ОРЫН?АЛИ А?АЙДЫ? СЕССИЯСЫ УДАЧИ


ЖАҚСЫ ТАПСЫРЫҢЫЗДАР 06304 ГРУППАЛАСТАРЫМ!!!! P/S KOLYA ZHUMABAEV
1билет
1 сұрақ.Оқу пәні ретіндегі педагогика дамуның негізгі кезеңдері.
К.Д. Ушинский ғылыми педагогиканың қалыптасуының маңызды кезеңі-халық педагогикасы деп есептеген. Ол пед.қ тәрбие жүйелерін халық өмірінің ерекшеліктерімен байланыстыра түсіндіреді
Содан кейін педагогиканың дамуында екі үлкен кезеңді белгілейді
1)ғылымға дейінгі кезең;
2)пед.қ ғылым ретінде қалыптасу кезеңі
Соңғы уақтта ғана неміс педагогы Франц Хофман педагогиканың дамуында үш кезеңді көрсетеді:
Ерте кезең. Оны автор тәрбие даналығы деп атайды. Бұл адамзаттың педагогикалық ойлаудан, тәжірбиемен тексерілген ойлауға қарай көшу кезеңі. Осы кездегі пед.қ көздер: Ежелгі Египет папирустары, « Соломон тәсіл өсиет кітабы» және т.б
Екінші кезең- «Пайдагогия» Бұл кезеңнің қалыптасуында Ежелгі Грецияның педагогикалық ойлары ерекше орын алады. Бұнда педагогикалық білім саяси, философиялық және психологиялық білімнің бір бөлігі болып табылады.
Педагогиканың дербес ғылыми теория ретінде қалыптасу кезеңі Бұл кезең Чехтің ұлы педагогы Я.А. Коменский есімімен тығыз байланысты. Коменскийдің «Ұлы Дидактика» еңбегі-педагогиканы ғылым ретінде жүйелеген оқулық және әдістемелік құрал.
Қазақстан қоғамында болған өзгерістерге байл. Педагогика ғылымы: социалистік, коммунистік, демократиялық, гуманистік сипатта дамып отырды.
Қазақстанда пед ойлардың дамуы ұлы данышпандардың (Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Ш Уәлиханов, Ы. Алтынсарин А.Құнанбаев, Ж Аймаутов және т.б) Еңбектері мен көзқарастары әртүрлі тарихи кезеңдерде қазақ халқын оқыту мен тәрбиелеуде қозғаушы күшке айналды.
2сұрақ Іскерлік ойын құрылымы
Іскерлік ойындары - бұл да белсенді оқытудың бір түрі. Ойынның бұл түрі әртүрлі практикалық жағдайларды көрсету арқылы жүзеге асады. Іскерлік ойыны сабақтың дәстүрлі емес түріне жатады. Іскерлік ойынның негізі- проблемалық педагогиканың ситуацияларды тудыру және оларды әртүрлі проблемалық ролдік шешуді жүйесі. Ойында образға кіру ерекшелігі басқа ойындармеи салыстырғанда проблемалық жағдайларды шешуші фактор ретінде қарастырылады.
Іскерлік ойында ойыншыларда екі түрлі козқарас қалыптасады. Біріншіден, ойыншы образға кіріп, ойын образын жасайды яғни осы образды толық сіңіреді, басқалармен осы образда қарым-қатынаста болады. Екіншіден, бұл ойыншылар арасындағы нағыз қарым-қатынас орнығады, себебі әр ойыншы образды өзі деп есептейді. Образға кіру жолында ойын шарты тез үғынылады сондай - ақ төзімділік, басқалардың ойын құрметтеу, бірігіп жұмыс атқару, жауапкершілік қалыптасады.
Әрбір ойын мағынасына қарай өзіне тән қүрылымы, рөлі, сюжеті болады және мұғалімнің басқарып, жүргізуіне байланысты ерскшеленеді. Ойынның ойдағыдай өтуі жүргізушінің атқаратын жұмысы толық қарастырылған жағдайда ғана болады. Ол әрбір ойыншының өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктерін, олардың ойынға тез енуін ойындық ситуацияға кіруін сюжетті ары қарай дамыту дәрежесін білгенде ойын сәтті өтеді. Әрбір топ ойынды өзінше дамытып, жаңа көзқарастар туғызтып, жаңа нәтижелер шығара алады.
Жүргізуші ойыншыларды ойынға дайындап, ұйымдастырып, ойынды өткізіп, соңында қорытынды жасап, ойынға қатысушыларды бағалайды. Ойын алдында бірнеше күн бұрын жүргізуші ойынға қатысушыларды ойынның мақсатымен, мағынасымен, кұрылымымен, ойынның сюжетімен, рөлімен таныстырып, үй тапсырмаларын беріп, орындалғанын қадағалап, рөлдерді бөлуге көмектеседі. Рөлдердің орындалуы мен сюжеттің дамуына қатаң шарт қою ойынға кызығушылықты және ойыншылардың сюжетті дамытуына кері әсерін тигізеді. Қатаң ережемен ұсынылатын ойын біркелкі жаттығуларға ұқсап, қызығушылықты жоғалтады. Ойын басында жүргізуші ойыншылардың бірқалыпты эмоциялық тұрактылығын қамтамасыз етумен қатар, психологиялық тұрғыдан образға кіруге жағдай жасайды. Бұл іскерлік ойынын жүргізуге 45 - 90 минут кетеді Ойынның ең маңызды кезеңі - қорытынды жасап, пікір таласу. Қорытынды жасау ойынға кететін уақыттың тең жартысын алады
Іскерлік ойындарда: кіріспе, іскерлік ойындардың өтілуі әдістемесі және көрнекі құралдары сипатталады. Кіріспе бөлімінде іскерлік ойындардың педагогтарды оқыту жолындағы мағынасы жайлы сөз: етіледі. Іскерлік ойындардьң өтілу шарттары мен өтілу әдістемесі керсетіледі және іскерлік ойын материалдары қарастырылады.
3-сұрақ «Білім беру мазмұны» тақырыбына сыни тұрғыдан ыойлауды дамыту технологиясын пайд арқ сабақ жоспарын құру
Тақырыбы: Білім беру мазмұны
Сабақтың мақсаты: Студенттерді білім мазмұны туралы толық ақпаратпен қаруландыру. ҚР білім мазмұны туралы түсінік беру Білім мазмұны құрылымы мен принциптеріне толық мәлімет беру.
Жоспары:
1.Білім беру мазмұны туралы түсінік және оның мәні
2.Білім мазмұнын қалыптастырудың принциптері және ұстанымдары.
3.ҚР «Білім туралы» заңы және білім мазмұнына қойлатн жалпы талаптар
4.Оқу жоспары,бағдарламалары,оқулық және оқу құралдары
5.Оқулыққа қойылатын талаптар.
Сабақ әдісі: Венн дианраммасы, екі жақты күнделік,презентация
1-кезең Қызығушылықты ояту
1.Білім дегеніміз не
2.Білім нені қамтиды
2-кезең-НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.Топтық жұмыс Білім алушылар үш шағын топқа бөлінеді. Алдарына дәріс плакат маркер үлест Әрқайсысы бөлек тапсырма алады
1-топ тапсырмасы: «Презентация» Дәріс мәтіні бойынша Білім мазмұны тақ презентация даярлайды
Үлестірмелі материал:
1 Білім мазмұны-жас ұрпақты неге оқыту керек деген сұраққа нақты жауап болып таб
Білімнің мазмұны – оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің іскерліктіңң және дағдының жүйесі Осы жүйе негізінде оқуш.ң ақыл оиы қабілети дамиды
Білім мазмұнының түрлері:•  күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;•  көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;•  болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;•  белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;•  ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;•  әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.Сонымен ғылыми білім — болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетінымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі.
2-топ тапсырмасы «Венн диаграммас» Берілген плакатка жаңа тақрп боинша отра білім беру жүиесі мен касиптік б б жүиесінің, жоғары білім беру жүйесінің ерекшелігін ортақ қасиеттерин Венн диагрна салады
Үлестірмелі материал «Білім туралы заң»
Кәсіптік бб – білім беру жүйесінің маңызды саласы; мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққадаярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Бастауыш кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік мектептер мен кәсіптіклицейлерде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша біліктіжұмыскерлерді (жұмысшыларды, қызметшілерді) даярлауға бағытталған. Кәсіптік мектепте оқу мерзімі 2 – 3 жыл, кәсіптік лицейде – 3 жыл, ал ерекше маңызды кәсіптер және бірегей жабдықтарға күтім жасауға байланысты кәсіптер бойынша –4 жыл.
Орта білім – ғылым негіздерін білуді талап ететін, қоғамға пайдалы еңбекке қатысуға және жоғары білім алуға қажетті білім мен дағдылар жиынтығы. Орта білім жалпы және арнаулы болып бөлінеді. Жалпы орта білім ежелгі Грекия мен Римде белгіліболғанмен, Батыс Еуропада классикалық мектептер 'XV – XVI ғасырларда ғана орнықты.
Жоғарғы білім – толық орта білім негізінде жоғары оқу орындарында берілетін және тиісті дипломмен куәландырылатын маманның кәсібибіліктілік дәрежесі. Ежелгі Шығыс елдерінде (Қытай, Мысыр, Вавилон, Ассирия, т.б.) б.з.б. түрлі сатылы мектептер пайда болды. Ежелгі Грекия философтары білім беру жүйесін жете зерттеу мәселесіне көп көңіл бөлді. Платон (б.з.б. 428 - 348) өзінің үш сатылы білім беру жүйесінде абстракциялы ойлау қабілеті байқалған жастар үшін жоғары – үшінші сатыны ұсынды
3топ тапсрмасы «Екі жақты күнделік» Берілген плакаттың ортасынан сзп оң жағыына бүгінгі тапқрп боинша мәселені сол жағна сол жагна шешу жолдарн жазу керк
3-КЕЗЕҢ –толғаныс
Жаңа сабақты қорытындылау үшін студенттерге сөзжұмбақ құру тапсырылады
2 билет
1сұрақ. Педагогиканы оқыту процесі және оның ерекшеліктері.
Өркениеттің қазіргі даму сатысының ерекшеліктері мәдениеттің, экономиканың, қоғамдық және жеке өмірдің барлық аймақтарндағы жаһандық инновациялармен байланысты.
Инновациялық білім берудің мақсаты-жаңаны игеріп қана қоймай, сондай жаңаны ойлап шығара алатын жаңашыл маманды қалыптастыру.
Кәсіби білім беру мақсаты- педагогикалық іс-әрекеттің жүйеқұраушы қызметі. Мақсатты таңдауға оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін таңдау тәуелді болады. Педагогикалық мақсаттардың түрлері өте көп Олардың ішінен білім берудің нормативтік мемлекеттік мақсаттарын, қоғамдық мақсаттарды, оқытушылардың өздерінің бастамашыл мақсаттарын бөлуге болады. Педагогикалық өзара әрекет кезінде субъект арасында түрлі ақпараттың коммуникативті, психологиялық, методолиялық, ұйымдастырушылық жане басқарушылық байланыс орнатылады.
Бірінші кезең-жоспарлау. Пед мақсат, міндетке баиланысты. Жоспарлау бейімділігімен, жоспарлармен, бағдарламасымен, басқа да құжаттардың негізін есепке алу
Екінші кезең-дайындық. Оқу бағдарламасына, құжаттың жоспарына сүйеніп бөліктерді моделдеу.
Үшінші кезең- ұйымдастыру. Прогрессивті-педагогикалық технология мен әдістемелерді негізге алып, бағдарлама жоспар, тұжырымдаманы жүзеге асыру.
Төртінші кезең- түзету. Оқу-тәрбие процесінің компаненттерін түзету. ЖОО оқу тәрбие үрдісіне, ұйымдастыру бөліміне өзгерістер енгізу
Бесінші кезең- қорытынды шығару Пед процестің нәтижелі талдау қызметін, жетістікті диагностикалау, міндеттердің ауытқуын, табыс пен сәтсіздіктің себебін анықтауға мүмкіндік береді.
2-сұрақ Іскерлік оиынды ұйымдастырудағы приниптер
Іскерлік ойындары - бұл да белсенді оқытудың бір түрі. Ойынның бұл түрі әртүрлі практикалық жағдайларды көрсету арқылы жүзеге асады. Ойында ойыншынын кәсіби — педагогикалық ойлау образына енуі, бұл ойынның басты ерекшелігі болып табылады. Іскерлік ойынның негізі- проблемалық педагогиканың ситуацияларды тудыру және оларды әртүрлі проблемалық ролдік шешуді жүйесі. Ойында образға кіру ерекшелігі басқа ойындармеи салыстырғанда проблемалық жағдайларды шешуші фактор ретіндс қарастырылады. Ойыншы белгілі ережелерді қолдана отырып ойынның толық мағынасын түсініп, талдау жасап, алда болатын өзгерістерді жобалап отыруы қажет. Әртүрлі педагогикалық жағдайларды модельдеу болашақ педагогтың әрбір ойын кәсіби түрде жеткізе білуге жетелейді. Осылай ойлау кабілеті нәтижесіндс ойыншылар педагогикалық образға толығымен кіріп, қандай өзгеріс болатынын түсіне алады. Ойыншыларда педагогикалық процесс моделінің біркелкі образы ойьнда болған әртүрлі жағдайлар нәтижесінде калыптасады. Бұл модель жеке түлғалық сипатқа ие болады және ойын кезіндегі ойыншының жасаған іс - әрекетінің таңбасына ойыншының өзін ойын барысында ұстай білуі, ойын толық жеткізе білуін және әр ойыншының өзіне ғана тән ерекшеліктеріне байланысты калыптасады. Сонымен қатар іскерлік ойынның барысында әр ойыншыда өзін басқалардың көмегімен, яғни сырт көзбен қадағалау және басқаларды да танып білу қалыптасады. Өздеріне берілген тапсырмаларды бірігіп шешу жолында өзіндік нәтиже шығарумен қатар басқалармен бірігіп жұмыс істеу және ой тудыру әрбір ойыншыда қалыптасатын жайт Ойынның шартты модельдері және ойын барысында жинақталған іс-әрекеттер ойыншылардың көзқарасын едәуір кеңейтеді.Іскерлік ойында ойыншыларда екі түрлі козқарас қалыптасады. Біріншіден, ойыншы образға кіріп, ойын образын жасайды яғни осы образды толық сіңіреді, басқалармен осы образда қарым-қатынаста болады. Екіншіден, бұл ойыншылар арасындағы нағыз қарым-қатынас орнығады, себебі әр ойыншы образды өзі деп есептейді. Образға кіру жолында ойын шарты тез үғынылады сондай - ақ төзімділік, басқалардың ойын құрметтеу, бірігіп жұмыс атқару, жауапкершілік қалыптасады.Білім алу процесі, оны толықтыру, негізін түсіну екі кезеңнен өтеді:
- ойын барысында: образ арасындағы қарым — катынас кезеңі;
- қорытындылау кезінде: пікірталас кезеңі;
Ойын шартында ойыншыларға таныс жайттар көп кездессе және олар образға толық кіре алса ойын қызықты да мағыналы болып өтеді.
Әрбір ойын мағынасына қарай өзіне тән қүрылымы, рөлі, сюжеті болады және мұғалімнің басқарып, жүргізуіне байланысты ерскшеленеді. Ойынның ойдағыдай өтуі жүргізушінің атқаратын жұмысы толық қарастырылған жағдайда ғана болады. Ол әрбір ойыншының өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктерін, олардың ойынға тез енуін ойындық ситуацияға кіруін сюжетті ары қарай дамыту дәрежесін білгенде ойын сәтті өтеді. Әрбір топ ойынды өзінше дамытып, жаңа көзқарастар туғызтып, жаңа нәтижелер шығара алады.
3-сұрақ «Оқыту формалары» тақырыбына сабақ жоспары
Тақырыбы: Оқыту формалары
Сабақтың мақсаты: Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы негізгі түсініктер қалыптастыру.
Жоспары:
1. Оқу формасы түсінігі
2. Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы
3. Оқу процесін ұйымдастыру формалары
4. Оқу түрлері
Сабақ әдісі: Венн дианраммасы, екі жақты күнделік,презентация
1-кезең Қызығушылықты ояту
1.Оқыту формалары дегеніміз не
2-кезең-НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.Топтық жұмыс Білім алушылар үш шағын топқа бөлінеді. Алдарына дәріс плакат маркер үлест Әрқайсысы бөлек тапсырма алады
1-топ тапсырмасы: «Презентация» Дәріс мәтіні бойынша Оқыту формалы тақ презентация даярлайды
Үлестірмелі материал:
Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-əрекеттері əрқилы формада жүзеге асып барады. Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді аңдатады. Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады: 1) оқу формасы; 2) оқу-ұйымдастыру формасы. Дидактикалық категория ретінде оқу формасы оқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаттары, мазмұны, əдістері мен құрал-жабдықтарына, материалдық жағдайларына, қатысушылар құрамы жəне т.б. элементтеріне тəуелді. Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тəртібіне орай оқу формасы əрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тəжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық, жұптастық, дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс сыныптық жəне сыныптан тыс, мектептік жəне мектептен тыс, əлбетте, мұндай топтастырудың (классификация) жетілген ғылыми негіздемесі əзірге болмай тұр. Дегенмен, осы тұрғыдан оқу формаларының көптүрлілігін біршама ретке келтіру мүмкін. 
2-топ тапсырмасы «Венн диаграммас» жеке-дара, топтық оқыту формаларының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін диаграммага салады
Үлестірмелі материал Жеке-дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады. Оқудың топтық формасында оқушылар əрқилы мүдде- мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тəрбиеленеді. Толық сыныппен жұмыс (фронталь) формасы оқуда мұғалім бір мезетте барша оқушылармен, біркелкі тапсырма, міндет белгілеп, сынып қатысушыларының бəріне ортақ іс-əрекеттер төңірегінде бірқалыпты оқу жұмыстарын алып барады. Оқудың ұжымдық формасы. Бұл оқу түрінің фронталь оқу формасынан өзгешелігі: сынып оқушылары өздеріне тəн ара қатынас, өзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтаумен біртұтас, мақсат-мүддесі ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде қарастырылады. Жұптасып оқуда негізгі өзара байланысты оқу əрекеттері екі оқушының қатысуымен орындалады. Дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс, сыныптық жəне сыныптан тыс, мектеп ішілік жəне мектептен тыс оқу жұмыстары өздерінің өткізілетін орындарымен белгіленеді. 
3топ тапсрмасы «Екі жақты күнделік» Берілген плакаттың ортасынан сзп оң жағыына бүгінгі тапқрп боинша мәселені сол жағна сол жагна шешу жолдарн жазу керк
3-КЕЗЕҢ –толғаныс
Жаңа сабақты қорытындылау үшін студенттерге сөзжұмбақ құру тапсырылады
3 билет
1 сұрақ. Аудиториялық сабақ барысында- лекция, семинар және лабораториялық сабақтар өтеді.
Жоғары оқу орындарында дәріскерлердің басты міндеті – тыңдаған лекцияның негізгі мазмұнын тез қалпына келтіруге көмектесетін, алынған ақпаратты қысқаша жазбаша түрге айналдыру және материалды тыңдау, түсіну, пайымдауды жинақтайтын, белсенді процесті негізі етіп алған студенттердің лекциядағы жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.
Семинар — практикалық оқу сабақтарының бір түрі. Тақырыпты не курс тарауын тереңдете ұғынуға арналады. Семинарда шәкірттер оқытушының жетекшілігімен дайындаған баяндамаларын, рефераттарын ұжым болып талқылайды. Талқылау барысында оқушылар ғылым саласының әдістемесін меңгереді, өз алдына жұмыс істеуге және оны ауызша не жазбаша баяндауға, өз қорытындыларын дәлел-уәжбен қорғауға, пікір таластыруға машықтанады. Ертедегі Грек, Рим мектептерінен бастау алған бұл оқыту түрі қазіргі оқу орындарында да қолданылады.
Лабораториялық сабақ - оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті . Кейбір оқу пәндерінің әдістемелерінде (мысалы, еңбек және кәсіби оқыту әдістемесінде) "лабораториялық-практикалық жұмыс" деген термин қолданылады. Мұндай жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі.
Студенттерді аудиториядан тыс сабақтардың және ғылыми әдебиеттерді оқу әдістемесімен таныстыруға арналған мазмұнды түсіндіру жұмыстары олардың оқу әрекетіндегі белсенділігіне елеулі әсер етеді. Соған орай көп жұмыс істейтін студенттер білімді өз бетімен меңгерудің әдістері мен тәсілдерін терең түсіне отырып, өзінің аудиториядан тыс жұмыстарын одан ары жетілдіруге қол жеткізеді. Ал өз жұмысын нашар ұйымдастырып жүрген студенттер өзіндік оқу-танымдық жұмыстарындағы кемшіліктер мен қателіктерін дер кезінде көріп, түзете алады.
Оқыту барысында студенттердің білімі мен кәсіби дайындығына қатаң талап қою – олардың өзіндік жұмыстарын жетілдіру мен белсенді әрекетіне үлкен әсер етеді.
Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарының белсенділігі мен өнімділігі мыналарға байланысты:
а) оларды түпнұсқа әдебиеттері бойынша білім алу әдістемесіне шебер оқытуға;
ә) өзіндік жұмыс пен оның нәтижесі барысында бақылаудың түрлі формаларын қолдануға;
б) өтілген материалдарды меңгеруге қиналатын студенттерге тұрақты түрде жеке көмек көрсетуге;
в) емтихандарда білімді бағалауға объективтілікті арттыру мен студенттердің жалпы ғылыми және кәсіби дайындығының сапасына қатаң талап қоюды арттыруға.
Оқушыларға өзіндік жұмыстарды білігі мен дағдысын сіңіру оқыту кезеңіндегі жоғары үлгерімді қамтамасыз етуден де жоғары мақсатты көздейді. Түпкі мақсат болашақ маманның саяси-идеологиялық және кәсіби білігін бүкіл саналы ғұмырында үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз ету болуы тиіс.
Өзіндік жұмыс студенттердің білімін кеңейту мен бекітуде аса маңызды жағдай болып табылады және ол төмендегідей әрекеттердің жиынтығын құрайды: 1) лекция тыңдай білу шеберлігі; 2) оны өз бетінше, тиімді жазып алу шеберлігі; 3) лекциядан соң конспектімен жұмыс істеу; 4) ғылыми кітаппен, анықтамалықтармен, құжатты материалдармен, алғашқы материалдармен жұмыс; 4) ғылыми баяндама, рефераттар, есептер және т.б. жазу.
2 сұрақ.жок
4 билет
1 сұрақ Проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы. Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:
-       оқушының белсенділігін арттырады;
-       оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызады.
      Мұғалім кез-келген сабағын өткен тақырыппен байланыстыра отырып, проблемалық сұрақ тудырып, оқушылардың шығармашылық ізденісіне түрткі жасай отырып өткізсе, оқушылардың пәнге деген ынта-ықыласы арта түседі. Бұрын мұғалім негізгі білім беруші болғандықтан оқушыларға өз білгенін басынан аяғана дейін баяндап түсіндіретін болса, қазіргі жаңа педагогикалық технологияларға сүйенсек, мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыт-бағдар беруші, бақылаушы, рөлінде. Бұл технологиялардың бірден-бір тиімді тәсілі сабақ барысында оқушыларға проблемалық сұрақтар қоя отырып оқушылардан ғылыми жауап талап ету.
            Егер әр сабақ осы тәсілмен өтетін болса, оқушылар кез-келген қиын сұрақты шеше алуға дағдыланып, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, ғылымилыққа бет бұратыны сөзсіз. Бұл дегеніміз оқушылардың кез келген пәннен терең білім алуының негізгі көзі.  Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалы оқыту технологиясы – бұл роблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Педагогикалық проблемалы жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды. Психологиялық – проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай туғызбайды.
       Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.
2 сұрақ. Дистанциялық оқу – бұл оқу технололгиялық көмегімен қашықтықта білім алу мүмкіндігі. 2005жылдың 6 мамырында Ресей федерециясының білім және ғылым министірлігі мынанадай бұйрық шығарды. Қашықтықта білім беру тенологиясы ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды қолдану арқылы орташаландырылған намесе толық емес орташаландырылған мұғалім мен оқушының ара қатынасы .... Қазіргі уақытты дистанциялық оқу көбнесе интернет арқылы қолданылады ал пошталық жүйк кем қолданылад. Мұғалім сабақты вертуальді сыныпта өткізеді ол жерге студен өзіне соны қалағанда немесе ыңғайлы болған кезде кіре алады. Сыныпқа кіру үшін студентте және құпия болуы керек ол оқуға түскен кезде беріледі.Дистанциялық оқудың қосымша мүмкіндіктерін қарастырып көрейік.1)Күнделікті тапсырма мен жұмыстан қол үзбей оқу мүмкіндігі 2)Оқу сізге ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерде өтеді. 3)Оқу барысында алған біліміңізді сол мезетте өзіңіздің фирма немесе компанияңызда қолдануға болады. 4)Оқу барысында өзіңіізге қажетті консултациямен туындаған сұрақтарыңызға мұғалімдерден жауап алуыңызға болдаы5)Оқу аяқталған соң мамандығыңыз бойынша біліміңізді жоғарлату жөнінде мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі 6)Жоғарға екінші жоғарғы білім алу жөнінде мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. -жоғарғы білім жөнінде диплом -кәсіби дайындық диплом.-Кәсіби дайындық куәлігі-Мамндығы бойынша білімін жоғарлату куәлігі-Жоғарыда айтылған құжаттардың барлығы мемлекеттік үлгідегі құжат болып табылады. Ең маңыздысы дистанциялық курустың аяғында сіз жаңа мамандығы бойынша еркін жұмыс істей аласыз. Егер сізге күндізгі бөлімдегі оқу ыңғайлы деп шешсеңіз онда біз сіздің назарыңызды оқу курсына аударамыз. Сіз компьтерлік саауатыңызды ашу үшін кампьтерлік курстардан өтіп үйренуіңізге болады
3 сұрақ «Тәрбиенің мақсаты» тақырыбына «сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясын» пайдалану арқылы сабақ жоспарын құрастыру
Тақырыбы: Тәрбиенің мақсаты
Мақсаты: жасөспірімдерді өмірге дайындау, олардың жеке тұлғалық даму және қалыптасу жолында жетістіктерге жету үшін жүргізілетін тәрбие жұмыстарыныңалдын ала анықталатын (болжамдалатын) нәтижелері. Негізгі мақсаты жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру
Өткізу әдістері: Студенттермен диалог, мәселелік түсіндіру тәсілі; «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегиялары: ассоциация, эссе жазу, түртіп алу
Жоспар:1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс.2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері.3. Тәрбиенің мақсат-міндеттері.4. Тәрбие процесінің мәні.5. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері.6. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.
1-КЕЗЕҢ – Қызығушылықты ояту
1жаттығу «Ассоциация»
Тәрбиелі адам қандай болуы тиіс? Деген сұрақ қойылып , олардың жауаптары тақтаға жазылады
2 Ауызша пікір алмасу
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.2. Мақсат дегеніміз - бір нерсеге  ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
3 Топтық жұмыс: «Түртіп алу»
Студенттер 3 топқа бөлініп, оларға тапсырмалар беріледі Жұмыс орындалған соң шығармалар тыңдалады және оның себептері талқыланады
5 билет
1 сұрақ.Шығармашылық ойлау критеррийлар.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім алуын қамтамасыз етуге жеке шығармашылық қабілеттерін дамуы үшін жағдай жасауға міндетті делінген. Мектепте алған білім баланың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беріп оны өнімді, шығармашыл, өзіндік ойлауға үйретуі тиіс. Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушысының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған. Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауға қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал, назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді Психологтар бала қабілетінің екі түрлі деңгейі болатынын дәлелдейді. Соның бірі шығармашылық әдіс – жаңа нәрсені ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Ол үшін оқушыға бағыт-бағдар бере отырып, баланың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек деп ойлаймын.Оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі – шығармашылық қабілетті дамытудың басты жолы. Бұл ізденіс, ойлау әрекетімен тікелей байланысты. Ол үшін балаға берілетін білім сабақтастықты қажет етеді. Мысалы, еліктеуіш сөздер тақырыбына орай айналадағы естілген дыбысты, адамдардың, жануарлардың сыртқы пішінін әр түрлі еліктеу сөздер арқылы жаттықтыру, еліктеуіш сөз қатысқан мәтінді оқу, табиғат құбылысына бақылау жасату, еліктеуіш сөз қатысқан сипаттама мәтін құрату, көркем мәтіннен еліктеуіш сөздерді табу, оқушының тілін дамыту ғана емес, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге де әсер етеді, яғни оқушы ізденеді, талаптанады, ойланады.Оқу іс әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Ал оқушы өз тарапынан белсенділік, дербестілік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра алады. Сонымен бірге, әрбір сабақ үстінде шығармашылық тапсырма беріп отыруы тиіс. Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап, әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады.
2 сұрақ.Кредиттік білім беру жүйесі
Қазақстан жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту технологиясы енгізілгені бәріне мәлім. Мақалада кредиттік жүйе жағдайында оқытудың белсенді әдістерін қолдану тиімділігі көрсетілген. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың және дүниежүзілік білім бері кеңістігіне енудің негізі болып кредиттік оқыту жүйесіне көшу саналады. Жоғары оқу орындарының оқу процесіне кредиттік жүйені енгізудің негізгі мақсаты білім алушы жастарға білім беру жұмысын жақсартып, жетілдіру болып отыр. Кредиттік оқыту технологиясы Қазақстанның дүниежүзілік деңгейге көтеріліп, біздің ұлттық білім беру бағдарламамызды халықаралық дәрежеде тануға мүмкіндік береді. Еліміздегі білім беруді дамыту Концепциясына орай Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары үш деңгейлік жүйеге- бакалавриат, магистратура, докторантураға көшірілді. Оның негізгі бір кезеңі болып кредиттік оқыту жүйесін біртіндеп енгізу саналады. Кредиттік оқыту жүйесіне өту - жоғары білім берудің дамуының заңды кезеңі. Енді студенттер бұрынғыдай «сессиядан-сесияға» дейін деген ұранмен оқуды қысқартып, бүкіл оқу жылы бойы әр түрлі тапсырмаларды жүйелі түрде орындайтын болады. Студенттің жеке оқу траекториясын таңдауына мүмкіндік туды. Оның өзі оқытудың көп нұсқалығын мүмкін етеді. Егер оқу кестесі мүмкіндік берсе студент басқа бағыт бойынша, басқа мамандық бойынша сабаққа қатысуына болады. Нәтижесінде студент қосымша мамандық алып немесе аралас мамандануды меңгеруі мүмкін. Сонымен қатар олар басқа курстың және басқа мамандық студенттерімен араласа алатын болады. Кредиттік оқыту жүйесінің тиімділігі оқытушылар үшін де, студенттер үшін де айқын көрінеді, олар келесідей:
оқылатын пәндер саны қысқарады;
студент оқытушыны өзі таңдайды, оқу траекториясын белгілеуге эдвайзер көмекке келеді;
сынақ тапсыру болмайды;
студент өзінің білімділік бағытын пәндерді таңдау арқылы қалыптастырады, білімді бағалаудың рейтингтік жолы білімді бағалауды шынайы әрі көрнекі етеді, студенттер білімі деңгейі жағынан ұпайлары арқылы айырылады;
студенттің күні бойы қолы бос болмайды;
Дәріс жағдаятының мазмұны келесідей қағидаларға байланысты жобаланады:
-теориялық проблема (оқытушы берген ақпарат бойынша);
-жағдаят түріндегі мысал (оқытушы мысал келтіреді);
-жағдаятты шешу (студенттер орындайды);
- осы келтірілген схема бірнеше рет қайталанады.
3 сұрақ ) тәрбие әдістері сабақ жоспары
Тақырыбы: Тәрбие әдістері
Сабақтың мақсаты: Студенттерге тәрбие әдістері туралы түсінік беру, тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекетті байланысын түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Презентация,түртіп алу, топтық және жұптық жұмыс.
Жоспары:
1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс.
2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері.
3. Тәрбиенің мақсат-міндеттері.
4. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу
1 Қызығушылықты ояту
1 «Ассоциация» құру Жұптық жұмыс Студенттер жұп болып «Тәрбие» сөзіне ассоцияция жасайды.
2 Негізгі кезең
Топтық жұмыс Білім алушылар шағын 3 топқа бөлінеді Алдарына дәріс плакат маркер үлестіріледі
1-топ тапсырмасы «Презентация» Дәріс мәтіні бойынша Тәрбие әдісі тақырыбына презентация даярлайды
Үлестірмелі материал
Тәрбие әдістері — ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптікқұзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие әдістеріне бақылау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекеттерді ұйымдастыру және т.б. жатады. Тәрбие әсерінің дағдарысы — тәрбие әрекеттестігінде пайда болатын қиыншылық, мәселелер. Түрлері: әрекет дағдарысы (тым кедергісіз болғандықтан даму процесі тоқталадьі), орта дағдарысы (бала айналасы оң әсер туғызудан қалады), зат дағдарысы, сөз дағдарысы,т б
2-топ тапсырмасы
Жалпы тәрбиеге байланысты ертегі көрініс құру
3-топ тапсырмасы
Топ студенттерін ұяшықтар алаңна шақырамыз Ұяшықтарға барлық дәріс материалдарының мазмұны бойынша сұрақтар жасырылған Студенттер таңдап алған сұрақтарына топпен ойлана отырып жауап береді
3-КЕЗЕҢ Толғаныс
Екі жақты күнделік (кесте толтыру)
Нені білгім келді?
Нені үйрендім
6 билет
1)Оқытудың белсенді әдістері
. Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі - оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
• ес пен тілді дамытуы;
• оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
• оқушылардың білімінің белгілі болуы;
• жақсы диагностикалық құрап;
• үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
• уақыттың көп кетуі;
• қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады.
2. Оқыту принциптері оқытушылық қызметтің негізгі бағдары ретінде
Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер.
1. Оқытудық ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз - құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу.
2. Оқытудық бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі.
3. Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытура аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.
4. Теория мен тәжірибенің байланысы. Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным көзі деген ережесіне сүйенеді.
Өмір және тәжірибе балаларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке өзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудық өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысы-ның жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және поли-техникалық әзірлікке берілген уақытқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
5. Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.
6. Түсініктілік принципі. Бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білімінің, іскерлігінің, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай түсінеді. Аталған принципті жүзеге асыру үшін өуелі оқай, белгілі, қарапайым материалдар, содан кейін қиын, бел-гісіз, күрделі оқу материалдары оқылады.
7). Ынталандыру принципі
Бұл принциптің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады.
Сондықтан мұғалім, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті.
Ынталандыру принципі оқушыларға жеке-дара қарауды керек етеді
8. Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.
Оқу процесінде, сабақтарда балаларды қорқытпай, қысымшылық-жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет.
9. Мәселелік принцип - оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермей, оқушылардан ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Мәселелік принцип - оқушылардың ойлау процесінің психологиясына негізделеді. Өйткені ойлаудық басталуы мәселенің болуына байланысты, басқаша айтқанда, ойлау-мәселелік сұрақ немесе міндеттен басталады.
10. Интеграциялау принципі
Бұл - жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика, өнер мен еңбек, этика мен әстетика, т.б. өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардық арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады.
3. «» тақырыбына сабақ жоспарын құрастыр
Тақырыбы: Оқытудың сөздік әдістері
Мақсаты: Білім алушыларға оқытудың сөздік әдістері туралы толық ақпарат беру.
Сабақ әдісі: Презентация, сұрақ-жауап, шғармашылық тапсырма
Оқытуда сөздік әдістер. Баяндау. Мақсатына байланысты бірнеше әңгіме түрлері бар: баяндап айту, әңгімелеп баяндау, әңгімелеп- бекіту. Бірінші ¬жаңа материалды игеруге оқушыны дайындау, екінші — берілген мазмұнды баяндау, үшінші — оқытуды аяқтау бөлімі.
Берілген әдістің тиімділігі мұғалімнің әңгімелеп беру білігіне, педагогтың сөз байлығына және мазмұндап баяндауына, оқушылардың даму деңгейіне және оның жеткілікті ұғынуына байланысты болады.
Демек, оқушыларға білім беруде олардың қабілетін ескеру керек. Әңгіме әдісі өз ойын жеткізуде логиканы сақтауға, жаңылмай сөйлеуге, сауатты сөйлеуге үйретеді.
Баяндау қысқа (10 мин), эмоционалды тұрғыда болуы керек. Баяндаудын тиімділігі басқа да оқыту әдісі— иллюстрация (бастауыш сыныпта), талдау (жоғары сыныптарда) сонымен қатар мұғалімнің адамдар туралы уақыт пен кеңістікке байланысты таңдап алган деректер жайында болуы керек.
Әңгіменің дамытушылығы. Сонда яғни, елестету, ес, ойлау, қиялдау, эмоциональды қобалжу сияқты психалық процесстерді белсенділік күйге әкеледі. Окушылардың тұрақты зейіні, білімділер, қызығушылығың қалыптастыру, тәрбиелік нәтижесі болып табылады.
Лекция. Лекцияның ауызша әдістен айырмашылығы оқу материалының логикалық мазмұндалуы, акпарат ағымының көптігі, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады.
Мектепте өтілетін лекция: күрделі жүйені, құбылысты, объектіні, құбылыстардың өзара байланысын себеп-салдарды айқындау арқылы жүргізіледі. Лекция жоғарғы сыныптарда өтіледі, өйткені олардың лекциядағы теориялық материалдарды қабылдау және ойлау қабілеттері жеткілікті денгейде қалыптасқан, лекция бір немесе біріктірілген сабақтарда жүргізіледі.. Лекциялық әдіс түсіндіру мен әңгімеден басталып күрделене түседі.
Лекцияны оқыту аспектісі оқушылардың көркемді оқу материалдарын тұтас қабылдап меңгеруі және аяқталғандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Лекцяны дамытушылық тиімділігі окушылардың логикалық ойлау, диолектикалы ойлау тәсілдерін,мұғалім ойының нақтыда абстрактілі ойлау ағымынына білу болып табылады.
Лекцияның тәрбиелік мәні тұрақты еркін зейінін, конспектілеу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Кітаппен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу — өзіндік білім алуды негізгі әдістерінің бірі. Бұл әдістің мәнділігі оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешімімен шектелуінде.
Окулық кітаптар оқу іс-әрекетін атқарады: білім алу, дамытушылық, тәрбие, ойлау, коррекциялық — бақылау т.б.
Кітаппен өзіндік жұмыста оқып шығу, жеке тараулармен танысу, жеке сұрақгарға жауап іздеу, кітапты немесе мәтіндерді рефераттау, мысалдар мен есептерді шешу, бақылау тесттерін орындап, материалдарды есте қалдыру мақсатында жаттау жұмыстарын орындау жатады.
Әдістің сапасы еркін, жылдам оқып, ойдан өткізіп, түсіну, қарастырылатын мәселелеріге әдебиеттер таңдай білуінде.
Берілген біліктердің бәрі оқушының мектепке келген күнінен бастап білім алу мақсатын біртіндеп қалыптастырады.
Бағдарламадағы оқу кітаптары сапасымен ерекшеленеді. Оқушылар жұмыс жүргізу барысында берілген тапсырманы орындауға керекті ықпалды іс-әрекет қарастырып, дұрыс орындалғандығы туралы мағлұмат алады.
Жаңа оқу кітаптары қорытынды кестелерді, диаграммада, графиктерде, көрнекті модельдерде, классификацияларда, коммуникативті түрде жинақталган материалдарда берілген. Демек мұғалімдерге берілген ақпараттарды талдауға көңіл бөліп, оқушылардың білім білігін қалыптастыру керек.
Кітаппен оқу жұмысын жасауда оқушылардың өзіндік бақылау білігін қалыптастыруға көп көңіл бөлген жөн. Оқушы кітаптағы мәтінді қанша рет оқып шыққанын санамау керек, оның оқығанын мазмұндап, толық түсіндіріп бере білу біліктілігін меңгергенін бақылауы керек. Бұл үшін уақыттың көбін берілген материалдарды оқуға емес, оны есте жақсы сақтап, белсенді түрде қайталап айтып бере алатын әдетті қалыптастырғаны жөн.
Әңгіме. Әңгіме мәні бағытты мақсатта және біліктілікте қойылған сұрақтар арқылы оқушылардың алған білімдерін естеріне түсіріп, жаңа білімді игертілуін, өздігінен ойластырып және қорытындылау жолдарын жандандырады. Әңгіме кезінде оқушының ойы мұғалімнің ойын қайталау болып отырады, нәтижесінде оқушы адымдап жаңа білімді игереді. Әңгіме ойлауды белсендіреді, білімді, білікті игертудің диагностикалық құралы болып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға бағыттайды, таным процесін оперативті басқаруға жағдай туғызады. Әңгіме сонымен қатар тәрбие міндеттерін де шешеді. Әңгіме баяндамамен, лекциямен, білімді жүйелі қалыптастыратын басқа да әдістермен қатар қолданылу керек. Әңгіменің оқушыларға керекті білімі мен дағдысын, жаттығуларды өткізуге, оларды қалыптастыруға мүмкіндік бере алмайтындығын ескерген жөн.
Мақсатына қарай әңгімені бірнеше түрге бөлуге болады: кіріспе әңгіме немесе ұйымдастыру; жаңа білім беру (сократтық, эвристикалық т.б.); синтездеуші немесе бекіту; коррекциялық-бақылау.
7 билет
1 сурак
Дәріс мәтінін жобалау
Колледждегі және ЖОО-дағы мақсаты - білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру. «Дәріс» сөзі латынның lection – оқу деген сөзін білдіреді. Дәріс ең алғаш Ежелгі Грецияда пайда болған әрі қарай орта ғасырда Ежелгі Римде дамытылған. Ресейде оқытудың дәрістік формасын ең алғаш М.В. Ломоносов қолданып, таратқан. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап ғылыми және техникалық білімнің артуына байланысты дәріс сабақтарын студенттердің өзбеттілігін және белсенділігін талаптандыратын практикалық сабақтармен толықтыру қажеттілігі арта бастады.
Бүгінгі таңда оқу материялы дәрістік баяндауы қолдаушылар мен қатар, оған қарсы шыққан адамдар да бар. Олардың дәйектерінде шындық та бар. Не болсада, оларды есте сақтаған дұрыс:
1.Дәріс бөтен пікірлерді енжар түрде қабылдауға үйретеді, өзіндік сананаың дамуына кедергі келтіреді. Дәріс қаншалықты кұшті болса, бұл заңдылықтың сақталуы соншалықты нәтижелі болады.
2.Дәріс өз бетімен жұмыс істеуге талапты жояды.
3.Оқулықтар мүлдем жоқ немесе аз мөлшерде болған жағдайда ғана дәріс оқыған дұрыс.
4.Кейбір студенттер айтылған нәрсені ұғынса, көп студенттер дәріс білім алушының сөздерін жазып алуға ғана үлгеріп отырады.
Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, дәрістен бас тарту студенттер дайындығының ғылымилық деңгейін төмендетеді, семестр бойына жұмыс жасаудың жүйелілігін және бір қалыптылығын бұзады. Сондықтан дәріс осы күнге дейін колледж, ЖОО-да оқу үрдісін ұйымдастырудың басты формасы болып отыр. Жоғарыда аталған кемшіліктерді көп орайда дұрыс әдістемемен және оқу материалын ұтымды жеткізуімен жоюға болады.
Оқытудың дәрістік формасы мына жағдайларда қажет:
1.Жаңа енгізілген курстар бойынша оқулықтар болмаған жағдайда дәріс ақпараттың негізгі көзі болып табылады;
2.Нақты тақырып бойынша, берілетін жаңа оқу материалы қолда бар оқулықтарда қарастырылмаған немесе оның кейбір тұстары ескірген жағдайда;
3.Оқулықтың кейбір тақырыптары өз бетімен зерттеуге өте кұрделі болған жағдайда оқытушының әдістемелік өңдеуін қажет еткен кезде;
4.Курстың негізгі проблемалары бойынша екіжақта, қарым – қатынас тұжырымдар болған жағдайда. Бұнда дәріс оларға обьективті баға беру үшін оқылады;
5.Студенттердің көзқарвсын қалыптастыру мақсатында дәріс білім алушының оларға жеке эмоционалдық әсер етуі маңызды болған жағдайда.
Дәрістің артықшылығы:
1.Дәріс білім алушының аудиториямен шығармашылық қарым – қатынас жасауы, шығармашылықпен айналысу, эмоционалдық өзара әрекеттесу;
2.Дәріс – білім негіздерін жалпы түрде алудың ең үнемді тәсілі;
3.Дәріс дұрыс ұғынылып, мұқият тыңдалған жағдайда студенттің ақыл – ой әрекетін белсендіреді.
2 сурак Бағалаудағы қателіктер
Мектеп пен ЖОО – дағы баға коюдың субьективтік қателіктері төмендегідей:
-Кеңпейілділік, орынсыз жомарттық. Баға ретсіз көтеріңкі қойылады. Білім алушыларды бағалаудағы «жомарттықтың» шектен асқан, бүгінгі күнде мектеп тәжірибесінен арылуы қиныдық тудырып отырған формасы – «пайыздыққа» жүгіну.
-Білім алушыға болған ұнамды не кері қарым – қатынас күйін бағалауға, бағаға өткізу;
-Көңіл күйге орай баға қоя салу;
-Тұрақты да қатаң өлшем – шектердің болмауы(деңгейә төмен жауап үшін педагог жоғары не ұнамсыз баға қоя салу);
-Орташа бағалау үстанымында болу( «екілік» не «бестік» бағаларды қоймау);
-Жүйе тұрақсыздығы (оқытушы көп уақытқа дейін сұрақ жүргізбей, баға қоймай не бір сабақты түгелдей сұрақ қоюмен білім алушылар бағасын тізіп салу);
-Өткендегі бағаға жақындай бағаны өоя салу(мысалы білім алушының өткендегі «екіліінен» кейін оған бірден «бестік» баға беру педагог үшін қиын сияқты);
-Білім алушының тәртібіне қойылатын баға пән үлгеріміне ауыстырылады;
-Бағаны әсіре көтеру не себепсіз төмендету және т.б.

3 сурак «Мектеп директорының жұмысы» тақырыбына дәріс жоспарын құрастыру
Тақ: Мектеп директорының жұмысы
Мақсаты: Білім алушыларды мектеп директорының жұмысымен жан жақты толық таныстырып, мәлімет беру
Өткізу әдістері: Диалог, мәселелік түсіндіру, «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегиялары: ассоциация, Түртіп алу, еркін жазу стратегиясы
Күтілетін нәтиже: Студенттер дәрістің соңнда:
-мектеп директорының мақсат міндеттері, атқаратын қызметтері туралы толық білімді игереді.
Дәріс мазмұны:
1 Мектеп директорының лауазымдық нұсқаулығы
2. Жалпы жағдайды
3 Функционалдық міндеттері
4 Лауазымдымды міндеттері
1-кезең ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ОЯТУ
1-жаттығу «Ассоцияция» стратегиясы
Қарастырылатын ұғым Мектеп директоры Студенттер бұл ұғым туралы өз ой пікірлерін білдіреді
2-кезең Негізгі бөлім
Лектор сөзі Мектеп директорының лауазымдық нұсқаулығы
1. Жалпы жағдайды
1.1 Бұл лауазымдық нұсқаулық ҚР нормативті заңы және мектеп жарғысының негізінде өңделген.
1.2 Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының келісімімен (аудан, қала ББ) мкетепдиректорын қызметке тағайындайды және босатады. Мектеп директоры демалыста болғанда немесе еңбекке жарамсыз жағдайда оның міндеттері мекеменің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
Міндеттері ҚР Еңбек кодексімен және мекеме жарғысына сәйкес жүзеге асады.
1.3 Директор лауазымына жоғары педагогикалық білімі бар және еңбек өтілі -------- кем емес тұлға тағайындалады.
1.4 Мектеп директорына оның тікелей орынбасарлары бағынады.
1.5 Мектеп директорының қызметі нормативті және заңды актілер, барлық деңгейдегі білім басқармасының шешімдері, (аудан, қала ББ) дамыту бағдарламасы. Мекеме жарғысына сәйкес іске асады.
1.6 Мектеп директоры нормаланбаған күн тәртібінде, 41- сағаттық жұмыс аптасының негізінде жұмыс істейді.
2. Функционалдық міндеттері

Мектеп директорларының басты қызметінің бағыттары болып табылады:
2.1 білімдік үйлестілігін бақылау.
2.2 Мектепте техника қауіпсіздік ережелерін және санитарлық нормаларды сақтауды ұйымдастырады.
2.3 Өзінің мүмкіншілігінде кез келген мектеп қызметкерінің жұмысын өзгерте алады.
2.4 3.Лауазымдымды міндеттері
Мектеп директоры келесі лауазымды міндеттерді орындайды.
3.1 Мекме жарғысына сәйкес мектептің барлық бағыттағы қызметін жүзеге асырады.
3.2 Мектеп педагогикалық кеңесімен бірге мектептің болашақ бағдарламасын, мақсатын және даму бағытын анықтайды, оның бағдарламалық жоспары туралы шешім қабылдайды.
3.3 Мекеме даму бағдарламаларының атқарылуын, білім алатын бағдарламаларды, оқу жоспарларын,қосымша сабақтарды, жылдық күнтізбелік оқу кестелерін, Жарғыны және мектептің ішкі тәртібі ережелерін және басқа оқулық – әдістемелік құжаттарды үйлестіреді, бекітеді және бақылайды.
3.4 Жоғары тұрған органдармен келісу арқылымектепті басқару құрылымын штаттық кестені анықтайды.
3.5 Оқу-әдістемелік, әкімшілік, қаражаттық және басқа мектепқызметінің барысындағы сұрақтарды шешеді.

3.6 Педагогикалық ұжым және өзге де мектеп қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды.
3.7 Жұмысқа қабылдау және кадрлардың орналастырылуын жүзеге асырады.
3.8 Қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтайды, кәсіпкерлікдеңгейлерін жоғарлатуға жағдай жасайды.
3.9 Жарғыға сәйкес мектеп қызметкерлерінің лауазымды еңбекақы меншерлеріне үстемелер және қосымша толеулерді қосуды анықтайды.
3.10 Оқушылардың сабақ кестесін, жұмыс графиктерін және мектеп қызметкерлерінің педагогикалық жүктемесін, тарификациялы тізімдемесін және демалыс кестелерін бекітеді.
Түртіп алу жаттығуы Әр студент бұл бөлікті жеке орындайды
+ жаңалық
V-білемін
?-түсінбедім
-келіспеймін
3-КЕЗЕҢ толғаныс
Еркін жазу стратегиясы
Студенттерге сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үиренгенін, не алі де білу керек екенін т.б жаилы өз пікірін қағаз бетіне түсіріп жазуға уақыт беріледі Уакыт аякталган сон студенттер оз жазгандарын топ мүшелеріне танстрады
8 билет.
1 сұрақ.И.Ф. Харламов «Әдіс –оқыту барысында ұстаздың қолданатын тәсілдері мен білімді игеру-
ге бағытталған түрлі дидактикалық міндеттерді шешу үшін шәкірттің оқу- танымдық
әрекетін ұйымдастыруы. Оқыту әдісінің көмегімен оқушы белгілі деңгейдегі білімді, іскерлік
әрекеттің машық, дағдысын игереді, дүниетанымын қалыптастырады, қабілетін өрістетеді.
Оқыту әдісінің атқаратын қызметі-білімдендірудегі тиісті мақсатқа жету, ал мақсатқа жету
оқытушының шеберлігіне, білімдарлығына, оқу процесін тиімді ұйымдастыра білуіне және
шәкірттерді ынталандыра алуына байланысты» дейді.
«Әдіс» деп оқытушының тұжырымдамасын бейнелейтін, белгілі-бір мақсатқа жетелейтін, оқытуды ұйымдастырудың тетігі, оқытушының іс-тәжірибесін бейнелейтін оқыту жүйесі деп түсінеміз. Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін жалпы білім беру пәні ретінде филологиялық мамандықтардың студенттеріне оқытуда олардың кәсіптік даярлығын қалыптастыруда В.Оконьнің оқыту әдістерінің классификациясы 6-кестеде ұтымды әдістердің бірі ретінде қарастырылады (кесте 6)
Мысалы, филологиялық мамандықтар студенттеріне ағылшын тілін кәсіптік бағыттап
оқытуда, олардың кәсіптік қызметіне қажетті интеллектуалдық бостандық, рухани
тәуелсіздік төмендегі әдістер классификациясы негізінде қалыптастырылады.
Атап айтсақ, импрессивтік әдіс бойынша студенттер әдеби шығармалармен жұмыс істейді (шығарма және оның авторы жайлы ақпарат, оның негізгі идеясын анықтау, салыстыру, өз пікірін білдіру, студенттің белсенділігін ұштау), экспрессивтік әдіс студенттің қандай-да бір тапсырманы өз жанынан шығаруын (өлең, әңгіме, презентация) немесе жұппен, топпен жасауын қарастырады. Бұл әдістердің ерекшелігі оларды әрбір практикалық сабақта студенттердің қатысымдық бағытта өздігінен жұмыс істеу, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу шеберліктерін қалыптастыруда қолдануға бейімділігі. Сондықтан,
аталған әдістерді қолдану: сабақты тиімді ұйымдастыру, тілді кәсіптік бағытта оқыту және студенттің меңгерген білімін қолдана алу мүмкіндіктерін кеңейту, студенттердің өздік жұмысын
тиімді ұйымдастыру, студенттердің танымдық, шығармашылық
белсенділігін арттыру, бағалау дағдыларын қалыптастыру ағылшын тілін оқытуды тиімді жүзеге асырудың алғышарттары болады.
Әдісарқылы оқытушы түрлі оқу құралдарын, студенттердің білім деңгейін, берілген сағат
санын ескере отырып, түрлі әдістемелік тәсілдер
ді қолданады. Жұмыс барысында ағылшын
тілін оқыту тәжірибесінде қолданылып жүрген түрлі әдістер зерделенді. Әрбір әдістің өзіндік
ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
6-кесте. Оқыту әдістерінің классификациясы
–танымдық белсенділікке негізделген білімді (репродуктивтік мазмұндағы) игеру
әдістері (әңгіме, талқылау, материалмен жұмыс);
–шығармашылық танымдық белсенділікке негізделген білімді өздігінен меңгеру
әдістері (проблемалық әдіс, ойындар т.б.);
–эмоционалдық-көркемдік белсенділікке негізделген бағалау әдістері (импрессивті әдіс, эк-спрессивті әдіс, жаттығулар);
–практикалық әдістер.
Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда студенттердің кәсіптік-қатысымдық
даярлығын қалыптастыру мақсатталғандықтан, сыни ойлау және шығармашылық-
ізденімпаздық қадамды дамытуға ықпал ететін, оқытушы мен студенттің өзара қарым
-қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған қатысымдық әдіс ағылшын тілін оқытуда басшылыққа алынады.
2 сұрақ. Педагогикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін жоғары мектептегі оқыту процесінің дамуы мен мәнін, құрылымын, қисынын (логикасын) түсіну маңызды. Ол үшін оқыту процесінің негізгі құрылымдық бөліктерін бөліп алу қажет.
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес.
Сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.
Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты - сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді
9 билет
1 сұрақ Оқыту принциптері туралы тусінік
Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер -оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды.
Дидактикалық приндиптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер секіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.
(Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады.
Сонымен - ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі:
- ғылымилық,
- саналылық пен белсенділік,
- көрнекілік,
- жүйелілік пен бірізділік,
- беріктілік,
- тиімділік,
- теория мен тәжірибенің байланыстылығы.
2-сұрақ Семинар формалары
Семинар сөзі латынның « seminarium” деген сөзінен шыққан- егу деген мағынаны білд.
Семинар-қатысушылардың өзара әрекеттесуі және қарым қатынасы.
Семинар сабақтарының формалары: а) алдын ала белгіленген жоспар бойынша әңгіме,
ә) білім алушылардың шағын баяндамалары, кейін оны семинарға қатысушылар талқылайды. Семинар-бұл білім алушылармен тікелей байланыс, сенімді қарым қат орнату, пед.қ қар-қатынас. Семинар сабақтарында біріккен шығармашылық, біріккен іс әрекет ұстанымы жүзеге асырылады. Семинар сабағының дәстүрлі ұйымдастырылуы төмендегідей формаларда болуы мүмкін
1 Топтық форма Оқытушы тұтас топпен әрекеттеседі Бұнда оқытушы қарым қатынастың топтық тәсілін сақтайды. Семинарды ұйымдастырудың мұндаи формасы білім алушыларды енжар позицияға қояды
2Дөңгелек үстел Ынтымақтастықпен жұмыстану және өзара көмекке келу жүзеге асырылады
3Пікірталас семинар-курстың теориялық және практикалық проблемалары біріккен жұмыс арқылы талқыланып шешілетін қатысушылардың диалогтык қарым қатынасы
3-сұрақ «Оқыту принциптері» сабақ жоспары
Тақырыбы: Оқыту принциптері
Сабақтың мақсаты: Студенттерге оқыту принциптері, заңдылықтары туралы жан жақты мәлімет беру, оқыту принциптері түрлерімен таныстыру Студенттердің оқыту принциптері жөнінде алған жан жақты ақпаратын өздерінің өмір сүру бар барысында қолдана білуін ұиымдастыру
Сабақтың әдісі: Презентация, түртіп алу, сұрақ-жауап,шығармашылық тапсырма
Жоспары:
1 Оқытудың принциптері туралы түсінік
2 Оқытудың заңдылықтары
3 Оқытудың принциптері мен ережелері
1-КЕЗЕН Қызығушылықты ояту
1-жаттығу «Ауызша пікір алмасу»
Тапсырма: Студенттердің тақырып бойынша түсініктерін, пікірлерін білу мақсатында сұрақтар қойлады
2-кезең Жеке жұмыс Дәрістің 3-4 сұрағын түсіну үшін «Түртіп алу» стратегиясын орындау тапсырылады Әр студент бұл бөлікті жеке орындайды
+ жаңалық
V-білемін
? түсінбедім
-келіспеимін
Сұрақ жауап әдісін қолдану арқылы тапсырма талқыланады
Принциптер мен ережелер туралы ұғым. принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, "принцип" сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.
А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудық өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудық белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол "Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар" - деп тұжырымдалады.
3-КЕЗЕҢ ТОЛҒАНЫС
Жаңа сабақты қорытындылау үшін жалпы топ студенттеріне «Принциптер мен заңдылықтар» ертегісін құру тапсырылады. Әр студент бір-бір сөйлем құру арқылы ертегінің желісі құрылады.
10-билет
1.Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер (И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин)
Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушылар ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды.
Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру, кітап, қосымша құралдар, көрнекі құралдар арқылы беріледі. Мұғалім – есептер шығарады, теоремаларды дәлелдейді, жоспар құруға үйретеді. Оқушылар - мұғалімнің іс-әрекетін қайталайды, тыңдайды, көрнекіліктеріне қарайды, заттармен жұмыс істейді, оқиды, бақылайды, жаңа оқу материалдарын бұрынғы білімдеріне қосады.
Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс арқылы адамзат жинақтаған тәжірибені аз уақыт ішінде беруге болады. Оның пайдасы ғасырлар бойы тексерілген және көп елдерде қолданылады.
Көп ғасырлар бойы білім беру үшін мұғалімнің сөзі, оқу кітаптары, жұтаңдау көрнекі құралдар қолданылады. Қазір ақпараттар техникалық құралдар арқылы да берілуде. Олар арқылы ғалымдармен, жазушылармен, суретшілермен, әртістермен, конструкторлармен, т.б. кездесу өткізуге болады.
Оқу кинолары, телехабарлары зат және құбылысты жақсы қабылдап, түсінуге көмектеседі. Олар арқылы өсімдіктің қалай өсетінін, ғарыштағы микроағзалардағы құбылыстарды көреді. Жұмыс істеп тұрған үлгілерді, табиғи объектілерді демонстрациялауды кең қолдану керек.
Түсіндермелі-иллюстративтік әдіс бастауыш мектептерде кең тараған. Ол арқылы білім "дайын" күйінде беріледі. Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады. Бұл әдісті шектен тыс қолдануға болмайды.
Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің есебіне ұқсас есептер шығарып, тіл сабақтарында үлгі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен станоктармен жұмыс істеп, химиядан, физикадан тәжірибе жасайды.
Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқыл ы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушыл ар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады.
Оқушыларға берілетін нұсқаулар жетілдіріліп, жауаптары бар бағдарламаланған оқулықтар жасалуда. Оларға ауызша түсіндіру, қалай жұмыс істеуді айтумен қатар, жұмыс істеуге керек сызбалар, кинодан үзінділер көрсетіледі.
Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады.
Оқушыларға алгоритм беріледі. Алгоритм - оқушыға зат не құбылысты толық білуге көмектесетін бағыт беретін іс-әрекеттердің жүйесі. Оқушыларға конспектілеудің, салыстырудың, есеп шығарудың алгоритмдері беріледі. Алгоритмдер бірнеше операциялары бар дағдыларды қалыптастыруға пайдалы, себебі күрделі іс-әрекеттен оның жеке операциялары бөлінеді.
Репродуктивтік әдіс бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Ол арқылы тәжірибелік жұмыстар атқарылады. Оқушылар өз бетімен меңгере алмайтынын, олар үшін мүлдем жаңа тақырыптарды репродуктивтік әдіспен беру керек.
Аталған әдісті шектен тыс қолдану жаттандылыққа әкеліп, оқушының шығармашылығын, ақыл-ойын дамытпайды. Себебі репродуктивтік әдісті қолданғанда оқушылар үлгі, нұсқау бойынша жұмыс істейді.
Мәселелік әдісті қолданғанда оқушылар орындайтын іс-әрекеттен шығармашылық іс-әрекетке көшеді. Бастауыш мектептің оқушылары мәселелік міндеттерді өз бетімен шеше алмайды, сондықтан мұғалім оларға мәселені шешу жолдарын көрсетеді, мәселені толықтай өзі шешеді. Оқушылар мәселені шешпесе де, танымдық қиындықтарды шешу жолдарын көреді. Мәселелік әдістің орта және жоғары сыныптарда пайдасы көп. "Токты күшейту және әлсірету үшін, температураны көтеру және түсіру үшін не істеу керек?" - деген сұрақтар мәселелік сұрақтар.
Қиын жағдаят мәселені шешуге керекті білімдерді, ақыл-ой жұмысына қабілетті, үлкен белсенділікті талап етеді. Оны оқушылар өз беттерімен немесе мұғалім көмегімен шешеді.
Мәселелік жағдаятты тудырудағы мақсат - оқуды қиындату арқылы оқу материалдарын меңгерту, баланың ақыл-ойын жұмыс істету. Мәселелік жағдаят сұрақтар қою, болжам айту, дәлелденбеген пікірлерді талдату арқылы жасалады. Оқылып отырған құбылыстың сызбасы, диаграммасы жасалады. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеп, білімдерін емін-еркін естеріне түсіреді. Мәселелік әдіс оқушыларды тапқырлыққа, қарама-қайшылықтарды түсінуге, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім табуға үйретеді.
Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс. Оқушыға мәселені өз бетімен шешуге үйрету үшін, оған шағын зерттеу жұмыстарын беру керек. Мұғалім картиналар, құжаттар көрсетіп, оларға сұрақ қоюды ұсынады, фактілерден қорытынды шығартады, ұсыныстар айтқызады. Эвристикалық әдіс арқылы сабақ өткізетін мұғалім алдын ала мәселені шешуге алып келетін, оқушылардың білімдерін еске түсіртетін сұрақтар әзірлейді.
Эвристикалық әңгіме үшін құрастырылған сұрақтар мәселелік сипатта болады. Оқушылар ізденеді, шығармашылықтарын көрсетеді. Оқушылар жеке мәселелік сұрақтарды шешсе, онда ішінара – ізденіс әдісінің қолданылғаны. Мұғалім тапсырма әзірлеп, оның қай жерлерін оқушылар зерттеу арқылы орындайтынын белгілейді.
Зерттеу әдісі шығармашылық жұмыс тәжірибесін жақсы үйрену үшін қолданылады. Зерттеу әдісі арқылы оқушы білімін қолданып, ғылыми таным әдістерімен жұмыс істеп үйреніп, жаңа мәселелерді шешу тәжірибесін жинақтайды.
Зерттеу жұмыстары сабақта, үйде орындалып, бір аптада, бір айда орындалатын тапсырмалар жоспарланады. Мысалы, әдебиеттің мұғалімі "Қазақстан жазушыларының нарық кезінде жазған шығармалары" - деген тақырыпта тапсырма береді. Оқушылар барлық жұмысты өз беттерімен орындайды. Өсімдіктер өсіру үшін қолданылған агротехникалық тәсілдердің пайдасын анықтау жөнінде тапсырмалар беріліп, зерттеу жұмысының жоспары жасалып, қорытындыларының дұрыстығы тексеріледі. Осы жоспармен туған өлке тарихын зерттетуге болады. Оқушылар эксперимент жүргізеді, ғылыми эксперименттерге қатысады, ұзақ уақыт кететін тапсырмалар көп болмау керек. Әр пәннен жылына бір рет тапсырма берген жақсы. Бір оқу жылы ішінде барлық пәндерден зерттеу жұмыстарын беру тиімсіз. Зерттеу жұмысының түрлері: өсімдіктерді, жануарларды, табиғат құбылыстарын бақылау, баяндамалар оқу, технологиялық процестерді жетілдіру туралы ұсыныстар айту, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді талдау, т.б.
ІХ-Х сынып оқушыларын әдебиетті іріктеуге, аннотация жасауға, конспектілеуге, картотекалар жасауға, жоспар жасауға, материал жинауға, оның жоспарын жасауға, құрастыруға, баяндауға үйрету керек.
Зерттеу кезеңдері: 1) факті, не құбылыстарды бақылау, зерттеу; 2) зерттелетін мәселелерді анықтау; 3) мәселені шешу жөнінде жорамал айту; 4) зерттеудің жоспарын жасау; 5) зерттеу; 6) нәтиже; 7) оны қолдану туралы ұсыныс.
Оқушының шешетін мәселелері оқу бағдарламасына ену керек. Оқушының зерттеуі ғалымның зерттеуіне ұқсас, күрделі болмау керек. Оларды әдіскер-ғалымдар жасайды.
Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі
Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс.
Эвклидтің элементарлық геометриясы дедуктивтік әдіспен оқытылады. Бірақ оқушылардың дайындығын қатаң түрде ескеру керек. Егер олар кейбір ұғымдарды, теорияларды білсе, онда мұғалім оларды жеке зат және құбылыстарды меңгерту үшін қолданады.
Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады. Мысалы, теңіз кемелерінің қанша тонна жүк көтеретінін білу үшін Архимед заңы қолданылады. Жазбаша жаттығу жазғанда белгілі грамматикалық ережелер қолданылады.
Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі дедукциямен бірге қолданылады.
Осы екі әдіс арқылы ой-тұжырымдарын жасау - оқытудың логикалық негізі болып табылады. Оқу пәнінің мазмұны, логикасы бағдарламасы индукция әдісін қолдануды талап етеді. Индукция әдісі бастауыш сыныптарда жиі қолданылады. Себебі Бұл жастағы балалар нақты жеке құбылыстарға қызығады. Олардың кейбір белгілерін анықтап, талдап, қорытындылар жасайды. Осылайша жасалған ұғымдарын сөз арқылы айтады. Осы кезден бастап дедукция әдісі қолданыла бастайды.
Импрессивтік әдістер. Импрессия (латын сөзі, әсер, толғаныс, сезім) әдісі арқылы балалар мен жастар немесе ересектер шығарма және оның авторы туралы ақпарат алып, оны талдап, шығарманық негізгі идеясын айтады.
Оқушы шығарманық негізгі идеяларын оның кейіпкерлерінің мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен салыстырады, өзінің сөзі мен ісіне ойлана қарай бастайды.
Осы әдісті әдеби шығармаларды, сахналық қойылымдарды, кинофильмдерді, сәулет өнері, саз өнері шығармаларын және адамның мінез-құлқын талдау үшін қолдануға болады. Бұл әдісің тиімділігі ең алдымен шығармаларды іріктеуге, мұғалімнің оқушыларды әсерлендіре білуіне, оқушылардың өз ойын басқалармен бөлісе алуына байланысты.
Экспрессивтік әдістер. Экспрессия (латын сөзі, бейнелеу) әдісі арқылы жасалған жағдайда оқушылар нақты құндылықтар жасап, өздерін танытады. Оның жақсы мысалы оқушылардың сахналық қойылымдарда түрлі рөлдерде ойнауы, сценарий жазулары, режиссер, ұйымдастырушы болулары, қарапайым шығарманы сахнаға лайықтап қоюы.
Мұғалім экспрессивтік әдіс арқылы топқа және жеке оқушыларға сурет салдырып, мүсін жасатады, қысқа метражды фильм шығартады. Оқушылар жұмысының көрмесі, тарихи оқиғаларды сахнаға лайықтап қою да экспрессивтік әдіс арқылы жасалады.
Адамдардың қарым-қатынасын әнмен айтылатын қысқа комедиялы пьеса немесе психологиялық драма түрінде көрсету оқушыны жақсы болуға тәрбиелейді.
Бала тебірене, толғана отырып рухани құндылықтарға баға береді. Бұл баға өзгермейді.
Экспрессивтік әдіс оқушылардың шығармашылық белсенділігін туғызады, фотоаппарат, ұнтаспа, радио, теледидар, ұлғайтқыш аппараттар, кинокамера, күйтабақ, бейнемагнитафондар адамдар жасап шығарған рухани мәдениетті көруге, үйренуге көмектеседі, тәрбиеленушілердің біліктілігін арттырады.
Ынталандыру әдісі
Қызығушылықтың үш түрі:
• іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы;
• танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі;
• іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.
Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.
Педагог ақын М.Жұмабаев ақыл көріністері әсерленуден пайда болады, әсерленудің күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі деп көрсетеді. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин әдеби шығармалардың адамгершілік туралы жазған жерлерін оқушыларға талдатады. Қызықты мысалдар, тәжірибе жүргізу, бір-біріне кереғар келетін айғақтар оқушының түрлі сезімдерін туғызып, оны оқуға ынталандырады. "Тұрмыстағы физика", "Ертегілердегі физика" деген тақырыпқа мысалдар жинату да пайдалы жұмыс.
Атақты ғалымдардың және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы кештер, көркем әдебиеттен үзінділер оқу танымдық қызығушылықты арттырады.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық тақырыптарының мазмұны - оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал.
Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі - танымдық ойындар. Пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады.
Жауапкершілікті қалыптастыру әдістері.
Тәсілдері:
• оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру;
• талап қою;
• талаптарды орындауға үйрету;
• өз міндеттерін жақсы атқаратындарды мадақтау;
• керек жағдайда жазалау әдісін қолдану;
• оқушыға кемшіліктерін айтып, оларды түзетуге көмектесу. Оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру үшін мұғалім өндірістің дамуына ғылымның қалай әсер еткенін айтып, білімділік еңбек өнімділігін арттырып, жаңашылдыққа әкелетінін дәлелдейді.
Оқушыға оқудың пайдасын түсіндіру. Жаратылыс-математика бағытын таңдаған балаларға қоғамдық ғылымдардың, қоғамдық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқитын оқушыларға жаратылыс-математика бағытындағы пәндердің пайдасын түсіндіру үшін өндіріске экскурсияға, мәдени орталықтарға, кітапханаларға экскурсияға апарудың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің дарынды балаларға жасап отырған қамқорлығын, түрлі олимпиадаларға қатысудың, мамандығын растайтын құжаттардың тіршілік үшін маңызын түсіндірудің пайдасы зор.
Оқуға байланысты талаптар қою әдісі арқылы оқушыларға барлық пәндер бойынша бағалау өлшемдері, мектептің ішкі төртібі, оқушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Оқушыларды оқу жұмысының алуан түрін орындауға үйрету, жаттықтыру борыш пен жауапкершілікті қалыптастырады. Үлгілі оқушылар мен мұғалімдердің де бала оқуына ықпалы зор.
Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері.
Мадақтау түрлері:
• баға қою;
• тапсырмалар арқылы оқушыны табысқа жеткізу;
• оқушыны тәжірибе және зертханалық жұмыстарды жүргізуге көмекші етіп алу;
• топтық тәжірибелік жұмыс кезінде оқушыға бөлімшелерді басқарту;
• үлгерім және сабаққа қатынас көрсеткіштерін шығару;
• білімнің қоғамдық байқауының қорытындылары бойынша мадақтау;
• жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуі, т.б.
Жазалау түрлері:
• сабақта оқушыға ауызша ескерту жасау;
• күнделікке, дәптерге "қанаттанғысыз" баға қою;
• қателерін айтып, қосымша жұмыс істеуді талап ету.
Ойын - оқыту әдісі
Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды.
Симулятивтік ойындар кезінде оқушылар өз бетімен күрделі мәселелерді шешеді. Бұл ойындар алғаш рет әскери училищелерде кескілескен шайқастарды бейнелеу үшін қолданылған. XX ғасырдың 60 жылдарының басында көптеген елдердің білім беру ұйымдарында іскерлік ойындар қолданыла бастады.
Іскерлік ойындар арқылы бала түрлі оқиғаларға қатысып, еңбек, отбасылық, қоғамдық қатынастарға енуге әзірленеді. Енді отбасындағы өмірді түсінуге көмектесетін іскерлік ойыннан үзінділер келтірейік.
2. Оқыту үрдіңсінің ажырамас бір бөлігі диагностика б.т. Диагностиканың көмегімен белгіленген мақсат, мінднттердің табысты орындалуы. Ол болиаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика- бұл дидактикалық үрдістің нәтижесін анықтау. Диагностика түсінігінің мәні білім, еептілік және дағдыларды тексеру түсінігімен салыстырғанда, едәуір терең әрі кең. Тексеру нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс-тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар-бағыты, ілгеріліне кері қозғалысы анықталады. Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және білім алушыны қамтиды.
Білім берудегі диагностиканың міндеттері:
- білім алушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау / білім алуға әзірлігі, психикасының қызметі, дамуы/
- оқыту үрдісінің барысын және ңәтижелерін талдау / білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік дағдыларды қолдана білуі, щй жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығ. іс-әрекет тәсілдерін білу/
- тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау / тәрбиелік деңгейін, адамгершілікке сенімін, адамгершілігін/.
3. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс — қимылға қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. Топта жұмыс жасаудың ережелерін оқушылардың өздеріне плакатқа ойластырып жазуларын сұрайды. Барлық сабақтың кезінде бұл ереже көрінетін жерге ілулі тұрады. Ережені өздері жасағандықтан оқушылар оның бұзылмауына ерекше назар аударатын болады. Мысалы, мынадай ереже тізімі:
1.Бір-бірін мұқият тыңдау;
2.Сөйлеушінің сөзін бөлмеу;
3.Бір-бірінің пікірін құрметтеу;
4.Мен – пікір;
5.«Тоқта» ережесі;
6.Ортақ пікірге келу;
7.Құпиялылық т.б. дамыту арқылы алғыр оқушы болу ықтималдығынабарынша мол үлес қоса алады.
Топтық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Талап бойынша топтық жұмыста жеке тапсырма, жұптық тапсырма, топтық тапсырмалар беріліп отырады.

11 билет
1. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді. Баға оқушыға білімдік стандарттарды меңгергені үшін қойылады.
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - баланы өзіне баға беруге дағдыландыру үшін оған бағалау өлшемдерін түсіндіру.
Дәстүрлі төрт баллдың бағалау жүйесі:
• толық біледі (өте жақсы);
• жеткілікті біледі (жақсы);
• жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық);
• білмейді (қанағаттанғысыз).
2. Кредиттік оқыту жүйесінің Қазақстанның ЖОО-да ендіру үдерісі шетелдік тәжірибені зерттеу, салыстыра талдау және жинақтау арқылы, білім сапасын төмендетпей, ұлттық менталитетті ескере және қолда бар жасалғандарды тиімді қолдана отырып, білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістеренгізуді талап етті. Осыған орай білім берудің парадигмалары өзгерді. Кредиттік жүйеде білім берудің жаңа парадигмасы *оқу –қалай оқығаныңа қарай*, *өзін-өзі дамыту*, *өмір бойына оқу* болып өзгерді. Жаңа жүйеде оқытушы студенттерге өздігінен білім алудың түрлі әдістері мен жолдарын көрсете отырып, студенттің өз бетімен жасайтын танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы б.т.
К.о.ж- дараландыру. Білім беғру траекториясын таңдау, оқу үрдісін реттеу шеңберінде және білім көлемінкредит түрінде екенін ескеру негізінде өзіндік білімді құрау және шығ. білімді игеруге бағытталған білім беру жүйесі.
3. Білім беру мазмұны педагогикалық бейімделген білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың жүйесі, шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүниеге деген эмоционалдық-құндылық қатынас, оларды меңгеру тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді.
Тақырыбы: Білім беру мазмұны
Сабақтың мақсаты: Студенттенрді білім мазмұны туралы толық ақпаратпен қаруландыру, ҚР білім мазмұны туралы түсінік беру, Білім мазмұны құрылымы мен принциптеріне толық мәлімет беру.
Жоспары: 1.Білім беру мазмұны туралы түсінік және щның мәні 2.Білім мазмұнын қалыптастырудың принциптері және ұстанымдары 3.ҚР Білім туралы заңыжәне білім мазмұнына қойылатын жалпы талаптар 4.Оқу жоспары,бағдарламалары,оқулық және оқу құралы 5.оқулыққа қойылатын талаптар.
Сабақтың әдісі: Ойын-оқу үдерісіндегі оқытудың формасы әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды оқытушы мен тыңдаушының бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысы технологиясы ретінде қолдануға болады.
Ойынның мақсаты: бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру. тиянақтау, пысықтау.
Міндеті: тыңдаушының қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

12 билет
1сурагы
Гальпериннің ақыл-ой қызметін кезең-кезеңңмен қалыптастыру теориясы.
Оқытудың инновациялық моделінің классификациясы.
1.Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар.
•Ойын технологиясы
•Проблемалық оқыту
•В.Ф.Шаталовтың тірек белгілері бойынша оқыту технологиясы
•Е.И.Пассованың, коммуникативтік оқытуы
2. Оқыту процесін тиімді ұйымдастыру мен басқару негізіндегі педагогикалық технология
•программалық оқыту
•дифф-лап оқыту технологиясы.
•Индифизациялап оқыту технологиясы.
•Топтың және ұжымдық оқыту.
•Компьютерлік технологиясы.
3. Оқу материалын әдістемелік жағынан даярлау және дидактикалық қайта құру негізіндегі педагогикалық технология.
•дидактикалық бірлікті ірілендіру.
•Гальпериннің ақыл-ой қызметін кезең-кезеңмен қалыптастыру технологиясы.
•М.Б.Воловичтің ақыл-ой қызметін кезең-кезеңмен қалыптастыру технологиясы.
•Библердің «мәдениет диалогы» технологиясы.


. Ақыл-ой қызметін кезең-кезеңмен қалыптастыру теориясы-ішкі қызмет, .сыртқы іс-әрекет үлгісі бойынша құрылады.
Теориялық негіз і-жаңа іс-әрекет бағыттауға бағынышты.
Білімді меңгеру- (Гальперин бойынша) – бұл игерілген ұғымды қолдану бойынша іс-әрекеттің меңгерілу негізінде жүзеге асырылатын процесс.
Білім – бұл біріншіден ұғым, ал міндеттерді шешу- объектінің айрықша белгілерін пайдалану. Белгілерін пайдалану бойынша іс-әрекетті меңгеру ұғымдыы түсінуге әкеледі. Іс-әрекетті және білімді меңгеру 6 кезеңнен тұрады.
Гальпериннің ақыл-ой қызметін кезең-кезеңмен қалыптастыру теориясы.
Ол-іс-әрекет пен білімді меңгеру процесі.
1кезен Мотивация кезеңі- Бұл кезеңде объектіге жеке қатынас пайда болады,, объектіге қызығушылық (ішкі мотив) іскерлік, пікір ой, жарыс (сыртқы мотивация)
2 кезен Бағыттаушы негіздегі іс-әрекетті меңгеру кезеңі- Бағыт пен нұсқаулар жүйесін айқындайды, бағыттаушы негіздегі іс-әрекет қандай болса, оқу процесі соған байланысты болады. Бағдарланған негіздегі әрекетті жаңа іс-әрекетті атқарғанға дейін қалыптастыру керек.
3 кезен Материалдық формадағы іс-әрекетті меңгеру кезеңі- Бағыттаушы негіздегі іс-әрекеттен соң ақыл-ой қызметі материалдық формада, яғни мәтін, схема, жоспар, үлгі ретінде ұсынылады. Оқушылар ақыл-ой қызметін объектілермен біге орындайды.
4 кезен Қатты сөйлеу әрекетін орындау кезеңі- Бұл кезеңде тілдің көмегі арқылы санада мазмұн маңызды орын алады, себебі мазмұн іс-әрекеттің тірегі болады.
5 кезен «Іштей» сөйлеу әрекетін орындау кезеңі- Қатты сөйлеу қызметі іштей сөйлеуге ауысады. Сөздің дайындық жағы біртіндеп жоғалады
6 кезен Ақыл-ой формасында әрекетті орындау кезеңі- Абстрактідегі мазмұнды ақыл-ойлы өзгерту әкеледі. Тілдік процесс санадан кетеді, онда тек соңғы нәтижені қалдырады.
В.В.Давыдовтың оқыту стадияларының сатылары.
Бірінші кезекте оқушылармен теориялық ұғым меңгерілу керек. Бұл ұғымдарды оқушылар өздері меңгеруі тиіс, дайын күйінде берілмеу керек. Ұғым нақты фактілермен таныстырылуы тиіс. Білімнің бөліктері жалпы нақты заңдылықтан алынуы керек.
1-сатыда - оқушылар мұғалім ұсынған оқудың ситуациялық міндеттерімен танысады.2-сатыда - оқушылар міндеттерді шешу үшін қызмет атқаратын қайта жасау материал үлгілерін меңгереді.3-сатыда - қатынастар белгі моделі формасында белгіленеді.4-сатыда - міндеттерді шешетін шарттар мен әдістерді шығаратын қасиеттер айқындалады.
2Сурагы САБАҚ ТҮРЛЕРІ МЕН ТИПТЕРІ
Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз. Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерек-шеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшелік-теріне де байланысты болып келеді. Мысалы, И. Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С. В. Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді. И. Н. Казанцев бойынша: Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар. Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ. Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы. Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы. Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар. 7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары. 8. Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар. 9. Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары. 10. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары. С. В. Иванов бойынша: Кіріспе сабақтар. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы. Жаңа білімді меңгеру сабағы. Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы. Дағдылану сабағы. Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары. Бақылау сабағы. Б. П. Есипов бойынша: Аралас сабақтар. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы. Пысықтау сабағы. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы. Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы. Білім сынау сабағы. Сол секілді шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехословакия мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақты жіктеуде біздің тәжірибемізге ұқсастығын байқаймыз. Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы. Жаттығу сабағы. Қорыту сабағы. 4. Қайталау, білім сынау сабағы. 5. Аралас сабақ. Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жат-қызуға болады: Кіріспе сабағы. Жаңа білімді хабарлау сабағы. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы. Жаттығу және тәжірибе сабақтары. Зертханалық сабақ. Қайталау-қорыту сабағы. Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы. Аралас сабақ өздігінен білім алу сабағы. Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгілі бір заңдылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалім оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай ''Жаңа білімді хабарлау сабағы'' деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс жүзінде пйдалана білу жолын қарастырса, онда ол ''Жаттығу немесе практикалық сабақ'' деп аталады. Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушы-лардың есіне салу, қайталау мақсатын көздесе, ол ''Қайта-лау-қорыту сабағы'' деп аталады. Ал сабақтың ''Аралас сабақ'' түрі оның құрылымына байланысты болып келеді. Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап. қорытады, сонымен бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас өтеді. Міне, осындай сабақ түрі ''Аралас сабақ'' деп аталады. Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынандай болып келеді: 1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау). Сабақта үй тапсырмасын тексеру. Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру. 4. Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жат-тығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу). 5. Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы. 6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі болады. Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтас-тыру, оның құрылымын белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтың кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде. Кіріспе сабағының құрылымы 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Жаңа оқу материалын ендіру. Жаңа білімді пысықтау, бекіту. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру. Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасының жаңа тақырыптарын немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың немесе тақырыптың оқу-тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы сабақтарда оларды өткізу тәртібін оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу материалдарының мазмұнын оқып үйренудің тәсілдерін көрсетеді. 5. Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Жаңа оқу материалын ендіру. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру. Алғашқы тарау немесе тақырыптық кіріспе сабақ-тарына қатысты мәселелерді шешіп алған жағдайда, ендігі жерде мұғалім ағымдағы әрбір оқу материалын меңгеруге сай сабақтар жүйесін ұйымдастырады. Сабақ үстінде жаңа білімдерді баяндау немесе түсіндіру жұмыстары оның өн бойында жүріп отырады. Сондықтан да ол сабақтың негізгі бөлімі болып есептеледі. Сабақта қойылған мақсатқа сәйкес және оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттеріне орайластырып жаңа білімдердің баяндалуына тиісті мөлшерде уақыт бөлінеді. Жаңа сабақты (білімді) хабарлау барысында мұғалім-нің оқу материалын түсіндіруі оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінен істейтін жұмыстарымен ұласып отырады. Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оқушыларды сабаққа әзірлеу. 2. Бұрын өтілген оқу материалдарын қайталау, пысықтау. 3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығу-лар мен практикалық және лабораториялық жұмыстарын атқаруы. 4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, түсіндіру. Жаңа білімді оқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың пысықтау және бекіту кезеңдері де белсенді қызмет атқарады. Себебі жаңадан оқып үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың елеулі элементі болып табылады. Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы да берік меңгеру мүмкін емес. Сондықтан білімді бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр алуан болып келеді. Мұғалімнің түсіндіруі жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз бетінше жаттығу істері және тәжірибелік-зертханалық жұмыстарында тәжірибелер жүргізіп, көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса атқарылады. Оқу жұмысының мұндай алуан түріне қарамастан мұғалімнің сөзі жетекші рөл атқарады. Мұндай сабақтарда бұрынғы ұғынған оқу материалдарын оқушылардың қаншалықты терең меңгергенін, көлемін, сапасын тексеру жұмыстары да кіреді. Жаттығу және тәжірибелік сабақтың құрылымы Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығу-лар мен практикалық және лабораториялық жұмыстарын атқаруы. 3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру. Практикалық сабақ оқушылардың алған теориялық білімдерін практикамен байланыстыру, пысықтау және бекіту мақсатын көздейді. Практикалық сабақты жүргізу үшін түрлі жаттығу жұмыстары мен тәжірибелер қолданылады. Олар әр пәннің ерекшеліктеріне қарай атқарылады. Мысалы, тілден граматикалық түрлі ережелерге сәйкес жазбаша және ауызша жаттығу не талдау жұмыстары жүргізілсе, сызу пәнінен графикалық, ал физика мен химиядан лабора-ториялық-эксперименттік тәжірибелер жасалады. Яғни, практикалық сабақтарда оқушылардың білімімен қатар олардың біліктілік және дағдыларын пысықтау да көзделеді. Қайталау сабағының құрылымы Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Бұрын өткен оқу материалдарын қайталау, пысықтау, еске түсіру арқылы оларды жүйеге келтіріп, жинақтау және қорытындылар мен тұжырымдар жасау. 3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру. Қайталау-қорыту сабақтың аса көп тараған түрі. Қайталудың мақсаты - өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды (қай-талау - оқытудың анасы), оқушыларды өздігінен қоры-тынды жасауға үйретуді көздейді. Бұған мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп, тыңғылықты әзірлігін қажет етеді. Қайталау сабақтары не сабақ үстінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткізіледі. Ол оқу бағдар-ламасы бойынша көлемі жағынан ірі тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының және оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады. Қайталау сабағына оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құрал-дарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек. Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, лабораториялық жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады. Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытын-дылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады. Аралас сабақтың құрылымы 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Оқушылардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру. Жаңа оқу материалын ендіру. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Аралас сабақ - мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрі. Мұндай сабақ барысында сабақтың барлық дидактикалық кезеңдері немесе буындары алма кезек өзара ұштасып жатады. Сабақ үстінде өткенді қайталау, жаңа материалды мең-геру, пысықтау және тексеру, бағалау жұмыстары оқушы-лардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады, назарын тұрақты етеді. Сондықтан, ол мұғалімнің оқу ісін ұйымдастыруында және оқушылардың оқу материалын жете түсінуіне өте қолайлы. Аралас сабақ әсіресе бастауыш және орта сыныптарда, сонымен қатар тілге қатысты пәндерде көптеп қолданы-лады. Сондай сабақтың бір вариантын профессор Р. Г. Лемберг өзінің ''Дидактикалық очерктер'' деген еңбегінде ұсынады. Оның ерекшелігі, дәстүрлі сабақта ұйымдастыру кезеңінен кейінгі ретте мұғалімдердің көпшілігі сабақты оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп, бағалаудан бастаса, мұнда оған керісінше жаңа оқу материалын енгізіп, түсіндіру жұмыстарына айрықша мән береді. Мысалы, оның құрылымы мынандай болып келеді: Жаңа оқу материалын өткен материалға байланыстыра түсіндіру. Үйге тапсырма беру. Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру. өткен оқу материалын қайталап, оқушылардың білімін сынау және жаңа сабақты пысықтау. Р. Г. Лембергтің тұжырымдауы бойынша, егер сабақты өткен оқу материалын ұзақ уақыт сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау, түсіну белсенділігі төмендейді. Сол үшін жаңа оқу материалын сабақтың бастапқы кезеңінде, демек, оқушылардың таным қабілеттерінің белсенділігі жоғары жағдайында, шаршамай, тың отырған уақытында өту ұсынылады. Бұл құптарлық ұсыныс. Осы үлгіні әсіресе, жоғары сыныптарда кеңірек қолданған дұрыс болар. Себебі, оқушылардың оқу жұмысы жоғары сыныптарда күрделі болып келеді. Сөйтіп, олардың оқу материалын тиянақты меңгеруінде түсіндіру және оны пысықтау, бекіту жұмыстарына айрықша мән берген жөн болар. Сабақта жаңа оқу материалын жақсы меңгерген оқушы әрине үй тапсырмасын дұрыс өз дәрежесінде орындап келуіне ешкім-нің де шүбәсі болмас деп ойлаймыз. Мұндай жағдайда үй жұмысын тексеруде арнайы уақыт бөлу, мүмкін қажет емес болуы шарт, оны басқадай жолдармен немесе оқушылардың өздеріне тапсыруды да қарастырған жөн болмақ. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағды-ларын тексеру, бақылау сабағының құрылымы 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақ-тың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Тексеру, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру. Оқушылардың өзіндік жұмыстары. Оқушылар білімдері, іскерліктері мен дағдыларын бағалау. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы. Сабақтың бұл түрінің көздейтін мақсаты - оқушы-лардың алған білімдері мен дағды көлемінің қандай дәрежеде екендігін байқап, тексерумен қатар, оның сапасын бағалау; олардың білетіндері мен білмейтін мәселелерін анықтап, оны болдырмау жолдарын қарастыру. Білімді тексеру және бағалау жұмыстары күнделікті сабақтар барысында, сонымен қатар арнаулы сабақтар түрінде де өткізіледі. Соның барысында оқушыларды оқу материалын терең ұғынуға және меңгеруіне мүмкіндік береді. Бұл жұмыстың білімдік және тәрбиелік қызметі жағынан маңызы зор. Біріншіден, оқушылардың біліміне бақылау жүргізу, олардың білімін толықтыру болса, екін-шіден, олардың жеке басын жан-жақты дамытып, тәрбиелеу жөнінен ойдағыдай рөл атқарады. Тексеру және бағалау жұмыстарын жүйелі атқару оқушыларды тегіс қамтып, олардағы білім, дағдыларындағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, болдырмау жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
3сурагы «оқытудың заңдылықтары жане принциптері» тақырыбына сабақ жоспарын құрастыру.
Педагогиканың дидактиканың маңызды болігі ретінде оқыту процесінің заңды байланыстарын ашуға бағытталады. Содан кейін «заң» «зандылык» принцип ұгымдарына анықтама берген дұрыс.
ПРинциптер- бул оку тарбие жұмысынын тажиребесин зерттеу негизинде калыптасатын бастапкы кагидалар. Окыту урдисиндеги занды баиланыстар дидактикалык принциптер жүйсин анактаиды. Окыту принциптеринин жуйеси – бул окыту теориясынын бейнеленуи. Осылаиша дидактикалык принциптер аталып оларга толык сипаттама бериледи. Томенде осы сабактын жоспарын берип отырмиз.
Такырыбы: Окыту зандылыктары жане принциптери
Сабактын максаты: Студенттерге окыту принциптери зандылыктары туралы жан жакты малимет беру окыту принциптери мен зандылыктарынын турлеримен таныстыру.
Жоспары: 1.Окытудын зандылыктары жане принциптери туралы жалпы тусиник
2.окытудын зандылыктары
3.окытудын жеке зан-тары
4.окытудын принциптери мен ережелери
1 «кызыгушылык ояту»
Жаттыгу Ауызша пикир алмасу
-окыту дегенимиз не ?
-принцип дегенимиз? Т.б .сурактары.
13 билет
1) Оқыту және тәрбие үрдісінде шығармашылық ойлауды дамыту
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Мысалы: тірек сөздер беру арқылы әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау, шығарма жазу, ертегі мазмұны бойынша сурет салу, т.б.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Мен істеймін – өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.
Мен істей аламын – өз біліміне деген сенімділігі.
2 )Қазіргі кезде үздіксіз білім беру және алу барлық елдерде өзекті мәселе болып отыр. Үздіксіз білім алу мәселесі осы заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың, саяси және әлеуметтік экономикалық өзгерістердің әсерінен туындаған мәселе. «Халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін нәрсе білім», - деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, республикамыздың басқа мемлекеттермен экономика, мәдениет саясат жағынан тең дәрежеде тұрып, олармен бәсекеге түсе алуы адамдардың білімді де білікті болуын талап етеді. Педагогикалық сөздікте өз бетімен білім алу – белгіленген тұлғалық және елеулі білім беру мақсаттарына бағытталған арнайы ұйымдастырылған өзіндік іс-әрекеті мен жүйелі танымдық іс-әрекетінің мәнін анықтайды. Олай болса, біздің зерттеу мәселемізге байланысты оқушыларға үздіксіз білім беру жұмысын ұйымдастыру барысында ақпарттық технологияларды пайдалану біліктілігін қалыптастыруда танымдық қызығушылықты қанағаттандыру, кәсіби-педагогикалық сұраныстарды есепке алу, аудио-бейнелік тәсілдерді қолдану тетіктерін меңгеру міндеттері қойылады. Қазіргі білім беру саласына ақпараттық технологиялардың енгізілуі жыл сайын кешенді сипат алуда. Оқушыларға үздіксіз білім беру жұмысын ұйымдастыру барысында ақпараттық технологияларды пайдалану басты мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оның бірі, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану негізінде білім алу әрекеттерінің тиімділігін арттыруға бағытталса, екіншісі, ақпараттық қоғам сұранысына сай келетін, жаңаша ойлау қабілетін дамытуға негізделген тұлғаны қалыптастыру
Үздіксіз білім беру бұл үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу емес немесе бекітілген оқу мерзімімен және оқу орнының қабырғасымен шектелмейді, ол – адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге, бағытталған білім түріне ауысу болып табылады. Тек жеке тұлғаға, субьектіге бағытталған білім ғана адамның жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық өмір талаптарына сай жауап бере алуын қамтамасыз ете алады.
Үздіксіз білім алу нәтижесінде білім алушы бірқатар мүмкіндіктерге ие бола алады: педагогикалық өз бетімен білім алу мүмкіндігі; сапалы білімге қол жеткізуі; білім алушының танымдық ой-өрісінің дамуы; қызмет саласында әрбір жанның өз шеберлігін жетілдіруі, өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай жасауы; психологиялық (жеке адамның қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты толық дамуына): психологиялық кедергілер мен проблемаларды ашу; ауызша сөйлеу кемшіліктерін жою; экономикалық: уақытты тиімді пайдалану; шығыс көздерін азайту (оқу материалдарына кететін шығын, көлік шығындары, қағаздармен жұмыс жүргізу т.с.с);
Үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі құралы - виртуалды білім кеңістігін құруға мүмкіндік беріп отырған Интернет жүйесі. Қазіргі кезде көптеген аналитиктердің айтуынша Интернет – ең арзан оқуту құралы болып табылады. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында оқушылар, студенттер телекоммуникациялық жүйені қолдана отырып, электронды пошта арқылы түрлі конференцияларға қатыса алады. Тыңдаушылар мен білім алушылар үздіксіз білім алуда білім беру прцесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында өз бетінше Интернет желісінің көмегімен ала алады. Сонымен бірге сапалы білім алу үшін жаңа ақпараттық технологияның құралдарымен жұмыс істей білуі тиіс. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында, қоғамның әрбір мүшесінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда, үздіксіз білім беру жүйесінің маңызы зор. Үздіксіз білім алу нәтижесінде әр салада әмбебап қызмет ете алатын, білікті, білімді, рухани бай, өз мүмкіндігін жан-жақты көрсете алатын тұлға қалыптасады.
3) «Білім беру мазмұны» тақырыбына әдістемелік сипаттама
Түрлі оқулықтар мен әдістемелік нұсқауларды сараптай келе бұл материалды ұсынудың мынадай нұсқауы берілген:
Оқытушы терминге анықтама береді, тарихына, пайда болуына шолу жасалады. Жақсы меңгерту үшін мына фактіні айтуға болады: Ежелгі Грецияда мұғалімді дидаскал деп атаған. Мұғалімдерге арналған нұсқауларда дидактика жайындағы материал берілген. Онда оқытумен қатар, тәрбие мәселелері де айтылған. Кейінірек дидактика тек білім беру мен оқыту мәселелеріне көшеді.
Я.А.коменскийдің «Ұлы Дидактикасынан» кейін оның дифференциалану процесі жүреді. Соңынан бастауышта білім беру дидактикасы қалыптасады. Оның пайда болуына мына жағдайлар себепші болды: 1. ХІІІ ғ. басталған өндірістің дамуы. Өндіріске білімді адамдар қажет болды.
2.Буржуазия өкілдері тек бастауыш мектептерді ашады.
3.Озат қоғам қайраткерлері бастауыш негіздемесін жасайды.
Оқушыларға өткен ғасырдың көрнекті педагогымен таныстырып, олардың айтқөан сөздеріне талдау жасалады. Содан кейін ҚР-ң Білім туралы заңында көрстеілген білім берудің міндеттерміен, мемлекеттік құжаттармен танысады. Білім берудің мазмұны сипатталады. Дидактика білімі беру мазмұнында, оқу пәндерінің құрылымында оқытудың түрлі дейңгейіндегі оқу материалын меңгерудің жалпы жолдарын белгілейді. Білім берудің мазмұнының құжаттары оларды қалай оқу керектігін теориялық мәселелерді меңгеруді, қандай жаттығу жұмыстарын, практикалық және лабораториялық жұмыстарды өткізуді ұйымдастырады. мұғалім оқыту процесінің ерекшеліктерін ескере отырып, материалды оқыту сипатына өзгерістер, қосымшалар енгізуіне болады. Содан соң оқу бағдарламаларына, жоспарларына мемлекеттік стандартқа сипаттама беріледі. Білім берудің мазмұнының ерекшеліктерінде атап өткен жөн. Кеешенді сипатта, байланыстылығымен, сабақтастығы мамандық таңдау, ғылым негіздерін меңгеру және т.б. Оларды бағдарламадан, оқулықтан басқа материалдардан үзінді келтіруге болады.
Практикалық сабақтарда белгілі бір тақырып бойынша сабақтың мақсатын белгілеу, сабақтың үлгісін құру және т.б. тапсырмалар беріледі.
14 билет
1 сұрақ. Педагогикалық жобалау кезеңдері мен форамалары
2 сұрақ. Дәріс мәтіні ақпаратты ұйымдастыру мен берудің құралы ретінде
Дәріс (лат. «lection» - оқу) – педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы. Оның дидактикалық мақсаты білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру болып табылады. Дәрістердің негізгі дидактикалық қызметтеріне ақпараттық, бағыт-бағдарлық, түсіндірушілік, жүйелеушілік, дамытушылық, эмоционалды-ынталандырушылық қызметтері жатады.
Ø Ақпараттық қызмет ғылымда өз шешімін тапқан немесе әлі де шешіліп жатқан жекелеген даулы мәселелермен, сондай-ақ педагогикалық ғылымдардың соңғы жетістіктерімен таныстырады.
Ø Бағыт-бағдарлық қызмет студенттерге дәріс кезінде берілген ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының мол таңдауымен танысуға көмек ретінде беріледі, олар әдебиеттермен танысу арқылы оқу материалын игеру үдерісін жеңілдете түседі.
Ø Түсіндірушілік қызмет студенттердің ұғымдар мен түсініктердің ғылыми түсінігін дәлме-дәл түрде меңгеруіне бағытталған.
Ø Жүйелеушілік қызмет дәріс барысында берілетін жинақталған түрдегі жаңа білімді береді.
Ø Дамытушылық қызмет студенттердің ойлау іс-әрекетін ынталандырып, таным үдерістерін белсендендіреді, ерік-жігері мен ынтасын дамыта түседі.
Ø Эмоционалды-ынталандырушылық қызмет студенттердің оқылатын материалға, тақырыпқа деген қызығушылықтарын қалыптастырумен байланысты.
Дәрістің артықшылығы:
1. білім алушының аудиториямен шығармашылық қарым-қатынас жасауы, шығармашылықпен айналысу, эмоционалдық өзара әрекеттесу;
2. білім негіздерін жалпы түрде алудың ең үнемді тәсілі;
3. дұрыс ұғынылып, мұқият тыңдалған жағдайда студенттің ақыл-ой әрекетін белсендендіреді.
Сондықтан дәріс оқушының мақсаты – студенттердің белсенді зейінін дамыту, оларда ой қозғалысын тудыру. Дәрістің осындай артықшылықтарымен қатар, оның кейбір дидактикалық кемшіліктерін де атап өткен жөн.
1. монологтылығы;
2. оқу материалын игеру деңгейін жедел түрде бақылауды жүзеге асыру мүмкін еместігі;
3. жекелеген амалды іске асыру мүмкіндігінің шектеулі болуы.
Осындай кемшіліктерді жою үшін оқытушылар дәріс берудің жаңа жолдарын қарастыруда. Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру барысында дәрістердің мынадай типтерін қолдануға болады:
Нұсқау беру дәрісі – оқу материалын меңгеруге қатысты негізгі ережелермен танысу, білім алушылардың курс (бөлім, тақырып) бойынша күрделі тақырыптар мен сұрақтарға назарларын аудару.
Кіріспе дәріс – студенттердің аталған курс жұмысының жүйесіне назарларын бағыттайтын оқу пәніне байланысты ең алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Ақпарат дәрісі (дәстүрлі) – ғылыми ақпаратты студенттерге баяндау және түсіндіру.
Проблемалық дәріс – студенттердің танымдық іс-әрекеттерін , шығармашылық қабілеттерін проблемалық сұрақтар, проблемалық міндеттер қою немесе проблемалық жағдаяттар туғызу арқылы дамыту.
Жалпылау дәрісі – студенттерді төмен танымдық деңгейден жоғары деңгейге ауыстыру, оқу материалын меңгерудің тереңдігі мен сипатын анықтау.
Шолу дәрісі – ғылыми білімді жүйелеу, теориялық ережелерді құру.
Визуалды (көру) дәрісі – вербальды-визуалды түрде оқу материалдарын техникалық құралдар немесе аудиобейне техника көмегімен беру.
Бинарлы дәріс – оқу материалын жүйелі, әр аспектіде пәнаралық байланыс тұрғысынан беру.
Алдын-ала жоспарланған қателерімен дәріс – оқу материалының мазмұнына алдын-ала енгізілген қателерді студенттер міндетті дәріс барысында белгілеп алып, дәріс соңында атап көрсету.
Пресс-конференция дәрісі – курстың белгілі бір тақырыбына байланысты студенттердің құрастырған сұрақтарын мазмұнына байланысты топтастыра отырып дәрәс оқу. Материалды беру тек сұрақтарға жауап беруден тұрмайды, өзара байланысқан тақырыпты ашатын толық дәріс үлгісінде боладды. Дәріс соңында оқытушы студенттер білімінің көрінісі ретінде сұрақтарды бағалайды
3 сұрақ. «Оқыту процесінің мәні» тақырыбына сипаттама
Оқыту-қоғамдық қатынастарды,қоғамдық сананы,мәдениетті және өнімді еңбек тәжірбиесін,қоршаған ортаны белсенді өзгерту және қорғау туралы білімді ересектердің мақсатты бағытталған,ұйымдасқан,жүйелі түрде беруі және өсіп келе жатқан ұрпақтың меңгеруі.Оқыту тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуының негізгі саласы.Оқыту білім берушілік білімдерді меңгеру процесі,оқу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру,дамытушылық оқушыларды психикалық және денелік дамыту,тәрбиелеушілік оқу іс-әрекеті оқушыны тәрбиелейді,онда патриоттық,адамгершілік сапалар,эстетикалық сезім,еңбексүйгіштілік т.б. сияқты өзіне 3 функцияны енгізеді.
Қазіргі мектепте оқытудың үш: түсіндірмелік-иллюстративтілік кейде оны дәстүрлі оқыту деп те атайды.Мұндай оқытудың негізгі әдісі-түсіндіруді көрнекіліпен ұштастыру.Оқушылардың іс-әректінің жетекші түрлері-тыңдау және есте сақтау.ТЮО оң жақтары:уақыт үнемдейді,оқушылардың күрделі білімдерін түсінуге жеңілдетеді.Кемшіліктері: даяр білімдерді беруі,оқыту процесін жеклеп және саралап жүргізуге толық жағдай жоқ.
Проблемалық оқыту эстетикалық әдістерді қолдануға негізделген оқытудың бір түрі.ПО оң жақтары:өзіндік шығ.қ іс-әрекет арқ дербес түрде білімге ие болуы,оқу әркетіне жоғ қызығушылық,өнімді ойлауды дамыту.Кемшіліктері: оқушылардың танымдық әрекетін басқарудың қиындығы,қойылған мақсатты орындау үшін көп уақыт кетеді.
Бағдарламаланған оқыту-әрекеттердің бірізділіті жүйесі,оларды орындау алдын-ала жоспарланған нәтижеге әкеледі.БО нег мақсаты-оқыту процесін жақсарту.Оқыту процесінде БО құралдары: Программаланған оқу құралдары,тренажерлер,қадағалайтын жабдықтар,оқыту машиналары.
15 Билет
1)Ғылым және оқу пәні,олардың өзара байланыстары мен ерекшеліктері
Ғылым ұғымы бірнеше мағына білдіреді.1-ден табиғат,қоғам,қоршаған ортаны тану турасында жаңа білімдерді жүйелеуге бағытталған адам қызметінің саласын түсінеміз.2-ден ғылым осы әрекеттің нәтижесі-алған ғылыми білім жүйксі рет көрінеді.3-ден қоғамдық сананың бір формасы,әлеуметтік институт.Соңғы мағынасында ғылыми ұйымдар мен ғылыми қоғам мүшелерінің бір-бірімен байланысы,сонымен бірге ғылыми ақпараттары,ғылымың нормалары және құндылықтары.Ғылым-қоғамдық сананың форамаларының бірі,яғни адамдардың рухани және физикалық өмір туралы көзқарастарының бірі.Ғылым адам іс-әректінің саласы,оның қызметі ақиқат туралы обьективті білімдерді жасау және теориялық жүйелеу.Ғылымның тікелей мақсаты-шындықтың процестері мен құндылықтарын сипаттау,түсіндіру және болжау.Педагогикада осы ғылымдар қатарына жатады.Ғылыми педагогиканың назары мен әсері сол пед.қ құбылыстармен процестерді зерделеумен және оны жүзеге асырумен байланысты.Пед-а ғылымының нысаны мен пәні де әртүрлі көзқарастар бар.Солардың ішінде оның насаны білім беру-оқыту және тәрбиелеу саласы,осы салада қалыптасатын қарым-қатынаста жүзеге асатын процестердің заңдылықтары.
2)Эврстикалық оқыту технологиясы
Эвристика (гр. heurіsko – іздестіремін, ашамын) – жаңалықтарды ашу мен оқытуда қолданылатын шығармашылық қызметті, тәсілдерді зерттейтін ғылым. Эвристикалық тәсілдер түйінді шешу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде адам шешімінің дәл алгоритімін көрсете алмайтын бірқатар міндеттерін (объектілерді тану, теоремаларды дәлелдеу, т.б.) техника құрылымдардың көмегімен шешу мүмкіндігіне байланысты бұл әдістерді зерттеуге едәуір ден қойылды. Эвристиканың міндеті – қайсыбір жаңа түйіндерді шешу процесінің үлгілерін жасау. Мұндай үлгілердің типтері: қарманып іздестіру үлгісі, ол байқап көру мен қателесу, лабиринттік үлгі, т.б. әдістерге сүйенеді. Сондай-ақ құрылымдық-семантикалық үлгі қазір ең мазмұнды, нәтижелі үлгі болып табылады. Эвристика психологияға, жоғарғы жүйке қызметінің физиологиясына, құрылымдық лингвистикаға, ақпарат теориясына байланысты сала. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.
3)Тәрбие құралдары тақырыбына сабақ жоспарын құрастыру.
Тәрбиенің әдістері, құралдары
Жоспар:
1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.
2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері:
3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.
1. Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
. • Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер
. • Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер
. • Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтатуға үйретеді .
Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.
Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар мен ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.
Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардық кимыл-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс-қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне-өзі баға беруді қалыптастырып қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді.
Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:
• Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
• заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);
• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
• бұқаралық ақпарат құралдары;
• педагогикалық ықпал жасау құралдары.
2. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері.
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру):
• этикалық әңгіме;
• әңгімелесу;
• пікірталас;
• лекциялар;
• өнеге;
. • көндіру (суггестия)
Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі - сендіру әдісі арқылы тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға өтімді болады.
• Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:
• бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы;
• оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне көмектесу;
• әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;
• баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы;
• қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің оқушы дәлелді пікір айтқанша шыдамдылық көрсетуі;
• әңгімені лекцияға айналдырмау;
• әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;
• баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі;
• әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу;
• түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікір шығару;
• жас ерекшеліктеріне сай болуы;
• тартымдылығы, қызықтылығы;
• мұғалімнің артық сөздер айтпауы.
Мұғалім тәртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның кателігін өзіне әдепті түрде түсіндіреді.
Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады.
Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.
• Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді.
Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады.
• Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандыңтан басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.
• Өнеге. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңгіле бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлық адамдарға еліктейді. Жеткіншектер өздері таңдаған адамдарына еліктейді.
Балалар әдеби және тарихи кейіпкерлерге, құрбыларына, ересектерге, ата-аналарына, мұғалімдерге, бұқаралық ақпарат құралдарының, өнердің жас ұрпаққа үлгі ететін адамдарына еліктейді.
• Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді: "Ақымақ - жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді".
Оқушыға сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін:. "Бәріміздің ойымызды бөліп жіберетіндіктен, адамдардың кешіккені ұнамайды,", - дейді
Мәдениеттіліктің пайдасына оқушының көзін жеткізу үшін, мұғалім: "Суды стақанмен іш, шишаның аузынан ішуге болмайды", - дейді.
Мұғалім балаға қарым-қатынастың маңызын ашу үшін: "Сен газетті үйіңе ұмытып кеткендіктен, сынып сағатымыз ойдағыдай өтпейді" - дейді.
Диалог әдісін қолданатын мұғалім: " Мен осылай ойлаймын, сендер қалай ойлайсыңдар ", - деп сөйлеседі.
Пікірталас жұмыс барысында пайда болады немесе оны мұғалімнің өзі ұйымдастырады.
Көркем шығармадан алған әсерін мұғалім оқушыға былай білдіреді: "". Мына портреттегі адам екінші портреттегі адамға қарағанда сұлу
"Сенің ақылық бар ғой, жібірлеген құрбыңнан кешірім сұра ", - деп, мұғалім балаға нұсқау береді. Ол жасырын тұрде болғандыңтан бала басқаша қабылдайды.
Ертегі, әдеби кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары мектеп жасындағы оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастыратын құралдардың бірі. Оқушылар жағымды кейіпкерлерге еліктеп, жамандыңтан аулақ болуға үйренеді.
Көзін жеткізу - тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсілдері арқылы жүзеге асатын, балалар көзқарасына ықпал етудің педагогикалық тәсілі.
Қоғамдың пікір. Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ұжымның талабы - жалпы қоғамдың пікірдің көрінісі. Қоғамдың пікір ұжымдағы іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі әдісінің бірі.
Қоғамдың пікір ұжым мүшесінің, жекелеген топтардың іс-әрекетін, қылығын бағалауда қолданылады. Қоғамдың пікірдің негізгі нысандары - ұжым мүшелерінің жиналыста, жиындар да, митингіде, жергілікті баспасөзде және дөңгелек үстел басында, ашың әңгімеде, кемшіліктерді сынап, жаңа міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын белгілеуі.
3. Қоғамдың мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Іс-әрекет - адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігінен жетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынас ерекше әсер ететіндіктен, іс-әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес.
Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
-іс-әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамға, қоғамға, ұжымға пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын , қабілеттілігі мен іскерлігін ескеру; оқушылардың ортақ істі сезімталдықпен орындауына қолайлы жағдай жасау.
- баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын, шамасы жететін қоғамдың жұмысқа, еңбекке қатыстыру өздігінен әрекет ету тәжірибесін кеңейтеді.
- іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру балалардың белсенділігіне байланысты. Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру, т.б. міндеттерді балалар шешіп отыруы керек. Бала талабы мен қабілетін еңбекте көрсеткенде дамиды.
- тәрбиешінің басшылығы, жұмыс барысында кеңес беру, балалардың ынтасын арттыру. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын материалдың және моральдың жағдайды сақтау.
оқушылар ұжымының қоғамдың пікірі арқылы іс-әрекет-тің нәтижесін қорытындылау.
Педагогикалық талап әдісі іс-әрекеттердің бір түрін тежеу, енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің санасын дамытады. Л.Г.Макаренко: ". Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды құруға, ұжым ішінде тәртіп құруға да болмайтындығы, әрине, өзінен-өзі түсінікті нерсе Мен жүйелі түрде талаптар қойылуын жақтайтын адаммын", - деп педагогикалық талап әдісінің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін көрсеткен.
Оқушылардың өмірінде педагогтің талап қоюы шешуші рөл атқарады. Нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың, түрі, мазмұны іріктеледі. Тәрбиеші мен тәрбиленушінің өзара әңгімесі мен байсалды, сенімді қарым-қатынас педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс-әрекет істеуге мәжбүр ету қатар жүреді.
Жаттығу әдісі - мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары - тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі.
Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді. Жаттығу әдісінің педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. . Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін басқару жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді
Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. . Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады
Ойын - мектеп балаларының негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қанына ойын азық" деп бекер айтпаған. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрас -тырған заттарды пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақ-пақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Бала қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың, адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
4. Тәрбие әдістерінің үшінші тобы: тәрбиеленушілердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін ретке келтіру, дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.
Бұл әдістерді қолдануда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі -. бала тәрбиенің тек қана объектісі емес, тәрбиенің субъектісі болып табылатындығы
Баланың табиғатында " Мен өзім "деген белсенділігі бар, ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды. . Сондықтан, тәрбие мен баланың өзін-өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді
Мадақтау -. оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы
Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез-құлқы мен көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзін- өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. . Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады
Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау. Жазалау - жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін балаға үғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс. Оған қойылатын талаптар:
• жазаны талап қою әдісімен ұштастыру;
• жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы;
• жазаның әділдігі, әділетсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады;
• жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау. Тәжірибелі педагогтар оқушылар ұжымының көмегіне, қолдауына сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды.
Жазаның түрлері оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, Т.Б.
Жарыс жастардың бір-бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс-әрекетіне жаңа серпін, жаңа өріс беріп, өзіне талап қоюына мүмкіндік туғызады.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.
Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады.
Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек.
Балаға өмірде әр түрлі жағдаяттарды шешуге тура келеді. Зерттеулер бұл жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Автобуста отырғанда жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Ескертуді естімеген боласың ба? - Деген мұғалімнің сұрағына оқушы өзінің көзқарасына, мінез-құлқына сүйеніп жауап беруі жаңа талаптарға сай іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын өзгертеді.
Тәрбие жұмысының нәтижелерін оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, оқушыларды өзін-өзі сендіруге үйрету, оқушылардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері -. Баланың өзіндік педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда
Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.
Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
. • оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру
• тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру.
• педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы.
Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. . Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады
16 билет
1.Дистанциялық білім беру
Қызмет аясы: Дистанциялық білім технологиялары (ДБТ) студенттерді оқытудағы университет қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Оқу үрдісін ұйымдастыру студенттің ҚИУ білім ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін Интернетті пайдалануға негізделген заманға сай білім технологияларын, сонымен қатар білімді тест арқылы бақылау жүйелерін қолдана отырып жүргізіледі.
Дистанциялық оқытудың артықшылықтары:
1. Тұратын (уақытша болатын) жері бойынша негізгі қызметінен қол үзбей, техникалық және кәсіптік және жоғары кәсіптік білім негізінде қысқартылған бакалавриат білім бағдарламалары бойынша білім алу мүмкіндігі.
2. Дербес оқу жоспары бойынша оқу мүмкіндігі.
3. Бөтен қалалық студенттер Семей қаласында тұруға және оқу орнына келуге шығындарды қысқарту есебінен өз шығындарын оңтайландыру мүмкіндігіне ие.
Дистанциялық білімді қолдана отырып, студент мына мүмкіндіктерге ие болады:
• Пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне қол жеткізу.
• Оқытушыға (тьюторға) сұрақ қойып, кеңес алу.
• Бақылау (курстық) жұмысын (соның ішінде электрондық нұсқада) жіберіп, оқытушының рецензиясын алу.
• ДБТ жүйесінде сынама тестті тапсырып, білім бақылауынан өту.
• Сессия кестесін білу.
• Оқу үрдісін ұйымдастыру туралы ақпараты бар жаңалық форумын қарап шығу.
• on-line режимде студенттер мен оқытушылармен қатынасу.
2.Семинар сабақтың мақсаты мен рөлі. Оқыту формасы ретінде семинар сабақтары ежелден пайда болған.Семинар сөзі латынның «seminarium»-егу дегенді білдіреді.Білімді «егуші» педагог өз білім алушыларына пікірін , білімін береді деп ауыспалы мағынада қолданылған.Семинар сабақтардың басты мақсаты-білім алушыларға зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру.Семинарда:кәсіби шығармашылық ойды дамыту;танымдық мотивация; оқу жағдайларында білімді кәсіби қолдану:а)сәйкесінше ғылымның тілін меңгеру;ә)түсініктерді,ұғымдарды,анықтамаларды қолдану дағдылары;б)интеллектуалды прблемалар мен міндеттерді қою және шешу,өз пікірін қорғау,басқа пікірді жоққа шығару іскерліктері мен дағдыларын меңгеру сияқты мынадай педагогикалық міндеттер шешіледі.Сонымен бірге оқытушы семинар барысында:білімді қайталау және бекіту;бақылау;педагогикалық қарым-қатынас сияқты жеке міндеттерді де шешеді.Колледждер мен ЖОО-да семинар 3 бағытта қолданылады:1.белгілі бір курсты терең зерттеу мақсатында өткізілетін семинар.2.курстың маңызды тақырыптарын не бір күрделі әдіснамалық сипаттағы тақырыптың жан-жақты өңдеу үшін өткізілетін семинар.3.ғылымның жеке проблемаларын терең зерттеу мақсатында нақты тақырып бойынша зерттеушілік типіндегі семинар.Қазіргі колледждер мен ЖОО-ғы семинар сабақтарының :просеминар,кәдімгі семинар,арнайы семинар сияқты 3 типі бар. Просеминар-семинарға дайындау үшін бірінші курста өткзілетін сабақ.Мақсаты білім алушыларды өздік жұмыстың ерекшелігімен,әдебиет тізімімен,негізгі ақпарат көздерімен, жұмыс жасау әдістемесімен таныстыру.Арнайы семинар.Жоғары курстардағы семинар білім алушыларды арнайы семинарға біртіндеп даярлайды.А.с.-бұл зерттеушілерге арналған белгілі бір ғылыми проблема бойынша пікір алмасу мектебі б т.Арнайы семинардың нәтижелілігі оның жетекшісіне байланысты.
3. Дидактика курсының мақсат, міндеттері тақырыбына сабақ жоспарын құрастыру. Дидактика болашақ мамандарды педагогикалық процесті ұйымдастыру үшін қажетті оқыту теориясының қазіргі ғылыми негіздерімен қаруландырады, олардың педагогикалық ойлауын қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерін және тәжірибелік біліктер мен дағдыларын дамытады.Курстың мақсаты: Болашақ мамандарға жалпы орта мектепте оқытудың теориялық негіздерін ашып беріп және оны мектеп тәжірибесінде жүзеге асырудың жолдарын қарастырады. «Дидактика» курсының міндеттері:оқыту процесінің әдіснамалық негіздерімен, оқыту процесінің заңдылықтарымен оқыту мазмұнымен таныстырады; оқыту процесінің барысын және нәтижесін шартты анықтайтын тәуелділіктерді ашу; оқытудың жоспарланған мақсаты мен міндеттерін, білім алушының ойлу іс-әрекетін белсендіретін тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістер мен ұйымдастыру формалары мен және құралдарымен таныстыру.
17 билет
1.Шығармашылық тұлға ұғымы. Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс – әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. «Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 - тарауындағы 41 - баптың 1 - бөліміндегі “Педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан -2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет. Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: «Шығармашылық -бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.
2. Бағалау саясаты. Шынайылық, әділдік, айқындылық,икемділік, жоғары дифференциация сияқты принциптерге негізделу керек.Қорытынды бағалау мен рейтингті бақылау .Семестрдің 7(8)аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15апта бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, аралық бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: U=[(P1+P2)/2]*0,6+E*0,4. P1- бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті ,Р2-екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті.Е-емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті .Яғни 30%(31 рейтинг)+ 30%(2 рейтинг)+40%(емтихан).Семестр барысында 7(8) және 15 апталарда екі аралық бақылау жүргізіледі.Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр ағында оқу пәні б/ша қорытынды аттестациялау –емтихан өткізіледі(максималды көрсеткіш-40%). Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады. Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады.
3.«Білім беру мазмұны» тақырыбына әдістемелік сипаттама. Білім беру мазмұны педагогикалық бейімделген білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың жүйесі,шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүниеге деген эмоционалдық –құндылықтық қатынас, оларды меңгеру тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді.Әрбір индивидтің дниеге деген қатынасын,ондағы өз орнын анықтауды азаматтық позициясын шарттандыратын дүниеге көзқарасты, құндылықтар мен мұраттар жүйесін қалыптастырады.Түрлі оқулықтар мен әдістемелік нұсқауларды сараптай келе бұл материалды ұсынудың мынадай нұсқауы берілген.Оқытушы терминге анықтама береді, тарихына, пайда болуына шолу жасалады. Жақсы меңгерту үшін мына фактіні айтуға болады. Ежелгі Грецияда мұғалімді дидаскал деп атаған. Мұғалімдерге арналған нұсқауларда дидактика жайындағы материал берілген. Онда оқытумен қатар, тәрбие мәселелері де айтылған. Кейінірек дидактика тек білім беру мен оқыту мәселелері де айтылған. Кейінірек дидактика тек білім беру мен оқыту мәселелеріне көшеді. Оқушыларға өткен ғасырдың көрнекті педагогымен таныстырып, олардың айтқан сөздеріне талдау жасалады. Содан кейін ҚР Білім туралы заңында көрсетілген білім берудің міндеттерімен, мемлекеттік құжаттармен танысады. Білім берудің мазмұны сипатталады. Дидактика білім беру мазмұнында, оқу пәндерінің құрылымында оқытудың түрлі деңгейіндегі оқу материалын меңгерудің жалпы жолдарын белгілейді. Білім берудің мазмұнының құжаттары оларды қалай оқу керектігін теориялық мәселелерді меңгеруді, қандай жаттығу жұмыстарын, практикалық және зертханалық жұмыстарды өткізуді ұйымдастырады. Мұғалім оқыту поцесінің ерекшеліктерін ескере отырып, материалды оқыту сипатына өзгерістер, қосымшалар енгізуіне болады. Содан соң оқу бағдарламалар-ына, жоспарларына мемлекеттік стандартқа сипаттама беріледі. Білім берудің мазмұнының ерекшеліктерін де атап өткен жөн.Кешенді сипатта, байланыстылығы мен сабақтастығы мамандық таңдау, ғылым негіздерін меңгеру және т.б. Оларды бағдарламадан ,оқулықтан басқа материалдардан үзінді келтіруге болады.
18 билет
1.Принциптер мен ережелер туралы ұғым. принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер.
3. Оқытудық ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз - құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу.
4. Оқытудық бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі.
5. Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытура аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.
6. Теория мен тәжірибенің байланысы. Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным көзі деген ережесіне сүйенеді.
Өмір және тәжірибе балаларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке өзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудық өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысы-ның жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және поли-техникалық әзірлікке берілген уақытқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
7. Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.
9. Түсініктілік принципі. Бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білімінің, іскерлігінің, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай түсінеді. Аталған принципті жүзеге асыру үшін өуелі оқай, белгілі, қарапайым материалдар, содан кейін қиын, бел-гісіз, күрделі оқу материалдары оқылады.
10). Ынталандыру принципі
Бұл принциптің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады.
Сондықтан мұғалім, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті.
Ынталандыру принципі оқушыларға жеке-дара қарауды керек етеді
11. Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.
Оқу процесінде, сабақтарда балаларды қорқытпай, қысымшылық-жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет.
12. Мәселелік принцип - оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермей, оқушылардан ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Мәселелік принцип - оқушылардың ойлау процесінің психологиясына негізделеді. Өйткені ойлаудық басталуы мәселенің болуына байланысты, басқаша айтқанда, ойлау-мәселелік сұрақ немесе міндеттен басталады.
13. Интеграциялау принципі
Бұл - жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика, өнер мен еңбек, этика мен әстетика, т.б. өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардық арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады.
2 сұрақ. Дәріс пен оқытудың адамгершілік сипаты, ғылымилық және ақпараттық деңгей,дәлелділік және дәйектілік, ашық, сенімді мысалдардың, фактілердің, негіздемелердің, құжаттардың және ғылыми дәлелдердің жеткілікті мөлшерге болуы, баяндау формасының эмоционалдығы, тыңдаушылардың ойын белсендіру, ой толғаныс үшін сұрақтар қою; қарастырылатын сұрақтардың қатаң құрылымы және қисыны; әдістемелік өңдеуі негізгі ойларды және қағидаларды көрсету, қорытындылардың астын сызу, қорытындыларды түрлі формулировкада қайталау, қол жетерлік деңгейде және ашық баяндау, жаңа терминдерді және атауларды түсіндіру, мүмкіндігінше аудиовизуальды материалдарды қолдану. Аталғандардың барлығы дәрісте қамтылып, дәрісті жеткізуде қолданылады.Дәріс білім алушының өнері студенттердің дәріс барысында жұмысын дұрыс ұйымдастыруға көмек береді. Дәрістің мазмұны, құрылымының нақтылығы, зейінді шоғырландыру тәілдерін қолдану – бұның бәрі ақыл ойды және жұмыс жасау қабілетін белсендендіреді, педагогикалық байланыс орнатуға жол ашады, студенттерлің эмоционалдық жауабын күтеді, еңбексүйгіштік дағдыларын тәрбиелейді, пәнге деген қызығушылықты арттырады.
3. «Педагогикадағы оқыту принциптері» тақырыбына сабақ жоспарын құрастыру
3-сұрақ «Оқыту принциптері» сабақ жоспары
Тақырыбы: Оқыту принциптері
Сабақтың мақсаты: Студенттерге оқыту принциптері, заңдылықтары туралы жан жақты мәлімет беру, оқыту принциптері түрлерімен таныстыру Студенттердің оқыту принциптері жөнінде алған жан жақты ақпаратын өздерінің өмір сүру бар барысында қолдана білуін ұиымдастыру
Сабақтың әдісі: Презентация, түртіп алу, сұрақ-жауап,шығармашылық тапсырма
Жоспары:
1 Оқытудың принциптері туралы түсінік
2 Оқытудың заңдылықтары
3 Оқытудың принциптері мен ережелері
1-КЕЗЕН Қызығушылықты ояту
1-жаттығу «Ауызша пікір алмасу»
Тапсырма: Студенттердің тақырып бойынша түсініктерін, пікірлерін білу мақсатында сұрақтар қойлады
2-кезең Жеке жұмыс Дәрістің 3-4 сұрағын түсіну үшін «Түртіп алу» стратегиясын орындау тапсырылады Әр студент бұл бөлікті жеке орындайды
+ жаңалық
V-білемін
? түсінбедім
-келіспеимін
Сұрақ жауап әдісін қолдану арқылы тапсырма талқыланады
Принциптер мен ережелер туралы ұғым. принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. 3. Оқытудық ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз - құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу.
Оқытудық бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі.
Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытура аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.
Теория мен тәжірибенің байланысы. Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным көзі деген ережесіне сүйенеді.
Өмір және тәжірибе балаларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке өзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады.
Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.
Түсініктілік принципі. Бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білімінің, іскерлігінің, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай түсінеді. Аталған принципті жүзеге асыру үшін өуелі оқай, белгілі, қарапайым материалдар, содан кейін қиын, бел-гісіз, күрделі оқу материалдары оқылады.
Ынталандыру принципі
Бұл принциптің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады.
Сондықтан мұғалім, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті.
Ынталандыру принципі оқушыларға жеке-дара қарауды керек етеді
3-КЕЗЕҢ ТОЛҒАНЫС
Жаңа сабақты қорытындылау үшін жалпы топ студенттеріне «Принциптер мен заңдылықтар» ертегісін құру тапсырылады. Әр студент бір-бір сөйлем құру арқылы ертегінің желісі құрылады.
19 билет
1.Іскерлік ойын әдісі – оқыту үрдісінде әртүрлі бағытта қолданылады. Ол оқытушының басқаруымен, білім алушылардың өзіндік ұйымдастырушылығымен, жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатқа бағытталған негізде жүзеге асырылады. Көп жағдайда іскерлік ойындарды басқарушы маман білім алушыларға қолданғаны тиімді. Бұл әдістің тиімділігі – білім алушылардың ақыл ойын дамыту, танымдық белсенділігін қалыптастыру, кәсіби маман болуына шеберлікті дарыту болып саналады. Сонымен қатар білім алушы іскерлік ойында әртүрлі рқлдерге ене алады.
Қазіргі білім берудегі ең басты тапсырма – мамандардың әлемді шығармашылық тұрғыда меңгеру әдістемесімен көрінуі. Жоғарғы оқу орындарында дайындық маманды шығармашылық қабілетін құруда қажет болады:
проблеманы өз бетімен көру және оны құру;
болжамды дайындау;
мәліметтерді жинап оны талдау керек, әдістемені ұсынып, өңдеу керек;
алынған тәжірибелерді тәжірибеде қолдануда, нәтижесін құруда қабілеттін танытуда;
проблеманы түгелдей көру қабілетін, ол ұжымда жұмыста мәселені шешудегі жеке қатысуын анықтау.
2. Әлемдік педагогикалық ой пікірлердің және оқу практикасының тарихына оқытуды ұйымдастырудың көптеген формалары мәлім. Олардың пайда болуы, дамуы, жетілдіруі және біртіндеп кейбірінің жоғалып кетуі дамып отырған қоғамның талаптарымен, қажеттіліктерімен байланысты. Нәтижесінде педагогика ғылымы бұл салада едәуір эмпирикалық материал жинақтады. Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын жүйелеудің, олардың уақыттың тарихи дәуірдің талаптарына сәйкес тиімділердің көрсетудің қажеттігі туралы сұрақ туындап тұр.
Осыған байланысты ғалымдар оқытуды ұйымдастыру формаларын жіктеу үшін оқушылар саны мен құрамы, оқитын жері, оқу жұмысының ұзақтығы сияқты негіздерді алға тартады. Осы негіздер бойынша оқыту формалары жеке, жекелік топтық, ұжымдық, сыныптық және сыныптан тыс, мектептік және мектептен тыс болып бөлінеді. Бұл жіктеу ғылыми жіктеу емес және педагог ғалымдырдың барлығы мойындамайды. Дегенмен, оқытуды ұйымдастырудың формаларын осылай жіктеу оларды шамалыда болса реттеуге мүмкіндік береді. Өз бастауын өте ертеден алатын оқу үрдісінің ең алғашқы Жеке оқыту формасының бірі оқытудың жекелік формасы. Мұның мәні жүйесі оқушылар тапсырманы өз жеке мұғалімнің немесе оқушының жекелік формасы. Мұның мәні оқушылар тапсырманы өз жеке мұғалімнің немесе оқушының үйінде еткізеді. Мұғалімнің көмегі тікелей, немесе жанама түрінде оқушының мұғалімнің өзі авторы болып табылатын оқулықты оқып үйренуі ретінде жүреді Қазіргі уақыттағы мұғалім мен оқушының тікелей және жеке қатысуларының үлгісі- репетиторлық болып табылады Оқытуды ұйымдастырудың жеке формасы өте ерте заманда Ортағасырлар дәуірінде, ал кейбір елдерде XVIII ғасырға дейін кеңіне қолданылған.
XVI ғасырдан бастап жеке оқыту үрдісін ұйымдастырудың жеке топтық формасына өз орнын алмастыруда.
Оқытудың бұл формасының мәні мұғалім оқытуды ұйымдастырудың сабақты бір оқушымен ғана емес, түрлі жастағы жеке - топтық формасы балалардың толық тобымен өткізді. Осыған байланысты мұғалім оқу жұмысын әрбір оқушымен жүргізді. Әрбір оқушыдан кезекпен өткен материалды сұрастырды, әрқайсысына жеке материалды түсіндірді, жеке тапсырма берді. Қалған оқушылар бұл уақытта өз істерімен айналысты. Бұл оқушыға мектепек әртүрлі уақытта бір күннің кез-келген уақытында, оқу жылының басында, ортасында және соңында да келуге мүмкіндік жасайды. Оқытудың жеке, сондай-ақ жекелік -топтың түрі ХVІ-ғасырдың аяғы -XVII ғасырдың басында-ақ қоғамның өскелең ұрпақты әлеуметтік мәнді міндеттерді орындауға даярлауда қоғамның сұраныстарын қанағаттандырмады. Балалардың басым көпшілігі оқытумен қамтымай қояды да ал оқитындары тек кітап оқудың, жазудың, есептеудің қарапайым дағдыларын меңгерді.
3-сұрак «Педагогика ғылымының даму тарихы» тақырыбына сабақ жоспарын құрастыру
Тақырыбы: Педагогика ғылымының даму тарихы
Мақсаты: педагог мамандығының ерекшелігін анықтау, оның пайда болу тарихымен таныстыру, даму бағыттарын белгілеу
Күтілетін нәтижелер:
-педагог мамандығының паида болуы мен қалыптасуы тарихымен танысады
-педагог мамандығының ерекшелігін біледі
Өткізу әдістері:
-студенттермен диалог, талдаушылық және мәселелік түсіндіру тәсілі
Дәріс мазмұны:
1 Педагог мамандығының паида болуы мен қалыптасуы
2Педагог мамандығының ерекшеліктері
1кезең-қызығушылық ояту
1-жаттығу «Ассоциация» педагог сөзіне
2-кезең Негізгі бөлім «Екі жақты күнделік»
Тапсрма: Студенттерге пед мамандығының паида болу тарихы туралы мәлімет беріліп, пәнге қызығушылық ояту
Екі жақты күнделік
Тарихы (мектептер) Түсініктеме
Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді.  Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, «Педагогика» тер¬мині гректің екі сөзінен: «пайс» — балалар және «эгейн» — ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан
3-кезең Толғаныс
«Пед даму тарихы» эссе жазу
20 билет
1) Іскерлік ойынның мәні мен прициптері
Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтау пайдалану арқылы оң нәтежелерге қол жеткізуге болатының кунделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар : иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау , іскерлік театр, психо және социодрамалар.
Психодраманың тауып ,дамуына ерекше үлес қосқан Джекобу Леви Морен болды. Классикалық психодрама – топтық жұмыстың өте айқын , ең эмоционалды бай бағыттарының бірі. Ол жүргізушіден жоғары кәсіби біліктілік пен зор шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Өйткені ол бір мезетте режиссер, терапев және сарапшы рөлін атқарады. Бұл әдістің мәні жүргізуші режиссер басқаруымен топ мүшелерінің арнайы ұйымдастырылган кеңістікте арнайы тәсілдер көмегімен спектакаль қоюында.
1 зерттеу2бақылау3 оқыту
2) Семинар құрылымы
Семинар –оқу шарасы, оны ғылыми жетістіктерді, озық тәжірибені зерттеу, алмасу және тарату немесе мамандардың біліктілігін және білім дәрежесін арттыру мақсатында өткізіледі.Семинар құрылымы ( буыны кезеңі) –бұл оның ішкі құрылысы , жекелеген кезеңдерінің бірізділігі. Семинар түрі құрылымдық бөліктердін болуымен және бірізділігімен анықталады.
3)Білім беру технологиялары тақырыбына сабақ жоспарын құрастыру
1 қатысушылардың комфорттық жағдайды қамтамасыз етіу
2нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалау
3ұйымдастыру , бағдарлау, коррекциялаудағы мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекет жүйесі.( мақсаттық бағытталғандық, сүйенетін ғылыми жүйесі, нәтижесі)
21 билет
1Ұйымдастыру жолдарының ерекшелігі
Ұйымдастыру –әр оқушының мүмкіндігіне орай өзіндік тапырмалар беру арқылы оқытуды кемелдету.Ұ,е лабораториялық жұмыстарда шығармашылық тапсырмаларда коп қолданылады. Ұ.е ұйымдастырушылық басқару мен ұйымдастыру саласындағы әрекетті жұмылдыруды , тәлімгер қабілет.Ұ.е 3 бөлікпен толықтырылады 1 Тәрбилік мақсатта 2 Білімділік мақсатта 3Дамытушылық мақсатта.
2 Шығармашылық іс-әрекетті стимулдау әдістері
Шығармашылық ойлау үшін ең бастысы онда жаттандылық болмауы керек ,болмысты әдеттегі дәстүрлі , үйреншікті ұғымдар мен түсініктер аясында қарастыру нәтижелі бола қоймайды,сондықтан болмыстың барлық ұғымдары ,қатынастары ,қасиеттері ескеріледі.Ш .о нәтижелі болуы білім мен іскерліктің арқасында іс жүзіне асады.Ш іс-әрекеті және оның мәнін түсіндіру үшін жеке тұлғаның ғылыми –педагогикалық зерттеулерің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады.3 Педагогикалық әрекет құрылымы тақырыбында әдістемелік сипаттама.
Мақсаты : педагогикалдық қызметтің компоненттерін белгілеу олардың өзара байланысын ашу. Педагогикалық қызымет – әлеуметтік қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениеті мен тәжірибесі жас ұрпаққа беруге , олардың тұлғалық дамуына жағдай тудыруға және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рөлді орындау үшін дайындауға бағыталған.
Бұл қызметті педагогтармен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар , өнеркәсіп басшылары, өндірістік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары да атқарады.Бірақ пеагогтар бұнда кәсіби қызмет атқарса, қалғандары –жалпы педагикалық қызметке ие.Педагогикалық іс-әрекет кәсіби қызмет ретінде арнайы ұйымдастырылған білім беру орындарында жүргізеді : мектепке дейінгі орындар ,мектеп, кәсіби –техникалық училищелер ,арнайы орта және жоғары оқу орындары, қосымша білім беру , біліктігін жетілдіру және қайта даярлау орындары. Педагогикалық қызметтің мәні тусіну үшін студентер оның құрылымына талдау жүргізу қажет. Оның құрылымы мақсат, мотив, іс-әрекет ,нәтиженің бірлігінен тұрады.
22 билет
1)Педагогиканы оқыту әдістемесі педагогиканың оқу пәні ретінде қалыптасуынан басталады.Педагогиканы оқытудың бастапқы кезенінен-ақ тәжірибе жинақталады., ол қорытындыланады және жүйеленеді. Соның негізінде жеке ережелер мен принциптер, әдістемелік нұсқаулар жасалады. Сонымен бірге зерттеулер жүргізіліп, оның деңгейі мен сипаты, әдістемелік негіздемесі және құралдары педагогиканың даму деңгейімен анықталады.
Педагогиканы оқыту әдістемесі –бұл теория мен практиканың жиынтығы ретінде педагогиканы оқыту процесін, оқытудың мазмұнын, формасы мен әдістерін педпгог пен білім алушы әрекетінің бірлігі ретінде қарастырады. Педагогиканы оқыту әдістемесі оқыту заңдылықтары мен принциптерін , оның формаларымен әдістерін, болашақ педагогтың кәсіби деңгейін қалыптастыру мақсатын айқындайды. Әдістеме екі: жалпы және жеке бөліснен тұрады. Жалпы бөлімде педагогиканы оқыту әдіснамалық және жалпы теориялық мәселелері қарастырылады, ал екінші бөлімде педагогиканы оқыту әдістемесі беріледі.
Педагогиканы оқыту әдістемесінің дамуы екі кезеңнен тұрады:
1, Түсіндірмелі кезеңде әдістеме педагогиканы оқыту процесінің ерекшеліктерін анықтайды, педагогиканы оқыту процесінің принциптерін, мазмұнын әдістерін және ұйымдастырылуын негіздейді.
2,Дамушы кезеңде педагогикалық зерттеулер жүргізіледі.
Әдістердің, сонымен қатар оқыту формаларының дамуы білім берудің әр-түрлі элементтерін үйрену тәсілдеріне байланысты таным қызметінің сипатының өзгерісінен, оқытудың формалары мен құралдарының жанаруынан туындайды.
Оқыту- білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту үрдісі, өмір мен еңбекке бейімді етіп дайындалудың негізгі құралы.
Әдіс-алға қойған мақсатқа жетудің жолы,амалы,тәсілі,айласы.
Оқыту әдістері-оқытушы мен білім алушылардың һзара біріккен іс-әрекетінің тәсілдері. Бұл іс-әрекет оқытудың міндеттерің шешуге бағытталған.
2-Оқу-іс-әрекеті-ретінде
Іс-әрекеттің жалпы теориясын сүйене отырып, оны оқу процесінің негізі деп айта аламыз. Оқу іс-әрекеті адамзат баласына ең қажетті нәрсенің бірі, онсыз өмір тәжірибесін бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізу мүмкін емес. Оқыту процесінде қоғам ұйымдастырған оқу іс-әрекетінің екі түрлі формасы қарастырылды. Оның біріншісінде оқыту ісінде, адамзатта жинақталған тәжірибені жеткізу, ал екіншісінде қоғамдық тәжірибені игеріп оны оқушылардың игіліктеріне айналдырумен шұғылданады.
Іс-әрекеттің жалпы теориясы тұрғысынан психологтар «оқу іс-әрекеті», «танымдылық іс-әрекеті» ұғымдарын ажыратып қарастырады. Педагог ғалым Г.Щукинаның пікірінше «Оқу іс-әрекеті» ұғымының «оқу» ұғымына қарағанда ауқымы кеңірек, себебі ол оқушының да , оқытушының іс-әрекеттерін біріктіріп қарастырады [10]. Шын мәнінде оқу іс-әрекет оның әлеуметтік мән-мағынасы жатыр, себебі оқу іс-әрекетінсіз, яғни ешқандай әрекетсіз қоғам дами алмайды деп түсінеміз.
«Бұл үлкендер мен балалардың (оқытушылар мен оқушылардың) ынтымақтық формасы, ол ортақ мақсатты іске асыруға оған қол жеткізуге бағытталады, әрі ол оқу іс-әрекетінің ішіндегі басты сипаттамаларының бірі болып табылады», — дейді, белгілі педагог ғалым В.Репкин [10].
«Оқу» терминін психологтар жүйке тетіктері мен негізделген психикалық процестердің жиынтығы ретінде қарастырады. Дидактикада бұл термин оқушының танымдық іс-әрекетіне байланысты қолданылады. Г.Щукинаның пікірінше «оқу танымдық іс-әрекеті» ұғымы оқыту процесін толығырақ қамтып сипаттайды. Бұл арнаулы іс әрекет, ол қоғамға өте қажет, іс-әрекет түрі, үлкендер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, әрі олардың ынтамақтасу формасы, ең бастысы мұнда танымдық процесс және өскеең ұрпақтың әлеуметтенуі жүзеге асырылады.
Педагогикадағы іс-әрекет феномены оқыту процесінде төмендегідей нақтыланады:
1. Оқушының іс-әрекеті басқа адамдардың іс-әрекетімен байланысқан. Бұл процесс барысында іс-әрекеттер бойынша оның түрлері, тәсілдері жөніндегі тәжірибеде алмасу жүзеге асырылады. Іс-әрекеттің нәрселік аясы жөніндегі ой-өріс кеңейеді.
Өз іс-әрекеттерінің тәсілдерін басқалардың іс-әрекеттер тәсілдерімен салыстыру барысында оқушы өзінің мүмкіндіктеріне ыждағаттылықпен қарап оны бағалап таразылайды.
2. Педагогикалық процестері іс-әрекеттерінің дамуы тұлғаның ілгермелі дамуына әкеледі, себебі іс-әрекеттің сипаты өзгереді (басында орындаушылық, бұдан кейін белсенді орындаушылық, одан кейін өзіндік шығармашылық белсенділік).
3. Іс-әрекеттің сипатының өзгерістері оқушының сеніміне, көзқарасына ықпал етіп, олардың едәуір өзгеруіне әсер етеді, оқушы іс-әрекеті орындаушылықтен белсенділікке – одан субъектілік позициясына өтеді.
4. Оқу процесінде оқушы тұлғасының қалыптасуы реттеуші тетіктердің өзгерісі негізінде негізделген. Өзін реттеу басқару, қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасының негізгі көрсеткіші және тетігі болып табылады.
5. Оқушы позициясының өзгерісі оқушы мен оқытушы субьектілерінің арасындағы қарым қатынасқа негізделген. Оқушыларды өзін- өзі реттеуге, басқаруға ең маңызды тұлғалық белгілер алып келеді. Мұндай белгілерге белсенділік, өздігінен жұмыс істеу, танымдылық, қызуғышылық жатады, олар оқушының « өзім шештім », орындауым басқалардан кем емс « өзім болжадым », « оқытушы айтты », « досыма көмектестім » деген сияқты іс- әрекеттері мен алға жылжи түседі. Осындай қатынастардың түзілуі оқушы тұлғасын қалыптастырудағы үлкен жеңіс деп есептейміз.
Іс — әрекеттің оқыту процесінде қызметін айқындай отырып, тек осы процес ішінде, іс — әрекеттің және оның түрлерінің жүйелі және тізбектес реттілікпен тұлғалық түзілістер қалыптасады, бұл оқушыларды өзін- өзі реттей білуге машықтандырады, оқу іс- әрекеттерінің барысында оның субьектілік ұстамының қалыптасуына көмектеседі [18]
Сонымен оқыту процесінде жүйелі және тізбектеле реттелген тұлғалық түзілістердің қалыптасуы оқушының оқу іс — әрекетінлегі белсенділік ұстамының пайда болуына жәрдемдеседі.
Педагогикалық теория мен практикада белсенділік терминін пайдалану кең тараған, алайда бұл ұғымның түпкі мағынасы өте күрделі. Ғылымда да бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Баз біреулер белсенділікті іс -әрекеттің нәтижесі деп ұғындырады, үшіншілер мүлде басқаша пікірлер білдіреді, олардың ойынша белсенділік іс — әрекетпен салыстырғанда кеңірек ұғым. Енді осы оқу іс — әрекетінің күрделі аспектісінң ең басты да, мәнді қырларын қарастырамыз.
Егер іс-әрекет объективтілік пен субъективтілік қасиеттерінің бірлігі ретінде байқалса, онда белсенділік тек адамға ғана тән, көбінесе субъектінің іс-әрекетіне тиісті.
Белсенділік іс-әрекеттің өзін бейнелейді, ол іс-әрекеттің деңгейін және сипатын білдіреді. Іс-әрекет иесінің қасиеті ретінде белсенділік мақсат қою процесіне, түрткіні саналы түсінуге, іс-әрекеттердің тәсіліне көп әсер етеді.
Танымдық белсенділік — оқушының құнды және күрделі тұлғалық түзілісі, олар мектептік кезеңдерінде кеңірек, мәндірек болады. ол оқу мен оқытудың нәтижеліліген, оқу іс-әрекеттерінің белсенділігіне көп ықпалын тигізеді. Сабақтың ққұндылығы да оқушылардың белсенділік дәрежесі арқылы анықталады.
Танымдық белсенділікті дербестіктің (өз бетінше мәселені түсіну, өзінше шешім қабылдау) алғашқы даярлық баспалдағы деп түсігну керек.
3сұрақ 1-топ Кейс әдісі бойынша ҚР-ның білім беру жүйесін ашып айту
-әдіс (Case study) – экономикалық, әлеуметтік, тұрмыстық немесе басқа да күрделі жағдайлардың сипаттамаларында қолданылатын білім берудің техникасы. Білім алушылар кейспен жұмыс жасау кезінде болашақ мамандықтарына байланысты іздеу, әртүрлі білім салаларында қосымша ақпараттарды талдау жұмыстарын жүзеге асырады. Кейс әдісті басқа техникаларға қарағанда құрамына өзге күрделі емес таным әдістері кіретінін көрсетуге болады. Оған кіреді: моделдеу, жүйелік талдау, күрделі әдіс, ой тәжірибесі, сипаттау әдістері, классификациялары, пікір талас, ойын әдістері және т.б.
2-топ Зерттеу әдісі боцынша тақырыпты ашып айту
Зерттеу әдісі кезінде білім алушылардан ең жоғарғы толық дербестікті талап етеді. Дегенмен, пәнді оқытудың алғашқы кезінде, оқытушының белсенді қатысуымен эвристикалық әдістерді топтағы әртүрлі дейгейдегі білім алушыларға қолданатынын ескеру қажет. Эвристикалық әдістерге білім алушылардың жаңа білімді өз бетінше іздеу мақсатында жүргізілетін әңгімелер, зертханалық жұмыс тапсырмалары жатады. Іс-әрекеттің бұл түрі ұжымдық талқылау жоспарынан кейінгі білім алушылардың өз бетімен оқытушының нұсқауынсыз тәжірибелік тапсырмаларды орындайтынын болжайды.
3-топ Жобалар әдісі.бойынша ашып айту
Қазіргі заманауи педагогикалық технологиялар арасында білім алушылар жобалық іс- әрекеттері негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруда білім алу-ең маңызды адекватты мақсат болып табылады. Жобалар әдісі жеке дамып келе жатқан дамушы технологиялар ретінде, әсіресе жеке іс-әрекеттердің нәтижелерін бағалау және жобалай алу, мәселелерді табу және шешу, өз бетінше ойлай білуге, шығармашылық бастамалары, білім алушылардың танымдық дағдыларын дамыту негізін жатқызуға болады. Жобалар әдісі білім алушылардың өз бетінше іс-әрекеттеріне, әсіресе белгілі уақыт аралығында жеке, жұптық, топтық орындайтын іс-әрекеттеріне үнемі бағытталған.
3-кезең ҚР-ның білім беру жүйесі жайлы пікірталас жүргізу.
Оқу пікір таластары білім алушылардың тәртіп бойынша немесе өз пікірлерін, ойларын, оқу мәселесі бойынша жорамалдарын өзара алмастыратынын көрсетеді. Пікір таластар субьектілердің өзара әрекеттесу формасы ретінде мамандандырылған білім мекемелерінде оқытушылардың тәжірибелік қызметінде соңғы уақытта қолданысқа көп ие.
23-билет
1)Өзіндік жұмыстың ерекшеліктері
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.
Жоғарғы оқу орындарында студенттердің жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін әрдайым байыту, оқуға деген ынта-жігерін арттыру,қоғамдық өмірдегі барлық салалардағы өзгерістер адамның интелектуалдық күш – жігерін, саналы әркеті мен ізденімпаздығын, танымдық ой-өрісіннің белсенділігі мен іс-әрекетін шығармашылық сипатта жүзеге асыруды талап етеді.
Оқытушының әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі заман талабына сайкес оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Демек, жастарды еңбектің қай саласыңда да , білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгеруімен шектелмей, студенттердің өзіндік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыра отырып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын студент етіп даярлау қажет болып отыр.
Әр ғылымның барлық саласында болмысы білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқыту үрдісінде студенттерідң өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Себебі, студенттердің өзіндік жұмыстарын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Қазіргі таңда сай өзіндік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс.
Студентің өзіндік жұмысы - болашақ мамандарды даярлаудың және білім сапасын арттырады. Осыған орай жоғары оқу орындарында әр білім алушыдан ой еңбегінің ұтымды әдістерін білуі, яғни аз уақыт кетіріп қажетті ақпаратты іздеп және меңгеріуді, фактілер, теорияны, тұжырымдамаларды жүйелеп және жіктей білуді, өз көзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді үйренуі талап етіледі.
Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі[1].
Өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Өзіндік жұмысты оңтайлы ұйымдастыру елеулі практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема болып табылады.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Олар педагогикалық әдебиеттерде алғаш өзіндік жұмыс мәселелерін В.К.Буряк, Е.Я.Голант, Б.П.Есипов, Р.Г. Лемберг, Р.М. Микельсон, И.И. Пидкасистый, Е.С.Саблик, М.Н. Скаткин еңбектерінде зерттелініп, оқу үрдісінде білім алушылардың өзіндік жұмысын жүйелі түрде қолдану негіздері қарастырылды.
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мәнін дидактикалық тұрғыда қарастырғандар: А.Е.Абылқасымова, Н.А.Адельбаева, С.И.Архангельский, М.В.Буланова-Топоркова, М.Г.Гарунов, И.И. Кобыляцкий, Р.Н. Низамов еңбектері арналған.
Өзіндік жұмысқа берілетін анықтамалардың әртүрлігіне қарамастан, оларды бірнеше шағын топқа бөлуімізге болады.
И.Т.Протасовтың ойынша, өзіндік жұмыс біліктілік пен іскерлік жиынтығы.
Г.Н.Кулагина өзіндік жұмысты студенттің іс-әрекет құралы белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы деп түсінеді.
Г.Н.Дари өзіндік жұмыстың мәнін былайша айтады. Бұл жұмысты студент өз бетімен орындайды, ол өзінің біліміне, іскерлігі мен сеніміне, өмірлік тәжіріибесі, дүниетанымына сүйене отырып атқарады[2].
Жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерге байланысты СӨЖ-дің маңызы артқанын, ондағы оқытушының орнын, кредиттік оқыту жүйесінде оны ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері мен мәселелерін отандық зерттеушілер С.Е. Калдыкозова, А.Головчун және ресейлік зерттеушілер Е.Галицких, Ю.Попов пен В.Оробинский, И.Г. Ковалевский, Г.Ларионова еңбектерінде қарастырылады.
Педагогика-психология ғылымында, өздігінен білім алу, студенттердің ақыл-ойының дамуының жоғарғы көрсеткіші деп қарастырылады.
Өзіндік жұмыстары әр түрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы: жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргізу т.б.
Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының бір жаттығулар мен тапсырмалар болып табылады. Сондықтан жоғарғы оқу орындарында әрбір курста оқытушылардың басшылығымен студенттер жаттығуларды өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылады.
Студенттерндің өзіндік жұмысы болашақ маманның шығармашылық ойлауын, танымдық қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтамасыз ететіндіктен жаттығулардың маңызы зор.
Р.С.Немов төмендегідей қорытынды жасаған: «Білік дағдылардың барлық түрлерін қалыптастыруда жжаттығулардың маңызы зор. Олардың негізінде дағдылар автоматтандырылып, біліктілер жетіледі. Ал күнделікті, жүйелі жаттығуларсыз, білік, дағдылар өз қасиеттерін жоғалтады»[3].
Өз бетімен жұмыстың маңыздысы - студенттің өз беттерімен орындай алуларына, оқуға белсенділігінің артуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Өз бетімен жұмыс жасау барысында студент Р.Сүлейменов[3] өздігінен істейтін жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, зерттеу шығармашылық жұмыстар деп топтастырады. «Шығармашылық еңбекте студенттің іскерлік қабілеті, білім көлемі, білім молдығынан туатын толық дербестігі айқын көрінуі тиіс». Шығармашыдлық жұмыстар студентердің дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Онымен қатар өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жәрдемдеседі.
Оқытушының сабаққа дайындалғанда өзінің әрекеттерін ойластыруымен шектелмей, деңгейіне қарай студенттің әркетіне мән беруі тиіс.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру-өте күрделі мәселе. Сондықтан студенттердің өзіндік жұмыстарын таныстыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру керек.
Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, студенттің даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы - сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыстың түрлері. Олар мыналар:
-жаңа білімді меңгеруі;
-жаңа білімді бекіту;
-білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру.
Студенттердің жұмыстарының барлық топтарын оқытушы оқыту барысында жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті және оның бір ерекшелігі – оқыту үрдісінің барлық кезеңіндерінде қолдануға болады. Сондай-ақ студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстары олардың таным, іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдастыруға болады.
Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Ол үшін мынадай міндеттер орындалу керек:
-Студенттерге өзіндік жұмыстар туралы түсінік беру.
-Студенттердің өз бетімен тапсырма орындау әдістерін таныстыру.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
1. Оқытушының нақты тапсырмалар беруі;
2. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы;
3. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;
4. Олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі.
Студенттердің өзіндік ұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады.
Студенттің өзіндік жұмысы- кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс- студенттің ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған.
Жоғарғы мектептің орта мектептен ең басты айырмашылығы-оқыту жұмысының әдісі және оқушылардың жеке деңгейі болып табылады.
Жоғарғы оқу орындарында студент білімді өзі жинап, ғылымды өзі таниды, ал оқытушы тек студенттердің танымдық қызметін ұйымдастырады және бақылайды. Сондықтан студенттің өзіндік жұмысы- оқыту қызметінің барлық түрлерінің міндеттерін анқытайды.
Сонымен қатар, студенттердің өіндік жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Өйткені, бұл жұмыс-студенттің білім алудағы жеке жұмысын ғана емес, қазіргі заманғы жоғарғы кәсіби маманды тұлға рентінде қаплыптасуына мүмкіндік береді.
Студенттің өзіндік жұмысы ұйымдастыру жоғарғы оқу орындарындағы негізгі нормативті құжаттармен сәйкестендіріліп, жүзеге асады.
Студенттің өзіндік жұмысын белсендірудің тәсілдері ұйымдастырушылық және әдістемелік болып бөлінеді. Әдістемелік жағынан белсендіру қолданылған әдіс-тәсілдерге, студенттің өзіндік жұмысының формалары мен ұйымдастыру құралдарына байланысты.
Өзінідік жұмысты оқытушының дұрыс басқара білу және студенттердің дербестік әрекетінің дәрежесі артып отыруы- осы жұмыстың белгілері болып табылады.
Студенттердің өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның атқаратын негізі мен міндеттерін атап өткен жөн болар.
1.Студенттердің дербестік қабілетін мейлінше арттыру.
2. Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.
3. Студенттерге оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
4. Таным ақыл-ой қабылетін дамыту.
Сонымен, өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда зор әсер білдіреді, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда көздеген мақсатқа жетуге және жеке тұлғаны сапалық қасиеттерін жетілдіруге зор мүмкіндік береді.

2) Ақпараттық коммуникативтік технология және оны пайдалану
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса,ол өркениетке жетуде жан – жақты дамыған,рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше Қазіргі білім берудің басты мақсаты да жан – жақты дамыған,рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.Сондықтан заман талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып,қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша оқушыларға ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп қолдану тиімділігі артып отыр.Адамның үнемі ізденіске,жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс.
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар дегеніміз не ? «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. [4.18].
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.[1.12].
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
- Интерактивті тақта;
- Мультимедия;
- Интернет кеңістігі;
- Электронды оқулық.
«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.
Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:
•электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;
•жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web
•серверге жеке шығару;
•ақпараттық каталогтар (Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады.
Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл - ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Жан - жақты ізденушілігін арттырады. АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.[3.32].
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.
Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.
Қорыта айтқанда, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану - бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады.
24 Билет
«Интерактивті» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан. «Inter» - бұл өзара, «act» - әсер ету деген мағынаны береді. Интерактивті оқыту – диалогтық оқыту, оның барысында оқытушы мен студент арасында өзара тікелей әсер ету, қарым – қатынас жүзеге асырылады. Инретактивті оқыту түрі – кооперация мен бәсекелестік. Интерактивтілік білім беру категориясы ретінде бір жағынан тұлғаның бағдарлы педагогика қажетсінетін және оқу мен ақпараттың өзара әрекетке міндетті жағдай ретінде коммуникативті бағдарланған тұжырымдама ретінде негізделген. Екінші жағынан интерактивтіліктің қажеттілігі оқыту феноменінің мәнімен шартты, оның міндетімамандардың негізгі міндетті компоненті қарым – қатынас болып табылатыны өнімді тұлға аралық өзара әрекетін қалыптастыруға, модельдік тәжірибесінің қалыптасуына жағдай жасау ретінде түсіндіріледі.
Миға шабуыл әдісі –топта жұмыс істеуде шығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде оқушыларға ситуация шешімі жауабының бірнеше жолын айтуға мүмкіндік беретін, идеялармен шешімдерді қабылдаудың тиімді әдісі
«Дөңгелек үстел»-әдісі. Бұл форма қазіргі өндірістегі кәсіби қарым-қатынастың ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл әдісте ынтымақтастықпен жұмыстану және өзара көмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір білім алушының интеллектуалдық белсенділікке құқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста білім алушы белсенді позицияға иеленеді. «Дөңгелек үстел» принципі, әсіресе пікірталас-семинарда толық сипатталады.
Іскерлік ойындары - бұл да белсенді оқытудың бір түрі. Ойынның бұл түрі әртүрлі практикалық жағдайларды көрсету арқылы жүзеге асады. Қазіргі кездегі соғыс ойындары, спорт ойындары, дидактикалық және тағы басқа ойындар осы байырғы мәдениеттен туындаган. Осылайша XX ғ 50 - ші жылдарынан бастап басқару, экономикалық ойындар, бертін келе психологиялық, педагогикалық ойындар пайда бола бастады. Іскерлік ойыны сабақтың дәстүрлі емес түріне жатады
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл – ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады. [4]
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл – ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл – амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз. Сондықтан оқу барысында оқушының таным белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас – ынтасын шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырады. Шәкірттің қабылдауы негізінен, мүғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Баланың өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:
1-Дәреже – жаңғыртушы белсенділік – шәкірттің материалды жадылап, қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға , меңгеруге ұмтылысымен сипатталады. Белсенділіктің 1 – дәрежесіне тән көрсеткіш – оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.
2-Дәреже – түсіндіруші белсенділік-оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді.2-дәрежеге тән көрсеткіш оқушының бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.
3-Дәреже – белсенділіктің шығармашылық дәрежесі – оқушының тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады.Бұл дәреженің ерекшелігі – мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы.
3) Пед кәсіптің шығуыТақырыбы: Пед кап шгуы
Мақсаты: педагог мамандығының ерекшелігін анықтау, оның пайда болу тарихымен таныстыру, даму бағыттарын белгілеу
Күтілетін нәтижелер:
-педагог мамандығының паида болуы мен қалыптасуы тарихымен танысады
-педагог мамандығының ерекшелігін біледі
Өткізу әдістері:
-студенттермен диалог, талдаушылық және мәселелік түсіндіру тәсілі
Дәріс мазмұны:
1 Педагог мамандығының паида болуы мен қалыптасуы
2Педагог мамандығының ерекшеліктері
1кезең-қызығушылық ояту
1-жаттығу «Ассоциация» педагог сөзіне
2-кезең Негізгі бөлім «Екі жақты күнделік»
Тапсрма: Студенттерге пед мамандығының паида болу тарихы туралы мәлімет беріліп, пәнге қызығушылық ояту
Екі жақты күнделік
Тарихы (мектептер)Түсініктеме

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, «Педагогика» тер¬мині гректің екі сөзінен: «пайс» — балалар және «эгейн» — ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан
3-кезең Толғаныс
«Пед даму тарихы» эссе жазу
25 билет
«Педагогика мамандығына кіріспе» курсына студенттердің білімі мен білігін бақылау формалары мен түрлері.
ЖОО – дағы бақылау жүйесін емтихандар, сынақтар, ауызша жауаптар (әңгімелесу), жазбаша бақылау, реферат, коллоквиум, семинарлар, курстық жұмыстар, зертханалық бақылау жұмыстары, жобалар, күнделік жазбалары, бақылау журналдары құрайды. Ауызша бақылау барысында тек білім тексеріліп қоймайды, сонымен қатар, ауызша сөйлеуге жаттығады, педагогикалық қарым қатынас дамытылады. Жазбаша жұмыстар материалдың меңгерілу деңгейін құжат түрінде көрсетуге мүмкіндік береді, бірақ оны өткізуге көп уақыт жұмсалады. Бақылау түрлерін үйлесімді біріктіру – ЖОО – дағы оқу процесін ұйымдастырылу деңгеінің көрсеткіші және оқытушының педагогикалық біліктілігінің маңызды көрсеткіші. Педагогикалық бақылау ағымдық, тақырыптық, аралық, қорытынды, соңғы болып бөлінеді. Ағымдық бақылау студенттерді үлгерімі төмен не жоғары деп ажыратуға мүмкіндік береді, оқу мотивациясын тудырады(сұрау, бақылау, тапсырмалар, өзін – өзі бақылау мәліметтерін тексеру).Тақырыптық бақылау – бағдарламаның нақты тақырыбын және тарауының нәтижелерін бағалау. Аралық бақылау – оқу материалының бір бөлігінен келесі сатысына өту үшін әрбір студенттің оқу жетістіктерін тексеру. Қорытынды бақылау – курс бойынша емтихан. Соңғы бақылау – мемлекеттік бақылау, дипломдық жұмысты не жобаны қорғау.
.2. Оқыту формалары.
Форма (латын сөзі «forma» - сыртқы бейнесі, сыртқы көрінісі дегенді береді) – бұл белгілі бір мазмұнның сыртқы бейнеленуі. Форма жекелей және топтық болып бөлінеді. Жекелеу – топтық форманың дамуының көрінісі ретінде сынып – сабақ жүйесі енгізілді. Оқытуды ұйымдастыру формалары - белгілі бір тәртіпте және мезгілде жүзеге асырылатын оқытушы мен білім алушылардың біріккен іс әрекетінің қиындысы. Оқытудың ұйымдастыру формалары әртүрлі өлшемдер бойынша жіктеледі:
Білім алушылардың санына қарай; бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жеке;
Оқу орнына қарай; аудиторияда және аудиториядан тыс формалар;
Колледждегі, ЖОО – ғы оқыту формалары; дәріс, семинар, практикалық және зертханалық сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ, т.б. жұмыс;
Оқыту уақытының ұзақтығына қарай; кредиттік жүйе (50минут), сызықтық жүйеде қосарланған сабақ (80 – 90 минут), әр түрлі ұзақтыұтағы сабақтар.
Білім берудің даму тарихында әртүрлі оқыту жүйесінде оқыту формасының біреуі басымдықта қолданылды; жекелік – топтық (орта ғасыр мектептерінде), өзара оқыту, білім алушылардың қабілеттеріне қарай саралап оқыту, бригадалық оқыту.
3 Миға шабуыл әдісі Миға шабуыл әдісі –топта жұмыс істеуде шығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде оқушыларға ситуация шешімі жауабының бірнеше жолын айтуға мүмкіндік беретін, идеялармен шешімдерді қабылдаудың тиімді әдісі
Интерактивті оқыту әдісі – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
Интерактивті оқытудың мәнісі – кластағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады. 
Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады:проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.
Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, постерлер, компьютерлер және т.б. пайдалана отырып,таныстырулар жатады. 
«Миға шабуыл» («ми шабуылы», «ми штурмы» немесе «дельфи») әдісі бойынша берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы – айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс. Бұл әдісті кері байланыс алу үшін қолдануға болады. Мысал ретінде өзім өткізген бір сабақтан үзінді ұсынамын. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін 6-класта қазақ тілінен «Менің әуес ісім – кітап оқу» тақырыбы бойынша өткен  сабақта осы әдісті қолдандым. Оқушыларға берілген сұрақ: Кітап бізге не береді? Осы тақырып төңірегінде өздерінің ойларын айтуға ұсыныс жасадым. Барлық ой-пікірлерді қабылдап, жазып алдық. Орыс тілді болғандықтан оқушыларға қиын болған жағдайда, қайталаттым және олардың пікірін айтуы бойынша жаздым. Әдіс қағидасы бойынша мұндайларға жол беріледі. Оқушылардың арасында кітаптың қазіргі кезде пайдасы аз, оны оқуға көп уақыт зая кетеді, кітаптар түсініксіз жазылған, қателер бар, қызық емес деген пікірлер де айтылды. Дегенмен оқушылардың басым көпшілігі кітап- адам үшін рухани байлық, өмірде жолдас, ақылшы, кітапты көп оқыған адам білімді, жан-жақты болады деген тұжырымдаманы ұсынды. Ереже бойынша барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткен соң, берілген тапсырма қайта еске салынды. Бұдан соң жазып алынған пікірлер оқылды. Осы пікірлер бойынша қандай қорытынды жасауға болатынын сұрап, бұл әдіс бойынша жұмысты аяқтадым. Оқушылар «Кітап – білім бұлағы» деген қорытындыға келді. «Миға шабуыл» әдісі қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады және мынадай мәселеледір шешуге болады:
-даулы мәселелерді талқылау;
-талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ынталандыру;
-қысқа мерзім ішінде идяны көптеп жинау

Приложенные файлы

  • docx 1923076
    Размер файла: 168 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий