инфекция каз-1


~Жұқпалы ауру анықталған жағдайда шұғыл хабарлама қандай мерзімде жіберілуі керек?
|12 сағатта
|тезарада
|1 тәулікте
|2 тәулікте
|7 тәулікте
~Жұқпалы ауруға күдіктенгенде СЭС-на қандай құжат жіберіледі?
|Шұғыл хабарлама
|Тіркеу журналы
|Ауру тарихы
|Санэпидбарлау картасы
|Заттық түбіртек
~Инфекциялық стационардың қабылдау бөлмесіне бір уақытта: вирусты гепатит, іш сүзегі, күл ауруы, тағамнан улану жұқпасы диагноздарымен төрт науқас түседі. Қабылдау бөлмесінде науқастарды қабылдауда қандай құжатнама қолданылады?
|Науқастарды тіркеу журналы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама
|Эпидемиологиялық тексеру картасы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама
|Уақытша еңбек қабілетін жоғалту парағы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама
|Ауру тарихын тіркеу журналы, шұғыл хабарлама
|Аса қауіпті жұқпаларды тіркеу журналы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама
~Науқаста ішек жұқпасы анықталған, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартуда. Науқастан қандай мәліметтерді нақтылау қажет?
|Жұмыс сипаты жөнінде
|Тұрғылықты орнының емханаға жақындығын
|Науқастың білімін
|Науқастың ішек жұқпалардың эпидемиологиясын білуін
|Науқастың туыстарының бар-жоқтығын
~Белгілер жиынтығы жедел басталған, іштегі ауырсыну болмаған жағдайда тәулігіне 7-10 рет іш өткен, нәжісі көп мөлшерде сұйық, патологиялық қоспаларсыз, дененің қалыпты қызуында алдыңғы жүрек айнусыз тәулігіне 5-6 рет лоқсу тән болады: Мүмкін болатын диагнозы кандай?
|тырысқақ
|Дизентерия
|Эшерихиоз
|Жалған туберкулез
|ішек иерсиниозы
~антропонозды жұқпалар жағдайында эпидемиялық ошақтағы медициналық бақылауды:
|науқаспен қатынамқа түскен тұлғалардың барлығы
|тек науқасқа үйінде күтім жасайтын тұлғаларға
|тек коммуналдық пәтердегі науқастың отбасы мүшелеріне
|тек науқастанғандармен бірге тұратын кішкентай балаларға
|декретивті топқа жатқызылған тұлғаларға орнатылады
~Жұқпалы науқас туралы шұғыл хабарламаны жіберу керек?
|санэпидбақылаудың өңірлік орталығына
|денсаулық сақтау басқармасына
|аудандық зертханаға
|дезинфекциялық бекетке
|Белгілердің келесі жиынтығы: жедел басталу, дене қызуы қалыпты, тәулігіне ~7-10 рет, жиі, сұйық, патологиялық қоспаларсыз нәжіс, іште ауырсыну жоқ, жүрек айнусыз лоқсу – қандай ауруға тән:
|тырысқаққа
|дизентерияға
|эшерихиозға
|жалған туберкулезге
|ішек иерсиниозына
~Келесі белгілер жиынтығы қандай ауруға тән: аурудың басталуы біртіндеп, бас ауруы, ұйқының бұзылуы, дененің қызуы 39-40°С-қа дейін көтерілгені анықталған (5 күн ішінде), сылбырлық, тері жабынының бозаруы, іштегі көп емес розеола бөртпесі . Тамыр соғысы минутына 82 (дене қызуы 39,5°С болған кезде), іші кепкен, бауыр мен талақ үлкейген, Падалка белгісі оң.
|Іш сүзегі
|Кене бөртпе сүзегі
|Эпидемиялық бөртпе сүзек
|Безгек
|Жіті сарып
~Науқас С., 35 жаста, клиникаға аурудың 10-күні ауыр жағдайда түсті. Дене қызуы 39, 4С. Шағымы: әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің болмауы, ұйқының нашарлығы, іштің кебуіне. Тексеру кезінде: тері жабынының бозаруы, іштің терісінде бірен-саран розеолалар, ЖЖЖ минутына 68, АҚҚ 95/60 мм сын.бағ., тілінің түбірінде ақ түсті жамылғысы бар, бауыр мен талақ ұлғайған. Санасы сақталған. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеулер тағайындаған жөн?
|Өтті ортаға қанды себу
|Жалпы қан талдауы
|Қан мен несепте диастаздарды анықтау
|Бауыр мен талақтың УДЗ-і
|Қанның биохимиялық талдауы
~Іш сүзегі диагнозымен науқастың ауыруыдың 19-күні қатты әлсіздік, бас айналу, құлақтағы шу пайда болған, дене қызуы 35,5С, өңі солғын, тамыр соғысы әлсіз, минутына 120 рет, нәжісі қара. Науқаста қандай асқыну дамыған?
|Ішектегі қан кету
|Ішектің өтімсіздігі
|Ішек перфорациясы
|Ішек пенентрациясы
|Перитонит
~Науқас жуылмаған алмаларды жегеннен кейін кейін ауруының 2-ші күні түсті. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,7оС. Сол жақ мықын аймағында толғақ тәріздес ауырсынулар бар. Сигма жиырылған, пальпацияда ауырсынады. Дәреті аз мөлшерде, тәулігіне 6-7 рет.
Мейлінше ықтимал диагнозы қандай?
|Жедел дизентерия
|Сальмонеллез
|Амебиаз
|Тағамдық улану
|Эшерихиоз
~АИВ – инфекциямен ауыр ан науқастарды спецификалық емдеу үшін қандай препараттарды тағайындайды?
|АИВ кері транскриптазаның ингибиторлардыњ цитостатикалармен тіркесуі
|АИВ кері транскриптазаныњ ингибиторы
|АИВ протеазаныњ ингибиторы
|АИВ кері транскриптазаныњ ингибиторлардыњ протеазамен тіркесуі
|АИВ протеазаныњ ингибиторы иммуностимулятормен тіркесуі
~Қандай гельминтозда гипербилирубинемия байқалады?
|описторхоз
|трихинеллез
|тениоз
|энтеробиоз
|гименолепидоз
~Науқас 30 жаста. Ауру кенеттен басталды. Дене температурасы 40С дейін жоғарылауы, жүрек айнуынсыз құсу, бастың және көз аймағының қатты ауруы. Бұлшықеттер мен буындардың ауруы, құрғақ жөтел және көкірек аймағының ауруына шағымданды. Объективті қарағанда, тері жамылғыларының қызаруы, конъюктивит, склерит, жұтқыншақтың артқы қабырғаларының гиперемиясы байқалды, өкпеде визикулярлы тыныс. Ұжымда ЖРВИ аурулар бар. Болжам диагноз қандай:
|Грипп.
|Парагрипп.
|Паратиф В.
|РС-инфекция.
|Аденовирустық инфекциясы.
~Науқас 43 жаста. Шағымы: дене температурасының 38,6 С дейін көтерілуі, әлсіздік, жүрек айну, көп мөлшерде құсу, ішінің кіндік бөлімінің ауруы, жиі сұйық, көп мөлшерде жасыл түсті, сасық иісті нәжіс болды. Ауруды шикі жұмыртқа жеумен байланыстырады. Қандай диагноз қойылады:
|сальмонеллез
|дизентерия
|холера
|эшерихиоз
|амебиаз
~Саяхатшы, жақында ыстық аймақта болған. Ол жақта қайнамаған су ішкен. Әлсіздік, дене қызуы жоғары, тәбетінің болмауына шағымданады. Серологиялық мәліметтер: HbsAg -, anti-HBs -, anti-HBcor IgM -, anti-HBcor Ig G -, anti-HЕV IgM +. Болжам диагнозы қандай?
|Вирусты гепатит Е
|Вирусты гепатит В
|Созылмалы вирусты гепатит В
|Жедел вирусты гепатит С
|Созылмалы вирусты гепатит С
~Науқас 21 жаста, кенеттен ауырды. Дене қызуы 39,6С дейін көтерілген, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, көп рет құсу, сұйыќ нәжіс болған. 2 күнге қарай сұйық нәжіс 20 ретке дейін жиіленіп, іштің сол жақ аймағының ұстамалы, нәжісі ректальды түкірік тәрізді болған. Қарағанда: науқас бозарған, көзінің асты көгерген, ҚҚ 100/70мм.с.б, пульсі 110 рет мин. Іші тартылған, сигма тәрізді ішектің спазмы, нәжісі аз мөлшерде, шырыш пен қан араласќан. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындайсыз?
|Нәжісті бактериологиялық зерттеу
|Жалпы қан анализі
|Копрограмма
|Қанды бактериологиялық зерттеу
|Зәрді бактериологиялық зерттеу
~Науқас 32 жаста температураның 40,6С жоғарлауына, жеңілдік әкелмейтін құсу мен іштің барлық бөлімінің ауруына, тәуілігіне 15 рет сұйық нәжістің болуына шағымданып, аурудың 4 күні түсті. Іштің кебуі, ішек бойымен ауруы байқалады. Бауырдыњ төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5-2 см шығыңқы, көкбауыр 2 см-ге, нәжіс сасық шырышпен және жасыл түсті. Ауруын торт жеумен байланыстырады. Дәрігер тактикасы кандай?
|Глюкоза-тұзды ерітіндіні тамыр ішіне енгізу, ципрофлоксацин тағайындау
|Жаңа мұздалған плазманы, б/і преднизолон тағайындау
|Асқазанды жуу, фуразалидон тағайындау
|Тазартқыш клизма, ципрофлоксацин тағайындау
|Құрсақ қуысының рентгенографиясы
~Науқас 45 жаста емханаға келді. Эпиданамнезінде екі ай бұрын өт жолдарына операция жасапты. Шығарылғаннан кейін өзін қанағатты сезінген. Соңғы жұмада қатты әлсіреу, жүрек айну, тәбеттің жоғалуы, ірі буындардың ауруы, зәрдің қарайуы пайда болды. Қарағанда тері жамылғылары мен склерасы сарғайған. Бауыр қабырға доғасынан 2,5 см төмен пальпацияланады, оның шеті тегіс, ауырмаған. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізген жөн?
|HBs Ag, anti HBcor Ig M, anti HBcor Ig G, anti HCV Ig M
|anti HBcor Ig M, anti HAV Ig M
|HBs Ag, anti HAV Ig M
|anti HBcor Ig G, anti HCV Ig M
|anti HEV Ig M
~Науқас 26 жаста, бизнесмен, емхана дәрігеріне мынадай шағымдармен келді: мойынында лимфа түйіндерінің ұлғаюына. Ауырғанына жарты жыл болды. Дене қызуы қалыпты. Объективті: Жағдайы қалыпты. Алдыңғы және артқы лимфа түйіндері 1,0 см ұлғайған, қолтықасты-1,5 см дейін, шап-1,0 см, дейін тығыз-эластикалық консистенциялы, ауырмайды. Қолда бірнеше инъекция іздері бар. Ішкі ағзалар жағынан өзгеріс жоқ. Ішкі ағзалар лимфа түйіндері ұлғаймаған. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізген жөн?
|ИФА қан алу
|Видаль реакциясына қан алу
|Райт реакциясына қан алу
|Пауля-Буннел реакциясына қан алу
|Хеддлсон реакциясына қан алу
~32 жасар науқас жұқпалы ауруханаға түскенде бірінші тәулігінде қатты бас ауруы, құсу, температураның 41С көтерілуі. Эпид. анамнезінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. Объективті қарау кезінде есін біледі, бірақ көзі жұмылған, сұрақтарға дұрыс бірақ қиындықпен жауап береді. Терінің сырты таза, түсі сұр, склералар инъекцирленген. Аңқада салыстырмалы гиперемиясы бар. Екі жақтың Кернинг симптомы және желке бұлшықетінің ригидтілік байқалады. Қандағы көрсеткіштер: лейкоциттер 20*109/л, П-16%, С-74%, Л-10%, ЭТЖ-42 мм\ч. Алғашқыда қандай емді тағайындау қажет:
|Пенициллин,преднизолон,маннитол
|Диклофенак,супрастин,ципрофлоксоцин
|Бисептол,фуросемид,лоперамид
|Пенициллин,гентамицин,димедрол
|Цефазолин,левомицитин,манитол
~Науқас 26 жаста, лоқсу сезіміне, көп құсуға, жиі сұйық, аз мөлшерде , қан аралас үлкен дәретке, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына шағымданып келді. Ауруын қайнамаған суды ішумен байланыстырады. Болжам диагноз қандай?
|Дизентерия
|Сальмонеллез
|Холера
|Иерсиниоз
|Эшерихиоз
~42 жастағы науқас жұқпалы аурулар ауруханасына көп рет фонтан тәрізді құсуға, күріш қайнатпасы сипатты жиі сұйыќ үлкен дәретке шағымданып жатқызылды. Қарағанда терісі мен көрінетін кілегейлі қабаттары құрғақ. Терісінің тургоры төмендеген. Дене температурасы 35,3С. Дене температурасының төмендеуі себебі қандай:
|Гемодинамика бұзылысы, дегидратация
|Дегидратация, метаболиттік ацидоз, гипокалиемия
|Аденилциклазаның активациясы, электролиттер мен судың секрециясының жоғарылауы
|Дегидратация, гипокалиемия, ацидоз
|Дегидратация, гиповолемия, шумақтық фильтрацияның төмендеуі
~Бруцеллездің инфекциялық белсенділігін сипаттайтын белгі:
|Қызба, бауырдың ұлғаюы, микрополиаденит,
|Бастың ауруы, ұйқысыздық, бастың айналуы.
|Әлсіздік, жайсыздық, тез шаршағыштық
|Тәбетінің төмендеуі, жүректің айнуы,
|Буындарда және бұлшық етте ауырсыну.
~Науқаста төмендегі белгілердің қайсы байқалғанда ВИЧ инфекциясына зерттеу жүргізіледі?
|Микрополиаденит, субфебрилитет, бір ай көлемінде диарея, ддене салмағының төмендеуі.
|Екі апта бойы субфебрилитет және шап лимфаденит
|Микрополиаденит, субфебрилитет, орхоэпидимит
|Микрополиаденит, субфебрилитет, бір апта көлемінде полиартрит
|Микрополиаденит, субфебрилитет, бауырдың, көкбауырдың ұлғаюы, полиартралгия
~Қыз бала 2 жаста, салмағы 12 кг, денетемпературасы 37,5С. Жалпы қауіп белгілері жоқ. Жөтел 3 күн бойы мазалайды. ТАЖ 48 рет минутына. Кеуде клеткасының ішке кірігуі, стридор, астмоидты тыныс жоқ.БЖАИЖ бағдарламасы бойынша «жөтел» мәселесін жіктеңіз.
|Пневмония
|Ауыр пневмония және өте ауыр ауру
|Пневмония жоқ, жөтел не суық тию
|Пневмония жоқ, астмоидты тыныс
|Мүмкін бактериальды инфекция
~Емханаға 25 жастағы әйел адам дене температурасының 37,8 көтерілуіне , тәбетінің төмендеуіне, тамағының ауырсынуына шағымданып келді. Эпид. анамнез: жұқпалы аурулармен қатынаста болмаған.Объективті: терісі таза, бозғылт. Аранда – тілшеде, таңдай доғасында қызыл шеңбермен қоршалған везикулезді элементтер. Жақ асты , алдыңғы және артқы мойын лимфа түйіндері үлкейген. Ағзалар бойынша патология жоқ. Дұрыс диагноз қойыңыз,
|энтеровируст ы инфекция, герпангина
|Лакунарлық баспа
|ЖРВИ, жедел бронхит
|Фолекулярлы баспа
|аран дифтериясы
~Науқас Н 26жаста, аңшы, сырқатының 17-ші күні учаскелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: басының шамалы ауырсынуы, дене қызуының 38,5C жоғарлауы, тәбетінің төмендеуі, кешкі уақытта қалтырау, тершеңдік, миалгиялар, қолы мен аяқтарының ірі буындарының ұшпалы ауырсынуы. Ауылдық мекенде тұрады., малярия мен бруцеллезге эндемиялық болып табылады. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,7C . Тері жамбындысы жоғары ылғалдылықта, микрополиаденит. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйық, пульс 112 рет минутына..АҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі жабынмен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланады. Бұл науқаста қандай терапия негізгі болып табылады және неліктен?
|Антибактериальды (этиотропты), себебі патогенезінде бактеремия.
|Дезинтоксикациялық, өйткені патогенезінде интоксикация негізгі болып табылады.
|Қабынуға қарсы, себебі патогенезінде серозды қабыну
|Иммуннореттеушіокорригирующая, себебі патогенезінде екіншілік имммунодефицит
|Антигистаминді, себебі патогенезінде жедел типтегі жоғары сезімталдық.
~Науқаста келесі клиникалық көріністер: 10күн ішінде тұрақты түрде қызба, айқын бас ауруы, ұйқының бұзылуы, қозғыштық, сөзшеңдік, сырқатының екінші аптасында тежелген. Кеуде қуысының бүиір беткейінде көбірек оргналасқан көп мөлшерде розеолезді петехияльды бөртпе. Киари-Авцын, Говоров-Годелье симптомдары оң. Бауыры мен көкбауырының ұлғаюы. Диагнозды нақтылайтын арнайы оң нәтиже қайсы?
|Серологиялық реакциялар (РПГА,РСК).
|Қанды бактериологиялық стерильділікке тексеру.
|Қанды қараңғы көру алаңында тексеру.
|Үлкен тамшы түрінде қанды зерттеу
|Жұп сарысу әдісімен серологиялық реакция.
~Тұмау кезінде антибиотиктерді тағайындауға көрсеткіш:.
|екіншілік инфекцияның қосылуы.
|40С дейін дене қызуының көтерілуі, айқын интоксикация.
|Қызбаның үш күнге дейін созылуы.
|гриптің акатаральді түрі.
|Қарт адамдардағы грипп
~Науқас Н., 18 жаста, балабақшада тәрбиеші, дәрігерге келесі шағымдармен келді: перианальды қышуға, әсіресе түнде, ұйқысының бұзылуы, басының акуруына, тітіркенгіштікке, тәбетінің төмендеуіне, іштің ауырсынуына, шырышты сұйық нәжіске, соңғы 3-4 күнде жыныс мүшелерінің маңайында қышу, ашу сезімі мазалайды. Сіздің диагнозыңыз?
|Энтеробиоз.
|Аскаридоз.
|Описторхоз
|Тениоз.
|Тениаринхоз.
~Бала 9 айда, жедел ауырған. Ауруы дене температурасының 38,60С жоғарылауынан басталған, динамикада мұрын бітелуі қосылған. Түскен кездегі шағымдары: дене температурасы 39,5С, селқос, тері жабындылары бозғылт, периоральды цианоз. Беті ісінген. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы болбыр, түйіршіктелген. Конъюктивасы гиперемияланған. Өкпесінде қатқыл тыныс, ұсақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелі жиі, ылғалды. ТАЖ 58 рет минутына. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. ЖҚА: НВ 120 г\л, Эритроцит 3,5 * 10 12 лейкоцит-12,8x109/л, Э-2%, т-5%, С- 5%, Л-32%, М-6%, ЭТЖ-18 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз
|Аденовирусты инфекция
|Қызылша
|Риновирусты инфекция
|Респираторно-синцитиальды инфекция
|Тұмау
~Науқас Ж, 67 жаста, енжарлыққа, жара аймағы бұлшық еттерінің кернеп тартылуына шағымданып жанұялық дәрігерлік амбулаторияға келді. Бақшада жұмыс істеп жүргенде оң аяғының табанын терең жарақаттанған соң 12 күннен кейін ауырған. 2 күннен кейін аузын ашу және тамақты шайнау қиындаған, жұтынғанда ауырсыну пайда болған. Одан кейін бет бұлшық еттері қатайып, кеудесінде қысу сезімі пайда болған. Болжам диагнозыңыз.
|Сіреспе
|Құтыру
|Кене энцефалиті
|Жара ботулизмі
|Менингит
~Поликлиниканың дәрігеріне науқас келді. Шағымдары: әлсіздік, көз алдында қосарлану, бір реттік құсу, көз алдында «тұман», «тор» елестері. Науқастың ауырғанына бір күн болды. Оның алдында саңырауқұлақ қосылған көкөніісті үй консервісін жеді.Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық Дене қызуы 36,8C. Даусы қатты , екі жақтан шамалы птоз, мидриаз, анизокория.Өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары қатты, пульс 76 р/мин. АҚҚ110/60мм с. Б. Тілі ылғалды, жұтынуы еркін. Іші жұмсақ. Дәреті қалыпты. Науқасқа қандай терапия негізгі боып табылады және неліктен?
|Серотерапия (спецификалық сарысуды енгізу), өйткені патогенезінде негізі фактор экзотоксин болғандықтан.
|Этиотропты, өйткені патогенезінде негізі фактор бактеремия болғандықтан.
|Дезинтоксикациялық , өйткені патогенезінде негізі фактор эндотоксин болғандықтан.
|Қабынуға қарсы, өйткені патогенезінде серозды қабыну негізгі болғандықтан.
|Десенсебилизирлеуші, өйткені ГНТ дамуда.
~12 айлық бала, сұйық нәжіске, қайталамалы құсуға, тамақтан бас тартуға шағымданады. Қарау кезінде: ұйқышыл, тері қатпары баяу жазылады, көзі кіртиген, сұйықтық іше алмайды.Жағдайын жіктеңіз және ем тағайындаңыз.
|Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 3-сағат ішінде
|Диарея. Шамалы сусыздану. Бжоспары 4-сағат ішінде
|Диарея. Шамалы сусыздану. Б жоспары 6-сағат ішінде
|Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 6-сағат ішінде
|Диарея. Шамалы сусыздану. А жоспары. Сұйық нәжістен кейін регидрон
~АИТВ (адам иммунды тапшылық вирусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?
|Лимфатикалық жүйенің зақымдалуы
|Ас қорыту жүйенің зақымдалуы
|Тыныс алу жүйенің зақымдалуы
|Шеткі нерв жүйенің зақымдалуы
|Жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы
~Доғашықтардың, таңдай кілігей қабатының гиперемиясы, цианозы, бірен-саран петехиялар. Қай ауруға осы арандағы белгілер тән?
|Грипп
|Аденовирусты инфекция
|Энтеровирусты инфекция
|Парагрипп
|Риновирусты инфекция
~40 жастағы науқас, диагнозы «Вирусты гепатит В», сарғаю сатысының 10-шы күнінде қорқынышты түс көруіне, бастың айналуына, бір жаққа «түсіп кету» сезіміне шағымданады.
Объективті: уақыт және кеңістік ориентациясы бұзылған, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі» шығады, склерасы мен тері қабаты интенсивті сарғайған, бауырдың консистенциясы жұмсақ, эластикалық.
Аурудың ағымын бағалаңыз.
|Жедел бауыр энцелофалопатиясы, I дәреже
|Вирусты гепатит В, ауыр ағымы
|Жедел бауыр энцелофалопатиясы, IV дәреже
|Жедел бауыр энцелофалопатиясы, III дәреже
|Жедел бауыр энцелофалопатиясы, II дәреже
~20 жасар науқастың шағымдары: көп мөлшерлі, сулы, «күріш қайнатпасы» тәріздес жиі нәжіс, көп реттік құсу, бұлшық еттердің әлсіздігі, шөлдеу, ауыз құрғауы, бұлшықеттердің құрысуы . Дене қызуы қалыпты. Тері қабаты құрғақ, тургоры төмен, ауз қуысының кілегей қабаты құрғақ, дауыстың қарлығып шығуы байқалады.
Науқастың жағдайы сусызданудың қай дәрежесіне сәйкес?
|II дәрежесіне
|0 дәрежесіне
|I дәрежесіне
|III дәрежесіне
|IV дәрежесіне
~17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ. Объективті: t 36,3С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия. Сіздің болжам диагнозыңыз?
|Жедел бруцеллёз
|Иерсиниоз
|Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1
|Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2
|Жеделдеу (баяу) бруцеллёз
~32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың, іштің ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған. Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады. Тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.
|Псевдотуберкулёз
|Жәншау (Скарлатина)
|Лептоспироз
|Қызылша
|Листериоз
~35 жастағы әйел адам келесі шағымдармен аудандық ауруханаға келді: 40С-дейін дене қызыуның көтерілуі, әлсіздік, бастың ауруы. Ауырғанына 3 күн болған. Эпиданамнезі бойынша: науқас мал дәрігері болып жұмыс істейді. Жан ұйясында барлығы сау. Объективно: оң жақ қолдың сыртқы тері жамылғысында көлемі 3мм серозды-геморрагиялық сұйықтықпен пустула байқалады. Оң жақ қолы иығына дейін ісінген. Стефанский симптомы оң. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Жалпы емінің жоспарына қай препаратты кіргізу жөн?
|Иммуноглобуллин
|Дексаметазон
|Цефтриаксон
|Ацикловир
|Вакцина
~21 жасар ер адам инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Ауырғанына 6 күн болған, түскен кездегі шағымдары: әлсіздік, оң жақ қабырға тұсындағы ауырсыну, бастың ауырсынуы, тамаққа тәбетінің жоқтығы, жүрек айну, зәрдің қоңыр болуы, тері қабатының сарғаюы. Зәрдің түсі ауырғаннан 3 күннен соң қоңырлаңған, 4 күннен соң денесі сарғайған. Жанұяда науқастар жоқ. Қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты, склерасы сарғайған. Бауыр 3 см қабырға астынан шығып тұр, көк бауыр сол жақ қабырға тұсында. ЖҚА: Лейкоциттер - 6700; т/яд – 6%, с/яд – 40%, лимф.- 42%, мон.- 12%. Келтірілген биохимиялық анализдің қайсысы бұл ауруға анағұрлым сәйкес?
|Билирубин жалпы– 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 2,1 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л
|Билирубин жалпы – 235 мкмоль/л; тікелей – 198 мкмоль/л; АлАТ – 0,46 мккат/л; сілтілі фосфатаза 6,3 мккат/л
|Билирубин жалпы – 20,0 мкмоль/л; тікелей – 3,0 мкмоль/л; ; АлАТ – 0,40 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,2 мккат/л
|Билирубин жалпы – 67 мкмоль/л; тікелей –7 мкмоль/л; АлАТ – 0,42 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л
|Билирубин жалпы – 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 1,9 мккат/л; сілтілі фосфатаза 5,1 мккат/л
~25 жасар әйел адам учаскелік терапевт-дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы 38,5 – 39С, іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, іштің өтуі, нәжісі сұйық 15 рет/тәулігіне, аз мөлшерде. Ауру жедел басталған, осынан 2 күн бұрын іштің ауырсынуы, жиі сұйық нәжіс, кешкісін дене қызуы 38,5С дейін көтерілген. Жанұйясында барлығы сау. Қарағанда: дене қызуы 38,2С, тері қабаты қалыпты, ылғалды. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші сол жақ мықын аймағында ауырсынады, пальпация кезінде сигма тәрізді ішегі түйілген. Нәжісі аз мөлшерде, кілегей аралас, қан жолағы қосылған.
Емхана жағдайында бұл аурудың ерте диагностикасында келтірілген зерттеудің қайсысы қолданылады?
|Копроцитологиялық зерттеу
|Серологиялық зерттеу
|Паразитологиялық зерттеу
|Биохимиялық зерттеу
|Бактериологиялық зерттеу
~45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрий ааймағының ауырсынуы , көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған.
Объективті: дене қызуы 36,С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ80/40 мм. с.б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД- 38 / мин.
Бұл пациетті емдеу барысында қай тактика басқалардан көрі артығырақ?
|Жасанды дем алдыру аппаратына қосу
|Асқазан-ішекті жуып тазарту
|Ауыз арқылы регидратация жүргізу
|К/т глюкокортикостероидтерді еңгізу
|Гемодиализді жүргізу
~55 жастағы ер адам келесі шағымдармен келді: іштің кебуі, тәуіліктік диурездің азаюы. 18 жыл бұрын Вирусты гепатитпен ауырған. Қарағанда: іштің кебуі, аяқтардың ісінуі, іш аймағында тері қабатындағы венозды сызықтардың керілуі байқалады. Көз склерасы аздап сарғайған.
Зерттеу жоспарында қателік табыңыз:
|Зонд арқылы өтті тексеруге алу
|Бауырдың биохимиялық сынамасы
|Қанда Вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау
|Несепті өт пигметтеріне зерттеу
|Іш қуысы мүшелерінің КТ және УДЗ
~16 жасар науқас ауырғаннан 7 сағаттан соң өте ауыр жағдайда келіп түсті. Ауру кенеттен басталған, қалтырау, бастың ауруы, құсу, дене қызуы 39 С-дейін көтерілуі байқалған. 4 сағаттан соң тері қабатында көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде дене қызуы 36,5С, ентігу, цианоз, қозу, бұлшық еттердің құрысуы байқалды. Пульсі жіп тәрізді. АҚҚ 60/40мм.с.б.
Аурудың формасын ескере отырып қай антибиотик тағайындау қажет?
|Левомицетин сукцинат натриі
|Пенициллин натрий тұзы
|Тетрациклин
|Цефтриаксон
|Кларитромицин
~22 жастағы әйел, емхана дәрігеріне ауыруының 3 ші күні ауызының құрғауына, заттардың екі еселеніп көрінуіне, көру қабілетінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, қақалуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. 3 күн бұрын қонақта салат, кәуап, үйде жасалған консервіленген шұжық жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттардың екі еселеніп көрінуі, жұтынудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарап тексергенде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді.
Ең ықтимал диагноз?
|Ботулизм
|Мидың ісігі
|Гипертониялық криз
|Тағамдық токсикоинфекция
|Ми қан айналымының жедел бұзылысы
~28 жастағы ер адам, ауруының 2-ші күні терапевт дәрігеріне қаралған. Шағымдары: іштің толғақ тәрізді ауруы, жүрек айну, бастың ауруы, тәулігіне 10 рет сүйық нәжіс болуына, тенезмдер, жалған шақырулар. Қарап тексергенде: дене қызуы - 38,0С, АҚҚ 90/60 мм с.бағ, пульс -110 рет/мин. Іштің пальпациясы кезінде: іштің сол жақ мықын бөлігінде ауырсыну, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті шырышпен қан аралас, нәжізсіз. ЖҚА: эр.-4,0х1012 /л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109/л, э – 1%, п– 6%, с – 75%, л – 18%, м - 5. ЭТЖ – 17мм/с. Қай диагноз ең ықтимал болады?
|Жедел дизентерия
|Тырысқақ
|Салмонеллез
|Тағамдық токсикоинфекция
|Жедел гастроэнтероколит
~Жасөспірім 17 жаста учаскелік терапевтке ауыруының 5-ші күні мынандай шағымдармен келген: тамақтың ауруына, жұтыну кезінде күшейуіне, бас ауру, жүрек айну, айқын әлсіздік, буындардағы ауыру сезіміне, зәрінің қоңыр түсті болып өзгеруіне. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,5С. Тері жабындылары, склерасы сарғыштанған, мойын˗жақ астық лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасы – қызарып, бадамша бездері ұлғайған, лакуналары іріңді жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астының ауру сезімі, бауыр қабырға доғасынан 2,0-2,5см шыққан, консистенциясы тығыз.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал болады?
|Жұқпалы мононуклеоз
|Листериоз
|Иерсиниоз
|Лептоспироз
|Вирусный гепатит
~17 жастағы жасөспірім емханадағы дәрігер-инфекционистке қаралды. Әлсіздікке, дене температурасының жоғарлауына, тәбеттің төмендеуіне, құсуға шағымданады. Бүгін, ауыруының 8 күнінде терісіндегі және склерасындағы сарғаюды байқаған, жалпы жағдайы жақсарып, тәбеті ашылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауру сезімді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Зәр түсі қоңыр, нәжісі түссізденген. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ - 460 ммоль/л, АСТ - 254 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 52 ммоль/л. ИФА: a-HAVIgМ оң. Амбулаторлық ем тағайындалған. Қандай ем шарасы базистік терапия құрамына кіреді?
|Оральді дезинтоксикация
|Серотерапия
|Антибиотикотерапия
|Вирусқа қарсы терапия
|Өт айдайтын препараттарды қабылдау
~Ер адам бірнеше жылдан бері емханада «Созылмалы вирусты гепатит С» диагнозымен есепте тұрады. Қандай синдром созылмалы HСV-инфекциясының бауырдан тыс көріністеріне жатады?
|Аутоиммунды тиреоидит
|Калькулезді холецистит
|Криглер-Найяр синдромы
|Өкпе туберкулезі
|Өт шығу жолдары дискинезиясы
~35 жастағы ер адам, бастың қатты ауыруына, дене қызуының жоғарылауына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің жоғалуына шағымданып учәсткелік дәрігерді үйіне шақыртты. Анамнезде: ауру бір апта бұрын әлсіздік, субфебрильді қызба, бас ауруының біртіндеп өршуінен басталған. Кеше дене қызуы 39,0-40,0С-қа дейін жоғарылап, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: әлсіз, тежелген. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында – бірең-сараң қызғылт түсті бөртпе элементтері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
|Іш сүзегі
|Ку-қызбасы
|Кенелік бөртпе сүзегі
|Эпидемиялық бөртпе сүзегі
|Солтүстік Азияның кенелік сүзегі
~32 жастағы ер адам Ақбұлақ ауылындағы амбулатория дәрігеріне қаралған. Шағымдары: дене қызуының 39С-қа жоғарылауы, ірі буындарының ауыру сезімі, тершеңдік. Анамнезде: Бір ай бойы ауырады – кейде ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалаған. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндері үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Буындары өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
|Бруцеллез
|Безгек
|Иерсиниоз
|Іш сүзегі
|Ку-қызбасы
~20 жастағы ер адам, 25-ші маусымда емханаға айқын қалтыраудан басталатын және тершеңдікпен аяқталатын, дене қызуының ұстама тәрізді 39-40С-қа дейін жоғарылауына шағымданып келген. Дәрігерге келген күні науқастың дене қызуы – 36,9С. Тері жабындылары бозғылт, маса шағуының іздері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Анамнезінде: қазіргі кезде жұмыс істемейді. Бір ай бұрын Ауғанстанда ұлтаралық парызын орындағын әскери бөлімінен оралған.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
|Безгек
|Грипп
|Лептоспироз
|Ку-қызбасы
|Кенелік бөртпе сүзегі
~23 жастағы ер адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, 20 күн бойы дене қызуының 37,3С-қа дейін жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспен ауырған. Бір жыл бұрын жыныстық жолдасын өгерткен, пассивті гомосексуалист. Дәрігер науқаста АИВ-инфекциясы бар екеніне күдіктенді. Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынша):
|III (үшінші)
|I (бірінші)
|II (екінші)
|IV (төртінші)
|Терминальді
~42 жастағы ер адам, Маңғыстау облысының тұрғыны. Дәрігерді үйіне мынандай шағымдармен шақыртты. Дене қызуының 39-40С-қа жоғарылауы, қалтырау, бүкіл денесінің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, оң жақ кеудесінің ауруына, құрғақ жөтел мазалайтындығын айтты. Ауру жедел, кеше кешкісін басталған. 3-күн бұрын түйе союға қатысып, қолын жарақаттап алған. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр. Тыныс алу жиілігі минутына – 30 рет. Пульсі – 140 рет/мин., АҚҚ-90/60 мм с.б. Өкпесінің оң жағында жайылған құрғақ сырылдар. Гемограммада: лейкоциттер –32 х109/л, т/я нейтроф.-14%, с/т нейтроф – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
|Оба
|Грипп
|Бруцеллез
|Пастереллез
|Ку-қызбасы
~Суретте көрсетілген біріншілік терілік аффект қай жұқпалы ауруға тән?

|Сібір жарасы
|Оба
|Листериоз
|Туляремия
|Пастереллез
~36 жастағы ер адам тоқтаусыз құсу, іштің өтуі, шөлдеу шағымдарымен үйіне емханадан дәрігер шақырған. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. тамыр соғысы минутына – 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Іші кіріңкі, ауырмайды. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз. Науқаста қандай асқыну дамуы ықтимал?
|Гиповолемиялық шок
|Ішек өтімсіздігі
|Инфекциялық-токсикалық шок
|Бүйректің жедел жетіспеушілігі
|Мезентериальді тамырлардың тромбозы
~Жұмсақ таңдай доғасы шырышы көгеріңкі реѕкпен гиперемияланған, бірлі-жарым петехиялар. Жұтқыншақтағы осындай өзгерістер қандай ауруға тән?
| грипп
|аденовирусты ауру
|энтеровирусты ауру
|парагрипп
|риновирусты инфекция
~39 жастағы вирусты В гепатитімен науқас, сарғаю кезеңінің 10-шы күні бастырылып түс көрулерге, бас айналуға, «құлау» сезіміне шағымданды. Объективті: уақыт және кеңістіктегі бағдарының бұзылысы, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі», тері жабындылары, көздің ағы қарқынды сарғайған, бауыры жұмсақ-эластикалық консистенциялы. Ауру ағымын бағалаңыз:
|І дәрежелі ЖБЭ
|Вирусты В гепатитінің ауыр ағымы
|IV дәрежелі жедел бауыр энцефалопатиясы (ЖБЭ)
| ІІІ дәрежелі ЖБЭ
|ІІ дәрежелі ЖБЭ
~20 жастағы науаста жиі, жеткілікті мол, «күріш суы» түріндегі суы көп, мол қайта-қайта құсу, бұлшық еттің әлсіздігі, шөл, ауыздағы құрғақтық, балтыр бұлшық етінде қысқа мерзімді дірілдер. Дене температурасы қалыпты. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген, шырышты қабықтары құрғақ, дауысының қарлығуы. Науқастың жағдайы құрғаудың қандай дәрежесіне сәйкес келеді?
|ІІ дәрежесіне
| І дәрежесіне
|ІІІ дәрежесіне
| IV дәрежесіне
|құрғау белгілері жоқ
~35 жастағы әйел 40С дейін қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, басының ауруына шағымданып ауылдық учаскелік ауруханаға келді. 3 күн бойына ауыру. Эпиданамнезінен белгілі болғандай, науқас ветеринарлық дәрігер болып жұмыс жасайды. Отбасында барлығы сау. Объективті: оң жақ қол буынының сыртқы бетінде серозды-геморрагиялық құраммен мөлшері 3 мм пастула бар. Бүкіл оң қолының ісінуі байқалады. Оң Стефанский симптомы. Оң жағынан қолтық астылық лимфаденит. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
|қарасан, карбункулезді түрі
|қарасан, терідегі түрінің эдематозды бір түрі
|қарасан, сепсистік түрі
| оба, терідегі түрі
|оба, лимфа түйіндерінің шошыну түрі
~21 жастағы ер адам, әлсіздік, оң жақ қабырға асты ауыруларына, бас ауыруына, тәбеттің болмауына, жүрек айнуға, несептіѕ күңгірттенуіне, тері жабындыларының сарғаюына шағымдарымен ауырған соң 6-шы күні жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне келіп түсті. Несептің күңгірттенуі ауруының 3-ші күні, сарғаю төртінші күні пайда болған. Отбасында барлығы сау. Қарап тексергенде науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары, көзінің ағы аздап сарғайған. Бауыры қабырға доғасының шегі астынан 3 см-ге шығып тұр, көкбауыр – оның шегі бойымен. Перифериялық қанда: лейкоцит – 6700, таяќша/яд – 6%, сегмент/яд – 40%, лимфоциттер – 42%, моноциттер – 12%. Жалпы билирубин – 137 ммоль/л, тура – 97 мкмоль/л, АлАТ – 1,1 мккат/л. сіздің диагнозыңыз?
| Вирусты гепатит, орташа ауырлықта
|Лептоспироз
|Описторхоз
|Вирусты гепатит, ауыр ағымы
| Вирусты гепатит, жеңіл ағымы
~25 жастағы әйел емханадағы учаскелік дәрігерге дене қызуының 38,5 – 39С-қа дейін көтерілуіне, толғақ тәрізді сипаттағы іш ауыруларына, тәулігіне 20 ретке дейінгі сұйық көп емес дәретке шағымданып келді. Кенеттен ауырған, екі күн бұрын қалыпты температура фонында іш ауырулары, жиі сұйыќ дәрет пайда болды, кешке таман дене қызуы 38,5С-қа, содан кейін 39С-қа дейін көтерілді. Үйінде барлығы сау. Объективті: температурасы – 38,2С. Тері жабындылары ќалыпты реѕкте, ылєалды. Тілі ақ ґѕезбен ґѕезделген. Іші сол жақ мықын тұсы аймағында ауырсынулы, сигма тәріздес ішек спазмдалған. Дәреті мардымсыз, жалқық және қан жолақтарымен. Сіздіѕ диагнозыңыз?
|жедел дизентерия, орташа ауырлықта
| жедел дизентерия, жеңіл ағымы
|жедел дизентерия, ауыр ағымы
|жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік варианты
|сальмонеллез, гастроэнтероколиттік варианты
~АИВ (адам иммунды тапшылық витусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?
|Полилимфоаденопатия
| ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) зақымдалуы
|перифериялық жүйке жүйенің зақымдалуы
| тыныс алу жүйенің зақымдалуы
|жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы
~30 жасар науқастың диагнозы: Вирусты гепатит В. Келесі белгілер байқалады: тамаққа тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, тәулігіне 2 рет құсу, әлсіздік, үш аптадан бері айқын сарғаю. Жалпы билирубин - 200мкмоль/л, АлАТ активтілігі жоғары, диспротеинемия, тимол сынамасы жоғары.
Инфекциялық процестің қай ағымына осы өзгерістер тән?
|орташа ауырлық
| жеңіл ағымы
| ауыр түрі
| көмескі түрі
| холестатикалық түрі
~Ауру жедел басталған. Дәретке шығу сезімі байқалған, науқаста жиі сулы нәжіс болған. Екінші күні көп реттік құсу, тәулігіне 20 ретке дейін сұйық нәжіс болған, түрі ақшыл; аяқтары құрысқан. Дене қызуы қалыпты. Ќай ауру туралы ойлауға болады?
|тырысқақ
| тағамдық токсикоинфекция
| эшерихиоз
| амебиаз
| сальмонеллёз
~17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанұясында науқастар жоқ.
Объективті: Температурасы 36,3С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
|созылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2
| Иерсиниоз
| созылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1
| жеделдеу (баяу) бруцеллёз
| жедел бруцеллёз
~45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрии аймағындағы ауырсыну, көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған. Консервіні тек өзі жеген. Жанұясында барлығы сау.
Объективті: дене қызуы 36,6 С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ = 40/10 мм. с/б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД = 38 / мин.
Сіздің алғашқы қойған диагнозыңыз?
| Ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр және тыныс алу жетіспеушілігі
| Тағамдық токсикоинфекция, ауыр түрі, ИТШ – 2 дәреже
|Ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр жетіспеушілігі
| Ботулизм, ауыр түрі, тыныс алу жетіспеушілігі.
| Сальмонеллёз, гастроинтестиналды түрі, ауыр ағымы, инфекциялық-токсикалық және гиповолемиялық шок
~32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.
Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады, тілі «таңқурай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.
| Псевдотуберкулёз
|Скарлатина
|Лептоспироз
|Қырым геморрагиялық қызбасы
|Токсоплазмоз
~Дақты – папулёзді бөртпе қай ауруға тән:
|Скарлатина
|Қызылша
|Жел шешек
|Герпестік инфекция
|бөртпелі сүзек
~20 жастағы еразамат, ауру жедел басталған дене қызыуы 40ғ С –қа дейін көтерілген, басының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, аяқ және бел аймағының бұлшық еттерінің ауырсынуы. Келесі күні сан, жамбас,балтырда геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Тері жамылғылары бозғылт түсті. Мойын бұлшық еттерінің құрысуы байқалады. АҚ – 90/60мм.с.бағ. пульс 100 рет мин. Лабораторлы зерттеулері: ЖҚА: лейкоцит – 20х10 9/л лейкоцитарлы формуланың солға ығысуымен, ЭТЖ – 40 мм/сағ, тромбоциттер – 120000. Жұлын сұйықтығының зерттеуінде: бұлдыр, қысыммен шығады, Панди (+++) , нейтрофильдермен байланысты цитоз анықталды. Қандай аурулар туралы ойлануға болады?
|Менингококкты инфекция, менингит + менингококкемия
|Тұмау, асқынуы менингит
|Менингококкты инфекция, менингит
|Менингококкты инфекция, менингококкемия
|Екіншілік іріңді менингит
~24 жастағы әйел сүйектерінің, буындарының, бұлшық еттерінің, басының ауырсынуына, мұрнының бітелуіне, құрғақ жөтел,тамағының аздап ауырсынуына шағымданады. 10 күннен бері дене қызуының субфебрильді болуы сақталуда. Эпигастрий аймағының ауырсынуы,1-2 рет ішінің өтуі болған. Қараған кезде: склерасының қан тамырларының инъекциясы және конъюнктивиті, жұтқыншақтың артқы қабырғасының гиперемиясы, полилимфоаденопатия байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз?
|Аденовирусная инфекция
|Тұмау
|Менингит
|Парагрипп
|Риновирусты инфекция
~34 жастағы еркісі ауруының 2-ші күні ішінің ұстама тәрізді ауырсынуы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тәулігіне 15 – ретке дейін ішінің өтуіне шағымданады. Қараған кезде: дене қызуы 38,8 ғ С. АҚ- 100/70мм с.бағ. Пульс 92 рет мин. Сигма тәрізді ішегі қатайған, пальпация кезінде ауырсынады. Үлкен дәреті аз мөлшерде, кілегей, қан аралас. Зерттеу әдісін таңдаңыз:
|Нәжісті бактериологиялық зерттеу
|Қанды бактериологиялық зерттеу
|Комплемент байланыстыру реакциясы
|Полимеразды тізбектік реакциясы
|Копрология
~20 жастағы еразамат, ауру жедел басталған дене қызыуы 40ғ С –қа дейін көтерілген, басының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, аяқ және бел аймағының бұлшық еттерінің ауырсынуы. Келесі күні сан, жамбас,балтырда геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Тері жамылғылары бозғылт түсті. Мойын бұлшық еттерінің құрысуы байқалады. АҚ – 90/60мм.с.бағ. пульс 100 рет мин. Лабораторлы зерттеулері: ЖҚА: лейкоцит – 20х10 9/л лейкоцитарлы формуланың солға ығысуымен, ЭТЖ – 40 мм/сағ, тромбоциттер – 120000. Жұлын сұйықтығының зерттеуінде: бұлдыр, қысыммен шығады, Панди (+++) , нейтрофильдермен байланысты цитоз анықталды. Менингококкты менингитте негізгі патогенетикалық терапияның компоненті болып табылады:
|Дегидратация
|Регидратация
|Гемостатикалық терапия
|Десенсибилизация
|Серотерапия
~40 жастағы еразамат тұрмыстық жағдайы төмен жұқпалы аурулар ауруханасына қалтырау, басының ауырсынуы, бөртпелердің шығуымен шағымданып келген. Клинико- эпидемиологиялық диагноз «Эпидемиялық бөртпелі сүзек» қойылды. Ең тиімді этиотропты препаратты көрсетіңіз:
|Доксицилин
|Трихопол
|Пенициллин
|Фуразолидон
|Стрептомицин
~Тырысқақтың алғашқы симптомдары : Симптомы начала холеры:
|«фонтан» тәрізді көп ретті құсу
|Нәжіссіз кілегей – қанды іш өту
|Әлсіздік , делсалдық
|Аш ішектің спазмы
|Қызба
~ 32 жастағы әйел ауруның 8- ші күні ауруханаға мынадай шағымдарымен келді. Ауруының 1-ші күнінен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызыуының 38 - 38,5 ғ С- қа көтерілуі, тамағының ауырсынуы, нәжіс түсінің өзгеруі. Ауруының 2-ші күні науқас склерасының сарғайғандығын, несеп түсінің өзгеруін байқаған. Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызыуы 38,5 ғ С, ірі лимфа түйіндер пальпацияланады. Аранында фарингит. Бауыры 1,5-2 см ұлғайған, аздап ауырсынады. Сіздің болжам диагнозыңыз?
|Листериоз
|Жедел вирусты гепатит
|Инфекциялы мононуклеоз
|Лептоспироз
|Иерсиниоз
~25 жастағы еразамат 3күннен бері қалтырау, басының, бүкіл денесінің сырқырап ауырсынуы, субфебрильді температура, трахея бойымен тамағының аурысынуы, қос жөтел(лающий кашель) , демалуының қиындауы, мұрнынан серозды сұйықтықтың бөлінуі,тамағының қарлығуы. Сіздің болжам диагнозыңыз :
|Парагрипп
|Тұмау
|Аденовирусты инфекция
|Менингит
|Бөртпелі сүзек
~50жастағы еразамат тері зауытында жұмыс істейді. Ауруы жедел басталған дене қызуының 39 С қа көтерілуі, қалтырау, айқын тершеңдік. Қатты жөтел қан аралас қақырықпен, науқастың санасы тежелген (заторможен) . Жалпы жағдайы ауырлық дәрежеде жалпы интоксикация және тыныс шамасыздық белгілеріне байланысты. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Этиотропты емге препаратты таңдаңыз:
|Цефтриаксон
|Стрептомицин
|Пенициллин
|Канамицин
|Бисептол
~42 жастағы еразамат. Анықталғаны шаруашылығында бірнеше қойының өлгендігі және ауырмас бұрын өзі бетін тырнап алғандығын айтты. Объективті: дене қызуы 37,7 С. Бетінде жара байқалады қара қоңыр струппен қапталған шектері гиперемияланған. Жараны көтерген кезде науқас бет аймағының сезімталдығының төмендегенін байқаған. Ісік бүкіл бетке жайылған. Алдыңғы және артқы жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынады. Спецификалық терапияға қосалқы тағайындау керек:
|Сібір жарасына қарсы иммуноглобулин
|Стрептококкқа қарсы иммуноглобулин
|Листериозға қарсы сары су
|Туляремияға қарсы вакцина
|Обаға қарсы пентаглобин
~39 жастағы әйел, делсалдық, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, оң жақ қабырғы астының ауыр сезінуімен шағынданып келді. Анамнезінен: жиі балықтан жасалған салатты көп қолданады. Пальпация кезінде өт қабы ұлғайған, ауырсынады. Қан зерттеуінде эозинофилдер – 80%. УДЗ: өт қабымен өт жолдарының дискинизиясы анықталған. Науқаста описторхозға күдік бар. Нақты диагнозды қою үшін қай сұйықтықтан қоздырғышты анықтауға болады:
|Дуаденальді сұйықтықтан
|Асқазанның шайынды суынан
|Сілекейден
|Қаннан
|Несептен
~«Жедел дизентерияға» тән нәжіс:
| «Ректальді түкірік» тәрізді
|«Таңқурай мүгі» тәрізді
| «Батпақ балдыры» тәрізді
| «Күріш қайнатпасы» тәрізді
| «Бұршақ сорпасы» тәрізді
~Әйел 60 жаста. Саяжайда тұрады, ешкілер бағады. Жұқпалы ауруханаға мынадай шағымдармен түсті: қызару, оң жақ тізесінің ісінуі, қалтырау, дене қызуының жоғарлауы. Анамнезінде жедел 3-күн бұрын ауырған. Қарап тексергенде дене қызуы 38,5, оң жақ балтырдың төмеңгі бөлігінде, шекарасы айқын қызару. Пальпацияда ауру сезімі байқалады, терісін ұстап көргенде ыстық. Оң жақ шап аймағында үлкейген лимфа түйіндері, айналасындағы тінмен бірікпеген. Сіздің болжам диагнозыңыз:
| Оң жақ тізе аймағындағы тілмелік зақымдану
| Оң жақ тізе аймағындағы сібір жарасы
| Оң жақ тізе аймағындағы карбункул
| Оң жақ тізе аймағындағы инфицирленген жара
| Оң жақ тізе аймағындағы эризипелоид
~Ер адам, 40 жаста. Жұқпалы ауруханаға ауруының 7-ші күні мына шағымдармен түсті: дене қызуының жоғарлауы, бас ауруы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, оң жақ қабырға астының ауруы, терінің сарғыштануы және қышуы.Эпидемиологиялық анамнез: Балықшы, жиі толық қайнатылмаған балықты қолданады. Сарғаю бар адаммен қатынаста болмаған. Соңғы 6 айда парентеральды егу болмаған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 37,2 оС, теріде, склерадағы сарғаю айқын. Терідегі қасынған іздер, тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған, іші кебіңкі, өт қабы аймағында ауру сезімі, бауыр қабырға доғасынан 1,5 см, зәрі қою қоңыр, нәжісі ашық сары, Жалпы қан анализінде –эозинофилия.
Болжам диагноз қойыңыз:
| Лептоспироз
| Вирусты гепатит А
| Описторхоз
| Иерсиниоз
| Вирусты гепатит В
~Науқас 54 жаста балыкшы,жедел ауырған,дәреті жиі су тәріздес,қүсу.Жағдайы ауыр,акроцианоз.Шырышты қабатының көгеруі,температура 35,8 С Беті үшкірленген,пульс 100 рет мин,жалпы әлсіздік.АҚҚ 90/60 мм с б.Тілі қүрғақ,ақ жабындымен жабылған,іші жұмсақ,ауру сезімсіз.Қарау кезінде бірнеше құсу байқалады.
Ең тиімді ем:
| регидратациялау + цефалоспорин қатарындағы антибиотиктер
| дезинтоксикациялық терапия + журек қан тамыр препараттары
| регидратациялық терапия + тыныс аналептиктері
| регидратациялау + тетрацииклин қатарындағы антибиотиктер
| дегидратациялау + левомицетин
~Науқас 35 жаста аурудың бірінші күнінде учаскелік дәрігерді шақырды.Жедел басталған температура 39,5 С қалтырау,бас ауруы маңдайға таралуы,тамағының жыбырлауы,мүрын бітелуі,беті гиперемияланған, склера тамырларының инъекциясы, конъюктивит. Тынысы везикулярлы,жүрек тоны тұықталған пульс 100 рет мин АҚҚ 110/60мм с б,тілі гиперемияланған,жұмсақ таңдай дақыл тәрізді жабылған. Тиімді этиотропты ем:
| тамифлю
| ремантадин
| гамма-глобулин
| интерферон
| аспирин-упса
~Науқас 17 жаста жедел жәрдемге қатты ауруы құсу,мойын арқа бұлшық еттерының ауруы бір күн бұрын ауырған, түскен уақытта бас ауруы күшейген,2 рет құсу болған. Қарау кезінде жағдайы ауыр температура 40 С. Әлсіз,селқоз сурақтарға бәсең жауап береді.Сол жақ қырымен басын шалқасынан және тізесін ішіне бүгіп жатады,пульс 80 рет. Жүрек тоны тұықталған АҚҚ 160/100 Бұлшық етінің тез жиырылуы.Симптом кернинг (+) ЖСЖ 28 рет мин везикулярлы тыныс іші жұмсақ ауырсынусы. Бауыры пальпацияланбайды. Диагнозды дәлелдеуге көмектесетін биоматериал:
| жұлын суйықтығы
| қан
| асказаннын шайындысы
| зәр
| нәжіс

Приложенные файлы

  • docx 4977768
    Размер файла: 166 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий