?оштасу 4 сынып


«Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі»
КММ-нің 4-сынып білім алушыларының «Қош бол, бастауышым»
атты концерттік бағдарламасы
№ Мазмұны Күні: 19.05.2016ж
Уақыты: 11:00
Жүргізушілер: 1-жүргізуші – Төлеубай Нұрай,
2-жүргізуші – Төлеухан Әділхан.
Фанфары. Вальс 4-сынып оқушыларының «Вальс» биі. (хабарланбайды)
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі бастауыш сынып түлектерінің «Қош бол, бастауышым» атты мерекелік кешіне (бірге) қош келдіңіздер! 
2-жүргізуші: Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді бүгінгі қуанышына ортақтасайық!
1-жүргізуші: (Музыка ойнап тұарды) Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 - сыныптарды ортамызға!
Сіздердің алдарыңызда Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында бастауыш сыныппен қоштасып тұрған Қазақстан Республикасының болашақ президенті, министрлері, академиктері, профессорлары және бизнесмендері!
2-жүргізуші: Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық қамқорлығым деп түсінген мектебіміздің директоры Сыздыкова Санура Хамзаевнаға сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші: Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
2-жүргізуші:
Дұрыс айтасың Нұрай ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.
1-жүргізуші:
Олай болса Әділхан Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
2-жүргізуші:
(Ән Мектебім) Ортада Сарсембаева Асылай, Кәрімхан Айым, Ермекова Арайлымның орындауында «Мектебім» әні. Тамашалаңыздар!
1-жүргізуші: (Презентация
Қазақстан туралы) IV. Ел ертеңі көз алдымызда
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын жаңа бағдарламаны жариялады.
2-жүргізуші: Еліміз 2050 жылға дейін алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарынан орын алады деген.
1-жүргізуші: Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Біздің ендігі міндетіміз, егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.
2-жүргізуші: Біздің мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
1-жүргізуші: Білімді адам қор болмайды дегендей, болашақ Қазақстанның ел ертеңі ортамызда.
2-жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Нұрай?
1-жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың Айнұр, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
1-жүргізуші: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
2-жүргізуші: Өлең оқу
Болаткан Нурай «Достық»
Алпысбай Жалын «Мектеп»
Амангазина Айгерім «Ұстаз»
1-жүргізуші: Иә осыдан 4 жыл бұрын, осы оқушылар 6 жастағы сәби - сөмкелерін зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған еді.
2-жүргізуші: Енді міне сауаттарын ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұр.
1-жүргізуші: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде ұстаз аналары сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
2-жүргізуші: Ендеше бастауыш сыныбы туралы неге біраз өлең шумақтарын арнаса қалай қарайсың?
1-жүргізуші: Өте жақсы. Ортаға Тұрсұнбай Еркебұлан, Серікбаева Аяжан, Тұрлыбеков Тимур, Сүндетпай Ислам, Тәңірберген Нұрберген, Асылханова Жанеркені ортаға шақырайық.
Тұрлыбеков Тимур Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Серікбаева Аяжан Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан.
Тұрсұнбай Еркебұлан Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға. 
Тәңірберген Нұрберген Бастауышым- бал бұлағым,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Асылханова Жанерке Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
Сүндетпай Ислам Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
«Қуыршақтар» биі Орындайтын 4-сынып қыздары.
2-жүргізуші: Нұрай, біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
1-жүргізуші: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген, Суыққа шалындырмай, мәпелеген. Өмірдің соқпағымен өрге тартып, Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.
2-жүргізуші: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
1-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың Әділхан. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
2-жүргізуші: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
1-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Олай болса ата-аналарымызды балапандарына жылы лебіздерін білдіруге ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Күмбірлей күй естілсе домбырадан,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған -, дей келе ата-аналарымыздың құрметіне Ерланов Ерсінді «Домбыра» әнімен қарсы алайық!
2-жүргізуші: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін1-жүргізуші: 2-жүргізуші: 1-жүргізуші: 2-жүргізуші: 1-жүргізуші: 2-жүргізуші: 1-жүргізуші: 2-жүргізуші: 1-жүргізуші:

Приложенные файлы

  • docx 1542337
    Размер файла: 54 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий