C?бит М?? анов ж? не ?д еби


Cәбит Мұқ анов жә не әд еби-көркем сын
1925 жылдан бастап “Ақжол” газетінің 555 санында Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиетінің
бүгінгі жай-күйі жайында ұзақ әңгімені бастап, әркімге ой салатын, бел қайыстыратын сауалдарды
көлденең тартты.
“Төңкерістен бұрынғы қазақ әдебиетінің бағыты, рухы қандай еді? Енді қандай болуы керек?
Төңкеріс әдебиетке қандай олжа салды? Қазақта төңкерісшіл тапшыл ақын-жазушылар бар ма?
Болса кімдер? Тапшыл ақын жоқ болса, себеп не ? Қашан болады ? Әдебиеттен ұлтшылдық жол
қашан қалады? Қазақ әдебиетінің орыс әдебиетінен өзгешелігі бар ма?
Қазақ ақын-жазушылары төңкеріске жолдан қосылған жолбикелер ме? Әдебиет техникамен
қатар өсе ме? Қазақ әдебиеті қазір қай дәуірде? Әдебиетке қандай көзбен қарау керек?”
Бұл сауалдардың қыршаңқылығы да жоқ емес. Төңкеріс бір жағынан уайым-қайғы, екінші
жағынан айғай-шу еңгізді деген уақытта найзаның ұшы кемпірге өсиет айтқан тапшыл
ақындарға, әсіресе айғайы басым Сәбит Мұқановқа бағытталғанын аңғармау мүмкін емес Сәкен
болса “Асау тұлпар” жинағы, “Қызыл сұңқарлар” мен “Бақыт жолына” пьесалары үшін 1922
-1923 жылдары “Шолпан” мен “Темірқазық” журналдарынан тиісті “сыбағасын” алды. Оңбай
сыналды. Әрқайсысына жауап беріп, қысас сөздер уытына еті үйрене де бастады. Ал “Қара
тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!” атты памфлетімен екпіндетіп келген Сәбит Мұқановқа
енді ғана құрық сілтене бастағанда тарпаңдық танытып, қып-қызыл айтысқа кірді де кетті [1].
Ташкенттегі “Ақжол” газетіндегі айтыс мақаласының ызғары Қазақстанға жетті. Сәкен 1925
жылдың басынан өкімет жұмысына да, жазушылыққа да селқостана бастады. Қазан төңкерісінің 7
жылдығына арналған поэмасын әзер дегенде бастырып, Смағұл Садуақасовтың “Күміс қоңырау”
повесі жарияланғаннан кейін және Сырдария мен Жетісу облыстарының Қазақстанға қосылуымен
бірге Түркістандық қызметкерлердің, әсіресе іскер де тапқыр, 1922 жылы Ташкенге барғанда
Шегірдің мақаласы және өзінің “Кім жауапкер, жолдас!” өлеңімен Сәкенге қоңырау тағып
жіберген Сұлтанбек Қожановтың өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі
(яғни екінші хатшы) болып келгеннен соң Смағұлмен тізе қоса қимылдаулары төңкерісшілдерге,
әсіресе Сәкен Сейфуллин мен Сәбит Мұқановқа өте жайсыз болды. Сәкеннің орнына редактор
болып тағайындалған Смағұл Сәдуақасов Сәбит Мұқановты “Еңбекші қазақтағы” қызметінен
шығарды, жазғандарын жарияламауға көшті. V сьезде КазЦИК мүшелігіне қайтадан сайланбады.
Пролетариат және қарашаруа жазушылар ұйымының (қысқартып айтқанда КазАПП)
платформасын жасау хатшы Сәбит Мұқановқа тапсырылады. «Оны тез жасау қажет болды,
себебі-сол тұстағы қазақ әдебиетінде біріне-бірі қарама қарсы айқын екі жүйе байқалып қалған:
бірі-еңбекші таптың қамын ойлаушылар, екіншісі-байшыл, ұлтшылдар».
Ол платформа 1926 жылы 4 қазанда алынып мәнді-мәнді 12 баппен негізделді. Әрине,
әдебиеттің тапшыл, пролетаршыл, қара шаруашыл бағытын нығыздай түсумен қатар “қазақтың
еңбекші жазушыларының қаламы әлі төселіп болған жоқ. Олардың жазғандарының көбінде
мазмұн мен түр (форма и содержание) екеуі тең түспей тұр. Еңбекші жазушылардың міндеті осы
екеуін де ақсатпау. Түр үшін ешкіммен таласпайды да айырылыспайды” дегенді де айрықша атап
өту қажет саналады.
Ақжол” газеті бастаған әдеби айтыстың нысанасы “қазақта тап ақыны бар ма, жоқ па? дегеннен
ұзап шықпай қойған соң Сәбит Мұқанов 1926 жылдың 14-15 қазанында “Көркем әдебиет туралы”
мәнді айтысты бастап, оңды - солды сілтеді [2].
“Біздің үстіміздегі дәуір күрес дәуірі. Мылтық алып күреспегенімізбен пікір жүзіндегі
күресіміз әлі қойылмайды” деп домбыраның құлақ күйін тапшылдыққа келтіріп алады да,
Қазақстанда совет өкіметі орнағаннан бергі 6 жылда не істелді, қандай шығармалар жарық көрді
деген мәселе айтыстың негізгі арқауына айналып кедейден шыққан жазушыларға, тілшіден өсетінқаламгерлерге, яғни “біздің бүгін көтеріліп келе жатқан тілшілерден шыққан ақындарымыз да
ертең көкке қолын сермейтіндерге” керек деп жеті түрлі ұсыныс жасайды.
Кейінгі және күні бүгінге дейін әңгіме болып келе жатқан бір проблема — “... құрғақ айғайдан
шығатын пайда аз екеніне ешкім таласпайды. Бірақ елді бір жағынан қанын қыздырып үгіттеу
деген нәрсені менімше әзір түгелімен тастауға болмайды. Қазақ кедейлері әлі оянып болған жоқ.
Байдың ықпалынан әлі шығып кеткен жоқ. Оларды саналандыру үшін әртүрлі тәсіл керек. Соның
біреуі нақты іс болса, біреуі пәрменді үгіт, онсыз болмайды.
Ал сөздің әдемілік, суретшілік жағына келсек, ол бір күнде бола қоймайды. Оқи, біле, түсіне,
көре болады. “Үйрен” деген сөздің айыбы жоқ. Жас жазушыларымыз үйренуге тырысулары
керек. Бірақ үйреніп болғанша қыспақтап кету қате. Азын-аулақ кемшіліктеріне ақыл берілсін,
бірақ көңілін қалдырарлықтай әзірге зілді сын болмасын” деп Сәбит Мұқанов жаңадан туып
келе жатқан әдебиеттің өкілдерін қызғышша қорғап келешек кадрлары үшін қам көңіл болыпты.
КазАПП-тың жұмысын жақсарту, журнал ашу, шығармаларын жариялау, әдебиеттің тарихын
түсіндіретін, жазуға үйрететін курстар ашып, талапты жастарды жоғарғы мектептерде оқыту
мәселелерін күн тәртібіне қояды. Сөздің қысқасы, әдебиет шаруашылығын бүгінгі Күннің мәнді
мәселелерінің бірі деп есептеді.
Дер кезінде қозғалғандықтан ба, әлде қоғамдық-әлеуметтік дамуда жаңа бір науқанның
айқындалып келе жатқандығынен ба (қазақ байларын тәркілеу қарсаңы), әлде Ахмет Байтұрсынов
мерейтойы тұсында айрықша тапшылдығын танытқандықтан ба, айтылған ащы ойларының
бастауынан ба, Сәбит Мұқановтың бұл мақаласы бұрынғыдай белсенділігін танытуға себепші
болып, қиян-кескі айтысты өршітіп жіберді.
Сәбит Мұқановтың мақаласынан көп кемшілік табуға талаптанған алғашқы жарияланым –
Қошке (Қошмұхамед) Кемеңгерұлының 1926 жылы 1 желтоқсандағы мақаласы болды. Қошке
“алты жылдыңішінде көркем әдебиет туралы не істедік дегенде, Сәбит “жоқ” деп жауап береді”
дегенге дау айтып “Сәбит өңгені көрмесе де, Бейімбет пен Сәкенді, “Қартқожа” романын көруі
керек еді” деп талай дәлелдер келтіреді. Бұған пәлендей күдік келтірмегенмен, осы ойдың ар
жағында “бұдан былай кедей әдебиеті өрісін кеңейтер деп үміттенуге болады. Әліде болса кедей
әдебиеті көрнекті орын алу үшін көп жылдар керек. Сынның қаттылығы бөгеу болады деген
қисынға келмейді. Сынның әкесі Нәзірдікіндей болар, сонда да Сәкен бұққан жоқ», деп алады
да “біздің жас жазушыларымыз емлені білмей жатып қатардан қалғысы келмейді, өлең жазған
болады. Бұған не дерсің!” деп кекетеді.
“Қазақ әдебиетінде тойып секіретін күн әлі туған жоқ. Ұлтшылдардікі көп басылатын болса,
көркемдігі үшін басылған шығар” деген ойлар түтінінің қалай шалқығанын, яғни көркемдікті
талап ету тым шамадан тыс екендігімен араласып жатты. Талай орыс білімпаздарынан цитата
келтіргенде өзінің ішкі ойына сабақтастыра береді де “әзіргі қазақ әдебиетінде екі ағым бар,
біреуі – кедейшілік, екіншісі – бұқарашылдық” деп жіліктейді де, пролетаршылдар айтып жүрген
негізгі тезистердің үстіне көркемдіктің пердесін жаба салады. Тіпті “іші алтын, сырты күміс сөз
жақсысы” дегенде Абай пәлсапашы болғандықтан мазмұнға артық баға беріп отыр” деп мінейді
де “сұлулық жағынан түрі де алтын болу керек дегенді ұран қылу керек” деп ойын дөңгелетеді.
Бұдан кейінгі Ерғали Алдоңғарұлы 12, Мәжит Дәулетбайұлы 31 желтоқсанда жариялаған
мақалаларында Сәбит Мұқанов ойларына іш тартып, кедейшіл әдебитеттің сойылын соқты.
Күреске әбден дағдыланып алған Сәбит Мұқанов келешек авторлардың не айтарын тоспай
“Көркем әдебиет туралы қортынды пікірім (Қошкеге жауап ретінде) деген мақаласын 1927
жылдың 4 қаңтарында “Еңбекші қазақта” (сонымен қатар “Қызыл Қазақстан” журналының 1
санында) жариялап, айтыс арнасын кеңейтіп, назар аударатын әдебиет мәселелерін нақтылай
түсті. Көркемдік неге байланысты екенін әңгімелей келіп, екінші бапта, “бізде қазір неше бағыт
бар?” деген түбегейлі мәселеге нақтылай жауап береді. Еңбекшілдік бағыт, кеңес өкіметіне қарсы
бағыт және шөре-шөредегілер деп үшке бөледі. Әсіресе соңғы “бағыттағыларда тиянақты пікір
жоқ. Күш кімде болса, оның тілегі сонда. Кеңес өкіметін тамағы тойса жақсылайды, қарны ашса
жамандайды. Бір күні байды жырласа, бір күні кедейді жырлайды. Олар тарыға қызығатын тауық
сықылдылар” деп жолбике жазушылардың ар-намысына тигізе пікір айтады. Талайлардың Сәбит
Мұқановқа қарсы пікір айтуына осы ойы себепші болғанын да жасырмайық.
Ал “Ұлтшылдар туралы” тарауында Ахаң жөнінде жазған ойынан қайтпайтынын айта келіп,
“біз олармен біріге алмаймыз, жолымыз бөлек” деп шорт кеседі. Еңбекшілер жазушыларына
тоқталғанда, Қошкенің емлені білмей жатып шығарма жазады дегеніне біраз шамданып алады да
“бізде өсіп келе жатқан талай жазушылар бар. Бірақ көңілдегідей өсіп болғанымыз жоқ. Мұндай
кезде көркем әдебиеттің қазіргі міндеті – үкімет пен партияға көмек беріп, іспен қатар үгіт те
жүргізу, кедей, жалшы, жұмыскерлердің мұқтажын табу. Осыдан үгіт те шығады, көңілдендіру дешығады, тұрмысты суреттеу де шығады, әдебиеттің бағыты да табылады.” ол үшін мазмұн мен
пішіннің бірлігі керек, “біздің еңбекші жазушылар поэзиясының түр-пішін дәрежесін мазмұн
дәрежесіне жеткізуге тырысуы керек”, ол үшін білу, үйрену, білгеннен үлгі алу керек. Қазақтың
байшыл ақындары бізге үлгі болуға жарай алмайды. Жалпы қазақ әдебиеті өзінен-өзі үлгі алатын
дәуірге жеткен жоқ” деген нигилистік түсінігін ашық айтқанда талай тілектестерінен айырылып
жатқанын аңғармай қалған.
Осы көркемдік мәселесін “Кім үстем болады?” деген ушықтырғыш проблемамен аяқтайды.
“Күш, шаруа, саясат кімнің қолында болса, соның әдебиеті тез өседі. Қазақ байлары ажал аузында
отыр. Олар құриды. Олар өлсе жыршылары да өледі. Қазақтың еңбекші табы өркендеп келеді.
Олай болса, еңбекші таптың әдебиетшілері де өркендейді. Келешек біздікі!” деп үкім шығара
пікір түйеді. Кедейшілдердің қаузайтын тақырыптарын мүмкін қадірінше көрсетіп береді.
Әдебиет туралы айтыс өзінің бар аумағымен өріс ала бастағанда Қошке 30 қаңтар күні
“мұндай адаммен айтысарлық менің уақытым жоқ. Сондықтан Сәбитпен айтысты доғардым.
Білім жолымен айтысатындар болса мен даярмын” деп менсінбеушілік танытады. Бірақ Сәбит
оған шамданбай жауап қайтарды. Айтыс мұнымен тұйықталған жоқ. Ы.Мұстамбайұлы (“ҚызылҚазақстан”, N2), Ж.Орманбайұлы (“Еңбекші қазақ”, N171), Сәкен Сейфуллин (“Жыл құсы”, N1),
Ш Тоқжігітов, (“Қызыл Қазақстан”, N3-4), Мәжит, Сейтбаттал, Мұстафа, Жұмабай, Жанайдың
түйінді ойлары “Еңбекші қазақтың” 2 тамызында жарияланды. Ал “Екеудің” атышулы мақаласы
8,9 тамызда шығып, мәселені мейлінше ушықтырып жіберді.
Әуелі “Екеу” деген бүркеншік атты шешіп алайық. “Кереку-Баян кітапханасының” 13 кітабында
“Екеу” Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің бүркеншік аты дегенді Қайым Мұхамедханов,
орталық архив қызметкері Бейсембай Байғабылов пен зерттеуші ғалым филология ғылымының
докторы Мекемтас Мырзахметовтың пікіріне сүйеніп айттық деген шүбәлі ойды қазір анықтау
керек, себебі теріс пікір етек жайып барады.
Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов 1916 жылы “Алаш” газетінде және 1918 жылы
“Абай” журналында бірлесіп жазған мақалаларына “Екеу” деп қол қойғандары рас. Енді осы
мәселеге тиянақ жасау үшін Сәбит Мұқановтың “Өсу жолдарымыз” деген жинағында берілген
ескертпені келтірейік: “Бұл мақаланы “Еңбекші қазақ” редакциясына мен жазып апарғанда,
редактор Тоғжанов баспады. Аздап өзгертіп, өлкелік партия комитетінің партиялық коллегиясында
секретарь боп қызмет атқаратын Хамза Жүсіпбековтің қолын қойғызып апарған соң басты. деп
ешбір ескертусіз түсіндірме беруіне күмән келтіруге болмайды.
Ал енді “Екеудің” атышулы мақаласы қазақ әдебиеттану ғылымында үлкен дау-дамай туғызып
келе жатуының арғы бастауы Сәбит Мұқановқа байланысты болған соң оған амалсыз тоқталасың
және Сәбит Мұқанов позициясының қай кезеңде болмасын мәнді іздері айғай-шумен қабаттасып
жататынын көреміз. Мүмкін, бұл Сәбит Мұқанов пенделігінің белсенді позициясының ерекшелігі
болар. Әйтеуір Сәбит Мұқанов жүріп өткен жерден із қалмай қоймайды.
“Байдың толғағы” дейтін кезеңдік мақала-эссе газетте Хамза Жүсіпбековтің атымен
жарияланды. Оның шын авторы – Сәбит Мұқанов мақала мәтінін 1960 жылғы “Өсу жолдарымыз”
жинағының 56-68 беттерінде келтірген. Әрине, ол мәтін Сәбит Мұқановтың осы қалың 996 беттік
жинаққа берер материалы аздығынан кіріп отырған жоқ, айрықша мәнділігінен және кезеңдік ой-
пікірдің жүйесін танытатындықтан кіріп отыр.
Тартыс бірден басталған. “Шынында, “Екеудің” мақаласы әдебиет туралы ғана емес, әдебиетті
бүркеншектеп біздің ұстаған түпкі мақсатымызға түбімен қарсы пікір” деп алады да, таптар
күресі туралы, өз мақсатына жету үшін Маркс-Лениннің сөздерінен мысал келтіріп, кешегі
ашық қарсылығын бүгін бұқпантайлап өткізуге көшкендігін ұлтшылдық жөніндегі ойларымен
жалғастырады.
“Қазақтың ұлтшылдығы басқаны өзіне бағындыруды көксеген, шегіне жеткен, озбыр
ұлтшылдық емес, алдымен бас қорғауға, жан сауға қылуға, жете алса теңдік алуға талпынған
тіленші ұлтшылдық. Бұрынғы жалаңаш ұлтшылдық бұл Күнде бұқарашылдыққа айналса бұл бірсаты, бұл бір табиғи жол” деген мүләйім пікірлерін келтіріп, еңбекшілерді осындай сөздермен
алдауға бұлар машықтанып, тәсілденіп алған. Оларға әдебиеттің өсіп-өркендеуін әңгімелеу өз-
өзінің қысас ойларын, елді бүгінгі шындықтан алыстату үшін ғана керек. Сондықтан “идеология
майданындағы күшті құралдардың бірі — көркем әдебиет. Бұл ретте олар ашық қарсы болмай,
Марксты шымылдық қыла сөйлеуге тырысады... Олар дамып келе жатқан жаңалықты көрмей,
өліп, құрып бара жатқан ескілікті тірілтіп, пайдаландыруға жан сала тырысады” дегенді негізгі
тезиске айналдырып, байшылдық-ұлтшылдықтың сырын ашуға талаптанады.
Сәбит Мұқанов “Екеуді .” оңсөзін де теріске шығаруға ниеттенген соң “жаңа жұртшылық әлі
қалыптана алмай жатыр. Бұрын жекеге бағынған дарашылық пікір үстем болса, енді көпшілік,
тапшылдық пікір күшейіп отыр. Мұның бәрі де әдебиетке әсер етіп отыр” деген өнімді пікірді де
теріске шығармақ болып, талай қисынды-қисынсыз деректерді алға тартады. Реализм жөніндегі
добалдау пікірін “біздің жаңашыл жазушыларымыз ескінің құрығанын, жаңаның туғанын жазса,
оның аты сарнау емес, шындықтың өзі” деп үкім шығарады. Осындай ойға әбден берілгендіктен
“біздің әдебиетімізде әсіресе сыртқы пішінінен де ішкі мазмұны анағұрлым артық, айқын болу
керек. Мазмұн айқын, таза болмаса, біздің әдебиетіміздің пайдасы шамалы болады” деп советтікштампты орнықтыруға үндеп, қателікке ұрынады. Бірақ бұл пікір бүкіл совет әдебиетінің ғана
емес, елінде үстемдікке жеткен тапшылдық түйін болатын. Осы тоңмойындық әлгі мақаланың
болсын, кейінгілерде болсын сары аурудай соңымыздан қалмағаны рас.
Саяси астары қалың “Байдың толғағын” әшкерелеу 1927 жылы шыққан “Жыл қ .сы”
альманағының, 1928 жылдан шыға бастаған “Жаңа әдебиет” журналының (қазіргі “Жұлдыз”)
негізгі шығармашылық мәселелеріне ұласып, өлкелік партия комитетінің 1929 жылғы V
пленумының шешімімен тұйықталды. Онда “укрепление и развитие Казахской пролетарской
литературы и завоевание ею руководящей роли всей художественной национальной литературе
требует решительного преодоление среди коммунистов-казахов и восточных нацмен неверия и
сомнений в возможность создания пролетарской художественной литературы в данную эпоху”
делінді
1926 жылы Сәбит Мұқанов бастаған әдеби айтыстың пайдасы КазАПП, яғни қазақтың
пролетарлық-қара шаруалар жазушылар ассоциациясының ұйымдық негізін нығайтты, Жүсіпбек
Аймауытов ұсынған “Бұхарашыл жазушылар ұйымы”, Ғаббас Тоғжанов пен Смағұл Садуақасов
әлеуметтік-идеологиялық астары әлі жетіп-пісіп болмаған “Совет жазушыларының одағын”
құру жөніндегі ұсыныстары, сол сияқты Мағжан Жұмабаевтың Мәскеуде жүрген кезінде әртүрлі
ресейлік және батыстық платформалардан сығымдап алып, қазаққа ұсынған, тек қана 16 данамен
таратылып, көбінен құптау таппаған, жанбай жатып сөнген “Алқа” тобының айтқандары болмай,
партия мен үкіметке сүйенген және жаңа заманның екпінін пайдаланған КазАПП ожарлықпен
жеңіске жете бастады. Оның сыртында әкімшілік шаралары, яғни бай-феодалдарды тап ретінде
жоюды көздеген тәркілеудің қауырт өтуі әрқилы ой-пікірлердің негізін талқандап тастады. Осы
тұста кедейшіл жазушылардың туындылары барынша молайып, көркемдік жағынан болмаса да
айғайы жағынан басым болды.
Міне, осындай жағдайлар пролетарлық бағыттағы, яғни қазақ кеңес әдебиеті деген
шығармашылықты сапа жағынан болмаса да сан жағынан көбейтіп алды да, өлкелік партия
комитетінің 1929 жылдың желтоқсанында өткен V пленумның шешіміне жеткізді. Сөйтіппролетарлық бағыттағы әдебиеттің туып, дүниеге келгендігі, ендігі көркемдік дамудың негізгі
бағыты, ағар арнасы осыдан табылуға тиіс екендігі аян болады. Осы айтыстарда айрықша
серкелік танытқан Сәбит Мұқановтың әлеумет алдында даңқы өзінен өзі өсіп, Сәбит Мұқанов
ойына, сөзіне құлақ қоятын, іс-әрекетіне мән беретін дәрежеге жетті және бұл айтыс-тартыспен
ғана емес, кезеңдік шығармашылық табыстарымен дәлелденіп жатты.
Үлкен айтыста екпін алып қалған Сәбит Мұқановтың енді өз түсінігін басқаларға ұғындырамын
деп жүріп, өзара мінесуге себепші болған сәті де аз емес. Әуелінде тапшылдықтан басталған
айтыс енді жеке тұлғаларға ауыса бастады. “КазАПП 20-жылдардыңаяқкезінде өз арасындағы
уақ-түйек түсінбеушілікті шұқылаумен шұғылданып кетті”
Мәскеуде журналистика институтында оқып жүрген Ілияс Жансүгіров бір келгенде Ораз
Жандосовқа өзінің әркез жазған өлеңдерінің қолжазбасын тастап кетеді. Өлкелік комитетте
жауапты қызметте жүрген Ораз Жандосов оны Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы
Сәбит Мұқановқа тапсырады. Сәбит Мұқанов оқиды. Ол жөнінде Сәбит Мұқановтың “20
баспатабақтай жинақты әуелі өзім оқып шықтым. Одан алған әсерім: басым көпшілігінің өлеңдік,
сөздік жағы жақсы екен. Ал мазмұнына келгенде бірталай сұрақтарым болды. Ең басты сұрауым
– тап тартысының мәселесі” (686) дейді де “Сағанақ” деген атпен шығайын деп жатқан Ілияс
жинағына алғы сөз жазады. “Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры” дегендей, Сәбит Мұқанов
пен Ілияс Жансүгіровтың әлеумет алдында тұңғыш рет ұстасуына, айтысуына себепші болған
болар-болмас кіріспені толық келтірейік.
“Жансүгірұлы Ілиястың бұл “Сағанағына” таңдамалы өлеңдері кіріп отыр. Ілияс жаңада ғана
қаламы өсіп келе жатқан жазушы. Әзірге ол шығаннан шыққан жүйрік те емес, желісі жоқ топас
та емес. Өлеңнің ішінде көркемдері де орташасы да, төмендері де бар. Ілияс көбінесе ауылдың
ақыны, қара шаруаның ақыны. Ел ішіндегі кедейді өзгеден гөрі бұрынырақ көретін мінез Ілияста
бар. Бірақ Ілияста бір дұрыстыққа жатпайтын әдет “ел” деген сөзді көп қолданады “еліме”,
“елім үшін”, “елімнің жайы” деп елді көбірек сөйлейді. Бұл ауру жалғыз Ілияста емес, осы күні
жазушылардың біразында әдетке айланып барады. Тегінде, ол жақсы әдет емес. “Ел” ішінде кімдержоқ? Елге бай да, молда да, саудагер де, кедей де, батырақ та кіреді. Мұндай “бұқарашылдық”
қазақ еңбекшілеріне қызмет етем дегендерге ыңғайлы емес, дұрыс емес. Ілияс бұл кемшілігін
келешекте түзер деп сенеміз және сенуге де болады, өйткені Ілиястың “Заводта” дейтін өлеңі
оның біраз күнәсін аршып, қара шаруамен қатар пролетариатқа да қызмет еткісі келетініне, соған
қаламын бұрғандығына сендіреді”.
“Алғы сөздің” бар-жоғы осы ғана. Бірақ оның аяғы ұзаққа созылған айтысқа, түсінбеушілікке,
дүрдараздыққа апарып соқты. Бұған әрине кедейшіл емессің, елшілсің, таза қара шаруа жағында
екеніңді ашық жазбайсың деген пролетарлық ожар талап себепші болғанын сырт көз анық көреді.
Тіпті екеуінің арасында салғыласқан сөз сайысының сыртқы көрінісі осы таптық түсінік болды.
Бірақ Ілияс оған емес, “жаңада ғана қаламы өсіп келе жатқан жазушы. Жүйрік те емес, топас та
емес” деген ойдың 1927 жылы айтылып, жазылып жатуына мықтап намыстанған сияқты. Өйткені
1894 жылы туған, 14-15 жасынан бері өлең шығарып, ел арасында танылып қалған, Диваевтың
фольклорлық экспидициясына қатысып, Ташкент жеткен, онда “Жас Алаш” газетіне жанасып,
Мағжан өлеңдеріне тәнті болған, Ілияс Мырзабек Дүйсеновтың сөзімен айтқанда “біраз идеялық
бояулар жұқтырып алып”, елге оралған, “Тілші” газетін шығарысуға білек-сана күшін қосқан,
Жетісудың оқу-ағарту майданында белсене араласып, абыройға ие болған Ілияс Жансүгіровтың
таптық көзқарасын іліп қаққаннан гөрі, елді аузына қарататын шығармаларын, соны біліммен
толықтырайын деп Мәскеудегі коммунистік журналистика институтында оқып жатқан ағасына
рабфактық қана білімі бар Сәбит Мұқановтың жөн-жоба айтуы, өлеңдерінің ішінде “өте
көркемдері де, орташасы да, төмендері де бар” деп баға беруі шамдандырып, Ілиястың қолына
қалам алуына себепші болғанын аңғарамыз. Сәбит Мұқановтың КазАПП, оның төңірегіндегілер
“уақ-түйекті шұқылап”, дау-дамайды өршітіп жіберді дегенінің бір дәлелі осы.
Мәскеуде оқып жатқандықтан болсын, не өзінің табиғи ақындық мінезінен болсын, Ілияс
Жансүгіров Сәбит Мұқановтың ескертпесін қабылдамады. “Бетім анадай емес, мынадай” деген,
шаққан жерінен қан шығаратын ащы да өткір сөздерді аямай қолданып, жауап берді. Сәбит
Мұқанов қолма-қол “Бас асаулық” деген мақаламен жауап қатты [3]. Сөз әлпеттерін, бірінің бетін
бірі шиедей қылғанын аңғарту үшін Сәбит Мұқанов мақаласының үзіндісін мысалға келтірейік.
“Жүген-құрық көрмеген асаудың мойнына алғаш рет құрық түскенде бауырына шаптырып
жіберетін. Мына Ілияс сын көрмегендігін жасап отыр. Оған қарағанда біздің жанымыз сірі
екен” деп ендігәрі көріспейтін сөзге барады. Мұның өзі жаңадан туып келе жатқан әдебиетте
жікшілдіктің пайда болуына апарып соқтырды.
Бір ғана 1928 жылда жарияланған мақалалардың өзі біраз шындықтардың бетін ашады.
Мәскеудегі қазақ оқушыларының пікірін Ө. Балқашұлы мен Ө. Оспанұлы, қарақалпақтағы қазақ
оқырмандарының ойын Елтоқ білдірсе, Ы. Мұстанбайұлы “Біздің таластарымыз, “Сын және
баспасөз туралы”, Ғабит Мүсірепов “Қазақстан баспасөзінің жайы”, Ө.Тұрманжанов “Баспасөз
бен сын мәселесі”, С.Сейфуллин “Әдебиет майданында”, Ғ. Тоқжанұлы “Әдебиет мәселелері”,
“Қандай әдебиетіміз үстем болмақ, қандай әдебиетіміз бар”, Ш. Тоқжігітұлы “Тағы да “Тоқсанның
тобы” туралы”, А. Тоқмағамбетов “Жас жазушылар, естеріңде болсын” мақалалары жарияланса,
1929 жылы онан әрі өрши түсті. Олардағы іліп-қақпа сөздер мен ойлар ақын-жазушылардың
пенделік сезімдерін оятып, топтасуға, жіктелуге бастады. Ғабит Мүсіреповтың Сәкен Сейфуллин
мен Сәбит Мұқановты сынауы, Сәбит Мұқановтың Ғаббас, Ілияс, Ғабиттармен ұстасуы,
Ғаббастың пролетарлық әдебиет жоқ дегені бүкіл кедейшілдерді өзіне қарсы қойғандағы әдебиет
әлеміндегі әңгімені мейлінше қыздырып, зор екпінмен екінші он жылдыққа, яғни 30 жылдардың
босағасын айрықша белсенділікпен ашқызды. Осы қозғалысқа от тастаған Сәбит Мұқановтың
1926 жылғы “Көркем әдебиет туралы” мақаласы өнімді ойлардың айтылып-жазылуына түрткі
болды.Бұл-Сәбиттанушылар еңбектерінен де орын алды [4]. Жаңа зерттеулер де жарық көрді [5].
“Әдебиет – тап жаршысы, идеологиялық құрал” деген түсінік қанат жайып, көркемдік дегенді
саясатқа, бүгінгі күннің тыныс-тірлігіне айналдырып жіберген-ді. Басқаны былай қойғанда
ажалмен алысып, шығарма жазуға мұрсаты болмай жүрген Сәбит Дөнентаевты “Соңғы кезде
жазбай қоюына қарағанда бұл байшыл-ұлтшыл жазушы деп саналсын” деген Қайыпназаровтың
күмәнін теріске шығару былай тұрсын, сол кезде ойлана қарағанды кездестіре қоюдың өзі қиын
еді. “Өмірдің қай мәселесіне болса да енжар қарай алмаймын, бәріне араласамын, халқыма
қолымнан келген пайдамды тигіземін” деп жанын аямаған Сәбит Мұқанов осы тұста айрықша
тұлғаланып көрінді.
20-жылдардағы әдеби айтыстар қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орны бар әдеби құбылыс қана болып қоймай, қазақ қоғамының барлық саласына әсері тиіп, қазақ әдебиетінде сол кезде қалыптасқан жағдайды жан-жақты ашып берді. Әдеби сын да негізінен үш бағытқа: біріншісі – өзін пролетариат жазушысы санайтын, яғни әдебиетті тап күресінің бір құралы ретінде қарастыратындар, екіншісі – әдебиетті саясатқа бағындыруға қарсы, яғни өздерін бұқарашыл жазушы санайтындар, үшіншісі – әр мәселеге тарихи тұрғыдан қарауды ұсынатын, жазушылардың жікке бөлінбей, біртұтас ұйым болуын қалайтындар деп бөлінді.
 Бұл бағыттардың ішіндегі бірінші топтағылар әдебиеттің дұрыс дамуына байланысты пікірлерді айта алмаса да, іс жүзінде жеңіп шықты. Екінші топтағылар қай жағынан болса да дәлелді пікірлер айтқанымен жеңіліс тапты. Үшінші топтағылардың айтқандары да іске аспай, «ұлтшыл» деген атаққа ие болды.
ХХ ғасырдың басында Ресейде де айтарлықтай ірі оқиғалар, өзгерістер болып жатты. Ол жайында орыс әдебиеті тарихында: «Революционные события, сотрясавшие Россию, прямо опосредованно влияли на литературную и всю культурную жизнь русского общества. Если говорить о главном факторе, определяющем исторический процесс, то им, безусловно, было назревание в России социалистической революции. Накавливалась гигантская революционная энергия трудящихся масс, руководимых марксисткой партией рабочего класса. Мир вступал в период социальных катаклизмов, в период крушения одной общественной формации и возникновения другой – социалистической. Изменялась духовная и общекультурная жизнь страны» [1, 7] деп жазылды. Ресей тағдыры туралы, орыс мәдениетінің тағдыры туралы пікірталастар жиі болып тұрды. Ресейдің келешегі жайындағы сын-айтыстар қызу жүріп жатты. ҚазАПП сыны сол кездегі қазақ жазушыларының өздерін де әртүрлі «оңшыл» топтарға жатқызды.
1925 жылдың басында ұлттық идеология  төріне жазушылардың бірін күштеп, екіншісін әртүрлі айламен өзіне тартқан ҚазАПП шықты. Оны өкімет те, оның жүргізген саясаты да барынша қолдап отыруына байланысты саясаттың сойылын соғушылардың бағы жанып, олар ақылға сиымсыз екенін біле тұра, екі сөзінің біріне Маркс пен оның жолындағылардың пікірін тықпалап, ұшқары ойларын халыққа таңумен болды.
Сынның негізгі сипаты айтыс түрінде болғандықтан, өз ара пікір таластыру, қарсы жауап қайтару, көп жағдайларда айтылған пікірлерді жоққа шығару, ең әрісі бірін-бірі саяси жақтан айыптау сияқты жағдайлар орын алды.  
Қазақ халқының табиғатына, оның ішінде, қара өлең сипатына жат өлең өлшемдері еніп,  Маяковскийше жазу, Демьян Бедныйша жазу керек деген әсіре еліктеушілік орын алды. Бұның бәрі қазақ поэзиясының көркемдік сапасына  орасан зиянын тигізіп, партияның науқандық шараларына арналған жалаң үгіт-насихатқа толы туындылардың өріс алуына апарып соқты. Бұл бағыт проза саласында да орын ала бастады.
Қазақ ақын-жазушылары бірі кеңес ұранын, екіншісі алаш ұранын жақтағанмен, олардың түптеп келгендегі алдарына қойған мақсаттары бір еді.
Жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиеті сынының өркендеп қанат жаюына қоғам қайраткерлері де өздерінің айтарлықтай үлестерін қоса отырып, дарындары жағынан кәсіби қаламгерлерден кем түспейтін деңгейде көрінді. Олар – Смағұл Сәдуақасов, Ыдырыс Мұстамбаев, Нәзір Төреқұлов, Ілияс Қабылов, Сұлтанбек Қожанов, Шәймерден Тоқжігітов сынды азаматтар. Бұлар негізінен мемлекеттік қызметте болғандықтан сынға жиі араласуға мүмкіндіктері аз болды.
Солардың ішінен өзінің мақалаларының мәнділігімен, өміршеңдігімен, терең ойлылығымен жарқырай көрініп, аса белсенділік танытқан, ірі қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы Ыдырыс Мұстамбайұлы болатын. Ол 1898 жылы Семей уезі, Заречная Слободка (Алаш) елді мекенінде (қазіргі Жаңа Семей)  дүниеге келген. Әкесі – Мұстамбай Жауғашұлы, шешесі Қолан сол жылдары Алексеевтердің жүн жуатын зауытында жұмыс істеген. 6-7 жасқа келгенде Ыдырысты ата-анасы мұсылманша оқуға беріп, ол мұнда 13 жасқа дейін оқиды. 1911 жылы Семейдегі екі класты орыс-қазақ училищесінің 6 жылдық курсына оқуға түседі. Еңбек ете жүріп, 1916 жылы аталған училищені үздік бағалармен аяқтап шығады. Мұның ішінде әсіресе арифметика, геометрия, физика, тарих, жаратылыс тану, таза жазу, орыс тілі пәндерінен озық білімділігін танытады.    
         1917 жылы төңкерістен кейін, ол кеңсе қызметкерлерінің одақтық жұмысына белсене араласады. 1918 жылы Семей қаласында Кеңес өкіметі орныққанда, Бүкілресейлік почта-телеграф қызметкерлері одағының Губерниялық комитетінің атынан Семей Совдепіне делегат болады. Көп ұзамай сәуір айында Алаш (Заречная Слободка) аудандық совдепі төрағасының орынбасары болып және Семей уездік Совдепі Төралқасының мүшесі болып сайланады. Сонымен қатар, почта-телеграф мекесіндегі жұмысын да қоса атқарады.
1921 жылдың 20 қыркүйек айында екінші рет Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақтық екінші құрылтайына шақырылып, ҚазОАК-нің мүшесі болып қайта сайланады. 1922 жылдың қараша айында РКП(б)-ның Губкомының шешімімен бірден Оралға іссапармен жіберіліп, Орал Губаткомы мен Губкомының мүшесі, губерниялық басқару бөлімінің меңгерушісі, аштыққа ұшырағандарға көмек жөніндегі шекаралық ұйымының жанындағы РСФСР өкілділігінің төтенше өкілі болып қызмет атқарады, одан кейін сол жылы 28 тамыздан бастап, 1923 жылдың аяғына дейін, губерния прокуроры болады.
1923 жылдың желтоқсанынан 1925 жылдың мамыр айына дейін Ақмола губерниялық прокуроры, әрі губаткомының мүшесі, 1925 жылдың мамыр айынан 1926 жылдың желтоқсанына дейін Сырдария Губаткомының төрағасы, 1926 жылдың желтоқсанынан 1927 жылдың қарашасына дейін Қазақ ОАК-нің нұсқаушысы, 1927 жылдың қарашасынан, 1929 жылдың тамызына дейін алдымен «Ет өнімдері» кеңсесінің басшысы, соңынан «Союзмяса» кеңсесінің аймақтық басшысының орынбасары қызметін атқарса, 1929 жылдың тамызынан қарашасына дейін аймақтық Темір жәрмеңкесін ұйымдастырып және Жәрмеңке төрағасы ретінде оған басшылық жасайды.
1929 жылдың желтоқсанынан 1930 жылдың 20-шы маусымына дейін Республикалық жұмысшы-шаруа инспекциясы Халық комиссариатының сауда өнеркәсіп тобында аға инспектор қызметін атқарып, 1930 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан жетекші партия ұйымының ұйғарымымен Қазақ байланыс басқармасы төрағасының орынбасарлығына тағайындалады.
Ыдырыс Мұстамбайұлының өзі де түрлі заң, кеңес қызметінде лауазымды міндеттер атқарғанымен, әдебиет, мәдениет, саясат төңірегінде болып жатқан оқиғаларға сын тұрғысынан белсене араласып, соның ішінде әсіресе, Абай мұрасын үнемі назарында ұстап, сол кездің қасаң саясатынан қызғыштай қорғады. Ұлы ақынды халық санасынан өшіріп, шығармаларын жоққа шығаруға тырысқан шенеуніктер мен кейбір қаламгерлер әрекеттеріне аяусыз тойтарыс беріп, дәлелді түрде қарсылық білдірді, ескі атаулы мен көне мұраға тыйым салған Сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе қаһарынан еш қорықпай ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше орны мен мән-маңызын жете ашып берді. Қайтпас қайсар өр мінезі үшін де «таймас қара» атанып, 1920-жылдардағы Абай төңірегіндегі әдеби айтыс тартыста ұлы ақын өмірімен шығармашылығы жайлы терең білімділігін танытып, биіктен көрінді.
Арнаулы әдеби мамандығы болмауына қарамастан Ыдырыс Мұстамбайұлының Абайды құмарта сүйіп, ақындық мұрасына араша түсуінің өзіндік себептері бар: 1. Ыдырыстың ата-бабасы қоныстанған жер ұлы ақын ауылымен көршілес болып, Абайға ұстаз болған Дулат, оның алдындағы Ақтамберді жырау мен Ақтайлақ би, айтыс өнерінің айтулы дүлдүлдері Түбек пен Сабырбай, Абайдың талантты шәкірті Әріп Тәңірбергенов сияқты дарын иелері оның ағайын туыстары еді. Осы жайдың өзі оның бала кезінен Абай өлеңдерімен сусындап, Абай жайлы әңгімелермен қаныққандығын айқын білдіреді, 2. Ыдырыс ұлы ақын талай ат басын тіреген зиялылар ордасы – Семей қаласында дүниеге келіп, осы ірі ғылыми- мәдени орталықта білім алды, өмірге жолдама алды. Шәкірт кезінде Семей қалалық орыс-қазақ училищесінде оқи жүріп, 1914 жылы қаңтарда Семей қазақ зиялылары өткізген Абайдың қайтыс болуына байланысты ұлы ақынды еске алу кешіне қатысуы әбден мүмкін. Оның үстіне бұл кешке Ыдырыс жай ғана қатысушы емес ұйымдастырушылардың арасынан да табылуы ғажап емес, 3. Ыдырыс Абайдың болашақ зерттеушісі, ұлы ақынды әлемге танытқан Мұхтар Әуезовпен етене жақын араласып, қызметтес, пікірлес болды.
Кезінде қайтпас өр мінезімен «таймас қара атанып» өмірінің соңына дейін Голощекинмен ұстасып өткен Ыдырыс Мұстамбайұлына партия тарапынан шүйлігу аз болмады. Мұны сол кездегі Қазақ Өлкелік партия комитетінің хатшысы Ізмұқан Құрамысұлы мақаласынан да көреміз: «... Мұстамбайұлының істеген қатесі жеңіл-желпі қате емес. Мұстамбайұлы партиядағы он жылдық өмірінде алашорда туралы да адасты. Сәдуақасұлы Смағұлдың жігінде де болды, троцкийшіл де болды, переселен, қазақыландыру мәселелерінде де ауа жайылды» деп айыптай келе: «Дұрысында ешнәрсе істемейтін, ешнәрсені ойламайтындар – партия жолынан аумаушылар, кейде біздің жағдайда өз бетімен білері жоқтар, айдағанға жүре беретін құл болып шығады. Бұл қателесуден де қауіптірек, біздің жағдайда белсенді шын коммунистер қателеспей тұра алмайды» [2]  деген Мұстамбайұлының сөзін келтіреді.
Бұл тізбектеліп кете беретін, шегі жоқ айыптаулар, Мұстамбайұлының «партия тазалауында», «мойынына алған» алты қателігінен шығып отыр еді, ал шын мәнінде ұлты үшін туған, біртуар абзал азаматтың «бұл қателері» сол кездегі қазақ елінің мүддесін көздеген бірден-бір дұрыс саяси бағдар болатын. Ол осы ретте: «...Мен Сәдуақасұлының жігінде болғанда, менің алты негізгі мәселелерде қателерім болды. Бірінші қатеміз: ұлтшылдық, ұлтшылдыққа түскенімізде, біз қазақтың ұлтшыл оқығандарын асыра бағаладық. Содан барып, оларға біртүрлі ымырашылдық қылдық. Қазақстандағы Европалық коммунистерге қарсы болдық, отаршылдық саясатын жүргізді дедік. Екінші қатеміз: ауылда тап тартысын ұқпағандық. Ауылдағы бай, кедей арасындағы қайшылықты бүркегендік болды. Осыдан барып, кәмпескенің дұрыстығына сенбедік. Үшінші қатеміз: Қазақыландыру жайында болды. Процентпен қазақылансын, партия комитеттеріне, басты мекемелерге қазақ бастық болсын дегенді ұсындық. Төртінші қатеміз: Қазақстанда өнерлі кәсіпті күшейту жайында болды. Бұл туралы Смағұлдың «большевик» журналында мақаласы шықты. Мен де сол пікірде болдым. Бесінші қатеміз: Өлкелік партия комитетінің басшылығына қарсы болдық. Партия басшылығында қыстау бар, күштеу бар дедік. Кейбір басты коммунистерді отаршыл, не жікшіл деп айыптадық. Алтыншы қатеміз: троцкийшілдік жігінде едік. Соның кейбір пікірлерін дұрыстадық. Осы қателерімді мойыныма аламын...» – дейді [2]. Кезінде «қателік» болып есептелінген осы алты негізгі мәселенің бүгінгі  тәуелсіз елдің талап-тілектерінен туындағаны сөзсіз. Сол «қателіктердің» қазіргі уақытта дұрыс болып табылатынын ескерсек, бұлардың барлығы да қазақ ұлтының мүддесін көздегеннен туындаған болатын.
Оның: «қазақтың ұлтшыл оқығандары» деп отырғандары шын мәнісінде көзі ашық, сауаттты ұлжанды азаматтар болатын. ХХ ғасыр басында қазақ елі мен жеріне отаршылдық саясаттың жүргізілгені рас болса, сол отаршылдыққа ұлтшылды азаматтардың алғашқылардың бірі болып қарсы түұратындығы да заман шындығы еді. «кәмпескенің» дұрыс болмағандығын да кеңес өкіметі құлаған соң ғана айта бастадық. Отырықшылыққа үйренбеген көшпелі елдің бары да нары да мал болса, сол малды жаппай кәмпескелеудің салдарынан отызыншы жылдары жаппай ашаршылық қырғыны болғаны тарихтан мәлім. Ендеше, Мұстамбайұлының бұл айтып отырғанының да кемшілік болып табылмасы анық.  
Көрнекті қоғам қайраткері Ы. Мұстамбайұлының сол кездегі қыстау, күштеудің болатынын атап көрсетумен бірге, басшылық тарапынан іске асқан асыра сілтеушілікті батыл түрде айыптап отырды. Ы. Мұстамбайұлының: «білсе де, білмесе де қойдай шулап, дауыс беріп отырған көпті көріп, партия жолы дұрыс, Ленин басшылығы күшті десек – үлкен адасқандық болар еді» [2] – деп ащы болса да шындықты батыра, ашына айтқандығы да сол елге, жерге деген шынайы махаббаттан туса керек. Сол үшін де Ыдырыс Мұстамбайұлы «партия жолын бұлжытпай орындаушы жолдастарды қаралайды, ...партия басшылығын қаралайды, партия басшылығына сенбейтінін білдіреді» – деп сыналған болатын.  Мұстамбайұлының сол кездегі айтқан: «Партия жолынан аумаушылықтың астындағы шіріген иісті білмесе, мұны иіс білмейтіндер ия өмір бойы бұғаудан арылмаған аурулар білмейді. Ерте ме, кеш пе оның шірігені білінеді, бірақ оған дейін ол өзінің шірігенімен тұрмай төңірегін бүлдіреді» [2] – деген пікірі араға жылдар салып өз нәтижесін көрсетті. Оны 70 жылдан аса өмір сүрген Коммунистік партияның күлі көкке ұшуымен түсіндіруге болады. Қаламгердің айтып отырған «өмір бойы бұғаудан арылмаған аурулары» кешегі кеңестік дәуір тұсында тілі басқа тілегі бір кеңестік одақ құрамында болған кеңестік елдердің бәрінің ұлттық ерекшелігін жою саясатынан көруге болады. Орыстандыру саясатының бір шеті қазақ елін де жайлады. Ұлт тіліне қауіп туды. Ұлт тіліндегі балабақша, мектептер жабылып, жаппай орыстандыру саясаты көзделді. Бұл да сол бұғаудың астыртын жүргізілген жымысқы саясатының бір көрінісі еді.
Жиырмасыншы жылдардағы көркем әдебиет туралы айтысқа бірте-бірте Қазақстан басшыларының бірі Смағұл Сәдуақасов, бүкіл өлкелік партия комитетінің жауапты қызметкері Шаймерден Тоқжігітов, ірі кеңес қызметкері Ыдырыс Мұстамбайұлы да қатысады. Тек қазақ әдебиетіне ғана емес, қазақ халқының болашағына зор әсері бар бұл әдеби айтысқа бұлар белсене араласып, өз ойларын ортаға салды. Айтыс басындағы өзекті мәселелердің бірі «ұлтшыл» атанып жүрген ақын-жазушыларға деген көзқарас болатын. Бұл күрделі мәселе өлкелік партия комитетінің сол кезде өткен 5-6 конференцияларында да көтерілген болатын. Сондықтан да айтысқа кейін қосылған сыншылар мәселенің осы жағына баса назар аударды.
Рухани мұра жөніндегі айтысқа да Ыдырыс Мұстамбайұлы өзінің «Көркем әдебиет туралы» [3] атты мақаласымен қомақты үлес қосты. Аталған мақаласында Мұстамбайұлы көркем әдебиет туралы айтыста ерекше көзге түскен Сәбит пен Қошкенің баспасөз бетіндегі айтысына тоқталып, оған төрелік айтады. Әділ сынның болуын, бір-бірінің жеке басына емес, олардың шығармаларын сөз ету керек екенін қаламгер баса айтады. Сәбит пен Қошкенің айтысынан жеке басқа тиісудің кең етек алғанын тілге тиек еткен қаламгер оның зиянды жақтарын да санамалап көрсетеді. «Бізде Белинский, Добролюбов секілді сыншылар жоқ. Белинский болмағанымен де әркім пікірін айту керек. Пікір таласа келе шындық шығады» [3] деген пікірінен әділ сынның пайдалы екендігін түсіндірген қаламгер өз замандастарын сын шын болсын дегенге шақырады. Әділ сынды дұрыс қабылдау керек, сын айтқан адамның жеке басына тиісудің қажеті жоқ екендігін қаламгер баса айтады. Сынды қабылдау мәдениеті қалыптасқанда ғана сын шын болатындығын да қаламгер жадында ұстап отырған.
Ы. Мұстамбайұлының бұл пікірлерінің қазіргі күнге дейін маңызын жоғалтпағанын, осы күнгі белгілі сыншыларымыздың көзқарасында да ұшырасатынын атап өткен жөн. Белгілі сыншы-ғалым, академик С. Қирабаев «Сын туралы сөз» атты мақаласында: «Белинский де, Чернышевский де, Добролюбов та таза сыншы болмағаны белгілі. Добролюбов: «Сын – ең алдымен, дүниеге азаматтық көзқарастың қазіргі кездегі өмір құбылыстары мен әдебиеттегі көрінісін ашып, оны жүйелі түрде іске асыру» дейді. Ал, Писарев: «Өмірдегі, ғылым мен әдебиеттегі басты құбылыстарды бағалап, содан туатын белгілі бір көзқарасты үнемі және жүйелі түрде тарату – біздің сын деп айтатынымыз осы» деп жазғандығын айта келіп, сын туралы ойын: «Бір жағынан, «дәуірдің философиялық санасы», екінші жағынан,  «жылжымалы эстетика», міне, Белинскийдің айтуынша, сыншының қос қанаты осы болуы керек. Біздің қазақ сынында осы қасиеттер әлі толысып болды деп айту қиын. Сыншының бойында осы екеуінің бірі болса, екіншісі жетпейді. Сондықтан біздің жазғандарымызда жеке шығармаларды талдау негізінде әдебиеттік немесе қоғамдық дамудың заңдылығы дәлелденбейді» [4, 134] деген болатын. Бүгінгі қазақ сыншыларының бойынан қоғамдық даму мен әдебиеттану ғылымының бірлестігі табыла бермейтіндігін сыншы баса айтады.
Сол кездегі саясаттың ықпалымен бұрынғы өмір сүрген қазақ ақындарының шығармалары халыққа жат деп танылғандықтан, жиырмасыншы-отызыншы жылдардың бас кезінде  «пролеткультшылардың» мәдениет пен әдебиетті жаңадан, тыңнан жасаймыз деген теріс теориялары қалыптасты.
Алайда, сын туралы оңды пікірлер де айтылып, өздерінің көзқарасын дұрыс жеткізе білген сыншылардың да болғаны белгілі.
Ыдырыс Мұстамбайұлы «Көркем әдебиет туралы» мақаласында  Бейімбет Майлин поэзиясына да назар аударып, ақын өлеңдерінде аса үлкен кемшілік жоқ болса да, қала мен ауылды салыстырып жырлауда үлкен ілгерілеушілік барын атап өтеді. Оның «Жазғы кеш», «Бұлтты күн», «Ауыл», «Айт, шу ала атым», «Елдегі екпінді істер», «Ленин үлгі» тағы басқа әбден жақсы өлеңдеріне жақсы баға бере келіп, Бейімбеттің заманмен бірге өзгеріп өсіп келе жатқан ақын екендігіне тоқталады. «Бірақ, жоғарғы айтқан сыңаржақ бола ма деген қауіп бар» деп айта келе «... Біздің жас жазушылармызға, кедейшіл ақындарымызға айтатынымыз жалпы саяси тілек бөлек. Бірақ, «Батыр Баянды», «Қартқожаны» оқы. «Қартқожа» секілді романды сен де жаза алатын бол дейміз» [3] деп Мағжанды, Жүсіпбекті үлгі етеді.
Қаламгер М. Жұмабайұлының «Батыр Баяны» мен Ж. Аймауытұлының «Қартқожасын» тілге тиек етіп қана қоймай, қазақ ақын-жазушыларына одан үйренуді міндеттейді. Осыған қарағанда ол шығарма табиғатын бойлай білген. Себебі, «Батыр Баян» сол тұстағы қазақ поэзиясының қол жеткізген табысы болса,  «Қартқожа» қазақ прозасындағы үлкен жетістік еді. Аталған шығармалар тек ғасыр басының ғана емес, қазіргі қазақ әдебиетінің елеулі де құнды дүниелері екені анық. Мұстамбайұлының ақын-жазушыларға осындай озық үлгіде жазылған шығармаларды үлгі етуі де тегіннен-тегін болмаса керек.
Ыдырыстың әдебиетке деген көзқарасында сол кездегі ресми көзқарасқа тәуелді жақтары байқалып тұрса да, ұлттық рухани мұра туралы сөз болған жерлерде, әсіресе Абай мұрасын қорғауда жанын сала кірісіп, өзінің батыл пікірлерін тарихи тұрғыда талдау жасауға, дәлелдеуге тырысады. Әсіресе, сол кездегі айтыстың белсендісі Сәбит Мұқановтың кейбір ұшқары айтылған пікірлеріне үнемі тойтарыс бере отырып, оған  өзінің сын тұрғысынан достық ниеттегі ойларын білдіреді.
Ыдырыс Мұстамбайұлы «Біздің таластарымыз» [5] деген қомақты сыни мақаласында Сәбит Мұқановтың сол кездегі саяси-қоғамдық бітім-тұлғасына жан-жақты мінездеме береді, көркем әдебиет турасындағы айтысқа баға беруден бастап, сол кезде қызу пікірталас тудыруға себеп болған Сәбит Мұқановтың көзқарастарына толық тоқталып сынайды. Оның «Ақындардың мінездері және Сәбиттің мінездері» атты алғашқы тарауында: «...егер де ақынымыз дүмбілез болса, біраз заман аты аталып жүрсе де, бара-бара жоқ болатынын, атағы өшетінін» айтады.
Ыдырыс Мұстамбайұлы Сәбиттің мақалаларына сын ғана жазып қоймай өзінің достық ақыл-кеңесін де ұсынады. Қаламгердің жазған пікірінен оны әлем әдебиеті мен оның тарихынан мол хабары бар екенін көруге болады. Ол Сәбитке де соларды білу қажет екендігін айтады. Қазақта ештеңе жоқ болса, онда әлем тарихы мен әдебиетіндегі озық үлгілерді қарасын дегеніне қарағанда Мұстамбайұлы Сәбитке жанашырлық танытып, оның білімін толықтыру керек екендігін, оқып, үйрену керек екендігін талап етіп отыр. Осы үйрену мәселесін Сәбиттің өзі де құптайды.
Қазақ әдебиетінің жай-күйі, бағыты туралы айтысқа қатыса отырып, бірнеше көлемді мақалалар жазған Ыдырыс Мұстамбайұлы да ұлтшыл атанған ақын-жазушыларға әділ бағасын бере келе, бәрін айыптай беруге қарсылық білдірді. Тарихи жағдайдың әсерін ескеруді ұсынып, олардың шығармашылығын зиянды деп жоққа шығаруды қолдамайды. Керісінше Абай, Мағжан, Жүсіпбектерді үлгі тұтады.
Соңғы жылдары жазылып жатқан осындай зерттеулерден ақын поэзиясының мәңгілік құндылықтарын аңғаруға болады. Кеңестік идеология қанша теріске шығарғанмен бағалы да, құнды дүниелердің уақыт өте келе жарқырай түсері даусыз. Осындай құнды дүниелердің қатарынан Мағжан поэзиясы да орын алатынын қазақ әдебиеттанушы ғалымдары ғылыми түрде дәлелдеп берді. Шынында да, жиырмасыншы жылдарда әдебиет туралы жүргізілген айтыстардың мақсаты – Мағжанды басты нысанаға ала отырып, «ұлтшыл» атанған Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Сұлтанмахмұт, Мұхтар сынды ақын-жазушыларды қазақ әдебиетінен аластау болатын. Мағжанның ескі, өтіп кеткен заманды көксейді деген пікірлер баспасөз бетінде жарияланып жатты. Кейінгі жылға дейін ұлтшылдық, байшылдық әдебиет үстем болды, жалшы бағытындағы әдебиетіміз солардың көлеңкесінде көтеріліп өсе алмады, пролетар әдебиетіне бет бермеді, өріс алдырмады деген пікірлер жалғасын тауып жатты.
Мағжан одан қалды ұлттық сипаттағы бүкіл қазақ әдебиеті «ұлтшылдықпен», «байшылдықпен», «ескішілдікпен» айыпталып бұл туралы жылы сөз естудің өзі қиынға айналып бара жатқанда Ыдырыс Мұстамбайұлының «Джумабаев и «Девяносто»» [6] атты мақаласын жариялауы үлкен азаматтық ерлік еді. Мақала бастан аяқ Мағжанды қолдап, ақын шығармашылығының күрмеуі күрделі қырларына ойлы көзбен қарауға шақырады. Партиялық басылым бетіне орысша жазылғанын ескере отырып автордың негізгі пікірлеріне тоқтала кетейік.
«Жұмабаев ұлттық тұрмыс үлгілерінен романтика жасады. Ақын өлеңдерінде басы артық қоқыс нәрсе жоқ. Ол – ешкімге ұқсамайтын ақын. Оның қарсылығын қазіргі тарихи жағдайдан іздеу керек. Жұмабаевтың лирикасын «мәдени идеалист» болған дала еркесі ақынның тебіреністері деп ұққан жөн. Революцияға дейінгі ақындардың ішіндегі көрнектісі осы Жұмабаев» [6] деп өлеңнің мән-маңызын түсіндіреді.
Ыдырыс қазақ қаламгерлерін Мағжаннан үйренуге шақырады: «Біздің қазіргі әдебиетіміз өсу үстінде. Сейфуллин мен Майлин тіл жүйесі жағынан кемеліне жетті. Тоқмағанбетов пен Мұқанов та үлкен шеберлікке еркін жетті. Бірақ та, оларға әлі де тілге қатысты, түр және шеберлік жағынан Жұмабаевтың зор пайдасы тиюі мүмкін, оларға өлең құрылысы, техникасы жағынан Жұмабаев үлгі бола алады. ... біз Жұмабаевтан жүз пайызды маркстік көркем шығармашылық талап ете алмаймыз» [6] деп аяқтайды.
Ыдырыс Мұстамбайұлы «Сын мен баспасөз туралы» [7] мақаласында сол кездегі «өзара сынды күшейтудің бір жолы баспасөз арқылы істеген істің жөнін айтып еңбекшілер жұртшылығының алдына салып таныстырып отыру» екендігін айта келіп, қазақ газеттерінің кемшіліктеріне тоқталады.
Бұл кезеңде бірте-бірте әдебиетке ықпал еткен қағидалар: таптық қисын, идеологиялық, партиялық мазмұн-талап, кейін, 30-жылдар басынан билеп-төстеген социалистік реализм. Мұның бәрі айналып келгенде ақыл-ойдың бәрін тас құрсауда ұстап, халық санасын бір тізгінде ұстау талабынан шыққаны анық. Әрі-беріден соң көркемөнерге де, көркемсөзге де шектеу қойылып, тек бірыңғай сарында  болсын деген жарлық та шықты.
 Ыдырыс Мұстамбайұлы туралы алғаш рет «Ыдырыс Мұстамбаев» [8] атты шағын мақала жазған Жекен Жұмаханов мақаласында оның «мол білім, биік парасат, алғыр ой, қарсыласын тапжылтпас берік логикасына» ерекше тоқталады.
Әдебиет сыншысы ретінде Ыдырыс Мұстамбаев ақын-жазушылардың ойшылдығы туралы пікірталасқа да белсене араласып, өзіндік ой-талғамы мен терең білімділігін таныта білген тарихи тұлғалардың бірі.
Сыншының 1920 жылдардағы әдеби айтысқа белсене қатысып, батыл пікір білдіруінен оның үлкен дайындықпен келгеніне қоғамдық ой мен әдебиет ғылымынан мол хабардар екендігіне оның «Н. Г. Чернышевский» [9] деген мақаласы айғақ бола алады.
 Халықшылдардың біруақытта Чернышевскийді өздерінің ұстазы қылып, өздерінің жолына ту қылып жүргендігін басты назарға ұстанған Ыдырыс Чернышевскийдің жеке өзіне: «60-жылдардан бергі Россияда болған өзгеріс толқындарға, марксизм орнағанша, туы болған адам – Чернышевский.  90-жылдарда Плеханов, Лениндер шығып, пролетариат жұртшылығы туғанша бұрынғы жұртшылықтың айнасы болған адам – Чернышевский» [9] деп баға береді, Чернышевскийдің философиялық еңбектерімен қатар, әдебиет мәселелеріндегі туындылары да құндылығымен ерекшеленетіндігіне назар аударады.
20-жылдардың алғашқы жартысында болған әдеби сында әдебиеттің жалпы мәселелерінен гөрі, қаламы ұшқыр қаламгерлердің күш-қуатын, алған бағытын, ұстанған мұратын айқындау төңірегінде пікірлер көп айтылып, ағым өкілдерінің шығармалары сарапқа түсіп отыратын болса, екінші жартысында марксизм-ленизм іліміне сүйенген көзқарас басым түсе келіп, адамзаттық деңгейде қарастырылатын мәселелер тысқары қалып, әрқилы ағымдардың пайда болуына себепкер болды. Идеялық-шығармашылық мақсатына қарай екіге жарылған қазақ әдебиеті бұрынғы тұтас күйдегі халық әдебиеті аумағында дамудан қала бастады. Елдің арман-тілегін тұтастай жырлауға ден қойған алашшыл қаламгерлер мен тапшылдықты жақтаған төңкерісшіл ақын-жазушылардың араларына жік түсіп, көзқарастары бірікпеді.
Дегенмен де, қазақ әдебиетінде соны ізденістердің, салмақты ой-пікірлердің пайда болып, сын өнері кәсіби жанр ретінде қалыптаса бастады. Патшалық Ресейдің цензурасы тыйым салған ой-пікірлер жарық көріп, қаламгерлердің біразының сөз еркіндігін пайдалануына мүмкіндіктері болды. Ұлттық әдебиетімізге жаңа өлшемдер еніп, әдебиет дамуының бағыт-бағдары, келешектегі міндеттері туралы кең көлемде пікірлесу өріс алды. Қаламгерлердің қалаған тақырыбына шығарма жазуына қолдары жетті.
Шындығында да, бүгінгі әлемге танылған әдебиетімізге кеңестік дәуірдегі әдебиеттің де ықпалы болғандығын жоққа шығаруға болмайды. Сондай-ақ, 20-жылдардағы әдеби сын-айтысқа қатысқан қоғам қайраткерлерінің ішінде Ыдырыс Мұстамбайұлының да өзінің терең білімділігімен, асқан парасаттылығымен әдебиет тарихында орын алуы тиіс деп ойлаймыз.
«Абай мұрасы туралы айтыс және Ыдырыс Мұстамбайұлы» атты екінші тарауда сыншының Абай шығармашылығын қорғап қалудағы сын мақалаларымен қатар, абайтанушы ғалымдардың ғылыми еңбектері жан-жақты талданады.
Жаңа бағыттағы қазақ әдебиетінің көшбасшысы, ұлы ақын Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу ісі ХХ ғасырдың бас кезінде қолға алынып, 1905-1920 жылдар аралығында қазақ баспасөзі беттерінде және жеке жинақтарда Абай өмірі мен ақындық талантына байланысты ірілі-уақты жиырмаға жуық мақала жарық көрді. Бұл зерттеу жұмыстарының басында Абайдың қайтыс болуына байланысты «Семипалатинский листок» газетінде 1905 жылы жарияланған азанама-мақаласымен алаштың біртуар перзенті, көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов тұрса, «Абай» журналының 1918 жылғы №2 санында «Екеу» деген бүркеме есіммен «Абайдың өнері, хәм қызметі» деген мақаласымен жазушылық жолға жаңа түскен болашақ үлкен дарын иелері Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов бүкіл өмірін Абайды біліп тануға, насихаттап жариялауға, бүкіл жер жүзіне танытуға сарп етіп, абайтану атты қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа бір саласының негізін қалады.
Көрнекті ғалым, академик З. Ахметов ««Абай және Әуезов» атты еңбегінде Абай мен Әуезов арасындағы үндестік туралы ойын былайша таратады: «Олар екі дәуірдің перзенті болуымен қатар, бірін-бірі қайталамайтын, біртуар өзгеше дарын екендігі де, әрине, есте тұту шарт. Абай ойшыл, философ, сазгер, ағартушы, екені рас, бірақ ең алдымен – ақын. Ақын болғанда, ұлы ақын, классик ақын. Әуезов ақын емес, бірақ шебер прозаик-суреткер, драматург ретінде ақынға жақын. Әуезовтің прозалық шығармаларында да, драмалық туындыларында лирикалық сарындар, лирикалық сезімталдық айқын көрініс беретін тұстар аз емес. Бірақ ол – алдымен кең құлашты романист-жазушы, эпостық жанрдың асқан шебері және оқиғаны шиеліскен талас-тартыс, қақтығыстармен көрсете білетін драматург» [10, 10] деп   Әуезовтің шығармаларында Абайдың ақындық өнерімен астаса алатын бұл айтылған жайлар бірін-бірі ешбір жоққа шығара алмайтынын дәлелдейді. Абайтануды дербес ғылым дәрежесіне көтерген Мұхтар Әуезов болғандығын, М. Әуезовтің Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылым саласының мызғымас негізі болып табылатындығын баса айтады [11, 10].
Жүсіпбек пен Мұхтар бірлесіп жазған мақаладан кейін кеңес заманы тұсында Абайдың ақындық мұрасы жайлы алғашқылардың бірі болып қалам тартқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы Ыдырыс Мұстамбайұлы болатын. Абайдың қайтыс болғанына жиырма жыл толуына байланысты жазылған Ыдырыстың «Ұлы ақын – Абай» атты мақаласы 1924 жылы Семей губерниялық «Қазақ тілі» газетінде (қазіргі «Семей таңы» газеті) жарияланды [12]. Сыншының бұл мақаласы ұлы ақыннан қалған бай мұраны іс жүзінде ғылыми жүйеге келтіріп, жан-жақты зерттеу, жарыққа шығару жұмыстарын шындап қолға алуға мұрындық болды.
Ыдырыс Мұстамбайұлы өзі де түрлі лауазымды қызметтер атқарғанымен Абай мұрасын үнемі назарда ұстап, сол кездің қасаң саясатынан қызғыштай қорғады, ұлы ақынды халық санасынан өшіріп, шығармаларын жоққа шығаруға тырысқан, шенеуніктер мен кейбір қаламгерлер әрекеттеріне аяусыз тойтарыс беріп, дәлелді түрде қарсылық білдірді, ескі атаулы мен көне мұраға тыйым салған Сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе қаһарынан еш қорықпай, ұлы ақынның  қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше орны мен мән-маңызын жете ашып берді. Сыншы Ыдырыс ақын шығармаларын талдай келіп, Абайдың ұлылығын таныды, батыл түрде алғаш рет «Ұлы ақын» деп жариялады. Абайды байшылдық әдебиет өкілі деп қарап жаңылыс басқан Сәбит Мұқановтың «Әркім өзінше ойлайды» [13] деген мақаласына жауап ретінде жазылған Ыдырыстың «Абай» атты көлемді зерттеу мақаласы [14]  «Жаңа әдебиет» журналында жарияланды да, сол жылдардағы әдеби өмірде үлкен қозғалыс туғызып Абай шығармашылығын зерттеуге жаңа серпін әкелді.
Қазақ әдебиетінде өткеннің әдеби мұраларын зерттеуде Абайдың шығармашылығы туралы айтыс орталық мәселе болды. Ұлы ақын туралы пікірлер жиырмасыншы жылдарда-ақ айтыла бастаған болатын. Б. Кенжебаев «Абай» атты мақаласында [15]  Абайды «халық ақыны» деп дәлелдеген болатын. Бірақ, кейіннен әдебиеттану ғылымында тұрпайы социализмнің өріс алуына байланысты ақын шығармашылығы жайында біржақты солақай пікірлердің бой көрсеткен кездері аз болмады. Отызыншы жылдардың бас кезінде Абай туралы жазылған мақалаларда ақынның шығармашылығы көбіне оң бағасын алмады.
Ыдырыс Мұстамбайұлы «Абай» [14] атты сын-айтыс  мақаласында: «Әдебиет айтыстарымыздағы негізгі мәселенің бірі – ескіні тексеру» екендігіне мән бере отырып, «тарих, ғылым, өнер, салт-сана, әдебиет мәселелерін тексергенде бізге даңғыл жол – марксизм»  дейді. «Жаңа әдебиет» журналының (1928) үшінші, төртінші сандарындағы «ескілік» деген бөліміндегі С.Мұқановтың ескі мұраларды қалай тексеру керектігін айтқанына тоқталады.
Ескілерді білу деген қалай болатынын, бізде қалған ескі мұраның бірі –Абай екенін айта келіп, Ыдырыс: «Бірақ сол Абайдың құлағын қаншама шулатсақ та оның кім екенін, артық-кем жері қайсы, пайдалысы қандай, керектісі не екенін білмейміз. Бұл мәселелерде әлі күнге шейін негізсіз таластардан әрі аса алмай жүрміз» [14] деп сынай келе, бір ауыз сөз айтқан кісінің ар жағынан сұмдық іздеудің ешбір орны жоқ екендігін айтады.
Абай шығармашылығына тағылған орынсыз пікірлерге қарсы шыға отырып, Ыдырыс Абай туралы өз пікірін толығырақ жазуды міндет көреді. «Абай туралы «өр көкірек», «ұрдым-жық» мінез көбінесе Сәбит жолдаста болады. Бұған қарсы жауапқа алдымен сөзді өлген ақынның өзіне берейік» деп, Ыдырыс Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» өлеңінен үзінді келтіреді.
Жалпы, ақынның бұл өлеңіндегі мақсаты өмір шындығының бетін ашып қана қоймай, мақсатты орындау үшін не керек екендігін де ашық көрсету болатын. Адамгершілікті ту етіп ұстаған Абайдың даналығының бірі – сол дәуірде өз ортасында озық шығып, халықты мәдениеттендіру мәселелерін жыр етуінде еді. Бұл тек Абайдың ғана емес еңбек, ғылым, адамгершілікті жырлау жер жүзіндегі ұлы, данышпан адамдардың бәрінің де көңіл бөлген мәселелері болды. Ұлы жазушылар, ұлы ақындар халықпен халықты жақындастырады, ұлт пен ұлтты бауырластырады. Абайдың бір өзі қазақ халқын қанша елге танытты. Дүние жүзінде оны білмейтін прогресшіл ел жоқ десе де болады.
Абайдың ақындығын зерттеген Ыдырыс Абайдың өлеңдеріне талдау жасай отырып, өзінің сыншылық шеберлігін де байқатады. Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Қабыл көрсе сөзімді» деген өлеңдерін  мысалға ала отырып, Ыдырыс: «Орыстың тұңғыш Державин, Майков, Козловтар секілді ақындарын былай қойып, Пушкиндерді алсаңыз да өлең ақындық туралы айтқан сөздерінің көркемдігі, мағынасы осындай-ақ. Қайта өлеңге, ақынға бұлардан гөрі Абайдың көзқарасы дұрыс» [14] деп, өзінің сыни әділ бағасын береді.
Абайдың лирикасы туралы айтқан кезде мұндай жырлар атақты ескі ақындардың бәрінде де болғандығын айта келіп, Ыдырыс Абайдың тіл шеберлігін де жоғары бағалайды: «... Ал, тіл жағына келсек Абай өте шебер. Өлеңдерінің көбі жабайы тілмен келіп жеңіл оқылады. Тағы сол жабайы тілмен отырып, орайтын мағынасы тым үлкен, қозғайтын сезімдері аса нәзік болады. Өлеңдерінің ішінде хат танымайтын қара қазақтар түсінбейтін сөздер, орамдар жоқ. Тек анда санда бірер жерлерде орысша, не бір бөтен басқа тілдер кездеседі. Міне ақынның бір қадірі осы...» деп тіл жағына келгенде Абай Пушкиндей болмаса да, істеген еңбегінің қадірі одан бір де кем болмағандығын атап өтеді.
Ыдырыс Абай аудармаларына да ерекше тоқталып өтеді. Аударма – ең қиын да күрделі өнердің бірі. Абай – аудармашылықты жетік меңгерген, аударманың керемет шебері. Ыдырыс айтқандай, оның шеберлігі мынадан білінеді: «кейбір орыс өлеңдерін қазақ тіліне аударғандары өзінің төл өлеңінен артық деуге болады. Орыстың әдебі болған толғаулы, ырғақты, нақсыты бай тілімен жазылған сөздерін қазақтың кедей, дөкір тілімен ұғымды, мағыналы, терең, тілге жеңіл келтіріп переводтауы мейілінше ұсталығы. Кейбір өлеңдерді, мысалы: «Қараңғы түнде тау қалғып», «Тұтқындағы батыр», «Кинжал», «Жолға шықтым бір жым-жырт» қалыбынан, мағынасынан һеш аудармай перевод еткен. Кей жерлерде сөздің мағынасынан ғана алып, қазақтың ұғымына ыңғайлап сырт пішінін өзгерткен. Абайдың ақындығының еркіндігі сол: кейбір переводты өз өлеңінен асырып, түрлеп жіберген. Мысалы. «Теректің сыйы», «Онегиннің хатын», Пушкиннің геройынан өзгертіп, тілін сұлулап перевод қылған» [14].
Ыдырыстың бұл талдауына ешбір дау келтіруге болмас. Тағы бір ескеретін мәселе, зерттеуші Абай аудармасының оның төл шығармасынан еш айырмасы жоқ екендігіне назар аударып, ақындық шеберлігіне сүйсінеді. Барлық сөздер, ұғымдар қазақша түсінікті.
Сондай-ақ Ыдырыс Абайдың Крыловтан аударған мысалдарына тоқталып, «тіл жағынан, орам жағынан сұлулығына, елдің ұғымды, жатымдылығына» баға бере келіп, «Крыловтың мысалдарының қазақтың құлқына, мінезіне жатымды екені басқа, ал Абайдың тілі оларды жандандырып жібереді десе де болады» деп, мысалдармен дәлелдейді. «Абайдың «Шырылдауық шегіртке...», «Басы айналды қарғаның, сұмның айтқан сөзіне» деген өлеңдерін мысалға ала отырып, Ыдырыс «Міне бұл секілді тіл Крыловтан артық болмаса несі кем? Орыс тілін білетін жігіттер біздің пікіріміздің дұрысын, бұрысын Крыловтың өз өлеңдерімен салыстырып, сынасын» [14] деп тілді жеңіл көретін, үйрену деген нәрсені оңай ғана санайтындардың есіне тағы салады.
Ыдырыс Абайдың жалпы сөздерін алғанда беті – жаңалықта болғандықтан мұндай адамдарды жаңашыл (новатор) дейтінін, олардың сөздері – тарихтың бір белінің жаңа салып кеткен соқпағы болатынын, қорытып айтқанда Абай қазақ ішіне жаңа орнап келе жатқан сауда капиталы дәуірінің шала соқпағы деп танитынын айтады.
Абай ақын болса, тобықтының ғана ақыны, жалпы қазаққа ортақ ақын бола алмайды, Абайды ақын деп көтеріп жүруші адамдар тобықтылар дейтұғын жолдастардың бар екендігін айта келіп, Ыдырыс бұған былайша жауап қайырады: «Бұл жолдастар не Абайды білмейді, не әдебиеттің не екенін білмейді. Абайды мақтасақ та өзіміз тобықты емеспіз. Және де тобықты деген тентек елмен аталарымыз жауласып, қан төгісіп өткен. Алдымен осыны айтып қоймасақ, біреу мені де тобықты болған соң Абайды жақтайтын шығар деп жүрер» [14] деп қазақты руға бөліп іштен ірітушілерге қарсы тұрады. Абайдың өлеңдері тобықтыдағы әңгімелері болсын, мейлі басқа бір елден алынған әңгімелері болсын, ол кездегі ата-руға бөлінген қазақтың салт-санасы, қай жерде болсын бірдей болғандығын, сондықтан тобықтыға арнаған сөздер жалпы қазақ еліне бірдей айтылған ортақ сөз болып қалатындығын айтады.
1920-жылдары Абай шығармашылығына теріс көзқарас білдірушілердің бірі ретінде және ең қауіптісі ретінде Ілияс Қабыловты атап өтуге тура келеді. Ыдырыс өзінің «Ақын Абай және пәлсапашыл Ілияс туралы» [16] атты мақаласында, Ілияс Қабыловтың мақаласындағы: «...Сондықтан Абайдың дүние тану әдісінен үлгі алудың керегі жоқ. Өйткені, Абайдың дүние тану әдісі біздің әдісімізге үйлеспейді. Оның дүние тану әдісі – ұлтшылдық, қиялшылдық, біздің дүние тану әдісіміз затшылдық диалектика. Қазақстанның жас жұртшылығы соны үйренуге, бұл жөнінде Абайдан үлгі алмай Маркс, Плеханов, Лениндерден үлгі алу керек» [17] деген пікіріне Ыдырыс былай жауап береді: «Өзінше Ілияс жолдас мұны әбден тауып айттым деп отырған шығар. Абайды марксшіл, диалектикашыл емес деп сөгу балалық емес пе? Ал, дүние тану әдісін, пәлсапа жәйін Абайдан іздемей Ленин, Маркстен үйрену керектігін біздің жас жұртшылығымыз Ілияс жолдастың шалағай пәлсапасынсыз да, байбаламынсыз да білетін шығар» деп батыл пікірін айта келіп, ары қарай былай жалғастырады: «Қасқыр сазайын қомағайлықтан тартады ғой. Әйтпесе биыл Октябрь төңкерісіне 11 жыл болғанда жаңа жұртшылығымыз жетіліп өсіп қалғанда диалектиканы Абайдан үйренбей Маркстен үйрен деп шұбатылған пәлсапа соғу орынсыз» [16]. Расында да, Абайдың пәлсапасы марксизмге үйлеспейді, Абайдың дүниеге көзқарасы теріс деп, Абайдан марксизм ілімін іздеу ақылға мүлдем сыйымсыз екендігі айдан анық. Бұл тұрғыдан келгенде Ыдырыстың пікірімен толық келісеміз.
 Абай дүниетанымы туралы да кезінде саясаттың кесірінен көптеген солақай пікірлер болды. Ақынға қасақана жала жабылып ол «байшыл, феодализмді көксеген ақын», ол «нағыз діншіл ақын» т.б. толып жатқан кінә тағылды. Кейінірек Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы тиісті бағасын алған кезде, Абайға жала жабу тоқталғанымен, оның дүниетанымын «зерттеудегі» тұрпайылық сақталып қала берді. Материализм мен идеализмнің «күресі» пәлсапалық мәнінен айрылып, саяси мазмұнға ие болып тұрған заманда Абайды зерттеген ғалымдар оны ие материалист ете алмай, не идеалист ете алмай, не атеист ете алмай әуре-сарсаңға түсті.
Өйткені, Абай нені оқыса да, қандай философиялық жүйелерге қызыға ден қойса да ешқашан солардың шылауында кетпеген, өзіндік қорытынды жасап отырған. Абай нені, кімді оқыса да зерттеп, үңіле оқиды. Олардан жаңа үлгі алады, үйренеді. Абайдың абайлық негізгі ерекшелігі де осында. Осы ерекшелік оның дүниетанымының дұрыс қалыптасуына көмектесті.
 «...Ал, Ілиястың мамандығы пәлсапа болсын, бірақ Абай ақын ба, жоқ па, қазақ әдебиетінде Абайдың орыны қандай, осы күнгеше бұларды білмей тексермей жүрген Ілиясты үлкен пәлсапашыл деп айта салмадық» дей келе Ыдырыс «пәлсапа, өнер, әдебиет, сыншылдық дегендердің бәрі қоныстас, аралас отырған ғылымдар, бірімен-бірінің жалғасы мол екендігін философ дегендер, сыншы дегендер, ақын дегендер бірінің сырын бірі қайтсе де білу керек екендігін» [16] айтады.
 «Абайдың пәлсапасы» [16] деген тараушасында Ыдырыс Абайдың философиясына тереңірек тоқталады. Ыдырыс Абайға былайша баға береді: «Абай біртұтас пәлсапа пікірін қалдырып кетпесе де, заманына қарай зор адам болған. Бұны тану керек. Абай үлкен ойшыл адам болған» [16]. Расында да, Абайды философ ретінде қарастырғаннан гөрі, ойшыл деп атаған жөнге келетін тәрізді. Өйткені, философ атауына қарағанда, ойшылдық кең  ауқымды қамтиды және әлдеқайда мәндірек. 
М. О. Әуезов айтқандай: «Шын мәнінде алғанда, Абай философ емес, ғылымдық кең мағынасында алғанда, Абайдың арнап жазған философиялық жекеше терең толғаулы еңбектері, трактаты жоқ» [18, 480]. Осы пікірді жолдаған жазушы сонымен бірге Абайдың философиялық дүниетанымын зерттеуді мақсат еткен: «Және осындай ойшылдық белгілерін жеке философиясы деп атамасақ та, ақынның даналық, философиялық көзқарастары деген тұрғыда мейлінше түгел қамтып, тексеріп, талдай білуіміз керек» [18, 410]. Жазушының ой-пікіріне толық қосыла отырып, Абайдың философиясын терең зерттеуге мүмкіндіктің туғанын айтуға болады.
Түбегейлі зерттеліп, білікті ғалымдардан тиісті бағасын алып үлгермеген Абай әлемінің ашылмаған сыры әлі көп. Ақынның діни-әлеуметтік философиясына да біржақты баға беріліп, теріс пікірлер де кездесіп жатты. Абайдың дүниетанымы жөніндегі ғылыми-қоғамдық пікірталас әлі де жүріп жатыр. Белгілі әдебиетші-ғалым, профессор Ә. Қоңыратбаев мынадай естелік айтады: «...Сөз кезегін алған Мұқаң мінбеге көтеріліп: – Абай философиясын зерттеу әрине, жақсы бастама. Бірақ оны журналистік шолу емес, теориялық тұрғыдан зерттеген дұрыс болар еді. Абайдың әдеби мұрасына келгенде оның ақындығын баса көрсеткеніміз жөн. Пушкиннің философиясын зерттеп олжа тапқандар орыс халқында көп емес. Олар Пушкинді ұлы ақын деп дәріптейді. Біз де осы арнаға түссек қайтеді» [19, 169] деді.
Кемеңгер жазушымыз Мұхтар Әуезовтің бұл пікірінің келешекте де маңызының зор болатыны даусыз.
І. Қабылов өзінің мақаласын: «Абайдың пәлсапасы, Абайдың қоғамға көзқарасы деп әлденешеге бөлгенін» айта келіп, Ыдырыс олардың ішінде Гегельдер, Фейербахтардың үлкен пәлсапалары жүргендігін, бірақ Абайдың бұл өлеңдерінде Ілияс туғызған зор пәлсапасы, баланың ойыншығы секілді болып шыққанына назар аударады.
Ыдырыс Абайдан соңғы жазба әдебиет тіл жағынан өнегені Абайдан алғандығын, тілдің бұқараға ашық түсінікті болу жайын кейінгі ақындар Абайдан үйренгендігін, тіл жағынан көп ел әлі де болса Абайдан кем екендігін ерекше атап өтеді.
Қорыта келе, ХХ  ғасырдың  20-жылдарында кеңестік идеологияға сай келмейтін туындылар қатты сынға ұшырағандықтан, Абай дәстүрінің дамуы, жалпы адамзаттық ортақ мәселелер әдебиет тарихында өз шешімін таба алмады. Әдеби туындылар, жеке қаламгерлердің көзқарасы әдебиеттің партиялығы туралы В. И. Лениннің теориясы шеңберіндегі өлшеммен өлшенгендіктен, қазақ әдебиеті өзінің табиғатынан, даму заңдылықтарынан айырылып, жаппай науқаншылдық өріс алды. Десек те, кеңестік дәуірде қазақ әдебиетінің тарихы күрделі де, қайшылықты жағдайларға толы болғанымен, сонымен бірге бұл дәуір қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің өсу, өркендеу жолында айтарлықтай жаңалықтар әкелген кезең болғаны да даусыз.
Соның ішінде, жиырмасыншы жылдары екі дүркін айтыс болған абайтану ғылымында да әдебиеттанушылардың, қоғам қайраткерлерінің айтарлықтай қосқан табыстары болды. Абай мұрасын қорғап қалуда үлкен қажыр-қайрат танытқан көрнекті қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, сыншы Ыдырыс Мұстамбайұлының да абайтанушылардың қатарында өз орнын алары сөзсіз. Оның әсіресе, Абай мұрасына қарсы шыққан І. Қабылұлының мақаласына екі тілде бірдей жауап жазған мақаласының әдебиеттану ғылымындағы орны ерекше. Сондықтан да оның Абай шығармаларын зерттеу тарихындағы өзіндік орнын айрықша атап өткен жөн. Қаламгер еңбектерінің Абай мұрасына қатысты қағидаларын ғылыми тұжырымдау мақсатында оның мақалаларына сүйенуді жөн санағандықтан, түпнұсқадан үзінділер көптеп келтірілді. Нәтижесінде, Ыдырыс Мұстамбайұлының абайтануға қосқан үлесі ғылыми тұрғыда тыңғылықты зерттеліп сарапталды.   
Қорытындыда 1920-жылдардағы қазақ әдеби сынын қалыптастырып дамытудағы Ыдырыс Мұстамбаев еңбектерінің мән-маңызы ашып көрсетіледі. Бұл ретте, Ыдырыс Мұстамбайұлы біріншіден, сыншы ретінде 1920- жырдардағы көркем әдебиет туралы пікірталасқа белсене арасып қана қоймай, сол жылдардағы солақай саясаттың ықпалына түспестен, ұлттық мүддені жоғары қоятын берік ұстанымынан таймай, өзіндік батыл пікірлерімен көзге ерекше түссе, екіншіден, ұлтымыздың рухани байлығы, әдебиетіміздің темірқазығы Абай шығармашылығын жоққа шығаруға тырысқан кейбір қаламгерлердің теріс пиғылды мақалаларына батыл түрде тойтарыс беріп, абайтануға өзіндік үлкен үлес қосты. Үшіншіден, Ыдырыс Мұстамбайұлының зұлматты жылдарда алаштың саңлақ ақыны М. Жұмабаевты кеңестік идеологияның айыптауынан арашалап алып қалуға тырысып жазған мақаласының да мағжантануда алар орны ерекше деп қарау керек.
 

Приложенные файлы

  • docx 472298
    Размер файла: 67 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий