А?Ш


АҚШ-тың сыртқы саясаты.
Кіріспе:
1) Жалпы сыртқы саясат туралы ұғым
2) АҚШ-тың сыртқы саясаты
3) АҚШ-тың президенттері
Негізгі бөлім:
1) АҚШ-тың сыртқы саясаттағы Таяу Шығыс мәселесі.
2)Қазіргі әлемдік саясат және жаһандық мәселелер
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Сыртқы саясат -халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар 
арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әртүрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер.
АҚШ-тың сыртқы саясаты
1970-жылдардың соңында АҚШ экономикасы бұрын-соңды мұндай тұрақсыздық жағдайға түспеген болатын. Дәл осы кезеңде «Американың экономикалық қайта өрлеуі» атты бағдарлама дүниеге келген еді. Бұл бағдарламаның негізінде мемлекеттің реттеушілік әлеуетін күшейту сол арқылы капиталистік бәсекені арттыра түсу көзделді. Бұл экономикалық саясат «рейганомика» деп аталып, оны президент Рональд Рейган әкімшілігі жүзеге асыруға құлшына кірісті.
Рональд Уилсон Рейган Дуайт Д. Эйзенхауэрдан соң екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі американдық тарихта екі президенттік мерзім бойы билік етіп, өз лауазымынан жоғары қоғамдық беделге ие болған екінші президент болатын.
Егер де журналистердің, саясаттанушылардың және тарихшылардың түсініктемелеріне сенетін болсақ, ол американдық саясатта Франклин Д. Рузвельттен кейінгі ең көп өзгерістер енгізген президент болып табылады.
Біздер мұның куәсі ретінде жақында ғана оның қайтыс болғаннан кейінгі жерлеу рәсіміне қатысушылар санының көптігі мен оны ардақтап қоюдың сән-салтанатынан-ақ байқағанымызды айтуымызға болады.
Рональд Рейганның АҚШ мемлекетiнiң тарихында алатын орны ерекше және оның саяси бейнесi ғалымдар арасында әрқашанда тартыс туғызады, сондықтан да Рональд Рейганның бейнесiн қарастыру орынды деп есептеймiз. XX ғасырдың соңғы онжылдығында әлемдік қарым-қатынастарда тектоникалық күрделі өзгерістер болып тұңғыш рет әлем тарихында евразиялық емес держава гегемонияға ие болды. Бұл онжылдық Америка Құрама Штаттарының бұдан былай жападан жалғыз супердержава екендігін паш етті. КСРО-ның экономикалық және саяси ұтылысының нәтижесінде бүкіләлемдік саяси аренада нағыз глобальдық деңгейдегі мемлекет АҚШ болып қалды.
«Қазіргі әлемнің аса ірі державасы Америка Құрама Штаттарымен жан-жақты қатынастарды дамыту сыртқы саясатта басым орын алады. Біздің мемлекетіміз үшін Америкамен ынтымақтастық әлемдік қоғамдастықта халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерді ілгерілетумен тікелей байланысты.
XIX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған экономикалық және әлеуметтік проблемалар (капитализмнің қарқынды дамуының салдарлары) АҚШ-тың сыртқы саясатының және халықаралық мәселелерге қатынасының өзгеруіне әкеліп соқтырды. Ірі кәсіпкерлер шикізаттың жаңа көздері мен өнімді және шикізатты шығарудың жаңа рыноктарын белсенді түрде талап етті. Рыноктарды қайта бөліске түсіру үшін күресті айналып қаша алмады.
Америка континентіндегі гегемонияны алу үшін АҚШ сол кезде өте танылған панамериканизм козғалысын (ол американдық мемлекеттердің қызығушылығының бірлігін уағыздаған) кең көлемде пайдаланды. 1869-1890 жылдары АҚШ алғашқы американаралық конференцияны шақырды. Онда 1910 жылы "Панамерикандық одақ" деген атауға өзгертілген жанында тұрақты коммерциялық бюро құрылған өзара - экономикалық ақпаратты алмасу мақсатында американ мемлекеттерінің Халықаралық Одағы құрылды.
АҚШ дипломатиясының әдеттегі құралы бұрынғы доктриналарды кеңейтіп талқылау болған. Бұл жағадй Олни доктринасымен де болды, оған сылтау болған Венесуэла мен Британдық Гвианасының Ориноко өзенінің сағасы үшін болған шекаралық дау еді. Ол үшін күрестің ушығуына бұл жерде табылған алтын қоры болды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Р.Олнидің 1895 жылдың 20 шілдесіндегі сөзінде Америка территориясында еуропалық бақылаудың болуының еш мән-мағынасы жоқ деген. Бұл позицияны анықтау үшін Монро доктринасы сілтеме жасалынды. Нәтижесінде Ұлыбританияға АҚШ-тың талаптарын орындауға тура келді, оның қолдауын иелену үшін Венесуэла мен Британдық Гвианасының арасындағы шекара АҚШ-тың қызығушылықтарын ескеру арқылы жүргізілді, Америка Құрама Штаттары ерекше белсенділікті Қиыр Шығыста да жүргізді. Олар Жапонияның агрессиялық саясатын қолдап, бәсекелестерін әлсіздендіргісі келді. 1876 жылы Кореяда тең емес келісімге қол жеткізген Жапониядан соң Америка Құрама Штаттары 1882 жылы сол аймақта өзінің азаматтары үшін сауда, өнеркәсіп, теңізде жүзу, құқықты жағдайының жағымды жағдай жасауға қол жеткізді.
Америка Құрама Штаттары Қытайға еніп, ондағы еуропалық державалардың ықпаларының өсуіне кедергі жасауға тырысты. 1884 жылы Америка Құрама Штаттары Гавай аралдарында Перл-Харбор әскери теңіз базасын орнатты. Америка Құрама Штаттары кәсіпкерлері Гавай экономикасында басты рөл атқарды, әсіресе қант өндіруде. 1893 жылы Америка Құрама Штаттары елшісі бастаған бір топ плантаторлар Гавайда патша-әйелді тақтан түсіріп, онда қуыршақ үкімет құрды, ол үкімет келісімге қол қойылғаннан кейін бір ай өткен соң Гавайды АҚШ-тың құрамдас бөлігі деп таныды, бұл аннексия 1898 жылы заңды түрде бекітілді.
Америка Құрама Штаттары Самоа аралдарын да жаулап алмақшы болды, бірақ онда Англия мен Германияның қарсы әрекетіне тап болды. Нәтижесінде 1889 жылы үш державаның кондоминимумы орнатылды, бұл АҚШ-тың Тынық мұхит суларындағы тағы бір базасын әкелді.
АҚШ үшін стратегиялық және экономикалық маңыздылығы өте көп болған -бұл Филиппин аралдары, әсіресе Куба болды. Кубаны иемдену-Кариб бассейнінде үстемдік ету. XIX ғасырдың аяғына қарай Куба шаруашылығының басты бағыты шала өңделген қант пен темекі өндірісінің негізгі бөлігін бақылады. Сонымен қатар, солтүстік американдықтар Кубада темір жолдар, рудниктер, сауда қаржылық мекемелерді иемденді. 1895 жылы куба халқының Испанияның отарлық езгісіне қарсы күресін пайдаланып, Куба халқын қорғау ұранын жабылып, солтүстік американдық баспасөз елдегі көзқарасты соғысқа дайындады.
Америка Құрама Штаттары Испаниямен соғысты бастау үшін сылтау іздеген. 1898 жылдың 15 ақпанында Гавана рейдінде солтүстікамерикандық "Мэн" крейсері атылды да онда 260 офицер мен теңізшілер қайтыс болды. Атаудың себебі табылмағанмен, инцидентті зерттеу үшін АҚШ құрған комиссия испандықтарға кінә тақты. Конгресс 50 млн.доллар ақшаны әскери дайындықтарға бөлді.
19 сәуірде Америка Құрама Штаттары Испаниядан Кубаға тәуелсіздік беруді талап етті. Испания келісім бермеді де 23 сәуірде АҚШ -қа соғыс жариялады.
Бірақ әскери қимылдар Кубада емес, Тынық мұхитта басталды. 1898 жылдың 1 мамырында Солтүстік Американдық эскадра Манила бухтасында испан флотын талқандап, сол арқылы өзіне Филиппин аралдарына бақылау орнатты. 3 шілдеде Куба жағалауларын қорғап тұрған испан эскадрасы Сантьяго түбінде жойылды. Испания көпке шыдамай 22 шілдеде бейбітшілікті сұрады.
Бейбіт келісімшартқа 1898 жылы 10 желтоқсанда Парижде қол қойылды. Шарттар бойынша Испания Куба мен Пуэрто-Рико, және де Мариан аралдар тобындағы Гуам аралдарын қоса Вест-Индиядағы басқа да аралдық иеліктерден бас тартты. АҚШ-қа Испания ол үшін 20 млн доллар алған Филиппин аралдары өтті.
Филиппин халқы өзінің елінің үстіндегі АҚШ егемендігін мойындамады да 1902 жылға дейін созылған көтеріліске шықты. Куба тәуелсіз деп жарияланды, бірақ АҚШ-тың бақылауында болды.
АҚШ-тың президенттері
1. Гарри Трумэн 1884-1972жж
2. 1884 ж 8 мамырда Ламар қаласында дүниеге келген. Әкесі Джон Андерсон Трумэн фермада жұмыс істеген, ауыл шаруашылығымен айналысқан.1914 ж Тумэнның саясатқа қызығушылығы байқала бастады. АҚШ-тың 33-президенті. -1914 – 18 жылы бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. -1926 – 34 жылы Миссури штатындағы округтік соттың төрағасы болды. -1934 – 44 жылы сенатор болды. -1945 жылы қаңтарда Демокр. партиядан АҚШ вице-президенті болып сайланды. -1945 жылы сәуірден бастап (президент Ф.Д. Рузвельт қайтыс болғаннан кейін) -1953 жылдың қаңтарына дейін АҚШ президенті болды. -1945 жылы тамызда жапон қалалары Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларын тастау жөнінде бұйрық берді. Трумэн доктринасының,Маршалл жоспарының, НАТО-ны, т.б. әскери блоктарды құрудың бастамашысы болды.
3. Ішкі саясатта Трумэнның бағыты қарама-қайшылықпен ерекшеленді. АҚШ-тың саяси өміріне оң өзгерістер әкелді. • республикашылар бағытын күшейтті. •Кәсіподақ мемлекет қолына алынды. •НАТО және тағы басқа одақтар. •Саяси дамуына қаржыны біршама көп бөлді. •Жекеменшік фирмалар санын көбейтті. 1948ж президент сайлауына Трумэн әділетті бағыт бағдарламасымен шықты. 12 сәуір 1945 — 20 қаңтар 1953 – АҚШ-тың перзиденті болды.
4. Дуайт Дэвид Эйзенхауэр Дуайт Дэвид Эйзенхауэр – АҚШ-тың 34 –ші президенті. Дуайт Эйзенхауэр Техас штатындағы Грейсон аймағында, Денисон қаласында Дэвид Эйзенхауэр мен Айда Стровер Эйзенхауэр жанұясында дүниеге келді. 1960 жылы Эйзенхауэрден кейін Джон Кеннеди сайланды. Ақ үйден кеткен соң, Эйзенхауэр саясаттан да кетті. 1968 жылы соңғы 13 жыл шамасында төртінші инфаркті бастан өткерді. Ол Вашингтондағы Уолтер-Рид әскери госпиталінде жатып, оның жұбайы Мейми үнемі жанында болған еді. 1969 жылы 28 наурызда Эйзенхауэр қайтыс болды – Мейми жанында болып, оның қолынан ұстап отырды.
5. Президенттің аса маңызды еңбегі 1956 жылы федералды заңшығару актісін қабылдай отырып, жұмыстың бастамасы басталып кеткенАҚШ штатаралық автомагистраль Жүйесін салуды ұйымдастыру болатын. Эйзенхауэр 1955- 1959 жылдар арлығында екі рет жоғары дәрежеде кеңестік-американдық кездесу ұйымдастырды.
6. Джон Фицджеральд Кеннеди АҚШ-тың 35 президенті(20 қаңтар 1961 жыл — 22 қараша 1963 жыл). Массачусетс штатында, Бруклайн қал асында дүниеге келген. Ирландиядан шыққан миллионер отбасында дүниеге келген. -1941 – 45 ж. АҚШ-тың Тынық мұхиттағы Әскери-теңіз флотында қызм ет етті. -1945 ж. журналистикамен айналысты. -1947 – 53 ж. АҚШ Конгресінің төменгі палатасының депутаты, -1953 – 61 жылы сенатор, -1961 – 63 ж. АҚШ президенті болды. “Жаңа шептер” деп аталатын бағдарлама ұсынып, онда АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатын әлемдегі күштердің арасалмағының өзгеруіне қарай бейімдеп жүргізуді көздеді.
7. •“Жаңа дәуір бағдарламасы”. •Экономиканы тұрақтандырды. •Әлеуметтік шараларға көңіл бөлді. •Дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету. •“даму жолындағы одақ” Саяси қарсыластары тапсырмасымен жасалған қарақшылық салдарынан қаза тапты.
8. Линдон Бэйнс Джонсон АҚШ-тың Демократиялық партиясы тұсында 1963 жыл 22 қараша мен 1969 жылдың 20 қаңтары аралығындағы Президенті. АҚШ-тың 36 президенті. •Маңызды әлеуметтік реформалар жүргізді. •Кедейшілікпен күрес •Білім жүйесін дамытты •Медициналық сақтандыру енгізді Вьетнамдағы соғыс бөлінген қаржының қысқаруына әкеліп соқты. Оның әкімшілігі қарсылық қозғалыстарының әсерінен қиындай түсті.
9. Ричард Милхауз Никсон Америка Құрама Штаттарының 37- президенті (1969—1974), АҚШ-тың 36- вице-президенті (1953 — 1961), президенттік мерзімінің соңына дейін отырып, қызметінен босаған жалғыз АҚШ Президенті. •Жаңа экономикалық саясат •Зейнетақыны, жәрдемақыны көбейтті •Азық-түлік көмегі •Қытай халық республикасымен жақындасу •Халықарылық үдерісті біраз бәсеңдетті •Уақытша келісімдер жүргізді •1974ж жанжал Айыпталып, өз орнынан кетуге мәжбүр болды.
10. Рональд Уилсон Рейган 40-шы АҚШ Президенті (20 қаңтар 1981 — 20 қаңтар 1989),Калифорния штатының губернаторы. •Ішкі және сыртқы саясатқа консерватизм •Қатал монетаристік саясат жүргізді. •Салық реформасы •Қаржы салымын көтерді •Американы дағдарыстан шығарды даму кезеңі
11. Рейганның сыртқы саясаты екі кезеңнен тұрды. 1980ж бірінші жартысында АҚШ-тың сыртқы саясатында текетірестіктер бағыттары басым болды. әсіресе 1979ж кеңес әскерлері Ауғанстанға кіргізілген соң жіне 1981ж Польшаға әскери жағдайдың енгізілуімен КСРО-АҚШ қатынасы шиеленісе түсті. Тек 1980 жылдардың екінші жартысында келіссөздер арқылы қарама- қайшылық әрекеттері бесеңдей бастады. 1987ж М.С.Горбчевтің АҚШ-қа келуіне орай Вашингтонда екі ел арасында орта және шағын қашықтағы зымырандарды жою туралы келісімшартқа қол қойылды.
12. Буш, Джодж Герберт Уокер (George Herbert Walker Bush) - АҚШ 41-ші президенті. Республикалық партиясының мүшесі. Рейган саясатын Дж.Буш жалғастырды. Ол Рейганның бұрынғы әкімшілігінде вице-президент қызметінде болатын. 1991 жылы Мәскеуде екі мемлекеттің стратегиялық қару-жарағының үштен бір бөлігін қысқарту жайлы келісімшартқа қол қойды. Дж.Буш
13. Б. Клитон Билл Клинтон - АҚШ-тың 42-ші президенті (1993—2001) 1991 ж. ол Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды, сөйтіп, 1992 ж. қарашада өткен сайлауда өз қарсыласы Дж.Бушты айқ ын басымдылықпен жеңді. 1996 ж. екінші рет сайланды.
14. Президент ретінде Клинтон білім беру жүйесін жетілдіру, жұмыссыздықпен күрес және т.б. әлеуметтік шаралар үшін әскери шығындарды қысқарту есебінен 700 млрд. долл. қосымша қаржы бөлдірді. Бірақ оның денсаулық сақтау жүйесін реформалау жөніндегі ұсынысы Конгресте республикашыл партиядепутаттары тарапынан өтпей қалды. Сыртқы саясатта АҚШ-тың әлемдегі жетекші мемлекет ретіндегі рөлін арттыру саясатын жалғастырды.
15. Джордж Уокер Буш(жылы туылған, АҚШ, Массачусетс штаты) — Американың мемлекет қайраткері. Солтүстік-шығыс штаттардың ықпалды саяси және іскерлер отбасында дүниеге келген. Йель университетін бітірген. • 1967 — 71 жылы АҚШ Конгресінің өкілдер палатасының мүшесі, • 1971 — 73 жылы БҰҰ-дағы АҚШ өкілі, • 1976 — 77 жылы Орталық барлау басқармасының директоры, • 1981 — 89 жылдары АҚШ-тың вице-президенті, • 1989 — 93 жылдары президенті болды.Дж.Буш
16. Буш ішкі саясатта — нашақорлықпен күресуге, жаңа америкалық мектеп құру жобасын енгізуге, сыртқы саясатта — халықартардың қауымдастықты күшейтуге, Парсы шығанағын- дағы дағдарысты реттеуге ұмтылды. 2000ж кіші Дж. Буш – президент. Кейін ол 2004ж қайта сайланды. •Басқа елдерді бақылау •Ауғанстандағы талибандар үкіметі құлатылды •2003ж Иракка қарсы соғыс •Хусейн режімі
17. 2008жылы сайлауда жеңіске жеткен Барак Хусейн Обама
18. Барак Обама - 2008 жылы өткен Президенттік сайлауда Демократиялық партияның атынан кандидат атанып, сайлау қорытындысы бойынга жеңіске жетті. Америка Құрама Штаттарының 44-інші сайланған президенті (2009 жылдың 20 қаңтарынан), Иллинойс штатына н сайланған сенатор. Обама Колумбия университетін және Гарвардтағы Заң мектебін бітірген. 2009 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығын алды
19. Обаманың сайлау алды тұғырнамасы «америкалық арманды» жүзеге асыруға негізделген. Оның түсінігінде, америкалықтардың арманы – баспаналы болу, медициналық көмек алу және балаларына білім беру. Қалай болғанда, Батыс басылымдары Обаманың айрықша харизмасының арқасында ақша мен адам жинаудан алдына жан салмайтынын баяндайды. Мысалы, сайлау науқаны кезінде Обама интернеттен шағын көлемдегі ақшалар мен корпоративті донорлардан қомақты қаржы тартудан рекордтық көрсеткішке жеткен. Оған қоса ВВС Обаманың 100 мыңнан астам адамды оңай жинап, оларды шеруге шығаруға қабілетті екендігін тамсана жазады. Барак Обама
1) АҚШ-Таяу Шығыс мәселелерін қарастыру үшін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аймақтағы пайда болған Израиль мемлекетінің туындауы тікелей Израиль мен Палестина мемлекеттерімен байланысты болып келеді. Күні бүгінге дейін екі ел арасындағы жер мәселелері шешілмеген, сондықтан мәселенің төңірегіне жету үшін екі ел арасындағы ара қатынастың қалыптасуы кезеңіне және АҚШ бұған деген ұстанымына көз тігу қажет деп ойлаймыз.
Израиль мемлекеті — Батыс Азия Жерорта теңізінің шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Дүниежүзінің саяси картасында 1948жылдың мамыр айында пайда болды және 1920 жылдан Палестинада Британ билігі орнаған соң елдің өнеркәсіп саласының 80% еврей секторы үлесіне тиген болатын.
1947 жылы 29 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында көпшілік дауыспен Палестинадағы ағылшын мандатын жою шешімі қабылданды. 1948 мамыр айында Араб және Еврей мемлекег ері құрылды, Халық Кеңесі құрылып, 14-нен 15-не қараған түні Бен-Гурман тәуелсіздік декларациясын оқыды.
Израиль мемлекеті жарияланған соң күндесі Палестина мен жеті Араб-Израиль соғысы болып өтті. АҚШ-тың көмегіне сүйенген Израиль оларды жеңіп, БҰҰ Араб еліне берген 6,7 мың км. Жерді иерусалимнің Батыс бөлігін жаулап алды. Иерусалимнің шығыс бөлігін Иордания, ал Газа секторын Египет алды. 900 мыңдай Палестиналық Араб босқынға айналды. Жер көлемі 14,1 мың км., халқы 6 млн. /2000 жылы статистикалық мәліметтер/ хылқының 81% еврейлер қалғандары негізінен Арабтар. Елдің басты экономикалық және мәдениет орталыгы Тель-Авив қаласы. Үкімет мекемелері БҰҰ-ның қарсылығына қарамастаь 1950 жылы ел елордасы деп жарияланған Иерусали қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Оның 400 мыңнан аса түрғыны бар 250 мыңдай еврейлер, ал 160 мыңы арабтар. [72]
Израиль мемлекетінің ерекшелігі ел конституциясы жоқ. Оны әр кезде шыққан заң актілері алмастырады. Мемлекет парламенттік республика, сондай-ақ мемлекет басшысы президент, жоғарғы заң шығарушы орган кеңесі, жоғарғы атқарушы орган премьер-министр, басқаратын үкімет болып табылады. Үкімет кеңеске бағынса, сот билігі тәуелсіз. Ресми тілі иврит және араб тілдері, негізгі діндері иуда, мұсылмандар мен христиандар да көп. Ақша бірлігі шекель. Ұлттық мерекесі тәуелсіздік күні. Ел аумағы әкімнің жағынан дискриттерге, яғни округтарға бөлінеді.
Израиль мемлекетінің қалыптасуы жылдары көрші араб елдерімен соғыс жағдайында өтті. Египетте билік басыла келген Г.А.Насер бастаған ұлттык патриоттық үкімет 1856жылы Израилдік кемелер үшін Сугу каналын жауып қойды және Израилдің Қызыл теңізге өтетін жалғыз жолы Тиран бұғаздарына экономикалық блокада қойды. Сирия-Израиль шекарасындағы жағдай ушықты. 1956 жылы қазанда Насер, Сирия және иорданиялық ортақ командованиенің құрылғанын жариялады.
Англия мен Франция да Сугу каналы аймағында өз мүдделері үшін алаңдады. 1956 жылы қазанда Англи, Франция, Израиль Біріккен күштері бүкіл Синай түбегін басып алды. Алайда олар КСРО және АҚШ қысымымен өз әскерлерін шығарады және әскери қимылдардың бітіуі мен Тиран бұғаздары блокададағы жағдайды реттей ал лады. 1967 жылы Қорғаныс Министрі Моше Даян болды, ол үш күннен кейін Израиль араб елдеріне шабуылды бастады. Небары алты күнге созылған соғыс таяу Шығыстағы жағдайды өзгертіп жіберді. Израиль Синай түбегін, Газа секторын, Голон биіктіктерін Иордан өзенінің батыс жағалауын жаулап алып, территориясынтөрт есеге дейінкеңейтті. Иерусалимді бақылауға алды, кейінен саясаткерлер Израильдің астанасы деп жариялады.
1973 жылы қазақ айында Египеттік Синай түбегіне ол Сириялық әскерлер Голон қыратына басып кірді. Үш апталық шайқастан кейін Израиль жауды қайтарып шығуға көшті. Бірнеше келісімдерге қол қойылғаннан кейін Израиль басып алынған территориясынан шегі іді. 1973 жылы соғыс Израиль үшін бір жылдық жалпы өнім құны мен оң мың адам шығынына тең болды. 1973жылы сайлауда Г.Меир, М.Даян, Абба Әбан жеңіп шықты атақты саясаткерлер артта қалды. Ал 1977 жылы Еңбек партиясы отыз жылда алғаш рет билікпен келісімге келуге тырысты.
1977 жылы Египет президенті Ануар Садат Иерусалимге келіп, Израиль мен Египет арасындағы келісімге үш ел басшыларының кездесуіне келіп Девидте АҚШ-та қол жеткізілді, келісімге сәйкес Израиль 1988 жылдың сәуір айында Синай түбегінен әскерін алып кетті және екі ел арасындағы шекара мойындалды. [73] Израилдің құрылғанын бүгінгі таңға дейін оның таусылмас жауы Палестинаны азат ету ұйымы болып табылды. НАҰ әскери құрылымы 1970 жылы Либанға енді.
1982 жылы Изариль Ливанға басып кірді. Израиль үкіметі аптаға бастаған соғыс жылға созылды. Соғысқа қарсы ереуілдер 1982-1984 жылдары басып өтті. Бегин отставкаға кетті және оның орнына 1983 жылы тамыз айында Изарилге Шамир келді.[74]
1985 жылдың маусымында Ливаннан әскер шығарылды. 1987 жылдан бастап арабтар еврей қоныстарының салынуына қарсы шығып, тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды талап етті. 1992 жылдан бастап Шамир Мадрид конференциясында алғаш рет араб лидерлерімен ресми түрде келісімдер жасады. Сондай-ақ Палестиналықтар Газа мен Иериханда автономиясына иеленді.
Сирия-Израиль келіссөздері қазіргі таңда әлі жүруде. 1996 жылы Ликуд партиясының төрағасы Биняльсин Нетониягу сайлауда Исемон Пересті жеңіп алдыңғы үкімет басшысы Ицхак Робинің саясатынан бастады. Ол Палестина мемлекетінің құрылуы мен Иерусалимнің бөліруіне Голон қиратынан Израиль әскерінің кетуіне жоқ деп жауап берді. Алайда ол да Ясер Арафатпен келісім сөздерге баруға мәжбүр болды.
1988 жылы АҚШ бастамасы мен келісім жасалды. Израиль батыс жағалауы территориясының 13 % әскерлерін әкетуге міндеттелді. Осылайша Палестиналық әкімшілк 10% территориясын қайтаруға мүмкіншілік алды. Қазіргі таңда Ясер Арафаттың қайтыс болуына байланысты екі ел арасындағы байланыс бәсеңделді. Дегенмен Изариль-Палестина арасындағы жер дауы мен діни мәселе шешіле қойған жоқ. Себебі елдің экономикалық ахуалы мен стратегиялық маңызды орында орналасуы АҚШ үшін де тиымды. Сондықтанда Таяу Шығыста өз мүддесін артыруды көздеген АҚШ әрқашан да Израиль мемлекетіне Араб елдеріне қарсы қарулы көмек көрсетіп келеді.[75]
Бұл мәселені нақтырақ ашу үшін Израиль мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық даму прцесіне қарастырып отыру абзал. Израиль мемлекеті сипатына қарай Ұлттық Еврей мемлекеті болып есептеледі. Кез-келген еврей бұл елге келгенде автономды түрде азаматтығын алады. Оны КСРО ыдырағаннан кейін айқын байқауға болады. Себебі КСРО ыдырағаннан соң елдің барлық еврейлері ағыла Изарилге кейе бастады. Және олардың барлығына автономдык азаматтык беріліп, кенінен олар толығымен Израиль азаматтығын алған болатын. Израиль мемлекегі құрылғаннан кейін алғашқы төрт айда елу мын еврей, 1958 жылыдың соңына қарай 687000 еврей көшіп келген. Олардың барлығына АҚШ тарапынан көмек берілді. Бұл процесс күні бүгінге дейін токталмаған.
1980 жылдары Израилге 50 мыңға жуық эммиграция толқыны жүрді. Израиль халкының 20-25 % КСРО-дан келгендер болып табылады. 1962 жылы АҚШ еврей мемлекетіне қаржылық-экономикалық және әскери көмек беру және оны жеткізетін орталыққа айналды.[76]
Израилде әскери-өнеркәсіптік кешендер дамыған. Ол жыл сайын бюджеттің 70% және халықтың 30% қамтиды. Әскерилер 10-15%-ті құрайды. 1997 жылы Израиль қарулы күштерінің саны 110 мың әскерге жеткен. Күшті әскери-онеркәсйітік кешендерініц құрылуы металл өндеу, көлік жасау, Электротехникалык, электрондык өнеркәспті дамытты, мелекеттің валюталык корын көбейтті.
1990 жылдары Израиль экономикасы дамыды. 1990-1996 жылдары аралығында ЖҰО-35%-ке өсіп, 71,2 млрд. АҚШ долларын құрады. ЖҰО-ді жан басына шакканда 13650 доллар болды.[77].
Израиль бұл жетістіктерге ішкі және сыртқы жағдайлар арқасында жетті. ТМД мемлекеттерінен 1991-1997 жылдар аралығында 600 мың еврей көшіп келді. Бұл халық еврей көрсеткішін 12 %-ке көбейтті және ішкі рыноктың дамуына өз серпінін тигізді. Елге білікті кадрлардың келуімен катар. олар түрлі саланың дамуыныц әсер етті және Араб елдерімен арадағы блокаданың бейбіт жолымен шешуге итермеледі. Қорғаныс саласы 9% -ке дейін азайды. Сыртқы қаржыландыру көздері бар АҚШ жыл сайын 3 млрд доллар қайтармас ақша береді.
Израиль теңіз жағалауында, таулы қыратта орналасқан. Климаты субтропиктік. Сондыктан Израильді біз аграрлы-индустриялды дамыған ел катарына жаткызамыз. 1995 жылғы 70 млрд доллар шамасындағы табыс, әр адамға шаққанда жылдық табыс 144 мың доллар құрайды. Өнеркәсібі дамыған Израиль экономикасы негізінен сырттан АҚШ пен Еуропа елдері тарапынан қорландырып отырады. Қорғаньк саласына ұлттык табыстың 15%-тен астамы жұмсалады. 1993 жылы ТМД елдеріне жалпы алғанда 800 мынннан астам еврей қоныс аударды. Экономикадағы өнеркәсіп үлесінде 21%, ауыл шаруашылыкта 3 %. Елде медицина, электроника байланыс құралдары, компьютерлер шығару жақсы дамыған.
Негізгі сауда серіктестіктері АҚШ пен Батыс Еуропа елдері. Израиль сыртка қару жарақ сататын әлемдегі он ел ішіне кіреді. Қазақстан мен Израиль арасында дипломатиялық және сауда экономикасының 1992-1999 жылдар аралығында 188 мың доллар инвестиция алыс-берісі жасалды.
Бұл процесстерді сараптай отырып, Палестинадағы ахуалдың дамуы мен қазіргі таңда Таяу Шығыста не үшін жағдай шешілмей келеді деген сұраққа жауап іздей отырып, Палестинадағы саясаи процесстерді ой елегінен өткізейік.
XX ғасырдың басында Палестина Осмін ипериясының қол астына кірген. Экономикалық дамуда артта қалған аграрлы мемлекет деңгейінде еді. Араб шаруалары помещик жерлерінде жұмыс атқарып келетін. Олар жер иеленушіге өнімнің 5% төлеп отырған. Палестина өнеркәсібі кішігірім кәсіп орындарынан кұрылған. Елде күнжут пен оливка өсіріледі [78].
Палестинада май даярлау саласы дамыған. Қолөнершілерден өнеркәсіпте жұмыс істейтін халық 10%-ті ғана құрайды. Өнеркәсібі әлсіз дамыған елдің сауда баланысының пассивтілігіне әсер етті. Сондықтанда елдің сауда байланыстар нышаны қазіргі таңда бір жақтан соғыс жағдайларына байланысты төмен көрсеткіштерге ие.
XIX ғасырдың аралығында сионизм Палестина үшін тартысқа түседі. Сионизм буржуазиялык ұлтының ағымынан экспансиялық идеологиялық саясатқа айналды. Сионистер жалпы өмір сүру идеясын қолдады және еврейлер ата-бабаны таныта жеңілуі керек делінген тек қана осы жолмен еврей мәселесі шешіледі деп шешкен сионистер Палестинаны бүкіл еврейлердің ұлттық және рух сенім арттылығы деп жариялады. Олар Палестинаны Израилдің жері деп атады. Бұл ағым ұлтшылдық идеяны ұстанды. Ағымның идеологиялары Араб халқының Палестина жеріне ұлттық құкығын мойындамады.
Сионистер лидерлеріне Палестинаны отарлау идеясын іске асыру үшін Еуропалық мемлекеттердің қолдауы қажет юлды. Алғашқы кезде олар Германияға бет бұрды. Алайда көп ұзамастан Англияның қолдауын табу жолдарын іздестіре бастады. Өйткені Палестина Согу каналын өтер жолда орналасқандығынан Ұлыбританияның кызығушылығын арттырған болатын. Сионистер өздерінің конгрестерінде Бүкіл әлемдік сионистер ұйымы құрылғаны жөнінде жариялады және ВСО отарлау мақсатын көздеп, бірнеше экономикалық орталық кәсіп орындарын құрды. Оларға Еврей Ұлттық банкі және Еврей Ұлттық фонды қаржылай көмек көрсеткен еді. Еврей буржуазиясының көмегімен еврейлердің эммиграциялық процесстері іс-жүзіне асыра бастады. Нәтижеде Палестинада сионистердің иеліктері кеңейе бастады[79].
Сионистер еврей ұлттық орталығын құруды ағылшын қолдауын табуға қол жеткізді. Ол Англияның сыртқы істер минстрі Бальфурдың декларациясында бекітілген еді. Бальфур декларациясы арқылы Британ үкіметі германияға қарсы АҚШ пен Ресейдің де еврейлердің қолдауын табуға тырысты. Араб халықтарын тыныштандыру үшін Англия, Франция 1918 жылы Палестина халқына жолдау жіберді. ( лар Палестина, Сирия, Ирак халықтарының ұлттық кұқықтарын қолдауға уәде берді. Алайда ол тек формальды түрде болды. 1919 жылы Франция Англияның, Сирияны Францияға берудегі келісім орнына Палестинадағы ағылшын билігін қолдады. 1920 жылғы Сан-Ремодағы конференциядағы Антанта мемлекеттерінің Жоғарғы Кеңесі Англияға Палестинаның мандатын берді. 1923 жылы мандат ресми түрде күшіне енді. Англияның экономикасында маңызды ұстанымдарын алды. Англия еврей капиталдарының Палестина енуіне қолдау көрсетті [80].
Еврей агенттігі эммиграциялық қозғалыстарының ұйытқысы болды. Англия еврей эммиграциясына Палестиналық атқындықты берді. Сионистік ұйымдарға концессия берілді. Осылайша сионистік ұйым Палестинаны электрондық корпорациясы, Иордания өз гидроэлектростанциясын салуға концессиясын алды. Сонымен қатар Палестинада еврей Ұлттық Кеңесі құрылды. Ол Палестинадағы еврей хақына салық жинаумен айналысты. Жартылай легалды түрде еврей әскери-хогана құрылды. Нәтижеде еврей эммиграциясы арта бастады.
Англияның көмегімен еврей ұлттық жер фонды өз иеліктерін оданда көбейтті. 20-30 жылдары өнделетін жердің жартысы қауымның иелігінде болатын. Осы жағдай сионистік ұйымның жер тартып алуына кедергі болатын. Бұл мәселені жою үшін ағылшындар заң шығарылды. Ол бойынша қауымнан шыкқан әр феллахқа жер беруді мшдеттелінді, сөйтіп қауымнан шыккан феллахтар сионистердің қолынан шықты. Палестина феллахтардың жерсіз калуы одан сайын күшее түсті. Осылайша ағылшын саясаты Таяу Шығыстағы жағдайды қайшылыққа әкеп соқты. Тек Арабтар емес сонымен қатар сионистерге қарсы өз сионистердің эммиграциялары Палестинаға келіп, ауыр әлеуметтік жағдайға түсті. Осылай еврейлер араб шаруаларымен бірігіп, ағылшындықтардың саясатына қарсы күреске шықты.
Бірінші дүниежүзілік аяқталысымен Араб Ұлттық қозғалысы ұйымдасқан сипат ала бастады. Оның басқарушы органы Араб Палестиналық Конгрессі. Алағашқы сионист отаршылығына қарсылық 1921 жылы Яффатта болған көтіріліс болды. Көтеріліс екі аптаға созылды. 20 жылдапры ұлттық қозғалыстың басшылары сионистердің сажатын тоқтатып, мемлекетке тәуелсіздік беруін талап етті. Палестина Арабтарының ұлт-азаттық көтерілсінің жоғарғы шыңы 1921жылы болып өтті. Осы кезде ішкі саяси жағдай құрт нашарлады, өйткені сионистер өз іс-әрекеттерін одан әрі күшейттіре тұсірді. Көтерілістің себебі 1928 жылы араб және еврей дін қауымының Иерусалимдегі дуал болды. Екі жақта осы дуалды өздерінің діни орталығы деп есептеді. Ағылшын үкіметі сионистерді қолдады[81].
Еврейлер мен арабтардың арасында қақтығыстар басталды. Иерусалимде халық көтеріліс болып өтті. Бұл көтеріліс басқа да қалаларға таралды. КөтерілістІң орталықтандырылған басшылары болмады. Сондықтан өз мәресіне жете алмады. Сонымен қатар 20-30 жылдардағы азаттық күрестер күшейді және көтеріліс анти сионистік және антиотаршылдық сипатқа иеленді.
1993 жылы қуатты көтерілістерінің бірі басталды. Ол барлық қалаларға жайылды. Алайда АПК қаруының әлсіздігімен басқару орталығының болмауы мен көтеріліс өз мәресіне тағы да жете алмады.
Отызыншы жылдары сионистік ағымның күш алуы Палестинада жағдайды мүлдем қиындата тұсірді. Ең маңыздысы 1935 жылы Хайфыдағы көтеріліс болды. Бұл көтерілісті жергілікті дін басы Иззад-Дин әл-Қассам басқарды және Плаестинадағы көтерілістергі маңызды әсерін тигізді. 1936жылы П.Лорд Пилдің басшылығымен тергеу комиссиясы жұмысын бастады. Алайда жоғарғы комитеті бұл комиссиямен келіссөздер жүргізді және Палестинаны араб-еврей мемлекеттеріне бөлуді ұсынды. Бірақ ұсыныс халыктың наразылығын одан күшейтіре түсірді [82]
1937 жылы ВАК қызметіне тыйым салды. Көтерілістің екінші сатысы басталды. Егер бұдан бұрынғы көтерілістер антисионистік сипатта болса енді халық Палестинаның тәуелсіздігі үшін күресті бастады. Күрес әсіресе 1938 жылдары жандана түсті. Көтеріліс барысында сионистер отарлау саясатын азда болса қысқартуға мәжбүр болды. Олар соғыс кезінде өздерінің әскери қуатын толықтыра бастады. 1939 жылғы көтеріліс басталды.
Палестина екінші дүниежүзілік соғыстан кейінде еврейлерді жою саясатына байланысты жоғарғы Араб Комитетін құрды. Бұл комитет бүкіл еврейлерді Палестинада сионистер әскери кезеңді пайдаланып, өзінің саяси-экономикалық позициясын күшейтіруге тырысты. Палестинаның мұнай құбырын жүргізуде концессия алуына байланысты АҚШ Палестинада еврей мемлекетін құруды қолдады. Американ басшы іары еврей мемлекетін құрып сол арқылы Палестинаны өзіне бағындыруды көздеді. 1945 жылы Т.Трумэн ағымын өкіметке Палестинаға жүз мыңдай еврейді кіргізуді талап етті. Англия бұны қабылдап Палестинаға әскери жіберді. Бұл жағдай сионистердің наразылығын тудырды. 1945 жылы сионистер Тель-Авивте бұзақылық жасады. Ағылшын үкіметі біріккен ағылшын-американ комиссиясы құруды ұсынды. Т.Трумэн ұсынысты қабылдады және комиссияны құрды.
Палестина мәселесі 1947 жылы БҰҰ талқыланды және екі вариантты шешім берді:
1 .Палестинада екі демократиялық араб-еврей мемлекеттерін құру;
2. Палестинаны бейтарап демократиялық ;еврей-араб мемлекетін құру;
Нәтижеде екі мемлекетті де құру шешімі қабылданды. Қабылданған резолюция бойынша еврей мемлекетіне 56 % Палестинаның территориясы берілді, араб мемлекетіне 43% үлес қана тиді. Иерусалим халықаралық бақылаудағы арнайы зонаға айналды. Бұған байланысты арабтар қарсы шықты. Ал сионистер бұл шешімді қабылдады. Себебі олар арабтардың территориялық үлесін тартып алғысы келді және БҰҰ-ның шешімін бұзып арабтардың жерін күшпен, қарумен тартып алуға кірісті. Аарабтар құқығына ұшырай бастады. Күні бүгінге дейін бұл саясат жалғасып шешімін талқан жоқ.
1947 жылы сионистер бастаған соғыс араб халқының қарсылығын тудырды. Партизан отрядтары құрылды. Орталықтандырылған басшылық бөлімде құрылды. Ол сәтсіз аяқталды. 1947 жылы Палестинаға келген Абд әл-Кадер Хусейін ісіне Транс мердания қарсылық көрсетті.1948 жылы ол қайтыс болды. Нәтижеде Палестина жерінде 1948 жылдың 14 мамыр айында Израиль мемлекеті құрылды. Екінші дүниежізілік соғыстан кейінгі жылдардан-ақ АҚШ өз ұстанымдарын күшейтіре бастады. Кейде Израилді АҚШ-тың 51-ші штатыдеп атайды.Сондықтанда АҚШ-Изариль-Палестина ара-катынастарының қалыптасуы мен дамуын бір түсті бояумен сипаттауға болмайды.
АҚШ-тың Израилге тәуелсіздік алу жолындағы күреске көмектеспегінін ұмытпауымыз жөн. Дегенменде соғыстан кейінгі жылдары, әсіресе Эйзенхауэр басқару жылдарында АҚШ Израилге қарулы көмек көрсету саясатын нақты ұстана бастады.
«Қырғи-қабақ» соғысы жылдарында АҚШ әр уақыт Таяу Шығыстағы КСРО әсерін әлсіретуге әлек болған-ды. Сондықтанда Эйзенхауэр үкіметінің Суэц дағдарысын араласуы да жәйдан-жәй оқиға емес еді[83].
Демократ-президенттері Джәнеон мен Кеннидидің Таяу Шығыстағы саясаты жылылау болған тәрізді. Себебі АҚШ тағы сайлауда басым көпшілікті құрастырған еврейлердің дауысы маңызды болған тәрізді. АҚШ-тағы еврейлердің басым бөлігі демократиялық бағытты ұстанған болатын және конгрестегі көпшіл шешімнің Израильге пайдасын ойластырып отыратын.
1967 жылғы алты күндік соғыс АҚШ-Израиль арасындағы байланыстарда бетбұрысты кезең болып есептеледі. Палестина елін КСРО қолдай бастады. Палестиндық босқындар саны артты және соғыс қорытындысы бойынша баста Египет Синай аралдары мен Газа аймағынан айрылды, Иордания батыс жағалауларынан, Сирия болса Голлан аймағынан айрылған болатын. Нәтижеде антиизраилдің пропаганда да өзгере түсті. «Палестина босқындары» үғымының орнына «оккупацияға ұшыраған жер» деген терминологиялық үғым пайда болды. Израиль мәселені шешуге кірісті, ал арабтар болса тарихқа енген «Үш рет жоқ» деген декларацияны қабылдады. «Израилге-бейбіт өмір жоқ» деген ұрандар кеңінен таралды. Барлық араб елдерінде Израилді мемлекет ретінде мойындамау мәселесі көтерілген болатын[84].
Египет президенті Насер Израилдің пайда болуын Еуропа мен АҚШ-тың агрессиялық саясаты ретінде қарастыру қажет дер білді. Алайда қараша 1967 жылы БҰҰ-ның қауіпсіздік комитеті жаңа резолюцияны қабылдады. Ол бойынша «жер бейбітшілігі үшін» деген идея көтерілген болатын. Яғни Израиль алты күндік соғыс қорытындысы бойынша жаулап алған жерлерді қайтарып береді, ал арабтар Израиль мемлекетін мойындайды. Деген ұғыммен қабылданған декларация болатын.
«Оккупацияға ұшыраған жер» тақырыбы бүгінге дейін шешілмеген мәселелер қатарына енеді. Бұл мәселені Никсоннан бастап Кенниди басқару жылдарына дейін АҚШ біркелкі шешуге тырысқан болатын. Алайда АҚШ үкіметінің бұл ұстанымды пайдалануын екі елге бейбіт өмір сайлауменен сипаттауға болмайды, себебі Израиль-Палестина қақтығыстарының аяқталуы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ұстанымдарына қайшы келеді және қару-жарақты сату рыногына айрылады. Сондықтанда күні бүгінге дейін АҚШ осы бағыттан бас тартқан жоқ.
Араб елдерімен Израиль арасындағы байланыстарының арасына жылу серпінді жаюды АҚШ президенті Картер кезеңінде ғана біркелкі шешіле бастаған-ды. Оның кезінде Кэмп-Девид келісімі жасалған еді. Ол бойынша Израиль Египетке Синай аралдарын қайтарып берді және тарихта алғаш рет Араб елі мен Израиль арасында келісім жасады. Алайда 1980 жылғы сайлау қарсаңында Израиль-АҚШ арақатынасына «көз тиген» тәрізді, картер кандидатурасына басым көпшіл еврейлер дауысын бермеді. Олар Рональд Рейган кандидатурасын қолдаған болатын[85].
Рональд Рейган басқару жылдарында Израилдің соғыс саясаты сынға ұшырады. Себебі Израилдің Иракқа деген ауа үстіндегі ядролық электростанция бомбандировкасы АҚШ үкіметінің қарсылығын тудырды. Бұл мәселе БҰҰ-ның кезектегі жиналысында қатты сынға алынған еді және АҚШ-Израиль арасындағы байланыстарға кері әсерін тигізді.
Сегіз жылдық жылдарында Р.Рейган үкіметі әрқашанда Израилді БҰҰ жиналыстарында қолдайтын. Сол жылдардағы елшілік қызметін басқарған Джин Кирк Патрик жан тәнімен Израилді БҰҰ-ның кезектегі жиналыстарында қолдайтын.
Президент-республикандық Дж.Буш пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер Израиль-Палестина ара-қатынастарын жақсарту мақсатында Картер саясатын жалғастырды және Палестинаға «оккупациялық жерлерді» қайтару саясатын бастаған болатын. Буш пен Бейкер Израиль үкіметіне КСРО-дан жер аударғандарға тұрғын үй бағдарламасында қолдау көрсететіні жөнінде мәлімдемелер жасаған. Сондықтан Буш Израилден «жерге бейбітшілк» формуланы ұстануды талап етті. Дегенменде бұл саяси ағым іс-жүзіне аспады[86].
Израиль мен Палестина арасындағы жағдайды бәсеңдету үшін Дж.Буш үкіметінің орнына келген Клинтон жалғастырды. Ол Шимон Перес үкіметін Палестина үкіметінің құрылуына шақырды. Тарихты алғаш рет бір ойлайтын-социалистер /АҚШ-та олар өздерін либералдар деп атайды/ Изариль шекарасында «Палестина автономиясын жақтаушылар» террористік ұйымның пайда болуына әсер етті.
АҚШ конгресі қабылдаған мемлекеттік шығындар туралы заң Вашингтонның сыртқы саясатын елеулі өзгеріске ұшыратады. Құжат мұнай бағасының одан әрі құлдырауына да себеп болуы мүмкін.
АҚШ конгресі ұзақ пікірталастан соң, желтоқсанның 18-і күні, көлемі екі мың бет болатын алдағы қаржылық жылдың шығындарына қатысты заң жобасын мақұлдады. Өкілдер палатасы мен сенаттың 535 мүшесінің арасындағы түрлі көзқарастар мен позициялардың мәмілелі жиынтығы болған бұл құжатта 1,1 триллион доллар қаражаттың қайда жұмсалатыны тәптіштелген.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы мұнай бұрғылары.
Конгресс қабылдаған құжат АҚШ президенті Барак Обама қол қойған соң, күшіне енеді. Жаңа заң талаптары бойынша, алдағы жылы АҚШ-тың сыртқы саясатына төрт ірі өзгеріс енгізілмек, бұл өзгерістер Вашингонның басқа елдермен арадағы қарым-қатынасына елеулі бетбұрыс әкелетін түрі бар.
МҰНАЙ ЭКСПОРТЫНА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ
Жаңа заң 42 жылдан бері күшінде болған АҚШ-тан сыртқа шикі мұнай экспорттауға салынған тыйымды алып тастады. Вашингтон бұл тыйымды 1973 жылы ОПЕК-тің мұнай эмбаргосынан кейін енгізген. Сол эмбаргоның кесірінен Америкада бензин тапшылығы басталып, жанармай құю станцияларында ұзақ-сонар кезектер пайда болған еді.
Содан бергі 40 жыл ішінде АҚШ әлемдегі мұнай мен газ өндіруші елдердің көш басына шықты. Көмірсутегі шикізатын жер қыртысынан өндіру технологиясын меңгерудің арқасында АҚШ нарығын тақтатас мұнайы мен газы деген жаңа өнім басып қалды, сөйтіп кейінгі 10 жыл ішінде мұнай бағасы барреліне 100 доллардан 35 долларға дейін арзандады.
АҚШ үкіметі деректері бойынша, ел аумағында күніне 9 миллион 200 мың баррель мұнай өндіріледі, оның жартысы жерасты технологиясы (тақтатастарды уату тәсілі – ред.) бойынша шығарылады. Енді бұл шикізаттың сыртқы нарыққа жолы ашылады деген сөз.
Бұл – арзан шикізат арқасында пайдаға кенеліп, өз өнімдерін сыртқа сатуға әлдеқашан дайын болған АҚШ-тағы мұнай өңдеу және мұнай-химия зауыттары үшін жақсы жаңалық.
Экспортқа қойылған шектеу алынған соң, оның пайдасын ең алдымен көрші елдердегі, мәселен Мексикадағы мұнай өңдеу зауыттары көреді. Енді олар бұрынғыдан арзан да сапалы шикізат пайдалана алады.
Нью-Йоркте орналасқан Energy Intelligence Group тобының сарапшысы Дэвид Нэп «бұл өзгерістің Еуропа нарығына онша көп әсері болмайды» дейді. Оның басты себебі – сұраныс аз. Ал Азия нарығын Таяу Шығыстан жеткізілетін мұнай толық қамтамасыз етіп отыр.
- Қазір АҚШ-тың шикі мұнайына сұраныс аз. Себебі нарықта шиткізат көп. Сондықтан [жаңа заңның] халықаралық ықпалынан гөрі аймақтық әсері көбірек болады, - деді ол.
Нэптің айтуынша, АҚШ-тағы тақтатас мұнайы өндірісінің дамуы және санкциялар кесірінен жылдар бойы экспорт саудасына қатыспай келген Иранның мұнай нарығына қайта қосылу мүмкіндігі көмірсутегі шикізаты бағасының күрт арзандауына алып келді.
Бюджеті мұнай бағасына тәуелді Ресей сияқты елдер АҚШ-тың шикізат экспорттауға салынған тыйымын алып тастауынан тікелей зардап шеге қоймайды, бірақ бұл өзгеріс оларға ешқандай пайда да әкелмейді.
Ресейдің келесі қаржы жылына арналған бюджеті мұнай баррелінің бағасы 40 доллар болады деген болжамды ескере отырып әзірленген.
Нарықта мұнай көбейген сайын оның құны түсетіні анық. Ал көмірсутегі шикізатының құны түскен сайын оның экспортына тәуелді елдердің қазынасы ортаятыны тағы белгілі. Демек Ресейге зейнетақы мен мұғалімдердің жалақысын былай қойғанда, әскери ұшақтар мен баллистикалық суасты кемелерін қаржыландыру да қиынға түспек.
ЕУРОПАМЕН АРАДАҒЫ САЛҚЫНДЫҚ
Жаңа заң бойынша АҚШ-қа келетін 38 елдің азаматтарына виза тәртібі күшейтілмек. АҚШ-тың бұл елдермен арадағы «Визадан босату» бағдарламасы аясында жылына 20 миллионға жуық адам Америкаға виза алмастан, оңай келетін.

Вашингтондағы АҚШ парламенті ғимараты.
Соңғы кездері АҚШ конгресі депутаттары осы жеңілдетілген тәртіптің арқасында АҚШ аумағына террористер де өтіп кетуі мүмкін деген мәселені жиі көтере бастаған. Бұл тәртіп аясына көбіне Еуропа мемлекеттері кіретін. Қарашаның 13-і күні Парижде болған, 130 адам қаза тапқан терактілер бұл қауіпті одан сайын күшейте түсті. Қантөгісті ұйымдастырғандардың көбі Франция мен Бельгия азаматтары болып шықты, дегенмен олардың арасында Таяу Шығыстан келген мигранттар болуы ықтимал деген де ақпарат бар.
Обама әкімшілігінің Сириядан қашқан босқындарды көбірек қабылдау туралы шешімі де конгресс депутаттарының наразылығын туғызды. Желтоқсанның 2-сі күні террористер Калифорниядағы әлеуметтік қызмет орталығына шабуыл жасап, 14 адамды өлтірді. Теракт жасаған содырлардың бірі шыққан тегі пәкістандық АҚШ азаматы болса, екіншісі некеге отыру мақсатымен арнайы виза алған шетел азаматы болып шықты. Бұл да үрей үстіне үрей жамады.
Конгрестің кейбір мүшелері тіпті визадан босату тәртібін мүлде алып тастау керек деген ұсыныс жасады. Жаңа заң бұл бағдарламаның тәртібін күшейтіп, оған қатысушы елдермен арадағы алмасатын ақпарат көлемін арттыруды қарастырады. Оның үстіне Иран, Ирак және Сирия мемлекеттерінде болған азаматтардың АҚШ-қа кіруіне шектеу қойылды.
Бұл Еуропа Одағын (ЕО) алаңдатып отыр. ЕО-ға мүше мемлекеттерде Иран сияқты елдердегі азаматтығын сақтап қалған адамдар көп тұрады.
Осы айдың басында ЕО-ның АҚШ-тағы елшісі Дэвид О’Салливан ашық хат жазып, Вашингтонның бұл қадамына жауап ретінде Еуропа елдері де АҚШ азаматтарына осындай шектеулер қоя бастауы мүмкін деп ескертті.
ЕО елшісі О’Салливан «Жыл сайын АҚШ-қа барып қайтатын Еуропаның 13 миллион азаматына қарсы жасалған бұл түсініксіз шара еш нәтиже бермейді әрі ол жауап ретінде дәл сондай қарсы әрекеттердің жасалуына түрткі болады, мұның қауіпсіздікті күшейтуге еш қатысы жоқ, керісінше бұл Атлант мұхитының екі жағындағы елдердің экономикасына кері әсерін тигізеді» деп жазды. Оның бұл хатына Еуропа елдерінің АҚШ-тағы елшілері де қол қойған.
РЕСЕЙМЕН БАЙЛАНЫС ДАУЫ
Бір қызығы, жаңа заңда Ресейдің мемлекеттік «НПО Энергомаш» аэроғарыш зауытымен байланысқа көп көңіл бөлінген. Бұл зауыт ұзақ жылдардан бері АҚШ қорғаныс министрлігінің әскери жер серіктері үшін мотор жасаумен айналысып келеді. Ресей зауыты RD-180 моторын Lockheed Martin және Boeing компанияларының бірлескен кәсіпорны - әскери жер серіктерін ұшырудағы АҚШ-тағы монополист United Launch Alliance мекемесіне арнап құрастырады.
2014 жылы Ресей Украинаның Қырым түбегін аннексиялап алған соң АҚШ конгресмендері ұлттық қауіпсіздік пен экономика мәселелерін көлденең тартып, Мәскеуден мотор алуды доғару керек деген дау көтерген. АҚШ-тың өзінде SpaceX жекеменшік аэроғарыш компаниясының құрылуы бұл ұсыныстарға серпін бере түскен.
Алайда, Boeing орналасқан Иллинойс штатынан және United Launch Alliance құрастыру зауыты орналасқан Алабама штатынан сайланған сенаторлар Ресей моторларын пайдалануға мүмкіндік беретін барлық есеп-қисапты жасап, оны заң жобасына енгізіп жіберді. Енді жаңа заң бойынша, жер серіктерін ұшыруға жарияланатын конкурс зымыран моторларын қай мемлекет жасайтынына қарамастан ашық түрде өтеді.
Бұл АҚШ республикалық партиясы атынан сайланған сенатор Джон Маккейннің ашу-ызасын туғызды. Желтоқсанның 16-сы күні сенатта сөйлеген ол Ресейді де, заңға бұл бапты енгізген әріптестерін де сынады:
- Бұл жерде Владимир Путин мен Ресейдің әскери-индустриалдық кешенін басқарып отырған банда жеңіске жетті, - деді Маккейн.
КЕШІККЕН ӨТЕМАҚЫ Жаңа заң «Террор құрбандарының мемлекеттік қорын» құруды қарастырып отыр. Мұның алдында 2001 жылы қыркүйектің 11-і күні болған терактілерден зардап шеккен азаматтарға арнап, осындай қор ашылған болатын. Оның шығындары Суданға салынған экономикалық санкцияларды бұзғаны үшін Францияның BNP Paribas банкі төлеген 9 миллиард доллар айыппұл есебінен жабылмақ.

Ирандағы АҚШ елшілігінде кепіл тұтқынға алынған американдықтар.
Жаңа заң талабы бойынша 1979 жылғы қарашадан 1981 жылғы қаңтарға дейін Иран астанасындағы АҚШ елшілігінде кепіл тұтқында болған 52 АҚШ дипломаты мемлекеттен қомақты өтемақы алмақ. Дегенмен бұл санатқа кез келген террорлық актіден жапа шеккен АҚШ азаматтары енгізіледі.
Кепілдегі дипломаттарды босату үшін АҚШ Иранның 8 миллиард доллары бар есеп-шоттарын тұтқындаған болатын. Келісімге келген соң АҚШ ол есеп-шоттарды қайта ашып, кепілде болғандардың Иранды сотқа беруіне шек қойған.
Кейіннен кепіл тұтқында болған азаматтар АҚШ соттарына көп шағымданды. Алайда АҚШ үкіметі «егер қамауда болғандар жеңіп шықса, бұл АҚШ-тың сыртқы саясатын жүргізуіне кедергі болады» деген позиция ұстанып келген. АҚШ жоғарғы соты төменгі сатыдағы соттарға бұл мәселе бойынша үкім шығаруға 2012 жылы ғана рұқсат берді.
Ал 1983 жылы жасалған Бейруттағы АҚШ әскери-теңіз күштерінің тұрғынжайына, 1998 жылы жасалған Шығыс Африкадағы АҚШ елшіліктеріне шабуылдар кезінде жапа шеккен азаматтар өтемақы талап етіп, сотта жеңіске жетті. Бейрут жарылысын ұйымдастырды деп АҚШ-тың Иранды айыптағанын ескерсек, олардың жеңісі 1979-1981 жылдары Ирандағы елшілікте ұзақ уақыт қапаста отырған дипломаттарды ашуландырғаны анық.
Ал жаңа заң бойынша Тегеранда АҚШ елшілігінде кепілде болған көзі тірі 39 дипломат немесе олардың туған-туыстары арнайы қордан тұтқында болған әр күні үшін 10 мың доллардан өтемақы алады. 1979 жылы АҚШ-тың Ирандағы елшілігінде саяси офицер қызметін атқарған 72 жастағы Джон Лимберт:
- Меніңше, бұл – тым ұзақ кешіккен шешім. Мұны баяғыда жасау керек еді. Өз үкіметіміз Иранмен бірігіп, біздің өтемақы алуымызға мүмкіндік бермей келді, - дейді.
Әлемдік  тәртіптер мен қатынастар үнемі  өзгерісте. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз орнын алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады.
Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.
Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды. Әлемдік саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып табылады. Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат. Себебі ол барлық халықтар мен мемлекеттерге ортақ саяси шындыққа тікелей қатысты.
Әлемдік саясат көпқабатты және көпжақты құбылыс. Себебі оның қызметі жаһандық өзгерістердің және жаңа құбылыстардың тууына байланысты. Мысалы, ғаламшардың жаһандық жылынуы әлем халықтарына түрлі табиғи апаттар әкелуде. Сондықтан өндірістің зиянды қалдықтарын азайтуға әрбір мемлекет мүдделі деп есептеледі. Алайда көпшілік мемлекетер өздерінің, капитал мүдделеріне әлі де болса басымдылық беруде. Өндіріс дамуда, зиянды қалдықтар өсе түсуде. Ал, әлемдік саясат адамзатты сақтау үшін әр ел өзінің эгоистік, ұлттық мүдделеріне тиым салу қажеттілігін талап етуде.
Әлемдік саясат мақсаты мемлекеттерді ғаламшарлық ортақ мәселелерді ұжымдық шешуге ұйымдастыру, олардың арасында бейбітшілік пен татулықты сақтау. Басым державалардың және трансұлттық компаниялардың ғаламдық мәселелерді шешуге бағытталған іс-әрекеттерін ортақ арнаға бұру. Әлемдік саясаттың түпкілікті, көкейтесті міндеті-адамзаттың өмір сүруіне жағдай жасау арқылы, оның тіршілігін қамтамасыз ету. Қазіргі кезеңде әлемдік басым державалардың саяси элиталары әлемдік саясат міндеттерін шешпейінше ешбір мемлекетте келешек болмайтындығын түсінуде.
Демек саясат мәнін ұғыну үшін халықаралық саясат бағыттарын, оның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын білу маңызды. Сондықтан саясаттану пәні студенттердің әлемдік саясат туралы кең көлемде түсінігін қалыптастыру зәрулік деп біледі. Себебі, халықтар мен мемлекеттердің тарихи тағдырлары бір-біріне байланысты және тәуелді. Олардың өзара қатынастары мемлекетаралық деңгейде, халықаралық ұйымдар арқылы, трансұлттық корпорациялар, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар т.б. әлемдік саяси процесс субъектілері арқылы өтеді. Әлемдік саясат акторлары қызметтері адамзаттың сақталуы мен өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейді.
Әсіресе ядролық және жаппай қыру қаруларының басқа түрлерін қолдануға, сынауға тиым салу, оларды таратпау, сатпау мәселесін әлем мемлекеттері бірлесіп шешу қажеттілігін түсініп, ортақ шаралар жасай бастады. Әлемдік саясат соғыс қаупіне қарсы халықтардың және мемлекеттердің бірлесіп күресуі қажеттілігін сезінуден басталады десек қателеспейміз. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап әлемдік жақындасу, бірлесу, ортақтасу, мүдделердің тәуелділігі сияқты үдерістердің күшеюі тереңдей берді. Ортақ экономикалық, сауда, транспорт пен коммуникация ғылым мен ақпарат байланыстары халықтар мен мемлекеттерді өзара тәуелді ете түсті. Өзара келісіп, ортақ мәселелерді бірлесіп шешу міндеттері зәрулікке айналды. Әлемдік жаһандану үдерісі тек объетивті ғана емес, түрлі субъективті факторлар ықпалымен жылдамдай берді. Әлемдік деңгейдегі ортақ мәселелер жүйесінің қалыптасуы ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында нақты нәтижелерін беріп жаһандық жаңа тәртіптер қалыптасты. Адамзат өркениетті бір сапалық деңгейден, екінші мүлдем жаңа сапалық деңгейге ауысты. Жаһандану үдерісі ХХІ ғасырдың бастапқы кезеңінде бұрынғыдан да әлеуетті бола түсті.  Жер шары халқының саны 2010 жылғы 6,8 миллиард болса 2025 жылы 11 млрд. адамға өсуі болжануда. Өкініштісі халық өсуі тіршілік ортаның ластануымен қатарласа жүруде. Адамзаттың осылайша өсуі міндетті түрде экологиялық катастрофаға әкеледі деп есептейді сарапшылар.
Адамзаттың дамуы демографиялық дағдарыс, экологиялық қыспақ, азық-түлік тапшылығы сияқты дәстүрлі қауіптер мен қайшылықтарға қосарласқан жаңа қауіптерге душар болуда. Олар ядролық қарулардың және басқа да жаппай қыру қаруларының бақылаусыз таралуы, халықаралық терроризм, түрлі індет ауруларының жаңа түрлерінің қауіптері, адамдарды құлдыққа сату, жасырын миграция, аштық (әлем халқының 1 млрд. адамы қазір ашығуда), экстремизм, наркотрафик т.б. қауіптер мен қайшылықтар. Әлемдегі бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына зардаптарын тигізетін осы қауіп-қатерлерден келетін шығындарды азайтуға бағытталған тиімді де күшті саясатты басқа мемлекеттермен үйлестіре отырып жүргізуге әлемнің әрбір мемлекеті мүдделі.
Қазақстан өзінің географиялық орыналасуы жағынан әлемдік мүдделердің тоқайласқан аумағында тұр. Әлемге наша, наркотик өнімдерінің қомақты бөлігін шығарушы Ауғанстанның наркотрафигінің «солтүстік» бағытындағы Қазақстан жері арқылы  ауған наркотиктері Ресей мен Батыс Европа елдеріне жол тартуда. Қазақстан әлемдік ВИЧ-СПИД індетінен тыс қала алмады. Егер 1987 жылы елде алғашқы ВИЧ - инфекциясы тіркелсе, 1996 жылы оның саны 46-ға жетті. 2009 жылдан бастап 2000-нан астам қазақстандықтар ВИЧ - инфекциясын жұқтыруда. Көршілес Өзбекстанда 2009 жылы 4016 адам, Қырғызстанда 687 адам ВИЧ-инфекциясын жұқтырған. Орта Азия мемлекеттерінде ВИЧ көбінесе инъекция жасалу кезінде таралатыны мәлім болып отыр /1/.
Соңғы 2009-2010 жылдарда бес жасқа дейінгі балалардың полимелит ауруының асқынуы байқалуда. Орта Азия халықтары үшін полимелит эпидемиясының ошағы Тәжікстан Республикасы болып отыр. Құс тұмауы, Шошқа тұмауы сияқты жаңа індеттер түрлері де шекараларды жоққа шығаруда.
Әлемдік тәртіптер мен мемлекетаралық қатынастардың өзара тәуелділік пен ортақтасу принципіне бейімделе түскендігі нақты байқалады. Әлем халықтары мен мемлекеттері жаһандық қауіптер мен мәселелерді бірлескен күшпен өзара келісім саясатымен ғана шешуге болатындығын ұғнып отыр. Әлем мемлекеттерінің жаһандық мәселелерді шешуге қатынасуы жолдары БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, БСҰ сияқты халықаралық ұйымдар арқылы жүргізілсе, әлем халықтары жаһандық қауіптерге қарсы халықаралық азаматтық ұйымдар Гринпис, Халықаралық Қызыл Крест, Шекарасыз дәрігерлер, феминистік, гендерлік ұйымдар қызметтері арқылы жүргізілуде.
Мемлекеттер мен халықтар жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында әлемдік қауымдастық құрып отыр. «Әлемдік қауымдастығы» ұғымын алғаш рет ресми түрде 1969 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде АҚШ Президенті Ричард Никсон қолдаған. Ол,- «Бүкіл тарихи ғұмырымызды біз бірінші рет әлемдік қауымдастық болып отырмыз»,- деп көрсетті /2/. Әлемдік қауымдастықтың мақсаты-әлемдік тәртіптерге әсер ете отыра әлемдік бейбітшілік пен адамзатты сақтау болып табылады. Негізгі мақсатты орындау үшін барлық мемлекеттер әлемдік қауымдастықты нығайта беруге мүдделі болуға тиісті. Бұл ретте әлемдік және аймақтық басым державалардың бейбітшілік пен татулық үлгілерінің маңызы үлкен. АҚШ, Қытай, Ресей, Индия, Бразилия, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Пәкістан сияқты қуатты мемлекеттердің агрессияға бармауы, әлемдік тәртіптерде бейбітшілік пен қауымдастығының жаһандық мәселелері мен қауіптерді тиімді шешу саясатын жүргізуге жағдай туғызатыны анық. Әлемдік тәртіптерде, әлемдік геосаяси құрылымда бейбітшілік әлемінің басым болуына жағдай жасайтын мемлекеттерді нағыз бейбітшілікті сүйетін мемлекеттер ретінде бағалауға болады.
Қазіргі әлемдік саясатқа қатынасатын негізгі акторлар: егеменді мемлекеттер, мемлекетаралық ұйымдар, халықаралық үкіметтік, немесе үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. Сонымен қатар қазіргі халықаралық қатынастардың белсенді акторлары, яғни қатысушылары түрлі мемлекеттер блоктары (НАТО, ОДКБ, СЕАТО, СЕНТО, АНЗЮС), интеграциялық топтар (ЕО, ТМД) мемлекетаралық бірлестіктер (ШЫҰ, БРИК) т.б. халықаралық ұйымдар өздерінің мақсаттары мен тәуелсіздіктерін сақтай отырып әлемдік саясатқа қатысады және жаһандық мәселердің шешілуіне ат салысады.
Мемлекеттің шеңберінен тыс мәселелерді сол елдің сыртқы саясаты шешеді, айналысады. Қазіргі өзара байланыстағы дүниеде ұлттық мемлекеттер әлемдік қатынастарда өздерінің мүдделерін қорғау мақсатында басқа мемлекеттермен тығыз қарым-қатынастар жасау саясатын жзүргізеді. Ол саясат арқылы экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық, ақпарат т.б. салалардағы байланыстар жүреді. Сонымен бірге, әлемдік қатынастарды реттеп отыратын бір жеке орталық жоқ. Барлық мемлекеттерді байланыстыратын әлемдік саясатты жасаушыда орталық жоқ. Әлемдік саясат мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарынан стихиялы түрде қалыптасқан құбылыс. Әлемдік саясат принциптерін негізінен тең құқықтағы мемлекеттер өзара қарым-қатынастары барысында жасайды. Бірақта, мемлекеттердің қатынастары әр-түрлі. Елдің ішкі жағдайындағы сияқты әлемдік саясатқа мүдделер мен күштердің қайшылықтары ерекше ықпал жасайды. Әлемдік тәртіптер мемлекеттердің ғана емес жеке адамдардың өмірі мен тағдырына өзінің әсерін тигізіп отырады. Жеке адам әлемдік қауіптердің құрбаны болуы ықтимал. Сонымен қатар ол әлемдік ақпараттық жүйелердің өнімдерін міндетті түрде пайдаланып отырады. Демек әлемдік саясат пен әлемдік тәртіптер жеке тұлғаның өмірінде белгілі дәрежедегі ықпалға ие.
Қазіргі әлемдік саясаттың түрлі деңгейлері макро, мего, микро деңгейлері өзара байланысып біріне – бірі күшті ықпал жасап отырды.
Ұлттық мемлекеттер шеңберінен тысқары жүргізілетін, әлемдік мәселелерді реттеуге, немесе оларға ықпал етуді мақсат тұтатын саясат келесідей категориялардан тұрады.
1. Сыртқы саясат – мемлекеттің, немесе жеке халықтың сыртқы саладағы қызметі. Бұл саясат мемлекеттің басқа мемлекеттермен байланыс жасау, немесе жасамау деңгейін сипаттайды. Сыртқы саясат мемлекеттің өмір сүруіне қолайлы сыртқы жағдайларды жасауды көздейді. Әлемдік қауымдастықтан ұлттық мемлекеттің орнын табуына ықпал етеді.
            2. Халықаралық саясат – мемлекеттердің халықаралық аренада бірлескен қызметі болып табылады. Саясаттың бұл саласы мемлекеттерді оларға ортақ мәселелерді бірлесіп, келісімдер арқылы шешу жолдарын көрсетеді. Халықаралық саясаттың елдер мен халықтар арсындағы өзара тәуелділіктің, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті талап ететін мәселелердің көбеюіне байланысты маңызды арта түседі.
3. Мемлекетаралық саясат – жекелеген мемлекеттердің арасындағы қатынастар жүйесін белгілейді. Бұл саясат мемлекеттердің органдарының, қызметтерінің және өкілдерінің (президент, парламент, үкімет, сыртқы істер министрілігі, кеден т.б.) екі мемлекетке ортақ мәселелерін өзара келісіп шешулерінің жолдарын анықтайды.
4. Ұлттық мемлекет үстіндегі саясат (наднациональная политика) – жекелеген мемлекеттердің өздерінің кейбір егеменді құқықтарын өз еріктерімен халықаралық ұйымдарға беруімен сипатталады. Мысалы, мұнай  бағасын халықаралық нарықта реттеу құқығы. Сыртқы, әлемдік саясаттың бұл бағыты Қазақстандық саясаттану ғылымында әлі зерттелген жоқ
5. Мультиұлттық саясат- бірнеше, немесе  одан көп мемлекеттерден құралған біріккен саясат субъектілерлінің халықаралық қатынастарға ықпал етуі (ЕЫҚҰ, ЕО, ШЫҰ, БРИК). Бұл саясаттың субъектілері ұлттық мемлекеттер болып табылады.
6. Трансұлттық саясат – мемлекеттік емес саясат акторлары мен субъектілерінің: партиялар, кәсіподақтар, әлемдік діндердің ұйымдары, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, трансұлттық корпорациялардың т.б. халықаралық аренада қызмет етуі.
Аталған категориялардың барлығы әлемдік, немесе халықаралық саясат ұғымының түрлі аспектілерін, қырларын көрсетеді. Ал, әлемдік, халықаралық саясат ұғымына келетін болсақ бұл ұғым халықаралық құқық суъектілерінің (мемлекеттер, мемлекетаралық және мемлекеттік емес ұйымдар, одақтар, діни ұйымдар, трансұлттық ұйымдар мен корпорациялар т.б.) соғыс және бейбітшілік, адамзаттың сақталуы, жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қарусыздану, ұлттық, аймақтық, жаһандық қайшылықтардың алдын алу және реттеу, қоршаған ортаны сақтау, аштық пен ауруларды азайту және басқа да әлемдік қайшылықтарды шеше отырып адамзат үшін әлемде неғұрлым әділетті тәртіптер орнатуға бағытталған мақсатты қызметін көрсетеді.
Әлемдік, немесе халықаралық  саясат – халықаралық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірлескен саяси қызметі болып табылады. Әлемдік саясат мәні мен мазмұны БҰҰ, ЕО, ЕЫҚҰ, АМҰ (американ мемлекеттерінің ұйымы), АМҰ (африкандық мемлекеттер ұйымы) Социалистік интернационал, Гринпис т.с.с. ұйымдардың қызметтерімен анықталады. Сонымен қатар әлемдік қауымдастық бірігіп жасаған заңды органдар мен ұйымдардың қызметтері арқылы әлемдік саясат іске асады. Әлем мемлекеттерінің өзара қарым-қатынастар жасаудың принциптері мен жолдарын анықтайтын әлемдік саясат халықаралық қатынастарды реттеудегі  шешуші фактор болып табылады.
 Әлемдік саясат әлем халықтарының гуманитарлық, ізгілікті ойлауының ортақ жетістігі  болып табылады. Техногендік, экологиялық мазмұндағы әлемдік қауіптер ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана маңызды болды. Ал, одан бұрын ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХІ ғасырдың басында негізгі жаһандық қауіп әлемдік соғыстар қаупі болатын. Мемлекеттер  өзара  қайшылықтарын түрлі соғыстармен шешіп келді. Әлем тарихында мыңдаған соғыстар белгілі. Соның ең ауыры 1914-1918 жылдардағы бірінші, және 1939-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыстар болатын. Екі дүниежүзілік соғыста ғана 100 миллионан астам адам қырылған болатын. Сондықтан әлем халықтары мемлекеттер арасында бейбітшілікті сақтау қажеттілігін алдымен сезінді. Әлемдік саясат соғыс және бейбітшілік мәселесін әлем мемлекеттерінің ортақтасып шешуімен басталады деп есептеуге болады.
Әлемдегі бейбітшілікті сақтау үшін дамыған мемлекеттер адамды және оның құқықтарын қорғауды міндет деп таниды. Осы негізінде әлем мемлекеттерінің озық елдері өздерінде құқықтық мемлекет және қоғамдық өмірді демократияландыру үдерісін бастады. Адам мәселесі өркениетті мемлекеттерді бір ортаға жинақтайтын, өзара консенсусқа, түсіністікке жетелейтін фундаменталды, өзекті мәселеге айналды. Өркениетті мемлекеттердің ықпалымен әлем халықтары адам құқықтарын қорғайтын саяси билік  жүйелерін қалыптастыра бастады. Әлемдік ортақ мәселелерді шешу ғасырларға созылған әлемдік ізгілікті, әділетті тәртіптер орнатуға деген әлем халықтарының құлшынысының негізінде қалыптасады. Ал, әр елдегі адам мәселесін шешу және оның құқықтарын қорғау үшін жаһандық мәселелерді шешу және жаһандық қауіптермен күресу қажет болды.
Әлем халықтары мен мемлекеттерінің демократиялық құндылықтар негізінде топтасуына XVIII ғасырдың соңында болған Ұлы Француз революциясының 1789 жылғы «Адам және азамат құқықтарының Декларациясы», БҰҰ 1948 жылы қабылдаған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы», 1966 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Экономикалық, әлеуметтік жәнемәдени құқықтар туралы халықаралық пакт», 1975 жылы Хельсинкиде қабылдаған «Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесінің Қортынды актісі» т.б. құжаттар көмектесті. Қазақстанның әлемдік мәселелерге үлесін ЕҚЫҰ VII Астана саммитінде қабылдаған Декларациясынан байқаймыз.
Аталмыш құжаттарды әлем халықтары мен мемлекеттерінің адамзатты сақтау үшін бейбітшілік пен соғыс мәселесін шешу жолындағы тәжрибесі синтезделді. Адам құқықтарын қорғау, демократия мен бейбітшілік үшін күрес ғаламдық саясат принциптерін айқындап берді. Адамзаттық тағдыр ортақтастығы мәселесі барлық халықтар мойындайтын бірінші басымдылыққа айналды. Әлем мемлекеттері ортақ азаматтық мәселелерді бірлескен күшпен шешпейінше тұрақты даму болмайтындығын түсінетін дәрежеге жетті. ХХІ ғасырда жаһандық мәселелердің күрделене түсуі әлем мемлекеттерінің әлемдік саясатпен айналысуға деген зәрулігін тіптен күшейтіп жіберді.
Әлемдік саясат халықаралық экономикалық, саяси, мәдени-ақпараттық, технологиялық байланыстардың жаңа деңгейге трансформациялануының нәтижесінен туды. Жаһандық мәселелер ұлттық мемлекеттік шекара көлемінде мүлдем шешілмейді. Көптеген күрделі мәселелер барлық мемлекеттерге ортақ жаһандық жүйеге айналып, жалпы әлемдік сипат алуда. Әлемдік мәселелерді шешу үшін әлемдік саясат мемлекеттердің шаруашылықтарының даму динамикасына, интеграциялық үдерістерді нығайтуға ықпал етуге тырысады. Осы арқылы әлемдік шаруашылық пен әлемдік нарықта мемлекеттердің өзара тәуелді байланысы күшейді. Бұл жағдай саяси қатынастардың бейбітшілік жолымен дамуына экономикалық тірек болады.
Әлемдік саясат, жеке мемлекеттердің саясатының жәй ғана жиынтығы емес. Ол жекелеген халықаралық қатынастар субъектісінің  де саясатына сыймайды. Сонымен қатар әлемдік саясат халықтар мен мемлекеттердің ортақ, жалпы мақсат-мүдделерін тоқайластырып, түйістіріп халықаралық қатынастардың барлық элементтеріне өзінше жеке әсер етеді. Жаһандық саясаттың барлық элементтері бірімен-бірі байланысты, өзара тәуелді бола отыра біртұтас құбылыстың жеке бөлшектері ретінде қызмет істейді. Әлемдік саясаттың тиімділігі оны жасайтын мемлекеттердің ортақ қауіптерді түсіну дәрежесіне, жағдайды түзетуге бағытталған белсенді саясат ұстануына байланысты. Мемлекеттің сытқы саясаты әлемдегі болып жатқан өзгерістерге жауап бере алуының маңызы зор. Әлемдік шындықтарға нақты, әділетті бағасын беру арқылы мемлекеттер өздерінің қызметтерін үйлестіруге мүмкіндік алады. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарды бағалауда ортақ мәселеге  келу арқылы мемлекеттер олардың бетін қайтарудың біріккен шараларын жасау саясатын күн тәртібіне қояды.
Әлемдік саясатты ішкі саясат сияқты орталықтанған билік басқармайды.. Сондықтан әлемдік саясатқа қатысушы акторлар әлемдік шындықтарға сәйкес өз беттерінше қызмет етеді. Сондықтан әлемдік саясаттың тәуекелі көп. Әлемдік саясаттың бір субъектісі екінші субъектісінің не істеп жатқандығын да біле бермеуі мүмкін. Әр мемлекеттің сыртқы саясаты сол елдің ұлттық мүдделерінен туындайтын нақты және анық міндеттер болса әлемдік саясат субъектілерінің қызметі стихиялы жүреді. Оның бағыт-бағдарын анықтап, әрбір субъектінің шешетін мәселелерін белгілеп отыратын әлемдік саясаттың орталығы жоқ. Әлемдік саясат-әлем мемлекеттерінің жаһандық қауіптерімен мәселелерді бірлескен күшпен шешу қажеттілігін түсіну құбылысы. Әр мемлекет өзінің қуатына және мақсаттарына қарай әлемдік тәртіптерге ықпал етуді көздейді. Адамзаттың тағдырының ортақтастығын түсіну, әлемдік қатынастарды бейбіт жолмен реттеуге құлшынысты тудырады. Өзара жауласу, теке-тірес, күш көрсету, басқа әлсіз мемлекеттерге зорлық жасау әлемдік тәртіптерге қауіпті екендігі халықтар түсіне бастады.
Сол себепті әлемдік саясат жаһандық тәртіптерді реттеуші ерекше саясат түрі болып табылады. Әлемдік саясат принциптерінің жалпылық сипаты бар дедік. Бірақта оларды  орындауға әрбір мемлекет міндетті емес. Халықаралық нормалар мен құқықтары белгілейтін құжаттарға қол қойған мемлекеттер ғана өз міндеттерін әлемдік қауымдастық алдында орындап отыруға міндеттеме алады.
Әлемдік саясаттың күнделікті мақсаты - әлемдік тәртіпте бейбітшілікті, тұрақтылықты, демократияны сақтау. Сонымен қатар оның көздегені әлемдік саясатқа қатысушы субъектілердің барлығының мүдделі тоғысатын халықаралық орта жасау. Мүдделердің ортақтастығы, адамзатты сақтауға деген зәрулік көптеген мемлекетердің жалпыадамзаттық мүдделердің басымдылығын мойындауына әкеліп отыр.
Сонымен қатар әлемдік саясатты әлемдік билік үшін күресетін, әлемдік тартыстардан, әрбір елдің өздеріне тән геосаяси күрестерінен, түрлі бәсекелестіктер мен мүдделер қайшылығынан тысқары алып қарасыруға болмайды. Әлемдік саясатта АҚШ, Қытай, ЕО, Ресей сияқты алпауыт мемлекеттердің үстемдігі байқалады. ХХ ғасырдың 50-90-шы жылдары мысалы, әлемдік саясатта  екі басым полюс АҚШ пен Кеңес Одағы болды. Кеңес Одағы күйрегеннен кейінгі ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ басы бір полюстік әлемдік саясат болды. Ол АҚШ-тың басым болуымен сипатталады. Ал, 2005-2010 жыдардан бастап әлемдік саясатта көпполюстік қатынастар басым болуда. әлемдік қатынастарды айқындаушы күштер қатарына жоғарғы аталған мемлекеттермен қоса Үндістан, Жапония, Бразилия сияқты жылдам дамушы елдер ықпалы арта түсуде. Әлемдегі өзгерістер үздіксіз процесс. Онда ұдайы жаңа, табиғаты күрделі құбылыстар пайда болуы заңдылық. Әлемдік саясат субъектілері осы әлемдік өзгерістерді, мәселелерді, қайшылықтарды танып  білуге және оларды шешу ісіне, немесе қауіптерді азайту шараларына әлем мемлекеттерін жұмылдырып отыруға міндетті.
Әлемдік тәртіптерді реттеп отыратын Әлемдік Үкімет құру жоспары әзірше футурологтардың ғана ойларында. Бірақта, әлемдік мәселелер мен тәртіптердің өзгеруіне әлемдік қауымдастықты дайындайтын БҰҰ, ЕЫҚҰ, АЕО, Ислам конференциясы сияқты халықаралық ұйымдар бар. Олар әлемдік саясаттың негізгі принциптері мен бағыттарын әлем мемлекеттеріне танытуға және мойындатуға ат салысып келеді. Бірақта, әзірше бірде бір халықаралық ұйым әлем мемлекетеріне міндетті шараларды іске асыруға мәжбүрлей алып отырған жоқ. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен болатын санкциялардың өзінің орындалуы ойдағыдай емес. Әлемде әділетті тәртіптер орнады деп айтуға ертерек.
Елеулі кемшіліктерге қарамастан әлемдік саясат өркениетті адамзат пен дамыған мемлекеттер ықпалымен біртіндеп ізгіленіп, гуманизацияланып келеді. Ол адамдарды ұлттық, нәсілдік, мемлекеттік, әлеуметтік-таптық тегіне қарамастан жаһандық мәселелерді бірігіп шешуге бастап келеді. Адамдардың бостандығы мен теңдігіне негізделген әлемдік саясаттың қазіргі мақсаттары: халықаралық қауіпсіздік жүйесін жасау, мемлекетаралық қатынастарда күш көрсету, зорлыққа жол бермеу, халықтар арасындағы сенім мен бейбітшілікке бастайтын қатынастарды қалыптастыру, жаппай қырып жоятын  және ядролық қарулардың таралуына жол  бермеу, әлемдегі қорқыныш пен үрейді, өзара жауласуды тоқтату сияқты жеке адамдар мен халықтардың бейбіт және тыныш өмір сүруін қамтамасыз ету. Ең бастысы әлемдік саясат жаһандық бейбітшілікті қамтамасыз етуге тиісті. Әлемдік басым державалардың әлсіз мемлекеттерге қарсы зорлыққа бармауының, ұлттық мүдделерін адамзаттың мүдделерге бағындыруының маңызы арта түсуде. Ол үшін әлем халықтарының, әлем азаматтарының бейбітшілік пен адам құқығы идеяларының платформасында топтасу қажет. Әлемдік саясат әлемдік қатынастар сияқты аса күрделі құбылыс. Оның ойдағыдай шешімін табуы тіптен қиын. Сондықтан әлем мемлекеттері мен халықтары жаһандық мәселелер мен қауіптерге қарсы әлемдік саясаттың тиімділігін арттыра беруге мүдделі. Онсыз әлемдік тыныштықты сақтау мүмкін емес.
ҚОРЫТЫНДЫ
АҚШ империализмінің өткен тарихы мен қазіргі тандағы барлық саясаты оның негізінде күш көрсету, ең алдымен әскери күш көрсету теориясы мен практикасы жатқанын дәлелдейді. Сондықтан күш көрсету, оны жинақтау, тікелей және жанамалап қолдану, қоқан-лоққы жасаумен ол күшті көрсету, әскери күшке иек арту АҚШ сыртқы саясатының шешуші және соңғы құралы болып келеді. Қазіргі халықаралық қатынастардағы Вашингтонның үздіксіз ұстанып отырған бағыты осындай. Бұған барлық саясаттанушылар мен тарихшылар және соцологтар келісетініне күмән жоқ.
Американ күш көрсету саясатының «бейбіт» жақтарынан әскери-стратегиялық есептердің, мүдделері мен мақсаттардың басымдылығы көбінесе тек дағдарысты ғана емес, сонымен қатар «дағдылы» халықаралық жағдайдарда да көрінеді. Бұл әтсе де Вашингтон барлық жерде, әрқашан және барлық жағдайда өзінің әскери қуатын ашықтан-ашық іске қосады деген сөз емес. Бірақ: -Біріншіден, оның сыртқы саяси акцияларының кез-келгені дерлік дипломатиялық, экономикалық, идеялық-насихаттық және басқа да «бейбіт» құралдарының көмегімен ғана жүргізіліп қоймайды, сонымен қатар қару беру мен жанталас қаруланудан бастап, әдеттегі қарулы күштерді-флотты, авиация мен әскерді жергілікті жерде көрсетумен және американ саясатшылары мен стратегтерінің есептері бойынша, АҚШ-тың қалған дүниеге қажетті ықпал жасауын қамтамасыз ететін өздерінің жаппай стратегиялық потенциалының көкейкесімен аяқталатын белгілі бір түрде осы міндетті түрде нығайтылып отырады.
-Екіншіден, АҚШ-тың өзінің немесе коллективтік-одақтастық немесе жалдамалы, дағдылы немесе жартылай әскери және т.с. қарулы күштер мен қару-жарақтарды тікелей немесе жанама, ашық немесе жасырын, пайдалану соңғы жылдары және бұдан бұрынғы жылдарда Вашингтонның кең және тұракты практикасына айналғаны сонша, әскери күш тек сапалық ғана емес, сонымен катар таза сан түрғысынан американ империализмінің ғаламдық саясатының негізгі құралына айналғаны әбден анық.
Нақ американ әскери күшінің басымдылығына авантюристік иек артуды негізге алған дүниежүзілік көшбасшылық және үстемдік саясатты жүргізуге өзін құқылымын деп есептейді. Оны соңғы он жыл көлемінде жасаған кіріптар соғыстарынан байқауға болады. Американ империалистері, айналып келгенде тағы да ең алдымен өздерінің әскери қуатына арқа сүйенеді және халықаралық саясатта өзіне жағдай берілуіне күш салуда және өзі қалағанының бәрін, ал қалғандары АҚШ үшін қолайлы нәрсені ғана істей алатын, іс жүзінде «екі ұдайстандар», «іс -әрекет ережесін» талап етуден тайынбай отыр.
Американ қуатының теориясы мен практикасы-Вашингтонның жаһандағы көптеген доктриналары мен іс-әрекетінің, Подстам келісімдерінің ОСВ-екі шартына дейінгі және БҰҰ-ны Американ мемлекеттері ұйымына дейінгі халықаралық шарттарға, заңдар мен ұйымдарға, тіпті оның өзі қатысқандарына да менсінбей қарауының негізі көзі болып келеді.
Әскери куатқа әлдеқашаннан бері иек артудан бас тартқысы келмей, Вашингтон кару-жараққа бақылау, оларды шектеу және қысқарту туралы, ұлттык саясаттың қарулы ретінде күш қолданудан бас тарту туралы кез-келген дерлік келсімді жасасудан немесе орындаудан жалтарып отыр. Әскери күшті өзінің беделінің қүдіреттілігі мен ықпалының негізі деп санап, американ империалистері тоқтаусыз, барған сайын қымбатқа түсіп, қауіпті болып отырған, қазір кез-келген сәтте қандай бақылаудан болса да шығып кету қатері бар жанталаса қарулануды «жаппай қырып-жоятын қарудың барған сайын жаңа түрлері мен жүйелерін жасауды өрістете түсті; Ал басқа елдерге айып тағып отыр.
Ең алдымен бұрыңғы КСРО-ның қорғаныс қуаты арқылы американ күшіне қарсыласу мен қарама-қарсы тұрушылықтың өсуінің, ол күштен саяси, психологиялық және экономикалық «қайтарымының» құлдырауының бұл тарпас фактісіне кездескен АҚШ-тың билеуші топтары күшті жеделдетіп арттыру үшін ғылыми-техникалық прцесстің соңғы жетістіктерінен бастап, өзінің әр түрлі одақтастарының ең алдымен НАТО-дағы одақтастарының күштерін тауып, оған қосу іздестіріп жанталасуда. Олар сондай-ақ қазірдің өзінде жинақталған орасан зор әскери күшін пайдаланудың қандай болсада жаңа «ұтымды» неғүрлым арзан және АҚШ-тың өзі үшін қауіпті неғүрлым аз-әдістерін табуға жанталас ұмтылуда. «жарияланған соғыстар» жүргізіп, «шектеулі ядролық» және басқада соғыстар әзірлеуде.
Американ бұрыңғы басымдылығын көксеп, тарихи прогреске, адамзаттың социализммен бейбітшілкке ұмтылуына көнгісі келмей, күшейген «күш құрып жанталасып» болды. Ендігі сәт өзі ойластырып тапқан терроризм ағымымен күресуде. Сол бағытты ұстана отырып Америка әр аймақта өз әскери базаларын құрып қоқан-лоққысын көрсетуде. Ал американ империалистері болса күш көрсету саясатының догмаларына жармасып айрылмай отыр, қазіргі халықаралық қатын істарды «күшею жолындағы және ең куаттының ітір қалу жолындағы» күреске айналдырғысы келеді. Бір жағынан ел тағдырын шешіп беретін төреші рөлін ойнаса, екінші жағынан дамыған және дамушы елдер арасындағы саяси және экономикалық өзара катынастарды бейбіт қатар өмір сүру, тең құқықты, өзара тиімділік және кауіпсіздік принциптерінде қайта құруға да қарсы шығады.
Қазіргі таңда АҚШ үкіметінің басты мақсаты жаһандағы көшбасшылык жағдайын ұстап қалудың жолдарын іздестіріп, «үшінші дәрежелі» елдерге жаңа отаршылдық позициялары мен американ монополияларының мүдделері құтқарудың мәселелерін қарастыруда. АҚШ-тың үстемдік етуші топтары шектеус із жанталаса қарулануды монополиялардың үстеме пайдасының көзі және қалған мемлекеттерге ықпал етудің «көзір картасы» деп санайды. Олар жанталаса қарулануға, бір жағынан, американ экономикасының, ғылыми мен техникасының » дем берушісі», екінші жағынан, өз қарсыластарын «қалжыратудың» құралы ретінде үміт артады.
АҚШ империализмінің саяси, экономикалық және идеологиялық кысымына қарсы қимылдай отырып, әлеуметтік құрылысы әр түрлі мемлекеттердің арасындағы қатынастардың бейбіт қатар өмір сүру шеңберінен шығып кетпеуіне ұмтылып, ұлт-азаттығы, бейбітшілік пен прогрессс күштері оның тарапынан туып отырған соғыс қатерін бір сәтке де естен шығармайды.
Мынаны ескеру қажет: АҚШ-тың ең либерал реализмге бейім немесе амалсыздан бейім болған, күштің «бейбіт» элементтерін кеңінен қолданған, оны шектеу және т.б. туралы әр түрлі келісімдерге келген президенттері мен үкіметтерінің өзі де сонымен қатар АҚШ-тың әскери потенциалын арттыруға, өздерінің қарсыластарынан әскери басымдыққа жетуге, ол басымдықты «ұтымды» пайдаланудың белгілі бір әдістерін табуға және т.б. ұмтылуын үнемі жалғастыра берген болатын.
Вашингтон орталық барлау басқармасының жартылай әскери опперацияларынан бастап, Пентагонның «жергілікті» соғыстарымен аяқталатын кезекті әскери күш қолдануының әрқайсысы басқа мемлекеттер мен халықтардың көпшілігі тарапынан аса қуатты қарсылық, ал кейде АҚШ-тың өзінде елеулі ішкі оппозиция туғызып отырды. Басым көпшілік жағдайдарда АҚШ әскери дуатының «түғырыққа тірелген жағдайға» тап болуы көлемді немесе ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуге толық немесе едәуір дәрежеде дәрменсіз болып шығып отырғаны кезейсоқ емес.
Вашингтон халықаралық позиялары мен экономикасының шынайы ұлттық қауіпсіздігі мен тұрақтылығының едәуір нұқсан шегуі американ империализмінің ішкі және сыртқы қайшылықтарының тереңдей түсуі, соңғы жылдары ол душар болған көптеген дағдарыстардың шиеленісуі, дүниежүізілік капиталистік өндірісте АҚШ үлесінің құлдырауы жәнеғ керісінше, оның мемлекеттік борышының, жұмыссыздықтың, ақшаның құнсыздануының және т.б. жәйттарының Вашингтонның өзінің ғаламдық терроризмге қарсы саясатының басты және шешуші құралы ретінде көбінесе әскери күшке жүгінуінің әбден айқын салдары болды.
Солай бола тұрса да Вашингтонның бірде-бір әкішілігі күш көрсету, әсіресе әскери-күш көрсету саясатының барған сайын пәрменділігі азайып, АҚШ-тың өзі үшін қауіпті болып тұрғаны мойындамаған емес және мойындауға американ имериализмі мәнінің өзі, әскери-өнеркәсіптік комплекстің ұлттық шеңберден тыс корпарациялардың билеп-төстеушілері, сондай-ақ басқада мейлінше агрессиялық және реакциялық топтардың кедергі жасауда.
Американың қоғамы мен саясатында агрессиялық-реакциялық сипат теңденция қаншалықты күшті болса да, елге қандай соғыс құмар авантиюристік топтар басшылық етіп отырса да олар қандай әскери күшті құрып, пайлануға тырысса да, олардың қоғам дамуының объективті заңдылықтарына кедергі жасай алмағанын және жасай алмайтыйын, адамзаттың баянды бейбітшілікке, прогресс пен әлеуметтік әділдік шыңдарына ұмтылған қозғалысын тоқтата алмайтынын тарихи тәжірибе мен қазіргі заман дәлелдеп отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Новейшая история стран Европы и Америки. XX век. Под. Ред. А.М.Родригеса, и М.В.Пономарева, II том, М., Владос, 2001, С.77.
Нуралив Н.С. Казахстанско-Американские отношения. Сувереный Казахстан на рубеже тысячилетий. Астана, 2001.
Мельников Ю.М. Күш және қауқарсыздық: Вашингтонның сыртқы саясаты, Қазақстан баспасы, 1986, 11б.
Уткин. А.И. Американская стратегия для XXI века. М., 2000, С 67.
Шальцев А., Билл Клинтон. М., 1993. С.87-90.
 сонда.
Соргин. В.В. Идеология в Американской истории. М., 2005. С. 14.
США должны продолжать следовать своим курсом в Афганстане и Ираке. Время новестей, 21.11.2003.
Сыроежкин К. Странная война. Континент, 2003.«Тһе Wаsһіngtоn Ргоfile» агенттігінің материалдары. һttр //www.mаі1.ru
һttр //www. Newsinfo.соm материалдары. Александр Лазерев зерттеулері.
Акимбеков С. Вечный Афганский вопрос. Континент. 3 ақпан 2004.
Пастухов Е. Суровые будни святой земли., Континент 25 қаңтар2005.
Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы., Алматы 2002, 200-223б.
Иватова Л. Казахстанско-американские отношения в сфере международной безопасности и нераспространения ядерного оружия., Евразийское сообщество, 2 қаңтар 1999.
Намазбаев Д. «Большая игра» США на Кавказе и Центральной Азии, Cаясат, №11-2003.
Быков П. Изо всех сил // Эксперт. 2002, №11, С.15.
сонда
Назарбаев Н.Ә. За глобальное парнерство без диктата и давления // Казахстанская правда. 1999, 4 декабря.
Назарбаев .Ә.Н. Сындарлы он жыл, Атамұра 2003, 1856.
Тоқаев К.Ж. Под стягом независимости, Алматы 1997, 26 с.
Тоқаев К.К. Дипломатия Республики Казахстан, Алматы. 2001,
Тоқаев К.К.  Внешня политика Республики  Казахстан в условиях глобализации, Алматы, 2000, 56-586.Закон об образовании республики Казахстан // Казахстанская правда, 1999,11июня.
Иватова Л.М. США во внешней политике Республики Казахстан, Алматы 1999.
Иватова Л.М. Казахстан-США. Политика сотрудничество в сфере образования // Евразийское сообщество, политика, культура. 1999,№3.
Казахстанско-американское  совместное заявление о мире, безопасности и нераспросранении. Вашингтон, 20 марта, 1995 г. Сборник документов по международному праву. Т. I. /Под общ. Ред. Токаев.К.К., Алматы САК, 1998, 576с.
Қыдырбекұлы Д.Б. Роль США в мировой политике: Влияние на Казахстан, Алматы, Казахстанско-американский университет 1999.
Международние и зарубежные программы в Казахстане /фнансирование, техническая помощь, консалтинг и обучение/ Часть I, Алматы 2002.
Меморандум о взаимопонимании между Правительством РК и США. Вашингтон, 20 мая 1992., Бюллетень международный договоров РК. 1994, №2.
Абишев.А. Стратегическое партнерство // МН-новости недели, №51. С.7.
32     Назарбаев.Н.Ә. На порге XXI века. Алматы, 1996, С.63.
33.      Назарбаев.Н.Ә. За глобальное партнерство без диктата и давления Казахстанская правда. 1999, 4 декабря.
Цой. Л. // Панорама. 1997, 21 ноябрь.
Разумов. Я. Панорама. 1997, 19 сентября.
Политики и интересы мировых держав в Казахстане, Алматы, 2002.
Г.Б.Хан, Л.С.Суворов, Г.Б. Рахманова. Внешняя политика Республики
Казахстан, Алматы, 2001.
Международная безопасность: новые задачи в предвери следующего столетия // Казахстанская правда. 1999. 6 мая.
Уткин.А. США в мре XXI века // Свободная мысль, 2000, №6. С. 13.
Быков.П. Изо всех сил // Эксперт. 2002, №11, С. 15.
Современные международные отношения. М., 2000, С.290.
Уткин.А. После будущей битвы. // Свободная мысль, №5, С.8.
Кошкаров.А. Шесть пятилеток // Эксперт, 2003, №27-28, С. 14-17.
Пастухов.Е. Лишь бы не было войны // Континент, 3 февраля, 2004.
Акимбеков. С. Вечный Афганский вопрос // Континент, 3 февраля, 2004.
АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі У.Кортнидің сұхбаты. // Панорама. 1995, №26, маусым.
Кандолина Райс обсудит в Риме проблемы Ближнего востока Newsinfo 08.02.2005.
Сыроежкин.К. Странная война. // Континент, 3 февраля, 2004.
Пастухов.Е. От заката до рассвета. // Континент, 8 июля, 2004.
Паумулин.М. В ожидании апокалипсиса. // Континент, 8 июнь, 2004.
Абдулин.Б., Пастухов.Е., Бьет-значит любит? // Континент, июля 2004.
Пастухов.Е. Суровые будни святой землb // Континент 8 июля 2004.
Умнов.А. Афганский перекресток. // Континент, 15 июля, 2004
Петровская.Ю. США и Франция спрятали Ирак под сукио www.mаі1.ru.
Петер Сингер, наемные воины в Ираке. // www.ieft.ru.
Муташев:С. Боже, Храни Америкау. //Континент, 8 июля, 2004.
Адил Кожиев, научный сотрудник Казахстанского института стратегических исследований при Президенте РК. Политик США в отношении Ирака.
Пастухов.Е. Ошибка Резидента. // Континент, 8 июня 2005.
Акимбеков.С. Лавка древностей. // Континент, 8 июля 2004.
Сыроежкин. К. Голос войны. // Континен:, 8 июля 2004.
Полетаев.Э. Война в Ираке: Иерархия мнимых и реальны угрозов. //Континент, 8 июля 2004.
Лаумулин.М. Межу альянсом и континентальной блокалон. Континент, 8 июля 2004.
Сергиенко.В. Необдуманное решение выйти из тени. Континент, 8 июля 2004.
Сергиенко.В. Война после войны. // Континент, 8 июля 2004.
Аязбеков.С. Война в Ираке и геополитический контекс современных вызовов. // Cаясат, №5, 2003.
Лаумулин.М.  Геополитические и  военно-политические последствия военной

Приложенные файлы

  • docx 8645941
    Размер файла: 147 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий