Іскерлік туризмні? д?ние ж?зіндегі орталы?тары


Іскерлік туризмнің дүние жүзіндегі орталықтары.
Семинар, СӨЖ, СОӨЖ сабақатрын өткізудің ерекшеліктері.
Экскурсияның мазмұнына қарай жіктелуі, қатысушылардың құрамы, өтетін орындары.
I санаттағы туристік жорықтарды ұйымдастыру мен өткізудің күрделілігі.
Қонақ үй шаруашылығындағы қызмет көрсету саласындағы қызметкерлерге қойылатын талаптар.
Қазақстанда курорттық туризмнің дамуы, емдік ресурстар және Қазақстандағы курорттар.
Туристік жорықтардағы I категориялық кедергілердегі тамақтануды ұйымдастыру.
Туристік пәндерді оқытудың әдістемелері.
Экологиялық туризмнің түрлері.
Курорттық туризм - емдік сауықтырудың даму негізі, тарихы және болашағы.
Діни туризмнің дүние жүзіндегі орталықтары.
Африка мен Австралиядағы экологиялық туризмнің орталықтары.
Емдік сауықтыру ресурстары және курорттардың түрлері.
Қонақ үйдің классификациясы және түрлері.
Оңтүстік Американың экологиялық орталықтары.
Жорықтың мақсаты мен міндеттері.
Экологиялық туризм: түсінігі, анықтамасы, бастапқы принциптері, нысандары, экологиялық туризмдегі негізгі қорықтар.
Солтүстік Америкадағы экологиялық орталықтар.
Туристік кәсіпкерлікті ұйымдастыру жұмысының тәртібі.
Экскурсияның құрылымы: мазмұны, негізгі бөлімі, қорытындысы.
Іскерлік туризмнің дүние жүзіндегі орталықтары
Іскерлік туризм ең табысты және туристік нарықта дамушы сегменттің бірі. 2003 жылы ДТҰ 200 млн іскерлік саяхаттарды тіркеді. 1980 жылдан бастап қарқынды дамыды. Іскерлік туризм екі сегмент кқрсетіледі. 1 іскерлік туризм 2 MICE – meeting incentives conventions exhibitions – кездесу, инсентив, конференция, көрме, жәрмеңке. Іскерлік саяхат командировкалар бизнес функцияларды атқарады немесе келісім шарт жасасу үшін қолданылады.
MICE — кәсіби біліктілігімен алмасу, презентациялар өткізу, перспектива бойынша жұмыс жасау қосымша функциялар (жұмыскерлерді мадақтау) т.б. іскерлік саяхат пен MICE айытмашылығ оның мақсаттарында. Іскерлік саяхат жеке кездесулер немесе бірнеше адамдар ғана болуы мүмкін. Ал MICE аудиториясы кең және оны ұйымдастыру үшін арнайы мамандарды талап етеді. MICE өз ішінде үшке бөлінеді : 1 конгресс, конференция, саммит, симпозиум, 2 көрме, жәрмеңке, 3 инсентив шаралар. 1 конгресс, конференция, саммит, симпозиумға қатысушылар саны.Корпоративтік топтар ірі, орташа, кіші компаниялар. Олар коммерциялық жағынан кездесулер өткізеді. Маркетинг, сату, жаңа тауар шығару, кадр мәселелері, тренингтар өткізеді. Бұндай шаралар ұйымдастыруда турфирмаларға жүгінеді.
Ең үлкен конгресс көрме орталықтары: Амстердам, Барселона, Брюссель, Вашингтон, Вена, Женева,Копенгаген, Лондан, Мадрид, Париж, Страсбур.
Мамандырылған туристік көрмелер мен биржалар ерекше назар аударады. Туристік өнімдерді ілгері жылжыту үшін олар 40 жыл бойы өткізіліп келеді. Жыл сайын Еуропаның өзінде 200-ден артық халықаралық туристік көрмелер мен биржалар ұйымдастырылады:
1) Берлинде өтетін халықаралық туристік биржа (Іnternatіonal Tourіsmus Borse, ІTB). Биржа жұмысының тақырыбы əртүрлі, мысалы, Еуропадағы экотуризмге арналған немесе Африкадағы туристік қозғалыстың дамуының болашағы туралы жəне т. б.;
2) жыл сайын ақпан айында Мадридте өтетін халықаралық туристік көрме-биржа (FІTUR). FІTUR – бұл Испандық жəне Латынамерикандық туристік өнімдерді көру көрмесі; бұл «Еуропа мен Америка арасындағы көпір»;
3) Лондон қаласында өтетін Дүниежүзілік туристік көрме (World Travel Market, WTM). Америкада іскерлік ағымдар АҚШ-қа ұмтылады; Оңтүстік-Шығыс Азияда – Сингапурге, Жапонияға, Тайваньға, Гонконгке. Африка мен Таяу Шығыста іскерлік туризм бірқалыпты дамымауда. Оның көтерілуімен төмендеуі аймақтағы саяси жағдайларға байланысты болып отыр. Африкада іскерлік туризм Конго Республикасында, Зимбабве, Эфиопия, Египет, Марокко жəне Оңтүстік Африка Республикасында жоғарғы қарқында дамыған. Таяу Шығыста іскерлік туристердің негізгі ағымы мұнай өндіретін елдерге (Сауд Аравиясы, Израиль, Иордания) бағытталған.
Іскерлік туризм– бұл қызмет бабымен іссапар орнында табыс табу мақсатында емес сапарға шығу, яғни съезге, ғылыми конгреске, конференцияға, симпозиумға, өндірістік семинарғажəне көрмелерге қатысу. Бұған барған елде лауазымды орны бартұлғалар кірмейді. О.А.Смирнованың(2006) іскерлік туризмнің анықтамасы мынадай: «Негізгі мақсаты өздерінің күнделікті
қоныстауы мен жұмыс орнынан өзге жерлерде өтетін іскерлік кездесулерде қатысу болып табылатын жұмыс уақытындағы орнын ауыстыру кезінде пайда болатын қатынастар мен құбылыстардың жиынтығы». Іскерлік туризм– бұл туризмнің ең болашағы зор саласы.
Іскерлік туризм өзінің ағымдарын қалыптастырады. Олар-дың негізгі бөлігі Еуропа, Солтүстік Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияға келеді. Іскерлік туристерді қабылдайтын Еуропа мемлекеттердің алдынғы қатарында Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Италия, Испания, Швеция, Швейцария
орналасады.
Еуропа Одағының астанасы болып есептелетінБрюссель(Бельгия) ерекше орын алады. Іскерлік туризм нарығының ең қарқынды дамып келе жатқан сегменті– конгрестік туризм. Конгресс дегеніміз бірнеше жылда бір рет бірнеше мың адамға шейін жиналатын пленарлық отырыс түріндегі жиналыс. Əдеттегідей форумдарда жаһандық, əлемдік маңызы бар мəселелер қарастырылады.
Дүниежүзілік туристік ұйым(ЮНВТО) іскерлік туризмге съездерге, жиналыстарға, ғылыми конгрестермен конференцияларға, жармеңкелерге, көрмелерге қатысу мақсатында жасалған қызмет сапарларын жатқызады.
Іскерлік туризм, сонымен қатар іскерлік саяхат, іскерлік жолсапарлар - бұл әртүрлі мекемелердің іскерлік мақсаттағы жолсапарлары.
Іскерлік туризм - ұйымдардың қызметкерлері мен менеджерлер үшін қазіргі уақытта демалыс нысаны ретінде танымалдыққа ие болды. Мұндай туризм ішкі және сыртқы түрде болып табылады. Мамандардың болжауынша 2020 жылы іскерлік туризм көлемі 3 есеге өсуі ықтимал.
Іскерлік туризм корпоротивтік саяхат индустриясын (ағлш. corporait travel industry) және кездесу индустриясын (MICE) құрайды. Іскерлік туризм өзіне жеке іскерлік бизнесмендердің жолсапарларын, конгрестік-көрмелік және интенсивті туризмді,ұйымдастырылатын іс-шараларды біріктіреді.
Жалпы алғанда, іскерлік туризм -
- Қызмет көрсету, соның ішінде іссапарлар, ұйымдастыру;
- Әуе билеттері, қонақ үй бөлмелеріне тапсырыс беру талабы бойынша қызметтерді немесе басқа да оның ішіндегі іссапарларды ұйымдастыру;
- Конференциялар ұйымдастыру;
- Халықаралық делегация, визалық қолдау мен аударымдар бойынша қызметтерді қабылдау;
- Семинарлар ұйымдастыру;
- Келіссөздерге көмек көрсету;
- Менеджерлер мен қызметкерлері үшін корпоративтік турлар; -Корпоративтік шараларды ұйымдастыру;
- Іссапарлар ұйымдастыру;
- Қазақстандағы және шет елдердегі көрмелерге сапарлар.
Іскерлік саяхаттың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- Серіктестермен кездесулер және келіссөздер жүргізу;
- Басқару және әріптестерімен филиалдар мен еншілес компаниялардың өкілдерімен кездесулер,
- Жұмыс өкілдіктері мен филиалдары тексеру;
- Іскерлік байланыстарды орнату және құру;
- Кәсіби іс-шараларға (көрмелер, конференциялар және т.б. қол жетімділік;
- Қызметкерлерді оқыту;
- Әр түрлі елдердің мемлекеттік құрылымдарына көңіл бөлу, сертификаттар, лицензияларды, рұқсаттарды алу үшін;
Іс сапарларды ұйымдастырумен кәсіби іскерлік туризм (Саяхат Басқарушы компаниясы, TMC) айналысады. Дүниежүзілік Саяхат және Туризм кеңесінің (WTTC) айтуынша, 2010 жылы бүкіл әлем бойынша іссапарлар көлемі $ 819 млрд құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,8% -ға төмен. 2020 жылға қарай, WTTC болжауынша жылдық өсім 1,589$ трлн құрайды, яғни 4,3% өсімді білдіреді.
Іскерлік туризм халықаралық қауымдастығының (Global Business Travel қауымдастығы; GBTA) айтуынша, 2014 әлемдегі жетекші іскерлік туристік нарық мемлекеті - АҚШ, бірақ 2015 жылы оны Қытай қуып жетуі мүмкін, оның нарықтық көлемі $ 309 млрд құрайды.
Халықаралық іскерлік туризм индустриясы ХХ және ХХІ ғасырлардың тоғысында барлық жаһанданудың жоғары концентрациясы бизнесінің 90%, әлемдік нарықтың 10 % ғана қамтамасыз етеді.
Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады
2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінішін тапсырды. Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі өтініш құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.
Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді.
2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсыры
лды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.
2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017 көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті.
2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.
2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.
EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады. ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады. Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы бойынша «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды.
2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.
Экскурсияның құрылымы: мазмұны, негізгі бөлімі, қорытындысы.
3. Экскурсияның мазмұнына қарай жіктелуі, қатысушылардың құрамы, өтетін орындары
Экскурсия (лат. excursіo – сапар) – ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т.б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар немесе жорық.
Экскурсияның мазмұны зерттеу нысанына (табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар болған орын, т.б.) байланысты. Тақырыбы бойынша мәдени-тарихи, ғыл. жаратылыстану, өндірістік, өлкетану, т.б. Экскурсиялар болады. Экскурсия оқу жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады. Мұндай жағдайларда Экскурсия оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бейімдейтін оқу-бағдарламалық және мектептен тыс Экскурсиялар болып бөлінеді. Экскурсия негізіне оның ақпараттық бөлімі, коршаған ортамен байланысы, ғылыми мәні, адамдардың бір-бірімен байланысы, оның идеялығы сияқты спектлерді қарастырады.
Тарихы
«Экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі. Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары арқылы ХVIII-ХІХ ғғ. енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Орталық оқушылар экскурсиялық бюро» құрылды. Экскурсиялар туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың сонымен 30-жылдардың басында өрлей бастады. 1928ж «Советский турист» АҚ құрылды, 1930 ж «Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін қоғамы» (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда «Норкампросаның» эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 ж бастап туризм және экскурсияны дамыту төрағалығын ВЦСПС және оның өкілдігіне иық артылды.
Экскурсиялық іс - халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды белгісі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқанымен ең дамыған кезі өткен ғасырдың 70-80 жылдары. Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген. Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т.б. Алғашқы экскурсияға себепші болған өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі. Сол кезде жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды атқарған. Ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болған. Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет Одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырлардың белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған. Сондықтан экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығу, айналамен тануда, экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен қатар оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашында өте аз, тек қана бай адамдардың қолына жеткен. Олар сол кезде Крымға, Кавказға, шет ел курорттарына саяхат жасаған.Экскурсия кезінде білім алу мақсаты XVIIIғ алдыңғы қатардағы прогрессивті адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі демеуші арқылы шешкен. «Экскурсия» сөзі латын тілінен пайда болған. Орыс тіліне XIX ғ. енгізген. Басында бұл сөз «әскери шапшаңдық», кейіннен «серуенге шығу», «жорық» деп белгіленген.
Экскурсияларды топқа бөлу жаңа экскурсия дайындаған процесінде үлкен мағынасы бар. Экскурсияларды жүйелеу көптеген экскурсия саласының жұмысшыларының, зерттеушілерінің көп уақыт ішінде зерттеген. Бірінші бұл мәселе туралы өткен ғасырдың 20-жылдары көрсетілген. Экскурсия ісі дамыған сайын әр түрлі жүйелер ұсынылған. Бірақ 1970 жылдары ғана келесі жүйеге тоқталды:
1. Мазмұны бойынша;
2. Қатысушылардың құрамына, санына қарай;
3. Өткізген орнына қарай;
4. Жылжу тәсіліне қарай;
5. Экскурсияның ұзақтылығына қарай;
6. Өткізу түріне қарай.
1) Мазмұны бойынша экскурсиялар 2 шағын топқа бөлінеді:
1. Шолу экскурсиялар. Шолу экскурсиялар көп тақырыпты қамтиды. Бұндай экскурсиялар көпжоспарлы деп аталады. Оларда тарихи және қазіргі мәліметтер қолданылады. Бұндай экскурсия көптеген түрлі объектілерді – тарихи-мәдени ескерткіштер, ғимараттар ме нқұрылыстарды, табиғи объектілерді, кәсіп және ауыл шаруашылық орындарын көрсету арқылы құрастырылады. Шолу экскурсияларда оқиғалар ірі жоспармен баяндалады. Ол қала, мемлекет, аудан туралы жалпы түсінік береді. Шолу экскурсияның ерекшеліктері бар: кез келген қалада олар бір-бірімен құрылымы жағынан ұқсас болады, қаланың тарихы, кәсіпорынның тарихы, сипаттамасы, ғылымы, мәдениеті сияқты тақырыпшалардан тұрады.
2.Тақырыптық экскурсия. Тақырыптық экскурсия бір тақырыпқа ғана арналады. Тақырыптық экскурсия бірнеше топтарға бөлінеді:
1) Тарихи экскурсия – мазмұны бойынша бірнеше кіші топқа бөлінеді:
а) тарихи-өлкетану;
ә) археологиялық;б) этнографиялық;
в) тарихи-өмірбаяндық;
г) тарихи мұражайларға бару;
ғ) тарихи шайқастар болған жерге бару.2)Өндірістік экскурсиялар бірнеше топқа бөлінеді:
а) тарихи өндірістік;
ә) экoномикалық өндірістік;
б) техникалық кәсіптік.
3) Өнерге байланысты экскурсиялар бірнеше топқа бөлінеді:
а) тарихи-театралдық;
ә) тарихи-музыкалық;б) халықтың қол өнері;
в) көрме залдарына экскурсия ұйымдастыру.
4) Әдебиет экскурсиялары келесі топтарға бөлінеді:
а) әдеби-HYPERLINK "http://www.zirozebar.com/pedia-kk/wiki/%D3%A8%D0%BC%D1%96%D1%80%D0%B1%D0%B0%D1%8F%D0%BD" \o "Өмірбаян"өмірбаяндық;
ә) тарихи-әдебиеттік;
б) көркем-әдебиеттік.
2) Қатысушылар құрамына, санына қарай. Қатысушылардың құрамына байланысты келесі бөлімдерге бөлінеді:
1. Жеке;
2. Жергілікті халық үшін;
3. Шетелдік туристер үшін;
4. Ересек адамдар үшін;
5. Мектеп оқушыларына.
Әр топтың өз ерекшеліктерін ескере отырып, экскурсия мазмұнына жүргізілу техникасы мен тәсілінің ұзақтылығына өзгерістер енгізіледі. 3) Өткізген орнына қарай экскурсиялар келесі түрлерге бөлінеді: 1. Қалалық;
2. Қала маңы;
3. Өндірістік;
4. Мұражайлық;
5. Комплексті.
4) Жылжу тәсіліне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
1. Жаяу;
2. Әр түрлі транспортты қолдану арқылы жүргізу.
5) Экскурсияның ұзақтылығына қарай 1 академиялық сағаттан 1 тәулікке дейін болады. Қысқа мерзімді турлар (3-4 тәулікке дейін) демалыс күнгі маршруттар деп аталады және солардың барысында бірнеше экскурсиялар жүргізілуі мүмкін.
6) Өткізу түріне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
1. Экскурсия-серуендеу;
2. Экскурсия-лекция;
3. Экскурсия-HYPERLINK "http://www.zirozebar.com/pedia-kk/wiki/%D0%9C%D1%83%D0%B7%D1%8B%D0%BA%D0%B0" \o "Музыка"музыкалдық;
4. Жарнама экскурсиясы.
Сонымен, дұрыс жүйеленген экскурсия экскурсоводтың клиенттермен жұмысын жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Заңдылықты пайдалана отырып дайындалған экскурсия нақты топтың сұраныстарын іске асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанда курорттық туризмнің дамуы, емдік ресурстар және Қазақстандағы курорттар. Елімізде денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жолдауында медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша арнайы тапсырмалар бергені белгілі. 
Санаторлы-курорттық мекемелер  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген – ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру - маңызды міндетті шешеді. «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында  Елбасы «халықтың денсаулығы – бұл өзінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі Қазақстанның табыстылығының басты міндетін анықтады [1]. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлт денсаулығы – біздің жетістікті болашағымыздың негізі [2]. Тек салауатты өмір  салты ұлттың денсаулығының негізі» болып табылатынын атап айтты.Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық–бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті орган-дардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.
Қоғамның өндірістік идентификациясы ең алдымен адамның психофи-зикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталынады. Ғылыми-техникалық прогресс, урбандалу процесі, экологиялық дисбаланс прессингті нығайтады. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек. «Рекреация» сөзінің мағынасы - «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді [3].
Емдік сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Соған орай елімізде емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында - денсаулықты жақсарту, курортологиялық емдеу қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу.
Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты.
Экономикалық аспектіге - адамның еңбекке деген қабілеттілігін жақсарту.
Курорттық-рекреациялық шаруашылыққа санаториялар, демалыс үйлер, туризм және қызмет көрсету бөлімдері жатады. Қазақстанның туристік қызметінде қолданылу мәселелері мен туристік рекреациялық ресурстары, оның шаруашылығының туризм мен қоршаған орта сферасындағы қарым – қатынасы ретінде қарастырылады. Қазіргі қоғамның даму этаптарының ерекшеліктерінің бірі болып қоршаған ортаның ластануының техногендік факторының өсуі болып табылады. Бұл қауіпті жағдайларда алдымен табиғи туристік ресурстардың дағдарысына әкеледі. Туризм өзінің басты ресурсы – табиғи ортаның үнемі сақталып және жақсарып отыруын қалайды.
Туризмнің жеке түрлерінің дамуына Ақтоғай, Ұлытау, Шет аудандары қолайлы. Аласа таулы және ұсақ шоқылы ландшафттар, өзен, көл, су қоймалардың бар болуы, қалалар мен басқа елді-мекендердің жақындығы облыстық және жергілікті демалыс зоналарын ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады [4].
Сонымен, емдік туризм Қазақстанда рыноктық қатынастарды қалыптастыруда көптеген аспектілердің жетекшісі болып табылады. Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, емдік туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты саласына айналуы мүмкін. Жургізіліп отырған реформалар мен өзгерістердің методологиялық жоспарында туризм аясының ең тиімді және мақсатты бағытты саясатын таңдау маңызды рөль атқарады. Осы мақсатта туристік бизнестің дамуына, динамикадағы жеке сегменттердің қалыптасуына ретроспективті және ситуациялық талдау жасау керек.
Әлемдік экономикада туризмнің рөлі күннен күнге өсуде. Жоғарғы табысты, ірі және динамикалық сала болып отыр, ол өз кезегінде тек мұнай өндіру мен өңдеу саласынан ғана табыстылық деңгейінен артта қалады. ДТҰ жылма-жыл статистикалық жинақ шығарып отырады. Өкініштісі, осы жинаққа Қырғызстан еніп, Қазақстан енбей қалған. Ендеше, осындай көкейтесті мәселені мемлекеттік дәрежеде жедел шешіп, экономикалық пайданы да, халықаралық қауымдастық алдындағы ел беделін де дұрыс пайдалану қажет. Туризм қызметінде маркетингтің кешенін айтарлықтай әлі қолданбаған, туристік кәсіпорындардың маркетингтік кешенін жолдау толық зерттелмеген. Осы тұрғыдан алғанда тақырыптың актуалдылығын аңғаруға болады.
Республикамыз бойынша туризм, демалу және емделу зоналар жалпы ауданы 1,7 млн га жуық болады. Оның ішінде Батыс Қазақстанда 168,6 мың га, Солтүстік Қазақстанда 373,4 мың га, Орталық Қазақстанда 111,8 мың га, Шығыс Қазақстанда 453,8 мың га, Оңтүстік Қазақстанда 513,4 мың га.Қазақстанда туризмді дамытудың маңызды алғышарттарының қатарына күзетілетін табиғи объектілер және аң шаруашылықтары жатады. Бүгінгі таңда Республикамызда 7 мемлекеттік қорық бар, әрине, олар КСРО кезінде құрылған болатын. Сондықтан да осындай көлемдегі қорығы бар жерлер Республикамызда туризмді дамытуға негіз береді деп есептеледі.
Қазақстанда, әсіресе ірі аймақтық туристік Бурабай (Боровое), Қорғалжың, Балқаш, Зеренді, Қапшағай, Қатон-Қарағай, Қарқаралы, Байқоңыр, Түркістан, Ұлытау, Баянауыл, Сарыағаш, Алакөл, Бұқтырма, Текелі және т.б. аймақтарындағы шипажайлар көрсетілетін қызметтерге жоғары баға және сервистік қызмет көрсетуге қатысты басым түседі [5].
Сонымен қатар, дүние жүзілік экономикалық дағдарыстың салқынын азайту үшін туризм бірқатар экономикалық және мәдени параметрлерге оң әсерін тигізеді. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік саласында көптеген жұмыс орнын құру, ұлттық мәдени дәстүрлерді дамыту және елдің жағымды саяси имиджін құру және т.б. Туризм табиғи ресурстарды тауыспайды, керісінше, экономиканың көптеген салаларының дамуын ынталандыратын мультипликативті тиімі бар. Әрине, туристерге қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттар деңгейіне жету үшін туристік инфрақұрылымға көп капитал салынуы қажет, бірақ берілген инвестициялар стратегиялық және ұзақ мерзімді бола тұра болашақта минералды ресурстарды өндіруден де асып түсетін қомақты нәтиже береді. 
Ақсу Жабағылы, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Наурызым, Үстірт қорықтары 803,4 мың га жерді алып жатыр, 2 табиғи парк (Баянауыл және Қарқаралы), 64 мемлекеттік аңшылық-шаруашылық фаунаны қорғайтын тапсырыс орындарының ауданы 6,1 млн га, 1,8 млн га созылып жатқан 19 мемлекеттік аң шаруашылықтары, 23,9 млн га жерге орналасқан 400-ден астам спорттық-аңшылық шаруашылықтары осы аталған территориялардың барлығы Республикамыздағы туризмді дамытудың бірінші кезектегі қорлары деп қарастырылады. Қазақстанда туристік қызметке жүргізілген талдау әрбір кезеңдегі туризм дамуын жүйелендіруге және оның ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік береді. 2013 жылы азаматтар саны, соның ішінде Қазақстан Республикасына келген шет елдік туристер саны 2507 адамнан жоғары болды, яғни шет елдік туристердің әлмдік ағымының 0,006%-ын құрады. Оларды қабылдаудан және қызмет көрсетуден түскен табыс 3 млрд. 312 млн. 924 мың теңге болды. Жалпы Қазақстанның турқызметтер экспортының көлемі халықаралық туризмнің 2,9 % үлесін алады және Қазақстанның ұлттық табысындағы туристік қызметтен түскен табыстың үлесі 2008 жылы 0,05 % құрады. Берілген мәліметтерден елдің туристік бизнесінде жағымсыз беталыс байқалатынын көруге болады, ол барлық туристік қызметтер түріне сұраныстың төмендуімен байланысты [6].
Қазақстан Республикасындағы санаторлы-курорттық саланың дамуындағы экономикалық құраушы емес, әлеуметтік тиімділік басымды болып табылады. Қазақстан Республикасының санаторлы-курорттық қызметтер нарығының дамуы және жұмыс істеуін жетілдіру талдау мен бағалау үшін өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Халық денсаулығы – бұл еліміздің ең басты құндылығы, осындай аса маңызды құндылығымызды қорғау қаладағы бәсекеге қабілетті түрлі жекеменшік түріндегі және өзара тығыз қарым-қатынаста қызмет атқаратын жан-жақты дамыған денсаулық сақтау саласына жүктелген.
Қазақстанның туристтік әлеуеті бай және ерекше, және дамуы үшін уникалды мүмкіндіктерге ие болады.
Көркем орындарында- орман массивтерінде, тау жанындағы және саябақ аумақтарында санаторлық мекемелердің қолайлы орналасуына қарамастан, олардың экологиялық жағдайы орнатылған талаптарына сәйкес келмейді. Көктем кезінде емдік және минералды суларда пестицидтердің қалдық сандары мен олардың бұзылған өнімдері табылады. Емдік-сауықтыру орындарының санаторлы-гигиеналық тәртібі негізінен атмосфералық ауаның автокөлікпен, жақын орналасқан өнеркәсіптік және коммуналды кәсіпорындардың ластануының жоғары деңгейінен болады.
Бірақ курорттық аясындағы жағдай жағымсыз болып келеді. Бір жағынан, көптеген санаторлы-курорттық мекемелер, жалпы сервистің көрсетуге негізгі көңіл бөлсе, өз қызметінің медициналық жағына аз көңіл бөле бастады. Екінші жағынан, тамаша табиғи емдік балшықтарға, судың ерекше сапсына, тұздарға, газдарға  ие болған аймақтар  сервис деңгейі бойынша жақсыны күтеді. Осы жағдайда тепе-теңдікті құрап, адамдар демалып ғана емес, сол сияқты емделіп, сауықтырылып, қалпына келу үшін табиғи байлықтарды, үлкен практикалық тәжірибесін, европалық сервисті жинақтауға үйрену керек.
Қазақстан Республикасында экологиялық туризмдi дамыту қажеттiлiгi тек экономикалық фактормен — жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңiрлердегi жергiлiктi қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк тапсырыспен — халықтың денсаулық және бос уақытын пайдалану проблемасына тұтастай әрi жүйелi түрде мән берумен де түсiндiрiледi. Дүниежүзiлiк туристiк ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда экологиялық туризм неғұрлым танымал және кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралы болып табылады. Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Туристiк әлеуеттi зерттеу қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның экологиялық туризмдi дамыту үшiн үлкен мүмкiндiктерi бар. Оның негiзiн Еуразия орталығындағы бiрегей табиғи жағдайлар мен ландшафттар, көптеген табиғи, тарихи ескерткiштер құрайды. Тұтастай алғанда, Қазақстандағы экологиялық туризмнiң жағдайы тұрақталып келедi. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша, заңды тұлға мәртебесiндегi ұлттық ерекше қорғалатын аумақтар 2007 жылы 491,6 мың туристке қызмет көрсеткен, туристiк топтардың келуiнен түскен кiрiс 2007 жылы 12,1 млн. теңгенi құраған.
Алайда экологиялық туризмнiң басқа туризм түрлерiне қарағанда табиғи ортаға әлсiз әсерiне және кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейтiнiне қарамастан, осы бағыттың дамуы күрделi қиындықтарға ұшырауда, ол рекреациялық-туристiк инфрақұрылымның көп бөлiгiнiң әлi қалыптасу кезеңiнде болуына байланысты. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді. Экологиялық туризмнің басқа туризмдерден принциптік айырмашылығы – табиғатта туристердің берілген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың деградациясын болдырмау.
Бірінші кезекті экологиялық мәселелерді шешуде маңыздысы болып саналатын бұл туризм саласындағы мәселелер. Дамуға бел байлағаннан кейін, яғни дамыған елдер қатарына кіруді мақсат қылғаннан кейін бірінші орында қоршаған ортаны дамыту, көркейту мәселелерін шешіп, содан кейін туристік саладағы табиғи қорғайтын туризм, соның ішінде экологиялық дамуына аса көңіл бөлу керек.
Экологиялық туризм бүгінде – соңғы онжылдықта бүкіл әлем бойынша кең тараған, қазіргі заманға сай туризмнің жаңа бір бағыты болып табылады. Экологиялық туризмнің танымалдылығына дәлел болатын фактілер, яғни экотуризмді одан әрі дамытуға қызығушылық танытып жүрген атақты халықаралық ұйымдар: Бүкіләлемдік Туристік Ұйым, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры, Халықаралық табиғат күзеті одағы және табиғат ресурстары.
Экотуризмді халықаралық және аумақтық деңгейде дамыту жөнінде жаппай барлық жерде конференциялар, конгресстер, кеңестер, симпозиумдар (халықаралық жиналыс) өткізілді. Осының нәтижесінде көптеген фирмалар туризмнің ішінен экотуризмге баса көңіл бөлді. Осындай кеңестердің бірі 2004 жылы басталған Қазақстандағы экологиялық туризмді дамыту жөніндегі бастама ағымдағы жылы аяқталатын болады. Бастаманың мақсаты — ауылды өңірлердегі тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету және ауыл тұрғындары арасында экологиялық сана-сезімнің деңгейін арттыру болып табылады.2009 жылы экологиялық туризм жөніндегі қоғамдастық үкіметтік емес ұйымдардың көмегінсіз туристік фирмалармен тікелей жұмыс істей бастады. Көптеген елдер тәжірибесі дәлелдегендей туризм индустриясы кез-келген экономиканың маңызды бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады.
Өзіндік ерекшеліктері бар Қазақстан бәсекелестік туризм индустриясын құруға үлкен мүмкіндіктері бар. Бұған мүмкіндік туғызатындар:
—  аймақтың пайдалы геосаяси жағдайы халықаралық туристік және коммерциялық тасқындар өтуінің мүмкіндігін сол территория арқылы туғызу;
—  саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформалар өткізу;
—  табиғи ландшафтыладың әралуандылығы, экологиялық туризм ұйымдарына жануарлар мен өсімдіктер әлемі;
—  мәдени-тарихи үзілістік ресурстардың әртүрлілігі;
—  еркін еңбек ресурстарының болуы.
Бірақ, осыған қарамай, экологиялық туризмнің дамуының көптеген мәселелері бар.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы жұмыс істеп жатқан туризм жүйесі туристердің барлық сұранымдарын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері жоқ. Үзілістік ресурстардың молшылығы өте күрделі материалдық базаның құрылғанын қалайды.
Ең маңызды және комплекстік мәселе экологиялық туризм мен туристік қызмет нарығы жағдайын дамыту, материалды-техникалық базаның жағдайына, сонымен қатар потенциалды сұраныс масштабының сәйкес келмеуіне байланысты. Осыдан келесі мәселе туындайды – осы туризм саласындағы мамандардың жоқтығы.
Экологиялық туризм сияқты географиялық мәселелер бүтіндей туризм екеуі өзара бір-бірін толықтырып комплексті шешім қабылдауды талап етеді. Туризмнің басқа түрлері секілді экологиялық туризмнің де дамуы қонақ үйлер құрылысы, туристік базалар, кіріс жолдар, тамақтану пунктері, жарнама өнімін даярлау және басқа да мақсаттарды қаржыландыру және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуге байланысты.
Күзетілетін табиғи аймақтарда экологиялық туризм дамып келеді. Қазіргі уақытта олар қаржылық және материалдық көмекке зар.
Республикамызда экологиялық туризмді дамытуға арналған ғылыми негізделген бағдарлама осы саланы мемлекеттердің әлеуметтік экономика саясаты төңірегінде қарастырып, іске асыруы қажет.
Қазақстандағы экологиялық туризмнің әлсіз дамуының себептеріне келесілерді жатқызуға болады:
—  экологиялық туризмнің нормативті-құқықтық базасының дамымағандығы;
—  экологиялық туризмнің обьектісінің жағдайы мен саны жөніндегі статистикалық есептің болмауы;
—  салық саясатының жетілмегендігінің нәтижесінде туристік қызметке шетел туритерін қабылдайтын және отандық туритерді шетелге жіберілуін жүргізетін туристік фирма қызметінің сипатын шектеусізден 20 % көлемінде қосымша құнға салық салынады;
—  ерекше қорғалатын табиғи территориялардың көпшілігінде экологиялық туризм маршруттарын дамытуға қаражаттың жоқтығы, келушілерге қызмет көрсететін және ақпарат беретін дайындықтан өткен кадрлардың жоқтығы;
—  магистральдар мен жолдарды айтарлықтай алыста орналасқан экологиялық туризм обьектілеріне көліктің жетуінің төменділігі;
—  экологиялық туризм саласындағы халықаралық қатынастардың және экологиялық туризмді ұйымдастырудағы халыаралық тәжірибенің болмауы.
Қазақстандағы туристік қызметтің даму болашағын қарастыру кезінде туристік қызметті мемлекттік деңгейде қабылданған стратегиялармен, бағдармалармен дамытпаса қоршаған ортаға жылдам дамушы туризм кері әсер ету мүмкіндігін ескерту қажет. Экологиялық  туризмнің обьектісі болып табылатын табиғи су қоймалардың ластануында үлкен рольді мыналар атқарады: туризмнің моторизациясы; тазарту құрылғалары жоқ туристік базалардың коммуникалды кәсіпорындарының шығаратын қоқыстары. Әрине, экологиялық туризнің дамуы секілді сәйкес инфроқұрылымсыз болмайды. Ең бірінші, көрсетілетін обькетілер оптималды үйлестірілген орындарда, яғни көлікке қол жеткізімділіктің коммуникациондық құрылыстың, материалдық-техникалық базаның даму деңгейі мен тамақтану базаларын ұйымдастыруға мүмкіндіктердің болуын ескере отырып туристік қызметті дамыту қажет. Өйткені экологиялық туризмнің обьектісі жаратушы табиғат болғандықтан, инфрақұрылымды табиғат ландшафтары аса үлкен өзгерістерге ұшырамайтындай етіп дамыту қажет. Ереже бойынша, негізінен алғашқы ландшафтың өзгеру қауіпі тау және таулы аймаққа жақын аудандарға төнеді. Туристік жылжулардың көптілігіне байланысты ертеден шағын туристік базалар және аңшылық үйшіктер енді ірі қонақ үй кешендері мен демалу базаларына орын береді. Қыстық демалу турлерін дамыту кезінде шаңғы трассалардың, жолдардың, электро жүйелерін жүргізу, орман алаңдарының қысқаруына себеп болып, нәтижесінде бірте-бірте табиғат кешендерінің дағдарысына және ландшафтардың эстетикалық тартымдылығының төмендеуіне әкеліп соқты. Экологиялық туризм экотуризм обьектісі сиқты табиғи табиғат ортасын сақталуымен байланысты. Сондықтан қаражат экотуризмді кең таратуға ғана қажет емес. Таулы лашықтардың көріну аландарының құрылысына, маршруттың реттелуіне – белгілі бір қаражат қажет. Бірақ осы уақытта қорғалатын табиғи территориялар мемлекеттен қаржыландырылмайды, сондықтан болашақта капиталды салуда барлық жағдайлар жасалуы керек. Сөйте тұра, табиғи обьектілірді қалпына келтіру және күтудегі барлық міндеттер жекеменшіктің мойнында болады. Берілген территорияда инфрақұрылыстың дамытуымен айналысатын жеке меншік ұйымдардың иегерлері барлық табиғи ресурстарды тиянақты және жүйелі қолдануды қамтамасыз ету тиіс.
Экотуризм дамуы – мүлтіксіз және туристік қызмет нәтижесінде болған экожүйеге теріс әсер етуін төмендетудегі жалғыз жол болып табылады. Барлық дерлік елдерде экологиялық туризмнің дамуына үлкен көңіл аударады. Соның нәтижесінде біздің тіршілік әрекетімізді қолдап тұратын қоғамның табиғи ортаға және экожүйеге көңіл аударуы жоғарылай бастады.
Осы арқылы Қазақстандағы экологиялық туризм дамуы, біздің көзқарасымыз бойынша республикадағы барлық табиғи шаруашылық кешенінің сәтті дамуына, сондай-ақ басты әлеуметтік-экономикалық елдің мақсаты – қоғамның тұрақты дамуы мен салауатты өмір салты болуы үшін қоршаған ортаны жағымды жағдайлармен қамтамсыз етуді ұйымдастыруға қол жеткізу.
І санаттағы туристік жорықтарды ұйымдастыру мен өткізудің күрделілігі
Туристік жорық, туристік жорықтар көбінесе ауылды жерлермен немесе тұрғылықты халқы сирек аймақтарда белгілі бір мақсатпен жаяу жүріп саяхат шегу: танып-білу, сауықтыру, спорт, оқулық және жаттықтырушылық мақсатында туристік жорықтар ұзақтық мерзіміне қатысты (1-2 күндік немесе кеп күндік), жүру әдістері туристік түрлеріне, бағытына, мысалы, жаяу немесе шаңғымен жүру, таулы өңірге саяхат, сумен, велосипедпен , автомашинамен жүруге арналған саяхаттар, спелеожорықтар, сонымен қатар белгілі қиындық дәрежелері бойынша саяхат жасау. Туристік жорықтың басқапардан айырмашылығы - табиғи кедергілерден міндетті түрде өту сипатына қатысты. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%A0" \o "ҚР"ҚР-сы аумағында туристік жорықтарын ұйымдастырудың ережесі. ҚР-ның туристік және спорт миннистрлігінің 29.07.93 ж. N 6-2 бұйрығына сейкес бекітілген. Қазақстан аумағында спорттық және көпшілікке арналған жорықтар мен экспедицияларды ұйымдастырудың тәртібі бар.[1]Туристік жорықтарды өткізу ережелеріҚатысатын адамдардың тәжірибесі, міндеті мен құқықтары. Қатысушының міндеті:
-жетекшілердің бұйрықтарын дер кезінде орындау;
- мед.тексеруден өту;
- жорық кезінде ауру-сырқаттары жөнінде айту;
- жорық даярлығына қатысу, жаттығу;
- есеп құрастырылуына қатысу.
Қатысушының құқығы:
- жетекшіні сайлау;
- маршрутты таңдау;
- жорықтан кейін қатысушылар мен жетекшінің әрекеттерін талқылау, егер олармен келіспесе, туристік ұйымға шағым немесе арыз жасау.
Тәртіп бұзғаны үшін былай жазалануы мүмкін:
- жорықты қабылдамау;
- оның алдындағы жорықтарды жою;
спорттық дәрежеден айыру;
-жорыққа шығуына тиым салу, рұқсат бермеу.
Жорық жетекшісінің құқықтары мен міндеттері:
- жорық ауданын білу, танысу;
- қатысушыларды таңдау;
- дайындық жасауды ұйымдастыру;
- қажетті рұқсаттар мен келісім жасау;
- маршруттық құжаттарды жинау;
- қауіпсіздік ережесін орындауды бақылау;
20. Оқу жаттығу жорығын ұйымдастыру арнайы график бойынша оқу практикалық мақсатында өткізіледі.Негізі саяхаттың жетекшілері мен инструкторларды дайындауды қарастырады.Оларды көбінесе техникалық және методологиялық дағдыларды үйрету мақсатында арнайы жерде өткізеді.Сонымен қатар туристтік квалификацияны, физикалық даярлықтың дәрежесін жоғарылату үшін де өткізіледі.Оқу жорығының маршрутына қойылатын талаптар ұйымдастыру-методикалық нұсқаулар мен оқу жоспарында беріледі. Жорықтың өткізілу поаны және маршруты туризм кеңесінің комиссиясымен бекітілуі тиіс.Мұндай жорықтарда инструкторлардың біліктілігі мен жылдамдығы де үлкен рөль атқарады.маршрутта кездесетін кез келген кедергілер оқу мақсатында пайдаланылуы тиіс.
21.Туристік құрал-жабдықтартуристік саяхтр-да қажет болатын киім, аяқ киім, бивак құралдары, қозғалыс, сақтандыру тасымалдау құралдары жата- ды. Құрал-жабдықтар жеке және топтық құрал-жабдықтарға бөлінеді. Құрал-жабдықтарға қойыла тын талаптар: минималды салмақ пен көлемі, сенім ділік, пайдалану мен жөндеуге оңай болуы гигиена қауіпсіздік, эстетика, атмосфера әсеріне, тозуына, коррозияға шыдамды, бір-біріне үйлесімді болуы қажет. Палаткалардың талай түрлері болады: 1, 2, 3, одан да көп орындық; жеңіл каркас арқылы құр ылатын, бір-екі таяқпен орнастырылаты, және т.б. Палаткаларға қойылатын талаптар мынадай: олар жеңіл және жинауға оңай болуы қажет, су өткізбей тін (ол жөнінде этикеткасында қанша мм жауын-шашын шыдайтыны жазылады, мысалы, 500 мм, 2000 мм т.с.с.), мықты, тынысты тарылтпайтын және көп орын алмайтын болғаны дұрыс Сонымен қатар, топтық құрал-жабдықтарға әртүрлі ас пісіретін саймандар кіреді: жандырғы, газ немесе бензин, таған, үлкен ыдыстар, ожау, кәкпір, пышақ, тақтай, үгіткіш, ыдыс жуатын құралдар, күрек, ара, балта, жөндеу саймандары, дәрі қобдишасы және т.б. Кейбір жағдайда, әсіресе коммерциялық турларда, көшпелі әжетхана да болуы мүмкін. Ұйқы қаптары (спальные мешки) жеңіл және жылы материалдан жасалады: синтепон, құстың мамығы (ең жылысы). Кейде екі-үш қапты біріктіріп бірге ұйықтауға болады. Қаптың ішіне тазалық сақтау үшін ақжайма салып қоюға болады. Қапты мүмкіндікше суламай сақтау керек. Рюкзактар жүк тасуға ыңғайлы болуы керек.
Аяқ киім жорық қиындығына, жыл мезгіліне, ауа райы жағдайына сәйкес болуы керек. Қалың шұлық сиятындай, үлкенірек аяқ киім алған жөн. Аяқ киім мықты, материалы мүмкіндікше гортекс, табаны тайғанамау үшін жақсы протекторы болса дұрыс. Қатты аяз болса арнайы екі қабатты сырты пластик бәтіңке кию керек (мысалы, «кофла»), ұйқы қабына аяқ киім шешпей жата береді. Аяқ киімді кептіргенде ұлтарағын суырып алып бөлек кептіру керек, ішіне қағаз тығып кептіреді. Ешқашан оттың жанында кептіруге болмайды: аяқ киім бүрісіп қатып кетеді де ертеңіне аяқ қажайды. Шұлықты да оттың жанында кептіруге болмайды: синтетикалық жіптер балқып қатып қалады да аяқты қажап жаралайды. Киім климат жағдайына сәйкес болуы керек. Міндетті түрде бірнеше іш киім, бірнеше жеңіл және қалың шұлық, қолғап, күн өткізбейтін бас киім, жылы бас киім, қара көзілдірік, екі-үш көйлек (футболка), желден қорғайтын күртке, жылы (құс мамық) куртка, түрлі шалбар мен шорты, плавки, т.б. болуы керек.
Арнайы құралдарға түрлі сақтандыру және спорт түрлеріне байланысты құралдар жатады. Альпеншток – жүрген кезде сүйенетін және жолды қарастыратын таяқ. Альпеншток жиналған кезде қысқа болады, ал жүргенде ұзартылады. Мұзшапқыштар қар мен мұздың үстінде жүргенде қолданылады. Мұзшапқыш сап пен үшкір және жалпақ ұштарынан тұрады. Арқан өткізу үшін бір-екі тесігі бар. Мұзшапқышты жоғалтып алмауға арналған бүлдіргесі бар. Мұздықта сақтандыру үшін «кошки», мұз ілгектері, мұзға бұрайтын ілгектер, якорлық ілгектер («айс-фифи») қолданылады. Мұз бен жартасқа өрмелеу үшін арқан, карабиндер, жумар, тас ілгектері, «сегіздік» сияқты саймандар қолданылады. Басты тастың құлауынан сақтау үшін мықты каска қолданылады. Байланыс жасау және дабыл соғу үшін ракетница болуы керек. Жөндеу саймандары:1. Сумка
2. Жеңіл пассатижи (тістеуік)3. Әртүрлі жұмсақ сым 4. Қаңылтыр, шегелер, былғары, брезент
5. Қайрақ, үш қырлы егеу 6. Надфиль, біз, лента, скоч, кендір жіп, қайшы, отвертка 7. «БФ» желімі немесе әмбебап желім, киперлік лента, капрон жібі
8. Инелер, бірнеше түсті жіп, түймелер 9. Тігін материал салатын қорапша 10. Түйреуіштер, рәзіңке, қысқыш.
Экологиялық туризмнің түрлері
Экологиялық туризм (фр. tourisme, фр. tour — сейілдеу, сапар) — туризмнің жаңа шыққан түрлерінің бірі; сауықтырушылық, танымдық, қарым-қатынастық қажетсінулер ұштастырылатын, халықтың тынығуға қатысты қажетсінулерін неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін туризм саласы. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%AD%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%82%D2%B1%D1%80%D2%93%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Экологиялық тұрғы (мұндай бет жоқ)"Экологиялық тұрғыдағы корнекті орындарды (ұлттық саябақтарды, табиғат ескерткіштерін, табиғат қорғау проблемалары неғұрлым оңтайлы шешілген аумақтарды, экологиялық ұйымдардың, "жасылдар" қозғалысының бұқаралық шараларына қатысу, аралап қору қоса жоспарланған саяхат болып табылады. Оған экологиялық білім беру және ағарту элементтері міндетті түрде қамтылады.
 Қазақстан Республикасында экологиялық туризмдi дамыту қажеттiлiгi тек экономикалық фактормен — жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңiрлердегi жергiлiктi қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк тапсырыспен — халықтың денсаулық және бос уақытын пайдалану проблемасына тұтастай әрi жүйелi түрде мән берумен де түсiндiрiледi. Дүниежүзiлiк туристiк ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда экологиялық туризм неғұрлым танымал және кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралы болып табылады. Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Туристiк әлеуеттi зерттеу қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның экологиялық туризмдi дамыту үшiн үлкен мүмкiндiктерi бар. Оның негiзiн Еуразия орталығындағы бiрегей табиғи жағдайлар мен ландшафттар, көптеген табиғи, тарихи ескерткiштер құрайды. Тұтастай алғанда, Қазақстандағы экологиялық туризмнiң жағдайы тұрақталып келедi. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша, заңды тұлға мәртебесiндегi ұлттық ерекше қорғалатын аумақтар 2007 жылы 491,6 мың туристке қызмет көрсеткен, туристiк топтардың келуiнен түскен кiрiс 2007 жылы 12,1 млн. теңгенi құраған.
Алайда экологиялық туризмнiң басқа туризм түрлерiне қарағанда табиғи ортаға әлсiз әсерiне және кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейтiнiне қарамастан, осы бағыттың дамуы күрделi қиындықтарға ұшырауда, ол рекреациялық-туристiк инфрақұрылымның көп бөлiгiнiң әлi қалыптасу кезеңiнде болуына байланысты. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді. Экологиялық туризмнің басқа туризмдерден принциптік айырмашылығы – табиғатта туристердің берілген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың деградациясын болдырмау.
Бірінші кезекті экологиялық мәселелерді шешуде маңыздысы болып саналатын бұл туризм саласындағы мәселелер. Дамуға бел байлағаннан кейін, яғни дамыған елдер қатарына кіруді мақсат қылғаннан кейін бірінші орында қоршаған ортаны дамыту, көркейту мәселелерін шешіп, содан кейін туристік саладағы табиғи қорғайтын туризм, соның ішінде экологиялық дамуына аса көңіл бөлу керек.
Экологиялық туризм бүгінде – соңғы онжылдықта бүкіл әлем бойынша кең тараған, қазіргі заманға сай туризмнің жаңа бір бағыты болып табылады. Экологиялық туризмнің танымалдылығына дәлел болатын фактілер, яғни экотуризмді одан әрі дамытуға қызығушылық танытып жүрген атақты халықаралық ұйымдар: Бүкіләлемдік Туристік Ұйым, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры, Халықаралық табиғат күзеті одағы және табиғат ресурстары.
Экотуризмді халықаралық және аумақтық деңгейде дамыту жөнінде жаппай барлық жерде конференциялар, конгресстер, кеңестер, симпозиумдар (халықаралық жиналыс) өткізілді. Осының нәтижесінде көптеген фирмалар туризмнің ішінен экотуризмге баса көңіл бөлді. Осындай кеңестердің бірі 2004 жылы басталған Қазақстандағы экологиялық туризмді дамыту жөніндегі бастама ағымдағы жылы аяқталатын болады. Бастаманың мақсаты — ауылды өңірлердегі тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету және ауыл тұрғындары арасында экологиялық сана-сезімнің деңгейін арттыру болып табылады.2009 жылы экологиялық туризм жөніндегі қоғамдастық үкіметтік емес ұйымдардың көмегінсіз туристік фирмалармен тікелей жұмыс істей бастады. Көптеген елдер тәжірибесі дәлелдегендей туризм индустриясы кез-келген экономиканың маңызды бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады.
Өзіндік ерекшеліктері бар Қазақстан бәсекелестік туризм индустриясын құруға үлкен мүмкіндіктері бар. Бұған мүмкіндік туғызатындар:
—  аймақтың пайдалы геосаяси жағдайы халықаралық туристік және коммерциялық тасқындар өтуінің мүмкіндігін сол территория арқылы туғызу;
—  саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформалар өткізу;
—  табиғи ландшафтыладың әралуандылығы, экологиялық туризм ұйымдарына жануарлар мен өсімдіктер әлемі;
—  мәдени-тарихи үзілістік ресурстардың әртүрлілігі;
—  еркін еңбек ресурстарының болуы.
Бірақ, осыған қарамай, экологиялық туризмнің дамуының көптеген мәселелері бар.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы жұмыс істеп жатқан туризм жүйесі туристердің барлық сұранымдарын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері жоқ. Үзілістік ресурстардың молшылығы өте күрделі материалдық базаның құрылғанын қалайды.
Ең маңызды және комплекстік мәселе экологиялық туризм мен туристік қызмет нарығы жағдайын дамыту, материалды-техникалық базаның жағдайына, сонымен қатар потенциалды сұраныс масштабының сәйкес келмеуіне байланысты. Осыдан келесі мәселе туындайды – осы туризм саласындағы мамандардың жоқтығы.
Экологиялық туризм сияқты географиялық мәселелер бүтіндей туризм екеуі өзара бір-бірін толықтырып комплексті шешім қабылдауды талап етеді. Туризмнің басқа түрлері секілді экологиялық туризмнің де дамуы қонақ үйлер құрылысы, туристік базалар, кіріс жолдар, тамақтану пунктері, жарнама өнімін даярлау және басқа да мақсаттарды қаржыландыру және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуге байланысты.
Күзетілетін табиғи аймақтарда экологиялық туризм дамып келеді. Қазіргі уақытта олар қаржылық және материалдық көмекке зар.
Республикамызда экологиялық туризмді дамытуға арналған ғылыми негізделген бағдарлама осы саланы мемлекеттердің әлеуметтік экономика саясаты төңірегінде қарастырып, іске асыруы қажет.
Қазақстандағы экологиялық туризмнің әлсіз дамуының себептеріне келесілерді жатқызуға болады:
—  экологиялық туризмнің нормативті-құқықтық базасының дамымағандығы;
—  экологиялық туризмнің обьектісінің жағдайы мен саны жөніндегі статистикалық есептің болмауы;
—  салық саясатының жетілмегендігінің нәтижесінде туристік қызметке шетел туритерін қабылдайтын және отандық туритерді шетелге жіберілуін жүргізетін туристік фирма қызметінің сипатын шектеусізден 20 % көлемінде қосымша құнға салық салынады;
—  ерекше қорғалатын табиғи территориялардың көпшілігінде экологиялық туризм маршруттарын дамытуға қаражаттың жоқтығы, келушілерге қызмет көрсететін және ақпарат беретін дайындықтан өткен кадрлардың жоқтығы;
—  магистральдар мен жолдарды айтарлықтай алыста орналасқан экологиялық туризм обьектілеріне көліктің жетуінің төменділігі;
—  экологиялық туризм саласындағы халықаралық қатынастардың және экологиялық туризмді ұйымдастырудағы халыаралық тәжірибенің болмауы.
Қазақстандағы туристік қызметтің даму болашағын қарастыру кезінде туристік қызметті мемлекттік деңгейде қабылданған стратегиялармен, бағдармалармен дамытпаса қоршаған ортаға жылдам дамушы туризм кері әсер ету мүмкіндігін ескерту қажет. Экологиялық  туризмнің обьектісі болып табылатын табиғи су қоймалардың ластануында үлкен рольді мыналар атқарады: туризмнің моторизациясы; тазарту құрылғалары жоқ туристік базалардың коммуникалды кәсіпорындарының шығаратын қоқыстары. Әрине, экологиялық туризнің дамуы секілді сәйкес инфроқұрылымсыз болмайды. Ең бірінші, көрсетілетін обькетілер оптималды үйлестірілген орындарда, яғни көлікке қол жеткізімділіктің коммуникациондық құрылыстың, материалдық-техникалық базаның даму деңгейі мен тамақтану базаларын ұйымдастыруға мүмкіндіктердің болуын ескере отырып туристік қызметті дамыту қажет. Өйткені экологиялық туризмнің обьектісі жаратушы табиғат болғандықтан, инфрақұрылымды табиғат ландшафтары аса үлкен өзгерістерге ұшырамайтындай етіп дамыту қажет. Ереже бойынша, негізінен алғашқы ландшафтың өзгеру қауіпі тау және таулы аймаққа жақын аудандарға төнеді. Туристік жылжулардың көптілігіне байланысты ертеден шағын туристік базалар және аңшылық үйшіктер енді ірі қонақ үй кешендері мен демалу базаларына орын береді. Қыстық демалу турлерін дамыту кезінде шаңғы трассалардың, жолдардың, электро жүйелерін жүргізу, орман алаңдарының қысқаруына себеп болып, нәтижесінде бірте-бірте табиғат кешендерінің дағдарысына және ландшафтардың эстетикалық тартымдылығының төмендеуіне әкеліп соқты. Экологиялық туризм экотуризм обьектісі сиқты табиғи табиғат ортасын сақталуымен байланысты. Сондықтан қаражат экотуризмді кең таратуға ғана қажет емес. Таулы лашықтардың көріну аландарының құрылысына, маршруттың реттелуіне – белгілі бір қаражат қажет. Бірақ осы уақытта қорғалатын табиғи территориялар мемлекеттен қаржыландырылмайды, сондықтан болашақта капиталды салуда барлық жағдайлар жасалуы керек. Сөйте тұра, табиғи обьектілірді қалпына келтіру және күтудегі барлық міндеттер жекеменшіктің мойнында болады. Берілген территорияда инфрақұрылыстың дамытуымен айналысатын жеке меншік ұйымдардың иегерлері барлық табиғи ресурстарды тиянақты және жүйелі қолдануды қамтамасыз ету тиіс.
Экотуризм дамуы – мүлтіксіз және туристік қызмет нәтижесінде болған экожүйеге теріс әсер етуін төмендетудегі жалғыз жол болып табылады. Барлық дерлік елдерде экологиялық туризмнің дамуына үлкен көңіл аударады. Соның нәтижесінде біздің тіршілік әрекетімізді қолдап тұратын қоғамның табиғи ортаға және экожүйеге көңіл аударуы жоғарылай бастады.
Осы арқылы Қазақстандағы экологиялық туризм дамуы, біздің көзқарасымыз бойынша республикадағы барлық табиғи шаруашылық кешенінің сәтті дамуына, сондай-ақ басты әлеуметтік-экономикалық елдің мақсаты – қоғамның тұрақты дамуы мен салауатты өмір салты болуы үшін қоршаған ортаны жағымды жағдайлармен қамтамсыз етуді ұйымдастыруға қол жеткізу.
Діни туризмнің дүние жүзіндегі орталықтары
5 Тақырып Діни туризмнің географиясы
Жоспар
1. Қажылықтың тарихы. Иерусалим- әлемнің ең ірі діни орталығы.
2. Христиан діннің қажылық орталықтары. Мұсылман дінінің қажылық
орталықтары.
3. Буддизм дінінің қажылық орталықтары.
4. Дінтану мақсаттары бар ғылыми туризмнің географиясы. Туристік іс-
әрекеттерді ұйымдастыру үшін діни туризм дамуының әсері.
Қажылық амалдары зул-хижжа айының сегізі күні басталады. Бұл күнді «тәруия
күні»деп атайды. Бұл күні тәмәттуғ қажылығын жасаушы қажылыққа қайтадан ихрам киеді.
Ихрам киюден бұрын умраға ихрам киген кездегі амалдарды орындайды, ғұсыл алады, иіссу
себінеді. Одан кейін қонақ үйден ихрам киеді. «Аллаһумма ләббәйкә хажжан», - деп ниет
етіп ихрам халіне кіреді. Ихрамға кіргеннен кейін тәлбия айтуды бастайды. Сосын қажылар
түске дейін Минаға жол жүреді. Минаға келгеннен кейін төрт ракағат намазды екі ракағат
қылып, қысқартып, әр намазды өз уақытында оқиды.
Зул-хижжа айының тоғызы күні таң намазын оқып болғаннан кейін, күннің шығуын
күтеді. Күн шыққаннан кейін асықпай, тәлбия оқып, Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымызға
(с.ғ.с.) салауат айтып және Құран оқып, ақырындап Арафатқа жылжиды. Жолда Аллаһқа көп
мадақ, зікір айту абзал. Арафатқа бесін намазының уақыты кіргенге дейін жету керек.
Арафатта тұру - қажылықтың негізгі парызы,онсыз қажылық қабыл болмайды.Пайғамбар
(с.ғ.с.): «Қажылық (дегеніміз) - Арафат», - деген (Әбу Дауд, әт-Тирмизи). Арафа күні -
күндердің ең абзалы. Бұл күні барлық қажылар Арафатта жиналып, күн батқанға дейін
Аллаһтан кешірім, мейірім, рақым және басқа да қалаған нәрселерінсұрайды. Аллаһқа
сансыз мадақтар, Оның елшісіМұхаммедке (с.ғ.с.) салауаттар айтылады. Айша анамыз риуаят
еткен хадисте Пайғамбар (с.ғ.с.): «Аллаһ басқа күндері тозақ отынан дәл Арафа күніндегідей
көп адамды құтқармайды. Аллаһ тағала жақындайды да, періштелеріне сендермен
мақтанады. Одан кейінАллаһ тағала: «Олар нені қалайды?» - дейді», - деген (Муслим).
Аллаһтың мейірімі мен жақсылығын шын жүрекпен сұраймыз... Шамасы келген,
мүмкіндігі болған адамға бесін намазының уақыты кірген кезде Намира мешітіне бару -
сүннет. Осы күні Намира мешітінде имам адамдарға құтпа оқып, қажылық амалдарын
орындау жолдарын және абзалдығын түсіндіріп береді. Құтпадан кейін бесін және екінті
намаздарын бір азан және екі қамат айтып, қысқартып, қосып оқиды. Осы екі намаздан
бұрында, кейін де басқа ешқандай намаз оқылмайды. Бұл - Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен
сүннет. Намира мешітінің бір бөлігі Арафат аймағына кірмейтіндіктен намаз оқып болғаннан
кейін қажы өзінің Арафат аймағында екендігін нақтылап алуы қажет. Өйткені Арафаттың
сыртында қалу дұрыс емес. Діни туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр. Оған мінәжат ету сапарлары, дін мен діни мәдениет тарихын білу мақсатындағы саяхаттар, діни қызметшілердің саяхаттары жатады. Дiни туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседi. Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi Түркiстан қаласы., Қожа Ахмет Иасауи кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейiтi, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауд.) Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба а-нда — Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында — Айша бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында — Артық, Айтман кесенелерi, Балқаш қаласы маңында — Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелi орындар бар. 
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қаланың көне атауы –Яссы. Яссы Ұлы Жібек Жолының сауда орталығы және округі болған. XII ғасырда әсіресе Қ.А Яссауи көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған. Оның өлімінен кейін сол жерде кейін киелі жерге айналған үлкен кесене салынды. Алтын Орданы жеңіп алған соң Әмір Темір ақынға арнап үлкен мазар орнатты. Бірінші салған күйінде ол әлі сол қалпында 6 ғасыр сақталған.
Қарашаш-ана кесенесі. Сайрам орталығында орналасқан бұл табиғи ескерткіш XIX ғасырға жатады. Алғашқы кезде кесене XIII ғасырда салынған болатын. Қарашаш-ананың шын аты- Айша-бибі, ол шейх Мұсаның қызы болған. Ол өзінің қарапайымдылығымен, сыпайылығымен ерекше адам болған. Қарашаш-ананы әлемнің барлық түріктері аса құрметтейді. Оны аналық қасиеті белгісімен құрмет тұтады.
Айша-бибі кесенесі. Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш – Айша-бибі мазары орналасқан. (XI- XIIғғ.) Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша –бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Мазардың бұрыштарының бірінде көне жазба тақпағы сақталып қалған: «Күз...Қара бұлт.Әлем керемет...» Біздің күнге кесененің тек батыс бөлшегі сақталған. Қазір кесене толығымен жаңартылған. Аумақ жақсы орналастырылған. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған.
Бабаджа-Хатун кесенесі. Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғғ сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген. Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды. Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.
Бекет ата мешіті.Үстірттің және оның жарқабақтау үзілістері, борлы сілемдері мен ұшпалары шын мәнінде жерде кездеспейтін фантастикалық пейзажды ұсынады. Осы жерде сопы Бекет-Атаның атақты жер асты ғимараты орналасқан. Бекет-ата Мырзағұлұлы Батыс Қазақстанда ең құрметті тұлғаның бірі болып есептеледі. 40 жасында сопы атағына ие болып, балаларды оқытуға ден қояды. Оның тәуіпкерлігі болған деп те айтылады. Оның алдына келген қуатсыз және қайғы көрген діншілдер келген екен, ол оларға денсаулық пен жаңа өмірлік қуат береді екен
Қонақ үйдің классификациясы дегеніміз – бұл белгілі бір қона
Қонақ үйдің классификациясы дегеніміз – бұл белгілі бір қонақ үйлерімен нөмерлерінің қызмет көрсету критерийлері немесе стандарттарыбойынша сай келінуінің анықтамасын айтамыз.Қонақ үйлер жұлдызды, короналық, разрядты жүйе болып бөлінеді: қонақ үйдің разрадтылығы оның имеджіне, престижіне және қонақ үйдің қызмет ету жүйесіне байланысты болады.Әлемде қонақ үйдің бірыңғай жіктемесін енгізу сол елде қалыптасқан ұлттық дәстүрлеріне мемлекеттің тарихи – мәдени ерекшеліктеріне сапа критерийлеріне және тағы басқа кедергі келтіреді.Қазіргі кезде 30 – дан астам қонақ үйдің классификациясы бар.Назарларыңызға рахмет!Қонақ үйлік тарифтеріне байланысты:1.тарифке — қонақ үйдің тұру бағасы б ғана кіреді (RO) — Room Only Европалық2.орналасу және таңғы ас (BB) – Bed and Break fost континенталдық.Таңғыастың 3 түрі болады:• континенталды – сок, кофе, чай, тоқаш және джем;• ағылшын таңғы асы – жұмыртқа және сиыр еті;• шветтік таңғы асы – ірімшік, шұжық, нан өнімдері, жеміс – шидек, джембал, чай және кофе.3. жартылай пансион – ( орналастыру, таңғы асы, түскі ас және кешкі ас )(HB) – Half Board.4.Толық пансион – ( орналастыру және плюс 3 – 4 реттік тамақтандыру )(FB) – Full Board.5. Клубтық демалыс жүйесіне маманданған қонақ үйлер – 3 реттік тамақтану,плюс тәулік бойына тегін закуска, ішімдік және сусындар қоылады.(I) – Impereal.Қонақ үйдің жұмыс мерзіміне байланысты:1. жыл бойы жұмыс істейтін қонақ үйлер2. маусымдық курорттық қонақ үйлерҚонақ үйдің номерлерінің бағасына қарай:• бюджеттік бағасы – ( 25 – 35 $ )• эконом класты қонақ үй – ( 35 – 55 $ )• орта класты қонақ үй – ( 55 – 95 $ )• бірінші класты қонақ үй – ( 95 – 195 $ )• апартаментті қонақ үй – ( 65 – 125 $ )• люкс класты қонақ үй – ( 125 – 425 $ )Қонақ үйлердің жіктелуі Орындаған: Нургали А; Нурсолтанова А; Ахметова Б;Бакишева Г; Естурина С. Сонын ішінде қонақ үйдің орналасу жағынан төмендегідей болуы мүмкін:1. қаланың ішінде орналасуы ( орталықта немесе қала шетінде ).Әдетте орталықта орналасқан қонақ үйде іскерлік мақсаттағы қонақ үйлер, отельдер, отель – люкстер және орта класты қонақ үйлер орналасады.2. теңіз жағалауында орналасатын қонақ үйлер.Мұнда орналасуына қарай теңізден рарақашықтығы 50 м, 100 м, 150 м, 200 м, 300 м — ге дейін орна –ласады.3. таулы жердегі қонақ үйлер.Бұл туристік маршрут бойындағы демалуға ыңғайлы жерде көркем пейзажды табиғат аясында орналасатын қонақүйлер.Қонақ үй кәсіпорынының іс әрекетіне байланысты:1.транзитті қонақ үй — туристерге арналған темір жол, су жағасында орналасуы мүмкін және жол жанында орналасуы мүмкін.2.мақсаттық – іскерлік бағыттағы қонақ үйлер.Олар: конгрес, синфозим, демалу, курорттық туристік қонақ үйлер.Қонақ үйдің халықаралық тәжірибеде төмендегідей типтері жиі кездеседі:1. Апартамент – сиымдылығы жағынан шағын және орташа болып келеді.Бұл ірі қалалар үшін тән.Сондықтанда ол пәтерлік типтегі қонақ үй болып табылады.2. Эконом класты қонақ үй – сиымдылығы жағынан шағын немесе орташа мөлшердегі кәсіпорын болып табылады және магистралдарға жақын орналасады.3. Отель – бұл сиымдылығы жағынан әр түрлі мөлшерде болып келетін қалалардың көрікті ыңғайлы жерлерінде орналасатын және де қонақ жайлылықтын барлық түрі ұсынылатын кәсіпорын.4. Мотель – автобустерге арналған қонақ үйлер.Қаланың сыртында ірі автомобиль жолдарының бойында орналасады немесе туристік орта –лықтар құрамына кіреді.Тұрақтары, автожағармайлары,техникалық қызмет орындары бар.Ғимараттын сиымдылығы орташа және шағын деңгейге тән.Ең бастысы бұнда клиенттер өз өзіне жұмыс жасайды.5. Кемпинг – бұл авто, мото туристерге, вело туристерге арналған қаланың сыртында орналасатын кейде мотельдердің жанында орналасатын лагер типті қонақ үйлер.Туристер жазғы айларда палаткаларда түнеп шығу үшін ғана орналасады.Электрмен, сумен, автомашиналарды жуумен және жөндеумен қамтамасыз етіледі.Автомашиналар қоятын орындар бар.Бұл жерде қосымша қызметорындары болуы мүмкін.Кейбір кемпингтер қонақ үйлердің, турбаза –лардың, мотельдердің құрамына кіреді.Кемпингтер туристік маршруттар бойында, курорттық аудандар мен туристік орталықтарда салынады.6. Түнеу және таңғы ас типіндегі жеке меншік қонақ үйлер – бұл АҚШ – та кең таралған.Сиымдылығы жағынан орташа болып келеді.7. Пансион – бұл қарапайым стандартты қызметі шектеулі кәсіпорын.Бірақ бұнын басты ерекшелігінен қонақтарға толық пансион көрсетіледі, яғни 4 уақыттық ас береді.Жұлдызды жүйе Ұлыбритания қонақ үйлері өте жиі тараған қонақ үй классификация жүйесіндегі тәжі ( корона ) немесе кілт сипатында болып келеді. Европаелдеріндегі қонақ үйлерге қарағанда тәжі жұлдыздық жүйеліктен бір сан жоғары болып есептелінеді ( 5 жұлдызды – алты тәжіге ).Сонымен қатармұнда Британдық Туристік Агенттілік классификациясы жиі пайдаланылады.Бұл қонақ үй бағасына байланысты әдемі, арнайы турис –тік топтарға арналып жасақталған қонақжай орындары.Аргентина қонақ үйлері ұлттық жүйеге енген.Бес жұлдыздық катего –рияға сай мынандай бес категория белгілері енгізілген:« Т » — туристік класс.Ол екі жұлдыздық қонақ үй болып есептелінеді.« F » — бірінші класс.Бұл үш жұлдыздық қонақ үй деп есептелінеді.« FS » — супер класс. Бұл төрт жұлдыздық қонақ үйге сай келеді.« L» — люкс« DL » — өте жайлы ең жоғарғы қонақ үй категориясы болып бес жұлдыз-бен тең.Греция мемлекеті қонақ үйлеріне әріппен белгілеу негізге алынған.Олар төрт категорияға жатады.Жоғарғы, сапалы қонақ үйге – « DL » , албес жұлдыздыға сай – А, үш жұлдыздыға – В, екі жұлдыздыға – С, біржұлдыздыға – Д әрпімен белгіленген.Мальта мемлекетінің қонақ үйлері – бес жұлдызды классификациялық жүйе, жаңа ұлттық құрылымды ендірген кезде сақтала отырып оларды үш категорияға бөледі:1 категория « Алтын »2 категория « Күміс »3 категория « Қола »
Туризм техникасы дегеніміз – туристік маршрут немесе оның кесіндісінде кездесетін кедергілерінен өту әдістерінің жиынтығы және осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды қаүіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдана білу. Туризм түріне байланысты, әртүрлі кедергілерден өту үшін:
- кедергілердің ерекшеліктерін білу;
- осылардан өту әдістерін жете білу;
- осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды дұрыс таңдап қолдана білу қажет.
Туризм тактикасы дегеніміз – қойылған мақсатқа адам күшін, қаржысын, жабдықтарын ұақытын мүмкіндікше аз мөлшерде жұмсап және қаүіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп шаралар мен әрекеттер жиынтығын қолдану. Сонымен қатар, тактика – маршрут жолымен өөту үшін қажетті құралдар мен әрекеттер жиынтығы. Тактикаға кіретіндер: жорықтың график-жоспарын жасап оны орындау, яғни жол мен жол кесінділерінен қолдағы құралдар мен жағдайларда қаүіпсіз түрде өту.
Тактика екі кезеңнен тұрады: а) жорық алдындағы(жорыққа дайындық); б) жорық тактикасы(жорық кезіндегі).
Жорық алдындағы тактикаға 1) маршрутты таңдау, 2) жорықтың график- жоспарын құрастыру, 3) азық-түлік пен құрал-жабдықтар тізімін жасау, 4) өзінің физикалық, техникалық дайындығы мен тәжірибесі бойынша таңдалып алынған маршрут өтуге қабілеті жеткілікті туристер тобы мен оның жетекшісін таңдап алу.
Жорық кезіндегі тактика : 1) жорық жоспары мен бөлек тілімдерін өту графигін өту графигі үнемі реттеп, түзетіп отыру, 2) жорық кезінде алдағы нақты жерлерден өту жолын табу, 3) әрбір кесіндіден өтуде топ қимылын ретін нақты жоспарлау мен іске асыру, 4) жолдың әрбір кесіндісінде техникалық әдістерді, шаралар мен әрекеттерді таңдау.
Тактика қателерінің нәтижесінде жарақаттану, өлім, мақсатқа жетпеу, қаржыны, адамадардың күшін, құрал-жабдықтарды артық жұмсау сияқты теріс салдарлар болуы мүмкін.
Тактикалық мәселелерді шешудің оларды қиындататын әралуан факторлары болады: ауа райының шұғыл өзгеруі, табиғи апаттар, басқа туристік топқа жәрдем беру қажеті, жарақаттар немесе сырқаттар, топтың нашар хал-күйі және т.с.с.
Жорық мақсаты жорықтың тактикалық әзірленуінің негізі болып табылады. Мақсаттар: спорттық, рекреациялық, сауықтыру, оқу, зерттеу(экологиялық, рекреациялық, гляциологиялық, гидрологиялық, медициналық), іздеу-құтқару.
Спорттық жорық мақсаты – туристік тәжірибені жетілдіру, спорттық дәрежені орындау, жарыстарда қатысу.
Рекреациялық жорықтар(демалу) әдетте көрікті, әдемі жерлерде, қатты шаршамайтындай қылып, су көздерінің жанында аялдамалар жасалып өткізіледі.
Оқу жорықтары арнайы график бойынша оқу-практикалық мақсатта өткізіледі.
Зерттеу жорықтары әралуан мақсаттарда зерттеу сипатына сәйкес өткізіледі.
Күш-қабілет - өтуге жоспарланған жорық қиыншылықтарынан туристік топтың қабілеті. Жорыққа дайындық деңгейін анықтау үшін жорық қатысушылары мен жетекшісінің физикалық, техникалық психологиялық ресурстарын тексеру қажет. Туристік топтың күшін бағалау параметрлері:
- қажетті білімдер мен дағдыларды игеру деңгейі;
- техникалық, физикалық психологиялық ресурстары, бірге жұмыс істеу қабілеті, жеке тәжірибелілік пен шеберлігі;
- мамандандырылуы, бірін бірі ауыстыру мен сыйысушылығы;
- жетекшінің даралығы мен лидер бола алатын адамдар.
Ол үшін әралуан әдістер болады: тест. Сұрау, жарыстар, нормативтер, физикалық, техникалық көрсеткіштер.
Тактика құралдарына туристік шараның(жорықтың) ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жабдықталуы жатады: қаржы, құрал-жабдықтар, тамақтандыру, көлік, байланыс, медициналық қамтамасыздану.
Уақыт – календарлық және күнегі қозғалыс графиктері, жұмыс күнінің ұзақтығы, маршруттың бөлек кесінділерінен өту уақыты. Туризмде көп жағдайларда қашықтық оны өту уақытымен анықталады.
Негізгі маршрут – жоспарланған маршрут.
Қосымша маршрут - жағдайлар өзгеріп кетсе, негізгі маршруттан өту мүмкіншілігі жоқ болып кесе іске асырылатын маршрут, бірақ негізгі маршруттың соңғы пунктіне туристердің жетуімен сипатталады, маршрут өтілді деп есептеледі.
Апаттық вариант төтенше жағдайда ең жақын елді мекенге өте аз уақытта жедел жету үшін, жолдың кез келген нүктесінен жету үшін қолданылады.
Қосымша
Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) 
Бүгінгі күнде дүниежүзілік туристік ұйым – туристік әлемде ең атақты және танылған. Дүниежүзілік туристік ұйым өкіметтік емес ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағының (РТҰХО) Біріккен Ұлттар Ұйым патронажындағы өкіметаралық ұйымға ауысуы жолымен 1975 жылы 2 қаңтарда негізі қаланды. Қазір оның мүшелілігіне 105 мемлекет, бірнеше ассоциацияланған және 150 астам қосылған мүшелер (туристтік фирмалар, авиакомпаниялар, халықаралық ұйымдар) кіреді.
ДТҰ-ның жарғысы 1975 жылы 27 қыркүйекте қабылданды. 1980 жылдан бастап бүл күн «Дүниежүзілік туризм күні»  деп есептелінеді. Жыл сайын дүниежүзілік туризм күні белгілі-бір ұранмен жүргізіледі. 4 жыл сайын ДТҰ Бас ассамблея сессиясын ұйымдастырады, олардың арасында ДТҰ Бас ассамблеясының атқарушы комитеті жұмыс істейді.
ДТҰ-ның штаб-пәтері Мадрид қаласында (Испания) орналасқан.
ДТҰ келесі мақсаттарды көздейді:
—   Туризмнің дүние жүзінде тыныштыққа, өзара түсунушілікке, адамдардың денсаулығына және гүлденуіне әсерін жылдамдату және кеңейту;
—   Саяхат уақытытнда білім алуға және мәдениетке адамдардың қол жетуіне көмектесу;
—   Шетел туризмі үшін қажетті материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуде көмек арқылы әлемнің аздап дамыған аудандарында тұру және кему стандарттарын жақсарту және бұл аудандарды байланыстыратын көлік жолдарын дамыту;
—   Туристтерді қабылдайтын елдердің мүмкіншіліктерін кеңейту және осыменен олардың экономикасына үлес қосу;
—   Мемлекет арасында бағдарлау және ыңтымақтастық бойынша халықаралық агенттік ролін атқару;
—   Туризм саласында ұлттық ұйымдардың кеңесі үшін ең маңызды деген мүшелеріне қызмет көрсету;
—   Пленум және отырыстардың тақырыптарын анықтау, сондай-ақ қатысушы-мемлекеттің туристтік мүдделерін бағдарлау (ұлттық туристтік ұйымдар сияқты, саяхаттанушылардың мүдделерін білдіретін кәсіптік секторлар және ұйымдар);
—   Туроператорлардың әртүрлі бірлестіктері арасындағы тұрақты өзара байланысты орнату;
—   Барлық жоғарыда аталған шараларды ең оңай жолымен жүзеге асыру.
ДТҰ-ның қызметі негізінен туризмнің ақпараттық жылжуына, оның маңыздылығы мен артықшылықтары кеңейтуге, сондай-ақ жаңа материалдық-техникалық базаны құруға шоғырланады. Ұйым халықаралық туризм саласында белгілі-бір қағидаларды өңдеу және еңгізу жолымен туризмдегі әртүрлі ұлттардың іс-әрекетін тәртіптендіруге ұмтылады.
ДТҰ Бірікке Ұлттар Ұйымындағы туризмнің негізгі өкілдігі болып табылады және әлемдік туризмнің ең авторитетті органы ретінде әрекет етеді. Одан басқа ДТҰ халықаралық құжаттарды (актілерді) өңдейді және олардың орындалуын бақылайды.
ДТҰ қызметінің басқа аспектілері өзіне туризмге әсер ететін мемлекеттер арасындағы сұрақтарға қатысты ынтымақтастықты ұйымдастыру және ынталандыруда мемлекет дамуына көмектесуді қосады.
ДТҰ-ның маңызды міндеттерінің бірі – халықаралық туризм бойынша статистиканы зерттеу, жаңа өлшеу әдістерін жасау, болжау, өңдеу және маркетинг сияқтыларды қосатын зерттеулер. Мұның бәрін туристтік ұйымдар өзінің қызметінде қолдануы мүмкін. Зерттеуші қызметі статистика әдістерінің артуына әкеледі.
ДТҰ әлемдік туризмнің жағдайы туралы тұрақты есеп беріп тұрады, онда туристтік индустрияның әрі қарай дамуының жетістіктері сияқты, кедергілерді ескереді. ДТҰ халықаралық туризмге өкіметтік араласуын болдырмау немесе шектеу арқылы әлемдік туризмге әрекет етуге талпынады. ДТҰ мемлекеттер дамуын, әсіресе БҰҰ – мүше елдеріне техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.
ДТҰ қызметіндегі ең атақты оқиға – 1980 жылы 27 қыркүйекте Манилада (Филлипины) болған туризм бойынша дүниежүзілік конференцияның өткізілуі. Туризм бойынша дүниежүзілік конференцияға шақыру туралы шешімді ДТҰ-ның 2-ші сессиясының Бас ассамблеясы (мамыр 1977ж.) Қабылдады. Конференцияда туризмнің дамуына мемлекеттердің жауапкершілігінің сұрақтары (әлеуметтік-экономикалық шарттар, мақсаттары және міндеттері, факторлар) және адам — өзінің демалысын ұйымдастырушысы; сұраныс пен ұсынысты реттеу; туризм саласында ғылыми-техникалық ыңтымақтастық, туризм индустриясына кадрларды дайындау сияқты өзекті мәселелерді қарастырады. Қорытынды құжатта талқылау барысында бірлесе өңделген ұсыныстар сипат алған. Бұл құжат әлемдік туризм бойынша Манильдік декларация деп аталды. Конференцияға 100 астам мемлекеттің өкілдері қатысты.
Туристік байланыстар халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі құрамдас бөлігі, сондықтан да халықаралық ұйымдардың, сондай ақ жеке мемлекеттердің үкіметтерінің басты назар аударарлық нысаны болып табылады. Халықаралық туризмнің көптеген мәселелері қазіргі кезде мемлекеттер аралық деңгейде шешілуде, сондықтан да бұл бірқатар халықаралық туристік ұйымдардың, соның ішінде үкіметтер аралық деңгейдегі ұйымдардың құрылуына негіз болды. Мұны барлық елдер үшін бірдей туризмнің жалпы қолайлы саясатын халықаралық-құқықтық реттеу мәселелері талап етеді. Халықаралық туризмді хұқықтық реттеу көп жақты негізде ең алдымен БҰҰ шеңберінде жүзеге асырылады. Оның негізгі міндеті Халықаралық ынтымақтастықты және ұлтаралық достық қарым-қатынастарды дамыту болып табылады. БҰҰ шеңберінде халықаралық туризмді хұқықтық реттеудің басты сұрақтары бойынша негізгі халықаралық конвенциялар жасалып, қабылданды. БҰҰ туризм саласында кадрлады дайындау бойынша бірқатар халықаралық семинарлар мен коллоквиумдарды ұйымдастырушы және Халықаралық туризм саласындағы статистикалық есеп әдістемесін жасауды жүзеге асырушы болып табылады. Әртүрлі елдер арасындағы туристік және көліктік ұйымдарының біріге отырып жасаған әрекеттерін келістіру қажеттігі экономикалық-әлеуметтік-мәдени байланыстардың дамуына байланысты 20-жылдардың басында-ақ біліне бастады. Осыған байланысты 1925 жылы туризмді үгіттеудің ресми ассоциацияларының Халықаралық конгресі құрылды. 1927 жылы ресми туристік ұйымдардың Халықаралық конгресі, ал 1930 жылы туризмді үгіттеу мен ресми туристік ұйымдардың Халықаралық одағы құрылды. 1937 жылы аталған үш ұйым негізінде Парижде ресми туристік ұйымдардың Халықаралық одағы (РТҰХО) құрылды. Бул ұйымның мүшелері үкіметтік ұйымдар, сондай-ақ ұлттық туристік ұйымдар ретінде оладың ұлттық үкіметімен мойындалған үкіметтік емес ұйымдар да болды. 1969 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясының резолюциясымен үкіметтік емес РТҰХО үкіметаралық Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) болып құрылды. Ол халықаралық туризмнің экономкалық, әлеуметтік, мәдени және саяси Жеке мемлекет жағдайларында, өмірінде және халықарлық қатынастың бір бөлігінде, халықарлық туризм әлеуметтік-экономикалық қатынастың бір көрінісі болғанымен, әр мемлекет қабырғасында және де халықаралық деңгейде бұл салаға байланысты артықшылықтар бар.Жалпы туристік ұйымдарды келесі белгілер бойынша жіктейді:1) Ұлттық-территориялық. Мұның өзі 3-ке бөлінеді: халықаралық, ә) аймақтық б) ұлттық. Олардың қыметтері аталған бағыттарда анықталады.2) Қоғамдық-мемлекеттік белгілері бойынша үкіметтік, қоғамдық, жеке болып бөлінеді.3) Іс-әрекеттік белгілері бойынша: реттеушілік, жабдықтаушылар, рыноктағы агенттер, жобаны ұйымдастырушылар, кеңесшілер, машықтандыру ұйымдары, баспагерлер, кәсіби ассоциациялар, саудалық және тұтынушы үйымдар.4) Қызмет саласы бойынша: көліктік (әуежайлық, автобус, автомобильді және круиздік), турагенттер, туроператорлар, жергілікті кәсіподақтар).Енді халықаралық туристік ұйымдарға тоқталайық. Алғашқысы: Дүнежүзілік туристік ұйым (Would Tourism Organisiation).ДТҰ-әлемде ең танымал және ең әйгілі ұйым болып саналады. 1975 жылы 2 қаңтарда БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясында халықаралық үкіметтік стандартқа сай жаңа ұйым болып құрылды. Қазіргі уақытта ДТҰ-ның 140-тан аса мүшесі бар. 1977 жылдан бастап штаб квартирасы – Мадрид қаласы.Жалпы үшінші мыңжылдықтың табалдырығында туризм саласы әлемің көптеген елдерінің индустриясында ең позицияға ие болып, жаңа жұмыс орындары жандана бастады. Тіпті кейбір елдерде бұл сала бюджетті қажетінше толтырып отырады. Бірақ біздің ғасырдың жаңа, жанданған саласы дамығалы көптеген әлеуметтік, экономикалық мәселелер пайда бола бастады. Осындай мәселелерді жан-жақты шешу жолында ДТҰ барлық елдерді туризм саласында «бір жағадан-бас, бір жеңнен-қол» шығарып қызмет етуге шақырып отыр.ДТҰ-ның пікірі бойынша туризм – қазіргі қызметтердің ең белсенді түрлерінің бірі, кедейшілікпен күрес жолындағы тиімді жолдардың бірі болып саналады. ДТҰ-ның мақсаттары:- Халықаралық және ішкі қатынаста әлемдік туризмнің қабілеттілігін кеңейту, түсінішпеушілікті жою, адамдардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту; - Өмір сүру бағытын жақсарту, шетелдік туристік ұймдармен байланысқа шығуға көмектесу, көлік жолдарын кеңейту; - Саяхат кезінде адамдардың ғылыммен, мәдениетпен, тікелей қатынаста болуына жағдай жасау; - Туристтерді қабылдау мүмкіндігі бар елдерде осы саланы дамыту; - Елдер арасындағы қызметті дамытуда халқаралық агенттер ролін атқару; - Әр түрлі туроператорларды біріктіріп, олардың қызметін жақсы жолға қою; - Жоғарыда аталғандардың барлығын тиімді жолмен жүзеге асыру.Ал ДТҰ-ның жұмысының бағдарламасы келесі бағыттар бойынша анықталады.Даму мақсатындағы әріптестік. ДТҰ-ның болашақтағы ең басты тапсырмаларның бірі – туризм саласындағы дамушы елдер арасында туризмге қатысты барлық технологияларды тарату. Және де ДТҰ БҰҰДБ ПРООН –ның (Программы развития Организаций Обьединенных Наций) орындаушы аген ті болып табылады.Туризмді дамытудағы сапасы бойынша ДТҰ әр түрлі тәжірибелік компоненттерді біріктіріп, туристік өнімдердің жағдайлары мен сапасын жақсарту.Туризмге қажетті кадрлар дайындауда ДТҰ-ның мақсаттары мен міндеттері өзіне мүше елдердегі оқу орындарында жоғары кәсіби мамандарды даярлауды қолға алып, сол үшін қажырлы еңбек ету.Туризмді тиянақты дамыту бойынша ДТҰ-ның басты мақсаттары болашақ ұрпақтың жақсы ғұмыр кешуіне арналады.Туризм және технология.Жаңа ғасырдағы жаңа ақпараттық технология бойынша ДТҰ-ның басты жұмысы ақпараттық технологияларды туризм сферасында қалыптастыру,осы салада дамыған және дамушы елдердің арасындағы айырмашылықты азайту. Яғни барлық елдерге барынша бірдей қолайлылық жасау.Енді ДТҰ-ғы ең жоғары органдардың жұмысына тоқталайық:Жоғарғы органы – Генералды Ассамблея. Ассамблея әрбір екі жыл сайын кезекті сессияларын өткізеді. Бұл отырыста ұймның алдағы мақсаты,жұмыс жоспарлары,бюджеттегі кейбір ауқымды мәселелер қаралады.Төрт жылда бір рет ұйым өздерінің бас секретарларын тағайындайды.Және де Ассамблея сайлаушы делегаттардан құралып,делегаттар қатары нақты және қаумдасқан мүшелерден тұрады. Генералды Ассамблеяның негізгі қызметтері:- ДТҰ-ның президенті мен вице президентін таңдау;- Ұйымның бүкіл бағдарламаларының жұмысын бекіпу;- Ұйымның орындаушы советінің мүшелерін,секретарларын таңдау;- Халықаралық ұйымдардың және басқарушылардың, жеке меншік ұйымдардың келісуімен өкілеттілікті бөлу және бекіту;Аймақтық өкілдер.ДТҰ-ның аймақтық өкілдері Африкада.Америкада,Азия мен Тынық мұхиты аймақтарнда Таяу Шығыс және Еуропада тікелей қызметтерін атқарады.Олар сол аймақтарда ұлттық туристтік салаларға дем беріп,олардң дамуна жағдай жасайды.Орындаушы кеңес - Дүниежүзілік туристік ұймның басқарушы органдарының бірі және осы ұйымдағы бюджет мәселесіндегі жұмыстарға жауапты. Осы жұмыстарға жоспар құрып, жылына екі рет өз отырысын өткізеді. Ұйым 27 мүшеден тұрады, яғни ДТҰ-ға кіретін әрбір нақты бес елге бір орын тағайындалады. Испанияда ДТҰ-ң штаб квартирасы орналасқандықтан, бұл ел орындаушы кеңестен бір орынға ие болады.Жалпы 1980 жылдан бастап 27 қыркүйекте «Бүкіләлемдік туризм күні» аталып тойланнып келеді. Жыл сайын осы мейрамда жаңа ұрандар айтылады. Мысалы 2003 жылы айтылған ұран: «Туризм – кедейшілікпен күрестегі ең қажетті фактор және әлеуметтік саланы жаңа жұмыстармен қамтамасыз етудегі сала».Әуе көлігінің халықаралық қауымдастығы (International Air Transport Associаtion - Iata)IATA - халықаралық авиатасымал үшін бүкіләлемдік ұжым. Ұжымның 1919 жылы негізі салынып, 1945 ж 2-дүниежүзілік соғыс аяқталған соң оның жұмысы қайта жанданды. Сонымен қатар IATA-халықаралық рейстерді жүзеге асырып, авиациялық компаниялардың кәсіби қауымдастығын ұсынып отыр. Ұйымның жоғарғы органы - Бас Ассамблея. Жыл сайын президент пен орындаушы комитет осы Ассамблея шаңырағында тағайындалып отырады. Мақсаты – Азаматтық авиациядағы халықарлық ұйымдардың саясатын шынайы түрде жүзеге асыру.IATA – адамдардың әлемнің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстыруына жағдай жасау, хаттар мен жүктерді ауқымды түрде тарату, әр түрлі дәрежедегі әуе сапарларын кеңейту болып табылады.Кеңістіктегі тариф бағасын ретке келтіру осы ұйымның ең басты атқаратын жұмыстарының бірі. Тариф бағасын бір ауыздан бүкіл халықаралық авиокомпаниялар арасында әр елдің үкімет басшыларымен келісе отырып бекітеді. «Әркім өз-өзіне қожа» дегендей әрбір ел ұйым бекіткен шарттарды яғни тарифтерге бағынуға, не болмаса оны қабылдамауды өзі шешеді. Тіпті ол тарифтерден үзілді-кесілді бас тартып, өзіне тиімді шарттарды енгізуі мүмкін. Міне, IATA осы келіспеушіліктерді мүмкіндігінше болғызбауға, болған жағдайда оны ымырашылықпен шешуге ат салысады. IATA мүшесіне 259 әуе компаниялары кіріп, халықаралық деңгейдегі әуе жолдарында әр-түрлі тасымал жасайды. Әлемдегі ең әйгілі әуе компаниялардың бірі - «Аэрофлот». Бұл әуе компания 1989 жылдан IATA-ның мүшесі. Ресейдегі басқа да әуе компанияларды мысалға келтіретін болсақ, олар: «Трансаэро», «Пулково», «Домоделдовское ПО», «Внуковское авиалинии».IATA мүшесі болу үшін әуе компаниялары үнемі халықаралық деңгейде жүк тасымалдауға кепіл бола алатын сертификат иемденуі тиіс. Ол сертификатты әуе компания Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымына мүше елде орналасса ғана ала алады.IATA-ның қызметін жер шарында үш үлкен аймаққа бөледі:1) Солтүстік және Оңтүстік Америка, Тынық мұхитынан Шығысқа қарайғы аймақ.2) Еуропа, Африка және Таяу Шығыс.3) Азия, Аустралия және Тынық мұхитынан Батысқа қарайғы аймақ.Ұйымның атқаратын қызметі:- Техникалық салада ұйым техникалық аспектілермен халықаралық ұшу жолындағы ұйымдардың талаптарын,байланыс жүйесін реттеп отырады;- Заңгерлік саласы. Бұл салада ұйым қызметі конвенцияларда, агенттік келісімдерде, халықарлық басқарушылардың бітімінде көзге түседі;- Қаржы. Қаржылық қызметке талдау жасау, тариф саясатындағы үйлесімділік, есептеу жүйесінің автоматтандыруы секілді қызметтер осы салаға кіреді.- Агенттік жұмыс. Агенттіктерді билет сату бойынша аккредиттеу, мамандар даярлау.- Қауіпсіздік қызметі. Жолаушылардың қауіпсіздігін толыққанды түрде қолға алу, әуе жолындағы ұшақтардың қауіпсіздігін сақтау.Азамматтық авиацияның халықаралық ұйымы. (International civil Aviation organisаtion). Бұл ұйым 1944 Чикаго конвенциясында БҰҰ-ның көмегімен дүниеге келді. ICAO әуе көлігіндегі индустрияда барлық елдердің тең дәрежеде болуына негізделген. Ал ұйым алдындағы басты міндет – халықаралық нормалар мен стандарттаға сай маманданған және экономикалық тиімділігі жоғары жүк тасымалдаушы әуе компанияларын қамтамасыз ету, дамыту.Ұйымның алға қойған мақсаттары :- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бүкіл әлемде халықаралық азаматтық авиацияны дамыту және деңгейін көтеру;- «Әуе коридорларын» кеңейту немесе жаңасын жасау. Халықаралық азаматтық авиацияға қажетті барлық жағдайлар жасау;- Әуекөлігі төңірегіндегі адамдардан түскен талап – тілектерді мүмкіндігінше жылдам орындау;- ICAO-ға мүше елдер құқығы толығымен сақталады және халықаралық әуекомпанияларды басқаруға сол елдердің мүмкіншілігі мол екндігіне елдердің көзін жеткізу; - Ұшу қауіпсіздігін насихаттау;- Халықарадық авиацияның дамуына себепкер болу.ICAO-ның 200-ге жуық мүшесі бар. Сонымен қатар ICAO басқа ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Оларға мыналар кіреді:1) Халықаралық ақпараттық одақ;2) Бүкіләлемдік метерологиялық ұйым;3) Халықаралық қатынастар одағы;4) Почталық одақ;5) Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы;6) Халықаралық теңіз ұйымы.Енді әлемдегі халықаралық ұйымдарға да кезек берелік. Себебі олардың белгілі бір дәрежеде маңызы бар. Экономикалық достастық және даму ұйымы (Organization for Economic Coopertion and Development-OECR).Бұл ұйымның 1960 Париждегі келісімде мақұлданып, 14 желтоқсанда негізі қаланды. OECR мынадай мақсаттар мен бағыттарды жүзеге асыру үшін құрылды:- OECR-ге мүшелікке кіретін экономикалық дамуымен өсу деңгейін жоғары дережеге жеткізу және мүшелік құрамындағы елдердің жағдайын қаржы бөлу арқылы жақсарту болып табылады .-Аталған ұйымға мүше елдер мен ұйымға кірмеген елдердің экономикалық дамуына жақсы жағдайда ықпалын тигізу.- Әлемдік сауданы жен-жақты дамыту;OECR мүшелігіне енетін елдер:Аустралия, Австрия, Бельгия, Канада, Финляндия, Фтранция, Германия, Греция, Исландия, Ирландия, Италмя, Япония, Люксембурк, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Испания, Швеция, Швейцария, Туркия, Ұлыбритания Корольдігі, АҚШ.OECR-дің туристтік комитеті мүшелікке енетін елдер аумағында туризмді дамытуда қызмет етеді. Туркомитет «OECR мүше елдердегі туристтік саясат және халықаралық туризм» атты есебінде құрылған статистикалар мен есептерді бақылайды.Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристтік қауымдастығы. (Pacific, Asia Travel Association-PATA)Қауымдастық 1951 жылы Азия мен Тынық аймағы бағытында құрылған. Ұйымға барлығы Азия мен Тынық мұхитынан 34 ел мүше. Олар осы бір кең аймақта туризм саясатты дамытудағы үлкен жетістіктерге жету жолында бас қосты. Ұйым жұмысы туризмді зерттеу, дамыту, білім беру,маркетинг салалары арқылы қозғалысқа келтіру. Оның үстіне PATA халықарылық ұйымдар арсында ең жақсы орындаушы атағын иемденді.Қауымдастық мүшелері бір-бірінен идея алмастырып, маңызды мәселелер шешу жолында, Азия мен Тынық мұхиты туризмінің болашағы туралы бірқатар өзекті істерді бірігіп шешуге ат салысады. Қауымдастық құрылғаннан бері өзіне мүше елдердегі маркетинг, зерттеу, білім беру және де басқа туризммен байланысты салаларға құнды жаңалық көзі болды. PATA–ның қызметімен ұзақ уақыт жоспары жыл сайынғы қауымдастықтың конференциясы тексеріліп, бағаланып отырады.Ұйымның маркетинг, зерттеу, менеджмент секілді бірқатар комитеттері ұйымның жоспарын жүзеге асырады.Маркетинг саласы аймақ ішіндегі саяхат жасайтын индивидуалды туристерге бағытталған.Тартымды туристік бағыттарды іске асырып, оларды кең бағытта туристік нарыққа шығаруда маркетинг комитеті де қарап жатқан жоқ. Зерттеу жұмысы PATA–ның жыл сайынғы туризмді зерттеу конференцияларында қуатталады.Қауымдастық секретариаты Сан-Францискода орналасқан. Қызмет көрсетудегі негізгі офистер Тынық мұхиты аймағында – Сиднейде Америка-Еуропалық Сан–Францискода, Азия аймағында – Сингапурда орналасқан.Келесі тоқталатын ұйым ол – Халықаралық қонақ үйлер ассоциациясы. Ол 1946 жылы 18 наурызда Лондонда Швейцар қоғамының қонақ үй басшыларының бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым Халықаралық қонақ үй ассоциасиясы жұмысшылар одағы мен және халықаралық қонақ үй одағымен біріктірілген. Халқаралық қонақ үй ассоциасиясының мүшелер саны 145 ел бойынша 4500 – ге жетеді.Ассоциация мақсаты: бүкіл әлемдік ұлттық қонақ үйлер арасында қарым-қатынасты дамыту, өз мүшелерінің жеке және кәсіби мүдделерін қорғау, халықаралық туризм және әлемдік қонақ үй индустриясының мәселелерін қарастыру, халықаралық қаржылық квалификациялық жүйелердің құрылуын, ақпараттық және анықтамалық материалдармен қаржылық есептерді реттеуге көмектесу.Ұйымның жоғары органдары: Кеңес, президент, секретериат, атқарушы комитеттерден құралады. Мұндай комитеттерге мыналар жатады: жоспарлау және қаржы, саяхат және сауда, курортағы демалу ұйымы, ақпарат және байланыс, құқықтық, оқу және квлификациясын жоғарылату.2005 жылғы деректерге сай Қазақстан ТМД елдер арасында ДТҰ-ға мүше жалғыз ел. Осыған орайластырып, 2006 жылы мамырда Еуропа комиссия мүшелері Алматыда бас қосты. Бұл ДТҰ-ның 44 мәжілісі. Еліміз туризм саласын мықтап қолға ала бастаған соң шетелдік белгілі компаниялармен туризмнің кластерлік үлгісін дамыту үшін келіссөздер жүргізді.
Халықаралық туристік ұйымдардың даму тарихы
Әртүрлі елдер арасындағы туристік және көліктік ұйымдарының біріге отырып жасаған әрекеттерін келістіру қажеттігі экономикалық-әлеуметтік-мәдени байланыстардың дамуына байланысты 20-жылдардың басында-ақ біліне бастады. Осыған байланысты 1925 жылы туризмді үгіттеудің ресми ассоциацияларының Халықаралық конгресі құрылды. 1927 жылы ресми туристік ұйымдардың Халықаралық конгресі, ал 1930 жылы туризмді үгіттеу мен ресми туристік ұйымдардың Халықаралық одағы құрылды.
1937 жылы аталған үш ұйым негізінде Парижде ресми туристік ұйымдардың Халықаралық одағы (РТҰХО) құрылды. Бул ұйымның мүшелері үкіметтік ұйымдар, сондай-ақ ұлттық туристік ұйымдар ретінде оладың ұлттық үкіметімен мойындалған үкіметтік емес ұйымдар да болды.
1969 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясының резолюциясымен үкіметтік емес РТҰХО үкіметаралық Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) болып құрылды.
Жалпы туристік ұйымдарды келесі белгілер бойынша жіктейді:1) Ұлттық-территориялық. Мұның өзі 3-ке бөлінеді: халықаралық, ә) аймақтық б) ұлттық. Олардың қыметтері аталған бағыттарда анықталады. 2) Қоғамдық-мемлекеттік белгілері бойынша үкіметтік, қоғамдық, жеке болып бөлінеді.
3) Іс-әрекеттік белгілері бойынша: реттеушілік, жабдықтаушылар, рыноктағы агенттер, жобаны ұйымдастырушылар, кеңесшілер, машықтандыру ұйымдары, баспагерлер, кәсіби ассоциациялар, саудалық және тұтынушы үйымдар. 4) Қызмет саласы бойынша: көліктік (әуежайлық, автобус, автомобильді және круиздік), турагенттер, туроператорлар, жергілікті кәсіподақтар).
Енді халықаралық туристік ұйымдарға тоқталайық. Алғашқысы: Дүнежүзілік туристік ұйым (Would Tourism Organisiation).
ДТҰ-әлемде ең танымал және ең әйгілі ұйым болып саналады. 1975 жылы 2 қаңтарда БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясында халықаралық үкіметтік стандартқа сай жаңа ұйым болып құрылды. Қазіргі уақытта ДТҰ-ның 140-тан аса мүшесі бар. 1977 жылдан бастап штаб квартирасы – Мадрид қаласы.
 ДТҰ-ның мақсаттары:- Халықаралық және ішкі қатынаста әлемдік туризмнің қабілеттілігін кеңейту, түсінішпеушілікті жою, адамдардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту;- Өмір сүру бағытын жақсарту, шетелдік туристік ұймдармен байланысқа шығуға көмектесу, көлік жолдарын кеңейту;- Саяхат кезінде адамдардың ғылыммен, мәдениетпен, тікелей қатынаста болуына жағдай жасау;- Туристтерді қабылдау мүмкіндігі бар елдерде осы саланы дамыту;- Елдер арасындағы қызметті дамытуда халқаралық агенттер ролін атқару;- Әр түрлі туроператорларды біріктіріп, олардың қызметін жақсы жолға қою;- Жоғарыда аталғандардың барлығын тиімді жолмен жүзеге асыру.Ал ДТҰ-ның жұмысының бағдарламасы келесі бағыттар бойынша анықталады. Даму мақсатындағы әріптестік. ДТҰ-ның болашақтағы ең басты тапсырмаларның бірі – туризм саласындағы дамушы елдер арасында туризмге қатысты барлық технологияларды тарату. Және де ДТҰ БҰҰДБ ПРООН –ның (Программы развития Организаций Обьединенных Наций) орындаушы аген ті болып табылады. Туризмді дамытудағы сапасы бойынша ДТҰ әр түрлі тәжірибелік компоненттерді біріктіріп, туристік өнімдердің жағдайлары мен сапасын жақсарту. Туризмге қажетті кадрлар дайындауда ДТҰ-ның мақсаттары мен міндеттері өзіне мүше елдердегі оқу орындарында жоғары кәсіби мамандарды даярлауды қолға алып, сол үшін қажырлы еңбек ету. Туризмді тиянақты дамыту бойынша ДТҰ-ның басты мақсаттары болашақ ұрпақтың жақсы ғұмыр кешуіне арналады. Туризм және технология. Жаңа ғасырдағы жаңа ақпараттық технология бойынша ДТҰ-ның басты жұмысы ақпараттық технологияларды туризм сферасында қалыптастыру,осы салада дамыған және дамушы елдердің арасындағы айырмашылықты азайту. Яғни барлық елдерге барынша бірдей қолайлылық жасау. ДТҰ-ның ең жоғары органдаы:Жоғарғы органы – Генералды Ассамблея. Ассамблея әрбір екі жыл сайын кезекті сессияларын өткізеді. Бұл отырыста ұймның алдағы мақсаты,жұмыс жоспарлары,бюджеттегі кейбір ауқымды мәселелер қаралады.Төрт жылда бір рет ұйым өздерінің бас секретарларын тағайындайды.Және де Ассамблея сайлаушы делегаттардан құралып,делегаттар қатары нақты және қаумдасқан мүшелерден тұрады. Генералды Ассамблеяның негізгі қызметтері:- ДТҰ-ның президенті мен вице президентін таңдау;- Ұйымның бүкіл бағдарламаларының жұмысын бекіпу;- Ұйымның орындаушы советінің мүшелерін,секретарларын таңдау;- Халықаралық ұйымдардың және басқарушылардың, жеке меншік ұйымдардың келісуімен өкілеттілікті бөлу және бекіту;Аймақтық өкілдер. ДТҰ-ның аймақтық өкілдері Африкада.Америкада,Азия мен Тынық мұхиты аймақтарнда Таяу Шығыс және Еуропада тікелей қызметтерін атқарады.Олар сол аймақтарда ұлттық туристтік салаларға дем беріп,олардң дамуна жағдай жасайды.Орындаушы кеңес - Дүниежүзілік туристік ұймның басқарушы органдарының бірі және осы ұйымдағы бюджет мәселесіндегі жұмыстарға жауапты. Осы жұмыстарға жоспар құрып, жылына екі рет өз отырысын өткізеді. Ұйым 27 мүшеден тұрады, яғни ДТҰ-ға кіретін әрбір нақты бес елге бір орын тағайындалады. Испанияда ДТҰ-ң штаб квартирасы орналасқандықтан, бұл ел орындаушы кеңестен бір орынға ие болады.Жалпы 1980 жылдан бастап 27 қыркүйекте «Бүкіләлемдік туризм күні» аталып тойланнып келеді. Жыл сайын осы мейрамда жаңа ұрандар айтылады. Мысалы 2003 жылы айтылған ұран: «Туризм – кедейшілікпен күрестегі ең қажетті фактор және әлеуметтік саланы жаңа жұмыстармен қамтамасыз етудегі сала».Әуе көлігінің халықаралық қауымдастығы (International Air Transport Associаtion - Iata) IATA - халықаралық авиатасымал үшін бүкіләлемдік ұжым. Ұжымның 1919 жылы негізі салынып, 1945 ж 2-дүниежүзілік соғыс аяқталған соң оның жұмысы қайта жанданды. Сонымен қатар IATA-халықаралық рейстерді жүзеге асырып, авиациялық компаниялардың кәсіби қауымдастығын ұсынып отыр. Ұйымның жоғарғы органы - Бас Ассамблея. Жыл сайын президент пен орындаушы комитет осы Ассамблея шаңырағында тағайындалып отырады. Мақсаты – Азаматтық авиациядағы халықарлық ұйымдардың саясатын шынайы түрде жүзеге асыру. IATA – адамдардың әлемнің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстыруына жағдай жасау, хаттар мен жүктерді ауқымды түрде тарату, әр түрлі дәрежедегі әуе сапарларын кеңейту болып табылады. Кеңістіктегі тариф бағасын ретке келтіру осы ұйымның ең басты атқаратын жұмыстарының бірі. Тариф бағасын бір ауыздан бүкіл халықаралық авиокомпаниялар арасында әр елдің үкімет басшыларымен келісе отырып бекітеді. «Әркім өз-өзіне қожа» дегендей әрбір ел ұйым бекіткен шарттарды яғни тарифтерге бағынуға, не болмаса оны қабылдамауды өзі шешеді. Тіпті ол тарифтерден үзілді-кесілді бас тартып, өзіне тиімді шарттарды енгізуі мүмкін. Міне, IATA осы келіспеушіліктерді мүмкіндігінше болғызбауға, болған жағдайда оны ымырашылықпен шешуге ат салысады.IATA мүшесіне 259 әуе компаниялары кіріп, халықаралық деңгейдегі әуе жолдарында әр-түрлі тасымал жасайды. Әлемдегі ең әйгілі әуе компаниялардың бірі - «Аэрофлот». Бұл әуе компания 1989 жылдан IATA-ның мүшесі. Ресейдегі басқа да әуе компанияларды мысалға келтіретін болсақ, олар: «Трансаэро», «Пулково», «Домоделдовское ПО», «Внуковское авиалинии». IATA мүшесі болу үшін әуе компаниялары үнемі халықаралық деңгейде жүк тасымалдауға кепіл бола алатын сертификат иемденуі тиіс. Ол сертификатты әуе компания Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымына мүше елде орналасса ғана ала алады.IATA-ның қызметін жер шарында үш үлкен аймаққа бөледі: 1) Солтүстік және Оңтүстік Америка, Тынық мұхитынан Шығысқа қарайғы аймақ. 2) Еуропа, Африка және Таяу Шығыс. 3) Азия, Аустралия және Тынық мұхитынан Батысқа қарайғы аймақ.Ұйымның атқаратын қызметі:- Техникалық салада ұйым техникалық аспектілермен халықаралық ұшу жолындағы ұйымдардың талаптарын,байланыс жүйесін реттеп отырады;- Заңгерлік саласы. Бұл салада ұйым қызметі конвенцияларда, агенттік келісімдерде, халықарлық басқарушылардың бітімінде көзге түседі;- Қаржы. Қаржылық қызметке талдау жасау, тариф саясатындағы үйлесімділік, есептеу жүйесінің автоматтандыруы секілді қызметтер осы салаға кіреді.- Агенттік жұмыс. Агенттіктерді билет сату бойынша аккредиттеу, мамандар даярлау.- Қауіпсіздік қызметі. Жолаушылардың қауіпсіздігін толыққанды түрде қолға алу, әуе жолындағы ұшақтардың қауіпсіздігін сақтау.Азамматтық авиацияның халықаралық ұйымы. (International civil Aviation organisаtion). Бұл ұйым 1944 Чикаго конвенциясында БҰҰ-ның көмегімен дүниеге келді. ICAO әуе көлігіндегі индустрияда барлық елдердің тең дәрежеде болуына негізделген. Ал ұйым алдындағы басты міндет – халықаралық нормалар мен стандарттаға сай маманданған және экономикалық тиімділігі жоғары жүк тасымалдаушы әуе компанияларын қамтамасыз ету, дамыту.Ұйымның алға қойған мақсаттары :- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бүкіл әлемде халықаралық азаматтық авиацияны дамыту және деңгейін көтеру;- «Әуе коридорларын» кеңейту немесе жаңасын жасау. Халықаралық азаматтық авиацияға қажетті барлық жағдайлар жасау;- Әуекөлігі төңірегіндегі адамдардан түскен талап – тілектерді мүмкіндігінше жылдам орындау;- ICAO-ға мүше елдер құқығы толығымен сақталады және халықаралық әуекомпанияларды басқаруға сол елдердің мүмкіншілігі мол екндігіне елдердің көзін жеткізу;- Ұшу қауіпсіздігін насихаттау;- Халықарадық авиацияның дамуына себепкер болу.ICAO-ның 200-ге жуық мүшесі бар. Сонымен қатар ICAO басқа ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Оларға мыналар кіреді: 1) Халықаралық ақпараттық одақ; 2) Бүкіләлемдік метерологиялық ұйым; 3) Халықаралық қатынастар одағы; 4) Почталық одақ; 5) Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы; 6) Халықаралық теңіз ұйымы.Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу.
Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспецидиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғасырдың 2-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солтүстік және Батыс Қазақстан, кейінірек Орталық Қазақстан аумағына экспедициялар ұйымдастырды.Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарына И.И. Лепехин, П.С. Паллас, П.И. Рычков, И.К. Кирилов, В.Н. Татищев, А.И. Левшин өз үлестерін қосты. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BD_%D1%82%D3%A9%D2%A3%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%96%D1%81%D1%96" \o "Қазан төңкерісі"Қазан төңкерісіне дейін 19 ғасырдада Қазақстанның ғылыми-танымдық Өлкетануында Орыс география қоғамының 1868 жылы құрылған Орынбор бөлімшесі жетекші орын алды. Бөлімше өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және статистикасын зерттеумен айналысты. Бұл бөлімшемен қатар Торғай статистика комитеті мен Орынбор ғылыми архив комиссиясы (1887) ашылды. Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин, т.б. өз үлестерін қосты. Өлкетанудың тағы бір орталығы Орал қалысы болды. Онда Орал казактарының тарихы мен шаруашылығына, балық аулау кәсібі мен шаруалардың қоныстану мәселесіне көбірек көңіл бөлінді. Омбы қаласында жергілікті жерді зерттеушілер Ақмола статистика комитетінің жанындағы география қоғамның бөлімшесіне бірікті. Батыс Сібір Өлкетану қоғамдарына қазақтардан Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, т.б. белсене қатысты. 19 ғасырдың аяғында Батыс Сібір география қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солтүстік Қазақстанды зерттеуде Өлкетану қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Ресей география қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты. Қоғамдарда Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, І.Қостанаев зерттеулер жүргізді. Жетісуға П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н. Краснов, А.Ф. Голубев, М.И. Венюков экспедициялық сапарлар жасады. Сонымен қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статистикалық жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді. Ғылыми-танымдық материалдардың қорын жасауда, оларды жарыққа шығаруда облысы статистика комитеттері үлкен рөл атқарды. Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілдік реформаларға байланысты 1886 жылы статистика комитеті “Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарды” басып шығарды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда Өлкетанудың тұрақты ғылым мекемелері мен ғылыми-зерттеу интернаттары, қорықтар ұйымдастырылды. Өлкетану бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында және Кеңес өкіметінің Қызыл керуен, Қызыл отау шараларының негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл кезеңде негізінен Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру, шикізаттың жаңа көздерін ашу, индустрияландыру, елдің бет-бейнесін түбірінен өзгерту, кеңестік шаруашылықтар мен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Өлкетануында Қ.И. Сәтбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. қомақты еңбектер атқарды. Бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялар Қазақстанның жер қойнауын, өсімдік, жануарларын, жалпы табиғатын кешенді зерттеу және тарихи-археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен қатар жергілікті халықтың мәдениетін, тілін, өнерін, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен де айналысты. 1973 жылы Кеңес Одағы жергілікті халықтар өлкесінің тарихын, экономикасын, мәдениетін, табиғатын зерттеп білуге қатысты арнайы Бүкілодақтық туристік экспедициялар ұйымдастырылды. Туристік-өлкетану үйірмелері жұмыс жасады. Өлкетанудың жергілікті орталықтары ретінде тарихи-өлкетану мұражайлары, мәдениет үйлері, түрлі үйірмелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жергілікті жерлердегі Өлкетану мекемелерінің ісін жандандыру, бұрынғы жер-су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ісі қолға алынды. Жергілікті жерлерде облыс, аудан Өлкетану мұражайлары жұмыс істейді. Қазақстанның әр өлкесіне арнайы ғылыми-зерттеу экспед-ицияларын ұйымдастыру да ілгері дамуда. Өлкетанудың өзіндік атқаратын 3 функциясы бар: бірінші фунцкциясы - педогогикалық, білім беру орталықтарында оқыту және тәрбиелеудің эффектісін жоғарылату үшін қолданылатын дидактикалық әдіс ретінде; екінші функциясы - оқытулық, ол өлкетануды элементарлы мектеп географиясын оқытудағы базалық курс ретінде қарастырады; үшінші функциясы - ғылыми, ол өлкетануды барлық әдістерімен бірге географиялық зерттеудің жүйелік құрамы ретінде қарастырады. Өлкетанулық зерттеулерді жүргізудің өзіндік әдістері бар. Олар: экономикалық, тарихи, географиядлық, әлеуметтік, картографиялық, модельдеу арқылы, статистикалық, визуальді (байқау), анкеталық және сипаттау әдісі. [2]Өлкетану түрлері
Өлкетанудың төмендегідей түрлері бар: Мемлекеттік, қоғамдық, мектеп және тарихи өлкетану. Мемлекеттік өлкетану –арнайы органдардың қатынасымен мұражай жұмысын ұйымдастрыу, әкімшіліктердегі, кітапханалардағы, ғылыми-зерттеу институттарындағы мәдениет пен ғылымға байланысты бөлімдердің жұмыстары.
Қоғамдық өлкетану –қоғамдық өлкетанушылардың, туристердің, қоғамдық ұйымдардың жеке адамдардың күшімен ұйымдастырылады. Олар өлке ерекшеліктеріне байланысты, өлке тарихы мен онда өмір сүрген белгілі адамдардың өміріне байланысты деректер жинау т.б. жұмыстармае айналысады
Мектеп өлкетануы –мектептердегі оқу бағдарламалары және олардан тыс атқарылатын туған өлкеге қатысты жұмыстар бойынша білімді жетілдіруге, сондай-ақ әртүрлі туристік өлкетану шаралары барасында түрлі тәрбие беруге байланысты жұмыстар.
Тарихи өлкетану –ол белгілі бір ауданның, облыстың, өлкенің тарихын, ондағы болған оқиғаларды, тарихи архитектуралық ескеткіштер мен олардың ерекшеліктерін оқып-танысумен айналысады.
Зерттеу нысандары
Өлкетанудың зерттеу нысандарын 4 топқа бөліп қарастыруға болады.
Өлкенің табиғатын, табиғи ерекшеліктерін, жеке компанеттердің (геология, жер бедері, ауа-райы, топырақ және өсімдік жамылғылары, жануарлар дүниесі т.б.) олардың өзгеру деңгейі мен сипатын, табиғатта жүретін үрдістерді зерттеу;
Өлкенің шаруашылығын, онда тұрып жатқан кәсіптік ерекшекліктерін анықтау;
Өлкенін және онда тұрып жатқан халықтарының тарихы жайлы деректер, экспонаттар жинау, көне қалалар қалдықтарын, тарихи ескерткіштерді оқып-тану және оларды халық тарихымен, тарихи кезеңдермен байланыстыру;
Халықтың этнографиялық немесе ұлттық ерекшеліктерін, демографиясын, топонимикасын зерттеу.[3]

Приложенные файлы

  • docx 1521262
    Размер файла: 148 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий