Физиология 2017


1-билет
1,Физиология ұғымы
Физиология (грекше physis – табиғат, logos - ілім) тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым. Физиология организм
жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым- қатынасын тексереді. Сонымен қатар ол әрекеттерді жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюциялық даму барысында бақылайды.Физиология жедел дамып келе
жатқан ғылым. Ол дербес ғылым ретінде, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, организмнің тіршілік әрекеті туралы физика, химия ғылымдарының әдістерін қолданып, көптеген нақтылы деректер жинаған. Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым
ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты. Физиология – тірліктану ғылымы. Физиология өзінің ғылыми бағытына қарай жалпы, жеке және қолданбалы болып жіктеледі.
Жалпы физиология көптеген түрлер ағзаның жасушалары мен тіндеріне, ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік үрдістерінің жаратылысын, тірліктерін, жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді. Олардың сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне жалпы жауабын, тітіркену, қозу, тежелу, зат және қуат алмасу құбылыстары туралы мәселелерін қарайды. Жалпы физиология салыстырмалы және эволюциялық физиология болып бөлінеді.
Салыстырмалы физиология – жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерінің тірліктікнегізін, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады.Эволюциялық физиология – адам мен жануарлардың онтогенез (жеке даму) және филогенез (тарихи даму) кезінде физиологиялық әрекеттерінің біліну, даму, қалыптасуының жалпы тіршіліктік заңдылықтары мен тетіктерін қарастырады.
Жеке физиология – кейбір тіндердің (ет, жүйке т.б.), ағзалардың (ми, жүрек, бауыр, бүйрек т.с.с.) қасиеттерін, олардың жүйелерге (қанайналымы, тынысалу, асқорыту т.с.с.) бірлесіп ұйымдастырылу және реттелу негіздерін тексереді.
Қолданбалы физиология – адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты іс-әрекетіне байланысты заңдылықтарды анықтайды. Оның қатарына бірнеше физиология саласы жатады.
2.Ауыздағы ас қорытылу.
Ас қорыту ауыздан басталады. Ауызға келіп түскен тағам 15-30 секундай кідіреді. Осы уақыттың ішінде тағам шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады. Көмірсулы заттар ыдырай бастайды. Ұсатылған ас жұтқыншаққа жетіп жұтылады.Ауыз ішінде дәм рецепторлары бар. Рецепторлар ас кесегімен жанасып тітіркенеді, бұдан пайда болған қозу сигналдары үшкіл жүйкелер мен кезеген жүйке арқылы орталық жүйке жүйесіндегі рефлекстер орталығына барып жетеді.
Сілекей дегеніміз – сілекей өзегі арқылы келіп құйылатын жұптасқан үш сілекей безінің, шықшыт, жақасты, тіл бездерінің, ауыздың шырышты қабығында бытырай орналасқан ұсақ бездердің сөлі. Жан-жануарда, адамда сілекей көбінесе тамақ ішкен сәтте шығады. Бір тәулік ішінде бөлініп шығатын сілекей көлемі әр түлікте әр түрлі. Ит сілекейінің аз-көптігі ауа-райына, оның ыстық салқындығына байланысты. Итте тер бездері болмайды.
Адамда сілекей әсіресе тамақ ішкен кезде көбірек шығады, іші үнемі дымқылданып тұрады, онсыз адам дыбыс шығара алмайды. Сілекей қоймалжың, сұйық зат. Оның құрамында 0,5-1,5% құрғақ зат бар, қалғаны су. Құрғақ зат органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Бейорганикалық заттардан сілекейде натрий, калий, кальций, магний хлоридтері, сульфатары, карбонаттары, иодит, бромид, фторидтер және аз мөлшерде роданит тұздары, микроэлементтер бар. Сілекейдің қышқылдық дәрежесі муциннің мөлшеріне байланысты. Әдетте рН-5,8 – 7,4 аралығында болады.
Сілекей құрамында органикалық заттар бейорганикалық заттардан 2-3 есе көп. Амин қышқылы, мочевина, несеп қышқылы, креатин, креатин қалдықтары бар. Бұлар сілекейге қаннан өтеді. Сілекейдегі негізгі фермент - амилаза. Амилаза сәл сілтілік жерде полисахаридтерді декстрон сатысынан дисахарид сатысына дейін ыдыратады.
Сілекей құрамында микроағзаларды өлтіретін лизоцим ферменті болады. Ит пен мысық сілекейінде көбірек, сондықтан да олар жарасын жалап, дертінен тез айығып кетеді. Адам сілекейінде лизоцим өте аз.Муцин – гликопротеид, шырышты сілтілі зат, ол шайналып ұсатылған ас кесегін жұмсартып, шырышпен қоршайды, жұтқыншақты ауыртпайтындай сырғанақ күйге келтіреді.
Сілекей құрамындағы заттардың мөлшері әр безде әр түрлі. Мәселен, шықшыт безінің
сілекейінде бейорганикалық заттар көп, муцин ферменттері аз, ал сілекейдің өзі сұйық, көлемді, реакциясы қышқылдау рН – 5,81. Жақасты безі шырынында органикалық заттар көп. Тіласты безі сілекейінде муцин көп.
3.Ұйқы безі, гормондары
Ұйқы безі екі түрлі ткаьнен: а) асқорыту сөлін бөлетін ацинус;
б) қанға гормондар бөліп шығаратын және β клеткаларынан құрылған шашыранда ленгерганс аралшықтарынан тұрады. Ацинус тканінің сөлі түтікше арқылы он екі елі ішекке құйылады. Лангерганс аралшықтарында түтік болмайды, ол сөлін қанға құяды.
Ұйқы безі латынша панкреас д.а.
Ұйқы безінің сөлі түссіз, сілтілі, 1% құрғақ зат болады
, белоктардан тұрады. Реакциясы құрамындағы натрий бикарбонатының мөлшеріне байланысты. Тәулігіне ұйқы безінен 1,5-2 литрдей сөл бөлініп шығады, 10 грамдай белок жинап алуға болады, түрлі ферменттерден тұрады.
Без сөлінде трипсиноген, химотрипсиноген күйінде бөлініп шыққан трипсин мен химотрипсин белокты ыдырата алмайды. Ол үшін ішек сөлі құрамындағы әлгі ферменттер ішектің шырышты қабығында түзілетін энтерокиназа ферментімен әрекеттесуі шарт. Осы ферментті Павлов ішек сөлінен тауып, оны ферменттердің ферменті д.а. Энтерокиназа трипсиноген ферментін трипсинге, ал трипсин басқа ферменттерд, айталық химотрипсиногенді химотрипсинге айналдырады.
Ұйқы безі сөлінің құрамында полипептидтерді, пептидтерді ыдырататын карбоксипептидаза эластаза ферменттері, РНҚ-ны нуклеидтер сатысына дейін ыдырататын рибонуклеаза ферменті бар.
Ұйқы безінің сөл шығару кезеңдері.
Аш қарында ұйқы безі он екі елі ішекке аздап сөл шығарып тұрады. Сөл шығару себебіне қарай бұл прцесті күрделі екі кезеңге- рефлекс және қан арқылы химиялық жолмен сөл шығару кезеңдеріне бөлуге болады.
Рефлекс арқылы сөл шығару кезеңдері: шартты және шартсыз рефлекстермен реттеледі. Ұйқы безі тамақ ауызға келіп түскенше сөл шығара бастайды, рефлекстік доға ми қыртысы арқылы өтеді. Одан әрі сөл шығару тамақ ауызға түскеннен кейін үдей түседі.
Қан арқылы түрлі хим.заттармен, айталық гармондармен ұйқы безіне әсер ете отырып, оның сөл шығару қабілетін күшейтуге болады. Хим. заттар сөл шығару процесін ұзартады.
Қатарынан бірнеше фистула қойылған иттің он екі елі ішегінің шырышты қабығын тұз қышқылы сіңген тампонмен тітіркендірсе, ұйқы безінде сөл шығару процесі күшейе түседі. Павлов оны рефлектік процесс деп есептеді. Биллс пен Старлинг Павлов тәжірибесін растай келіп, ұйқы безінің сөл шығару қабілетін тұз қышқылы қалай күшейтетінін анықтап берді. Тұз қышқылы он екі елі ішектің шырышты қабығында түзілген гармон – просекретинді секретинге айналдыратынын, қанға сіңген соң секретин ұйқы безіне әсер етіп, одан көп мөлшерде сөл шығаратынын дәлелдеді. Хейнер мен Рейнер он екі елі ішектің шырышты қабығында панкреозимин түзілетінін, қан арқылы осы ішекке құйылатын өт көлемін де көбейтетінін байқады.
2-билет.
1.Ағзаның ішкі ортасы туралы түсінік
Қан, лимфа және тінаралық сұйықтық ағзаның ішкі ортасын құрайды. Жасуша тіршілігі үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болуы шарт. Тек осы тұрақтылықтың арқасында ағза сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологі Клод Бернар еді. Ағзаның ішкі сұйықтық ортасының салыстырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет. 1929ж. Америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның, ағзаның басты-басты биологиялық көрсеткіштерінің/константалардың/ тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды /артериялық қан қысымы, дене қызуы т.б./ айтады.
Қан- адамның, жан-жануарлардың тіршілік етуіне аса қажетті сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін
2. Асқазандағы ас қорыту
Қарын дегеніміз – ішек-қарын түтігінің кеңейген жері. Сыйыдылығы 2-4 литрдей. Қарын бірнеше бөліктен тұрады. Өңешпен қарынның қосылған жері кардиалық бөлік д.а. Қарын мен он екі елі ішектің қосылған жері пилорус (қақпаша) деп, ал қарынның қақпашаға жалғасқан бөлігі пилорустік бөлік болып саналады.
Қарын құрсақ қуысының жоғары жағында орналасқан. Қабырғасы үш қабаттан: ішкі-шырышты, ортаңғы – біріңғай салалы ет, сыртқы – серозды қабаттан тұрады.
Шырышты қабығында ойық және жазық жерлер бар. Онда қарын бездері орналасқан. Безде түрлі гландулоциттер бар. Негізгі гландулоциттер сөл ферменттерін, айнала қоршаған гландулоциттер тұз қышқылын, қосымша клеткалар шырышты зат – муцин шығарады. Қарынның пилорус бөлігінде айнала қоршалған гландулоциттер болмайды, сондықтан сөл реакциясы қышқылды емес, сілтілі не бейтарапты болады
Қарын бездері тәулігіне 2,-2,5 литрдей сөл шығарады. Ол түссіз, реакциясы қышқыл (рН – 0,9 – 1,5) зат. Меншікті салмағы 1,008,
құрамында 0,5 – 3,5 % құрғақ зат бар. Қарын сөлінде Na, K, Ca хлоридтері, сульфаттары, фосфоттары бар. Тұз қышқылы көп.
Сөлде – ферменттер мен муцин бар. Бездерінің негізгі гландулоциттері пепсиноген ферментін бөліп шығарады. Пепсин өте қышқыл ортада қоректік заттарды гидролиздік жолмен ыдырататын фермент, рН 3,2 – 3,5-ке тең жерде әсер ететін пепсин – гастриксин д.а. Бала қарны сөліндегі сүт ірітетін фермент – химозин д.а.
Қарын сөлінде көмірсуды гидролиздейтін фермент болмайды. Қарын сөлінде шырышты әрі сілтілі зат – муцин бар. Ол қарынның шырышты қабығын жауып тұрады, тұз қышқылын бейтараптайды. Қарын қабырғасын пепсиннің зиянды әсерінен қоғайды.
Сөл қарыннан, тамақ ішкен сәтте көп болып шығады. Оның мөлшері, ондағы ферменттердің сапасы мен құрамы тағамдағы қоректік заттардың түріне ас кесегінің физикалық қасиеттеріне қарай ұдайы өзгеріп отырады.
Рационды ет көп болса, қарыннан сөл көп шығады, реакциясы қышқыл келеді, ал нан көп болса, сөл шығару ұзаққа созылады, сөлдің ыдырату күші мол болады. Ал сүт көп болса, сөл аз шығады, оның қышқылдығы орташа. Нан мен сүтке қарағанда белогі көп асқа пепсин әлдеқайда көп мөлшерде шығады.
Әдетте кезеген жүйке қарын бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтеді, ал симпатикалық жүйке сөл шығуын тежейді. Қарынның сөл шығару қабілетін күшейтетін не тежейтін химиялық заттар бар, олар қан арқылы әсер етеді.
3. Бүйрекүсті безі. Қыртысты қабатының гормондары
Бүйрекүсті безіекі бүйректің үстінде орналасқан. Әр бездің салмағы - 12 грамм. Бұл бездер бірнеше гормондар бөліп шығарады. Бүйрек безі сыртқы қыртыс және ішкi милы (боз) қабаттан құралады. Ішкі қабат адреналин гормонын бөледі. Адреналин жүрек жұмысына, қан тамырларына әсер етеді. Ол жүректің жұмысын жылдамдатады, қандағы глюкоза мөлшерін арттырады, бауырда гликогеннің мөлшерін азайтады. Адреналин симпатикалық жүйке жүйесінің қызметі сияқты мүшелердің қозуына және зат алмасу процесінің тездеуіне әсерін тигізеді.Сыртқы қабатта гормондар өте көп болады. Оларминералдызаттардың,
көмірсулардың, ақуыздың, майдың алмасуын реттеп отырады.
Минералды және органикалық заттардың алмасуын реттейтін, стресске тұрақты, қабынуға жол бермейтін сыртқы қабат глюкокортикоидты гормонды және ағза деп сұйықтықтың бөлінуін баяулататын қандағы натрийдің санын көбейтетін альдостеронды түзеді. Бездіңқыртысты қабатының зақымдануынан жеткілікті мөлшерде гормондар бөлінбегендіктен Аддисон ауруы пайда болады. Аурудың белгілері әсіздік, қан қысымының төмендеуі, тәбеттің болмауы, терітүсінің бозғылт болуы.
3-билет
1.Қанның функциясы, физико-химиялық қасиеті
Қанға физикалық және химиялық қасиеттер тән. Қан қызыл түсті,оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі эритроцит ішіндегі гемоглобиннің газдармен,басқа да химиялық заттармен реакцияға түсіп, қосындылар құруына байланысты. Артерия қанының ашық қызыл түсі қанда оксигемоглобиннің /гемоглобинмен оттегі қосындысы/ болуына
байланысты. Вена қанының күнгірт түсі карбогемоглобиннің /гемоглобинмен көмірқышқылды газдың қосындысы/ болуына байланысты.
Қанның физикалық қасиеті оның тұтқырлығы. Ол қан түйіршіктері мен плазмадағы, ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қойылуына не/се сұйылуына қарай өзгеріп отырады. Қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты.
Қанның маңызды қасиеттерінің бірі- осмостық қысымы. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ертіндіні өткізетін күш осмостық қысым деп аталады. Осмостық қысым еріген электролиттер мен молекулалар санына, олардың арасындағы айырмашылыққа байланысты. Еріген заттардың иондар саны неғұрлым көп болса, оның осмостық қысымы соғұрлым жоғары болады. Қанның осмостық қысымы оның қату температурасы арқылы анықталады. Қанның белок молекулалары тудыратын осмостық қысымы колоидтық-осмостық қысым деп аталады. Қанның осмос қысымына тең тұз ертіндісі изотониялық ертінді деп аталады. Тұзы аз болса гипотониялық ерітінді ал керісінше жоғары болса гипертониялық ерітінді дейді. Осмостық, онкотикалық қысымдар, тіршілік процестердің барысына тікелей әсер етеді. Жасушалар қалыпты қызмет атқару үшін осмостық қысым тұрақты болуға тиіс. Оның тұрақтылығын күрделі механизмдер қамтамасыз етеді. Солардың бірі қан және тін иондарымен судың ара-қатынасы.
2. Аш ішекте астың қорытылуы
Ішек аш және тоқ ішек болып екіге бөлінеді. Аш ішек адамның бойынан орта есеппен 4-5 есе ұзын. Ол үш бөлімнен: он екі елі ішектен, аш және мықын ішектерден тұрады. Адамда он екі елі ішектің ұзындығы 5 см, 2/5-і аш ішек үлесіне тиеді, мықын ішектің ұзіндіғі аш ішектің 3/5-не тең ішек ас ішекте 10-12 сағаттай кідіреді. Осы мезгілде: а) ішектің кілегейлі қабығындағы либеркюн бездерінің сөлі мен ішектегі химус араласқан ұйқы безі сөлінің және өттің бірлескен әрекеті арқасында ішекте ас қорыту процесі аяқталды;
б) ішектің ортаңғы қабаты – біріңғай салалы ет талшықтарының жиырылап созылуы нәтижесінде ішектегі химус төмен қарай біртіндеп жылжып, тоқ ішекке жетеді; в) ас барысында пайда болған өнімдер ішектен қанға, лимфаға сіңеді.
Асты сіңіру.
Асты сіңіру зат алмасуы мен ас қорыту процестерінің маңызды кезеңдерінің бірі. Астың сіңуімен ас қорытылу аяқталады. Ас сіңіру дегеніміз гидролиз өнімдерінің ішек қарыннан қанға не лимфаға өтуі.
Сырттан келіп түскен тағам ауыз қуысында көп кідірмейді. Тіл астына салынған кейбір дәрілер ауыздың шырышты қабыға арқылы тікелей қанға сіңеді де жүрек қан тамырларына әсер етеді. Ас тұзы, су, глюкоза, алкогол қарыннан қанға өтіп аздап бойға сіңеді.
Он екі елі ішекте ас қорыту процесі күшейе түседі, гидролиз үдейді. Бірақ ыдырау өнімдерінің 5-8 %-і ғана қанға сіңеді, өйткені ішек тым қысқа, химус мұнда көп кідірмей әрі қарай жылжи береді. Ас негізінен аш ішек пен мықын ішекте сіңеді. Мұнда тағам гидролизі аяқталып, суда еритін ішек мембранасынан өте алатын заттар пайда болады.
Ас сіңіру механизмі.
Заттар қанға не лимфаға сіңу үшін бірнеше биологиялық мембранадан өтеді. Олар: ішек қарын кілегейлі қабығы, тыныс жолын іштей көмкерген кілегейлі қабық, капиллярлардың эндотелийлері, альвеола қабырғасындағы альвеолалық эпителий, плевра жапырақтары мен шажырқайды қаптаған серозды қабығы, бірнеше қабат эпителий клеткаларынан тұратын тері т.б. Қоректік заттар бойға сіңу үшін олар алдымен ішек эпителиінің аппекальдық және базальдық мембраналарынан, содан соң қан тамыры эндотелийінен өтуі керек. Қоректік заттардың көбі мономер, ион күйінде тасымалданады.
Пассивті түрде тасымалданатын заттар концентрациялық, осмалық электрлік, электрохимиялық, механикалық градиенттерге байланысты диффузия және сүзілу жолдарымен көбінесе клеткааралық саңылаулардан өтеді.
Ішектегі химус құрамындағы заттардың осмостық қысымы, гипер-, гипо- және изотоникалық қысым ретінде кездеседі. Гипертоникалық сұйықтық құрамындағы заттар сіңгенде су қаннан өтіп, ішекте жиналады. Гипотоникалық сұйықтық заттар сіңген кезде алдымен су, одан соң еріген заттар ішектен қанға өтеді. Изотоникалық сұйықтық құрамындағы заттар бұдан жеңілдірек сіңеді.
Астың сіңу механизмінде заттарды белсенді тасымалдаудың орны бөлек. Белсенді түрде тасымалданатын заттар көбінесе градиенттерге көбінесе қарама- қарсы ферменттердің қатысуымен арнайы тасымал жүйесі арқылы АТФ энергиясын жұмсауды талап етеді.
Ас сіңіру кезінде макромолекулалар биологиялық мембраналардан фагоцитоз, пиноцитоз арқылы да өте алады. Ас қорытылу кезінде пайда болған өнімдер тоқ ішекте де сіңеді, бірақ онда шіріткіш микробтар әсерінен амин қышқылдарынан зиянды улы заттар түзіледі де, қанға сіңеді.
3. Бүйрекүсті безі, милы қабатының гормондары
Бүйрекүсті безіекі бүйректің үстінде орналасқан. Әр бездің салмағы - 12 грамм. Бұл бездер бірнеше гормондар бөліп шығарады. Бүйрек безі сыртқы қыртыс және ішкi милы (боз) қабаттан құралады. Ішкі қабат адреналин гормонын бөледі. Адреналин жүрек жұмысына, қан тамырларына әсер етеді. Ол жүректің жұмысын жылдамдатады, қандағы глюкоза мөлшерін арттырады, бауырда гликогеннің мөлшерін азайтады. Адреналин симпатикалық жүйке жүйесінің қызметі сияқты мүшелердің қозуына және зат
алмасу процесінің тездеуіне әсерін тигізеді.Сыртқы қабатта гормондар өте көп болады. Оларминералдызаттардың, көмірсулардың, ақуыздың, майдың алмасуын реттеп отырады.Минералды және органикалық заттардың алмасуын
реттейтін, стресске тұрақты, қабынуға жол бермейтін сыртқы қабат глюкокортикоидты гормонды және ағза деп сұйықтықтың бөлінуін баяулататын қандағы натрийдің санын көбейтетін альдостеронды түзеді. Бездіңқыртысты қабатының зақымдануынан жеткілікті мөлшерде гормондар бөлінбегендіктен Аддисон ауруы пайда болады. Аурудың белгілері әсіздік, қан қысымының төмендеуі, тәбеттің болмауы, терітүсінің бозғылт болуы.
4-билет
1.Қанның құрамы, қан плазмасы және оның құрамы
Қан екі бөлімнен тұрады:
1.плазма(55%)
2.қан жасушалары(45%)
Плазма - қанның сұйық бөлігі.
Қанплазмасының құрамы күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады. Плазма нәруыздары 3 топқа бөлінеді: 1.альбуминдер (4,5%)қанға тұтқырлық (вязкость)береді, ағзаның суконцентрациясын реттеп қанның осмостық қысымын қалыпта ұстайды2.глобулиндер (1,7-3,5%)қызметі албуминдерге ұқсас және ол нәруыз тасымалдайды.3.фибриногендер қанның ұюына қатысады.Сарысу (сыворотка) - фибриногені жоқ плазма, ол қан ұйығаннан кейінгі сұйықтық.
Қан жасушалары
Қан жасушаларының негізгі 3 тобы бар.Олар:
эритроциттер
лейкоциттер
тромбоциттер
2.Сіңірілу және оның физиологиялық маңызы
Асты сіңіру зат алмасуы мен ас қорыту процестерінің маңызды кезеңдерінің бірі. Астың сіңуімен ас қорытылу аяқталады. Ас сіңіру дегеніміз гидролиз өнімдерінің ішек қарыннан қанға не лимфаға өтуі.
Сырттан келіп түскен тағам ауыз қуысында көп кідірмейді. Тіл астына салынған кейбір дәрілер ауыздың шырышты қабыға арқылы тікелей қанға сіңеді де жүрек қан тамырларына әсер етеді. Ас тұзы, су, глюкоза, алкогол қарыннан қанға өтіп аздап бойға сіңеді.
Он екі елі ішекте ас қорыту процесі күшейе түседі, гидролиз үдейді. Бірақ ыдырау өнімдерінің 5-8 %-і ғана қанға сіңеді, өйткені ішек тым қысқа, химус мұнда көп кідірмей әрі қарай жылжи береді. Ас негізінен аш ішек пен мықын ішекте сіңеді. Мұнда тағам гидролизі аяқталып, суда еритін ішек мембранасынан өте алатын заттар пайда болады.
3.Жыныс бездері. Ер және әйел жыныс бездерінің гормондары
Жыныс бездері - гонадалар (грекше «gone» - пайда болу, «aden» - без) аралас бездер болып есептеледі. Олардың сыртқы секрециялық қызметі – жыныс жасушаларын түзу және шығару. Еркек ағзасындағы ұрық жолында сперматозоидтар, ал ұрғашы организміндегі аналық безде жұмыртқа жасушалары жетіледі. Демек, жыныс бездерінің негізгі кызметтерінің бipi - көбею немесе репродуктивтік қызмет.
Сонымен қатар эндокриндік қызмет атқарады. Жыныс гормондары зат алмасу, көбею, жыныс белгілерінің ажырауынан бастап, ұрықтың пайда болып дамуына дейінгі көптеген үрдістерді реттейді. Жыныс гормондары стероидты, яғни май тектес болып келеді.
Еркек жыныс гормондары андроген деп аталады. Нағыз еркек жыныс гормоны -тестостерон. Бұдан басқа бұған қараанда белсенділігі сәл төмен гормондар да бар: андрестерон, эпитестерон. Бұл гормондар ер адамға тән белгілерді (сақал-мұрттыңөcyi,дауыстың жуандауы, бұлшық еттердің даму ерекшеліктері) қалыптастырады.
Әйел жыныс бездеріэстероген гормонын бөліп шығады. Эстрогендер әйелдерге тән жыныс белгілерін (жіңішке дауыс, сүт бездерінің дамуы, қаңқа сүйектерінің даму ерекшеліктер) қалыптастырады.
Eкeyiде ағзаның жыныстыққызметіне және екінші реттік жыныс белгілерінің дамуына, пайда болуына әсер етеді.
Iшкi секреция бездері әрекетінің бұзылуы кестеде көрсетілген.
5-билет
1.Қан және формды элементтері. Эритроцит
Қан жасушалары
Қан жасушаларының негізгі 3 тобы бар.Олар:
эритроциттер
лейкоциттер
тромбоциттер
Эритроциттер:
Эритроцит-қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелдерде бірдей емес. Ер адам қанының әр литрінде 4,0-5,0X1012 эритроцит болады.Әйел қанында бұл көрсеткіш аздау:3,7-4,5X1012 Эритроцит санының қалыптан тыс болуы эритроцитоз, аз болуы эритроцитопения деп аталады.
Ядросы жоқ. Олардың орташа диаметрішамамен7,2-7,5 мкм.
Құрамында қызыл түсті беретін гемоглобин нәруызы бар.Гемоглобиннің құрамына темір (гем) және нәруыздық бөліктер (глобин) кіреді.
Қанның 1мм3 көлемінде4,5-5 эритроцит болады.
Олардың ортасы қысыңқы тегершік пішінді болады.Бұл эритроциттердің бетін 1,5 есе үлкейтеді жәнегаздардың мол көлемде алмасуына бейімірек келеді.
Орташа тіршілік ұзақтығы 120 күн.
Сүйектің қызыл кемігінде түзіледі.
Бауыр мен көкбауырда жойылып отырады.
Қызметі өкпеден ұлпаларға оттегіні, ал ұлпалардан өкпеге көмірқышқыл газын тасымалдау.
Гемоглобиннің құрамындағы темірдің оттегімен қосылысы қанға қызыл түсбереді.Қан өкпеге келгенде, темір ионы оттегімен тұрақсыз қосылыс (FeO) түзеді, яғни гемоглобин оттегіге қанығады. Сондықтан өкпеде оттегімен қаныққан қан алқызыл түсі болады. Оны артериялыққан деп атайды.
Ұлпаларға келгенде қанның гемоглобині өзіндегі оттегін ыдырату арқылы бөліп, жасушаларға тыныс алуы үшін береді.Қан өкпеге келгенде, темір ионы оттегімен тұрақсыз қосылыс (FeO) түзеді, яғни гемоглобин оттегіге қанығады. Сондықтан өкпеде оттегімен қаныққан қан алқызыл түсі болады. Оны артериялыққан деп атайды.
2.Ағзадағы зат алмасу жүйесіне түсінік.
Зат алмасуы ағза тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Ол ғұмыр бойы жүретін өзара байланысқан екі үрдістен тұрады: ассимиляция – жасушалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі); диссимиляция – зат алмасуына қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы. Күрделі химиялық заттар тотыққан сәтте олардан потенциалдық энергия босап шығады да кинетикалық энергияға, айталық механикалық, эдектр энергиясына, ақырында бұлардың бәрі жылуға айналады. Бұл энергия жасушада жаңа заттар түзілуіне, жасушалар мен ағзалардың, ағза жүйелерінің тұтас адам денесі атқаратын қызметтеріне жұмсалады. Жасушалар құрылысы мен энергия қорының байырғы қалпына келуі және бүкіл дененің өсіп-дамуы үшін қажетті мөлшерде оларға сырттан қоректік минералды заттар, витаминдер мен су уақытында келіп түсуі шарт. Тіршіліктің көзі – тағам(тамақ), оның сапасы, мөлшері, құрамындағы қоректік заттар, олардың ара-қатынасы дене мұқтаждығын қамтамасыз етіп тұруы қажет. Денедегі тотығу өнімдері, әсіресе белок өнімдері көбінесе уытты келеді. Арнайы ағзалары арқылы ағза олардан уақытында арылып отырады.
Зат алмасуы тағамның, оның құрамындағы қоректік заттардың асқазанға келіп түсуінен басталады. Онан соң олар қорытылып, денеге сіңеді, жасушаларда ассимиляция және диссимиляция үрдістері өтеді, шығару ағзалары арқылы тотығу өнімдері сыртқа шығарылады. Бұл – жалпы зат алмасуы. Ал жасуша ішінде өтетін зат алмасуы (аралық алмасу) – негізінен химиялық үрдіс, оны биохимия зерттейді. Физиология қоректік, минералды заттар мен су алмасуының жалпы мәселелерін, олардың реттелуін қарастырады. Мұнымен бірге, физиология зат алмасуының көрсеткіштерін зерттеу әдістерін іздестіреді, сондай-ақ тиімді тамақтану негізін зерттейді.
3.Қозғыш тіндерге түсінік
Адам денесіндегі клеткалардың әр қайсының құрлысы мен қызметі, өзін-өзі реттеу мүмкіншіліктері біркелкі болмайды және клеткалардың өзара қарым-қатынасы, функционалдық жүйелердегі ағзалармен тканьдердің байланысы, бір-біріне көрсететін көп жақты әсерлері де әртүрлі.
Сондықтан белгілі бір қысқа мерзім арасында клеткалар мен тканьдерде, жүйелерде сансыз, әр-түрлі күрделі процестер өтеді. Олардың бір-бірімен қосылуы, жалғасуы және керекті бағытта өтуі ағзада ақпараттардың пайда болып таралуына байланысты. Ақпарат клетканың өзінде немесе сыртқы және ішкі ортанын әсерінен туады.
Әр жүйенің элементтері мен клеткалары арасында ақпараттар алмасуы үзілмейді. Ақпарат үш түрлі жолмен таралады.
1/ Бір клеткадан екінші клеткаға олардың түйіскен жерінен тікелей өтеді.
2/ Хабарларды қан мен лимфада және клеткааралық сұйықтықта еріген заттар жеткізеді.
3/ Ақпараттың ең тез таралу жолы-электрлік сигнал түрінде яғни жүйке импульстері арқылы керекті хабарларды шеткі ағзалардан орталық жүйке жүйесіне одан қайта шеттегі ағзаларға жеткізу. Ақпараттың электрлік сигнал түрінде таралуының тағы бір артықшылығы сигналды белгілеуге /кодтауға/ болатындығы.
Қозғыш тканьдердің жалпы қасиеттері.
Тірі ағзада тканьдерді «қозғыш», «қозбайтын» деп екі топқа бөлуге болады.
Қозғыш тканьдерге жүйке, қанқа, жүрек, біріңғай салалы еттер, сөл бөлетін бездер жатады.
Қозбайтын тканьдер қатарына дәнекер ткань, шеміршек, тері эпителийлері жатады.
Қозғыш ткань тітіркендірілсе, оған жауап ретінде қозу процесі пайда болады, яғни ткань тыныштық қалпынан қызмет жағдайына көшеді, оның
белсенділігі /активтілігі/ жоғарлайды.
Гранулоциттер Агронулоциттер
Базофилдер Эозинофилдер Нейтрофильдер - 70 Мета-
миело-
цит Таяқша
ядролы Сегмент
ядролы Лимфо-циттер Моно-циттер
0-1 1-5 0-1 1-5 45-65 20-40 2-10
Тканьнің тітіркендіргіш әсеріне жауап беру қабілеті, оның қозғыштық қасиеті болып саналады.
Қозғыштық-қозатын тканьдердің физиологиялық қасиетінің ең көрнектісі.
Қозғыш тканьдердің екінші физиологиялық қасиеті қозу процесін өткізу.
Үшінші қасиет-ет тканьдері қозу салдарынан жиырылу, қысқару, қатаюы болады ал без тканьдері қозу салдарынан сөл бөледі.
Қозғыш тканьдердің физиологиялық қасиеттерін зерттеу үшін көбіне жүйке-ет препараты қолданылады.
6-билет
1.Қанның формды элементтері. Лейкоцит, қасиеттері мен қызметі
1 литр қанда 4,9-9х109/л лейкоцит болады. Лейкоцит қанның ақ клеткасы, ядросы бар, амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтар шығарып қозғалады.Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады.
Ipi ядросы болады. Орташа диаметрі 6-25 мкм.
Tүсciз жасушалар, сондықтан оларды немесе аққан жасушалары деп атайды.
Олардың пішіні тұрақты болмайды, амеба тәрізді жалған аяқтарымен қан тамырларының қабырғасынан өтіп кете алады.
1мм3 қанда 4000-8000 лейкоцит болады.
Олар түріне байланысты бірнеше күннен бірнеше жылдарға дейін тіршілік етеді.
Жіліктің кемігінде, көкбауырда, айырша безде (тимус), лимфа түйіндерінде түзіледі.
Бауыр мен көкбауырда жойылып отырады.
Лейкоциттердің негізгі қызметі организмді микробтардан денеге зиянды заттардың енуінен сақтау.
Олар зиянды әсер туатын жерге тез жетеді. Сондықтан лейкоциттер тек қанныңқұрамында ғана болмайды, олар ағзаның барлық жерлерінде кездеседі. Лейкоциттер микробтармен жарақаттанған жасушалардың бөліп шығаратын химиялық заттарына
сезімтал болғандықтан, сол жаққа қарай жылжиды,
Лейкоциттер 2 топқа бөлінген:
Лейкоцит түрлері. Лейкограмма (%)
1.Гранулоциттер немесе түйіршікті лейкоциттерге нейтрофильдер, эозинофильдер, базофилъдер жатады. Цитоплазмасы түйіршікті, ядросы сегменттелген.
2.Агранулоциттер немесе түйіршіксіз лейкоциттерге моноциттер, лимфоциттер жатады. Олардың цитоплазмасында түйіршіктер кездеспейді және ядролары сегменттелмеген. Нейтрофильдер микроорганизмдерді фагоцитоз арқылы жоя алады. Лейкоциттердіңәр түрлі микроорганизмдерді қорытып жіберуін И.И.Мечников фагоцитоз (қарбу) деп, ал обыр жасушаларды "фагоциттер" деп атаған. Ол 1883 жылы иммунитеттің жасушалық теориясын құрды және фагоцитоздың қорғаныштық ролін ашып Нобель сыйлығына ие болды. Олар лизосомалардағы өзінің ферменттері арқылы қорытып отырады. Мұндай жағдайда көптеген лейкоциттер тіршілігін жояды. Бұзылған лейкоциттер ipiң болып жарадан бөлініп шығады.
Эозинофильдер саны аллергиялық реакцияларда және ішек құрттарын жұқтырғанда көбейеді. Базофилъдер биологиялық белсенді заттар - гепаринді (қанныңұюына жол бермейді)
және гистаминді (қантамырларын кеңейтеді) түзеді.
Иммунитетте лимфоциттер мен моноциттердіңмаңызы көбірек. Моноциттер лейкоциттердіңішіндегі еңipici.Олар барлық лейкоциттердің 4-8%-ын құрайды. Олар фагоцитарлық белсенділікпен сипатталады. Бip моноцит 100 микробты жояды. Моноциттер макрофагтарға айналып отырады.
Лейкоциттердің 25%-ын лимфоциттер құрайды. Олардың басым бөлігі лимфада. Олар жіліктің кемігінде пайда болады, әрі қарай дамитын мүшеге байланысты Т-лимфоциттері және В-лимфоциттері болып бөлінеді. Лимфоциттер - арнайы иммундық жүйенің элементтері.
2.Дәрумендерге түсінік және олардың маңызы
Тағамда дәремендердің жеткіліксіз болуы адам ағзасын әлсіретеді, мұндай жағдайды гиповитаминоз д.а. оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жержде ұзақ жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, гельминтоз, лямблиоз т.б аурулар себеп болады. Дәрумен жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпаға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай –ақ адам күйзеліске ұшырағанда , ауа райының құбылмалы кезеңдерінде , әйелдердің жүкті немесе бала емізуі кезінде т. б жағдайда ағзада дәремен жетіспеушілік артады. Барлық дәрумендер майда және суда еритіндер деп 2 топқа бөлінеді. Майда еритіндерге А,
Д,Е,К дәремендері, ал суда еритін дәрумендерге С,РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады.
Дәремендер ағзада ферменттердің түзілуіне қатысады, дәрумендер тағам құрамында аз мөлшерде болғанымен, ағза үшін өте қажетті заттар. Дәременсіз ағзаның дамуы, өсуі, тіршілігін жалғатыруы мүмкін кемес. Қазіргі кезде дәрумендердің 30-ға жуық түрлері бар. Дәремендер әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін өсуі, дамуы үшін қажет. Ағзаның иммундық қабілетін арттырады.
3.Жүрек биотогы және оның тіркелуі (ЭКГ)
Жүрек еті қозған кезде көптеген ет талшықтары теріс зарядқа көшеді де, қозбай қалған ет талшықтары бұрынғысынша оң зарядын сақтап қалады, сөйтіп қозған және қозбаған миоциттер арасында электр айырмашылығы, яғни элертр потенциалы туады. Бұл потенциал белгілі бір тіндер арқылы бүкіл денеге тез тарап кетеді. Сондықтан оны қолға, аяққа, кеудеге қойылған элетродтар арқылы электрокардиографф аспабы мен жазып алады. Ол үшін әдетте 3 түрлі биполярлық стандарттық тіркеу әдісі қолданылады.Бірінші стандарттық тіркелімде электродтар оң қол мен сол қол білезіктеріне, 2-ші тіркелімге оң қол мен сол аяққа, 3- ші тіркелімде сол қол мен сол аяққа байланады. Электрокардиограффпен жазып алынған қисық сызық- электро кардиограмма латын алфабитінің P, Q, R, S, T белгіленген 5 тістен тұрады. Оның 3-уі (P, R, T,) электр осінен жоғары, 2-уі (Q, S) төмен бағытталған.
P, R, S, T –тістері қозудың (диполяризациясын) қарынша еттеріне таралуын одан әрі сөнуін (реполяризациясын) көрсетеді. Сондықтан бұл тістер қарынша комплексі д.а.Электрокардиограммадан жүрек қызметі туралы бірқатар мағлұмат алынады: тістердің биіктігін –шайқалымын (амплитудасын) өлшеу арқылы жүректің жиырылу күшін жорамалдауға болады. Q, менT аралығын өлшеу арқылы систоланың ұзақтығы , T мен Р аралығы диастола ұзаұқтығын көрсетеді. Р – Q аралығы қозу үрдісінің атриовентрикулярлы түйіні мен Гис шоғырынан өту жылдамдығын сипаттайды. S-Т сегменті электрлік изиолиниядан ығыса, жүретің қантамырлары арқылы қоректенуінің нашарлағанын көрсетеді. ЭКГ талдай отырып, жүректің минутына қанша рет және қандай ырғақпен соққанын анықтауға болады
7-билет
1.Гемоглобин және қызметі.Эритроциттегі құрғақ заттардың /90%/ гемоглобиннен тұрады. Әрбір эритроците 300 млн-дай гемоглобин молекуласы болады. Гемоглобин 1 молекула глобинен және 4 гем молекуласынан тұрады.
Адам денесінде 5 литр қан, ал мұнша қанда 700-800 гр гемоглобин бар. Эритроцит саны әйелге қарағанда ер адамда көбірек, осыған орай ер адам қанында гемоглобин көбірек болады. Ер адамның 1 л қанында 130,0-160,0 г, әйелде 120,0-140,0 г Нв бар.
Анемия қанның азаюы, ауру. Анемия кезінде қан көлемі өзгермейді, бірақ оның ішіндегі эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшері өзгеріп отырады. Гемоглобин мөлшері көбейіп кетсе, гиперхромия деп, ал азайса гипохромия д.а.
2.Бүйрек физиологиясы, құрылысы
Бүйректің негізгі қызметі – несеп түзу. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (несеп шығару) деп аталады. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне және ішкен судың мөлшеріне байланысты. Әдетте, ересек адамда тәулігіне 1000-1800 мл(орта есеппен 1500 мл) несеп түзіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диурез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауға болады: олигурия – тәуліктік диурездің азаюы; полиурия – тәуліктік диурездің көбеюі, анурия – несеп түзілуінің тоқтауы. Ауруға шалдыққан кездерде туатын өзгерістер – энурез "шыжың" немесе түнде несебін ұстай алмау, никтурия (түнде несептің шектен тыс көп болып түзілуі). Бүйректегі күрделі зәр жасалуды терең түсіну үшін несеп пен қан плазмасының құрамдарындағы әртүрлі заттардың өзара қатынасын салыстырып қарау керек, өйткені бүйрек арқылы зат алмасу үрдісінің ақырғы қалдықтары шығарылады.
Несеп қаннан түзіледі, оның құрамы және қасиеті биохимия пәнінде толық қарастырылады. Біз тек қана, оның кейбіреулеріне ғана тоқтап өтеміз. Ол – гипертониялық (қаныққан) сұйық зат. Оның қату температурасы 1,5 – 2,2 ° (қан 0,56-0,58° қатады), тығыздығы 1,012 – 1,025, түсі сарғылт. Түсі несеп құрамындағы уробилин және урозром бояуларына байланысты. Несеп құрамында 2-4% құрғақ зат бар.
Қан мен несеп құрамында кездесетін кейбір заттар (А. Кешни)
Зат аттары Көлемі процент есебімен қан плазмасында Несеп құрамындағы заттың қан құрамындағыдан айырмашылығы
Алғашқы несепте Соңғы несепте Мочевина
Несеп қыщқылы
Глюкоза
Калий
Фосфаттар
Сульфаттар
Белок
Креатинин 0,03
0,004
0,1-1,15
0,02
0,009
0,002
7,0-8,0
0,001 2,0-3,0
0,05
-
0,15
0,15
0,18
-
0,075 67-70 есе көп
12 есе көп
несепте болмайды
7 есе көп
16 есе көп
90 есе көп
Несепте болмайды
75 есе көп
Несептің негізгі органикалық құрамы мочевинадан тұратынын кетеден байқауға болды.
Ересек адам несебінің құрамымен орта есеппен алғанда тәулігіне 30 г дейін мочевина (12 г – нан 36 г-ға дейін)шығарылады. Несеппен шығарылатын азоттың жалпы саны тәулікте 10 г-нан 18 г дейін өзгеріп отырады. Оның мөлшері белокқа бай тамақ ішкенде, ауырғанда, әсіресе белок көп ыдырайтын ауруларда жоғарылайды(мысалы, гипертиреоз, дене температурасы өзгергенде т.б. ) Қалыпты жағдайда есеппен глюкоза, белок шығарылмайды.
Бүйрек жұп мүше, салмағы 120-200 г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы – нефрон, ол мальпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Әрбір бүйректе 1млн-ға жуық нефрон бар. Олар қан, лимфа тамырларымен жиі торланған және араларында интерстициальдық сұйықтық болады. Әрбір нефронда бір-біріне тәуелді аса күрделі үрдістер жүріп жатады. Соның нәтижесәнде бүйректе несеп түзіледі.
Нефрон құрылысы – өте күрделі. Ол Шумлянский- Боу-мен капсуласымен, артериялық капилляр шумағынан, яғни Мальпиги шумағынан және түтікшелерден тұрады. Нефронның шумақтық бөлігі гломерулалықбөлім деп аталады. Шумлянский – Боумен капсуласы түктеп келгенде бүйрек түтікшелеріне айналады. Сондықтан оны нефронның түтікше бөлімі деп те атайды. Бұл құрамында (проксимал ) және (дистал)ирек түтіктер бар, бүйректің қыртысы бөлімінде, ал Генле ілмешегі және несеп жиналатын түтіктер ми бөлімінде болады. Әр бөлімнің өз құрылымдық ерекшеліктері болады.
Бүйрекке ағып келетін қанның 85% - ке жуығы, бүйректің қыртыс қабатындағы қан тамырларында.
3.Биоэлектрлік құбылыстың тірі тінде пайда болуы
Қозу барысында мебраналық потенциал әрекет потенциалына айналады. Тірі ағзада көптеген потенциалдар /электр тогы/ кездеседі: МП-локальді жауап, ӘП-із потенциалдары, постсинапстық қоздыру және тежеуші потенциалдар. 1786 жылы Италия ғалымы Л.Гальвани жүйке мен еттен тұратын анатомиялық препарат /нерв-ет препаратын/ жасап дайын шонданай жүйкесін шыны қармақпен іліп алып, оны бірден балтыр етінің кесілген және кесілмеген жерлеріне тигізген, сол сәтте еттің жиырылғаны байқалады. Гальвани өзінің осы тәжірибесінде тірі тканьде /ет пен жүйкеде/ электр тогының болатынын және ондағы потенциал айырмашылығы тканьді тітіркендіре алатынын дәлелдеп берді.
1838 жылы Италия ғалымы Меттеучи гальванометрмен еттін кесілген жері мен кесілмеген жерінде потенциал айырмасы барын, бұлшықеттің сыртқы беті оң зарядты, кесілген жері яғни бұлшықеттің ішкі жағы теріс зарядты болатынын ашты.
Мембраналық потенциал дегеніміз- протоплазма потенциалымен клетканың сыртқы бетіндегі потенциалдың арасындағы айырмашылық. Мебрананың сыртқы беті оң, ал ішкі беті теріс зарядталған. Тірі клетканың қай қайсысының болса да мембраналық потенциалы болады.Клетканың тіршілігі тоқтаған сәтте мембраналық потенциал жойылады.
Әрекет потенциалы дегеніміз-белгілі бір тканьде тітіркендіргіштің әсерінен қозу процесі пайда болған сәттегі потенцициал. Әрекет потенциалы пайда болғанда клетка мембранасының сыртқы беті теріс, ал ішкі беті оң зарядталады. ӘП-ы МП-дан жоғары болады. Мембраналық потенциалдың, жоғалып барып қайта көтеріліп ең жоғарғы дәрежесіне жету кезеңін әрекет потенциалының деполяризация кезеңі деп атайды. Бұдан соң ӘП–ы төмендеп біртіндеп МП мөлшері мен заряды бұрынғы қалпына келеді. Бұл мерзімді ӘП-ның реполяризация кезеңі дейді. Осы реполяризация кезеңінің соңында потенциалдың күшеюін гиперполяризация дейді.
Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың натрий және калий иондарына өтімділігінің өзгеруіне байланысты.
Тітіркендіру күші қозу табалдырығынан төмен болса ткань қозбайды, бірақ әсер еткен жерде мембрана аздап деполяризацияланады, мембранаға натрий ионына өтімділігі жоғарлайды, ол клетка ішіне қарай өте бастайды. Бұл құбылысты жергілікті не/се локалді жауап деп атайды. Жергілікті жауап әсердің күшіне байланысты.
8-билет
1.Тромбоциттердің қасиеті мен функциясы
Тромбоцит – қан пластинкасы, екі жағы дөңес дөғңгелек не сопақша құраылым, диаметрі 0,5-4 мкм.Сау адамның 1л қанында 180-320*109тромбоцит болады.Орта есеппен тромбоцит 8-10 тәулік жасайды.Ол сүйек кемігінде мегакариоциттен тузіледі, 1 мегакариоциттен 3000-4000 қан пластинкасы бөлініп шығады.
Тромбоциттің химиялық құрамы өте күрделі.Ол көптеген ферменттерден, олардың ішіндне АТФ және лизоцим,адреналин,норадреналин гармондарынан,11-шақты қанды ұйытатын факторлардан тұрады.Бұлармен бірге тромбоцит құрамына жиырылатын қабілеті бар белок тромбостенин кіреді.
Тромбоциттің саны қанда кешке қарай күндіздегіден көбірек,ол қуаныш,реніш,қайғы-қасірет,шаттану т.б. себептерден де тамақ ішкеннен кейін де көбейеді.
Тромбоциттердің қызметі (функциясы).
1).Ангиотрофикалық қан тамырды қоректендіру функциясы.Қан тамырының эндотелиі ағып жатқан қаннан қажет мөлшерде қоректік заттарды ала-алмайды.Оны тромбоциттер қаннан сорып алады да әлсін-әлсін,эндотелиймен түйіскен кезде оған беріп отырады. Қоректік функциясын барлық тромбоциттердің 15% -і ғана атқарады.
2).Адгезивті агрегациялық (жабысып үйінді құру) функциясы.Қан тамыры жарақаттанса. Тромбоциттің пішіні өзгереді.Оның протоплазмасында өсіктер /жалған аяқтар/ пайда болады.Бұл процесс агрегация деп аталады.
3).Ангиотензивтік (қан тамырын тарылту) функциясы қан тамыры саңылауын тарылтады.Бұл жарылған тромбоциттерден босап шыққан серотониннің әсері
4).Қан ұйыту қызметі (гемокоагуляция) Тромбоцит құрамында қан ұюын тездететін заттар болады.Олар қан ұюының тромбоциттік факторлары деп аталады:
1-фактор –тромбоциттердің бетіне адсорбцияланған плазмалық проакцелерин.Протромбиннңн тромбинге айналуын тездетеді.
2-фибриногеннің фибринге айналуын тездететін фактор.
3-фактор-тромбоциттік тромбопластин.
4-гепаринге қарсы тұратын фактор.
5-фактор-фибриноген тәрізді зат, тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып,үйінді жасалуына
әсер етеді
6-фактор-тромбостенин-ұйылған қанды тығыздайды,
7-фактор-антифибирнолизин, фибринолиз жасайтын ферменттің әсерін төмендетеді.
8-фактор-серотонин қан тамырларын тарылтады.
9-фактро-фибриннің сақталуын қамтамасыз етеді
10-қан тамырларын тарылтатын фактор
11-агрегация факторы,тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, ұйынды құруды тездететін тромбоксин деген зат.
2.Юкстагломерулалық аппарат
Қанды алып келуші артериола тамыры қабырғасында,оның шумаққа кіретін жерінде микроэпителиялық жасушадан пайда болған қалың , тығыз түйін бар. Оны юкстогломерулалық (шумақ қасы) аппараты деп атайды. Егерде бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі нашарласа, бұл аппарат ренин бөледі. Ренин артерия қан тамырының қан қысымын реттеп, қандағы электролиттердің мөлшерін қалыпты жағдайға келтіреді. Несеп жасау үрдісін жан -жақты қарастыру үшін оның басқада құрылысын , ерекшеліктерін білуіміз керек.
Нефронның шумақтық бөлігі гломерулалық бөлім деп аталады. Шумлянский –Боумен капсуласы түптеп келгенде бүйрек түтікшелеріне айналады. Сондықтан оны нефронның түтікше бөлімі деп атайды. Бұл құрамда проксимал, дистал, имек түтіктері бар. Бүйректің қыртысты бөлімінде, ал Генле ілмешегі және несеп жинаушы түтіктер ми бөлімінде болады.
3.Бүйрекүсті безі. Қыртысты қабатының гормондары
Бүйрекүсті безіекі бүйректің үстінде орналасқан. Әр бездің салмағы - 12 грамм. Бұл бездер бірнеше гормондар бөліп шығарады. Бүйрек безі сыртқы қыртыс және ішкi милы (боз) қабаттан құралады. Ішкі қабат адреналин гормонын бөледі. Адреналин жүрек жұмысына, қан тамырларына әсер етеді. Ол жүректің жұмысын жылдамдатады, қандағы глюкоза мөлшерін арттырады, бауырда гликогеннің мөлшерін азайтады. Адреналин симпатикалық жүйке жүйесінің қызметі сияқты мүшелердің қозуына және зат алмасу процесінің тездеуіне әсерін тигізеді.Сыртқы қабатта гормондар өте көп болады. Оларминералдызаттардың, көмірсулардың, ақуыздың, майдың алмасуын реттеп отырады.
Минералды және органикалық заттардың алмасуын реттейтін, стресске тұрақты, қабынуға жол бермейтін сыртқы қабат глюкокортикоидты гормонды және ағза деп сұйықтықтың бөлінуін баяулататын қандағы натрийдің санын көбейтетін альдостеронды түзеді. Бездіңқыртысты қабатының зақымдануынан жеткілікті мөлшерде гормондар бөлінбегендіктен Аддисон ауруы пайда болады. Аурудың белгілері әсіздік, қан қысымының төмендеуі, тәбеттің болмауы, терітүсінің бозғылт болуы.
9-билет
1.Гемостаз. Қанның ұюы және ұюға жүйе
Ұю- қанның биологиялық қасиеті, қорғаныс қызметінің бір түрі. Осы қасиеттің арқасында қанның кетуі тоқтайды , мұны гемостаз, яғны қан тоқтау д.а. Гемостаз деп қанның сұйық қалпын және эндотелиидің бүтіндігін , тамырдағы қан ағысын сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауын не ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық, биофизикалывқ үрдістерді айтады. Ересек адамының қаны 5 минутта, нәрестенікі 8-10 минутта ұюйды. Гемостаз үрдісіне 15 плазмалық, 11 тромбациттік түрткілер мен біреге эритроциттер мен лейкоциттерден бөлінетін заттар сондай-ақ қан тамырының эндотелийі қатысады. Жарақаттанған қан тамырының жуан жіңішкелігіне ондағы қысымына қарай қан тоқтау 2 түрге бөлінеді, соның бірі тамырдағы тромбоциттік гемостаз-тромбоцит пен қан тамыры қабырғаының ішкі бетінің қасиеттеріне, 2-сі коагулияциялық гемостаз- қан ұю жүйесін құратын плазмалық түрткілерге байланысты. Тромбоциттік факторлар:
1-фактор –тромбоциттердің бетіне адсорбцияланған плазмалық проакцелерин.Протромбиннңн тромбинге айналуын тездетеді.
2-фибриногеннің фибринге айналуын тездететін фактор.
3-фактор-тромбоциттік тромбопластин.
4-гепаринге қарсы тұратын фактор.
5-фактор-фибриноген тәрізді зат, тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып,үйінді жасалуына
әсер етеді
6-фактор-тромбостенин-ұйылған қанды тығыздайды,
7-фактор-антифибирнолизин, фибринолиз жасайтын ферменттің әсерін төмендетеді.
8-фактор-серотонин қан тамырларын тарылтады.
9-фактро-фибриннің сақталуын қамтамасыз етеді
10-қан тамырларын тарылтатын фактор
11-агрегация факторы,тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, ұйынды құруды тездететін тромбоксин деген зат.
2.Нефрон құрылысы
Нефрон құрылысы – өте күрделі. Ол Шумлянский- Боу-мен капсуласымен, артериялық капилляр шумағынан, яғни Мальпиги шумағынан және түтікшелерден тұрады. Нефронның шумақтық бөлігі гломерулалықбөлім деп аталады. Шумлянский – Боумен капсуласы түктеп келгенде бүйрек түтікшелеріне айналады. Сондықтан оны нефронның түтікше бөлімі деп те атайды. Бұл құрамында (проксимал ) және (дистал)ирек түтіктер бар, бүйректің қыртысы бөлімінде, ал Генле ілмешегі және несеп жиналатын түтіктер ми бөлімінде болады. Әр бөлімнің өз құрылымдық ерекшеліктері болады.
3.Синапс туралы түсінік, құрылысы, құрылымы және түрлері
Синапс-өзара жүйке жасушалары не жүйкемен шеттегі қызмет жасушасы (эффектор) түйіскен жерінде серпіністерді өткізетін арнайы ұласуды айтады. Синапс ұғымын физиологияға енгізген ағылшын физиологы Ш.Шерингтон. Синапстар ұласқан жасушаның түріне қарай нейронаралық, ет-жүйкелік болып, әсеріне байланысты - қоздыратын, тежейтін, ал қозуды өткізу әдісіне қарай химиялық (медиатрдың қатысуымен) электрлік (эфапстық) болып 3- топқа бөлінеді. Кейде аралас электрлік-химиялық түйіспелер де кездеседі. жүйке тармағы мен миоцит түйіскен жерде ет-жүйкелік түйіспе құралады. Денедегі барлық түйіспелердің құрылысы біркелкі. Әрбір синапс 3 элементтен, атап айтқанда пресинапстық (түйіспеге дейінгі) постсинапстық ( синапстан кейінгі) мембраналардан және түйіспелік саңылаудан тұрады. Жүйке талшығының ұшы түйіспе құрар алдында кеңейіп, жуандап бұтақ бүршігіне ұқсайды. Синапс саңылауы алдындағы жүйке бүршігінде медиаторға толы көпіршіктер мен митохондрийлер болады. Осы бүршіктің басқа жүйкемен не миоцитпен түйіскен бетін жабатын мембрана пресинапстық боп саналады, ал постсинапстық мембрана түйіспе саңылауынан кейінгі жүйке бүршігіне ет жасушасын қаптайды.
10-билет
1.Қан топтары.
Жарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орынын толтырады. Бір адамның қаны екінші адамға тексермей құя салуға болмайтыны анықталды. Мұның себебін білуге гетерогемоагглютинация мен изогемоагглютинация құбылыстарының ерекше мәні бар.1836 жылы Губер жануарларының бір түрінен қан алып оны екінші түріне (қойдың қаны қоянға) құйған.
Екі түрлі жануардың қанын араластырған кезде эритроциттердің бір – біріне жабысып қалуы гетерогемоагглютинация деп аталады.
Бір түрге жататын екі жануардың қанын аралыстырғанда да эритроциттер агглютинациясы п.б., мұны изогемоагглютинация дейді.
Эритроциттердің желімдену себебін Прага университетінің профессоры Ян Янский ашты.
Ол ағзадан тыс жерде тәжірибе жасап, көптеген адамдардың қандарын кезек араластырған. Мұның нәтижесінде адам қанында, яғни оның эритроцитінің мембранасында 2 түрлі /А және В/ аглютиноген, ал плазмада сол аглютиногендерге сәйкес келетін 2 түрлі аглютинин желімдейтін альфа және бета болатынын анықтады.
Ян Янский адам қанын 4 топқа бөлді.Егер қан плазмасында ά мен β агглютининдері болса, оның эритроциттерінеде А және В агглютиногендер болмауы керек. Сондықтан А,В агглютиногендері болмаса, олардың жоғын «О» мен белгілейді. АВ агглютиногендері жоқ «О» плазмада ά, β, агглютининдері бар қан 1 топқа жатады, ал «А» агглютиногені бар қанда β агглютинині болады, мұндай қан II топ болып белгіленеді. III топтағы қанда В – агглютиноген, ά агглютинин болады. Егер қанда А және В агглютиногендердің екеуі де болса, ондай қанда агглютининдер болмайды. Ол қан IV топқа жатады. Халықаралық келісім бойынша қан тобын белгілерде оның агглютиногені жазылады да, содан соң агглютинин, ақырында рим санымен қан тобы жақшада көрсетіледі.
2. Зәрдің түзілуінің механизмі. Шумақтық сүзілу
Бүйректе қанмен келген заттардан зәр түзіледі. Бүйрек арқылы тәулігіне шамамен 1700 лқанағып өтеді. Зәр түзілу үрдісі үш кезеңнен өтеді:
сүзілу немесе фильтрация.
қайта сіңірілу немесе реабсорбция.
Секрециялық.
Бірінші фильтрация кезеңінде қан плазмасының капилляр шумағынан бүйрек денешігіне сүзіліп өтеді.Мұның нәтижесінде бірінші реттік зәр түзіледі. Капиллярдың және бүйрек денешігініңқабырғалары сүзгінің қызметін атқарып қан жасушаларын және ірі нәруыздарды өткізбейді.Бірінші реттік зәрдің құрамында керексіз заттарға (несепнәр, зәр қышқылы) қоса керектізаттар (амин қышқылдары, глюкоза, витаминдер, тұздар) да бар. Бірінші реттік зәрде ақуызболмайды.
Реабсорбция кезеңінің нәтижесінде екінші реттік зәр түзіледі. Иір өзекшелерден өтубарысында бірінші реттік зәр қайта сүзіліп, оның құрамындағы су, амин қышқылдары,глюкоза, витаминдер, тұздардың біршама мөлшері қайта қанға өтеді. Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий жасушаларының белсенді секрециялық қызметі. Мұнда аммиак, сутегі иондары, креатинин т.б. заттар сонғы несепке қосылады және кейбір улы заттар залалсыздандырылады. Сөйтіп,, түзілген екіншіреттік зәрдің құрамында несепнәр (мочевина), зәрмүшеге – қуыққа құйылады. Қуықтың көлемі 500 мл. Қуық 3-3,5 сағатта екінші реттік зәрді жинайды, одан кейін оның қабырғасы зәршығару кезінде жиырылады да зәр зәр шыгыру түтігімен сыртқа шығады. Зәр шығыру түтігініңұзындығы еркек адамда 18-20см, ал әйел адамдарда 3,5см болады. Қуық тым созылса (көлемі 200-300 мл-ге дейін жетсе) зәр рефлекторлық жолмен сыртқа босатылады.
Ағзаның барлық мүшелері сияқты бүйрек жұмысы жүйкелік-гуморальдық жолмен реттеледі.
Зәр шығарудың орталық рефлексі жұлында орналасқан, ересек адамда бас миыныңсыңарларында орналасқан. Симпатикалық жүйке қан тамырларының диаметрін тарылтады, алпарасимпатикалық жүйке керісінше кеңейтеді. Бұл болса бірінші реттік зәрдің түзілуіне жәнеқайта сіңіру үрдістерінің жылдамдығына әсер етеді. Реабсорбция үрдісі гипофиздіңвазопрессин гормоны әсерінен күшейеді. Бүйрек үсті безінің адреналин гормоны бүйрекқантамырларының диаметрін кішірейту арқылы зэр үзілу үрдісін тежейді, Альдостеронгормоны натрий және калий тұздарының қайта сіңірілуін реттейді. Адамның зәрін қуықтаұстап қалуы немесе зәр босатуы ерігіне байланысты.
3.Парабиоз туралы түсінік. Қозғалыс аппараты..
Жүйкеге ұзақ уақыт күшті тітіркендіргіштер әсер етсе, оның қозғыштық қасиеті, лабилдігі төмендейді. Оны парабиоз деп атайды.
Парабиоздың дамуы мезгілінде үш сатылы өзгерістерді анықтайды:
1/теңестіру
2/парадоксальдық.
3/тежелу.
Теңестіру кезеңінде тітіркендіргіштің біртіндеп жиілігін не/се күшін жоғарылатса бәріне беретін жауабы бірдей болады.
Парадоксальдық кезеңде әлсіз тітіркендіргіштерге беретін еттің жауабы күшті тітіркендіргіштерге беретін жауабынан жоғары болады.
Тежелу кезеңінде ет тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды.
Парабиоз кезеңдері альтерация /құрылымды бұзатын/ жасайтын әсерлерге жүйкенің лабилдігінің төмендеуімен түсіндіріледі.
Еттің жиырылуы.
Ет қозғыш тканьдердің бірі. Тканьдерге тән қасиет қозғыштық, қозуды өткізу. Мұнымен қатар бұлшықеттің ерекше қасиеті-жиырылу.
Бұлшықет тканінің қозғыштық дәрежесі-қозу табалдырығы арқылы анықталады.
Бұлшықеттің негізгі қызметі және физиологиялық қасиеті- жиырылып жазылу. Жиырылу белгілі бір тітіркендіргіш әсеріне берілетін жауап.
Қанқа еті сомалық жүйке жүйесімен, оның ішінде ми қыртысымен байланысты болғандықтан олардың жиырылуы адамның еркіне байланысты. Жүрек еті мен бірыңғай салалы етті өз еркімен жиырылта алмайды, бұлардың жиырылып жазылуын ж/е автоматиялық қасиетін вегетативтік жүйке-жүйесі реттейді.
Бұлшықет пен жүйке байланысы бұзылса немесе бұлшықет ұзақ уақыт жиырылмаса, ет талшықтары құрылымы өзгеріп, семіп қалады/атрофияланады/. Ал керісінше бұлшықетті арнайы әдістермен шынықтырса, жеке ет талшықтары үлкейіп, бұлшықетің көлемі ұлғаяды /гипертрофияланады/.
Тәжірибе жүзінде бұлшықетті тікелей өзіне немесе жүйке арқылы әсер ете отырып қоздыруға болады. Бұлшықеттің жиырылуы оның сырттан келіп түскен тітіркеніске жауабы. Бір эфференттік жүйке тармақталып бұлшықет талшықтарымен түйісіп мионевральдық синапс құрайды. Бұл еттің қозғалтқыш бірлігі боп саналады.
11-билет
1.Гемостаз. Қанның ұюы және ұюға жүйе
Ұю- қанның биологиялық қасиеті, қорғаныс қызметінің бір түрі. Осы қасиеттің арқасында қанның кетуі тоқтайды , мұны гемостаз, яғны қан тоқтау д.а. Гемостаз деп қанның сұйық қалпын және эндотелиидің бүтіндігін , тамырдағы қан ағысын сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауын не ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық, биофизикалывқ үрдістерді айтады. Ересек адамының қаны 5 минутта, нәрестенікі 8-10 минутта ұюйды. Гемостаз үрдісіне 15 плазмалық, 11 тромбациттік түрткілер мен біреге эритроциттер мен лейкоциттерден бөлінетін заттар сондай-ақ қан тамырының эндотелийі қатысады. Жарақаттанған қан тамырының жуан жіңішкелігіне ондағы қысымына қарай қан тоқтау 2 түрге бөлінеді, соның бірі тамырдағы тромбоциттік гемостаз-тромбоцит пен қан тамыры қабырғаының ішкі бетінің қасиеттеріне, 2-сі коагулияциялық гемостаз- қан ұю жүйесін құратын плазмалық түрткілерге байланысты. Тромбоциттік факторлар:
1-фактор –тромбоциттердің бетіне адсорбцияланған плазмалық проакцелерин.Протромбиннңн тромбинге айналуын тездетеді.
2-фибриногеннің фибринге айналуын тездететін фактор.
3-фактор-тромбоциттік тромбопластин.
4-гепаринге қарсы тұратын фактор.
5-фактор-фибриноген тәрізді зат, тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып,үйінді жасалуына
әсер етеді
6-фактор-тромбостенин-ұйылған қанды тығыздайды,
7-фактор-антифибирнолизин, фибринолиз жасайтын ферменттің әсерін төмендетеді.
8-фактор-серотонин қан тамырларын тарылтады.
9-фактро-фибриннің сақталуын қамтамасыз етеді
10-қан тамырларын тарылтатын фактор
11-агрегация факторы,тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, ұйынды құруды тездететін тромбоксин деген зат.
Түтікшелердегі сіңірілу (Реабсорбция)
Реабсорбция кезеңінің нәтижесінде екінші реттік зәр түзіледі. Иір өзекшелерден өтубарысында бірінші реттік зәр қайта сүзіліп, оның құрамындағы су, амин қышқылдары,глюкоза, витаминдер, тұздардың біршама мөлшері қайта қанға өтеді. Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий жасушаларының белсенді секрециялық қызметі. Мұнда аммиак, сутегі иондары, креатинин т.б. заттар сонғы несепке қосылады және кейбір улы заттар залалсыздандырылады. Сөйтіп,, түзілген екіншіреттік зәрдің құрамында несепнәр (мочевина), зәрмүшеге – қуыққа құйылады. Қуықтың көлемі 500 мл. Қуық 3-3,5 сағатта екінші реттік зәрді жинайды, одан кейін оның қабырғасы зәршығару кезінде жиырылады да зәр зәр шыгыру түтігімен сыртқа шығады. Зәр шығыру түтігініңұзындығы еркек адамда 18-20см, ал әйел адамдарда 3,5см болады. Қуық тым созылса (көлемі 200-300 мл-ге дейін жетсе) зәр рефлекторлық жолмен сыртқа босатылады.
Бұлшық еттердің физиологиялық қасиеті. Бұлшық еттің жиырылу түрлері
Ет қозғыш тканьдердің бірі. Тканьдерге тән қасиет қозғыштық, қозуды өткізу. Мұнымен қатар бұлшықеттің ерекше қасиеті-жиырылу.
Бұлшықет тканінің қозғыштық дәрежесі-қозу табалдырығы арқылы анықталады.
Бұлшықеттің негізгі қызметі және физиологиялық қасиеті- жиырылып жазылу. Жиырылу белгілі бір тітіркендіргіш әсеріне берілетін жауап.
Қанқа еті сомалық жүйке жүйесімен, оның ішінде ми қыртысымен байланысты болғандықтан олардың жиырылуы адамның еркіне байланысты. Жүрек еті мен бірыңғай салалы етті өз еркімен жиырылта алмайды, бұлардың жиырылып жазылуын ж/е автоматиялық қасиетін вегетативтік жүйке-жүйесі реттейді.
Бұлшықет пен жүйке байланысы бұзылса немесе бұлшықет ұзақ уақыт жиырылмаса, ет талшықтары құрылымы өзгеріп, семіп қалады/атрофияланады/. Ал керісінше бұлшықетті арнайы әдістермен шынықтырса, жеке ет талшықтары үлкейіп, бұлшықетің көлемі ұлғаяды /гипертрофияланады/.
Тәжірибе жүзінде бұлшықетті тікелей өзіне немесе жүйке арқылы әсер ете отырып қоздыруға болады. Бұлшықеттің жиырылуы оның сырттан келіп түскен тітіркеніске жауабы. Бір эфференттік жүйке тармақталып бұлшықет талшықтарымен түйісіп мионевральдық синапс құрайды. Бұл еттің қозғалтқыш бірлігі боп саналады.
Бұлшықеттің жиырылу түрлері.
Жиырылған сәтте бұлшықет қысқарып, осыған орай, оның тонусы /қатайса/ күшейсе, мұны ауксотониялық жиырылу деп, қысқарғанмен тонусы өзгермесе, оны изотониялық жиырылу деп атайды.
Егерде бұлшықет қысқармай тек қатаятын болса /тонусы жоғарласа/, оны изометриялық жиырылу дейді.
Белгілі бір тітіркендіргіш жалғыз әсер етсе, оған бұлшықет бір рет жиырылып жазылады. Мұны жеке жиырылу деп атайды.
Ал егер бұлшықетті жиі-жиі тітіркендірсе, жиырылу бірігіп жинақталады да, бұлшықет бірәз уақыт сіресіп қалады /тетанус/. Осыған орай бұлшықет жиырылуы жеке және сіресіп жиырылуы болып бөлінеді.
12-билет
1.Кіші және үлкен қанайналым шеңбері
Қан айналу жүйесі жүрек пен қан айналысының үлкен ж/е кіші шеңберінен тұрады. Бұл жүйенің кіндігі-жүрек насос тәрізді қанды сығымдап қан тамырларына айдайды да оның үздіксіз ағысқа айналуын қамтамасыз етеді. Жүрек тоқтап қалса, табиғи ырғағы бұзылса, немесе әлсіресе, қан дене тіршілігіне қажет мөлшерде тарамайды.
Қан айналасының үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан-қолқадан басталады. Қан қолқадан артерияларға /қылтамырларға/ жетеді. Онда қан құрамындағы оттегі тканьдегі көмір қышқыл газы қанға өтеді де, артериялық қан вена қанына айналады. Вена қаны капилярлардан жіңішке венулаларға, одан әрі веналарға, жоғары және төменгі венаға /v.cava inferior, v.cava posterior / жетеді де сол арқылы жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Сонымен қан айналысының үлкен шеңбері бітеді.
Қан айналысының кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе сабауынан басталады. Оң қарыншадан шыққан өкпе сабауындағы қан көмір қышқыл газға бай веналық қан. Бұл өкпе көпіршіктеріне қарай артериялар арқылы ағып отырып өкпе капиллярларына жетеді, осы сәтте қандағы көмірқышқыл газ өкпеге, оттегі қанға өтеді де, веналық қан артериялық қанға айналады. Одан әрі артериялық қан әр өкпеден екі-екіден жұптасып шығатын төрт вена арқылы ағып отырып, сол жақ жүрекшеге құйылады. Сонымен қан айналымының кіші шеңбері 4 өкпе венасымен аяқталады. Адамда жүректен шыққан қан үлкен кіші шеңберлерімен ағып отырып, 20-30 секунд ішінде қайтып оралады.
2.Жинағыш түтіктердің қызметі
Нефрон құрылысы – өте күрделі. Ол Шумлянский- Боу-мен капсуласымен, артериялық капилляр шумағынан, яғни Мальпиги шумағынан және түтікшелерден тұрады. Нефронның шумақтық бөлігі гломерулалықбөлім деп аталады. Шумлянский – Боумен капсуласы түктеп келгенде бүйрек түтікшелеріне айналады. Сондықтан оны нефронның түтікше бөлімі деп те атайды. Бұл құрамында (проксимал ) және (дистал)ирек түтіктер бар, бүйректің қыртысы бөлімінде, ал Генле ілмешегі және несеп жиналатын
3.Нейронның қызметі мен құрамы
Жүйке тіңі жүйке жүйесін құрайды. Жүйке жүйесі электро – химиялық импульстер түзуі арқылы сыртқы ортамен хабар алмасып, бүкіл ағзаның жұмысын басқарып реттеп тұрады. Жүйке тіңі жүйке жасушалары – нейрондардан және нейроглиядан құралады.
Нейроглия жасушалары нейрондарға қоректік, қорғаныс қызметтерін атқарады. Нейрондардың зат алмасуына қатысады.
Нейрондарға қозғыштық, яғни импульстер түзу және қозу өткізгіштік қасиеттері тән. Нейрон 3 бөліктен тұрады:
дене
аксон деп аталатын бір ұзын өсінді
дендрит деп аталатын көптеген қысқа өсінділер
Денеде жасуша цитоплазмасының басым бөлігі және ядро орналасады. Денеде қозу түрінде келген ақпарат өңделіп ары қарай аксонға беріледі.
Ұзын өсінді аксон деп аталады. Ол тармақталған және импульстерді жасуша денесінен алып өз бойымен өткізеді. Аксон сыртынан май текті миелин қабықшасымен қапталған.
Ал қысқа өсінділер – дендриттер тармақталған. Импульстер дендриттің бойымен жасуша денесіне қарай жылжиды. Дендриттер қабықшамен қапталмаған.
Нейронның бойымен қозу бағыты:
Дендриттер – нейрон денесі – аксон.
Нейрондар бір – бірімен синапстар арқылы байланысады. Синапстар арқылы қозу бір нейроннан екінші нейронға, бұлшық етке немесе бездерге өтеді. Нейрондар бір – бірімен байланысқан кезде бір нейронның аксоны екінші нейронның дендриттерімен байланысады. Екінші нейронның дендриті қозуды қабылдап өзінің денесіне әкеледі, қозу ары қарай аксонның бойымен жылжып кете береді. Егер синапс нейронмен бұлшық етті немесе без жасушаларын байланыстыратын болса, нейроннан келген қозу бұлшық еттің жиырылуына, ал бездің секреттің бөлініп шығуына әкеліп соғады.
Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай нейрондар 3 түрлі болады:
сезгіш (бұлар рецепторлер қызметін атқарып қозуды сезім мүшелерінен орталық жүйке жүйесіне жеткізеді)
байланыстырғыш (қозуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді)
қозғалтқыш (қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшық еттер мен бездерге жеткізеді
13-билет
1.Жүрекке анатомиялық мінездеме
Жүрек төрт қуысты, жұмыр ағза. Көкірек қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан. Ұзындығы 12-15, ені 8-11 см. Жүрек ұшы көкірек қуысында сол жақтағы бесінші қабырғаға не қабырға аралығына тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөледі. Осы екі бөлімнің оң жүрек, сол жүрек деп атайды. әр жүрек жүрекше мен қарыншадан тұрады. Жүректе төрт қуыс бар, екеуі жүрекше, екеуі қарынша. Жүрекше мен қарынша арасында атривентрикулярлық тесік болады. Бұл тесікті жабатын қақпашалар бар. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі - эндокард, ортаңғы - миокарда, сыртқы – эпикард.
Эндокард- атриовентрикулярлық тесікке және қарыншалардан қолқа мен өкпе сабауы шығатын жерге жеткенде бұрылып қос қабат құрады да, тесіктерді жабатын екі не үш жақтауды және айшық тәрізді қақпашаларға айналады. Миокард – жүректің ортаңғы қабаты, ол жолақты ет талшықтарынан тұратын екі қалың қабат. Эпикард- жүректен шығатын не оған келетін ірі қантамырларына жеткен жерде кері бұрылып жүрек сыртын екінші рет қаптайды. Бұл эпикардтың сыртқы қабаты, яғни перикард- жүрек қабы. Эпикард пен перикард арасында жіңішке саңылау, онда аздаған серозды сұйықтық болады. Жүрекше мен қарынша арасындағы тесікті жауып тұратын қақпақшалардың оң жақтағысы үш жақтаулы, сол жақтағысы қос жақтаулы. Қолқа мен өкпе артериясының қарыншадан шығатын жерінде айшық қақпашалар орналасқан. Қақпашалар жүрек жиырылған сәтте қанның белгілі бір бағытта ағуын қамтамасыз етеді.
2.Бүйрек қызметін реттеу
Бүйректе қанмен келген заттардан зәр түзіледі. Бүйрек арқылы тәулігіне шамамен 1700 лқанағып өтеді. Зәр түзілу үрдісі үш кезеңнен өтеді:
сүзілу немесе фильтрация.
қайта сіңірілу немесе реабсорбция.
Секрециялық.
Бірінші фильтрация кезеңінде қан плазмасының капилляр шумағынан бүйрек денешігіне сүзіліп өтеді.Мұның нәтижесінде бірінші реттік зәр түзіледі. Капиллярдың және бүйрек денешігініңқабырғалары сүзгінің қызметін атқарып қан жасушаларын және ірі нәруыздарды өткізбейді.Бірінші реттік зәрдің құрамында керексіз заттарға (несепнәр, зәр қышқылы) қоса керектізаттар (амин қышқылдары, глюкоза, витаминдер, тұздар) да бар. Бірінші реттік зәрде ақуызболмайды.
Реабсорбция кезеңінің нәтижесінде екінші реттік зәр түзіледі. Иір өзекшелерден өтубарысында бірінші реттік зәр қайта сүзіліп, оның құрамындағы су, амин қышқылдары,глюкоза, витаминдер, тұздардың біршама мөлшері қайта қанға өтеді. Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий жасушаларының белсенді секрециялық қызметі. Мұнда аммиак, сутегі иондары, креатинин т.б. заттар сонғы несепке қосылады және кейбір улы заттар залалсыздандырылады. Сөйтіп,, түзілген екіншіреттік зәрдің құрамында несепнәр (мочевина), зәрмүшеге – қуыққа құйылады. Қуықтың көлемі 500 мл. Қуық 3-3,5 сағатта екінші реттік зәрді жинайды, одан кейін оның қабырғасы зәршығару кезінде жиырылады да зәр зәр шыгыру түтігімен сыртқа шығады. Зәр шығыру түтігініңұзындығы еркек адамда 18-20см, ал әйел адамдарда 3,5см болады. Қуық тым созылса (көлемі 200-300 мл-ге дейін жетсе) зәр рефлекторлық жолмен сыртқа босатылады.
Ағзаның барлық мүшелері сияқты бүйрек жұмысы жүйкелік-гуморальдық жолмен реттеледі.
Зәр шығарудың орталық рефлексі жұлында орналасқан, ересек адамда бас миыныңсыңарларында орналасқан. Симпатикалық жүйке қан тамырларының диаметрін тарылтады, алпарасимпатикалық жүйке керісінше кеңейтеді. Бұл болса бірінші реттік зәрдің түзілуіне жәнеқайта сіңіру үрдістерінің жылдамдығына әсер етеді. Реабсорбция үрдісі гипофиздіңвазопрессин гормоны әсерінен күшейеді. Бүйрек үсті безінің адреналин гормоны бүйрекқантамырларының диаметрін кішірейту арқылы зэр үзілу үрдісін тежейді, Альдостеронгормоны натрий және калий тұздарының қайта сіңірілуін реттейді. Адамның зәрін қуықтаұстап қалуы немесе зәр босатуы ерігіне байланысты.
3.Рефлекс. Рефлекстік доға
Рефлекс (лат. Reflexus – жауап қайтару) ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жауап қайтаруы. Рефлекс үрдісі рефлекстік доға арқылы жүзеге асады. Кез келген рефлекстік доға 5 бөліктен тұрады:
рецепторлар – жүйке ұштары
сезгіш нейрондар
жүйке орталығы
қозғалтқыш нейрондар
тітіркендіруге жауап қайтаратын мүше
Рефлекстік доға рецептордан басталады. Жүйке ұштары болып табылатын рецепторлар температура, қышқылдық, дыбыс және т.б. сияқты әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдап, жүйке орталығына қарай шеткі жүйке жүйесінің сезгіш жүйкелері арқылы жұлындағы жүйке орталықтарына жеткізеді. Жүйке орталықтары деп жұлынның әр жерінде белгілі бір мүшенің қызметін реттейтін жүйке жасушаларының шоғыры. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде, зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде, көз қарашығының ұлғаю орталығы арқа бөлімінде, көкеттің (диафрагма) реттелу орталығы ІІІ – ІV мойын омыртқаларында орналасқан. Жүйке орталығында талдап қорытындылаудан туған жүйкелік жауапты шетке қарай қозғалтқыш жүйкелер белгілі бір мүшеге жеткізіп, сол мүшенің оған қайтаратын жауабымен аяқталады. Қарапайым рефлекторлық доға бар – жоғы екі нейроннан (сезгіш және қозғалтқыш), ал күрделі рефлекторлық доға үш нейрон тізбегінен тұруы мүмкін.
Рефлексті реакция кезінде жұмыс атқаратын мүшенің рефлекторлы сигналды орталық жүйке жүйесіне өткізеді, ал ол жауапты қаншалықты тиімді екенің бақылайды. Мысалы, адам байқамай ыстық затқа қолы тиіп кеткенде дереу қолын сол заттан тартып алады. Қол ыстық затқа тигенде терідегі терморецепторлер заттың температурасының дәрежесін сезгіш нейрондары арқылы жұлындағы жүйке орталығына қозу арқылы жеткізеді. Жұлында келген ақпарат қорытындалып, оның тым ыстық екені және тері күйіп қалмауы үшін, қолды дереу тартуы үшін қолдың бұлшық еттеріне қозғалтқыш нейрондары арқылы қозу жібереді. Қозу қолдың бұлшық етіне жеткенде бұлшық ет жиырылып адам қолын ыстық заттан алыстатады. Бұл рефлекс өте тез жүзеге асады.
Рефлексте импульстің жолы:
Рецептор – сезгіш жүйкелер – жұлын – қозғалтқыш жүйкелер – мүше.
Жоғарғы жүйке қызметінің рефлекстік сипаттамасын бірінші рет 1863 жылы орыс физиологы И.М.Сеченов берді. Сеченовтың жұмысын әрі қарай толықтырып, тәжірибелік түрде зерттеген орыс ғалымы И.П.Павлов.
Рефлекс – жүйке жүйесі әрекетінің негізі. Рефлекстер шығу тегі бойынша шартты және шартсыз болып бөлінеді.
Шартсыз рефлекс туа пайда болады, тұқым қуалайды, ішкі және сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен орталық жүйке жүйесінің (үлкенми сыңарларынан басқа) қатысуымен болатын ағзаның реакциясы. Бұл рефекстік реакциялар бір түрдің барлық дарабастарында (особьтерінде) байқалады, оның негізгі маңызы ағзаның ішкі орта тұрақтылығын қамтамасыз ету, ағзаның көбеюін жүзеге асырады. Шартсыз рефлекстерге көз қарашығының жарыққа жауабы, ыстық затқа саусақ тигенде қолды одан тартып алу жауабы, шөлдеу, ашығу, ауырсыну, дәрет сындыру, қорғану, жұтыну т.б жатады. Күрделі рефлекстер өту үшін, бірнеше рефлекстер тізбектеле қатысады. Шартсыз рефлекстің мұндай түрін түйсікті сезім (инстинкт) деп атайды. Түйсік мінез-құлықтың күрделі тұқым қуалау актілерінің жиынтығы болып саналады. Мінез-құлық ағзаның ішкі және сыртқы факторлар әсеріне өзінің іс-әрекетін өзгерту арқылы жауап беруі.
Шартты рефлекс ағзаның өмір сүру барысында белгілі тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болатын рефлекстер.
Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстер негізінде құрылады, жойылып қайта пайда бола алады, әр бір дарабастың (особьтің) жеке тіршілігі барасында қалыптасады және сол түрдің барлық дара бастарына тән болмайды. Бұл рефлекстердің қалыптасуы міндетті түрде үлкен ми сыңарларының қатысуымен жүзеге асады. Шартты рефлекстердің маңызы сыртқы өзгерістерге ағзаның бейімделуіне көмектеседі. Шартты рефлекстерге жарықтың, дауыстың, иістің, дәмнің қоздыруына ағзаның уақытында жауап қайтаруын айтады.
14-билет
1.Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеті
Қозғыштық, қозуды өткізу, жыиырылу –жүрек етінің негізі қасиеттерңі. Жүрек етінің ерекшелігі –оның автоматиялық қасиеті.
Жүрек автоматиясы
.
Көлбақаның жүрегін денесінен бөліп алып, физиологиялық ерітіндіге салып қойса, жүрек өзінің табиғи ырғағымен көпке дейін тоқтамай жиырыла береді. Оның өзінен өзі жиырылуы автоматиялық қасиетіне байланысты.
Жылы қанды жануарлар жүрегінде автоматиялық қасиетінін болатынын 1895 жылы Лангендорф итке жасаған тәжірибесінде дәлелдеп берді.
1902 жылы дәрігер А. А. Кулябко өкпе ауруынан өлген баланың жүрегін 20 сағат өткен соң денесінен бөліп алып, Лангендорф әдісін қолданды, нәтижесінде тоқтап қалған жүрек қайтадан соға бастады. Сөйтіп адамның жүрек етіне де автоматиялық қасиет тән екені дәлелденді.
Жүрек авиоматиясының пайда болуы жөнінде екі түрлі теория бар. Миогендік теория бойынша қозу жүректің ауытқыған ет ткандерінде пайда болады. Нейрогендік теория бойынша ол жүрек етіндегі өте қозғыш нейрондардың әрекетінен туады. Жүрек автоматиясы миокардқа байланысты.
2.Зәрдің құрамы
Несеп қаннан түзіледі, оның құрамы және қасиеті биохимия пәнінде толық қарастырылады. Біз тек қана, оның кейбіреулеріне ғана тоқтап өтеміз. Ол – гипертониялық (қаныққан) сұйық зат. Оның қату температурасы 1,5 – 2,2 ° (қан 0,56-0,58° қатады), тығыздығы 1,012 – 1,025, түсі сарғылт. Түсі несеп құрамындағы уробилин және урозром бояуларына байланысты. Несеп құрамында 2-4% құрғақ зат бар.
Қан мен несеп құрамында кездесетін кейбір заттар (А. Кешни)
Зат аттары Көлемі процент есебімен қан плазмасында Несеп құрамындағы заттың қан құрамындағыдан айырмашылығы
Алғашқы несепте Соңғы несепте Мочевина
Несеп қыщқылы
Глюкоза
Калий
Фосфаттар
Сульфаттар
Белок
Креатинин 0,03
0,004
0,1-1,15
0,02
0,009
0,002
7,0-8,0
0,001 2,0-3,0
0,05
-
0,15
0,15
0,18
-
0,075 67-70 есе көп
12 есе көп
несепте болмайды
7 есе көп
16 есе көп
90 есе көп
Несепте болмайды
75 есе көп
Несептің негізгі органикалық құрамы мочевинадан тұратынын кетеден байқауға болды.
Ересек адам несебінің құрамымен орта есеппен алғанда тәулігіне 30 г дейін мочевина (12 г – нан 36 г-ға дейін)шығарылады. Несеппен шығарылатын азоттың жалпы саны тәулікте 10 г-нан 18 г дейін өзгеріп отырады. Оның мөлшері белокқа бай тамақ ішкенде, ауырғанда, әсіресе белок көп ыдырайтын ауруларда жоғарылайды(мысалы, гипертиреоз, дене температурасы өзгергенде т.б. ) Қалыпты жағдайда есеппен глюкоза, белок шығарылмайды.
3.Рефлекстік жіктелуі
Рефлекс – жүйке жүйесі әрекетінің негізі. Рефлекстер шығу тегі бойынша шартты және шартсыз болып бөлінеді.
Шартсыз рефлекс туа пайда болады, тұқым қуалайды, ішкі және сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен орталық жүйке жүйесінің (үлкенми сыңарларынан басқа) қатысуымен болатын ағзаның реакциясы. Бұл рефекстік реакциялар бір түрдің барлық дарабастарында (особьтерінде) байқалады, оның негізгі маңызы ағзаның ішкі орта тұрақтылығын қамтамасыз ету, ағзаның көбеюін жүзеге асырады. Шартсыз рефлекстерге көз қарашығының жарыққа жауабы, ыстық затқа саусақ тигенде қолды одан тартып алу жауабы, шөлдеу, ашығу, ауырсыну, дәрет сындыру, қорғану, жұтыну т.б жатады. Күрделі рефлекстер өту үшін, бірнеше рефлекстер тізбектеле қатысады. Шартсыз рефлекстің мұндай түрін түйсікті сезім (инстинкт) деп атайды. Түйсік мінез-құлықтың күрделі тұқым қуалау актілерінің жиынтығы болып саналады. Мінез-құлық ағзаның ішкі және сыртқы факторлар әсеріне өзінің іс-әрекетін өзгерту арқылы жауап беруі.
Шартты рефлекс ағзаның өмір сүру барысында белгілі тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болатын рефлекстер.
Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстер негізінде құрылады, жойылып қайта пайда бола алады, әр бір дарабастың (особьтің) жеке тіршілігі барасында қалыптасады және сол түрдің барлық дара бастарына тән болмайды. Бұл рефлекстердің қалыптасуы міндетті түрде үлкен ми сыңарларының қатысуымен жүзеге асады. Шартты рефлекстердің маңызы сыртқы өзгерістерге ағзаның бейімделуіне көмектеседі. Шартты рефлекстерге жарықтың, дауыстың, иістің, дәмнің қоздыруына ағзаның уақытында жауап қайтаруын айтады. Одан кейін көптеген қайталаулардан кейін дағдыға шартты рефлекстің шартсыз рефлекске айналуын айтады. Барлық адамда шартты рефлекстер бірте-бірте әдетке айналады. Мұның маңызы өте зор. Өйткені адам баласы жүзуді, жұмыс істеуді, оқуды, өнерді т.б үйренеді. Басында осы көрсетілгендердің бәріне уақыт, ынта, жігер қажет болған. Соның нәтижесінде шартты рефлекстер жүре келе дағдыға айналады. Дағды мен әдеттің бір жолы – ол жүйелі түрде үнемі еңбектену.
Рефлекстерге салыстырмалы сипаттама кестеде көрсетілген.
15-билет
1.Жүрек айналымы, оның кезеңдері
Қан айналу жүйесі жүрек пен қан айналысының үлкен ж/е кіші шеңберінен тұрады. Бұл жүйенің кіндігі-жүрек насос тәрізді қанды сығымдап қан тамырларына айдайды да оның үздіксіз ағысқа айналуын қамтамасыз етеді. Жүрек тоқтап қалса, табиғи ырғағы бұзылса, немесе әлсіресе, қан дене тіршілігіне қажет мөлшерде тарамайды.
Қан айналасының үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан-қолқадан басталады. Қан қолқадан артерияларға /қылтамырларға/ жетеді. Онда қан құрамындағы оттегі тканьдегі көмір қышқыл газы қанға өтеді де, артериялық қан вена қанына айналады. Вена қаны капилярлардан жіңішке венулаларға, одан әрі веналарға, жоғары және төменгі венаға /v.cava inferior, v.cava posterior / жетеді де сол арқылы жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Сонымен қан айналысының үлкен шеңбері бітеді.
Қан айналысының кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе сабауынан басталады. Оң қарыншадан шыққан өкпе сабауындағы қан көмір қышқыл газға бай веналық қан. Бұл өкпе көпіршіктеріне қарай артериялар арқылы ағып отырып өкпе капиллярларына жетеді, осы сәтте қандағы көмірқышқыл газ өкпеге, оттегі қанға өтеді де, веналық қан артериялық қанға айналады. Одан әрі артериялық қан әр өкпеден екі-екіден жұптасып шығатын төрт вена арқылы ағып отырып, сол жақ жүрекшеге құйылады. Сонымен қан айналымының кіші шеңбері 4 өкпе венасымен аяқталады. Адамда жүректен шыққан қан үлкен кіші шеңберлерімен ағып отырып, 20-30 секунд ішінде қайтып оралады.
2.Зәр шығарудың механизмі
Бүйректе қанмен келген заттардан зәр түзіледі. Бүйрек арқылы тәулігіне шамамен 1700 лқанағып өтеді. Зәр түзілу үрдісі үш кезеңнен өтеді:
сүзілу немесе фильтрация.
қайта сіңірілу немесе реабсорбция.
Секрециялық.
Бірінші фильтрация кезеңінде қан плазмасының капилляр шумағынан бүйрек денешігіне сүзіліп өтеді.Мұның нәтижесінде бірінші реттік зәр түзіледі. Капиллярдың және бүйрек денешігініңқабырғалары сүзгінің қызметін атқарып қан жасушаларын және ірі нәруыздарды өткізбейді.Бірінші реттік зәрдің құрамында керексіз заттарға (несепнәр, зәр қышқылы) қоса керектізаттар (амин қышқылдары, глюкоза, витаминдер, тұздар) да бар. Бірінші реттік зәрде ақуызболмайды.
Реабсорбция кезеңінің нәтижесінде екінші реттік зәр түзіледі. Иір өзекшелерден өтубарысында бірінші реттік зәр қайта сүзіліп, оның құрамындағы су, амин қышқылдары,глюкоза, витаминдер, тұздардың біршама мөлшері қайта қанға өтеді. Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий жасушаларының белсенді секрециялық қызметі. Мұнда аммиак, сутегі иондары, креатинин т.б. заттар сонғы несепке қосылады және кейбір улы заттар залалсыздандырылады. Сөйтіп,, түзілген екіншіреттік зәрдің құрамында несепнәр (мочевина), зәрмүшеге – қуыққа құйылады. Қуықтың көлемі 500 мл. Қуық 3-3,5 сағатта екінші реттік зәрді жинайды, одан кейін оның қабырғасы зәршығару кезінде жиырылады да зәр зәр шыгыру түтігімен сыртқа шығады. Зәр шығыру түтігініңұзындығы еркек адамда 18-20см, ал әйел адамдарда 3,5см болады. Қуық тым созылса (көлемі 200-300 мл-ге дейін жетсе) зәр рефлекторлық жолмен сыртқа босатылады.
Ағзаның барлық мүшелері сияқты бүйрек жұмысы жүйкелік-гуморальдық жолмен реттеледі.
Зәр шығарудың орталық рефлексі жұлында орналасқан, ересек адамда бас миыныңсыңарларында орналасқан. Симпатикалық жүйке қан тамырларының диаметрін тарылтады, алпарасимпатикалық жүйке керісінше кеңейтеді. Бұл
3.Жүйке орталығы жайлы түсінік
Жүйке жүйесінің қызметі:
Мүшелерді үйлесімді реттеп отыру.
Ағзаның біртұтастығын қамтамасыз ету.
Ағзаны сыртқы ортамен байланыстыру.
Психикалық үрдістарді (сезім, оқи білу, есте сақтау, сөйлеу және ойлау) белгілеу.
Жүйке жүйесі жүйке тіңінен тұрады. Жүйке тіңінің негізі нейрондар. Нейрондар жүйке жүйесінде сұр және ақ заттарды құрайды. Сұр зат нейрон денелерінің шоғыры, ал ақ зат нейрон өсінділерінің бірігуінен түзіледі.
Жүйке жүйесі орналасуына байланысты орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады.
Жүйке жүйесінің шеткі бөлігіне орталық жүйке жүйесінен тарайтын жүйкелер және жүйке түйіндері жатады.Толып жатқан жүйке түйіндері омыртқа жотасының екі жағын бойлай тарап жатады. Түйіндер мен жүйкелер орталықтан ақпаратты ішкі мүшелер мен ұлпаларға өткізеді және ішкі мүшелердің күйін орталыққа жеткізіп отырады. Сөйтіп, шеткі жүйке жүйесінің атқаратын қызметі орталықтан шетке және шеттен орталықка қозу өткізу болып табылады.
Реттейтін мүшеге қарай жүйке жүйесі сомалы және вегатативті болып екіге бөлінеді. Сомалы жүйке бөлімі қаңқа бұлшық еттерінің жұмысын реттейді, ал вегатативті жүйке жүйесі ішкі мүшелердің жұмысын реттейді

16-билет
1.Жүрек қызметінің сыртқы белгілері ( жүрек тондары , жүрек ұшы, соққысы)
Жүрек қызметінің сыртқы көрінісетрінің ( жоғарғы ұшының соққысы, жүрек тондар) берілген мәліметтер бойынша дәрігер жүрек жұмысы туралы жорамалдай алады.
Жоғарғы ұшының соққысы. Қарыншалар систоласы кезінде жүрек солдан оңға қарай бұрылып, айналмалы қозғалыс жасайды. Жұрек ұшы көтеріліп 5-щі қабырғааралық аймақта кеудені қысады, басады. Систола кезінде жүрек өте тығыз болады, сол себепті жүрек ұшының қабырғааралық аралықты қысуын көруге болады . жүректің жоғарғы ұшының соққысын анықтауға болады, сөйтіп оның шекарасы мен күшін анықтауға болады.
Жүрек тондары- жұмыс жасап тұрған жүректе пайда болатын дыбыстық құбылыстар. Тонның 2 түрі бар: систолалық және диастолалық. Систолалық тон. Осын тонның пайда болуына негізінен атриовентрикуярлы клапандар қатысады. Қарыншалардың систоласы кезінде атриовен-лы клапан жабылып олардың жармалары мен оған бекітілген сіңір жіпщелерінітербелісі І-ші тонды береді. Сонымен қатар І-ші тонның пайда болуына қарыншалар бұлшықетінің жиырылу кезінде пайда болатывн дыбыстық құбылыстар да қатысады. Өзәігің дыбыстық ерекшеліктері бойынша І-ші тон-созыңқы, төмен.
Диастолалық тон қарыншалардың диастоласының басында протодиастолалық фаза кезінде, айшық клапандардың жабылуы кезінде пайда болады. Осы кезде қақпақшалар жармаларының тербелісі дыбыстық құбылыстардың көзі болып табылады. Дыбыстық сипаттамасы бойынша ІІ-ші тон-қысқа, жоғары.
2.Тері бездері, терінің бөлінуі
Тері өте күрделі құрылым, адам мен жануарлар ағзасының сыртқы жабыны.
Ересек адамда оның көлеміне 1,5-2м2, дене салмағының 4,5-5%, немесе 4-5%, немесе 4-5 кг. Тері қосалықы құрылымдармен бірге (май, тер бездері, түктер, тырнақ) толып жатқан әртүрлі қызмет атқарады. Ең алдымен тері ағзасының ішкі ортасын сыртқы әсерлерден сақтап, қорғаныс қызметін атқарады. Бұл оның өте жоғары механикалық беріктігіне, серпімділігіне байланысты ультракүлгін сәулелер, радиациялық, электрлік т.б. толып жатқан физикалық түрткілерге қарсы тұруы.
Терінің негізгі маңызды қорғаныс қызметіне оның бактерияларға тосқауыл болуы жатады. Тері ағзасының иммундық (қорғаныс) жүйе қызметін арттырып, кейбір химиялық заттардың зиянды әсерін әлсіретеді. Ол тыныс алу, сіңіру (абсорбциялық) шығару қызметтерін де атқарады. Тері энергия алмасуының реттелуіне қатысады.
Теріде толып жатқан әртүрлі қызмет атқаратын қабылдағыштар (қысым, жанасу, ауру, суық, жылуды қабылдайтын т.б.) орналасқан.
Тері сезім мүшесінің өте маңызды бөлімі болып есептеледі, олар сырттан келген тітіркендіргіштерге шартсыз және шартты рефлекстік қорғаныс әсерленісін пайда етеді.
Тері өте көлемді рецептифтік алаң болып есептеледі. Одан шыққан серпіністер ішкі ағзалардың қызметіне айтарлықтай әсер етеді. Оның осы қызметіне рефлексотерапия (акупунктура – ине шаншу) арқылы емдеу негізделген.
Тері тер бездері арқасында ағзадағы шығару мүшесінің бірі болып есептеледі.
Тер бездері. А.Поликардтың зерттеулері бойынша тер бездерінің жалпы тер бөліндіру көлемі 5 м2 жуық. Олар жылу алмасуды реттеуге қатысады. Тер бездері зат алмасудың соңғы ыдырау өнімдерін шығаратын мүше. Қалыпты физиологиялық жағдайда бұл тер бездерінің сөлініс қызметі. Бүйрек қызметі жеткіліксіз (уремия) болған жағдайда сыртқа шығаруда (эксрециялық) өте маңызды қызмет болып есептеледі. Мұнымен қатар термен бірге артық су, тұз, қышқыл өнімдері шығарылады. Осының нәтижесінде тер бездері сіоті-қышқыл теңдігін, осмостық гомеостазды біркалыпты сақтайды. Сыртқы ортаның температурасы жайлы болғанда (18-20) адамда орта есеппен тәулігіне 500 мл тер бөлінеді. Тер аз мөлшерде үздіксіз бөлініп тұрады, бірақ өте жылдам кеуіп кетеді, сондықтан тердің бөлінуі байқалмайды. Тер – түссіз, сұйық зат, құрамында 98-99% су, 0,3% жуық NaCL, 0,1 мочевина, KCL, несеп қышқылы, креатинин, тез ұшатын май қышқылдары болады. Кейде (диабет ауруында) тер құрамында глюкоза кездеседі, сары ауруда өт қышқылдары, сол сияқты ағзаға енгізілген әртүрлі дәрілер де болады.
Тердің әсерленісі қышқыл (pH-3,8-6,2) с.с. 1,0001-1,0006. Бөлінетін тер мөлшері, сыртқы орта температурасына және ағзаның жалпы жағдайына байланысты . ыстық цехтарда, жылы камераларда бөлінетін тер мөлшері 2,5 л, кейде 1,5 сағатта 8,12 л жетуі мүмкін. Тер сонымен бірге бұлшықет қызметіне, ішкен тамаққұрамына, оның мөлшеріне, эмоциялық жағдайларға (қорқыныш, ашу т.б.) байланысты.
Тердің бөлінуі рефлекс арқылы реттеледі. Сыртқы және ішкі қабылдағыштардан көбіне жылу және ауырсыну қабылдағыштарынан серпініс гипоталамус, сопақша ми және жұлындағы тер бөліндіретін жүйке орталықтарына беріліп, эфференттік, симпатикалық жүйке арқылы тер бездерінің тер бөлуін күшейтеді. Түйіннен кейінгі симпатикалық жүйке талшықтарының ұшынан норадреналин бөлінбей, ацетилхолин бөлінеді.
3.Жұлынның орталығы және функциясы
Жұлын цилиндр пішінді, омыртқа жотасының өзегінде орналысқан. Оның диаметрі 1см, ұзындығы 42 – 45 см. Жұлынның артқы және алдыңғы бөлігінде жоғары қарай созылған терең (борозда) жатады. Жоғары жағы сопақша миға жалғасады. Жұлын көлденең кесіндісінде 3 бөлімнен тұрады.
Жұлынның ортасында сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Бұл сұйықтық жүйке жасушаларының тіршілік орталығы болып табылады.
Өзектің пішіні көбелекке ұқсас сұр зат (нейрон денелері мен дендриттердің шоғыры) қоршап тұрады.
Сұр заттың сыртында ақ зат (аксондардың жиынтығы) орналасады. Сөйтіп, жұлында ақ зат сыртында, ал сұр зат ішінде орналасады.
Сұр зат алдыңғы және артқы бүйірлерінен тұрады. әр бүйірде түбірлері (өсінді) бар.
Алдыңғы түбір қозғалтқыш нейрондардан тұрады. Одан шығатын түбірлер осы қозғалтқыш нейрондардың аксондары. Артқы түбір байланыстырғыш нейрондардан тұрады. Олар бүйірлерден тыс жерде сезгіш нейрондарға жалғасады. Артқы бүйірлерден шығатын түбірлер осы сезгіш нейрондар аксондарынан тұрады. Жұлынның ақ затты сұр заттан шығатын түбірлерден құралған. Омыртқааралық тесікте қимыл және сезім түбірлері қосылып, аралас жүйке түзеді. Одан соң олар алдыңғы және артқы тармақтарға тарайды, бұлардың әрқайсысы сезім және қимыл жүйке талшықтарынан тұрады. Сөйтіп, әр омыртқа тұсында жұлыннан екі жаққа қарай 31 жұп аралас жұлын жүйкелері таралады.
Қызметі: жұлын, негізінен, рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.
Жұлынның ақ заты өткізгіштік қызметін атқарады және оның әр бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Жұлын сезгіш нейрондардың аксондарынан түзілген артқы түбірден қозуды жоғары миға және мидан қозғалтқыш нейрондардың аксондарынан түзілген алдыңғы түбірлер арқылы шеткі жүйке жүйесіне төмен қарай өткізіп отырады.
Жұлынның рефлекстік қызметі: рефлекс (лат. Reflexus – жауап қайтару) ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жауап қайтаруы. Рефлекс үрдісі рефлекстік доға арқылы жүзеге асады. Кез келген рефлекстік доға 5 бөліктен тұрады:
рецепторлар – жүйке ұштары
сезгіш нейрондар
жүйке орталығы
қозғалтқыш нейрондар
тітіркендіруге жауап қайтаратын мүше
–билет
1.Жүрек қызметінің көрсеткіштері
Жүрек жұмысының көрсеткіштеріне жүректің систолалық және минуттық көлемі жатады. Жүректің систолалық немесе соққы көлемі дегеніміз әр жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шағаратын қанының мөлшері. Систолалық көлемнің шамасы жүректің өлшеміне миокард күйіне және ағзаға байланысты. Салыстырмалы тынышьытықтағы ересек сау адамның әр қарыншасының систолалық көлемі шамамен 70-80 мл-двы құрайды. Сөйтіп қарыншалар жиырылу кезінде артериялық жүйеге қанның 120-160 мл көлемі келіп түседі.
Жүректің минуттық көлемі дегеніміз-жүректің өкпе өзегі мен аортаға 1 минутта ығыстырып шығаратын қанның мөлшері. Орташа минуттық көлем 3-5 л құрайды. Жүректің систолалық және минуттық көлемі қан айналымының барлық аппаратының қызметін сипаттайды,
2.Ішкі сөлініс бездеріне жалпы мінездеме
Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.
Қызметтердің гуморальды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокридік бездер атқарады. Олар ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.
Эндокриндік бездердің (гректің endon – ішкі, crineo-бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан, без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.
Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. Соңғы екеуі аралас сөлініс бездер.
Ішкі сөлініс бездеріне прлацентаны (бала жолдасы) да жатқызылады. Екіқабат (жүкті) әйел ағзасында бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады – экстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс бездерімен гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның ядроларының (кейбір жүйке жасушаларының) нейтро бөлінісі бар, яғни гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардан басқа ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады – бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы (энтеринді жүйе), бауыр, себебі олар қанға ағза мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда, ренин, гастрин, секретин, панкреозимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т.б.
3.Сопақша мидың физиологиялық рөлі
Сопақша ми жұлынмен жалғасады. Бір ми қарыншасы осы сопақша мида орналасады. Оның сұр затында адамның тіршілігі үшін маңызды орталықтар бар. Бұл орталықтар арқылы жүзеге асатын рефлекстерге:
қорғаныс (түшкіру, жөтелу, құсу, көзден жас ағу, көзді жыпылықтату)
қоректенумен байланысты ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездерінің жұмысын реттеу
автоматты түрде жұмыс істейтін тыныс алу, жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу сияқты рефлекстер жатады. Сондықтан, сопақша ми зақымданса адам тыныс алу және жүректің тоқтауынан тез өліп кетеді. Сопақша ми жұлыннан келген қозуды мидың керекті бөліктеріне өткізеді.
Сопақша ми, ми көпірі, ортаңғы ми және аралық мидан ми бағанасы құралады.
18-билет
1.Жүрек қызметінің реттелуі
Жүректің жиырылу жилігі мен күші ағзаның сыртқы және ішкіорта жағдайларына байланысты. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші артса, белгілі уақыт бірлігінде тамырлар жүйесіне қан көбірек айдалады. Жүректің жұмысы жүйкелік және гуморальді жолмен реттеледі.
Жүректің жүйкелік жолмен реттелуі: Жүрек соғу ырғағының орталығы сопақша мида орналасқан. Ол парасимпатикалық жүйкелер арқылы келетін тітіркеністер жүректің жиырылуын баяулатып әлсіретсе, симпатикалық жүйкелер арқылы келетін тітіркеністер оны күшейтіп, жиілетеді.
Гуморальдық реттелу: Бүйрек үсті безінің гормоны адреналин, қалқанша безден бөлінетін тироксин, кальций тұздары жүректің жиырылуын күшейтіп, жиілететін Ал ацетилхолин гормоны, калий тұздары жүрек қызметіне қарама-қарсы әсер етеді. Жүйкелік және гуморальдық жолмен реттелуі жуүрек әрекетінің қоршаған орта жағдайларында өте дәл бейімделуіне мүмкіндік береді.Дене еңбегі артқан кезде, бұлшық еттерден, сіңірлерден шығатын тітіркеністер жүрек қызметін реттеп отыратын орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл симпатикалық жүйке бойымен жүрекке келетін тітіркеністер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің мөлшері артады. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші көбейеді. Сөйтіп, бұлшық еттерге қан тезірек айдалып, қажетті мөлшерде оттегі мен қоректік заттар тасымалданады.
Жүрек жиырылу жиілігінің баяулауын брадикардия, тездетуін тахикардия дейді.
2.Гормон түсінігі және қасиеті
Ішкі сөлініс бездері жасап шығарған заттар-гормон деп аталады.
Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. Соңғы екеуі аралас сөлініс бездер.
Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.
Қызметтердің гуморальды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокридік бездер атқарады. Олар ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.
Эндокриндік бездердің (гректің endon – ішкі, crineo-бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан, без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді.
Ішкі сөлініс бездерінің гормондары
Бездер Гормондар
Гипоталамус
Гипофиз
Аденогипофиз (алдыңғы бөлімі)
Ортаңғы немесе аралық бөлімі
Артқы бөлімі (нейрогипофиз)
Қалқанша безі
Қалқансерік безі
Ұйқы безі аралшықтары
Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты
Бүйрек үсті милы қабаты.
Аталық ұрық бездері
Аналық ұрық бездері
Айырша бездер
Эпифиз
Диффузиялық энтериндік жүйелер
Эндокриндік жасушалар
Бауыр және бүйрек
Плацента (бала жолдасы) жатыр
Гипофизотропты гормондар (либерин, статин)
жүйке гормондары (вазопрессин,окситоцин)
соматропин (өсу гармоны)
тиротропин, кортикотропин, лютропин, фоолитропин, липотропин, пролактин
мелатропиндер (интермедии)
вазопрессин (антидиурездік гормон яғни несеп бөлінуін азайтатын гормон), окситоцин (гипоталамуста жасалады)
тироксин, трийодтиронин, тиреокальцитонин (қалқансерік безінің кальцитонин гормонына ұқсас)
паратгормон, кальцитонин
инсулин, глюкогон
кортикостероидтер, минералокортикоидтер (альдостерон), глюкокортикоидтар (кортизон), андрогендер, эксрогендер
катехоламиндер (адреналин, норадреналин)
андрогендер (тестостерон) андрогендер (тестостерон)
эстогендер (эстрон, эстрадиол, прогестерон, (сары денеде жасалады))
тимозин т.б.
мелатонин т.б.
паротин, гастрин, энтерогастрин, секритин, панкреозимин, вазобелсендік пептид, бомбезин
ренин – ангиотензивтік жүйе
соматомединдер, эритропоэтиндер
эстрогендер, релаксин, прогестерон
3.Орталық мидың физиологиялық рөлі, құрылымы
Ортаңғы ми аралық және артқы мидың арасында орналасқан. Ортаңғы ми жүйкелерінде жоғары және төменгі өткізгіш жолдардың қызметін атқарады. Жоғары өткізгіш жолымен қозу мишыққа және үлкен ми сыңарларына жетеді. Төменгі өткізгіш жолымен қозу сопақша ми мен жұлынға барады. Ортаңғы ми кенеттен келген жарық және дыбыс тітіркеністеріне тез байқауды реттейді. Ортаңғы мидан қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке тітіркенісі жіберіліп, дененің ширығып тұруына мүмкіндік туғызады. Ортаңғы ми торлы бөлікшесі арқылы орталық жүйесінің бөліктерімен тығыз байланыс жасайды. Адамның тұла бойын реттеуде орталық мидың маңызы зор. Одан үнемі келетін тітіркеністер денені ширатып, адамның еңбек қабілетіне, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына әсерін тигізеді.
19-билет
1.Қантамырларының түрлері, құрылысы, ерекшеліктері
Қанқанайналым жүйесінде тамырлардың бойымен ағады.
Қантамырларыныңқабырғалары үш қабаттан тұрады: ішкі қабат эпителиалды жасушаларының жұқа қабатынан түзілген, ортаңғы қабат серпімді талшықтар мен бірыңғай салалы бұлшық еттерден түзілген, олардың жиырылуынан тамырдың диаметрі өзгеріп отырады, сыртқы қабат борпылдақ дәнекер ұлпадан және жүйке талшықтарынан тұрады. Капиллярлардың қабырғалары тек бipқабат эпителиалды жасушаларынан тұрады.
Қантамырларының үш түpi бар:
артерия
веналар
капиллярлар
Артериялардың бойымен қан жүректен дене мүшелерге қарай ағады. Олар арқылы оттегімен қаныққан алқызыл түсті артериялы қан ағады. Тек өкпе артериясында ғана веналық қан ағады. Ең ipiартерия сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамыры. Оның бойымен қан жоғары қысыммен және жылдам ағады. Сондықтан қолқаның, ipiартериялардың қабырғасында мықтылық және серпімділік қасиеттерін беретін дәнекер ұлпа көп және бұлшық ет талшықтары қалың.
Ipi артериялар жүректен алыстаған сайын тарамдалып, диаметрі кішірек артериолдерге айналады. Артериолдер әpiқарай тармақталып капиллярларға айналады.
Капиллярлар өте ұсақ, қабырғасы өте жұқа, ол бipқабат эпителиальді жасушалардан құралады. Капиллярларда зат және газ алмасуы өтіп тұрады. Артериалды қан капиллярларда веналық қанға айналады. Мұнда қан ағысының жылдамдығы ең төмен камиллярларда және қысым да төмендейді. Капиллярлар барлық дене мүшелерін торлап жатады.
Вена - қанды дене мүшелерден жинап, жүрекке апаратын қантамырлар. Таситын қан веналық, яғни көмірқышқыл газына қаныққан қан, тек өкпе венасы ғана өкпеден жүрекке артериялды қанды әкеліп құяды. Веналар қанды оң жақ жүрекшеге әкеліп құяды. Веналарда қан қысымы ең төмен, ал қан ағысы капиллярлардан жылдамырақ. Сондықтан қабырғаларының бұлшықет талшықтары артерияларға қарағанда әлсіздеу. Тек веналарда ғана бip бағытқа қарай ашылып, қанды артқақарай өткізбейтін жарты ай тәрізді қақпашалары болады. Веналарда қан жақында орналаскан бұлшық еттердің қысуынан қозғалысқа келеді.
Жалпы ағзада қан ағысының бағыты төмендегідей:
жүрек—►артериялар—►капиллярлар—►веналар
Қан тамырлары құрылысы мен қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Құрылым ерекшеліктеріне байланысты. Қан тамырлар функциялық маңызына қарай да жіктеледі. Фольковтың жіктеуі бойынша амортизациялық, резисивтік, свинктерлі, зат алмасу, сыйымдық, артериола мен венуланы жалғастыратын дәнекер тамырлар болып жіктеледі.
Амортизациялық – даңғыл – магистральды, қысымдық – компрессиялық тамырлар тобына қабырғаларында серпімді талшықтары өте көп қолқа, өкпе, жуан артериялар жатады. Олар жүректен систола кезінде шығатын қанның үздіксіз ағысын қамтамасыз етеді.
Резистивтік – кедергі тамырлар қатарына қабырғаларында қалың ет талшықтары бар жіңішке артериолалар мен прекапиллярлық, посткапиллярлық сфинктерлер жатады. Еттің жиырылуына байланысты артериолалар әбден тарылады, сфинктер жиырылып қан ағысына қатты кедергі болады. Капилляр мен жіңішке венулалар көптеген жіңішке түтікшелерге айналады, қан ағысына кедергі жасай алады.
Сфинктерлі тамырлар қатарына өң бойында сақина тәрізді ет талшықтары бар, сондай-ақ сфинктер құраған артериолалар мен прикапиллярлар жатады. Бұлардың жирылып-жазылуы нәтижесінде капиллярлардағы қан айналысы реттеледі.
Зат алмасы тамырларына капилляр венулалар жатады. Қабырғалары өте жұқа, сондықтан да сұйықтар мен ерітінділер, қоректік заттар тканьге, тканьнен қанға диффузия, сүзгі арқылы өтеді.
Артериолалар мен венулаларды жалғастыратын көпірше тамырдың бас жағында сфинктер болады. Ол жиырылса, көпірше тамырдан қан өтпейді, қан акпиллярлар арқылы өтеді. Сфинктер босаңсыса, қан көпірше тамыр арқылы артериоладан венулаға өтіп венадағы қан ағысын тездетеді.
Көлемді әрі сыйымды тамырлар капиллярлардан кейінгі өте ұсақ вена тамырларынан тұрады. Вена кеңейсе, оларда бар қанның 70-80 % сыйып кетер еді. Сондықтан да бұл тамырлар көлемді, сиымды тамырлар деп аталады.
2.Гипофиздің физиологиялық рөлі. Гипофиздің алдыңғы, артқы, ортаңғы бөлім гормондары
Гипофиз – аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Гипофиз – сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы.
Алдыңғы бөліктің гормондары:
Қалқанша безінің өсіп жетілуіне әсер ететін тиреотропті гормон
Бүйрек үсті бездерінің жетіліп белсенділігін арттыратын адренокортикотропті гормон
Жыныс бездері жетілуін, дамуын жұмысын қалпына келтіретін гонодотропты гормондарды бөледі.
Өсу гормоны немесе самототропты гормон дейді. Бұл гормон көптеп бөлінгенде балалардың өсуі жылдамдайды, тым бойшаң болады.
Пролактин, лактин гормондары сүт безінен сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді.
Ортаңғы бөлікте меланоцитотропин гормоны бөлінеді.Меланоцитотропин тері жасушаларына рең беретін меланин пигментінің түзілуіне әсер етеді
Артқы бөліктің өзі гормон түзбейді, тек гипоталамуста түзілген вазопрессин, окситоцин гормондары қанмен гипофиздің артқы бөлігіне жиналады. Вазопрессин организмнің бүйректе қайта сіңірілуі арқылы зәр шығаруын азайтады. Окситоцин жатыр бұлшықеттерінің жиырылуын күшейтеді.
Гипофиз безінің бұзылуынан туындайтын ауытқулар:
Алыптылық – соматотропты гормонының тым көп бөлінінен туындайтын ауру. Өсу гормоны жас кезінде тым көп бөлінгендіктен бүкіл дене қарқынды өседі.
Акромегалия – көбінесе адамда есейген кезде сопатотропты гормонның тым көп бөлінуінен дененің жеке мүшелерінің (қаңқа сүйектері, аяқтары, мұрны) тез өсіп кетуі.
Гипофизарлық ергежейлік – қалыпты ақыл-естің дамуына қарамастан бойдың өспей қалуы. Кейде дене бітімі бір-біріне сәйкес болады, ал кейде дене бітімі сәйкессіздік тек жеке мүшелер ғана өспей қалады.
3.Мишықтың физиологиялық маңызы
Мишық сопақша мидың үстінде орналасқан. Мишықтың үлкен ми сыңарлары тәрізді сыртында сұр заттан құралған қыртыстары және көптеген иірімдері болады.Мишық жүйке талшықтары арқылы мидың басқа бөліктерімен тығыз байланыс жасайды. Мишықтың негізгі атқаратын қызметі – адамның қимыл әрекетін, дене бұлшық еттердің қызметің реттейді. Мишықтың қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дене тепе – тендігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар мас адамдарша теңселіп жүреді. Жүргенде қол – аяғын сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.
20-билет
1.Қан қысымы, пульс туралы түсінік
Қан қысымы деп қанның тамырлар қабырғасына түсіретін қысымын айтамыз.Ол қантамырларда бірдей болмайды. Қанқысымы артерияларда,әсіресе қолқада барынша жоғары болады. Қан жүректен алыстаған сайын қысым да азаяды. Қан қысымы капиллярларға жеткенше төмендеп, веналарда, әcipece жоғары және төменгi қуысты веналарда, ең төмен болады.
Қан қысымы тонометр арқылы иық артериясында өлшенеді.Ең жоғары қысым (с.б.б.110-120мм)-систоликалық, ол қарыншалардың систоласы (жиырылуы) кезінде байқалады.Ең төменгі қысым (с.б.б.60-80мм) -диастоликалық, ол қарыншалардың диастоласы (босаңсуы) кезінде байқалады. Лүпілдік (пульс) қысымы деп систоликалық және диастоликалық қан қысымының айырмашылығы айтамыз. Ол сынап бағанасы бойынша 40мм-ге тең. Лүпіл (пульс) сол жақ қарынша жиырылған сайын қан қолқаның қабырғасына күшпен соғылып, оны кереді.Осыкезде пайда болған тербелістер толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады. Дене бетіне жақын орналасқан ipi артериялардан, мысалы, білезіктіңiшкіжағы, самай, мойынның екі жағынан басқа жерлерден тамырлар қабырғасының ырғақтытербелісін, тамырдың соғуын сипап сезуге болады. Тамыр соққан сайын жүрек бip рет жиырылады.Жүректің 1 минутта жиырылу мөлшерітамырдың соғуын санау арқылы анықталады.
Қан қысымының жоғарылауы гипертония, ал төмендеуі гипотония деп аталатын ауруды тудырады.
2.Қалқанша безі, оның физиологиялық маңызы
Қалқанша без мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Ол өзара байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды. Йод бұл без гормондарының құрамына енеді. Қалқанша бездің тироксин деп аталатын гормонының физиологиялық қасиеті өте күшті. Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу (нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді.қалқанша без зат алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер етеді.
Қалқанша бездің қызметі бұзылуынан пайда болатын ауытқулар:
Бадырақкөз (базедова болезнь) ауруы гормонның тым көп бөлінуінен туындайды. Белгілеріне жоғары зат алмасу, арықтық, жүйке жүйесінің қозғыштығы, ашуланшақтық, көздерінің бадыраюы жатады.
Микседема – тироксин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын ауру. Мұндай ауруларда зат алмасуы төмен, жүйке жүйесінің қозғыштығы әлсіз, терінің астында су жиналып ісіну байқалады.
Кретинизм– өсіп келе жатқан организмге қалқанша безі гормоны жетіспесе оның өсуі, жыныс және психикалық дамуы баяулайды.
Эндемиялық зоб (алқым ісуі) ағза тамақпен бірге йодты жеткіліксіз мөлшерде қабылдаса пайда болады . Аурудың белгілері: без ұлғайып салмағы 1 кг дейін жетеді.
Тироксиннің түзілу мелшерін гипофиздің алдыңғы бөлігінде түзілетін тиреотропты гормон реттейді. Тиреотропты гормон неғұрлым көп бөлінсе тироксин де соғұрлым көп бөлінеді.
3.ЖЖЖ анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері
Жүйке жүйесі жүйке тіңінен тұрады. Жүйке тіңінің негізі нейрондар. Нейрондар жүйке жүйесінде сұр және ақ заттарды құрайды. Сұр зат нейрон денелерінің шоғыры, ал ақ зат нейрон өсінділерінің бірігуінен түзіледі.
Жүйке жүйесі орналасуына байланысты орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады.
. Жұлын цилиндр пішінді, омыртқа жотасының өзегінде орналысқан. Оның диаметрі 1см, ұзындығы 42 – 45 см. Жұлынның артқы және алдыңғы бөлігінде жоғары қарай созылған терең (борозда) жатады. Жоғары жағы сопақша миға жалғасады. Жұлын көлденең кесіндісінде 3 бөлімнен тұрады.
Жұлынның ортасында сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Бұл сұйықтық жүйке жасушаларының тіршілік орталығы болып табылады.
Өзектің пішіні көбелекке ұқсас сұр зат (нейрон денелері мен дендриттердің шоғыры) қоршап тұрады.
Сұр заттың сыртында ақ зат (аксондардың жиынтығы) орналасады. Сөйтіп, жұлында ақ зат сыртында, ал сұр зат ішінде орналасады.
Сұр зат алдыңғы және артқы бүйірлерінен тұрады. әр бүйірде түбірлері (өсінді) бар.
Алдыңғы түбір қозғалтқыш нейрондардан тұрады. Одан шығатын түбірлер осы қозғалтқыш нейрондардың аксондары. Артқы түбір байланыстырғыш нейрондардан тұрады. Олар бүйірлерден тыс жерде сезгіш нейрондарға жалғасады. Артқы бүйірлерден шығатын түбірлер осы сезгіш нейрондар аксондарынан тұрады. Жұлынның ақ затты сұр заттан шығатын түбірлерден құралған. Омыртқааралық тесікте қимыл және сезім түбірлері қосылып, аралас жүйке түзеді. Одан соң олар алдыңғы және артқы тармақтарға тарайды, бұлардың әрқайсысы сезім және қимыл жүйке талшықтарынан тұрады. Сөйтіп, әр омыртқа тұсында жұлыннан екі жаққа қарай 31 жұп аралас жұлын жүйкелері таралады.
Ми.Ми бассүйектің ми сауытында орналасқан. Орташа салмағы 1300 – 1500 г. Адам туғанда ми салмағы 350 – 390 г. болып өсуі адамның 20 жасына дейін жалғасады. Құрылысы: ми 3 қабатты қабықшамен қапталған. Олар: қатты, торлы және жұмсақ қабықшалар. Қатты қабықша дәнекер ұлпасынан құралған, ол – бассүйектің ішкі бетін қаптап жататын мидың сыртқы қабықшасы. Ортаңғы қабықшасы – торлы қабықша, ол қатты қабықшаның астында жатады. Торлы қабықша өте жұқа, онда жүйке мен қан тамырлары аз кездеседі. Ал ішкі қабықша қан тамырларынан тұрады. Қан тамырлары мен торлы қабықшаларының аралығында ми сұйықтығы толған қуыс болады. Ми қабықшасы қозудың жүйке талшықтары арқылы өтуіне және бір талшықтан екінші талшыққа берілуіне бөгет жасайды. Ми жұлын сияқты ақ және сұр заттан тұрады, бірақ мида сұр зат сыртта, ал ақ зат іште орналасады.
21-билет
1.Лимфа құрамы, қасиеті
Лимфа (лат.limpha— жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық , ол ұлпа сұйықтығынан бөліп шығарылады. Лимфа жасуша аралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады , бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір – бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды , олар үлкен веналарға құйылады.
Лимфа — кұрамында бірсыпыра белокпен торшабар , жабысқак , түссіз сұйықтық. Лимфа жүйесінен қанға көкірек өзегі арқылы келіп түседі. Лимфа лимфоциттердің қайта айналымына , біріншілік және екіншілік иммундық жауаптардың дамуына қатысады.
Лимфа ( латынша «lympha» - тазасу, ылғал ) –адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық . Лимфа - ағзаның ішкі ортасы , ұлпасұйықтығынан түзіледі. Тұз құрамы жағынан қансарысуына ұқсас.Лимфаның химиялық құрамы:95%су, 1-2%нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды тұздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 ллимфа түзіледі. Қан сары суына қарағанда нәруыздары 3-4 есе аздау, тұтқырлығыда төмендеу. Лимфаның құрамында фибриногеннәруызы болады. Сондықтан оның баяу болсада ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді - лимфоциттердеп атайды. Лимфоцит–лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер -ұсақ, диаметрі 8-10 мкм.
2.Гемостаз туралы түсінік
Ұю- қанның биологиялық қасиеті, қорғаныс қызметінің бір түрі. Осы қасиеттің арқасында қанның кетуі тоқтайды , мұны гемостаз, яғны қан тоқтау д.а. Гемостаз деп қанның сұйық қалпын және эндотелиидің бүтіндігін , тамырдағы қан ағысын сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауын не ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық, биофизикалывқ үрдістерді айтады. Ересек адамының қаны 5 минутта, нәрестенікі 8-10 минутта ұюйды. Гемостаз үрдісіне 15 плазмалық, 11 тромбациттік түрткілер мен біреге эритроциттер мен лейкоциттерден бөлінетін заттар сондай-ақ қан тамырының эндотелийі қатысады. Жарақаттанған қан тамырының жуан жіңішкелігіне ондағы қысымына қарай қан тоқтау 2 түрге бөлінеді, соның бірі тамырдағы тромбоциттік гемостаз-тромбоцит пен қан тамыры қабырғаының ішкі бетінің қасиеттеріне, 2-сі коагулияциялық гемостаз- қан ұю жүйесін құратын плазмалық түрткілерге байланысты. Тромбоциттік факторлар:
1-фактор –тромбоциттердің бетіне адсорбцияланған плазмалық проакцелерин.Протромбиннңн тромбинге айналуын тездетеді.
2-фибриногеннің фибринге айналуын тездететін фактор.
3-фактор-тромбоциттік тромбопластин.
4-гепаринге қарсы тұратын фактор.
5-фактор-фибриноген тәрізді зат, тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып,үйінді жасалуына
әсер етеді
6-фактор-тромбостенин-ұйылған қанды тығыздайды,
7-фактор-антифибирнолизин, фибринолиз жасайтын ферменттің әсерін төмендетеді.
8-фактор-серотонин қан тамырларын тарылтады.
9-фактро-фибриннің сақталуын қамтамасыз етеді
10-қан тамырларын тарылтатын фактор
11-агрегация факторы,тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, ұйынды құруды тездететін тромбоксин деген зат.
3.ЖЖЖ жайлы түсінік, шартты рефлекс түрлері
Жүйке жүйесінің қызметі:
Мүшелерді үйлесімді реттеп отыру.
Ағзаның біртұтастығын қамтамасыз ету.
Ағзаны сыртқы ортамен байланыстыру.
Психикалық үрдістарді (сезім, оқи білу, есте сақтау, сөйлеу және ойлау) белгілеу.
Жүйке жүйесі жүйке тіңінен тұрады. Жүйке тіңінің негізі нейрондар. Нейрондар жүйке жүйесінде сұр және ақ заттарды құрайды. Сұр зат нейрон денелерінің шоғыры, ал ақ зат нейрон өсінділерінің бірігуінен түзіледі.
Жүйке жүйесі орналасуына байланысты орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады.
Жүйке жүйесінің шеткі бөлігіне орталық жүйке жүйесінен тарайтын жүйкелер және жүйке түйіндері жатады.Толып жатқан жүйке түйіндері омыртқа жотасының екі жағын бойлай тарап жатады. Түйіндер мен жүйкелер орталықтан ақпаратты ішкі мүшелер мен ұлпаларға өткізеді және ішкі мүшелердің күйін орталыққа жеткізіп отырады. Сөйтіп, шеткі жүйке жүйесінің атқаратын қызметі орталықтан шетке және шеттен орталықка қозу өткізу болып табылады.
Реттейтін мүшеге қарай жүйке жүйесі сомалы және вегатативті болып екіге бөлінеді. Сомалы жүйке бөлімі қаңқа бұлшық еттерінің жұмысын реттейді, ал вегатативті жүйке жүйесі ішкі мүшелердің жұмысын реттейді
Шартты рефлекс ағзаның өмір сүру барысында белгілі тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болатын рефлекстер.
Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстер негізінде құрылады, жойылып қайта пайда бола алады, әр бір дарабастың (особьтің) жеке тіршілігі барасында қалыптасады және сол түрдің барлық дара бастарына тән болмайды. Бұл рефлекстердің қалыптасуы міндетті түрде үлкен ми сыңарларының қатысуымен жүзеге асады. Шартты рефлекстердің маңызы сыртқы өзгерістерге ағзаның бейімделуіне көмектеседі. Шартты рефлекстерге жарықтың, дауыстың, иістің, дәмнің қоздыруына ағзаның уақытында жауап қайтаруын айтады. Одан кейін көптеген қайталаулардан кейін дағдыға шартты рефлекстің шартсыз
рефлекске айналуын айтады. Барлық адамда шартты рефлекстер бірте-бірте әдетке айналады. Мұның маңызы өте зор. Өйткені адам баласы жүзуді, жұмыс істеуді, оқуды, өнерді т.б үйренеді. Басында осы көрсетілгендердің бәріне уақыт, ынта, жігер қажет болған. Соның нәтижесінде шартты рефлекстер жүре келе дағдыға айналады.
22-билет
1.Тыныс алудың ағза үшін маңызы
Тыныс алу деп ауадан оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген процесстерді айтады. Оттегінің қатысуымен ағзада тотығу процесі өтеді. Құрамындағы органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде клеткалар мен тканьдерде тіршілікке қажет энергия пайда болады. Мұнымен қатар тотығу барысында көмірқышқыл газы түзіледі. Бұл газ уақытында сыртқа шығарылып тұрмаса көптеген тіршілікке қажет процестер тоқтап денеде су тұрақтылығы, жылу тұрақтылығы бұзылады.
Тыныс алу негізінен бес кезеңнен тұрады:
Сыртқы тыныс алу – ауадағы газдарды өкпеге әкеліп, өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру.
Өкпе көпіршіктеріндегі газдар мен қан құрамындағы газдардың алмасуы;
Газдардың өкпеден тканьге, тканьнен өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;
Ткань мен қан арасындағы газ алмасуы;
Ішкі тыныс алу – клетка құрамындағы органикалық заттардың тотығуы. Бұл – биохимиялық процесс. Тыныс алудың алғашқы төрт кезеңін физиология, соңғысын биохимия зерттейді
2.Есте сақтау, маңызы және физиологиялық механизмі
Ес – сыртқы әсерлер мен құбылыстар туралы ақпараттарды орталық жүйке жүйесінде сақтап, оларды адамның өмірінде пайдалана алуы үшін қайтадан жаңғырта алатын қабілет. Адамның есі жануарлардан сөз және сөйлеу қасиетерімен ерекшеленеді. Сөз және сөйлеу арқылы адам ес құбылысына әсер етеді және басқара алады. Ес жекеленген төрт фазаны қамтамасыз етеді: бекіту, сақтау, салыстыру, қайтадан жаңырту.
Адамда нені есте сақтау қажеттілігіне қарай есті төрт түрге бөлуге болады. Қимыл ес, бейнелеу ес, эмоциялық ес және сөздік ес. Ақпаратты сақтау мерзімі бойынша мынадай топтарға бөлінеді: тез арадағы ес (ақпаратты шапшаң түсіріп алу, бұл бірнеше секундқа созылады) және ұзақ мерзімді ес (ақпаратты ұзақ мерзімге сақтау).
Механикалық және логикалық есте қалдыру.
Механикалық есте қалдыру бұрын қабылдау арқылы алынған бейнелерді пішін және мағына жағынан ешбір өзгеріссіз, дәлме-дәл келуін көздейді. Мысалы, адам түрлі формула, кесте, заңдарды хронологиялық материалдарды естің осы түрімен миына жинақтап отырады. Логикалық есте қалдыру есте қалдыратын материалдың мазмұнын, мағынасын, олардың өзара бір-бірімен себеп-салдар әрекеттерін есте қалдырумен байланысты. Мысалы, механикалық есте қалдыруда өте көп қайталау қажет болса, логикалық есте қалдыруда қайталаудың қажеті де жоқ.
3.ЖЖЖ түрлері
Жүйке жүйесі жүйке тіңінен тұрады. Жүйке тіңінің негізі нейрондар. Нейрондар жүйке жүйесінде сұр және ақ заттарды құрайды. Сұр зат нейрон денелерінің шоғыры, ал ақ зат нейрон өсінділерінің бірігуінен түзіледі.
Жүйке жүйесі орналасуына байланысты орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады.
Жүйке жүйесінің шеткі бөлігіне орталық жүйке жүйесінен тарайтын жүйкелер және жүйке түйіндері жатады.Толып жатқан жүйке түйіндері омыртқа жотасының екі жағын бойлай тарап жатады. Түйіндер мен жүйкелер орталықтан ақпаратты ішкі мүшелер мен ұлпаларға өткізеді және ішкі мүшелердің күйін орталыққа жеткізіп отырады. Сөйтіп, шеткі жүйке жүйесінің атқаратын қызметі орталықтан шетке және шеттен орталықка қозу өткізу болып табылады.
23-билет
1.Тыныс алу жүйесіне анатомиялық мінездеме
Тыныс алу жүйесінің ауа өтетін жолдарына мұрын қуысы (кеңсірік), жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхылар жатады. Олар сүйек және шеміршектен тұрып, ішкі кілемейліқабатпен қапталған.
Мұрын қуысы (кеңсірік) пердемен eкi жартыға оң және сол жаққа бөлінген. Сыртқы ортамен танау тесіктеріарқылы қатынасады. Ішке қарай кеңсірік жұтқыншаққа жалғасады. Кеңсіріктің ішкі қабырғасын енген ауаны жылытатын өте көп қан тамырлары торлап жатады. Онда көптеген түкті эпителий мен шырын бөліп шығаратын жасушалар бар. Түктер ауамен бipгe кipeтiншаң-тозаңды, ал шырыш микробтарды сүзіп қалады. Түктер тітіркенгенде түшкіру рефлексі пайда болады. Кілегейлі шырыштың бетінде микробтарды жоятын лейкоциттер бар. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіске сезімтал жасушалар орналасады. Сөйтіп, мұрын қуысында ауа залалсызданады, ылғалданады және жылынады.
Ауа кеңсіріктен жұтқыншаққа, одан әpi қарай көмейге өтеді. Көмей мойынның жоғарғы жағында орналасқан, ішкі беті кілегейлі қабықшамен қапталған, қуысты мүше. Оның қабырғасы үш жұп және үш сыңар шеміршектен құралган. Шеміршектер тыныс жолын тарылып кетуден қорғайды. Тамақты жұтқан кезде көмейге кipe 6epic шеміршекті бөбешік жауып қалады. Көмей шеміршектерінің қатпарларының арасында eкi дыбыс сіңірлерібар. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістіктідыбыс саңылауы деп атайды. Тыныс шығарғандағы ауа дыбыс қатпарларын кepiп, оларды тербейді. Сөйтіп, дыбыс пайда болады. Адам сөйлегенде дыбыс сіңірлерінен басқа тіл, epiн, жақ сүйек, бөбешік, мұрын және ауыз қуыстары қатысады.
Көмейдің түкшелері тітіркенгенде жөтел рефлексі пайда болады. Ауа көмейден кейін кеңірдекке өтеді.
Кеңірдек түтікшелі мүше. Ол пішіні жарты сақина тәрізді 16-20 шеміршектен тұрады, сондықтан кеңірдек қабырғалары 6ip-6ipiнe қабысып қалмай, ауа қуыстың бойымен еркін өтеді. Кеңірдектіңұзындығы 10-15 см. Ал артқы қабырғасы бірыңғай салалы бұлшық еттен тұрғаны үшін жұмсақ болады. Сондықтан кеңірдектің артында орналасқан өңештен тамақтың өтуіне кедергі жасамайды.Кеңірдек сыртқы жағынан дәнекер тінмен қапталып,Кеңірдектің сілемейлі қабығы көп ядролы эпителиймен қапталған, оның кірпікшелері жоғары бағытталған.Кеңірдек 5-інші арқаомыртқасыныңтұсында екі жаққа тармақталан оң жәнесол бронхілерге бөлінеді. Әр бронхілерөкпеге кіреді. Олар шеміршексақиналарынан тұрады. Брохілер әpi тармақталып 1-шіpeттік, 2-шіреттік, жәнет.с.с бронхілер түзіп, ең ұсақ бронхиолдерге (19-шы реттік) дейін тармақтала береді.Сөйтіп, бронхиалдың ағаш түзіледі.Бронхиолдер өкпе көпіршіктерімен (альвеола) аяқталады. Альвеол аларқабырғасы бip қабат эпителийден тұратын,көптеген капиллярлармен қапталыпжататын өте ұсак қапшықтар. Альвеолалармен капиллярларда газ алмасу өтіп,қапшықтың ішіндегі oттегі қанға сіңеді, ал капиллярлардағы көмірқышқылгазы альвеолдерге өтеді. Бронхілердің iшкi бетi жыпылықтағыш эпителий бар сілемейлі қабықпен қапталған.
Өкпе кеуде қуысында орналасқан ipi жұп мүше. Оң өкпе үш бөліктен, ал сол өкпе екі бөіктен тұрады. Әр өкпеде бронхілер тармақталып, біртіндеп кішірейетін ауа өтетін түтікшелерге айналады, олар өкпе көпіршіктерімен аяқталады. Көпіршіктердің саны - 300 миллион. Көпіршіктердің (альвеолдар) эпителий клеткаларының ішкі бeтi биологиялық әрекетшіл заттар бөлiп шығаратын жұқа қабықшамен астарланған. Оның негізгі қызметі көпipшiктepдiң көлемін тұрақтандырып, олардың жабысуына жол бермейді. Ауамен бipre өткен микроағзаларды залалсыздандырады. Әр өкпеге бронхы және веналық қанды әкелетін өкпе артериялары енеді де, артериялы қанды таситын өкпе венасы шығады. Өкпе сыртынан дәнекер ұлпадан түзілген қабықша - өкпе плеврасымен қапталған. Кеуде қуысының ішкі қабырғасын да плевра астарлап жатады. Олардың арасында плевра қуысы бар, онда ауа болмайды, өте аз көлемде сероз деп аталатын сұйықтықы бар. Бұл сұйықтықы өкпенің үйкелісін жеңілдетеді.
2.Ұйқы физиологиясы
Ұйқы – мидың және бүкіл организмнің физиологиялық жағдайы. Ұйқы кезінде организмнің қимылы тоқтайды және сезім мүшелерінің сыртқы орта жағдайларымен байланысы азаяды. Сонымен қатар мидың кейбір бөліктеріндегі нейрондар белсенді түрде болады.
Ұйқы терең қорғаныштық тежелу болып саналады. Мұндай жағдай өте қажығанда және жүйке жасушалары өте шаршағанда байқалады. Ұйқының орталығы гипоталамуста орналасқан. Ересек адамдардың ұйқысы қалыпты жағдайда 7-8 сағатқа созылады. Ұйқы бірін-бірі ауыстырып отыратын 4-5 циклден тұрады. Әр циклде екі фазаны: баяу ұйқы және жылдам ұйқы кезеңдерін ажыратады. Баяу және жылдам ұйқы фазаларының жүйелігі ұйқының циклін құрайды. Алдымен баяу ұйқы фазасы, одан кейін жылдам ұйқы фазасы басталады.
Баяу ұйқы фазасында қимыл реакциялары азаяды, аяқ белдеуінің бұлшық еттері босайды, жүрек пен тыныс алу ырғағы баяулайды, зат алмасу, дене қызуы төмендейді. 1-1,5 сағаттан соң баяу ұйқы фазасы жылдам ұйқы фазасына алмасады.
Жылдам ұйқы фазасында босаңсыған бұлшық еттер жиырылады, сондықтан беттің мимикалық бұлшық ет топтары мен аяқ-қол бұлшық еттері белсенділігінен ымдау және дене қимылы байқалады.
Ішкі мүшелердің жұмысы жоғарылап, тыныс алуы жиілейді, жүректің соғуы жылдамдайды, миға қан ағысы артады, зат алмасу өзгереді, көз жылдам қимылдайды. Сондықтан жылдам ұйқы фазасын «көздің жылдам қимылы» дейді. Бұл фаза жаңа туған сәбилерде жиі байқалады. Егер осы фаза кезінде адамды ұйқыдан оятып жіберсе, онда ол көрген түсін айқын және тура, қызықты етіп айтып бере алады. Осыдан мидың белсенді жағдайда екенін білуге болады.
3.Сана туралы түсінік
Сана – болмысты бейнелеудің ең жоғарғы сатысы. Сана арқылы адамның қоршаған әлеммен қарым-қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу, түйсік, елестету, ықылас, сезім , ырық, ойлау іспетті психикалық іс-әрекетінен құралады. Сана адам миы қызметінің жемісі. Материяның әрбір қасиеті сияқты сияқты сана тек ақиқат заттармен құбылыстардың өзара әрекетінен туады. Адам санасы белгі жүйесі (әріп, сөз) арқылы атқарылады, логика заңдарын пайдаланады. Мұны сол жақ ми сыңарлары қамтамасыз етеді. Санаға дейінгі психика бейне, символ жүйесіне негізделген, оған оң жақ ми сыңары қатысады. Сана жеке адамның өзіндік әсерленушілігі. Жалпы сана сезіну және сана сезімінен құралады. Сана арқылы басқа адамға білім беріледі.
24-билет
1.Дем алу және дем шығару механизмі
Дем алу және дем шығару механизмі. Сыртқа тыныс алу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: дем алу (инспирация) және дем шығарудан (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация бірінен соң бірі кезкпен келіп алмасып отырады. Ауаны өкпеге тартып алып, ондағы газ алмасуына қатысқан ауаны тысқа шығару үшін өкпе біресе ұлғайып, біресе тарылып тұруға тиіс. Бірақ альвеола қабырғасында ет талшықтары болмағандықтан өкпе кеңейіп не тарылып көлемін өзі өзгерте алмайды, бұл процесс көкірек қуысының ұлғайып-тарылуына байланысты. Өкпе көкірек қуысында орналасқан. Сырт жағынан өкпе висцералдық (ішкі) және париеталдық(сыртқы) плевралық екі қабықпен қоршалған. Плевра қабықтарының арасында плевралық қуыс деп аталатын саңылау тәрізді өте тар кеңістік бар. Онда шырышты сұйықтық болады. Плевралық кеңістік бітеу, оның ішінде ауа болмайды. Көкірек қуысы кеңейген кезде париеталдық плевра висцералдық плевраны өзіне тартып өкпені созады. Сол кезде оның ішіндегі қысым азаяды. Дем шығарған сәтте көкірек қуысы тарылады да өкпе қысымы жоғарлағандықтан ауа сыртқа шығада, өкпе кішерейеді. Сонымен өкпенің кеңейіп – тарылуы көкірек аумағының өзгеруіне, яғни тыныс алу еттерінің жиырылып босауына байланысты.
2.Бас ми қыртысының қызметі және құрылысының ерекшеліктері
Ми сыңарларының беті қатпарланып жатады, оның жалпы көлемі 2000 – 2500 см³, қыртысының қалындығы 2,5 – 3мм. Ол 14 млрд жүйке жасушаларынан құралған. Мидың өзіне қарағанда оның үстіңгі қыртысы жылдам өседі, сондықтан ми қыртысында жүлгелер мен қатпарлар пайда болады. Ми оң және сол үлкен ми сыңарларына ең терең орталық жүлгемен бөлінген. Әрбір ми сыңары 4 бөліктен тұрады:маңдай төбе самай шүйде.
Үлкен ми сыңарларының қыртысында мынадай негізгі аймақтар бар: сезу – қимыл, көру, есту, дәм мен иісті сезу. Сезу – қимыл аймағы маңдай және төбе бөліктерінде орталық жүлгенің алдыңғы орталық қатпарында жатады. Тері, бұлшық ет сезімтал аймағы төбе бөлігінің орталық қатпарының артқы жағында болады.
Көру аймағы желке бөлігінде, есту аймағы самай бөлігіндегі қатпарының үстінде, ал иіс пен дәмді сезуаймақтары самай бөлігінің алдыңда болады
3.Рецепторлардың жіктелуі
Кез келген рефлекстік доға 5 бөліктен тұрады:
1) рецепторлар – жүйке ұштары
2) сезгіш нейрондар
3) жүйке орталығы
4) қозғалтқыш нейрондар
5) тітіркендіруге жауап қайтаратын мүше
Рефлекстік доға рецептордан басталады. Жүйке ұштары болып табылатын рецепторлар температура, қышқылдық, дыбыс және т.б. сияқты әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдап, жүйке орталығына қарай шеткі жүйке жүйесінің сезгіш жүйкелері арқылы жұлындағы жүйке орталықтарына жеткізеді.
25-билет
1. Өкпе көлемі. Өкпе вентиляциясы
Өкпеге дейін кіріп-шығатын ауаның мөлшері дем алу мен дем шығарудың тереңдігіне байланысты. Жай дем алғанда тыныс ағзаларына еніп қайта шығатын ауаның мөлшерін қалыпты тыныс ауасы деп атайды(ҚТА). ҚТА тұтасынан өкпе көпірщігіне барып жетпейді, оның 150 мл тыныс жолын толтырады да, газ алмасу процесіне қатыспайды. Сондықтан тыныс жолы толтырған ауаны «өлі» кеңістік ауасы д.а.
Демді жай ғана ішке тартып қоймай, одан әрі демді әлі келгенше тереңдете түссе, адам қосымша 1500-200 мл ауаны жұта алады. Қатты дем алғанда қосымша жұтылатын ауа көлемін резервтік(қосымша) дем алу ауасы д.а.(РДАА) Демді қатты ішке тартса тыныс жолдарын толтырып өкпеге жететін ауа мөлшері ҚТА мен РДАА-нан тұрады. Мұны дем алумөлшері д.а. Ол 2000-2500 мл-ге тең.
Қалыпты тыныс алу кезінде әдеттегідей дем шығарып, дем алмастан күшпен дем шығарса, тағы да сыртқа 1000-1500 мл ауа шығаруға болады. Мұны резервтік дем шығару ауасы д.а.(РДША). Бұл ауа қалыпты жағжайда өкпеде сақталады, тек демді қатты шығарғанда сыртқа шығады. Сонымен, үш түрлі ауа – қалыпты тыныс ауасы және резрвтік дем шығару ауасы бірігіп өкпенің тіршілік сыйымдылығын құрады.(ӨТС).
ӨТС = ҚТА+РДАА+РДША
ӨТС =500мл+2000мл+1500мл= 4000мл
ӨТС-терең дем алып, іле-шала терең дем шығарған кезде сыртқа шығатын ауаның көлемі. ӨТС ересек адамда 3500-5500 мл-дей. Адмның жасына, жынысына, бойына, дене еттерінің күшіне байланысты болады. ӨТС қарт адамда аз, әйелдерде төменірек болады. Спортшы адамның тыныс еттері ширақ, күштірек келеді де, дем алған кезде көкірек қаттырақ керіледі, ӨТС-і жоғары болады.
ӨТС-ті, оның құрамындағы ауа түрлерінің көлемін спирометрмен өлшеп немесе спирографпен жазып, олардың мөлшерін спирограмма арқылы табуға болады.
Күш салып терең дем шығарған сәтте 1000-1500 мл ауа сыртқа шықпай өкпеде қалып қояды. Мұндай ауа қалдық ауа(ҚА) д.а. Қалдық ауа мен резервтік дем шығару ауасы әрдайым өкпеде қалып отырады. Мұндай екі түрлі ауаның қосындысы функциялыққалдық ауа д.а.(ФҚА)
ФҚА= ҚА+РШДА
Демді ішке тартқан кездегі өкпені толтырған ауаның жалпы мөлшері өкпенің жалпы сыйымдылығы (ӨЖС) д.а. ӨЖС өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) мен қалдық ауадан (ҚА) тұрады.
ӨЖС =ӨТС+ҚА
2.Аралық мидың физиологиялық рөлі
Аралық ми күрделі құрылысты, көптеген қызмет атқаратын ми бөлігі болып табылады. Ми қарыншаларының біреуі аралық мида орналасқан. Аралық ми құрылымында таламус (көру төмпегі), гипоталамус (төмпек асты) болады. Таламус арқылы ми қыртысына әр түрлі сезім (ауырсыну, қанағаттану, мимика т.с.с.) қалыптасады.
Гипоталамус вегетативті жүйке жүйесінің үлкен ми сыңарлары қыртысының орталығы болып есептелінеді. Гипоталамус барлық ми бөлктерімен байланысты, сондай – ақ ішкі гормондардың бөлінуін реттейді, дененің температурасын, қан қысымын және ағзаның зат алмасу үрдістерін, ішкі ортасын тұрақтандырады. Зәр шығару, ұйқы және сергектілік, бейімделу әрекеті, физиологиялық құбылыстар аралық мида өтеді.
3.Жақыннан, алыстан көргіштік. Бейімделу
Көздің бұзылуы:жақын көргіштік және алыс көргіштік жиі кездеседі.
Жақыннан көргіш және алыстан көргіш адамдар затты айқын көрмейді. Жақыннан көргіштерге қашық заттың кескіні бұлдырланып көрінсе,алыстан көргіштерге жакын заттың кескіні көмескіленіп көрінеді.Көз алмасы пішінінің ұзаруынан туа біткен жакыннан көргіштіктің болуы мүмкін. Көз алмасы қысқарғанда, туа біткен алыстан көргіштік пайда болады. Көз бұршағы көргіштіктің болуы да мүмкін, бұл - көбінесе егде адамдарда байқалатын құбылыс.
26-билет
1.Асқазан ішек жолының қызметі
Астың адам қарнында қорытылу мерзімі (6-8сағ). Қарында майы, белогі көп тағамдар ұзақ жатып қалады, көмірсулы тағамдар тезірек жылжып, он екі елі ішекке бұрыныр ақ ауысады. Пилорустың ашылып жабылуына қарай ас қарыннан он екі елі ішекке бөлек-бөлек сығымдалып өтеді.
Пилорус сфинктері рефлекстік жолмен жиырылып, жазылады. Қарын тарапынан келген рефлекс сфинктерді босатады, он екі елі ішектен келген рефлекс, сфинктерді жиырады. Қарындағы астың осмостық қысымы жоғары болса, пилорус сфинктері көпке дейін босамайды. Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуін ішек гормондары да реттейді. Он екі елі ішекке химус қышқыл күйінде өтсе, көп мөлшерде секретин мен панкреозимин бөлінеді. Бұл гармондар қарын қимылын тежейді, ұйқы безінің сөл шығару қабылетін күшейтеді.
Ішек аш және тоқ ішек болып екіге бөлінеді. Аш ішек адамның бойынан орта есеппен 4-5 есе ұзын. Ол үш бөлімнен: он екі елі ішектен, аш және мықын ішектерден тұрады. Адамда он екі елі ішектің ұзындығы 5 см, 2/5-і аш ішек үлесіне тиеді, мықын ішектің ұзіндіғі аш ішектің 3/5-не тең ішек ас ішекте 10-12 сағаттай кідіреді. Осы мезгілде: а) ішектің кілегейлі қабығындағы либеркюн бездерінің сөлі мен ішектегі химус араласқан ұйқы безі сөлінің және өттің бірлескен әрекеті арқасында ішекте ас қорыту процесі аяқталды;
б) ішектің ортаңғы қабаты – біріңғай салалы ет талшықтарының жиырылап созылуы нәтижесінде ішектегі химус төмен қарай біртіндеп жылжып, тоқ ішекке жетеді; в) ас барысында пайда болған өнімдер ішектен қанға, лимфаға сіңеді.
2.Айырша бездің физиологиялық рөлі
Айырша без (тимус) кеңірдектің жоғарғы ұшында орналасады. Без тимозингормонынбөледі.Тимозиннің жетіспеушілігінен лимфоциттер азайып, қарсыдене түзілмей иммунитет төмендейді.
Айырша без – көптеген бөлікшелерден тұратын қос без. Төстің ішкі бетінде, жүрек ұясының үстіңгі жағында орналасқан. Без екі –қабық және ми қабаттарынан тұрады. Онда 2 түрлі жасуша бар – лимфоид( ұсақ микроциттер) негізінен қабық қабатта, торлы жасуша асты қабатта орналасқан. Олар бірігіп селдір торға айалады, торда лимфоциттер орналасады. Тимус денеде кальций алмасуын реттеуге қатысады.
3.Есту мүшелерінң құрылысы. Дыбыс тербелістерінің берілуіҚұлақ. (Есту анализаторы)Есту анализаторларының рецепторларыньң тітіркендіргіші - дыбыс тербелістері. Бұған қоса, есту мүшесітепе-теңдікті де сезеді. Есту анализаторы үш бөліктен тұрады:Сыртқы құлақ Ортаңғы құлақ Ішкіқұлақ Сыртқы құлаққұлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан тұрады.
Құлақ қалқаны ауадағы дыбысты қабылдап, дыбысты өткізу жолына бағыттайтын шеміршекті құрылыс. Сыртқы дыбыс өткізу жолы сопақша пішінді жұқа дабыл жарғағымен бітеді. Бұл дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Жарғақ серпімді, сондықтан дыбыс толқыны соғылғанда, сол толқынды бұлжытпай қайталап отырады. Сыртқы дыбыс өткізу жолы ұзындығы 30 мм-дей терімен қапталған түтікше. Оның ішінде ерекше бездер болады. Бұл бездердің әсерінен құлақтың ішінде құлық түзіледі. Құлық сыртқы дыбыс жолына айналадағы ортадан енетін шаң-тозаңдар мен микробтарды ұстап қалады.Ортаңғы құлақдабыл жарғақ қуысы, дыбыс сүйектері және есту түтігінен тұрады. Дабыл жаргақ қуысы есту түтігіарқылы жұтқыншақпен жалғасады. Есту түтігі арқылы дабыл жарғағы қуысы ауаға толы болады. Бұл арқылы ортаңғы құлақтың ішіндегі және сыртқы ортадағы ауа қысымы бірдей болады. Ортаңғы құлақта бip-бірімен тізбектеле жалғасқан үш дыбыс сүйектерібар. Олар: балгашық, төсше, узеңгі, сүйектері деп аталады. Бұл сүйектер арқылы дыбыс тepбeлicтepi дабыл жарғақшасынан ішкі құлаққа өтеді. Ішкі құлақсүйекті шытырманнан (лабиринт) және оның ішінде орналасқан жаргақты шытырманнан тұрады. Бұл екеуінің аралығында өте тар қуыс бар. Ол қуыс мөлдip сұйықтық перилимфамен толы. Ал жарғақты шытырманның қуысы эндолимфа деп аталатын сұйықтықпен толы. Сүйекті шытырман кіреберіс бөлімі, жарты иірім өзекшелер және ұлулы денеден тұрады. Ұлулы дене есту мүшесі, ал кipeбepic бөлімі мен жарты иірім өзeкшeлepi тепе-теңдікмүшесіне жатады. Ұлулы дене –спираль тәріздіиipiмдeлгeн, ішісұйықтыққа толы сүйектіөзекше болып табылады. Ұлулыденеде рецептор жасушалары бар. Ұлулы денедегі сұйықтықтың тepбeлicтepі рецептор жасушаларын тітіркендіріп қозу тудырады. Адам құлағы 16-2000Гц. жиіліктер аралығындағы дыбыс тербелістерін қабылдайды. Дыбыс неғұрлым жоғары болса, тербеліс жиілігі соғұрлым көп болады, тербеліс өзгерісі артқан сайын, дыбыс күші де артады. Дыбыс толқындары сыртқы дыбыс жолымен дабыл жарғағына жетіп, онда тербелістер тудырады. Бұл тербелістер дыбыс сүйектері арқылы 50 есе күшейіп ұлулы денедегі сұйықтыққа өтеді. Ал сұйықтықтан ұлулы денедегі рецепторларға беріледі. Рецепторларда пайда болған қозу есту жүйкесі арқылы үлкен ми сыңарларыңьң самай бөліндегі есту аймағына өтеді.
27-билет
1.Ас қорыту маңызы
Ас қорыту жүйесінің қызметі:
Сөл шығару функциясы. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады.
Қимыл функциясын біріңғай салалы еттер құрайды.
Өңеш, қарын, ішектер қабырғасының ортаңғы қабаты біріңғай салалы еттерден тұрады. Салалы ет талшықтары сақина тәрізді және бойлай тартылған талшықтан құралған. Өңеш, ішек-қарынның қимылы еттердің біресе тартылып, біресе жазылап алма-кезек қимылға келуіне байланысты. Ішек-қарын біресе жиырылып, біресе жазылып қимылдар жасайды, мұның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан төмен тоқ ішекке қарай жылжиды, қорытылмаған заттар ысырылып, артқы тесікке жақындай түседі, сөйтіп қажетсіз заттар біртіндеп сыртқа шығарылып тасталады.
Қоректік заттарды сіңіру функциясы. Ішек-қарын түтігінде болады. Сіңу ішектің әр бөлігінде әр түрлі. Ас ішекте ұзақ кідіріп, сіңу сатысына жетеді. Жалпы қоректік заттар негізінен ащы ішекте сіңеді.
Сыртқа шығару функциясы(экскреция). Қорытылмай қалған ас қалдықтары, ас қорыту барысында, қанға, лимфаға сіңіп үлгермеген түрлі өнімдер, қаннан ас қорыту түтігіне өткен заттар, өт құрамындағы заттар нәжіске ілесіп сыртқа шығады.
Эндокриндік функция. Ішек-қарынның кілегейлі қабығында қарын пилорусы мен он екі елі ішекте көптеген гармондар түзіледі. Олар қанға енеді де, ас қорыту процесін зат алмасу, өсіп-өну, есею процестерін реттеп, басқарып отырады. Қарын мен ішекте түзілетін мұндай гармондар гастро-интестинальдық гармондар д.а. Ішек қарын шырышты қабығынан шамамен осындай 25 гармон бөлініп шығады. Олардың көбі пептидтер, ал бірқатары ежелден белгілі. Ішек- қарын гастоинтестинальдық гармондары:
Ас қорыту бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтіп, қоректік заттардың қорытылуын үдетеді.
Арэнтерин деп аталатын гармон жас өспірім денесінде ассимиляция процесін күшейтеді.
Түрлі ағзаларда қан айналысын қалпына келтіріп, биологиялық мембраналардың өткізгіштік дәрежесін реттеп отырады, трофикалық әсер етеді.
2.Базальды ядролардың қызметі және түзілуі
Ми сыңарларының маңдай бөлімінде , оның тік жағына жақын ақ заттар ішінде 2 бөліктен тұратын сұр туйін - жолақты дене, солғын шар орналасқан. Бұлар таламус астындағы ядро (люкс денесі) және ортаңғы мидың дофаминэргиялық қара затымен қосылып біртұтас триополлидарлық (жолақты жамылғы) жүйе құрады.
Жолақты дене ұсақ нейрондардан құралған құйрықты ядро мен қабықтан тұрады. Бұл құрылымдарға ми қыртысының сезім-қимыл, көру, дыбыс есту алаңдарынан , таламустың бейарнамалы ядроларынан, қара заттан дофамин бөлетін құрылымдарынан афференттік серпіністер келеді. Ал солғын шар үлкен нейрондардан тұрады.Бұлардың талшықтары аралық ортаңғы мидың әсіресе қызыл ядро арқылы стриополидарлық жүйенің эфференттік жұлынға баратын жолын құрады. Мұнымен қатар солғын шардың ішкі ядроларынан эфференттік сепіністер таламустың превентралдық және вентролатералдық ядролары арқылы ми қыртысының қозғалыс алаңына барады. Сонымен жолақты дене мен солғын шар арқылы ми қырытысының сезім, қозғалыс алаңдары таламус пен ілмек тәрізді көптеген тура және кері байланыстар жасайды. Осылардың арқасында түпкі түйіндер ми қырытысынсезім және қимыл алаңдарымен қосылып мидың қимыл рефлекстерін үйлестіру (координациялау) қызметіне және ерікті, еріксіз әрекеттеріне қатысып, оларды бірлестіреді (интеграциялайды).
3.Вестибулярлы аппараттың физиологиялық рөлі
Тепе-теңдік мүшесі немесе вестибулярлы мүше ішкі құлақта орналасып, кіреберіс бөлімі және жарты иірім өзекшелершен тұрады. Барлық анализаторлардың ішінде адам ұрығында ең алғашқы өciп жетілетін вестибулярлы мүшенің рецепторлары.
Кіреберіс бөлімі екі қапшықтан тұрады. Ал үш жарты иірімөзекшелері - өзара перпендикуляр үш жазықтыққа сәйкес орналасқан, үш доғалы қуыстардан құралған. Доға қуыстары эндолимфамен толы. Кіреберіс бөлімінің дорбашаларында әкті ұсақ тастар - отолиттер бар. Солар арқылы дорбашалар жердің тартылыс күшін, дененің тежеліс және жылдамдығының артуын сезеді. Үш жарты иірім өзекшелері арқылы дененің жазықтықтағы қандай қалыпта eкенін ажыратамыз.
Әр вестибулярлы мүше өз жағының бұлшық еттерінің ширығуын басқарып отырады. Сондықтан, мысалы, сол жақ құлақ вестибулярлы мүше бұзылса, онда дененің eкiншi жағы басым болып, адам басы он жаққа қарай бұрылады.
Вестибулярлы аппараттың рецепторларыныңқозуы түрлі рефлекторлық реакциялармен бітеді: бұлшық еттер тонусының өзгерісі, бұлшық eттepдiң жиырылуы, дененің кеңістікте түзу тұруы сияқты. Адам үшін бұлшық ет, буын сезімі өте маңызды. Бұл ceзiм арқылы біз көзiмiздi жұмып, дeнeмiздiң қандай қалыпта екенін айыра аламыз. Саусағымызбен тура мұрнымыздың ұшын ұстай аламыз. Kөздi жұмып, өзіміздің маңайымыздағы заттарды табамыз. Мұның себебі - бұлшық еттерде, буында, буын қалтасында, ciңipдe арнаулы ceзім қабылдағыштарының болуы. Бұлшық ет ceзімі дедюфлекторлық доға арқылы жүзеге асады. Бұлшық еттегі сезім арқылы бip заттың салмағын, көлемін анықтаймыз, оның үйлeciмдi қимылына талдау жасай аламыз. Вестибулярлы рецепторлардан қозу вестибулярлы жүйке арқылы орталық жүйке жүйeciнe жетеді. Вестибулярлы анализатордың қызметі мишықпен тығыз байланысты. Мишық аппараттың жұмысын реттеп отырады.
28-билет
2.Тыныс алу орталығы, оның орналасуы
Тыныс алу орталық жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады. Тыныс алуорталығы сопақша мида орналасқан. Оның бір бөлігі тыныс алуды, бір бөлігі тыныс шығарудыреттеп отырады. Сопақша мида пайда болған қозу қозғалтқыш нейрондар арқылықабырғааралық бұлшық еттер мен көкетке жеткізіледі, олар кезекпен жиырып және босаңсиды.
Тыныс алу орталығына үлкен ми сыңарлары да әсер етеді: адам аз уақытқа тынысын ұстап қала алады.
2.Тоқ ішекте ас қорытылуы
Аш ішекте қорытылмай, сіңбей қалған с қалдықтары мықын ішектен, соқыр ішекке өтеді. Мықын ішек пен бүйен жалғасқан жердегі сфинктер мен қақпақша химусты мықын ішектен тоқ ішекке сығымдап өткізеді. Бірақ химустың кері қайтуына, яғни тоқ ішектен мықын ішекке қайтып оралуына тосқауыл болады. Тоқ ішетің ішкі қабаты-кілегейлі қабық көоптеген көлденең орналасқан қатпарлардан тұрады. Мұнда микробүрлер, бүрлер , ойықтар, ойық жерлерде кілегей зат (муцин) шығаратын тостаған тәрізді жасушалар көп. Тоқ ішек сөл шығаруға көптеген заттардың қанға сіңуіне бейімделген. Тоқ ішек сөлінде фермент болмайды. Бірақ аш ішектен келіп түскен химус құрамындағы ферменттер қоректік заттар қалдықтарын тоқ ішекте одан әрі ыдыратады. Тоқ ішекте көптеген микроорганизмдер бар, олар аш ішекте ыдырамай сол күйінде тоқ ішекке өткен клетчатканы ыдыратады. Адам үшн клетчатка қоректік заттар қатарына жатпайды, бірақ ол-тоқтық сезім тудырып ішек қимылын үдетеді. Тоқ ішекте нәжіс қалыптасады, оның құрамында денеге сіңбеген ас қалдықтар, ашу барысында пайда болған заттар, көптеген микроорганизмдер болады.
3.Дәм сезу және көркемдік мүшелер
Дәм сезу рецепторлары суда еріген химиялық заттардан тітіркеніп қозу тудырады. Суда ерімейтін құрғақ тағам дәмсіз сияқты болып көрінеді. Дәм сезу мүшесіне тілде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасқан дәм сезу бүртіктері жатады. Дәм сезу бүртіктері төрт дәмді сезеді: тәттіні, ащыны, қышқылды, тұздың дәмін сезеді. Тілдің ұшындағы рецепторлар тәттіні, түп жағындағылар ащыны, бүйір бөліктеріндегілер қышқылды және тұздың дәмін сезеді. Қабылдағыштарда туған қозу рефлекторлық доға арқылы ми қыртысының дәм сезу аймағына жетеді.
29-билет
1.Тамақтану туралы түсінік, физиологиялық маңызы
Тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын, еңбек етіу қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор. Тамақтену жайлы ғылымды нутрициология дейді. Тамақтну үрдісі жүйке және гуморалды жолмен реттеледі. Осы күрделі тамақтану үрдістерімен қатар организмнің сол тамақты іздеп табу тәртібін қасмтамасыз ететтін жүйе бар –оны қызметтіктамақтну жүйесі деп атайды. Тәуліктік тамақтанудың оптипалды мөлшері анықталған. Онда жас ерекшелігі, жыныс, энергия жұмсалу мөлшері т.б көрсеткіштер есепке алынған. Ересек адамдарда салыстырмалы жеңіл дене қызметін жасағанда, тәулігіне 80-100 г, орташа ауыр қызмет атқарғанда 110-120и г, ауыр дене қызметін атқарғанда 130-160г белок қажет. Тамақ рационында тәулігіне 70-80 г, егер энергия жұмсау мөлшері жоғары болса -100 г дейін май және оның құрамында 50-60% жануар майы болғаны жөн. Тәуліктік көмірсу мөлшері адам тамағында 400-450 г дейін болуы қажет. Дені сау адам үшін оптималды тамақтағы белок, көмірсу, майдың өзара қатынасы 1:1:4 жақын болады.
2.Ұлтабарда ас қорытылуы
Он екі елі ішекке келіп түсісімен асқа үш түрлі сөл әсер етеді. Ең күрделісі ұйқы безінің сөлі: оның құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферменттері бар. Өтте ас қорытатын ферменттер жоқ, күрделі қоректік заттарды гидролиздеу үшін өт қажет. Онсыз ұйқы безі ферменттері әсер ете алмайды, өт ас қорыту сөлдері қатарына жатқызылған. Он екі елі ішектің шырышты қабығында бруннер бездері бар. Он екі елі ішек сөлі сәл сілтілі, құрамында пепсин ферменті бар. Пепсин химусқа сіңген қарын сөлі пепсинімен бірлесіп, ішекте біраз уақыт белоктарды ыдыратуы мүмкін. Он екі елі ішек сөлінің айтарлықтай мәні жоқ, бірақ науқастанған жағдайда, әсіресе қарын сөлінде тұз қышқылы көбейіп кетсе пепсиндердің әсері күшейіп, ұйқы безінің ферменттерінің ыдыратуы, мұның салдарынан ішекте ас қорытылуы нашарлап кетуі мүмкін.
3.Тактильді, температуралық және ауру сезімталдығы
Ағза тіршілігі үшін ауырсыну түйсігінің маңызы өте зор. Ауырсыну сезімі (алгезия) тін зақымданғанда туады, ол өте күшті және зиянды тітіркендіргіштердің қатерлі қауіптері туралы хабарлайды. Сөйтіп, ол зақымдаушы түрткілерден құтылу жолында, ағзаның даралама әсерленісін қалыптастырады. Ауырсыну көптеген аурулардың негізгі және ерекше симптомы болып есептеледі, сондықтан оларды анықтауға (диагностикаға) көмектеседі.
Ауырсыну түрлері. Ауыртатын әсерлер әртүрлі түйсіктер тудырады. Қазіргі кезде ауырсыну түйсіктерінің әралуан реңдері анықталды. Ауырсыну түйсігі сапасына қарай әртүрлі (шаншу, сыздау, сырқырау, ашыту, солқылдату т.б.), қарқыны бойынша (қатты, орташа, шамалы, әлжуаз), мерзіміне байланысты (қысқа, үздіксіз, ұласқан, ұстамалы), орналасуы жөнінде (шенеулі, таралған, жайылған, шашыраңқы, сыртқы т.б.) болып жіктеледі.
Ауырсыну кезінде қозғалыс, эмоциялық және вегетативтік көріністер (үрей, қорқыныш, лоқсу, тұншығу, тыныс өзгеруі, жүрек қобалжуы, тамыр әсерленісі, терлеу) байқалады.
Физиолог, клиницист, психологтар ауырғанды сезуді өткір және созылмалы; бірінші және екінші; шанышпалы, сыздалған, ашитын; дене (физикалық) және рухани (психогендік) ауырсынуй деп бөледі. Жалпы ауырсынудың соңғы екі жиі қолданылады.
Дене ауырсынуын пайда болу себептеріне қарай 3 санатқа жіктейді.
Сыртқы әсерлерден туатын ауырсыну. Ол теріде пайда болады, қысқа мерзімді, орналасымы оңай анықталады. Жүйке зақымданбайды, оның шеткі және ауырсыну сезімін түрлендіретін орталық тетіктерінің бүтіндігі сақталады.
Ішкі үрдістер әсерінен туатын ауырсыну. Мұның орналасымын ажырату, себептерін ұқсастыру және ауырсыну көзін жою науқастарға қиын соғады, жүйкесі зақымданбайды.
Жүйке зақымданғанда туатын ауырсыну. Бұл ішкі ауырсынуға ұқсас, оның шеткі және орталық өткізгіш жолдары бұзылады. Сондықтан олар жергілікті немесе жүйелік (невралгия, каузалгия, фантомдық ауырсыну, таламус синдромы) түрінде байқалады.
Дене ауырсынуы 3 түрге жіктеледі: а) бастапқы немесе бірінші ауырсыну (жылдам, шанышпалы, өткір); б) соңғы немесе екінші ауырсыну (баяу, шыдатпайтын, ашытатын), ол біріншіден 0,5-1 с кейін басталады, орналысымы белгісіз, жүрек-тамыр, тынысалу жүйелері өзгереді; в) созылмалы ауырсыну, ұзаққа созылады, көптеген ауруларда байқалады, сезім, мінез қалыптары өзгереді.
30-билет
1.Адамдағы жылу алмасу
Адамда зат алмасуы мен энергия алмасуы өзара тығыз байланысқан, үздіксіз жүріп жататын біртұтас үрдіс. Зат алмасуы барысында күрделі органикалық заттар тотығады, ыдырайды, осы кезде сол заттардың бойындағы энергия (потенциалдық) көбінесе механикалық, электр және жылу энергияларына айналады. Бұл энергиялар жасушаларда өтетін алуан түрлі үрдістерді, әртүрлі ағзалар мен қызметлық жүйелердің, тіпті тұтас ағзаның қызметтерін қамтамасыз етуге жұмсалады. Мұнымен бірге энергия жасушаларды жаңарту, адамның (жануарлардың) өсіп-өнуі мен дамуын қамтамасыз ету, дене температурасының тұрақтылығын сақтау үшін де жұмсалады. «Энергия жойылмайды және жоқтан пайда болмайды, тек оның бір түрі екінші түріне айналады» деген қағида жабық термодинамикалық жүйелерге тән физикалық заңдылықты ғана емес, сондай-ақ тірі атаулыға, яғни ашық термодинамикалық жүйелерге тән заңдылықтарды да ұғуға мүмкіндік береді. Лавуазье мен Лаплас (1789) өздерінің жануарларға жасаған тәжірибелерінде тірі ағзада пайда болған энергиялардың қай-қайсысы да ақырында жылуға айналатынын анықтады.
Гесс пен М. Рубнер жануарлардың бірнеше түріне тәжірибе жасап, олардың денесінен бөлініп шыққан энергия тағаммен бірге келіп түскен органикалық заттар энергиясына тең болатынын дәлелдеп берді. Мәселен, олар екі итті калориметриялық камерада 46 тәулік ұстап, екеуі бөліп шығарған энергияны олардың жеген тамағындағы калория мөлшерімен салыстырған. Осы уақыттың ішінде екі ит денесінен 17736 ккал энергия бөліп шығарған, ал олардың жеген асында 17863 ккал энергия болған. Желінген тағамдағы жылу энергиясы 127 ккал жоғары, мұның себебі – ит денесіндегі белок толық тотықпаған. Белокты өртесе ол ыдырап көмірқышқыл газ бен суға (CO2 + H2O) айналады, ал белоктан тотығу нәтижесінде денеде мочевина, несеп қышқылы, креатин сияқты күрделі заттар пайда болады, олар бүйрек арқылы сыртқа шығарылады. Осы заттарды өртеген кезде шығатын энергия қанша болса, жануар денесінен бөлініп шыққан жалпы энергия соншалықты кем болады. Демек, энергия шығыны аспен бірге денеге келіп түскен органикалық заттар энергиясына тең, бұл – энергиялық баланс болады деген сөз. Бұл заңдылықтың адамға да тән екенін Этуотер мен Бенедикт дәлелдеп берді. Денеден бөлініп шыққан энергия калориметриялық әдіспен, ал күнделікті рационның энергиясы калория есебімен, ондағы тағамдарды өртеу не қоектік заттардың калориялық коэффициентін қолдану арқылы анықталады.
2.Қалқанша маңы безі, физиологиялық рөлі
Қалқанша маңы бездері қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағына жанаса орналасқан. Без паратгормон бөледі. Паратгормон - күрделі құрылысты зат. Ол денедегі кальций мен фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін, зәрмен 6ipre шығарылуын реттейді. Паратгормон бұлшық еттің және жүйке жүйесінің қалыпты қызмет атқаруы үшін қанның құрамында кальцийдің кажетті мөлшерінің болуын қамтамасыз етеді. Кальций алмасудың реттелуң паратгормонның және D витаминінің қатысуымен болады. D витамині жетіспегенде сүйектің құрамында кальций азайып, оның қаттылық, мықтылық қасиеті төмендейді. Бұл бездердің қызметі нашарлағанда кальций деңгейі қанда төмендеп, фосфордың деңгейі көтеріледі. Мұның нәтижесінде адамның жүйке жүйесінің қозғыштығы артып, қаңқа бұлшық еттерінің қозуы күшейіп, дене дірілдеп, ұстама пайда болады. Бездердің жұмысы күшейгенде, сүйектегі кальций қанға өтіпоның қандағы мөлшері көбейіп кетеді. Сондықтан сүйек сынғыш болып кетеді, қан тамырларда, бүйректе және бауырда кальций жиналып бұл мүшелердің жұмысы бұзылады. Қанның құрамындағы кальцийдің көбеюі үлкен ми сыңарлары қыртысының қозуын төмендетеді. Осының әсерінен адамда әлсіздік, енжарлық, көңілсіздік пайда болады.
3.Рефлекс.Рефлекстік доға. Көру мүшесінің құрылысы. Көздің аккомадация механизмі. Бинокулярлы көру
Рефлекс (лат. Reflexus – жауап қайтару) ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жауап қайтаруы. Рефлекс үрдісі рефлекстік доға арқылы жүзеге асады. Кез келген рефлекстік доға 5 бөліктен тұрады:
рецепторлар – жүйке ұштары
сезгіш нейрондар
жүйке орталығы
қозғалтқыш нейрондар
тітіркендіруге жауап қайтаратын мүше
Рефлекстік доға рецептордан басталады. Жүйке ұштары болып табылатын рецепторлар температура, қышқылдық, дыбыс және т.б. сияқты әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдап, жүйке орталығына қарай шеткі жүйке жүйесінің сезгіш жүйкелері арқылы жұлындағы жүйке орталықтарына жеткізеді.
Рефлексті реакция кезінде жұмыс атқаратын мүшенің рефлекторлы сигналды орталық жүйке жүйесіне өткізеді, ал ол жауапты қаншалықты тиімді екенің бақылайды. Мысалы, адам байқамай ыстық затқа қолы тиіп кеткенде дереу қолын сол заттан тартып алады. Қол ыстық затқа тигенде терідегі терморецепторлер заттың температурасының дәрежесін сезгіш
нейрондары арқылы жұлындағы жүйке орталығына қозу арқылы жеткізеді. Жұлында келген ақпарат қорытындалып, оның тым ыстық екені және тері күйіп қалмауы үшін, қолды дереу тартуы үшін қолдың бұлшық еттеріне қозғалтқыш нейрондары арқылы қозу жібереді. Қозу қолдың бұлшық етіне жеткенде бұлшық ет жиырылып адам қолын ыстық заттан алыстатады. Бұл рефлекс өте тез жүзеге асады.
Рефлексте импульстің жолы:
Рецептор – сезгіш жүйкелер – жұлын – қозғалтқыш жүйкелер – мүше.
Көру анализаторы
Адамның көру мүшесі - көз. Ол арқылы адам сыртқы ортадан ақпарат қабылдайды. Сыртқы ортадан қабылданатын ақпараттың 80-90%-ы көру мүшесіарқылы жүзеге асады. Көз арқылы адам өзінқоршаған заттарды, әр түрлі денелерді, олардыңпішінін, түрін, түсін, қимылын, құрылысын қабылдайды.
Көру анализаторының рецепторлары жарық кванттары әсерінен қозады. Көру орталығы үлкен ми сыңарлары қыртысының шүйде аймағында орналасқан. Көру мүшесікөз алмасы және қосалқы мүшелерден тұрады.
Көз алмасы - шар тәрізді мүше. Ол бас сүйектегі көз шарасында орналасады. Көздіңқосалқы мүшелеріне көздіқозғалтатын бұлшық еттер, қабақ, кірпік, қас, жас безі жатады. Көз бip жағынан бас сүйектегі көз шарасына бекініп, екінші жағынан көз алмасындағы аққабықтыңүстіңгі бетіне орналасқан бұлшық еттің көмегімен қимылдайды. Көздің алдыңғы екі жағын екіқатпардан тұратын теріқабықпен қоршайды. Мұныңішкібетін сілемейлеген көздің дәнекер қабығы астарлайды. Көздіңқиығында орналасқан бездіңөзекшесі арқылы шыққан жас көз алмасының бетін ылғалдандырыптұрады және көзге түскен бөгде заттарды жуып шығарып, көздіңішкібұрышындағы жас ағатын өзекшенің бойымен кеңсірікке ағады. Кірпік, қас көздi шаң-тозаңнан, терден қорғайды.
Көз алмасы,негізінен, үш қабаттан тұрады:
сыртқы - аққабық
ортаңғы - тамырлы қабық
iшкi - торлы қабық.
Ақ қабықшатығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Аққабықтың алдыңғы сыртқа қарап тұрғанбөлiгi қасаң қабық депаталады. Ол – мөлдір қабық, жарықты еркін жақсы өткізеді.
Тамырлы қабықтакөздi қоректендіретін көптеген қан тамырлары орын алады. Қабықтың iшкiбетінде жарық сәулесін сіңіріп алатын бояғыш зат қабаты пигмент бар. Көздің алдыңғы жағында ол қалыңдап, кірпікті денеқұрайды. Мұнда кірпікті бұлшық ет болады. Бұлшық еттің жиырылуы әсерінен көз бұршағының түрі өзгеріп отырады. Кірпікті дене нұрлы қабықпенжалғасады. Нұрлы қабықтың аралығында бояу жасушалары болады. Осы бояу жасушаларының әсеріненкөздер түрлі түсті (ашық көк, көгілдір, күңгірт қызыл, қоңыр, қара) болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында жарық ететін тесікорналасады. Оны көздіңқарашығыдеп атайды. Қарашықты айнала сақиналы бұлшық еттер орналасады. Бұлшық еттер жиырылғанда, қарашық тарылады. Нұрлы қабықтың бұлшық eттерi созылғанда, қарашықты кеңейтеді. Қарашық рефлексті түрде жарық көзінде кеңейеді.
Қасаң қабық пен нұрлы қабықтың арасында көздің алдыңғы қуысы бар. Қарашықтың артқы жағында линза тәpiздi көз бұршағы орналасқан. Оның қызметі cәyлeлepдi жинақтап торлы қабықтың арнайы бip орнына бағыттау.
Торлы қабықта жарық сезгіш жасушалар - таяқшалармен сауытшаларорналасады. Адамның көзiндe шамамен 130 млн таяқша мен 7 млн сауытша болады. Таяқша тәpiздi жасушалардың көмегімен адам түнде заттардың пішінін көріп ажыратады, бipaқ заттардың түстерін ажырата алмайды. Ал сауытшалардың көмегімен адам күндiз заттарды анық көріп, олардың түстерін ажыратады. Бұл қабылдағыштардағы аралық нейрондармен жалғасқан жүйке талшықтары көз жүйкесінтүзeдi. Көз жүйкесінің көзден шығатын жepiндe қабылдағыштар жоқ,сондықтан ол жарыққа сезімталдық қасиетінен айырылған. Бұл жерді соқыр дақ деп атайды. Қозу көз жүйкесі арқылы мидың шүйде бөлігіне бағытталады.
Торлы қабықтың орталық бөлігінде колба тәрізді жасушалардың жиынтығынан түзілген сары дақболады. Жарықты ең жақсы сезетін орын сары дақ. Торлы қабықтың артқы бөлігі - көз алмасының түбі.Көздің ішкі бөлігін сұйық мөлдір зат - шыны тәрізді денетолтырып тұрады.

Приложенные файлы

  • docx 8449492
    Размер файла: 166 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий