Инт. тер. детская каз. для рез.


Көз қозғалтқыш нервісінің зақымдануынан пайда болатын бұлшық ет параличін көрсетіңіз://
жоғарғы тіке//
жоғарғы қисық//
төменгі қисық//
төменгі тіке//
ішкі тіке
***
Бульбарлы синдромдарға жатпайтын симптом://
гипофония//
тілдің атрофиясы//
дисфагия//
аносмия//
назолалия
***
15 жастағы науқаста бетінің жарты бөлігінде ұстама тәрізді ауырсыну, бір нәрсе тигенде, жұтынғанда, шайнағанда күшейе ауырады, кеңсірігінде тиіп кеткенде ауыратын нүкте бар. Бұл процеске қандай бас сүйек-ми нервісінің жұбы қатысады://
БМН І жұбы//
БМН ІІ жұбы//
БМН ІІІ жұбы//
БМН IV жұбы//
БМН V жұбы
***
15 жастағы науқаста біртіндеп келесі симптомдар пайда болған: оң құлақтағы естудің бұзылуы, оң жақта тригеминальды ауырсынулар, оң жақтағы мимикалық бұлшық ет парезі. Топикалық диагноз қойыңыз://
ми қабығы//
қыртысасты ядролары//
ми аяқшалары//
оң жақтағы мишық көпірінің бұрышы//
сол жақтағы мишық көпірінің бұрышы
***
14 жастағы науқаста жоғарғы артериялық қысым салдарынан бет асимметриясы, оң жақта мимикалық бұлшық еттер парезі, оң жақта гиперакузия, оң көздің құрғауы, оң жақ дәмнің өзгеруі дамыған. Топикалық диагноз қойыңыз://
мишық көпірінің бұрышы//
үлкен тасты нерв ыдырауына дейінгі фаллопий каналы//
үзеңгілік нерв ыдырауына дейінгі фаллопий каналы//
дабыл шегінің ыдырауына дейінгі фаллопий каналы//
дабыл шегінің ыдырауынан кейінгі фаллопий каналы
***
10 жастағы науқаста салқын тигеннен соң, құлақ арты маңы ауыратын болды. Біраз уақыттан кейін сол көзі нашар жабылатынын, аузының оң жаққа қарай қисайғанын, сұйық тамақ сол жақтан төгілетінін аңғарған. Объективті: бет асимметриясы, маңдай қыртысы солға қарай жазылған, сол көзі оң көзден үлкенірек, жабылмайды. Аузын ашқанда оңға қарай қисаяды.Аузын бұртита және ысқыра алмайды. Бұл аурудағы бет нервісінің нейропатиясының мүмкін себебін көрсетіңіз://
гайморит//
мишық көпірі бұрышындағы ісік//
фаллопий каналының туғаннан енсіздігі//
варолиев көпіріне қан құйылу//
гидроцефалия
***
Симпатоадренальды криздерде зәр шығарудың қандай өзгерістер тән://
мол зәр шығару – полиурия//
анурия//
зәр тоқтамау//
зәр кідірісі//
зәр шығарудың қиындау актісі
***
Үшкіл нервтің классикалық невралгияға ненің болуы тән://
перманентті ауырсыну синдромы//
беттегі V нервісінің ІІ және ІІІ тармақтарының иннервациялары маңындағы гипалгезиялар//
беттегі шақпақты аймақтар//
ұстама кезіндегі психомоторлы қозу//
жас ағу
***
Үшкіл нервісінің невралгиясының патогенетикалық терапиясының ең тиімді әдісі ретінде не тағайындайды://
анальгетиктер//
спазмолитиктер//
құрысуға қарсы//
кортикостероидтер//
иммуномодуляторлар
***
Менингит диагностикасында ненің мәні зор://
дене температурасының жоғарылауы арқылы аурудың жедел басталуы//
менингеальды синдроммен аурудың жедел басталуы//
жұлын сұйықтығының өзгеруі//
жұқпалы-уытты шок синдромы//
көз түбіндегі іркілу белгілері
***
Ат құйрығында вертеброгенді қысылуынан болады://
аяғының қатты ауыруы//
«шабандоз шалбары» типі сезімталдығының бұзылуы//
жамбас астауының органдары қызметінің бұзылуы//
табанның перифериялық түрде параличі//
табанның ортаңғы түрде параличі
***
Төмендегі менингеальды Брудзинский симптомын анықтау үшін://
аурудың басын алға қарай еңкейту//
төстің буындасу аймағын жаншу//
аурудың тізе және ұршық буындарында бүгілген аяғын түзету//
санның төртбасты бұлшық етін жаншу//
табанды жазу
***
Жұлын сұйықтығы (0,1 г/л дейін) құрамындағы қант деңгейінің төмендеуі неден болатын менингитке тән://
тұмау вирусынан//
пневмококктан//
паротит вирусынан//
туберкулез таяқшасынан//
стафилококктан
***
Герпетикалық энцефалит үшін ненің болуы тән емес://
жалпы ми симптомы және сананың зақымдануы//
бас сүйек ішіндегі гипертензия мен көз түбіндегі тұнба//
тырыспалы талмалар//
гемипарездер//
гемиатаксиялар
***
14 жастағы науқастың температурасы 40оС-қа дейін көтерілген, басы ауырады, оң көз алмасы ісіңкі, қозғалыссыз, орта желі бойынша орналасқан, оң жақтағы птоз және мидриаз. Жақында бастың шашты бөлігіндегі фурункулезбен ауырған. Ықтимал диагнозды көрсетіңіз://
ишемиялық инсульт//
геморрагиялық инсульт//
кавернозды синус тромбозы//
туберкулезді менингит//
менингококктік менингит
***
Кене энцефалитінің қоздырушысын табыңыз://
ішек таяқшасы//
риккетсия//
сүзбелі вирус//
спирохета//
стафилококк
***
Эпидемиялық энцефалитке цереброспинальды сұйықтықтағы қандай өзгерістер тән://
ксантохромия//
ақуызды-клеткалық диссоциация//
нейтрофильді плеоцитоз//
лимфоцитарлы плеоцитоз//
қант құрамының төмендеуі
***
Эпидемиялық энцефалиттің созылмалы сатысындағы паркинсонизм синдромын емдеу кезінде қандай патогенетикалық терапия қолданылады://
антикоагулянттар//
антибиотиктер//
L-допа препараттары//
антиконвульсанттар//
антихолинэстеразалық препараттар
***
Кіші хореяға тән гиперкинездерді көрсетіңіз://
дірілдеу гиперкинезі//
миоклония//
спастикалық қисық мойын//
хореялық гиперкинез//
торсионды дистония
***
15 жастағы ауру кең қадамдап жүреді, сөйлеуі жәй, дисметрия байқалады, бұлшық еттер тонусының төмендеуі. Дене келбетінің кифосколиоз түрінде өзгеруі, табан күмбезінің ұлғаюы. ЭКГ-де жүрекше-асқазан өткізгіштігі көрсетілген. Аурудың диагнозын анықтаңыз://
Дюшенн ауруы//
Шарко-Мари ауруы//
Фридрейх ауруы//
Вердинг-Гоффман ауруы//
Томсен миотониясы
***
12 жастағы ер адам жүрудің қиындауына, түйілген жұдырықты жазу қиындығына, шайнаудың, жұтудың және сөйлеудің қиындауына шағымданады. Объективті: бұлшық еттер қатты, тығыз, бірақ күші төмен. Мұндай ауру ағасында байқалған. Ықтимал диагнозды таңдаңыз://
Штрюмпель ауруы//
Кугельберг-Веландер ауруы//
Томсен миотониясы//
Шарко-Мари амиотрофиясы//
Дюшенн ауруы
***
Томсен миотониясына не тән://
бұлшық ет тонусының төмендеуі//
бұлшық ет тонусының жоғарылауы//
балтыр бұлшық етінің атрофиясы//
бет бұлшық етінің атрофиясы//
бұлшық еттің фибриллярлы қозғалуы
***
Пьер-Мари мишық атаксиясына тән симптомды көрсетіңіз://
гиперрефлексия//
мәнерлеп сөйлеу//
көру аймақтарының семуі//
конвергенция әлсіздігі//
гипестезия
***
Вильсон-Коновалов ауруында бауырдың қандай қызметі бұзылады://
ақуыз түзейтін//
билирубин түзейтін//
залалсыздандыру//
гликоген түзейтін//
өт түзу функциясы
***
Вильсон-Коновалов ауруын патогенетикалық емдеу үшін қандай препарат қолданылады://
антихолинэстеразалық препараттар//
пенициллин//
D-пеницилламин//
витаминотерапия//
гипотензивті препараттар
***
3 жастағы ауру бала отыра алмайды, басын әрең ұстайды, омыртқа майысқан. Бұлшық ет тонусы жылдам түскен. Жоғарыдағы аталған симптомдар қандай ауруға тән://
Шарко-Мари амиотрофиясы//
Вердниг-Гоффман амиотрофиясы//
Томсен миотониясы//
Ландузи-Дежерин ауруы//
Дюшенн ауруы
***
Парциальды ұстамаларға қандай қозғалыс өзгерістері тән://
маршты қозғалыс (Джексондық)//
аффективті//
амбулаторлы автоматизм//
атоникалық//
pеtitmal
***
Талма пароксизмдері қандай соматикалық жағдайларда жиі кездеседі://
кардиогенді патологиялар//
панкреатит//
пневмония//
гастрит//
колит
***
Н. науқаста объективті түрде қараған кезде гиперакузия анықталған. Бұл симптом қандай бас сүйек нервтің зақымдануына тән болып келеді?//
кезбе//
тілжұтқынщақ//
кіреберіс-ұлу//
бет//
үшкіл
***
Науқаста гиперкинездік синдром анықталған. Бұл жағдайда қандай ауруға күдік тудырады?//
субарахноидальдық қан құйылу//
ми қыртыс асты энцефалит//
мишыққа қан құйылу//
менингококктік менингит//
эпилепсия
***
8 жасар қыз бала. Мамасының айтуы бойынша, 3 айдан бері тоқтай қалатын ұстамалар пайда болған. Сол кезде бала сұрақтарға жауап қайтара алмай, қаратпа сөздерге реакциясы болмай, көзқарасы қатып қалады. Ұстамалардың жиілігі тәулігіне 10-15 ретке дейін болады. Неврологиялық статуста ошақтық патологиясы жоқ, парездер байқалмайды. Аталған патологиялық жағдайды анықтаңыз.//
абсанс//
талу//
вегетативтік криз//
миоклониялар//
истерия
***
Науқаста жүрген кездегі тұрақсыздық пен жазудың өзгеруі анықталады. Объективті түрде: оңжақтағы ірі-адымды көлденең нистагм, оң жағынан бұлшықет тонусы төмендеген, мәнерлеп сөйлеу, Ромберг кейіпіндегі тұрақсыздығы анықталады. Координаторлық сынамаларды оң жағынан қыиншылықпен орындайды. Жүрісі «мас адам» секілді. Науқаста қандай синдром дамыған?//
вестибулярлық атаксия//
мишықтық атаксия//
сенситивтік атаксия//
астазия-абазия//
паркинсонизм синдромы
***
Нерв жүйесіндегі демиелинизацияланған ауруларға не жатады://
шашыранды склероз//
кіші хорея//
Паркинсон ауруы//
бүйірлі амиотрофикалық склероз//
нейробруцеллез
***
Шашыранды склероз қай топқа жатады://
тамыр ауруларына//
перифериялық нерв жүйесінің ауруларына//
инфекциялық ауруларға//
демиелинизацияланған ауруларға//
нерв жүйесіндегі тұқым қуалайтын аурулар
***
Шашыранды склерозына тән патоморфологиялық өзгерістер://
өткізгіштердің демиелинизациясы//
микрогеморрагиялар//
ұсақ артериолдар стенозы//
периваскулярлы инфильтраттар//
некроздар
***
Мидың компьютерлік томографиясында қандай ауруда демиелинизация ошағы байқалады://
іріңді менингит//
полинейропатия//
инсульт//
шашыранды склероз//
мидағы ісік
***
Шашыранды склероз асқынуының алдын алу және емдеу үшін не тағайындалады://
в-интерферондар//
ганглиоблокаторлар//
антибиотиктер//
спазмолитиктер//
антикоагулянттар
***
Жедел шашыранды энцефаломиелитке тән емес түрі://
таралған энцефаломиелит//
оптикомиелит//
полиоэнцефаломиелит//
менингоэнцефаломиелополирадикулоневрит//
абдоминальды
***
Шашыранды склероз патогенезінде ненің болуы маңызды://
атеросклероз//
артериялық қан қысымының көтерілуі//
гемофилия//
ми жарақаты//
ұзақ латентті инфекция
***
Шашыранды склероздың церебральды түрінде не жатпайды://
оптикалық түрі//
псевдотуморозды түрі//
амиотрофикалық түрі//
мишық түрі//
гемиплегиялық түрі
***
Мидың ісігіне байланысты қосымша зерттеу әдістерін көрсетіңіз://
краниография//
көз түбін зерттеу//
РЭГ//
ЭЭГ//
КТ немесе МРТ
***
Миастеникалық кризде не істеу қажет://
тыныс алу аналептиктерін егу//
прозеринді көк тамырға егу//
оксазилді per os егу//
гормондар егу//
антидепрессанттар егу
***
Миастения кезіндегі тимоманы анықтау үшін қолданылатын анағұрлым тиімді зерттеу://
пневмомедиастинография//
флебография//
МР-томография//
ЭЭГ//
ЭХО-ЭГ
***
Бас мидың қай құрылымының зақымдануына үш геми- синдромы (гемиплегия, гемианестезия, гемианопсия) тән://
жолақ дене//
паллидо-нигральды жүйе//
мишық//
көру төмпешігі//
ішкі капсула
***
Гентингтон хорейінің тұқым қуалау түрі://
аутосомды-доминантты//
аутосомды-рецессивті//
Х-хромосомымен тіркелген рецессивті//
Х-хромосомымен тіркелген доминантты//
рецессивті
***
Дюшенн миопатиясының тұқым қуалау түрі://
аутосомды-доминантты//
аутосомды-рецессивті//
Х-хромосомымен тіркелген рецессивті//
Х-хромосомымен тіркелген доминантты//
рецессивті
***
Ауруда дененің оң бөлігіндегі орталық паралич байқалады (сол жақтағы гемиплегия), тілін шығарғанда оңға қисаяды, тілдің оң бөлігі бұлшық еттерінің атрофиясы байқалады. Зақымдану аймағын көрсетіңіз://
12 жұптың қабықшасы//
сопақша мидың оң жартысы//
сопақша мидың сол жартысы//
оң жақтағы 12 нервтің кортикалы-ядролық талшықтары бар пирамидалық жол//
сол жақтағы 12 нервтің кортикалы-ядролық талшықтары бар пирамидалық жол
***
Эпилепсияны емдеу тиімділігін бағалау үшін қолданылатын ақпаратты қосымша тәсілді көрсетіңіз://
краниография//
компьютерлік томография//
ЭЭГ//
ЭХО-ЭГ//
ангиография
***
10 жастағы қыз бала мимикалық бұлшық еттерінің ауыр қозғалысына шағымданады, қабағын көтереді және түйеді, иығын қиқаңдатады, тілін шығарып тұра алмайды. Барлық қозғалыстар тез, стереотипті емес, толқу кезінде күшейеді. Аяқ-қол бұлшық еттерінің тонусы төмендеген. Не зақымданған://
бозғылт шардың зақымдануы//
қабық пен құйрықты ядроның зақымдануы//
қара субстанцияның зақымдануы//
таламустың зақымдануы//
оң жақтағы алдыңғы орталық қатпардың зақымдануы
***
Мишық зақымдануында байқалмайтын симптом://
бұлшық ет гипотониясы//
миоклония//
интенсивті діріл//
мәнерлі сөйлеу//
Ромберг сынамасындағы тұрақсыздық
***
Науқаста келесі симптомдар анықталған: бұлшық ет сіреспелігі, брадикинезия, ахейрокинезия, пропульсия, брадилалия, парадоксальды кинезия, білезік пен бастағы ұсақ ритмді діріл, брадипсихия. Бұл синдром қалай аталады://
мишық атаксиясы//
Джексон синдромы//
акинетикалық-сіреспелі синдром//
гиперкинетикалық-гипотоникалық//
тетраплегия
***
Микрография ненің зақымдануынан болады://
мишық//
таламус//
қабық//
ішкі капсула//
паллидонигральды жүйе
***
Құйрықты ядро зақымдануынан пайда болатын симптом://
пластикалық сіреспелік//
спастикалық сіреспелік//
бұлшық ет гипотониясы//
пропульсия//
брадикинезия
***
Науқаста екі жақ бойынша ДIV-ДVII дерматомдары шегінде ауырсыну және температуралық сезімталдық бұзылуы байқалады. Науқаста сезімталдық бұзылуының қай түрі көрсетілген://
перифериялық//
артқы мүйізді-сегментарлы//
комиссуральды-сегментарлы//
өткізгіштік//
полиневритикалық
***
Науқаста тетрапарез анықталған: қолда тонус төмендеген, аяқта жоғарылаған, қолдағы рефлекстер төмендеген, аяқта жоғарылаған, бұғана деңгейінен бастап сезімталдықтың барлық түрі төмендеген. Топикалық ошақты анықтаңыз://
жоғарғы мойын бөлігіндегі жұлынның зақымдануы//
мойынның жуан бөлігіндегі жұлынның зақымдануы//
кеуде бөлігіндегі жұлынның зақымдануы//
бел-сегізкөз аймағындағы жұлынның зақымдануы//
жұлынның жартылай зақымдану синдромы
***
Әкетуші нерв зақымдануынан қандай бұлшық ет параличі пайда болады://
жоғарғы тіке//
сыртқы тіке//
төменгі тіке//
төменгі қисық//
ішкі тіке
***
Биназальды гемианопсия ненің зақымдануынан болады://
көру жолдары қиылысындағы орталық бөлімдері//
көру жолдары қиылысындағы сыртқы бөлімдері//
көру сәулелігі//
көру трактісі//
ішкі капсула
***
Науқаста мимикалық бұлшық еттердің параличі және көз жасаурауы байқалады. Ошақ қайда орналасқан://
емізікше тәрізді өзек деңгейінде//
ішкі есту жолында//
фаллопий каналында//
мишық көпірі бұрышында//
варолиев көпірі
***
Науқаста жүрегі айнумен, құсумен, брадикардиямен, нистагммен қатар бас айналу ұстамалары жүреді. Атаксия түрін атаңыз://
маңдай//
статикалық мишық//
сенситивті//
вестибулярлы//
динамикалық мишық
***
Керу симптомына жатады://
Бабинский симптомы//
Россолимо симптомы//
Ласег симптомы//
Брудзинский симптомы//
Гроссман симптомы
***
Кіреберіс-ұлу нервісіне тән зақымдану://
дыбыстарды жоғары, жағымсыз қабылдау//
естудің жоғалуы//
аяқ-қолдағы гипотония//
бұлшық ет-буын сезімінің жоғалуы//
бет бұлшық етінің фасцикуляциясы
***
Бульбарлы параличке не тән://
жұту рефлексінің артуы//
оральді автоматизм симптомдары//
тілдің атрофиясы мен фасцикуляциясы//
еріксіз күлу мен жылау//
тілдің алдыңғы 2/3 бөлігіндегі дәмді сезбеу
***
Жедел таралған энцефаломиелит кезінде цереброспинальды сұйықтықта қандай өзгеріс байқалады://
ликвордың қалыпты құрамы//
клеткалық-ақуыз диссоциациясы//
нейтрофильдер//
ақуыз бен клеткалардың біркелкі көтерілуі//
қант пен хлоридтердің төмендеуі
***
Беттік сезімталдық бұзылуының өткізгіштік типі нерв жүйесінің қай бөлігінің зақымдануынан болады://
артқы мүйіз//
перифериялық нерв//
артқы қабықша//
спиноталамикалық жол//
Голль бумасы
***
Науқаста зақымданған сегмент аймағындағы ауырсыну синдромы көрсетілген сезімталдықтың барлық түрлерінің зақымдануы байқалған. Бұл симптоматика бойынша қандай құрылымдардың зақымдануынан болуы мүмкін://
перифериялық нерв//
артқы мүйіз//
артқы қабықша//
спиноталамикалық жол//
Голль бумасы
***
Науқастың аяқтары қозғалмайды. Объективті түрде аяқта тонус пен рефлекстер жоқ, аяқ атрофиясы, шап қатпарлары деңгейінде сезімталдықтың барлық түрлері жоқ. Топикалық ошақты табыңыз://
жоғарғы мойын бөлігіндегі жұлынның зақымдануы//
мойынның жуан бөлігіндегі жұлынның зақымдануы//
кеуде бөлігіндегі жұлынның зақымдануы//
бел-сегізкөз аймағындағы жұлынның зақымдануы//
жұлынның жартылай зақымдану синдромы
***
Зақымдану деңгейіне байланыссыз бет нерві нейропатиясының негізгі синдромы://
прозоплегия//
гиперакузия//
көздің құрғауы//
көз жасаурауы//
тілдің алдыңғы 2/3 бөлігіндегі дәмнің бұзылуы
***
Битемпоральды гемианопсия ненің зақымдануынан болады://
көру нерві//
көру трактісі//
хиазмалардың орталық бөлігі//
хиазмалардың сыртқы бөліктері//
көру сәулелігі
***
Шығыр нервісінің зақымдануынан пайда болатын бұлшық ет параличін көрсетіңіз://
жоғарғы тіке//
сыртқы тіке//
ішкі тіке//
жоғарғы қисық//
төменгі қисық
***
Көру анализаторы бұзылуынан пайда болатын симптом://
амавроз//
битемпоральды гемианопсия//
бинозальді гемианопсия//
аносмия//
көру галлюцинациялары
***
Тіл асты нервісінің ядросы зақымдануының ядроүстілік зақымдану ерекшелігімен бөлінеді://
дизартрия//
тіл қозғалысының шектелуі//
фибрилляция//
кезбе нервтің ілеспелі зақымдануы//
барлық аталғандар
***
Бет нервісіндегі орталық парез симптомын көрсетіңіз://
құлақ арты маңындағы ауырсыну//
бет жартысының мимикалық бұлшық ет парезі//
гиперакузия//
төменгі бет жартысының мимикалық бұлшық ет парезі//
тілдің алдыңғы 2/3 бөлігіндегі гипалгезия
***
Дизартрия ненің зақымдануынан болады://
кезбе нерв//
тіл-жұтқыншақ нерві//
тіл асты нерві//
үшкіл нерв//
бет нерві
***
Вагоинсулярлы кризде қандай тамыр соғу өзгерістері байқалады://
брадикардия//
тахикардия//
экстрасистолия//
тахиаритмия//
брадиаритмия
***
Артқы ми артериясы мидың қай құрылымдарын қанмен қамтамасыз етеді://
ішкі капсуланың артқы санының алдыңғы 2/3 бөлігі//
мишық//
шүйде бөлігі//
маңдай бөлігі//
иіс сезу трактісі
***
Асықжілік нервісінің зақымдануының клиникалық белгілері://
табан бүгілуінің парезі//
сирақтың ішкі қабаты бойынша гипестезия//
тізе рефлексінің түсуі//
барлық аталғандар//
А және В дұрыс
***
Иық өріміндегі төменгі параличі – Клюмпке параличі ненің зақымдануынан болады://
С3-С4 қабыршақтары//
С5-С6 қабыршақтары//
С7-С8 қабыршақтары//
С8-Д1 қабыршақтары//
Д2-Д3 қабыршақтары
***
Туберкулезді менингитпен ауыратын ауруда ликвор тұнғаннан 12-24 сағаттан кейін не болуы мүмкін://
опалесценция//
фибринді пленка//
ксантохромия//
А және В дұрыс//
бәрі бірге алынғандар
***
Энцефалитті емдеу үшін келесі вирусқа қарсы препараттардың қайсысы қолданылмайды://
оксолин//
ловир//
ацикловир//
аденозин-арабинозид//
нуклеаза
***
Жедел лимфоцитарлық Армстронг менингиті немен сипатталады://
жоғары температура//
менингеальды синдром//
гипертензиялық синдром//
сананың бұзылуы//
жарықтан қорқу
***
Іріңді менингит неден болмайды://
стафилококк//
менингококк//
пневмококк//
вульгарлы протей//
лептоспиралар
***
Жоғары жұққыштық қандай менингитке тән://
көкіріңді таяқша//
стафилококк//
жай герпес вирусы//
Коксаки және ЕСНО вирусы//
Кох таяқшасы
***
Кене энцефалитінде инфекцияның таралу жолын көрсетіңіз://
вертикальды//
ауа-шаңды//
парентеральды//
периневральды//
ауа-тамшылық
***
Полиомиелиттің берілу жолын атаңыз://
ауа-шаңды//
контактты//
трансмиссивті//
парентеральды//
ауа-тамшылық
***
Полиомиелитте профилактиканың қай түрі тиімді://
арнайы киімді пайдалану//
үркіту (қорқыту) заттарды пайдалану//
ауруларды вакцинациялау//
кеміргіштерді жою//
латентті инфекция ошағын тазалау
***
Жедел миелитке келесі симптомдар тән://
арқадағы ауру//
ауру синдромының болмауы//
жарықтан қорқу//
афатикалық бұзылу//
бас айналу
***
Томсен миотониясына не тән://
бұлшық ет тонусының төмендеуі//
бұлшық ет тонусының жоғарылауы//
балтыр бұлшық етінің атрофиясы//
бет бұлшық етінің атрофиясы//
бұлшық еттің фибриллярлы қозғалуы
***
Пьер-Мари ауруына тән емес симптомдарды көрсетіңіз://
парездер//
қылилық//
птоз//
интеллекттің төмендеуі//
атаксия
***
Вильсон-Коновалов ауруында алмасудың қандай түрі бұзылған://
липидті//
ақуызды//
көмірсутекті//
минеральды//
газды
***
15 жастағы науқас аяқ-қолдағы әлсіздікке, бет бұлшық етінің атрофиясына шағымданады. Объективті: қанат тәрізді жауырын, кеуде клеткасының деформациясы байқалады. Әкесінің апасы осы аурумен ауырған. Сіздің диагнозыңыз://
Ландузи-Дежерин ауруы//
Вильсон-Коновалов ауруы//
Шарко-Мари ауруы//
Дюшенн ауруы//
Кугельберг-Веландер ауруы
***
Гентингтон хорейіне мидың қай бөлігінің зақымдануы тән://
маңдай бөліктері//
самай бөліктері//
шүйде бөліктері//
қыртысасты түзілімдер//
ми бағаны
***
Гентингтон хорейінің алғашқы сатысында пайда болатын симптом://
сезімталдықтың бұзылуы//
парездер және паралгиялар//
интеллектінің төмендеуі//
Паркинсонизм синдромы//
сананың бұзылуы
***
Талма кезіндегі естен тануда қандай өзгерістер шартты://
портальды гипертония//
тетания//
спазмофилия//
мидағы қан айналымының бұзылуы//
ми тамырларындағы атеросклероз
***
Эпиұстама кезіндегі сананың өзгеруі://
2-3 минутқа естен тану//
есеңгіреу//
жүктелген//
тежелу//
ұйқылы ес
***
Самай эпилепсиясының аурасы қандай болады://
иіс сезу галлюцинациялары//
квадрантты гемианопсия//
есту агнозиясы//
самай атаксиясы//
апраксия
***
Эпилепсия кезінде электроэнцефалографияда қандай өзгерістер көрінеді://
қалыпты//
мидың диффузды биоэлектрикалық белсенділігінің төмендеуі//
патологияның (дельта-толқын) болуы//
тырыспа ошағы//
ми биопотенциалдарының жартышараралық асимметриясы
***
Эпистатус кезінде санада қандай өзгерістер болуы мүмкін://
есеңгіреу//
толық есін білу//
ессіз күй (сопор)//
кома//
сіресіп қалу (ступор)
***
Қандай ауруда симптоматикалық эпилепсия кездеседі://
миелит//
радикулопатия//
полинейропатия//
мидағы ісік//
Шарко-Мари невральды амиотрофиясы
***
Тырыспаға қарсы препараттарға не жатады://
фенобарбитал//
жүрек гликозидтері//
витаминдер//
антихолинэстераздар//
антибиотиктер
***
Шашыранды склерозына тән патоморфологиялық өзгерістер://
өткізгіштердің демиелинизациясы//
микрогеморрагиялар//
ұсақ артериолдар стенозы//
периваскулярлы инфильтраттар//
некроздар
***
Шашыранды склерозды емдеу кезінде не тағайындайды://
викасол//
аминокапронды қышқыл//
преднизолон//
дицинон//
пенициллин
***
Ликвордағы қандай өзгерістер шашыранды склерозға тән://
көру нервісінің атрофиясы//
ретробульбарлы неврит//
бір көздегі көру нервісі атрофиясының келесі көздегі іркілу дискімен үйлесуі//
Салюс симптомы//
интенционды дірілдеу
***
Шарко триадасына кіретін симптомды көрсетіңіз://
нистагм//
оң жақтағы гемипарез//
көру нервісіндегі іркілу дискі//
моторлы афазия//
миоклония
***
Шашыранды склерозда көз түбінен не байқауға болады://
көру нервінің іркілу дискі//
көру нервінің самай бөлігінің бозаруы//
көру нервінің атрофиясы//
бір көздегі көру нервінің атрофиясының келесі көздің іркілу дискімен үйлесуі//
Салюс симптомы
***
Шашыранды склерозға тән клиникалық белгіні көрсетіңіз://
зақымданудың көп ошақты болуы//
эпилепсия түріндегі синдром//
жедел өсетін деменция//
экстрапирамидалық синдром//
афазия
***
Төмендегі жағдайдан басқаның бәрі шашыранды склероздың дұрыс диагностикасы үшін клиникалық белгі болып табылады://
аурудың жас кезде басталуы//
аурудың барлық сатыларындағы клиникалық симптоматикадағы полиморфизм//
симптомдардың тұрақсыздығы//
өзара әртүрлі мерзімдермен бөлінген 2 не одан да көп ауру эпизодтарының болуы//
бас сүйек іші гипертензиясының тұрақты белгілері
***
Мишыққа проприорецепторлардан импульстер қандай жолмен түседі://
спиноталамикалық жол//
Флексиг жолы, Говерс жолы//
вестибулоспинальды жол//
тектоспинальды жол//
артқы бойлық шоғыр
***
Гемианестезиямен үйлескен гемианопсия ненің зақымдануынан болады://
ішкі капсула, самай бөлігі//
сыртқы орталық қатпар//
шүйде бөлігі//
төбе бөлігі//
қара субстанция
***
Геморрагиялық инсульттегі ликвор://
қанды//
опасцерленген (опалесцирующий)//
түссіз//
көмескі (бұлыңғыр)//
іріңді
***
Артқы ми артериясына тән ошақтық симптомдар://
гомонимді гемианопсия//
агнозия//
орталық гемипарез//
моторлы афазия//
коматозды жағдай
***
Эпилептикалық статусты басу үшін не қолданады://
седуксен//
тыныс алу аналептиктер//
ганглиоблокаторлар//
тамыр препараттары//
витаминдер
***
Шашыранды склерозды немен екшеу қажет://
менингитпен//
шашыранды энцефаломиелитпен//
субарахноидальды қан құйылумен//
тамыр патологиясымен//
ісікпен
***
Құйымшақ нервінің зақымдануына тән://
ахилл рефлексінің болмауы//
тізе рефлексінің болмауы//
санның сыртқы бөлігіндегі гипестезия//
оң Вассерман симптомы//
оң Нери симптомы
***
Дюшенн миопатиясындағы генді дефект қандай орган синтезінің бұзылуынан болады://
дофамин//
дистрофин ақуызы//
церулоплазмин//
транспортты АТФазалардағы мыс//
фенил-аланин гидроксилазалары
***
Қант диабетімен ауыратын ауруда оңға қарағанда қосарлану көрінісі пайда болды. Бақылаған кезде: оң көз есебінен қитарланған қылилық байқалады. Зақымдану аймағын көрсетіңіз://
оң көзінің қозғалтқыш нерві//
сол көзінің қозғалтқыш нерві//
оң әкетуші нерв//
сол әкетуші нерв//
оң шығыршықтық нерв
***
Бел-сегізкөз радикулитінің жиі болатын себебін көрсетіңіз://
жұлынның экстрамедуллярлы ісігі//
туберкулезді спондилит//
инфекциялы-аллергиялық фактор//
омыртқа остеохондрозы//
омыртқадағы спондилез
***
Полиомиелит кезінде жиі зақымданатын нерв жүйесінің бөлігін көрсетіңіз://
жұлынның артқы мүйізі//
қыртысасты түйіндер//
жұлынның алдыңғы мүйізі//
жұлынның алдыңғы қабыршақтары//
жұлының артқы қабыршақтары
***
Эпилептикалық ұстамалар (жалпы немесе Джексон), қарсы беттегі гемипарез, атаксия, бет нервісінің орталық парезі, психикадағы өзгерістер қай органдағы ісікке тән://
мүйізгекті дене//
мишық//
шүйде бөлігі//
самай бөлігі//
маңдай бөлігі
***
Ми инфарктісінің негізгі диагностикалық белгілерін көрсетіңіз://
беттің бозаруы, ес сақталған, гемиплегияның біртіндеп дамуы, миокард инфарктісі немесе жүрек ритмінің бұзылуы//
беттің қызаруы, артериялық гипертензия, сананың ұлғая бұзылуы, құсу, менингеальды симптомдар, гемиплегия, Чейн-Стокс тыныс алу//
бас ауыруы, құсу, афазия, тәулік ішінде басылатын гемипарез, артериялық гипертензия//
ошақтың неврологиялық симптомдарының болмауы, менингеальды синдромның анықталуы, қатты бас ауыруы, құсу, ессіз күй (сопор)//
анамнезде бұрын болған бас сүйек-ми жарақаты, гемипарез және анизокория дамуы көрсетілген
***
Миопатияның клиникалық белгілерін көрсетіңіз://
денедегі, аяқ-қолдағы атоникалық тырыспа//
иық және жамбас астауы белдеулеріндегі, арқа маңындағы бұлшық еттер атрофиясы//
өткізгіш типі бойынша сезімталдықтың бұзылуы//
гемипаретикалық жүріс//
Шарко триадасы
***
Иық өріміндегі төменгі паралич - Клюмпке параличі ненің зақымдануынан болады://
С3-С4 қабықшаларынан//
С5-С6 қабықшаларынан//
С7-С8 қабықшаларынан//
С8-Д1 қабықшаларынан//
Д2-Д3 қабықшаларынан
***
Иық өрімінің толық зақымдануына тән симптомдар://
сезімталдық бұзылуынсыз қолдағы солғын паралич//
сезімталдықтың барлық түрі төмендеуімен қатар жүретін қолдағы солғын паралич//
спастикалық тетраплегия//
солғын тетраплегия//
қолдағы солғын плегия және аяқтағы спастикалық плегия
***
Иіс сезу галлюцинациялары ненің зақымдануынан болады://
иіс сезу буылтығы//
иіс сезу трактісі//
самай бөлігі//
төбе бөлігі//
маңдай бөлігі
***
Штрюмпель спастикалық параличіне тән тұқым қуалау түрі://
аутосомды-доминантты//
аутосомды-рецессивті//
жыныспен тіркескен//
аутосомды рецессивті және жыныспен тіркескен//
рецессивті, Х-хромосомымен біріктірілген және аутосомды-рецессивті
***
Қант диабетімен ауыратын ауруда оңға қарағанда қосарлану көрінісі пайда болды. Бақылаған кезде: оң көз есебінен қитарланған қылилық байқалады. Зақымдану аймағын көрсетіңіз://
оң көзінің қозғалтқыш нерві//
сол көзінің қозғалтқыш нерві//
оң әкетуші нерв//
сол әкетуші нерв//
оң шығыршықтық нерв
***
Ауруда үлкен таралған ұстамадан бұрын көз алдында ашық қозғалмалы жұлдыздар, фигуралар, ұшқындар елестеуі, сол жақтағы гомонимді гемианопсия болған://
самай бөлігі//
оң жақтағы төбе бөлігі//
сол жақтағы алдыңғы орталық қатпарларының жоғарғы бөлігі//
оң жақтағы шүйде бөлігі//
сол жақтағы алдыңғы орталық қатпарларының төменгі бөлігі
***
Әкетуші нервтің зақымдануынан қандай бұлшық ет параличі байқалады://
жоғарғы тіке//
сыртқы тіке//
төменгі тіке//
төменгі қисық//
ішкі тіке
***
Вертеброгенді генездің қабыршақтық синдромын емдеуде қандай препараттар мен әдістер пайданылмайды://
дегидратация//
тартып емдеу//
антибиотиктер//
анальгетиктер//
новокаинді блокада
***
Тырыспаға қарсы емдеуді біртіндеп алмастыру балаларда қандай жағдайда болуы мүмкін://
соңғы ұстамадан кейін 1-2 жылдан соң//
соңғы ұстамадан кейін 7-10 жылдан соң//
ЭЭГ оң динамикасында, бірақ соңғы ұстамаға байланысты//
ЭЭГ қалыптасқаннан кейін, соңғы ұстамадан кейін 3-5 жылдан соң//
пубертатты кезеңде
***
Балалар церебральді параличінің (БЦП) негізгі патогенетикалық факторларына не жатады://
инфекциялық//
уытты (токсикалық)//
гипоксиялық//
жарақаттық (травматикалық)//
барлық аталғандар
***
Орталық нерв зақымдануынан не пайда болады://
білезіктің 1, 2 және 3 саусақтары бүгілуінің бұзылуы//
білезік пронациясының өзгеруі//
білезіктің 2-ші және 3-ші саусақтарының орта сүйектері бүгілуінің әлсіздігі//
білезіктің 2-ші және 3-ші саусақтары сүйектеріндегі бұлшық ет-буын сезімталдығының төмендеуі//
білезіктің сүйекаралық бұлшық етінің атрофиясы
***
Иіс сезудің қыртысты орналасқан жері://
төменгі маңдай қатпары//
гиппокампты қатпар//
жоғарғы маңдай қатпары//
шеткі қатпар//
постцентралды қатпар
***
Маңдай-мишық жолы неден басталады://
жоғарғы маңдай қатпары//
прецентралды қатпар//
төменгі маңдай қатпары//
орта маңдай қатпары//
ангулярлы қатпар
***
Пьер-Мари мишық атаксиясына тән симптом://
гиперрефлексия//
мәнерлеп сөйлеу//
көру аймағының тартылуы//
конвергенция әлсіздігі//
гипестезия
***
Вильсон-Коновалов ауруына қандағы қандай өзгерістер тән://
ЭТЖ (СОЭ) жоғарылауы//
лейкоцитоз//
гиперпротеинемия//
церулоплазминнің төмендеуі//
аммиактың төмендеуі
***
Ликвордың салыстырмалы тығыздығы ... кезінде төмендейді.//
гидроцефалия//
ми қабықтарының қабынуы//
бас миының жарақаттары//
бас миының ісігі//
эпилепсия
***
Іріңді менингит кезінде глюкоза деңгейі ... .//
төмендейді//
жоғарылайды//
қалыпты деңгейде//
төмендеп, жоғарылайды//
жоғарылап, төмендейді
***
Менингит диагнозын қоюдағы дәлелденген тексеру әдісі ... .//
ликвордың өзгеруі//
қанның ЭТЖ жоғарылауы//
қандағы лейкоцитоз//
қандағы лимфопения//
ЭТЖ төмендеуі
***
Балаларда менингит ауруы кезінде ... симптомы жиі кездеседі//
Лессаж//
Керниг//
Брудзинский//
Бабинский//
Бехтерев
***
Жедел жәрдем ауруханасына 17 жастағы науқас жеткізілді, психомоторлы қозған жанында қызметкерімен, кызметкердің айтуынша, науқас бүгін жұмыста өте қатты бас ауруына шағымданған, құлап қалған, қайта-қайта құсқан. Жалпы қарағанда: дене қызуы 37,6. АҚҚ 170/90 мм сын бағ, пульсі минутына 86 рет. Неврологиялық статуста: шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 4 см, сол жақты птоз, сыртқа қараған қылилық, сол жақта қарашығы кеңейген, екі жақты Бабинский симптомы. ҚЖА: лейкоцитоз 9200, сегмент тәрізді 75%, лимфоциттер 10%. Клиникалық диагноз қоюдағы ең жоғары мәліметті әдіс://
люмбалдық пункция//
ЭхоЭГ//
ЭЭГ//
көз түбі//
коагулограмма
***
Жасыл- сары бұлыңғыр сұйықтық ... менингитке тән.//
іріңді//
серозды//
туберкулезді//
вирусты//
лимфоцитарлы
***
Коагулограмма – бұл …//
гемостаздың әртүрлі звеноларын сипаттау үшін қолданылатын әдістер комплексі//
қан ұю уақытын өлшеу әдісі//
тромбоциттер агрегациясын анықтайтын әдіс//
қан ұю туралы ұғым жүйесі//
қан түзілуді оқыту
***
Қан сарысуында плазмадан айырмашылығы ... болмайды.//
фибриноген//альбумин//комплемент//калликреин//aнтитромбин
***
ПЦР – анализінің негізінде ... жатыр.//
ДНҚ молекуласының спецификалық аймақтарын көшіру//
молекулалардың полимеризациясы//
молекула қимлдарының әртүрлі жылдамдығы//
антигенмен антидене арасындағы өзара байланыс//
ақуыз молекуласы зарядының көлемі
***
18 жасар В. науқас, аяғындағы әлсіздік пен тұрақсыздығына байланысты жүрісінің нашарлауына шағымданады. Ауратыны 8 жыл бойы. Алғаш рет ретробульбарлы невриттен басталып, бір айдан кейін көздің көруі толық қалпына келген. Жағдайының қазіргі нашарлауы соңғы 1,5-2 жыл болған. Осы кезде қосарланып көру және жүрісінің тұрақсыздығы пайцда болған. Неврологиялық статусында: горизонтальды нистагм, төменгі спастикалық парапарез, мишықтық атаксия, зәрдің тоқтап қалуы анықталады. Бұл жағдайда препараттардың қайсысын тағайындау қажет?//
метилпреднизолон//
пирацетам//
пентоксифиллин//
диклофенак//
церебролизин
***
14 жасар ер адамда іріңді гаймориттпен ауырған соң бір аптадан кейін кенет дене қызуы 39,4º көтеріліп, бастың қатты ауырсынуы, бас айналу, құсу, сандырақ пайда болған. Стационарға түскенше бір күн бұрын эпилепсиялық ұстама байқалған. Неврологиялық статус. Сана деңгейі - сопор. Шүйде бұлшықет тердің ригидтілігі, Керниг симптомы екі жақтан да анықталады, жалпы гиперестезия, фотофобия. БСН жағынан: көз саңалаулары D<S, оңжақтағы сыртқа қарай қитарлану. Парездер жоқ, патологиялық симптомдар анықталмайды. Ликвордың қысымы жоғары, лайлы, плеоцитоз – 106/л-де 2327 клетка, нейтрофилдердің басым болуы, белок – 3,07 г/л, глюкоза – 1,2 ммоль/л. Бактериоскопия кезінде ликворда грам бойынша (+) кокктар анықталған. Бұл науқасқа қайндай емді жүргізу қажет?//
дегидратация мен антибиотикотерапия//
кортикостероидтар мен антибиотикотерапия//
дегидратация мен құрысуға қарсы препараттар//
құрысуға қарсы препараттар мен ноотроптар//
қантамырлық препараттар мен дегидратация
***
17 жасар ер адам, көбінесе оң жақтағы аяқ-қол қозғалыстарының бөгеліп қалушылығы мен тыныштық уақытта жиі пайда болатын дірілге, қозғалысының бәсендеуіне, жүрісінің бұзылғанына және жиі құлап қалуына шағымданады. Ауыратыны 9 жыл, жоғарыдағы аталған шағымдардың пайда болған уақыттан бері. Сонымен қатар науқас артериялық гипертензиямен 10-12 жылдан бері ауырады. Неврологиялық статус. БСН жағынан көзге көрінетін патология анықталмайды. Гипомимия. Гипокинезия. Бұлшықет тонусы экстрапирамидтік түрде, сол жағынан басым жоғарланған. Постуральдық тұрақсыздық айқын (про-, ретропульсия). Жүрісі тырпылдатып, қадамдары уақ, денесі алдыға қарай еңкейіңкі. Бұл жағдайда қандай препаратты тағайындау қажет?//
пирацетам//
наком//
танакан//
норваск//
глиатилин
***
16 жасар ер адам жалпы әлсіздік, аяқ-қолдаңы ірі буындары мен аяққа берілетін бел аймағының ауырсынуына, жалпы гипергидроз, дене қызуының 37,5-38,2одейін жоғарылауна шағымданып, стационарға түскен. Анамнезінен: ауырғаны бірте-бірте, себепсіз. Әр түрлі жарақаттар бұрын орын алған жоқ. 15 жылдан астам бақташы болып жұмыс істейді. Неврологиялық статус. БСН жағынан көзге көрінетін патология анықталмайды. Парездер жоқ. Ласег симптомы екі жақтан да оң мәнді, Нери симптомы да оң мәнді. Бел аймағын пальпациялаған кезде паравертебральдық нүктелерінің ауырсынуы байқалады. Алақан мен табандарында гипергидроз анықталады. Тізе, иық және шынтақ буындарының деформациясы мен ісінуі бар. Диагнозды анықтау үшін қандай қосымша зерттеу өткізу қажет?//
Райт-Хеддельсон реакциясы//
аяқ тамырларының УДДГ-сы//
тізе буындарының МРТ-сы//
қандағы глюкоза мөлшері//
Вассерман реакциясы
***
А. науқас сырт жаққа қараған кездегі заттардың қосарланып көрінуі пайда болған шағымдарымен стационарға түскен. Объективті түрде қараған кезде ішке қарай қитарлану және көз алмасы сыртқа қарай әкете алмайтыны анықталғын. Қандай нервтің зақымдануы анықталады?//
әкеткіш//
көзқозғалтқыш//
үшкіл//
бет//
шығыр

Приложенные файлы

  • docx 7477884
    Размер файла: 55 kB Загрузок: 12

Добавить комментарий