Шы??ыс_Айтматов-Атадан_?ал?ан_т?я?-??гіме


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте его и откройте на своем компьютере.





Әдеби

KZ

Атадан қалған тұяқ

Әңгіме

Шыңғыс Айтматов

2/17/2013


1

Әдеби

KZ

Мазмұн

Атадан қалған тұяқ

................................
................................
................................
................................
..

9




2

Әдеби

KZ

Шыңғыс Айтматов

Шыңғыс Айтматов (қырғызша: иынгыз Айтматов) (1928 ж. желтоқсанның 12
Шекер, Қырғыз АКСР

-

2008 ж. маусымның 10, Нүрнберг, Алмания)

-

ойшыл
гуманист, данагөй,
қазақ

-

қырғызға

ортақ халық жазушысы, Социалистік
Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік
сыйлықтың лауреаты.

Ш. Айтматовтың бүкіл шығармашылығы мен өмірі бастан

-

аяқ қазақ
халқымен тығыз байланысты болды. Сонау «Жәмиладан» баста
п, әлемге
танымал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасырдан да ұзақ күн»,
«Жанпида» сияқты барлық шығармаларындағы көркем образдарының рухы
мен мінезі қырғыздан гөрі қазаққа өте

-

мөте жақын еді. Жазушының өзі де
қазақ ауылымен іргелес, қоныстас жерде туып

-

өс
кен. Әкесі аөреқұлды
аұрар Рысқұлов қолынан жетектеп жүріп, аашкентке оқуға түсірген. Кейін
қырғыздың көрнекті қоғам қайраткері болған, 1938 жылы «халық жауы»
ретінде атылып кеткен аөреқұл Айтматов а. Рысқұловтың тікелей тәрбиесін
көрген шәкірті болған.

Мұ
хтар Әуезовті өмір бойы пір тұтып өткен жазушы жазып жатқан жаңа
шығармасын Жуалы топырағынан бастамақ болған еді. Қазақстандағы БаА
банктің құрметті президенті болып тағайындалған. Жазушының
кандидатурасын жақында түркітілді елдердің мәдениет министрлерін
ің
кеңесі (аҮРКСОY) түрік әлемінің атынан Нобель сыйлығына ұсынғанды. Және
Ш. Айтматов түркі әлемінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін аҮРКСОY
тағайындаған халықаралық көрнекті сыйлықтың тұңғыш лауреаты атанған.

3

Әдеби

KZ

2008 жыл Қырғызстанда Айтматов жылы болып жа
рияланғаны белгілі. Осы
жылдың желтоқсан айының 12

-

де 80 жасқа толатын жазушының мерейтойы
халықтық мереке ретінде тойланбақ еді. Жоғарыда айтқан аҮРКСОY сыйлығы
осы 80 жылдық мерейтойына орай тапсырылмақ еді. аағдыр оны кемеңгер
жазушыға тірі көруді жазба
пты.

2008 жылы маусымның 10 күні «Адамзаттың Айтматовы» атанған Айтматов
79 жасында Алманияның Нүрнберг қаласындағы ауруханада бүйрек
ауруынан қайтыс болды. Жазушының мүрдесі маусымның 14 Бішкек 10 км
маңындағы ион

-

ааш (Шын

-

тас) ауылындағы «Ата

-

Бейіт» мемо
риалды

-

мұражай кешеніне қойылды. Сол күн Қырғызстанда ұлттық қайғылқ деп
жарияланды.

аарихи танымы мен рухани дамуы есте жоқ ескі замандардан бермен қарай
сабақтасып жататын қазақ

-

қырғыз

ұлыстарының ұлағат биігінен орын алған
ортақ мұралары туралы сөз болғ
анда, ойға оралатын құндылықтар шоғыры
адамзат өрке­ниетінің өзекті бір бөлшегін құрайтынын байқаймыз. Санадан
туындайтын салт пен дәстүр, таныммен сабақтасатын тылсым сырлы
толғаулар жүйесі тоғысатын тұстарда да қазақ пен қырғыз жұртының рухани
үндестігі
менмұндалап тұрады.

Басыма кидім ақ қалпақ,

Оюлап шетін сырғызған.

Менің де бетім жап

-

жалпақ

Айырмам қане қырғыздан!?

4

Әдеби

KZ


-


деп жырлаған көрнекті қазақ ақыны Әбіділда аәжібаев өлеңіндегі тірлігі
бір ордалы жұрттардың абзал бейнесі

-

рухани бірлік пен адами үнд
естіктің
тарихи дамуда сирек кездесетін нұсқасы. Адамзатқа ортақ құндылық

-

ұлы

"Манасты" құбылмалы саясаттан арашалап алуға ат салысқан ұлы Мұхтар
Әуезов дәстүрінен дәрмен көрген текті тұлғалар, қай

-

қай

заманалар болсын,
"бір туған" ниетті қос ұлыстың игі

бірлігіне дәнекер болудан жазған емес.

Шыңғыс Айтматовтың алыстарды шарлаған атағы мен даңқына шын
пейілімен қуана қол соққан қазақ қауымының, ұлы суреткерге деген ықылас

-

пейілінің уақыт пен замананың барлық сынынан сүрінбей өтіп келе
жатуының да бір
жұмбағы осы ұлттық

-

адами тереңдіктерде жатса керек.
Шыңғыс десе: "Адамзаттың Айтматовы", дейтін сөз тіркесі көлденеңдейді.
Бұл, заңғар суреткерге қазақ бауырларының дуалы аузымен телінген толағай
теңеу болатын. Өз дәуірінің өзегін жарып шыққан дара перзент
терге тән
ерекше қасиеттердің көшбасында олардың еткен еңбегі мен тындырған
шаруасының жалпы адамзатқа түсінікті болуы жатады. аілі мен дініне, әдеті
мен ғұрпына, қоғамдық құрылысы мен қауымдық қағидасына, идеологиясы
мен идеясына қарамай мұхит асып, теңіз

басып, биіктіктермен біте қайнасып
кету үрдісі де дара тұлғаларға тән құбылыс десек, Шыңғыс аөреқұлұлы осы
қатардан ойып тұрып орын алған ғасырлық құбылыс.

Адам бойындағы асыл қасиеттердің арда тармағын алаулы азаптар
құрсауында

ғұмыр кешкен, біреулер үші
н

-

көптің бірі, енді біреулер үшін

-

биік рухтың, бірегей болмыстың иелері

-

Жәмила мен Данияр бейнесі
арқылы жеріне жеткізе ай­шықтап берген жас Айтматов "тау мен дала
жыршысы" биігінен ешқашан аласарған жоқ. Қарапайым тіршілік пен қатыгез
5

Әдеби

KZ

болмыстың ара

-

қатынасында

жататын иірімдердің илеуінен шыққан
жазушы кейіпкерлері, зерделі оқырмандардың сансыз толқынын:
"Қайткенде адам қалады адам болып?..."

-

дейтін тереңге жетелеп келеді, әлі
де жетелей берері сөзсіз. Суреткер мұраты

-

Расул Ғамзатов айтпақшы:
"Ад
амдар менің жұлдызым, соларға жетсем болғаны"

-

десек, Шыңғыс
Айтматов сол мұраттан көрінген жазушы.

Өркениет

тарихына өзіндік бетбұрыс әкелуімен ерекшеленетін ее ғасырдың
адамауи галереясын жасаған суреткерлер, өздеріне тұстас дәуірдің ғаламшар
кезіп, мұх
ит табанын тоздырып, жер құрсағын індеткен пенделерінің іс

-

әрекеті

ар­қылы уақытқа уағыз айтушылар биігіне көтерілгенін кез келген
адамға мойындата алатын мысалдар жеткілікті. Осы тұста Габриэль Гарсиа
Маркестің "Жүз жылдық жалғыздығы", Михаил Шолоховтың "
аынық Доны"
мен "Адам тағдыры", Эрнест еемингуэйдің "Шал мен теңізі", Мұхтар
Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясы болып жалғаса беретін ғасырлық сөз

-

тұлғалар сөресінде "Қош бол, Гүлсары" "Боранды бекет", "Кассандра
таңбасы" тәрізді құндылықтардың тұруының сыры н
еде дейтін сұрақтың
көлденеңдеуі бек мүмкін. Сана сапырылысын сабырға шақыру үшін
мифологиялық өрімдер мен табиғи таным деңгейіндегі өрістерде жатқан
қарапайым қағидаларды шендестіру, орға түсуді оқыстан дегенімізбен одан
шығудың тәсілі біреу

-

ақ екендігін
мойындай білу, немесе мойындата білу
шығар. Айтматов феномені міне, осындай құбылыстардан тұратын күрделі
әлем болғандықтан жоғарыда тілге тиек еткен қарапайым сұрақтың жауабын
да осы тұстардан іздеп көруіміз керек.

6

Әдеби

KZ

Жалпы "Илиада" мен "Одиссея", "Махабхара
та" мен "Манастан" бермен
қарайғы "адами оқулықтардың", шамамен "Дон

-

Кихоттан" бастап екінші
демі ашылды деп пайымдауға әбден болатын сияқты. Әңгіме, асыра дәріптеу
мен әсірелей әрлеуден, тарихи баяндаудан бірте

-

бірте арыла бастаған сөз
өнері, енді екінші
бір ерекше әлем

-

адам зердесінің ішкі иірімдері мен ой
толқындарынан бастау алатын таным табиғатына қарай бет бұра бастаған тұс
туралы. Әдеби әлемнің осы екінші кезеңінде туған жұлдыздар шоғыры ерлік
пен өрліктің, зұлымдық пен махаббаттың, наным мен сенім
нің шырмала
шиеленген қиын түйіндерін залалсыз шешіп, зардапсыз тарқату тәсілін
зерттеп, зерделей бастады. Дәл осы екінші кезеңнің тұсында күшті мен
әлсіздің, билік пен бұқараның, пенде мен табиғаттың ара

-

қатынастарындағы

аласапыран арпалыстардың асау ағын
дарынан қан мен
тердің, қайғы мен қасіреттің, үміт пен мақсаттың ара

-

жігін ажырату
амалдарын іздеу мұраты алға шықты.

ее ғасырда сол мұраттың көсегесін көгерткен топтың бел ортасында Шыңғыс
Айтматовтың суреткерлік тұлғасы тұр.Қазақ пен қырғыздың қадым зама
ннан
бері көзінің қарашығындай сақтаған қасиетті жәдігерлері

-

таулары мен
далаларының биіктігі мен кеңдігін, оларда ғұмыр кешкен толымды
тұлғалардың жан әлемі арқылы жер

-

жаһанға жар сала дәріптеген заңғар
суреткердің өзіне тұстас дәуір болмысына тигізген
әсер

-

ықпалы да зор
болғанын мойындауымыз керек.

"Адамзаттың бәрін сүй", дейді қазақтың бар жақсысының басында тұрған
ұлы

Абай. Сондықтан да болар, Ш.Айтматов "Жанпида" романының бір
желісі ретінде Інжілаңыздарымен астасқан мыңжылдықтардың бүгінгі
7

Әдеби

KZ

болмысын
алуан түрлі ұлт өкілдерінің іс

-

әрекеттері

арқылы әдіптеп,
"тәуелсіздік теориясының" мәңгілік заңдылықтарын, Жер бетінен жұмақ
іздегендердің жанпида тірлігінің түйінін

-

"бостандық

-

заң заһарынан
жасқанбағанда ғана бостандық. Басқа жағдайдың бәрі

-

далбаса
"

-

дейтін
философиялық тереңмен ұштастырады. Жалаң түсініктер мен жадағай
ұрандар шеңберінде "анархия" ұғымымен түстес болып келетін осынау ой

-

түйіннің негізгі нысаны

-

адам болудың алғы шарттарымен астасатын
құнды­лықтарды көксеудің, түптеп келгенде: "Қа
йткенде адам қалады адам
болып?!" мұратының аңсауы жатқандығын ойлы оқырман жазбай таныры
анық.

Айтматовтың шабытты шағыадамзат тарихының алмағайып арпалыстар жан
алып

-

жан беріскен қанқамау тұсына дәл келді. Ал ұлы суреткер өмір сүрген
орта

-

бір

-

бі­ріне қ
арама

-

қайшы
, бірін

-

бірі жағадан алып, етектен тартқан
екі наным мен екі сенімнің майдан даласы еді. Шеңберден шығып кету
мүмкіндігі мыңнан біреу ғана бұйырған қоғамда жүріп

-

ақ адамзатқа ортақ
қауіптің

-

қоғамдық

құрылыстар мен идеологиялық ұстанымдардың тү
р

-

түсіне қарамайтынын асқан шеберлікпен алғаш айтып бергендердің де көш
басында Шыңғыс аөреқұлұлы тұр.

Адамзат тарихындағы "ең жетілген, еңсесі биік, ережесі қатал" коммунизм
құрушы

қоғамның ішкі дерті мен қайшылығын елден кетіп, еңсесін түсірмей

-

ақ, тек с
уреткерлік құдіретпен сыналап сипаттап, жаңқаламай жарып орны

-

орнына қоя біл­ген, көрнекі жерге көрмелеп орналастырып, қауіп

-

қатердің

алдын алуға шақыра білген шеберлердің де көш басында Шыңғыс
аөреқұлұлы тұр.

8

Әдеби

KZ

Адамзаттың ортақ арманын, ортақ мақсатын, ізгі

үмітін оңаша отырып ой
елегінен өткізгендер тобын тарлан тарих тұлғалар қатарына қосады. Жарық
пен көлеңкенің көлбеуінде жатқан көмескі сызықта күн кешумен өркениет
өрімдерін еселейтін

-

адамдардың ара

-

қатынасындағы

айтса ауыз
бармайтын, айтпасаң арың шыд
амайтын, арпалыстарды ақ пен қара деп
ежіктемей суреттеп беру үшін де тұлғалық тұрпат керек. "Жәмиладан"
басталып, "Жанпидамен" жалғасып, "Кас­сандра таңбасымен" дами түскен
сөз дәуірінің Шыңғыс Айтматов өнерінің шоқтығын биіктетіп тұрған, әрбіреуі
бір

-

бір

кезеңіне татитын шығармалар шоғыры бұл күнде адамзатқа ортақ
құндылықтарға айналды.

Аңыз бен ақиқатты астастыру, жаратылыс пен жарық дүниені үндестіру, есте
жоқ ескі заманалар елесінің шұбатылған шырғалаңын шегендеген шындық
пен әділдіктің алтын арқауын а
йшықтау, өмір мен өлім заңының қос биігін
пайымдау, адами болмыстың Шығысы мен Батысында барымтаға түскен
құндылықтардың көнбіс құдіретін толғау жөнінде дәл қазір Айтматовтың
алдына түскен суреткер кемде

-

кем. Айдай әлемге қазақ пен қырғыз
ұлысының ұлағатын
ан нәр алған тау мен дала бейнесін тарту еткен тұлғаның,
әдебиет әлеміне, қала берді

-

адамзат өркениетіне қосқан үлесі туралы сөз
қозғауымыздың басты себебі де осы төңіректен өрбіген болатын.

Сондықтан да, сауатты сәтке тап болып, толағай заманда өмір сүр
у мұратына
жеткен әрбір адамның, Шыңғыс шығармаларын тәптіштеп талдаумен,
ежіктеп түсіндірумен әуреге

-

сарсаңға түспеуі керек. Шыңғыс Айтматовты тек
оқу керек!


9

Әдеби

KZ

Атадан қалған тұяқ

Ол жарық дүниеге келгелі туған әкесін тұңғыш рет кинодан көрді. Бұл оның
әлі

ақыл тоқтатпаған, бестен алтыға аяқ басқан шағы еді. Оқиға қыстақ тыңту
сыртында алыстан ағарып көрініп тұратын кашарда жүн қырқу маусымы
басталған күні болды.

Көлбеп жатқан кен жотаның етегінен басталатын
наруан жол бойындағы үлкен кашар қамыспен жабылған, төбесін кейін
шиферлағаны болмаса, қазірде де баяғы қаз қалпында. Бұл жаққа қурай
«атына» мініп, жолдың екі бетін шаңғыта жортып, шешесіне еріп келетін
оның
әр

сапары ойын

-

қуанышқа

толы. Шешесі Жаһанкүл совхоздың почта
бөлімінде телефонистка боп істейді. Жыл сайын жаз шығысымен жүн
қырқуға араласатын. Ертеден қара кешке дейін «алло

-

аллодан» жағы
тынбай ақпар, бұйрықтар, асығыс хабарлар, қала берді ағайын арасы
ндағы
есен

-

саулық, сым арқылы туып жататын ұрыс

-

керіс, айқай

-

шулардың
тоқсан түрлі қияпаттарын көз ілестірмей жалғастырып, түйістіріп, табыстырып
жүруге әбден төселіп алған. Әр жылда бір келетін бір айлық демалысына
қосымша болсын деген ниетпен жексенбі кү
ндерін де осы айқай

-

шу, қым

-

қуыттың

астында өткізетін. Соның арқасында күндіз

-

түні тынымсыз тірліктің
есебімен келгенде, жазғы демалысының өзі біразға созылатын. Бір күнін ағат
жібермей, жүн қырқуға келісіп, ертелі

-

кеш кашар төңірегінен шықпайтын.
Бұл кезд
е жан бағу оңай ма? Жәрдем күтіп, арқа сүйері жоқ жесір әйел
есебін тауып, тым болмаса, жалғыз баланың қарнын ашырмай, халық
қатарында болудың қамымен жанталасады. Жүн қырқудың бір рахаты

-

еткен еңбегіңнің ақысын нақпа

-

нақалып отырасың. Аз болсын, көп бол
сын,
бәрі өз еңбегіне байланысты алақанында көрінеді. Кысқы тірнек талшықты
Жаһанкүл осы жерден жиятын. Бір үйде екі

-

ақжан болсада, отын

-

су, киім

-

10

Әдеби

KZ

кешек, ішім

-

жем тіршілігінің түбіне жетіп болған ба адам баласы. Баласын
тастап кететін жанашыр жақынның ыңғай
ын таппаған соң, Жаһанкүл жалғыз
ұлын қырқым басына ылғи өзімен ертіп жүретін. Ал енді Әуелбек үшін бұл
мезгілдер шексіз шаттық берекесі мол бостандықтың дәуірі. Жағасы жайлау,
төбесі қыстау дегендей, дәл мұндай жан рахатын бұдан басқа кім көріпті!
«Әй» де
рәже, «қой» дер кісі жоқ. Күн май тоңғысыз жылы шуақ. Адырдан
төмен құлаған қора

-

қора

қойлар бірінің артынан бірі шұбатылып келе
жатқанда қойшылардың «Әй, бала, алдынан шық, бері қайыр» дегеніне
безек қаға жүгіріп, мәз

-

мейрам болып қалады. Бірі
кетіп, бір
і келіп,
сапырылысып жатқан машина, арбалардың реті келгенінің артына жабысып,
у

-

шуы мол дүниенің қайнаған қызығының ортасында. Осы думанды күндері
өзі сияқты ата

-

аналарына еріп келген балалармен алыса айқайласып, күресе
жұлысып, кешке дейін дамыл таппай ж
ағал

-

жағал болып шыға келетін.
Міне, осындай дамылсыз күндердің бірінде кашардағыларға көшпелі
киноның келіп қалмасы бар ма. Оны елден бұрын көрген Әуелбек
қуанғаннан жүрегі жарылып кетердей қабынып:


-


Кино келді, әнеки, кино келе жатыр!

-

деп, екі санын ш
апалақтап, бар
балалардан бұрын озып келіп, қырықтықшыларға хабар берді.Кино
жұмыстан кейін басталды. Қашан басталғанша да Әуелбектің шыдамы
таусылып, күні кұрығыр да ертерек батпай, әбден зарықтырып болды. «Енді
қашан, енді қашан» деумен шиыршық ата шешес
іне де маза бермеді.
Осынша зарыға күтуіне орай кино да өзінің ойындағыдай болып шыға келді.
Кино соғыс жайлы екен. Кашардың дуалына ілінген аппақ кездеменің
бетінде самсаған қолдың қырғын шайқасы басталды да кетті. Дамылсыз от
құсқан сан түрлі зеңбіректер
дің аспанға атқан снарядтары зіркілінен жертен
11

Әдеби

KZ

селіп, аспан аунақшығандай арсылгүрсіл дүниеден құлақ тұнады. Әлсін

-

әлсін

атылған ракеталардың
от сүнтілері түнек аспанның түндігін түре, жатқан
ине табылардай әлемді әп

-

сәтте сүттей жарыққа бөлейді де жоғала
ды. Бел
орақ шалған балауса құрақтай самсаған қол қас пен көздің арасында жер
құшақтап баудай түсіп жатты. Меңіреу қара түн, саңылаусыз қара аспан
қабырғасы сөгіліп, қансырап жатқан қара жер аяусыз шарпыса шайнасып,
әлем

-

ғапырық

ақырзаменның азалы дабылын
қаққандай
. Пулеметтер
жарыса жанталаса оқ төккенде, баланың жүрегі алып ұшып, деміге, екі өкпесі
қолқасына тығылады. Шешесі екеуі көпшіліктің ең арт жағында жүн салынған
кендір қанар қаптың үстіне шығып жайласқан еді. Артта отырғанмен, бұл
жерден экран аны
қ
, айқын көрінеді. Әуелбект тез еркіне жіберсе,

ол сөз жоқ,
экранның дәл алдына барып, совхоздан келген өзі теңдес балалардың
ортасына отырмақ еді. Осы мақсатымен кетуге әрі

-

бері әрекет жасап көрді,
бірақ Жаһанкүл онысына көнбей:


-

Болды енді, тықыр
шыма, кешке дейін дамыл бермеп едің, отыр осылай
жанымда,

-

деп алдына алып, өзі кұшақтап отырды. Кино

-

аппарат бір
қалыпты сарынынан таймайды. Соғыс бұрынғысынан да күшейіп барады.
Отырған жұрт кірпік қақпай, сілтідей тынып қалған. Үнсіз жапа шегіп, қан
жы
лаған шешесінің дәл кұлағының түбінен келіп тұрған ыстык лебін бала
сезіп отыр. Кейде кашар ішінде отырғандарды көздеп атардай оқпаны
үңірейген танктер шыға келгенде Жаһанкүл селк ете қалып, балама тиіп
кетпесін дегендей, Әуелбекті бауырына қыса түседі. Жа
наса отырған бір әйел
өз көзіне өзі сенбей:

12

Әдеби

KZ


-

Астапыр алла, о құдірет, бұ не деген сұмдығың, сақтай көр құдай!

-

деп
қайта

-

қайта

тәубесін аузынан тастамай отыр. Әуелбек дегеніңіз дәл
бұлардай су жүрек емес, еш нәрседен қаймығар қалпы жоқ, қадалып қа
лған.
Қайта мұрттай ұшып, кейде омақаса қирай құлаған фашистерді көрген сайын
айызы қанып, арқасы қозып отыр. Ал енді біздің адамдар құласа, шамалы
жатқаннан кейін қазір тұрып кететіндей көрінеді бұған. Байқап отырса,
соғыста жүрген адамдардың оққа ұшқаны
да өзінше бір тамаша екен. Соғыс
ойнаған балалардың жалп

-

жалп құлағанынан айныса бұйырмасын. Дәл
мыналардың қазіргі құлауының неше түрін ешқайсысынан кем түспей, өзі де
жасай алады. мшқына жүгіріп бара жатып, жіліншігі үзіліп түскендей бірнеше
домалап, сұл
ап қалатын. Рас, жер қатты болса, кейде тізесі көгеріп, кейде
терісі сыдырылып қалатын кездері де болады. Дегенмен, жалма

-

жан атып
тұрып, қайтадан шабуылға кіріп кетсең, әлгі жарақатыңды да лезде
ұмытасың. Ал енді мыналардың айырмасы, бір құласа, тұра жөне
лмей, бүк
түсіп жатып қалады екен. Әуелбек оққа ұшудың басқа да әдістерін білетін.
Мәселен, оқ іштен тиді делік, мұндай жағдайда жалп етіп құлай кетудің сән

-

салтанаты болмайды. Ә дегенде ішіңді қолыңмен басып ұстап алып,

мықшиып тұрып қаласыңда, одан кейін

бет

-

аузыңды тыржитып, көзіңді
ашып

-

жұмып, тісіңді қышырлатып, қайрап

-

қайрап

алып барып, бір

-

екі рет
күшене лоқсығандай болып, еңкейе теңселе беріп, қолындағы қаруын сылқ
етіп жерге түскеннен кейін ыңырси

-

ыңырана жығылу керек. Мұндайда ол
біраз жатады да,
«есін жиып»: «Жоқ, мен әлі тірі екенмін ғой,»

-

дейді де,
тұра жүгіріп, қайтадан соғысқа еніп кететін. Мыналар құлады

-

бітті, жата
береді екен. Бар айырмасы сол ғана. Экрандағы шайқас әлі жүріп жатыр. Енді
бір сапарда танктерге оқ ататын зеңбірекшілер кел
ді көз алдына. Шамасы,
13

Әдеби

KZ

бір шайқастан кейін екінші ұстасуға дайындалып, орын алмастырудың
әрекетін бастаған сияқты. Зеңбірек оқпандарының әлі түтіні де тарқамаған.
Адамдарының кейпінен жан түршігеді. Жан

-

жақтан үсті

-

үстіне

жарылып
жатқан снарядтардың ара

-

ар
асымен от кешкен жауынгерлер зеңбіректерін
сүйрете, сүрініп

-

қабынып

алға ұмтылып келеді. Әлі бұлар орналасар жеріне
жете қойған жоқ. Орнығып алса болғаны, танктермен бетпе

-

бет атысатын
түрі бар. Жанталаса, белшеден батпаққа киімшең қойып кетіп («мен осылай

батпақ, су кешсем, апам ұрсып есімді шығарады,»

-

деп бір қойды Әуелбек
ішінен), батпақтап қалған зеңбіректі бар күштерін сала, күре тамырлары
білеудей болып, ышқына тартып: «Давай, давай вперед!»

-

деп айқай

-

сүренмен әзер дегенде шығарды. Бұлардың алды ж
арқабақ. Ұзыннан

-

ұзақ

терең сайдың тік жарлы қапталымен аспанды қақ бөліп тастағандай арғы
дүние көрінбейді. Солдаттар зеңбіректі өрге сүйреп, жарға иек арта
орналаспақ. Сай қапталының бірде ана тұсынан, бірде мына тұсынан
жарылған снарядтардың қою қара қо
шқыл түтінінен жауынгерлер кейде
көрініп, кейде көрінбей кетеді. Енді, міне, зеңбіректі әрқайсысы әр тұстан
иыққа салып, біреулері астынан білектесе көтеріп, ертерек сай қабағына
шығуға жанталасып жатыр. Бұлардың қайратты ыза қабаттасқан қаһарлы
түрлері, ж
ан пида қимыл

-

әрекеттерінен

Әуелбектің жүрегі шымырлап, қаны
қайнап бара жатқандай болды. Ар

-

намыс, жауға деген кек кеудені кернеп,
нағыз қорқынышты, қауіпті, қанды оқиғаның қазір басталарын сезгендей
өзінше сұстанып, бір ерлікке бел буған жанша тас түйін
болып отыр.
Зеңбірекшілер жеті

-

сегіз адам екен. Арасында келбет реңі қырғызға ұқсаған
біреуі (бәлкім, ол қандас халықтардан шығар) экранда қайта

-

қайта

көрініп,
көзге жылы ұшырай берді. Оны әкем екен деген ой бала басына үш ұйықтаса
14

Әдеби

KZ

келмес еді, не пайда, қа
ннен

-

қаперсіз

отырғанда бәрін де шешесі бүлдірді.

-

Әне
, анау жүрген сенің әкең,

-

деді бір мезетте Жаһанкүл баланың құлағына
сыбырлап. Осыдан бастап жаңағы зеңбірекші Әуелбектің әкесі болып шықты.
Осыдан бастап кино мұның әкесі туралы киноға айналды. Байқ
ап отырса,
әкесі де осы күнгі совхозда жүрген жігіттердей жап

-

жас адам екен. Аласа
бойлы,шымыр денелі, дөңгелек жүзді, бет

-

аузының бәрі күйелеш, жағал

-

жағал жауынгердің көрінген сайын ұшқын атқан көздері ғана жұлт

-

жұлт
етеді. Бала оның ашумен түнерген қас

-

қабағын
, басындағы темір қалпағын,
иығындағы пагонын, түр

-

түсін түгелдей әрбір кималына дейін қалт
жібермей отыр. Әкесінің шапшаң, қат

-

қабат

қайратына сүйсініп, іштей баға
берді. Міне, зеңбірек дөңгелегін қарына сала көтеріп, бір иығымен

итере,
артына жалт

бұрылды да, әлдекімге:


-

Снарядтарды тоқтатпаңдар, жылдам, жылдам!

-

деп айқай салды.


-

Апа, менің әкем осы ма?

-

деді бала. Мұны шала естіген ЖаҺанкүл
түсінбей:


-

Алаңдамай тыныш отыр,

-

деп қойды.


-

Менің әкем демедің бе өзің?


-

Иә, осы сенің әкең, жөн отыршы былай, кісілер ұрсады. Әттеген

-

ай, несіне
бұлай айта қойды екен? Соғыстан мерт болған жанды еске алып, көңілі бірде
құлазып, бірде зар шегіп, күйіппісіп мың құбылып отырғанда, аузынан
байқамай шығып кетті ме екен? Ж
оқ, әлде, балам тыныш отырсын деген
оймен айта салды ма екен? Болмаса, кезбе ойдың жетегінде отырып, мынау
сенің әкедегені әкесі әскерге кеткенде бойында қалып, дүниеге көз ашқалы
15

Әдеби

KZ

әке

атаулыны білмеген, оның қадір

-

қасиетін

ұқпаған жетімек, тым болмаса
кино
дан көрдім деп, көзіне елестетіп, көңіліне тоқ санап жүрсін дегені ме?
Ал ақыл тоқтатпаған аңқау сәби шешесінің айтқанына сәл заматында сенді.
Сол сәтте

-

ақ сүйсініп, сол сәтте

-

ақ жүрегі алып ұшып, сол сәтте

-

ақа таға
деген бейіл мейірімі оянып, іші

-

бауыры е
лжіреп қоя берді. Жауынгер әкесін
айтып, қандай ұлы мақтанбасын. Ішінен: «Міне, менің әкем»,

-

деп көңілін
қуаныш кернеп барады. Міне, әке деген осы! Әкесі жоқ жалғыз деп қорлаған
балалар енді көріп алсын. Енді бұған тиіп көрсінші біреуі солардын! Осында
о
тырған қойшыларда білсін, көрсін, көздері жетсін! Бұлар деген қысы

-

жазы
мал соңын датаудан түспей жүріп, совхозға келгенде, кімнің баласы кім
екенін тани да қоймайды, қырқымға айдап келген қойын қайырысып,
сілтеген жағына тіл қайтармай жүгіріп, ең ар жағы
таласқан иттерін
арашалап, жәрдемдесіп жүрсең де, есебін тауып ұстап алады да: «Сен кімсің,
қайдансың, қай атадан тарайсың»,

-

деп жауапқа алып, есіңді шығарады. Қай
шопанның көзіне түссең де, қия бастырмау бұлардың әдеті. аоқтатып алып,
тексере бастайды.


-

Бәрекелді, жігітім, атың кім?


-

Әуелбек
.


-

Кімнің баласысың?

Бұл сұраққа жеткенде Әуелбек қадала қарап тұрады да, мақтана:


-

Мен аоқтасынның баласымын,

-

дейді жұлып алғандай. Естімеген есімім
дегендей, шопандар аңырып қалады.

16

Әдеби

KZ


-

аоқтасынның дедің бе, сабыр

-

сабыр, тұра

-

тұр. Қай аоқтасынның?

-

деп
қайтадан сұрайды баланы бауырына тартып.


-

Мен аоқтасынның баласымын,

-

дейді Әуелбек міз бақпай. Кісілер сұраса,
осылай жауап бер деп Жаһанкүл үйретіп қойған. Екі көзі со
қыр

адуын, үлкен
шешесі бар емес пе, «әкеңнің атын
ұмытпай

айтып жүр»,

-

деп, әсіресе сол
кемпір әбден құлағына құйған.


-

Ә
, енді есіме түсті, дұрыс, дұрыс, сен әлгі почтада телефон соғатын келіннің
баласы емессің бе. Айтпақшы, сен сол екенсің ғой.

Дұрыс па?


-

Жоқ, мен аоқтасынның баласымын,

-

дейді тағы бет бақтырмай. Сонда ғана
барып шопандар іштерінен бірдеңені түйгендей, бір

-

біріне өзара қарасып
алады да:


-

аура, тура, сен аоқтасынның баласысың, о пәле, атаның ұлы деген осы ғой,
үл
кен жігіт бол, біз сені қайтер екен деп әдейі сынап жатқанымыз ғой. Оған
ашуланба, жыл он екі ай таудамыз, сендер болсаңдар, мұнда күн санап
қызғалдақтай түлеп өсіп келесіңдер. Бала

-

шағаны кейде танымай да
қаламыз. Аман болсаңдар, бізге сол жетіп жатыр ғой
,

-

деседі. Бала ұзады

-

ау
деген кезде барып, малшылар өзара мұның әкесі аоқтасын жайлы көрген

-

білгендерін бір

-

біріне айтып, кім еді, қайдан еді, ата

-

тегіне төндіріп келіп,
біраз қабақ шытысып, бас шайқасып қалады. «Қайран жігіт қыршын кетті ғой
соғыста»,

-

деп күрсінеді, балаға қарап, әлдебір аяныш сезіммен «пақыр
аман болсын» деп қояды.


-

Шешесі неге біреуге тиіп алмайды екен?
Жап

-

жас басымен жесір отыра
бере ме...

17

Әдеби

KZ


-

Ол өзіне байланысты ғой, сенімен біздің неміз бар. Кебін кимей, кебенек
киіп

кеткен ерден үміт үзіле ме? Кім біледі, бұл пәниден өтті дегендердің
көбісі тірі келіп жатқан жоқ па.


-

Ол да ғажап емес. Баланың да есі кіріп қалған екен. Ана сорлы мұндайда
анау

-

мынау ойдан да қаймыға береді ғой. Жасынан сағын сындырып
жалтақ өсі
рмейін дейді де.


-

Не болса, о болсын, орынында бар оңалар деген, артында әйтеуір тұяғы
бар деген осы. Мына бала көзді ашып

-

жұмғанша азамат болып кетеді.
Көрмейсің бе, «Мен аоқтасынның баласымын» деп тақ

-

тақ еткенде
жұлыныңды суырып ала жаздап тұр.
Бұл да болса маңдайдың ырысы ғой...
Бойдақ кеткен боздақтар қаншама, талай

-

талай жауқазындай жас жігіттер
хабар

-

ошарсыз жоғалды. Мерт болды, аты өшті. Із

-

түз қалмады. Үлкен
кісілердің кейде осындай әңгімелерінің үстінен шығып, бірін түсініп, бірін
түсінбей
, өзінше мүлдем ойға батып, әке деген
қандай

болады екен, ол неге
келмейді екен деп іштей ызаланып, көңілінің жабырқар сәттері де Әуелбекте
аз болмайтын. Міне, енді табан астында әкелі болып шықты. Шешесі «анау
сенің әкең» дегеннен бері экрандағы солдат м
ұңын

әкесі, осыған шөнбідей
шүбәсіз сентең бала әкесіне жаны ашып жүрегі елжіреп отырды. Бұрын

-

соңды сезбеген аталы

-

балалы жандардың арасындағы нәрлі де тәтті
махаббат дәмін енді татқан тәрізді. Әкесінің барлық жүріс

-

тұрысына қан

-

жанымен қабағат риза болып
, үйдегі әйнек астында ілулі тұратын өз әкесінің
суретіне айнытпай ұқсатып алды. Мұрны, көзі, қас

-

қабағы
, тіпті бар
болмысымен нағыз
баланың қарап отырғанын сезгендей, шыбын жанды
шүберекке түйген әке өзінің кинодағы ұшқындай қысқа өмірінде мәңгі бақи
18

Әдеби

KZ

ест
е қаларлық, кейін ұлы мақтан етерлік ғажайып қимылдар жасап, қан
майдандағы қайратын халық алдында паш етуде. Әуелбек соғыстың
ойыншық емес екенін енді сезді. Оққа ұшқан адамның құлауы құмарта
қуанарлық көрініс еместігіне көзі жетті. Жаудың күші басым, қаһ
ар

-


айбаты
да жан түршігерлік. Енді Әуелбектің әкесі қайтер екен, жау меңдетіп бара ма,
қалай? Жақын адамға деген бұрын

-

соңды басынан кешпеген қорқыныш пен
аяныш астарласқан сезім баланың бойын билеп бара жатты. Кино аппарат
сол сарыннан танған жоқ. Әлі со
л қиян

-

кескі соғыс. Сұмдығы енді келе
жатыр. Ар жақтан қаптаған танкілер көріне бастады. Оө төгер ұнғысы
үңірейіп, ой

-

қырыңды

тыңдамай, болат темір құрсанған қаз табанымен қара
жерді қақайырып, шаң бората, аударыла төңкеріліп келе жатқан қалпы, ажал
айдаһа
рынан айнымайды. аістесе шайнасқан темір дөңгелектің шеке тесер
үні мен алып мотордың өкіре ыңыранған даусы майдан даласын басына
көтерді. Олардың ізінше қайнаған шаң да қара түтінге араласып, шейіт
кеткендердің қаралы туындай арғы әлемді көзден жасырады.
Ал мына
жердегі үркердей бір топ біздің жауынгерлер жалғыз зеңбірегін сүйрете, осы
сәтте сайдың қабағына шығуға шақ қалған. Енді шамалы жылжыса болып
жатыр. Әуелбек шыдамай:

«Әке, ұмтыл тезірек, тезірек, бір

-

ақ қадам қалды ғой. аағы да, тағы да, ар
жағыңа
қара
, ар жағыңа қара, танкілер келе жатыр!»

-

деп, әкесін
асықтырып, шыдамай барады. Міне, зеңбіректе жарбасына шықты

-

ау.
Жауынгерлердің жолын тоса, шамаға келді

-

ау деген кезде, оқ ата бастады.
аанкілер де қарап қалған жоқ. Оларда бір

-

екі рет өт бүркіп

-

бүр
кіп алды.
Бет алыстары жаман. Мынау айдын

-

айбармен ештене шыдатар түрі жоқ.
Атыс қызды. Әуелбек дәл қазір әкесімен қоса арт

-

жалынды аралап,шайқас
19

Әдеби

KZ

ішінде өзі жүргендей сезінді. дашист танкілерінің булкан ұңғылары көзі
ойылған дәудей қара түтінге орана, ұршы
ғынан

айналып, жылжи алмай
қалғанда, шешесінін алдында отырған бала қуанғаннан қозғалақтап, бір
жасап қалады, өзіміздің зенбірекшілер жарылған снарядтын сынығы тиіп
жығылғанда, Әуелбек бойын жиып ала қойып, көнілі жасып, томсарып
отырады. Біздің ауынгерлер

біртіндеп азая берді. Әуелбек шешесінің жас
төгіп отырғанын діріл қаққан ыстык демінен байқады. Киноаппарат бір
сарыннан тайған жок. Соғыс әлі жүріп жатыр. Шайқас бұрынғыдан да үдеді.
Аттаған сайын ажал төгіп келе жатқан танкілер де жақындай берді.Зенбіре
к
қалқанынын тасасында Әуелбектің әкесі телефон
құлағына

қайта

-

қайта

жан
даусы қарлық қанша айқай салып, бірдеңелер айтып жатты. Бәлкім, ол
жәрдем сұрап жатыр ма, әйтеуір суға кеткентал қармайдынын ен соңғы
тірлігі ме, бірақ
оның не айтып, не қойып жатқа
нын мынау аласапыранда ұғу
қиын. Соғыс дегенің алмағайып дүние ғой. Қазір бұларды құткарушылардың
сау ете қалмасына кім кепіл... Әне

-

міне дегенше, тағы бір жауынгер құлап
түсті. Жер тізерлеп қайтадан кетеріле берді де, әлсіреп барып етпеттей құлап
жар етег
іне сырғи берді. Зеңбіректің жанында енді екі

-

ақ адам қалды. Онын
бірі

-

Әуелбектін

әкесі. Өлі

-

тіріге қарауғада мұрша жоқ. Зеңбіректі қайтадан
жанталаса оқтап, бір

-

екі ататып қалуға ғана шама келді... Анталаған танкілер
қан қыспаққа алды. Дәл зеңбіректің т
үбіне

түсіп жарылған снаряд шан
аралас, тоң кесектерді аспанға атып, бір сәт ештеңе көрінбей кетті. Бұл
екпінге шыдамай аунап түскен Әуелбектің әкесі жалма

-

жан жанталаса
орнынан тұра, зеңбірек кұлағына жармасып, енді әзі оқтап, өзі атты. Бұл
онын жауға дег
ен ең актық шығарған оғы болды. Дәл тиген снаряд
зеңбіректі
талқандап кетті.

20

Әдеби

KZ

Қан

қаптап бара жатқан қабырға үстін қармана, Әуелбектің әкесі жерден
әзер дегенде тұрды. Алба

-

жұлба киім, қан басқан денесі, қаһарлы кейпі жан
тезерлік емес. Белдегі жалғыз
гранатаны жұлып алды да, қарсы келе жаткан
танкіге қасқая беттеді. Қансыраған буынынан әл кетіп, теңселе басып,
гранатаны құлашын кере, енді лақтыра берген күйінде тас мүсіндей қатты да
қалды. Экран дәл осы қалпымен ірі көріністі жақындатқан сәтте, өлімге
бас
қойған қайсар қас батырдын айбат шеккен ажары мен от шашқан кәзі күш

-

құдіретінін

иесіндей көрінді. Онын: «аоқта, фашист!»

-

деген ауырғы
айбынды үні майдан даласын жанғыртып, кино көріп отырғандардың бәріне
тасталған ұрандай естілді. Жаһанкүл баласының

білегінен дәл осы сәтте
қатты қысып қалып еді. Бала әкесіне жан ұшыра ұмтылып орнынан жұлқына
бергенде, шешесі жібермеді. Қас қаққанша болмады, төніп келе
жатқантанкінің оқпанынан оқ төгіліп қоя берді де, Әуелбектің әкесі кескен
теректей құлап түсті. Ол е
кі

-

үш

қайтара домалап барып, қайта бас көтеруге
ұмтылды да, шалқалай барып, екі қолы екі жаққа сылқ етіп, жатып қалды.
Киноаппарат тоқтады. Соғыста бір сәтте үзілді. Жана ленталы дискіні салу
үшін киномеханик шам жағып жібергенде, кашар іші сүттей жарыққа

бөленіп
қоя берді. Аз уақытта көздері қармасып қалған жұрт жанағы дүлей дүние
соғыс алапатынан «уһ» деп құтылғандай бір

-

біріне қарасып, өз сабаларына
түсе бастады. Жана көз алдарынан өткен қан

-

қасіреттен

жұрт есін жия
бергенде, біреудің жүрегі жарыла қуан
ған

айқайы зіл баскан тыныштықты
бұзып кетті:


-

Балалар, менін әкемнін өлгенін көрдіндер ме? Жанағы менің әкем
болатын! Енді өз көздеріңмен көрдіңдер ғой! Бұған жалт бұрылған көпшілік,
ә дегенде баланың не айтып жатқанына түсінбей, анырап қалды. Өзі

өтырған
21

Әдеби

KZ

қанар

қаптың үстінен домалай жөнелген Әуелбек алдыңғы жақта экраннын
дәл түбінде отырған құрдас балаларына қуанышын жеткізуге асыұқты.
Мұның ұғымынша, олардын пікірі бәрінен де қымбат. Біраз уакытқа дейін
кашарда отырған көпшілікті көңілсіз ауыр т
ыныштық басты. Селт еткен жан
жоқ. Мына есер сөк баланың неге сүйсініп қуанып жүргеніне түсінудін өзі
бұларға шешілмес жұмбақ болды, өмірінде туған әкесін көрмеген балаға
мейлі кинода, мейлі қандай жағдайда болмасын, әйтеуір, көзге көрініп өлген
әкенің өлі
мінің өзі мұның әкесі барлығын, болғандығын дәлелдейтін
мерекемен бірдей еді. Осы бір киелі қуанышты түсініп жатқан жұрт жоқ, бәрі
де біріне

-

бірі таңдана қарап, тіл тартпай отыр.

Киномеханиктің қолындағы жерге түсіп кеткен қаңылтыр құтынын құлақ
жарған қан
ғырына

да ешкім назар аударған жок. Басқасы былай тұрсын,
онымен кино механиктінде ісі болмады. Бәрінінде осы бір мылқау меніреу
үнсіздіктегі тан

-

тамашасы

-

Әуелбек
. Бұл Әуелбек дегенініз, майданда оққа
ұшқан, қан кешкен қаһарманның баласы. Атанын ерлігін,

онын қайсар
қайратын бар жан

-

жүрегімен мактан ете:


-

Ау, сіздер көрген жоқсыздар ма, жанағы менін әкем ғой! Ол танкіні
пулеметімен атты ғой! Көз алдарыңызда өлді ғөй!

-

деп, жұрт үндемеген
сайын екіленіп, жауап қатпағандарына іштей ыза кернеп барад
ы. «Бұлар
менің әкемнін қай қылығын ұнатпай қалды, неге шуласып мақтамайды
әзеуреп. Ол өліп қалды ғой, ол өліп қалды ғой»,

-

дей берді. «Өлім» деген
жаман атқа тірі жанды қимай отырған біреу:


-

аәйт әрі, олай деме, ей жағына...

-

деп барып,тоқтады.

22

Әдеби

KZ


-

О не дегенін,

-

деді түкпірдегі отырған бір шал мойнын соза түсіп,

-

әкесінің

соғыста опат болғаны өтірік пе еді?

-

Ол сөзін аяқтаған жоқ. Орынсыз бірдене
айтып қалдым ба дегендей: «Неме
не, әкесі де...»

-

деп міңгірлеп бітірді.
Мектепке барып жү
рген ересектеу балалардың бірі шыдамай

кетті білем,
бірден төтесінен басты.


-

Ол сенің әкең емес. Атаңның басына мәз боласың ба? Біле білсең, ол
артист. Сенбесең, ана кино қоюшылардың өздерінен сұра. Дау теркінін енді
түсіне

-

бастаған үлкен кісілер ә
кесіз баланың бойына сіңіріп алған әрі тәтті,
әрі ащы сенім

-

сезімін бұзғысы келмей, «Жоқ ол сенің әкең емес, басқа»
деуге де ауыздары бармай, балалардың таласына араласпады. Не де болса,
шындықты осы киноны алып келген бөгде жігіттің өзі айтсын дегендей, б
әрі

де кино механикке қарап, соның сөзін күткендей сынай байқатты. Ол да бұл
сөзге килік кісі келмей тек өзінің аппараттарымен айналыса берді.


-

Жоқ, ол менің әкем болатын, әкем,

-

деп ашу

-

ыза аралас Әуелбек әлі
тегісініп тұр.


-

Қайсысы

сенің

әкең? Өзің

-

ақ айта қойшы, сонда қайсы?

-

деп әлгі ересек
балада әбден ерегесіп алған,тілінтартар емес.


-

Сен шынымен көрген жоқсың ба? Менің әкем гранатты былай ұстап, танкіге
қарсы енді сілтей бергенде... Осылай келіп жығылмады ма?

-

деп, Әуелбек
бір жерім ауырып қалады деген жоқ, өзі де жан ұшыра құлап, әкесінің қалай
оққа ұшқанын көрсетті. Дәл бағанағы салдаттай соның әрбір қимылын
айнытпай келтіріп, екі

-

үш

рет аударылып барды да, құлашын жая,
шалқасынан жатып қалды. Амалы құрып отырған көпшілік
ду күліп қоя берді.

23

Әдеби

KZ


-

Ау, мынауын нағыз артист қой!


-

Ой жолың болғыр

-

ай, қалай, қалай құйқыл жытады!.. Бірақ Әуелбек
күлген жоқ. Батыр әкесінің кебін кигендей, сол қалпында экраннын, алдында
тырп етпестен құлап жатты. Күлкі тыйыла қалып, қаш
ардың іші тағы да
мұңды, ауыр үнсіздікке ауды.


-

Әй
, Жаһанкүл,

-

деді кино бойы аузы тәубеден тынбай отырған әйел.
Жаңағы қырғын, оның үстіне мына баланың қылығы жүйкелетіп кеткен бе,
үні де қарлыға, діріл аралас шықты,

-

неғып мелшиіп қалдын! Ана б
алана не
болғанын қарамайсыңба! Енді елдің бәрі Жаһанкүл жаққа еңсеріле бұрылды.
Көздері домбығып, екі бетін жас жуған Жаһанкүл ернін жымқыра тістеп алып,
ешкімге назар салмастан, үн

-

түнсіз ілбіп, баласына беттеген. Әрқадамын
андып отырған жұрт іштен тынды
. Жаһанкүл баланың жанына келді де,
орнынан тұрғызып алып:


-

Жүр, балам, жүре ғой. Ол сенің әкең,

-

деп сыбырлады да, қолынан
жетектеп, сыртқа шығып кетті.

Сонымен, бұлар киноны аяғына дейін көрген жоқ.
Ай да көтеріліп қалған
екен. аас төбеден аспан

жапсарына дейін жамырай қаптаған жұлдыздар бұл
дүниеден бейхабар, бейбіт, бейжай күйінде. Айлы түннің аңғарында сонау
алыста тұнжырай көрінген тау жоталары шексіз айдында жүзген кеме
керуеніндей

көз тартады. Бергі шетте совхоз үйлерінің оттары жымың қағып

шақырғандай жылт

-

жылт етеді. Онын арғы жағы тас қараңғы тұңғиық дала
қойнауы

-

шет

-

шегі белгісіз тылсым дүние. Бұлар үйіне қайтып бара жатты.
Шешесінде де үн жоқ, бала да тіл қатпады. Дәл осы сәтте шешесінің не
ойлардың шырмауында келе жатқанын бала білме
ді. аек жаңа ғана көрген,
24

Әдеби

KZ

жүрегіне ұялай қалған қаһарман әкенің бейнесін естен шығармасқа ант
ішкендей, кішкене жұдырығын тас түйіп алып, өзімен

-

өзі

шешесінің
жанында өзге дүние болып келе жатты. Ол дәл бүгіннен бастап ата жолына
түскенін мойындап, атадан
қалған

жалғыз тұяқ екенін сезініп,белді бекем
буғандай еді.


Орысшадан аударған Қалтай Мұхамеджанов


Приложенные файлы

  • pdf 1014710
    Размер файла: 607 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий