туберкулезді менингит .клиникасы диагностикасы..


Жоспары:
І Кіріспе
Туберкулезді менингит
ІІ негізгі бөлім
1 Туберкулезді менингиттің өту кезеңдері.
2 Клиникасы
3 диагностикасы .Менингизм
4 Емі
ІІІ қорытынды.
Туберкулезді менингит-туберкулез микобактерияларын жұқтыру нәтижесінде бас миының жұмсақ қабатының арнайы қабынуы.Барлық уақытта кеш анықталумен емдеуі қиын. Өкпеден тыс туберкулезден науқастар арасында 1,1-1,1%  жиілікте. Туберкулезбен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы тіркеледі.
Туберкулезді менингит ерте жастағы балалар арасында біріншілік кезінде дамуы мүмкін. Бірақ жиі екіншілік туберкулезге өтетін ауру. Ол негізінен біріншілік тіуберкулез кеуде ішілік лимфа түйіндерінінң туберкулезі. Сонымен қатар жедел диссеминерленген туберкулездің асқынған турінде дамыйды. Туберкулезді менингит көктем және күз маусымдарында жиі кездеседі.
Туберкулезді менингиттің өту кезендері
Төртінші апта – продромальды жасырын кезең.
Бесінші апта – серозды менингит;
Алтыншы апта – базилярлы форма;
Жетінші апта – менингоэнцефалит;
Сегізінші апта – цереброспинальды лептопахоменингитПатаморфалогиялық өзгеристер.
Продромальды кезеңОрганизмнің жалпы жане жергілікті гиперсенсибилизатциясы.Жұлын сұйықтығының көбірек мөлшерде бөліп шығуы.
Серозды менингит. Жұмсақ ми қабатының серозды фиброздықабынуы,бірен саран туберкулезді гранулемаларымен.
Базилярлы менингит. Көп туберкулезді гранулемалар, қосылуға бейімді, ми затының негізгі ми бас нерв қабынуы.
КлиникасыЖасырын кезең біртіндеп басталады. Тұрақсыз субфебрильді температура, жиі бас ауру, құсу байқалады. Улану белгілері біртіндеп күшейеді. Баланың тәбеті едәуір төмендейді. Паталогиялық ұйқышылдық симптомы пайда болады. Ол күндіз бала ұйқышыл, ойнаудан, сабақтан бас тартады. Түнімен мазасызданып жылайды. Ай сонында дене температурасы жоғарылайды, басы ауырып, құсуы жиілейді. Баланың дене қызуы 39-40 С, толқын тәрізді. Бала басын шалқайтып, басын жан-жаққа шайқап жылайды. Құсуы жиі фонтан тәрізді, тамақпен байланыссыз. Менингиалды симптомдар – оң. Денесінде Туссо дақтары пайда болады. Есінің бұзылуы одан әрі өршейді.
Бірінші симптом – ступор. Науқас есінде, бірақ берген жауапты кешіктіріп, жәй береді.Осыларға қосымша бас-ми нервтерінің зақымдануы болады. Ең жиі VII, бет нерві, VI жұп нерві зақымдалады.
III жұп нервісінің зақымдануының белгілері:
Көздің қимылдануы, қарашықтың кеңейуі, екі еселеніп көрінуі, Нистагм акромигалияның бұзылуы.
VI жұп нервісінің зақымдану белгілері:
Қитарлық.
VII жұп нервісінің зақымдану белгілері:
Беттің ассиметриясы. Зақымдалған көз қабығының ауыз ұшының салбырап кетуі. Мұрын ерін үшбұрышының тегістелуі.
Екіншілік кезеңі – сопор. Бала есінде бірақ дұрыс жауабын бере алмайды. Ауры есінен танып құрысу-тырысулар байқалады. Науқастың көру есту қабылеті нашарлай бастайды.
 
Туберкулезді менингиттің асқынуы—         Гидроцефолия;
—         Архноидит;
—         Ми туберкулемасы;
—         Эпилепсия;
—         Интелектің төмендеуі—         Салдану;
—         Көзден айрылу;
—         Кереңдік;
—         Эндокриндік ағзалар: қансыз диабет, ергежейлілік.
Дифференциалды-диагностикалаудың қиыншылықтары         Дифференциалды-диагностикалық қиыншылықтар мидың туберкулезді анықтау кезінде болады (әсіресе балалық шақтың өзіне тән), көбінесе өкпенің гематогендік-диссеминерленген туберкулезында. Ми туберкулезі кезінде неврологиялық көрсеткіштер аз сиппаталады: менингиальды синдром айқын емес көрініс табуы мүмкін және мидың жұмсақ қабығының контрактты тітіркенуімен байланысты, бірақ кейде болмауы мүмкін; кейде бас миының жүйкесінің зақымдануы байланысты эпилептикалық ұстамалар орын табады; басқа жағайларда мидың аумақтық заттық зақымдануы мида жаңа түзілімдерге күдіе тудырады; жұлынмилық сұйықтықтар әлсіз көрсетілуі қант дегейінің төмендеуі байқалады. Сирек алайда соңғы уақыттарда жиірек кездесетін шектелген туберкулезді менингит (туберкулезді арахноидит). Анатомиялық бұл формалар фиброзды инволюция фазасындағы шектеулі төмпешік процессін құрайды.  Олардың клиникалық көрсеткіштері полиморфты; ісік түрінде немесе қан қысымының көтеруі белгілерінсіз немесе менингиялдық синдром бас ауруы ұстамасы түріндегі джексондық эпилепсия түрінде болады. Жоғарыда аталған клиникалық сиптоматикаға байланысты осы фрмалардың диагностикасының сүйеу болатын мекендері: а) туберкулездік жалпылануы фонындағы дамуы; б) жұлынми сұйықтығының қалыпты құрамы; в) туберкулезге қарсы спецификалық терапияның нәтижелігі.
МенингизмТуберкулезге шалдыққан науқастар созылмалы синусид немесе отиттің асқынуы менингитке ұқсас синдром білдіруі мүмкін. Туберкулезді менингитке  күдіктенуді лорингалогиялық зерттеулер мен жұлын суйықтығының анықтау арқылы аурудың клиникалық көрінісін береді. Жүкті әйелдердің токсикозы немесе керісінше туберкулезді менингитті жиі шатастыруы мүмкін. Бұл кезде тек қана жұлын суйықтығын зерттеу арқылы ғана дұрыс диагноз қоюға қол жеткізеді. Өкпенің фибриозды- кавернозды туберкулезімен аурурарының асқыну кезіндегі уримиялық ұстама немесе диабетикалық комаға түсуімен де туберкулезді менингитті шатастыру мүмкін. Бұл жолы да жұлын сұйықтығын зерртеу арқылы диагностикалық көрініске қол жеткізуге болады. Абсцедирующей пневмония және бронхоэктатикалық, орталық жуйке жуйесінің қабынуымен ауыратын науқастарды белгілі бір мезгіл аралығында туберкулезге қарсы стационарларға жатқызу заңды шешім болып табылады. Әсте бұл науқастар аурудың соңғы кезеңінде, жалпы жағдайының өте ауыр, шатасқан неврологиялық белгілер көрініс кезінде қаралуына байланысты дифференциальдық диагностиканы анықтау үшін қосымша факторлардың көмегі зор.
Субарахноидалды қан құйылуы кезі мен менингеалды синдромның ұксастығына байланысты дифференциальды диагностикалау кейбір қиыншылықтар тудырады. Бұл кезде басқа көрсеткіштерге қосымша кан аралас жұлын сұйықтығын болуы, науқастын жағдайының тез арада жақсаруы байланысты дұрыс диагноз құю мүмкіндігі туады.

Емі
ДОТС бағдарламасы бойынша 3 санатқа бөлінеді: 
1-ші санат - 4 дәрі, 
2-ші санат -5 дәрі, 
3-ші санат - 3 дәрі.
Ем екі кезеңге бөлінеді: қарқынды фазасы 3 – 4 /5/ айға дейін, жалғастыру фазасы - 4 ай. Қарқынды фаза міндетті түрде ауруханада жүргізіледі, жағдайлары нашар балалар жалғастыру фазасын ауруханада аяқтап шығады. Жағдайлары жақсы, туберкулезді науқасы жоқ үйде балалар 2 ай жалғастыру фазасын - ауруханада, 2 айын - емханада, кейбір балалардың емі санаторийде жүргізіледі.

ІІІ Қорытыны
Ми қабығының туберкулезге шалдығуы, ерте жастағы балаларда жиі кездесетін аурулардың бірі. Туберкулезді менингит-жалпы туберкулез ауруларының ішіндегі қауіптілерінің бірі. Егер де ауру кеш анықталып, мезгілінде ем бастамау салдары, науқастың өліміне әкеп соғуы немесе ауыр мүгедектікке әкелуі мүмкін.
Ауру алғашқыда балада бас ауруы, жалпы ауырсынулар мен температураның көтерілуінен басталады. Бұл белгілер-хабаршы кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде бала әлсіз, ашушаң болып, тәбеті төмендеп, ұйқысы бұзылады. Кейде бала басының ауыруына шағымданады, сабақ үлгерімі төмендейді. Жас балаларда іш аурулары байқалады. Бұл кезеңде менингитті анықтау өте қиын, дегенмен дәрігер күмәнданса  жұлын сұйығына  зерттеу жүргізіп, диагнозын анықтауы тиіс.
Пайдаланылған әдебиет :
 1 Корякин В.А., Богадельникова И.В. 2004г
2
2 В.Ю.мишин 2007г
3 Справчник Ф.Пак 2001г

Приложенные файлы

  • docx 5788458
    Размер файла: 62 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий