сыныптан тыс ж?мыс куратор ж?мысы


Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс Жоспар:
Кіріспе
1. Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс.............................................1
1.1. Сыныптан тыс жұмыстың дидактикалық негіздері.................................1-2
1.2 Информатиканы оқыту ізгілендіру және қоғамдандыру..........................2-3
Негізгі бөлім
2. Сыныптан тыс жұмыстың мәні......................................................................3-4
2.1 Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттері...................................4-6
2.3 Сыныптан тыс жұмыстың функциялары мен принциптері.......................6-9
2.4 Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны...........................................................9-12
2.5 Сыныптан тыс жұмыстың формалары мен сыныптан...........................12-15
тыс шаралардың кейбір формалары
Қорытынды бөлім
3. Информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстың әдістемесі сыныптан тыс сабақтарды өткізу кезеңдері..................................................15-20
3.1 Қолданылған әдебиеттер..............................................................................21
Информатика бойынша сыныптан тыс жұмысСыныптан тыс жұмыс оқушының жеке тұлғасын дамытудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан «Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс» тақырыбы келешек информатика мұғалімін кәсіби дайындау үшін үлкен маңызы бар.
Педагогикалық маман үнемі шығармашылық ізденісті, кәсіби деңгейін көтеруді, жетілдіруді талап етеді. Информатика мұғаліміне бұл айтылғандар тіпті ең үлкен дәрежеде қатысты. Сондықтан информатика мұғалімі кәсіби басылымдарды қадағалауы, интернеттің ақпараттық пайдалануы т.с.с. қажет.
Сыныптан тыс жұмыстың дидактикалық негіздері
Информатиканы оқыту ізгілендіру және қоғамдандыру
Ізгілендіру (орысш. - гуманизация) – білім берудің негізгі міндеті мен мәні, оқушының даралығын дамытуды жариялайтын – жаңа педагогикалық ойлаудың түйінді эелменті.
Информатиканы ізгілендіру – білімді ізгілендіруінің құрамдас бөлігі, оны гуманистік негізге ауыстырады. Осы ауысу білім берудегі қайшылықтарды шешуге, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде әлеумееттік тапсырысты орындауға және жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Осы ретте информатикадан алған білім жалпы мәдениетті компоненттің ажырағысыз бөлігі болып табылады.
Информатиканы ізгілендіру барысында мына шарттар жүйесі орындаладыы деп болжанылады:
информатиканының адамға, оны қызығушылықтарына, орындалады деп болжанылады;
Әлем туралы біртұтас білімді құру;
Шығармашылықты ынталандыру және қолдау, өз ойын айту және өзін-өзі таныту үшін түрлі әрекеттер түрін ұйымдастыру.
Информатиканы қоғамдандыру (орысш. – гуманитаризация) – кез келген қоғамдық шарттарға дағдыландыратын, оқушыға белсенді, шығармашылық ерікті адам болуға және білім берудің жалпы мәдениетті компоненттің дамуына бағытталған шаралар кешені.
Мектеп курсындағы информатиканы қоғамдандыру мына бағыттарда өтуі мүмкін:
Информатикаға гуманитарлық негіз енгізу (тарихы элементтерді қолдану – идеяларды шығарушылармен танысу, информатиканың ғылым ретінде аяқтануы және дамуы, информатиканың философиялық бастамаларын ашу).
Информатиканы оқыту әдістемесінде гуманитарлық ғылымдарға тән стиль, әдістер мен формаларды енгізу.
а) гуманитарлық пәндермен мағлұматтарды қолдану (өлеңдерді, суреттердің репродукцияларын, нақыл сөздерді, сабақтарға эпиграфтар және т.с.с);
1
ә) ертегі, диспут, ой жүгірту сабақтарын енгізу.
3. информатиканы адамға және әлеуметтік тұрмысқа жақындату:
а) информатиканың қолданбалық әдістер аймағын көрсету;
б) информатикада алынған білімді күнделікті тәжірибеде қолдану;
в) информатиканы игеруде жеке дараның маңыздыллығын көрсету;
г) информатика мен гуманитарлық ғылымдардың, информатика мен жаратылыстану ғылымдарының бірлесуі, информатиканыңішкі бірлесуі (бірлескен сабақтар, бірлескен курстар, объектіні және оның бейнесін тұтастай оқу сабақтары).
4. Шығармашылықтың әртүрлі бағыттарымен ынталандыру, жеке дара қабілетттіліктерін жүзеге асыруға жағдай жасау және дербес шығармашылыққа себепші болу арқылы:
а) шығармашылық, зерттеу жұмыстарының жүйесін енгізу,
б) тәжірибеге оқушылардың жеке даму ерекшеліктерін есепке алатын жеке тапсырмаларды дайындау және енгізу.
в) сыныптан тыс жұмыстың әр түрлілігімен және жүйелігі.
Ізгілендіру мен қоғамдандырудың мына сатыларын ерекшелеуге болады:
Сабаққа әдебиетпен, тарихпен, музыкамен байланысты эмоционалды сәттерді енгізу. Бүкіл сыныпқа кейбір тақырып бойынша шығармашылық тапсырма беру. Сабақта сыныптан тыс жұмыстың жеке элементтерін енгізу.
Біріктірілген, дәстүрлі емес, практикалық, обьект мен бейнені қабылдаудың тұтастығына бағытталған жеке сабақтарды дайындау. Көптеген тақырыптар бойынша тәжірибелік және шығармашылық жұмыстарды енгізу. Сабақта сыныптан тыс жеке шаралар өткізу.
Гуманитарлық негізде жеке курстарды жасау. Бағдарламаның тақырыптары бойынша жалпы ой өрістің дамуына бағытталған шығармашылық сараланған тапсырмалар дайындау. Сынып ауқымында жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстың формаларын жүйелеу және ұйымдастыру.
Информатикадан білім алуды әсерлі эмоциялық, жалпы мәдени күйге бағыттау. Мектеп информатикасының тақырыптары бойынша шығармашылық сараланған тапсырмаларды жүйелеу. Білім алудың бүкіл курсы бойынша сыныптан тыс жұмысты жүйелеу мен ұйымдастыру.
Сабаққа «енгізілетіндерді» біртұтас кешенге түйістіру – олар: жеке алынған дәстүрлі емес сабақтар, сараланған шығармашылық, практикалық және зерттеу жұмыстары, сыныптан тыс жұмыстың жүйесі және бағдарламалық материалдар.
Барлық сатыларда оқушылардың мақсаты әрекеттеріне және шығармашылығына жағдай жасау өте маңызды,,
Шығармашылық – қоғамдандыру мен ізгілендірудің өзегі болып
2
табылады және де тек оқушы ғана емес, оқытушы да «шабыттанады». Оқытушы, кепілді нәтиже алу үшін икемді педагогикалық технология түрінде – қолдану тәртібі аныққталған, қайталанатын педагогикалық әрекеттердің және құралдардың инварианттық жүйесін жасайды.
Оның ерекшеліктері:
оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін ескеру;
оқу материалын қабылдағанда шамадан тыс эмоциал және интеллекті жүктемелеу мүмкін емес;
сынып ұжымында жағымды рухани-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету
Оқытушыныың міндеті – оқушылардың алдында, олардың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне икемделген әрекеттердің әртүрлі спектрін ашу, шығармашылығын және ізденістерін мадақтау. Оқышу таңдау, өзіне-өзі сенімді болу, өзінің жеке даралығын көрсету құқығына ие. Сондықтан оқытушы оған өзінің қабілеттілігін саналы түсінуіне кқмектесіп, қолдау жасау еліктіру қажет.
Информатика пәнінің бағдарламасында мектеп оқулықтарында, және оқытудың қалыптасқан әдістемесінде ұсынылған талаптар «орташа» мөлшерленген. Алайда, оқушылардың дееңгейлік жіктелуі байқалады: біреулері қанағаттанарлық нәтижеге ие, енді біреулері информатиканы аса қиындықпен түсінеді.
Мұнын бәрі информатиканы оқытудың жекелендіруіне тіреледі.
Сыныптан тыс жұмыстың мәні
Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыс – оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік – оқытушылық іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы – мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырыс, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесі және кештерін өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады.
Осыған байланысты «с «»ыныптан тыс жұмыс» ұғымын саралау қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық әдебиетте және практикада – «оқудан тыс жұмыс» және «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылады.
Сабақтан тыс жұмыс – мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша оқу үрдісімен шектеседі, оның сабақтан тыс кезеңдегі жалғасы болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді.
3
Оның жоспарлануында және ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді ұстаз атқарады. Бұған мысал: пәндік оқытушының қабілеті оқушылармен бағдарламалық материалдан алғған білімдерін кеңейту және тереңдету және нашар оқитындардың білімін түзету бойынша өткізілетін жұмыстар.
Оқудан тыс жұмыс – мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің бағыттаушы рөлінің арқасында, көбінсе оқушылар ұжымында белсенді және өздерін-өзі басқару негізінде, сыныптан тыс жүргізілетін сабақтар.
Сыныптын тыс жұмыс – оқушылырға кеңінен позитивті әсер ету мүмкіндігі бар және оқытушының сабақтағы жұмыспен байланыстыра отырып, оқу-әдістемелік өрісте өз бетімен жасайтын әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны болып саналады.
Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс компьютерлер және ақпараттық технологиялар ұсынатын мүмкіндіктердің және құралдардың әртүрлілігіне байланысты – пәнаралақ болатынын атап өу қажет. Сыныптан тыс жұмыста, информатика, физика, ағылшын тілі, еңбек, география және т.б. сабақтары бойынша компьютерлік әдістер аса табысты қолданыла алады. Осындай сыныптан тыс жұмыстың ерекшелігі – қызығушылығы әртүрлі оқушыларды мұндай сабақтар біріктіреді, оларды информатика және өтіп жатқан сәйкес пәннің оқытушысы жүргізеді, өйткені басқа пәннің мұғалімдері ақпараттық технологияны жеткілікті түрде біле бермейді.
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мақсаты – баланың өмірге және қоғамға қажет әлеуметтік тәжірибені игеріп алуына және қоғам қабылдаған құндылықар жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыс мына міндеттердің орындалуына бағытталған:
Баланың өзіндік оң – «Мен - концепциясын» қалыптастыру, ол мына факторлармен сипатталады:
а) басқа адамдардың оған деген тілектестігі, қарым-қатынасы жақсы екеніне сенімділгі;
б) баланың тақырыпты және басқа шұғылданатын жұмысын дұрыс меңгере алатындығына сенімділігі;
в) өзін тұлға ретінде сезінуі. Оң «Мен - концепциясын» баланың өзіне деген позитивтік қатынасын және әрі қарай жекетұлға ретінде дамуына негіз болатын, өзін-өзі бағалау әділдігін сипаттайды.
Түрлі сабақтан тыс әрекеттер оқушының сабақта көрінбейтін жеке дара қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді. Сабақтан тыс жұмыстардың әртүрлілігі оқушының өздігінен жүзеге асыруына, өзін-өзі жоғары бағалауына, сенімділігін арттыруға жағдай жасайды. Оқушының түрлі сабақтан тыс жұмыстарға қатысуын оның жеке тәжірибесін байытады, адам әрекетінің түрлілігі жайлы білім береді, қажетті тәжірибелік дағды мен шеберлігін қалыптастырады.2.Ынтымақтастық дағдыларды қалыптастыру және ұжымдық
4
өмірге тәжірибе жинау үшін қолайлы шарттарды жасау. Оқу еңбегі өзінің ерекшеліктеріне байланысты ұжымныңмм топтасуына қолайлы негіз бола алмайды. Ал, сыныптан тыс әрекеттер, ұжымды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасайды. Мұнда оқушылар өзара жан-жақты қарым-қатынаста болады. Сыныптан тыс жұмыстың түрлі формаларында оқушылар өздерінің жеке дара қабілеттіліктерін көрсетіп, ұжымда өмір сүруге үйренеді. Сонымен қатар, сыныптан тыс жұмыстар белгілі бір аспектілерде оқушылардың ұжымдық қарым-қатынас тәжірибесін байытады, осының бәрі үлкен оқу-тәрбиелік нәтиже береді.
3.Әлеумет қолдайтын тиімді әрекеттерді жасау қажеттілігін қалыптастыру. Қажетті дағдылар мен іскерліктер, әрекеттерін формаларымен тікелей танысу оған деген ынтасының жеке бейімділігіне сай икемдеуарқылы қалыптастырылады. Сыныптан тыс жұмыста іскерлікті қалыптастыруға және қажет болса өз бетінше оны ұйымдастыруға шарттар құралды. Қазір қоғамға қайшы өмір сүретін (нашақорлыққ, маскүнемдік, қылмыс жасау) жасөспірімдер санының өсіуне байланысты әлеумет қолдайтын іс-әрекеттерді жасауды қалыптастыру – өзекті мәселе.
4.Көзқарастың өнегелі, жігерлі компоненттерін қалыптастыру. Сыныптан тыс жұмыстарда өнегелі түсініктерді меңгеру арқылы інез-құлықтың адамгершілік нормалары меңгеріледі. Эмоциялы өріс шығармашылық әрекеттерде эстетикалық ұсыну арқылы қалыптасады.
5.Танымдылық ынтаны дамыту. Сыныптан тыс жұмыстардың осы түрі, оқу мен оқудан тыс жұмыстардың сабақтастығын бейнелейді. Себебі сыныптан тыс жұмыс сабақтағы оқу-тәрбиелік жұмыспен байланысты, ең ақырында оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыстардың аясында оқушылардың ынтасын тәрбиелеу, мына маңызды міндеттерді – оқушылардың мамандықты таңдауына және оларды еңбекке дайындалуына шешуімен байланысты. Сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлілігі оқушылардың кәсіби ынталарының пайда болуының негізгі көзі болып табылатыны белгілі, оларға арнайы білім, іскерлік, дағдыны жинауға, таңдап алған әрекет аумағында өз күшін көмектеседі.
6.Оқушылардың бос бос уақытын ұйымдастыру. Қазіргі кезде балаларды бақылаусыз қалдырудан келетін зардаптың алдын алу үшін педагогикалық ұйымдастыырылған ықпалдың уақытын ұзарту өте маңызды. Оқушылардың мінез-құлқымен олардың бос уақытын қалай өткізуінің арасында тәуелділік бар екені белгілі. Педагогикалық бақылаусыз қалған оқушылар көбінесе үйірмелерге қатыспайды.
Үлгермейтін оқушыларды оқудан басқаға назарын аударуға болмайды деген пікір бар. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені дәл сол оқушыларға өздерінің бос ақытын тиімді пайдалануына көмектесу керек. Информатика үлгерімі нашар оқушыларға орасан зор мүмкіндік береді
Айтылып өткен міндеттер сыныптан тыс жұмысыныың негізгі
5
мүмкіндіктерін және бағыттарын анықтайды. Шынайы тәрбиелік жұмыста олар сыныптың ерекшеліктеріне, ұстаздың өзіне, жалпы мектептік оқудан тыс жұмыстың ағымына байланысты нақтыланып дәлелденеді.
Сыныптан тыс жұмыстың функциялары
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттерін оның – оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық фцнкциялары анықтайды.
Сыныптан тыс жұмыстың оқытушылық функциясыны оқу әрекетіне қарағанда үстемділігі аздау. Сыныпиан тыс жұмыста ол тәрбиелік және дамытушылық функциялардың тиімді іске асуына көмекші болады. Ғылыми білімдердің (оқу іскерлігі мен дағды жүйесінің қалыптасуында емес), жай қарым-қатынас дағдысында, ұжымдық өмір, мінез-құлықтық белгілі бір дағдысын үйретуге негізделеді.
Алайда, сыныптан тыс жұмыс пен оқу жұмысын дұрыс үйлестіру бүкіл оқу-тәрбиелік әрекеттік жүйенің үлкен икемділігін қамтамасыз етеді. Сыныптан тыс жұмыс бәріне бір және міндетті оқу жоспарын сақтау кезінде оқыту мен тәрбиелеудің сараланған тиімді құралы бола алады. Сабақтың толықтығына байланысты уақыттың аздығынан, оқу әрекетінің шеңберінде жоюға қиын, оқу жұмысының кемшіліктерін теңелте алады.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың жеке қабілеттерін бейімділігі мен ынтасын дамытатын және көрсететін дамытушылық функциясының маңызы зор. Мысалы, артистік қабілеті бар оқушыны мектептегі мерекелік шараларға, КВН-ға, информатикаға қабілеті бар оқушыны – олимпиядаларға пайдалы бағдарламаларды құруға т.б. тартуға болады.
Сыныптан тыс жұмыстың принциптері
Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктеріне сүйене отырып, оған қойылатын талаптарды атап кетейік.
Сыныптан тыс жұмыс, оның бағыттарын, мазмұнын, формасын анықтау кезінде алғашқы бастауларды құрайтын – жалпы принциптердің негізінде жүргізіледі.
Мақсатты орнату принципі – оқу – тәрбиелік тапсырмаларды жоспарлауды, - қол жеткізген нәтижелерді бағалауды өткізілген жұмыстың жан-жақты талдауды талап етеді.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырғанда және өткізгенде мақсаттың болмауы оқушы мен мұғалім арасындағы арақатынасты бұзатын формализмді туғызады, ондай жұмыстың еш тиімділігі болмайды немесе теріс нәтиже береді.
Бастар алдында күтіллетін нәтижелерді анықтап алу. Бұл жалпы әлеуметтік тәжірибені меңгеру және қүндылықтардың позитивті жүйесін қалыптастыру мақсатына жетуге көмектесетін міндеттерді тұжырымдауға көмектеседі. Ойластырылған әр шараның тәрбиелік міндеті мен мақсатының айқын тұжырымдамасы болуы керек. Сонымен қатар, әр жұмыстың мағыздылығы оқушыға анық болу керек.
6
Сыныптан тыс жұмыстың өмірмен, еңбекпен, тәжірибемен юайланыс принциптің мәні қоғамдық өмірге белсенді қатысу арқасында, әрбір оқушыны қауымын ұйымдастыру шындық ықпалымен жүргізуінде болады.
Сондықтан сыныптан тыс жұмысс қоғамдық пайдалы бағыытта болуы керек. Осы информатикакабинетіне арналған көрнекілік құралдар мен аспаптарды жетілдіру және құрастыруда, бастауыш сынып оқушыларымен жұмысты ұйымдасыруда, информатиканы және басқа да мектеп пәндерін оқытуға арналған педагогикалық бағдарламалық құралдарды жасауда көрініс табады.
Оқу-тәрбиелік процестің тұтастақ және бірлестік принциптері – ең алдымен оқу және сыныпан тыс жұмыстың үйлесімді бірлесуін білдіреді. Оқушының жекеленген ерекшелігін ескере отырып педагогикалық үрдістің осы жақтарының ажырамауы – оның тииімділігін арттырудың басты шарты. Осындай байланыстардың мүмкіндіктері сыныптан тыс әрекеттердің мазмұнында объективті қарастырылған.
Оқу-тәрбиелік процестің тұтастақ және бірлестік принципі – дидактикалық принциптің ғылымилығын, оқыту мүмкіншілігі мен көрнекілігін, теория мен тәжірибенің байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл принцип оқу-тәрбиелік процестің жас дәреежесінің арасындағы сабақтастықты (бастауыш, орта және жоғарғы сыныптар), сонымен қатар, оқушылардың дайындығы мен алдыңғы даму деңгейін санауын талап етеді.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі – ттікеле оқыту жәнее тәрьиелеу мақсаттарынан туындайды, себебі тұлға ұжымда өзінің қасиеттерінің жан-жақты даму мүмкінділігін алады. Сыныптан тыс жұмыс әртүрлі ұжымдық қызметте тұрақты қатысуға арналған үлкен мүмкіндіктерді ашады, оны ұжымның қалыптасу заңдарын және оның жеткен даму деңгейін ескере отырып ұйымдаастыру керек. Ұжымның даму деңгейі мұғалім жағынан оларға жетекшілік сипатын айқындайды. Ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оқушының өзіне-өзі дербестік беріледі, соғұрлым ұжымда оқушының өзін-өзі басқаруында айтарлықтай рөлі болады.
Тәрбиелеу үрдісінде өз әрекеттігін және белсенділігін дамыту принципі – сыныптаан тыс жұмыс оқушылардан белсенділікті талап етеді және олардың дербестігін көрсету үшін жағдай жасайды. Олар өздеріне өз еркімен сабақты таңдайды, оны жоспарлауда, жоспарланғанды жүзеге асыру құралдары және жолдарды анықтауға қатыса алады. Сондықтан осы әрекеттерді жүзеге асыру үшін бұл принцип үлкен мүмкіндіктер ашады. Оқушылардың даму үрдісінің барлық сатыларында, белсенділік олардың табиғи үйлесімді қажеттілігі екенін есен шығармау керек. Сондықтан тәрбиелік жұмысты сол қажеттілікті қанағаттандыру бағытында құру керек. Оқушының барлық мүмкіндіктері қолданылса, тәрбие ойдағыдай бола алады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарға дағдыландыру үшін сыныптан тыс сабақтардың мәні үлкен (стандартқа сай емес және қиын есептерді дербес шығару, мәліметті және баяндамаларды дайындау және оқу, шығармашылық
7
жобаларды дайындау және т.б.) егер сыныптван тыс тапсырманы ойластыруды және жүзеге асырылуы оқушылар жағынан болса, онда олар өздерін еркін дербес сезінеді. Осы жағдайда белгілі бір «тәуекел» деу бар, өйткені оқушылар осы істі жақсы меңгере алмауы да мүмкін. Сондықтан сақтық жасап, оларға әр уақытта көмекке келуге дайын болу қажжет. Есесіне, ең басты ұтыс – оқушылаар дербестілік мектебінен өтеді.
Жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру принципі – сыныптан тыс жұмыста осы жасқа тән мүмкіндіктері мен күшіне байланысты құрылуы керек және әрбір оқушының алдағы дамуына ықпал ету керек.
Бастауыш сыныпта информатикадан сабақтан тыс жұмыстың мазмұны оқушылардың ой-өрістерін кеңейтуге, өмірдің түсінікті құбылыстарымен таныстыруға бағытталуы керек. Осы жастағы оқушылардың тұрақсыз назары олармен жұмыстың ең айқын бейнелі және әсерлі эмоциялық формаларын іздеестіріді қажет етеді. Ең тиімдісі ойындық әрекеттерге үстемді көңіл аудару болады. Бастауыш сынып оқушылардың қызығушылықтары әлі анықталмаған, сондықтан олардың кейбіреулері ғана сыныптан тыс жұмысқа қатысады. Бұл оқушыларда ұжымдық байланыс дәрежесі әлі төмен, өз күшіне сенімділігі мен дербестілігі аз. Сондықтан барлық сыныыптан тыс жұмыс мұғалімнің басқаруымен өту керек.
Орта мектеп жасындағы оқушылармен сыныптан тыс жұмысты мектепте алған өмір тәжірибесңнен жинақталған білімін ескере отырып жүргізу керек. Бұл жастағы оқушылар көп тырысады, олар қиын жағдайларда өз күштерін тексеріп көруге талпынады, еңбекте дамыған қабілетін көрсету мүмкіншіліктерін іздестіреді. Оқушылар өз таңдауы бойынща үйірмелермен, секциялармен айналысады. Тәрбиешінің міндеті – әр жасөспірінің қызығушылықтарын қанағаттандыратын және оның қабілеттерін одан әрі дамытатындай сыныптан тыс жұмыстарды табуға көмек көрсету.
Жоғары сынып оқушылары – жрғары және арнайы орта білім беру мекемелерінің болашақ студенттері, түрллі қызмет көрсету аясы мен өндіріс салаларының жұмыскерлері. Олар дене және моральдық даммуға жетеді, оларға жоғары талаптарды талап етуде туатын ой мен дене еңбегңнде олардың мүмкіншіліктері айтарлықтай өседі. Олар өздері бос уақыттарын өз бетінше ұйымдастыруға, пайдалы істерді табуға тырысады, өздерін ересек деп сезінеді.
Жастық шақ – кейде толқумен, күдікпен және көңіл толқуымен бірге жүретін моральды сенім мен дүниеге көзқарасты қарқынды қалыптасу шағы. Оқу бағдарламасының шегінен шығатын, жұмыстарға тырысу және қызығу, ғылыми-білім беру қоғамдары мен үйірмелердің ұйымдастырылуымен қанағаттандырылуы мүмкін. Бұл жаста өмір жолын таңдау туындайды, сондықтан оқушылардың сыныптан тыс әрекеті бойынша кәсіби бағытын белсенділендіру қажет.
Оқушылардың жастық ерекшеліктеріне қарамастан, кез келген жастық топта, компьютерлік ойынның элементі ретінде салмақты, үлкендердің әрекеттеріне ұқсату негізінде іс-әрекетті ұйымдастыру табысқа ие болады.
8
Тәрбие жұмысында оқушылардың жастық қана емес, одан басқа жеке
барысында ерекшеліктерін ескерген дұрыс: темпераментін, мінезін, қабілетін, қызығушылығын, дағдылары мен талғамдарын, сондықтан әрқайсысына жеке қарағанды талап етеді. Оқушылардың жастық және жеке ерекшеліктерін білу олардың жан-жақты даиуы үшін сыныптан тыс жұмыстарды тереңірек қолдануға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаның сыйлау және талап қою бірлігі принципі – сыныптан тыс жұмыс жасау үрдісінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынасты анықтайды және оқушылардың салмақты қасиеті көрініс табатын қызығушылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Оған сүйене отырып, ұстаз оқушылардың тәртібінің қайта құрылуына және олардың қызығушылығының дамуына, үлгерімнің жақсаруына, тәртіпті болуына қол жеткізе алады.
Сыныптан тыс жұмыс процесі кезінде құралатын қызығушылыққа байланысты ұжымда ұзтаздың педагогикалық орны сабақ кезеңіне қарағанда басқаша. Ол оқушылардың қызығушылығымен, ойларымен санасатын, олардың жеке даралығын құрметтейтін, тәжірибелі және білімді жолдас ретінде болады. Сонымен қатар, оқушылар орнатылған тәртәпке және жүріс-тұрыс ережелеріне бағынуы қажет, себебі қатынасу-қатынаспау және іс-әрекеттерінің еркіндігі берекесіздікке әкелмеуі мүмкін. Ұстаздың талап етуі оқушылардың жұмысын басқаруына әкеледі, олардың іс-әрекетінің нәтижесін шығару қажеттілігін болжайды.
Сыныптан тыс жұмыс мектеп алдындаа тұрған оқу-тәрбиелік есепті шешуге үлкен мүмкіндік береді, оқушыларда табандылық, жігерлік, ерік сияқты қасиеттерге тәрбиелейді. Сыныптан тыс жұмыс ұзтаздың өзіне де үлкен пайда әкеледі.сыныптан тыс жұмыста ұстаз бен оқушылардың арасындағы байланыстың рөләә өте зор, оны орнату үшін ұстазда нақты белгілі қасиеттері болуы керек. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру кезінде ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы тиіс, ол сыныпта туған ахуалға жауап беретін жаңа форма құруы керек. Ұстаздың шығармашылығы сыныптан тыс жұмыстың тиімділігі үшін қажетті шарт болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны бейімделген әлеуметтік тәжірибені, баланың жеке тәжірибесінде іске асқан эмоц ияны, бастан кешкен, адам өміріің әртүрлі аспектілерді көрсетеді.
Сыныптан тыс жұмысмазмұнының өзгешңлңгң мына факторлармен сипатталады:
ақпараттыққа қарағанда эмоциалы аспектінің басымдылығы: тиімді тәрбиелілік әсер ету үшін баланың сезіміне, оның күйзелісіне, ақыл-ойына эмоция арқылы тілдесу жасалады.
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұнында білім мен ғылымның практикалық жағы анықтауыш мағынаға ие, себебі сыныптан тыс жұмыстың мазмұны әртүрлі іскерлік пен дағдының жетілдіруіне
9
бағытталады. Сыныптан тыс жұмыста оқу дағдысы жетілдіріледі,
ақпаратты іздегенде өз бетімен жұмыс жасау біліктілігі, сыныптан тыс әртүрлі шараларды ұйымдастыру, ынтымақтастық икемділік, этикалық нормаларды сақтау қалыптасады. Сыныптан тыс жұмыс мазмұнында практикалық аспект теориялық аспектіге қарағанда басым болғандықтан, оны оқушылардың белсенділік позициясынан қарастыру қажет. Сол арқылы оқушылар әлеуметтік тәжірибенің жоғарыда айтылған екі аспектісін де меңгереді.
Танымдық іс-әрекет – сыныптан тысжұмыста танымдық қызығушылықтың қалыптасуына, оқытудың жағымды мотивациясына, оқу дағдысының жетілдіруіне арналған. Қолданылған формасы басқаша, әйтсе де оқу іс-ірекетінің жалғасы болып табылады. Ол үйірме, «Білім құмарлардың турнирі», «Не? Қайда? Қашан?», КВН және т.с.с.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бағдарламалық материал аймағында білімдерін тереңдетуіне, логикалық ойлауларының дамуына, қиялдарына, зерттеу дағдысына, информатика тілін меңгеругее, оқушыға информатика тарихынан хабарлама жасауға көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыстар практикалық мазмұны бар есептерді шешу үшін қолданылуы керек, сонымен қатар, мұндай жұмыстар оқушылардың конструктивті даағдыны меңгеруге, модельдеу дағдысына, көрнекі және бағдарламалық құрал өндіруге пайдаланылады.
Тәрбие барысында қосымша әдебиетті зерттеуді ұйымдастырып және бағыттап оқытудың маңызы зор. Мұндай жұмыстың мақсаты – оқушылардың кітаптан білім көзін көріп, оқу мәдениетін меңгерулеріне көмектесу.
Бос уақыттағы іс-әрекет – оқушылардың демалыстарының жақсы өтуін ұйымдастырып, ұжымда жылы ахуал құрып, ашушаңдықты жою үшін керек. КВН, «Огонек», «Компьютерлік әзілсықақ» және т.б. сияқты формалар қте тиімді. Сыныптан тыс жұмыста дәл осы танымдық және ойын аспектілері бірігеді. Мысалы, «Таңғажайып алаң», «Қызықты информатика», викториналар және т.б. Бұл екі аспектінің қайсысы басқарушы екенін білу үшін нақты формада ұстаздың іске асыратын мақсатын, міндеттерін, үстемділік функциясын саралау керек.
Еңбек іс-әрекеті – сыныптан тыс жұмыста еңбектің әртүрлі формаларының мазмұнын көрсетеді. Сыныптан тыс жұмыста еңбек іс-әрекетін ұйымдастыру, ұстаз үшін кейбір қиындық туғызады, әйтсе де оның еңбегі, оқушылардың әртүрлі жүйелі еңбек әрекетінде тәрбиелік қорытындысын береді.
Мұндай нәтиже еңбекке деген қалыптасан қажеттілікке, өз орнын таба алуда көрінеді. Сыныптан тыс жұмыста көрнекі құралдар құру, кабинетті көріктендіру, педагогикалық бағдарламалық құралдар құруды ұйымдастыруға болады.
Шығармашылық іс-әрекет – оқушылардың қызығушылығының дамуы мен шығармашылық потенциалдың ашылуын көрсетеді. Шығармашылық іс-

10
әрекет: бағдарламашылардың конкурсы мен коммпьютерлік графика, шығармашылық жобаның көрінісі түрінде ұсынылады. Жоғарыда келтірілген
іс-әрекет формалары мақсатының бірі – адамгершілік, әсершіл және жігерлі дүниетаным компоненттерін қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбие – сыныптан жжәне мектептен тыс жұмыста ажамгершілікке тәрбиелеу басты орын алуы қажет. Оның басты мақсаты – оқушыларда саналы түрде қоғамға қатынасының борышын қалыптастыру, күнделікті өмірде сөзі мен ісінің бірлігін қстанатын сінезді тәрбиелеу. Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыста оқушыларды ақпарат және бағдарламалық әдістерді қолданудың құқықтық нормаларымен таныстыру.
Эстетикалық тәрбиелеудің - сыныптан тыс жұмысы жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қадағалайды. Мектептің оқу жоспарында эстетикалық циклдің пәндері көп орын алмаса да, осы іс-әрекеттің өзі ерекше мағыналы екені көрініс табады.
Мектеп эстетикалық сезім мен талғамды қалыптастыру, жақсылықты қабылдай алу, одан ләззт алып, қоршаған орта өз үлесін қосу; табиғат, қоғам және адам тәртібіндегі сұлулық туралы ойын дамыту, шығармашылық дүниетанымның кеңейтілуі, оқушылардың өнер саласымен танысуы.
Сыныптан тыс жұмыстар қатарына информатикада компьютерлік графикада жұмыс істеуі мүмкін, анимация және музыка, мультимедиалық, гипермәтіндік және әдеби жобалары. Оқушылардың көпшілігінің қызығушылықтары Web - графика, дизайн, интернет-шығармашылықтары болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық топтарының қызықты формаларының бірі – журнал немесе газет дайындау. Компьютердің көмегімен өңделген электрондық түрде немесе Интернетке мектеп сайттарында көрсетілуі мүмкін. Эстетикалық дамудың шексіз мүмкіндіктері компьютерлік анимацциялы мектептік студиялары ашады, олар тек қана оқушыларға ғана емес мультипликациялық фильмдерді және жас көрермендерді тәрбиелеуге көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыстар үшін үлкен қызығуушылық туғызатын мектептегі бейне –студиялар болып табылады. Мұғалімдер компьютерлік технология арқылы әдеби бейне-фильмдерді мультипликацияларды жасауға мүмкіндік алады.
Бұл іс-әрекеттердің қызық жері- компьютерлік өнердің әртүрлі көрсетілімдері. Оқушылардың ең басты көзқарасына экономикалық, экологиялық көзқарастар жатады. Олар компьютерлік жобаларды қолдануда қалыптасады. Әрбір мектеп және мектептен тыс мекемелер өздерінің сыныптан тыс жұмыстарының мазмұнын өздерінің мүмкіндіктерін ескере отырып анықтайды.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны барлық мектептерге бірдей емес. Оған мына факторлар әсерін тигізеді:
Мектептің дәстүрлері мен ерекшеліктері. Мысалы: егер мектептің пәндік бейіні болса, онда сыныптан тыс жұмыста танымдық аспектілердің үстем
11
болуы. Әдеби, экономикалық, физикалық, математикалық және т.б. тәрбие, соған сәйкес кәсіби мектептермен сыныптарға тән.
Жас ерекшеліктері, сыныбы, оқушылардың жеке мінездемелері.
Компьютерлік техниканың мүмкіншіліктері, ерекшеліктері, информатикакабинетінің кесте бойынша жүктемесі.
Мұғалімнің өз ерекшеліктері, оның қызығушылықтары, икемділігі және талаптары.
Егер мұғалім оқушыға білім беруде жоғары нәтижеге жетуге тырысса, онда сыныптан тыс жұмыста мақсатқа жету үшін танымдық іс – әрекеттерді ұйымдастырады.
Сонымен қатар, оқудан тыс танымдылықтың көлемі қиындық деңгейі мен ғана сәйкес келмей, үйренушіліердің жеткен деңгейлерінен асып түсуде, жан жақты дамуымен сәйкес келуі керек.
Сыныптан тыс жұмыстың формалары
Сыныптан тыс жұмыстың формалары – бұл мазмұнына қарап қойылатын талаптар. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстың формаларының саны орасан көп болғандықтан, оларды тұтастай жіктеу мүмкін емес. Есесіне мысал ретінде объектіге (тұлғаға) әсер етуі бойынша және оқыту мақсаттарымен тәрбие бағыттарын негіздеп жіктеуге болады. Сыныптан тыс жұмыстарды жеке, топтық және көпшілікті біріктіру бойынша, ал жеке және көпшілікпен – фронтальды және ұжымдық деп жіктеледі.
Жеке жұмыс – өзін – өзі тәрбиелеуге бағытталған жеке оқушінің өзіндік іс – әрекеті, танымы, мектептік бағдарламаларды ұжымдық және мұғалімдердің тапсырмаларын орындау үрдісі.
Баланың санасында өзін – өзі кемелдендіру, өзін – өзі тәрбиелеу қажеттілігі түсінігін қалыптастыру жеке жұмыстың мәні болып табылады. Педагогикада бұл үрдісіті тұлғаның әлеуметтендіру бағытында тәрбиелеу деп тұжырымдалады.
Жеке жұмыстың тиімділігі, қойылған талапқа сай, жеке жұмыстың формасын дәл таңдаудан басқа, баланы әрекеттердің қандайда бір формаларына икемдеу болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын жалпы мақсат – нақты тұлғаның толыққанды даму үшін педагогикалық шарттармен қамтамасыз ету. Ол балада оң «Мен концепциясын» қалыптастыру және тұлғалық әртүрлі қырларын, жеке басының мүмкіндігін дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы, информатика бойынша сыныптан тыс оқытуда тарихи мәліметтреді, бағдарламаудан қиындатылған есептерді, математикалы логикасының элементтерін есептеп шығару жүйесін және т.б қарастыру дәстүрге айналуда.
Соңғы жылдары информатика практикалық мәні және танымдылық қызығушылығы бар жаңа бағыттары пайда болды – ақпараты өңдеуге компьютерлік технологиялар, сонымен қатар, мультемедиа, гипертекст, интернет.
Үйірмелік (топтық) сыныптан жұмыс оқышылардың ғылымның,
12
техниканың, көркемөнердің , спорттың белгілі аймақтарына қызығушылықтарын анықтуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, бағдарламалық материалдан алған білімдерін тереңдетуге, жаңа мәліметтерді білуге, біліктіліктерін және жағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Үйірме – информатика бойынша оқудан тыс әрекеттердің негізгі түрінің бірі. Оның жұмысының мазмұны негізінен оқушылардың дағдыларымен және қызығушылықтарымен анықтайды, әйтсе де кейбір жағдайда бағдарлама да болады. Компьютердің көптеген мүмкіндіктеріне байланысты информатика бойынша үйірмелердің бағыттары әр түрлі болуы мүмкін.
Үйірмеде сабақтардың әртүрлі типтері өткізіледі. Олар: баяндамалар, жобалар жасау жұмысы, кабинет үшін әртүрлі көрнекі құралдар жасау, зертханалық жұмыстар, интерактивті тақтаның флипчат технологиясын игеру және оларды дайындау, виртуальды саяхаттар және т.с.с. болуы мүмкін.
Үйірменің жұмысы күнделікте тіркеліп отырады. Есептік шараларды: кеш, конференция, уөрме, байқау, түрінде өткізуге болады. Кейбір мектептерде үйірме жұмысының қорытындысы, жыл бойы жасаған жұмыстың байқауын тәмәмдайтын мектептік мейрамда өткізіледі. Мысалы, информатика бойынша жалпы мектептік апта өткізілгенде.
Жұмыстың бірлестіру формаларына мектеп мұражайы, клубтар, қоғамдар, уақытша ұжымдар және т.с.с жатады.
Сыныптан тыс шаралардың кейбір формалары
Информатика кеші – бұл жылдық сынып жұмысының немесе үйірменің нәтежесін қорытындылау формасының бір түрі. Мұғаліммен бірге оқушылар кештің бағдарламасын, жұмыс түрін және ойындарын толығырақ ойластырады. Кеш үшін материал таңдайды. Мысалы: есеп – әзіл, тапқырлық есептерін, тарихи мәліметтерді, ребустарды, софизмдерді, шараларды, крассвордтарды, викторика үшін сұрақтарды; қажетті модельдер, плакаттар, ұрандары сонымен қатар сыныпты дайындалады. Мұндай шараның өте маңыздысы тәрбиелік мағынасы бар: біріншіден, оқушылар өз сыныбыынң абройы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушыларды жеңіске қажетті сабырлыықты және жігерлікті дамытады.
Информатикандан викторина – бұл өзінше ойын. Викторинаны үйірмеде немесе жеке сыныптар арасында жарыс ретінде өткізу ыңғайлы. Викторина үшін дайындалатын тапсырмалар көзге жетерлік мақзмұнмен, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шығаруға ыңғайлы болуы керек. Сабақтан шығаратын типтік есептер, әдетте викторина үшін қызықты болмайды. Есептерден басқа викторинаға информатикамен байланысты өзінше сұрақтарды енгізугеболады. Викторинаға есеп – әзіл да енгізіледі. Викториналар тұтастай қандай да бір тақырыпқа арналуы мүмкін, әйтсе де қиыстырылған викториналарды ұйымдастыру ыңғайлы.
Қызықты кісілермен кездесу өскелең ұрпақты адамгершілікке қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады. Мұндай кездесулер сыныпты немесе жалпымектептік немесе сыныптан тыс жұмыстың басқа түрінің құрамында болуы мүмкін. Кездесулер «компьютер» кәсібінің өкілдерімен, басқа

13
да компьютерді қолданатын кәсіптер өкілдермен, лайық кәсіпті таңдаған мектеп түлектерімен және т.б. ұйымдастырылу мүмкін.
Кіріспе сөзде мұғалім оқушыларды ңқызығушылығын тудыру үшін қонақтардың өмір мен қызметі туралы айтуға тиіс, ал қорытындыда
бүкілайтқанын жалпылап және қатысқандарға алғыс айтылу керек.
Іскер ойындар – зерелетін объектіні немесе оқушылардың нақты әрекетін қабылдайтын немесе көз алдына елестету арқылы шешім қабылдайтын оқытудың белсенді әдісі. Олар инструменталды деп аталатын – нақты әрекеттің моделін құру, нақты мақсатқа жету, қатысушылардың іскелек қатынас жүйесін құрылымдау сияқты есептеді шешуге бағытталған. Балалармен іскерлік ойындардың сюжеті әдетте күрделі болмайды, ұйымдастырушылық семинат түрінде өтуі мүмкін.
В.Я.Платов бойынша іскерлік ойындардың негізгі белгілері мыналар:
1) объектінің моделінің болуы;
2) рөлдердің болуы;
3) шешімдерді шығару кезінде ролдік мақсаттардың айырмашылығы;
4) ролдерді орындайтын қатысушылардың өзара әрекеттестіктері;
5) бүкіл ойындық ұжымның жалпы мақсатының болуы;
6) ойыннның қатысушыларымен ұжымдық шешімді шығару;
7) «тізбекті шешімді» ойын процесінде жүзеге асыру;
8) шешімнің көпнұсқалылығы;
9) эмоциялық шиеленісті басқару;
10) ойынға қатысушылардың жеке және топтық бағалау әрекетінің тармақталу жүсеті.
Іскерлік ойындарды оқушылар өзі жақын және алыс болашағын жоспарлайды, бірақ бұүкіл әрекетте ойындық құрылым бар, оны жүргізушілер кезеңнен – кезеңге бағыттайды. Мұнда оқушылар кезде нақты қоғамдық қызметті жосарлап және іске асыратын ұжымдық шығармашылық істі қосуға болады.
Сыныптан тыс жұмыста ұйымдастырылатын іскерлік ойындар – келешегі бар бағыт. Мұндай ойындар өз іс – әрекетін құрастыруға, құрбыларымен іскерлік қатынастарын жақсартуға , үлкен кісілермен алқалық қатынасқа түсуге үйретеді.
Іскерлік ойында оқушылардың психофизялогиялық ерекшеліктерін ескеріп, арнайы анықталған жас мөлшері үшін жобалануы қажет. Сыныптан тыс жұмыста пайдалануға болатын іскерлік ойындардың мына төрт типін ерекшелеге болады:
Ірі ауқымды және ұзаққа созылатын іскерлік ойындар;
Нақтылы ақпаратты саралаға енгізделген ойындар;
Бүкіл сынып айналысатын қысұа мерзімді іскерлік ойындар;
Үстел үсті ісерлік ойындар;
Информатикадан диспут - өзіндік сыныптар араасындағы сұрақ және жауап ойыны. Диспут кезінде алдымен қиынрақ сұрақтар қойылады.Диспуттың материалы бойынша сұрақ қою өте маңызды.Бұл сұрақтардың мазмұндары диспут алдында қойлған мақсаттарға байланысты шешіледі. Мұндай мақсаттардың арасында ең маңыздысы-өткен оқу
14
жылдарының оқу материалдарын қайталау болады. Бұл жағдайда, нақты уақыт аралығында оқушылардың алдына материалдар бойынша нақты әрекетті орындау үшін анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді, есептердің шешуді алгоритмдерін құруды және т.б. қайталануы қажет.
Әр диспут алдына қойылатын ең минималды талап ол оқушылардың оқулықтағы тұра нұсқаланған маетриалдарды жақсы, толық және дәл ашып айту, тұжырымдарды түсіну біліктілігі болып табылады. Тек осыдан кейін осының негізінде, оқушылармен оқу материалы бойынша шығармашылық жұмысты құруға болады.
Информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстың әдістемесі
Сыныптан тыс сабақтарды өткізу кезеңдері
1.Тәрбиелік тапсырмаларды оқыту және ұйымдастыру. Бұл кезең әрбір оқушының және бүтіндей сынып ұжымының ерекшеліктерін зерттеуге, тәрбиелік үрдісті іске асыру үшін неғұрлым өзектілік тапсырамаларды анықтауға бағытталған. Кезеңнің мақсаты-ол аспектілерді анықтауды, түзетуді неғұрлым маңызды тапсырмаларды таңдауды және қалыптастыруды қажет ететін педаогоикалық болмысты әділ бағалау.
Зерттеу белгілі педагогикалық әдістер арқылы жүргізіледі, олардың ішінде бақылау басымдылық танытады. Бақылау арқылы мұғалім оқушы және ұжым жайлы ақпарат жинайды. Оқушылармен ғана емес, олардың ата – аналармен, сыныпта олармен жұмыс істейтін мұғалімдермен әңгімелесу ақпараттық тәсілге жатады.
Жеке жұмыс жасау кезінде баламен құрастырылған: суреттердің, баяндамаладың, өлең шұмақтарының , әңгімелердің және т.б. құрастырмалардың маңызы зор. Ұжымды зерттеу барысында социметрия әдісі ақпарпаттық қызмет атқарады, оның көмегімен мұғалім неғұрлым танымал және танылмаған оқушылар жайында, кішігірім топтар туралы, олардың арасындағы қарым – қатынас сипаты жөнінде біледі.
2. Сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты дайындау және модельдеу мұғалімнің белгілі бір іс – әрекет моделін құрастырудан турады. Даынды мұалімнің сыныптан тыс сабақтарды да көбінесе өткен дағдыларына байланысты болады. Сол себепті іс – шараны ең алдымен әзірлеп, модельдеп қана өткізген жөн.
Жоспарды мұғалім оқушылардың қатысуымен құрастырылады. Жоғарғы сыныптарда оқушылар мұғалімнің басшылығымен өз бетінше де орындайды. Тәрбиелік шараны ұйымдастыру шеберігі сыныптан тыс саласындағы мұғалім мен оқушылардың еңбегін ғылыми ұйымдастыру этементі болып табылады.
Модельдеу нәтижелері сыныптан тыс сабақтың жоспарында көрініс табады, олар мына құрылымнан тұрады:
Атауы.
Мақсаты, міндеттері.
Материалдар мен жабдықтар.
Өткізу формасы.
15
Өткізу орны.
Өткізу жоспары.
Атауында сыныптан тыс сабақтың тақырыбы жазылады. Ол мазмұнды нақты сипаттап қана қоймай, көлемі ықшам, тартымды болуы керек.
Дайындықты іс – шаралардың тәрбиелілік және білімділік мақсаттары мен міндеттерін анықтаудан, тиісті өткізу формалары мен әдістерін, ұжыммен жұмыс жасау жүйесіндегі орынды таңдаудан бастау қажет.
Сыныптан тыс сабақтың мақсаты дамытушы, түзетуші, қалыптастырушы, тәрбиелілік қызметтен тұруы қажет, бұл ретте оқытушылық қызмет міндеттердің бірі болып қалады.
Жаңа білімді игеру сыныпатан тыс сабақтың мақсаты бола алмайтыны бәріне мәлім. Тапсырмалар нақты, мазмұнын ашатындай болуы тиіс. Сыныптан тыс сабақтың мақсаты мен міндеттері неғұрлым нақты әрі диагностикалық болып тұжырымдалса, соғұрлым ұстаздың күтілетін нәтежелері туралы ойы айқындала түседі.
Сыныптан тыс сабақтың мақсатына, міндеттеріне, басым қызметтеріне және зерттеу нәтежелеріне сәйкес, мазмұны нақтылап, нақты формалары әдістері мен құралдары таңдап алынады.
Сыныптан тыс сабақтың жабдықтарына түрлі құралдар: оқу құралдары, ойыншықтар, бейнефильмдер, бағдарламалық құралдар, әдебиет, ақпараттық ресурстар, әуенмен безендіру және т.б. жатады.
Сынып бөлмесін безендіру үшін информатиканы, ақпараттық тохнологияны және көмпьютерлік техниканы дамытуға үлес қосқан әйгілі ғалымдардың суреттерін, іс жүзінде компьютерді суреттерді пайдалану суреттері бар плакаттарды, ұсынылатын кітаптар мен мақалалардан үзінділер жазылған, көркемделіп безендірілген ғылыми – танымал әдебиеттер тізімін пайдалануға болады.
Тәрбиеләк шараны дайындау кезінде материалды сараптай білу басты орында тұрады. Жұмыс түріне байланысты ол үшін әртүрлі уақыт қажет. Мысалы, диспут, кеш, көрме шараларына материал дайындауға көп уақыт керек: ол уақыт мұғалім мен оқушылардың алуан түрлі жобалар мен тапсырмаларды орындауына қажетті деректерт жинауға, баяндамалар және т.б дайындауға пайдаланылады.
Сыныптан тыс сабақ саяхат, сұрақ – жауап, байқау, олимпияда және т.б түрінде болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жаспардағы сабақ формасын атаумен біріктіреді.
Өткізу орны қатысушылардың санына, іс – шаралар түріне, материалдық базаға және т.б қойылатын талаптарға сәйкес таңдалады.
Сабақ жоспары мазмұнан және тәрбиелілік әдістерден тұрып, жүйелі сценарий немесе тезістік жоспар түрінде болады. Сабақ барысын модельдеу кезінде оың ұзақтығын және құрылымын ескерген жөн. Сыныптан тыс сабақ төменгі сыныптарда 15 – 20 минут, орта және жоғарғы сыныптарда 1 – 2 сағаттан тұруы керек.
16
Іс – шараны даярлауда ұйымдастырушылық жұмыс деген маңызды элементті де ескерген жөн. Мұғалім мен оқушылардың басқаруымен өткізіледі. Ол тапсырмалардың таралуын бақылап оларды орындаға көмек береді. Жауапты тапсырмалар жалпы сыныпқа оқушылардан құралған топтарға
берілуі мүмкін. Ірі іс – шараларды ұйымдастыруды ұйымдастырушылық коммитеттерін құрып, ең үздік дайындық бойынша жарыс өткізген дұрыс. Оқушылардың бастамаларына сүйеніп, мұғалім олардың бойында ұйымдастырушылық дағдылары ме ептіліктің қалыптасуына септігін тигізеді, оларды жауапкершілікке және өздігінен орындауға үйретеді.
Іс – шараны өтуін жаниялайтын жарнамалар алдын ала әзірленіп ілінуі тиіс, бір күн бұрын «Сен КВН – ға келесың бе?», «КВН сағат .... басталады», «КВН де жиналайық» сынды еске салу қабырға газеттері ілінеді. Нарықтық эконамика заманда демеушілерді тауып, жеңімпаздарға сыйлықтар дайындау қажет.
3. Модельдеу тәжірбиелік жүзеге асыру күнделікті педагогикалық үрдісте ойластырған тәрбиелік жұмысты орындауға бағытталуы тиіс.
Оқушылардың қызығушылығын және назарын сақтап қалу үшін шара жақсы ұйымдастырылып, қарқынды үздіксіз өтуі тиіс. Жүргізушілердің шараны өткізуде алатын орны бөлек, олар дайындалаған, эрудициялы, жақсы ұйымдастырушы, күтпеген жағдайда дұррыс жол таба біліп, тыңдаушыларды өзіне қарату, олармен байланыс ората білуі маңызды.
Сыныптан тыс іс - шараларды өткізу кезінде мұғалім техникалық құралдар істен шығып кетпеуі үшін көзделген жұмыс жоспары ұақытқа сай болуы үшін, оқушылардың барлығының өз орнында болуын қамтамасыз етуі тиіс, өйткені түбегейлі жоспарланған сабақтың тиімділігі төмен болып шығуы ықтимал.
Күрделі шараларды өткізуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Олар біртұтас оймен және мақсатпен байланысқан циклден туруы керек.
Мазмұны мен әдістері әртүрлі жалпы сыныптық сабақтарда тәжірбені тиімді өткізу үшін сабақтың төрт негізгі кезеңдерін ұстану қажет.
Ұйымдастырушылық кезең (0,5 – 3 мин).
Педагогикалық мақсаты: оқушыларды сыныптан тыс жұмысқа ауыстыру, олардың қызығушылығын ояту, жағымды әсер қалдыру.
Типтік қателіктерлі: сабақтың басталуын қайталау, созушылық.
Ұсыныстар: оқушыларды сыныптан тыс әрекетке тиімді ауыстыруға ұйымдастырушылық кезеңінен дәстүрлі емес, қызықты материал септігін тигізеалады: жұмбақтарды, проблемалық сұрақтарды, ойынды, дыбысты жазуды, оқушылардың басқа бөлмеге аусуын және т.б. пайдалану арқылы.
Кіріспе бөлім (сабақтың 1,5 ден 1,3 дейінгі уақыты)
Педагогикалық мақсаты: оқушыларға белсенді жұмыс жасату, оларды тәрбиелікықпал етуге бұру. Мұғалім оқушылардың мүмкіндіктері, жеке бас қасиеттері, тақырып бойынша ақпараттандыру деңгейі, эмоциялы жай – күйі, белсенділік деңгейі, қызығушылығы және т.б. қаншалықты
17
шындықпен сәйкес келетінін анықтайды. Бұл кезеңде мұғалім оқушылардың көңілін аулап қана қоймай, сабақ барысына өзгерістер енгізу қажет пе және олар қандай сипатта болуы керектігін анықтайды.
Типтік қателік – мұғалімнен қорыққан оқушылар мұғалім күткен
нәтежелерден басқаны айтып немесе істеп қою үрейінен, осы кезеңдері ескермеуі.
Ұсыныстар: кіріспе бөлім мазмұнға қарағанда кіріспе әңгіме немесе ширату түрінде де бола алады.
Бірінші жағжайда сұрақтар, ал екіншіде – тапсырмалар қызықты болып қана қоймай мұғалімге материалдың дайын екендігі туралы ақпарат беретіндей құрастырылуы тиіс. Кіріспе бөлімде алда өтетін іс – шаралар туралы оқушылардың бастапқы түсініктері қалыптасуы керек. Бағалаудың нақты өлшемері беріліп, қажетті ережелер түсіндірілу қажет.
Негізгі бөлім уақыт бойынша ең ұзақ болыу керек.
Педагогикалық мақсаты: іс – шараның негізгі идеясын жүзеге асыру.
Типтік қателіктер: кейбір оқушылардың немесе барлығының енжарлығының кезінде мұғалімнің белсенділік танытуы, көрнекіліктердің жоқтығы немесе құралдар мен әдістердің аздығы, мінез – құлықты қалыптастыру әдістерінен артық болуы.
Ұсыныстар: егер оқушылар барынша белсенді болса, сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асыруда тәрбиелік мәні жоғары. Сыныптан тыс сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін кәдімгі сабақтан ерекше көңіл – күйді көтеретін жағдай туғызу маңызды.
Мұғалім сабақты өткізудің неғұрлым көп әдістерін қолданса, соғұрлым негізгі бөлімінің типтілігі артады: жаттығу, ойын, тапсырма, олар әр түрлі әрекет түрінен құралады: еңбек, шығармашылық, ойын және т.б.
Алуын түрлі әрекеттерді ұйымдастыру кезінде оқушыларды командаға біріктіру арқылы, мұғалім оларды бір – бірімен еркін әңгімелесуге ыңғайлы етіп, міндеттерді бөлген кезде, оқушы өз атынан есес, ұжымның бір бөлігі ретінде қатысқандай орналастырғаны дұрыс. Тапсырманы орындауға уақыт берген кезде командаға оны талқылауға, команданың оқушылар таңдаған өкілінен сұрауға бірнеше минут бөлген жөн. Тек осы жағдайда оқушылар әрекетінің ортақ мақсаты, бірігу себептері мен түрлі қызметтері болады.
Саны қалыптастыру әдістері оқушыларды сенімнің, іс – жүзіндегі этикалық түсніктердің қалыптасуына ықпал етеді. Әңгімелеу әдісін тиімді етіп түрлендіруде хабарламаны, оқушының баяндамасын, жирек пікірталасқорытылауға болады. Сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстың жаппай түрінде оқушылары пікірталас жүргізу ережелерін үйреткен дұрыс.
Қорытынды бөлім
Педагогикалық мақсаты: оқушылардың алған тәжірбилерін мектеептен тыс өмірде пайдалануға дағдыландыру және сабақ идеясын қаншалықты
18
жүзеге асырылғанын анықтау. Нәтежнесінде қорытынды бөлім мұғалімнің балаға басқа ортада тәрбиелік ықпал етуге мүмкіндік береді.
Типтік қателіктер: бұл бөлім ескерілмейді немесе «Ұнады ма?», «Жаңа не білдіңдер?» сынды сұрақтармен тұжырымдалады.
Ұсыныстар: тест түріндегі тапсырмалар бастапқы нәтижелерді анықтау үшін оқушыларды қызықтыратын: сөзжұмбақ, минивикторина, блиц, ойын және т.б. түрінде болғаны дұрыс. Алған тәжірбиелерін өмірде пайдалану үшін оқушыларға әртүрлі ұсыныстар жасау. Оны аталмыш мәселе бойынша не сұрауға болады; қайда баруға болады, неге назар аудару керек, қай ойынмен ойнауға болады, өздігінен не істеуге болады және т.б. қорытынды бөлімде сабақ тақырыбы одан әрі ашуды қажет ете ме және оны қалай іске асыруға болатындығын анықтауға болады. Қорытынды бөлімді мұғалім оқушылардың кейінгі іс – шараларды өткізудегі бастамаларын дамыту үшін қолдана алады.
Атқарылған жұмыс талдауы – қалыптасқан модельді өмірдегі кейпімен салыстыруға, табысты және поблемалы жағдайларды, олардың себептері мен салаларын анықтауға бағытталған. Алдағы тәрбиелік жұмысқа тапсырмаларды құрастыру элементі аса маңызды. Осы кезең тәрбиелік тапсырмаларды, мазмұнды, фомаларды түзетуге және сыныптан тыс жұмысты одан әрі жоспарлауға тым қажет.
Өткізілген тәрбиелілік шараның қорытындысын шығару - аса маңызды сәт, бірақ кейде жете баағаланбайды. Мұнда әсіресе білікті қорытынды жасап, атқарылған жұмыстың артықшылығы мен кемшіліктерін бағалайтын мұғалім мен әдіскердің ролі аса жауапты.
Іс – шаралар қорытындыларын талдауды жүйелі түрде өткізген жөн, өйткені қол жеткізген жетістіктер арқылы одан әрі алға жылжытуға болады, жақсысын бекітіп кемшіліктерін жоюға болады. Қорытындыны анализдеудің екі негізгі функциясы бар – ұйымдастырушылық және тәрбиелілік. Тұрақты анализдеу жұмысты жақсырақ ұйымдастыруға, тапсырылған іске неғұрлым жауапты болуға ықпал етеді, себебі оның қорытындылары мен нәтижесі байқаусыз қалмайды керісінше бағалауға ұшырайды. Анализ – бұл байқампаздықты тәрбиелеудің, өзіне сын көзбен қараудың, талап қоюдің, қоғамдық пікірді қарастырудың, сынға оң көзқарас танытудың, педагогикалық шеберлікті арттырудың ұтымды мектебі.
Тәрбиелік іс – шараны сараптай отыра, алдымен, оң нәтежелерді белгілеп алған дұрыс, табысқа жеткізген амалдар, шарттар мен әдістерді, сәтсіздік себептерін анықтап алған жөн. Қорытындыны білікті шығару арқылы бұдан әрі бүкіл тәрбиелік жұмысты негізді жоспарлауға және сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір өткізген шараны мына негізгі критерийлерге сәйкес педагогикалық сарыптауданөткізуге болады:
Мақсаттың болуы;
Өзектілігі және тақырыптың заманға сай болуы;
Оның бағытталуы;
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес мазмұн тереңдігі мен
19
ғылымдылығы;
Мұғалім мен оқушылардың жұмысқа дайындығы, оны өткізуге ұйымшылдығы мен айқындылығы;
Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың жай – күйі мен
нәтижелерін педагогикалық кеңестерге және әдістемелік бірлестіктерде жүйелі түрде қарастырған жөн. Тәрбиелік шараға баға беруде оқушыларды да тартқан дұрыс, сол үшін мектеп радиосын қабырға газеттерін, көрмелерді пайдалануға болады. Мұндай жұмыс формаларының нәтижелері жарыс, байқау, конкурс, айлық және т.б. сияқты ұжымда кеңінен талқылауды қажет етеді.
Семинар/ практикалық сабақтарды өткізуге ұсыныстар
Тақырыбы: «Мектепте информатикадан сыныптан тыс жұмыстар»
Мақсаты:
Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы сыныптан тыс жұмыстардың мүмкіндіктері мен функцияларнын оқып үйрену;
Сыныптан тыс шараларды дайындау біліктілігін қалыптастыру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен формалары.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі.
Дәптерге орындаңыз:
Таңдаған тақырыбыңыз бойынша сыныптан тыс жұмыстарға қажетті материалды даярлаңыз.
Сыныптан тыс шаралардың жоспарын даярлаңыз.
Ғылыми – практикалық конференция
Тақырыбы: «Информатиканы оқыту кездері мен деңгейлері»
Қарастырылатын сұрақтар:
Информатиканы мектепке дейінгі жүйелер мен жанұя тәрбиесінде оқыту.
Информатиканың пропедевтикалық курсы: мақсаты, міндеттері, оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.
Жоғарғы сыныптар: мақсаты, міндеттері, оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.
Информатика курсының сабақтастығы.
Информатиканы қосымша және коррекциялық оқыту.
Арнайы сұрастырылған оқушыларға информатиканы оқыту.
Мектеп оқушыларының психолгиялық, физялогиялық жас ерекшеліктері.
Информатиаканы кәсіптік бағдар бойынша оқытудың деңгейлері мен ерекшеліктері.
Информатика саласында біліктілікті жоғарылату мен қайта даярлау.
20
Әдебиеттер:
13. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. – Минск: Вышэйшая школа, 1998.


21

Приложенные файлы

  • docx 8276331
    Размер файла: 66 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий