Айбар Турки тарихы



Кіріспе
I ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЭТНОГЕНЕЗІНІҢ БАСТАЛУЫ. ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
1.1  Қазақ халқының шығу тегіндегі антропологиялық және этникалық жақтары.
1.2  Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде қалыптасуының аяқталуы.
1.3 Қазақ жүздері: пайда болуы және этникалық аумағы.
II ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
2.1 Қазақ хандығы құрылуының кезеңдері менбарысы
2.2 Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының нығаюындағы рөлі және орны2.3 2.3  Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы
1.Қазақстан  тарихы. Очерктер. 123-148-бб.
    2.Қазақстан  тарихы. Бес томдық. 1-бөлім, 5-6 тараулар.
        3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
    4.Шежіре: қазақтың ру тайпалық құрлымы. А. 1991
    5.Шәкәрім.  Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар  шежіресі. А., 1991. 
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007. 
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы «Атамұра», 1996, 2010. – 544 б. 
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. (Очерктер). Алматы «Дәуір», 1994. 
Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006. 
Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2007. – 344 б. 
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008. – 640 б. 
Диплом жұмысының мақсатымен міндеттері:       Қазақтардың тұтас ұлт, өзіндік ел халқы ретінде пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың кең-байтақ аумағындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық үрдістердің даму қорытындысы болды. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекеттерінің даму тәжірибесі қалыптасып келе жатқан біртұтас халықтың саяси жағынан бірігуі қажет екенін түсінуге жәрдемдесті. Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хандығынан бөлінуіне итермелеген жағдаяттар мен өз алдына хандық құруға себеп болған саяси ахуалды меңгеруді жұмысқа басты мақсат етіп қойдық. Осы мақсатқа жету үшін   төмендегідей міндеттерді орындауға әрекет жасалды: - Қазақ хандығының құрылуына қатысты деректерді көрсету; - Қазақ хандығының құрылу тарихының зерттелуі деңгейін пайымдау; - Қазақ хандығының құрылуының барысы мен кезеңдерін көрсету; - ХУ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының дамуы деңгейін айқындау; - Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр хандығынан бөлінуінің себептері мен маңызын талдау; - Керей мен Жәнібектің шығу тегі және қазақ хандығының негізін қалаушы хандар екендігін көрсету; - Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын пайымдау.   Дипломжұмысының теориялық негізі.Тарих ғылымының даму барысында еліміздегі Қазақстан тарихы мәселесінің ірі зерттеу орталықтары қызметінің нәтижесінде және қазіргі замандағы Отандық алдыңғы қатарлы тарихшылардың басты еңбектері негізінде қалыптасқан тұжырымдар жиынтығы болып табылады.      Зерттеу методикасы.Зерттеу объективтік, тарихилық, жүйелік, салыстырмалылық және талдау мен жинақтау, даму сияқты ғылыми таным принциптеріне негізделеді.     Диплом жұмысының мерзімдік шегі. ХV алғашқы жалдарынан соңына дейінгі Қазақ хандығының құрылуы және дамуы кезеңін қамтиды.    Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тарау және алты тақырыптан, қорытынды,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Источник: http://statref.ru/ref_yfsqasyfsjge.htmlҚазақ хандығының тарихын Мырза Хайдар Дулати еңбектерінсіз білу мүмкін емес, яғни оның "Тарих –и  Рашиди" еңбегі [2]  ең құнды мәлімет болып табылады. Қолбасшы, ақын, ғұлама ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты әлемге әйгілі еңбегінің деректері кеңінен пайдаланылды.  Сонымен қатар еліміздің экс муфтиі, қажы Әбсаттар Дербісәлінің «Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы-Тәуелсіз Қазақстан» [3] деп аталатын мақаласы зерттеу жұмысында өзіндік орнын алды. К.Пищулина мен Н.Атығаевтың «Тарих-и-Рашидидің» тәржімесі [4] туралы құнды мағұлматтарға сілтеме жасалынды. Қазақ хандығының құрылуы туралы құнды мәліметтер, тың деректер, терең ойлы талдау жасап еңбектері толассыз жарық көріп жүрген тарихшы Берекет Кәрібаевтің еңбектеріне көбірек тоқталдық.Тарихшы ғалымның «Қазақ хандығының құрылуы» атты зерттеулері [5] Сонымен бірге Т.И.Сұлтановтың Керей мен Жәнібек жөнінде жазған еңбектерінің маңызы зор[6]. Қазақ хандығының құрылуы бір жылда болған іс емес, бірнеше жылдарды қамтитын басталуы мен аяқталуы бар үрдіс екеніне тоқталдық.
Жүмыс тақырыбының өзектілігі еліміздің өз дамуында сапалы жаңакезеңге аяқ басуынан туындайтын міндеттер мен мақсаттарға байланыс ты. Олардың қатарына Отан сүйгіштік патриоттық рухта тәрбиелейтін ұлттық құндылықтарымызға құрметпен қарауға жетелейтін тарихи ке-зеңдер мен оқиғаларды жан-жақты зерделеу жатады. Әсіресе, халқымыз дың өз алдына отау тігіп, тарих сахнасына шығуын, этникалық бастау-ларын зерттеудің ғылыми пракхтикалық маңызы ерекше.Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдердің қатарына қосу үшін, хал қымыз ең алдымен тарихын, тілін, дінін, мәдениетін білу қажет. Соны-мен қатар, болашақ дүрыс саясатты жүргізу үшін, алдымен өткеннің саясатын, қазақ қоғамының даму ерекшелігін біліп, басқа күрделі мәсе лелерді ойға салып, терең, жан-жақты ойлауымыз керек.Қазақстан ежелгі қағанаттармен үлыстардың тікелей ізбасары. Сақ-тардың, сарматтардың, ғүндардың түрік қағанаттарының, түргештер-дің, оғыздардың, қарлүқ мемлекеттерінің, моңғол үлыстарының Алтын Орда мен Қазақ хандығының тарихтары қазақ жерінде жерленген. Осы мемелекеттердің қүрылып, қайта қүлауының нәтижесінде Қазақ мемлекеті қалыптасты.XV ғасырдың орта шенінде Қазақстан территориясында қалыптасқан феодалдық мемлекет —Қазақ хандығы. О л біріңғай этникалық топ қаз-ақ халқының негізінде және Қазақстан жерінде шаруашылықтың, феодалдық мемлекеттің одан әрі дамуына байланысты болды.XV-XVI ғасырларда қүрылған Қазақ хандығын қүлатуға бірғана мем лекет ат салысқан жоқ. Ресейге бодан болуға мәжбүр еткен оқиға ол жоңғар шапқыншылығы. Жоңғар шапқыншылығынан әлсіреген қазақ хандығы Ресейге бодан болу мәселесін туғызды. Бүған наразы болған халық батырлардың қолбасшылығымен көтерілістергешыға бастады. Сол бір белгілі 1783-1797 жылғы С.Датүлынан басталған үлт азаттық көтері-лістен 1986 жылға дейін жалғасты. Осындай тәуелсіздікті алғанға дейінгі қанкешті тарихымызды ескере отырып тарихымызды, тілімізді, мәдениет імізді жетелей отырып, мемлекетімізді қорғай: «бағалай» отыра дамытуы мыз міндет.Өткенді білмеген алға жылжу жокдегендей, ең әуелі біз озіміздің қазақ мемлекетінің қалытасуындағы саяси билік тарихын білуіміз қажет. Сол себептен , ең алғаш қазақ хандығы мемлекет болғаннан қарастырғанды жөн көрдік. Әр қазақтың баласына жерінің, ата-бабаларының тарихын, саясатын білу маңызды міндет болып табылады. Сондықтанда, бүл мәсе лені коп ғалымдар қарастырып кеткеннің озінде де бүл тақырып қазігі күнде де белсенді болып табыла бермек. Осы мәселенің белсенділігне байланысты берілген дипломдық жүмыстың тақырыбы: «Қазақ хандығы ның қалыптасу барысындағы саяси билік».
Дипломдық жүмыстың хронологиялық шеңбері. Жұмыс XV ғасырдың орта кезінен XVI ғасырдың бірінші ширегіне дейінгі қазақ хандығының құрылуы мен саяси билігін қарастыру.XV-ші ғасырдың 50-60 жылдарынан XVI-шы ғасырдың бірінші ширегі-не дейнгі Қазақстан тарихы Отандық тарих ғылымында қазақ мемлекет-тілігінің пайда болып, аяғынан тұрған, қазақ халқының қалыптасу про-цесі біршама аяқталған, этникалық аумағы қалыптасқан дербес хроноло гиялық кезеңі ретінде танылған. Бүл хронологиялық уақыт К.А.Пищули на, М.Қ. Әбусейітов, С. Жолдасбайұлы, Б.Кәрібаев т.б. ғалымдардың еңбектерінде негізделген. Тақырыптық тарихнамалық деңгейі Қазақстан ның ортағасырлық проблемалары бойынша ізденістер академиялық шы ғыстану мектебінің жетістіктерімен, оның белгілі өкілдері Х.Д Френ, В.В Вельяминов, Зернов, И.Н Березин, Н.И Веселовский, В.В Радлов, Б.В Бартольд есімдерімен тығыз байланысты. Қазақ және түркі тілдес халық тардың тарихына қатысты шығыс деректерін сол арқылы қазақ этногене зі және Қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеуде А.Ю Якубовский, А.Н. Бернштейн, СП. Толстов, Б.Л Владиширцев секілді ғалымдар да көп еңбек сіңірді.

I ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЭТНОГЕНЕЗІНІҢ БАСТАЛУЫ. ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
1.1  Қазақ халқының шығу тегіндегі антропологиялық және этникалық жақтары.   Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді. Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңі) темір дәуірі  (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Олар Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған.
    Орта  Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі  кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың  пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде  қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат т.б.) иран тілдес болғандығы айтылады.
    Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше бұл  кездегі тайпалар антропологиялық  жағынан монголоидтық белгілері  бар европеидтік нәсілдер екендігі көрсетіледі.
    Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректері “Өзі сары, көзі көк, ат жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр” – деп көрсетеді.
    Қазақ халқының шыққан тегі туралы көптеген аспектілері ішінен өзекті ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған жөн.
    Орта  Азия мен Қазақстан өңірінде осы  екі процестің екеуі де қатар  дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіеу- ропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді, яғни бұл кез б.з.д.  III-I мың жылдықтарды қамтиды.
    Екінші  кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың соның ішінде ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сариат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
    Б.з.б. I ғасырда Солтүстік ғұндардың  құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалардың бір бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды, ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. II  ғасырдың бірінші жартысында орын алды. Бұл кезде Солтүстік ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды.
    Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында  сырттан келген тайпалармен байырғы  тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты.
    Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтық тәсілге өтуі басталды.
    Б.з. VI ғасырынан бастап оңтүстік аймақта  шығыстан, Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы  байқалды. VI ғасырда Қазақстан жері түгелдей құдіретті бір тұтас  мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді. Жазба деректерден алғаш Түрік қағанатының (542 ж.) одан кейін Батыс Түрік қағанаты (603 ж.) сияқты феодалдық мемлекеттер құрылғандығы белгілі. Одан кейін Түргеш қағанаты (704-756 жж.), Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.), Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы – XI ғ. басы), Қимақ қағанаты (893 – XI ғ. басы), Қыпшақ хандығы (XI – 1219 ж.), Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған. 1) Қарахан мемлекеті. Бұл мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп – жетіліп, қалалық өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет ислам дінін – мемлекеттік дін ретінде қабылдаған.
    Қыпшақ  хандығы (XI – XIII) Ертіс пен Еділ арасындағы кең жерді иемденді. Хандықтың  құрылуына байланысты этникалық  процестер жаңа даму кезеңіне аяқ  басты. Бұл кезде қазақ тілінің  негізі - әдеби қыпшақ тілі құрылып, сонымен бірге қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. Қазақ этногенезінде қыпшақтар этнос ретінде маңызды рөл атқарды, “Қазақ” сөзінің шығу тегінің өзі қыпшақтар мекен  еткен аймақтар- да пайда болды.
    Бірақ, осындай сапырылыс кезеңде шығыстан кидандардың (қарақытай- лардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлады. XIII ғасырдың басында енді дамып келе жатқанда моңғол шапқыншылығы басталды, сөйтіп халық болып қалыптасу процесі тоқталды. Халық болып қалыптасу процесі XV ғасырға дейін, немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдейді.
    Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғынымен халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі  жойылмады. Керісінше, уақыт өткен  сайын моңғол – шапқыншылығының  өздері жергілікті халықтың түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп XIV ғ. толық түркіленіп кетеді.
    XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың  нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ  Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай  Ордасында толассыз тоқтамай  жүріп жатқан феодалдық соғыстарға  қарамастан, халықтар арасында өзара  бірігу, топтасуға ұмтылу процестері  белең алды. Қазақстан- ның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған т.б. ру – тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік – Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа – рулары бар. Кіші жүздің мекені – Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның құрамындағы тайпалар одағы - Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, кете, төртқара, шөмекей, шекті); Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар); Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, төлеу, рамадан). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі жете зерттелмеген.
    Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталады. Бірақ ол кейбір себептерге байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. XIV-XV  ғғ. көпте- ген жұрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды.
    XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ  халқының негізгі этникалық территориясын  мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.
    Оңтүстік  Қазақстан мен Оңтүстік Батыс  Жетісудың территориясы баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының  басты этникалық торабы болды, мұнда  Қазақстанның ірі екі этникалық  қауымдастығының тоғысқан жері жатты. Олар – Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік – Шығыс Қазақстанда- ғы үйсін тайпалар одағы, бұларға Сырдарияның төменгі ағысы арқылы Кіші жүз тайпалары келіп қосылады.
    XV ғ. – II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері арасында “қазақ” деген атпен белгілі болған.
    Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт  бойы зерттеушілердің қызу талас  тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған  “қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе “қазақ” атауы Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде “өзбек-қазақ”, кейін “қазақ” деп аталған дейді.
    “Қазақ” термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда “қазақ” деген сөз “басы бос – кезбе” деген мағына береді. Қалай дегенде де “қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ.
    Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғас. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс.
    XV  ғас. 50-70 жылдар арасында Әбілхайыр  хандығын Жетісудің Шу мен Талас өзененің жазығына 200 мыңдай адам көшіп келді. Олардың бұл жерге қоныс аударуының себебі: Әбілхайырдың қол астында қанаушылардың күшеюі болса, екіншісі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру. Ол кезде жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462) бұл қазақтарды Әбілхайырға қарс пайдаану үшін қарсы алып, қоныс берді. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді».
    Қазақстанның алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-73 ж.) одан кейін Жәнібек (1473-1480) Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей Жошы әулетінен шыққан сұлтанның Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Соның нәтижесінде XV ғ. 70 жылдары қазақ хандығының шекарасы кеңейді.
    Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығының тізгінін ұстаған Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да тоқтамады.
1.2  Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде қалыптасуының аяқталуы. Халықтың қалыптасуы өте күрделі және ұзақ үрдіс болып табылады. Халық болып қалыптасу үшін төмендегідей жағдайлар қажет: Белгілі деңгейдегі мәдениеттің дамуы; Шекаралары белгіленген территория; Белгілі деңгейде қоғамдық–этникалық сананың қалыптасуы; Біртұтас қалыптасқан ортақ тіл; Этникалық өкілдердің көпшілігіне тән белгілі сипаттағы сыртқы пішін; Этностың негізгі этносаяси немесе тарихи-географиялық белгілерін көрсететін мемлекеттің атауы. Қазақ халқының қалыптасу үрдісін оқып-үйренген кезде Қазақстан жерін мекендеген ертедегі тайпалардың өмір тарихына көңіл аудару керек. Дәстүрлі түрде Қазақстан жерін мекендеген тайпаларды зерттеу қола дәуірінен басталады. Біздің заманымызға дейінгі 2-1 мыңжылдықтарда Қазақстан және оған шекаралас жерлерді мекендеген тайпаларды олардың мәдениетіне қарай андроновтықтар дейді. Андроновтықтар туралы толық мәлімет жоқ. Алайда ғалымдар қазақ этносы өзінің рассалық-генетикалық бастауын осы қола дәуірінен алады деп есептейді. Оны қазақтың ұлттық мәдениетімен андроновтықтардың мәдениетінің ұқсастығы дәлелдейді. Мысалы, андроновтықтардың қыштан істелінген заттарындағы өрнектер қазіргі қазақ кілемдеріндегі өрнек нақыштарымен сәйкес келеді. Отқа, ата-баба рухына табыну, көптеп қой, жылқы малдарын өсіру және оны тамақ ретінде пайдалану андроновтықтар мен қазақтардың өмір салтының ұқсастығының белгісі болып табылады. Қазақстан жерін мекендеген үйсін, сақ, ғұн, қаңлы және сармат тайпалары қазақтардың арғы тегі болып табылады. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша үйсін тайпалары мен кейінгі қазақ этносының арасында тікелей этногенетикалық байланыс бар. Оларда көшпелі өмір салты мал шаруашылығымен байланысты, киіз үйді кең пайдаланған, ет-сүт өнімдерін тамаққа қолданған, бидайдан нан пісірген және т.б. айқындаушы ұқсастықтар көп. Сонымен қатар қоғамдық-әлеуметтік құрылымда да ұқсастық бар. Үйсін мемлекеті үш бөлікке бөлінген: сол қанат, оң қанат және орталық қанат. Осы бөліністер олардың қазақ жүздерімен сәйкестігін көрсетеді. Бұл этногенетикалық ұқсастықты дәлелдейді. Ғалымдар қазақ халқының қалыптасуын түрік этногенезінің басталуына жатқызады. Түркі кезеңіндегі шаруашылық-мәдени өмір кейін түркі халықтарының көбіне тән болды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары моңғол шапқыншылығы қарсаңында біртұтас халық болып қалыптасуға даяр еді. Оған қимақ-қыпшақ конфедерациясы мысал болады. Олардың Алтайдан Еділге дейін алып жатқан территориясын парсы ақыны, саяхатшы Насир Хосроу «Қыпшақ даласы» деп атаған. Алайда моңғол шапқыншылығы бұл жердегі тайпаларды басқару жүйесіне және де шаруашылық жағдайына, әдет-дәстүрге өзгеріс әкелді. Моңғолдардың жаулап алу саясаты этникалық құрамға біршама өзгеріс жасады. Қазақстан территориясы әр түрлі этникалық топтардың қоныстану аренасына айналды.Ұлы қоныс аудару кезеңінде, кейін түркі және монғол шапқыншылығы дәуіріндегі этникалық араласу қазақтардың сыртқы түріне үлкен өзгеріс әкелді. Сонымен бірге этномиграциялық процесс нәтижесінде жергілікті тайпалар басқа тайпалармен араласып, оларды ассимиляциялады. Сондықтан да қазақтардың арғы тегіне Қазақстан территориясы өзіне Отан болған тайпаларды жатқызуға болады. XIY-XY ғғ. Қазақстан және оған шекаралас аймақтарда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы деген мемлекеттер болғаны белгілі. Ол мемлекеттер тұрғындарын өзбектер, өзбек-қазақтар, моғолдар және ноғайлар деп атаған. Бұл атауларда өзіндік этникалық және саяси мән болған. Егер де «халық» деген түсінік этникалық құрылым тұрғысынан қаралса, онда оны «этноним» терминімен белгілейді (өзбектер, қазақтар, қырғыздар). Халық өзінің атымен мемлекетке ат берсе, онда ол «политоним» терминімен анықталады (моғолдар Моғолстан мемлекетінің халқы, ноғайлар – Ноғай Ордасының халқы), яғни бұл этносаяси ұғым. Тарихи-этнографиялық әдебиетте тарихи–этнографиялық өңірде құрылған мемлекеттің тұрғындарын этносаяси қауымдастық деп атайды. Халық этникалық және саяси жағынан да тұтас болу үшін ең алдымен өзінің тәуелсіз мемлекеті болу керек. Біртұтастыққа ұмтылған тайпалар саяси жағынан Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасы және Моғолстан сияқты мемлекеттерге бөлшектенді. Алайда осы мемлекеттер қазақ мемлекеттілігінің құрылуына, өзіндік этникалық кеңістіктің қалыптасуына негіз болды. Қазақ тайпалары мен рулары әр мемлекеттің құрамына кеткенімен, олар бір тілде сөйледі. Қазақ халқының рулық–тайпалық құрамына келсек, ол үш жүзден және төмендегідей тайпалардан тұрды. Ұлы жүздің тайпалық құрамы: Жалайыр, Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Шапырашты, Сары үйсін, Ошақты, Ысты. Орта жүздің тайпалық құрамы: Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ, Керей. Кіші жүздің тайпалық құрамы: Жетіру, алты ата Әлімұлы, он екі ата Байұлы. Сонымен қатар Қазақ халқының құрамына төрелер мен қожалар кіреді. Қазақ халқының қалыптасуы XY ғ. екінші жартысы мен XYI ғ. бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы - өз мемлекетінің аты қалыптасты. Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана - бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңінде қазақтарда халықтық этникалық сананың орнына ру-тайпалық сана басым болды. Мысалы: «Сен қай рудансың?» деген сұраққа жауап беруші ең алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп, елден тыс шыққанда ғана айтады. «Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған YIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» - «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі. X-XI ғасырларға қатысты араб құжаттарында, сонымен бірге орыс жылнамаларында Қара теңіздің солтүстік шығыс жағалауындағы Касаг қаласы туралы, касагтар елі туралы деректер бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше бұл жерде қазақтардың үлкен қонысы болған, олар бірігіп, XI ғасырда Дон мен Днепр жағалауына орныққан. X ғасырда билік құрған Византия императоры Константин Багрянородныйдың айтуы бойынша, Кавказдың солтүстік–батысында «қазақтар елі» болды. Әзірбайжанның батысында бүгінгі күнге дейін Қазақ ауданы бар. Ең алғаш “Қазақ” сөзі мұсылман жазба деректеріндегі авторы белгісіз түркі-араб сөздігінде кездеседі. Ол сөздік мамлюктік Қыпшақ елінде құрылған деген болжам бар. Сөздік 1245 жылғы қолжазба түрінде жеткен және 1894 жылы Германияның Лейден деген қаласында басылып шығарылған. Бұл сөздікте қазақ терминінің «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы», «еркін» деген мағыналары берілген. Сонымен бұл сөздікте қазақ термині әлеуметтік мағынаға ие болып отыр. Осылай руынан, тайпасынан бөлініп, өз заңдары бойынша өмір сүрген адамдар тобын атаған. «Қазақ» сөзінің осы мағынасынан шыға отырып, жоғарыда көрсетілген деректерде еркін, үйсіз-кезбелердің көрсетілген аудандарда қоныстануы туралы айтылған деген қорытынды жасауға болады. XY ғасырдың екінші жартысында «қазақ» термині өзбек ханы Әбілхайырдан Шу мен Талас өңіріне көшкен тайпалар тобына бекиді. Жәнібек пен Керейдің Өзбек ұлысынан Жетісуға көшуі қазақ халқының этногенезінде шешуші рөл атқарды. Бірақ негізгі рөл халықтың қалыптасуында емес, оның қазіргі кездегі атауында болды. Үдере көшу қазақ халқының қалыптасуын айқындаған жоқ, тек қалыптасып келе жатқан үрдісті тездетті. Бұл үрдістің өтпелі сипатына «өзбек-қазақ» термині дәлел болады. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі белгілі тайпалар топтарының көптеген факторлардың ықпалымен әр түрлі даму сатысында тұрған Шығыс Дешті-Қыпшақ тұрғындарынан бөліну үрдісімен сипатталады. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы түрлі хандықтарға қарап келген қазақ тайпаларын қазақ хандығына топтастырды. Қазақтың этникалық территориясын біріктірді, осы арқылы қазақтың халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды.

1.3 Қазақ жүздері: пайда болуы және этникалық аумағы.
«Монғолия қазақтарының ата-тек шежіресі» атты Рахметұлы Шынайдың  еңбегінде: «Туыстас немесе көршілес бірнеше отбасы бір қоныста отырса – ауыл, ауылдас, көрші. Іргесі алшақтау болса- жерлес. Қандас- жеті атадан құралғандар (бір атаның кіндігінен тараған), бір ата 13 атадан асса — ру. Бірнеше ру қандастықпен, я бір мүддемен біріксе- тайпа. Бірнеше тайпа қоғамдасып, жүз болып қауымдасады. Тайпадан ірілесе халық немесе ел, оның мемлекет ішінде өзге ұлт, ұлыстармен саяси теңдігі болса ұлыс, дербес шекара, саяси-экономикалық тәуелсіздікке қолы жетсе мемлекет, тілі мен дәстүрі, мәдениеті, өзіндік мекен- жері, әлеуметтік рух, жігері, этникалық ерекшелігі ортақтасып, дараланса ұлт болады» – деп өте орынды көрсеткен.
Қазақ жүздері – ХХ – ХVІ ғасырлар аралығында Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан тайпалар одағы. Жүздердің шығуы мен «Жүз» атауының тарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденген ортақ пікір әлі жоқ. Кейбір зерттеушілер бұл атауды әлде бір бүтін нәрсенің, құбылыстың «бөлшегі», «саласы», «бір жағы» деп қарастырса, енді біреулер оны «жүз», «жүздік» сандарымен байланыстырады. Қайткен күнде де қазақ жүздерін «өзінің саяси, экономикалық, тілдік және мәдени тұтастығымен сипатталатын дербес халықтың жеке бөлшектері» ретінде қарастырған жөн болар.
Қазақ жүздерінің қашан, қандай жағдайларға байланысты шығуы туралы да дәлелденген ортақ пікір жоқ. Н. И. Гродеков, Г. Н. Потанин және Н. А. Аристов сияқты зерттеушілер қазақ жүздерінің шығуы туралы кейбір халық арасына кеңінен тараған аңыз — әңгімелерді келтірумен ғана шектелген.
Айталық, Н. Гродеков Алаштың – Байшора, Жаншора және Қарашора атты үш ұлы болған да, олар осы ретімен Ұлы, Орта және Кіші жүздердің арғы тектері болғандығы туралы аңызды келтіреді; М. Шорманов шежіресінің негізінде Г.Н. Потанин, қазақ халқының арғы тегі Қотанның – Юсун, Ақжол және Алшын атты үш ұлы болған да, олар осы ретімен қазақтың үш жүзінің негізін салғандығы туралы екінші аңызды келтіреді; Диқанбай батыр шежіресінің негізінде Н. Аристов қазақ халқының арғы тегі Әбілқайырдың – Байшора, Жаншора және Қарашора атты үш ұлы, осы ретімен қазақтың үш жүзінің негізін салғандығы туралы үшінші аңызды келтіреді; біздің ел арасынан жинаған деректеріміз үш түрлі аңызға негізделген болжамдар туғызып отыр. Бірінші болжам бойынша – Қазақтың (Алаштың) Ақарыс, Жанарыс және Бекарыс атты үш ұлы болған; екінші болжам бойынша – Қазақтан (Алаштан) Ақшора, Жаншора және Бекшора туады, үшінші болжам бойынша – Қарамендеден – Байшора, Жаншора және Қарашора туады да, олардан сол ретімен қазақтың үш жүзі бастау алады.
Әрине, мұның бәрі тек аңыз ғана, өйткені әр түрлі атпен қазақтың әр жүзіне жеке – дара оның түп атасын, яғни тегін табу ешбір шындыққа үйлеспейтіндігі ғылым тарапынан әлдеқашан дәлелденген жайт.
Шығыстанушы ғалым В.В. Вельяминов–Зернов қазақ жүздерінің Хақназар ханның тұсында (XVI ғ.) қалыптасқандығы туралы халық аңыздары негізінде жүздердің XVII-XVII ғасырда Қазақстанның пайда болғандығын баяндайды. Ресей бас штабының офицері М. Красовский қазақ жүздерінің қалыптасуын Қасым, Хақназар және Шығай сияқты қазақ хандарының заманындағы (XVI ғ.) олардың бір–бірінен алшақ орналасқан қоныстары қазақ жүздерінің шығуына негіз болғандығын дәлелдейді.
Х. М. Әділгереев пен С. А. Аманжолов сияқты қазақ ғалымдары қазақ жүздерінің қалыптасуын монғол шабуылына дейінгі заманға, яғни б. з. VII–XI ғасырлардағы Батыс түрік қағанаты дәуіріне апарып тірейді.
Қазақ жүздерінің қалыптасу себептері жайында тарихи шындыққа недәуір жақын клетін ой пікірді академик В.В. Бартольд айта келіп, табиғи және климаттық жағдайына қарай бір – бірінен ерекшеленген үш аймаққа (Жетісу, Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан және Батыс Қазақстан), қазақ жүздері мен қазақ хандығының қалыптасқандығын баян еткен.
Академик В. В. Бартольдтың бұл пікірін қолдай отырып, профессор М. П. Вяткин географиялық орта әсеріне қоса, ол аймақтардың экономикалық және саяси жағынан ерекшелене түсуі сол өңірлерде үш бірдей қазақ жүздерінің қалыптасуына негіз болғандығын дәлелдей түскен.
Бес томдық Қазақ ССР тарихының авторлары да көптеген этносаяси және кәсіби факторлардың әсерімен XV – XVI ғасырларда Қазақстан жерінде үш этноаумақтық бірлестік – Ұлы, Орта және Кіші жүздер қалыптасқандығын атап көрсеткен. XV ғасырдың 60 – жылдарында Жетісудың батысында қазақ хандығы құрылды. Ол бұдан кейінгі жылдарда өз аумағын үздіксіз кеңейте берудің нәтижесінде Батыс, Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік – шығыс Қазақстанның кең – байтақ атырабында мекендейтін көптеген түркі, түркіленген монғол және т.б. тайпалар мен руларды бағындырып, оларға өз үкімін жүргізді. Нәтижесінде осы кең өлкеде қазақ халқы қалыптасты. Оның құрамына негізінен Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер қоластында болған жергілікті тайпалар енді. XV – XVI ғасырларда оның құрамына Көк және Ақ ордалар ыдырауынан кейін қалыптасқан Өзбек хандығы, Ноғай ордасы, Моғолстан және т. б. мемлекеттер енді.
Хандықтың және біртұтас халықтың қалыптасуы көшпелі қоғамда ру – тайпалық жікшілдікті, феодалдық бытыраңқылықты жоя алмады. Қазақ халқының қалыптасуымен бірге, үш жүзге бөліну шырғалаңы басталды. Бұл, әрине, жүздеген жылдарға созылған бұралаңы мол, өте ауыр да ұзақ даму кезеңі болды.
Сөйтіп, Қазақстан жерінде жүздердің құрылуы ондағы бір – бірінен оқшауланған үш табиғи географиялық және шаруашылық аймақта (Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстан) саяси тұтастықтың әлсіздігіне байланысты еді. Жетісудағы Моғолстан мемлекетінің атырабында ұлы Жүз бірлестігі; Орталық, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанда Орта жүз бірлестігі; Батыс Қазақстандағы Ноғай ордасы атырабында Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Бұл бірлестіктердің арасында қарым – қатынас бір сәт үзілген емес, бірақ геополитикалық талқыға түскен елде саяси бірлік әлсірей берді, әр жүзде феодалдық ыдырау күшейе түсті. Жеке хандықтар, сұлтандар иеліктері XVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Жоңғар шабуылына төтеп бере алмай, олар тез арада Ташкент, Түркістан қалаларына дейін басып алды. Мұның өзі қазақ жүздерінің саяси әлсіздігін көрсетті.
Қазақ халқының құрамына енген көне тайпалардың тарихы тек қазақтың ғана емес, сонымен бірге басқа да көптеген Орта Азия және Еділ бойы халықтарының шығү тегін зерттеуде де маңызды.
ә) Ұлы жүз ұғымы.
Жетісу өңірінде ежелгі үйсіндердің маңайына басқа тайпалардың топтасуы қазақ халқының қалыптасуынан көп бұрын болған. Мұндай бірігудің кәсіби себептерімен бірге сыртқы жаудан қорғану мақсаты да болғанға ұқсайды. Сөйтіп, күндердің күнінде Моғолстан құрамындағы бір топ тайпаларының тіл табысып шығысуының нәтижесінде олардың арасында пайда болған бірлік, ортақ мәдени дәстүр Ұлы жүз құрамына енген тайпаларды халық «Ұлы жүз — үйсін» атандырған. Бұны кейбір архив, әдеби және ел арасынан өзіміз жинаған деректер де дәлелдей түседі. Ұлы жүз құрамына – жалайыр, албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары енеді.
Үш жүздің басын қосып, бүкіл қазақ еліне хандық құрған Тәуке ханның заманында (1680 – 1718) Ұлы жүздің тікелей билеушісі Төле би болды. Тәуке хан, одан соң Болат хан өлгеннен кейін, әр жүзде хандықтар пайда болған кезде Ұлы жүзге Жолбарыс хан сайланды да, ол Ресеймен жақындасу амалын іздестірді. Бірақ, Жолбарыс хан 1739 жылы бәсекелестер қолынан қаза тауып, елді оның мұрагерлері басқарған. XVIII ғасырдың 40 – жылдарында Ұлы жүз тайпаларының кейбір бөлігі Ресейге бодан болды. Бірақ бұл өңірдің Ресейден тым шеткері орналасуының нәтижесінде патша өкіметінің әмірі Ұлы жүз еліне шын мәнінде XIX ғасырдың ортасына дейін жүре қоймады.
Ұлы жүз жұртшылығы сан рет шетел басқыншыларының шабуылына душар болды. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында Жоңғар шабуылының зардабын шекті. XIX ғасырдың басында Ұлы жүз мекенінің едәуір бөлігі Қоқан хандығының өктемдігін мойындауға мәжбүр болса, осы ғасырдың ортасында Ресей патшалығына бодандыққа еріксіз мойынсұнды.
1848 жылы патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын басқару үшін Батыс – Сібір генерал – губернаторының құрамында Үлкен орда приставствосын (басқармасын) құрды. XIX ғасырдың 70 – жылдарында Түркістан генерал – губернаторының құрылуына байланысты, оның құрамында Жетісу және Сырдария облыстары құрылды да, олар уездерге, облыстарға және ауылдарға бөлінді. Ұлы жүз қазақтарын патшалы Ресей тарапынан осылайша басқару жүйесі Қазан төңкерісінің жеңісіне дейін созылды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Ұлы жүз қазақтары негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және Верный уездерінде, Сырдария облысының Әулиеата, Шымкент және Ташкент уездерінде мекендеген.
 б) Орта жүздің этникалық құрамы.
Қазақ хандығы мен жүздерінің қалыптасуынан көп бұрын, сонау Алтайдан Дунайға дейінгі атырапта Қыпшақ тайпалық одағы өмір сүрді. Олар көптеген қазақ тайпаларының этникалық құрамына енді. Уақыт өте келе Шығыс және Орталық Қазақстан жерінде Орта жүз бірлестігі қалыптасты. Олардың тікелей түп төркіні Көк орда мен көшпелі өзбек мемлекетінің құрамындағы тайпалар еді. Соның ішінде әсіресе, Орта жүз бірлестігін қалыптастырудағы Арғын тайпасының ықпалы мен орны өзгеше болатын. Сондықтан да халық Орта жүз қазақтарын «Орта жүз — арғын» атандырған. Оның құрамына – арғын, найман, уақ, қыпшақ және қоңырат тайпалары енеді.
Орта жүз қазақтарының қысқы тұрағы – Сырдарияның орта ағысында, Қызылқұм, Мойынқұм өңірлерінде, Қаратаудың терістік беткейінде, Балқаш көлінің солтүстігінде болатын да, жазда Тобыл, Ертіс, Сарысу өзендерінің бойлары мен Сарыарқа өңірін жайлайтын. Орта жүз бірлестігі пайда болғаннан бастап, оның мекен – жайының аумағы біртіндеп кеңейе түсті. XVII ғасырда Орта жүз жұртшылығы Орталық, Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның кең атырабын мекендеген еді. XVI – XVII ғасырларда Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың қоластындағы кең өңірде негізінен Орта жүз қазақтары мекендеді. XVIII ғасырдың басында Орта жүз жерінде Сәмеке және Күшік хандаодың дербес хандықтары; Барақ және Әбілмәмбет төрелердің дербес иеліктері жеке – дара өмір сүрді. Мұндай феодалдық бытыраңқылық қазақ жерінің айтарлықтай бөлімін XVIII ғасырдың басында Жоңғар мемлекетінің жаулап алуына мүмкіндік туғызды. Айталық, наймандар мен керейлерді Алтайдан, Ертіс бойы мен Тарбағатай өңірінен; арғындарды Орталық және Оңтүстік Қазақстанның шығысынан Орталық Қазақстанның Солтүстік — батысы мен Оңтүстік өңіріне ығысуға мәжбүр етті. Бірақ Орта жүз жұртшылығы Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Оның басында Абылай хан, Қанжығалы Бөгенбай батыр, Қаракерей Қабанбай батыр, Шақшақ ұлы Жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, Сүйіндік, Бұқар жырау, Олжабай батырлар тұрды. Ұлы жүз тайпаларының мекен – жайы түгелдей Жоңғарлар билеуіне көшті де, Төле би Ташкентте отырып, Жоңғар хандығына бағынышты жағдайда салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Ал, Кіші жүз елі – солтүстіктен казактар, башқұрттар, батыстан Еділ бойы қалмақтарының толассыз шабуылының нәтижесінде Әбілқайыр ханның басшылығымен Ресейге арқа сүйеуге мәжбүр болды. Сөйтіп, олардың Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда жоңғарға қарсы жүргізілген шайқастардан тыс қалғандары да шындық. Тіпті, Жоңғар мемлекетінің күйреуі кезінде Шығыс Түркістан шегінен өтіп жауға ойран салған да Бөгенбай, Қабанбай батырлардың айбынды қолдары болатын.
XVIII ғасырдың екінші жартысында, Жоңғар хандығының күйреуінен кейін Орта жүз тайпалары өздерінің атамекеніне оралды. XVIII ғасырдың соңына қарай олар Ырғыз, Торғай өзендеріне, Ресей шекарасынан Сырдарияның ортаңғы ағысына дейінгі аралықты алып жатты.
XVIII ғасырдың 40 – жылдарында Орта жүз Ресей патшалығына бодандыққа түсуге мәжбүр болады. Жоңғар хандығы мүлде күйреген соң, Абылай сұлтан Орта жүз қазақтарын жеке хандыққа біріктіріп1771 жылы үш жүзге хан сайланды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Орта жүз жұртшылығы біршама өсіп, олардың мекен – жайы да кеңейе түсті. Нәтижесінде 1815 жылы Орта жүзде екінші хандық қалыптасып, Бөкей хан сайланды. 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін патша үкіметі Орта жүздегі хандықтарды жойып, олардың орнына 1824 –1859 жылдар аралығында Қарқаралы, Көкшетау, Аякөз, Ақмола, Аманқарағай, Баянауыл, Үшбұлақ, Көкпекті, Құсмұрын және Атбасар сияқты он сыртқы дуандарды құрып, оларды дуанбасы – төрелер басқаратын етті. Дуан 15 – 20 болыстан, әр болыс 10 –12 ауылдан тұратын. Мұндай әкімшілік жүйесі XIX хасырдың 60 – жылдарына дейін өмір сүрді.
Патшалы Ресей тарапынан қазақ хандығын жою халықтың мемлекеттігін, өз алдына елдігін жою әрекеттері отарлау саясатының негізгі мақсаты болғандағы даусыз. Сондықтан қазақ мемлекеттігі үшін күрес толастамады. Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы 1837 – 1847 жылдар арасында азаттық үшін күрес жүргізді. Кенесары қазақ халқының соңғы ханы болды. Оны халық ақ киізге отырғызып хан көтерді. 1847 жылы патша генералдары астыртын айдап салған Алатау қырғыздарының қолынан қаза тапты. Осы тұста азаттық қозғалыс туыс халықтың қан төгісіне ұласқанын да айту керек.
1868 жылы саяси реформа бойынша Қазақстан жері облыстарға, уездерге, болыстарға және ауылдарға бөлінді. Қазан революциясына дейін Орта жүз жұртшылығы негізінен Торғай, Ақмола, Семей және жартылай Жетісу, Сырдария облыстарында мекендеген.
в) Кіші жүздің ру – тайпалары туралы.
 
Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын Батыс Қазақстан өңірінде Маңғыт немесе Ноғайлы тайпалар одағы қалыптасқан–ды. Бұл одақтың құрылуына ішкі себептермен қоса, сыртқы дұшпаннан қорғану мақсаты да әсер еткен болар. XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында, мүмкін сәл кейінректе шығар, Ноғай Ордасынан бөлінген қазақ тайпаларының, яғни Алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Сондықтан да Кіші жүз қазақтарын ел арасында «Кіші жүз — Алшын» атандырған. Оның құрамына – 12 ата Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш); Жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан); 6 ата Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті) енеді.
Байұлы рулары XVIII ғасырда негізінен Кіші жүз жерінің оңтүстік – батысын, яғни Жайық өзенінің төменгі ағысы мен Жем бойын, Сам құмы мен Маңғыстау түбегінде мекендейтін; Жетірудың көпшілігі Қазақстанның солтүстік – батысын, яғни Жайық өзенінің орта ағысын, Қобда, Елек және Ор өзендерінің бойын және Мұхалжар тауларының қойнауларын мекендейтін; Әлімұлы ұрпағы Батыс Қазақстанның кең – байтақ шығыс өңірін, яғни Ырғыз, Торғай өзендерінің бойында, Шалқар көлінің төңірегінде, Кіші және Үлкен Борсық құмдары мен Қарқұм атырабында және Сырдарияның төменгі ағысында мекендейтін.
Әрине, жоғарыда көрсетілген Кіші жүз қазақтарының мекен – жайлары еш өзгеріссіз қала берген жоқ. Кейбір рулар немесе оның шағын бөлімдері әрқилы себептермен қоныс аударып та тұрған. Мұндай жағдай, әсіресе XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар шабуылына байланысты болса, сол ғасырдың екінші жартысында Сырым батыр көтерілісіне байланысты болды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Батыс Қазақстанның барлық өңірінде Кіші жүзге кіретін үш үлкен тайпалық топтардың өкілдерін де кездестіруге болатын еді. Дегенмен, олардың негізгі топтары өздерінің ата мекенінде қалды.
XVI – XVII ғасырларда Кіші жүз құрамына енген негізгі ру – тайпалық топтар Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың иеліктерінде болды. Тәуке хан Төле, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билер арқылы қазақтың үш жүзіне бірдей хандық билігін жүргізді.
Тәуке хан өлгеннен кейін Кіші жүзге Әбілқайыр хан сайланды да, ол – біріншіден, жоңғарларға қарсы Ресей сияқты іргелі елге арқа сүйеу мақсатын көздесе, екіншіден, Ресей патшалығының қолдауымен қазақтың үш жүзіне бірдей өзінің хандық билігін орнатуды да ойлады. Қайткен күнде де, оның Ресеймен жақындасу саясатын жүргізгендігінде күмән жоқ. Ақырында, 1731 жылы ол Кіші жүз қазақтарын Ресейге бодан етіп тынды. Әбілқайырдың ресейшілдік саясатына қарсы топтар да аз болған жоқ. Нәтижесінде, ол 1748 жылы Барақ сұлтанның қолынан қаза тапқаннан соң Кіші жүз хандығына, оның мұрагерлері – Нұралы, Ералы, Есім, Айшуақ және Шерғазы хандар хандық салтанатын құрды. 1824 жылы патша өкіметі Кіші жүзде хандық басқаруды жойып, оның орнына басқарушы сұлтандар басшылығымен Кіші жүз жерін – Батыс, Орта және Шығыс әкімшілік жерлеріне бөлді. Бірақ, көп ұзамай басқару жүйесі тағы да өзгеріп, «дистанциялық басқару жүйесі» енгізілді. Небәрі Кіші жүз жерінде 56 дистанция құрылып, олар ауылдарға бөлінді. Тек, Арал өңірінде, Қарақұм мен Маңғыстау түбегінде және Сырдария бойында мекендейтін елдерде бұрынғыдай рулық басқару жүйесі қалдырылды.
XIX ғасырдың басында Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында Бөкей хандығы құрылды. 1845 жылы Жәңгір хан өлген соң патша өкіметі Бөкей ордасындағы хан билігін де жойды. 1867 – 1868 жылдары саяси реформа бойынша Кіші жүз жері облыстарға, уездерге бөлінді де, Кіші жүз жұртшылығы Орал облысының – Орал, Ілбішін, Темір уездерінде; Торғай облысының – Ырғыз, Торғай және Ақтөбе уездерінде; Сырдария облысының – Перовск, Қазалы уездерінде; Закаспий облысының – Маңғыстау уездерінде және Бөкей ордасында қалды. Реформа патша өкіметінің отарлау саясатының мүддесіне сай жасалғандықтан, ол бүкіл Кіші жүз жұртшылығының наразылығын туғызды. Төрелер мен билер олардың қоғамдағы құқының біраз шектелуіне наразы болса, жалпы бұқара халық отаршылық езгінің одан әрі күшейе түсуіне наразы болды. Сондықтан да Кіші жүз жұртшылығы сан рет халық батырлары – Сырым Датұлының, Исатай Тайманұлының, Есет Көтібарұлының, Жанқожа Нұрмағанбетұлының басшылығымен патша үкіметіне және жергілікті билеушілер өктемдігіне қарсы күреске көтерілді.
Үш жүзге бөлінген бүкіл қазақ халқы ертеден бастап, XX ғасырдың басына дейін негізінен көшпенділікке, не жартылай отырықшылыққа негізделген мал және жер шаруашылығымен айналысумен бірге әр түрлі қолөнер, т. б. үй кәсіптерімен де шұғылданды. Көптеген көрші халықтармен экономикалық, сауда – саттық қатынастар да болды. Бүкіл үш жүз жұртшылығы біртұтас қазақ тілінде сөйледі. Олардың заттай және рухани мәдениетінде де кейбір жергілікті ерекшеліктер болмаса, айтарлықтай өзгешеліктер болған жоқ.


II ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
2.1 Қазақ хандығы құрылуының кезеңдері менбарысы. «Тауарих-и гузида-йи нусрат-наме», «Фатх-наме», «Шайбани-наме», «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахиар», «Түрік шежіресі» секілді деректерде Шайх Хайдар ханға Сібір ханы Ибақ пен Үлкен Орда ханы Кіші Мұхаммед ханның ұлы Ахмед хан бірігіп жорық жасайды, олар жеңіске жетіп, ханды өлтіреді деп айтылады [130, 20 б.; 131, 57 б.; 132, 99 б.; 144, 362 б.]. Осылайша, Шайх Хайдар ханның өлтірілуімен Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы шибани әулетінің билігі де күйрейді. Көптеген әмірлер мен бектер жан-жаққа тарап кетсе, әулетке адал бір топ адам әулет өкілдерін Астрахань хандығына апарып паналатады. Бірақ ол жақта да ұзақ тұра алмай, қарсыластардың тықсыруымен қашып-пысып жүріп, арқыры Сырдың орта ағысы бойындағы Түркістан аймағына келеді [144, 362-363 бб.]. Сөйтіп, Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы жалғыз саяси күш – Қазақ хандығы болып санала бастайды. Белгілі зерттеуші Т.И. Сұлтанов бұл жөнінде былай деп тұжырымын береді: «Өзбек Ұлысының көп бөлігі билік Керей мен Жәнібектің және олардың жақтастарының қолына өтті. Жазба дерек мәліметтерін терең талдау бұл тарихи оқиғаның 875 (1470-1471) жылы болғандығын көрсетеді» [52, 129 б.].
Біз де осы тарихи дерекпен келісе отыра, Қазақ хандығының құрылу кезеңіндегі соңғы саты аяқталды деп санаймыз. Моғолстанның саяси шеңберінен шығып, Қазақ хандығы енді осы жылдан бастап Шығыс Дешті Қыпшақтағы жеке, дербес мемлекетке айналады да, бүкіл аймақтағы саяси қарым-қатынастардың субъектісі ретінде көріне бастайды.
Енді осы тараушада айтылған ойларымызды қорытындылайық.
Біріншіден, Қазақ хандығының құрылуы бір ғана оқиғамен жүзеге асқан процес емес, он шақты жылға созылған тарихи дамудың жемісі болып саналады. Керей мен Жәнібек хандар бастаған ру-тайпалар тобының Әбілқайыр хандығынан бөлініп кетуі – осы тарихи процестегі маңызды және алғашқы қадам болып есептеледі. Бөлініп кету мен кейін оралып саяси билікті қолға алу арасындағы кезеңді шарты түрде төрт сатыға бөлдік.
Екіншіден, Керей мен Жәнібек хандардың бөлініп кетуі кездейсоқ болған емес, ол Әбілқайыр хандығындағы ішкі саяси жағдайларға байланысты туындайды. Бөлініп кетудің алғышарттары мен себептері толық пісіп жетілгеннен кейін, түрткі болған оқиғаға – 1457 жылдың жазының соңы немесе күзінің басында «көшпелі өзбек» елі билеушісінің қалмақ билеушісі Үз Темір тайшыдан жеңілісі мен одан кейінгі Әбілқайыр ханның өзін қолдамағандарға қарсы жүргізген жазалау барысындағы әрекеттері жатады. Сол тұстағы Моғолстан ханы Есенбұғаның жағдайы өте қиын болып, туған ағасы Жүніс хан Мауереннахр билеушісі Әбу Сайд мырзаның тікелей қолдаумен Ыстықкөл маңындағы моғол тайпаларына билік жүргізіп, Есенбұға хандық билікті тартып алуға дайындалып жатқан болатын. Дәл осы кезде Керей мен Жәнібек хандар бастаған ру-тайпаларды Моғолстан аумағының бір бөлігі – Жетісудың батыс өңіріне қоныстандыра отырып, біріншіден моғол ханы өзіне одақтас тапса, екіншіден, бүкіл Жетісу аумағының Жүніс ханға қарауына тосқауыл қояды. Осындай күрделі шиеленіскен саяси даму жағдайында Жетісудың Шу өзені бойы мен Қозыбасы тауы аралығында Қазақ хандығы ту тігеді. Бөлініп кету мен Керейдің хан сайлануы аралығын біз, шарты түрде хандықтың құрылуы кезеңіндегі бірінші сатыға жатықыздық.
Үшіншіден, Қазақ хандығының құрылу кезеңіндегі екінші сатыда жаңадан қалыптаса бастаған хандық өзінің өміршеңдігін көрсетеді. Әбілқайыр ханға наразылар одан қашып Керей мен Жәнібекті пана тұтса, Жүніс ханның бүкіл Жетісуды иеленуіне жаңа хандық жол бермейді. Соған байланысты Жүніс хан аздаған әскерімен інісіне қарсы аттанып, Қашқар түбіндегі ұрыста жеңіліс табады.
Төртіншіден, 1461/1462 жылдан 1469 жылға дейінгі аралықтағы үшінші саты Есенбұғаның қайтыс болып, Дос Мұхаммедтің таққа отыруынан 1469 жылы оның Әбу Сайд мырзаның және Әбілқайыр ханның қайтыс болуына дейінгі аралықты қамтиды. Дос Мұхаммед ханның принципсіз жүргізген ішкі саясаты нәтижесінде Шығыс Түркістан жақтағы моғол әскерлерінің арасында жік пайда болса, Жетісу жақтағы Қазақ хандығы формалды түрде Моғолстан құрамында болып есептелгенімен іс жүзінде толығымен дербестене бастайды. Керей мен Жәнібек хандарға көшіп келу – одан ары жалғаса береді.
Бесіншіден, 1469 жылдың қысында Әбу Сайд мырзаның Ирак жақта қаза табуы, Темір әулеті арасында билік үшін күрестің қайта өрбіп, Хорасанда жеке биліктің, Мауереннахрда бірнеше иеліктің құрылуы, сол жылдың қысының соңында немесе ерте көктемінде Дос Мұхаммед ханның кенеттен қайтыс болуы - Әбілқайыр ханды Моғолстанның Жетісу жағындағы Қазақ хандығына қарсы соңғы жорығын жасауға итермелейді. Жорық Тобыл өзенінің жоғарғы ағысы бойындағы өңірден басталып, Ұлытау арқылы өтеді де, Қызыл Надырға, одан ары Жеті Құдық деген жерге жеткен.
Шамамен, 1469 жылдың желтоқсан айында күннің суытып, ауа-райының бұзылуы Әбілқайыр ханның ауырып, қайтыс болуы – жорықтың орта жолда тоқтауына алып келді. Сөйтіп, 1469 жылғы оқиғалар Қазақ хандығының құрылуы кезеңіндегі үшінші сатының аяқталғандығын көрсетеді.
Алтыншыдан, Әбілқайыр ханның қайтыс болуы мен «көшпелі өзбектер» еліндегі алауыздықтардың күшеюі ондағы ру-тайпалардың көбінің қазақ хандығына қосылуына алып келді. Біршама күшейіп алған Қазақ хандығы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси билік үшін күреске белсене араласады. Шибан ұлысын талқандауға оған көршілес Сібір хандығы, маңғыт мырзалары, Сырдың төменгі ағысы бойындағы Буреке сұлтанның Ұлысы да қатынасады. Қазақ хандығының билігі осы жылдары бұрынғы Орда Ежен Ұлысының аумағыа таралады. Шамамен, 1470-71 жылы Шайх Хайдар ханның өлтірілуімен Шығыс Дешті Қыпшақ аумағының басым бөлігі Қазақ хандығының құрамына қосылып, Қазақ хандығы толыққанды, дербес, жеке мемлекетке айналады. Сөйтіп, Қазақ хандығының құрылуы толығымен және түпкілікті түрде жүзеге асады.
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызына тоқталсақ хандықтың құрылуы Қазақстан аумағында ежелгі замандардан бері үзілмей үздіксіз жүріп келген этникалық процестер мен ХІY-ХY ғасырлардағы Шығсы Дешті Қыпшақ аумағы мен оған көршілес аймақтардағы саяси құрылмдар дамуының заңды қорытындысы болып есептеледі. Сонымен бірге бұл маңызды оқиға мемлекетттіліктің дамуындағы белесті бір кезең болуымен ерекшеленеді. Осы аталған маңыздарды жеке-жеке талдап, қарастыралық.
Қазақ хандығының құрылуының аса зор маңызы жағына, оның этникалық дамуы жаңа сатыға көтеруі, оны бір деңгейден екінші бір деңгейге жеткізуі жатады. Отандық тариханамада қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі Қазақ хандығының құрылуымен қатар жүзеге асты деген тұжырым берік орныққан [258, 260-269 бб.; 47, 274 б.; 51, 253-254 бб.]. Бұл тұжырымның пайда болуы Қазақ хандығының құрылуымен байланысты екендігіне ешкім де шүбә келтірмейді.
Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағында ежелден бері үздіксіз жалғасып келе жатқан этникалық процесті жаңа белеске жеткізіп, қазақ халқынынң халық болып қалыптасқандығын көрсетті. Осылайша, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын этникалық тұрғыдан қарастыра келе, ол – қазақ халқының қалуптасуы кезеңін аяқтауға тікелей ықпал етті, этникалық процесті халықтық деңгейге көтерілген этносқа – «қазақ» атты этнонимді бергізді деп ойымызды түйіндейміз.
Қазақ хандығының құрылуының келесі бір тарихи маңызына, оның – ХІІІ ғасыр басында монғол жаулап алушылығына байланысты үзіліп қалған мемлекеттік дәстүрді жергілікті этностың дәстүріне сай қайта қалпына келтіруі жатады. ХІІІ ғасыр басына дейінгі Қазақстан аумағындағы қыпшақтық мемлекеттік жүйе мен монғолдық мемлекеттік жүйеде ортақ ұқсастықтар мен белгілер болса да, олардың әрқайсысында тек өздеріне ғана тән ерекшеліктер көп болатын. Мысалы, оған мемлекеттің саяси-әкімшілік құрылымының негізін билікті мұраландырудағы айырмашылықтарды, билік түрлерінің атқарушы билік түріне қарым-қатынастарын жатқызуға болады. Монғолдық мемлекеттік жүйе жаулап алуға байланысты шығыс Дешті Қыпшақ аумағына енгізіліп, бұрынғы жүйені ығыстырып шығарады, бірақта оны жергілікті тұрғындардың санасы мен жадынан өшіре алмайды. Монғолдық этнокомпоненттердің қыпшақтануы процесі монғолдық мемлекеттік жүйенің жергілікті ортаға бейімделуімен қатар жүреді. Соның нәтижесінде монғолдық мемлекеттік жүйеге тән ноян, баһадүр секілді терминдерді – би, бек, батыр деген жергілікті түрік-қыпшақ сөздері ығыстырады. Сондай-ақ жоғарғы билті мұралануда қыпшақтық дәстүр мен моғолдық дәстүр арасында өзгешеліктербар болып, ХІІІ- ХІY ғасырдың ортасына дейін монғолдық дәстүр үстемдік құрып келді. ХІY ғасырдың екінші жартысы мен ХY ғасырдың ортасына дейінгі аралықтағы саяси оқиғалардың көбісінің астарында осы екі дәстүр арасындағы күрестер жатты. Монғолодық дәстүр бойынша ханның мұрагері болып оның ұлдарының бірі сайланса, жергілікті дәстүрге сай билікті билеуші әулеттің жасы үлкен өкілі мұраланып отырған. Бұл дәстүр Алтын Ордада ХІY ғасрыдың соңы мен ХY ғасырдың басында қолданыла бастайды. Ал Қазақ хандығының құрылуы – қыпшақтық дәстүрдің толық жеңіске жеткендігін көрсетеді. Орыс хан ұрпақтары Шибан әулетіне қарсы күресте жеңске жетіп, Шығыс Дешті Қыпшақтағы билікті иеленгеннен кейін осы дәстүрді ұстанады. Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп келіп, хан сайлау барысныда Керей жоғарғы билікті иеленеді. Монғолдық дәстүр бойынша 1428 жылы қайтыс болған Барақтың ұлы – Жәнібек хандық билікке келуі тиіс болатын. Ата жолы бойынша Керейдің хан болуы – қыпшақтық дәстүрдің жеңсіке жеткендігін көрсетеді.
Осылайша, Қазақ хандығының құрылуы – монғолдық үстемдікке дейінгі Қазақстан аумағындағы мемлекеттік жүйе мен дәстүрдің қайта үстемдікке шыққандығын дәлелдейді. Мұның өзі халық пен мемлекет арасындағы өзара байланыстардың болып, мемлекеттің халықтық сипатта болғандығын көрсетсе керек.
Сондай-ақ Қазақстан аумағында ежелгі замандардан ХY ғасыр ортасына дейін әртүрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген мемлекеттердегі билеуші әулеттер көбінесе бір тайпадан шығып, мемлекет атауы сол тайпа атауымен аталғаны белгілі. ХY ғасырдың ортасынан бастап әртүрлі саяси атаулардың орнына бір ғана саяси термин – Қазақ хандығы атауы орнығады. Бұл атау ХYІІІ ғасырдың басына дейін Қазақстан аумағындағы жалғыз мемлекеттің атауы ретінде қолданыста болады.
Ертіс пен Еділ өзендерінің, Сырдария мен Тобылдың жоғарғы ағысының аралығындағы орасан зор аймақ ХІ ғасырдан бері «Дешті Қыпшақ» деп аталынып келсе, Қазақ хандығының құрылуымен оның одан кейінгі ғасырлардағы дамуы жаңа ұғымды қолданысқа енгізеді. Жоғарыда аталған аймаққа қыпшақ тайпаларынан шыққан әулет билігінің орнауы – «Дешті Қыпшақ» - «Қыпшақ даласы» деген ұғымды енгізгені белгілі. ХYІ ғасырыдың бірінші жартысында «Қазақстан» термині алғаш рет жазба деректерде жазылып, ол «қазақтардың мекені», «қазақтардың елі» дегенді білдіреді [207, 180 б.]. Сөйтіп, Дешті Қыпшақ атауы тарихтың еншісіне қалдырылып, жаңа атау – жаңа этносаяси жағдайларға сай қызмет ете бастайды. Осылайша, Қазақ хандығының құрылуы – аймақтың саяси және этногеографиялық ұғымдарына да әсерін тигізіп, жаңа жағдайларға сай жаңа атауларды қалыптастырады.
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызына – Қазақ хандығының құрылуының Қазақстан аумағындағы бір тарихи дәуірді аяқтап, жаңа бір тарихи дәуірге негіз қалауы жатады. Қазақ хандығының құрылуымен ХY ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан территориясында жаңа тарихи дәуір басталады. Ол – Қазақ хандығы дәуірі.
Осылайша Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп есептеліп, ол – этникалық дамуларды халықтық деңгейге жеткізді, қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуына ықпалын тигізді, «қазақ» атты нақты этнонимді, «Қазақстан» атты жаңа этносаяси терминді дүниеге алып келді, Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын жаңа тарихи дәуірдің басталуына негіз салды деп санаймыз.
Қазіргі кезде еліміздің ресми атауы – «Қазақстан Республикасы», халқымыздың атауы – «қазақ», жеріміздің атауы – «Қазақстан» - деп аталынуының негізінде ХY ғасыр ортасында құрылған Қазақ хандығы жатыр.
2.2. Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының нығаюындағы рөлі және орны.   Қазақ хандығының құрылуында жетекші рөл атқарған екі тұлға – Керей мен Жәнібектің есімдері баршаға белгілі. Керей мен Жәнібек туралыҚазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Қазақ хандығы - мәңгілік ел идеясы: тарихи тағдыры мен тағылымы" атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясында мақалалар жарияланыпты[20]. Атап айтcақ, белгілі ғалым  Ә.Дербісәлі «Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы және Тәуеліз Қазақстан» [20,68-74] атты,Кәрібаев Б. «Қазақ хандығының құрылу тарихының мәселелері» [21,95-101] атты мақалаларында Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығының негізін қалаушы ретіндегі қызметі жан-жақты көрсетілген.Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи рөлі анықта-лып, қазіргі күндерге дейін оны ешбір зерттеуші теріске шығармай, мойындап отыр. Б.Кәрібаевтың жазуы бойынша алғашқы қазақ ханы Керей хан болған. Ол жазба деректер мен тарихи зерттеулерде алғашқы қазақ ханының есімі  - Гирей, Герей, Кирай, Керей түрінде кездесетіндегін көрсетеді.  «Гарай» деген көне моңғол сөзінен шығады екен. Оның екі мағынасы бар, біріншісі – «биік», «еңселі», «алып» дегенді білдірсе, екіншісі – «ержүр-ек», «батыл», «еркін», «берік» деген мағынаны білдіреді.  Араб тілінде бұл мағыналардың «хайдар», «ғайдар» деген сөздермен берілетінін ескере келе, монғол тіліндегі – «керей» сөзі мен араб тіліндегі – «хайдар» сөздерінің мағынасы ортақ, бірдей деп түсінеміз.  Мұндай есім Алтын Орда дәуіріне дейінгі араб, парсы тілдеріндегі шығармаларда кездеспейді және де тек қана осы дәуірден бастап қана Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі қоғамның жоғарғы әлеуметтік тобы арасында жиі кездесе бастайды.       Белгілі тарихшы Зардыхан Қыянатұлы «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» [18] дейтін еңбегінде Керей мен Жәнібекті Қазақ хандығының негізін қалаушылар ретінде көрсетеді. Германияның Бонн университетінің тарихшысы Нұрлан Кенжеахметтің «Керей мен Жәнібек хандар Мин Шилу (Мин патша-лығының нақты хроникалық жазбалары) деректемелерінде» дейтін [32,104-114] мақаласында Керей мен Жәнібек туралы ханзу тіліндегі деректерді жан-жақсы келтіреді. И.Ерофееваның «Казахские ханы и их династии» [24] атты еңбегінде ол орыс және басқа да дереккөздерден алынған деректерге сәйкес Керей мен Жәнібек туралы мәліметтер берілген. Жазушы Мұқтар Мағауиннің"Қазақ тарихының әліппесі" [34] атты көлемді еңбегінде Керей мен Жәнібектің шығу тегі және хандықты құрудағы рөлі кеңінен мәлімдеген.       Белгілі зерттеуші Ш.Уәлиханов «Тарихи Рашиди» туралы» атты мақала-cында [8] Керей мен Жәнібекті Қазақ хандығының негізін қалаушылар деп жазады. Керей ханның шығу тегі Жошы ханның үлкен ұлы – Орда Еженнен бастау алады. Жазба деректерде Орда Ежен, оның ұлы Сасыбұқа, оның ұлы Ерзен, оның ұлы Шымтай және оның ұлы Орыс хан болып жалғасады. Орыс ханнан Керейге дейінгі шежіре ортағасырлық деректерде жақсы сақталған. «Муизз ал-ансаб» атты шығарма мәліметінде «Орыс ханның 15 баласы: 8 ұл және 7 қызы болған делінеді де: «Бірінші ұл - Тоқтақия, ол хандық билікте болған. Оның үш қызы және үш ұлы болған. 1) Анике-Булад, 2) Бугучак, 3) Тенгриберди», - деп айтылады. Ал Анике-Булад немесе Болатта бір ғана ұл болған, оның есімі - Керей-хан. Сөйтіп, Орыс ханнан бері қарай таратсақ, Орыс-хан, оның ұлы Тоқтақия, оның ұлы Анике Болат және оның ұлы – Керей хан болып жалғасады. 1377 жылы Ақ Орда билеушісі Ұрыс хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның үлкен ұлы Тоқтақия, яғни Керейдің атасы келеді де, 2 ай ғана билік құрады. Ал Керейдің әкесі Анике-Болат немесе Болатқа келсек, ол – Тоқтақияның үш ұлының бірі. Оның есімі деректерде шежірелерге қатысты ғана айтылады. Басқа жағдайларда Анике-Болат туралы ешқандай мәліметтер айтылмайды. Керейдің қай жылы дүниеге келгендігін деректер айтпайды, бірақ оны салыстыру әдісі арқылы болжап, шамамен айтуға болады. Орыс ханның үлкен ұлы Тоқтақия да, кіші ұлы Қойыршақ, олардың жас арасын шамамен 15-20 жыл деуге болады. Тоқтақия ұлы Болат болса, Қойыршақтың ұлы – Барақ. Барақтың 1428 жылы қайтыс болғаны белгілі. Барақтың үш ұлының үлкені Жәнібек хан. Ал Жәнібек хан мен Болаттың ұлы Керейдің бір тарихи кезеңде өмір сүргені және белгілі. Олардың да арасындағы жас айырмашылықтары 10-20 жыл деп санауға болады. Керейдің есімі ХV ғасырдың 60-шы жылдарының соңынан, ал Жәнібектің есімі ХV ғасырдың 70-ші жылдарының ортасынан бастап жазба дерек мәліметтерінде кездеспейді. Соған қарап оларды 60-70 жыл өмір сүрген деп есептесек, онда олар XV ғасырдың басында дүниеге келген болып шығады. ХV ғасырдың 50-ші жылдарында, яғни Қазақ хандығының құрылар қарсаңында Орыс ханнан тараған Керей мен Жәнібек секілді шөберлерді санағанымызда, Темір Мәліктің ұрпақтарынсыз олардың саны 20-ға жуықтаған. Олардың ішінде жасы жағынан ең үлкені Керей болған. Сондай-ақ Орыс ханның үлкен ұлы – Тоқтақия, ал оның үлкен ұлы – Анике Болат, ал оның жалғыз ұлы Керей болғандықтан, ХV ғасыр ортасында Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орда Ежен әулетінің, Орыс хан ұрпақтарының арасында ата жолы жағынан Керейдің мәртебесі жоғары болған. Сол себепті Керей Әбілқайыр хандығынан бөлініп кеткенде жасы мен жолына қарай хан болып сайланды. Ол он шақты жылдай хан болып, Қазақ хандығының іргетасын қалаған хандардың қатарына жатады. Керей ханның артында Бұрындық, Қожа Мұхаммед және Сұлтанәлі атты үш ұл қалады. Бұрындық - XV ғасырдың соңғы ширегі мен XVІ ғасырдың басында Қазақ хандығын 30 жылдан аса билейді. Бұрындық ханның Шайхим, Санжаржахан, Жаханбақты атты үш ұлы, Шайхимның Жармұхаммед атты ұлы болғандығы дерек мәліметінде  атап көрсетіледі. Жәнібек ханға келсек, тарихи деректерде оның есімі Керей ханға қарағанда жиі кездеседі. 1426 жылы жазылған «Муизз ал-ансаб» еңбегі мен ХVІ ғасырдың алғашқы жылдарында жазылған «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» оның есімі хандар шежіресіне байланысты кездессе, «Тарих-и Рашиди», «Фатх-наме», «Шайбани-наме» секілді тарихи шығармаларда Қазақ хандығын құрушылардың бірі ретінде жиі айтылады. Ал Әбілғазы, Қадырғали Жалайыри, Гаффари, Хайдар Разидің еңбектерінде Жәнібек хан есімі Шығыс Дешті Қыпшақта билік құрған әулеттің өкілі ретінде ұшырасады. Жәнібек ханның есімі ортағасырлық деректерде жиі айтылса да, тарих ғылымында оның тарихи рөлін алғаш анықтап берген В.В.Вельяминов-Зернов болды[7]. Ол Ораз Мұхаммед ханның шығу тегі мен ата-бабаларын анықтау барысында көптеген мұсылман деректерінің мәліметтерін ғылыми айналымға енгізе отыра, Жәнібекті Кереймен бірге Қазақ хандығының алғашқы 80 жылдық тарихындағы ірі тұлғалар деп жазады. Жәнібек ханның шығу тегі мен ата-бабаларына келсек, ол Керей ханның шөберелес туысы болғандықтан, олардың Орда Еженнен Орыс ханға дейінгі бабалары ортақ болып келеді. Дерек мәліметтерінде Жәнібек ханның ата-бабалары былайша беріледі: «Орыс ханның бірінші ұлы – Тоқтақия. Ол билік құрған... Орыс ханның сегізінші ұлы – Құйыршық. Оның Пайанде-сұлтан, Рукйиа деген екі қызы және Барақ атты бір ұлы болды. Барақ билік құрған. Барақта төрт бала: Саадат-бек деген қызы және Әбу Сайд, Мир Қасым, Мир Сайд деген үш ұлы болған». «Тауарих-и гузида-йи нусратнамада» Әбу Сайд Барақ ханның үш ұлының кішісі және Жәнібек хан деген қосымша есіммен берілсе, Қадырғали Жалайыр ол туралы Барақтың ұлы «кіші Жәнібек хан», - деп дәлірек түсіндіреді. Осылайша, деректердегі Жәнібек хан туралы айтылатын шежірелік мәліметтерде оның шын есімі - Әбу Сайд, ал лақаб есімі – Жәнібек екендігін білеміз. Ал Қазақ хандығының құрылуы барысын баяндайтын мәліметтердің бәрінде оның есімі Керей ханның есімімен бірге Жәнібек хан деп кездеседі. Әбу Сайдтің не себепті Жәнібек атанғаны белгісіз. Ал оның не себепті «кіші Жәнібек» атанғанын дерек мәліметтері айтпаса да, анықтауға болады. Т.И. Сұлтановтың пікірінше, Жошы Ұлысы мен Орта Азия тарихында бір уақытта хан титулы бірнеше сұлтанда болып, олар жөнінде жақсы хабардар болған дерек авторлары хандарды ажырату үшін өз мәліметтерінде «Ұлұғ хан» (Үлкен хан) және «Кішіг хан» (кіші хан) деген атауларды қолданған. Біздің ойымызша, «ұлұғ» және «кішіг» хандар жөніндегі мұндай түсіндірме дұрыс айтылған[6,54-56]. Алтын Ордада ХV ғасырдың бірінші жартысында хан болған Ұлығ Мұхамед хан мен Кішік Мұхаммед хандарға қатысты айылып тұрғаны белгілі. Бұл екі ханның Алтын Орданың саяси тарихында терең із қалдырып, жазба дерек мәліметтеріне есімдері сол дәуірдің өзінде-ақ енген болатын. Ал Қазақ хандығындағы Барақтың ұлы Әбу Сайдты «кіші Жәнібек» десе, онда «үлкен» немесе «ұлығ» Жәнібек деген кім болған? ХІV-ХVІ ғғ. ортағасырлық мұсылман деректерінде Жәнібек есімді хан да, сұлтан да көптеп кездеседі, бірақта олардың ешқайсысы Ұлығ Жәнібек деп аталмайды. «Муизз ал-ансабта» Әбу Сайд Барақ ханның үш ұлының үлкені деп көрсетіледі, бірақ та оның лақаб есімі жөнінде ештеме айтылмайды. Соған қарағанда Жәнібек хан деген лақаб есім оған ресми түрде хандықты иеленгеннен кейін берілген. Ал ХVІ ғасырдың алғашқы жылдарында жазылған «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намеде» Әбу Сайд – Барақ ханның үш ұлының кішісі, яғни үшіншісі деп беріледі. Сондай-ақ онда Әбу Сайдтың лақаб есімі – Жәнібек хан екендігі қоса айтылады, бірақ «кіші» деген сөз кездеспейді. Әбілғазы дерегінде де дәл сондай. Жәнібек ханның «кіші Жәнібек хан» екендігі алғаш рет ХVІІ ғасырдың алғашқы жылдары жазылған Қадырғали Жалайыр еңбегінде бірінші рет кездеседі. Жәнібек хан – Ұрыс ханның сегізінші ұлы Қойыршақтың немересі, Барақ ханның ұлы. Жәнібек ханның атасы жазба деректерде – Койричак оғлан, Коюрчак, Курчук, Нузи-оғлан, Каруджак, Құйыршық, Құйыршақ, Койриджак деген есімдермен жиі кездеседі. Қойыршақ туралы мәліметтер Шыңғыс хан ұрпақтарының шежіресінен басқа темірлік тарихшы Шараф ад-дин Йездидің «Зафар-наме» еңбегінде айтылады. 1395 жылы сәуірде Темір Терек өзені бойындағы шешуші шайқаста Тоқтамыс ханды жеңіліске ұшыратады да, түпкілікті талқандау үшін соңына түседі. Қойыршаққа қатысты онда мынадай мәлімет баяндалады: «Ол Еділ өзені арқылы өтетін Туратур өткеліне жетіп, жанындағы Орыс ханның ұлы Қойыршақ-оғланға өз тобынан өзбек баһадүрлерін қосты да, алтын жіптен тігілген халат пен алтын белдік кигізіп, ханға лайықты заттар береді. Оған Еділ өзенінен өтіп, Жошы Ұлысының билігін өз қолына алуды тапсырады. Жошы ұрпағының сұлтаны бұйрыққа сай өзеннің арғы бетіне өтіп, шашырап кеткен әскерін жинастыруға кірісті». Тоқтамыс хан Темірдің көмегімен Ақ Орда тағын иеленгеннен кейін, өзіне қарсы келгендердің көзін құртып, ал билігін мойындағандарға рахымшылық жасаған. Ал Тоқтамыс хан Алтын Ордаға ие болып, Темірмен қайшылықты бастағанда, оның қарсыластары Темір жағында болатынын анықтау еш қиындық туғызбайды. Қойыршақтың Темірдің жанында жүруін біз, оның Тоқтамыс ханға қарсы жүргізген күресінің бір түрі деп түсінеміз. Жәнібек ханның атасы Қойыршақ аз уақыт болса да Шығыс Дешті Қыпшақта билік құрып, онда ордаежендік әулеттің билігі мен ықпалын сақтап алады. Сөйтіп оның есімі Жошы ұлысында хан болғандардың қатарында айтылады. Ал Жәнібек ханның әкесі Барақ хан туралы ортағасырлық деректерде мәліметтер көп кездеседі. Бұған дейін айтып өткеніміздей, Барақ – Қойыршақ ханның жалғыз ұлы. Барақтан басқа Қойыршақтың Пайанде-сұлтан және Рукйиа атты екі қызы болған. Қадырғали Жалайыр Барақ хан туралы «оның өзі алып тұлғалы, ірі, нағыз ер, батыр еді. Тез арада әр тараптағы ұлыстарды өзіне бағындырды»- деп баяндайды. Барақ хан – Алтын Орданың ХV ғасырдың 20-шы жылдарының бірінші жартысындағы саяси өмірінде із қалдырған және тақ үшін талас-тартыстарда жеңіске жетіп, бірнеше жыл Алтын Орданы билеген адам. Абд ар-Раззак Самарканди еңбегінде оның есімі алғаш рет 1419 жылғы оқиғаларға қатысты, ал орыс деректерінде 1422 жылдың 21 тамызынан бастап кездеседі. Барақ ханның қай жылы дүниеге келгені белгісіз, 1419 жылы Ұлығбектің тікелей көмегімен Шығыс Дешті Қыпшақтың билігін иеленеді; 1422 жылы қарсыласы Хұдайдат ханды, Ұлұғ Мұхаммед ханды жеңіп Алтын Орда тағына ие болады. 1422-1426 жылдары Барақ Алтын Орданың ханы; 1426 жылы Ұлұғ Мұхаммед ханнан жеңіліс тауып, Шығыс Дешті Қыпшаққа қайта оралады; 1427 жылы Сырдың орта ағысы бойындағы қалалар мен жерлер үшін Ұлығбекпен соғысып жеңіске жетеді; 1428 жылы ол Кіші Мұхаммед ханның, Ғази мырза мен Наурыз мырзаның біріккен әскеріне қарсы шайқаста қаза табады. 1428 жылы Барақ хан қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орда Ежен әулетінің билігі уақытша бірнеше он жылға тоқтатылады. Сөйтіп, Барақ ханның қайтыс болуымен ортағасырлық Қазақстан тарихындағы Ақ Орда атты мемлекет те өмір сүруін тоқтатып, тарихтың еншісіне қалады. Барақтың ұлы Жәнібек, Болаттың ұлы Керей және олардың інілері сол жылдарда жас болғандықтан ордаежендік әулеттің басын біріктіріп, күшейе бастаған шибанилық әулетке қарсы тұра алмайды. Керей мен Жәнібек бастаған әулет тобына Шығыс Дешті Қыпшақтағы ордаежендік әулеттің билігін қайта қалпына келтіру үшін 40 жылдан астам уақыт керек болады. Осылайша, Барақ хан қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақта Жошының бесінші ұлы Шибан ұрпақтарының билігі орнығып, ордаежендік әулет өкілдері биліктен уақытша шеттетіледі. ХV ғасырдың 50-ші жылдар-ында Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған әулет өкілдері ордаежендік әулеттің билігін қалпына келтіру үшін күрес жүргізеді де, күрес барысында өздеріне қарайтын ру-тайпаларды бастап амалсыздан Моғолстанға көшеді. Көп ұзамай-ақ олар Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына жаңа деңгейде қайта оралып, бұрынғы ордаежендік әулеттің билгін қайта қалпына келтіреді және жаңа – Қазақ хандары билігінің негізін қалайды. Керей мен Жәнібектің Шу бойына келуі – 1457 жылдың күзінің соңында болады. Деректердегі мәліметтердің баяндалуын хронологиялық тұрғыдан қарастырсақ, мынадай жәйттерді аңғарамыз. Керей мен Жәнібек бастаған ру-тайпалардың Шу өңіріне қоныстануы, Керейдің хан болғандығы, Есенбұға ханның иелігіне Жүніс ханның аяғын аттап баса алмағандғы, Есенбұға хан қайтыс болғаннан кейін қазақ билеушілері мен Жүніс хан арасында жақсы қатынастардың қалыптасуындағы жөнінде айтылады. Соған қарағанда Керейдің хан болып сайлануы Шу бойынан көшіп келгеннен кейін және Есенбұға хан қайтыс болғанға дейін жүзеге асқан. Тарихи  бір аңызда: «Сырдың бойынан тышқан жылы қара күзде бір түмен елмен ауа көшкен ағайынды Керей мен Жәнібек сұлтандар қыс түсе Мойынқұмға жетіпті. Құмды қыстап шыққан қалың ел көктемде Тұлпарсазда Керейді ақ киізге көтеріп, хан сайлап өздерін «қазақ» деп атапты».Аңыздың мәліметіне сүйенсек, Керейдің хан болып сайлануы -1458 жылдың көктем айларының бірінде, мүмкін наурыз айында жүзеге асқан. Хан сайлау процесі аса маңызды болғандықтан, әсіресе жаңа әулеттің алғашқы ханын сайлау сол елдің өміріндегі ерекше маңызды оқиға болып саналатындықтан, оған билеуші әулет өкілдері ерекше мән беретіндігі өз-өзінен түсінікті. Хан сайлау жинына билеуші әулет өкілдерінен басқа дін басылары, ру-тайпа көсемдері, мен батырлары және басқа әлеуметтік топ өкілдері қатысады. Қазақ қоғамында хан сайлау дәстүрі ХІХ ғасырдың соңына дейін сақталып, ол жөнінде орыс авторларының еңбектерінде баяндалады. Хан сайлауға әрбір топтың өкілдері анықталады, негізгі үміткер анықталғаннан кейін жалпы жиында ол ақ киізге отырғызылып, сұлтандар мен ру-тайпа көсемдерінің қолдауына ие болып, үш рет киізбен жоғары көтеріледі. Керейді хан көтерген мезгілге келетін болсақ, біздің ойымыз жоғарыда айтып өткен аңыздағы уақытқа сай келеді. Керей мен Жәнібек бастаған ордаежендік ру-тайпалар үшін 1457 жылдың соңында ең басты мәселе қыстау, қыста жайлатын орындарын таңдау, оларды белгілеу, елді қоныстандыру және т.б. шаруашылық мәселелер болған. Ал көктем шыға алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізіліп, жас жағынан Жәнібекке қарағанда үлкендеу Керей хандық билікке отырғызылады. Керейдің хан болып сайлануымен Қазақ хандығының құрылу барысындағы бірінші кезеңді аяқталды деуге болады. Тарих мінбелеріне көтерілген Қазақ хандығын сол кездер үшін толыққанды, дербес хандық деуге толық болмайды. Өйткені, дербес хандық деу үшін оның нақты территориясы мен халқы, билеуші әулеті мен ханы, басқару әкімшілігі мен құрылымы, өзіндік жүргізетін дербес саясаты және мемлекетке қажетті тағы басқа шарттары қажет болатын. Керейдің хан сайлануымен мемлекет үшін ең басты шарттардың бірі орындалады, яғни жаңа хандық – Қазақ хандығы дүниеге келеді. Ортағасырларда хан - тек жоғарғы билікті иеленген адам ғана емес, сонымен бірге мемлекетттің символы болып есептелген. Жазба деректерден хан болмаған жағдайда елдің тарап, халықтың басқа хандарға көшіп кететін мысалдарын кездестіруге болады.Осылайша, Керейдің 1458 жылдың көктем айларының бірінде хан болып сайлануымен Қазақ хандығының құрылуы барысындағы алғашқы кезең аяқталды. Осы кезең ішіндегі оқиғалардың тарихи маңызын атап  өтер болсақ, біріншіден, Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлініп кетуі – олардың Қазақ хандығын құрудағы алғашқы қадамы болды және Әбілқайыр хандығының тарихындағы күйреу кезеңінің тереңдегенін көрсетіп берді. Екіншіден, Шу өңіріне келіп қоныс тепкен ордаежендік тайпалар жаңа этникалық атауға – «өзбек-қазақ» атауына ие болды. Бұл дегеніміз этникалық процестің жаңа, ұлттық сипатқа ие болғандығын көрсетеді. Үшіншіден, хандық билікті қалпына келтіріп, Керейдің хан сайлануы-ұлттық сипаттағы мемлекеттік құрылымды дүниеге алып келгендігін көрсетіп береді.     Қазақ хандығының құрылу барысы 10 жылдан астам уақытқа созылып, бірнеше сатыдан тұрған деп санаймыз. Керей мен Жәнібек хандар бастаған ру-тайпалар тобының Әбілқайыр ханнан бөлініп кетуі – хандықтың құрылу-ындағы алғашқы және маңызды қадам болса, Әбілқайыр хан қайтыс болған-нан кейін көп ұзамай Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Қазақ хандығы билі-гінің  толық және түпкілікті орнауы  — хандықтың құрылуының аяқталғанын көрсетеді.  Осы кезеңдегі оқиғалардың дамуына қарап хандықтың құрылуы барысының өз ішінде  бірнеше сатыдан тұрғаны байқалады. Бірінші сатыға – Керей мен Жәнібектің бөлініп кетіп, Моғолстанның батысындағы Шу өңіріне келуі және Керейдің хан болып сайлануы жатады. Хронологиялық тұрғыдан алған-да бірінші саты – 1457 жылдың күзінің соңы- қысының басы мен  1458 жыл-дың көктемі аралығын қамтиды.     Шарты түрде екінші сатыға – 1458 жылдың көктем айларынан – 1461-62 жылға дейінгі, яғни Есенбұға хан қайтыс болғанға дейінгі аралық жатады. Осы аралықта Әбілқайыр ханға наразы немесе оған қарсы шыққандар бірте-бірте Керей мен Жәнібек хандарға келіп, қосыла бастайды.      Қазақ хандығының құрылуы кезіндегі үшінші сатыға 1462-1469 жылдар аралығы жатады. 1462 жылы моғол ханы Есенбұғаның қайтыс болуымен және оның мұрагері Досмұхаммедтің хан тағына келуімен Моғолстанның ішкі саяси өмірінде күрделі өзгерістер жүреді де, ол өзгерістер Қазақ ханды-ғына да ықпал етеді. Біз, Қазақ хандығының құрылу кезеңіндегі соңғы, төрт-інші сатыға Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан қазақ билеушілерінің Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында билігі толық орныққанға дейінгі аралықты жата-ды. Таза ұлттық негізде құрылған Қазақ хандығы толыққанды мемлекет мәртебесіне ие болуы үшін әлі де болса өзінің қалыптасуы барысында бірнеше сатыны бастан өткеруі қажет болды. 1458 жылдың көктем айларынан – 1462 жылға дейінгі, яғни Есенбұға хан қайтыс болғанға дейінгі аралық хандықтың құрылуының екніші кезеңіне жатады.Осы аралықта Әбілқайыр ханға наразы немесе оған қарсы шыққандар бірте-бірте Керей мен Жәнібек хандарға келіп, қосыла бастайды. Екінші маңызды оқиға – Жүніс ханға қатысты оқиғалар жатады. 1457 жылдың қазан айында Әбу Сайд мырзаның қолдауымен Моғолстанның іргесіне келген Жүніс ханның бірінші болып Ыстықкөл маңындағы құнжы, бекжак тайпаларының әмірі Керімберді, әмір Қажы Пір, әмір Ибрагим секілді басшылары мойындайды. Жүніс хан тайпа әмірлерімен жақындасу үшін осы жылдың соңында Әмір Қажы Пірдің қызы Исан Даулет бегімге үйленеді. 1458 жылдың күзіне дейін Жүніс ханның маңайына біршама моғол тайпалары жиналады. Ыстықкөл тайпаларын өзіне қаратқаннан кейін Жүніс ханның алдында екі бағыт тұрды, бірі – Жетісу аймағындағы тайпаларға билігін орнату арқылы бүкіл Моғолстан тағы үшін күресу болса, екіншісіне – бірден Моғол ханы Есенбұға ханға қарсы аттанып, тақты күрес арқылы тартып алу жатты. Бірақта Жетісудағы тайпаларды өзіне қарату үшін оған Жетісудың батыс өңіріндегі Қазақ хандығы тосқауыл жасап тұрғандықтан, Жүніс хан бірінші жолдан бас тартып, екінші жолды таңдайды. Қазақ хандығымен күресуден бас тартқан Жүніс хан 1458 жылдың жаз айының соңы – күз айларының басында Моғолстанның  Шығыс Түркістан жағындағы Қашқарға көзін тігеді. Бұл кезде Есенбұға хан Моғолстанның шығыс жағындағы Жұлдыз жайлауында болатын. Жүніс ханның Қашқарға аттанғанын естіген Есенбұға хан тез арада Қашқар маңына келеді. Ағасы мен інісі арасындағы шайқас Қашқардың Ақсу жанындағы Хансалар деген жерде өтіп, өте қиындықпен Есенбұға хан мен әмір Сайд Әлі жеңіске жетеді. Жүніс хан қашуға мәжбүр болады, бірақ әйелі жаңа туған үлкен қызы Михр Нигар ханым және қызыметшілері тұтқынға түседі. Жүніс ханның Исан Дәулет бегімге 1457 жылдың соңында үйленгенін, олардың тұңғыштары Михр Нигар ханымның емшекте болғанын ескеріп, Хансалар ұрысы 1458 жылдың тамыз-қыркүйек айларында өтті дейміз. Осы шайқасқа қатысқан Дулатидың арғы атасы әмір Сайд Әлі1457 ж.  қараша -1458ж. қараша жылы, яғни, 1458 жылдың қазан-қараша айларының бірінде қайтыс болады. Сөйтіп, Жүніс ханның Моғолстан тағын иеленуге бағыт-талған алғашқы әрекеті сәтсіздікке ұшырайды. Есенбұға ханның өз тағын сақтап қалуына Қазақ хандығы да өз септігін тигізеді. Қазақ хандығы Махмуд бен Уәлидің жазғанындай «Есенбұға ханның иелігі мен Жүніс ханның иктасы аралығында орналасып», Жүніс ханға бүкіл Жетісу тайпаларының қосылуына кедергі жасайды. Әбу Сайд мырза өзіне қашып келген Жүніс ханға екінші рет қолдау көрсетеді. Бұл жолы оған Андижан аймағының Жетікент деген жерін басқаруға береді. Дулатидың көрсетуі бойынша Жүніс хан Әбу Сайд мырзаға екінші рет қайтып келгенде моғол әмірлері оның маңына қайта топтаса бастайды. Ол Жетікентте тұрақтап қалады. «Бірақ Есенбұға ханға тиеселі иеліктерге кіруге батылы бармайды» дейді[2,152-156]. Жетісудың батыс жағында құрылған Қазақ хандығының елеулі саяси күшке айналғанын көрсетеді. Сөйтіп, Қазақ хандығы сол жылдары Моғолстанның ішкі саяси өміріндегі оқиғаларға тікелей араласпаса да, саяси күш ретінде ондағы билік үшін күресуші топтар арасында танылады, Қазақ хандығын олар мойындауға мәжбүр болады. Бұл – біздің ойымызша, Қазақ хандығының құрылуы барысының екінші сатысындағы ең басты жетістігі болып табылады. Қазақ хандығының құрылуы кезіндегі үшінші сатыға 1462-1470 жылдар аралығы жатады. 1462 жылы моғол ханы Есенбұғаның қайтыс болуымен және оның мұрагері Досмұхаммедтің хан тағына келуімен Моғолстанның ішкі саяси өмірінде күрделі өзгерістер жүреді де, ол өзгерістер Қазақ хандығына да ықпал етеді. «Есенбұға хан ажалы жетіп дүниеден озған соң, орнына ұлы Дос Мұхаммед хан патша тағына отырады. Оның жасы он жетіде болатын. Ол парасатты адамдар қатарына жатпайтын, көптеген істері ақылға қонбайтын еді, оның үстіне бір сәт болса да мастықтан есін жинаған емес. Жүретұғын жері лас, отыратын тағы лас, Ақылды жан аулақ жүр, жынды бүгін тағы мас!»,- деп Мұхаммед Хайдар Дулати оның жеке басына осындай сипаттама сөздерді қосып жазады. Мемлекетті басқару ісіндегі негізгі принциптердің еленбеуі, жас ханның ішкі саясатында белгілі бір мақсаттың, жүйеліліктің болмауы Моғолстанның Шығыс Түркістан жақ бөлігіндегі әмірлер арасында жіктер мен алауыздықтарды туғызады. Ханның саясатына наразы әмірлердің бір тобы Жүніс хан жағына шығады. «Тарих-и Рашиди» авторының атасы да осы кезде Жүніс ханды қолдай бастайды. Осылайша, Моғолстанның Ыстықкөл жанындағы Жүніс ханның күші молая түседі. Моғолстанның ішкі саяси өміріндегі шиеленіскен қатынастарда қазақ билеушілері қарсыласушы жақтардың ешқайсысын қолдамай, дербестік саясат ұстайды. Жүніс ханның жақтастары көбейіп, күші одан сайын арта түседі. Соған қарамастан, Жүніс хан билік үшін ашық күреске шықпай, Шығыс Түркістандағы саяси дамулар барысын бақылап, оның ақырын күтеді. Жетісудағы Қазақ хандығы үшін осы жылдар бір жағынан саяси күш ретінде күшею, көршілерге танылу жылдары болса, екінші жағынан алғанда, алғашқы тарихи сындарға төтеп беру жылдары болып саналады. Әбілқайыр ханға наразы болған жекеленген ру-тайпалардың Қазақ хандығына келіп қосылуы осы жылдары да жалғаса береді. Осыған байланысты Әбілқайыр хан өзінің соңғы жорығын Моғолстанның батысындағы Қазақ хандығына бағыттайды. 1469 жылдың бірінші жартысында моғол билеушісі Досмұхаммед хан ауырып қайтыс болса, Темірлік билеуші Әбу Сайд мырза Аққойлы мемле-кетінің сұлтаны Ұзын Хасанмен болған соғыста қаза табады. Темірлік мырзаның өлімі Хорасан мен Мауереннахрдағы саяси тұрақтылықты саяси бытыраңқылыққа айналдырады. Хорасанда темірлік әулеттің өкілі - Хұсайын Байқара, ал  Әбу Сайдтың ұлдарының үлкені Ахмед мырза Самарқан мен Бұқарада, үшінші ұлы – Махмуд мырза – Бадахшанда, төртінші ұлы – Омаршейх мырза – Ферғанада билікке келеді. Сөйтіп, Әбілқайыр ханның соңғы жорығы қарсаңында Темір әулеті мемлекетіндегі саяси жағдай күрт өзгеріп, империя бірнеше дербес иеліктерге бөлініп кетеді. Бұл өз кезегінде Әбілқайыр ханның Моғолстан жаққа жорық жасауына жол ашады. Әбілқайыр ханның Моғолстан жаққа жорықты бастауына түрткі болған оқиғаға – 1469 жылы моғол ханы Дос Мұхаммедтің  кенеттен қайтыс болуы жатты. Дос Мұхаммед ханның қайтыс болуы Моғолстанның Шығыс Түркістан жағындағы ішкі саяси өмірді біршама шиеленістіреді. Сөйтіп, 1469 жылдың басынан бергі Мауереннахр мен Моғолстандағы саяси жағдайлар Әбілқайыр ханға 1457 жылға дейінгі мемлекетінің қуаты мен өзінің беделін қалпына келтіруіне қолайлы жағдайлар қалыптастырады. Әбілқайыр ханның жорығы 1469 жылдың жазының соңы мен күзінің басында басталады. Махмуд бен Уәли Әбілқайр ханның жорыққа дайындығы туралы былай деп баяндайды: «... Кенеттен Әбілқайыр хан моғол сұлтандарының билігіндегі Моғолстанның қалған жерлерін бағындыруды ойластырып, әскер жинауға жарлық береді. Хан жорығына сәйкес барлық ел мен ұлыстардағы басшылар айтылған уақытта өздерінің ондықтарымен, жүздіктерімен және мыңдықтарымен Еділ бойындағы хан ордасына келуі тиіс болды».  Махмуд бен Уәли Әбілқайырдың жорыққа аттанған, әскерінің жиналған жері деп Еділ өзенінің бойын өз дерегінде атап өтеді. Одан ары жорықтың жүрген бағытына үңілсек, Әбілқайыр хан Еділ өзені бойынан аттанып, Ала-Так маңынан өтеді де, Қызыл Надыр жайлауының жолымен жүре отырып, бірнеше асулардан асады. Одан ары Жеті Құдық деген жерге келіп тоқтайды. Қызыл Надыр жайлауы Талас өзенінің төменгі ағысында, қазіргі әкімшілк жүйе бойынша Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының шекаралары түйіскен жерде. Аталған географиялық атаулар бойынша Әбілқайыр ханның жорық бағыттары: Еділ-Алатау-Қызыл Надыр - Жетіқұдық арқылы жүрген болып шығады. Енді осы жорық бағытына карта бойынша көз салсақ, Әбілқайыр хан мол әскерімен Еділ өзені  бойынан аттанып, Алатау маңына жеткен, одан ары кейін оралып, Қызыл Надырға барған да, қайтадан 180 градусқа бұрылып, Жетіқұдық деген жерге келіп тыныстаған. Әрине, талай жорықтарды басынан өткерген және Шығыс Дешті Қыпшақты бес саусағындай жақсы білетін «көшпелі өзбектер» ханы қалың қолымен бұлайша жүрмеген. Әбілқайыр хан әскерінің бас қосып, жиналған жері – Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы Тобыл өзенінің жоғарғы және орта ағысы бойы болған. Біріншіден, Тобыл өңірі – XІІІ ғасырдың 20-шы жылдарынан бері Шибан әулетінің иелігіндегі жер және осы өңірде 1428 жылы 17 жасар Әбілқайыр хан тағына отырғызылған. Екінші, жорыққа дайындық жаз айларында басталып, хан әскер жию туралы жарлығын Шығыс Дешті Қыпшақтың солтүстігіндегі жайлаулардың бірінді жинаған. Жайлаудың негізінен өзендерге жақын, өзендер маңында болатынын ескерсек, онда Шибан Ұлысы аумағындағы үлкен өзеннің бірі – Тобыл өзені болғандықтан, хан әскерінің бас қосар жері осы өзен бойы деп белгіленген. Үшінші, Тобыл сөзі араб әріпімен    - деп жазылады. Осы сөзді көшіру барысында оның Еділ (Итыл, Атил)  сөзіне ауысу мүмкіндігі өте көп. Итыл сөзі – араб әліппесі бойынша, - деп жазылғандықтан, екі сөздің, яғни Тобыл мен Итыл сөздерінінң дауысты дыбыстарсыз әріптік құрылымы бірдей болып, олардың ауысуы әбден мүмкін. Әбілқайыр хан 1469 жылы жаз айында өзінің ежелден бергі ата-баба иелігіндегі жайлауда болып, жорық жасау туралы шешімді осында қабылдаған. Сондай-ақ осы өңірдегі Тобыл өзеніннің бойы әскерлердің бас қосатын жері боп белгіленген. Сөйтіп, жорықтың бағытындағы алғашқы географиялық нүкте – Тобыл өзені болған. Тобыл өзені бойынан Моғолстан бағытына қарай баратын жолдағы екінші географиялық атауды Алатау емес, Орталық Қазқастандағы Ұлытау деп түсінген жөн. Әбілқайыр ханның әскер жию туралы жарлығынан кейін, әскердің жиылуы, оларды тексеру және соншама мол әскермен Тобыл-Ұлытау-Қызыл Надыр арқылы жүру біршама уақытқа созылады. Хан әскерлері Қызыл Надырдан Жетісуға қарай бірнеше асу жер жүріп, Жетіқұдық деген жерге жеткенде күн суыта бастайды. Соған қарағанда, Әбілқайырдың жорық жасау жөніндегі шешімі мен жарлығы жаздың соңында шығып әскердің жиылуы мен аттаныс күз айларында болған. «... осы мезгілде қалың қар түсіп, құйындата жаңбыр жауды және күшті жел соғып, суық ең жоғарғы белгіге жетті».- деген дерек күздің соңы немесе қыс айының басталғанын көрсетеді. Одан әрі ол биылғы қыстың басқа жылдармен салыстырғанда өте суық және қар аралас жаңбырлы болғанын айтып өтеді. Суыққа қарамай Әбілқайыр хан жорықты жалғастырып, ұлдарының бірі Көшкінші сұлтанды, әмір Жұлдыз тархан, Хасанбек ойрат, Жәлел оғлан, Сатылмас найман, Сейітбек қоңырат, Темір маджар, Тошбек Қыпшақ және тағы да басқа әмірлермен бірге әскердің авангарды ретінде алға жібереді. Аққышлақ деген жерге жеткен кезде суықтың күшейгені соншалық, хан әскерін сақтау үшін жорықты тоқтатуға мәжбүр болады. Осы кезде Әбілқайыр ханның өзі де суықтан қатты ауырып, емшілердің қолданған еміне қарамастан Аққышлақ деген жерде қайтыс болады. Махмуд бен Уәли оның өлген жылын «елу жеті жасында 1470 маусым жылы, тышқан жылында»,- деп көрсетеді. Осылайша, Әбілқайыр ханның соңғы жорығы өз мақсатына жетпей, ханның қайтыс болуымен аяқталады.Сөйтіп, Қазақ хандығына төнген қауіп, өзінен-өзі сейіледі. Үшінші саты маңызды болып саналады. Біріншіден, осы жылдары Қазақ хандығына Әбілқайыр хандығынан бөлінген ру-тайпалардың келіп қосылуы үзілмей жалғаса береді. Бұл процесс хандықтағы адам санының арта түсуіне алып келді. Екіншіден, Есенбұға ханның мұрагері Дос Мұхаммед ханның билік құрған жеті жылы ішінде 1462 – 1469 Моғолстанның ішкі саяси жағдайы өте нашарлап кетеді. Ханның жүргізген саясатында нақты бір принциптердің болмауы әмірлердің арасында жікті ұлғайтып жібереді. Ал ол қайтыс болғаннан кейін әмірлер қарам-қарсы екі топқа бөлінеді де, бірі – Ыстықкөл жақтағы Жүніс ханды қолдаса, екінші біреулері – Дос Мұхаммед ханның жас ұлы арқылы өз үстемдігін сақтап қалуды мақсат етеді. Мұндай жағдайда Моғолстанның Жетісу жағындағы Қазақ хандығы бірте-бірте дербестене бастайды. Үшіншіден, осы саты ішіндегі ең ірі оқиғаға - Әбілқайыр ханның Қазақ хандығына қарсы бағытталған жорығы жатып, жорықтың мақсаты – Моғолстандағы саяси жағдайды пайдалана отырып, Жетісудағы Қазақ хандығын жою болғаны анықталды. Мауереннахрдағы саяси бытыраңқылық та Әбілқайыр ханның жорық ұйымдастыруына қолайлы жағдайлар жасайды. Төртіншіден, жорық барысына талдау жасау барысында кейбір түсініксіз жәйттерге көңіл аударылып, оларға ғылыми түсіндірулер берілді. Әбілқайыр ханның жорығы барысында ауырып қайтыс болуы – жорықты аяғына дейін жеткізбейді. Сөйтіп, осы үшінші сатыда Қазақ хандығына басты қарсыласынан төнген қауіп оның қайтыс болуына байланысты сейіліп, өзінің қалыптасуы барысындағы соңғы сатыға аяқ басты. Біз Қазақ хандығының құрылу кезеңіндегі соңғы, төртінші сатыға Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан қазақ билеушілерінің Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында билігі толық орныққанға дейінгі аралықты жатқызамыз. 1470-ші жылдан бастап Қазақ хандығы дербес, толыққанды мемлекет атануға мүмікіндік алады. Шығыс Дешті Қыпшақ, Мауереннахр аумақтар-ында және Моғолстанның Шығыс Түркістан аймағындағы саяси жағдайлар оған өте қолайлы алғышарттар әзірлейді. ДосМұхаммед ханның қайтыс болуынан кейін моғол тағына ешбір қиындықсыз Жүніс хан отырады. Бірақта оған алғашқы кездерде моғол әскерлерімен тіл табысу қиындықтар туғызады. Ол туралы «Тарих-и Рашиди» авторы былай деп баяндайды: «Сол күндері Жүніс хан бірнеше рет Қашқарға барды, алайда Моғолстан әмірлерінің ешқайсысы Қашқарда тұрақтай алмады. Хан шарасыздықтан қайта оралған болатын... Ол жөніде қысқаша мынаны айтуға болады. Жүніс хан Қашқарда шаһарда тұруды армандайтын. Бірақ моғолдың әскері мен әмірлері қаладан қашқақтаған-ды. Сол себепті де хан Моғолстанда тұруға мәжбүр болды. Сансыз мырза өлген соң, Мұхаммед Хайдар мырза Жүніс ханмен жақындасты. Осы екі арада Дос Мұхаммед хан да өлді. Жүніс хан Ақсуға барып, Дос Мұхаммед ханның халқын өзіне қаратады. Жүніс хан Ақсуда қалғысы келетін еді, себебі Ақсу Моғолстанға қарағанда қалаға ұқсайтынды. Бірақ моғолдардың жүріс-тұрысынан бұлар егер біршама уақыт тұратын болса, елдің көңілінің Досмұхамедтің ұлы Сұлтан Кебек оғланға  ауатынын байқайды. Сондықтан хан амалсыздан бар елін Моғолстанға әкетуге мәжбүр болды». Осылайша, 1470-ші жылдардың басында Жүніс хан Моғолстан ханы боп мойындалса да, ол моғол әмірлері арасындағы алауыздықтарды тоқтата алмайды.
Қазақ 2.3  хандығының құрылуының тарихи маңызы      Қазақ елінің тарихында оның ішінде Қазақ хандығының тарихында Қазақ хандығының құрылуының алатын орны ерекше, маңызы зор болып саналады. Хандықтың құрылуы Қазақстан аумағында ежелгі замандардан бері үзілмей үздіксіз жүріп келген этникалық процестер мен ХІV-ХV ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағы мен оған көршілес аймақтардағы саяси құрылымдар дамуының заңды қорытындысы болып есептеледі. Сонымен бірге бұл маңызды оқиға мемлекетттіліктің дамуындағы белесті бір кезең болуымен ерекшеленеді. Еліміздің белгілі ғалымдары М.Жолдасбекұлы, Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбектің бірлесіп жазған «Болатұлы Керейхан» атты «Елтұтқа» жина-ғындағы  Ел тарихының әйгілі тұлғалары» айдарымен жарық көрген [46] еңбегінде Керейдің қазақ мемлкетінің негізін қалаушы ретінде қызметіне зор баға береді. Бұрынғы мемлекеттік хатшы  Марат Тәжиннің «Ұлттық тарихи жадыны сақтап қалу-өз-өзіңді сақтап қалудың жалғыз жолы» атты баяндама-сында [47] қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызына өз ойын білдіреді.      Т.И.Султановтың«Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана»[19] атты зерттеуіндеҚазақ хандығының құрылуының тарихи маңызына тарихи бағаын берген.     Белгілі тарихшы Хангелді Әбжанов «Қазақ мемлекеттілігі тарихын дәуірлеу» атты [48,7-16] мақаласында Қазақ хандығының құрылуының аса зор маңызы жағына, оның этникалық дамуы жаңа сатыға көтеруі, оны бір деңгейден екінші бір деңгейге жеткенін көрсеткен. Отандық  тариханамада қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі Қазақ хандығының құрылуымен қатар жүзеге асты деген тұжырым берік орныққан. Бұл тұжырымның пайда болуы Қазақ хандығының құрылуымен байланысты екендігіне ешкім де шүбә келтірмейді.    Тарихшы Дәулетхан Әлімғазы «Қазақ мемлекеттігінің бастау көздері мен дәстүр жалғастығы» атты мақаласында  [49, 64-69]Қазақстан аумағында этникалық процестер ең бері дегенде қола дәуірінен бастау алып, біздің заманымыздың ХІV-ХV ғасырларында өзінің халықтың деңгейіне көтеріл-генін көрсеткен.      Этникалық процестер барысындағы этникалық элементтер мен компон-енттердің аумақтық, экономикалық, саяси, діни-мәдени, тілдік, рухани ортақ кеңістіктерге бірігуі 2-2,5 мың жылдай уақыт бойы бірнеше тарихи дәуірлер мен кезеңдер арқылы жүзеге асады. Әрбір тарихи дәуірде этникалық процесс өзіндік даму жолынан ауытқымай, қажетті шарттармен толыға түседі. Жалпы алғанда ХІІІ ғасыр басына дейін этникалық процесс халықтық деңгейге жақ-ындаған болатын ортақ этникалық кеңістік қаыптасып болған еді. Бірақ та оның толығымен шегіне жетіп, түпкілікті түрде жүзеге асуына саяси-әлеу-меттік ұйым  - мемлекет қажетті шарттар жасай алмайды. ХІ ғасырда құрыл-ған Қыпшақ хандығы   ХІІ ғасырдың ортасынан бастап ішкі және сыртқы факторлардың нәтижесінде бытыраңқылыққа ұшырайды. Ал ХІІІ ғасыр бас-ында ол жүйе өзінен әлдеқайда мықты мемлекеттік жүйеге – монғолдар мемлекетіне орын береді. Соның нәтижесінде Қазақстан аумағындағы этни-калық процеске жаңа бір тарихи дәуірді – монғолдар үстемдігі дәуірін бас-ынан өткеруге тура келді.    ХІІІ-ХV ғасырлардағы этникалық процестер алғашқы кезеңде біршама тежеуге ұшырағанымен, өзінің даму барысынан ауытқымайды.ХІV ғасырдың ортасына таман Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы монғолдық этноком-поненттердің жергілікті этноортаға бейімделуі аяқталады, басқаша айтқанда монғол тайпаларының қыпшақтануы аяқталып болады. Жазба деректерде Дешті Қыпшақ тұрғындары жалпы ортақ атаумен қыпшақтар деп аталынса, ХІV ғасырдың ортасынан бастап  оны «өзбектер» атауы ығыстырып шығарады. Ал Қазақ хандығының құрылуымен Шығыс Дешті Қыпшақ тұрғындары үшін «қазақ» атауы қолданыла бастаған. Бұл этноним Қазақстан аумағындағы этникалық процестердің мәреге жетіп, бір халықтың қалыптас-уының аяқталғандығын көрсетеді. Қазақ хандығының құрылу барысы мен халықтың қалыптасуының аяқталу кезеңі қатар жүзеге асып, саяси жағдайларға байланысты пайда болған «қазақ» термині жаңадан тарих төріне көтерілген халыққа да беріледі. Сөйтіп, осыдан жарты мың жылдан астам уақыт бұрын этноним ретінде пайда болған «қазақ» сөзі күні бүгінге дейін өзі пайда болған аумақтағы халықтың атауы ретінде қолданылып келді. Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағында ежелден бері үздіксіз жалғасып келе жатқан этникалық процесті жаңа белеске жеткізіп, қазақ халқынын халық болып қалыптасқандығын көрсетті. Осылайша, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын этникалық тұрғыдан қарастыра келе, ол – қазақ халқының қалуптасуы кезеңін аяқтауға тікелей ықпал етті, этникалық процесті халықтық деңгейге көтерілген этносқа – «қазақ» атты этнонимді бергізді деп ойымызды түйіндейміз. Қазақ хандығының құрылуының келесі бір тарихи маңызына, оның – ХІІІ ғасыр басында монғол жаулап алушылығына байланысты үзіліп қалған мемлекеттік дәстүрді жергілікті этностың дәстүріне сай қайта қалпына келтіруі жатады. ХІІІ ғасыр басына дейінгі Қазақстан аумағындағы қыпшақтық мемлекеттік жүйе мен монғолдық мемлекеттік жүйеде ортақ ұқсастықтар мен белгілер болса да, олардың әрқайсысында тек өздеріне ғана тән ерекшеліктер көп болатын. Мысалы, оған мемлекеттің саяси-әкімшілік құрылымының негізін билікті мұраландырудағы айырмашылықтарды, билік түрлерінің атқарушы билік түріне қарым-қатынастарын жатқызуға болады. Монғолдық мемлекеттік жүйе жаулап алуға байланысты шығыс Дешті Қыпшақ аумағына енгізіліп, бұрынғы жүйені ығыстырып шығарады, бірақта оны жергілікті тұрғындардың санасы мен жадынан өшіре алмайды. Монғолдық этнокомпоненттердің қыпшақтануы процесі монғолдық мемлекеттік жүйенің жергілікті ортаға бейімделуімен қатар жүреді. Соның нәтижесінде монғолдық мемлекеттік жүйеге тән ноян, баһадүр секілді терминдерді-би, бек, батыр деген жергілікті түрік-қыпшақ сөздері ығыстыр-ады. Сондай-ақ жоғарғы билікті мұралануда қыпшақтық дәстүр мен моңғолдық дәстүр арасында өзгешеліктер бар болып, ХІІІ- ХІV ғасырдың ортасына дейін моңғолдық дәстүр үстемдік құрып келді. ХІV  ғасырдың екінші жартысы мен ХV ғасырдың ортасына дейінгі аралықтағы саяси оқиғалардың көбісінің астарында осы екі дәстүр арасындағы күрестер жатты. Монғолодық дәстүр бойынша ханның мұрагері болып оның ұлдарының бірі сайланса, жергілікті дәстүрге сай билікті билеуші әулеттің жасы үлкен өкілі мұраланып отырған. Бұл дәстүр Алтын Ордада ХІV ғасрыдың соңы мен ХV  ғасырдың басында қолданыла бастайды. Ал Қазақ хандығының құрылуы – қыпшақтық дәстүрдің толық жеңіске жеткендігін көрсетеді. Орыс хан ұрпақтары Шибан әулетіне қарсы күресте жеңске жетіп, Шығыс Дешті Қыпшақтағы билікті иеленгеннен кейін осы дәстүрді ұстанады. Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп келіп, хан сайлау барысныда Керей жоғарғы билікті иеленеді. Монғолдық дәстүр бойынша 1428 жылы қайтыс болған Барақтың ұлы – Жәнібек хандық билікке келуі тиіс болатын. Ата жолы бойынша Керейдің хан болуы – қыпшақтық дәстүрдің жеңсіке жеткендігін көрсетеді.Осылайша, Қазақ хандығының құрылуы – моңғолдық үстемдікке дейінгі Қазақстан аумағындағы мемлекеттік жүйе мен дәстүрдің қайта үстемдікке шыққандығын дәлелдейді. Мұның өзі халық пен мемлекет арасындағы өзара байланыстардың болып, мемлекеттің халықтық сипатта болғандығын көрсетсе керек. Сондай-ақ Қазақстан аумағында ежелгі замандардан ХV ғасыр ортасына дейін  әртүрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген мемлекеттердегі билеуші әулеттер көбінесе бір тайпадан шығып, мемлекет атауы сол тайпа атауымен аталғаны белгілі. Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерін айтпағанның өзінде, ХІV ғасырдан кейін өмір сүрген түрік, түргеш, оғыз, қарлұқ, қимақ, найман, қидан, қыпшақ мемлекеттерінің атауы осыны көрсетеді. Сонымен бірге, ХІІІ–ХV ғасырлар аралығында Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы мемлекеттік құрылымдар – Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан мемлекеттері бір мезгілде өмір сүріп, немесе бірінің орнына бірі келіп, сол ортағасырлардағы Қазақстанның саяси картасын әртүрлі түспен құбылтып тұрса, Қазақ хандығының құрылуы және оның саяси дамуы әртүсті бір түске ауыстырады. ХV ғасырдың ортасынан бастап әртүрлі саяси атаулардың орнына бір ғана саяси термин – Қазақ хандығы атауы орнығады. Бұл атау ХVІІІ  ғасырдың басына дейін Қазақстан аумағындағы жалғыз мемлекеттің атауы ретінде қолданыста болады. Ертіс пен Еділ өзендерінің, Сырдария мен Тобылдың жоғарғы ағысының аралығындағы орасан зор аймақ ХІ ғасырдан бері «Дешті Қыпшақ» деп аталынып келсе, Қазақ хандығының құрылуымен оның одан кейінгі ғасырлардағы дамуы жаңа ұғымды қолданысқа енгізеді. Жоғарыда аталған аймаққа қыпшақ тайпаларынан шыққан әулет билігінің орнауы – «Дешті Қыпшақ» - «Қыпшақ даласы» деген ұғымды енгізгені белгілі. ХVІ ғасырыдың бірінші жартысында «Қазақстан» термині алғаш рет жазба деректерде жазылып, ол «қазақтардың мекені», «қазақтардың елі» дегенді білдіреді. Сөйтіп, Дешті Қыпшақ атауы тарихтың еншісіне қалдырылып, жаңа атау- жаңа этносаяси жағдайларға сай қызмет ете бастайды. Осылайша, Қазақ хандығының құрылуы – аймақтың саяси және этногеографиялық ұғымдарына да әсерін тигізіп, жаңа жағдайларға сай жаңа атауларды қалыптастырады. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы жоғарыда айтып өткендермен шектелмейді. Оның ерекше бір атап өтер маңызына – Қазақ хандығының құрылуының Қазақстан аумағындағы бір тарихи дәуірді аяқтап, жаңа бір тарихи дәуірге негіз қалауы жатады. Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен жүзеге асқан бұл маңызды оқиғаны ортағасырлық Қазақстан тарихында Түрік қағанатының құрылуымен, Қыпшақ хандығының құрылуымен салыстыруға болады. VІ ғасыр ортасында Түрік қағанатының құрылуы – Қазақстан тарихындағы ХІ-ХІІІ ғасырдың басы аралығын  - Қыпшақ дәуірі деп аталатын тарихи дәуірге жатқызады. Ал, Қазақ хандығының құрылуымен ХV ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан территориясында жаңа тарихи дәуір басталады. Ол – Қазақ хандығы дәуірі. ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығын қамтыған Қазақ хандығы дәуірі Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Осы дәуірде ұлттық сана өсіп, халықтың өзіндік, өзіне тән ерекшеліктері айқындалады. Халқымыздың тарихи санасында өшпестей із қалдырған атақты хандар мен сұлтандар, батырлар мен билер, бектер мен әмірлер, ақындар мен жыраулар, ишандар мен абыздар осы тарихи дәуірде өмір сүрді. Ерлік пен елдікті паш еткізген небір айтулы тарихи оқиғалар осы дәуірдің еншісінде жатыр. Осылайша, жоғарыда айтылған ойларымыздың бәрін түйіндей келе, Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп есептеліп, ол – этникалық дамуларды халықтық деңгейге жеткізді, қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуына ықпалын тигізді, «қазақ» атты нақты этнонимді, «Қазақстан» атты жаңа этносаяси терминді дүниеге алып келді, Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын жаңа тарихи дәуірдің басталуына негіз салады. Қазіргі кезде еліміздің ресми атауы – «Қазақстан  Республикасы», халқымыздың атауы – «қазақ», жеріміздің  атауы – «Қазақстан» - деп аталынуының негізінде ХV ғасыр ортасында құрылған Қазақ хандығы жатыр.      Ұлы ханға арналған бір белгінің табылмауы мүмкін емес.
 
Қорытынды  Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылы халыққа арнаған Жолдауында [1] Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту туралы тапсырмасы елімізде, қоғамдық санада жаңа бір сілкініс туғызып, халықаралық ірі саяси оқиға болып атап өтілді. Бұл қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда аса қуатты шара болып табылды.    Керей мен Жәнібек хан құрған  Қазақ хандығы тарих сахнасына көтер-ілгеннен бастап талай тар жол, тайғақ кешулерге толы жылдар мен ғасырларды бастан кешті. Бір өліп, бір тірілген кездер де болды. Диплом жұмысында алға қойған мақсаттарды жүйелі түрде зерттеуге тырыстым. XV ғасырда құрылған «қазақ» деген атаумен алғашқы рет аталған мемлекетіміздің түпкілікті қалыптасуы қазақ тарихы үшін түбірлі оқиғалардың бірі болып есептелінеді. Деректік негіздермен дәлелдей отырып, 1465-1466 жылдары құрылған мемлекет қазіргі Қазақстан аумағын-дағы хандық мемлекеттің жаңа құрылымын жасады. Бұл мемлекетті саяси тұлғалардың алып бәйтеректері Керей мен Жәнібек сұлтандар құрды және жетекшілік етті. Жетісу жеріне келіп қоныстанған екі жүз мың көшпенді-лердің көп бөлігі қазақтар деп аталды. Жаңадан пайда болған этностық саяси қауымдастық қазақ халқын үш жүз елу жылдан астам уақыт билеген Шыңғыс әулетінің жаңа тармағын қалыптастырды.     Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп есептеліп, ол – этникалық дамуларды халықтық деңгейге жеткізді, қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуына ықпалын тигізді, «қазақ» атты нақты этнонимді, «Қазақстан» атты жаңа этносаяси терминді дүниеге алып келді, Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын жаңа тарихи дәуірдің басталуына негіз салады.    Жер-ананың, тарихтың алтын құрсағында мыңдаған жылдар тербетілген Қазақ хандығы Шу мен Қозыбасыдағы алақандай аумаққа туын тіккенде, сәбилік, балалық, жеткіншектік өсу сатыларын артта қалдырып үлгерген еді. Бабаларының тәжірибесі мен тағылымын бойына жия дүниеге келген ол бірден төл тарихының классикалық дәуірін бастап кетті. Классикалық дәуір үш ғасырға жуық созылып, 1718 жылы Тәуке ханның қайтпас сапарға аттануымен аяқталды. Арғы-бергі дәуірде әлемдегі талай ел мен жұрт тарихтың толқыны мен жаугершіліктің жойқынына төтеп бере алмай, жұтылып кете барды. Әлемдік тарихта көбейген елден төбелдей елге айналған, ата-жұрты тарылып, атамек-енінен айырылған қаншама халық өтті. Ал бізде – ел де, жер де сақталып қалды.    Қазақ хандығының құрылуы мен нығайуын деректердегі бейнеленуші объективтілік пен образдың шынайы сипатын ашып көрсетуде мынадай қорытындылар жасауға болады. Біріншіден Қазақстан аумағында өмір сүрген Дешті Қыпшақ даласындағы Алтын Орданың ыдырауынан кейін пайда болған мемлекеттік құрылымдардың өзара қырқысы нәтижесінде пайда болған ұлт аралық өзара қақтығыстың туындауы Әбілқайыр хандығындағы қазақ ұлтының дербестікке ұмтылуына жол ашты. Түптеп келгенде бұл жеке субъектілердің ықпалымен бір ұлттың жеке мемлекет болып қалыптасуына жағдай туғызды. Екіншіден бұрыннан қалыптасқан, сонау қола және темір дәуірінен бергі үздіксіз процесстердің негізінде тамыры үзілмей келе жатқан ұлы қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуы ұлкен оқиғаның біріне айналды. Үшіншіден Қазақстан тарихын дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі деп есептесек, қазіргі таңдағы кез-келген мемлекеттің қалыптасуына негіз болған жеке адамдардың әсерін байқаймыз, демек Қазақ хандығын құруда Керей мен Жәнібектің тарихи тұлғаларын және олардың жеке қасиеттері мен қызметтерін арнайы тарих беттерінде зерттеп көрсету, қаралатын мәселелердің бірі болып табылады.     Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағында ежелден бері үздіксіз жалғасып келе жатқан этникалық процесті жаңа белеске жеткізіп, қазақ халқынын халық болып қалыптасқандығын көрсетті. Осылайша, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын этникалық тұрғыдан қарастыра келе, ол – қазақ халқының қалуптасуы кезеңін аяқтауға тікелей ықпал етті, этникалық процесті халықтық деңгейге көтерілген этносқа – «қазақ» атты этнонимді бергізді деп ойымызды түйіндейміз.    Қазақ хандығының құрылуы – қыпшақтық дәстүрдің толық жеңіске жеткендігін көрсетеді. Ұрыс хан ұрпақтары Шибан әулетіне қарсы күресте жеңске жетіп, Шығыс Дешті Қыпшақтағы билікті иеленгеннен кейін осы дәстүрді ұстанады. Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп келіп, хан сайлау барысында Керей жоғарғы билікті иеленеді. Монғолдық дәстүр бойынша 1428 жылы қайтыс болған Барақтың ұлы – Жәнібек хандық билікке келуі тиіс болатын. Ата жолы бойынша Керейдің хан болуы – қыпшақтық дәстүрдің жеңсіке жеткендігін көрсетеді.Осылайша, Қазақ хандығының құрылуы – моңғолдық үстемдікке дейінгі Қазақстан аумағындағы мемлекеттік жүйе мен дәстүрдің қайта үстемдікке шыққандығын дәлелдейді. Мұның өзі халық пен мемлекет арасындағы өзара байланыстардың болып, мемлекеттің халықтық сипатта болғандығын көрсетеді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашидиінде» Қазақ хандығының XV-XVI ғғ. тарихы жайлы нақты тарихи фактілермен келтіре отырып, жүйелі түрде жазған.  Қазақ хандығының құрылуы және алғашқы 90 жылдық тарихы туралы деректер беретін  М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі [2] қай жағынан алсаңыз да құнды болып саналады. Қорыта келе, бір жарым ғасырлық уақытқа созылған тарихнамада Қазақ хандығының құрылу мәселесі жай пікірлерден кең ауқымды тақырыптың біріне айналып, академиялық басылымдарда тарау немесе тарауша көлемінде қарастырылады. Алғашқы тарихнамалық кезеңнен соңғы тарихнамалық кезеңге дейін мәселені зерттеу кең және терең түрде жүргізіледі. Мәселенің деректік негіздері мен зерттелу тарихы, алғышарттары, себептрі, құрылу барысы, болған уақыты, ол жөніндегі пікір-таластар, маңызы және басқа айтылған ой-пікірлер мен тұжырымдар – 150 жылдай уақыт ішіндегі тарихнамалық жетістіктерін көрсетеді.      XV-XVII ғасырда Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы тарихи оқиға болды. Құрылғаннан кейін Қазақ хандығы Еуразияның шығыс бөлігіндегі күшті мемлекеттердің біріне айналды. 1470-71 жылдардан бастап ХІХ ғасырда патша үкімет кең байтақ қазақ даласындағы хан билігін жойғанға шейін Орыс хан ұрпақтары үнемі бірін-бірі алмастырып келді, бірақ саяси үстемдік енді қайтып Шыңғыс әулетінің басқа тармағының өкілдеріне көшкен емес. Жоғарыдағы келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, Ұлы даланы ежелден мекендеп, кейін XV ғасырдың ортасында ұлттық сипаттағы мемлекет ретінде құрылған Қазақ хандығы - қазақ халқының қалыптасуын қамтамасыз етті, этникалық аумақтағы бірегей шаруашылық-мәдени кешен, ортақ тіл, жалпыға бірдей міндетті заңдары бар, адамдардың санасы мен сезіміне біртұтас халық екенін орнықтырды.     Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұлттық мемлекетіміз Қазақ хандығынан бастау алатындығы жөнінде өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында былай деді: «Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет. Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Тарих сабақтарын ұдайы, ұрпақтан ұрпаққа игере беру керек екеніне менің сенімім кәміл»[51,21]. Елбасымыздың бұл мәлімдемесі Қазақстан жеріндегі барлық мемлекеттіліктің тарихын зерделей келе жасалған тұжырымы деуге болады.   Жоғарыда айтылған ойды қорытындылай келе, Қазақ хандығы XIII-XV ғасырлардағы Дешті Қыпшақ пен Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық дамудың, саяси-этникалық дамудың заңды қорытындылары нәтижесінде пайда болды. Қазақ хандығының құрылуы бір сәтте болған іс емес, басталуы мен аяқталуы бар тарихи процесс. 1458 жылы Керей мен Жәнібек хандардың Моғолстанға көшіп келуімен Қазақ хандығын құрылу процесі басталса, 1470-71 жылы Жәнібек хан Дешті қыпшақтағы билікті толық өз қолына алуымен Қазақ Хандығының құрылу процесі аяқталады. Яғни хандықтың құрылуы бір жылда ғана емес, бірнеше жылдар ішінде болады. XV-XVII ғасырда Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы тарихи оқиға болды. Құрылғаннан кейін Қазақ хандығы Еуразияның шығыс бөлігіндегі күшті мемлекеттердің біріне айналды. 1470-71 жылдардан бастап ХІХ ғасырда патша үкімет кең байтақ қазақ даласындағы хан билігін жойғанға шейін Орыс хан ұрпақтары үнемі бірін-бірі алмастырып келді, бірақ саяси үстемдік енді қайтып Шыңғыс әулетінің басқа тармағының өкілдеріне көшкен емес. Қазіргі кезде еліміздің ресми атауы – «Қазақстан  Республикасы», халқымыздың атауы – «қазақ», жеріміздің  атауы – «Қазақстан» - деп аталынуының негізінде ХVғасыр ортасында құрылған Қазақ хандығы жатыр. Қазақ хандығы нығайып, халқының бірігу барысы жеделдеумен бірге, оның «қазақтар» деген атау да бекіді. Біздің бүкіл өткен тарихымыз жаулас елдердің, жау болмаған күннің өзінде жат жұрт өкілдерінің қолымен жазылып өздерінің мүдделеріне сай бұрмаланып келгендігін есте сақтап,  тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде ол өткен тарихтағы ақиқатты  бұрмалап «ақтаңдақтар»  жасауға  жол бермеуміз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Назарбаев Н. «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауы. 2014.11 қараша.2. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. (Хақ жолындағылар тарихы). – Алматы, 2003. – 616 б.15. Кәрібаев.Б.Қазақ хандығының тарихынан.Оқулық. Алматы.- 2015.-515б16. Б. Кәрібаев. Қазақ хандығы – ұлттық мемлекетіміздің негізі!.-«Қазақ үні» газеті. 9-қыркүйек 2015 ж.22. Қазақстан тарихы: оқу құралы / Б.Қ. Исабек, Д.А. Күмісбекова.- Шымкент, 2011.- 95-б.29. Асфендияров С. История Казахстана. -Алма-Ата: Қазақ университеті, 1993. -304 с.37. Қазақстан тарихы. 5 томды. 2 том. «Атамұра» 2010.- 610 б40. Козыбаев М. Актуальные проблемы изучения отечественной истории // Отечественная история, 1998, № 3.-С.43-47Алтын Орда: Қазақ хандығы (І бөлім) : X-XV ғасырлар : Дешті Қыпшақ. Шыңғыс хан. Алтын Орда : Қазақстан балалар энциклопедиясы- Алматы: Аруна, 2007.- 224 б.

Приложенные файлы

  • docx 8268410
    Размер файла: 67 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий