Методика Билет


HYPERLINK "https://vk.com/club128385711" https://vk.com/club128385711 Распечатка Центр1-билет
1.1Ғылыми агрономияның қандай әдістері бар? Агрономиялық зерттеулер негізінен төрт түрлі әдіспен жүргізіледі.1.Зертханалық әдіс-мәдени дақылдар мен олары өсіру ерекшеліктері арнайы жабдықталған зертханада жүргізіледі.Зертханалық тәсіл химиялық, физикалық, физика-химиялық, микробиологиялық,цитологиялық т.б болуы мүмкін. Бұл тәсіл жеке жүргізілуі мүмкін.Бірақ көбінесе агрономиялық зерттеулердің бір бөлігі болып саналады.Зертханалық тәжірибелерді жай және қатаң реттелетін жағдайда-жарықты,температураны,ауаның ылғалдылығы мен басқа факторларды қатаң реттелетін термостатта,бокста және климаттық камерада жүргізеді. 2.Вегетациялық эксперимент- өсімдіктер вегетациялық ыдыстарда (шыны,қыш,пластинка т.б) зерттеуші өзгертіп отыратын, агрономиялық тұрғыа түсіндірілетін жасанды ортада тәжірибе нұсқаларының арасындағы айырмашылықты анықтау мақсатымен және өсімдік өнімі мен оның сапасына зерттелетін факторлардың әсеріне және өзара әсеріне сандық баға береді. 3.Лизиметрлік әдіс-өсімдіктің тіршілігі мен топырақтың динамикалық үрдістерін танапта, жан-жағынан, астынан қоршаған топырақтан бөліп тұратын арнайы лизиметрлерде зерттеледі.4.Танаптық тәжірибе әдісі зертеулер арнайы бөлінген учаскеде,танап жағдайында жүргізіледі.
1.2Өндірістік жағдайдағы танаптық тәжірибенің әдістемелері мен техникасын ұйымдастырудың ерекшелігі немен анықталынады? Өндірістік жағдайдағы танаптық тәжірибенің әдістемелері мен техникасын ұйымдастырудыың ерекшелігі зертеудің мақсаты және сипатымен, тәжірибе түрімен, өндірістік тәуекел дәрежесімен, материалды-техникалық базасымен анықталады. Өндірістік жағдайдағы тәжірибе мүмкіндігінше қойылу техникасы, әсіресе өнімді жинау мен есепке алудың әдістемесі мен техникасы жағынан қарапайым болғаны жөн.
1.3Шаруашылықта тәжірибе жұмысын ұйымдастыру үшін не қажет? 1.Танаптық тәжірибені арнайы бөлінген тәжірибе учаскесінде, ал бастысы шаруашылықтағы ауыспалы егіс танабында; 2.тәжірибені қою мен жүргізуді негізгі өндірістік үрдістермен сай келуіне бейімдеу қажет. Шаруашылықтағы тәжірибе жұмысының бағдарламасына нұсқа саны аз әртүрлі тәжірибе енгізіледі, ал эксперименттің әдістемесі, қою техникасы мен жүргізу өндірістік үрдістерді қиындатпау керек.
2-билет
2.1Шаруашылықтағы танаптық тәжірибе түрлері? 1.Үлгі- тәжірибе-шаруашылық өндірісін жетілдіруге қолданатын кең таралған агротехникалық әдіс. 2.Дәл салыстырмалы тәжірибе- агротехникасы дифференцияланған, ғылыми мекемелер ұсынған жаңа тәсілдер мен технологияларды тексереді. 3.Агротехникалық шаралардың шаруашылық тиімділігін есепке алу- бұл шын мәнінде жаңа тәсілдерді немесе технологияны енгізу және зерттеу, тәжірибе станциясы мен шаруашылықтағы танаптық салыстырмалы тәжірибе мен берілген агротехникалық бағалау, және оны жетілдіріп, ары қарай белгілі шаруашылық жағдайында дифференциялау. 4.Демонстрациялық тәжірибе- тәжірибе дақылдарын өсіріп өндіруді толық механикаландыруға мүмкіндік беретін, шаруашылықтың ауыспалы егіс танабының учаскесінде қояды.
2.2Агротехникалық шаруалардың шаруашылық тиімділігін есепке алуды қалай түсінуге болады? Ғылым мен алдыңғы қатарлы тәжірибе жетістіктерін насихаттайтын танаптық тәжірибені демонстрациялық немесе көрсеткіш тәжірибе дейді.бұл тәжірибелердің басты міндеті –жаңа агротехникалық тәсілдердің,жаңа сорттар мен дақылдарды, өсіріп өндірудің технологиясының артықшылығы мен ерекшеліктерін көрнекті көрсету.
2.3Қазіргі агрономға қойылатын талап қандай? Жалпылама экперименталды зерттеулерді танаптарда және фермаларда ұйымдастыру, ғылым мен алдыңғы қатарлы тәжірибенің жетістіктерін белсенді енгізу-мамандардың күнделікті ұйымдастырушы-шаруашылық жұмысы емес- ол оның өндірістік іскерлігінің бөлінбейтін бөлігі, жұмыстың өнімді жолы.Қазіргі кезде ғылымның жаңа табыстарын практикаға кеңінен енгізу мен тікелей өндірісте эксперименталды жұмыстарды жүргізу үшін оңтайлы жағдайлар жасалынған және қазіргі агроном-консультант та, администратор да емес, ол технолог және танап иесі.
3-билет
3.1Іріктеу деген не? Белгілердің өзгергіштігі, ауытқуы,белгілі бір ауытқу топтамаларына сипаттама беруде жекеленген белгілер мен немесе екі топтан айырмашылық табу қиыншылықтар туғызады. Белгілері бойынша барлық дербестер жиынтығын зерттеу мүмкін емес. Мұндай жағдайда жалпы қорытынды беру үшін зерттеуге бір бөлігін ғана алады. Бұл әдісті іріктеу деп атайды және жиынтықты статистикалық зерттегенде негізгі болып саналады.
3.2Бас немесе жалпы жинақтық деген не? Зерттеуге алынған нысананың барлық тобын жиынтық немесе генералдық жиынтық деп атайды. Бас жиынтықтағы және іріктеудегі элементтер санын олардың көлемі деп атайды. Ғылыми зерттеудегі іріктеу әдісінің мақсаты-салыстырмалы шектелген құралдар көмегімен жекелеген құбылысты зерттеуге, мүмкін немесе кездесетін құбылыстарға бейім сипатын және заңын анықтауға мүмкіндік береді.
3.3Арифметикалық орта деген не? Арифметикалық орта (х), дисперсия
(s2) стандартты ауытқу (s) арифметикалық ортаның қателігі (sx) вариация коэффициенті (v), іріктеу орташасының салыстырмалы қателігі (sx%) санды құбылмалылықтың негізгі статистикалық сипаттамасы болып табылады. Арифметикалық орта деп тұтас алғандағы барлық жиынтықтың жалпылама және абстракты сипаттамасы. Қарапайым арифметикалық ортаны анықтайтын формула мынадай болады: x=ƩX/n.
4-билет
4.1Дисперсияны қалай есептейді? Дисперсия s2 пен стандарттық ауытқу s ерекшелігінің зерттелмекші белгінің шашыраңқылығының негізгі өлшем қызметін атқарады. Дисперсия өлшемділігі зерттелетін белгі өлшемділігінің еселенгеніне тең. Дисперсияны (s2) есептеу үшін арифметикалық ортадан
(X-x) барлық нұсқалардың (Х) ауытқуларын тауып, ондай әрбір ауытқуды еселенген дәрежеге шығу (Х-х) 2 және бұл еселенгендердің қосындысын Ʃ (Х-х)2 барлық өлшемдердің бірге кем санына (n-1) бөлу керек.
4.2Еркіндік саны деп нені айтады және оны қалай белгілейді? Ауытқулар еселенгендердің қосындысын Ʃ (Х-х)2 бақылаулардың жалпы санына емес,бірге кем санға бөледі, оған себеп кез келген бағынышты бір ауытқу мына теңдік арқылы Ʃ (Х-х)=0 есептеуге болады. Еркін ерекшеліктік шамалардың саны дәрежелік еркіндік саны немесе ерекшеліктің дәрежелік еркіндік саны деп аталады. Ол «v»арқылы белгіленеді және қалыпты жағдайда n-1-ге тең.
4.3Стандарттық ауытқу нені көрсетеді? Стандарттық ауытқу берілген жиынтықтан алынған жекелеген байқаудың неғұрлым мүмкін болатын орта кестесі туралы түсінік беретін көрсеткіштің қызметін атқарады. Байқаулардың шамамен 2/3 бөлігі , дәлірек айтқанда барлық нұсқалардың 68,3% яғни шамалардың зерттелетін қатарының негізгі кіндігі бір мәнінің (±1s) көлеміне сияды. Сол себепті стандартты ауытқуды ерекшеленулік қатардың негізгі ауытқуы деп те атайды.
5-билет
5.1Ерекшелену коэффициенті деген не,өлшем бірлігі қандай? Ерекшелену коэффициенті құбылмалылықтың V дегеніміз пайызбен көрсетілген стандартты ауытқудың берілген жиынтықтың- арифметикалық орташасына қатынасы-V=s/x·100%.ерекшелену коэффициенті құбылмалылықтың салыстырмалы көрсеткіші болып табылады.ерекшелену коэффициентін пайдалану тек оң мәні болатын белгілі ерекшеленуін зерттеген жағдайда ғана қиысады.Құбылмалылықты,егер ерекшелену коэффициенті 10%-дан асатын,бірақ 20%-дан кем болса,орташа:егер ерекшелену коэффициенті20%-дан астам болса әжептеуір деп есептеу келісілген.
5.2Іріктелген ортаның қатесі немесе іріктеу қатесін қалай есептейді?Іріктелген ортаның қатесі немесе іріктеу қатесі sx барлық(бас) жиынтық ортасынан µ алынған іріктелген орта х ауытқуының өлшемі болып табылады.Іріктелген ортаның қатесі іріктелген стандарттың ауытқуына тура пропорционал да ,өлшемдер санының n еселену түбіріне кері пропорционал,яғни sx=s/√n=√s2/nІріктеу қатесі ерекшелену белгісінің өлшем бірлігімен өрнектеледі және өзіне сәйкес келетін ортаға ± белгісімен қосылып ,яғни х±sx болып жазылады.
5.3Үлестірім ілімінің түрлері?Байқаулар қорытындысының жиынтығы жиіліктерінің эмпиризимдік және үлестірім ілімі болып табылады.Іріктеуді зерттеу кезінде алынған өлшемдер қорытындысының үлестірімі эмпиризмдік үлестрім деп аталады.Түрлері:1.Қалыпты үлестірім-қалыпты немесе гаустік үлестірім деп үздіксіз кездейсоқ Х ықтималдарының үлестірімін айтады,ол мына функциямен белгіленеді:Y=1/y√2p·2-0.5(X-µ/y)2. 2. t-Стьюдент үлестірім мыны теңдікпен анықталынады:t=x-µ/s/√n=x-µ/sx. 3. F-фишер үлестірімі:F=s12/s22. 4. x2-үлестірім-Хи –квадрат функциясынан алынған үлестірім қисық сызығы х2=Ʃ(f-F)2/F.
6-билет
6.1Статистикалық ғылыми болжам деген не?Ғылымы болжамды статистикалық тексеру туралы мәселе-ғылыми зерттеулерге математикалық систематиканың қолдануда басты мәселердің бірі.Ғылыми болжамды тексеру статистикалық әдістері мен белгілері зерттелетін құбылыстардың кездейсоқ ерекшеленулері туғызған кейбір беймәлім шешімдерге келерде сенімді негіз болып табылады.Ғылыми болжамдарды тексеру тәжірибе жүзінде үлестірім заңдарының параметрлерін бағалайтын статистикалық сипаттамаларды салыстыруға,яғни белгілі бір статистика ғылыми болжамдарды тексеруге әкеп соғады.
6.2Деректердің құбылмалығының туу себептері?Егістіктегі тәжірибелерді жүргізу кезінде барлық зерттелетін нысандардың –егін шығымының,өсімдіктің бойы мен салмағының,топырақтағы қоректік заттар құрылымыны, т.б мейлінше құбылмалығымен істес болуға тура келеді.Мұндай құбылмалықтар олардың табиғатына тән екені көрсетіледі.Сол себепті де бірнеше орта шамалары алынған танаптағы тәжірибелердің деректері зерттелетін объектілердің шынайы сипатын дәл бейнелейді деуге болмайды.Биологиялық нысаналардың елеулі табиғи құбылмалығының болуы тәжірибе жүргізу процесінде жинақталған материалдардың да белгілі бір құбылмалық қасиетке ие болуына әкеп соғады.
6.3Тәжірибенің қорытындыларын статистикалық өндеудің жаңа жолдары?Жинақталған әдісті екі-екіден алынған ыдыстар шығымы арасындағы параллелді болмайтын,дұрыс қойылмаған вегетациялық тәжірибе жағдайында қолдану ұтымды,түзетілген ауытқулар,әсіресе дисперсиялық талдау алқабындағы тәжірибе жағдайларына көбірек келеді,өйткені мұнда бір қайталауға кіретін алқаптар арасындағы белгілі корреляциялық өзара байланы әрқашан болады. Дисперсиялық талдау кезінде бірегей статистикалық кешенді құратын арнайы жұмыс кестесі күйінде дайындалған бірнеше іріктеулердің деректері бір мезгілде өңделеді.
7-билет
7.1Дисперсиялық талдау әдісі және оның міндеті қандай?Алғаш рет дисперсиялық талдаудың негізін салып,оны ауылшаруашылығындағы және биологиядағы зерттеу жұмыстарында пайдалануға енгізген ағылшын ғалымы Р.А.Фишер болды.Дисперсиялық талдау кезінде бірегей статистикалық кешенді құратын арнайы жұмыс кестесі күйінде дайындалған бірнеше іріктеулердің деректері бір мезгілде өңделеді.Дисперсиялық талдау мәні ауытқу квадраттарының қосындысын және еркіндік дәрежелерінің жалпы санын эксперименттің құрылымына сай келетін компоненттерге ыдыраы және критерий бойынша зерттелетін факторлардың әсері мен һзара әсерінің мәнділігін бағалау болып табылады.
7.2Дисперсиялық талдау қандай заңға негізделген? Дисперсиялық талдау Р.А.Фишердің өзі ашқан орташа квадраттардың өзара қатынасының таралу заңдылығына негізделген.F=іріктелген орташа белгілердің орташа квадраты объектілердің орташа квадраты.Р.аФишердің осы еңбегі жарық көргенге дейін ʺзерттеу жұмыстарындағы математиканың ролі тек тәжірибе нәтижелерін талдауда ғанаʺ деп есептелінсе,қазіргі кезде дисперсиялық талдау ,тәжірибені жоспарлауда,тәжірибе деректерін статистикалық тұрғыда өңдеуде кеңінен пайдаланылады.Сондай-ақ,тәжірибенің статистикалық тұрғыдан дәлелденген жоспарлы деректерін математикалық өңдейтін тәсілін де анықтайды.
7.3Дисперсиялық талдаудың модулі қандай?Тәжірибенің әр түрі үшін белгілі бір математикалық иодуль немесе дисперсиялық талдаудың нобайы болады.Дисперсиялық талдаудыңматематикалық модулі туралы айқын түсініктің болуы қажетті есептеу операцияларын түсінуді жеңілдетеді.Бұл қарапайым дарафакторлы тәжірибелерге қарағанда ерекшелену негіздері молырақ көпфакторлы тәжірибелердің нәтижелерін өңдеудеде қажет.
8-билет
8.1Тәжірибе нұсқасы деген не? Тәжірибе дәлдігін жоғарылатудың дәрежесіне мөлдектің пішіні, көлемі және бағытынан басқа мөлдектерді қайталауды көбейту әсерін тигізеді.Мөлдектің ауданы тәжірибе дәлдігін жоғарлатқанымен қайталау санын азайтады, себебі үлкен ауданды мөлдектермен үлкен қайталауға тек үлкен жер көлемі қажет. Ол бүкіл эксперименталды жұмысты қиындатады. Қайталау санын көбейткенде, мөлдек ауданын өсіргенге қарағанда, тәжірибе дәлдігі тезірек жоғарылайтынын эксперимент мәліметтері көрсетеді.
8.2Нұсқа саны қанша болуы мүмкін? Танаптың алақұлалығы жоғары болған сайын, оның вариациялық коэффициенті де жоғары сондықтан біркелкі тәжірибе дәлдігіне жету үшін қайталауды көбейту керек. В.И.Сазановтың кестесінен, вариациялық коэффициент жоғары болған сайын көп қайталау қажет болатындығын көруге болады:
Ауданы
м2 Мөлдектің көлемі Негізгі ауытқу (у) Нұсқа коэффициенті (х) Қайталау саны (n)
12 1х12 ±254 14,0 17
24 2х12 ±257 13,2 15
24 1х24 ±241 12,0 12
36 3х12 ±224 12,4 13
36 1х36 ±89 5,1 2
48 1х48 ±214 11,8 12
72 3х24 ±217 6,0 13

8.3Мөлдек деген не? Жер көлемі аз жағдайда тәжірибе дәлдігін қайталау санында немесе мөлдектің ауданында көбейту арқылы жоғарылатуға болады, ал аудан молырақ болса, онда мөлдектің көлемінен көрі, қайталау санын жоғарылатқан тиімдірек деп есептейді.Қайталауды көбейту мөлдектің ауданын үлкейткенге қарағанда тәжірибе дәлдігі жоғарылайды.Ал кіші мөлдектерді қолдана отырып, бірақ үлкен қайталаумен кіші көлемді тәжірибеде жоғары дәлдікке жетуге болады. Тәжірибе мекемелерінің практикасында төрт қайталау жиірек кездеседі, ондағы мөлдектің көлемі 100м2 кем болмайды, 8-12 қайталау сирек кездеседі.Мөлдектің көлемі 20-50 м2 болғанда, 6-8 және 10 рет қайталауға болады.
9-билет
9.1Тәжірибе нобайы деген не?Жай факториалды нобай ретінде әрқайсысы екі басқыштаушылығымен зерттелетін А және В факториалдармен тәжірибені алуға болады.Мұндай факториалды тәжірибе 2х2 деп белгіленеді.Осы тәжірибе нобайындағы нұсқа саны 2х2=4 көбейтіндісімен белгіленеді,мұндағы көбейтінділердің саны –зерттелетін факторлар санын,ал әр көбейткіштер сол факториалдың градациясын көрсетеді.Егер тәжірибе нобайына үшінші фактор калий тыңыйтқышын екі басқыштаушылығымен қоссақ,онда 2х2х2 факториалды нобай аламыз.
9.2Бір факторлы тәжірибе деген не?Бір факторлы тәжірибе жыл сайын жаңа жер учаскесіне орналастырылатын бір факторлы тәжірибені жоспарлағанда екі сәтті ескеру қажет.Біріншіден,бір факторлы тәжірибе нұсқалары сапалы болуы мүмкін:дақылдар мен сорттарды салыстырмалы бағалайтын зерттеу тәжірибелері,топырақтың өңдеу мен себу әдісі,алғы даұылдар,әр түрлі тыңайтқыштар мен пестицидтедің түрлері т.б.Екіншіден,тәжірибе зерттелетін нұсқалардың сандық басқыштаушылығы болуы мүмкін:тыңыйтқыш суару мөлшерлерімен,топырықты өңдеу тереңділігімен,тұқымды себу мөлшері және т.б.
9.3Толық факторлы тәжірибе деген не?Әгілі толық факториалдық тәжірибе,мұнда үш түрлі тыңыйтқыштың үйлесу мүмкінділігі бар.Ол N,P және K тиімділігін жеке-жеке ,олардың қос әсерін NP, NP, PK және NPK әсерлерінің тиімділігін анықтайды.Толық көпфакторлы тәжірибе экспериментін барынша мәлімет алуға мүмкіндік жасайды.Пайдалы және ауыстырылмайтын толық факторды тәжірибе әсеріне әр түрлі факторлардың қос өзара әсерін анықтағанда қолданады.
10-билет
10.1Күнтізбелік жоспар неге негізделіп жасалынады?Ғылыми зерттеудің тақырыбы бойынша күнтізбелік жоспар жасау өте қиын және жауапты жұмыс.Күнтізбелік жоспар зерттеу жүргізетін жылдардың әрқайсысына жеке жеке жазылады.Оған кіретін шаралар-тақырып жоспарына түзетулер енгізіп,сол жылдың зерттеу кезеңдерін анықтау;-қосымша әдістермен танысып,патентті ізденісті жалғастыру;-экспериментті зерттеулердің бағдарламасы мен әдістемелерін анықтау т.б.Мысалы: наурыз айында жылыжайды вегетациялық тәжірибе қоюға дайындау,ақпан айында экспенриментті зерттеулердің бағдарламасы мен әдістемелерін анықтау т.б.
10.2Өнімді алғашқы өңдеуге не жатады?Танаптық тәжірибеден алынған мәліметтерге агрономиялық баға беріп,әдістемені және танаптық тәжірибені жүргізу ережесін талдап,барлық жазылған жазуларды (күнделік,журнал,түсіп қалған сандарды орнына келтірген соң) тексерілгеннен соң,эксперименттердегі деректерді өңдіруге кіріседі:1.мөлдектегі өнімді гектарынан центнермен алынған өнімге айналдыру. 2.өнімді стандартты ылғалдылыққа келтіру. 3.дақылдар дәнінің тазалығын 100% кезеңі өнім кесетін жасаумен аяқтайды.
10.3Өнім кестесін қалай жасайды?Қойыоған кез келген тәжірибеде алғашқы өңдеу мөлдектегі өнімді 1 га да центнермен алған өнімге айналдырудан бастайды.Бұл есептеуге мынандай деректер қажет:мөлдектің есеп жүргізілген көлемі және одан жиналған өнім.Өнімді стандартты ылғалдылыққа және таза дәнге аудару да алғашқы өндіруге жатады.Алынған өнімді алғашқы өңдеуге кірісейік.Өнім кестесіне мөлдектегі өнімдерді түсіру керек.Өнім кестесін жасағанда сандар үшін таңбалы болуы керек екенін ескеру керек.
11-билет
11.1Ағылшын ғалымы Дж.У.Снедокор қандай формуланы ұсынды?Егер тәжірибеде бірнеше мөлдектердің мәліметтері түсіп қалса,оларды осы сияқты мүмкіндік мәнін салыстырмалы көрсеткіштер құру арқылы есептейді.Тәжірибеде бір мәлімет жоғалғанда ағылшын ғалымы Дж.У.Снедекор мынадай формуланы ұсынды:А=ι·ƩV+п·ƩP-ƩX:(ι-1)(n-1); ι-нұсқалар саны;n-қайталау саны; ƩV-мәлімет түсіп қалған нұсқаның қосындысы;ƩР-мәлімет түсіп қалған қайталаудың қосындысы;ƩХ-жапы қосынды.
11.2Іріктеу деген не?Агрономияда зерттелетін нысаналардың кешенділігіне байланысты жалпы ғылыми –зерттеуде қабылданған тәсілдер-бақылау мен эксперимент қолданылады,олар ерекшеліктеріне қарай белгілі әдістемемен жүргізіледі.Бақылау кезінде агрономиядағы зерттеу нысаналардың көлемділігіне байланысты зерттеудегі топтарды түгелдей бақылау мүмкін емес. Агрономияда барлық зерттелетін жиынтыққа қорытынды жасайтын зерттеу әдісін іріктеу әдісі дейді.Іріктеу әдісі агрономияда бүкіл эксперименттік жұмыстардың,тәжірибенің,танаптық және зертханалық,бақылау мен есептеулердіңнегізі болып табылады. Нысананың тексеруге түскен учаскесін,зерттеу-іріктелген жиынтық немесе іріктеу дейді.
11.3Іріктеудің көлемі қандай болады?Іріктеудегі элементтер санын бақылаудың көлемі деп,оны N-мен белгілейді.Мысалы:іріктеудің ерекшк түрі танаптық тәжірибе .Оның нұсқалары -ι=6,қайталау саны-n=4 болғанда, бақылаудың көлемі яғни мөлдек саныN=ι·n=6·4=24 болады.Бас жиынтықты сипаттау үшін іріктеу жиынтығының көлемін анықтайды.Ол үшін есепке алынатын мөлдек көлемінің ішінен бірнеше шаршы метрден іріктеу белгіленеді.Іріктеу көлемі бас жиынтық көлеміне байланысты үлкен және кіші іріктеу болады.Іріктеу көлемі N<30 болғанда кіші іріктеу ,ал кіріктеу көлемі N≥60 болғанда үлкен іріктеу болады.
12-билет
12.1Жалпы жиынтық және бас жиынтық дегеніміз не? Зерттеуге алынған барлық нысаналардың тобын-жиынтық немесе бас жиынтық дейді.Жоғары сенімділікті іріктеуге алынатын көлем мөлшері зерттелетін нысаналар,яғни бас жиынтық үшін репрезентативті болғанда ғана көрсетеді.Репрезентативтілікке таңдаудың кездейсоқ болуымен ғана әрбір жиынтық нысананың іріктеуге тең түсетін мүмкіндігін қамтамасыз етумен ,іріктеудің көлемі жеткілікті және зерттелетін жиынтықтың шетін дұрыс анықтаумен жетуге болады.
12.2Вариациялық қатар деген не?Сандық белгілердің өзгерткіштігінің статистикалық көрсеткіштерін анықтауда төменгідей есептеу шараларын қолданамыз:1.іріктеуден алынған мәліметтер,Х,Х...Хп-вариациялық қатар.Масақтану кезіндегі күдік бидайдың биіктігі см жазылған вариациялық сандар қатары
65 64 62 55 70 66
71 66 55 56 65 67
55 60 49 58 58 60
2.вариациялық қатардағы ең жоғарғы (хмах) және ең төменгі (хmin) анықталады ал және астын сызып белгілейді.3.Іріктеудің көлеміне байланысты топтар класстар –К саны белгіленеді.
Класстар саны түбір астындағы іріктеу көлеміне жақын:
Іріктеу көлемі п Топтар кластар саны =к
30....60 6....7
60...100 7...8
100.... жоғары 8....15
12.3Дисперсия нені көрсетеді? Дисперсиялық талдау кезінде бірегей статистикалық кешенді құратын арнайы жұмыс кестесі күйінде дайындалған бірнеше іріктеулердің деректері бір мезгілде өңделеді.Дисперсиялық талдау мәні ауытқу квадраттарының қосындысын және еркіндік дәрежелерінің жалпы санын эксперименттің құрылымына сай келетін компоненттерге ыдыраы және критерий бойынша зерттелетін факторлардың әсері мен һзара әсерінің мәнділігін бағалау болып табылады. Сондай-ақ,тәжірибенің статистикалық тұрғыдан дәлелденген жоспарлы деректерін математикалық өңдейтін тәсілін де анықтайды.
13-билет
13.1Латын квадраты әдісі туралы түсінік?Латын квадраты әдісімен (5·5) орналасқан тәжірибедегі майбұршақ өнімін зерттеудегі алынған мәліметтерді дисперсиялық талдау:
қатарлар бағаналар қосындылар Нұсқалардың орташа
1 1 2 3 4 5 Қатарлар,р Нұсқалар,v 24,2Д 20,0С 21,5А 22,3В 22,7Е 110,7 108,0А 25,4
2 29,7В 22,6А 26,1Е 26,6С 26,2Д 131,2 106,7В 21,3
3 24,7Е 16,6В 26,1Д 20,7А 24,7С 112,8 118.2С 23,6
4 23,1А 24,2Д 25,8С 24,9Е 22,8В 120,8 123,3Д 24,7
5 21,1С 22,6Е 15,3В 22,6Д 20,1А 101,7 127,1Е 24,4
ƩБ 122,8 106,0 114,8 117,1 116,5 Ʃх=577,2 х=23,0
13.2Нұсқалар саны қанша болуы мүмкін?Тәжірибе нұсқаларын латын квалраты әдісімен орнаастырғана нұсқалар саны қайталау санының тең болуы шарт.Нұсқалар латынның бас әрпімен белгіленеді.Әр қатарда нұсқалар түгел орналасу керек.Қатар қосындылары мен нұсқалар қосындылары есептеледі және нұсқалар бойынша орташа мәнмен есептелінеді.Бағаналар және қатарлар бойынша жиынтықтары есептелініп,тәжірибе бойынша орташа өнімі анықталынады.
13.3Стандартты әдісті қалай түсінесің?Стандартты әдіспен жүргізілген тәжірибе үшін өнім кестесін құрумен орташа мәндерді есептеудің жай қайталау әдісімен жүргізілген тәжірибедегі орташа өнімді анықтауынан әжептеуір айырмашылығы бар.Стандарттық көрсеткішті К әрпімен белгілейміз,тәжірибе нұсқаларының мөлдектері үшін есептеудің бірнеше әдістері бар.Стандартты әдіспен жүргізілген тәжірибе мәліметтерін өңдеудің тағы да бір ерекшелігіне көңіл бөлу керек.
14-билет
14.1Субстрат деген не?
14.2Корреляция және регрессия деп нені түсінесің?пішіні бойынша байланыс корреляция деп аталады да,ол түзу және қисыұқ сызықты болады.Белгілердің санына қарай ,егер екі белгінің байланысы зерттелсе,ол жай,ал белгілер саны көп болса-күрделі болады.Екі белгілердің Х пен У арасындағы түзу сызықты корреляциялық тәуелділік дегеніміз,түзу сызықты теңдігімен сипаталатын тәуелділікті айтады.Бұл теңдік регрессияның У-тің Х-ке іріктелген сызығы болып есептеледі. Мәні бойынша корреляция және регрессияның іріктелген империялық коэффициентін анықтайды,ререссияның теориялық сызығын салады және алынған шешімдердің мәнділігін бағалайдыилет
.
14.3Ковариация дегенді қалай түсінесің?Коварация дегеніміз –бұл дисперсиялық талдау тәсілдерінің бірнеше ауыспалы шамаларға,сондай-ақ корреляциялық және регрессиялық талдау әдістерінің танапт ық,вегетативті және зертханалық тәжірибелердің жалпы нобайына туралы.Коварациялық талдау –екі немес е оданда көп ауыспалы шамаларынан ауытқуларының еселендірулерінің және көбейтінділерінің қосындылары.Коварациялық талдау тәуелді айнымалы шама ауытқуы арасындағы қатынасы анықтауға мүмкіндік береді.Кең мағынада коварация деп үш статистикалық көрсеткіштің :х пен у арифметикалық орта шамалардың,ауытқулары есептелген қосындыларының Ʃ Х-х2)пен Ʃ(У-у)2және ауытқулар көбейтінділері қосындыларының Ʃ Х-х)(У-у) жиынтығын айтады.
15-билет
15.1Ковариацияның қандай түрлері болады?Коварациялық кестені дұрыс қолдану кездейсоқ Х шаманың тәжірибе нұсқаларынан тәуелсіз бөлшектенуіне әкеп соғады.Ол экспериментті бақылауына келмейиін,жоспарлау мен нәтижелерді статистикалық өңдеуде қолданылады.Коварациялық талдау тәуелді айнымалы шама ауытқуы арасындағы қатынасы анықтауға мүмкіндік береді.Кең мағынада коварация деп үш статистикалық көрсеткіштің :х пен у арифметикалық орта шамалардың,ауытқулары есептелген қосындыларының Ʃ Х-х2)пен Ʃ(У-у)2және ауытқулар көбейтінділері қосындыларының Ʃ Х-х)(У-у) жиынтығын айтады.
15.2Жаңа тәсілдер мен технологияларды өндіріске қалай енгізуге болады?Жекелеген шаруашылықтар әрекетінің көпшілігі жағдайларының күрделілігіне байланысты тәжірибе мекемелерінің мәліметтеріне қарағанда өнімділікті жоғарылататын тәсілдер мен технологиялар сол шаруашылықтар үшін әрдайым қолайлы бола бермейтіні белгілі.Сондықтан жаңа тәсілдер мен технологиялаларды өңдіріске бірден енгізе салмай алдын ала тексеріп ,қосымша зерттеп және жергілікті жердің ерекшелігін ескере отырып жетілдіру керек.Өндірістік жағдайда танаптық тәжірибенің әдістемелері мен техникасын ұйымдастырудың ерекшелігі зерттеудің мақсаты және сипаттамасы,тәжірибе түрі мен,өндірістік тәуекел дәрежесімен,мат,ериалды-техникалық базасымен анықталады.
15.3Танаптық тәжірибе және оның ерекшеліктері қандай?Танаптық тәжірибе-зерттеулер арнайы бөлігінен учаскеде танап жағдайында жүргізіледі.Негізгі мақсаты тәжірибе нұсқаларының арасындағы айырмашылықты анықтап,зерттеуге арналған өсімдіктің өсіп-өнуіне керекті факторларды,өсімдікті өсірудің әдістері мен жағдайларын,өсімдіктің өнімділігін арттырып, өнім сапасын жақсартатын жағдайларды сандық тұрғыдан бағалау.Танаптық тәжірибенің ерекшелігі өсімдіктің өндірістік немесе өндірістікке жақын жағдайда, топырақтың, климаттық және агротехникалық факторлардың жиынтығы мен бірге зерттелуінде.
16-билет
16.1Зерттеу әдістеріне не жатады?Агрономия саласындағы зерттеулердің негізгі тәсілдері бақылау мен эксперимент.Бақылау дегеніміз зерттеушіге қажетті құбылысты,оның ерекшеліктерін,топырақ және өсімдіктің белгілері мен қасиеттерін сандық және сапалық тұрғыдан есепке алу.Эксперимент –тәжірибе дегеніміз құбылыстың мәнін шығу тегін,себебін және олардың арақатынасын дұрыс түсіну үшін зерттеушінің құбылысты немесе жағдайды жасанды түрде жүргізуі.Бақылау табиғаттағы құбылыстарды есепке алу арқылы мәліметтер біздің санамызға еніп, ақиқатты айқындайтын болса,эксперимент біздің өзіміздің ой санамыздың дұрыстығын іс арқылы тексеруді талап ететін болжамымыз.
16.2Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптарды атаңыз? Танаптық тәжірибенің басқа зерттеуу әдістерінен айырмашылығының ерекшелігі мәдени дақылдарды өндіріске өте жақын немесе өндірістік жағдайда барлық топырақ,климат пен агротехникалық факторларының жиынтығы мен зерттелуінде,Танаптық тәжірибе нәтижелерінің бағалылығы белгілі бір әдістемелік талаптарды сақтауына байланысты.олардың маңыздылығы : 1.Тәжірибе типтілігі 2.Бір ғана айырмашылық қағидасын сақтау.3.Тәжірибені арнайы бөлінген учаскеде жүргізу.4. Өнімді есепке алу мен тәжірибенің мәнді сенімділігі.
16.3Танаптық тәжірибенің типтілігі немесе репрезентативтілігі деген не?Танаптық тәжірибенің типтілігі мен репрезентативлігі деп оны жүргіз жағдайы, сол ауданның немесе аймақтың топырақ климаттық және агротехникалық жағдайларға сәйкес болуын айтады.Топырақ құнарлылығын жоғарылату тәсілдерін құндақ топырақта орналасқан тәжірибеде зерттеп, оның нәтижелерін саздақ топырақ жағдайына қолдануға болмайтыны белгілі. Типтілік деген түсінікке агротехникалық тәжірибелер үшін зерттеуді аудандастырылған сорттармен және сол аймаққа типті дақылдар менжүргізу талабы қойылады.
17-билет
17.1Зерттеудегі қателіктердің пайда болу себептері? Қателік дегеніміз ол іріктелген бақылаулар мен өлшем мөлшерінің нақтылы мәні арасындағы айырмашылық. Тәжірибе жүргізгенде экспериментатор үш түрлі кездейсоқ,жүйелі және өрескел қателермен кездеседі. Тәжірибе мәліметтерінің түрленуінен кездейсоқ қателітктер пайда болуы мүмкін,сондықтан ондай қателіктер тәжірибе көрсеткіштерінің тұрақты серігі болады. Жүйелі қателіктердің негізгі ерекшелігі олардың бір бағыттылығы яғни тәжірибе мәліметтерін жоғарылатуы немесе төмендетуі. Кездейсоқ қателіктерге тән ерекшелігі олардың оң және теріс мәндерінің шамамен бірдей болу мүмкіндігінің арқасында өзара жойылуында.
17.2Танаптық тәжірибе түрлері?1.Агротехникалық тәжірибелер-тәжірибелердің негізгі міндеті мұнда өсімдік тіршілігіндегі әртүрлі факторлардың, жағдайлардың., өсіру әдістерінің тағы басқа ауылшаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасына тигізетін әсеріне салыстырмалы баға беру. Мысалы: топырақты өңдеу әдістерінің алғы дақылдардың,тыңайтқыштардың немесе себу мерзімінің ,себу мөлшері мен себу әдістерінің әсері.2.Ауылшаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау тәжірибелері мұнда біркелкі жағдайда ауылшаруашылығы дақылдарының сорттары мен гибридтеріне дұрыс баға беру үшін, өсімдіктердің генетикалық айырмашылықтары зерттеледі.
17.3Жай немесе бір факторлы тәжірибе ерекшеліктері?Егер тәжірибеде бір жай немесе күрделі сандық факторлардың бірнеше басқыштаушылығы тыңайтқыштар, пестицидтер мөлшері,себу, суғару мөлшерлері және т.б.зерттелсе немесе бірнеше факторлар әсері салыстырылса, әртүрлі дақылдар ,сорттар ,топырақ өңдеу әдістері ,алғы дақылдар және т.б.ондай экспериментті жай немесе бір факторлы дейді.
18-билет
18.1Толық факториалды эксперименттің нобайы? Өзара әсердің көлемі мен сипатын жоспарланған толық факториалды эксперименттің нобайы мен анықтауға болады, ол зерттелетін факторлардың мүмкіндігінше бірлесіп ететін әсері мен басқыштаушылығын ескереді. Сондықтан бірнеше факторлар енгізген тәжірибелерді көпфакторлы деп атауға болмайды. Екі фактолрлы, мысалы екі басқыштаушылықпен зерттелетін толық факториалды нобаймен қойылған көп факторлы экспериментте кем дегенде төрт нұсқа болу керек. Мысалы, топырақты терең өңдеу мен тыңайтқыштың әсерін зерттегендегі тәжірибе нобайы:
№ Факторлар
Топырақты өңдеу Тыңайтқыш
1 Кәдімгі топырақ өңдеу Тыңайтқышсыз
2 Топырақты терең өңдеу Тыңайтқышсыз
3 Кәдімгі топырақ өңдеу Тыңайтқышпен
4 Топырақты терең өңдеу Тыңайтқышпен

18.2Көп жылдық және ұзақ мерзімді тәжірибелер нені зерттейді?Көпжылдық және ұзақ мерзімді стационарлы эксперименттердің негізгі міндеті жүйелі іске асырылатын агротехникалық тәсілдер немесе кешендердің топырақ құнарлылығына және өнім сапасына әсері мен өзара әсерлерін және соңғы әсерлерін зерттеу. Көпжылдық және ұзақ мерзімді тәжірибелер топырақ пен агрофитоценозда баяу жүретін физикалық, химиялық және биохимиялық үрдістерді ққоректік заттар балансын есептеу,қоректік элементтердің жоғалуын есепке алу мен қоршаған ортаның ластану масштабын зерттейді.
18.3Өндірістік шаруашылық тәжірибенің ерекшелігі? Өндірістік ауылшаруашылық тәжірибе ол кешенді ғылыми қойылған зерттеу .ол тікелей өндірістік жағдайда жүргізіледі және белгілі өндірістің міндетіне жауап береді. Өндірісік тәжірибенің міндеті танаптық тәжірибенің кез келген түрінен мақсаты жағынан кең екені байқалады. Оның міндетіне агрономиялық жүйе мен шаруашылық-ұйымдастыру шараларының агротехникалық және экономикалық тиімділігін зерттеу кіреді.
19-билет
19.1Т анаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері Танаптық тәжірибе зерттеу, танаптық жағдайда арнайы бөлінген учаскеде жүргізіледі. Танаптық тәжірибе негізгі міндеті тәжірибе нұсқалары арасындағы айырмашылықты анықтап, тіршілік факторларының әсеріне жағдайлар мен өсіру әдістерінің өісмдік өнімі мен оның сапасына әсеріне сандық баға беру.Ауылшаруашылық танаптық тәжірибе жүргізудің ерекшелігі экспериментке бақыланбайтын өсімдіктің өсіп және дамуына әсер ететін сыртқы факторлардың өте күшті құбылмалылығы болып табылады.
19.2Танаптық тәжірибенің зертханалық,инженерлік,химия-технологиялық және басқа эксперименттерден қандай айырмашылықтары бар? Ауылшаруашылық танаптық тәжірибені жүргіз жағдайына сәйкес ерекшелігі қатты құбылмалылық, экспериментте бақылауға келмейтін, сыртқы орта факторларының біркелкі еместігі. Мәліметтерді танаптық эксперимент әдістері мен ауылдағы баяулығы,жүргізілген жылдардағы метеорологиялық жағдайлардың қатты құбылмалылығы,учаскелердегі топырақ құнарлылығының алақұлалығы оның мерзімділігінде. Сол себепті тәжірибе зерттеу нысаналарының өте күрделі бірлестігінде сенімді және жақсы өңделетін нәтижелер алуда қиындықтар туады.Осындай күрделі,тұрақты емес табиғи жағдайларда жүргізілетін танаптық тәжірибелердің зертханалық,инженерлік, химиялық-технологиялық және басқа эксперименттерден айырмашылығы бар.
19.3Тәжірибе учаскесіне қойылатын талаптар? Жер учаскелеріне қойылатын бірінші және маңызды талап-типтестік немесе репрезентативтілік деп аталады. Ауылшаруашылыққа аймаққа немесе ауданға типті емес топырақта,агротехниканың тіпті жақсы жағдайында.Тәжірибе учаскесіне қоятын екінші талап тәжірибе нәтижелерінің дәлдігін қамтамасыз ететін топырақ жамылғысының біркелкілігі.Бұл танапты абсолютті деп қарауға болмайды ол аймаққа және тәжірибе мақсатына қарай өзгеруі мүмкін.Танаптық тәжірибеге біртетес жер учаскесін бөлу әжептәуір қиын.
20-билет
20.1Жер учаскесін алдын ала зерттеу қалай жүргізіледі? Жер учаскесін алдынала зерттеу оны шамалы түсінуге мүміндік береді.Топырақтың біркелкілігін тереңірек білу үшін тегістеу және рекогносцировты егісті пайдалану қажет.Өндірістік жағдайда жерді дайындау мен зерттеуде бір ,кейде екі тегістеу егісін жүргізеді. Тәжірибе жүргізетін мекемелерде тегістеу егісін бөлшектеп, жеке кішігірім мөлдектермен жүргізеді.Мұнда егіс рекогносцировты деп аталады. Тегістеу егісінің топырақ алақұлалығын тегістеу мен арамшөптермен күресуден басқа тағы бір маңызды міндеті бар.Ол болашақ тәжірибеге фон жасау.
20.2Өндірістік жағдайда тегістеу егісінің маңызы?өндірістік жағдайда тегістеу егісінің маңызы өсімдіктердің біркелкі болуын көзбен бағалау жердің тәжірибе қоюына жарамдылығын төрелейтін шешімді критерийі болуында. Ол кейде құнарлылыығы жағынан біркелкі болатын және тіпті жарамсыз, мысалы,егін сабағының өте күшті алалығын,сордың белгісін және т.б. учаскелерді көрсете алады. Тегістеу егісінің шаруашылықтағы егістен айырмашылығы топырақты өңдеу, тыңайтқышты беру және дақылды егу болашақ тәжірибеде жоғарғы агротехника дәрежесінде, ұқыпты және біртектес жүргізуінде.
20.3Бір және көп жылдық дақылдар өнімін бөлшектеп есептеудің маңызы қандай? Біржылдық дақылдар мен жаңа жерде жүргізілген тәжірибелердің рекогносцировты егісті бөлшектеп есептегеннен көрі тәжірибе қайталауын көбейту қолайлы. Қазіргі уақытта танаптық тәжірибе әдістемесі қажетті деңгейде жасалынғандықтан рекогносцировты егісті бөлшектеп есептеу тек ерекше арнайы жағдайларда, мысалы көпжылдық стационарлы тәжірибелерді қойғанда ғана ақталады.
21-билет
21.1Танаптық тәжірибе әдістемесің негізгі элементтеріне не жатады? 1.Нұсқалар саны.Кез келген тәжірибе нобайында вариант алдын ала белгіленеді, ол мазмұны мен міндетіне қарай анықталады. 2.Қайталау және қайталану.Танаптық эксперименттің дәлдігі мен нұсқа бойынша орташаның сенімділігі территорияда және уақытта қайталаумен анықталады. Тәжірибенің кеңістікте қайталануы деп әрбір нұсқа орналасқан мөлдектердің санын , ал тәжірибенің уақытта қайталануы деп тәжірибе жүргізілген жылдар санын айтады.3.Мөлдектің ауданы, бағыты және пішіні.Мөлдек дегеніміз белгілі бір ауданы , пішіні,бағыты қорғаныш алқабыы бар танаптық тәжірибе нұсқаларыын орналастыратын учаскенің бір бөлігі.
21.2Танаптық тәжірибе әдістемесі дегеніміз не? Танаптық тәжірибе әдістемесі деп оны құрайтын элементтер жиынтығын айтады.: нұсқалар саны, мөлдек көлемі, олардың пішіні мен бағыты , қайталау, қайталану, мөлдектер мен нұсқаларды территорияда орналастыру жүйесі,өнімді есепке алу әдісі және тәжірибені уақытымен ұйымдастыру.
21.3Тәжірибе нобайы деген не?Тәжірибе нобайын жасағанда нұсқалар санын байқап көбейтуге тура келеді., тәжірибеде нұсқалар санын 2 ден 12-16 дан асырмау керек, ал мөлдектер саны 60-64 болса жеткілікті. Кез келген тәжірибе нобайында вариант алдын ала белгіленеді.Әр қайталауда нобайдағы барлық нұсқалар санын болуын ұйымдасырған танаптық тәжірибені өзара ортогоналды деп атайды.
22-билет
22.1Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған қайталау деген не? Ұйымдастырылған қайталау тәжірибе нобайындағы толық нұсқалар тобы кірген тәжірибе учаскесінің бөлігі танаптық тәжірибе жер учаскесіне ұйымдастырылған қайталау әдісімен орналастырылады. Ұйымдастырылған қайталауды орналастыруда екі әдіс қолданады: жалпылай онда барлық қайталау территориалды бірігеді және шашыраңқы жатады. Онда қайталау біреуден немесе бірнешеуі танаптың әртүрлі бөлігінде ортақ шекарасыз орналасады. Жер учаскесінде тәжірибе нұсқаларды қайталау тұтас топқа территориалды біріктірмей ақ кездейсоқ орналастыруға болады. Мұндай орналастыруды қайталауды ұйымдастырмаған немесе толық рендомизация әдісі дейді.
22.2Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру әдістемесінің жіктелуі Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру әдістемесінің негізгі үш түрі бар: жүйелі, стандартты және рендомизді.Стандартты әдісте әр зерттелетін нұсқаның жанында бақылау орналасады, бір немесе екі зерттеу нұсқасына бақылау я болмаса стандартты нұсқа орналасады.
22.3Нұсқаларды стандартты орналастыру әдісі? Стандартты әдіс тәжірибе учаскесіндегі топырақ құнарлылығы біртіндеп өзгеретіндігіне және жақын жатқан мөлдектердегі өнімде корреляциялық байланыс бақылауына негізделген.Стандартты әдісте әрбір зерттелетін нұсқа өзінің бақылауымен салыстырылады., өнім сызықты интерпуляция әдісімен жер учаскесіндегі топырақ құнарлылығының біртіндеп өзгеруі туралы болжам негізі ретінде функцияның аралық мәнін анықтай отырып есептелінеді.Стандартты әдіспен орналастыру кейде қарапайымдылығымен және топырақ құнарлылығымен алақұлалығын ығыстыруға әсер ете алатын мүмкіндігімен эксперименттің қателігін минимумге жеткізеді.
23-билет
23.1 Нұсқаларды жүйелі орналастыру әдісі. Әр қайталауда нұсқалардың өзгермей ретімен орналасуын қарастырады. Нұсқаларды жүйелі орналастыру әр қайталаудағы нұсқалар реті белгілі жүйеге бағынады. Осы әдістемемен нұсқаларды орналастырудың көп тәсілі бар, біздің елде екеу- бір яруста ретімен және қайталауды бірнеше ярусқа шахматтық орналастыру. Осы әдістің басты құндылығы қарапайымдылығында, ал негізгі кемшілігі мүмкін және нұсқа бойынша тиімділікті жиі бұрмалаумен тәжірибе қателігін статистикалық өңдеудегі сенімсіздігінде.
23.2 Нұсқалардың рендомизмді орналасу әдісі және түрлері. Нұсқаларды рендомизмді әдіспен орналастырғанда, оларды нөмірлейді немесе әріппен белгілейді де, бірдей карточкаға жазады. Оларды әбден араластырып, бірден суырып алады. Нұсқаларды қайталааудағы мөлдектерге жібермей анықталған ретімен орналастырады.Әр қайталау үшін өзінің рендомизациясын жүргізеді.Соңғы кездерде әртүрлі эксперименталды жұмыстарда кездейсоқ іріктеуді жоспарлағанда техникалық құрал болатын, ренжомизация үшін кездейсоқ сандар кестесін сызады:
1234
3 1 4 2 5 2 4 1 5 3 4 2 5 3 1 3 1 4 2 5
23.3Нұсқаларды жүйелі және рендомизмді орналастырудың тиімділігі.Жүйелі және рендомизмді әдістерді бағалауда,зерттеушілердің пікірлері ажырап кетті.Н.В.Перегудов рендомизация міндетті түрде тталап деп есептейді,егер эспенриментатор шындықты бағаласа,онда ол нұсқаларды кездейсоқ орналастыруды қолдану керек.Танаптық тәжірибе әдістемесі және зерттеу нәтижелерін статистикалық әдіспен бағалауды шет едлер ғалымдары-Р.А:Фишер,Дж.У.Снедокор және т.б. Рендомизация зертелетін құбылыс туралы шын мәлімет алуға мүмкінді беретін жаңа эксперимент нобайын құрудың негізі болады деп қарастырды.
24-билет
24.1Латын квадраты ,латын тік төртбұрышы әдістерінің кемшіліктері,қолданылатын орындары.Латын квадраты әдісін қолданғанда мөлдектер шаршы метрлі немесе тік төртбұрышты жер учаскесін горизонталды және вертикалды бағытта тәжірибе қанша нұсқа бар болса,сонша қатар мен бағанаға бөлінеді.Латын квадратының кемшілігі-қайталау санының нұсқалар санына тең болмауында.Осыған орай нұсқалар санының көбеюі тәжірибенің үлкен болуына әкеп соғады.
I 5 1 4 2 3
II 2 5 3 1 4
III 1 3 5 4 2
IV 4 2 1 3 5
V 3 4 2 5 1
Латын тік төртбұрыш әдісі-барлық нұсқалардың әр қатарлар мен жекелеген блоктарда кездейсоқ орналасуы.Нұсқалар саны қайталау санына қалдықсыз бөліну керек.
24.2 Экспериментті жоспарлаудың жалпы қағидасы.Ғылыми зерттеулер мен жете жүргізу танаптық эксперимент әдісімен іске асырылады.ОЛ негізгі үш каезеңнен тұрады:1.жоспарлау;2.танаптық тәжірибелерді ,бақылау мен есептеулерді жүргізу;3.алынған мәліметтерді өңдеу және талдап қорытындылау.Эксперниментті жоспарлау дегеніміз,зерттеудің міндет трері мен нысаналарын анықтау,экспенрименттің нобайын жасау,жер учаскесін және оптималды танаптық тәжірибе құрылымын талдау.
24.3 Зерттеу факторының негізгі деңгей эксперимент орталығы мен ауытқудың бірлігі деген не?Эксперименталды нүктелер негізінде нұсқа тиімділігі ықыластылығын қисығын фактордың зерттелетін басқыштаушылығының байланысты өнімді сипаттай алатындай етіп тәжірибе нобайын жасау керек.Зерттелетін фактордың 5-8 деңгейі басқыштаушылық болса жеткілікті.Мұнда негізі деңгейді жасауды ,яғни орталық нүктелерінің сезімтал қисығына шеткі мәнге қарай қозғалысына қарай эксперимент осы қисықтың лимиттелген-статионалды және ингибирленген облысын қамтуына қарай анықталуы қажет.
25-билет
25.1Жоспарлаудың матрицасы деп нені айтады?Толық фаториалды экспериментті нұсқалар санын мматрица бойынша есептейді:22, 32,23,33 және сол сияқты дәрежеленетін саны әр фактордың басқыштаушылығынан ,ал дәрежені көрсететін сан зерттелетін факторлар саны.
22ТЭФ матрицасы
Нұсқа Фактор және оның басқыштаушылығы Нұсқаны белгілеу Код
А В 1 0 1 a0 a000
2 1 0 a0 a1 10
3 0 1 a0 a1 01
4 1 1 a1 a111
25.2Толық факториалды эсперимент нобайының бір факторға қарағандағы айырмашылығы қандай?Толық көпфакторлы нобай эксперименттен барынша мәлімет алуға мүмкіндік жасайды.Нобайдан практикалық мәні жоқ нұсқаны шығарып тастау,мәліметтердің едәуір бөлігін жоғалтуға әкеп соғады,факторлардың өзара әсерін анықтауға жағдай жасалмайды,эксперимент бір факторолы тәжірибе сияқты болады.Пайдалы және ауыстырылмайтын толық бір факториалды нобайды әсіресе әр түрлі факторлардың қос өзара әсерін анықтағанда қолданады.Толық факториалды нобайды жоспарлауда нұсқаларға арнайы белгілерді код қолдану жеңілдетіледі.
25.3Көп жылдық стационарлы тәжірибеніңерекшелігі қандай?Көпжылдық тәжірибелер көбінесе ауыспалы егісті,толық өңдеу және тыңайтқыш жүйесін бағалайтын зерттеулерде және жеміс ағаштарыф және басқа өсімдіктермен жүргізілетін экспери мент қолданылады.Көпжылдық тәжірибелерді екі кезеңмен жоспарлайды:бірінші кезеңде негізгі нобайды,екіншіде –экспериментті уақытқа және территориялық орналастыруды жоспарлайды.Көпжылдық экспериментті жоспарлаудың бірінші кезеңі қысқа мерзімді тәжірибе нобайынан айырмашылығы жоқ.Ұзақ мерзімді стационарлы тәжірибе нобайы факторлардың сапалық және сандық басқыштаушылығымен бір факторлы немесе көпфакторлы болуы мүмкін.
26-билет
26.1Жауапты бақылаулардың жиілігі қандай болуы мүмкін?танаптық тәжірибелерде бір реттік және кезеңді өсімдіктерді ,тіршілік факторлары мен сырт қы ортаның жағдайын санды және сапалы бакылаулар жүргізеді.Зерттеудің міндетіне қарай танаптық немесе зертханалық несе факторлар мен даму жағдайларны бақылаудың басым болуы мүмкін .Зерттеулерден сенімді мәліметтер алу үшін танаптық және зертханалық бақылауларды жасағанда экспертментатор келесі сұрақтарды шешу қажет.1.бағдарламаға қандай бақылаулар және есептеулерді кіргізу 2.бақылаулар мен есептеулерді жүргізудің мерзімі 3.іріктеудің үлгінің оптималды көлемін анықтау 4.алынатын іріктеудің қабілеттілігін қамтамасыз ету
26.2Бақылауларды жүргізудің мерзімі мен кезеңділігі неге байланысты?Қандайда бір үрдістің динамикасын зерттеуде,үлгіні алатын бақылаулар мен есептеулер жүргізудің күнтізбелік мерзімін алдын ала белгілеген тиімді,олар бір бірінен бөлек тең уақыт аралығында,өсімдітің даму фазасына қатаң елтірмеседе болады.Зерттелетін үрдістің динамикасын толық түсіну үшін,бақылаудың арасын азайту қажет.Топырықтың агрофизикалық қасиетін жалпылай сипаттау үшін зерттеуді мәдени дақылдардың өсу кезеңінде жүргізген дұрыс.,себебі мысалы, топырақтың арамшөптер тұқымымен ластануынан есепке алу, өсімдік қалдықтарының жалпы санын және топырақты агротехникалық сипаттау үшін топырақ үлгісін көктемде және күзде алған тиімді.
26.3Есептеулерді қалай жоспарлайды? Уақытта боп жатқан өзгерістерді шамалы деп есептеуге болатындай негіз болса, онда интервалды 3- 4 жетіге дейін үлкейтуге болады, бірақ та зерттеудің барлық кезеңінде 4-5 санды мәліметтер болу керек.Барлық жағдайда уақытта зерттелетін үрдістің империкалық функциясын салатын қатарлар мәндері алынса болады. Іріктеудің оптималды көлемін бақылау мен есепке алуды жоспарлау кезінде анықтау күрделі келеді. Статистиканың көзқарасы бойынша танаптық экспериментте жүргізетін бақылау артықшылығы екі және үш сатылық іріктеуге жатады.
27- билет
27. 1. Танаптық тәжірибе іріктеудің ерекше формасы. Танаптық тәжірибе іріктеудің ерекше формасы, оның бірінші қатардағы элементарлы бірлігі болып мөлдек саналады. Тәжірибенің әр нұсқасы үшін мөлдек саны яғни бірінші қатардағы n бақылау, әрқашан қайталау санымен шектеледі. . Іріктеудің оптималды көлемін бақылау мен есепке алуды жоспарлау кезінде анықтау күрделі келеді. Статистиканың көзқарасы бойынша танаптық экспериментте жүргізетін бақылау артықшылығы екі және үш сатылық іріктеуге жатады.
27 2.Тәжірибе учаскесін бөлу үшін қолданылатын аспаптар мен құралдар. Жер учаскесін зерттегеннен және дайындағаннан кейін, тәжірибенің нобайлық жоспарын тәжірибенің барлық көлемін қайталауды, мөлдекті,мөлдек нөмірлерін, нұсқа нөмірлерін мөлдектер бойынша және тағы сол сияқтыларды дәл белгілеу қажет. Қайталау мен мөлдектің ауданы қабылданған мөлшеріне сәйкес болу керек, барлық қайталаудағы мөлдектердің ені мен ұзындығы міндетті түрде бірдей және пішіні төртбұрышты болу қажет. Танапқа шығар алдында тікбұрыштар салу үшін теодолит немесе эккер, қазық,өлшегіш лента немесе рулетка, мықты ұзын жіп, шекараны бөліп шығарып алу үшін төрт репер, мөлдектердің шекарасын белгілеу үшін диаметрі 3-4 см және ұзындығы 25-30 см жұмыс қазықтарын дайындау қажет.
27 3.Тәжірибе контурын белгілеуді неден бастайды. Тәжірибе контурын белгілеу үшін ұзын жағында қазықпен белгілей отырып, жіппен тура А, Д сызығын салады.Жалпы контурды және қайталаулардың контурын мүмкін үлкен дәлдікпен көрсетеді, жалпы контур үшін жіберілетін ауытқу 100 метрге 5-10см аспау керек.Танап шекарасынан 5-10 метр шегініп А қазығын қағады. Тәжірибенің жалпы контурын шығарғаннан кейін оны қайталауға және мөлдектерге жіппен және өлшегіш ленталармен бөледі. Техникалық жағынан бұл жұмыс күрделі емес.Бірақ өте ұқыпты орындалу қажет.
28-билет.
28.1.Сорт зерттейтін тәжірибеде мөлдек бойындағы қорғаныш алқабын қалдыру міндетті ме? Сорт зерттейтін тәжірибеде мөлдек бойындағы қорғаныш алқабын қалдырмаса да болады, себебі бірдей дақылдар сорттарының бір-біріне әсері аз ғана. Тәжірибені бөлуді аяқтарда қайталаумен мөлдектерді кез-келген уақытта орнына келтіре алатындай етіп оның негізгі шекарасын сенімді етіп белгілейді. Тәжірибеде ең болмаса екі сызықтағы негізгі нүктелерді А,В,С,Д мықтап белгілейді. Өңдеуден шеткірек тұратын А1, В1,С1,Д1 нүктелерін тұрақты қазықтар қағылады. Репермен тәжірибе шекарасына дейінгі арақашықтық ұқыпты өлшенеді және жазылып қойылады.
28.2.Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстарды орындаудың негізгі ережелері. Зерттеуші үшін маңызды ереже танаптық тәжірибедегі немесе бірнеше қайталаулардағы зерттеуге кірмеген- барлық агротехникалық жұмыстардың бір мезгілде орындалуы. Тәжірибе учаскесіндегі агротехникалық фон зерттелетін тәсілден немесе сорттан оптималды эффектілік көрсету үшін өндірістік жағдайға қарағанда жоғары болуы керек.Агротехникалық фонда жасау барысында басты көңілді зерттейтін тәсілдер мен сорттарды салыстыратын оптималды жағдай жасауға және механизацияны максималды пайдалануға бөлу керек.
28.3.Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстарға не жатады? Тәжірибе учаскесінде себу және отырғызуды сапалы жүргізу үшін себу және отырғызу техникасына және себудің техникалық сапасына көңіл бөлу қажет.Тәжірибеде себу мөлшерін массасы бойынша емес, өсетін тұқым өнгіштігі арқылы анықтаған дұрыс. Тәжірибе танабындағы өсімдіктерді күтіп баптаудың сәйкес өндірістік жағдайындағы дақылдарды күтіп баптаудан айырмашылығы жоқ.Барлық жұмыстар уақытылы ұқыпты және бірқалыпты жүргізіледі. Отауды қатараралық өңдеуді және т.б. шараларды тәжірибе мөлдектерінің барлығында уақытты созбай жүргізеді.Арамшөптермен күресуге ерекше көңіл бөлінеді, өйткені олар нұсқаларды салыстыруын бұзады. Тәжірибедегі арнайы жұмыстарға жалды жасау, тазалау жіп бойынша танаптар соңын тексеру , қорғаныш алқабын жасау, қазықтар мен этикеткаларды уақытысымен қою және т.б. жатады.
29-билет.
29.1. Мөлдекті не себепті істен шығарады?Бүтін мөлдекті есептен шығару немесе істен шығару келесі негізге байланысты болады: 1.Зерттелетін дақылдар табиғи құбылыстың әсерінен біркелкі емес зақымдалғанда, яғни тәжірибедегі зерттелмейтін себептерден зақымдалса. 2.Мал,құс,кеміргіштердің әсерінен кездейсоқ зақымдалса.3. Тәжірибені қойғанда және жүргізгендегі қателіктер. Мөлдектің есепке алынатын учаскесін есептен шығаруға байланысты 50 пайызға кішірейтуге болады. Одан көбірек кішірейтсе онда мөлдекті түгел істен шығарады. Бүтін мөлдекті есептен шығару мен істен шығару тәжірибе нәтижесін бұрмалайды. Есептен шығарылған мөлдекті салыстыратын түрге келтіру үшін оның нәтижесі статистикалық әдіспен орнына келтірілу керек.
29.2 Астық және астық бұршақ дақылдарының өнімін есепке алу. Астық дақылдардан жинауға бейімделген әдеттегідей немесе арнайы кішігабаридті өздігінен жүретін комбайнды қоолданады. Бұл әдіс әсіресе ұзынша мөлдектерде өнімді жинауға ыңғайлы. Комбайн бір жүріп өткенде мөлдектің орташа есепке алынатын бөлігін жинайды. Сол комбайнмен қорғаныш алқабын жинайды және қайталаулар арасын шауып тастайды. Комбайнды қолданғанда бүкіл өнімді жинауда осы дақылдағы жұмысын оптималды тәртіпке қойып, оны өте қатаң сақтаған маңызды болады. Екі мөлдектің арасындағы бос 3-4 мин. астықты бастыруға дәнді комбайн бункерлерін қапқа толтырып және этикеткаға қоюға жеткілікті.
29.3.Егістің сиректенуін қандай әдістермен түзетуге болады? Сирек орналасатын өсімдіктермен жүргізілген тәжірибеде бос орын мен көрші өсімдіктерге әсерін есеке алудың маңызы үлкен. Картоп және қант қызылшасы егісіндегі зерттеулер, бір өсімдіктің түсіп қалуы егер ол өнімді жинауға ұзақ уақыт болса онда бос орын мен шекаралас жатқан өсімдіктердің өнімділігін 20-50 пайыз жоғарылатады, сондықтан сиректенудің тәжірие нәижесіне әсерін жою үшін ковариациялық талдау әдісін қолданады. Сиректенуді түзету қолдану, өсімдіктің түсіп қалу зерттелетін факторлармен байланысты болмағанда және 20 пайыз аспағанда ғана қолданылады. Сиректену көрсетілген мөлшерден жоғары болса мөлдек түгел істен шығарылады, ал егер барлық есепке алынатын өсімдіктің 4 пайызы түсіп қалса немесе сиректену зерттелетін факторға байланысты болса, онда сиректенуге түзету жасалынбайды.
30-билет.
30.1. Танаптық жұмыстардың түрлері қандай? 1.Тыңайтқыш енгізу.Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды олардың әсерін зерттеуге немесе агротехникалық жалпы фоны ретінде беріледі. Тыңайтқыш беруге қойылатын негізгі талап-мөлдектерде оларды біркелкі бөлу. Органикалық тыңайтқыштарды тіпті оларды фон ретінде қолданса да, жалпы массасы мен аудан бірлігіне қарай, міндетті түрде мөлдектерге береді. Бұл тыңайтқыштар құрамы, шығуы,ыдырау дәрежесі мен ылғалдылығы жағынан мүмкіндігінше біркелкі болуы керек. Мөлдектерге бөлуден бұрын тыңайтқыштарды жақсылап араластыру қажет. Көңді және басқа да органикалық тыңайтқыштарды тәжірибе мөлдектеріндегі үймеде бір күннен артық қалдыруға болмайды.
30.2. Агрономиялық зерттеу мәліметтерін алғашқы өңдеуге не жатады? Агрономиялық зерттеу мәліметтерін өңдеу, мысалы, танаптық және вегетациялық тәжірибелер, бақылаулар,есептеулер мен талдаулардан тұрады: 1. Алынған мәліметтерді агрономиялық талдау.2. Алғашқы материалдарды сандық өңдеу. 3. Зерттеу нәтижелерін статистикалық бағалау. Танаптық тәжірибеден алынған мәліметтерге агрономиялық баға беріп , әдістемені және танапты тәжірибені жүргізу ережесін талдап барлық жазылған жазуларды тексергеннен соң эксперименттердегі деректерді өңдеуге кіріседі.
30.3.Өнім кестесін жасауды неден бастайды? Қойылған кез келген тәжірибеде алғашқы өңдеуді мөлдектегі өнімді бір гектардан центнермен алынған өнімге айналдырудан бастайды. Бұл есептеуге мынандай деректер қажет: мөлдектің есеп жүргізілген көлемі және одан жиналған өнім. Есептеуді жеңілдету үшін коэффициентін аудару шығарады: мысалы, егер есеп жүргзілген көлем 500 м2тең болса, ал алынған өнім кг мен есептелсе, онда гектардан центнермен алынған өнімді аудару коэффициенті мынадай болады: 10000:500×100,5 кг=0,2. Егер мөлдектен алынған өнім 110,5 кг болса онда гектардан алынған өнім мынандай болады: 110,5×0,2=22,5 ц.

Приложенные файлы

  • docx 3105491
    Размер файла: 55 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий