тех карта си__ырлы орта топболды)


Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №1 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы______________________________________________________________
Тақырыбы: Топты безендіреміз
Мақсаты: Өз беттерінше сурет салуға үйрету. Салған суреттерін топты безендіруге пайдалану. Сурет салуға деген қызығушылығын арттыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, қарындаштар, бояулар, қылқалам, рамка
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Тәрбиеші сабақты қылқалам жанында әңгімелеуден бастайды.- Балалар, ерте кездегі адамдар сурет салуды бастағанда олардың қолында ештеңе жоқ және өздері де икемсіз болыпты. Олар бейнелерді саз балшықтан немесе тастан қашап жасайтын болған. Алғашқыда олардың құралдары саусақтары болса, одан кейін таяқшаны, шөптерді пайдаланған. Адамдарға қылқаламды жасауға ой туғызған құстың қауырсыны болды. Қазір де кейбір халық шеберлері өрнек салуға қаздың қауырсынын пайдаланады. Ертедегі қылқалам пайда болғанда оның сыртқы пішіні онша әдемі болмады, Таяқшаға жылқының қылын байлап алып, сурет салуға пайдаланды. Дегенмен де бұл да қылқалам деп есептелді. Балалар ертегіні тыңдайды.
Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші көркем сөз оқиды. "Қарындаш". Н.Айтов.
Қызыл-жасыл, қарасын,
Қолға кезек аласың.
Қарындашпен әр түрлі,
Алуан сурет саласың.
Қарындаштың көмегі,
Міне, қандай көп еді.
Ұштай біл де, ұстам біл,
Түрлі өрнек төгеді.
Балалар өлеңді қайталайды.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Балаларға өз қалаулары бойынша сурет салуды ұсыну. Қарандашпен немесе бояумен салуға болады. Балаларға күз мезігіліне байланысты: жапырақ, гүлдер, жемістер, жидектер, көкөністердің суретін салуға болатынын айтып бағыт беру.
Балалар өз беттерінше сурет салады.
Салған суреттерін топ ішііне іліп қояды.
Рефлексиялық- түзету Жұмбақ жасыру
Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,
Қарсақ басқан ізі қисық-қисық,
Өзі жансыз, жандының күшіменен,
Борайды ат үстінде желдей есіп.
Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау. .
қарындаш
Күтілетін нәтиже:
 Балаларды қарындаш, қылқалам, қағаздың маңызын біледі. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады. Қылқаламды дұрыс ұстап падаланады.
Толтырған тәрбиешінің аты-жөні:_______________________________________
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №2 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы____________________________________________________________
Тақырыбы: " Терезеден қараймыз Графикалық сурет салу
Мақсаты: Сюжетті сурет салуға деген ниетін тудыру.Есте сақтау қабілетін, қол қимылдарын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, қара қарындаш
Билингвальды компонент: қара қарындаш-простой карандаш
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Қызыл-жасыл қарасын
Қолға кезек аласың.
Қарындашпен әртүрлі,
Алуан сурет саласың.
Қарындаштың көмегі,
Міне, қандай көп еді
Ұштай біл де, ұстай біл,
Түрлі өрнек төгеді. Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе әңгіме
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінің қай айы?
-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Терезеден қарайықшы, не көріп тұрсыңдар?
Күз
Қыркүйек
Жапырақтар сарғайып жерге түседі?
Күн салқындайды.
Жаңбыр жауады
Ағаштарды көріп тұрмыз.
Үйлерді көріп тұрмыз т.б
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
-Ендеше, қара қарындашты алып, көрген бейнемізді ақ қағаз бетіне түсіреміз.
Педагог күз көрінісінің суретін салып көрсетеді. Балаларға ұсынады. Педагог балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Сергіту сәті
Қолды үстелге қоямыз,
Саусақтарды санаймыз.
1, 2, 3, 4, 5 - 1 ,2, 3, 4, 5
Екі қолды қос
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын бағалау.
Мадақтау
Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже: Графикалық сурет салады.
Толтырған тәрбиешінің аты-жөні:_______________________________________
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №3 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы______________________________________________________________
Тақырыбы: Тышқан мен торғай
Мақсаты: Жануарлардың қарапайым графикалық бейнесін салуды үйрету. Бейнені қабылдау қабілеттерін дамыту. Сурет салуда батыл қимыл-қозғалыс жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, қара қарындаш
Билингвальды компонент: тышқан-мышь, торғай-воробей
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Дән шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың Балалар өлең жолдарын
айтады.
Ұйымдастыру кезеңі
Жұмбақ жасыру:
Үй iшiн аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады.   (Тышқан)
Ұзақ тектес құс,
Шiркей жеп.
Ауыл маңынан
Ұзап кетпес құс.   (Торғай)
Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
-Балалар, бүгін біз тышқан мен торғайдың суретін саламыз.
Педагог тышқан мен торғайды суретін салып көрсетеді. Балаларға ұсынады. Педагог балалардың жұмысын қадағалап отырады
Сергіту сәті
Қолды үстелге қоямыз,
Саусақтарды санаймыз.
1, 2, 3, 4, 5 - 1 ,2, 3, 4, 5
Екі қолды қос Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлекс- түзету Балалардың жұмысын бағалау.
Мадақтау
Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Тышқан мен торғайдың суретін салады. Қарындашты дұрыс қолданады.
Толтырған тәрбиешінің аты-жөні:_______________________________________
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №4 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы______________________________________________________________
Тақырыбы: Піскен тәтті алмалар
Мақсаты: Қызыл, сары, жасыл түсті піскен алманың суретін салуды үйрету. Гуашпен сурет салу іскерлігін жетілдіру. Тәртіптілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, гуашь, қылқалам
Билингвальды компонент: алма-яблока
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Қызыл-жасыл қарасын
Қолға кезек аласың.
Қарындашпен әртүрлі,
Алуан сурет саласың.
Қарындаштың көмегі,
Міне, қандай көп еді
Ұштай біл де, ұстай біл,
Түрлі өрнек төгеді.
Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларға күз мезгілінің суретін көрсету.
- Балалар мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
-Алмалардың түстері қандай?
-Алманың пішіні қандай?
-Алманың адамға қандай пайдасы бар?

Күггі бақты. Алмаларды.
Қызыл, сары, жасыл.
Домалақ.
Алмада дәрумендер көп.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Педагог алманың суретін салу жолдарын түсіндіреді.
Балаларға суретті салуды ұсынады. Педагог балалардың жұмысын қадағалап отырады
Сергіту сәті
Қолды үстелге қоямыз,
Саусақтарды санаймыз.
1, 2, 3, 4, 5 - 1 ,2, 3, 4, 5
Екі қолды қос
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Қимылдар жасайды.
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын бағалау.
Мадақтау
Балалар жұмыстарын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже: Алманың суретін салады. Жапырақтар мен алмаларды әдемі етіп бояйды.
Толтырған тәрбиешінің аты-жөні:_______________________________________
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №5 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы______________________________________________________________
Тақырыбы: " Себеттегі саңырауқұлақтар
Мақсаты: Саңырауқұлақтар туралы білімін кеңейту. Кейбір бөліктерін саусақпен салу арқылы саңырауқұлақтың суретін бейнелеуді үйрету.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, гуашь, қылқалам, саңырауқұлақ бейнеленген сурет
Билингвальды компонент: саңырауқұлақ-грибы
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық Шаттық шеңбері
Алтын, сары, қызы, көк, Алуан – алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.Көк майсалы көрікті, Алқаптағы көп егін. Бұл күндері киіпті Сары жібек көйлегін
Балалар өлең жолдарын айтып, қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастыру кезеңі
-Балалар бізге тиін қонаққа келіпті. Тиін сендерден көмек сұрап келіпті. Балалар білесіңдер ме, тиіндер саңырауқұлақты жақсы көреді. Олар күзде саңырауқұлақтарды жинап, кептіріп қысқа сақтайды. қыста азық болмайды, сол кезде жинап, кептірген саңырауқұлақтарын жейді. Балалар, тиінге көмектесеміз бе? Мұқият тыңдайды.
Көмектесеміз
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Балаларға себетке саңырақұлақтың суретін салуды ұсынады. Педагог саңырауқұлақтың суретін салып көрсетеді.
Педагог балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық, Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Қимылдар жасайды
Рефлексиялық- түзету Тиін балаларға рахмет айтып, салған суреттерін алып кетеді.
Балалар суреттерін тиінге береді.
Күтілетін нәтиже:
Балалар саңырауқұлақтардың суретін салады. Гуашьты дұрыс қолданады.
Толтырған тәрбиешінің аты-жөні:_______________________________________
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №6 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы______________________________________________________________
Тақырыбы: Жылы жаққа ұшқан құстар.
Мақсаты: Саусақ арқылы аспанда ұшып бара жатқан құстың және алыстағы ағаштардың суретін салуды үйрету. Ақ қағаздан көгілдір фонды қалай дайындау керектігін түсіндіру.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, бояу
Билингвальды компонент: құс-птица
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Жұмбақ жасыру
Ауыл да, қала мекені,
Жаныңды еркелетеді
Жолаушы жүрсек шығарып салады.
Алдыңнан қарсы алады.

Қарлығаш
Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын атайықшы.
-Балалар күз мезгілінде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді. Олар күннің суығына шыдай алмайды. Оларға қымта азық табу өте қиын болады. Олар шағала, қарлығаш, тырна т.б.
- Күз.
-Қыркүйек,қазан,қараша.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
- Балалар қазір біз жылы жаққа ұшып бара жатқан құстардың суретін саламыз.
Педагог ұшып бара жатқан құстардың суретін салып көрсетеді.
Саусақ арқылы ұшып бара жатқан құсытң және алыстағы ағаштардың суретін салуды түсіндіреді.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайыз,
Қане, қанат жазайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызды табайық. Балалар саусақ арқылы ұшып бара жатқан құстардың суретін салады.
Қимылдар жасайды.
Рефлексиялық- түзету Қортындылау.
-Құстарды біз аялап, қастерлеуіміз керек. Құстар – біздің досымыз.
Балалардың жұмысына талдау жасау. Мадақтау.
Балалар салған суреттерін көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Ұшып бара жатқан суретін саусақ арқылы салады. Көріп, қабылдау арқылы есте сақтайды.
Толтырған тәрбиешінің аты-жөні:_______________________________________
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №7 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы______________________________________________________________
Тақырыбы: Ғажайып бұлттар
Мақсаты: Бұлыңғыр аспан бейнесін бере білу.
Бояуларды араластырып (қара түс пен көкжасыл түс және т.б) басқа түс шығару арқылы бұлтты салуды үйрету. Эстетикалық қабылдауын, түсті, ритмді сезіне білуін дамыту. Байқампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ақ қағаз, бояулар
Билингвальды компонент: бұлт-облака
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы лық Шаттық шеңбері
Қайырлы таң көк аспанҚайырлы таң алтын күнҚайырлы таң асыл жерҚайырлы таң достарымДостарымды көргендеҚуана қарсы аламынСәлем, сәлем, сәлем! Өлең жолдарын қайталайды
Ұйымдас тыру кезеңі
Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырамын.Күнді жабадыЖаңбыр болып жауады.Балалар бұлт туралы өлең шумақтарын оқып бергім келіп тұр.Ақсың, сұрсың қарасыңҚалқып қайда барасың ?Жерге нөсер төгілсінӨссін гүлдер, көп егін.Гүл, гүл жайнап өсер көпНөсерлетсең нөсерлет
Бұлт
Мұқият тыңдайды
Ұйымдас тырушы лық-
ізденістік
-Балалар, бүгін біз бұлттардың суретін саламыз. Қара, көкжасыл түсті араластырып керекті түсті шығарып аламыз. Содан соң бұлттардың суретін саламыз.
Педагог бұлттың суретін салып көрсетеді. Балаларға суретті салуды ұсынады. Балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Сергіту сәтіЖаңбыр жауа бастадыҚатты жауа бастады.БәсеңдедіБұлттар тарқадыЖарқырап күн шықты. Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Қимылдар жасайды.
Рефлексия лық- түзету Балалардың жұмысын бағалау.
Мадақтау Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:Екі түрлі бояуды араластырып басқа түсті бояуды шығарады. Бұлттың суретін салады.
Толтырған тәрбиешінің аты-жөні:_______________________________________
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №8 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы______________________________________________________________
Тақырыбы: Батыл қораз
Мақсаты: Гуашпен қораздың суретін салуға үйрету. Қылқаламмен жұмыс істеу іскерлігін жетілдіру (қылқаламды еркін қолдану). Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, гуашь, қылқалам, қораз бейнеленген сурет
Билингвальды компонент:
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы лық Жұмбақ жасыру
Ерте тұрады, жар шақырады.
Басы тарақ, арты орақ.
Күн шықпай сап аттанды, Қуырады апшыны. Шырт ұйқыда жатқанды, Оятады ащы үні. Қораз
Қораз
Қораз
Ұйымдас тыру кезеңі
Кіріспе әңгіме
-Үй құстарына қандай құстар жатады?
-Неге оларды үй құстары дейді?
-Үй құстарының қандай пайдасы бар?
.
Тауық, қораз, үйрек, қаз.
Өйткені, оларды адамдар күтіп-баптайды, асырайды.
Үй құстардың еті, мамығы, жұмыртқасы пайдалы.
Ұйымдас тырушы лық-
ізденістік
-Балалар, бүгін біз батыл қораздың суретін саламыз.
Педагог қораздың суретін салып көрсетеді. Балаларға суретті салуды ұсынады. Балалардың жұмысын қадағалап отырады
Сергіту сәті
Орманның бiз емшiсiмiз
Тоқ, тоқ, тоқ
Құрт бiткендi жоқ етемiз
Жоқ, жоқ, жоқ,
Тоқ, тоқ, тоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ. Балалар мұқият тыңдайды.
Қимылдар жасайды.
Рефлексия лық- түзету Балалардың жұмысын бағалау.
Мадақтау
Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Гуашьпен батыл қораздың суретін салады. Құстарға қамқор жасау керектігін біледі.
Толтырған тәрбиешінің аты-жөні:_______________________________________
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №9 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы______________________________________________________________
Тақырыбы: Күзгі ағаштар
Мақсаты: Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сурет салудың әртүрлі техникасын қолдануын шыңдай түсу. Саусақпен сурет салу техникасын үйретуді жалғастыру. Композиция құра білу іскерлігін, табиғат сұлулығын эстетикалық тұрғыда қабылдай білуін дамыту.Тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Әр түрлі күзгі ағаштардың суреті. Ақ парақ, гуашь, қылқалам
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді  
Құс біткен керуен түзеді,  
Көңілсіз неліктен күз енді? 
Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді
Осы ма, осы ма күз деген
Бақшаға баратын бізбенен Балалар өлең жолдарын айтады
Ұйымдастыру кезеңі
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын атаңдар?
-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Суретпен жұмыс.
Суретке қарап әңгіме құрату. Күз мезгілі
Қыркүйек, қараша, желтоқсан
Жаңбыр жауады. Күн суытады. Жапырақтар сарғаяды.
Балалар суретке қарап әңгіме құрайды.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Балалар, бүгін күзгі ағаштардың суретін саламыз. Күзгі ағаштардын суретин саусақпен саламыз.
Педагог күзгі ағаштардың суретін саусақпен салып көрсетеді. Балаларға суретті салуды ұсынады. Балалардың жұмысын қадағалап отырады
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай бөбектер
Үлкен болып өседі. Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Қимылдар жасайды.
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын талдау, бағалау.
Мадақтау
Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Саусақпен сурет салу техникасын игереді. Ұқыпты жұмыс істеуді меңгереді.
Толтырған тәрбиешінің аты-жөні:_______________________________________
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №10 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы____________________________________________________
Тақырыбы: Сиқырлы бес саусақ
Мақсаты: Ақ параққа қолын қойып қара қарындашпен бастыру. Бастырған саусақтарына әр-түрлі бейнелерді (мысық, көңіл-күй және т.б) салу арқылы суретті аяқтау. Графикалық сурет салу іскерлігін жетілдіру. Тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, қара қарындаш
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы лық Шаттық шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу! Балалар шеңбер бойына жиналып, өлең жолдарын айтады.
Ұйымдас тыру кезеңі
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын атаңдар?
-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Күз мезгілі
Қыркүйек, қараша, желтоқсан
Жаңбыр жауады. Күн суытады. Жапырақтар сарғаяды.
Ұйымдас тырушылық-
ізденістік
-Балалар, саусақтарыңды көрсетіңдерші. Оң қолымызда неше саусақ бар?
-Сол қолыңда неше саусақ?
-Барлығы қанша саусақ?
-Балалар, біздің саусақтарымыз сиқырлы. Қазір мен сендерге саусақтың сиқырлы екенін көрсетемін.
Педагог ақ қағазға саусақты қарындашпен бастырып сызып, көңіл-күйдің бейнесін салады. Балаларға басқа да бейнені салуға болатынын айтып, түіндіреді. Балаларға суретті салуды ұсынады. Балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Сергіту сәті
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай. Балалар саусақтарын көрсетеді
Бес саусақ
Бес саусақ
Он саусақ
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Қимылдар жасайды.
Рефлексия лық- түзету Балалардың жұмысын талдау, бағалау.
Мадақтау Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Графикалық суреттер салады. Жұмысты орындау барысында ептілік пен тиянақтылықты меңгереді.
Толтырған тәрбиешінің аты-жөні:_______________________________________
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №11 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы______________________________________________________________
Тақырыбы: " Тышқан мен қонжық
Мақсаты: Тышқан мен қонжықтың көлемін, мінез-құлық ерекшеліктерін нақты бере білуге үйрету. Бала қиялын дамыту, әсемдікке баулу. Тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, түрлі-түсті қарындаштар
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы лық Жұмбақ жасыру
Үй ішін аралап,
Түнде үй жортады.
Қаптарды жыртады,
Мысықтан қорқады.
Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға баиады. Тышқан
Аю
Ұйымдас тыру кезеңі
Кіріспе әңгіме
-Балалар тышқан қандай жануар?
-Ол қандай мултьфильмдерде кездеседі?
-Аю қандай жануар?
-Аюдың баласын не деп айтады?
-Аю қай мультфильмде кездеседі?
Жабайы, кішкентай
Том и Джерри. Микки Маус
Жабайы
Қонжық
Маша мен Медведь
Ұйымдас тырушы лық-
ізденістік
Балалар бүгін біз тышқан мен қонжықтың суретін саламыз.Ақ қағазға тышқан мен қонжықтың суретін салып көрсетеді. Салу жолын түсіндіреді. Балаларға суретті салуды ұсынады. Балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Сергіту сәті
 Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Қимылдар жасайды.
Рефлексия лық- түзету Қорытындылау.
Балалардың жұмысын талдау, бағалау.
Мадақтау Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Тышқан мен қонжықтың мінез-құлықын бере отырып бейнесін салады.Эстетикалық талғамы мен дұрыс жұмыс жасау дағдылары қалыптастырады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №12 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы______________________________________________________________
Тақырыбы: " Тышқан мен қонжық
Мақсаты: Суреттің мазмұнын бере білуге үйрету. Тышқан мен қонжықтың көлемін, мінез-құлық ерекшеліктерін нақты бере білуге дағдыландыру. Сұр түстің жасалу жолын үйрету. Тиянақты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, гуашь
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы лық Тақпақ айтқызу
Тышқан, тышқан, тышқандар,
Ойбай оны ұстаңдар.
Қап, қалтаны теседі.
Ұн, күрішті шашады.
Балалар өлең жолдарын айтады.
Ұйымдас тыру кезеңі
Кіріспе әңгіме
Тышқан мен қонжық туралы әңгімелесу.
Тышқан дәнді дақылдармен, астықпен, тамырлармен, жидектермен, шөппен және басқа да жәндіктермен қоректенеді, 
Тышқан жер астында інінде өмір сүреді.
Аюдың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген.Аю да інде өмір сүреді.
Балалар өз ойларын айтады
Ұйымдас тырушы лық-
ізденістік
-Балалар бүгін біз тышқан мен қонжықтың суретін сұр түсті гуашьпен саламы. .Ақ қағазға тышқан мен қонжықтың суретін салып көрсетеді. Салу жолын түсіндіреді. Балаларға суретті салуды ұсынады. Балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Сергіту сәті
Ормандағы қонжықтыңҚұлпынайы көп екенТеріп - теріп алайықҚалтамызға салайық Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды
Қимылдар жасайды.
Рефлексия лық- түзету Қорытындылау.
Балалардың жұмысын талдау, бағалау.
Мадақтау Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Тышқан мен қонжықтың мінез-құлықын бере отырып бейнесін салады.Эстетикалық талғамы мен дұрыс жұмыс жасау дағдылары қалыптастырады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №13 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы_____________________________________________________________
Тақырыбы: Алғашқы қар
Мақсаты: Саусақпен сурет салуды үйретуді жалғастыру. Композиция құра білу іскерлігін жетілдіру. Балалар бойында байқағыштық, қысқы құбылыстары ерекшелігін сезіне білушілік, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Көк фонды қағаз, бояу, қылқалам
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы
лық Жұмбақ жасыру
1.Шелек қалпақ басында,сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын, тауып көрші сен оны.
 2.Қолы менен қаламы жоқ,бірақ сурет салады көп.
Қоймасын қыс ақтарып,жерді жапты ақ мамық.
3.Зулап түсіп төменге,шықпас менсіз төбеге
4.Қыста шыны боп қатады,жылыды су боп жатады.
5.Әуеде ақ мамық қалбалақтап ұшады,қанаты талып жерді барып құшады. Аққала
Аяз
Қар
Шана
Мұз
Қар
Ұйымдас тыру кезеңі
Кіріспе әңгіме
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің қай айы?
-Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгешеліктер болады?
-Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
Суретпен жұмыс.
Қыс кезінде жапырақтары әбден түсіп,сидиған ағаштарға назар аударайқшы.Олар өте қызық және әртүрлі.Әр ағаш өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі.Бір ағаштың бұтақтары мың бұралған нәзік болса,енді бірінің бұтағы тік әрі жуан болып келеді.Қыс кезінде ағаш бұтақтарына түскен қар немесе қырау оларды әдемі етіп көрсетеді.
Балалардың жауаптары
Суретке қарап әңгіме құрайды.
Ұйымдас тырушы лық-
ізденістік
-Балалар, бүгін біз, алғашқы қардың суретін саламыз. Көк қағазға ақ бояумен қардың суретін саусақпен саламыз. Көк қағазға ақ бояумен алғашқы қардың суретін саусақпен салып көрсетеді. Салу жолын түсіндіреді. Балаларға суретті салуды ұсынады. Балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Сергіту сәті
Шаршасаңдар балалар
Қолдарыңды созыңда
Бір,екі,үш,төрт,бес
Саусақтармен ойнаңдар
Денелерің шынықсын
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды
Қимылдар жасайды.
Рефлексия лық- түзету Қорытындылау.
-Қыс несімен ерекшеленеді?
-Ең бірінші түскен қарды қалай атайды?
Балалардың жұмысын талдау, бағалау.
Мадақтау Балалардың жауаптары
Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Ақ түсті бояуды пайдаланып, көк түсті фонда қардың суретін салуды меңгереді. Жыл мезгілдерін ажырата біледі. Табиғатқа деген қамқорлық жасауды меңгереді.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №14 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы____________________________________________________________
Тақырыбы: " Аяз өрнектері (терезедегі аяз өрнегі)
Мақсаты: Ақ және көк түсті гуашты пайдаланып аяз өрнегін салуға үйрету. Нүкте, дөңгелек, түзу, қисық сызықтар, жапырақ және т.б элементтерді сала отырып олардың өзара үйлесімділігін бере білу. Терезеге түскен аяз өрнегіне сәйкес бейнелеу іскерліктерін қалыптастыру. Таза, ұқыпты орындауға баулу. Тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, гуашь, қылқалам, мақта оралған таяқшалар.
Билингвальды компонент:
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы лық Жұмбақ жасыру
Жерге көрпе жазылды.Қаймақтанды су беті,Терезеге салынды.Талай гүлдің суреті.
Қыс
Ұйымдас тыру кезеңі
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады екен? Сипаттап беріңдер.
-Қыс несімен ұнайды?
-Аяз терезеге әдемі өрнектер салады. Сол аяздың салған өрнектерін қағаз бетіне салып көрейік. .Күн суытады. Жерге қырау түсіп, қар жауады. Су мұз болады. Айнала аппақ түске боялады. Терезеге аяз шимайлап сурет салады.
Айнала аппақ.Ауа, жер таза.Шанамен сырғанаймыз.
Ұйымдас тырушы лық-
ізденістік
Салу жолын түсіндіреді. Балаларға суретті салуды ұсынады. Балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Сергіту сәті
Қар жауады жапалақтап,Балалар жүр шапалақтап.Аяз беттен сүйеді,Балалар тон киеді.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды
Қимылдар жасайды
Рефлексия лық- түзету Балалардың жұмысын талдау, бағалау.
Мадақтау Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже: Аяз өрнектерінің суретін салады. Эстетикалық талғамы мен дұрыс жұмыс жасау дағдылары қалыптастырады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №15 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы_____________________________________________________________
Тақырыбы: " Бұнда кім тұрады? («Қолғап» орыс халық ертегісі)
Мақсаты: «Қолғап» орыс халық ертегісінің желісі бойынша қолғаптың силуэтіне өзіне ұнайтын ертегі кейіпкерінің (тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, торай, аю) суретін салдырту. Сурет салу кезінде кейіпкерге тән мінез-құлықты бере білуге үйрету. Жинақылық пен ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, қарындаштар
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация лық- қозғаушы лық Шаттық шеңбері
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады. Балалар өлең жолдарын айтады
Ұйымдас тырушы лық-
Ізденістік
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы?
-Қыста адамдар қалай киінеді?
-Қандай киімдер киеміз?
-Қолғап бізге не үшін керек?
Балаларға "Қолғап" ертегісін әңгімелеп беру
Қыстың бір күнінде атай орманда қолғабын жоғалтып алады. Қолғап  көктемге дейін орманда жатады. Жадырап  жаз келеді. Кішкентай  тышқан жүгіріп келе жатып,қолғапты көреді.
Тышқан: Қандай әдемі қолғап,бұл енді менің үйім болады.  Қолғаптың қасынан  бақа өтіп бара жатады.
Бақа: - Мұнда кім тұрады?
Мен тышқанмын,сен өзің кімсің?
Мен бақылдақ бақамын.
Тышқан: Кел менімен бірге тұр. 
Қоян: Мұнда кім бар?
Мен тышқанмын, мен бақамын. Сен өзің кімсің?
 Мен қоянмын. Сендермен  бірге тұруға бола ма?
Иә, келе ғой.
Олар  бірге тұрып жатады. Қастырынан  түлкі өтіп бара жатады.
Түлкі: Мұнда кім бар?
Мен тышқанмын, мен бақамын, мен қоянмын. Сен кімсің?
Мен түлкімін. Сендермен бірге тұруға бола ма?
Иә, келе ғой.
Бәрі бірге тұрып жатады. Қастарынан «қорбаң-қорбаң» етіп аю келеді.
Аю:Мұнда кім бар?
Мен тышқанмын,мен бақамын,мен қоянмын, мен түлкімін.Ал сен кімсің?
Мен аюмын. Сендермен бірге тұруға бола ма?
Иә,кел.
 Оларға келіп қасқыр да қосылады.
Аңдар қолғапта тұрып жатады. Олардың қастарынан атай өзінің итімен өтіп бара жатады.Қолғаптың жбырлағанын көрген ит үре бастайды. Иттің  үрген дыбысынан қорықан аңдар жан-жаққа қаша жөнеледі. Атай қолғабын алып үйіне қайтады.
-Балалар,ертегі ұнады ма сендерге?
-Балалар, осы ертегі бойынша кейіпкерлердің суретін салайық. Салу жолын түсіндіреді. Балаларға суретті салуды ұсынады. Балалардың жұмысын қадағалап отырады. Қыс мезгілі
Қаржауады. Мұз қатады. Боран соғады.
Қыста адамдар жылы киінеміз. Тон, тымақ, қолғап, етік киеді.
Қолымыз тоңбау үшін керек.
Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.
Рефлексия лық- түзету   Қорытындылау.- Балалар,ертегіде  қандай аңдар болды?
Балалардың жұмысын бағалау. Тышқан, түлкң, аю, бақа, ит, атай, қасқыр
Күтілетін нәтиже:
Ертегі желісі бойынша өзіне ұнайтын кейіпкердің суретін салады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №16 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы________________________________________________________________
Тақырыбы: " Аққала
Мақсаты: Баскиім киіп, мойынорағыш оранған аққаланың суретін салдырту. Баскиім мен мойынорағышты қыс мезгіліне тән өрнектермен өрнектей білуге үйрету. Көз мөлшермен сала білуін дамыту, көлем, түс, кеңістікті қабылдай білуін жетілдіру. Тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Билингвальды компонент:
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация лық- қозғаушы лық Шаттық шеңбері
Қуан, шаттан алақай! Қуанатын күн бүгін Күліп шықты күніміз, Қайырлы таң! Қайырлы күн! Балалар өлең жолдарын айтады
Ұйымдас тыру
кезеңі - Балалар қазір қай мезгіл?- Қыста балалар қай мерекені асыға күтеді?
-. Жаңа жылда бізге қонаққа кім келеді?- Аяз ата бізге не береді?
-Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалады
Сыйлықтар
Аққала жасаймыз, шанамен ойнаймыз.
Сырғанақ тебеміз.
Ұйымдас тырушы лық-
ізденістік
-Қыстың, әр үйдің ауласының сәнін келтіретін, қардан жасалатын не нәрсе бар?Аққала қардан домаланып жасалады. Негізгі үш бөлігін бірінің үстіне бірін қояды. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, қолына сыпырғыш ілгегін тастан, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасайды.
Балалар қазір біз, аққаланың суретін саламыз.
Суреттің салу жолын түсіндіреді. Балаларға суретті салуды ұсынады. Балалардың жұмысын қадағалап отырады
Сергіту сәті.Жалғыз саусақ тіпті де,Ұстай алмас жіпті де.Екі саусақ бірікті,Ине қолға ілікті.Үш саусағым орамдыЖүгіртеді қаламды.Өнерлі екен он саусақ,Қала салсақ, жол салсақ. Аққала
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Қимылдар жасайды.
Рефлексия лық- түзету Балалардың жұмысын талдау, бағалау.
Мадақтау Балалар жасаған жұмыстарын көтсетеді.
Күтілетін нәтиже:  
Аққаланың қардан жасалатындығын, мұрнының сәбізден аузының ағаштан, көзінің, ілгегінің тастан жасалатындығын, қолына сыпырғыш ұстатып қоятындығын, басына шелек кигізетіндігін меңгерді. Қыс мезгілі туралы біледі.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №17 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы______________________________________________________________
Тақырыбы: " Қысқы көрініс (түрту арқылы сурет салу)
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Түрту техникасын қолдану арқылы қысқы орманның суретін салу. Сурет салуда түрту техникасын қолдана білуге үйретуді жалғастыру. Композиция құра білу іскерлігін, табиғат сұлулығын эстетикалық тұрғыда қабылдай білуін дамыту.
Көрнекіліктер: Әр түрлі қысқы пейзаждың суреті. Ақ парақ, гуашь, қатты қылқалам
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы лық Шаттық шеңбері
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды.Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Балалар өлең жолдарын айтады
Ұйымдас тыру кезеңі
Кіріспе әңгіме
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы?
-Қыста адамдар қалай киінеді?
-Қандай киімдер киеміз?
-Қыста балалар қай мерекені асыға күтеді?
-.Жаңа жылда бізге қонаққа кім келеді?- Аяз ата бізге не береді?
-Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ұйымдас тырушы лық-
ізденістік
Балаларға әртүрлі пейзаждардың суретін көрсету.
Балалар қазір біз қыс көрінісінің суретін саламыз. Суретті түрту тәсілі арқылы саламыз.
Суреттің салу жолын түсіндіреді. Балаларға суретті салуды ұсынады. Балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Сергіту сәті.Жалғыз саусақ тіпті де,Ұстай алмас жіпті де.Екі саусақ бірікті,Ине қолға ілікті.Үш саусағым орамдыЖүгіртеді қаламды.Өнерлі екен он саусақ,Қала салсақ, жол салсақ. Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын талдау, бағалау.
Мадақтау Балалар жасаған жұмыстарын көтсетеді.
Күтілетін нәтиже: Қыс мезгілінің суретін түрту техникасы арқылы сала біледі. Қыс мезгілі туралы біледі. Қыс бейнесін көрсете біледі. Эстетикалық талғамы мен дұрыс жұмыс жасау дағдылары қалыптастырады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №18 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы_________________________________________________
Тақырыбы: " Қысқы көрініс (балауыз арқылы сурет салу
Мақсаты: Қара қарындашпен ақ параққа үй, ағаштар мен аққаланың суретін салуды жетілдіру. Салған суреттің үстін балауызбен бастырып, гуашпен бояуды үйрету.
Көрнекіліктер: Ақ қағаз, қара қарындаш, балауыз, гуашь, қылқалам
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы лық Шаттық шеңбері
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай кезде болады? Қыста
Ұйымдас тырушылық-
ізденістік
Дидактикалық ойын: «Қиялындағы сурет».
Ойынның мақсаты:қиялын дамыту, өзара қарым-қатынасты жақсарту.
Ойынның мазмұны:Балалар шеңбер құрып тұрады. Әр қайсысының қолында таза, ақ қағаз болады. Бірінші ойыншы өзінің қағазының бетінен не көріп тұрғанын айтады. Екінші ойыншы оны толықтырады. Үшінші ойыншы екінші ойыншыны толықтырады. Барлығы өз ойын айтып болған соң, суреттеу аяқталады. Осыдан кейін ойыншылар өз қағаздарындағы суреттерін елестетуге тырысады. Барлық суреттерді талқылағаннан кейін жеңімпаз танылады.
Балаларға балауызбен жұмыс істеу үлгісін түсіндіреді.
Балауызбен жұмыс жасау үлгісі:
Ыдысқа көк немесе күлгін түсті бояу езіледі.
Ақ қағаз бетіне балауызбен үй, ағаштар, аққаланың суреті салынады.
Қылқаламмен қағаз бетінің ашық жерін қалдырмай боялады.
Артық бояу кепкен соң, аяз өрнектері білініп тұрады.
Сергіту жаттығуы:
Ал, балалар, балалар
Аппақ қылып өңірді,
Қар жауады
Қар жауады.
Көңілді балалар,
Қызығып секірді, секірді.
Балалар ойынды қызыға ойнайды
Мұқият тыңдайды.
Қимылдар жасайды.
Рефлексия лық- түзету Балалардың жұмысын талдау, бағалау.
Мадақтау Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Балауызбен жұмыс жасауды біледі. Қыс бейнесін көрсете біледі. Эстетикалық талғамы мен дұрыс жұмыс жасау дағдылары қалыптастырады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №19 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы______________________________________________
Тақырыбы: Ертегі кейіпкері «Бауырсақ»
Мақсаты: Өз қалаулары бойынша «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерінің суретін салуға үйрету. Алыс және жақын арақашықтықтағы заттардың суретін салу кезіндегі айырмашылықты көре білуге жаттықтыру. Бала қиялын дамыту, әсемдікке баулу.
Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлерінің суреті, бояу, қылқалам
Билингвальды компонент: ата-дедушка, әже-бабушка, қоян-заяц, қасқыр-волк, түлкі-лиса, аю-медведь, Бауырсақ-Колобок.
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация
лық-
қозғаушы
лық Жұмбақ жасыру.
1. Өзі қу, жүрген жері айқай – шу.2. Далада жұр шапқылап, керемет тым саққұлақ,Тек есектен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ. 3. Ит сияқты пішіні, ұнатпайды ол кісіні. 4. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. 5. Өзі қып-қызыл болып піседіКүнге ұқсас келеді. Түлкі
Қоян
Қасқыр
Аю
Бауырсақ
Ұйымдас
тыру кезеңі
- Сонымен балалар, бұл кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі екен?Тәрбиеші балаларға «Бауырсақ» ертегісін еске түсіруін ұсынады.- Балалар, бұл не? - Кәне дұрыстап қарайықшы бұл доп па екен?-Бауырсақтың пішіні қандай?- Біз «Бауырсақ» ертегісін білеміз ғой.- Бауырсақпен ең бірінші қандай жануарға кездеседі? "Бауырсақ" ертегісінде
Балалар мазмұнын айтып береді.
Доп домалап келді.
Жоқ бұл бауырсақ!
Бауырсақтың пішіні -- дөңгелек, алмаға, күнге ұқсайды.
Қоянға, сосын қасқыр, аю, түлкіге кездеседі.
Ұйымдас
тыру
шылық-
ізденістік
Балаларға қоян, қасқыр, аю, түлкінің, бауырсақтың суретін көрсетіп, өз қалаулары бойынша сурет салуды ұсыну.
Қарандашпен немесе бояумен салуға болады. Балаларға ертегі кейіпкерлерінің суретін салып көрсетеді. Педагог балалардың жұмысын қадағалап отырады. Балалар өз беттерінше сурет салады. Салған суреттерін көрстеді.
Рефлексия
лық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау.
Бауырсақ әнін айтқызу.
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинағанБалқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған! Балалар өлең жолдарын айтады.
Күтілетін нәтиже:
 Ертегі кейіпкерлерін бейнелейді. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады. Қылқаламды дұрыс ұстап пайдаланады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №20 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы_____________________________________________
Тақырыбы: Пингвиндер (Трафарет арқылу сурет салу)
Мақсаты: Пингвиндердің мекені, тіршілігі туралы түсінік беру. Трафаретті пайдалана отырып пингвиннің суретін салуға үйрету. Әсемдікке баулу. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қара-көкпен боялған парақ, трафарет, бояу, қылқалам
Билингвальды компонент: құс-птица
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация лық-
қозғаушы лық Шаттық шеңбері
Ей, балалар, балалар,Аман болсын аналар,Құстарда да ана барҚұстарда да бала барКім сүймейді баласынОсылар еске түскенде.Бір ойланып қаласың. Балалар өлеңді қайталайды.
Ұйымдас тыру кезеңі
Балаларға пингвиннің суретін көрсету.
Пингвин – қанаты болса да, ұша алмайтын, тұрып жүретін жалғыз құс. Осынысымен де өзге құстардан ерекше.
Пингвиндер көбіне Оңтүстік жартышарда мекен етеді. Негізінен Антарктидада тіршілік ететін құс. Пингвиндер ақ-қара түсі арқылы жыртқыштардан қорғана алады. Себебі осы арқылы олар жоғарыдан да, алыстан да көзге шағылысып, анық көріне бермейді. Ғалымдардың айтуынша, пингвиндер судың астында жүзіп жүргенде, жақсы көре алады. Сондай-ақ теңізде топпен тамақтанып, топ болып жүзу қабілетіне ие.Пингвиндердің денесі желбіреп кетпейтін ұсақ қанаттармен қапталған. Кейбір түрлерінің бастарына ұзын қанаттар өседі. Аяқтары қысқа болғандықтан, пингвиндер жүрген кезде, балпаң басып, қысқа адымдар жасайды. Тіпті олардың қинала жүргенін көріп, аяп кетесің. Ал жүзіп, сүңгу жөнінен алдарына жан салмайтын пингвиндер алып толқындарға төтеп бере алатынай қуат пен шеберлікке ие. Басқа құстардан тағы бір ерекшелігі олар бір қанатымен ғана жүзеді. Ал аяқтары болса, олар үшін рөлдің қызметін атқарады. Жейтін азықтары – балық. Теңіз суын да ішеді. Ал судағы тұздарды көздерінің астындағы арнайы без арқылы сыртқа шығарып тастайды. Теңізде олар дыбыс шығармағанымен, құрлықта жүргенде, бір-біріне дыбыстар беру арқылы араласады.
Балалар мұқият тыңдайды. Өз ойларын айтады.
Ұйымдас тыру
шылық-
ізденістік
Балаларға пингвиннің дайын трафаретін көрсетіп, сол арқылы сурет салуды ұсыну. Трафаретпен сурет салу жолдарын көрсетіп, түсіндіру. Қара-көк қағазға ақ түсті пайдаланып, пингвиннің суретін салу. Балаларға суретті салуды ұсыну. Педагог балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз. Балалар өз беттерінше сурет салады.
Қимылдар жасайды.
Рефлексия лық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау. Салған суреттерін бір-біріне көрсетеді.
Күтілетін нәтиже: Трафаретті пайдаланып сурет салады. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №21 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы______________________________________________________
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым (жұмсақ және қатты қылқаламмен)
Мақсаты: Дайын қонжықтың эскизін құрғақ қатты қылқаламды (қажетті түсті) гуашқа батырып, түрту техникасын қолдану арқылы сурет салуға үйрету. Ұқыптылыққа, тазылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қонжықтың эскизі, жұмсақ және қатты қылқалам, гуашь
Билингвальды компонент: қонжық-мишка, ойыншық-игрушка
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық  Шаттық     шеңбері:                            Біз      ұқыпты     баламыз ,                            Айтқан   тілді       аламыз.                                 Ойыншықтарды   жинаймыз,                                 Үлкендерді    сыйлаймыз.   Балалар өлеңді қайталайды.
Ұйымдастыру кезеңі
-Сүйікті ойыншықтарың бар ма?-Қандай ойыншықтарың бар?
-Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Балаларға ойыншық қонықтың суретін салуды ұсыну.

Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Балаларға суреттің салу жолын түсіндіру.
Дайын қонжықтың эскизін құрғақ қатты қылқаламды (қажетті түсті) гуашқа батырып, түрту техникасын қолдану арқылы сурет салып көрсету. Бояу кепкеннен кейін ойыншықтың басқа бөлшектерін (ауыз, мұрын) жұмсақ қылқаламмен салу.
Балаларға суретті салуды ұсыну. Педагог балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Балалар өз беттерінше сурет салады.
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау.
Ойыншықтармен күнде біз,Кешке дейін біргемізКейде еңбек етеміз,Кейде ойнап кетеміз  .
Күтілетін нәтиже:Түрту техникасы арқылы сурет салады. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады. Қылқаламды дұрыс ұстап пайдаланады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №22 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы___________________________________________________
Тақырыбы: Автомобиль (балауыз шамымен)
Мақсаты: Қара қарындашпен машинаның суретін салып, оны балауыз шамы арқылы бастыруға және салынған суретті гуашпен бояуға үйретуді жалғастыру. Сурет салудың дәстүрлі емес түрін қолдану іскерлігін жетілдіру. Әсемдікке баулу. Бала қиялын дамыту.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, қара қарындаш, балауыз шамы, гуашь.
Билингвальды компонент: автомобиль-көлік.
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық   Машина
Төрт аяғым дөңгелек,
Адамсыз мен жүрмеймін,
Барлық жерге жеткізіп,
Қаласаңыз апарам.
Балалар өлеңді қайталайды.
Ұйымдастыру кезеңі
Жұмбақ жасыру
Жапанда бір жолаушы аузын ашып, Аяғын келе жатыр жылдам басып, Жарқырап маңдайында екі көзі, Ілезде жеткізеді жерге қашық.
-Балалар, қандай автомобиль түрлерін білесіңдер?
-Автомобильдің қандай пайдасы бар?
Автомобиль
Балалардың жауаптары
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Балаларға балауызбен автомобильдің суретін салуды ұсыну.
Педагог балаларға суретті салып көрсетеді.
Қара қарындашпен машинаның суретін салып, оны балауыз шамы арқылы бастыру және салынған суретті гуашпен бояу.
Балалардың жұмысын қадағалап отыру.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Қанатымызды жаямыз, Ұшақ болып ұшамыз. Суда жүйткіп жүземіз. Кемелерді түземіз, Жол тәртібін сақтап, Троллейбусқа мінеміз. Балалар өз беттерінше жұмыс істейді.
Қимылдар жасайды.
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау.
-Көліктің маңызы қандай? -Көліктің зияндығын ата -Жол жүру ережесін не үшін сақтау керек? -Автобустан түскенде не істеу керек? -Жол үстінде ала сызық кім үшін сызылған?  Балалар салған суерттерін көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Балауызбен сурет салады. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №23 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы_________________________________________________
Тақырыбы: Тасбақа (воскті қарындаш+ акварель)
Мақсаты: Акварелді бояу мен воскті қарындашты пайдалана отырып жануарлардың бейнесін сала білуге үйрету. Композиция құра білуін дамыту.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, акварель , воскті қарындаштар, тасбақаның суреті мен эскизі.
Билингвальды компонент: тасбақа-черепаха
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Жұмбақ жасыру
Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бас.
Асты тас,Үсті тас,Ортасында жанды бас. Тасбақа
Тасбақа
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларға тасбақаның суретін көрсету.
-Тасбақаның қандай дене мүшелері бар?
Тасбақа қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап сүйекті сауытына тығылады. Тасбақа шөптің арасында далада өмір сүреді. Шөппен қоректенеді. Қыста ол тамақ жемейді, ұйықтайды. Тасбақа екі түрлі болады. Жерде және суда өмір сүреді. Басы, көзі, аузы, аяғы, құйрығы
Балалар тасбақа туралы білгендерін айтады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Балаларға тасбақаның суретін салуды ұсыну. Акварелді бояу мен воскті қарындашты пайдалана отырып тасбақаның суретін салып көрсету.
Балалардың жұмысын қадағалап отыру.
Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ Балалар өз беттерінше сурет салады.
Қимылдар жасайды.
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау. Балалар салған суреттерін көрсетеді.
Күтілетін нәтиже: Тасбақаның суретін салады. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады. Қылқаламды дұрыс ұстап пайдаланады.
 
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №24 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы_______________________________________________________
Тақырыбы: Жеті күлтелі гүл
Мақсаты: Саусақпен сурет салу іскерліктерін жетілдіру. Түстердің орналасу реттілігін, үйлесімділігін сақтауға үйрету. Қиялын, ұсақ моторикасын дамыту. Әсемдікке баулу. Тәртіптілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, акварель , гүлдің суреті
Билингвальды компонент: гүл-цветы
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбері.
Жарқырап күн де ашылды
Айналаға гүл шашылды
Біз-нәзік қыздармыз!
Біз- ержүрек ұлдармыз!
Қайырлы күн достарым!
-Жарайсындар,балалар бүгін сендер өте мейірімді жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұрғандай әсемсіңдер. Олай болса мейірімді жүзімізбен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастаймыз. Балалар өлеңді қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Гүлдер балалар дала және бөлме гүлдері болып екіге бөлінеді. Дала гүлдері көктем мезгілінде күн жылына бастаған кезде жайқалып өсе бастайды. Дала гүлдері кең далада,өзен жағасында,орман алқабында өседі. Ал бөлме гүлдері адамның көмегі арқылы үйде бөлмеде өседі, бөлмедегі гүлдерге назар аударту. Гүлдерді біз анамыздың мерекесіне, туған күнінде осы гүл атауларын сыйға тартамыз.
-Балалар, қазір біз жеті күлтелі гүлдің суретін саусақпен саламыз.
Педагог суретті салу жолын түсіндіреді, көрсетеді. Балаларға суретті салуды ұсынады. Педагог балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Сергіту сәті
Кең жазық далада,
Өседі гүлдер құлпырып.
Гуілдеген желменен
Тербеледі оңға,
Тербеледі солға
Жайқалған гүлдерді,
Аялап отырдық.
Мұқият тыңдайды.
Өз ойларын айтады.
Балалар өз беттерінше сурет салады.
Қимылдар жасайды.
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау.
Гүлім, гүлім, өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап, кете бер,
Қызыл, жасыл, сары боп. Балалар салған суреттерін көрсетеді.
Өлең жолдарын айтады.
Күтілетін нәтиже:
 Жеті күлтелі гүлдің суретін салады. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №25 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы____________________________________________________________
Тақырыбы: Анама арналған ашық хат
Мақсаты: Әр түрлі гүлдердің суретін салуға үйрету. Өз тәжірибелеріне сүйеніп сурет салудың әртүрлі техникасын қолдана білу іскерлігін жетілдіру. Аналарына сыйлық жасауға деген ынталарын тудыру. Бала қиялын дамыту. Әсемдікке баулу.
Көрнекіліктер: Гүлдердің трафареті, фломастер, гуашь, қылқалам, екіге бүктелген ақ парақ
Билингвальды компонент: гүл-цветы, ашық хат-открытка
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбері
Кім ойлап тапқан,
               Сөздерді ең аяулы.
               Енді білдім оларды,
   Аяулы асыл аналар!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінің айларын атаңдар? Балалар өлеңді қайталайды.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
-Көктемде тіршілік атауы ұйқысынан оянады, құстар жылы жақтардан қайта оралады. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын - шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді.
-Көктемде қандай мерекелер болады?
-Аналар мерекесінде аналарыңа қандай сыйлық жасайсыңдар? Аналарыңа арнап ашық хат жасап, сыйлағыларың келе ме?
Педагог ашық хатты жасауды көрстеді. Ақ қағазды ортасынан бүктеп, әр түрлі гүлдердің суретін салады. Балаларға гүлдердің суретін салуды ұсынады. Педагог балалардың жұмыстарын қадағалап отырады.
Сергіту сәті
Біз доспыз гүлдермен,Текке оны жұлмаймыз.Той күні бір - бірденАналарға сыйлаймыз.
Балалар көктем мезгілі туралы айтады.
Аналар мерекесі. Наурыз мерекесі.
Балалар әкелерімен бірге сатып әкелген сыйлықтары жайлы айтады.
Сыйлықты өздері жасағылары келетінін айтады.
Балалар өз беттерінше сурет салады.
Қимылдар жасайды.
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау.
Ана біздің күніміз,
    Ананың біз гүліміз.
    Ұландарды қуантып,
    Ұзақ өмір сүріңіз Жасаған ашық хаттарын аналарына сыйлайтындарын айтады.
Өлең жолдарын айтады.
Күтілетін нәтиже:  Балаларды қарындаш, қылқалам, қағаздың маңызын біледі. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады. Аналарына арнап ашық хат жасайды.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №26 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы_______________________________________________________
Тақырыбы: Бақбақ гүлі(воск қарындашы, акварель)
Мақсаты: Түстің әсемдігін, жапырақтарының формасын нақты бере отырып бақбақ гүлін салуды үйрету. Қылқаламмен қысқа штрихті сала білуді үйретуді жалғастыру.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, акварель , воскті қарындаштар, бақбақ гүлінің суреті
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбері
Бақбақ
Аппақ, аппақ бақбақтар,
Тура киіз ақ үйлер.
Төнеді кеп жан –жақтан,
Тамашалап сәбилер.
М. Әлімбаев Балалар өлеңді қайталайды.
Ұйымдастырушылық
ізденістік
Жұмбақ жасыру
Өзіне шап –шақ, киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап.
Бір өсімдік бар: бір көргенде сап –сары
Бір көргенде аппақ, үрлесең ұшып кетеді.
Бұл не?                           
Бақбақ сәуір айынан бастап күзге дейін гүлдейді. Бақбақ алғаш шыққанда гүлінің түсі сап –сары болғандықтан алқап сары бояуға енеді. Гүлден ақ үлпек шыққанда, алқаптың бәрі аппақ болады, сондықтан бақбақ гүлін «үлпілдек» деп  те атайды.
           Бақбақ –тамыры жуан, шөпке ұқсас өсімдік. Бақбақтың гүлінен дәмді бал дайындайды, тамыры асқазанды емдеу үшін қажет.
Балаларға бақбақ гүлінің суретін салуды ұсынады. Педагог бақбақ гүлінің суретін салып көрсетеді.
Педагог балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Сергіту сәті
Арасында гүлдің, Ойнап бүгін жүрдім.
Қызыл, жасыл, сары, Әп әдемі бәрі.
Бірі сондай ірі, Ал нәп нәзік бірі.
Бақбақ
Мұқият тыңдайды.
Бақбақ жайлы білетіндерін айтады.
Балалар өз беттерінше сурет салады.
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау.
-Бақбақ кішкентай күнге ұқсайды.
Бақбақ адам денсаулығына тигізер пайдасы көп, дәрілік өсімдік.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір бірден
Анамызға сыйлаймыз. Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.
Өлең жолдарын айтады.
Күтілетін нәтиже:
 Бақбақ гүлінің суретін салады. Балаларды қарындаш, қылқалам, қағаздың маңызын біледі. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады. Қылқаламды дұрыс ұстап пайдаланады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №27 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы_______________________________________________________
Тақырыбы: Сиқырлы түстер (воск қарындашы, акварель)
Мақсаты: Дайын суретті воскті қарындаштарды және акварель бояуын қолдана отырып бояу. Сыртына шығармай бояуға үйретуді жалғастыру. Түс туралы түсініктерін бекіту. Акварель бояуы мен воскті қарындаштарының түстерін үйлесімді қолдана білуін дамыту.
Көрнекіліктер: Ақ параққа салынған сурет эскизі, акварель, воскті қарындаштар
Билингвальды компонент: түстер-цвета, сиқырлы-волшебный
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбері
Түрлі – түсті келбетті,Қандай әсем жер беті!Алуан бояу баулары,Аппақ басты таулары,Жасыл жайлау орманыҚырмызы гүл қырларыСары алтындай құмдарыБұйра толқын теңіз көпАшық аспан теңбіл көк,Түрлі - түсті келбеттіҚандай әсем жер беті! Балалар өлеңді қайталайды.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Балаларға түрлі түсті қағаздарды көрсетіп, түстерін сұрау. Топ ішіндегі заттардың түстерін ажырату.
Жұмбақ жасыру
Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,
Қарсақ басқан ізі қисық-қисық,
Өзі жансыз, жандының күшіменен,
Борайды ат үстінде желдей есіп.
Балаларға әртүрлі дайын суреттерді таратып беріп, суретті ұқыпты сыртына шығармай бояу керектігін түсіндіру.
Педагог балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Сергіту сәті
Көбелек те ,гүл де бір Қызыл-жасыл күллі өңірАспан төрі ақша бұлт,Бау-бақшада барша жұрт.Саңқылдаған саз әні,Көлде құстың базары.
Балалар түстерді ажыратады.
Қызыл, ақ, сары, жасыл, көк, қоңыр, қара, күлгін.
Қарындаш
Балалар өз беттерінше сурет салады.
Қимылдар жасайды.
Рефлексия лық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау. Балалар бояған суреттерін көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
 Балаларды қарындаш, қылқалам, қағаздың маңызын біледі. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады. Қылқаламды дұрыс ұстап пайдаланады. Суреттерді ұқыпты, бояуды сыртына шығармай бояйды.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №28 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы____________________________________________________
Тақырыбы: Көңілді осминог
Мақсаты: Үрлеу тәсілін қолданып сурет салуға үйрету. Үрлеу тәсілі арқылы осминогтың суретін бейнелеу. Бала қиялын дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, езілген бояу
Билингвальды компонент: осминог-сегізаяқ
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу! Балалар өлеңді қайталайды.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Кіріспе әңгіме.
Балаларға сегізақтың суретін көрсету.
Сегізаяқ (осьминог) - суда тірлік кешетін жәндік. Оның құпиясы сонда - жауынан қорғану үшін жолындағы кез келген тасқа барып жабысып, секунд ішінде денесін тура тастың түсіндей етіп өзгерте алады. Терісіндегі керіліп-созыла алатын түрлі пигменттер сегізаяқтың түсін өзгертеді.  Сегізаяқ қорыққанда ақ, ашуланғанда қызыл түске боялады. Сондай-ақ, ол тастың үлкен-кішілігін анықтап, "көңілді" кездері қолдарымен заттарды ұстап, ойнайды екен. 
Балаларға сегізаяқтың суретін үрлеу тәсілі арқылы салатындарын айту. Педагог сұйық бояуға қылқаламды батырып алады да қағаздың ортасына апарып жоғары ұстап тұрады. Пайда болған тамшы бояуды үрлейді. Осминогтың кейбір бөліктерін қылқаламды пайдалану арқылы аяқтау.
Сергіту сәті
 Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.
Балалар сегізаяқ туралы білетіндерін айтады.
Бала сұйық бояуға қылқаламды батырып алады да қағаздың ортасына апарып жоғары ұстап тұрады. Пайда болған тамшы бояуды үрлейді.
Қимылдар жасайды.
Рефлексия лық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау. Салған суреттерін кептіріп қояды.
Күтілетін нәтиже:
 Үрлеу тәсілі арқылы сегізаяқтың суретін салады. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады. Қылқаламды дұрыс пайдаланады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №29 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы________________________________________________________
Тақырыбы: Күн(алақанмен сурет салу)
Мақсаты: Алақанмен күннің бейнесін салу тәсілін үйрету. Шығармашылық, эстетикалық қабілеттерін дамыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, езілген бояу
Билингвальды компонент: күн-солнце
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбері
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз сүйкімді балалармыз!
Балалар өлеңді қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Дидактикалық ойын: «Арқаға сурет салу».
Ойынның мақсаты:тері арқылы сезу қабілеттерін қарым-қатынас белсенділіктерін дамыту.
Ойынның мазмұны: Балалар екі екіден жұптасады. Әр өзінің жұбының арқасына геометриялық пішіндер, қарапайым бейнелер суреттерін салады. Әр бала арқасына қандай сурет салғанын табады.
Балаларға күннің суретін алақанмен салатынын айтып, түсіндіру.
Сары түсті бояуды сұйықтай етіп езу.
Қылқаламмен сол жақ қолдың алақанын сары түсті бояумен толықтай бояп, қағаз бетіне бірнеше рет бастыру. Жұмыс аяқталған соң, алақанды сүлгімен сүртіп, жуады.
Сергіту жаттығуы:
Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жадырайды жүзіміз,
Жарқырайды тобымыз
Балалар екі екіден жұптасады. Әр өзінің жұбының арқасына геометриялық пішіндер, қарапайым бейнелер суреттерін салады. Әр бала арқасына қандай сурет салғанын табады.
Сары түсті бояуды сұйықтай етіп езеді
қылқаламмен сол жақ қодың алақанын сары түсті бояумен толықтай бояп, қағаз бетіне бірнеше рет бастырады. Жұмыс аяқталған соң, алақанды сүлгімен сүртіп, жуады.
Қимылдар жасайды.
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау.
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!  Балалар салған суреттерін кептіріп қояды.
Күтілетін нәтиже: Алақанмен күннің суретін салады. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №30 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы________________________________________________________
Тақырыбы: Ғарыш әлемі
Мақсаты: Аспан денелері туралы түсініктерін кеңейту. Қиялдары бойынша өз тәжірибелеріне сүйеніп сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдерін қолдану арқылы сурет сала білуге үйрету. Түс туралы түсініктерін бекіту.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, акварель , воскті қарындаштар, аспан денелерінің әртүрлі суреті
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбері
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз сүйкімді балалармыз! Балалар өлеңді қайталайды.
Ұйымдастырушылы-
ізденістік
Кіріспе әңгіме
Ғарыш әлемі туралы әңгімелесу.
Ғарыш әлемінде жұлдыздар жерден өте көп. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінде 3мыңға тара жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі заманда ең жаңа құралдармен есепке алынғандарының саны бірнеше миллион. Жерге ең жақын жұлдыз - Күн. Оның төңірегінде ірі аспан денелері планеталар айналып жүреді. Планеталар өзінен жарық шығармайын салқын денелер. Жердің серігі - Ай. Дегенмен олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Өз кезегінде планеталардың төңірегінде олардың серіктері айналып жүреді. Жердің серігі – Ай. Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Ғарыш кеңістігінде шек жоқ.
Балаларға ғарыш әлемінің суретін көрсету. Балаларға аспан денелерінің суретін салуды ұсыну. Педагог ғарыш әлемінің суретін салып көрсетеді.
Педагог балалардың жұмысын қадағалап отырады. Балаларға бағыт беріп, көмектеседі.
Сергіту сәті:Аспан, аспан арайлымСаған жиі қараймынСені көзбен шоламынМен ғарышкер боламын
Балалар өз ойларын айтады.
Мұқият тыңдайды
Балалар өз беттерінше сурет салады.
Қимылдар жасайды.
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау.
Жұмбақ жасыру
Көктемде көгереді,Жазда ырысқа бөленеді.Күзде пісіп марқаяды,Қыста бірден қартаяды. Балалар салған суреттерін көрсетеді.
Жер
Күтілетін нәтиже:
 Балалар ғарыш әлемінің суретін салады. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады. Қылқаламды дұрыс пайдаланады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №31 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы________________________________________________________
Тақырыбы: Шөп арасында өсіп тұрған гүлдер
Мақсаты: Алақанға бояуды жағып қағаз бетіне бастыру арқылы гүлдердің суретін салу. Алақанмен сурет салуды үйретуді жалғастыру. Шөптерді қылқаламның ұшымен салу. Түстерді үйлесімді қолдана білуін жетілдіру. Әсемдікке баулу.
Көрнекіліктер: Жоғарғы жағына бұлттың суреті салынған қағаз, гуашь, қылқалам
Билингвальды компонент: гүлдер-цветы, шөп-трава
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбері
Гүл қауызын ашады,Күн нұрын шашады.Қуанышын біліп гүл,Балаларға күліп тұр. Балалар өлеңді қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Кіріспе әңгіме
-Балалар қандай гүлдерді білесіңдер?
-Гүлді адамдар не үшін егеді?
-Гүл туралы кім тақпақ біледі?
-Дала гүлдерінен сабын, сусабын, денеге арналған майлар, әтірлер әртүрлі заттар жасалынады.
-Гүлдер дала гүлдері және бөлме гүлдері болып бөлінеді.
-Біздің топта қандай гүлдер бар?
Балаларға шөп арасында өсіп тұрған гүлдердің суретін көрсету. Алақанмен гүлдердің суретін салып, шөптерді қылқаламмен салу.
Балалардың жауаптары
Бәйшешектен білеміз,Көктем келіп қалғанын.Мәз боламыз, күлеміз,Көрсек гүлін жарғанын.2 . Алғаш рет күркіреп,Ағыл – тегіл жауса күн.Қырға шығар дүркіреп,Көктем басы – жауқазын.3. Үлбіреген бақбақ,Үлпілдеген аппақ.Уф! – десем, бақбақ,Ұшасың ғой қаптап.
Алақанға бояуды жағып қағаз бетіне бастырып, гүлдердің суретін салады. Шөптерді қылқаламның ұшымен салады.
Балалар өз беттерінше сурет салады.
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау.
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер Жайнар кезім келді деп. Қанаттарың желбіреп, Таңмен бірге оянып Күн нұрына бояныпКөрік бердің далаға.  Өлең жолдарын айтады.
Күтілетін нәтиже: Алақанмен бастырып гүлдің суретін салады. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады. Қылқаламды дұрыс ұстап пайдаланады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №32 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы_________________________________________________________
Тақырыбы: Қаздар
Мақсаты: Алақанға көгілдір бояуды жағып қағаз бетіне бастыру арқылы екі қаздың суретін салу. Алақанмен сурет салуды үйретуді жалғастыру. Шөптерді қылқаламмен жаппай бояу арқылы бейнелеу. Түстерді үйлесімді қолдана білуін жетілдіру. Бала қиялын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ қағаз, гуашь, қылқалам
Билингвальды компонент: қаздар-гуси
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Қазым, қазым, қаңқылда
Суда жүзіп саңқылда.
Арпа, бидай шашайын,
Тойып алып қаңқылда. Балалар өлеңді қайталайды.
Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе әңгіме.
 Қаздар көбінесе құрғаққа ұялап, құрғақта оттайды, су оларға сусындау, демалу үшін ғана керек болады. Олар суда жақсы жүзе алады, бірақ сүңги алмайды. Су жағалауындағы өсімдіктердің тамырымен, жапырағымен, тұқымдарымен қоректенеді. 
Балаларға қаздардың суретін көрсету.
Мұқият тыңдайды.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
-Балалар, бүгін біз алақанға көгілдір бояуды жағып қағаз бетіне бастыру арқылы екі қаздың суретін саламыз. Шөптерді қылқаламмен жаппай бояу арқылы бейнелейміз.
Педагог суретті салып көрсетеді, түсіндіреді.
Балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Сергіту сәті
Қаздар болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз. Алақанға көгілдір бояуды жағып қағаз бетіне бастыру арқылы екі қаздың суретін салады. Шөптерді қылқаламмен жаппай бояуды.
Балалар өз беттерінше сурет салады.
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау.
Мақал
Қаз келсе, жаз келер. Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
 Алақанмен қаздардың суретін салады. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады. Қылқаламды дұрыс ұстап пайдаланады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №33 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы___________________________________________________________
Тақырыбы: Аквариумдағы балық
Мақсаты: Аквариумдағы балықтардың суретін салдырту. Бала қиялын дамыту. Әсемдікке баулу. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ парақ, гуашь, қара қарындаш, фламастер, үлгі.
Билингвальды компонент: балық-рыба
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбері
Қуан, шаттан балақайЖарқырайды аспандаКүн алақай!Атқан таңға, шыққан күнгеСәлем беріп,Тілейік бақыт, баршаңызға осындай. Балалар өлеңді қайталайды.
Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе әңгіме. Балаларға қармақты көрсету.
- Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?- Қармақпен не істеуге болады?-Балықтар қайда тіршілік етеді?- Балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?- Балықтардың мынау несі?- Басы.- Басында желбезегі болады.- Олар осы желбезегі арқылы дем алады. Ал денесінде нелері бар екен?- Дұрыс айтасыңдар. Ал денесіне жалғасқан мынау не екен?- Құйрығы.- Денесінің арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттар Бұл - қармақ.
Балық аулауға.
Суда.
Сопақша.
Қабыршақтары.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
-Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүреді?- Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады.
Балалар қазір біз аквариумдағы балықтардың суретін саламыз.
Педагог аквариумдағы балықтардың суретін салып көрсетеді. Балаларға суретті салуды ұсынады. Педагог балалардың жұмысын қадағалап отырады.
Сергіту сәті
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш. Шыны ыдыста.
Балалар өз беттерінше сурет салады.
Салған суреттерін топ ішіне іліп қояды. Ақ параққа қолын қойып қара қарындашпен бастырады. Бастырған алақан мен саусақтарын әртүрлі бояу түстерімен бояу арқылы балықтың суретін бейнелейді. Балықтың көзін, аузын, аквариум ішіндегі өсімдіктерді фламастерді пайдалана отырып аяқтайды.
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау. Балалар салған суреттерін көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
 Аквариумдағы балықтардың суретін салады. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады. Қылқаламды дұрыс ұстап пайдаланады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №34технологиялық картасы
Күні, айы, жылы___________________________________________________________
Тақырыбы: Көбелек
Мақсаты: Алақанмен сурет салуды үйретуді жалғастыру. Түстерді үйлесімді қолдана білуін жетілдіру. Бала қиялын дамыту. Әсемдікке баулу.
Көрнекіліктер: Ақ қағаз, гуашь, фламастер, қылқалам
Билингвальды компонент: көбелек-бабочка
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбері
Ақ қанатты көбелек,
көк қанатты көбелек,Қызыл қанат көбелек,Бақшамызға келе кет!Көбелек-ау, көбелекБақшамызға келе кет 
Гүлдер, гүлдер көктесін,Көбелектер көп келсінАқ қанатты көбелекАуламыздан кетпесін  Балалар өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Балаларға көбелектердің суретін көрсетіп, әңгімелеу.
Көбелектер – бұл әлемнің кез келген аймағынан табылуы мүмкін жәндіктердің ірі тобы. Көбелектердің 12-ге жуық тұқымдастары бар. Көптеген үлкен, ұсақ көбелектер және көбелектер гүлдерден сорып алатын бал шырынымен қоректенеді. Олардың қанаттары, егер көбелекке тиіп қалсаң, шаң түрінде сілкінетін қабыршақты болып келеді. 
Балаларға көбелектің суретін салатындарын айту.
Алақанға бояуды жағып қағаз бетіне бастырып көбелектің төрт қанатын салу. Көбелектің ортаңғы бөлігін, мұртшасын фламастерді қолданып аяқтау. бояу арқылы бейнелеу. Қанаттарын түрту тәсілі арқылы безендіру. Алақанмен сурет салуды үйретуді жалғастыру.
Сергіту сәті
Біз бақытты баламыз,Гүл - гүл жайнап жанамыз.Жаттығулар жасасақ,Жақсы серігіп қаламыз.
Мұқият тыңдайды. Көбелек туралы білетіндерін айтады.
Балалар өз беттерінше сурет салады.
Қимылдар жасайды.
Рефлексия лық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау. Балалар салған суреттерін көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
 Көбелектің суретін салады. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады. Қылқаламды дұрыс ұстап пайдаланады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №35 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы____________________________________________________________
Тақырыбы: Қарақат бұтағы(мақталы таяқшамен бояу)
Мақсаты: Таяқшаларды қолдану арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын ояту. Дәстүрден тыс әдісті пайдаланып, суретті қағаз бетіне түсіру. Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ қағаз, гуашь, мақталы таяқша
Билингвальды компонент: қарақат-черника
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбері
Аулада бар бүлдірген,
Жалықпа тер бір-бірден.
Қышқылтым тәтті қарақат,
Қарақат теру рақат-ақ! Балалар өлеңді қайталайды.
йымдастырушылық-ізденістік
Дидактикалық ойын: «Неге ұқсайды?».
Ойынның мақсаты:Сенсорлық операцияларын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту.Ойынның мазмұны: Үстел үстінде бірнеше жемістердің бейнесі (муляж) қойылады. Бала олардың қасиетін атап, неге ұқсас екенін табады.
Балаларға қарақат бұтағының суретін салуды ұсыну.
Педагог суретті салу жолын түсіндіреді.
Жай қарындашпен қарақаттың сабағының пішіні салынады.
Сабақтың төменгі жағынан бірнеше кішкентай бұтақтар салынады.
Қылқаламды жасыл түсті бояуға батырып, салынған сурет боялады.
Мақталы таяқшамен бөлінген кішкентай бұтақтар бойына нүктелерді түрту арқылы қара түсті қарақаттар салынады.
Сабақтың жоғарғы жағына қылқаламмен жапырақтарды бейнелеуге болады.
Сергіту жаттығуы:
Дайын қағаз, қарандаш,
Бояуды таңдап аламын
Пісіп тұрған қарақаттың,
Суретін мен саламын.

Ойынға қызығушылық танытады.
Балалар өз беттерінше сурет салады.
Қимылдар жасайды
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау. Балалар салған суреттерін көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
 Балалар қарақат бұтағының суретін салады. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады.
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ортаңғы_______________ тобы.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сиқырлы бояулар
вариативтік компонентінің №36 технологиялық картасы
Күні, айы, жылы____________________________________________________________
Тақырыбы: Ала сиыр(трафаретпен жұмыс)
Мақсаты: Балаларды айналадағы дүниенің заттық көлемін, пішінін, түсін сақтай отырып, бастыру арқылы паралонмен сурет салуға дағдыландыру, үйрету. Балалардың танымдық, іскерлік, қызығушылық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақ қағаз, гуашь, мақталы таяқша, паралон, трафарет
Билингвальды компонент: сиыр-корова
Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбері
Сүйсең сурет сабағын,
Шабыт берер талабың.
Бейнелейтін шындықты,
Таланттарды табамын.
Балалар өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Дидактикалық ойын: «Суретшінің қатесі».
Ойынның мақсаты:Балаларды ұқыптылыққа, зейінділікке тәрбиелеу. Бояу түстерін ажырата білуге үйрету.
Ойынның мазмұны: Тақтаға пішінді де, бояу түстерін де айырмашылықтары бар ұқсас екі сурет ілінеді. Балалар суреттерге қарап, суретшінің қатесін табады.
Балаларға ала сиырдың суретін салуды ұсыну. Суретті салудың жолдарын түсіндіру.
Сурет мазмұнын ойластыру.
Бұл әдіспен сурет салмас бұрын, қандай геометриялық пішіндерді қолдану керектігін құрастыру қажет.
Қатты қағаздан қиылған геометриялық пішіндерді жай қарындашпен бастыру арқылы ойластырылған суретті салу.
Дайын суретті қылқаламмен бояу
Сергіту сәті
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға,
Шапалақта, шапалақ,
Шапалақта, шапалақ.
Ойынға қызығушылық танытады.
Балалар өз беттерінше сурет салады.
Қимылдар жасайды
Рефлексиялық- түзету Балалардың жұмысын бағалау, мадақтау. Балалар салған суреттерін көрстеді.
Күтілетін нәтиже:
 Ала сиырдың суретін салады. Сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артады.

Приложенные файлы

  • docx 1539918
    Размер файла: 147 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий