макро слайд 1 каз


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Тақырып 1. Макроэкономикаға кіріспе. Макроэкономика ғылымыМакроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері Модельдеудің қолданылуы (экзогенді және эндогенді айнымалылар) Нарық түрлері (агрегациялаудың мәні) Ақша және материалдар ағымдарының айналыс схемасы Макроэкономика ғылымы - экономикалық және басқа да құбылыстарды ұлттық шаруашылық деңгейде бірыңғай зерттейді. Макроэкономика объектісіне:Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара әсері және олардың жалпы ұлттық өнімнің қалыптасуына әсері.Экономикадағы жұмысбастылық және жұмыссыздық Инфляциялық үрдіспен күресу әдістері. Циклдық экономикалық өсу. Мемлкеттің макроэкономикалық саясаты. Ұлттық экономиканың сыртқы байланысы және шаруашылық субъектілердің жаhандаруы. Макроэкономика құралдары (фискалдық и монетарлық саясаттар)1. Ашық нарықтағы операциялар – айналыстағы ақша массасын реттейді;2. Пайыздық есепке алу мөлшерін өзгерту – ҰБ коммерциялық банктерге кредитор болады. 3. Коммерциялық банктерге резервтік мөлшеріне талаптарының өзгерісі - банктер ақшаның бір бөлігін резервте сақтайды, яғни кепілдік төлемдерді қамтамассыз ету үшін. Агрегациялау мөлшері – макроэкономикада барлық мөлшерлер агрегацияланады, яғни бір жиынтықта қарастырылады. Бірнеше мөлшерлерді бір өнім жиынтығы түрінде беру, яғни оларға: ЖҰӨҰТБаға Инфляция Тұтыну мен жинақтау көлемі және т.б. Нарық түрлері келесі түрде жиынтықталады. Атаулы тауарлар нарығы (тауарлар мен қызмет көрсету нарығы)Капиталдар нарығыЕңбек нарығы Ақша нарығыҚұнды қағаздар нарығыХалықаралық нарық. Модельде қолданылады. Экзогенді айнымалылар – кез келген факторға байланыссыз өмір сүретін, қажетті модельді құрастыруға дейін қызмет жасайтын құбылыстар. Эндогенді айнымалылар – модельдің ішінде, оны талдау нәтижесінде пайда болатын айнымалылар. Мөлшері жағынан модель сыртында сыртқы айнымалылар негізінде (экзогенді) анықталатын, мемлекеттің (ҰБ) құралдары негізінде, яғни монетарлық және фискалдық саясаттары – мемлекеттік шығындардың, салықтар мен ақша массасының өзгерісіне әкеледі. Мысалы: Инвестициялық мүмкіншіліктер мен учредительдердің келісімдері. Экзогенді айнымалылар негізінде альтернативті басқару әдістерін пайдалану арқылы – жұмыспен қамту деңгейінің динамикасы, өнім көлемі, инфляция, пайыз мөлшері, валюта бағамы және басқалары ішкі экономикалық айнымалылар анықталады., олардың мүмкіншіліктер деңгейі модельді шешу нәтижесінде анықталады және көрінеді. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері (айнымалылар агрегациясы ) – шаруашылық субъектілерін бөліп көрсету: Үй шаруашылық секторы Кәсіпкерлік секторыМемлекеттік сектор Шетел секторы «қор» және «ағын» мағынасыАғындар көрсеткіштері (инвестициялар, жинақтау, ЖҰӨ және т.б.) - жылдық есептеуде өзгереді. Қорлар көрсеткіштері ( ұлттық байлық, мүліктер , нақты кассалық қалдықтар және т.б.) – белгілі күнге белгіленеді., өзгереді. Қорлар мен ағындар көрсеткіштері модельдеу айналысының негізі. Егер ұлттық экономика сыртқы әлемдік жүйеге тартылу және тауарлық қатынастар нәтижесінде ашық жүйеге ауысады. Модельде тағы бір экономикалық субъект «шетел секторы» пайда болады.Осы сектор арқылы ішкі нарыққа импорт тауарлары мен қызметтері тартылады. Аталған құбылыстар сыртқа жылжу (утечка) және инъекция мағлұматтарының пайда болуына әкеледі. Егер мемлекетіміз импорт тауарларын, қызметтерін сатып алса, онда капитал сыртқа кетеді де , ол эскпорттаушы елдің ЖІӨ көтереді де, біздікін төмендетеді. Егер шетел субъектілері ұзақ мерзімдегі ақша қаражаттарын біздің елімізге кез келген секторға салатын болса, онда нақтылы капитал ағыны инъекция деп аталады. Инъекция ішкі экономиканың қарқынды дамуын және де технология, ғылыми-зерттеу жаңалықтарының жандануына әкеледі. Ақшалай және материалды ағындардың айналыс схемасы Нарықтық экономикадағы ресурстар айналысы – ол макроэкономикалық субъектілердің табыс, шығыс және мүлік қозғалыстары негізінде өзара әсер етуі арқылы экономикалық жүйенінің бірыңғай қозғалысына әкеледі. Айналыс моделіне кез келген макроагенттің қатысу мүмкіншілігін туындатады., яғни ол сатушы немесе сатып алушы ретінде көрінеді. У= C+I+G+Nx У –мемлекетте өндірілген ұлттық өнімNx =Exp- Imp А) Үй шаруашылығы секторы У= C+Т+S Т- салықтар S -жинақтауС - тұтыну шығындары. В) Кәсіпкерлік секторы У= С+I+G I - инвестициялар G - мемлекттік шығындар. С) Мемлекеттік сектор G = T+S Д) Шетел секторы Nx= Imp- Exp Ұлттық экономикадағы ресурстар айналысы табыстар мен шығындар ағындарынан басқа да түрде көрініс табады: Ұлттық есептеу жүйесі - ол кесте балансы, онда белгілі сектордан шыққан және кірген қаражаттарды есептейді. Матрицалар – барлық шыққын және кірген қаражаттар қозғалысын бір мезгілде «шығын»- «өндіру» жүйесімен есептеледі. Тақырыпты қорытындылау Дәріс соңыСау болыңыздар!РАХМЕТ!

Приложенные файлы

  • pptx 963611
    Размер файла: 160 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий