Гос.экзамен1


1.Мемлекет және құқық теориясының әдіснамалық негіздері
2.Мемлекет және құқық теориясының пәні
Мемлекет және құқық теориясының пәні дегеніміз- мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, сондай-ақ заң ғылымдарының негізгі түсініктердің, ұғымдардың жүйесін айтамыз.
Осы анықтамаға сәйкес, мемлекет және құқық теориясының пәні 2 бөліктен тұрады:
Біріншіден, мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының, қызмет етуінің жалпы заңдылықтары.
Аталған бірінші топқа мыналар жатады:
-мемлекет және құқықтың пайда болуы;
-мемлекет және құқықтың типтері;
-мемлекет және құқықтың дамуы;
-мемлекет және құқық нысанының эволюциясы;
-мемлекеттік органдар жүйесі мен құқықтық жүйесінің қалыптасуы;
-мемлекет және құқықтың функциясын жүзеге асыру;
-мемлекет және құқықтың қоғамдық қатынастарға әсер ету шегі;
-адам құқығының дамуы;
-демократия, заңдылық, құқықтық тәртіп қағидаттарының нығаюы;
-азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің дамуы;
-құқықтың нормаларды сақтау, орындау, қолдану;
-бұл заң ғылымының дамуы.
Екіншіден, барлық заң ғылымын қамтитын заңи түсініктердің, ұғымдардың жүйесі. Мысалы, мемлекет, мемлекеттік органдар, құқық, құқық бұзушылық, заңи жауаптылық.
Мемлекет және құқық теориясы пәнінің ерекшелігі:
а) ол негізгі ұғымдар жүйесін өзі үшін ғана емес, сондай-ақ барлық заң ғылымдарының салалары үшін қалыптастыруымен айналысады;
ә) мемлекет және құқық теориясы нақты бір мемлекет және құқықтың дамуы, қызмет етуін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар мемлекет пен құқықты жалпы түрде, яғни, кез келген қоғамға тән мемлекет пен құқықтың жалпы белгілерін қарастырады. Мемлекет және құқық теориясы уақыт және кеңістікке қарамай жалпы түрде барлық мемлекет пен құқық жүйелерін зерттейді. Сондықтан да, онда мемлекет пен құқықтық туралы ғылыми ойлардың жетістіктері шоғырланған;
б) мемлекет және құқық теориясы мемлекет пен құқықтың бір-бірін толықтыратын, бір-бірімен тығыз байланысты әлеуметтік институт ретінде қарастырады.
3.Мемлекет және құқық теориясының әдістері
Жалпы ғылым дегеніміз, екі бағытты біріктіреді-теория мен әдіс.
Теория-бұл ғылым нені зерттейді?-деген сұраққа жауап береді.
Әдіс-бұл ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеуді жүргізеді?-деген сұраққа жауап береді.
Әдіс -дегеніміз жаңа білімді алуға, пәнге жетуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен амалдардың, қағидаттар мен ережелердің жиынтығын айтамыз.
Әдіс-бұл зерттеп жатқан құбылысқа жетудің жолы, ақиқатқа жетудің ғылыми-танымдық тәсілі.
Ғылым әдісі-бұл пәнді түсінуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Сонымен, мемлекет және құқық теориясының әдісі дегеніміз мемлекет пен құқықтық құбылыстарды зерттеуде қолданатын тәсілдер мен амалдардың жиынтығын айтамыз.
Мемлекет және құқық теориясының әдісі төмендегідей топтастырылады:
Жалпылама әдістер дегеніміз-ойлаудың әмбебапты қағидаттарын көрсететін философиялық, дүние танымдық бағыттарын айтамыз. Жалпылама әдістер мемлекет пен құқықты философия тұрғысынан қарастырады. Оларға мыналар жатады:
а) метофизика (мемлекет пен құқықты мәңгілік өзермейтін институттар ретінде қарастырады);
ә) диалектика.
Диалектика өз алдына идеалистік және материалистік деп екіге бөлінеді.
Идеалистік диалектика өз алдына екіге бөлінеді: субъективті және объективті. Егер де объективті идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдай күшімен, объективті санамен байланыстырса, онда субъективті идеализм адамның санасымен, келісіммен байланыстырады.
Материалистік диалектика-бұл қоғамдағы элеуметтік-экономикалық өзерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады. Материалистік диалектика тұрғысынан барлық мемлекет пен құқықтық құбылыстарды нақты тарихи даму жағдайында басқа да құбылыстармен тығыз байланыста болады.
Жалпы ғылыми әдіс дегеніміз-жалпы әдістер сияқты бүкіл ғылыми танымды толығымен қамтымайды, ғылыми танымның жекелеген кезеңдерін қамтитын әдісті айтамыз. Оларға мыналар жатады:
а) анализ-бұл күрделі мемлекет пен құқықтық құбылыстарды шартты түрде жеке бөліктерге бөлу арқылы зерттеуді білдіреді;
ә) синтез-бұл құбылыстардың бөліктерін шартты түрде біріктіре отырып, зерттеуді білдіреді;
б) жүйелілік тәсіл-бұл мемлекет пен құқықтық құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеуді білдіреді (мысалы, бұл тәсіл жүйелі құрылым ретінде мемлекеттік аппаратты, саяси құқықтық жүйені және құқықтық норманы зерттеуге мүмкіндік береді);
в) функционалдық тәсіл-бұл белгілі бір әлеуметтік құбылыстың басқа құбылыстарға әсер ету нысанын анықтауға бағытталғанын білдіреді (мысалы, бұл әдіс құқықтық функционалдық заңды жауапкершілікті, құқықтық шектеулері зерттеуге мүмкіндік береді);
г) әлеуметтік-эксперимент тәсілі-бұл құқықтық реттеудің бұрыс нұсқасынан алдын алу мақсатында қандай да бір шешімнің жобасын тексерумен байланысты (мысалы, Қазақстанның кейбір аумағында әкімдерді сайлау институтын енгізу арқылы, оның тиімділігін зерттеу).
3) Жеке ғылыми әдістер деп мемлекет және құқық теориясының нақты техникалық, гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының ғылыми жетістіктерін меңгерудің нәтижесінде пайда болған тәсілдерді айтамыз. Оларға мыналар жатады:
а) нақты-әлеуметтік тәсіл-бұл сауалнама, сұхбат, бақылау және басқа да тәсілдер арқылы мемлекет пен құқық саласында субъектілердің мінез-құлық туралы нақты мәліметтерді алуға мүмкіндік береді (мысалы, олар қоғамдық қатынастарға мемлекеттің әсерін, заңдар арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтауда қолданады);
ә)статистикалық тәсіл-бұл бірнеше рет қайталанатын мемлекет пен құқықтық құбылыстардың, олардың ішінде құқықбұзушылықтың, заңи тәжірибенің сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді (ол үш кезеңнен тұрады: статистикалық мәліметтерді жинау, оларды белгілі бір негіздер бойынша топтастыру, оларды өңдеу);
б)кибернетикалық тәсіл-бұл кибернетиканың заңдар мен техникалық құралдар арқылы мемлекет пен құқықтық құбылыстарды зерттеуді білдіреді;
в) математикалық тәсіл-бұл сандық көрсеткіштерге негізделген тәсілдер жиынтығы.
4) Жеке құқықтық әдістер-дегеніміз тек мемлекет және құқық теориясына ғана тән әдістерді айтамыз. Ол екіге бөлінеді:
а) формальді-заңи тәсіл-бұл заң ұғымдарын анықтауға, олардың белгілерін көрсетуге, топтастыруға, құқықтық ережелердің мазмұнын түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл тәсілге заңи техника мен құқық нормаларды талқылау тәсілдері кіреді.
ә) салыстырмалы құқықтық тәсіл-бұл әртүрлі құқықтық құбылыстарды салыстыру арқылы олардың жеке және жалпы белгілерін анықтайтын тәсіл.
4.Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымы жүйесіндегі алатын орны
Қазіргі кездегі ғылым-бұл жекелеген ғылым салаларының жиынтығы. Ғылымдар жүйесін қалыптастыратын ғылыми пәндерді шартты түрде 3 бөледі:
а) гуманитарлық;
ә)техникалық;
б)жаратылыстану.
А) Гуманитарлық ғылым-қоғамды, адамдарды және әлеуметтік құбылыстарды зерттейді. Заң ғылымдары гуманитарлық ғылымдардың бір бөлігі. Өйткені, мемлекет пен құқық әлеуметтік құбылыстар болып табылады. Заң ғылымдарын келесідей бөлуге болады.
-мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы;
-тарихи құқықтық ғылымдар (ҚР мемлекет және құқық тарихы, шетел мемлекет және құқық тарихы, саяси құқықтық ілімдер тарихы);
-салалық заң ғылымдары (Конституциялық, экологиялық,әкімшілік, жер, отбасы құқығы);
-салааралық заң ғылымдары (азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу құқығы);
-шетел.
-қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот сараптамасы, құқықтық статистика).
Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жүйесінде бола тұра, философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен және т.б. тығыз байланысқа түседі. Олай, философияның көмегімен мемлекет және құқық теориясының дүниетанымдық бағыттары қалыптасады, оның нәтижесінде мемлекеттік-құқықтық шындықты танудың жалпы әдістемесі қалыптасады. Өз кезегінде, мемлекет және құқық теориясы кеңейтілген философиялық жалпылаулар үшін нақты материалдар береді. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарға тән ортақ белгі-олар мемлекет пен құқықты зерттейді. Ал айырмашылықтары мынада-тарихи-құқықтық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың даму үдерісін хронологиялық тәртіпте зерттесе, мемлекет және құқық теориясы бұл үдерістерге жалпы сипаттама береді, мемлекет пен құқықтың мәнін, олардың қызмет ету заңдылықтарын және т.б. зерттейді.
Салалық заң ғылымдарына қатысты мемлекет және құқық теориясы жалпылаушы сипатты иеленеді, ол мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қызмет етуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Ал кез-келген салалық ғылымның пәні қоғамдық қатынастардың тек нақты бір саласымен ғана байланысты болады. Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы барлық салаларға ортақ мәселелерді зерттейді, яғни, мемлекет және құқық теориясының түсініктері мен институттарының негізінде салалық заң ғылымдарының түсініктері мен институттары қалыптасады.
5.Мемлекеттің пайда болуы мен мемлекеттің типологиясы
Мемлекет-қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған және нақты қоғамдағы саяси жүйедегі биліктің орталық институты болып табылатын саяси құрылым. Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе даулы болып табылды. Себебі, этнография және тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мәліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері мыналар болып табылды:
-теологиялық (діни) теория;
-шарттық теория;
-күштеу теория;
-органикалық теория;
-психологиялық теория;
-материалистік теория.
Мұндай теориялардың, көзқарастардың әр алуандығы, келесі мән-жайлар негізделген:
-мемлекет пайда болуына бір қатар факторлар, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, әскери-саяси, табиғи-климаттық, өнегейлік-діни, тарихи-ұлттық, мәдени-рухани, экологиялық-психологиялық және басқа да факторлар әсер етті;
-бұл үрдіске түсінік беретін ойшылдар әртүрлі тарихи кезеңдерден тұрды, әрине, мемлекеттің пайда болуын түсіндіруде әртүрлі адамзаттың білім қорын, ғылыми жетістіктерді пайдаланды;
-ғылымдар мемлекет пайда болу үрдісін түсіндіре отырып,мемлекеттің пайда болуын түсіндіру үшін өз аймақтарын ғана алады;
-мемлекеттің пайда болуын түсіндірген авторлардың көзқарастарына өздерінің философиялық және иделогиялық тұжырымдары әсер ететінін жоққа шығаруға болмайды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және әртүрлі тарихи жағдайда қалыптасқан, мемлекеттік биліктің өздеріне тән ерекше белгілері бар. Мемлекеттің қалыптасуы ұзақ үрдіс және әртүрлі халықта әртүрлі жолмен жүрді.
Қорыта келгенде, біріншіден, мемлекет-әрқашанда болған жоқ; екіншіден, мемлекет-әлеуметтік институт, қоғамдық дамудың өнімі ретіне пайда болды; үшіншіден, кешенді факторлар жүйесінің әсерінен; төртіншіден,ерекше әлеуметтік басқару, ерекше мінез-құлық ережелеріне қажеттілік туындағанда қоғамның белгілі бір кезеңінде пайда болды.
6.Мемлекеттің пайда болуының ұғымы мен пайда болу себептері. Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары.
Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:
Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.
Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.
Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.
Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.
Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.
Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.
Қорыта келе, мемлекет деп – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.
Мемлекеттің белгілері.
Мемлекет институт және ұйым ретінде, мемлекетке дейінгі мемлекеттік емес, институттар мен ұйымдардан өзіне тән белгілері арқылы ерекшеленеді. Мемлекеттің белгілерін анықтау және оларды зерттеу әр елдің саясатын терең әрі жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттің белгілері мыналар:
-бұқаралық биліктің болуы, міндетті түрде мемлекеттің басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік-бұл шенеуліктер,әскер, полиция,түрме мен басқа да мекемелер;
-аумақтың болуы, мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді;
-салық жинау, олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет;
-қоғамдық өмірді құқықтық бастаулар негізінде ұйымдастырылуы, мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.
-өзінің саясатын жүргізу үшін, белгілі бір материалдық қордың болуы (мемлекеттік меншік, бюджет);
-мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығына монополия (адамның бас бостандығын айыру, өлім жазасын қолдану);
-барлық қоғам мүддесін ресми түрде өкілдеу;
-мемлекеттік рәміздердің болуы (әнұран, елтаңба, ту);
-оның аумағында тұратын халықпен тұрақты құқықтық байланыс (азаматтық);
-егемендік-бұл өзінің ішіндегі басқа да биліктерге қарағанда үстемдігін және халықаралық аренада тәуелсіздігін білдіретін мемлекеттік биліктің ерекше қасиеті.
Мемлекеттің мәні.
Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Мән-функциялық санап ретінде қандай да бір құбылыстың бастысы, негізгісі деген мағынаны білдіреді. Ал мемлекеттің мәні, оның мазмұнын әлеуметтік мақсатын және қызметін айқындайды. Мемлекеттің табиғаты мен мәнін терең және жан-жақты түсінбей, оны билікті, білімді басқаруға болмайды. Мемлекеттің мәнін бұл түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік мәнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сәйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық –биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің әлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген таптар мен әлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші әрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.
Мемлекеттің мәнін қарастырғанда екі саланы ескеру қажет:
-мемлекеттің формальді жағы, яғни кез-келген мемлекет- бұл саяси биліктің ұйымы;
-мемлекеттің мазмұнды жағы, яғни бұл ұйым кімнің мүддесін қорғайды?
Мемлекет мәнін талдау жасауда тек формальді жағына тоқталатын болса, онда құл иеленуші және қазіргі кездегі мемлекеттер өзінің мәні бойынша ұқсас болатын еді. Мемлекет мәніндегі ең бастысы-мазмұндық жағы. Басқаша айтқанда, саяси биліктің ұйымы ең алдымен кімнің мүддесін жүзеге асырады, өз саясатында қандай құндылықтарды басшылыққа алады. Осыған сәйкес мемлекет мәнін түсіндірудің таптық, жалпы адамзаттық, діни, ұлттық, нәсілдік бағыттары болды.
Мемлекеттің мәнін түсіндірудің таптық бағытқа сәйкес, мемлекет-бұл экономикалық үстем таптың саяси билігінің ұйымы. Бұл бағытта мемлекет тар мағынада қолданылады, яғни үстем таптың, топтың мүдделерін қанағаттандырудың құралы ретінде болды. Бұл жағдайда қандай да бір таптың мүддесін ең бірінші болып, қанағаттандыру басқа да таптың қарсылығын туындатуы мүмкін. Осы қарсылықты күштеу диктатура үстемдік көмегімен жоюға болады.
Жалпы адамзаттық бағытқа сәйкес, мемлекет-әр түрлі таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерінің келісімділігі үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы. Бұл бағытта мемлекет кең мағынада қолданылады, яғни қоғамның мүддесін әртүрлі таптар мен топтардың, ел тұрғындарының көпшілігінің сұраныстары қамтамасыз ететін құрал.
Діни бағытына сәйкес, мемлекет-бұл белгілі бір діннің мүдделерін жүзеге асыруға көмектесетін саяси биліктің ұйымы (Ватикан, Сауд Аравиясы және т.б.).
Ұлттық бағытқа сәйкес, мемлекет-бұл елдің аумағында тұратын басқа да ұлттардың мүдделерін қанағаттандыру арқылы, өз ұлтының мүдделерін жүзеге асуды басшылыққа алатын саяси билігінің ұйымы.
Нәсілдік бағытқа сәйкес, мемлекет-бұл елдің аумағында тұратын басқа да нәсілдердің мүдделерін қанағаттандыру арқылы, белгілі бір нәсілдің мүдделерін жүзеге асырудың басшылыққа алатын саяси билігінің ұйымы.
Сонымен, мемлекеттің мәні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.
7.Мемлекет типологиясының түсінігі. Мемлекеттің типологиясының қалыптасу жолдары.
Типология-бұл бір қатар белгілері бар объектілердің тобы, типі туралы ілім. Типология мемлекет дамуының тарихи үрдісін зерттеудің елеулі әдістері мен тәсілдері. Мемлекеттің типологиясы-бұл мемлекеттің әлеуметтік мәннің ашуға мүмкіндік беретін, барлық кезеңде болған мемлекеттерді топқа бөлуге бағытталған топтастыру.
Мемлекет типологиясының келесі негізгі бағыттары бар:
-фармациялық бағыт;
- өркениеттік бағыт;
-хронологиялық бағыт.
2.Фармациялық бағыт.
Мемлекетті фармациялық бағыт бойынша топтастырудың негізгі әлеуметтік-экономикалық белгілері болып табылады. Аталмыш бағыттың өкілдері К.Маркс, В.Ленин.
Формация-бұл өндірістің белгілі бір тәсіліне негізделген қоғамның тарихи типі. Өндірістік күштердің даму деңгейі қоғамның материалдық-техникалық базасын анықтайды, ал өндірістік қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрайды. Әр қоғамдық экономикалық формация өндірістік қатынастардың белгілермен ерекшеленеді. Формациялық бағыт бойынша мемлекеттер төмендегідей бөлінеді:
-құл иеленушілік мемлекет;
-феодалдық мемлекет;
-буржуазиялық мемлекет;
-социалистік мемлекеттер.
Формациялық бағыттың артықшылығы:
а) мемлекет дамуының табиғи, тарихи жағдайын, кезеңділігін көрсетеді. Бір типтен екінші типке өту революцияның нәтижесінде жүзеге асатын объективті табиғи, тарихи процесс;
б) мемлекет дамуының әлеуметтік-экономикалық фактордың ескеруі.
Фармациялық бағыттың кемшілігі:
а) мемлекеттің табиғатына әсер ететін рухани (дін,ұлт, мәдениет) факторды ескермеу;
б) бұл бағыт бір сызықты тым бағдарламаландырылған; ал тарих болса, көп нұсқалы және бір кестенің көлемінде жүзеге аспайды.
3.Өркениеттік бағыт.
Мемлекеттің өркениеттік бағыт негізінде рухани, діни-мәдени, ұлттық, психологиялық факторлар жатыр. Бұл бағытты жақтаушылар А.Тойнби, П.Сорокин, М.Вебер.
А.Тойнбидің айтуынша, өркениет-бұл діни, этникалық географиялық және басқа да белгілердің жиынтығымен ерекшеленетін қоғамның тұйық, жабық және локальді күйі. Өз дамуында өркениет бірнеше кезеңдер өтеді:
1 кезең-локальды өркениеттер, олардың әрқайсысының өзара байланысты әлеуметтік институттары, оның ішінде мемлекет те, болады (ежелгіегипеттік, шумерлік, үнділік, эгейлік және т.б. өркениеттер).
2 кезең-белгілі бір мемлекет типтерімен байланысты ерекше өркениеттер (үнділік, қытайлық, батыс еуропалық, исламдық және т.б. өркениеттер).
3 кезең-өз мемлекеттілігімен ерекшеленетін қазіргі кезгі өркениеттер, бұл өркениеттер енді-енді қалыптасып келе жатыр, бұларға әлеуметтік-саяси құрылымдардың дәстүрлі және қазіргі кезгі түрлері мен қатар өмір сүруі тән.
Өркениетті бағыт қазіргі кездегі дүниенің тұтастығына идеалды рухани факторлардың басты идеясы негізделген, яғни өркениет жалпы адамзат мәдениетінің белгілі бір даму деңгейін сипаттау үшін қолданылады.
Өркениеттік бағыттың артықшылығы:
а) қандай да бір нақты жағдайда рухани факторлар маңызды деп саналады;
б) рухани белгілердің кеңеюі мемлекет типологиясына негіз болды.
Өркениеттік бағыттың кемшілігі:
а) елдің саясатын айқындайтын әлеуметтік-экономикалық факторларды бағаламау;
б) өркениеттің белгілері ретінде көп елдің идеалды рухани функцияларды атай отыра, мемлекетке емес, қоғамға типология берген.
4.Хронологиялық бағыт.
Хронологиялық бағыт бойынша мемлекетті топтастырудың негізі қоғамның тарихи даму болып табылады. Осыған сәйкес, мемлекеттер келесідей бөлінеді:
-ежелгі ғасырдағы мемлекеттер;
-орта ғасыр мемлекеттер;
-жаңа ғасырдағы мемлекеттер;
-қазіргі дәуірдегі мемлекеттер.
8. Мемлекет нысаны мен мемлекеттің қызметі (Функциясы)
Функция-заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-мақсаттары, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппараттарының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады.
Мемлекет функциялары-бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мемлекеттің мәніне тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары-ауыспалы сипаттағы санат. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді. Мемлекет функциясының белгілері мынадай:
1)Қоғамдық өмірдің басты сферасындағы бағыттың арасындағы тікелей байланыстығы;
2)Мемлекеттің мәні мен оның әлеуметті бағытының арасындағы тікелей байланыстығы;
3)Қоғам дамуының тарихи кезеңдеріндегі пайда болатын ірі нақтылы міндеттері мен мақсаттарын орындауға байланысты мемлекеттің қызметінің бағыттылығы;
4)Билік мәжбүрлеу әдістерін қолдануға қажетті белгілі бір нысандағы (көбінесе құқықтық) функциясын іске асыру.
Мемлекет алғашқы кезінен бастап, қоғам онсыз дами алмайтын бірқатар қызметтерді, мысалы, қоғамдық қажетті жұмыстарды (жол, ирригациялық құрылыстар, стихиялық апатқа қарсы қорғаныстар алу), почта ісін, сауда мен қаржы айналымын, қоғамдық тәртіпті сақтау мен кейбір басқа да қызметтерді орындап келеді.
2. Мемлекет функцияларының түрлері.
Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:
а) әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және уақытша болып бөлінеді.
Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.
ә) маңыздылығына қарай негізгі және қосымша функциялар деп бөлінеді;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты ішкі және сыртқы функциялар деп бөлінеді.
Мемлекеттің ішкі функциялары-бұл оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары.
Ішкі функцияларға мыналар жатады:
-адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
-құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы;
-экономикалық функция;
-салық салу функциясы;
-әлеуметтік қорғау функциясы;
-экологиялық функция;
-мәдени функция;
-ғылыми-техникалық прогресті дамыту функциясы.
Мемлекеттің сыртқы функциялары-бұл оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады:
-екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру;
-мемлекет аралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту;
-мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру;
-мемлекетті қорғау функциясы;
-бейбіт тәртіпті сақтау функциясы;
-басқа мемлекеттермен одақтасу функциясы және т.б.
3.Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары.
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары-бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар.
Құқықтық нысандарға мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық-бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;
ә)құқыққолданушы-бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;
б) құқыққорғаушы-бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және т.б. байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
а) ұйымдастырушылық-реттеуші-бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуіне қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;
ә) ұйымдастырушылық-шаруашылық-бұл бухалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмыс;
б)ұйымдастырушылық-идеологиялық-бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және т.б. байланысты мемлекеттің әртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.
4. Мемлекет механизмінің түсінігі.
Мемлекеттік механизмі өркениетті қоғамның әртүрлі даму кезенінде біріңғай құрылымы және қызметі болған жоқ. Ол дамып жетіліп, отырды. Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекет механизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Кей авторлардың айтуы бойынша бұл екі ұғым бір-біріне ұқсас, ал кей авторлардың айтуынша «мемлекет механизмі» ұғымы «мемлекет аппарат» ұғымына қарағанда кең болып келеді.
Мемлекет механизмі-бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдар мен мекемелердің жүйесі.
Мемлекеттік аппарат-бұл басқару қызметін тікелей жүзеге асыратын және бұл үшін үстем өкілеттігі бар мемлекеттік органдардың жүйесі.
Мемлекет механизмі белгілері:
-мемлекет механизмі басқарумен арнайы айналысатын адамдардан тұрады;
-тікелей үстем функцияларын жүзеге асыруда тығыз байланыста болатын күрделі органдар мен мекемелердің жүйесі;
-мемлекеттік аппараттың барлық буындарының қызметі- ұйымдастырушылық және қаржылық құралдармен, тиісті жағдайларда күштер әсер ету құралдарымен қамтамасыз етіледі;
-мемлекет механизімінің негізгі элементі мемлекеттік органдар болып табылады;
-мемлекет механизмі өз азаматтарының құқықтары мен мүдделеріне кепіл беруге және қорғауға міндетті.
Адамзат қоғамының дамуының әртүрлі саласында мемлекет механизмінің өзінің ерекшеліктері, өзіне тән құрылымы болды. Бұл экономикалық, әлеуметтік себептермен, мемлекет тұрғындарының ұлттық құрамымен, аумақ көлемі және басқа да факторлармен түсіндіріледі.
Мемлекет механизмі мемлекеттік биліктің жүзеге асуының негізгі субъектісі болып табылады. Мемлекет өзінің аппараты және органдары арқылы өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асырады, қоғамдық өмірдің тұрақталуы мен дамуына әсер етеді, елдегі демократияның тереңдеуіне септігін тигізеді.
5.Мемлекет механизмінің құрылымы.
Қазіргі кездегі мемлекет механизмі өзінің күрделілігімен, оны құрайтын құрылымдар мен бөліктердің әралуандылығымен ерекшеленеді.
Мемлекет механизмінің құрылымы деп оның ішкі құрылымын, оның элементтері мен буындарының орналасу тәртібін, олардың сәйкес келуі мен арақатынасын білдіруін айтамыз.
Бұл құрылымға мыналар кіреді:
1)Мемлекеттік органдар-бұл өздерінің тікелей үстем функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыста және өзара бағыныстылықта болатын мемлекеттік механизімінің бір элементі. Бұл органдардың ерекшелігі, олар мемлекеттік үстем өкілеттікке ие, атап айтқанда мемлекеттің күшімен байланысты құралдар, ресурстар мен мүмкіншіліктерді иеленеді, сондай-ақ жалпыға міндетті басқарушылық шешімдерді қабылдайды (мысалы, президент,үкімет, парламент, министрлік, мемлекеттік комитеттер және т.б.);
2)Мемлекеттік ұйымдар-бұл мемлекеттік қорғаушылық қызметін жүзеге асыратын мемлекет механизмінің бір элементі (қарулы күштер,т полиция, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік комитеті ж.т.б.);
3)Мемлекеттік мекемелер-бұл үстем өкілеттіктері жоқ, бірақ, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым, әлеуметтік салаларда мемлекеттің функцияларын атқару бойынша тікелей қызметті жүзеге асыратын мемлекет механизінің бір элементі (кітапханалар, емханалар, ауруханалар, мектептер, ғылыми зерттеу институттары, жоғары оқу орындар және т.б.);
4)Мемлекеттік кәсіпорындар-бұл үстем өкілеттіктері жоқ, бірақ, шаруашылық экономикалық қызметті жүзеге асыратын, өнім өндіретін не өндірісті қамтамасыз ететін, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әртүрлі жұмыстарды орындайтын және әралуан қызметі көрсететін мемлекет механизмінің бір элементі (фабрика, зауыт т.б.);
5)Басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
6)Мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық және қаржылық, сондай-ақ мәжбүрлеу құралдары.
7)Мемлекет механизмі және оның құрылымдары уақыт өте өзгеріп отырады. Оларға ішкі (мәдени-тарихи, ұлттық-психологиялық,діни-өнегелік ерекшеліктер, экономиканың даму деңгейі, елдің аумағының көлемі және т.б.) және сыртқы (халықаралық жағдай, басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау және т.б.) факторлар әсер етеді.
6. Мемлекеттік органының түсінігі және оның түрлері.
Мемлекет механизмі ерекше құрылымы бар, әртүрлі бөліктерден тұрады. Механизмнің негізгі элементі мемлекеттік органдар.
Мемлекеттік органдар-бұл мемлекеттің белгілі бір функцияларын жүзеге асыратын, үстем құзреттері бар, заңмен белгіленген құрылымы бар, мемлекет механизмінің басқа бөліктерімен органикалық байланысы бар мемлекет механизмінің бір буыны.
Мемлекеттік органдардың белгілері:
-барлық органдар заңнамалық тәртіппен құрылуы, яғни органдар қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру қатаң құқық негізінде болады;
-орган мемлекет механизмінің дербес элементі;
-тиісті әдістерді қолдана отырып, өзіне жүктелген тапсырмалар мен функцияларды орындау;
-барлық органдар тығыз өзара әрекеттесіп тұтас әлеуметтік организмді қалыптастырады да, қоғамның дұрыс дамуын қамтамасыз етеді;
-үстем құзыреттерге ие, кей кезде күштеу шараларын қолдануы мүмкін;
-үстем өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті әрекеттерді жүзеге асырады;
-тиісті құрылымы,материалдық базасы, қаржылық құралдарының болуы.
Мемлекеттік органдардың түрлері:
а) мемлекеттік билікті іске асыру нысанына байланысты мемлекеттік органдар: өкілдік, атқарушы, сот, прокурор және басқа да бақылау-қадағалау органдары;
б)биліктің бөліну қағидасы бойынша:заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдары;
в) саты бойынша:федералды, республикалық және жергілікті органдар;
г) өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты:тұрақты (қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады);
д) құзіреттерін жүзеге асыру тәртібі бойынша: алқалы және дара;
ж)қызметінің құқықтық нысандары бойынша: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғау органдары;
з)құзіреттің сипаты бойынша: жалпы (мысалы, Үкімет) және арнайы құзіретті органдар (мысалы, Министрлік).
9.Мемлекет нысанының түсінігі.

Мемлекеттің нысаны, оның мәні мен мазмұнының тікелей көрсеткіші болып табылады. Мемлекеттің мәні мен мазмұны қандай, оның нысаны да, сондай болады. Мемлекетті мән тұрғысынан зерттеу қоғамдағы қандай топтың, таптың мүддесін білдіруі мен қорғауын анықтауға болады.
Мемлекетті мазмұны тұрғысынан қарастыру, оның қалай және қандай бағытта қызмет етуін анықтауға болады.
Мемлекетті нысан тұрғысынан зерттеу, оның құрылымын негізгі құрамдас бөліктерін, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың негізгі әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Егер аумақ, тұрғындар, мемлекеттің мазмұндық сипаттамасын білдірсе, онда мемлекеттің нысаны, оның құрылымдық бөліктерін құру әдісін білдіреді. Мемлекеттің мәні мен мазмұны сияқты, оның нысаны әртүрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарих, идеологиялық факторлардың әсерінен өзгертіп отырады.
Мемлекеттің нысаны-бұл оның құрылысы, оған әлеуметтік-экономикалық факторлар, табиғи, климаттық жағдай, қоғамның ұлттық-тарихы және діни ерекшеліктер, мәдени даму деңгейі әсер етеді. Қазіргі кезде мемлекеттің нысанын үшке бөледі:
-мемлекеттің басқару нысаны-бұл жоғары және жергілікті мемлекеттік органдары ұйымдастыруды және олардың арақатынас тәртібін білдіретін мемлекеттік билікті ұйымдастырудың әдісі;
-мемлекеттің құрылым нысаны-бұл мемлекеттің ұлттық және әкімшілік-аумақтық құрылымын, құрылымдық бөліктері арасындағы арақатынасын, жоғары және жергілікті органдардың мемлекеттік билік арасындағы арақатынасты білдіретін мемлекеттік нысанының бір бөлігі;
-мемлекеттің саяси режим-бұл саяси билігі жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жүйесі.
Сонымен, мемлекет нысаны-бұл мемлекеттің басқару нысанын, құрылым нысанын және саяси режимдерді қамтитын саяси билікті ұйымдастырудың тәсілі.
10. Мемлекеттің басқару нысаны
Мемлекеттің басқару нысаны- бұл жоғары және жергілікті мемлекеттік органдарды ұйымдастыруды және олардың арақатынас тәртібін білдіретін мемлекеттік билікті ұйымдастырудың әдісі.
Мемлекеттік басқару нысаны билікті бір адам немесе сайланбалы алқалы субъектілердің жүзеге асыруына байланысты 2 бөлінеді:
-монархия;
-республика.
Монархия-бұл билік толық немесе ішінара бір адамның, яғни мемлекет басшысының (монарх, король,патша, шах) қолында шоғырланатын басқару нысаны.
Монархияның белгілері:
-билік мұра арқылы беріледі;
-билік мәңгілік сипатта болады;
-монархтың заң алдындағы жауапсыздығы;
- билікті бір адам немесе алқалы органдардың жүзеге асуы;
-монархтың мемлекетті өз еркіне сәйкес өкілдеуі;
-монархтың заң алдындағы жауапсыздығы.
Монархияның түрлері:
1)абсолюттік (шексіз) монархия-бұл заң бойынша барлық билік бір адам қолында шоғырланатын басқару нысаны. Абсолюттік монархияда халықтың мүддесін білдіретін өкілді органдар болмайды, мемлекеттің егемендігін ұстаушы ретінде тек бір адам болады (Сауд Аравиясы, Бурней).
2) конституциялық (шектеулі) монархия-бұл монархтың билігі өкілдік органдармен шектелетін басқару нысаны. Конституциялық монархияда мемлекеттік егемендікті ұстаушы ретінде монархпен бірге мемлекеттің басқа да органдары болады. Өз алдына конституциялық монархия екіге бөлінеді:
-парламенттік;
-дуалисттік.
1) Парламенттік монархияның белгілері:
-Үкімет Парламент сайлауында көп дауысқа ие болған партияның өкілдерінен құрылады;
-Парламентте көп орны бар партияның көсемі-Үкімет басшысы болады;
-мемлекеттік билікке монархияның араласпауы, ол тек символ ретінде болуы;
-конституцияға сәйкес, Үкімет монархтың емес, Парламенттің алдында жауапты болады (мысалы, Ұлыбритания, Жапония).
2) Дуалисттік монархияда мемлекеттік билік екі жақты сипатта болады: атқарушы билікті-монарх құратын Үкімет жүзеге асырады, ал заң шығарушы билігі-Парламент жүзеге асырады мысалы, 19-ғасырда Германияда болды, қазіргі кезде жоқ.
Республика-бұл жоғары мемлекеттік билікті белгілі бір мерзімге тұрғындармен сайланатын, сайланбалы органдар немесе лауазымды тұлғалар жүзеге асыратын басқару нысаны.
Республикалық басқару нысанының белгілері:
-дара немесе алқалы мемлекет басшысының болуы;
-мемлекет басшысы және басқа да жоғарғы мемлекеттік органдардың белгілі бір мерзімге сайлануы;
-мемлекеттік билікті өз еркімен емес, халықтың тапсырысы бойынша жүзеге асыруы;
-заңмен белгіленген тәртіпте мемлекет басшысының жауаптылығы;
-жоғары мемлекет органдардың шешімі, барлық мемлекеттік органдарға міндеттілігі;
-мемлекет өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының қорғауы, мемлекет пен тұлғаның өзара жауаптылығы;
Үкіметті кім құрады, ол кімге бағынады және кімге есеп беруіне байланысты республика келесі түрлерге бөлінеді:
1)Президенттік (АҚШ,Қазақстан);
2)Парламенттік (Германия, Италия);
3)Аралас (Польша, Австрия).
1)Президенттік республика-бұл мемлекеттік өмірді ұйымдастырудағы басты рөл Президенттің қолында болатын басқару тнысаны. Президенттік республиканың белгілері:
-Президентті тікелей халық сайлауы;
-Үкіметті Президент құруы;
-Үкімет Парламент алдында емес, Президенттің алдында жауапты болуы;
-Парламенттік республикаға қарағанда мемлекет басшысының өкілеттігінің кең болуы.
Кей мемлекетте мемлекет басшысы және үкімет басшысы лауазымын бір адам (АҚШ), ал кейбір мемлекетте екі адам иеленеді (Қазақстан).
2)Парламенттік республика-бұл мемлекеттік өмірді ұйымдастырудағы басты рөл парламенттің қолында болатын басқару нысаны.
Парламенттік республиканың белгілері:
-Үкімет Парламент сайлауында көп дауысқа ие болған Парламенттің өкілдерінен құрылады:
-Үкімет Парламент алдында жауапты болуы;
-мемлекет басшысы Парламент не Парламент құрған арнайы комиссия немесе халық арқылы сайлануы;
-мемлекет басшысының билігі үкімет басшысының билігімен шектеулі;
3 ) Аралас республика (жартылай Президенттік, жартылай Парламенттік)-қоғамдық өмірді ұйымдастырудағы басты рөл Президенттің және Парламенттің қолында болатын басқару нысаны.
Аралас республиканың белгілері:
-Үкімет Президенттің де, Парламенттің де алдында жауапты болады;
-Президент пен Парламентті тікелей халық сайлайды;
-Президент Парламенттегі саяси партияларды ескере отырып, үкімет басшысын тағайындайды.
11.Мемлекеттің құрылымының нысандары
Мемлекеттің құрылым нысаны-бұл мемлекеттің ұлттық және әкімшілік-аумақтық құрылымын, құрылымдық бөліктері арасындағы арақатынасын, жоғарғы және жергілікті органдардың мемлекеттік билік арасындағы арақатынасты білдіретін мемлекеттік нысанының бір бөлігі.
Мемлекеттің құрылым нысаны келесі түрлерге бөлінеді:
1)Унитарлық;
2)Федерация;
3)Конфедерация.
1)Унитарлық мемлекет-бұл мемлекеттің орталық органдарына бағынатын, мемлекеттік егемендігі жоқ, әкімшілік-аумақтық бірліктерден тұратын бір тұтас мемлекеттік құрылым. Мысалы, Қазақстан, Италия және т.б.
Унитарлық мемлекет белгілері:
-барлық мемлекетке ортақ заң шығарушы, атқарушы, сот органдарының болуы;
-бір конституция, бір азаматтық, бірыңғай заң жүйесінің болуы;
-мемлекеттік егемендігі жоқ, құрамдас бөліктерден тұруы;
-шағын саны бар ұлттар тұратын біртұтас мемлекетте ұлттық және заңнамалық автономияға жол берілуі;
-сыртқы мемлекет аралық қарым-қатынастарды орталық органдардың жүзеге асыруы;
-бірыңғай қарулы күштердің болуы.
2) Федерация-бұл бұрын дербес болған мемлекеттік құрылымдардың ерікті түрде бірігуін білдіретін мемлекеттер одағы.
Федерацияның белгілері:
-федерацияның аумағы, оның субъектілерінің аумағынан тұруы;
-жоғарғы мемлекеттік билікті федералды органдардың жүзеге асыруы;
-әр субъектілердің өзінің конституциясы, мемлекеттік органдары болуы;
-федерация субъектілердің мүдделерін білдіретін Парламент палаталарының болуы;
-негізгі жалпы мемлекеттік сыртқы саясаты федеративті органдардың жүзеге асуы.
Федерация үшке бөлінеді:
-ұлттық;
-аумақтық;
-аралас.
Ұлттық федерация-бұл ұлт белгісі негізінде құрылған мемлекеттердің одағы.
Ұлттық федерацияның белгілері:
-бұндай федерацияның субъектілері бір-бірінен ұлттық құраммен, мәдениеті, тұрмысы, салт-дәстүрі, дінімен ерекшеленетін ұлттық мемлекеттен және ұлттық мемлекеттік құрылымдардан тұруы;
-субъектілердің ерікті түрде бірігуі қағидатын ұстануы;
-үлкен және шағын ұлттардың мемлекеттік егемендігі қамтамасыз етілуі;
-жоғарғы мемлекеттік органдар субъектілердің өкілдерінен тұруы;
-субъектілердің құқықтық жағдайының ерекше болуы.
Аумақтық федерация-бұл аумақтық белгілер негізінде құрылытын одақтық мемлекеттер. Онда өз субъектілердің егемендігі шектеулі болады (АҚШ).
Аумақтық федерацияның белгілері:
-бұндай федерацияны құрайтын мемлекеттік құрылымның егемендігі болмайды. Өйткені, ішкі және сыртқы қарым-қатынастарда олардың қызметі федералды органдардың үстем қызметтеріне байланысты болады;
-оның субъектілері халықаралық қатынастарда тікелей өкілдік ету құқығы жоқ. Оның конституциясында одақтан бір жақты шығу көрсетілмеген, кейде тыйым салынады;
-конституциялық заңнама федерация құрамынан бір жақты шығуды қарастырмайды, кей кездерде оған тыйым салады;
-қарулы күштерді федералды органдар жүзеге асырады.
Аралас федерация-бұл аумақтық және ұлттық белгілер негізінде құрылатын федерация.
3)Конфедерациялық мемлекет-бұл белгілі бір мақсатқа жету үшін, құрылған тәуелсіз мемлекеттердің уақытша заңи одағы (ТМД, ЕО).
Конфедерациялық мемлекеттің белгілері:
-ортақ заңшығарушы, атқарушы және сот билік органдарының болмауы;
-бірыңғай әскер, салық жүйесінің, мемлекеттік бюджеттің болмауы;
-бірнеше азаматтықтың болуы;
-бірыңғай ақша жүйесі, кеден ережелері және несие саясаты туралы келісім болуы мүмкін;
-ол ұзаққа созылмайды, ыдырып, унитарлық мемлекетке немесе федерацияға айналуы мүмкін.
12.Саяси режим түсінігі мен түрлері
Саяси режим-бұл саяси билігі жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Мемлекет теориясында «саяси режим» және «мемлекеттік режим» ұғымдары кездеседі. Осыған сәйкес, осы екі ұғымның арақатынасына байланысты бірқатар көзқарастар бар. Кей ғалымдардың айтуы бойынша бұл екі ұғым бір мағынаны білдіреді. Ал кей авторлардың айтуы бойынша мемлекеттік режим саяси режимге қарағанда тарлау. Өйткені мемлекеттік режим-бұл мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Өз алдына саяси режимді тек мемлекет қана емес, сонымен қатар саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер де жүзеге атқарады.
Саяси режимді жүзеге асыруда қолданылатын әдістер мен тәсілдердің ерекшелігіне байланысты ол екі түрге бөлінеді:
1)демократиялық;
2)антидемократиялық.
1)Демократияның екі түрі бар:
-либералды;
-консервативтік.
Либералды демократиялық режимде-тұлға, оның құқықтары мен бостандықтары жоғары тұрып, мемлекет оны қорғайды.
Консервативтік демократиялық режимде-мемлекет көбінесе салт-дәстүрге сүйенеді.
Демократиялық режимнің белгілері:
-халық тікелей және жанама демократия арқылы мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысуы;
-адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жарияланып, олардың нақты қамтамасыз етілуі;
-орталық және жергілікті мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғаларды тікелей халық сайлауы;
-саяси әр алуандылық,көп партиялық;
-мепмлекеттік биліктің тармақтарға бөлінуі (заң шығарушы, атқарушы, сот билігі);
-сендіру, келісу, өзара келісімге келу әдістерінің басымдылығы;
-азшылықтың мүддесін ескере отырып, шешімді көпшілік болып қабылдау;
-қоғамның барлық саласында заңның үстемдігі;
-бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі;
-сөз бостандығы, цензураға тыйым салу;
-жариялылық.
2)Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания,деспотизм,фашизм,тоталитарлық және авторитарлық режимдер.
Антидемократиялық режимнің белгілері:
-мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласын бақылауы;
-барлық қоғамдық ұйымның мемлекеттендірілуі (жеке меншіктің болмауы);
-адамның құқықтары мен бостандықтарының заң жүзінде болуы;
-бір саяси партияның үстемдігі;
-саяси әр алуандылықтың жоқ болуы, бір ресми идеологияның болуы;
-қоғамда заңсыздықтың үстем болуы;
-азшылықтың мүддесін ескермеуі;
-жариялылықтың болмауы, цензураның болуы;
-қоғамның сословиелік, қасталық және т.б. белгілер бойынша бөлінуі;
-халықтың төмен экономикалық деңгейі;
-мәжбүрлеу мен жазалау шараларының үстемдігі;
-сыртқы саясаттығы агрессиялық сипаттағы әрекеттер және т.б.
13.Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтері.
14.мемлекеттің адам құқықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту қызметтері.
15.Мемлекеттік аппарат түсінігі
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары.
Мемлекеттік аппараты ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттарын жан-жақты ескеру мемлекеттік органдарды құруда және қызмет етуінде жан- жақты ескеру қоғамды мемлекеттік басқаруды арттыруға икемді болуға қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидаттары-бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын бастапқы идеялар, ережелер.
Оларға мыналар жатады:
-адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидаты. Бұл қағидат демократиялық сайлау жүйесімен, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке құқықтары мен бостандықтарына кепілдіктермен, тұлғаның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған барлық мемлекеттік органдардың жан-жақты қызметімен қамтамасыз етеді.
-биліктің тармақтарға бөліну қағидаты, жоғары мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген;
-мемлекет аппараты қызметіндегі жариялылық және ашықтық қағидаты. Мысалы, азаматтардың бүкіл халықтық референдум арқылы халықтың мүдделеріне қайшы келетін кез келген шешімді тоқтату. Нақты мемлекет органдарының қызметі туралы субъектінің хабардар болуы.
-демократизм қағидаты мемлекет органдарын құруда барлық халықтың қатысуы, көпшіліктің мүддесін ескеру, олардың дінге көзқарасы, ұлттық мәдениетін, салт дәстүрін, әдет-ғұрпын, ерекшеліктерін ескеру;
-заңдылық қағидаты, бұл қағидат барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны,заңдарды,заңға тәуелді актілерді сақтауға міндеттілігін білдіреді;
-мемлекеттік органдардың жоғары кәсібилік және құзреттілік қағидаты бойынша оларды мемлекет өміріндегі ел тұрғындарының мүдделеріне сәйкес жоғары ғылыми деңгейде шешуі. Кәсібилік қағидат бойынша мемлекет басқаруға білікті мамандарды жіберу.
-алқалық және дара басшылықты сәйкестендіру қағидаты бойынша мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастауларының сәйкес келуі.
-сайланбалылық және тағайындаушылық қағидаттары, яғни бұл мемлекеттік басқаруда орталықтандыру мен орталықтандырылмағандықтың сәйкес келуі;
-бағыныстылық (иерархия) қағидаты бойынша, мемлекеттік аппаратында мемлекеттік органдардың әртүрлі деңгейде болуы. Бір органның жоғарғы тұрған органға бағынуы, жоғарғы тұрған органның шешімін төмеңгі тұрған органдарға міндетті болуы.
-федерализм қағидаты бойынша жалпы федерациялық және федерация мүшелерінің мемилекеттік биліктері арасындағы өзара әрекеттесуді және субординацияны білдіреді.
16.Мемлекеттік орган және оның белгілері.
Мемлекеттік органының түсінігі және оның түрлері.
Мемлекет механизмі ерекше құрылымы бар, әртүрлі бөліктерден тұрады. Механизмнің негізгі элементі мемлекеттік органдар.
Мемлекеттік органдар-бұл мемлекеттің белгілі бір функцияларын жүзеге асыратын, үстем құзреттері бар, заңмен белгіленген құрылымы бар, мемлекет механизмінің басқа бөліктерімен органикалық байланысы бар мемлекет механизмінің бір буыны.
Мемлекеттік органдардың белгілері:
-барлық органдар заңнамалық тәртіппен құрылуы, яғни органдар қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру қатаң құқық негізінде болады;
-орган мемлекет механизмінің дербес элементі;
-тиісті әдістерді қолдана отырып, өзіне жүктелген тапсырмалар мен функцияларды орындау;
-барлық органдар тығыз өзара әрекеттесіп тұтас әлеуметтік организмді қалыптастырады да, қоғамның дұрыс дамуын қамтамасыз етеді;
-үстем құзыреттерге ие, кей кезде күштеу шараларын қолдануы мүмкін;
-үстем өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті әрекеттерді жүзеге асырады;
-тиісті құрылымы,материалдық базасы, қаржылық құралдарының болуы.
Мемлекеттік органдардың түрлері:
а) мемлекеттік билікті іске асыру нысанына байланысты мемлекеттік органдар: өкілдік, атқарушы, сот, прокурор және басқа да бақылау-қадағалау органдары;
б)биліктің бөліну қағидасы бойынша:заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдары;
в) саты бойынша:федералды, республикалық және жергілікті органдар;
г) өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты:тұрақты (қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады);
д) құзіреттерін жүзеге асыру тәртібі бойынша: алқалы және дара;
ж)қызметінің құқықтық нысандары бойынша: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғау органдары;
з)құзіреттің сипаты бойынша: жалпы (мысалы, Үкімет) және арнайы құзіретті органдар (мысалы, Министрлік).
17.ҚР мемлекеттік органдар жүйесі.
Қазақстанның мемлекеттік құрылымы[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.
Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады.[1][2]
Президент[өңдеу]
Толық мақаласы: Қазақстан президенті
Президент — мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, барлық битлік органдарының келісімжді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады. [3]
Ол 18 жастан асқан азаматтардың жалпы және құпия дауыс беруі арқылы 5 жылдық мерзімге сайланады.
Президенттің өкілеттілігі:
жоғарғы бас қолбасшы болып табылады;
президенттің бұйрықтары мен қаулылары заңды күшке ие;
парламентті таратуға құқылы;
референдумдар мен парламентке сайлауды бекітеді және парламент сессияларын шақырады;
парламент қаьбылдаған заңдарға қол қояды және оларды қайта талқылауға жібере алады;
парламент келісімімен премьер-министрді және премьер-министрдің ұсынысы бойынша үкімет мүшелерін тағайындайды;
парламент келісімімен Ұлттық банктің төрағасын, бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитеттінің төрағасын қызметтеріне тағайындайды;
дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын, жоғарғы әскери басшыларды және Есептік комитет мүшелерін тағайындайды;
үкімет пен жергілікті билік органдарының қаулыларының күшін жоя аладым;
мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді;
халықаралық келіссөздерді жүргізеді және келісімшарттарға қол қояды;
төтенше және әскери жағдайды енгізеді.
Президент мемлекетке опасыздық жасағаны үшін парламенттің қос палатасы отырысының шешімімен орнынан алынып тасталынады.[4]
Қазақстан президенті қызметі 1990 жылы 24 сәуірде тағайындалды, осы кезден бері бұл қызметте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Нұрсұлтан Назарбаев отыр. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы алғашқы жалпы халықтық президент сайлауы нәтижесінде президент болып сайланды, ал 1995 жылғы референдум бойынша оның президенттік өкілеттігі тағы ұзартылды. Кейін ол 1999 жылғы кезектен тыс және 2005 жылғы кезекті президенттік сайлаулар нәтижесінда тағы да президент болып сайланды.
18. ҚР атқарушы билігі: Үкімет және оның құрамы
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжіліс алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.
Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.
Үкіметтің құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституциялық Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.
Үкіметті құру
Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.
Өкiлеттiктері
Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген:
ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;
ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;
мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;
мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;
аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;
келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;
ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.
Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты.
ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.
Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.
ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуц. заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс.
Құрылымы
Министрлiктiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкiмет мүшелерi: тиiстi мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады; өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды; ҚР Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне жүктелген бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшiн, сондай-ақ, тиiстi мемлекеттік органдардың қарауына жататын мемлекеттік басқару аясындағы iстiң жайы үшiн дербес жауап бередi; ҚР заңдарының, ҚР Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ) өз қызметiнiң мәселелерi жөнiнде парламент палаталарына есеп бередi.
Үкiмет құрамына кiретiн орталық (республикалық) атқарушы органдарды қызметiнiң сипатына қарай салалық құзыреттi органдарға, салааралық құзыреттi органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттiң арнайы немесе ерекше атқарымдарын iске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.
Үкімет реформасы
6 тамыз 2014 жылы Үкіметтің экономика және әлеуметтік саланың өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген отырысы өтті.[1] Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің жаңа құрылымы таныстырылды. Нәтижесінде бірнеше министірліктер таратылып, жаңа министрліктер пайда болды. Үкіметтің жаңа құрылымы 14[2] министрліктен тұратын болды.[3]
Министрліктер тізімі
ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚР Әділет министрлігі
ҚР Білім және Ғылым министрлігі
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі
ҚР Қаржы министрлігі
ҚР Қорғаныс министрлігі
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі
ҚР Сыртқы істер министрлігі
ҚР Ұлттық экономика министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігі
ҚР Энергетика министрлігі
Үкімет құрамы
ҚызметіАты-жөніҚызметке кіріскен күніСуреті
ҚР Премьер-МинистріКәрім Мәсімов2 сәуір 2014
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарыБақытжан Сағынтаев4 сәуір 2014
ҚР Премьер-Министрінің орынбасарыДариға Назарбаева11 қыркүйек 2015
Министрліктің атыАты-жөніҚызметке кіріскен күніСуреті
ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіДәурен Абаев[5]6 мамыр 2016
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіАсқар Мырзахметов[6]6 мамыр 2016
ҚР Әділет министрлігіБерік Имашев20 қаңтар 2012
ҚР Білім және Ғылым министрлігіЕрлан Сағадиев10 ақпан 2016
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіТамара Дүйсенова6 тамыз 2014
ҚР Инвестициялар және даму министрлігіӘсет Исекешев6 тамыз 2014
ҚР Қаржы министрлігіБақыт Сұлтанов6 тамыз 2014
ҚР Қорғаныс министрлігіИманғали Тасмағамбетов22 қазан 2014
ҚР Мәдениет және спорт министрлігіАрыстанбек Мұхамедиұлы6 тамыз 2014
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігіТалғат Донақов11 желтоқсан 2015
ҚР Сыртқы істер министрлігіЕрлан Ыдырысов4 сәуір 2014
ҚР Ұлттық экономика министрлігіҚуандық Бишімбаев[7]6 мамыр 2016
ҚР Ішкі істер министрлігіҚалмұханбет Қасымов4 сәуір 2014
ҚР Энергетика министрлігіҚанат Бозымбаев25 наурыз 2016
19.ҚР-ның сот билігі: ҚР-ның құқық қорғау органдары
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық жағдайы
Қазақстандағы сот билігі біртұтас мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады. Ол Республика атынан жүзеге асырылады. Сот билігі өзіне азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқықтармен заңды мүдделерін қорғауды, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтык актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларды шешуде қолданылады. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының бүкіл Қазақстан аумағында міндетті күші болады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Қазақстан Республикасының сот жүйесін — Жоғарғы Сот және жергілікті соттар — облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды. Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол бермейді. Бірақ бұл мамандандырылған соттарды құруға болмайды дегенді білдірмейді. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген түрінде жүзеге асырылады. Соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін зандар мен өзге де нормативтік-құқыктық актілерді қолдануға құқы жоқ. Енді сот жүйесінің буындарын қарастырып көрелік.
Аудандық (қалалық) соттар — соттар жүйесінің негізгі буыны — сот әділдігін жүзеге асыруда ауқымды құзыретке ие және сот жұмысының елеулі блігін атқарады. Оларды ауданда, қалада (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қала ауданында Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент құрады. Мұндай соттар төрағадан және аудандық судьялардан тұрады. Аудандық (калалық) сот өзге соттардың жүргізуіне жататын істерден басқа бірінші сатыға жататын барлық істерді қарайды.
Облыстық және оларға теңестірілген соттар (мысалы, Астана мен Алматының қалалық соттары) — орта буын соттарын — Президент құрады. Бұл буындағы соттар жүгіну, кассациялық және қадағалау ретіндегі бірінші саты соттары ретінде, сондай-ақ аудандық (калалық) соттарға катысты жоғары тұрған сот ретінде әрекет етеді.
Қаралып отырған соттар сот төрағасынан, алқалар төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты — сот жүйесінің ең жоғары буыны. Жоғарғы Сот азаматтык, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады. Заңда көзделген іс жүргізу нысандарында езінен төмен тұратын соттардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады. Нормативтік қаулылар алу жолымен оларға сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады. Жоғарғы Сот төрағадан, алқа төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасын, алқалардың төрағаларың және Жоғарғы Соттың судьяларын Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларың, алқаларының төрағаларын және облыстық соттар мен оларға теңестірілген соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Президент тағайындайды. Басқа соттардың төрағалары мен судьяларын Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды.
Қазақстан Республикасы судьяларының мәртебесі
Қазақстан Республикасының жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі (стажы) бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Судья қызметін алғаш рет атқарып отырған адам ант қабылдайды. Соттардың тұрақты судьялардан тұратындығын атап көрсету қажет; судьялардың тәуелсіздігі мен олардың құқына қолсұғылмаушылығы Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңда көрсетілген негіздемелер бойынша ғана тоқтатылады.
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конститудия мен заңға ғана бағынады. Судьяға ешкімнің ешқандай ықпал етуге құқығы жок. Судья сот әділдігін іске асыру кезінде Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға міндетті, судьялық этика (әдеп) талаптарын сақтауға тиіс, заңсыз араласуға жол бермеу жөн. Судьялардың кеңесінің құпиясың сақтауға міндетті. Судья оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқара алмайды. Судьяны тұткынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Республика Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьялар мен оның отбасы мүшелері және мүлкі мемлекет тарапынан қорғалады.
ҚР құқық қорғау органдары
. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері

Республикада Конституция, Заңдар, Президент жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары құрылған.
Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура.
Азаматтардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін әрбір құқық қорғау органының алдына қойылатын өз міндеттері, оларға берілген ерекше құқықтар болады. Олар бipiн-бipi қайталамайды, 6ipaқ өз міндеттерін орындау үстінде бip-бipінe қолқабыс тигізіп отырады. Прокуратура, ішкі істер органдары, тергеу органдары жинақталып келгенде күш құрылымы болып табылады ол кімдердің тарапынан болса да, мейлі өз еліміздегі азаматтардың, мейлі шетелдік азаматтардың, мейлі азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан болсын, заңдарды қол сұғушылықтан қорғау күзетінде тұрған сақшылар болып та буылады.


2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы

<...> Жергілікті жерлерде облыстардың, аудандардың, қалалардың прокурорлары болады.
Мысалы, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар кейде заңдардың талабын орындамау үшін оларды бұрмалауға тырысады. Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың заңдар мен басқа да нормативтік актілер ережелерін бұрмалаусыз, дәлме дәл орындауын бақылап отырады.
Осындай мақсатпен прокуратура Конституция, заңдар, Президент жарлықтары кімнің тарапынан бұзылса да, соны анықтап, олар сол бұрмалауларды жою үшін шаралар қолданады. Ондай жолсыздықтардың көбі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болып келеді.
Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік органдардың жұмысын мынадай бағыттарда қадағалайды:
1) прокуратура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалайды. Мысалы, егер үкімет немесе әлдебір министрлік не болмаса әкім азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатындай шешім қабылдайтын болса, прокуратура осы органдарға (немесе сотқа) наразылық енгізіп, мұндай шешімнің заңсыздығын дәлелдейді;


3. Ішкі істер органдары

<...> Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:
1) заңға қайшы озбырлықтан адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың және құқықты бұзушылықтың басқа да түрлерінің алдын алу, оларды анықтап, жолын кесу;
2) анықтама жүргізу ісін жүзеге асыру және қылмыстық жазалар мен әкімшілік шараларды орындау;
3) кәмелетке толмаған балалардың қараусыз қалуын және олардың құқықты бұзуын анықтау және болғызбау, қылмыс жасап, алдын ала анықтаудан, тергеуден және соттан жасырынып, қылмыстық немесе әкімшілік жазаны мойындаудан жалтарып із-түзсіз жоғалғандарды және т.б. іздестіру;


4. ҚР-ның қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесі, мақсаты

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары — республиканың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздеріне берілген өкiлеттiктер шегінде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге арналған
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар.
20.Жергілікті мемлкеттік басқару органдары және өзін-өзі басқару
Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Әлемде, негізінен, жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық француздық, кеңестік үлгілері қолданылады.
Англосаксондық үлгідегі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, т.б. елдерде жергілікті өкілді орган коммитеттері жергілікті басқару органдары мемлекеттік механизмінің құрамдас бөлігі болып саналып, барынша кең өкілеттілікке ие болады. Бұл үлгі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті мемлекеттік басқарудан айырмасы оның жергілікті сипатында ғана. Еуропа, Африка, Латын Америкасының бірқатар елдерінде жергілікті өзін-өзі басқарудың француздық үлгісі кеңінен таралған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кеңестік үлгісінің әр түрлі көріністерін қазіргі Қытай, Куба, КХДР-дан көруге болады. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған елдер арасында Эстония, Латвия және Қырғызстанда 1991 — 95 жылдар аралығында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін үйлестіретін заңдар қабылданып, жүзеге асырылды. Қазақстанда жергілікті басқарудың тиімді тәсілдерін қалыптастыру жолында бірқатар түбірлі өзгерістерге қол жеткізіліп келеді. Қазақстан Республикасындағы саяси билік пен қоғамдық өмірді демократияландырудағы басты мәселелердің бірі — жергілікті мемл. басқару мен жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау болып табылады. Бұл ретте шетелдік тәжірибелерді пайдаланумен қатар, Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени дәстүрлері ескеріледі. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан өзіндік дәстүрлі басқару жолдарында жергілікті өзін-өзі басқарудың алғышарттары болғандығы белгілі. Қазақстанда “Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы” 1991 жылғы 15 ақпандағы Қазақ КСР Заңымен жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуге бірінші қадам жасалынды. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне халық депутаттарының жергілікті кеңестері, аумақтық-қоғамдық өзін-өзі басқару органдары, жергілікті референдумдар, жиналыстар (жиындар), азаматтардың конференциялары, өзге де демократияның тікелей нышандары енді. 1992 жылы 13 қаңтарда аталған заңға өтпелі кезеңге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы атқару коммитеттерін алмастырған жергілікті әкімдер институты, іс-жүзінде, өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерінің бірі — жергілікті дербестікке көшуді білдірді. Қазіргі уақытта (2000) Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың толыққанды құқықтық негізін қалыптастыратын жаңа заң жобасы әзірленуде
21.Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі
1.Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі.
Әлеуметтік басқаруға әртүрлі субъектілер, атап айтқанда мемлекет, партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық бірлестіктер қатысады. Оның барлығы қоғамның саяси өміріне белсенді түрде әсер етіп, саяси билікті жүзеге асырады.
Қоғамның саяси жүйесі-бұл құқықпен және басқа да әлеуметтік нормалар негізінде тәртіпке келген, қоғамның саяси жүйесіне қатысатын және саяси билікті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, саяси партияларды, саяси қозғалыстардың қоғамдық бірлестіктердің жиынтығы.
Саяси жүйенің белгілері:
-оның көлемінде және оның көмегімен саяси билік жүзеге асады;
-ол қоғамдық ортаның сипатына, қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымына байланысты;
-ол салыстырмалы дербестікке ие.
Саяси жүйе ұғымы саяси процестер қалай реттеледі, саяси билік қалай қалыптасып, қызмет ететінің көрсетеді.
Саяси жүйе келесі компоненттерден тұрады:
1)қоғамның саяси ұйымы, ол мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан, саяси қозғалыстар мен қоғамдық бірлестіктерден, еңбек ұжымдарынан тұрады;
2) саяси сана, ол саяси билікпен саяси жүйенің психологиялық және идеологиялық жақтарынан тұрады;
3)әлеуметтік-саяси және құқықтық нормалар, олар қоғамның саяси өмірін және саяси билікті жүзеге асыру процесін реттейді;
4)саяси қатынас, ол саяси билікке байланысты саяси жүйенің элементтері арасында қалыптасады;
5)саяси практика, ол саяси қызметтен және саяси тәжірибенің жиынтығынан тұрады.
Табиғатына байланысты саяси жүйенің келесі түрлері бар:
-демократиялық;
-командо-әкімшілік;
-теократиялық;
-өтпелі.
Қоғамның саяси жүйесінің мәні оның функциясы арқылы нақты көрінеді.
Қоғамның саяси жүйесінің келесі функциялары бар:
-белгілі бір әлеуметтік топтың немесе осы қоғамның көпшілік мүшелерінің саяси билігін қамтамасыз ету (саяси жүйе арқылы билеудің нақты нысандары мен әдістері белгіленеді және жүзеге асады);
-жекелеген әлеуметтік топтың және тұрғындардың көпшілігінің мүддесіне сәйкес адамдардың өмірінің әртүрлі салаларын басқару;
-саяси мақсаттар мен міндеттерге жету үшін қажетті құралдар мен ресурстарды жұмылдыру;
-саяси қатынастың әртүрлі субъектілерінің мүдделерін анықтау және өкілдеу;
-нақты қоғамның идеалдарына сәйкес материалдық және рухани құндылықтарды бөлу арқылы саяси қатынастың әртүрлі субъктілерінің мүдделерін қанағаттандыру.
2. Мемлекет пен құқықтың қоғамның саяси жүйесінде алатын орны мен рөлі.
Саяси жүйені қоғамдық басқарудағы ең орталық буынды мемлекет иеленеді. Өйткені біріншіден, ол саяси билікті іске асыратын ең негізгі аппарат.
Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады.
Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері:
-мемлекет саяси жұмысын қоғам көлемінде заңи күші бар құқықтық нормалар арқылы жүргізеді;
-мемлекет барлық қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып отырады;
-мемлекет ішкі-сыртқы істерді анықтайтын, егемендікті ұстаушы;
-қоғамды басқаруға арналған арнайы аппараты бар;
-барлық халықтың жалғыз ресми өкілі ретінде болады;
-күштеу құрылымы бар;
-құқық шығармашылыққа байланысты монополияға ие;
-қоғамның басты даму бағытын анықтайды.
Мемлекет саясаттың дербес субъектісі ғана емес, сонымен қатар саяси қатынастың барлық субъектілерінің әрекетін реттейді, өйткені бұл салада ол кең өкілеттікке ие.
Атап айтқанда:
-саясаттың қалған барлық субъектілерін-саяси партияларды, қозғалыстар мен бірлестіктерді ұйымдастыру мен қызмет етуінің құқықтық режимін заңнамада бекітеді;
-оларды тиісті органда тіркейді, қоғамдық және мемлекеттік істерге қатысуға тартады;
-саясаттың қалған барлық субъектілері қызметінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады және тиісті құқық бұзушылықтар үшін мәжбүрлеу шараларын қолданады.
Мемлекетпен қатар қоғамның саяси жүйесінде құқықтың да маңызы зор.
Құқықтың қоғамның саяси жүйесіндегі орны келесідей көрінеді:
1)құқық қоғамның саяси жүйесі арасындағы байланыс құралы ретінде болады,өйткені заңдарда халықтың, әр топтың еркі білдіріледі;
2)құқық саяси жүйені тұрақтандырады, өйткені заңдар ұзақ уақытқа саяси институттар жүйесін бекітеді;
3)құқық мемлекеттік билікті ұйымдастырудың, қызмет етуінің және ауысуының құқықтық нысанын бекітеді;
4)құқықтық актілерді саяси қатынастың субъектілерін заңдастырады.
Кез келген мемлекет құқықтың көмегімен саяси партияларды ұйымдастыру мен қызмет ету процесін реттеуге тырысады. Саяси өмірде саяси партиялардың қызметінің нысаны мен әдісінің күрделі болуына, оның қоғамда рөлінің жоғарлауына орай, олардың қызметін түйіндеп құқықтық реттеуді қажет етеді.
Мемлекеттің саяси өмірінде елеулі орынды саяси партиялар алса да,олар туралы XIX-ғасырдың конституцияларында мүлдем айтылмады, ал қазіргі кезде олардың қызметін реттеу жеке құқықтық институт болып табылады. Әдетте, қазіргі кездегі мемлекеттің заңнамасында келесі институттар көрініс тапқан: саяси партиялардың түсінігі, қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен рөлі, оларды құру мен қызметін тоқтатудың талабы мен тәртібі, саяси партиялардың бағдарламаларына қойылатын талаптар, оларды қаржыландыру тәртібі, саяси партиялардың сайлауларға қатысу тәртібі.
Саяси партияларды құру, ұйымдастыру және олардың қызмет ету тәртібіне байланысты қатынастарды құқықтық реттеу көлемінің кеңеюі жаңа құқық саласы туралы тұжырымның пайда болуына әкелді, яғни партия құқығы.
3.Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстардың саяси жүйедегі орны.
Саяси жүйенің дербес элементі ретінде саяси партиялар мен қоғамды-саяси қозғалыстар туралы да айтып өткен жөн. Саяси партиялар өз алдына билік үшін күресу барысында саяси жүйеге, мемлекеттік механизмге әсер етеді.
Саяси партия-бұл саяси билік үшін күресетін және белгілі бір идеялогиямен байланысты әлеуметтік топтың ең белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
Партиялар белгілі бір мақсатты көздеуі мүмкін және саяси өмір мен қоғамды ұйымдастыруға әсер етеді. Саяси партияның саяси жүйедегі орны зор. Саяси қызметпен айналысатын, бірақ өз мүшелерінің әлеуметтік, экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған саяси жүйенің басқа институттарынан ерекшелігіт партияның басты мақсаты билікті басып алу және оны жүзеге асыру, мемлекеттік істі басқару үшін күрес болып табылады.
Саяси партияның функциялары:
-үлкен әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтау,қалыптастыру және қанағаттандыру;
Саяси билік және оны қолдану үшін күрес, жағдайдың өзгеруіне байланысты бұл күрестің нысандары мен әдістерін анықтау;
Жоғары және жергілікті билік органдарын қалыптастыру, өз өкілдерін ұсыну үшін сайлау науқанын дайындау және жүргізу;
-саяси партия идеялогиясын қалыптастыру, қоғамның саяси даму бағдарламасын жасау және іске асыру, насихаттау жүргізіп, қоғамдық пікірді қалыптастыру;
-қоғамды саяси тәрбиелеу;
-партиялар, мемлекеттік аппарат үшін кадрларды дайындау және жүргізу.
Саяси партияның құрылымы партиялық аппарат, қатардағы мүшелерден және партияны жақтаушылардан тұрады.
Қоғамдық-саяси қозғалыс-бұл белгілі бір әлеуметтік топтың мүдделерін білдіруге және қандай да бір саяси мақсатқа жетуге бағытталған қоғамның белсенді бөлігі.
Қозғалысқа қандай да бір партияның қызметіне қанағаттанбаған, олардың белгілеген жарғылық нормаларымен, бағдарламаларымен келіспейтін, нақты саяси мүдделер жоқ адамдардан тұрады.
Қоғамдық-саяси қозғалыстың саяси партиядан айырмашылығы:
-қозғалыстың әлеуметтік базасы кеңдеу (бір қозғалыс әртүрлі әлеуметтік, идеологиялық, ұлттық, діни топтың өкілдерінен тұрады);
-қоғамдық-саяси қозғалыстар, әдетте, тек бір саяси тұжырымдаманы ұстанады және бір ірі саяси мәселені шешуге ұмтылады, бір мақсаты болады, осы мақсатқа жетсе өз қызметін тоқтатады, ал партияның кешенді мақсаты бар;
-қоғамдық-саяси қозғалыстар билікке ұмтылмайды, өз мәселелерін шешу үшін билікке әсер етуге тырысады, егер қоғамдық-саяси қозғалыс билікке күресетін болса, онда ол саяси партияға айналады;
-қоғамдық-саяси қозғалыстардың саяси белсенділігінің өзегі-клуб, одақ, бастамашылық топ;
-қоғамдық-саяси қозғалыстарды формалді ішкі иерархиялық құрылымы, тұрақты мүшелік және тиісті құжаттары болмайды.
22-24 Құқықтық мемлекет және оның негізгі сипаттамалары
Қазақстан Республикасы өз мемлекеттік тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігін алғаннан кейін, құқықтық мемлекет құру бағытында. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында келесідей көзделген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбатты қазынасы-адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Құқықтық мемлекет-дамушы құбылыс.
Қоғамдық прогресс барысында, қоғамның өмір сүруі мен дамуының нақты жағдайларына сәйкес құқықтық мемлекет жаңа қасиеттерге ие болып, жаңа мазмұндармен толықтырылады. Құқықтық мемлекет құру және оны әрі қарай дамыту кез келген мемлекеттің қоғамдық және саяси дамуының, мемлекет және қоғам өмірінің барлық саласында адам және азамат құқықтарымен бостандықтарын белгілеу мақсатының объективті қажеттіліктерге негізделген.
Саяси билікті ұйымдастырудың және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуші ұйым ретіндегі құқықтық мемлекет әлемдік өркениеттің, азаматтық құқықтық және саяси мәдениетінің үлкен жетістіктерінің бірі.
Құқықтық мемлекет-бұл жеке адаммен қоғамның мүддесін қорғайтын, заң үстемділігі мен құқық қағидаларына негізделген мемлекет.
Құқықтық мемлекет-бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқықбұзушылтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.
Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1)Мазмұнды жағы-адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді.
1)Формальды-заңды жағы-мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Құқықтық мемлекетті құру өте күрделі қиын және ұзақ тарихи процесс. Бұл қиындықтар кешегі тотолитарлық режимнен қалған бір қатар жағымсыз факторларға негізделген. Олардың қатарына: құқықтық нигилизм, халықтың заңи сауаттылығының төмен деңгейі, демократия, өзін-өзі басқару, адам және азамат құқықтары және бостандықтарын қорғауда, саяси және құқықтық мәдениет саласында тәжірибелердің аз болуы; бассыздық және заңсыздық биліктің әлсіздігі. Бұның барлығы өз алдына қоғамдық пікірлердің демократизациялау, либерализациялауды, олардың жаңа құқықтық және саяси құндылықтарды меңгеру барысын тежейді.
2.Құқықтың мемлекеттің қағидаттары
Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидасы мемлекеттік және қоғамдық билікті заңмен шектеулі болуы.
Мемлекет және қоғамдық билік белгілі бір шеңбер көлеміне таралады, бұл шеңберді аттап өтуге немесе бұзуға жол берілмейді. Мемлекеттік биліктің шектеулі болуы адам және азаматтың бөлінбейтін құқықтары мен бостандықтарының бар екендігін танумен байланысты.
ҚР Конституциясында мемлекет пен тұлғаның ара қатынасы, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы бекітілген. Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, оларды қолдану механизімін іске асырудың кепілі мемлекет болып табылады.
ҚР Конституциясының 1-бабында: «мемлекеттің басты құндылығы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»деп бекітілген. Мемлекет өз қызметін және оның органдарының қызметтері қоғам және азамат мүдделеріне сай жүзеге асырылуы керек.
Құқықтық мемлекет адамдарға қатысты оның құқықтары мен бостандықтары үшін жағдай жасаумен сипатталады, ол құқықтық бостандықтың негізі «Заңмен тыйым салынбағанның барлығына рұқсат етіледі» деген қағида жатыр.
Конституция мен заңдардың негізгі қызметі және басты мақсаты тұлғаның бостандығына кепіл беруі. Бостандықтарға кепіл бере отыра, Конституция мен заңдар тұлғаның мемлекеттен дербестік жағдайын қамтамасыз етіп, азаматтық қоғамның қалыптасуына жағдай жасайды. Құқық тұлғаның бостандықтарын мемлекет және оның органдары тарапынан қол сұғушылықтан қорғайды, ал бұл өз алдына өтпелі кезеңдегі нарықтық экономикалық, еңбек қатынастарында өте маңызды.Адам және азамат құқықтары мемлекет және оның органдары әрекетінен немесе шығарған шешімдерінен тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бұзған кезде, сотқа жүгіну арқылы бұзылған құқықтарын қалпына келтіреді.Бұндай жағдайда шынайы бостандық құқығына айналады. Оның көрінісі келесі қағидатқа негізделеді «Заңмен тыйым салмағанның барлығына рұқсат етіледі» және керісінше: «Тек заңмен белгіленгендерге ғана рұқсат етілген».
Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі қоғамдық өмірдің барлық саласында заңның үстемділігі.
Құқықтық мемлекеттер оның ішінде Қазақстан осы бағытты ұстанып және оны әрі қарай дамыту керек. Құқықтық құндылықтар жүйесінде адамдардың бостандықтарын қорғаудың, ұйымдастырудың жоғарғы нысаны заң болып табылады. Заңдарда жалпыға міндетті мінез-құлық ережелері бекітіледі, ал бұл ережелер әділ және тең бастаулары негізінде дамитын қоғамның объективті қажеттіліктерін ескеруі қажет. Заң келесі жағдайда басым болады, егер ол тұлғаның бостандығының шегі болса және заң мемлекет пен адамның мүдделері үшін қызмет етсе. Құқықтық мемлекетте тек заң ғана қоғамның маңызды салаларын реттеуі керек.Құқықтық мемлекетте заңдар жеке субъектілердің емес, барлық халықтың еркін білдіреді. Барлық заңдар халықтың мүдделеріне сай қабылданады және әрекет етуінің, әр адаммен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтынын, адамдар үшін қажетті, олардың құқықтарын іске асыруға жағдай жасайтын құқықтық тәртіп белгілейтіндігіне азаматтар назар аудару керек. Сондықтан да азаматтар және лауазымды тұлғалар заң талаптарын қатаң сақтауы керек. Заңды мемлекет және оның органдары шығарады, сондықтан ең алдымен мемлекетке заң талаптарын сақтауды, барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың заңдарды іске асыру барысын бақылау міндеті жүктеледі, ал бұл құқықтық мемлекет құруда ерекше маңызға ие. Құқықтық мемлекеттік негізгі заңы Конституция болып табылады. Конституция және өзге де нормативті актілердің болуы, қоғамда заңдылықтың қатаң режимін құрып, әділ құқықтық тәртіптің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бірақ заң тек қағаз жүзінде қалмай өз мақсатына жетіп жүзеге асырылуы керек. Заң талаптарын орындаудың басты шарты азаматтардың құқықтық санасының және құқықтық мәдениетін қалыптастыру және оны дамыту, қоғамда қалыптасқан құқықтық нигилизмді жою болып табылады.Құқықтық мемлекетте билік тармақтарға бөліну мәселесі ерекше орынға ие. Бұл қағиданы алғаш рет Д.Локк пен Ш.Монтескье ұсынған болатын. Оның басты талабы саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету үшін қандай да болмасын мемлекеттік органдар, әлеуметтік топтар немесе жеке тұлғалар тарапынан билікті өз бетінше пайдалануды жою үшін мемлекеттік билікті тармақтарға, яғни, заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп бөлу қажет. Сондай-ақ бұл биліктердің әр қайсысы дербес және бір-бірін тежей отырып жүзеге асуы керек. Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабын 4-тармағына сәйкес «Республикада мемлекет бір тұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөліну, олардың тежемелілік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады». Конституцияда бекітілген тежемелік және тепе-теңдік жүйесі, нақты мемлекеттік билікке қатысты құқықтық шектеулердің жиынтығы болып табылады. Бұл биліктердің әрқайсысы мемлекеттік биліктер жүйесінде ерекше орынға ие. Биліктердің тепе-теңдігі арнайы ұйымдастырушылық құқықтық шаралармен қамтамасыз етіледі. Бұл шаралар белгіленген шектерде әр биліктің өкілеттерінің ара-қатынасы ғана емес, сонымен қатар оларды шектеуге қамтамасыз етеді.
3. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы
Қоғам-бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны.
Мемлекет-бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет-әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады.
Мемлекет қоғамда орталық орынды және басты рөлді иеленген.Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға,оның мәніне сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу,басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді:біріншісі, екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.
4.Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы.
Азаматтық қоғам түсінігін Аристотель,Цицерон,Г.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды.
Азаматтық қоғам- бұл олардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын адамгершілік, діни,ұлттық,әлеуметтік-экономикалық,отбасы институттары мен қатынастарының жиынтығы.
Азаматтық қоғамның белгілері:
-адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;
-өзін-өзі басқару;
-оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;
-еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;
-жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;
-өмір сүру координация қағидатына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);
-экономиканың көпжақтылығы;
-биліктің заңды және демократиялық сипаты;
-құқықтық мемлекет;
-адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
1) Мемлекеттік емес, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
2) Мемлекетпен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);
3)Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
4)Саяси партиялар мен қозғалыстар;
5)Тәрбилеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
6)Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;
7)Отбасы;
8)Шіркеу және т.б.
25 Құқықтың түсінігі мен мәні
Құқық ұғымының көптеген мәні бар. Ол заң ғылымында және күнделікті өмірде жиі қолданылады. Кең мағыналық түсінік болғандықтан әрбір адамда құқықтың мәні туралы қандай да бір пікір қалыптасады.
Заң ғылымында құқық бірнеше мағынада қолданылады:
-құқық заң ғылымында оқу пәнінің атауын білдіретін ұғым ретінде қолданылады (азаматтық құқық, конституциялық құқық);
-құқық деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі (білім алу, еңбек ету құқығы). Осы жағдайда құқық субъективтік мағынада қолданылады;
-құқық мемлекетпен байланысты және мінез-құлық ережелерінен тұратын жүйе ретінде түсіндіріледі (нормативтік акті,заңдар, кодекс). Осы жағдайда құқық объективтік мағынада қолданылады;
-құқық объективтік және субъективтік құқық жиынтығы ретінде қолданылады (құқық жүйесі).
Құқық теориясы құқықты көбінесе объективтік мағынада қарастырады. Оған сәйкес,құқық –бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған, қоғамның мүддесін білдіретін, мемлекет бекіткен және қамтамасыз ететін,қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының жүйесі.
26. Құқықтың пайда болу ерекшеліктері. Құқықтың шығуының негізгі теориялары
Құқықтың пайда болуының негізі.
Әлеуметтік институт ретінде құқық мемлекетпен бірге пайда болды,өйткені, олар бір-бірімен тиімді әрекетін қамтамасыз етеді. Мемлекет құқықсыз болмайды,керісінше,құқық мемлекетсіз болмайды. Құқықтың пайда болу себебі мен жағдайы, мемлекеттің пайда болу себебімен байланысты. Құқық ең алдымен экономикалық үстем таптың мүддесін,еркін білдіретін таптық құбылыс ретінде пайда болды. Бұған дәлел ретінде құл иеленушілік және феодал мемлекеттер кезінде болған құқықтық актілерді келтіруге болады. Егер құқықтық нормалар жазбаша нысанда рәсімделсе, онда әдет нормалар адамның санасы мен мінез-құлықтарында сақталды. Құқық әдетке қарағанда,күрделі реттеуші. Өйткені ол тыйым салу, рұқсат беру және міндеттеу сияқты әдістерден тұрады. Бұл әдістер қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіруде кең мүмкіндік жасайды. Құқықтың пайда болуы күрделі әлеуметтік қарым-қатынастардың, қоғамдағы қарама-қайшылықтардың дамуының салдары.
Құқықтық нормалар үш негізгі жолымен қалыптасты:
-мононормалардың әдет нормаларына дейін өсуі және оларды мемлекеттің ресми түрде тануы;
-мемлекеттің құқық шығармашылығы, яғни құқықтық нормалардан тұратын арнайы құжаттарды қабылдау;
-сот құқығы (прециденті) нақты шешімдер тұруы.
Құқықтың пайда болуы мен дамуына әртүрлі географиялық, мәдени-тарихи және өзге де факторлар әсер етті. Мысалы, шығыста дін, әдет және салт-дәстүрдің орны ерекше болды, және құқық олардың әсерінен пайда болды. Бұнда құқықтың басты қайнар көзі-өнегелілік діни нормалар. Еуропа елдерінде құқықтың пайда болуына және дамуына мемлекеттік органдардың құқық шығармашылығы және сот прециденті әсер етті.
Құқықтың пайда болуы туралы теориялары
Әлеуметтік құбылыс ретінде құқықтың пайда болу туралы бірқатар көзқарастар қалыптасқан. Бұл көзқарастар мәңгілік сипатта болады,өйткені адамзат қоғам дамуының әр кезеңінде құқық туралы жаңа қасиеттер ашыла бастады. Құқық туралы көзқарастардың көп болуы, әр түрлі ұлттық және діни салт-дәстүрге, тарихи әлеуметтік психологиялық және әлеуметтік теорияларды атап өткен жөн.
Әлеуметтік құбылыс ретінде құқықтың пайда болу туралы бірқатар көзқарастар қалыптасқан. Бұл көзқарастар мәңгілік сипатта болады, өйткені адамзат қоғам дамуының әр кезеңінде құқық туралы жаңа қасиеттер ашыла бастады. Құқық туралы көзқарастардың көп болуы, әр түрлі ұлттық және діни салт-дәстүрге, тарихи әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерге философиялық және идеологиялық көзқарастарға байланысты. Бұл көзқарастар дамып, теорияға айналды. Олардың ішінде материалистік, табиғи-құқықтық,тарихи,нормативтік, материалистік, психологиялық және әлеуметтік теорияларды атап өткен жөн.
Құқықтың пайда болуының материалистік теориясы-XIX-XX ғасырларда толық қалыптасты. Өкілдері: К.Маркс, В.И.Ленин, Энгельс.
Құқық-бұл үстем таптың еркі, яғни таптық құбылыс деп түсіндіріледі. Құқықта бейнеленген тап еркіннің мазмұны материалдық өндірістік қатынастардың сипатымен айқындалады.
Құқықтың пайда болуының табиғи-тарихи теориясы-XVII-XVIII ғасырларда толық қалыптасты. Бұл теорияның өкілдері: Т.Гоббс, Дж.Локк, А.Н.Радищев. Олардың айтуынша,құқық пен заңды жеке бөліп қарастыру керек. Позитивті құқықпен қатар, яғни мемлекет қабылдайтын заңмен қатар адамға тумысынан тиесілі ең жоғарғы табиғи құқықтар болады. Бұл құқықтар адамға табиғаттан беріледі және бөлінбейтін құқықтар деп саналады. Бұл құқық теориясын жақтаушылар мемлекет қабылдайтын құқыққа қоса адамға тумысынан берілетін табиғи құқықта болады деп санаған. Бұл-өмір сүруге, бостандыққа,теңдікке, меншікке, және т.б.құқық. Яғни, табиғи құқық (адамның табиғи, мәңгі, өзгермейтін құқықтарының жиынтығы)-қолданыстағы құқыққа (заңдар,прецеденттер) қарағанда жоғары құқық, бұл өз бойына сана мен мәңгілік әділеттілікті сіңіре білген құқық. Олар құқықты мәні бойынша моральмен теңестірген. Әділеттілік, бостандық, теңдік сияқты абстрактіні өнегейлік құбылыстар құқық шығармашылық және құқық қолданушылық процесті айқындайтын құқықтың өзегі. Адам құқықығының қайнар көзі заңнамада емес,адамның табиғатында бұл құқықтар оған туғаннан тиесілі немесе құдайдан білдіреді. Құқықтың пайда болуының нормативтік теориясы-XX ғасырда толық қалыптасты. Оның негізгі өкілдері: Келвен, Штаммлер,Новгородцев. Олардың айтуынша,құқық-бұл заң шығарушы қабылдаған құқықтық нормалардың жүйесі. Нақты айтқанда, Кельзеннің концепциясына сәйкес, құқық нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі, оның ең басында заң шығарушы қабылдаған негізгі (егеменді) норма тұрады және бұл жердегі әрбір төменгі норма өз заңдылығын заңды күші жоғары нормадан алады. Құқық туралы нормативтік бағыттың мазмұны ақиқатқа мемлекет қабылдаған нормативтік актілер негізінде қарау арқылы анықталады.Бұл құқық нормалар жүйесінде ең жоғарғы орынды Конституция иеленеді. Барлық қалған құқық конституцияға сәйкес келіп, оған қайшы келмейді. Құқықтық нормалар жүйесінде негізгі орынды жеке актілер, оның ішінде сот шешімі, шарт, әкімшілік ережелер иеленеді. Оларға құқық та жатады және олар негізгі заңға сәйкес келмеуі керек. Құқықтың пайда болуының әлеуметтік теориясы -XX ғасырда қалыптасты. Оның өкілдері: Эрлих, Женни. Олар құқық пен заңды бөлек қарастырады. Құқық табиғи құқықпен заңнан көрінбейді. Ол заңды іске асудан көрінеді.Құқық-бұл заңи әрекеттерді,заңи практиканы, құқықтық тәртіпті түсіндіреді. Олардың айтуынша, құқық-бұл құқықтық қатынас, субъективтің нақты әрекеті. Осыдан, олар құқықты тірі құқық деп атады. Бұндай тірі құқықты сот қызметінде судья жүзеге асырады. Олар заңдарды құқықпен толықтырады, тиісті шешім шығарады және құқық шығармашылықтың субъектісі болады.Құқықтың пайда болуының психологиялық теориясы-XX ғасырда толық қалыптасты. Оның өкілдері: Петряжитский, Росс, Реиснер. Адамның психикасы қоғам дамуының, оның ішінде мораль құқықтың мемлекет дамуының негізгі факторы. Құқық-бұл адам психика санасының шығармашылығы.
27.Құқықтың түсінігі, мәні мен белгілері. Құқық қағидалары мен қызметтері.
Құқықтың мәні.
Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден,нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырлуынан көрінеді.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
Формальдық-кез-келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі;
Мазмұндық-осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:
-таптық бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталды;
-жалпы әлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.
Құқықтың мақсаты және оның құндылығы.
Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады. Құқықтың құндылығы-бұл құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның әлеуметтік әділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті. Құқықтың әлеуметтік құндылығының төмендегідей негізгі көріністерін атап өтуге болады:
1)Құқық адамдардың әрекеттеріне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты,үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақылауын қамтамасыз етеді, осы арқылы ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік элементін енгізе отырып, оларды өркениетті құбылысқа айналдырады;
2)Құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы олардың жүріс-тұрысы мен қызметіне әсер тигізеді, яғни, құқық жеке мүдделерді басып-жаншымайды, керісінше, оны қоғамдық мүддемен үйлестіреді;
3)Құқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші және анықтаушы болып табылады және осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;
4)Құқық әділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие,яғни,құқық материалдық игіліктердің дұрыс және әділетті бөлінуінің талаптарын орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін бекітеді.
5)Құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектілігіне сәйкес қоғамның жаңаруының қайнар көзі болып табылады; әсіресе, оның құндылығы тоталитарлық режимдердің құлауы мен жаңа нарықтық механизмдердің бекітілуі жағдайларында өсе түседі;
6)Құқықтық тәсілдер халықаралық және ұлтаралық сипаттағы мәселелерді шешудің негізгі және жалғыз құралы болып табылады.
Құқықтың қағидаттарының түсінігі және түрлері
Құқықтың қағидаттары-бұл құқықтың ерекше әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар. Олар құқықтың заңдылығын, табиғатын және әлеуметтік мәнін көрсетеді және заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан немесе олардың мәнінен туындайтын жүріс-тұрыс ережелері болып табылады. Таралу саласына қарай жалпықұқықтық, салааралық және салалық қағидаттарды бөліп қарастырады.
Жалпықұқықтық қағидаттар барлық құқық салаларында күшке ие болып келеді. Оларға мына қағидалар жатады:
-әділеттілік;
-азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі;
-ізгілік (гуманизм);
-демократиялық;
-құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы;
-сендіру мен мәжбүрлеуді үйлестіру.
Салааралық қағидаттар бірнеше құқық саласының ерекше мәнді белгілерін сипаттайды. Олардың арасынан жарыспалылық және сот өндірісінің жариялылығы және т.б.қағидаттарды бөліп атауға болады.
Салалық қағидаттар тек бір саланың шеңберінде ғана әрекет етеді. Мысалы, азаматтық құқықта-мүліктік қатынастардағы тараптардың теңдігі қағидаты, қылмыстық құқықта-кінәсіздік презумпциясы.
Құқық қағидаттары қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысады, себебі, олар құқықтық әсер етудің жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, нақты бір іс бойынша шешімнің негіздемесіне де енуі мүмкін.
28.Қазіргі кездегі құқық түсінігі. Құқық және мораль.
Құқық ұғымы. Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Құқық нормаларының жуйесі және онын элементтері[өңдеу]
Құқық жүйесі - құқықтық сана сезімнен, құқықтық қатынастар және заң нормаларынан құралатын кұрделі заң ұғымы. Ол ішкі бірлік және тұтастықпен сипатталады, қоғамда жеке адамның еркіндігін және өркениетті тұрмысты қамтамасыз ету үшін қажет.
Құқық жүйесінің элементтері[өңдеу]
–құқықтық нормалар; –құқықтық сана–сезім; –құқықтық қатынастар.
Құқық нормаларының жүйесі – бұл олардың онда құқықтың нормалары өз ара келісілген, бір–бірінен оқшауланып әрекет етпейтін, бірлікті тұтастық ретінде сипатталатын ішкі құрылысы. Құқықтық нормалар жүйесінің белгілі бір құрылысы бар, оны салыстырмалы түрде автономиялы құрылымдар қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті топтарын реттейтін салалар және институттар құрайды. Элементтер мынандай: – бөлек құқықтық нормалар; – құқықтық институттар; – құқықтың тәуелді салалары; – құқық салалалары.
Құқық пен мораль нормаларының бірлілігі мен тұтастығы мыналармен сипатталады: Қоғамдық сананың және қоғамдық қатынастардың нысаны ретінде мораль мен құқық өз араларында өзара ұқсастықтарға ие, өйткені екеуі де ортақ әлеуметтік функцияларды атқарады: қоғамдағы адамдар арасындағы әрекеттерді реттеудің қажетті құралы болып табылады, нормативтік мінез танытады, және азаматтар ереже бойынша, ерікті және есті түрде осы нормалар мен принциптерді орындайды; ізгілік жіне құқық оларға ортақ жалпы адами құндылықтар негізінде дамиды.
Қоғамдық – саяси және заң баспасөздерінің беттерінде қазіргі күні ең өзекті және ауқымды мәселелердің бірі ретінде қоғамдық және жеке өмірдегі мораль мен құқықтың бірлігі, айырмашылықтары тақырыптары танылады. Және бұл кездей емес: құқық және мораль - мінезі нақты-тарихи жағдайлармен және қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымымен анықталатын әркезде біртұтас әрекет ететін адами мәдениеттің басты элементтері болып табылады.
Мораль және құқық, олардың өзара байланысы айырмашылықтары.
Мораль мен құқықтың айырмашылықтары:
1) Қоғамдық сананың формасы;
2) жалпы адамдық құндылықтар фундаментінде мораль мен құқықтың ортақ даму;
3) моральдық және құқықтық қатынастар аясының ұқсастығы;
4) мораль және құқықтық қатынастар талаптарының мақсаттары, тапсырмаларының біртұтастығы;
5) қоғамда адами тәртіпті реттеу функциясы – басты
6) қоғамдағы адамдар тәртіптерін реттейтін нормалардың біртұтастығы;
7) мораль және құқық нормалары мен қағидаларын орындаудың міндеттілігі.
1) мораль нормалары жазбаша емес түрде болады, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде рәсімделеді, ал құқық формальды анықталған және ресми құжаттарда бекітіледі;
2) Мораль нормалары халықтармен бекітіліп отырды, ал құқық нормалары мемлекетпен бекітіледі.
3) Мораль қоғамдық көзқарастарды қамтамасыз ету тетігі, ал құқық мемлекеттің биліктік санкциясын қамтамасыз ету тетігі;
4) Мораль ерікті таңдаудың кең ауқымдылығын қамтиды, ал құқық та нормативтік құжаттармен ерікті таңдау қатаң шектелген
Мораль факторлары.
Мораль факторы – бұл жеке тұлғалардың, ұжымның, әлеуметтік топардың қандай да бір тапсырмаларды орындау кезінде көрінетін ізгілік қасиеттерінің өлшемі.
Мораль факторлары – нақты-тарихи мазмұнға ие, шарттандырылған өндіріс тәсіліне, қоғамның рухани және материалдық мәдениетіне, кластардың қатынастарына, саяси режимге, басымды идеологияларға басымдық білдіретін оның обьективтік негізін құрайтын күрделі және динамикалық әлеуметтік құбылыс.
Моральдық фактордың анализінің шығатын базалық категориясы болып «адами фактор» түсінігі табылады. Адами фактор көпсалалы әлеуметтік білім ретінде өзіне көптеген «срездерді» қамтиды. Біріншіден, бұл биологиялық, физиологиялық срез, халықтың денсаулық жағдайын, өлу және туу көрсеткішін, өмір сүру деңгейін және азаматтардың жұмыс қабілеттілік белсенділігін, кейбір ұлттық, тұрғындардың антропологиялық ерекшеліктерін, жыныстық-жастық құрамы және т.б. сипаттайды.
Екіншіден, бұл әлеуметтік срез, қоғамның әлеуметтік-топтық құрылымын, ұлттық құрамын, кәсіби және аумақтық әлеуметтік топтар және т.б. сипаттайды.
Үшіншіден, бұл интеллектуалды-кәсіби срез, халықтың білім және мәдениет деңгейін, оның кәсіби дайындығын, мамандығын ауыстыруға белсенділігін, өзін-өзі оқытуды, кәсіби деңгейінің жоғарылығын және т.б. көрсетеді.
Төртіншіден, шартты түрде аксиологиялық срез деп атауға болады. Ол адамдардың құндылық бейімділігін, олардың қоғамдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, оларды қанағаттандыру дәрежесін, көпшіліктегі азаматтардың өмір сүру басымдылығын мінездейді.
Бесіншіден, жандүниелік-ізгілік срезі, қоғамның жандүниесін, азаматтарының моральдық қасиеттерін, моральды-саяси климат, адамдардың тәрбиелілігін, қызметтерін және әрекеттерін реттеуде басымдық көрсететін нормалар мен қағидалар , тұрғындардың әдет-ғұрпы мен дәстүрлері.
29.Құқық типологиясы түсінігі. Құқықтың тарихи типтері.
Құқық типологиясы және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер. Заң типологиясы. Заңның құқық типімен, әлеуметтік-экномикалық құрылыспен өзара байланысты. Формациялық және өркениеттік тұрғыдағы құқық типтері. Құқықтың тарихи типтері: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік. Социалистік құқық типі және оның дамуындағы кемшіліктер.
Қазіргі замандағы құқық жүйесінің жіктелуі. Романо-германдық құқықтық жүйесі, англо-саксондық құқықтық жүйесі, дәстүрлік діни құқықтық жүйелер.
Құқықтық хронологиялық типологиясы: ерте ғасыр құқығы, орта ғасыр құқығы, жаңа дүние құқығы, қазіргі заман құқығы.
Құқықтық жүйе түсінігінің белгілі бір мемлекеттегі құқыққа сипаттама берудегі маңызы зор. Бұл жағдайда ұлттық құқықтық жүйе жөнінде сөз болып отыр. Құқықтық жүйенің құқықпен қатар қай элементінің не сот тәжірибесінің, не құқықтық идеологияның-ерекше рөлге ие болуына сол мемлекеттегі барлық құқықтық құбылыстар тәуелді болып келеді. Осы белгі бойынша құқықтық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар көздерінің ортақтығы негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы) бөліп қарастырады:
1)Романо-германдық (континентальдік құқықтық жанұя);
2)Англо-саксондық (жалпы құқықтық жанұя);
3)Діни (мұсылмандық және үнді құқықтық жанұя);
4)Салт-дәстүр (әдет құқықтық жанұясы).
Құқықтық жүйелерді топтастырудың қажеттілігі және маңыздылығы:
Біріншіден, ғылыми, танымдық, білім беру себептерге. Өйткені, әлемдегі барлық құқық жүйелерді жеке зерттеу, жан-жақты зерттеу, ол туралы түсінік береді.
Екіншіден, практикалық себеппен-қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, ұлттық құқықтық жүйелерді жетілдіру.
2.Романо-германдық құқықтық жанұя.
Романо-германдық құқықтық жанұясына Италия,Франция, Испания, Португалия, Германия, Австрия, Швейцария құқықтың жүйелері жатады.
Бұл жанұя жеке топ ретінде славян құқықтық жүйесін (Югославия, Болгария) айтуға болады. Қазіргі кездегі Қазақстандық құқықтық жүйесі ерекшеліктеріне байланысты романо-германдық құқық жанұясына жатады.
Романо-германдық құқық жанұясының белгілері:
-жазылған құқық қайнар көз жүйелерінің бірыңғай иерархиялық құрылымы, онда басты орынды нормативтік актіге берілген;
-жоғары заңи күшке ие жазылған Конституцияның болуы;
-құқық жүйесін жеке және жария,сондай-ақ, салаға бөлуі;
-құқықты қалыптастырудағы басты рөл заң шығарушыға берілген, заң шығарушы жалпы құқықтық мінез-құлық ережелерін қабылдайды, жалпы нормаларды дәл іске асырады;
-нормативтік қортындылардың жоғарғы деңгейі кодификацияланған нормативті актілер арқылы жүзеге асады;
-заңға тәуелді актілерінің ерекше орын алуы;
-әдет құқығы және сот прециденті қосымша, толықтырушы сипатта болады;
-алдыңғы орында адам мен азаматтың міндетті емес, құқығы болады;
-заңи доктриналардың ерекше рөлге ие (ғалымдардың құқықтық жанұя туралы талқылауы).
3. Англо-саксондық құқықтық жанұяға.
Англосаксондық құқықтық жанұяға Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия ұлттық құқықтық жүйелері жатады.
Оның белгілері:
-құқық басты қайнар көзі сот прецеденті (нақты істі шешу барысында судьяларды қабылдаған мінез-құлық ережелері және ұқсас істерге таралады);
-құқықты қалыптастырудағы басты рөл соттарға берілуі;
-алдыңғы қатарда адам мен азаматтың міндеттер емес құқықтары және олар сот тәртібімен қорғалады;
-процесуалдық құқықтың ерекше болуы;
-кодификацияланған құқық саласының болмауы;
-құқықты жеке және жариялы деп бөлудің болмауы;
-статус құқығының кең дамуы, әдет құқығы қосымша, туынды сипатта болады;
-заңи доктрина қолданбалы сипатта болады.
4. Діни құқықтық жанұясы.
Діни құқық жанұясына Иран, Ирак, Пакистан сияқты мұсылман елдері Үндістан, Бирма елдерінің үнді-құқық жүйелері жатады.
Оның белгілері:
-құқықты шығарушы-қоғам, мемлекет емес, құдай,сондықтан, заңи ережелер бір рет және мәңгілікке беріледі; оларға сеніп, қатаң сақтау керек;
-құқықтың қайнар көзі діни-өнегелік нормалар мен құндылықтар, әдетте, Құран, Сүнна, Иджма мұсылмандарға таралса, Шастра, Веда, Ману заңдары үнділерге таралады;
-заңи ережелердің діни, философиялық және мұсылмандық постулаттармен, сондай-ақ жергілікті әдетпен тығыз араласып, бірыңғай мінез-құлық ережелерін білдіруі;
-қайнар көздердің ішінде заңгер-ғалымдардың еңбектері ерекше орын алуы;
-құқықты жеке және жариялы деп бөлінудің болмауы;
-нормативті құқықтық актілер туынды сипатта;
-сот практикасы құқықтың қайнар көзіне жатпауы;
-көбіне адамның құқығына емес, міндетіне негізделуі.
5. Әдет құқықтық жанұясы.
Әдет құқықтық жанұясына Мадагаскар, Африканың бірқатар елдерінің құқықтық жүйелері жатады.
Оның белгілері:
-құқықтың қайнар көзі әдет, салт және олар ауызша сипатта, ұрпақтан ұрпаққа беріледі;
-әдет пен салт заңи, мораль және аңыз ережелерінің синтезі;
-әдет пен салт ең алдымен жеке адамның емес, топтың қарым-қатынасын реттейді;
-нормативті актілер туынды сипатта;
-сот практикасы да, туынды сипатта және құқықтық қайнар көзіне жатпайды;
-сот билігі қауымның келісімін қалыптасу идеясын басшылыққа алады;
-заңи доктрина рөлінің төмендеуі;
-әдет пен салттың ескеруі.
30.Қоғамның құқықтық жүйесі. Қазіргі заманғы құқық жүйесінің жіктелуі
Әлемде әр түрлі ұлттық құқықтық жүйелер мен құқықтық жанұялар бар. Ол тиісті кезеңнің, өркениеттің, елдің және халықтың ерекшелігін білдіреді.
Қоғамның құқықтық жүйесі – бұл нақты тарихы құқықтардың, заңи практиканың және жкелеген мемлекеттің үстемдік ететін құқықтық идеологиясының жиынтығы.
Қоғамның құқықтық жүйесінің құрылымына келесі негізгі элементтер кіреді:
- құқық (заңнама);
- заңи практика;
- үстемдік ететін құқықтық идеология.
Әлемнің құқығы көптеген ұлттық құқықтық жүйеден тұрады. Олардың барлығы бір – бірімен байланысты. Олардың байланысы ортақ белгілермен сипатталады.
Ұлттық құқықтық жүйелер – бұл нақты мемлекеттің, оның тарихы, мәдениеті, салт – дәстүрінің, географиялық жағдайының органикалық элементі.
Құқықтық жанұя – бұл бірнеше маңызды белгілерінің ұқсастығымен сипатталатын бірнеше текті ұлттық құқықтық жүйелер (белгілері қалыптастыру және даму жолдары, қайнар көздерінің ортақтығымен сипатталады).
Құқықтық жүйе – бұл құқықтың құқықтық идеологиямен және сот тәжірибесімен біртұтастықта қарастырылуы. Осы үш элемент: заңдар мен басқа да мемлекетпен танылған қайнар көздерден көрініс тапқан жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретіндегі құқық, құқықтық сананың белсенді жағы–құқықтық идеология және сот тәжірибесі құқықтық жүйені құрайды.
Құқықтық жүйе түсінігінің белгілі бір мемлекеттегі құқыққа сипаттама берудегі маңызы зор. Бұл жағдайда ұлттық құқықтық жүйе жөнінде сөз болып отыр. Құқықтық жүйенің құқықпен қатар қай элементінің–не сот тәжірибесінің, не құқықтық идеологияның–ерекше рөлге ие болуына сол мемлекеттегі барлық құқықтық құбылыстар тәуелді болып келеді. Осы белгі бойынша құқықтық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар көздерінің ортақтығы негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы) бөліп қарастырады:
1) романо – германдық (континентальдік құқықтық жанұя);
2) англо-саксондық (жалпы құқықтық жанұя);
3) діни (мұсылмандық және үнді құқықтық жанұя);
4) салт – дәстүр (әдет құқықтық жанұясы).
Құқықтық жүйелерді топтастырудың қажеттілігі және маңыздылығы:
Біріншіден, ғылыми, танымдық, білім беру себептерге. Өйткені, әлемдегі барлық құқық жүйелерді жеке зерттеу, жан – жақты зерттеу, ол туралы түсінік береді.
Екіншіден, практикалық себеппен – қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, ұлттық құқықтық жүйелерді жетілдіру.
31.Құқық нысаны туралы түсінік. 32.Құқықтың қайнар көздері
Құқықтың қайнар көздерінің (нысаны) түсінігі және түрлері
Құқықтың бір белгісі оның формалді анықтылығы. Құқықтық нормалар міндетті түрде объектіленіп, сыртай көрінуі керек, қандай да бір нысанда болуы керек. Бұлсыз құқық нормасы қоғамдық қатынастарды реттеуге байланысты өз міндеттін атқара алмайды.
Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда заңды, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.
Құқық нысаны – бұл мемлекет еркін, заңи мінез-құлық ережелерінің сырттай көріну әдісі.
Құқық нысанының түрлеріне талдау жасаудан бұрын құқық нысаны, құқықтық нысаны, құқықтық қайнар көзі ұғымдарының ара қатынасын қарастыру керек.
Егер құқықтық нысан деп, барлық қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын барлық заңи құралдар болса, онда құқық нысаны – құқықтық нормалардан тұратын ерекше жүйе.
Заң әдебиеттерінде құқық нысаны мен құқық қайнар көзі ұғымдарының ара қатынасы даулы. Бірінші көзқарас бойынша, бұл екі ұғым ұқсас. Екінші көзқарас бойынша, құқық қайнар көзі ұғымы құқық нысаны ұғымына қарағанда кеңірек.
Соңғы көзқарас бүгінгі күні де үстем. Шынында да, қайнар көз сөзін бастау не негіз, түбірі, себебі сияқты қарастыратын болсақ, онда заңи құбылыстарға қатысты құқықтың қайнар көзі деп, келесі үш факторды түсіну керек:
- материалдық мағынадағы қайнар көзі (қоғам өмірінің материалдық жағдайы, меншік нысаны, адамдардың мүддесі);
- идеологиялық мағынадағы қайнар көзі (әр түрлі құқықтық ілімдер және доктриналар, құқықтық сана);
- формальді заңи мағынадағы қайнар көзі (бұл құқық нысаны).
Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру.
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды, бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдаудын қамтамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:
1) құқықшығармашылық жолы арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады.
2) санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекетік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді.
58 Құқықтың қайнар көздерінің (нысаны) түрлері
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1) Нормативтік құқықтық актілері – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.
2) Санкцияланған әдет нормалары – бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп, оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі. Әдет-ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:
а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;
ә) оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекеттік органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.
3) Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті заңды мағынаны иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім.
4) Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған кеілісімі.
5) Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы, заңнамалық норма, міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әділеттілік, ар-ождан, құқықтың әлеуметтік бағыттылығ қағидаларына негізделуі мүмкін (Грецияның, Испанияның, Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).
6) Діни мәтіндер – бұлар, әсіресе, мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран – бұл Алланың сөздері, өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап, Сүннет – бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.
33.Нормативтік актілердің түсінігі мен түрлері. Заңдардың түсінігі, белгілері және түрлері.
Нормативтік заңды актілер – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Нормативтік актілерді нормашығарушылық құзіретке ие органдар қатаң анықталған тәртіп бойынша қабылдайды.
Нормативтік құқықтық акт - бұл өкілетті орган қабылдаған, құқықтық нормалардан тұратын құқықтық акт. Нормативтік актіні қатаң белгіленген нысанда норма шығармашылық құзіреті бар орган шығарады.
Оның белгілері:
- нормативтік актілер мемлекеттік өкілетті органдарының бекіткен немесе халық референдумда қабылдаған нормалар;
- нормативтік актілер ерікті орындалмаса, оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндетті;
- нормативтік актілер ресми түрде, заң, қаулы, жарлық ереже түрінде шығады. Олардың заңды нысаны болады.
Заң күші бойынша нормативтік актілер заң және заңға тәуелді актілер деп бөлінеді.
Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Заңға сәйкес актілер – бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады:
1) Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен өкімдер;
2) Парламенттің құзіреті шегінде қаабылданған қаулылар мен өкімдер;
3) мемлекеттік аумақтық және жергілікті органдардың актілері (мемлекеттік билік пен басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайды және осы аумақта өмір сүріп жатқан барлық тұлғаларға таралады);
4) ведомстволық актілер (белгілі бір органның құзіреті шегінде қабылданады және осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады).
Нормативтік актілер құқық шығарушы субъектісінің құқық жағдайының ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- мемлекет органдардың актілері;
- қоғам бірлестігінің актілері;
- референдумда қабылданған актілер;
- бірлескен сипаттағы актілер.
Нормативтік актілер таралу саласы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
- республикалық;
- жергілікті;
- локальді.
Нормативтік актінің күшінің мерзімі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
- тұрақты;
- уақытша.
60 Заңдардың түсінігі, белгілері және түрлері
Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Заңның белгілері:
1) заң – бұл құқықтық жүйеге заң нормаларын енгізуге, оларды жоюға немесе өзгертуге байланысты құқықшығармашылық әрекеттер бекітілген заң актісі;
2) заң – бұл мемлекеттік биліктің қатаң анықталған жоғары органдарының актісі;
3) заң жоғары заң күшіне ие. Бұл мынаны білдіреді:
а) қалған барлық құқықтық актілер заңдарға негізделуі және оларға қарама-қайшы болмауы тиіс. Кез-келген басқа акт заңға қайшы келген жағдайда басымдылық соңғысына беріледі;
ә) заңды кез-келген басқа орган бекіте алмайды;
б) оны қабылдаған органнан басқа ешкім заңды өзгерте немесе оның күшін жоя алмайды.
4) заң – бұл құқықтық жүйеде бұрын болмаған және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты міндетті нормалардан құралған нормативтік акт.
Заңның түрлері:
1) Конституция – бұл басқарудың және мемлекеттік құрылымның нысанын, сот әділдігі жүйесін анықтайтын, конституциялық құрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт;
2) конституциялық заңдар – Конституциямен көзделген және онымен байланысты мәселелерге қатысты қабылданады;
3) жай заңдар – бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері.
61 Нормативтік актілердің күші
Нормативтік актілер уақыт, кеңістік және субъектілер бойынша қолданылады.
Нормативтік актілердің уақыттағы күші олардың күшіне енген сәтінен бастап қүшін жоғалтқан сәтіне дейін таралады. Актілер не оларды қабылдаған сәттен бастап, не нормативтік актінің өзінде немесе оның күшіне енуі туралы арнайы актіде көрсетілген уақыттан бастап, немесе оларды жариялаған сәттен бастап белгілі бір мерзім өткеннен кейін күшіне енеді. Актілер оларды қабылдауда көрсетілген әрекет ету уақыты өткеннен кейін, не олардың орнына жаңа акт қабылданған жағдайда, не нақты бір органның осы актінің күшін жою туралы тікелей нұсқауы негізінде өз күштерін жояды.
Нормативтік актілердің уақыттағы күшіне байланысты жалпы ережелердің ішінде екі ерекше ереже бар:
а) заңның кері күші – жаңадан қабылданған нормативтік актінің өз күшін бұл акт заңды күшіне енгенге дейінгі қатынастарға таратуы. Жалпы ереже бойынша, заңның кері күші болмайды, алайда, заңның кері күшті иеленуі екі жағдайда мүмкін: егер заңның өзінде бұл аталып өтсе немесе заң жауапкершілікті жеңілдетсе немесе жойса;
ә) жаңа заңдағы арнайы көрсету бойынша өз күшін жойған заңның жекелеген мәселелерге қатысты күшін сақтап қалуы.
Нормативтік актілердің кеңістіктегі күші олар таралатын аумақпен анықталады. Мемлекеттің аумағы ретінде мемлекеттік шекаралар ішіндегі оның құрғақ және су кеңістігі, олардың үстіндегі ауа кеңістігі, жер қойнаулары, сонымен қатар, шетелдердегі елшілік өкілдіктердің аумақтары, ашық теңіздегі әскери және сауда кемелері, мемлекеттің аумағынан тыс жерлерде ұшып жүрген ұшақтар танылады. Бұл мәселені қарастыру кезінде мынаны ескерген жөн: заңның белгілі бір кеңістікке немесе тұлғаларға таралмау тәртібі эксаумақтық деп аталады.
Нормативтік актілердің тұлғалар шеңбері бойынша күші нормативтік талаптардың белгілі бір актінің әрекет ету аумағындағы барлық тұлғаларға таралуын білдіреді. Алайда, бұл ережеден де ауытқушылықтар бар:
а) мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, елшілік және консулдық өкілдіктердің қызметкерлері эксаумақтық құқығына ие және оларға қылмыстық заңнаманы және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілік және мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды;
ә) кейбір нормативтік актілер, мысалы, қылмыстық жауапкершілікті көздейтін актілер, азаматтарға, олардың қай жерде жүргеніне және олардың шетелдік заңнама нормаларына сәйкес жазаны өтегеніне қарамастан, таралады;
б) мемлекет аумағында өмір сүруші шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалар құқықтар мен міндеттердің кең шеңберін пайдаланатынына қарамастан, кейбір жағдайларда құқықтар мен міндеттерді иелене алмайды. Мысалы, олар қарулы күштер қатарында борышын өтемейді, мемлекеттік билік органдарына сайлана алмайды және сайлауғақатыса алмайды.
34.Құқық шығармашылық түсінігі және түрлері. Құқық шығармашылық қағидалары.
Құқық шығармашылық-бұл мемлекет органдардың заңи нормалары қабылдау,өзгерту және жоюмен байланысты қызметі.
Құқық шығармашылық субъектісі ретінде тиісті өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мемлекеттік емес құрылымдар,сондай-ақ референдумда заң қабылдаған кезде азаматтар бола алады. Құқық шығармашылық қызмет конституция, заңдар және регламентпен белгіленген көлемде жүзеге асады. Құқық шығармашылық жаңа құқық нормасын қабылдаумен өзгерістер мен түзетулер енгізу арқылы ескі заңдарды жетілдірумен сипатталады.
Құқық шығармашылықтың белгілері:
-ол белсенді, шығармашылық мемлекеттің қызметі;
-оның негізгі өнімі-құқық нормалары;
-бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы;
-құқық шығармашылықтың деңгейі және мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердің саласы-бұл қоғамның өркениетінің және демократиялығының бір белгісі.
Құқық шығармашылықтың қағидаттары-бұл құқықтық нормаларды қабылдау,жою немесе ауыстырумен байланысты қызметтің негізге алушы идея, бастаулар, ережелер, құқықты шығаратын органдар үшін бағыт.
Құқық шығармашылыққа келесі қағидаттар тән:
1)ғылыми;
2)кәсібилік;
3)заңдылық;
4)демократиялық;
5)ашықтық;
6)жеделділік.
Құқық шығармашылық субъектілеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді.
1)Референдум жүргізу барысында халықтың тікелей құқық шығармашылығы;
2)Мемлекет органдардың құқық шығармашылығы;
3)Жекелеген лауазымды тұлғалардың құқық шығармашылығы;
4)Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқық шығармашылығы;
5)Локальді құқық шығармашылық;
6)Қоғамдық бірлестіктердің құқық шығармашылығы.
Құқық шығармашылық мәніне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
-заң шығармашылық (жоғарғы өкілдік органның құқық шығармашылығы);
-құқық шығармашылықты тапсыру (Парламенттік тапсырысы бойынша атқарушы органның норма шығармашылық қызметі);
-заңға тәуелді құқық шығармашылық-бұнда норманы Президент, Үкімет, министрлік, жергілікті органдардың ұйым жетекшілерінің қабылдауы.
Құқық шығармашылық қызметі екі негізгі бөліктен тұрады: бірінші,әрекеттік заңи мәнінен тәуелсіз құқық шығармашылықтың ұйымдастырушылық мәселелерінен тұрады (заң жобасын дайындау, оны талқылау). Бұнда заңның жобасын дайындауда мемлекет еркін алдын ала қалыптастыруды көздейді.
Екінші, құқықтық бастауларға негіз болады, заң жобасын дайындау туралы шешімді қабылдаумен байланысты. Заңда мемлекеттің еркі ресми бекітіледі де, заң жобасы жалпыға міндетті құқықтық актіге айналады.
35. Заң шығару процесі.
Заң шығарушы үрдіс-бұл құқық шығармашылық үрдістің құрамдас бөлігі. Тек заңдарды қабылдау осы үрдісті тұтастай сипаттайды.Құқық шығармашылықтың өнімі ретінде заңдар, сондай-ақ заңға тәуелді актілер құқықтық әдет, нормативтік шарттар, заңи прецедент те бола алады. Заң шығарушылық-күрделі біртексіз үрдіс және келесі сатылардан тұрады:
1)Заң шығару бастамашылығы құқығы –ҚР Конституциясына сәйкес Парламент заң шығару не заң жобасына өзгертулер ұсыну құқығы бар субъектілерді анықтайды. Заң шығару бастамашылық құқығы заң шығарушы органда заң жобасын және ұсынысты қарау міндетін туғызады, бірақ оны қабылдау немесе бас тарту-заң шығарушының құқығы. Бұндай ұсыныстар қажетті қамтамасыз етілуі керек.
ҚР Конституциясының 61-бабына сәйкес, заң шығарушылық бастамашылық құқық Парламент депутаттарына, ҚР Үкіметіне тиесілі және ол тек Мәжілісте іске асады.
2)Заң жобасын талқылау-заң жобасы ең алдымен Мәжілісте талқыланады. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қаралған және құпталған заң жобасы Сенатқа беріледі, онда 60 күннен кешіктірілмей қаралады. Бұл кезеңнің қажеттілігі жобаның жоғарғы сапа деңгейіне жеткізу,қарама-қайшылықтарды, нақтылықсыздықты, кемшіліктерді жоюмен байланысты.
3)Заңды қабылдау, дауыс берудің екі механизмі көмегімен (жай көпшілік және білікті көпшілік) жетуге болады.Заңды қабылдау-ең басты саты және ол үш кезеңге бөлінеді:
–заңды Мәжілістің қабылдауы;
-Сенаттың қолдауы, кейін 10 күн ішінде Президентке ұсынуы;
-ҚР Президентінің заңға қол қоюы. Президент 15 күн ішінде заңға қол қояды немесе қайтадан талқылау және дауыс беру үшін заңды қайтарады. Президент қол қойғаннан кейін заң күшіне енеді.
4)заңды жариялау.
Заңдар ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде күшіне енеді,егер заңмен оның күшіне енуі туралы өзге мерзім көзделмесе. Барлық заңдар ресми қайнар көздерде «Егеменді Қазақстан», «ҚР заңнамалар жинағында», «Заң газетінде» жарияланды.
36. Нормативтік актілерді жүйеге келтіру түсінігі. Түрлері: кодификация, инкорпарация, консолидация.
Əрбір мемлекетте толып жатқан түрлі құқықтық нормалар мен құқықтық нормативтік актілер болады. Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін оларды үнемі белгілі бір жүйеге келтіріп отыру қажет. Мұндай қызметті "заңдарды жүйелеу" яғни құқықтық нормативтік актілерді нақты іс-тəжірибелерде пайдалану мақсатында оларды "тəртіпке салу" деген ұғымын білдіреді. Заң ғылымында заңдарды жүйелеудің негізгі екі түрі бар: инкорпорация жəне кодификация. Инкорпорация - нормативтік материалдарды белгілі бір тəртіппен бірыңғай жинақтарға жиынтықтау жəне біріктіру. Мұндай жиынтықтаулар мен біріктірулер əдетте əліпбилік тəртіппен орналастыру, хронологиялық ретімен немесе субъектілері бойынша жасалады. Инкорпорациялық жиынтықтауда нормативтік материал əртүрлі жинақтарға толық немесе бірен-сарандап орналастырылады. Мұндайда жинаққа орналастырылған актілердің мазмұндары өзгертілмейді, сол шығарылған қалпында қалады, дегенмен, кейде олардың мəнінің мазмұндалу түрінің өзгертілуі де мүмкін болады. Инкорпорациялауда құқықтық акт мазмұны жағынан өзгертілмейді, оның өзгертулері сырттай болады: актінің бастапқы мəтініне ресми түрде енгізілген өзгерістер кіргізіледі, өздерінің күшін жойған баптар, уақытша ғана маңызды болған тармақтар, сондай-ақ ашық түрде қайшылықтары барлары жəне тағы соған ұқсастары алынып тасталынады. Инкорпорациялық өңдеуден өткен актілердің заңдық күші олардың қабылданған мерзімінен бастап сақталады. Субъектілері бойынша инкорпорация официоздық (жартылай ресми) инкорпорация жəне ресми емес инкорпорация деп жіктелінеді. Ресми инкорпорация – мұны инкорпорация жүргізуге (жасауға) өкілеттік алған мемлекеттік органдар атқарады. Сонда ресми инкорпорация дегеніміз құқықтық нормаларды (күші барларын) жариялау жəне қайтадан баспа арқылы шығарудың тəсілі. Сондықтан ресми инкорпорация - заң шығарудың ресми көзі, қайнары. Бұл инкорпорация — хронологиялық жəне пəндік түрінде болады. Хронологиялық ресми инкорпорация - нормативтік актілердің белгілі бір тəртібіне келтірілуін олардың ресми жариялануы барысында жасауды көздейді. Пəндік ресми инкорпорация - жүйелеудің күрделілеу түрі. Мұның нəтижесінде мемлекеттік билікті басқарудың ең жоғары органдары шығарған күші бар нормативтік актілерінің томдары, жинақтары жасалынады. Бұл томдар мен жинақтарға нормативтік құқықтық актілер пəндік қағидат бойынша, қатаң түрде тақырыптар бағыттарын сақтай отырып орналастырылады. Мысалы: мемлекеттік құрылысты реттейтін, əкімшілік жауапкершілік, халық шаруашылығы салаларындағы қатынастарды реттейтін нормативтік актілерді біріктіру. Ресми емес инкорпорация - мұнда жүйелерді арнайы тапсырма алмай-ақ жекелеген ведомство, ғылыми жəне оқу орындары, жеке тұлғалар жасай береді. Сондықтан да ресми емес инкорпорациялық жинақтарды заңдар негіздері (қайнар көздері) ретінде бағалауға болмайды. Құқық шығармашылығы істерінде, құқық қолдануларда бұларды нормативтік актілер жариялаудың нысаны ретінде қарастырып сілтемелер жасауға болмайды. Кодификация - жүйелеудің ең күрделі жəне жетілдірілген түрі. Бұл күші бар заңдарды түбегейлі түрде ішкі-сыртқы мəн-мағыналарын өңдеу барысында жаңартылған кодификациялық акті даярлау жəне қабылдау жөніндегі атқарылатын қызмет болып табылады. Осындай кодификациялаудың нəтижесінде күші бар құқықтық нормалар бірлестірілген тұтас актіге жинақталады, оны тиісті мемлекеттік органдар қабылдап алады. Кодификациялаудың барысында арнайы нысанды негіздер, кодекстер, жарғылар, қағидалар жəне т.б. шығарылады. Мысалы, Конституция - басты кодификациялық акт. Бұлардан басқа қазіргі кезде Қазақстан Республикасында Азаматтық, қылмыстық істерді жүргізу, азаматтық істерді жүргізу жөне т.б. кодекстер (жинақтар) істер атқаруда күші бар актілер ретінде танылғандар. Кодификацияланған актілерге елімізде қазіргі кезде қолданыстағы "Жол жүру ережелері", "Темір жол жарғысы" жəне т.б. жатады. Кодификациялық актілерде құқықтың белгілі бір салаларындағы əртекті қоғамдық қатынастарды тəртіптейтін түрлі құқықтық нормалар, институттар біріктірілген болып келеді. Бұл актілер өздерінің тұтастығы жəне орнықтылығымен ерекшеленеді. Ағымдағы барлық заңдар осы кодификациялық актіде тұтастыққа, орнықтылыққа қарай бағдарландырылған, əрі қатарластыра бағындырылған. Кодификацияның айырмашылықтарын көрсететін ерекшеліктері: 1. Кодификацияны тек өкілетті мемлекеттік органдар ғана жүзеге асырады жəне ол ресми сипатта болады. 2. Кодификациялаудың нəтижесінде бірнеше актілер əр түрлі нормаларға біріктіріледі, сөйтіп түрі, мазмұны бойынша жаңа құқықтық акт жасалады. Оның мəтіні түп нұсқадағыдай ресми. Құқық қолдану органдары соған сілтеме жасауы тиіс. 3. Кодификация оқтын-оқтын жүзеге асырылып отырады, ол нормативтік материалдардың жиналып қордалануына жəне объективтік қажеттілікке байланысты жасалады. Кодификацияны салалық жəне арнайы деп айырмалайды: Салалық кодификация - қандай бір белгілі заңдар саласының немесе оның салашасының нормативтік материалдарын біріктіру болып табылады (ҚР Азаматтық Кодексі; ҚР Қылмыстық Кодексі жəне тағы басқалар). Арнайы кодификация - белгілі құқықтық институттың немесе бірнеше құқықтық институттың нормаларын біріктіреді (ҚР Су Кодексі, ҚР Орман Кодексі жəне тағы басқалар).
37. Референдум түсінігі мен оны өткізу тәртібі.
Республикалық референдум ұғымы Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк өмiрiнiң неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған Заңдар мен шешiмдердiң жобасы бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру. Референдум Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өткiзiледi. 2-бап. Республикалық референдум өткiзудiң принциптерi Референдум өткiзу: жариялылық; азаматтардың референдумға өз еркiмен қатысуы және тiлек-ниетiн ашық бiлдiруi; жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бiрдей, тең және тура сайлау құқығы; Референдумға әр қатысушының бiр дауыс иеленуi принциптерiне негiзделедi. 3-бап. Республикалық референдумға қатысу құқығы Референдумға Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары қатысады. Қазақстан Республикасы азаматтарының республикалық референдумға қатысу құқығын қандай болсын тiкелей немесе жанама шектеуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жазаланады. Референдумға сот кембағал деп танылған азаматтар және бас бостандығынан айыру орындарына жазасын өтеп жатқан адамдар қатыспайды. 4-бап. Республикалық референдумға қойылатын мәселелер Референдумның талқысына: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарын өзгерту; 2) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiн шешу қойылуы мүмкiн. 5-бап. Республикалық референдумның талқысы бола алмайтын мәселелер Мына мәселелер: адамның және азаматтың негiзгi құқығы мен бостандығының бұзылуына әкелiп соғатын; Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы және унитарлы мемлекет ретiндегi мәртебесiн өзгерту; республикалық басқару нысанын қайта қарау:
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы мен
шекарасының және Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығының бұзылуына әкелiп соғатын өзге де мәселелер; әдiл сот, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және қоғамдық тәртiптi қорғау; республикалық бюджет пен салық саясаты; рақымшылық пен кешiрiм жасау; Қазақстан Республикасы Президентi, Парламентi мен Үкiметi қарауға тиiс адамдарды лауазымға тағайындау және лауазымынан босату; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттардан туындайтын мiндеттемелерiн орындау мәселелерi референдумның талқысына қойылатын мәселелер бола алмайды. 6-бап. Республикалық референдумды әзiрлеу мен өткiзу кезiндегi жариялылық Референдумды ұйымдастыру мен өткiзу ашық әрi жариялы жүзеге асырылады.
Референдумға қойылатын мәселе, сондай-ақ оны өткiзу туралы шешiм азаматтардың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткiзiледi.
Референдум комиссиялары референдум өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi өзiнiң жұмысы туралы, дауыс беретiн учаскелер құру, комиссиялардың құрамы, орналасқан жерi және жұмыс уақыты туралы, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмi туралы азаматтарды хабарландырады.
дауыс беру, дауыс санау, сондай-ақ дауыс беру нәтижесiн анықтау кезiнде референдум комиссияларының мәжiлiстерiне қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң, халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысу құқығы бар. Өкiлдердiң өкiлеттiгi Орталық референдум комиссиясы белгiленген тәртiппен куәлендiрiледi. Өкiлдердiң референдум комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi.
Бұқаралық ақпарат құралдары референдумға әзiрлiк пен оны өткiзу барысын жария етiп отырады, олардың өкiлдерiне республикалық референдум өткiзуге байланысты шараларға баруына кепiлдiк берiледi.
38. Құқық жүйесінің түсінігі. Құқық саласы. Құқық институттары.
Құқық жүйесі-бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құқықтың жүйелік құрылымы оның белгілі бір байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді.
Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:
1)оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар,өз кезегінде, біріге отырып, ірі құрылымдары –институттарды, салаларды құрайды;
2)оның элементтері бір-біріне қайшы келмейді,іштей үйлескен, тығыз байланыстылыққа ие, бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді;
3)ол әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық,діни,мәдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты;
4)ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағы қатынастарға тәуелді және адамдардың субъективтік қалауы бойынша қалыптасуы мүмкін емес.
2. Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқық нормаларын салаларға бөлу негіздері ретінде.
Құқық нормаларына салаларға бөлу үшін екі негізді басшылыққа алады: құқықтық реттеу пәні мен әдісін.
Құқықтық реттеу пәні-бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қатынастар объективтік түрде қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес құқықтық нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастарды еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы-неке құқығының реттеу пәні болып табылады. Қосымша негіз болып құқықтық реттеу әдісі табылады. Егер пән құқықтың нені реттейтініне жауап берсе, әдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.
Құқықтық реттеу әдісі-бұл олардың көмегімен біртектес қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы.Құқықтық реттеудің төмендегідей негізгі әдістері болады:
1)императивтік-бұл тыйымдарға, міндеттерге, жазаларға негізделген биліктік ережелер, субординация әдісі;
2)диспозитивтік-рұқсат етуге негізделген, тараптардың тең құқылығы, координация әдісі;
3)марапаттаушы-белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшін марапаттау әдісі;
4)ұсынушылық –мемлекет пен қоғам үшін тиімді жүріс-тұрысты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.
3.Құқық саласы.
Құқық саласы-бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын) реттейтін құқық нормалардың жиынтығы.
Құқық саласының белгілері;
-әрбір саланың өз пәні болады;
-әрбір саланың өз заңнамасы,яғни,дербес кодекстері болады;
-құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін,құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру тәсілдерін және құқықтық нормаларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік-құқықтық шараларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады.
Құқық салаларының түрлері:
1)негізгі салалар, бұлар басты құқықтық режимдерді қамтиды, жалпы алғанда, құқық салаларының жүйесінің ең басында конституциялық құқық, одан кейін материалдық құқықтар-азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқықтар және оларға сәйкес іс жүргізушілік және әкімшілік іс жүргізушілік құқықтары орналасқан;
2)арнайы салалар,бұларда құқықтық режимдер қоғамның ерекше сфераларына бағытталған (еңбек құқығы, жер құқығы, қаржылық құқық, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, отбасы құқығы, түзеу-еңбек құқығы);
3)кешенді салалар, бұларға негізгі және арнайы салалардың әртүрлі институттарының бірігуі тән (шаруашылық құқық, аграрлық құқық, экологиялық құқық, сауда құқығы, прокурорлық қадағалау, теңіз құқығы).
4. Құқық институты.
Құқық институты-бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін (тобын) реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Құқық институты-заң нормаларының құқық саласына қарағанда аз жиынтығы. Әрбір құқық саласында бірқатар институттар болады. Мысалы, еңбек құқығында-еңбек тәртібі институты, жалақы институты, азаматтық құқықта-ескіру мерзімі институты, өкілдік институты және т.б. Белгілі бір нормалар жиынтығының нақты бір құқықтық институтты қалыптастыруының заңды негізі болып үш белгі табылады:
1)құқықтық нормалардың заңды теңдігі;
2)қоғамдық қатынастарды реттеудің толықтығы;
3)құқықтық институтты құраушы нормалардың заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің тарауларында, бөлімдерінде және басқа да құрылымдық бірліктерінде жинақталуы.
39. ҚР құқық жүйесі салалары. Материалдық және процесуалдық құқық салалары.
Материалдық құқық — қоғамдық қатынастардағы түрлі мәселелерді тікелей реттеуге бағытталған нормалар жиынтығы. М. қ. нормалары меншік түрлерін, тұлғалар мен мүліктің құқықтық жай-күйін белгілейді, мемл. органдардың құрылу тәртібі мен құрылымын анықтайды, азаматтардың құқықтық мәртебесін, құқық бұзушыны жауапқа тарту негіздері мен жауаптылық мөлшерін, т.б. бекітеді. Еңбек, мүліктік, отбасылық, басқа да қатынастар М. қ-тың негізгі нысаны болып табылады. М. қ. арқылы мемлекет қоғам қажеттілігін өтеп, өзінің эконом. мүддесін жүзеге асырады
40. Құқықтық реттеудің негізгі әдістері.
Құқық нормаларына салаларға бөлу үшін екі негізді басшылыққа алады: құқықтық реттеу пәні мен әдісін.
Құқықтық реттеу пәні-бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қатынастар объективтік түрде қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес құқықтық нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастарды еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы-неке құқығының реттеу пәні болып табылады. Қосымша негіз болып құқықтық реттеу әдісі табылады. Егер пән құқықтың нені реттейтініне жауап берсе, әдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.
Құқықтық реттеу әдісі-бұл олардың көмегімен біртектес қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы.Құқықтық реттеудің төмендегідей негізгі әдістері болады:
1)императивтік-бұл тыйымдарға, міндеттерге, жазаларға негізделген биліктік ережелер, субординация әдісі;
2)диспозитивтік-рұқсат етуге негізделген, тараптардың тең құқылығы, координация әдісі;
3)марапаттаушы-белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшін марапаттау әдісі;
4)ұсынушылық –мемлекет пен қоғам үшін тиімді жүріс-тұрысты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.
41.Құқықтық сана түсінігі мен қызметтері. Құқықтық сана құрылымы. Құқықтық идиология және психолгия.
Құқықтық сана-бұл адамдардың құқыққа деген қатынасын көрсететін түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың, бағалаулардың жиынтығы түріндегі қоғамдық сананың ерекше нысаны.
Құқықтық сана-бұл адамдардың жаңадан қабылданған заңдарға, нормативтік актілердің нақты жобаларына және т.б. деген оң немесе теріс көзқарасы.
Құқықтық сана мынаны білдіреді:
-құқықтың қажеттігін түсіну және сезіну;
-құқықты бағалау;
-заңнаманың дамыған жүйесін құру қажеттігін түсіну;
-қолданыстағы нормативтік актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізудің қажеттігін түсіну;
-құқықты жүзеге асырудың нәтижелері мен процесін қабылдау.
Құқықтық сананың ерекшеліктері мыналардан көрінеді:
А) ол өмірдің шындықтарын әділеттілік, құқықтық, еркіндік тұрғысынан қабылдайды;
Ә) жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережелерін орнықтыруды талап етеді;
Б) құқықтық пен құқықтық еместіктің, құқыққа сәйкестік пен құқыққа сәйкессіздіктің шектерін көрсетеді;
В) құқықты қамтамасыз ету үшін заңды шараларды талап етеді.
Құқықтық сананың рөлі оның функцияларынан көрініс табады:
1)танымдық бұған «құқықтық дайындық» түсінігінен көрініс табатын және ойлану қызметінің нәтижесі болып табылатын заң білімдерінің белгілі бір жиынтығы тән болып келеді;
2)бағалаушылық, бұл тұлғаның құқықтық өмірдің әр түрлі жақтары мен көріністеріне өтіл мен құқықтық тәжірибе негізінде белгілі бір эмоционалдық қатынасын тудырады;
3)реттеуші, ол құқықтық көзқарастар мен құндылық-құқықтық бағыттылық арқылы жүзеге асырылады. Көзқарас дегеніміз тұлғаның белгілі бір түрде ақпараттарды, процестерді, құбылыстарды қабылдауға және бағалауға бейімділігін және осы бағалауға сәйкес әрекет етуге дайындығын білдіреді.
Құқықтық бағыттылық-бұл тұлғаның заңды мәні бар жағдайларда
әрекет ету бағдарламасын тікелей қалыптастыратын құқықтық көзқарастарының жиынтығы.
2.Құқықтық сананың құрылымы.
Құқықтық сананың құрылымы екі элементтен құралады: құқықтық психология және құқықтық идеология.
Құқықтық психология-бұл, ең алдымен, құқыққа қатысты сезімдердің, көңіл-күйдің, эмоциялардың, көзқарастардың, армандардың жиынтығы. Бұл жерде құқықтық құбылыстарға деген қатынас ерекше деңгейде пайда болып, белгілі бір сезімдер мен эмоцияларды қалыптастыруға тырысады. Құқықтық психология арқылы мыналар жүзеге асырылады:
А) құқықтық мәдениетке тән әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, тұлғаның мәдениетіне, күнделікті өміріне, әдетіне еніп кеткен барлық элементтер;
Ә) тұлғаның өзін-өзі бағалауы,яғни, өз жүріс-тұрысын құқық нормаларына сәйкестігі тұрғысынан сындарлы түрде бағалай білу қабілеті.
Құқықтық идеология-бұл адамдардың құқыққа қатынасын білдіретін құқықтық көзқарастардың, түсініктердің, қағидалардың, сенімдердің, талаптардың жүйеленген ғылыми көрінісі. Бұл субъектілердің құқықтық құбылыстарды тереңірек түсінуі; ол құқықтық сананың құрылымындағы басты элемент.
3.Құқықтық сананың түрлері.
Құқықтық сана мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді:
1)мазмұны бойынша:
-қарапайым құқықтық сана-бұл тұлғалардың құқыққа қатысты жалпы көзқарастары, өмірлік тәжірибесінің әсерімен туындайтын көңіл-күйлері;
-кәсіби құқықтық сана-бұл заңгерлердің заңды тәжірибесінің негізінде қалыптасатын сезімдері, сенімдері, көзқарастары, дәстүрлері;
-ғылыми құқықтық сана –бұл құқықты теориялық игеруді көрсететін идеялар, түсініктер, концепциялар;
2) субъектілері бойынша:
-жеке құқықтық сана;
-топтық құқықтық сана;
-қоғамдық құқықтық сана.
Құқықтық сананы иеленушіге байланысты құқықтық сананың жеке, топтық (ұжымдық) және қоғамдық құқықтық сана түрлері туралы айтуға болады.
Жеке құқықтық сана адам күнделікті қатысатын алуан түрлі әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың ықпалымен, сондай-ақ өзінің психикалы-физиологиялық ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның мәдениеті мен білімі деңгейінің әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен қабілетінің бірдей болмауы жеке құқықтық сана деңгейінің әртүрлі болуына себепші болады. Құқықтық сана деңгейін көтеру үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқына нысаналы идеологиялық ықпал жасаудың, азаматтарға құқықтық тәрбие берудің де маңызы емес.
Топтық құқықтық сана тиісті әлеуметтік топтар мен оларға кіретін жеке адамдардың ерекшеліктерімен анықталады. Құқықтық құндылықтар әрбір топта бірдей танылмайды. Олардың ішінде топтық құқықтық сана заңдылық пен әділеттік идеяларын мүлде құрметтейтіндерінде топтық құқықтық сананың әлеуметсізденуі, қоғамда бар құқықтық идеологиядан шеттеу, құқықтық нигилизмнің ескі түрін консервациялау, тіпті криминогендік жағдайлардың қалыптасуы мүмкін.
Қоғамдық құқықтық сана құқыққа және құқықтық өмір шындығының жалпы қоғамда қалыптасқан құбылыстарына көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық құқықтық санада қоғамда жеке адамның бостандығына және жеке меншікке ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік бере алатын теңдесі жоқ әлеуметтік құндылық ретінде құқық түсінігі орнығады. Құқық болмайынша оның екеуі де жоқ.
42. Құқықтық мәдениеттің түсінігі және құрылымы
Кең мағынасында құқықтық мәдениет-қоғамның құқыққа деген нақты қажеттері (оның ішінде мемлекеттің құқықты бағалауы), құқықтық ғылым дамуының деңгейі мен заң білімнің погресшілдігі және ақырында, елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі керек ететін қоғам мәдениетінің ажырағысыз бөлігі. Тар мағынасында алғанда қоғамның құқықтық жүйесінің даму деңгейін құқықтық мәдениет деп түсінген жөн.
Құқықтық мәдениет құқықтық санамен тығыз байланыстылықта болып тұрып, оған сүйенеді. Алайда, құқықтық мәдениет құқықтық санаға қарағандва әлдеқайда кең, себебі, ол психологиялық және идеологиялық элементтермен қатар, заңды мәні бар жүріс-тұрысты да қамтиды. Құқықтық мәдениет мыналарды білдіреді:
1)құқықтық шындықты сезімдік қабылдаудың және құқықтық ойланудың белгілі бір деңгейі;
2)халықтың заңдарды білуінің тиісті дәрежесі;
3)құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейі;
4)құқық шығармашылық және құқықты жүзеге асыру процестерінің сапалық жағдайы;
5)құқықтық қызметтің ерекше тәсілдері (құқық қорғау органдарының жұмысы, конституциялық бақылау және т.б.);
6)құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани және материалдық игіліктер түріндегі нәтижелері (заңдар, сот тәжірибесі, заңнама жүйесі және т.б.).
5.Құқықтық мәдениеттің құрылымы.
Құқықтық мәдениет жекелік және қоғамдық тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Тұлғаның құқықтық мәдениеті-бұл құқықты білу және түсіну, соған сәйкес әрекет ету. Тұлғаның құқықтық мәдениеті тұлғаның құқықтық білімділігін білдіреді, оған құқықтық сана, құқықты қолданудың дағдылары мен қабілеті, өз жүріс-тұрысын заң нормаларына бағындыру жатады. Тұлғаның құқықтық мәдениетінің құрылымы мына элементтерден құралады:
1)психологиялық элемент-құқықтық психология;
2)идеологиялық элемент-құқықтық идеология;
3)жүріс-тұрыстық элемент-заңды мәні бар жүріс-тұрыс;
Қоғамның құқықтық мәдениеті-бұл қоғамның құқықтық санасының және құқықтық белсенділігінің деңгейі, заң нормалар мен заң қызметінің дамуының дәрежесі. Қоғамның құқықтық мәдениеті оның жалпы мәдениетінің бөлігі болып табылады және келесі факторлармен сипатталады:
-құқықты шын мәнінде қажетсіну;
-елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы;
-қоғамдағы заң ғылымы мен заң білімінің даму дәрежесі.
Қоғамның құқықтық мәдениетінің құрылымы келесі элементтерден құралады:
1)қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық белсенділігінің деңгейі;
2)заң нормаларының даму дәрежесі (құқықтың даму деңгейі, заң мәтіндерінің мәдениеті және т.б.);
3)заң қызметінің даму дәрежесі (құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы қызметтің мәдениеті).
43. Құқықтық қатынас түсінігі, оның белгілері мен түрлері.
Құқықтық қатынас санаты құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық санаттардың бірі болып табылады және адамдардың іс-әрекетіне құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді.
Құқықтық қатынас-бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
Құқықтық қатынастардың белгілері:
А) бұл әлеуметтік субъектілер арасындағы екі жақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас;
Ә) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады;
Б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;
В)бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет;
Г)бұл мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынастар
Құқықтық қатынастардың түрлері.
Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты,әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
салалық белгісі бойынша: құқықтық қатынастар конституциялық-құқықтық, әкімшілік –құқықтық, азаматтық-құқықтық және т.б. болып бөлінеді;
сипаты бойынша: материалдық (қаржылық,еңбек және т.б.) және іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік және т.б.) құқықтық қатынастар;
құқықтың функциялары бойынша: реттеуші және қорғаушы құқықтық қатынастар. Реттеуші құқықтық қатынастар құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық қатынастар мемлекеттік мәжбүрлеу және заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты болады;
қатысушылардың құрамына қарай: жай және күрделі құқықтық қатынастар. Жай құқықтық қатынастар екі субъектінің арасында туындайды (сату-сатып алу құқықтық қатынастары), ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектілердің арасында туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастары);
субъектілерінің анықталу дәрежесіне қарай: абсолюттік және қатысты құқықтық қатынастар. Абсолюттік құқықтық қатынастарда тек бір жақ қана-субъективтік құқықты иеленуші-анықталады, ал қатысты құқықтық қатынастарда екі жақ та жеке дара анықталған болып келеді және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттерді иеленуші болып табылады;
жалпы және нақты құқықтық қатынастар, жалпы құқықтық қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынастар заңды фактілердің –әрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілерінің –нәтижесінде пайда болады.
44.Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың өзара байланысы.
Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғы шарттары.
Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғы шарттары-бұл құқықтық қатынастарды туындататын жағдайлар, факторлар. Құқықтық қатынастардың пайда болу алғы шарттарының екі түрін бөліп қарастырады:
1)материалдық (жалпы) алғышарттар.
Оларға адамдардың құқықтық қатынастарға түсуіне әсер ететін өмірлік қажеттіктері мен мүдделері жатады. Кең мағынада-бұл белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің объективтік қажеттігін көрсететін әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б. жағдайлардың жүйесі.
2)Заңды (арнайы) алғы шарттар.
Оларға құқық нормасы, құқық субъектілік және шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңды факт жатады. Аталған алғы шарттарсыз құқықтық қатынастың туындауы мүмкін емес.
4.Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың өзара байланысы.
Құқық нормасы-бұл жалпыға міндетті іс-әрекет ережесі, ал құқықтық қатынас-құқық нормасының негізінде пайда болатын қоғамдық қатынас.
Олардың арасындағы өзара байланыс мыналардан көрінеді:
А) құқық нормасы мен құқықтық қатынас құқықтық реттеу механизмінің элементтері болып табылады;
Ә) құқық нормасы-бұл құқықтық қатынастың пайда болуының негізі;
Б)құқық нормасы құқықтық қатынастар субъектілерінің шеңберін анықтайды;
В)құқық нормасы өз гипотезасында белгілі бір құқықтық қатынастың пайда болу жағдайларын көздейді;
Г) құқық нормасы өз диспозициясында құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін анықтайды;
Д)құқық нормасы өз санкциясында диспозицияны орындаудың мүмкін салдарын көрсетеді (жазалау немесе марапаттау);
Е)құқықтық норма мен құқықтық қатынас себеп пен сал ретінде байланысқа түседі, яғни, құқықтық қатынас-бұл құқық нормасының жүзеге асу нысаны.
5.Құқықтық қатынастардың құрылымы.
Құқықтық қатынас элементтер құрамы бойынша күрделі құрылымға ие: құқықтық қатынастың субъектісі, құқықтық қатынастың объектісі, субъективтік құқық және заңды міндет.
Құқықтық қатынастардың субъектілері-бұл құқықтық қатынастардың сәйкес субъективтік құқықтар мен міндеттерді иеленген қатысушылары.
Құқықтық қатынас субъектісі-бұл өзінің құқық субъектілігін пайдаланушы құқық субъектісі. Құқықтық қатынастар субъектілерінің келесі түрі болады:
1)Жеке субъектілер (жеке тұлғалар); бұларға азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар,қосазаматтығы бар тұлғалар, шетелдік тұлғалар жатады. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтар Қазақстанның аумағында Қазақстан азаматтары сияқты құқықтарды иеленіп, құқықтық қатынастарға түсе алады, алайда, оларға қатысты заңнамамен орнықтырылған шектеулер бар, мысалы, олар Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына сайлана және сайлауға қатыса алмайды, Қарулы Күштер қатарында қызметін өтемейді, мемлекеттік аппаратта белгілі бір лауазымды иелене алмайды және т.б.
2) Ұжымдық субъектілер; бұларға мыналар жатады: мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық-құқықтық қатынастарға түскен жағдайда); мемлекеттік ұйымдар; мемлекеттік емес ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық бірлестіктер және т.б.).
Құқық субъектілік-бұл тұлғаны құқық субъектісі ретінде сипаттайтын құқық қабілеттік пен әрекет қабілеттіктің жиынтығы.
Құқықтық қатынастардың субъектілері болу үшін тұлғалар құқық қабілеттік пен әрекет қабілеттікті иеленуі тиіс.
Құқық қабілеттік –бұл тұлғаның құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті.
Әрекет қабілеттік-бұл тұлғаның өз әрекеттері арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. Әрекет қабілеттіктің келесі түрлері болады: толық-18 жастан басталады; жартылай-14 пен 18 жас аралығында болады. Әрекет қабілеттік шектеулі мүмкін. Конституцияда бекітілгендей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана және конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында қажет болған шамада ғана шектеулі мүмкін.
Құқық қабілеттік пен әрекет қабілеттік бір-бірінен ажыратылмайды және көп жағдайда бір мезетте пайда болады. Азаматтық құқықтағы құқық қабілеттік пен әрекет қабілеттіктің ажыратылуын былай түсіндіруге болады:
А) мүліктік қатынастар олардың жасына,еркінің жағдайына қарамастан барлық азаматтар үшін қажет;
Ә)мүліктік құқықтық қатынастар саласында құқық қабілеттігі бар, алайда әрекетке қабілетсіз тұлғаның орнына оның заңды өкілі қатыса алады.
45.Құқық қатынастардың құрылымы: субъектісі, объектісі және мазмұны.
Құқықтық қатынас элементтер құрамы бойынша күрделі құрылымға ие: құқықтық қатынастың субъектісі, құқықтық қатынастың объектісі, субъективтік құқық және заңды міндет.
Құқықтық қатынастардың субъектілері-бұл құқықтық қатынастардың сәйкес субъективтік құқықтар мен міндеттерді иеленген қатысушылары.
Құқықтық қатынас субъектісі-бұл өзінің құқық субъектілігін пайдаланушы құқық субъектісі. Құқықтық қатынастар субъектілерінің келесі түрі болады:
1)Жеке субъектілер (жеке тұлғалар); бұларға азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар,қосазаматтығы бар тұлғалар, шетелдік тұлғалар жатады. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтар Қазақстанның аумағында Қазақстан азаматтары сияқты құқықтарды иеленіп, құқықтық қатынастарға түсе алады, алайда, оларға қатысты заңнамамен орнықтырылған шектеулер бар, мысалы, олар Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына сайлана және сайлауға қатыса алмайды, Қарулы Күштер қатарында қызметін өтемейді, мемлекеттік аппаратта белгілі бір лауазымды иелене алмайды және т.б.
2) Ұжымдық субъектілер; бұларға мыналар жатады: мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық-құқықтық қатынастарға түскен жағдайда); мемлекеттік ұйымдар; мемлекеттік емес ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық бірлестіктер және т.б.).
Құқық субъектілік-бұл тұлғаны құқық субъектісі ретінде сипаттайтын құқық қабілеттік пен әрекет қабілеттіктің жиынтығы.
Құқықтық қатынастардың субъектілері болу үшін тұлғалар құқық қабілеттік пен әрекет қабілеттікті иеленуі тиіс.
Құқық қабілеттік –бұл тұлғаның құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті.
Әрекет қабілеттік-бұл тұлғаның өз әрекеттері арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. Әрекет қабілеттіктің келесі түрлері болады: толық-18 жастан басталады; жартылай-14 пен 18 жас аралығында болады. Әрекет қабілеттік шектеулі мүмкін. Конституцияда бекітілгендей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана және конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында қажет болған шамада ғана шектеулі мүмкін.
Құқық қабілеттік пен әрекет қабілеттік бір-бірінен ажыратылмайды және көп жағдайда бір мезетте пайда болады. Азаматтық құқықтағы құқық қабілеттік пен әрекет қабілеттіктің ажыратылуын былай түсіндіруге болады:
А) мүліктік қатынастар олардың жасына,еркінің жағдайына қарамастан барлық азаматтар үшін қажет;
Ә)мүліктік құқықтық қатынастар саласында құқық қабілеттігі бар, алайда әрекетке қабілетсіз тұлғаның орнына оның заңды өкілі қатыса алады.
6.Құқықтық қатынастардың объектілері.
Құқықтық қатынастардың объектілері-бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бағытталған және осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін санат. Аталған санатты түсінуде екі бағытты бөліп қарастырады:
-олардың біріншісіне сәйкес, құқықтық қатынастың объектісі болып тек субъектілердің әрекеттері табылады;
-екінші көзқарасты көптеген ғалымдар жақтайды, оған сәйкес, объектілердің түрлері өте көп, олар:
1) материалдық игіліктер (заттар, құндылықтар, мүлік және т.б.);
2)материалдық емес игіліктер (өмір, денсаулық, қадір-қасиет, абырой және т.б.);
3) рухани шығармашылық өнімдері (әдебиет, өнер, музыка, ғылым туындылары және т.б.);
4)құқықтық қатынастар қатысушыларының әрекеттерінің нәтижелері (мысалы, тасымалдау шартының, мердігерлік шартының нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастар);
5)бағалы қағаздар мен құжаттар (ақша, акциялар,диплом және т.б.).
Субъективтік құқықтар және заңды міндеттер.
Егер қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастардың материалдық мазмұны болып табылса, субъективтік құқықтар мен міндеттер субъективтік мазмұны болып табылады.
Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынастар қатысушыларының арасындағы заңды байланыстар жүзеге асырылады.
Субъективтік құқық-бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы.
Заңды міндет-бұл заңды қажет іс-әрекет шамасы. Міндет-бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі.
Субъективтік құқық пен заңды міндеттің арасындағы айырмашылықтар:
-егер субъективтік құқық тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет бөтен мүдделерді (мысалы, мемлекеттің, басқа тұлғалардың) қанағаттандыруға бағытталған;
-егер субъективтік құқық заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы болып табылса, заңды міндет қажетті іс-әрекет шамасы болып табылады.
Заңды фактілер- бұл белгілі бір құқықтық салдардың туындауына негіз болып табылатын нақты өмірлік мән-жағдайлар. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуының алғы шарттары болып табылады.
Заңды фактілерді әр түрлі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:
1)Туындайтын салдардың сипаты бойынша:
–құқық тудырушы (мысалы,жоғары оқу орнына түсу);
-құқық өзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бөлімге ауысу);
-құқық тоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау).
2) Құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысына қарай:
-оқиғалар-бұл субъектілердің еркіне тәуелсіз жағдайлар, мысалы, табиғат апаты, өлім және т.б.
-әрекеттер-бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысты жағдайлар. Әрекеттер, өз кезегінде, құқыққа сәйкес және құқыққа қайшы болып бөлінеді. Көп жағдайда құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін бір заңды факт жеткіліксіз болып, олардың жиынтығы-заңды құрам қажет болатын жағдайлар туындайды. Мысалы,кәрілігіне байланысты зейнетақы алу үшін зейнеткерлік жасына жету, белгілі бір еңбек өтілінің болу, зейнетақыны тағайындау туралы шешімінің болуы тиіс.
Заңды құрамдардың екі түрі болады:
А) оның барлық элементтері көрсетіліп, заңмен нақты анықталған болуы мүмкін (мысалы, зейнетақыны тағайындау мәселесі);
Ә) ол жалпы белгілермен сипатталуы мүмкін (мысалы, некені бұзудың негіздері).
46. Құқықтық қатынастың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуының заңды себептері.
Заңды айғақтар (фактілер) — нақтылы өмірлік мəн-жайлар. Сал айғақтармен құқық
нормалары құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын
байланыстырады. Кейде бұл айғақтың құқықтық нəтижесі болады, ал кейде бірнеше
айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, өзгертеді немесе жояды. Мысалы,
зейнеттік қатынастар пайда болуы үшін үш айғақ қажет: жас, стаж жəне зейнетақы
тағайындау туралы акт. Айғақтардан мұндай жиынтығын айғақтық құрам деп атайды.
Заңды айғақтар бірнеше негіздер арқылы жіктеледі. Нəтижесінің сипатына қарай олар
мына топтарға бөлінеді:
Құқықты құратын (еңбек шартын жасауға байланысты жалдаушы мен жалданушының
құқықтары мен міндеттері пайда болады);
Құқықты тоқтататын (үй-жайды сату нəтижесінде үй-жайға меншік иесі өзгереді, сатып
алушының меншік құқығы пайда болады, сатушы ол құқықтан айрылады).
Құқық өзгертетін (үй айырбастау нəтижесінде құқықтық қатынастың объектісі өзгереді,
соған сəйкес құқықтары мен міндеттері де өзгереді).
Заңды айғақтар ерік белгісіне байланысты да жіктеледі. Оған жататыны əрекет (шарт,
заңды бұзу, мұра қалдыру, т.с.с). Əрекеттердің өздері заңды жəне заңсыз болып екіге
бөлінеді. Мысалы, адамдардың əскери қызметте болуы, некеде тұруы, т.с.с. заңда
белгіленген заңды айғақтар болып табылады. Заңды айғақтарға оқиғалар да жатуы мүмкін.
Олар — жер сілкіну, өрт, дауыл, су тасқыны оқиғалары. Əрине, мұндай мəн-жайлар тек заңда
белгіленген (атап көрсетілген) болса ғана айғақтарға жатады.
47. Құқықты іске асырудың түсінігі және нысандары.
Құқықты іске асырудың түсінігі және нысандары
Құқықтық нормалар адамдардың санасы мен еркіне мақсатты түрде әсер ете отырып, оларды заңнамаға сәйкес жүріп тұруға итермелеу үшін қажет. Қоғамдық қатынастардың қатысушыларының жүріс-тұрыстары арқылы кез-келген заң шығарушы қалайтын нәтижелерге жетуге болады.
Құқықтық нормаларды іске асыру-құқықтық нормалардың ережелері көрініс тапқан адамдардың жүріс-тұрысы, олардың құқықтарды жүзеге асыру мен заңды міндеттерді орындаумен байланысты тәжірибелік қызметі. Субъектілердің әрекеттерінің сипатына қарай құқықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп қарастырады:
1)Сақтау-қолданыстағы құықпен тыйым салынған әрекеттерден бас тарту;
2)Орындау-жағымды мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байланысты белсенді әрекеттерді жүзеге асыру;
3)Пайдалану-олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағаттандырылатын субъективтік құқықтарды жүзеге асыру;
4)Қолдану-құзіретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі, нәтижесінде сәйкес жеке ант қабылданады.
2. Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері және кезеңдері.
Құқықты қолдану-бұл құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны. Ол субъектілердің билік органдарының көмегінсіз өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмауы жағдайында қажет.
Қолдану мына белгілермен сипатталады:
-құқықты тек осыған өкілетті құзіретті органдар ғана қолданады;
-биліктік сипатқа ие;
-іс жүргізушілік нысанда жүзеге асырылады;
-сәйкес жеке, биліктік (құқық қолданушы) актіні қолданумен байланысты;
-үш кезеңнен құралады:
1) істің іс жүзіндегі негізін анықтау; бұл кезде іс бойынша объективтік шындық анықталып, барлық заңды маңызы бар ақпараттарды жинау жүзеге асырылады;
2)істің заңды негізін анықтау; бұл кезде құқық қолданушы осы қоғамдық қатынасты реттейтін құқықтың саласын, институтын және нормасын таңдайды;
3) істі шешу, бұл кезде құқық нормасының негізінде ресми мағынадағы биліктік сипаттағы жеке акт қабылданады. Шешім қабылдау қорытынды әрі негізгі кезең болып табылады. Бұдан кейін шешім орындалуы және нақты қоғамдық қатынас іс жүзінде реттелуі тиіс.
48. Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері және кезеңдері.
Құқықтық нормалар адамдардың санасы мен еркіне мақсатты түрде әсер ете отырып, оларды заңнамаға сәйкес жүріп тұруға итермелеу үшін қажет. Қоғамдық қатынастардың қатысушыларының жүріс-тұрыстары арқылы кез-келген заң шығарушы қалайтын нәтижелерге жетуге болады.
Құқықтық нормаларды іске асыру-құқықтық нормалардың ережелері көрініс тапқан адамдардың жүріс-тұрысы, олардың құқықтарды жүзеге асыру мен заңды міндеттерді орындаумен байланысты тәжірибелік қызметі. Субъектілердің әрекеттерінің сипатына қарай құқықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп қарастырады:
1)Сақтау-қолданыстағы құықпен тыйым салынған әрекеттерден бас тарту;
2)Орындау-жағымды мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байланысты белсенді әрекеттерді жүзеге асыру;
3)Пайдалану-олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағаттандырылатын субъективтік құқықтарды жүзеге асыру;
4)Қолдану-құзіретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі, нәтижесінде сәйкес жеке ант қабылданады.
2. Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері және кезеңдері.
Құқықты қолдану-бұл құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны. Ол субъектілердің билік органдарының көмегінсіз өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмауы жағдайында қажет.
Қолдану мына белгілермен сипатталады:
-құқықты тек осыған өкілетті құзіретті органдар ғана қолданады;
-биліктік сипатқа ие;
-іс жүргізушілік нысанда жүзеге асырылады;
-сәйкес жеке, биліктік (құқық қолданушы) актіні қолданумен байланысты;
-үш кезеңнен құралады:
1) істің іс жүзіндегі негізін анықтау; бұл кезде іс бойынша объективтік шындық анықталып, барлық заңды маңызы бар ақпараттарды жинау жүзеге асырылады;
2)істің заңды негізін анықтау; бұл кезде құқық қолданушы осы қоғамдық қатынасты реттейтін құқықтың саласын, институтын және нормасын таңдайды;
3) істі шешу, бұл кезде құқық нормасының негізінде ресми мағынадағы биліктік сипаттағы жеке акт қабылданады. Шешім қабылдау қорытынды әрі негізгі кезең болып табылады. Бұдан кейін шешім орындалуы және нақты қоғамдық қатынас іс жүзінде реттелуі тиіс.
3. Құқықтық нормаларды қолдану актілері.
Құқықты қолдану актісі-бұл нақты бір заңды істі шешу нәтижесінде құзіретті орган шығаратын, жеке биліктік ережеден құралған құқықтық акт. Оның мынандай ерекшеліктері болады:
-құзіретті орган шығарады;
-мемлекеттік-биліктік сипатқа ие;
-нормативтік емес, жеке сипатқа ие, себебі, нақты субъектілерге бағытталған;
-заңмен анықталған өзіне тән нысанға ие.
Құқық қолдану актілерін келесі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:
1)Нысаны бойынша-жарлықтар, үкімдер, шешімдер, бұйрықтар және т.б.;
2)Оларды қабылдайтын субъектілерге байланысты-мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың (мысалы, муниципалды органдардың) актілері;
3)Құқықтың функциялары бойынша-реттеуші (мысалы, қызметтік бұйрықтар) және қорғаушы (мысалы, қылмыстық істі қозғау туралы қаулы);
4)Заңды табиғаты бойынша-негізгі және көмекші; негізгі актілер заңды істің соңғы шешімін көрсетеді (мысалы, үкім), ал көмекші актілер негізгі актілерді шығаруға жәрдемдеседі (мысалы, тұлғаны айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы).
5)Құқықтық реттеу пәні бойынша-қылмыстық-құқықтық, азаматтық –құқықтық және т.б. актілер;
6)Сипаты бойынша-материалдық және іс жүргізушілік.
49. Заңды коллизиялар мен олқылақтар.
Құқықтағы олқылықтар.
Құқықтағы олқылықтар-бұл қолданыстағы заңнамада қажетті заң нормаларының толығымен немесе жартылай болмауы. Кемістіктер жаңа құқық нормасын қабылдау арқылы құқық шығармашылық процесінің көмегімен жоюға болады. Кемістіктерді құқық қолдану процессі арқылы жеңуге болады, себебі, бұл кезде ешбір жаңа нормалар қабылданбайды: не құқық ұқсастығы, не заң ұқсастығы қолданылады.
Заң ұқсастығы-бұл нақты бір заңды істі осыған ұқсас істі шешуге бағытталған құқықтық норманың негізінде шешу.
Құқық ұқсастығы-бұл нақты заңды істі құқықтың жалпы қағидалары мен мәні негізіне шешу. Құқықтағы олқылықтарды жеңудің бұл әдісі ұқсас істі шешуге байланысты осы құқық саласында ұқсас құқық саласында да нақты нормалар болмаған жағдайда ғана қолданылады.
50.Нормативтік-құқықтық актілерді талқылау түсінігі. Құқықтық талқылаудың тәсілдері.
Құқық нормасын талқылаудың түсінігі.
Құқық нормасын талқылау-оларды дұрыс түсінудің және қолданудың маңызды шарты.
Талқылау-бұл құқықтық норманың мазмұнын нақты, дәл мәнін анықтау.
Құқықтық норманы талқылау-бұл норманың нақты мазмұнын түсіндірумен байланысты құзыретті мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және жекелеген азаматтардың қызметі. Талқылау барысында норманы қолданудың талабы, құқықтық қатынастарға қатысушыларды құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық нормаларын бұзған үшін заңды жауапкершіліктің шаралары анықталады. Талқылау құқық қорғау, атқару органдар қызметінде прокуратура, сот органдары қызметінде құқық нормаларын толық және жан-жақты іске асыруды қамтамасыз етеді. Осы арқылы талқылау құқықтық нормаларды бірыңғай түсінуге және барлық аумақта құқық нормаларын бірыңғай қолдануды, қоғамдық өмірдің әр саласында. Заңдылықпен тұрақты құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектеседі.
Талқылаудың екі бағыты бар. Олар: түсіну және түсіндіру.
Бұл екі бағыт бір-бірімен байланысты. Оның үстіне түсіну әрқашанда түсіндірудің алдында жүреді. Керісінше болмайды, бірақ әрқашанда түсіндірумен ұмтаспайды. Ол нақты жағдайға байланысты. Құқық нормасын түсіну бағытында субъектінің өзі үшін талқыланады.Бұндай талқылау ой үрдісі талқылаушының санасында болады, сыртқы көрінісі болмайды, өйткені нақты актіде жазылмайды.
Бұндай талқылауды ресми талқылаушы (лауазымды тұлға) емес, сонымен қатар, қатардағы азаматтар береді. Ол барлығы үшін міндетті емес, норманың мәнін түсіну оның талаптарын дұрыс түсіну мен іске асыру үшін қажетті алғы шарт болып табылады. Құқық нормасын түсіндіру бағытында тек ойлау үрдісі жүзеге асып қана қоймай, нақты заңи әрекет жасалады, нақты арнайы актілерде өз көрінісін табады, яғни құжатпен рәсімделеді. Оның үстіне ол барлық мүдделі тұлғалар үшін міндетті. Норманы түсіндіруді тек өкілетті орган не лауазымды тұлға жүзеге асырады. Талқылаудың тиімділігі талқылаушының құқықтық санасының құқықтық санасының деңгейіне байланысты. Талқылаушының құқықтық санасын жоғары болса, құқық бұзушылық аз болады, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары қанағаттандырылады.
2.Талқылаудың түрлері.
Талқылаудың субъектілері ретінде-азаматтар, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар, ғылыми мекемелер, ғалымдар, тәжірибешілер болуы мүмкін. Бұндай қызметтің салдары да әр түрлі болуы мүмкін. Талқылау субъектісі бойынша екіге бөлінеді: ресми және ресми емес.
Ресми талқылау—бұл өкілеттігі бар мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға беретін түсіндіруді айтамыз. Әдетте, ол арнайы актілерді құжаттамалық рәсімделеді және барлық азаматтарға міндетті болады. Белгілі бір салдарды туындатады. Бұндай талқылау субъектілерді талқыланып жатқан норманы бірдей түсінуге және оны дұрыс түсінуге бағыттайды. Ресми талқылау өз алдына көлемі бойынша нормативті және казуальді, аутентикалық (авторлық), легальді (рұқсат етілген), соттық және әкімшілік деп бөлінеді.
Нормативтік талқылау-бұл белгілі бір норманы немесе құқық нормасын қолданатын барлық тұлғаларға және органдарға міндетті болып табылатын ресми талқылау. Бұндай талқылау талқыланған нормамен көзделген барлық жағдайларға таралады. Осы арқылы оның талаптарын бірыңғай және дұрыс қолдануды қамтамассыз етеді. Мысалы, Жоғарғы Сот төмен тұрған барлық сотқа қандай да бір істердің санаттарын қарағанда, қандай да бір заңдарды қолданғанда, белгілі бір талаптарды және бағыттарды ұстануға ұсыныс береді.
Казуальді талқылау-бұл нақты заңи істі қарау барысында, құқықтық норманың мазмұнын түсіндіру. Бұндай талқылаудың казуальді деп, аталудың себебі, ол тек нақты жағдайға ғана таралады. Оның жалпыға міндетті сипаты болмайды. Казуальді талқылауға қажеттілік төмен тұрған құқық қолданушы органның нақты заңи іс бойынша шығарған шешімі дұрыс болмай заңға қайшы келген жағдайда қолданылады. Сонымен қатар, осы құқықтық норманы қолданатын органға үлгі ретінде болады.
Аутентикалық талқылау-бұл талқыланатын нормативтік құқықтың актіні шығарған органның немесе лауазымды тұлғаның түсіндіруі, яғни бұл мемлекеттік органның өзі шығарған актілерді талқылауы. Мысалы, Парламенттің өзі шығарған заңдарды талқылауы.
Легальді талқылау-бұл жоғары тұрған органның рұқсаты арқылы төмен тұрған органның немесе лауазымды тұлғаның түсіндіруі. Мысалы, Парламент Үкіметке, өзі шығарған заңды түсіндіру үшін министрліктер мен ведомстволар арнайы өкілеттікке ие болады. Қаржы министрлігі мемлекеттік бюджетті бөлу туралы Үкіметтің шешімін түсіндіру.
Соттық талқылау-бұл жоғары тұрған соттың құқық нормасының мәнін түсіндіруі. Ол сот қызметінде құқық нормаларын дұрыс түсінуді және бірыңғай қолдануды қамтамасыз етеді. Мысалы, ҚР Жоғарғы Соты барлық төмен тұрған соттарға сотта істі қарау барысында азаматтық және қылмыстық заңнаманы қолдану мәселелері туралы ресми түсінік береді және ол барлық төмен тұрған соттарға талқыланған құқықтық норманы қолданатын лауазымды тұлғаларға міндетті болып табылады.
Әкімшілік талқылау-бұл мемлекеттік атқарушы органның құқық нормасының мәнін түсіндіруі. Бұндай талқылау әдетте, басқару, еңбек, әлеуметтік және т.б. мәселелерге байланысты беріледі.
Ресми емес талқылау-бұл жалпыға міндетті болмайтын құқық нормаларын мәнін талқылау. Оны кез-келген азамат, қоғамдық бірлестік береді. Ол ауызша немесе жазбаша болады. Оның ерекшелігі ол билікпен, мәжбүрлеумен, жазамен байланысты емес. Ресми емес талқылау келесідей бөлінеді: доктриналық (ғылыми), кәсіби және қарапайым.
Доктриналық талқылау-бұл ғалымның, ғылым өкілдерінің құқық нормасының мәнін түсіндіруі. Оның құндылығы-аргументтелген, дәлелденген, негізделген. Оны арнайы ғылыми-зерттеу мекемелері, білікті заңгер-ғалымдар, тәжірибелі заңгер-практиктердің заңға түсініктемелерінде, ғылыми жұмыстарында, мақалаларында береді.
Мысалы, қылмыстық, азаматтық кодекске түсініктеме. Ресми мен ғылым талқылаудың айырмашылығы неде? Ресми қорытынды нәтижелер көзделсе, ғылымда дәлелдемелер, талдау, мәнін ашады.
Кәсіби талқылау-бұл заңгер-мамандар, судья, прокурор, тергеуші, адвокаттың және жоғары заңи білімі бар қолданыстағы заңды жақсы білетін мамандардың құқық нормасының мәнін түсіндіруі. Бұндай талқылау ауызша (кеңес,нақты сұрақ-жауап) және жазбаша (анықтама, қорытынды, баспадағы мақала) болады. Оның құндылығы талқылайтын адамдардың терең білімі мен құзіреттілігінде.
Қарапайым талқылау-бұл қатардағы азаматтың құқық нормасын өзінше түсіндіруі. Бұндай талқылау тұрғындардың негізгі көпшілігінің құқықтық санасын көрсетеді. Ол дұрыс емес, эмоционалды сипатта болады.
3.Талқылаудың әдісі және көлемі.
Заң ғылымында және практикада ұзақ тәжірибе арқасында құқықтық нормаларды талқылаудың белгілі бір әдістері қалыптасқан.
Әдістер-бұл құқық нормасының мәнін түсіну мен түсіндірілуде қолданатын нақты әдістер, тәртіп, технологиялар.
Ондай әдіске мыналар жатады: логикалық, жүйелілік, грамматикалық (филологиялық, тіл), тарихи-саяси, арнайы-заңи, теологиялық және функциональді.
Грамматикалық талқылау-бұл лексико-стилистика және морфология тұрғысынан құқық негізінде анализ жасау, жеке сөз, сөйлемнің мағынасын, қос сөздерді, тұрлаулы мүшелерді анықтау.
Логикалық талқылау-бұл логика заңдары негізінде құқық нормасына анализ жасау. Норманың ішкі құрылымын, үш элементтердің байланысын анықтау, логикалық қарама-қайшылықтарды жою.
Жүйелілік әдіс-бұл ұқсас, біртекті қатынастарды реттейтін нормалармен бірге құқық нормаларын талқылау. Бұл құқық жүйесіне негізделген, әсіресе, сілтемелі бланкеті нормаларға негізделеді.
Тарихи-саяси талқылау-бұл нормалар қабылданған әлеуметтік шарттар бар ма, жоқ па, саяси, экономикалық жағдай өзгеруі мен сол тұрғыда құқық нормаларын талдау.
Арнайы-заңи талқылау-бұл құқық ғылымында және заңнамада ерекше терминдер мен ұғымдарды талқылау.
Теологиялық (мақсатты) талқылау-бұл нақты норманы шығарған кезде, заң шығарушы қандай мақсаты көздегенін анықтау. Бұл мақсаттар кіріспеде көзделеді. Бұл мақсат норманың мазмұнында да анықталады.
Көлемі бойынша талқылау үшке бөлінеді: сөзбе сөз, шектелге және кеңейтілген.
Сөзбе сөз талқылау- бұл құқық нормасының сөзбен бейнеленуі. Оның нақты мәніне сәйкес келеді, яғни рух және әріп сәйкес келеді.
Шектелген талқылау-бұл норманың мәнін шектейтін талқылау. Мысалы,әр адам салық төлеуге міндетті (мүгедек, бала).
Кеңейтілген талқылау-бұл құқық нормасының мәнін кеңейтіп талқылау. Мысалы, ҚР азаматтарының тек құқықтарды ғана емес, сонымен қатар тең міндеттерді атқарады.
4.Құқықты талқылаудың актілері.
Құқықты талқылаудың актісі-бұл заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған құқықтық акт.
Құқықты түсіндіру актілерінің ерекшеліктері:
-заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған;
-нормативтік емес, нақтылаушы ережелерден құралған;
-дербес сипатқа ие емес және өзі түсіндіріп отырған нормалармен бірге әрекет етеді;
-құқықтың қайнар көзі болып табылмайды.
Құқықты түсіндіру актілерінің төмендегідей түрлері болады:
1)Ресми түсіндірудің түрлеріне қарай олар нормативтік (аутентикалық және легалды) және казуалды түсіндіру актілері болып бөлінеді;
2)Түсіндіруді жүзеге асырып отырған органдарға қарай-мемлекеттік билік органдарының, басқару органдарының, сот, прокуратура органдарының түсіндіру актілері;
3)Құқықтық реттеу пәніне қарай-қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және т.б. құқықты түсіндіру актілері;
4)Сипатына қарай-материалдық және іс жүргізушілік түсіндіру актілері;
5)Нысанына қарай-жарлықтар, қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулар және т.б.
51.Құқықты реттеу механизмінің түсінігі мен элементтері
Құқықтық реттеу механизмі-бұл құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсаттарында кезекті түрде ұйымдастырылған заңи құралдардың жүйесі.
Құқықтық реттеу механизмінің мақсаты-субъектілердің мүдделерінің құндылықтарға кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз ету. (мазмұнды белгісі). Құқықтық реттеу механизмі-бұл табиғаты және функциялары бойынша әр түрлі заңды құралдардың жүйесі.(формальді белгісі).
Құқықтық реттеу механизмінің келесі элементтерін бөліп қарастыруға болады:
1)Құқық нормасы-мұнда мүдделерді қанағаттандыру үлгісі қалыптасады;
2)Ұйымдастырушылық-атқарушы акт сияқты шешуші фактімен бірлескен заңды факт немесе фактілі құрам;
3)Құқықтық қатынас-бұл жердегі нормативтік талаптар сәйкес субъектілерге қатысты нақтыланады;
4)Құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру актілері-субъектілердің сақтау, атқару және пайдалану нысанындағы әрекеттері;
5)Қорғаушы, құқық қолданушы акт-құқық бұзушының жағдайында қолданылады.
52.Құқықты реттеудің тиімділігі. Құқықтық реттеу механизімінің негізгі элементтері.
Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі-бұл құқықтық реттеудің нәтижесі мен оның алдында тұрған мақсаттың арасындағы ара-қатынас.
Құқықтық реттеудің тиімділігін көтерудің төмендегідей жолдарын атап өтуге болады:
1)құқық шығармашылықты жетілдіру. Мұның нәтижесінде заң шығармашылық техниканың жоғары деңгейіне сәйкес құқық нормаларында қоғамдық мүдделер мен заңдылықтар мейлінше анық көрініс табады. Бұл кезде заңды және ақпараттық құралдардың көмегімен заңды сақтау оны бұзудан пайдалы болатындай жағдай жасау керек.
2)Құқықты қолдануды жетілдіру нормативтік реттеудің нәтижелерін толықтырады.Құқықты қолдану әр бір заңды жағдайдың нақты жағдайларын, өзіндік ерекшеліктерін ескереді. Құқық шығармашылық пен құқық қолдануды дұрыс үйлестіру құқықтық реттеуге икемділік пен кешенділік береді.
3)Құқық субъектілерінің құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру де құқықтық реттеудің сапасына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту процесіне әсерін тигізеді.
3.Құқыққа сәйкес іс-әрекеттің түсінігі және белгілері мен түрлері.
Құқыққа сәйкес іс-әрекет- бұл субъектілердің құқық нормаларына және әлеуметтік маңызды мақсаттарға сай келетін іс-әрекеті. Құқыққа сәйкес іс-әрекет қоғамның мүддесін көздейтін қажеттілік болып табылады. Ол құқықтық нормалар арқылы ынталандырылады, әрі мемлекет тағайындаған ережесі адамның саналылық қатынастарының нәтижесі болып табылады. Кей уақытта адамның құқыққа сәйкес іс-әрекет құқықтық нормалар талабын бұзғандығы үшін жазадан қорқу негізінде жүзеге асырылады. Демек, кез келген адамның іс-әрекеті заңдық мәнді бола бермейді, ол үшін оның белгілі бір құқықтық белгілеріне ие болуы керек екен. Құқыққа сәйкес іс-әрекет келесі белгілермен сипатталады:
-іс-әрекеттің әлеуметтік мәнділігі (яғни, экономикалық, саяси және басқа да қатынастарды дамытудағы пайда болған іс-әрекет);
-адамның санасына және еркіне еріктілігіне бағыныштылығы (яғни, егер іс-әрекет адамның сана сезімімен және еркімен реттелмейтін болса, онда ол іс-әрекеттің мүмкіндігінен тыс жатады);
-құқықтық салаға кіруі (яғни, іс-әрекеттің мінездемелілік сипаты нақтылы әрі құқықтық қайнар көздерінде, соның ішінде нормативтік құқықтық актілерде дәлме-дәл тұжырымдалуы тиіс);
-мемлекеттің юрисдикциясында болуы және оның органдарының жағынан бағынатындығы (яғни, мемлекеттік кепілдігімен және мемлекеттің шынайы мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі);
-заңды зардаптарды болдыру қабілеттігі (яғни, белгілі бір жағдайларда адамның іс-әрекеті құқықпен реттелінетін қатынастардың тууына ықпал ете алатындығы).
Осы жоғарыда аталған белгілерге сәйкес келетін адамның іс-әрекеті құқықтық болып табылады, ал қалғандары құқыққа сәйкес еместігін білдіреді.
Құқыққа сәйкес іс-әрекеттің түрлері.
Құқыққа сәйкес іс-әрекет мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді:
1)Әлеуметтік маңыздылығы дәрежесіне қарай: қажетті (мысалы, әскери борышты өтеу); қалауы (мысалы, ғылыми және көркем шығармашылық); рұқсат етілген (мысалы, діни рәсімдерді орындау).
2)Себептеріне, яғни, субъективтік жағына, байланысты: әлеуметтік белсенді; конформисттік; әдетті; маргиналды.
Әлеуметтік белсенді іс-әрекет-бұл құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің, жауапкершілік пен еріктіліктің жоғары деңгейімен
сипатталатын іс-әркеттің жоғарғы нысаны. Бұл жерде субъект жазадан қорықанынан немесе марапаттауды күткенінен емес, құқықтық іс-әркеттің қажеттігіне сенуінің негізінде әрекет етеді.
Әлеуметтік белсенді іс-әрекет мынадай элементтерден құралады:
А) қызметтің мемлекеттік ұйымдастырылған түрлеріндегі, құқық шығармашылық және құқықты жүзеге асыру салаларындағы белсенділік;
Ә)ерікті ұйымдардың қызметіндегі белсенділік;
Б)қоғамдық және қоғамдық-мемлекеттік құрылымдарды құрудағы және олардың қызметіндегі белсенділік;
В)тұлғаның құқық саласындағы дербес белсенділігі.
Конформисттік іс-әрекет-бұл құқықтық ережелерге оларды терең әрі жан-жақты түсінбестен, жоғары құқықтық белсенділіксіз бағынумен сипатталатын әрекет. Басқаша айтқанда, адам басқалардың да осылай жүріп-тұрғанын көргендіктен құқықтық іс-әрекетті таңдайды.
Әдетті іс-әрекет-бұл құқық нормаларының орындалуы әдетке айналып кеткен жағдайда көрініс табатын іс-әрекет. Әдет әрекеттердің бірнеше рет таныс жағдайда қайталануының нәтижесінде қалыптасады.
Маргиналды іс-әрекет-бұл мемлекеттің мәжбүрлеуінің, жазадан қорқудың нәтижесінде жүзеге асырылатын құқықтық іс-әрекет.
53.Құқықтық мінез-құлық түсінігі мен белгілері. Құқықтық мінез құлық түрлері.
Құқықтық тәртіп-бұл субъектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі.
Құқықтық тәртіптің ерекшеліктері:
А) ол құқық нормаларында жоспарланған;
Ә) осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды;
Б)мемлекетпен қамтамасыз етіледі;
В) қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды;
Г)заңдылықтың нәтижесі болып табылады.
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы мыналардан көрінеді:
1)құқықтық тәртіп құқықтық тәртіптің мақсаты болып табылады: құқықтық тәртіпке жету үшін заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер қабылданады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайтуға байланысты шаралар қолданылады;
2) құқықтық реттеуді жетілдіру мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тәсілдермен құқықтық тәртіпке жету мүмкін емес;
3) заңдылықты нығайту құқықтық тәртіпті нығайтуға алып келеді;
4) құқықтық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына байланысты болады.
2.Тұлғаның құқықтық мәртебесі.
Тұлғаның құқықтық мәртебесі-бұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын бекітеді.
Құқықтық мәртебе дегеніміз-субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттік-терінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы. Құқықтар мен міндеттер құқықтық мәртебенің негізін құрайды.
Құқықтық мәртебенің құрылымы төменгідей элементтерден құралған:
-құқықтар мен міндеттер;
-заңды мүдделер;
-құқық субъектілік;
-азаматтық;
-заңды жауапкершілік;
-құқықтық қағидаттар.
Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жеке-дара болып бөлінеді.
Жалпы мәртебе-бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі Конституцияда бекітілген мәртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады.
Арнайы мәртебе-азаматтардың белгілі бір санаттарының (студенттердің, соғысқа қатысушылардың, зейнеткерлердің және т.б.) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді,олардың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жеке-дара мәртебе-жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас,отбасы жағдайы, лауазым және т.б.) көрсетеді және тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді.
53.Құқықтық мінез құлық түсінігі, белгілері және түрлері. Құқықбұзушылықтың заңдық құрамы.
Құқықбұзушылық – бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Құқықбұзушылықтың белгілері:
- қоғамға қауіптілік (қоғамға қауiптiлiк құқықбұзушылықтың негiзгi материалдық белгiсi және қандай да бiр әрекеттi құқықбұзушылық деп танудың негiзi болып табылады)
- әрекет немесе әрекетсіздік (әрекет адамның белсендi iс-қимылы және қоғамға қауiптi iс-әрекеттiң кең тараған түрi, әрекетсiздiк - адамның белгiлi бiр әрекеттi жасауға мiндеттi немесе оны жасауға мүмкiндiгi бола тұра сол әрекеттi жасамау түрiндегi бәсең, енжар әрекетi);
- кінә (адамның өзi жасаған әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне қатысты психикалық қатынасы болса, оның әрекетi кiнәлi түрде жасалған деп танылады);
- құқыққа қайшылық, яғни белгiлi бiр әрекетпен құқықтық норманы бұзу;
- зиянды нәтиже (адамның әрекетi немесе әрекетсiздiгi нәтижесiнде қоршаған ортада болған өзгерiстер);
- әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс (туындаған қоғамға қауiптi зардап қандай да бiр үшiншi тұлғаның немесе сыртқы күштiң әсерiнен емес адамның нақ осы әрекетiнiң не әрекетсiздiгiнiң нәтижесiнде келтiрiлгендiгi);
- заңды жауапкершілік (заң жазалау қатерiмен қорқытып тиым салған әрекеттi немесе әрекетсiздiктi жасау құқықбұзушылық болып саналады).
106 Құқықбұзушылықтардың түрлері
Құқықбұзушылықты топтастыру әртүрлі негіздер бойынша жүргізуге болады:
1)қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай - қылмыс және теріс қылық (әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, материалдық);
2)қоғамдық өмірдің саласына қарай – экономика, саясат, әлеуметтік, тұрмыстық және тағы басқа салаларда;
3)заң қызметі түрлеріне қарай - құқық шығармашылық, құқыққолдану, құқық қорғау;
4)кінәнің нысанына қарай – қасақана жасалған, абайсызда жасалған;
5)шаруашылық салаларына қарай - өнеркәсіптігі, ауыл шаруашылығындағы, көліктегі және т.б.
Қоғамға қауіптілік дәрежесәне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.
Қылмыстар – бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар. Құқықбұзушылықтардың басқа түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңмен аталған қылмыстық әрекеттердің тізімі нақты анықталған және олар кеңейтілген түсінуге жатпайды. Қылмысты жасау жазалауды көздейді.
Теріс қылықтар – әлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген.
Теріс қылықтардың түрлері:
1) Азаматтық теріс қылық – бұл мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар саласында жасалатын, ұйымдарға немесе жеке азаматтарға мүліктік зиян келтіруден көрініс табатын, шарт бойынша міндеттемелерді орындауды, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуды және т.б. білдіретін құқықбұзушылықтар. Олар үшін зиянды өтеу, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіру, орындалмаған міндетті мәжбүрлі түрде орындату сияқты санкциялар және басқа да құқықты қалпына келтіруші санкциялар көзделген.
2) Әкімшілік теріс қылық – бұл заңмен орнықтырылған қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқарушылық-өкімдік қызметі саласындағы қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес қатынастарға нұқсан келтіруші құқықбұзушылықтар. Әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұл, ескерту, арнайы құқықтан айыру (мысалы, көлік құралын айдау құқығы) және әкімшілік заңнамамен көзделген басқа да санкциялар көзделген.
3) Тәртіптік теріс қылық – бұл еңбек қатынастары саласында жүзеге асырылатын, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметінің ішкі тәртібіне нұқсан келтіретін құқықбұзушылықтар. Тәртіптік шаралар Еңбек туралы заңда, әскерилер үшін – Тәртіп туралы жарғыда, лауазымды тұлғалардың кейбір санаттары үшін – арнайы ережелерде қарастырылған. Бұл шараларды кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның әкімшілігі жүзеге асырады.
Құқықбұзушылықтардың барлық түрлері үшін санкциялар көзделген. Санкциялар құқықты қалпына келтіруші және айыпппұлдық болып бөлінеді. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар міндетті мәжбүрлі түрде орындатуға, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіруге бағытталған, ал айыппұлдық санкциялар құқық бұзушының белгілі бір құқықтарын шектеуді, оған арнайы міндеттерді жүктеуді немесе оны ресми түрде сынға алуды көздейді.
107 Құқықбұзушылықтың заңды құрамы
Құқықбұзушылықтың заңды құрамы – бұл құқықбұзушылықтың заңды жауапкершілікке тарту үшін қажетті және жеткілікті белгілерінің жүйесі. Заңды құрамға мыналар жатады:
1) құқықбұзушылықтың объектісі – бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік және т.б. жатады.
2) құқықбұзушылықтың объективтік жағы – бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады:
а) әрекет немесе әрекетсіздік;
ә) құқыққа қайшылық;
б) зиянды нәтиже;
в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.
3) құқықбұзушылықтың субъектісі – бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықәрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.
4) құқықбұзушылықтың субъективтік жағы – бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Субъективтік жаққа кінә, ниет және мақсат жатады. Бұл жерде басты санат болып кінә табылады. Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы.
Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді.
Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайдылық. Менмендікте тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын түсінеді, алайда жеткілікті негізсіз олардың алдын алуға тырысады. Немқұрайдылықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын болжай алмайды, алайда дұрыс зейін қойғанда оларды байқауы мүмкін әрі тиіс еді.
55.Заңды жауапкершілік түсінігі, белгілері, қағидалары мен түрлері.
Құқық теориясында заңи жауаптылықтың түсiнiгiмен байланысты мәселе пiкiр таласты болып табылады. Ол туралы көптеген анықтамалар мен көзқарастар бар. Жалпы алғанда, заңи жауаптылық түсiнiгiнiң ең көп таралған екi нұсқасы туралы айтуға болады.
Заңи жауаптылық – бұл құқықтық нормалармен көзделген құқық субъектiсiнiң өзi үшiн жағымсыз құқықбұзушылықтың салдарына ұшырау мiндеттi.
Заңи жауаптылық – бұл жасалған құқықбұзушылық үшiн кiнәлi тұлғаның жеке және мүлiктiк сипаттағы айыруларға ұшыраумен байланысты мемлекеттiк күштеу шараса.
Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін:
а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру);
ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл);
б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
- оны мемлекет құқықтық нормаларды орнықтырады;
- мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді;
- арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;
- жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;
- жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;
- іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;
- тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды.
Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құқықбұзушылық табылса, оның заңды негізі болып құқық нормасы мен сәйкес құқыққолданушы акт табылады. Құқыққолдану актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мәжбүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай құқыққолдану актісі ретінде әкімшілік бұйрығын, сот үкімін немесе шешімін және т.б. атауға болады.
109 Заңды жауапкершіліктің қағидаттары
Заңды жауапкершілік – бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану.
Заңды жауапкершіліктің қағидаттары:
1) заңдылық – жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық (яғни, құқықәрекетқабілетті тұлға жасаған кінәлі, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;
2) әділеттілік – жазаның кінәға сәйкестігін, теріс қылықтар үшін қылмыстық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін, кінәліге бір құқықбұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайындауды білдіреді;
3) негізділік – істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді және нақты жазалау шарасын заңға сәйкес анықтауды білдіреді;
4) ізгілік (гуманизм) – адамның қадір-қасиетін қорлайтын жазалау шараларын белгілеуге және қолдануға тыйым салуды білдіреді;
5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы – жасалған қылмыс үшін заңды жауапкершіліктің міндетті түрде туындайтынын білдіреді;
6) мақсаттылық – құқықбұзушыға қатысты таңдалған жазаның заңды жауапкершіліктің мақсаттарына сәйкестігін білдіреді.
110 Заңды жауапкершіліктің түрлері
Заңды жауапкершіліктің төмендегідей түрлері болады:
1) қылмыстық – тек қылмыстар үшін қолданылады; ешкім де сот шешімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылмауы және қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Қылмыстық жазалау шаралары–кінәлінің тұлғасына бағытталған мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатаң нысандары – бас бостандығынан айыру, өлім жазасы және т.б.
2) әкімшілік – әкімшілік теріс қылықтарды жасағаны үшін туындайды және айыппұл, арнайы құқығынан айыру және т.б. сияқты шаралардан көрініс табады.
3) азаматтық – мүліктік сипаттағы шарттық міндеттемелерді бұзу және шарттан тыс мүліктік зиян келтіру үшін туындайды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі қағидаты – зиянды толығымен өтеу.
4) тәртіптік – еңбек, оқу, қызметтік, әскери тәртіпті бұзу үшін қолданылады. Тәртіптік жауапкершілік шаралары – сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан шығару және т.б.
5) материалдық – қызметкерлер мен жұмысшылардың өз қызметтік міндеттерін орындауы барысында кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға келтірген зияны үшін туындайды.
56.Құқықтық жауапкершілік және құқықтық санкциялар.
Құқықтық тәртіптің түсінігі. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы
Құқықтық тәртіп – бұл субъектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі.
Құқықтық тәртіптің ерекшеліктері:
а) ол құқық нормаларында жоспарланған;
ә) осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды;
б) мемлекетпен қамтамасыз етіледі;
в) қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды;
г) заңдылықтың нәтижесі болып табылады.
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы мыналардан көрінеді:
1) құқықтық тәртіп құқықтық тәртіптің мақсаты болып табылады; құқықтық тәртіпке жету үшін заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер қабылданады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайтуға байланысты шаралар қолданылады;
2) құқықтық реттеуді жетілдіру мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тәсілдермен құқықтық тәртіпке жету мүмкін емес;
3) заңдылықты нығайту құқықтық тәртіпті нығайтуға алып келеді;
4) құқықтық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына байланысты болады.
115 Тұлғаның құқықтық мәртебесі
Тұлғаның құқықтық мәртебесі – бұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын бекітеді. Құқықтық мәртебе дегеніміз субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы.
Құқықтар мен міндеттер құқықтық мәртебенің негізін құрайды. Құқықтық мәртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:
- құқықтар мен міндеттер;
- заңды мүдделер;
- құқықсубъектілік;
- азаматтық;
- заңды жауапкершілік;
- құқықтық қағидаттар.
Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жеке-дара болып бөлінеді.
Жалпы мәртебе – бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі Конституцияда бекітілген мәртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады.
Арнайы мәртебе азаматтардың белгілі бір санаттарының (студенттердің, соғысқа қатысушылардың, зейнеткерлердің және т.б.) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді, олардың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жеке-дара мәртебе жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым және т.б.) көрсетеді және тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді.
57.Заңды жауапкершілік түрлері.
Заңды жауапкершіліктің түсінігі және белгілері.
Заңи жауаптылық-бұл құқықтық нормалармен көзделген құқық субъектісінің өзі үшін жағымсыз құқық бұзушылықтың салдарына ұшырау міндетті.
Заңи жауаптылық-бұл жасалған құқықбұзушылық үшін кінәлі тұлғаның жеке және мүліктік сипаттағы айыруларға ұшыраумен байланысты мемлекеттік күштеу шарасы.
Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін:
А) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру);
Ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл);
Б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
-оны мемлекет құқықтық нормаларды орнықтырады;
-мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді;
-арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;
-жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;
-жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;
-Іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;
-тек жасалған құқық бұзушылық үшін ғана туындайды.
Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құқық бұзушылық табылса, оның заңды негізгі болып құқық нормасы мен сәйкес құқық қолданушы акт табылады. Құқық қолдану актісінде құзіретті орган нақты бір құқық бұзушыға қатысты мәжбүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай құқық қолдану актісі ретінде әкімшілік бұйрығымен, сот үкімін немесе шешімін және т.б. атауға болады.
5.Заңды жауапкершіліктің қағидаттары мен түрлері.
Заңды жауапкершілік- бұл құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпті қолдану.
Заңды жауапкершіліктің қағидаттары:
1) заңдылық-жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық (яғни, құқық әрекет қабілетті тұлға жасаған кінәлі, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;
2) әділеттілік-жазаның кінәға сәйкестігін, теріс қылықтар үшін қылмыстық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін, кінәліге бір құқық бұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайындауды білдіреді;
3) негізділік-істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді және нақты жазалау шарасын заңға сәйкес анықтауды білдіреді;
4) ізгілік (гуманизм)-адамның қадір-қасиетін қорлайтын жазалау шараларын белгілеуге және қолдануға тыйым салуды білдіреді;
5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы-жасалған қылмыс үшін заңды жауапкершіліктің міндетті түрде туындайтынын білдіреді;
6) мақсаттылық-құқық бұзушыға қатысты таңдалған жазаның заңды жауапкершіліктің мақсаттарына сәйкестігін білдіреді.
Заңды жауапкершіліктің түрлері.
Заңды жауапкершіліктің төмендегідей түрлері болады:
1) қылмыстық-тек қылмыстар үшін қолданылады; ешкім де сот шешімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылмауы және қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Қылмыстық жазалау шаралары-кінәлінің тұлғасына бағытталған мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатаң нысандары-бас бостандығынан айыру, өлім жазасы және т.б.
2) әкімшілік-әкімшілік теріс қылықтарды жасағаны үшін туындайды және айыппұл,арнайы құқығынан айыру және т.б. сияқты шаралардан көрініс табады.
3) азаматтық-мүліктік сипаттағы шарттық міндеттемелерді бұзу және шарттан тыс мүліктік зиян келтіру үшін туындайды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі қағидаты-зиянды толығымен өтеу.
4)тәртіптік-еңбек, оқу, қызметтік, әскери тәртіпті бұзу үшін қолданылады. Тәртіптік жауапкершілік шаралары-сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан шығару және т.б.
5) материалдық-қызметкерлер мен жұмысшылардың өз қызметтік міндеттерін орындауы барысында кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға келтірген зияны үшін туындайды.

Приложенные файлы

  • docx 625420
    Размер файла: 162 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий