саясатының білінуінің бірін, Шарафуддин Али Йезди, өз шығармасында, үкімет билігін жеңіп алғаннан кейін, ақсүйектер, бас шенеуніктер, әкімшілер, әскер басылары және арстократияның елшілерін шақырған Қаріп, Қарабаге, Самарқан және т.с.с. құрылтайлары негізінде жобаланған құрылтайды жүргізу туралы толық, нақты ақпарат береді.Осылайша, Шарафуддина Али Йездидің шығармасы, жоғары феодалдық қабаттардың жиналысы сияқты, Темір шақырған құрылтайдың табиғилығын толығымен ашады. Бұл құрылтайларда, мемлекет пен билік үшін өмірлік маңызды шешімдер қабылданып, шұғыл шаруашылық және мемлекеттің әскери істері талқыланды. Осы берілген болжамдардың әр бірінде бір шындық бар, бірақ та, айқын себебі, Самарқан өзінің географиялық орналасуы арқасында, Мауереннахрдың орталығында тұр. Қала су ресурстарына өте бай, үш жағынан таулар қоршап тұр, бұл жерде үш ауалы ағын бірлеседі: таулы, көлді, және оран, дала және көгалдар. Самарқанда сол кезде мемлекет игілігіне берілген, бағалы түсті, сирек кездесетін және құрылыс материалдар қоры бар. Осының бәрі, Темірдің Самарқанды астана етіп таңдауына әкелді. В.В. Бартольтің пікірінше, Темірдің ойынша, Самарканд, дүние жүзіндегі бірінші қала болуы керек; осы пікірдің ішкі көрінісі, Бағдад, Дамас, Мысыр (Каир), Шираз және Султани атауын алған мұсылман елдерінің басты қалаларын, Самарқанның төңірегіне салу болатын.Темірдің кезеңінде, ұлы мемлекеттің маңызды дереккөзі, шеберлікке, егіншілік, мал шаруашылығы мен саудагерлікке көп көңіл бөлінді. Бұл қарым – қатынаста, Шарафаддин Али Йезди жазған «Зафарнома» шығармасында: Темір «Мауереннахр елінің азаматтарын үш жылға салық төлеуден босатты», осылайша диқан-егіншілердің мен қолөнершілердің экономикалық жағдайын жеңілдетті.
2.2. Абд Ар Раззак Самаркандидің деректеріндегі Тоқтамыс, Әмір Темірдің Ақ Ордаға жорықтары
Камал ад-Дин Абд ар-Раззак ибн Жалал ад-дин Ысқақ Самарканди 1413 жылы Герат қаласында дүниеге келді. Оның әкесі Маулана Жалал ад Дин Ысқақ сол жерде дүниеге келгендіктен оған Самарқанди есімі берілген.Абд ар-Раззак Тимурлықтар әмірлері Хорасан Шахрух (1404-1447) пен Сұлтан Абу Саидтың (1452-1469) сарайында қызмет етті. 1462 жылы сұлтан Әбу Сейт оны 1410 жылғы Гераттағы Шархух құрған хандықтың шейхі етіп тағайындады. Сол жылы, Гератта 1482 жылы Әбд Ар Раззак қайтыс болды. Әбд Ар Раззак Самаркандидің «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн» (Екі бақытты жұлдыздың шығысы мен екі теңіздің тоғысқан мекені) атты тарихи еңбегі екі Әбу Сейттің Әбу Сейт Хулаги мен Әбу Сейт Тимурлықтың патшалық құрған кезіндегі оқиғаларды сипаттауға арналған (1304-1470). Бұл жылдарға дейін ол Рашид ад Диннің «Жылнамалар жинағын» аяқтады. Абд ар Раззак Самарканди шығарманы 1470-1475 жылдары аралығында жазып бітірді [44, 5-7 б]. «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн» екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі Ельхан Әбу Сейттің туғын жылы 1304 жыл мен Темірдің өлімі мен және 1470 жылы оның немересі Мырза Халелдің Самарканда патшалық құрған кезіндегі жүз жылдықтағы оқиғаларды қамтиды. Екінші бөлім Әмір Темірдің төртінші ұлы Шахруқтың таққа келуі мен 1470 жылғы Сұлтан Хусейннің қайта билік еткен аралықтарын баяндауға арналған. Өзінің еңбегінің бірінші және екінші еңбегінде 1426 жылға дейінгі оқиғаларды суреттеу барысындағы ол Хафиз-и-Абру мен Шараш ад дин Али Езди еңбектеріне қысқаша мазмұндама берген. «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн» 1426 жыллан кейінгі оқиғалардың әрі қарай өруі 45 жылды қамтиды және оны Абр ар Раззак Самарканди өзі жазған. Бұл еңбек үлкен мәнге ие, себебі ол бұл жерде сол оқиғалардың куәгері және әрі қатысушысы ретінде сипаттап жазады. Кейінірек шығарманың бұл бөлімінде барлық мүмкіндіктер қолданылған. Әмір Темірдің Тоқтамыс ханды Темір Мәлік оғлан ханға қарсы соғысқа жібергендігі туралы Самарқандидің дерегінде былай баяндалады: Темір-Мәлік ханның қамсыз жатқаны турлы естіген Темір Тоқтамысқа тағы да түрлі сыйлықтар мен қошаметтер жасап, оған қоса Әмір Бияс ад дин тарханды, Әмір Тұман–Темірді, Жақия қожаны, Өзбек Темірді, Никиді көп әскермен аттандырды. Оларға Сығанақта Тоқтамыс ханды сұлтанның тағына отырғызуға бұйырды. Темір–Мәлік–оғлан Қараталда қыстап жатқан еді. Тоқтамыс Темір–Мәлікке қарсы шайқас ашып, нәтижесінде Темір-Мәлік жеңіліп, Тоқтамыс жеңіске жетті. Осы қуанышты хабарды жеткізуге ол Темірге орыс қожаны жіберді. Ұлы мәртебелі Темір оғлан қуанып, бірнеше күн той жасап, хабаршыны сый–сияпатқа бөлеп, кері қайтарды. Тоқтамыс хан Сығанақта қыстап шыққаннан кейін, көктемде Камак аймағын жаулап алды. Оның билігі күшейе түсіп, өз байрағын жоғары көтерді. Ал Темір Мәлік өзінің Мұхаммед оғлан берген алғашқы мыңдығына келіп, Тоқтамыс ханды қуу туралы кеңес құрды. Бірақ Мұхаммед оғлан шарасыздық танытты. Оның бұл ойын теріс пиғылда түсінген Темір–Мәлік кінәсыз Мұхаммед оғланды өлтіріп, өзінің мыңдығымен Тоқтамысты қуу үшін жүріп кетті. Олар Қараталдың төңірегінде кездесіп, шайқасты. Бірінші ұрыста Темір–Мәлік тұтқынға алынып, өлтірілді. Темір–Мәліктің жанындағы жақын адамдарының бірі Балыншақ тұтқынға алынды. Ол өзінің тақсырына адал бахадур болғандықтан, Тоқтамыс оны тірі қалдырып, әмірінің қатарына қосты. Балыншақ сол сәтте тізерлей құлап: «Темір Мәліктің кезінде өмірінің жақсы кезеңдерін өтті. Мен өзімді оның тағында көргенімше менің көзім ойылып түссін. Маған жақсылық жасағың келсе, менің басымды шабуға бұйрық берде, менің денемнің үстіне оның денесін қой, себебі оның жаны қорлық көрмесін», – деді. Осы сөзден кейін Тоқтамыс адал және ержүрек батырдың жанын о дүниеге аттандырды. Әмір Темірдің Тоқтамыс ханға қарсы 1391 жылғы жорығына арнап Алтын-Чуку тауына шағатай тілінде 8 қатардан ал араб тілінде 3 қатардан тұратын жазу қалдырады. Тарихта бұл жазбаны Темірдің Қарсақпай жазбасы деп аталған [45, 187 б]. Темірдің Орыс ханмен қарым-қатынасын Самарқанди және басқа ғалымдардың еңбегінде төмендегідей көрсетіледі. Темірдің жорықтары, оның ішкі талас-тартыстарға араласуы Орыс ханды Сарайдан тез арада кетіп, Ақ Ордаға оралуға мәжбүр етті. Темір тағыда Тоқтамысқа әскер жасақтады, бірақ ол жорыққа шығып үлгермей-ақ, Орыс ханның елшісі келіп, оның әскері Түркістанға келе жатқаны және Түркістанға қайтару туралы талапты хабарлады. «Тоқтамыс менің ұлдарымды өлтірді, және де сіздің жаққа барды. Дұшпанымды маған тапсырыңыз, болмаса соғыстың орнын белгілеңіз!»- дейді Орыс хан. Осыған байланысты айтылған Темір жауабы Темір мен оның ұрпақтары тарихнамасында әртүрлі баяндалады: «Ірі мемлекеттерді иеленушілердің батылдық пен әдет-ғұрыптарының қай заңында бірер мемлекеттен пана іздеп келген адамды дұшпан қолына тапсыруға жол беріледі?! Бұндай болу мүмкін емес. Әрине, бұл сылтауға бола жанжал көтерілсе, ықтиярыңыздан соғысқа дайын болу керек» [46, 104 б]. «Ол бізге сеніп келіп тұр. Мен оны ешкімге бермеспін. Алайда ұрыс десеңіз дайын тұрмыз» [47, 83 б]. «Темір қатты ызаланып, Қандағар аймағынан Хотан шекарасына дейінгі барлық атты, жаяу әскерлер белгілі уақытта жиналып, жауға тойтарыс беруге аттансын, деген қаһарлы бұйрық берді». Шынымен де, Темір соншалықты ашық түрде қастықпен жауап берді ме? Жауаптың мәтінде әр түрлі нұсқада берілуі біздің ақпаратшыларымыздың мәліметтерінің шынайылығына күман туғызады. «Темір ережелерінде» Орыс хан елшілігі жайлы нақты міліметтер бергенімен, елшінің аты мен келу мақсаты аталмайды, бірақ темірлік тарихшылар Шами, содан соң натанзи мен Йезди Орыс ханның тек бір елшілігі жайында ескертеді. Оның басында Кебек тұрды. Қ. Өскенбай кейбір зерттеушілердің «Темір ережелеріндегі» елщіліктің Темірге кейінірек соғыс қимылдары кезінде келді деп жорамалдайтығын айтады [48, 106 б]. Елшілікке қатысты «Темір ережелерінен» мәтін келтірейік: «Дешті Қыпшақ ханы Тоқтамыс хандыққа таласып Орыс ханнан жеңіліп, менің қарамағыма қашып келген еді. Онымен бірге қосып жіберсем ба екен, жоқ өзім барсам ба екен деп тұрғанымда Орыс ханның елшілері келіп қалды. Кеңесіп, елшінің көңілін аулап, содан соң кетулеріне рұхсат беріп, елшінің соңынан әскер жіберуді немесе, елші жайбарақат барып, болған оқиғаларды Орыс ханның мәжілісінде баяндасын, ертесі күні менің әскерім тосын жағдайда олардың үстінен бастырып кірсін деп ойластырдым» [49, 55 б]. ««Ережелерде» суреттелген елшілердің Темірге келу жағдайы, бұл жерде Кебек-маңғыт басшылық еткен елшілік жайлы сөз болып жатыр деп топшылауға болады. Ал жоғарыда келтірілген Темірдің елшілерге айтқан қаһарлы сөздерін ғайбарлы, біржақты Темірлік тарихнамаға тән тағы бір бұрмаланған мәліметтер деп санауға болады» дейді Қ. Өскенбай [50, 47-49 б]. Алайда деректегі мәліметті әрі қарай жалғастырар болсақ былай делінеді: «Ойлағанымдай іс жасаған едім, жопарым жүзеге асты. Орысхан елшісі болған оқиғаларды баяндап жатқан уақытта, менің қорықпас әскерім тосыннан Орыс хан үстінен түсті. Орыс хан қарсылық көрсете алмай, қашуды ұйғарды. Дешті Қыпшақ мемлекеті маған бой ұсынды» [51, 54 б]. Ал Темір тарихшыларының айтуынша Әмір Темір тосыннан емес, алдын ала даярлықпен жорыққа аттанды. Соның өзінде бірден соғыспайды. Өйткені тылсым табиғат кедергі болады [52, 184 б]. Темірлік тарихшылар бірауыздан Темір әскерінің Сырдариядан өтіп, Отырар даласына орналасқанын айтады. Ақ-Орда әскерлерінің орналасқан жерін Шами мен Йезди Сығанақ деп айтады: «Орысхан, барлық Жошы ұлысын жинап, Сығанаққа жетіп тоқтады. Ол жерден Отырарға дейін 24 фарсах» Натанзи бойынша Орыс хан әскерлерімен Сауранға орнықты және де екі әскерлердің аралығы шамамен жеті фарсахты құрады.«Біздің санауымыз бойынша, - дейді Қ.Өскенбай, бір фарсах бес-жеті километрді құраса, бірінші жағдайда жау әскерлерін 120-170 км қашықтық бөліп тұрды, екінші жағдайда–35-50 км. Екі жақтың барлаушы отрядтарының арасында үнемі болып тұрған қақтығыстарды ескеретін болсақ, Натанзи пікірі біршама шындыққа жақын екендігін мойындау қажет [53, 118 б].Бір-біріне қарама-қарсы тұрған жау келесі күні соғысқа дайындалумен айналысты. Алайда Орыс хан мен Темір арасында шешуші соғыс болған жоқ. Оқиғаның болуына табиғат кедергі жасады. «Сол кеште ауа бұлттанып, қар мен жауын жауды. Қатты суық болғаны соншалық, екі жақтан да бірер бір жанның әрекет етуге батылы жоқ еді. Үш айға жуық бір-біріне қарсы отырып, Сахыбқыран дұшпан әскерлеріне алдын ала соққы беру үшін әмірзада Ярық Темір, Мұхаммед Сұлтаншах, Хитай Баһадур мен Мубашширді жіберді. Бұйрыққа сәйкес бес жүз кісі атқа мінді» [54, 104-105 б]. «Кешкісін Орыс ханның ұлы Темір Мәліік оғланға кезікті. Оларда үш мың кісі бар еді»,–[55, 176 б] дегеніне қарағанда Орыс хан әскерлерінің жеңілуі мүмкін емес еді. Ал темірлік тарихшылар «жаудың қашқаны» жайлы мәлімдейді. Олар тағыда шындықты бүгіп қалуға тырысып, Темір әскерлерінің артқа шегінгендігін мойындағылары келмейді. Дегенмен, болған оқиғалар мұның растығын дәлілдейді: «Бұл соғыста Ярық Темір мен Хитай-баһадур қаза тапты. Темір Мәлік оғланның аяғына Елші бұға атқан оқ, аяғынан өтіп атқа қадалды». Ал тірі қалған Мұхаммед Сұлтаншах қайта оралды. Бұл жағдайдан кейін Темірдің негізгі күші өзінің жоғарғы билеушісімен Кеш қаласының бағытында артқа шегінді. Сол маңда бір аптадай уақыт өзінің әскерін ретке келтірумен айналысты, сөйтіп Тоқтамысты жол көрсетуші ретінде жанына алып, бір аптадан соң қайта жорыққа аттанды. Екі аптадан соң ол Орыс ханның ұлысы орналасқан Жайран Қамыс деген жерге жетеді [56, 204 б]. Кейінгі болған жайт темірлік тарихнамашыларының шығармаларында жеңісті жағдайлар қысқа ғана беріледі. Сол уақытта олардың басты жауы- Орыс ханның өлімі жайлы, оның орнына үлкен ұлы Тоқтақия тағайындалғаны туралы хабар келеді. Алайда кейбір зерттеушілер ол жайында былай көрсетеді: «Сақыбқыран Орыс ханға қарсы күресу үшін Сығанаққа жақын келіп орналасады. Ауа-райының жамандығы, қахратан қыс пен жауын шашынға байланысты артқа қайтып бірнеше ай Кеште тұрды. Содан соң Орыс ханға қарсы соғыс бастау үшін Тоқтамысты жолбасы етіп алған бір уақытта жоспар өзгеріп, бірінші Орыс хан, кейінірек Тоқтақия қаза тапты» [57, 7 б]. Яғни Орыс ханмен Темір әскерлері арасында болған қақтығыстарды соғыс деп есептемейді. Орыс ханның өлімі Темірге жол ашып беруі керек еді. Ол сол мезетті пайдаланып шешуші соғысқа кірісуі қажет еді. Алайда, ол өз иелігінің шекарасында Тоқтамысты Хынкоғлан атты ат сыйлап қалдырып, өзі Самарқандқа қайтты. Мәуеренахр билеушісінің бұлай тез қайтуы және артынша Тоқтамыстың жеңіліс табуы 1377 жылы көктемде орын алған оқиға нәтижесіне басқаша қарауды қажет етеді. Яғни, бұл Темір әскерлерінің Орыс хан әскерлерінен жеңілуі деп қорытындылауға келеді. Тоқтақия өлгеннен соң Алтын Орда тағына Темір Мәлік отырды. Тоқтамыс Әмір Темір әскерлерінің күшімен Темір Мәлікке қарсы күреседі. Темір Мәліктен Тоқтамыстың әскерлері үш рет жеңіледі. 1379 жылы Темір Тоқтамысқа және көмек береді. Бұл жолғы шайқаста Тоқтамыс Қараталда қыстап жатқан Темір Мәлікті біржола талқандайды. Сығанақтың жаңа билеушісі алғашқы кезде өз қамқоршысының бұйрығын орындап жүрді. Кейіннен Ақ Орданың атақты әміршісі толық қожасы саналған Тоқтамыс хан енді Әмір Темірге деген тәуелділіктен бас тартып оның өзіне қарсы әрекеттер жасап, енді Алтын Орданы өз қолына толық алуға күрес жүргізеді. «Барлық тарихшылар мен аңыз-жыр айтушылардың пікірі бір жерден шығып, Темір-Тәлек ханның билігі біткенде жеңіскер ұлы Сахыбқыран Әмір Темір Гураганның қолдауымен Тоқтамыс хан хан тағына отырды» [58, 332 б]. Осылайша, Тоқтамыс өзін Ақ Орданың билеп-төстеушісі деп есептеп, Ақ Орданың көптеген әмірлері оның жағына шықты. 1380 жылы ол Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алды [59, 123 б].Темір Дешті Қыпшаққа жорыққа аттануға дайындалып жатып, табашыларды әскер жинауға жіберді. Олардан бір жыл бойы уәлият пен аймақтардан әскер беруді, түріктер мен тәжіктерді азық түлікпен қамтамасыз етуді талап етті.Әрбір адамда төрт түрлі қаруын болуды міндеттеді: садақ, 30 жебе, қалқан мен қорамса, әрбір екі адамға бір қосар ат, екі күрек, бір кетпен, бір орақ, бір ара, бір балта, бір біз, 100 ине, мықты қайыс, үлкен қазаннан болуын бұйырып, тексерген жағдайда осы аталған заттардың дайын тұруын талап етті. Осыдан соң, Ташкенттен шыққаг соң әскердің әрқайсысы 1 айда 1 қамбаның салмағындай талқан жесін, ешкім нан пісірмесін, тек қана быламық ішсін деген бұйрық келді.Осылайша істі тиянақтаған соң Темір Ташкентті қыстап, Сафардың жартысында әйелдері мен ханшайымдарын Самарқанға жіберіп, өзімен бірге тек Шолпан–Мәлік аруды қалдырды.
2.3 Мұхаммед Ховент–Шах Мирхондтың дерегіндегі Тоқтамыстың жорығы
Толық аты Мұхаммед ибн Ховент–шаж ибн Махмұд Мирхонд – «Раузат ас–сафа фи сират аал–анбия ва–л–мулук» (Пайғамбарлар, патшалар және халифтерге қатысты тазалық бақшасы) атты көлемді тарихи еңбектің авторы. Ол 1433 жылы Балхта дүниеге келген. Оның әкесі, Бурхан–ад–Дин, Бұқараның сейттер көне руынан, Балхқа келіп, сол жерде өмір сүріп, дүние салған.Мирхонд өмірінің басым бөлігін (1433-1498) Гератта Темірліктер әулетінің ең соңғы өкілі – Сұлтан Құсайын Байғараның сарайында өткізді. Бұл жерде ол атақты ақын және мемлекет қайраткері Мир Али–Шер Науаидің қамқорында болып, соның талабымен өзінің ірі шығармасын жазуға кірісті. Өмірінің жартысын көптеген тарихи кітаптарды оқумен өткізгендігін Мирхондтің өзі де айтады. Мирхонд Гератта 1498 жылы қайтыс болады. «Раузат–ас–сафа» («Тазалық бақшасы») – Мирхондтың Темірліктер әулетінің Мәуреннахр мен Хорасанды билеген соңғы жылдарында жазған әлем тарихындағы қомақты тарихи құрастырмасы.Мирхондтың өз шығармасын жазуда Темірліктердің бай кітап қоймалары мен кітапханаларында сақталған өзіне қажетті барлық мәліметтерді кеңінен әрі кедергісіз қолдануға мүмкіндігі болмаған. Мирхонд өзінің жол салушылары сияқты, жазба ескерткіштерден басқа өз замандастарының аузынан естігендерін көп пайдаланған, сол оқиғалардың көпшілігіне өзі не куәгер болған, себебі мемлекеттің саяси өміріне, сұлтан сарайына бір табан жақын болды, әрі өз қамқоршылары тарапынан оң көзқарасқа ие болды. «Раузат–ас–сафа» кіріспеден, жеті томнан және қорытындыдан тұрады.Кіріспеде маңызды автобиографиялық мәліметтер келтірілген, Сондай ақ Мирхонд өзінің ойы бойынша нағыз тарихшыға тән қасиеттерді суреттейді және тарих ілімі «ақыл мен білім адамдарына» өоятын талаптарды атап шыққан. Өзі оқыған араб тіліндегі және парсы тіліндегі ескерткіштердің барлығын, хронологиялық не басқада тәртіпке сүйенбей, толық санап шықты. «Раузат–ас–сафа» шығармасын зерттеушілер оны жалпы тарих бойынша үлгілі әрі таңдамалы еңбек деп санайды, оның ерекше мәнерін, материалдарының молдығы мен қызықтығын атап айтады, бірақ та сонымен қатар, авторда тарихи сын мен әдістің жоқтығын да айтады.«Раузат–ас–сафаның» бірінші томында тіршіліктің пайда болуынан бастап Сасанилер әулеті басқаруының соңғы уақыттарына дейінгі оқиғалар суреттелген, екінші том ислам діні мен Мұхаммед пайғамбардың пайда болуынан төртінші Али халифтің дәуіріне дейінгі уақыт қамтылған, омейяд пен аббас халифтері мен имамдарының тарихы үшінші томда келтірілген, ал төртінші том әмір Темірге дейін мұсылман шығыста билік еткен болмашы әрі кіші әулеттерге арналған, Шыңғыс хан мен оның ізбасарларына арналған бесінші том, Темірдің билік жүргізу тарихы мен оның Абу Саидке дейінгі көптеген ұрпақтарына алтыншы том арналған, ең соңғы, жетінші томда 1457 мен 1521 жылдар аралығындағы оқиғалар мен Сұлтан Құсайын Байқараның билікке келу, басқару және тақтан кету тарихы жазылған. 1498 жылы Мирхонд қайтыс болды деп санасақ, «Раузат-ас-сафадағы» 1498 жылдан кейінгі оқиғаларды Мирхонд емес, оның немересі Хондемир жалғастырған болып шығады. 7 томның баяндау тілі де алдынғы томдарға ұқсайды, сондықтан да бұл томды Мирхондтың немересі Хондемир жалғастырып жазған дегенге толық негіз бар. Хондемир «хэтиме»-қорытындыдағы географиялық жағдайларға өңдеулер жасаған сияқты, өйткені 7 томдағы мәліметтер мен қорытындағы мәліметтер Бомбейлік және Тегерандық қолжазбаларда кездеспейді. Мирхондтың «Раузат ас сафа» дерегін келесі жалғастырушысы Иран жазушысы тарихшы Риза-кули-хан Хидаят болды. Ол бұл еңбектің 8, 9, 10 томдарын жазып жылнаманы Наср-ад-дин Шах билігіне дейінгі кезеңге жеткізген. «Раузат-ас-сафаның» қолжазбалары әлемнің әр түрлі кітапханаларында кездеседі. «Раузат ас сафаның» толық нұсқасы шығыста бірнеше рет, ал Еуропада оның кейбір бөлімдері ғана басылып шықты. Осы «Раузат–ас–сафандан» алынған материалдар 1939 жылғы «Түркімендер мен Түркімен тарихы бойынша материалдар» басылымынан келтірілген.Мирхондтың еңбегінде Әмір Темірдің Тоқтамыс ханмен соғысқанын төмендегідей баяндалады: Аспан асты үкіметінің билігіне тең келмейтін жарықтық билеушісі, 792 (хижри) жылы, Тоқтамыс ханмен күресуге бел буып, өзінің империясының түрлі провинцияларынан өз армясын шақыру үшін, теваджилерді жіберді. Оларға қандай жағдай болмасын, өз күштерін сақтауға бұйрық берді, және өз әскерлерін, ескі және жаңа дәстүрлерге сай, бір жылға азық-түлікпен және тағаммен қамданып, Қыпшақ даласына баруға мәжбүрледі.Әрбір солдатқа өзімен бірге, отыз ағаштан жасалған оғымен, садақ, қорамсақ пен қалқан; одан басқа, тексеру кезінде көрсету үшін, олар екі адамға бір ат, он адамға бір шатыр, екі күрек, қайла, шалғы, ара, балта, жүз ине, біз, арқандар, түрлі құрал-жабдықтар, бүлінбеген өгіздің терісі мен бақыраш алып жүруге бұйырылған болатын.Тең қалыпта, Ұлы Мәртебелі, өз солдаттарына үлестіру үшін, аттарды өз атқорасынан әкелуді, және түрлі қызметшілер мен вассалдарға алтын (динар) мен ақша тарату үшін өз қазынасының есігін айқара ашуды бұйырды. Содан кейін, Самарқаннан кетіп, Ходженд өзеніне көпір салып болғаннан кейін, Ташкентте өзінің қысқы пәтерлерін құрды. Осы кезде оның денсаулығы сыр беріп, бүкіл денесін билеген ауру қырық күнге созылды. Қапалы және мазасызданған әмірлер мен үкімет ақсүйектері, Алладан сұрап, қол жайды. Ақырында, ауру артта қала бастады. Барлық қызметшілер, әлем биінің қымбат өмірін қайтарып бергені үшін, Аллаға ризалығын білдіріп, мұқтаж болғандарға садақа тарқатты. Сол кезде, әмір-зада Миран-шах Куркан, жарықтық әкейдің қолын сүю үшін, Хорасаннан әскерлерімен император лагеріне келді.Ұлы Мәртебелінің аса мейірімді ақылы, өз қызметшілерінің жағдайларына, әмірлермен бірге, нояндарды бағалы сыйлықтармен лайықтап, ерекше көңіл бөлуімен, бейнелі қызығушылық таратты. Теңдей өз армиясына ақша берумен қатар, оларды мейірімділікпен қуантып отырды. Темір, жетекші ретінде, басты әскери корпусқа Темір-Мелік ханның ұлы, Темір-Құтлық ұлы мен Идику Өзбекті, ал басқа жетекшілер үкімет билері мен ұлы әмірлердің арасынан қойды.Ақыры, сафар айының 12-ші күні, сымбатты Юсуф суқұйғышта 8 градуста болған кезде, ай туғанда, қайырымды патшаның қолдауымен сәттілік тулары жайылған болатын. Әмір Лагаль, әмір Мул кат сияқты, мәртебелімді, Қыпшақ даласына жіберу үшін, Пир-Мухаммед-Жахангір мен Шахрух мырзаның ұстанымдарына қосылды да, империяны басқару үшін астанаға жіберілді. Темір өз әйелдері мен күңдеріне артқа қайтуға рұқсат берді, осы экспедицияда өзіне сәттілік әкеліп жүрген, Чулпан-Мәлік-ағаны ғана қалдырды.Тоқтамыс ханнан дерек алғаннан кейін, Темір қайтадан алға жүріп, жолға шығуды бұйырды. Ол өте үлкен қашықтықты еңсерді, көптеген өзендер мен теңіздерден өтіп, джумада аль – ахрдың соңғы айының 24-і күні, жеңімпаз армия өз лагерін құрған Яик өзенінің жағасына келді. Сол жерде жетекші, Өз Мәртебелісіне, Айғыр-Ялы атауымен, екіншісі Бур-Гечит (Бура-Кичеш), ал үшіншісі Чапма-Гечит (Коймэ-Кичеш) атауымен белгілі, бұл өзеннің үш өткелі бар екенінін айтты.Ақыл-ойы әділдіктің ошағы болған, әлемді жаулаушы, бұл жағдайға қатысты келесі сөздерді айтты: «Мүмкін, бізге бұл үш өткелмен өтуге болмайтын тәрізді, өйткені біздің дұшпандарымыз ол жерлерге тосқауыл қоюлары немесе біз өткелден өтіп жатқан кезде бізге бас салуы мүмкін. Бізге өзеннің жоғары жағымен көтерілген дұрыс болады, ол жерлерге көпір салып, Аллаға жанымызды өзімізді ұсынып, өзенді жүзіп өткеніміз дұрыс.» Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін, сол арада, дабыл қағылып, жолға шықты.Межеленген жерге жеткеннен соң, аттылар мен жаяу әскерлер суға секірді де, оны екі күнде жүзіп өтті. Олар аттану туын қайта жайып, алты күн дегенде, Семур өзенінің жағасына келіп, аялдады. Ол жерде барлаушылар алға шығып, дұшпандардың даусын естіді де, бұл жағдайды Ұлы Мәртебеліге баяндады. Осы кезде, ханзада Мухаммед-Султан-Бахадыр тұтқын ұстап, оны жарықтық билеушіге алып келіп, одан жауап алғанда, ол: «Бұл жерлерде көптеген әскерлер жиналған; бірақ та олар сіздің әскерлеріңіздің жақындап қалғанын ести салысымен, артқа шегінді», - деді. Билеуші, әрбір жауынгер өз мыңынан ешқашан бөлектенбеуді және түнде от жағуға үзілді-кесілді тыйым салды. Басынан аяғына дейін қаруланған корпустар, бірінен соң бірі алға жылжыды. Осылайша, дұшпандардың жүзеге аспайтын жобасы, Ұлы Мәртебелінің арқасында ашылды. Ол бұл жерлерге келіп, ешқашан дұшпандардан жеңілуді білмейтін өзінің айбынды жауынгерлеріне, император гвардиясына қосылу үшін уақыт берді. Ол бұл жағдайдан, әскерлеріне үлкен және кіші қалқандарды дайындауды, саналық пен сақтықты түсінген, алдын-ала сақтық шараларын жан-жақты қоршауды бұйырған өте жоғары тәртіппен шықты. Жеңімпаз армия, өздерінің даңқты императорларының бұйрығын орындауға асықты, олар түнде осы жерге келді, ал келесі күні ұлы мәртебелі, мұсылмандарға жауға қарсы шығуға бұйрық берді. Олардың әскерлері, сақтық ретінде ешқандай лагерь құрған жоқ, ор қазып, ол жерге қорғаныс құрды. Осы кезде, ешкімге теңдесі жоқ би, өзіне түмен әмірлері мен қолбасшыларды шақырды, оларға ақша таратып, бағалы шекпен кигізді, әрқайсысына өздеріне лайықты қару-жарақ қосып берді.Жолда жүрген кезде олар, сазды, жабысқақ батпақтардан үлкен еңбекпен өтті, және жақын жерлерге шаршағандарын басу үшін, лагерь құрды. Әрбір солдат өз лагерінде дем алды; және біраз уақыттан соң, барлаушылар, үш дұшпан полкінің пайда болғанын хабарлады. Олар, анық дұшпандардың ірі отрядын байқағандарын хабарлауды кідірткен жоқ. Әрқашан үлкен сәттілікке ие болған монарх, билеуші, жауынгерлер отрядымен атына мініп, өз армиясына қатарға тұрып, артынан ерулерін бұйырды.Сол арада, барлаушылар, тұтқын ұстады да, оны Ұлы Мәртебеліге алып келді. Сұрақ-жауаптан кейін ол: «Тоқтамыс сізді өз мемлекетіне қашық жерге алдап апарғысы келеді, ол сіздің легеріңіздегі азық – түліктің таусылып жатқанын білді», - деді. Ашуға булыққан монарх, оны өлім жазасын кесті, және сол бейбақ өзінің әділеттілігінен қаза тапты. Сунджак-Бахадур мен Аргуншах, дұшпанға қарсы беттеуді, жарықтық билеушісіне өздерінің жинаған ақпараттарының барлығын жеткізіп тұруды бұйырды.Тоқтамыс ханның адамдары, Темірдің алдыңғы посты Айку-Темірге көмек бере алмайтынын және оларға беттеп келе жатқандардың араларын көптеген өзендер бөліп тұрғанын сезді. Бірақ та, ол оларға тайсалмай, қарсы тұрды, және монархтың армиясы өзендер мен батпақтарды бүтін және аман-есен жүзіп өтті. Содан кейін ол, өзенді жүзіп өтуге талпынғанда, артынан атылған найзамен жарақаттанғаннан кейін, бір оғы атына тигенннен кейін, шегіну үшін артқа қайтты. Оның атының күші қалмады, ал жауынгерлер оған басқа ат берді. Ол да, көп ұзамай жарақаттанды. Ал ол, «діни заңдарды бұзуға, оның үкімдерін орындауды кейінге қалдыруға хақысы болмағаны себебінен» дұшпандарға найзасын лақтырып, азап шегуші ретінде қаза тапты. Тоқтамыс-хан, жеңімпаз әскерлер қуып жете алатын бірде-бір жерге көп уақыт тоқтаған емес. Темірдің сансыз армиясы, ұзақ жорықтарға төзе алмайтын еді. Әлемді жаулап алушы, әмірлер мен нояндарды жинап алып, «Амир-заде Омар-шейх 20000 атты әскерлерімен және әмір Сунджак, Султан-Санджар, Хаджи Сейф ад-дин, әмір Осман Аббас және басқа бірнеше православті әскер басыларымен, дұшпанды қуып жетіп, оларды тоқтату үшін алға жылжып келеді» деді.Осы күні, екі армияның арасы қысқарған кезде, күн де, шайқастың сұмдықтарын көргісі келмегендей, бұлттардың артына тығылды. Қар жауып, суық біліне бастады. Темірдің бойындағы жарқын ойы мен дұғаларының арқасында, ауа райы алты күн ашық болды. 793 жылдың раджаб айының 15-і , дүйсенбі күні, Ұлы Мәртебелі өзінің жеңімпаз армиясын, Кандурдж (Кондурча) аталатын жерде қатарға тұрғызумен айналысты.Ол оларды, біріншісі, Султан Махмудтың атаулы басшылығына қойылған және әмір Сулейман - Шахтың бұйрығын орындауға қойылған, жеті корпусқа бөлді. Ұлы Мәртебелінің жеке өзі басқарған екінші корпус, ханзада Мухаммед-Султанның ұстанымдарына сенім білдірілді және атақты батырлар мен православты жауынгерлерімен қолдау тапты. Үшіншісі, Мираншах Курканның ұстанымдарына міндеттелді, ал ханзада Мухаммед-Султан-шахқа сол ұйым жүктелді. Ол оң қанатқа қойылды. Хаджи Сейф ад-динге жүктелген төртіншісі, оң жақта орналасса, бесіншісі, ханзада Омар – шейхтің зейінділігіне тапсырылды. Хроникаларда, жеті корпус туралы айтылғанымен, авторлар бізге тек бесеуі туралы ғана ақпарат бергендігін байқаймыз.Жеңімпаз Темір, айбынды жауынгерлерден құрылған, кез келген уақытта, көмекке келе алатын, алдыңғы әскери корпуста орналасқан, таңдаулы жиырма полкты басқарды. Кейбір хроникаларда, ханзада Хаджи Сейф ад-дин, Бирди-бег Сарбуга, Худад-Хусейн мен көптеген жауынгерлер, сол қанаттың алдыңғы қатарында шайқасуға сап түзегенде, өз әскерлерімен алдыңғы шепте оң қанатта болды делінген. Мыңбасылар мен полк командирлері, өздеріне арналған орындарға тұрды да, шайқасқа дайындалды. Ал дұшпандар, келуге асыққан жоқ.Тоқтамыс-хан, оң және сол қанаттардағы өз корпусының әдемілігін көрсету үшін, ол жерге Таш-Темір Оглан, Бек-Ярук Оглан және Илигмыш Оглан, Биг-Пулад-Оглан, Али-оглан мен Джанита Оглан, сондай-ақ, ұлыс әмірлері Джучи-хан, Али сияқты, Сулейман-Суфи Коңырат, Наурыз Коңырат, Ақтау Ақбота, Урусджук Қыят, Иса-бек, Идкудің ағасы, Хасан-бег, Сарай, Куке-Буға, Баглы-бей Бахрин, Кункур-бей мен басқа батырларын және Қыпшақ даласының басқа православті жауынгерлерін, әлем иесінің алдыңғы қатарына қойды.Тоқтамыс-хан, даңқты монархқа қарсы келе алмайтынын көргеннен кейін, артқа шегінуге бел байлап, тау сияқты қарсыласқан, Омар-шейхтің ұстанымдарына қарай жүрді. Тоқтамыс-хан, одан да ары қарай шайқаса алмайтынын сезген соң, артқа қарай, Шейх-Темір жаққа және мың сулдузға (тайпа атауы) қарай беттеді. Олар өздерінің найзаларының астына алғанда, Тоқтамыс-хан, әмірлері мен Джучи-хан ұлысының әскербасыларының көмегімен, оларға қарсы бірнеше шабуыл жасады да, жеңіспен тоқтады. Ол, сулдуз тайпасының арасынан өтіп, әлемді жаулап алушының позициясын артқа қалдырып, өз әскерлерін қатарға қоя отырып, көптеген жауынгерлерді қазаға ұшыратты.Жеңімпаз-Темір, осы жерде тоқтап, әмірлері мен құрметті нояндардың барлық қанды ұстанымдарымен қол жеткізген, осы әлемдегі қимылдардың бастысы болған, жеңіске қол жеткізді. Ұлы Мәртебеліні осы тамаша жеңісімен құттықтау үшін барлығы сөз алды. Олар монархтың алдына алтын мен бағалы тастарды тастады, ал ол өз кезегінде, оларды өзінің барлық мейірімділігімен және патша сыйлықтарымен марапаттады.
2.4. Ибн Арабшах және оның деректеріндегі Әмір Темірдің жорықтары
Тоқтамыстың, Дешті Қыпшақ сұлтаны мен Түркістанға шабуылы жөнінде. Ибн Арабшахтың «Аджайиб ал-макдур фи тарихи Таймур» кітабын пайдаланбаған тарихшы – теміршіні табу қиын шығар. Осы қолжазбаны, В. В. Бартольд, Ю. Якубовский, Б. Гафуров, Б. Ахмедов, Я. Гулямов. И. Муминов, А. Мухаммаджанов және басқа да әйгілі академиктер пайдаланған. Бірақ ешқайсысы бұл қолжазбаны орыс тіліне аударған емес. 1992 жылы У. Уватов осы қолжазбаны өзбек тіліне аударып, оны екі кітапта жариялады. Орыс тіліне қысқаша аудармасын біз, У. Уватовтың өзбек нұсқасынан алдық. Ибн Арабшах кішкене кезінде Әмір Темірдің қолында тұтқында болады және бұл еңбегін Әмір Темір қайтыс болғаннан кейін 30 жыл өткеннен кейін жазады. Бұл еңбек Әмір Темір жайында жазылған құнды дерек болып табылады [60, 17 б]. Ибн Арабшах араб жазушысы. 1389 жылы Дамскіде дүниеге келген, оның бүкіл өмірі саяхаттаумен өткен. 1402 жылы Әмір Темір әскері Бағдатқа кіргенде бала Ибн Арабшахты тұтқындап Самарқандтқа әкеледі. Самарқандта Ибн Арабшах медреседе білім алады.Әмір Темір қайтыс болғаннан кейін де Самарқандта тұрып, 1412 жылы Қырым арқылы Эдирнеге жетеді.Эдирнеде он жылға жуық Османдық сұлтан Мехмед І қызмет етеді.
Ибн Арабшах түркі, парсы тілдерін білді, кейін аудармамен айналысты. Оның Әмір темір туралы жазған еңбегі 1636 жылы арабша Лейденде, 1658 ылы Парижде французша, 1812,1814 ылы Калькутада Ахмеда-ибн-Мохаммеда ибн аль-Ансари-Йеменидің редакциясымен ағылшынша басылып шықты. Алтын Орда қатысты тарауларын алған орыс тіліне В.Г. Тизенгаузен аударды.Көптеген тарихшылар, тарихи еңбектерін, сол немесе басқа деректердің дерекнамалық сараптамасынсыз жазып үлкен қателік жасайды. Мұндай тарихшылар, алғашқы дереккөзді, әдеттегі дереккөзден айыра алмайды. Барлық дереккөздер де алғашқы дереккөз бола бермейді ғой, оның үстіне барлық дереккөздер ақпаратты рас бере бермейді. Мысалы, біз, өздерін Өзбекстанның тарих ғылымының көрнекті кемеңгері деп санайтын бірқатар заманауи тарихшыларды атай алатын едік, бірақ та олар тарихи тұлғаларды бағалауда немесе тарихи оқиғаларды баяндауда дөрекі қателерге жол береді. Дереккөздер барысында, ресми құжаттар: қол қою мен мөрмен бекітілген, қаулылар, көпестік және басқа заңды құжаттар, алғашқы дереккөздер ретінде үлкен орын алады. Көптеген тарихшылар, баянаттар, жоғары қызметтегі адамдар мен оқиғаға қатысушылардың анықтамалары, бірінші дереккөз деп санайды. Бірақ та, оларға мұқияттылықпен және сақтықпен қараған дұрыс. Өйткені, сол немесе басқа болған оқиғаны авторлар, өздері сол оқиғаларға қатысы болмаса да, дұрыс қабылдамаған жағдайлар болған, дұрыс түсіндірмейді немесе саналы түрде оқиғаны бұрмалайды. Бұл жерде жеке және пайдакүнемдік мақсат қудаланады. Дерккөздер барысында сонымен қатар, тарихи қолжазбалар кітаптары дереккөздер ретінде орын алады. Мұндай қолжазбаларда, құрастырылған бөлімдерден басқа, авторлардың өзі қатысқан, сол немесе басқа тарихи оқиғалар туралы құнды ақпарат беріледі. Мұндай бөлімдерді, жоғарыда айтылған ескертпелерді есепке ала отырып, алғашқы дереккөздердің тобына жатқызуға болады [61, 15-20].Темір мен Султан Хусейннің арасындағы өзара тартысты көріп, Тоқтамыс ханның Дешті султаны мен Татардың қаны қарайды. Бұл шежіре мен көршіліктен болған. Ол өте көп солдаттар жинап, әскерлерін теңіз сияқты, Сығанақ пен Отырар арқылы, Темірдің лагеріне жіберіп отырған. Темір, оған қарсы өз әскерлерін Самарқаннан алып шықты, да Түркістанға жақын жердегі Ходженд өзенінің жағасында кездесті. Бұл теңіз Сайхун деп аталады. Ал Самарқан Сайхун мен Джейхун өзендерінің арасында орналасқан. Екі әскерлер арасында «базар» соғысы лаулап жанды. Олардың арасындағы бұл шайқаста, сатып алу - сату сияқты, базар жүріп жатты, Темірдің әскерлері шайналмай жатып, Темірдің соғыстың диірмен ұнтақтағышы сияқты айналып жатты. Темірдің жауынгерлері тарайын деп жатқанда және олардың әскерлерінің бауы шешілейін деп жатқан кезде, Саид Барака атты бір адам Темірге келді. Ол, сол кезде өте ауыр халде тұрған Темірге жақындап: «Эй, афанди Саид, менің әскерлерім жеңілді», - деді. - Қорықпа, - деді оған Саид (Барака). Атынан түсіп, жерден бір уыс топырақ алды да, Темірді қыспаққа алған жаулардың бетіне шашып жіберіп, «дұшпан қашып барады» деп айқай салды. Темір де, өзіне көмек қолын созған шейхқа еріп, оның әрекетін қайталап, айқай салды. Темір, Аббастың даусымен айқай салғанда, ол, тамақтары құрғап қалған түйелерді су ішуге шақырып жатқандай болды. Сонда, бұзауына емірене қараған сиыр сияқты, Темірдің әскерлері оған қарады да, бар күшімен жауды жоюға кірісті. Дені сау және жарақаттанған жауынгерлер де, барлығы бар даусымен «жау қашып барады» деп айқай салды. Содан кейін олар, бір – бірін қолдай отырып, бір адамдай жауға қарсы шапты. Тоқтамыстың әскерлері жеңіліс тапты, және «артқа шегініп, әр жаққа бытырап қаша жөнелді". Темірдің әскерлері, қылыштарын жаудың мойнынан қойып, жеңістерімен оларды өлімге апарды. Олар көптеген байлықтар мен малдарды қолды етті және орта әскер басылары мен басқаларын тұтқынға алды. Содан кейін Темір, Самарқанға қайта оралды - сонымен бірге ол Түркістан мен Ходженд аумағын қайта қалпына келтірді. Саид Барака Темірдің ұлылығына ие болды, ол қайта жаулап алынған жерлердің басқарушысы болып тағайындалды. Осы Саид туралы көптеген әңгімелер бар. Кейбіреулер, оны, (сүлікпен) қан алумен айналысып, Египетте тұрған, сосын Самарқанға келіп, өзін сеид атап, ұлықталды, оның абыройы өсті дейді, кейбіреулер, оны қасиетті Мединенің тұрғыныдеп айтады, ал басқалары, оны нұрлы Меккенің тұрғыны болған дейді. Қандай болғанда да, ол Мәуереннахр ме Хорасан қалаларының атақты адамдарының бірі болған – әсіресе, жоғарыда айтылғандай, Темірді кездейсоқ қысымнан құтқарып қалғаннан кейін қол жеткізді. Содан кейін Темір оған: «Меннен қалағаныңды сұра», - деді. Ол Темірге: «Эй, мавлана Әмір! Қасиетті және нұрлы қалалар, түрлі мемлекеттерді көптеген уақыптарға ие. Олардың ішінде, Хорасан жерінде Андха бар. Мен және менің балаларым да осындай қайырымдылыққа лайықтымыз. Егер де, кіріс пен шығысты санасақ, басқа ұсаұ – түйектерді анықтап және уақыптардың кірген кірісі мен шығындарын санасақ, онда менің және менің балаларымның үлесі олардан кем болмайды. Маған да «иктаъ» түрінде бер», - деді. Және Темір «иктаъ» ретінде, қышлақ қарамағындағы жерлерді сыйға тартты. Сол жерлер, қазірге дейін оның ұрпақтары мен немерелеріне тиесілі.Темірдің Самарқанттағы көтерілістерді басуы. Самарқанда өте көптеген бағынбайтын топтар көп болды, олардың арасында түрлі адамдар: батырлар, сотқарлар мен емшілер болды. Олар кайс пен Яман тайпалары сияқты, екі топқа бөлініп, әрдайым араларында жиренішті әрекеттер мен соғыс бролып жатты. Әрбір топтың өздерінің басшылары, тіректері және қызметшілері болды. Қаншалықты беделді болса да, Темір олардың өзіне қарсы әрекет жасауынан күдіктенді. Ол қаладан шығып кете салысымен - ақ, міндетті түрде бір ұйымның бір тобы, тәуелділікке қарсы шығып, оған сес көрсететін. Темір, әрбір жорықтан қайтқан сайын, тәртіптің бұзылғандығын көретін, оның беделінің шайқалғанын және істерінің былыққанын көретін. Осыған сәйкес, ол бәрін басынан бастауға немесе қайта жасауға мәжбүр болатын. Ол кейбіреулерді өлім жазасына кесетін, кейбіреулерін өз лауазымдарынан шеттетін, ал кейбіреулеріне сыйлықтар беретін. Қайтадан жолға түсіп, орнына келтіретін. Сөз тыңдамайтындар өздерінің қарсы әрекеттерін жалғастырып, өтірік пен айлакерлікке баратын. Мұндай жағдай тоғыз рет қайталанатын. Темірдің бүлікшілерге қарсы қандай шара қолдану керектігіне білімі жетпетініне басы ауыратын. Осы үшін ол үлкен той ұйымдастырды, оған үлкенді – кішінің бәрін шақырды, кәсіпкерлерді өзінің саркарының қасына отырғызды. Ал бүлікшілер мен олардың жетекшілерін, Темір, Ануширван ибн Кайкубад секілді жеке отырғызды. Темір батыстықтарды өздерінің көмекшілеріне жақын отырғызды және олармен өздеріне жіберетіндер өлім жазасына кесілгендер екендігі туралы келісті. Оларға бағытталғандар шартты заң болды. Сосын Темір, шақырылған көсемдерге бағалы шапандар тарата бастады және өз қолымен шарап құыйп берді. Бүлікші көсемдерге жеткенде оларға бағалы шапан сыйлап, оларды батыстықтар жаққа апаруларына белгі беріп отырды. Олар батыстықтардың жағына бара салысымен, үстілерінен бағалы шапандарын шешіп алып, оларды мәңгілік орындыққа отырғызып, өмірлерін қиып жатты. Осылайша, Темір, олардың бірін қалдырмай түп тамырымен жойып, ізін де қалдырған жоқ. Нәтижесінде, өзінің жолына кедергі болған қарсыластарынан құтылып, Темірге жол ашылды. Мәуереннахрда оның жолын кесетін ешқандай жан қалған жоқ. Бұл арада, Самарқан мен оның аймақтары: жеті туманды Самарқан, Андиган және оның тоғыз аймақтан тұратын аумағы, одан он мың әскер қалыптасады.Самарқан Мәуереннахрдың атақты қалаларының бірі болып табылады, және айтылғандай, өте ардақты жер болып саналады. Айтуларынша, ертеде, Самарқан мен оның қабырғалары он екі фарсах болған деседі. Бұл Шыңғыс ханнан алдын, Джалалуддин султанның кезеңінде болған.Мен, Темір тұрғызған, Самарқанның батыс жағындағы, Дамаск аталатын қаланың қабырғаларын көрдім. Бұл қалашық Самарқаннан жарты күн жүретін аралықта орналасқан. Адамдар күні бүгінге дейін, ежелгі Самарқанды қазып жатыр және ол жерден күпірлік қолжазбалар, дирхемдер мен филстер тауып алып жатыр. Филс – шақаларды балқытып, олардан күміс ажыратып алады. Маргийнан да Мәуереннахрдың қаласы табылады. Ежелгі уақытта ол астана болатын және ол жерде Иликхан болды."Хидаи"дің авторы, құрметті шейх, оқымысты Бурхануддин ал-Маргийнаний – оны Алла қолдасын, –  Маргийаннан шыққан. Ходженд Сайхунның жағасында орналасқан, ал Термез Джейхунның жағасында орналасқан. Сондай – ақ, Нахшаб – ол туралы айтылған болатын, – Қаршы, және Кеш, Бухара мен Андижан да бар. Олардың барлығы атақты және олардан басқалары да бар.Аймақтардан, Бадашхан аумағы, Хорезм, Саганиян өлкесі және одан басқа көптеген шегі жоқ алқаптар мен аймақтары бар. Осы өлкенің халқының айтуынша, Джейхуннан шығысқа қарап жайылып жатқан жерлер Туран деп, ал батысқа қарап жайылып жатқан жерлері Иран деп аталады. Кайкавус пен Афрасияб екеуі мемлекетті бөліп алған кезде, Туран Афрасиябқа, ал Иран – Кайкубадтың ұлы Кайкавусқа тиесілі болды. Ал Ирак Иранның батысы болып табылады.Мәуеренахрды толықтай басып алуы. Мәуереннахрдың жерлерін толықтай өзіне қаратқаннан кейін, және сол кезеңнің қыңырлары оның ырығына көнгеннен кейін, Темір басқа мемлекеттерді басып алып, оның тұтқындарын күңдікке айналдыра бастады. Жер жүзіндегі патшалар мен шет мемлекеттердің султандарының аңшылығына арнап, ол айлакерлікпен ау қоя бастады. Бірінші кезекте ол, монғолдармен жақындасты, олармен құшақтасып, аймаласып, оларды сыйлықтармен көмкеріп, олардан сыйлық ала бастады, және Камаруддин – падишахының қызына үйленді. Осылайша, Темір олардан келетін қауп – қатерден толығымен құтылды. Монғолдар олардың шығыс көршісі болды және олардың арасында ешқандай айырмашылық қалмады. Өйткені, олардың арасында жасалған туыстық, құдалық және көршілік осыған себеп болды. Дін де, екі мемлекетте де, Шыңғыс хан орнатқан библия болды. Осы себептен Темір, монғолдар жағынан сойқандық болмайтынына жаны тыныш болатын [62, 78 б].Темірдің аймақтарды, бірінші кезекте Хорезм жерлерін бірлестіріуі. Монғол қитұрқылықтарынан қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін және оларға шектеу қойғаннан соң, Темір Хорезм жерлерін өзіне қаратқысы келді. Хорезмдіктер, батыстың сол жағынан, Темірге көрші болды және олардың айырмашылығы , оларда мұсылмандық тәртіп орнатылған болатын. Джурджан олардың астанасы болды және өте ежелгі қалалардың бірі болатын. Негізінен бұл мемлекет, ежелгі қалалар мен үлкен аймақтарға бай. Оның астанасы, ғалым, дарынды адамдар жиналатын, ақылды жазушыларға баспана, тәрбиешілер мен ұлы адамдар үшін бұлақ көзі, ұлы, ардақтылар үшін тау кені, ақиқат іздеушілер үшін теңіз дереккөзі, қателескендер үшін өз жолдарын табатын жер болған. Хорезм азық – түліктері, дәмдерінің молшылығы мен бітпейтіні, сан жетпейтін табиғи байлыққа ие. Бұл мемлекеттің султанының аты, жалған дінге жат, Хусейн Суфи болатын. Мәуереннахрдың қалалары, сырттан қарағанда бір – біріне ұқсас келеді, өйткені, олар жерге ылғал, күйдірілген кірпіштен салынған. Хорезмдіктер, самарқандықтар сияқты өте сүйкімді келеді, ал сезімдерінің нәзіктігі жағынан самарқандықтарға қарағанда басым келеді. Олар өздерін өлең жазуға, әдебиетке, және жоғары қабілеттілікті талап ететін, соның ішінде, музыка ғылымына және ғажайып еңбетермен түрлі әндер жазып шығарды. Бұған әрбір жоғары лауазымды адамдармен қатар, жай адамдар да атсалысатын. Хорезмдіктер туралы келесі кеңінен тараған. Егер де бесікте жатқан нәресте, жылап, «ох» дейтін болса, онда осы дыбыстардан «Дугох» әуені естіледі дейтін. Темір Хорезмге келгенде, Хусейн Суфи жоқ болатын. Ол Хорезмнің шет аймақтаны мен қолы жеткен жерлерінің бәрін басып алды. Бірақ та, Хорезмді алудың сәті түспеді. Ол оған мән бермей, өз жауынгерлерін жинап алып, өз Отанына қайтты.Хорезмге қайта келуі туралы мазмұндама. Содан кейін Темір, шешімге бел буып, өте үлкен әскерлер санымен дайындықпен, екінші рет Хорезмге жорыққа шықты. Оның султаны әлі де орнында жоқ болатын. Темір, әдемі ұалыңдық Хорезмнің жігіті сияқты болды. Ол қаланы қоршауға алып, жолдарды жапты. Сонда, өз султанына берік, қала тұрғыны, саудагерлердің бірі, оның аты Хусан Суриж болатын, Темірдің алдынан шығып, оларды осы ауыр халден босатуларын, есесіне қалаған тұтқындары мен байлығын бергуге дайын екендіктерін жеткізді. Темір, өзінің қазынасына салынатын он екі атқа сыятын күміс сұрады. Бірақ та, Хусан Суриж, Темірге жалынып – жалбарынып, оның сұрағанының төрттен бір бөлігін беруге келісімін алды. Хусан Суриж сол арада, өз қазынасынан қажет болған күмісті өлшеп алып берді. Осыдан кейін, Темір әскербасыларға, хорезмдіктерге ешқандай зиян келтірмеу туралы бұйрық берді де, Самарқанға қайтуға бел буды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әмір Темір тарихтағы ерекше қарама-қарсылығы көп тұлға. Оның Орта Азия тарихындағы қызметіне қарай отырып біз оның тарихта көптеген із қалдырғанын білеміз, феодалдардың өзара қарқысымен мен феодалдық қырқысуларды жоюда, екінші жағынан сол кезеңде болмаған ірі құрылыстарды салғыздырумен ерекшеленген тұлға болды. Темір өзінің ерекше әскери ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді, күшті жігерімен мемлекет қайраткері ретіндегі ақылдылығымен көрінді. Сонымен қатар ол өз дәуірінің ұлы болды және ол үшін ол еш қашанда қынжылмады, сол дәуірден асып кетпеді. Туып келе жатқан классикалық феодалдық кезеңде өмір сүріп ол соның алға апарушысы бола алды.Әмір Темірдің мемлекетін, егер оның Орта Азиялық және Ирандық жағынан алып қарастырсақ, феодалдық иеліктердің бір орталыққа бірігуінен пайда болған мемлекет болды. Өте қаталдығымен Темір өзінің қол астына басып алған териториясын тегіс бағындырып, ұстады. Соғыс тарихында Темір ортағасырдағы Азиядағы ірі әскери қолбасшылар қатарына қосады. Оның әскери дарындылығы екі бағытта ерекше ашылды: армияны ұйымдастырылушылығы және қолбасшы ретінде. Темір өзі үнемі шексіз билікке ұмтылды, бірақ өзінің алдына қойған нақты мақсаты, белгілі бір жоспары болмады. Әмір Темір-қолбасшы, ірі мемлекет қайраткері XIV-XV ғасырдағы ерекше тұлға, дара тұлға ретінде белгілі.
XIV-XV ғғ. Әмір Темірге байланысты деректерді екіге бөліп қарастыруымызға болады: біріншілерінде Темірдің жүргізген саясатын құптау, қолдау байқалады; екіншілерінде бұл әрекеттерге теріс баға беріледі [2, 28 б]. Бірақ, соған қарамай бұл екі топтағы деректердің қай қайсысынан болмасын біздің мәселеге, сол оқиғаларға байланысты бай мәліметтер алуға мүмкіндік бар. Атап өтетін жай – әлі күнге дейін осындай бай материалдар толығымен жүйеленіп, бір ізге келтірілмегені байқалады. Бұл дерекді Орта Азия тарихы мен Әмір Темір мемлекеті дәуірі арасындағы тарихи сабақтастық толық орын алмаған. Орта Азия, Иран және іргелес елдердің тарихын қазіргі уақыттаы зерттеушілер Темір мемлекетінің ықпалының әлі де толық зерттелмегендігін атап өтіп, деректерді іздестіруді жалғастыру керек деп есептейді.
Әмір Темір және оның жорықтарына қатысты құнды мәліметтер XV ғасырдың тарихшылары Низам-ад-Дин Шамидің «Зафар-наме», Шарафаддин Али Йездидің «Зафар-намесі», Абд Ар Раззах Самарқандидің «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн», Мұхаммед Ховент Шах Мирхондтың «Раузат ас–сафа фи сират аал–анбия ва–л–мулук», Ибн Арабшахтың Аджайиб ал-макдур фи тарихи Таймур» Хафиз Абру, Абд ар-Разак Самаркандидің және Мирхондтың шығармаларында кездесті. Осы деректерді тимуридтік тарихнама кезінде жазылған, бізге жеткен деректер тобына жатқызуымызға болады. Олар тікелей Темірдің өзінің немесе оның ұрпақтарының тапсырысы бойынша жазылды. Ал енді келесі топтағы деректерге, Әмір Темірге байланысты өз ойларын ашық білдірген, оны ұнатпаған топ өкілдерінің мәліметтерін жатқызуымызға болады. Осындай топ өкілдеріне Ибн Арабшахты және оның «Аджип ал-макдур фи наваиб ал-Тимур» атты еңбегін қарастыруымызға болады. Жас кезінде Дамаскіде тұтқынға түсіп, Самарқандқа алып келінген ол, өле-өлгенше Темірге және оның қырып жою саясатына деген өзінің теріс көзқарасын ұстанды. Ибн Арабшахтың «Темір өміріндегі көргемпаздық ғажайыптары» атты еңбегінде Темірге қатысты көптеген фактілер келтірілген. Бұл еңбекте автор сол оқиғаларға қатысып қана қоймай, оны көрген-білгендердің мәліметтеріне сүйене отырып та жазған.
Әмір Темір мен оның ұрпақтарының тарихшылары кей жерлерде ақиқатты жасырып қалса да, кейбір оқиғаларды баяндауды бұрмаласа да, Темірдің жаулап алған жерлердегі озбырлығын бүкпей көрсетеді. Жалпы алғанда, Темір мен оның ұрпақтарына арналған шығармалардың ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелерін зерттеудегі басқа ортағасырлық шығыс мұсылман деректердің арасындағы алатын орны жоғары деуге де болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Низом ад-дин Шами. Зафар-наме // СМИЗО / Собранные В.Г. Тизенгаузеном и обработанные А.А. Ромаскевичем и С.Л. Волиным – Т.П. –М. –Л., 1941. –С.100-201.
Якуповский А.Ю. Тимур // Вопросы истории. – 1946. № 8-9.-С.66.
Бартольд В.В. «Определение анонима Искпндера» - Соч. Т.8.-М., 1973.-С.481-482; Еще об анониме Искандера. – Соч. Т.8.- 491-503
Строева Л.В. Возникновение государства Тимура // История и филология стран Востока. – 1952. С. 64-87
Абдираимов М.А. Обзор литературы, посвященный Тимуру и Тимуридам, изданный в Узбекистане в 60-х годах // История СССР. – 1973. №5.-С. 83-90.
Тамерлан: Эпоха. Личность. Деяние / Сост., обр. и подг. Текста Р.Рахманалиев.- М., 1992.-544с.
Гийасаддин Али Йезди «Дневники похода Тимура в Индию» М.-1992 С. 188.
Клавихо Р.Г. «Дневник путешествия в Самарканд ко двору Тимура». М.- 1990. С.
Ибн Арабшах «Чудеса судьбы историй Тимура». Ташкент.- 2007
Тұрсын Сұлтанов «Темір және оның империясы» Алматы. «Мектеп». 2007. 148 б.
Му‘изз ал-ансаб (Прославляющее генеалогии). Введение, перевод с персидского языка, примечания, подготовка факсимиле к изданию Ш. Х. Вахидова. // История Казахстана в персидских источниках. Т.3. Алматы, 2006, с.115]Герасимов М.М. «Портрет Тамерлана» Краткие сообщения Института историй материальной культуры. 1947.Вып. XVII. С
Ошанин Л. В., Антропологическое исследование скелетов Тимура и тимуридов // Научные труды ТашГУ, выпуск 232, Ташкент, 1964,с.99
Кандия Малая (пер. В. Вяткина) // Справочная книжка Самаркандской области. Вып. 8. Самаркандский областной статистический комитет. Самарканд, 1905, с. 258
Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к историй Золотой Орды. М, Л.-1941 г. т. II. 564 с.
Якубовский А.Ю., Герасимов М.М. Тамерлан — покоритель Азии. М. С. 224.
Сайт Восточная Литература www.vostlit.info Низомаддин Шами «Материалы по историй киргизов и Киргизий» Вып 1. М. Наука. 1973.
«Тарих-Адамзат ақыл ойының қазынасы» он томдық. Т. 3. Астана.-2005.509 б.
Низомаддин Шомий. Зафарнома. Форс тилидан уйгирувчи Ю. Хакимжанов. Таржимани кайта ишлаб нашрга тайерловчи ва масул мухаррир А. Уринбоев. Ташкент.- 1996.
Мухаммаджанов А.Р. «Темур ва Темурийлар салтанати» Тарихи очерк. Ташкент.-1996. C.
Тулибаева Ж.М. Персоязычные источники по историй казахов и Казахстана XII-XIX вв. Дисс. На соискание уч. Степени д.и.н. Алматы, 2003.
Уложение Тимура. Ред. Р.Азимова. Ташкент.- 1992, С. 108.
Темур тузуклари / Форсчадан А.Согуний ва Х. Кароматов тарж, Б.Ахметов тахр, сузбоши ва изохлар Б.Ахмедовники/. Ташкент.-1996, 344 б.
Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к историй Золотой Орды. М, Л.- 1941 г. т. II. 564 с.
Историй Казахстана в западных источниках XII-XX вв. Пер. с франц. Х.К. Хамраева./ сост. Б.М Сужиков. Алматы.- 2005, т. II.
Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к историй Золотой Орды. М, Л.- 1941 г. т. II.
Шарафуддин Али Яздий. Зафарнома. Суз боши, табдил, изохлар ва курсаткичлар муаллифлари, Б.М. Эшпулатов Ташкент, 1997, 383 бет.
Цугаченкова Г.А. Очерки исскуства Средней Азии. М. 1982. С. 436.
В.А. Панова, Е. Шамрай, А. Пишпенко. «Тамерлан автобиография и Уложение». М. «ЭКСМО». -2006.
Мирзо Улугбек. Турт улус тарихи./ Б.Ахмедовнинг кириш сузи, изохлари ва тахририда, Форс тилидан Б.Ахметов ва бошк. тарж./ - Ташкент. 1993, Б. 352.
Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды.- М. 1973.
«Тарих-Адамзат ақыл ойының қазынасы Орта ғасырлық тарихи ой».-Он томдық.- Т. 3. «Фолиант» баспасы,-Астана. 2005.-509б.
Якуповский А.Ю. Тимур Вопросы историй, 1946, № 8,9
Грановский Т.Н. ПСС. СПб Т.1.С 352
Низомаддин Шомий. Зафарнома. Форс тилидан уйгирувчи Ю.Хакимжанов. Таржимани кайта ишлаб нашрга тайерловчи ва масул мухаррир – А. Уринбоев. Ташкент, 1996.
Муминов И.М. Роль и места Амира Тимура в историй Средней Азии: Т. 1968, 118-122
Лянглә Л. Жизнь Тимура. 1992. С. 340.
Кловихо Г. История великого Тамерлана. СПб.
Граневский Т.Н. ПСС. СПб. Т. І. С. 460.
Иванин М.И. О военном исскустве и завоеваниях монголо-татарских среднеазиатских народов при Чингисхане и Тамерлане. СПб. С.
Бартольд В.В. История турецко-монгольских народов. Ташкент.1928. 387.
Скрынников Р .Г.Тамерлан: Эпоха, личность. М.-1992.
Сайт Восточная Литература www.vostlit.info Низомаддин Шами «Материалы по историй киргизов и Киргизий» Вып 1. М. Наука. 1973.
Абд ар-Раззак. Места восхода двух счастливых звёзд и места слияния двух морей. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. М., 1941
Поппе Н. Н. Карасакпайская надпись Тимура // Труды отдела истории культуры и искусства Востока. Л., 1940. Т. II. С. 187
Низомаддин Шомий. Зафарнома. Форс тилидан уйгирувчи Ю.Хакимжанов. Таржимани кайта ишлаб нашрга тайерловчи ва масул мухаррир – А. Уринбоев. Ташкент, 1996
Шарафуддин Али Яздий. Зафарнома. Суз боши, табдил, изохлар ва курсаткичлар муаллифлари, Б.М. Эшпулатов Ташкент, 1997, 383 бет.
Ускенбай К.З. Восточный дашт-и Кыпчак в составе улуса джучи в XIII-первой трети XV-века аспекты политической историй Ак-Орды. Дисс. На соискание уч. Степени к.и.н. Алматы, 2002.
Темур тузуклари // Форсчадан А.Согуний ва Х. Кароматов тарж, Б.Ахметов тахр, сузбоши ва изохлар Б.Ахмедовники. – Ташкент,- 1996, 344 б.
Уложение Тимура. Ред. Р.Азимова. Ташкент, 1992,- С. 108.
Низомаддин Шомий. Зафарнома. Форс тилидан уйгирувчи Ю.Хакимжанов. Таржимани кайта ишлаб нашрга тайерловчи ва масул мухаррир – А. Уринбоев. Ташкент, 1996.
Халықаралық интеррация мен модернизация жүйесіндегі Қазақстан-Германия қатынастары. ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Т.Жұмағұловтың 60 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материвлдары (Алматы, 9 ақпан 2008 ж.) / әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ред. Алқасы: А.И.Купчишин т.б. – Алматы, 2008. – 186-190 б.
Абдураимов М. Темур ва Тухтамиш. Ташкент, 2000
Тулибаева Ж.М. Персоязычные источники по историй казахов и Казахстана XII-XIX вв. Дисс. На соискание уч. Степени д.и.н. Алматы, 2003.
Умняков И. Из истории международных отношении. М. 1960.- С. 245.
Ру Жан-Поль. Тамерлан. - М.: Молодая гвардия, (Жизнь замечательных людей: сер. биогр.; вып. 1063) 2007. - 295. - 4-е изд.
Мароцци Джастин. Тамерлан. Завоеватель мира. М.- АСТ, АСТ Москва, Полиграфиздат, 2010. - 464 с.
Лемб Гарольд. Тамерлан. Потрясатель вселенной. - М. 2008. 340 с.
История Ирана с древнейших времен до конца XVIII века. Л.: Издательство Ленинградского университета, 1958. С. 232 с.
Бабабеков Х. Н. Предисловие. // Ибн Арабшах. История амира Темура. Ташкент. Институт истории народов Средней Азии имени Махпират. 2007/
Сайт Восточная Литература www.vostlit.info Ибн Арабшах. История Амира Темура. Ташкент. Институт истории народов Средней Азии имени Махрипат. 2007.
Пигулевская Н. В., Якубовский А. Ю., Петрушевский И. П., Строева Л. В., Беленицкий А. М., История Ирана с древнейших времен до конца XVIII в., Л., 1958, с. 213
Қосымшалар
1.Тузук и Темуридің қолжазбасы

2. Зафар-намеге жасалған иллюстрация

Ибн Арабшах дерегінің аударылған нұсқасы

Ибн Арабшахтың жазбалары


Приложенные файлы

  • docx 1908146
    Размер файла: 629 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий