Этнопедагогика Силлабус


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы
БЕКІТЕМІН
«Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университеті» ШЖҚ РМК
«Әлеуметтік педагогика және
өзін-өзі тану»
кафедрасының меңгерушісі
Шалғынбаева Қ.Қ.
_______________________
________________20____ж.
5В010900 – «Математика»
мамандығының(тарының) білім алушылары үшін
Etn2202 «Этнопедагогика»___пән бойынша
Міндетті базалық модуль
(модульдін атауы және шифры)
СИЛЛАБУС


Астана 2013
Силлабус
1 Омарбекова Айкүміс Ілиясқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әлуметтік педагогика және өзін өзі тану кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Байланыс телефоны: 37-05-82 (жұмыс тел.) [email protected]
Ғылыми қызығушылығы: Педагогика, психология (жас ерекшелік психология), шешендік өнер (мәдениет), девиантты мінез-құлық, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану. Ғылыми мектеп: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі 13.00.08 «Кәсіби білім беру теорияс мен әдістемесі» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғалды.
2 Пәннің коды, атауы және кредит саны «Этнопедагогика». Код Etn2202. Кредит саны – 2
3 Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны 1 семестр, сабақ кестесі бойынша.
4 Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері«Педагогика», «Психология» сондай-ақ бірнеше арнайы курстар мен тәжірибелердің әр қилы түрлері біртұтас ортаға біріктірілген, оқу жылдары бойынша өтілетін бірқатар әлеуметтік-гуманитарлық пәндер мен педагогикалық цикл тақырыптарын оқытып үйретеді.
Постреквизиттер: философия, психология, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, Қазақстан тарихы, адам физиологиясы, этика және т.б. пәндермен тікелей байланысты.
5 Оқу пәнінің сипаттамасы5.1 Оқу пәнінің атыПәннің оқу үдерісіндегі орны. Этнопедагогика пәні педагогика және психология мамандығының болашақ кәсіби мамандарының этнопедагогиканың ғылыми-теориялық әдіснамалық негіздері мен мақсат міндеттерін және ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарын жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтар негізінде меңгеріп, халықтық педагогика туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған.
5.2 Оқу пәнін оқыту мақсаты
студенттерді халықтық педагогиканың негізгі идеяларымен, озық тәжірибелерімен таныстыру және оларды қазіргі оқу-тәрбие үдерісінде шығармашылықпен қолдана білу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
5.3 Пәнді оқыту міндеттерістуденттерді этнопедагогикалық теориялар және концепциялармен таныстыру;
- халықтық педагогика жайлы біртұтас ұғым қалыптастыру;
- халық педагогикасының максаты, құралдары мен әдістері жайлы білімдермен қаруландыру,
- сыныптан тыс этнопедагогикалық жұмысты жоспарлай алу білігін қалыптастыру;
- этнопедагогиканың қазіргі қоғамдағы әлеуметтік орнын;
- этнопедагогиканың тарихи дамуының негізгі кезеңдерін және қазіргі жағдайын;
- этникалық тәрбиенің ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторларды, халықтық тәрбиенің мазмұны мен мақсатын, әдістері мен құралдарын;
- халықтық педагогиканы мектептің оқу-тәрбие процесіне еңгізудің қазіргі кездегі жағдайы және оны қолданудың негізгі жолдарын.
5.4 Оқу пәнінің мазмұны«Этнопедагогика» пәнінің мазмұны әртүрлі этностардың салт дәстүрлері мен әдет ғұрыптары және халықтық педагогикалық ой пікірлері мен рухани мәдени мұралары туралы ғылыми-теориялық, практикалық білімдердің тұтас жүйесін ұсынады. Сонымен қатар болашақ мамандарға халық педагогикасының ғылыми негіздері мен тәлім-тәрбиелік мәнін ғылыми педагогикалық тұрғыда меңгертудің теориясы мен әдіс-тәсілдерін қарастырады. Пән жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері мен психолог мамандарын даярлауға арналған болашақ мұғалім мамандарын даярлауда халықтық ұлттық дәстүрлерінің тәрбиелік маңызын зерделеуді үйретеді.
5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары
Апта № Тақырыптың атыОқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны СӨЖ тапсырмалары1
Этнопедагогика педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі Шолу дәріс 1сағ.
Семинар – 1сағ
CӨЖ- 2сағ Этнопедагогика глоссарийін құрастыру.
Қазақ этнопедагогикасының пайда болу, қалыптасу, даму кезеңдерінің кестесін құру.
2
Этнопедагогиканың ұғымдық-терминологиялық жүйесі Дәріс – 1сағ.
Семинар– 1сағ
CӨЖ- 2сағ Этнопедагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесінің байланыс кестесін құрастыру, оларға мазмұндық сипаттама жасау. Этнос субьектісі мәнін талдау
3 Этнопедагогиканың зерттеу пәні ретіндегі этностық тәрбиенің мәні Дәріс – 1 сағ.
Семинар– 1сағ
CӨЖ- 2сағ Этникалық тәрбиеннің мазмұның талдау жасау, салыстыру
4 Этностық тәрбиенің принциптері Дәріс– 1 сағ.
Семинар – 1сағ
CӨЖ- 2сағ Этникалық және көпмәдениетті тәрбиенің байланысын кесте түрінде көрсету
5 Этнпедагогика адамды біртұтас биоэлеуметтік жүйе ретінде дамыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері Дәріс-1сағ.
Семинар– 1сағ
CӨЖ- 2сағ
Халық педагогикасындағы жас ерекшеліктерге байланысты ұғымдарға талдау жасау
6 Халық идеалындағы “жетілген адам” және оны тәрбиелеу тәжірибесі Дәріс-1 сағ.
Семинар– 1сағ
CӨЖ- 2сағ
Кемелденген адам жайлы ғұлама ойшылдардың ой-тұжырымдары.
Абайдың «Адам бол» тұжырымдасы.
7 Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізгі өзегі
Дәріс-1 сағ.
Семинар– 1сағ
CӨЖ- 2сағ Отбасындағы рухани-адамгершілік, әлеуметтік жағдайлар. Отбасы тәрбиесіндегі әлеуметтік, рухани-адамгершілік тәрбие мәселелері. Кесте құру, сипаттау.
8
Этностық тәрбиенің мазмұны. Ақыл-ой тәрбиесінің этнопедагогикалық негіздері Дәріс-1сағ.
Семинар -1сағ
CӨЖ- 2сағ
Жүсiп Баласағұнидың “Қутадғу билиг” (Құтты білік) атты еңбегіндегі– ақыл мен білім туралы өсиетін, Қайқауыстың “Кодекс куманикус” атты еңбегінде өнер, бiлiм, саясат ағымдарынна талдау жасау
9 Адамгершілік және патриоттық тәрбие. Халық педагогикасындағы адамгершілік және патриоттық тәрбие идеялары мен тәжіри-бесі Дәріс-1сағ.
Семинар -1сағ
CӨЖ- 2сағ
А.Йассауидің адамгершілік, кісілік, имандылық,  тәлімдік-танымдық идеялары. Эссе.
Ұлт анықамасына глоссарий құрастыру
10 Баланы еңбекке баулу халық педагогикасының негізгі мақсаты Дәріс-1сағ.
Семинар -1сағ
CӨЖ- 2сағ Негізгі педагогикалық ағымдар; еңбек мектебі мен азаматтық тәрбие. Баяндама
11 Эстетикалық тәрбие халық пе-дагогикасының жетекші бағыты ретінде Дәріс- 1 сағ.
Семинар- 1сағ
CӨЖ- 2сағ
С.А.Ұзақбаеваның зерттеулерінде эстетикалық тәрбие мәселелеріне талдау жасау
12 Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі мәселелері Дәріс- 1 сағ.
Семинар 1сағ
CӨЖ- 2сағ Қазақ ойшылдарының педагогикалық идеяларындағы әлеуметтік мәселелер. Эссе жазу.
13 Этностық тәрбиенің құралдары Дәріс- 1 сағ.
Семинар- 1сағ
CӨЖ- 2сағ Республикадағы қайырымдылық қорлар туралы нормативтік құжаттарға шолу жасау.
14 Этностық тәрбиенің әдістері мен түрлері Дәріс- 1 сағ.
Семинар -1сағ
CӨЖ- 2сағ Ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы ой-пікірлерге талдау жасау. Реферат дайындау.
15 Этникалық дидактиканың мәні, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрі, құралдары Дәріс- 1 сағ.
Семинар -1сағ
CӨЖ- 2сағ.
ҚР-ғы білім берудегі қазіргі тенденциялары
6 Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
6.1 Негізгі әдебиеттер:
1. Христова Е.Л. Народная педагогика: историографические и теоретико-
методологические проблемы: Автореф. дис. … канд. пед. наук. – М., 1988.
2. Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Чебоксары, 1974.
3. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практка. – Алматы Гылым, 1998.
4. Этническая педагогика /Под ред. В.А. Пятина и др. – Астрахань, 1995.
5. Әбілова З.А., Қалиева К.М. Этнопедагогика. – Алматы, 1999.
6.2 Қосымша әдебиеттер:
1. Волков Г.Н. Этнопедагогика. проект программы. – Чебоксары.
2. Атамекен бағдарламасы «Егеменлі Қазақстан» 27.08.1991.
3. Гашимов А. Азербайджанская народная педагогика. – Баку, 1970.
4. Пирлиев К. Народная педагогика и современность. – Ашхабад, 1983.
5. Алиев А. Народные традиции и обычаи и их роль в формировании но
вого человека. – Махачкала: 1968.
7. Білімді бағалау.
Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, МӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау: коллоквиум және бланклік тестілеу формасында екі аралық бақылау: компьютерлік тестілеу формасындағы қорытынды аттестаттау жоспарлануда.
Ағымдық бақылау 20 %
CОӨЖ және CӨЖ тапсырмаларын бақылау 20%
Ағымдық бақылау:
Коллоквиум 10%
Бланкілік тестілеу 10%
Ағымдық және аралық бақылау 60%
Қорытынды бақылау 40%

8. Оқу пәнінің саясаты.
«Этнопедагогика» міндетті пән. Оқу жүктемесінің көлемі – 1 кредиттен тұрады, оның ішінде дәріс – 15 сағат.
Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, дәрістер мен семинар сабақтарына оқу- әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу. СӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, СӨЖ тапсырмаларын тексеру, аралық бақылау, қорытынды бақылау).
Кафедраның әдістемелік секциясының отырысында қарастырылған, 2013 жылғы «__»__ № __ хаттамасы.
Кафедра меңгерушісі бекіткен _____________________ Шалғынбаева Қ.Қ.

Приложенные файлы

  • docx 531565
    Размер файла: 152 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий