Клиника емтихан


1 1 1 Амбулатория — учаскелік-аумақтық белгілері бойынша қала типіндегі ауыл, өнер-кәсіп мекемесі немесе ауылдық участкіге көмек көрсету үшін қызмет жасайтын емдік профилактикалық мекеме. Амбулаторияда тек негізгі мамандықтар бойынша дәрігерлер қабылдау жасайды: терапевт, хирург, тіс дәргері. Амбулатория штатында дәрігерден басқа фельдшер, акушер, мейірбикелер және санитарлар бар. Кабинеттері: дәрігерге дейінгі қабылдау, электрокардиографиялық тексеру, егу бөлмесі. Жұмыс принципі емхана секілді.
1 1 2 Антисептика – зақымданған тері мен шырышты қабаттарда инфекциялық үрдісті қоздыра алатын микроағзаларды жаппай жоюға бағытталған емдік-профилактикалық іс-шаралардың кешені. Антисептика құралдары ретінде 70% этил спирті, 5% йодтың спиртті ерітіндісі, 0,5 - 2% хлорамин ерітіндісі және т.б.Осылайша, антисептика жараға еніп үлгерген бактерияларға қарсы бағытталған, яғни емдік маңызға ие. Ал, асептика болса, инфекцияның жараға енуін болдырмайды, сондықтан, профилакикалық маңызды иемденеді.
1 1 3 Асептика – емдік және диагностикалық іс-шаралар кезінде адам ағзасының қуысына, тіндеріне, сондай-ақ зерттеу материалдарына, лабораториялық зертеулер барысында пайдалы орта мен екпелерге сыртқы ортадан микроағзалардың түсуін (енуін) алдын-алуды қарастыратын іс-шаралардың күрделі жүйесі. Асептика – медициналық қолданыстағы бұйымдардың стерилизациясын, медицина қызметкерлерінің қолдарын хирургиялық өңдеу, жұмыс барысында ерекше санитарлық-гигиеналық ережелерінің қолданылуын қарастырады.
1 1 4 Қол деконтаминациясының мақсаты:
1 –ыдырау өнімдерін және микроорганизмдерді жою;
2 –пациенттің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3 – жеке гигиенаның және тазалықтың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету;
4 – микроорганизмдердің өсіп- өнуін тоқтату.
Медициналық персонал әр науқасты тексерер алдында, емшараны орындағанға дейін және орындағаннан кейін, бөлімені тазалағаннан кейін, іш –киімді ауыстырғанда, әжетханадан соң және т.б. кезде қолды жууға тиіс
1 1 5 Пастеризация дегеніміз не?
Пастеризация – 60 минутта 60 °C-қа дейін, немесе 30 минутта 70—80 °C-қа дейін жиіде сұйық заттарды бір реттік өңдеу әдісі. HYPERLINK "https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B8%D1%89%D0%B0" \o "Пища" Ас тағамдарын зарарсыздандыру мен олардың қолдану ұзақтығын сақтау үшін қолданылады. Мұндай өңдеу салдарынан микроағзалардың вегетативті түрі жойылып, споралары сақталып, жағдайы туғанда дами бастайды. Сондықтан да, пасерленген тағамдарды (сүт және т.б.) төмен температурада шектеулі уақыт қана сақталады. Пастерленген тағамдар өңдеу нәтижсінде құндылығын, дәрумендерін ферменттерін толыққанды сақтап қалады деген түсінік бар.
1 1 6 Дезинфекциялық заттарға қойылатын талаптар?
Дезинфекциялық заттарға қойылатын негізгі талаптар:
жоғары бактерицидтілік;
адамдарға зиянсыз болуы;
өңделуші заттардың құртылуын болдырмауы;
суда еруі;
сақтаудағы тұрақтылығы;
қолданудағы ыңғайлылығы;
органикалық заттардың қатысуымен бактерицидті әсерінің сақталуы;
өндірісінің арзандылығы.
Тәжірибеде дезинфекция үшін көптеген химиялық заттар, олардың қосындылары қолданылады. Дезинфекциялық заттар қоздырғаш түріне, өңделетін зат құрылымына, қоршаған орта шарттарына байланысты таңдалады.
1 1 7 Деохлор ерітіндісіне сипаттама беріңіз?
«Деохлор» құралы салмағы 3,4 гр қамтитын дәрілер түрінде келеді, оның құрамында 1,5 г (44,2%) белсенді хлорлы дихлоризоциануралық қышқылының қызметтік заты - натрий тұзы бар. Оның бактерияға қарсы, вирулицидтік және фунгицидтік қасиеті белгілі. Асқазанға енгізілгендегі қалыпты-қауіпті заттардың 3 классына жатқызылады. Белсенді хлоры 0,1% немесе одан да жоғары шоғырлануы жағдайында тыныс алу ағзалары мен көздің зақымдануын туғызады.
1 1 8 Стерилизация үшін қолданылатын металдық бикстің түрлерін атаңыз?
Стерилизация үшін қолданылатын металдық биксы (6-ші сурет), диаметрі 16 см (кіші бикстер) және 45 см (үлкен бикстер), 25 см (орташа бикстер) және көптараған дөңгелек бикстер шығарылады.
Будың барабан ішіне өтуі үшін,металды терезелі белдеменің ауысуы арқылы сәйкесінше тесік топтарына ашылып жабылатын бикстің айналасында тесіктер жасалған. Биктің герметикалығын белдеменің барабан қабырғасына қысатын, қысылатын құрылғы қамтамасыз етеді. Құрылғының жұмысын барабанға таңатын материалдар мен киімді саларда тексеру қажет, герметикалық бұзылыста бикстің ішіндегілер инфицирленуі мүмкін. Бикстерді ішінен және сыртынан 0,5%-тік мұсатір спирті ерітіндісімен сүртеді, содан кейінжанындағы тесіктерді жауып тұрған бикстің қабырға жағына дөңгелек пластинканы итереді, қақпағын ашып бикстің түбіне және бикстің қабырғасына салфеткамен, төсенішпен жабады.
1 1 9 Гектикалық қызба дегеніміз не?
Гектикалық немесе әлсірететін (қажытатын) қызба (febris hectica) дене температурасы үлкен тәуліктік тербелісімен сипатталады (3°жоғары) және қалыпты, не субқалыпты сандарға бірден түсуімен сипатталады, ремиттирленген қызбаға қарағанда температураның тербелісі жоғары; септистік жағдайларда және туберкулездің ауыр формасында кездеседі
1 1 10 Жас шамасына сәйкес физиологиялық тыныштық кезінде тыныс алу жиілігінің қалыпты жиілігін атаңыз?
1 2 1 Ауруханада қызмет атқарушы жұмысшыға тиым салынады?
1 2 2 Науқас қақырығын диагностикалық зерттеуге тапсырар алдында, ауыз қуысын немен өңдейді және іс-әрекетін жазыңыз?
1 2 3 Асептика ережесін бұзу кезінде тері астылық егудің асқынуын және сипаттамасын беріңіз?
Сепсис деп аталады.
1 2 4 Медициналық көмектің түрлерін атаңыз және сипаттап жазыңыз?
1.1 Медициналық көмектің түрлері:
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
Біліктілікті медициналық көмек;
Арнайы мамандандырылған медициналық көмек;
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек;
Медициналық -әлеуметтік көмек.
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - орта медициналық білімі бар қызметкерлермен жүзеге асырылады. Төтенше жағдайда медициналық көмек арнайы білімі жоқ азаматтармен де көрсетіле алады: өзіндік көмек, қоршаған адамдардың көмегі, санитарлық нұсқаушы, «әлеуметтік» мамандықтың өкілдері (парамедиктер)- полиция, өрт сөндірушілер және басқа да шұғыл жағдай қызметшілері, қоғамдық көлік жүргізушілері.
Біліктілікті медициналық көмек - жоғарғы медициналық білімі бар қызметкерлерімен диагностикалау, емдеу мен медициналық сауықтандыру әдістерін талап етпейтін ауруларды қарағанда көрсетіледі.
Арнайы мамандандырылған медициналық көмек – «түрлі мамандардың» (кардиолог, невропатолог және т.б.) кеңесі ретіндегі немесе көпсалалы аурухана бөлімшелерінде медициналық сауықтыру мен емдеу, диагностикалауды қажет ететін ауруларда профильді мамандармен жүзеге асырылады.
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек – диагностикалаудың жаңа заманауи технологиялар, емдеу мен медициналық сауықтыруды қажет ететінауруларда профильді мамандармен орындалады (мысалы, эндовидеохирургия, трансплантация).
Медициналық-әлеуметтік көмек – әлеуметтік маңызды аурулармен ауыратын азаматтарға профильді мамандармен көрсетіледі. Қазақстан Республикасы вирусты үкіметінің 2009 жылдың 4 желтоқсанында қабылданған қаулысы бойынша әлеуметтік маңызыбар ауруларға: туберкулез, ЖИТС, вирусты гепатит В,С, қатерлі ісік аурулары, қант диабеті, психикалық ауытқулар.балалардың церебральды сал ауруы, миокард инфарктісі (алғашқы алты ай), ревматизм және т.б.
1 2 5 Көмірсулар адам организіміне не үшін қажет және неге әсер ететінін түсіндіріңіз?
Көмірсулар ағзадағы негізгі энергия көзі болып табылады. Көмірсулар ішектің және ішек флорасының қызметін қалыпқа келтіруге және холестерин мен өттің бөлінуіне қажетті. Олар бұлшықеттің, жүйке жұмысының, жүректің жұмысына маңызды. Ересек адамдарла тәуліктік қажеттілігі – 400-500 г.
Көмірсулар өсімдік текті тағамдардың құрамында болады.: көкөністер, жемістер, тәтті өнімдерде, балда, нанда, жармада, саңырауқұлақта, жаңғақта, тәтті шырындарда.
Көмірсулардың жеткіліксіздігі май және ақуыз алмасудың бұзылуына әкеледі: ағза энергия көзі ретінде тағамдағы ақуыздар мен майларды және бұлшықет тініндегі майларды қолданады. Қанда май қышқылдарының қалдық өнімдері және кейбір амин қышқылдары кетондар жиналады. Кетондардың шамадан тыс жиналуы ағзаның ішкі ортасын қышқыл жаққа бағыттап ми тіндерін уландырып, есін жоғалтып, ацидозды кома тудыруы мүмкін.
1 2 6 Сынапты термометрдің артықшылығы мен кемшілігін жазыңыз?
Сынапты термометр капиллярдан тұратын шыны колба, оның ішінде сынап болады.  Оның әсері температура өзгергенде сынаптың кеңею қабілетіне байланысты негізделген. Сынап бағанасы ысыған кезде жоғары нүктеге көтеріледі де, суығанда қайта түспейді. Қайтадан бастапқы қалыпқа түсіру үшін, қызуөлшегішті сілкілеуіміз қажет.
Артықшылығы:
Температураны өлшеудің жоғары дәлдігі (кемшілік жіберуі 0,1°)
Температураны өлшеу әдістерінің алуан-түрлілігі (қолтық асты, ауыз арқылы, ректалды).
Ұзақ уақыт қолданады (егер қызуөлшегішті түсіріп алмай және онымен абайлап жұмыс істесе, сынапты термометр сына қоймайды). Сонымен қатар кезеңді түрде батарейкасын ауыстыруды қажет етпейді.
Дезинфекция жасауға еш кедергі жоқ (бірақ қайнатуға болмайды).
Қызуөлшегіштің арзан бағада болуы.
Жетімсіздігі:
Қызуөлшегіштің корпус құрылымы өте нәзік және осал болғандықтан, тез сынып қалады және улы сынаппен ластануы және шыны сынықтары шашылуына әкеледі.
Температураны өлшеу уақыт ұзақтығы —10 минуттай.
Термометрдің сүйір пішінде болуы, ректалды өлшегенде «жоғалтып алу» қаупін жоғарылатады.
Кішкентай балаларға ауыз арқылы қолданбағаны дұрыс.
1 2 7 Мейірбикелік тексерудің қанша әдісі бар және ол әдістерді анықтаңыз?
Мейірбикелік тексеру екі әдіспен жасалады:
Субъективті тексеру әдісі – пациенттен ол туралы жалпы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, жасы); олардың шағымдары мен сезім күйлерін; бейімделу реакцияларының болжамалы өзгерістері; науқастың қажеттерінің қанағаттандырылмаған жерлерін анықтау.
Объективті тексеру әдісі – бұл науқастың қазіргі кездегі жағдайын білуге арналған бақылау. Оларға науқастың антропометриялық көрсеткіштері, сана-сезімінің күйі, қажеттіліктердің бұзылуы, бет-әлпеттің көрінісі, төсектегі жайы, тері қабаты мен көзге көрінетін шырышты қабықтардың күйі, дене температурасы, тыныс, пульс, артериальді қысым, физиологиялық қажеттіліктерін жүзеге асыру.
1 2 8 Соңғы кезде бір рет қолданылған резеңке қолғаптарды қандай әдіспен залалсыздандырады және іс-әрекетін көрсетіңіз?
Резеңке қолғаптар жөнінде ерекше айтып өтуге болады. Соңғы кезде бір рет пайдаланылатын қолғаптарға сәулелік залалсыздандыру әдісі жүргізіледі. Көп рет пайдаланылатын жағдайда, оларды автоклавта арнайы режимде залалсыздандырады: залалсыздандыру алдындағы өңдеуден кейін кетіреді, тальк себеді (бір-біріне жабыспас үшін) дәкеге орап, бикстерге салады да 1,1 атм. 30-40 минут немесе 1,5 атм.-15-20 минут автоклавта залалсыздандырады
1 2 9 Дегмин және Дегмицитпен қолды өңдеу тәсілін түсіндіріңіз?
Беткей белсенді заттар (детергендер) тобына жататын антисептиктер.
Әдіс: 5-7 минут ішінде ерітіндіге қолды салып жуады, соңынан қолды залалсыз матамен сүртеді. Кемістігі- әдістің ұзақтығы
1 2 10 Қолдың деконтаминациясының қанша түрі бар және сипаттап жазыңыз?
Қолдың деконтаминациясының үш деңгейін белгілейді: әлеуметтік, гигиеналық, хирургиялық.
Әлеуметтік деңгей (қолдың әдеттегі жууы) – аз ластанған қолды сумен немесе сабынмен жуу (зарарсыздандырғыштар қолданылмайды) терідегі көп мөлшердегі транзиторлы микроорганизмдерді жояды. Қолды әлеуметтік өңдеу тамақты пайдаланар алдында, әжетханадан соң, наусқасты тексерерде және тексеріп болғаннан соң, қол ластанғанна соң өткізіледі.
Гигиеналық деңгей – қолды жуу үшін зарарсыздандырылған заттарды пайдалану; бұл микроорганизмдерді жоюға және кетіруге арналған өте тиімді әдіс. Қолдың гигиеналық өңдеуі алдымен инвазия рәсімнің орындалуымен ескеріледі, иммунитеті төмен науқасты тексеріп болғаннан соң, жаралармен немесе несеп шығаратын катетермен жұмыс жасағаннан соң, қолғапты киерде және қолғапты шешкеннен соң, организмдегі биологиялық сұйықтықпен жанасқанда немесе микробтық ластанудан соң пайдаланылады.
Қолды гигиеналық өңдеу 2 кезеңнен тұрады: қолды механикалық тазалау және антисептикпен қол терісін залалсыздандыру.
Хирургиялық деңгей – әр хирургиялық қабаттасушылықта өткізіледі, емделушінің терідегі жабынның тұтастығының бұзушылығымен жүргізіледі, микроорганизмдердің операциялық жараға немесе операциядан кейінгі инфекциялық қозуға әсер етуін алдын – алу үшін жүргізіледі.
1 3 1 Хирургиялық қолды өңдеудің ережелерін ретімен атап көрсетіңіз?
1 3 2 Операциялық бөлменің температурасын табыңыз?
Палаталардағы ауа температурасы +20°С, таңу, балаларбөлімшелерінде және жуыну бөлмелерінде +22-25°С, операция және бала туу бөлімшелерінде болу керек +25°С.Бөлмелердегі ауа температурасы бірқалыпты болуы шарт. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-60% болу керек.
1 3 3 Қолды Хлоргексидинмен өңдеудегі іс-әрекетті жазыңыз?
Хлор гексидиннің 0,5 % спирттік ерітіндісі пайдаланылады
Әдіс: 2-3 минут ішінде ерітіндіге малынған тампонмен 2 рет қолды өңдейді. Салыстырмалы кемістігі-әдістің ұзақтығы.
1 3 4 Бикстерде зат-саймандарын орналастырудың қанша түрі бар екенін көрсетіңіз?
Бикске салудың универсалды, мақсатты, түрлі (видовая) түрлері бар:
Универсалды бір бикске бір түрдегі халаттар салынған, салфеткалар, мақта шариктер.т.б.
Мақсатты үлкен операцияға арналған таңу материалы мен жаймалар салынады.
Түрлі кезінде бір операцияға арналған барлық материал бір бикске салынады.
1 3 5 Сүт, ірімшік, сүзбе тағамдары белгіленетін диета түрін табыңыз?
14-столдық диета
Көрсеткіш: зәр тұнбасына фосфор-кльций тұздарының бөлінуімен жүретін бүйрек-тас аурулары (фосфатурия). Тағайындау мақсаты: зәр тұнбасына фосфор-кльций тұздарының бөлінуіне кедергі беретін және олардың ағзадан шығарылуына қолайлы жағдай туғызу.
Жалпы сипаттамасы: ақуыз, май, көмірсулар құрамы бойынша, калориясы барлық физиологиялық қалыпты мөлшерге сәйкес диета. Кальцийге бай сілтілендіру әсерін беретін тағамдарды шектеу(сүт өнімдері, ірімшік, көкөністер және жидектер), олар зәр реакциясын қышқыл ортаға өзгертеді (нан, ұннан пісірілген тағамдар, жарма, ет, балық). Сұйықтық көп мөлшерде (қарсы көрсеткіш болмаса), сұйықтықтың жалпы мөлшері 1,5-2 л.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4 рет, арасында және аш қарынға су ішу.
1 3 6 Жағдайы ауыр науқастарды зеңбілден төсекке ауыстыру әдістері.
Жағдайы ауыр науқастарды ауыстыру әдістері:
параллельді әдіс – кереуетке параллельді, зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына 2-3 метр аралықта орналастыру
бұрыш асты әдісі: зеңбілдің аяқ жағын кереуеттің бас жағына перпендикулярлы қояды немесе керсінше, зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына перпендикулярлы қояды
реттік әдіс: зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына қою
1 3 7 Қант диабетімен ауыратын науқастың тамақ рационында органикалық заттардың қайсысын азайту көзделетінін табыңыз?
Көмірсулардың шамадан тыс мөлшерде болуы семіздікке, қантты диабеттің дамуына әкеп соқтырады.
1 3 8 Бас битін жою үшін, науқастың шышын қысқа қылып қиып тастау әдісі қолданылады. Егер науқас оған қарсы болса сіз қандай ерітінді қолданасыз?
Егер науқас шашын қиюға қарсы болса, өсімдік майына қосылған керосинді қолданамыз. Оны бастың шаш бөлігіне жағып, сыртынан қатты қағазбен жауып, оның сыртынан бас киім кигізіп қояды. 8-10 сағат өткен соң шашты ыстық сумен сабындап жуады.
1 3 9 А классты қалдықтар ЕСМ қай жерлерде болуы тиіс? А классты қалдықтарды жинау ережелерін атаңыз?
А классты қалдықтарды құрайды:
1) әкімшілік-шаруашылықбөлмелері;
2) тамақ блогі, буфетте, асханада, палаталарда;
3) азық-түлік қоймалары, көкөніс сақтайтын жер;
4) аурухана айналасы.
А классты қалдықтарды жинау ережелері:
Қалдықтарды көп рет қолданылатын ыдыстарға немесе пластикалық қаптарға (пакеттерге)жинау қажет. Көп рет қолданылатын ыдыстардағы қалдықтар мекеменің аймағына қойылған контейнерлерге салынады. Бір реттік қаптар (пакеттер) қалдықтармен бірге контейнерлерге салынады. Көп рет қолданатын ыдыстарды қалдықтан босатқан соң, жуу қажет.
Жұқпалы ауруханадан (бөлімше) басқа мекемелердің бөлімшелеріндегі тамақ қалдықтарын (сұйық, қатты) «тамақ қалдықтары үшін» деген маркирі бар темір немесе пластикалық ыдыстарға жинау қажет және малдардың жеміне қолдануға болады. Тамақ қалдықтарына арналған ыдыстар жуылып, залалсыздандырылуы керек.
1 3 10 Емханадағы хирургиялық кабинет қанша бөлмеден тұратынын талдап көрсетіңіз?
1. Дәрігердің қабылдау бөлмесі: 2. Таза және іріңді таңып-байлайтын бөлме: 3. Жеңіл амбулаториялық операция жасайтын бөлме
2 1 1 Госпиталь дегеніміз не және түрлері атаңыз?
Госпиталь – жұмыс жасайтын және қызметте болған әскери қызметкерлерге, ардагерлерге, соғыс мүгедектеріне, сонымен қатар соғыс әрекеттерінде зардап шеккен адамдарға емдік-диагностикалық көмек көрсетуге арналған мамандандырылған емдік-алдын-алу мекеме.
Госпиталь түрлері:
орталық;
қарулы күштер түрі;
аймақтық;
гарнизондық;
Соғыс уақытында ұйымдастырылатын госпитальдар:
жазықтық жылжымалы;
эвакуациялық;
армияға көмек беретін әскери бөлімдер
2 1 2 Термометрдің қанша түрі бар және оларды атаңыз?
Дене температурасын медициналық термометрмен өлшейді (қызуөлшегіш). Термометрдің келесі түрлерін ажыратады: сынапты, электронды немесе сандық, инфрақызыл.
2 1 3 Пероральді тамақтану- бұл?
Ауыз арқылы (пероральды) тамақтандыру.
Жалпы режимдегі пациенттер асты асханада ішеді. Қозғалысы шектелген режимдегі науқастар тамақты палатасында ішеді. Төсек тартып жатқан науқастарды тамақтандыу үшін кереуеттің үстіне науқастың алдына қойылатын үстелше қолданылады. Пациенттің кеудесін және мойнын сүлгімен жабады. Жағдайы ауыр науқастарды оған ыңғайлы жағдайда жатқызып, басын шамалы көтереді. Әлсіз науқастарды қасықпен тамақтандырады. Ал сұйықтық және сұйық тамақтарды ішкізу үшін арнайы су ішкізетін ыдыстармен береді. Күтуші адам бір қолымен пациенттің басын көтеріп, ал екіншісімен қасықта немесе су ішетін ыдысты науқастың аузына жақындатады
2 1 4 Тәулік бойы адамның қоладанатын сұйықтық мөлшері?
Су дене салмағының 60% құрайды. Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Суға тәуліктік қажеттілік 2,5 литрге жуық. Егер тамақсыз 50 күн өмір сүруге болса, сусыз бір апта да өмір сүру мүмкін емес, адам 5 күннен кейін өледі.1-2% су жоғалтқанда адам шөлдейді, 10% - галлюцинация басталады, 12% адам арнайы медициналық көмексіз қалыпқа келмейді, ал 20% өлім туады.
2 1 5 Аурухананың қабылдау бөлімінің негізгі қызметтері.
Аурухананың қабылдау бөлімінің негізгі қызметтері:
науқастарды қабылдау және тіркеу;
қарау, науқастарды біріншілік тексеруден өткізу және көрсеткіштері бойынша лабораториялық экспресс-диагностика жүргізу;
науқастарды сұрыптау;
шұғыл мамандандырылған медициналық көмекті көрсету;
санитарлық өңдеуден өткізу (толық немесе жартылай);
медициналық құжаттарды толтыру;
науқастарды аурухананың емдеу бөлімшелеріне тасымалдау.
2 1 6 Қай диета жалпы үстел деп аталады және сипаттама беріңіз?
HYPERLINK "http://old.smed.ru/guides/cure/CU26/CU30/64943/" Диета № 15 – Жалпы үстел

Жалпы сипаттамасы: ақуыз, май, көмірсулар құрамы сау адамдарды тамақтандырудың нормаларына сай. Дәрумендердің мөлшері екі еселенген. Тағам әртүрлі өнімдерден тұрады. Қиын қорытылатын тағамдар: майлы ет, тәтті қамыр, кептірілген өнімдер, шұжықтар шектелінеді. Қоспалар аз мөлшерде беріледі.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4-5 рет беріледі. Соңғы тамақ жеңіл болуы қажет (тәуліктік калорияның 6-10% -ы) және ұйықтардан 1,5-2 сағаттан бұрын айран, сүт немесе шырын, көкөністер.
2 1 7 Сау адамның тамақтану рационында тәуліктік ақуыз мөлшері құрау қажет?
2 1 8 Мейірбикелік үрдістің кезеңдерін атаңыз?
Мейірбикелік үрдістің
Бірінші кезең – мейірбикелік зерттеу
Екінші кезең – мейірбикелік диагностика (науқастардың мәселелерін анықтау)
Үшінші кезең – мейірбикелік кірісулерді жоспарлау және мақсаттарын анықтау
Төртінші кезең – мейірбикелік кірісулердің жоспарын жүзеге асыру
Бесінші кезең – мақсатқа жету кезеңін анықтау және нәтижені бағалау
2 1 9 Ақаулы ентігу түрлерін атаңыз?
Ақаулы ентігу түрлері
Инспираторлы ентігу- жоғары тыныс жолдарында механикалық кедергіге байланысты дем алудың қиындауы. Инспираторлы ентігу көмей стенозы, ірі бронхыны ісік басқанда және т.б. болады.
Экспираторлы ентігу – ұсақ бронхылар тарылғанда дем шығарудың қиындауы. Науқастар өкпеден ауаны сығып шығарғандай сезімде болады. Экспираторлы ентігу бронх демікпесі, өкпе эмфиземасы бар науқастарда байқалады.
Аралас ентігу (дем алу мен дем шығарудың қиындауы) «асқынған» өкпе аурулары кезінде және жүрек жеткіліксіздігінде пайда болады. Ентігудің асқынған дәрежесі тұншығу деп аталады. 
2 1 10 Деконтаминация дегеніміз не?
деконтаминация- қорғау және жою мақсатындағы микроорганизмдерді құрту және жою үрдісі.
2 2 1 Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан айырмашылығын атаңыз?
Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан айырмашылығы
Дәрігерлік диагноз ауруды анықтайды, ал мейірбикелік диагноз науқастың мәселелерін анықтауға бағытталған (синдромдық диагноз).
Дәрігерлік диагноз барлық ауырған уақытта өзгеріссіз қалуы мүмкін, ал мейірбикелік диагноз жиі өзгеруі мүмкін, ағзаның аурумен әрекеттесуіне байланысты күнде өзгеруі де мүмкін.
Дәрігерлік диагноз көбінесе біреу болады, мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін (4-6).
Дәрігерлік диагноз дәрігерлік тәжірибеге байланысты емдеуді қамтиды, ал мейірбикелік диагноз – медициналық манипуляцияларды қамтиды.
Дәрігерлік диагноз ағзада пайда болған патофизиологиялық өзгерістерге байланысты. Мейірбикелік диагноз науқастың өз денсаулығы жайлы көзқарасына байланысты.
Мейірбикелік диагноз – бұл мейірбикелік зерттеудің барысында орнатылған науқастың денсаулығының бағалануы, бұл мейірбике өзі ескерте немесе/және шеше алатын мәселенің қалпы.Бұл көбінесе науқастың шағымдарына негізделген симптомды немесе синдромды диагноз.
Мейірбикелік диагнозда ауру қарастырылмайды (бұл дәрігердің мақсаты), мейірбикелік диагнозда науқастың өз ауруына реакциясы қарастырылады, сондықтан диагнозды құру кезеңінде науқастың өмірінің барлық сфералары ескеріледі. Физиологиялық, психологиялық, жандүниелік және әлеуметтік диагноздарға бөлінеді.
2 2 2 Емдік-профилактикалық мекемелеріндегі тазалау түрлері атаңыз?
1) Қолды өңдейтін антисептиктер
2) Медициналық бұйымдарды зарарсыздандыру
3) Медициналық құрал – жабдықтарды, бөлмелерді және науқастарды күтуге арналған заттарды залалсыздандыру.
2 2 3 Клечаткаға бай тағамдарды көп тұтыну нешінші диетаға жататынын аңықта?
Диета №3Жалпы сипаттамасы: физиологиялық толық, ішектің моторлық қызметіне механикалық және химиялық стимуляторларды енгізу, ішекті босату және оның қозғалыс қызметін күшейтетін диета түрі (көкөністер, жаңа піскен және кептірілген жемістер, нан өнімдері, сүт қышқылы шырындары). Ішекте ашу және шіру үрдісін күшейтетін, өттің, асқазан және ұйқы безі секрециясын бөлінуін күшейтетін, бауыр және өт шығару жолдарының қызметіне кері әсер беретін тағамдар шектелінеді (эфир майларына, холестеринге бай тағамдар, қуырылған тағамдар). Тағамды суға немесе буға пісіреді. Көкөніс және жемістер шикі немесе суға пісірілген түрде.
2 2 4 Ваннаға әрбір науқас түскеннен соң жуудағы іс-әрекетті түсіндіріңіз?
2 2 5 Науқастың дене қызуын күніне қанша рет өлшейтінін анықтаңыз?
Науқастың дене қызуын күніне 2 рет өлшейді: Таңертең-ұйқыдан кейін, ашқарынға (сағат 7:00-9:00 аралығында) және кешке-күндізгі демалыстан кейінгі, кешкі асқа дейінгі уақытта (17:00-19:00 аралығында).
2 2 6 Қолды өңдеу барысында терідегі саңылауларды жабатын, жұқа пленка түзетін ерітіндіге сипаттама беріңіз?
2 2 7 Матаға оралып залалсыздандырылған құрал-саймандар мен жапқыштарды қанша сағат сақтауға болады?
Матаға оралып залалсыздандырылған құрал-саймандар мен жапқыштарды 24 сағатқа дейін қолданылуы тиіс
2 2 8 Қолға, мұрынға, құлаққа қан тигенде жүргізілетін өңдеуді түсіндіріңіз?
2 2 9 Тік ішектегі және қынаптағы температураның айырмашылығы?
Тері температурасынан 0,5-0,8 С жоғары
2 2 10 Арқасымен, ішімен, қырымен жатқан қалпында ойылуға бейім келетін жерлерді атаңыз?
Сегізкөз,құйымшақ,шонданай,үлкен ұршық,өкше,жауырын,тобықтың сыртқы бөлігі,желке,тізе,шынтақ.
2 3 1 Науқастың кеуде шеңберін өлшеу кезіндегі іс-әрекетті көрсетіңіз?
Шараның орындалуы:
1. Науқасқа кеудесіндегі киімдерді шешуін өтінеміз.
2. Науқастың қолын сәл жанына көтеруін сұраймыз.
3. Сантиметрлік лентаны артынан – жауырын бұрышынан төмен,алдынан – төстің IV қабырғадеңгейіне (емшек ұшы маңы тұсында) қояды.
4. Үлкен сүт бездері бар әйелдерде лентаны төстің үстінен терінің сүт безіне өтетін аралыққа қояды.
Кеуде клеткасы шеңберін демді ішке алу мен шығару кезінде өлшегендегі айырмашылық саны кеуде клеткасының қозғалысын көрсетеді және тыныс алу кезіндегі кеуде клеткасыныңэкскурсиясы деп аталады.
2 3 2 Аурухана ішілік инфекцияның берілу механизмдеріне қарсы іс-шаралар?
Науқастарды «іріңді» және «таза» топқа жіктеу;
Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша карантинді іс-шараларды кірістіру;
Медицина қызметкерлерінің қолын өңдеуі;
Операция аймағын, тері қабаттары, босану жолдарын өңдеу;
Бір ретті қолданылатын медицина құралдарын, арнайы киімдерді, дәретхана жабдықтары мен төсек жабдықтарын қолдану;
Іш киімдері мен төсек жабдықтарын кезеңді ауыстыру;
Кір киімді және таңу заттарын дұрыс сақтау, жою;
Бөлмелерді дұрыс санитарлық қадағалау;
Әр пациенттен кейін төсек жабдықтары мен күтім заттарын дезинфекциялау және стерилизациялау;
Дезинфекцияны, стерилизация алды тазалау мен стерилизация сапасын қадағалау.
Науқастарды бокс палаталарына жатқызылуына дейін баратындай бір-бірінен алшақ ұстау;
2 3 3 Санивап дезинфекциялық құралын сипаттаныз?
 «Санивап» дезинфекциялық құралы - салмағы 3,5 (±0,3) гр ақ түсті дөңгелек пішінді дәрі. Белсенді заты – дихлоризоциануралық қышқылдың натрий тұзы -73,0% және қызметтік құрамдас бөліктер: адипинді қышқыл, натрий гидрокарбонаты. Белсенді хлор массасы (1 дана дәріні суда еріткенде) 1,5±0,15 г. Микробқа қарсы әсері бактерияға (өкпе құрт ауруы микобактериясын қоса алғанда), вирусқа, қышыма қотырға жүреді.
ЕПМ-дегі бөлмелердің бедерін, қатқыл жиһаз, құрал-аппараттардың бедерін, медициналық қолданысқа арналған бұйымдарды, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарын профилактикалық, күнделікті және қорытынды жинастыру мақсатында қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыр (кандидоз, дерматофития), вирусық инфекция ошақтарын дезинфекциялауда жіті қолданады.
2 3 4 Қолды ультрадыбыспен өңдеу тәсілін көрсетіңіз?
Ыдысқа 0,5 % - тік гибитан сулы ерітінді арқылы ультра дыбыс жіберіледі. Қолды өңдеу уақыты 1 минут
2 3 5 Операция жасалатын аймақты Гроссих-Филончик-Пирогов әдісімен өңдеуді сипаттаңыз?
Операция жасалатын аймақты 10%-тік йод тұнбасымен 2 рет өңделгеннен кейін, үшінші рет жергілікті жансыздандырудан кейін, төртіншң рет тігіс салар алдында, бесінші рет тігіс сызығы бойынша өңдеу керек.
2 3 6 Дезинфекциялық препараттардың қорғалмаған теріге түсу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек?
Бактериологиялық әдіс. Бактериологиялық әдіс, залалсыздандырылған заттардан тікелей бактериологиялық егу алынады. Бұл әдістің нәтижесін 3-5 тәулік күту керек. Бұл уақыт ішінде заттың залалсыздығын сақтау қиын және экономикалық жағынан тиімсіз. Бірақ аудандық және қалалық санитарлы-эпидемиологиялық бақылау мекемелері, бір жылда, 1-2 рет жоспарлы түрде айтылған әдіспен тексеру жүргізеді.
2 3 7 № 4 диетаға сипаттама беріңіз?
Жалпы сипаттама: физиологиялық қалыпты мөлшердің төменгі шекарасындағы және қалыпты мөлшердегі ақуыз құрамы, асқазан-ішек жолдарының рецепторлы аппаратын және шырышты қабатын механикалық, термиялық және температуралы тітіркендірмейтін диета түрі. Ішекте ашу және шіру үрдісін күшейтетін, өттің, асқазан және ұйқы безі секрециясын бөлінуін күшейтетін, бауыр және өт шығару жолдарының қызметіне кері әсер беретін тағамдар шектелінеді тағамдар сұйық, қоймалжың, үгітілген, суға немесе буға пісірілген.
Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5-6 рет аз мөлшерден береді.
2 3 8 Дезинфекциялық препараттармен жұмыс жасау барысында тыныс алу жолдарында тітіркену пайда болған жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек?
2 3 9 Шашқа ниттифор ерітіндісін жаққаннан кейінгі іс-әрекетті көрсетіңіз?
Орамалмен басын орап, 40 минуттан соң шашын жылы суда су сабынмен жуамыз.
2 3 10 Бикстерге заттарды салу іс-шарасының орындалуын жазыңыз?
Іс-шараның орындалуы:
1. Бикстің дұрыс жабылуын тексеру;
2. Биксті ішкі және сыртқы жағынан залалсыздандыру 15 минут аралықта екі рет.
3. Биксті ішкі жағынан екі қабат мата салфетканы төсеу.
4. Құрал-жабдықтар мен материалдарды босанқы салу, өйткені олардың арасынан қол өту үшін.
5. Зарарсыздандыру индикаторын берілген заттарды зарарсыздандыруға арналған температуралық режимге сәйкес салу.
6. Салынған материалдарды, заттарды биксқа төсеген салфеткамен жабу.
7. Биксті жабу.
8. Бикстің ұстағышына бөлімшенің атауы, кабинеті, зарарсыздандыруға жіберілген материалдың атауы көрсетілген белгі жапсыру.
9. Биксті орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесіне таза қапқа салып жеткізу.
10. Зарарсыздандыру жүргізгеннен кейін биксті тығыз таза қапқа салып қайта алып келу.
3 1 1 Инфекция жұғу жолдарын көрсетіңіз?
Инфекцияның жұғу жолдары: аэрогенді (ауа тамшылы), қатыныс (контактты) және жасанды (артифициальды)
3 1 2 Инфекциялық процесс дегеніміз не?
Инфекциялық процесс- бұл макро және микроағза арасындағы қарым-қатынас арқылы, әр-түрлі формадағы (жедел, созылмалы, жасырын, тасымалдаушылық) жұқпалы аурулардың дамуына алып келетін үрдіс. Инфекциялық процесс дамуының негізгі шарты – ауру қоздырғышы.
3 1 3 Көмірсулар неше топқа бөлінеді және оларды атаңыз?
Көмірсулар 2 топқа бөлінеді: Қарапайым (моносахарид) және күрделі (полисахарид) болып бөлінеді.
Көмірсулар ағзадағы негізгі энергия көзі болып табылады. Көмірсулар ішектің және ішек флорасының қызметін қалыпқа келтіруге және холестерин мен өттің бөлінуіне қажетті. Олар бұлшықеттің, жүйке жұмысының, жүректің жұмысына маңызды. Ересек адамдарла тәуліктік қажеттілігі – 400-500 г.
3 1 4 Дезинфекцияның қанша режимі бар және сипаттап жазыңыз?
3 1 5 Тәуліктік рацион калориясының қанша пайызын майлар құрайды?
Тәуліктік рацион калориясының 28-30 пайызын майлар құрайды. Рационда тәулігіне жануар текті май 70% , ал өсімдік текті майлар 30% болу қажет.
3 1 6 Көмірсулардың резервті қорын атаңыз?
Гликоген түрінде бауырда резервті түрде сақталады.
3 1 7 Гастроэнтнроколит және дизентерияда қай диета тағайындалады?
Диета №4
3 1 8 Хирургиялық диетаны атаңыз?
№0 диета
3 1 9 № 0 диета қандай науқастарға тағайындалады?
Асқазан мен ішек операциясы жасалған науқастарға қойылады.(бірінші үш күнге)
3 1 10 № 6 диетада қандай тағамдар қолданылады?
Жеміс-жидектер мен сүтті тағамдар көптеп қолданылады.Сонымен қатар балық пен құс етін қайнатып қана жеу.
3 2 1 АІИ дезинфекция жүргізу схемасын түсіндіріңіз?
1.Науқасты уақытша оқшаулау,жұқпалы аурулар бөлімшесіне немесе изоляторға ауыстыру.
2.Қажет концентрациядағы дезинфекциялық ерітінділерді дайындау.
3 2 2 Контейнерлерді тасымалдауға арналған арбаға тыйым салынады?
Арбаларды басқа мақсатта қолдануға болмайды.
3 2 3 Кушеткаларды дезинфекциялау ережесін атаңыз?
Кушетканы, толығымен клеенкамен жабылған, екі қайтара 1% хлорамин ерітіндісімен, егер пациенттің қанымен былғанса онда– 3% хлорамин ерітіндісімен немесе 1,5% гипохлорит кальций ерітіндісімен сүрту керек.
3 2 4 Операциялық алаңды өңдеуге арналған антисептиктерге мысал келтіріңіз?
Дегмин мен дегмицидтер операциялық алаң мен қатар хирургтың қолын өңдеуге пайдаланады.Йоды бар органикалық заттар,70 процент спирт,хлоргексидин,первомур,АХД
3 2 5 Шиммельбуш биксінде заттарды орналастыру түрін анықтаңыз?
Бикске салудың универсалды, мақсатты, түрлі (видовая) түрлері бар:
Универсалды бір бикске бір түрдегі халаттар салынған, салфеткалар, мақта шариктер.т.б.
Мақсатты үлкен операцияға арналған таңу материалы мен жаймалар салынады.
Түрлі кезінде бір операцияға арналған барлық материал бір бикске салынады.
3 2 6 № 11 диетада рұқсат етілмейтін тағамдар?
Тұздалған және маринадталған өнімдер.
3 2 7 Жүрек және ішкі жара ауруларымен ауыратын науқастарға қанша рет тамақтану белгіленген және қай диета?
Тәулігіне 5-6 рет.№1,10
3 2 8 Операция кезінде операциялық бөлменің 1 м3 ауасында рұқсат етілетін микроорганизмдер санын анықтаңыз?
1000
3 2 9 Жасанды тамақтандыру қандай жолдармен жүзеге асырылады?
1. Жасанды тамақтандыру асқазанға ауыз немесе мұрын арқылы енгізілген зондтың немесе гастростома арқылы (асқазанның операциялық жыланкөзі) немесе илеостома (ащы ішектің опреациялық жыланкөзі) көмегімен жүзеге асырылады.
2. Парентеральды тамақтандыру – асқазан –ішек жолдарынан тыс көктамырға тамшылап енгізу арқылы ағзаға қоректік заттарды енгізу әдісі.
3 2 10 Парентералді тамақтану үшін қанша % глюкоза ерітіндісі қолданылады?
5% глюкоза қолданылады.
3 3 1 Клизма арқылы жіберілетін қоректік заттарды көрсетіңіз?
5% глюкоза,0.9% натрий хлорид, амин қышқыл ерітіндісін 37-38 С жылытып,300-500 мл мөлшерде резеңке грушаның көмегімен жасайды.
3 3 2 Б классты қалдықтар ЕСМ қай жерлерде болуы тиіс? Б классты қалдықтарды жинау ережелерін атаңыз?
Б классты қалдықтарды құрайды:
1) емдік-диагностикалық бөлімшелерінде;
2) клиникалық-диагностикалық лабораторияда;
3) 3-4 патогенді микроорганизм топтарымен жұмыс істейтін, микробиологиялық, вирусологиялық (серологиялық), паразитологиялық лабораторияларда;
4) патологиялық-анатомиялықбөлімдерінде;
5) сот-медициналық экспертиза мекемелерінде;
6) виварияда.
Б классты қалдықтарды жинау ережелері:
Медицинада қолданылатын бір реттік заттарды (катетерлер, зондтар, гинекологиялық айналар, шпателдер) және жұмсақ материалдар (мақта, турунда, тампондар, таңатын материалдар, бұраулар, астына салатынжаялықтар, науқастардың қаны жұққан бір рет қолданатын төсек жабдықтар және арнайы киімдер) бір рет қолданатын пластикалық пакеттерге жинап, қақпағы тығыз жабылатын көп рет қолданатын ыдыстарға(темір, пластмас) немесе ҚУҚ саламыз. Бір рет қолданатын пакеттерге салған соң аузы байлануы керек;
Шприцтер, системалар, инелерді бұзбай және залалсыздандырмай бірден ҚУҚ салынуы керек;
Биологиялықжәне патологиялық-анатомиялыққалдықтарды қақпағы тығыз жабылатын темір немесе пластикалық ыдыстарда жинауы қажет;
Клиникалық-диагностикалық, микробиологиялық, вирусологиялық (серологиялық), паразитологиялық лабораториядағыбиологиялыққалдықтар темір (пластикалық) ыдысқа немесебикстерге жинауы қажет;
Сот-медициналық экспертиза және вивария мекемелеріндегі биологиялыққалдықтардыпластикалық немесе су өтпейтін қаптарға(пакеттер) жинап, қақпағы тығыз жабылатыныдыстарға(темір, пластмас) салынуы қажет;
Жұқпалы ауру бөлімшесі қалдықтары жою әдісіне байланысты (жағу, канализацияға лақтыру) қақпағы тығыз жабылатын бір реттік пластикалық пакеттерге немесе темір (пластикалық) ыдыстарға жинау қажет.
3 3 3 Спасокукоцкий-Кочергин әдісімен қолды өңдеудің
2-кезеңін көрсетіңіз?
1)0,5% мүсәтір спиртімен екінші шлапшында білектің жоғарғы және ортаңғы 1/3 бөлігінің шекарасына дейін 3 минут жуу керек.
2) 0,5 % мүсәтір спиртімен екінші шлапшында білектің жоғары және ортаңғы 1/3 бөлігінің шекарасына дейін 3 минут жуу керек.
3 3 4 Мына бұйымдарды стерилизация жасау үшін: полимерлік материялдан жасалған бұйымдар, шыны, металдар үшін су буының 35% формальдегид пайдалану стерилизацияның қай әдісіне жататынын табыңыз? Стерилизацияны Газбен жасау әдісі.
3 3 5 Дене қызуының жиынтығын өлшеуді көрсетіңіз?
Дене қызуын әрбір 3 сағат сайын өлшеуді айтамыз.
3 3 6 Ойылудың бастапқы кезеңінде қандай процесстер болатынын көрсетіңіз?
Терінің шектелген бөлімінің бозаруы және аздап көкшілденуі, эпители қабатының қабыршықтануы байқалады
3 3 7 Оң аяғының газды гангренасы бар науқасқа шұғыл түрде аяғын кесу қажет. Операция қандай ретпен жасалуы тиіс? Осындай операциядан кейін, құрал-саймандарды қалай залалсыздандырады?
<<Іріңді >> операциялық бөлмеде жасау керек. Операциядан кейін, құралдарды лизол ерітіндісіне салу керек.
3 3 8 Клизмалық ұштықтар мен катетерлерді дезинфекциялау ережесі?
3 3 9 Науқас ауруханада ұзақтан бері жатып ем қабылдаған,қатты жүдеген,әлсіз. Аталған науқастың тамақтану рационында ақуыз құрамын көбейту арқылы энергетикалық бағалықты көтеру рациональды ма?
иә, себебі 1г ақуызорганизмге 4,1 ккал береді3 3 10 Медициналық қызметкер АИВ (ВИЧ) - жұқтырылған науқасқа манипуляция жасау барысында шприцтің инесімен қолын жарақаттап алған. Аталған апатты жағдайда жасалатын іс-әрекет?
иненің енген жерін ағынды сумен жуу содан кейін 70% этил спиртімен сүрту

Приложенные файлы

  • docx 5192814
    Размер файла: 53 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий