МАЗМ?НЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 САЙРАМ – ӨГЕМ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНШІЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
1.1 Ерекше қорғалатын аймақтардың қазіргі заманғы даму тенденциялары
1.2 Сайрам – Өгем ұлттық табиғи саябағының жалпы сипаттамасы
1.3 Сайрам – Өгем ұлттық табиғи саябағының табиғи ерекшеліктері
2 САЙРАМ – ӨГЕМ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕСУРСТАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Сайрам – Өгем ұлттық саябағанда туризмнің даму жағдайы
2.2
2.3
3 САЙРАМ – ӨГЕМ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҒЫ ТУРИСТТІК МАРШРУТТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 Сайрам – Өгем ұлттық табиғи саябағының экологиялық және танымдық маршруттары
3.2 Сайрам – Өгем ұлттық табиғи саябағы аймағында демалыс күнгі турлары
3.3
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда туристік қызметті реттеу және халықтың тарихи және мәдени мұрасының қайта туындауы үшін негіз қаланды. Туризмнің жылдам және қарқынды дамуын, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық сектроларына және қоғамның әл-ауқатына деген күшті әсерін ескере отырып, Үкімет Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді жоспарында туризмді приоритетті сала деп таныды.
Туристік-рекреациялық қызмет Іле-Алатауы тауы етегінде қарқынды дамыған, онда таулы рекреациялардың барлық түрлері бар. Дәл сол жерде санаториялық-курорттық емдеу, демалуға және туризмге арналған рекреациялық потенциалдың барлығы жинақталған. Осылайша, Іле-Алатауы тауларының етегі мемлекеттің перспективті аумақтардың бірі болып табылады, өйткені демалыс және туризм индустриясының дамуына арналған қолайлы жағдайларға ие. Сайрам - Өгем мемлекеттік табиғи саябағы орналасқан Іле-Алатауының солтүстік баурайы туристік-рекреациялық қызметі үшін үлкен мүмкіншіліктері бар. Саябақтың рекреациялық потенциалы табиғи ресурстардың үйлесімі болып табылады, ол түрлі рекреациялық шұғылдануларды таңдауды қамтамасыз етеді, игерудің тарихи жағдайларын, сонымен қатар мемлекеттің тұрғылықты бөлімі, яғни 1,5 млн. халықпен Алматы қаласы үшін ресурстары жақсы тиесілі. Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында демалысты ұйымдастыру туристік саланың дамуының өзекті мақсаты және біздің елге туристтерді тартудың анықтауыш факторы болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты - Сайрам - Өгем ұлттық табиғи саябағының туристік-рекреациялық мүмкіншіліктерін зерттеуін өткізу және демалысты ұйымдастыру үшін туристтердің сұраныстарын ескере отырып, маршруттарды жасау болып табылады. Мақсаттан шыға отырып, дипломдық жұмыста төмендегідей мәселелер қойылады және шешіледі:
Сайрам - Өгем ұлттық саябағына жалпы анықтама беру.
Сайрам - Өгем ұлттық саябағының туристік мүмкіншіліктерін зерттеу.
– Сайрам - Өгем ұлттық саябағының туристік қызметін тұтынушы-кәсіпорындарының сұраныстарын анықтау үшін маректингтік зерттеулер өткізу.
Сайрам - Өгем ұлттық саябағы туристік потенциалының дамуы үшін маршруттар жасау.
Зерттеу объектісі – туристік-рекреациялық ресурстарымен бірге Сайрам - Өгем ұлттық табиғи саябағы.
Зерттеудің пәні Сайрам - Өгем ұлттық саябағының туристік өнімін талдау болып табылады.
Талдау өткізу кезінде жалпылау, бақылау және мәліметтер жинақтап, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ақпараттық қоры Қазақстан Республикасы Агентствосының статистика бойынша мәліметтері, туристтік мекемелердің есептері, маркетингтік зерттеулердің нәтижелері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. САЙРАМ–ӨГЕМ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНШІЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
1.1. Ерекше қорғалатын аумақтардың қазіргі заманғы даму тенденциялары.
Ерекше қорғалатын аймақтарға мемлекеттік қорықтар, мемлекеттік тапсырыс берушілер, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтары, мемлекеттік табиғи ескерткіштері және мемлекеттік табиғи орман резерваты жатады.
Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың тарихы өткен ғасырдың 20-шы жылдары, яғни 1924 жылы Қаратау тауларында табиғаттың алғашқы ескерткіші – палеонтологиялық қор: мезазой эрасы юра кезеніндегі табылған көл ұйымдастырылуынан және 1926 жылы Орта Азиядағы алғашқы Ақсу-Жабағлы қорының ашылуынан басталды.
2009 жылы Қазақстан Республикасында 25 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар саналды. Бұл табиғи қорғалатын мекемелер мемлекеттің меншігінде. Олар алып жатқан жалпы аймақ 2978,9 мың. га құрады, оның ішінде орманды аймақ 23,0% (686,5 мың. га) құрады, сулы аймақтарының аймағы - 10,4% (310,4 мың. га). Сонымен қатар Қазақстандағы ерекше қорғалатын аймақтың бөлігі мемлекеттің барлық территориясының 1% ғана құрайды, ол ТМД мемлекеттерінің және әлемнің басқа мемлекеттерімен салыстырғанда анағұрлым аз, онда 10% дейін көрсеткішке дейін жетеді. Ең көп аймақты (831,8 мың. га) Алматы облысында орналасқан қорықтар мен табиғи ұлттық саябақтар алып жатыр.
Ақырғы жылдардағы мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтардың санының өсу динамикасы және жоспарланып отырған саны 1 суретте көрсетілген.
22
10
9
8
8
7
8
1
1
4
6
15
0
5
10
15
20
25
1991 дейін
1992-1994
1997-2000
2000-2003
2006-2009
Жылдар
Саны, шт.
қорықтар
ұлттық саябақтар

1 сурет Мемлекеттік табиғи қорықтар және ұлттық саябақтардың өсу динамикасы
Кесте «Мемлекеттік табиғи-қорықтық фондының даму мәселелері және перспективалары» үкіметтік отырысы материалдарынан алынды. – Астана, 2009. Кестеде 1991 – 2009 жылдар аралығында ұлттық саябақтар және қорықтардың саны көбейіп келе жатқаны көрініп тұр.
Бұл, ең алдымен, туризмді ұйымдастыру шеңберінде әдемі, қол жеткізерлік және игерілген территориялар сияқты мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар (МҰТС) және мемлекеттік табиғи қорықтар бөліп көрсетілетін туризмнің даму Концепциясымен байланысты. Осыған байланысты ақырғы екі жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жалпы қаржыландыру өсті. Ол биоәртүрлілігін сақтау мәселелеріне мемлекеттің көңіл аударуының өскендігін көрсетеді (2 сурет).

Қаржыландыру көлемі, млн тенге76,372,257,978,270,081,4101,396,374,7109,1109,1106,3140,8140,892,4281,3276,876,4645,6637,2109,70
100
200
300
400
500
600
700
2000
2001
2002
2003
2004
2007
2009
Жылдар
қаржыландыру жоспары
фактілік игеруі
арнайы құралдар

2 сурет
2000-2009 ж.ж. аралығында ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды қаржыландыру
Қазақстан қорықтарының және табиғи ұлттық саябақтардың жануар және өсімдік әлемі бай және әртүрлі. Жиі кездеспейтін және жоғалып бара жатқан түрлерден архарлар, құландар, үстірт муфлондар, қоңыр тянь-шань аюлар, қар барстары, қарақалдар, түркістандық ілбістер сақталды. Жабайы жануарлардың негізгі және сирек кездесетіндердің ең көп саны Ақмола (20,1 мың бас немесе 33,1%) және Алматы (14,2 мың бас немесе жалпы санының 23,4%) облыстарындағы қорықтарда және табиғи ұлттық парктерде саналды. Осы қорықтар мен табиғи ұлттық саябақтар аймағында кездесетін сүтқоректілердің көптеген түрлері Қызыл кітапқа енгізілді, ал әйгілі қарлы барс немесе ирбис Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілді. Қазақстаннның қорықтары және табиғи саябақтары фаунасының негізгі дәулеті аймақта мекендейтін құстардың әр түрлілігімен ерекшеленеді. Республиканың ерекше қорғалатын аймақтарында негізгі және сирек кздесетін құстардың 215,1 мыңға жуық бас ұя салып жатыр. Үйректердің (89,6 мың бас), қоқиқаздың (18,7 мың бас), құрдың (15,8 мың бас), ақмаңдайлы қаздың (13,9 мың бас) үлкен суқұзғынның (10,0 мың бас), қырғауылдың (2,9 мың бас), сонымен қатар ұлардың, бұйра бірқазанның, саңырау құрдың және құстардың басқа да түрлерінің ұяшықтары бар.
Республиканың қорықтары және табиғи қорғалатын аймақтарында ұйымдастырылған туризмнің түрлі формалары дамып келе жатыр. Туризм сияқты саладан түсетін ақша түсімі қорықтардың және табиғи саябақтардың негізгі қызметін қолдауға айтарлықтай көмегін тигізеді. Өткен жылда табиғи қорғалатын мекемелер қызметкерлерінің тізімдік саны 2108 адамнан тұрды, соның ішінде туристік топтар үшін экскурсиялар ұйымдастыруымен айналысатын – 100 адам. Олармен 792 экскурсиялар өткізілді, онда 238,8 мың туристтер қатысты. Турситтік топтардың қатысуынан түскен табыс 15215,7 мың теңгені құрады. Туристік топтар үшін экскурсиялар ұйымдастыруда қатысқан жұмысшалар еңбегін төлеуге кеткен шығын 6513,1 мың теңгені құрады[2].
Мемлекеттер мен халықтардың арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, қазіргі кезде адамзат жалпы қоршаған бір ортада өмір сүретінін түсінді. Адамдар қандай да ландшафтта тұрмасын, олардың барлығы өлі және тірі табиғаттың қалпына тәуелді.
Шектеулі табиғи ресурстарымен салыстырмалы кіші территорияда қатар өмір сүру ащы тәжірибесіне сүйене отырып, Еуропа бірінші болып экологоиялық проблемалар туындауының глобалды сипатын ұғынды. Қазіргі кезде Еуропалық аумақ географиялық тұрғыдан ғана емес, саяси масштабта қарастырылуда. Оған еуропалық мемлекеттерден басқа бұрынғы СССР-дің республикалары, АҚШ, Канада және Израиль кірді. Бұл мемлекеттердің геосаяси бірлестігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) деген атқа иеленді. 1979 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Еуропалық Экономикалық Комиссиясы (ЕЭК) Еуразиялық континенттегі табиғатты қорғау мәселелерінің пакетін шешу бойынша бірлескен іс-әрекеттер үшін мемлекетаралық механизм өңдеп жатыр. 1995 жыл Табиғатты қорғаудың Еуропалық жылы деп жарияланды. Табиғатты қорғау бойынша Еуропа Кеңесінің баяндамасы жасалды және әлемдік қоғаммен мақұлданды, онда табиғи кешендерді, экологиялық ақпаратты және т.б. қорғау шеңберінде тәжірибелік ұсыныстар бар.
София қаласында (Болгария, 1995 жыл) Еуропа Кеңсімен 20 жылдық мерзімге жасалған биологиялық және ландшафтық әр түрлілік саласында Пан-Еуропалық стратегия қабылданды. Биологиялық түрлердің миграциялау жағдайларын жеңілдету үшін коридорлармен біріккен және буферлік зоналармен сүенілген уникалды табиғи территориялардың Жалпыеуропалық экологиялық жүйесін құру өзекті болып табылды. Пан-Еуропалық стратегиясын қоршаған ортаны қорғау бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бағдарламасы басқарады, ал ұйымдасқан құрылымдарды құру Еуропа Кеңесіне жүктелді. Процесспен жалпы басшылық жасау үшін Пан-Еуропалық стратегиясының Кеңесі құрылды, оның мүшелері болып 55 мемлекеттің экология және табиғатты қорғау бойынша министрліктер және ведомстволардың уәкілдері тағайындалды. Кеңес жанында стратегиялық табиғатты қорғау мәселелерді шешу бойынша оперативтік басқару мақсатында Атқару бюросы сайланды. Бұл бюроға 11 мемлекеттің географиялық топтарының уәкілдері кіреді. Сонымен, әрбір бес мемлекеттің бір уәкілі бар. Қазақстан барлық Орта Азияның уәкілі болып табылады.
1996 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасының Экология және биоқорлар Министрлігімен биологиялық әртүрлілікті сақтау мен теңдік қолдану және осы салада приоритеттерді анықтау бойынша Ұлттық стратегия және жоспар жасалды.
Туризмнің дамуы ерекше қорғалатын табиғи территорияларымен тығыз байланысты (ЕҚТТ), өйткені ЕҚТТ қазіргі кезде туристік және танымдық тұрғыдан өте қызықты объект болып табылады. Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тарихы өткен ғасырдың 20-шы жылдары, яғни 1924 жылы Қаратау тауларында табиғаттың алғашқы ескерткіші – палеонтологиялық қор: мезазой эрасы юра кезеніндегі табылған көл ұйымдастырылуынан және 1926 жылы Орта Азиядағы алғашқы Ақсу-Жабағлы қорының ашылуынан басталды. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи территорияларында туризмнің дамуын құқықтық қамтамасыз ету негізінде төмендегідей құқықтық актілер және мемлекеттік құжаттар жатыр [16].
Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 6 тамызындағы «Ерекше қорғалатын территориялар туралы» Заңынын [3, 5 б.] іске асырылуы мықты құқықтық база жасайды және табиғи кешендерін қорғауының территориялдық формаларын реттеу және оның эклогоиялық-экономикалық жағдайларында қалыптасып жатқан эволюциялық даму үшін нақты алғы шарттар анықтайды. Мақсаттарға байланысты аталған заң, қорғау режимдері және қолдану ерекшеліктер негізінде ерекше қорғалатын табиғи территориялар төмендегідей түрлерге бөлінеді:
мемлекеттік табиғи қорықтар, биосфералық та кіреді;
мемлекеттік ұлттық табиғи қорықтар;
мемлекеттік табиғи саябақтар;
мемлекеттік зоологиялық дендрологиялық парктер;
ерекше қорғалатын территориялардың ормандары;
ерекше мемлекеттік маңызы немесе ғылыми құндылығы бар суаттар;
халықаралық маңызы бар сулы-сазды пайдаланатын жерлер;
ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және басқа да құндылығы бар жер қойнауларының учаскелері.
Заң мемлекеттік табиғи-қорықтық фонды объектілерінің құндылықтарына байланысты Ерекше Қорғалатын Табиғи Территориялардың бөлімшелерін жергілікті және республикалық маңыздылық категорияларына бөледі.
Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар табиғи қорғалатын мекеме статусымен республикалық маңызды категориясы бар және қорғау режимінің зоналары бойынша дифференцияланған. Олар ерекше экологиялық, рекреациялық, ғылыми және басқа да құндылығы бар табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объктілерді көп салалы пайдалануға арналған. Заңмен келесідей жеті зона бөліп көрсетілген: қорықтық режим, тапсырыс режим, шаруашылық қызметті реттейтін режим, туристік және рекреациялық пайдалануды реттейтін, туристерге және келушілерге қызмет көрсету, шектеулі және шаруашылық дәстүрлі қызмет, әкімшілік және өндірістік-шаруашылық. Сонымен қатар алдында технико-экономикалық негіздемеде (ТЭН) жасалған функционалдық зоналауды түзетуді, республиканың ұлттық парктерін, негізінен көрсетілген зоналауға сәйкес «Баян-Ауылды», «Іле-Алатауын» және «Көкшетауды» жоспарлауды қажет етеді.
Мемлекеттік табиғи саябақтар ұлттық саябағының аналогы болып табылады, бірақ жергілікті маңыздылығы бар Ерекше Қорғалатын Табиғи Территорияларға жатады. Алайда олар өздерінің мақсаттары бойынша терминді халықаралық түсінуде жеке меншік ұлттық саябағы категориясына жатқызылады, ал Қазақстанның ұлттық саябақтары қорықтарға жақын.
Табиғаттың мемлекеттік ескерткіштері мемлекеттік табиғи-қорықтық фондының кейбір объектілерін табиғи қалпында сақтап қалу үшін арналған. Табиғаттың ескерткіштері жергілікті және республикалық маңыздылығы бар болып бөлінеді: зоологиялық, ботаникалық, ормандық, дендрологиялық, гидрологиялық, геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, топырақтық, ландшафттық және кешендік.
Мемлекеттік табиғи тапсырыс берушілер мемлекеттік табиғи-қорықтық фондының бір немесе бірнеше объектілерін сақтау және ұдайы өндіріске арналған шаруашылық қызметтің тапсырыстық және жөнге салатын режимімен «Ерекше Қорғалатын Табиғи Территориялар (ЕҚТТ)» құрама бөлігі болып табылады. Олар жергілікті және республикалық маңыздылығы бар бола алады, жер участкелерінің меншік иелері және пайдаланушыларынан тартып алынбай, жер участкелерінде жасалады.Тапсырыс берушілер көппрофильді және өзіне тән резерв ретінде қызмет етеді, оның арқасында керек кезде және мақсаттылық негізде болашақта қорықтық жүйе дамыйды. [17].
Заңдық актілерге сәйкес біздің республикада қорғалатын территориялардың 6 негізгі категорияларын бөліп көрсетеді:
1. Қорық – қатаң табиғи резерват (тиіспелген табиғаттың территориясы) – толық қорғау.
2. Ұлттық саябақ – рекреация және туризм үйлесімінде биоценоздарды қорғау және қалпына келтіру.
3. Табиғат ескерткіші – бірегей табиғи назар аударалық орындарды қорғау.
4. Тапсырыс беруші – биотаны (өсімдіктер және жануарлар) сақтау.
5. Қорғалатын жергілікті және теңіз ландшафтары – белсенді қорғау және рекреация.
6.Басқарылатын ресурсты қорғалатын территория – қоршаған ортаны аяйтын экожүйелерді пайдалану.
Ұлттық саябақтар – Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи территориялардың түрі. Нарық экономика жағдайларында ең перспективті болып табылады. Бәрімізге белгілідей ең алғашқы ұлттық саябақ (Йелоустондық) 1982 жылы АҚШ-та құрылды. Одан кейін ұлттық саябақтар Канадада, Африканың оңтүстігінде, Аустралияда және Жаңа Зеландияда құрыла бастады. Ресейде ұлттық саябақтың прообразы деп Аскания Новадағы (1874 жылы) тың жерлер участкелерін айтуға болады. Соңынан бұл идея жемісті болып шықты, және бүкіл әлем бойынша ұқсас мекемелер құрыла бастады. Алайда бұрынғы СССР-де алғашқы ұлттық саябақ 100 жылдан соң 1971 жылы Эстонияда (Лахеамаа) пайда болды. Бұдан былай парктердің саны көбее бастады. Қазақстандағы алғашқы ұлттық парк (Баян-Ауыл) 1985 жылы құрылды [19].
Қазақстандағы ұлттық саябақтарда, бүкіл әлемдегідей приоритеттік дамуы болмады. Саны жағынан қорықтармен салыстырғанда екі есе кем, және де Ерекше қорғалатын Табиғи Территориялары дамуының жалпы ұлттық стратегиясынан шыққанда республикада бұл тенденция әлі де болашақта сақталады.
1996 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар туралы Уақытша Ережесі» бекітілді. Осыған сәйкес саябақтар өздерінің шекараларына бірегей табиғи кешендер: экологиялық, эстетикалық, ғылыми, тарихи және қалпына келтіруші құндылық объектілерін қосып жатыр.
Қазақстан Республикасынығ ұлттық саябақтары төмендегідей мәселелерді шешеді:
эталондық және бірегей табиғи кешендерді, сонымен қатар тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау;
рекреациондық-туристік қызметті реттеу үшін жағдайлар жасау;
рекреациялық пайдалану жағдайларында табиғатты сақтап қалудың ғылыми әдістерін жасау;
бұзылған табиғи, тарихи-мәдени ескерткіштер мен объектілерін қалпына келтіру.
Ұлттық саябақтар тірі табиғатты сақтап қалу ісінде табиғи қорықтарды маңызды түрде толықтырады және сонымен бірге адамдардың онымен қарым-қатынасына мүмкіндігін береді. 70-80 жылдары Қазақстанда қорғалатын табиғи территориялардың ішінде негізінен жергілікті маңызы бар тапсырыс берушілер өте көп болды, ал республикалық деңгейдегі қорықтар мен тапсырыс берушілердің саны өте аз болды. Алайда олардың саны 1986 жылға қарай ұлғая бастады, жалпы саны 71 жетті (республикалық маңызы бар табиғаттың ескерткіштерінсіз). Олардың ішінде: 7 қорық, 1 аң аулау-қорықтық шаруашылық, 1 ұлттық саябақ және 62 тапсырыс берушілер. Ал жиынтық ауданы 7,3 млн. га асты. 12 жылдан кейін ерекше қорғалатын табиғи территориялардың белгіленген түрлерінің қатынасы айтарлықтай өзгерді. (1 кесте).
2 кесте – Қазақстанның Ерекше Қорғалатын Табиғи Территорияларының (ЕҚТТ) негізгі түрлерінің арақатынасы [16].
ЕҚТТ түрі Объектілер саны Аудан, мың. га Республика ауданынан үлес,
% Барлық ЕҚТТ ауданынан үлес,
% Орташа аудан,
мың. га
Қорықтар 9 902,2 0,33 11,4 100,2
Ұлттық саябақтар 5 716,8 0,26 9,1 143,4
Мемлекеттік тапсырыс берушілер 66 6239,5 2,3 79,4 94,5
Табиғат ескерткіштері (республикалық маңызы бар) 24 6,3 0,002 0,08 0,3
Барлығы: 104 7864,8 2,9 100 84,6
Ақырғы уақытта ұлттық саябақтардың санының өсуіне қарамастан, табиғи қорықтардың үлесі жоғары, және де бұл тенденция болашақта да осылай қала бермек. Сонымен бірге мемлекеттік тасырыс берушілердің саны азая береді, өйткені олардың бір бөлігі жоғарыда аталған немесе табиғи-саябақтық статус алады.
2001 жылдың аяғында республикада 716,8 мың га ауданында бес ұлттық саябақ жұмыс істеді. Олардың аумақтары 50,7 мың га-дан (Павлодар облысындағы Баян-Ауыл) 212,1 мың га-ға дейін (Алматы Алтын-Емел) болды [18].
1.2 Сайрам – Өгем ұлттық табиғи саябағының жалпы сипаттамасы
Ұлттық парктің құрылу тарихы
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №52, «Оңтүстік Қазақстан облысының жекелей мемлекеттік мекемелері туралы» қаулысына сәйкес Өгем, Төлеби және Түлкібас орман қорғау және жануарлар дүниесі мемлекеттік мекемелерінің қосылуымен құрылды. Бұл мекемелер ОҚО әкімдігінің облыстық табиғи ресурстар және табиғат қорғау басқармасының құрамындағы коммуналдық меншіктегі жеке мемлекеттік мекемелер болған. Олар кәсіптік мекемелер болғандықтан қызметкерінде флора мен фаунаны қорғауға, сақтауға және молайтуға онша көңіл бөле бермейді. Жыл сайын Қызыл кітаптағы және өсімдіктердің индикаторлы түрлері, сүтқоректілердің және құстардың саны әртүрлі себеппен (бірінші орында қаскөйлік) кемуде.
ОҚО Әкімінің 2005 жылғы 8 маусымдағы №365 «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру үшін жер учаскесін резервке қою туралы» қаулысына сәйкес орман қоры жерлері мен Түлкібас, Төлеби және Қазығұрт аудандарының жер қорынан жалпы алаңы 149053 га жердің ОҚО әкімі, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтың басқармасының бастығы, орман және аңшылық шауашылығы аумақтық басқармасының бастығымен келісілген жерге орналастыру жобасы жасалынды.
«Ұлттық парктің айналасында 2 шақырымдық қорғау аймағы туралы» ОҚО әкімдігінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі №171 қаулысы қабылданды.
«ЕҚТА туралы» заңның 8 тармағының 44 бабына сәйкес, мемлекеттік ұлттық табиғи парк – ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени-тарихи және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттің табиғи-қорықтар қорындағы табиғат қорғау, экологиялық-ағарту, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттағы табиғи комплекстер мен объектілерде биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтау статусы берілген табиғат қорғау және ғылыми мекеме.
Сайрам-Өгем МҰТП-нің құрылуының мақсаты – Батыс Тянь-Шанның парк территориясындағы жергілікті және ерекше ландшафттарын табиғи қалпында сақтау.
Тянь-Шань-ішкі Азия Ұлытаулар жүйесіндегі таулардың ең солтүстігінде орналасқан. Ол Тарбағатай және Жоңғар жоталары арқылы Алтай, Сібір және Монғолиямен ұштасса, Памир Куньлунь және Қарақорым арқылы Тибет Гималаймен, Гиндукуш арқылы Копетдаг және Иран тауларымен жалғасады. Осы байланыстардың бәрі Тянь-Шань өлкесінің өсімдіктер және жануарлар дүниесін молайтуға, сонымен бірге олардың сирек кездесетін және бірегей түрлерін қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Ол түрлердің бірегейлігі дүние жүзілік маңызға ие, себебі бұл өңірде эндемик түрлердің басым көпшілігі жинақталған.
Бұл жерлерде біздің дәуірге дейінгі 2 ғасырдан бастап, біздің дәуііріміздегі 15-16 ғасырларға дейінгі өмір сүрген адамдардың тіршілік ошақтары табылып отыр. Біздің дәуірде көп жүзжылдықтар бойы Шығыс пен Батысты жалғастырған «Ұлы Жібек жолы» сауда жолдары өткен. Батыс Тянь-Шанның Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан және Тәжікстан аумақтарында палеолит, көне грек және Рим дәуірінен осы күнге дейінгі үздіксіз мәдениеттің дамуының куәсі ретінде археологиялық және тарихи ескерткіштер кездеседі.
1.3 Сайрам – Өгем ұлттық табиғи саябағының табиғи ерекшеліктері
Физикалық ерекшеліктері
Геологиялық кұрылымы. Батыс Тянь-Шань тауларында таскөмір (ортатаскөмір) тау жыныстары кеңінен таралған, сонымен қатар девон дәуіріндегілер. Олардың көпшілігі әк, мергель,туфтар, сланецтер және құмдар түрінде кездеседі.
Өгем жотасында негізінде таскөмір, гранит, граносиенит және олардың айырмалары. Олар өзіне тән топырақ және өсімдік жамылғысы бар биіктаулы плато құрайды.
Өгем жотасының оңтүстік-батыс бөлігінде перм жасындағы тау жыныстары (алевролит, құмдақ, конгломерат және әк) кездеседі.
Өзен аңғарындағы биік жағалаулардан палеогендік, неогендік, жиі бөлінбеген, өзінің ашық түстерімен көрінетін қалдықтарын жиі байқауға болады. Олар ала шұбар –қызыл, ақ, қызыл саз балшықтар, көбіне құмдар мен құмшықтар қабаттарынан тұрады. Олар топырақ және өсімдіктер жамылғысын қалыптастыруға көп әсер етеді және олардың әртүрлілігін едәуір өзгертеді.
Парк аумағындағы Өгем, Қаржантау жоталары тау жүйелерінің үш жерінде шығыстан батысқа қарай созылған жарықшақтар (разлом) бар, ал Боралдайтау жүйесінде – жота бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылған жарықшақ (разлом) бар.
Беткейдегі жазықтар, өзен аңғарлары әртүрлі жастағы төрттік қалдықтардан тұрады. Орта төрттіктің арасында аллювиалды–пролювиалды қалдықтар басым келеді. Олар лессадан, лесса түріндегі саз балшықтан, құмдардан және құмшықтардан тұрады. Кештөрттіктер және қазіргі қалдықтар негізінен өзен аңғарлары бойында, қабаттар жасап құралады. Олар негізінен құмдардан, ұсақ тастардан, қиыршық тастардан тұрады.
Рельеф. Батыс Тянь-Шань жүйесіне қатысты парктің территориясы солтүстік-шығыс жағдайында жайласып, таулы алқаптармен және олардың тау түбіндегі Батыс Тянь-Шань жүйесіне кіретін Талас Алатауының оңтүстік-батысында жайласқан - Өгем, Қаржантау, Қазығұрт, Боралдайтау.
Қаржантау жотасы Келестен ағып келетін өте тар тау аңғарларының арасымен ағып өтетін Өгем өзенін жазықтықтан бөліп тұрады. Өгем өзені өз ағымының төменгі жағында өте тар және терең құздардан өтіп Шыршық өзеніне келіп құяды. Шатқалдың оңтүстік-шығыс тарапы қысқа және өте тік жар болып келеді, ал солтүстік-батыс жағы жайпақтау болып бірнеше өзендермен бөлшектеніп жатады. Қаржантау тауының солтүстік-батысында Қазығұрт тауы орналасқан және ол Бадам мен Келес өзенінің арасын бөліп тұрады, бірақ өзі әбден тозып күйреген тау қалдықтарына айналған.
Қаржантау жотасының Оңтүстік-Шығыс жағында Өгем өзенінің арғы жағында Өгем жотасы жайласқан. Оның солтүстік-шығыс тарапы жоғары тау жерімен сипатталып көптеген су бөліп тұратынсыз боларымен ерекшеліп тұрады. Оңтүстік-шығыс жағы тік жар құздарымен Піскем өзенінің жазықтығына келіп тіреледі және биік сондай ақ орта деңгейдегі тау шоққылары көптеген терең үңгірлермен бөлшектеніп кеткен. Ал, батыс және солтүстік аймағы тауалды жазықтықпен орналасқан және қазіргі уақытта жедел түрде пайдаланылып жатыр.
Батыс Тянь-Шань дегенімізде оның тау түйінен батыс тарапқа созылып Талас Алатауының және Шатқал шоққыларымен түйіскен бөлігін және солтүстік-батысында Фергана (Атойнок) шоққыларымен түйіскен жерін айтамыз, және ол 720 ұзындықта жайласқан.
Батыс Тянь-Шанның орографиясы келесі түрде берілген. Оның негізгі орографиялық оғы болып, өте қуатты және тұрақты түрде қармен жабылып жататын Талас Алатауы болып табылады. Осы шоққының оңтүстік құз жарларынан оңтүстік-батыс бағытта созылған сайын кішірейіп әртүрлі ұзындықтағы өз жолында оңтүстік-шығыстан солтүстік батыс бағытта болған аралық кіреді. Шатқал жотасы оған паралель бағыттағы Құрман жотасы: Сандалаш жотасы; қысқа Майдантал жотасы; Пскем жотасы; Өгем жотасы және одан бөлініп шығатын Қаржантау. Осы шоққылардың оңтүстік, оңтүстік-батыс және батыс бағытта аяқталатын жерінен Сырдария жазығына дейін жеңіл жоталы тауыалды Шулы деп аталатын жазықтық пен жалғасады.
Талас Алатауының батыс бөлігінен және солтүстік құздарынан орталық биіктікте болған Қаржантау шоққысы бөлініп шығады және солтүстік-батыс бағытта 380 км қашықтықта Тұран ойымен түйіседі. Үлкен Қаржантаудың солтүстік-шығыс бағытында оған паралель болып өзінің төменгі кеңістікте болған қысқа және төмен шоққы болған Кіші Қаржантау созылып жатыр.
Талас Алатау жотасы батыстан онша биік емес тау шоққыларынан басталып шығыс бағытта біртіндеп биіктей түсіп 266 км-де Алабель өткізіп жіберетін (асу) пункітіне дейін созылады. Ал, Алабель пункті Батыс Тянь-Шань құрамына кіріп Сусамыртау шоққысының жалғасы болып табылады. Талас Алатауының осы өткізіп жіберу (асуынан) пункітінен үлкен шоққы созылып (Өгем қиылысы) шығып солтүстік-шығыс бағытта Талас Алатауымен қосылады, яғни Қырғыз жотасының тік жарларымен түйіседі. Талас Алатауының ең биік нүктесі екі басты Манас массивінің батыс бөлігінде болып 4482м-ге дейін көтеріледі. Манас массивінің гранитті жарлары қармен қапталып және төменде жайласқан мұздықтардан бастау алып көп жоғары бөлігінде майда жазықтықтармен бөлшектеніп кетеді. Мұздықтардың төменгі қабаттары 3600-3700м биіктікте жайласқан. Талас Алатауының солтүстік қабатында мұздар жағалық мұздардың дамуы нәтижесінде пайда болған және олардың ұзындығы 10-13 км-ді құраған, мұндай пікір айтуға Күркіреу өзенінің жоғары бөлігінде жатқан жағалық мұздар негіз бола алады. Мұндай мұздардың төменгі қабаты 2500-2200м-ге дейін төмендеген. Бұл деңгейден жоғары қабаттағы мұздар оларды тұрақты мұз болғанынан хабар береді.
Көлемі жағынан онша үлкен емес өзгеріп тұратын мұздар Жабылғысу, Ақсу және Көксай өзендерінің бастау алар жерінде пайда болған.
Өгем жотасы Майдантал аумағындағы өткізіп жіберу пункітінен (перевал) бастау алып Талас Алатауынан бөлініп шығып (3520) Арыс және Пскем өзендерінің арасында суды бөліп тұратын тау Шоққысы болып солтүстік-шығыс бөлігінде Пскем және оңтүстік-батыс бөлігінде Өгем өзендерін бөліп тұрады. Өгем тауының ең биік шоққысы Сайрам деп аталып оның биіктігі 428,6 м құрайды.
Қаржантау жотасы Сайрам тауындағы Бадам өзенінің солтүстік-шығысында жайласып Өгем және Келес өзендерін ажыратып тұрады. Шоққының биіктігі теңіз деңгейінен 2000-2500м құрайды, ал Мыңбұлақ жазықтығында 2824 м құрайды. Қаржантау тауының батыс жағындағы жар жағалау доғасы шығыстағысынан 2-3 есе ұзындау болып жұмсақ формада болады.
Оңтүстік – Шығыс бетінде тауды тік жар доғасы Өгем өзенінің жазықтығына қарай төмендей бастайды және майда бөліктерге бөлініп қиып өтетін үңгірлерге (ущелья) айналады және бұл жерде орта қабаттағы әктер (известняк) жақсы дамиды. Таудың созылмалы бағытына көлденең өткен үңгірлер (ущелья) тік және асылған формада болып, тік қанатты екінші реттегі шоқтықтармен бөлініп тұрады.
Қаратау жотасы Талас Алатауының солтүстік тарапынан Шақпақ асуымен бөлініп батыс, солтүстік-батыс бағытта бөлініп шығып 420 км-ге созылған қашықты иеленіп Тұран сайына түйіседі. Негізінен Қаратау жотасы үш бөлікке бөлінеді.
Оңтүстік-шығыс Қаратау шақпағынан Боралдай өзенінің жазықтығына дейін.
Орталық Қаратау-Боралдай өзенінің жазықтығынан Майдантал өзенінің бастауына дейін.
Солтүстік-батыс Қаратау-Майдантал өзенінің солтүстік-батысына қарай. Қаратау шатқалының оңтүстік-шығыс бөлігі Боралдайтау өзенінің өте тар қанатымен, өте биік шоққыларымен ерекшеленіп тұрады. Ең биік шоққысы Бөкейтау (1813.9)
Орталық Қаратаудың көлденең қиылысы тым ассиметриялы болып, біртіндеп тауалды аймаққа өтеді, солтүстік-шығыс жарлары өте тар және тік иілген, тауалды аймақтан бөлектеніп тұрады. Жатық оңтүстік-батыс жарлары су шығарып тастау шектелген.
Орталық Қаратау аумағында солтүстік-батыс бағытта суды бөліп тұратын учаскелер өте тік болып көлденең жазықтықтармен біртіндеп төмендеп Арыстанды өзенінің жазықтығына дейін барып, оның биіктігі 510 м ге дейін көтеріледі. Бірақ Қарабас өзенінің ағымының жоғары жағында бас су бөлуші Қаратау қайтадан жоғарылап, Қаратау тауының ең биік нүктелері болған Мыңжылқы (1940м) және Бессаз (2176м) деңгейіне дейін жетеді. Әрі қарай солтүстік-батыс бағытта біртіндеп төмендей бастайды.
Орталық Қаратау жазықтығының жоғары тарапы (учаскелері) өте терең шұқырлар (каньоны) арасы үзіліп кеткен ал кейде салбырап қалатын жарлармен қоршалған Шұқырлардың тереңдігі Ақсу, Ақтас,Талдыбұлақ өзендерінде 50-150м-ге дейін ал, солтүстік-батыста шұқыр тереңдігі Қантағы өзенінде 300-400м-ден асып кетеді. Берсеке өзеніндегі шұқырлардың (коньона) тереңдігі 700-850м-ге дейін барады. Ағымның төменгі бөлігінде жарлардың биіктігімен тіктігі төмендей бастайды, бірақ су асты яғни су түбі кескін түрде кеңейе бастайды.
Климат. Оңтүстік Қазақстан облысы 400 20/ – 460 00/ с.е. және 640 48/ – 710 16/ ш.б. аралығында орналасып, үлкен территорияны алып жатыр.
Ұлттық парктің ауа-райы жер рельефі бойынша біркелкі емес (дала, тау бөктері және таулар) және ендігі бойынша ұзындығы үлкен аумақта орналасқындығына байланысты әртүрлі айырмашылықтармен ерекшеленеді. Ауа-райы жылудың көптілігімен, құрғақшылық және континентальдылығымен айшықталады. Жоғарғы континентальдығы ауа-райы күн мен түннің жаз бен қыстың күрт жылудың өзгерістерін көрсетеді. Жылы кезең орташа тәулік температурасы 00С жоғары 8 айға созылады. Жазы ыстық, құрғақ және ұзақ. Ең ыстық маусым айында орташа температурасы 210-290 С, абсалюттік жоғарғы температура – 400С. Қысы жұмсақ, жиі жылылық түсіп тұрады. Ең суық ай – қаңтар айының арташа температурасы - – 11,50С. Абсалюттік төменгі температура - – 300С . Температураның абсалюттік жылдық амплетудасы – 870С жетеді.
Қуаншылық – облыстағы ауа-райының ең бір негізгі ерекшелігі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері тау етегінде 400-600 мм және өзен жолдары, таулы аудандарда 800 мм және одан жоғары. Маусымдар бойынша жауын – шашын мөлшері біркелкі емес. Екі мезгілде жауын-шашын көп болады. Басты өте кескінді жауын-шашын көктемде, онша маңызы жоғы күзде болады. Қар жамылғысы азғантай және тұрақты емес. Тау бөктері мен таулы аудандарда 3 айдан 7 айға және одан да жоғары қар жатады. Таулы аудандарда температуралық режиммен жауын-шашынға жердің биіктігінен басқа рельеф нысаны және беткейлердің экспозициясы әсер етеді. Сондықтан кішкене аумақтың өзінде өте жырымдалған рельефте ауа-райында күшті айырмашылық болады. Солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыстан соққан желдер басым болады. Олардың жылдық орта жылдамдығы 1,9-3,9 м/сек аралығында болады.
Облыс аймағы Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Дүниежүзілік мұхиттардан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта жатыр. Биік таулардың оңтүстікте көлбеу жатуы, ал солтүстігінде таулардың аласалығы суық ауаның еркін кіруіне әсер етеді. Климаттың құрамына географиялық ендіктің де әсері мол.
Оңтүстік климаты шұғыл континентті. Бұл температураның тез өзгеруіне әкеліп соғады. Күн мен түнгі, қыс пен жазғы ауа-райлары әртүрлі болып келеді. Жаз айлары жылы болып келеді және солтүстік аудандарда 8 айға созылады. Барлық жерінде ыстық болып, құрғақ әрі ұзақ тұрады. Шілде айы температурасы +21 +29°. Абсолютті ыстық +47° Шардарада тіркелген. Қыс айы қысқа, жиі-жиі жылы ауаға ауысып отырады. Ең суық айы қаңтар. Солтүстікте орташа температура -15°С және –11.5°С оңтүстігінде. Абсолютті суық Созақта -41°С тіркелген.
Сырдария өзенінің бойында ауа температурасы өзеннің биіктігі жоғарлаған сайын төмендейді. Бұл жағдай көктем, жаз айларында орындалады, ал қыс айларында керісінше болады.
Градиенттің 100 метрге шаққанда ауа температурасының өзгеруі орта есеппен 0.5-0.6°С құрайды.
Жауын-шашын: климаттың айрықша өзгешелігі құрғақшылық болып табылады. Жылдық жауын-шашын тегіс жерлерінде 130-150 мм, таулы аймақтарда 400-600 мм, тау аудандарда 700 мм-ге жетеді. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі емес, негізінен көктем және күз айларында көп жауады. Қар қалыңдығы жұқа және бір қалыпты емес. Қардың орташа қалыңдығы 20-40 см, және ол 2 айдан 5 айға дейін жатады. Қазақстанның оңтүстігінде, мысалы, Шымкентте 246 мм, жылы айларда 177-212 мм түседі. Циклондық әрекет тауда өте сирек. Жаз айларында шөлді аудандарда 2216 мм-ге дейін жауын түседі. Кейбір жылдары жауын жаумайда кетеді, тіпті 3-4 айға дейін қар жамылғысы 10-15 еліден аспайды. Еруі наурыз айында басталады. Сондықтан да бұл облыстарда қар тоқтату қарқынды түрде жүреді. Күн радиациясы 5-7 айға дейін жақсы түседі. Бұлттылық солтүстік аудандармен салыстырғанда 1.5 есе аз. Облыста оңтүстік және солтүстік-батыс желі көп тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1.9-3.9 м/сек. Желдің қатты тұратын аймағы Ақсұрам, онда желдің жылдамдығы 5.1 м/сек. Шақпақ желі мен Арыстанды-Қарабас атақты желдер болып есептеледі. Ылғалдылығына қарай облыс 3 аймаққа бөлінеді. Өте құрғақты (0.1-0.3), құрғақты таулы, биіктігі 1000 метр (0.3-0.5) және таулы, биіктігі 1000 метрден жоғары (0.5 жоғары). Оңтүстік Қазақстан Орта Азиялық субтропикалық зонамен шекаралас, күн гаризонтта тұрғандықтан радиациялау балансы жақсы, солтүстік республикалармен салыстырғанда суық ауа массалары оңтүстікке жылжыған сайын жылына бастайды. Сондықтанда бұл жерде күшті аяздар сирек болады.
Ыстық климат Оңтүстік Қазақстанның жазықтарында құрғақ болады. Бұл жағдай ауа температурасының ылғалдылығын анықтау барысында солтүстіктен Оңтүстік Қазақстанға қарай өзгереді. Қыста басқаша, Оңтүстік Қазақстан ауасының абсолюттік ылғалдылығы, солтүстікке қарағанда жоғары. Бұл Оңтүстік Қазақстанның жылы қысымымен анықталады. Бұл жерде ылғалдылық жаз айларында 1-8 төмендейді. Бұл құрғақшылықпен және атмосфералық құрғақ болуымен байланысты.
Батыс Тянь-Шанның климаттық ерекшеліктері оның қоңыржай және субтропикалық климаттық белдеулердің арасындағы шекарасында орналасқандығымен түсіндіріледі. Климаттық режим тауға көтерілуімен байланысты заңды өзгерістерімен сипатталады.
Осылай, 1000 м биіктіктегі ауаның жылдық орташа температуралары әдетте 10С жоғары, 1000-2500м ара қашықтықта- 10 0 дейін, 2500м жоғары қарай – теріс. Тянь-Шанның орналасуы Атлант мұхитынан алыс, ол жерден Еуразия қоғыржай белдеулерден циклондар келеді, олар салыстырмалы төмен ендіктерде шөл жазықтықтар құрғақ кеңістіктері арасында жалпы климаттың континентальдығын белгілейді. Алайда, биіктіктердің жоғары амплитудалары, бедердің күрделілігі мен бөлініп-жарылуы температуралар мен ылғалдықта айтарлықтай контрасттарды құрады. Көршілес шөлдердің ықпалы едәуір дәрежеде тау алды және таулардың төменгі қабаттары климаттарында білінеді. Ортаазиялық шөлдердің үстімен анағұрлым биіктікте келетін батыс ауа ағымдары Атлантикадан Тянь-Шань тауларына ылғалдықпен қаныққан және ауа массаларын әкеледі. Тау бедері атмосфералық фронттардың шиеленісуін және жауын-шашынның түсуін (кей жерлерде жылына 1600 мм аса) шақырады, орташатаулы және биіктіктаулы биік өңірлерде, батысқа және солтүстік – батысқа қарай артықшылығымен баурайларда. Ал шығыс баурайларда және Ішкі және Орталық Тянь-Шаннның баурайларында мен алқаптарында құрғақ жағдайлар құрылады (жылына жауын-шашындар -200-300 мм). Жауын-шашындардың ең көбі жазда түседі, алайда таулардың батыс баурайларында қыста да жауын-шашындар көп түседі. Оларда және батысқа қарай ашылатын алқаптарда қысқы қар жамылғысының қалыңдығы 2-3 м дейін жетеді, ал сол уақытта шығыс және олардың артындағы баурайларда, әсіресе Ішкі және Орталық Тянь-Шаннның алқаптарда қар мүлдем жаумайды, және бұл алқаптар қысқы жайлау ретінде пайдаланылады. Орта Азия шөлдері үстіндегі ауаның жылуы Тянь-Шань тауларындағы конденсация деңгейінің көтерілуіне себеп болады. Онымен қар жамылғысы аса биіктігі түсіндіріледі: Ішкі және Орталық Тянь-Шанда жазда биіктігі 4000 м аса асулар қардан бос.
Тянь-Шань климаты тау алдындағы қапырықты шөлдердің климатынан биік таулардың қар-мұзды климатына дейін биіктікті аймақтықпен сәйкес өзгеріледі. Шілдедегі орташа температурасы алқаптарда төменгі қабаттағы 20-25С, ал таулы жоталардың шыңдарында 0 С дейін және одан да төмен түседі. Қыста барлық жерде, биік таулардан басқа, суық уақыттар жылымықпен алмастырылады, алайда қаңтардың орташа температуралары теріс. Температуралық инверсиялар кең тараған.
Табиғи аймағы
Батыс Тянь - Шань аймағының табиғи аумағы күрделі құрылымға ие. Бұл жағдай аймақтың ішкі континентальды орналасуымен, ірі таулы массивтердің болуымен байланысты. Бұл жерде мынадай табиғи аймақтар бар:
1. Биік таулы нивальды аймақ 3400-3500 м абсолютті биіктікте орналасқан. Климаттық жағдайы қатаң. Жылдық орта температурасы төмен. Жылы күндер тек жаз айларында болады. Жауын-шашынның жылдық көлемі 500-600 мм. Жауын-шашын негізінен қатты күйінде көктемде, кейде жазда және қыста түседі. Топырақ және өсімдік жамылғысы бар. Қына қабаты мен криопетрофитты өсімдіктер кездеседі.
Биіктаулы шалғынды_ және шалғынды-далалы аймақ екі белдеумен берілген-альпілік және субальпілік.
2. Альпілік белдеу 3000-3100-ден 3400-3500 м-ге дейінгі биіктік шегінде орналасқан.Оның рельефі биіктаулармен ерекшеленеді. Климаттық жағдайы онша қатаң емес. Жылдық орта температурасы 0°С-тен аз ғана жоғары. Жылдық орта жауын-шашын мөлшері 600-700мм асады. Жауын-шашын негізінен қысқы-жазғы кезеңдерде, жазда көп түседі.
Субальпілік белдеу 2400—2450м-ден 3000-3 100м-ге дейін биіктікті алып жатыр.Альпілік белдеумен салыстырғанда рельеф аз жіктелуімен ерекшеленеді.Климаттық жағдайы альпілік белдеуге қарағанда өсімдіктің өсуіне ыңғайлы.Жылдық орта температура жылына 3-5С құрайды.Жылы күндердің ұзақтығы 6-8 айға дейін.Жауын-шашынның жылдық орта мөлшері 600-700мм.
3. Таулы және тауалды аймақ аршалы сирек тоғайлы, бұталы және күрделі бұталы саванналар орналасқан интервал абсолютті биіктігі 1200-2400 (2450) м. Рельефі ортатаулы және аласатаулы.Тек жекелеген жағдайда ғана тауалды жазықтықтың жоғарғы бөлігін қамтиды. Климаттық жағдайы бұнда жағымды. Жылдық орта температура 6-10°С. Жылы кезеңнің орта ұзақтығы 240-280 күн. Аязсыз кезеңнің орта ұзақтығы 150-190 күн болса, жылдық жауын-шашынның мөлшері 600- 800мм.құрайды.
4. Тауалды аймақ жоғары саванналар 600-1200м биіктікте орналасқан. Ол тау жазықтығының жоғары бөлігінде орналасқан. Бұл аймақтың климаты айтарлықтай жоғары мәнге ие, әсіресе жазда. Ауа-райының жылдық орта температурасы 10-12° С. Жылы кезеңнің ұзақтығы 280-300 күн. Жауын-шашының жылдық орта көлемі 400-600мм. Көктем күндері жылы, ылғалды, жазы ыстық және құрғақ, қысы жұмсақ, ылғалы аз және ұзақтығы бойынша орташа.
Территорияның Шығыс бөлігінде тік аймақтылық құрылымының Батыс Тянь-Шаннан айырмашылығы жоқ. Тік аймақтардың спектірі Солтүстік Тянь-Шань аймағына ұқсас. Саванналар жойылып, орнына далалы аймақ басады.
5. Таулы-далалы аймақтың климаты жоғары континенталдылығымен сипатталады. Жазы жылы, қысы айтарлықтай суық. Ауа-райының жылдық орта температурасы 7-8° С құрайды. Ең жылы ай тамыз (21-22 0С), суық ай қаңтар (-7-9°С), жылы кезең 115-165 күнді құрайды. Жауын-шашын көлемі 240-480мм шамасында болады. Жауын-шашын көлемі көктемге және жазға сәйкес келеді. Тауасты төмен жазықтықтарда шөлді дала орналасқан.
Гидрология. Қарастырып отырған жоталардың су тораптары көп. Өзендер екі су бассейніне: оңтүстік - батысы Сырдарияға, солтүстік-шығысы Шуға және бөліп тұрған Қаратау жотасына қарайды. Бірақ Қаратау мен Батыс Тянь-Шанның жоталарынан ағатын көп өзендердің ішінен тек Арыс пен Келес қана Сырдарияның арнасына жететінін атап өту керек. Арыс өзені алғашқыда Қолбастау өзенінен бастау алған. Ол Талас Алатауы мен Қаратаудың аралығында орналасқан. Жоғарғы ағысында суды жерасты суларымен қарлардан, ал Жабағылысу өзені құйылғанда мұздықтар мен қар суымен толады. Су көлемінің көбейген кезі – наурыз, сәуір айларында, ал ең аз кезі – қараша, ақпан айларында. Сырдарияның екінші құйылмасы – Келес- Қаржантаудың жоталарындағы бұлақтардан бастау алады, тек жерасты сулары мен қарлардан толады, судың азаюы наурыз айында жүреді. Жаз маусымында Келес өзенінің суы суаруға жұмсалады.
Суғаруға өзен суының көбеюі өте маңызды. Ақсу, Жабағылысу, Сайрам және Өгем өзендері мұздықтардан бастау алады. Судың ең жоғарғы көлемі қарлар мен мұздықтар еріген маусым-шілде айларында болады.
Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінен көптеген ұсақ өзендер ағады, барлығы Сырдария өзеніне қарай бағытталғанымен суының аздығы және суғаруға жұмсалғандықтан олар Сырдарияға дейін жетпейді. Үлкен Бөген мен Бала Бөген өзендерінің қосылуынан пайда болған Бөген өзені - Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінің ең ірі өзені.
Қарастырып отырған аумақта көлдер саны аз. Мақпал, Сайрамсукөл, Сусіңген және Балықтыкөл атты шағын көлдер бар.
Тау жоталарынан ағатын сансыз өзендер есебінен аймақ жақсы суландырылған ірі өзендердің бірі –Шақпақ шатқалындағы бұлақтардан бастау алатын – Арыс өзені. Талас Алатауы мен Қаратаудың беткейлерінен ағатын көптеген бұлақтар мен тумалар Арыс өзеніне құяды. Бұдан әрі Жабағлысу, Машат, Ақсу құйылып суы көбейеді. Машат өзені Келтемашат және Ұзынмашат өзендерінің қосылуынан пайда болған. Бұл өзендер сәуір айында суы көбейіп, шілде, тамыз айларында азаяды. Ақсу өзені Арысқа құятын ең күшті өзен. Оның бассейні Талас Алатауының батыс беткейінде орналасқан, алаңы 750 шаршы километр. Ақсу өзені негізінен мұздақтар мен қарлардың еруінен қорек алады. Оның суы маусым айында жоғары деңгейде болып, қаңтар-ақпан айларында ең төменгі деңгейде болады. Бұлардан басқа Сайрамсу, Қасқасу, Бадам, Келес, Өгем өзендері аумақтың су ресурстарын құрауға өз үлестерін қосатынын атап айтуға болады.
Топырағы
1. Биік таулы нивальды аймақ - Өсімдік жамылғысы жоққа тән.
2. Альпілік белдеу Биіктаулы шалғынды_ және шалғынды-далалы аймақ -альпілік және субальпілік.
Альпілік белдеу - Топырақты және өсімдікті қабат тегіс баурайларда, топырақ түзуші субстратпен бірге кездеседі және беттің 30-дан көп бөлігін алады. Қысқа шөпті өсімдік жамылғысы альпілік шалғын және шалғынды-далалы жерлерде өседі.Топырақты- альпілік таулы-шалғынды, биіктаулы, шалғынды далалы. Сонымен қатар таулы шалғынды альпілік гидроморфты топырақтар кездеседі.
Субальпілік белдеу - Топырақты-өсімдік жамылғысы альпілік белдеумен салыстырғанда айтарлықтай сирек. Өсімдіктердің құрамында сирек шөпті субальпілік шалғын және шалғынды жерлер бар. Топырақтар таулы-шалғынды субальпілік,биік таулы-шалғынды далалы субальпілік,биіктаулы далалы субальпілік, сонымен қатар биіктаулы қара түсті топырақ түрінде кездеседі.
3. Таулы және тауалды аймақ аршалы сирек тоғайлы, бұталы және күрделі бұталы саванналар – Топырақ жамылғысы таулы қоңыр топырақтан құралған, солтүстік экспозицияда құрғақ аршалы сирек ормандармен бірге. Екінші қабаты сұр-қоңыр топырақ. Аршалы және жапырақты ормандардың астында солтүстік баурайда таулы-орманды қара қоңыр топырақ кездеседі.
4. Тауалды аймақ - Топырақты жамылғы сұр қоңыр, карбонатты топырақтан тұрады. Борлы және неоген-палеоген дәуіріндегі сұр-қоңыр топырақтар кездеседі. Рельефтің төмендеуімен шалғынды сұр-қоңыр топырақтар кездеседі.
5. Таулы-далалы аймақтың -Таулы аймақтың өсімдік жамылғысы бұталы-түрлі шөпті, дәнді шабындық аймақ Солтүстік бөлігінде орналасқан. Оңтүстік аймағында көбіне бұталы ксерофитті, құрғақ түрлі шөпті өсімдіктер кездеседі. Таулы аймақтың топырағы қар жерлі болып келеді.
Абсолютті биіктігі төмендеген сайын тауалды аймағының түрлі шөпті өсімдіктері құрғақ, қара-қоңыр топырақта өседі, одан төмен жерлерде шөлді аймақты ашық-қоңыр топырақ кездеседі.
Жануарлардың индикаторлық түрлерінің саны
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
№ Жануарлардың атауы Саны
Оңтайлы Нақты
(2006 жылғы есеп деректері бойынша)
1 2 3 4
1 Қырғи 32 20
2 Бүркіт 16 8
3 Сақалтай 10 6
4 Қарақұс 50 32
5 Кекілік 2000 3803
6 Қара қарға 3000 3000
7 Қара сайрауық 300 200
8 Көк құс 60 30
9 Құралайқұс 400 300
10 Гималай ұлары 400 270
11 Құз кептер 1400 700
12 Қырғауыл 1000 300
13 Үлкен түркептер 1100 700
14 Сарыжағал қараторғай 2000 4000
15 Сұр торғай 1200 800
16 Көкқарға 800 500
17 Бәбісек 900 400
18 Қоңыр кептер 1300 700
19 Айдарлы бозторғай 1200 600
20 Шіл 12000 13252
21 Бөдене 500 696
22 Көк кептер 3500 4000
23 Борсық 150 172
24 Жабайы шошқа 1000 1073
25 Сібір елігі 150 178
26 Архар 30 24
27 Сібір таутекесі 1300 1392
28 Мензбир суыры 30000 13645
29 Үнді жайрасы 60 26
30 Табанды тоқалтіс 800 500
31 Құлақты кірпі 300 200
32 Шұбар күзен 40 26
32 Түлкі 600 696
34 Сарышұнақ 200 20
35 Қасқыр 150 218
36 Қоян толай 650 875
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізбесі
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
р/с Атауы Орналасқан жері және сипаттамасы
1 2 3
1 Сазаната өзенінің бас жағындағы петроглифтер Шатқалдардың жоғарғы бөлігіндегі Сазаната өзенінің Сайрамсу өзенінің оң жақ ағынынан, Ақсу Жабағлы қорығының батыс шекарасынан табылған. Жартастағы кескін қола замандағы және өте ерте уақыттағы қараңғы тас тақтада қалған
2 Тоғытба петроглифі Сусінген көлінің оңтүстік бөлігінен 3 км қашықтықта Қаржантау тауында табылған. Жартастағы кескін қола замандағы үңгір қабырғасында қалған

3 САЙРАМ – ӨГЕМ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҒЫ ТУРИСТТІК МАРШРУТТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 Сайрам – Өгем ұлттық табиғи саябағының экологиялық және танымдық маршруттары
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің
туристік маршруттар мен соқпақтардың тізбесі
р/с№ Маршрут Марш
рут
түрі Маршрут
инфрақұ
рылымы Маршрутқа қысқаша түсініктеме Жол берілетін рекреациялық жүктеме
адам/ай адам/
жыл
1 2 3 4 5 6 7
№ 1 Шымкент қ.-Өгем аул-Мақпал көл авто., атты
120 км 75км автожол
45км соқпақ
3 демалыс алаңқайы Өгем ауылы-Диірменбастау шатқалы-Жолаушы асуы (2790)-Мақпал көлі-Қонжықкөл көлі-Өгем ауылы 40 120
3ай
№ 2 Шымкент қ.-Өгем аул- Сусінген көл авто., жаяу, атты 75км автожол
31км соқпақ
3 демалыс алаңқайы Өгем ауылы-Өгем шатқалы-Жаужүрек шатқалы-Ақкөйлек көлі-Сусінген петроглифт ары-Айғыржыққан өзенінде Өгем ауылында 100 600
6ай
№ 3 Шымкент қ.-Сайрамсу өз Сазаната өз
Ертедегі аңшылардың птроглифтері авто., жаяу, атты
83 км 71км автожол
12 км соқпақ
1 демалыс алаңқайы Сайрамсу шатқалындағы парк кордоны Сазаната өз. – петроглифтер – Сусінген көлі 100 400
4ай
№ 4 Шымкент қ.- Сайрамсуөз. авто., жаяу
85 км 71км автожол
14км соқпақ
2 демалыс алаңқайы Сайрамсу шатқалындағы парк кордоны «Альтекс» кемпингы-Қырғилы жылғасы-Қапжайлау жылғасы-Сайрамсу көліндегі кордон 510 2550
5ай
№ 5 Шымкент қ.- Сарыайғыр өз.-Тікенек асу-Сусінген көл –турбаза «Южная» авто., жаяу, атты
141км 69км автожол
72км соқпақ
8 демалыс алаңқайы Сарыайғыр өзені-Тікенек асуы (3230)-Ақбурқан өзені-Шағыртас өзені-Сусінген көлі-Ұлыжұрт асуы(2666)-«Оңтүстік»туристік базасы 40 120
3ай
№ 6 Шымкент қ.- Боралдайтау т.- Бозторғай жылға
авто., жаяу
98 км 80км автожол
18км соқпақ Пістелі ауылы-парк кордоны-Көкбұлақ өзені-Бозторғай жылғасы-Қарабастау бұлағы-Пістелі ауылы
80 560
7ай
№ 7 Шымкент қ.-Сайрамсу өз- Қарлы асу- Владислав шыңы авто., жаяу
104 км 74км автожол
30км соқпақ
2 демалыс алаңқайы Сайрамсу шатқалындағы «Альтекс» кемпингі Қапжайлау жылғасы-Жабайы альпинистер шатқалы-Қарлы асуы(3350)-Владислав шыңы(3640)-Сайрамсу өзені 100 500
5ай
№ 8 Экологиялық соқпақ Бозторғай авто., жаяу
92 км 80
12 км Пістелі ауылы-парк кордоны-Көкбұлақ өзені-Бозторғай жылғасы-Қарабастау бұлағы-Пістелі ауылы 80 560
1 ай

Приложенные файлы

  • docx 1523709
    Размер файла: 65 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий