Жас?спірімдер арасында?ы суицидті? алдын алу


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С ЫТақырыбы: «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу»Орындаған: «Медбикелік іс» мамандығы қолданбалы ғылым бакалавры №63 топ студенті - Шаихыбек Ақерке ҚЫЗЫЛОРДА 2016 Ж Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу Тақырыптың өзектілігі: Бұл тақырыпты таңдау себебім-қазіргі таңда жассөспірімдер арасындағы суицид өте көп тараған және Қазақстан дүние жүзі бойынша үшінші орында тұр, және жыл өткен сайын жасөспірімдер арасындағы суицид қарқын белең алуда. Бұл тақырыпты таңдау себебім: жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткішінің неліктен жыл өткен сайын қарқындап жатқанын анықтау. Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады. Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған. Зерттеудің мақсаты: Барлық өзіне өзі қол жұмсау жағдайларын бағалау барысында, бұл құбылыстың экономикалық кірісі төмен және орта деңгейдегі елдерде орын алатындығы анықталған. Мақсатым жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында мектептегі мектеп мейірбикесі жұмыс жасайтын «жасөпірімдер арасындағы суицидтің алдын алу » бағдарламасын іске асыру.Бұл бағдарлама бойынша мектеп мейірбикесі пектеп психологімен бірге 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерден әр бір 6 ай сайын сауалнама жүргізеді.Сауалнама нәтижесін мейірбике мектеп психологімен бірге бағалайды.Нәтижесінде жасөспірімдерде депрессия анықталса,мейірбике депрессияға қарсы жаттығулар,тренингтер жүргізеді.2 апта өткеннен кейін депрессия анықталған жасөспірімдерден қайтадан сауалнама алады.Еліміздің барлық мектептерінде осы бағдарлама іске асырып,жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу. Зерттеудің міндеті: -Әдебиеттер оқу; -Әдіс таңдау,сипаттама беру; -Зерттеу жүргізу объектісі -Анализдеу -Зерттеу қорытындысы -Ақпарат көздері Теориялық негізі Жоспар КіріспеСуицид туралы жалпы түсінік  Негізгі бөлімІ.  Статистикалық мәліметтерII. Суицид алдындағы синдромIII. Суицидалдық әрекетке әсер етуші факторларIV. Эмоционалдық бұзылыстың көріністері:V. Жасөспірімдер арасында суицидтік әрекетті болдырмау  ҚорытындыЖасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алудағы мейірбикенің рөлі  Суицид (өзін өзі өлтіру)- проблеманы шешуден қашу,біздің өміріміздің әралуандығын құрайтын жаза және абыройсыздық,қорлау және үмітсіздік,түңілуден,қазадан, көңілі қалғандықтан,өзіне өзі құрметі жоғалғандықтан өмірімен қош айтысу. Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталған:тұтастай алғанда көп жағдайларды жасөспірімдер ата-аналарының,мұғалімдердің назарын өз мәселерлеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы,парықсыздық,арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық,жаны жараланғыш,жалғыздық сезімнен,өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек,мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді... Жыл мезгілі               Өзіне-өзі қол жұмсау көбінесе көктемде, яғни адамның бас қайғысы табиғаттың гүлденуімен сәйкеспеген мезгілде, болады. Қыстың күңгір бояуы қандай да бір шамада ішкі жан дүниесінің күйзелісімен үйлесімін табады, ал керісінше көктемнің шуақты күндеріне сәйкес келмей қарама-қайшылық туындайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша (ДДҰ) 2012 жылы бүкіл әлем бойынша шамамен 804 000 адам өзіне өзі қол жұмсаған. Өз өзіне қол жұмсау 15-29 жас аралығындағы жастардың мезгілсіз қайтыс болуының екінші негізгі себебі болып табылады. Барлық өзіне өзі қол жұмсау жағдайларын бағалау барысында, бұл құбылыстың экономикалық кірісі төмен және орта деңгейдегі елдерде орын алатындығы анықталған. Дегенмен, өзіне-өзі қол жұмсаудың айналасында қалыптасқан стигманы (таңбаны) ескере отырып, оның таралуы туралы нақты деректерді алу өте қиын. Шын мәнінде, бұл сандар статистика мәліметтері көрсеткеннен де жоғары, өйткені, көптеген өзін-өзі өлтіру жағдайлары жасырылып, басқа себептермен қайтыс болғандай көрсетіледі, мысалы жол-көлік оқиғалары немесе кездейсоқ улану сияқты. Жоғарыда айтылған мәселеге орай мынадай статистикалық мәліметті ұсынамыз. 2014 жылы 6 аяқталған суицидтік әрекеттің 1 –уі қалада, 5-уі ауданда; 2015 жылы 8 суицидтік әрекеттің 1-еуі қалада, қалған 7-еуі аудандарда; ал, 2016 жылдың 1-ші тоқсанында ауданда 1-еуі орын алған. Суицидке ұмтылыс пен аяқталған суицидтің 3 жылдағы салыстырмалы мәліметі төмендегідей: 2014 жылы суицидке ұмтылыс -19, оның ішінде аяқталған суицидтік әрекет- 6; 2015 жылы суцидтке ұмтылыс- 22, оның ішінде аяқталған суицидтік әрекет- 8; 2016 жылы суцидтке ұмтылыс- 6, оның ішінде аяқталған суицидтік әрекет- 1. Аймақтық бөліністерді қарастыру барысында да бірқатар айырмашылықтарды байқауға болады. Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында Республикалық деңгейге қарағанда суицид деңгейі жоғары болған. Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бұл деңгей жалпы Республикалық деңгейге жақын. Ең төменгі деңгей Қызылорда облысында және Алматы қаласында анықталып отыр. Облысымызда кәмілетке толмаған жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеті өзге өлкелермен және Республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда төмен екендігі байқалды. . 2015 жылдың мамыр айынан бастап Қызылорда облысында ЮНИСЕФ-тің (БҰҰ жанындағы балаларға көмек беру төтенше қоры) кәмелетке толмағандар арасындағы суицидті превенциялау бойынша бағдарламасы енгізілді. Есептік кезеңдегі анықталған тәуекел тобы төмендегідей: ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша анықталғаны- 974, оның ішінде жалпы тәжірибелі дәрігерге қаралғаны- 643; БМСК бойынша анықталғаны – 331. Аяқталған суицидтік әрекетті зерделеп, талдау нәтижесінде бұл жасөспірімдердің тәуекел топқа алынбағандығы анықталды. Бұл мәселе де тәуекел топты анықтаудағы кейбір кемшілік тұстардың бар екендігінің айғағы болып табылады. Бүгінде қаладан ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша тәуекел топқа алынғаны 210 жасөспірім, БМСК бойынша анықталғаны- 123, ал, ауданнан ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша -433, БМСК бойынша анықталғаны -208 болып отыр. Осы ретте, аяқталған өз-өзіне қол жұмсау әрекеті қалада тұратын жасөспірімдерге қарағанда аудандарда (66 %) жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. Суицидтік әрекетке бару себептерін анықтау жұмыстары бізге тәуекел топқа алып келуіне әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік берді. Бұл ретте кәмілетке толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан екендігі байқалды. Аудан және қала бойынша тәуекел топқа алынған жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайын төмендегі кестеде ұсынамыз. Қызылорда облысында жасөспірімдер арасындағы 2014, 2015 жылдардың және 2016 жылдың 1- тоқсанындағы суицидтік жағдайға талдау.   Жалпы алғанда кәмілетке толмағандар арасында суицидтік әрекетті жасау тәсілдері әртүрлі болып отыр. Мәліметтерге сүйенетін болсақ, аяқталған суицидтің жасалу тәсілдері мынадай: 2014 жылы улану -1, асылу-5; 2015 жылы улану -1, асылу-7; 2016 жылдың 1- тоқсанында асылу-1. Жоғарыдан байқап отырғанымыздай, қалаға қарағанда аудандардағы тәуекел топтағы балалардың әлеуметтік жағдайы төмен болып отыр. Осы орайда, суицидтік әрекетке әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан жасөспірімдер бейім келетіндігі байқалды.Зерделеу жұмыстарының барысында тәуекел топқа алынған жасөспірімдердің суицидке бейімділік деңгейлері де қала және аудан бойынша анықталды. Суицид мәселесімен айналысатын мамандарды талдау мынадай: 2014 жылы МСАК жанындағы психологтар саны -31, 112 әлеуметтік қызметкер; 2015 жылы 45 психолог, 152 әлеуметтік қызметкер; 2016 жылдың 1-тоқсанында 59 психолог, яғни осы реттее 28 маманға өсу байқалады, бұл 48 %, 154 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Мұнан байқайтынымыз есептік 3 жылда мамандарды тарту жағдайының өсуі көрініс береді. Дегенмен, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу үшін тек денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары ғана емес, сонымен қатар, ішкі істер бөлімі, әкімшілік, БАҚ, ҮЕҰ және т.б. тығыз өзара әрекеттестік жұмыстарын күшейту қажеттілігі алға шығады. ЖТД қарауынан бас тартқандар – 291, ЖТД дәрігерлерімен 974 оқушы қаралған, оның ішінде 718 оқушы дәрігерлік-психологиялық кеңес алды, ал 256-сы МСАК жағдайында амбулаториялық емдеуден өтті. Барлығына психокоррекциялық жұмыс жүргізілді. 62 оқушы психиатр-дәрігерден кеңес алды, оның ішінде екі бала "Бейімдеудің бұзылуы. Өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасау" диагнозымен ОПНА ауруханаға жатқызылды. ЖТД-ге – 40 оқушы келмеген. Облыстық жастар денсаулық орталығының жанында "Қызу желі" жұмыс істейді (8 800 080 22 26). 2014 жылдың екінші жарты жылдығы кезеңінен 2016 жылдың 4 айы аралығындағы қоңыраулар саны 5,6 есеге көбейді (2014 ж. 6 айы-115, 2015 ж. – 429, 2016 ж. 3 айы - 643). 2014 жылдың 6 айындағы қоңыраулар саны қала бойынша 76,5 %, аудандардан -23,4 %. 2014 жылдың 6 айындағы қоңыраулар саны қала бойынша 76,5 %, аудандардан -23,4 %. 2015 жылы қала бойынша 89,7 %, аудандардан -10,2 % болса, ағымдағы жылдың 4 айында бұл көрсеткіштер қала бойынша 93,7 %, аудандардан - 6,5 %. Қала бойынша қоңыраулар санының артып, ал аудандар бойынша кеміп жатқандығы байқалады.Жедел желіге келіп түскен өтініштердің құрылымы бойынша алдыңғы орынды тұлғааралық мәселелер, отбасы мәселелері, даулы жағдайлар алады.Жас ерекшелігі құрылымы бойынша ең көбі 10 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерден түскен, ол 40 %-ды құрайды. Жастар қолдау орталығы *Жастар: өз ара қарым-қатынас түрі бұзылғандар, «жалғыздыққа» ұшырағандар,күш көрсетуді әдет қылған девианттық немесе қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін ішімдік немесе есірткі қолданатындар; *Өзін тым қатты сынауға алатындар; *Жеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар; *Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер «Үздік» синдром; *Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар; *Өзін өлтіру жайлы әңгімелер (мысалы,«мен оданда өзімді өлтіремін»); *Осы тақырыпқа дауыстап қиялдану; * «Менің ешкімге керегім жоқ»,«бәрібір мені ешкім сағынбайды» деген тақырыптармен мазаны алуы; *Өнер немесе әдебиеттегі өлім мотивтеріне ден қоюы; *Өзіне ең қымбат деген заттарды таратып беруі;Суицидтік қауіпті топ Суицидалдық әрекетке әсер етуші факторлар:І. Жанұядағы конфликт: • туыстарының және қоршаған адамдардың әділетсіз болуы;• жоспарының орындалуына кедергі жасау; басқалардың оған жеткілікті көңіл бөлмеуі,ІІ. Психикалық күй: • дені сау адамның реалды конфликтіге ұшырауы;• паталогиялық себептер (психиканың бұзылуы)ІІІ. Физикалық күй:• соматикалық аурулар, физикалық азап көру;• ажарсыз кемтар болу.ІV. Қоғамға қарсы конфликттің туындауы:• қылмыстық жауапкершіліктен қорқу;• ұяттан, жазадан қорқу;• өзін-өзі кінәлау.V. Кәсіптік және білім саласындағы конфликтінің туындауы:• жұмыстағы, оқудағы сәтсіздік;• жұмыстағы немесе оқудағы әділетсіздіктің болуы. VІ. Материалды-тұрмыстық қиыншылықтар. VІІ. Басқа да себептер.1. Денсаулығының нашарлығынан – 1,2 % 2. Қаражат қиындығынан - 3%3. Өмір сүрудің ауырлығынан – 4,4% 4. Құмарлықтан - 6%5. Отбасы келіспеушілігінен - 18% 6. Рухани дерттен - 18%7. Жазасын өтеуден жалтарудан - 19% 8. Белгісіз күйі - 41% Суицидтке баруға әрекеттенгенін білдіретін кешенді психологиялық белгілер, яғни ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше аптаға немесе айларға дейінгі уақытты қамтитын суицидтік қарқынды мерзім. Қиын жағдаяттарда суицидтік әрекетке бейімі бар жағдайда ересек жасөспірімдер мен үлкендерде жиірек байқалады.                 Өзіне-өзі қол жұмсауға оқталған балалар көбінесе ата-ана назарына және қамқорына зәру, 75% олардың ата-аналары ажырасқан немесе бөлек тұрады, көбіне балалар интернаттарда немесе асырап алған ата-аналарымен тұрады.Суицид алдындағы синдром:  Жақындап келіп қалған суицидті қалай аңғаруға болады.Эмоционалдық бұзылыстың көріністері:Тәбеттің жоғалуы немесе импульсивті ашқарақтық, ұйқы қашу немесе ұйқышылдықтың жоғарлауы;Соматикалық сырқаттарға (іштің ауруы, бастың ауруы, үнемі шаршау, ұйқы басуы) жиі шағымдану;Өзінің сыртқы бейнесіне оғаш қарау;Ылғи жалғыздықты, қажетсіздікті, кінәлілікті немесе мұңаюды сезіну;Бұрын қуаныш сыйлайтын үйреншікті дүниелерден іш пысуы, жақтырмау;Араласудан қашу, достарынан, отбасынан өзін оқшаулау, жалғыздыққа берілуЗейінінің бұзылуынан орындаған жұмыс сапасының төмендеуіӨлім туралы ойларға берілуБолашаққа жоспар жасамауКөбінесе ұсақ-түйектен аяқасты туындайтын ашу-ызаға булығу Жасөспірімдер арасында суицидтік әрекетті болдырмау:психологиялық қозу күшін бәсеңдету;суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану дәрежесін азайту;әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру;өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру Зерттеу әдісін таңдау және сипаттау:Сауалнама құрастыру және пікір сұрақ жүргізу әдістемесі  Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағыПікір сұрауды дұрыс жүргізу үшін мынадай ұсыныстарды орындау қажет: Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау:Сұрақтардың қисынын келтірудің бірізділігі:Сауалнама құрылымыСұрақтарды: қарапайымнан – күрделіге ауыстыруСұрақтар саны  сұрақты сауалнамаға  кіргізбей  тұрып, оның қажеттілігін анықтауСұрақтардың стандартталу типтері бойынша сауалнама жасауды таңдауЖауап  түрін анықтау Зерттеуді жүргізуЗерттеу объектісі:Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері. Сауалнама Құрметті студент! Біз жасөспірімдер арасындағы суицидтің таралу жиілігін анықтау мақсатында жүргізілетін әлеуметтік сауалнамаға қатысуға шақырамыз.Сауалнама сұрақтарына жауап беру үшін сұрақты мұқият оқып шығып,өз пікіріңізге сәйкес келетін жауапты (+) белгісімен белгілеңіз.Сіздің берген бағалауыңыз бен пікірлеріңіздің құпиялылығын сақтауға кепілдік береміз. 1.Қапалану сезімі:1.Менде қапалану сезімі жоқ2.Мен көбінесе қапалымын3.Мен сондай бақытсызбын,қапалымын және бұған төзу мүмкін емес 2.Бұрынғы сәтсіздіктер:1.Мен өзімді жолы болғыш адам ретінде сезінемін2.Көбінесе жолым болмады деуге болады 3.Мен өзімді жолы болмайтын адам ретінде сезінемін 3.Кінә сезімі:1.Мен өзімді кінәлі сезінбеймін2.Мен көптеген нәрселерді істегенім үшін өзімді кінәлі сезінемін 3.Мен үнемі өзімді кінәлі сезінемін 4.Зейін қою қабілетінің нашарлауы1.Мен әдеттегідей зейін қоя аламын2.Мен әдеттігідей зейін қоя алмаймын3.Мен еш нәрсеге зейін қоя алмаймын5.Жылау:1.Мен көп жыламаймын2.Мен бұрынғымен салыстырғанда көп жылаймын3.Менің жылағым келеді,бірақ жылай алмаймын6.Ашушаңдық сезімі:1.Мен көп ашуланбаймын2.Мен әдеттегімен салыстырғанда көп ашуланамын3.Мен үнемі ашуланамын7.Шаршағыштық немесе шаршау сезімі:1.Мен көп шарашамаймын2.Мен көп шаршаймын3.Мен әдеттгіден көп шаршаймын8.Түкке жарамсыздық сезімі:1.Менде түкке жарамсыздық сезімі пайда болмайды2.Мен бұрынғымен салыстырағнда өзімді аса маңызсыз тұлға ретінде санаймын3.Мен өзімді мүлде түкке жарамсыз сезінемін9.Қызығушылық сезімін жоғалту:1.Менің адамдарға немесе жұмысқа қатысты қызығушылығым ды жоғалтқан жоқыпын2.Маған бұрынығымен салыстырғанда адамдар немесе жұмыс онша қызық емес3.Маған қандайда бір нірсеге қызығушылық таныту өте қиын10.Батылсыздық шешімі:1.Маған әдеттгідей шешім қбылдау қиындық тудырмайды2.маған бұрынғымен салыстырғанда шешім қабылдау қиындық тудырады3.Мен мүлдем шешім қабылдай алмаймын Суицидке бейімділікті зерттеуге арналған сауалнама Сауалнама нәтижесін бағалау: Жиынтық балл саны 10-15 аралығында жасөспірімнің психологиясында ауытқушылық жоқ. Жиынтық балл саны ≥20 аралығында жасөспірім депрессияға ұшыраған. Жиынтық балл саны 20-30 аралығында жасөспірімде суицидке бейімділік байқалады. Сауалнамаға 18 адам қатысты,қатысушылардың 18-і де ер адамдар.Сауалнамаға қатысушылардың жасы 14-15 аралығандағы жасөспірімдер. Қорытынды:Сауалнама толтырушылардың 16%-ы өздерін қапалы сезінеді.Қапалану сезімі депрессияның бастамасы болып табылатындықтан анкета толтырушыларға қапалану сезімінен арылу мақсатында түрлі көңіл-күйді көтеретін тренингтер өткізу қажет. Қорытынды:Сауалнама толтырушылардың 35%-ы бұрынғы сәтсіздіктері жайлы көп ойлайды,өмірде көбінесе жолы болмайды деп санайды.Анкета толтырушыларды бұл ойдан арылту мақсатында түрлі тренигтер ұйымдастыру. Қорытынды:Сауалнама толтырушылардың 48%-ы өздерін көптеген нәрселерді жасағаны үшін кінәлі сезінеді.Анкета толтырушыларды өз-өздерін не үшін кінәлі сезінетіндігін анықтап,өздеріне деген сенімін қайта ояту. Қорытынды:Сауалнама толтырушылардың 15%-і әдеттігідей зейін қоя алмайтындығына шағымданады.Анкета толтырушылардың зейінін арттыру мақсатында ойлау қабілетін арттыратын ойындар,логикалық есептерді шештіру,жаттығулар жасату. Қорытынды:Сауалнама толтырушылардың 16% -ның жылағысы келетіндігі анықталды.Анкета толтырушылардың көңіл-күйі бұзылған,депрессия белгілері байқалады.Көңіл-күйді қалыптастыру мақсатында,.депрессияға қарсы жаттығулар жасату,тренингтер өткізу. Қорытынды:Саулнама толтырушылардың 32%-і әдеттегімен салыстырғанда көп ашуланады екен.Сабақ барысында серігу жаттығуларын жасату.Анкета толтырушыларға таза ауада жиі серуендеуге,спортпен айналысуға кеңес береміз. Қорытынды:Сауалнама толтырушылардың 13%-ында көп шаршау белгілері анықталды.Шаршағыштың бірден-бір себебі ой еңбегі мен дене еңбегін ауыстырып отырмағандықтан болып табылатындықтан,анкета толтырушыларға ой еңбегі мен дене еңбегін ауыстырып отыруға кеңес беру.Күнделікті уақыт режимін құруына кеңес беру.Күнделікті 8 сағат ұйықтау керектігін айту. Қорытынды:Сауалнама толтырушылардың 22%-і өздерін бұрынғымен қарағанда аса маңыз тұлға ретінде санайды екен.Анкета толтырушылардың өз-өзіне деген сенімін,өмірге деген көз қарасы мен құлшынысын ояту мақсатында тренингтер өткізіп,анкета толтырушылардың көз қарасын жақсы жаққа қарай өзгерту. Қорытынды: Сауалнама толтырушылардың 11%-і адамдар немесе жұмыс онша қызық емес деп ойлайды екен.Анкета толтырушылардың адамдарға,жұмысына деген қызығушылығын арттыру.Өмірге деген көз қарасын өзгерту мақсатында тренингтер өткізу. Қорытынды:Сауалнама толтырушылардың 18%-інде бұрынғымен салыстырғанда шешім қабылдау қиындық тудырады екен.Анкета толтырушыларды батылдыққа үйретуге арналған тренингтер өткізу. Сауалнаманың қорытындысы Нәтижесі бойынша 4 адамда депрессия анықталды.Сауалнама бойынша анықталған адамдарды депрессиядан шығару мақсатында депрессияға қарсы жаттығулар мен трениг ұйымдастырамыз.Жасөспірімдердің сабақ барысында шаршағандықтан,стрестен арылудың бірден-бір жолы - жаттығулар жасау. Алайда, ол үшін арнайы ыңғайлы киім, кроссовкілер қажет емес.Мектеп партасында отырып-ақ, қарапайым жаттығулар жасау арқылы стресс пен шаршағандықтан құтылуға болады.  Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алудағы мейірбикенің рөлі Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында мектептегі мейірбике «Жасөпірімдер арасындағы суицидтің алдын алу » бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Бағдарлама жоспары:  1.Мектеп мейірбикесі мектеп психологімен бірге әр бір 6 ай сайын 12-17 жас аралығындағы мектептегі барлық жасөспірімдерді осы бағдарлама бойынша тексеруден өткізіп тұрады.  2.Тексеру мейірбикенің арнайы сауалнамасы арқылы жүргізіледі.  3.Сауалнама жүргізгеннен кейін мейірбике мектеп психологімен сауалнама нәтижесіне сүйене отырып,жасөспірімдерді бағалайды.Сауалнама жүргізуде мектеп мейірбикесінің алатын орны ерекеше болып табылады.  4.Бағалау нәтижесінде жасөпірімде депрессия анықталса,мейірбике депрессияға қарсы іс-шаралар жасайды.Депрессияға қарыс жаттығулар жасатып,депрессиядан шығару жолдарын қарастырады.Егер суицидтке бейімділік байқалса, мейірбике мұндай жасөспірімдерді психолог мамандарына жолдап,арнайы жұмыс жасалуын қадағалайды.  5.Мейірбике депресияға ұшыраған жасөспірімдерден 2 апта өткеннен кейін қайтадан сауалнама алып нәтижені бағалайды.Сауалнама көрсеткіші өзгермеген жағдайда,одан әрі депрессияға қарсы іс-шаралар жүргізеді.  6.Психолог суицидке бейім деп танылған жасөспірімдердің ата-анасымен кездесіп,ата-анасымен әнгімелесу жүргізіп,бала тәрибесіне қатысты мағұлматтар беріп,балаларына жеткілікті уақыт бөлу керектігін түсіндіреді.Психолог жасөспірімдердің ата-анасымен жасөспірімнің өзімен бірге барлығы қосылып,әнгімелеседі.  7.Психолог суицидке бейім жасөспірімнің мектеб психологын хабардар етеді. Психолог жасөспірімді үнемі назарында ұстап,бақылау жүреді.Мектеп психологі сынып жеткешісімен,пән мұғалімдеріне ескертіп,үнемі бақылауда ұстайды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру арқылы жасөспірімдер арасындағы суицидті ерте анықтап,суицид көрсеткішін елемізде төмендеткен болар едік.Болашақта осындай программа құрып,іске асырамын деген мақсатым бар. Мектептерде стерске,қажуға,шаршағыштыққа қарсы арналған қоңырау үзілісінен бөлек оқушыларға жаттығу жасауға немесе билеуге,музыка тындауға арналған уақыт бөлe қажет.  Жасөспірімдердің сабақ барысында шаршағандықтан,стрестен арылудың бірден-бір жолы - жаттығулар жасау. Алайда ол үшін арнайы ыңғайлы киім, кроссовкілер қажет емес.Мектеп партасында отырып-ақ, қарапайым жаттығулар жасау арқылы стресс пен шаршағандықтан құтылуға болады.  Ең біріншіден терең дем алып, ойларыңызды босатыңыз. Кейін мына жаттығуларды жасаңыз.Орындыққа түзу отырып, қолды тізеге, екі аяқты еденге қойыңыз. Терең дем алып, дем шығарған сәтте алға қарай бүгіліңіз. дем алғанда арқаны түзулетіңіз. Жаттығуды 5 рет қайталаған абзал. Терең дем алып, қолды жоғары көтеріңіз. Дем шығарған кезде оң жаққа еңкейіңіз. Қайта дем алғанда бастапқы орынға қайтыңыз. Осылайша екі жаққа еңкею жаттығуларын жасаңыз. Әр жаққа 5 реттен қайталаңыз. Қолды суреттегідей бүгіп, дем шығарған кезде денеңізбен оң жаққа қарай бұрылыңыз. Дем алғанда қайта орынға бұрылыңыз. Екінші жаққа да дәл солай. 5 рет қайталаңыз. Түйінді сөздер  Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу*жастар*депрессия*жалғыздық*қарым-қатынас*сәтсіз махаббат*психиканың бұзылуы*өзін-өзі кінәлау*рухани дерт*белгісіз күй*мұңаю*қорқыныш*армандары орындалмау*менің ешкімге керегім жоқ*ең қымбат жандарын жоғалту*ашу-ыза*өкініш*ақыл-кеңес*әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың төмендеуі*отбасындағы қолайсыз жағдайлар*өмірден-өз орнын таба алмау* 

Приложенные файлы

  • pptx 935975
    Размер файла: 580 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий