2 уровень


Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
2 уровень
000
V2 Құрмалас сөйлем:
0 Біз барған ауыл өзен жағасында екен.
0 Біз барғанда, ауыл өзен жағасында екен.
0 Бүгінгі қойылымда, негізінен, танымал актерлер ойнайды.
0 Биылғы көктем жаңбырлы әрі суықтау болды.
0 Тышқан жылы кірді, жазы құрғақ болатын сияқты
002
V2 Құрмалас сөйлем:
0 Анада, Мейрам мен Щербаков әңгімелесіп отырғанда келген – осы  Орлов
0 Бұл өңірде, әсіресе өзеннің бұл жағында, Абайды дос көрер жан жоқ.
0 Жұман бай Көпей бәйбішенің бір қапысын таппай да қалған емес, бәйбіше зекімей де қалған емес.
0 Күнге шағылысқан күміс күмбездей төрт ақ үй Асқардың көзіне алыстан шалынды.
0 Көктем бастала, Байжан мен Самарқан «Талкөл» аталатын жайлауға баруға жиналды.
003
V2 Құрмалас сөйлем:
0 Үйінен қонақ, дастарханынан ас кетпейді.
0 Салмағымыз да, өнеріміз де бірдей.
0 Кейде ол қапы кетеді, кейде мен қапы кетемін.
0 Бүгін бір түрлі хабар келсе, ертеңіне оған жалғас екінші хабар шығады.
0 Бірі байлығына, бірі болыстық әміріне, тағы біреулер осы отырыстағы киім сәніне мәз болған.
004.  
V2 Құрмалас сөйлемге тән белгі:
0 Тілдің қарым-қатынас бірлігі
0 Бір предикативтік қатынасқа ие
0 Компонеттер арасындағы қатынас анықтауыштық, толықтауыштық
0 Компоненттері сөздер мен сөз тіркестері
0 Компоненттері предикативтік бірліктер
005.
V2 Құрмалас сөйлем:
0 Бір қуанарлық жағдай – аталған жұмыстар қоғамдық орындармен бірлесе отырып істеледі.
0  Бір қуанарлық жағдай сол, аталған жұмыстар қоғамдық орындармен бірлесе отырып істеледі.
0 Ол Тәшкентте емес, Алматыда оқыды.
0 Өзге балалар сияқты бұл да сәнді киінген.
0  Даңғарадай үлкен терезелері, қақпақсыз, бірақ сәнді.
006.
V2 Қарсылықты мағына үстейтін жалғаулықтар:
0 -да,-де;
0  өйткені
0 ал
0 әрі
0 бірақ
0 немесе
007.
V2 Құрмалас сөйлем:
0 Не аттың, не адамның жүрісі тәрізді бір болмашы дыбыс құлаққа шалынды.
0 Таң атпай Есіркеп бөлімше меңгерушісінің үйіне жетіп келді.
0 О, бауырым-ау, сені де көретін күн бар екен ғой!
0 Екеуіміз бірге ғұмыр кешкен жылдары еш ренжісіп, әлдекім құсап сөзге келісіп көрмеппіз.
0  Бір қараса, артынан ентіге басып Қуанышта жетіпті.
0 Таң атты, Есіркеп бөлімше меңгерушісінің үйіне келді.
008.
V2 Құрмаластың түрі:Ағасы алпыстан, өзі елуден асып барады, әрқайсысында бес-оннан бала бар, сонда да еншілерін әлі бөліспей келеді. 
0 салалас құрмалас
0 сабақтас құрмалас
0 аралас құрмалас
0 көп бағыныңқылы сабақтас 
0 көп компонентті салалас
0 көп басыңқылы сабақтас
009.
V2 Құрмаластың түрі: Ғұмыр атты ұзын жолда тым алысқа кетіп қалып, кенет артыңа бұрылып қарағанда, көз ұшында бала көрінбесе – сол қиын.
0 салалас құрмалас
0 сабақтас құрмалас
0 аралас құрмалас
0 көп компонентті салалас
0 көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас
0 көп басыңқылы сабақтас
000.
V2 Құрмалас сөйлемнің құрамына қарай түрлері:
0 салалас құрмалас
0 сабақтас құрмалас
0 екі компонентті құрмалас
0 көп компонентті құрмалас
0 аралас құрмалас
0 көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас.
000.
V2 Құрмалас сөйлемнің барлық түріне қатысатын универсал амалдар:
0 жалғаулықтар
0 септеуліктер
0 шылаулар
0 анафористік есімдер
0 байланыстырушы қайталамалар
0 интонация
002.
V2 Құрмалас сөйлемді күрделенген жай сөйлемнен ажырататын белгілер:
0 Күрделі пікірді білдіруі
0 Бір предикативті синтаксистік тұлға болуы
0 Көп предикативті синтаксистік тұлға болуы
0 бір субъектінің бірнеше әрекетін хабарлауы
0 Бірнеше субъектінің бір әрекетін хабарлауы
0 Біртұтас интонациямен айтылуы
0 Әр субъектінің өз предикаты болуы
003.
V2 Бір субъектілі құрмалас сөйлемдер:
0 Көк жүзінің шарбы бұлты әлдеқайда тарап, сіңіп, жоқ болып жатыр.
0 Қандай кішіпейілсің, қарапайымсың, зерделісің, Раушан!
0 Биғайша селк ете түсті, бірақ қысылғанын білдірмеуге тырысты.
0 Кім біледі, бұдан кетсе Абдрахман Шұғаны мәңгі көре алмас.
0 Байқаймын, менен жасыратын бір сырың бар сияқты.
0 Оңға қарай кішкене жүрсек бәрінен де құтыламыз.
0 Мынау, мен білсем, Қоскүреңнің әні.
004.
V2 Екі субъектілі-предикатты құрмалас сөйлемдер:
0 Үлкен ыза бойын буып келген Қаратай Құнанбайға аса бір салқын зілмен сөйледі.
0 Әжесі құшақтаған бойда үлкен үйге кірген Абай ымырт жабылғанша осында болды.
0 Қолы қимылдағанның аузы қимылдар.
0 Абай кейінірек білді, Салтанаттың бұл үшін еткен еңбегі көп екен.
0 Құлақ естігенді көз көреді.
0 Зинолла Қазіреттен көңілі қалып, ренжіп қайтқан Сұлтанмахмұт үйге әрең кірді.
0 Егер Амантай қызды арашалап алып қалса, мен бір қарғыстан аман қалар едім.
005.
V2 Екі субъектілі предикатты құрмалас сөйлемге ұқсас құрылымдар:
0 жалаң сөйлем
0 жайылма сөйлем
0 үйірлі мүшелі жайылма сөйлем
0 бірыңғай бастауышты күрделенген сөйлем
0 оралымды күрделенген сөйлем
0 бірыңғай тұрлаусыз мүшелі жай сөйлем
0 айқындауышты күрделенген сөйлем
006.
V2 Құрмалас сөйлемді танудағы даулы пікірлер:
0 сөйлемнің күрделі пікірді білдіруі
0 сөйлемді құрайтын синтаксистік тұлғалар
0 компоненттер арасындағы синтаксистік қатынастар
0 әр компоненттің өз субъектісі мен предикаты болуы
0 сөйлемді құрмаластырушы амал-тәсілдер
0 компоненттердің тұлғалық немесе мағыналық бағыныштылығы
0 компоненттер арасындағы интонацияның орны
0 компоненттердің байланысу түрі
007.
V2 Құрмаласқа ұқсас жай сөйлемдер:
0 Көзімді ашып, алдыңғы жаққа қарасам, екі адам қарауытып тұр екен.
0 Бірдің жұмысын істегеннен, мыңның көзін ашқан құндырақ.
0 Екеуі қосылып ән айтқан соң, тыңдамасқа бола ма?
0 Даусы еркек үндес боп гүжілдеп шығатын Ділдә Әйгерімнің жүзінен көз алмады.
0 Шеттен біреу келсе, отырған кісілердің тесіле қарайтын әдеті бар.
0 Сен болыс болмасаң, Базаралы келер ма еді?
0 Ауыл бас көтерерлері көбейген кезде, байға шабуыл жасамаса болмайды,
0 Енді жар сүюге жәрдемдессең, жалғанда сенің жақсылығыңды өтей алар ма екем!
008.
V2 «Құрмалас сөйлемнің әр компонентінің өз субъектісі, предикаты болуы керек» деген пікірді ұстанатын ғалымдар:
0 А.Байтұрсынов
0 С.Жиенбаев
0 Н.Сауранбаев
0 С.Аманжолов
0 Т.Қордабаев
0 Қ.Есенов
0 Р.Әмір
0 Б.Сағындықұлы
009.
V2 Іргелес салалас сөйлем ерекшеліктері жайлы пікір айтқан ғалымдар:
0 А.Байтұрсынов
0 Қ.Жұбанов
0 Н.Сауранбаев
0 С.Аманжолов
0 С.Жиенбаев
0 О.Төлегенов
0 Т.Қордабаев
0 Р.Әмір
020.
V2 Бір субъектілі күрделі пікірді білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем деп танудағы негізге алынатын синтаксистік қатынастар:
0 мезгілдес
0 ыңғайлас
0 қарсылықты
0 себептес
0 шартты
0 салыстырмалы
0 түсіндірмелі
0 амал
2 Модуль
000
V2 Салалас құрмаластар:
0 Ағасы сыйлаған, сондықтан оны үнемі өзімен алып жүреді.
0 Қайықтан Сейіл түсіп болғанша, бұлар да су жағасына жетті.
0 Ауыл қыстауға қонғаннан бері, Абай өзі Некрасовты ерекше бейіл бере оқыды.
0 Осы ең ақырғы сөзі тәрізді еді, бірақ айтары әлі таусылмаған екен
0 Сені боран айдап кеттіме деп, біз қорқып едік
002.  
V2 Кезектес салаластар:
0 Осы ең ақырғы сөзі тәрізді еді, бірақ айтары әлі таусылмаған екен.
0 Арқа тұстан әлден уақытта таң сібірледі, маңай тұманнан арылып айнадағыдай көрінді.
0 Бірде көкала қамысты көлдер қалып бара жатыр, бірде сары ала жон белестер кездесіп қалып жатыр.
0 Ыбыраш әзілге шорқақтау болатын: бөгеліп қалды.
0  Біресе аузы қимылдайды, біресе қолы қимылдайды.
003.
V2 Ыңғайлас салаластар:
0 Бұл биенің құлыны да өзіне тарқан бурыл болады және бұл бие ерте құлындайды.
0 Сәуле мұндай сөзді Нұрланнан күткен емес еді, қатты тіксінгені сонша – қалтырап кетті.
0 Бұл сөзді Мәриямның аузынан естуі-ақ мұң екен – Бәкен ұшып кете жаздады.
0 Бұдан бірнеше күн бұрын жұрттың қозғалысында бір асығыстық бар еді, қазір ол жоқ
0  Менде құжат жоқ, әрі ол үйдің адресі жоқ.
004.
V2 Себептес салаластар:
0 Келе жатқан беттері түзу ме, жоқ па, мәлім емес.
0 Жүріп келе жатқан жолдарында шаң жоқ, тұтас тығыз аласа көк бетеге, жасыл шалғын бар.
0 Әлде кімнің әлі келмей жатқанын аңдап қалған болуы керек, оқыс қимылдап, тез барып жетті.
0 Апасы есіне түседі де, көзінен екі моншақ домалап кетеді.
0 Мына Шодыр қазір кедей емес, орташа: екі пар аты, екі бричкасы, екі бұзаулы сиыры бар
005.
V2 Шартты салаластар:
0  Оларда пасықтық бар, адамдық жоқ.
0  Қарға қарқ етті - ірімшік жерге салп етті.
0  Күн көзі қалай жылт етті, шөпшілер де солай жадырап шыға келді.
0  Басқа ауылдан салық жинауды Ізтолинге беріңізші, Нұртазаның желігін мен-ақ басамын.
0 Айтқанды істесін, әйтпесе ісін сотқа беремін.
006.
V2 Жалғаулықты салалас құрмаластар:
0  Баласы айтпады да, өзі білмегенсіді.
0  Дауысы ащы да қатал, зілді де кекті шығады.
0 Одан арғыны Игілік айтқан да жоқ, қасындағылар сұрай алған да жоқ.
0  Қазіргі алты жасар бала оқи да, жаза да алады.
0 Әжемнің ертегісін тыңдаудан ерінбейтін де жалықпайтын едік.
007.
V2 Талғаулы жалғаулықты салаластар:
0  Оның кейде бұзақылыққа, кейде дұрыстыққа еріп кететіні бар.
0  Не билікті бермейді, не ауылнайлықты бермейді.
0  Ол кейде әжесінің үйіне, кейде өз үйіне қонады.
0 Басына ауыр сын түскен кезде  әкесі не түсіне кіреді, не көз алдына елестеп, көлбеңдей береді.
0  Не баласы, не келіні жұмыс істемейді.
008.
V2 Себептес салаластар:
0  Тоқсан – кішкене денелі адам екен, ал Ізбасты – ірі денелі кісі екен.
0  Сенде қыранның жүрегіндей жүрек бар, бірақ әлі жассың.
0  Жай өзінен өзі танылды да, бұдан басқа сұраулар берілген жоқ.
0 Ораз атқанын, ілдіргенін басқаларға үлестірді де, өзі үйіне бірер күнге азық боларлығын ғана әкелді.
0  Ауылға көзін аларта талай уәкілдер келді, - ақ үйден аттанарда жымия күледі.
0 Сөйлеуге тіл жоқ,- Есенейден бата алмайды.
009.
V2 Тұрақты іргелес салалас сөйлемге тән белгілер:
0 Жалғаулық қатынасып, баяндауыштары тең дәрежеде құралатын сөйлемдер
0 Жалғаулық қатыстырмай, баяндауыштары тең дәрежеде құралатын сөйлемдер
0 Жалғаулықтарды түсіріп те айтуға болатын сөйлемдер
0 Жалғаулықсыз бір-біріне бағына байланысқан сөйлемдер
0 Септеуліктер арқылы байланысқан сөйлемдер
0 Арнаулы баяндауыштық формалар арқылы құралған сөйлемдер
000.
V2 Түсіндірмелі салалас сөйлемдер:
0  Сен де бір кірпіш дүниеге – кетігін тап та, бар қалан.
0 Көретін жер көп, – уақыт аз.
0 Қысылғаным соншалық – маңдайымнан тер ыршып шықты.
0 Қаратауда алуан түрлі металдар: қорғасын, цинк, аздаған мыс, күміс – кездеседі
0 Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі де еріншектіктен шығады.
0 Менің де ойлап жүргенім сол – енді біз татуласайық.
000.
V2 Қарсылықты салалас сөйлемдер:
0  Айдағаның бес ешкі, – ысқырығың жер жарады.
0  Қарт онымды аңғармады білем – бәйек бола берді.
0 Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
0 Төргі үйде отырғандар мыналар: Абыздың туыстары, жолдастары, таныстары.
0 Жақсы сөзді ел жаттар, ел жаттар сөзде салмақ бар.
0 Аспанда бағана ақ шарбы бұлттар бар еді, қазір шайдай ашық.
002.
V2 Талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер:
0  Әбіл ауылға атпен келіп-кетіп жүрді.
0  Әбіл ауылға бірде келеді, немесе жаяу келеді.
0 Әбіл ауылға атпен келіп, жаяу қайтып жүреді.
0  Ол ауылға атпен келсе де, жаяу қайтып жүрді.
0  Ол ауылға бірде атпен, кейде жаяу келеді. 
0 Ауылға не Әбіл келеді, немесе біз оған барамыз.
003.
V2 Мезгілдес іргелес салалас сөйлемдер:
0  Жаңбыр жауса, жер көгереді.
0  Қонақтар түгел жиналса да, асаба тойды әлі бастаған жоқ.
0 Күн жылыса болды, қалалықтар саяжайына кетеді.
0 Анам үйге кірісімен, үйдің іші шырайланып сала береді.
0 Малға бүгін мен қарайын, ертең інім барсын.
0 Жаңбыр жауып еді, көк көтеріле бастады.
004.
V2 Салалас құрмалас сөйлемдер:
0  Күз ортасынан ауғанда, ауыл жігіттерінің алты-жетеуі әскерге шақырылды.
0 Үн-түнсіз осы қалпы аттана берсе, қайтып келіп Зияштың ізін де таба алмасы хақ.
0 Соны ойласа, осы күні ас батпайды.
0  Қалидың биге шақырғалы келе жатқанын көріп, Зияш сырғып сырқа қашты.
0  Қоштасып бәріміз тарай бастадық, ал Зияш сопиып жалғыз қалды.
0 Қали әскерге кетті де, Зияш аграномға күйеуге шықты.
005.
V2 Салыстырмалы салаластар:
0 Жасынан орысша оқыған,- бір бет, қазақ дәстүріне тік бақайлау жігіт.
0 Кешке мейрамға арналған жиналыс болатыны белгілі болды да, жігіттердің қырынып алуға көңілі кетті.
0 Осы жолмен жүре бер, алдыңнан бұлақ кездеседі.
0 Құлаққа жағар дәмді сөз барда, құлақты сарсытар жағымсыз сөз бар.
0 Менің кім екенімді әкесі айтып берді, сондықтан ол қымсынбай сөйледі.
0 Білген тауып айтады, білмеген қауып айтады.
006.
V2 Салалас құрмаластың белгілері:
0 әр компоненттің өз бастауыш-баяндауышы болады
0 компонент баяндауышы тиянақты
0 компонент баяндауыштары тиянақсыз
0 бірінші компонент екіншіге мағыналық жақтан бағына байланысады
0 бірінші компонент екіншіге тұлғалық жақтан бағына байланысады
0 компоненттер септеулік шылаулар арқылы байланысады
007.
V2 Салалас құрмаластың мағыналық қатынасын ажыратуға көмектесетін формалар:
0 бастауыштың формалары
0 бастауыштың сөйлемге қатысу-қатыспауы
0 компоненттер арасындағы жалғаулықтар
0 бастауыш қызметінде жұмсалған сөз табы
0 баяндауыш қызметінде жұмсалған сөз табы
0 анафористік есімдіктер
0 компоненттер ішіндегі шылаулар
008.
V2 Жалғаулықтар қатысып құралған салалас құрмаластар:
0 Құлбай үйінде жаңадан мектеп ашылатын болыпты және оған жаңадан мұғалім келіпті.
0 Мұғалімдерге және оқі құралдарына қаржыны Құлбай өзі шығарыпты.
0 Сабырлылық алдында не дұшпан сасады, не сабырсыздан береке қашады.
0 Кейбір адамдардың сөзі не ісі жанына демеу болады.
0 Осы бір сұлу бірақ суық қаладан ауылға кетуді аңсап тұрамын.
0 Ағам қазіргі соғылып жатқан кең әрі жайлы пәтерге көшті.
0 Осылайша, ол биыл пәтерге де, көлікке де, жақсы қызметке де қол жеткізді.
009.
V2 Жалғаулық мүлде қатыстырмай құралатын салаластар:
0 A. ыңғайлас салалас
0 B. себептес салалас
0 C. қарсылықты салалас
0 D. шартты салалас
0 E. талғаулы салалас
0 F. кезектес салалас
0 G. түсіндірмелі салалас
020.
V2 Бір мезгілдегі іс-сапаны білдіретін салаластар:
0 Мойныма талай міңгізіп едім, ақтады соны.
0 Арқа жіпсіді, маңдайдан тер соғалады.
0 Бұрын байдың қосын жегетін едім, енді өзім баймын.
0 Бұдан бірнеше күн бұрын жұрттың қозғалысында бір асығыстық бар еді, қазір ол жоқ.
0 Жолбарыс қарғымақ болып көтеріле берген еді, сол сәтте Садық гүрс еткізіп атып жіберді.
0 Бұл биенің құлыны да өзіне тартқан бурыл болады және бұл бие ерте құлындайды.
0 Ұлжан он күн өткен соң қайтып кетті, ал күйеулер бес күндей кейіндеп барып аттанған.
020.
V2 Ал жалғаулығын қатыстырып құрмаласқан қарсылықты салаластар:
0 Сендер маңдайалды екпіндісіңдер, ал барақтарыңда мәдениетсіздің былығып жатыр.
0 Сіз маған жалған бедел ұсынып отырсыз, ал жалған бедел абырой әпермейді.
0 Кескін-кейпі күн нұрымен жайнар еді, ал тұла бойын көктем шуағы жайлар еді.
0 Қатты жауған күн тез ашылады, ал қатты ашуланған кісі тез басылады.
0 Тау мен тасты су бұзар, ал адамзатты сөз бұзар.
0 Ол соғымға берген малдың ақшасын тез жиып алғысы келеді, ал қарызға алғандардың көбінің қолма-қол ақшасы жоқ.
0 Шешем сол жүндерді жуып тазалайды, ал апам оны түтіп, иіреді.
022.
V2 Байланыстырушы қайталамалар қатысып құралған себептес салаластар:
0 Келіні мен інісінің тарапынан сезікті ештеңе таба алмаған, таба алмаған соң тағдырдың жазуына амалсыз көнген.
0 Ағам бұған күніге жем береді, берсе де жылқы жөнді қон алмай тұр.
0 Сіздің қолыңыз босай қоймас, босай қойғанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиер.
0 Ғұндар Европаға көшті, көшкен себебі – су тапшы болды.
0 Ол жігітті бір-ақ рет көрдім, бір-ақ рет көрсем де есімде қалды.
0 Біз жолға ерте шығайық деп келістік, келіссек те іске асыра алмадық.
0 Мұқырға асыға көшіп келдік, келсек үй дайын емес.
023.
V2 Ал жалғаулығын қатыстырып құрмаласқан сөйлемдердің мағыналық қатынастары:
0 қарсылықты
0 себептес
0 шартты
0 салыстырмалы
0 талғаулы
0 түсіндірмелі
0 кезектес
024.
V2 Р.Әмірдің пікірінше, іргелес салаластардың құрылымдық түрлері:
0 жалғастық қатынастағы іргелестер
0 мезгілдік қатынастағы іргелестер
0 тұрақты іргелестер
0 ауыспалы іргелестер
0 қарсылықты іргелестер
0 себептік іргелестер
0 теңдік қатынасты білдіретін іргелестер
0 телінбе компонентті іргелестер
025.
V2 Р.Әмір пікірінше, тұрақты іргелес салаластардың өзіндік ерекшеліктері:
0 жалғаулық қатыстырып құралады
0 жалғаулықты қатыстыруға да болады
0 мағыналық қатынастары әр түрлі
0 лебізді эмоциялы жеткізуге қызмет етеді
0 лебізді үнемді жинақы жеткізуге қызмет етеді
0 жалғаулық қатыстыруға болмайды
0 лебіздің коммуникативтік мақсатына сай құралады
0 күрделі лебізді хабарлайды
026.
V2 Р.Әмір бойынша объектілік қатынасты білдіретін іргелес салаластың ерекшеліктері:
0 бірінші компонент оқиға, құбылысты жалпы хабарлап, екінші компонент сол жалпыны нақтылап көрсетеді
0 бірінші компонент себепті, екінші компонент содан туындаған оқиғаны баяндайды
0 бірінші компонент болатын оқиғаны, екінші компонент оған кедергіні хабарлайды
0 бірінші компонент есту, көруге байланысты оқиғаны хабарлайды, екінші компонент сол процестерге нысан болған оқиғаны хабарлайды
0 бірінші компонент толымды сөйлем болып құралып, екінші компонент толымсыз түрінде қатысады
0 екі компонентте хабарланған оқиғалар идентивті байланысқан
0 бірінші сөйлем бір оқиғаны хабарлайды да, екінші сөйлем құрамына оны, соны анафоритсік есімдіктері қатысады
0 бірінші компоненті бір ақпаратты хабарлайды да, екінші компонент соны толықтыратын ақпарат береді
027.
V2 Р.Әмір бойынша биноминативті іргелес саллас сөйлемдер:
0 Ол біздің келін ғой, келі түйіп жатқан.
0 .Шілденің ыстығы мынау, даланың ербең етер жәндігін жым-жылас жұтып қойған секілді.
0 Мұны паналағаным – жаңбыр жауып кетті.
0 Мұны паналадым, өйткені жаңбар жауып кетті.
0 Өкімет бер деді, бересің.
0 Қырына алды – құрыдық.
0 Қырына алса, құрыдық.
0 Үйіне қалай жетті, солай мұрттай ұшты.
028.
V2 Алғашқы компоненті ақпаратты жалпы хабарлап, екінші компонентті соны нақтылайтын, толықтыратын сөйлемдер:
0 Т.Қордабаев пікірінше, себептес салалас
0 Т.Қордабаев пікірінше, түсіндірмелі салалас
0 Т.Қордабаев пікірінше, мезгілдес салалас
0 Р.Әмір пікірінше, теңдік қатынасты білдіретін салалас
0 Р.Әмір пікірінше, телінбе компонентті салалас
0 Р.Әмір пікірінше, айқындауыштық қатынасты білдіретін салалас
0 Р.Әмір пікірінше, жалғастық қатынасты білдіретін салалас
0 Р.Әмір пікірінше, биноминативті іргелес салалас
029.
V2 Шарттық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер:
0 Тілім байланып қалғандай, үн шығара алмаймын.
0 Айтқаным орындалмайды екен, малына ие бол деймін.
0 Соңғы сұрақ: өкінішің бар ма?
0 Естимін: олар көшіп кетіпті.
0 Осыдан келіп көр, жазаңды менен аласың.
0 Сол затты алайын деп едім, иесі жоқ екен.
0 Мен сөйледім-ақ, аузыма қақпақ қояды.
0 Ермегі – гармон тартады, аң аулайды.
030.
V2 Р.Әмір пікірінше, телінбе компонентті іргелес салаластың ерекшеліктері:
0 құрылымның екі компоненті де екі негізді сөйлемнен құралады
0 екі компоненттің баяндауыштары бірыңғай шақтық формада болады
0 бірінші компонент бір оқиғаны баяндайды, екінші компонент оны жалғастырады
0 құрылымдағы бірінші компонент екі негізді болады да, екінші компонент толымсыз болады
0 екі компонентте екі әрекетті мезгіл жағынан қатар болған әрекетті баяндайды
0 бірінші компонент бір оқиғаны жалпы баяндайды, екінші компонент оны нақтылап, толықтырады
0 құрылымдағы бірінші компонент сөйлем, екінші компонент тұрлаусыз мүшесі қалпында құралады
0 құрылымдағы компоненттер істің, процестің тең мөлшерде болғанын көрсетеді
3 Модуль
000.
V2 Сабақтас құрмалас сөйлемдер:
0  Біз аудан орталығынан шыға бере, алдымыздан колхоз бастығы -жолықты.
0  Күн қоңыр адырдан асып кетіпті, сәулесі сонау биіктердің басында ғана қалған.
0 Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар.
0  Қазан бүлк-бүлк қайнап, жылқы етінің иісі бұрқырайды.
0  Жаяу да жүрдік,  машинаға да міндік, танкке де міндік.
002.  
V2 Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастар:
0  Бірімізге-біріміз сөйлемесек те, біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз.
0 Қауменовтың інісі қашқын болып кеткелі, жылдан асты.
0 Қызды арашалап қалсам, мен бір қарғыстан аман болар едім.
0 Жұмыстың ең ауыры осында болғанмен, Ермек мұнда әдейі тіленіп келді.
0  Бірталай уақыт өткен соң, жөтеліп Қалтай келді.
003.
V2 Шартты бағыныңқылы сабақтас:
0 Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты.
0 Таң алдында бір сағат қана мызғығаны болмаса, Абай бұл күнді ұйқысыз өткізді.
0 Бірлік болмай, тірлік болмас.
0  Менің бойым піскенмен, ойым әлі пескен жоқ.
0  Мұзға ыққан ер азаматтардың алдын орап кісі шаптырмаса, ертең сүйегін де таппас.
004. 
V2 Мезгіл бағыныңқылы сабақтас:
0 Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты.
0 Таң алдында бір сағат қана мызғығаны болмаса, Абай бұл күнді ұйқысыз өткізді.
0 Бірлік болмай, тірлік болмас.
0  Менің бойым піскенмен, ойым әлі пескен жоқ.
0  Мұзға ыққан ер азаматтардың алдын орап кісі шаптырмаса, ертең сүйегін де таппас.
005. 
V2 Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас:
0  Қалжыңы, күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді.
0  Інісін қымтаймын деп, өзі ашылып қалыпты.
0 Жаман қауымның жақсысы болғанша, жақсы қауымның жаманы бол.
0 Кейде үлкен көзі жарқ етіп, кісінің өңменінен өте қарайды.
0 Майбасар сәлемі бір келсе, соған ілесе Жігітектің бұл жауабы және келді.
006. 
V2 Салыстырмалы сабақтас:
0  Болыс пен тілмаш келмей, біз істі бастай алмай жаттық.
0 Артына қарап өкініш көрсе, алдына қарап үміт көреді.
0 Жақындаған шапқыншыға жұрт көзін тіксе – Байжан.
0 Ол алға мойнын қанша созса да, ештеме көрінбеді.
0  Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанған.
007.
V2 Себеп бағыныңқылы сабақтас:
0  Жұмысшылар түгел жиналмай, жиналысты бастамаймыз.
0  Көзін тырнап аша сала, балалар қырманға кетті.
0  Жалғыз көйлекті тойға да, жұмысқа да кие-кие, өңі тозды.
0 Бізден көмек сұрамай, өз ісіңді өзің тындыр.
0 Қасқыр енді мұның айқайын елемеген соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.
008.
V2 Құрмалас сөйлемді сабақтас деп тануда ұстанатын белгі:
0 құрмалас сөйлем компоненттерінің бір-біріне мағыналық бағыныштылығы
0 бірінші компоненттің екіншіге мағыналық та, тұлғалықта бағыныштылығы
0 компоненттер баяндауыштарының тиянақты тұлғада келуі
0 бірінші компонент баяндауышының тұлғалық жағынан тиянақсыз болып байланысуы
0 компоненттер баяндауыштарының тиянақты, тиянақсыз келіп байланысуы
009.
V2 Өз басыңқысына тек тұлғалық жағынан тәуелді болатын құрмаластар:
0 мезгілдес сабақтас
0 себеп бағыныңқы сабақтас
0 мақсат бағыныңқы
0 амал бағыныңқы
0 салыстырмалы сабақтас
0 үлестес сабақтас
000.
V2 Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем:
0 Үздіксіз жауын жауғандықтан, күн де суып кетті.
0  Үздіксіз жауын жауып, күн суып кетті.
0  Үздіксіз жауын жауғалы, күн суып кетті.
0  Үздіксіз жауын жауса, күн суйды.
0 Үздіксіз жауын жауды, әрі күн суып кетті.
0 үздіксіз жауын жауған соң, күн суыды.
000.
V2 Көсемшенің -ып, формасы арқылы құрмаласқансебеп бағыныңқылы сабақтастар:
0 Тұла бойы түршігіп, денесі бір жылымады.
0  Көп бастар шұлғысып, көп сақалдар шошаңдасып қалды.
0  Ауылдың жанынан өтіп бара жатып, бақытты балалығым есіме оралды.
0 Биыл қар ерте түсіп, егіннің біразын жинап үлгермедік.
0  Ол жолда көрген қызықтарын айта отырып, өзі де күліп, бізді де күлдіреді.
0 Ауыздарың айтып, арттарың көтерілмейді.
002.
V2 Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем:
0 Аяғының сырқырағаны басылар ма екен деп, ол тізесін отқа қыздырды.
0 Күннің ыстық лебі қайтып, кешкі самал жан сергітеді.
0 Мал жайғап алмай, ауыл адамдары кешкі асқа отырмайды.
0 Мені үнемі есіңе алып хат жазып тұрғаның үшін, рахмет саған!
0  Жаңбыр біресе сіркіреп тұрып алады, енді бірде баданадай тамшылар тарсылдай жөнеледі. 
0 Астық ысырап болмау үшін, совхоз барлық мүмкіндікті жасады.
003. 
V2 Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем:
0  Қос басына бір май тасыған машинамен келіп түскенімде, күн дәл түстікке тірелген еді.
0  Бұл адамды алғашқы кезде ұнатпағаныммен, тілдесе келе тәуір көріп кеттім.
0  Шойынқұлақпен бірге істейтін боласың, оның кезектесі жоқ.
0  Бір жерің ұнамады бар ғой,  айтпады деме, қуып жіберемін.
0  Біраз ұзаған соң артыма қарасам, анау сол орында әлі тұр.  
0 Түннің бір уағы болса да, ұйқым келмеді.
004. 
V2 Мезгіл бағыныңқылы сабақтас:
0  Қалжырағанымды сезбеуге қанша тырыссам да, таң атуға екі-үш сағат қалғанда көзім еріксіз жұмыла берді.
0  Жан-жағыма көз салсам, айдалып жатқан жер көрінбеді.
0  Ұйқы басып әлде қайда лағып кеткенімді сонда ғана ұғып, жүрегім кеудемнен атып шығатындай тарсылдап сала берді.
0  Оның әлденеше рет ұрыса айтқан сөзіне тіл қатпап едім, ол сабасына қайта түсе бастады.
0  Мен трактордан түстім де үн-түнсіз жүріп кеттім.
0 Қос басына мен жеткенде, таң қылаң бере бастады.
005.
V2 Сабақтас құрмалас сөйлем:
0  Киімдерінің көпшілігі қысқарып қалып, туыстарының өзінен кіші балаларына кетті.
0  Поштаның жабылып қалғаны да жаман болды, өйтпегенде дүрбіні сол арқылы жібере салар еді.
0  Сиырдың соңынан еріп, үйге қайтып келе жатып, Бәдиша кепірдің терезесіне көзі түсті.
0 Ақырын байқап қарап еді, аржағында күбірлесіп, күйбеңдеген адамдар көрінді.
0 Көңіліне күдік кіргені сол, жүрегі мұздап кетті.
0 «Кемпірдің немересі аман ба екен?»- деген ой қатты мазалады.
006. 
V2 Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем:
0  Ауылда он жылдық болмаған соң, Манас аудандағы мектепке қатынап оқыды.
0  Әрнеге айналысам деп, бүгін ауылға кештеу қайтқан.
0  Қыз отырған соң, жігіт жүрісін кәдімгідей жылдамдатты.
0  Ауыл сыртындағы бас арыққа келді де, екеуі велосипедтен түсті.
0  Манап бастырмалатып бар жатқан соң, Сара су жағасынан жалт бере қашты.
0 Жампейістің үйіне барсам, Абылайдан басқа жан жоқ.
007.
V2 Келер шақ көсемше формалы (-а, -е, й) етістіктің қатысуымен құралған қарсылықты сабақтас сөйлемдер:
0 Әңгіме қыза келе, Елемес маған қарай жылжи түсті.
0 Ұлжан қақпадан шығып үлгермей, Шолпан кірді.
0 Өдек күйеуіне ақылдаспай, өзі басқарып кетті.
0 Жел айдаған өрт бой бермей, ауыл көк түтінге оранды.
0 Су тезек жөнді жанбай, үй түске дейін жылынбады.
0 Жандары шағын бола тұра, ағайынды екі үй астарын бөлек ішеді.
0 Биыл сөзім жерде қалмай, ісім оңға басты.
008.
V2 Шартты рай формалы (-са) етістіктің қатысуымен құралған мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемдер:
0 Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
0 Жас келді десе, балалар бүлдіргенді аңдиды.
0 Өзім реттеп бермесем, қолы бос ешкім жоқ.
0 Жем сұрасам, шөп жіберіпті.
0 Інім болсаң да, айтайын.
0 Осыдан бірдеңе білейін деп келсем, кетіп қалыпты.
009.
V2 Өткен шақ (-ған) қатысуымен құралған қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемдер:
0 Колхоздардың алғаш ұйымдасқанда, алдымен кірген мен емес пе ем?
0 Оны жібергенде, сендерді түтіп жейтін еді.
0 Сұлтанның қолы жаман мәстекке жеткенде, көршісінің мінгені – «Волга».
0 Алшынбай сөйлегеннен, қасқа бас тілмаш аудара бастады.
0 Қимыл-қозғалысы шабандау тартқанымен, түсі суық.
0 Құнанбай күлгенге, үй-ішіндегі әйелдер де күлді.
020.
V2 Қимыл есімі (-у, -ыс) қатысуымен құралған сабақтас құрмалас сөйлемдер:
0 Күн шығысымен, бұлт ыдырай бастады.
0 Сұлтанмахмұт ертеңгі шайын ішіп болысымен, Ыдырыс қожаныкіне келді.
0 Абай Дәркембайдың құшағынан шығысымен өзге екеуді енді таныды
0 Азап вагонындағы халді айтудан бұрын, қызыл лагері жайлы біраз сөз айтып өтейін.
0 Су тегіс жайылу үшін, сушы оны шелдеп жүргізді.
0 Айналаны анықтау үшін, мата қалын қарадық.
0 Баласына жақсы білім беру үшін не істемеді?
020.
V2 –атын формалы есімшенің қатысуымен құралған сабақтас құрмалас сөйлемдер:
0 Апам төркініне баратынында ұзақ дайындалатын.
0 Оның келетіні төркіні үшін үлкен мереке еді.
0 Сол жазда үй тұрғызатынымда, інім келді.
0 Елге жаңалық әкелетін де, оны талқылайтын да патшаның өзі.
0 Мен ән айтатынмын да, ағам гармонмен сүйемелдейтін.
0 Жігіттер әскерге алынатында, бәріміз бір жиналып едік.
0 Әжем немересі келетініне жүрегі жарыла қуанды.
022.
V2 –ған формалы есімшенің қатысуымен құралған сабақтас құрамалас сөйлемдер:
0 Ербол мен Тоғжанның көріскенін көргенде, қуанды.
0 Майданда кездескенде, одан қатаң адамды көрмейсің.
0 Әкем отырғанда, бәрі тып-тыныш бола қалды.
0 Балалары тып-тыныш отырғанға анам мәз.
0 Тамаққа отырғаны сол екен, біреу есік қақты.
0 Жүгіріп барып ашқанында, ешкімді көре алмады.
0 Біз тыңдауға ынтық болғанмен, ол сыр ашпады.
023.
V2 Себептес сабақтас құрмаластар:
0 Бұл жігіттерді бөгей алмасын сезініп, олар да ас үйге қарай кетті.
0 Алақанына бір ыстық леп тыз етіп өтіп, өн бойын шарпып өткендей болды.
0 Жұқа жібектей көгілдір аспанда кең орай қалықтап, жалғыз қара бүркіт жүр.
0 Жау жағының өсек аяңы бола ма деп, болыс Бақтығұлды кеңсе қызметіне алған жоқ.
0 Шай қойлып, ет асылып жатыр.
0 Арада екі-үш күн өтпей жатып, аңшы досы шатырға тағы келді.
0 Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғады.
0 Енді біразда Жұманның көптен күткен қазаны түсіріліп, жұрт асқа әзірлене бастады.
024.
V2 Амал бағыныңқы сабақтас сөйлемдер.
0 Аспанды тұтас жапқан бұлт сиреп, ара-тұра жұлдыздар көріне бастады.
0 Оспан ауылына тағы да бата оқыршы көп келіп, алғашқы он күн ұдайы қонақ күтумен өткен.
0 Залда шам сөніп, шымылдық ашылды.
0 Есік шалқасынан ашылып, бір топ адам сау етіп кіріп келді.
0 Қоңыраулары шылдырап, үлкен күймелер лек-легімен келді.
0 Абай қасына он шақты кісі ертіп, Қарамолаға аттанбақ.
0 Маған Кәкітайды итере түсіп, өзі соның артын ала жүгірді.
0 Күз тым жауынды болып, шаруалар шөптерін мезгілінде жиып ала алмады.
025.
V2 Үлестес (мезгілдес) сабақтас сөйлемдер:
0 А) Махмұт Тоқашты іздеп, екеуі ертеңіне ревкомға барды
0 В) Түнде жылқышы ұйықтап қап, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті.
0 С) Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді.
0 Д) Бір үйлерде күй тартылып, енді бір үйлерде ән айтылып жатыр.
0 Е) Мырс етіп күліп жібере жаздап, әрең шыдап отыр.
0 F) Баласының қолынан етікті алып, есікке қарай лақтырып жіберді.
0 G) Сол ертегілерді тыңдай отырып, мен ұйықтап қалам.
0 Н) Өңі тершіп, сығыр көздері жұмылып кетіпті.
026.
V2 Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер:
0 Күлтай болыс болады деп, ешкім ойлаған да жоқ.
0 Хабар келіп қала ма деп, күн сайын күтеді.
0 Жұрт өсектеп жүрер деп, хатшыны үйінің маңына жолатпады.
0 Оқығандарым есте қалсын деп, қайталап жатырмын.
0 Біреу артымнан іздеп келді ме деп, Дәмеш күнде есікке алаңдады.
0 Оспан осында келеді деп, біз де асығып жеттік.
0 Сол өсек өрттей қаулап кетеді деп, біз де ойламадық.
0 Киімім жұпыны деп, той-томалаққа да бармайды.
027.
V2 Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер:
0 Ауылдары алыс болған соң, олар бір-біріне сирек баратын.
0 Базаралы келген соң, істің тергеуі басталып кетті.
0 Журналисттер келген соң, пікір алысу, сұрақ-жауап басталды.
0 Мәди үндемеген соң, журналисттің сұрағына, Әзиза жауап берді.
0 Бәрібір айтатын болған соң, қазір айтпайсың ба?
0 Келгендер мән-жайды түсіндірген соң, үйге кірдік.
0 Жел басылған соң, жаңбыр тамшылай бастады.
0 Хабар алған соң, бармай бола ма?
028.
V2 Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер:
0 А) Әкем келмей, бәріміз іштей қорқып отырдық.
0 В) Әкем келмей, ешкім дастарханға қол салмайды.
0 С) Жылқыларды әкемді күтпей-ақ арқандап келдім.
0 Д) Алған қарызын уақытында қайтармай, ол енді ешкімнен ақша ала-алмады.
0 Е) Сөз бұйдаға сала бермей, осы істі тезірек шешейік.
0 F) Ол бұл сұраққа не дерін білмей, күмілжіп қалды.
0 G) Жолақысын алдын-ала төлемей, машинам бір адым да қозғалмайды.
0 Н) Сәулетшінің жобасы еш жерге қабылданбай, талай жердің табалдырығын тоздырды.
029.
V2 Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу ерекшеліктері:
0 бірінші компонент баяндауышы –са формасында, екінші компонент баяндауышы келер шақ формасында
0 бірінші компонент баяндауышы –са формасында, екінші компонент баяндауышы осы шақ формасында
0 бірінші компонент баяндауышы –са формасында, екінші компонент баяндауышы өткен шақ формасында
0 бірінші компонент баяндауышы болымсыз етістіктің –й формасында, екінші компонент баяндауышы келер шақ формасында
0 бірінші компонент баяндауышы болымсыз етістік формасы, екінші компонент баяндауышы осы шақ формасында
0 бірінші компонент баяндауышы болымсыз етістіктің -й формасында, екінші компонент баяндауышы болымсыз етістіктің өткен шақ формасында
0 бірінші компонент баяндауышы бұйрық рай формасында, екінші компоненті келер шақ формасында
0 бірінші компонент келер шақ формасында, екінші компонент бұйрық райдың өткен шақ формасында
030.
V2 Екі түрлі аталып жүрген, бірақ бір мағыналы қатынасты білдіретін сабақтас құрмаластар:
0 Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
0 Шартты бағыныңқылы сабақтас
0 Себеп бағыныңқылы сабақтас
0 Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
0 Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
0 Салыстырмалы сабақтас
0 Мақсат бағыныңқылы сабақтас
0 Амал бағыныңқылы сабақтас
4 Модуль
000.  
V2 Сатылы көп бағыныңқы сабақтас құрмаластар:
0 Арбадағы сабан шашылса да, құлып жоғалса да, мал қорадағы есіктердің бір топсасы шығып кетсе де, қатты кейиді.
0 Қазақ аулына барғанда, көмір бар ма, күміс бар ма деп, сұрай бастасаң, қауіптеніп бастарын шайқайды.
0 Сол қызу өрлеген сайын, сандырақ молайып, көбінше есін білмей жатты.
0 Нағима шошыған кісідей ұйқысынан оянғанда, қараңғы түнді таң жарығы жеңіп, терезе бозара бастап еді.
0 Кеш батып, үй іші қараңғы болса да, Ділдә от жақпапты.
002. 
V2 Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер:
0  Шынға келсең, мен айтайын, Балағаз тиылмайтын болса, ендігі отқа сен күйерсің. 
0  Олар үнсіз ғана орындарынан тұрды, біз үнсіз ғана арбаға міндік те, ауылға бірге қайттық.
0  Қазір де алакөлекеңде кәрі әжесі байқап отыр: ән тоқтай қалса, кішкентай қыз қарақаттай қап-қара көздерін ашып алады.
0  Күн кешке айналып бара жатқан кез еді, дала әлі де жарық, желсіз түнгі жаз даласын білесің ғой, қандай керемет!
0  Сол қауіппен бойымды жинақырақ ұстадым да, атымды тыныстатайын деп, тізгінін тежеңкіреп, қалтамдағы орамалыммен екі көзін сүрттім.
003.
V2 Көп компонентті құрмалас сөйлемдер:
0  Рая мендегі өзгерісті байқап, қас арасы қыртыстана қалды да, жол бұрылып кетті.
0  Суықтап қаласың ғой, кабинаның әйнегін көтеріп қояйық.
0  Қылмысты нәпсі істесе, шындықты жүрек істейді.
0  Адам ағаттық істегенде, сағы сынып, одан әрі былғана береді немесе болаттай суырылып қатесін қайтсе де түзейді.
0  Осы екі жол іштей егескенде, есім ауып-ауып кете жаздайды.
004.
V2 Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер:
0 Бұл Құнанбай баласында алтын да көп, атта көп, ас та көп.
0 Көзінен жас парлап, иегі иегіне тимей сақылдап, тұла бойы қалтырап барады.
0  Шалқар деген кең төскей, мол жайлау құлпырып тұр екен.
0  Өзені тұнық, бұлағы тастай суық, көгалы ұшан-теңіз, ұзыны мен көлденеңі бірдей, құнан шаптырымдай.
0  Тау басына бүркітін алып Тұрғанбай жеткенше, Баймағамбет қорым тасты қағуға кіріспей, бір орнында жым-жырт шыдап, Қарашолақтың томағасы тартылғанын тосып тұр екен.
005.
V2 Аралас құрмаласты сөйлемдер:
0  Әліде қала ішінде қоштасатын жерлеріміз көп сияқты еді, ол баяғы басқа күндердің елесі екен, енді ешнәрсеге мойнымыз бұрылар емес. 
0 Мал-жан көп, бай ауыл осы орынды қыстауға лайықтап алғанмен, әлі жаңа қыстау сала алмай, ескілеу тар қораға сия алмай, күннің көзі жылынысымен киіз үйге шықғыпты.
0  Мына үйлер «там» десе дерлік үйлер екен: бәрі балшықтан соғылған тапалтақ, әйнектері кішкене, төбелері жайпақ.
0  Үстің шаң дегем жоқ, шаң құшағына кіріп кеттім, шеше қуанышы сол да.
0  Ералин жуынып шықты, сосын қорасына ойлы көзбен қарап тұрғанда, есіктен басын ғана қылтитып, қарт анасы шықты.
006.
V2 Абай ақырын сәлем беріп, жасаулы отауға кіргенде, аққұба жеңге төсек жанында тұр екен де, Тоғжан жерде көрпе үстінде отыр екен. Сөйлем:
0 үш компонентті
0 төрт компонентті
0 көп басыңқылы сабақтас
0 көп бағыныңқылы сабақтас
0 көп құрамды салалас
0 аралас құрмалас
007.
V2 Шалбары қара санына дейін су болыпты, сыртына шөп-шалам, балдыр жабысқан, ал аяғының басын көкшіл лай қаптаған. Сөйлем:
0 төрт компонентті
0 үш компонентті
0 көп құрамды салалас
0 көп басыңқылы сабақтас
0 көп бағыныңқылы сабақтас
0 аралас құрмалас
008.
V2 Көзінен жас парлап, иегі иегіне тимей сақылдап, тұла бойы қалтырап барады. Сөйлем:
0 көп құрамды салалас
0 көп басыңқылы сабақтас
0 көп бағыныңқылы сабақтас
0 аралас құрмалас
0 бір ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
0 әр ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
009.
V2 Мәлике бұдан көз алмай үнсіз қарап тұрды да, кенет екі бетінің ұшына түймедей тамшы қызыл шеңбер пайда болып, ол тез арада жайыла бастады. Сөйлем:
0 бір ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
0 әр ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
0 көп құрамды салалас
0 көп басыңқылы сабақтас
0 көп бағыныңқылы сабақтас
0 аралас құрмалас
000.
V2 Сәдір өзі ат үстінде, найзалы қолында, қасында Есеней жіберген Кенжетай бар. Ол да салт. Сөйлем:
0 аралас құрмалас
0 көп құрамды салалас
0 көп басыңқылы сабақтас
0 көп бағыныңқылы сабақтас
0 бір ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
0 әр ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
000.
V2 Үй маңында басқа байлық көрінбейді, қоңыр үйдің төменгі жағына киіз жетпеген соң, туырлық орнына ши ұстап қойыпты. Сөйлем:
0 бір ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
0 әр ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
0 компоненттері себептесе, себептесе құрмаласқан
0 компоненттері ыңғайласа, себептесе құрмаласқан
0 көп құрамды салалас
0 көп бағыныңқылы сабақтас
0 көп басыңқылы сабақтас
002.
V2 Сенің беделің бар, жолдастарың сөзіңді жерге тастамайды, Бибіханның жайын әріптестерің күні бұрын құлаққағыс қып қойсаң қайтеді? Сөйлем:
0 көп құрамды салалас
0 көп басыңқылы сабақтас
0 көп бағыныңқылы сабақтас
0 аралас құрмалас
0 компоненттері ыңғайласа, себептесе құрмаласқан
0 компоненттері себептесе, себептесе құрмаласқан
0 бір ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
003.
V2 Күн еңкейіп, кешкі жел суытыңқырап, ол көде түптерін жұлқылай бастады. Сөйлем:
0 көп басыңқылы сабақтас
0 көп бағыныңқылы сабақтас
0 көп құрамды салалас құрмалас
0 аралас құрмалас
0 жарыспалы байланысқан
0 сатылай байланысқан
0 әр ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
004.
V2 Көп күліп жатқанда, біреу сазарып отырса, оның жаны жұмбақ қой.
Сөйлем:
0 көп құрамды салалас
0 көп басыңқылы сабақтас
0 көп бағыныңқылы сабақтас
0 аралас құрмалас
0 жарыспалы байланысқан
0 сатылай байланысқан
0 бір ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
005.
V2 Қартқожа қайтып келсе, бір топ жігіт жиналып, ортасында біреу ән шырқап жатыр екен. Сөйлем:
0 көп құрамды салалас
0 көп басыңқылы сабақтас
0 көп бағыныңқылы сабақтас
0 аралас құрмалас
0 компоненттері шарттаса (0-2), мезгілдесе (2-3) құрмаласқан
0 компоненттері мезгіл мәнінде (0-2), амалдық (2-3) қатынаста құрмаласқан
0 компоненттері шарттаса (0-2), амалдық (2-3) қатынаста құрмаласқан
006.
V2 Дуылдаған той басталып, жақсы тілек білдірген талай тостар айтылып, тамақ ішіліп, енді ойын-сауық пен биге кезек келгенде, Әсет бой жазып, салқындап қайту үшін тысқа шықты. Сөйлем:
0 бес компоненттен құралған
0 алты компоненттен құралған
0 алғашқы компоненттер қимыл-сын, соңғылар мезгілдік қатынаста құралған
0 алғашқы компоненттер мезгілдес, соңғының мезгілін білдіру қатынасында құралған
0 көп компонентті салалас
0 көп басыңқылы сабақтас
0 аралас құрмалас
007.
V2 Көп құрамды салалас сөйлем белгілері:
0 предикаттық бөліктері тек тиянақты
0 предикаттық бөліктері тиянақсыз, тиянақсыз, тиянақты
0 предикаттық бөліктері тиянақты, тиянақсыз, тиянақты
0 предикаттық бөліктері тиянақсыз, тиянақты, тиянақты
0 компоненттері бір ыңғайлас немесе әр ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
0 компоненттері жарыспалы немесе сатылай байланысқан
0 компоненттер саны үш немесе одан да көп
0 әр предикаттың өз субъектісі қатысады
008.
V2 Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем белгілері:
0 предикаттық бөліктері тек тиянақты
0 предикаттық бөліктері тиянақсыз, тиянақсыз, тиянақты
0 предикаттық белгілері тиянақты, тиянақсыз, тиянақты
0 предикаттық белгілері тиянақсыз, тиянақты, тиянақты
0 компоненттері бір ыңғайлас немесе әр ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
0 компоненттері жарыспалы немесе сатылай байланысады
0 әр предикаттың өз субъектісі мен предикаты болады
0 компоненттер саны үш және одан да көп болады
009.
V2 Көп басыңқылы сабақтас сөйлем белгісі:
0 предикаттық бөліктері тек тиянақты
0 предикаттық бөліктері тиянақсыз, тиянақсыз, тиянақты
0 предикаттық белгілері тиянақсыз, тиянақты, тиянақты
0 предикаттық белгілері тиянақты, тиянақсыз, тиянақты
0 компоненттері соңғы компонентпен жарыспалы байланысады
0 компоненттері соңғы компонентпен сатылай байланысады
0 компоненттер саны үш және одан да көп болады
0 компоненттер арасындағы мағыналық қатынас түрлі-түрлі
020.
V2 Аралас құрмалас сөйлем белгілері:
0 предикаттық бөліктері тек тиянақты
0 предикаттық бөліктері тиянақсыз, тиянақсыз, тиянақты
0 предикаттық белгілері тиянақсыз, тиянақты, тиянақты
0 предикаттық белгілері тиянақты, тиянақсыз, тиянақты
0 компоненттері соңғы компонентпен сатылай байланысады
0 компоненттері соңғы компонентпен жарыспалы байланысады
0 компоненттер саны үш және одан да көп болады
0 компоненттер арасындағы мағыналық қатынас әр түрлі

Приложенные файлы

  • docx 553018
    Размер файла: 56 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий