калды?пен б?лу


Пәні: Математика
Мерзімі: 15.04.17
Сыныбы: 3 «В»
Сабақтың тақырыбы: Қалдықпен бөлу 247:2.
Сабақтың мақсаты: Қалдықпен бөлу және оны тексеру жайында түсінік беру. Қалдық әрқашанда бөлгіштен кем болатынын білгізу.
Міндеттері:
Білімділік: Ұзындықтың жаңа бірлігі жайында түсінік беру жіне оның метр, дециметр, сантиметрмен ара қатынасын тағайындау,: әр түрлі бірліктердің қолданылуын өмірден алынған мысалдарға сүйеніп түсіндіру:екі амалмен шығарылатын есептерді пысықтай түсу.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін жетілдіру, есептеу дағдылары арқылы білімділік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру сабағы
Сабақтың көрнекілігі: аспан денелерінің суреттері, плакат, карточкалар, түрлі түсті дөңгелектер.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, оқулықпен жұмыс.
Жоспары:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Рефлексия
V Үйге тапсырма
VI Бағалау
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Оқушылар назарын сабаққа аудару
II Үй тапсырмасын тексеру.
Дәптерден үй жұмысын тексеру
III Жаңа сабақ
Балалар, бүгін қандай күн екенің кім біледі? Иә, дұрыс Ғарышкерлер күні. Осыдан көп жылдар бұрын қазақ жерінде тұңғыш ғарыш әлеміне орыс азаматы Ю. Гагарин ұшты. Көп ұзамай қазақстандық азаматтар Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, А. Айымбетов ғарыш әлемін зерттеп жүр. Ендеше бүгін бізде ғарышқа саяхат жасаймыз.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз қалдықпен бөлу.

Ал енді есептер шығарайық.
1 есеп. Жұлдыздардың тапсырмасын орындайық
ә) Шығар және тексер
287 : 2= 143 (1қ) 483 : 2= 241 (1қ) 397 : 3= 132 (1қ) 694 : 3= 231 (1қ)
245 : 2= 122 (1қ) 647 : 2= 323 (1қ) 365 : 3= 121 (2қ) 968 : 3= 322 (2қ)
2 есеп . Алдымызда тұрған аспан денесі Марс деп аталады. Егер де сендер аспанда өздеріңе қарап жымың қағып тұрған қызыл жұлдыз көрсеңдер бұл Марс планетасы. Марстың бізге ұсынып отырған тапсырмалары бар екен. Соны орындайық:
а) 24 cүлгі – 8 қалташада Шешуі: 24 : 8= 3
9 қалташада- ? сүлгі 3*9= 27
3 есеп. Міне, алдымызда тағы да бір аспан денесі тұр. Бұл Юпитер деп аталады. Юпитердің де тапсырмалары бар екен. Бірігіп орындайық. Өрнек құр және мәнің тап:
а) 888 : 2= 444
ә) 132 * 3= 396
б) 22 * 3= 66
в) 45 : 3= 15

5 есеп. Келесі аспан денесі Сатурн, оның тапсырмаларын орындайық.
Ұзындығы- 12см
Ені- 14 бөлігіне тең
Р-? S-?
Шешуі: 12 : 4= 3
Р= 2*(12+3) = 30
S= 3*12= 36см2Сергіту сәті.
Алға қарай бір адым,Артқа қарай бір адымБiр орнымда қозғалып,Кезек басып тұрамын.Жоғары, төмен қарайық.Орнымызды табайық
6 есеп. Міне біз, Айға жеттік. Енді айдың тапсырмаларын орындайық
578 : 3= 192 (2қ) 630 : 3= 210
875 : 3= 291 (2қ) 603 : 3= 201
758 : 3= 252 (2қ) 306 : 3= 102
587 : 3= 195 (2қ) 600 : 3= 200
7 есеп. Балалар, біз біраз аспан денелерімен кездесіп, олардың тапсырмаларын орындадық. Енді Жерге оралайық
5*7= 35 35 : 7= 5
15*7= 105 105 : 7= 15
25*7= 175 175 : 7= 25
                             
IV Рефлексия.

V Үйге тапсырма
2 (ә), 4 есеп. 99 бет.
VI Бағалау
Оқушыларға сабақ барысында берілген дөңгелектермен бағалау.

Приложенные файлы

  • docx 1507910
    Размер файла: 152 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий