Газ тарату механизмі


Газ тарату механизміГаз тарату механизмі газ алмасу үрдісін басқаруға және цилиндрлердің оптималды толтырылуын қамтамасыз ету үшін арналған.Газ таратушының клапанды механизмдері жай құрылымға ие, жөндеу мен өндірудің аз құндылығы, сондай-ақол жану камерасын жақсы тығыздайды және жұмысының сенімділігіне байланысты қазір оның кең ауқымда төрт ырғақты қозғалтқыштарда қолданылуы кең таралған.
Газ тарату механизмдерінің негізгі түрлері
Екі клапанды газ тарату механизмдері бар қозғалтқыш құрылымдары (4.1, 4.2-сурет)кӛп қолданысқа ие болған.
Цилиндрлік және сына тәрізді жану камералары бар қозғалтқыштарда клапандар шығыр ӛсінің бойымен қатар құрып орналасқан (4.1-сурет).Кіргізуші және шығарушы клапандар кезектесіп орналасады (4.1а-сурет)немесе жұп болып орналасады (4.1,б-сурет).Жұп бойынша орналасқанда кӛршілес кіргізуші клапандар жалпыға бір немесе әр клапанға жеке трубка арқылы баруы (4. 1,а,в-сурет)мүмкін. Клапандарды екі қатарға (4.2 сурет) шатырлы немесе жартылай сфералы жану камерасы бар ұшқынды тұтатылуы бар қозғалтқыштарда қолданылады. Екі қатарлы дизельді қозғалтқыштарда қолданылмайды. Клапандары бір қатарда орналасқан ұшқынды оталуы бар қозғалтқыштарда кіргізуші және шығарушы құбырлар цилиндрлер шығырының бір жағында, (4.1, а,б-сурет)сондайақ екі жағынан да орналасуы мүмкін (4.1,в-сурет).V-тәріздіқозғалтқыштарда және клапандары екі қатарда орналасқан қозғалтқыштарда құбырлар, цилиндрлер шығырының екі жағынан да орналасады(4.2-сурет).Қазіргі автомобильдерде үш газ тарату механизмдері бар (4.3-сурет)және бір цилиндрге тӛрт клапаны бар(4.4-сурет)қозғалтқыштар жиі кездеседі.

Үш клапанды механизм құрамында, диаметрімен үлкенірек бір шығарушы клапан және екі кіргізуші клапан болады (43 а-сурет)немесе бір диаметрі үлкенірек кіргізуші және екі шығарушы клапандар(43,б-сурет)бар. Бір цилиндрге тӛрт клапанды орналастырған кезде(4.4-сурет)аттары бір клапандар шығыр ӛсі бойымен (4.4,а-сурет),сондай-ақекі қатарда орналасады (4.4,б-сурет).
Жану қоспасын кіргізу және жұмыс істеген газдарды шығару, піспекті тӛрт ырғақты карбюраторлы қозғалтқыштарда, тӛменгі және жоғары орналасуы бар клапандармен жүзеге асырылады. Клапандары тӛмен болғанда цилиндрлер шығырына орналастырады(ГАЗ-5204,ЗИЛ-157КД-автомобильқозғалтқыштары), ал клапандар жоғары орналасқанда оны цилиндрлер қалпақшасына(ЗИЛ-431410,КамАЗ-5320,ГАЗ-3110,ВАЗ-2108және т.б.) орналастырады.

Газ тарату механизмінің жұмысы кезінде клапан ӛзегі бағыттаушы тӛлкеге (15) қарасты келімдіқайтымды қозғалыс жасайды. Аталған тӛлкенің тӛменгі жағында бос серіппе (17) орнатылған, оның жоғары бас шығырға, ал тӛменгі басы тӛменгі тарелкеге (19) бекітіледі, ал ол ӛз алдында клапан ӛзегінің бітіскен жерінде сухармен (13) байланысқан.
Клапан жұдырықша (6) итергіштен қаншалықты шыққанына байланысты серіппенің кӛмегімен жабылады.
lefttop004.4- сурет. Бір цилиндрде төрт клапанның орналасуының нұсқалары (а, б)
Қазіргі кезде кӛп тараған клапандар жоғарыда орналасқан газ тарату механизмдері болып табылады, ӛйткені бұлар мынандай сипаттамаларға ие. Бұдан шығатын қорытынды: жану камерасы шағын болады, цилиндрлерді толтыру оңай болады, клапандарды реттеу жеңілдетіледі және суытушы сұйықтықтың мәнді жылу жоғалтуы азаяды.
Қатарлы қозғалтқыштарда жоғары орналасқан клапандар болғанда, жұмыс істеу принципі осылай құрылады: (4.5, а-сурет)таратушы біліктен шыққан жұдырықшадан (6) шыққан жүктеме итергішке, (7) содан соң штанга (5), реттеуші бұрандамалық арқылы күйентенің қысқа иініне береді, ол болса осьте (2) айналып, ӛзінің мұрыншасы арқылы клапан (14) ӛзегін түртеді.
-60568218987700
4.5-сурет.Клапандарының әртүрлі орналасуы бар газ тарату механизмдерінің сұлбасы: а- жоғарғы; б- төменгі.
Клапандарыжоғарыдаорналасқандатаратушыбіліктер цилиндр шығырындаорналасады, алтӛменгі орналасу(ЗИЛ-1З0,КамАЗ-5320-автомобиль қозғалтқыштарына тән) немесе шығыр қалпақшасында — жоғарыда орналасу.

Газ тарату механизмінің негізгі параметрлері. Газ тарату фазасыГаз тарату механизмінің негізгі параметрі болып, «уақыт-қиығы»болып табылады,«уақыт-қиығы»депуақытша клапан ашатын ӛтпелі қималардың интегралды қосылған туындысын атаймыз.
«Уақыт-қиығы»параметрі газ тарату механизмінің жұмысын сипаттайды және клапан қимасының ӛтушілік шамасынан ғана емес,сондай-ақоның ашылу ұзақтығымен де сынауға болады.
Газ тарату фазалары (жану қоспасын кіргізу және жұмыс істеген қоспаны шығару) уақытылы бір және уақытылы екінші клапанның ашылуымен (4.12-сурет)шартталады. Кіргізуші тесікке жанғыш таза қоспаның кӛп кіруі үшін, піспек тӛмен қозғалғанда кіргізуші клапан толығымен ашылып тұруы шарт. Сол мақсатта піспекЖӚН-гежетпей жатып клапан ашыла бастайды, бұл иінді біліктің 33°-қабұрылуына сай келеді. Кіргізуші клапан кешігумен жабылады, яғни піспек ТӚНӛткеннен кейін, ол иінді біліктің 79°-қабұрылуына сай келеді. Жану қоспасы инерциялы тегеурінге сәйкес цилиндрді толтыруын тоқтатпайды, піспек жоғары қозғалу мезетінде де, ол цилиндрдің жақсы толуын қамтамасыз етеді.
lefttop4.12-сурет.Газ тарату фазасының диаграммасы:
1- кіргізуші клапандардың жұмысы; 2- шығарушы клапандарының жұмысы.
Мынадай сәтті ескерейік, иінді біліктің 50о бұрылуы ағымы кезінде, яғни, бұл кезде екі клапан да бір уақытта ашық болады(4.12-сурет).Ал уақыт аралығының тым аз болғандығынан жұмыс істеген газдардың кіргізуші құбырға кіруіне мүмкіндік болмайды. Бірақ жұмыс істеп біткен газдардың инерциясы жану қоспасының соруын туғызады, ал ол жану қоспасының цилиндрге толтырылуын жақсартады.
Кейбір дизельдерді оталдыруда, иінді біліктің жеңіл айналуы үшін декомпрессиялық механизм қолданылады. Олардың жұмыс принциптері цилиндрге сығылып келген ауа кедергісін жеңу үшін енгізу клапандарын қолмен ашады(компрессияны жоғалту). Декомпрессиялық механизмді қосқанда енгізу клапандарының бөлек немесе енгізу және шығару клапандарының бірге ашылуы, цикл өткенше жалғасады.
Иінді білік біраз айналғанда майлау жүйеге беріле бастағаннан декомпрессиялық механизмдер ажыратылады (цилиндрде компрессия пайда болады). Иінді біліктің келесі айналуында цилиндрге жанармай беріледі және дизель іске қосылады.
Декомпрессия механизмі1 — шпилька; 2 — декомпрессор білігі; 3 —декомпрессор тұрқы; 4 — пружина; 5 — плунжер; 6 — рукоятка; 7 — ось; 8 — стойка; 9 — реттеуші винт; 10 — сомын; 11 — болт; 12 — рычаг; 13 — тяга-57155934075

Приложенные файлы

  • docx 551902
    Размер файла: 577 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий