Силлабус


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы
БЕКІТЕМІН
«Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университеті» ШЖҚ РМК
Әлеуметтік педагогика және
өзін-өзі таңдау
кафедрасының меңгерушісі
__________Шалғынбаева Қ.Қ.
______________________2014 ж.
«Этнопсихология» пәні бойынша
(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)
«5В011900-Екі шет тілі» мамандығының студенттеріне арналған
(мамандық/мамандыру шифрі және атауы)
СИЛЛАБУС
Астана 2014

Силлабус
1. Курс оқытушысы: Ақымбек Гулазира Шардарбекқызы,
психология магистрі
Байланыс телефоны: 87012869581. (эл.жәшігі: [email protected])
Ғылыми мектеп: Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ
2. Оқу пәнінің аты: Этнопсихология
Мамандығы: «5В011900-Екі шет тілі»
Кредит саны: 1
3. Оқу пәнін жүргізу уақыты мен орны:
Семестр: 6 Курс: 3 Орны: Сабақ кестесіне сәйкес
4.1. Пререквизиттер: Этнопсихология пәнін меңгеру тиімділігін арттыру студенттердің төмендегі пәндер бойынша алған білімдеріне негізделеді: мамандыққа кіріспе, Қазақстан тарихы, философия, психология, жас ерекшелік психологиясы, этнопедагогика.
4.2. Постреквизиттер: шетел тілін оқытудың арнайы бағытталған әдістемесі, оқытылатын шетел халықтарының әдебиеті, оқу тәртібінің мінездемесі
5. Оқу пәнінің сипаттамасы
5.1. Оқу тәртібінің аты. Педагогикалық мамандарды даярлауда этностардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерін және олардың ұлт аралық қатынастарда көрініс берулерін зерттейтін этнопсихология аумағындағы теоретикалық және практикалық білімдер жүйесін қалыптастыру.
5.2. Пәнді оқытудың мақсаты: Студенттерді этнопсихологиялық құбылыстармен, олардың қалыптасу және даму ерекшеліктерімен, қоғамдағы әлеуметтік процестерге түрлі қауым мүшелерінің өзіндік ықпалымен таныстыру.
5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
этнопсихология методологиясымен және әдістерімен таныстыру,
этностардың психологиялық ерекшеліктері жайлы білімдермен хабардандыру,
өмірдің барлық салаларында этнос аралық өзара бірлесіп әрекет етуге дайын және қабілетті тұлға қалыптастыру,
оқу тәрбие міндеттерін шешуде этнопсихологиялық білімдерді пайдалана алу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
5.4. Оқу тәртібінің мазмұны: Этнопсихология курсы студенттерді этникалық психологияның пәні, теориясы мен практикасы туралы білімдермен таныстырады. Пән этникалық қауымдастықтардың тіл мәдениетін тәрбиелеу мен өзін өзі тәрбиелеу мәселелерін шешеді.
5.5. Оқу пәнін оқыту жоспары:
Апталар Бөлімдер мен тақырыптар Сағаттар санымен оқытуды ұйымдас-тырудың формалары БӨЖ үшін тапсырмалар
1-апта Этнопсихологияның ғылым ретіндегі пәні,
мақсат-міндеттері және әдіснамасы. Практикалық сабақ – 1
СӨЖ – 2
Этнопсихологиялық зерттеу әдістері және олардың жіктелуі (баяндама).
2-апта Этнопсихологияның пайда болу және даму тарихы.
Практикалық сабақ – 1
СӨЖ – 2
Еуропа ғылымындағы этнопсихологиялық идеялар (реферат).
3-апта Американдық этнологиядағы психологиялық бағыт. Практикалық сабақ – 1
СӨЖ – 2
Американдық этнологиядағы этнопсихологиялық бағыттар (реферат).
4-апта Қазақстандағы этнопсихологияның даму мен қалыптасуы. Практикалық сабақ – 1
СӨЖ – 2
Қазақ ғұламаларының этнопсихологиялық және этнопедагогикалық ойлары (баяндама).
5-апта Этникалық психологияның негізгі ұғымдары.
Практикалық сабақ – 1
СӨЖ – 2
Адамдардың тарих және өзге халықтардың қазіргі өмірі жайлы бағдарлары мен сенімдері.
(презентация).
6-апта Ұлттық сана және өзіндік сана.
Практикалық сабақ – 1
СӨЖ – 2
Этникалық өзіндік сана және оның компоненттері (конспект).
7-апта Ұлттық психология және оның компоненттері. Практикалық сабақ – 1
СӨЖ – 2
Норма мен патологияның этнопсихологиялық мәселесі (баяндама).
8-апта Ұлттық психология және ұлттық мінез.
Практикалық сабақ – 1
СӨЖ – 2
Қазақ ұлттық мінезінің кейбір белгілері (реферат).
9-апта Этникалық бірегейліктің дамуы және тасымалдануы.
Практикалық сабақ – 1
СӨЖ – 2
Шығыс және батыс халықтары арасынан бір ұлтты алып, дәстүрлері, салттар, әдет-ғұрыптарына сипаттама беру (презентация).
10-апта Этникааралық қатынастардағы топаралық қабылдау механизмдері. Практикалық сабақ – 1
СӨЖ – 2
Мәдениеттің реттеушілік қызметі. Индивидуализм және коллективизм (конспект).
11-апта Этникалық конфликтілер: пайда болу себептері мен реттеу тәсілдері.
Практикалық сабақ – 1
СӨЖ – 2
Этникалық қақтығыстар: пайда болу себептері және оларды шешу тәсілдері (презентация).
12-апта Жаңа мәдени ортаға адаптациялану. Практикалық сабақ – 1
СӨЖ – 2
Мәдениет аралық өзара әрекеттесуге дайындық. «Мәдени ассимилятор» немесе мәдениет аралық сензитивтілікті арттыру техникасы (баяндама).
13-апта Отбасылық қарым-қатынастар этнопсихологиясы және бала тәрбиесінің этникалық аспектілері. Практикалық сабақ – 1
СӨЖ – 2
Балалық шақ этнографиясы (конспект).
14-апта Этникалық психологияның қолданбалы аспектілері.
Практикалық сабақ – 1
СӨЖ – 2
Ана тілі қолданбалы этнопсихологияның пәні ретінде (эссе).
15-апта Этнопсихологияның демографиялық және экологиялық аспектілері. Практикалық сабақ – 1
СӨЖ – 2
Этнос мәдениетіне көңіл қою, онымен теңесу – өзге тілді игерудің маңызды факторлары (баяндама).
6. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
6.1. Негізгі әдебиеттер:
Крысько В.Г. Этнопсихология и межнациональные отношения. - М.: Экзамен, 2002. – 448 с
Лебедева Н.М. Кросс-культурная психология: цели и методы исследований. / Этология человека и смежные дисциплины / Под ред. М.Л. Бутовской. – М., 2004.
Личность. Культура. Этнос. Современная психологическая антропология. – М., 2002.
Лурье С.В. Психологическая антропология. – М.: Изд-во: Альма Матер, 2005. – 624 с.
Общая и прикладная этнопсихология: Павленко В., Таглин С. — Санкт-Петербург, 2005 г.- 483 с.
Общая и прикладная этнопсихология: Павленко В., Таглин С. — Москва, 2005 г.- 483 с.
Павленко В.П. Этнопсихология. – М. 2005.
Платонов Ю. Основы этнопсихологии. Учебник. – Питер, 2004.
Популярная этнопсихология. - Мн.: Харвест, 2004. – 384 с.
Популярная этнопсихология: Н. Ю. Нежурина-Кузничная — Санкт-Петербург, Харвест, 2004 г.- 384 с.
Современная этнопсихология. Хрестоматия: — Санкт-Петербург, Харвест, 2003. - 368 с.
Современная этнопсихология. Хрестоматия. – Мн.: Харвест, 2003.–368 с.
Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. Учебник. – М., 2006.
Этнопсихология. Практикум: Т. Г. Стефаненко — Санкт-Петербург, Аспект Пресс, 2008 г.- 208 с.
Этническая психология. Хрестоматия. – СПб.: Речь, 2003. - 320 с.
6.2. Қосымша әдебиеттер:
Андреева Г.М. Социальная психология. - М.: Аспект Пресс, 1999. - 432 с.
Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология. - М.: Юнити, 1999.–551 с
Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало. - М.: Ди Дик,1997. – 554 с
Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. - М.: Ди Дик,1997. - 640 с.
Гумилев Л.Н. Психологическое несходство этносов.//Психология национальной нетерпимости. - Мн.: Харвест,1998. - С.62-71.
Джандильдин Н.Д. Природа национальной психологии. - Алма-Ата: Казахстан,1974. – 304с.
Джакупов С.М. Этнопсихологические проблемы социализации личности//сб. Этнопсихология и этнопедагогика. Алматы: РИК, 2001.
Душков Б.А. Психосоциология менталитета и нооменталитета. - Екатеринбург: Деловая книга, 2002. – 448 с.
Жарықбаев. К.Б “Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Алматы. 1994
Жарикбаев К.Б. Психологическая наука и ее состояние в период перехода страны к рыночным отношениям. Мат. Межд. к-ции «ХIХ век: время понимания великих традиций» - Алматы: КазНУ, 2001.
Жарикбаев К.Б. Психологическая наука в Казахстане ХХ веке (История и этапы развития). - Алматы: КазНУ, 2002.
Еликбаев Н.О. О национальной психологии казахской нации. А.,1991
КукушкинВ.С., Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и этнопсихология. - Ростов/ н Д.: Феникс, 2000. - 448 с.
Крысько В.Г., Деркач А.А. Этнопсихология, Теория и методология. М.,1992
Лебедева Н.М. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. - М.: Изд. Дом "Ключ", 1999. – 224
Лурье С.В. Историческая этнология. - М.: Аспект Пресс,1997. – 350 с.
Налчаджян А.А. Этнопсихология. - СПб.: Питер, 2004. – 381 с.
Павленко В.Н., Таглин С.А. Введение в этническую психологию. - Харьков: ХГУ, 1994. 74 c.
ПетренкоВ.Ф., Митин О.В, и др. Психосемантический анализ этнических стереотипов: лики толерантности и нетерпимости. - М.:, 2000. - 73 с.
Саракуев Э.А., Крысько В.Г. Введение в этнопсихологию. - М.: Ин-т. практич. психологии, 1996. – 344 с.
Солдатова Г.У. Психология межэтнической напряженности. - М.: Смысл,1998. – 389 с.
Стефаненко Т.Г., Таглин С.Л. Введение в этническую психологию. Харьков 1992.
Сухарев В., Сухарев М. Психология народов и наций. - М., 1997.- 400с.
Трюкач. Лицедей. Игрок. Образ трикстера в евроазиатском фольклоре: Д. А. Гаврилов — Москва, Ганга, Слава, 2009 г.- 288 с.
Токарев С.А. История зарубежной этнографии. - М.: Высшая школа,1978.-352 с.
Шибутани Т. Социальная психология. - Ростов на Дону: Феникс, 1998.
Шпет Г.Г. Введение в этническую психологию. - СПб.: Изд. Дом "П.Э.Т". 1996. –156 с.
Этнопсихологические проблемы вчера и сегодня. Хрестоматия. – Мн.: Харвест, 2004. – 496 с.
Этнопсихологический словарь. - М.: Моск. пс-соц. ин-т,1999. – 343 с.
Этнопсихология: теория и практика. Бишкек, 2001.
Этнопсихология. Учебное пособие. Под ред. К.Б. Жарикбаева. А.,1998.
Этническое самосознание: В. Ю. Хотинец — Санкт-Петербург, Алетейя, 2000 г.- 240 с.
Этнология. Современный словарь-справочник: Г. Т. Тавадов — Санкт-Петербург, Диалог культур, 2007 г.- 704 с.
7. Білімді бағалау
Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау; коллоквиум және бланкілік тестілеу формасында екі аралық бақылау; компъютерлік тестілеу формасындағы қорытынды аттестаттау жоспарлануда.
Ағымдағы бақылау - 20%
Аралық бақылау
- коллоквиум - 20%
- тестілеу - 20%
Ағымдық және аралық бақылау - 60 %
Қорытынды бақылау - 40 %
8. Оқу тәртібінің саясаты.
Курсты оқыту барысында тақырыптық бақылау жұмыстары сұрақтарға жауап беру (жазбаша немесе ауызша), аралық тестер, жеке хабарламалар, зерттеу жұмыстары (реферат, курстық жұмыс т.б.), қорытынды емтихан, сынақ тәрізді бақылау әдістері негізінде мынадай бақылау түрлері қолданылады: ағымдық, аралық және қорытынды бақылау. Студенттердің білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.
Студенттердің жеке хабарламаларының мәтәні 4-5 бет көлемінде болуы қажет, сөйлеуге 5 минут және жұмыс нәтижесін талқылауға 5 минут беріледі.
Курстың соңында зерттеу жұмыстары қорғалады:
а) тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті, методологиялық негіздері мен әдіс-тәсілдері, мәселенің зерттелу жағы қамтылады;
ә) ғылыми зерттелген деректер талданып, даму жолы көрсетіледі;
б) жұмыстың нәтижелері мен қорытындысы, студенттік жеке тұжырымы берілуі қажет;
в) жұмыс тақырыбы курс аяқталудан 3 апта бұрын берілуі керек, жұмыс көрсетілген мерзімінен кешігіп орындалса, бағалау 5% -ке төмендетіледі;
г) жұмысты презентация жасау курсты оқытудың соңғы аптасында өткізіледі.Мұнда хабарлама жасауға 10 минут, талқылауға 5 минут беріледі.
д) қорытынды бақылаулар (емтихан, сынақ) өз уақытында кесте бойынша қабылданады.
Студенттердің болашақ кәсіби мамандықтарының теориялық және практикалық білімін меңгерту.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының біліктілігін қалыптастыру.
Студеттердің өзіндік жұмысы бойынша тапсырмаларды орындау.
Күнделікті және аралық бақылау аралық бақылау бойынша тапсырмалар орындау.
Сабақтың барлық түрлеріне қатысу.
Практикалық сабақтарға дайындалу.
Кафедраның әдістемелік секциясының отырысында қарастырылған,
2014 жылғы «__» «__________» № __ хаттамасы.

Приложенные файлы

  • docx 532192
    Размер файла: 154 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий