Документ Microsoft Office Word (3)


Байтайлақ батыр ата
Майқы батыр ата
Байшегір батыр ата
14 ғасыр.
Қазақ жеріне қалмақтар мен жоңғарлар шабуыл жасағанда халқын, жерін қорғаған батырларымыздың бірі болған - осы аталарымыз екен. Аңыз бойынша Байтайлақ ата шайқастың соңғы шешуші сәтінде жауының үрейін тудыру үшін жоңғар батырының аяғы ауыр жарының ішін жарып, сәбиін найзаның ұшымен жоғары көтерген дейді. Содан кейін қорыққанынан жоңғарлар жеңілгендерін мойындапты. Сөйтіп батырларымыз елімізді, жерімізді қорғап қалды. Кейін, жылдар өткен соң, аталарымызды Талшық төңірегіне, ұрпақтары ұмытпасын деп, өткен-кеткенде дұға етіп отырсын деп, төбешікке барлығын бірге жерлеген. Халқымыз сол аманатты орындап,зират етіп жүрген, бірақ Совет үкіметі орнағаннан кейін “Ислам” дінін жоққа шығарып,оларды Ислам дінін насихаттаушылар деп, талай жазықсыз адамдарды түрмеге отырғызып, талайын өлім жазасына кескен екен. Енді, міне, еліміз тәуелсіздік алған соң, ата-бабалырымыздың аманатымен сол жерге 2006 жылы ескерткіш қойдық. Негізі ол жерде 5 батыр жерленген екен, өкінішке орай Талшықта ең алғаш үйлер сала бастаған кезде, аталар жерленген жерден құм алғанда 2 батырдың сүйектері кетіп қалған екен. Ата-бабаларымыздың аманаты бойынша ол жерді “Батыр төбе” деп атау керек еді, дегенмен кейінгі ұрпақ біліп,естерінде жүрсін деп тасқа аттарын жазуды ұйғардық. Сол жердің жанында тағы қатарлас зират бар. Ол жерде оба ауруынан қайтыс болғандар жерленген. Қазіргі кезде жергілікті тұрғындар білместікпен сол жерге қоқыс төгуде. Ендігі бір мақсатымыз жергілікті басшылар мен халықымыздың көмегімен сол батырларымыз жерленген аймақты қоқыстан тазартсақ дейміз. Тас қоюшылар: Сергазин Қаирбай Зейноллаұлы, жұбайы Рысжан Даулетбекқызы Көкшетау қаласы, тел.:87774204104

Приложенные файлы

  • docx 4405972
    Размер файла: 12 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий