МАЗМ?НЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
4
1 ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 7
1.1 Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалаудың мәні мен әдістері 7
1.2 Корпоративтік клиенттер мен жеке тұлғалардың несиелік қабілеттілігін бағалаудың ерекшеліктері 14
1.3 Несиеге қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесін Қазақстанда қолдану жолдары
18
2 ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ ( «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ ЕБ МЫСАЛДА) 28
2.1 «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ-нің қаржылық жағдайының сараптамасы 28
2.2 «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ-нің қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілеттілігін талдаудың әдістемесі 35
2.3 Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік қабілеттілігін бағалау критерилері
47
3 ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ЖОЛДАРЫ 53
3.1 Қарыз алушының несиелік қабілілеттілігін бағалаудың проблемалары 53
3.2 Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін жетілдіру жолдары
56
ҚОРЫТЫНДЫ
64
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
66
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерінболдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.
Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.
Несие – бұл белгілі мерзімге пайызбен қоса қайтару шартымен ақшалай қаржы беру, несиенің өтеу мерзімін ұзарту және қарыз алушының несие міндеттемесі сатып алу түрінде беріледі.
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелрді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Неиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Сондықтан да банк қарыз алушыларға несиені бермес бұрын, оның несие қабілетін анықтап алу қажет. Қарыз алушылардың несие қабілетін анықтау ол әр банктің өзінің несиелік саясатына және банктің клиентурасына байланысты болып келеді.
Қарыз алушының несие қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банк өтімділігіне ықпал етеді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу дәрежесі.Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қарыз алушының несиелік қабілеттілігінің мәселелерін отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Несиелендіру әдісінің жағдайын зерттеуге Т.Батищева [16], С.Мақыш [29], Р. Тоқсейітов [31], Д.Т.Бохаев [9], В.К. Сенчасов [32], Б.Көшенова [11], сияқты экономистер үлкен үлес қосқан.
Қазақстан Республикасыныңқазіргі таңдағы несиелендіру жүйесінің басты ерекшелігі тек қана тартылған және меншікті қаражаттарға ғана байланысты емес сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Ұлттық банк бекіткен нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді.
Әлемдегі әрбір дамушы мемелекеттің несиелендіру жүйесі әлеуметтік тұлғаның нақты табысын көздей отырып оны тұтыну мақсаттарымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты- қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалау және оны жетілдіру жолдары.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста мынандай міндеттер орындалды:
- қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалаудың теориялық негізін қарастыру;
- қарыз алушының несиелік қабілеттілігін анықтау әдістерін талдау («Қазақстан Халық Банк» АҚ мысалда);
- қарыз алушының несиелік қабілеттілігін жетілдірудің қажеттілігі мен жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі- Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердіңқарыз алушының несиелік қабілілеттілігін бағалаудың проблемалары.
Зерттеудің пәні- коммерциялық банктердіңқарыз алушының несиелік қабілеттілігін жетілдірудің қажеттілігі мен жолдары.
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің методологиялық және теориялық
негіздері ретінде отандық экономистердің ғылыми еңбектері, Қазақстан Үкіметінің банк және банк қызметі туралы заңдары мен нормативті құжаттары, Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агентствасының мәліметтері, отандық және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері мен оқулықтар, экономикалық басылымдардағы ғылыми мақалалар қолданылды.Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында жалпы диалектикалық, салыстырмалы – статистикалық, аналитикалық, логикалық, топтастыру сияқты әдістер қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы.Банктердің несиені өтеудің бастапқы және екінші ретті көздерін пайдалану тәртібі әр түрлі. Несиені қарыз алушының табысы есебінен өтеу несиелік келісім-шарт, жедел міндеттемелермен немесе белгілі бір ақша қаражатын аудару кепілгерлігімен реттеледі. Осылайша, несие төлем мерзімі келгенде немесе басқа бір белгілі мерзімде өтеледі. Алайда барлық қарыз алушылардың несиеге қабілеттілігі жеткіліксіз болғандықтан, бұл белгілі бір тәуекелмен байланысты. Бұл жағдайда несиені қайтарудың қосымша кепілдігін, яғни екінші ретті көздерді пайдалану дұрыс.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі.Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің қарыз алушының несиелік қабілеттілігінің экономикалық негізін ұдайы өндіріске қатысушылар қорларының айналымы, сондай-ақ қарыз алушы клиенттерді несиелендіру заңдылықтары құрайды. Алайда несиені қайтарудың объективті экономикалық несиенің болуы бұл процестің автоматтылығын білдірмейді. Тек қарыз сомасы қозғалысын мақсатты басқару оның сақталуын, сондай-ақ қарызға берілген және қайтарылатын құнның баламалылығын қамтамасыз ете алады. Нақты тәжірибе көрсеткендей, міндеттеменің болуы әлі де уақытылы қайтаруды және кепілдікті білдірмейді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен мәні, зеттеу әдістері қарастырылған.
Бірінші тарауда қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалаудың теориялық негізі қарастырылған;
Екінші тарауда қарыз алушының несиелік қабілеттілігін анықтау әдістерін талдау («Қазақстан Халық Банк» АҚ мысалда) көрсетілген;
Үшінші тарауда қарыз алушының несиелік қабілеттілігін жетілдірудің қажеттілігі мен жолдары ұсынылған.
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.
1 ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалаудың мәні мен әдістері
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұл дұрыс сияқты.
Себебі қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды. Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Ол ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар.
Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді. Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартымен белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы [1].
Несиенің экономикадағы орны мен ролі оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы – қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады.
Капиталдың шоғырлану процесінің қызметі экономиканың дамуына тұрақты жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады [2].
Банктік несиелеу несиелеудің принциптерін қатаң түрде ұстану негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі кезде несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері мынадай:
- несиенің мақсаттылығы;
- дифференциалдылығы;
- мерзімділігі;
- қайтарымдылығы;
- төлемділігі;
- қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциалдылық принципі өзгерген десе де болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында әлеуетті қарыз алушылардың несиелік қабілеті мен сұралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және олардың банктер үшін пайдалылығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады.
Мерзімділік – белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі, яғни ол несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражатының белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп несиенің қайтарымдылық принципі туындайды.
Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы түрінде беріледі.
Несиелеудің келесі бір принципі – берілетін несиелердің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та уақыт өте келе бұл принциптің мазмұны толығымен өзгерген. Бүгінгі күні несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепілдеме, кепілгерлік, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда[3].
Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне қарай байланысты жіктеледі:
Қарыз алушылар категорияларына қарай:
қаржылық институттарға берілетін несиелер (мақсатты қорларға, банктерге, қаржы-несие мекемелеріне);
қаржылық емес агенттерге берілетін несие (өнеркәсіп салаларына, ауыл шаруашылығына, саудаға, дайындау ұйымдарына, кооперативтерге, жеке кәсіпкерлерге);
тұтыну мақсаттарына берілетін несиелер.
Мерзіміне қарай:
қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
негізгі қорларға жұмсалатын;
айналым қаражатына жұмсалатын.
Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
қамтамасыз етілген;
қамтамасыз етілмеген;
сақтандырылған.
Қайтарылу дәрежесіне қарай:
стандартты несие;
күмәнді (1-5 санатты күмәнді);
үмітсіз.
Валютамен берілуіне қарай:
ұлттық валютамен;
шетел валютасымен.
Берілу шартына қарай:
тұтыну несиесі – жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие;
ипотекалық несие – қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді, т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді;
овердрафт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы;
овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі;
онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие;
банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі;
ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге ала отырып берілетін несие;
лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие;
рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде қолданылатын несие түрі;
сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие;
маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
8.Тарту көзіне байланысты:
ішкі (мемлекет шегінде);
сыртқы (халықаралық) .Осылайша, несиені қамтамасыз етілуіне байланысты 2 түрге бөлуге болады: қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген. Бірінші түрін қамтамасыз ету сипатына қарай кепілі бар, кепілдікті және сақтандырылған несиелер деп бөледі. Екіншілері – нақты қамтамасыз етілмеген несиелер, сондықтан оларды тек несиеге қабілеттілігі бірінші дәрежелі клиенттерге береді. Мұндай қарыз оны қайтаруды қамтамасыз ететін сәйкес міндеттемесіз берілетіндіктен, ол бойынша пайыз мөлшерлемесі басқа берілетін несиелердікінен жоғарырақ белгіленеді. Мұндай несиені берген кезде банктер оған деген қажеттіліктің туындау себебінің дәлелдемесін және мақсатты пайдаланылуын тексермейді. Тек қарызға алушы өзіне берілген банктік несие бойынша төлем мерзімінің кешіктірілуін банктің клиентке деген сенімінің төмендейтіндігіне және болашақта осындай несиелерді беруден бас тартуға алып келетіндігін есепке алуы керек.
Несиені қайтарудың экономикалық негізін ұдайы өндіріске қатысушылар қорларының айналымы, сондай-ақ несиенің қызмет ету заңдылықтары құрайды. Алайда несиені қайтарудың объективті экономикалық несиенің болуы бұл процестің автоматтылығын білдірмейді. Тек қарыз сомасы қозғалысын мақсатты басқару оның сақталуын, сондай-ақ қарызға берілген және қайтарылатын құнның баламалылығын қамтамасыз ете алады.
Нақты тәжірибе көрсеткендей, міндеттеменің болуы әлі де уақытылы қайтаруды және кепілдікті білдірмейді. Экономикадағы инфляциялық процестің болуы берілген несиенің құнсыздануына, ал қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауы – несиені қайтару уақытының бұзылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан банк қызметінің халықаралық тәжірибесі өзіне мыналарды қосатын несиені қайтаруды қамтамасыз ететін механизмін құрды:
- нақты соманы түсім есебінен өтеу тәртібі;
- оны өтеу тәртібін несиелік келісімде заңды түрде тіркеу;
- қарызға берілген сома құнының кері қозғалысының уақыттылығын және толықтығын қамтамасыз етудің әр түрлі нысандарын пайдалану [4].
Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандары – бұл бар қарызды өтеудің нақты көзі, несие берушінің оны пайдалану құқығының заңды ресімделуі, банктің осы көздің жеткіліктігі мен тиімділігіне бақылауды ұйымдастыруы.
Банктердің несиені өтеудің бастапқы және екінші ретті көздерін пайдалану тәртібі әр түрлі. Несиені қарыз алушының табысы есебінен өтеу несиелік келісім-шарт, жедел міндеттемелермен немесе белгілі бір ақша қаражатын аудару кепілгерлігімен реттеледі. Осылайша, несие төлем мерзімі келгенде немесе басқа бір белгілі мерзімде өтеледі. Несиені қолма-қол ақшамен өтеу кезінде клиент сәйкес мерзімде ақшаны банк кассасына салады. Бұл жағдайда клиенттің банк алдындағы төлем міндеттемесін орындаудың ерікті нысаны орын алады. Түсім (табыс) несиенің қайтарымдылығының кепілі болып тек қарызға алушы – қаржылық тұрақты және банкпен шынайы әріптестікке дайын клиент болған кезде саналуы мүмкін. Алайда барлық қарыз алушылардың несиеге қабілеттілігі жеткіліксіз болғандықтан, бұл белгілі бір тәуекелмен байланысты. Бұл жағдайда несиені қайтарудың қосымша кепілдігін, яғни екінші ретті көздерді пайдалану дұрыс. Несиені екінші ретті көздері есебінен өтеу банктің оған тиесілі ақшаны өндіртіп алудың мәжбүрлі нысанын қолданылуына алып келеді. Осылайша, оған кепіл, банктік кепілдік, кепілгерлік, цессия, меншік құқығын табыстау жатады [5].
Ал біздің елімізде қолданылатын міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістеріне тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес оған мыналарды жатқызамыз: айып төлету, кепіл, аманат, кепілдік, кепілпұл және тағы басқалары.
Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу деп танылады. Айып төлеу мөлшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді.
Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге міндеттемені орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома кепілпұл (задаток) деп танылады. Кепілпұл туралы келісім кепілпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады. Борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берілуге тиіс зат қарамағында болған несие беруші, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушіге оған байланысты шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөніндегі міндеттемені мерзімінде орындамаған жағдайда, тиісті міндеттеме орындалғанға дейін оны ұстап қалуға құқылы. Заттың құнын төлеуге немесе оған шыққан шығындарды және басқа да залалды өтеуге байланысты, кәсіпкер ретінде әрекет ететін тараптардың міндеттемелерінен туындайтын талаптар да затты ұстап қалу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін [7].
Нарықтық экономикалы кейбір мемлекеттердің тәжірибесінде несие нарығы нысандарының бірі ретінде цессия немесе меншік құқығын табыстау қолданылады. Цессия – бұл қарыз алушының (цедент) өз талабын (дебиторлық міндеттемесін) кредиторға (банкке) талап етуді беретіндігін көрсететін құжат. Сурет - 1 көрініп тұрғандай, цессия туралы келісім-шарт несиелік келісім-шартты банк клиентімен алынған қарыздың құқықтық негізін қамтамасыз ете отырып толықтырып тұрады. Цессия туралы келісім-шарт банкке оған берілген талап бойынша ақша қаражаттарын алу құқығының өткенін қарастырады. Талап етуді берудің құны қарыздық міндеттемені өтеуге жеткілікті болуы тиіс. Банк түскен табыстан тек берілген несие мен ол үшін төлемнің сомасын пайдалануға құқылы. Егер берілген талап бойынша түскен ақша қаражаты қарыз бойынша міндеттеменің сомасынан асып түсетін болса, оның айырмасы цедентке қайтарылады.
Тәжірибеде цессияның 2 түрі пайдаланылады: ашық және баяу. Ашық цессияда борышқорға (цедентті сатып алушыға) талаптың табыс етілгенін хабарлауды ұйғарады. Бұл жағдайда борышқор өз міндеттемесін банктің қарыз алушысына (цедентке) емес, банкке өтейді. Баяу цессияда банк үшінші тұлғаға талаптың табыс етілгенін хабарламайды, борышқор цедентке төлейді, ал ол алынған соманы банкке беруге міндетті .
Қарыз алушылар өздерінің беделін түсірмеу үшін баяу цессияны қолдануды артық көреді. Алайда банк үшін баяу цессияның тәуекелі жоғары.
Себебі:
- талапты табыс ету бойынша қаражат өзге банктегі қарыз алушының шотына жиі түсе бермейді;
- қарыз алушы талапты бірнеше рет табыс ету мүмкіндігіне ие;
- қарыз алушы жоқ талапты табыс етуі мүмкін.
Жалпы цессияда қарыз алушы белгілі бір сомаға тауарды жеткізу немесе қызмет көрсету бойынша талапты ұдайы табыс етіп отыруға банк алдында міндетті болады. Бұл арада берілген несиені өтеуде банктің ақшалай қаражатты алу құқығы жалпы цессия туралы келісім-шартты бекіткен сәтінде емес, талаптар немесе дебиторлар тізімі банкке берілген сәтте пайда болады.
Жаһандық цессияда қарыз алушы банкке белгілі бір кезең ішінде қайтадан пайда болған нақты клиентке қатысты талапты табыс етуі керек. Табыс етудің мұндай түрі артықшылыққа ие болып келеді.
Сақтандырушы ұйым өзінің көрсеткен қызметі үшін сақтандыру тарифі түрінде сыйақы алады. Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары үшін осы сақтандыру түрі бойынша тәуекелдің жоғары болуына байланысты оны негізінен мемлекеттік емес коммерциялық сақтандыру қоғамдары мен компаниялары жүзеге асырып жүр. Банктер олармен іскерлік қарым-қатынасқа түсе отырып, олардың құрылтайшылық құжаттары мен қаржылық жағдайын мұқият талдауы қажет. Сақтандыру компаниясының қаржылық жағдайын талдаған кезде жарияланған және төленген жарғылық қордың болуына, сақтандыру қоры мен ресурстың шамасына назар аудару қажет, әрі қаржылық тұрақтылығының коэффициенті төлем нормасындағы және деңгейіндегі бірліктен жоғары болуы керек [9].
Несиелерді сақтандыру өзінің негізі бойынша несие тәуекелін азайтуға немесе жоюға мүмкіндік береді. Жабдықтаушыларға немесе сатып алушыларға берілетін коммерциялық несиелер, банк ссудалары, несие бойынша міндеттемелер негізінен несиелерді сақтандыру объектілері болып қызмет етеді. Сатушыны немесе несие беруші банкті қорғау мүдделері мыналардан тұрады: борышкердің төлеуге қабілеті болмағанда немесе берілген несиелер бойынша қарызын борышкер өзге де себептермен төлемеген жағдайда несие қарызын өтеу жауапкершілігін сақтандыру компаниясы өзіне алады. Сақтандыру ерікті негізде 2 үлгіде жүзеге асырылады: қарыз алушының жауапкершілігін сақтандыру (қарыз алушы сақтандырушы болып қатысады, несиелерді пайдаланғаны үшін пайыздарды енгізе отырып, несиені уақытылы және толық өтеудегі несие беруші банктің алдындағы оның жауапкершілігі сақтандыру объектісі болып саналады); несиені қайтармау тәуекелін сақтандыру (сақтандырушы – банк, ал сақтандыру объектісі – несиені пайдаланғаны үшін несие мен пайыздарды уақытылы және толық қайтарудағы банк алдындағы барлық немесе жекелеген қарыз алушылардың жауапкершілігі). Ал несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудегі кепіл, кепілдік және кепілгерлік сияқты нысандары келесі бөлімде қарастырылады.
Сонымен несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің мұндай нысанын пайдаланған кезде банктер тәуекелді төмендету үшін берілген несиенің шамасына қарағанда талапты үлкен сомаға табыс етуді талап етеді. Жалпы және жаһандық цессияда несиенің ең көп шамадағы сомасы табыс етілген талап құнының 20-40%-ын құрайды. Несие тәуекелін сақтандыру несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің нысаны ретінде барлық қатысушыларға пайдалы мәміле болып табылады. Мәселен, ішінара алғанда, қарыз алушы кәсіпорын (сақтанушы) несиені уақытылы өтей алмай қалған жағдайда іскерлік беделін жоғалтып алудан сақтанады. Банк сақтандыру мәмілесінің тікелей қатысушысы болмаса да, несиені қайтарудың жоғары кепілдігіне ие болады.
1.2 Корпоративтік клиенттер мен жеке тұлғалардың несиелік қабілеттілігін бағалаудың ерекшеліктері
Банктердің несиелік қызметтерінің маңызды бағыттарының біріне корпоративтік клиенттерді несиелеу жатады.
Корпоративтік клиент қызмет көрсетуде ерекше басымдылықтарды иеленетін және даму барысында ынтымақтасуға болатын банк клиенті. Корпоративтік клиент деп метериалдық өндіріс саласының өнім шығаратын және қызмет көрсететін кез келген кәсіпорындарын түсінуге болады. Корпоративтік клиенттерге акционерлік қоғамдар, жеке компаниялар мен фирмалар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа қожалықтары, бірлескен кәсіпорындар жатады [10].
Корпоративтік клиенттерді несиелеу банктік мекемелерден өзге заңды тұлға болып табылатын банктің клиенттеріне несие беруді білдіреді. Корпоративтік клиенттерді несиелеу мынадай екі қызмет атқарады:
Макроэкономикалық елдің экономикасын инвестициялауға арналған ақшалай ресурстарды жұмылдыру.
Микроэкономикалық банктердің табыстылығы мен тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін негізгі табыстарды алу.
Корпоративтік клиенттерге берілетін несиелерге мыналар жатады:
Овердрафт (ағыл.overdraft – жоспардан жоғары) - клиенттің ағымдық шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше нысаны.
Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
Лизингтік несие - банк клиенттерінің құрал жабдықтарды және техниканы жалға алумен байланысты берілетін несие.
Сенім несиесі - банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоративтік клиенттерге берілетін несие.
Консорциалдық несие - ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.
Инвестициялық несиелер - жаңа өндіріс орнын ашуға, өндірісті қайта құруға және кеңейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.
Инновациялық несие - банк клиенттерінің өндіріске озық технологияларды немесе нау хауды игеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.
Вексельдік несие - банктің сенімді клиенттеріне вексель түрінде берілетін қысқа мерзімді несие.
Рамбурстық несие - шикізаттарды ңшке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайданылатын несие.
Контокорренттік несие - клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.
Ломбардтық несие - тауарлы материалдық құндылықтар мен мүліктік құқықтарды, бағалы маталдарды, бағалы қағаздарды және т.б. кепілге ала отырып қысқа мерзімге несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін несие.
Форфейтингтік несие - сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортерлерді немесе сатушыларды қысқа мерзімді (180күнге дейін) несиелеу нысаны.
Факторингтік несие - жабдықтаушының немесе банк клиентінің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.
Экспорттық несие - экспорты қолдау құралы ретінде өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие.
Несиелік желі - келісілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушыға несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі.
Жоғарыда аталған несиелерді банктер корпоративтік несиелеу тәжірибесінде кеңінен қолдануда[12].
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін сауалнама толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекенжайы; ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары;ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер. Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалауда мынадай ақпарат көздерінің маңызы зор:
- өтініш жасаушымен тікелей сұхбаттасу, яғни банк қызметкерлері ссуда алуға өтініш жасау себептерін біле отырып, өтініштің банктің несиелік саясатынан туындайтын талаптарына жауап беретіндігіне мән береді. Қарыз алушының тарихы, өнімнің және көрсететін қызметінің сипаты, шикізат көздері, жұмыскерлерінің біліктілігі туралы ақпараттар жинайды.
- клиенттерінің несиелік қабілеті, олардың өткен уақыттардағы несиелерге қатынасы, шоттардағы қалдықтары және т.б. туралы ақпараттардан тұратын банк картотекасын жүргізу;
- орнында инспекция жүргізу;
- қаржылық есебін талдау;
- басқа банктермен контракт арқылы, қарыз алушының жабдықтаушылары арқылы, салық инспекциялары арқылы сырттай ақпарат көздері[13].
Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиелеріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады.
Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:
Автомобильдік несие;
Ұзақ мерзімді пайданылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
Тұрғын үй жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
Аса қажеттіліктерге (оқу,емдеу,демалу және т.с.с.) берілетін несие.
Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.
Ұзақ мерзімде пайданылатын тауарларға мыналар жатады:
- жиһаз;
- сантехника;
- аудио - видео және тұрмыстық техникалар;
-компьютер және оргтехника;
-басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.
Мысалға 2011 жылғы Қазақстан Халық Банк автомобиль несиесін беру тәжірибесін қарастырайық.
Автомобиль несиесін беру шарттары мынадай:
Несие валютасы - теңге,АҚШ долларында, еуро.
Несие берілетін мерзім - валюта түріне қарамастан, 60ай немесе 5жыл.
Несиенің төменгі сомасы -150000теңге немесе басқа валютадағы баламасы.
Несиенің жоғары сомасы кепілдік нысанының құнына байланысты болады.
Алғашқы жарна:
- үшінші тұлғалардан сатыа алынатын автомобиль үшін -30%;
- автосалонда сатып алынатын жаңа автомобиль үшін -15%.
Кепілдікпен қамтамасыз ету:
- ТМД, Оңтүстік Кореяның – көп дегенде 7жыл;
- алыс шетелдік – көп дегенде 15жыл.
Банк комиссиялары:
- несие өтінішін қарастыру үшін – банк тарифіне сәйкес;
- несие беру үшін – теңгемен 0,3%, валютамен 0,9%.
Сонымен қатар клиенттерге есептеу әдістемесі ыңғайлы болуы үшін төмендегідей кестеде автомобиль алуға арналған ай сайынғы төлемдерді төлеу мысалдарын көрсетуге болады.
Кесте 1.- автомобилді есептеу құны
Автомобиль құны, USD Алғашқы жарна Несие сомасы Ай сайынғы төлем, USD
6ай 1жыл 3жыл 5жыл
5000 15% 4250 737,54 381,6 145,25 98,89
30% 3500 610,86 317,56 123,05 85,11
10000 15% 8500 1475,07 763,19 290,51 197,78
30% 7000 1221,71 635,12 246,10 170,23
15% 17000 2950,15 1526,38 581,02 395,96
30% 14000 2443,42 1270,23 492,20 340,45
Ескертпе-автормен құрастырылған [24 ]Жеке тұлғаны тұтынушылық несиелеу үрдісі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1-кезең. Қарыз алушымен сұхбаттасу және оның өтінішін қабылдау. Банк клиентке берілетін несиенің шарттарымен таныстырады. Егер осындай сияқты шарттарымен клиент келіскен жағдайда несие менеджері клиенттен мынадай құжаттарды талап етеді:
- қарыз алуға сауалнама - өтініш;
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- СТТН көшірмесі;
- соңғы 6 немесе 12айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама;
- жұмыс стажы (өтілі) туралы жұмыс орнынан анықтама;
- үй кітабының көшірмесі;
- кепілдік нысанына құқық беретін құжаттар;
- кепілдік берушінің отбасылық жағдайын растайтын құжаттар (заңды некеде тұрса, неке туралы куәліктің ноториальды түрде куәландырылған көшірмесі, некеде тұрмаса, онда кепілге қойылатын мүлікті сатып алу кезінде некеде тұрмағандығы туралы нотариальды түрде куәландырылған мәлімдемесі (түпнұсқасы), кепілдік берушінің жұбайының және басқа қосымша иегерлерінің нотариальды түрде куәландырылған келісімі (түпнұсқасы).
2-кезең. Клиенттің несиелік құжаттарына несиелік және заңи сараптамалар жүргізуді қамтиды. Несиелік сараптаманы несиелік сараптаушы жүргізуге тиіс. Несиелік сараптама нәтижесінде қарыз алушының төлем қабілеті мен несиелік қабілеті анықталады. Несиелік қабілетті бағалауда отандық банктер тәжірибесінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
Негізгі қарыз төлемінің айлық мөлшері (НҚАТ) = Несиенің мөлшері несиенің мерзімі;
Сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемінің айлық мөлшері (СМАТ) = Несиенің мөлшері * сыйақы мөлшерлемесі / 12 ай;
Негізгі қарыз және сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемінің айлық мөлшері (НҚСАТ) = НҚАТ + СМАТ;
Таза табыс (ТТ) = Жалпы табыс - салықтық және басқа да төлемдер;
Нақты несиелік қабілеті (ННҚ) = НҚСАТ / ТТ.
Нақты несиелік қабілетінің мәні жобамен 35-45%-дан төмен болмауы тиіс.
1.3 Несиеге қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесін Қазақстанда қолдану жолдары
Несиенің өз уақытында қайтарылмауы банктің зиян шегуіне немесе банкроттыққа алып келеді. Несиелік тәуекелді неғұрлым төмендету несиелік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет. Несиелік тәуекел – қарызгердің несиелік келісімдегі мерзім мен жағдайларға сәйкес несиеге берушіге деген өз міндеттемелерін орындамаудың ықтималдылығы, яғни қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Банк қызметінде несиелік тәуекелдердің мынадай деңгейлерін бөледі: біріншіден, жеке келісім-шарт бойынша болатын несиелік тәуекел – қарыз алушының нақты бір несиелік келісім-шартты орындамауы бойынша шығындардың болу ықтималдығы; екіншіден, жалпы портфельдің несиелік тәуекелі – несиелік портфельдің барлық келісім-шарттары бойынша туындайтын жиынтық тәуекел деңгейі.
Несиелік тәуекелдің көлемі – міндеттеме төлемінің өтелмеуі немесе мерзімінен өткізілуі жағдайында болуы мүмкін жоғалтулар (шығындар) сомасы. Ал максималды әлеуетті шығын – бұл клиенттің төлемеген міндеттемесінің толық сомасы болып табылады [16].
Банк тәжірибесінде несиелендірумен байланысты несиелік тәуекелдің пайда болу себептері мен мәселелеріне тоқталайық:
пайда мәнінің өсті деп ойлауы. Несиелік портфель пайда алудың негізгі көзі. Пайданы өсіруге деген құштарлық кей жағдайда жоғары немесе банкке тиімсіз шарттармен несие беруіне алып келеді, яғни ойланбай берілген несиелер одан алатын табысына қарағанда өте қымбатқа түседі;
несиелендіру принципін бұзу. Банк жетекшілігі несиелендіру принципін бұзып тұрғанын біле тұрып тәуекелді несиелер береді. Мұның себебі шамадан тыс табыс алуға деген құштарлық, бәсекелестердің басынуы, достастық қарым-қатынастың болуы;
қарыз алушы туралы жеткіліксіз және сенімсіз ақпарат. Қарыз алушының қызметі туралы жеткіліксіз ақпарат күмәнді несиелерді тудыруы мүмкін. Әрбір несие қызметкері клиент туралы несие тарихын бүкіл құжаттарын тексере отырып жасауы тиіс;
несиелік келісімнің қанағаттандырылмауы. Несиелік келісім құқықтық жағынан өте жоғары деңгейде толтырылуы тиіс. Банкте несиелік келісім болған күнде де ол негізгі қарыз сомасының өтелмеуінен зардап шегуі [17].
Несиелік тәуекелді басқару – оны минимизациялау процесі болғандықтан, осы процестің міндеттері:
- несиелік тәуекелді бағалау және талдау. Тәуекелді талдау ақпаратының алғышартының бірі – сәйкестендіру. Банк әр түрлі ақпараттар алуға қажетті шығындарға да көңіл бөле отырып, өзінің барып отырған тәуекелін анықтауы тиіс.
- тәуекел көлемін анықтау. Тәуекелді сәйкестендіру мен тәуекел көлемін өлшеу әдісі тығыз байланысты. Тәуекел көлемін сандық сипатта анықтау нақты тәуекел мөлшерін қалыптастыруға және әлеуетті шығындар көлемін бағалауға көмектеседі.
- несиелік тәуекелді басқару. Тәуекел мөлшерін және түрін анықтағаннан кейін оны басқару стратегиясы мен әдістемесін дайындау керек. Бұл процесс несиелік тәуекелдің пайда болуын ескертуге және банктің өтімділігі мен табыстылығына әсер ететін несиелік тәуекел салдарының алдын алуға бағытталуы тиіс.
Несиелік тәуекелді басқару 2 бағытта жүргізіледі:
несиелік операция технологиясын басқару;
несиелік тәуекелді басқару.
Әр жүйе белгілі бір элементтер жиынтығынан тұратындықтан, несиелік тәуекелді басқару жүйесінің де көптеген элементтері бар. Оны 3-суреттен көруге болады. Осы аталған несиелік тәуекелді басқару элементтерінің маңыздылары – ақпараттық жүйелер, клиенттің несиелік қабілеттілігі, несиелендіру процесін және саясатын анықтау, дұрыс құжаттама жасау.
Несиелік операциялар технологиясын басқару несиелік саясатты енгізу негізінде ұсыныстарды дайындау бойынша ұйымдық процесс, яғни банктің берген әр несиесіне кезеңмен дайындалған басқару саясаты жүргізілуі тиіс.
Несиелерді авторизациялау – несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді.
Несиелік мониторинг – несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.
Несиелік портфельді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелеу лимиттерін белгілеу – несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл.
Несиелік тәуекелді басқару мына көрсеткіштерді басқаруға негізделеді:
несиелік тәуекелді төмендету;
тәуекелді алдын-ала байқау, көлемі мен себептерін анықтау;
тәуекелмен байланысты шығындарды дайындау және өткізу.
Несиелік тәуекелді кезең бойынша басқару жүйесі:
тәуекел мазмұнын және оның пайда болуын анықтау;
тәуекел деңгейін бағалауға қажетті ақпараттар көлемін және көзін анықтау;
тәуекелді өткізу ықтималдығын бағалау әдісін таңдау;
тәуекелді сақтандыру әдісін дайындау және таңдау;
тәуекелді басқару нәтижесін талдау.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің элементтері:
Несиені авторизациялау
Несиеге бағаны қалыптастыру
Несиелік портфельді басқару
Несиелік мониторинг
Несиелік ақпараттық басқару жүйесі
Күмәнді несиелерді қалпына келтіру
Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау және несие ұсынымын бағалау
Тәуекелді мөлшерлеу – лимиттер белгілеу, яғни банк жетекшілігінің өз стратегиясына сәйкес қабылдайтын тәуекелдің шекті деңгейін анықтау. Бұл лимиттер көбіне банктің несиелік саясатында көрсетіледі. Несиелік саясат банктің барлық қызметін ашық көрсетеді. Сондықтан несиелік саясатта несиені саралаудан, несиеге баға белгілеуден, тәуекелді ескере отырып пайыздық мөлшерлемелерден қалыптасады.
Тәуекел мөлшерін анықтау нақты операцияның тәуекел мөлшерін есептеуге негізделеді (бір қарыз алушының несиелік қабілеті).
Тәуекелді бақылау менеджерлер мен акционерлердің де міндеті болып табылады, яғни олар оперативті басқаруды жүзеге асырады. Жалпы бақылаудың міндеті жоғарғы дәрежелі мамандардың болуы, кадрлардың біліктілігі, осы мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді жұмыс уақытын белгілеу.
Басқарушылық бақылаудың элементтері:
несиелік аудиттің мамандандырылуы, несиелік шешім қабылдаудың тәуелсіз түрде жүргізілуі;
несиелік ақпараттық басқару жүйесі нақты несие бойынша мониторинг жүргізуге және несие портфелінің сапасын басқару үшін несиелік бөлім қызметкерлеріне нақты және оперативті ақпаратты беруі тиіс;
қаражат қозғалысын бақылау, яғни барлығы ресми орындалғанға дейін, авторизация процесі аяқталғаннан кейін қарыз алушының ақшаны алуы.
Тәуекелге мониторинг кері байланыс арқылы тәуекелді тәуелсіз және үнемі бақылау мен бағалау негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Мониторинг несиелік талдау, ішкі және сыртқы аудит, берілген ақпараттың есептілігі, қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау және таңдау, күмәнді несиелерді қалпына келтіру, қарыз алушының несиелік қабілеті бұзылған жағдайда жүргізіледі [19].
Енді осы несиелік тәуекелдерді төмендету тәсілдеріне тоқталатын болсақ, нақты қарыз алушы бойынша оған мыналарды жатқызуға болады:
Банктің қарыз алушының қызметі туралы ақпараттық қамтамасыз етілуі. Несие бөлімінің қарыз алушының қызметін талдауы, несиелік тәуекелдерді бағалау негізінде несиені беру бойынша шешім қабылдауы, сондай-ақ кепіл бойынша бөлім мен қауіпсіздік қызметінің қорытындысы, несиелер мен қарыз алушылардың мониторингі банк қызметкерлеріне қарыз алушының ағымдағы қаржылық және азаматтық жағдайы туралы ақпараттарды дер кезінде алуға мүмкіндік береді. Мұндай шаралар банк алдындағы міндеттемелердің орындалу сапасына әсер ететін ықтимал өзгерістерін болжауға септігін тигізіп, бұл сәйкесінше несиелік тәуекелдерді алдын алуға және төмендетуге көмектеседі.
Қарыз алушының төлем қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған шаралар. Қарыз алушының банк алдындағы өз міндеттемелерін уақытылы және толық орындауы мақсатында келесідей шаралар қолданылады:
несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету;
несиелік келісімге қарыз алушы өз міндеттемелерін белгіленген мақсаты бойынша орындамаған жағдайдағы жауапқа тарту мәселесін енгізу.
Лимит шегінде кезең-кезеңімен несиелеу. Несиелеу мерзімі мен тартылған қаржыны мақсатты түрде пайдалануды оңтайландырумен байланысты тәуекелдерді төмендету үшін банкте ірі соманы траншпен несиелеу тәжірибеге енгізілген, яғни негізгі сома кішігірім сомаларға бөлінеді және оны беру жобаны іске асыру үшін қаржыландыру үлесіне қажетті шама бойынша белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Несиелік портфельдің тәуекел дәрежесін төмендету үшін мынадай тәсілдер қолданылады:
1.Тәуекелді үлестіру (портфельді әртараптандыру). Тәуекелді үлестіру (распределение) ықтимал залалдың тәуекелін 0-ден 100%-дық деңгей ауқымын иеленетін қатысушылар арасында үлесін бөлуді білдіреді. Бұл тәсіл банкте несиелік портфельді қалыптастыру кезеңінде тәуекелді төмендету мақсатында қолданылады. Несиелік тәуекелді барынша азайтудың маңызды тәсілі болып портфельді келесідей параметрлер бойынша оңтайландыру есептелінеді:
қарыз алушыларды әртараптандыру;
несие бойынша қабылдаған қамтамасыз етулерді әртараптандыру;
несиелік портфельді салалық тиістілігіне қарай әртараптандыру;
несиелік портфельді аймақтық тиістілігіне қарай әртараптандыру;
несиелік портфельді несие мақсаты бойынша әртараптандыру;
әр түрлі пайыз мөлшерлемелерін және несие бойынша пайызды есептеу, төлеу тәсілдерін қолдану түріне қарай әртараптандыру;
несиелік портфельді мерзімдеріне қарай әртараптандыру.
Тәуекелді үлестіру, бір жағынан, салымның табыстылығы мен тиімділігін есепке ала отырып оңтайландыру міндеттемелерін шешу жолымен; екінші жағынан, несие бойынша банктік тарихтық жоғалтулар негізінде тәуекелдерді талдаудың сандық бағалауы жолымен анықталады. Несиелік портфельді салалар немесе портфельдің нақты сегменті бойынша әртараптандыру олардың портфельдің жиынтық тәуекеліне әсер ету көзқарасымен белгілеуді жоспарлау керек.
2. Лимиттеу (шектеу). Бұл тәсіл өзіне әрбір қатысушыға, қатысушылар тобы үшін мүмкін болатын тәуекел деңгейін белгілеуді қосады. Оңтайлы несиелік портфельді табу процесінде нормативтік талаптар, халықаралық қаржылық институттар талаптарын, сондай-ақ банктің ресурстарды тарту және орналастыру бойынша нарықтық мүмкіндігін есепке ала отырып, әртараптандырылатын құрылымдық тәуекелдерге шектеулер жүйесі белгіленеді. Банк портфелінің құрылымы тәуекелдің мақсатты лимиттері шегінде анықталады. Лимиттер тәуекел мен табыстылық, тәуекел мен капитал және осы екі көрсеткіштердің ара қатынасына негізделеді.
3. Тәуекелді аудару (сақтандыру, хеджерлеу). Сақтандыру деп белгілі бір төлемге өзінің тәуекелін маманданған ұйымға толықтай немесе ішінара аударуды айтамыз. Сақтандыру болжалды тәуекелдің көрініс табуына байланысты залалдың орнын жабу үшін ресурстарды алдын-ала резервтеудің нысаны болып табылады. Тәуекелдің көп бөлігі немесе толықтай сақтанушыдан сақтандырушыға аударылады.
4. Несиелерді үлестіру (распределение). Бұл тәсіл несиелік тәуекел дәрежесін төмендету үшін қолданылады, оның мәні – берілген немесе беруге жоспарланған несиелерді сатуды және сатып алуды білдіреді және ол мынадай жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:
секьюритизация – банктік активтерді бағалы қағаздарға айналдыру. Активтерді секьюритизациялау кезінде банктің несиелік ресурстарын орналастыру тек несиелік келісімдерді жасау арқылы емес, сонымен қатар вексельдер (қысқа мерзімді несиелеу кезінде) мен корпоративтік облигация (ұзақ мерзімді несиелеу кезінде) арқылы жүзеге асырылады;
синдикаттау – банкте бір қарыз алушыға максималды мүмкін болатын несие лимитінен асып кеткен жағдайда ірі сомалы несиені беру үшін бірнеше банктерді тарту. Осылайша, синдикация кез-келген сомалы несиені ұсынуға мүмкіндік береді;
несиелерді сегменттеу және сату – несиені бөлшектерге бөле отырып, несие беруші банктің оны басқа банктерге сатуы. Бұл әдіс қайтарымдылығы белгілі бір мерзімде анықталған себептерге байланысты күмән туғызатын проблемалық несиені қайта қаржыландыруға мүмкіндік береді.
5. Провизияларды құру. Бүгінгі таңда банктер резервтеу әдісін қолданады, яғни бұл компания қызметінде жағымсыз өзгерістер жағдайларына резервтерді құруды білдіреді. Сақтандыруға ұқсас болғанымен, резервтеу тәсілі экономикалық субъектінің қызметінде болуы мүмкін жағымсыз өзгерістеріне қарсы белгілі бір қорларды құруды қарастырады. Провизиялар (резервтер) – белгілі бір актив құнының жоғалтуын мойындау, ал күрделі міндеттеме жағдайында – банктің өзінің мүмкін болатын міндеттемелерін орындау бойынша шығындарды мойындау [21].
Сонымен, дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде несиенің теориялық негіздері қарастырылған болатын. Атап айтқанда, несиенің мәні, атқаратын қызметтері мен ұйымдастыру принциптері, түрлері сипатталып, оны қайтаруды қамтамасыз етудің нысандары, әдістері баяндалды, сонымен қатар банк қызметіндегі несиелік тәуекелді төмендетудің жолдары қарастырылған.
Жалпы алғанда, несие – пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы болып табылады. Оның көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несиенің экономикалық категория ретінде қызметтері мынадай: қайта бөлу, айналыс шығындарын үнемдеу, айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру, капиталдың шоғырлануын жеделдету.
Банктік несиелеу несиелеудің принциптерін қатаң түрде ұстану негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі кезде несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері мынадай: несиенің мақсаттылығы, дифференциалдылығы, мерзімділігі, қайтарымдылығы, төлемділігі, қамтамасыз етілуі.
Несиенің түрі – бүл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне қарай жіктеледі: қарыз алушылар категорияларына қарай, мерзіміне қарай, тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай, қамтамасыз ету, қайтарылу дәрежесіне қарай, валютамен берілуіне қарай, берілу шартына қарай, тарту көзіне байланысты, ұсыну формасы бойынша.
Екінші деңгейдегі банктер несие беру бойынша барлық бағдарламалардың операторлары болады. «Самұрық-Қазына» қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін өседі. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы мөлшерлемесін тұрақтандыру бойынша дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін (14%-дан аспайтын) шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді мөлшерлемені тіркей отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын болды. Ал Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржылық қадағалау агенттігі, «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «ҚазАгро» ұлттық холдингі осы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді [24].
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсанындағы N 1284 Қаулысының 4-бөлімінде қаржы секторын дамытудың негiзгi бағыттары, оның ішінде 4.1.1 бөлімшесі банк секторын дамыту шаралары баяндалған. Тұжырымдамада аталғандай, орта мерзiмдi перспективада банк секторын дамытудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттері мыналар болып табылады:
Ұлттықтың банк өнiмдерiне қатынауын кеңейту және қаржы қызметтерiн тұтынушыларды қорғау деңгейiн арттыру;
Ұлттықтың банк секторына сенiмдiлiгiн арттыру мақсатында отандық екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң айқындық деңгейiн арттыру;
бәсекелестiктi дамыту және шетелдiк банктердiң отандық қаржы нарығына қатынауын ырықтандыру;
үздiк Ұлттықаралық практика негiзiнде банктiк қадағалауды жетiлдiру және елдiң банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиiмдiлiгiн арттыру.
Негізгі шаралары:
Шетелдік банктердің отандық қаржы нарығына кiруiн ырықтандыру. Жаһандандыру процесiн, Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кiру перспективасын ескере отырып, банк жүйесiнде ырықтандыру және бәсекелестiктi арттыру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру орынды болып табылады. Шетелдiң қатысуы бар, банктердiң қызметi үшiн алынған шектеулерден өзге (шетелдiң қатысуы бар банктердiң жиынтық жарғылық капиталына, Басқарма құрамына, қаражатты iшкi активтерге орналастыру жөнiндегi талаптарға, сондай-ақ персоналға қатысты) өтпелi кезеңдi және елдiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге танылған шарттарды сақтаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында олардың филиалдарының қызметiне рұқсат беру мүмкiндiгi ұйғарылады.
Шоғырландырылған қадағалауды жетілдіру және оның әлемдiк нарықтарға кiруiн жеделдету мен белсендi Ұлттықаралық ынтымақтастық үшiн ұлттық банк секторының айқындылығын қамтамасыз ету. Шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру және банк секторында айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында шоғырландырылған қадағалау, меншiк иелерi құрылымы, аффилиирлендiрiлген тұлғалармен қарым-қатынас жасасу бөлiгiнде банктердiң заңнама талаптарын орындауын қамтамасыз етуге бағытталған банктiк қадағалау рәсiмдерi жетiлдiрiлетiн болады.
Жылжымайтын мүлiкке несие беру көлемiнiң өсуiне, банктердiң сыртқы нарықтарға экспансиесiне, тұтыну несиесін беруге және шағын бизнеске несие беруге, сондай-ақ банк қызметтерiнiң тiзбесiн дамыту мен кеңейтуге байланысты банк тәуекелдерiн азайту үшiн шаралар қабылдау. Екiншi деңгейдегi банктердiң несие тәуекелдерiн, сондай-ақ тәуекелдердi қажеттiлiгiне қарай бағалау мақсатында және экономикалық орындылықты ескере отырып қолданыстағы банк заңнамасы, әсiресе пруденциалдық реттеу және екiншi деңгейдегi банктердiң активтерiн сыныптау әдiстемесi бөлiгiнде жетiлдiрiлетiн болады.
Ұлттықаралық стандарттарды ескере отырып, банк заңнамасын жетiлдiру. Қазақстанның банк секторын реттеудi Ұлттықаралық стандарттарға жақындату мақсатында Қазақстанның банк жүйесiнiң Банктiк қадағалау жөнiндегi Базель комитетiнiң «Капитал есебiнiң және капитал стандарттарының Ұлттықаралық конвергенциясы» (International Convergence of Capital Measurment and Capital Standars) (Базель II) капитал барабарлығының жаңа келiсiмiне көшуiн жүзеге асыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады. Орта мерзiмдi перспективада Базель II-ге көшудi аяқтау жөнiндегi жұмыс жүргiзiлетiн болады, ол бiрқатар шараларды жүзеге асыруды ұйғарады, атап айтқанда:
- Агенттiктiң Базель II-ге көшу кестесiн Базель II-ге енгiзу жөнiндегi Топтың (Accord Implementation Group) өкiлдерiмен келiсу;
- Базель II қағидаттарымен кеңiнен танысу және оларды түсiну мақсатында Агенттiктiң ресми сайтында оның мәтiнiнiң орыс тiлiндегi нұсқасын орналастыру;
- елдердiң қадағалау органдарына олардың Базель II-ге көшу ойлары мен шарттары туралы тиiстi сұрау салулар жiберу;
- отандық банктердiң орталықтандырылған рейтингтер әдiсiн пайдалану орындылығын қарастыру;
Бұдан басқа, банктердiң қызметiне қойылатын талаптарды арттыру, Ұлттықаралық практиканы ескере отырып екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi жұмыстар жалғастырылатын болады.
Қадағалау ақпаратымен алмасу үшiн шетелдiк мемлекеттердiң қадағалау органдарымен өзара iс-әрекет жасасу. Ұлттықаралық стандарттарды ескере отырып, банк заңнамасын әсiресе Қазақстанның банк жүйесiнiң Базель II көшуiн жүзеге асыру бөлiгiнде жетiлдiру жөнiндегi шаралар шеңберiнде елдердiң Қазақстанда қаржы ұйымдарының еншiлес қаржы ұйымдары бар барлық реттеу органдарымен (АҚШ, Нидерланды) және тиiсiнше Қазақстанның қаржы ұйымдарының еншiлес ұйымдары мен филиалдары бар елдермен ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы меморандумдарды жасасу жөнiндегi жұмыстарды жеделдету, сондай-ақ Қазақстанда еншiлес банктерi бар бас банктердiң (атап айтқанда, АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания) қадағалау органдарымен бас банктердiң Базель II ережелерiн қолдануда өзара iс-әрекет стратегиясын әзiрлеу, оның iшiнде техникалық ынтымақтастық саласында шет елдердiң қадағалау органдарымен қарым-қатынастарды орнату ұйғарылады.
Депозиттердi мiндеттi кепiлдендiру жүйесiн дамытуды жетiлдiру. Қазақстандық депозиттердi кепiлдендiру жүйесiнiң үздiк Ұлттықаралық практикаға сәйкес келуi мақсатында мынадай негiзгi шараларды жүзеге асыру қажет: үздiк әлемдiк тәжiрибенi және Ұлттықаралық депозиттердi сақтандыру жүйелерi қауымдастығының (IАВI) ұсынымдарын ескере отырып, жүйенi одан әрi жетiлдiру. 2012 жылдан бастап Жүйеге қатысушы банктер үшiн мiндеттi күнтiзбелiк жарналардың әртараптандырылған ставкаларын енгiзу; мәжбүрлеп таратылған банктiң мiндеттемелерi мен мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң екiншi банкке (банктерге) бiр уақытта берiлуi жөнiндегi операцияларды жүргiзу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеуге қатысу.
Елдiң банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиiмдiлiгiн арттыру. Ағымдағы жылы қабылданған Ұлттықаралық қаржы ұйымдарының ұсынымдарын ескере отырып, Ұлттықаралық практиканы зерделеуге негiзделген банктердiң сыртқы қарыз алуын шектеу жөнiндегi шараларды, перспективада, қалыптасқан жағдай шеңберiнде және көрсетiлген шаралардың банк секторының сыртқы қарыз алу көлемiне әсер етуiн назарға ала отырып, қажет болған кезде банктердiң қызметiн пруденциялық реттеудi жетiлдiру шеңберiнде осы бағыттағы жекелеген нормативтер мен лимиттердi қайта қарау мүмкiн.
Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті [24].
Бөлімді қорытындылай келе, несиені қамтамасыз етілуіне байланысты 2 түрге бөлуге болады: қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген. Несие қайтарымдылығын қамтамасыз етудің кең таралған нысандарына мыналарды жатқызамыз: кепіл, банктік кепілдік, кепілгерлік, меншік құқығын табыстау (цессия) және несиелік тәуекелді сақтандыру. Ал біздің елімізде қолданылатын міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістеріне мыналар жатады: айып төлету, кепіл, аманат, кепілдік, кепілпұл және тағы басқалары.
Несиелік тәуекел – қарызгердің несиелік келісімдегі мерзім мен жағдайларға сәйкес несиеге берушіге деген өз міндеттемелерін орындамаудың ықтималдылығы, яғни қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
2 ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ ( «Ресей Жинақ Банкі» АҚ МЫСАЛДА)
2.1«Ресей Жинақ Банкі» АҚ-ның қаржылық жағдайының сараптамасы
Қазақстандағы «Ресей Жинақ Банкі» Акционерлік қоғамы Еншілес банкінің тарихы 2006 жылдың аяғынан, яғни ресейлік қаржы жүйесінің флагманы Ресей Сбербанкі Орталық және Шығыс Еуропаның ірі қаржы институты Тексака Банктің (National Business журналы клиенттерге қызмет көрсету деңгейі жоғары банк деп таныған) 99,99% акцияларын сатып алған сәттен басталады.
2007 жылы Банк ұлттық және шетел валютасында жүргізілетін банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алды. Дәл осы жылы Банктің жарғылық капиталы 15 есе ұлғайып, 29 млрд. теңгені (240 млн. доллардан астам) құрады. Бұл «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-ге жарғылық капиталының көлемі бойынша Қазақстан Республикасындағы ірі банктердің ондығына кіруіне мүмкіндік берді.
«Жинақ банкі» АҚ ЕБ әлемнің ірі банктерімен кең байланыс жасайды, сондай-ақ клиенттермен және экономиканың түрлі салаларында қызмет атқаратын серіктестерімен жұмыс жасауда мол тәжірибесі бар. Қазіргі таңда «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-нің 117 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 16-і – филиалдар. Банктің Орталық офисі Алматы қ. орналасқан.
«Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ-нің басқару құрылымына келетін болсақ, Басқару құрылымының қаулысына байланысты банктің әкімшілік құрылымы келесідей:
Жоғары ұйым – Акционерлердің Жалпы жиналысы:
- басқару ұйымы – Директорлар кеңесі;
- атқарушы ұйым – Басқарма төрайымы.
Басқарманың құрамына:
- корпоративті бизнес бойынша басқарушы директор;
- бөлшек бизнес бөлімінің басқарушы директоры;
- дамыту (жетілдіру) бойынша басқарушы директор;
- қаржы бойынша басқарушы директор;
- персоналдарды басқару бойынша департамент;
- қаржылық институттарды басқару бойынша бөлім.
Бөлшек бизнес бөлімінің басқарушы директорының құрамына:
-өнімдер бойынша менеджерлер дирекциясы;
-сату каналдарын дамыту бойынша дирекция;
-карточкалық бизнес бойынша атқарушы директор;
-банктік карточкаларды басқару.
Дамыту бойынша басқарушы директор құрамына:
- маркетинг департаменті;
- қоғаммен байланыс орнату және жарнама бойынша департамент;
- банктік перацияларды администрациялау департаменті;
- әкімшілік-шаруашылық департамент;
- салық бойынша кеңесші.
Басқарма мүшесі құрамына келесілер кіреді:
-заң департаменті;
-кепілді қамтамасыз ету бөлімі;
-кастодиандық қызметті басқару;
-тәуекелдерді басқару директоры-Басқарушы директор;
-тәуекелдер департаменті;
-қауіпсіздік департаменті;
-капиталды басқару бойынша;
-қазына бойынша басқарушы директор;
-қазына департаменті;
-проблемалы несиелер бойынша департамент.
Fitch Ratings рейтинг агенттігі «Қазақстан Халық Банк» АҚ-ның ұзақ мерзімді ЭДР B деңгейінде тұрғанын растады.
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақстан Халық Банкінің» шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР (Long-term Issuer Default Rating IDR) В деңгейінде тұрғанын растады. Рейтингтерді растау басқа банктермен салыстырғанда құрылыс секторы мен банктің несие портфеліндегі валюталық қарыздардың біршама төмен үлесіне негізделген. Сондай-ақ «Қазақстан Халық Банк» АҚ-ның рейтингін капиталдандырудың жоғары деңгейі, сыртқы қарыздың төмен деңгейі және депозиттің едәуір өсімі ұстап тұр. Әлемдік нарықтағы қиын ахуалға қарамастан, банк табысты дамуда, «барлық осы көрсеткіштер агенттікке «Қазақстан Халық Банк» АҚ-ның рейтингін растауға көмектесті», – деп жазылған Fitchratings халықаралық рейтинг агенттігінің баспасөз релизінде [25].
Банктің рейтингі еліміздің банк жүйесіндегі ең жоғарылардың бірі. Тәуекелдерді бағалаған кезде рейтинг агенттіктері менеджменттің сапасына, капиталдың бірдейлігіне, несие портфелінің сапасына және тәуекелдердің бағасына басты назар аударды. Шоғырландырылған халықаралық аудит жүргізілген қаржы есептілігіне сай, «Қазақстан Халық Банк»АҚ-ның капиталының бірдейлігі жылдың соңында 25% астамды құрады, ал бұл қажеттісінен де едәуір көп.
Кесте 2.– Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің бағасы
№ Банктің атауы Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР Шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР Жеке
 1  «АТФБанк» АҚ BBB F3 D/E
 2  «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ BВВ- F3 D/E
 3 «ЦентрКредитБанкі» АҚ B+ B D/E
 4  «Қазақстан Халық Банк» АҚ  B+ B D/E
 5 «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ  B- B E
 6 «Еуразиялық Банк» АҚ B- B D/E
7  «БТА Банк – «ТЕМIРБАНК» АҚ» АҚ ЕҰ RD RD F
 8  "Альянс Банк" АҚ RD RD F
 9  "Нұрбанк" АҚ - - -
Сонымен қатар Fitch Ratings Банктің жеке рейтингін (Individual Rating) оны басқа да жетекші банктердің рейтингімен және «Қазақстан Халық Банк» мен «Центр Кредит Банкіне» қатысты сәйкестендіре отырып, D-дан D/E-ге өзгертті, деп атап өтілген рейтинг агенттігінің баспасөз релизінде. Сонымен қатар тәуекел-менеджмент жүйесін, әсіресе бөлшек бизнеске қатысты, әрдайым жақсарту әрі жетілдіру – банктің негізгі басымдықтарының бірі. Барлық осы факторлар «Қазақстан Халық Банк» АҚ-ның рейтингін растаған кезде халықаралық агенттіктің талдаушыларының назарына алынды.
3-кесте. ҚР банк секторы несие портфелінің құрылымы
Көрсеткіштің атауы / күні 01.01.2014 01.01.2015 Өсімі
%-бен
Сумма, млрд.
теңге жиынтығы
нда
%-бен Сумма,
млрд. теңге жиынтығы
нда
%-бен Қарыздардың баланстық құны, оның ішінде: 14 582,5 100,0% 15 357,7 100,0% 5,3%
Негізгі борыш 13 348,2 91,5% 14 184,4 92,4% 6,3%
Дисконт, сыйлықақы -47,7 -0,3% -37,0 -0,2% -22,5%
Есептелген сыйақы 1 282,0 8,8% 1 212,3 7,9% -5,4%
Оң/теріс түзету 0,1 0,0% -2,0 0,0% -1 940,7%
ХҚЕС бойынша провизиялар 4 643,9 31,8% 3 569,8 23,2% -23,1%
Провизияларды қоспағанда, қарыздардың баланстық құны
( қарыздардың таза құны) 9 938,6 68,2% 11 787,9 76,8% 18,6%
Несие портфелі ( негізгі борыш ), оның ішінде : 13 348,2 100,0% 14 184,4 100,0% 6,3%
Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар 121,1 0,9% 102,1 0,7% -15,7%
Заңды тұлғаларға қарыздар 7 472,9 56,0% 7 016,2 49,5% -6,1%
Жеке тұлғаларға қарыздар, оның ішінде. 3 297,1 24,7% 3 707,9 26,1% 12,5%
Тұрғын үй салуға және сатып алуға, оның ішінде. 988,6 7,4% 1 004,3 7,1% 1,6%
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары 891,8 6,7% 935,0 6,6% 4,8%
Тұтынушылық қарыздар 2 241,1 16,8% 2 639,9 18,6% 17,8%
Өзге де қарыздар 67,4 0,5% 63,7 0,4% -5,5%
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар (ҚР резиденттері)
«Кері РЕПО» операциялары 2 342,2
114,8 17,5%
0,9% 3 248,1
109,9 22,9%
0,8% 38,7%
-4,3%
4- Кесте. ҚР банк секторы несие портфелінің сапасы
Көрсеткіштің атауы / күні 01.01.2014 01.01.2015 Өсімі,
%-бен
негізгі борыш сомасы, млрд.
теңге жиынтығында
%-бен негізгі
сомасы,
млрд. теңге жиынтығында
%-бен Банктік қарыздар, оның ішінде:
Негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек жоқ қарыздар 13 348,2 100,0% 14 184,4 100,0% 6,3%
8 745,9 65,5% 10 259,2 72,3% 17,3%
1 күннен 30 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 209,9 1,6% 357,2 2,5% 70,1%
31 күннен 60 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 91,5 0,7% 158,4 1,1% 73,2%
61 күннен 90 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 142,7 1,1% 69,4 0,5% -51,4%
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 4 158,2 31,2% 3 340,2 23,5% -19,7%
ХҚЕС бойынша провизиялар 4 643,9 34,8% 3 569,8 25,2% -23,1%
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды
ХҚЕС бойынша провизиялармен жабу коэффициенті 111,7% 106,9% 5-кесте. Заңды тұлғалар қарыздарының сапасы
Көрсеткіштің атауы / күні 01.01.2014 01.01.2015 Өсімі,
%-бен
негізгі борыш сомасы, млрд. теңге жиынтығында
%-бен негізгісомасы,
млрд. теңге жиынтығында
%-бен Заңды тұлғалардың қарыздары, оның ішінде:
Негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек жоқ қарыздар 7 472,9 100,0% 7 016,2 100,0% -6,1%
4 262,1 57,0% 4 341,2 61,9% 1,9%
1 күннен 30 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 58,3 0,8% 140,5 2,0% 141,0%
31 күннен 60 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 24,0 0,3% 71,4 1,0% 197,7%
61 күннен 90 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 91,3 1,2% 18,2 0,3% -80,1%
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 3 037,2 40,6% 2 445,0 34,8% -19,5%
ХҚЕС бойынша провизиялар 3 690,3 49,4% 2 831,1 40,4% -23,3%
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды
ХҚЕС бойынша провизиялармен жабу коэффициенті 121,5% 115,8% 6-кесте. Жеке тұлғалар қарыздарының сапасы

Көрсеткіштің атауы / күні 01.01.2014 01.01.2015 Өсімі,
%-бен
негізгі борыш сомасы, млрд. теңге жиынтығында
%-бен негізгісомасы,
млрд. теңге жиынтығында
%-бен Жеке тұлғалардың қарыздары, оның ішінде:
Негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек жоқ қарыздар 3 297,1 100,0% 3 707,9 100,0% 12,5%
2 497,1 75,7% 2 949,1 79,5% 18,1%
1 күннен 30 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 123,1 3,7% 144,3 3,9% 17,3%
31 күннен 60 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 51,6 1,6% 57,1 1,5% 10,7%
61 күннен 90 күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 37,1 1,1% 44,4 1,2% 19,5%
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 588,3 17,8% 513,0 13,8% -12,8%
ХҚЕС бойынша провизиялар 462,4 14,0% 342,9 9,2% -25,8%
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды
ХҚЕС бойынша провизиялармен жабу коэффициенті 78,6% 66,8% Кесте 7. – Активтердің кірісі бойынша банктер арасындағы рейтингі:

Кесте 8.– “Ресей Жинақ Банкі”-нің -Қаржы көрсеткіштері және есептері

(млрд. теңге)
Капитал 143.51
Активтер 1 307.66
Несиелік портфель 890.98
Клиенттер алдындағы міндеттемелер 927.16
 
Кесте 9.– Кіріс және Шығыстар
(млн.тг)
2014ж 2013ж 2012ж
Пайыздық кіріс 97 898 523 68 244 972 48 931 756
Пайыздық шығыс
46 612 473 28 718 169 19 726 507
Таза пайыздық кіріс 39 526 803 39 526 80 29 205 249
 
617855146050

2.2 «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ-нің қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілеттілігін талдаудың әдістемесі
«Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ-да жеке тұлғаларды несиелендіру «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ-нің Бөлшек сауданы несиелендіру Басқармасының 2012 жылдың 15 қыркүйегіндегі №389 Қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырылады. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамаларына, сондай-ақ «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ-ның ішкі ережелеріне сәйкес жасалған және бөлшектік несиелендірудің жалпы тәртіптерімен базалық шарттарын нақты анықтап, ол бойынша жұмыс жүргізуге негізделген.
Жалпы, бөлшектік несиелендіру дегеніміз- Жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мақсаттарға несие беру болып табылады. «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ-нің келесі бағыттар бойынша несие беруді ұсынады:
- ипотекалық несие - коммерциялық емес мақсатқа бағытталған жылжымайтын мүлікді иеленуге, тұрғын-үй құруға немесе жөндеуге берілетін несиелер;
- тұтынушылық мақсаттарға- яғни, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мақсаттарға (автокөлік сатып алу, тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу, білім алуға, демалуға, емделуге) берілетін несиелер.
Несиелендірудің жалпы базалық шарттары келесідей:
- несиелендіру бағдарламасының шарттарына сәйкес, несиелер Қазақстан Республикасының резиденттеріне, сондай-ақ резидент еместеріне беріледі. Олардың жасының құрамы 22 жастан төмен болмауы керек және қарызды толық өтеп болғанға дейінгі жасы 65 жастан аспауы тиіс;
- несие кепілзаттың орналасқан жері бойынша және қарыз алушының кепілдің еңбекақыны алу орны бойынша беріледі;
- егер қарыз алуға өтініш білдірген тұлғаның басқа банктерде ағымдық қарызының бар екендігі туралы банкке мәлімет келіп түссе,онда оның несиелік өтініші осы қарызды өтеп болмағанша қарастырылмайды;
- ерлі-зайыптыларға бір-бірінен жылжымайтын мүлік немесе автокөлік сатып алу үшін несие беруге тиым салынған және т.б.
Несие бойынша негізгі қарызды және сыйақы мөлшерлемесін өтеу ай сайын:
- аннуитеттік төлем арқылы;
- тең үлесте негізгі қарызды өтеу;
- шығыс соммасына сыйақы есептеу арқылы негізгі қарызды тең үлесте өтеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Несие бойынша негізгі қарызды және сыйақы мөлшерлемесін өтеудің қандайда бір әдісін қолдану Банктің өкілетті ұйымының шешімімен жүзеге асырылады. Бірақ, қазіргі уақытта «Қазақстан Халық Банк» АҚ-да несиелерді өтеудің тек қана аннуитеттік төлем арқылы әдісі қолданылады.
Жеке тұлғаларды несиелендірудің ең алғашқы кезеңі - бұл өтініш білдірушіге кеңес (консультация) беру болып табылады. Осы арқылы несие менеджері:
-сұралып отырған қарыз қандай мақсатқа, қанша мерзімге, қарыз соммасы және қарызды қамтамасыз етуші кепілзат туралы мәліметтерді анықтайды;
-несиеге өтініш білдірушінің берген мәліметтері бойынша несиелендіру бағдарламасын анықтайды;
-қарыз алушыны несиелендірудің жалпы тәртіптерімен және шарттарымен, сондай-ақ Банктің қарыз алушыларға қоятын талаптарымен және қарыз алу үшін қажетті құжаттар тізімімен таныстырады және т.б.
Егер қарыз алушы несиелендіру шарттарына келісім берген жағдайда несие менеджері қажетті құжаттарды талап етеді [25].
Қарыз алушыдан барлық құжаттарды алғаннан кейін несие менеджері:
- қабылданған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексереді: яғни, қарыз алушының анкетасында көрсетілген жеке мәліметтердің болуын тексереді;
- қарыз алушының, қосымша қарыз алушының, кепіл берушінің , кепілзат берушінің құқықтық мәртебелерін тексеруді жүзеге асырады, яғни:
-жеке басын куәләндыратын құжаттың шындығын ультрафиолет арқылы тексереді және оның көшірмесін алып «Ультрафиолет арқылы тексерілді» деген жазу жазады.
-қарыз алушының, қосымша қарыз алушының, кепіл берушінің салық төлеушінің тіркеу номерінің салық органында тіркелгендігін тексереді және т.б.
- қарыз алушыдан қабылданған құжаттардың тізімін екі нұсқада жасап, біреуін қарыз алушыға береді;
- қарыз алушының несиеге өтінішін несиеге өтініштерді есепке алу журналында тіркейді;
- егер қарыз алушы немесе кепіл беруші еңбекақылық жобаның қатысушысы болса, онда несие маманы банктің тиісті филиалына ағымдық немесе карточкалық шоттан үзіндіні талап ету үшін электрондық сұрау жібереді;
- несие менеджері мәліметтер базасынан қарыз алушының немесе кепіл берушінің несиелік тарихының бар не жоқтығын тексереді;
- несие менеджері қарыз алушының өтініш анкетасында көрсетілген телефон нөмірлеріне олардың шындығын тексеру үшін қоңырау шалады және қай күні тексергендігі туралы өтініш анкетасының артына жазып қояды.
Несие алу үшін қажетті құжаттардың базалық тізімі қарыз алушының жалақылық жобаға жату-жатпауына қатыссыз келесі құжаттарды өзіне қамтуы тиіс.
Жалақылық жобаның қатысушысы үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Несиеге өтініш білдірушінің тапсыратын құжаттары:
- өтініш-анкета;
- жеке куәліктің көшірмесі және оның түпнұсқасы;
- салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
- қамтамасыз етуші кепілзат ретінде жылжымыйтын мүлікке құқық білдіруші құжаттардың көшірмесі және түпнұсқасы;
- егер бағдарлама бойынша қарастырылған болса, негізгі немесе қосымша қамтамасыз етуші кепіл ретінде шоттағы қаражаттың жағдайы туралы үзінді;
- қарыз алушының несие бюросына өзі туралы ақпарат және несиелік есеп беруіне келісімі;
2. Егер қарыз алушының табысын дәлелдеу қажет болған жағдайда несие менеджерімен толықтырылатын құжаттар:
- соңғы 6 айға қарыз алушының ағымдық және карт-шоттарынан үзінді.
Жалақылық жобаның қатысушысы емес тұлғаға қажетті құжаттар тізімі:
1. Несиеге өтініш білдірушінің тапсыратын құжаттары:
- өтініш-анкета;
- жеке куәліктің көшірмесі және оның оригиналы;
- салық төлеушінің тіркеу номірі;
- қамтамасыз етуші кепілзат ретінде жылжымыйтын мүлікке құқық білдіруші құжаттардың көшірмесі және түпнұсқасы;
- соңғы 6 айға қарыз алушының табысы туралы анықтама немесе зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтан зейнетақылық аударымдар жасағандығы туралы түбіртектің (квитанцияның) көшірмесі;
- егер бағдарлама бойынша қарастырылған болса, негізгі немесе қосымша қамтамасыз етуші кепіл ретінде шоттағы қаражаттың жағдайы туралы үзінді;
- қарыз алушының несие бюросына өзі туралы ақпарат және несиелік есеп беруіне келісімі;
2. Егер қарыз алушының табысын дәлелдеу қажет болған жағдайда несие менеджерімен толықтырылатын құжаттар:
- егер қарыз алушы тек қана табысы туралы анықтама берген болса, онда зейнетақылық аударымдарды куәләндіратын құжат.
Банктің өкілетті тұлғасының оң шешімінен кейін қарыз алушы несие менеджеріне төмендегідей құжаттардың тізімін тапсыруы тиіс:
Қарыз алушы қамтамасыз етуші кепілзат ретінде жылжымайтын мүлікті ұсынса, онда:
- кепілзат ретінде ұсынылатын жылжымайтын мүлікке құқық білдіретін құжаттардың түпнұсқасы;
- тәуелсіз бағалаушының жылжымайтын мүлік құнын бағалауы туралы берген актісі;
- егер қамтамасыз ету кепілзаты ретінде жер учаскесі немесе жер-үй берілетін болса, онда тіркеу ұйымы берген жер учаскесінің құнын бағалайтын кадастрлік акті;
- кепілзат берушінің отбасылық жағдайын дәлелдейтін құжаттар,яғни некеге тұру туралы куәлік немесе некеде тұрмайтындығын күәләндіратын нотариалды бекітілген арыз;
- кепілзат берушінің жұбайының кепілге беретін мүліктің берілуіне келісім білдіретін нотариалды бекітілген келісімі;
- кепіл берушінің отбасында кәмілетке толған мүшелері болған жағдайда олардың нотариалды келісімі;
- кепіл берушінің кәмілетке толмаған балалары болса, онда кәмілетке толмаған балаларды қорғау ұйымының келісімі;
- жылжымайтын мүлікті кепілзат ретінде тіркеу туралы келісім-шарт және жылжымайтын мүлікке тыйым салынғандығы (арест) туралы тіркеуші ұйымның берген құжаты;
- банктің өкілетті ұйымының және бағдарламаның талаптарына сәйкес қарастырылған сақтандырудың белгілі бір түрін жүзеге асырғандығын куәләндіратын құжат.
Қарыз алушы қамтамасыз етуші кепілзат ретінде автокөлікті ұсынса, онда:
- автокөліктің техникалық паспортының көшірмесі және тексеру үшін оның түпнұсқасы;
- кепілзат берушінің отбасылық жағдайын дәлелдейтін құжаттар,яғни некеге тұру туралы куәлік немесе некеде тұрмайтындығын күәләндіратын нотариалды бекітілген арыз;
- егер кепілзат беруші некеге тұрған болса, онда жұбайының автокөлікті кепілге беруіне келісімі;
- автокөлікті кепілзат ретінде тіркеу туралы келісім-шарт және автокөлікке тыйым салынғандығы (арест) туралы тіркеуші ұйымның берген құжаты;
- банктің өкілетті ұйымының және бағдарламаның талаптарына сәйкес қарастырылған сақтандырудың белгілі бір түрін жүзеге асырғандығын куәләндіратын құжат.
Жоғарыда аталған құжаттардың тізімі базалық болып табылады, ал нақты құжаттардың тізімі әр бір бағдарлама бойынша қосымша анықталады.
Несие маманы несиелік өтінішті тіркегеннен кейін потенциалды қарыз алушыға андеррайтинг жүргізеді. Осы жүргізілген андеррайтинг көлемінде несие маманы потенциалды қарыз алушының несиеқабілеттілігіне және төлемқабілеттілігіне анализ жүргізеді [26].
Қарыз алушының төлемқабілеттілігіне талдау жүргізу келесілерден тұрады:
- берілетін қарыз көлемі бойынша қамтамасыз етуші кепілзатқа бағалау жүргізу;
- банк филиалымен бекітілген бөлімдермен қарастырылған бағдарламалар бойынша жобаға экспертиза жүргізу;
- несие алуға өтініш білдірушінің несие тарихына талдау жүргізу.
Банк филиалының бөлімдерімен жүзеге асырылатын жобаға экспертиза жүргізу және кепілзатты бағалау бойынша қорытынды беру арнайы мерзімдерді сақтау арқылы жүзеге асырылады. Бұл экспертиза жүргізу мерзімдерін төмендегі 5-кестеден көруге болады.
Кесте 10. - Жоба бойынша Банк филиалының арнайы бөлімдерінің қорытынды беру мерзімдері
№ Экспертизаның түрі Банк филиалының арнайы бөлімдерінің қорытынды беру мерзімі
1 Кепілзатты бағалау бөлімі Қажетті құжаттарды қабылдағаннан кейін
3 күннен кешіктірмей
2 Заң бөлімінің экспертизасы Қажетті құжаттарды қабылдағаннан кейін
2 күннен кешіктірмей
3 Тәуекел-менеджер Қажетті құжаттарды қабылдағаннан кейін
2 күннен кешіктірмей
4 Қауіпсіздік қызметі бөлімі Қажетті құжаттарды қабылдағаннан кейін
2 күннен кешіктірмей
Несие маманы қарыз алушының несие тарихын ол туралы берілген мәліметтер негізінде жүргізеді. Бұл мәліметтерді несие маманы келесілерден алады:
- филиалдың несие администраторы Банк филиалының ақпарат базасында және Несие бюросында қарыз алушы туралы ақпараттардың болу не болмауын тексереді;
- карточкалық базада қарыз алушының ағымдық қарыздарының болу не болмауы туралы ақпараттарды филиалдың карточка администраторы тексереді.
Алынған мәліметтер негізінде несие маманы қарыз алушының несие тарихын бағалайды. Несие тарихын бағалаудың негізгі төрт нұсқасы бар:- несие тарихының болмауы;
- оң несие тарихы;
- қанағаттандырылатын несие тарихы;
- кері несие тарихы.
Қарыз алушының несие қабілеттілігіне жүргізілген анализ оң нәтиже берсе, онда несие маманы жоба бойынша LTV коэффициентін есептейді.
LTV коэффициенті (Loan to Value) дегеніміз-банктің беретін қарыз соммасының қамтамасыз етуші кепілзаттың нарықтық құнына қатынасы айтылады[25].
Қарыз алушының орташа айлық табысын есептеу үшін несие маманы қарыз алушының төлемқабілеттілігіне анализ жүргізеді және жоба бойынша О/Д коэффициентін есептейді.
О/Д коэффициенті дегеніміз- қарыз алушының әр айдағы міндеттемесінің жалпы соммасының орташа айлық табысына (жиынтық табысына) қатынасы.
Мұндағы:
О- қарыз алушының әр айдағы міндеттемесінің жалпы соммасы;
Д- қарыз алушының орташа айлық табысы немесе жиынтық табысы.
Банк максималды қарыз соммасын есептеу кезінде қарыз алушының табысының қайнар көзі ретінде келесілерді есепке алады:
- еңбек ақы түріндегі табыс;
- қосымша табыс.
Егер жоба бойынша қарыз алушының табысын құжаттық дәлелдеу қарастырылатын болса, еңбекақы түріндегі орташа айлық табысты есептеу келесілердің негізінде жүзеге асырылады:
- соңғы 6 айға табысы туралы анықтама немесе соңғы 6 айға зейнетақылық аударымдарды дәлелдейтін құжат;
- банк филиалындағы қарыз алушының соңғы 6 айға карточкалық немесе ағымдық шотынан үзінді;
- банк нұсқасы бойынша еңбекақы бойынша анықтама.Егер жоба бойынша қарыз алушының табысына құжаттық дәлелдеу қарастырылмаса, онда орташа айлық табыс ретінде анкеталық ақпараттар қабылданады. Ал, қарыз алушының басқа да табыстарын 6-кестеден көруге болады.
Қамтамасыз етуші кепілзатты бағалау және потенциалды қарыз алушының өзіндік қаражаттарының көлемінің, сондай-ақ қарыз алушыларға жүргізілген несие маманы мүмкін болатын қарыз соммасы туралы түйіндеме қалыптастырылады. Түйіндеме ұсынылған сомма және қарыз беру шарттарын өзіне қамтуы тиіс.
Кесте 11. - Қарыз алушының басқа да табыстары
№ Табыстың түрі Дәлелдеуші құжаттар
1. Жылжымайтын мүлік үшін жал(аренда) түріндегі табыс Тіркеуші ұйымда нотариалды бекітілген және тіркелген жалға беру(арендаға) келісім шарты. Жалға берілген жылжымайтын мүлікке құқық білдіруші құжаттардың көшірмесі және кәсіпкерлік қарекетті жүзеге асыру туралы патент
2. Зейнетақы түріндегі табыс Зейнетақы аударылатын ағымдық немесе карточкалық шоттан үзінді
Бұл коэффициент кепілзаттың нарықтық құнына байланысты қарыз алушыға берілуі мүмкін қарыздың максималды көлемін анықтайды. LTV коэффициенті қаншалықты жоғары болса, банктың өзіне алатын тәуекел деңгейі соншалықты жоғары болады.
Берілуі мүмкін қарыздың максималды соммасын есептеу мысалдары. Жоба бойынша көрсеткіштер 7-кестеде берілген.
Кесте 12.- Жоба бойынша көрсеткіштер
Көрсеткіштердің атауы Соммасы, теңгеде
АҚШ долларының курсы 120,00
Қарыз мерзімі (айларда) 240,00
Сыйақы ставкасы, жылына % есебінде 10%
Кепілзаттың нарықтық құны5 895 000
Зейнетақы қорына аударымдар және табысқа салықтарды есептемегенде, әр айдағы табыстың жиыны 210 000
Банк және басқа да ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша шығындар 10 000
Басқа да міндетті шығындар (алименттер, сот шешімі бойынша төлемдер) 52 500
О/Д коэффициентінің максималды көлемі (70%-дан аспауы тиіс) 70%
LTV коэффициентінің максималды көлемі (85%-дан аспауы тиіс) 85%
Жоба бойынша түйіндемені және филиалдың бөлімшелерінің берген қажетті қорытындыларын алғаннан кейін несие маманы қажетті құжаттар пакетін тәуекел менеджерге экспертизаға жібереді.
Несие маманы қажетті құжаттар пакетін жинақтап, қарыз алушының өтінішін Банк филиалының өкілетті ұйымының қарастыруына жібереді.
Банк филиалының өкілетті тұлғасы жоба бойынша келесі шешімдердің ішінен біреуін қабылдауға құқылы, яғни:
- қарыз беру (мұнда қарыз соммасы, қарызды өтеу мерзімі, сыйақы ставкасының көлемі және т.б.)
- қарыз беруден бас тарту;
- банк филиалының өкілетті ұйымының қарастыруына жіберу.
Егер Банк филиалының өкілетті ұйымы немесе өкілетті тұлғасы қарыз алушыға қарыз беруден бас тартса, онда несие маманы:
- өтініш білдірушінің талабы бойынша бұл туралы оған жазбаша хабар беруі тиіс;
- несие өтінішін есепке алу журналында тиісті белгіні қоюы тиіс;
- өтініш білдірушінің талабы бойынша несие маманы несие өтінішінен басқа құжаттарды өтініш білдірушіге қайтаруы тиіс.
Бірақ, несие маманының жинақтаған құжаттары, яғни филиал бөлімшелерінің қорытындылары, есептеулер, сұрауларға жауаптар өтініш білдірушіге қайтарылмайды. Несие өтінішінің артында немесе басқа парақта қарыз алушыға қайтарылған құжаттардың тізімі көрсетіліп, оның қолымен дәлелденуі тиіс.
Банк қарыз беру туралы оң шешім қабылдағаннан кейін қарыз алушы тиісті бағдарламада қарастырылған мөлшерде өзінің жеке қаражаттарымен алғашқы жарнаны төлеуі тиіс. Алғашқы жарна тікелей сатушыға қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда төленеді. Бұл қадамдардың барлығын орындап болған соң несие маманы:
- үш немесе төрт нұсқада екіжақтық немесе үшжақтық банктік қарыз туралы келісім-шарт дайындайды;
- екі немесе үш нұсқада қамтамасыз ету кепілзаты туралы екіжақтық немесе үшжақтық келісім-шарт дайындайды;
Жоғарыда аталған құжаттардың барлығына несие маманы және заң маманы виза қоюы тиіс. Осы виза қойылған құжаттар қарыз алушыға танысу үшін және қол қою үшін беріледі, ал содан кейін оларға мөр басылады.Қол қойылған кепілзат туралы келісім-шартты несие маманы қарыз алушыға тіркеуші ұйымда тіркеу үшін беріледі. Тіркеуші ұйымда кепілзат туралы келісім-шартты тіркегеннен кейін қарыз алушы тиісті белгі қойылған құжатты несие маманына тапсырады. Барлық құжаттарға қол қойылып,тіркелгеннен кейін несие маманы:
- екі нұсқада ссудалық шот ашу туралы және қарызды шотқа аудару туралы өкім дайындайды;
- барлық құжаттарды несие маманы несиені толық рәсімдеу үшін несие администраторына қабылдау-беру актісі бойынша береді [26].
Жоба бойынша қабылданған құжаттарға несие администраторы толық тексеру жүргізеді. Егер құжаттарда қандай да бір қателік болса, онда несие администраторы құжаттарды несие маманына себебін көрсете отырып қайтарады. Ал, егер құжаттарда ешқандай қателік болмаса несие администраторы:
- жоба бойынша электрондық досье қалыптастырады;
- қарыз алушы туралы ақпаратты және есепті несие бюросына тапсыру туралы келісімінің электрондық нұсқасын қалыптастырады;
- қарыздық шот ашу туралы және қарыз беру туралы өкімге виза қояды;
- екі нұсқада банктік қарыз туралы келісім-шартты және кепілзат бойынша құқық білдіруші құжаттарды баланстан тыс шотқа кіріс ету туралы өкімді қалыптастырады;
- екі нұсқада кепіл-салым категориясына банктік салымды аудару туралы өкімді қалыптастырады;
- өкімдердің барлығына өзі және филиалдың өкілетті тұлғасы қол қояды. Барлық құжаттарға қол қойылғаннан кейін несие администраторы қол қойылған өкімдерді бухгалтерге тапсырады.
Филиал бухгалтері өкімдердегі несие администраторының және филиалдың өкілетті тұлғасының визаларын есепке ала отырып, ағымдық операциондық күннен кешіктірмей келесі қадамдарды орындайды:
- бухгалтерлік проводка реквизиттерінің өкімнің электрондық досьесімен тексереді;
- ешқандай ескертулер болмаған жағдайда ссудалық шотты іске қосады және өкім бойынша сәйкес шотқа қарыз соммасын аударады;
- жүзеге асырылған өкімдерге қол қойып несие администраторына қайтарады.
Несие администраторы жүзеге асырылған өкімдерді бухгалтерден ала отырып, несиені өтеу кестесін екі нұсқада басып шығарады және несие маманына береді, ал несие маманы оны қарыз алушыға, филиалдың өкілетті тұлғасына қол қою үшін береді.
Несиені өтеу кестесінің бір нұсқасы қарыз алушыға, ал банктің нұсқасы несие администраторына беріледі. Әрбір берілген қарыз бойынша несие администраторы келесі досьелерді қалыптастырады:
1. Негізгі досье, оған келесілер кіреді:
-банктік қарыз туралы келісім-шарт;
-қамтамасыз етуші кепілзат бойынша келісім-шарт;
-қамтамасыз етуші кепілзат бойынша құқық білдіруші құжаттар.
2. Әкімшілік-есептік досье, бұл досье негізінен бағдарлама бойынша қарастырылған құжаттардың минималды тізімінен тұрады.
Қарыз берілгеннен кейін 3 күн ішінде несие администраторы негізгі досьені мемориал (сақтау) бөліміне тапсыруы тиіс. Әрбір қарыз бойынша негізгі досье сақтау бөліміне конвертке салынып,мөр басылып, онда бар құжаттар тізімімен тапсырылады. Ал, әкімшілік-есептік досье несие администраторында сақталады [26].
Ал, енді «Қазақстан Халық Банк» АҚ-ның банктік қызмет көрсету орталықтарындағы Жеке тұлғаларды несиелендірудің негізгі шарттарына және несиелендірудің халық арасында ең кең таралған бірнеше түрлеріне тоқталып өтейік.
Ең алдымен несиелендірудің «Несие желісі» бағдарламасын қарастырамын. Жалпы, бұл бағдарлама бойынша несиелер Қазақстан Республикасының резидент Жеке тұлғаларына, Банктің жалақылық жобасының қатысушыларына беріледі. Несиенің мақсаттық бағытталуы қадағаланбайды. Қарызды қамтамасыз етудің негізгі екі түрі бар:
- банктің жалақылық жобасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаның кепілі;
- келешекте келіп түсуі мүмкін қарыз алушының ақша қаражаттары.
Жоба бойынша О/Д коэффициенті қарастырылады және ол 50% дан аспауы тиіс, ал LTV коэффициенті қарастырылады. Сондай-ақ, жоба бойынша қарыз алушының табысын дәлелдеу міндетті болып табылады. Жобаға экспертиза жүргізу, сақтандыру, қарыз алушының өзіндік қаражаттарымен қатысу қарастырылған.
Несиені қарастыру мерзімі 3 күн. Қарыз бірден қолма-қол және қолма-қол емес нысанда банк тарифтеріне сәйкес комиссия төлеумен беріледі. «Несие желісі» бағдарламасының мынадай түрі бар: «Сүйіктім» несие желісі бағдарламасы кепілдің қатысуымен жүзеге асырылатын бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарламаның негізгі шарттары мынадай.«Сүйіктім» несие желісі бағдарламасы:
- несие мерзімі: 12 айдан зейнетақылық жасқа дейін;
- несие соммасы: min 750 000 теңге, min 5000 АҚШ доллары;
- пайыздық мөлшерлемесі: 20-24%- теңгеде, 18-22 % - АҚШ долларында;
- қолма-қол бергені үшін банктің комиссиясы: 0,7 %- теңгеде, 1 %- АҚШ долларында;
Несиені ұйымдастыруға комиссиясы: 2 %, бірақ 10 000 теңгеден кем емес.
Бағдарлама бойынша қажетті құжаттар тізімі:
- қарыз алушының жеке куәлігінің көшірмесі және түпнұсқасы;
- салық төлеушінің тіркеу номерінің көшірмесі және түпнұсқасы;
- жеке әлеуметтік кодтың көшірмесі және түпнұсқасы;
- мекен-жай бюросынан тұрғылықты жері туралы анықтама;
- жұмыс орнынан анықтама;
- «Қазақстан Халық Банк» пластикалық карточкасы.
Жеке тұлғаларды несиелендірудің «Жедел несиелендіру» бағдарламасы Жеке тұлғаларға, Компания қызметкерлеріне беріледі. Несие тұтынушылық мақсаттарға, несиенің мақсаттық бағытталуын қадағалаусыз беріледі.
Жоба бойынша О/Д коэффициенті қарастыралады және ол 70% дан аспауы тиіс, ал LTV коэффициенті егер қамтамасыз ету кепілзаты ретінде жылжымайтын мүлік берілсе-80% дан аспауы тиіс, ал бұрын қолданыста болған автокөлік қолданылса-70% дан аспауы тиіс.
Несиені өтеу тәртібі ай сайын, аннуитеттік төлеммен жүргізіледі. Жоба бойынша қарыз алушының табысын дәлелдеу міндетті болып табылады. Жоба бойынша жеке (жазатайым оқиғалардан және еңбекке қабілетті жоғалтудан)-0,35% және мүліктік(кепілзат нысанын)-0,35% сақтандыру қолданылады. Несиені қарастыру мерзімі - 2 жұмыс күні.
«Жедел несиелендіру» бағдарламасы бойынша несиелендіру шарттарын 8-кестеден көруге болады [25].
Кесте 13. - «Жедел несиелендіру» бағдарламасы бойынша несиелендіру шарттары
TOP MIDDLE MASS
Сыйақы мөлшерлемесі (жылына)
KZT
USD 17 % - дан
15 % - дан 20 % - дан
18 % -дан 22 % - дан
20 % - дан
Қызметкердің жұмыстан босатылған жағдайда сыйақы мөлшерлемесі (жылына) 25 % жылына
Максималды несие сомасы (Компания жұмыс істейтін экономика секторына және орташа жалақы көлеміне байланысты) 20 000 USD
3 000 000 KZT 10 000 USD
1 500 000 KZT 5 000 USD
750 000 KZT
Максималды несие мерзімі 3 жылға дейін 2 жылға дейін 2 жылға дейін
Қамсыздандыру Жалақы төлемі Жалақы төлемі Жалақы төлемі
Мерзімінен бұрын өтеу Кез келген уақытта
Несиені ұйымдастыруға комиссия (шотты жүргізу) 1 % -2 %, 5 000 KZT
бұнда, Уәкілетті тұлғаның шешімімен комиссия төленбеуі мүмкін (ТОР категориясы, кейбір жағдайда MIDDLE )
Жеке тұлғаларды несиелендірудің ең кең таралған түрі ипотекалық несиелендіру бірінші және екінші нарықтағы болып бөлінеді. Бірінші нарықтағы ипотекалық несиелендіру банктің арнайы келісім жасасқан құрылыс компанияларымен жүзеге асырылады.Пайыздық мөлшерлемесі теңгеде жылына 16 %, несиелендіру мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін, алғашқы жарна 30 %-дан төмен емес. Несиелендіру кезінде міндетті түрде адам өмірі, денсаулықты және кепілзатты 1 жылға сақтандыру қажет.
Несиені ұйымдастырғаны үшін комиссия:
- несие сомасынан 1 %, егер несие сомасы 10 000 АҚШ долларынан жоғары болмаса 50 АҚШ долларынан аз болмау керек;
- несие сомасынан 0,5 %, егер несие сомасы 10 000 АҚШ долларынан жоғары болса 100 АҚШ долларынан аз болмау керек.
Ипотекалық несиелендіру бағдарламаларының келесідей түрлері бар- «Быстротека» және «Стандарт» ипотекалық несиелендіру бағдарламалары.
Қазақстан Республикасыныңрезидент Жеке тұлғаларына беріледі. Бұл бағдарламалар бойынша несие салынып жатқан және іске қосылуға дайын тұрған жылжымайтын мүлікті иелену үшін беріледі. Несиенің мақсаттық бағытталуы міндетті болып табылады. Бұл бағдарлама бойынша негізгі екі қамтамасыз ету кепілзаты қолданылады:
- негізгі қамтамасыз ету кепілзаты ретінде – сатып алынатын жылжымайтын мүлік;
- қосымша қамтамасыз ету кепілзаты ретінде – қарыз алушының банктік салымы.
«Быстротека» және «Стандарт» ипотекалық бағдарламалары бойынша несиелендіру шарттарын 9 кестеден көруге болады.
Кесте 14. - «Быстротека» және «Стандарт» ипотекалық бағдарламалары бойынша несиелендіру шарттары
Бағдарлама атауы
Базалық шарттар «Быстротека» ипотекалық бағдарламасы «Стандарт» ипотекалық бағдарламасы
Бағыттар бойынша зайымды ұсыну -бірінші және екінші нарықтағы жылжымайтын мүлік;
-жер участкісі;
-коммерциялық жылжымайтын мүлік. -бірінші және екінші нарықтағы жылжымайтын мүлік;
-жер участкісі;
-коммерциялық
жылжымайтын мүлік;
-қолда бар жылжымайтын мүлікті жөндеу.
Несие валютасы АҚШ доллары Теңге, АҚШ доллары
Минималды несие сомасы 5000 АҚШ доллары 5000 АҚШ доллары немесе теңгедегі эквиваленті
Максималды несие сомасы Филиалда бір зайымшыға бекітілген лимиттен аспауы қажет. Берілген сомадан жоғары өтініштер Банктің несиелік комитетінің өкілетігі шегінде бекітілген тәртіпте қарастырылады. Филиалда бір зайымшыға бекітілген лимиттен аспауы қажет. Берілген сомадан жоғары өтініштер Банктің несиелік комитетінің өкілетігі шегінде бекітілген тәртіпте қарастырылады.
Қамсыздандыру Негізгі:
Жылжымайтын мүлік
Қосымша:
«Кепілдеме» депозиті Жылжымайтын мүлік:
алынатын;
қолда бар;
үшіші тұлғаның (затты тапсырушының) жылжымайтын мүлігі.
Қосымша қамтамаыз ету:
бөлшек сауда несиелендіру Басқармасына сәйкес.
Бұл бағдарлама бойынша қарыз алушының табысын құжаттық дәлелдеу қадағаланады. Сондай-ақ, жоба бойынша О/Д коэффициенті қарастыралады және ол 70% дан аспауы тиіс, ал LTV максималды коэффициенті, егер жылжымайтын мүлік құны 350 мың АҚШ долларына дейін болса,пәтер бойынша - 0,85, Алматы қаласы және Алматы облысындағы үйлер бойынша – 0,65, Қазақстан Республикасының басқа қалаларындағы үйлер бойынша – 0,75, коммерциялық жылжымайтын мүлік және жер участкілері бойынша – 0,7, ал 350 мың АҚШ долларынан жоғары болса, сәйкесінше 0,75, 0,6, 0,65, 0,6.
Жоба бойынша жеке, мүліктік және титулдық сақтандыру қарастырылған: 1. Несиені қарастыру мерзімі - 7 күн.
2. Кепілзат құнын есептеу: Кепілзат құны(негізгі кепілзат)=Бағалау құны – Алғашқы жарна.
3. Егер алғашқы жарна 30 %-дан жоғары болса (мысалы, алғашқы жарна = 50%).
4. Кепілзат құны(негізгі кепілзат)=Бағалау құны – 30 %.
5. Кепілзат құны(қосымша кепілзат)=Бағалау құны(қосымша кепілзат) – 30 %.
Сонымен қатар, қарыз алушының алғашқы жарнасы қарыз соммасының және тұрғын-үйдің құрылған жылына байланысты болып келеді[25].
Жоба бойынша О/Д коэффициенті қарастыралады және ол 70% дан аспауы тиіс, ал LTV коэффициенті егер қамтамасыз ету кепілзаты ретінде жаңа автокөлік ұсынылса-80% дан аспауы тиіс, ал егер бұрын қолданыста болған автокөлік ұсынылса-70% дан аспауы тиіс. Жоба бойынша жеке және мүліктік сақтандыру қарастырылған. Несиені қарастыру мерзімі 3 күн. Бұл бағдарлама бойынша жобаға бағалауды, егер автокөлік бұрын қолданыста болған болса кепілді қамтамасыз ету бөлімі жүргізеді. «Автокөлік сатып алу үшін» бағдарламасы бойынша несиелендіру шарттары 10-кестеде көрсетілген.
Кесте15. - «Автокөлік сатып алу үшін» бағдарламасы бойынша несиелендіру шарттары
Шарттар Жаңа автокөліктер Қолданыста болған автокөліктер
Пайыздық мөлшерлеме Теңгеде – 16 %-данАҚШ долларында – 12 %-дан Теңгеде – 18-22 %
АҚШ долларында – 16-20 %
Алғашқы жарна -Автокөлік құнынан 10 %-дан төмен емес, егер клиент банктің жалақылық жобасының қатысушысы болса; Автокөлік құнынан 15 %-дан төмен емес. Автокөлік құнынан 30 %-дан төмен емес. (50 % -табыстарды растаусыз).
Несиелендіру мерзімі 3 айдан 5 жылға дейін 6 айдан 5 жылға дейін
Несиені ұйымдастыруға комиссия Несие сомасынан 2 % Несие сомасынан 2 %
Сақтандыру Автокөлік құнынан жылына 3 % Автокөлік құнынан жылына 3 %
Автокөлікті шығару Импорттық автокөліктер мерзімі 7 жылдан көп емес
Сонымен, Жеке тұлғаларды несиелендірудің «Автокөлік сатып алу үшін» деген бағдарламасы Қазақстан Республикасының резидент Жеке тұлғаларына беріледі. Бұл бағдарлама бойынша несие жаңа және қолданыста болған автокөліктерді иелену үшін беріледі.Несиенің мақсаттық бағытталуы және қарыз алушының табысын құжаттық дәлелдеу міндетті болып табылады. Бұл бағдарлама бойынша негізгі қамтамасыз ету кепілзаты ретінде иеленілетін автокөлік және банк талаптарына жауап беретін басқа да қамтамасыз ету түрлері қолданылады.
2.3 Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік қабілеттілігін бағалау критерилері
«Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ-на қарыз алушы «ПиК» ЖШС 100 00 АҚШ долларын 24 ай мерзімге дейін несиелендіру лимитін, сомасы 75 00 АҚШ долларын 24 ай мерзімге дейін кепілдік бойынша лимитті, сомасы 220 00 АҚШ долларын 37 ай мерзімге дейін несие желісін беру туралы өтініш білдірді.
Берілген қарыз алушыға 2010 жылдан бері банкте қызмет көрсетіліп келеді.
Берілген банкте клиенттің берікті несиелік тарихы бар. Қазіргі таңда онда қолданып жүрген міндеттемелер бар:
Кесте 16. - Қазіргі міндеттемелер
Компанияның атауы Банктің атауы Несие сомасы Несие мақсаты % ставка Берілген күні Өтеу күні
«ПиК» ЖШС «Қазақстан Халық Банк» АҚ 700000 теңге Несиелендіру лимиті 19 % жылдық 19.08.12 19.08.13
«ПиК» ЖШС «Қазақстан Халық Банк» АҚ 12300 АҚШ $ Кепілдік бойынша лимит 7 % жылдық 18.11.12 19.08.13
Қазіргі қаржыландыру бойынша кепіл ретінде қамсыздандыруларға кіретіндер: автокөлік құралдарының кепілі (екі КамАЗ), кепіл құны 8 964 АҚШ долларын құрайды; жер телімі бар тұрғын үй кепілі, мекен-жайы: Игишева к-сі, 61үй, кепіл құны 93 362 АҚШ долларын құрайды.Кепілдікті ұсыну лимитін белгілеу туралы келісімде алдын ала ескерту «кепілдік бойынша лимит пайдаланбаған жағдайда, банк принципалға несиелерді немесе аккредитивті шын келісім ретінде ұсынуға құқықты». Осыған байланысты келесі несиелер берілді:
- айналым капиталын толықтыру үшін сомасы 8 500 000 теңге 13.04.2011 жылдан 02.09.2012 жылға дейін берілді.
- айналым капиталын толықтыру үшін 30 000 АҚШ долларын 28.04.2011 жылдан 02.10.2012 жылға дейін берілді.
Қазіргі таңда несиелендіру лимиті бойынша барлық 700000 сомасы таңдап алынды. Несиелендіру лимитін қызмет ету кезеңі кезінде 751 46,293 сомасы көлемінде сыйақы төленді. Сыйақы кешіктіру шоттары арқылы өтеуге рұқсат етілді:1-2 күнде екі рет.
Жалпы несиелік қарыз 19 610 00 теңге құрады. Қарыз қаражаттары 30.04.2013 жылына келесі түрде үйлестірілді: құрылыс құралдарына – 10 000 мың теңге, бөлшек құралдарына – 2 480 мың теңге, дебиторлық қарыз – 3 521,02 мың теңге, қоймадағы тауарларды өткізу (йод, қызылмия экстракты) сомасы – 4 949,7 мың теңге.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жөнінде тұрақты деп айта аламыз. Баланстың мәліметтері активтер есебінен түзетілген, бизнеске қатысады және табыс әкеледі, бірақ жеке тұлғаларға жазылады.
Клиент өтініш білдіреді:
- Кепілдік бойынша лимит ашу. Берілген лимит қарыз алушыға күйдіргіш соданы және хлорлық аммонийді жеткізу бойынша Қытаймен ынтымақтастыға үшін қажет. Шартта банктік кепілдікті 90 күнге дейін төлемнің мерзімін ұзартуы қарасытырылған.
- Айналым қаражаттарын толықтыру үшін несиелендіру лимитін ашу, тапшылық келесі жағдайларда туындалады:
-күйдіргіш сода мен хлорлық аммонийді сатып алу кезінде;
-техникалық йодты сатып алу кезінде;
-қызылмия кстрактін сатып алу кезінде;
-агролюкспен жасалған шарт бойынша генераторларға техникалық қызмет көрсету.
Несие желісін ашу. Қарыз алушы ақпан айында балалар спорттық мектеп-интернатын және екі тұрғын үй кешенін салу үшін жер телімін сатып алды. Құрылыс үш кезеңде жүреді:
- балалар спорттық мектеп-интернаты мен екі тұрғын үй кешенінің қорабын салу;
-бірінші тұрғын үй кешенін өңдеуге және пайдалануға өткізу;
-екінші тұрғын үй кешенін өңдеуге және пайдалануға өткізу.
Берілген несиелер бйынша қамсыздандыру ретінде келесілер кіреді:
-жер телімі бар тұрғын үй;
-үнемі жер пайдалану құқығы бар шеберхана;
-жерасты тұрғын үй.
Несиелік комитеттің шешімімен «ПиК» ЖШС-нің үш түрлі қызметті несиелендіру туралы өтініші қабылданды.
Мына қорытындыны дайындау кезінде алынған ақпарат көздері: қарыз алушының құылтайшылық, қаржылық, кепілдікті құжаттар негізінде ұсынылған.
Кесте 17. - «ПиК» ЖШС жобасы бойынша сараптау қорытындысы
Қамтамасыз етудің Қамтамасыз етудің нарықтық құныТөмендеу коэффициенті Қамтамасыз етудің кепіл құны Бағалау жүргізген
Жер телімі бар тұрғын үй, Көкшетау қ-сы, Абай к-сі, 61үй, Н.М.Мансуровқа тиесілі* 193 004 0,3 135 103 07.08.2010 ж.
Үнемі жерді пайдалану құқығы бар шеберхана. Әуезов к-сі, 175, А.А.Садықовқа тиесілі 344 274 0,3 240 992 30.03.2011 ж.
Жер асты тұрғын үй. Әуезов к-сі, 175, А.А.Садықовқа тиесілі 94 099 0,3 65 869 30.03.2011 ж.
Барлығы 631 377 441 964 Қазіргі қаржыландыру бойынша кепілдікпен қамтамасыз етуі ретінде кіретін:
- көлік құралдарын кепілдікке салу (екі КамАЗ), кепіл құны – 8,964 $;
Жер телімі бар тұрғын үйді кепілдікке салу, кепіл құны – 153,362 АҚШ $;
Шеберхананы кепілдікке салу, кепіл құны – 188,013$.Кепілдікті ұсыну лимитін белгілеу туралы келісімде алдын ала ескерту «кепілдік бойынша лимит пайдаланбаған жағдайда, банк Принципалға несиелерді немесе аккредитивтерді шын Келісім ретінде ұсынуға құқықтық».
Осыған байланысты келесі несиелер берілді:
1.Айналым капиталын толықтыру үшін несие сомасы 8,500,000 теңге 13.04.10-02.06.10 жылға дейін берілді.
2.Айналым капиталын толықтыру үшін 30,000 АҚШ$ 28.04.11-02.07.12 жылға дейін берілді.
Қазіргі таңда несиелендіру лимиті бойынша барлық 7,000,000 теңге сомасы таңдап алынды.
Несиелендіру лимитін қызмет ету кезеңі езінде 751 462,93 сомасы көлемінде сыйақы төленді.
Сыйақыны кешіктіру шоттары арқылы өтеуге рұқсат етілді: 1-2 күнде екі рет.
Жалпы несиелік қарыз 19 610 000 теңге құрайды, қарыз қаражаттары 30.04.10 жылына келесі түрде үйлестірілді: құрылыс құрылдарына – 10 000 мың теңге, бөлшек құралдарына – 2480 мың теңге, дебиторлық қарыз – 3521,02 мың теңге, қоймадағы тауарларды өткізу (йод, қызылмия экстракты) соммасы – 4 949,7 мың теңге.
Қазіргі таңда 19.03.2013 жыл мерзімге дейін 123 000 АҚШ доллары сомасы көлемінде кепілдеме лимитін ұсыну туралы келісім іске асып отыр. Мұндай лимит бойынша қажеттілік күйдіргіш соданы өткізудің төмендеуіне байланысты азайды[ 25].
Қарыз алушы қазіргі лимит сомасын 75 000 АҚШ долларына дейін төмендету және 6 % жылдық (қазіргі міндеттемелерді өтеусіз) ствкасымен 24 ай мерзімге дейін ұзартуына өтініш білдіріп отыр.
Қазіргі кезде қарыз алушы мен XINJIANG TIANYE FOREIGN TRADE Co LTD (Қытай) арасында күйдіргіш соданы 720 тонна мөлшерінде (1 тоннасы 195 АҚШ долларымен) және хлорлық аммонийді 180 тонна мөлшерінде (1 тоннасы 160 АҚШ долларымен) жеткізіп беру туралы шарт жасалған.
Шарт бойынша төлем талабы банктік төлем кепілдемесіне қарсы 90 күнге дейін мерзімін ұзартып беру толып табылады. Ұқсас кестелер 5 жыл мерзімде жұмыс істеп отырады.
Қарыз алушы бір мезгілде күйдіргіш соданы 360 тонна бойынша сатып алуды жоспарлайды, соған сәйкес қажет кепілдеменің сомасы мынаған тең: 360 тонна х 195 АҚШ доллары = 70 200 АҚШ доллары.
100 000 АҚШ доллары сомасында несиелендіру лимиті
Қазіргі таңда 19.08.2013 жылыға дейінгі 7 000 000 теңге сомасында несиелендіру лиимитін ұсыну туралы келісім іске асып отыр.
Қарыз алушы қазіргі лимит сомасын 100 000 АҚШ долланына дейін жоғарлату және 16% жылдық (қазіргі міндеттемелерді өтеусіз) ставкасымен 24 ай мерзімге дейін ұзартуға өтініш білдіріп отыр.
Несиелендіру лимиті айналым қаражаттарын толықтыру үшін қажет, оның дефициті келесі жағдайларда пайда болады:
1.XINJIANG TIANYE FOREIGN TRADE Co LTD (Қытай) жасалған келісімшарт негізінде тауарларды жеткізу бойынша кедендік және транспорттық шығындар.
Қарыз алушы шарт бойынша күйдіргіш соданы, хлорлық амонийді сатып алады да, оны «Қазцинк» және «Қадамжай» зауыттарына өткізеді. Тауарды төлеу талады банктік төлем кепілдемесіне қарсы 90 күнге дейін мерзімін ұзартып беру болып табылады. Кедендік және транспорттық шығындарды құрайтын:
- 360 тонна күйдіргіш соданы жеткізіп беру үшін 3 060 мың теңге жұмсалған;
- 90 хлорлық амонийді жеткізіп беру үшін 1 170 мың теңге жұмсалған.
Қытайдың «Қазцинкке» (Өскемен) дейін тауарды жеткізу 10 күнге созылған. «Қазцинкпен» жүргізілген келісім шарт бойынша төлем талабы тауарды жеткізіп болған соң, 20 банктік күн ішінде төлемді жүргізу болып табылады. Барлығы отыз күн[ 25].
Қытайдан Қадамжай зауытына дейін тауарды жеткізу 20 күнді алады. Қазіргі кезде қарыз алушы келісім шартты ұзарту туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Алғашқы келісім шарт жағдайы бойынша төлем банктік 10 күн ішінде жүргізілу қажет. Осыған байланысты айналым құралдарында 4230 мың теңге сомасында 30 күн мерзімге дейін тапшылық орын алуда.
2.«Агролюкс» ЖШС-нің келісім шарты бойынша шығындар.
Қарыз алушы келісім шарт бойынша «ПиК» ЖШС-мен бірге генератордың 14 данасын техникалық қызмет көрсету мен рквизия жасауды ұйғарады. Қарыз алуша келісім шарттың іске асуы кезеңінде 6 500 000 теңгені жұмсауды жоспарлайды. Сонымен, келісім шарт бойынша төлем 11200000 теңге өз мерзімінде, яғни 31.12.2012 ж. дейін түседі. Осыған сәйкес айналым қаражаттырында жеті айға дейін 6 500 мың теңге сомасында дефицит болатыны анық.
3.Сондай-ақ қазіргі таңда техникалық йодты сатып алу мен жеткізу туралы келісім шарт жасалып жатыр, бірақ қарыз алушы келісім шарттың ұзартылуына талпыныс жасап жатыр. Өткен келісім шарттардың төлем талаптары бойынша айналым қаражаттарында дефицит пайда болып жатқан.
Келісім шарт бойынша Guneykaya B.V. фирмасы (Түркменстан) техникалық йодты жеткізіп беруші болып табылады. Төлем талабы бойынша – 100% алдан-ала төлеу, ал сатып алушы – «Қазцинк» зауытының қоймасына жеткізілгеннен соң, 15 банктік күн ішінде есеп жүргізіледі, соған байланысты Түркіменстаннан Өскеменге дейін 15 күн ішінде тауар жеткізіліп, барлығы 30 күн алады. Қарыз алушы бір жыл ішінде 1 тонна шамасында тауарлар партиясын жалпы сомасы 1 566 мың теңге мөлшерінде сатып алады және бір жылда екі рет 500 тонна бойынша оны өткізуін жоспарлайды.
4. Қызылмия экстрактін өткізу пайдаланылған келісім шарт бойынша «ПиК» ЖШС қызылмия экстрактін жеке кәсіпкер Мамедова Э.А.-дан сатып алынып, оны «Электроцинк» ААҚ (Владикавказ) өткізіледі[ 25].
Сөйтіп, қорытындылай келгенде, қарыз алушының айтушының айтуынша, шын мәнінде қарыз алушы қызылмия экстрактін жек тұлғалардан сатып алынып және оны жеке кәсіпкер атына рәсімдеп, артынша «ПиК» ЖШС-не өткізеді. Яғни, берілген тауарды басында өз қаражаттары есебінен сатып алады. Қарыз алушы қызылмия экстрактін бір жылда екі рет әр топтаманы (15 тонна) 4 833 мың теңге сомасында сатып алады, әр айда оны 5 тонна бойынша өткізеді.
3 ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ЖОЛДАРЫ
3.1 Қарыз алушының несиелік қабілілеттілігін бағалаудың проблемалары
Несие алу үшін қарыз алушы банкке несиенің ақсаты, бағыты, сомасы, пайдалану мерзімі, өтеудің нақты мерзімі, сонымен қатар несиеленетін шаралардың қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігін көрсетіліп негізделген жазбаша арызбен немесе өтінішпен (3 дана толтырылады) барады. Сол кезде ол банкке несиие шоттарын ашу үшін қажет арыз-міндеттеме береді[27].
Несие алу үшін қарыз алушы банкке келесідей құжаттарды өткізеді:
- несиеленетін шаралардың жоспарланған шығындары, несие өтелетін айналым активтерінің және күтілген түсімдер қозғаласының есебі бар техникалық-экономикалық негіздемелері;
- қарыз алушының қаржылық жағдайын және несиеге қабілеттілігін анықтау үшін бухгалтерлік, статистикалық есеп берулер, табыстар мен шағындар туралы есеп берулер және басқа да міндеттемелер;
- банк тәжірибесінде қолданған нысандар бойынша несиені өз уақытында қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер (жедел міндеттемелер, кепіл міндеттемелері, кепілдемелер, кепілдікке алу, сақтандыру куәлігі және басқалар).
Қажет болған жағдайда банк сол орында алдын ала тексеру жүргізуі және қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметі туралы аудиторлық ұйымның қорытындысын талап етуі мүмкін.
Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы ақпарат көздері болып келесілер табылады:
- қарыз алушымен келіссөз жүргізу;
- орындағы инспекция;
- қарыз алушының анкетасын және қаржы есебін талдау;
- жабдықтаушылар мен сатып алушылар жөнінде банктердің мәліметтері;
- басқа да сыртқы көздерден, Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің несиелік тіркелімдегі ақпараттарды қоса есептелгенде.
Несиелік келісім-шарт жасауға дейін, қарыз алушыдан арыз және қажет құжаттарды алған кезде, банк кәсіпорынның өзінің қарыз міндеттемелері бойынша толық және бекітілген уақытта есептесе алады және жаңа несие алу үшін алғы шарттарды орындай алатын. Қабілеттілігін білдіретін, қарыз алушының несиеге қабілеттігін талдауы қажет. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның несиеге қабілеттілігі несие алуға құқығы және мүмкіндігі талданады. Ол алдыңғы несиелер бойынша есептесу кезіндегі ұқыатылығы, ағымдағы қаржы жағдайы және қажет болған кезде ақша қаражаттарының әр түрлі көздерін жұмылдыра алу мүмкіндігімен сипатталады [28].
Несиелік қабілеттілігін талдаудың мақсаты – банкпен несиелеу мүмкіндігін және шарттары туралы мәселені шешу алдында анықталатын, қарыз алушыға сапалық баға беру, клиенттің қарызға алған қаржыны несие шартының баптарына сәйкес қайтаруға қабілеттілігі мен несиелік салымдарының мақсатқа сайлығын және банк пен қарыз алушы арасындағы несиелеу тұрғысындағы әрі қарайғы қатынастың негізделуін және дұрыстығын бағалау (несие жалғастыру, тоқтату, ұқыпсыз қарыз алушыға санкцияларды қолдану).
Кәсіпорынның қызметіне талдау жүргізбестен бұрын банк келесідей жұмыстарды жүргізуі керек:
1.Нақты бір кәсіпорынның қызметін зерттеу кезеңін белгілеу; материалдарды іріктеп алу және жүйелеу; көрсеткіштердің өзара байланысын тексеру және олардың салыстырмалылығын бағалау. Жеке алған инфляциялық факторлардың әсерін жою керек, ол үшін елдегі жарияланатын индекстік бағалар негізінде базистік көрсеткіштермен салыстырылатын есеп беру көрсеткіштері қайта саналады.
2.Жұмыстың екінші кезеңіндегі сыртқы талдау өткізу кезінде әр түрлі алдын ала талдау есептері жүргізіледі. Олардың қатарына есептік көрсеткіштердің базалық көрсеткіштерінен абсолютті және салыстырмалы ауытқуларының есебі; қорытынды көрсеткіштеріндегі жеке баптардың үлес салмағын анықтау; төлем қабілеттілігінің, табыстылықтың және т.б. салыстырмалы көрсеткіштерінің есептері жатады.
3.Үшінші кезеңде нағыз талдау жүргізіледі. Сандық өлшемдерді пайдалана отырып талдау, белгілі бір дәрежеде шеберлікті қажет етеді, өйткені көптеген, жиі қарама-қарсы тенденциялар мен көрсеткіштерден қарыз алушыға несие беру туралы мәселені шешу үшін кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жағдайын дұрыс бағалау үшін оның даму бағыттарын анықтай білу керек.
Кәсіпорынның несиелік қабілетін талдаудың негізгі міндеттері:
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
- қарыз алушының шаруашылық қызметінің тиімсіздігі салдарынан несие ресурстарын жоғалтудан алдын ала сақтандыру;
- қарыз алушы кәсіпорынды оның тиімділігін көтеру бағытында қызметін ынталандыру;
- несиелердің тиімділігін көтеру.
Несиелеу шарттарын талдау мыналарды білуді қажет етеді:
- бұрын болған несиелерін өз уақытында өтеу, берілген есептердің сапалылығы, басшылықтың жауапкершілігі, басқа міндеттемелерге қатынасын құрайтын қарыз алушының атағы (репутациясы). Жақсы атақ дегеніміз – жеке билеушілік, міндеттілік, адалдық, әділдік, тәртіптілік және т.б. сияқты қасиеттері;
- қарыз алушының бәсекеге қабілеті - өнімді өндіру және табыс алу, сонымен бірге несиені өтеуге қажетті қаржыны табу қабілеттілігі. Банктің қарыз алушының нақты шығындарын несиелеу кезіндегі табысын банктің орташа табыстылығымен салыстырып бағалау жүргізеді. Банк табысының деңгейі несиелеу кезіндегі тәуекел дәрежесімен үйлестірілуі тиіс. Банк қарыз алушыдан түсетін табыс мөлшерін қалыпты қаржылық қызметті жүзеге асыру кезіндегі банкке пайыз төлеу мүмкіндігі көз қарасынан бағалайды;
- ірі ресурстарды пайдалану мақсаттарын;
- несие сомасын;
- несиені өтеуді. Бұл зерттеу материалды, құндылықтарды өткізу, берілген кепілдемелер және кепіл беру құқығын пайдалану есебінен несиенің қайтарымдылығын зерттеу жолымен жүргізіледі;
- несиенің қамтамасыз етілуін, яғни банктің берілген несиеге, кепілге қарыз алушының активтерін бағалы қарызды қоса алуға құқығын анықтау көзқарасынан жарғы мен ережені зерттеу;
- активтерді иеленуін (егер кәсіпорынның несиені қайтару үшін қажетті активтері болмаса, онда ережеге сай оған несие берілмейді);
- экономикалық кономикалық конъюктура жағдайларым мен даму перспективалары (ссуда беру барысында банк саласындағы кәсіпорынның экономикалық роліне және алатынорнына назар аударуы керек. Несиелеу мерзімі қаншалықты ұзақ болса, экономикалық болжау соншалықты маңызды болады) және басқа факторлар.
Талдау қарыз алушының бухгалтерлік және статистикалық есептерінен жинақталған мәліметтер негізінде, қосымша хабарламалар, кәсіпорынның төлемді жиі кешіктіруі туралы фактілер, оның серіктестерге қатысты жауапсыздығы, бәсеке күресіндегі арамзалық, жиіркенішті әдістерін пайдалану, меншік иесінің немесе кәсіпорын басшысының құлықсыз тәртіп және т.б. құпия көздерден алынған мәліметтер негізінде жүргізілуі тиіс [29].
Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін бағалаудың басты әдісі – оның ресми бухгалтерлік есеп берулерін талдау. Осыған сүйене отырып, банк мыналарды бағалауы керек:
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және өтімділігін;
- айналым қаражаттарын және алған несиені пайдаланудың тиімділігін;
- барлық қарыз міндеттемелерді, несиенің сұралған сомасын қоса, өтімді қаржалармен жабуын;
- шаруашылық айналымда меншікті айналым қаражаттарының болуын;
- кәсіпорынның табыстылығын (рентабельділігін) бағалау.
Сөйтіп, жеке тұлға түріндегі қарыз алушының несие қабілетін талдау – бұл оның жеке белгілерін бағалау және несиені алуда жеке тұлға ретіндегі заңдылық құқықтарын білдіреді. Бағалау кезінде банк үлкен көңілді оның жеке өміріне, әсіресе өмірлік стиліне баса назар аударады. Банк әдетте бала-шағасы бар клиенттермен жұмыс істегісі келеді. Осының бәрі тәртіп бойынша клиенттің банк алдында өз міндеттемелерін сенімді және кепілді екенін куәландырады. Клиентпен алғашқы кездесуде бану міндетті түрде оның қызметінің жағдайын мұқият зерттеп және оның өзіндік белгілері мен материалдық жағдайы туралы ең жоғары сапалы ақпараттарды пайдалануы қажет. Сол үшін қарыз алушы банкке келген кезде өзінің жеке белгілерін куәландыратын құжаттарды тапсыруы тиіс.
3.2 Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін жетілдіру жолдары
Банктер жүйесінің пайда болуы және дамуы көптеген макроэкономикалық, құрылымдық және институционалдық толық сипатағы факторлар кешенімен байланысты болып келеді. Әр түрлі теорияларда өзіндік себептері мен банктік сектордағы дағдарыс жағдайларынан шығу жолдары қалыптасқан. Соңғы жылдары анағұрлым атаққа иеболып отырған ақпараттық асимиетрия теориясының өкілдері Дж.Акерлоф, Дж.Стиглиц, М.Спенс болып табылады.
Бұл мектептің негізін қалаушылар банктік дағдарыстарының пайда болуын экономикадағы асимметриялық ақпараттар ағымымен, корпоративтік сектордың мөлдірлігінің жетіспеушілігінен және ақпараттар асимметриясының мәселелерін шешуге бейімделген институттардың жоқтығымен байланыстырып отыр. Мұндай институттардың несиелік бюрола, ұлттық, салалық және аймақтық ақпараттық орталықтарды жатқызуға болады.
Дж. Акерлоф бірінші болып нарықтардың талдауын жасау арқылы нарықтық дағдарысқа әкелетін, сапалы өнімдер шығаруға итермелейтін ақпараттардың маңызы зор екенін көрсетіп келді. Бұл жағдай көптеген дамып келе жатқан елдер үшін маңызды. Дж. Акерлофтың ойынша, көптеген нарық институттарының асимметриялық ақпараттар мәселелерін шешуге ұмтылыс ретінде пайда болуының нәтижесінде кері селекция деп аталып келеді (агрессивті және тәуекелдік саясатқа бейімделген өте сенімсіз компаниялардың несиелерге және инвестицияларға кіруге рұқсат алуы). Бұл жағдай жаңадан дамып келе жатқан нарықтарда және экономиканың жаңа салаларында, мысалы ақпараттық технологиялар саласында өте тығыз байқалып тұр. Қарыз алушы мен несие беруші арасындағы асимметриялық ақпараттар, әсіресе дамушы елдерде және өтпелі экономикалық елдерде, яғни банктік тәуекелдер жүйксі өсіп жатқан менмлекеттердегі локальді несие нарығында пайыздық мөлшерлемелердің жоғарлауына әкеледі.
Бұл теорияның тағы бір өкілі Дж. Стиглиц . (мысал ретінде банктер немесе сақтандыру компаниялары). Оның зерттеулерінде асимметриялық ақпараттар және экономикалық ынталандырулар нақты көрсетілген. Оның еңбектерң дамушы мемлекеттердегі нарық талаптар мен институционалдық құрылымдарды талдау мәселесінде маңызды мағынаға ие болып отыр [31].
Соңғы жылдары қаржы нарығында ақпараттық асимметрияның елеулі көбейгендігін айту қажет. Көптеген зерттеушілер бұл оқиғаларды маңызды деңгейде жалпы тұрақсыздық пен тұрақсыздық экспансиясымен артынша қаржы глобализациясының өсуімен байланыстырады (Оңтүстік- Шығыс Азия дағдарысы және т.б.). халықаралық Банктің мамандары жүргізген зерттеулері банктік дағдарыс жүйелерінің дамуының негізгі факторына дамыған және дамушы елдердегі экономика мөлдірлігінің жетіспеушілігі және сәйкес ақпраттарды алмасу институттарының жоқтығын көрсетеді.
Ақпараттық асимметрия мәселелерін шешу экономикалық агенттердің, экономика салаларының жағдайын, ұлттық шаруашылықтардың беделін және қаржылық жағдайы туралы ақпараттарды шоғырлайтын арнайы маманданған институттарды құрудан жатыр. Банк секторына сәйкес мұндай міндетті қарыз алушының несие тарихы туралы ақпараттарды жинайтын және несие берушілер мен инвесторларға алуға мүмкіндік беретін несиелік бюролар атқарады.
Халықаралық тәжірибе, қарыз алушы мен несие беруші арасындағы ақпараттарды алмасу үшін құрылған несиелік бюролар қызметімен көп жағдайда байланысты бұл мәселелерді шешетіндігін көрсетіп жатыр. Сол үшін үш түрлі мәселелерге қол жеткізілуі қажет [32].
Біріншіден, несиелік бюро қарыз алушы туралы банктердің мағлұматтар деңгейін көтеріп, несиелерлің қайтарылуын дәл болжауға мүмкіндік береді. Бұл несие берушілерге несиенің құнын және бағытын тиімді анықтау арқылы, қолайсыз таңдау мәселелерінен туындалатын тәуекелдерді азайтады.
Екіншіден, несиелік бюро ақпараттарды іздеу кезінде банктер өз клиенттерінен алынатын төлемдерді төмендету үшін көмектеседі. Бұл несие нарығы ішіндегі ақпараттық алаңды түзетуге әкеліп және несие берушілердің несие ресурстарына бәсеке бағаларын орнатуға итермелейді. Пайыздық ставкалардың тым төмен болуы қарыз алушылардың таза табысын және олардың қызметін анталандыруын жоғарлатады.
Үшіншіден, несиелік бюро қарыз алушы үшін өз алдына тәртіптік механизм құрайды. Әр қайсысы біледі, егер өзміндеттемелерін орындамаған жағдайда оның репутациясы несие берушілердің алдында төмендейді және оны несие ресурстарынан кесіп тастайды немесе оған мүлдем жоғары бағада ұсынады. Бұл механизм сонымен қатар қарыз алушының несие қайтарудағы ынталандыруын көтеріп, ықылассыз тәріптегі тәуеклді төмендетеді.
Несиелік бюро несие берушілердің өздерінің құрамындағы немесе мекемелеріндегі ақпараттық делдал, не болмаса өз құзметінен табыс алатын және тәуелсіз жұмыс істейін мекеме ретінде қатысады. Несие берушілер Бюроны өзінің клиентері туралы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Бюро олардың ақпараттарын басқа алынған көздермен салыстырып (сот,мемлекеттік, тіркеуші және салық органдары және т.б.) және әр қарыз алушы бойынша картотеканы құрастырады. Несие берушілер өзінің клиенттері бойынша ұсынған ақпараттардың жүйелік және анықтылық талаптары негізінде Бюроданпотенциалды қарыз алушылардың несиелік операциалары туралы есеп алуға мүмкіндігі бар. Несиелік бюроның мәліметтерді қатаң тәртіпте ұсынудың негізі, әсіресе несие берушілердің өздерінің құрамына кіретін потенциалды көзқарастар дауларына тап болады: әр қайсысы өзінің мәліметтерін ұсынбай толық және ең анық ақпаратарды алғысы келкді. Басқаша айтқанда несиелік бюро қызметінің негізі өзара айырбас принципіне, яғни несиелік бюро мен несие арасындағы келісімдермен жасалады [33].
Несиелік бюро несие берушіге қажетті ұсынылатын несиенің түрінен нақтылау деңгейіне дейін потенциалды қарыз алушы туралы ақпараттардың барына байланысты несиелік операция жайындағы әр түрлі есеп берулерді ұсынады.
Көптеген дамыған мемлекеттерде несиелік бюролардың тарихы бір он жылдықты қамтымайды.Олардың кейбіреулерінде несиелік бюро 19ғасырдан бастап пайда болды.Мысалы, Австралия мұндай институттар 1860 жылы, Финляндияда – 1900 жылы, ал ОАР – 1901 жылы пайда болды.
Несиелік бюроның жұмыс істеуінің негігі мемлекеттер бойынша қатты түрленіп жатыр. Сондай мемлекеттер қатарында несиелік бюролар қарыз алушының әртүрлі несие берушілердің (банктер, сақтандыру компаниялар, байланыс және лизингтік компаниялар, супермаркеттер, салық және коммуналдық төлемдер) алдындағы өзінің міндеттемелерін орындалуы немесе орындалмауы туралы ақпараттарды жинап және оны ұсынады. Осындай принципте несиелік бюролар өзінің қызметін, мысалы, Австралияда, Бельгияда, Бразияда, Гонконгте, Данияда, Испанияда, Жаңа Зеландияда, Норвегияда, Уругвайда, Финландияда жүргізеді [35].
Басқа елдерде несиелік бюро қарыз алушының өз міндеттемелерін орындалмауы жайлы ақпараттарды ғана емес, сонымен қатар олардың қаржылық жағдайы, иеленушілері, аффинирленгентұлғалары туралы мәліметтерді шоғырландырады. Мұндай принциппен несиелік бюролар мысалға, Австралияда, Аргентинада, Ұлыбританияда, Германияда, Италияда, Нидерландыда, Перуда, АҚШ-та, Тайландта, Щведцияда, Жапонияда құрылды.
Осындай қызмет көрсету аумағындағы елдер бойынша және капиталдың шоғырлануы қатты ажыратылады. Мысалы, АҚШ-та, Ұлыбританияда және Жапонияда осындай нарық қызметінде, яғни әртүрлі тұтынушыларға ақпарат беретіне екі-үш несиелік бюро жұмыс жасайды. Германияда негізгі ақпараттық асимметриясының мәселелерін шешуге негізгі ролді әмбебаб қызметті ұсынатын SCHUFA қоғамы, бірақ көптеген майда арнайы несиелік бюролар бар.
90 жылдарында несиелік бюролардың қызметін ғаламдандыру тенденциясы көрініс тапты. Латын Америкасының, Еуропаның және Азия мемлекеттерінің трансұлттық корпорациялары ұлттық несиелік бюроларды сатып алу немесе бақылау орнату бойынша күш салуға талаптанды.
Несиелік бюро жаппай ақпараттық асимметрия мәселелерін шешуде өзінің тиімділігін дәлелдеді және банк секторы мен толық экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі элементі болып табылады. Бірақ бұл институттардың қызметі тұрғындардың бостандықтары мен құқықтарын бұзуы мүмкін, сондықтан да көптеген елдерде берілген салада реттеуіш сипаттағы шаралар қолға алынды.
Мысалы, АҚШ-та несие қабілетін ең анық бағалау туралы заңына сәйкес несиелік бюро қарыз алушы туралы ақпараттарды ұсынуда оның 14 жыл бұрын болған банкроттығы жайлы мәліметтері ұстамауы қажет. Егер 7 жыл мерзімі өткен шоттар бойынша өндіріп алу туралы, қамалған мүлік туралы, талап қою және сот шешімң туралы, қамау жағдайлары туралы, айыпталуды ұсыну немесе үкім шығарушылығы берілмейтін ақпараттар. Австралияда мұндай мерзімді 5 жылды құрайды.
Германиядағы банктер жеке тұлғалар туралы ақпараттарды SCHUFA-ға жіберудің алдында несиелер немесе кепілдіктерді беру кезінде немесе беттік шотты ашу кезінде арнайы келісім түрінде тәртіп бойынша ресімделген, олардың келісімін алу қажет.
Көптеген елдерде жеке тұлғалардың саяси көзқарасы, олардың нәсілдік, ұлттық, діни құрамы туралы ақпараттарды жинауға тыйым салынған. Қарыз алушы жиі ақпараттық құжатаманы көру, оны тексеру және тіпті заңға түзету құқығына бөленген.
Ірі несиелік бюролар есеп беру стандарттарымен қатар, мысалы, «Дан энд Брэндстрит» рейтингтік агенстволардың функцияларын орындайды. Рейтингтік агенстволардың негізінде тек жеке кәсіпорындары ғана емес, ең алдымен ірі, салалық, аймақтық, мемлекеттік кәсіпорындары туралы көпшілік несиелік бюро ретінде қарастыруға болады. Соңғы уақытта рейтингтік агенстволардың шешімдері мен бағалаулары банктік секторда, сонымен қатар банктік қадағалауда тәуекелдерді бағалаудың негізгі элементі болып табылады. Базель комитетінің банктік реттеу және қадағалау бойынша жасаған ұсыныстары әр банкте капиталдың жеткіліктілігі мен тәуекелді бағалаудың өзінің жүйесін құру негізі болып елдік тәуекелді және банк контрагенттерін бағалауы болуы керек, рейтингтік агенстволардың жасауымен осындай тәріздес институттардың маңыздылығын көтеріп және ақпараттық асимметия мәселелерін шешу жолының негізгі қадамы болып табылады [36].
Несиелік бюролармен қатар көптеген елдерде өзінің қызметін орталық банк және үкіметтің бақылауымен жүргізетін несиелерді мемлекеттік тіркейтін институты жұмыс істейді, бұл институттардың мәліметтер қорына несиелік мәмілелер туралы ақпараттарды несие берушілер міндетті тәртіппен жібереді. Берілген жағдайда қарыз алушылардан арнайы келісім алу қажет емес. Ақпарат стандарттық нысан бойынша беріліп, несиелік мәміленің өзіне ғана арналады және қарыз алушының қаржылық жағдайы мен меншігінің құрылымы туралы мәліметтерді қамтымайды. Деректерді алу тек қана монетарлық билік өкілдеріне толық құпиялығын сақтау негізінде беріледі. Потенциалды қарыз алушының несиелік тарихы туралы деректерді банктерге бекітілген тәртіпте ұсынылады.
Несиелерді мемлекеттік тіркеу институттары 20 ғасырда экономикалық өмірді мемлекеттік реттеудегі күшеюін көрсетті және біздің көзқарасымша қазіргі жеке несиелік бюроларды толықтырып, банктерге несиелік тәуекелдер саласында минималды мемлекеттік стандарттармен қамтамасыз етеді.
Несиелерді мемлекеттік тіркеу бойынша бірінші орган Германияда 1934 жылы пайда болды, бірақ көптеген мемлекеттерде бұл институттар соңғы онжылдықтарда құрылды. Мысалға, Авсрияда 1986 ж., Бельгияда 1985 ж., Испанияда 1983 ж., Португалияда 1997 ж., Францияда 1989 ж., Уругвайда 1984 ж.
Біршама елдерде мысалы, Боливияда, Бразилияда, Чилиде банктер барлық несиелік мәліметтер бойынша ақпараттарды мемлекеттік тіркеу институттарына міндетті түрде беруі тиіс. Бірақ, көптеген мемлекеттерде есептемелерді беру үшін несиенің минималды мөлшері белгіленген. Сол сияқты, Автрияда бұл стандарт ұлттық валюта сомасы эквиваленті 430 700 АҚШ долларына тең. Бельгияда компанияларға несие беру үшін бұл сома 27 950 доллорды, ал тұтыну несиелері бойынша 223 долларды құрайды. Германияда мемлекеттік тіркеуге тиісті несиенің минималды көлемі 1 699 800 долларға, Израильде – 169 500 долларға, Испанияда резиденттерге – 6 720 доллар және бейрезиденттерге – 336 000 долларға, Францияда – 118 293 долларға тең.
Кейбір елдерде мұндай стандарттар несиенің сапалығына байланысты түрленеді. Мысалы, Италияда барлық проблемалық несиелер тіркеледі, ал стандартты несиелер үшін минималды стандарт 86 010 доллар көлемінде, Шри-Ланкада проблемалық несиелер бойынша 1 493 доллар және стандартты несиелер бойынша 7 465 доллар белгіленген.
Көптеген елдерде мемлекеттік тіркеу институтына жіберілетін банк есептемелері несиелік тәуекелдің жалпы көлемі (несиелер, баланстан тыс талаптар), қайтарылмаған несиелер, мерзімі өткен несиелер, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, қамтамасыз ету туралы ақпараттарды қамтиды. Испанияда мына мәліметтерден басқа несиелік мәмілелер бойынша аймақтық, салалық және валюталық тәуекелдер, Португалияда пайдаланбаған несиелік ресурстар, ал Чилиде тәуекел деңгейі, секторы, несие түрі ескеріледі [37].
Несиелерді мемлекеттік тіркеу институттарындағы жиналған ақпараттардың көлемінің әсер етуші сипаты бар. Сонымен, Бельгияда 400 мың, Германияда – 1 200 мың, Испанияда – 4 600 мың, Италияда – 2 200 мың, Чилиде – 2 200 мың фирмалар бойынша ақпараттар жиналған.
Несиелік бюролар және несиелерді мемлекеттік тіркеу институттары дамыған елдерде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп жатыр. Халықаралық ұйымдардың 40 елде жүргізген зерттеулері бойынша осындай институттардың банктердің несиелік белсенділігіне және несиелік тәуекелдер жүйесінің деңгейіне әсер ететіндігін көрсетіп отыр.
Сөйтіп, статистикалық зерттеулер дәлелдеп отыр: несиелік портфельдің сапасы мен көлемі тиімді ақпараттық институттардың бар болуымен байланысты болып келеді.
Дамушы және экономикасы өтпелі мемлекеттер үшін ақпараттық асимметрия мәселелер одан әрі ұшқыр болып отыр. Қылмыстық экономиканың жоғарғы деңгейі, құқықтық институттардың тиімсіздігі, бизнесті жүргізу этикасының жетіспеушілігі ақпараттық институттарды құру қажеттігін жоғарлатады. Мұндай институттарсыз банк жүйесін табысты қайта құрылымдау мүмкін емес, оның мұндай спалы сипаттамаларға жетуі, банктік дағдарыс жүйесінің пайда болу мүмкіндігін жоюға әкеліп соғады. Бірақ та, корпоративтік жәе банктік бизнес бұл елдерде 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұрса да, ұзақ несиелік тарихы бар деп айтуға болмайды.
Экономикасы өтпелі елдердегі ақпараттық асимметрия мәселелерін шешу, ең алдымен несиелік бюроларды құруға мүмкіндік туғызады. Мұндай институттарды Ұлттық банк (Қаржы министрлігі) жанынан немесе банктік ассоциацияның қамқорлығы негізінде құру мақсатқа сай болады. Ұсақ жеке бюро желілерін құруға жиі ұсынатын ойлар, несиелік тәуекелдер мониторингі жүйесін тиімді құруға, сонымен бірге осы пікірдің беделін түсіруі әбден мүмкін. Несиелік бюроларды құру кезінде, әрине заңдарда және тәжірибеде тұрғындардың құқықтары мен бостандықтары үшін қорғаныш механизмдерін алдын ала қарастыруы қажет.
Қарыз алушылар туралы әртүрлі ақпараттарды шоғарландыратын және ерікті ынтымақтастық сипатында болатын несиелік бюролармен бірге, экономикасы өтпелі елдерде несиелік мәмілелер туралы ақпараттарды міндетті түрде тіркейтін арнайы мемлекеттік мекемелер болуы керек.
Ақпараттық асимметрия мәселелерін шешу үшін институционалдық қоры – экономикасы өтпелі елдердің қаржы қауіпсіздігінің қажетті элементі, сыртқы жағымсыз әсерлерден орнықты банк жүйесін құруға көмектеседі.
Қазақстан, басқа көптеген нарығы дамып келе жатқан елдердегідей қаржы ынтымақтастық саласында, әсіресе төмен рентабельдік кәсіпорындар мен шаруашылықтардағы және залалдың жоғары үлес салмағы бар салаларда, оларға маңызды деңгейде ауылшаруашылықтарды жатқызуға болатын ақпараттық асиметрияның ақпалын өзіне сезеді. Осындай түрдегі ақпараттың басымдығы едәуір банктік тәуекелдерді басқаруды қиындатады.
Қазіргі жағдайда Қазақстанда несиелік бюроны ұйымдастыру арман емес, шын болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің № 18 17.01.2003 жылғы бұйрығына сәйкес «Несиелік бюро және несиелік тарихты қалыптастыру туралы» заң жобасын өңдеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына ҚР Ұлттық банктен, Қаржыгерлер ассоциациясынан, Прагма/ЮСАИД корпорацияларынан, екінші деңгейлі банктерден, сонымен бірге әртүрлі жеке банктік операцияларды жүргізетін ұйымдардан құралған өкілдер кіреді.
ЮСАИД Қазақстанның несиелік бюро мекемесі бойынша жұмысын қаржыландырады. Бірнеше ірі халықаралық несиелік бюроның операторларының өкілдері өткен жылдары біздің елімізге келіп және Республиканың несиелік бюроны құру туралы талпыныстары оларға үлкен әсерін тигізді [38].
Сөйтіп, «Несиелік бюро және несиелік тарихты қалыптастыру туралы» заң жобасын өңдеу бойынша жұмыс тобы жобаны дайындалудағы өзінің жұмысын аяқтап, оны енді үкіметке қарастыруға тапсырған. Сөйтіп, 2004 жылдың шілде айында «Қазақстан Республикасындағы несиелік бюролар және несиелік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы қолданысқа енгізілді. Бұл заңның шығуымен шағын және орта кәсіпорындар үлкен деңгейде жеңіп шығады. Өйткені, олар ұзаққа созылған несиелік тарихы жоқ еді, осыдан банктік несиелер оларға қымбатқа түседі.
«Қазақстан Халық Банкінің» қаржы әлемі шек және ара қашықтықты білмейді. Оны клиенттер және серіктестерге аша отырып, еркіндік, байлық және табысты жасампаздайды.
Жылдам дамушы нарықтың қажеттіліктерін түсінеді және оларды жайнатуға апаратын жаңа қаржылық құралдарға олардың шөлін қалай қандыратынын біледі. Амбиция бойынша олардың аштығын қалай қанағаттандыру керектігін біледі. Толқындарға мұхитпен кездесуге көмектеседі. Жетілмеген дамушы нарықтардың алға басқан Батыстың қаржылық біртумасына жанасуға көмектеседі. Толқынның дүлей теңіз толқынына айналғанына, нарықтың қажетті деңгейге жетілуін күтпейді. Банк оларға қарсы жүреді [39].
Еуропа және Азияның дамушы нарығының ұлан-байтақ кеңістігінде барлық өспелі қажеттіліктері ғұлама көптеген клиенттері бар, бірақ оларды қалай қанағаттандыруға қабілеттіліктері және білімдерімен иемденген қаржылық институттар саны көп. «Қазақстан Халық Банк» АҚ – солардың бірі.
Болашаққа жету үшін, оған дайындалғанда ғана жетуге болады, ал дайындық қажетті түрде жасау керек өзгерістерді білдіреді. Қажетті өзгерістер, бұл: бір-бірімен өте тығыз байланысты, ұйымдық құрылымды өзгерту, корпоративтік мәдениетті өзгерту және банктік технологияны өзгерту.
Егер құрылым өзгерісі туралы айтатын болсақ, онда клиентке бағдарланған, нарық талаптарына тез әсер ету, нәтижесіне жауапты болу және иерархияның барлық деңгейлерінде дербес болуға мүмкіндік беретін осындай құрылым қажет.
Корпоративті мәдениет – бұл құрылымның идеологиялық толуы, және жаңа құрылым корпоративті мәдениетте міндетті түрде өзгерісті талап етеді. Олар бір-біріне сәйкес болуы қажет.
Және, соңында, банктік технологиялардың өзгеруі – бұл, осының есебінен кірістің пайда болуын білдіреді. әрине, бұл өзгеріс бөлігі сондай-ақ алғашқы екеуіне сәйкес болуы қажет, ал құрылым және корпоративті мәдениет жоғары тиімді банктік технологияларды құру үшін негіз құрайды [50].
Қазақстан Республикасының экономикасының несиелік қызметін белсендіру керек. Қазіргі кезде коммерциялық банктер мемлекеттің барлық облыстарында өздерінің ішкі саясаттарының әрекет етуші заңнамаларға сәйкес экономиканың барлық салаларын жаулап ала отырып несиелік операцияларын жүзеге асыруда. Соған қарамастан, коммерциялық банктердің несиелендіру қызметінде айтарлықтай шешуін қажет ететін мәселелер туындап отыр:
- несие бойынша пайыздық ставкалардың тым жоғарылығы;
- несиені рәсімдеу процесінің қиындығы;
- халықтың көп қабатының несиеге қол жеткізе алмауы;
- несиені алу үшін халықтың орташа жалақысы деңгейінің жеткіліксіздігі;
- халықтың көп қабаты несиенің көп түрін ұлттық валютада емес, шетелдік валютада алуы және т.б.
Соған қарамастан қазіргі уақытта Жеке тұлғаларды несиелендіру көлемінің қарқынды өсуі байқалуда. Бұл негізгі үш фактормен анықталады.
Біріншіден, жылжымайтын мүлік құнының өсуі ипотекалық несиелендіру көлемін ұлғайтыруда.
Екіншіден, Қазақстан мұнайының бағасының көтерілуі экономиканың өсуін қамтамасыз етіп отыр, сәйкесінше халықтың көп қабатының төлем қабілеттілігі көтерілуде, бірақ кейбір аймақтарда ғана.
Үшіншіден, несиелендіру тәртіптерінің аз болса да жеңілдеуі.
Сонымен қатар, қазіргі кезде көптеген елдерде микронесиелендіру қолданылады. Микронесиелендіру әлемнің көптеген елдерінде кедейшілікті төмендету мақсатында енгізілген және ол өте көп қолданылады.Несиенің бұл түрі өте тиімді және нәтижелі болып табылады. Ал, елімізде 2012-2014 жылдар материалдық қамтамасыз етілмеген азаматтарға арналған микронесиелендіру бағдарламасы қабылданған. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру ең алғаш Қазақстан Республикасмының 5 облысында орын алған, бұлар: Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Несиелер негізінен коммерциялық қарекетпен айналысуға, жылқы өсіруге, жеміс өндіруге, нан өнімдерін өндіруге, теледидарларды жөндеу қызметіне және т.б. қызметтермен айналысуға несие алған. Бұл несиенің түрімен тек қана кейбір банктер ғана айналыса бастады [51].
Қорыта айтқанда, бұл бөлімде коммерциялық банктердің табыстылығын арттыру мәселелері қарастырылады. Ең алдымен, коммерциялық банктердің несиелендіру қызметіндегі шешуін қажет ететін мәселелер, кейін «Қазақстан Халық Банк» АҚ-ның даму стратегиясы қарастырылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері Жеке тұлғаларға берілетін несиелердің бірнеше түрлері бойынша несиелендіру операцияларын әрі қарай жетілдіру үшін көптеген шараларды, халыққа қолайлы болатын несиелендіру бағдарламаларын қарастыруда.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыс бойынша қысқаша қорытындылар.Банк клиенттерінің несие қабілеттерін бағалап, оларға талдау жасалынды. Талдау барысында көптеген көрсеткіштер мен коэффициенттерді (өтімділік, тиімділік, қаржы левередж және пайдалылық коэффициенттері) пайдалану негізінде олардың қаржы жағдайы анықтады.Бұл арқылы қарыз алушылардың класын анықтап, сол арқылы банк оларға несие беру керек пе, жоқ па? - деген шешім қабылдайды. Банк клиентке несие бермес бұрын, өзіне алатын тәуекел деңгейін және берілетін несие мөлшерін анықтап алуы қажет. Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Банк клиентке несие беру туралы шешім қабылдаудың алдында осыны білуі қажет:
- қарыз алушының «беріктілігі», бұл арқылы бұрын алынған несиелер бойынша соманы және пайызды өз уақытында есеп айырысу және еесеп берудің сапалығы, басқарушылардың жауапкершілігі мен құзыреті; - қарыз алушының «қабілеттілігі» негізінде несие қабілетінің өнімін өндіреді;
- қарыз алушының «табысы». Банк табысының деңгейі несиелеу кезіндегі тәуекел деңгейімен үйлесуі қажет. Банк қарыз алушының алатын табысының көлемін бағалаудағы мүмкін болатын көзқарастарды пайдаланады, яғни клиенттің банкке пайыз сомасын төлеуі жақсы қаржы қызметінің нәтижелігімен байланыстырады;
- несие «сомасы». Бұл баланс өтімділігін, яғни меншік капитал мен тартылған капиталдың ара қатынасын зерттеуден байқалады;
- несиені «өтеу». Несиенің қайтарымдылығы материалдық құндылықтарды өткізуден, берілген кепілдік пен кепіл құқығы есебінен жүзеге асырылады;
- несиені «қамтамасыз ету», яғни банктің қабылданған жарғысы мен қаулысы негізінде қарыз алушының алған несиесі бойынша оның активін, соның ішінде бағалы қарыздарды қоса есептегенде банк кепілге алуға құқылы. Кепілге берілетін несие – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.
Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпраттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.
«Ресей Жинақ Банкі» банктік қызмет көрсету орталықтарында Жеке тұлғаларды несиелендірудің 14 бағдарламасы бар. «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ-нің Көкшетау жергілікті филиалының Банктік қызмет көрсету орталығының басты мақсаты бөлшектік несиелендіру жүйесін дамыту және халыққа қызмет көрсету сапасын көтеру болып табылады. Қазіргі уақытта Жеке тұлғаларды несиелендіру бағдарламаларының келесі түрлері өте кең қолданылуда. Бұлар: автокөлік сатып алу үшін, тұтынушылық мақсаттарға, ипотекалық несиелендіру бағдарламасы болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері жеке тұлғаларға берілетін несиелердің бірнеше түрлері бойынша несиелендіру операцияларын әрі қарай жетілдіру үшін көптеген шараларды, халыққа қолайлы болатын несиелендіру бағдарламаларын қарастыруда.
Қойылған міндеттерді шешу дәрежесін бағалау.Қазақстан Республикасының экономикасының даму шарттарында әр уақытта инвестициялау үшін ақша қаражаттары қажет. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің несиелік қызметін белсендіру керек. Қазіргі кезде коммерциялық банктер мемлекеттің барлық облыстарында өздерінің ішкі саясаттарының әрекет етуші заңнамаларға сәйкес экономиканың барлық салаларын жаулап ала отырып несиелік операцияларын жүзеге асыруда. Соған қарамастан, коммерциялық банктердің Жеке тұлғаларды несиелендіру қызметінде айтарлықтай шешуін қажет ететін мәселелер туындап отыр.
Нақты нәтижелер бойынша ұсыныстардың жасалуы.- қазіргі уақытта кез келген несие үшін пайыздық ставкалар тым жоғары, ал бұл қарыз алушылардың несиені қайтару мүмкіндігін төмендетеді және банк үшін несиенің қайтарылмауы сияқты тәуекелдері орын алуы мүмкін, сондықтан несие бойынша пайыздық ставкаларды төмендету керек;
- несиені рәсімдеу процесі көптеген банктерде өте қиын, оны жеңілдету жолдарын ойлап табу керек;
- банктен табыс деңгейі төмендеу халықтың кейбір топтары несие ала алмайды, өйткені банкте белгіленген нормалар (мысалы қарыз алушының табыс деңгейі) Қазақстан Республикасындағы орташа табыс деңгейінен 2-3 есе көп.
- халықтың көп қабаты несиенің көп түрін ұлттық валютада емес, шетелдік валютада алады, өйткені ұлттық валютадағы несие бойынша пайыз ставкасы ұлттық валютаға қарағанда төмен, бұл ұлттық валютаға деген сенімсіздікті тудырады. Бұл мәселені шешу жолдарын ойлап табу керек.
- көптеген әлемнің елдерінде кедейшілікті жою мақсатында микронесиелендіру жаппай енгізілген. Ал, Қазақстанда несиенің бұл түрімен кейбір банктер ғана айналысады (мысалы: Қазақстан Халық Банкі) АҚ-ның. Микронесиелендіруді кеңінен енгізу керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
[1] Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2030 // Егемен Қазақстан,-Алматы 2006. - №3.- Б. 3-8
[2] Қазахстан Республиксындағы 2005-2015 жылдарға арналған шағын және орта бизнесті қолдау//интернет ресурс: http: // www.ipoteka.kz[3] Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы// Алматы: Егемен Қазақстан, 2005.-Б.20- 22
[4].Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Алматы: Егемен Қазақстан, 2 наурыз. - 2006. - №3.- Б.3-8.
[5] Ғ.С.Сейiтқасымов Ақша. Несие. Банктер. - Алматы: Экономика, 2001.- 466 б.
[6] О.И.Лаврушина. Банковское дело.- Москва: Финансы и статистика, 2000.- 666с.
[7] В.И. Колесникова.Банковское дело.- Москва: Финансы и статистика, 2000.- 459 с.
[8] А.А.Абишева, С.А.Святова. Банковское дело.- Алматы: Экономика, 2007.- 106с.
[9] Бохаев Д.Т. Коммерциялық банктердiң несие ресурстарын құрудағы проблемалары және оның болашағы.- А.: Болашақ, 2004. - 236 б.
[10] Кемел М. Нарық қатынасы жағдайында Қазақстанның аграрлық саласында ауыл шаруашылығы кооперациясының дамуы.- Алматы: Экономика, 2004.- 50 б.
[11]Көшенова Б. Ақша. Несие. Банктер және валюта қатынастары.- Алматы: Экономика, 2001.-159 б.
[12] Мейiрбеков Б.Қ. Шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi қолдау жолдары мен дамыту әдiстерi. - Алматы: Экономика, 2004. – 426 б.
[13] Көшербаев Б. Банктер және несие алушылар қарым-қатынастарын реттеу.- Қарағанды: Кемел, 2012. – 192 б.
[14] Бәйгiсиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар.- Алматы: Экономика, 2008. - 592б.
[15]Борисов Е.Ф. Справочник Экономики.- Москва: Финансы и статистика, 2005.- 400 с.
[16] Батищева Т. Банковская деятельность.- Алматы: Экономика,2006. -154б.
[17] Баян Көшенова Ақша. Несие. Банктер. – Алматы: Экономика, 2008. -208 б.
[18] Жуков Д. К. Деньги. Кредит. Банки. – Москва: Экономика, 2011.-202 с.
[19] Баянтаев С№ Т№ Кредит алушының несиелік қабілеттілігін бағалаудың шетелдік тәжірибесі. // Алматы: «Банки Казахстана», №2(116), 2012, - Б. 46 -48
[20] Л.П.Кураков, В.Г. Тимирясов, В.Л. Кураков Современные банковские системы. - Москва:Гелиос АРВ, 2000.-186 с.
[21] Мақыш Серік Биханұлы Ақша айналысы және несие.-Алматы: Экономика, 2004. – 395 б.
[22] Мақыш Серік Биханұлы Коммерциялық банктер операциялары.- Алматы: Экономика, 2012. – 219 б.
[23] М.С. Биханұлы Ақша айналысы және несие.- Алматы: Экономика, 2009. – 156 б.
[24] Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан 2030.- Алматы: Білім,1998.-198 б.
[25] Жылдық есеп көрсеткіші «Қазақстан Халық Банк» АҚ-ның 2012-2014 жылы қаржылық көрсеткішінен // интернет ресурс: http: kkb.kz
[26] О.Ю.Свиридов Деньги, Кредит, Банки. - Москва: Ростов-на-дону «Феникс», 2011.- 185 с.
[27] Сахариев С.С. Жаңа кезең-экономикалық теориясы. - Алматы: Экономика, 2004.- 236 б.
[28] Мақыш С. Ақша айналысы және несие.- Алматы: Экономика, 2000. – 498 б.
[29] Мақыш С. Қазiргi несиелiк механизм және оны жетiлдiру жолдары. -Алматы: Экономика, 2001. – 776 б.
[30] Орта кәсiпкерлiктi несиелеу бағдарламалары // интернет ресурс: http:www. kkb.kz
[31] Тоқсейiтов Р. Экономикалық сөздiк-анықтамалық.- Қарағанды: Болашақ-баспа, 2000.- 240 б.
[32] В.К.Сенчасова, А.И.Архипова.- Финансы, денежное обращение и несие.- Москва: Феникс, 2000.- 496 с.
[33] «Қазақстан Халық Банк» АҚ қалыптасу тарихы // интернет ресурс: http: www.kkb.kz[34] Жылдық есеп көрсеткіші «Қазақстан Халық Банк» АҚ 2012жылы. // интернет ресурс: http: kkb.kz
[35] « Қазақстан Халық Банк» АҚ несиелік қоржыны // интернет ресурс: http: kkb.kz
[36] Жылдық есеп көрсеткіші «Қазақстан Халық Банк» АҚ 2013жылы. // интернет ресурс: http: kkb.kz
[37] «Lending boom, real estate bubbles and Asian crises» // интернет ресурс: http: HYPERLINK "http://www.sf-online.com/" \hwww.sf-online.com
[38]Батищева Т. Теория против практики // Алматы: Эксперт Казахстан, 2005. - №16. – С. 10-12.
[39] Мақыш С.Коммерциялық банктер операциясы. - Алматы:Экономика, 2005. – 235 б.
[40] Долан Э.Дж и др. Деньги. Банковское дело и денежно –кредитная политика. - Алматы: Экономика, 2012. – 791с.
[41] Әубәкіров А. Ж. Экономикалық теория. – Алматы: Қазақ Университеті, 1999. – 182 б.
[42] С. М. Сахариевич, С. А. Сембаев.Жаңа кезең – экономикалық теориясы. - Алматы: «Дәнекер», 2012. – 265 с.
[43] Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсiпкерлiктi басқару.- Алматы: Бiлiм, 2002.- 304 б.
[44] Хамитов Н. Н. Банк ісі.- Алматы:экономика, 2011. – 163 б.
[45] Балабанов В. Основы финансового менеджмента. – Москва: Финансы и статистика, 1994. - 268с.
[46] Кәсiпкерлiктi несиелеу бағдарламалары // интернет ресурс: http:www. kkb.kz
[47] Сапаров Т.Л. Қаржы дағдарысы қалыптасуы // Алматы: Экономика: Қаржы қаражат, 2005. - №5. - Б. 23-30
[48] Нурахметов Т.С. Қаржы дағдарысын жаһандығы // Алматы: Экономика: Қаржы-Қаражат, 2008. - № 8. - Б. 20-31
[49] Қ. К. Келужаев, З. Н. Жібаев Қаржылық есеп. - Алматы: Экономика, 2013. - 1923б.
[50] Сансызбаев К.М. Қаржы дағдарысы // Алматы: Экономика: Қаржы қаражат, 2007.- №7. - Б. 17-24
[51] интернет ресурс: http: www.sberbank.kz

Приложенные файлы

  • docx 1523782
    Размер файла: 564 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий