shpor_fil (1)


Билет №_1_
Философия пәні, негізгі мәселесі, функциялары.
Пәлсапа немесе философия — адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем,қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үндістан,Қытай және Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор. Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм. Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология - болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология - таным туралы ілім; Аксиология - рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология – адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология - адам туралы ілім; Логика - дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.
Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы - ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі - адам және оның әлемдегі орыны.
2«У-вэй», «есімдерді өзгерту» концепцияларының мәні.
Лао-цзы Конфуцийдің замандасы болды, ал оның көзқарастары «Дао дэ цзин» шығармасында жинақталған, бұл шығарманы Лаоцзының шәкірттері жазған болуы да мүмкін деген болжам-пікірлер айтады. Лао-цзы даоны болмыстың алғашқы себебі, мәңгілік, өзгермейтін бастауы деп түсіндірді. Адам ойлаудада, іс-әрекетінде де осы дао жолын ұстануы, яғни «у -вэймен» айналысуы қажет. «У-вэй» «тыныш келісу» дегенді білдіреді, кейінірек «әрекетсіздік, ештеңеге араласпау» деген қазіргі мағынасында түсініле бастады.Мо-цзы (МоДи) — моистер мектебінің негізін салушы, біздің дәуірімізге дейінгі 479- 400 жылдары өмір сүрген. Конфуций іліміне қарсы Моцзы «адамды сүю» идеясын басты деп түсінді. Оның ойынша, елдегі жағымсыз құбылыстардың себебі — адамдардың бірін-бірі жақсы көрмеуі. Адам өзін ғана сүйсе, мұндай эгоизм мемлекетке зұлымдық әкеледі.,Ол өз пайдасын ғана ойламай, қоғамдағы басқа адамдардың да қамын ойласа, жеке пайда жалпы пайдаға ұласып, мемлекетте тыныштық орнайды. Моцзы елдегі ретсіздіктердің негізі кедейліктен басталады деп есептеп, адамдарды тынымсыз еңбек етуге шақырады, еңбектенген адамның кедей болуы мүмкін еместігін дәлелдеуге тырысады. Оның негізгі тұжырымдары «Моцзы» еңбегінде баяндалған.Мэн-цзы (Мэн Кэ) — Конфуций ілімін жалғастырушы, Қытай тарих-шыларының мәліметтері бойынша ол Конфуцийдің немересі Цзы Сыдың шәкірті болған. Өмір сүрген жылдары — біздің дәуірімізге дейінгі 372-289 жылдар. Конфуций ілімін дамытып қана қоймай, оны тереңдетті және жалпы Қытай философиясының дамуына үлкен үлес қосты. Оның ілімінің негізі — төрт адамгершілжтік бастау: адамды сүю, парыз, салттарды орындауға ұмтылу және ақыл-даналыққа ие адам табиғатының мейірімділігі.Қытай философиясы туралы ойларымызды қорытындыласақ, өзінің маңызын әлі күнге дейін жоймаган, қазіргі замангы Қытай мемлекетінің қалыптасып-дамуына ерекше әсер еткен, жалпы алганда мемлекет мүддесін жеке адам мүдесінен жогары қойып, адамгершілік мәселелерін зерттеген философия болды деуге болады.
3.Диалектика және метафизика
Таным тарихындағы ең белгілі жалпылама философиялық әдістерге диалектика және метафизика жатады. Бұлар — жалпы философиялық әдістер.Диалектика — заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, өзгерістерін, дамуын, себеп-салдарын, карама-кайшылықтарының бірлігі мен күресін жіті бақылайтын философиялық зерттеулер әдісі. Диалектикалық әдістің мәнді нышандары мыналар: 1) мәні мәңгілік, өзгермейтін нәрсе болмайды, сондықтан бір-ақ рет берілген және мәңгілік ештеңе жоқ; 2) нәрсе өзінің жалпылама байланыстарында алынып, қарама-қарсылықтарға айналған даму үстінде жан-жақты зерттеледі. Диалектика ойлау амалы мен тану әдісі жөнінен өзіне қарама-қарсы келетін метафизикамен катар пайда болып, дамыды. Оның ерекшелігі — объектінің бөліп алынып қарастырылуында, статистикалық және бір мәнді зерттелуінде (абсолютті ақиқат ізделінеді, қайшылықтарға көңіл бөлінбейді, олардың бірлігі ескерілмейді). Метафизикалық әдіс бойынша нәрселер мен үдерістер бір ұстаныммен қарастырылады. Бар немесе жоқ, ақ не қара, дос не жау, т.б.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%BE%D0%B7%D2%93%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D1%81&action=edit&redlink=1" \o "Қозғалыс (мұндай бет жоқ)" Қозғалысты қарастырған кезде метафизика оның толып жатқан формаларының біреуіне ғана мойын бұрады. Жаңа дәуірде неміс философиясының ұлы өкілі Гегель адамзат рухани өрлеу тарихын ұқыпты зерттеп диалектикалық ойлау методологиясын жасады. ХІХ ғ марксизмде Гегельдің идеялары әрі қарай дамытылып, тек ой өрісі ғана емес, бүкіл дүниедегі барлық даму үрдістері диалектикалық заңдар мен категориялардың негізінде жүретіні, олай болса, таным мен қисынның өздері де соған сәйкес келетіні жөнінде терең ойлар айтылды. Метафизика дамуды өткен сатыны қайталаумен теңейді. Бұл ай астындағы дүниеде еш жаңалық жоқ, бәрі де өз шеңберіне оралады.Қыстан кейін тағы да көктем, жаздан кейін келетін күз тағы да қыс мерзіміне ікеледі, деген терең пайымдауды мысалға келтіреді. Табиғатта біз байқай алмайтын жаңалықтар үнемі болып жатады да, мыңдаған жылдардан кейін белгілі бір жаңа сапаға әкеледі. Егерде біз мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрсек, онда біз өміріміздің соңында табиғаттың жаңарғанын байқаған болар едік. Біз, мысалы, өткен заманда динозавр, птеродактиль сияқты алып жануарлар мен құстардың өмір сүргенін білеміз. Оның айғағы- жер астында қалған солардың сүйектерінің қалдықтары. Қорыта келе, табиғаттың өзі үне бойы даму үстінде екенін, метафизикалық бір шеңбердегі қайталаудың жалғандығын байқауға болады.
Билет №_2__
Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері, бағыттары.
Үнді пәлсапасы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:
Варналар - топтар Варналардың өкілдері
Брахмандар Абыздық варна
Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары
Вайшьялар Егінші-варналар
Шудралар Төменгі варна
Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген.
2.Философияның құрылымы.
ең алғашқы дүние танымдық пікір  мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен  бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып, бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған болатын.  Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті.
Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілім ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологияляқ жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда.
Философия пайда болғаннан бастап дүниені тұтас және бірліктегі құбылыс деп қарастырады дүниенің тұтастығын оның заңдарымен байланыстырады. Философия табиғаттын даму заманының қоғам және ойлау проблемаларын зерттейді қолданыста мынадай философиялық категорияны пайдаланады. Болмыс, сана, қозғалыс, шексіздік т.б. Философия дүниенің мәні және адам туралы білім «Дүние және адам» қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және ойлау физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.
Философияның негізгі сұрағының екі жағы бар:
Ең алғашқы материя және сана?
Дүниені тануға бола ма?
Философияда екі бағыт қалыптасты, материализм және идеализм.
Материализм бағытын ұстаушылар материя алғашқы санаға қарағанда ал идиализм сананы бірінші кезекке қояды.
3.Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі.
Л. Фейербах 1804 жылы Лансугутта туып, 1872 жылы Нюренберг қаласының маңында, Рейхенберг деген жерде қайтыс болған. Негізгі еңбектері: «Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын». Философияға Гегельдің идеалистік философиясын сынау арқылы келеді. Фейербах: «Гегель нақты ойлауды нақты адамнан айырып, шындықты жасаушыға айналдырды», - дейдi.
Фейербахтың пікірінше, жаңа философия ─ теологиялық емес, антропологиялық болуы керек.Антропологизм - адам мен табиғаттың айырғысыз бірлікте және адамды табиғаттың жемісі деп қарау. Антропология - адамның биологиялық жақтарын зерттейтін ғылым. Табиғат рухтың негізі болғандықтан, ол философияның да негізі. Табиғаттан сезім мен ақыл-ой дарыған. Адам жер бетіндегі тірі жан, табиғаттың бір бөлігі екенін мойындай отыра, оны қоғам мен және тарих дамуынан тыс, абстракты түрде алып қарайды. Адам мен табиғаттың өзара әрекетінің негізі, қоғамдық-тарихи практика екенін түсінбеді.
Таным туралы. Фейербах: «Дүниені танып білу дүниенің өзі секілді шексіз. Таным сезімнен басталады, шындықтың дәйегі - іштей туған сапа». Қоршаған ортаны тануға болады, ақыл-ойдың мүмкіндігі шексіз. Бірақ, бұл бірден пайда болмайды, ол адамның эволюциялық дамуы, тәжірибенің жиналуы, ғылыми-техниканын өсуіне байланысты болады. Фейербах: «Біз танымағанымызды, біздің ұрпағымыз таниды»[1] - дейді. Фейербахтың бүкіл материализмі секілді, таным теориясы да сырттай пайымдаушылық сипатта болды - бұл практикалық іс-әрекет рөлінің маңызын түсінбеушілік. Ойлау адамнан тыс және одан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Ол адам миымен ажырамас байланыста болады. Тарихты түсінуде тарихи процестің қозғаушысы деп объективтi заңды емес, ақыл-ойды мойындайды.
Фейербах: «адамның өзіннің түпкі төркіні санасына байланысты, дін адамды емес, адам дінді жасайды»- деді. Адам қандай болса құдайы сондай деп, Фейербах діннің негізін қиялдан (фантазиядан) іздейді. Фейербах материализмнің күшті жағы - оның дінмен ашық күресіп діннің психологиялық түп-тамырын ашып беруiнде. Құдайы бар дінді жойып, оның орнына құдайсыз, адамдардың сүйiспеншiлiгiне негiзделген жаңа дінді жасауды ұсынды.
Билет №_3_
1.Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері, бағыттары
Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды. Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік қүрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы ван барлық билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер - чжухоу беделді отбасылар - дафу және ши, ең төменде - ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, "жоғары" мен "теменнің" арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, катаң ұстауға бағытталды.2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін «жаратылмаған, адам - қарапайым "микрокосм", табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған керінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді. Яғни, адамның міндеті - осы жіптерді үзбей, жеке белсенділік көрсетпей, өзінен жоғарыға, өзінен үлкенге қызмет етіп, табиғат пен өмір ағынына еріп, тыныш өмір сүру, өзінің адамгершілігін жетілдіру жолында тынымсыз еңбектену. Себебі, бұл өмірде ең маңызды нәрсе - жеке адам емес, ол өмір сүріп отырған қоғам, мемлекет, ал жетілген қоғам жетілген адамгершілікке ие адамдардан құрылмақ деп түсіндірілді.3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мәселелеріне басты назар аударылды. Көптеген мифтік үғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.4) Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бүл мәселелерді "инь-ян" мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды.Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі.Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы, оның ізбасарлары Мэн-цзы жөне Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты. Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш — Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады
2.Материализм және идеализм, оның түрлері.
Материя — адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.
Материалист - философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б.Идеализм - философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.
Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:
- Объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),
- Субъектвті идеализм (Беркли, Юм).
Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея - алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық - «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос) әлемдік зердеде өмір сүреді, заттар әлемі - өзіндік тіршілігі жоқ, жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі, адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі - о дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып табылады.
Субьективті идеализм - бүкіл дүние - біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің объективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады, өйткені адам санасынан тыс материя да, рух та жоқ»,- деген пікірді ұстанды.
3.И. Кант іліміндегі таным мәселелері
Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы, өзара әрекеті. Субъект және объект жөнінде Кантқа дейінгі таным теориясында әңгіме болмады: таным процесінде қайдағы бір абстракты адам кайдағы бір абстракты дүниені қалай болса солай тануға тырысады. Кантқа дейін тіпті философияда субъект жоғалып кетті. Субъекті философияға енгізген Кант және оның ізбасары И.Г. Фихте болды. Адам мен сыртқы дүниенің қарым-қатынасында бұрынғы түсінік бойынша, белсенді рөлді сыртқы дүниедегі құбылыстар атқарады деп есептелді. Адам санасы, адам («субъект») сыртқы дүниенің әсерін қабылдаушы ғана. Сыртқы дүниенің (Кант ілімінде «объектің») әсерімен адам ол жөнінде мағлұматтар ала алады. Объектпен қарым-қатынас жасап, объект субъектіге әсер еткенше адам санасында ешқандай мәлімет жоқ («таза тақта»). Кант осы түсінікті қатал сынады. Оның ойынша. объект субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын, объект ретінде қарастыратын субъект. Субъект болмаса объект жоқ. Таным процесі,- деп атап көрсетеді неміс философы, жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет. Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің белсенділігі, жасампаздығы жөніндегі идея, сөйтіп, Канттаң бастау алады. Адам кез келген объектіні тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана таниды. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс - әрекетімен байланыстырып, танымның негізі практика болып табылатынын болжап білді.
Таным процесін жай бейнелеу деп тану жеткіліксіз екендігін ескерткенде Кант мына жәйтты естерімізге салып отыр: таным процесінде субъект объектіні сырттан жай бақылап қоймайды, оның ішкі құрылымын, байланыстарын ашады, объектіні өзгертеді.
Билет №_4__
1.Антикалық философияның ерекшеліктері, бағыттары
Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
2.Субстанция туралы түсінік, оның түрлері
Субстанция (лат. substantіa – мән, түпкі негіз) – заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория. Сонымен қатар дүниенің бірлігі неде, сол бірлік неден туындайтынын көрсететін, ұғымдық дәрежеде түсіндіретін форма. Философиялық тұжырымдамалар дүниенің бірлігін анықтауына сай монизм (бір Субстанция), дуализм (екі Субстанция), плюрализм (бірнеше Субстанция) болып бөлінеді.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BD%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%84%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%BE%D1%84%D0%B8%D1%8F" \o "Антикалық философия" Антикалық философияда ең алғаш субстанция барлық заттардың негізінде жататын белгілі бір зат ретінде қарастырылды. Ол бөлінбейтін қарапайым зат (су, ауа, апейрон, от, атом, т.с.с.). Кез келген өзгерістерде өзгермей, сақталып қалатын негіз. Аристотель Субстанцияны заттан бөлінбейтін бірінші мәнмен теңестірген. Аристотельдің форманы алғашқы себеп ретінде қарастыруы ортағасырлық философияда субстанциялық формалар туралы айтыстың тууына себепкер болған. Жаңа дәуірдегі философияда субстанцияны түсінуде екі бағыт пайда болды. Біріншісі Ф.Бэконның эмпиризмінде орын алған субстанцияны болмыстың негізі, заттың формасы ретінде түсінумен байланысты. Декарт оған қарсы екі субстанция (материя және ойлау) туралы ілімін ұсынды. Олар бір-бірінен туындамайды, екеуі дербес субстанция деп білді. Спиноза пантеистік монизмді ұсынды: субстанция біреу, оның одан ажырамайтын екі жағы бар: көлемділік және ойлау. Классик. неміс философиясы субстанцияға іс-әрекеттік сипат береді. Кант субстанция категориясын қабылдаудың, яғни тәжірибенің кез келген синтетик. бірлігі болу мүмкіндігінің шарты деп қарастырған. Кант субстанцияны диалектикалық тұрғыда түсіндірді. Гегель Канттың ойын жалғастыра отырып, субстанцияның ішкі қайшылығын, оның өзіндік дамуын дәлелдеді. Ол субстанцияны идеяның даму сатысы ретінде қарастырды. 20 ғасырда батыс философиясында субстанция категориясына, оның танымдағы рөліне теріс пікір қалыптасты.
3.Онтология, болмыс формалары.
Онтология (гр. ontos – болмыс, logos – ілім) – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі.
Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады.[1]Философиялық онтологиялық теорияның мысалдары - Платонның «түрлер» теориясы немесе ғылыми теориялармен жалпы негіздердін қандай түрлері белгіленеді деген сұраққа жауап іздейтін жақында пайда болған ғылыми реализм теориясы. Онтологиялық дәйектер сондай-ақ, социологиялық теорияның анық (немесе анық емес) ерекшелігі, мысалы, Дюркгеймнің «әлеуметтік фактілер» концепциясы, Вебердің (немесе символдық интеракционизмнің) индивидуалды акторларға көңіл бөлуі, Маркстың материализмі және онын өндіріс тәсілдері мен өндірістік қатынастарға басты назар аударуы. Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп санады. Кант Онтологияны мағынасыз метафизика деп есептеп, оны өзінің трансцендентальді философиясымен ауыстырды. Гегельдің пікірі бойынша Онтология – “мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім” ғана. Гегельден кейін философияда Онтологиялық ілімдер сирек кездесті. 20 ғ-да неокантшылдықтан бас тартып, метафизикаға бет бұру барысында Онтология қайта жанданды: Г.Якобиде, әсіресе, Н.Гартманда Онтология – болмыстың нақтылы пәндік философиясы, М.Хайдеггер мен К.Ясперсте іргелі Онтология мағынасында қолданылды. Онтология “болу” деген қасиетке ие, барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесін қарастырады. Ол адамзат баласының рухани рәміздерін өн бойына қорыта отырып, адам болмысын суреттеудің әр түрлі теориялық формаларын береді. Онтология болмыстың мәнділігін игерумен, әлемге деген адами қатынастың мәнділігін және ондағы адам орнының маңызын танумен шұғылданады.
Билет №_5_
1.Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері
Дүниетаным — бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру — тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші. Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді.Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қоршаған ортаға қарым-қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен нәтижелеріне қызмет етеді.Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның қоғамдық тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның дүниетанымдылығы мен тарихи айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-әрекетінің бағытын анықтайды. Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың дүниетанымы оның іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист немесе пессимист, белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін.
2.Диалектика және метафизика.
Таным тарихындағы ең белгілі жалпылама философиялық әдістерге диалектика және метафизика жатады. Бұлар — жалпы философиялық әдістер.Диалектика — заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, өзгерістерін, дамуын, себеп-салдарын, карама-кайшылықтарының бірлігі мен күресін жіті бақылайтын философиялық зерттеулер әдісі. Диалектикалық әдістің мәнді нышандары мыналар: 1) мәні мәңгілік, өзгермейтін нәрсе болмайды, сондықтан бір-ақ рет берілген және мәңгілік ештеңе жоқ; 2) нәрсе өзінің жалпылама байланыстарында алынып, қарама-қарсылықтарға айналған даму үстінде жан-жақты зерттеледі. Диалектика ойлау амалы мен тану әдісі жөнінен өзіне қарама-қарсы келетін метафизикамен катар пайда болып, дамыды. Оның ерекшелігі — объектінің бөліп алынып қарастырылуында, статистикалық және бір мәнді зерттелуінде (абсолютті ақиқат ізделінеді, қайшылықтарға көңіл бөлінбейді, олардың бірлігі ескерілмейді). Метафизикалық әдіс бойынша нәрселер мен үдерістер бір ұстаныммен қарастырылады. Бар немесе жоқ, ақ не қара, дос не жау, т.б.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%BE%D0%B7%D2%93%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D1%81&action=edit&redlink=1" \o "Қозғалыс (мұндай бет жоқ)" Қозғалысты қарастырған кезде метафизика оның толып жатқан формаларының біреуіне ғана мойын бұрады. Жаңа дәуірде неміс философиясының ұлы өкілі Гегель адамзат рухани өрлеу тарихын ұқыпты зерттеп диалектикалық ойлау методологиясын жасады. ХІХ ғ марксизмде Гегельдің идеялары әрі қарай дамытылып, тек ой өрісі ғана емес, бүкіл дүниедегі барлық даму үрдістері диалектикалық заңдар мен категориялардың негізінде жүретіні, олай болса, таным мен қисынның өздері де соған сәйкес келетіні жөнінде терең ойлар айтылды. Метафизика дамуды өткен сатыны қайталаумен теңейді. Бұл ай астындағы дүниеде еш жаңалық жоқ, бәрі де өз шеңберіне оралады.Қыстан кейін тағы да көктем, жаздан кейін келетін күз тағы да қыс мерзіміне ікеледі, деген терең пайымдауды мысалға келтіреді. Табиғатта біз байқай алмайтын жаңалықтар үнемі болып жатады да, мыңдаған жылдардан кейін белгілі бір жаңа сапаға әкеледі. Егерде біз мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрсек, онда біз өміріміздің соңында табиғаттың жаңарғанын байқаған болар едік. Біз, мысалы, өткен заманда динозавр, птеродактиль сияқты алып жануарлар мен құстардың өмір сүргенін білеміз. Оның айғағы- жер астында қалған солардың сүйектерінің қалдықтары. Қорыта келе, табиғаттың өзі үне бойы даму үстінде екенін, метафизикалық бір шеңбердегі қайталаудың жалғандығын байқауға болады
3.ХҮІІІ ғ француз материалистерінің көзқарастары.
ХҮІІІ ғасырдағы француз ағартушыларының ішінде философ-материалистерді ерекше атауға болады. Өз кезіндегі жаратылыстанудың жетістіктерін ескере отырып, олар алдыңғы қатарлы материалистік көзқарастарды дамытты. Материалист-философтар табиғаттағы жалпыға бірдей өзара әрекетті және қозғалысты материяның табиғи қасиеті ретінде мойындады. Дүниені тану мәселелерінде олар Локктың материалистік сенсуализмі көзқарасында болды, бірақ оған бірізділік сипат берді: Локктың “ішкі тәжірибе” туралы ілімін алып тастап, олар тануды сыртқы дүниенің адам санасындағы бейнесі деп дұрыс түсіндіреді.Француз материалистері материалистік таным теориясын дамытуда бір қадам ілгері жасады, бірақ олардың ұсынған тұжырымы метафизикалық сипатта болды. Олар негізгі ұғымдарды метафизикалық тұрғыдан түсіндірді. ХҮІІІ ғасырдың ортасында Францияда орын ала бастаған капиталистік даму үрдісі елде ертеден қалыптасқан феодалдық қатынастармен қайшылыққа кездесті.Француз қоғамы бұл кезеңде үш топқа бөлінді:Бірінші және екінші топтағылар діниелері және дворяндар – бүкіл жерді биледі және өздерінің құқықтары мен жеңілдіктерін пайдаланып, бұқара халықты, шаруаларды, қолөнершілерді аяусыз қанады, олар үшінші топты құрады, үшінші топ өз құрамы жағынан әртүрлі болды, шаруалардан басқа купецтер, фабриканттар, банкирлер кірді.Бұқара халықтың феодализмге қарсы қозғалысы 1789 жылғы төңкеріспен аяқталған болса, бұл қозғалысты буржуазия тағы басқарды.Фрнацуз буржуазиясының идеялогиясы өзінің анық көрінісін ағартушы-философтардың еңбектерінде тапты. Олар барлық феодалдық құрылысқа қарсы күресті.Француз ағартушыларының өзінің философиялық және саяси көзқарастары жөнінен ерекше көрнекіліктері Вольтер, Руссо, материалист-философтар Гельвеций және Дидро болды. Барлық ағартушылар феодалдық өкіметтің деспатизмі мен зұлымдығына, діни
фонатизмге қарсы шықты. Француз ағартушыларының көзқарастары төңкерісті идеялогиялық жағынан дайындауда ерекше роль атқарды.
Жан-Жак Руссо – көрнекті француз ағартушы, жазушы және философ-ойшылы. Ол 1712 жылы сағат шеберінің жанұясында дүниеге келді. Руссо біржүйелі білім ала алмады. 16 жасында ол Женеваны тастап, 30 жасына дейін ол әртүрлі жұмыстарды атқарды, қара жұмыс, музыкант, музыка оқытушысы және тағы басқа жұмыстар. Осы жұмыстармен қатар Руссо өз бетімен білім алумен айналысты. Ерекше қызығушылықпен Лейбництің, Декарттың, Локаттың, Вольвтердің және басқа да көрнекті ойшылдардың шығармаларын оқып үйренді.1741 жылы ол Парижге келіп, Франциядағы ағартушылық философияның көрнекті өкілдерінің қоғамына кіріп, олармен бірге белгілі Энциклопедияда жұмыс істеді.Руссо бірнеше еңбектер жазды: “Ғылымдар мен өнерлер туралы” (1750), “Адамдардың арасында теңсіздіктің пайда болуы және себептері туралы” (1754), “Жаңа Элоиза” (1761), “Қоғамдық шарт” (1762), педагогикалық роман “Эмиль, немесе тәрбие туралы” (1762), бұл еңбектер оның есімін әлемге танытты.Өзінің қоғамдық-саяси көзқарасы бойынша Руссо ұсақ буржуазиялық демократ болды, ұлттық тәуелсіздіктің сенімді жақтаушысы болды. Руссо адамдардың арасында қалыптасқан теңсіздікті қатты сынға алады.Руссо, Плехановтың айтуынша, “тырнағының аяғына дейін демократ”, қоғамның барлық мүшелері бірдей құққа ие болатын қоғам құруға ұмтылса үкімет халықтың өзіне бағыну керек. Егер ол халықтың еркіне қарсы шықса, халық өз өкіметін құлатуға құқылы. Сондықтан да Руссо француз буржуазиялық революциясын идеялогиялық дайындауда ерекше роль атқарды.Жан-Жак Руссоның шығармаларын Париждің көшелері мен клубтарында оқыды. Руссо адамды адам қанау жоқ, барлық адамдар өз еңбегімен өмір сүретін, еркіндік, теңдік және достық үстемдік ететін қоғамдық құрылысты орнатуға ұмтылыс жасады. Бұл социалистік қоғам емес, бұл ұсақ жекеменшік иелерінің, жериелерінің және қолөнершілердің қоғамы болды.
Билет №_6__
Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері.
Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктер ол өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механикатұрғысынан қарастыру әдетке айналды. Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл — ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы — Френсис Бэкон (1561—1626 жж.) еді. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа атлантида», т.б. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты — табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материядан қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі — қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух, жан, т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтындықтан — нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп – табынушылық, жалған эксперимент екендерін тусінулері керек. 
2.Орыс философияның ұстанымдары
Орыс мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері мынада: біріншіден, орыс мемлекеті Батыс пен Шығыс өркениеттерінің қиылысу кеңістігінде орын тепкен. Екіншіден, орыс мәдениеті көптеген Батыс және Шығыс мәдениеттерінен кейін қалыптасқан, ал XIX ғасырдан бастап өзі де басқа елдерге ықпал ете бастаған. Үшіншіден, Ресей әруақытта көп ұлтты, көп мәдениетті құрылым, бірақ оларды біріктіретін, бір – біріне етене жақын ететін негіз де болған.Төртіншіден, өзінің дамуында ұзақ уақыт артта қалушылық пен қуып жетушілікті басынан кешіргендіктен, Ресей бөтен идеялар мен үрдісті тез қабылдауға ғана емес, оны өз жағдайына лайықтап өзгертуге, дамытуға мүмкіндік беретін сирек қабілеттілікке ие болды.Бесіншіден, орыс қоғамына әруақытта үлкен қиыншылық қақтығыс, кенеттен жарылыс жағдайы тән. Мұның бастапқы себептері - өкімет билігінің жоғары болуы, дін мен партия идеологиясының диктаты, тұрақты, епетейсіз мемлекеттік машинаның үстемдігі. Сондықтан еркіндіктің дамуы үшін маңызды сала – рухани сала болды. XIX ғасырдың ортасында Ресейде ортодоксалді – монархиялық діни философия дамыды. Оның негізгі мақсаты – сол кездегі қоғамдық саяси және адамгершілік ахуалды сақтап қалу және оған қарсы топтарды сынау. Идеялық кредосы – православие, патша өкіметі және халықтық. Осы құндылықтарды дәріптеу және негіздеу – Н.Ф. Федоров және К.Н.Леонтьевтің бастапқы ұстанымы болған.Федоровтың пікірінше, әлем біртұтас. Табиғат, Құдай, Адам бір – бірімен ерік және ақылдың күшімен өзара байланысқан біртұтастық. Олар бір – біріне әсер етеді, энергия алмасады. Н.Федоров өзінің ілімін өз өмірінен бөліп қарамайды, өте жұпыны қарапайым өмір сүрді, кез келген меншікті күнә деп есептегендіктен идеялары мен кітаптарын да жарияламаған
3,«Менің білетінім, ештеңе білмейтінім» афоризмінің мағынасы
Бір білетінім – өзімнің ештеңе білмейтінім, – дейді Сократ. – Ал мына жұрт бірдеңе білетін сияқты болып жүреді, анығында еш нәрсе білмейді.Сонда өзімнің білмейтіндігімді білетіндіктен мен басқалардан көбірек білетін болып шықтым деген екен. Мен бәрін білемін деген бекер. Өйткені бәрін білемін деген адамның өзінің білмейтіні болады. Дүниенің талай құпиясын ашып, тарихтың талай тағылымын зерттеген ғалымның өзі де кейде қарапайым нәрсені білмеуі мүмкін. Сондықтан мен білемін айтуға болады, бірақ білмейтініміздің көп екенін мойындауымыз керек. Өйткені өмірдің біз білетін де, білмейтін де құпиясы көп. Менің білгенімді ол білмеуі мүмкін немесе оның білетінін мен білмеуім мүмкін. Менің білетінім, ештеңе білмейтінім деген сөздің мағынасы меніңше білемңн деп аз ғана білгеніңмен тоқтап қалмай, білмейтініңді білетіндерден сұрап, үнемі ізденісте жүруге шақыратын сөз болса керек.
Билет №_7_
1.Н. Маккиавеллидің мемлекет туралы философиялық көзқарастары
Жаңа дәуірдегі алғашқы теоретиктердің бірі итальяндық НИККОЛО МАККИАВЕЛЛИ (1469 - 1527) болды.Маккиавелли мемлекетті үкімет пен азаматтары арасындағы олардың қорқуы мен жақсы көруіне тірелетін қатынас ретінде қарастырды. Егер де үкімет қастандықтар мен наразылықтарға итермелемесе, егер де қол астындағы азаматтардың қорқуы өшпенділікке, ал жақсы көруі жек көруге айналмаса, онда мемлекет мызғымайды.Маккиавелли назарының өзегінде - үкіметтің қол астындағы азаматтарға әмір бере білунің шынайы қабілеттері.Маккиавелли мемлекет мұраты мен оның беріктігінің негізін жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен меншіктерінің мызғымастығы деп санады. Жеке меншіктің мызғымастығын, сол сияқты жеке тұлғаның қауіпсіздігін Маккиавелли бостандықтың игілігі деп атады, мемлекеттің мұраты мен оның беріктігінің негізі деп есептеді. Маккиавелли ілімінің ерекшелігі оның аралас республиканы күресуші әлеуметтік топтардың ұмтылыстары мен мүдделері келісімінің нәтижесі және құралы деп есептегенінде.Маккиавелли халықтың бұзылғандығы туралы тарихшылардың ортақ пікірін жоққа шығаруға тырысты. Бұқара халық әміршілерден гөрі тұрақтырақ, адалырақ, дана және пайымдағыш. Егер де жеке билеуші әмірші заңды жақсы құрса, жаңа құрылыстар мен жаңа мекемелерді құратын болса, халық сол құрылған құрылысты артық сақтайды. Халық жалпы мәселелерде көп қателессе де, жеке мәселелерде өте сирек қателеседі. Ақсүйектердің халықтан айырмашылығы бар, оны Маккиавелли мемлекеттің болмай қоймайтын және қажет бөлігі деп санады. Аристократтар қатарынан мемлекеттік қайраткерлер, лауазымды адамдар, әскери басшылар шығады.Маккиавелли саясаттың маңызды құралы деп дінді санады. Маккиавелли дін - адамдардың ақыл-ойы мен парасатына ықпал етудің күшті құралы деп тұжырымдады.
2.Антикалық философияның классикалық кезеңі .
Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
3.Креационизм, теоцентризм, догматизм ұғымдарының мағынасын анықтау
Креационизм - жер, сонымен бiрге әлем ғаламшар (өмiр ) тiрi табиғаттың негiзгi формаларына сәйкес теологиялық және дүние тану тұжырымдама адам баласы негiзiнен, жаратушымен немесе құдай тiкелей жасалған болып сияқты қаралады.Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылысым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады. (Ортағасырлық философияға тән).Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.
Билет №_8__
1.Ежелгі Қытай философияның ерекшеліктері, бағыттары
Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды. Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік қүрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы ван барлық билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер - чжухоу беделді отбасылар - дафу және ши, ең төменде - ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, "жоғары" мен "теменнің" арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, катаң ұстауға бағытталды.2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін «жаратылмаған, адам - қарапайым "микрокосм", табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған керінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді. Яғни, адамның міндеті - осы жіптерді үзбей, жеке белсенділік көрсетпей, өзінен жоғарыға, өзінен үлкенге қызмет етіп, табиғат пен өмір ағынына еріп, тыныш өмір сүру, өзінің адамгершілігін жетілдіру жолында тынымсыз еңбектену. Себебі, бұл өмірде ең маңызды нәрсе - жеке адам емес, ол өмір сүріп отырған қоғам, мемлекет, ал жетілген қоғам жетілген адамгершілікке ие адамдардан құрылмақ деп түсіндірілді.3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады.
2.Әл-Фарабидің саяси-әлеуметтік көзқарастары
Әл-Фарабидің ойлары мен саяси философиясы көпшілік  жағдайда өзінің құндылығын сақтады және қазіргі қоғам үшін де маңызды. Фарабидің бірқатар трактаттары қоғамдық өмірге арналған («Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің афоризмдері», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақытқа жету жөніндегі кітап», «Бақыт жолдарын көрсету» және басқа шағын трактаттары).
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жөніндегі трактат» – әл-Фарабидің ең кемел туындыларының бірі. Бұл еңбек 948 жылы Мысырда дүниеге келді. Ол трактатта басында философ тұрған «қайырымды қала» туралы оқуды баяндайды. Әл-Фарабиадам іскерлігінің мақсаты – тек дұрыс танудың көмегі арқылы қол жеткізуге болатын бақыт деп есептейді. Ойшыл қоғамды мемлекетпен теңестірді. Қоғам – адамдық мүше. «Қайырымды қала тірі ағзаның өмірін сақтау үшін барлық мүшелері бір-біріне көмектесетін сау тән тәріздес». Фараби қайырымды қаланы оқуды платондық принциптер негізінде құрады, дегенмен оның оқу құрылымының неоплатондық және аристотельдік элементтерін бағаламау мүмкін емес.
Бұл тұрғыда бір ерекшелікті атап өткен жөн – Фарабидің «Азаматтық саясаты» исламдық дүниені сезіну тұрғысындағы рақымшылдық жөніндегі платондық ойларды түсіндіреді және дамытады, бірақ қоғамдық құрылыстың әділеттілігін азаматтарды тәрбиелеумен байланыстырады. Фараби бұл туралы былай дейді: «Әр адам өзінің табиғаты бойынша былай орналасқан, адам өзінің өмір сүруі және жоғары дамуға қол жеткізу үшін және жалғыз өзі қол жеткізе алмайтын көптеген заттарға және  оның мұқтаждылығын ескере отырып қандай да бір затты бере алатын адамдар тобынан кейбір заттарға қажетсінеді».
Фараби саяси ойларының басқа ерекшелігі – геосаяси кіші мәтін(Геосаясат-аумақтарды бақылау, әр түрлі елдер мен мемлекетаралық одақтардың әсер ету аймағын  (күш орталықтарын) бөлу және қайта бөлу заңдылықтары жөніндегі ғылым. Саяси географияның бөлігі ретінде қоғамдық-географиялық ғылым түріне жатқызылады). Ол да Аристотель секілді саясатты географиямен байланыстырады, бірақ оған құрамында жай ғана табиғи-географиялық компонентті емес, сондай-ақ одан өзге аумақтық-территориалды факторды қамтитын территориалды аспектті толықтырады. Мысалы, Фарабидің адамзат қоғамы – ол тек осы факторлардың бірлескен ықпалы нәтижесінде ғана бола алатын «бір өмір сүру орнында көптеген адамдардың бірігуі» [6].
Фараби адамзат қоғамын бір-бірінен келесідей айырмашылықтармен ерекшеленетін жеке халықтарға бөледі:табиғи әдет-ғұрып, табиғи ерекшеліктер (мінез) және тіл, яғни сөз. Осылайша, Фараби этногенез негізіне – табиғи-жаратылыстану шарттарының (әдет-ғұрып, мінез және халықтардың тілі) түрлі этникалық компоненттер негізіндегі этникалық қауымдастықтың бірігу үрдісін қойды, олар оның пікірінше географиялық факторлармен қалыптасады. Оның ұлы, орта және кіші қоғамдарында полистер мен көпұлтты елдердің, империялардың қазіргі үйлесімділігі көрінеді. Сонымен бірге, ұлы, орта, кіші қоғамдар ойшылдың көзқарасы тұрғысынан толықтай түрде дербес, іс-әрекеттер және ой ойлау кезінде («жетілген қоғамдар») адамдардың дамуы үшін жоғары мөлшерлі мүмкіндіктер бере отырып, саяси тәуелсіз бола алады және де ең көп «жетістікке» Фараби бойынша, қалалық қоғам ие болды.
3.Космоцентризм, перипатетизм, номинализм ұғымдарының анықтамасы.
Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия).Перипатетизм (грек. perіpateo — серуендеу) — Аристотель философиясының ізбасарлары. Аристотель өзінің тыңдаушыларымен лицей бағында серуендеп жүріп сабақ беріп, пікір алысуды әдетке айналдырған. Осыған байланысты оларды Перипатеттер мектебі деп атаған. Перипатетизм бағытын бірнеше кезеңге бөлуге болады.Бірінші кезең (б.з.б. 4 — 1 ғасырлар) мектептің жетекшісі Теофрасттан кейін Перипатеттер мектебінің жетекшілері Стратон, Ликон, Аристон Кеосский, Критолай, т.б. болды. Бұл кезеңдегі Перипатеттер мектебінде Аристотель ілімін теор. философия жағынан дамытудан гөрі жеке ғылым салаларымен (философия, т.б.) көбірек шұғылдану басым болды. Мысалы, Теофраст логика саласынан жаңалықтар ашып, ботаникадан еңбектер қалдырды. Аристоксен музыка теориясымен шұғылданды, т.б.Екінші кезеңде (б.з.б. 1 ғ.) Андроник Родосский,Сидонский, Ксенарх, т.б. Аристотель шығармаларын қайта басып шығарып, оларға түсініктер берумен шұғылданды.Үшінші кезеңде (1 — 2 ғасырлар) платоншылдар, пифагоршылдар және стоиктер мектебінде аристотельшілдіктің ізін қалдырып, жаңа платоншылдықтың қалыптасуына ықпал етті. Шығыс философиясындағы перипатетизмнің негізін қалаушы Әбу Наср әл-Фараби саналады.Ол Аристотель мен Платонның еңбектеріне сүйеніп, олардың іліміне түсінік бере отырып, өзінің филос. ілімін қалыптастырған. Батыс ойшылдары әл-Фараби, сондай-ақ ибн Сина, ибн Рушд, т.б. шығыс перипатетиктерінің түсіндірмелері арқылы ежелгі грек философтарының еңбектерімен танысып, оларды игере бастады.Номинализм (латынша nomen  - ат, атау)  -  жалпы ұғымдар, универсалийлер ойдың субъективті формалары, жәй ғана сөздер, заттардың белгілері мен атаулары ғана, ал ойлаудан тыс ешқандай объективті шындықты бейнелей алмайды деп пайымдайтын философиялық көзқарас.
Билет №_9_
Гегельдің абсолюттік идеализмі.
Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Абсолют — құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне-өзі тең болады. Абсолюттік идея – нағыз шындық, болмыс және барлық материалдың денелердің түпнегізі және мәні. Оның негізгі атрибуттарының бірі — әмбебап жалпылық. Ол тұрақты және мәңгі. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тән, себебі ол — таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір сүре алмайды. Осы қасиетінің арқасыңда ол жай ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге айналады. Бұл процесс төменде көрсетілгендей жүзеге асады. Рух өзінен табиғат туралы таза ойын босатып, заттандырады және сол заттандырылған табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы ретінде сақталады. Сөйтіп, ол өзінің диалектикалық мәнін көрсетеді. Таза акыл-ой дамуының диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілетінің жалпы заңы болып табылады. Осыдан келіп Гегель табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының әр турлі даму кезеңі абсолюттік идеяның әр түрлі даму сатысына саяды деген тұжырым жасайды. Даму ироцесі, Гегельдің пікірінше, белгілі бір кестемен жүзеге асады: тезис (нақтылану), антитезис (нақтылануды теріске шығару) және синтез (терістеуді терістеу). Айталық, материалдық денелердің пайда болуы тезис болса, олардың күйреуі – антитезис, ал куйреп бара жатқан денелердің өзінің кейбір элементтерін сақтай отырып, басқа бір материалдық денелерге айналуы синтез болады. Табиғат пен қоғамның дамуының қайнар көзі — абсолюттік идеяның өзіндік дамуы.Дамудың белгілі сатысына жеткенде, өзін-өзі заттандырған абсолюттік идея ұйқыдан оянып, табиғаттағы өзін философия, ғылымдар арқылы танып білуге бел байлайды. Бұл поцесс абсолюттік идеяның мақсаттылыққа құштарлығын көрсетеді.
2.Ортағасыр христиан философияның ерекшеліктері, бағыттары
Орта ғасырлық Еуропада бір дін – христиандық (оның католиктік тармағы), бір шіркеу (рим епископы – пап басқарған), бір тіл (латын) үстемдік құрды.Орта ғасыр философиясының басты ерекшелігі – дінге арқа сүйеп, дінге тәуелді болғаны, діннің сойылын соққаны. Философияның мұндай кіріптар хәлін әдебиетте «философия – Құдай сөзінің қызметшісі» деген формуламен білдіреді.Орта ғасыр философиясының басты нысаны – Құдай болды: теоцентризм (грекше  theos -  Құдай деген сөзден шыққан). Құлиеленушілік  қоғамнан кейін, оның орнына  Еропа елдерінің  барлығында жуық дерлік  феодалдық  қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алуына байланысты орта ғасыр философиясын негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Б.д. ІІ ғ. бастап, алғашқы христиан ойшылдарының ілімдерін жинақтап, кейін апологетика деп аталып кеткен діни-философиялық бағыттар пайда бола бастады. Негізгі өкілдері: Юстин Мученик, Тациан,Тертуллиан Квинт Септимий Флоренс т.б. Олардың ойынша  барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай –нақтылық. Демек, құдайдың да денесі бар. Апалогетиктер христиан дінінің өнегелік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемлекеттік дінге айналдыру керек деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты және өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері орта ғасыр философиясының келесі сатысы-патристика, схоластика кезеңдерінде  өз көріністерін тапты.Патристика (лат.Pater-әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (3-6ғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский,  Майлондский, А.Блаженный. Мысалы , Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлеудеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және ол-аспан мен жер арасын байланыстырушы деген
3.«Бір өзеңге екі рет түсуге болмайды...» афоризмінің анықтамасы.
Билет №_10__
1.Марксизм философиясы
Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалықнеміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон). Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды. Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттыңтарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.
2.Ортағасыр араб-мұсылман философияның ерекшеліктері, бағыттары
Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:1) ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін- бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.2) көп ұлттылық - араб, парсы, түркі жəне т.б. ұлт философтары.3) негізгі философиялық тіл - араб тілі. Араб тілінде философия “фалсафа” деп аталды.4) Басты мəселелер - адам жəне оның тағдыры, адам жəне Құдай, адам жəне қоғам, онтология мəселелері.Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары. Калам (сөз, тіл) - спекулятивтік теология. Спекуляция - тəжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Каламның беделді мектептерінің бірі - мутазилизмде - (оқшауланушылар, бөлектенушілер) - рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мəселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, философия мəселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаның негізін қалады.Суфизм - “алладан басқа құдай жоқ” қағидасын “алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ” қағидасымен алмастырды. Суфизм - ислам дінінің рухы, мəні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю.Шиизм (ар. «шиа» - топ, партия) де, исламның өзі сынды, өз алдына біріккен біртұтас жүйе болып табылмайды. Сунниттер. Исламдағы ең ірі бағыт - сунниттер. Әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызы сунниттік исламды ұстағандар. Сунниттердің толық атауы – (Сунна мен қауым бірлігінің адамдары» - дәстүрлі исламның маңызды принциптерін танытады. Кең тараған исламдық жіктемелердің біреуіне сай, шииттік бес үлкен секталар бар. Олар өз алдына одан да кішірек құрылымдарға бөлінген екен. Оларға: кайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шииттер және исмаилиттер жатады.
3.Гуманизм, антропоцентризм, гелиоцентризм, пантеизм ұғымдарының анықтамасы
Гуманизм (латынша Нumanitas — адам табиғаты) — адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды.Қоғамдық жағдайы мен өзінің шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас құқығына тәуелсіз түрде, адамның құндылығын, адамдардын арасындағы тендік, әділеттілік, адамгершілік қатынастарды қуаттайтын көзқарастар мен идеялар жиынтығы.Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).ГЕЛИОЦЕНТРИЗМ - (грек. helios - күн) – күн- айналып жүретін планеталар мен жердің орталық нүктесі деген концепция. Көне Грецияда мұндай болжамды Аристарх Самосский айтқан. Бірақ ғылыми келісім Коперниктің ілімінен кейін қалыптасты. Коперниктің жүйесінде күн орталық рольді атқарды. Күннің айналасында планеталар айналады, олардың артында әлемге көрінетін жұлдыздар жатыр. Планеталар шеңбер бойымен емес, эллипс бойымен айналатыны дәлелденген. Ал планеталар мен күнді байланыстыратын, олардың қозғалысын сипаттайтын күш тартылыс күші болып табылады. Келесі жетістіктер Күн- ғаламның емес, күн жүйесінің орталық нүктесі болып табылады деген шешімге әкелді. Пантеизм (гр. pan – бәрі, tcheos – құдай) – Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі.Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады. Пантеизм терминін философияға алғаш енгізген ағылшын философы Джон Иолланд (1670 – 1722) болды. Ол деизмді өткір сынға алып, дүниенің жаратылуын, жанның мәңгілік екендігін, о дүниедегі өмірдің бар екенін жоққа шығарды. Пантеистік идеялар үнді (брахманизм, индуизм, ведант), қытай (даосизм), ежелгі грек (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен) философияларында дамыды. Ежелгі грек философы Ксенофан өзінің пантеистік көзқарасында табиғатты сезіммен біліп болмайды, тек ақылмен ғана ұғынуға болады деп санады. Кейінірек стоицизмнің натурфилос. және этик. ілімдері пантеистік сипатта болды. Пантеизмнің натуралистік сипаттары И.С. Эриугена мен П.Абеляр ілімдерінде кездеседі. Материя, ақыл және құдай бір нәрсе деп, Пантеизмді материалистік тұрғыда алғаш тұжырымдаған Д.Динанский болды. Пантеизм қайта өркендеу дәуірінде кең өріс алды. Бұл дәуірдегі алғашқы Пантеизм өкілдерінің бірі Н.Кузанский болды. Ол “адам өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар тұрады” деп тұжырымдады. Еуропада 16 – 17 ғасырларда пантеистік бағытты дамытқан Д.Кардано, Т.Кампанелла, Дж.Бруно, т.б. болды. Бруноның пікірінше, “табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен құдай бір. Әлем – әмбебап бастама, сондай-ақ жалғыз ғана мәнділік”. Нидерланд философы Б.Спиноза пантеистік дәстүрге сүйене отырып, өзінің жан-жақты материалистік философиялық жүйесін қалыптастырды. Бұл ілімде “құдай” және “табиғат” ұғымдары бір-біріне барабар. Қазіргі кезде Пантеизм ғылымды дінге жақындастырумен, табиғаттың заңдылықтарын, ішкі сырын діни, мифтік тұрғыда сипаттаумен ерекшеленеді.
Билет №_11_
Жаңа заман философияның ерекшеліктері, бағыттары.
Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқын-мен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді жән өндірістегі механизмдердің рөлі арта түстуКапиталистік өндірістәсілі ғылымғадеген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсатетіп қойған европалық мем-лекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді. Ғылымдар академиясы да осы кезеңде пайда бола бастады.(Жаңа Дәуірде тәжірибе мен эксперименттерге негізделген ғылымдар, әсіресе математика, алгебра, аналитикалық геометрия, механика күшті қарқынмен дамыды, бұл фактор шіркеудің рөлін төмендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді.Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бір қоғамдық өмірде оның секуляризациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни шыдамдылық (веротерпимость) үшін күрес молырақ орын алды, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырды.Осы кезенде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан — ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан — философиялық шығармаларда дінн-теологиялык мазмұн әлі де болса мол бол ды. Дегенмен де философия ғылымға көбірек бет бүра бастады;Бұл ерекшелік ағылшын философы Фрэнсис Бэконның (1561-1626) философиясынан анық байқалады. Дворяндар отбасындатуып, Кембридж университетін бітірген Бэкон дипломатиялық қызметпен де айналысты, парламент мүшесі, танымал адвокат, шешен, белгілі жазушы ретінде де танылды. Негізгі еңбектері: «Жаңа Органон», «Тәжірибелер немесе адам-гершіліктік және саяси қағидалар», «Жаңа Атлантида», т.б
2.Ибн-Рушд философиясындағы «қос ақиқат» ілімі
Ибн Рушд Мұхаммед (1126-1198 жж) Кордово халифатытұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Діңмен ф.лық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниедегі өмір нег.қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының нег.мәні ф.лық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат пен саналатын кейбір құбылыстар ф.да жалған болып есептелуі мүмкін. Сол сияқты ф.ғы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының нег.мақсаты ф.ны діннің шармауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа ф.рын антикалық ф.мен таныстыруда үлкен рөль атқарды. Ибн рушд ақыл парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың ф.лық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол ф.ды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдардың діни сенім нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық ф.да еркін ойдың дамуына зор ықпал етті. "Қос ақиқат" принципінің баяндалуы небәрі ақыл-парасатқа (философияға) діндар қоғамда тірі қалуы үшін мүмкіндік беретін "казуистикалық айла" ретінде шектен тыс оңайлату болса керек. "Қос ақиқат" теориясы ортағасырлық мәдениеті әлемін екі дербес алаңға – рационалды пайымдау (философия мен ғылым) алаңы мен діни сырлар алаңына – дифференциялаудың көрінісі болып табылды."Қос ақиқат" теориясы гносеологиялық принцип ретінде кез келген ақиқаттыңкеңмәтінділігін көрсетті.
3.Номинализм, реализм, схоластика, патристика ұғымдарының анықтамасы
Номинализм (латынша nomen  - ат, атау)  -  жалпы ұғымдар, универсалийлер ойдың субъективті формалары, жәй ғана сөздер, заттардың белгілері мен атаулары ғана, ал ойлаудан тыс ешқандай объективті шындықты бейнелей алмайды деп пайымдайтын философиялық көзқарас.Реализм - ортағасырлық схоластикада орын алған философиялық бағыт , ол ұғымдар реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырады. Ортағасырлық реализм іс жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне келгенде Платонның бағытын жалғастырады. Көрнекті өкілдері – Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом , Фома Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге қарсы номинализм өкілдері күрес жүргізді.Схоластика (лат. Shola – мектеп) ортағасырлық Еуропадағыфилософияны теологияға бағындыруымен сипатталатын философиялық мектеп. Ерте және кейінгі cхоластика болып бөлінеді. Біріншісі – XI–XII ғасырларды, екіншісі – XIII–XIV ғасырларды қамтиды. Ерте схоластиканың философиялық негізі – Платон мен неоплатоншылардыңілімін христиан діні тұрғысынан талдаудан тұрады. Христиандық доктринаға формальды сипат беру схоластикалық іс-әрекеттің басты құралы логикаболуын қамтамасыз етті. Сондықтан схоластикада Аристотельдің логикасын пайдаланды. Ерте схоластиканың өкілдерінің бірі – Ансельм Кентерберийский. Ол христиандық ілімдегі әлемнің жоқтан жаратылуы, қасиетті үштіктің бірлігі мен бір-бірінен бөлектігі, жанның мәңгілігі туралы догматтарды рационалдық жолмен, логиканың көмегімен дәлелдеуге тырысты. Оның Құдайдың болмысын дәлелдеуі кеңінен танымал.Патристика - I-VIII ғғ. Христиандық ілім, христиандық дін догматтарын сақтайтын «шіркеу әкелерінің» апологетикасы. Патристика кейiнгi антикалық және орта ғасырлық қоғамның эстетикасының құрылуына үлкен үлестi қосты.
Билет №_12__
1..Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін, бұл мұра өте қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек етіп, әртүрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынайы реализм, білімнің негізгі жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні.Осы аталған көзқарастар сыңаржақтыққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемшіліктерге қарсы бағытталады. Бұл да қазақ дүниетанымының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі. Қазақ дүниетанымдық ойының тағы да бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмін, халқына сүйіспеншілігін, оның бақыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.Қазақ дүниетанымының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ дүниетанымы – халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негізгі және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа түрлерімен тығыз байланысты.
2.Ренессанс философияның бағыттары
Ренессанс философиясы - Еуропада (алдымен Италияда) феодализмнің құлдырап және алғашкы буржуазиялық (XV-XVII) қоғамның қалыптасуы кезінде дамығанфилософиялық және социологиялық ілім. Онда негізгі идея --- гуманизм болды.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D1%81%D1%81%D0%B0%D0%BD%D1%81_%D1%84%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%BE%D1%84%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B" \l "cite_note-1" [1]
Гуманизм - адамды жаратылыстың ғажайыбы деп танып, адам құқын, қадір-қасиетін, адамдық ар-намысты, адамның таңдауын, адам еркіндігін, адам шығармашылығын, адам құқықтарын жоғары бағалау, адамға жанашырлық таныту, адамдық сипаттағы қасиеттерді ең жоғары деңгейде әйгілеу. Гуманистер дүние жүзік болса адам сол жүзіктің бетіндегі гауһар деп түсіндірді. Бұл идея шығыс шаһирларында да, Қазақ ойшылы Абайда да айтылады.
Ренессанс философиясының ерекшелігі.
Философиядағы адам проблемасы және космологиялық ілімдер.
Ренессанс философиясының көрнекті өкілдері.
Ренессанс философиясы 15 – 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір фиодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі Ренессанс термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. 15 – ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланд мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан – жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңлықтар ашты.
3.Материя, оның өмір сүру формалары мен тәсілдері.
Материяның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материалдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын. Ол материя қозғалысының негізгі бес түрін жіктеді:1)механикалық – кеңістікте қозғалып, орын ауыстыру;2)физикалық – электромагнетизм, гравитация, жылу, тағы басқалары;3)химиялық – атомдар мен молекулалардың затқа айналуы;4)биологиялық – тірі организмдердегі зат алмасуы;5)әлеуметтік – қоғамдық өмірдегі өзгерістер және ақыл-ой.Материя ұғымы-дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз обьективті шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын ұғым.  Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа ешнәрсе жоқ сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Ежелгі грек философиясында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір бастапқы зат деген көзқарас орын алды.Қозғалыс-материяның ажырамас мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді. Қозғалыс дегеніміз – кез келген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгеріс. Материя өзін тек қозғалыс арқылы білдіріп, біздің санамызға, түйсік-сезімдерімізге әсер етеді. Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрі күрделі байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты, химиялық қозғалыс – механикалық және физикалық қозғалысты қамтиды, тағы басқалары. Ең жоғары әлеуметтік қозғалыстың құрамында алдыңғы формалардың бәрі өз бейнесін табады.
Билет №_13_
1.Ортағасыр араб-мұсылман философиясы
Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб философиясы шығу тарихы мутазилиттер («ерекшеленушілер») қызметімен байланысты.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/9_%D2%93." \o "9 ғ." IХ ғ-да арабтар антик. дәуірдегіжаратылыстану және философия ілімдеріне қатысты мұраларымен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель философиясы болды. Аристотель философиясы кейде мұсылман философиясы немесе араб тіліндегі философия деп те аталды. Себебі бұл ұғымға арабтардан өзгепарсы, түркі, т.б. халықтар өкілдерінің философиялық көзқарастары да енеді. Мысалы: түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылықӘбу Әлгі ибн Сина - оқулықтарда «Араб философтары» болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда «Араб философиясы» деуден гөрі, «Араб тіліндегі философия» деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, X - XIII ғ-ларда араб тіліндегі философияның мынадай бағыттары болған: 1) Шығыс перипатетизмі; 2) «Таза ағайындар» ілімі; 3) Сопылық ілім; 4) Мұсылман философиясы; Шығыс перипатетизмі - Аристотель еңбектерін насихаттау талқылау жасаған философиялық мектеп. Мұның басында әл-Кинди (IX ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. «Таза ағайындар» ілімі - оқу жүйесіне арнал жазылған 51 томдық энңик. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу, әрі оны оқыту мәселе- сіне арналған. Сопылық ілім - Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттан аса көрнекті өкілдері А. Ясауи, ибн Араби, т.б. мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі - Әбу-л-Уәлид Мұхаммед әл-Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп. Араб тіліндегі философияны ғылымда фәлсафа деп те атайды. Бұл, әсіресе, шығыс перипатетиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден бастадың, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның философиядан өзгешелігі - ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда айтылған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл - грек философиясын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, философияның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі философиялық тарихи маңызы - Ф.Бэконнан (1561 - 1626) Спинозоға (1632 - 77) дейінгі мерзімді қамтиды. Жаңа заман философиясы көтерген басты-басты мәселелерді Шығыс перипатетиктері мен мұсылман дінтанушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (схоластика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады. Араб философиясының тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. IX - X ғ-да араб философиясы орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты X - XI ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D2%B1%D1%85%D0%B0%D1%80%D0%B0" \o "Бұхара" Бұхара, Самарқанд, Мере, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадан, Отырар сияқты қалаларда ғылым, білім өріс алды. Араб философиясының үшінші орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай араб философиясы тұтастығынан айырылыс ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы Абд әр-Рахман Әбу Зейд ибн Халдун(1332 - 1406) есімін ғана атаймыз. Араб философиясы тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Йасауи ілімі бүкіл түркі халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті.
2.ХІХ ғ иррационализм философиясы: А. Шопенгауэр, С. Кьеркегор.
ХІХ ғасырдағы бейклассикалық идеалистік философияның 2 бағыты бар Олар: иррационализм, өмір философиясы.
        Иррационализм – табиғатағы логикалық байланыстардың болуын, қоршаған дүниені тұтас және заңды деп қабылдауды терістеп, Гегель диалектикасын және ондағы даму идеясын сынады.
        Иррационализмнің басты идеясы – қоршаған дүниенің тұтастығы, ішкі заңдылығы жоқ, ақыла емес аффектіге, ерікке бағынады, әлем түйдектелген хаос деп түсіну.
        Иррационализмнің көрнекті өкілі Артур Шопенгауэр (1788-1860) – волюнтаризмді негіздеуші. Волюнтаризм – қоршаған дүниедегі басты қозғаушы күш – ерік (воля) деп санайтын философиялық ағым. «Дүние ерік және қабылдау ретінде» атты шығармасында логиканың жеткілікті негіз заңын тұжырымдады. Онда философия материалистер сияқты объектіге де, идалистер сияқты субъектіге де емес, сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі қажет.
       Субъективті қабылдаудың құрылымы күрделі емес, ол:
тікелей таным;
рефлективті таным;
интуиция
арқылы іске асады.
       Шопенгауэр философиясының орталық ұғымы –ерік. 
-         Ерік – абсолютті бастама, барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш;
-         Ерік – тіршілік негізінде жатқан космостық күш;
-         Ерік сана негізінде жатады және заттардың ең жалпы мәні болып табылады. Әр адманың еркі әрекетерін анықтайтыны сияқты, бүкіл әлемдік ерік – дүниедегі сыртқы құбылыстардың пайда болуы мен заттардың қозғалысына себепші болады;
-         өлі табиғаттың да «бейсаналық», «қалғып жатқан» еркі бар;
-         дүние – еріктің жүзеге асуы.
      Шопенгауэрдің адам тағдыры мәселесінде пессимистік сипатта болды. Адам табиғатқа ғана емес, өзіне-өзі билік ете алу мүмкіндігіне сенбеді. Адам тағдыры бүкіләлемдік хаосы тізбегінде өтеді, бүкіләлемдік қажетілікке бағынышты. Жеке адам еркі қоршаған дүние еркіне бағынышты. Осындай ойларыменол өмір философиясының пайда болуына әсерін тигізді.
Серен Кьеркегор (1813-1855) Данияның философы. Еңбектері: «Немесе немесе», „Үрей мен қалтырау", „Ажалға бастайтын ауру". Ол Гегель философиясын сынға алды. әсіресе оның рационализмінің өз шегіне жетіп, панлогистік дәрежеге көтерілді. Гегель бойынша болмыс – ойлаумен тең, ал ақыл-ойдың шеңберінен шығатыннның бәрі ақиқат емес. Кьеркегор оған үзілді-кесілі қарсы тұрып, болмысты жүйелеу мүмкін емес.
           Кьеркегордың тағы бір қарсылығы адамды объект ретінде қарап зерттеу. Оның ойынша адам – рухтың басшылығымен өмір сүріп жатқан жан мен тәннің бірлігі, ол – рух. Ал рух – ойлаумен тең емес, яғни ой логика заңдарына тәуелді емес.
          Философияның негізгі мәселесі адамның өмірі, өзіндік санасы, ішкі рухани өмірі. Кьеркегор бойынша „Шындық – ол ішкі дүние. Менің өз Меніме деген қатынасым". Адамның ішкі өмірі объект бола алмағандықтан танылмайды. Оны тек тебіреністер арқылы ұғынуға болады. Сондықтан Кьеркегор адамның ішкі өмірін бейнелейтін жаңа катигорияларды  ендірді. Олар. өмір сүру, үрей, сәт, шешім, шектілік және шексіздік, зардап шегу, қайталау, түңілу, өкіну, кінә және күнә, қайта туылу. Осы ұғымдар арқылы адам ішкі тебіреністерін беруге болады.
        Кьеркегордың анықтауынша, өмір сүру дегеніміз – ол тебірену, зардап шегу, соның шеңберінен шығуға бағытталған адамның еркі. Өмір сүру – адамның алындағы мүмкіндіктердің біреуін ерікті түрде таңдау, өзінің қайталанбас болмысын іске асыру, тобырға ұқсамау, одан бөліну, ішкі шектелген мен шексіздіктің арасын таңдау, соған байланысты үрей, шешім және секіріс. Шешім еш нәрсеге байланысты емес, ол тылғаның ерікті таңдауымен байланысты. Мұндағы секіріс Гегельдегі пікірінен өзгеше – ол ешбір нәнекерлікті талап етпейді, ол – зерденің шеңберінен шығып, кететін рухтың іс-әрекеті.
3.Рационализм, эмпиризм, сенсуализм ұғымдарының анықтамасы.
Рационализм - (латынша  ratio  -  ақыл-ой)  -  таным процесінің басты құралы ретінде ақыл-ойды, пайымды, ойлауды танитын метод және  оның негізінде қалыптасқан философиялық бағыттар жиынтығы.   Эмпиризм - (грекше emperia  - тәжірибе) - таным процесін тек сезімдік тәжірибемен (эмпирия) байланысты қарастыратын гносеологиялық бағыт, бүкіл ғылым, өмірлік тәжірибе және адамгершілік тәжірибеге ғана негізделуі тиіс деп түсіндіретін методологиялық принцип.СЕНСУАЛИЗМ - таным теориясындағы бағыт, сезімдікті нақты танымның басты формасы және танымның барлық мазмұны сезім мүшелерінің қызметінен туындайды деп есептейді.
Билет №_14__
Философияның негізгі мәселесі.
Қазақ ағартушыларының саяси-әлеуметтік көзқарастары.
Дж. Локктың «Таза тақта» концепциясы.
1. Философияның негізгі мәселелеріФилософияны шешетін бір қатар маңызды мәселелері бар. "Философияның негізгі мәселелері" деп аталатын олардың кейбіреулері мыналар:— Дүниенің алғашқы, іргетастық негізі не?— Бізді қоршаған дүние таныла ма?— Адам өмірінің шынайы мағынасы неде?— Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай?Философияның бұл мәселелері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан негізгі мәселе ретінде олардың біреуін алдыңғы орынға шығаруға болмайды. Философияның негізгі мәселесін тұжырымдаудың бұлардан өзге де жақтары болған және қазір де бар. Мысалы, ізгілік пен жауыздық, зорлық және келісім, өмірдің мәні және басқа мәселелер.
2. Қазақтың ұлы ақыны, философ, жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың әлеуметтік-саяси, антропоцентристік, гуманистік көзқарастарының орны ерекше.Ұлы Абай өзінің үшінші қара сөзінде: «...Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді...» - дейді. Бұл ақын дәуірінде демократиялық құндылықтардың қалыптасқандығын көрсетумен қатар, ол сол заманның өзінде бүгінгі күндегідей сайлау науқаны барысындағы кандидаттардың жағымды имидж қалыптастырудағы қимылдарын еске түсіреді. Болыстыққа түсерде қазіргідей өзіндік технологиялар жүргізу кезеңінде сол заманның өзінде-ақ білімді болуының негізгі алғышарт екендігін көрсетеді. Сегізінші қара сөзінде: «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу – болыс, біреу – би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді...» - дейді. Ақын бұл пікірі арқылы екеуінің өз заманында өздерін үздік кісі, біреуге үлгі беріп, ақыл айтуға сайланғанбыз деп шектейтіндігін, байлар үшін адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білімнің малдан қымбат еместігін қынжыла баяндайды. Ж. Баласағұнның моральдық-этикалық мәселелерді көтеретін «Құтты білік» дастаны мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды болып табылады. 
3. Дж.Локктың “таза тақта” концепциясы.
Территория рекламы
Локк Джон ағылшын философы және саяси ойшылы. Ол 1632 жылы Рингтонда диссидент-пуритан отбасында дүниеге келген. Ол эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті.Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақта сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейірімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу. Адам жаны, Локктың ойынша, дүниеге келгенде таза тақта сияқты, оны өмір әр түрлі жазулармен толтырады, осы өмірлік тәжірибені Локк сыртқы тәжірибе деп атайды (адамнан тыс заттар мен жағдайлардың әсері). Бірақ Локк адамның ішкі дүниесін де жоғары бағалайды, оны ішкі сезім немесе пайымдау деп атайды. Сыртқы тәжірибе идеяларын біз көз, есту, сезіну және тағы басқа сезім органдары арқылы, ал ішкі тәжірибе идеяларын қуаныш, қайғы, мақтан, тағы басқа психикалық жадайларымыз арқылы аламыз. Локк сыртқы, практикалық тәжірибенің рөлін жоғары бағалайды, практика ғана ақылымызды да, денемізді де жетілдіреді, тәрбиелеудің табыстылығы ішкі және сыртқы тәжірибенің үйлесімділігін көрсетеді дейді. Локктың бұл ойлары оның қоғамдық-саяси көзқарастарынан да жақсы байқалады.Локктың таным теориясы негізінен үш қағидадан тұрады: 1) адамда «туа біткен идеялардың болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжіри арқылы пайда болады; 2) адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады; 3) ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе - түйсік.
Билет №_15_
Платон және Аристотель философиясы.
Ибн Рушдтың «қос ақиқат» ілімі.
Эпистемология ілімінің әдістері, таным формалары.
«Идея» – Платон философиясының басты ұғымы. Өзіне дейінгі физис философиясы субстанцияны материалдық дүниеден іздегені белгілі. Платонның ойынша бұл жол, яғни физикалық және механикалық себептерді іздеу – ақиқатқа жеткізе алмайды. Ол үшін физикалық немесе феноменалдық кеңістіктен жоғары көтерілу қажет, дүниенің, оның құбылыстарының ақиқат себептерін ақыл арқылы жететін, көрінбейтін, метафеноменалдық болмыстан, идеялар дүниесінен іздеу керек.Платонның бұл ойлары оның жан туралы пікірлерінде жалғасын тапты. Оның пайымдауынша, жан тәннен жоғары, себебі жанның маңызды бөлігін ақыл қүрайды. Тән-дене ыдырап, өлсе де, жан мәңгілік, өмірге қайта-қайта келіп отырады.Платонның мемлекет туралы ойлары да әлі күнге дейін маңызы жойған жоқ. Жер бетінде мінсіз, идеалды мемлекет құруды арман етпеген философтар философия тарихында көп кездеседі.Солардың алғашқыларының бірі Платон болды. Оның «Мемлекет», «Заңдар» және тағы басқа еңбектері осы тақырыпқа жазылды. Платонның пікірінше, мінсіз мемлекет Шындық пен Игілікке негізделіп құрылуы керек, ал бұл қасиеттер философтарға тән болғандықтан, мінсіз мемлекетті философ басқаруы тиіс. Мемлекет-полисті адам жанының үлкейтілген түрі деп қарастырған ол жанының бөліктерінің мөлшеріне байланысты осы мемлекетте өмір сүретін адамдарды үш тапқа бөледі. Философияны Аристотель «бірінші философия» және екінші философия» немесе метафизика және физика деп боледі. Оның пікірінше, мета-физика – барлық ғылымдардың арасындағы ең құндысы, өйткені, ол жоғарғы себептерді, дүниедегі қозғалыс пен дамудың себебі болып табылатын мәңгілік, денесіз және қозғалмайтынды, табиғаттан және сезімдіктен жоғарыны зерттейді.
Ибн Рушдтың “қос ақиқат” ілімі.
Ибн Рушд Мұхаммед (1126-1198 жж) Кордово халифатытұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Діңмен ф.лық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниедегі өмір нег.қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының нег.мәні ф.лық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат пен саналатын кейбір құбылыстар ф.да жалған болып есептелуі мүмкін. Сол сияқты ф.ғы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының нег.мақсаты ф.ны діннің шармауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа ф.рын антикалық ф.мен таныстыруда үлкен рөль атқарды. Ибн рушд ақыл парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың ф.лық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол ф.ды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдардың діни сенім нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық ф.да еркін ойдың дамуына зор ықпал етті. "Қос ақиқат" принципінің баяндалуы небәрі ақыл-парасатқа (философияға) діндар қоғамда тірі қалуы үшін мүмкіндік беретін "казуистикалық айла" ретінде шектен тыс оңайлату болса керек. "Қос ақиқат" теориясы ортағасырлық мәдениеті әлемін екі дербес алаңға – рационалды пайымдау (философия мен ғылым) алаңы мен діни сырлар алаңына – дифференциялаудың көрінісі болып табылды."Қос ақиқат" теориясы гносеологиялық принцип ретінде кез келген ақиқаттыңкеңмәтінділігін көрсетті
Эпистемология ілімінің әдістері, таным формалары.
Эпистемология - ғылыми таным теориясы. Танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейді. Таным-бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі.Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным-адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным және рационалдық таным. Сезімдік таным түрлері:1.Түйсік;2.Қабылдау;3.Елес. Рационалдық танымның бейнелеу түрлері:1Ұғым;2.Пікір;3.Ой- тұжырымы.Таным үдерісі бір-бірімен байланысқан көп түрлі формаларда жүзеге асырылады. Олардың ішіндегі негізгілері мыналар: Адамзат тарихының алғашқы баспалдақтарында табиғат туралы, сонымен қоса адамдардың өздері, олардың өмірлік жағдайлары, қатынастары, коғамдық байланыстары туралы қарапайым ақпарат беріліп, шамалы практикалық таным пайда болды және қазірге дейін өмір сүріп келеді. Адамдардың күнделікті тәртібі, олардың табиғатпен және өзара қатынастарының негізін құрайтын тұрмыстық таным деп аталған форма осындай танымның нәтижесі болып табылады. Танымның тарихи формаларының біріне ойын арқылы тану жатады. Тек балаларғана емес, ересектер де дүниені ойын арқылы таниды екен: спорт ойындары, іскерлік ойындар, цирктегі, театрдағы, эстрада ойындары,т.б. 
Билет №_16__
1. Қытай философиясының мектептері: конфуций, даосизм, легизм.
2. Утопиялық философия: Т.Мор, Т. Кампанелла.
3. Абайдың «Қара сөздерінің» философиялық мәні.
1. Қытай философиясының мектептері: конфуций, даосизм, легизм.
Территория рекламы
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы, оның ізбасарлары Мэн-цзы жөне Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.Кун-фу-цзы (б.д.д. 551—479 жж.) кедейленген ақсүйек әскер-басы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылған ол тек 15 жасында ғана білімге құштарлық тынытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап, «Әңгімелер мен пікірлер» («Лунь юй») деген конфуцийшылдық ілімнің негізі шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған.Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш — Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы — ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз», — деуінің өзі осыған айғақ.Керісінше, оның қарастыратын негізгі мәселесі — адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай, ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл беледі: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік». Осы үш үғым бірігіп, «дао» (дүрыс жол) құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет. Даосизм (VI—V ғғ. б.д.д.). Бүл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі — «Дао және дэ Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. «Да-оның» алғашқы түпнегіз екенін мынадай сөздерден байқаймыз: «Дао — барлық заттардың анасы», «дао — барлық заттардың түп атасы», «Даоны аспан аясыңдағы империяның (Қытайдың) анасы деп есептеуге болады», т.б.Ал «даоның» заттардың соңы екенін мынадай пікірден байқауға болады: «Әлемде сансыз көп әртүрлі заттар бар, бірақ олардың бәрі де өзінің бастамасына (даоға) қайтып келеді, оралады».Даосизмдегі қарама-қарсы пікірлерге мол, көмескіленген ілімдердің бірі — екі түрлі дао туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты жоқ. Себебі ол денесіз, екі ұшты, соншалықты кішкентай, мөнсіз, көрінбейді, енжар жөне жалғыз. Ол мәңгі, еш уақытта өзгермейді, еш нәрсе оны өзіне бағындыра алмайды. Ал өзі басқа заттардың дамып, жетілуіне көмектесе алады, бүл жағынан шектелуді білмейді.Легизм мектебі.Легистер (заңгерлер) Негізгі өкілдері Шан Ян (б.д.д IV ғ.), Хань-Фэй-цзы (шамамен б.д.д III ғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін:1. Мақтаудан жазалау көп болу керек. 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет. 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де барады.
2. Қайта өрлеу дәуірінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-утопизм.Томас Мор, Томмазо Кампанелла сияқты ойшылдар адамдардың жақсы өмір сүруіне, бостандығына кедергі  келтіретін қоғамдық құрылысты сынап, утопияға ұрынды. Т.Мор өзінің “Утопия”деген еңбегінде демократиялық басқаруға, тепе- теңдікке негізделген утопиялық мемлекетті сипаттайды. Мордың айтуынша, беймәлім аралда әділетті қоғам орнатылған. Онда бай да, кедей де жоқ. Меншіктің түрі - қоғамдық ортақ меншік. Еңбек нәтижелері тең бөліске түседі. Алайда, Мор ортағасырлық қол еңбегінен басқа жұмыстың түрін білмеді. Сондықтан да оның "Утопиясы" қарабайыр, өнімсіз еңбекке негізделген қоғамды дәріптеген болып шығады. Әрине, Морды болашақ техникалық дамуды болжап біле алмады деп кінәлауға болмайды. Оның қияли социализмі еңбекші халық үшін тек арман болып қалған тоқшылыққа негізделген әдетті қоғам құруды уағыздайды, ол сонысымен ерекшеленеді. Мордың жолын қуған Т. Кампанелла 1599 жылы Испания үстемдігіне қарсы көтерілген халықтың көсемі ретінде ұсталып, абақтыға жабылған. 27 жыл бойы бас еркіндігінен айырылған Кампанелла барлық жазаның түріне көндікті де, мойымады да. Ол абақтыда өзінің атақты "Күн қаласын" жазды. Кітаптың идеялары итальян еңбекшілерінің жағдайын қайткен күнде жақсартуға болады деген арманнан туғаны ақиқат. Өзінің мазмұны жағынан "Күн қаласы" Мордың "Утопиясына" өте ұқсас, негізгі идеялары бір-бірімен сәйкес. Екі кітапта да қарапайым қол еңбегіне, қоғамдық ортақ меншікке, тең бөліске негізделген ортағасырлық шаруалардың арманы болған қоңыржай тірлік суреттеледі. Екі кітапта да қорғаныс мәселесіне көп көңіл бөлінеді.Т.Кампанелла “Күн қаласы” деген еңбегінде жеке меншік жойылған  қоғамдық меншік еңбекті тең  бөлісу т.б.мәселелерді қозғайды. Адамзаттың бірлігі мен игілігін армандайды.
3. Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.Осы себептен де Абай: "... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра түсінік беріп отыр...Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:Адам болам десеңіз...Бес нәрседен қашық бол...,Бес нәрсеге асық бол, - деген жолдарда жатыр.Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. 
Билет №_17_
Ахмет Иассауидің суфизм іліміндегі сенім мен білім мәселесі.
Үнді философиясындағы астика және настика.
Платонның «эйдос әлемі» - «үңгір туралы аңыз».
Қожа Ахмет Йассауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Йассауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Ясауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Йассауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Йассауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады.
Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз: а) Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер.Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты.Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді.
Философия тарихында объективтік идеализмнің негізін қалаған ұлы Платон болды.Оның ойынша,тек рухани болмыс- шынайы болмыс,ал сезімдік дүние- оның бұлдыр,жетілмеген,өтпелі көлеңкесі ғана.Бұл ойын Платон былайша дәлелдейді.Дүние жөнінде адамдардың  әртүрлі пікірі бар, оларды тек қана білім арқылы тексеруге болады.Білім ақиқатқа әкеледі,соңғының көрінісі ұғымда жатыр.Егер сезімдік таным өне бойы өзгерістегі сезімдік – заттық дүниені бейнелесе,ұғым өзінің тұрақтылығымен сипатталады.Ал олай болса оған сәйкес өзгермейтін,жетілген,кемеліне келген эйдос әлемі бар.Ұғым арқылы біз заттың терең мәнін ашамыз.Олай болса,ұғым мен сезімдік танымды бір—бірімен салыстырсақ, олар болмыс пен елес секілді.Оның ойынша адам,адам – қайшылықты пенде.Оның денесімен қатар,жан дүниесі бар.Дене сезімдік әлемге жатса,жанның Отаны – эйдос әлемі,сондықтан ол – мәңгілік.Әрине,Платонның философиясы қайшылықты.Бір жағынан,біз сезімдік әлем мен эйдос әлемінің арасындағы қайшылықты көрсек, екінші жағынан,дене мен жанның ымыраласпайтынын байқадық.Орта ғасырдағы діни философия идеалистік көзқарасты әрі қарай дамытады.Философияға бірқұдайлыққа өтуге байланысты сенім категориясы кіреді.Көне замандағы дана емес,сенетін адам ғана ақиқатқа жете алады деген пікір кіреді.Эйдос әлемі Құдайдың ойына айналып,адамдардың санасындағы ойлар Құдайдың ойлары жөніндегі адамдардың толғауынан пайда болады.Құдай Дүниені жоқтан жаратқаннан кейін,оның ойы зат әлемінің алдында келеді,ал адамның танымында зат алда жүреді.Орта ғасырда жан- дүние ұғымымен қатар рух пайда болады.Өзінің идеялар әлемі түсінікті болуы үшін Платон үңгір жөніндегі аңызды пайдаланады. Соңында бұл аңыз метафизика, гносеология және диалектиканың символына айналды.
Билет №_18__
Буддизм ілімі, 4 ақиқат, 8 шарты.
Фараби іліміндегі адам және әлем мәселесі.
«Адам – барлық заттың өлшемі» афоризмін талдау.
Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілімі негізделген.1.Азаптану.2.Азаптанудың себебі.3.Азаптанудан босану.4.Азаптанудан босануға апаратын жол.Азаптан құтылу үшін сегіз сатыдан тұратын талаптарды орнындаукерек:1. дұрыс қабылдау;2. дұрыс ойлау;3. дұрыс әрекет;4. дұрыс өмір сүру салты;5. дұрыс күш жұмсау; 6. ақылды дұрыс қолдану;7. дұрыс ой шоғырландыру;8. дұрыс сөйлеу.Аталған сегіз жолды дұрыс игерген адам «архат» деп аталады, яғни қайтатуу тоталады. «Архат» - әулие деген мағынаны білдіреді.
Философия тарихында Батыс елдерінің европоценртизмін үстем етіп көрсетіп, Шығыс философия қағидаларына немқұрайлы қатынас қалыптасты да, оларға пессимизм, иррационализм тән деп есептелінді. Дегенмен, философия тарихында «Еуропа Шығысты арабтар арқылы таныды» деген қағида бар екенін естен шығармайық. “Азаматтық саясат”, ”Аристотель философиясы” еңбектерінде Әл-Фараби әлемнің негізіне айналған бастапқы болмысты алты сатыдан тарқатып көрсетті. Бірінші негіз – Алла, екінші – аспан әлемі денелерінің өмір сүру сатысы, үшінші – іс-әрекетшіл ақыл-ой, төртінші – рух, бесінші – форма, алтыншы – материя. Әлемде заттар мен құбылыстардың өзгеруінің, дамуының өз табиғи заңдылығы бар. Оларға философиядағы диалектиканың категориялары тән. Алла материяның тіршілігіне бақылау жасамайды. Алла мен материяны әлемнің екі қарама-қарсы полюсына қою Әл-Фараби философиясында ғана орын алды. Табиғаттың құбылыстары өздігінен дамиды, сондықтан материя өзі мен өзі өмір сүреді. Болмыстың пайда болуының сатылары туралы ілімді сырттай және құрылымды түрде қалыптастыра отырып, неоплатонизмнің мәніне қарама-қарсы еркін ойлауға қарай бағытталған ой түзеді. Жаратылыстану ғылымдарының дамуы жаңа табиғи-ғылыми методологияның қажеттігін тудырды. Осы негізде Әл-Фараби жалпы философиялық мәселелерді методологиялық деңгейлерге дейін көтерді және де дүниетанудың тәсілдері мен әдістерінің жаңа түрін табуды басты мақсат етіп қойды. Фараби философиясындағы адамның танымдық қабілеті ерекше қойылады. Оның пікірінше, тек адамға ғана дүниені тану құштарлығы тән, өйткені оның дамуы ғана ақиқатқа жеткізетін білім жүйесі болып табылады. Сыртқы ортаны, табиғатты тану, өзін-өзі тану арқылы ғана адам ең жоғарғы құндылыққа айналады. Таным адамның мәні немесе оның мәнінің бір әрекеті.
Адам (homo sapіers) — жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам- философиясы, әлеуметтану, психология, физиология, педогогика, медицина т.б. ғылымдардың объектісі болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары — әпсаналардағы мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенеке т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: “адам — заттардың өлшемі”, Сократ: “өзіңді өзің танып біл”). Ежелгі Үнді, Қытай,Грек филос-сында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, “кіші әлем”, ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; Адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Үнді филос-сындағы жанның көшуі туралы ілім тіршілік иелері арасындағы шекараны белгілейді, бірақ тек адам ғана эмпириялық өмір сүру тұсауынан кармасансара заңы арқылы құтылуға ұмтылады. 
Билет №_19_
ХХ ғ Батыс философиясының бағыттары мен ілімдері.
Антикалық философияның эллинистік кезеңі.
Деизм, теизм, атеизм, политеизм, монотеизм..
Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды және олардың тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері; діни философияның түрлері — неотомизм, персонализм т.б. Бүлардан басқа тағы да прагматизм, философиялық антропология, феноменология деген түрлері бар. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, субъективтік және объективтік идеализмдердің бағытын ұстайды. Неопозитивизм прогресті "метафизикалық функция" деп атады. Енді осы бағыттардың ең негізгілерінің мазмұнын қысқаша ғана қарастырайық.Неопозитивизм – тілдік ілім.Бүл философиялық бағыт ағылшын тілінде сейлейтін елдерде кең тараған. Оның окілдері Р.Карнап (1891-1970), Л.Витгенштейн (1889-1951), Б.Рассел (1872-1970), А.Айер (1910) жөне т.б. Неопозитивизм — XIX ғасырдың 30-жылдарыңца пайда болган субъективтіё-идеалистік бағыт — позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға жоне ғылым дамуының жаңа деңгейіне сәйкес өрі қарай дамытушы философиялық ағым. Соңдықтан да ол үшінші позитивизм (неопозитивизм) деп аталады. Бірінші позитивизм ретінде О.Конттың (1798-1857) және Г.Спенсердің (1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына кедергі болатын керексіз нәрсе деген көзқарасы алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын заттардың мәнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді деп санады позитивистер. Конттың пікірінше, адамның таным процесі құбылыстардың сырт көрінісін сипаттап, классификациялауға әрекет жасауы тиіс, олардың ішкі мәнін іздеп әуре болмауы тиіс. Конттың бүл идеяларын өрі қарай дамыту XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында эмпириокритицизм деп аталған оның жаңа түрі — екінші позитивизмнің пайда болуына әкелді. Бүның өкілдері Э.Мах (1838-1916), Р.Авенариус (1843-1896) жөне басқалар
 Эллинизм дәуірінің философиясы: стоицизм және эпикуршілдік.Эпикуршілдік– атақты философ Эпикурдің есімімен аталған философиялық мектеп. Бұл ағым Демокриттің атомдық философиясын ілгері дамыта отырып, эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелерджі көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген бағыт деп қарауға болады. Атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау жасады. Демокрит атомдар біркелкі және тура қозғалады десе, Эпикур атомдардың қозғалысындағы өзгерісті көрсетті. Сондай-ақ Демокрит атомдар қажеттіліктерге ғана бағынады, ешбір кездейсоқтық болмайды деп тұжырымдаса, Эпикур атомдар өмір сүруі мен қозғалысында кездейсоқтықтардыяң орын алатындығын көрсетті. Осы арқылы қоғам өміріндегі еркіндік пен бостандық мәселесін көтерді. Стой мектебінен қарағанда Эпикуршілдердің этикасы гедоникалық (грек- қанағаттану), этикасы бақытқа жеткізетін әрекет.Стоицизм (стоя) мектебі – (stoa -  афина қаласындағы философтар жиналатын ғимарат) негізін қалаған Китионнан шыққан Зенон. Адамның негізгі мақсаты – құмарлықтан құтылу, еркіндікте болу, самаурқаулық дәрежеге жету (apatia – самарқаулық). Бұны соңғы стоиктер даналық – София деп атаған. Натурфилософиялық көзқарастары Гераклит көзқарастарымен сәйкес келеді. Дүниенің негізі от.Скептиктер (грек «қарапайым», «күдіктенемін») адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен ойларды қамтыды. өкілдері Пиррон, Секст Эмпирик. Адамның ойы арқылы айналадағыларға кеңінен көз салу, оны жақсылап бағдарлау, өткенге қайта қарау, таным жетістігіне сын көзбен шолу болды.Сонымен, көне грек философиясы адамның мәнін түсінуге үлкен қадам жасады.
Деизм - (лат. Dues - Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның іс-әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп тұжырымдау. Негізін салған 17 ғ. Ағылшын философы, лорд Чербери.Теизм (грекше theos – Құдай) – Құдайдың барлығы мен оның дүниеге, адамға қарым-қатынасын негіздеп түсіндіретін діни таным.Атеизм - [а - теріске шығарушы бөлшек, theos - құдай] - жаратылыстан тыс күштерге (құдайға, аруаққа, рухқа, о дүниеге және т.б.) сенуді жоққа шығаратын көзқарастар жүйесі, бүкіл дін атаулыны жоққа шығару. КСРО дәуірінде Атеистік насихат күшейді. Ұжымдастыру, тәркілеу және т.б. саяси науқандарда дін иелері жаппай қудаланды, қара халық құранды тығып оқып, "біссімілләні" күбірлеп айтатын халге жетті. "Дін - апиын!" деген сияқты жалаң ұрандар қаптады. Атеистік насихатты қарқынды жүргізу туралы арнайы қаулылар қабылданып, жоғары оқу орындарында "Ғылыми атеизм негіздері" курстары оқытылды.Политеизм — көп құдайға табынушылық. Политеизм сенімі бойынша “Құдайлардың” өзіндік иерархиясымен ерекшеленетін әлемі бар. Политеизм деген жалпы атауға ие бұл сенімдер бойынша антроморфтық сипатқа ие “Құдайларының” өзіне тән құдірет аясы, аты, табиғат пен қоғамдағы билігі бар. Олардың ішінде біреуі жоғары билікке ие, өзгелері жеке дара, бірақ оған бағынышты деп санаған. Политеизм діни жоралғысында басты рөлді пұтхана төңірегіндегі көріпкел-сәуегейлер атқарды.
Билет №_20__
Психоанализ философиясы: З. Фрейд, К. Юнг ілімдері.
Ибн Рушдтың «қос ақиқат» ілімі.
Диалектикалық және тарихи материализм.
З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде «ерік адам қылықтарына дем беруші» ерекше қуат деген түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзі психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ, «либидо» (махаббат) жыныстық құмарлықтың психо-сексуальды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З.Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни «либидоның» «мәдениеттестірілген» алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екнін түсіндіріп бақты.З.Фрейд болжамдары оның шәкерттерінің еңбектерінде қызықты эволюциялық жалғасын тапты. Солардың бірі К.Лоренц ерік энергиясы адамның әу бастан жыртқыш болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиет қоғам рұқсат еткен белсенділіктер түрінде жүзеге асып тұрмаса, ол әлеуметтік қатерге айналып, ырыққа келмейтін қарақшалық әрекеттерімен ұштасуы мүмкін. А.Адлер, К.Г.Юнг, К.Хорни, Э.Фромм ерік көріністерін әлеуметтік жағдайлармен байланыстырады. К.Юнг үшін бұл - әр мәдени қауымда ежелден қалыптасқан әмбебап қылық және ойлау түрлері, А.Адлер әкімшілік пен әлеуметтік билікке талпыныс, ал К.Хорни мен Э.Фромм ерікті мәдени ортада өз мүмкіндіктерін іске асыра білудің шарты деп біледі.Шынына келгенде, психоанализ бағыты өкілдерінің (З.Фрейд және шәкірттері) қай-қайсысы да қортынды пікірлерін – адам әрекеттерінің көзі – қажеттіліктердің мәнді, бірақ тұтастай емес, бір тарапын ғана дәріптеуге бағытталған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз «тіршілігін сақтау» мен «тұтастығын қолдауды» қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіру де ғылымдық көзқарасқа сай емес. Адам өзніңбиолгиялық болмысы, яғни тіршілігіне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік, қауіп-қатерде батылдық т.б. бірақ фрейдшілер бұл жағдайды ескермейді.
Ибн Рушд Мұхаммед (1126-1198 жж) Кордово халифатытұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Діңмен ф.лық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниедегі өмір нег.қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының нег.мәні ф.лық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат пен саналатын кейбір құбылыстар ф.да жалған болып есептелуі мүмкін. Сол сияқты ф.ғы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының нег.мақсаты ф.ны діннің шармауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа ф.рын антикалық ф.мен таныстыруда үлкен рөль атқарды. Ибн рушд ақыл парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың ф.лық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол ф.ды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдардың діни сенім нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық ф.да еркін ойдың дамуына зор ықпал етті. "Қос ақиқат" принципінің баяндалуы небәрі ақыл-парасатқа (философияға) діндар қоғамда тірі қалуы үшін мүмкіндік беретін "казуистикалық айла" ретінде шектен тыс оңайлату болса керек. "Қос ақиқат" теориясы ортағасырлық мәдениеті әлемін екі дербес алаңға – рационалды пайымдау (философия мен ғылым) алаңы мен діни сырлар алаңына – дифференциялаудың көрінісі болып табылды."Қос ақиқат" теориясы гносеологиялық принцип ретінде кез келген ақиқаттыңкеңмәтінділігін көрсетті. Оның үстіне ақиқатты пайымдаудың кеңмәтіні ретінде бұлжағдайда конвенциалистердің жаңа буржуазиялық философияда жариялағанындай, қандай да бір ғылыми теория емес, тұтас алғандағы мәдениет әлемі сипатталады.(Негізінде, орта ғасырда өмір сүрген адам үшін бұл әлем дуалистік болды, бірақ бұған қарамастан, "ақиқат кеңмәтінді" ол үшін бөлек ғылым емес, тіпті бөлек теория да емес).Осылайша, "қос ақиқат" принципі символикалық ақыл-ойдың ұстыны болып табылады,өйткені дәл осы символ пайымдау кеңмәтінін, символ мен заттың арақатынасы кеңмәтінінбілдіреді. Екінші жағынан, "екі жақты ақиқат" принципі ортағасырлық символизмніңерекшелігін рационалистік символизм ретінде сипаттайды.
Диалектикалық материализм — революцияшыл пролетариаттың дүниеге көзқарасы, маркстік ілімнің бір саласы, оның ғылыми философиялық негізі, марксизм философиясы. Диалектикалық материализм дүниенің жалғыз ғана негізі бар ол - материя, ал сана дейтініміз осы материяның ерекше жоғары құрылымының туындысы мидың атқаратын қызметінің жемісі, сыртқы дүниенің бейнесі, - деген қағиданы өзінің ірге тасы, түп тұлғасы деп біледі; сондықтан да оны материалистік философия деп атаймыз. Диалектикалық материализм бүкіл тарих бойындағы адамзат ой дамуының игілікті жемістерін сын көзбен пайдалану негізінде революцияшыл таптың күрес тәжербесі мен ғылыми жетістіктерге сүйене отырылып жасалды. Диалектикалық материализм – тек табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдары жайлы ғана емес, ойлаудың да жалпы заңдары туралы ғылым. Мұның мәні: диалектикалық материализм – материялық дүние дамуының адам ойлауында бейнелеу заңдары мен формаларын, объективті ақиқатқа жету заңдарын зерттейді деген сөз. Диалектика заңдары дегеніміздің өзі – материялық шындықтың өзіне тән объективті заңдарының субъективті бейнесі. Диалетикалық материализм басқа жеке ғылымдарды дүние танымының бірден-бір дұрыс әдісімен қаруландырады, дүниенің объективті заңдарын ойлауда дәлме-дәл бейнелудің жолын көрсетеді, басқаша айтқанда, олар үшін ақиқат танымының ғылыми методологиясы қызметін атқарады. Қоғам дамуының қайшылықтары мен заңдарын ғылым тұрғысынан зерттеп, санада дұрыс бейнелеу әрқашан да прогресшіл таптардың мүддесіне сай келеді. Олай болса, адамзат тарихындағы бірден-бір ғылыми-философия – диалектикалық материализм революцияшыл жұмысшы табының, оның маркстік авангарды коммунистік партияларының дүниеге көзқарасы, бейбітшілік, демократия және социализм-коммунизм жолындағы күресінің жауынгер теориялық қаруы болып табылады. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру — қоғамдық өмірдегі материалдық, рухани құбылыстарды, олардың жалпы даму заңдылықтарын зерттеудің тиесілі, философиялық негізі болып табылады. Егер де Маркске дейінгі материалисттер мен әлеуметтанушылар табиғаттың даму заңдылықтарын қоғамға атүсті тели салған болса, Маркс пен Энгельс бұл әрекеттің дұрыс еместігін, қоғамдық дамудың өзіне ғана тән даму ерекшеліктері, даму заңдылықтары бар екендігін дәлелдеді. Өйткені қоғам мен табиғат бірлікте болғанымен, олардың сапалық айырмашылықтары да жоқ емес. Егер табиғаттың даму заңдылықтары соқыр қажеттілік арқылы өзіне жол ашатын болса, қоғамдық даму адамдардың саналы іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Социологиялық ілімді жаңа жоғары дәрежеге көтеру ісі қоғамдық сананың қоғамдық болмысқа қатынасы туралы негізгі мәселені материалистік диалектиканың тұрғысынан шешумен тығыз байланысты болды. Адамдардың қоғамдық болмысы олардың санасын билейді, деген-ді К.Маркс.
Билет №_21_
Көне шығыс философиясы: Үнді және Қытай философиясы
Ақын-жыраулар философиясы.
Танымдағы ақиқат мәселесі.
Ежелгі Үнді философиясының бастауы - біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Ведалар 4 бөліктен тұрады:Самхиттер - кұдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;Брахмандар - діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр.Аранъяктар - "Орман кітаптары" - қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі "іс-әрекет жолынан" "білім жолына", тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды.Упанишадалар - философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта ("Ведалардың соңы") деп аталады. Upani-sad ("қасында отыру"), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тындау, "жұмбақ білім" дегенді білдіреді. Упанишадалар - ұстаздың шәкіртпен диалог әңгімесі, оның тақырыбы - болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі. Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары.Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар ежелгі Үнді философиясының терминологиясы аударуға қиын, бір ұғымның өзі бірнеше мағынаны береді деп ескертеді.Үнді философиясының негізгі ұғымдарының мазмұны туралы жалпы түсінік беріп қарайық. Карма - "іс-әрекет". Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, - жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, - міндетті түрде салдар туғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.Нирвана -"жоғалу", "сөну", Күнделікті өмір - бітпейтін қүйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана - осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы.Сансара - азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры - білместікте, сондықтан одан құтылу жолы - нирванаға ену.Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII -VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:1) Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікедей туындайды. Көне Қытай-мемлекеті иерархиялық неспотия үстемдік Құрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы вая, барлык билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан.2)Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған, адам - қарапайым “микрокосм”, Табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді.3)Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мәселелеріне басты назар аударылды. Көптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселелерді "инь-ян" мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды. Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері: "И цзйн" - "Өзгерістер кітабы", "Ши цзин" - "Өлеңдер кітабы", "Шу цзин" - "Тарих кітабы". Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі.
Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы – ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған – болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар. Асан Қайғы – түркі жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын жалғастырушы Асан Қайғыдан басталған жыраулар легі (Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, т.б.) қазақ қауымында хандық мемлекет жойылғанша болды. Хандық жойылған соң жыраулар дәстүрі жалғаспай қалды. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары көшпелі болмысты, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеум. жағдайларға, батырлық, көркемдік, адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты бола тұра, терең мағыналы философиялық ойларға толы. Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі – Шалкиіз жырау Тіленшіұлының шығармасында философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ деп тұжырымдайды. Ақтамберді Сарыұлы өз жыр-толғауларында елді ерлікке, бірлікке шақырады. Оның жырларынан қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. 18 ғасыр жыраулары ішіндегі аса көрнекті тұлға – Бұқар жырау Қалқаманұлы да дүниедегінің барлығы өзгеріске ұшырап отыратындығын атап көрсетеді. Шығыстық ойлау жүйесі хакімдік діни философияны теріске шығармаған.. Төрт ғасырға тарта дербес мемлекет құрып, хандық дәуірде өмір сүрген қазақ халқының заманға сай құндылықтар жүйесі қалыптасты («Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Едіге», «Қамбар батыр», «Ер Қосай», «Қырымның қырық батыры», т.б. жыр-дастандарындағы ерлік философиясы). Ерлік философиясыМахамбет Өтемісұлы жырларында өз жалғасын тапты. Шығыс поэзиясының, сопылықтың ықпалы және төл түсініктер негізінде қалыптасқан ғашықтық философиясына қатысты құндылықтар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», т.б. жырларға негізгі өзек болды. Қазақтың дербес мемлекеттілігі жойылғаннан кейін жүз жылға созылған Зар заман дәуірінің ақындары (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.б.) халықтың басына түскен отаршылдық нәубетін сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Дулат Бабатайұлы өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына негізгі арқау етті. Дулаттың әлеуметтік философиясы – жер, суды, елдің бірлігін сақтап қалу идеясы, басқа жұртқа күш көрсетпеу философиясы. Зар заман ақындарының ірі өкілі Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы басты сарын – жер мәселесі, ата қоныс, бас бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң-зары. Шортанбай заманақыр таяғанда табиғат та азады десе, Мұрат керісінше, заманның азуын адамнан көреді. Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Ы.Алтынсарин бала дүниетанымының философиялық мәселелерімен алғаш шұғылданып, осы бағытта тамаша үлгі жасады. Хикмет сөз, яғни даналық айту дәстүрі Абай Құнанбаев заманына дейін үзілмеген. Абай адам болмысын тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты. Адамзатты Алла махаббатпен жаратқан, демек, махаббат адамға дейін болған, Алланың тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген Абай Адам мен Алланың арасындағы қатынасты сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан Алласын адамның сүюі парыз. Абай сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі – адамды сүю және хақ жолы деп әділеттілікті сүю. Осы үш сүюді Абай имани гүл дейді. Хакім Абай «толық адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат. Адамды толық ететін – ақыл, жүрек, қайрат. Абай сияқты Шәкерім Құдайбердіұлы да қазақ елін қалай мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте Шәкерім сол кездегі еуропаағымдардан деректер келтіре отырып, этикалық максимализмге негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін жасады. Ойшылдың тарихи-философиялық еңбектерінің («Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі», «Үш анық») дүниетанымы мен негізгі әлеуметтік сарыны ағартушылық, адамгершілік идеяларымен сабақтасып жатыр. 19–20 ғасырларда Қазақ философиясындағы ой-толғаныстар мен көтерілген негізгі мәселелер дәстүрлі қазақ ойшылдығына сүйенгенімен, олардың ойлау кеңістігі кеңейіп, Қазақ философиясын еуропа дәстүрмен ұштастырып отырды. Бұл бағыт Абайдан басталып, 20 ғасырдың басындағы басқа да қазақ ойшылдарының шығармаларында жалғасын тауып, кең өріс алды.20 ғасырдың басында С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б. озық ойлы қоғам қайраткерлері саяси сахнаға шығып, ең алдымен «Зар заман» (М.Әуезов) дәуірі өкілдерінің ой-пікірлерін дамытты. Олар өз шығармаларында отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақ халқын өз алдына тәуелсіз ел ету, халықтың санасын ояту, надандықтан арылу мәселелерін көтерді. 20 ғасырдың 30-жылдары қазақ зиялы қауымының қуғын-сүргінге ұшырауымен Қазақстанның философиялық ой-пікірлер жүйесінің дамуы үзілді. 20 ғасырда қазақ халқының болмысына ерекше әсер еткен тұлға – М.О.Әуезов. Ол қазақ халқының келешегін айқындауда құнды мәдени-философиялық тұжырымдамалар ұсынды. Әуезов «бесігіңді түзе, бесігін түзей алмаған халықтың болашағы жоқ» деген терең ой айтты.
Практикамен тығыз байланысты келесі мәселе – дүниетану жолындағы ашылған білімнің ақиқаттығы. Әнгіменің қиындығы мынада:қайсыбір  білімнің екі жағы бар.Біріншісі – адамның биологиялық табиғаты,яғни оның түйсіктері,жүйке мен ми ерекшеліктері,сонымен қатар нақтылы-тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы,оның мәдени ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты өңдеп,пайдалану тәсілдерімен байланысты.Екіншісі,танымда бейнеленетін объективтік шындықтың өз қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау болмақ.Танымның   осы екі жағы бір-бірімен өте тығыз байланыста екені сөзсіз.Олай болса,біздің білім мазмұнының қай жақтары жеке адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың шынайы қасиеттеріне сәйкес келеді?Бұл сұрақ білім ақиқаттығы мәселесінің өзегін құрайды. Объективтік ақиқат деп адам,я болмаса адамзатқа тәуелсіз,яғни заттың өзіндік қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз.Мысалы, айдың жерді айналып тұрғаны – объективтік ақиқат.Біз қандай әрекет жасасақ та, оны тоқтата алмаймыз,ол бізге тәуелсіз түрде өмір сүріп, жерді айналып тұр.Абсолютті ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді айтуға болады.Алайда дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік ақиқатқа жеткізбейді.Сонымен қатар дүниені зерттеу жолындағы алынған объективті ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе,бізді абсолюттік ақиқатқа жақындата түседі.Оны шексіз үрдіс деп те айтуға болар еді. Когеренттік ақиқатқа келер болсақ,ол – ғылымда ашылған жаңа деректердің негізінде жасалған белгілі бір тұжырымдардың бұрынғы өмір сүріп жатқан теорияға сәйкес келуі.Егерде жаңа ашылған ғылыми жаңалықтарды ескі теорияның шеңберінде түсіне алмасақ,яғни олар бір-біріне когерентті болмаса,онда ғылымның сол саласында дағдарыс басталып,жаңа ізденістерге жол ашылады.Батыс философиясында прагматистік (pragma – іс, іс -әрекет ) ақиқат деген де ұғым бар. «Егер белгілі бір тұжырымды, я болмаса көзқарасты басшылыққа алып,жақсы,өзімізге пайдалы нәтижелерге жетсек,онда оны прагматистік ақиқатқа жатқызамыз», — дейді осы ағымның өкілдері.Ақиқат мәселесін талдай келе,оның әрқашанданақтылығын ұмыт қылмаған жөн.Дүниеде абстрактіліқ, барлық жағдай мен уақытта пайдалануға болатын ортақ ақиқат жоқ.Бұл жөнінде Гегель былай әнгімелейді :адам өлтірген жас жігітті дарға асуға,алаңға, әкеле жатыр.Алаңға жиналған халық оған тас лақтырып,неше түрлі қарғыс сөздер айтуда.Осы кезде алаңда тұрған бір қыздың аузынан: «Шіркін, қандай сұлу жігіт еді», — деген сөздер шығып кеткенде, басқалар оған жекіп: «Қылмыскер қалай сұлу болады,сен не шатып тұрсың », — десе,екіншілер: «қазіргі жастар бұзылған  », — деген «терең» пікір айтады.Бұл,әрине ,мәселеге абстрактіліқтұрғыдан қарау деген сөз.Өйткені алаңда тұрғандардың арасында ешкім де сол жігіттің адам өлтіруге қалай барғанын,мүмкін ,оны байқамай, я болмаса кездейсоқ жағдайда жасағанын білмейді.Енді философия тарихында кең орын алып, осы уақытқа дейін талданып келе жатқан «ақиқат пен сенім » мәселесіне көшейік.Өз уақытында Ибн-Рошд : «Белгілі бір нәрсе жөнінде екі қарама-қарсы тұрған ақиқат айту мүмкін емес, ол – біреу,олай болса,ақыл-ой таразысынан өтуі қажет», — деген пікір айтқан болатын.Ф.Аквинскийге келер болсақ,ол,керісінше,сенім ақиқаты білім ақиқатынан жоғары,өйткені ол – Құдайдың аяны деген пікір ұстады.Бүгінгі таңда бұл мәселе «ғылым мен мораль »мәселесіне айналды.Өйткені адамзаттың әрі қарай өрлеуі моральдық құндылықтарға сәйкес келетін ғылым нәтижелерімен тығыз байланысты екенін баса айтуымыз қажет.Басқаша жағдайда,ғылым өз мән-мағынасын жойып,адамға қарсы тұрған зұлымдық күшке айналып кетуі мүмкін.
Билет №_22__
Ортағасыр христиан философиясы: ерекшеліктері мен ұстанымдары.
Конфуций ілімінің тәрбиелік мәні.
Догматизм, релятивизм, абсолютизм ұғымдарының анықтамасы.
Орта ғасырлық Еуропада бір дін – христиандық (оның католиктік тармағы), бір шіркеу (рим епископы – пап басқарған), бір тіл (латын) үстемдік құрды.Орта ғасыр философиясының басты ерекшелігі – дінге арқа сүйеп, дінге тәуелді болғаны, діннің сойылын соққаны. Философияның мұндай кіріптар хәлін әдебиетте «философия – Құдай сөзінің қызметшісі» деген формуламен білдіреді.Орта ғасыр философиясының басты нысаны – Құдай болды: теоцентризм (грекше  theos -  Құдай деген сөзден шыққан). Құлиеленушілік  қоғамнан кейін, оның орнына  Еропа елдерінің  барлығында жуық дерлік  феодалдық  қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алуына байланысты орта ғасыр философиясын негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Б.д. ІІ ғ. бастап, алғашқы христиан ойшылдарының ілімдерін жинақтап, кейін апологетика деп аталып кеткен діни-философиялық бағыттар пайда бола бастады. Негізгі өкілдері: Юстин Мученик, Тациан,Тертуллиан Квинт Септимий Флоренс т.б. Олардың ойынша  барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай –нақтылық. Демек, құдайдың да денесі бар. Апалогетиктер христиан дінінің өнегелік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемлекеттік дінге айналдыру керек деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты және өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері орта ғасыр философиясының келесі сатысы-патристика, схоластика кезеңдерінде  өз көріністерін тапты.Патристика (лат.Pater-әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (3-6ғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский,  Майлондский, А.Блаженный. Мысалы , Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлеудеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және ол-аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Оның осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін апологетика деп аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындады. Негізгі еңбектері: «Тәубеге келу», «Құдай қаласы туралы» және т.б. Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батыс Европада ХІІ ғасырға дейін үстемдік етті. Орта ғасыр философиясының схоластика деп аталған кезеңі Европа тарихында 600-700жылдай уақытты қамтиды. Осы  кезеңдегі философиялық ілім «схоластика» (лат. Scholostica — мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:1.Балауса          схоластика (ІХ-ХІІ ғасырлар).Негізгі өкілдері: А.Кентерберийский, Пьер Абеляр. Бұлар ақыл –ой   әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді, универсалийлерге (лат.Unuversalia-жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемділігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне  мақсат қойған схоластикалық тәсілді қалыптастырды.2.Кемеліне жеткен схоластика(ХІІІ ғасыр). Аритотельдің еңбектері латын тілінде болса да, көшілік арасына тарап, ғылым мен философияның теологиядан бөлініп (Әл – Фараби мен Ибн- Рушдтың «екі ұдайы ақиқат теориясы» негізінде),  философиялық-теологиялық ілімнің қалыптасып, кең етек алған кезеңі болды. Негізгі өкілдері: Ф.Аквинский, Д.Скотт. 3. Құлдырау кезеңі (ХІҮ –ХҮ ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқынды дамуының арқасында теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ, керенаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластиканың әлсіреген кезі болды. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан т.б.Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теолог – схоласты, философ Пьер Абеляр (1079-1142 ж.) болды. Негізгі еңбегі: «Бар және жоқ».
Қытай және Конфуций бірінен-бірі ажырамас түсініктерге айналды. Конфуций, Конфуций ілімі Қытай халқы үшін  б. з. д. VI-V ғасырлардан бері негізгі рухани құндылық, өмірлік ұстанымға айналған болатын. Ол сол кезеңде  кеңінен таралып жатқан өзге діни және философиялық ілімдердің ішінен ерекше беделге  ие болып, халық арасында өте тез тарала бастағандардың көш басында тұрды.Конфуцийшілдік – ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік, байсалдылылық және шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары құндылықтарға негізделген. Осы принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару ережелерін қалыптастырды. Ол қоғамда әр нәрсенің өз орны болу керектігін айтып, адам арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы орайда оның: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке — әке, ал ұл – ұл болу керек», — деген атақты сөзі мәлім.Қытай философы қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру керектігін айтты. Конфуций Қытайда ең бірінші болып алдыңғы орынға пәндік оқуды емес, ал адамның мінезін тәрбиелейтін, оқуға деген жігерге және рухани сезінуге үйрететін мектеп ұйымдастырды. Бұл ретте ол ең кішіден — өмірлік құндылықтарды қалыптастырудан бастауға шақырды: қызығушылық, саналы ой, көзқарастардың қатаңдығы және өзін-өзі игеру.Конфуций Қытайдағы  білім берудің демократияландырылуы үшін жақ болды, ол әркімнің оқуға бірдей  құқығы болуы, өзіне ұнаған ғылым түрін және ұстаз таңдау мүмкіндігінің болуын жөн көрді.Конфуцийды ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдық максимумдарға – биік мораль, дұрыс тәртіп, әтикет этолондарына негіздеді.
Догматизм [ көне грекше: δόγμα - пікір, ой ] - тексерусіз, зертгеусіз соқыр сенімге ғана сүйенген, дәлелденбеген қағида негізінде теориялық және саяси мәселелерді зерттеп шешуде нақтылы жағдайларды ескермейтінабстрактілік ойлау әдісі.Релятивизм (лат. Relatіvus — салыстырмалы) — дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар өзара тек салыстырмалы қарым-қатынаста болады деген методологиялық қағида. 2)танымды, көзқарастық жүйелерді, мәдениетті сараптау мен интерпретациялаудың методологиялық принципі, құбылыстардың сапалық тұрақсыздығын, олардың әр түрлі жағдайлар мен ситуациялардан тәуелділігін абсолюттендіреді.Абсолютизм (лат. absolutus – сөзсіз, шексіз) — мемлекеттік басқарудың бір түрі. Абсолютизм кезінде жоғары өкімет билігі толық жеке-дара бір адамның қолына шоғырланады, билік заң шығарушы, атқарушы, сот билігіболып тармақталмай, бір қолда болады. Ресей мен Франция тарихындағы монархиялық басқару жүйесі — абсолютизмнің бір үлгісі іспетті. Абсолютизм монархиялық және мемлекеттік болуы мүмкін. Монархиялық абсолютизмнің тұжырымдамасының негізін салушылар — Р. Филмер мен Ф. Бэкон, ал мемлекеттік абсолютизм идеясын дамытушылар — Т. Гоббс пен Ж. Боден. Мемлекетті басқарудың бұл түрі орта ғасырда үстем болды.Монархиялық абсолютизм тұжырымдамасын Р.Филмер, Ф. Бэкон жасады; мемлекеттік абсолютизм идеясын Т.Гоббс, Ж.Боден ұсынды. «Ағартушы» абсолютизм мінсіз деп танылды.  Абсолютизм (absolutism), саяси доктрина және орталықтандырылған шектеусіз басқару үлгісі, әсіресе монархиялық басқару үлгісіндегі жоғарғы биліктің шексіздігі. Мұндай билік құрылымының қағидаты бойынша билік ретімен немесе кез келген заңдық, заң шығарушылық, діни, экономикалық не сайлау органдары арқылы ауысатын объект емес. Абсолютизм түрлі тарихи кезеңдерде пайда болған, бірақ көбіне Жаңа Заман (16-18 ғғ.) дәуірінің бас кезінде Еуропада дамыған билік түрін осылай атайды; мысалы, XIV Людовик билігі осы билік түрі болып саналады. Монархтар шексіз билігіне сүйене отырып, Шіркеу билігіне де ие болған. Шіркеу мен мемлекет билігін бір қолға шоғырландырып, екеуін де басқарып отырған.
Билет №_23_
Ортағасыр мұсылман философиясындағы мутаккалимдер мен мутазилиттер.
Дүниетанымның тарихи түрлері, ерекшеліктері.
Экзистенциализм ұғымының негізгі қағидалары.
Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады.Мутазалиттер (ерекше, айрықша) - ХІ ғасырдың бірінші жартысында гүлденген калам  мектебінің өкілдері. Олар Алладан  басқа ешкімді мойындамайды, ең құдіретті  Алла. Сондай-ақ мутазализм-шийттердің идеялық ағымы болып табылады. Мутазалиттер Ислам философиясын дамытқанымен, кейбір мәселелерді материалистик тұрғыдан түсіндірді. Мысалы:1.Исламның дамуының жаратылуы, дүниенің шығуы, тағдырдың жазылуы, т.б. туралы догмаларды рационализм мен материалистік тұрғыдан түсіндірді;2.Құдай туралы антропоморфты түсінікті(Құдайдың адам бейнелілігін) терістеді;3.Құдай мен Әлемді бір деп жариялады; 4.Адам ақылының күшіне сенді;5.Адам танымының күші мен мүмкіндіктеріне сенді. Мутазилиттік кезең Хасан аль Басри(728ж дүние салған) мен оның шәкірттері әрекеттерінен басталады.Ежелгігрек философиясынның әдістері мен идеяларын философиялық зерттеуге қолдануды дәл осы мутазилиттер бастады. Сондықтан мұсылмандық философиядық философияның тарихы белгілі дәрежеде ислам теологиясынан бөлініп шыққан мутазилиттерден басталады деуге болады.1)Мутазилиттер Құранды догма ретінде қарастыруға қарсы шығып, оның оның аллегориялық тұрғыдағы түсіндірмелік сипатын жақтады.2)Құранның мәңгіліктігі тезисіне қарсы шығып, оның жаратылғандығы идеасын жақтады.3)Олар құдіретті жазу догматына қарсы шығып, адам еркінің бостандығы идеасын демек, адамның өз іс әрекетіне жауаптылығын қорғады. 4) Мутазилиттер дүниенің атомарлы құрылымы туралы түсінікті жақтады; атомдар – әрқайсысын әрдайым Алла басқарып отыратын бөлшектер деп түсінілді.Мутазилиттер жиі талдайтын мәселе қатарына Жаратушы мен алғашқы жаратылу, және Құдай атрибуттары туралы сұрақтар енді. Ортодоксалды каламның классикалық кезеңінің негізін қалаушы – өз әрекетін мутазилит ретінде бастаған әл-Ашади (873-935), Матуриди (941) және әл-Газали (1058-1111) болып табылады.Мутазализмнің атақты өкілдері ал-Алляф, ан- Наззам, ал-Джахисс.Мутакалимдер- Радикалды исламды жақтаушылар. Мутакаллимдер мектебінің өкілдері исламның діни догмаларын негіздеп, араб-ислам схоластарының рөлін атқарды.
Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші. Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады. Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді. Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың дүниетанымы оның іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист немесе пессимист, белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін. Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші және бағалау болып табылады (И.Ф.Харламов)Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі кызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар мен күбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді.Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы онын санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардын іс-әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.Дүниетанымнын бағалау кызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы болады.
Экзистенциализм — ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған және болмысты субьект пен обьектінің тікелей бөлінбес тұтастығы ретінде түсіндіруге тырысқан қазіргі заманғы философиядағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализм екі түрлі бағытқа бөлінеді, олар: діни экзистенциализм және атеистік экзистенциализм. Діни экзистенциализмнің өкілдеріне: К.Ясперс (1883-1969), Г.Марсель (1889-1973) жатады. Ал атеистік экзистенциалистерге: М.Хайдеггер (1889-1976), Ж.П. Сартр (1905-1980) және А.Камю (1913-1960) жатады.Экзистенция латын тілінен аударғанда «өмір сүру», «тіршілік» дегенді білдіреді. Экзистенциализмде осы «өмір сүру», «тіршіліктің» өзі обьект пен субьетінің тікелей бірлігі ретінде түсіндіріледі, субьектінің сыртқа бағыттылығын, бөгде адында ашықтықты, осы бөгделікке деген қозғалысты білдіреді. Діни экзистенциализмде осы бөгде – құдай деп түсіндіріледі де тұлға өз еркіндігінде осы құдайға қозғалып бағыттанады екен. Атеистік экзистенциализмде осы бөгде – ештеңе еместік деп түсіндіріледі, бұл дегеніміз адам өз еркіндігін жүзеге асыра отырып, өз өзін тудырады. Адамның алдында таңдау тұрады, оны жүзеге асыра отырып адам еркіндікті жасайды. Ол өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек, ең алдымен өз өзінің алдында және әрдайым осы жауапкершіліктің ауырпашылғын алып жүру де қиын. Өйткені адам өз-өзін тудыра отырып, сонымен қатар басқа адамдар мен әлемді тұтас тудырады. Өзінің шынайы мәнінде адам осы әлемге «лақтырылып тасталған» ол әрдайым болашақ пен өлімнің алдына бетпе-бет келіп тұрады, өзінің әрекеттеріне жауапкершілік танытатын жағдайда жүреді. Экзистенция қорқыныш ретінде, экзистенциалды үрей шекаралық экзистенциялдық жағдай ретінде көрініс береді және мұнда Камюдың ойынша ең негізгі философиялық мәселе ол өз-өзін өлтіру жөнінде болады.
Билет №_24__
Диалектика заңдары, категориялары.
Неміс классикалық философиясының ерекшеліктері.
Философияның пәні, мәселесі, қызметтері.
Диалектиканың түсінігі грек тілінен аударғанда ойлау әңгіме жұргізу өнері. Философияда әртүрлі түсініктерде қолданып отыр. Диалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз – заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң – материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама – қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама – қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама – қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарамастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді. Диалектиканың негізгі категориялары:Мән мен құбылыс;Түр мен мағына;Себеп пен салдар;Мүмкіндік пен шындық;Қажеттілік пен кездейсоқтық;Диалектиканың заңдары мен категориялары үнемі өзара тығыз байланыста болады. Олар басқа ғылымдардың ұғымдарымен салыстырғанда анағұрлым нақтылық жайлы ұғымдар. Мысалы, сан категориясы математикадағы сан, шама, жиын, құрылым, т.б. ұғымдарына қарағанда нақтылы жалпы ұғым. А. Эйнштейн ашқан салыстырмалық теориясында материя, қозғалыс,  кеңістік  және уақыт оның категориялық құрылымын анықтайды. Ендеше, категориялар ғылыми теорияны құру мен дамытуда, жаңа нәтижелерді іздеуде үлкен методикалық рөл атқарады, демек, теория жасаудың диалектикалық – логикалық принциптері болып табылады.Логикалық категориялар нақтылы жалпы сипаттама, 
Неміс классикалық философиясының ерекшеліктері:I) философия көпшіліктік сипатқа ие. Лейбництің ілімін жалғастырушы Христиан Вольф бұл іске көп еңбек сіңірді. Лейбниц әлемді тұтас нәрсе, ондағы дін мен ғылымның арасында қарама-қайшылық жоқ деп қарастырса, Вольф пен оның шәкірттері қоғамның күрделі мәселелерін білімді көбірек тарату арқылы реттеуге болады деп сенді, христиандық сенімді рационализммен ұштастыруға ұмтылды.2) пиетизм – лютерандық шіркеудің рухани тоқырауына қарсылық негізінде қалыптасқан қозғалыс. Пиетистер өзінің назарын дін сыртқы салт-дәстүрден ішкі сенімге, қасиетті дін кітабын меңгеруге және адам-гершіліктік мінез-құлыққа аудару керек деп ұйғарды. Ағартушылық өкілдерінің басым көпшілігі осы мектептен өтті. Мысалы, Кант авторитеттер деген жоқ, жаңа кезеңнің уақыты туды, қайшылықтарды көрсете отырып, біржақтылықтан арылу қажет, жаңа шешім беру, бірақ жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жеңу емес, бітімге келтіру керек деп жариялады.3) Философияның басты объектісі – адам, оның ақыл-ойының мүмкіндіктері мен шекарасы.Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген. Кенисбергуниверситетініңдін факуль-тетіне оқуға түсіп, діни пәндермен қатар философия, физика. математика пәндерінен лекцияларға қатысқан. Философияға кештеу, 45 жасында келді. Әуелі (1755 ж.) дүниенің физикалық-астрономиялық теориясын ұсынды, оны кейін Лаплас қайталады. Сонымен бірге от, жердің өз өсін айналуы, жердің тозуы, жер сілкінісі туралы шығармаларын жазды. Ол 47 жасында философиядан диссертация қорғап, логика және метафизика профессоры атағын алды. Негізгі философиялық еңбектері осьщан кейін бірінен соң бірі дүниеге келе бастады. Ол философия пәнін оқытушы ретінде де танымал болды. 
Философияның Дүниеге деген ерекше көзқарастық мәнін ашқаннан кейін, келесі сатыда оның пәнін анықтау керек. Жаратылыстану мен жеке гуманитарлық білім салаларының тез дамуы, жыл сайын жаңа ғылымдардың пайда болуы философия пәнінің керек болмай қалуы мүмкін деген ой тудырады.Француз философы О.Конт философия өз дамуында 3 сатыдан өтеді дейді. Олар-теологиялық,(theos-грек сөзі,-Құдай), метафизикалық (meta phisika-грек сөзі,-табиғаттан кейін, болмыстың алғашқы құдіретті бастамалары жөніндегі ілім) және позитивистік. Соңғы сатысында философия тек қана жалпы ғылым және таным методтары (method-грек сөзі,-әдіс) жөніндегі пәнге айналмақ. Көне гректе бұл білімге философия деген атақ берілген. Сонымен қатар, философияның өз табиғатына тән сұрақтары пайда бола бастайды. Олар- Дүниенің негізінде не жатыр? Адам-ол кім? Ақиқат, ізгілік,әсемдік дегенімз не? т.с.с сұрақтар.Аристотель бүкіл философияны үлкен 3 бөлікке бөлді: ол теоретикалық философия, практикалық және көркемөнерлік. Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды. Ең бірінші философия пәнінің метафизикалық онтологиялық қыр сырын атап өту керек.Оған мына сұрақтарды жатқызуға болады: Дүниенің негізінде не жатыр? Ол мәңгілік, я уақытша ма? Адамзат не үшін жаратылды? т.с.с. Философия пәнінің екінші мәселесі- гносеологиялық жақтары. Оған мына сұрақтарды жатқызады: Біз кімбіз және дүниеде алатын орнымыз қандай?Ақиқат,шындық дегеніміз не? т.с.с. Философияның ажырамас мәселелерінің бірі- ол аксиологиялық, яғни, құндылық жақтары, құндылық әлемін сараптау.Осы тұрғыда философияда мына сұрақтар бар: шындық,әсемдік, ізгілік дегеніміз не? Құндылықтар қандай орын алады? т.с.с. Философия пәнінің келесі жағы- ол оның праксеологиялық, прагматикалық мәселелері.
Билет №_25__
Материяның басты атрибуттары: қозғалыс, өзіндік құрылым, бейнелену
Қайта Өрлеу дәуірі философиясының ерекшеліктері.
Философияның дүниетанымдық және әдістемелік қызметтері.
Материяның басты қасиеті – қозгалыс, материясыз қозғалыс, қозға-лыссыз материя жоқ. Болу деген қозғалыста болуы дегенді білдіреді.Қозғалысты кез-келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол материяның сырт-қы емес, ішкі, ажырамас қасиеті, ол объективті, мәңгілік және абсолютті. Сонымен қатар, қозғалыс салыстырмалы, себебі ол өзгеріп отыратын, әрбіреуі өзіндік маңызға ие нақты формалар арқылы көрініс табады. Материалдық дүние таусылмас, шексіз, яғни қозғалыстың формалары да сансыз көп. Ф.Энгельс ХІХ-ғасырда жасаған қозғалыс формаларының классификациясы қазіргі кезде ғылым жаңалықтарымен толықтырылып, кенейе түсті, бірақ негізін сақтады деуге болады. Ол қозғалыстың меха-никалық, физикалық, химиялық. биологиялық және әлеуметтік түрлерін атап көрсетті.Кеңістік және уақыт – материяның маңызды атрибуттары. Кеңістік – материя болмысының объективті, жалпы, заңды формасы, ол әр түрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымды-лығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды.Реалды кеңістік тіршілік етушілерді іс жүзінде бөлудің, сонымен қатар біріктірудің тұрақты көрсеткіші. Ол үш өлшемді, кез-келген кеңістіктік қатынастар үш өлшем-координаталар (ұзындық, ең, биіктік) арқылы си-патталады. Салыстырмалылық теориясы төрт өлшемділікті қолданады, үш өлшемге төртінші өлшем – уақыт қосылады. Уақыт – әр түрлі жүйелердің жағдайларының созылғандығын, ретпен жүруін сипаттайды, материя болмысының объективті, жалпы және занды формасы. Бейнелеудің сатылары:1) қарапайым бейнелеу – бейнелеудің бұл түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі.2) информациялық бейнелеу – бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да кездеседі.
Қайта өрлеу дәуірі (Renaissance - фр.) Орта ғасырдан Жаңа Заманға өту дәуірі болды. Оның шеңберін біз XIV-XVI ғ.ғ. белгілейміз.Қайта өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналаскан қалаларда сауда, қолөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқылып, көп іскер шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді.Осы қайта өрлеу дәуірінің бір ерекшелігі болды. Жартылай ұйқылы-ояу өмір сүріп жатқан бір үлгідегі феодалдық қоғам оянып, жаңа өмірге аттанады, қалалар тез өсіп, ондағы әлеуметтік өмір өзінің әртүрлілігімен, күнбе-күнгі өзгерістерімен, қызықтығымен көзге түседі.Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама қоғамның рухани өміріндегі жаңаруларға әкеледі.Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрістенжаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың пайда болуына әкелді. Ал оның өзі бірте-бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты. Табиғаттың заңдылықтарының бірден-бір зерттеу жолы - ол тәжірибелік зерттеу -эмпиризм (emperia, - грек сөзі, тәжірибе) бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе оқыған, көзі ашық интелегенцияныңдүниеге келуіне себеп болды. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой еңбегі, негізінен, дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере бастады.
Философияның қызметіне – оның мақсатын анықтауда қолданылатын дүниетанымдық,  әдістемелік, теориялық ойлау, сыни-талап, аксиологиялық, әлеуметтік, гуманитарлық және болжаушылық міндеттерді жатқызамыз. Философияның дүниетанымдық қызметі – әлемнің тұтастық бейнесін қалыптастырудың мүмкіндігі, оның құрылымы туралы ұғымды, ондағы адамның орнын және бірлесіп әрекет жасау принцптерінің мәнін түсіндіреді.Философияның әдістемелік (методологиялық) қызметі – бізді қоршаған шындықты тану әдісін жасайды. Философия – танымның ең жалпы әдістерінің және адамның шындықты игеруінің  ең түпкі тәсілдері туралы ілім ретінде көрінеді. Философия дүниеге  көзқарас қана емес, ол ғылым. Сондықтан барлық ғылымдар сияқты дүниенің (табиғат, қоғам, сана) заңдары мен заңдылықтарын ашуға ұмтылады. Заң дегеніміз – заттар мен құбылыстардың, олардың қасиеттерінің қайталана беретін тұрақты байланысы, ал философия - дүниенің ең түпкі заңдарын ашуды міндет тұтса, ең түпкі қасиеттерді анықтап, солардың тұрақты байланысын табуға тырысуы керек. Ондай қасиеттерге дүние болмысының зат және идея түрінде берілетіні жатқандықтан, материя мен идея, болмыс пен сана, объект пен субъект қатынастары философияның негізгі мәселесі деп, алғаш Ф. Энгельс айтқан. Бұл өз мәнісін әлі күнге дейін жойған жоқ, материалистік және идеалистік көзқарасты ұстанушылар әлі де тиянақты бір пікірге келе алмай отыр. Сана мен материя қатынасы мәселесі әсіресе адам болмысын анықтауда ерекше анық көрінеді: бірі адамды рухани десе, бірі – материалдық жан деп өзара қатаң айтысқа түседі, саясатта қолданып іс-әрекеттерін, таптар, ұлттар, мемлекеттердің өзара соғыстарын ақтауға тырысады.

Приложенные файлы

  • docx 532546
    Размер файла: 148 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий