?аза?бай 8-2


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Балалар жасындағы стоматология және ортодонтия пропедевтикасы
643890263525Реферат
00Реферат

Балада тістемнің даму кезеңдері.
Орындаған: Қазақбай Б.А,
4-001 стомТексерген: Мухтарова К.С
Қарағанды 2016
Жоспар:
Кіріспе
Сүт тістемнің қалыптасуы
Ауыспалы тістем
Тұрақты тістем қалыптасуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тiстер - қатты жасушаларда тұратын, азықты алғаш механикалық өңдеуден өткізу үшiн арналған құрылым. Сонымен қатар жануарларда қорғану және шабуыл үшiн қару ретiнде қолданылады. Ал адамда сөз дыбыстарының пайда болуы үшін маңызды, және де күлудегі маңызды компонент болып табылады.
Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді.  Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген. Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады.

Тістемнің даму кезеңдері
Тіс жақ жүйесінің жеткілікті пропорционадығын және гормониясын анықтау үшін ортодонтияда арнайы кешенді метрикалық өлшеу әдістері бар. Беттің эстетикасын зерттеуде 3 арнайы жазықтық және арнайы кефалометрикалық нүктелер қолданылады. Тіс жақ жүйесінің қалыпты дамығанын қазіргі кезде тістердің түйісуі – тістем арқылы білуге болады. Тіс жақ жүйесінің қалыпты функциясы ортогнатикалық прикус яғни жоғарғы жақ күрек тістері төмеңгі тістерді үштен бірін жабады.
Тістемнің қалыптасуының 5 кезеңі бар олардың дұрыс жүрмеуі тіс жақ жүйесінің аномалиясына алып келеді.
Жаңа туылған кезең (туылғаннан жарты жылға дейін);
Уақытша тістемнің даму кезеңі (6 айдан 3 жылға дейін), бұл кезде сүт тістері жарып шығады.
Сүт тістемнің қалыптасу кезеңі (3 жастан 6 жасқа дейін).
Ауыспалы тістем кезеңі (6 жастан 12 жасқа дейін).
Тұрақты тістем қалыптасу кезеңі (12 жастан 15 жасқа дейін)
Жақ дамуының бұзылысы тістердің жарып шығуының бұзылысы әртүрлі ақауларға әкеледі. Мысалы курек, сүйір немесе премолярлардың шықпауы, күрек тістер аймағында тістердің шоғырланып орналасуы, жеке тістердің таңдайлық немесе ұрттық бағытта ығысуы, ашық тістем қалыптасуы.
Патологиялық тістемдер:
Дистальді - жоғарғы жақтың шектен тыс дамуы немесе төмеңгі жақтың дамымай қалуы
Мезиальді - төмеңгі жақтың алдыға шығуы
Терең тістем – жоғарғы күрек тістер төмеңгі күрек тістерді жартысына көп бөлігін жабады
Ашық тістем – жоғарғы және төмеңгі тістердің түйіспеуі
Айқасқан тістем – жоғарғы немесе төмеңгі тістердің бір жақты дамымауы
Дистопия – тіс қатарында тістің өз орнында орналаспауы



Тіс жақ жүйесінің құрсақ ішілік дамуының кезеңдерінің ерекшеліктері
Эмбрионның дамуы, біріншілік ауыз дамуында жұтқыншақ ішегінен жұтқыншақ пердесінен бөлінген
Маңдай өсіндісінің түзілісі және арсаында жұтқыншақ немесе жаберлі доға орналасатын жұтқыншақ қалталарының жабылуы. Бірінші жаберлі доғадан және маңдай өсіндісінен алдыңғы уақытта жақтардың, таңдайдың, ереннің және т.б ағзалардың дамуы жүреді.
Жақ доғасының әрбір беті екі бөлікке жоғарғы және төменгі жаққа, яғни ауыздың төменгі жағын бүйірден және төменнен шектейтін, ал маңдай өсіндісі жоғарыдан.
Эпидермистің қалыңдауы – иіс сезу алаңдары
Иіс алаңдарының иіс сезу ойықтарына айналуы
Біріншілік таңдай айдаршығының дәнекер тінмен орын ауысуы, membrana palatonasalis тен біріншілік хоана түзілуі жүреді.
Таңдай дамуы басталады, мұрын қуысының беткейінде тегіс көлденең жолақтар түзіледі. Шамалы уақыттан кейін жолақтардың үстінде жоғарғы және ортаңғы мұрын қалқандарының ұрығы пайда болады. Олардан жоғары орналасады.
Тіл таңдай өсіндісінен төмендейді, содан кейін горизонтальды жазықтықта иіледі, бөлінеді және содан кейін өз арасында ары қарай маңдай шығыңқысынан ортаңғы мұрын өсіндісіне дамиды. Мұрын және ауыз қуысы бөлінеді.
Жоғарғы жақта бүйір бөлігінде альвеолярлы өсіндінің, жоғарғы ерін, ұрттың жоғарғы жартысы, жоғарғы қабақ, және жоғарғы жақ сүйегі қалыптасады.
Жоғарғы жақтың сүйек тіні 4 сүйек ұрығынан дами бастайды. Алдыңғы ұрығынан жақаралық сүйек, ал дистальды орналасқан сүйектен жоғарғы жақтың екі өзіндік жарты бөлігі қалыптасады.
Олар өз арасында бөлінеді.
Төменгі жақ, төменгі ерін және беттің барлық төменгі бөлігі мандибулярлы доғаның төменгі жақ өсіндісінен дамиды.
Жаңа туылғандарда ТЖЖ ерекшеліктеріФизиологиялық ретрогенияБуындық ойықтардың және буындық төмпектердің болмауы
Ауыздың дөңгелек бұлшықеті, қызыл иек мембранасы, таңдайдың көлденең қатпарлары және т.б. анатомиялық түзілімдері жақсы дамыған.
Төменгі жақтың бұрышы жақсы дамымаған (140-160 гр)
Майлы ұрттық жолақтар ( Биша денешіктері)
Қызыл иек мембранасы немесе Робен-Мажит қатпары – жоғарғы және төменгі жақтың фронтальды аймағындағы альвеолярлы өсіндінің төмпегі бойында орналасқан шырышты қабаттың қатты төмпектәрізді қатпары.
Таңдайдың көлденең қатпары қатты таңдайдың көп бөлігін алып жатады, айқын көрінеді.
Емізулі сәбидің жұтқыншағының топографиясы ему кезінде бір уақытта мұрынмен тыныс алуға және сүтті жұтуға мүмкіндік береді. Жұтқыншаққа кіру жолы төменгі артқы таңдай жиегінен жоғары орналасқан, яғни мұрынжұтқыншақта орналасқан.
Сору рефлексі айқын.
Жаңа туған баланың ауыз қуысы ерекшеліктері.
Бала туылған кезде оның жақтарының қабысуы қайтадан прогнатиялық болады. [Воробьев В., Ясвоин Г., 1936]. Әрбір жақта 18 фолликула болады, оның 10-ы уақытша және 8-і тұрақты (63 21/12 36). Уақытша тістер
63 21/12 36
ұрықтары екі жақта да ерін беткейінде орналасқан, ал тұрақты тістер ұрықтары уақытшадан тереңірек және төменгі жақта тілдік беткейде және жоғарыда – таңдай беткейінде орналасады.
Жаңа туған баланың ауыз қуысы және оның шайнау аппаратының барлық элементтері сору актісі үшін толықтай бейімделген. Оларға ауыздың дөңгелек бұлшықетімен жақсы айқындалған, тұмсықтәрізді көлденең сызылған ерін (Тфайндлер-Люшке валиктері); эластикалық талшығы баршылық кілегей қабықшасының көшірмесі сияқты эластикалық қызылиек мембранасы (Робен-Мажито қатпары); төрт-бес жұп көлденең таңдай қатпары; қатысты үлкен тіл; ұрттың май қабықшасы және сору эффектісін қамтамасыз ететін майлы Биен түйіршіктері жатады. Көмейге кіреберістің жоғары орналасуы (таңдай пердесінің төменгі-артқы жиегі деңгейінің үстінде) және оның тек мұрын қуысымен қатысты болуы балаға бір мезгілде тыныс алуға, соруға және жұтынуға мүмкіндік береді.
Бала туылған кезде төменгі жақ физиологиялық ретрогения қалпында болады. Бұл кезде сагитальды жазықтықта жақтардың альвеолярлы өсіндісінің төбелерінің ара қашықтығы 6-7 мм-ге жетеді. (1.16-сурет). Нәрестеде төменгі жақ альвеолярлы өсіндісі уақытша тістер фолликулаларымен бірге қалыптасады және жақтар денесіне биіктеу және кеңдеу бола бастайды. Н.В.Алтухов (1913) мәліметтері бойынша, оның биіктігі – 8,5 мм, ал жақ денесінің биіктігі – 3-4 мм. В.П. Воробьев пен Г.В. Ясвоинның (1936) анықтаулары бойынша, жаңа туған балалардың жақтарының жалпы биіктігі орташа есеппен, биіктігі 11,5 ммВге тең альвеолярлы өсіндіні қосқанда, 14 мм-ді құрайды. Нәрестенің төменгі жақ альвеолярлы өсіндісінің көлемділігі оғанқосылған тістер фолликулаларының үлкендігі мен саны арқылы анықталады, оған қоса уақытша тістер фолликулалары орныққан 10 тіс ұяшықтары жоғарғы жиегінде орналасады. Ұрықтың альвеолярлы өсіндісінің құрылысын біздің өткізген морфологиялық зерттеулерімізден алынған мәліметтер оның көлемінің жақ денесі көлемінен артықтығы құрсақішілік даму кезінен-ақ байқалатындығын дәлелдейді. 18-20 апта мерзімінде, яғни тіс ұрығы айналасында тіс қапшығы қалыптасқан кезде, оны қоршайтын мезенхиальды тін көлемі өзгеретіні анықталды. Біздің өткізген 16-аптадан туылғанға дейінгі 80 ұрықтың төменгі жақтарының антропометриялық зерттеулері нәтижесі әдебиеттердегі мәліметтермен сәйкес келеді.
Сонымен қатар, жақ денесі және альвеолярлы өсіндінің өлшемінің қатынастары тұрақсыздығы бізбен анықталынды.
Құрсақішілік кезеңде ол 1:2 және 1:2,2-ні құрайды. Нәресте туылған соң тістер жарып шығуына дайындыққа байланысты бұл қатынас жақтардың денесінің өлшемінің ұлғаюының есебінен өзгереді және уақытша тістесу қалыптасуының аяқталу кезінде 1:1-ге тең болады.
Біздер сонымен қатар, В.П. Воробьев пен Г.В. Ясвоинның (1936) мәліметтері бойынша, бірінші тұрақты үлкен азудың ертерек дамуын қарастырдық.
Жоғарғы жақ
Жұпты, екі біріккен сүйектерден құралады; ортаңғы бөлігі жақ аралық сүйектен тұрады. Жұқа, ауажолды, жоғарғы жақ қойнауын құрайды, ауыз қуысының, мұрынның, көз сүйегінің түзілуіне қатысады. Қозғалмайды, бет сүйектерімен және ми қаңқасымен берік бекіген. Сыртқы сынатәрізді бұлшықеттің аздаған талшықтары бекиді. Қысым күші әсерінде тұр. Ең үлкен тіс доғалы, еңкі базальды доғалы. Денеден және төрт өсіндіден құралады (маңдайлық, беттік, альвеолярлық, таңдайлық) 6 айда тұтасып, тұтас сүйек түзетін алты сүйектену күлтелерінен дамиды. Күрделі контрфорстар жүйелі (маңдайлық, беттік, қанаттаңдайлы, таңдайлық), қысымды қабылдап, оны бассүйек сүйектеріне таратады (Алтухов Н.В., 1913; Тонкое В.И. 1956)
Төменгі жақ жұпсыз сүйек; ортаңғы бөлігі симоризден тұрады. Компактілі, жуан, берік. Бет қаңқасының жалғыз қозғалмалы сүйегі, бас сүйегінің негізімен қосылған. Барлық шайнау бұлшықеттері бекиді.
Тартылу күші әсерінде тұр. Ең үлкен базальды доғалы, ең кіші тіс доғалы.
Дене де, альвеолярлы өсіндіден және екі бұтақтан құралады. Меккелев сіңірі айналасында дамиды; әр жағынан екі сүйектену нүктелері мен 1Вжылдың соңына қарай бір сүйекті құрайтын бірнеше қосалқы нүктелері бар.
Негізгі ауырлықты қабылдайды.
Бірінші тұрақты үлкен азу фолликулы өмірдің алғашқы жарты жылы ішінде екінші упқытша үлкен азумен бір ұяшықта болады, тек қана бірінші жылдың соңына қарай өзінің ұяшығын иемденеді.
Отандық ғалымдардың зерттеуі бойынша, уақытында пайдаланылған, рациональды, балаға арналған тіс протезі ( аламалы кламмерсіз немесе қозғалмалы алынбайтын протез) жақ өсуін реттеп, оған кері әсерін тигізбейді.
Балалардағы жақ сүйектерінің өсуін реттейтін үш фактор бар:
1-ші фактор – жақ дамушы тінде қалыптасқан, өсуге бағытталған биологиялық потенция.
2-ші фактор – тіс жарып шығу сарыны.
3-ші фактор – шайнау қызметі. Тіс жұлынған жерде жақ сүйек тінінің атрофиясы болатын дәлелденген. Тістер ретенциясы мен адентия кезінде сүйек нашар дамиды, тіс жарып шыққаннан кейін, ол өзінің толық шайнау қызметін қалыптастырып, функциональды тітіркендіргіштер әсерінен дұрыс дамиды. Тшс жарып шыққанда тек қана шайнау қызметі қалыптасып қоймай, сонымен қатар сөйлеу және сыртқы келбет жақсарады. Ал, бұл дегеніміз баланың психикасына және жалпы бала ағзасына маңызы зор. Тіс жарып шыққаннан көңіл-күйі жақсарып, бала ағзасының жалпы тонусы көтеріліп, бала өз органикалық кемшілігін сезінбейтін болады. Сүт тістесу кезінде тіс-жақ жүйесінің толық қалыптасуы, шайнау қызметінің ары қарай дамуына үлкен әсер етеді.
Баланың ересек адамдардан айырмашылығы – оның тез өсуі, яғни мөлшерінің үлкеюі және дене салмағының көбеюі. Жаңа туған нәрестенің орташа салмағы – 3,5 кг. 7 жасында бала 21 кг салмақта болады (яғни оның салмағы 6-7 есеге көбейеді), 15 жасында 40-45 кг-ға жетеді. Тағамды сіңіру шайнау аппаратының, соның ішінде тістің ролі орасан зор. Бала тағамы үлкен көлемде көмірсулардан тұрады, сондықтан оларды ыдырату, шайнау және сілекейге малындыру керек. Дұрыс шайналмаған тағам дұрыс сіңірілмейді, осы жерден ағзаның физикалық тежелуі болады.
Тістер жағдайынан шайнау бұлшықеттерінің қабілеті, периодонт тұрақтылығы, альвеолярлы өсінді мен жақ сүйектерінің толыққанды құрылымы және басқа элементтердің барлығы жаттығуды қажет етеді, оны олар қатты тағамды шайнау кезінде алады.
Тістерге онымен қоса, беттің құрылымы байланысты: жоғарғы күрек тістерінің ерте жұлынуы, беттің тығыздалуына және жоғарғы еріннің қысқаруына әкеледі. Фронтальды тістер сөйлеу айқындылығына әсер етеді. Адам сөйлеу қабілетімен балалық шағында тек сөйлеу үшін емес, сонымен қатар өз ойын анық және еркін жеткізе алуға үйренеді. Фронтальды тістрері жоқ балалардың сөйлеу мәнері анық емес, сілекей ылғи бөлінуде болады, сол себепті бала жастайынан аз сөйлеп, керекті жаттығуларды жасамайды. Психикалық жарақат (әсіресе адентия кезінде), өйткені олар өзін кемтар санап, ақауларынан ұялып, ішке тұйықтала береді. Тістесу құрылымының бұзылуы, тістерді жоғалтқаннан кейінгі, ересек адамдардан үлкен айырмашылығы бар. Тістердің жылжуы, сүйеніштерін жоғалтқан көршілес тістер, өз антогонистері жоқ тістердің аяшықтарынан щығуы және осы әсерінен атрофиялық сарынның дамуы – көптеген әдебиеттерде Попов-Годон феномені деп келеді. Балаларда мынадай көрініс болады: антогонистерінен айырылған тістер, алвеолярлы өсінділермен бірге қозғалады, яғни тіндердің өсуі тістер, төменгі жақтың альвеолярлы төмпегіне жеткенше өсе береді. Тіс доғасы тік және көлденең бағыттарға қисаймайды. Артикуляциялаушы тістер оны қоршаған бұлшық еттер әсерінен, ең бірінші тілден бүйірлеріне қарай жылжиды. Бұл әсіресе, төменгі жақта көп байқалады. Артикуляциялаушы тістер бос аралыққа қарай жылжиды, қисайып, барлық корпусымен қозғалады. Жоғарғы жақтағы бір күректіс болмаса, тістер жақындап, олардың арасында тар саңылау қалады, бұл тіс доғасының қалыпты дамуын тежеп, сызық қозғалады. Үлкен азу тістерді жұлғаннан кейін, кіші азу тістер артқа қарай жылжиды, олардың арасында саңылау пайда болады, олар жиі айналады, ұрттық беткейі медиальды немесе дистальдының орнына келеді.
Тістер жағдайынан шайнау бұлшықеттерінің қабілеті, периодонт тұрақтылығы, альвеолярлы өсінді мен жақ сүйектерінің толыққанды құрылымы және басқа элементтердің барлығы жаттығуды қажет етеді, оны олар қатты тағамды шайнау кезінде алады.
Тістерге онымен қоса, беттің құрылымы байланысты: жоғарғы күрек тістерінің ерте жұлынуы, беттің тығыздалуына және жоғарғы еріннің қысқаруына әкеледі. Фронтальды тістер сөйлеу айқындылығына әсер етеді. Адам сөйлеу қабілетімен балалық шағында тек сөйлеу үшін емес, сонымен қатар өз ойын анық және еркін жеткізе алуға үйренеді. Фронтальды тістрері жоқ балалардың сөйлеу мәнері анық емес, сілекей ылғи бөлінуде болады, сол себепті бала жастайынан аз сөйлеп, керекті жаттығуларды жасамайды. Психикалық жарақат (әсіресе адентия кезінде), өйткені олар өзін кемтар санап, ақауларынан ұялып, ішке тұйықтала береді. Тістесу құрылымының бұзылуы, тістерді жоғалтқаннан кейінгі, ересек адамдардан үлкен айырмашылығы бар. Тістердің жылжуы, сүйеніштерін жоғалтқан көршілес тістер, өз антогонистері жоқ тістердің аяшықтарынан щығуы және осы әсерінен атрофиялық сарынның дамуы – көптеген әдебиеттерде Попов-Годон феномені деп келеді. Балаларда мынадай көрініс болады: антогонистерінен айырылған тістер, алвеолярлы өсінділермен бірге қозғалады, яғни тіндердің өсуі тістер, төменгі жақтың альвеолярлы төмпегіне жеткенше өсе береді. Тіс доғасы тік және көлденең бағыттарға қисаймайды. Артикуляциялаушы тістер оны қоршаған бұлшықеттер әсерінен, ең бірінші тілден бүйірлеріне қарай жылжиды. Бұл әсіресе, төменгі жақта көп байқалады. Артикуляциялаушы тістер бос аралыққа қарай жылжиды, қисайып, барлық корпусымен қозғалады. Жоғарғы жақтағы бір күректіс болмаса, тістер жақындап, олардың арасында тар саңылау қалады, бұл тіс доғасының қалыпты дамуын тежеп, сызық қозғалады. Үлкен азу тістерді жұлғаннан кейін, кіші азу тістер артқа қарай жылжиды, олардың арасында саңылау пайда болады, олар жиі айналады, ұрттық беткейі медиальды немесе дистальдының орнына келеді.
Уақытша тістердің тістесуінің қалыптасуының кезеңдерінің ерекшеліктері
I кезең . Уақытша тістесудің қалыптасуы. Бастапқы 5-7ай, соңы 28-30ай.
1-фаза. 1,5 жасқа дейін баланың барлық ағзасының интенсивті өсуі сонымен қоса альвеолярлы доғаның вертикальды және горизонтальды бағытта өсуі байқалады.
2-фаза. 1,5жаста бірінші молярлар жарып шыққаннан кейін тістесудің алғашқы физиологиялық биіктеуі жүреді, жоғарғы және төменгі жақ бүйір аймақтарының альвеолярлы төмпегінің бұрын бөлінуімен байланыса жүреді, беттің төменгі үштен бір бөлігінің ұзаруы.
16-30 ай. Тісальвеолярлы доғаның өсу темпі төмендейді.
II кезең. Қалыптасқан уақытша тістесу. (3 тен 6 жасқа дейін)
1 фаза. 3 тен 4,5 жасқа дейін, тіс доғасының қалыптасуы аяқталады, бірақ сүт ит тістердің және екінші молярлардың түбірлерінің, альвеолярлы өсінділердің өсуі жүреді.
Тіс доғасы жартылай дөңгелек формада болады.
Жоғарғы тіс доғасы төменгіден үлкенБарлық тістер өзінің окклюзионды беткейімен бір горизонтальды жазықтықта орналасады, окклюзиялық қисық түзбейді
Әрбір тіс екі антогонисттен тұрады, жоғарғы бесінші және төменгі ортаңғы күрек тістерді қоспағанда. Екі жақтың да екінші молярлары өзінің дистальды беткейлерімен бір фронтальды жазықтықта орналасады.
Кесуші қырлары және төмпектері қажалмаған.
Тіс және тіс қатарлары арасында тығыз нүктелі байланыс болады.
екі жақтың да орталық күрек тістер арасындағы орталық бет сагитальды жазықтықта сәйкес келеді.
Жоғарғы жақтың фронтальды тістері төменгі жақтың тістерін жауып тұрады.
II фаза. 4,5 тан 6 жасқа дейін.
Жоғарғы жақтың фронтальды аймағындағы альвеолярлы өсіндінің қайта өсуі жүреді.
Тіс арасында физиологиялық тремалар пайда болады.
Молярлар төмпектерінің және фронтальды тістердің кесуші қырлары желінеді.
Төменгі жақтың тіс қатары алдыға ығысады. «мезиальды баспалдақ» түзіледі. Цилинский симптомы әсерінен төменгі екінші моляр алдыға ығысады, тістесу тік болады.
Сүт тістердің алмасу кезеңдерінің ерекшеліктері
6 жастан 7,5 жасқа дейін тіс альвеолярлы доғаның өсуі сагитальды, трансверсальды, вертикальды бағытта белсенденеді.
Фронтальды тістердің айқасуы тереңдігінің төмендеуі алтыншы тістердің жарып шығуымен және олардың төменгі жақты алдыға қозғалтуымен дұрыс жанасу (контакт) құруы
9 жасқа қарай тіс қатарында тұрақты бірінші молярлар және күрек тістер және уақытша азу тістер арасында тығыз байланыс болады
Тіс доғасы озінің жартылай дөңгелек пішінін жоғалтады.
Тіс қатарында бірінші азу тістер аймағында окклюзиялы беткейдің сагитальды және трансверсальды бағытта қисаюы пайда болады.
10,5 жасқа дейін альвеолярлы өсіндінің өсуі тоқтайды.

Тұрақты тістесудің кезеңдерінің ерекшеліктері
Қалыпты окклюзияның белгілері :
Молярлар қатынасыСауыт ангуляциясыСауыт инклинациясы
Ротация
Тығыз байланыс
Шпее қисығы
Сагиттальды сызық орталық күрек тістердің ортасынан өтеді
Әр тістің 2 антогонисті болады
Жоғарғы жақ тістері төиеңгі жақ тістерін үштен бірін жауып жатады
Жоғарғы жақта: базальды доға ≤ альвелярлы доға ≤ тіс доғасы
Төмеңгі жақта: базальды доға ≥ альвелярлы доға ≥ тіс доғасы
СТЖБ жақсы дамуы
Тіс доғасының пішіні жоғарғы жақта жартылай эллипстәрізді
Тіс доғасының пішіні төмеңгі жақта параболатәрізді
Тістердің проксимальді беттерінде жанасу нүктесі болады
Сауыт биіктігі белгісі күрек тістен бастап молярға қарай кішірейіп барады
Жоғарғы жақ тістері вестибулярлы жаққа қарай ығысқан, төмеңгі жақ тістері вертикальды орналасқан
Жоғарғы жақтың әр бір тісі төмеңгі жақтың аттас тісімен және оның артындағы тіспен жанасады.
Тісінің шығуыТіс жару барысы:
дені сау бала 6—8 айлығында тіс жарады (төменгі екі тісі);
8—10 айлығы аралығында үстіңгі 4 тісі;
бір жасқа толғанда тағы да төменгі 2 тісі, сөйтіп1 жасқа толған балада 8 тіс болады.
Тіс шығу кезінде асқазанның бұзылғаны(іш өту,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D3%99%D0%B1%D0%B5%D1%82" \o "Тәбет" тәбеті қашу, аузынан  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A1%D1%96%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%B9_%D0%B0%D2%93%D1%83&action=edit&redlink=1" \o "Сілекей ағу (мұндай бет жоқ)" сілекей ағу), қызыну, мазасыздану, ыстығы көтерілу,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D0%B9%D2%9B%D1%8B" \o "Ұйқы" ұйқысы қашу сияқты процестер байқалады. Бірақ мұндайда ем қолданудың қажеті жоқ.
Баланың организмі кешеуілдеп, жәй өскенде, әсіресе  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D1%88%D0%B5%D0%BB" \o "Мешел" мешел баланың тістері кеш шығады.
Сүт тістердің ерекшелігі:олардың көлемі кішілеу, төмпешіктері мен ажырасатын түбірлері аздау. Сүттістер мен тұрақты тістердің түбірлері саны бірдей. Сүттістердің шығуы яғни қызыл иектің жұқарып, ауыз қуысында тіс сауытының пайда болуы туғаннан кейін 7 айда басталып, 3 жасқа қарай аяқталады. Барлығы 20 сүттіс шығады. Олардың тіс формуласы былай болады:
2•1•2.Цифрлар әрбір жақ сүйегінің жартысындағы тіс санын көрсетеді: екі күрек тіс, бір иттіс, екі үлкен азу тіс. Алты жыл өткеннен кейін сүттістер тұрақты тістермен ауыса бастайды: жиырма сүттіске қосымша жаңа тістер шығып, әрбір сүттіс тұрақты тіспен ауысады. Тұрақты тістердің шығуы бірінші үл-кен азу тістен басталып, үшінші азу тістен басқа тістер 12-13 жаста шығып болады. Үшінші үлкен азу тіс 18 бен 30 жас арасында шығады. Адам жақсүйегінің тұрақты тістер формуласы былай болады: 2•1•2•3, барлығы 32. Стоматологиялық тәжірибеде бірінші күрек тістен бастап соңғы үлкен азу тіспен аяқтап реттік саны ыңғайлы формуланы пайдаланады: 1,2 (күректістер), 3 (иттіс), 4,5 (кіші азу тістер), 6,7,8 (үлкен азу тістер).

-1238252743200

Сүттістер.
Медиальды күрек тістер: 6-8 айда
Бүйір күрек тістер: 7–9 айда
Бірінші азу тістер 12-15 айда
Иттістер:16-20 айда
Екінші азу тістер: 20 – 24 айда
Тұрақты тістер.
Бірінші үлкен азу тіс: 6-7 жасМедиальды күрек тістер:8 жасБүйір күрек тістер: 9 жасБірінші кіші азу тістер:10 жасИттістер:11-13 жасЕкінші үлкен азу тістер:13-16 жасҮшінші үлкен азу тістер:18-30 жасТістер қабысқанда жоғарғы күрек тістер төменгі жақтағы сәйкес тіс-тердің үстінен келіп, ішінара оларды жауып тұрады. Бұлай болу себебі мы-надан: жоғарғы тіс доғасы төменгі тіс доғасынан біршама үлкендеу де жә-не оның үстіне жоғарғы тістер еріндер жағына қарай, ал төменгі тіл жағы-на қарай бағытталған. Осының себебінен жоғарғы азу тістердің тілдік төм-пешіктері төменгі азу тістердің тілдік және жақ төмпешіктері арасында жүлгеде жатады; жоғарғы және төменгі тістердің арасында сәйкестік бол-майды: әрбір тіс басқа қатардың бір емес, екі тісімен жанасады.Жанасат-ын тістер антоганистер деп аталады, соның өзінде медиальды төменгі күр-ек тіспен жоғарғы үшінші үлкен азу тістің тек біреуден ғана антоганисі болады. Физиологиялық тістесудің вариантары мыналар болып табылады: прогнатия (жоғарыда сипатталады), прогения – бұл жағдайда төменгі күрек тістер жоғарғылардың алдында орналасады және ортогнатия – жоғарғы және төменгі күрек тістер ұштары мен қабысады. Тістердің орналасуының ауытқулары:көрші тістер орындарын ауыстыру мүмкін; тіс жақ доғасы шегінен тысқары қатты тандайға немесе ауыз алдында жақындау орналасуы мүмкін. Кейде тістер мұрын қуысынан, қатты таңдайдан жарып шығады. Тіс санының ауытқулары: жоғарғы латериалды күректістер, екінші кіші азу тістер болмауы мүмкін. Тіс сауыты мен түбірі пішінінің ауытқулары: ұзарған түбірлер және түрлі бұрыш жасай майысқан түбірлер кездеседі. Азу тістерде әдеттегіден көбірек түрлері кездеседі. Тіс сауытында қабысу бетіндегі төмпешіктер саны өзгеріп отыруы мүмкін. Тістердің ренгендік зерттеу негізінен интраоральдық жолмен жүргізіледі, яғни таспа ауыз қуысында енгізіліп, саусақпен тіске қараған бетіне жапсырылады немесе тістетіледі. Суретте тістердің барлық анатомиялық бөлшектері айқын көрінеді, тіс қуысы бар жер ақшыл болып түседі. Тістің альвеолярға батып тұрған бөлігінің шетінде периодонтқа сәйкес келетін жіңішке ақшыл құрсау байқалады. Жаңа туған нәрестенің бет пішінінде жақ ішінде орналасқан сүттістердің бастамалары көрінеді. Одан кейінгі жастағыларда сүттістердің дамуы, жарып шығуы және түсуінің, тұрақты тістердің бастамаларының пайда болып, дамуының және қартаюға байланысты өзгеруінің рентгендік суретін бақылауға болады.
Қорытынды
Тістің жаруы әдеттегі физиологиялық процестерге жатады. Олар белгілі уақытында, адамға білінбей, ешқандай ауыру сезімінсіз шығады. Бірақ кейбір тістер нақтылы шығатын уақытынан кешігіп шыққанда оның маңайындағы _ тіндер қабынады. Тістерінің әдемі, маржандай тізілген тегіс болуын қаламайтын бірде-бір адам жоқ шығар. Бірақ көп адамдар дұрыс тістесудің бала кезде қалыптасатынын біле бермейді.
Дұрыс тістеспеу себептері әртүрлі болуы мүмкін: тұқым қуалаушылық, сүйек ұлпасын зақымдайтын жарақаттар, созылмалы аурулар, жалпы ағзаның тозуы. Алайда зардаптары беттен көрінеді. Бәріне қоса бұл ақау денсаулықтың нашарлауына апарып соқтырады: жақ бұлшық еттерінің қатты керілуінен бастың ауыруы, тістеу мен шайнаудың қиындауы, осының бәрі асқазан-ішек жолдарының күйіне әсер етеді.
Осы келеңсіздіктердің бәрін қазіргі ортодонтия шеше алады. Ортодонтия - стоматологияның тістер мен жақты түзету мәселелерімен айналысатын арнайы саласы.
Қолданылған әдебиеттер
Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008.
Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.
Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006.
Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007.

Приложенные файлы

  • docx 1468302
    Размер файла: 582 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий