тере? ж?не беткей сезімталды? жолдары


Беткей сезімталдықтың жолы
Экстерорецепторлар

Перифериялық(омыртқааралық ) нервтер

Жұлын түйіні (беткей сезімталдық жолының I нейроны)

Аттас жағында жұлынның артқы мүйіздері (беткей сезімталдық жолының II нейроны)

Алдыңғы жабысқақ(спайка) арқылы қарама-қарсы жаққа қарай (2-3сегменттен жоғары қиғаш жоғарыға) Бүйір жіпшелердің алдыңғы бөліктерінің құрамында жоғарыға қарай жүреді

Көру төмпешігінің сыртқы ядросының төменгі бөлігі (беткей сезімталдық жолының III нейроны)

Таламустың вентролатералды ядросынан беткей сезімталдықтың жолы ішкі капсуланың артқы аяқшасының артқы үштен бір бөлігінен өтіп, сәулелі тәж(corona radiata) құрамында бас миының қыртысына барады

Артқы орталық қатпар және жоғарғы төбе аймағы
Терең сезімталдықтың жолы
Проприорецепторлар

Перифериялық нервтер
↓ перифириялық өсінділер арқылы
Жұлын түйіні (терең сезімталдық жолының I нейроны).Омыртқааралық ганглийдің I нейронының жасушалары,бұл жасушалардың перифериялық өсінділері перифериялық нервтер құрамында болып, терең тіндерге(бұлшықет,сіңір,сүйек қабығы) бағытталады.

Жұлынның артқы түбіршектері орталық өсінділер арқылы

Аттас жағында жұлынның артқы жіпшелері (жұлынның мүйізіне кірмей).Артқы бағаналарға қарай бағытталады.Онда үзілмей және қиылысу жасамай сопақша миға барады.
Голль шоғыры-медиальды орналасқан талшықтар (артқы бағананың(төменгі кеуде,бел,сегізкөз сегменттері(Th5-S5) ) аса ұзын талшықтары)
Бурдах шоғыры-латеральды орналасқан талшықтар(мойын және жоғарғы кеуде сегменттері(C1-Th4))
Сопақша ми-артқы жіпшелердің ядролары(терең сезімталдық жолының II нейроны)

Сопақша ми деңгейінде медиальды ілмек түзуімен жүретін қиылысу (lemniscus medialis), оған көпірдің алдыңғы бөлігі деңгейінде дененің қарама-қарсы жағынан сезімталдық барлық түрінің өткізгіштері – беткей сезімталдық жолының талшықтары және бас ми нервтерінің ядроларының талшықтары қосылады.

Таламустың вентролатеральды ядролары (терең сезімталдық жолының III нейроны)

Таламустың вентролатералды ядросынан терең сезімталдықтың жолы ішкі капсуланың артқы аяқшасының артқы үштен бір бөлігінен өтіп, сәулелі тәж(corona radiata) құрамында бас миының қыртысына барады

Артқы орталық қатпар және жоғарғы төбе аймағы
Сезімталдық
Адам ағзасындағы бүкіл тітіркендіргіштердің біріншілік қабылдауы ағзаның ішкі ортасының өзгерістері мен сыртқы әсерінен қабылдайтын арнайы жасушалар -рецепторлар арқылы жүзеге асырылады.
Рецепторлар
-Экстерорецепторлар (тактильді, ауырсынулық және температуралық сезімталдық)
-Проприорецепторлар (кеңістіктегі дененің қалпы, бұлшықеттердің жиырылуы туралы ақпарат, бұлшықеттерде, сіңірлерде, буындарда орналасады)
-Интерорецепторлар (ішкі мүшелерде орналасатын хеморецепторлар, барорецепторлар және т.б.)
Беткей және терең сезімталдықтың үшнейронды жолдарының жалпы ерекшеліктері:
Бірінші нейрон омыртқааралық түйінде орналасады
Екінші нейронның талшықтары қиылысу жасайды
Үшінші нейрон таламус ядроларында орналасады
Таламокортикальды жол ішкі капсуланың артқы аяқшасының артқы үштен бір бөлігінен өтіп, сәулелі тәж(corona radiata) құрамында бас миының қыртысына барып, артқы орталық қатпарда және жоғарғы төбе аймағында аяқталады.
Сезімталдық бұзылыстарының түрлері

Перифериялық нұсқа Спинальды нұсқалар Церебралды нұсқалар Функционалды тип
невральдық тип сегментарлы тип
полиневриттік тип өткізгіштік тип өткізгіштік тип
түбіршіктік тип
қыртысты нұсқа қыртысасты нұсқа бағандық нұсқа
Бұзылыстың перифериялық түрі – перифериялық нервтің иннервациясы аймағындағы сезімталдық бұзылуы. Перифериялық нерв немесе өрімнің зақымдалуы кезінде дамиды.
Бұзылыстың невральдық түрі – нақты(конкретный) нервтің иннервация аймағындағы сезімталдықтың бұзылуы.
Бұзылыстың полиневриттік түрі – «қолғап» және «шұлық» типті дистальды сипаттағы,симметриялы болатын сезімталдық бұзылысы.
Бұзылыстың түбіршектік түрі – түбіршіктерге сәйкес дерматомалардағы барлық сезімталдықтың жойылуы.Артқы түбіршектер зақымдалғанда дамиды.
Бұзылыстың сегментарлы түрі – сегментарлы иннервация аймағындағы сезімталдық бұзылысы.Жұлынның артқы түбіршегінің немесе жұлын ганглийінің зақымдалуы кезінде дамиды. Беткей сезімталдықтың өткізгіштеріне бұзылыстың сегментарлы түрі тән және жұлынның артқы мүйізінің және алдыңғы жабысқақтың зақымдалуы кезінде байқалады.
Бұзылыстың өткізгіштік түрі – өткізгіш жолдың зақымдалуы деңгейінен төмен сезімталдықтың бұзылуы.Артқы және бүйір жіпшелерінің, ми бағанасының, таламустың, ішкі капсуланың артқы аяқшасының артқы үштен бір бөлігінің, бас миының субкортикальды ақ затының зақымдалуы кезінде дамиды.
Бұзылыстың қыртыстық түрі – сезімталдықтың локальды түсіп қалуы(жиі моноанестезия типі б/ша және т.б.),бас миының беткей және тері сезімталдықтарының проекционды аймақ аумағы зақымдалуларында дамиды.
Бұзылыстың функционалды түрі – невротикалық бұзылыстары бар науқастарда дамиды, көбінесе медиальды аймақтағы гемианестезия байқалады.
Беткей сезімталдықты зерттеу
Ауырсынулы сезімталдық – дененің әр түрлі аймағына инемен шаншу арқылы реакцияны бағалау.
Тактильді сезімталдық – дененің әр түрлі аймақтарына қылқаламды немесе мақтаны жеңіл жанасу арқылы реакцияны бағалау.
Температуралы сезімталдық – дененің әр түрлі аймақтарына салқын және ыстық суы бар пробиркаларды жанастыру арқылы реакцияны бағалау.
Беткей сезімталдықтың бұзылыстары
Анестезия – тактильді сезімталдықтың түсіп қалуы
Анальгезия – ауырсынулы сезімталдықтың түсіп қалуы
Термоанестезия – температуралы сезімталдықтың түсіп қалуы
Гипестезия – тактильді сезімталдықтың төмендеуі
Гиперестезия - тактильді сезімталдықтың күшеюі
Гиперальгезия – шамадан тыс ауырсынулы сезімталдық
Ауырсынулы анестезия – anaesthesia dolorosa, сезімталдықтың төмендеуі кенеттен ауырсынулы сезіммен қосарласып жүреді
Ауырсыну сезімінің екіге бөлінуі – инемен шаншу кезінде пациент басында жанасуды, содан соң ауырсынуды сезеді
Полиестезия – пациент тітіркенуді тітіркендіргішті келтірген жерде емес, қарама-қарсы жақтан симметриялы аймақтарда локализдейді
Дизестезия – рецепторлы затты бұрмалап, өзгертіп қабылдау (жылу салқын секілді қабылданады, ауырсынулы тітіркендіру жылу секілді қабылданады және т.б.)
Парастезиялар – күйдіру, шаншу, бой түршігу ,тартып тұру секілді кенеттен пайда болатын сезімдер
Аллохейрия(синестезия) – тітіркендіргіш түйіскен тұстан емес, соған қарсы симметриялы басқа нүктеге жанасқандай(тигендей) болып сезінілуі.
Диссоциация - дененің белгілі бір аймағында жанасу және терең сезімталдық сақталып, ауырсыну мен ыстық-суықты сезінбеу. Сезімталдықтың диссоциирленген бұзылыстары – сезімталдық бір түрі түсіп қалып, басқасы сақталып қалады. Жұлынның артқы мүйіздерінің, алдыңғы сұр жабысқақтың, жұлынның бүйір және артқы жіпшелерінің, медиальды ілмектің төменгі бөліктерінің және қиылысуының, сопақша мидың латеральды бөліктерінің зақымдалуларынан дамиды.
Гиперпатия – тітіркендіргішті тигізгенде лезде жағымсыз сезімнің пайда болуы. Тітіркендіргіштерді қабылдау табалдырығының жоғарылауымен(гипестезия), тітіркенудің нақты локализациясының жоғалуымен(жағымсыз сезім бүкіл аймақты қамтиды), ұзақ латентті кезең және ұзақ әрекеттен кейінгі кезең (қабылдау тітіркенуден уақыт бойынша қалып жатады немесе жағымсыз сезім тітіркендіргішпен әсер етіп тоқтатқаннан кейін ұзақ уақыт сақталып отырады) . Гиперпатияның негізінде сезімталдықтың регрессінің сезімталдықтың бұрмалануы элементтерімен бірге оның аса примитивті формаларына ауысуы жатыр.
Беткей сезімталдық бұзылыстары кезіндегі ауырсыну симптомдары
Жергілікті ауырсыну – тітіркендіргіштің әсер еткен орнында жергілікті ауырсыну
Проекционды ауырсынулар – нерв бағанасының бір бұтағы иннервациясы аймағында туындайтын және тиісінше тері аймағында проецирленетін ауырсыну
Иррадиирленетін ауырсынулар – бір нервтің бұтағының тітіркенуі кезінде дамитын сол нервтің басқа бұтағының иннервация аймағында туындайтын ауырсыну
Берілген(отраженные) ауырсынулар – ішкі мүшелердің аурулары кезінде дамитын және Захарьин-Гед аймағында орналасатын ауырсынулар
Каузалгия – жанасу немесе қобалжу кезінде күшейетін , зақымдалған нерв аймағында орналасатын күйдіру сипаттағы ұстама тәрізді ауырсынулар. Салқындату, сумен дымқылдату азапты азайтады. Нерв бағандарының жарақаттық зақымдалуларында пайда болады.
Фантомды ауырсынулар – тыртықтық өзгерістердің нервтің тұқылының қатысуымен ампутациясынан кейін дамитын ауырсынулар(проекционды ауырсынулардың аналогы), «жоқ аяқ-қолды бар деп сезіну».
Реактивтік ауырсыну – нерв тармақтары қысылғанда немесе созылғанда сезілетін ауырсыну.
Синестезиалгия - дененің зақымданбаған тұстарын инемен шұқылағанда жарақаттанған қолдың немесе аяқтың ауырсынуы.
Беткей сезімталдықтың бұзылыстары кезінде керу симптомдары
(жұлынның артқы түбіршектерінің, жүйке бағандарының және өрімдерінің зақымдалуы кезінде дамитын ауырсыну симптомдары )
Лассега симптомы – арқасынан жатқан қалыптағы науқастың түзу жатқан аяғын жамбас буыны аймағында бүгу барысында шонданай нерві иннервациясы аймағында кенеттен ауырсыну пайда болады(Лассега симптомының 1кезеңі). Осы белгіні айқындай түсу үшін сырқаттың құрсақ маңайындағы ауырсыну білінген сәтте қолмен сипап байқағанда осы тұстағы бұлшық еттердің ширатыла қатайғаны сезіледі.Мұны Венгеров симптомы деп атайды.Кейін тізе буыны аймағында бүккенде ауырсыну басылады (Лассега симптомының 2 кезеңі).
Нери симптомы – арқасымен жатқан қалыпта басын алға қарай бүккенде бел аймағында ауырсыну пайда болады.
Сикара симптомы – табанды кенет сыртқа қарай бүккенде шонданай нерві бойымен ауырсыну пайда болады.
Мацкевич симптомы – ішпен жатқан қалыпта аяқты тізе буыны аймағында бүккенде санның алдыңғы беткейімен ауырсыну сезімдері пайда болады(сан нервінің иннервациясы аймағында).
Вассерман симптомы – ішпен жатқан қалыпта тік жатқан аяқты жоғары көтерген кезде санның алдыңғы беткейімен ауырсыну сезімдері пайда болады(сан нервінің иннервациясы аймағында).
Бонн симптомы – аяқтың жамбас-санжәне тізе буыны н иілген бойы бүгу арқылы бел тұсында және шонданай нерві өтетін тұстарда ауырсыну білінеді.
Турын симптомы аяқ ұшының үлкен бақайын шұғыл созған кезде балтыр бұлшық етінің ауырсынуы.
Брагард симптомы – жамбас-сан буыны бүгілген, тізе буыны созылған аяқтың ұшын жазғанда, яғни Лассег симптомын анықтау кезінде ауырсынудың күшеюі. Осыған ұқсас белгілерді мойын-кеуде радикулитына байланысты қолды қайыру арқылы аңғаруға болады.
Френц симптомы - еңкейген басты қарама-қарсы жағына бұрса мойында, иықтың үстіңгі жағында және қолда ауырсыну күшейе түседі.
Терең сезімталдықты зерттеу
Бұлшықет-буындық сезім - жатып көзін жұмған қалыпта зерттеледі, ұсақ және ірі буындарда пассивті қозғалыстар жасалынады, зерттелуші қай буында қозғалыс жасалып жатқанын анықтап, қозғалыстың қандай бағытта жасалынғанын көрсету керек.
Қысым сезімі – зерттелуші дененің жекелеген аймақтарына түскен қысым дәрежесі мен орнын көрсетеді.
Салмақ сезімі – пішіні және көлемі бірдей, бірақ салмақтары әр түрлі заттарды алақанға қою көмегімен жүзеге асырылатын зерттеу.
Вибрационды сезімталдық – терең сезімталдықтың бұл түрін зерттеу үшін 256 Грец шегіндегі тербеліс жиілігімен камертон қолданады, оны зерттелушінің сүйек бетінде орналасқан терісіне жақындату арқылы зерттейді.
Терең сезімталдықтың бұзылыстары кезінде науқаста сенситивті атаксия дамиды. Бұл науқастың көзді жұмғанда кенет күшейетін, қозғалыстардың координациясының бұзылысымен бірге жүрістің тұрақсыздығымен көрінетін қозғалыстардың проприоцептивті бақылауын жоғалтуы болып табылады.
Сезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу
Локализация сезімі – терінің нүктелік тітіркендіруінің орнын көзін жұмған қалыпта нақты анықтап, көрсетіп беруі.
Дискриминационды сезімталдық – теріге бір уақытта тигізген екі бірдей тітіркендіруді жеке-жеке бөліп қабылдау қабілеті.
Кинестетикалық сезімталдық – тері қатпарларының жылжу бағытын анықтау мүмкіндігі.
Екі өлшемді кеңістікті сезіну – зерттелуші көзін жұмған қалыпта доғал затпен терсісінде сызған фигураларды анықтау керек.
Стереогностикалық сезімталдық – көзін жұмған қалыпта затты сипау арқылы тану.
Сезімталдықтың күрделі түрлерінің бұзылысы қыртыстың проекционды аймағының, ең бастысы жоғарғы төбе аймағының зақымдалуы кезінде дамиды.
Әр түрлі деңгейдегі сезімталдық жолдарының зақымдалуының клиникалық синдромдары
Нерв зақымдалуы қоса жүреді:Сезімталдық бұзылуының невральды типімен;
Сезімталдықтың барлық түрлерінің зақымдалуымен;
Сенсорлы және моторлы(солғын парездер немесе параличтер) бұзылыстардың тіркесуімен;
Клиникасында ауырсыну синдромы мен парестезияның көрінуімен.
Нервтің тітіркенуі кезінде жиі невралгия қалыптасады.
Өрімнің зақымдалу синдромы жоғарыда көрсетілген белгілермен көрінеді, бірақ нақты өрімдерде қалыптасатын барлық немесе жеке нервтер аймағында болады.
Полиневропатия- полиневриттік типі бойынша сезімталдық бұзылады.вегетативті-трофикалық бұзылыстармен, ауырсыну,парестезия, дистальды таралуымен моторика бұзылысы тән.
Артқы түбіршіктер зақымдалусиндромы түбіршектік типі бойынша барлық сезімталдық түрлерінің жойылуымен, ауырсынумен, парестезиямен,паравертебральды нүктелерде ауырсынумен, керу симптомдарымен қоса жүреді.
Жұлын ганглийі деңгейіндегі зақымдалу синдромы кезінде ганглионеврит синдромы дамиды: артқытүбіршектік және невральды симптомдарға терідегі герпетикалық бөртпелер(жай және белдеулік герпес вирустары жұлын және бассүйек ганглийлеріне персистерлейді) қоса жүреді.
Артқы мүйіз зақымдалу синдромы зақымдалған сегменттер аймағында диссоциирленген сезімталдық бұзылысымен(ауырсыну, температуралы және жартылай тактильды сезімталдық жойылуы) көрінеді.Ауырсыну мен парестезиялар тән емес, мотрика бұзылыстары болмайды.Бұл клиникалық синдром сирингомиелия, интрамедуллярлы ісіктер кезінде дамиды.
Алдыңғы ақ жабысқақ (спайка) зақымдалу синдромы сегментарлы тип бойынша симметриялық диссоциирленген анестезияның дамуымен көрінеді.
Артқы жіпшелер зақымдалуы синдромы зақымдалуы деңгейінен төмен жақта(ошақ жағында) бұлшық ет-буындық сезімнің, жартылай тактильды,вибрационды,екі өлшемді-кеңістікті және дискриминационды сезімталдықтың жойылуымен.Сенситивті атаксия синдромы дамиды.Жиі гиперпатия анықталады.Фуникулярлы миелоз, миелоишемияның кейбір түрлері ауруларында болады.
Бүйірлік жіпшелер зақымдалуында қарама-қарсы жақта (зақымдалу ошағынан 1-3 сегмент төмен) өткізгіштік типі бойынша ауырсыну және температуралық сезімталдықтың жойылуы болады. Егер патологиялық процесске пирамидті жолдар қатысса, ошақ жағында орталық паралич немесе парез дамиды.Бүйір жіпшелердің екі жақты зақымдалуы кезінде жамбастық бұзылыстар қосылады.
Жұлынның жартылай зақымдалуының синдромы (Броун-Секар синдромы)- зақымдалу жағында орталық паралич анықталады және өткіізгіштік типі бойынша терең сезімталдық жоғалады, контралатеральды-өткізгіштік сипаттағы ауырсыну және температуралық анестезия дамиды.Синдром экстрамедулярлы ісіктерде анықталады.
Жұлынның толық көлденең зақымдалу синдромында өткізгіштік типі бойынша екі жақтан сезімталдық барлық түрлері жойылады, спастикалық пара- және тетраплегия, жамбас астауы мүшелерінің функцияларының бұзылыстары дамиды.
Ми бағаны синдромы-ми бағаны зақымданғанда кездесетін сезімталдық бұзылуы.Әдетте сезімталдықтың бұзылуы гемианестезия немесе гемигипестезия деңгейінде дененің зақымданған жаққа қарама-қарсы бөлігін қамтиды. Сопақша ми зақымданған жағдайда үшкіл нервтің төмен қарай бағытталған түбірі мен сезімталдық өткізгішінің жұлын мен көру төмпешігі аралығы бұзылады.Сондықтан ауырсыну және ыстық-суықты айыру сезімі мидың зақымданған жағына сәйкесс бетте және қарама-қарсы денеде, қол-аяқта жоғалады(алмасушылық синдромы).
Таламус зақымдалуы қарама-қарсы жақта сезімталдықтың барлық түрінің зақымдалуымен, гемианепсия, гемиалгия,гемигиперпатия, мимикалық бұлшықеттердің эмоционалды парезімен сипатталды.
Ішкі капсула зақымдалуы «үш геми синдромымен»- гемианестезия,гемиплегия,гемианопсиямен сипатталады. Интактты пирамидті жолдар кезінде басқа «үш геми синдромы»- гемианестезия,гемиатаксия,гемианопсия болады.
Ми қыртысы синдромы- ми жарты шары қыртысындағы артқы сара ирелеңмен жоғары төбе бөлігі зақымданған кезде пайда болатын сезімталдықтың ауытқуы.Зақымданған жаққа қарама-қарсы аяқта немесе қолда сезіну бәсеңдейді(моногипестезия) немесе жойылады(моноанестезия), әсіресе сезімталдықтың терең және күрделі түрлері бұзылады.
Қысқаша қорытынды
1. Рецепторлардан қыртысқа дейінгі сезімталдық барлық түрінің өткізгіш жолдары үш нейроннан құралады.
2. Сезімталдық барлық түрлерінің өткізгіш жолдарының бірінші нейрондары мидан тыс жұлын түйіндерінде және бас ми нервтерінің түйіндерінде орналасады.
3. Сезімталдық барлық түрлерінің өткізгіш жолдарының үшінші нейрондары таламуса орналасады; осылайша сезімталдық барлық түрлерінің коллекторы - тек таламус арқылы сезімтал өткізгіш жолдар қыртысқа жетеді.
4. Сезімтал анализаторлардың екінші нейрондары бөлек орналасады, соның ішінде:
-беткей сезімталдықтың анализаторлары (ауырсынулы, температуралы, жартылай тактильды) – жұлынның артқы мүйіздерінде;
- терең сезімталдықтың анализаторлары (бұлшықет-буындық, вибрационды және т.б.) және жартылай тактильды – сопақша мидың сына тәрізді және жұқа ядроларында орналасады.
5. Жұлынға енбестен бұрын сезімталдықтың барлық түрлері бірге жүреді, сондықтан артқы түбіршектерінің зақымдалуы кезінде зақымдалу жағында сезімталдық барлық түрлері түсіп қалады.
6. Медиальды ілмектен үлкен мидың қыртсына дейін сезімталдықтың барлық түрлерінің өткізгіштері бірге жүреді; көпірден қыртысқа дейін өткізгіштердің зақымдалуы қарама-қарсы жақта өткізгіштік типі бойынша сезімталдықтың барлық түрінің түсіп қалуымен жүреді.
7. Жұлынның бойында сезімтал жүйелердің өткізгіштері бөлек жүреді, соның ішінде: ауырсынулы, температуралы және жартылай тактильды – алдыңғы және бүйір жіпшелерде, проприоцептивті және жартылай тактильды – артқы жіпшелерде. Сол себепті жұлындағы патологиялық процесс сезімталдықтың бөлек түрлерінің изолирленген түсіп қалуын шақырады.
8. Сезімталдықтың барлық түрлерінің өткізгіш жолдары екінші нейрондарының талшықтары қиылысуға ұшырайды: беткей сезімталдықтың жолдары-жұлынның сегменттері деңгейінде, проприоцептивті және жартылай тактильды жолдары-сопақша миы шегінде.
9. Сезімтал өткізгіш жолдар тек артқы мүйіздері арқылы ғана жұлынға енеді.
10. Анализатордың қыртысты бөлімінде рецепцияның сезінуге дейін түрленуі жүреді.

Сезімталдықтың өткізгіш жолдары

А) Беткей сезімталдық жолы
1. Рецептор
2. Жұлын түйіні (1 нейрон)
3. Лиссауэр зонасы
4. Артқы мүйіз
5. Бүйір жіпше
6. Латеральді жұлын-таламустық жол (2 нейрон)
7. Медиальді ілмек
8. Таламус
9. Үшінші нейрон
10. Ми қыртысы
Б) Терең сезімталдықтың жолы
1. Рецептор
2. Жұлын түйіні (1 нейрон)
3. Артқы жіпше
4. Алдыңғы жұлын-таламустық жол (2 нейрон)
5. Ішкі доғатәрізді талшық
6. Жіңішке және сынатәрізді ядро
7. Медиальді ілмек
8. Таламус
9. Үшінші нейрон
10. Ми қыртысы

Приложенные файлы

  • docx 1519344
    Размер файла: 61 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий