№11 Халы?ты? радиациялы? ?ауіпсіздігін ?амтамасыз ету мен ?орша?ан ортаны радиоактивті ластанулардан ?ор?ау бойынша ?Р за?дыл..


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Жалпы гигиена және экологияХалықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны радиоактивті ластанулардан қорғау бойынша Қазақстан Республикасының негізгі заңды актілері Орындаған: 503 МПІ Мұханғалиева Ұ Тексерген: Доцент, м.ғ.к Бердешева Г.А Ақтөбе 2016жыл ЖоспарІ. КіріспеІІ. Негізгі бөлім Халықтың радиациялық қауіпсіздігі Қоршаған ортаны радиоактивті ластанулардан қорғау Қазақстан Республикасының негізгі заңды актілеріІІІ. Қорытынды бөлім Кіріспе:Азаматтарды иондаушы сәуледен қорғау мемлекеттің барлық территориясында жергілікті және өндірістік қағидасымен ұйымдастырылады. Яғни кешенді және жеке қарастыру іс-шараларын өткізуде азаматтық қорғаныстың объекті басқару органдарының функциялары және күштері территориялық және ведомстволық болып бөлінеді. Осы орайда, негізгі дәрежеден шыға отырып, Мемлекет үкіметі анықтайтын тәртіппен, азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жүзеге асырылады.Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру жауапкершілігін меншікті үлгідегі барлық ұйымдардың және орталық, жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары көтереді. Бұл органдар мен ұйымдар жыл сайын азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүзеге асыру және оларды орындағаны туралы есеп беру керек. Азаматтардың сәуле иондарынан қорғаудағы дайындығы мен іс-шараларды өткізудің мерзімі және көлемі мен тәртібі, сонымен қатар есеп беру ұсынысы Мемлекет үкіметімен белгіленеді. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды, олардың арасындағы: иондаушы сәулелендiру әсерiнен халықтың денсаулығын қорғау,радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерiне лицензия беру, қоршаған орта объектiлерiнiң радиоактивтiк ластануының алдын алу және иондаушы сәулелендiрудiң табиғи көздерiн бақылау жөнiндегi өзара iс-қимыл тәртiбi мен мiндеттердiң ара-жiгiн белгiлейдi. 1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және себептiк байланысын анықтау тәртiбiн айқындайды; 2) радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді; 3) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді; 4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекет уәкiлдiк берген Қазақстан Республикасының атқарушы органы болып табылады, бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi, басқа уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың жұмысын үйлестiредi, сондай-ақ: атом энергиясын пайдалану жөнiндегi қызмет түрлерiне лицензия берудi жүзеге асырады; Радиациялық қауiпсiздiкке, ядролық материалдар мен иондаушы сәулелендiру көздерiн физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен ережелердi әзiрлейдi және келiсiп отырады. Радиациялық қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады және радиациялық қорғау жөнiндегi ұлттық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi; Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретіне мыналар жатады: 1) иондаушы сәулелендiру көздерiнен зардап шеккен халықты медициналық сауықтыру саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру; 2) радиациялық авариялар салдарынан радиоактивтi ластануға ұшыраған аумақтарда тiршiлiк ету жағдайлары мен оларда тұрудың ерекше режимдерiн регламенттеу; 3) сәулеленуге ұшыраған халыққа көмек көрсетiлуiн бақылау; 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау 1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау радиациялық қауiпсiздiк нормаларын, санитарлық ережелердi, гигиеналық нормативтердi, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi әдiстемелiк, нұсқаулық және өзге де құжаттарды белгiлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл актiлер радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық стандарттарды ескеруге тиiс және осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуге тиiс. 2. Радиациялық қауiпсiздiк саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, техникалық регламенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiледi. 3. Радиациялық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттарды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және пайдаланушы ұйымдар өз құзыреттерi шегiнде радиациялық қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттер негiзiнде бекiтедi және қабылдайды. Азаматтарды иондық сәуледен күштері мыналардан тұрады:Азаматтарды иондық сәуледен әскери бөлімдерінен әскери емес жасақтардан, сондай-ақ, жасақтары а) территориялық, объектілік жасақтары мен Азаматтарды иондық сәуледен және төтенше жағдайлар қызметтерінің жасақтары; б) республикалық, облыстық, қалалық және аудандық жедел-құтқару отрядтары сияқты әскери емес жасақтар болып келеді. Әскери емес жасақтар Азаматтарды иондық сәуледен күштерінің негізін құрайды. Үкімет шешімімен құтқару жұмыстарын жүргізу кезеңінде уақытша ІІМ - ішкі істер министрлігі; ҚМ -қорғаныс министрлігі бөлімшелері, ведомстволық, мамандандырылған авариялық-құтқару; авариялық-қалпына келтіру, әскериленген және тағы басқа жасақтар тартылуы мүмкін. Азаматтарды иондық сәуледен қорғау әскери бөлімшелері бейбіт кезде зардап шеккен халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсетеді, туған республиканың шекарасында да және арнайы келісімі бар шет мемлекеттерде де іздестіру-құтқару жұсмыстарын жүргізеді;адамдар құрамының білімін бағалаумен және дайындығымен айналысады, соғыс кезеңде зақымдану ошақтарында радиациялық және химиялық бақылаулар, құтқару және тағы басқа шұғыл-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, халықты эвакуациялау шараларына қатысады, тылдық елеулі объектілерін қалпына келтірумен байланысты арнайы тапсырмаларды орындайды (мысалы, аэродромдарды, көпірлерді жөндеу). АҚ әскери бөлімшелері ішінара азаматтық персоналмен де құралады. Қорғаныс министрлігі Президент жарлығы бойынша кәмелетке жеткен азаматтарды нағыз әскери қызметке, сонымен кейбіреулерін АҚ жүйесінде қызмет атқаруға тартады, төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдағы, оның территориялық органдарының, Азаматтарды иондық сәуледен қызметтерінің жасақтары халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге, құтқару жасақтарды күшейтуге арналады және медициналық, байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, өрт сөндіру, транспорттық және тағы басқа қызметтер болып бөлінеді. Жедел құтқару отряды жоғары дайындықта тұратын жасақтар болып келеді, және жоғары дәрежелі объектілерде, күрделі аймақтарда, енуге қиын аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізу үшін, зардап шеккендерге жәрдем көрсету үшін арналған. Азаматтарды иондық сәуледен қорғау нысанына баласы 8 жасқа толмаған әйелдерден, жүкті әйелдер мен мүгедектерден және әскери міндетті мобилизациялық нұсқауы бар азаматтардан тыс, жұмысқа қабілетті еркектер мен әйелдер алынады. Радиациялық аварияның зардаптарын жоюға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерi 1. Радиациялық аварияның зардаптарын жоюға, құтқару және шұғыл жұмыстар мен дезактивизацияға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерi тек адамдарды құтқару қажеттiгiне және олардың одан да көп сәуле алуына жол бермеуге ғана байланысты болуы мүмкiн. 2. Радиациялық авариялардың зардаптарын жоюға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерiне олардың ерiктi келiсiмiмен және сәуле алудың мүмкiн мөлшерi мен денсаулық үшiн қатерi туралы алдын ала хабарлай отырып, олардың өмiр кезеңi iшiнде бiр рет жол берiледi. 3. Өтемнiң түрлерi мен мөлшерi және аталған жұмыстарды орындауға тартылатын адамдардың денсаулығына радиациялық әсер келтiрген зиянның орнын толтыру. 1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың иондаушы сәулелендiрудiң белгiленген шегiнен тыс немесе радиациялық авария салдарынан сәуле алуға байланысты өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның орны толтырылуына және мүлiктiк залалдардың орны толтырылуына құқығы бар. Радиациялық әсерден зардап шегушiлерге: радиациялық аварияны жою кезiнде белгiленген мөлшерден артық сәуле алған адамдар; ионданушы сәулелендiру көздерiнен қызметшiлер үшiн радиациялық қауiпсiздiк нормаларында белгiленген шектен артық сәуленiң әсерлi мөлшерiн алған және осы сәуле алумен тiкелей байланысты ауруы бар адамдар; егер ата-анасының бiреуi радиациялық әсерден зардап шеккендер қатарына қосылса, солардан туып, иондаушы сәулелендiру ықпалына байланысты аурулар тiзбесiнде белгiленген аурулардың жекелеген түрлерiнен зардап шегушi балалар жатады. Қорытынды:Радиациялық қауiпсiздiк: құқықтық, ұйымдық, инженерлiк — техникалық, санитарлық-гигиеналық, профилактикалық, тәрбиелiк, жалпы бiлiм беру мен ақпараттық сипаттағы шаралар кешенiн жүргiзу қажет. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, жеке және заңды тұлғалардың радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалар мен ережелердi сақтау жөнiндегi шараларды iске асыруы тиіс. Республиканың бүкiл аумағында радиациялық мониторингтi жүзеге асыру, иондаушы сәулелендiру көздерiнен халықтың сәуле алуын шектеудiң мемлекеттiк бағдарламаларын жүзеге асыру; Иондаушы сәулелендiру көздерiмен нақты қызметтi жүзеге асырудың барлық деңгейiнде радиациялық қауiпсiздiктi сапалық жағынан қамтамасыз ету бағдарламаларын iске асыру арқылы қамтамасыз етiледi. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:1.Өмір – тіршілік қіуіпсізгі: С.Арпабеков. – Алматы, 2004.2.http://bigox.kz/radiaciyalyk-kauipsizdik/

Приложенные файлы

  • pptx 4535808
    Размер файла: 174 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий