СДВ каз. КГМУ


Бала 12 жаста. Тістерінің ұсқынсыздығына шағымданады. Ауыз қуысында 14 13 12 11 21 22 23 тістер бор тәріздес түсті, жылтыры жоқ. Кіреукеде қоңырқай түсті дақтар бар. Дақтардың орта тұсында дөңгелек пішінді диаметрі 1,5мм кіреуке ақаулары анықталды. Ақау түбінде қоңыр түс қоюлана түседі. Диагноз қойыңыз://
беткейлік кариес, декомпенсациялық түрі//
+ флюороз, бортүстес теңбілді (меловидно-крапчатая) түрі//
жүйелік гипоплазия, дақты түрі//
флюороз, дақты түрі//
жүйелік гипоплазия, эрозиялық түрі
***
Бала 12 жаста. Тістерінің ұсқынсыздығына шағымданады. Ауыз қуысында 14 13 12 11 21 22 23 тістер бор тәріздес түсті, жылтыры жоқ. Кіреукеде қоңырқай түсті дақтар бар. Дақтардың орта тұсында дөңгелек пішінді диаметрі 1,5мм кіреуке ақаулары анықталды. Ақау түбінде қоңыр түс қоюлана түседі. Ем тағайындаңыз://
кальций препаратымен рем.терапия, реставрация//
+ ағарту, кальций препаратымен рем.терапия, реставрация//
рем.терапия, стеклоиономерлі цементпен ақауды жабу//
ақауды егелеу, күміс нитратымен импрегнация//
ақауды егелеу, кальций, фтор препаратымен рем.терапия
***
Бала 5 жаста. Төменгі жағының оң жағы ауыратынына шағымданады. Қарау кезінде: беті ассимметриялы – ұрт аймағы жұмсақ тіндерінің ісінуі себебінен. Сипап көргенде инфильтрат жұмсақ, аурушаң, шекарасы айқын емес. Ауыз қуысында: 85 тістің ½ бөлігі бұзылған, перкуссия кезінде ауырады. 84,85 тістер айналасындағы кілегей қабығы қызарған, ісінген, өтпелі қатпары тегістелген, сипап көргенде ауырсынады. Диагноз://
жедел одонтогенді остеомиелит//
+ жедел іріңді периостит//
одонтогенді флегмона//
аденофлегмона//
одонтогенді абсцесс
***
Бет-жақсүйек хирургиясы бөлімшесіне 6 жасар қыздың ата-анасы жоғарғы жақсүйектің оң жағының ауыратынына шағымданып келді. Тіс бұрын емделген. Ауырсыну 4 күн бұрын пайда болған, кеше ісіну пайда болған. Дәрігерге қаралмаған, үйде емделген, құрғақ жылы компрессор қойған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа дәрежеде, бала жігерсіз, дене қызуы 38,1°С. Оң жақ беттің және көзастының жұмсақ тіндері ісінуінен беттің ассиметриясы байқалады. Ісінген аймақта тері жабындысы аздап қызарған, ыстық. Пальпацияда жұмсақ консистенция байқалады, ауырсыну жоқ. Ауыз қуысында: 54 тістің сауыттық бөлігі ½ бөлігіне дейін бұзылған, тіс қозғалмалы. 54 тіс аймағының шырышты қабаты ісінген, пальпацияда ауырады, флюктуация анықталады. Қандай емдеу әдісі бұл жағдайда қолданылады?//
5.4 тісті жұлу, антибактериальды терапия//
Периостотомия, антибактериальды терапия//
+ Периостотомия, 5.4 тісті жұлу//
Остеоперфорация, 5.4 тісті жұлу//
Остеоперфорация, сүйекішілік лаваж
***
Бала 7 жаста. Төменгі жағының оң жағы ауырып, ісінгеніне шағымданады. Қарау кезінде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 37,5*С, беті ассимметриялы – ұрт жұмсақ тіндерінің ісінуі себебінен. Сипап көргенде инфильтрат жұмсақ, шекарасы айқын емес, аурушаң, терісі өзгермеген. Ауыз қуысында: 85 тістің 1/3 бөлігі бұзылған, перкуссия кезінде ауырады, 1 дәрежелі қозғалғыштық бар, өтпелі қатпар қызарған, тегістелген аурушаң. Емдеу тәсілі://
Тісті жұлу, антибактериальды терапия//
Іріңдікті ашу, остеоперфорация, сүйек ішілік лаваж//
+ Тісті жұлу, периостеотомия//
Іріңдікті ашу, антибактериальды терапия//
Антибактериальды, қабынуға қарсы терапия, физиоем
***
Бала 7 жаста. Төменгі жағының сол жағы ауыратынына шағымданады. Жалпы жағдайы орташа, дене қызуы 39˚С. Бала әлсіз, реңі бозарған. Жергілікті: сол жақ ұрт, төменгі жақ жұмсақ тіндерінің домбығуы салдарынан беті ассимметриялы. Сипап көргенде инфильтрат күрт аурушаң, тығыз, шекарасы айқын емес. Ауыз қуысында: 75 тістің 1/3 бөлігі бұзылған, перкуссия кезінде ауырады, тіс айналасындағы кілегей қабығы қызарған, ұрт және тіл беті ісінген. Альвеолярлы өсінді муфта тәрізді жуандаған.
Диагноз қойыңыз://
+ Жедел одонтогенді жайылған остеомиелит//
Жедел іріңді периостит//
Одонтогенді флегмона//
Аденофлегмона//
Жедел іріңді сиалоденит
***
Стоматологиялық клиникаға 4 жасар қыздың ата-анасы жоғарғы жақсүйектің сол жақ бөлігіндегі ауырсынуға, көзұяастылық және ұрттық аймақтардағы ісінуге шағымданып келді. Ісіну кеше таңертен болған. Тұратын аймағына байланысты 1 жыл бұрын тісін емханада емдеуді бастаған, бірақ аяғына дейін емделмеген. Қарап тексергенде: көзұяастылық және ұрттық аймақтардағы ісінуден беттің ассимметриясы байқалады. Тері тырысқан, қатпарға жиналмайды, аздап қызарған. Ауыз қуысында 6.4 тіс ½ бөлігіне дейін бұзылған, уақытша пломбаның қалдығы бар, тіс қозғалмалы, зондтағанда ауырсынусыз, перкуссияда ауырады. 6.3, 6.5 тістер тұрақты пломба астында қозғалған. 6.4, 6.5 тістер аймағында шырышты қабаты ісініп, қызарған. Дәрігер-стоматолог қандай диагноз қойды?//
Жоғарғы жақсүйектің сол жағындағы жедел одонтогенді іріңді периоститі//
+ Жоғарғы жақсүйектің сол жағындағы жедел одонтогенді остемиелиті//
Созылмалы гранулденуші периодонтиттің асқынуы 6.5. тіс//
Ұрттың сол жақ аймағындағы одонтогенді флегмона//
Көзұяастылық сол жақ аймағындағы одонтогенді флегмона
***
Гематогендi остеомиелит көбiнесе анықталады://
+ жаңа туған нәрестелерде//
жыныстық даму кезеңiнде//
14-15 жаста//
ересек адамдарда//
қарт адамдарда
***
2,5 айлық бала облыстық балалар ауруханасынан оң жақтағы үстіңгі жақсүйек аумағының домбығуымен консультация алуға жіберілді. Анамнезде: ұзақ жазылмайтын кіндік жарасы бар. Тексерген кезде үстіңгі жақсүйек аумағы домбыққан, мұрын-ерін қатпары тегістелген, ауыз қуысындағы үстіңгі жақсүйек альвеолярлық өсіндісінде қою іріңді бөлініп шығуларымен тесік бар. Төмендегі көрсетілген диагноздардың қайсысын қолданған АНАҒҰРЛЫМ ықтимал://
көз асты аумағындағы іріңдік//
+ гематогенді остеомиелит//
мұрындағы шиқан//
одонтогенді остеомиелит/
жіті одонтогенді периостит
***
Нәрестеде жоғарғы еріннің сол жағынан мұрын жолы түбіне жетпейтін ақау анықталды. Жоғарғы ерні қысқарған, мұрынның сол жақ қанаты тегістеген. Ақау альвеолярлы өсінді аймағына жалғаспайды. Диагноз://
Жоғарғы еріннің туа біткен толық жырығы//
+ Жоғарғы еріннің туа біткен толық емес жырығы//
Жоғарғы еріннің туа біткен екі жақты толық жырығы//
Жоғарғы еріннің, альвеолярлы өсіндінің, қатты және жұмсақ таңдайдың туа біткен ашық жырығы//
Беттің қиғаш жырығы
***
Бала 8 жаста. Френулопластика операциясы тағайындалды. Бұл хирургиялық емнің мақсаты://
+ Жоғарғы ерін үзбесінің төменгі аяғын ығыстыру//
Еріннің үзбесі орталық бөлігін кесу//
Ерін үзбесі екі аяғын да ығыстыру//
Eрін үзбесі тінін кесу//
Ерін узбесі аяғын ығыстыру
***
Нәрестеде сол жақ жоғарғы еріннен мұрын жолы түбіне жететін ақау анықталды. Жоғарғы ерні қысқарған, мұрынның сол жақ қанаты тегістеген. Ақау альвеолярлы өсінді, қатты және жұмсақ таңдай аймағын қамтиды. Жұмсақ таңдай қысқарған, жұтқыншақтың ортаңғы бөлігі кеңейген. Сіздің диагнозыңыз://
Жоғарғы еріннің туа біткен толық жырығы//
Жоғарғы еріннің туа біткен толық емес жырығы//
+ Жоғарғы еріннің, альвеолярлы өсіндінің, қатты және жұмсақ таңдайдың туа біткен ашық жырығы//
Қатты және жұмсақ таңдайдың туа біткен толық жырығы//
Беттің қиғаш жырығы
***
4 айлық балада мұын жолы түбінің тұтастығы бұзылған, ерні қысқарған, сол жақ мұрынның тері-шеміршек бөлігі тегістелген ақау анықталды. Ақау альвеолярлы өсінді, қатты және жұмсақ таңдай аймағын қамтиды. Жұтқыншақтың ортаңғы бөлігі кеңейген, жұмсақ таңдай қысқарған. Сіздің емдеу жоспарыңыз://
хейлопластика//
уранопластика//
+ хейлопластика, уранопластика//
тері-шеміршекті трансплантат//
остеотомия
***
Балалар бет жақсүйек хирургиясы бөлімшесіне 6 айлық бала түсті. Дәрігер объективті қарағанда жоғарғы жақтың сол жағында патология байқалды, еріннің қызыл жиегі мен еріннің бүкіл бетінде жұмсақ тіндері өспей қалған, мұрын қуысының тері-шеміршегінің деформациясымен қосарлана жүреді. Осы берілген патологияға хирургиялық ем жүргізіңіз://
Бернадский бойынша радикалды унаропластика//
Бернадский бойынша аяушылық ураностафилопластика//
+ Лимбер үшбырыштары бойынша Миллард хейлопластикасы//
Теннис бойынша хейлопластика//
Лимберг бойынша хейлопластика
***
Нәресте, салмағы 2,800, 1 жүктіліктен, 1 туу. Анасы жүктіліктің 1 жартысында суық тигізіп ауырған. Өзіне өзі ем тағайындаған. Қарау кезінде: нәрестенің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жұмсақ және қатты таңдай аймағында ақау,ол күрек тістік саңылауға дейін созылған. Жұмсақ таңдай қысқа, араңның ортаңғы бөлігі кеңейген. Сілемейі бозғылт түсті. Ураностафилапластика мерзімі://
12-13 жаста//
+ 6-7 жаста//
4-5 жаста//
бiр жаста//
10 жаста***
Бала 15 жаста. Шағымы: қызыл иегі ауырады, тамақ ішкенде ауырсыну күшейе түседі. Дене қызуы 38С көтерілген, әлсіздік сезінеді. Бір апта бұрын тұмауратып ауырған. Ауыз қуысында: жоғарғы және төменгі тіс қатары бойында тіс аралық бүртіктер мен жиектік қызыл иек қызарған, ісінген. Барлық тістер айналасында бетін некроздық қақ басқан ойық жаралар. Жағымсыз иіс бар. Диагноз қойыңыз://
жедел катаральды гингивит//
жедел ойық жаралы гингивит//
+ жедел ойық жаралы – өлі еттенген гингивит//
созылмалы десквамациялық гингивиттің асқынуы//
созылмалы катаральды гингивиттің асқынуы
***
Бала 14 жаста. Тіс қатары бойында қызыл иек жиегі ұлғайған. Қызыл иек аздап қызарған, тіс сауыттарын 1/2 биіктігін жапқан, тығыз. Шиллера-Писарева сынамасы оң. OHIS=1,5. Физиоем тағайындаңыз://
озонотерапия//
сәулемен емдеу «биоптрон»//
+ аскорбин қышқылымен электрофорез//
УФО//
УВЧ
***
Бала 15 жаста. Шағымы: қызыл иегі ауырады, тамақ ішкенде ауырсыну күшейе түседі. Дене қызуы 38С көтерілген, әлсіздік сезінеді. Бір апта бұрын тұмауратып ауырған. Ауыз қуысында: жоғарғы және төменгі тіс қатары бойында тіс аралық бүртіктер мен жиектік қызыл иек қызарған, ісінген. Барлық тістер айналасында бетін некроздық қақ басқан ойық жаралар. Жағымсыз иіс бар. Ем тағайындаңыз://
ауыз қуысын кәсіби тазалау, 3% КJ ертіндісімен электрофорез//
ауыз қуысын антисептикпен шаю, «миконаз» майымен аппликация//
+ ауыз қуысын антисептикпен шаю, трипсинмен, «метрогил» гелімен аппликация//
«ацикловир» гелімен аппликации, 5-6 күні «метилурацил» майымен аппликация//
ауыз қуысын антисептикпен шаю, «метилурацил» майымен аппликация
***
13 жастағы бала тістерін тазалағанда және қатты тағам қабылдағанда болатын ауырсыну мен қанауға шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ауыз қуысында: тістерінде жұмсақ тіс қағы, қызыл иегі қызарған, ісінген, тегіс, аспап тигенде тез қанағыш. Нақтамалау әдісін таңдап, себебін көрсет://
Ясиновский сынамасы - лейкоциттердің миграциясын анықтайды//
Шиллер-Писарев сынамасы - тістердің тазалығының сапасын анықтайды//
Грин-Вермильон индексі, себебі тіс қағын анықтайды//
+ РМА индексі - қызыл иектегі қабынуды деңгейін анықтайды//
рентгенография – сүйектегі деструкциялық өзгерістерді анықтайды
***
Жасөспірім 17 жаста. Ауыз қуысында қызыл иегінің сілемейлі ісінген, қанталаған. Тістерінің вестибуло-оральды бағытта (І деңгей) қозғалғыштығы анықталады. Сүңгілегенде пародонтальды қалталар 3-3,5 мм дейін жетеді. Рентгенографияда қандай көріністі байқайсыз?//
+ тіс аралық перденің 1/3 резорбциясы//
тіс аралық перденің ½ дейінгі резорбциясы//
тіс аралық перденің ½ артық резорбциясы//
тіс аралық перденің толық резорбциясы//
сүйек тінінің лакунарлы еруі
***
Жасөспірім 15 жаста. Төменгі жақтың тікелей панорамалық рентгенографиясында пародонтит белгілері: 1.2,2.6,3.5,4.2,4.3 тістер айналасында альвеола аралық перделердің кортикальды табақшалары жойылған, перде биіктігінің 1/3 бұзылған. Рентгенологиялық көріністі атаңыз?//
+ деструкциялық өзгерістер//
қызыл иек бүртіктерінің өлі еттенуі//
қызыл иек бүртіктерінің гипертрофиясы//
үдемелі остеолизис//
дистрофиялық өзгерістер
***
Жасөспірім 14 жаста. Шағымы: тіс қатарының оң бөлігіндегі қызылиектің қанағыштығы, қышуы. Ауыз қуысында 16, 17 тістер қызыл иегі қршқыл қызыл түсті, ісінген, грануляциялар бар. Сүңгілегенде пародонтальды қалталар 4 мм дейін жетеді. Диагноз болжаңыз?//
+ созылмалы шектелген пародонтит//
созылмалы жайылмалы пародонтит//
созылмалы гипертрофиялық гингивит//
созылмалы шектелген гингивит//
созылмалы катаральды гингивит
***
Жасөспірім 17 жаста. Ауыз қуысында: тістердің мойын бөлігінде көптеп тіс үстілік тастар жиналған. Диагнозы: созылмалы жайылмалы пародонтит, ауыр дәрежелі. Тіс шөгінділерін алуды жүргізу керек://
+ кюретажға дейін//
кюретаж барысында//
кюретаж жасағаннан кейін//
шина салғанға дейін//
шина салғаннан кейін
***
Эпидемиялық паротиттiң инкубациялық мерзiмi://
4-6 күн//
6-8 күн//
8-10 күн//
+ 14-21 күн//
23-40 күн***
9 жастағы бала дәрігер-стоматологқа құлақ жанындағы және төменгі жақсүйек асты аумақтарында екі жақтан да жұмсақ тіндерінің ісінгеніне шағымданып келеді, олардың үстіндегі терісінде қан кернеген, бұлшық еттері тырысқан. Баланың жалпы жағдайы нашарлады, дене қызуы 380, тәбетінің болмауы. 3-ші күн ауыруда, ауыз қуысының құрғауы байқалады.Төмендегі көрсетілген диагноздардың қайсысын қолданған АНАҒҰРЛЫМ ықтимал://
жедел іріңді лимфаденит; іріңді ошақты ашу, антибактериялдық емдеу//
+ эпидемиялық паротит; науқасты оқшаулау, дезинтоксикациялық, жалпы нығайтатын және қорғайтын емдәмтерапиясы//
паренхиматозды сиалоаденит; қабынуға қарсы және сезімталдықты жоғалтуға қарсы ем//
калькулёзды сиалоаденит; сілекей тасын жою бойынша оперативтік араласу//
жітііріңді периостит; периостотомия, антибактериалдық ем
***
Бала 6 жаста. Төменгі жағының оң жағы ауыратынына шағымданады. Қарау кезінде: жалпы жағдайы орташа, беті ассимметриялы – жақ асты жұмсақ тіндерінің ісінуі себебінен. Сипап көргенде инфильтрат тығыз, аурушаң, шекарасы айқын емес, инфильтрат бетіндегі теріқызарған, кернелген. Ауыз қуысында: патологиялық көрініс жоқ. Диагноз://
Жедел серозды лимфаденит//
Жедел іріңді лимфаденит//
Одонтогенді флегмона//
Аденофлегмона//
+ Сиалоденит
***
Сиалограммада 2-3 қатардағы тармағының бойында контрасты заттың жиналған ошақтары көрiнедi. Бұл қаңдай ауруға тән://
сiлекей-тас ауруы//
эпидемиялық паротит//
эпидемиялық емес паротит//
сиалодохит//
+ созылмалы паренхиматозды паротит
***
Аурухананың қабылдау бөлімінде нәресте қаралды. Ата-анасы баланың жалпы жағдайының әлсіреуіне, құлақ маңында аздап ұлғайған тіндердің қатаюы ошағының болуына шағымданады. Қарау кезінде: сол жақ құлақ маңында шектелген нығыз қатты түзіліс бар. Диагнозын болжаңыз://
сілекей тас аурыу//
эпидемиялық паротит//
эпидемиялық емес паротит//
сиалодохит//
+ нәресте паротиті
***
Аурухананың қабылдау бөлімінде нәресте қаралды. Ата-анасы баланың жалпы жағдайының әлсіреуіне, дене қызуының көтерілуіне, құлақ маңында қатаюы ошағының болуына шағымданады. Қарау кезінде: оң жақ құлақ маңында шектелген қатаю бар, оның орта тұсында «флюктуация» анықталды. Диагнозын болжаңыз://
нәресте паротиті, серозды формасы//
эпидемический паротит//
неэпидемический паротит//
сиалодохит//
+ паротит новорожденных, ірінді формасы
***
Бала 9 жаста. Тексерілу мақсатында қаралған. Ауыз қуысында: ұрт сілемейінде, тістердің қабысуы деңгейінде ақ-сұр түсті, айналасындағы тіндерден аздап жоғары жатқан аймақтар бар. Бұл жердегі сілемей ісінген, аздап қызарған, пальпация кезінде аурушаң. Баланың ұртың шайнайтын әдеті бар екен. Диагнозды болжаңыз?//
созылмалы кандидалық стоматит//
созылмалы қайталанбалы афталық стоматит//
+ жұмсақ лейкоплакия//
қызыл теміреткі//
жедел кандидалық стоматит
***
Бала 1,5 жаста. Дене қызуы 38,3 С көтерілген, ауыз қуысында жаралар шығып, сілекейдің бөлінуі артқан. Тексеру кезінде: қызыл иек ісінген, қызарған. Ерін, ұрт, тіл сілемейінде көптеген өзара біріккен эрозиялар. Олардың бетін ақшыл қақ басқан, пальпацияда аурушаң. Ерін айналасындағы теріде сірлі сұйықтықты 4 көпіршік бар. Жақ асты лимфатүйіндері ұлғайған. Диагнозды болжаңыз?//
+ жедел ұшықтық стоматит//
жедел кандидалық стоматит//
көптүрлі экссудациялық эритема//
ұшықтық баспа (ангина)//
қайталанбалы ұшықтық стоматит
***
Бала 1,5 жаста. 2 апта бұрын тұмауратып ауырған. 2 күннен бері дене қызуы 39С көтерілген, құсқан. Тексеру кезінде: жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сілекейдің бөлінуі артқан. Ерін, тіл және ұрт сілемейі қанық қызыл түсті, шекарасы айқын көрінетін көптеген ұсақ эрозиялар бар. Олардың бетін фибринді қақ басқан. Қызылиегі ісінген, қанағыш. Негізгі жергілікті ем://
+ вирусқа қарсы//
дене қызуын төмендететін//
ауырсыздандыратын//
антисептикалық//
кератопластикалық
***
Бала 8 жаста. Ауыз қуысындағы күрт ауырсынуға, жалпы әлсіздікке, мазасыздыққа шағымданады. Тексергенде: ұрттың сілемейлі қабығында айқын қызыл түсті эрозиялар, жиектерінде үлбіреу қақпақшағы сақталған, оны пинцетпен тартқанда оңай алынады. Қосымша тексеру әдісін көрсет://
+ цитологиялық//
ренгенологиялық//
микробиологиялық//
иммунологиялық//
биохимиялық
***
Бала 4 жаста. Тіс дәрігеріне анасы дене қызуының 38С көтерілуіне, ауыз қуысының қызаруына шағымданып келді. Балада жөтел, мұрыннан шырыштың көп бөлінуі, жарықтан қорқу байқалады. Қараған кезде: қатты және жұмсақ таңдайдың сілемейлі қабығында қызыл энантемалар. Ұрттың сілемейінде, молярлар тұсында, жиегі сақиналанып қызарған ақ дақтар анықталады. Осы аурудың қоздырушысы не?//
А гемолитикалық стрептококк//
+ фильтрлеуші вирус//
Леффлер таяқшасы//
Коксаки вирусы//
кандида зеңі
***
Бала 3 жаста. Анамнезде: бала бірнеше күн бұрын жедел бронхитпен науқастанған. Ем жүргізілген. Кейіннен ауыз қуысында ақ түсті ұсақ түйіршікті қақ түзілген. Қақ тампонмен оңай сүртілген. Дәрігерге қаралмаған. Ауыз қуысын түймедақ қайнатпасымен шайып, ұйықтар алдында тіл мен ұртты балмен сылаған. Бала әлсіреп, дене қызуы 38,4С көтерілген. Ауыз қуысында: ерін, ұрт, тіл сілемейлі қызарған, бетін көптеп ақ – сұр түсті, ұсақ түйіршікті қақ басқан. Қақ тампонмен алынуы қиын, алған орнында сілемей қатты қызарған. Диагноз қойыңыз://
жедел жалған жарғақты (псевдомембраналық) кандидоз, жеңіл дәрежесі//
жедел атрофиялық кандидоз, орташа дәрежесі//
+ жедел жалған жарғақты (псевдомембраналық) кандидоз, орташа дәрежесі//
созылмалы гиперпластикалық кандидоз, жеңіл дәрежесі//
жедел жалған жарғақты (псевдомембраналық) кандидоз, ауыр дәрежесі
***
4 жастағы балада кариес белсенділігі І дәрежелі. 8.4 тістің шайнау беткейінде қуыс бар, қырлары тегіс, дентині пигменттелген тығыз, құрғақ, сүңгілегенде кіреуке-дентин шекарасында ауырады. Қандай пломбалық материалды қолданылады?//
химиялық қататын композит//
емдік төсем, силидонт//
+ шыныиономерлі цемент//
фосфат-цемент//
компомер
***
Бала 12 жаста. Шағымы: төменгі жақтың оң бөлігіндегі тіс термиялық тітіркенгенде аз мерзімді ауырсынады. Тексерген кезде: 4.6 тістің шайнау бетінде терең кариозды қуыс, дентині пигменттелген тығыз, сүңгілегенде қуыс түбі бойы ауырады. КПУ=2. Қандай емдеу әдісі тиімді?//
ЩИЦ пломбалау//
+ емдік төсем, пломбалау//
химиялық композитпен пломбалау//
емдік төсем, уақытша пломбалау//
сәулемен қататын композитпен пломбала
***
Бала 5 жаста. Шағымы: тағам қабылдағанда тісі ауырады. Тексерген кезде: 7.4-тістің шайнау бетінде қуыс, дентині пигменттелген, қатты, кіреуке-дентин шекарасында ауырсыну. кп=3. Ем жүргіз://
+ аралық төсем, тұрақты пломба//
емдік төсем, уақытша пломба//
тіс шұңқырларын мөрлеу, пломбалау//
реминералдаушы терапия/
уақытша пломба
***
Бала 4 жаста. 8.5 тістің шайнау бетінде қуыс, кіреуке мен дентинді қамтыған, тіс қуысымен байланыспаған. Дентин ылғалды, дымқыл, ақ сары түсті. Сүңгілеу, перкуссия ауырсынусыз. Температуралық қоздырғышқа реакциясы оң. Айналасындағы сілемейі ақшыл-қызғылт түстес. Пломбалық материал таңдаңыз және оның әсер ету механизмі қандай?//
силикаттық цемент, сілекейде нашар еритін болғандықтан//
силикофосфаттық цемент, тіс тіндеріне жақсы жабысатын болғандықтан//
галлодент, мықтылығы жоғары қасиетке ие//
композиттік материал, түсін таңдап алуға мүмкіншілік бар//
+ шыныиономерлік цемент, реминерализдеуші қасиеті болғандықтан
***
Бала 1,5 жаста. Анасы жоғарғы күрек тістердің мойыны тұсында түсі өзгеше дақтарды байқаған. Анамнезде: бала шала туылған, ана сүтін ембеген, жасанды сүтті қорек еткен. 1 сатылы рахитке, орта дәрежелі диспепсияға шалдыққан. Ауыз қуысында: күрек және ит тістердің мойыны тұсында кіреуке жылтыры жоқ, бұлдыр. Сүңгімен тексергенде түсі өзгерген аймақтардың беті кедір – бұдырлы. Диагноз қойыңыз://
бастапқы кариес, компенсациялық түрі//
беткейлік кариес, компенсациялық түрі//
бастапқы кариес, декомпенсациялық түрі//
+ беткейлік кариес декомпенсациялық түрі//
жүйелік гипоплазия, дақты түрі
***
Бала 1,5 жаста. Анасы жоғарғы күрек тістердің мойыны тұсында түсі өзгеше дақтарды байқаған. Анамнезде: бала шала туылған, ана сүтін ембеген, жасанды сүтті қорек еткен. 1 сатылы рахитке, орта дәрежелі диспепсияға шалдыққан. Ауыз қуысында: күрек және ит тістердің мойыны тұсында кіреуке жылтыры жоқ, бұлдыр. Сүңгімен тексергенде: түсі өзгерген аймақтардың беті кедір – бұдырлы. Ем тағайындаңыз://
ағарту, кальций препаратымен рем.терапия//
рем.терапия, стеклоиономерлі цементпен ақауды жабу//
ақауды егеу, кальций препаратымен рем.терапия//
+ күміс нитратымен импрегнация//
кальций, фтор препаратымен рем.терапия
***
Бала 4 жаста. Қарау кезінде: 8.5 тістің шайнау беткейінде қуыс, дентин ақшыл түсті, дымқыл, жеңіл алынады. Сүңгілегенде: кіреуке-дентин шекарасы ауыршаң, кп=7. Қандай емдеу әдісі жүргізіледі?//
аралық төсем, тұрақты пломба//
+ емдік төсем, уақытша пломба//
шұңқырларды мөрлеу, пломбалау//
реминералдаушы терапия//
уақытша пломба
***
Бала 13 жаста. Шағымы: тістері жылдам бұзылады, ауырсыну шамалы. Ауырсыну тіс тазалағанда, суық және тәтті ас қабылдағанда болады. КПЖ=14. Жоғарғы және төменгі тіс қатарындағы фронталды тістердің мойын бөлігінде тісжегі қуыстары бар. Емделген және емделмеген тістердің вестибулярлы беті мен мойын бөлігінде бор тәріздес дақтар анықталды. Қандай емдеу әдісі тағайындалады?//
ауыз қуысын сауықтыру//
Са және F препараттарын ішке қабылдау//
рационалды протездеу//
ауыз қуысының рационалды гигиенасы//
+ ауыз қуысын сауықтыру және ішке Са, F препараттарын қабылдау
***
Бала 14 жаста. Ауыз қуысын сауықтыру кезінде 1.4, 1.3, 1.2, 1.1, 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5 тістерде вестибулярлы бетінің мойын тұсында бортәріздес дақтар байқалған. Кіреуке беті күңгірт, кеуекті(пористый). КПЖ= 9. ГИ= 1,4. Бала уақытында дүниеге келген, өз жасына сәйкес өсіп жетілген. 1 жасқа дейін 2 рет отитпен, жедел респираторлық аурумен ауырған: Балаға ең алдымен тағайындау қажет://
+ Са және F препараттарымен реминералдаушы терапия//
емдік-алдын алу тіс сықпалары көмегімен ауыз қуысы тазалығын сақтау//
эмальдің зақымдалған бөлігін алу//
емдік тамақтану//
Са, Р және F препараттарын ішке қабылдау
***
Бала 5 жаста. Жоспарлы тексеру кезінде кп=8. 7.4-тісте қуыс, дентині ашық түсті, ылғалды, жұмсарған. Сүңгілегенде эмаль-дентин шекарасында ауырсыну бар. Эмаль жиегі жұқарған, морт сынғыш. Диагнозды болжаңыз://
орташа кариес субкомпенсация түрі//
терең кариес декомпенсация түрі//
созылмалы периодонтит субкомпенсация түрі//
+ орташа кариес декомпенсация түрі//
орташа кариес компенсация түрі
***
Жақ-бет аймағы ауруханасына 4 жасар бала жоғарғы және төменгі ерін, оң жақ ұрт, оң көзінің төменгі қабағының көптеген беттің тістелгенжарасымен түсті. Жараны БХӨ кезінде қандай жансыздандыру түрін жасаға тиімді?//
Инфильтрациялық//
Өткізгіш//
Аппликациялық//
+ Жалпы-көк тамыр ішілік наркоз//
Жапы-интубациялық наркоз
***
Бет-жақсүйек хирургиясы бөлімшесіне 5 жасар қыздың ата-анасы жоғарғы жақсүйектің оң жағының ауыратынына шағымданып келді. Тіс бұрын емделген. Ауырсыну 4 күн бұрын пайда болған, кеше ісіну пайда болған. Дәрігерге қаралмаған, үйде емделген, құрғақ жылы компрессор қойған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа дәрежеде, бала жігерсіз, дене қызуы 38,1°С. Оң жақ беттің және көзастының жұмсақ тіндері ісінуінен беттің ассиметриясы байқалады. Ісінген аймақта тері жабындысы аздап қызарған, ыстық. Пальпацияда жұмсақ консистенция байқалады, ауырсыну жоқ. Ауыз қуысында: 54 тістің сауыттық бөлігі ½ бөлігіне дейін бұзылған, тіс қозғалмалы. 54 тіс аймағының шырышты қабаты ісінген, пальпацияда ауырады, флюктуация анықталады. Бұл жағдайда қандай анестезия қолданылады?//
Туберальды анестезия//
Инфильтрационды анестезия//
Таңдайлық анестезия//
+ Жалпы анестезия//
Электрожансыздандыру
***
Балаға тісін жұлу мақсатында лидокаинмен анестезия жасалды. Осыдан кейiн баланын беті бозарып, әлсіздік сезініп, есін жоғалтып. Тамыр соғысы жиеленген. Диагноз://
анафилактикалық шок//коллапс//асфиксия//Квинке ісінуі/+ талу
***
Балаға тісін жұлу мақсатында лидокаинмен анестезия жасалды. Осыдан кейiн баланын беті бозарып, әлсіздік сезініп, есін жоғалтып. Тамыр соғысы жиеленген. Сіздін әрекетінініз://
анафилактикалық шок, дереу госпитализация//
коллапс; жүрек гликозидтері//
басу мүмкін емес негативті жағдайі, транквилизатор тағайындау//
+ талу, балаға көлденең қалыпка келтіру, басты түсіру мүсәтері спиртін иіскету//
есекжем, аллерголог кенесі, клиникада жалпы ем.
***
Қан ұюының қалыпты көресткiштерi және дұрыс жүргiзiлген операциядан кейiн ұяшықтан қан тоқтау уақыты://
+ 7-10 минуттан кейiн//
2 минуттан кейiн//
3 минуттан кейiн//
1 минуттан кейiн
60 минуттан кейiн
***
6 жаста баланың ата-анасы стоматологиялық клиникаға төменгі жақ сүйегінің сол жағындағы ісінуге шағымданып келді. Ауыз қуысын қарағанда: 75 тісі ұяшығы қан ұйындымен толған; беті ақшыл қақпен жабылған. 75 өппелі қатпарында қан құйылу байпалады. Анамнезінде: 2 кун бұрын инфильтрациялы анестезия көмегімен 75 тісі жұлынған. Диагноз қойыңыз://
+ Инъекциядан кейінгі гематома//
Шайнау бұлшық контрактурасы//
Альвеолит//
Жедел іріңді периостит//
Лимфаденит
***
Бала 16, жаста, мандибулярлы анестезиядан кейін 2-ші күні буында аурсыну, мен ауыз ашылуы шектелуі байқалды. Асқану тұрін көрсет://
Жедел одонтогенді остеомиелит//
+ Төменгі жақ контрактурасы//
Неврит//
Үшкел жүйке невралгиясы//
Буын Өсіндісі сынағы
***
Бала 7 жаста. Объективті: 54 сүт тіс түбірінің мойын деңгейінде сынуы кезінде көрсетіледі://
имплантация//
+ жұлу//
ортодонтиялық ем//
эндодонтиялық ем//
кіреуке реставрациясы
***
Клиникаға 6 жасар бала шағымданады. 85 тістің қозғалғыштығына. Объективті: бет пішіні өзгермеген. 85 тіс бүтін, қозғалғыштығы ІІІ дәрежелі. Шырышты қабығы өзгермеген. Қай құрал-сайманды қолданған тиімді://
+ құстұмсықты ұртшаларымен//
құстұмсықты ұртшасыз//
тіке қысқаш//
гладилка//
S-тәрізді
***
Бала 15 жаста. 26 тісті жұлу кезінде «ауыз-мұрын сынамасы» оң. Диагноз қойыңыз://
одонтогенді гайморит//
+ гаймор қуысының перфорациясы//
26 тістің толық емес экстирпациясы//
тіс түбірлерін жұмсақ тіндерге енгізу//
жоғарғы жақ альвеолярлы өсіндісінің сынуы
***
Бала 14 жаста. 1.6 тiстi жұлу кезiнде гаймор қуысының перфорациясы жасалынды. Сiздiң тактиканыз://
гайморотомия//
стационарлық ем//
+ ұяшыққа тампонада, тігу//
антибиотикотерапия//
физиоем***
16 жастағы баланың 35 тісін жұлу кезінде 24 тіс сауыты сынды 24 тіс интактты. Бұл асқынудың себебі неде?//
А) 24 тісте кариозды процесс//
В) 24 тістің қозғалғыштығы//
+ тіс жұлу техникасының дұрыс емес жүргізілуі//
анестезия әсерінің жеткіліксіз уақыты//
науқас мазасыздануы
***
Балаларда тіс жұлу операциясынан кейінгі жиі кездесетін асқынулар://
альвеолит//
ұяшық жарасындағы неврит//
сезімталдықтың бұзылуы//
екіншілік қанағу//
+ жақ маңындағы флегмоналар
***
Балаларда тіс жұлу операциясынан кейінгі жиі кездесетін асқыну: жақ маңындағы флегмоналар. Сіздің тактикаңыз://
+ стационарда емделу//
амбулаторлы ем//
тіс жұлудан бас тарту//
физиоем//
күту тактикасы
***
Науқас 16 жаста, созылмалы гранулденуші периодонтиттің асқынуы себебінен 26 тіс жұлынды. Жұлудан кейін 2 күні науқас жұлынған тіс аймағындағы ауырсыну сезіміне, аузынан жағымсыз иістің шығуына шағымданып келді. Жұлынған тіс ұяшығында сұр түсті қақ анықталады. Диагноз қойыңыз://
+ Альвеолит//
Тіс ұяшығы остеомиелиті//
Гайморит//
Флегмона//
Тіс ұяшығында ауырсыну
***
Бала 7 жаста. Ауыз қуысында: 75 тіс түсі сұрғылттанған. Шайнау бетінде тамақ және пломба қалдықтары бар, дентині пигментеліп жұмсарған қуыс бар. Сүңгілеу барысында қуыс тіс қуысымен қатысатыны анықталды. Дистальды өзек сағасын сүңгілегенде ауырсыну және қанағыштық болды. Перкуссияда ауырсыну жоқ. «Зыбления» белгісі оң. Диагноз қойыңыз://
созылмалы фиброзды периодонтит//
созылмалы гранулемалық периодонтит//
+ созылмалы гранулиялық периодонтит//
созылмалы гангреналық пульпит//
созылмалы гипертрофиялық пульпит
***
Бала 3 жаста. Шағымы: жоғары жақтың оң бөлігіндегі үлкен күрек тіс тамақ ішкенде ауырады. Тіс бірнеше күн мазалаған. Анамнезде: бұрын стоматологқа қаралмаған. Ауыз қуысында: кп=8, ГИ–1,2. 61 сауытының 1/3 бұзылған, эмаль жұқарған, дентин ашық түсті, жеңіл алынады. Сүңгілегенде тіс қуысы ашылмаған, ауырсынбайды. Перкуссияда ауырсыну. Сілемей қабығы қызарған. Тіс І сатылы қозғалғыш. Т- тітіркендіргішке реакция жоқ. Емі?//
түбір өзегін бірден тұрақты бітеу//
түбір өзегін уақытша бітеу//
түбір өзегін күмістендіру//
+ тісті ашық қалдыру//
тісті жұлу
***
Бала 7,5 жаста. Шағымы: төменгі жақтың азу тісінде қуыстың болуы.ырған. Ауыз қуысында: 7.4 тісте қуысы, тіс қуысы ашылған. Сүңгілеу ауыртпайды, перкуссияда ауырмайды. Рентгенде: 74 тіс бифуркация тұсында сүйекте жарықтану ошағы бар. 34 тіс ұрығының кортикальды табақшасы бұзылған. Емдеу тактикасы қандай?//
түбір өзектерін уақытша бітеу//
түбір өзектерін тұрақты бітеу//
түбір өзектерін импрегнациялау//
+ 74 тісті жұлу//
түбір өзектерін эндодонтиялық өңдеу
***
Бала 5 жаста. Шағымы: 4 күннен бері жоғарғы жақтың оң бөлігіндегі тісі ауырған. Гипертензиялық синдром диагнозымен невропатологта есепте тұр. Ауыз қуысында: кп= 7. 6.4 тістің – медиалды-шайнау бетінде тіс жегі қуысы, тіс қуысы ашылған. Сүңгілеу ауыртпайды, перкуссияда ауырады. Тіс түсі өзгерген, сілемейі қабығы қан кернеген, ісінген, өтпелі қатпары тегістелген. Диагноз қойыңыз://
созылмалы пульпиттің асқынуы//
жедел іріңді периодонтит//
жедел іріңді пульпит//
+ периодонтпен асқынған жедел пульпит//
созылмалы периодонтиттің асқынуы
***
Бала 4 жаста. Ауыз қуысында: 63 тістің дистальды бетінде қуыс. Сүңгілегенде тіс қуысымен қатысады, ауырсыну жоқ. Перкуссияда ауырады. Ісілемейі қабығы қызарған, ісінген. Қызылиекте жыланкөз бар. қандай ем жүргізіледі?//
1 қабылдауда пломба салу//
+ эндодонтиялық ем//
консервативті ем//
УФО – терапия//
тіс жұлу
***
Бала 12 жаста, суық тиіп жиі ауырады, нефрологта диспансерлік есепте. Шағымы: 3.6 тіс маңында жыланкөздің болуы. Бұрын тісін жиі емдеген. Ауыз қуысында: 3.6 тісте терең қуыс, сүңгілегенде дентин жұмсарған, тіс қуысы ашылған, перкуссия ауырсынусыз. Рентген суретте: 3.6 тіс түбірінің 2/3 қалыптасқан, түбір ұшында сүйек тінінің деструкциясы, шекарасы айқындалмаған. Қандай емдеу әдісі дұрыс?//
3.6 тісті жұлу//
эндодонтиялық ем//
апексогенез//
+ апексификсация//
гемисекция
***
Бала 10 жаста. Ауыз қуысында: 46 тісте терең кариес қуысы бар, сауықтық ұлпа өліеттенген, түбір өзектерін сүңгілегенде ауырсыну бар. R-суретте: түбірлердің ¾ бөлігі қалыптасқан. Түбірлер ұшында шекарасы айқындалмаған қараю ошақтары бар. Диагноз қойыңыз://
созылмалы фиброзды периодонтит//
созылмалы гранулемалық периодонтит//
+ созылмалы гранулиялық периодонтит//
созылмалы гангреналық пульпит//
созылмалы гипертрофиялық пульпит
***
Бала 4 жаста. Шағымы: 8.5 тіс өздігінен себепсіз қатты ауырады, ауырмайтын кезеңі қысқа мерзімді. Ыстық және суық тамақ ішкенде, тістерін түйістергенде ауырсыну күшее түседі. Баланы қарағанда: кариестің декомпенсация түрі, 8.5 тісте терең қуыс, тағам қалдықтарына толы, дентин жұмсарған. Жұмсарған дентинді экскаватормен алып, қуыс түбін сүңгілегенде ауырсыну. Перкуссияда күрт ауырады. 8.5 аймағындағы қызыл иек аздап қызарған, пальпацияда ауырады. Ұлпадағы жедел қабынудың бастапқы механизм болып не табылады?//
пролиферация///
+ альтерация//
экссудация//
секреция//
некротизация***
Бала 3 жаста. Жоспарлы тексерілу кезінде 85 тістің шайнау бетінде терең қуыс бар. Жұмсарған дентинді алғаннан кейін, сүңгілеу кезінде қуыс тіс қуысымен қатысатыны және ұлпанын ауырсынуы мен қанағыштығы анықталды. кп=5. Диагноз қойыңыз://
жедел серозды пульпит//
+ созылмалы фиброзды пульпит//
созылмалы гранулиялық периодонтит//
созылмалы гангреналық пульпит//
созылмалы гипертрофиялық пульпит
***
Анасы 3 жастағы баласымен келді. Баланың дене қызуы 2 күннен бері 39.8º С дейін көтерілген, жоғарғы алдыңғы тісте ауырсыну бар. Ауыз қуысында: 5.1–тісте қуыс, дентині жұмсарған пигменттелген, сүңгелеген кезде тіс қуысымен қатысады, қатты ауырсыну. Перкуссияда ауырады, тістің айналасындағы шырышты қабаты қызарған, ісінген. кп = 2. Диагноз болжаңыз://
жедел периодонтит//
жедел іріңді пульпит//
жедел сірлі периодонтит//
созылмалы периодонтиттің асқынуы//
+ периодонтитпен асқынған жедел іріңді пульпит
***
Бала 1 жас 8 айлық. 2 күннен бері мазасыз, ұйықтамайды. Тіс сауыттары бортәріздес түсті. 51,61 тістердегі бұзылған тіндерді алғанда қанағыш ұлпа ашылды. Диагноз қойыңыз://
жедел ошақты пульпит//
жедел диффузды пульпит//
+ созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы//
созылмалы гипертрофиялық пульпиттің асқынуы//
созылмалы гангреналық пульпиттің асқынуы
***
Бала 4 жаста. Тексерген кезде: 75 – тістің шайнау бетінде қуыс, дентині жұмсарған, пигменттелген. Сүңгілегенде тіс қуысымен қатысады, ауырсыну және қанау бар. Перкуссия ауырмайды. кп-5. Емдеу әдісін таңдаңыз://
Девитальды экстирпация//
+ Девитальды ампутация//
Биологиялық әдіс//
Витальды ампутация//
Витальды экстирпация
***
Анасы 4 жастағы баласымен келді. Шағымы: оң жағындағы жоғарғы тісте ауыру сезімі бар. Ауыз қуысында: 5.4–тісте қуыс, дентині жұмсарған пигменттелген, сүңгелеген кезде тіс қуысы ашылды, іріңді эксудат бөлінді, терең сүңгілегенде ауырсыну бар. кп = 2. Диагноз болжаңыз://
жедел периодонтит//
жедел сірлі пульпит//
+ жедел іріңді пульпит//
созылмалы пульпиттің асқынуы//
созылмалы периодонтиттің асқынуы***
Бала 8 жаста. Шағымы: жоғары жақтың оң бөлігіндегі тіс тамақ ішкенде ауырады. 2 күннен бері кешкілік өздігінен ауырған. Анамнезде: тіс бұрын тек тамақ ішкенде мазалаған. Ауыз қуысында: 16 тіс сауытының 1/3 бұзылған, эмаль жиегі жұқарған, пигментелген. Сүңгілеу кезінде тіс түбінің бір нүктесінде қатты ауырсыну. Перкуссияда ауырмайды. Сілемей қабық бозғылт түсті. Т- тітіркендіруге ұзақ ауырсыну бар. R суретте: 36 тіс түбірінің ұзындығы қалыптасқан, дистальды және мезиальды түбірлер ұшы аймағында d ≈ 1-2 мм дөңгелек пішінді қарайған ошақ бар. Ошақ шекарасы айқын шектелген. Периодонт саңылауы кең. Бұл жағдайда қандай ем әдісі көрсетілген?//
девитализациялаушы сықпа, ұлпа ампутациясы мен экстирпациясы, эвгенол негізіндегі сықпамен өзекті бітеу//
девитализациялаушы сықпа, ұлпа ампутациясы, өзек сағасына мумификациялаушы дәрмек//
анестезия, ұлпа ампутациясы мен экстирпациясы, эпоксид шайыры негізіндегі сықпамен өзекті бітеу//
анестезия, ұлпа ампутациясы, өзек сағасына формокрезолы бар сықпа//
+ анестезия, ұлпаның терең ампутациясы, кальций иондары бар сықпа
***
11 жасар бала дәрігер - стоматологқа қаралды. 6 күн бұрын футбол ойнаған кезде жарақат алған. Тіс түсіп қалған, ата-анасынан қорыққанынан көмекке жүгінбеген. Қарап тексергенде: беті симметриялы, тері жабындысы өзгеріссіз. Ауыз қуысында 1.1 тіс жоқ. Түсіп қалған тістің орны жартылай эпителизацияланған. Шырышты қабат өзгеріссіз. Дәрігер –стоматолог қандай болжамды диагноз қойған?//
1.1 –ші тістің біріншілік адентиясы//
1.1 –ші тістің екіншілік адентиясы//
+ 1.1-ші тістің толық шығуы//
1.1-ші тістің шығып кетуі//
1.1-ші тістің сауытының сынуы
***
2 жасар баланың ата-анасы алдыңғы ортаңы тістер аймағына шағымданып келген. Анамнезінен: бала жарақат алған, диван қырына құлап жараланған, анасының айтуы бойынша жоғарғы ерні ісіп кеткен. Рентген сурет негізінде дәрігердің қойған диагнозы: 5.1,5.2,6.1,6.2 тістердің жартылай орнынан таюы. Осы жағдайда қандай көмек көрсету қажет?//
тістерді жұлу//
тіске реплантация жасау//
эндодонтиялық ем жүргізу//
+ "Д" есепке алу, аяулы диета//
шендеуіш салу
***
Төбелес кезінде 12 жасар ұл бала басынан және бетінен тұйық затпен соққы алған. Анамнезінен: есін белгісіз уақытқа жоғалтқан, лоқсу және құсу болмаған. Объективті: төменгі ерінде домбығу және сыдырылып кеткен жара бар, ауыз ашуы толық. Қандай диагноз қолайлы?//
Еріннің жыртылып-соғылған жарасы//
Ми шайқалуы және еріннің жыртылған жарасы//
Комбинирленген жарақат///
Төменгі еріннің тістелген жарасы//
+ Ми шайқалуы және төменгі еріннің тұйық жарақаты
***
Төбелес кезінде 10 жастағы бала тұйық затпек басынан және бетінен соққы алған. Анамнезінен: есін біраз уақытқа жоғалған, құсу мен лоқсу бір рет болған. Науқасқа бас-ми шайкалу төменгі жақ сыныу диагноз қойылған. Науқасты қандай бөлімщеге жатқызу керек?//
терапипялық//
хирургиялық//
стоматологиялық//
травматологиялық//
+ нейрохирургиялық
***
Бет-жақсүйек хирургиялық бөлімшесіне 15 жасар жасөспірім төменгі жақсүйектің екі жағының ауруына, ауыз қуысының қанауына, тіс қатарын қабыстыра алмауына шағымданып келді. Анамнезінде: 1 сағат бұрын белгісіз адамдар ұрып кеткен, есін жоғалтпаған, төменгі жақсүйектің сол жағынан қатты соққы алған. Дәрігер қандай болжамды диагноз қойды?//
Төменгі жақсүйек денесінің біржақты сынуы//
+ Төменгі жақсүйек денесінің екіжақты сынуы//
Төменгі жақсүйек бұрышының екіжақты сынуы//
Төменгі жақсүйек бұрышының біржақты сынуы//
Төменгі жақсүйек бұтағының екіжақты сынуы
***
16 жастағы науқас төменгі жақтың аурсынуы мен ісінуіне шағымданып қаралды. Ауызды ашканда мен тістеген кезде аурсыну. Анамнезінен жарақатын 2 сағат бұрын ұйдің маңында құлау кезінде алған. Есін жоғалтпаған, құсу мен лоқсу болмаған. Төмен жақ тікелей және бүір проекциясындағы ренген бақылауда 36 тіс бойынша өтетінсызық анықталған. Емдеу әдесін құр://
Киршнер сымымен остеосинтез//
Сүйек тігісімен остеосинтез//
+ Ілмектері бар шендеуішкен репозиция және фиксация//
жалпақ тігіс шендеуіш//
Айви бойышша лигатурлы байлам

Приложенные файлы

  • docx 558906
    Размер файла: 90 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий