Зарарсыздандыру ж?не залалсыздандыруу


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

«ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ” * Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ -түрік университетіМедицина факультетіАрнайы клиникалық пәндер кафедрасы Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады. Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою. * Зарарсыздандырудың екі түрі бар: алдын - алу және ошақты.Алдын - алу (профилактикалық) зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі. Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы. * Күнделікті –үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: палатада күніне 2 рет, процедуралық бөлмеде 3 рет, асханада әр тамақтан кейін, әжетханада ластанған сайын, манипуляциялық бөлмеде әр бір манипуляциядан кейін зарарсыздандыру жүргізіліп отырады. * Қорытынды – науқас емделіп жақсы болып ауруханадан шыққан соң, науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң бір рет өткізілетін шара. Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекциядан толық бір жолата тазарту. Ол 1 рет жасалынады, қалалық жерде 5-6 сағат ішінде, ауылдық жерде 12 сағат ішінде келесі жағдайларда жүргізілу керек:науқасты ауруханаға жатқызғанда үйінде жасау керек;науқас жазылып шыққаннан кейін аурухана палатасына жасау керек;науқас басқа бөлімшеге ауыстырылғанда палатаға жасалуы керек;науқас қайтыс болғанда үйінде немесе палатада жасалуы керек. * Соңғы – терапия бағыттағы бөлімшелерде айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлімдерде және байлап таңу бөлмесінде, босану залдарында, жаңа туылған балалар, шала туылған балалар, операция бөлімшесінде аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі. * Зарарсыздандырудың әдістері: механикалық, физикалық, химиялық, аралас.Механикалық – жуу, шансорғышпен өңдеу, желдету, кір жуу, ылғалды жинау, қолды жуу. Физикалық - қайнату, ыстық құрғақ ауа, сулы бумен әсер, ультракүлгін сәулемен әсер ету т.б.Физикалық әдіске жататындары:күн сәулесін қолдану;ультракүлгін сәулелерді қолдану;қалдықтарды өртеу;қайнату, пастеризация (6-7 күн аралығында 60˚С температурада бірнеше рет пастерилизациялау, экспозия – 1 сағат);дистелденген суда қайнату – 30 минут, ас содасы қосылған жағдайда 15 минут қайнату. Зарарсыздаудың ауалы әдісі (ыстық ауалы шкафта 120˚С температурада, 45 минут). Булы әдіс – жоғарыда көрсетілген заттар алдын ала тазартуды қажет етпеген жағдайда қолданылады. Физикалық әдіс – қызметкерле үшін зиянды, бірақ өте сенімді әдіс. * Химиялық әдіс - химиялық заттарды қолдану арқылы орындалады:1. Құрамында галогені бар қосылыстар2.Тотықтырғыштар 3. Ауыр металл тұздары4. Альдегидтер мен спирттер 5.Фенол мен оның туындылары6. Нитрофуран туындылары7. Бояғыштар 8. Қышқылдар мен сілтілер9. Детергенттер10. Табиғи препараттар * Зарарсыздандырудың химиялық әдісіне жататындары:суландыру;сүрту:толық батыру;шашырату. * Дезинфекцияның комбинацияланған (аралас) әдістеріАралас әдіс - бірнеше тәсілдерді қосып пайдалану арқылы жүзеге асырылады және арнайы зарарсыздаушы камераларда жүргізіледі. Булы-ауалы 110˚С температурада ылғалды ауамен, 0,5 атм қысым, экспозиция – 20 минут.Параформалинді – 0,5 атм режимі, температура 90˚С, экспозия -30 минутКамералы дезинфекцияда заттар ыстық ауамен белгілі температурада жоғары қысыммен, кейде будың әсерін күшейту үшін қосымша формальдегидті (формалин) камераға жіберу арқылы зарарсызданады. * Зарарсыздандыру ерітінділерін қолдану ережелері:адамға зиянды болмау керек;арзан болуы керек;өткір иісті болмау керек;жуу қасиеттері болу керек;бұйымдардың бетін бүлдірмеу керек;биологиялық заттардың қоспаларында белсенділігі жойылмауы керек;аз уақытта микробтарды тез жою керек. . * Залалсыздандыру (стерилизация) дегеніміз медициналық құрал жабдықтардағы микроорганизмдерді және оның спораларын, токсиндерін түбегейлі жою. Залалсыздандыруға медицинада дәрілер мен диагностикалық препараттар, тігіс және таңғыш материалдар, жаймалар, пациенттің күтіміне арналған заттар жіберіледі. Залалсыздандыру асептиканың негізгі тәсілінің бірі. * Залалсыздандырудың технологиялық барысы төмендегі кезеңдерден тұрады:Медициналық құрал жабдықтарды зарарсыздандыру.Залалсыздандыруға дейінгі тазалау.Стерилизаторға материалды дайындау және жайғастыру.Залалсыздандырудың өзін жүргізу.Залалсыздандыру сапасын бақылау.Залалсыздандырылған материалдарды сақтау. * Залалсыздандыру алдындағы тазалау V кезеңнен тұрады:І кезең. Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1% лизоформин (дезинфекциялық ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа салып қоямыз.ІІ кезең. 1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған судың астында 30 секундтан жуамыз.ІІІ кезең. Медициналық құрал - саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут салып қоямыз.IV кезең. Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал - саймандарды мақталы тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз.V кезең. Медициналық құрал - жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып, ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз. * Залалсыздандыру екі түрге бөлінеді: 1. Физикалық: қайнату, ылғалды бу, ыстық ауа, гамма сәулесі.2. Химиялық: газбен ,салқын әдіспен. * Қазіргі уақытта ЕПҰ-да залалсыздандырудың бірнеше түрі қолданылады. Ауамен залалсыздандыру (ыстық, құрғақ ауамен), автоклавтау (ыстық будың қысымымен), химиялық залалсыздандыру (түрлі химиялық заттарды қолдану), газды залалсыздандыру (гамма сәулесімен жүргізілетін залалсыздандыру). Залалсыздандырудың ең көп тараған түрі автоклавтау. * Залалсызданғандықты бақылау Бактериологиялық, техникалық, термиялық әдістер арқылы жүргізіледі: Бактериологиялық әдістер - өте анық, бірақ орындау үшін уақытты талап етеді. Стерилизатор жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Техникалық әдістер – камераларға термометр, жұмысты бақылау манометрлерді орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Термиялық әдістер – күнделікті жүргізіледі. Ол кейбір ұнтақ түрінде заттардың белгілі температура әсерінен түсін өзгерту және еру қасиетіне негізделген. Бақылау үшін температуралы қысымды уақытқа анықтау саймандары, химиялық тесттер, термохимиялық индикаторлар, биотесттер қолданылады.Келесі заттар қолданылады:мочевина (132˚С);тиомочевина (180˚С);янтар қышқылы (180-192˚С) * Орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшесінде жұмыс істеуОЗБ – орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшесі қазіргі кезде барлық емдеу мекемелерінде ұйымдастырылған.Мақсаты: Медициналық құралдарды алдын ала тазарту, залалсыздандыру Залалсыздандыру: а) медицина құралдарын; б) киімдерді төсек жапқыштар мен таңу матералдарын в) хирургиялық биялай мен резеңкелі өнімдерді. * Залалсыздандыру тәртібі:Өнімдер (мақта шариктері, шприцтер, инелер, жаялықтар, пинцеттер) залалсыздандырғыш қораптарға, крафт-пакеттерге, 2-қабатты жұмсақ базелді қораптарға салынады. t - 120˚С, қысымы 1,1 атм. уақыты 45 минут. Залалсыздандырудың бұл кезеңі резеңке өнімдерді (катетер, зонд, биялайлар) өңдеуге қолданылады. Резеңке қолғаптардың ішіне және сыртына жабысып қалмау үшін тальк себеді. Қолғаптардың арасына дәке салады және әр қолғапты дәкеге орайды. Бикстегі, крафт пакеттегі, 2-қабатты жұмсақ қораптағы залалсыздандырылған материалдар 3 күн сақталады. Автоклавтың залалсыздандыру тәртібін залалсыздырған заттардың ішіне салынған термометрлер көмегімен бақылап отырады. Залалсыздандырудың сапасын бензонат қышқылы арқылы тексереді. Бу мен заласыздандырғанда бензонат кышқылы кристалдары бар флакон салынады, ол t - 132˚С, қысымы - 2 атм кезінде балқиды. *

Приложенные файлы

  • ppt 887620
    Размер файла: 611 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий