Мемлекеттик су кадастры


Мемлекеттік су кадастры
Қазақстан жер региондарының ішіндегі сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады. Сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі ең оңғы орынды алады, тіпті үркіменстаннан кейін тұр. Қазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларының қоса алғанда) жалпы мөлшері жылына 89.5 текше шақырымды құрайды.Республикада таза ауыз суды тым тапшылығы байқалады. Қазақстанның жер беті су ресурстары түгел дерлік таусылған. Республиканың су шаруашылығы мәселелері тек жер беті суларын шектеп пайдалану және жер асты суларының ресурстарын меңгеру есебінен ғана шешілуі мүмкін. Республикада жалпы су пайдаланудың 9 % жер асты суларының үлесіне тиеді, біздің ойымызша, оны 25% дейін көтеруге болады. Жер бетіндегі және жер асты суларының Қазақстанның геожүйелеріне экологиялық ықпалы көп жақты сипатқа йе. Ол өзен жүйесінің жйілігі және су қоймаларының гидрологиялық және гидрохимиялық режимі арқылы көрінеді. Өзендердің бастаулары , су режимі , жылдық су қорының өзгермелілігі және т.б. гидроэкологиялық факторлар неғұрлым маңызды болып табылады.Осы факторлардың ішіндегі кейбіреулерінің экологиялық ролін қарастырумен шектелеміз. Оңтүстік –шығыс Қазақстанның таулары және таулы жазыктары тұщы сумен көбірек қамсыздандырылған. Республиканың басым бөлігінде адамдардың өндірістік әрекетінің, су көздерінің және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарымен ластануының және басқа да себептердің нәтижесінде таза түщы суға деген тапшылық байқалады. Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800 шақырымнан асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария ,Шу , нұра торғай өзендері. Қазақстандағы сегіз мың өзен ғана он шақырымнан ұзын.ірі өзендердің көпшілігі (Орал, Ертіс , Сырдырия ,іле , Шу) трансшекаралық өзендер болып табылады. Және Қазақстанға шекаралас мемлекеттерден ластанған ағын әкеледі.
Су ресурстары және су кадастрын құрастыру принциптері.
Қазақстанның жер бетіндегi су ресурстары 100.5 км3, олардың iшiнде тек 56.5 км3 ғана республика аумағында құралады, қалған көлемi Орталық Азия мемлекеттерiнен, Ресей Федерациясы мен Қытайдан келiп түседi. Өзен ағынының көлемi бойынша Қазақстан ғаламшардағы сумен неғұрлым аз қамтамасыз етiлген елдердiң қатарына жатады. Су ресурстарының аумағы бойынша бөлiнiсi мейлiнше әркелкi әрi аймақтар мен экономика салаларының сумен әркелкi және тұрақсыз қамтамасыз етiлуiне алғышарт жасайды. Қажеттi су тұтыну көлемi 54.5 км3, ал сулылығы орташа жылдағы шаруашылықта пайдаланылуы мүмкiн қолда бар көлемi 46.0 км3-ден аспайды. Қуаңшылық жылдары су ресурстарының жалпы көлемi 58 км3-ке дейiн, ал қолда бары тиiсiнше 26 км3-ке дейiн азаяды. Қайтымды сулар көлемi - 4.0 км3-ке жуықты құрайды, су көздерiне қайтарылатыны - 2.0 км3-ден аспайды, қалған ағыны сiңiп кетедi немесе құрдымға кетедi. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негiзгi көзi болып табылады, оларды кәдеге жарату мен тазарту әзiрге шешiмiн тапқан жоқ. СУ КАДАСТРЫ – мемлекеттік су ресурстары туралы мәліметтердің жүйеленген жинағы. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының “Су кодексіне” сәйкес суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалануды жоспарлау енгізілді. Суды есепке алу мен мемл. Су кадастрын жүргізу “Қазгидромет” респкбликалық мемлекеттік мекемесіне (жер үсті сулары), геология және жер қойнауын қорғау органдарына (жер асты сулары) және Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қарасты су ресурстары көлтіне суды пайдалануды есепке алу жүктелген. Бірыңғай мемлекеттік су қорына: өзендер, көлдер, бөгендер, су қоймалары, мұздықтар, жер асты сулары, ішкі теңіз сулары, т.б. су көздері жатады. Су кадастрының материалдары су ш-н жоспарлауда, жобалауда, мелиорац. шаралар жүргізуде, су сапасын болжауда, халық ш. салалары мен жеке кәсіпорындар арасында су үлестіру кезінде кеңінен пайдаланылады. су кадастрын құрастыру принциптері:
1.суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалануды жоспарлау;
2. су ш-н жоспарлау, жобалау, мелиорац. шаралар жүргізу;
3. су сапасын болжау;
4. халық ш. салалары мен жеке кәсіпорындар арасында су үлестіру; 5.Су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау т.б;
Қазақстанның су бассейндерінің сандық және сапалық көрсеткіштері. Қазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларының қосаалғанда) жалпы мөлшері жылына 89.5 текше шақырымды құрайды. Республикада таза ауыз суды тым тапшылығы байқалады.Республикадажалпы су пайдаланудың 9 % жер асты суларының үлесіне тиеді, біздің ойымызша, оны 25% дейін көтеруге болады. Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800 шақырымнан асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария ,Шу , нұра торғай өзендері. Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа жылы 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Өзен ағындысының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көл. 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көл. 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км3-ді құрайды, оларды пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көл. 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.
Судың сапасын анықтау, бағалау әдістері
Судың сапасы сипатталатын негізгі көрсеткіштеріне лайлылық, түстілік, судың иісі мен дәмі, кермектілік, сілтілік, тотықтандыру, құрғақ қалдық және әртүрлі химия заттардың мөлшері, бактериялардың жалпы саны, коли-титр, коли-индекс кіреді. Лайлылық дегеніміз судағы қалқыма заттардың мөлшері. Стандарт бойынша ауыз судың лайлығы 1,5 мг/л-ден аспау керек. Судың түстілігі пайда болатыны суда бояйтын заттардың, балдырдың және фульвоқышқылының әсері. Ауыз судың түстілігі, платина жөне кобальт шкаласы бойынша 20 градустан артық болмау керек. Ауыз судың дәмі мен иісі бес баллды шкала бойынша судың +20°С температурасында 2 баллдан артық болмау керек. Активтік реакция судың сілтілік немесе қышқылдық дәрежесін көрсетеді, ол сутегінің иондарының концентрациясымен сипатталынады. Стандарт бойынша ауыз судың РН 6 мен 9-дың аралығында болғаны жөн. Судың кермектілігі кальций мен магнийдің ерітілген тұзының мөлшерін көрсетеді Ауыз судың жалпы кермектілігінің шекті мөлшері 7,0 мг-экв/л-ден аспау керек, ерекше жағдайларда 10 мг-экв/л-ге дейін рұқсат етіледі. Судың сілтілігіне себеп болушы оның ішіндегі бикарбонаттар карбонаттар, гидраттар және басқа әлсіз қышқылдардың тұздары. Судың физикалық қасиеттерін анықтау Су көздерін ветеринариялық-санитариялық тексеру кезінде судың сапасын ең алдымен оның физикалық қасиеттері бойынша бағалайды, мұнда келесі көрсеткіштерге: температурасы, түсі, иісі, дәмі, мөлдірлігі, лайлығы мен тұнбасына назар аударады.
Су температурасы. Арнайы термометр немесе шаригі 5-6 қабат дәкемен оралған кәдімгі термометрмен өлшейді. Температураны тікелей су көзі жанында су сынамасын алғанда өлшейді. Термометрді 10-15 минутқа суға салады да, оның көрсеткіштерін судан ала салғанда, тұрақты температура орныққаннан кейін бірден белгілейді. Жануарлар үшін ауыз судың температурасы 10-120 С, буаз және ауру малдар үшін – 150 С дейін және төлдер үшін жасына байланысты 15-300 С болуы керек. Судың түсі. Сапалық тұрғыдан анықтауды ақ фонда биіктігі 10 – 12 см екі пробиркаға құйылған дистильденген және зерттелетін суды салыстырып жүргізеді. Судың түсін кестені қолданып, градуспен өлшейді. Түсінің сапалық анықтауын хромокобальт шкаласы бойынша жүргізеді. Иістер табиғи – хош иісті, батпақ иісті, шірік иісті, топырақ иісті, зең иісті, балық, күкіртсутегі, шөп иісті, белгісіз, және жасанды – хлор, фенол, бензин, камфора иісті болуы мүмкін. Жақсы ауыз суы иіссіз болуы керек, ал рұқсат етілетін иіс 200 С температурада 2 баллдан жоғары болмауы керек. Судың дәмі. Анықтауды сынама алған жерде тек судың санитарлық тұрғыдан қауіпсіздігіне сенімді болғанда ғана жүргізеді. Күманды жағдайларда оны алдын ала 5 - 10 минут қайнатып, 20-250 С дейін суыту қажет болады. Дәмін (татымын) анықтау үшін шамамен 15 мл суды ауызға алып, бірнеше секунд ұстап, жұтпай дәмін анықтайды. Шикі судың дәмін анықтағаннан кейін ауызды марганец қышқылды калийдің әлсіз ертіндісімен шаю қажет. Судың дәмін: қышқыл, сілтілі, тұзды, ащы-тұзды, кермек, ауыз қуыратын, тәтті; татымын: темірлі, кермек, хлорлы, металл, балық дәмді деп белгілейді. Дәмі мен татымының қарқындылығы баллмен: татымы жоқ – 0, өте әлсіз – 2, сезілетін – 3, анық– 4, өте күшті 5 баллмен бағаланады.
Судың мөлдірлігі. Анықтау үшін суды биіктігі бойынша сантиметрге бөлінген цилиндрге құяды, оның түбіне Снеллен шрифты бар баспа қағаз салады. Содан кейін біртіндеп суды резина түтігі бар төменгі тубустан шрифт анық көрінгенше ағызады. Бағана биіктігі бойынша оның мөлдірлігін сантиметрмен өлшейді. Далалық жағдайда судың мөлдірлігін анықтау үшін диаметрі 1 – 1,5 см болатын сымтемір сақинаны қолданады. Тұтқасынан ұстап, сымтемірді 500 – 1000 мл көлемді цилиндрға құйылған зерттелетін суға оның контурлары көрінбей қалғанша батырады. Содан кейін, сантиметрлік сызғышпен сақина анық көрінетін жерге дейінгі тереңдігін өлшейді. Сақина бойынша зерттеуден алынған деректерді Снеллен шрифты бойынша көрсеткішке кестемен аударады: 30 см жоғары мөлдірлігі бар су жақсы деп саналады; 10 нан 30 см – қолдануға рұқсат етіледі. Судың мөлдірлігін: мөлдір, әлісіз мөлдір, сәл лайлы және күшті лайлы деген терминдермен анықтайды. Судың лайлығы. сынамада органикалық және минералды текті ерімеген және коллоидты заттардың болуымен шартталады. Судың лайлылығы мен мөлдірлігі арасында белгілі бір тәуелділік бар. Осыдан лайлылықты анықтауды судың белгілі мөлдірлігін айналдырып кесте бойынша жүргізеді: Судағы тұнба. Зерттелетін суды шайқап, биіктігі 30 см кем емес өлшем цилиндріне құяды да, бір тәулік тыныштықта қалдырады. Мөлшері бойынша тұнбаның болуы: тұнба жоқ, аздаған, байқалатын, үлкен тұнба; сапасы бойынша – үлпек, сазбалшықты, құмды, сазды және т.с.с түсін көрсете отырып (сұрғылт, қоңыр, қара және сол сияқты) сипатталады.
ҚР су бассейндеріне жалпы сипаттама беріңіз. Кейбiр iрi өзендер бассейнінің жеке проблемалары және олардың су қорларының қолдануы. Сырдария өзенi бассейіні күрделi жағдайлармен ерекшеленедi, әсiресе оның төменгi жағында. Өзеннің төменге ағысына түсетін табиғи су қорының қысқаруы және оның жоғарғы деңгейде ластануы, табиғи ортаның сапасының және Арал маңайындағы тұрғындардың өмiр жағдайларының төмендетуiне әкеп соқты. Арал теңiзi үшiн де, төменгi жағының табиғи кешенi де өзеннiң дельтасы реттейтiн мәнін жоғалтты. Шөлдену процессі 2 миллион гектар аумақты қамтыды. Коллекторлы - дренажды және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын Сырдарияға тастау оның химиялық және бактериялық ластануына және тұрғындардың денсаулығына үлкен әсер етті. Өлкедегi су мәселесi шешiмiнiң күрделiлiгi сол, жалпы бассейін бойынша жер беті су қорының толық игерілгендігінде. Бұл дефицитті жоюдың бірден-бір жолы, қазiргi деңгейде шаруашылық құрылымдарда су сақтайтын және үнемдейтін шараларды енгізу, суды көп шығындататын және пайдалануы мүмкiн шараларды қысқарту. Ол үшiн негiзiнен.экономика, бастысы егiн шаруашылығында принципті өзгеріс енгізу және мемлекетаралық кооперацияны күшейту керек болады.  Орал өзенiні бассейні өте суы тапшы, бұл жерде экономика салаларын орналастыру және дамыту экономиканың бар шикiзат қорлары және қажеттiктерiне сәйкестендірілмей iске асырылған. Нәтижесінде суға деген қажеттілік оның қанағаттандыруының нақты мүмкiндiктерiн едәуiр жоғары болуына, әсiресе сусыз жылдарда орын алады. Мұның бәрі Орал бассейнінің суларын қарқынды ластануына әкеп соғады. Орталық және Солтүстiк Қазақстан өзендерiнiң бассейіндері шамамен су көлемінің аздығымен және жылдың iшiнде бір қалыпсыздығымен ерекшеленеді: су қорының негізгі 90 % көктемнің 1-2 айларын да өтедi. Су қорларының жетіспеушілігі еліміздегі маңызды орын алатын өнеркәсiптiң дамуына кері әсерін тигізетін бөгет болып табылады.  Бұл аймақта электрэнергияның 76%, көмірдің 98%, темiр кенінің 99%, мыстың негізгі бөлігі өндіріледі. Өлкеде көмiр, темір және мыстан басқа химия өнеркәсiбiнiң дамытуы үшiн маргандық және қорғасын-мырыш кендердiң үлкен қоры, вольфрам, молибден, бокситтер шығарылады.  Келешекте жоғарғы потенциалдық шикiзат қорларын игеру үшін мұнда көршілес өзен бассейіндерінен су қорларының тартылу мүмкiндiктерiн анықтауды қажет етеді. Мұндай жағдайда бұл өлке үшiн су көзі болып Ертiс өзенi табылады. Одан Орталық Қазақстандарға су беру үшiн, Қанышы Сатпаев атындағы (Ертiс - Қарағанды) канал құрастырылған, дегенмен оның нашар техникалық күйі оның қуатын төмендетіп, су тұтынушыларың экономикалық қатынастарын қалыптастыруды реттей алмауда. Ертiс өзенiнi бассейні, оның сулығының жоғарылығына қарамастан, су жетіспеушілік орын алады және су шаруашылығы балансы өте шиеленіскен. Сонымен қатар, өзеннiң бассейіні өте күштi өнеркәсiптiк ластануға ұшыраған. Ертiс өзенiнiң бассейніне Қытай, Қазақстан және Ресейдің аймақтары енеді, олардың әрқайсысы оның суын қолдануда өз мүдделерiн ойлайды.  Ертiс өзені бассейнінің су қорлары мәселелерiн мемлекетаралық тұрғыда қарастырғанда негізінен оның ластануын болдырмау, мемлекет шекарасында берілетін су қорының сапасының сақталуын, одан алынатын су көлемінің шығын келтірмейтін жағын анықтау керек. Балқаш көлі бассейні Іле өзенінен алынатын қайтарымсыз су қорының өсуінен экологиялық жағынан және елімізді сумен қамтамасыз етуде ең сәтсiз бассейін болып табылады және ол қарқынды ластануда.  Балқаш көлін сақтау және ондағы табиғи объекттердi сақтаудағы негізі мәселенiң шешiмi суды үнемдеу, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын тастауды тоқтатуға арналған шаралардың шұғыл жүзеге асыру болып табылады. Іле өзенінің суының балансы көпшілігіңде Қытай тарапымен су қатынастарының реттелуімен анықталады. 23.Су ресурстарын экономикалық бағалау. Судың құнын есептеуді көрсетіңіз. Су қорын тиімді пайдалану үшін су шаруашылық кешендерін ұдайы үздіксіз жетілдіріп отыру керек. Су шаруашылық комплексіне: сумен жабдықтау, суды бөлу, гидроэнергетика, су транспорты, суландыру, құрғату, балық шаруашылығы, ағаш тасымалдау, денсаулық сақтау, туризм және т.б. жатады. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары масштабы және техникалық шешімдері бойынша әр түрлі, оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Суды қорғау жөнінде 4 кешенді шараларды атауға болады: Озық технологиялар қолдану арқылы су тұтынуды шұғыл азайтатын, лас суларды төгуді қысқартатын айналмалы және тұйық су жүйелерін пайдалану. Ластанған ақаба суларды тазарту шаралары оларды ауыл шаруашылық, және техникалық мақсаттарда пайдалану, арнаулы қоймалар, тазартқыштар салу және т.б. Су көздерінің санитарлық тазалығын қорғау, арттыру, арнаулы биологиялық өңдеулерден өткізу. Суға зиянды әсерлерді азайту, шектеу шаралары. Су жағасына орналасқан өндірістерді азайту, оларды тәртіпке келтіру . Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру; суды қорғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамында есептеу үшін болады. Су ресурстарын экономикалық бағалау үшін шеткі шығын шамасы қолданылады. Су ресурстары көпшілік жағдайда жеке-дара орналасады. Осыған байланысты жағдайда су тапшылығы немесе жеткілікті болуы оның территориялық орналасуына байланысты. Сондықтан шеткі шығын шамасын ауданның, аймақтың су бассейндері бойынша белгілеу керек. Суға шеткі шығын шамасын оптималдық су шаруашылық баланстар негізінде анықтайды. Барлық экстенсивтік және интенсивтік шараларды ескере отырып, су пайдаланудың барлық балама мүмкіншіліктері қарастырылады. Экстенсивтік шаралар пайдаланылатын су көлемін арттырумен, баланстық кіріс жағын көбейтумен байланысты. Табиғат ресурстарын рентамен бағалаудың басқа әдістерге қарағанда артықшылығы бары даусыз. Ренталық қағидаға сәйкес тиімнің екі категориясы ажыратылады: дифференциалдық тиім және ренталық тиім. Дифференциалдық тиім халық шаруашылығының кез келген саласында пайда болуы мүмкін. Ол ғылыми-техникалық жетістікті қолдану және еңбекті жақсы ұйымдастыру нәтижесінде еңбек тиімділігін арттыру арқылы дербес шығынды қоғамдық қажетті шығыннан азайтқандағы үнемді көрсетеді. Рентаны есептеу өте маңызды теориялық және әдістемелік мәселе болып табылады. Бірнеше экономистер рентаны есептеу үшін нақты қалыптасқан табиғат ресурстарын пайдалану шығындарын қолдануды ұсынады. Бірақ, ол салыстырмалы ресурстардың әділ бағасы бола алмайды. Рентаны анықтаудың басты принципі нақты ресурсы пайдаланғанда алуға болатын халық шаруашылығына ең жоғары тиімді анықтағыш болуға тиіс. Осыған байланысты су пайдаланудың рационалды режимін қамтамасыз ететін, су тұтынуды азайтатын, табиғат ресурстарын ең тиімді пайдалану бағыттары қарастырылуы керек. Бұл мәселе тек табиғат пайдалану саласымен ғана шектеліп қалмайды. Ол салааралық сипатта және барлық салаларда үйлесімді іс-әрекеттерді талап етеді. 24.Жайық-Каспий су бассейні кадастрын келтіріңіз. Қазақстан Республикасының су қоры мемлекеттік су кадастрына енгізілген немесе енгізілуге тиіс Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі барлық су объектілерінің жиынтығын қамтиды. Жайық – Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Жайық өзені Орал тауы оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталады. Ол Ресей Федерациясы аймағын, Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарынан өтеді. Өзеннің ұзындығы 2534 км. Қазақстан Республикасы ішінде - 1084 км. Суды жинау көлемі – 220 мың км². Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар): жоғарғы, орта және төменгі. Қазіргі кезде Жайық өзені - Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен. Жайық-Каспий бассейнінің балық ресурстарын қорғау тиімділігін арттыру мақсатында, уылдырық шашу кезінде ағымдағы жылы Үйлестіруші кеңестің шешіміміен Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы маңынан негізгі мақсаты Жайық-Каспий бассейнінің балық ресурстарын заңсыз аулау фактілерін анықтауға және тоқтатуға бағытталған облыстың құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының біріккен қызметін үйлестіру болып табылатын Жедел Штаб құру ұсынылды. 25.Тобыл-Торғай су бассейні кадастрын көрсетіңіз. Тобыл (орыс. Тобол) — Ертіс алабындағы өзен. Қазақстанның Қостанай облысы, және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жерімен ағады. Қазақстан жеріндегі ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 426 мың км², Қазақстандық алабы 130 мың км². Тобыл Оңтүстік Оралдың шығыс сілемдерінің бірі – Қараадырдан басталып, Ертіске құяды. Басты салалары – Шортанды, Сынтасты, Әйет, Үй, Обаған (көпшілігі сол жағынан құяды). Өзен алабында Жақсы Алакөл, Жаман Алакөл, Қулыкөл, Тентексор, Томарлыкөл, Теңіз, т.б. көлдер бар. Бастаулық бөлігінде Торғайқолатымен өтеді. Бұл тұста өзен арнасы тастақты келеді және аңғарында ойдым-ойдым қарасулар көп кездеседі. Аңғары өте енді, 2 – 30 км аралығында. Негізінен қар (60%-ы) және жауын-шашын суымен толысады. Жылдық ағынның 82,5%-ы көктемде, 13,5%-ы жазда – күзде, 4,0%-ы қыста болады; жоғарғы деңгейі сәуір – маусым айларына келеді. Қазақстандық бөлігіндегі жылдық орташа су ағымы 26,2 м³/с, орташа лайлығы 300 г/м3, минералдылығы 500 – 600 мг/л-ге, далалық өңірде 2000 мг/л-ге жетеді. Суы хлорлы. Өзен қараша – сәуір айлары аралығында қатады; мұзының қалыңдығы 70 – 78 см. Жазғы суының орташа температурасы 19 – 20°С кейде шілдеде 28,2°С-қа дейін жылынады. Кең жазық болып келген өзен жайылмасында шоқ қарағайлы орман өседі. Өзенде балық бар. Алабы тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижесінде республикадағы сансалалы ауыл шаруашылық дамыған басты астықты өңірге айналды. Қойнауынан темір кентасы, көмір асбест қорлары анықталды. 26.Есіл су бассейні кадастрын көрсетіңіз. Есіл - Ертіс өзенінің сол саласы, Обь өзен жүйесіне жатады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерімен ағады. Бастауын Сарыарқадағы Нияз тауы етегінен алып (560 м биіктіктен), Ертіс өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км). Дүние жүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады. Су жиналатын алабы 177 мың км². Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі құлау еңістігі 513 м, әр 1 км-дегі еңістігі 21 см. Өзен негізінен қар суымен (80%-дайы) толығады. Көктемде су деңгейі көтеріліп (ең жоғарғы деңгейі сәуірдің үшінші онкүндігінде байқалады), су тасқыны болып тұрады. Шілденің ортасында су деңгейі төмендеп, үшінші онкүндігінің басында сабасына түседі. Су мол жылдары Петропавл бөгені бьефіндегі нөлдік график деңгейінен 10-11 м жоғары көтеріледі. Есіл суын бақылау кезінде 1937 ж. оның арнасы құрғап қалғаны тіркелген. Ал 1936-1939 және 1986 ж. түбіне дейін қатып қалған. Өзеннің орташа жылдық ағымы 2,5 км³. Мұз қату қарашаның екінші жартысында басталады да оның ұзақтығы 5 айға созылады. Есіл минералдылығы жоғары өзендерге жатады. Оған негізгі себеп - оның су жинайтын алабының құрғақ өңірде жатуынан және жер асты суларының тұздылығы саналады. Жалпы минералдануы 500-800 мг/л, сабасының төменгі кезінде 1200 мг/л-ге жетеді. Суы кермек татиды. Бүгінде Есіл өзенінің жалпы ауданы 243, 37 мың шаршы км. Оның 690 шақырымы СҚО аумағынан өтеді. Жыл сайын өзеннен өндіріс орындары мен халық игілігіне 315 млн. текше метрден артық таза ауыз су алынады екен. Мамандардың айтуынша, тұтынушыға жеткенше судың 60 пайызы ысырап болады. Су ресурсы деген Қазақстандағы ең өзекті мәселелердің бірі Экономиканың қай саласын алмасаңыз сусыз дамып, өркендеу мүмкін емес. Есілдің бойындағы су мәселесі күрделі жағдайда. Қазір Ертіс каналынан су алып жатырмыз Астанаға дейін. Бүгін жетіп жатқан шығар. Келешек онымен шектелмейді. Әрі ойлауымыз керек. Есіл өзенінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау жөнінде 2006-2020 жылдарға арналған бағдарлама құрылған. Оны жүзеге асыру үшін мемлекеттік қазынадан 209 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның 47 млрд. Солтүстік Қазақстан өңіріндегі су көзінің сапасын арттыруға бағыталмақ. Сонымен қатар Есіл ауданының Есіл өзенінде қожайынсыз обьект - «Союзцелинвод» ұйымының Есіл гидроторабы анықталды. Оның құрамына көлемі 15 млн. м3  су қоймасы (Есіл өзені арнасына шоғырландыратын сиымдылық ретінде), сорғыш станциясы мен оң жағада су қотарғыш (Преснов магистральды су тасығыштарды пайдалану басқармасы) 4- қақпалы темір бетонды бөгет, сол жағада тыныш бөгет кіреді. Гидротораптың барлық қақпалары көтерілген және құрылыс аяқталған сәттен бастап түсірілмеген. Гидротораптың құрылыс және пайдалануға енгізу құжаттары жоғалған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Су ресурстары комитетінің «Есіл су» РМК балансында тек сорғыш станция ғана тұр. Осыған байланысты, облыс ТЖ департаментінің бастығы Есіл бассейн кеңесінің мүшелеріне аталған гидротехникалық құрылыс жағдайын әрі қарай анықтау үшін Солтүстік Қазақтан облысының су қоймалары бар үш гидроторабын (Ғ. Мүсірепов ауданы -Шарық - 8,2 млн. м3 ,  Тайсара – 7,5 млн. м3  - Есіл ауданы 15 млн. м3 ) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Су ресурстары комитетінің «Гидротехникалық құрылысының техникалық жағдайын көп салалы зерттеу» бағдарламасына енгізуге ықпал ету жөнінде ұсыныс жасады. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар есепке алына отырып, Бассейн келісіміне қол қойылды.
Нұра-Сарысу су бассейні кадастры.
Нұра-Сарысу су бассейні — Қазақстан  Республикасы  орталығында орналасқан  су  шаруашылық  бассейні.  Бассейн  территориясына  Нұра  және Сарысу  өзендерін,  Теңіз  және  Қарасор  көлдері  кіреді.  Нұра-Сарысу  су  шаруашылық  бассейні  аумағында 1 млн.  жуық  адам  өмір  сүреді. Бассейн құрамындағы Нұра өзені ұзындығы 978 км, бассейн көлемі  58 100 км2 тең. Нұра Теңіз көліне барып құяды. Мұнда аса ірі өндірістік қала – Қарағанды бар. Су қоры өте шектеулі. Ластанудың басты көздері – өндіріс қалдықтары және канализация. Нұра өзенінің ең басты ластаушысы – Теміртаудағы карбид зауыты. Ол өнеркәсіп технология бойынша катализатор ретінде сынапты пайдаланған. Қазіргі уақытта өзен түбіне 25 т сынап жиналған. Су қоры  — 4,59км³  құрайды  (Қазақстандағы  су  ресурстарымен қамтамасызетілген бассейндердің  бірі).  Шектес  территориялардан  су  келмейді.  Бассейн
  шегінде  1,7 км³  қалыптасады. Бассейн  территориясы ылғалдылық  жетіспейтін  ауданға  кіреді.  Бассейн  өзендерінің  ерекшелігі  болып  жылдық  ағынның  негізгі  көлемі  көктемнің  қысқа  мерзімінде  өтеді.  Нұра озені алабында бақылау кезеңдерінің әртүрлі аралықтарында ағынды режимін бақылаумен айналысатын 70-тен аса гидрологиялық бекет жұмыс жасады. 1968-2002 жж. аралығында каналды пайдалану кезінде Нұра өзені алабындағы тұтынушыларға 8526 млн м  яғни орта есеппен жыл сайын 236 м.ш  немесе 7.49 м су жіберіліп отырған. Нұра өзені – Балықты тж. ст. (Сергиополь- скос ауылы) тұстамасындағы табиғи ағындыны қалпына келтіру үшін, оның жоғары ағысындағы Нұра өзені - Шешенқара ауылы. Шартты-табиғи кезең (1935-1970 жж.) үшін орташа жылдық су өтімдерінің байланыс графигі тұрғызылып, 0,97±0,002 тең кор- реляция коэффициенті есептелді, регрессия теңдеуі мынадай түрге ие: у=1,71х - 0,08. Нұра өзені - Балықты т.ж. ст. (Сергиопольское ауылы) ағындысы 1971 жылдан бастап осы теңдеу бойынша қалпына келтірілді. Әр жыл сайын басқа алаптардан келіп құйылатын қосымша ағынды А0^0в-0б теңдеуі арқылы, калпына келтірілген табиғи және бақыланған ағынды арасындағы айырмашылық ретінде есептелді. 1971 жылдан 2006 жылға дейінгі АQ орташа көпжылдық мәні 5,21 м тең, ол Қ.И. Сәтпаев атындағы негізгі каналдан Қарағанды облысына жіберілетін судың 70 %-ын құрайды, ал қалған 30 % сүзілуге, тікелей арнадан және су қоймаларынан су алуға, ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалады. Осылайша, 1933-2006 жылдар аралығындағы кезең үшін, жылдық ағындының табиғи қатары калпына келтірілді. Алынған қатар параметрлік Фишер, Стьюдент және параметрлік емес Вилькоксон критерийлері бойынша біртектілікке тексерілді. Біртектілік гипотезасы зерттеліп отырған қатар үшін а=0,05 мәнділік деңгейінде жоққа шығарылмайды. Нұра өзені — Балықты тж. ст. (Сергиопольское ауылы) жылдық ағындысының қалпына келтірілген қатарының статистикалық пара- метрлерін есептеу кезінде А.Г. Алексеевтің графоаналиталық әдісі қолданылды.
Ертіс су бассейні кадастры
Өзеннің Қазақстандағы ұзындығы – 1200 км. Бассейн аумағының жалпы көлемі – 1, 64 млн. км2.  Бүгінде өзен суы екі жасанды канал арқылы тармақталады. Біріншісі – Ертіс-Қарағанды (ұзындығы 485 км), ал екіншісі – 2000  жылдардың басында Қытай аумағында Қарамай қаласындағы мұнай өндірісі үшін салынған (ұзындығы 300 км). Ертіс суын Астананың қажеттіліктеріне жарату үшін оны Есіл бассейнімен канал арқылы байланыстыру жобасы қарастырылып жатыр. Бұл да Ертіс өзеніне қосымша қысым болып келері сөзссіз.  Өзенді ластау факторлары: тау-кен өндірісі және ежелден келе жатқан – Семей ядролық полигонының салдары. Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқа аймағындағы табиғи қорларды игеру мақсатында Ертіс – Қарағанды каналы тартылған. Көліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды. Ертістік бассейндік су шаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша облыстың су қоры құрайды:  1017 өзен 30 млрд. м3 орташа жылдық ағынды және жалпы ұзындығы 28 мың. км.; 1967 көл су масса көлемі 6,5 млрд. м3 (Алакөл және Сасықкөл көлдерінсіз); 75 жуық су қоймасы және кіші тоғандар (сиымдылығы 53 км3) бекітілген пайдалану қоры жылына 2,4 млрд. м3 жер асты сулары Өнеркәсіпте, құрылыста, көлік және тұрғын үй-коммуналдық салаларда суды тұтыну және суды бұру көлемін тіркеу 2-ТП-су шаруашылық статистикалық есептеме формасы бойынша жүргізіледі. Жер беті сулары мен жер асты суларының көп бөлігі пайдалануда тіркеумен қамтылған.  Ертіс бассейнінде бөгеу соңғы сегіз жылда орташа көрсеткіш мөлшерінде. Жалпы су бөгеуде 191,85 млн.м3 (32,9%) - бұл жер асты және шахты-кен сулары және 389,64 млн.м3 (67,1%) - бұл жер беті сулары. Ертіс өзені бассейнінде жалпы көлемнен 544,64 млн.м3 және Ресейден алынған көлемнен 4,12 млнм3 коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 90,78 млн.м3 алынған (16,5%), өнеркәсіп қажеттілігіне 215,75 млн.м3 (39,3%), ауыл шаруашылығымен - 207,76 млн.м3 (37,8%), балық шаруашылығымен - 7,35 млн.м3 (37,8%) және тағы басқа қажеттілікке 27,08 млн.м3 (5,1%) алынған. Басқа қажеттілікке жер асты және шахты-кен суларын бөгеу кірді, олар пайдаланылмайды транзитпен су нысандарына ағызылады.  Ағымды жылда ауыл шаруашылығының қажеттілігіне 240,51 млн.м3 алынды, оның 223,30 млн.м3 (92,8%) жер беті және 17,21 млн.м3 (7,2%) жер асты сулары. Соңғы төрт жылда суды бөгеу және осы қажеттіліктерге пайдалану 90 млн. м3 азайды және ол суармалы жерлердің аз пайдалануымен байланысты. Соңғы тоғыз жыл бойынша суды пайдалануды талдай келе, белгілейміз:  -шаруашылық ауыз су қажеттілігі бойынша азғана ауытқулар байқалады;  -өндіріс қажеттілігі бойынша өнеркәсіп өндірісінің ұлғаю себептері бойынша суды қолдану мөлшерінің үдемелі өсуі байқалуда;  -жүйелі суару бойынша суды пайдалану суарылылатын алаңға байланысты (соңғы жылдары суарылатын жерлердің санының азаюы 5 мың га. құрады, бұл суды бөгеуді 22,8 млн.м3 төмендетті);  -жайылмалы суару бойынша суды пайдалану да аланының кішірейуіне қарай азайды;  -ауыл шаруашылықты сумен қамтамасыз ету бойынша суды пайдалану айтарлықтай өзгермеді;  -жайылымдарды суландыру бойынша суды пайдалану мал басының өсуіне қарай өсуде (2001ж. бері мал басының өсуі қарқынды жүруде және осы кезеңде суды пайдалану екі есе өсті);  -тоғанды-балық шаруашылығы бойынша суды пайдалану отырғызу материалын өндіру мөлшерінің азаю себебімен біртіндеп кемуде. Соңғы жылы бөгеу азғана төмендеді және 7,35 млн.м3 құрады. 
Балқаш – Алакөл су бассейні кадастры
Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км², ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км²-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Алакөл — Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл, Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі. Сонымен қатар аумағы 20 мың гектардан асатын бұл өлкеге денсаулығын түзеткісі келетіндерден басқа, теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулағанды ұнататындар келеді. Балқаш-Алкөл су бассейнін жақсарту жөнінде Қазақстан Республикасында түрлі іс шаралар жүргізілуде. -«Іле-Балқаш бассейндегі экологиялық жағдайдың күйі туралы»; -«2007-2011 жылдарға арналған Алматы облысының су нысандарын тиімді пайдалану және қорғау бойынша аймақтық бағдарламасын әзірлеу»; -«2002-2010  жылдарға арналған  «Ауыз су» салалық бағдарламасын Алматы облысының ауылдық елді мекендерінде жүзеге асыру»; -«Балқаш көлінің Бертыс және Торғаналық шығанақтарының экологиялық жағдайын жақсарту және улы (ауыр) металдармен ластануын төмендетуге арналған ісшаралар туралы»; -«Балқаш-Алакөл бассейнінің су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың негізгі мәселелері туралы»; -«Алматы қаласының шағын өзендері» Бағдарламасы бойынша 2007 жылдың жұмыс қорытындысы»; -«Экожүйелік басқаруды жүзеге асыру мақсатында Балқаш-Алакөл бассейндік корпорациясын құрудың Тұжырымдамасы»; - «Балқаш қаласының су ресурстарын басқарудың күрделі мәселелері»; - «Мемлекеттік органдардың өндіргіш күштерін дамыту және орналастыру сүлбесі құрамында Үлкен Алматы шатқалы ауағында су ресурстарын тиімді пайдаланудың кешенді жоспарын әзірлеу және қабылдау»; -«Үлкен Алматы шатқалындағы су ресурстарының жәй-күйі туралы»; -«Балқаш-Алакөл бассейндегі сушаруашылық  нысандарындағы төтенше жағдайлар туралы»; -«Морендік көлдердің жәй-күйі және олардың қауіпсіздігі туралы»; Су ресурстарын пайдалану және қорғау саласының бірқатар өзекті мәселерері . Қолданыстағы және трансшекаралық өзендерді есептегенде жоспарланып отырған гидрологиялық бекеттердегі судың өтімі мен сапасы туралы; жер асты суларының анықталған қорлары және қорларын қайта анықтау туралы; шайынды суларды күрделі тазартудың мәселері туралы; сондай-ақ Балқаш көлін және Іле өзенінің атыраптарын сақтаудың экомәселелері шешу жөніндегі кадастрлық жұмыстар жүргізілуде.
Шу-Талас су бассейні кадастры
Шу — Қырғызстан мен Қазақстанжеріндегі өзен. Ұзындығы 1186 км (Қазақстан аумағында 800 км), су жиналатын алабы 148000 км² (Қазақстан аумағында 62500 км²). Теріскей Алатау мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуанарық және Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап Шу аталады. Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері (Қазақстанда): Қорағаты, Меркі, Қарабалта, Ақсу, т.б. Теріскей Алатау мен Қырғыз жотасын кесіп өте бере Шу Жоғары Ортотоқой және Төм. Ортотоқой шатқалдарын қалыптастырған. Соңғысының тұсында Ортотоқой бөгені салынған. Төменде Шу Ыстықкөл қазаншұңқырына шығады. Шу мен Ыстықкөлдің суайрығы айқын емес. 20 ғ-дың 50-жылдарында Шу суының бір бөлігі су тасу кезінде Көтемалды тармағы арқылы Ыстықкөлге құйылған. Қазіргі кезде көлмен байланысы жоқ.  Арнасының ені орта ағысында 50 – 100 м, төменгі ағысында 40 – 60 м. Ертеде суы Сырдарияға құйған. Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Қазақстан жерінде Тасөткел бөгені бар. Бойында егін суару мақсатында Шығыс және Батыс Үлкен Шу, Шу каналы,Сортөбе, Георгиевка, Атбашы, т.б. каналдар, шағын СЭС салынған. Жылдық ағынының 14,8%-ы көктемде, 58,3%-ы жаз-күз айларында, 26,9%-ы қыста байқалады. Шілде-тамыз айларында тасып, желтоқсан – наурызда қатады. Ағыны реттелетіндіктен су режимі табиғи қалпынан өзгеріп кеткен. Көп жылдық орташа су ағымы Амангелді ауыл тұсында 77 м³/с. Алабындағы 60 мың га-дан астам егістікті суаруға Шу өзен суының 55%-ы пайдаланылады Талас өзені — Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен, ұзындығы 661 км, су жиналатын алабы 52700 км². Қазақстандағы бөлігі 453 км. Негізінен,Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу аудандары жерімен ағады. Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауы мұздықтарынан шығатын Қарақол жәнеҮшқоша өзендері қосылған жерден басталып, Мойынқұмдағы Айдын көлінежетпей құмға сіңіп, тартылып қалады. Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, ені 1 – 2 км, жазыққа шыққан төменгі бөлігінде кең, 25 – 30 км. Көп жылдық мұз, жауын-шашын суынан толысады. Маусым – тамыз айларында тасиды. Тараз қаласынан төменгі ағысында Таластан бірнеше тармақ (Шалқы, Көделі, Тасарық, т.б.) таралады. Суы көктемде, күзде тұщы, сәл кермек, ауыз суға жарамды. Жылдық орташа су ағымы Тараз қаласы тұсында секундына 27,4 м³. Өзен бойында, Тараз қаласынан 10 км жерде Киров бөгені, сағасынан 197 км жерде Юбилейный, 275 км-де Жінәлі, 280 км-деҚазақбай бөгендері және Талас – Аса каналы салынған. Егін суаруға пайдаланылады.
Арал-Сырдария су бассейні кадастры
Бассейннің табиғи жағдайы, көлемі, жалпы су балансы, ауыз сумен қамтамасыз ету. Арал-Сырдария бассейнінің ауданы 345 мың км2 жерді алып жатыр және ол екі әкімшілік облысты қамтиды. Олар: Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда облыстары. Бассейн маңындағы халықтың саны 2,6 млн-ға жуық (жалпы Республика халқының 17 %), оның ішінде қала тұрғындары 1,2 млн адам (46% бассейін бойынша) жəне ауыл халқы 1,4 млн адам (54%). Бассейннің негізін Сырдария өзені құрайды. Ол Қазақстаннан тыс жерде Ферғана даласында жатқан Нарын мен Қарадария өзендерінің біріккен жерінен бастауын алады. Біріккен жерінен оның жалпы ұзындығы 2212 км, ал Нарын бастауынан 3019 км жер. Өзен Қазақстан территориясы бойынша Шардара су қоймасынан Арал теңізіне дейін 1627 км-ге созылып жатыр. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында – 346  км, Қызылорда облысында – 1281 км-ге созылған. Арал-Сырдария су шаруашылық бассейнінде су қорларының сулылығы орта болған жылдары 17,92км3/жыл, ал су аз жылдары 14,24км3/жыл бағаланады. Мұндағы ағынның міндетті шығыны 5,82км3/жыл-мен бағаланады, 2,8км3/жыл көлемдегі ағын су өзен арналарының жəне су қоймалардағы судың беткі қабаттарының булануына,  сондай-ақ өзен арналарының фильтрациясына жұмсалады. Арал теңізінің деңгейін көтеруге бағытталған экологиялық бос ағызу 3,1км3/жыл құрайды. Сулылығы орта болатын жылдарда қолдануға арналған су қорлары 12,02 км3–ді,  ал 20 жылда бір қайталанатын құрғақшылық жылдары олар  9,3км3/жылды құрайды. Арал-Сырдария бассейні, су шаруашылығының қиын жағдайымен сипатталады. Əсіресе Сырдарияның төменгі аймағында өзеннің шынайы тоқтауы жəне өзен суының ластануының жоғарылауы табиғи ортаның Арал аймағындағы қоныс жағдайының төмендеуіне əкеледі. Өзен атырауы өзінің су басқару қабілетін толық жоғалтты. Шөлді аймаққа айналу процесі 2 млн га жерді қамтыды. Сырдарияға коллекторлы-дренаждық улардың, елді мекендердің, өндіріс пен ауылшаруашылығының ағынды суларының Сырдария өзеніне келіп құйылуы, судың химиялық, бактериялық лайлануына, əрі елді мекендердегі халықтың ауруға шалдығуына əкеп соғады. Аймақтағы су проблемасын шешудің басты қиыншылығы - жер үсті су қорларының толығымен ауылшаруашылығында қолданылуы.
Су қорын экономикалық бағалау. Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру; суды қорғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамында есептеу үшін қажет болады. Су ресурстары өзен-су жүйесінде қалыптасады. Суды басқа аудандардан әкелетін су шаруашылық аудандарында шеткі шығын шамасы (З) су тасымалдаушы құрылым шығыны мен (И) алынатын суға шығындарды (Q • З) пайдаланылатын су ресурстарының көлеміне (Q) қатынасымен анықталады.
Арал-Сырдария алабының су ресурстары. Арал-Сырдария алабының су ресурстары (Водные ресурсы Арал-Сырдарьинского бассейна) — Сырдария өзенінің алабы 39° 23'—46° солтүстік ендік пен 61°-78°—24° шығыс бойлық бойында орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 800 км-ге, Батыстан Шығысқа қарай 1600 км-ге созылып жатыр. Жалпы өзен жүйесінің ағысынан арнасы бойынша ең шеткі нүктесіне дейін — 3019 км. Өзен Орталық Азияның төрт мемлекетінің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан, Тәжікстан) аймағын басып өтеді. Оның алабында ұзындығы 10 км-ден асатын 497 тұрақты өзен бар. Бұлардың жиынтық ұзындығы — 14750 км. Өзеннің су жинау алабының ауданы — 462 мың км2. Антропогендік факторлардың сипатын анықтайтын алабының негізгі ерекшелігі — оның аумағының қалыптасу зонасы ағынды пайдалану немесе "таралу" зонасына бөлінуі. Алаптың жазықтық бөлігін алып жатқан каналдар желісінің көмегімен тауларда қалыптасқан ағын аумақ бойынша таралады, содан кейін барып транспирацияға және жер асты суларының қорын толықтыру үшін сейіледі. Сонымен бірге тарамданған кәріздеу және коллектрлеу желісінің құрылысы ағындыны табиғи гидрографиялық желіге жоне көптеген табиғи төмендеген жер бедеріне жинауға мүмкіндік тудырады. Осының нәтижесінде табиғи ыңғайлы жағдайда ағынның сейілу зонасы мелиорация құрылысының кейбір этаптарында оның қайтадан қалыптасу зонасы болуы мүмкін.
СУ КАДАСТРЫ – мемлекеттік су ресурстары туралы мәліметтердің жүйеленген жинағы. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының “Су кодексіне” сәйкес суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалануды жоспарлау енгізілді. Суды есепке алу мен мемл. Су кадастрын жүргізу “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік мекемесіне (жер үсті сулары), геология және жер қойнауын қорғау органдарына (жер асты сулары) және Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қарасты су ресурстары көлтіне суды пайдалануды есепке алу жүктелген. Бірыңғай мемлекеттік су қорына: өзендер, көлдер, бөгендер, су қоймалары, мұздықтар, жер асты сулары, ішкі теңіз сулары, т.б. су көздері жатады. Су кадастрының материалдары су ш-н жоспарлауда, жобалауда, мелиорац. шаралар жүргізуде, су сапасын болжауда, халық ш. салалары мен жеке кәсіпорындар арасында су үлестіру кезінде кеңінен пайдаланылады. “Қазгидромет” пен Қазақ қоршаған орта мен климат мониторингі (қазіргі Қазақ экология және климат) ғылыми-зерттеу институты жасаған Су кадрастры 3 сериядан тұрады. “Гидрологиялық зерттеулер” (өзендер, су қоймалар және олардың зерттелу деңгейі туралы мәліметтер) топтамасы 5-том, 8-басылымнан; “Негізгі гидрологиялық сипаттамалар” (өзен, көл, бөгендер жүргілерінің іс жүзіндегі байқау материалдары бойынша жылдық және орташа сипаттамалары) топтамасы 4-том, 7-басылымнан; “Жер үсті су ресурстары” (су көздерінің жүргілері жөніндегі қолда бар деректердің ғыл. қорытындылау нәтижелері) топтамасы 4-том, 12-басылымнан тұрады. Су кадастрына 80000 өзен мен 40000 көл туралы мәліметтер енген. Ағымдағы байқау материалдары “Гидрологиялық жылтізбелерде” басылады.[1]

Приложенные файлы

  • docx 1542516
    Размер файла: 64 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий