Исламда 8 ?кім бар — копия


Исламда 8 үкім бар:
1)Парыз-бұл орындалуы тиіс амалдар.АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ бұйрығы.
Парыз 2-ге бөлінеді.Парыз айн және Парыз кифая.
Парыз айин дегеніміз-әркім өзі міндетті түрде орындауы керек болған амал.Мысалы:5 уақыт намаз оқу.Яғни бір адам басқа біреудін орнына намаз оқымайды.
Парыз кифая-Бірнеше кісілердің орындауы нәтижесінде,басқалардың мойнынан парыздығы түсетін амал.Мысал:Жаназа намазын оқу сияқты.Бірнеше мұсылман өлген адамның жаназасын оқыса,парыз болған міндет орындалғандықтан,қалған мұсылмандардың мойнынан түседіде,жаназа оқулары қажет емес болады.Ал егер себепсіз жаназа намазы оқылмай қалса,күнәсі барлығының мойнына жүктеледі.
2)Үәжіп- Парыз сияқты нақты болмағанымен күшті бір дәлелмен орындалуы әмір етілген ғибадат.Мысалы:Айт намазын оқу,пітір садақасын беру және құрбандық шалу сияқты.
Үәжібтің үкімі-үәжіп амалдарын орындаған адам зор сауапқа ие болады,ал орындамаған кісі немесе орындау мүмкіндігі бола тұра
3)Сүннет-Парыз бен үәжіптен басқа,Пайғамбарымыздың ғибадат ниетімен жасаған амалдары.
Сүннет 2-ге бөлінеді.
1)Бекітілген сүннет-Пайғамбарымыздың әрдайым орындаған амалдары.Мысалы:Таң немесе бесін ақшам намаздарының сүннеттері.
2)Бекітілмеген сүннет-Пайғамбарымыз кей кезде орындап,кей кезде орындамаған амалдары.
Сүннетті орындасаң сауап аласың,орындамасаң Пайғамбарымыздың(С.А.С) шапағат етуінен құр қаласын.
4)Мұстахаб- Пайғамбарымыздың кееде істеп кейде істемеген амалдары.Мысалы:Дұха намазын оқу сияқты.Жақсы көрінген амалдар.Мұстахаб орындаған адам сауап алады,орындамаған күнә жазылмайды.
5)Мүбах-бұл амалды орындаған кісі сауапта алмайды,орындамаған кісі күнәғада батпайды.Мысалы:отыру,жүру,ұйықтау секілді.
6)Харам-Дініміз бойынша орындаған кісіге қатаң түрде тыйым салынған амал.Жазықсыз адам өлтіру,ұрлық жасау,арақ ішу,доңыз етін жеу,ата-анаға қарсы келу т,б
Харамның үкімі-Харам орындаған кісі қатты азапталып,жазасын тартады.Алладан қорқып сақтанған адам сауап алады.Харамды жоққа шығарған адам діннен шығады.
7)Мәкрүһ-Харам сияқты болмағанымен дінімізде орындалуы әдепсіз деп саналатын нәрселер.
Мәкрүһ 2-ге бөлінеді
А)Харамға жақын мәкрүһ-уәжіптерді орындамау сияқты т.б,мұның үкімі мұндай мәкрукһті істеуден сақтанған кісі сауап алады.Істеген кісі күнәһар болады.
Ә)адалға жақын мәкрүһ- сүннетпен мұстаһабтарды орындамау сияқты және т.б
Мұның үкімі- осы сияқты мәкрүһтерден сақтанған адам сауап аладыда,ал істеген жазасын шекпейді.
8)Муфсид- бастап қойған қойған ғибадаттарды бұзатын әрекеттер.Мәселен намаз кезінде сөйлеу,ораза ұстап жүрген кезде біле тұра әдейі тамақ ішіп жеу,мұндай жағдайда намазда оразада бұзылады.
Муфсидтің үкімі-Бастап қойған ғибадатты біле тұра әдейі бұзудың соңында азап бар.
Тазалық
Сулар негізінен екіге бөлінеді:
А) Таза сулар: Жаңбыр суы,қар суы,өзен,көл,теңіз,бұлақ және құдық сулары.Су дегенде ойымызға осылар келеді.Бұл суларға ештеңе араласпаған.Яғни таза сулар.
Ә)Аралас сулар-Гүлдің суы,жеміс-жидек сияқты басқа нәрселер араласқан сулар.
Тазалық жөнінен сулар 2-ге бөлінеді
1)Әрі таза әрі тазарту мақсатында қолданылуы мәкруһ емес сулар.
Бұлар:Түсі,дәмі,исі бұзылмаған,негізі өзгермеген,және қолданылмаған сулар.Бұл сулармен әртүрлі тазалық жасалынып,дәрет,ғұсыл,алынады ішу үшінде пайдаланылады.
2) Әрі таза әрі тазарту мақсатында қолданылуы мәкруһ болып есептелетін сулар.
Бұлар:мысық тауық сияқты үй жануарлары мен қаршыға, бүркіт сияқты жыртқыш құстардан қалған сулар.Басқа таза су бола тұрып,мұндай сулармен дарет,ғұсыл алу,ішу немесе тамаққа пайдалану мәкруһ.Басқа таза су жоқ болса онда пайдалану мәкрүһ емес.
3)Өзі таза болғанымен басқа нәрселерді тазалауға жармайтын сулар
Бұлар-дәрет пен ғұсыл аларда қолданылған сулар.Мұндай сулармен қайтадан дәрет,ғұсыл алынбайды.
4)Таза емес сулар-ішіне нәжіс түсіп кеткен сулар
Иттің, доңыздың және басқа жытқыш аңдардан қалған сулар да таза емес және ешқандай тазалық үшін қолданылмайды.
5)Күмәнді сулар-Бұлар есек пен қашырдан қалған сулар.Мұндай сулармен лас нәлселерді жууға болады.Бірақ басқа таза су тұрғанда,бұл сумен дәрет,ғұсыл алуға болмайды.Басқа су жоқ болса дәрет,ғұсыл алынады,артынан таяуммум алынады.Өйткені мұндай сулардың тазалығында күмән бар.
Әжетхана әдебі
Әжетханға кірерде Пайғамбарымыздың мына дұғасы оқылады:
«Аллаһумма инни аьузу бика минал хубси уәл хобаис» «Аллам ластықтықтан және лас нәрселерден саған сиынамын»
Сол аяқпен кіріп,оң аяқпен шығу керек.Сыртқа шыққан соң:
«Әлхамдулилләһи әлләзи әзһәбә әнни әл-әзә уә афани» Қиындықтан арылтып, жеңілдік бергенАллағашүкір.Ел жүретін жерген дәрет сындыру дұрыс емес Пайғамбарымыздың «Екі лағынет етілгеннен сақтаныңдар»-дейді.Сахабалар:Олар кімдер дегенде?Ол:Адамдардың жүретін жолына дәретсындырғандар. Деп айтқан.
Истинжа
Истинжа-қан,мәни,үлкен дәрет,кіші дәрет,сияқты ластықтардан тазалану.Қасында адам бола тұра астыны тазалау мәкрүһ.Су арқылы немесе сахарада таспен де тазалауға болады.Бірақ кірпіш,көмірмен,шөппен,сүйекпен,мақта,әйнек,жапырақпен астыны тазалау мәкрүһ.
Истибра- кіші дәрет қалдықтарынан түгелдей арылу. Кіші дәретке истибра жасау сүннет.Истибар дарет алмастан бұрын аздап күту,жүру,жөтелу арқылы жасалады.Бұл ер кісілерге байланысты.
Дәрет
Дәрет-белгілі-бір мүшелерді тәсіліне қарай жуу және мәсіх тарту арқылы жасалынатын тазалық. Дәретте 4-парыз бар.
1)Бет-жүзді жуу; 2)Қолды шынтаққа дейін жуу 3)Басқа мәсіх ету
4)Аяқтарды тобықпен қоса жуу
Дәреттің уәжіптері
Ақыл есі дұрыс болу керек.
Балиғат жасқа толу керек.
Мұсылман болу керек.
Жууға денсаулығы жету керек.
Жаназа намазы бітуге аз қалғанда тәйәмум алып оқыса болады
Дәреттің дұрыс болу шарттары:
1)Дәрет алатын су таза әрі,дәрет алуға белгіленген ағзаларға жету керек.
2)Дәретті бұзатын (Қан,нәжіс,нифас) тоқтауы қажет.
3)Денеге судың тиіуіне кедергі болатын нәрселерден арылу керек.Мысалға:Киім,қолға клей немесе краска жағылып қатып қалса онда оны кетіру керек.Өйткені олар денеге су өткізбейді.Мәселен,майлы тамақ жеп болғаннан кейін қол немесе ауыздың жан-жағы май жағылады соны сабындап тұрып жуу керек.

Дәреттің толық болуының үкімдері жайында
Беті қалың сақалды кісілерге сыртын ғана жуу уәжіп.Сақалы сирек,жұқа болса онда ысқылап жуу керек.
Шаш маңдайға түсіп тұрса,үстінен жуа беруге болады.Тырнағыңыз өсіп кетсе астын жуу уәжіп емес.Ал егер нан илесеңіз қамыр жабысып қалса онда тырнақтын астын жуу керек.
Егер аяғыңыздың өкшесі жарылып кетсе,оған крем жағып,немесе дәрі жағып қойсаңыз,ол ысқылап жууға зиян келтірер болса,онда бетін ғана жууға болады.
Жүніп бола тұра шаш,тырнақ алуға болмайды.
Дәреттің сүннеттері.
Қолды білекке дейін жуу
«Биссмильля» айту
Мисуак қолдану.Егер де мисуак жоқ болса саусақпен ауызды ысқылау.(Оң қолмен)
Мадмаза-қолға су алып ауыз шаю
Мұрынды 3-рет шаю
Мұрынды шайқағанда ораза болған адам қатты тартуға болмайды
Сақалы қалың адам-сақалдың астын салалау.
Саусақты салалау.
Ағзаларды 3-реттен жуу.
Шаштың бір бөлігін мәсіһ ету парыз болып табылса,ал сүннет бойынша екі қолмен толықтай мәсіһ ету.
Құлаққа мәсіһ ету.
Жууған кезде ысқылау.
Арты-артынан үзбей жуу керек.
Ниет ету
Тәртіп сақтау.Құрандағы тәртіп бойынша
Дәретті оң жақтан бастап жуу.
Саусақтардан бастау
Мойынға мәсіһ ету.
Дәреттің әдептері
Сәл биіктеу жерге отырып дәрет алу.
Құбылаға қарап дәрет алу
Біреуден көмек сұрамау керек.Су құюға
Адамдармен сөйлеспеу керек.
Тілмен мен жүрек бірдей ниет ету керек.Мысалға тілмен дәрет алуға ниет еттіңіз,бірәқ жүрегіз дәрет алуды қаламай тұр.
Дұға жасау
Әрбір ағзаны жуғанда «Биссмильляны» айту
Сұқ саусақты астымыздың тесігіне кіргізіп,сызықтармен жүргізіп жуу.
Кең сақинаны қозғап жуу әдеп.
Оң қолмен ауыз бен мұрынға су алу әдеп.
Сол қолмен ауыз бен мұрынды сіңбіру
Уақыты кірместен алдын дәрет алу
Дәрет алып болған соң Калима-шаһадат айту
Дәрет алып болған соң артылған судан ішу.Дұға жасау керек. «Уа, Аллам мені ең көп тәубе етуші,Ең көп тазаланушылардан қыла көр.
Дәреттің мәкрүһтері
Ысырап ету мәкрүһ
Суды аз мөлшерде жуу мәкрүһ (Су көп болса)
Суды бетке ұрып жуу
Сөйлесу мәкрүһ
Қол-аяғы сау бола тұра біреуден көмек сұрау мәкрүһ
Бір реттен мәсіһ етілетін ағзаларды үш реттен жуу
Дәреттің үкімдерінің түрлері:
Фарз-жанза намазға,Құранды ұстауға,намаз оқұға дарет болу керек.
Уәжіп- Қағбаны тауап ету үшін дәрет болу уәжіп.
Мәндүп-дәретпен ұйықтау,әрдайым дәреттпен жүру.
Дәретті бұзатын заттар
Үлкен кіші нәжіс дәретті бұзады.
Әйел босанғаннан кейін қан көрсе бұзылады
Ірің,қан,құсық
Түкіргенде қан көп болса дәрет бұзылады
Ұйқы дәретті бұзады
Намазда күлгенде-егер өзің еститіндей күлсе тек намаз бұзылады,және барлық адам еститіндей күлсең дәретіде бұзылады.
Дәретті бұзбайтын жағдайлар:
Қан жанына жайылмаса дәрет бұзылмайды
Кесілген тері немесе еттен қан шықпайынша дәрет бұзылмайды.
Жыныстық мүшеңді ұстау дәретті бұзбаиды
Құсық егер аузыңа шықпай жұтқыншаққа келіп,жұтып жіберсе дәрет бұзылмайды.Ал намазда тұрғанда ауызға келіп тілге шығып кетсе дәрет бзылады.Толмай кеңірдекке келіп тұрып қалса онДА БҰЗЫЛМАЙДЫ
Қақырық жұтса дәрет бұзбайды.Дәрет алып болғаннан кейін сүртіп орамалды қалтаға салып намаз оқу мәкрүһ
Қалғып кетсең тік отырып дәретті бұзбайды
Ғұсыл
Құрғақ жер қалмастан түгел денені жуу яғни шомылу «Ғұсыл» деп аталады
Ғұсылды қажет еттіретін жағдайлар
Мәни шықса,жүніптік халде
Жыныстық мүшеңнің басы кірседе ғұсыл қажет
Өлі әйелмен немесе жануармен жыныстық қатынаста болса,егер мәни(ұрық) шықса ғұсыл алу керек
Ұйқыдан тұрғанда ішкиім ылғалданып тұрса,мәни шығып кетсе
Мас адам,талып есін жиған адам іш киімі ылғал болса ғұсыл қажет
Әйел адам хайыз тоқтағаннан кейін ғұсыл алу қажет
Бала туғаннан кейін 40-күннен кейін нифас тоқтағаннан кейін ғұсыл алу қажет.40-күндік намаздың қазасын өтелмейді
Өлген адамға ғұсыл құйындырады
Балиғат жасқа толған,асып кеткен адам Ислам дінін қабылдаса Ғұсыл алады
Ғұсыл алынбайтын жағдайлар
1)Мәзи- шықса алынбайды.Яғни бұл жабысқақ,қою сары нәрсе шықса ғұсыл алу керек емес
2)Уадди-Ақ нәрсе,яғни жабысқақ емес,аппақ болады
3)Ихтиләм-Түсіңде жүніп болып,бірәқ ішкиім таза болса ғұсыл керек жоқ
4)Әйелдер босанғаннан кейін қан шықпаса,онда ғұсыл керек жоқ
6)Өлі адаммен жыныстық қатынас жасасса бірәқ мәни шықпаса ғұсыл қажет емес
Ғұсылдың парыздары:
Ауызды шаю
Мұрынды шаю
Бір денені бастан аяқ жуу
Жуынып жатқан кезде:
Кіндік жуу
Балиғат жасынан асып кеткен адам Ислам дінін қабылдап,бірәқ жыныс мүшесінің басы,терісі жабылып қалса онда оның ұшын тартып жуу керек
Әйелдердің сырға тағатын құлақтарының тесіктерін жуу керек
Ер адамның шашы өрілген болса,оны босатып түбіне дейін жуу керек
Әйелдердің шаштары ұзын немесе өрілген болса оны босатпайақ түбіне су тигізсе болды
Сақалды кісілерге ысқылап жуу керек
Мұртты ысқылап жуу керек
Қастың астын ысқылап жуу керек
Асты жақты нәжістерді ысқылап жуу керек
Ғұсылдың сүннеттері:
«Бимилләһ»пен бастау
Ғұсылға ниет ету
Қолды білекке дейін жуу
Алдымен дененің белгілі жерлерінде болатын ластықты жуып тазалау
Әурет жерді жуу
Ғұсыл алмастан бұрын дәрет алу
Денені ысқылау сүннет
Дәреттен кейін әуелі үш рет бастан бастау сүннет.
Оң йыққа 3-құю суннет
Сол йыққа 3-рет құю суннет
Аяқ тұрған жерге су жиылатын болса,дәрет алғанда,аяқтың жуылуын ең соңына қалдыру
Осылардың барлығын рет-ретімен жуу сүннет
Сүннет ғұсылдар:
Жұма намазға
Айт намаздарына
Ихрам (Қажылыққа барғанда киетін ақ киім) осыны киюі үшін ғұсыл алынады
Арафат тауында тұрғанда
Мәндүп ғұсыл:
Исламды қабылдағаннан кейін(ғұсыл алып барып қабылдасада) қайтадан ғұсыл алу
Балиғатқа толғанда
Жындылық аурудан жазылғаннан кейін
Хижама алдырудың алдында
Өлікті жуғаннан кейін
Шағбан айының ортасында «Бараьат» түнінде
Қадір түнінде
Мадина қаласына кіру үшін
Құрбан айт күні таңында «Мұздалифа»
Меккеге кірерде
Қағбаны тауап,зиарат етерде
Күн тұтылғанда
Жаңбыр тілеп намаз оқу
Қатты қорқыныш кезінде ғұсыл алсаң жақсы болады
Қараңғылықтан қорықсаң
Бораннан

Таяммум
Ниет етіп, таза топыраққа немесе топырақ жынысты нәрсеге қолдарын ұрып,бетіне және қолдарына мәсіх тарту «Таяммум»деп аталады.Дәрет немесе ғұсыл алу үшін су болмаған жағдайда таяммум соғу-дәрет пен ғұсылдың орнын басады.
Таяммумның парыздары:
Ниет ету
Қолдарын таза топыраққа немесе топырақ жынысты нәрсеге ұрып бетіне сосын тағы да ұрып қолдарына мәсіх тарту
Таяммумға ниеттің дұрыс болу шарттары:
Мұсылман болу
«Темиз» жақсылық пен жамандықты білетін бала
Өзінің неге ниет еткенін білу
Таяммум бір нәрсеге ғана ниет етіледі.Мысалға «ниет еттім бұл таяммуммен-Құран оқуға немесе намаз оқуға.Енді Құран оқуға ниет етіп таяммум алғаннан кейін келесі намаз оқи алмайсыз.
Таяммумнің дұрыс болу шарттары
1)Намаз үшін таяммумнің дұрыс болу шарттары
Тазалық ұшін ниет ету (рухани)
Намаз оқуды мүбах қылу үшін ниет ету
Дәретсіз дұрыс болмайтын ғибадаттарға
2)Таяммумді алуға үзірлі жағдайлар
2-км жерде су болмауы
Су бола тұра қымбат болып сатылса
Аурудың асқынуы
Ауырып қалу қаупі
Су қауіпті жерде болса
Жол жүргенде аз су-жоқ үкімінде,яғни дәрет алуға жетпейтін жағдайда.
Бар сумен тамақ істейтін болса.Мысалы нан илегенге.
Сорпалы тамақтың сорпасын көбейтуге қолдану үзір емес
Жаназа намазына (айт намазына) үлгеру ниеті
Жұма намазына үлгеру мақсатында болмайды-оның қазасы бар.
3)Таяммум жер жынысынан әрі таза болуы:құм,топырақ
4)Бетті толық сипау керек
5)Қолдың-алақанның көп бөлігімен немесе толықтай бетті сипау
6)Екі алақан мен 2-ұрыспен (жерді) жүзеге асады.Яғни,1-рет ұрып бетіңізді,2-рет ұрып қолды шынтаққа дейін.
7)Дәретке кедергі болатын заттан тоқталуы,тыйылуы
8)Таяммумда мәсіх тартуға кедергі болатын заттардан арылу(қолды жерге ұрғаннан кейін,қолды қырымен бір-біріне ұру(әйнек,тас жабысып қалса)
Таяммумнің сүннеттері
«Бисмилләһ» айту
Ретті сақтау
Үзбей бірінің артынан бірін орындау
Топыраққа ұрған кезде қолдарды әуелі алға созу
Содан кейін кері тарту
Саусақтардың арасын ашу
Қолын жерден көтергенде егер шаң болса,қолдарын бір-бірімен қағыстыру.
Таяммумді кешіктіру
Мәндүп болуы.Мысалға:Намаз уақыты шықпастан су табуға амал (үміт) болса
Уәжіп болуы.Мысалға Намаздың соңғы 5-минуты қалғанша су әкелуін куту.Егерде сізге біреу су әкелем деп уәде берсе.
Су қазып жатып,су шықпайтынынан үміт үзіп намаз оқу.
Су іздестіру
400метр қашықтықта суды ісдестіру,қауіп қатермен су табу үміті 100-80% болса
Сапарда жаныңдағы адамнан су сұрау уәжіп,бермесе сатып алу уәжіп (бағасы қымбат болмауы керек) Бағасы өз ақшаңнан артық болса.
Таяммуммен намаз оқу
Бір таяммуммен 1-парыз немесе қалағанша нәпіл намаз оқуға
Дененің көп бөлігі жара болса (Дәрет алатын денелер) таяммум алынады.Аз бөлігі жара болса орап дәреттен кейін мәсіх тартылады.
Дәретпен таяммум біріктірілмейді.
Таяммумді бұзатын жағдайлар
Дәретті бұзатын барлық жағдйлар таяммумді бұзады
Су табылған жағдайда
Бір жара не кеселге байланысты су тигізе алмағаны үшін таяммум етуге мәжбүр болған адамның жарасы не кеселі жазылған кезде таяммум бұзылады.
Жаралының үкімі:
Қол-аяғы жоқ болса 2-парыз болады
Беті жара болса дәретсіз оқиды
Мәсіге мәсіх тарту
Дәреттен кейін және бұзылмай тұрып киілуі.
Тобықты толықтай жауып тұруы
Киіп жүре алатындай болу керек
Аяқтың кіші саусағындай 3-саусақтың көлеміндей тесік болмау керек.
Байлаусыз аяқта тұратын болуы
Аяққа су өткізбейтіндей болуы
Аяқ үш саусақ көлеміндей бар болса өкше болу болу керек,мәсі киюге жарай береді
Мәсінің уақыты
1)Жергілікті адам- 24 сағат.Яғни сіз таң намазының алдында дәрет алып мәсіні кидіңіз,сосын келесі күні таң намазына мәсіңіздің уақыты бітеді
2)Сапарда( 90км алыс жолға жүрсеңіз)-72 сағат,яғни 3-тәулік.Бұлда тура осылай.Таң намазында кисеңіз,4күні таі намазына мәсіңіз бітеді
Мәсіхтің жағдайларға қарай үкімінің өзгеруі
Жергілікті мәсіх тартып кейін сапарға шықса-сапаршының үкіміне айналып кетеді.Сапаршыда сапардан оралғаннан кейін мәсінің уақыты жергілікті уақытына айналып кетеді.
Мәсіге мәсіх тартудың парыздық өлшемі-3саусақпен аяқ саусақтарының ұшынан мәсі қонышына дейін тарту.
Мәсіх тартудың сүннеті:Саусақтардың арасын ашық ұстау
Мәсіхті бұзатын жағдайлар:
Дәретті бұзатын барлық нәрсе мәсіхтіде бұзады.Тек дәрет алғанда мәсіні шешпей,сыртынан мәсіх тарта саламыз
Мәсінің шешілуі,тобық көрінетіндей шешіліп кетсе
Су кіріп кету
Мәсінің уақыты біту
Мәсіх тартуға болмайды
сәлденің үстінен мәсіх тартуға
Тақия (шапкы)
Бет маскаға
Қолғапқа
Таңылған жараға мәсіх тарту:
Таңылған жерге су тигізу зиян болса таңбаға (мата,гипс) көп бөлігіне мәсіх тарту-уәжіп.
Жарақаттар арасын мәсіх ету.
Бұндай мәсіх уақытпен шектелмейді,оны дәретті бұзатын барлық нәрсе бұзады.Келесі дәрет алғанда жарақат емес жерін жуып,таңылған жерді мәсіх етеміз.
Жарақаттанған кезде дәретте болу міндет емес Гипстелген аяқты мәсіх етіп,екінші аяқты жуу керек
Жара жазылмастан мата түсіп қалса немесе гипсті ауыстырар болса мәсіх үкімі бұзылмайды.Бірәқ жаңадан ауыстырған гипске мәсіх тарту абзал
Мәсіх тарту зиян болса мәсіх тартылмайды,басқа дене жуылады
Ниет етілмейді
Нәжіс:үлкен және және кіші
Ауыр нәжіс- арақ,қан,өлексе,еті желінбейтін жануарлардың зәрі,иттің тезегі,жыртқыш аңдар нәжісі,олардың сілекейі,тауық-қаз саіғырығы.Адамнан шыққан (қан,нәжіс) үлкен нәжіс
Жеңіл нәжіс-Аттың зәрі,еті желінетін хайуандар зәрі,еті желінбейтін құстар саңғырығы
Нәжіс мөлшері:Мөлшері бір дирхам не одан кіші болса намазға зияны жоқ
Жеңіл нәжіс:киімнің 4-тен 1 бөлігі нәжіс болатын болса намазға жарайды.
Нәжісті тазалау:
-көзге көрініп тұрған нәжісті кетіру арқылы тазалайды
-көзге көрінбейтін нәжісті 3 рет жуу (3реттен сығып жуу)
Тазалаушы сұйықтықтар:
Денеге және киімдегі нәжісті сумен және ағу,кетіргіш қасиеті бар сұйықтықтармен тазалайды.
Аяқ киім нәжісболып қалса онда оны үйкеу,қыру арқылы кетіреді.Нәжіс сіңіп кеуіп кеткен жерге намаз оқуға болады.Бірәқ таяммумға жарамайды.
Намаз
Сөздік мағынасы-дұға.Терминдік-намазға тиесілі белгілі іс әрекеттер,сөздер,тәкбірмен басталып сәлеммен аяқталатын құлшылық түрі.Миғраж түні парыз болған.Хикметі-нығметтерге шүкіршілік ету.Алланың бұйруымен парыз болды.Намаз-уақытының кіруімен парыз болады.
Түрі:Парыз,уәжіп және сүннет
Парыз болу шарттары:
Мұсылман болу 2)Балиғатқа толу 3)Ақыл-есі дұрыс болу
Ұл балаға 7 жастан бастап үйрету,10жаста ұру(құйрықтан)
Уәжіп болу шарттары:намаз уақыттың кіруімен
Парыз намаз уақыттары.
1.Таң намазы:Шынайы таң намаз уақыты күн сәл қалғанға дейін.1-ші жалған таңнан кейін 2-ші таңнан бастап.Яғни толықтай ағарғаннан кейін.
2)Бесін намазы:Күннің батысқа қарай ауып өз бойынан асып-2 есеге дейін
3.Асыр:Әр нәрсенің көлеңкесі 2 еседен бастап күн батқанға дейін.
4)Ақшам:Күн батып-қызыл шапақ жоғалғанға жейін
5.Құптан:Қызыл шапақ жоғалғаннан кейән таң намазына дейін
Бір уақытта 2 намаз (парыз) оқылама?-Тек үзірлі жағдайда.Сапар кезінде бесін мен асыр косып оқыса,Шам мен Құптан қосылып оқылады.Мысалға:Ақшам уақытында жолға шықса Құптанды ақшаммен бірге қосып оқиды.Мұздалифа тауында-Ақшам мен құптан бірге қосып оқиды.
Қай уақыттарда намаз оқу мұстахап:
-Таң намазын күн сарғайып келе жатқанда оқыса,кейін Аллаға тәубе айтып,зікір етіп күн шыққаннан кейін(50-мин)Дұха намазын оқыса-қажылыққа барғандай сауап алады.
-Бесін намазы-жазда күн салқындағанда оқу
-Асыр намазы-күннің түсі қызыл болмайынша кешіктіріп оқу.
-Ақшамды әрдайым уақытында оқу
-Құптанды-Түннің 3\1 дейін шамамен 1-2лерде күн бұлтты болса ерте оқу
Намаз оқу харам және мәкрүһ болған уақыттар:
Күн шығып(50мин) өтпей тұрып.
Таң намазының парызынан кейін
Асыр намазынан кейін
Ақшам намазының алдында
Имам имамдыққа шығып бара жатқанда
Қамат айтылып жатқанда
Айт намазы алдында нәпіл оқылмайды
Айт намазынан кейінде нәпіл намаз оқылмайды
Мұздалифада бесін намаздың 2 ракәғатын сүннетін оқу мәкрүһ
Уақыт аз кезде,намаздың шығуына,Парызды оқу керек
Дәрет қысқан уақытта
Тамақ дайын болғанда
Ой-тұрақсыздығында,қайғы-қасіретте
Азан
Парыз намаздарына азан және қамат айту бекітілген сүннет.Әйелдерге азан және қамат айту мәкрүһ.Шәһадат сөзінде-таржиғ жоқ.Таржиғ-өз ішінен қайталау(шәһадатты)
Азаншыға мұстахап амалдары:
Азанды созып айту,қаматты тез айту.Басқа тілде азан айтылмайды.
Тақуа адамның азан айтуы мұстаһаб
Сүннетті,намаз уақыттарын білетін адам
Дәретті болу керек(дәретсізде болады,қаматқа дәрет болуы уәжіп!)
Құбылаға қарап айту
Сұқ саусақты құлақтың ішіне салып айту
«Намазға асық» дегенде жүзді оңға қарай. «құтылуға асық»солға қарай бұрып айту
Азан мен қамат арасын парызға адамдар үлгеретіндей етіп айту.Ақшамада 3-аят оқылатындай уақыт
Азан,қаматтағы мәкрүһ мәселелер:
Әндетіп,әуенге салып қате айтуға
Дәретсіз айту
Жүніптік халде айту
Балиғат жасқа толмаса ақыл-есі кем,маскүнем,әейл кісі,пасық,отырып айту,арасында бөліп әңгіме айту
Азан айтылмаған жағдайда (айдалада) қаза намаз алдында азан кейін қамат айту керек.Парыз намаз алдында қаматты тәрк ету жек көрілген амал.
Намаз шарттары және үкімдері:
Үлкен және кіші дәреттен арылу керек
Дене,киім,намаз оқитын жер нәжістен таза болу керек (тізе,алақан,бас тиетін жер)
Әурет жабық болу
Құбылаға қарау
Уақыт
Уақыттың кіргені күмәнсіз болуы керек
Ниет
Тәкбір (өзің еститіндей дәрежеде) айту керек
Қиямда (тік тұрып) тәкбір айту
Ниет пен тәкбір арасы кешікпеу керек
Өзі еститіндей тәкбір айту
Имам болса арттағы кісілерге-ниет ету. «Ер-әйел кісіге имамдық етуге»
Парыз намазды анықтау керек
Уәжіпті де анықтау керек
Қиям (парыз) нәпілде қиям парыз емес
Қырағат-бір аят оқу парыз
Имамға ұйыған адам Құран оқымайды.Қосылып оқыса тахриман мәкрүһ
Рүкүһ-парыз
Сәжде-парыз.Сәждеде ағзалар көтерілмеу керек.Тізе,қол,маңдай,қол
Рукүһ сәждеден бұрын жасалу керек.
2-кі сәжде арасында отыру.2-ші сәжде жасау парыз
Соңғы отырыс.Соңғы отырысты алдыңғы шарттарды орындап барып отыру керек.
Ояу хәлінде орындау керек.
Осы шарттарды білу керек.
Оқыған намазы парыз немесе сүннет екені анық білу керек.
Намаз шарттарына байланысты болған 2-ші дәрежелі мәселелер:
-Сырмақтың асты нәжіс үсті таза болса намаз оқуға болады
-киімнің ішкі астары,яғни 2 киім сияқты болса.Сыртқы жағы нәжіс болып,ал ішкі астары таза және шет-шеті тігілген болса,онда намаз оқуға болады.
-жәйнамаз бір бөлігіне нәжіс тисе таза жеріне (бір бұрышына) қалған таза жәйнамазға намаз оқылады
-Сәлде нәжіс болған бөлігін артқа шығарып оқыйды,егер ол қозғалатын болса болмайды.
-киімі жоқ адам нәжіс киіммен намаз оқый береді,таза киім тапқанда қайта оқымайды.
Әурет жабу мәселесі:
-киетін киім жоқ болса намаз оқыйды,киім тапқанда қазасын өтемейді.
-жібек қана болса (ер адам) әуретін жауып оқыйды.
-5% ғана таза болса,басқа таза киімі жоқ болса, оны шешіп тастап оқыса болады.Киіп оқыған абзал7
-Иленбеген терімен (өлексемен) жәйнамазға болмайды.
-Киімсіз адам отырып,аяғын құбылаға қарай созып,ишарамен оқыйды.
Әурет:
-Ер адам:кіндік астынан тізе астына дейін
-Бас бостандығы бар әйел-әурет емес(құлдықта емес әйел).Әйелдің-жізү,қолының білезігі,аяқ тобығынан төмен басқа барлық жері әурет болып саналады.
Құбыла
Ауыруына байланысты көлігінен түсе алмаса немесе дұшпанынан қорықса беті қай жаққа қарап тұр сол жаққа қарап оқи береді.
Құбыланын қайда екенін білмеуші қасында айтар адам жоқ болса,100% сеніммен бір жаққа қарап оқыйды. Намаз оқып тұрғанда, біреу келіп құбыла ол жақта емес,мына жақта деп айтса,дереу намаз оқып тұрып сол жаққа бұрылып,намазыңызды жалғастыра бересіз.Намаз оқып біткен соң,құбыла дұрыс емес екенін білсең қайта оқудың керегі жоқ
Құбыланы іздеместен намаз бастаса,намазды бітіргеннен кейін құбылаға дұрыс қараған болса намазы дұрыс болады.Ал намаз оқып тұрғанда-құбылаға дұрыс қарап тұрғанын біліп,есіне түссе-дереу сол жерде намаз бұзылады.
Намаз уәжіптері
Фатиха сүресін оқу уәжіп
«зәм» сүре немесе 3 аят оқу
Парыздың алғашқы 2-рәкәғатында сүннетте барлық рәкәғаттарында зәм қосу
Фатиханы зәм сүренің алдында қосу
Маңдаймен қоса мұрынның тиіуі
Барлық рәкәғаттарда 2-сәжде
Әр қалыпты (сәжде,рукүғ,қиям) өз нақышымен,буын-буын бір қалыпты отыру керек
Бірінші отырыс
Отырыста «Әттәхият» оқу
Отырыстан кейін кідірместен 3-ші рәкәғатқа тұру
«Әс-сәләм» сөзі уәжіп (уағалейкум-сіз)
Құныт-дұғасы тірде уәжіп
Айт намазында тәкбірлер уәжіп
Әр намазда кіреберіс тәкбірі
Айт намазында 2-ші рәкәғаттағы тәкбір
Имамның Таң,Ақшам,Құптан намаздарының алғашқы 2-рәкәғаттарын,Рамазандағы тарауихті,Үтірді дауыстап оқу.
Бесін мен екінтіні және қалған намаздарда 3-4 ракағаттарда іштен оқу
Намаз сүннеттері
Алғашқы тәкбірде бас бармақты құлақтың сырғасына дейін көтеру.Әйел адам саусақтарының ұшын йығына дейін көтеру сүннет
Тәкбірде саусақ арасын ашу
Имамға ұюшы,имам тәкбір алғаннан кейін кешікпей тәкбір қағу
Ер кісі оң қолын сол қолының үстіне байлап кіндік астына байлайды.
Әйел кісі қолдарын көкірек үстіне тигізіп байлайды
«Субхәнәкә» дұғасын оқу
Қырағат үшін «Әьзу»айту
Әр рәкәғатта «Бисмиллә»айту
Фатихадан кейін «Әмин» іштен айту
Рукүхтан тұрғаннан кейін «Роббәнә уә ләкәл хамд» айту
7,8,9,10-шылардағы бәрін іштен айту
Басты тік ұстап тәкбір алу
Имам адамға тәкбірлерді және «сәмиаллаһу лимән хамидәһ»дегенді жария айту
Қиямда аяқтар арасын төрт елі көлемінде ашу
Таң және бесінде ұзақ «Зәм» сүре оқу сүннет.Хужрат сүресімен Бурудж сүресі арасындағы сүрелерді оқу. Асыр мен Құптанда орташа сүрелерді. Ақшамда қысқа сүрелер.
Таң намазында алғашқы ракағатта ұзын сүре оқу.
Рүкух тәкбірлері
Рүкухта таспихті кемінде 3 рет айту.
Тізені екі қолмен
Ерлер тізе ұстағанда саусақ арасын ашу.
Рүкух кезінде тізе тік тұру керек
Рүкухта арқа тік тұру керек
Рүкухтан көтерілу сүннет
Рүкухтан көтерілгеннен кейін қиямда тыныштықта тік туру қажет
Сәждеге-екі тізе, екі алақан сосын маңдай мен мұрын тиеді
Сәждеден-жүзді сосын қол, тізе көтеріледі
Сәжде-тәкбірлері
Көтерілу тәкбірі
Сәждеде-жүзді екі алақан арасына қою
Сәжде-тәсбихтары
Сәждеде-қарын екі санға тимеу
Екі шынтақты жерден, тізеден алыс ұстау
Әйел кісі қарны екі санға тиеді
Қиямда тұру
Екі сәжде арасында отырыс
Отырыста қолды екі санға қою
Ер кісінің сол аяғын астына жатқызып оң аяғын тік қойып, саусақтарын құбылаға қарату керек
Әйел кісі жамбастап отыру сүннет
Әттахиятта «Әшһаду әллә иләһа иллаллаһ»дегенде саусақты көтеріп «иллаллаһ» дегенде түсіру
Фатиха сүресін 4-рәкәғаттық парызындың соңында 2-ракағатында оқу суннет
Соңғы отырыста салауат айту
Салауаттан кейін, Құраннан және суннеттен келген дұғаларды оқу
Сәлем берген кезде бірінші оң жақа кейін сол жақа сәлем беру суннет
Ассаламуғалейкум уа рахматуллахи уа баракатух деп айту мәкрух
Ер кісілерге, әйелдерге салих жындарға имамдық етуге ниет ету
Имамға ұю үшін ниет ету
Періштелерге ниет ету
Сол жақа сәлем бергенде дауысты бәсендету
Имамға ұюшының сәлемі имамнан кейін және имамға ұқсас, жақын болу керек
Намазға кейінгі қосылған кісі имамның екі жақа сәлем беруін күту керек.
Намаз әдептері
Ер кісі тәкбир алар кезде екі қолын жеңінен шығару керек.Әйел керсінше шығарады
Намаз оқушы адам намазда- қыйамда тұрғанда көздерің бас қоятын жерге,рукухта саусақтардың ұшына қарау, сәждеде мұрнының ұшына қарау,сәлем бергенде екі ыйыққа қарау
Жөтел қысып тұрсада намазда жөтелмеуге тырысу
Намазда есінеген жағдайда ауызды жабу
Қамат айтып жатканда- хайәьәл фәләх дегенде тұру
Имам- қод қомәтиссолә дегенде намаз бастау керек
Саждеден тұрарда қолды жерге тіремей тұру керек
Қандай кезде қолды көтеру суннет.
Әр намаз кіре беріс тәкбірінде
Үтір намазда, құныт дұғасынын алдында
Айт намаздың қосымша тәкбирлерінде
Қажылық кезінде қағбаны көргенде дұға ету үшін көтереді
Қара тасқа сәлем берер кезде
Қажылықта саффа мен мәрутта дұға үшін
Мұззалифатпен Арафат тауында
Бірінші және екінші тас атардын ортасында (шайтанға) дұға үшін
Әр намаз соңында тәсбихтан кейін
Имамдық
Жамағатпен намаз оқу бекітілген суннет(уәжіп дәрежесінде)
Дұрыс болу шарттары
Мұсылман болу
Балиғатқа толған
Ақыл есі түзу
Ер адам
Қырағат- Құранды дұрыс оқи алатын
Үзірсіз болу
Имамға ұюдын дұрыс болуы
Имамға ұюшы имамнын тәкбирінен кейін ілесе тәкбир алу керек
Әйелдердің имамға ұюы дұрыс болуы үшін, имам әйелдергеде имамдық етуге ниет ету керек
Имамнын өкшесі ұюшынын өкшесінің алдында асып тұру керек
Имамнын оқыған намаз дәрежесі жамағат оқыйтын намаз дәрежесінен төмен болмауы керек( имам нәпіл оқып жатса, ұюшы парыз екен деп артынан ұюға болмайды)
Имамнын оқыйтын парызы мен ұюшымен парызы басқа болмауы керек
Төрт ракәт парыз қазасын өтейтін адамға сапаршы адам қаза болған екі рәкағатқа ұйый алмайды
Имам намазға кешігіп келген болмауы керек.(яғни бір адам имамға келіп ұйыды, имам намазын бітіріп тұрып кетті, енді үшінші адам келіп ұйып тұрған адамға ұюына болмайды)
Имаммен еркек жамағаты арасын әйелдер бөлмеуі керек
Имаммен жамағат арасын көлшік, өзен бөлмеуі керек (қайық қозғалмайтындай, жүзбейтіндей болса ұюға болады)
Имам мен жамағат арасындағы дуал имамның ірекетінен шатастыратын болса болмайды, іс-әрекетін сөзін еститін болса болады
Жаяу жамағат көліктегі жамағатқа ұйый алмайды( имам көлікте болмауы керек)
Бір бөліктегілер имам жамағат болып оқыйалады, бөлек көлікте болмайды
Жалғасқан (түйіскен), көлікте (қайықта) болады
Масхабы бойынша имамның намазды бұзатын үзірін білмеу керек.
Имамға ұю мәселесі
Таяммум алған имамға сумен дәрет алған адам ұйый береді
Мәсіге мәсих тартқан адамға аяғын сумен жуған адам ұйый береді
Отырып оқушыға (үзірмен) тұрып оқыйтын адам ұйый беруге болады
Ишарамен оқыйтындарға тек ишарамен оқыйтындар оқыйды.
Парыз оқушыға нәпіл оқушы ұйыйды,нәпіл оқушыға парыз оқушы ұйый алмайды
Ұйыған имамның намазы бұзылғанын анық білсеңіз,ал намазды қайта оқу
Жамағат намазын,мойнынан түсіретін кейбір мәселелер
Қатты нөсер жаңбыр
Аяз-қатты суық болғанда
Қорқыныш (соғыс)
Қатты қараңғылықта
Түрмеге түсіп қалу қаупі болса,яғни дала қауіпті болса
Соқырлық
Сал болу
Қол-аяғы жоқ адам
Ауру адам болса
Ақсақтық
Мешітке келер жол балшық болса
Созылмалы ауру
Өте қатты қарттық
Тура намаз уақытында бір ғалым сабақ беруге келсе
Дайын тамақ тұрғанда
Сапарға шығатын болса,заттарын жинастырып,сосын оқыса болады
Ауру кісінің күтушісі болсаң
Қатты боран(Құптан,таң)
Намаздағы мәкрүһ болған істер
77-іс намазда мәкрүһ.Кейбіреуі харамға жақын.Мәкрүһ түрлері:
Тәнзихан мәкрүһ-жеңіл.Тахримән-харамға жақын мәкрүһ.
Уәжіпті тастау.Мысалы:имамнан озу,тауық сияқты рукуғ істеу,уәжіпті тастасаң күнә жазылады
Әдейі сүннетті тәрк ету
Намаздың киімінді ұстай беру
Өзінің денесімен ойнау
Намаздың үстінде сәжде ететін жерді қолмен тазартуға болмайды,1-рет рұқсат
Намазда саусақтарды шытырлату мәкрүһ
Намазда саусақтарды бір-біріне айқастыру
Намазда-қолды бүйіріне қойып тұру мәкрүһ
Намазда-мойнын бұру(шытырлату)мәкрүһ
Намазда-ит отырыспен отыру
Сәжде еткенде-шынтақты жерге тигізу мәкрүһ
Намазда киіміңді түру мәкрүһ
Киімің бар бола тұра шалбармен ғана оқу мәурүһ
Ишаратпен-өзіңе берген сәлемге жауап беру мәкрүһ
Намазда-отырып оқыйтындар айқастырып отыру мәкрүһ
Намазда-еркектер өрілген шашпен тұру
Сәлдемен намаз оқыйтындар-егер сәлдені тақиясыз орап,төбесі ашық қалдыру мәкрөһ
Сәждеге барар кезде,шалбарды тарту,көтеру,мәкрөһ
Куртка немесе шапанды қолыңа кимей арқаңа жамылып оқу мәкрүһ
Қол шықпайтындай дәрежеде киіле оранып алып оқу мәкрүһ
Оң йықты немесе сол йықты ашық қалдырып оқу мәкрүһ
Фатиханы немесе зәм сүрені-рүкүғта жалғастыру мәкрүһ
Нәпіл намаздарда-1-рәкәғатта ұзақ оқып,2-рәкәғатта қысқа оқу мәкрүһ.Екеуі тең болуы керек
Бүкіл намаздарда-1 рәкәғатты қысқа оқып,2-рәкәғатта ұзақ оқу мәкрүһ
Парыз намазда-1-рәкәғатта зәм сүрені екі-үш қайталау мәкрүһ
Барлық намазда-1-рәкәғатта-нас суресін оқып,2-рәкәғатта фәләһты оқыса мәкрүһ
Ортада 1-сүре қалдыру мәкрүһ.мысалға:1-рәкәғатта-Тәббәт сүресін оқып,2-рәкәғатта-Фәләһты оқу мәкрүһ.Ортаңғы Ықылас суресін қалдыру
Намазда-әдемі иісті,духиді иіскеу мәкрүһ
Күн ыстықта желдену киіммен
Намазда желпігішпен желпіну
Саусақтардың ұшын құбыладан басқа жаққа қаратса мәкрүһ
Сәжде- кезінде аяқтың саусақтары құбыладан басқа жаққа қаратса мәкрүһ
Рукуғта барғанда қолды тізеге қоймай рукуғқа бару мәкруһ
Намаздың-үстінде есінеу
Намазда көзді жұмып тұру
Екі көзді аспанға қарату мәкрүһ
Намазда керілу
Аз амалдың өзіде қимылдау мәкрүһ
Шаштағы битті ұстау
Битті ұстап оны өлтіру мәкрүһ
Бетті-маскамен жауып алу мәкрүһ
Ауызды жабу
Намаз үстінде-Құран оқуға кедергі болатын нәрсені,ауызға салып оқу мәкрүһ(кәмпит,сағыз т.б)
Сәлденің оралған матасына сәжде ету мәкруһ.Егер күн суық кезде,маңдайға суық тиетін болатын болса оқый беруге болады.Мысалы шапкамен.
Жануар суреті бар жайнамазға Сәжде ету мәкрүһ
Сәжде еткен кезде маңдайды тигізіп мұрынды үзірсіз тигізбеу. «тахримән»
Мешітте адам жүретін жолға намаз оқу мәкрүһ
Моншаның ішінде намаз оқу мәкрүһ
Әжетханада оқу мәкрүһ
Қабірстанда оқу мәкрүһ
Иесі-рұқсат етпеген жерге намаз оқу мәкрүһ
Нәжіс жерге тақалып оқу мәкрүһ
Дәрет қысылып тұрып намаз оқу мәкрүһ
Жел қысып тұрып ішке намаз оқу
Намазға кедергі болмайтын дәрежедәгі намаз оқу мәкрүһ.Егерде жамағаттан немесе намаз уақытын өткізіп алам деп қорықса мәкрүһ болмайды
Намазға жұмыс киіммен немесе шаң,жыртық киіммен намаз оқу мәкрүһ
Тақиясыз,бас киімсіз намаз оқу мәкрүһ
Аш болған хәлінде ,ас дайын болса,аш күйінде намаз оқу мәкрүһ
Көңіліңді бұзатындай,алаңдататындай түрде мәкрүһ
Намазда аяқтарды,қолды жұмып санау мәкрүһ
Сәждеде,рукуғта тасбихті қолды жұмып санау мәкруһ
Имам кісінің «михрабтың» ішіне кіріп намаз оқу мәкрүһ
Имамның-50-40см жоғары тұрып,жамағаттың төмен тұруы мәкрүһ
Имамның 50-40см төмен шұңқырда тұрып намаз оқуы мәкрүһ
Алдыңғы қатарда бос орын бола тұра,артта тұрып намаз оқу мәкрүһ
Жанды суреті бар киімме намаз оқу мәкрүһ
Жанды сурет барлық жағында болсада
Алдында пеш,оның ішінде от болса оған қарап намаз оқу мәкруһ
Сыртқы пештердің(мангал) ішінде от болатын болса мәкрүһ
Ұйықтап жатқан адамның алдында намаз оқу мәкруһ
Жайнамаз болмай топырақта намаз оқып тұрып маңдай зияны анық топырақты сүрте беру мәкрүһ
Басқа сүрелерді біле тұра 1-сүрені оқый беру мәкрүһ
Адам өтетін жерде,алдыңа кедергі қоймастан,намаз оқу мәкрүһ
Намазды бұзатын нәрселер.
Біле тұра сөйлесу
Немесе Құранды ұмытып,ой бұл емесқой деп т.б шатасып сөйлеу
Қателесіп сөйлеу
Соңғы отырыстағы дұғаны араб тілінен басқа тілде сұрау намазды бұзады
Намазда тұрғанда біреу сырттан келіп сәлем берсе,соған жауап беріп сәлем берсең намаз бұзылады.
Ұмытып сәлем берседе
Өзінің тілімен сәлемге жауап қайтару намаз бұзады
Намазда-үнсіз қол алысып амандасу намазды бұзады.
Көп әрекет жасау намазды бұзады.
Көккіректің құбыладан бұрылыуы
Сырттан(ауыз) аз болсада зат жеу
Ауыз ішіндегі тамақ қалдығын жеу(тары көлемінде)
Намазда ішу, жеу
Тамақты үзірсіз қырнау
Уфлеу, күрсіну
Намазда ынырсыну
Ахлеф,уфлеу намазды бұзады
Намаз ішінде, басқа түскен қыйыншылықтан ауыру себебті дауыстап жылау(жәннәт пен тозақты ойлап жылау бұзбайды, бақырып жыласанда)
Намазда түшкірген адамға сау бол деп айту
Намазда сұраққа Құранмен болсада жауап беру бұзады
Намаз сыртындағы жағдайға Құранмен болсада пікір білдіру
Намазда қуанышты хабарға Құранмен жауап беру
Намазда тұрып таң ғажайып жағдайға сөйлеу. Мысалға: Субханаллаһ деп таң қалу)
Намазда кез келген затқа сөйлеу бұзады
Таяммум мен намаз оқып тұрған кісі су көрсе бұзылады
Мәсінің уақыты бітуі
Мәсінің тобықтан шешіліп кетуі
Құран жаттамаған бір кісі жамағатқа келіп имамға ұюып, дереу сол жерде Құран жаттап алса намаз бұзылады
Жаланаш кісі намаз үстінде әуреті жабылатындай киім табылса сол жерде намаз бұзылады
Ишаратпен оқыйтын кісі намаздың ішінде рукуһ немесе сәжде жасауга күші жетіп кетсе сол жерде намаз бұзылады
Тәртіп иесінің қаза намазын өтелмейінше келесі намазды оқый алмайды. Мысалға: Таң намазын қаза еттің, енді бесін намазын оқып тұрып таң намазы қаза болғаны есіне түссе намаз бұзылады. Алты намаз қаза қылған адам келесі намазды қазаны оқымайақ оқый береді
Егерде имам намазда дәреті бұзылып сәлдесін имамдыққа артындағы тұрған адамға, ол адам Құран білмейтін болса намаз бұзылады
Имам таң намазында созып Құран оқып жатса күн шығып кетсе намаз бұзылады
Айт намазы түске дейін созылып кетсе бұзылады
Жұма намазы созылып, асыр намазы кіріп кетсе бұзылады
Жарақатқа таңған матасы намазда түсіп қалса (егерде жарасы жазылмаса намаз бұзылмайды, жазылса бұзылады)
Үзірлі адам-намазда үзірі тоқтап қалса намаз бұзылады. Мысалы: зәр тама беретін адам намазда тұрғанда зәр тоқтаса бұзылады
Егер адам ( намазда ) әдейі дәретін бұзса намаз бұзылады. Әдейі бұзбаса онда намаз бұзылмайды
Басқа бір адам келіп-намазда тұрғанда біреу бұзса дәретін дәретінді онда намаз бұзылады
Намазда талып қалу
Намаз үстінде жүніп болса намаз бұзылады
Шәхуәт оянатындай бір қыз намазда тұрған дақаснызға келіп тұрса,бір имамға ұйып тұрсаныз екеуіде әрі ешбір кедергісіз, бір жерде болсаныз ер кісінің намазы бұзылады
Намазда дәрет бұзылып (әдейі емес) дәрет алуға жүгіріп бара жатқанда , әурет жер ашылса намаз бұзылады
Дәрет алуға немесе дәрет алып келе жатқанда Құран оқып келе жатсаң намаз бұзылда
Сәждеге барғанда-жел шығып кетсе дереу тұрып, дәрет алуға кету керек.Бір үкім (аят) күтсе намаз бұзылады
Намазда дәрет бұзылып, дәрет алуға бара жатқан кезде-жақын жерде су бола тұра алыс жерге барып дәрет алу- намаз бұзылады
Дәретім бұзылды деген оймен мешіттен шығып кетсе намаз бұзылады
Намазда дәретім бұзылды депалған жоқпын деп бұрылып кетсең намаз бұзылады.
Намазда-мәсінің уақыты бітті деп намаздан шықса,намаз бұзылады.
Намазда тұрып-қаза намазымды өтемедім немесе үстімде нәжіс бар деп,намаздан шықсаң намаз бұзылады.
Осы айтылған нәрселердің барлығын да намазды қайтадан бастаған абзал
Намазда тұрған имам-басқа намазда емес сырттағы адамның ұмытып қалған Құранын еске түсіретін болса намаз бұзылады
Бесін намазының 4-рәкәғат парызында тұрып-4 рәкәғат сүннетті оқымағаны есіне түссе оқып тұрған парызы-сүннетке айналып кетеді
Намазда тұрғандағы дәретке байланысты күмәндәр (мұрны қанап,мәсінің уақыты бітті деген ойлар соңғы отырыс әттәхиятудан кейін болса онда намаздан шықпай-ақ қойюға болады
Жаттамаған сүресін намазда Құраннан қарап оқыса намаз бұзылады
Намазда-қиям біткенше немесе рукуғтан тұрғанша,сәждеде-әурет жерің ашылып тұрса намаз бұзылады
Ұюшы адам-имамнан озып рүкуғқа барып қойса намаз бұзылады.Ал егер ұйюшы намазда рукүғта тұрғанда имам рукуғқа йілсе-екеуіде бірдей рукуғта тұрып қалса намаз бұзылмайды.
Намазға кейіннен қосылып ұйыған адам,әттәхияттан кейін тұрып қалған рәкәғаттарды жалғастырып тұрғанда,имам намазда қателескені есіне түсіп сәһу сәждесін жасағанда,ұюшы бірге қосылып жасаса намазы бұзылады.
Соңғы отырыста шатасып 2-сәжде жасадым деп-1-сәжде жасап қойып әттәхиятты оқып болған соң есіне түссе сәһу сәжде жасау керек,ал егер есіне түспей 2-жаққа сәлем беріп қойса намаз бұзылады.
Ұйқы хәлінде сәжде жасау-сәжде саналмайды оны ояу кезінде сәжде қайтадан жасау керек,жасамайынша намаз бұзылады.
Имамға кейін қосылған кісінің имамы әттәхият оқып біткеннен кейін дәреті бұзылса,ұйып тұрған адамның намазы бұзылады
Соңғы отырыста имам әдейі дәретін бұзса-кейін қосылған адамның намазы бұзылады.
Сапардан оралған кісі 4-рәкәғатта қысқартып 2-рәкәғатты оқып сәлем берсе намаз бұзылады
Жұма намазы екен деп 2-рәкәғаттан кейін сәлем берсең бұзылады
Тарауих екен деп оқып жіберсең намаз бұзылады
Намазды бұзбайтын жағдайлар
Егер де намазда тұрғанда көзіңнің алдындағы жазуларды-оймен оқып тілмен оқымаса намаз бұзылмайды
Ноқат көлемінен (Бұршақ көлемінен) аз кіші тамақ қалдығын көп шайнамай жұтса намаз бұзылмайды.Ал шайнап жұтса намаз бұзылады
Намаз оқып тұрғанда –алдынан 1-адам келіп кесіп өтсе намаз бұзылмайды.Тіпті-бетіне тақалып өтседе.Үлкен мешіттерде ұзақ 3-4 метр жерден барып кесіп өтсе болады,тура тақалып,алдынан кесіп өтсе күнәһар болады.
Үйде-ажырасу уақытын күтіп жүрген әйелдің-намазда тұрғанда әурет жеріне қарап шаһуатпен қарап қойсада намаз бұзылмайды.
Сутра (намаз оқыйтын адамның алдына бір зат қойюы)
Намаз оқығанда алдыңыздан адам кесіп өтеді деп қорықсаңыз сутра қою керек.
Сутраның биіктігі-64см болуы керек.Қалыңдығы 1-саусақтай.Сүннет бойынша-сәжде еткенде басың аз ғана сутраға тиіп тұру керек.Сутраны 2-қастың ортасына қоюына болмайды,оң немесе сол көзге қарай шамалап қою керек.Егер де сутра таба алмай қалған жағдайда,жерге құбылаға қарата сызық сықып оқи беруге болады.Егер намаз оқып жатқанда сутра жоқ болса,бір адам кесіп өтіп бара жатса,оны ишарамен,қолмен тоқтатуға болады.Немесе тәсбихпен «Субханаллаһ»деп білдірсе болады.
Бірақ ишараменде-тәсбихпенде істеу болмайды.Еркектер-дауыспен,ишаратпен тоқтатады.Әйел кісі-ишаратпен және шапалақпен тоқтатады.Дауыспен тоқтатуға болмайды.


Дұрыс имам болу үшін керекті әдіс-тәсілдер
Имам мешітте намаз оқйтын жер «Михраб» деп аталады.Имам хутпа оқитын жер-«Минбар»-дейді.Ал уағыз айтып отыратын жер «Мінбе» деп аталады.
Уағыз айту мәселелері
Тіл-әркім өз тілінде,жамағат түсінетіндей сөйлеу.Мысалаға Шымкентке барсаңыз сол жамағаттың диалектіне сай сөйлеу.
Сөз-рет-ретімен,әдебімен,жүйелі түрде сөйлеу.Тақырыптан ауытқымау.Мысалға:Неке жайлы уағыз болып жатса,өлім туралы,тозақ туралы уағыз айтып кетпеу.
Бір тілдің-еліне,жеріне,ұлтына,салт-дәстүрін ескере отырып уағыз айту.
Сақаулық-сақау болған адам, тілі келмейтін сөзге, сол сөздің мағыналас, синоним сөзін қолдану керек.Мысалға:неткен көркем деген сөздің р-әрпіне тілі келмейтін болса,онда неткен әдемі,неткен ғажап деген сияқты сөзді қолдану.
Іс-қимыл(жест)-уағыз айтып отырғанда қолды-ауызды дұрыс қимылдату.Мысалы:Құраннан аят оқығанда-«Ия,әииюһәлләзинә әмәну» яғни «Ей, иман келтіргендер!» деген аятты оқығанда қолды көтеріп(саусақты) дұрыс қимылдату .
Мимик-Мысалға: тозақ туралы айтып жатқанда-жүзді өзгертіп,қабағың қатулы,дауысты көтеріп шығарып,болмаса жылаған күйде айту керек.
Дауыс-дауысты жағымды қылып,бірде көтеріп,бірде азайтып отыру керек.Бірыңғай бір темппен айтуға болмайды.
Киімге мән беру (бір түсті).Ас,құдай тамақта,жаназада-шапан кию керек.Ал 5-6 адамдық жиналыстарға костюм кию керек.
Мінез-құлық-адамдармен қарым-қатынас жасау.Үй ішінде қандай мінезде болсаң сырттада сондай болу керек.Мешітке үлес қосып жүрген жамағатқа дұға жасау керек.
Тамақ ішу әдебі-имам болсаң,тамақтың жақсысын жеу,не қомағайланып тез жемеу,не ұялып тамақ жемей отырмау керек.Имам ол жерге діннің атынан барады,яғни дінге кір келтірмеу керек.Оң қолмен жеу.Өз алдымыздан жеу керек.Тамаққа отырғанда бірінші Құран оқыйсың.Саған қойдың басын тартса,негізі алмаған дұрыс,қасыңда шалдар отырса сол кісілерге ұсыну керек,егер олар алмаймыз өзің тура молдеке десе.Өзің басты алып,бәрін турап ауыз тиесіңде,басты оң жақтан бастап сіздерде ауыз тиіңіздер деп бере саласың.Және бас тартқан кезде бірінші үлкен кісілерге бата бергізесің,бермесе өзің бересің.Сосын егер бас емес ет табығымен келсе өзің етті алып турайсың.Бірінші қазы болса,қазыны қасыңда 4-5 адам отырса сонша адамға бөліп алдыларына бөліп қоясың.Жамбас болса кішкене етін кесіп аласыңда үлкен кісіге бересің.Омытрқа болса кішкене етін кесіп алып бір адамға бересің.Қабырға болса оны жас әйелге немесе балаға бересің.Кәрі жілік болса оны кәрі адамға бересің.Сөйтіп тамақты қолмен жейтінді қолмен,қасықпен житін тамақты қасықпен жисің.Алма,банан немесе т.б көкөністерді өзің жейтінін жеп қалғанын басқа адамдарға берсеңде болады.Сосын сорпа немесе шай ішіп отырғанда аздап уағыз-насихат айтып отыру керек.Мысалға:Құран жайлы,өлген адамның артынан құран оқып тұрсаң,сол адамға көп сауаптар жазылатынын.Ысырап етпеу жайлы т.б.Сосын адамдар енді тамақ ішіп болды дегенде 2-рет уағыз айтып немесе құран оқу керек.Адамдар тамақ ішіп отырғанда уағыз айтпау керек,сенің уағызыңа ол кезде тыңдамайды.Сосын адамдар тамақ ішіп болғаннан кейін,ас қайыру керек.
Уақыз-керемет,жақсы болу үшін уағызға 1-апта бойы дайындалу керек:1)Тақырыпты таңдайсың,
2)Сол тақырыпқа сай мағлұматтар іздейсің.
А)Құраннан іздейсің
Ә)Хадистерден іздейсің
Б)Ғұлама-ғалымдардың сөздерін
В)Қазақ-мақал-мәтелдері тақырыпқа байланысты
Г)Өлең-шумақтар (Абай,Шәкәрім,Ахмет,Ыбырай,Әл-Фараби)сөздерін
Д)Қисса әңгімелер
Е)Статистика-тақырыпқа байланысты Қазақстанның жағдайы. Мысалы:Қазақстанда қанша адам ажырасады.
3)Керемет-уағыз болу үшін дәптерге жазып дайындалуы керек(Жазған уағызыңа дәптерге қарап оқымау керек)
4)Жамағатқа ой-тастау.Сенің сөзің жамағатқа-миында ой қалдыру керек.Жамағат ояу сергек болуы керек.Сен оларға сұрақ қойып,көңілін оятып отыру керек.Мысалы:Қазіргі кезде қанша жастар өзіне қол жұмсап өліп жатыр,неге?-деген сияқты сұрақтар
5)Айтқан-уағызыңа өзің амал ету керек.
Намаз оқитын кісіге мәкрүһ болмайтын жағдайлар
Намазда-белің ашылмасын деп-белді киіммен орау мәкрүһ емес
Арқаңда немесе беліңде-қылыш,садақ немесе сумка асынып тұрсаң,егер ол намаз оқуға кедергі болмаса мәкрүһ емес
Намазда-үлкен жеңі кең шапанды арқаңа асынсаң мәкрүһ емес
Алдыңа Құран қойып,қылыш,найза,свеча,майшам,әңгімелесіп отырған адамның артына,жанып тұрған лампаларға қарап оқысаң мәкрүһ емес
Жайнамаздың тура сәжде ететін жерінде жануарлардың суреті туратын болса ол мәкрүһ,ал егер басқа жерінде сурет болса мәкрүһ емес
Намаз үстінде-шаян және жылан т.б жәндіктерден қорықсаңыз,егер ол қауіп төндіретіндей болса намазда тұрып оны өлтірсеңіз болады,тіпті намаздан шығып қуалап жүріп өлтірсеңізде қайтадан келіп намазды жалғастыра бересіз
Намазда-терлеп рукуғқа барғанда киімің жабысып қалса,оны сілку мәкруһ емес.
Намазда қасыңдағы адамды-көзіңнің қиығымен қарау мәкруһ емес.Көзді ойнату мәкрүһ.Төсектердің үстінде,жұмсақ паластың үстінде намаз оқу мәкруһ.
Нәпіл намаздарда 1 сүрелерді 2-рәкәғәтта қайта-қайта қайталау мәкруһ емес
Намазда бұзуға болатын жағдайлар
Намазда-сырттан біреу бәлеге ұшыраған болып,көмекке шақырып жатса намазды бұзу уәжіп болады
Намазда тұрғанда-әке-анаң қиын жағдайда қалып-сені шақырса парыз намазда тұрсаңда намазды бұзу жайз.Ал егер жәй әшейін қйын жағдай емес,үйде басқа адамдар бола тұра сені шақырып жатса онда бұзуға болмайды
Намаз оқып жатқанда-бір затыңды біреу ұрлайын деп жатса немесе қасыңда тұрған адамныңда заты ұрланайын деп жатса намазды бұзуға болады
Егер қой т.б бағып жүріп,намазға тұрсаңыз қасқыр немесе жабайы аңдар келіп қалса намазды бұзуға болады
Намазда тұрсаңыз-бір соқыр адам алдыңызда бір шұңқыр немесе басқа қауіпті нәрсеге бара жатса намазды бұзып көмектесу керек
Акушер-әйел-намаз оқуға тұрса,басқа бір әйелдің толғағы қысып жатса намазды бұзу уәжіп болады.
Сапаршы-жолда бағалы заттармен келе жатып,сол заттарды ұрлатып аламба деп қарақшылардан қорықса,намазды кешіктіріп қауіпсіз жерге барған соң оқуса болады.

Намазды тәрк етуші адамның үкімі
Намаз оқушы адам намазды-әдейі тәрк ететін болса-оны қаны шыққанша сабап ұру керек.ал оған көнбейтін болса түрмеге қамап қою керек.Дәл осы сияқты-ораза ұстамаған адамдыда тура осылай жазалау керек.Намазды жамандаған,дінімізге тіл тигізген адамды өлтіресің.

Приложенные файлы

  • docx 2628388
    Размер файла: 67 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий